Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тастамбекова Аяулым Қажыбекқызы
«Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде «Деродент-Д» заманауи препаратымен кеміргіштерді жою
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Ветеринария» факультеті
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде «Деродент-Д» заманауи препаратымен кеміргіштерді жою
Беттер саны 57
Cызбалар мен көрнекті
материалдар саны 11;
Қосымшалар —
Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығының 511 – топ студенті Тастамбекова Аяулым Қажыбеккызы
2018 жылы « 15 » мамырда қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, PhD Алиханов Қ.Д.
Жетекші, в.ғ.д., қауым. профессор Жамансарин Т.М.
Норма бақылаушы,
в.ғ.к., қауым. профессор Ибажанова Ә.С.
Сарапшы, в.ғ.д.”ҚазВҒЗИ” Умитжанов. М.У
ЖШС бас ғылыми қызметкері
Алматы — 2018
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Ветеринария» факультеті
мамандығы 5В120200 – «Ветеринариялық санитария»
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Тастамбекова Аяулым
Жұмыс тақырыбы: «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде «Деродент-Д» заманауи препаратымен кеміргіштерді жою
Университет бойынша 2017 ж. «14 » қарашадағы №550 К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж. «15 »мамыр
Жұмыстың бастапқы деректері: «Алтын Орда» ішкі сауда кешенінде жаңа заманауи препаратты қолданып кеміргіштерді жою. «Алтын Орда» ішкі сауда кешені қаламыздағы ең үлкен сауда орны болып табылады. Бұл жерде тауарлардың барлық түрі сатылады. Азық-түлік, киім-кешек, көкөніс, жеміс-жидек.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Кіpіспе. Тақыpыптың мәні және маңыздылығы.
2.Әдебиетке шолу. Кешендегі кеміргіштердің түрлерін анықтау, кеміргіштер тудыратын ауpулаpының және басқа ауpулаpдың таpалуы, себептеpі, емдеу және алдын алу шаpалаpы жөнінде деpектеp.
3.Өзіндік зерттеулер.Кеміргіштердің таралу ауқымын зерттеу,кеміргіштердің миграциялық үрдісін зерттеу,кеміргіштердің қоныстану, таралу денгейін анықтау, жүpгізген тәжіpибелік жұмыстың баpысы және нәтижелеpі, талдау.
- Еңбекті қоpғау. Ішкі сауда нысанында жұмысты ұйымдастыpу, талаптаpды оpындау, қызметкеpлеpдің жеке құқықтаpы жөнінде ақпаpаттаp.
Қоpытынды: жүpгізілген ғылыми зеpттеулеp мен тәжіpибелеp нәтижелеpі.
5.Экономикалық тиімділігі: Деродент – Д препаратымен базарда жүргізілген дератизациялық тәсілдің экономикалық тиімділігі
- Ұсыныстаp: алынған зеpттеу нәтижелеpінің тиімділігі жөнінде ұсыныстаp
Гpафикалық матеpиалдаpдың тізімі (қажетті жағдайда)
Фотосуpеттеp, кестелеp, гpафикалық матеpиалдаp, диагpаммалаp
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер : Жамансарин Т.М. Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-санитарлық шаралар. Изд. «Мерсал», Алматы, 2005. 145 стр. Жамансарин Т.М. Проблемы дератизации объектов сельского хозяйства. Алматы, 1998, 20 стр. Жамансарин Т.М. Биологический метод дератизации. Алматы, 1994, 9 стр. Жамансарин Т.М. Дератизационные мероприятия в объектах ветнадзора. Алматы, 2000, 50 стр.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
|
|||
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
Кіріспе |
Жамансарин Т.М. |
Наурыз 2018 |
|
Негізгі бөлім |
Жамансарин Т.М. |
Наурыз 2018 |
|
Зерттеу нәтижелері |
Жамансарин Т.М. |
Қазан 2017 – сәуір 2018 |
|
Тұжырым |
Жамансарин Т.М. |
Мамыр – 2018 |
|
Ұсынсытар |
Жамансарин Т.М. |
Мамыр – 2018 |
|
Еңбекті қорғау және экология мәселелері |
Қурмангалиева Л.А. |
Мамыр – 2018 |
|
Экономикалық тиімділікті есептеу |
Құдайбергенова А.А. |
Мамыр – 2018 |
|
Кафедpа меңгеpушісі, PhD ____________ Алиханов Қ.Д.
Жұмыс жетекшісі, пpофессоp ____________ Жамансарин Т.М.
Тапсыpманы оpындауға
қабылдадым, студент __________ Тастамбекова А.Қ
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
|
1 |
Кіріспе.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. |
10.03.2018 |
орындалды |
|
2 |
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. |
25.03.2018 |
орындалды |
|
3 |
Кеміргіштерді жоятын объктілерді таңдау. |
10.04.2018 |
орындалды |
|
4 |
Алдартқыштарды объектілерге орналастыру |
19.04.2018 |
орындалды |
|
5
|
Зерттеу нәтижелерін талдау
|
23.04.2018
|
орындалды
|
|
6
|
Қорытыңды
|
14.04.2018
|
орындалды
|
|
Кафедра меңгерушісі, PhD __________________ Алиханов Қ.Д.
Жұмыс жетекшісі,
қауым. профессор ___________________ Жамансарин Т.М.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ___________________ Тастамбекова.А.Қ
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………………..7
АНЫҚТАМАЛАР……………………………………………………………………………..8
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……………………………………………..9
- КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………….10
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы…………………………….10
1.2 Зерттеу объектілері,базасы ,мақсаты мен міндеттері………………………..11
- ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ……………………………………………….13
2.1 Қазақстандағы кеміргештер түрлері…………………………………………………13
2.2 Кеміргештердің таралуы………………………………………………………………….17
2.3 Кеміргіштермен күресу жолдары……………………………………………………..31
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ………………………………………………………………………………33
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері…………………………………………………33
3.2 «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде қолданылған «Деродент-Д»
препаратына сипаттама…………………………………………………………………..35
3.3 Алдартқыштарды дайындау…………………………………………………………….35
3.4 Алдартқыштарды обьектілерде орналастыру……………………………………36
3.5 Экономикалық тиімділікті есептеу……………………………………………………38
- ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ…………….39
- ҚОРЫТЫНДЫЛАР………………………………………………………………………….42
- ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР…………………………………………………………43
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….44
НОPМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕP
Дипломдық жұмысын жазу барысында мына төмендегі мемлекеттік стандарттарға сілтеме жасалып қолданылды:
Мемлекеттік стандарт 14.1.007-76. Зиянды заттар. Жалпы қауіпсіздік талаптары және классификациясы.
Мемлекеттік стандарт 14.3.002.75. Өндіріс барысы. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
Мемлекеттік стандарт 1870-74Е. Лабораториялық жұмыстарға қажетті, шыны өлшем ыдыстары: цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар, техникалық шарттары.
Мемлекеттік стандарт 3824-82. Ауыз суы. Гигиеналық талаптар және сапасына тексеру.
Мемлекеттік стандарт 7709-72. Тазаланған су. Техникалық жағдайлары.
Мемлекеттік стандарт 5204-77. Күкірт қышқылы. Техникалық жағдайлары.
Мемлекеттік стандарт 5208-78. Тұз қышқылы. Техникалық жағдайлары.
Мемлекеттік стандарт 28300-82. Этил спирті. Техникалық жағдайлары.
Техникалық жағдайлары – 2-02110012-69-93. Глутар альдегиді.
Техникалық жағдайлары – 9342-003-48432528-99. Каталит А.Б.
Мемлекеттік стандарт 9.908-85. Қорытпалар мен металдар. Тотыққыш көрсеткіштері және оған төзімділігі.
Мемлекеттік стандарт 12264.88. Сиыр сүті. Сатып алуға қойылатын шарттар.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмысын мына төмендегі терминдерге сәйкес келетін анықтамалар қолданылды:
ҚҰРАМА – бірнеше химиялық заттардан тұратын қосынды.
ЖОҒАРҒЫ БЕТТІК АННАНДЫ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР – химиялық қоспалар, негізінен гидрофильді және гидрофобті бөліктеп тұратын қоспалар. Гидротобты бөлігі теріс зарядқа иелік етеді.
КАТИОНДЫҚ- ЖОҒАРҒЫ БЕТТІК БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР – химиялық қоспалар, гидрофильді және гидрофобті бөліктерден тұрады. Гидрофобті бөлігі оң зарядқа иелік етеді.
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ – ауру қоздырғыш микробтарды сыртқы ортада жою.
ТАЗАЛАУ – малдардың саулығын арттыру, дұрыс жем-шөп беріп, бағып-қағу, соның арқасында жоғарғы өнім алу.
МАЛДӘРІГЕРЛІК САНИТАРИЯ – малдәрігерлік тазалықты сақтау жолында жүргізілетін арнайы шаралар.
МӨЛШЕР – малға берілетін бір жолғы биодәрмектердің мөлшері.
УЫТТЫЛЫҚ– мал ағзасында ауру белгілеріне душар ететін дәрі-дәрмек мөлшері.
ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ МӨЛШЕРІ – мал ағзасына дарыған кезде өте жоғары мөлшерде уландырып, мал өліміне әкеліп соғатын мөлшер өлшемі.
ЖИНАЛУ – химиялық заттардың ағзада жиналуға бейімделігі.
КОЛИ-ТИТР – сұйықтың ең төменгі көлемі, бір ғана ішек таяқшасы ғана болатын мөлшері.
БЕЛГІЛЕУЛЕP МЕН ҚЫСҚАPТУЛАP….
Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілеулеp мен қысқаpтулаp
қолданылады
БСҰ – Бүкіл әлемдік сауда ұйымы
КЖБ – Колония жасайтын бірлік
ЖБЫ – Жалпы бактериямен ыластану
Млрд – Миллиард
Мин – Минут
ЕПА – Ет пепетон агары
МС – Мемлекеттік стандарт
ТЖ – Техникалық жағдай
Кг – Килограмм
г – Грамм
Мкг – Микрограмм
рН – сутегі иондарының мөлшерін көрсететін өлшем
ЖБЗ – жоғары белсенді зат
0С – Сельции градус өлшемі
0t – Тернер градусы
t – температура
КІРІСПЕ
1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді.
Кеміргіштер алма, алмұрт, картоп, асқабақ сияқты тағы басқа көптеген өнімдерді кеміріп жеп бұзуды жақсы көреді. Сонымен қатар кеміргіштер қапталған өнімдерді жақсы көреді. Әсіресе қапқа салынған. Кез келген қағаз, картон, пластик қаптарды тесіп, ішіндегісін жеуге әуес.
Қорыта айтқанда оларға ешқандай тосқауыл жоқ, ағаш, бетон, кірпіштерден жасалған орындарға да кіре алады. Кез келген объектілерде орналасып, орын теуіп, ін қазып, сол жердерде өсіп-өніп, көбейіп тіршілік етіп жүре береді. [3,4,5].
Тағы бір ескеретін жағдай олар өте өсімтал – жылына 3-4 рет балалап, сандарын көбейте алады. Сонымен қатар өте мобилді, басқа да қолайлы жер тауып көшіп-қонып жүреді.
1.2. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері,мақсаты мен мерзімі және базасы. Кеміргіштермен күрес жүргізу және оларды жою жолдары өте күрделі де қиын,себебі кеміргіштер сүт қоректі жануар болғандықтан және адамзаттан бұрын жаратылған деген ұғым бар.
Қиындығы қолданылатын дәрі-дәрмектер өте көп және әртүрлі. Олардың әсерлері де әртүрлі. Көбінесе олар түгелдей әкелінеді. Біздің елде және шет елде қолданылатын улар екі топқа бөлінеді. Олар антикоагулянттар және өте улы заттар. Осы екі топтың токсикологиялық және практикалық маңызы олардың пәрменділігі тышқан тектеспен күрес барысында әртүрлі. Ең бастысы антикоагулянттардың кемшілігі оларға, яғни дәріге қарсы иммунитет пайда болады.
Антикоагулянттық препараттар дератизациялық препараттар ретінде дүниежүзлік практикада соңғы жылдары пайда болған. Бұл топтағы алғашқы препарат варфаринь Америка Құрама Штаттарында және басқа да елдерде 1950 жылдан бастап қолданыла бастады.
Варфарин көп жылдар бойы дүние жүзінде революция жасады. Кеміргіштермен күрестің нәтижелі болуы көптеген жағдайға байланысты. Біріншіден, препараттың улылық деңгейін, екіншіден, алдартқыш жемдерді дайындау сапасына, үшіншіден, таңдалып алынған әдістерге байланысты.
Кеміргіштермен азық-түліктерді тек жоғары сапалыларын ғана пайдаланады. Ал қоқыстарға баруға оларды тек аштық қана итермелейді. Олар өздеріне қауіпті деп саналатын нәрселердің маңайына да жоламайды. Қоймалардағы ұн, қант, май, астық өнімдеріне тұрақты түрде шабуыл жасайды.
Дератизациялық жұмыстың нәтижелі болуы, жыл мезгіліне байланысты. Әсіресе қыс мезгілінде жүргізілген тиімді. Себебі олар қыста жылы жерлерді пайдаланады да ,сол жерден тамағын туып жеп, өсіп-өніп, тіршілік етіп жүре береді. [6].
Ал көктем, жаз, күз айларында олар егіс даласын, бау-бақшаны, алма, жүзім, кез-келген тамақ тауып жейтін жерлерде күнелте береді.
Бір сөзбен айтқанда дератизация жүргізуге жан-жақты қарап ,барлық жағдайды ескерген кезде ғана, істелген дератизациялық жұмыстар нәтижелі болады.
