АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

 

Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.

I.I. Кісі өлтірудің түсінігі………………………………………………….4

I.2.Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы……………………………..8

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері.

2.1 Екі немесе одан көп адамдарды өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «а»т.)……………………………………………………………………………………..11

2.2 Осы адамның қызметтік іс — әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «б»т.)…………………..15

2.3 Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «в»т.)……………………………………………………….16

2.4 Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «г»т.)……………………………………………………………………………………..18

2.5 Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «д»т.)……………………………………………………………………………………..19

2.6 көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «е»т.)………………………………………………………22

2.7 Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «ж»т.)…………………………………………………………………………………….24

2.8 Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «з»т.)………………………………………………………………………….29

        2.9  Бұзақылық ниетпен өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «и»т.)………………33

2.10 Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «к»т.)………………………………………………………………………….35

2.11 Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «л»т.)……………………………………………………………………………………..38

2.12 Жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «м»т.)……………………………..40

2.13 Қылмыстық кодекстің 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚР ҚК 96б. 2б. «н»т.)………………………………………………………………..40

 

Қорытынды………………………………………………………………….

Әдебиеттер……………………………………………………………………………….   

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.

 Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар саны 750 мың[1].  Ауырлатылған  жағдайда адам өлтіру басқа адам өлтіру қылмыстарынан  ажырата білу өте қиынға  соғады, тіпті осы салада көп жылдар тәжірбиесі бар қызметкер немесе заңгер кінәлінің әрекетін саралауда жиі қателеседі. Сондықтан мен бұл қылмысты жан – жақты зерттеп, мағынасын дұрыс барынша ашуға тырысамын. Әрі бұл жұмыс өте қызық. Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы бағытталған зиянның ең ауыр түрі. Себебі, мұның нәтижесінде өмір сүріп жатқан организм өз тіршілігін жояды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Біреудің қолынан аяқ асты мерт болған адамның отбасы мүшелері, туысқандары, достары, жақын араласатын жолдастары оның өлімін естігенде қатты қайғырады. Яғни оларға да орны толмас ауыр моральдық зиян келтіріледі. Қылмыскер қылмыс істегенде қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан жалтару үшін қоғамға қауіпті іс — әрекеттің белгілерін толықтай немесе жартылай жасыру мақсатын көздейді. Бұл қылмыстық әрекеттерді виктимдік әрекеттер деп те атауға болады. ҚазҰУ хабаршысы журналынан алынған мәліметтерге сүйенсек виктимдік әрекетерден  қаза тапқан адамдар 72%, ауыр дене жарақатын алған адамдар 68% , зорлау 92%. Оның ішінде қаза тапқан  екі жыныстан кәмілетке толмағандар 9%, қарт адамдар 6% (60жастан асқан), 36% 18-59жас аралығындағы әйел адамдар, осы жас мөлшеріндегі ер адамдар 49 %.[2]

Қылмысты іс — әрекеттер заң шығару жұмысында тәжірбиеден, яғни қоғам өмірінен алынады, себебі қылмыстар қоғамға таралған әрекеттер болып табылады. Қылмысты іс — әрекеттер қатарында тәжірбиеде әлі кездеспесе де алдағы уақыттарда кездесуі мүмкін деген болжамымен заң шығарушының қылмысты деп таныған әрекеттері болуы мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңының 96 бабы 2 бөлімінің «м» тармағы қарастырылған «жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған» кісі өлтіру Қылмыстық кодекс 1997 жылы бекітілгенге дейін сот – тергеу тәжірбиесінде кездескен жоқ. Бірақ заң шығарушы мұндай кісі өлтіру түрі шетелдердің тәжірбиесінде бар, алдағы уақыттарда бізде кездесуі мүмкін деген болжаммен заңға енгізді.

Қылмыскердің қылмысқа дайындығы, оны жасау және жасыру әрекеттері өзара тығыз байланыста болады және тұтастай алғанда, нақты қылмыстың тәсілін құрайды. Қасақана адам өлтіру қылмысы кезінде қылмысты жасыру ойы қылмыскерде қылмысты жасауға дейін туындайды және әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Сондықтан кез келген адам өлтіру қылмысы кезінде ол абайсыздан жасалды ма, әлде ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайда жасалды ма соны анықтау және бұл қылмыстық әрекетті саралау үлкен қиыншылыққа әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы.

 

  • Кісі өлтірудің түсінігі

 

  Ең басты, ең қорқынышты адамға төнетін қауіп – соғыс. Екіншіден, ол – адамды өлтіру. Бұл қылмыстардың бәрі ашылды деп айтуға болмайды, тіпті тіркелмеген адам өлтіру қылмыстары бар. Сонымен қатар хабарсыз кеткен адамдар саны қаншама, ал жиі кездесетін өзін — өзі өлтіру қылмысын инсценировкалау. Алдын – ала тергеу органдарының тергеу тәжірбиесінде өзін — өзі өлтіру инсценировкасын жасау көп кездеседі. Бұл мынамен түсіндіріледі: өзін-        өзі өлтіру куәларсыз жасалады, сондықтан қылмыскер оқиға болған кезде жәбірленушінің жанында болмағанын айтады, өз-өзіне қиянат жасау инсценировкасында өлікті оқиға болған жерден тасымалдаудың қажеті жоқ, қылмыскер оқиға болған жердің қоршаған ортасын өзгерте алады. Қылмыскер әртүрлі себептермен өзін-өзі өлтіру инсценировкасына жүгіне алмаса, инсценировкалардаң басқа түрлерін былай келтіреді: тұрмыстағы, құрылыстағы немесе көліктегі жазатайым оқиғалар.

Инсценировкалардың түрлерін білу оларды куәландыратын белгілерді табуға және оларды әшкерелеуге қажет. Кісі өлтіру қылмыстық істері бойынша инсценировкалардың келесідей түрлері болуы мүмкін:

  1. Кісі өлтіру қылмысын жасыру.
  2. Қылмыстық емес сипаттағы оқиғаны жасыру.

Өз жғынан кісі өлтіру қылмысын жасыру инсценировкаларының келесі түрлері болуы мүмкін:

  1. Өзін — өзі өлтіру инсценировкасы.
  2. Жазатайым оқиғаның инценировкасы.
  3. Кісі өлтіру қылмысын жасау инсценировкасы.

 Адамға қарсы қылмыстар – бұл азаматтардың жеке құқықтарына қарсы бағытталған, қылмыстық кодексте көрсетілген қоғамға қауіпті іс — әрекеттер жиынтығы. Объектіге байланысты тұлғаға қарсы қылмыстар 6 түрге бөлінеді: өмірі мен денсаулығына қарсы, бостандыққа қарсы, тұлғаның ар-намысына қарсы, жыныстық бостандығына қарсы, адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы, отбасы және кәмлетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өмірге қарсы қылмыстардың 3 түрі көрсетілген:

  1. адам өлтіру(ҚР ҚК 96-100 баптар)
  2. абайсызда адам өлтіру (ҚР ҚК 101 -бап)
  3. өзін — өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 102- бап)

Өмірге қарсы қылмыстарды анықтауда адамның өмірінің басталуы мен аяқталуына байланысты фактілі және заңи алғышарттар бар.

Бірінші фактілі алғышарт өмір сүруін бастаған адамға қастандық жасалғанын анықтау. Адамның өмірі сүруі қай кезден басталатыны даулы мәселе. Бұл аборт және анасының баласын өлтіруін айырумен байланысты.

Екінші фактілі алғышарт болып адамның өміріні аяқталуы, яғни өлуі болып табылады. Бұған байланысты медиктер мен заңгерлер арасында пікірталас туындады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық  болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен  тіндерінің өміршендік белгілері  біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.

  Біз айтқанымыздай уақытынан бұрын қаза тапқан адамдардың көбі: ауру немесе зорлық әрекеттерден қайтыс болады.

Басқа адамның әрекеті нәтижесінде адамның зорлықпен қайтыс болуын анықтау тағы бір алғышарт болып табылады. Әрекетті өмірге қарсы деп тану үшін фактілі алғышарттан басқа заңи алғышарттар бар. Олар: құқыққа қайшылық және кінәлілік. Себебі, адам өлтіру заңи әрекет те болуы мүмкін, мысалы өлім жазасына кесу.

ҚР Қылмыстық кодексте көрсетілген адам өлтіру анықтамасын идеалды деп айтуға болмайды, себебі онда адамды өмірінен қасақана айыру белгілері баяндалмаған.

С.В.Бородиннің пікірінше ҚК – не сәйкес адам өлтіру қылмысын келесідей сипаттауға болады[3]:

Адам өлтіру – басқа адамның өміріне қастандық жасап, қаза келтіретін Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген кінәлі әрекет.

Бірақ, абайсыздан адам өлтіруге ҚК-те анықтама берілмеген. Адам өлтіруді сипаттайтын белгілер де абайсыздан адам өлтіруге тән тек әрекеттің субъективтік жағына байланысты немқұрайлылықпен немесе менмендікпен адам өлтіру дегенді қосу керек.

Адам өлтірудің бір қылмыс түрінен екінші адам өлтіру қылмысынан айыру үлкен қиыншылық туғызады. Бұл қылмысты саралауда көбінесе бір кісі өлтіру түрі басқа кісі өлтіру түрі болып саналады. Саралау прцессін шартты трде екі этапқа бөлуге болады.

Бірінші этап, заңның тура мағынасын түсініп, қылмыстың құрамының белгілерін анықтау және жан – жақты анализдеу. Мұның нәтижесінде негізгі қылмыс құрамының  бар немесе жоғы анықталады. Мұндай жағдайда абайсыздықтан адам өлтіру анықталса, саралау процессі осымен аяқталады, себебі бұл қылмыстың тек бір түрі көрсетілген. Өзін — өзі өлтруге дейін жеткізу қылмысында саралаудың бірінші этабы қолданылады.

Екінші этап, негізгі қылмыс құрамы анықталғаннан кейін екінші этап  басталады. Адам өлтіру қылмысының саралаушы  ерекшеліктерінің бар – жоғын анықтау. Мұнда жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар анықталады.     

  Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру» деп ҚК -тің 96- бабында тура көрсетілген.  Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық  жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан , дыбыс беруінен басталады.

ҚК 96-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі адам өлтірудің барлық түрін шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. Жай адам өлтіру немесе кісі өлтірудің негізгі құрамы. Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексінің 96 бабының 1 бөлігі.
  2. Ауырлататын жағдайдағы кісі өлтіру. Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексінің 96 бабының 2 бөлігіндегі көрсетілген – 13 тармақ.
  3. Жеңілдетілген жағдайдағы кісі өлтіру. Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексіндегі келесі қылмыс құрамдары: жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97 б); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98 б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99 б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100 б).

 Кінәні, жауаптылықты ауырлататын немесе аса ауырлататын әрекеттермен қылмыс жасағанды, жазаны негізгі құрам бойынша белгілей алмаймыз, заң баптарын бөлімге немесе әрі қарай ауырлататын құрамдарға бөлмеу кінәліге жеткілікті жаза тағайындауға заң жүзінде мүмкіндік бермес еді. Кісі өлтіру қылмысын білдіретін 96 баптың бөдімдері (және екінші бөлімнің он үш тармағы) да жеке құрамдарды білдіреді.

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.

Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған – болмағанын, рөлдері бөлінген – бөлінгенбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды  жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет.     

 

  • Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы

 

Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болу керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Қылмыс құрамы деген ұғым «құрам» деген сөздің қолданылуының өзінен-ақ, оның белгілі – бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді.

Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі аталады.

Адам өлтіру қылмысының объектісі адамның өмірі.  Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.

Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің  оқпен атылатын және суық қарудың, өзге заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады.

Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жолбереді.

Адам өлтірудің объективтік жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың — өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болып табылады.

Адам өлтіру – материалдық құрамға жатататын қылмыс.

Адам өлтірудің субъективтік жағы – ҚК – тің 96 бабына сәйкес тек қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама да болуы мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге әкелетіндігін біледі, және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді.

Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын, кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын, оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі керек.

Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру – ҚК-тің 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу үшін қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.Обьекті бойынша, яғни жәбірленушінің жеке тұлғасы бойынша – екі немесе одан көп адамдарды; Осы адамның қызметтік іс — әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын; Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан; жүкті екенгдігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру. Объективті жағы бойынша – аса қатігездікпен жасалған; көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған. Субъективтік жағы бойынша – пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан; бұзақылық ниетпен; Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша; жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған. Субъектісі бойынша – бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.

Әр жағдай жеке түсінік болып табылады. Сондықтан да егер де адам ҚР ҚК – тің 96 –бабының 2-тармағында көзделген бірнеше жағдайларды жасаған жағдайда әрекетті саралау кезінде бұл баптың тек бір тармақшасын қолдануға тиым салынады.

Мұндай қателікті мойындамау мақсатында ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының бір немесе одан да көп тармақшасын қолдану істің шешіміне әсер етпейді дейді, себебі бұл тармаққа бір санкция белгіленген. Бұл өте қате пікір. Себебі егер де қылмыстың белгілері бірнеше тармақшаға сәйкес болса, оны барлық пункт бойынша саралау керек, әйтпесе бұл сот шешімін шығарған кезде барлық жағдайды дұрыс бағаламай, объективті шешімге келе алмас еді. Міндетті түрде аыйпталушының әрекетінде бір мақсат пен бір ниет болуы керек, осындай жағдайда ғана бірнеше тармақшамен саралауға жол беріледі.

