ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Ауызекі сөйлеу стилі
Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 45 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 30.
Зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілерін айқындау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ауызекі сөйлеу стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі ерекше тілдік жүйесі мен белгілерін түсіндіру. Ауызекі сөйлеу стиліне тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді айқындау. Осы ерекшеліктерге байланысты мысалдарды келтіре отырып, оның мән-мазмұнын ашып көрсету.
Жұмыста қолданылған дерек көздер: Ауызекі сөйлеу стиліне қатысты ғылыми еңбектер, көркем әдебиеттер мен жергілікті тіл ерекшеліктерінен мысалдар алынды. Сонымен қатар, стилистика саласы бойынша қорғалған Д.А. Әлкебаеваның докторлық және Қ.Қ. Сарекенованың кандидаттық диссертациялары қаралды.
Тірек сөздер: стиль, эмоционалды-экспрессивті, прагматикалық фактор, стильдік фон, ситуация, контекст, коннотативтік мағына, жаргон, арго, табу, эвфемизмдер, варваризмдер.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………… 4
1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы …………………… 6
2 Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері ……………. 12
2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі ………………………………. 12
2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы ……… 15
2.3 Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы ………………………. 27
2.4 Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксисі …………………………… 34
Қорытынды ………………………………………………………….. 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………… 44
Кіріспе
Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер — әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.
1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айырықша орын алады.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік еркшеліктері бар. Ол тұрмыстың күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланысты жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилін Е.А.Заемская және т.б зерттеушілердің бірқатары ауызекі сөйлеу стилі ерекше тіл деп санайды [4; 7]. Ал басқа ғалымдар тобы, мысалы, О.А. Лаптева ауызекі сөйлеу стилінің жалпы ерекшеліктері функционалдық стильдердің ауызша түрінің бәрінде ұшырасатындығын айтады [5; 7].
Қазақ ғалымдарының ішінде Р.Сыздықова ауызекі әдеби тіл, ауызша әдеби тіл деп екіге бөледі. Ауызекі әдеби тілге қазіргі функционалдық стильдердің ресми, ғылыми, публицистикалық стильдердің ауызша формасын жатқызуға болады, себебі, ауызекі әдеби тілге Р.Сыздықова былайша анықтама береді: “Ұлттық әдеби тілдің жазу өнері шыққанға дейінгі үлгісі, сөз өнері хатқа түспей тұрған ерте дәуірдегі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік реттеу үшін тұтынылған бейнелі, асқақ стильге құрылған сөз саптау үлгісі” [6; 10]. Олай болса, ұлттық әдеби тілдің жазбаша түрі шыққанға дейін дамыған түрі бүгінгі ауызекі сөйлеу стилінің негізі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлеу объектісі – адресант және қабылдаушы, адресат. Адресат пен адресант прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль түзуші тәсіл болғандықтан прагматикалық орталық категориясына кіреді. Ауызекі сөйлеу стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеру қажет, ол стильдік фон деп аталады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айырықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы ыстық десе, тыңдаушы шөлдедің бе деп, айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ комуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу силінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды, эктролингвистикалық факторлармен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді. Қарым-қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т.б. тілдік қатынасына да байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айырықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
— бейресмилік;
— сөйлеу еркінділігі;
— сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
— тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
— сөйлеудің автоматтығы;
— сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін ралды ситуация, сөйлеудің заттық психологиялық жағдайы. Ситуация сөйлеудің шегін қысқартып отырады. Сөйлемнің кейбір компоненттері қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің коммуникативтік жағдай ондағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі жасамайды. Мысалы, Астанаға екі билет, бір адамға екі орын, бір кісілік т.б. (ауызекі сөйлеу тілінің материалдарынан).
Ауызекі сөйлеу стилінің күнделікті қарым-қатынасында сөйлеу сипатының экспрессивтілігі тікелей ассоциативтік деректі ойлау қабілетінен туындайды, сондықтан ауызекі сөйлеу стилі стилистикалық коннотацияның ерекше формасын беріп отырады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер оның композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктері мына мәселелерге тікелей қатысты болып келеді: сөйлеудің еркінділігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс тоны оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық бағдар кітаби стильге қарағанда, стилистикалық мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.
Ауызекі сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Ауызекі сөйлеу стилінде фониканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше орфоэпиялық норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе әсем дыбыстау т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы эмоционалды-экспрессивті сөздердің қатарын құрайтындығы М.Серғалиев еңбектерінде қарастырылып жүр [7]. Оккозионал сөздер, фамильярлық еркелету, ирониялық, эротикалық сөздер т.б. жиі ұшырасады. Ауызекі сөйлеу стилінде хабарлаудағы ең маңызды сөз бірінші орынға қойылып айтылады: Компьютер алдым, ақша керек, ақша ең бәлесі ақша болып тұр, ең сұмдығын айтпайын, немесе Сіз домбырада тамаша ойнадыңыз деген сөйлем ғажап, өте тамаша деген формада беріледі.
Ауызекі сөйлеу стилінде тілдік тәсілдерді үнемдеу заңы үстемдік етеді. Сондықтан сөз-сөйлем ретінде қолданылады: келдім, жарайды, ат, жақсы, әрине, мүмкін, келіс т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стильдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебеп стиль түрі болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стилі лексикасында сөйлеушілердің ең басты көп қолданатыны – эмоционалды-эксперссивті лексика. Б.Қалиев: “Күнделікті ауызекі тілде, көркем әдебиет тілінде де сөйлеу тіліне тән сөздер мен қарапайым сөздер тобы жиі ұшырасады. Олар тілде экспрессивтік стильдік қызмет атқарады”- дейді.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады, фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады. Шошақай үйде тұрмас; қаңғыбас қайда қаңғып жүр; ақымақ, өзі кінәлі; көк мылжыңды көргім келмейді; көз сорасын ағызып отыр; еңірегенде етегі толады; көрсем көзім шықсын; қалтасы қалың; несіне бұрқылдай береді; аш өзегіне түсуге айналды; қалтасы тесік; қалтасы көріну; қалтасы жұқа; жүйкесі жұқарып жүру; жүйкесі тозу; жүйке тамыры солқылдау; зықысы шықты; еті тірі; қойдан жуас; өлермен екен; өзіне-өзі істеп жүр; амал жоқ; қайтсем екен; барсам ба екен (ауызекі тілден жиналған материалдардан).
