ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Дүйсен Ислам Сағатұлы
Тақырыбы: «Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080100 – Агрономия
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам
____________________________________________________ факультеті
____________________________________________________ кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ____________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
Беттер саны ___________
Сызбалар мен көрнекі
Материалдар саны ________
Қосымшалар _____________
Орындаған: Дүйсен Ислам Сағатұлы
20____ ж. «______» _____________________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ______________________ ___________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
__________________________ _______________________ __________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
__________________________ _______________________ __________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау _______________________ _________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________________ _________________________
(қолы) (аты-жөні)
Алматы 2018ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам
_____________________________________________________ факультеті
мамандығы ____________________________________________________
_____________________________________________________ кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент ______________________________________________________
Жұмыс тақырыбы ______________________________________________
Университет бойынша 20___ ж «___» ________№ _ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 20___ ж «_____»______________________
Жұмыстың бастапқы деректері
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда) ___________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ______________________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ___________________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ______________________ _________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ___________________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
бет
|
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………. |
7 |
1 |
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ…………………………………………………… |
8-18 |
2 |
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ ………………… |
19-21 |
2.1 |
Топырағы …………………………………………………………………………….. |
19-20 |
2.2 |
Климаты……………………………………………………………………………….. |
20-21 |
2.3 |
Метеорологиялық жағдай……………………………………………………… |
21 |
3 |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ………………………………………………………………… |
22- |
3.1 |
Өндірістік тәжірибе бағдарламасы мен жүргізу әдістемелері………………………………………………………………………….. |
22-23 |
3.2 |
Қазақстанның оңтүстік шығысының шөлді-далалы аймағында жүгеріні сүрлемге өсіру ерекшеліктері, жүгері өсімдігінің вегетация дәуірінде өсіп-дамуы…………………………………………….. |
23-27 |
3.3 |
Жүгері танаптарында жүргізілген күтіп-баптау шараларының сүрлем өнімділігіне және оның құрылымына әсері…………………. |
27-30 |
3.4 |
Сүрлемдік жүгеріні әртүрлі мерзімде жинаудың өнімділікке малазықтық қасиеттеріне әсері………………………………………………. |
30-33 |
3.5 |
Жүгеріні сүрлемге өсірудің экономикалық тиімділігі…………….. |
33-35 |
4 |
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ…………………………………………………………………. |
36-37 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………. |
38 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………… |
39-40 |
КІРІСПЕ
Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.
Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.
Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл – жүгері.
Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу.
Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер.
Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады.
Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны – қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Жүгері — әлем егіншілігінде астық дақылдарының арасында жетекші орынға ие дақыл. Ол бидай мен күрішпен бірге жер шарында негізгі өнім түрлерінің біріне жатады, кейбір жеке өңірлерде бірінші орын алады. Мысалы, Американың дүниежүзілік жүгері дәнін өңдіру өндірісіндегі үлесі 39-46% құрайды, бұл дақылдың шаруашылық жүргізудегі маңыздылығын және қажеттілігін айшықтайды [1].
Жүгері – мүмкіндігі жоғары дақыл, себебі өнімділігі жоғары және жан-жақты пайдаланылады. Жүгері өнімділігінің үлкен бағалылығы сонда, ол екі үлкен мақсатты шешуге көмектеседі – дән ресурстарын толықтырады және малдарды нәрлі азықпен қамтамасыз етеді.
Жүгерінің малазықтық бағалығын көк балауса байқатады. Оны витаминдерге және қоректік заттарға бай сүрлем жасауға қолданады. Жүгерінің сабағы мен жапырағынан жасалған сүрлемінің 1 кг -0,16 азықтық өлшем және 13 г қорытылмалы протеин болса, ал собығымен қоса сүттену-қамырлану сатысында сүрленгенде 0,20-0,25 азықтық өлшем және 14-18 г қорытылмалы протеин бар.
Жүгеріден жасалған сүрлем жоғары қорытылғыштығымен және диетикалық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Сүрлемдік жүгеріні республиканың барлық аймақтарында өсіреді, бірақ өнімділігі әртүрлі деңгейде болады.
Жүгері дәні – мал және құстың құрама жемінің бағалы компоненті. 1 кг жүгері дәнінде 1,34 азықтық өлшем және 78 г қорытылмалы протеин болады. Жүгері дәнінде 65-70% көмірсу, 9-12% белок, 4-8% май және минералды тұздар және витаминдер болады [2].
Жүгері өсімдігінде көмірсулардың жоғары мазмұнды болуы жақсы жүгері сүрлемін алуға мүмкіндік жасайды және ол жеңіл бөртеді де, көп мөлшерде сүт қышқылын бөледі.
Жүгері дәні бағалы энергетикалық өнім. Жүгеріден 500 түрлі негізгі және қосымша өнім түрлері даярланады. Жүгеріні пайдалану үш негізгі топқа бөлінеді. Мал шаруашылығы, адамзат және өнеркәсіп. Жүгеріден әзірленетін 554 түрлі өнімдердің 272 түрі тағамға, 100 құрғақ және мақта-мата өнеркәсібінде қолданылады.
Жүгері дәнінің қоректілігі басқа астық дақылдары дәндерінен жоғары. Мысалы 100 г жүгері дәнінде 330 ккал болса, бидай дәнінде -295, арпа – 267, сұлы дәнінде 257 ккал болады.
Сондықтан жүгері өндірісін жоғарылату республиканың азық-түлік және мал азықтық бағаларын тұрақтандырудың маңызды жағдайы болып саналады.
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері. Жүгері жылу сүйгіш өсімдік. Өсімдік экваториальды елдерден шыққан, сондықтан вегетация дәуірінде үнемі температураның жоғарлауын және жарықтың қарқындылығын, әсіресе күн спектрінен қысқа толқынды-күлгін радиацияны қажетсінеді.
Көптеген жүгері сорттары мен буындары 8-100С өне бастайды, ал жаппай өсімдік көгін 10-120С қалыптастырады. Егер температура 10-120С төмен болса, онда жүгері өсімдігі құрамындағы бос су мөлшері азайып, тыныстанушы әлсіреп, зат алмасу үрдісі бұзылады да өсуі тежеледі [3].
Бірақ, бұл температура оның көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыраққа еккенде дәндерінің көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына қолайлы температура 10-12°С, көктеуден сыпыртқыгүл шыққанға дейінгі кезенде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-25°С температура қажет. Ауаның температурасы 12°С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт тежеледі, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ол 3°С-тан төмендесе, жүгерінің көгі өліп қалады.
Жүгері құрғақшылыкқа төзімді өсімдік. Ол ылғалды тиімді пайдаланады. 100 кг құрғақ зат түзуге 17,4-тен 46,6т дейін су жұмсайды (сұлы мен арпа одан да көп ылғал пайдаланады). Жүгерінің транспирациялық коэффициенті 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен көк балауса өнімінің көлемі басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан оған кететін су шығыны да көп болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды аз пайдаланады, әрі қарай оны қажет етуі арта түседі. Ең көп су мөлшерін жұмсайтын кезеңі: сыпыртқыгүл шығаруға 10 күн қалғаннан сыпыртқыгүл кезеңінен кейінгі 20 күнге дейін. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.
Жүгері жоғары агротехникада топырақ және ауа құрғақшылығына салыстырмалы түрде қарсы тұра алады. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңде топырақтың өте тереңінен және ауадан су буын сіңіре алатын мықты тамырлар жүйесін құрап үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғақшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен.
Жүгері — жарықсүйгіш, қысқа күн дақылы. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктірген сияқты, жетілу процесіне зиянды әсер етеді: жеміс салу мүшелерінің құралуы тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлдеуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесінде ескеру қажет.
Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа — пісуін тездетеді.
Жүгері топырақ құнарына талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көреді.
Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақтағы жоғары агротехникада алынады.
Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және де өте құнарлы және сіңімді өзен аңғарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің ете қолайлы реакциясы -бейтарап және әлсіз сілтілі. Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды.
Қазіргі кезде жүгерінің 50-ден аса сорттары мен будандары аудандастырылған. Олардың ең көп таралғандары: Одесский 80 МВ, Молдавский 257 СВ, Молдавский 215 МВ, Сары-Арка 150 АСВ, Целииный 160 СВ, Будан 237 МВ және т.б. Соңғы 1-2 жылда аудандастырылғандарға — Алтын 739, Алтай 319, Арман 689, Скиф 619, Сұңқар және Тұлпар 539 будандары жатады.
Жүгерінің ауыспалы егістегі орны. Республикада ауылшаруашылығы өндірісін концентрациялау мен мамандандыру жүгеріні негізгі сүрлемдік дақыл есебінде фирма маңындағы малазықтық және оған жақын жердегі далалық ауыспалы егістіктерде өсіру көзделеді. Сондықтан ауыспалы егістікте жүгеріні құнарлы ылғалмен қамтамасыз етілген және арамшөптерден таза жерлерде өсіру керек. Жүгері үшін жақсы алғы егіс болып, көпжылдық шөптер қыртысы және құйқасы, бір жылдық шөптер, отамалы дақылдар, дәнді бұршақ және дәнді дақылдар жатады.
Жүгері өсімдігі алғы дақылдарға қатаң талаптар қояды. Оның себебі, өзі топырақтан көптеген мөлшерде қоректік заттарды жұмсайды. Сондықтан жүгеріні құнарлы топырақты жерлерде орналастыру қажет.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлердегі далалық ауыспалы егістіктерде жүгеріні жоңышқа қыртысынан, күздік бидайдан, жоңышқа қыртысының аударылған құйұасынан және бақша дақыларынан кейін орналастыру қажет [4].
Егіншілік мәдениеті жоғары шаруашылықтарда жүгеріні бір орында бірнеше жыл монодақыл есебінде өсіргенде, одан тұрақты өнім алуға болады [5]. Солтүстік Қазақстан аймағында сүрлемдік жүгеріні астық дақылдарынан кейін орналастырғанда оның өнімділігі 107 центнер болса, ал егер монодақыл қылып өсіргенде 94 центнер әр гектардан өнім берген [6].
Республиканың көптеген ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелеріне сүйеніп, төмендегідей тұжырымға келеміз, жүгеріні интенсивтік технологиямен өсіру шарттарының бірі, оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастыру болып табылады. Қазақстанның суармалы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жүгері үшін жақсы алғы дақыл дәнді-бұршақ дақылдары, мақта, ерте пісетін жаздық дәнді дақылдар және бақша дақылдары жатады.
Жүгері ауыспалы егісте отамалы танапта орналасады. Дәнге және сүрлемге егілетін жүгерінің ең жақсы алғы дақылдары- күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері көпжылдық шөптердің қыртысы мен оның аударымына да егіледі. Жақсы агротехника мен тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда жүгері қайта егісті жақсы көтереді [7].
Жүгеріні сүрлемге және көк балаусасын пайдалануға сүрі жерге де егеді. Жауын-шашыны аз аумақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды.
Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға егілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз етеді.
Топырақ өңдеу және тыңайтқыштар жүйелері. Жүгері өте ерте терең жыртуды қажет етеді. Күздіктер мен дәнді бұршақ дақылдарын жинап болысымен, жүгері егетін танапты 6-8 см тереңдікке кең алқымды сыдыра жыртқыштар — ЛД-10, ЛД-15 немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен өңдейді. Ал арамшөптер өсіп шыққаннан кейін екі қабатты ПЯ-3-35, ПИЯ-4-40 соқаларымен, 25-30 см тереңдікке сүдігерге жыртады. Отамалы дақылдардан кейінгі және арам шөптерден таза танаптарды алдын-ала сыдыртусыз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы болатын аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 және сыдыра қопсытқыштарды пайдаланып топырақты терең қайырмай қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда топырақты шала сүрі жер типінде өңдейді. Топырақты көктемгі өңдеу ылғалды жақсы сақтауға, ұсақ түйіртпекті бос топырақ қабатын жасауға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге тырмалаудан тұрады.
Бірінші қопсыту, ерте мерзімде арам шөптер шыққаннан соң 10-14 см тереңдікте, ал тұқым себералды қопсыту — тұқым себу тереңдігіне жасалынады.
Құрғақшылықты аумақтарда топырақты тұқым себералды немесе сепкеннен кейін нығыздау өте тиімді.
Жүгері жоғары агротехникада мол дән және көк балауса өнімін беретіндіктен, осы өнімді құрау үшін бірінші топ астықтарына қарағанда көп қоректік заттар жұмсайды. Өсімдік қажетті қоректік заттардың көп бөлігін вегетацияның екінші жартысында пайдаланады. Сондықтан, жаздық үстеп қоректендірудің жүгері үшін маңызы зор, ал кеңқатарлы және үялы егу тәсілдері вегетацияның барлық кезеңдерінде тыңайтқыштар қолдануға қолайлы жағдай жасайды [8].