В.Н.Кудрявцев «барлық жағынан бірдей екі қылмыстық құрам болмайды. Барлық қылмыс құрамдары кем дегенде бір белгісі бойынша ажыратылады. Құрамдардың арасында айырмашылықтың болмауы ұқсас қылмыстарды ажыратуда мүмкіндік бермес еді» — дейді[4].  Құрам элементтері бір қылмыстың түрлі құрамдарында бірдей анықталғанда, олар өзара құрам элементтерінің қосымша белгілерінің міндетті белгі болуына қарай және Қылмыстық кодекстің 54 бабында келтірілген кінәні ауырлататын белгілердің көрсетілуіне қарай ажыратылады. ҚР ҚК 96 баптың 2 бөлімінде қарастырылған қасақана кісі өлтірудің ауырлататын түрлерінің құрам элементтері бойынша айырмашылығы жоқ[5]. Тек соңғы «н» тармағы бұрын қасақана адам өлтіру қылмысын жасаған адамның осы қылмысты қайталануын  көрсетіп субъекті бойынша ажыратады. Бұл баптың әртүрлі пункттеріндегі қасақана адам өлтіру әрекеттері өзара объект көлемі (мысалы жүкті әйелді өлтіру, екі немесе одан көп адам өлтіру), тәсілі бойынша (мысалы аса қатігездікпен өлтіру, бірнеше адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен өлтіру), қылмыстық ниеті бойынша (пайдақорлық, қанды кекті қайтару, бұзақылық ниетпен адам өлтіру), мақсаты бойынша (жәбірленушінің мүшелерін немесе тәнін пайдалану, басқа қылмысты жасыру немесе қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсатында адам өлтіру) ажыратылады.

Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады: 1) негізгі немесе констутивтік; 2) ауырлататын немесе сараланған; 3) жеңілдететін. Адам өлтіру қылмысына байланысты:

  1. негізгі немесе констутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын құрамдарына, сондай – ақ жеңілдетілген құрамдарына да тән белгілерді айтамыз. Мысалы қасақана түрде басқа адамға қаза келтіру белгісі 96 баптың 1 бөлімі бойынша квалификацияланатын жай кісі өлтірудің түрлеріне , сондай – ақ 97, 98, 99, 100 баптарындағы кінәні жеңілдететін жағдайларға қарсы бағытталған қылмыстардың негізгі белгісі болып табылады.
  2. ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында тікелей келтірілген ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құрамды сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни зардаптың көлеміне, қылмысты жасау орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және ниетімен мақсаттың, қылмыс субъектісінің түріне қарай ауырлатады. Мысалы 96 баптың екінші бөлігінің «з» тармағындағы пайдақорлық ниетпен кісі өлтіруде «пайдақорлық» ниет ауырлататын белгі болып табылады.
  3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс түрі ретінде бағалануы үшін, ол жеңілдетілген белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай жағдайда да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі ретінде норма диспозициясында тікелей көрсетіледі. Оларға әйелдің баласын босану уақытындағы, қажетті қорғану, ашу шегінен, қылмыскерді ұстау шаралары шегінен шығуы жағдайларында өміріне қаза келтіруі қарастыратын құрамдар жатады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ АУЫРЛАТАТЫН ТҮРЛЕРІ.

 

Қылмыстың қоғамға қауіптілігін ауырлататын құрам көпшілік жағдайда баптың кейінгі бөлімінде келтіріледі. Бұл құрамдардың негізгі құрамдармен салыстырғанда ауырлатушы объективтік немесе субъективтік белгілері диспозицясында тікелей көрсетіледі. Кісі өлтірудің ауырлататын құрамдардың белгілері қылмыстың объектісінің көлеміне, іс — әрекеттің белсенділігіне, зардаптың түрі мен көлеміне, қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдай, құралына, ниеті мен мақсатының немесе қылмыс субъектісінің түріне қарай ауырлатады.      

 

2.1 Екі немесе одан көп адамды өтіру (ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а»тармағы)

 

 Бұл тармақ бойынша саралауға кінәлінің бір мезгілде бірнеше адамға қаза келтіру ниеті негіз болып табылады. Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдай болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы зор. Бұл кезде әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін ол мысал үшін – кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісіні өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге – екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Екі немесе одан көп адам өлтіру қылмысына жәбірленушілердің өлімі арасында уақыт өтпей өлтірілген қылмыс жатқызылады. Мысалы, бір оқтан екі адамның өлуі, немесе оларды бірінен кейін бірін өлтіру.

Егер бірнеше адам  өлтірген кезде қылмысты қоса орындаушылардың ниеті бірнеше адамдардың өмірін қиюға бағытталса және оны іске асыру үшін олар өзара рөлдерін бөліскен болса, соның салдарынан әрбір қылмысқа қатысушы бір ғана адамның өмірін қиюға тікелей қатысса, онда олардың әрқайсысының әрекеті осылайша ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен саралануға жатады.

Екі адамды өлтіру, егер біреуі үшін жауапкершілік ҚК 96-бабының тиісті бөлігімен, ал басқасы ҚК 97,98,99 немесе 100-баптарымен көзделсе, ҚК 96-бабы 2-тармағының «а»тармақшасы бойынша саралау мүмкін емес. Мұндай жағдайларда әрбір қылмыс қылмыстық заңдардың тиісті нормасы бойынша дербес саралануға жатады.[6]

   Кейбір әдебиеттерде қылмыстық әрекеттің «бір уақытта» түсінігін «үзіліссіз» деп ауыстыруды ұсынады., себебі бірнеше адамды бір уақытта өмірінен айыру бір қылмыстық акт болып табылады [7]. С.В.Бородиннің айтуынша, екі немесе одан да көп адамды өлтіру кезінде қылмыстық әрекеттер «бір уақытта» болады деген түсінікті «үзіліссіз» деген түсінікпен ауыстыру бәрін шатастырып жібереді[8]. Біздің ойымызша, бұл пікірмен үзілді – келісуге болмайды. Мәселен, екі немесе одан да көп адам өлтіру кезінде кінәлінің әрекетіндегі уақыт аралығында үзіліс болмайды. Осындай кінәлінің үзіліссіз әрекетінде, қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталуы мүмкін. Сот тәжірбиесінде жанама қасақаналықпен кісі өлтіру деп, бөтен адамдардың кіріуінен бақтың учаскесін қорғау мақсатында қондырылған, өздігінен қосылатын жарылғыш құрылғының жарылуы нәтижесінде бірнеше адамдардың өмірінен айырылуы танылады. 

Егер де екі немесе одан көп адамды өлтіру бір уақытта жүзеге асырылып, бірақ қылмысты жасау ниеті әртүрлі болса, бұл қылмыс ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен сараланбайды.

Сот тәжірбиесінде бір адамды өлтіріп, екінші адамның өміріне қастандық жасау әрекетін саралауда сұрақ туындайды. Мұнда 2 түрлі көзқарас айқындалды.

Оның біреу облыстық сотта К. азаматын соттау ісінде анықталды. Сот шешімі бойынша азамат К. ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен және 26 – бап, 3-тармағымен , және ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағы және «г» тармағымен сотталды. Ол бұзақылық ниетпен өзінің  жүкті әйелін өлтіріп, енесінің өміріне қастандық жасады. Жоғарғы Сот бұл шешімге келіспеді. Ол азамат К. әрекетін ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен саралау керек, оны кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті анықталғаннан кейін, оның әрекетін аяқталған қылмыс деп, ҚР ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен саралау керектігін түсіндірді.

Ал екінші жағдайда, бір адамды өлтіріп екінші адамның өміріне қастандық жасау әрекетін ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен және 24- баптың 3- тармағымен саралауды дұрыс деп табады.

Екі пікірдің ішіндегі екіншісі дұрыс, себебі бір адамның өміріне қастандық жасау, екі немесе одан көп адамның өміріне қастандық жасауға айналып кетеді де , аяқталған қылмыс адам өлтіру заңдық бағасын алмайды.

Ал бір уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қастандық жасалып, бұл органның қызметкері болып табылмайтын адамды өлтіруәрекеті басқаша сараланады. Құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне қастандық жасау қылмыстық кодекстің тиістібабымен, ал екінші адамды өлтіру әрекетін ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен саралау керек. КСРО – ның Жоғары Сот Пленумына сәйкес «милиция қызметкерлерінің немесе олардың жақындарының өміріне қастандық жасау адам өлтірумен тең» деп жазылған.

Екі немесе одан көп адам өлтіру мен көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру қылмыстарын ажырата білу жөнінде тәжірбиеде қиындықтар жиі кездеседі. (ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағы және «е» тармақтарымен). Көп жағдайда соттар екі қылмыстың әр түрлі саралану шарттарына көңіл бөлмейді. Кінәлі кісі өлтіруді көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасағанда, ол өз санасымен оның таңдап алған тәсілі көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіретіндігін ұғынуы қажет. Бұл жерде қылмыс субъектісінің айналадағы оны қоршаған жазықсыз адамдарға қатысты немқұрайдылығын көруге болады. Кінәлінің әрекеті көпшілік жиналған орындарда мысалы дүкенде, жиналыстарда, әуежайда, қоғамдық көліктердің ішінде т.б. жерлерде жарылыс жасаудан, мылтықпен ретсіз оқ жаудырудан, су қаптатудан, өртеуден және т.с.с. көрінеді. Кінәлінің өлтірмекші болған жәбірленушінің қасында болған адамдардың саны немесе олардың дене жарақатын алған – алмағандығы ескерілмейді. Өлтіру ниеті бағытталған адамдар тобының өміріне қауіп төндірсе, онда оның әрекетін саралауда тек ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағын қолдану керек. Себебі ол басқа адамдар өміріне қауіп төндірген жоқ, тек өлтіру ниеті бағытталған адамдарға ғана қауіп төндірді.

Сонымен қатар, екі немесе одан көп адамдарды өлтіруді бірнеше рет кісі өлтіруден ажырата білу керек. Яғни 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағы келесі мазмұнды құрайды: осы кодекстің 97 – 100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру, 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағы бойынша қылмысты саралау үшін, кінәлінің екі немесе одан да көп адамды өлтірудегі іс — әрекетінің арасында біріншіден, уақыт алшақтығы болуы керек, екіншіден жәбірленушілерді өлтіруге деген бірыңғай қасақана ниетінің болмауы тиіс. Бұл жағдайда қылмысты бірнеше мәрте жасаудың белгілері қолданылады.

Г.Н.Борзенковтың айтуынша: екі және одан да көп адамды өлтіру бір қылмыс болып табылады[9]. Теорияға және әділеттілік қағидасына жүгінетін болсақ, бір қылмыс үшін қылмыстардың жиынтығы туралы ережені қолданып жаза тағайындау дұрыстыққа жанаспайды. Бұл жерде белгілі бір қауіп те бар. Заңға сәйкес, қылмыстардың жиынтығы кезінде кісі өлтіргені үшін жаза, ең жоғарғы бас бостандығынан айыру мерзімінің жартысынан асатын мерзімге жазалардың қосылуы жолымен тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдай кінәлінің ойластырып қойған қылмысын аяғына дейін жеткізуге яғни тірі қалған жәбірленушіні өлтіруге итермелеуі мүмкін, өйткені бұл жерде қылмыстардың жиынтығы болмайды. Осы қарама – қайшылықты заң тұрғысынан, жеке алғанда, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау туралы ережені болашақта нақтылау арқылы шешу қажет. Біздің ойымызша [10]бұл пікірдің де жаны бар сияқты және ол болашақта реттелуге жататын мәселелердің бірі болып табылады. Шын мәнісінде ойлап қарасақ, кінәлі өлтіремін деп көздеген екі адамның біреуін өлтіріп, екіншісіне оқталса қылмыстардың жиынтығы қолданылып жаза көбірек тағайындалады. Жәбірленушілердің екеуін де өлтірсе, онда қылмыстардың жиынтығы болмайды және сот жаза мөлшерін 96 баптың 2 бөлігінде көрсетілген жаза мерзімінің шекарасы шегінде қолданады. 

«Әр түрлі адамдардың өміріне әр қалай қол сұғатын бір – бірімен байланыспайтын жағдайларды бағалаумен салыстырғанда, екі немесе одан көп адамды өлтіру ол бір қылмыс және оның заңды бағалануы да бір болуы керек»[11].        

Қортындылай келе келесідей шешімдерге келуге болады:

  1. екі немесе одан көп адам өлтіру әрекеті біруақытта жасалса ғана ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен сараланады.
  2. егер бұл қылмыста адамдарды бірінен кейін бірін өлтіріп, бұл әрекетін бір ниетпен жасаса.
  3. егер де бірінші және екінші адам өлтіру әртүрлі уақытта жасалып, жағдай бойынша байланысты болмаса ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағы қолданбайды, екінші адамды өлтіру ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен, бірінші адам өлтіру – нақты әрекеттерге байланысты сараланады.
  4. ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен бірге егер оған жеткілікті дәлел болса осы баптың басқа тармақшаларымен қосып саралауға жол беріледі.
  5. бір адамды өлтіріп, екінші адамды адамның өміріне қастандық жасау аәрекетін аяқталған қылмыс деп саналмайды, мұндай әрекетті ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а»тармағымен және 24-баптың 3-тармағы бойынша саралануы тиіс.
  6. егер де айыпкер өзіне екі немесе одан көп адам өлтіру ниетін көптеген адам өміріне қауіпті тәсілмен жасалса ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің «а» және «е»тармақтарымен саралануы тиіс, үшінші тұлғаларға қатысты жанама ниетпен жүзеге асырса.

 

2.2 Осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы)

 

Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралаған кезде жәбірленушінің өз қызметтік міндетін жүзеге асыруға не өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға  байланысты қандай заңды әрекеті кінәлінің оны өлтіруіне немесе оның жақындарын өлтіруге итермелегенін анықтау керек, өйткені кінәлінің нақ осы мән – жайларға байланысты осы адамның өміріне қол сұғу ниеті осындай саралауға арналған міндетті шарт болып табылады.

