ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Темербеков Серикбол Вольтаевич
«Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В080100- Агрономия
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Агробиология факультеті
Агрономия кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері»
Беттер саны ____________ Сызбалар мен көрнекі материалдар саны_______ Қосымшалар___________
Орындаған: Темербеков Серикбол Вольтаевич
2018ж. « » ____________________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Оразбаев С.А.
Жетекшісі, профессор _________________ Оразбаев С.А.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_______________________ _________________ Оразбаев С.А.
(тарау) (қолы)
_______________________ _________________ Тойлыбаев М.
(тарау) (қолы)
Норма бақылау _____________ Бекбауов М.Д.
(қолы)
Сарапшы _____________ Хидиров А. (қолы)
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Агробиология факультеті
Агрономия кафедрасы
Мамандығы 5В080100-Агрономия
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Темербеков Серикбол Вольтаевич
Жұмыс тақырыбы: «Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері»
Университет бойынша 2018 ж « ___ » ______№ ___ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі: 2017ж « ___ » ____________________
Жұмыстың бастапқы деректері: Күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсерімен танысу
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
- Алматы облысы Қаратал ауданының ауа-райы, топырағы және өсімдік жамылғысымен танысу
- Зерттеу жұмыстары жүргізілген шаруашылық туралы ақпарат алу
- Күздік бидайдың себу мөлшері туралы ақпарат жинап, әдебиеттке шолу жасау
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
- Қ.К.Әрінов және басқалар, Өсімдік шаруашылығы Алматы, 2011
- 2. Қ.Ш.Жанабаев және басқалар, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары
- Күздік бидай туралы басқа да әдебиеттер қолдану
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
Әдебиетке шолу |
Оразбаев С.А. |
желтоқсан 2017 |
|
ТКЖ |
Оразбаев С.А. |
желтоқсан, 2017 |
|
Негізгі бөлім |
Оразбаев С.А. |
наурыз, 2018 |
|
Экономикалық тиімділігі |
Оразбаев С.А. |
сәуір, 2018 |
|
Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Оразбаев С.А. (қолы)
Жұмыс жетекшісі, професор ______________ Оразбаев С.А.
(қолы)
Тапсырманы орындауға _____________ Темербеков С.В.
қабылдадым, студент (қолы)
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
1 |
Кіріспе |
желтоқсан 2017 |
|
2 |
Әдебиеттерге шолу |
желтоқсан 2017 |
|
3 |
Күздік бидайдың отаны және биологиялық ерекшеліктері |
желтоқсан 2017 |
|
4 |
Күздік бидайдың алғы дақылдарына байланысты мәлімет |
желтоқсан 2017 |
|
5 |
Күздік бидайдың өсіру технологиясы |
желтоқсан 2017 |
|
6 |
Шаруашылық туралы мағлұмат |
желтоқсан 2017 |
|
7 |
Шаруашылық орналасқан жердің ауа – райы жағдайы |
желтоқсан 2017 |
|
8 |
Зерттеудің методикалық әдістері |
наурыз 2018 |
|
9 |
Зерттеу нәтижелері |
сәуір 2018 |
|
10 |
Күздік бидайдың арамшөптермен ластануы арамшөппен ластануы |
сәуір 2018 |
|
11 |
Алғы дақылдарға байланысты күздік бидайдың өнімділігі, экономикалық тиімділігі |
сәуір 2018 |
|
12 |
Қорытынды |
сәуір 2018 |
|
13 |
Еңбек қорғау |
сәуір 2018 |
|
14 |
Қосымша |
сәуір 2018 |
|
Кафедра меңгерушісі, профессор _______________ С.А.Оразбаев (қолы)
Жұмыс жетекшісі, профессор ______________ С.А.Оразбаев
(қолы)
Тапсырманы орындауға _____________ С.В.Темербеков
қабылдадым, студент (қолы)
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе………………………………………………………………………………… |
7-8 |
1 |
Әдебиетке шолу…………………………………………………………………. |
9-20 |
1.2 |
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы………….. |
9 |
1.3 |
Күздік бидайдың қысқа төзімділігі………………………………………. |
10-12 |
1.4 |
Күздік бидайдың биологиялық ерекшелігі……………………………. |
12-20 |
2. |
Қаратал ауданының топырақ-климат жағдайы………………. |
21- |
2.1 |
«Бекагро» шаруа қожалығы туралы мәлімет, шаруашылықтың ауа райы жағдайы………………………………………………………………… |
21-22 |
2.2 |
Тәжірибе танабының топырағы…………………………………………… |
22-23 |
3 |
Негізгі бөлім………………………………………………………………………. |
24- |
3.1 |
Зерттеу жұмысының бағдарламасы және әдістемелері…………. |
24 |
3.2 |
Зерттеу нәтижелері……………………………………………………………… |
24-29 |
3.3 |
Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың биіктеп өсуі….. |
29-30 |
3.4 |
Себу мөлшеріне байланысты арамшөптермен ластануы……….. |
30-33 |
3.5 |
Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың өнімділігі……… |
34-35 |
3.6 |
Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың экономикалық тиімділігі……………………………………………………………………………… |
35-39 |
|
Еңбек қорғау……………………………………………………………………… |
40-45 |
|
Қорытынды……………………………………………………………………….. |
46 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………….. |
47-48 |
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында астық өндірісі ауыл шаруашылығы ғылымы мен өндірісінің негізгі мақсатының бірі болып табылады, әсіресе ол нарық жағдайында аса маңызды болып отыр. Сондықтан бидай өндірісін ұлғайту экономиканы тұрақтандырудың маңызды резерві болып саналады.
Қосымша астық резервінің бірі –Солтүстік Қазақстандағы күздік дәнді дақылдар өндірісі. Барлық астық дақылдары ішінде күздік дәнді дақылдар өнімділігі барынша жоғары болып келеді. Олардың өнімі өзге дақылдардан гектарына 4-тен 12 центнерге дейін асып түседі. Сонымен қатар азықтық бағалылығы жаздық бидайдан еш кем түспейді. Топырақтан күзге-қысқы, ерте көктемгі ылғалды және сіңімді қоректік заттарды тиімді пайдаланады. Оны жел және су эрозиясынан жақсы қорғайды, арамшөптермен күресте де үлкен маңызы бар, ауруларға төзімді, ең қауіпті астық зиянкесі –астық сұр көбелегінен зақымданбайды. Сонымен қатар өсіп жетілуі 15-20 күн ерте аяқталады, ал ол егінді құрғақ және жылы кезеңде жинауға, ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануға, көктемгі-күзгі ауыл шаруашылығы дақылдарын себудегі қауырттықты төмендетуге мүмкіндік береді. Егінді ерте жинау арқылы тамыз айында топырақты сүдігерге дайындауға мүмкіндік туады, соның нәтижесінде өсімдік қалдықтары жақсы минералданады, топырақта ылғал жинауға және арамшөптермен күресуге күздік дәнді дақылдар алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танап болып келеді әр кейінгі дақылдардың өнімділігі жоғарылайды.
Өсімдік технологиясы халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі. Сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе бермек.
Қазақстан астық өндіру жқнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығының өркендеуінде басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа райы қолайлы жылдары ҚР-да астық өнімі 32-34 млн. тоннаға дейін жетеді.
Егін шаруашылығының көлемінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орынды (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан 1-ші орынды алады.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Оны төмендегі мәліметтер айқын айғақтайды.
Қазақстан астықөнімдері 1993 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерден игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикада 25,5 млн. гектардан астық егіс егіледі. Қолайлы температура түптену кезеңінде 15-16 градус, масақттануда 18-20 градус, гүлдену мен пісіп жетілу кезендерінде 20-25 градус.
Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н.Прутцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсақында топырақтың 0-10 см. қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм. артық болса, онда өсімдіктердің өсіп жетілу кезеңінің алғашқы кезеңі қолайлы жағдайда өтетінің сенімді көрсеткіштері, 10 мм аз болса –егін көгінің п.б. жауын шашынға байланысты, ал 5 мм төмен болса егін көгінің толықтығы төмендейді, дақылдарға қолайлы топырақ ылғалдылығы 60 см қабаты ТДЫ-тың 70-75% күздік бидайдың транспирациясы коэфиценті 460-500.
Күздік бидайдың тұқымы жаздық бидай тұқымы сияқты +1-2 градус жылылықта өне бостайды, бірақ жаппай өнуі +12-15 градус температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 сөткеде п.б. Мысалы, Целиноград АШИ өсімдік шаруашылығы каф-ның тәжірибесінде күздік бидай көгі орташа сөткелік ауаның 18,6 гр/с тем-да 5 сөткеде, ал 15,9 және 12,8 гр/с болғанда тиісінше 6-8 сөткеде п.б.
Күздік дәнді дақылдар ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары ол мол өнімді арам шөптерден таза, құнарлы қара топырақтар мен әрі қызғылт топырақтарды қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды. Оған көктемде су жиналып калмайтын және өсімдіктердің езіліп кетуін болдырмайтын тегіс танаптарды тандап алған жөн. Өсімдіктердің кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калии, тыңайтқыштар жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
-тәжірибе жүргізілгенжердің ауа райына талдау жасау;
-тәжірибе жүргізілген жердің топырағы мен өсімдік жамылғысын анықтау;
-күздік бидайдың өсіру техънологиясын жеткілікті меңгеру;
-күздік бидайдың себу мөлшеріне байланысты зерттеулер жүргізіп, оның тиімділігін анықтау болып табылады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.2 Күздік бидайдың халықшаруашылығындағы маңызы
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе нарықтық экономикаға көнуге байланысты өткір қойылып отыр. Астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай. Жаздық бидайға қарағанда азық-түліктік құндылығымен ерекшеленеді. Ол топырақтан күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан өтіп кетеді, сонымен қатар 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеңіндегі қаурыттылықты төмендетеді.Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн гектаар егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35 пайызын құраайды, ал оның астық өнімі орта есеппен гектарына 25,4 центнерді құрайды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады да кейінгі дақылдардың өнімін арттырады.
Бидай жер шарындағы ең бағалы және аса маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның бағалылығы дәмділігімен, қоректілігімен, жақсы сіңімділігімен және бидай нанының жоғары сапасымен анықталады.
Күздік бидайдың жаздық бидаймен салыстырғанда айырмашылығы ол күздегі жауын-шашынды, сондай-ақ жаз, күз соңындағы және көктем басындағы жылуды тиімдірек пайдалануында.
Күздік бидай Қазақстаннның Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында аса маңызды азық-түлік дақылы болып табылады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда күздік бидай егістерінің 40%-ы орналасқан. Сонымен қатар күздік бидай тәлімі жерлерде өнімділігі жағынан жаздық бидайға қарағанда гектарынан 5,0 ц, арпаға қарағанда 2,1 ц. жоғары өнім түзеді [2].
Республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысында күздік бидайдан жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі, күздік бидайдың өсіп -дамуының бастапқы кезеңдері оптималды гидротермиялық жағдайларда жүргізу қажеттігі. Күздік бидайдың күз мезгіліндегі вегетация кезеңі оптималды жылу және ылғалды жағдайда өтуі, көгінің жаппай қаулап өсуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді түптердің көбеюін, масақтың жоғары дәнділігін, күздік бидай өнімінің жоғарлауын қамтамасыз етеді [3].
1.3 Күздік бидайдың қысқа төзімділігі
Күздік бидайдың қыстап шығу кезінде ортаның қолайсыз факторларына, жеке алғанда, төменгі температураларға төзімділігін арттыру, күзгі вегетация кезеңіндегі өсіп -даму процесстерімен тығыз байланысты.Көп зерттеулерде Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс тау бөктеріндегі суарылмайтын тәлімі жерлердегі күздік бидайдың суыққа және қысқа төзімділігін арттыру үшін күздік егу мезгілінде егістікте қалыптасатын гидротермиялық жағдайларды толық пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінбей келеді. Осыны ескере отырып, біз бейімдеу технологиясының негізгі элементтерін өзгерту арқылы (себу мерзімі және себу мөлшері) күздік бидайдың интенсивті сорттарын қажетті гидротермиялық жағдайлармен қамтамасыз ету жолдарын зерттеп, жоғары өнім алу мақсатын алға қойып отырмыз.
Күздік бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты онтогенез процессінде көктеу, түптену, абақтану, масақтану және пісу даму сатыларынан өтеді. Алғашқы екі сатысы күзде, ал қалғандары келесі жылдың көктемі мен жазында жүреді.
Даму сатыларының әрбіріне, әсіресе қыстан шығуына күз мезгілінде күздік бидайдың шынығуы жүріп жатқан кездегі қалыптасқан гидротермиялық жағдайлар көп ықпал етеді.
Кез келген дақылдың өсуі тұқымының өнуінен басталады. Тұқымға белгілі бір температуралық жағдайлар қажет. Күздік бидай тұқымның өнуіне қажет ең төменгі температура +1+2°С . Өну процессінің басталуын Ресей ғалымдары 0-1°С , ал Ф.М.Куперман 0-2°С температура аралығында бақылаған.
Ылғал жеткілікті жағдайда тұқымның өнуіне қажет оптималды температура 15-20°С. Тұқымның өну жылдамдығы белгілі бір жоғары температураға дейін ғана артады. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша [17] тұқымның өну жылдамдығы +30°С-қа дейін ғана артады, ал одан жоғары жағдайда тұқым өну қабілетін жоғалтады. Авторлар, бидай тұқымы жоғары температура жағдайында өнгенде, топырақ бетіне колеоптильден бұрын алғашқы жапырақ шығады деген пікір айтып жүр. Мұндай жағдай бидайдың жас өскінінің топырақ бетіндегі қабыршықпен күресу мүмкіншілігін және өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін едәуір төмендетеді.
Күздік бидайдың көктеуін қамтамасыз ететін ең маңызды фактор топырақтың ылғалдылығы. Өсімдік көктерінің пайда болуы үшін [18] топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 3 мм-ге тең ылғал қоры болуы қажет. Топырақтың тұқым сіңіру қабатында 5 мм ылғал болған жағдайда да күздік бидай көктемейді [19]. Топырақтың 0-10 см қабатында 10 мм-ден жоғары ылғал қоры болған жағдайда ғана бидай тұқымы көктей бастайтынын белгілі [20] Бұл деректер [21,22] зерттеу нетижелеріне сәйкес келіп отыр. Авторлардың пікірінше, күздік бидай себілетін өлкелерде, көктеу кезеңінде қажет ылғал қоры, тек атмосфералық жауын-шашын есебінен ғана алынуы мүмкін.
Күздік бидай тұқымдарының өнгіштігі топырақта ылғал қоры 16-19% [23] аралығында болғанда жоғарылайды, ал 9-11% ылғал қоры, тұқымның өнуін қамтамасыз етпейді. Тұқымның топырақта ұзақ жатып қалуы, жаппай көктеуге қолайлы жағдай туғызбайды, ал олардан дамып жетілген өсімдіктердің қысқа төзімділгі төмен болады.
