АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дайындаудың әдістемесі, КАСиТ — 2015 — 43

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

КІРІСПЕ

 

1 ЖАС АУЫР АТЛЕТШІЛЕРДІҢ  ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

  • Қазақстандағы Ауыр атлетикасының даму тарихына қысқаша шолу
  • Жас өспірімерді оқу-жаттығу бағдарламасына дайындық

1.3 Ауыр атлетикадағы жас спортшылардың жарысқа дайындығы және қатысуы

 

2 ЗЕРТТЕУДІҢ  ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеудің әдістері

2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы

 

3  АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3.1 Ауыр атлетикадағы жас өспірімдердің әдістерін жетілдіру

3.2 Ауыр атлеттерді жастайынан бастап даярлаудың бастапқы кезеңдегі оқу-жаттығу бағдарламасы

  1. 3 Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дене сапаларын дамыту

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

 Берілген жұмыста келесі стандарттар қолданылды:

  1. ГОСТ 7.32 – 2001. Ғылыми-зерттеу жұмыстары есебі. Рәсімделуінің құрылымы және тәртібі.
  2. ГОСТ 7.1 – 2003 .Библиографиялық жазба. Құрылымы мен құрылымна қойылатын жалпы талаптар. 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы»Қазақстан Республикасының заңы ( 29.09.2014 жылғы өзгертулерімен )
  3. 2011-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың тармақтарның бағдарламасы. –Астана,2015.

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Дипломдық  жұмыста төмендегідей анықтамалар қолданылды

Жұмысқабілеттілік – адамның уақыт бірлігі ішінде нақты тиімділікпен жұмыстың максималды мүмкін көлемін атқара алу қабілеті.

Дене жаттығулары – дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.

Күш – адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.

Шапшаңдық – адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.   

Ептілік – адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Төзімділік (жалпы) – адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.

Иілгіштік – қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Қимыл іс-әрекеттері – Адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқа да мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимылдардың жиынтығы.

Қимыл дағдысы —  Құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

Жк — жұлқа көтеру

Ск — серпе көтеру

Бқ — бастапқы қалпы

ДЖҚ – дене жүктемесі қарқыны;

ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі;

АҚ — артериялық қан қысымы ;

СҚ — систолалық артериялық қысым;

ДҚ- диастолалық артериялық қысым;

ПАД- пульстік артериялық қысым;       

МҚК- минуттық қан көлемі;

СК- систолалық қан көлемі;

 с         –  секунд    

 м        — метр

КІРІСПЕ

 

Ауыр атлетика — спорттың олимпиадалық түрі. Ол дүниежүзінің көп елдерінде жақсы дамыған және біздің Отанымызда да көпшілікке кеңінен таралған.

Спорттың кеп түрлерінде ауыр атлетикалық жаттығулар көмекші ретінде қолданылып жүр. Ол жаттығулардың дені адам организміне сауықтыру әсерін тигізеді.

Күрделі ғылыми мәліметтер, машыктандырудың тиімді әдіс-тәсілдері, ауыр атлеттерді ерте мамандандыру мәселелерін зерттемелеу, спортшылар организмін қайта қалпына келтірудің жаңа амалдары және т.б. Тек қана клас- сикалық жаттығуларды және машықтандыру тәсілдерін оңтайландыру зерттеме жасауға мүмкіншілік берумен бірге олардың физиологиялық негізін қалайды. Ал мұның спортшы нәтижелерінің ілгері дамуына игі ықпалын тигізері сөзсіз.

Жұмыстың көкейксекілігі. Қазіргі кезде ауыр атлетика түрі жақсы дамып келе жатыр.  Дегенменде  ауыр атлетика жалпы дене дайындығының ерекшеліктері әлі  күнге дейін зерттеліа келе жатқан, практикалық тұрғыдан маңызы зор сауалдардың бірі.Сондықтанда  атлетшілердің  ағзасының даму ерекшлеіктері,  ағзасының мүшелері мен жүйелерінің  анатомия –физиологиялық заңдылықтарға сай ретті жұмысы,  шаршау, зорығу секілді физиологиялық күрделі  үрдістердің алдын алу сияқты жұмыстардың жүргізілуі жасқсы нәтиже жету жолындағы тиімді тәсілдер.

Жан-жақты дайындық – ауыр атлетшілер жоғары дәрежеге жетудiң негiзi болып саналады. Адам денесi неғұрлым мықты, жұмыс iстеу қабiлетi жоғары болса, соғұрлым спорттық жаттықтыруға жылдам бейiмделiп, жоғары көрсеткiш көрсетуге дайын болады. Ауыр атлетика тәсілі қарапайым бірізділікпен оқытылады, бірақ әдістемелік тәсілдер шұғылданушының қызығуын туғызуға ықпал етуі керек. Спортшының дайындығы жоғары деңгейде болу үшін спортшының дене шынықтыруына тікелей байланысты. Спортшының денесі неғұрлым шымыр болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болады.

Зерттеудің болжамы: Көптеген ғылыми деректерге шолу жасай отырып ауыр атлетшілердің дене сапаларын дамытудағы ерекшеліктерге де аса назар аудару керек. Аталған бағыттағы спорттық шеберлікті баптауда спортшының жекелей мүмкіндітері мен қатар, негізгі психоденелік сапаларын жақсартатын ерекшеліктері де ескерілуі тиіс. Зерттеу мақсатына қойылып отырған мәселелер ауыр атлетикамен  айналысатын спортшылардағы дайындық деңгейлеріне қарай  денелік мүмкіндіктерінің болжамын анықтау.

Зерттеу нысаны: Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дайындаудың әдістемесі.

Зерттеудің пәні – Оқу жаттығу сабақтарында  атлетердің жабдықтарын белгілеу  және қолдану тәсілдерін сипаттау.

Жұмыстың  мақсаты:Ауыр атлетикадағы жас спортшыларға әдіс тәсілдерін дұрыс үйрету.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Ауыр атлешілердің ағзасындағы анатомия-физиологиялық үдерістерге сүйене отырып, психологиялық күйі мен физикалық дайындығының жақсартуға болатын ұсыныстар жасау;
  2. Ағза жүйелерінің қалыпты жұмысының әртүрлі техника тактикалық тәсілдер жасаудағы маңызы туралы мағлұматтар беру.

Зерттеудің ұйымдастырылуы. Ауыр атлетикамен айналысатын  оқушылардыың сабақ уақытындағы  қалай дұрыс тактинаы-техниканы үйренгені туралы алынды. Адамның артериялық қан қысымын өлшеу жүрек аортаға келетін қан және өкпе артериясы қысым тудырады. Бұл қысым түтік қабырғаларындағы сұйық бөлігінде үйкелісті тудыратын қарсылықты жою үшін қажет.

Зерттеу әдістері: Аталған құрылымдық ерекешеліктер даму деңгейінің белгілі бір іс –әрекетті игеруі барысында денелік және психикалық сапаның қалыптасуын көрсетеді.

Аталған міндеттерді шешуге  қолданылған әдістер:

— ғылыми әдістемелік әдиеттерге  талдама жасау;

— педагогикалық тестілеу және тәжірибе;

— математикалық статистикалық әдістер.

Зерттеудің әдістемелік негізін спорттық жаттықтырудың жалпы теориясы жөніндегі еңбектер (Набатникова М.Я., 1982; Платонов В.Н., 1984; 1986; 1997; Суслов Ф.П., Холодов Ж.К., 1997; Матвеев Л.П., 1999 и др.), спортшылардың физикалық дайындығы саласындағы ғылыми зерттеулер (Зациорский В.М., 1966; Вайцеховский СМ., 1969; Кузнецов В.В., 1970; 1975; Верхошанский Ю.В., 1977; 1988; Филимонов В.И., 1979; 2000) құрады .

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Ауыр атлетика –жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті қажет ететін спорт  түрлерінің бірі. Атлеттер спорттық дайындық деңгейін жақсарту барысында ағзаның да  жүйелерінің маңызын,құрылымын,қызметін үнемі қалыпты ұстап  отыру керек. Ағзаның шаршау мехаизмдерінің алдын алып, шаршау күйінің туындамауын, оның әрі қарай қажу, зорығу секілді физиологиялық күйінің патологиялық жайдайға ауысып кетпеуінің алдын алу үшін, үнемі жаттығу мен тынығудың орнын ретті алмастырып, жүйелі жаттығу керек. Ал атлет үшін маңызды қимыл белсенділіктері шапшаңдық, күштік деп аталатын ерекше сапаларын жақсартуда аталған физиологиялық күйлердің үдерісін білудің маңызы зор.

Дипломдық жұмыстың құрылымы меʜ кɵлемі: Дипломдық жұмыс кіріспедеʜ, 3 бɵлімʜеʜ, қорытыʜдыдаʜ, тəжірибелік ұсыʜыстардаʜ жəʜе қолдаʜылғаʜ əдебиеттер тізіміʜеʜ тұрады.

 

 

 

 

 

 

1 ЖАС АУЫР АТЛЕТШІЛЕРДІҢ  ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

  • Қазақстандағы Ауыр атлетикасының даму тарихына қысқаша шолу

 

Ауыр атлетика спорты Қазақстанда Кеңес билігі орнатылғаннан кейін дами бастады.

1923-1934 жылдары Верный қаласындағы жаппай білім беру жүйесінің жанында әскер қатарына шакырылушылардың клубы жұмыс істеді. Ондағы әр түрлі спорттық секцияларда жастар жиі бас қосатын болған. Ауыр атлетикалық топты нұсқаушы Пинчуков басқарған болатын. Ол кезде ынталы жандардың күшімен баспахана шеберханаларында темір өзектен және қорғасыннан қарапайым зілтемірлер (штангі) жасалып, оның білігіне кигізілетін әр түрлі салмақтағы дөңгелектер іздестірле бастаған болатын.

Ауыр атлетикамен айналысатындардың саны көп болған жоқ. Секцияның әрбір мүшесі өз бетінше жаттығумен болды. Клуб мүшелері әр сенбі сайын көрнекі жаттығулар көрсетіп жүрді. Бірақ, ол жаттығулар негізінен спорттық емес, театралдық көрнекі көрсету болатын. Мысалы, Пинчуков өзінің нөмірінде кәсіптік цирк аттракционын орындаумен шектелді.

1926 жылы ауыр атлетикалық спорт Ақмола губерниясының Петропавол және Көкшетау қалаларында пайда болды. Петропавлда ауыр атлетика секциясы «Строитель» клубы жанында үйымдастырылды. Оның алғашқы үйымдастырушылары мен басқарушылары С.Рыспеков пен В.Зыковтар еді.

1928 жылы Петропавл мен Көкшетау қалаларының ауыр атлеттері арасында алғашқы спорттық кездесу өткізілді[1].

1934 жылы Петропавлда ауыр атлеттер арасында қалалық біріншілік өткізілді. Алғашқы рекордсмендер арасында Базилевский, Шарфмессор, Ю.Косенков, М.Кемарский, Н.Провин, В.Сериков, А.Ищенко, В.Соболев, Г.Шилов, А.Попов, В.Иолов, П.Прима,Ю.Беселидзе, В.Иванов, В.Короленко, А.Костин, т.б. болды.1930 жылы ауыр атлетика спорты Қазақстан астанасыАлматыға келді. Оның алғашқы ұйымдастырушыларыАлматы дене шынықтыру техникумының директоры Виктор Матвеевич Зимин және физика пәнінің оқытушысы Франц Михайлович Шимкунас болатын.

1936 жылы бүкіл Қазақстандық спартакиаданың қорытынды бөлімінде ауыр атлеттер өнерінің көрнекі көрсетулері ұйымдастырылға болатын.

1937 жылы 14 сәуір күні алғашқы Алматы чемпионаты өткізілді. Алғашқы жоғары жетістіктердің авторлары мен чемпиондары болып Ю.Косенков (аса жеңіл салмақ), А.Костин (жартылай жеңіл салмақ), М.Кемарский (жеңіл салмақ), Н.Пронин (орташа салмақ), В.Зимин (жартылай ауыр салмақ), Қ.Сариновтардың (ауыр салмақ) есімдері аталды.

1938 жылы қаңтар айында, республикалық ауыр атлетика секциясының шақыртуымен, сол кездегі Кеңестер Одағындағы ең күшті атлеттердің бірі — спорт шебері К.В.Назаров көрнекі көрсетулер өткізу үшін Қазақстанға келтін болы.

1938 жылдың көктемінде Алматы қаласында ауыр атлетикадан Қазақ КСРО біріншілігінің алғашқы жарыстары өткізілді. Оған тек төрт (Алматы, Шымкент, Қостанай және Петропавл) облыс орталығының командалары ғана қатысты. Бұл жарыста тоғыз республика рекорды жаңартылды.

1939 жылы біздің ауыр атлеттер алғашқы рет КСРО біріншілігіне қатысып, соңғы орыннан бір саты жоғары болды.

1940 жылы республика спортшылары Қазақ КСР-нің 20 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстандық спартакиада өткізумен атап, ауыр атлеттер 11 рекорд жасады, ал А.Костин КСРО спорт шеберінің нәтижесін көрсетті.

Ұлы Отан соғысы кезеңіңде ауыр атлетика спорт түрі ретінде республикада тек «Динамо» Ерікті спорт қоғамы (ЕСҚ) ұжымдарында ғана дамыды. Кейін де, соғыстан кейінгі алғашкы жылдары бұл қоғам Қазақстанда ауыр атлетикадан ең күштілер қатарынан көріне болы. Рекордтардың бәрі, тек жартылай ауыр салмақ категориясынан басқасы, осы «Динамо» қоғамы атлеттеріңің үлесіне тиді. 1950 жылдың тамыз айында өткізілген Бүкіл Қазақстандық мерейтойлық спартакиада республикада ауыр атлетиканың дамуына үлкен себепкер болды. Бүл республикалық ауыр атлетика спорты тарихындағы ең ірі жарыстардың бірі болып саналды. Оған барлық 15 облыстың командалары қатысқан болатын.

1951 жыл бір ерекшелігімен тарихта қалды. Берлин фестивалінде Қазақстаннан қатысқан атлет И.Соломоха жеңіл салмақ категориясында үздік болып, алтын медальмен марапатталды.

Ауыр атлеттер жылдан жылға өздерінің жетістіктерін арттырумен бірге әр біріншілікте республика рекордтарын жаңартумен болды. Алайда, олар Бүкілодақтық біріншіліктерде 13-ші орыннан жоғары көтеріле алмады. 1954 жылы бұқаралық дамуға байланысты, спорт шеберлігінің өсуі байқала бастады. Секцияға қатысушылардың саны 3037 адамға жетсе, олардың ішінен төртеуі спорт шебері нормативін орындады. Сол жылы Қазақстан ауыр атлеттері республика рекордтарын 27 рет жақсартты.

Қазақстандағы ауыр атлетиканың дамуына КСРО халықтарының I спартакиадасы өте маңызды ықпал етті. Онда республиканың құрама командасы бірінші рет сегізінші орынға көтерілді.

Сол жылдардағы жетістіктердің ішінен жас, ауыр салмақты, Қазақ дене шынықтыру институтінің студенті Вячеслав Калининнің табысын айтуға болады. Ол 1957 жылы Мәскеуде өткізілген Халықаралық жастар және

студенттер фестивалінде жарыс жеңімпазы болып, алтын медальмен марапатталды. 1958 жылдың сәуір айында Донецк қаласында КСРО біріншілігінің жеке тұлға жарысы болды. Оған Қазақстаннан үш атлет қатысты: Огепан Ульянов, Василий Цуириков және Владимир Эсембаев. Степан Ульянов жеңіске жетіп, аса жеңіл салмақта алғашқы рет Кеңестер Одағының чемпионы атанған болатын.