Р. Сыздық ауызша функционалды стиль деп әдеби тілдің құзырындағы құбылыс, яғни ол әдеби тілдің ауызша жұмсау түрі, айталық, көпшілік алдында ауызша ұсынылатын сөздерді айтады. Осы пікірлерді жинақтай келіп, ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдердің ауызша түрінің де стильдік қызметіне ортақ деп тануға болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан қарама-қарсы көңіл күй сөздері қолданылып, олардың қолдану үлес салмағы молынан ұшырасып отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ емес. Мысалы, бір ғана жаңағы деген сөзді алайық, бұл сөз көп айтылатындықтан жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған уақытта жиі қолданылатын сөзі, мысалы, әр жерден ауызекі сөйлеуде жиналған мәліметтер бойынша орфоэпиялық қатемен айтылатын тұстары кездесіп қалады: жаңағы, жәнағы, жаңанеке, жаңеғы, жанеғы, жаңғы, жаңақы, жәнегі т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде кейбір грамматикалық тұлғаларының стильдік қатемен айтылатыны оқта-текте ұшырасып отырады. Кешкісін, кештетіп, кешкілік, кешкісін жолығармын, кештетіп келермін, кешкілік жолығармын немесе таң азанмен жолығармын, таң атысымен, таңертеңгісін, таңертеңгілік деген сияқты грамматикалық тұлғалардың әдеби тілдік нормадан ауытқыған түрлерін кездестіруге болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар – көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын стилистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айтылған ойға паралельдік қатар түзу үшін пайдаланылады.
Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да өзгерді, ниеті де өзгерді, пиғылы да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады. Адамның жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі, эрудициясы, ақыл парасаты, киімі, жан-дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде яғни мәдениетті тілмен жеткізуі болып табылады. Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем, әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғни коммуникативтілік қажеттілік пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды.
Ауызекі сөйлеу стилі тілдің лексикалық-семантикалық құрылысында еркіндікпен қолданылатын сөздер тобы, сөз тіркестері басым болып келеді. Сондықтан бір ғана амандасу сөзінің өзі әр түрлі орфоэпиялық немесе орфографиялық жақтан әр түрлі вариантпен жарыса қолданылады. Бұл ежелгі ауызша әдеби тілдің үлгісі, көркем үлгісі болып саналатын қазақтың қара өлеңдерінде көптеп ұшырасады. Қазақтың қара өлеңінде амандасудың өзі сан түрлі қолданыста айтылғанын көруге болады. Аманбысың, қалқатай, көрмесем де жүрмісің аман-есен бұраң белім, жүрмісің аман-есен, сау-саламат. Аман-саударсыздар ма, ағаларым, әріптес, алдыменен аманбысың? Жүрмісің аман-есен жайың қалай? Барсың ба аман-есен қарашығым! Аман ба, құрдас, сырлас құрбыларың? Аман-сау ма саңлақтары? Еліңнің есен-сау ма батырлары. Әріптес мал-жаныңыз тегіс аман, Халайық ел-жұртыңыз есен-сау ма? Сен аман болсаң болды ағатайым. Барсың ба, өзің аман, асыл затым? Аман-есен жүрсің бе сау-саламат т.б.
Қазіргі амандасудың түрі сәлеметсіз бе, әр түрлі орфоэпиялық нормадан ауытқыған: сәлематсыз ба, сәләмәтсіз бе, саламатсыз бе, сәлеметсыз ба т.б. түрлері ауызекі сөйлеу стилінде көптеп айтылып жатады. Амандасудың сәлеметсіз бе деп айтылу мәнерінде дауыс тонына қарай әр түрлі мағыналық мән аңғарылады. Сәлеметсіз бе? дауыс тонының айтылу мәнеріне қарай әр түрлі көңілді, сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен айтылады, бірде менменсінген көкіректікті білдіреді, сынау мәні де, қуанышты үнмен, бірде жарқын, шырайлы көңілмен айтылуы аңғарылса, бірде салқын көңілдің ажары, бірде ілтипатты көңілдің шынайы ниетін танытатын стильдік мәнер де айтылады.
Ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері адресат пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-этикалық қызмет атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс жылдамдығының әр түрлі қызметінің арқасында стильдік ерекшелігі айқындалып тұрады.
Ауызекі сөйлеу стилінде эмоционалды-экспрессивті білдірудің ең көркем амалының бірі –интонация. Зерттеушілер эмоционалды сипаттың ең озық үлгілері (тіпті сөзбен айтып білдіре алмайтын түрлері) интонация арқылы жеткізілетінін айтады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына жатқанын көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің еншісіне ғана тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: әдемісін-ай – сұлулықты паш ету мағынасында; өткірін-ай – оның мінезіне сүйсіну үшін айтылады; әттеген-ай — өкіну мағынасын білдіреді; шіркін-ай – аңсау немесе дауыс тонына қарай кейде кекету мағынасына қарай айтылады; күлкісін-ай – сүйсіну; сұлуын-ай – дауыс тонына қарай сүйсіну, таң қалу, тамсану, қызығу, құмарту; толассыз жаууын-ай – реніш пен кейісті аңғартады; жазуын-ай – ұнатпау, жақтырмауды білдіреді. Ерекшелік тек оқшау сөздерде ғана емес, кез келген тілдік бірліктерде дауыс тонын дұрыс қою арқылы сөздің прагматикалық-стилистикалық қызметін жан-жақты тереңдетіп сөздің айтылу мәнеріндегі эстетикалық өріс кеңейтеді. Мысалы: өткір сөзін алайық. Өмір, өшір деп қайталап айтылғанда өмірдің бар тауқыметін түсіну, соны бағалау, түйіндеу, саралау тіпті соған мойынсұну, кейде шарасыздық мағынасын танытса, сол арқылы адресатты белгілі мақсатқа шақырады, өмір, еһ өмір, аһ өмір деген тіркестерді айтқанда дауыс тонына қарай әттең өмір өкінішін толық сезіну, өкіну, бармағын тістеу, өмірден жіберген қателіктерін түсіну сияқты мағыналық реңкін білдіреді, өмірде не болмайды көндігуі өмірге өкініші жоқ – ризалық, тоқмейілсу таныту мақсатында айтылады; өмір көрсетеді — тағдырына сену, өз тағдырын уақыт еншісіне тапсыру мағынасымен айтылады, өмір алда – үміттену, үмітін жоғалтпау мағынасын береді. Ауызекі сөйлеу тілінің дауыс тонының жылдамдығы, созылыңқылығы, үнділігі де айрықша бояу алады да тыңдаушыны стилистикалық әсерге бөлейді.