Себу мерзімі. Жүгері өсімдігін өсіп-өнуіне қолайлы мерзімде себудің де маңызы зор. Оның тек қана біркелкі өсімдік көгін алуға ғана емес, сонымен қатар өнімді уақытында жинауға, кептіруге және басқа жағдайларға қажет.
Егер тұқымды жылынбаған топыраққа сепсек, олар аурулармен, зиянкестермен зақымданып, егістік өнгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар, дақылды мезгілінен кеш себуге болмайды. Кеш себілген жүгерінің тұқымы құрғақ топыраққа түсіп, сол себепті өсімдік көгі көпке дейін жер бетіне шықпауы мүмкін. Көпжылдық тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп, жүгеріні республиканың оңтүстігінде себудің ең қолайлы мерзімі орташа тәуліктік топырақ температурасы 10-120С болғанда 10 см тереңдікке себу керек. Өсімдікті себудің ең қолайлы календарлық мерзімі сәуір айының соңғы онкүндігінде бастап, мамыр айының бірінші онкүндігінде бітіру қажет [9].
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының Алматы облысында жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері бойынша, суармалы жерлерде ең жоғарғы өнім жүгері өсімдігін сәуір айының екінші жартысында сепкен кезде алынған. Яғни, дақылды 19 сәуірде сепкен кезде, оның дәнінің өнімділігі 65,5 центнер болса, ал 9 мамырда сепкенде өнімділігі 5,8 центнерге төмендеген.
Сонымен қатар, себу мерзімі дақылдың сабағының биіктігіне де өз әсерін тигізеді екен. Ерте себілген өсімдіктердің биіктігі кеш себілгендерге қарағанда 35-42 см жоғары болған.
Өсімдіктердің себу мерзімі олардың көк балаусасының жиналу динамикасына әсерін тигізеді [10].
Семей облысының далалық аймақтарында жүгері тұқымы ерте сепкенде (10-15.05) 8-10 күннен кейін көгі жер бетіне шықса, ал мамыр айының 20-30 аралығында сепкенде -3-4 күн қажет [11].
Семей тәжірибе станциясында зерттеулер жүргізген В.М.Шмидт (1960) собықтың жоғарғы өнімін мамыр айының бірінші және екінші онкүндігінде сепкенде алған [12].
Ақтөбе тәжірибе станциясы жағдайында көк балаусасының жоғары өнімі 18-20 мамырда итопырақтың 8-10 см тереңдігі 10-120С жылынған нұсқадан алынған [13].
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында тәжірибе жүргізген жүгеріні 5-12 мамыр айы аралығында топырақ температурасы 6-80С себу, топырақ температурасы 10-180С болғанда өркен бір аптаға ерте шығады екен [14].
Қостанай тәжірибе станциясының (1966) деректері бойынша, жүгеріні сүрлемге мамыр айының 10-17 жұлдыздарында себу көк балауса өнімділігін 176 ц/га жеткізген [15]. Құрғақ көктем жағдайында, ең жоғары өнімділік мамыр айының бірінші онкүндігінде топырақ температурасы 60С болған кезде қамтамасыз етілген [16].
Павлодар облысы жағдайында орташа кеш пісетін жүгері буындарын мамыр айының 10-25 аралығында себуді ұсынады [17].
Қазақстанның солтүстігі жағдайында жүгерінің кеш пісетін сорттарын мамыр айының 10-15 аралығында сепкен жөн [18].
Осындай ұсынысты Ақмола облысында зерттеулер жүргізген ұсынады [19].
Жүгеріден жоғары өнім алудың міндетті жағдайлардың біріне дақылды ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жүгеріден жоғары өнімді оны ерте сепкенде, яғги сәуір айының екінші онкүндігінде сепкенде алынған [20]. Зерттеулер жүргізген материалдардан көргендей, жүгеріні сүрлемге себудің қолайлы мерзімі жергілікті жердің топырақ-климат жағдайына және көктем түсу сатысына байланысты болады.
Жүгері өсімдігінің гектардағы жиілігі. Жүгеріден жоғары өнім алу үшін оңтайлы өсімдік жиілігін қалыптастырудың маңызы зор. Тәжірибелер көрсеткендей қоректік алаңша көлеміне және өсімдік жиілігіне байланысты жүгерінің өсіп-өнуі мен өнімділігі өзгереді.
Өнімді жинар алдында әрбір гектарда 80-85 мың дана өсімдік жиілігін қамтамасыз ету үшін, тұқымның себу мөлшері 103 мың дана болуы керек [21].
Жүгеріні сүрлемге өсіруде 1 гектардағы өсімдіктер жиілігі 90-100 мың болуы қажет [22]. Жүгеріні себудің негізгі тәсілі болып біздің елімізде және шетелде шаршылап ұялап себу тәсілі жатады, осы тәсілмен сепкен кезде өсімдік топырақ ылғалын, қоректік заттарды және күн сәулесін дұрыс пайдаланып, соның әсерінен олардың өсіп-өнуіне жақсы жағдай жасалады. Сонымен бірге, дақылды күтіп-баптау жұмыстарын толық механизациялауға мүмкіндік туады және тұқымдық минералдар үнемделінеді [23,24,25].
Қоректік заттары аз топырақта жүгерінің қатараралығының енін 75 см-ге кеңейткенде дақылдың өнімділігінің төмендегенін көруге болады [26].
Кейбір зерттеушілердің дәлелдеуінше, шаршы метрмен себу жүгерінің өнімділігіне әсер етпейді.
Ұзын-сабақты жүгері сорттарының қатараралығын 65 см-ден 90-ға жүгері сорттарының қатараралығын 65 см-ден 70 см дейін жеткізгенде жүгерінің өнімділігі өзгермейді [27].
Егіншілік мәдениетін жоғарлату және танаптарда арамшөптермен гербицидтер қолдану арқылы күресу жүгеріні индустриальды әдіспен өсіруде себудің жаңа әдістерін қажет ете бастады.
Еліміздің көптеген ғылыми-зерттеу институтының, тәжірибе станцияларының деректерін тұжырымдай келе, егіншілік мәдениеті жоғары жерлерде жүгеріні нүктелеп (пунктирлеп) себудің шаршы –ұялы әдіске қарағанда пайдалы. Нүктелеп сепкен кезде, себу техникасы оңтайланады және қатараралықтарды қопсыту жұмыстары бір бағытта жүргізіледі, машиналардың өнімділігі артады, еңбек шығыны азаяды [28].
Биік сабақты кеш пісетін сорттарға қоректік алаңшалар көлемі көп болу керек, ал аласа сабақтар сорттардың алаңшаларының көлемі аздау болу керек [29].
Суармалы жерлерде жүгері өсімдігінің сабағының өсуі собығы пайда болғанға дейін жүреді, бұл жағдайда өсімдік тығыздылығы оның өсуіне әсер етеді.
Өсімдік тығыздылығын әр гектарда 80-100 мың данаға жеткізгенде, жүгерінің өнімділігі төмендеген, сонымен бірге танапта өсімдіктердің жығылуы байқалған және шала дамыған собықтардың саны көбейген [31]. Казахстанская 3/67 буынының өсіп-өнуіне қолайлы жағдай оны пунктирлі әдіспен қатараралығын 60 см-ден гектардағы өсімдіктер тығыздылығы 60-70 мың болған кезде жеткен.
Зерттеулердің нәтижелерін қорытындылай келе, жазған, өте тығыз орналасқан танаптарда құрғақ заттардың жиналуы баяулайды және фотосинтез оптимальды тығыздылығы бар жерлерге қарағанда 3,7 есе төмендейді [32].
Осындай пікірді, басқа авторлар құптаған, олардың айтуынша, ұяда неғұрлым өсімдік көп болса, ондағы әрбір өсімдіктің жапырақ көлемі кіші болады, ал керісінше, ұяда өсімдікер аз болса, онда жапырақтың үлкен болады екен. Тығыз орналасқан егісте жарықтың түсуі нашарлайды, сол себепті фотосинтездің жұмысы 15,6% төмендейді [33,34].
Жүгері танаптарының ылғалдылығы да, өсімдік тығыздылығына байланысты болады. Бұған қарама-қарсы пікірдегі де ғалымдар кездеседі. Өсімдік тығыздылығын 13,2 мыңнан 105,8 мыңға арттырғанда оның дәнінің өнімділігі өзгермеген. Осындай пікірді басқа да ғалымдар қостайды, 1915-16 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері бойынша, өсімдік тығыздылығын 26,3 мыңнан 41,7 мыңға жеткізгенде жүгері дәнінің өнімділігі өзгермеген. Әрбір гектардағы өсімдік тығыздылығын 25,4 мыңнан 50,8 мыңға дейін көбейткенде өнімділік бір деңгейде қалған [35].
Құнарлы топырақты жерлерде дақылдан жоғары өнімді аз көлемді қоректік алаңшадан алуға болса, ал қуаңшыл жылдары жоғары өнімді сирек себілген егістен алынған [36].
Тығыз себілген танаптарда бірінші кезекте күрес өсімдіктердің тамыр жүйелерінің арасында болады, содан кейін олар ауа мен ылғал үшін таласады. Әлсіз тамырдан қорек алған өсімдіктің вегетативтік массасының өсуі шектеледі. Өсімдіктің генеративтік органдары пайда болғаннан кейін, олар арасында жарық үшін күрес басталады [37].
Танаптың ылғалдылығы және топырақтың құнарлылығы төмен болса, онда дақылды сирек себу керек, яғни жүгерінің қоректік алаңшасын көбейту қажет. Ал егер құнарлы және ылғалдылығы жоғары жерлерде өсімдіктерді тығыз себу керек [38].
Ростов облысы жағдайында суармалы жерлерде жүгері өсімдігін әр гектарға 40-50 мың өсімдік себу қажет десе, ал Алматы облысында 55 мың дана, осы облыста 55-60 мың, Өзбекстанның суармалы жерлерінде әрбір гектарда 70 мың дана өсімдік болуы керек деген [39, 40].
Өсімдіктің тығыздылығына әсер ететін факторлар – ылғалдылық және топырақтың қоректік заттар қоры.
Жүгері екпе дақыл болғандықтан, өздігінен сиреуге мүмкіндігі жоқ дақыл. Сондықтан оны өсіргенде сортына, жергілікті жердің топырақ және климат екрекшеліктеріне байланысты өсімдік тығыздылығын реттейді.
Көптеген ғалымдардың тәжірибелерінің нәтижесі бойынша, әлбір өсімдіктің қоректік алаңшасы мен тығыздығынан дақылдың өсіп-өнуі және өнімділігіне байланысты болады. Сонымен бірге, әр өсімдіктегі собықтың саны, ұзындығы, салмағы және дәнінің шығымдылығы аталған көрсеткіштерге тікелей байланысты. Тәлімді жерлерде тығыз себілген жүгері танаптарында көптеген өсімдіктер жетілмей қалса және сабақтары әлсіз болып, топырақтарының салмағын көтере алмай құлап қалады. Соның салдарынан, ондай танаптарды механизмдермен жинау қиындайды және өнімділік төмендейді [41].
Жиі себілген егістерде өсімдіктер арасындағы өзара бәсекелестік тамыр жүйелері арасында байқалады, негізінен талас оттегі және ылғал үшін туады.
Жиі себілген танаптарда өсімдіктердің жеке өнімділіктері төмендейді, бірақ бастапқы кезеңде ол жетіспеушілік әрбір көлем бірлігіндегі өсімдіктер санының көбеюімен толықтанады, содан соң, өсімдіктердің бір-біріне зиян келтіруі басталып, өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.
Сирек себілген нұсқаларда өсімдіктер топырақтан алатын қоректік заттарды және ылғалды толықтай пайдалана алмайды, себебі олардың тамыр жүйесі топырақтың құнарлы қабатын толықтай пайдалана алмағандықтан, толық өнім алмауға әкеліп соғады, соның әсерінен гектардан алынатын өнімнің мөлшері төмендейді, бірақ жеке өсімдіктің өнімділігі жоғары болуы мүмкін.
Қазіргі кездегі астық дақылдардың өсіру жүйесінде оңтайлы өсімдіктер жиілігін қалыптастыру өнімділікті қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Сондықтан өнімділіктің 50% өсімдік жиілігіне байланысты болады, ал 15% масақтағы дәндер санына, қалған 25% 1000 дән салмағына байланысты болады [42].
Көптеген зерттеушілер, жүгеріден жоғары өнім қалыптастыруда, өсімдіктердің егістіктегі жиілігі мен басқа өсуге қажетті факторларды үйлестіру қажет және оларды сыртқы ортаның нақтылы жағдайымен дифференциациялау керек.
Орал облысының қоңыр топырақты жерлерінде зерттеулер жүргізген ғалымдар, гектардағы өсімдіктер санын 30 мыңнан 70 мыңға дейін тығыздау сүрлемдік жүгері өнімділігінің жоғарылауына, бірақ собық үлесінің азаюына әкеліп соғады, өнім құрамында собықтар үлесі 50 мың дана жиілікке дейін өседі [43,44].