Тұқымдардың өну процессінің белсенділігі топырақ температурасы мен ылғалдығының ара қатынас мөлшерімен анықталады [24]. Демек, тұқымның өнуі мен көгінің пайда болуы күздегі жинақталатын гидротермиялық жағдайларға байланысты. Күздік бидайдың қыстан шығуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін және көктеуін жылу мен ылғалдың мөлшерін оптималды үйлестіру арқылы қамтамасыз етуге болады. Олардың күз мезгіліндегі ауытқуы, тәлімі жерлердегі күздік егістерде жиі байқалып, көктеуге кедергі келтіретіні мәлім. Бұл жағдай келешекте күздік бидайдың өсуіне, дамуына және қыстан шығуына кері әсерін тигізеді.
Күз мезгілінің қолайлы жағдайында егілген күздік бидай ойдағыдай дамып, тамырланып, түптеніп, жаңа өркендер түзіп, криоқорғаныштық қосылыстардың (қанттардың, бос амин қышқылдарының, оңай ерігіш ақуыздығы) жеткілікті мөлшерін жинақтайды, сөйтіп қысқа жақсы дайындықты қамтамасыз етеді.
Күзде жақсы түптенген күздік бидай, қысқа төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді [25]. Солтүстік Тянь-Шаньнің тау бөктеріндегі тәлімі жерлерде тәжірибелер жүргізген ғалымдар [26, 27] осындай қорытынды жасады. Сол авторлардың мәліметтері бойынша, күздік бидай өнімінің негізгі бөлігі күзде пайда болған өскіндерде түзіледі. Ал көктемгі түптенудің нәтижесінде пайда болған өскіндердің барлығы өнімді сабақтар бере бермейді. Күзден бастап түзілген, регенерация органы болып табылатын түптену түйіні күздік бидайдың қыстан шығуы кезінде тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Көп зерттеушілердің пікірлері бойынша күздік бидайдың түптену сатысы белгілі бір гидротермиялық жағдайларда ғана өтеді. Күздік бидайдың түптенуі -2°С жағдайында қарқынды жүреді [28] ал кейбір зерттеушілердің пікірінше күздік бидайдың түптенуі 1…3°С кезінде өткені дұрыс [29].
Келтірілген мәліметтеріне сәйкес [30], күздік бидайдың күзгі дамуы үшін биологиялық минимум 3 — 4°С аралығында жатыр. Түптену процессі өте белсенді жүретін оптималды температура 12-18°С [31].
Күздік бидайдың жақсы түптенуі +30°С-тан жоғары температура жағдайында ойдағыдай өтуі мүмкін [32]. Сонымен қатар күздік бидайдың негізгі массасының өсу қарқыны төменгі температура жағдайында артады. Авторлар күздік бидайдың вегетативті массасының жинақталуы және түптенуі жоғарғы температурада қарқынды жүреді деген пікірге келді. Осы фактіге үлкен мән беріліп отыр, себебі күзгі температуралардың біртіндеп төмендеуі күздік бидайдың белсенді дамуына кедергі болып табылады, соның салдарынан олар қысқа қалыпты дамыған күйінде кетіп, ойдағыдай қыстап шығады.
Күздік бидайдың түптену қарқынына топырақтағы ылғал қоры шешуші ықпал етеді. Бұл әсіресе тәлімі жерлерде жақсы байқалады. Күздік бидай дақылының өсуін тежеу, өркендерінің баяу жетілуі, тамыр жүйесінің толық дамымауы, топырақтағы ылғал қорының жеткіліксіз болу салдарынан екендігі жалпыға мәлім.
Күздік бидайдың қалыпты түптенуін 0-20 см топырақ қабатындағы 30 мм-ге тең ылғал қоры қамтамасыз етеді [33]. Топырақтың 0-20 см қабатында ылғал қоры 10 мм-ден төмен болған кезінде, күздік бидайдың түптенуінің тоқтауын байқаған.
Түптену процесі ойдағыдай өту үшін оптималды белсенді температура жиынтығы қажет. Күздік бидайдың түптену сатысы 220 — 250°С оң температуралар жиынтығы әсерін қабылдағанда ғана басталады.
Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша, күздік бидайдың қыстан жақсы шығуы және өнімділігі жоғары болуы күзгі түптену процессі кезінде әр өсімдікте 3-4 өркеннен пайда болуына байланысты. Ол, күздік бидай өсімдігіне әсер ететін тиімді температуралар жиынтығы 20°С-тан және топырақтың себу қабатындағы ылғал мөлшері 20 мм-ден жоғары болған жағдайда ғана мүмкін[34].
- Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері
Күздік бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты онтогенез процессінде көктеу, түптену, сабақтану, масақтану және пісу даму сатыларынан өтеді. Алғашқы екі сатысы күзде, ал қалғандары келесі жылдың көктемі мен жазында жүреді.
Даму сатыларының әрбіріне, әсіресе қыстан шығуына күз мезгілінде күздік бидайдың шынығуы жүріп жатқан кездегі қалыптасқан гидротермиялық жағдайлар көп ықпал етеді [10].
Кез келген дақылдың өсуі тұқымының өнуінен басталады. Тұқымға белгілі бір температуралық жағдайлар қажет. Күздік бидай тұқымның өнуіне қажет ең төменгі температура +1…+2°С . Руденко А.В. өну процессінің басталуын 0… -1°С, ал [11] 0… -2°С температура аралығында бақылаған.
Ылғал жеткілікті жағдайда тұқымның өнуіне қажет оптималды температура 15-20°С [12]. Тұқымның өну жылдамдығы белгілі бір жоғары температураға дейін ғана артады. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша тұқымның өну жылдамдығы +30°С-қа дейін ғана артады, ал одан жоғары жағдайда тұқым өну қабілетін жоғалтады. Авторлар, бидай тұқымы жоғары температура жағдайында өнгенде, топырақ бетіне колеоптильден бұрын алғашқы жапырақ шығады деген пікір айтып жүр. Мұндай жағдай бидайдың жас өскінінің топырақ бетіндегі қабыршықпен күресу мүмкіншілігін және өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін едәуір төмендетеді.
Күздік бидайдың көктеуін қамтамасыз ететін ең маңызды фактор топырақтың ылғалдылығы. Өсімдік көктерінің пайда болуы үшін топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 3 мм-ге тең ылғал қоры болуы қажет. [13] Топырақтың тұқым сіңіру қабатында 5 мм ылғал болған жағдайда да күздік бидай көктемейді. топырақтың 0-10 см қабатында 10 мм-ден жоғары ылғал қоры болған жағдайда ғана бидай тұқымы көктей бастайтынын анықтаған. Авторлардың пікірінше, күздік бидай себілетін өлкелерде, көктеу кезеңінде қажет ылғал қоры, тек атмосфералық жауын-шашын есебінен ғана алынуы мүмкін.
Күздік бидай тұқымдарының өнгіштігі топырақта ылғал қоры 16-19% [14] аралығында болғанда жоғарылайды, ал 9-11% ылғал қоры, тұқымның өнуін қамтамасыз етпейді. Тұқымның топырақта ұзақ жатып қалуы, жаппай көктеуге қолайлы жағдай туғызбайды, ал олардан дамып жетелген өсімдіктердің қысқа төзімділгі төмен болады.
Тұқымдардың өну процессінің белсенділігі топырақ температурасы мен ылғалдығының ара қатынас мөлшерімен анықталады. Демек, тұқымның өнуі мен көгінің пайда болуы күздегі жинақталатын гидротермиялық жағдайларға байланысты. Күздік бидайдың қыстан шығуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін және көктеуін жылу мен ылғалдың мөлшерін оптималды үйлестіру арқылы қамтамасыз етуге болады. Олардың күз мезгіліндегі ауытқуы, тәлімі жерлердегі күздік егістерде жиі байқалып, көктеуге кедергі келтіретіні мәлім. Бұл жағдай келешекте күздік бидайдың өсуіне, дамуына және қыстан шығуына кері әсерін тигізеді.
Күз мезгілінің қолайлы жағдайында егілген күздік бидай ойдағыдай дамып, тамырланып, түптеніп, жаңа өркендер түзіп, криоқорғаныштық қосылыстардың (қанттардың, бос амин қышқылдарының, оңай ерігіш белоктардың) жеткілікті мөлшерін жинақтайды, сөйтіп қысқа жақсы дайындықты қамтамасыз етеді.
Күзде жақсы түптенген күздік бидай, қысқа төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді [15]. Солтүстік Тянь-Шаньнің тау бөктеріндегі тәлімі жерлерде тәжірибелер жүргізген және тағы басқалары да осындай қорытынды жасады. [16,17]. Аталған авторлардың мәліметтері бойынша, күздік бидай өнімінің негізгі бөлігі күзде пайда болған өскіндерде түзіледі. Ал көктемгі түптенудің нәтижесінде пайда болған өскіндердің барлығы өнімді сабақтар бере бермейді. Күзден бастап түзілген, регенерация органы болып табылатын түптену түйіні күздік бидайдың қыстан шығуы кезінде тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Көп зерттеушілердің пікірлері бойынша күздік бидайдың түптену сатысы белгілі бір гидротермиялық жағдайларда ғана өтеді. [Күздік бидайдың түптенуі 1…3°С кезінде өткені дұрыс [18].
Күздік бидайдың күзгі дамуы үшін биологиялық минимум 3 — 4°С аралығында жатыр. Түптену процессі өте белсенді жүретін оптималды температура 12-18°С. [19].
Күздік бидайдың жақсы түптенуі +30°С жоғары температура жағдайында ойдағыдай өтуі мүмкін. Сонымен қатар күздік бидайдың негізгі массасының өсу қарқыны төменгі температура жағдайында артады. Авторлар күздік бидайдың вегетативті массасының жинақталуы және түптенуі жоғарғы температурада қарқынды жүреді деген пікірге келді. Осы фактіге үлкен мән беріліп отыр, себебі күзгі температуралардың біртіндеп төмендеуі күздік бидайдың белсенді дамуына кедергі болып табылады, соның салдарынан олар қысқа қалыпты дамыған күйінде кетіп, ойдағыдай қыстап шығады.
Күздік бидайдың түптену қарқынына топырақтағы ылғал қоры шешуші ықпал етеді. Бұл әсіресе тәлімі жерлерде жақсы байқалады. Күздік бидай дақылының өсуін тежеу, өркендерінің баяу жетілуі, тамыр жүйесінің толық дамымауы, топырақтағы ылғал қорының жеткіліксіз болу салдарынан екендігі жалпыға мәлім.
Түптену процесі ойдағыдай өту үшін оптималды белсенді температура жиынтығы қажет. Күздік бидайдың түптену сатысы 220 — 250°С оң температуралар жиынтығы әсерін қабылдағанда ғана басталады.
Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша, күздік бидайдың қыстан жақсы шығуы және өнімділігі жоғары болуы күзгі түптену процессі кезінде әр өсімдікте 3-4 өркеннен пайда болуына байланысты. Ол, күздік бидай өсімдігіне әсер ететін тиімді температуралар жиынтығы 200°С-тан және топырақтың себу қабатындағы ылғал мөлшері 20 мм-ден жоғары болған жағдайда ғана мүмкін[20].
Күздік дақылдарының қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Републиканың барлық жерінде күздік бидайдың егу барысында қыстың кейбір қолайсыз жылдарында бұл дақылдардың шиі шығынға ұшырайтыны байқалады. Кейбір жылдары өнімнің болмауы да мүмкін.
Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалыңдығының аздығынан немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Қазіргі кездегі түсінік бойынша өсімдік клеткасының ішінде және сортында мұз пайда болу арқылы клетка мембранасына әсер етіп, оның құрылысың бұзады да өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температура да әсер етеді. Күздік бидай үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кетуі өте қауіпті[1,5,17].
Селекциялық жұмыста қыстап шығуды көз жобасымен анықтау, көктемде яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды.
Күздік бидайдың ылғалды көп жұмсайтын кезеңі –сабақ пайда бола бастағаннан гүлдегенге дейін. Одан кейін ылғалды көп жұмсамайды, бірақ топырақта ылғал дән қамырлана бастағанға дейін болып тұрғаны қажет. Дән сүт кезінде топырақты ылғал болмаса оның салмағы азайып өнімі төмендейді[1,3,21].
Бұл дақыл күзде және ерте көктемде болатын жауын-шашынды тиімді пайдалана алатын болғандықтан өнімді жаздық бидайға қарағанда едәуір мол береді. Мысалы: биологиялық мүмкіншілігі жоғары күздік бидайдың Днепровская-521, Безостая-1 жоғары интенсивті сорттары Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарының суармалы жерлерінде гектарынан 60 центнерге дейін дән беру мүмкіншілігі бар[3,17].
Алайда, көптеген шаруашылықтарда қолданылатын технологиялық әдістер күздік бидайдың толық мүмкіншілігін жұмсауға жағдай жасамайды да, оның өнімділігі потенциалдық мүмкіншілігінен екі еседей аз болады.
Күздік бидайдың өнімділігін арттыруда негізгі қойылып, орындалатын талаптардың бірі оны ауыспалы егісте жақсы алғы дақылдардан кейін егу.
ТМД мемлекеттері және Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша күздік бидай алғы дақылға өте талғамы жоғары. Күздік бидай бір жерде 2-3 жыл қатар егілсе, өндеудің интенсивті түрін қолданған жағдайда да, оның өсімділігі күрт төмендейді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тәлімі жерлерінде жақсы алғы дақыл болып таза пар мен екпелі пар саналады[20,32].
Қазақстанның егіншілік ғылыми-зерттеу институтының деректеріне қарағанда (1987) тау етегіне кездесетін қоңыр топырақтарда парға себілген күздік бидайдың өнімі басқалармен салыстырғанда 1,5-2 есе көп болады.
Күздік бидайдың өркендері уақытында көгеріп шығып, суық түскенше жақсы дамып, түптену буынына қант жинап қыстың қолайсыз жағдайларына төзіп, көктемге аман-есен шығады.
Таза пардан кейін себілген күздік бидайдың өнімі әр гектардан 23 центнер, қой бұршақ бар екпелі пардан кейін -20 центнер, онқаттан кейін -23 центнер болған. Парға егілген дақылдардың өнімін едәуір жоғары болады, бұл жағдайда жыртылатын жердің тиімдірек пайдаланатынын ескерсек екпелі парды қолданған пайдалы екенін көреміз[3,14,17].
Интенсивті технология бойынша өсірілетін күздік бидайдың жақсы алғы дақылдары таза және екпе пар, сүрлемдік жүгері, ерте жиналатын картоп[4].
Күздік бидайдың өнімділігін жоғарлату үшін оны таза пардан, көп жылдық шөптерден және асбұршағынан кейін орналастыру керек деп санайды.
Ғылыми зерттеу мекемелері тәжірибе жүзінде суармалы жерлерде өсірілетін күздік бидайдың жақсы алғы дақылы болып жүгері, қант қызылшасы, ерте жиналатын көкөніс дақылдар саналады деп дәлілдеген.
Алайда шаруашылық жағдайда қант қызылшасы өнімі жиналғаннан кейін күздік бидайдың себу мерзімі оптимальды себу мерзімінен кешігін кірейді.
Қырғызтан Республикасының Прежевальск тәжірибе станциясында күздік бидайдың Прежевальская сортын көп жылдық шөптен кейін еккенде оның әр гектардан өнімділігі 97,4 центнер болды[6,15].