Бұл ретте, өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кіретін, ал қоғамдық борышты орындау деп кез келген азаматтардың арнайы жүктелген қоғамдық міндеттерді, сондай-ақ қоғамның немесе жекелеген адамдардың мүдделері үшін (мысалы, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою, дайындалып жатқан немесе жасалғалы жатқан қылмыс туралы хабарлау, куәгерлік айғақтар беру және т.б.), кез келген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруын түсіну керек. Кәсіби борышты орындау деп тұлғаның белгілі бір кәсіпке байланысты (мысалы, суретшілердің эскиздері, портреттер, карикатуралар салуы) әрекеттер жасауын ұғыну қажет. Жәбірленушіні өлтіру жәбірленушінің заңсыз қызметтік міндеттеріне байланысты жасалған жағдайларда, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралау болмайды[12].

Адам өлтіру жәбірленушінің қызметтік міндетін, өзінің кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты жасалған деп саралау үшін адам өлтіру жәбірленушінің жоғарыда аталған әрекеттерді орындау кезінде немесе басқа уақытта жасалғанының маңызы жоқ. 

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көрсетілген «жақын» деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын туыстары ғана емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындап жүрген адам қадір тұтатын басқа да адамдар кіреді. Олардың өзара жақын қатынасы туралы кінәлінің алдын ала хабардар болған – болмағанын анықтау қажет.

Әдебиеттерде жәбірленушінің жұмыста белсенділік танытуымен қоғамдық қызметінің өзі қызғаныш туғызып, кек алу мақсатымен өмірінен айырылады деген пікір айтылды[13].

Жәбірленуші болып қызметтік міндетін орындаушы лауазымды тұлға ғана емес, кез-келген жұмысшы немесе күзетші және т.б. болуы мүмкін.

Сот тәжірбиесінде қаралған істердің бәрінде де жәбірленуші өз қызметтік борышын, міндетін таза ниетпен жүзеге асыруымен байланысты қаза тапқанын байқауға болады. Бұдан осы баппен тек өз қызметтік міндетін мінсіз атқарған жәбірленушіге қатысты сараланатыны, ал егер ол заңға қайшы әрекет етсе (қызмет бабын пайдаланып немесе өз құзіреті шегінен асып кетсе) қылмыс бұл баппен сараланбайтынын ескері қажет.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көзделген қылмыс деп тану үшін жәбірленушінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде ме немесе басқа уақытта жасалғанын анықтау қажет емес, бастысы ол өз қызмет міндетін орындауына байланысты болуы керек.

Сонымен қатар, сот тәжірбиесінде тұлғаның  қызмет міндетін атқару мен осы міндетін атқаруымен байланысты оның қаза табу арасында кеткен уақыт маңызы бар ма деген сұрақ туындаған. КСРО Жоғары Сот Пленумында белгіленгендей қызмет міндетін атқару мен қылмыстың жасалу әрекеті арасындағы өткен уақыт санау қажет емес, бұл қылмыста маңыздысы жәбірленушіні қызмет міндеттерін атқаруына байланысты кек алу мақсатында өмірінен айырылу фактісі маңызды болып табылады.

Қылмысты ауырлататын жағдайларды анализдеуді қорытындыласақ:

  • ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы өз қызмет міндетін немесе борышын атқаруына байланысты шын ниетпен қызмет атқарылуын тұлғалардың жұмысына кедергі келтіру немесе кек алу мақсатымен жүзеге асырғанда ғана сараланады.
  • Кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік міндетті орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп – арнайы жүктелген қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады.
  • ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағында көрсетілген «жақын» деген терминге ҚІЖК 7-бабының 24) тармағында көрсетілген жақын туыстары ғана емес, қызметтік міндетін не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындап жүрген адам қадір тұтатын басқа да адамдар кіреді.

 

 

2.3  Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.( ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы)

 

  Жас шамасының өте  кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл – есінен уақытша айырылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай – күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мұнда жай – күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.

    Бұл қылмысқа сонымен қатар жәбірленушінің есінен тану, мас болу, ұйқы кезіндегі дәрменсіз жағдайы жатады. Заңда көрсетілгендей ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы қолдану кезінде айыпкер міндетті түрде жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда екенін пайдаланып,бұл қылмысқа баруы керек. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағында көзделген қылмысты жасаудың ниеті әртүрлі болуы мүмкін , мұндай жағдайда кінәлі әрекеттері қылмыстық жиынтығы бойынша сәйкес тармақшалармен сараланады. [14]

     Жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға алып келу және оны өлтіру ниетін жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында (ұйықтататын дәрі, алкогольдік ішімдік немесе есірткі беру, байлау, ұрып-соғу, есінен тануға әкеп соққан дене жарақатын келтіру) жасалған кінәлінің әрекеті осы қылмыстың объективтік жағының бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда жәбірленушіге қаза келтіру ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы бойынша саралануға тиіс емес.

Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау ҚК-тің 125-бабы, кепілдікке алу ҚК –тің 234-бабы. Адамды ұрлау не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру бір тармақшаға енгізу себебі ұрланған не кепілге алынған адам да дәрменсіз жағдаймен тең болады. Мұндай жағдайда жәбірленуші тек ұрланған немесе кепілге алынған адамдар ғана емес, сонымен қатар басқа тұлғалар болуы мүмкін, мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері: тұтқынға алынған адамдарды босатумен байланысты шараларға қатысқан кезде қасақана өлтірілсе.

ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағы. Қорытындылай келе:

  1. анализ көрсеткендей, адам өлтіру ісі бойынша дәрменсіз жағдайда болу : а) жасымен (жасының кішілігімен немесе қарт болумен), аурумен, мүгедектікпен; мұнда ұзақ уақыт бойы дәрменсіз жағдайда болуы туралы баяндалады. б) ұйқымен, мас болу, есінен тану және т.б. яғни адам өлтіру кезінде болған дәрменсіз жағдаймен ұштасады. Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда болуы, осы бапты қолдануға негіз ретінде анықталуы тиіс.
  2. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в» тармағын қолдану кезінде қылмыстың субъективтік жағын зерттеу кезінде айыпкер жәбірленушінің дәрменсіз жағдайда екенін білуін міндетті түрде айқындау керек.
  3. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «в»тармағымен саралау (дәрменсіз жағдайға байланысты) басқа осы баптың тармақшаларымен қосыла алады.
  4. ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру, осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады.(ҚК–тің 125, 96-бабы2-бөлігінің «в»тармағын, 234, 96-бабы 2-тармағының «в»тармақшасы).

 

 

2.4 Жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г» тармағы)

 

Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Кінәлінің өзінің қылмыстық мақсатына әйел адамның жүктілік жағдайын біле тұра оны өлтіруі, оның қоғамға қауіптілігін және қатыгездігін, онда жағымсыз моральдық қасиеттердің бар екендігін куәландырады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. «белгілі» деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған – болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған – тұрмағандығының оған қатысы жоқ [15].

Мұндай істерді қарау кезінде, бұл қылмыстар көбінесе қызғаныштан жасалады, аса қатігездікпен ұштасады.

Сот тәжірбиесінде айыпкердің жәбірленушінің жүкті екендігінің қателесуіне байланысты әрекетін саралау жөнінде қиыншылықтар туындайды. Сотта азамат Л. айыптау ісінде, азамат Л. мен азаматша Ш. Жынытық байланыста болып, азаматша Ш. өзінің жүкті екендігін айтады. Азамат Л. бұл жағдай туралы әйелі біліп қоймас үшін азаматша Ш. ты алдап орманға апарып өлтіреді. Кейін анықталғандай азаматша Ш. жүкті емес екен. Сот бұл қылмыстық әрекетті ҚК – тің 96 – бабы 2-тармағының «г» тармақшасымен саралады. Бұл шешіммен толық келісуге болады.

Алайда, А.А.Пионтковскийдің пікірінше «қылмысты саралау жағдайлары бар қылмысты тұлғаның қателесуі бойынша жасалуы, жасалған қылмысқа қастандық жасау ретінде қарастыру керек.» [16] (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «г»тармағы және 24 -бап), бірақ бұл қате деп кейбір ғалымдар санайды, себебі жәбірленушіге қаза келтірілді, және ол аяқталған қылмыс болып табылады.

В.Ф.Кириченконың айтуынша мұндай қылмыстық әрекетті ауырлатылған жағдайсыз саралау керек[17] дейді.

Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.( ҚК – тің 96 – бабы 2- бөлігінің «г»тармағы 24 –баптың 3-тармағы).

Бұл мәселелерді қорытындылай келе:

  1. Кінәлінің жәбірленуші жүкті екендігі туралы хабардар болуы керек
  2. Фактілік қателікте, кінәлі жәбірленуші жүкті емес деп ойлап, ал кейін мәйітті қарау кезінде оның жүкті екендігін анықтаса, ҚК – тің 96 – бабы 2- бөлігінің «г»тармағы қолданылмайды.

3 Кінәлі жүкті әйелді өлтірдім деп ойлаған, бірақ жәбірленуші нақтылы жүкті болмаған жағдайда, қылмыскердің әрекеті басқа саралайтын белгілер болмаған кезде  ҚК – тің 96 – бабы бірінші бөлігі бойынша сараланады.

 

2.5 Аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру. (ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д» тармағы)

 

Аса қатігездікпен, саддизммен, қорлаумен, жәбірленушіні қинап қылмыс жасау – кінәлінің және жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің аса жоғары екендігін сипаттайтын бұл жағдайлар көбіне жеке адамға қарсы жасалатын қылмыстарда кездеседі.  Адам өлтірудің өзі қатігездік әрекет. Қаза келтіру тәсіліне қатысты мән – жайларды бағалаған кезде кінәлінің аса қатігездік көрсеткенде жәбірленушіге аса тән немесе жан күйзелісі мен қасіретін келтіретін әрекеттерді қасақана жасайтыны ескеру керек. Осы тармақ бойынша әрекетті саралау үшін айрықша қатігездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін уды қолдану, ұзақ уақыт  судан, жылудан айыру және басқалар. Саддизм – қатігездіктің шектен шыққан көрінісі, бұл жағдайда жәбірленушінің немесе басқа адамдардың азап шегуінен қылмыскер ләззат, қанағат алады.

Аса қатігездікпен өлтіргенде айыпкер өзінің іс — әрекетінде аса қатігездік сипат бар екендігін түсінуге, соны қалауға немесе оған жол беруге тиіс. Аса қатігездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен сипатталады. «Аса қатігездік» түсінігі медициналық емес, құқықтық түсінік. Адам өлтірудің бұл саралаушы нышанының бар – жоғын қоғамда қалыптасқан моральдық, тұрмыстық көзқарастарға сүйене отырып тергеу және сот органдары анықтайды.

 Айрықша қатігездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ  жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы – қасіретке әкелетінін біле отырып, өлтіруі де жатқызылады.

   Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптасқан өзара қарым-қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, қамқоршылар мен бағып – қағуға алғандар,    солардың қолындағылар, т.б.)  оның  жақындары  деп танылуы мүмкін [18].

Аса қатігездік, сондай-ақ адам өлтіру жәбірленушінің жақын адамдарының көз алдында жасалғанда болуы мүмкін. Жақындары деп- ҚІЖК 7-бабы 24 тармағында көрсетілген туыстық қатынаста тұратын адамдар ғана емес, сонымен қатар жәбірленушімен қалыптасқан өзара қатынасқа байланысты жәбірленушіге қадірлі адамдар. (ерлі-зайыптылар, нақтылы неке қатынасында тұратын адамдар,   күйеу  мен қалыңдық, қорғаншы, қамқоршы және т.с.с.) танылуы мүмкін. Адам өлтіруді жәбірленушіге жақын адамдардың көз алдында аса қатігездікпен жасау белгісі бойынша саралағанда, ол адам өлтірген кезде аталған адамдардың болу фактісін ғана емес, кінәлінің қылмысты олардың көз алдында жасайтынын білгенін және оларға рухани жан азабы мен күйзелісін тартқызу ниеті болғанын анықтау қажет.

 Заң аса қатігездікті айқындау критерийлерін көрсетпейді. Кейбір судьялар мен тергеушілер оны сот – медициналық сараптама қорытындысы деп біледі. Бірақ бұл қате ой, себебі сот – медициналық сараптамасы өлудің себебі мен дене жарақаттарының сипатымен айналысады. Ал «аса қатігездік» — медициналық емес, заңи түсінік екенін естен шығармау керек.

Бұл тармақпен саралаған кезде кінәлінің ниеті міндетті түрде адамды аса қатігездікпен бағытталған адам өлтіру болуы керек. Яғни бұл қатігездікті қылмыстың субъективтік жағын анализдеу кезінде анықтау керек. Сот тәжірбиесінде мұндай істерді қарау кезінде, олар қатігездікті ауырлатататын жағдай ретінде емес, адам өлтірудің әдеттегі әдісі деп қарауда жиі қателеседі.

Көптеген заң әдебиеттерінде аса қатігездік белгісін анықтау, оның қатігездікпен адам өлтіруге байланыста ниетін анықтаумен байланысты болады делінген[19]

Сот шешім шығарғанда аса қатігездікпен көрініс тапқан  істерде қателесуі мүмкін. Осылай, азаматша С. Қылмыстық әрекетін ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д»тармағымен саралап, соттады. Бірақ істі Жоғары Сот Кеңесі қайта қараған кезде, олар азаматша С. ҚК 96-баптың 1- бөлігімен соттады, себебі, азаматша С. Жәбірленушіні қатыгездікпен өлтіру мақсатымен емес, өзін және өзінің анасын қорғау мақсатында балтамен бірнеше рет соққы берді. Өйткені азамат В. күні бұрын аз.С. мен анасын өлтіруге уәде берген еді.