1958 жылы Киев қаласында өткен Бүкілодақтық студенттер ойындарында Қазақстан атлеттері еліміздің дене шынықтыру жоғары оқу орындары арасында командалық есепте бірінші орынға ие болды. СтуденттерA.Пак, А.Березовский, В.Берлизов, Н.Пахутков жәнеB.Калинин алтын медальді жеңіп алды.

ВЦСПС (Бүкілодақтық Кәсіподақтары Кеңес Орталығы) спарткиадасында Алексей Пак жартылай жеңіл салмақта екінші орынға шығып, күміс медальді иеленсе, жартылай ауыр салмақта Анатолий Небучин қола медальға қол жеткізіп, алғашқы рет КСРО спорт шебері нормасын орындады. Осы жарыста спорт шебері Степан Ульянов сығымдап көтеруде 110 келі нәтиже көрсетіп, аса жеңіл салмақта дүниежүзілік рекорд жасады.

Нәтижелер өсуде. ВЦСПС-тің жеке біріншілігінде жартылай орта салмақта Григорий Щепкин чемпиондыққа жетіп, алтын медальді жеңіп алды. Ташкентте өткен Азия және Шығыс елдерінің халықаралық жарыстарын- да С.Ульянов пен А.Небучин өз салмақ категориялары бойынша жеңімпаз деп танылды.

1968 жылы, КСРО Кубогінде алматылық Николай Пахутко Орта Азия мен Қазақстанда алғашқы рет «гроссмейстерлік шептен» асып, ауыр салмақта үштік сайыстың жалпы есебі бойынша 500 келі салмақты басып өткен.

Қазақстан ауыр атлеттері КСРО халықтары спартакиадасына аса зор мән беріп жүрді.

Тоғызыншы — Анатолий Храпатый.

1991 жылға дейінгі КСРО чемпиондары мен КСРО Кубогінің иегерлері:

—    Степан Ульянов (екі рет),

—    Юрий Зайцев (төрт рет),

—    Вячеслав Андреев (екі рет),

—    Виктор Мазин (үш рет),

—    Сергей Копьггов (бес рет),

г, Анатолий Храпатый (бес рет),

—    Василий Мажейков,

—    Александр Попов (екі рет),

—    Евгений Сыпко,

—    Қорғанбай Ерметов,

—    Александр Коробов.

Олимпиада чемпиондары Қазақстан ауыр атлетикасының мақтанышы болып саналады. Олар:

—    Юрий Зайцев (Монреаль, 1976 ж.),

—    Виктор Мазин (Мэскеу, 1980 ж.),

—    Анатолий Храпатый (Сеул, 1988 ж.),

—    Илья Ильин (Бейжін, 2008 ж.)

Азиада Ойындарының чемпиондары:

—    Андрей Макаров (1994, 1998 ж.ж.),

—    Вячеслав Ню (1994 ж.),

—    Сергей Копытов (1994 ж.),

—    Майя Манеза (2010 ж.),

—    Светлана Подобедова (2010 ж.),

—    Илья Ильин (2010 ж.)

Ауыр атлетикалық спорт ардагерлерін (кейін олар Қазақстанда жаттықтырушы және «зілтемір ойындарының» ұйытқылары болды) ерекше атап кету керек. Жогарыда аталған В.Пинчуков, С.Рыспеков, В.Зыков, В.Зиминдермен бірге С.Старченко, Ф.Шикунас, Д.Четвериков,Е.Яшников,П.Калифутов,Б.Макаренколар туралы да жылы лебіздер айту ләзім.

Александр Костин тұғырға (помост) шығуын қойғаннан кейін, қазақстандық ауыр атлетиканыбасқарып, «КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген мәртебелі атаққа ие болды. Алғашқы «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» атанған Федор Радужный, Владимир Хок, Михаил Ким, Ислам Аужанов, Николай Пахутко, Юрий Петренко сынды бапкерлердің ауыр атлетика спортын дамытуға қосқан үлестері қаншама. Осындай жоғары атаққа ие болған жаттықтырушылар: Владимир Ничепуренко, Николай Снегуров, Сергей Лим, Александр Сидоров, Александр Стерликовтер дүниежүзілік деңгейдегі атлеттер шоғырын дайындады.

Ауыр атлетика практикасының дамуымен бірге ауыр атлетикалық ғылым да өрге қарай қарқын ала бастады. Алғашқы ғалымдардың қатарында Михаил Хлыстов, Владимир Хок, Владимир Ким, Серік Мұстафин, Николай Ге, Мирон Ким, Иван Сивохиндар болды.

Осы «Зілтемір ойынына» бірте-біртеқазақ жастары да қызығушылық білдіре бастады.

Кеңестік әскер қатарында, алыстағы Брест қаласында өзінің азаматтык борышын өтеп жүрген осы жолдардың ізгі авторы — Серік Мүстафин қазақ жігіттері арасынан ең алғашқы КСРО спорт шебері атағына      (1959 ж.) ие

Екінші КСРО спорт

С.К. Мұстафин щебері _ Аманкелді

Рымқұлов (1964 ж.).

Үшінші — Сайлау Қайырбеков.

Бірінші халықаралық класстың спорт шебері — атлет Қажымұрат Нұрғазин (1975).

Екінші — Мүхамеджан Хамитов.

Үшінші — Қуаныш Рымқұлов.

Кейінгі жылдарда Ізбасар Оразбақов, Ғазиз Тубышев, Ғ айдар Саржанов, Аманкелді Елеуов, Жаныбек Зулқашев, Жанат Абайділдин, Нүржан Смаханов, Нұрлаи мен

Мақсат Рымқұловтар, Қабдырахман Рахымұлы, Дэулет Әбділғазин жэне ондаған басқа қазақ жігіттері «КСРО спорт шебері» белгісіне ие болды.

Бүгінгі таңда ауыр атлетика спорттың үнемі алда жүретін өскелең түрі ретінде Қазақстан Республикасында берік орын алуда. Оған әр жылдары өткізілген Олимпиадалық ойындар мен әлем чемпионаттарының корсеткіштері куэ. Мәселен, Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) өткен 2000 жылғы ХХVІІ Олимпиада ойындарының қорытындысына көз жүгіртіп көрейік: Дмитрий Ломакин (62 кг) коссайыста 282,5 кг көтеріп, 13-ші, Сергей Филимонов (77 кг) 362,5 кг-мен 4-ші, Слава Ню (94 кг) 375 кг-мен 12-ші, Андрей Макаров (77 кг) 375,6 кг- мен 13-ші орындарды иеленді.

Греңия. Афины. 2004 жылғы ХХҮІІІ Олимпиада ойындары. Ерлерден Сергей Филимонов (77кг) қоссайыс корытындысы бойынша 372,5 кг көтеріп, 2-ші орынға көтерілсе, 390 кг көрсеткішпен Бахыт Ахметов (94 кг) 7-ші орынмен қанағаттанды. Әйелдер арасынан Татьяна Хромова (75 кг) қоссайыс нэтижесінде 252,5 кг көтеріп, 6-шы орынды алды.

Түркияның Анталия қаласында өткен 2001 жылғы Әлем чемпионатында Ольга Саблина (58 кг) қоссайыста 185 кг көтеріп, 10-шы, Светлана Дандукова (63 кг) 185 кг — мен 13-ші, Татьяна Хромова (75 кг) қоссайыс көрсеткіші бойынша 240 кг нәтижемен 5-ші орынды иеленді. Бұл жарыска ерлер командасы қатысқан жоқ. Варшавада (Польша) өткен 2002 жылғы Әлем чемпионатында Елена Сукхина (58 кг) 14-ші (180 кг), Лиза Карасева (63 кг) 11-ші (175 кг), Оксана Баланюк (69 кг) (195 кг) 11-ші, Аиза Кутюшева (69 кг) (180 кг) 14-ші, Людмила Какунова (75 кг) 240 кг 12- ші, ал Олег Шин (62 кг) (277,5 кг) 11 -ші орындарды бөлісті.

Канада. Ванкувер. 2003 жыл. Әлем чемпионаты. Ирина Власова (69 кг) 207,5 кг-15-ші, Татьяна Хромова (75 кг) 240 кг-8-ші, Людмила Канунова (+75 кг) 330 кг — 14-ші, Дмитрий Фролов (105 кг) 387,5 кг — 14-ші орындарға ие болды.

 Катар. Дона. 2005 жылғы Әлем чемпионатында Мария Гробовецкая (+75 кг) 261кг 6-шы, Александра Аборнева (+75 кг) 235 кг 11-ші орындарды бөліссе, ерлер арасында Илья Ильин (85 кг) коссайыстың нәтижесінде 386 кг көрсеткішпен 1 — ші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тағынды. Бахыт Ахметов (94 кг) 397 кг 4-ші, Вячеслав Ершов (85 кг) 375 кг 7-ші орындарға көтерілді.

2006 жылғы (Сантьяго. Доминикан республикасы) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Ирина Власова (75 кг) (230 кг) 7-ші, Александра Аборнева (75 кг) (257 кг) 5-ші, ерлерден Қуаныш Рахатов (69 кг) (300 кг) 9-шы, Вячеслав Ершов (85 кг) (367 кг) 4-ші орынға көтерілсе, Илья Ильин (94 кг) қоссайыста 392 кг нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

2007 жылғы (Чангмай, Тайланд) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Ирина Некрасова (69 кг) 228 кг — 9-шы орын, Хромова Татьяна (75 кг) 226 кг — 10-шы орын, Аборнева Александра (75 кг) 264 кг — 5-ші орын, ерлерден Кузнецов Владимир (77 кг) 345 — 9-шы орын.

2008 жылғы XXIX Олимпиада ойындары. Пекин, Қытай. Әйелдер арасында Ирина Некрасова (63 кг) (340 кг), Алла Вашенина (75 кг) (266 кг) 2-ші, Мария Грабовецкая (75 кг) (270 кг) 3-ші орындарды иеленсе, ерлерден Илья Ильин (94 кг) қоссайыс бойынша 405 кг нәтижемен бірінші орынды жеңіп алды. Ал Владимир Кузнецов (77 кг) (351 кг) 9-шы, Владимир Седов (85 кг) (351 кг) 4-ші, Бахыт Ахметов (105 кг) (415 кг) 5-ші, Сергей Истомин (105 кг) (405 кг) 7-ші орындарды бөлісті.

2009 жылғы (Гоянг, Оңтүстік Корея) Әлем чемпионаында әйелдер арасында Чиншанло Зульфия (53 кг) 219 кг — 1-ші орын, Черемшанова Светлана (53 кг) 202 кг 5-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 246 кг — 1-ші орын, Хромова Татьяна (75 кг) 245 кг — 5-ші орын, ерлерден Кузнецов Владимир (85 кг) 383 кг — 3-ші орын, Седов Владимир 094 кг) 402 кг — 1-ші орын.

2010 жылғы (Анталья, Түркия) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Черемшанова Светлана (53 кг) 197 кг 7-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 248 кг 1-ші орын, Подобедова Светлана (75 кг) 295 кг 1-ші орын, Хромова Татьяна (75 кг) 243 кг 8-ші орын, Аборнева (75 кг) 260 кг 5-ші орын.

2011 жылғы (Париж, Франция) Әлем чемпионатында әйелдер арасында Чиншанло Зульфия (53 кг) 227 кг 1-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 248 кг 2-ші орын, Некрасова Ирина (69 кг) 230 кг 9-шы орын, Подобедова Светлана (75 кг) 287 кг 2-ші орын, Аборнева Александра (75 кг) 260 кг 6-шы орын, ерлерден Павлов Кирилл (77 кг) 340 кг 8-ші орын, Кузнецов Владимир (85 кг) 360 кг 10-шы орын, Ильин Илья (94 кг) 407 кг 1-ші орын, Истомин Сергей (105 кг) 393 кг 9-шы орын.

2012 жылғы (Лондон, Ұлы Британия) ХХХ-шы Олимпиадалык ойындар. Әйелдер арасында Чиншанло Зульфия (53 кг) 226 кг 1-ші орын, Манеза Майя (63 кг) 245 кг 1-ші орын, Подобедова Светлана (75 кг) 291 кг 1-ші орын, ерлерден Ильин Илья (94 кг) 418 кг 1-ші орын [2].

 

  • Жас өспірімерді оқу-жаттығу бағдарламасына дайындық

 