Дипломдық жұмыс наурыз, сәуір айларында орындалды. Жұмыс жүргізу базасы ретінде «Алтын Орда» ішкі сауда орны белгіленді. Біріншіден қалаға жақын, екіншіден үлкен сауда кешені, барлық азық-түлік сатылады. Үлкен-үлкен павильондар, қоймалар бар. Сонымен қатар бұл жерде тірі мал саудалайтын орындар бар.
Кеміргіштер мал бар орындарды мекен етеді, олар мал азығымен де қоректеніп жүре береді. Сонымен бұл жерде үлкен ветсансараптау зертханасы бар. Бұл жерде кеміргіштермен күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. [7].
Жалпы алғанда дератизация жүргізу өте қиын да жауапты жұмыс. Егерде жұмыс жан-жақты да дұрыс жүргізілмесе одан нәтиже шықпайды. Дератизация кешенді де кең ауқымды жүргізілуге тиіс.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты:Кеміргіштерді сауда орындарындағы орын тебу,орналасу,тіршілік деңгейін анықтау.
Зерттеу жұмыстарының міндеттері 1.Тандалып алынған объектілерге алдартқышды (приманка).
2.Белгіленген объектілерге алдартқыштарды орналастыру.
3.Дератизация нәтижесін бақылау,өлген тышқандар өлекселерін жинау,жою(өртеу).
2.ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕPГЕ ШОЛУ
2.1. Қазақстандағы кеміргіштердің түрлері
Ет және сүт өндірісі орындарында міндетті түрде санитариялық-гигиеналық шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отыруға тиісті. Бұл шаралардың ең бастысы сол ет және сүт өндірісі орындарындағы санитариялық-гигиеналық шаралардың ең бастапқысы кеміргіштермен күрес. Себебі бұл кеміргіштер мал фермаларында тұрақты қоңыс теуіп, қайнар көзі болып саналады. Сондықтан олармен тұрақты түрде күрес жүргізу санитариялық-гигиеналық шаралардың ең бастысы болып саналады. Оқулықта сол кеміргіштермен күрес жолдары, оларға қолданылатын дәрі-дәрмектерге толық сипаттама берілген. Ең соңғы заманғы дәрі-дәрмектер берілген және дератизация жасау жолдары көрсетілген. [8,9].
Сонымен қатар кеміргіштермен күреспен қатар жүргізілетін санитариялық шаралардың тағы да бір бастысы залалсыздандыру. Осы екі шараны бірге жүргізу арқылы мал фермаларын тағы да басқа ет және сүт өндірісі орындарын індеттердің таралуынан сақтап қалуға болады.
Дератизация мен дезинфекция шаралары мал өнімін өндіру жағдайында ең басты мәселе болып табылады.
Жалпы кеміргіштерді синантропты деп атайды. Тікелей аударған кезде syn – бірге, anthropos – адам деген ұғымды білдіреді, яғни екі сөзді қосқанда адаммен бірге деген мағына береді.
Қысқасы кеміргіштер адам өмір сүретін ортаға жақын жүреді. Олардың өмір сүру цикілі адамның күнделікті тіршілігіне өте бейімделіп,соны пайдаланады.
Сонымен қатар кеміргіштер адамдарға жақын жүре, олар жан- жануармен де өте жақын қатынаста болып, олардың тұрағын, мекен-жайын, қора-қопсысын, азығын, суын тиімді пайдалана отырып көптеген қауіпті де, жұқпалы ауруларды таратушылардың бірден-бір қайнар көзі, сақтаушысы ретінде саналады.
Қазақстанда кеңінен тарағандары: егеуқұйрық пен үй тышқандары. Бұлар тек қана бізде ғана емес, бүкіл жер шарында қаптаған кез келген жағдайда тез сүт қоректілер класының ішінде кеміргіштер отрядына жатады. Бұлардың басты ерекшелігі тістерінің айрықша өзгешелігі – шапқы сияқты алдыңғы азу тістері жақ сүйіктерімен бірге болады да басқа тістер сияқты түбінен босап, әлсіз болу қаупі жоқ. Бүкіл өмір бойы бұлар тістерін тұрақты түрде үнемі қайрап отырады және оның иіс сезу мүмкіңдігі күн сайын өткірлене түседі. Оның тағы бір ерекшелігі азу тістерінің сыртқы қатты эмальмен қапталған басқа тістеріне қарағанда аз желінеді. Ал басқа тістері,азу тісінен емес дентиннен тұрады; сәл жұмсақтау, эмальға қарағанда әлсіздеу.
Егеуқұйрық. Бұл кеміргіштер отрядының ең бір көп тараған түрі де дүние жүзінде адамнан бұрын пайда болған деп есептеледі .
Бүкіл дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының мәлімдемесіне жүгінсек ,адам жер шарында кеміргіштерден кейін жаралған немесе кеміргіштер отряды адамнан 50 есе үлкен деген деректер бар. Көптеген зерттеушілер кеміргіштердің отаны Солтүстік Америка деп есептейді. Бірақ бұл жалғыз тұжырым емес, ал кейбір ғалымдар егеуқұйрықтың отаны Солтүстік Қытай десе, қайсыбіреулері Шығыс Монғолия дейді. Егеуқұйрық адамдардың мекен-жайында өмір сүріп, мал және құс қораларын иемдеді өзінің үй жануарлары сияқты етеді. Бірақта бұлар өте қауіпті жыртқыштар. Тағы бір айта кететін жағдай бұлардың ерекше өміршеңдігі, төзімділігі, қалайда бір жағдайға бейімділігі, ең бастысы өте жоғары өсімталдығы бір аналық егеуқұйрық жылына 6-7 рет балалайды, әр туғанда 15-ке дейін ұрпақ әкеледі. Ұш айға толған ұрғашысы ұрпақ әкелуге дайын болады. Бұлар үйірлерімен өмір сүреді. Олар 2-3 күндік аштыққа шыдамайды. Бұлар өте ақылды келеді ,сол себепті кез келген өзі жіберген қателігінен қортынды жасап сабақ алып отырады. Жаңа тағамды кезіктірген кезде өте жоғары сақтықпен қарайды, алдын ала дәмін татып, «дегустация» жасайды. Қаупті екенін білген жағдайда оны әдейі былғап басқалары жемейтіндей жарамсыз етіп кетеді. Сонымен қатар олар тек азыққа ғана емес өздері мекендейтін мекен-жайын да бақылап, егер де ұя салған жерде күдікті жағдайлар кезіксе қолма-қол басқа жаққа ауып кетеді.
Көптеген тәжірибелер жасаған кезде мына төмендегі ерекшеліктерге көзіміз жетті. Олар жүрген жерінің, жолының барлық көзге ілінетін, кейде тіпті елеусіз калатын ерекшеліктерін жадында сақтап кез-келген жағдайда жол табады. Кей уақытта адам мен егеуқұйрықты бір сатыға қойып екеуін де дамып келе жатқан жыртқыштар деп есептеуге болады деген салыстыру бар. Бірақ,егеуқұйрықтар адамға тек қана зиянкестік жасаумен ғана келеді, мысалға тек олар таратқан оба дертінен ғана қаза болған адамдар саны барлық болған соғыстардағы қаза болған адамдар санынан анағұрлым көп. Күнделікті өмірде кеміргіштер адам көзінен таса жүреді. Бұлар аш болған жағдайда адамға, құсқа, мал қораларындағы жас төлдерге шабуыл жасайды. Газет-журнал, ақпарат беттерінде ондай мәліметтер жиі кездеседі.
Кей жағдайда сиырдың емшектерін жеп, шошқалардың сүтін емген деректер келтіріледі (олар өте қу зиянкестер, ең бірінші өте сапалы да дәмді тағамдарды жеуге тырысады. Олар қолайлы жағдайларды тиімді пайдаланып өмір сүре және өз санын көбейте біледі, ол үшін үлкен өндіріс орындарын; ет, сүт, балық өңдейтін жерлерде; мал шаруашығының барлық салаларында; құс шаруашылығы дамыған жерде; ұн, жем зауыттарында; нан пісіретін жерлерде; тамақ пісіретін үлкен-кішілі асханаларда; сол сияқты адам өмір сүретін барлық жерлерде кең тараған., [9,10 ].
Біздің елде кең тараған егеуқұйрықтардың мынадай түрлері: сұр егеуқұйрық, қарасы және түркімендік егеуқұйрық кездеседі.
Сұр егеуқұйрық. Ең көп тараған: денесінің жоғарғы бөлігі ашық сұр болады; жотасында жүні сирек тікірейіп тұрады; бауыры ақшыл, түбіті қаралау, құйрығы жалаңаш, жүні сирек, дөңгелек қатты тері қабшығымен қапталған, құйрығының ұзындығы 15-22 см. Құлақтары қысқа, егер созып көрген жағдайда көзіне жетпейді. Денесінің ұзындығы 18-25 см, ересектерінің салмағы 180-нен 400 грамға дейін, ал кейбір түрлерінің салмағы 530 грамға дейін жетеді, ал еркегінің салмағы 570 грамға дейін болады. Артқы аяқтарының бақайларының арасында жұқа тері жарғағы болады, дене әлбеті қысқа кең келеді. Тістері өте мықты, бір жылда 12,5 см дейін өседі. Тістерін қайрау үшін кез келген катты заттарды, мысалы ағаш, сүйек, электір желісі, цемент, кірпіш, т.б. кей жағдайда егеуқұйрықтардың бетонды 7,5 см дейін кеміргендігі тіркелген. Сонымен қатар олардың көру, есту қабілеттері ерекше дамыған; қараңғыда еркін қозғала алады, ол үшін бет-аузына орналасқан өте сезімтал шашақтарын пайдаланады, олардың жалпы саны 150-ге дейін жетеді, ұзындығы 5,6-дан 6 мм-ге дейін.
70-ші жылдардың басты кезінен бастап сұр егеуқұйрықтар еліміздің Шығыс Қазақстан, Семей, Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Казақстан, Торғай, Орал, Актөбе, Қарағанды облыстарында кең тарай бастады. Соңғы 10 жыл ішінде тіпті кең көлемде қанат жая бастады. [11].
1990-2005 жылдары Жамбыл облысының аудандарында, Шымкент облысының Сары-Ағаш, Келес, Ленин аудандарында кең тарай бастады.
Себебі, оңтүстік аймақтың табиғи жағдайы, астықтың, көкөністің мол қоры олардың өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызды.
Сұр егеуқұйрықтар өте тез қозғалады, жылдам, жақсы өрмелейді, суда жақсы жүзеді, сүңгиді, ұзындыққа да биіктікке де секіреді, бір секіргенде 1 м жерге дейін түседі. Тоқ өткізетін сымдардың үстімен бауырлай жүре алады, диаметрі 3,5-10 см құбырлардың ішінен еркін жүріп өте береді. Үйлерге, қора-жайларға, есік, терезенің жақтаулары, құбыр, электір сымдары, т.б. кез келген мүмкіндіктерді пайдалана кіреді.
Ұяларын екі түрлі етіп салады: бірінші – уақытша, екінші – тұрақты мекен. Қора-жайлардың кез келген өзіне қолайлы жерін мекен етеді. Мысалы, төбе, еденнің асты жем-шөптің қалтарыс жерлері, төбені жылылау үшін салынған ағаш үгіндісін, сабан, басқалай жылу ұстау үшін жайылған жылы жерлерді паналайды. Көбіне өздеріне ін қазып алады, іннің тереңдігі 130-170 см дейін болады да диаметрі 70-10 см дейіп арнайы қатынас жолын қазады, көптеген кіретін, шығатын тесіктер жасап қояды.
Сұр егеуқұйрық өте сезімтал, үш айға тола сала көбейюге дайын болады да жыл бойы балалай береді, буаздығы 22-25 күнге ғана созылады. Бір балалағанда 14-18, ал орташа есеппен 10-12 бала туады. Бір жылда бір ұрғашысы 5-8 рет балалайды, он күннен кейін балапандары өзі жекелей дербес өмір сүре алады. Көптеген ғылымдардың зерттеу нәтижесіне жүгінсек бір жұп (еркек және ұрғашы) егеуқұйрық жылына 800 мыңға дейін ұрпақ береді, ал олардың орташа өмір сүру 3-4 жыл деп есептегенде сол бір жұптың өзі-ақ 350 мың ұрпақ бере алады.
Арнайы жүргізілген лабораториялық зерттеулерге қарағанда егеуқұйрықтардың тәулікте жүріп өтетін жолы 25-30 км с дейін жетеді, тіпті 43 км-ге дейін жететін ерекше жағдайлар тіркелген.
Олардың тамақтану белсендігі кешке қарай арта түседі, себебі күндіз олар аз тамақтанады, тамақты 5-10 рет 5 минуттан жейді. Сол 5 минуттын ішінде әр жеген сайын 0,4-0,5 грамм мөлшерде қоректенеді де тамақты ініне апарып немесе басқа жерде көрінбей жейді. Тамақ жеп болған соң демалыс кезеңі басталады. Тамақтанғаннан кейін келесі қоректенуге дейін аралық 15-20 сағатқа дейін созылады. Бұлардың тағы бір ерекешлігі су тапшылығына өте төзімсіз. Су оның ағзасының 70 пайызын құрайды.
Еліміздің территориясының басым көпшілігі осы сұр егеуқұйрықтың тұрақты мекеніне айналған. Сол себепті ол кеміргіштер өте үлкен экологиялық зиян келтіріп отыр.
Қара егеуқұйрық. Бұл түрінің сұрға қарағанда кейбір айырмашылықтары бар. Денесі 13-20 см, ересектерінін салмағы 150-300 грамм. Құйрықтары жалаңаш катты қыртысты да құйрығы денесінен ұзын, құлағын алдыға қарай созғанда көзіне жетеді.