Ауызекі сөйлеу стилінің бір-біріне ұқсамайтын дауыс тоны, дауыс ырғағы болса, көркем әдебиет стилінде осы қызметті автор өзі пайымдауы арқылы жеткізеді: Қойшы, жаным. Жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз (Ш.Мұртаза). Бұл келтірілген мысалдағы автордың жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деп автор пайымдау береді, кейіпкер тіліндегі қойшы, жаным сөздің айтылу стилі мәнері бойынша келші, жаным! Деген жасырын мағынасын беріп тұрғанын автор жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деген пайымдау арқылы түйіндейді.
Ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық құрылымдардың экспрессивтілік не стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстығанда елеулі өзгерістері мен өзіндік айрмашылықтары бар.
Ауызекі сөйлеу стилистикалық ерекшеліктері жазба әдеби тіл нормасынан өзгеше стильге құрылады. Мысалы жалғаулық шылаулар сирек қолданылады. Оның орнын интонация немесе басқа грамматикалық тұлғалармен қолдану жиі ұшырасады.
Ауызекі сөйлеу стилі синтаксисінің экспрессивтік және стилистикалық ерекшеліктерінің қызметі сан алуан. Синтаксис саласынан бұл ерекшелік айқын байқалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде клише сөздер көп қолданылады. Адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің, сөйлеу стереотипінің көмегімен сөйлейді және жаза алады.
Клише ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, сондай-ақ әскери, ғылыми публицистикалық стильдерге де тән.
Ауызекі сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын жаргон сөздер сөздер көп қолданылады.
Студенттердің жаргон сөздері: танкісі бар, балмұздақ, балқаймақ, крышасы бар.
Ұрылардың жаргондары: хирург, доцент, шапка.
Ауызекі сөйлеу стилінде дөрекі сөздер қарапайым, жергілікті сөздер мен диалект сөздер жиі ұшырасады. Бөгде тілдік элементтер орыс тілінен енген сөздер, табу мен эвфемизмдер жиі қолданылады.
Ал табу мен эвфемизмдер ауызекі сөйлеу стилінің сөздік қорынан орын алады. «Табу мен эвфемизмдер – сөздік құрамның лексикалық және семантикалық жағынан баюдың бір жолы». Ә.Болғанбаев эвфемизмдері синоним тудыратын тілдік қатарына жатқызады [8]. Ал «табу мен эвфемизмдерді қолдану ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшелік болып табылатындығын көруге болады» дейді Ә.Ахметов [9; 117].
Ауызекі сөйлеу стилі қоғамдық ортаның барлық саласында қолданылады. Екі адамның қарым-қатынас әңгімесінде, телеэкранда жүргізушінің сөзі, кейіпкер сөзі, радиода кез келген қоғамдық-әлеуметтік топ өкілі, дүкенде сатушы мен сатып алушы, көлікте жолаушы, сотта айыптаушы мен айыпталушы, қорғаушы мен куәгер, ғылыми ортада ғалым мен студент, ауруханада дәрігер мен науқас осының бәрі ауызекі сөйлеу стилі болып табылады.
2 Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері
2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі
Әдеби тіліміз нәр алып сусындаған сан салалы бұлақ бар, солардың ішіндегі ең бір сарқымасы деп халық тілін атасақ лайық. Талғауы тоқсан қызыл тілді шын қастерлеп, оны өнер танып өскен халқымыз сөз жиһазының не тамаша асылын жинап, көкейіне түйе білген, кейінгі нұсқа қалдыра білген. Сан ғасыр бойы халқымызбен егіздің сыңарындай бірге жасасып келе жатқан ана тіліміз ұзақ-ұзақ тарихы бар, ежелден ірге теуіп орныққан дәстүрі бар тіл. Қазақтың халық тілі деп атап отырған «тілімізді» әр өлкенің жергілікті жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік елгілер мен құбылыстардың жиынтығын, басқаша айтқанда, халық диалектілері мен говорларын білдіретін, ауызекі тілді білдіретін, бірақ ауызекі тіл болғанда да оның тек жергілікті нұсқасын, жергілікті формасын ғана білдіретін ұғым деп түсінген дұрыс.
Халық тілі деген ұғымның бұл жердегі терминологиялық мәні әдеи тіл деген ұғымға қарама-қарсы. Әдеби тіл деп, әлбетте, белгілі бір жүйеге түсіп қырлалған, жанылған, ел-жұрттың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тілді айтады. Жалпы халықтық сипаты болғандықтан әдеби тілдің нормаларын сақтай – сол тілдің өкілі болып саналатын әрбір адам үшін парыз. Ал халық тілі деп атап отырған тілде бұл секілді жұрттың бәріне бірдей міндетті норма деген болмайды» [11; 4].
Диалект, говор, наречие атаулының қай-қайсысын асақ та, ол – ең алдымен халықтың ауызекі тілінің, адамдардың күнделікті тұрмыстағы бір-бірімен сөйлесіп қарым-қатынас жасайтын тілінің жемісі. Бірақ ауызекі тіл дегеннің өзінің де шеңбері аса кең ұғым. Мұның ауқымына осындағы біз айтып отырған әр өлкенің жергілікті алқының тілі де (диаект, говор, наречие), сондай-ақ осы тілдің барша өкілінің бәріне бірдей ортақ қызмет ететін, белгілі нормаға, жалпы халықтық арнаға түсіп сұрыталған, әдеби тілдің ауызша формасы да қоса сыйып кетеді. Ауызекі тілді халықтың ауызекі тілі деп арнайы атап көрсетудің өзі, асылында жергілікті халықтың тілін әдеби тілден ажырата білу мүддесінен туған.
«Ауызекі тілдің сөз құрамында, грамматикалық құрылысында, сөздердің айтылуында белгілі жүйе болғанмен, олардың жетілу, тұрақтану жағдайы халық өкілдерінің бәріне бірдей үйреншікті болмағандықтан, оларда бірізділік бола бермейді. Тілдің жүйелілік негізінде пайда болған грамматикалық нормалар ауызекі тілде белгілі бір қалыпта жұмсалмай, ауытқып отырады» [12; 29].