Халықаралық аренадағы жоғары бәсекелестік, жаттығуда күш түсудің үнемі арта түсуі, жарыстағы белдесулердің динамикалығының арта түсуі спорттық жаттықтыру саласында жұмыс істейтін мамандардың алдына оның тәсілдері мен әдістерін одан әрі жетілдіру міндетін қойып отыр. Спортшыларды, оның ішінде жас атлеттердың дайындығын үлгілеу проблемасы дене қасиеттерін тәрбиелеудің, спорттық жаттықтырудың және бейімділік дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ретте ұлттық жеке жарысқа түсу жүйесіндегі (самбо күресі, каратэ, ауыр атлетика, кикбоксинг, грек-рим күресі және т.б.) бастапқы даярлықтың ғылыми негізделген әдістемесі жас спортшылардың тактикалық даярлығын және жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігінің аса маңызды шарты болып табылады. Жас спортшыны жаңадан келушіден әлеуметтік маңызы бар жарыстарды жеңіп шығуға қабілетті спорт шеберіне дейін даярлау – көпжылдық, еңбектеніп тер төгуді қажет ететін үрдіс. Өсіп келе жатқан бәсекелестік ең аз материалдық шығындар мен мейлінше аз уақыт кезінде біліктілігі жоғары спортшыны даярлауға ықпал ететін, жаттығудың жаңа және прогрессивті әдістемелерін талап етуде. Мәселе көпжылдық тактикалық даярлықтың кезеңдерінде спорттық шеберлікті қалыптастырудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды жеке жарысқа түсуге спорттық даярлау процесін басқарудың оптималды жолдарын іздестіруден тұрады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жасалған талдау, тәжірибе мен бақылаулар көрсетіп отырғанындай, бүгінгі күні айтарлықтай көп жағдайларда жаттықтырушының қызметі, ескіріп кеткен ұсыныстарды қолдана отырып, олар жүргізіп отырған жаттықтыру процесінің анық критерийлерінсіз және спорттық жаттықтыруды табысты жүзеге асырудың көбіне көп шұғылданушылардың даярлығына дұрыс бақылау жасауға байланысты екендігін ескерусіз, субъективтік категориялар шеңберінде өрбіп отыр. Осындай жұмыстың нәтижесі болып облыс, аймақ және т.б. құрама командалары үшін толыққанды емес резервтерін қалыптастыру болып табылады. Жасауыр атлетшілерді дайындығын үлгілеу әдістемесін оны қазіргі техникалық-тактикалық әрекеттерді меңгеруге бағыттайтындай етіп қайта құру керектігін  зерттеген болатын. Атлеттер өнер көрсетуі оларға жоғарғы дәрежедегі жарыстарда толық көлемде басымдылық танытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар ұйымдық және әдістемелік мәселелерді анықтап, көрсетіп берді. Жас атлетшілердің  дайындығын үлгілеу ерекшелігінің ғылыми негізделуі қазіргі спорттың қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. Ауыр талетикадағы күш салуды, олардың организмге әсерін әсерін зерттеу жөніндегі, сонымен қатар жаттығу әдістемесі жөніндегі зерттеулердің көпшілігі ересек спортшыларда жүргізілді. Практикалық ұсыныстар, әсіресе жас атлеттердің дайындығын үлгілеуге қатысты ұсыныстар өте жеткіліксіз жасап шығарылған. Көптеген зерттеушілер дене жаттығуларының жастарды рухани тәрбиелеудің, Отанды қорғауға және еңбекке даярлықтың маңызды құралы болып табылатындығын да атап көрсетеді. Біздің жұмысымызда жастардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде маңызды орынды жеке жарысқа түсудің алуан түрлі жүйелері алып отыр.  ҚР-сы  халықтарының игілігі болып келген тәсілдер – жұдырықтасу, қолмен ұрысу және т.б. белгілі болса да, көп жағдайда бұл жеке сайыстар шығыс пен батыстың әр түрлі елдерінен келген. Отандық жекпе-жекке шығу өнері мүлдем болмаған немесе олар шамалы ғана дамып, шеберлік деңгейі бойынша шығыс пен батыс жүйелерімен теңдесе алмайды дегендей әсер аласыз. Оқпен ататын қаруды қолданусыз, әскери әрекеттерді жүргізу тәжірибесі өзгені айтады: славян жауынгерлерінің даярлық деңгейінің жоғары болғаны соншалықты, араб халифтерінің, қытай және рим императорларының, түрік сұлтандарының жеке күзеті негізінен славян жауынгерлерден тұрған екен. Сірә, біздің ата-бабаларымыздың дене қасиеттерін даярлаудағы тарихи жүйесі шығыс пен батыстың осыған ұқсас жүйелерінің деңгейінде болып қана қоймай, оларды айтарлықтай басып озған. Жастарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге және еңбек қызметіне даярлау үшін тек шығыс пен батыстың жеке сайысқа түсу жүйелерін ғана емес, отандық жүйелерді де зерттеу керек. Бізде де жеке алысқа түсуге даярлау бойынша әдеби еңбектердің болғанын атай кетуіміз керек. Соңғы жылдары осы мәселелер спорттың әр алуан түрлері, оның ішінде спорттық ауыр атлетика бойынша ғылыми  әдебиеттерде  қарастырылса да, аталған мәселе әлі толық дәрежеде шешіле қойған жоқ. Жас атлеттердың дайындығын үлгілеу процесін дене шынықтыру теориясында, әсіресе практикасында әлі де болса дәлдеп тексеруді, қосымшалар енгізудуі және одан әрі қалыптастыруды қажет етеді. Осыдан бүгінгі таңда  атлеттерды даярлау тәжірибесі  көрсетіп отырғанындай, аз зерттелген бағыттардың бірі зерттеулердің жаңа қол жетерлік және ақпараттық әдістемелерін, оның ішінде: а) жаттығу процестеріндегі әрекеттерді бағалау; ә) қазіргі заманғы бағдарламаларды қолдана отырып, зерттеу материалдарын оперативті өңдеу және оларды жас атлеттерды үлгілеудің оқу-жаттықтыру процесіне енгізу әдістемелері  жасалып пайдаланылмауы белгілі дәрежеде қарама-қайшылықтың бар екендігін байқатады. Аталған қарама-қайшылықты шешу зерттеу проблемасын айқындайды. Ол бүгінгі күн тәжірибесінде дайындықты үлгілеу әдістемесіне қатысты тиімділігін анықтап қолдануға болады және оның зерттеуге алынған феноменді жетілдіруге ықпалы қандай дегенді айқындау қажеттілігін туғызады. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде бұл проблеменың өз дәрежесінде зерттелмеуі үлгілеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жұмысымыздың тақырыбын  ТСТ-де спортшылардың дайындығының сипаттамасы  деп алуға мүмкіндік берді. Зерттеуде жас спортшы-атлеттер арасындағы айтарлықтай жас-жыныстық және дербес-типологиялық айырмашылықтардың бар болуы мен оқу-жаттықтыру процесінде жас атлеттерды спорттық даярлауды басқарудың теориялық және практикалық мәселелерінің жеткіліксіз жасап шығарылғандығы арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылық тұжырымдалған. Жасөспірім атлеттердың дене дайындғын жетілдірудің педагогикалық негіздері Техникалық қозғалыстың қиындығы және нұсқасы техника көмегімен, көбейтіледі, сонымен қатар физикалық сапа әртүрлі, осыларды жетілдіру зерттеу мүмкіндігі. Сонымен бірге жаттығудың құралдарымен әдістерін қолдану. Осылардың ең белсендісі жаттығу, даму бағытын күшейту, спорт қозғалысының техникасын жақсартуды бағдарлау. Жылдамдық-күш қабілеттігінің дамуы барлық деңгейде қарсылық білдіреді, атлеттердің өзіне лайық әрекеті, бірқалыпта өсіп көтеріледі максималды күш және жылдамдық мөлшері спорт дайындығын жаңа бастаған спортшылар үшін тиімді шеңберлік деңгейінің көтерілуі барысында байқалатын жағдай қарқындылық пен мамандық ықпалын пайдалану. Күш және жылдамдықтың үйлесуі жоғары квалификациялық спортшылардың максималды күш салуы өсу көрсеткішінің артықшылығы болып табылады. Ғалымдардың айтуынша  ең үздік құрал арнаулы жылдамдық-күш дайындығына өзіндік жарыс жаттығуы болады. Негізі жас спортшыларды әу бастан мектептен бастап спортқа үйрете бастаған өте дұрыс деп ойлам. Жас өспірімдерді оқу жаттығу бағдарламасына мектептен бастап үйрете бастасақ өзінің икем келетін спорт түріне онда сол жас спортшы үлкен биікттіке жетет деп ойлам. Ол бүгінгі күн тәжірибесінде дайындықты үлгілеу әдістемесіне қатысты тиімділігін анықтап қолдануға болады және оның зерттеуге алынған феноменді жетілдіруге ықпалы қандай дегенді айқындау қажеттілігін туғызады. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде бұл проблеменың өз дәрежесінде зерттелмеуі үлгілеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы оның бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін дәлелдеп жатыр.[3]

 

 

1.3 Ауыр атлетикадағы жас спортшылардың жарысқа дайындығы және қатысуы

Жас спортшыларды жарысқа дайындықтың бас рөлі қайратылықа тәрбиелеу спорттықа машықтандыру болып табылады. Қайраттылқы тәрбиелек спорттық машықтандырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Қайраттылық қасиеттерге жаттатындар: табандылық, қайсарлық, мақсатына жету үшін өз дегенінен қайтпау, қиыншылықты жеңу кезіңдегі ұстамдылық пен шыдамдылық, батылдық, шешімділік, тәртіптілік, ерік жігердің мықтылығы жене т.б. спорттың қай түрінде болса да, оның ішінде ауыр атлетикада, дұрыс ұймдастырлған спорттық машықтандыру және жарысқа қатысу қайраттылық қасиеттерді тәрбиелеудің пәрменді құралы қызметін атқарады.

Кез келеген жас спортшы өзінің алдына қандай да бір айқын мақсат қояды. Олардың қайсысына болсын жетуі түрлі қиындықтарды жеңіа шығуына байланысты болады.

Жаттықтырушы мен спортшы қойған мақсатарына жетудің нақты мерзімін белгілеуге болады. Мысалы: классикалық жаттығулардың техникасын зерттеп үйренуге 6 ай бөледі. Осы уақыттан кейін атлет III және  II разрядиардың, сосын I разрядтың нормативін 3-5 жылдан кейін орындауды жоспарлауға болады. Машықтандырудың алғашқы кезеңдерінде жаңадан келген жас спортшы жаттығулардың техникасын игеруге байланысты елеулі қиындықтарға тап болуы мүнкін. Ауыр атлеттердің қайраттылық қасиеттерін тәрбтелеу құралдары неше түрлі. Солардың бірі шектеулі салмақты көтеру.

Арнайы жаттығулармен айналысу процесінде батылдық, шешімділік тәрбиеленеді. Бұл жаттығулардың сипаты (мысалы, кедергілердің үстінен қарғу: барьер, қоршау, гимнастикалық «теке» немесе «ат»; «текеге» қарғып міну, басқа да биіктіктерге; мұнарадан суға секіру жэне т.б.) спортшының қайрат-жігерін шыңдауга жетелуге болады.Қайраттылық қасиеттерді тэрбиелейтін тағы бір құралсубмаксимальды салмақты зілтемірді бірнеше рет көтеру және машықтандырудың соңында атлеттің шаршауы. Үлкен салмақтармен машықтандыруды жалғастыру (шаршағанға қарамай) — еңбексүйгіштік, өзі дегенінен қайтпау қасиеттерін шыңдайды, ал  бұл  спорттағы табыс кепілі.Спортшының жарыстарға қатысуы өте маңызды. Тек сонда ғна атлеттің техникалық және физикалық дайындығымен бірге психологиялық тұрғыдағы жақсы мен жаман жақтары белгілі болып шығады.Жарыстық әдісті машықтандыру барысында пайдалану да спортшының қайраттылығын тәрбиелейді. Көп жағдайда жаттықтырушы атлетті максимальды салмақты көтеріп, күшті қарсыласыңды жеңуге мүмкіншілігің бар деп сендіруге болады. Алайда, бұл бір спортшы үшін пайдалы, ал екінші бір атлет үшін зиянды (мәселен, өзіне сенімді спортшы қарсыласының мүмкіндігін дұрыс бағалай алмайды) тәсіл болып табылуы мүмкін. Міне, оз күшің мен қарсыласыңның мүмкіндігін екшей білу не үшін керек? Спортшының өзіне мұны іске асыру қиындау болады, сондықтан тек жаттықтырушы ғана дұрыс баға бере алады[4].

Жарыс кезінде атлеттің дұрыс ұйықтамағанын, басының ауырғанын, енжарлықты және т.б. сезінуін ойлауына болмайды. Бұл кездегі басты назар тек алда тұрған жаттығуларда ғана болуы керек. Спортшы тәрбиесіндегі басты көмекшінің бірі ұжым. Тату-тәтті, салауатты ұжым қиын минуттарда спортшыға көмекке келеді.Спортшының моральдық ерік-жігері мен қайраттылық тәрбиесі көбіне-көп жаттықтырушының беделіне, оның білімі мен біліктілігіне, талабына және т.б. байланысты. Жаттықтырушының жұмысыпда сендіру, түсіндіру, мадақтау, ескерту секілді әр түрлі педагогпкалық әдістер пайдалануға болаы.Жарыс алдында және оның өту барысында атлеттің толқу үстінде жүретіні шындық. Жаттықтырушы өзін-өзі жақсы ұстауы керек және осыған спортшыны да тарту керек, оны жеңіске жұмылдырумен бірге күдіктер мен толқуларды аулаққа ысырып тастағаны дұрыс. Спортшының қайраттылык ерік-жігері оның тәртіптілігінен және езін-өзі тәртіпке шақыра білуінен, машықтандыруда белпленген талаптарды және жарыс ережелерін сақтауынан, жаттықтырушы нұсқауларын бұлжытпай орындауынан, режимді қатаң ұстауынан (спортпен айналысу, биік нәтижелерге жетуге ұмтылыс режимді бұзумен ешқашан бірлеспейді) айқын көрініп тұрады. Осындай әдіс тәсілдер арқылы жас өспрімдерге қалай жарысқа шығуын және қалай ұстануын үйретуге болады[5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЗЕРТТЕУДІҢ  ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеудің әдістері

Спорттық дайындықты жақсартуға қойылатын негізгі талаптардың бірі антропологиялық  тұрғыдан сипатама бере отырып зерттеу жақсы нәтижелерге жеткізумен қатар, тиімді әдістер мен қатар  спорт түріне қарай психикалық және денелік даму тұрғысынынан да  жекелей ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жүргізуге аталған антропологиялық әдістерді қолдана отырып спортшының жекелей морфологиялық ерекшеліктеріне сипатама беру негізіне тоқталар болсақ, ақыл–ой еңбегінің немесе моторлы іс-әрекеті мен спорттық жаттығулардың жаттанды жасалуы арасындағы негізгі байлансыта болып отыр. Ретті түрде жаттығулардың орындалуы, бірте–бірте қозғалыс, ойлы, сенсомотролы ерекшеліктердің дағдыға айналып қалыптасуын тудырады. Спортшының мүмкіндігін көрсететін жекелей құрылымдық ерекшеліктерінің бірі оның жекелей морфофункционалдық және психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай көрсететін мүмкіндіктерінің жиынтығы деуге болады. Аталған құрылымдық ерекешеліктер даму деңгейінің белгілі бір іс –әрекетті игеруі барысында денелік және психикалық сапаның қалыптасуын көрсетеді.

Аталған міндеттерді шешуге  қолданылған әдістер:

— ғылыми әдістемелік әдиеттерге  талдама жасау;

— педагогикалық тестілеу және тәжірибе;

— математикалық статистикалық әдістер.

 

2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы

Ауыр атлетикамен айналысатын  жас спортшылар сабақ уақытындағы  функционалды жүйелерінің көрсеткіштері алынды. Адамның артериялық қан қысымын өлшеу жүрек ортаға келетін қан және өкпе артериясы қысым тудырады. Бұл қысым түтік қабырғаларындағы сұйық бөлігінде үйкелісті тудыратын қарсылықты жою үшін қажет.Кедергі негізінен қан тамырларының еніне және қан тұтқырлығына байланысты.Артериялық қысымның өсуі ортадан жүрекке келесі қанның құйылуымен байланысты. Бұл қысымды систолық немесе максималды қысым деп аталады. Содан кейін қан жанындағы тамырларына құйылады да қысым төмендей бастайды және соңында диастола қарыншасында минималды болады. Қан қысымы жалпы гемодинамиканың әсеріне және оның функционалдық жағдайына жүрек қан тамырлар жүйесіне сонымен бірге ағзаның реттеуші жүйесінің шегі болады. Дені сау адамның максималды қысымы 100-120 мм.сын.бағ. тең. Бұлардың арасындағы айырмашылық пульстік қысымды, яғни ол 45 мм.сын.бағ. тең болатындығын көрсетеді.Бұл жүрек күшінің соғысын және жиілігінің, сонымен бірге қан тамырлары (капиллярлар және ұсақ артерия қантамырлары) өзгеруін қамтамассыз етеді.Артериялық қан қысымын өлшейтін прибор сфигмоманометр Рива-Рочии деп аталадымна суретте көрестілеген.

 

Жұмысқа негізгі пайдаланатын құрал-жабдықтар: сфигомонометр Рива-Роччи, фонендоскоп, секундомер, артериялық түтікшелердегі қан қысымы аускультативтік Коротков әдісімен анықталады.Коротков әдісі тәсілі бойынша артериялық қысымды өлшеу толық баға бере алады. Манжетканы бүгу аймағына салған соң оған фонендоскоп бекітілген иық артериясын тауып алады. Манжеткаға максималдық шамадан артық қысым беріп, одан біртіндеп ауаны шығарғанда айқын тамыр дыбысы білінеді.  Бұл мезет манжеткадағы қысым систола қысымынан сәл азайғандағы мезетке сәйкес. Дыбыстық құбылыстар күшейту фазасынан кейін бірден басылып қалғанша немесе тіпті жойылғанша манжеткадағы қысымды төмендетеді. Бұл мезет диастола қысымына сәйкес. Сонымен қатар тәжірибе тобындағы спортшылардың пульсын есептейміз.

Суреттегі  — Коротков әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

3.1 Ауыр атлетикадағы жас өспірімдердің әдістерін жетілдіру

 

Ауыр атлетикадағы жас өспірімдердің әдіс тәсілдерің қалай жетілдіруін айтпай тұрып классификация мен терминологиясына тоқталып кетсем.

Жаттығу Жұмыстары барысында ауыр атлеттер сипаттамасы мен бағыттылығы сан алуан жаттығуларды пайдаланады. Оқу-жаттығу жұмысында жаттығуларды дұрыс классификациялау мен олардың дәлме-дәл терми- нологиясы маңызды роль атқарады[6].