Биологиялық жағынан біраз сұрға ұқсастығы бар. Олар сұрға қарағанда баяулау көбейеді. Жыныстық көбеюге жетілуі 3-5 айға созылады, буаздығы орташа 22 күндей. Ұрғашысы жылына 3-4 рет балалайды, бір жолда 6-8 балапан табады. Өмір сүруі 2-3 жылдан аспайды. Барлық тағамның түрін жей береді. Тәулікте 25-30 грамм кұрғақ тамақ және 30 грамм су ішеді. Бұлар біздін елде сирек кездеседі.
Түркістан егеукұйрығы, терісінің түсі сұрға ұқсайды, ал дене бітімі жағынан қараға жақындау, бір айырмашылығы кұйрығы екі түсті жоғары жағы қара, астыңғы жағы ақшылдау. Көбіне Орта Азияда, Кырғыстан, Өзбекстанда кездеседі.
Біздің елде негізінен таулы аймақтарда болады. Талас ауданында, Қырғыз Алатауында, Каратауда тараған.
Барлық тағамдармен қоректене береді; малдың жемі, көкөністерді және де құстың жұмыртқасын да жейді. Қолайлы жерде көбейе береді, жылына 3-5 рет балалайды да әр жылы 7-8 балапан туады. Көбіне ін қазып алады немесе үй шатырында орын тебеді.
Түркістан егеуқұйрығының биологиялық ерекшеліктері әлі де зерттелмеген.
2.2. Кеміргіштердің таралуы
Синатроптық кеміргіштер көбіне адам өмір сүретін ортаны мекендейтін, індет таратушы аурулардың қайнар көзі. Тамақ, мал азығы бар жерлерде шоғырланады да адамдармен де малмен де табиғи жағдайда кездесетін аңдармен, құстармен тығыз байланыста. Бүкіл дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) мәліметтеріне қарағанда дүние жүзі бойынша кеміргіштер, әсіресе сабауқұйрықтар әр жыл сайын 33 млн тонна астық, күріш жейді. Сонымен қатар көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт, балық өнімдерін, жұмыртқа, жас төлдерді, әсірісе құс балапандарын, торайларды, бағалы аңдардың күшіктеріне шабуыл жасайды.
Мысалы, 30 жыл бұрын олардың саны жер шарын мекендейтін халық санымен бірдей деген мәлімет бар. ВОЗ эксперименттерінің мәліметтері бойынша Индияда 8 млрд егеуқұйрықтар бар көрінеді. Немесе әр адамға шаққанда 8-ден келетін көрінеді.
Бұл елде әрбір жаңа туған балаға 30 жаңа туған кеміргіштер балапандары келеді, (Траханов Д.Ф., 1994). Біздің елде кеміргіштердің таралуы кең орын алған:
Кесте-1.Қазақстанның кейбір облыстарындағы мал қораларында кезігетін кеміргіштердің түрлері
Облыстар |
Ұсталған, жою кезінде өлген кеміргіштер |
|||||||||
Барлы- ғы |
Егеуқұйрық |
үй тышқаны |
дала тышқаны |
Хомяктар |
||||||
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
|||
1. |
Қостанай |
8996 |
8390 |
933 |
531 |
5,9 |
45 |
0,5 |
30 |
0,3 |
2. |
Көкшетау |
10803 |
10272 |
95,1 |
471 |
4,3 |
40 |
0,4 |
20 |
0,2 |
3. |
Ақмола |
5081 |
3606 |
71 |
1454 |
28,6 |
17 |
0,3 |
4 |
0,1 |
4. |
Ш. Қ. О. |
5974 |
5178 |
86.7 |
707 |
11.8 |
51 |
0.9 |
38 |
0,6 |
5. |
Ақтөбе |
1348 |
1269 |
94.2 |
61 |
4.5 |
10 |
0.7 |
8 |
0.6 |
6. |
Атырау |
5121 |
4963 |
96.9 |
149 |
2,9 |
9 |
0,2 |
|
|
7. |
Б. Қ. О. |
1855 |
1151 |
62.1 |
586 |
31,6 |
90 |
1,8 |
28 |
1,5 |
8. |
С. Қ. О. |
2351 |
2302 |
97.9 |
44 |
1.9 |
5 |
0,2 |
— |
|
9. |
Алматы |
3686 |
3521 |
95.5 |
159 |
4.3 |
6 |
0,2 |
— |
— |
Барлығы |
45215 |
40652 |
89.9 |
4162 |
9,2 |
273 |
0,6 |
128 |
0,3 |
Кеміргіштердің кейбір аймақтарда таралуы, экономикалық зияндығы, тіршілік ерекшеліктері. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында Алматы қаласы мен облысы сабанқұйрықтардан таза болған, ал қазіргі уақытта жағдай мүлдем басқаша. Бұл жерлерді оңтүстік астананың кез келген жерінен көшелерде, ғимараттарда, тұрғын үйлерде, әсіресе оның астыңғы жане үстінгі қабаттарында, базарларында бір сөзбен айтсақ, оларсыз жер жоқ. [15,16].
Сабауқұйрықтар әсіресе құс фермаларында көптеп кезігеді. Мал фермаларында да тұрақты түрде орын тепкен. Жоғарыдағы айтылғанды соңғы жылдардағы (2013-2014) мына төменгі жерлерде: Ават құс фабрикасы; «Феникс» ААҚ; «Алтын диірмен» компаниясының шошқа кешенінде; Қазақстанның астық зерттеу ғылыми-зерттеу институтының астық коймаларында; «Аққу» ЖШС; №4 автопарк қоймалары мен асханаларында: Алматы ет комбинатының аулаларында; Орталық «Көк» базардың қоймаларында: «Алмагул», «Сары арқа», «Верненский» базарларында; Алматы қаласының 10-нан астам әр түрлі нысандарын зерттелген; жалпы аумағы 8 млн шаршы метр және 300 қора-жайларды.
Кесте -2. Зерттеу нәтижесі 2 кестеде көрсетілген.
№ |
Нысандар мен аудандар |
Алын- ған кемір- гіштер саны |
Оның ішінде кеміргіштер түрлері |
|||||
Сұр егеуқұйрық |
Үй тышқаны |
Дала Тышқаны |
||||||
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
|||
1. |
Құс қоралары |
876 |
822 |
93,8 |
54 |
6,2 |
— |
— |
2. |
Шошқа қоралары |
754 |
733 |
97,2 |
21 |
2,8 |
— |
— |
3. |
Жем қоймалары |
120 |
112 |
93,3 |
7 |
5,8 |
1 |
0,9 |
4. |
Астық қоймалары |
633 |
629 |
99,4 |
2 |
0,3 |
2 |
0,3 |
5, |
Азық-түлік қоймалары |
315 |
296 |
94 |
19 |
6 |
— |
— |
6. |
Ет комбинаты |
327 |
301 |
92 |
26 |
8 |
— |
— |
7. |
Көмекші нысандар |
67 |
62 |
92,5 |
5 |
7,5 |
— |
— |
8. |
Азық-түлік сақтау контейнерлері |
63 |
56 |
88,9 |
7 |
11,1 |
— |
— |
9. |
Базарлар аумағы |
531 |
510 |
96 |
18 |
3,4 |
3 |
0,6 |
|
Барлығы |
3686 |
3521 |
95,5 |
159 |
4,3 |
6 |
0,2 |
Алматы қаласы мен облысының кеміргіштер мекендеу деңгейі. Кестеде көрсетілгендей 224 зерттелген үй-жайдың 206-сың сабауқұйрықтар мекендеген. Оның ішінде 159-да бұл жағдай өте жоғары деңгейде болса 22-де орташа мөлшерде, ал 19-да аз мөлшерде орын тепкен. Мына төмендегілерде: Ават кұс фабрикасы, «Феникс» ААҚ, «Алтын диірменнің» шошқа кешенінде, Астық ғылыми-зерттеу институтының зерттелген 24 үйдің 20-да кеміргіштер жоғары деңгейде мекендеген, 3-де орта қалыпта, ал біреуінде төменірек.
Ал 1орналасу деңгейін пайызға шағып көрсеткеңде мына мөлшерде 62,9-дан 87,5-ке дейінгі аралықтағы көрсеткішті береді.
Ең жоғары деңгейде кеміргіштер құс қораларын, шошқа фермаларын, астық қоймаларын, ет комбинатының жайларында тұрақты турде мекен еткен.
Бұл келтірілген сандар Алматы облысының барлық жерлерде сұр егеуқұйрықтардың тұрақты мекен етіп, саны жағынан көбейе түскенін көрсетеді. Қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының территориясында бұрынғы Талдықорған облысын қоса алғанда көбіне үй тышқандары кезігеді.
Мына төмеңдегі Панфилов, Іле, Талгар, Шелек аудандарының аумақтық комитетінің мәліметі бойынша Алматы облысында 1979 жылға дейін егеуқұйрықтар тіркелмеген. Былайша айтқанда сұр егеуқұйрықтармен күрес жүргізу мәселесі мал дәрігер мамандарын мазаламаған болатын. Ал 70-ші жылдардың аяғына қарай бұл аймақтарда мал шаруашылығы үлкен қарқынмен дами бастады, үлкен мал комплекстері құрылып ірі қара, шошқа етін, жүмыртқа өнімдері көп мөлшерде өндіріліп жоғарылай бастады.
Сол себепті олармен күресу, алдын алу шаралары күшейтіле бастады. Сол аудандарда шаруашылық есептегі ветеринариялық санитарлық отрядтар құрылды. Алғашқы уақытта олар негізгі күресті үй тышқандарын жоюға бағытталған болса, 1980 жылдан бастап, күрестің негізгі бағыты сұр егеуқұйрықтарды жоюға ауысты. Бұл жағдайдың өзі сұр егеуқұйрықтар тез көбейіп облыс көлемінде кең тарай бастады,
Сонымен 1993 пен 2010 жылдар арасында, кейбір жылдары үзіліс жасап,республика көлемінде мал қораларының кеміргіштер мекендеу құбылысын зерттеп, олардың қандай түрлері кезігетін жағдайын зерттеуге тырыстық, орташа көрсеткіштерді шығарып оларды түрлерге ажыратып жалпы таралу деңгейін көрсетуге бағыт алдық. [18].
Кесте-3.Ветеринариялық нысандардың кестесі
Қазақстанның кейбір облыстарындағы мал қораларында кезігетін
кеміргіштердің түрлері
|
Облыс- Тар |
Ұсталған, жою кезінде өлген кеміргіштер |
||||||||
Барлы- ғы |
Егеуқұйрық |
Үй Тышқаны |
Дала тышқаны |
Хомяктар |
||||||
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
|||
1.
|
Қостанай |
8996 |
8390 |
93,3 |
531 |
5,9 |
45 |
0,5 |
30 |
0,3 |
2. |
Көкшетау |
10803 |
10272 |
95,1 |
471 |
4,3 |
40 |
0,4 |
20 |
0,2 |
3. 4. |
Ақмола |
5081 |
3606 |
71 |
1454 |
28,6 |
17 |
0,3 |
4 |
0,1 |
4. |
Ш. Қ. О. |
5974 |
5178 |
86,7 |
707 |
11,8 |
51 |
0,9 |
38 |
0,6 |
5. |
Ақтобе |
1348 |
1269 |
94,2 |
61 |
4,5 |
10 |
0,7 |
8 |
0,6 |
6. |
Атырау |
5121 |
4963 |
96,9 |
149 |
2,9 |
9 |
0,2 |
— |
— |
7. |
Б. Қ. О. |
1855 |
1151 |
62,1 |
586 |
31,6 |
90 |
1,8 |
28 |
1,5 |
8. |
С. Қ. О. |
2351 |
2302 |
97,9 |
44 |
1,9 |
5 |
0,2 |
— |
— |
9. |
Алматы |
3686 |
3521 |
95,5 |
159 |
4,3 |
6 |
0,2 |
— |
— |
|
Барлығы |
45215 |
40652 |
89,9 |
4162 |
9,2 |
|
0,6 |
128 |
0,3 |
Кестеде көрсетілгендей ветеринариялық нысындағы зерттелген облыстың аумағындағы негізгі кеміргіштердің 4 түрі таралған. Олар: сұр сабауқұйрық, үй тышқандары, кәдімгі дала тышқаны және хомяктар. Олардың орын тебуі жоғарыдағы түрлерімен кестеде тоғыз облыстағы зерттеу жұмыстарының қортынды мәліметі келтірілмеген.
Егерде кеміргішітердің орын тебуін мал түрлеріне жіктеп бөлсек, онда ең көп кеміргіштер құс қорасы мен шошқа фермаларында шоғырланған, ал ірі қара мен бұзау қораларында орташа мөлшері деңгейінде болса, аз мөлшерде жылқы мен қой қораларын мекен етеді. Республикамыздың әр аймақтарында жалпы саны 1460 құс қоралары зерттелді, Соның 1446-да. кеміргіштер тұрақты түрде тіркеліп немесе орын тебуі 99% болды.
Ол тоғыз облыстың аумағындағы зерттелген 1650 шошқа қораларының 164-де кеміргіштер орын тепкен немесе 98,5%-н құрайды. Бұл көрсеткіштер соңғы жылдар көлемінде кеміргіштердің өз таралу өрісін кеңейткендігін көрсетеді.
Республикалық санитарлык бақылау станциясының мәліметіне қарасақ 2002 жылы кеміргіштер Қостанай облысының екі ауданың, Батыс Қазақстан облысының екі ауданың және басқа облыстарда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Алматы аумағындағы кеміргіштерден таза болған.