КСРО-ның Жоғарғы Сот Кеңесінің Пленумында адам өлтіру кезінде көптеген жарақат салу фактісі, осы баппен саралауға жалғыз негіз болып табылмау керек делінген [20]. Аса қатігездікпен адам өлтірудің тәжірбиеде жиі кездесетін түрі, отбасылық ұрыс – керіс нәтижесінде балалардың көзінше болатын адам өлтіру. Бұл балаға аса қиыншылық әкеліп, психикасына қатты әсер етуі мүмкін.

Кейбір әдебиеттерде[21] адамның дене мүшелерін кесу аса қатігездіктің белгісі деген пікір айтылады. Сот тәжірбиесін зерделей келе барлық жағдайда мұндай пікір дұрыс бола бермейді. Себебі, адамның дене мүшелерін кесу, көбінесе қылмыстың іздерін жасыру, мәйітті жою  мақсатымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды, егер де кінәлінің әрекетінде басқа да адамның тірі кезінде  немесе өлтіру барысында аса қатігездік белгілері анықталмаса, олардың әрекетін ҚК 96-бабы, 1- бөлігімен немесе 275бап. саралау керек.

Бәрін зерттей келе келесідей қорытындылар жасауға болады:

  1. Кез – келген адам өлтіру – қатігездік әрекет, сондықтан да бұл қылмысты осы түрде жасалған ауырлатылған жағдайға жатқызу үшін аса қатігездік таныту қажет.
  2. жәбірленушіні аса қинау арқылы жасалатын қылмыстар аса қатігездікпен жасалатын қылмыс түріне жатқызу керек.
  3. Аса қатігездікпен жасалған қылмыс деп танылуы мүмкін: а) кінәлінің әрекетінің түріне қарай айрықша қорлау, көптеген жарақат салу, тірідей өртеу және т.б.; б) басқа да өзінің өмірінен айырылып жатқанын түсінетін, бірақ қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жағдайдағы адамдар, балаларды ата-аналарының көзінше немесе ата-аналарды балаларының көзінше өлтіру, т.б
  4. ҚК-тің 96-бабы 2- бөлігі «д»тармақшасын қолдану үшін кінәлінің аса қатігездікпен адам өлтіруді тілегенін, білгенін, оған саналы түрде жол бергенін міндетті түрде анықтау керек.
  5. мәйіттің дене мүшелерін кесу немесе басқа да жою арқылы қылмысты жасыру ҚК – тің 96 – бабы 2-бөлігінің «д»тармағында көзделген қылмыс құрамына кірмейді. Мәйітті ұсқынсыздандыруы немесе оны қорлауы ҚК –тің 275-бабымен дербес саралануға жатады..

 

2.6 Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК – тің 96-бабы 2-бөлігінің «е»тармағы)

 

Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады.Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.

Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері жатады. Мұндай ретте кінәлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты ,келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Заңда бұған орай қауіпті тәсіл қандай қарулар мен заттар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігі жазылған. ҚК 54-бабы 1-тармағының  «к» тармақшасында: қару, оқ-дәрі, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанантын және жаңғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық – фармокологиялық дәрі – дәрімекттер пайдаланып, сондай – ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қуіпті әдіс қолданып қылмыс жасау.

Мұндай сипаттағы қылмыста көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсіл айқын көрінсе осы баппен саралауға болады. Мысалы, азамат М. өзінің әйелін өлтіру мақсатымен оның автобуста  болған кезде сумкасына жарылғыш зат салып қояды. Нәтижесінде автобус жарылып, 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Әрине, мұндай  жағдайда қоғамға қауіпті тәсіл айқын көрініп,  ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен саралау еш күмән туғызбайды. Алайда дәл осындай әрекет адамдар тобы жоқ жерде орын алған жағдайда, осы баппен саралауға жол берілмейді. Сондықтан адамдар өміріне қауіпті тәсіл абстрактілі түрде бағаланбай, қылмысты жүзеге асыру нақты жағдайға байланысты қарау керек.

Сонымен қатар Н.-ның әрекетін саралау кезінде аудандық соттың шешімі бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «е» тармағымен сараланды. Н. мас күйінде белгісіз себептермен мылтықтан адамдар тобы тұрған жерге қарай бірнеше рет атты, екі оқ У.-ға тиген соң М. және К. одан мылтықты алып алды. Облыстық сотта істі қайта қарауда олар сот-медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес оған тиген оқ аңшы мылтығы болғандықтан басқа адамдарға мұндай қашықтықта  зиян келтірмейтіндігін анықтады. Ал У.-ң денесіне ол 6м жерден атылғандықтан оның оң жақ бүйіріне зақым келгенін және сүйектін ішіне 5мм кіріп кішкене талқандағаны анықталды. Бұл қылмысты ауырлататын жағдайсыз ҚК 96-бабы бірінші бөлігімен саралады.[22]

  Қоғамға қауіпті тәсілді жалпы қалай түсінуге болатынына және адамдардың қандай санына қауіпті тәсілмен жасалған қылмыс,  ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен сараланады. Бұл сот тәжірбиесінде жиі кездесетін сұрақ. Көптеген адамдар өміріне қауіпті тәсіл деп қасақана адам өлтіруге бағытталған, жәбірленушіден басқа  ең болмағанда бір адамның өміріне қауіп төндіретін тәсіл деп түсінуі керек деп Ресей Федерациясының Жоғарғы Сот Пленумының №9 қаулысында баяндалған. Қылмысты саралауда  субъективті жағының белгілерін зерттеуде көп көңіл аудару керек, себебі тәжірбиеде ауырлатылған жағының жоқтығы туралы шешімге келген кезде, қылмыстық әрекеттің зардабына негізделеді, бұл қылмыстың субъективті жағын толық сипаттайды. Мысалы, Сот медициналық сарапшының қорытындысы бойынша азамат С.-ға атылған оқ оған 20см қашықтықтан тиді, яғни  барлық заряд мәйіттің денесінде қалды, сондықтан мұндай қылмыс қоғамға қауіпті тәсілмен жасалған жоқ, бірақ бұл қылмыс адамдар саны көп шоғырланған жерде орын алды.  Басқа адамдарға қаіпті тәсілмен жасалмағандықтан сот кінәлінің әрекетін ҚК-тің 96-бабтың 1-бөлігімен саралады. Сонымен қатар, ешкімге зиян келтіруге мақсаты жоқ, жанама ниетпен көптеген адамдар тобына қауіпті тәсілмен адам өлтіріп қойған жағдайда оның әрекетін қалай саралауға болатыны туралы сұрақ туындайды. Осылай азамат Ф. Ауылда өзінің бау-бақшасын ұрлықшылардан қорғау мақсатында бақшасын сыммен қоршап, 220 вольттық электр желісіне қосып қояды. Ауыл тұрғындары сымды шешуді сұрағанымен азамат Ф. Бас тартып, сымды шешпейді. Күндіз, бұл бақшадан алма ұрламақшы болып жасырын түрде 3бала кіреді, нәтижесінде 7 жасар бала З. Сымды ұстап тоққа түсіп қайтыс болады. Сот отырысында азамат Ф. Бұл қоршамды белгілі  бір адамды қоғамға қауіпті тәсілмен өлтіру үшін емес екендігін ескеріп, сот ҚК-тің 96-баптың 1-тармағымен соттады.

М.Д.Шаргородскийдің айтуы бойынша ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен саралаған кезде егер адам өлімінен басқа, басқа адамдарға  дене жарақаты салынса, ол қосымша саралауды қажет етеді[23].

Еге де кінәлі көптеген  адамдар өміріне қауіпті тәсілмен бірнеше адамды өмірінен айырса, оның әрекеті ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е» және «а» тармақтарымен сараланады. Сұрақтарды қарай келе, мынадай шешімдерге келуге болады:

  1. көптеген адам өміріне қауіпті тәсіл арқылы адам өлтіру тек жәбірленушінің ғана емес басқа адамның өміріне қауіп төндіруі қажет.
  2. ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағымен саралау туралы сұрақтарды шешуде қылмыстық әрекеттің субъективтік жағын толығымен анализдеу керек.
  3. ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағын қолдану үшін кінәлінің басқа адамдардың өміріне қауіп төніп тұрғанын алдын ала білгенін, оған жол бергенін, тілегенін білу қажет
  4. қауіпті тәсілмен бірнеше адамды өлтіру, қылмыстар жиынтығы бойынша ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е» және «а» тармақтары.
  5. ҚК – тің 96-бабы, 2-бөлігінің «е»тармағын қолдану үшін қауіпті тәсілмен адам өлтіру нәтижесінде басқа адамдарға қандай да нәтиже болды ма, соны анықтау қажет емес.
  6. бір адамға қаза келтіріп, екінші адамның денсаулығына зиян келтірген жағдайда әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «е» тармағы бойынша және денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК тиісті баптарымен сараланады.

 

2.7 Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру.(ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағы)

 

 Бұл жағдайда ауырлататын жағдайлар қатарына жатқызылуы заңды болып табылады, өйткені кез келген топтық қылмыстың қоғамға қаіптілігі барлық уақытта жоғары сипатты иемденедіЕгер адам  өлтіру алдын ала сөз байласпастан әрекет ететін екі немесе одан да көп қылмыс жасаушылардың бірлескен әрекетімен іске асырылса, оны адамдар тобы болып жасаған қылмыс деп тану керек.

Егер адамдар бірігіп қылмыс жасау туралы алдын ала келісіп алса, ал кейіннен олардың әрқайсысы оны жүзеге асыруға қатысса, олардың барлығы да қоса орындаушылар болғанына немесе олардың кейбіреуінің қылмысқа қатысу нысаны өзгеше болуына (ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілер) қарамастан алдын-ала сөз байласып адамдар тобымен жасалған қылмыс деп танылуы керек. ҚК 28-бабының екінші бөлігіне сәйкес, бір ниетпен әрекет еткен, осыған орай қылмыс жасау процесіне тікелей өздері қатысқан не жасына, ақыл-есі дұрыс еместігіне немесе ҚК көзделген басқа да жағдайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтын басқа да адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған, сондай-ақ тетіктер мен жануарлардың көмегімен қылмыс жасаған адамдарды қылмыстың орындаушылары деп тану керек. Адам өлтіру қылмысының субъектісі болып табылмайтын адамдардың қолымен қылмыс жасалып, қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы тәрізді рольдерді  атқарғанымен, олардың әрекеттері топ адамдар жасаған қылмысы деп бағалануы керек. Себебі мұндай жағдайда, қылмыстың субъектісі болып саналмайтын адам, қылмыстың құралы ретінде пайдаланылады. Роль бөліп қылмысқа қатысуда бір адам қылмыстың субъектісі бола алмайтын екінші адамды қылмыс істеуге айдап салса, мұндай жағдайда қылмысқа қатысу жоқ деп танылады. Яғни сол айдап салушы адамның өзі сол қылмыстың орындаушысы болып табылады. Дәлірек айтқанда қылмысы біреу арқылы орындайды. Ал есі дұрыс емес нмесе жауаптылық жасына жетпеген бір адамды қылмыс жасауға бірнеше адамдар айдап салса қылмыстың орындаушысы бір ғана адам емес, сол бір тектес айдап салушылық әрекеттер жасаған адамдардың барлығы да орын,даушылар болып табылады, яғни мұндай жағдайларда топ адамдардың қылмыс жасауы болып есептеледі.     

Екі және одан да көп орындаушымен жасалған, сондай-ақ орындаушы мен өзге де қылмысқа қатысушылар алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларымен жасалған адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағы бойынша саралануға жатады.

Бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін алдын ала біріккен тұрақты адамдар тобы жасаған адам өлтіруді ұйымдасқан топ жасаған қылмыс ретінде тану керек. Бұл ретте, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы және басшысы ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оны басқарғаны үшін ҚК 235-бабының тиісті бөліктері бойынша және жасалуына тікелей өзі қатысқан не қылмыстық топтардың басқа қатысушыларымен жасалуы оның ниетімен қамтылған ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағы бойынша қасақана адам өлтіргені үшін жауаптылыққа тартылады[24]. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың ашықтан-ашық, өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасағандығынын айқындау қажет.

Заң адам өлтіруді бөледі: 1. адамдар тобымен; 2. алдын  ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен; 3. ұйымдасқан топпен жасалған.

Осыған байланысты дәл осы қылмысты қылмыстық сыбайластық жасаса ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен сараланады ма деген сұрақ туындайды.

Бұл адам өлтірудің қауіптілігі, алдын ала соз байласуда емес, адамдар тобы болғандықтан жәбірленушіге қарсылық көрсетуге күшінің жетпеуі, қарсылы көрсете алмауы.

Тәжірбиеге сәйкес адам өлтірудің көбінесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалады. Адамды өлтіру кезінде процеске басқа адамның қосылуы да ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен сараланады.

Бұл баппен сотталғандар алдын ала сөз байласқандарын немесе ұйымдасқан топ құрғандарын мойындамайды. Мұндай жағдайлар сотпен мынадай жағдайлар арқылы айқындалады: қылмысты жасауды алдын ала жоспарлау, өлтіру объектісін таңдай, қиыншылықты жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыру, топ қатысушылары арасында рольдерді бөлісу, қылмыстың қаруларын дайындау, қылмысты аяқтағаннан кейін әр қатысушының іс-қимыл тактикасын айқындау.

Қатысушылар арасындағы екі жақты байланыстың алдын – ала келісім болмайтын қылмысқа қатысушылықта болатынын мынадай мысалмен негіздеуге болады. Х. және Ф. түн уақытында көшеде отырып арақ ішеді. Бұлар таныс емес, көшеде кетіп бара жатқан П.-ны тоқтатып, «темекі» сұрап тиіседі. П. «темекі жоқ» дегенде Х. қолындағы бөтелкемен оның басынан ұрады. Жерге құлаған П.-ны Х. қосылып Ф.-та тепкілейді. Екеуі мұнан кейін жәбірленушінің киімін шешіп алып, оны көшенің арығына сүйреп әкеліп тастайды. П. сот-медициналық сараптамасы актісінің көрсетуі бойынша аса ауыр дене жарақатынан қайтыс болады.