Жаттығулар классификациясы— жаттығулар классификациясы дегенді оларды айтарлықтай өзгеше сипаттарына қарай белгілі бір топтар мен бөліктерге жіктеу жүйесі деп түсінуіміз керек.

Ауыр атлетикада жаттығулардың классикалық және қосымша деп аталатын негізгі екі тобын ажырата білу керек.

Жарыс бағдарламасына кіретін зілтемірді жұлқи және серпе көтеру классикалық жаттығуларға жатады.

Қосымша жаттығулар жалпы дамытушы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы дамытушы жаттығулар ауыр атлеттің дене шыныктыруы мен даярлық деңгейін көтеруге және оның физикалык қуатын күшейтуге бағытталады. Соның өзінде олардың атлеттің техникалық даярлығына тигізер әсері мүлдем аз деуге болады.

Арнайы жаттығулар негізінен физикалық даярлықты күшейтуге арналады және олар ауыр атлетикалық жаттығулардың техникасын мейлінше жетілдіруге мүмкіндік туғызады,

Ауыр атлеттердің қосымша жаттығуларын шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Көрсетілген топтардан орындалу шарттарының айырмашылықтарына байланысты, көптеген жаттығу бөліктері жіктеліп шығады[7].

Ауыр атлетикадағы терминология — осы спорт түрінің спецификалық түсінігінің жиынтығын айқындайтын терминдер жүйесі деп айтуға болады. Нақты және айқын терминология педагогикалық жұмыстың сапасын арттырады. Егер нақты да қысқа анықтамасы болмаса, онда қозғалысты түсіндіру қиынға түседі. Бірыңғай және нақты терминология ауыр атлетика сабақтарының тәжірибесін дұрыс талдауға көмектеседі[13].

Терминдердің пайда болуының маңызды сәттерінің бірі терминологиялық бейнеге жататын сол түсінік белгілерінің бөлініп шығуы болып табылады. Әр- түрлі ұғымдарды белгілеу үшін бір терминді әр жағдайда қолданудан бас тартқан жөн. Бірақ, әр-түрлі себептермен бір мағыналы емес кейбір терминдер көп мағыналылығымен ауыр атлетика терминологиясына кіріп жүр. Кейде бір терминді белгілейтін кейбір айырмашылықтар әлі де сақталып қалуда. Сонымен, төменде негізгі ауыр атлетикалық терминдер ұсынылып отырмын[20].

Классикалық жаттығулар — ауыр атлетика жарыстарының бағдарламасына енгізілген жаттығулар: жұлқи көтеру, екі қолмен зілтемірді жұлқи көтеру, сер- пе көтеру, екі қолмен зілтемірді серпе көтеру.

Классикалық қоссайыс — классикалық жаттығулардан құрастырылған бәсеке кешені.

Жұлқи көтеру — зілтемірді бір тәсіл арқылы тіке ұсталған қолдармен жоғары жұлқи көтеретін классикалық жаттығу.

Жұлқи көтеру жаттығулары — жұлқи көтеру техникасын үйрену мен жетілдіруге және атлеттің дене шынықтыру сапасын дамытуға арналған арнайы жаттығулар[2].

Үстеп отырусыз жұлки көтеру (протяжка) — үзіліссіз қозғалумен, қолды бүгіп, жазу арқылы зілтемірді бастан жоғары көтеру.

Вистан көтерілу — тұғырдың (помост) үстіне шығып алып, төменге түсірілген қолдармен зілтемірді ұстап тұрып, жоғары көтеру.

Серпе көтеру — екі тәсілмен орындалатын классикалық жаттығу; біріншісінде — зілтемір кеудеге дейін көтеріледі; екіншісінде — тік жазылған қолдармен кеудеден жоғары серпіледі[1].

Серпе көтеру жаттығулары — серпе көтеру техникасын үйрену мен жетілдіру және атлеттің дене шынықтыру сапасын дамыту үшін орындалатын арнайы жаттығулар.

Кеудеге көтеру — серпе көтеру жаттығуының бірінші тәсілі.

Кеудеден серпе көтеру — серпе көтеру жаттығуының екінші тәсілі.

Зілтемірмен тізе бүгу — атлеттің зілтемірді кеудесінде, иықтарында және басқа да қалыпта ұстап, отырып, тұруы.

Сығымдағы көтеру — снарядты (зілтемірді) кеудеден және желке тұстан қолдар толық жазылғанша (әр-түрлі бастапқы қалыптан) жоғары сығымдай көтеру[30].

Жанына келу (подход) — зілтемірді қолдан шығармастан, онымен жаттығуларды бір мәрте немесе көп мәрте орындау.

Көтеру (көтерілу) — жаттығуларды бір мәрте орындау.

Ұстау — қолдың буынымен  зілтемірдің білігін сығымдай ұстау әдісі.

Қарапайым ұстау — осылай ұстағанда әр қолдың төрт саусағы зілтемір білігінің бір жағында, ал бас бармақ — екінші жағында болады.

«Құлыпта» ұстау — бұлай ұстағанда бас бармақ біліктің үстінде болады да, сұқ саусақ пен ортанғы терек бас бармақты үстінен басып тұрады.

Бір жақты ұстау — осылай ұстағанда барлық саусақ бір жақтан біліктің үстіне түседі.

Үстінен ұстау — бұлай ұстағанда алақандар теріс қаратылады.

Астынан ұстау — бұлай ұстағанда алақандар алға қарай қаратылады.

Жан-жақты ұстау — осылай ұстағанда алақандар екі жаққа қаратылады.

Ұстау (жармасу) — қол буындарының зілтемір білігінде орналасуы.

Ұстаудың ені — зілтемір білігіндегі қол буындарының арасы (арақащықтығы)[2].

Жұлқи көтеру ұстауы — жұлқи көтеруді орындағандағы ұстау.

Серпе көтеру үстауы — серпе көтеруді орындағандағы ұстау.

Сығымдап көтеру ұстауы — сығымдап көтеруді орындағандағы ұстау.

Сөрелік қалып  — атлеттің зілтемірді тұғырдан көтерер алдындағы бастапқы қалпы (б.қ.).

Статистикалық сөре — зілтемірді көтергенге дейін өзгертпейтін атлет қабылдаған бастапқы қалып (б.қ.)

Динамикалық сөре — атлет б.қ. қабылдағаннан кейін, зілтемірді көтеруді бастар алдында белгілі бір қимылдарды орындайды.

Тербелісті сөре — атлеттің зілтемірді көтерер алдында алдын ала артқа шалқайып, сосын, қайта түзелу сөресі.

Атлеттің зілтемірді көтерер алдында бір немесе екі жамбасымен төмен және жоғары теңселу сөресі.

Денені төменнен әкелу сөресі — төмеңгі б.қ. жағдайындағы сөре.

Лездік сөре — зілтемірді жылдам ұстағаннан кейінгі б.қ. жағдайда кідірмеу сөресі.

ЗЖА (зілтемірді жұлып алу сәті) — алғашқы көтеру сәтінде зілтемірді тұғырдан жұлып алу (ажырату) сәті. Міне ауыр атлетикада  осындай бірнеше терминологиясы бар.

Ауыр атлетика жаттығуларын оқыту әдістемесі

Спорттық жаттығулар процесі тәрбие беру, оқыту және функционалдық мүмкіндіктерді жетілдіру мәселелерін қамтиды. Оқу-үйрету кезеңінде спортшылар алдына қойылатын мақсат — айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу емес, жекелеген жағдайларды оқып, үйрену мен спорт техникасын тұтастай игеру болып табылады. Техниканы игеру- мен бірге организмнің функционалдық мүмкіншіліктері жетілдіріледі, қозғалыс сапасы дамиды және өзін-езі билеуші ерік-жігер қасиеті тәрбиеленеді[1,3.32,40].

Жұлқи көтеру мен серпе көтерудің ауыр атлетикалық жаттығуларын орындау техникасы — өте күрделі. Сондықтан оның әрқайсысын бөлшектерге бөліп, үйрену жөн болады. Ол үшін зілтемір көтерудің классикалық жаттығуларына сәйкес әртүрлі бастапқы қалыпта, түрлі фазалардың шекаралық сәттерінде орындалатын жұлқи көтеру мен серпе көтеру жаттығулары пайдаланылады.

Ұтымды игерілген техника барынша ауыр салмақты көтеру кезінде спортшының физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына жақсы ықпал етеді.

 Жас спротшыға классикалық жаттығулардың техникасын оқып- үйрену барысындағы қыздырыну кезінде, сондай-ақ сабақтың негізгі бөлігінде ағаш немесе метал таяқпен имитация жасау жаттығу жасау өте тимді.

Қимылдық машықты нығайтып, дағдыландыруға апталық циклдағы өткізілген сабақтар саны игі әсерін тигізеді. Егер оқып-үйрену арасында ұзақ үзіліс болса, онда қимыл машығы әлсірей бастайды. Сабаққа қатыспау -жаттығулар техникасын игеруге үлкен кедергітуғызады. Зілтемірде ауыспалы салмақтармен және қосымша көп салмақ қосып жаттығулар орындауға күні бұрын ауысу жаттығулар техникасын айтарлықтай нашарлатады.

Жарысқа ерте қосылу да спортшыға нашар әсерін тигізеді. Ауыр салмақты зілтемірмен жаттығуларды көп қайталай беру де машықты айтарлықтай әлсіретеді.

Жас спортшыға Алғашқы сабақтарда пысықталған жаттығуларды орындау техникасының негіздері алдағы уақытта жетістіктердің жылдамдығын арттыра немесе баяулата отырып, спорттық нәтижелерге өзіндік әсерін тигізеді.

Жаттығуларды оқып-үйренудің ретіне қарай практикада екі ұсыныс қолданылуға болады: 1 — зілтемірді кеудеге көтеру, кеудеден серпе көтеру, жұлқи көтеру; 2 — жұлқи көтеру, кеудеден серпе көтеру (зілтемір тұғырдан алынады), кеудеге көтеру.Мұнын негізі екіншісі тиімділеу боп саналады.

Жасөспірімдер топтарында жаттығуларды мынадай ретпен үйрену пайдалы: жартылай отырып алып, жұлқи көтеруді жасау, жұлқи көтеруді аяқты алшақ ұстап (отырып алып) жасау, «қайшыға» кетіп, кеудеден серпе көтеру, жартылай отырып, кеудеге алу, аяқты алшақ ұстап тұрып, кеудеге алу.

Алғашқыда қолданылатын зілтемір жаттығуларының шеңбері өте шектеулі. Классикалық жаттығуларда дағдыны нығайтқан сайын, әр түрлі қосымша жаттығлар қосыла береді. Бірақ бір мақсатқа жұмылдырылған әрекетсіз қолдардың мен иық белдеуі бұлшық еттерінің күшін дамыту мүмкін емес. Қиындыққа төзу кезеңінде туындайтын ауыр жағдайларға жаңадан келген жасөспірімдердің қан айналым аппараты нашар бейімделгенімен, бұл ұзаққа созылмайды әрі көбінесе аса сезіле бермейді де. Бірақ, ол кеудеге көтеріп алғанда және ең шеткі төменгі жағдайдан итеру фазасында өзін өте қатты сездіруі мүмкін.

Егер оқу-үйрену машықтанулары жылдамдық жаттығуларынан басталып, сосын күш салу жаттығуларымен жалғасса, физикалық сапаның дамуына өте тиімді болатындығын көптеген зерттеулер мен практикалық тәжірибелердің нәтижелеріне көрсетіп отыр. Кеудеге көтеріп алу мен кеудеден серпе көтеруге қарағанда, жұлқи көтеру едәуір жылдам жаттығуға жатады.

Жас спортшыларға жұлқи көтерудегі оқу-үйрету реттері

Классикалық жұлқи көтеру — жылдамдық пен көп күш жұмсауды қажет ететін жаттығу. Жарыс ережелеріне сәйкес, оны орындау үстінде зілтемір үзіліссіз бір ғана қимыл арқылы тік созылған қолдармен тұғырдан жоғары көтерілуі керек. Оның көтерілуін жеңілдету үшін отырып алу тәсілін қолданады. Қазіргі уақытта аяқтардың арасын алшақ қойып, отырып алу көп таралған. Бұл тәсілжаттығуды аяқтау кезінде зілтемірдің тіреуіш үстінен мүмкін болғанынша төмен орналасуын қамтамасыз етеді. Жұлқи көтеру орта есеппен 2,5-3 секундқа созылады. Бұл жерде сөредегі статистикалық жағдайдың ұзақтығы мен көтерілген салмақты ұстап тұру (фиксация) уақыты есепке алынбайды. Жұлқи көтерудің кейбір фазаларында зілтемірдің жылдамдығы 2 м/сек. тіпті, одан да көпке жетеді дейді.

Жаттығу бірізді орындалатын үш бөліктен: сөреден, отырып алуға дейінгі көтеруден және отырып, көтерілуден тұрады. Әр бөліктің орындалуы белгілі бір қимылдық міндеттердің шешілуі арқылы жүзеге асырылады.

Жұлқи көтеру — күрделі жаттығуларға жатады. Оның күрделілігі зілтемірдің астына кіруін (отырып алу) тереңдеткен сайын өсе береді. Сондықтан, аяқтарды жайғастырмастан бұрын, оқушыларға жаттығуды жақсы игертіп алған жөн. Бұл жаттығуды жас спортшыға үйрету барсында, мақсатты орындау үшін жартылай отыруда жұлқи көтеруді қолданған жақсы болады. Оқушыларға үйреткен кездеалғашқы сабақтанақ жұлқи көтерудің техникасын игеру жеңіл әрі оңай қабылданады.

Жас спортшыларды жұлқи көтерудің жаттығуларын оқып-үйрету кезіндегі ұтымды реттеу мысалдарын келтірсек. Үйрету барысында: кез келген жаттығудың орындалу техникасы классикалық жаттығудың техникасына сәйкес болуы керек.

  1. Бастапқы қалыптағы (б.қ.) вистан жартылай отырып, жұлқи көтеру; білік тізе деңгейінен жоғары орналасады.
  2. Бастапқы қалыптағы (б.қ.) вистан жартылай отырып, жұлқи көтеру; гриф тізелер деңгейінен төмендей орналасады.
  3. Сөре — тұғырдан (білік) тізе деңгейіне дейін жұлқи көтерудегі тарту күші.
  4. Сөре — тұғырдан жұлқи көтерудегі тарту күші.
  5. Тұғырдан жартылай отырып алып, жұлқи көтеру.
  6. Тұғырдан жартылай отырып алып, жұлқи көтеру, қолдар толық жазылғанша зілтемірді жоғары көтеріп отыру.
  7. Тұғырдан классикалық жұлқи көтеру.

Негіздеу жаттығуы: бастапқы қалыптан темір таяқпен (білік) жоғары қарғу, білікті тізеден жоғары ұстап жұлқи көтеру, итерілген жерге (орынға) қайта қону, (қолдарды әр уақытта тік ұстау, аяқтардың бұлшык еттері және трапеция тәріздес бұлшық еттер жұмыс үстиді).

Жартылай отыру және классикалық жұлқи көтеруді дұрыс және нақты игеріп алғаннан кейін жаттығу үрдісіне бастапқы қалыптағы (б.қ ) вистан классикалық жұлқи көтеру енгізіледі; біліктің орналасуы — тізе деңгейінен жоғары және тізе деңгейінен төмендеу. Міне жас спортшыларға жұлқа көтеру техникасын осындай жаттығулар арқылы үйрете аламыз.