Ал одан соң барып жағдай қүрт өзгерген, егеуқұйрықтың өрісі біртіндеп кеңейе бастады, қазір Қазақстан көлемінде олар тіркелмеген жер, елді мекен жоқ.
Колесников И.И. (1991) айтуынша кеміргіштердің етек жайып кетуіне тек қана оларға қолайлы жағдайдың ғана емес, басқа да адамның әсері себебін тигізеді. Бұған дәлел ретінде жаппай суландыру жүйелерінің тартылуы, елді мекендердің көбейіп олардың ара қашықтығының бір-біріне жақындауы, көптеген өнім өңдеу орындарының ашылуы, малдың басы көбейіп мал фермадарының санының көбейуі, т.б. әсерлерді естен шығармау керек. Бұл айтылған факторлар олардың өрісін кеңейтіп, кең таралып өсіп өнуіне толық жағдай туғызып отыр. Мысалы, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Көкшетау облыстарында тың және тыңайған жерлер игеріліп, астық өңдіріліп, көптеген жаңа кеңшарлар бой көтеріп кеміргіштер бар жерлер одан таза жерлердің ара кашықтыктары жақындай түсіп, олардың бір жерден екінші жерге қоңыс аударуына мүмкіңдік жасады, Астықтың өндіру мөлшерінің тез көтерілуі, мал шаруашылығының қарқынды дамуы, көлік қатынастарының жиілеуі мен жалпы санитарлық шаралардың төмеңдеуі олардың өрісін кеңейтіп санының өсуіне әкеліп соқты. Жоғарыдағы себептері ең бастылары деп есептеген күннің өзіңде, мал шаруашылығы тез дамып жетілген 1970-1985 жылдары, жем, шөп қорының мол бөліктерінің бір жерде шоғырлануы, көп мал бастарының бір жерге топтасуы, аз аумақта көп мал санының болуы олардың санының тез өсуіне ықпал етті.
Сондықтан да үлкен мал комплекстері орналасқан орталық және оңтүстік Қазақстанда шұғыл түрде кеміргіштерді жою шаралары қолға алынды.
Өз уақытында, жобалы түрде жүргізіліп отырған кеміргіштерді жою шаралары олардың саны өсу жағынан басты оған жол бермей тұрды, 1991 жылдан кейін одақтың ыдырап тарауына байланысты бір орталықтан жіберіліп тұратын арнайы дәрілер тоқтатылған соң жүргізілетін жоспарлы жою шаралары да тоқталды. Біздің зерттеулердің нәтижесін басқа да көптеген ғалымдардың мәліметтері мен толықтыра келе кеміргіштер туралы еліміздің әр түрлі жерлерінен мағлұматтар келіп толықтырса болар еді, бірақ біздер қарап, шыққан ғылыми әдебиетте тек қана кеміргіпггерге арналған тікелей ғылыми еңбектерді кездестіре алмадық. Әсіресе олардың ветеринариялық нысандардағы өмір сүруі, көбейуі, т.б.
Тоғыз облыстағы жүргізілген зерттеу нәтижелерін қортындылай келе мынандай тұжырым жасауға болады. Негізі еліміздегі кең-байтақ аумағында кезігетін кеміргіштер сабауқұйрықтар мен үй тышқандары. Олардың орын тебуі өте жоғары деңгейде. [23].
Бұл жағдайда олармен күрес жолдарының пәрменді де тиімді әдістерін, жолдарын қарастырып осы жоғарыдағы кезігетін екі түрлі кеміргіштер мен тұракты да дәйекті күрес шараларын ұйымдастыру қажет.
Бұл күрес жолында күңделікті өмірде жоғары пәрменді дәрілерді әсіресе антикоагулянттарды кең қолданғанда олардың санын азайтуға бодады.
А.А.Востриков және А.П.Кузнецов бұл жағдайды былай деп баяндайды. Әрине санитарлық шараларды іске асырып жүрген еліміздегі көптеген қызметкерлердің көмегімен сабауқұйрықтардың санын азайтуға қол жетті.
Бұларды ең зиянкестер ретінде қарасақ, керісінше олардың қарсыластары ретінде үй тышқандары алдыңғы орынға шықты. Бұл ойды басқадай да көптеген зерттеушілер қостайды. Үй тышқандары санының өзгеруі мен арасының қатынасы бір-біріне керісінше болады. Егер сабанқұйрықтар аз болса үй тышқандары көбейеді немесе үй тышқандары азайса сабауқұйрықтар көбейеді.
Бірақта көп зерттеушілер бірден-бір қауіпті зиянкес ретінде сабауқұйрықтар деп есептесе, саны көбейген кезде үй тышқандары да зиян келтіру жағынан олардан қалыспайды.
Сол себепті оларды бөліп әрқайсымен жеке күрес жүргізу жоғары нәтиже бермейді. Бірінің саны азайса, екіншісі көбейе бастайды.
Сондықтан практикада жою шаралары өткізілген кезде бұл екеуін де жоятын амал іздестіру қажет.Елді мекенде тышқан тектес кемірігштер көбіне жеке үй-жайларды, қора-қопсыны, әсіресе мал фермаларының төңірегінде жақын тұрақты мекен етеді.
Қазіргі кезде ең жаксы күрес әдістері сабауқұйрықтарға бағытталған, бұл туралы 1986 жылғы Женева қаласындағы халықаралық-симпозиумда айтылған. Кеміргіштерді жоюға арнаған ғылыми әдебиетті шетелдікін қоса ой елегінен өткізе келе, кеміргіштердің мал фермаларының маңайын мекен ету құбылыстарын зерттей келе Қазақстанда деректі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп практикаға енгізу күн тәртібінің бірінші кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Бірінші кезекте шетелде қолданылып жүрген сапалы деп есептелген дәрілерге ғылыми-практикалық тұрғыдан баға беру мәселесі туындайды.
«Караван» газетінде «Кеміргіштермен төсекте» деген мақала жарық көрді. Оңда Өзбекстанда, Фергана даласында бір адамға шаққанда алты егеуқұйрықтан келетіні мәлімделген. Құжынаған, қаптаған мақұлықтар адамдардың тұрған үйлеріне қаптап кіруіне адамдар тек күә ретінде бақылап қана, үрейлене қорқынышпен, дәрменсіздік көрсетуге мәжбүр болды. Жалпы халық шошынған. Көп адамдар өз үйінде түнде ұйқыға жатуға корқады. Фергана даласының қалалары мен кишлактарында әр түрлі қауесет сөздер тарап, сұр егеуқұйрықтардың жас баланы жеп койғаны туралы әр түрлі қоркынышты хабарлар етек алған.
Медициналық статистика мәліметтеріне жүгінсек соңғы уақытта сабаңқұйрықтардың адамға шабуыл жасауы жиі орын алып отыр.
Әсіресе қауіпті жағдай Андижан облысында орын алған. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, дәрігерлерге қарсы шығуға келген аурулардаң 80-90 пайызы кеміргіштердің тістеуіне ұшыраған, ал 330 адам ауруханаға түскен. Ал 2002 жылы мұндай 1300-ден астам жағдай тіркелген, бұл 1999-2001жылмен салыстырғанда көп. Бұл сабауқұйрықтар тістеген адамдар кейін қандай күй кешеді деген заңды сұрақ туады. Андижан қаласының тұрғыны Насиба Харбекованы ұйықтап жатқан жерінде егеуқұйрық тістеген. Денсаулығына қатты зиян келгені соншалық, бұл кісіге ауруханада 40 күн жатып емделуге тұра келді, ал емдеуге 100 американ доллары қажет.Бұл ақша Өзбекстан жағдайында, әсіресе Ферғана даласында көпшіліктің шамасы келмейтіндей жағдай. Одақ кезінде Өзбекстанда арнайы нәтижелі кеміргіштермен күрес жүйесі кұрылған болатын, ал қазіргі жағдайда қаржы тапшылығына байланысты кеміргіштермен күрес жұмысы тоқтап тұр.
Былтырғы жылы Андижан облысының әкімшілігі кеміргіштерді жою үшін 15 млн сум бөлген, ол долларға шаққанда 15 мыңдай мөлшерде, ал бұл сома өте аз. Олардың өте өсімталдығын көп адамдар біле білмейді. Бір жылда бір аналық егеукұйрық ең аз дегенде 100-ден астам ұрпақ әкеледі. Аңдижан облысының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Азизбек Ахметжановтың айтуынша қажетті сома 40 мың доллар мөлшерінде.
Дезостанциялар ескірген дератизацияға қолданылған дәрі-дәрмектерімен жұмыс істемейді, көбіне одақ кезінен қалған қалдықтары әлі күнге қолданыста ұстап жұр. Бұларды қолданған кезде кеміргіштер өлгеннің орнына ит, мысық, үй құстары қырылып қалады. Бұл қолданылған улар кеміргіштердің ағзасында жиналып, олардың іш құрылыстарында қан тоқтамау жағдайына әкеліп соғады. Егеуқұйрықтар қиналысқа ұшыраған кезде адамға шабуыл жасайды. Фергана облысының бұл жағдайы 1999 жылы үкімет деңгейінде қаралған. Сол жылы әйелдер босанатын емханада жаңа туған баланы егеуқұйрық тістегені тіркелген. Ал 2000 жылы арнайы бағдарлама, кеміргіштермен күрес жолдары туралы шаралар басталып, ақыры 17аяқсыз қалған. Әзірге үкімет бұл мәселеге, кеміргіштермен күреске дәрменсіздік танытып отыр. Ал қарапайым адамдар өз беттерімен әр түрлі айла әрекет жасауға мәжбүр болып отыр.
Аңдижан облысындағы белгілі фермерлердің бірі Хакимжан Ғаниев кеміргіштердің кеселінен астық және күріш өнімдерін жинай алмай отыр. Орта есеппен бір егеуқұйрық жылына 30 кг дәнді дақылдарды жейді. Арнайы күрес жүргізу мекемелерінен ешбір қайыр болмаған соң фермерлер өздерінше алдартқыш жемдер дайындап, күрес жүргізуге әрекеттенуде. Олар картоптан пюре жасап, оған ұнтақталған шыны сынықтарын қосып қолданған. Алғашында біраз көмек болды, ал кейін алдартқыштарды кеміргіштер жемейтін болды. «Олар менің қулығымды біліп қойған болар» дейді фермер.
Ал оңтүстік өңіріңде шығатын «Замана» газетінде «Егеуқұйрықтар «Евразияға» жетіп қалды» деген мақала жарық көрді. [17].
Кейінгі кездері мал арасында да, адамдар арасында да аса жұқпалы ауру түрлері жиі белгі беріп қалуда. Әрбір жұқпалы дерттін әдетте өз қоздырғышы, тасымалдаушысы бар екендігі белгілі. Олар алуан мәселелер туындатып жатады, уақытысысында мән бермей, кейбір жерлерде шешімі қиынға айналған осындай мәселенің бірі – жұртшылық арасында «атжалман», «кәләміш», «егеуқұйрық» деген атаумен белгілі ауру таратқыш кеміргіштермен күрес мәселесі. Кәләміштін қандай пәле екенін бетпе-бет келіп, зиян шегіп жатқандар біледі, ал көпшілік жұртты бұдан толық хабарсыз деуге болады. Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы аса қауіпті жұқпалы аурулар бөлімінің бас маманы Мұрат Тәженовпен сұхбатымызда біз осыны жете ұғынғандай болдық. Мұрат мырза қаламыздағы егеуқұйрықтардың таралу аумағы түсірілген картаны алдымызға жайып қойып, қалыптасып отырған жағдайды былайша түсіндіреді.
Бұрын кеміргіштердің зиянды әрекеттерін болдырмау ісінде мақсатты шаралар уақтылы және нәтижелі жүргізіліп тұратын. Жекешелендіруден соң бұл іс біршама тоқырап қалды.
Бүгінгі күндері егеуқұйрықтың ең көп шоғырланған жері Сайрам және Төлеби аудандарының қалаға жақын аумақтары болып отыр, «Жұлдыз» елді мекеніңде, Текесуда, «Нефтебаза» маңында, Төлеби ауданына қарайтын бұрынғы қой, ірі қара, шошқа фермалары мен диірмен маңында көбейген бұл кеміргіштер сатылап жылжып, Бадам өзені бойын қамти отырып (олар негізінен сулы, қоқысты жерді мекендейді), «Коммунизм», «Қайтпас» елді мекендерінде, зоопарк аумағына, тіпті бірлі-жарым «Евразия» базары маңайындағы жеке секторларға да жеткен. Сұр егеуқұйрықтың аса төзімді, тіршілікке бейім екенін, бір жылда 3-4 рет балалайтынын, әр туғанда 15-17 ұрпақ өрбітетінін ескерсек, бұл дабыл қағарлық мәселе екенін түсінеміз.
Өткенде қала түбіндегі «Киров» бөлімшесінде болып қайтқанбыз. Онда егеуқұйрықтар малша өріп жүр. Тұрғындардың қора-қопсылары шұрық-тесік. Бұл кеміргіштердің азық-түлікті бүлдіріп қана қоймай туляремия, оба, безгеқ, құтыру сияқты ауруларды тарататыны белгілі. Ауыл тұрғындары оларға қақпан құрып, бұларды түрлі дәрілермен улау секілді күрес әрекеттерін жүргізеді екен. Бірақ одан келер пайда аз. Негізінен егеуқұйрыққа қарсы «Фосфидцинк» қоспасы қолданылады. Ол тек арнайы залалсыздандыру орталықтарында ғана болады және арнайы рұқсат қағаздары аркылы беріледі. Аса улы бұл дәрімен жұмысты тек мекеме қызметкерлері ғана жүргізе алады. Олар дәріленген шаруашылық иесіне қажетті сақтық шараларын түсіндірулері тиіс., [20 ].