Тергеу органдары Х. және Ф. қылмысты әрекеттерін ҚК 96 бабы екінші бөлігінің «и», «ж» тармақтарымен бағалаған[25].

Қылмыс жасаған адамдар тобы туралы туындаған сұрақ, кімді қатысушы деп тану керек туралы сұрақпен тығыз байланысты.

КСРО Жоғарғы Соты қатысушыларды анықтаған кезде кеткен қателіктерге назар аударды:

  • жәбірленушіні өмірден айыру ниеті болмаған ұрып – соққан адамдар тобының қатысушылары орындаушы деп сотталады.
  • Жәбірленушіге басқаларға қарағанда ең аз жарақат келтірген тұлғаны жауапкершілікке тартпайды.

Алдын ала сөз байласу арқылы құрылған топ ретінде: алдын ала сөз байласып алып бір адамға қылмыс жасауды тапсыру қылмысын жатқызу үлкен қателік. Ал егер де адам өлтіруді екі немесе одан көп адамдар жүзеге асырса, онда ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағын қолдану күмән туғызбайды.

Соңғы жылдары адам өлтіру ұйымдасқан топтың жүзеге асыру тенденциясы айқындалды, олар бір немесе бірнеше адам өлтіру қылмысын жасау үшін құрылады. Көбінесе мұндай топтар пайда табу мақсатымен, адамдар мен ұйымдардың меншігіндегі үйлерді, көліктерді, ақша және басқа бағалы заттарды алып алу мақсатымен жүзеге асырады.

Ресей Федерациясының көптеген қалаларында Сібір, Орал, Санкт-Петербург, Мәскеу адам өлтіру ақша табудың жалғыз көзі болған ұйымдасқан топтар ұсталды. Топтардың қатысушылары болып Ауғанстан, Чечня, Карабах соғыстарына қатысқан әскери қызметшілер, бұрыңғы спортсмендер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалар болды.[26]

Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ  немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.

Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару – қатысушылықпен немесе қатысып орындаушылықпен жасалған қылмыстарда қылмысқа әрбір қатысушы тұлғаның рольдері ашылып анықталуы тиіс. Қылмыс жасағанда аса белсенділік танытқан тұлға қылмыстың басқа қатысушыларына қарағанда қауіптілігімен ерекшеленеді. Кінәлінің аса белсенді ролі ауырлататын жағдай ретінде оның белсенділігін сипаттайтын нақты әрекеттерді көрсете отырып соттың үкімінде негізделуі тиіс.

 Адам өлтіру қылмысында орындаушылар мен бірге ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе көмектесуші яғни қатысушылар болған жағдайда олардың әрекеттерін ҚК 29-бабының тиісті тармақтарымен және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралау қажет.

Бородин С.Б. пікірінше ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағында қылмыстық сыбайластық туралы ештеңе жазылмаған[27], ол дұрыс. Себебі, қылмыстық сыбайластықтың адам өлтіруі ұйымдасқан топ сияқты мүмкін емес. Қылмыстық істерден қылмыстық сыбайластық адам өлтіру туралы шешім қабылдаса, олар оны өз мүшелерінің біреуіне немесе басқа адамға тапсыратынын көруге болады. Адам өлтіру туралы сөз байласқан қылмыстық сыбайластықтың мүшелері бұл қылмыс жасалған жағдайда ұйымдасқан топ мүшелері қандай жауаптылыққа тартылса, дәл сол негіздер бойынша жауапқа тартылу керек. Мұнда қылмыстық сыбайластықтың басшысы туралы айтылады. Басшылық еткен адам оларды ұйымдастырғаны және басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса (ҚК 31 – бабы 5бөлігі) бойынша, және айдап салушы, ұйымдастырушы немесе көмектесуші жауапқа тартылуы тиіс. Олардың әрекетін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралайды. Адам өлтіруді ұйымдастырғанда қатыспаған, айдап салмаған, және оған көмектеспеген, және ол туралы хабардар болмаған қылмыстық сыбайластықтың мүшелері жауапқа тартылмайды.

Соңғы жылдары ҚР-ның құқық қорғау органдары өте жақсы қаруланған, бес аспап қылмыстық құрамалармен күресуде, олардың кейбіреулерінің билікті орындарда отырған өз адамдары бар. Ондай бандаға Алматыны неше жыл жайлаған, үш адам өлтірген Можаев тобын жатқызуға болады.

Төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

  1. алдын ала сөз байласпаған адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен ұйымдасқан топтарды айқындау кезінде ҚК 31 бабының, Жоғарғы Сот Пленумының 2007 жылғы 11 мамыр №1 қаулысының нормаларын басшылыққа алу керек.
  2. Аяқ астынан, жиі болатындай ұрыс – керіс үстінде алдын ала сөз байласпай жүзеге асырған адам өлтіруде қатысушылардың әрекеттерін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен саралайды.
  3. Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған адам өлтіру сараланады: а) тек қатысушыларының болуына байланысты ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен; б) қатысушыларымен бірге ұйымдастырушылардың, айдап салушылардың, немесе көмектесушілердің болуына байланысты ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен және ҚК 29-бабының тиісті бөлігімен.
  4. Ұйымдасқан топтың мүшелерінің әрекеттерін саралау кезінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «ж» тармағымен, сілтемесізқолданылады.

 

   2.8 Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы)

 

Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық (мүліктік құқық, тұрғын үйге құқық және с.с.) пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан (қарызды қайтару, көрсетілген қызметті төлеу, алимент төлеу, материалдық міндеттемелер мен төлемдер төлеу және т.с.с.) құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады.

Бұл құрамның міндетті элементі пайда табудың себеп болуы. С.И.Ожеговтың анықтамасы бойынша, пайда табу кез келген жолмен материалдық пайда табуға ұмтылу. Пайда табу мақсатында адам өлтірудің тәсілдері әрқилы: белсенді әрекет жасап тікелей шабуыл жасаудан уландыруға дейін немесе ешқандай әрекет жасамай өлтіруге дейін болады.

 Қазіргі қылмыстық кодекс кейбір қылмыстық актілердің байланысын ескере отырып, қылмыстық құқықта күрделі қылмыс құрамды деп аталатын, мысал ретінде көп объектілі құрам, екі немесе одан көп объектіге қастандық жасауға жауаптылықты анықтайтын  нормалар енгізілген.

Алдыңғы қылмыстық кодексіне қарағанда 1997 жылғы ҚР ҚК – нің 96 бап екінші бөлігінің «з» тармағында пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру кең ауқымда тараған.

Өзінің құқықтық табиғаты бойынша қарақшылық, қорқытып алушылық, жалданып пайда табу мақсатымен жасалатын қылмыстар тобына жатқызылады. Бірақ та, бұл жерде «пайда табу мақсатымен адам өлтіру» мен «жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіру» бір бірінен айырмашылығы бар екендігін ұмытпаған жөн.

С.М. Әпеновтың пікірінше ҚР ҚК 96 бап екінші бөлігінің «з» тармағы мазмұны жағынан дұрыс құралмаған[28].  Себебі, қылмысты саралаудың методологиялық негізіне сәйкес қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай аса қауіпті қылмыс, одан қауіптілік деңгейі төменірек қылмыспен жабылмауы керек.

Әдетте адам өлтіру объектісі болып – басқа адамның өмірі, ал бандитизмде қоғамдық қауіпсіздік  болып табылады. Бұдан қылмыстың мазмұны бойынша кең түсінік болатыны және қай қылмыс өз қылмыс құрамында басқа қылмысты да қамтуы мүмкін деген сұрақ туындайды.

Қоғамдық қауіпсіздік ретінде  халықтың тыныштықта өмір сүруі, мекемелер мен ұйымдардың  дұрыс қызметі және т.б. түсінуге болады. Заңсыз, тұрақты қарулы топ құрылған кезден бастап  осы халықтың, қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төне бастайды. Сондықтан қоғам қауіпсіздігі, жеке адамның өміріне қарағанда ауқымды түсінік. Бұдан «адам өлтіру» мен «бандитизм» бір қылмыс құрамы ретінде қарастырылуы мүмкін емес.

Екінші айта кететін жайт, 2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында банды ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша  ҚК 237-бабының тиісті бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады делінген. Алайда, 2003 жылғы 11 шілде ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес бандының шабуылы кезінде денсаулыққа жеңіл немесе орташа дәрежелі зиян келтіру ҚК 104, 105  баптарымен қосымша саралауды қажет етпейді делінген.

Сондай – ақ, 2006 жылғы 23 маусым ҚР Жоғарғы Сотының «қорқытып алу істері бойынша сот тәжірбиесі туралы» нормативтік қаулысында дәл солай қорқытып алушылықпен қасақана адам өлтіру кінәлінің әрекетін қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды ұсынады.

ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында мұндай ұсыныс енгізілгеніне тек мынадай  себеп келтіруге болады, егер де ҚР ҚК 179, 181, 237 баптарында жауапқа тарту мерзімі 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, 96 баптың екінші бөліміне сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы делінген.         

Адам өлтіруді сыйақы алу үшін жасаған адамдардың әрекетін жалданып адам өлтіру ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша, ал осы адам өлтіруді ұйымдастырған немесе орындаушыны сыйақы үшін адам өлтіруге көндірген адамның әрекетін ҚК 28-бабының үшінші немесе төртінші бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралау керек. Тапсырыс бойынша адам өлтіруді біз бұрын шетелдік баспасөздерден ғана оқушы едік, қазір ірі бизнесмендерді, журналистерді, банкирлерді, саяси қызметкерлерді өлтіріп кетіпті дегендерді жиі естиміз. Тапсырыс бойынша адам өлтіру біздің елімізде алғаш рет 1992 жылы болды[29]

Егер кінәлінің ниеті қарақшылық  шабуыл жасау немесе қорқытып алу және осы қылмыстарды жасау кезеңінде жәбірленушіге күш көрсету қолданған кезде оның өмірін қасақана жойса, онда әрекетті қылмыстар жиынтығы ретінде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы және ҚК 179 немесе 181-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралау керек[30].

Жалдаумен, қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде — өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жасалды деп қосымша саралау белгісін қолданудың қажеті жоқ.

Егер мүлікті иемдену ниеті адамға қаза келтіргеннен кейін пайда болса және пайдакүнемдік мақсаты адам өлтіру себебі болмаса, онда жәбірленушінің өмірін қиғаннан кейін оның мүлкін иемденуге байланысты кінәлінің әрекеттерін бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті көздейтін  ҚК баптары бойынша, ал адам өлтіруді, саралау белгілерінің болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.

Адам өлтіруді қылмыстық қарулы топтардың ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстардың жиынтығы бойынша  ҚК 237-бабының тиісті бөліктері және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралануға жатады.

Қарақшылық шабуылды немесе қорқытып алуды жасыру мақсатында жәбірленушіге қатысты аталған қылмыстардан кейін қасақана құқыққа қарсы қаза келтіру осы әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша  және ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша саралануға жатады.         

Соңғы жылдары пәтерлік қылмыстар көбейіп келе жатыр. Яғни зейнеткерлер, мүгедектерге олардың пәтерлерінің ақысына өмір ьойына қамқоршылыққа аламыз деп, пәтерді өз атына аударып алғаннан кейін, оларды өлтіреді. Бұл қылмыс тікелей ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланатынына күмән жоқ.

Сот тәжірбиесінде заңмен реттелмейтін бағалы затты бөлісу кезінде, мысалы ұрланған мүлікті бөлісу, пайда табу мақсатында қаза келтіру сияқты істер де кездеседі.

Пайда табу мақсатымен жасалған қылмыс жәбірленушінің кім болатынынан тәуелсіз: мүліктің (бағалы заттың) иесі немесе ол мүлік пайдалануында болған тұлға, немесе оны өлтіру арқылы мүлкін иеленіп алуға мүмкіндік беретін тұлға да болуы мүмкін.

Пайда табу мақсатында адам өлтіру кезде кімнің пайда табатынын анықтау қажет емес; кінәлінің өзі немесе оның жақындары. Мұндай ниет тек тікелей қасақаналықпен болады.

Ал А.В. Наумовтың айтуынша пайда табу мақсатында қарақшылықпен адам өлтіруде жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін дейді.  [31]

Әдебиеттерде және кейбір қызметшілер тәжірбиесінде пайда табу мақсатында қарақшылық жасау қаза келтірудің тәсіліне байланысты деп айтылады. Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.  Қарақшылық жасау кезінде адам өлтіру ашық жүзеге асырылады және мұнда жәбірленушінің өзінің мүлкінен айыру мақсатында өмірінен айырылатынын білуі керек. Ал пайда табу мақсатында қаза келтіру ашық түрде де, жасырын түрде де болуы мүмкін. Сонымен қатар қарақшылықпен ұштасқан кезде мүлік қылмыскердің қолына бірде өтеді, ал пайда табу мақсатымен адам өлтіруде мүлік кінәліге кейін өтеді.[32]

Сондай – ақ адам өлтіруді пайда табу мақсатында жасалды деп, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен саралау үшін кінәлінің мүлікті иеленіп алу ниеті адам өлтіргенге дейін пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек. Себебі, егер де кінәлі қаза келтіргеннен кейін ғана мүлікті иеленіп алу  туралы ой кеелсе, онда қаза келтіру ауырлататын жағдайсыз, ал мүлікті иеленіп алу ұрлық деп саралау қажет.

Қарақшылықта ешкіммен сөз байласпаған адамның қаза келтіруі мүмкін, ал бандитизммен ұштасқан кезде бір топ яғни банданың пайда табу мақсатында қаза келтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланады.