Сондықтан көптеген сүрлемдік жүгерімен зерттеу жүргізуші ғалымдар гектардағы өсімдіктер жиілігі 50-60 мың дана болуы керек деген пікірді қолдайды.
Өнімдегі элементтердің қатынасы, әрбір ұядағы өсімдіктердің жалпы санына байланысты болады [45].
Жүгеріні 70х70 см тәртіппен әр ұяға 2 өсімдік отырғызылған нұсқада өсімдіктің өсуі және өнуі, көк балаусаның жиналуы өте тез жүреді.
Көптеген ғалымдардың, практиктердің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, өте тығыз себілген танаптарда жүгері собық түзбейді, ол сирек себілген танаптарда оларды арамшөптер басып кетеді де, дақылдың өнімділігі төмендейді.
Сондықтан, жүгері өсімдігі үшін қолайлы өсімдік тығыздылығын анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор. Оны, тек қана әрбір ұзынша метрге санаулы тұқым себу арқылы жетуге болады және нүктелеп сепкен кезде қоректік алаңшаны өзгерту арқылы жетуге болады.
Күтіп-баптау шаралары. Жүгерінің вегетациялық кезеңі 130-140 күнге созылады. Көгі шыққаннан кейін алғашқы 3-4 аптада жүгері жәй өседі. Осы кезде жақсы күтіп-баптау мен отау керек, себебі жүгерінің жас көгі арамшөптерден қатты зардап шегеді, ал бұның бәрі оның әрі қарай өсіп-жетілуіне көп зиянын келтіреді. Жүгерінің көп өсіп-жетілуі, буынаралықтардың бастапқы өсуінен сыпыртқыгүл шығуға дейінгі кезең.
Орал облысы жағдайында сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіруде дақылдың күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Сүрлемдік жүгеріні мамыр айының бірінші онкүндігінде себе бастайды.
Егісті күтіп-баптау шараларын танапты себілгеннен кейін тырмалаумен бастайды. Тырмалаудың мақсаты топырақ бетіндегі қатпарды бұзу және арамшөптердің өркендерін жою. Ол үшін жүгері өркені пайда болуға дейін 2-3 күн бұрын тырма салады, ал егер көктем салқын болса, тырмалау екі рет жүргізіледі. Содан кейін қатараралық 2-3 рет өңделеді. Бірінші культивацияны жүгерінің 5-6 жапырақтары пайда болғанда 6-8 см тереңдікке жүргізсе, екіншісін – бірінші суарудан кейін 8-12 см тереңдікке, үшіншісін-екінші суғарудан кейін 12-14 см тереңдікке жүргізеді.
Қорғаныс аумағын өңдеу үшін өсімдіктің 3-5 жапырағы пайда болғанда 2,4Д тобындағы (амин тұзымен) гербицидтеп бүркеді.
Жүгері дақылын күтіп-баптау жұмыстарының ең негізгісі қатараралықты қопсыту болып есептелінеді. Қатараралықты қопсыту арқылы топыраққа ауа кіруге жағдай жасалады, ылғал сақталынады, сонымен бірге арамшөптер жойылады [46].
Жүгері танаптарын қанша рет қопсыту қажеттігі жөнінде ғылыми әдебиеттерде қарама-қарсы көзқарастар кездеседі. Қатараралықты 3-5 рет қопсыту жүгері өнімділігін арттыруға әсерін тигізген [47].
Бірқатар зерттеушілер жүгеріні вегетациясында 2-3 рет қатараралықты қопсыту жеткілікті, ал кейбіреулері төмендегідей тұжырымға келген, жүгері танабын 2 рет қопсыту жеткілікті [47,48].
Көптеген материалдарды жинақтап, төмендегідей қорытынды жасаған, жүгеріні шаршы ұяға сепкенде қатараралықты екі рет қопсыту жеткілікті. Ылғал жеткіліксіз аудандарда және арамшөптерді аз танаптарда қатараралықты 1-2 рет қопсыту жеткілікті [49].
Жүгері танаптарына гербицидтер қолданыла бастағаннан бері, қатараралықты әлсін-әлсін қопсыту қажетсіз болып қалды. Сондықтан, қатараралықты қопсытуды гербицидтер пайдаланумен кезектесіп жүргізген пайдалы. Гербицидтерді қолданған жерлерде, топырақты қопсытудың қажеті жоқ.
Қатараралықты қопсытуды, гербицид қолданумен кезектесіп жүргізу жүгері егісіне өте қажет. Ондай жағдайда, арамшөптер толық құртылып, жүгерінің өнімділігі артады [50]. Тәжірибе деректеріне сүйене отыра, жүгерінің суару тәртібіне байланысты өсімдіктің өсіп-жетілуі, фотосинтетикалық әрекеті және биологиялық қасиеттері өзгереді [38].
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында жүгері егісінің фотосинтетикалық белсенді радиацияны (ФБР) сіңіруі және фотосинтезі өсімдіктің ауамен қоректендіруінің негізгі ықпалы бола отырып, оның өнімділігін қалыптастырады. Фотосинтетикалық органдардың реттелетін ықпалдарын (суару, егістікті күтіп-баптау т.б.) оңтайландыру нәтижесінде дәндік жүгеріден айтарлықтай жоғары өнім (76,9-93,7 ц/га) алуға болады [39].
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл. Сүрлемдік жүгеріні интенсивтік технологиямен өсіруде оның ерте мерзімде пісетін будандарын пайдалану керек. Молдавский 215 СВ, Алатау 107 ТВ, Славутич 161 ТВ будандарын өндіріске енгізу әр гектардан алынатын өнімнің 27 центнерден 60-75 ц дейін өсіреді [40].
Жүгерінің әртүрлі мерзімде пісетін будандарын салыстырмалы түрде зерттеген. Ізденушілердің ұйғарымы бойынша, өсімдіктердің өсіп-дамуы және топырақ аумағы көк балауса және дән өнімділігіне маңызды әсерін тигізеді екен [41].
Өнімді жинау мерзімі және сүрлем сапасына әсері. Жүгеріні пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі мерзімде жинайды.
Сүрлемдік жүгеріні жинауды кешіктіру оның кебуіне әкеліп соғады да, ол өте қиын сүрленеді. Егер жүгеріні ерте жинаса, сүттену сатысында онда сүрлем ашты болады, себебі сірке қышқылы көбейеді, сондықтан сүрлемдік жүгеріні сүттеніп-қамырлану сатысында сүрлемдеген пайдалы [5].
Ресей жүгері институты деректері бойынша жүгеріні сүрлемге сүттеніп пісу сатысында жинау әр гектардан 4,4 мың азықтық бірлік алуға мүмкіндік жасайды, ал сүттеніп қамырланып пісу -5,7, қамырланып пісу 7 мың азықтық өлшем береді. Солтүстік Қазақстан жағдайында сүрлемді жинаудың қолайлы мерзімі қыркүйектің бірінші онкүндігі [7].
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институты деректері бойынша, көк балауса жиналуы сүттеніп-қамырланып пісу сатысының аяғына дейін жүреді.
Ізденушінің зертеулері көрсеткендей, көк балаусаның өсуі қамырлану сатысына дейін жүреді [11].
Сүрлемдік жүгеріні сүттену-қамырлану сатысында жинау тиімді. Сол кезде өсімдіктегі көк балауса және құрғақ заттардың жиналуы ң жоғары деңгейіне жетеді және сүрлем ылғалдылығы 70-75% болады. Гектардағы қоректік заттардың ең көп мөлшері сүрлемдік жүгеріні қамырлану сатысында жинағанда алынады. Бұл кезеңде дән өзінің максимальды қоректілігіне жетеді, ал сабақтар мен жапырақтар жасыл күйінде болады [13,15].
Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында сүрлемдік жүгеріні дәнінің қамырлану сатысында жинау керектігін айтады. Осы сатыда жиналған жүгері сүрлемінің өзіндік құны сүттену сатысында жиналған нұсқаға қарағанда 14-18% арзандайды және азықтық өлшем шығымдылығы 16,0 ц/га артады [44].
Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында жүгері мен судан шөбін мал азығына араластырып себуді ұсынады. Олар зерттеу нәтижелеріне сүйене отыра, дақылдар қоспасын мамыр айының 10-15 жұлдыздары арасында себудің тиімділігін дәлелдейді [46].
Қазақстанның оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде жүгерінің көк балауса өнімділігіне гектардағы өсімдіктер жиілігі мен оны жинау мерзімінің әсерін зерттеген. Оның дәлелдеуі бойынша өсімдік өнімділігін ықшамдау және жинау мерзімін нақтылау арқылы жүгерінің көк балауса өнімділігіне оң ықпал жасауға болады. Тамыз айының бірінші және екінші онкүндіктерінде жиналған жүгері нұсқаларында ең жоғарғы өнімділік жиі себілген танаптарда байқалса, ал тамыздың аяғында жиналған жүгерінің өнімділігі ылғалдың азаюына байланысты төмендейді [48].
Автордың пікірінше, ең көп көкбалауса өнімділігі және малазықтық бірлік шығымдылығы, сонымен қатар сапалы сүрлем жүгеріні 70 мың дана/га жиілікпен себілген нұсқадан тамыздың аяғында жинаған кезде алынады.
Жүгері сүрлемінің химиялық құрамына және қоректілік бағалылығына дақылды жинау мерзімі елеулі әсерін тигізеді. Жүгері сүрлемінің ең жоғарғы қоректілік бағалылығы мен химиялық құрамының жақсаруы өсімдікті қамырлану сатысында жинаған кезде байқалған [49].
Өсімдіктердің өсіп-жетілу жағдайларын оңтайландыру және басқару үшін оның даму қарқынын болжай алатын өндірістік жағдайларда ыңғайлы әдістерді зерттеп дайындаудың маңызы зор. Автор зерттеулер нәтижелеріне сүйене отыра, жүгері өсімдігінің өсіп-жетілу қарқындылығының дәл сипаттамасын оперативті ағымдағы бағдарлама жасап, сол арқылы алуға болатынын дәлелдеген.
Бұл бағдарлама алда тұрған кезең үшін ауа райының қысқа мерзімде (онкүндік) болжамдары мен есепті кезеңге дейінгі егістің нақты жағдайы негізінде құралады [50].
Әдебиеттерге шолу тарауын талдай келе төмендегідей тұжырымға келеміз. Жүгеріні сүрлемге өсіруде қатараралықтарды өңдеу және сүрлемді жинау мерзімдері туралы зерттеуші ғалымдар арасында біркелкі көзқарас байқалмайды. Сондықтан, әрбір топырақ-климат жағдайларында аталған көрсеткіштерді тексерудің практикалық маңызы зор. Әсіресе, әрбір жаңа сорттың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Сондықтан, Алматы облысының шөлді-далалы аймағында сүрлемдік жүгері өнімділігіне қатараралықтарды өңдеу және сүрлемді сапасы жоғары мерзімде жинаудың әсерін зерттеу мақсатында шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, бақылаулар жүргізілді.
2 ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Топырағы
Тәжірибе алқабының топырағы кең таралған кәдімгі шалғынды-батпақты қоңыр топырақ типтерінен құралған. Олардың негізі тау жынысының саздақты немесе сазды аллювиаль-пролювиаль шөгінділері болып табылады. Топырақ құрайтын және топырақтың табаны болып табылатын жыныстар құмдақтың, таза құмның және қиыршық тастардың төртінші деңгейлік тұнбалары болып есептеледі. Сондай-ақ бұл жердегі топырақ жамылғысының түзілуіне лай, құм және басқа тұнбалар әкелетін өзендердің кейінгі кезеңдердегі су ағынының құрамдастары да айтарлықтай әсер ететіні белгілі болды.
Кербұлақ ауданының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігі таулы. Жетісу (Жоңғар) Алатауын екіге бөліп тұрған Көксу депрессиясы мен тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның биік таулы бөлігі Қоянтау, Алтынемел, Тоқсанбай жоталарынан тұрады. Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Шолақтау, Сарышыбын, Дегерес, Қотырқайың, Матай, оңтүстік-батысы мен батысында аласа келген Малайсары жотасы орналасқан. Ауданның ең биік жері Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі саналатын Тоқсанбай жотасында (4062 м). Қиыр оңтүстігі мен оңтүстік-батысы жазық (Іле ойысы) келген. Батысында Мойынқұм құмы жатыр.
Басты өзендері: Іле, Быжы, Көктал, Қаратал, Көксу. Шағын өзендері: Қызылжар, Майтөбе, Сарыбұлақ, Жартас, Шолақ, Тайшақ, Қоянкөз, т.б. Іле өзенінде Қапшағай бөгені салынған. Тау бөктерлері мен тауаралық ойыстарда таудың қара, күңгірт қоңыр, қызғылт қоңыр, жазық өңірінде ашық қоңыр, қоңыр, сұр, сортаңды сұр топырағы қалыптасқан. Өсімдіктерден жазық өңірде жусан, көкпек, жыңғыл, сексеуіл, боз, бетеге, теріскен, изен, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Тау аңғарлары мен бөктерінде шайқурай, бидайық, бүлдірген, тобылғы, арша, итмұрын, долана, жабайы алма ағашы, самырсын, шырша, альпі шалғыны өседі.