Жамбыл облысы жағдайында жүргізген тәжірибеде күздік бидайдың жақсы алғы дақылдары көп жылдық шөп пен қант қызылшасы болып табылды. Күздік бидайдың осы алғы дақылдардан кейінгі өнімділігі 67,7 және 67,0 ц/га болды, бұл өнімділік астық дақылдарынан кейін себілген күздік бидайдың өнімділігінен (59,9ц/га) 13,0-12,0 процент артық[7,13].
Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңнен өтеді. Біріншісі-күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін жәнен екіншісі-көктемгі тірілуінен басталып дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады[6,15].
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік тканіндегі су мөлшері көп әсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеп соғады: клеткаларда судың көп мөлшерде болуы мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ткандер үшін өте кауыпты, ал су жеткіліксіздігі протоплазма бионолойдтарының коагуляциясына ұрындырады да өсімдіктер құрып кетеді[9,11,17].
Күзгі бидайдың аязға төзімділігі өсімдіктердің күзгі «шынығуына» байланысты. Туманов И.И. күздік дақылдарының екі шынығу кезеңдерін ажыратады: алғашқысы +8-10 гр/с жылылықта күндіз, ал екіншісі 0гр/С температурада түнгі сағаттарда өтеді. Неғұрлым екінші кезең тезірек өтсе, өсімдік соғұрлым шыныққан және аязға төзімді болады[6].
Қазақстан астық өнімдері 1953 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерді игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикамызда 25,5 млн. гектардан артық егіс егіледі.Осындай жетістіктерге қарамастан, астық өнімдері тамақ өнеркәсібін шикізатпен, мал шаруашылығын күрделі жеммен қамтамасыз етуде әліде жетіспейді. Сондықтан республикамыздың 2000-2020 жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты бағыт деп есептеліп, әр адам басына жылына 1,5 тоннадан астық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем жеткілікті болмақ[9,11,25].
Күздік бидай азық түліктің маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып одан бірқатар артықшылықтармен ерекшеленеді: ол күгі, қысқы және ерте көктемгі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғайды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз ауырады, астық сұр көбелегінің жарақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді, ұйымдастыру шаруашылық жағынан өте бағалы және анағұрлым өнімді.
Жыл сайын Қазақстанда 1,7 млн гектар күздік бидай өсіріледі. Соңғы жылдары Қазақстандағы орташа өнім 16,3 ц/га болды. Көп тараған сорттарға жататындар Қазақстан ғалымдары шығарған Багорная-56, Қарлығаш, Стекловидная сияқты сорттарды айтуға болады.
Күздік бидайдың тамыры 15 см тереідікке дейін тарап топырақтағы ылғалды жақсы игереді. Қоректік заттары мол қара-қоғыр топыраққа егілген күздік бидай жақсы өнім береді.
Пісер алдында қатты астық аңыз-ақ (35-40гр/С) дән семіп майдаланып, өнім күрт төмендеп кетуі мұмкін. Пісу кезіндегі ең қолайлы температура 20-25 гр/с. Күздік бидайдың ең көп жұмсайтын кезеңі сабақ пайда бола бастағаннан гүлдегенге дейін. Одан кейін ылғалды кқп жұмсамайды, бірақ топырақта ылғал дән қамырлана бастағанға болып тұрғаны қажет. Дән сүт кезінде топырақ ылғал болмаса оның салмағы азайып өнімі төмендейді.
Күздік бидайдың өнімі алға егістің түріне байланысты қатты өзгеріп тұрады. Мұның ең жақсы алғы дақылы таза пар пен екпелі пар. Казақтың ғылыми зерттеу егіншілік институтының еңбектеріне қарағанда тау етегінде кездесетін қоңыр топырақтарда 1,5-2 есе көп болады. Оның себебі парға айналған танапта ешқандай өсімдік болмағандықтан топырақ ылғалы жеткілікті болады. Күздік бидай өркендері уақытындысына көгеріп шығып, суық түскенше жақсы дамып, түптенер буынына қант жинап алса қыстық қиындықтарын да төзіп, көктемде аман-есен шығады[5,21].
Шөпке арналып қара бидай мен ноқат, сұлы мен бұршақ араластырып себілген екпін парда күздік бидайдың өніміне жақсы әсер ететінін тәжірибеде көрсетіп отыр. Жауын-шашын жеткілікті болатын аймақтарда екпелі пардың әсері таза пардан кем болмайды екен. Себебі бұршақ пен ноқат ерте себілетін дақылдарға терең арам шөптерден, оның ішінде қара сұлудан да тез өсіп, танаптарда рам шөптердің азаюына әсер ете және бұл дақыл барлық бұршақ тұқымдастар сияқты топыраққа көптен азот қалдырады. Қазақтың ғылыми зерттеу институты дерегі бойынша таза пардан кейін себілген бидайдың өнімі әр гектардан 23 ц қай бұршақ бар екпелі пардан кейін 20 ц ноқаттан кейін-23 ц болған. Парға егілген дақылдардың өнімін қоса есептегенде жалпы алынатын өнім едәуір жоғары болады. Бұл жағдайда жердің иімдерін пайдалыпатынан ескерсек екпелі парды қолданған пайдалы екенін көреміз.
Жүгері сорго ияқты атамалы дақылдарда күздік бидай үшін жақсы алғы егіс болып есептелінеді[5,21].
Тәлімі жерлерде көп жылдық шөптерден және астық тұқымдастардан кейін күзде топырақта ылғал өте аз болады. Бұл дақылдардан кейін себілген күздік бидай кезіне көбіне өркен бере алмайды. Сондықтан бұл дақылдар күздік бидай үшін орташа алғы егістерге жатады.Ал, суармалы жерде күздік бидайдың ең жақсы алғы егіс болып жоңышқа, бұршақ, қант қызылшасы, жүгері тағы басқа дақылдар жатады. Мысалы жоңышқадан кейін күзік бидайды 2-3 рет жақсы алуға болады. Қант қызылшасы, темекі, жүгері сияқты дақылдарға әдетте көптеп минералдық тыңайтқыштар беріледі. Бұл тыңайтқыштардың қалдығын күздік бидай пайдаланып жақсы өседі, мол өнім береді.Ал суармалы жерде күздік бидайдың ең жақсы алғы егісі болып жүгері тағы басқа отамалы дақылдар есептелінеді: Мысалы, жоңышқадан кейін күздік бидайды 2-3 рет егіп жақсы өнім алуға болады. Қант қызылшасы темекі, жүгері сияқты атамалы дақылдарға әдетте көптеп органикалық минералдық тыңайтқыштар беріледі. Бұл тыңайтқыштардың қалдығын күздік бидай пайдаланып жақсы өседі, мол өнім береді.Тыңайтқыштарды жоспарланып отырған бидай өнімін есептеп беру керек. Ол үшін күздік бидай өнімімен бірге топырақтан қанша қоректік заттар сіңіп кететінін білу керек. Мысалы: дала аймағында күздік бидай әр тонна дәнмен бірге топырақтан 17-15 кг азот, 22-29 кг фосфор қышқылы, 10-13кг калий алып кетеді. Күздік бидай өсе бастағанда топырақта азот аз болса алынатын өнім кемиді, ал дән толар кезінде азоттан тапшылық көрсе астықтың сапасы төмендейді, белоктың мөлшері азаяды.Фосфорды күздік бидай өркені жер бетіне шыға бастағаннан гүлдену кезеңіне дейін сіңіреді. Фосфор күздік бидайдың тамырының жылдам өсуіне және тез пісуіне әсерін тигізеді.[10,21,31]
Калийді бидай өніп жер бетіне шыға бастағаннан бас тартқанға дейін сіңіреді. Бұл қоректік заттың да өсімдік өмірінде маңызы зор. Біздің республикамыздың топырағы калииге өте бай болғандықтан дақылға көбіне бұл тыңайтқыш берілмейді.
Азот тыңайтқыштары суда тез ериді. Сондықтан күзде қажетті азоттың 20-30%-тін ғана береді. Бұл өсімдіктің жақсы тамырлануына әсер береді. Ерте көктемде азотпен үстемелін қоректендірудің маңызы зор. Бұл жұмыс қар еріп, күздік жаңадан өсе бастағанда жүргізілуі тиіс. Ерте көктемде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан оны самолетпен шашып берсе де болады. Бұл кезде берген тыңайтқыш күздік бидайдың жақсы түптеніп, бірнеше сабақ түзуіне мүмкіндік жасайды.Күздік бидайдың түптенуі кезегі аяқталып сабақтану кезеңі басталар алдында тағы да бір рет азотпен қоректендіріледі. Бұл жолы тыңайтқышты топыраққа сіңіріп беру керек. Ол үшін астық себетін дискілі сеялкаларды қолданса да болады. Тыңайтқыш енгізу бағыты күздік бидай субілген бағытқа көлденен болуы тиіс тыңайтқыш бидай масағына үлкен болып, дәнді көп беруіне әсерін тигізді[10].
Дән пайда болып, ол тола бастағанда азот жеткіліксіз болса бидайдың сапасы төмендейді. Осы уақытта берілген азот бидайда белок мөлшері мол болып, астықтың бидайдың күшті бидай қатарына қосылуына әсерін тигізеді. Мұндай үстемелік қоректендіру су арқылы беріледі. Қоректік зат бидай жапырағы арқылы сіңеді. Тыңайтқыш суға егілген жөн, тыңатқыштар мөлшері гектарына 30-35 кг.
Осылай азат тыңайтқыштарын бөлшектеп беру арқылы тыңайтқышты өте тіимді пайдалануға болады. Фосфор тыңайтқыштары суға нашар ериді. Сонлықтан бұл тыңайтқыш пен өсімдік қоректене алу үшін топырақтың ылғалды қабатына сіңірілуі керек.Салған фосфор тыңайтқышынан өсімдікке келетін пайда шамалы. Кұздік бидайдың өркені алғашқы кезде топырақтан фсофор қосындыларын нашар сіңіреді. Сол себепті дақыл себілген кезде тұқыммен бірге топыраққа түйіршіктері себілген тұқымға жақын жатқандықтан өркен апы тез сіңіріледі. Фосфор жеткілікті болған жағдайда қант қосындыларын көп жинап алады. Бұл қоректік заттар күздік бидайдың қыстан аман шығуына себебін тигізеді.Себу кезеңінде қажетті фосфор тыңайтқышының тек 20-30 пайызын ғана береді. Форсордың басым бөлігін негізгі тыңайтқыш ретінде жерді жыртар тереңдігіне байланысты 15-25 тереңдікке түседі[10].
Күздік бидайға жерді дайындау жүйесі алғы дақылға байланысты өзгеріп отырады. Дақыл егілетін қара парды өндеуді алғы дақыл орылып алынғаннан кейін дереу сыдыра жыртудан бастайды. Шамамен екі апта пайда болатын кесектерді үгітілуі, жерді тегістеу үшін соқаның артына тырма тіркеп қояды. Егер топырақ өте құрғақ болып тырмаға ілінбеген жағдайда соқа артына ауыр шойын тығыздатқыш тіркейді. Жыртылған жер біртегіс, май ірі кесексіз болуы тиіс. Сонда ғана топырақта ылғал жақсы сақталады.Көктемде парды тырмалайды. Содан кейін жер бетіне арам шөптер шыққан сайын культивация жүргізіліп тұру керек. 1-ші культивация 10-12 см-ге тереңдікке жүргізіледі. Келесі жүргізілетін культивациялардың тереңдігі бірте-бірте азайып, соңғы культивацияны 4-6 см тереңдікке жүргізеді. Жаз бойы ауа-райына байланысты 3-5 рет культивация жасалады. Культивация жүргізудегі мақсат тек арам шөптерді жою емес топырақтағы ылғалды сақтау. Бұл екеуі бір біріне байланысты процесс. Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтының деректеріне қарағанда танапта арам шөптер болмаса сапалы өнделіп тұрған парда көктемгі ылғалдың 50 пайызынан көбі күздік бидай егілетін кезге дейін сақталады екен[11].
Егер күздік бидай масақты дақылдардан кейін егілетін болса танапты тездеп сабаннан босату керек. Сабан тасылғалы соң жер дереу дискімен сыдыра өнделеді. Бұл сыдыра жырту кезінде арам шөптердің тұқымы жерге сіңіріледі, тұқым беріп үлгермей арам шөптер жойылады, жер беті қапсып, топырақтағы ылғалдың булануы азаяды.
Сыдыра жыртудан 10-15 күн өткеннен кейін жерді терең етуп аудара жыртады. Жырту кезеңінде пайда болатын кезектерді уату үшін соқа артына тырма не шойын тығыздағыш тіркейді. Күздік бидай себер алдында тұқым сіңірілетін тереңдікке культивация жүргізіледі[11,13].
Күздік бидай отамалы дақылдардан (қант қызылшасы, жүгері т.б) кейін себілетін болса аудара жыртудың қажеті жоқ. Сыдыра жыртқыштармен немесе культивациямен топырақты тұқым сіңіретін тереңдікке 2 рет өндеп барып себе берсе болады.
Егер аймақта жер эрозиясы болса аудармалы соқаның аңызға бірден себугебейімделген арнаулы С3С-2,1 маркалы сеялкамен себіледі.
Күздік бидайдың жақсы қыстап щығуына оның себу мерзімі қатты әсер етеді. Дәл уақытында себілген бидай қыстап көбіне аман шығады. Суықтын әр түрлі мерзімінде түсуіне байланысты әр жерде себудің календарлық мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Күздік бидай суық түсерден 50 күн бұрын себілуі тиіс. Сонда ғана ол түптену фазасына жетіп үлгереді. Егер күздік бидай түптену фазасынан асып кетсе не жетпей қалса да қыстан шығу мүмкіндігі азаяды[11].
Күздік бидайды әр түрлі тәсілмен себуге болады:қатарлы әдіспен (қатар аралығы 15 см) пар қатарлық әдіспен (қатар аралығы -7,5 см) және тоғыспалы әдіспен. Мұның ішінде ең көп тарағаны кәдімгі қатарлы әдіс. Ол ылғал тапшы аймақтарда жақсы нәтиже береді. Жауын шашын мол жауатын аймақтарда, суармалы жерлерде тар қатарлық әдіспен сепкен дұрыс. Бұл әдіспен себкенде тұқым кеңістікте біркелкі ынғайлы орналасады, өсу кезеңінде бір-біріне көп зиянын тигізбейді, осының арқасында жақсы өсіп жетіледі. Тор аралық тәсілімен себу үшін топырақты жақсылап өндеу керек. Топырақ жөнді дайындалмаса тұқым қажетті тереңдікке сіңірілмейді. Оның өзі тұқымның өнуіне не, бидайдың қыстан аман шығуына кері әсерін тигізеді. Әр гектарға сіңірілетін тұқым мөлшері жауын-шашынның топырақта болатын ылғал мөлшеріне қарап өзгеріп отырады. Ылғал мол жағдайда себілетін тұқым мөлшері де көбееді. Әр түрлі себептермен кейде кешігіп себу қажет болады. Сол қолайлы мерзімнен кешіккен сайын себілетін тұқым мөлшері арта беруі керек. Тар қатарлық не тоғысқалы әдіспен сепкен кезде себу нормасы 10-15 пайыз көбейтіледі[12].