Пайда табу мақсатымен қарақшылықпен, бандитизммен ұштасқан адам өлтіру мен пайда табу мақсатымен қарақшылық, бандитизммен ұштаспаған адам өлтіру қылмыстарын айыру критерийлері болып: Біріншіден, адамды өлтіру шабуыл жасау арқылы жүзеге асырылса; екіншіден, материалдық құндылықтарды иеленіп алу мақсатымен жүзеге асырылса; үшіншіден,егер мүлікті иеленіп алу қаза келтіру кезінде немесе кейін болса, онда пайда табу мақсатымен ұштасқан қарақшылық, бандитизм жиынтығы айқын көдрініп тұр.

Қорқытып алушылықпен ұштасқан адам өлтіруде көбінесе жәбірленуші мүлкін өз еркімен  беруден бас тартқан жағдайда орын алады. Мысалы, өсиет жаздыру талабы, немесе мүліктің жартысын өз еркімен беру талабы және т.б.

Пайда табу мақсатымен жасалған адам өлтіруді басқа мотивпен  жүзеге асырылған адам өлтіру қылмыстарынан айыра білу өте қажет.

Ұрлық жасаған адамды өлтіру пайда табу мақсатында жасалған қылмыс деп санауға болмайды. Ол тек ұрланған зат үшін кек алу мақсатында жасалып, ешқандай пайда таппағанын ескеру керек.

Сондай – ақ жәбірленушінің бұрын алған қарызды қайтармауына байланысты оны өлтіру де ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен саралауға болмайды. Себебі, кінәлі мұнда пайда тұрмақ, енді өз қарызын да қайтарып ала алмайды, демек пайда таппайды.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша алған қорытындылар:

  1. Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс деп танылу керек.
  2. пайдакүнемдікпен адам өлтіру болып: қарақшылық немесе бандитизммен ұштасқан мүлікті иеленіп алу, немесе қорқытып алу арқылы мүлікті иелену, сақтандыру соммасын алу, ауру немесе қарт адамдарды қамқоршылыққа алудан жалтару, көлікті, тұрғын үйді иеленіп алу, жасаған қылмысы үшін сыйақы алу және т.б.
  3. Бұл баппен саралу үшін кінәлінің мүлікті немесе материалдық құндылықтарды иеленіп алу мақсаты адам өлтірге дейін пайда болғанын анықтау керек.
  4. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша қылмыс аяқталған деп тану үшін кінәлі адам өлтіру кезінде мақсат тұтқан мүлік немесе құндылықты алған – алмағын ескеру қажет емес.
  5. Қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан пайда табу мақсатымен адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен және ҚК 179,181, 237 баптарымен саралануға жатады.
  6. жәбірленушімен бірге тапқан мүлікті иеленіп алу үшін оны өлтіру тек ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен сараланады.
  7. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «з» тармағымен бойынша жалданып адам өлтіруді саралау кезінде орындаушының пайда табу ниетінің болғанын анықтау керек; жалдаушыда пайдакүнемдік ниетпен қатар басқа да ниет болуы мүмкін.

 

    2.9 Бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы)

 

Бұзақылықтан туындаған адам өлтіруді және өзара жек көру қатынасы негізінде, ұрыс – керіс немесе төбелес кезінде жасалған адам өлтіруді ажырату қажет. Осы мәселені шешкен кезде кінәлі мен жәбірленушінің өзара қатынасын, жанжалдың негізін және себебін анықтау және ескеру, кімнің оны бастағанын, екеуінің әрекетінің белсенділігі мен сипатын және басқа да мән-жайларды анықтау қажет. Мұндай жағдайда қылмыстық істегі мән – жайларды мейлінше мұқият тексеру керек: төбелесті кім шығарғаны,онда адам өлтіру мақсат болды ма.

Бұзақылық ниетпен жасалған қылмыста мақсатты анықтау қиын. Көбіне мұндай қылмыстар ешқандай себепсіз жасалады. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы бойынша қоғамды көрінеу сыйламау, адамгершілік нормаларын өрескел бұзу және кінәлінің қылығы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы тұру және кінәлінің айналадағыларға өзін қарсы қойып немесе оларға өзінің артықшылығын немесе жек көрушілігін көрсету ниетімен ұштасқан адам өлтіруді саралау керек. Осындай адам өлтіру көбінесе ешқандай негізсіз немесе адам өлтіру үшін маңызы шамалы себеп пайдаланылып жасалады.

Егер бұзақылық пиғылмен бір адамды өлтірген кезде кінәлі басқа адамдардың денсаулығына қасақана ауыр не орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда жасалған әрекеттерді тұтастай алғанда қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы және бұзақылық пиғылымен денсаулыққа келтірілген зиян белгілері үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК тиісті баптары бойынша саралау керек.

Бұзақылыққа барған адамдардың көпшілігі (90%) мас күйінде болған. Бірақ мас күйінде болу бұзақылық ниетпен адам өлтіруге дәлел болмайды. 

Адам өлтіруге дейін де, кейін де жасалған және олармен біртұтас ниеттегі байланыста емес, бұзақылық ниетпен жасалған бұзақылық әрекеттер ҚК 257-бабының тиісті бөлігі бойынша дербес саралануға жатады.

Егер, адам өлтіру денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтіру, қызғаныш, кек алу, бас араздығы және өзара қатынастар негізінде пайда болған ниеттерден немесе ұрыс – керіске немесе төбелеске бастамашы болған жәбірленушінің заңға қарсы мінез – құлығынан туындаса, ол қоғамдық орындарда немесе басқа адамдардың қатысуымен жасалғаны үшін ғана бұзақылық ниетпен жасалды деп қаралуы тиіс емес.   

Бұзақылық ниет деп, субъектінің қоғамдық тәртіпке қарсы тұру, адамгершілік нормаларын бұзғанына қанағаттануды айтуға болады[33].  

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағын дұрыс қолданудың шарты болып қылмысты жасау мотиві табылады. Егер қылмыс жасауда мотивті анықтамаса, онда қылмыс бұзақылық ниетпен жасалды деп саралауға негіз жоқ.

Кінәлінің басқаға, яғни жәбірленушіге қарсы әрекеті туралы айтылатындықтан, мотивті анықтау үшін жәбірленушінің де әрекеті, екеуінің арасындағы қарым – қатынасын анықтау маңызды роль атқарады.

Ең жиі кездесетін жағдай бұзақылық ниетпен адам өлтіру бұзақылық әрекеттердің жалғасы болып табылады. Осылай облыстық сотта қаралған іс бойынша азамат.М. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағы және ҚК 257- бабы бойынша сотталды. Ол түнде мас күйінде жұмысшылар жатаханасына кіріп, бұзақылық жасады: әр бөлмеге кіріп шулап, шамын жағып, айқайлап, балағат сөздер айтып, төсекте жатқан азамат Л. пышақ салды, нәтижесінде ол сол жерде қайтыс болды.

Сондай-ақ кейбір жағдайларда жәбірленуші болып бұзақыға оның жағымсыз қылығы туралы айтқан азаматтар да болуы мүмкін.

Көбінде соттардың тәжірбиесіне үңілсек, мен өзім бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстарда кінәлі мас күйінде болған, яғни өзінің әрекеттерін дұрыс бағалай білмегендіктен жасағанын байқадым.

Бұзақылық ниетпен адам өлтіру қылмысын кек алу мақсатымен немесе қызғаныштан өлтіру қылмыстарынан айыра білу әрекеттерді саралауда өте маңызды.

А.Наумовтың айтуы бойынша қылмысты тек қызғанышқа негізінің болмағандықтан бұзақылық ниетпен жасалған деп  тануға болмайды[34].

Кінәлі қылмыс жасауға негіз деп тапқан жәбірленушінің әрекетін анықтау маңызды болып табылады.

Сонымен қатар бұзақылық ниетпен адам өлтіру мен ұрыс-керіс үстінде адам өлтіруді айыра білу қажет. Бір әдебиеттерде қылмыс субъектісі ұрыс – керістің бастамасы болып, белсенділік танытса, онда бұл адам өлтіру бұзақылық ниетпен деп саралау керек деген пікір айтылды.[35]

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағында адам өлтіру ниеті тікелей де, жанама да болуы мүмкін.

Егер бұзақылық қаза келтірумен ұштасса, кінәлінің әрекеті тек қаза келтірген үшін көзделген бап бойынша саралануға жатады.Шишов О. өз еңбегінде жазды. Бұл өте қате пікір, себебі айтып кеткенімдей бұзақылық ниетпен адам өлтіру бұзақылық әрекеттің жалғасы болғандықтан фактілі түрде екі жеке қылмыс жасалып отыр, демек екеуі де әділетті заңдық бағасын алуы керек.

  • ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «и» тармағын қолдану үшін кінәлінің әрекетінің анализін қылмысқа дейін де, кейін де бағалау керек.
  • Бұзақылық ниетпен адам өлтіру тікелей, жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін.
  • Қылмыс жасау мотивін анықтамау, бұл баппен саралауға жол бермейді.

 

2.10 Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру. (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы )

 

Адам өлтіру, субъектінің немесе басқа адамның жаңа немесе бұрын жасалған адам өлтіруін жеңілдету және жасыру жолымен жәбірленушінің өмірін қиюға ұмтылу болып табылатын адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша және өз ниетін орындау үшін адам өлтіргенге дейін немесе кейін кінәлі жасаған қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша саралау керек. Адам өлтірудің аталған себебі белгілі болған кезде жәбірленушінің өзіне немесе басқа адамдарға қатысты жасырылып отырған қылмыстың немесе басқа қылмыстың немесе басқа қылмыстың жасалуы болжануы, осы қылмыс ауырлығы бойынша қандай санатқа жататыны, осы қылмыстардың жасалған уақыты мен тәсілі, жасырын қылмысты адам өлтірген субъектінің өзі немесе адам өлтіргеннен кейін жаңа қылмыс жасауға ниеті бар басқа адам жасады ма, жасалған жасырын қылмыс туралы тиісті органдарға хабар түсті ме, кінәлі адам өлтіру нәтижесінде өз мақсатына жетті ме, маңызды емес.

 Басқа  қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасалған адам өлтіруді саралау осы адам өлтірудің басқа себептерін және мақсатын көздейтін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б», «з», «и», «л», «м» тармақтары бойынша саралау мүмкіндігін жоққа шығарады.

   Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен адам өлтіру бір тұлғамен, немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы мен де жасалуы мүмкін. Бірінші жағдайда кінәлінің әрекетін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағымен саралануға жатады. Екінші жағдайда қатысушылыққа байланысты жауаптылыққа жалпы ережелері бойынша тартылады.

Адам өлтіру мен басқа қылмыс әртүрлі  уақытта жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» және «б» тармақтары бойынша саралауды айыру жөнінде сұрақ туындайды. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша кінәлі әрекеті саралануға тек болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы билік органдарына хабарланып қоймаса ғана жатады. Егер де жәбірленуші арыз жазып қойса, және ол туралы кінәлі білген жағдайда оның әрекеті ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралануға жатады.

 Зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы әрекеттерге ұштасқан адам өлтіру деп аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде немесе оларды жасау процесінде жәбірленушіге қасақана қаза келтіруді ұғыну керек.

  Э.Ф. Побегайлоның пікірінше зорлауға кедергі келтіруі мүмкін немесе ол туралы тиісті органдарға хабарлауы мүмкін деген тұлғаны өлтіру де ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағымен саралануы керек[36].

Адам өлтірумен ұштасқан зорлау тікелей де, жанама ниетпен жасалуы мүмкін. Тікелей ниетпен кінәлі алдын ала, зорлағаннан кейін өлтіруге дайындалған жағдайда. Ал бір топ адамдардың зорлау кезінде жиі қатігездікпен сипатталады, сондықтан ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағымен бірге «д» тармағы қолданады. Жәбірленушінің қарсылық көрсетуін басу кезінде өлтіру жанама ниетпен өлтіру болып есептелінеді.

Күш қолданып жасалған зорлау не жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу, нақ солай жыныстық қатынас, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері аяқталғаннан кейінгі жасалған әрекетті жасыру не көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша сараланады. Кінәлілердің аталған әрекеттерін ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша саралағанда қылмыстық процесті жүргізетін орган іс бойынша анықталған, ҚК 96-бабының екінші бөлігінің басқа тармақтарында және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген өзге де саралау белгілерін көрсетуі тиіс.

Зорлау не нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекет жасау не аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде жәбірленушілердің денсаулығына  қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зия келтірілу, сондай-ақ жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян немесе қаза келтірілу тиісінше ҚК 120 немесе 121-баптарының диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сот- медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес алынған сараптамалық қорытынды негізінде белгіленеді.

 Әдебиеттерді зерделей келе, мынадай шешімдерге келдік:

  1. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған адам өлтіру сараланады.
  2. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағын қолдану үшін басқа қылмысты жасыру немесе оны жеңілдету мақсатына жетуі қажет етілмейді.
  3. бұл қылмыс пен адам өлтіру бір уақытта да, әртүрлі уақытта да жасалуы мүмкін.
  4. Осы тармақта көрсетілген адам өлтірудің ауырлатылған түрі деп болған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы билік органдарына хабарланып қоймаса ғана танылады.
  5. Күш қолданып жасалған зорлау не жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу, нақ солай жыныстық қатынас, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері аяқталғаннан кейінгі жасалған әрекетті жасыру не көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «к» тармағы бойынша және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша сараланады.

 

 

2.11 Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру. (ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы)

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілгендей ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.[37]

Мұндай себептермен адам өлтіргенде кінәлі адам белгілі бір ұлтқа, нәсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жәбірленушінің толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді. Қылмыстық мақсатқа әртүрлі іс — әрекеттер жатады: ұлтаралық өшпенділікті өршітуден бастап дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін.