Жас спортшыларға серпе көтерудегі оқу-үйрету реттері

Серпе көтеру — екі жаттығудан тұратын күрделі әрекет. Зілтемірдің салмағы артқан сайын оның күрделілігі де өсе береді. Сонымен бірге, оның салмағы едәуір азайған сайын дағдының күрделі қимыл компоненттерінің кұрылымы да сонша бұрмаланады. Сабаққа қатысушылар оқып-үйрену проңесінде ауыр атлетикалық жаттығулардың техникасы туралы белгілі бір білім алады. Оларда арнайы машықтар қалыптасты, қимылдар, бұлшық еттер туралы түсініктер пайда бол- ды. Бір сөзбен айтқанда, жұлқи көтерудегі пайда болған машықтар көп жағдайда серпе көтерудің техникасын игеруді жеңілдете түседі.

Жас спортшыларға ең алдымен кеудеден серпе көтеруді, сосын зілтемірді кеудеге көтеруді үйретеміз. Әрі қарай бұл екі жаттығуды бір қимылға біріктіру ешқандай қиындық тудырмайды.

Зілтемірді кеудеден серпе көтеру. Жарыстарда зілтемірді кеудеден серпе көтеруде, әдетте, сәтсіздіктің кеп бөлігі екінші жаттығудан көрінеді. Олардың көпшілігі оқып-үйрену проңесінен бел алып, қалыптасқан қателіктерге байланысты. Сондықтан кеудеден серпе көтеру техникасын игеру кезінде мейлінше көп уақыт бөлу керек және көбірек салмақ салуды асықпай пайдаланған жен.

Кеудеден серпе көтеру техникасын тиімді игеріп алу үшін сабақтың бірінші бөлігінде темір таяқпен негіздеу жаттығулары жүргізіледі. Жоғары секіріп, бастапқы орнына қайта қону. Бұл үйренушілердің бойында осы күрделі қозғалыстың негізгі қимыл түрлерін дұрыс ұғып алу түсінігін қалыптастыруға ұйыткы болуы тиіс. Негізінен, кеудеден серпе көтеруге арналған негіздеу жаттығулары санаулыақ:

  1. Кеудедегі зілтемірмен отырып тұру.
  2. Серпе көтеру швунгі. Алдымен зілтемір тұғырдан алынады,

сосын жартылай отырып оны көтергеннен кейін.

  1. Кеудеден «қайшы» тәсілімен серпе көтеру. Алдымен зілтемір тұғырдан алынады.

Желке тұстан серпе көтеру, жартылай серпе көтеру жақсы негізддеу жаттығуы болуы мүмкін.

Зілтемірді кеудеге көтеру. Тереңдікке баруды көбейткен сайын жаттығу техникасы да күрделене түседі. Осыған байланысты, ең алдымен жартылай отырып, кеудеге көтеруде игертіпалған жөн болады.

  1. Бастапқы қалыптағы вистан жартылай отырып, кеудеге көтеру; білік тізе деңгейінен жоғары орналасқан.
  2. Бастапқы қалыптағы вистан жартылай отырып, кеудеге алу; біліктің орналасуы тізеден төмен.
  3. Сөре — тұғырдан (білік) серпе көтерудің тарту күші тізелердің деңгейіне дейін.
  4. Сөре — тұғырдан серпе көтерудің тарту күші.
  5. Тұғырдан жартылай отырып, кеудеге көтеру.
  6. Тұғырдан жартылай отырып, кеудеге көтеру, зілтемірді кеудеге алып, отырып-түру.
  7. Тұғырдан классикалық серпе көтеру және кеудеден серпе көтеру.

Негіздеу жаттығулары: бастапқы қалыптан темір таяқпен (білікпен) жоғары қарғу, білік тізе деңгейінен жоғары, серпе көтерудің ұстауы, итерілген орынға қайта қону (қолдар әр уақытта тік ұсталады, аяқтардың бұлшық етгері және трапеция тәріздес бұлшық еттер жүмыс істеуде; әр түрлі биіктікке бекітілген біліктің астына отырып алу). Зілтемірді кеудеге алып, жартылай отырып, аяқтарды алшақ қойғызып, көтеруді дұрыс және нақты игертіп алғаннан кейін, бастапқы қалыптағы вистан машықтандыру процесіне аяқты алшақ қойып, кеудеге көтеру жұмысы қосылады; білік тізе деңгейінен жоғары және тізе деңгейінен төмендеу орналасқан болады. Негізі серпе көтерудің техникасы мында суртте көрсетілгендей.

Жас спортшыларға үйрету барысында серпе көтеру мен жұлқи көтеруге арналған ескертулер: барлық бастапқы қалыптар алдын ала кеудені толық жазып алғасын денені төмен түсіргенде ғана өте жақсы игеріледі, (қолдардағы зілтемірмен, ағаш немесе темір таяқпен, білікпен бірге); зілтемірді «қайшы» тәсілімен көтеру техникасын (жұлки көтеруде және кеудеге көтеруде) зілтемірді аяқтарды алшақ қойып көтеруді игеріп алғаннан кейін үйреткен дұрыс болады.

Спортшыларға үйрету барысында жұлқи көтеруді және зілтемірді кеудеге көтеруді орындау кезіндегі мынандай  қателіктері болу мүнкін:

—    1-ші және 2-ші фазалардың қозңалысын орындау барысында шынтақ буындарын ерте бүгу;

—    «атлет — зілтемір» о.ц.Т. жүйесін 1-ші және 2-ші фа- заларда табанның алдыңғы бөлігіне ауыстыру;

—    сагитталдық тегістіктегі снарядтың едәуір шайқалуы;

—    дене буындарының (звеноларының), әсіресе, омыртқаның қатаң жағдайларының жетіспеуі;

— зілтемірді фиксация жасаған кезде алға немесе едәуір артқа қаргу (100 мм-ден көбірек);

—    амортизация фазасында зілтемір қозғалысының жылдамдығын едәуір азайту (0,5 м/сек. аздау),

—    амортизация фазасын ұзақтау орындау (0,15 м/сек. астам).

Кеудеден серпе көтеруді орындау кезіндегі қателіктер:

—    табанның алдыңғы бөлігіне тіреліп жартылай отыруы орындау;

-жартылай отырып алуды өте жай (біліктің серпінділік қасиеттерін пайдаланбай) немесе өте жылдам орындау;

         —       жартылай отырып алу кезінде зілтемірді кеудеден алшақтатып алу (денені ерте төмендетудің салдары);

—    итерудің алдында жартылай отырып алудың төменгі нүктесінде өте көп кешігіп қалу;

—    отырып алу кезіндегі зілтемірді фиксация жасауда жамбас сүйекті артқа шығарып алу. Бұл жағдай омыртқаға ауырлық түсіреді.

Осылай біз келген жас спортшыларға осындай жаттығулар арқылы жұлқа және серпе көтеруді үйретеміз. Негізі ауыр атлетикада жұлқа  және серпе көтеру жаттығуларғы үстіде айтып кеткен жаттығулар арқылы үйретіледі келген спортшыларға. Негізінде жұлқа және серпе көтеруге арналған арнайы өзінің жаттығулар болады. Соған қысқаша тоқталып түсіндіріп кетейін.

Арнайы жаттығулар-Оқып-үйрену және машықтандыру процесінде, клас- сикалық жатытғулармен қатар, ауыр атлеттер талай арнайы үйрену әдістерін пайдаланады. Оларды бұлшық еттердің жеке топтарының күшін дамыту мен техниканы жетілдіру үшін игереді. Сондай-ақ, оларды сабақтың негізгі бөлігінде, денені қыздыру кезінде де қолданады. Төменде кең таралған сол арнайы жаттығулар келтіріліп отырмын.

Жұлқи көтеруге арналған арнайы жаттығулар

 Жартылай отырып алып, жұлқи көтеру. Динамикасына қарағанда, бұл классикалық жұлқи көтеруге жақындау. Оның орындалуы жеңілдеу, көп жүйке шығынын талап етпейді. Жылдамдық-күштілік мүмкіншіліктерін дамытуға, сонымен бірге жұлқи көтерудің техникалық элементтерің жетілдіру мен денені қыздыруға арналған.

Жартылай отырып алуда вистан жұлки көтеру. Көп жағдайда «жұлып тарту» (подрыв) техникасын жетілдіру үшін қолданылады. Сонымен бірге күш пен жылдамдықты дамытуға арналған. Бастапқы қалыпта (б.қ.) зілтемірдің білігі тізе деңгейінде, жоғары немесе бұл деңгейден төмендеу болуы мүмкін.

Отырып алусыз жұлқи көтеру. Жұлқи көтерудің екінші фазасында қол бұлшық еттерінің күшін тиімділеу пайдалануға үйретеді. Атлет қолдарын тік ұстап, тізесін бүкпей, зілтемірді жоғары көтереді. Отырып алусыз жұлқи көтерудің жетілдіру кезеңін аяқ пен денені толық жазып, аяқтың ұшына көтеріліп орындайды. Отырып алусыз вистан жұлқи көтеру. Алдыңгы жаттығуғақарағанда, штангіқысқалаужолмен көтеріледі. Бұл жағдай атлетті «жұлып тартуға» көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Отырып алусыз плинттан жұл қи көтеру. Алдыңғы жатытғулардың мақсаты сияқты орындалады. тіреуді пайдалану жалпы жүктемені азайтады.

«Қайшымен» отырып алып, вистан жұлқи көтеру. Отырып алу, «жұлып тарту», «жұлып тарту» мен отырып алу координациясын жетілдіруге көмектеседі, күш пен жылдамдықты дамытады. «Қайшымен» отырып алып, плинттардан жұлқи көтеру. Алдыңғы жаттығуға ұқсас, сол мақсатта пайдаланылады.

Алшақ тұрып отырып алып, вистан жұлқи көтеру. Жаттығудың мақсаты «қайшымен» вистан жұлқи көтерудегідей. Алшақ тұрып отырып алып, плинттан жұлқи көтеру. Алдыңғы екі жаттығудың мақсатында қолданылады.

Жұлқи көтерудің тарту күші. Жұлқи көтеру техникасын жетілдіру және арқа мен аяқтардың күшін дамытуға арналған негізгі жаттығулардың бірі.

Плинттардан жұлқи көтерудің тарту күші. Жұлқи көтерудің екінші фазасына қатысатын бұлшық еттердің күшін дамытуға мүмкінщілік туғызады және «жұлып тарту» техникасын жетілдіреді.

Вистан жұлқи көтерудің тарту күші. Аяқтардың, арқаның, қолдардың қазіргі кезгі жұмысқа қосылуына дағды қалыптастыруға жағдай жасайды, атлеттітік созылған қолдарымен жаттығулар орындауға баулиды.

Плинттарда тұрып жұлқи котерудің тарту күші. Атлетке көбірек еңкеюге, аяқтарын көбірек бүгуге тура келеді. Осы кезде зілтемірдің жолы ұзарады, арқа мен аяқтардың бұлшық еттеріне түсетін жүктеме өсе бастайды. «Жұлып тартумен» және «жұлып тартусыз» да орындалады.

Енділік ұстау арқылы зілтемірді кеудеге көтеру. Атлеттің жылдамдық-күштік қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік туғызады және жұлқи көтеру техникасының кейбір компонеттерін жетілдіреді. Зілтемірді бір қолмен жұлки көтеру. Отырып алып және отырып жасап, отырып-тұрулар (жұлқи көтеріп ұстау). «Қайшымен» отырып алуды орнықты және дәл орындаудың ептілігін шыңдайды, сонымен бірге иілгіштіктің дамуына, сіңірлерді және жамбас сүйектің бұлшык еттерін қатайтуға ықпал етеді. Отырып-тұру кезінде атлеттің және зілтемірдің салмағы екі аяққа бірдей түсіріледі, ал отырып алудың тереңдігі максималды болуы керек. Б.қ.-тан отырып алу, зілтемір кеудеде немесе иықта (жұлқи көтеріп ұстау). «Қайшымен» немесе аяқтарды алшақ қойып орындайды. Тізе-табандардың, тізелердің, жамбас сүйек пен мықынның және иық буындарының қимылдарын жақсартады, қимылдардың дәлдігін жетілдіруге жағдай жасайды. Отырып алуды аяқтарды алшақ ұстап орындағанда, атлет омыртқалардың белдегі және кеудедегі бөліктерінің иілгіштігін дамытады. Зілтемірді кеудеге тұғырдан алған ыңғайлы. Әдеттегідей, отырып алу аяқтармен тез серпігеннен кейін орындалады. Жоғарыға созылған қолдардағы зілтемірмен отырып-тұру. Қимылдың дәлдігін қайталау және отырып алудың табандылығын жетілдіру үшін, сонымен бірге иілгіштікті дамыту үшін қолданылады. ¥стаудың ені мен аяқтардың қойылуын ауыстырып тұрған пайдалы.

Серпе көтеруғе арналған арнайы жаттығулар

Аяқтарды алшақ үстап отырып алумен кеудеге көтеру. Отырып алу, «жұлып тарту», отырып алу мен «жұлып тартуды» координаңиялау жэне жетілдіру үшін қолданылады. Отырып алып вистан «қайшымен» кеудеге көтеру. «Жұлып тартуды» жетілдіру үшін және атлеттің жылдамдық-күштілік мүмкіншіліктерін дамыту үшін пайдаланылады.

 Аяқтарды алшақ ұстап отырып алып, плинттардан кеудеге көтеру. Вистан кеудеге көтеру мақсаты сияқты, бұл да солай орындалады. Алайда, қайталап кө- теру кезінде зілтемірді қолда ұстап тұрудың қажеттігі болмайтындықтан, бұл жаттығу айтарлықтай жеңілдеу болады; плинттерді пайдаланудың арқасында атлеттің организміне түсетін жүктеме азаяды, оған зілтемірді қайталап көтергенде жіберілген қателіктерді жоюға мүмкіншілік жасайды.

«Қайшымен» отырып алып, плинттерден кеудеге көтеру. Принңип бойынша бұл да алдыңгы жаттығулардың мақсатына сәйкес орындалады, бірақ отырып алуды басқа тәсілмен жетілдіруте бағытталган.

Жартылай отырып алумен кеудеге көтеру. Арқаның және аяқтардың бұлшық еттерінің күшін дамытуға, сонымен бірге серпіп көтерудің кейбір компоненттерін меңгеруді жетілдіруге арналған. Жартылай отырып алумен кеудеге көтеру. «Жұлып тартудың» «жарылғыш күшін» дамыту үшін қолданы- лады. Өткен жаттығуға ұқсас, бірақ зілтемір сөрелік қалпында тұғырдан жоғары көтеріліп тұрады. Вистан орындалатын басқа жаттығулар сияқты, біліктің б.қ. жоғарылығын варияңиялауға болады.

Жартылай отырып алып, плинттардан кеудеге көтеру. Өткен жаттығуға ұқсас. Плинттардың биіктігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер назарды «жұлып тарту» үшін максималдық күш салуға аударатын болсақ, онда білік «жұлып тартудың» басталуына сәйкес биіктікте орналасуы керек. Осы қалыптан бар күшіті сала зілтемірді көтеру басталады, онымен бірге аяқтардың, арқаның және қолдардың бүлшық еттері іске қосылады.

 Отырып алусыз кеудеге көтеру. Бұл жаттығу, уақыттан бұрын, дененің жазылуын аяқтамай жатып, отырып алуды бастап және аяқтың ұштарына жеткіліксіз көтерілетін атлеттер үшін өте пайдалы. Отырып алусыз вистан кеудеге көтеру. «Жұлып тартуды» орындауға қатысатын бұлшык еттердің кушін дамьпуға көмектеседі және шынтақтарды алға шығаруды игеруге жағдай туғызады. Білік тізе деңгейінен жоғары немесе төмендеу орналасуы мүмкін. Атлет аяғының, арқасының және қолдарының бұлшық еттерінің күшін жұмылдыру арқылы зілтемірді кеудеге көтереді.