Әр гектарға себілетін тұқым мөлшері багара жерде 5,5-6,5 млн өнетін тұқым болуы тиіс. Тұқымды сіңіретін тереңдік топырақтың механикалық құрамына қарай 4 см-ден 7 см-ге дейін өзгеріп отырады. Құрамында саз балшығы көп ауыр топыраққа тұқым 4-5 см тереңдікке, құмдауыт жеңіл топыраққа 7-8 см тереңдікке сіңіріледі.
Күздік бидай егілетін республикамыздың оңтүстік және оңтүстік облыстарында қыркүйек дәне қазан айларында жауын-шашын жетерліктей жауады. Сондықтан тұқым топырақпен тез жанаса тез өседі.
Тырманы бидай себілген бағытқа көктемде көлденен жүргізеді. Осы тырманың арқасында топырақтың беткі қабатын қопсытып, ылғалдың булануын күрт азайтады. Сазды балшықты ауыр танаптарда кәдімгі зигзаг ауыр тырмаларын қолдануға болады, құмдауыт топырақты танаптарда жеңіл тырманы қолдану керек.
Егер күздік кеш себіліп, көктемде түптену фазасына жетпесе, әр түрлі себептермен тамырлары жер бетіне шығып тұрса, онда тырмалауға болмайды. Тат және ақ ұнтақ ауруларынан күздік бидайды сақтау үшін өсімдіктің түптену-гүлдену кезендерінде (25 пайыз ұниақ) тилт (25пайыз-к.э) деген дәрілер беріледі, мөлшері әр гектарға 0,5-1,0 кг.
Орақ кезіндегі ең басты мақсат –астықты шаппай, төкпей жинап алу. Бұл дақыл жаздың ортасында-шілде айында толық пісіп үлгереді. Сондықтан жұмысты жеңілдету үшін көбіне комбайынмен тікелей шабылады. Күздік бидай себілген танапта арам шөптер көп болса, әсіресе олардың бірсыпырасы әлі көк қалпында болса ол егінді тікелей комбайынмен жинаған кезде әр түрлі себептермен астық ысырабы көбееді. Сондықтан мұндай танаптарды алдымен дестеге салып барып 3-4 күн өткен соң, десте кепкен соң жинап алған дұрыс. Бұл жағдайда астықты дестеге салу күздік бидайдың дәнінің қамырлану кезеңінде басталады.
Екі кезеңнен тұратын бұл әдістің ерекшелігі –астық ору жұмысы бірден комбайынмен жинаумен салыстырғанда орақты 5-7 күн ерте бастауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тәсілдерді астық биікке орналасқан тау бөктеріне себілген жағдайда қолдану керек. Себебі биік тауда күздік бидай тамыз айларының айағында таман ғана пісуі мүмкін. Осы тәсілді қолданғанда бидай ертерек орылып, жинап-теріліп жұмысы ерте бітеді, және астық сырабы да кем болады. Дәннің ылғалдылығы 5-8 пайыз азаяды. Мұндай астықты қосымша тозалмай-ақ бірден элеваторға жібере беруге болады.
II ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫ
2.1 «Бекагро» жауапкершілігі шектелген серіктестік туралы қысқаша деректер, шаруашылықтың ауа райы жағдайы
Қаратал ауданы – Алматы облысының солтүстігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жер аумағы 24,2 мың км² (облыстың 10,8%-ын құрайды). Тұрғын саны 44,5 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 46 елді мекен 1 қалалық және 9 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы – Үштөбе қаласы.
Сарыесік-атырау шөлінің шығысын ала Лекқұм, Жаманжал, Жаманқұм, Бестас, Іріжар, Сүртке құмдары жайласа, Кербұлақ ауданымен шектесер оңтүстік батысында Аралқұм құмы жатыр. Ауданның шығысында аласа келген Үшқара тауы орналасқан. Ауданның орталық бөлігімен Жетісудың жеті өзенінің бірі Қаратал ағып өтеді. Оған Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарлы шындарынан бастау алатын Тентек, Көксу өзендері құйылады. Солтүстік бөлігінде Қаратал өзені Балқаш (Көкшетеңіз) көліне құяды. Балқаштан басқа аудан аумағында үлкенді-кішілі Үшкөл, Қаңбақты, Шораяқкөл, Қаңғай, Сарыкөл, т.б. көлдер бар. Аудан аумағыңда түз бен натрий сульфаты, құрылысқа қажетті 398 материалдар (Қайрақты тауында), кварц (Ақтаспалы кені), т.б. кен орындары бар. Ауданның ең биік жері оңтүстік-шығысында орналасқан Бурақой т. (985 м). Одан басқа аудан жерінде Бақалы, Бастөбе, Ақтасты, Қайрақты, Ақынбай шоқылары бар. Жерінің басым бөлігі құмды, құмайтты, өзен аңғарлары мен көл бойларының топырағы сазды, шалғынды-сазды, оңтүстігінің топырағы сұр, бозғылт қоңыр топырақты. Топырақтарына жусан мен изен, еркекшөп (көкпек), теріскен, сұлыбас, қызыл мия, жантақ, бидайық, өзен-көл бойларында қамыс, құрақ өседі. Солтүстік-батысының құмды өңірінде сексеуіл, тобылғы, жыңғыл, ал Қаратал өзені бойында тал, тораңғы тоғайлары кездеседі.
Кезінде (20 ғ-дың 40-50 ж.) Қараталдың сағасында және ну қамысында жолбарыс мекендеген. Ауданның климаты тым континенттік. Қысы оңтүстік — шығысыңда біршама жұмсақ, солтүстігінде суық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -10-14°С. Жаз айлары ыстық, және қуаң. Шілде айының орташа температурасы 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-400-мм-ді құрайды.
Ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың ірілері — «Қаратал» акционерлік қоғамы, «Тастөбе-Бірлік», «Бекагро», балық аулаумен айналысатын «Көпбірлік», пияз өсірумен шұғылданатын «Ақиқат», күріш өсіретін «Үштөбе», «Правда» серіктестіктері ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері, «Тәжірибе» ауыл шаруашылығы ӨК, «Үштөбе тәжірибе-механикалық зауыты», «Достар Қаратал» акционерлік қоғамдары (қоспажем өңдірісі).
Ауданның 514,7 мың га жері (2001) ауыл шаруашылығына жарамды. Оның ішінде 19,3 мың га егістік, 481,5 мың га жайылым, 11,1 мың га шабындық бар. Қаратал ауданында 8,1 мың ірі қара, 68,2 мың қой мен ешкі, 4,5 мың жылқы, 5,0 мың шошқа, 70,0 мың құс болды (2002).
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
2.2 Тәжірибе танабының топырағы
Ауданның топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ — литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші — С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты: 1) рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері); 2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер); 3) рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер (аққурай).
.
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу жұмысының бағдарламасы және әдістемелері
Дипломдық жұмыс Алматы облысы Қаратал ауданы «Бекагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің оның өнімділігіне әсері зерттелді.
Димломдық жұмыстың мақсаты: Күздік бидайдан жақсы өнім алу үшін оның себу мөлшерін анықтау.
Зерттеуге күздік бидайдың Стекловидная 24 сорты алынды. Күздік бидайды сепкенде себу мерзімін 10 қазан егілуі белгіленіп, тар қатарлы әдіспен себілді. Себу мөлшері төмендегідей үлгіде алынды.
1.Тәжірибе үлгісі
- 3 млн. өнгіш дән мөлшерінде
- 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде
- 7 млн. өнгіш дән мөлшерінде
Зерттеу жұмыстары барысында келесі талдаулар мен бақылаулар жүргізілді.
- Жергілікті жердің жауын- шашын мөлшерін анықтау.
- Фенологиялық бақылаулар жүргізу.
- Танаптың көктегіштігін және арамшөппен ластануын 0,25 м² рамкадағы арамшөптерді санау әдісімен есептеу.
- Өсімдік сабағының биіктігін анықтау. Оны негізгі даму фазаларында диоганал бойында 10 сабақты өлшеу арқылы жүргізілді.
- Дақылдың өнімділігін анықтау;
- Алынған өнім мөлшеріне байланысты экономикалық тиімділігін методикалық нұсқау бойынша есептелді.
3.2. Зерттеу нәтижелері
Күздік дақылдардың халық шаруашылығында атқаратын ролі өте зор. Соның ішінде жер көлемі жағынан бірінші орында күздік бидай-18,9 млн га, екінші орында –күздік қара бидай -9,0 млн га және үшінші орында күздік арпа -1,2 млн гектар. Барлық өндірілетін астық өнімінің 30 проценті күздік дақылдардың үлесіне тиеді. Соның ішінде күздік бидайдың үлесі шамамен 20 процент.
Күздік дақылдардың өсіп-жетілуіне, тіршілігінің алғашқы кезінде қоңыр салғын температураны қалайды. Сондықтан оларды күзде, аязды түсуіне 50-60 күн қалғанда себу керек. Сонда олардың түптену дәуірінде қар түсіп ерте көктемде, жаздық бидайға қарағанда, көктем ылғалын және қоректік заттарын жақсы қабылдайды. Өсімдік тез жетіліп, көктем айларында болатын құрғақшылыққа төтеп береді.
Сонымен күздік дақылдардың өсіп-өнуі екі мерзімде өтеді. Бірі –күзде, суық түскенше, екіншісі –көктемде басталып, 2-3 айдың ішінде пісіп үлгіреді. Екі мерзімнің арасында өсімдік тыныштық қалпында болады.
Масақтың әр түрлі бөлігінің пісуі де түрліше. Мәселен әуелі масақтың ортасы, содан соң ұшы мен түбіне қарай піседі.
Қорыта келгенде, астық дақылдарының жемісі қоректік заттарға толы болады. Олардың химиялық құрамы өсімдік түріне, сортына, агротехника жетістігіне, ауа райына қарап өзгеріп отырады.
Топырақ ылғалын сақтау үшін егіс қарсанындағы топырақ өндеу жұмысы мен тұқым себудің арасындағы алшақтыққа жол бермеу керек. Әсіресе тәлімі жерде тұқым себу мерзімін дұрыс сақтау мол өнімнің кепілі болып саналады.
Алматы және Жамбыл облыстарының таулы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі егістік аймақтарында күздік бидай тұқымын себудің ең қолайлы мерзімі –сентябрьдің екінші он күндігі. Ал бұл айтылған облыстардың қуаңщылық аудандарында октябрьдің бірінші он күндігіне дейін созылады. Шымкент облысының тәлімі жерлерінде күздік бидай себудің ең қолайлы мерзімі -15 сентябрьден 15 октябрьге дейінгі, ал басқа аудандарында 20 сентябрьден 20 октябрьге дейінгі аралық.
Күздік бидайдың себу нормасы топыраққа, бидай сортына, климат жағдайына, ауыспалы егістегі алғы дақылдарға қарап белгіленеді. Қуаңшылық тәлімі жердің әр гектарына 3,0-4,5 млн немесе 1,5-2,6 ц дән себіледі. Суармалы жерлердегі себу нормасы –гектарына 4,5-5,5 млн немесе 2,2-2,8 ц дән себіледі.
Бидай тұқымын сіңіру тереңдігінің дұрыс болуы түптену түйінінің біркелкі қалыптасуын қамтамасыз етіп, өсімдіктің сабақтану коэффициентін жоғарылатады. Сонымен тұқым сіңіру тереңдігі, топырақтың ылғалы мен механикалық құрамына да байланысты. Көпшілік жағдайда бидай тұқымын сіңіру тереңдігі -5-7 см. Топырақ құрғақ болса, тереңірек сіңіріліп, артынан дөңбекпен таптап тастайды.
Күздік бидай тұқымын себу мөлшерін есептеген кезде бір қатар жағдайларды ескеру керек. Ауа райын топырақтың жағдайларын, топырақтың өнделу сапасын, тұқым себу әдісін және себу мөлшерін біздің «Бекагро» шаруа қожалығында күздік бидайдың себу мөлшерін анықтау ең қажетті дақылдың бірі болып есептеледі, себебі шаруа қожалық таулы аймақта орналасқан болғандықтан себу мөлшерін жеке анықтағанды жөн көрдік. Себу мөлшерінің даму сатыларына әсерін (1 кестеде) көрсетілгендей даму кезеңдері әртүрлі болды, мысалы 30 қыркүйекте себілген күздік бидайдың даму сатылары біраз ұзарды, ал 10 қазанда себілген күздік бидай даму сатыларының арақашықтығы біршама қысқарды. Оның пісіп жетілуі шілденің 5-і күніне сәйкес келсе, одан кеш себілген күздік бидай ең қолайлысыз ауа райын кезеңіне тап болды соның ішінде пісуі кешеуілдетіп 13 шілдеде піскен. Сондықтан алынған үш нұсқада күздік бидайдың дамуы ол 5 млн. өнгіш дән себілген күздік бидай болды.
Кесте 1 — Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың «Стекловидная-24» сортының даму сатылары
№ |
Себу мөлшері |
Өркен беру |
Түптену |
Түтік шығару |
Масақтану |
Гүлдену |
Толық пісу |
1 |
3 млн.д |
07.X |
18.XI |
15.IV |
13.V |
25.V |
7.VII |
2 |
5 млн.д |
17.X |
08.XI |
13.IV |
10.V |
22.V |
5.VII |
3 |
7 млн.д |
27.X |
23.XI |
19.IV |
17.V |
30.V |
13.VII |
Күздік бидайдың пісу кезеңдерінің себу мөлшеріне байланыстылығы №2 кестеде Стикловидная-24 сортының көрсетілген, бұл көрсеткіштерге де себу мөлшерінің әсерін себілген үш нұсқада айырмашылығы айтарлықтай емес екенін көруге болады. №2 кестенің мәліметтер бойынша байқайтынымыз, қамырланып пісу мен толық пісудің арасында біраз заңдылықтар 5 млн. өнгіш дән себілген күздік бидай екені байқалады. 7 млн. өнгіш дән мөлшерінде себілген күздік бидайдың өзі пісу кезеңдері кеш себлген, яғни 7 млн. дән себілген күздік бидайдың пісу кезеңдерінің ұзақ болғанын көреміз. Бұл мөлшердің күздік бидай үшін себілген мөлшерінің кеш болғанын көрсетеді.
Тәжірибеде көрсетілгендей осы өңір бойынша себу мөлшері жылда бір мөлшерде себіледі деп айтуға болмайды. Себебі күздік бидай себер алдында топырақта ылғал болмаса, онда жерге түскен тұқым жатып қалып өнбей қалады. Сондықтан себер алдында топырақтағы ылғал мөлшерін ескерген жөн. Осыған орай алынған үш себу мөлшерінен Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкенде жақсы нәтижеге жетуге болады деп есептедік.
Кесте 2 — Күздік бидай Стекловидная-24 сортының пісу кезеңдерінің себу мөлшеріне байланыстылығы
№ |
Себу мөлшері |
Сүттеніп пісу |
Қамырланып пісу сатыс. Басы |
Қамырланып пісу |
Толық пісу |
1 |
3 млн.д |
18.VI |
22.VI |
30.VI |
7.VII |
2 |
5 млн.д |
22.VI |
26.VI |
1.VII |
5.VII |
3 |
7 млн.д |
25.Vi |
29.VI |
6.VII |
13.VII |
Дақылдардың өнімділігіне алғы дақылдардың тигізетін әсері көп екені мәлім. Осыған орай төмендегі кестеде (кесте 3) күздік бидайдың алғы дақылдарын да келтіре кеткенді жөн көрдік.
Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауыл шаруашылық дақылдары мен парды айтады. Кестедегі мәліметтерге қарағанда алынған бес алғы дақылдардан кейін себілген күздік бидайдан алынған өнім мөлшері келтірілген.
кесте 3 — Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың алғы дақылдардың тигізетін әсері
Алғы дақылдар |
Жамбыл тәжірибе станциясының сұр топырақты жерінде орташа алғанда 4 жыл ішінде местаня беленькая сорты дәнінің өнімі |
Қазақтың Егіншілік институтының тәжірибе шараларында боз қызыл-қоңыр топырақты жерінде орташа алғанда 4 жыл ішінде безостая-1 сорты дәнінің өнімі (ц/га) |
Дәнді масақты дақылдар |
24,7 |
31,0 |
Жүгері |
28,9 |
39,0 |
Қант қызылшасы |
25,7 |
29,0 |
Дәнді бұршақты-лар (бұршақ) |
33,5 |
43,0 |
Көп жылдық шөптер |
33,6 |
42,9 |
Сөйтіп, суармалы жерлердегі ауыспалы егіс танабында күздік бидайды жоғарыда көрсетілген алғы дақылдардың орнына орналастыру қажет.
Күздік бидайды жыл сайын бір танапта егіп өсіруге болмайтынын ескерген жөн. Бір жерге қайта-қайта егіп өсірген кезде екінші жылы өнімі дәнге арналған жүгері орнына егілгендегімен салыстырғанда, гектарынан 3-4 центнер кемиді. Ондай да әсіресе бір тұқымды қайта-қайта еге берсе өнімі күрт төмендейді. Соныдқтан ауыспалы егісте бұрын бидай егілген жерде күздік бидайды тек көп жылдық шөптер ұлтаны мен дәнді-бұршақты дақылдар орнына екі жыл қатарынан егуге болады, ал басқа алғы дақылдардың орнына себу оның өнімі мен дәнінің сапасы төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Алайда ұсынылған схемалардың көпшілігінде күздік бидай не бәрі бір танапты алады.
Қызылша ауыспалы егісінде оның үлес салмағын арттыру үшін күздік бидай бүркемесіне көп жылдық шөп еккен тиімді. Бұл жағдайда басқа күздік бидайдың Стекловидная 24 сорты шөптің қалыпты өркендеуін қамтамасыз ететін жақсы бүркеме дақыл болып саналады. Қызылша ауыспалы егісінде күздік бидайдың екінші танабы көп жылдық шөптерден кейін екі-үш жыл қатарынан егілген қант қызылшасының орнына орналастырылуы тиіс.
Осындай ұсыныстар суармалы жер аумағы шектелгендіктен қант қызылшасын басқаша орналастыруына болмайтын шаруашылықтардың қабылдауына қолайлы. Суармалы жерлері жеткілікті шаруашылықтарда, күздік бидайды көп жылдық шөптер ұлтанына, ал өткен жылы аударылған жерлерге қант қызылшасын егуге болады. Осыған орай дақылдардан жақсы, сапалы өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізген жақсы нәтиже беретінін ескерген жөн.
Сурет 1 — Күздік бидай егісінде биометриялық есептеулер жүргізу кезіндегі көрініс
Көптеген ғылыми қызметкерлердің айтуынша күздік бидайды себу мөлшерінің оның сапалық көрсеткіштеріне әрсерін көп атайды. Сапалық көрсеткіштерін бидайды сату алдында Алматы облысындағы ғылыми –өндірістік бірлестіктің лабороториясына анықталды, ылғалдылығы, белогі, мөлдірлігі және клейковинасы, бұл мәліметтер №4 кестеде көрсетілген. Себу мөлшерінің тұқымның ылғалдылығына әсері аз, ал мөлдірлігі мен көлемдік салмағы 1 қарашада себілген жағдайда жоғары болды.
Бұл көрсеткіштер күздік бидайдың сапасы жағынан өнімнің жақсы екендігін көрсетеді. Мөлдірлігі көбінесе 66% жоғары болды, ал көлемдік салмағы 762-768 дейін болды.
кесте 4 — Себу мөлшеріне байланысты күздік бидай «Стекловидная-24» сортының сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі
№ |
Себу мөлшері |
Ылғалдылығы, % |
Мөлдірлігі,% |
Көлемдік салмағы г/л |
1 |
3 млн.д |
17 |
67 |
762 |
2 |
5 млн.д |
16 |
66 |
768 |
3 |
7 млн.д |
16 |
68 |
763 |
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәрі қорыта келгенде күздік бидайдың өнімін құрайды. Күздік бидайдың өнімінің химиялық құрамы жағынан құнды болуына байланысты және белогі жоғары болғандықтан күздік бидай азықтық дақыл ретінде жаздық бидаймен қатар жүреді. Күздік бидайдың әсіресе біздің облыс жағдайында маңызы өте зор. Біздің аймақта бұл өсімдіктің сабаны мал азығына көп қолданылады және өнімді жақсы береді. Күздік бидайдың себу мөлшерінің оның өніміне әсері №4 кестеде көрсетілген. Онда 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде себілген күздік бидайдың өнімі 27,8 центнер болды, ал 3 млн. өнгіш дән мөлшерінде себілген күздіктің өнімі 21,1 центнер, одан кеш 7 млн. өнгіш дән мөлшерінде себілген күздік бидайдың өнімі 17,8 центнер болды.
Күздік бидайдың себу мөлшерінің оның өнім құрамына құрамына әсері (5 кесте) көрсетілген. Себу мөлшерінің күздік бидайдың өнімді сабақтарынан білуге болады. 3 млн. өнгіш дән мөлшерінде себілгенде өнімді сабақ 2,1 болса, 7 млн. өнгіш дән себілгенде 1,9, ал 5 млн. өнгіш дән себілгенде масағындағы дәннің саны жоғары. Масақтағы дән саны 44,2 болып, ол 5 млн. өнгіш дән себілген нұсқада. Бұл кестені қорыта келгенде айтатынымыз 1000 дәннің салмағына да 5 млн. өнгіш дән себілген күздік бидайдың 1000 дәнінің салмағы 38,3 грамм болса, 7 млн. өнгіш дән себілгенде -33,4 грамм, ал 3 млн. өнгіш дәнмен себілген кезде 35,8 грамм болды. Сонымен қатар масағындағы масақшалар сан және масағындағы дәні сияқты көрсеткіштеріде жоғары. Бұл кестенің мәліметтеріне сүйене отырып Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайды 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкен жөн деуге болады.
кесте 5- Күздік бидай «Стекловидная-24» сортының себу мөлшеріне байланысты өсімдік құрылымы
№ |
Себу мөлшері |
1м² жер көлеміндегі өнімді сабақ саны, дана |
Түптену |
Масақтағы масақшалар саны, дана |
Масақтағы дән саны, дана |
1000 дәннің салмағы |
|
Жалпы сабақтар |
Өнімді сабақтар |
||||||
1 |
30.09 |
330 |
2,5 |
2,0 |
20,1 |
43,5 |
35,8 |
2 |
10.10 |
344 |
2,6 |
2,1 |
20,7 |
44,2 |
38,3 |
3 |
20.10 |
346 |
2,7 |
1,9 |
20,3 |
41,8 |
33,4 |
3.3 Себу мерзіміне байланысты күздік бидайдың биіктеп өсуі
Келесі кестемізде (6 кесте) себу мөлшерінің өсімдіктің биіктігіне әсері көрсетілген. Бұл көрсеткіштерді талқылай отырып күздік бидайдың биіктігіне әсерінен оңша көп өзгерістер таба алмадық, дегенмен 7 млн. өнгіш дән егілген бидайдың 3-4 см айырмашылығы болды. Оның себебін біз күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты деп ойлаймыз және сіңіру тереңдіктеріне де байланысты болуы мүмкін, біздің тәжірибемізде бұл көрсеткіштерді бақылау ұмыт қалған. Бірақ біздің ойымызша өсімдіктің биіктігі көп жағдайларда оның жалпы агротехникасына байланысты болады.
кесте 6 — Күздік бидай Стекловидная-24 сортының себу мөлшерінің өсімдік биіктілігіне әсері
№ |
Себу мөлшері |
Даму сатылары |
|||
түтік шығару |
масақтану |
гүлдену |
толық пісу |
||
1 |
3 млн.д |
23,1 |
47,3 |
52,1 |
53,6 |
2 |
5 млн.д |
25,7 |
48,3 |
54,6 |
58,1 |
3 |
7 млн.д |
25,1 |
47,2 |
53,6 |
55,3 |
Кесте мәліметтеріне қарағанда алынған үш нұсқа бойынша өсімдіктің биіктеп өсуі алынған үш нұсқада әр түрлі екені байқалады. Түтік шығару кезінде өсімдіктің биіктеп өсуі 23,1 мен 25,7 см аралығында болса, гүлдену кезеңінде бұл көрсеткіш 52,1 мен 54,6 см аралығында өсіп жетілсе, толық пісу кезеңінде өсімдіктің биіктігі 53,6 мен 58,1 см болып өсіп жетілген. Соның ішінде алынған үш нұсқа бойынша 5 млн. өнгіш дән себілген нұсқада күздік бидайдың барлық даму сатыларында жақсы өсіп жетілгенін көреміз. Ал қалған нұсқаларда бұл көрсеткіш төмен болып, 5 млн. өнгіш дән себілген күздік бидайдан төмен болды. Осыған орай Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайды 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкен жөн деп есептедік.
3.4 Себу мөлшеріне байланысты арамшөптермен ластануы
Егіншілік мәдениетінің жоғары деңгейі қазіргі жағдайда дала жұмыстарындағы еңбек өнімділігінің үнемі өсуін және егіншілік шығымдылығын арттыруды жүйелі түрде қамтамасыз ететін, дала жұмыстарында ауыспалы егістікті тиімді қолданумен, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланумен, топырақты уақтылы әрі сапалы түрде өңдей білумен, жақсы да жөнді тұқым шаруашылығымен, сортаңдарға, ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне қарсы табысты күреспен, түрлі агротехникалық және ұйымдастыру шараларының комплексіне қарай анықталады.
Жаздық бидайдың өсіру технологиясында егінді күтіп-баптау маңызды роль атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, ауруларымен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.
Жаздық бидай егістігіне егістік калуен, шырмауық, жатаған бидайық тағы басқа атпа тамырлы, тамырсабақты көп жылдық арамшөптер, ал біржылдық түрлерінен қара сұлы, жасыл және көкшіл сүр итқонақ, құс тарысы үлкен зиян келтіреді. Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығымы 4-7%, ал күшті ластанғанда -20-30%-ға кемиді. Шаруашылықта агротехникалық және химиялық қорғау шаралары ұйымдастырылады, танаптардың арамшөптермен ластану карталары жасалады, олардың ластану деңгейі мен арамшөптердің түр құрамы анықталады.
Арамшөптерді құртып басу негізінен химиялық қорғау шараларын қолдану арқылы іске асырылады. Ал егін себілгеннен кейін шаруашылықта тырмалау жүргізіледі, ол МТЗ-80 тракторымен БЗСС-1,0 құралымен жүргізіледі.
Мақсаты- топырақтың жоғарғы қабатын тығыздап, көктің пайда болуын жеңілдету, зиянды топырақ қабыршағын бұзу, арамшөптер өскінін құрту болып табылады.
Осы агротехникалық шараның қолданылуына байланысты егістіктің арамшөппен ластануы әлсіз болды. Негізінен болатын арамшөптер қара сұлы мен егістік қалуен. Осы арамшөптерге қарсы төмендегі гербицидтер қолданылды.
Жоғарыдағы кестеде келтірілгендей арамшөптерге қарсы химиялық заттарды қолдану танаптағы арамшөптердің түрлеріне байланысты қолданылады. Мұнда гербицидтерді қолданудың тиімділігі жоғары екенін көреміз. Біздің шаруашылықта қолда бар МТЗ-80 тракторына тіркелген ОП 3200 бүріккішімен жүргізіледі.
Егіншілікті өркендетудің ең маңызды шарттарының бірі- өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестермен аурулардан қорғау ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді молайту жөніндегішаралар жүйесінде аса маңызды орын алады. Өсімдіктерді ойдағыдай қорғаудың шешуші шарты төзімді сорттар, жоғары егіншілік мәдениетін жасау болып табылады.
Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарына бүкіл жыл бойына елеулі зиян келтіретін зиянкестер мен аурулар көп таралған. Тұқым мен астықты қоймада сақтаған кезде оларды қор зиянкестері зақымдайды. Егілген соң тұқымға топырақ зиянкестері әрекет жасайды: қоңыз бен зауза личинкалары, кеміргіш көбелек жұмыр құрттары, сондай-ақ әр түрлі аурулар. Астықтың көк өскіндерін астықтың жолақ бүргелері, құмдық медляк,көбелек жұмыр құрты зақымдайды. Өсімдіктің даму кезеңінде сабақтың ішінде болатын зиянкестер пайда болады, олар: швед шыбыны, сабақ бүргешіктері, құмырсқа шыбын. Түптену кезінде және онан кейін астықтың сұр көбелек жұмыр құрттары, астық қандаласы және астық қоңызызиян жасайды.
Ауыл шаруашылығында зиянкестер мен ауруларды болдырмауға агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізу себеп болады: ауыл шаруашылығы дақылдарын дұрыс орналастыру, оларды ауыспалы егісте тұқым себер алдында мұқият өңдеу, тыңайтқыш енгізу, сортты, кондициялы және дәріленген тұқым себу.
Арамшөптермен күрес шараларын ұйымдастырарда егістікте кездесетін арамшөптердің түрлері мен олардың биологиялық қасиеттерін және шаруашылық орналасқан аймақтың табиғи ерекшеліктерін мұқият зерттеу керек.
Қазіргі кездегі зерттеу жұмыстары таулы аудандарында арамшөптердің 82 түрі, оның ішінде 22 түрі егіс алқаптарында 10 проценттен 85 пайызға дейін кездесетіндігін анықтады. Астық алқаптарыда көп тараған арамшөптердің түріне қара сұлы, қалуен, ақ тікенше, кәдімгі сурепка, жатаған бидайық, егістік ярутка жатады.
Таулы аудандарда өсірілетін астық егістіктерінің 75 пайызы жаздық арпаның үлесіне тиеді. Соңғы кезде арпа егістіктерінің қара сұлымен ластануы 20-30 пайызға, жекелеген танаптарда 75-80 пайызға дейін жетіп, алынатын өнімді 20-30 процентке дейін төмендетуге әкеліп соқтырады. Кейбір шаруашылықтарда арпа өнімінің төмендеуі бұл көрсеткіштен 2-3 есе көп. Оның басты себебі қара сұлының биологиялық ерекшеліктерімен оны жоюдың қиындығында. Қарасұлы астық тұқымдастарына жататын ерте пісетін жаздың арамшөп. Ол көбіне бидай, арпа, сұлы егістіктерінде жиі кездеседі. Астық тұқымдас ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда өзінің өсіп дамуына ылғалды көп мөлшерде керек етеді.