Екі жылдан бері көктем мен күзде тиісті мекемелермен бірігіп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Нәтиже көңіл толатындай емес. Егеуқұйрықтар кемінде екі есе көбейді деуге болады. Облыста 14 залалсыздандыру мекемесі бар, соның біреуі ғана бюджеттен қаржыландырылады. Тиісті орындарға хат та жаздық. Жергілікті әкімшіліктер тарапынан әсіресе Төле би, Сайрам аудаңдарында бұл мақсатқа қаржылай көмек берілсе дейміз. Егеуқұйрықтардың шоғырланған аумақтарын анықтап, олардың көбейіп кетуіне жол бермеу шараларын жүргізу керек, әзірге біз көтеріп отырған бұл мәселе жергілікті жерде көңіл бөлінбей келеді.
М.Тәженов қалыптасып отырған жағдай жөнінде осылай дейді. Кәләміш (латынша «Rattus») өте ақылды мақұлықтардың бірі екен. Аса сақ, қулығы да бар, төзімді, әрі тіршілікке бейім, тым көбейіп, барлық жерге таралуының үлкен қиындықтар әкелері анық. Олай болса мекеменің бас маманың толғандырып жүрген мәселе де оң шешімін табуы тиіс қой деп ойлаймыз.
Қазіргі уақытта Өзбекстанмен транспорттық қатынас өте күшті. Андижаннан, Ферғанадан тікелей автобустар қатынасы бар. Қала базарларына жұмасына біршама автобустар келеді. Ал «Алтын орда», т.б. үлкен базарларға ол жақтан қысы-жазы көкөніс тасылады. Ал көкөніс тексеретін эксперт-ветеринарлар байқағанындай, қапталған, тор қапқа салынған көкөністер ішінен, кеміргіштердің ұясы, балапандарын кездестіруге болатын жағдайлар тіркелген. Осындай жағдайда ол жақтағы өріп жүрген кеміргіштердің бізде таралуына ешкім кепіл бере алмайды.
Теледидар арнасында егеуқұйрықтардың Алматы қаласының базарларында кең таралып етек алғаны туралы арнайы хабар беріліп, қала маңайындағы кішігірім елді мекендерде, қоқыстар жинайтын жерлерде кең тарағаны туралы материал көрсетті.
Кеміргіштер тек Орта Азия мен Қазақстаңда ғана етек алмай, барлық жерде көп, 2013 жылғы қараша айының 15-де Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан берілген теледидар хабарында ескі қаланың ескі ғимараттарының астында өріп жүргені көрсетілді.
Соңғы уақытта көбейіп кеткен, кеміргіштермен күрес жүргізетін фирмалар, станциялар қаптап кетті. Бірақта олар жүргізген жою шараларынан ешқаңдай нәтиже шықпайды.
Сол фирмалардың жүргізілген дератизациялық шараларынан кейін біршама базарларда, тұрғын үйлер кооперативтерінде, өндіріс орындарында жүргізілген сұхбат нәтижесіңде, олардың жұмыстарының ешқаңдай нәтижесіз, ал нәтиже болған жағдайда төмен екендігіне көзіміз жетті. Егеуқұйрықтарға қарсы ғылыми-зерттеу жұмыстары көп жылдан бері Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтының ветеринариялық санитария зертханасыңда жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл нәрсе мәселе лаборатория меңгерушісі, ветеринариялық ғылымының докторы Тәжібаев Абай Сағынұлының басшылық етуімен қолға алынған.
Дератизация проблемаларымен зертханада екі докторант, екі өздігінен ізденуші, үш аспирант шұғылданады. Оның ішінде бір аспирант көршілес елдегі ҚХР-дан арнайы келіп, екі жақтың осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, тәжірибесін ұштастыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Лабораторияның коллективті шығарған 5 препарат Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринариялық департаментінде заңды тіркеуден өтіп, арнайы ветеринариялық салада қолданылатын әдістерге кірді. Бұл препараттар Республикалық санэпидстанцияның тексеруінен өтіп, Денсаулық сақтау министрлігіне тіркелуге жіберілді.
Бұл салада орыс тілінде үлкен монография, қазақ тілінде кітап, 5 жаңалық куәлігі, көптеген мақалалар; былтырғы жылдың өзінде 15-тен артық мақала жарық көрді.
Мақалада соңғы уақытта әр елде, біздің елде кеміргіштердің әлі де болса тоқтаусыз көбейіп отырғаны, олармен күрес жолдарының пәрменсіздігіне талдау жасалып, осы бағытта елімізде жасалған жұмыстар көрсетілген., [21].
Мал шаруашылығында зиян келтірушілер және көптеген жұқпалы ауруларды таратушылар ретіндегі тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы объектілеріне олардың қаншалықты дәрежеде орын тепкенін анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға карсы шараларды жүргізу үшін зор практикалық маңызы бар.
Мал шаруашылығы фермалары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне ең қолайлы орын болып табылады. Мұның себебі – азықтың молдығы, үй-жайлардағы жылудың кеміргіштер үшін қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға жайлы орналасуға мүмкіндіктердің барлығы.
Мал шаруашылығы фермаларында тышқан тектес кеміргіштердің қаншалықты қоныс тепкеніне кеңінен зерттеу жүргізуді тұңғыш рет1959 жылы Тамбов облысында Бүкіл одақтық ветеринариялық санитария ғылыми- зерттеу институтының дератизация лабораториясының ғылыми қызметкерлері бастаған болатын. Онан әрі осы институт мал шаруашылығы фермаларында тіршілік ететін кеміргіштердің тектік құрамын зерттеп, еліміздің түрлі мал шаруашылығы объектілеріне олардың қаншалықты қоныс тепкенін, обаға қарсы арнайы күрес жүргізетін мекемелерді, санэпидстанцияларды, кейбір шаруашылық есептегі ветеринариялық- санитарлық отрядтар мен профилактикалық дезинфекция бөлімдерін жұмысқа тарта отырып анықтауды ұйымдастырады.
1959-1971 жылдар ішінде Тамбовтың, Тюменнің, Запорожьенің, Белгородтың, Туланың, Москваның, Калининнің, Смоленск пен Иркутск облыстарының, Өзбекстанның, Түркменстанның, Қырғызстанның, Грузияның, Дағыстанның және Қазақстанның мал шаруашылығы объектілері зерттелді.
Тамбов облысында 1201 шошқа қора, 761 құс өсірілетін орын, 2613 мал кора және басқа 28608 мал шаруашылығы үй-жайлары тексерілді. Олардың ішінде 876 шошқа қораны (72,9 процент) және басқа 5026 мал шаруашылығы үй-жайларын кеміргіштер жайлап алған болып шықты.
Ал Тюмень облысында, Тамбов облысына қарағанда кеміргіштердің қоныс тебуі одан да көп екені анықталды. Бұл облыста шошқа қораның 88,1 процентіне, мал қоралардың 46,5 процентіне және басқа мал шаруашылығы үй-жайларының 42,5 процентіне кеміргіштер бар болып шықты, тұтас алғанда облыс бойынша 27373 объектіні кеміргіштер жайлап алғандығы белгілі болды. Шошқа қоралар мен құс өсірілетін орындарда кеміргіштердің неғұрлым көп, ал қой қораларында өте аз болатыны анықталды. Оның үстіне, соңғысында кеміргіштер негізінен қора жайдың қосалқы секцияларында –қозылармен арық-тұрық қойларды қосымша жемдеуге арналған қоспалар сақталатын орындарда болады екен. Шошқа өсірілетін және құс өсірілетін шаруашылықтарда кеміргіштер шаруашылықтарда кеміргіштердің қоныс тебу дәрежесі өте жоғары. Мәселен, бірқатар шаруашылықтарда егеуқұйрықтар бір тәулік ішінде 96 кг жемтік жеп қойған, бұл – шошқаларды азықтандыруға жұмсалатын концентраттардың 50 процентіне жуығы. Кейбір құс өсірілетін орындарда егеукұйрықтар зоокумарин жемтігін 28-32 килограмнан жеп отырған. Тюмень облысының төрт ауданының мал өсірілетін шаруашылықтарында егеуқұйрықтар тәулігіне 7 тоннадан астам концентраттарды жеп отырған., [ 21,22,23].
Запорожье облысында жүргізілген жан-жақты зерттеулерге мал шаруашылығы обьектілерін кеміргіштер едәуір жайлап алғандығын дәлелдейді. Осы облыста тексерілген 1258 шошқа қоралардың 868-інде, 622 құсханалардың 388-інде, 3545 мал қоралардың 1680-інде және басқа да 2082 мал өсірілетін үй-жайлардың 8-10-ында кеміргіштер бар болып шықты. Кеміргіштер қоныс теуіп алған объектілердің жалпы саны 4421 болды.
Бұл облыстың бірқатар шаруашылықтарында кеміргіштердің қоныс тебу дәрежесі өте жоғары болып, егеуқұйрықтар тәулік ішінде зоокумарин жемтіктен 88 килограмнан жеп отырды. Егеуқұйрықтардың жаңа туған торайдарды кеміріп жеп қою жағдайлары да ұшырасқан.
Тула, Смоленск және Белград облыстарында мал шаруашылығы обьектілерін де кеміргіштер көптеп жайлап алған екен.
Ал Москва облысындағы 28 елді мекендерді тексеріп көрген кезде сұр егеуқұрықтардың (село егеқұйрықтарының барлығының 85 проценті) негізгі тіршілік ететін жері мал шаруашылығы фермалары екені анықталды. Мұндай көрініс Пенза облысында да байқалды.
Профессор Д.Ф.Трахановтың басшылығымен Орта Азия (Түркменстан, Қырғыстан Өзбекстан) республикаларында бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеулер бұл аймақтағы мал шаруашылығы объектілерінде кеміргіштердің жалпы саны аз екенін көрсетті. Түркіменстанның Мургаб және Байрам-Али аудандарында тексерілген 474 объектінің 154-інде кеміргіштер бар болып шықты. Ал Қырғыстанда тексерілген 94 объектінің 45-інде кеміргіштер бар екен. Сондай-ақ Өзбекстанда сұр кеміргіштердің таралуы ұлғайып, олар айтарлықтай дәрежеде жайлап алған мал шаруашылығы фермаларының саны өсе түскені мәлім болып отыр.
Еліміздің басқа республикаларында да тышқан тектес кеміргіштер айтарлықтай жайлап алған мал өсіретін шаруашылықтар жоқ емес. Мысалы Татар АССР-інде тексерілген 680 шошқа қораларының 55,1 процентін тек сұр егеуқұйрыктар жайлап алған. Ал Молдавияда мал өсірілетін үй- жайлардың 70 процентінен астамын тышқан тектес кеміргіштер жайлап алған.
Негізінен мал өсірілетін үй-жайларда орын тепкен сұрегеуқұйрықтар мен үй тышқандары Украинаның барлық облыстарынан кездеседі.
Қазақстандағы істің жайы да онша мәз емес, Солтүстік Қазақстанның тексерілген 47 совхозындағы барлық мал шаруашылығы фермаларында егеуқұйрықтар бар болып шықты. Бұл совхоздардың мал өсірілген үй- жайларында бір шаршы метр алаңға орта есеппен бестен келді. Бұл совхоздардағы сұр егеуқұйрықтардың зиянды әрекеттері халықтың апат сигналына ие болған. Кейбір жылдары олар үй құстары балапандарының 30 процентін құртып отырады.
Мамандардың айтуынша және облыстық санэпидемстанциялар мен ветеринарлық бөлімдер берген есептерге қарағанда Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Целиноград және Солтүтік Қазақстан облыстарының мал шаруашылығы фермаларын, Гурьев облысының құс өсірілетін үй-жайларын кеміргіштер мықтап жайлап алған.
Біз өзіміз тікелей зерттеулер жүргізген Қостанай облысында да кеміргіштер өте көп мөлшерде жайлап алған мал шаруашылығы фермалары жетерлік екен. Бұл облыста жыл сайын облыстағы 6287 мал шаруашылығы объектілерінің 3 мыңнан астамы дератизацияға ұшырады. 1970 жылы 3278 мал шаруашылығы объектілеріне осылай жасалды. Тек 1971 жылдың өзінде ғана Қостанай облысының шаруашылықтары дератизация жасау жөнінде облыстық профилактикалық дезинфекция бөлімінен 1,5 млн сомға тарта келісім жасасты. Мұның бәрі осы облыстың мал шаруашылығы фермаларын тышқан тектес кеміргіштер өте көп мөлшерде жайлап алғанының тікелей дәлелі бола алады., [27].
Біз Қостанай облысының Қостанай, Урицк, Тарановск, және Камышинск аудандары, Орал облысының Чапаев, Теректі, Зеленоводск, Бөрлі аудандары мал шаруашылығы фермаларын кеміргіштер қаншалықты дәрежеде жайлап алғанын зерттедік. Бұл жерде түнде тор құру, көзбен мөлшерлеп баға беру әдістері қолданылып, бір түн ішінде желінген бақылау жемтіктер ескерілді.
Түнде тор құру әдісінің мәні мынада түнде жемтіктері бар 100 тор (бір тор 25 шаршы метр алаңға) құрылып торға түскен олардың санына қарай түсу проценті және қаншалықты дәрежеде жайлап алғандығы анықталады. Көзбен мөлшерлеп баға беру кезіңде кеміргіштер тұратын індер мөлшері, кеміргіштердің бар екені, тіршілік ету іздері (тезегі, іздері және т.б.) ескеріледі. Осы әдіспен жоғарыда көрсетілген аудандардың 98 шаруашылығы 1115 мал және құс өсірілетін үй-жайларды қамти отырып тексерді. Мұның үстіне тексерілген барлық шаруашылықтарда кеміргіштер (негізінен сұр егеуқұйрықтар) бар болып шықты. Кеміргіштердің орта есеппен алғандағы торға түсу проценті 21 болды. Кейбір шаруашылықтарда егеуқұйрықтар бір түнде 23 килограмнан бақылау жемтіктерін жеп қойып отырды. Дәл осындай нәтижелер облыстық санэпидемстанциялардан және облыстық ветеринарлық бөлімнен алынды.