Қазақ тілінің жергілікті тіл ерекшеліктерінің ішіндегі бір саласы – дыбыстық ерекшеліктер. Бұл шағын құбылыстың өзі қазақтың әдеби тіліндегі әрбір дыбыстың өзіндік ерекшеліктерімен сәйкес келеді. Алайда дауысты және дауыссыз дыбыстардың бірінің орнына бірінің қолданылуы бұл өңірдегі қазақтар тіліндегі фонетикалық ерекшеліктің негізі болып саналады.
Енді осы айтылғандарымызды дәлелдейтін болсақ, Көкшетау экспедициясының материалдарынан мысал келтіріп көрейік[14; 105].
Көкшетау облысында тұратын қазақстардың тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау мақсатымен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл мен әдебиет институты 1958 жылы май-июль айларында диалектологиялық экспедиция ұйымдастырылған болатын. Көкшетау қаласының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Қызылту ауданындағы тұрғындардың тіл ерекшелігін зерттеу барысында мынандай фонетикалық ерекшеліктер байқалған.
- Орыс тілінен еңген кейбір сөздердің соңындағы а дыбысы кейде түсіріліп айтылады. Мысалы: Машин жөнді жүрмеді. Кімде карт бар ойнайтын. Мұндай құбылыс әдеби тілімізде де бар (анкет-анкета). Бірақ әдеби тілде және қазақ тілінің басқа говорларында а сақталып айтылатын сөздерде, бұл жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде түсіп қалады.
- «ұ» дыбысы кейбір сөздерде «о» болып айтылады. Мысалы: шорайлы — шұрайлы. Мына жер шорайлы екен, қандай жақсы.
- Сөз басында келетін «ұ» дыбысы кейбір сөздерде түсіп қалып отырады: шан-теңіз (ұшан-теңіз), шұқтау (ұшықтау). Баламды бақсыға шұқтаттым, — депті.
- Сөздің екінші буынында келетін еріндік «б» дыбысы «в» болып дыбысталады. Това-тоба, тава-таба, жова-жоба, төве-төбе, бава-баба. Тавадағы нанды қарай сал, тағы да таваға нан салу керек.
- Кейбір сөздерде м/б, п/м, м/н дыбыстары алмасады. Меш-пеш, қынтау-қымтау, ұмтақ-ұнтақ, банағы-манағы. Үйдің іргесін қынтау керек.
- Кейбір сөздерде қ, ғ, г дауыссыздары сақталады: кигіз-киіз, емгіз-еміз, дарағатшы-даяшы, шылғи-шыли, суғар-суар. Қадиша, баланы емгіз жылап кетті ғой.
- Кейбір сөздерде ң/г дыбыстары алмасады: неңізі-негізі, төгерек-төңірек. Әлгі жәберген атты төгерекке көз салып таба алмадым.
- Кейбір сөздерде д/т, т/д дабыстары алмасады: тастарқан-дастарқан, бадырақ-батырақ, дұзақ-тұзақ, дәрелке-тәрелке. Дәрелкеге құйып бергелі жатырмын.
- Кейбір сөздерде с/ш, ш/с дыбыстары алмасады: секер бал-шекер бал, мұрса-мұрша, нақыш-нақыс, шәлі-салы. Ол бұрылуға мұрса бермеді.
Сөйлеу тілінің фонетикалық ерекшеліктері әр түрлі болады. Мысалы, дыбыстардың амасуы, ауысуы, ұяңдануы, сақталуы мен түсіріліп айтылуы, кейбір дауыстыардың ішінара бірде ашық, бірде қысаң дыбысқа бейімдеу айтылуы, кейде «о» дыбысының «а» дыбысына жуық айтылуы, дауысты дыбыстарда регрессивтік ықпалдың олуы, дифтонг дыбыстардың ұшырауы, буынның түсіріліп айтылуы, сингармониз саласында кейбір ерекшеліктердің болуы (ерін дауыстыларының соңғы буындарда сақталу), дауыс екпінінде де кейбір ерекшеліктердің болуы т.б. [15; 147]. Осы айтылғандардың кейбірулеріне мысалдар келтірейік:
Дауыссыз дыбыстардағы ерекшеліктер:
ш/ч: шын-чын, шекпен-чекпен, шығу-чығу, т.б.;
б/п: бал-пал, бұтақ-пұтақ, бітіру-пітіру, т.б.;
м/с: тұрмыс-тұрмыш, тысқары-тышқары, ұқсау-ұқшай, т.б.;
ң/н: қалың-қалын, өлең-өлен, өлеңдету-өлендету, т.б.;
ж/й: қай жаққа-қайаққа, бұ жерде-бұ йерде, келе жатыр-келе атыр, т.б.;
ж/ш: ешкім-ежкім, былжырақ-былшрақ, т.б.;
з/ж: нәзік-нәжік, төзу-төжу, т.б.;
н/м: менің-менім, шыңырау-шымырау, т.б.;
н/л: нәпсі-ләпсі, жамандат-жамалдат, т.б.;
к/г: киіз-кигіз, бітіру-біткіру, емізу-емгізу, бөтеге-бөтеке, нөкернөгер, т.б.;
ң/ғ, г: төңірек-төгірек, маңыз-мағыз, т.б.
п/б-у: кебек-кеуек, шалапшын-шылаушын, т.б.;
б/в: төбе-төве, таба-тава, т.б.;
т/д: тұз-дұз, тізе-дізе, түзу-дүзу, т.б.
и/м: зындан-зымдан, сену-сему, құрау-мұрау, т.б.;
л/д: мандай-манлай, дуадақ-дуалақ, анда-анла, т.б.
Кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы: келген-кеген, болған-боған, бара алмау-барамау, т.б.
қ/ғ дыбыстарының сақталып немесе сақталмай айтылуы ұрығ-ұру (ру), жамақ-жамау, суару-суғару, т.б. Кейбір сөздерге ғ дыбысының қатаң айтылуы: қараңғы-қараңқы, жоғары-жоқары, т.б.