Егер бидай 1 грамм құрғақ зат түзу үшін 400 граммдай су жұмсаса, ал қарасұлы 600 грамға дейін жұмсайды, яғни оның бидайға қарағанда транпирациялық кэффициенті 1,5 есе көп. Міне сондықтан да, ол шаруашылыұ дақылдарының өсуіне қолайсыз жағдай туғызып олардың өнімділігін төмендетеді. Мысалы (1 шаршы метр жерде 40 дана қарасұлы болған жағдайда астық дақылдарының шығымдылығы 18 пайыз, ал 110 дана болғанда 30 пайызға кемиді.
Азжылдық арамшөптер iшiнде өте жиi және көп мөлшерде кездесетiн арамшөптер: қара сұлы (Avena fatua), шырмауық қарақұмығы (Polygonum convolvulus), кәдiмгi гүлтәжi (Amaranthus retroflexus), қызыл құйрық (Amaranthus retroflexus), шырмауық қарақұмығы (Polygonum convolvulus), арам кенеп шөп (Cannabis ruderalis), алабота (Chenopodium album).
Сурет 2 — Күздік бидай (1 м²) егісіндегі арамшөптердің санын
санау кезіндегі көрініс
Көпжылдық арамшөптерден доминантар болып қызғылт қалуен (Cirsium
arvense), тiкен қурай (Cirsium arvense), егiстiк қалуен (Sonchus arvensis), дала шырмауығы (Convolvulus arvensis), қызғылт у кекiре (Acroptilon repens), кәдiмгi сурепка (Barlarea vulgaris) болып саналады. Бұл арамшөптермен жаздық бидай егiсiн 3–4 балл аз дегенде 2 балл дәрежесiнде ластанады. Сондықтан зерттеу барысында алынған мәлiметтер бойынша күздік бидай егiсiнiң арамшөптермен ластану түрiн аралас типтi деп атап, нақты түрде қара сұлылы – атпа тамырлы деп анықталды. Күздік бидай егiсiнiң арамшөптермен қарасұлылы – атпа тамырлы ластану түрiөте зиянды келедi, дақыл өнiмi 28,0 %– 40%дейiн төмендейдi. Сондықтан олармен күрес жүйелi кешендi жүргiзiлiп агротехникалық тәсiлдермен қатар тиiмдi алғы дақылдар сақталуы керек.
Арамшөптермен күрес ауыспалы егістіктерде алғы дақылды белгілеуден басталады, себебі егіс алқаптарының арамшөптермен ластану дәрежесі алғы дақылдарға байланысты әр түрлі. Мысалы, күздік бидай егістіктеріндегі (түптену кезеңінде) арамшөптердің 1 шаршы метр жердегі саны алғы дақылдарға байланысты орта есеппен үл жыл ішінде төмендегідей болды: таза пардан кейін (бірінші дақыл) -80 тал, күздік бірнеше жыл қатарынан егілгеннен кейін 170 тал.Егістікті арамшөптермен тазартуда таза және екпе парлардың атқаратын қызметі айтарлықтай күшті екендігі даусыз. Таулы аймақтарды жыл сайын барлық егістің 9-10 проценті таза парға арнап қалдырылады. Бір жылдың ішінде егістікті қара сұлыдан толық тазарту мүмкін емес. Парға қалдырылған жерлердегі қара сұлының мөлшері бір жылда 75-80 процентке қысқарады, ал топырақта қалған 20-25 процент қара сұлының тұқым дәнді дақылдар егістігін ластауға толық жеткілікті.
Жоғарыдағы себептерге байланысты таза пар егістіктегі арамшөптерді толық тазарту жұмыстарын жеткілікті түрде шеше алмайды. Сондықтан да таза пар арамшөптермен күресуге арналған комплексті шаралардың бір бөлігі ғана болып саналады. Арамшөптермен күресудің көктемгі уақытта жаздық дақылдарды себер алдындағы топырақты өндеу жүйесінде жүргізіледі. Егістіктерді арам шөптерден, әсіресе қара сұлыдан тазартуда көктемде жүргізілетін агротехникалық шаралардың алатын орны ерекше. Мұның ішінде тұқым себу мөлшерін дұрыс белгілеудің маңызы зор. Жаздық дақылдар егістігінің ластану дәрежесі тұқым себу мөлшеріне байланысты. Оны 7 кестеде келтірілген материалдардан айқын көруге болады.
кесте 7 — Себу мөлшеріне байланысты күздік бидай егістігінің ластануы
Тұқым себу мөлшері |
Арамшөптердің 1 шаршы метр жердегі саны |
|||||
көктем шыққанда |
масақтағанда |
жинау алдында |
||||
барлығы |
оның ішінде қара сұлы |
барлығы |
оның ішінде қара сұлы |
барлығы |
оның ішінде қара сұлы |
|
3 млн.д |
50.5 |
37.0 |
63.05 |
54.4 |
57.0 |
50.0 |
5 млн.д |
21.5 |
11.5 |
32.2 |
21.95 |
30.5 |
16.5 |
7 млн.д |
12.0 |
4.5 |
21.4 |
11.25 |
17.4 |
6.1 |
3.5 Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың өнімділігі
Дәнді дақылдарды көптеген басқа топтағы өсімдіктерге алғы дақыл ретінде ұсынуға болғанымен қайталап сепкенде өздеріне теріс әсер ететіні белгілі. Бұған себеп болатын алдымен биологиялық факторлар. Оның ішінде егістіктің арамшөптенуінің көбеюі, өсімдіктердің ауруларының, зиянкестерінің кең таралуын айтуға болады.
Жаздық дәнді дақылдарға қарағанда күздіктердің алғы дақыл ретіндегі рөлі жоғары болып келеді. Оған себеп күздік бидай ерте пісіп жетіледі де, танапты ерте босатады. Бұл жағдай топырақты толық сапалы түрде дайындауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан аралық дақылдарды қолдануға жол ашады. Екіншіден күздіктің өнімі жоғары болғандықтан оның топырақта қалдыратын органикалық заттарының мөлшері де көп болады.
Дәнді дақылдардың алғы дақылдарға өте сезімтал екендігін ұмытпау керек. Тіпті құрамындағы протеин мөлшері жоғары жаңа сорттардың өзі оны өсірудің интенсивті технологиясы сақталмаса, керекті дәрежеде қайтару болмайды.
Күздік бидайдың вегетация кезеңінде фенологиялық бақылау жүргізілді. Биометриялық өлшеу өсімдіктің әртүрлі фазасында өлшенеді. Биометриялық өлшеу майбұршақ өсімдігінің өсу динамикасына себу мерзімінің әсері өзгеше. Сондықтан себу мөлшері дақылдың өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді (кесте 8).
Егінді мөлшерлі себу — мол өнімнің бір шарты. Себу мөлшері себілетін дақылға, аймақтың ауа райына байланысты өзгеріп отырады. Дақылдардың ерте, кеш себілетіндері бар. Ерте себілетін дақылдарды көктем шыға салып топырақ дегди басталысымен себе бастайды. Ерте себудің пайдасы көп. Ерте себілген егін ерте көктеп шығады, топырақтағы ылғал мүмкіндігінше толық пайдаланады., дақыл жазғы ыстық, аңызаққа көп соғылмай, ерте піседі.
Кеш себілетін, жылылықты сүйетін дақылдарды топырақтың тұқым түсетін тереңдігінде температура 10-12º С -қа көтерілгенде ғана себу керек. Егер ерте себілген жағдайда топыраққа сіңірілген тұқымдардың көбісі жылу болмағандықтан шіріп кетеді де, қайтадан егуге тура келеді. Бақша дақылдарын топырақ қабатының жылуы 12-15ºС-қа жеткеннен кейін себеді. Мысалы, дақылды ерте сепкен жағдайда, оның сирек шығуымен қатар, егістің ішінде арамшөптер де өте көп болады. Оның бәрі өнімге кері әсерін тигізеді.
Себу мерзімі климат ерекшелігіне байланысты да өзгеріп отыруы мүмкін, мысалы, Қазақстанның оңтүстік облыстарында жаңбыр көктем кезінде ғана болады, жазда жаңбыр жоқтың қасы. Сондықтан бұл аймақтарда егінді мүмкіндігінше ерте себуге тырысады.
кесте 8 — Себу мөлшеріне байланысты күздік бидай «Стекловидная-24» сортының өнімділігі, ц/га (2015-2016ж)
№ |
Себу мөлшері |
Жылдар |
Қосымша өнім |
|||
2016ж. |
2017ж. |
орташа 2 жыл |
ц/га |
% |
||
1 |
3 млн.д |
19,5 |
22,6 |
21,1 |
— |
— |
2 |
5 млн.д |
26,3 |
29,2 |
27,8 |
7,7 |
36,4 |
3 |
7 млн.д |
16,5 |
19,2 |
17,8 |
-3,3 |
— |
Бұл кестені қорыта келгенде ең жоғарғы өнім 27,4 гектарынан 10 қазанда себілген күздік бидай болды, қалған мезгілдерде күздік бидайдың өнімі төмен, сол себептен атап өтетін жағдай «Бекагро» шаруа қожалығында ең тиімді болып 5 млн. өнгіш дән себілген күздік бидай егісі есептеледі. Сапасы жағынан №9 кестеде көрсетілгендей көп айырмашылықтар байқалмады, бірақ 10 қазанда себілген күздік бидайдың белогі 13,8% ал клейковинасы 33,1% болды. Қалған екі себу мерзімінде біраз төмендеу 13,2%; 12,9, клейковинасы 31,5% және 32% болды.
Кесте 9 — Себу мөлшеріне байланысты күздік бидай «Стекловидная-24» сортының дәнінің сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі
№ |
Себу мөлшері |
Сапасы |
|
дәндегі белок, % |
клейковинасы, % |
||
1 |
3 млн.д |
13,9 |
31,5 |
2 |
5 млн.д |
13,8 |
33,1 |
3 |
7 млн.д |
12,9 |
32,0 |
3.6 Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың экономикалық тиімділігі
Экономикалық баға – ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіру технологиясының тиімділігін есептеу көрсеткіші болып табылады. Кейінгі жылдардағы нарықтық заман талабына байланысты, пайдаланатын тыңайтқыштар мен гербицидтердің және өндірілген дән мен жанар-жағар май бағасының тұрақсыздығы, сонымен бірге ауылшаруашылық дақылдарын өсіру барысында агротехникалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізу құнының ауытқуы, экономикалық тиімділікті ақшалай есептеу үшін біршама қиындықтар туғызуда.
Еліміздегі қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынас талабына сай ауыл шаруашылық дақылдарын үнемді технологиямен егіп, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін арттыру негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын үнемді технологиямен егіп-өсіріп сапалы өнім жинау, отандық нарықтық бәсекеге сай агроөнеркәсіп өндірісінің негізін қалау міндеттеліп отыр.
Қазіргі таңда өндірісте, кіші және орта шаруа қожалықтарының егіс алқаптарында ескі тозығы жеткен техникаларымен топырақты өңдеу жұмыстарын жүргізу өте көп шығынды талап етеді, нәтижесінде көктемгі егіс алқабына қолданатын агротехнологиялық шараларды жүйелі ғылыми негізде жүргізе алмай өнімділік көрсеткіші төмен деңгейде болып, жұмсалған шығынды ақтамауға әкеліп соқтыруда. Сол себепті ғалымдар өндіріске топырақты үнемді технологиялық жүйемен жеңіл өңдеудің тиімді жолдарын қарастырып, оны жан-жақты зерттеп дәлелдеу басты міндеттерінің және келешектегі ғылыми жұмыстардың негізгі бағыты болатыны айқындалды.
Алматы облысының ауа-райының құбылмалығы күздік бидай өнімділігіне ықпал жасайтындығы табағи заңдылық. Сондықтан күздік бидай дақылын күзгі ауа-райының қалыптасқан ерекшелігіне қарай отырып алғашқы 2-3 рет жауған жаңбырдың ылғалдылығы 10-12 см тереңдікк сіңген кезде тікелей СЗС-2,1 дән сепкішін пайдаланып күздік бидай тұқымын оңтайлы 4-5см тереңдікке енгізіп егу қажет.
Ерте көктемде күздік бидай азот тыңайтқышымен (N35кг/гаә.з.е.) үстеп қоректендірілді. Қыста және ерте көктемде жинақталған ылғалды тиімді пайдалану мақсатында күздік бидайдың түптену кезеңінде түбін қопсыту міндетті түрде жүргізілуі тиіс, бұл өте ұтымды агротехнологиялық шара.
Егістік алқапты күтіп-баптау жұмыстарына байланысты өнімділік әр түрлі деңгейде ауытқыды. Мысалы үшін, күздік бидайды тікелей сеуіп ерте көктемде үстеп қоректендіріп соңынан күздіктің түптену дәуірінде тырмалап ылғал сақтау шараларын жүргізілген нұсқада 20,0 ц/га дән жиналды, ал топырақты өңдемей тікелей сеуіп ерте көктемде тырма басып арамшөптерге қарсы гербицид қолданған нұсқада өнімділік 20,7 ц/га жетті. Ең жоғарғы күздік бидай өнімі 24,3 ц/га топырақты өңдемей тікелей сеуіп ерте көктемде азот тыңайтқышымен (N35кг/гаә.з.е.) үстеп қоректендіріп соңынан тырмалап және арамшөптерге қарсы Диален супер 480 с.е. – 0,7 л/га қолданған нұсқада болды. Күздік бидай дақылын Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты тәлімі жеріне топырақты өңдемей тікелей себу мен өндірісте қолданылатын технологиямен салыстыра отырып 2010-2012 жылдар аралығында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары қысқа ротациялы 5 танапты ауыспалы егістің төртінші танабында мақсары дақылынан соң, тікелей себу СЗС-2,1 дәнсепкішімен атқарылды. Бұл дәнсепкіштің ерекшелігі топырақтың беткі қабатын қопсытып, әрбір жер қопсытқыш құс қанатты өңдеуіштің артқы жағына жапсырылған түтікше арқылы дән топыраққа оңтайлы тереңдікке енгізіліп, соңғы жағындағы дискалы таптағышымен топырақ беті нығыздалып, дәннің топырақпен байланысын нығайта түседі.
Нәтижесінде ылғалды топыраққа біркелкі оңтайлы тереңдікке түскен тұқым тез өскін беріп болашақ өнімнің негізін құрайды.
Күздік бидайды өсірудің экономикалық тиімділігін арттыру үшін бұл дақылдың қаншаға түскенін зерттей, өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымын анықтай отырып,шығынның қай түрінен жоспардағыдан артық немесе кем жұмсалғанын салыстыру шаруашылықтағы шығындардың дұрыс жұмсалуына бақылау жасау болып табылады.
Күздік бидайдың өнімінің жалпы түсімі,таза пайда,өзіндік құны көрсеткіштерін төмендегі формула бойынша есептедік:
Ж.т = Ө × С.б ; мұндағы (1)
Т.П.= Ж.т.- Ш ; мұндағы (2)
Т.П- таза пайда,тг;Ж.т-жалпы түсім, тг,Ш- шығын,тг.