 Адам өлтірудің мұндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, әсіресе бұл ұлттық жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге қатысты. Бұған көбінесе дұрыс ойластырылмаған ұлттық саясат итермелейді. Соңғы уақытта барған сайын ұлттың өзін — өзі дәріптеу идеясы өршіп барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылады және ұлтаралық араздық пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды. Бірақ, өкінішке орай, ұлттық жеккөрушілік пен алауыздықты тұтандыруға мүдделі күштер бар.

Адам өлтіруді ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы бойынша саралаған кезде кінәлінің әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық немесе қанды кек негізінде әрекет еткенін растайтын дәлелдер анықталуы керек. Атап айтқанда, кінәлі қанды кек алу дәстүрін танитын халық тобына жата ма, осы қылмыс жасағанға дейін адам өлтіру фактісі орын алды ма, кінәлі онымен туыстық қатынаста болды ма, оның туысының өмірін күштеп қиюды жәбірленушінің немесе оның туыстарының жасағаны қандай ақпарат көздерінен оған белгілі болды және басқа да мән – жайларды анықтау керек. Осы саралау белгісі бойынша адам өлтіруді саралауға негіз болатын адам өлтіру ниеті ретінде қанды кек алуды алдында кінәлінің туысын өлтіруге байланысты бұрын туындаған бас араздығы негізінде жасалған адам өлтіруден ажырату қажет.

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік  немесе діни өшпенділікке немесе жауласуға байланысты жасалған адам өлтіруді саралаған кезде жәбірленушінің халықтың белгілі бір бөлігіне тиістілігі, оның діни сенімі қылмысты жасауға себеп болғанын анықтау қажет. Бұл ретте, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы бойынша адам өлтіруді саралау үшін қылмыстың құрбаны болған нақты адамға не қатарына жәбірленуші кіретін, қоғамда белгілі әлеуметтік жағдайға ие басқа дін, ұлт адамдарының белгісіз тобына қатысты жаулық немесе өшпенділік қатынасын анықтау жеткілікті.

Бұл мотив бойынша адам өлтіру сот тәжірбиесінде сирек кездеседі. Және бұл норма жаңадан қосылған норма болып табылады.

Ал қанды кек алу бұрыннан келе жатқан ырым десек те болады. Мұнда қаза тапқан адамның туыстары өздерін ренжіген деп санап, ренжіткен адамнан немесе оның туыстарынан кек алуға «құқылымыз» деп білуі. Біреудің қолынан қаза тапқан туысы үшін өш алу кейбір ұлтта ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан дәстүр.

Қанды кек бойынша адам өлтіруді саралауға сүйекке түскен дақ негіз болады. Қылмыстың бұл түрінің субъектісі қанды кек қайтару дәстүрі сақталған ұлттың адамы болуы мүмкін.

 Әдебиетте қанды кек ырымы тек ер адамға тән, яғни тек ер адамның ұрпақтары бойынша таралады, субъектісі ер адам болады делінген[38]. Әйелден кек алу ер адамның өзін — өзі қорлағаны болып табылады.

Кінәлінің бұл қылмыс түрін жасай отырып, қанды кек ырымын қолдайтын адамдар тобына кіретінін міндетті түрде анықтау керек. Ал жәбірленушінің мұндай ырымды қолдайтынын анықтау қажет емес дегенді айта кету керек.

Мотивтен басқа, ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы бойынша кінәлінің әрекетін саралауды субъективтік жағының ниетін анықтау қажет. Қанды кек алу жанама ниетпен жасалуы мүмкін емес болғандықтан, тікелей ниетті анықтау керек. А.Мамутов өз еңбегінде «бұл қылмыстың субъективтік жағы мотивпен қоса – ренжу сезімі, кек алу мақсаты болады» деген[39].

  1. егер де адам өлтірудің басқа мотивтері болса (пайдакүнемдік, бұзақылық) бұл баппен саралау үшін әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, немесе діни өшпенділік мотиві басшылық етуі тиіс.
  2. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағы бойныша саралау кезінде (қанды кек мотиві бойынша) адам өлтіру қанды кек алуға байланысты емес, қанды кек алу мотиві бойынша болуы керек.
  3. ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «л» тармағын қолдану үшін кінәлінің қанды кек алу ырымын қолдайтын адамдар тобына жататынын анықтау керек.

 

2.12 жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру.(ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы)    

 

Бұл тармақты қосу қажеттілігі қазіргі медицинаның дамуы, органдар мен тканьдерді пайдалану мүмкіншілігінің кеңеюімен ұштасады.

Адамдардың органдары мен тіндері деп: жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе, мисүйек және т.б. қосымшаны ҚР-ң Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді., адамды жасауға қатысатын органдар, оның ішінде репродуктивті тканьдер (яйцеклетка, сперма, яичник, эмбриондар) қан және оның компоненттері.

Заңда тікелей көзделгендей органдар мен тіндер сатып алу – сатудың заты бола алмайды.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы адам өлтіру кез-келген тұлғамен, сонымен қатар медициналық қызметкерлермен де жүзеге асырылуы  мүмкін. Органдар мен тін жәбірленушіден зорлық, күш көрсету арқылы да, басқа да алдау – арбау арқылы, яғни бұл операция жәбірленушінің «мүддесінде» деп алдап, оны өлтіру арқылы органдарын алу тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыс мотиві болып: пайда табу, немесе бастыққа жағу мақсатымен, өзінің туысын басқа адамды өлтіру арқылы, органын алу арқылы құтқару болуы мүмкін.

ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағында көзделген қылмысты, әртүрлі жағдайларға байланысты біруақытта басқа тармақтармен («а», «в», «д», «ж», «з», «н») саралауға болады. 

Адамның ағза мүшелері мен тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіруді адамның ағза мүшелері мен тінін алуға мәжбүрлеген кезде не оның ағза мүшелері мен тінін күштеп алу нәтижесінде оны абайсызда өлтіруден айыру қажет, соңғылар үшін жауаптылық тиісінше ҚК 103-бабының үшінші бөлігінде және 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген.

Кінәлінің ниеті жәбірленушіні өлтіруге бағытталған, ал өлтірілген адамның ағза мүшелері мен тіндерін пайдалану мақсаты оны жасаудың себебі болса, іс — әрекет ҚК 96-бабы екінші бөлігінің «м» тармағы бойынша саралануға жатады. Мұндай мақсат оларды медициналық әрі өзге де мақсаттарда пайдалану (мысалы, адам етін жеу) ниетін көздейді. Бұл ретте, осы саралану белгісі бойынша адам өлтіруді саралау үшін өлтірілгеннен кейін өлген адамның ағза мүшелерін және талшықтарын нақтылы пайдалнған – пайдаланбағаны маңызды емес.

 

2.13 Бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы)

 

Бұрын ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағыда көзделген адам өлтірген адамның адам өлтіруінің саралау белгісі кінәлі адам қылмыс жасаған сәтте ҚК 96-бабы (ҚССР ҚК 88-бабы) бойынша соттылығы алынбаған және жойылмаған жағдайларда қолданылуы тиіс және бұл белгі осыған тікелей қатысты адамның әрекетін саралаған кезде ғана ескерілуге жатады.

Бұрын кісі өлтірген деп, кінәлі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96, 167, және 340 баптарында көрсетілген қылмыстарды жасағаны танылады. Сонымен қатар, көрсетілген қылмыстарды жасағаны танылады. Сонымен қатар, көрсетілген қылмыстардың біреуін жасауға оқталғаны және оны жасауға қатысқаны ескеріледі.

Кінәлінің аса қауіпті екендігін, оның оған қолданылған қылмыстық – құқықтық мәжбүрлеу сипатындағы шаралардан кейін де заңтыңдаушылық өмір кейпіне оралғысы келмейтіндігін куәландырады. Солай бола тұра, заң сотқа оның алғашқы жасаған қылмысының сипатына байланысты бұл жағдайды ауырлататын жағдай ретінде ескермеу құқығын береді.

Адам өлтіруді орындаушы адамның бірнеше мәрте адам өлтіргеніне байланысты мән – жайларының бар екені туралы оларға алдын ала белгілі болған жағдайларда ғана адам өлтіруді ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші адамдар ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша жауапты болады.

Егер адам бірыңғай ниетпен тұтастырылмаған, бірнеше рет адам өлтірсе, олардың бірде біреуі үшін сотталмаса (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа) және егер, бұл ретте, алдыңғы адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпесе, онда барлық әрекеттер ҚК 11-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша (негіз бар болған кезде және басқа да тиісті тармақтар бойынша) саралануы тиіс. Бұл ретте, уақыты бойынша бірінші жасалған адам өлтіруді ҚК 96-бабының бірінші немесе екінші бөлігі бойынша жеке саралау талап етілмейді.

Адам өлтірген кезде және адам өлтіруге оқталған кезде әрбір іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде жеке саралануы тиіс.

Ресей Федерациясының  Қылмыстық Кодексінде біз қарастырып отырған бұрын кісі өлтірген адамның қайталап кісі өлтіруі деген тармақ 8 желтоқсан 2003 жылы алынып тасталды. Сондай – ақ, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деген 16 бап декриминализацияға ұшырап отыр. Бұл жағдайдың өзі Ресей ғалымдарының арасында дау – дамай пікірлер тудыруда. Әсіресе ол екі немесе одан да көп адамды өлтіру бір қылмыс па, әлде қылмыстың жиынтығы ережесіне сай саралануы қажет пе деген сұрақтардың төңірегінде болып отыр.

Келесі бір мәселе, 96 баптың 2 бөлігінің «н» тармағындағы көрсетілген қазақша мәтіннің құлаққа жағымсыз тиіп, әсіресе студенттерге ұғыну қиындығы. Заңда былай берілген: «…бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру». Біздің ойымызша, егер орысша мәтіннің аударымы қалатын болса, онда, берілген сөйлем құрылысын былай өзгертуге болады «… бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіру» немесе «…бірнеше рет адам өлтіру» деп беруге болатын сияқты[40].

Бұл тармақ бойынша адам өлтіруді қарай келе, 2 сұрақ туындайды:

  1. ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағын қолдануға егер де бұрын адам өлтірген адам кеңес одағының мемлекеттерінің біреуінің қылмыстық кодексінің бабымен бұрын сотталса, жата ма?
  2. ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағында көзделген қылмысты шетел мемлекетінің заңы мен соты бойынша сотталып, екінші рет біздің территориямызда адам өлтірсе қолданылады ма?

Бірінші жағдайда одақтас республикалардың қылмыстық кодекстерінде осындай қылмыстар қарастырылғаны туралы белгілі, слндықтан бұл тармақ бойынша егер осындай қылмыс жасалған болса сараланады.

Екінші жағдайда шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңын ҚР қылмыстық кодексімен сәйкестендіру керек. Германия, Въетнам, Испания, Канада, Польша, Франция елдерінің қылмыстық кодекстерінде қылмыстардың классификациясы әртүрлі болса да, ауырлатылған жағдайда, жеңілдетілген жағдайда, ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайсыз адам өлтіру шегіне кіреді.

Бұрын 97, 98, 99, 100, 101 -баптар бойынша соттылығы бар адамдардың екінші рет адам өлтіруі бұл баппен саралануға жатпайды. Бұл ҚР – ң Жоғарғы Сотының нормативтік  2007 жылғы 11 мамыр №1 қаулысында баяндалған.

Сонымен қатар бұл Жоғарғы Сот Нормативтік қаулысында бұрын қылмысы үшін сотталмаған адамның тағы адам өлтіруі ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағымен саралануға жатады деген. Бірақ, оған ешқандай түсіндірме жазбаған.

Мүмкін қаулыда 11 – бапта көзделгендей мұндай қылмыстық әрекет неғұрлым қатаң жазалау түрінде санкция белгілейді және бұдан ол қатаң түрде жазаланады деген шешімге келген шығар. Бірақ та, егер бұрын адам өлтірген кінәлінің әрекеті дәл осы 96-баптың екінші бөлігінде кезкелген тармағында көзделген адам өлтірсе, онда ол бұрыңғы қылмысы үшін әділ жаза алмайтын мүмкіншілігі бар деген сөз  ғой.

Бұдан сұрақ туындайды: неліктен кінәлінің бұрыңғы адам өлтіруін фактілі түрде кешіруіміз керек, тек соңғы адам өлтіргені үшін жазалаймыз. Мұнда бұрыңғы адам өлтіргені үшін сотталған адам мен, құүқық қорғау органдарынан қашып жүріп адам өлтірген кінәлінің арасында әділетсіздік айқын көрініп тұр.

Сот тәжірбиесінде бұрын адам өлтіруге оқталған немесе қатысушы болған тұлғаның тағы адам өлтіруін ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағымен саралауға жата ма, сұрақ туады. Онда бұл Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында жазылғандай қылмыстардың жиынтығы бойынша жеке саралануы керек.

ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы бойынша дұрыс саралау үшін соттылықтың жойылуы немесе алынуы үлкен роль атқарады. Егер де соттылық жойылып, немесе алынса немесе ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты соттылығы жоқ болса онда бұл тармақ бойынша кінәлі әрекеті сараланбайды.

  1. Бұрын 97, 98, 99, 100, 101 -баптар бойынша соттылығы бар адамдардың екінші рет адам өлтіруі бұл баппен саралануға жатпайды.
  2. ҚК 96-бабы екінші бөлігі «н» тармағы қолдануға жатады егер, кінәлі әртүрлі уақытта екі адам өлтірсе. Алғашқы адам өлтіргені үшін сотталмаса да.
  3. Егер де соттылық жойылып, немесе алынса немесе ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты соттылығы жоқ болса онда бұл тармақ бойынша кінәлі әрекеті сараланбайды.