Топырақтың 0-40 см қабатындағы жылжымалы минералдық заттардың басым бөлігі калий тотықтарының үлесіне тиесілі (570-900 мг-экв./кг). В және С қабаттарында калий мен кальцийдің қосылыстары көп таралған. Бұлардан басқа макроэлементтер үлесі төмен деңгейде. Сондықтан сіңірілетін негіздер жиынтығының басым бөлігі калий мен кальцийден құралған.
Аймақтың сүр топырақтарының құрамындағы кейбір макроэлементтер мен көптеген микроэлементтер (Мg, Mn, B, Zn және басқалары) аз мөлшерде кездеседі.
Осы топырақта сіңірілген негіздердің жиынтығы аса көп емес (100 грамм топыраққа 0,07-0,9 мг-экв.). Сіңірілген негіздер кешенінің кальциймен қанығуы сіңірілген негіздер жиынтығынан 0,04-0,5%. Бұл деректерден топырақ тұздарының негіздермен қамтамасыз етілуінің нашар екені айқын көрінеді. Тұз қышқылын тамызғанда топырақ бетінен бастап бірден қайнайды. Ендеше, оның тұздануы аса айтарлықтай жоғары емес. Топырақтың жыртылатын қабатында негізінен тез еритін тұздар (нитраттар, фосфаттар, сульфаттар, хлоридтер және басқа) бар. Олар топырақ ылғалының буланып ұшуы нәтижесінде оңай жоғары көтеріле алады. Азот өсімдік үшін негізгі қоректік элементтердің бірі. Топырақтағы 94% азот органикалық қосылыстар құрамында болады. Ал гумустың 5%-ы жалпы азоттың үлесі болып табылады. Демек, топырақта азоттың жалпы қоры органикалық заттар мен гумус мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондықтан топырақтың гумус мөлшері 4,5-8,0% аралығында болса, жалпы азот 0,3-0,5% құрайды. Ақшыл боз топырақта гумус 1,0-1,5% аралығында болғандықтан, жалпы азот мөлшері 0,1%-ға дейін төмендейді. Бұл деректерден оның органикалық заттары топырақ қоректілігіне талғамы жоғары дақылдар үшін жеткіліксіз екендігі көрінеді. Тәжірибелік дақылдар егісін жүргізу алдында топырақтың жыртылатын қабатының құрамындағы жалпы азот 28 мг/кг, жалпы фосфор 32 мг/кг болса, өсімдіктердің дән өнімін жинау алдында тиісінше N=10,3 мг/кг, P=20 мг/кг дейін төмендеді. Топырақ сипаттамасы туралы жоғарыда берілген деректерді талдай келе, оны жіктеулік және агрономиялық талаптар тұрғысынан қорытындылайтын болсақ, тәжірибе алаңының топырағын құнары орташа 3-топ топырақтарының қатарына жатқызуға болады.
2.2 Климаты
Аймақ климаты тым континентальдық, ал Мойынқұммен шекаралас алқаптардікі ішінара шөлейттік болып есептеледі, бірақ агроклиматтық анықтамалыққа сүйенсек, негізінен таулық, кей жылдары құрғақ далалық құбылыстар да көрініс беруі мүмкін. Мұндағы микроклимат терістік жағынан Мойынқұм шөлінің, ал оңтүстігінде Алатаудың мұзды шыңдарының ықпал етуінен тез құбылмалы және өте тұрақсыз сипатта қалыптасады. Аудандастыру негізінде агроклиматтық көрсеткіштер – белгілі бір аумақтағы жауын-шашын мөлшері мен вегетациялық кезеңдегі температура көрсеткіштерінің қосындысының ара қатынасын сипаттайтын гидротермикалық коэффициент (ГТК) қабылданған. Мұнда орташа ГТК 0,8, бірақ 0,2-1,0 арасында ауытқиды. Вегетация кезеңіндегі 100С-ден жоғары температуралардың жиынтығы 36000С дейін және одан да асып өзгеріп отырады. Желдің басым бағыты солтүстік-шығыс, жылдамдығы 1,9 м/сек.
Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –10–15°С. Қыстың кейбір күндерінде ауа температурасы –37°С-қа дейін төмендейді. Шілденің жылдық орташа температурасы 22 – 24°С; оңтүстік-батыстағы жазық өңірлерде кейбір жылдары температура 38 – 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері ауданның батысындағы жазық өңірлерінде 150 – 200 мм-ден шығыс, солтүстік-шығысында 650 – 800 мм-ге дейін жетеді.
Аймақтың Мойынқұмға жақын төменгі шекарасында ауаның температурасы 100С-ден жоғары кезең сәуірдің екінші онкүндігінде басталып, қазанның бірінші онкүндігінде аяқталады. Тауға көтерілген сайын жылы кезең мен жылылықтың қосындысы біртіндеп төмендей береді. Аймақтың тау жоталарына жақын жоғары шекарасында оң температуралар қосындысы 20000С болса, 100С-ден астам температуралар қосындысы 1400-15000С-ге дейін кемиді. Сондықтан аязсыз кезең құммен шекарада 5-5,5, ал тауда 3, орташа 4 ай.
Аймақ бойынша көпжылдық деректерге сәйкес ауаның тәуліктік орташа температурасы +7,60С, ең ыстық шілде айында +440С, ал ең суық қаңтар айында — 420С. Соңғы бозқырау мамырдың аяғына дейін түсуі мүмкін, алғашқысы қыркүйекте түсе бастайды. Жылы кезеңнің (t > 50С және t > 100С) жалпы ұзақтығы тиісінше 223-243 және 185-217 тәулік аралығында ауытқыды, яғни жылы кезең жыл сайын ұзара түскен. Осы мерзімдер ішіндегі тиімді температураның жиынтығы тиісінше 3683-39980С және 3377-37720С.
Келтірілген деректерді осындай талдау негізінде бұл аймақ климатының қаталдана түскеніне және дүниежүзі экономикасын жаһандандыру үдерісі нәтижесінде экологияны өткен ғасырда басталған ғаламдық антропогендік ұдайы бұзудың әлемде сау жер қалтырмайтынына және оның бүкіл тіршілік үшін қауіпті әсері біздің еліміздің оңтүстік-шығысында да үдей түскеніне тағы бір рет көз жеткізуге болады.
Сайып келгенде, жазда күн сәулесі инсоляциясының жоғарылығынан, бұлттың аздығынан және атмосфераның салыстырмалы ылғалдылығының төмендігінен бұл аймақта айырықша континентальдық климат қалыптасқан. Бұған Оңтүстік Балқаштың көшпелі құмды шөлдерінің және Тянь-Шань тауы сілемдерінің әсерімен қоса, жаһандық үдерістердің де ықпалы арта түскен.
2.3 Метеорологиялық жағдай
Аймақтың ауа райы сипатын білу үшін Аэропорт метеостанцияның мәліметтері пайдаланылды. Метеорологиялық мәліметтерді талдау нәтижесінде 2008-2009 жж. ауаның температурасы көпжылдық орташадан едәуір жоғарылағаны белгілі болды. Іле ойпаңына іргелес жатқан тәжірибе алқабы қысы салқын, ал жазы ыстық және құрғақ аймақтар қатарына жататыны белгілі болды. Кейбір жылдары ауаның температурасы шілдеде +440С дейін көтерілсе, қаңтарда -420С дейін төмендеп, амплитудасы 860С болды. Тәжірибе жүргізілген жылдары ауаның жылдық орташа температурасы көпжылдықпен салыстырғанда орта есеппен 1,40С жоғары болып, ауаның айтарлықтай жылығаны байқалды.2008 және 2009 жылдардағы тәуліктік орташа температура көпжылдықпен салыстырғанда жоғары деңгейде, яғни 0,6-2,00С артық.
Бір жылда жауатын жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 710 мм, көктемде ең көп, жазда одан екі еседей кем, күзде едәуір көбейіп, қыста 10-15% мөлшерінде ғана түседі.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның басында қалыптасып, 110-130 тәулік жатты, оның орташа қалыңдығы 35-60 см. Осындай себептерге байланысты жауын-шашын қалыңдығы өзгермелі болды.
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Өндірістік тәжірибе бағдарламасы мен жүргізу әдістемелері
Алматы облысы Кербұлақ ауданына қарасты «Алтын Емел» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мал шаруашылығын сапалы сүрлеммен қамтамасыз ету мақсатында сүрлемдік жүгерінің орташа және орташадан кеш мезгілде пісетін сорттары мен будандары өсіріледі.
Оларды өндірістік тәжірибенің бағдарламасына сәйкесті қарқынды технологиямен өсіріп, сүрлем өнімділігіне және сапасына күтіп-баптау шаралары мен жинау мерзімдерінің әсерлері зерттелді.
Зерттеу объектісі болып жүгерінің Казахстанский 587 ТВ буданы алынды.
Казахстанский 587 ТВ. Авторлары: Н.К.Потапова, Б.А.Алмаханов, З.Т.Тұрсынова, Я.Л.Сейфуллин, Д.Нұрымов, У.Абильтаев. Оригинатор – Қазақтың егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Қос линиялық будан, дәні сары, тісті, діңгегі қызыл, вегетациялық кезеңі -120-130 күн. Дән өнімділігі – 130-150 ц/га, көк балаусасы -800-1000 ц/га. Белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін шаруашылықтың тәлімі егістігінде өндірістік тәжірибе төмендегідей нобаймен қойылады:
1 тәжірибе. Сүрлемдік жүгері танабында қатараралықты өңдеу санын және олардың дақыл өнімділігіне әсерін анықтау
Нұқса |
Қатаралық өңдеу саны |
1 (бақылау) |
Өңдеусіз |
2 |
1 рет (2-4 жапырақ пайда болғанда) |
3 |
2 рет (2-4 және 6-8 дана жапырақ) |
4 |
3 рет (2-4; 6-8 және 10-12 дана жапырақ) |
2 тәжірибе. Шаруашылық жағдайында сүрлемдік жүгеріні әртүрлі мерзімде жинаудың өнімділікке және сүрлем сапасына әсерін анықтау.
Нұқса |
Мерзімі |
|
физиологиялық саты |
күнтізбектік |
|
1 (бақылау) |
Сүттену |
01-10.08 |
2 |
Сүттенудің аяғы-қамырланудың басы |
21-30.08 |
3 |
Толық қамырлану |
01-10.09 |
2-ші өндірістік тәжірибе бірінші тәжірибе танабында жүргізілді.
Өндірістік тәжірибе шаруашылық танаптарында жүргізілді. Әрбір нұсқа көлемі -0,5 га, есеп алаңы 105 м2.
Нұсқалардың орналасуы тізбекті. Нұсқаның жалпы көлемі қайталымдарға бөлінді. Алғы егісі-жаздық арпа.
Сүрлемдік жүгері мамыр айының бірінші онкүндігінде топырақтың 8-10 см қабаты 10-120С жылынған кезде пневматикалық сепкіш СУПН-8 гектарына 70 мың дана тұқыммен себілді. Қатараралық ені 60 см.
Жүгеріні танаптарындағы қатараралықтарды өңдеу КРН-4,2 культиваторымен бағдарламаға сәйкесті жүргізілді.
Өндірістік тәжірибе агротехникасы аймақтық технологияға сай орындалды.
Өсімдіктің вегетация кезеңінде төмендегідей байқаулар мен есептер әдістемелер бойынша жүргізілді.
- Өсімдіктің өсіп-дамуын бақылау үшін жүгерінің шаруашылықтық негізгі сатыларында фенологиялық байқаулар жүргізілді.
- Гектардағы өсімдіктер жиілігін және өнімді жинар алдында сақталған өсімдіктер санын анықтау тұрақты алаңшадан анықталды (1 м2).
- Егістік өнгіштікті өсімдік жиілігімен бірге ұзынша метрден анықтап, гектарға есептелді.
- Өсімдіктің биіктеп өсу динамикасын негізгі сатыларда белгіленген қатарлардан 25 дана өсімдіктер биіктігін өлшеу арқылы анықталды.
- Әрбір қатараралықты өңдеу алдында және өңдегеннен кейін арамшөптер саны есептелді.
- Көк балауса өнімділігі нұсқалардың есептеу алаңшаларынан, содан кейін нұсқаны сүрлем комбайнмен толық шабу арқылы есептелді.
- Жүгерінің сүрлем өнімділгі математикалық тәсілмен өңделді. Экономикалық тиімділік жалпы қабылданған әдістеме бойынша есептелді.