Серпіп көтерудің тарту күші. Зілтемірді кеудеге көтеріп алуға қатысатын бұлшық еттердің керекті күшін дамытуға және серпіп көтеру техникасын жетілдіру үшін қолданылады. Серпіп көтеруге арналған сөрелік қалыптан орындалады. Снарядтың білігі мейлінше тізе мен мықынға жақын болуы тиіс. Зілтемірді аяқтар толық жазылғанша және дене тік түзелгенге дейін («жұлып тартумен» — біліктің мықынның шамалап келгенде төменгі деңгейінің үштен біріне жеткенде немесе «жұлып тартусыз») көтеріп тұрады. Плинттарда тұрып, серпе көтерудің тарту күші. Жаттығу алдыңғыға ұқсас, бірақ мұны денені барынша еңкейтіп, аяқтарды барынша бүгіп алып орындау қиындау. Себебі бұл зілтемірдің көтеру жолын ұзартады және арқа мен аяқтың бұлшық еттеріне түсетін жүктемені көбейтеді.

Әр түрлі биіктіктегі плинттарда тұрып, серпе көтерудің тарту күші (ауыр немесе салыстырмалы түрде жеңілдеу салмақпен). Күшті дамыту және «жұлып тарту» техникасын жетілдіру үшін пайдаланылады. «Жұлып тартумен» және «жұлып тартусыз» орындалады.

Вистан серпе көтерудің тарту күші. Күшті дамыту және техниканы жетілдіру үшін қолданылады. Статикалық қалыптан орындалады. Оған атлет зілтемірді тұғырдан көтеру кезінде (білік тізе деңгейінен жоғары немесе төмендеу) немесе сол деңгейге қайта түсіріп, көтергеннен кейін келеді. Зілтемірді тұғырдан алғаннан кейін кеудеден сер-пе көтеру. Бұл жаттығу серпе көтерудің екінші тәсілін нашар орындайтын атлеттердің сабақтарына енгізіледі. Бұл зілтемірді кеудеге көтеріп алуға энергия жұмсамай, жаттығуды көп қайталау арқылы салмақты кеудеден итеріп алу әдісін жетілдіруге назар аударуға мүмкіншілік жасайды.

Серпе көтеру швунгі. Кеудеден серпе көтеру сияқты орындалады. Айырмашылығы — «қайшымен» отырып алудың орнына тайыздау жартылай отырып алу жасалады. Қолдардың толық жазылуы атлеттің жартылай отырып алу қалпымен сәйкес келуі керек.

Тұғырдан серпе көтерудің швунгі. Кеудеден және иықтан орындалады. (зілтемір тұғырдан кеудеге немесе иыққа алынады). Ол арнайы стойка деп аталатын құралдан істелнеді. Швунгіні кеудеден де, иықтан да орындауға болады. Швунгты аяқты қайшы қоюдын орнынада істеуге болады.

 

Сығымдап көтеру швуніі. Мұны орындаған кезінде серпілген аяқтардың өкшесін тұғырдан ажыратпаған дұрыс. Бұл жаттығуда кобінесе ауыр салмақ пайдаланылады. Швунгіні кеудеден де, иықтан да орындауға болады.

Әріптестің көмегімен серпе көтеру. Атлет зілтемірді кеудесіне әріптестерінің көмегімен алады. Зілтемірді екі (біліктің екі шетінен) немесе бір (білікті ортасынан астынан ұстап) серіктес көмектесіп, жаттығу орындап жатқан әріптесінің кеудесіне алып береді.

Иықтан серпе көтеру. Кеудеден серпе көтеру үшін отырып алуды жетілдіруге мүміншілік жасайды. Иық буындары нашар қимылдайтын ауыр атлеттер үшін өте пайдалы. Ұстаудың әртүрлі енімен зілтемірді тұғырдан немесе серіктестердің көмегімен алуға болады. Жаттығуды кең ұстаумен бастаған дұрыстау, кейін, иілгіштігінің жетілдірілуіне байланысты, оның енін азайта беру беруге болады.

Жартылай серпе көтеру. Атлет б.қ. кеудедегі зілтемірмен жартылай отырып алуды орындайды, аяқтарын жазып, зілтемірді жоғары жібереді (кеудеден серпе көтергендей), бірақ қолдарын толық жазбайды.

Аяқтардың амортизиацияланып бүгінуне байланысты зілтемир кеудеге жұмсақ қонады.Осындай арнайы жұлқа және серпе көтерудің жаттығулары бар осылар арқылы биз келген жас спортшыларға үйрете аламыз. Тағы бір айтка кететін жаттығумыз, ол жұлқа көтеру мен серпе көтеруге арнлаған арнайы жаттығулар бар. Осыған бір тоқтала кетейн.

Жұлқа көтеру мен серпе көтеруге арналаған арнайы жаттығулар

Иықтағызілтемірменеңкеюлер. Арөа мен аяқтардың  иілгіш бұлшық еттерін дамыту үшін пайдаланылады. Аяқтарды бүгуге де букпеуге де болады. Дененің бүгілуі аяқтардың ұштарына белсенді көтеріліп тұрумен бітеді.Егер Егер дененің бастапқы иілуі көп болса және аяқтары тік тұрған болса, онда жуктеме де өседі. Иықтағы зілтемірмен отырып-түру. Аяқ бүлшмь еттерінің күшін дамытуға арналған негізгі ж.т/1 иі > лардың бірі. Жэне дененің бүлшықеттері дс үлксп статикалық жүктемені сезеді.

Кеудедегі зілтемірмен отырып тұру. Аяқ бұлшықеттерінің күшін, иілгіштікті дамытады, отырып алудии кейінгі зілтемірмен көтерілудің техникасын жетілдіруіге  көмектеседі. Арқа ішке қарай кіріп, шынтақтар алға қарай мүмкін болғанынша жоғары көтерілуі керек. Ұмтылыс кезінде кеудедегі зілтемірмен отырып тұру. Аяқтардың иілгіш бұлшық еттерінің дамуына мүмкіншілік туғызады және жамбас-мықын, тізе мен тізетабан буындарының, сонымен қоса омыртқалардың да қимылдарын өсіреді. Алға жіберілген аяқ үлкен жүктемені көтереді, сондықтан аяқтардың қалпын әлсін- әлсін өзгертіп тұрған жөн.

Ұмтылыс кезінде иықтағы штангімен отырыптұру. Алдыңғы жаттығулардың мақсатында пайдаланылады. Зілтемір салмағының көптеу болғаны дұрыс. Зілтемірді аяқпен сығымдап көтеру. Б.қ. арқаға (скамейка-орындыққа, кілемшеге) жатып орындалады, бүгілген аяқ табаны зілтемірдің білігіне тірелуі керек (арнайы құрылғыда). Жаттығудың құндылығы оны орындаған кезде бел аумағына жүк түспейді. Отырып- тұрудағыға қарағанда, мұнда айтарлықтай ауырлау салмақ пайдалануғй болады. Кеудедегі немесе иықтағы зілтемірмен ұмтылып жүру. Ұмтылыспен отырып-тұрудағы мақсатта қолданылады, бірақ орындалу уақыты ұзақтау болады, сондықтан органнзмге үлкен жүктеме түсіреді. Екі аяқтың бұлшық еттерін бірдей дамытады.

Кеудедегі немесе иықтағы зілтемірмен секіру. Секірушілікті дамытуға мүмкіншілік туғызады. Терең отырып-тұрулардағы орындалған секірулер жамбас-мықын, тізе мен тізе-табан буындарының қозғалыстарын жақсы дамытады.

Сығымдап көтеру. Қолдың және иық белдеуінің күшін дамытуға, иық, шынтақ, білек буындарының, олармен қоса омыртқа байланыстарын қатайту үшін ұсынылады. Бастапқы қалыптан орындалады. Алдымен зілтемірді кеудеге көтереді, сосын қолдардың, аяқтардың, дененің күшін қосы арқылы жоғары көтереді.Кең ұстау арқылы сығымдап көтеру.Ұстау иықтардан шамалы енділеу (3-5 см) немесе жұлқи көтерудегі ұстауға жақын болуы керек. Кең ұстауда дель татәріздес бұлшық еттерге түсетін жүктеме арта түседі.

Тар ұстау арқылы сығымдап көтеру. Бұл жағдайда негізгі жүктемені дельта тәріздес бұлшық еттің алдыңғы шоғыры мен иықтың үшбасты бұлшық еттері көтереді.

Отырып сығымдап көтеру. Бұл жағдай дененің ауытқуын, аяқтар мен дененің көмегін керек қылмай, қол мен иық белдеуінің бұлшық еттерін жұмысқа белсенді қосуға мүмкіндік береді.

Жатып сығымдай көтеру. Көлденең немесе көлбеу орналасқан отырғышта және еденде орындалады. Атлет зілтемірді кеуденің төменгі бөлігінен көтерген кезде жүктеме дельта тәріздес бұлшық еттің алдыңғы шоғырына, кеуденің жоғарғы бөлігінен — үшбасты бұлшық еттерге кебірек түседі.

Иықтан сығымдап көтеру. Дельта, трапеңия және ромб тәріздес бұлшық еттердің күшін дамыту үшін пайдаланылады. Әдеттегі кең ұстау тәсілі қолданылады. Сонымен бірге жаттығу иық буындарының қозғалысын артттыруға мүмкіншілік туғызады.

Кеуденің төменгі бөлігінен сығымдап көтеру. Бұл жаттығуда дельта тәріздес бұлшық еттер үлкен қарқында жұмыс атқарады. Бүл жағдай олардың дамуына игілікті әсерін тигізеді.

Желке тұстан зілтемірмен қолдарды жазу. Иықтың үшбасты бұлшық еттерінің дамуына көмектеседі. Білектерді жоғары көтеріп, тар ұстаумен орындалады. «Зілтемір кеудеден жоғары» бастапқы қалпынан (б.қ.) сығымдап кетеру. Иықтың үшбасты, дельта және трапеңия тәріздес бұлшық еттерінің күшін дамытуға қолданылады. Тұғырдан немесе зілтемірді қайталай сығымдап кәтеру кездерінде қажетті биіктікке түсіру кідірте орындалады..

Бір қолмен сығымдап көтеру. Қолдың бұлшық еттеріне локалдық әсер ету үшін үсынылады. Бір қолы екіншісінен әлсіздеу спортшылар үшін де бұл жаттығудың пайдасы зор. Міне соындай арнайы жаттығулары бар ауыр атлетшілерге арнап соны тиімді пайдаланып жүр деп ойлам[1,2,9,10,23,31,40,]

 

 

3.2 Ауыр атлеттерді жастайынан бастап даярлаудың бастапқы кезеңдегі оқу-жаттығу бағдарламасы

 

1-ші кестеде жаттығу бағдарламасының 10-12 жасар балаларға арналған 2 жылға созылатын бастапқы кезеңдеғі дайындығының апталық шағын жаттығу құрылымының мазмұны көрсетілген. Бұл -теориялық және тәжірибелік дәлелді неғіздерге сүйенген және көпжылдық қолдауға ие болған, сонымен бірге өзінің жоғары класты ауыр атлеттерді дайындауда нәтижелілігін дәлелдеген бағдарлама.

Ұсынылып отырған апталық бағдарламаның шағын жиынтығы қатаң түрде ғылыми негізге сүйенеді және 10- 12 жасар балалардың анатомия-морфологиялық, физиологиялық жақтары мен балалар ағзасының психикалық ерекшіліктері есепке алынады. Бастапқы кезеңдегі дайындық бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыра отырып, спортшының иілгіштігін дамытады және бұл ретте спорттық гимнастика сияқты негізгі орындардың біріне ие болады[25].

1 кесте

10-12 жастағы ауыр атлетшілердің бастапқы дайындық бағдарламасының мазмұны (апталық шағын цикл)

№№

Мазмұны апта

күндері

д

с

с

б

ж

с

ж

а1

Штангімен бастың артынан ұстау және жұқылы ұстау мен отыру

5/5

3/5

4/4

3/4

5/5

3/4

 

22

Тура тұрыстан жұлқылы отырысқа кету, штанганың белтемір бас артында, жұлқылы ұстау

5/5

3/5

4/4

3/4

5/5

3/4

 

33

Аяқтын ұшында тұрып жұлқылы отырысқа кету, штанганың жаңбас деңгейінде

4/4

 

4/4

 

4/4

 

 

44

Плинтен жұлқу, белтемір тізеден жоғары

4/4

 

 

4/4

 

4/5

 

55

Асылудан жұлқу,

Белтемір тізеден

төмен

 

 

4/5

 

4/5

 

4/5

 

66

Жұлқа сөре тұрысы

3/5

 

3/5

 

3/5

 

 

77

Серпе швунгі,

Белтемір бастың артында

3/5

 

3/5

 

3/5

 

 

88

Кеудеден серпе швунгі

4/5

 

4/5

 

4/5

 

 

99

Қайшылай серпеу,

Штанга артында

 

3/5

 

3/5

 

3/5

 

110

Кеудеден

қайшылай серпу

4/4

 

4/4

 

4/4

 

 

111

Аяқтын ұшында тұрып кеудеге

Көтеріп шығу,

белтемір жаңбас деңгейнде

2/3

3/4

2/3

3/4

2/3

3/4

 

112

Плинттен кеудеге көтеру, белтемір тізеден жоғары

3/5

 

3/5

 

3/5

 

 

113

Асылудан кеудеге көтеру,белтемір тізеден төмен

 

3/5

 

3/5

 

3/5

 

114

Кеудеге көтеру алдындағы қимылы

 

3/4

 

3/4

 

3/4

 

115

Штанганы кеудеде ұстап отыру

3/5

3/5

3/5

3/5

4/5

3/5

 

116

Асылудан немесе плинттен жұлқып тарту, белтемір тізеден жоғары

3/5

 

3/5

 

3/5

 

 

117

Үдету 20 м.

 

 

 

 

 

 

3/3

118

Гимнастикалық серкеге, жұлқу отырысын сақтап секіріп міну және жерге түсіп тез қалпына келу

3/3

 

3/3

 

3/3

 

 

119

Ұзындықа орынан секіру

 

3/3

 

3/3

 

3/3

 

220

Белтемірде тартылу

 

4/7

 

 

 

4/7

 

221

Кеудені жерден көтеру, аяқ 20-30 см биіктікте

 

3/10

 

3/10

 

3/10

 

222

Санға тіреліп кеудені жазу

3/10

 

3/10

 

3/10

 

 

223

Отырған қалпына кеудені бүгу

 

3/10

 

3/10

 

3/10

 

224

Спорт ойындар (футбол, баскетбол)

 

 

 

 

 

 

2х20 мм

 

Бастапқы дайындықтын маңызды міндеттерінің бірі ауыр атлетикалық жаттығуларды жасауда және оларды қайталау мен қанша рет жасау керектігін анықтағанда ауырлық түсіру салмагын іріктеп алу қажет. Ауыр салмақ көтерудің барлық түрі баланың мүмкіндігімен сай келіп, қимыл-әрекетті қайталап жасау барысында спортшы қатты қиналмайтындай болғаны дұрыс. Бұл жағдай спортшының жарысқа дайындык, арнайы дайындык, жалпы дайындық жаттығуларын жасаудағы қимыл дағдысының тез қалыптасуына мүмкіндік береді. Ауыр атлетикалық жаттығулар тәсілінің (техникалық) ұтымды, тұрақты дағдысының бар болуы, қимыл-әрекеттерді жасаудағы дәлдік және нақтылық спортшының арнайы физикалық сапасының тезірек жоғарылауына, оның спорттық-техникалық шеберлігінің жалпы жылдам өсуіне септігін тигізеді[7].