Бұл айтылғаннан басқа да дауыссыз дыбыстарды ерекшеліктер бар. Мысалы: й//у дыбысының алмасуы (оқтау-оқтай); р//л дыбысының алмасуы (елең-ерен, т.б.); р-дыбысының түсуі (жоқырышқа-жоқышқа, т.б.); н дыбысының түсуі (мананман, келген соң-келгесін, т.б.).
Дауысты дыбыстардағы ерекшеліктер:
а/ы: сайыз-сайз, айқыра-айқара, арқылы-арқалы, т.б.;
о/ұ: домалақ-дұмалақ, қодау-құлдау, сұрау-сорау, т.б.;
а/ә: асылы-әсілі, қария-кәрия, жаутаңдау-жәутіңдеу, т.б.;
ү/і: үнемі-інемі, шүберек-шіберек, сүмбіл шаш-сімбіл шаш, т.б.;
ұ/ы: бұлақ-былақ, бұқтыру-бықтыру, бұзу-бығу, т.б.;
ә/е: кәкпір-кекпір, дәмдеу-демдеу, зәмбіл-зембіл, т.б.;
ө/е: көңіл-кеуіл, көбе-кебе, т.б.;
ү/е: күкірт-кеуірт, күдір-кедір, т.б.;
е/і: ешкім-ішкім, кәне-кәні, бәйге-бәйгі, т.б.
ұу-ұо: Ұуал – жабайы тырма, Ұот – кішкене арық, Ұуату-жұбату, т.б.;
а-қауын (қауын), абысын (абысын), ащы (ащы), т.б.
Ерін үндестігі: үймүй (үй сайын), үстүн (тіреу), шөлөркеу (шөлдеу).
Дауысты дыбыстарда бұлардан басқа да жергілікті ерекшеліктер бар. Мысалы: бұйда-пидә, бүйтіп-битіп, әдірй-әбдіре, т.б. Жергілікті салықтың тілінде метатещалық құбылыстар да бар. Мысалы, қақпан-қапқан, дорба-добра, айналу-айлану, т.б.
Сөйлеу тілінде интонацияның маңызы ерекше, өйткені сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегімен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі – сұрақ қоюшы, екіншісі – жауап қайтарушы. Олар бірінің айтқанын бірі естіп, тез түсінеді. Тез түсінісу сөйлеудің қандай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға және басқа дене қимылдарымен тікелей байланысты. Интонация арқылы сөйлеушінің көңіл-күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі.
2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы
Адамдардың күнделікті қарым-қатынаста, қызмет бабында (баяндама, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік болуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Мысалы қай тілде болмасын ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өздері де онша көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мынадай жағдай есте болғаны жөн. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылмайды деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы міне осы жағдайға – қолдану аясына байланысты. Сөйлеу лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер:
- адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат әңгіме үйтінде қолданылады;
- алдын ала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады;
- тақырыптық аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-семантикалық, экспрессивті- стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Сондықтан іштей мынадай топтарға бөлінеді:
- Тұрмыстық-қарапайым лексика;
- Варваризмдер;
- Әдеби-сөйлеу лексикасы.
- Тұрмыстық-қарапайым лексика. Бұған күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер көп кездеседі.
Кемсітіп, мұқатуды, жаратпауды білдіретін сөздер: қортық, мыртық, қатын, су мұрын, салпаң құлақ, шүйкебас, қисық мойын, төмен етек, бөз өкпе, сорайған сорлы, сүмелек, таз, шойнақ, тажал, жаман неме, байғұс, қылқию, шілтию, тәлтию, жалжию, жалпию, талтию т.б.;
Мысқал-мазақ мәніндегі сөздер: шолжақай, ерке тотай, бос белбеу, шикі сары, құлқын сары, аттеріс, қайным, О қасқа!, үрит, соқсоқ, домалақ арық, тәйірі, кәкір-шүкір, бықсық, қитұрқы, рақатизм, селтеңбай, жыртықбай, қазақбайски т.б.;
Тұрпайы, дөрекі мәнді сөздер: қақбас, ит неме, иттің күшігі, бетім-ай, қара бет, көкайыл, былшылдама, кет ары, миғұла, лағып кетті, қызыл танау болды, сазайын берді, қарны қабақтай, бұты таяқтай т.б.
Қарғыс мәнді сөздер: адыра қалғыр, атың өшкір, бықпырт жегір, тіліңе шоқ түскір, көзің шықсын, құрдым кет, өз обалың өзіңе, атаңа нәлет, көріңде өкіргір, құдай атсын, садағаң кетсін, пышаққа іліңгір, топалаң келгір, қасқыр жегір, шаңырағың ортаңа түссін т.б.
Алғыс-тілек мәнді сөздер: жолың болғыр, көп жасағыр, тәңір жарылқасын, тілеуің берсін, жасың ұзақ болсын, көсегең көгерсін, бала-шағаңның игілігін көр, Алла жар болсын, жағың түсіп, жамандық көрме, О тоба, жарылқай көр! т.б.
Тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер бір-біріне өте ұқсас., бұлардың арасына шек қойып ажыратудың өзі кейде тым қиынға соғады. Мысалы: Бензиннің литрі үш тиын болғанда, көшеде сатылатын көгәлжім судың стаканы үш болғанда, көшеде сатылатын көгәлжім судың стаканы үш тиын болатын не жөні бар ? (Ғ.Мүсірепов). Әйтеуір бала-шағаға нәпақа іздеп жүрмыз ғой (Ғ.Мұстафин). Ұры, жас жетім шпаналармен бірге оқып, балаларымыз үйіміздегі нанды ұрлайтын болды (С.Адамбеков). Мен шақырады деп, қазақтың ырым-жырым, ұят-сұятын қойсын (М.Әуезов). Осындағы көгәлжім судың, нәпақа, шпаналармен, ырым-жырымын, ұят-сұятын сияқты сөздердің бәрі сөйлеу стиліне жатады. Бұл тәріздес сөздерді әдеби тілде қолдану қолайсыздау. Алайда, қайсысы тұрмыстық сөздер, қайсысы қарапайым сөздер екендігін ажырату онша оңай шаруа емес, сол себепті бұлар бірге қаралып отыр. Сөйлеу тілінде ер адамды кемісткісі келгенде – бұтында шалбары бар, бөрік киген, әйелді кеміткенде – басында жаулығы бар дейді. Көлік дегеннің орнына бұт артар немесе аяқ артар, киімнің орнына қабық немесе жабу, өтпейтін пышақты қырғыш, кір киімді – тұтқыш, арақ дегеннің орнына ақмағамбет, тентек су, көк су, жынды су, қолынан ештеңе келмейтін адамды – қарақшы, бойы аласа адамды – мыртық, қортық, ергежейлі, өте арыған атты – тулақ, ыңыршағы шыққан, әбден жүдеген адамды – тірі аруақ, жас баланы – шикі өкпе, жас әйелді – шүйке бас, төмен етек, ұзын етек деудің бәрі де қазақ тіліндегі қарапайым сөздердің нұсқалары. Бұлардың бірде-біреуі әдеби тілде қолданылмайды. Қарапайым сөздер мен тұрмыстық сөздердің әлденеше түрлері фразалық тіркесте де баршылық. Мысалы: ауыз шайымға келмейді, сіңбіруге қол тимейді, түкке тұрғысыз, бетінің кірі бес елі, түк емес, беттің арын бес төкті, соқырға таяқ ұстатқандай, жылан жалағандай т.б. Әдеби тілде бұлардың орнына неғұрлым жағымды да сыпайы, неғұрлым стильдік мәні жағынан бейтарап деген синонимдер жұмсалады.
- Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген соншалықты зәрудігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар:
- Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу иақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегенде фрау, кухен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегенде сэр, мистер тәрізді сөздерді, француз өмірін суреттенде мадам, франк, мосье сияқты сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде шайхана, шашлық, пәранжа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану орынды деп есептеледі.
Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің (Ақан сері)
- Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында еш өзгертілмей алынады. Мәселен, Абай шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынандай сөздер кездеседі: визит, виноват, военный, образование, уезный начальник, военный губернатор, назначение, закон, судья, дознание, элемент, счет, такт т.б. Сол сияқты Абай шығармаларында араб-парсы тілдеріне тән сөз тіркестері де қалпында келтіріледі. Мысалы: ағләмләнған фичлы құда (алланың салған ақ ісі), алла тәбарака уә тағала (жарылқаушы және ұлы тәңірі), саллалаһу ғәләйһи уәссалам (алланың сәлемі мен рахметі болғар), хайрун нас мәнинфәғұн-нәс (адамшылықтың абзалы — адамға пайда келтірген) т.б.
- Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз типтерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
Барымта мен партия,
Бәрі мастық, жұрт құмар.
Сыпыра елірме, сұрқия
Көп пияншік нені ұғар (Абай)
Нәпіл түгіл, намазы
Бәрі желге кетеді
«Еннатайына кәлкаусар»
Пошал дереу күнәкар,
Аяғын ойлап айтқаны,
«Әні-шашы күләптар» (Абай)
Абайдың алғашқы шумақ өлеңіндегі пияншік деген орыс сөзін ел ішінде бүлік салып, қулық-сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларды мысқылдап, жұртқа мазақ етіп көрсету үшін пайдаланған. Соңғы шумақтағы варваризмдерді қолдану арқылы ұлы ақын құранның ең оңай деген бір ауыз сүресін де жаттай алмай, бірді-бірге батыстырып, өз өзімен әлек болып жүрген надан байларды сықақ етпек болған. Мұндағы еннатайыңа кәлкаусар деген сөз – арабша инна ағтайна кә әлкәусар (кәусар суын саған береміз) деген сөзінің әбден бұзылған түрі. Әні-шаны күлаптар дегені арабша иннә шәниана куәл сатар (олай болмаса бәрінен сымпиып бос қаласың) сөзінің бұрмаланған түрі. Бұлардың арасында орыстың пошал сөзінің жүруі бірді айтып, бірге кетіп отырған қас наданның бейнесін көрсету еді. Абайдағы мәліш (мелочь) сөзі де осындай мақсатпен қолданылған.
Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі пайдаланады. Мысалы: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный еш нәрсені жарыққа шығара алмадық (І.Жансүгіров) Марфуға: Вечно сендер маған күлесіңдер. Попробуй қатын болып мұндай күнде тамақ жасауға. Марфуға не хорошо! Заниматься етсем, орыс грамматикасын как нибуд білуге болады. Ал ќазаќ тілімен миды ашытќанды, просто не терпимо!.. Марфуѓа (Ќ.М±хамеджанов).
Ауызекі сµйлеу тілінде ќолданылатын тіл ш±барлайтын варваризмдер де осылармен тектес: конечно, значит, что вы, давай, ну-ка, єйда т.б.
- Ауызша єдеби сµйлеу лексикасы. Сµйлеу тілініњ лексикасы тек т±рмыстыќ-ќарапайым, дµрекі, т±рпайы сµздерден, болмаса соларѓа жаќын варваризмдерден т±рмайды. Адамдардыњ к‰нделікті ќарым-ќатынасы ќарапайым-т±рмыстыќ дењгейде ѓана бола бермейді, µмірдіњ єр т‰рлі жаѓын ќамтиды. Осыѓан орай, сµйлеу лексикасында т±рмыстыќ-ќарапайым, дµрекі, т±рпайы сµздерден басќа єдеби (кітаби) сµздер де аз ќолданылмайды. Олардыњ ќолданылу дєрежесі с±хбатасушы адамдардыњ ой-µрісініњ кењдігіне, инабатты, салиќалы, сауаттылыѓына байланысты. Мєдениеті жоѓары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сµйлегенде єдеби тілдіњ нормалыќ белгілерін саќтап, т±рпайы, дµрекі, былапыт сµздерді араластырмай, µз ойын мєдениетті т‰рде жеткізіп отыруѓа даѓдыланады. Ондай адамдардыњ ауызша сµйлеу мєдениеті салауаты тµмен, дµрекі адамдардыњ сµйлеуінен єлдеќайда жоѓары.