3.2 Қазақстанның оңтүстік-шығысының шөл-далалы аймағында жүгеріні сүрлемге өсіру ерекшеліктері, жүгері өсімдігінің вегетация дәуірінде өсіп-дамуы
Алматы облысының шөл-далалы аймағында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл болған және бола береді.
Бірақта көптеген шаруа қожалықтар тәлімі жерлерде дақылдан айтарлықтай өнім ала алмай отыр. Оның басты себебі, жүгерінің индустриальды технологиямен өсірілмеуі және дақылдың күтіп-баптау шараларына дұрыс мән берілмеуі.
Сол себепті, ауданның тәлімі жерлерінде сүрлемдік жүгерінің көк балауса өнімділігінің 120-160 ц/га аспай отыр.
Зерттеу жүргізуші ғалымдар мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың ұйғарымынша, өндірістік жағдайда жүгері өнімділігін бірнеше рет жоғарылатуға болады. Жүгеріден дайындалған мал азығының қоректілігі, оның көк балаусасындағы құрғақ заттар мазмұнына байланысты, өкінішке орай өңірде өсірілетін сүрлемдік жүгерідегі барлық құрғақ зат мөлшері 13-15% аспайды.
Жүгері сүрлемінің құрамындағы құрғақ заттарды көбейтудің және дақылдың малазықтық потенциалын арттыру жолдарының бірі-дақылды қарқынды технологиямен өсіру, яғни, көк балаусаны собығымен бірге
қамырлану сатысында жинау. Аймақта сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру тәлімі жердің әр гектарынан орташа есеппен 200-250 центнер көк балауса өнімін собығымен алуға мүмкіндік жасайды. Әсіресе аталған технологияда негізгі роль жүгерінің күтіп-баптау шараларына беріледі.
Жүгерінің өсіп-дамуы және оның өсу жылдамдылығы ауа температурасымен және топырақ ылғалдылығымен тікелей байланысты. Әсіресе, дақыл себу-көктеу кезеңіндегі сыртқы факторлардың күрт өзгеруіне үлкен мән береді (1 кесте).
кесте 1 — Температураға байланысты жүгерінің «себу-көктеу» кезеңінің ұзақтығы
Себу мерзімі |
Топырақтың орташа тәуліктік температурасы 0С |
Себуден-көктеуге дейінгі күндер саны |
|
себілген күні |
себу-көктеу кезінде |
||
25.04 |
12-13,0 |
19,1 |
12 |
«Себу-көктеу» кезеңінің ұзақтығына топырақтың 10 см қабатындағы температура режимі өз әсерін тигізеді. Неғұрлым топырақ температурасы жоғары болса, «себу-көктеу» сатысы аз күнде өтеді. Топырақтағы ылғал қоры және сол мезгілде түскен жауын-шашын мөлшері кепілді өсімдік көгін алуға септігін тигізеді. Осы кезеңнің ұзақтығы тұқымның егістік өнгіштігіне елеулі әсерін тигізеді. Егер бұл кезең ұзақ болса, онда егістік өнгіштік төмен болады немесе керісінше.
кесте 2 — Сүрлемдік жүгерінің орташа мерзімде пісетін Казахстанский 583 СВ буданы вегетация дәуіріндегі саты аралық кезеңдер ұзақтығы
Себу мерзімі |
Фенологиялық кезеңдер ұзақтығы (күн) |
|||||
себу-көктеу |
көктеу-шашақ-тану |
шашақ-тану-сүттеніп пісу |
сүттеніп қамырла-нып пісу |
себу- сүттеніп қамырла-нып пісу |
көктеу- сүттеніп қамырланып пісу |
|
25.04 |
12 |
63 |
25 |
12 |
112 |
100 |
Біздің тәжірибемізде жүгерінің Казахстанский 583 СВ буданының «себу-көктеу» кезеңінің ұзақтығы орташа есеппен 12 күнге созылса, ал «көктеу-шашақтану»-63 күн, шашақтану-сүттеніп қамырланып пісу- 37 тәулік құрап, жүгеріні сепкеннен көк балауса жинап алу кезеңі 112-116 тәулік құрады.
Қорыта келгенде айтарымыз, ауаның орташа тәуліктік температурасы жеке фенологиялық сатылардың өту жылдамдылығына және вегетация дәуірінің жалпы ұзақтығына елеулі әсерін тигізеді.
Өсімдіктің шашақтанудан-сүттеніп-қамырланып пісу кезеңі егер тәулік температурасы жоғары болса тез өтеді, ал төмен температурада ұзаратынын байқаймыз.
Жүгерінің өсіп-жетілуі негізінен өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуінен, минералды қоректену деңгейінен және температура режиміне байланысты болады. Осы факторлардың әсерінен дақылдың шаруашылықтық бағалы көрсеткіштері өзгерістерге ұшырайды.
Жүгері вегетациясының бастапқы дәуірінде баяу өседі. Өсуінің максималды қарқыны шашақтану сатысында басталып, оның тәуліктік серпіні 10-12 см жетеді. Өсімдік гүлденгеннен кейін биіктеп өсуі тежеліп, баяулайды, ал тамыр жүйесінің қарқындап өсуі 7; 12-13 жапырақтар пайда болғанда байқалады. Өсімдіктің биіктігіне байланысты собықтың орналасу биіктігі тәуелді болады. Онда жалпы төмендегідей заңдылықтар байқалады, биік бойлы сорттар мен будандарда собық биікте қалыптасса, ал аласа бойлы сорттарда төменде орналасады. Жүгерінің жоғары өнім қалыптастыруының критикалық кезеңі 2-3 жапырақ пайда болған сатысы болып саналады, себебі онда сабақтың дифференциациялау кезеңі басталады, ал 6-7 жапырақта сабақтың көлемі анықталады. Жүгері өсімдігінің өсу дәуірінің жауапты кезеңі болып: шашақтың қалыптасуы, ол кезең ерте, орташа және кеш пісетінн сорттар мен будандарда 4-7 және 7-11 дана жапырақтар пайда болған сатыларда жүреді.
Шашағының пайда болуына дейін 10 күн бұрын және гүлденгеннен кейін 20 күннен соң өсімдік осы аралықта 75% дейін органикалық массасын түзеді [18]. Орташа және кеш мерзімде пісетін сорттар мен будандардың гүлденуі көгі пайда болғаннан кейін 55-65 күннен соң басталады. Әдетте шашақтың гүлденуі аналық гүлшоғырдың гүлденуінен 2-3 күн бұрын басталады. Егер ылғал жеткіліксіз болса және температура жоғары болған жағдайда бұл айырмашылық үлкейеді.
Собықтың барлық гүлдері 5-7 күнде гүлдеп болады. Сорт ерекшеліктеріне байланысты өсімдік тозаңданғаннан кейін 55-70 күннен соң дәндері піседі.
Жүгері өсімдігінің биологиясының ең жоғарғы көрсеткіші сүттеніп пісу сатысында байқалса, ал құрғақ массасының максималды өсуі қамырлану сатысының аяғында болады.
Жүгерінің фенологиялық сатысының ұзақтығы 75 күннен 180 күнге дейін созылады. Онда вегетация дәуірінің ұзақтығымен, жапырақтар санымен дән өнімділігі деңгейі аралығындағы тығыз байланыстар байқалады.
Жүгері өсімдігінің шашағы пайда болғаннан кейін, жаңа жапырақтар түзілмейді, ал гүлдену сатысында жапырақ көлемінің өсуі де тоқтайды. Гүлдену кезеңінде жүгері өсімдігінің ассимиляциалық беті өзінің максималды деңгейіне жетеді.
Жапырақ түзу қарқыны, жапырақ бетінің жалпы көлемі және олардың фотосинтетикалық іс-әрекеті өсімдік өнімділігіне шешуші әсерін тигізеді, себебі құрғақ биомассаның 95% дейінгі мөлшері алғашында жапырақта түзілетін органикалық заттардан қалыптасады. Фотосинтез үрдісіне маңызды әсерді температура жағдайы мен топырақ ылғалдылығы тигізеді.
Өндірістік тәжірибедегі жүгерінің фенологиялық сатылардан өтуі 3 кестеде көрсетілген.
кесте 3 — Сүрлемдік жүгерінің негізгі фенологиялық сатыларының басталуының күнтізбектік мерзімі
Себу мерзімі |
Даму сатыларының басталу мерзімі |
|||||||
толық көк-теу |
3-4 жапырақ |
шашақтану |
гүл-деу |
дәннің пісуі |
||||
сүт-тену |
сүттеніп-қамыр-лану |
қамыр-лану |
толық пісу |
|||||
25.04 |
08.05 |
17.05 |
09.06 |
03.07 |
18.07 |
3.08 |
15.08 |
20.08 |
3-ші кесте деректерінен байқағанымыз сүрлемдік жүгерінің көгі 8 мамырда шықты, дақыл 3-ші шілдеде гүлдеп, ал тамыздың 15-ші жұлдызында дәні қамырланып пісті. Осы мерзімде шабылған сүрлемдік жүгерінің құрамындағы құрғақ заттардың мазмұны 34,0% жетті.
Температура режимі мен ылғалмен қамтамасыз етілу көрсеткіші өсімдіктердің сақталуына да өз әсерлерін тигізеді. Өңірде сыртқы факторлар ішінде өсімдіктің сақталуына елеулі әсер етуші фактор-ылғалдылық. Топырақтағы ылғал қорымен жауын-шашын мөлшері жүгерінің сақталуына әсерін 4 кесте деректерінен байқауға болады.
кесте 4 — Жүгері өсімдігінің вегетация дәуіріндегі сақталуына және сиреуіне сыртқы факторлар әсері
Себу мерзімі |
1 м2 себілген тұқым саны, дана |
1 м2 өсімдік көгі, дана |
Егістік өнгіштігі, % |
1 м2 өнімді жинар алдындағы өсімдіктер саны, дана |
Сақталу көрсеткіші, % |
Гектардағы өсімдіктер саны, мың дана |
25.04 |
7,0 |
6,2 |
86,6 |
5,4 |
84,6 |
54 |
Өндірістік тәжірибеде 1 гектарға 70 мың дана өнгіш тұқым себілді, соған байланысты әрбір шаршы метрге 7 дана тұқым түсті, себілген тұқымның 87%, яғни 5,2 данасы көктеді.
Жүгеріні жинар алдында әрбір фактордағы орташа өсімдіктер саны 54 мың дана болды.
Өсімдіктердің биіктеп өсу жылдамдылығы оның маңызды морфологиялық белгілерінің бірі, сол арқылы жүгерінің өсу ортасына қоятын талаптарын байқауға болады (5 кесте).
кесте 5 — Жүгері өсімдігінің негізгі даму сатыларындағы биіктеп өсу динамикасы, см
Себу мерзімі |
Даму сатылары |
|||
көктеу |
шашағының пайда болуы |
гүлдеу |
Сүттеніп-қамырланып пісу |
|
25.04 |
21 |
140 |
169 |
180 |
Көгі жер бетіне шыққаннан кейін бастапқы 15 күндей тәулікаралық өсімдіктердің өсуі 1,2-2,4 см аралығында болды.
Келесі 1-2 аптада өсу жылдамдығы тежеледі, ол кезде өсімдіктің тамыр жүйесі қалыптаса бастайды. Содан кейін өсімдіктің қарқындап өсуі тездеп, шашақтану сатысының алдында 7-10 күн бұрын шарықтау шегіне жетеді. Шашақтану сатысының соңында тәулікаралық өсу күрт төмендейді.
Сүрлемдік жүгеріні өсіруде маңызды орын жапырақ түзу үрдісіне беріледі және ол да өзінің ерекшелігімен айқындалады. Вегетацияның бастапқы сатысында алғашқы жапырақтар 1-3 және 8-10 жапырақтар әрбір 1-2 күннен кейін пайда болса 3-8 және 11-18 жапырақтар 3-6 күннен соң көрінеді.
Ауа райының қолайсыз жағдайлары, әсіресе жаз айларында топырақ және атмосфера құрғақтылығы, арамшөптер, топырақтың тығыздалуы жапырақ аппаратының күрт және ұзақ мерзімдегі депрессиясына әкеліп соғады, соның кесірінен өнімділік деңгейі төмендейді. Жапырақ өнімділігі вегетация везеңінде және күтіп-баптау шараларына байланысты өзгеріске ұшырайды.Қолайлы жағдайда жапырақтың өсу қарқыны үнемі жоғарлап отырады. Жапрыақ жұмысының өнімділігінің екі максимальды кезеңі анықталған: біріншісі – шашақтану-гүлдену сатысы, ал екіншісі дән толықсу кезеңі.
Алматы облысының шөл-далалы аймағының тәлімі жерлерінде орташа мерзімде пісетін Казахстанский орташа есеппен 1618 дана жапырақтар түзеді.