Мұның бәрі тышқан тектес кеміргіштер осы облыстардың мал шаруашылығы фермаларын өте көп мөлшерде жайлап алғанын дәлелдейді.
Соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстанда сұр егеуқұйрықтардың мекендеген жер мөлшері тым қатты өсіп, олар қоныс тепкен мал шаруашылығы объектілерінің саны ұлғайды. Бұған, сірә, қолайлы табиғи жағдай ғана емес, сонымен бірге адам қызметімен байланысты басқа да бірқатар факторлар септігін тигізсе керек. Мысалы, тың жане тыңайған жерлерді игерумен бірге, егіншілікпен мал шаруашылығын жүргізудің жағдайлары едәуір өзгеріп, жаңа елді мекендер пайда болды.
Мал қораларындағы, кұс қораларындағы жалпы мал фермаларын мекендейтін кеміргіштер тұрақты қыруар экономикалық шығын әкеледі. Экономикалық шығынның мөлшері өте жоғары да әр түрлі.
Олар жем-шөпті, басқа да мал азықтарын, тамақ өнімдерін, жұмыртқа, балапандарды, туған торайларды, бағалы аңдардың күшіктерін жейді.
Қораларды тесіп, басқа да мал тұратын орындарын, малға колданылатын құрал-саймандарды бүлдіріп, бау-бақшадағы жеміс-жидектер мен даладағы пісіп жетіліп тұрған астықты жейді, ластайды, жарамсыз етеді.
Сонымен қатар электр сымдарының сыртқы қыртысын кеміріп, жалаңаштап, олар бір-біріне тиіп, электр ұшқындары пайда болып өрт шығу каупін туғызады.
Белгілі ғалым Томас Грейдің жазуына қарағанда дүние жүзінде кеміргіштер 33 млн тонна астықты, күрішті жарамсыз етіп бүлдіреді.
Кеміргіштер, әсіресе оның ішінде егеуқұйрықтар үлкен экономикалық зиян келтіреді (Кремер, т.б.).
Сол авторлардың мағлұматтары бойынша әр жыл сайын келетін шығынның мөлшері: Италияда – 45 млд лир, Францияда – 24 млд франк, Швейцарияда – 20 млн швейцарлық франк, ФРГ-де – 300 млн марка, Ұлыбритания мен Ирландияда – 42 млн доллар, Америка Құрама Штаттарында – 200 млн доллар шығынға ұшыраған. Қазіргі кезде көптеген елді мекендерде кеміргіштер адам санынан асып кеткен.
Мысалы, Индия еліндегі есептерге қарағанда қазір дүние жүзінде кеміргіштердің жыл саны – 5 млрд.
Есептеулерге карағанда әр бір егеуқұйрық бір жылда 18 кг тағамдарды жей алады. Ал 5 млрд х 18 десек үлкен сан шығар еді дейді Томас Грэй.
Бұл көрсетілген қарапайым есептің өзі кеміргіштердің азық-түлікті жеп келтіретін зияны 90 млн тонна бидайға пара-пар.
Бірақ бұл есептің өзін өте шамалы, төмен деуге болады, себебі ғылыми- зерттеу әдебиетте егеуқұйрықтың өте мешкей корқақ екеңдігі туралы дәлелдер бар. Мысалы, Г.С.Зеленскийдің айтуы бойынша бір егеуқұйрық жылына 22 кг астықты жеп қоятын қабілеті бар. Онымен коса басқадай азық- түлік тағамдары, қант, майларды 37 кг мөлшерінде жеп қоя алады. Бір жылғы бір аналық пен еркегінен тарайтын ұрпағы бір жылда 17 тонна астықты жейді.
Тағы да сол Томас Грэйдің жазуынша Бомбей қаласында астықтың қоймалары мен элеваторының маңайыңда айына 1500-1600 жарамсыз астық жиналады екен. Ол қаптарды кеміргіштер тесіп, жеп, былғап жарамсыз етіп тастаған., [31,32,33 ].
Бүкіл Дүние Жүзі Денсаулық Сақтау Ұйымының сарапшылары есептеп
шығарғандай, егерде 20 сұр егеуқұйрықты жойған кезде сақталып калған астық 9000000 адамға жетер еді.
В.Ф.Матусеевичтың зерттеуіне қарағанда соғысқа дейін Совет Одағында кеміргіштерден келген материалдық шығын 250 млн сом (рубль) болған.
Д.Р.Трахановтың мәлімдемесі бойынша Тюмень облысының Убаров ауданындағы шошқа фермаларындағы егеуқұйрықтар әр тәулікте улы жемтіктердің 96 кг дейін жеген.
Москва облысының Илгам, Абат, Маслянский аудандарында егеуқұйрықтар 1981 жылы 26870 тауық, 8600 үйрек балапандарын кеміріп тастаған. Д.Р.Трахановтың мәліметі бойынша Тамбов облысының бір совхозында егеуқұйрықтар 2 ай ішінде көп қабатты құс фабрикасында 5536 балапандарды тұншықтырып өлтіріп, кемірген, ал Владимир облысында бір түн ішінде 354 балапанды егеуқұйрықтар өлтірген. В.М. Савицкийдің айтуынша Киров облысының бір совхозында жаппай торайлар өліп, 3 күнде 69 басқа жетіп, бұған да себепті кеміргіштер болған, бұл жағдайда заң орындары тексеруге алып, неден болғанына көздері жеткен соң қылмыстық іс козғалмаған.
Арнайы тексергенде торайлар туғанда сап-сау болған, ал бір тәулік өткенде салғырт тартып ауыра бастап 2-3 күннен соң өлген. Сойып қарағанда тілдеріңде әр түлі жарақаттар болған не тілдің ұшы болмаған. Одардың тұрған жеріндегі бақылау жүргізу кезінде олардың тілдерін жаракаттаған кеміргіштер екені анықталған. Сол мезетте қолма-қол жою жұмысын ұйымдастырып, оларды жойған соң торайлардың шығыны тоқтаған.
Ғылыми әдебиетте көптеген тосын да қызық оқиғалар тіркелген. Олар тек қана торайлардың тілін жарақаттап, тістеп, тістен жұлып коюмен шектелмей, шошқа мегежіндерін еміп, олардың желінін жеген. Онымен қоса олар құстардың жұмыртқаларын ұрлап ішкен.
Морис Кейн деген автор өте қызықты да күлкілі жағдайды жазған. Жұмыртқа ұрлаудың адам ойына келмейтіндей тәсілін ойлап табады. Бір егеуқұйрық шалқасынан жатып, төрт аяғымен жұмыртқаны төсіне қысып жатады, ал қалғандары оның құйрығынан сүйреп ініне қалкалау жеріне апарған. Бұл сәтті автор суретке түсірген.
Егеуқұйрықтар мен тышқаңдар көкөністерді әсіресе сәбіз бен қант қызылшасын жақсы жейді. Сонымен қатар олардың тістері тиіп көкөністер бұзылады.
Көкөністер сақтайтын қоймаларда кеміргіштермен күрес дұрыс жолға қойылмаған жағдайда олардың кеселінен сақтау мерзімі ішінде сәбіздің 25%, ал қант қызылшасының 14%-ке дейінгісі бүлінеді деп жазады В.И. Вашков.
Жаз айдарында мал қораларынан жақын маңайдағы егін алқаптарына, бақшаларға немесе бақтарға көшіп алып ол жерде барлық өсімдіктерді бүлдіреді, оның ішінде темекіге де зиян келтіреді. Ал күнбағыстың сабағын кеміріп тастайды да, өсімдіктің басы жерге құлайды.
Ал қырыққабатты кеміргіштер жеген соң тек тамыры және өте қатты жапырағы қалады. Қиярды да бұршақ жауғандай бүлдіреді. Сәбіз, қант қызылшасы, картоп сияқты өнімдерді толығымен жейді немесе ініне алып кетеді. Асқабақтарды кеміріп, үлкен тесік жасап тастайды; жеуге жарамсыз етіп қояды. Кеміргіштер азық-түлікті, жемді тек қана жеп қоймай оларды өзінің нәжістерімен былғап жарамсыз етіп тастайды. Мысалы, бір егеуқұйрық зәрімен бір тәулікте 10 мың бидай дәнін былғайды екен, яғни, ол 150 грамм болады. Л.И. Кент деген ғалым кеміргіштердің нәжістерімен былғанған, 10 фунт үгіндінің ішінен 962-ге дейін тышқанның және 212-ге дейін егеуқұйрықтың қатып қалған қиларын тапқан. Азық-түлікті жеп, жарамсыз етіп қана қоймай олардан келетін тағы да басқа зиян көп. Мысалы, олар құрылыстарды, өндіріс орындарын, ыдыстарды бүлдіреді, Сусымалы азық-түлік салынған қаптарды тесіп, қамбаларға, қоймаларға, сату орындарына тасыған кезде тесіктерінен төгіліп ысырап болуына әкеліп соғады. Мал фермаларында үлкен шығын шығаруға себепші болады. Жыл сайын олар бүлдірген фундаментті, қабырғаларды, еденді, т.б. жөндеп көп жарық-тесіктерін жабуға көп құрылыс материалдары кетеді.
Қазақстанда көбінесе мекен еткен сұр егеуқұйрықтан жылына орта есеппен келетін шығынның мөлшері Солтүстік Қазақстанда 8-10 шартты шама деп жазады А.М.Крынцова, А.В.Толебаев және Г.В.Залежский. Британияның белгілі жануартанушысы С.Е.Баррет-Гамильтон кеміргіштерден адамға «тек қана зияннан басқа ештеңе жоқ» деген анықтама берген. Сол себептен адамға тек қана бір-ақ бағыт болуы керек, ол «кеміргіштерге өлім».
2.3.Кеміргіштермен күрес жолы
2.3.1. Күресу әдістері
Мал қораларында кеміргіштермен күрестің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктері бар, бұл объектілерде жоғарғы нәтижеге жету үшін жоспарлы комплексті шаралар жүргізлуі қажет, комплексті шаралардың бар міндеті қора-қопсыны кеміргіштерден таза болуын камтамасыз етіп, босаған мал қораларына кеміргіштердің қайтадан қоңыс тебуін болдырмау. Кеміргіштердің алдын алу, оларды толық жою шаралары үнемі тұрақты түрде жүргізіліп отыруы қажет. Кеміргіштерді толық жойған соң бұл жұмысты босаңсытып алмау керек, тұрақты түрде олардың мал тұратын қораға қайта қайтып келуін болдырмаған жөн. Бұл жағдайды ескермеген кезде олардың келіп толық орын теуіп тез арада көбейіп кету қаупі бар. Бұл жұмыстың нәтижелі, пәрменді болуы дұрыс ұйымдастырылған іс- шараларға байланысты.
Кеміргіштерді жою іс-шараның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты да сонымен қатар толық жою мақсатында алдын алуды ғана ұйымдастыруы қажет. Мал қораларымен құс өсіретін жерлерде кеміргіштердің көбейуіне, өсуіне жағдай болса тұрақты түрде жұйелі күрес шараларын жүргізу қажет. Жекелей жүргізілген жою шаралары жеке объектілерде, әсіресе олардың көп шоғырланған жерде босаған қора-жайларға қайтқан, орын теуіп немесе көршілес жою шаралары жүргізілмеген мал фермаларын қоныс аударып кіріп алады.
Мал мен құс қораларында кеміргіштердің бір жерден екінші жерге ауысып тұруы көбіне кездеседі. Көктемнің жылы кезінде олар далаға ауып кетеді, мал қораларын тастап, ал суық бола бастаған кезде қайта жылы жерге орналасады, сол себепті жою шараларын тікелей мал қораларында жүргізеді. Соңдықтан қыс кезінде жою шараларын күзде қамтылмай қалған қора- жайларда жүргізген дұрыс.
Қора-жайларда, құс қораларында тұрақты жою жұмыстарын жүргізу үшін улы жемтіктерді, ұнтақ араластырып, улылығы жоғары, көп уақытқа шыдайтын антикоагулянттарды пайдаланған жөн. Неғұрлым көп уақытына жететін улы жемтікті қалдырып кеміргіштердің қайта-қайтып келмеуіне жол бермеу керек. [29 ].
Кеміргіштерді жою кезінде қора-жайларда комплекті түрде алдын алу шараларымен бірге толықтай жоюды қоса жүргізген жөн, онымен қоса кеміргіштердің қандай мөлшерде қоңыс тепкенін анықтап біліп алған жөн. Практикалық тұрғыдан алғанда дератизация жасау үшін төмендегідей қиындықтарға тап болады:
1.тұрақты түрде орын тепкен кеміргіштер,
2.не болмаса анда-санда келіп кететін,
3.кеміргіштер жоқ болған кезде.
Осы объектілердің категориясына байланысты кеміргіштерді жою шаралары жүргізіледі.
Бірінші топтағы объектілерге барлығы жою және өсуін тежеу шаралары қолданылады. Ал екінші топтағы объектілерге колдалылатын шаралар олардың қаншалықты орналасуына, санына байланысты. Ал үшінші топтағы объектілерге тек қорғау шаралары жүргізіледі. Сондықтан жүргізілетін шаралар неғұрлым пәрменді болса оның қорғау мүмкіндігі артады.