Ө.қ.= Ш / Ө ;мұндағы (3)
Ө.қ- өзіндік құн, тг; Ш- шығын, тг; Ө- өнімділік, ц.
Ұжым мен жеке шаруашылықтың негізгі тиімділік көрсеткіші болып ауыл шаруашылығының жалпы өнімі саналады. Осы өндірілген өнімнің 2/3 бөлігі сатылатын,яғни тауарлы бөлімі. Негізінде неғұрлым көп сапалы өнім түскен сайын, өндірістің мөлшері артады.
Жалпы өнім еңбектің жалпы көрсеткіші ретінде таза өнім мен еңбек өнімділігінің басты көрсеткіші болып саналады. Өнімнің көбеюі жұмысшылардың өндірістегі еңбегіне,оның ұйымдылығына байланысты.
Еңбек өнімділігін ұтымды пайдалану өнімнің өндіріс мөлшерін көбейтуге әкеледі, ол еңбек өнімділігін арттырады және таза пайданы өлтіреді. Бір мезгіл ішінде неғұрлым сапалы өнім көп өндірілген сайын, өндірістің өнімділігі өседі.
Экономикалық тиімділікті анықтау мақсатында шаруашылықтағы ауыл шаруашылығы дақылдардың өнімділігін–материалдық заттарға кеткен шығындарды және оны өндірудегі барлық варианттағы еңбекті білу қажет.
Таза пайданың рентабельділік деңгейі және қосымша шығындардың қайтарымы анықталады.Экономикалық баға қосымша шығындардың дұрыс қолдануы және олардың біршама жарамды болуына байланысты. Рентабельділік деңгейін мынадай жолмен анықтайды:
Р.деңг = Т.П. / Ш; мұндағы (4)
Р– рентабельділік деңгейі, %; Т.П – таза пайда, теңге; Ш — шығын,теңге.
Күздік бидайдың өсіп-өну технологиясына тұқымды себу мөлшері жатады. Бұл көрсеткіштен өсімдіктің биіктігі мен қалыпты даму барысы , сонымен қатар күздік шынығуы өнімнің көктемгі жазғы вегетация кезіндегі қалыптасуының негізі. Өндірістің негізгі биологиялық көрсеткіштеріне сорттың дәнінің ірілігі мен өнім сапасы жатады. Бұл қасиеттері бидай өндірісінде экономикалық тиімділікті көрсетеді.
Күздік бидайдың өсіп-өну технологиясының экономикалық негізгі критерилеріне дәннің өнімділігі, яғни өнгіштігі, өнімнің өзіндік құны, 1 ц дәнге кеткен тікелей шығындар сонымен қатар таза айда мен рентабельдік деңгейі жатады. Тәжірбие нәтежиесі көрсеткендей тұқымды қалыпты себу мөлшеріне жоғары талап қояды. 5 млн. өнгіш дәнмен сепкенде рентабельдік деңгейдің жоғарғы көрсеткіші байқалды.Сондықтан біз экономикалық тиімділікті осы себу мөлшеріне байланысты салыстырдық.
Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі жоғарылату маңызды факторлардың бірі болып саналады, онда өндірістің дамуы және оның тиімділігі жоғарылайды. Еңбек өнімділігінің қалыпты өсуінің негізгі жалпы еңбектегі ғылыми техникалық прогресс болып саналады. Оның ауыл шаруашылығына қолдану дегеніміз – ол үздіксіз өндіріс құралдарын жетілдіру, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және прогрессивті технологияларды енгізу шығатын продукцияны жоғарылатуға арналған бағытта ең төменгі еңбек және қаржы шығындарын жұмсау арқылы.
Жалпы еңбек өнімділігін жоғарылатудың критерийі болып саналатын бір өнімді шығару үшін кеткен жеке көпшілік еңбек шығынан азайту болып саналады. Бұдан шығатын түсінік шығынның әр бір көбеюі тиімді болады, тек қана сол жағдайда алынатын продукцияның өзіндік бағасы өзін өзі ақтайтын болғанда. Практикада еңбек шығыны ақша формасында есептеледі,және өнімнің өзіндік құнын бағалағанда көрсетіледі.
Экономикалық көзқарас бойынша шаруашылық өндірісінде кез-келген өзгерістер тиімді деп саналады. Тек қана жағдайда егер ол қосымша өнімді алуға әкелсе өзіндік құнын төмендетіп, және еңбек өнімділігін жоғарылатып.
Күздік бидайдың экономикалық өндірістік тиімділігін жоғарылату оның өнімділігінің жоғарылауына негізделген болуы тиіс. Өсірудің жаңа алдыңғы қатарлы тәсілдерін қолдану арқылы, жаңа жоғарғы өнім беретін сорттарды егу арқылы, және мүмкіндігі жоғары техникаларды енгізіп пайдалану арқылы.
Прогрессивті технологияны өңдеу жасағанда барлық қолданылатын тәсілдері механикаландыру тәсілдерін ескеру керек.
Бидай өндірісі тек қана комплексті түрде механикалағанда барлық өсіру процесстерін экономикалық тиімділігі жоғары болуы мүмкін.
Тәжірибе нұсқаларында күздік бидайдың себу мөлшеріне байланысты өнімділігін алып оның экономикалық тиімділігін есептегенде төмендегідей көрсеткіштерді байқадық (кесте 10).
Алынған себу мөлшеріне байланысты үш нұсқадан жақсы өнім мөлшері 5 млн. өнгіш дән себілген нұсқада 27,8 центнер алынған. Осы алынған өнімге байланысты жалпы өнім мөлшері үш үлгіде 63000-95900 теңге аралығында алынды.
Ең көп мөлшерде 5 млн. өнгіш дән себілген нұсқада алынды. Оның таза пайда мөлшері 51500 теңгені құрап, рентабелдік деңгейі 115,9 пайызды көрсетті. Ал басқа нұсқаларда бұл көрсеткіштер төмен болды. Осыған байланысты «Бекагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдайында күздік бидайды 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкен оңтайлы деп есептедік.
кесте 10 — Күздік бидайдың «Стекловидная-24» сортының себу мөлшеріне байланысты экономикалық тиімділігі
Себу мерзімі |
Өнімнің мөлшері, ц/га |
Астықтың өзіндік құны, тенге |
1ц өнімнің сату бағасы, тенге |
Жалпы өнім мөлшері, тенге |
Шыққан шығын |
Таза пайда |
Рентабельдік деңгейі,% |
3 млн.д |
20.9 |
2031,1 |
3500 |
73150 |
42450 |
30700 |
72,3 |
5 млн.д |
27.8 |
1620,4 |
3500 |
95900 |
44400 |
51500 |
115,9 |
7 млн.д |
18.0 |
2466,6 |
3500 |
63000 |
44400 |
18600 |
41.9 |
Күздік бидайды себудің республикада арнайы мөлшері жоқ, сондықтан күздік бидайды себуді әр-өлкеде және аймақта ауа-райына, топырағына және жаңбырлы мерзіміне байланысты бөлек-анықтау қажет.
Осы себебтен менің дипломдық жұмысым Алматы облысы Қаратал ауданы «Бекагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдайында күздік бидайдың «Стекловидная-24» сортының себу мөлшерін 5 млн. өнгіш дәнмен сепкен пайдалы деп есептедік.
4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
Еңбек қорғау адам еңбегінің қауіпсіздігін, ден-саулығының қорғалуын және еңбекке жарамдылығын қамтамасыз ететін заң актілерін әлеуметтік экономикалық техникалық тазалық және емдеу –алдын алу шараларымен тәсілдерінің жүйелерін зерттейді.
Жұмысшылардың кәсіби және еңбек тәртібінің жеткіліксіз болу себебінен ауыл шаруашылық өндірісінде жарақат алу азаймай отырғанын ескерсек онда оның алдын алуда мамандар дайындауға бағытталған еңбек қорғау шаралары маңызды орын алады. Аталған мамандардың еңбек қорғауда білімі алдын алу шараларының стратегиясы мен тактикасының сондай-ақ әлеуметтік экономикалық мәселелердің шешімдерімен тығыз байланысты өндірістің жарақат алу денгейіне әсерін тигізеді. Маманның кәсіби іскерлігі оның еңбек қорғау жөніндегі қызметінің денгейін көрсетеді.
Өндірістік жарақаттану денгейін, және кәсіби ауруларды, жоспарланған шаралар жүйесінің негізінде азайтуға және жұмысшылардың еңбек қорғау шараларын жоғарғы дәрежеде білуі арқылы нәтижеге жетуге болады.
Ғылым мен техниканың жоғарғы денгейде дамыған шағында ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбегін қорғау басты мақсаттардың біріне кіреді. Себебі ауыл шаруашылығындағы қолданылатын техникалардың жылдамдығы артып, күші артып, дақылдардан мол өнім алу жолында пайдаланатын әр түрлі пестицидтердің көп қолданылуынан жұмысшы қызметкерлердің денсаулығын сақтау, еңбегін бағалау баптары жоғарғы дәрежеде орындалуын талап етеді. Өндірістегі еңбек қорғаудан ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қорғау саласының жоғарғы жауапкершілігі, мұқтаждықты талап ететін сол, механизаторлар, жұмысшылар елді мекеннен 10 шақырым, ауа райының әр түрлі құбылмалы сәттерінде алыста, жеке, немесе аз ғана звено болып еңбек етеді.
Сондықтан да жеке шаруа қожалығындағы жетекшілерін және жұмысшыларға алдын ала техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша инструкция жүргізілуі тиіс.
Жұмыс кезінде техника-қауіпсіздік талаптары:
- Машинаның трактордың жұмыс жағдайында адам өміріне қауіп тудыратын жағдайында (тормоздың ұстамау, рульдік дыбыстың сигналдың жұмыс істемеу) тез арада жұмысты тоқтатып, бұл жөнінде шеберге қабар беру керек.
- Жұыс бөліктерінің машинадағы бекітіліп тұруының дұрыстығын әр-бір 24 сағат сайын тексеріп тұру міндетті.
- Жұмыс жағдайында роторлы тырала агрегаттарына бөгде адамның 10 метрден жақын арақашықтыққа келмеуі тиіс. (тиым салынады).
- Роторлы тырманың топырақ майдалау әсерінен көтерілген шаң-тозаңның жұмысшы механизаторға зиянды болмауы үшін трактордың кабинасының есік-терезелері тығыз жабылуы керек.
- Өңдейтін топырақты аланда тас көп болғанда, немесе аса таза болмаған жағдайда роторлы тырмамен қауіпсіздік қалқаларынсыз жұмыс істеуге тиым салынады.
- Ротордың сынған тетіктерін босаған бөліктерін трактордың күш алу бөлігінің айналып тұрған кезінде алмастыруға бекітуге болмайды.
- Бір аланнан екінші жұмыс алаңына ауысқан кезде роторлы тырманы транспорттық білігі арқылы тасымал жағдайына ауыстыру керек.
Жұмыс басталар алдындағы қойылатын талаптар
- Жұмысқа шығар алдында тракторды ауыл шаруашылық машинасының жалпы жағдайын тексеріп ол жөнінде механикке айтылуы керек.
Тежеуіш жүйесінің, рульдік механизмнің гидро жүйе, жарық дыбыс сигналдарының жұмысында ақау болған жағдайда жұмысқа шығуды тоқтатып, мастерге ол жөнінде қабарлап наладчикпен кемшілікті орнына келтіру керек.
- Доңғалақтардағы шинаның қысымы мен сыртқы жағдайын тексеру.
- Моторды оған келетін жанар май жолдарындағы кран труба, насос, бактардың май ағатын тесік және сызатының жоқтығын шлангалардың жалғанған жерлеріндегі буындарын бүтіндігін тексеру керек.
- Көтеру және түсіру жүйесінің жұмысының дұрыстығын.
- Босаған тетіктерді қатайтып майланатын жерлерін уақытында майлап тұру.
- Роторлы тырманы іске қосар алдында барабандағы флянец тістерінің бүтіндігін.
Жұмыс аяқталған соң техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- Жұмыс аяқталған соң роторлы тырманың жұмыс бөліктерін, топырақтан, шаңнан әр түрлі шөп, тамырларынан тазалап қою керек.
- Трактордың жанар-жағар май жүру жүйесінің тетіктерін, бактарды май ақпайтындығына көз жеткізіп тексеру керек.
- Тракторды толық деңгейіне дейін толық жанар-жағар май кұйып герликостын тексеру керек.
- Ауысым алдында қабылдап алатын тактористке техниканың машинаның толық сынған жерін, ақаулығын толық айтып өткізу керек.
- Тазаланып, жуылған соң роторлы тырманы гаражға, машина ауласына ережеге сай сақтауға қою керек.
- Өрттен сақтау шараларына көңіл бөлі керек.
Саймандарға қойылатын талаптар.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын машиналарға техникалық қызмет көрсеткенде ақаусыз саймандарды қолданса кәсіпорындағы зақымдану азаяды.
Күнделікті жұмыс алдында саймандарды тексеріп, ақауы болса, қоймаға апарып ауыстырып алу керек. Саймандар қоймасында ақауы бар саймандар ақаусыз саймандардан бөлек сақталу керек. Саймандарды үлестіріп, тексеріп, қабылдап алуы тиіс. Мал азығын әзірлеуге, тиеуге, тасуға арналған машиналардың бұрандал жалғанған жерлерін ГОСТ-қа сәйкестіріп беріктігін мұқият қадағалау қажет. Машина мен механизмдердің кейбір бұрандалын жалғанған жерлерін ақтық тартқанда қандай тарту күрсен қолданылатынын білген жөн.
Өздігінен жүретін, тіркелмелі және аспалы машина-трактор агрегаттарында жұмыс істеу, олардың құрылымымен танысқан, техника қауіпсіздігі жөнінен емтихан тапсырған адамдарға рұқсат етіледі.
Жұмыс басталар алдында барлық машина-трактор агрегаттары, құралдар мен жабдықтар тексеруден өткізілуі тиіс. Сақтандырғыш, бекіткіш, қорғаныш және тежегіш құралдарының бар екендігі, олардың орналасу дұрыстығы, бекітулері тексеріледі. Егер бұл талаптардың бір немесе бернешеуі дұрыс болмаса, онда мұндай агрегаттарды жұмысқа қосуға тыйым салынады.
Барлық реттеулер мен техникалық күтім жұмыстары арнайы алаңқайларда жүргізіледі. Бұл жұмыстарға аспалы машиналар мен тіркемелі машиналардың жұмыс органдары жерге түсірілген және трактор моторы сөндірілген немесе тежегішке қойылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Агрегат жүріп бара жатқанда бір машинадан екіншісіне өтуге; көлденең беткейлерде бір жылдамдықтан екінші (жоғарғы) жылдамдыққа ауыстыруға; өткелердің қауіпсіз екендігіне көз жеткізбей темір жол, су бөгеттерінен өтуге; түнгі уақытта жарықшамында ақауы бар агрегаттарда жұмыс істеуге және жол жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ агрегат жүріп келе жатқанда, машинаның басқыштарында тұрып, оның жұмыс органдарын тазалауға болмайды. Бұл үшін арнайы тазалағыштар мен оларды пайдалану ережелерін қолдану керек.