Ауызша єдеби сµйлеу адамдардыњ єр т‰рлі таќырыпта µзара с±хбаттасуынан басќа лекция оќыѓан кезде, интервью бергенде, теледидардан сµйлегенде ќолданылады. Біраќ ауызша єдеби сµйлеу лексикасыныњ ќолданылу реті оныњ кітаби (жазба) т‰рімен тіпті де бірдей деуге болмайды. Біріншіден, ќаншама мєдениетті сµйлегеннніњ µзінде ауызша єдеби тілге тєн ерекшеліктер (адамныњ бет, ќол ќимылыныњ араласып отыруы, екпін, интонацияныњ ќ±былып отыруы, ‰зіліс, кідіріс (пауза) жасалып отыруы т.б.) ќалайда ќатысып отырады. Б±лар жазба н±сќаларда м‰мкіндігінше тыныс белгілері арќылы кµрсетіліп отырады. Екіншіден, ауызша єдеби сµйлеуде жазба єдеби тілде кµп кездесетін абстрант сµздер мен арнаулы терминдер аз ќолданылады. Сµйлеуші µз ойын тыњдаушыѓа тым к‰рделендірмей, ±ѓымды, т‰сінікті жеткізуге тырысады. Дегенмен, ондай кейбір ќарапайым т±рмыстыќ сµздер (мысалы: лаѓып кету, тєйірі, бєсе, бєрекелді, быќсыќ, ќит±рќы т.б.) орын алуы м‰мкін, біраќ дµрекі, т±рпайы сµздер ќолданылмауѓа тиіс. ‡шіншіден, ауызша сµйлегенде сµздердіњ орын тєртібі жазба тілдегідей ќатањ саќтала бермейді. Баяндауышы бастауышынан б±рын, аныќтаушы аныќтайтын сµзінен кейін т.б. келе беруі м‰мкін. Сµйлемніњ толыќ айтылмай ќысќарып, ыќшамдалып, толымсыз т‰рде айтылуы жиі кездеседі.
Ауызша сµйлеу тілініњ б±л сияќты ерекшеліктерін мынадай ‰зінді мысалдардан байќауѓа болады:
- – Сен бµлініп кетпегенде, аќ марал ќ±тылмайтын еді! – дей салды.
– Е, ол маѓан да кездесті. Жан-жануар болып жаралѓанныњ с±луы екен. Елу ќадам жерден шілік арасынан атылып шыѓып еді, ќумадым.
¦лпан алѓысты кµзімен М‰сірептіњ ж‰зін бір сипап µтті.
- Мен ат терімді адал жан-жануарѓа ауыздандырмай ж‰рмін. Сонша с±лу жаралѓанда, итке талатып, ќанѓа бояп соѓып алуды обалсынамын. Меніњ ќ±марым ќасќыр мен т‰лкі ѓой…
«Шыныњ ба? Наѓып?» – дегендей ¦лпанныњ аз ѓана к‰лімдеген кµздері жарќ етіп, М‰сірепке ќарай таѓы бір серпіліп ќалды (Ѓ.М‰сірепов).
- – Бала деген ќорќар болар еді. Ес бар ма µзіњде, пєруардігер, – деп Байтас бабын таба алмай басын шайќады.
- Ж±мабай єбден болмаѓан соњ:
- – Ќап, мынаныњ баласы!.. «Мен бµрініњ бµлтірігімін» деп келді-ау. Ќой, не де болса ќалмайыќ енді. Байтас ж‰р! – деп шаба жµнелді (М.Єуезов).
Келтірілген текстер ауызекі сµйлеу тіліне тєн диалог т‰рінде ќ±рылѓан. Ондай т±рмыстыќ-ќарапайым сµз ќолданыстар (е, ќап, ау сияќты одаѓай сµздер, шыныњ ба, наѓып, бала деген, пєруардігер, ќой т.б.) ыќшамдалѓан толымсыз сµйлемдер кездеседі.
Ауызекi сөйлеу стилінің фразеологиясы
Ауызекi сөйлеу тiлiндегi фразеологизмдер сөйлеу тілінде емін-еркін қолданылады. Себебі қазақ-тіліндегі, сондай-ақ Ю.Ю. Авалиани: «весь набор фразеологических единиц, функционирующих в разговорной сфере определенных языков в данном его синхронном состоянии, значительно шире» – деп айтқанындай кез келген тілде кеңінен қолданылады [18; 111].
А.Ф. Калашникова: «Қазіргі орыс әдеби тіліндегі тұрақты тіркестердің үлкен бөлігін ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер құрайды. Олар күнделікті тұрмыстық тілде, сондай-ақ көркем әдебиетте жұмсалады» – десе [19; 25]. Орыс тілінің қысқаша фразеологиялық сөздігінде «ауызекі белгісі нақты, емін-еркін, дәлірек айтсақ, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын фразеологизмдерге қойылады делінген [20; 11].
Сонымен ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер дегеніміз күнделікті тұрмыс тіршілігімізде, сөйлеу тілінің диалог формасында, көркем әдебиетте кеңінен, еркін қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Мысалы,
Кегі кеткен жандайын әлдекімге,
Іш өртеніп, қайнайды қан бойдағы.
(М.Мақатаев. Таңдамалы шығармалары)
Биыл арқа қазағының көзінен бұл қызық бұл-бұл ұшады. («Жас Алаш»).
Осылай сынай ма екен, стіп сергелдеңге сала ма екен.
(М.Мағауин. Өмір жыры).
Бұл мысалдардағы іші өртену, қаны қайнау, көзден бұл-бұл ұшу, сергелдеңге салу тұрақты тіркестердің барлығы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын фразеологизмдер.
Г.Смағұлова: «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің бір тобы сөйлеу тілінде қалыптасқан дағдыны фразеологиялық тіркестер (речевые штампы). Бұлар көбінесе сөйлеу тіліне тән. Олара: ұзын сөздің қысқасы; атап айтқанда; қорыта келгенде; аузыңа май, астыңа жорға тай; бәрін айт та бірін-айт; о заманда бұ заман; абырой болғанда; обалы нешік; айтады деме; айтып айтпай не керек; т.б. Бұлар сөйлемде қыстырма сөздердің орнына жұмсалады – әрі ауызекі тілінде диалог үлгісінде жиі қолданылады», – деп, ауызекі сөйлеу тілі фразеологизмдерінің бір түрін көрсетеді [21; 118-119].
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық белгілері мен стилистикалық функциялары.
Фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілінде қолданылып жалпыға танылады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің дені жазба тіл дамымай тұрып сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан.