3.3 Жүгері танаптарында жүргізілген күтіп-баптау шараларының сүрлем өнімділігіне және оның құрылымына әсері
Ерте және орташа мерзімде пісетін будандарды сүрлемге өсіру технологиясы республиканың оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде тек қана өнімділікті жоғарылатуға бағытталмауы керек, сонымен қатар әрбір гектардан жоғары қоректі құрама азық алу мақсатында құрғақ заттар түсімін максималды жинауды көздейді. Сондықтан жүгеріні астық технологиясымен өсіретін барлық агротехникалық шаралар, будандар таңдау және мал азығын дайындау технологиялары өнім құрылымындағы құрғақ заттар мазмұнын жоғарылатуға және өнімдегі қамырлану сатысындағы собықтар үлесінің артуына бағытталуы керек. Жүгері өсімдігі күтіп-баптаушараларына үлкен мән береді. Күтудің басты мақсаты, өсімдіктің көгінің біркелкі шығуына жағдай жасау, танапты арамшөптерден таза ұстау, аурулар мен зиянкестермен күресу және өсімдікті ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз ету.
Қазақстанның оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде, әсіресе ылғал аз аудандарда жүгеріні сепкеннен кейін нығыздаудың маңызы зор. Осы шара арқылы топырақтың беткі қабаты тығыздалады, тұқыммен топырақ арасында жанасу күшейеді, түтіксіз кеуектердің көлемі азаяды, тұқымның ылғалмен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Сол арқылы тұқымның егістік өнгіштігі жоғарылайды. Егер «себу-көктеу» сатысы ұзақ жүрсе, әр жылдың ауа-райына байланысты онда өсімдіктің көгі шыққанға дейін егістікті тырмалайды. Осы шара арқылы арамшөптердің өскінің 85-90% құртылады.
Жүгері танаптарында кездесетін арамшөптер түрлерінің өсу циклдері әртүрлі болады.
Сондықтан олармен күресу шараларына қатараралықтарды әртүрлі тереңдікке өңдеулер жатады. Бірінші қатараралықты өңдеуді 8-10 см тереңдікке жүргізсе, екінші және үшінші рет -6-8 см орындалады.
Өндірістік тәжірибелерде жүргізілген қатараралықты өңдеу шараларының арамшөптер санына әсерін төмендегі 8-ші кестеден көреміз. Уақытында және жоғары сапалы жүргізілген қатараралықты өңдеу топырақтың ылғал-физикалық қасиеттерін жақсартады және арамшөптерді құртады.
Қатараралықты өңдеу тереңдігін реттеудің практикалық маңызы зор. Көптеген ғылыми-зерттеу институттарының деректері бойынша, өсімдіктің өсуіне және дамуына қолайлы жағдай өңдеудің тереңдігін біріншіден бастап төмендеткенде жақсарады екен.
Жүгері өсімдігінің 2-3 жапырағы пайда болғанда орташа есеппен танапта 48 дана арамшөптер саны болғанын байқаймыз.
кесте 6 — Сүрлемдік жүгері егістігінде қатараралықтарды өңдеудің арамшөптермен ластануына әсері
Нұсқалар |
Өңдегенге дейінгі арамшөптер саны, дана/м2 |
Өнімді жинар алдындағы саны, дана/м2 |
Өңдеу кезінде зақымданған мәдени өсімдіктер, % |
Өңдеусіз |
48 |
69 |
— |
1 рет (2-4 жапырақ өңдеу) |
48 |
37 |
2,7 |
2 рет (2-4 жапырақ, өңдеу 6-8 жапырақ) |
48 |
21 |
7,5 |
3 рет (2-4 жапырақ, өңдеу 6-8 жапырақ, 10-12 жапырақ ) |
48 |
9 |
11,1 |
Қатараралықты бір рет жүгерінің 2-4 дана жапырағы пайда болғанда 8-10 см тереңдікке өңдеу, жүгеріні орар алдында танаптың 1 м2 37 дана қалғанын байқатса, ал екі рет өңдеуден кейін 21 дана, үш реттен кейін әрбір шаршы метрде 9 дана арамшөптер қалғанын байқауға болады. Қатараралықты механизациялау арқылы өңдеу арамшөптермен бірге, жүгері өсімдігін зақымдағанын 6 кесте деректерінен байқауға болады.
Егер бірінші рет өңдегенде 2,7% өсімдік зақымдалса, 2 рет өңдеу – 7,5%, ал үш рет өңдегенде 11,1% өсімдік зақымдалған. Әсіресе 10-12 жапырақ пайда болған кезде өсімдіктің биіктігі жоғарлап, сол себепті көктеп зақымданғанын байқаймыз.
Жүгері егістігінде қатараралықты өңдеу, арамшөптерді жоюмен қатар топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартты және қоректік режимге де оң әсерін тигізетінін байқаймыз. Осы факторлардың әсерінен сүрлемдік жүгерінің өнімділігі де әртүрлі деңгейде болды (7 кесте).
Тәлімі жерлерде жүгері өсімдігі өнімділігіне әсер етуші фактор –топырақ ылғалдылығы. Сондықтан жүгері танаптарында жүргізілетін қатараралықтарды өңдеу шаралары ылғалды неғұрлым сақтауға бағытталуы керек.
кесте 7 — Жүгерінің сүрлем және құрғақ заттар өнімділігіне күтіп-баптау шараларының әсері
Қатараралық өңдеу саны |
Өнімділік, ц/га |
Орташа |
||||
2009 ж. |
2010 ж. |
|||||
көк балауса |
құрғақ зат |
көк балауса |
құрғақ зат |
көк балауса |
құрғақ зат |
|
Мех.өңдеусіз (бақылау) |
106,1 |
20,3 |
104,8 |
19,9 |
105,5 |
20,1 |
1 рет (2-4 жапырақ) |
156,9 |
27,8 |
149,2 |
26,3 |
153,1 |
27,1 |
2 рет (2-4 жапырақ, 6-8 жапырақ) |
194,5 |
36,0 |
183,3 |
33,2 |
188,9 |
34,6 |
3 рет (2-4 жапырақ, 6-8 жапырақ, 10-12 жапырақ) |
164,3 |
29,5 |
156,3 |
28,5 |
160,3 |
29,0 |
Жүгері ең көп ылғалды шашақтану-сүттеніп пісу кезеңдерінде қажетсінеді. әрине ол кезде, қатараралық өңдеулер жүргізілмейтіні белгілі. Біздің тәжірибемізде күтіп-баптау шаралары өнімділікке елеулі әсер еткенін байқаймыз.
Қатараралығы өңделмеген бақылау нұсқасында орташа екі жылда 105,5 ц/га көк балауса және 20,1 ц/га құрғақ зат өнімі жиналса, қатараралықты 1 рет өсімдіктің 2-4 дана жапырақ пайда болғанда өңдеу өнімділігі – 153,1 ц/га және 27,1 ц/га жеткізсе, ал екі рет өңдеу – 188,9 ц/га; 34,6 ц/га, үш рет өңдеу – 160,3 ц/га мен 29,0 ц/га жеткізгенін байқаймыз.
Ең жоғары көк балауса және құрғақ зат өнімі 2 рет өңделген нұсқадан алынды – 188,9 және 34,6 ц/га, бұл нұсқа өнімділігі өңделмеген нұсқадан 83,4 ц/га артық.
Оның себебі, тәлімі жерде қатараралықты екі рет өңдеу арамшөптердің азаюына және топырақтың қоректік және физикалық қасиеттерінің жақсаруына себепші болады, бұл нұсқада механикалық өңдеу кезінде жүгері аз мөлшерде зақымдалады.
Бақылау нұсқасындағы өнімділіктің төмендегі, арамшөптермен күшті ластануына және топырақтың физикалық қасиеттерінің төмендеуіне байланысты (топырақтың қатаюы, механикалық құрылымының нашарлауы және т.б.).
Қатараралықты үш рет өңдеу өнімділіктің 2 рет өңдеуге қарағанда 28,6 ц/га төмендеуіне әкеліп соқты, бұл нұсқада өңдеу кезінде зақымданған жүгері өсімдігінің көптігінен болды (11,1%).
Қорыта келгенде айтарымыз, Алматы облысының шөлді-далалы аймағында жүгері танаптарында күтіп-баптау шараларын жүргізу көк балауса және құрғақ заттар өнімділігінің жоғарлауына мүмкіндік жасайды. Қатараралықты өңдеудің оңтайлы саны – екеу, яғни жүгері өнімдігі 2-4 дана және 6-8 дана жапырақтар болғанда жүргізу қажет.
3.4 Сүрлемдік жүгеріні әртүрлі мерзімде жинаудың өнімділікке және малазықтық қасиеттеріне әсері
Жинаудың қолайлы мерзімінен өнім деңгейі және оның сапасына байланысты.
Дақылды оңтайлы мерзімде себу және жинау, қалыпты өсімдік жиілігін қалыптастыру аудандастырылған будандардың ең жоғары өнімділігін сүттену, сүттеніп-қамырлану, қамырлану және толық пісу сатыларында түзеді.
Жүгері көк балауса өнімінің ең жоғары деңгейіне дәнінің сүттеніп пісу сатысында жетеді. Бірақ бұл кезде құрғақ заттар өнімінің ¾ бөлігі ғана жиналады. Сондықтан жүгеріні сүттену сатысында жинау, құрғақ заттардың көптеп шығындануына әкеліп соғады.
Жүгері максималды құрғақ заттар өніміне қамырлану- дәнінің толық пісуінің алдында жетеді. Жүгері өнімділігін жоғарлатудың маңызды жағдайы- шашағының гүлдеуі мен собық жіпшелерінің байқалу кезеңінің ұзақтығы. Қалыпты жағдайда жоғары агротехникада бұл кезеңнің ұзақтығы 2-5 күнге созылады. Егер температура жоғары болса, ауа ылғалдылығы төмен және топырақ ылғалдылығы шектеулі болған жағдайда бұл кезең ұзарады. Егер бұл кезең 6 күннен асса, онда жүгері өнімділігі күрт төмендейді.
Есте ұстау керек, шашақтың гүлдеуі мен жіпшенің пайда болуы арасы үзілген жағдайға тек қана ауа-райының қолайсыздығынан ғана болмайды, оған агротехника деңгейі әсерін тигізеді және негізгі фактор жүгерінің себу мерзімі болып есептеледі.
Жүгері іріктелмеген және сапасы төмен тұқыммен себу, тұқымды себер алдындағы топырақтың сапасыз өңделуі, біркелкі тұқымның топыраққа сіңірілмеуі өсімдік көгінің біркелкі шықпауына әкеліп соғады және өнбеген тұқымдардың санын кебейтеді, ақыр соңында өсімдіктің жеке өнімділігі төмендейді.
Солтүстік Қазақстан жағдайында сүрлемдік жүгерінің жинау мерзімі зерттелген, оның тәжірибесінде орташа төрт жылда тамыз айында жиналған жүгерінің көк балауса өнімділігі 196 ц/га болса, ал тамыздың 20 жұлдызында – 232 ц/га, 30-шы тамызда – 239 ц/га, ал қыркүйектің 5-ші жұлдызында жиналғанда -225 ц/га болып, оның ішінде собық үлесі 40 ц/га жеткен.
Осындай нәтижелер Павлодар және Орал тәжірибе стансаларында және астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында жүргізілген тәжірибелерден алынған. Жүгеріні жинаудың қолайлы мерзімін пайдалану арқылы Солтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде соңғы 15 жылда басқа облыстарға қарағанда көк балауса өнімділігі 30-70 ц/га жоғары болған.
Алматы облысының шөлді-далалы аймақтарында жүгері көк балауса және құрғақ заттар өнімдерін күздің үсігіне дейін жинайды. Бұл үрдіс әсіресе тамыз және қыркүйек айларында қарқынды жүреді.
Көпжылдық ауа-райы деректері көрсеткендей, қыркүйектің басында үсіктің түсу қаупі бар. Сондықтан, сүрлемдік жүгерінің қолайлы мерзімін анықтағанда, өндірістік қажеттілікті ескеріп-ерте жинау керек. Біздің өндірістік тәжірибемізде, алдымызға қойған мақсатымыз, сүрлемдік жүгеріні жинаудың қолайлы мезгілін табу.
Сүрлемдік жүгерінің қолайлы жинау мерзімін анықтау үшін, жинаудың төрт мерзімі белгіленді. Зерттеулер нәтижелері 8 кестеде көрсетілген.
Кесте деректерінен байқағанымыз, көк балауса және мал азықтық бірлік өнімінің ең жоғары көрсеткіші жүгеріні 20 тамызда жинағанда 176,4 ц/га көкбалауса және 55,6 ц/га малазықтық бірлік мөлшерінде алынды.
Орташа екі жылдық деректен және әрбір жеке жылдары алынған нәтижелер 20 тамызда жүгеріні сүрлемге орудың тиімділігін көрсетеді.