 

    Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында адам өміріне қастандық жасалса не дәл сол мақсаттарда мемлекеттік немесе қоғам қайраткер қасақана өлтірілсе немесе оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату мақсатында, сондай – ақ көрсетілген адамдар осындай қызметі үшін кек алу мақсатында өлтірсе іс — әрекет ҚК 233-бабының 4-тармағы бойынша саралануы тиіс және жасалған әрекет ҚК 96-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

Сот төрелігін немесе істі алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның заңды қызметіне кедергі жасау ҚК 340 – бабы бойынша саралануы тиіс. Егер көрсетілген адамдардың өміріне қастандық жасау өзге шеттер бойынша және олардың қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болмаса, әрекет саралау белгілерінің бар болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануы қажет.

Сот төрелігін немесе іс тергеуді нақты жүзеге асырмаған, бірақ кінәлі адамға өзін сондай етіп көрсеткен және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттерді орындаған адамды өлтіру ҚК 96- бабы екінші бөлігінің «б» тармағы бойынша саралануға тиіс.

Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін түзеу мекемелерінің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу кезінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе тағайындалған бұлтартпау шарасына байланысты қамауға алынған не жаппай тәртіп бұзушылыққа қатысушы адамның адам өлтіруі, сондай – ақ билікті немесе қызмет өкілеттіктерін теріс пайдалануы кезінде адам өлтіру осы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен қамтылмайды, сондықтан ол ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша жеке саралануы қажет, ал кінәлінің барлық әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мен осы бітіру жұмысымды жазу барысында адам өлтірудің ауырлататын жағдайларын зерттеп, тәжірбиеде кездесетін адам өлтіру қылмыстарының  қалай сараланатынын анықтадым. Бұл өте қатігез қылмыс болғанымен, өмірде, біздің қазіргі заманымызда орын алуда.

Қазақстан Республикамыздың бұл қылмысты, әсіресе ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіргені үшін неғұрлым қатаң санкция белгілесе де, менім ойымша ол жеткілікті емес, менімен келісетін адамдар аз емес. Осыған орай шығарылған заңдар, бұл қылмысқа орай ауырлататын жағдайда адам өлтіру әрекетін дұрыс саралау үшін қаулылар қабылданып, студенттерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне адам өлтіру, жалпы адамзатқа қарсы қылмыстарды дұрыс түсініп, саралауға, заңи тұрғыдан бағалауға үйрететін әдебиеттер көптеп шыққанымен оның ішінде біздің отандастырымыз шығарған әдебиеттер санаулы ғана, әлі де кемшіліктер бар. Мен жеке өзім ҚР ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінде көрсетілген ауырлататын жағдайларға қоса, кінәлінің өзінің ата – анасын өлтірген қылмыс пен, жасөспірімдерді  (мысал ретінде жас шегін көрсете отырып 5 жасқа дейін) балаларды өлтіру қылмыстарын жатқызатын едім.  Себебі ата – анасын өлтіру бұл құлаққа сыйымсыз, адамгершіліктен жат, аморальдық әрекет.  Көптеген шет мемлекеттерде (Болгария, Румыния, Франция және т.б.) мұндай қылмыс түрі қылмыстық кодкстерінде жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде енгізілген. Тіптен ғалым Н.С. Таганцевтің ерте замандағы елдердің қасақана адам өлтіру жайында зерттеген еңбектерінен бұл қылмыс Египет, Үндістан, Қытай, Рим, Иудей елдерінің заңнамаларында ең ауыр қылмыс деп танылғанын білуге болады[41]. Ата – анасын өлтірген адам, басқа адамды өмірінен айыру қолынан оңай келеді, бұл қоғамға  қауіпті адам екендігін айқын көрсетеді. Сондай – ақ кішкентай балаларды, оларды періште деп те атауға болады, бұл адам өлтіру мүлдем кешірімсіз әрекет деп санаймын. Әрине бұл адам өлтіруде де әлі көптеген жағдайларды, кінәлінің  ниетін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын анықтау қажет дегенмен де мен осы екі жағдайды қосатын едім. Жұмысты жаза келе көптеген ауылатылған жағдайда адам өлтіруге қатысты қылмыстық істермен, сот істерімен таныстым. Әсіресе осы қылмыс түрін саралау қиынға соғатынына  көзім жетті. Мұнда ең бастысы әділеттілік қағидасын басшылыққа алып, сот алдында екі жақтан да таразыда адам өмірі тұрғанын ұмытпау керек.    

Қылмысқа квалификация жасауды құқық қорғау органдарының қызметінде аса жауаптылықпен қарайтын жұмыс ретінде бағалау керек, әсіресе осы өмірге қарсы қылмыстардың ішінде қасақана адам өлтіру. Өйткені қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қылмыстық заңның баптарын дұрыс қолданбағанда, адамның іс — әрекеттері басқа қылмыс ретінде бағаланып, жауаптылық дұрыс белгіленбейді және мұның салдары жаза тағайындау кезінде байқалып қылмыскер өзі жасағаннан жеңіл немесе ауыр қылмыс үшін жауаптылыққа тартылған болып шығады.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады. Құықтық мемлекет қашанда қоғамдағы елеулі деп танылатын қоғамдық қатынастарды  заң жүзінде реттеумен айналысып ғана қоймай, ол сонымен бірге құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын белгілеп, заң нормаларын дұрыс, әрі тиімді қолдану жолдарын арттыруы қажет және олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекеттің мұндай қағидалары әсіресе қылмыс жасады деген себеппен жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты ерекше мағынаға ие болады. Өйткені Қазақстан Республикасыда әлемдік өркениеттердің қатарына қосылу және адамгершілік қағидаға басымдық беру үшін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және оны қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай қағиданың сақталмауы ауыр салдарға соқтыратын және адамның тағдырына әсер ете алатын болмыс, қылмыстық  заң нормаларын дұрыс қолданбау болып табылады.                         

                                                            

     

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Бородин С.В. Преступление против жизни. Москва, Юрист 1999г.
  2. Бородин С.В.  «Квалификация преступлений против жизни»  1977г.
  3. Куаналиева Г.А. Екі немесе одан көп адамды өлтіру. ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. 2007ж. №4
  4. Кузнецова Н.Ф. Вопросы квалификации умышленных убийств 1961г. №2.
  5. Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. Алма – Ата, 1963г.
  6. Наумов А. Отграничение убийства из хулиганских побуждений от смежных составов преступлений// Сов. Юстиция. 1970г. №4.
  7. Семенова Н.К. Квалификация убийств из хулиганских побуждений. Свердловск, 1986г.
  8. Шаргородский М.Д. Ответсвенность за преступление против личности. Л. 1953г
  9. Наумов А.В. Мотивы убийства. Волгоград, 1973г
  10. Апенов С.М. Об эффективности приминения уголовно – правовых норм, регулирующих ответственность за убийство сопряженное с разбоем, вымогательством или бандитизмом. Тураби. 2007г.
  11. Слинько М.И. Криминологический анализ М., 1997г.
  12. Курс советского уголовного права: Часть особенная. Л. 1973г. Т. 3.
  13. Загородников Н.И. преступления против жизни по советскому уголовному праву.Москва. 1961г.; Аниянц М.К. Указ. Соч. 1985г.
  14. Значение субъективной стороны убийства с особой жестокостью для его квалификации//Соц. Законность. 1986г.№8.
  15. Кириченко В.Ф. Значение ошибки по советскому уголовному праву. М.1952г.
  16. Курс советского уголовного права. М. 1970. Т.ІІ.
  17. Жабдаев С.Х. Значение мотива преступления для определения ответственности за некоторые виды умышленного убийства по УК Казахской ССР//вопросы уголовного права и процесса. Алма – Ата, 1963г. Т.7.
  18. Бавсун М., Куличенко Н. Убийство двух и более лиц: совокупность или единое преступление? // Уголовное право 2007г. №3.
  19. Борзенков Г.Н. «Квалтфикация преступлений против жизни и здоровья» М.; ИКД, Зерцало-М, 2006г
  20. Сарыев Б. «Ответственность за преступления против жизни» Ашхабад 1973г.
  21. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Алматы, 2006.
  22. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступлений. М., 2001г.
  23. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы 2000ж.
  24. Мясников О.А. Смягчающие и отягачающие наказание обстоятельства в теории, законодательстве и судебной практике. М.1961.
  25. Побегайло Э.Ф. умышленные убийства и борьба с ними. Воронеж 1965г.
  26. Алауханов Е. Өмірге қарсы қылмыстар. Заң газеті 2001ж. 7 сәуір.
  27. Таганцев Н.С. О преступлениях против жизни по русскому праву. Санкт-Петербург 1871г.
  28. А. Лаврин Хроники Харона. Энциклопедия смерти. М., 1993

 

Нормативтік құқықтық актілер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997ж. 16 шілде.
  3. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы. Бірінші том (1961-1997)-Алматы: «Санат», 1997ж.
  4. Сборник постановлений Пленума и определений коллегий Верховного Суда СССР по уголовным делам. 1959-1971 гг. М., 1972.
  5. ҚР Жоғары Сотының №1 нормативтік қаулысы. 11 мамыр 2007ж. Астана
  6. ҚР Жоғарғы Сотының «қорқытып алу істері бойынша сот тәжірбиесі туралы» нормативтік қаулысы 2006 жылғы 23 маусым.                       

[1] А. Лаврин Хроники Харона. Энциклопедия смерти. М., 1993., С. 11

[2] Вестник Казну. Серия юридическая. №2 (38). С.111.

[3] С.В.Бородин Преступление против жизни М., Юрист. 1999., С. 14.

[4] В.Н.Кудрявцев Общая теория квалификаций преступлений. М., 2001. С.62.

[5] С.М.Әпенов Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Алматы, 2006., 55б.

[6] ҚР Жоғарғы сотының №1 нормативтік  қаулысы. 11мамыр, 2007 ж. Астана қ.

[7] Сарыев Б. «Ответственность за преступления против жизни» Ашхабад 1973. С.24-25.

[8] С.В. Бородин «преступление против жизни» М.; Юрист 1999г., С.97.

[9] Г.Н.Борзенков «Квалтфикация преступлений против жизни и здоровья» М.; ИКД, Зерцало-М, 2006.-С. 39-40.

[10] ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. №4 (44) 156-бет. 2007ж.

[11] Бавсун М., Куличенко Н. Убийство двух и более лиц: совокупность или единое преступление? // Уголовное право 2007. №3. С.13.

[12] ҚР Жоғарғы Сот ының №1 нормативтік қаулысы. 2007жыл. 11 мамыр.

[13] Жабдаев С.Х. Значение мотива преступления для определения ответственности за некоторые виды умышленного убийства по УК Казахской ССР//вопросы уголовного права и процесса. Алма – Ата, Т.7.С112. 

[14] ҚР Жоғарғы Сотының №1 нормативтік қаулысы. 2007жыл. 11 мамыр.

[15] Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының қаулылар жинағы. А.1997, 1-том.92-бет.

[16] Курс советского уголовного права. М. 1970. Т.ІІ. С.339

[17] Кириченко В.Ф. Значение ошибки по советскому уголовному праву. М.1952.С.58.

[18] ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы.  Бірінші том (1961-1997)-Алматы: «Санат», 1997ж. 90-бет.

[19] Значение субъективной стороны убийства с особой жестокостью для его квалификации//Соц. Законность. 1986.№8. С.47-49.

[20] Сборник постановлений Пленума и определений коллегий Верховного Суда СССР по уголовным делам. 1959-1971 гг. М., 1972. С.210.

[21] Загородников Н.И. преступления против жизни по советскому уголовному праву. С.177; Аниянц М.К. Указ. Соч. С.63.

[22] ҚР Жоғары Сот ының №1 нормативтік қаулысы.  Бюллетень №6. Астана 2007ж. 7бет. 

[23] Курс советского уголовного права: Часть особенная. Л. 1973. Т. 3. С. 518.

[24] ҚР Жоғары Сот ының №1 нормативтік қаулысы. 11 мамыр 2007ж. Астана.

[25] ҚР Жоғарғы Соты архивінен. №2к-261.

[26] Криминологический анализ Слинько М.И. М., 1997. С.4-5.

[27] С.В. Бородин «преступление против жизни» М.; Юрист 1999г., С.127.

 

[28] С.М.Апенов об эффективности приминения уголовно – правовых норм, регулирующих ответственность за убийство сопряженное с разбоем, вымогательством или бандитизмом. Тураби. 2007.С43.

[29] Заң газеті. 14 сәуір 2001ж. 5-бет.

[30] Мясников О.А. Смягчающие и отягачающие наказание обстоятельства в теории, законодательстве и судебной практике. М.1961., С. 156.

[31] А.В.Наумов Мотивы убийства. Волгоград, 1973., С.48.

[32] Шаргородский М.Д. Ответсвенность за преступление против личности. Л. 1953. С. 18-20.

[33] Семенова Н.К. квалификация убийств из хулиганских побуждений. Свердловск, 1986. С.108.

[34] Наумов А. Отграничение убийства из хулиганских побуждений от смежных составов преступлений// Сов. Юстиция. 1970. №4. С.16.

[35] Кузнецова Н.Ф. Вопросы квалификации умышленных убийств 1961. №2. С.40

[36] Э.Ф.Побегайло. Умышленные убийства и борьба с ними. С.114.

[37] Қазақстан Республикасының Конституциясы. 14-бап. 30 тамыз, 1995 ж.

[38] Сарыев Б., Указ.Соч. С 74-75.

[39] Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта. Алма – Ата, 1963. С.299.

[40] Г.А.Куаналиева екі немесе одан көп адамды өлтіру. ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. 2007ж.№4. 156б.

[41] Н.С.Таганцев О преступлениях против жизни по русскому  праву.Санкт-Петербург 1871., С.7.