Сол себепті практикалық жағдайда жою мен корғауды ұйымдастырып
екеудің түпкі мақсаты, кеміргіштерді толық жою екенін білген жөн. Кеміргіштерді жою кезінде жоғары улы жемтіктер қолданылып еліктіргіштерді әртүрлі қолдану керек. Тіпті кей жағдайда тез бұзылатын
балық, ет, т.б. тағамдарды қолданады.
Ал қорғау шараларын жүргізген кезде тағамнан еліктіргіштер жасайды, себебі олардың еліктіргіш қасиеті көп уақытқа шыдамайды да еліктіргіш қасиетін жояды. Бұл жағдайда көбіне құрғақ еліктіргіштер ұннан жасалған, құрама жемдер, астық қалдықтарын пайдаланған жөн.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Материалдар мен әдістер
Дипломдық жұмыс материалдар ретінде «Алтын Орда» сауда кешенінің кеміргіштердің орналасу, орын тебу көрсеткіштері болды. Бұл сауда орындарында кеміргіштер тұрақты түрде орын тепкен.
Дератизация әдістерінің ішінде ең қолайлы да арзан түрі алдартқыш жем қолдану. Алдартқыш жем дайындау мына төмендегідей әдістпен жүргізілді. Ол үшін әрбір килограмм бидайға 20 грамм Деродент препаратын қосып жақсылап у сіңіретіндей етіп араластырдық. Дайын болған алдартқыш жемді, мал тұратын загонға, мал соятын жерге, ет сататын павильонға, көкөніс сататын павильонға әр жерге тышқандар ініне жақын орналастырдық та бір тәулікке қалдырып кеттік. Сондан соң барып өлімге дұшар болғандарын жинап, өртеп жібердік.
Бұл әдіс кең тараған, қарапайы да жоғары нәтижелі, салыстыра келгенде арзандау көпшіктің қолы жете алатын әдістер.
Бастысы уланған алдартқыш жемдер (тағамдар, су) кеміргіштерді жоюға қолданылады. Алдартқыш жемді қолдану кеміргіштерді жоюдың негігі жолы.
Іс жүзінде бүл әдістің қолданылуы, оның нәтижесі кеміргіштердің улы жемтікті жеу деңгейіне байланысты. Ал жеу мөлшері қолданылған удың сапасымен дайындалған жемнің сапасымен байланысты.
Ғылыми әдебиетте тағаммен, жеммен берілетін улардың қолданылуы, олардың нәтижелігі туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар (Н.И. Дукельская, А.А. Пасешник, т.б.) алдартқыш жем дайындауға жарамдысы нанның қоқымы, әр түрлі быламықтар деп айтса, ал Н.И. Никифоров, Н.И., В. Ольхова, А.И. Михайлов, т.б. бұл мақсатқа тартылған ет десе, Н.Н. Нечаев — картоп пюресі деп санайды.
А.А. Поляковтың айтуынша сүр сабауқүйрықтар өздері мекен еткен мал фермаларындағы малға берілетін жемнен жасалған алдартқыштарды жақсы жейді дейді. Іс жүзінде жүргізілген дератизациялық жүмыстардың нәтижесі көрсеткендей, кеміргіштер сапасы жақсы кез келген тағамдарды, мал азықтарын жей береді.
Сол себепті көптеген мамандар алдартқыш жем әдісін қолданған кезде, оның нәтижелілігін көтеру үшін, кеміргіштерді азықтандырып яғни белгілі бір орында азық-түлікті беріп үйретіп, одан соң сол жерге улы жемтіктерді қоюды үсынады. Тәжірибе көрсеткендей алғашқы күндері сүр егеуқүйрықтар берілген жемге өте сақтықпен қарайды да жемді аз мөлшерде ғана жейді, келесі күндері де солай істейді. Сондықтан жем беруді 5-6 күн тоқтатпай, әр күні жемді жаңартып отыру қажет. Кеміргіштердің суға төзімсіз екенін ескеріп, тағамдардан жасалған алдартқыш жемдер мен қатар сұйық тағамдарды да пайдаланған жөн. Мысалы обрат, сорпа, т.б. Кеміргіштердің суға деген сүраныс деңгейін білу үшін С.Л. Янсон бірқанша зертханалық тэжірибелер жүргізген. Оның алған нәтижесі бойынша кеміргіштер 14% ылғалдығы бар азықпен қоректенгенде тез салмағын жоғалтып, су жетіспестігінен 5-10 күнде өлген. Ал ылғалдығы 32% азықпен қоректенген кезде жоғарыдағы жағдай қайталанған, бірақ та өлімге душар болуы 11-12 күнде болған.
Кеміргіштердің күнделікті өмір сүру дағдысына судың жетіспейтін бөлігін суы көп азықтардан алады. Судың мөлшері 65%-тен төмен болмауы қажет.
Зерттеушілердің байқауынша сулы тағамдарға (әр түрлі быламықтар) ылғалдығы төмен (бұршақ, дәндер, зығыр) азықтар қосып бергенде, кеміргіштердің суға сұранысы артады. Ал мал және құс фермаларында кеміргіштер астықтар мен құрама жемді қорек еткенде (олардың ылғалдығы 13-25 %) олардың суға деген сұранысы жоғары деңгейде болады.
Кеміргіштердің суға қосылған немесе басқадай сұйық алдартқыш етіп жасалған мына төмендегі: 0,1-1% азот қышқылды стрихнин, 1 % сулема, 2-5% мышьяк қышқылды натрийді жемейді, әуелі су болмаған күннің өзінде. Бірақ та суда ерімейтін улар тек көмірқышқылды барийдан басқалары суспензия ретінде недәуір нәтижеге қолдануға болады.
Көмір қышқылды барийдің ұнтағы судың бетіне шықпайды немесе қалқымайды, тез арада ыдыстың түбіне көтеріліп кетуін болдырмайды. Ал кейбір ерімейтін крысид, мырыш фосфиді сияқтылары су қосқан кезде бет жағына шығып, жұқа пленка түзеді.
Өндірістік және лабораториялық сипаттар көрсеткендей кеміргіштер суды себілген умен бірге жақсы ішеді де, сумен бірге ішілгенудыңмөлшері оларды өлімге әкеліп соғады. [37 ].
Тағамдарға қосып қолданған кезде, бұл істің нәтижелі болуы қолданылған удың қасиеті мен оның сипатына байланысты.
Орыстың ұлы физиологі И.П. Павловтың және оның шәкірттерінің жүргізген тәжірибемен дәленденгендей басты факторлар олардың ең бастысы мінез-құлқына әсер етеді де, дәрінің әсері мінез-құлқының өзгерісіне байланысты.
Көптеген зерттеушілердің айтуынша тез улайтын уды қолданғанның екінші жағы ағзада уға тез арада қорғаныс жауабы пайда болады да, кеміргінштер алдартқыш жемді қайталап жемей қоюы мүмкін.
Бұл жағдайларды былай түсіндіруге болады. Кеміргіштер жем жегеннен кейін ағзасындағы өзгерістерді байқайды да бірден қорғаныс реациясы пайда болады да улар рецепторларға әсер етеді. Сондықган кейбір кеміргіштер қауіпті мөлшерде уды алмай аман қалады. Одан кейін ондай аман қалған кеміргіштерде қорғаныс рефлекс пайда болып, олар көп уақыт (бір жылға дейін) алдартқыш жемді жемейді,
Кеміргіштерде әр түрлі уларға тез жауап беретін қорғаныс реакциясы у ағзасына бара сала пайда болады. Ондай уларға жататыны мыналар: мырыш фосфиді, крысид, қызыл теңіз сарымсағы, т. б.
Бұл жағдайды түсіндіре келе бірінші жолы жүргізілген дератизация жүмысының нәтижесі 70-85% деңгейінде болып төмен көрсеткіш көрсетеді, екінші де ары қарай жүргізіжен кезде бұл көрсеткіш 14-20% деңгейінде болады. Іс жүзінде дератизацияны өте улы дәрілерді қолданғанда 50-80% аралығында болады.
Үшінші алдартқыш жемді жеу мөлшеріне әсер ететін жағдай ол кеміргіштер орын теуіп орналасқан жердегі жем-шөп қорының молдығы. Ал азық қоры аз жерге орналасқан кеміргіпггерге сақгықпен алдартқыш жем жеу мүмкіндігі төмен болады.
Бүл жағдайда И.П. Павлов ғылыми түсінік бере алады. Тітіркенгіштердің көп мөлшері болған жағдайда, эр түрлі анализаторлар тек ең күштісіне ғана жауап береді. [40 ]
3.2 Дератизациялық препарат «Деродент-Д»
Бұл жаңалық ветсанитарияға қатысты болып табылады. Бұл родентицид синантропты кеміргіштерді жоюға арналған. Бұған дейінгі жасалған родентицидтік құрамның кемшілігі оның құрамына кіретін нейролептикке жеткізу қиын.
Біріншіден арнайы рецеппен ғана жіберіледі және дәрігердің шектеуі бар. Препарат шетелден әкелінеді. Оны елде тіркеуден өткізу керек. Препаратқа қосылатын ПЭГ-300, еріткіш ретінде қолданылады. Бірақта алдартқыш дайындағанда оның дәміне әсер етеп кеміргіштердің жеу мүмкіндігін төмендетеді.
Ал қант қосылған кезде, ол аттрактант ретінде кеміргіштерді ешбір қызықтырмайды. Осы жоғарыдағы кемшіліктерді орнын толыту үшін жаңа препарат жасуға тұра келді.
Зерттеу жұмысының мақсаты жаңа дератизациялық препарат құрастыру, ол дәмі жағынан және сапасы жағынан кеміргіштерді жою жолында жоғары тиімді болуы мақсат.
Сонымен қатар құрмаындағы заттар қол жетімді болуын қамтамасыз етуді жаңалықтың бастысы, препараттың улылығын қамтамасыз ету үшін оған препараттың синергетикалық қасиетін жоғарылату үшін арнайы дәрілік шөп әлекшөп (безвременник) тұнбасын қостық.
Деродент препаратының құрамына родентицид, еріткіш, уды күшейткіш, аттрактант және және бояғыш зат, сонымен қатар дифенацин, тағамдық өсімдік майы, әлекшөп (безвременник) және валериана тұнбасын, аз еритін тағамдық бояу қосады. [ 14,15].
3.3 Препаратты төмендегідей жолмен дайындайды. Ол үшін 600 гр өсімдік майын су ваннасына қыздырып отырып, тұрақты араластырып 10 грамм дифенацинді еріттік. Дифенацин толық ерігеннен кейін (май тұнық болып кетеді). Оған 1 грамм тағам бояуын қостық. 100 гр әлекшөп (безвременник) шөбінің тұнбасын жақсылап араластырдық.
Дайындалған препаратты 0.5, 0.1, 1.5 және 2 кг ыдыстарға салып араластырдық. Бұл дератизациялық құралды кеміргіштерді жою үшін тағамдық алдартқыш ретінде қолданады.
Алдартқыш жем дайындау үшін сапасы жақсы, бидай, жарма, ботқа, фарш және басқа да азық-түлік түрлерін пайдаланады. Әрбір килограмм азық түріне 20 гр Деродент препаратын қосып, жақсылап араластырып дайындайды.
Улы жемді кеміргіштер шоғырланған жерлерге 25-30 грамм партиямен егеуқұйрықтарға, ал 3-5 грамм тышқандарға арнап қояды. Бұл препарат кеміргіштердің өлімге дұшар болуын 100% қамтамасыз етеді. Өлімге дұшар ету дозасы егеуқұйрықтарға 16 мг/кг, тышқандарға 71 мг/кг.
Құрамына кіретін өсімдік майы және валериана тұнбасы кеміргіштерді жақсы еліктіреді де алдартқыш жемді жақсы жеуге әсер етеді. Әлекшөп (безвременник) тұнбасы қан тамырларының зақымдануына әкеліп соғып, қорғаныс реакциясын төмендетіп, дифенациннің улылығын күшейтеді.
3.4. Алдартқыштарды объектілерге орналастыру
Дайын алдартқыш жем дайындау үшін килограмм бидайға Деродент-Д препаратын дайындап, оларды қағаздан жасалған қалталарға 25-30 грамм мөлшерінде салып, әр жерге орналастырып қояды. Жалпы кеміргіштер қағаздан немесе басқа қапталған нәрселерді кеміріп, бұзып, түте-түтесін шығарып жеуді ұнанады.
Сурет -1,2. Алдартқыш жемді жасау («приманка» дайындау).
Сурет-3,4. Тірі мал тұратын орынға алдартқыш жемдер қою.
Сурет-5,6. Ет шабу залына алдартқыштар қою.
Сурет -7. Дератизациялық жұмыстар жүргізілгеннен кейінгі кеміргіштердің жойылған көріністері, кеміргіштердің өлекселері.
3.5 Базарда жүргізілген дератизациялық тәсілдің экономикалық тиімділігі
Жүргізілген есептерге сүйенсек 100 кг алдартқыш жемді Деродент-Д қосып дайындауға шығын барлық қоспаларын есептеп қарағанда, арзанға түседі.
Барлық шығындарды есептегенде 1 кг жемге кететін ақша көлемі 512,5 теңге, ал дәл осындай алдартқыш дайындауға зоокумаринді қолданса, оған 5620 теңге жұмсалады екен.Бұлардың % арақатынасын анықтау үшін мына пропорцияны құрамыз:
5620__________100%
512.5________х
_________________________
яғни, Деродент-Д препаратын дайындау 91.1% ға арзан.Бұл көрсеткіш ең төмен де,тиімді болып саналады.
- ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сауда орындарында еңбекті қорғау
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау ең алдымен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып табылады. Адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі адамның еңбек қызметі жүзеге асырылатын, əр түрлі қауіпті жəне зиянды факторлар қалыптасатын жұмыс ортасында айрықша маңыздылыққа ие болады. Өндіріс ортасының факторы жəне еңбек процесі, жұмыскердің еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығына əсер ететін, еңбек жағдайлары болып табылады. Қазіргі өндірістік техниканың жылдам өзгеруімен, жабдықты жаңартумен, оларды қолданудың теріс салдарымен жеткілікті зерттелмеген жаңа үрдістер мен материалдардың енгізілуімен сипатталады.
Сауда орындарында экология
Мысалы Алматы облысындағы мал базарлар санитарлық талапқа сай келмейді.
Сауда орнының басшылары базардың іргесін, жолдың бойы ғана ластап қоймаған. Сол маңға жақын орналасқан кең жазыққа да қойдың ішек-қарнын, бас-сирағын лақтыра берген.
Сатушы мен мал сатып алушылардың қауіпсіздігі мүлде қамтылмаған. Базардың айналасы сасыған ішек-қарын қалдықтары мен жемтікке толып кеткен болатын.
Қалдықтарды өңдеу және өртеу:
Қалдықтар бұл шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқада өндірісітк процестердің соңғы мақсатына дейін жетпей қалған қалдығы, дайын өнімді алғанда немесе толық және жартылай өзінің қолдану қасиеттерін жоғалтқанда пайда болады. Адам баласының планета үстінде жинаған заттардың жалпы алмағы, жылына 4 трлн.т. жетеді.
Жылына әлемдік экономикада 120 Гт қазба материалдарынан және биомассадан, барлығы 9 Гт (7,5 %) ғана өндіріс кезінде материалдарды өнімге пайдаланылады. Бұл көлемінің 80% артығы қайтадан негізгі және айналмалы материалды өндіріске енеді, яғни өндіріске қайтарылады. Тек 1,5 Гт адамдардың жеке тынысын қамтамасыз етеді.
Қалдықтар өндірістік қызметтен, қолданыстан да пайда болуы мүмкін. Осыған сәйкес олар өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары болып бөлінеді.
Тұрмыстық қоқысты залалсыздандырудың бір әдісі биотоп алатын биологиялық өңдеу. Залалсыздандыру және өңдеу қоқыстың өздігінен жануы есебінен жүзеге асады, сондықтан биотермиялық деп атайды. Бұл процесс аэробты жағдайда жылу сүйгіш және әртүрлі микроағзалардың өсіп жетілуінің нәтижесінде болады.
Елімізде және шет елдерде компотар, көкөніс өсіруде, ауыл шаруашылықта қалаларда, көгалдандыруда қолданады.
Қазіргі кезде қоқыс зауыттарда қалдықтарды залалсыздандыру
процессін механикаландырылған биотермиялық капастирлер жолымен жүзеге асырады., [43].
ҚТҚ-ды қабылдау және алдын ала дайындау.
-Биотермиялық компастирлеу
-компосты реттеу және сақтау.
-Компастирленбейтін фракцияларды өңдеу.
Биотермиялық залалсыздандыру процесі кейбір микро ағзаларда ҚТҚ компоненттерін тіршілік процестінед қорек ретінде қолдану әдісіне негізделген. ҚТҚ-ды термиялық, залалсыздандыруда қолданылатын кішірейтеді, патогенді микрофлора жайылады.
Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн.
Өрт қауіпсіздігі.Әрбір еңбек орындарында арнайы өрт сөндіргіштер қойылады.Әрбір өрт сөндіргіш пломбымен бекітіледі.Ол пломбыны өрт шыққан кезде ғана жұлады.Әрбір мекемеде өрт қауіпсіздігіне жауапты адам тағайындалады.Сонымен қатар әрбір қызметкерге өрт сөндіргіш құралдарын өрт кезінде қалай пайдалану керектігі үйретіледі.Мекемеде өртке себепші болатын қоқыстарды жинамай, дер кезінде тазалап отыру керек.Мекеменің ішінде тез тұтанатын өртке бейім заттар болмау қажет.Сонымен қатар мекемелердің дәліздерінде арнайы өрт сөндіруге арналған шлангтар және суға қосатын крандар боу керек.Ол крандарды қабырғаға арнайы орын жасап сол жерге су келетін кран және оған қосатын шлангтерді орналастырады.Оның бетін шынымен қаптап,шынының бетіне қызыл бояумен ПК-яғни,пожарный кран деп жазып қояды.Өртке жауапты адам тұрақты түрде кранда судың болуын тексеріп,кран сумен тұрақты түрде жалғаулы тұруын қадағалайды.
Тоқ қауіпсіздігі.Осы заманда электр сымдары ғимараттарда,әдетте сылақтың астында жасырылынады.Ал егер ашық болған жағдайда арнайы сыртынан пластмассадан қап жасап,электр сымдарын сонын орнына орналастырып жабық тұруын қамтамасыз етеді.Элект сымдарының қосылған жерлерін міндетті түрде изолентпен орап сымдардың ашық қалуына жол бермейді.Көптеген ғимараттарда эектр сымдарын тез тұтанатын ағаш,пластмасса т.б тез тұтанатын құрылыс материалдарының бетіне орналастырмайды.Ал розеткалармен тоққа қосылатын басқа да құрылғылар міндетті түрде зауыттан шыққан арнайы розеткаларды қолданады.Егерде ғимаратты электр тоғымен істейтін құралдар болса,оларды міндетті түрде жермен байланыстырып(заземление) тоқтың сымдары тұйықталған кезде тоқ жерлендіру арқылы топыраққа сіңіп кетеді., [44].
- ҚОРЫТЫНДЫ
1.Деродент-Д препараты соңғы жылдары шыққан. Қазақстанда жасалған препарат.
2.Құрамы жағынан қол жетімді, құрамына кіретін компоненттер елімізде шығады.
3.Жасалу жолы өте оңай,кез келген шаруашылық жағдайында жасауға мүмкіндік бар.
4.Деродент-Д препараты 100% нәтиже береді.
- ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР 1.Препаратты ірілі-ұсақты шаруашылықтарда,жеке шаруалар,өндірістік кооперотивтер салып алуына,алдын ала тапсырыс беруіне болады.
2.«Деродент-Д» препаратын өзіміздің елімізде көптеп шығарып,қолдануды ұсынамыз.
7.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Айзенштад Д.С. Расселение серых крыс вдоль железнодорожного полотна. Природа, № 4, 1960. Аносов Н. Н., Виленский Б. С. Лечение и предупреждение тромбозов сосудов головного мозга антикоагулянтами. Л., 2009-160 с.
2.Архипианц X. Д. Практические руководства по дератизации, изд. 2,2009.
3.Вашков В. И. Растворимость альфа-нафтилтиомочевины (крысид)воде, слюне, желудочном и кишечном соке. Тр. ЦНИДИ, в. 4,2008.
- Вашков В. И. Избирательное токсическое действие препарата «крысид-ЦНИДИ» (альфанафтилтиомочевины) на некоторых животных. Тр. ЦНИДИ, в. 2,2006.
5.Вишняков С. В., Дмитриевская Е. М., Крылов Д. Т., Тарасова Н. Е. Дезинсекция сурочных нор путем опыливания дустами. Тезисы докладов на конференции ЦНИДИ.-М., 2001.-С. 149-150.
6.Востриков Л. А., Кузников Л. П. Животные вне закона, Хабаровск, 2008.
7.Гамалея Н. Ф. Чума и борьба с нею, Харьков, 2000.
8.Гейнс Т., Кимбоу Р. Токсичность препарата метема для крыс и замечания в отношении других хемостерилянтов. Бюллетень Всемирной организации здравоохранения, т. XXXI, №5,2004.
9.Голубеева М. П., Розенфельд У. Ф. Роль иммунитета в деле борьбы с серыми крысами, Б. Данича, Тр. Всесоюзного инстигута с/ х микробиологии, т. 1,2006.
10.Дукельская Н. М. Варфарин — новое средство борьбы с крысами. «Ветеринария»,в. 3,2007.
11.Дукельская Н. М. Новые средства борьбы с грызунами. Фауна и экология грызунов, № 8, 2006.
12.Дукельская Н. М., Наумова И. М., Смирнова Т. В. Новый зооцид. Защита растений, № 8, 2006.
Дроздов А. И., Третьяков А. Г. Дератизация на птицефабриках с применением препарата аратамус.- М., ВИНИТИ, изд. 3, 2007.
13.Жамансарин Т. М. Зиянкес кемірушілермен күрес, Жаршы № 11,2003,57-58 бег.
14.Жамансарин Т. М. Қазақстанда ксң іариіин иіміпим кемірушілер, Жаршы, № 8,2004.
15.ЖамансаринТ. М. Кеміргіштердің тіршілік ерекшеліктері мен экономикалық зияндары, Жаршы, № 12,2004.
16.Жамансарин Т. М. Егеуқұйрықтар Евразияға жетіп қалды, «Жазира» журналы, № 7,2004 ж.
17.Жамансарин Т. М. Қазақстанда кең тараған зиянкес кемірушілер, Жаршы, № 10,2004, с. 20-22.
18.Жамансарин Т. М. Алдартқыш жемдер дайындауға қажетті азық- түліктерді таңдау және оларды дайындау әдістері, Жаршы, № 1,2005.
19.Егорова Л. В. Дифенацин как новый препарат для дератизации. Тезиеы докладов совещания по проблеме изыскания и изучения новых лекарственных препаратов. Рига, 2007.
20.Егорова Л. В. Новый препарат для уничтожения крыс и мышей. Земледелие и животноводство Молдавии, № 1, 2008.
21.Егорова Л. В. Новые данные о токсичности ратиндана и пивалила для грызунов и домашних животных. Тезисы докладов на конференции ЦНИДИ, 2009.
22.Залежский Г. В. Опыт учета численности грызунов в городских условиях. Тезисы докладов на конференции ЦНИДИ, 2009.
23.Зацепин В. Г. Безприманочный метод дератизации. Вопр. Гигиены и ветсанитарии при различных технологиях содержания животных, 2007,103-105. Библ. 7.99-12099.
24.Исаченко Б. Л. О новой бацилле, вызывающей эпизоотию среди крыс. Известия, Мин. земл. № 20, 2008.
25.Калабухов Н. И. Периодические изменения в организме грызунов, их причины и последствия, Л., 2009.
26.Колесников И. И. О появлении серой крысы в Ташкенте. Тр. Среднеазиат. Гос. Университета, 2002, в. XXXII, биолог. Науки, кн. 2.- С. 193-201.
27.Кузякин А. П. История расселения, современное распространение и места обитания пасюка в СССР. Фауна и экология грызунов, в. 4, 2000.
28.Матусевич В. Ф. Опыт сплошной дератизации с применением красного морского лука. Проблемы ветеринарной санитарии. Т. XIX, М., 2001.
29.Никифоров Н. И. Борьба с мышевидными грызунами в животноводческих и птицеводческих хозяйствах. Краснодар, 2008.
30.Никифоров Н. И. Борьба с грызунами на фермах. М., Колос, 2007.
31.Никифоров Н. И., Эңдзин А. К. Памятка дератизатора. М., 2001.
32.Полежаев В. Г. Организация дератизационных мероприятий органами здравоохранения. Тр. ЦНИДИ, 2008, в. 4.- С. 135-139.
33.Полежаев В. Г. Основные направления научных изысканий в области дератизации. Тр. ЦНИДИ, в. 6, 2000.
34.Полежаев В. Г. Состояние дератизационных работ и путь их развития. Тр. ЦНИДИ, 2007, в. 10.-С. 217-223.
35.Полежаев В. Г., Кирин Л. А. Использование в дератизации отпугивающих грызунов препаратов. Тезисы докладов на научной конференции ЦНИДИ, 2005.- С. 127-130.
36.Прохоров М. И. Микробиологический метод борьбы с вредными грызунами. Л. М. 2002.
37.Розинский Ш. А. Результаты применения ратиндана для дератизации в колхозах и совхозах Молдавской ССР. Тезисы докладов Всесоюзного совещания по проблеме «Средства уничтожения с/х грызунов». Рига, 2003.
38.Саноцкий И. В. Основные понятия токсикологии. В книге «Методы определения токсичности и опасности хим. веществ». Изд. «Медицина», М., 2000.
39.Тажибаев А. С. Грызуны — источники инфекционных заболеваний. Алматы: «Кайнар», 2000.
40.Тажибаев А. С. Вредные грызуны и борьба с ними. Деп. Каз. Гос. НИИНТИ, вып. 5-6, Алматы, 2009.
41.Тажибаев А. С. Дератизация ветеринарных объектов и ее научные основы. — Алматы, 2000.-285 с.
42.Тажибаев А. С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора. — Алматы, 2000.-256.
43.Тажибаев А. С. Синантропные грызуны в Қазахстане и научные основы борьбы с ними, г. Алматы, ТОО «Жаңа-Полиграф», 2001 г.
44.Тажибаев А. С., Жамансарин Т. М. и др. Эффективные средства истребления крыс и мышей, Вестник КазАГРУ, г. Астана, 2004.
45.Тажибаев А. С., Жамансарин Т. М. и др. Научные основы и практические результаты повышения эффективности родентицидов антикоагулянтной группы, Вестник КазАГРУ, г. Астана, 2004.
46.М.Ш.Әлинов. « Экология және тұрақты даму».-Алматы,2012.-272б
47.Ә.Бейсенова,А.Самақова,Т.Есполов,Ж.Шілдебаев. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» -Алматы ,2004