Бір мезгілде бірнеше агрегаттар жүретін болса, олардың арасындағы интервал 10-20 м аралығында болғаны жөн.
Тракторшылар мен көмекші жұмысшылар комбинезон, ал қатты шаңтозаң жағдайында арнайы көзілдірік киеді. Агрегаттарда жұмыс істейтін әйелдер бастарына орамал байлайды.
Топырақ өндеу, көшет отырғызу машиналарында жұмыс істегенде, олардың жұмыс органдарын топырақ пен өсімдік қалдықтарынан бұрылыс жолақтарында тазартады. Егер соқалардың корпустары мен культиваторлардың табаншаларына өсімдік қалдықтары азын-аулақ тығылып қалса, оларды агрегат жүріп бара жатқанда арнаулы қырғыш-тазалағыштармен тазартуға болады, ал қатты тығылған жағдайда агрегатты тоқтату қажет. Себу агрегаттары жұмыс істегенде жәрдемші-жұмысшылар сепкіштердің аяқ басқыштарында тұрулары керек. Қажетті жағдайларда аға тұқым себуші ысқырықпен белгі беру тиіс.
Танаптың аяғында бұрылар алдында, сондай-ақ, бір учаскеден екінші учаскеге ауысқанда, маркерлердің көтеріп, сол күйінде бекіту және сіңіргіш құралдарды көтеру қажет.
Себу және отырғызу жұмыстары кезінде тұқыммен бірге, сонан кейін қатараралықты өңдеу мен үстеп қоректендіру барысында түрлі минералдық тыңайтқыштар, ал зиянкестер мен ауруларға қарсы түрлі улы химикаттар қолданылады. Қатты тыңайтқыштарды пайдаланғанда, яғни оларды ұсату, тиеу және түсіру кезінде жұмысшылар жеке басты қорғаудың түрлі құралдарын (респираторлар, көзәйнектер, қолғаптар, арнайы аяқ киім, комбинезон, т.б.) пайдалануы тиіс. Машинаның жұмысы барысында шашқыш органдарға, оның қорабына мінуге рұқсат етілмейді.
Маусым басталар алдында барлық бүрку және тозаңдату машиналары мен оның аппаратуралары жөндеуден өткізіліп, әзірлігі тексеріледі. Жұмысқа қосар алдында олардың барлық тораптарының дұрыс жиналуын тексеріп, бүріккіштерді сумен, тозаңдатқыштарды бейтарап ұнтақтармен (бор, борпылдақ топырақ) сынақтан өткізеді. Ескерпе жазуларды міндетті түрде жаңартады. Бұл жұмыстарға улы химикаттар, пестицидтермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын оқып-үйренген адамдар ғана жіберіледі.
Бүрку және тозаңдату жұмыстарын желсіз күндері, әдетте таңертең (сағат 10-ға дейін) немесе кешке қаарай (сағат 17-ден 20-ға дейін), яғни ауа температурасы төмендеген кезде жүргізіледі. Жұмыс аяғында пайдаланылған сұйықтық қалдықтарын төгіп тастаған жөн. Трактордың кабинасы кемшіліксіз, әрі терезелері тығыз жабылуы тиіс.
Химиялық заттармен өңделген учаскелер шекарасына бірыңғай қауіпсіздік белгілерін көрінетін қашықтықта орналастырады.
Бұл жұмыстар маусымы аяқталған соң арнайы киімдерді дезинфекциялап, арнайы орындарда сақтайды. Машиналардың барлық тораптары мен ыдыстары залалсыздандырылып, жуылады. Мұндай машиналарды басқа ауылшарушылық машиналармен бірге сақтауға болмайды.
Өндірілген өнімді жинау кезінде түрлі комбайндар, орғыштар, басқа да ауылшаруашылық машиналар қолданылады. Олар жұмыс басталар алдында арнайы тексеруден және жөндеуден өткізілуі тиіс. Ең алдымен рулі тежегіштері тексеріліп, жарықпен және дыбыспен белгі бергіштерінің жұмысы қадағаланады.
Комбайндарда жұмыс істеуге арнайы куәлігі бар, нұсқаунамалардан өткен, 18 жастан асқан адамдар жіберіледі.
Жөндеу жұмыстарын мотор сөндірулі тұрған жағдайда жүргізеді. Жетекші доңғалақтардың алды-артына тежегіш тірейді. Орғыш көтерулі тұрған жағдайда, оның астына тіреу қоймай тұрып, қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Тораптар мен агрегаттар қатты бекітілуі тиіс.
Моторды, жұмыс агрегаттарын іске қосарда міндетті түрде дыбыстық белгі беріледі. Тоқтаған кезде берілістер қорабының рычагы міндетті түрді байтарап жағдайға қойылады.
Бункердегі дәнді түсірген кезде, оны қолмен, аяқпен, күрекпен немесе басқа заттармен итеруге болмайды.
Пышақтардың сегменттерін ауыстырғанда, оны шешу және қайта кигізу кезіндегі жұмыстар екеулеп орындалады.
Комбайндарды сүйрегенде, оның беріліс қорабы ажыратылады және қатты тіркеуіш қолданылады.
Далалық жұмыстардың барлығы дерлік механикаландырылғандықтан мұнай өнімдері көп пайдаланылады. Ауыр және жеңіл сұйық отын, жаңармайлар уытты болып келеді, сондықтан адам организміне тигенде уландыруы мүмкін. Теріге тисе тітіркендіреді, тіпті күйдірулер де болып тұрады.
Мұнай өнімдерімен жұмыс істегенде арнайы киім мен аяқ киім кию қажет. Жанармайды ауызбен соруға, қоректендіру жүйесінің жекеленген агрегаттарын және мотор майларын үрлеп тазартуға тыйым салынады. Тракторларға, комбайндарға жанармайды жабық әдіспен құйған жөн. Мұнай өнімдерін ақаусыз ыдыстармен тасымалдап, арнайы жайларда сақтау керек.
Жарылыстан немесе өрттен сақтану үшін бензин құйылған ыдыстардың тығынын металл заттармен ұруға (ұшқын пайда болуы мүмкін), тракторларға май құйғанда немесе отын бақтарын тексергенде ашық отты пайдалануға, май құятын және жанар-жағар майлар сақталатын орындардың маңына от жағуға болмайды.
Барлық машина-трактор агрегаттары, май құю және сақтау орындары өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталуы тиіс. Мұнай өнімдерін тұтанғанда оны сумен өшіруге болмайды, құм мен топырақ тастау немесе қымтауыш материалдар (киіз, палатка, т.б.) қолдану қажет.
Жанармай сақталатын бактар мен цистерналардың, тракторлар, комбайндар, автомобильдердің отын бактарының қақпағын ащық ұстауға болмайды. Қолды, киімді бензинмен немесе керосинмен жуу зиянды. Төгілген мұнай өнімдерін құмның немесе ағаш үгіндісінің көмегімен тазалау керек.
Гербицидтермен жұмыс істегенде олардан сақтану шаралары. Қолданылатын гербицидтердің көбісі адам мен үй жануарларына қауіпті емес, дегенмен олардың ішінде өте улы түрлері де бар. Сондықтан олардан сақтану шарларын білген жөн.
Гербицидтерді арнаулы қоймаларда сақтау, оларды үйлер мен мал қораларынан, су көздерінен ең кем дегенде 200 иетр қашаықтықта орналастыру керек. Гербицид сақтайтын қоймалардың қабырғасы, төбесі бүтін, едені асфальтанған, кең, жарық және желдеткіші, киім — кешек, құралдар, өртке қарсы қолданылатын саймандар қойылытын арнаулы бөлмесі, дәріханасы болуы керек.
Қоймадағы гербицидтерді оқтын – оқтын химиялық анализден өткізіп тұру қажет. Егер, әсер етуші затының 30 пайызы жоғалса, онда гербицидті жою керек. Қоймада және тиісті ерітінді жасайтын жерлерде істейтін адамдар арнаулы нұсқау алулары керек. Яғни олар пестицидтермен уланудан қорғанатын құралдармен, ал уланып қалған жағдайда бірінші жедел көмек көрсету тәсілдерімен танысулары қажет.
Гербицидтермен жұмыс істеуге 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, екіқабат және емізулі баласы бар әйелдер, сондай-ақ денсаулығы нашар адамдар, 55 жастан асқан ерлер мен 50 жастан асқан әйелдер жіберілмейді.
Гербицид ерітіндісін дайындау және бүрку кезінде тамақ ішуге, шылым тартуға, су ішуге, киімдердің қалтасына тағам сақтауға және 6 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды.
Препараттарды тиеп, таситын, сақтайтын, ерітінді дайындап және бүркетін адамдар комбинезон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және басқа қажетті киімдермен қамтамасыз етілуі керек. Бұл заттарды үйге әкетуге болмайды., сондықтан арнайы қоймаларда қалдыру керек. Гербицидпен жұмыс істейтін адамдарға күнде ішуге сүт және жуынуға сабын берілуі керек.
Дайындалған гербицид ерітіндісін күзетсіз қалдыруға, гербицидтен босаған және оның ерітіндісі дайындалған ыдыстарға малға жем дайындауға, оған ішетін су құюға, азық – түлік сақтауға болмайды.
Гербицидпен жұмыс істеп болған соң қолды, бет – ауызды сабынды сумен жуу керек. Гербицид бүркілген жерлерге бір айға дейін мал жаюға болмайды. Егер ол жерлерде бал аралары ұсталса, онда араны ұясымен 5-6 шақырым жерге көшіру қажет.
Жоғарыда келтірілген сақтану шаралары жүзеге асырылғанымен, гербицидтер ауамен, сумен және басқа жағдайлармен қоршаған ортаға жайылып кетуі, оған зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан гербицидтерді қолдану кезінде табиғатты қорғау жағын да қарастыру керек. Ол үшін топырақты, ауаны, су құбырларын, азық – түлікті, мал азығындық өнімдерді, ара, құс, жануарлар мен өсімдіктерді улы химикаттардан сақтау қажет. Сонымен қатар гербицидтердің қолдану әдістерін, мерзімі мен мөлшерін және қолдану техникасын дәл анықтай білген жөн.
Қорыта келек еңбек қорғау бөлімінде айтылатын басты мәселе –адам факторына айрықша назар аударып, әрбір ауыл еңбеккерінің өз орнында сапалы, белсенді, қауіпсіз жұмыс атқаруын, әрбір өнеркәсіп комплекстер мен шаруа қожалықтарының ұйымшыл қызметін қамтамасыз ету, олардың тұрмыс жағдайын жақсартып, медициналық қызмет көрсету мен демалысты ұйымдастыру бүгінгі таңдағы негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Себу мөлшері – ауыл шаруашылық дақылдарын себуде ең маңызды шара болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыста Алматы облысы Қаратал ауданы ауданы «Бекагро» шаруа қожалығы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерін қарастырдық. Зерттеу нәтижелері бойынша өсімдік құрамы, өсімдік биіктігі, пісіп жетілу кезеңдері және өнімділігіне жасалған сараптама негізінде төмендегідей қорытынды жасадық.
- Алматы облысы Қаратал ауданы «Бекагро» шаруа қожалығы жағдайында күздік бидайды 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкен ең пайдалы деп есептедік.
- Күздік бидайдың «Стекловидная-24» сортын қазанның 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкенде жалпы өнім мөлшері көбейіп (95900 теңге), таза пайда 51500 тенгені құрап ең пайдалы деп таптық.
- Алматы облысы Қаратал ауданы «Бекагро» шаруа қожалығы күздік бидайды, 5 млн. өнгіш дән мөлшерінде сепкенде ең пайдалы деп танып, оның өсіруде рентабельдік денгей мөлшері 115,9 пайызға жеткен.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Жанабаев Қ.Ш., Саудабаев Т., Сеитов И.С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Алматы «айнар» 1994.
- Атрошенко М.Д., Основы агрономии Москвы «Колос» 1978.
- Сеитов И., Саудабаев Т., Әбдрашев Ш. Агрономия негіздері. Алматы «Ана тілі» 1991.
- Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар.
- Степанов В.Н., Кисилев А.Н., Третьяков Н.Н., Агрономия негіздері. Алматы «Мектеп» 1982.
- Бадина Г.В., Королев А.В., Королева Р.О., Основы агрономии, Агропромиздат 1988.
- Байракимов С. Жемшөп өндіру. Алматы «Қайнар» 1992.
- Тазабеков Т., Қалдыбаев С., Тазабекова Е., Топырақтану. Алматы 2004.
- Турарбеков А.Т., Иванников А.В. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. Алматы «Қайнар» 1990.
- Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А., Агрохимия Алматы «Қайнар» 1989.
- Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменов Н.Ш., Жанабаев К.Ш., Егіншілік. Алматы «Сөздік-Словарь» 2005.
- Вавилов П.П. Растениеводство Москва. Агропромиздат 1986.
- Әрінов Қ.Қ., Мажаев Н.И., Шестокева Н.А., және т.б. Өсімдік шаруашылығы 2004.
- Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі. Алматы «Рауан» 1993.
- Абдилдина Л.И., Белгибаева К.М., экономика сельского хозяйства. Алматы «Қайнар» 1996.
- Ковалев В. М. О биологизации технологии выращивания зерновых культур. Ж. Земледелие, 1991, 11. б. 74-77.
- Молчанов В. К., Калиниченко Г.С., Савчук В.И Скрытые резервы (еще раз о сроках посева и нормах высева). Ж. Зерновое хозяйство, 1985. 10. б. 20-22.
- Сулейменов И. С. Культура пшеницы в Казахстане. Наука, А-Ага. 1973. 404 б.
- Бараев А. И. и др. Яровая пшеница в Северном Казахстане.- А-Ата, Қайнар, 1976, 232 б.
- Каюмов М. К. Программирование нормы высева зерновых культур. Изд. /ТСХА/ Растениеводство и земледелие. Обзор информ. Вып. М., 1991 ж.
- Улучшение качества зерна яровой пшеницы в Северном Казахстане селекцией и агротехникой. Научно-техн. Бюллетень, № 39, Цел-д 1982 б. 43.
- Можаев Н. И. Аринов К. К. Шестакова Н. А. Искаков М. А. Практикум по растениеводству — Астана, 2003, 287 б.
- Районированные сорта с.-х. культур по Республике Казахстан на 1994 год. Алматы, 1993, 145 б.
- Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Колос, 1986 ж.
- Ничипорович А.А., Строганова Л.Е., Чмора С.И. Фотосинтетическая деятельность растений в посевах. — М. АНСССР, 1961 ж.
- Шашков В.П. Защита зерновых культур от вредителей, болезней и сорняков в агроландшафтах Северного Казахстана. (Итого и перспективы селекции яровой пшеницы на устойчивость к абиотическим и биотическим факторам внешней среды). Шортанды,- 2001, 239 б.
- Аубакиров Я.Н. Байжұмаев Б.Б., Табаев Т.П. Экономикалық теория.- Алматы 1999 ж.
- Шаденов Ө.К. Байжангартов У.С. Жүнісов Б.А. Коллегин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтөбе, 2002 ж.
- Егемен Қазақстан. /Қазақстан Республикасының Еңбек қорғау заны/Астана, 1999 ж.
- Егемен Қазақстан /Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заң/ 03.2004.