 Бұл бағдарламаны іс-тәжірибе жүзінде іске асыру мынаны көрсетті: ауыр атлетикалық жаттығулардың тәсілдерін үйрету әдістері және ол жабдықтарды сақтау, арнайы физикалық сапасының өсуі спортшыларды сапалы даярлаудың тыңғылықты негізін салады және оның қалыптасуы мен жоғары спорттық шеберлікке жетуіне мүкіндік  жасауға болады. Берліа отырған бағдарламаның бастапқы дайындық кезеңіндегі салмақ түсіру жаттығуларының құрылымы жайлы мәлімет 2-ші кестеде беріліп тұр. Бұл бағдарламаны іс-тәжірибеде сапалы түрде қолдану салмақ түсіру салмағын дұрыс таңдай алуға да байланысты шешуші маңызға ие болады. Бүл жағдай үйренушінің (шәкірттің) мүмкіндіктеріне байланысты анықталады және жеңілдетілген жаттығуларды орындай алуға баулиды. Сонмен қатар ауыр атлетикалық жаттығулардың кең ауқымын орындауда қимыл-әрекеттің орынды байланыстары бұзылмауы дұрыс болады. Жүктеме түсіру салмағын шамадан тыс арттыру әрекеттердің үйлесімділік және дәлдік ара салмағын бұзады да, ақырында бұл жаттығушының (шәкірттің) елеулі дәрежеде зақым, жарақат алуына алып келеді. Дайындықжаттығуыныңталданыпотырған құрылымы көрсетіп тұрганындай, апталық шағын жиынтықты арнайы дайындық көлемі 855 көтеру болып отыр, ал жалпы физикалық дайындық көлемі 490 көтеруге жетеді. Осылайша ұсынылып отырған дайындық үлгісі арнайы жалпы физикалық дайындықтың байланыс көлемін тең дәрежеде 64% және 36 % сәйкестікте ұстап тұра алады. Ұсынылып отырған бағдарлама басқа үлгілерден өзінің көптеген артықшылықтары арқылы ерекшеленетін болады. Ол бағдарламаларда дайындықтың ара қатынасы бойынша жалпы физикалық дайындыққа ғана негізгі күш салынады  [48] 2 кесте.

10-12 жастағы балалардың бастапқы кезеңдегі апталық ңиклдық жаттығу жүктемесінің құрылысы

Мазмұны апта күнднрі

д

с

с

б

ж

с

ж

Барлығы

1

Штангімен бастың артынан ұстау және жұқылы ұстау мен отыру

100

80

100

80

100

80

 

546

2

Тура тұрыстан жұлқылы отырысқа кету, штанганың белтемір басартында, жұлқылы ұстау

159

136

141

130

159

130

 

855

3

Аяқтын ұшында тұрып жұлқылы отырысқа кету, штанганың жаңбас деңгейінде

71

69

71

69

71

69

70

470

4

Жаттығудағы барлық жақындау мен қайталау саны

46/230

49/205

42/212

40/165

48/238

40/199

10/70

275/1345

 

Дайындықтың мұндай апталық шағын жнынтық үлгісі бірінші рет үш рет Олимпиада жеңімпазы болған Наим Сүлейманоглуның 10 жастан бастап дайындығында қолданылды. Н.Сүлейманоглудың спорттық шеберлікке жетуінің нәтижесіне талдау жасай келгенде, ауыр атлетикалық жаттығулар тәсілдерін тез меңгеруі және арнайы физикалық сапасының өсуі, сондай-ақ спорттықнәтижелерінің өсу сатысының қарқындылығы ұсынылып отырған бастауыш дайындық бағдарламасының іс-тәжірибе жүзіндегі нәтижелілігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, алғашқы дайындықтың жоғары сапалы болуы Н.Сүлейманоглуның дайындығына әсер ете отырып, оның үлкен спорттық шыңға көтерілуәіне жол ашты. Н.Сүлейманоглудың ерте кезден дайындық барысына қалыптасуы арқасында ол 15 жасында үздік нәтиже көрсете алды.

Ол жастар арасында дүниежүзі біріншілігі жүлдесіінің иесі болды, ал 16 жасында үлкендер арасындағы әлем біріншілігін жеңіп алды. Дәл осы үлгі Х.Мутлу, Т.Сагир, Н.Тайландтарды дайындауда да қолданылды. Осының озі, ауыр атлетикадағы олардың көрсетіп отырған үздік нәтижелері бұл бағдарламаның тиімділігін нақтылай түскендей. Н.Сүлейманоглу мен Х.Мутлу сияқты күш иелері тек үлкен нәтижелер көрсетіп қойған жоқ. Сонымен бірге 20 жылдай ірі халықаралық спорттық жарыстарда, Олимпиада ойындарында жүлделі орыыдарды бермей, спорттық ұзақ жасау үлгісін танытты. Қорыта келгенде, бұл бұрыннан келе жатқан, «спортшыларды жас кезінен ауырлыққа үйрету, оның денсаулығына зиян келтіреді» деген түсінікті жоққа шығарады.

Ауыр атлетикадағы бастапқы дайындықпен үйретудің негізгі мақсаты — балалар арасынан дарындарды таба біліп, оларға дұрыс спорттық бағыт беру. Бұл үшін ғылыми негізге сүйенген межелерді тауып, ол жайлы бар мәліметтердің мағынасын анықтай отырып, 10-12 жасар балалардың әр қайсысының болашағына бастама дайындықтың беретін нәтижесін дәл белгілей білу керек. Бұл жағдайда мынаны есте ұстау қажет: тестік тапсырмалар — жеке тұлғаның бейімділігі мен сапасын анықтай алу, бұл ауыр атлетика нәтижесінің сапалы мағынаға ие болуына алып келеді. №3-ші кестеде салмақ категориясы бойынша тестердің нәтижесі берілген. бұл өлшемдер іс-тәжірибеде қайта-қайта тексерілген және балалардың ауыр атлетикамен айналысудағы жекелей қабілеттері бойынша оларды дайындықтың бастапқы кезеңінде іріктеп алып, дайындауға байланысты жоғары нәтижелілігін көрсетіп отыр. 3 -кесте

10-12 жастағы балалардың бастапқы дайындык кезеңіндегі арнайы және жалпы дамыту дайындығының моделі

 

Тест спортшының салмағы

Кеудені жерден көтеру, аяқ отырғыштың үстінде

Орныан жоғарысекіру

(см)

Орнынан ұзындықа секіру

Белтемірде тартылу (сан)

Жүгіру 30 м

Жүгіру 400м

Санға тіреліп кеудені жазу (сан)

Аркада жатып кеудені бүгу (сан)

30

20

40

150

10

6,7

2,10

20

20

35

20

45

155

12

6,7

2,10

20

20

40

20

50

60

13

6,7

2,10

20

20

45

25

55

165

15

5,7

2,00

25

75

50

25

55

165

15

5,7

2.00

25

75

60

25

60

170

15

5,6

2,00

30

30

70

20

55

160

10

6,8

2,20

20

20

87

15

50

150

8

7,9

2,30

15

15

Ауыр атлетикалық жаттығулардың тәсілдік нәтижелілігін (соза көтеру мен жұлки көтеру) тәжірибелі жаттықтырушылардан белгіленген сарапшылар үш баллдық бғгамен (қанагаттанарлық, жақсы, өте жақсы) бағалайды[41].

 Спортық техника нәтижелерінің өсі түсуі және физикалық сапасының даму үшін аптасына бір рет, жұма күні баланың өзінің жүрген салмағын немесе сәл одан ауырырақ салмақты көтеріп отыру керек [49,50].

 

  1. 3 Ауыр атлетикадағы жас спортшыларды дене сапаларын дамыту

Ауыр атлеттер үшін күшті дамыту — Күш бұл адамның сыртқы кедергілерді жеғіп шығу қабілеттілігі немес бұлшық еттердің күшімен  оған қарсы әрекет жасау. Негізі б.ш күшімен әр түрлі құралдар көмегімен білуге болады: Мысалы;динамометрлермен өлшеуге болады. Жас спортшылардын күшін дамыту үшін, бәрнеше тәсілдермен дамытуға болады: Термеге тартылу арқылы баланың қол күшін дамытға болады. Аптасына екі рет беруге болады  4 тен  5-6 подхот істету керек. Осындай әр түрлі жаттығулар арқылы күшті дамыта аламыз.

Шапшаңдықты дамыту — Қысқа уақыт ішінде орындалатын қимылдық әрекет (мысалы, белгілі бір тітіркенткішке қарапайым қимылдың реакциясы — дыбыстық, көрінетін және т.б.; қозгалыстың белгілі уақыт ішіндегі жиілігі) шапшаңдық деп аталады.

Ауыр атлеттің шапшаңдығы зілтемірді сөреден көтеру, кейін — көтерудің әр түрлі фазасындағы жылдамдығымен белгіленеді. Жылдамдықтың ең жоғарғы көрсеткішіне «жұлып тарту» және отырып алу кезінде қол жеткізіледі. Зілтемір көтерудегі классикалық жаттығулардың белгілі бір фазаларында ауыр атлеттерге сөредегі жылдамдық, «жұлып тарту», отырып алу секілді максимальдық жылдамдықтар белгіленеді.

Шапшаңдықты дамытуда 8-ден 15-16 жасқа дейінгі аралықта ең жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге болады. Жылдамдық жаттығуларын қайталаған сайын шапшаңдық арта түседі. Қысқартылған үзіліс арқылы жылдамдық жаттығуларын қайталау атлеттің гликолитикалық, яғни төзімділік мүмкіндігін дамытуға ықпал ететін қуатты фактор болып табылады.

Шапшаңдық — ауыр атлеттер үшін күш сияқты, өте қажет қимыл-қозғалыс қасиеті . Классикалық жаттығуда жоғары жылдамдыққа қол жеткізу күш пен жылдамдықтың сапасына байланысты. Сол себепті атлет оны арнайы дамыту жолында жүмыс істеуі тиіс.

Жылдамдық пен жүктеме күш түскен кездегі бұлшық еттердегі биохимиялық процестер өте ұқсас. Сондықтан да жылдамдықтың дамуы күштің дамуына ықпалын тигізбей қоймайды.

Жоғарыда айтылғандай, жылдамдық мейлінше тез орындалған жаттығулардың көмегімен дамиды. Мұндай жаттығуларға мыналарды жатқызуға болады:

1)  қысқа қашықтыққа жүгіру (20-50 м);

2)  жүгіріп келіп ұзындыққа, биіктікке секіру; орында тұрып ұзындыққа, есектен секіру;

3)  лақтыру;

4)  аз салмақты зілтемірмен немесе білікпен тез жаса- латын жаттығулар;

5)  аз салмақты гир немесе зілтемірді көтеріп, өзіңнен асыра лақтыру;

Жас спортшыларға осындай жаттығулар арқылы  жылдамдықты дамытуға болады.

Төзімділікті дамыту — Жұмысты жалғастыруға бөгет болар негізгі фактор — шаршау немесе қажу. Ерте шаршау төзімділікті жетілдірудің жеткіліксіз екендігінің куәсі. Шаршағандықтың болар болмас белгісі төзімділік дамуының жоғарылығын көрсетеді. Ауыр атлеттің арнайы төзімділігі ауырды көтеру жаттығуында, үлкен және үнемі өсіп отыратын (шектеулі мөлшерге дейін) салмақты көтеру мен жаттығу санын арттыру жолымен шыңдалады.

Ауыр атлеттер үшін төзімділікті арттырудың негізгі әдісі — жаттығудағы көтеру санын еселеу. Атлеттер 2-3 көтерімде игеруге қол жеткізетін үлкен кедергілі жаттығуларда күштің өсуі жақсы байқалады. Егер төзімділікті бір келгендегі көтерудің саны есебінен дамыту қажет болса, онда салмағы шекті салмақтың 60-70 % құрайтын зілтемірмен жаттығуға тура келеді. Алайда, білікті атлеттер үшін бұл салмақпен жұмыс істеу тек і өзімділікті шыңдауға ғана ықпалын тигізеді де, күштің дамуы өте шектеулі болады.

Төзімділік көбіне тұрақты жаттығу кезіндегі күштен гөрі, әсіресе жылдамдықтың эсерінен артады. Жаттығу жұмысының үлкен көлемін тек жақсы жаттыққан (10-15 ж) атлеттер ғана атқара алады. Ал жаңа келгендер алғашқы жаттығуда 1-3 реттен аса алмайды, алайда мұның өзі олар үшін өте қиынға соғады. Тек біраз уақыт өткен соң, барлық органдарының қызметі жақсарғаннан кейін ғана бұл спортшылар айтарлықтай жұмыс көлемін еш шаршаусыз орындай алатын болады.

Иілгіштікті дамыту — Иілгіштік немесе буындардың қозғалғыштығы  ауыр атлеттердің физикалық даярлығындағы маңызды компонент. Ол адамның қозғалысты жоғарғы немесе төменгі шамада атқаратын қабілеті болып табылады.Буындардың нашар қозғалысы көбіне күшті әрі жылдам ширығуын қиындатады. Егер қозғалыстың жоғары амплитудасы қолжетімді болса, демек, антоганист бұлшық еттер оңай созылып, қуатты агонист бұлшық еттерге аз қарсылық көрсетеді де, олардың қысқаруы жаттығудың орындалуын қамтамасыз етеді. Оған қоса қозғалыс тиімділігі де жоғары болады.

Иілгіштіктің арнайы дамуын ең алдымен, жұлқи көтеру мен серпе көтерудегі аяқты алшақ қойып отырып алуды ұтымды орындау қабілеттілігі қалыптастырады. Бұл отырып алу омыртқаның жеткілікті амплитудада жа- зылуын, иық белдеуі мен тізе-табан буындарының жақсы қозғалғыштығын қажет етеді. Көп жылдық жаттығу проңесінде, жаңадан қосылған спортшыларға қарағанда, квалификациясы жоғары атлеттер үшін иілгіштікті дамыту жұмысы өте маңыздылау. Оның себебі: көп жағдайларда жаңа келгендердің иілгіштігі айтарлықтай жоғары болады. Спорттық шеберлігі өсуіне байланысты (спорт шеберіне кандиттан (СШК) бастап халықаралық кластық спорт шеберіне (ХКСШ дейін) жоғарғы квалификациялық ауыр атлеттердің жұмыстық буындарының иілгіштігі бір шама төмендетіледі. Демек, бұл бүктіру-жазылту қимылдарының оптимальдық деңгейді қабылдайтынын білдіреді. (С.Қ.Мұстафин, 1985 ж.).

Буындардың жақсы қозғалысы аяқты алшақ тастап, отырый алуды орындауға жақсы мүмкіндік береді. Расында, атлеттердің көпшілігі отырып алудың осы тәсілін жөн көреді және ірі жарыстардағы жұлқи көтеруде немесе зілтемірді кеудеге алудағы қайшылап отырып алуда сирек орындайды.

Иілгіштіктің дамуына байланысты кейбір спортшылар жаттығуды табысты аяқтайды. Шынтақ буындарының қозғалысы онша емес спортшылар әсіресе, жоғары көтерілген салмақты толық жазылған қолда ұстап тұру кезінде елеулі қиындықтарға кез болады. Ал иық буындарының қозгалысы шектеулі болса, фиксация жасау кезінде одан да күрделі қиындыққа тап болары сөзсіз.