кесте 8 — Сүрлемдік жүгерінің көк балауса және мал азықтық бірлік өнімінің жиналуына жинау мерзімінің әсері (ц/га)
Жинау мерзімі |
2009 ж. |
2010 ж. |
Орташа 2 жыл |
|||
көк балауса |
малазықтық бірлік |
көк балауса |
малазықтық бірлік |
көк балауса |
малазықтық бірлік |
|
10.08 |
151,8 |
34,9 |
137,6 |
30,3 |
144,7 |
32,6 |
20.08 |
189,3 |
60,6 |
163,4 |
50,6 |
176,4 |
55,6 |
30.08 |
173,5 |
57,3 |
151,1 |
50,0 |
162,3 |
53,7 |
Өсімдіктің собық түзу және дәннің толысуы кезінде құрғақ заттың және қоректік заттардың мазмұны жоғалмайды. Ең жоғарғы мал азықтық бағалылық пен қоректік заттар жиналуын жүгеріні сүрлемге қамырлану және дәні толық піскенде қамтамасыз етіледі.
Жүгері көк балаусасының әртүрлі жинау мерзімдеріндегі мал азықтық бағалылығы көрсеткендей, дақылды неғұрлым кеш жинау өсімдік бойындағы абсолютті құрғақ заттар мазмұнының жоғарлануына мүмкіндік жасайды да, клетчатка мазмұнын азайтады, ал азотсыз сығынды заттар (АЗС) пен майдың санын көбейтеді. Соған сәйкесті көк балауса өнімінің құрамындағы малазықтық бағалылық артады.
Сүрлемдік жүгерінің сапасын талдау «Алтын Емел» малазығын бағалау лабораториясында жасалды. Кесте деректерінен көргеніміз, дақылды тамыз айының басында жинау, сол кезде өсімдік шашақтану-гүлдену сатысында болғанда, оның құрамында құрғақ заттар аз мөлшерде болады, сондықтан оның қоректілігі 0,18-0,19 азықтық өлшемдер құрайды. 10 тамызда сүттену сатысының алдында жинау көк балауса қоректілігін 0,22 азықтық өлшемге жеткізеді. Алматы облысының шөл-далалы аймағында сүрлемдік жүгеріні көк балаусаға тамыз айының соңғы онкүндігінде жинау тиімді.
Себебі, өсімдік сүттеніп-қамырлану сатысына жетеді, осы сатыдағы көк балауса қоректілігі собық қалыптастыру сатысына қарағанда 0,12 азықтық өлшемге артық болады. Сүрлемдік жүгерінің көк балауса өнімділігі құрылымы да жинау мерзімдері бойынша өзгеріске ұшырайтынын 9 кесте деректерінен байқауға болады.
кесте 9 — Әртүрлі сатыда жиналған жүгері сүрлемінің қоректік бағалылығы
Жинау сатысы |
2009 ж. |
2010 ж. |
Орташа |
|||
малазық-тық бірлік |
қоры-тылған протеин, г |
малазық-тық бірлік |
қоры-тылған протеин, г |
малазық-тық бірлік |
қоры-тылған протеин, г |
|
Гүлдеу-собық қалыптастыру |
0,20 |
16,6 |
0,19 |
14,0 |
0,19 |
15,0 |
Дәннің сүттеніп пісуі |
0,23 |
15,1 |
0,22 |
13,0 |
0,22 |
13,9 |
Сүттеніп-қамырланып пісу |
0,32 |
14,0 |
0,30 |
14,0 |
0,31 |
14,0 |
Егер, сүрлемдік жүгеріні тамыз айының бірінші онкүндігінде жинағанда өнімдегі жапырақтар үлесі 34,7% болса, тамыз айының екінші онкүндігінде сүрлемнің бағалы бөлігі жапырақтар үлесінің азайып 28,3% құрағанын, бірақта өнім құрамына собықтың кіргенін байқауға болады.
кесте 10 — Сүрлемдік жүгері көк балауса өнімділігі құрылымының жинау мерзіміне байланысты өзгеруі, %
Өсімдік өнімі құрылымы, % |
Көк балауса жинау мерзімі |
||
10.08 |
20.08 |
30.08 |
|
Жапырақ |
34,7 |
28,3 |
23,1 |
Сабақ |
65,3 |
68,9 |
64,1 |
Собық |
— |
2,8 |
14,8 |
Толық қамырлану сатысында сүрлем құрамы 23,1% жапырақтан, 64,1% сабақтан және 14,8% собықтан тұратынын байқауға болады.
Қорыта келгенде айтарымыз, сүрлемдік жүгеріні әртүрлі пісу сатыларында жинау көк балауса өнімділігі мен сапасының өзгеруіне әкеліп соғады. Ең жоғары көк балауса өнімділігін және оның мал азықтық қоректілігін дақылды қамырлану сатысында, яғни тамыз айының 20 жұлдызында жинағанда алынды.
- Жүгеріні сүрлемге өсірудің экономикалық тиімділігі
Барлық формадағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік іс-әрекетінің тиімділігі нарықтық экономика жағдайында сұраныс пен ұсынысқа сай қалыптасқан, шикізат, материал, электр энергиясы, жанар-жағар май, ауыл шаруашылық өнімі бағаларының деңгейіне байланысты болады. Сондықтан агротехникалық бағалаумен қатар, кез келген дақылдарды өңдеу технологиясы мен өнімді өндіру жүйесін, барлық негізгі бағалық көрсеткіштерді (табыстылық, пайда, өзіндік құн, рентабелділік, күрделі қаржының қайтарымдылығы) ескере отырып бағалау қажет болады. Қандай болмасын өндірістің тиімділігін, оның соңғы нәтижесі көрсетеді. Тиімділіктің мәні мен маңызын соңғы нәтижемен байланыстыра қарайтын болса, өнімнің қандай шығындардың жұмсалуымен алынғандығы ашылады.
Тиімділік алынған нәтижені шығындармен және ресурстармен (жер, материалдық-техникалық, еңбек ресурстары) салыстыру жолымен анықталады. Оларды пайдалану өнімділігі кез-келген меншік формасы және қоғамдық-экономикалық формация кезінде мәні мен маңыздылығын өзгертпейтін әр түрлі көрсеткіштерде көрінеді. Көрсеткіштерді таңдау, талдау мақсатына, сондай-ақ ол жүргізілетін деңгейге байланысты.
Негізгі экономикалық көрсеткіштерге 1 гектарға шаққандағы өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны, өнімділігі, пайда, рентабелділігі және т.б. жатады. Өндірістің экономикалық тиімділігі күрделі экономикалық категория. Ауылшаруашылығының экономикалық тиімділігін жоғарлату аса маңызды әлеуметтік экономикалық мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешу – елдің әл-ауқатын көтеру және елімізде азық-түлік молшылығын жасау. Экономикалық тиімділік қоғамдық шаруашылықтың пайдалы нәтижелерінің көрінісі. Онда өндірістің нәтижелеріне де, шығынға да әсер ететін факторлар мен жағдайлар пайдаланады.
Экономикалық тиімділік — өнім нәтижесінің шығынға қатынасы.
Эт = нәтиже/ шығын
Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі, сипаты. Бағаның негізіне тауардың құны алынады, ол оның көлемі қоғамдық қажетті еңбек шығындары арқылы анықталады. Оның мәні жұмсалған қоғамдық еңбектің мөлшеріне байланысты.
Рентабельділік – ауыл шаруашылығы өндірісінің шаруашылық есеп тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш.
Өндіріс рентабельділігі деген немістің пайдалы, кірісті деген сөзінен алынған. Ол пайда сомасының өзінің өнімінің құнына немесе негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнына және қаржы айналымының нормасының пайыздық қатынасын көрсетеді.
Ол шаруашылық есеп кәсіпорынның кірісті, пайдалы жағын көрсететін экономикалық категория. Онда саланың немесе шаруашылықтың өндірістік ресурстарын, еңбек, жер, су және материалдық құралдарын пайдаланудың тиімділігі көрініс табады.
Әрбір шаруашылықтың рентабельділік деңгейі алынған пайда көлемінен анықталады. Яғни, сатылған товарлы өнімнен түскен қаржы мен сол өнімнің толық өзіндік құнының сомалары аралығындағы айырмашылықтан көрінеді.
Рентабельділік деңгейді экономикалық нәтиженің әртүрлі формалары жалпы, түпкі таза өнім, таза және шаруашылық есеп кіріс нәтижелері көрсетіледі.
Жалпы табысты қажетті және қосымша өнім қамтиды.
Жалпы шаруашылық шығыны дегеніміз — өнеркәсіпті басқару мен өндірісті өндірудің жалпы шығынына байланысты. 1 га жұмсалған шығын дақылдың технологиялық картасынан алынады.
Ол түйнектің себу мөлшеріне байланысты. Өндірістің қоғамдық шығыны товардың құнын құрайды.
- Өндірістің тұтынылған, еңбек арқылы өндірістік өнімге айналған түрінің құны.
- Өнімнің қажетті еңбек арқылы (өзіміз үшін) келген бөлігінің құны.
- Өнімнің үстеме еңбек арқылы (қоғам үшін) келген бөлігінің құны.
Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір центнеріне шағу, бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды.
Өзіндік құн — өндірістік өзіндік құнға өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді шаруашылық ішінде тасымалдауға жұмсалған шығындардың бәрі кіреді.
Өндірістік тәжірибені жүргізуде алдымызға қойған міндеттердің бірі – сүрлемдік жүгері өсірудің тиімділігін есептеу.
Өндіріс тиімді болу үшін, 1 гектардан барынша жоғары өнім алу керек және өндірілген өнімнің өзіндік құны арзан болуы шарт.
Жүргізілген күтіп-баптау шарларының экономикалық тиімділігі жалпы қабылданған әдістеме бойынша есептелді (11 кесте).
кесте 11 — Сүрлемдік жүгері өсірудің экономикалық тиімділігі
Нұсқалар |
Өнімділік, ц/га |
1 га жұм-салған шы-ғын, тн. |
1 га өнді-рілген оптм. құны, тн. |
1 ц азықтық өлшем өзіндік құны, тн. |
1 га алын- ған шартты пайда, тн. |
Рента-бель-ділік деңгейі % |
|
көк балауса |
азықтық өлшем |
||||||
Өңдеусіз (бақылау) |
105,5 |
33,8 |
34360 |
47320 |
1014,8 |
12960 |
37,7 |
1 рет өңдеу (2-4 жапырақтар) |
153,1 |
49,0 |
38240 |
68600 |
780,4 |
30360 |
79,4 |
2 рет өңдеу (2-4 жапырақтар, 6-8 жапырақтар ) |
188,9 |
60,4 |
43210 |
84560 |
715,4 |
41350 |
95,7 |
1 рет өңдеу (2-4 жапырақтар, 6-8 және 10-12 жапырақтар) |
160,3 |
51,3 |
47090 |
71820 |
917,9 |
24730 |
52,5 |
Сүрлемдік жүгерінің экономикалық тиімділігін есептеу үшін, көк балауса өнімділігі малазықтық бірлікке айналдырылды. Сүрлемдік жүгеріні қамырлану сатысына жеткізгендіктен оны малазықтық бірлігі 0,32 теңелді. Яғни 1 кг жүгері сүрлемінде 0,32 азықтық өлшем бар (анықтама бойынша). Белгілі 1 азықтық өлшем 1 кг сұлы дәніне тең, яғни 1 кг сұлы дәнінің бағасы азық-түлік корпорациясының 2010 ж бағасы бойынша 14 теңге құрайды да, 1 ц азықтық өлшемнің сатылу бағасы 1400 теңге. Жұмсалған шығын мөлшері дақылдың технологиялық картасынан алынып 34360-47090 тенге/га құрады.
Нұсқалар бойынша ең жоғарғы экономикалық көрсеткіш сүрлемдік жүгерінің қатараралығын вегетация кезеңінде екі рет өңдеген танаптан алынды. Аталған нұсқадан ең жоғарғы шартты пайда 41350 тенге алынды, бұл меже бақылау нұсқасынан 28390 теңгеге артық болды.Сүрлемдік жүгерінің қатараралығын қолайлы мерзімде және сатыда өңдеу өндірістің рентабельділік деңгейін 95,7% жеткізді. Бұл көрсеткіш бақылау нұсқасынан 58,0% жоғары болды. Қорыта келгенде айтарымыз, шөл-далалы аймақтың тәлімі жерлерінде
жүгерінің қатараралығын екі рет өңдеу экономикалық жағынан да тиімді.
- ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
Отамалы дақылдар өсіруге, жинауға және жинаудан кейінгі өңдеу жұмыстарын атқаруға арналған машиналармен жұмыс жасанғанда келесі талаптар орындалу керек.
Ауылшаруашылығы машинасымен жұмыс жасауға арнайы куәлігі бар, оның құрылғысын, қауіпсіздік ережелерін және техникалық қызметті білетін адам жіберіледі.
Механизаторлар және қызмет көрсететін тұлғалар жұмысқа кіріспес бұрын атқаратын жұмысымен танысады және арнайы журналға қол қояды. Жұмысшылар трактористке бағынада және оның бақылауында жұмыс істейді.