Иілгіштік жаттығуын спортшы дене қыздыруда немесе жаттығудың соңында ғана емес, жарақатты радикулитті (ауыр салмақты зілтемірді серпу салдары) емдеу үшін де енгізуі тиіс. Бұл жаттығудан соң бірден тізені бүкпей, қол ұшы еденге тигенше бірнеше рет алға еңкею ұсынылады. Шамалы салмақпен сығымдап, серпе көтеру мен отыруды орындағаннан кейін гимнастикалық қабырғаға немесе аспа темірге асылу пайдалы. Бұл омыртқа аралық құрамдардың созылуына жақсы әсерін тигізеді. Шынтақ буындарының қозлғыштығын біртіндеп арттыруға болады. Бұл мақсатта машықтану сайын мына жйттығуларды жасау қажет: арқаны (шынтаққа дейін) тіреуге (үстелге, гимнастикалық атқа немесе басқа затқа) тигізулі, білек көтерулі (алақанмен жоғары), ал білезік гирді немесе зілтемір дөңгелегін үстап түрады. Спортшы серіппелі қимылмен шынтақ буынын жазады. Ауыртпалық салмағын біртіндеп арттырады. Иық буындарының қозғалғыщтығы гимнастикалық ұабырғаның немесе үстел жанындағы жаттығулар-дың көмегімен жақсы дамытылады: алға еңкейіп, түзу созылған қолдарды гимнастикалық қабырғаның сөресіне (немесе үстел шетіне) тіреп, жоғары-төмен серіппелі қимыл жасау керек.

Иық буындарының қозғалғыштығын сондай-ақ, таяқпен орындалатын жаттығулар да жақсы жетілдіреді: мәселен, таяқты жұлқи көтерудің ұстауымен алып, жоғары көтеріп, шынтақты бүкпестен арқаға жеткізу. Егер кең ұстау кезінде мұны жасау оңай болса, онда оны жақындату шарт. Сонда жаттығу қиындықпен, бірақ үлкен тиімділікте орындалады.

Денені жоғары қозғалыс амплитудасында бүгу мен бұру кезінде де иілгіштік өте жақсы дамиды.

Ауыр атлет иілгіштіктің дамыуына әрдайым мұқият назар аударып жүруі тиіс. Ол машықтану жұмысына иілгіштікке арналған арнайы жаттығуларды кіргізіп, тек қыздырыну кезінде ғана емес, жаттығу барысында да мұндай жаттығулардың бірнешеуін орындауға міндетті. Осындай бірнеше жаттығуларды үйде де орындаған дұрыс.

Ептілікті дамыту — Ептілікті қимылдарды лезде игеріп және жағдайдың күрт өзгөру талаптарына сәйкес әрекетті шұғыл өзгертуге байланысты алып қарау керек. Үйлесімділік пен қозғалыстың дәлділігі ептіліктің негізгі нышаны бо- лып саналады.

Осының бәрі қимылдың нәзік үйлесімділігін талап етеді.

Келесі факторлардың салдарынан ауыр атлет қозғалысының үйлесімділігі қиындай түседі:

  1. Салмағы шектеулі зілтемірді көтеру кезіндегі қиындықтар — бұл кешендік фактор:

а)   атлет көтеріп жатқан зілтемір салмағын үнемі өзгертуге мәжбүр болады да, бұл бұлшық ет ширығуының үйлесімділігін өзгертіп тұруға мәжбүр етеді;

б)  жүктеменің шектеулі сипатына байланысты жарыстық ұүсқалардағы зілтемір салмағын жұлқи көтеру мен серпе көтеруді бірнеше рет қайталауға атлеттің мүмкіншілігі болмайды.

2.Машықтандыру процесінде ауыр атлеттердің күш салу дайындығындағы едэуір ілгері басушылықтар зілтемірдің көтеру техникасын өзгертуге мэжбүр етеді. Бұл «атлет — зілтемір» жүйесіндегі ішкі күштердің үлкен өзгерістеріне байланысты.

  1. Тұтас жаттығулардың немесе оның кейбір бөліктерінің қысқа уақыттылығы кері байланыс қызметінің негізінде қимылдың өткінші коррекциясының мүмкіншілігін шектейтін болады.

Ауыр атлетика — қимыл жүйесі ретінде жаттығуларды қайта жаңғыртудың жоғары дәлдігін талап ететін спорт түрі. Алайда, өзінің кеңістік уақыттық және күштік сипаты бойынша алдыңғысын (сондай салмақтағы зілтемірмен) айнытпай қайталаған қозғалысты тіркеу өте сирек жағдайларда ғана мүмкін болды. Қайталанған кейбір қозғалыс параметрлерінің дәлдігін зерттей отырып,ауыр атлеттердің техникалық шеберліктері мен спорттық қалпының қалыптасуын сипаттауға, олардың түрлі жаттығу жүктемелерінің әсерінен өзгеруін бақылауға болады. Ептілікті дамыту үшін, әр түрлі ауыр атлетикалық жаттығулардан бөлек, спорттық ойындарды, акробатика және спорттық гимнастика элементтерін, күресті пайдалануға болады.

Қимылдық қасиеттер бір-біріне тәуелді болмай жетілдіруге жол ашпайды. Машықтандыру процесінде олардың ішінен біреуінің жетілдірілуі қалған басқаларының жетілдірілуімен тығыз байланысты. Мысалы, күшті дамыту кезінде қозғалыстың жылдамдығы артады, жылдамдықты шыңдауға арналған жаттығуларды орындау кезінде жылдамдықпен бірге күш те, төзімділік те өсе түседі. Бірақ, сапалардың арасындағы байланыс сипаты бойынша әр түрлі. Мысалы, күш пен шапшандық басқасынақарағандатығыз байланыста. Осы сапалардың әрқайсысының дамуы басқалардың дамуына елеулі әсер етеді. Ал күш пен төзімділіктің өзара байланыстары мүлдем басқаша. Қазірғі кезде күшті дамытуға арналған жаттығулардың ұзақ қашықтыққа жүгірудегі төзімділікті шыңдайтындығын дәлелдейтін бірқатар ғылыми жұмыстар бар. Өз кезегінде төзімділікті шыңдауға арналған ауқымды жаттығулар күштің дамуына айтарлықтай игі ықпалын тигізеді. Мәселе күшті дамыту мен төзімділікті шыңцау жаттығуларының организмге тигзер әсерінің сан алуандығында.

Төзімділікке машықтандыру кезінде қан айналымы және тыныс органдарында күрделі өзгерістер байқалады. Күшті дамытуға арналған жаттығуларда бұл органдар спеңификалық бұлшық ет қызметіне бейімделіп,елеулі морфологиялық өзгерістерге ұшырамайды. Төзімділік, оның ішінде арнайы төзімділік — аса қажет қасиет, бірақ оны негізгі қасиетке теріс әсер етпейтіндей дұрыс бағытта дамытқан дұрыс. Осылай ауыр атлеттердің дена сапаларын дамыта аламыз. Атлет үшін осының барі керек нарсе, осыларды дамыта отырып біз жаксы, үлкен жетістіке жетет атлет дайындап шығара аламыз[1,2,18,19].

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Диплом жұмысының жазылу барысында   күрделі спорт түрлерінің бірі болып есептелетін,  ауыр атлетика жас спортшыларына  дене бітімінің қалыптасуындағы анатомия-физиологиялық  ерекшеліктері мен қатар, жүктеме түрлеріне де  толыққанды тоқталып, әдебиеттерге шолу жасалынды.

Сонымен қатар  жас өспірімдердің әдістемесіне сипаттама беретін   зерттеу  түрлерін қолдану да  жас атлетшілерді дайындау барысындағы жүйелі зерттеулердің маңыздылығы мен  ағзаның күрделі жаттығуларға  дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық бақылау зерттеу әдістеріне жас атлешілердің күш шапшаңдық сапаларын анықтау қолданылады. Жұмыс барысында  стандартты тест сұрақтары мен спорт түріне қарай анкеталық сұрақтар жиынтығы құрастырылады.

Зерттеу мақсаты мен гипотезасы негізіндегі жекелей-типтік ерекшеліктерін анықтау мақсатында  төзімділік деңгейінің дамуынын анықтау үшін арнайы педагогикалық  тәжірибе қолданылады. Тәжірибе барысында ауыр атлетикамен айналысатын спортшылардың күш шапшаңдық сапаларын көрсететін және  жаттығу барысындағы әртүрлі жүктемелерді қолданған кезде динамикалық көрсеткіштер анықталады.

Ауыр атлетика  спортты жеңістерге,жақсы нәтижелерге жету барысындағы ролі мен маңызын жақсы білеміз. Бұл  ауыр атлетиак спорты  ағзаның мүмкіндіктерін қалыптастыратын, дайындайтын спортын жақсы бір түрі деп айта алам. Сондықтан  дипломдық жұмысты жазу барысында алдыға қойған мақсаттарға жеттік, мінедеттерге толық сипаттама беріліп түсіндірілді, ауыр атлетикаға қызығушылығы артқан кез келген спорт сүйер жас өскінге бағыт бағдар беретіндей жұмыс орындалды деп айтуымызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1    Р.Б.Лесбекова, С.Ж.Бұғыбаева. Спорт физиологиясы (дәрістер курсының жинағы). Алматы, 2006, 109 б.

2    Оқулық Серік Мұставин Жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған Алматы 2014

3 Тяжелая атлетика Под общей редакцей провессара С.К Муставина  Алматы 2015

4    Спортивная физиология. Дубровский В.И. – М.:Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС,2005. 297-315б.

5    Абдуллаев Ш.У. Характеристика некоторых физиологических и биохимических сдвигов в процессе мышечной нагрузки у взрослых и юных атлетов: Автореф. дисс. Канд. биол. наук. Ташкент, 1978. — 28 с.

6    Акрамов Р.А. Исследование методов отбора перспективных юных футболистов: Автореф. дис. канд. пед. наукгМ., 1977. 24 с.

7    Ахмеджанов Э.Р. Психологические тесты.— , М. 1997.- 319 с.

8    Баландин В.И., Блудов Ю.М., Плахтиенко В.А. Прогнозирование в спорте. М.: Физкультура и спорт, 1986. — 233 с.

9    Бенкин С.В. Спортивный отбор и ориентация. Учебное пособие. -МД972. 29 с.

10  Бенкин С.В., Константинов А.Т. Организация отбора в современном спорте.-М., 1982. 58 с.

11  Бесстрашная Н.А. Медико-физиологические критерии профессиональной пригодности подростков к профессии тракториста-машиниста’. Автореф. дисс.канд. мед. наук.- М., 1972. 18с.

12  Бирюкова З.И. Изучение возбудимости коры головного мозга спортсменов методом двигательных условных рефлексов//Теория и практика физической культуры. 1952. — N 15. — С. 502-510.

13  Благуш П. К теории тестирования двигательных способностей. — М.:ФиС,1982. 166 с.

14  Ю.Блудов Ю.М.,Плахтиенко,В.А.,Соколов B.C. Модельные характеристики сильнейших боксеров //Ежегодник: Бокс. -М.:ФИС,1981. -С.40-41.

15  Блудов Ю.М., Плахтиенко В.А., Худадов Н.А. Сравнительный анализ уровня развития некоторых психофизиологических функций и высокой квалификации. //Ежегодник: Бокс. М.: ФИС, 1975. -С. 1921.

16  Бойко В.В. Целенаправленное развитие двигательных способностей человека. М.: ФиС, 1987. — 144 с.

17  Бриль М.С. Отбор в спортивных играх. М. : ФиС, 1980. -127с.

18  Булгакова Н.Ж. Отбор и подготовка юных пловцов. М.: ФиС, 1978.-158с.

19  Вайцеховский С.М. Книга тренера. М.: ФИС, 1974. — 156 с.

20  Верхало Ю.Н. Фонотремометр (ФТ-2В) // Теория и практика физ. культуры. 1964. — N 8. — С.46.

21  Вировец О.И., Кузнецов В.Г. Рекомендации по оценке нервноэмоционального напряжения лётного и диспетчерского состава гражданской авиации с помощью простых биохимических тестов. М.: ГоснииГА, 1981.-21 с.

22  Волков В.М. Актуальные вопросы биологии спортивного отбора //Теорияи практикафиз.культуры. 1974. — N3.-C. 15-17.

23  Волков В.М., Филин В.П. Спортивный отбор. М.: ФИС., 1983.-175с.

24  Гаськов А.В. Структура средств общей и специальной физической подготовки юных спортсменов . Автореф. дисс.канд. Пед. наук. М.: ГЦОЛИФК, 1985.-23 с.

25  Генов Ф. Психологические особенности мобилизационной готовности спортсменов. М.; ФИС. — 1971. — 245 с.

26  Горбов Ф.Д., Лебедев В.И. Психо-неврологические аспекты труда операторов. М.: Медицина, 1975. — 207 с.

27  Градополов К.В. Спортивное мастерство. Лекция для слушателей факультета усовершенствования. М.: ГЦОЛИФК, 1978. -31 с.

28  Грегг Д. Опыты со зрением. -М.: Мир , 1970.-c.154.

29  Грошенков С.С. О методах и организации отбора в ДЮСШ по классической борьбе. М.’. ВНИИФК, 1970. — 34 с.

30  Гуревич К.М. О валидности лабораторных проб силы и баланса нервных процессов // Типологические особенности высшей нервной деятельности. М.: 1965. — Т. 4. — С. 23-33.

31  Гуревич К.М. Профессиональная пригодность и основные свойства нервной системы.-М., 1979. 249 с.

32  Дашкевич О.В., Черникова О.А. Активная саморегуляция эмоциональных состояний спортсмена. М.: Физкультура и спорт, 1971.-47 с.

33  Дегтярёв И.П.(ред.) Бокс? Учебник для институтов физической культуры. М.: ФИС, 1979. — 287 с.

34  Демирчоглян Г.Г. Как сохранить и улучшить зрение. М.: ИКФ Сталкер, 1997. — 312 с.

35  Демирчоглян Г.Г., Янкулин В.И. Гимнастика для глаз.- М.: ФИС, 1988. 32с.

36  Дубровина З.В., Блинова JI.T., Макарова Л.П. и др. О способах определения комплексов психофизиологических критериев профессиональной пригодности. // Физиология человека. 1987,-t.13,-N 2. -С. 278 -283.

37  Евдокимов В.И. Самочувствием можно управлять. Кировоград, 1987.-83 с.

38  Евстигнеев И.В., Фролов О.П. Исследование процесса психофизиоло-гической адаптации боксеров к обучению и тренировке // Ежегодник: Бокс. -М.: ФИС, 1982. С.25-27.

39  Жданов Ю.Н. Многолетняя возрастная динамика специпльных двигательных реакций юных спортсменов. Автореф: дисс. . канд. пед. Наук -М.: ВНИИФКД997. 24 с.

40  Зотов Ю.И. Специфика занятий по боксу с педагогически запущенными подростками // Бокс: Ежегодник. М.: ФиС, 1979. — С. 16-20.

41  Гандельсман А. Б. Условия достижения высокой работоспособности на

дистанции// Теория и практика физической культуры. – 1964. — №4. – с. 15-19.

42  Шатков Г.И. Спортивные сооружения для занятий, организации  и  проведения   соревнований. Л. 1987.

43  Кун Л. Всеобщая история физической культуры и спорта. М. 1982.

44 Материалпервого Республиканского научно-практичкского семинара теренов Алматы 2014 г

45 Интернет сайты wrestlingua.com

46 http:// wfrk.kz

47 http:// confederation.kz

48 http:// www.ft.kz

49 http:// www.kiwi.kz

50 http:// www.kazwtf.kz