Тракторист жөндейтін құралдармен толық жабдықталуы керек; бұранданың өлшеміне сәйкес келмейтін кілтті пайдаланбауы керек.
Бұзылған трактор немесе ауылшаруашылығы машинасы жұмысқа жіберілмейді.
Агрегаттағанда трактор мен машина арасында адам тұпмуы керек. Жүріп бара жатқан машинаға мінуге және машинаны тік құлама жерге тоқтатуға болмайды.
Тіркемелі ауылшаруашылығы машинасымен адамдар тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Антифриздармен жұмыс істегенде өте абай болу керек, өйткені ол күшті у болып саналады.
Гидравликалық басқару жүйесінің шлангасы жарылғанда агрегатты тез арада тоқтату керек.
Болтты қатайту, майлау, машинаны жөндеу жұмыстары тек трактор толық өшірулі тұрғанда жүргізіледі. Отырғызуға және жинауға арналған агрегат екі жақты дабылмен жабдықталуы керек.
Карданды, тісті, шынжырлы берілістер және басқа қауіпті құрылғылар арнайы қорғаныстармен шектелу керек.
Түнгі уақытта жарықсыз жұмыс істеуге болмайды.
Шаңды жағдайда және құрғақ желді ауа-райында тракторист және қызмет етуші тұлға арнаулы көзілдірікпен жұмыс жасау керек.
Тракторист және қызмет етуші тұлға ыңғайлы киімде жұмыс жасауы керек. Жұмыс үстіндегі транспартердің, механизмнің айналмалы бөлшектерінің жанында киініп-шешінуге болмайды. Агрегатпен қозғалар алдында жүршізуші міндетті түрде барлығына естілетіндей дыбыспен дабыл беруі керек.
Ұзақ уақытқа тоқтағанда жүргізуші аспалы машинаны түсіру керек.
Өсімдік қорғауға, минералды тыңайтқыш енгізуге арналған машинамен жұмыс істейтін тұлға медициналық тексеруден, алдын-ала инструктаждан өтуі және техникалық қауіпсіздік ережелерін меңгеруі керек.
Жанар-жағар май сақталатын және құятын жерде темекі шегуге, ашық отты пайдалануға болмайды.
Жанар-жағар май қоймасы машиналар жұмыс істейтін және тұрақтанатын жерден кемінде 20 м қашықтықта болуы керек, сонымен қатар құм салынған жәшіктермен, өртке қарсы құралдармен жабдықталуы қажет.
Егілетін материалды дайындау. Тұқымдық материал қоғамдық ғимараттардан кемінде 200 м қашықтықта арнайы алаңда уландырылады. Уланған материалды тағамға және мал, құс азығына пайдалануға болмайды.
Тұқымдық материалды улау жұмыстарын жарылған шлангалармен жүргізуге тыйым салынады. Улы химикаттардың қалған ерітінділерін үйдің, су қоймаларының және қоймалардың жанына төгуге болмайды. Олар санэпидстанция рұқсат берген арнайы жерлерге төгіледі.
Улау жұмыстары аяқталғанда барлық машиналар, арнайы киімдер және басқа да ыдыстар залалсыздандырылады.
Себу және отырғызу. Себуге және отырғызуға арналған машинаның маркерін тек тоқтап тұрғанда ғана түсіру керек және түсіріп жатқан адам агрегаттың артында тұруы керек. Сошниктерді және көметін бөлшектерді тек ағашпен сапталған арнайы тазалағыштармен тазалайды.
Тұқымдық материалды улы химикаттарды пайдалана отырып сепкен кезде темекі шегуге және тамақтануға болмайды.
Сепкішті тек трактор өшіп тұрғанда тіркеу және толтыру керек.
Егісті күтіп-баптау. Агрегат жұмыс істеп тұрған кезде тырманың, культиватордың алдына шығуға, рамасына отыруға, жұмыс бөлшектерін арамшөптерден қолмен тазартуға болмайды. Оны арнайы ілгекпен тазалайды.
Айналмалы фрезбен жұмыс жасағанда өте абай болу керек, оны да жүріс кезінде тазалауға тыйым салынады.
Улы химикаттармени жұмыс жасағанда ерекше мұқият болу керек. Оған дені сау, 18-ге толған адам ғана жіберіледі. Оған арналған машинаның ерітінді жүретін шлангаларында ақау болса тез арада жөнделеді, әйтпесе жұмысқа жіберілмейді. Қысыммен жұмыс істейтін бүріккіштердің манометрлердің көрсеткіштері алдын-ала текскріледі.
Улы химикаттармен өңделген және өңделіп жатқан танапта міндетті түрде «Умен өңделген» деп жазылған тақташа тұру керек.
Улы химикаттармен жұмыс жасалынатын жерге бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады. Улы химикаттармен бірге адам, азық-түлік және ауыз су тасымалдауға тыйым салынады.
Денеге тиген улы химикаттарды немесе тыңайытқыштарды тез арада жуып тастау керек.
Жұмыс жасап адамда уланудың белгілері байқалса тез арада алғашқы көмек көрсетілуі керек және жақын арадағы медициналық пунктке жіберіледі.
Жинау. Комбайнды басқаруға тек 18 жасқа толған, арнайы дайындықтан өткен, куәлігі бар тұлға жіберіледі. Тракторист агрегатты комбайнердің белгісімен іске қосады. Жүрудің алдында жүргізуші қауіпті аймақта адамның жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Егер түсіретін транспортерлері жұмыс жағдайында болса, онда капуста және сәбіз жинайтын комбайнды алыс қашықтыққа айдауға болмайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы облысының шөлді-далалы аймағының тәлімі жерлерінде жүгерінің орташадан кеш мерзімде пісетін Казахстанский 587 ТВ буданын қолайлы мерзімде қатараралығын өңдеп және оңтайлы мерзімде сүрлемге жинау қажет.
Дақылды сәуір айының соңғы онкүндігінің аяғында себу және дәні сүттеніп-қамырлану сатысында жинау арқылы сапалы сүрлем алуға мүмкіндік жасалады.
Ең жоғары көк балауса өнімін (188,9 ц/га) және сапалы сүрлемді дақылдың қатараралығын екі рет 2-4 дана және 6-8 дана жапырақтар пайда болғанда өңдегенде мүмкіндік туады.
Сүрлемдік жүгеріні қамырлану сатысында жинау шаруашылық жағдайында тамыз айының үшінші онкүндігіне келеді. Аталған сатыда жиналған жүгері өсімдігінің сапасы жоғары болып, 1 кг сүрлемде 0,32 азықтық бірлік және 14,0 г қорытылмалы протеин болады.
Сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіруде вегетация дәуірінің бастапқы сатыларында қатараралықты екі рет өңдеу әр гектардан орташа есеппен 41350 теңге шартты таза пайда алуға және өндірістің рентабельділік деңгейін 95,7% жеткізеді. Бұл көрсеткіш бақылау нұсқасынан 58% артық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 В.С.Циков, Л.А.Матюка. Интенсивная технология возделывания кукурузы. М., 1989. -245 с.
2 А.И.Жолобов и др. Индустриальная технология производства кукурузы. М., Россельхозиздат, 1983. -317 с.
3 Н.Е.Руденко. Особенности Астраханской технологии. Ж.Кукуруза, 1986, №1. С-21-23.
4 Группа авторов. Справочник кукурузовода. М., 1985. -191 с.
5 Циков В.С. Прогрессивная технология выращивания кукурузы. Киев, 1984. -192 с.
6 Юмагулов Г.Л. Кукуруза: индустриальная технология возделывания. Алма-ата, Кайнар, 1987. -126 с.
7 Юмагулов Г.Л., Шаушеков Т.К. Кукурузе заботливый уход и передовую технологию. А-Ата, Кайнар, 1980.С-41-44.
8 Петренко П.В., Юмагулов Г.Л. Интенсивная технология возделывания кукурузы в Казахстане в условиях неорошаемого земледелия (рекомендация). Алма-Ата, Кайнар, 1987. С-29-31.
9 Забазный Н.А. Сроки посева и ухода за посевами кукурузы в Кустанайской области. ж.Кукуруза, 1959, №7.С-11-13.
10 Саухимов О.Е. Сроки сева кукурузы на силос в условиях Павлодарской области. Ж.Кукуруза, №5, 1975. С-15-19.
11 Саукимов О.Е. Влияние сроков посева и густоты стояния на урожай зеленой массы кукурузы. Ж.Вестник с/х науки Казахстана, №8, 1979. С-21-23.
12 Часовитина Г.М. Полевое кормопроизводство в Казахстане. А-Ата, Кайнар, 1986. -152 с.
13 Боярский Л.Г. Производство и использование кормов. М., 1988. -222 с.
14 Алдошин Н.В. Индустриальная технология производства кормов. М., Агропромиздат, 1986. -175 с.
15 Сулейменов М.К., Кирдяйкин А.Ф. Рекомендация по интенсивной технологии возделывания кукурузы на силос с початками молочно-восковой спелости зерна в Северном Казахстане. г.Целиноград, 1988. -30 с.
16 Авторлар коллективі (Кененбаев С. және т.б.) Ауылшарушылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар Алматы облысы, Алматы, Қайнар, 2005. -311 б.
17 Ерлепесов М.Н. Возделывания кукурузы на зерно в Казахстане. Алматы, 1964. -255 б.
18 Нұрғасенов Т.Н. және т.б. Ақдала күріш массивінің тастанды жерлерінде ауылшаруашылық дақылдар өсіру технологиясы. Ұсыныстар, 2005. -21 б.
19 Кушенов Б.М. и др. Влияние сроков уборки на химический состав и питательную ценность кукурузы. // Вестник с.-х. Науки Казахстана, 2005, №6. С-13-17.
20 Сулейменова М.Ш. Управление продукционным процессом агрофитосистемы кукурузы. Акмола, 1997. -26 с.
21 Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы». Қызылорда, 2008. -365 б.
22 Федюшин А.А., Беденко В.П. Фотосинтетическая активная радиация на посевах кукурузы. Алматы, 1978. -25 с.
23 Коллектив авторов. Интенсивная технология возделывания кукурузы на силос. Алматы, 1988.- 5 с
- Рахимбеков Б.Т., Байракимов С.І. Жүгері дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері және суару тәртібіне байланысты өнімнің қалыптасуы. Ж.Жаршы, №2, 2006. -19-22 б.
25 Сыдық Д.А., Қарабаева А.Д. Агротехникалық шараларға және суғару технологиясына байланысты жүгері дәнінің фотосинтетикалық әрекетінің өнімділігі. Ж.Жаршы, №3, 2005.- 29-33 б.
26 Байтеленова А. Солтүстік Қазақстанда жүгерінің сүрлемдік дақыл ретінде қолдануы мен таралуы. Ж.Жаршы, №4, 2007.- 52-53 б.
27 Смайлов Қ.Ш., Бөрібаев У.А. Динамика и особенности роста и развития различных групп спелости гибридов кукуруза на юго-востока Казахстана. Ж.Вестник с/х науки Казахстана, №6, 2007. С-12-13.
28 Жазылбеков Н.А., Утепов Б.У., Кушенов Б.М. Качество силоса из кукурузы восковой спелости. Ж.Вестник с/х науки Казахстана, №4, 2006. С-16-17.
29 Смаилов К.Ш., Бабаканова С.с., Демеуов С.Н. Обоснование агротехнических сроков посева смешанных посевов кукурузы и суданской травы в условиях юго-востока Казахстана. Ж.Вестник с/х науки Казахстана, №2, 2008.- 22 с.
30 Бурыбаев У.А. Влияние сроков уборки и густоты стояния растений на урожайность зеленой массы кукурузы на силос в неорошаемых условиях юго-востока Казахстана. Ж.Вестник с/х науки Казахстана, №3, 2005. С-17-18.
31 Кушенов Б.М. и другие. Влияние сроков уборки на химический состав и питательная ценность кукурузы. Ж.Вестник с/х науки Казахстана, №5, 2005. С-13-16.
32 Балғабаев Н.Н. Жүгері дақылының өсіп-жетілу қарқынын болжау. Ж.Жаршы, №6, 2003. -41-43 б.
33 Доспехов Б.А. Методика опытного дела. М., 1975.С- 55-57.
34 Кошен Б.М. және т.б. Жүгері балаусасының пісуінің сүрлемдік азықтық құны. Көкшетау, 2004. С-247-250.
35 Бекмухамедов Э.Л. и др. Кормовые ресурсы Казахстана. Шымкент, 2010. -380 с.
36 Гриценко В.В., Колошина З.М. Семеноведение полевых культур. М., 1976. -251 с.
37 Корнеев Г.В. Интенсивные технологии возделывания сельскохозяйственных культур. М., 1988. -300 с.
38 Бекмухамедов Э.Л. и др. Кормовые растения Казахстана. Алматы, 2005. -303 с.