Ауызекі сөйлеу тілінің фразеологизмдеріне көбіне ауызша және көркем шығарма тіліне тән, әдеби тілге қатысы жағынан төменгі деңгейде және ресми емес, еркін айтылуымен ерекшеленетін фразеологиялық тіркестер жатады. Ауызекі сөйлеу тіліне тән әдеби тілге қатысы жағынан төменгі деңгейде болатынын олардың семантикалық белгісі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу тілі фразеологизмдерінің қайнар көзі халықтың образды сөйлеуі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестерге эмоционалды экспрессивті мағына тән. Бұлардың тағы бір ерекше сипаты – бағалауыштық – бейнелегіштілігі. Бірақ бұл бейнелілігі затты, нақты, тұрмыстық. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестердің образдылығы төрт түлік мал, жан-жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер, адамның дене мүшелері т.б. туралы көрініске негізделген. Мысалы,
Кілең бір аттың жалы, түйенің қомында зулап өткен жылдар … (Қ.Жұмаділов, Таңдамалы шығармалары).
Құсы да, иесі де қоразданар
Алпыс екі айлалы түлкі алғанда
(Абай)
Мен өлем деп шыбын жаннан түңілгеннен емес, кім біледі, «жаман айтпай – жақсы жоқ» деген сондықтан айтқалы жатырмын.
(Е.Мырзахметов, Медет).
Айналада ешкім жоқ-ау деген кезде Нұрсұлу: – қалайда тағдырымыз бірге, жан қысылса, тарының қауызына сыйып кететіндей жағдайдамыз …
(Ш.Құмарова, Жердің тұзы)
Бәрі де бейуақта қас пен көздің арасынша сап ете қалған қонаққа жалт-жалт қарасты.
(К.Ахметбеков, Ақдала)
Бұл фразеология өте көп таралдандықтан белгілері де көп. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестердің түрлі құрылымдық және тематикалық топтарына әр түрлі белгілер лексикалық, құрылымдық-синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық және семантикалық белгілерін қарастырамыз.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздер арқылы жасалған фразеологиялық тіркестер.
Талданып отырған фразеологиялық тіркестердің ерекше белгісі – әдеби тілге қатысы жағынан төменгі деңгейдегі, стилистикалық мәнді, қазіргі қазақ тіліндегі өнімді болып саналатын ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздер. Мысалы,
Сырт көзге момент тәрізді тұтасып көрінетін Грузия іштей ырың-жырың болды.
(«Жас Алаш»)
Бала боп мылтық ата алмаспын, бірақ жаудан жасқанып үйде жата алмаспын. Бір кәдеңізге жарармын.
(Б.Әлменұлы, Шешендік сөздер)
Қайнағасы Бастаубайға жақсы атанғысы кеп жапырыла жалынған осы ауданның кілкей ығай мен сығайы түп етегінен ұстап айрылар емес.
(Ш.Құмарова, Жердің тұзы)
– Құдай-ау, бүгінше енді далаға шықпай-ақ қойсаңшы! – деп, апамның мұражайыма оралғанына да қарамадым.
(Б.Нұржекеұлы, Таңдамалы шығарма)
Ғазиза кетіп бара жатып ойланып артына қарап, бишаралылықтың кебін киген кішкене ескі қорасын көрді.
(М.Әуезов. Шығармалары)
Мұндағы ауызекі сөйлеу тіліне жататын компоненттер мыналар: ырың-жырың, ығай-сығай, шаужай, кебін. Бұл сөздер әдеби тілдің нормасына сай келмейді. Тілімізде ауызекі сөйлеу тіліндегі сөздер көптеп кездеседі. Ал фразеологизмдерге келетін болсақ, кітаби, бейтарап фразеологизмдермен салыстырғанда ауызекі сөйлеу тілінің қолданылуы ауқымды. Құрамында ауызекі сөйлеу тілінің сөздері кездесетін фразеологиялық тұлғаларға мыналар жатады.
Кежегесі кейін тарту; кенезесі кебу; көпшіліктің кәріне ұшырау; құлқын сәріден тұру; қаперіне кірмеу; тұлан тұту; құлқы болмау; бәйек болу; әуреге салу; қырғи қабақ болу; аптап ыстық; зығыры қайнау; жыны келу; жер танабын қуыру; тауаны шағылу; айызын қандыру; ішек-сілесі қатып күлу; әзәзілдің жетегіне еру; сөзбұйдаға салу; шамына тию.
Бұл мысалдарда ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер болғанымен де, кейбіреулері тек осы фразеологиялық тұлғалар құрамында ғана кездесуімен ерекшеленеді.
Тұрмыстық сөздер арқылы жасалынған фразеологиялық тұлғалар. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлғаның ерекше бір көрінісі – құрамында тұрмыстық сөздер келетін фразеологизмдер. Тұрмыстық лексикаға тіліміз бай. Біздің картотекамыз бойынша, семантикалық атаулардан кейінгі орында тұрған осы тұрмыстық лексика. Мысалы,
Жәкей көрші-қолаңға жайсыздығымен, пейілінің тарлығымен, малшы-жалшыға қаталдығымен, қу сүйектен көже қайнатқан сараңдығымен жұртқа тегіс жек көрінішті болып бітіп еді.
(М.Мағауин, Өмір жыры)
– Буынсыз жерге пышақ салу ғой оныңыз! … Белден омыру ғой.
(С.Мұқанов, Мөлдір махаббат)
– Ақын жазушы десе ішкен асын жерге қояды байқұс бала.
(Қ.Жұмаділов, Таңдамалы)
– Ақылбектің оты өшпепті. Ерден тұяқ қалыпты, – деп әкемді көрген талай адам, әскерден қайтып жездемді паналағанда сәлемдесіп қайтты.
(Ш.Күмісбаев, Қаладағы келін)
Бұл мысалдардағы қу сүйектен көже қайнату; буынсыз жерге пышақ салу; ішкен асын жерге қою; оты өшпеу; тұяқ қалу фразеологизмдерінің қрамындағы тұрмыстық сөздер талдамаса да түсінікті болып тұр. Құрамында тұрмыстық сөздер келетін фразеологиялық тұлғаларға жекелеген мысалдар келтіретін болсақ, олар мыналар болады:
Күлін көкке ұшыру; үш қайнаса сорпасы қосылмау; отқа май құю; жайылып жастық,иіліп төсек болу; аштан өліп, көштен қалмау; сүйек араласу; жыртығына жамау болу; түиіні түзу шықпау; шаңырағын ортасына түсіру; ауызбен орақ ору; сүрдей сақтау; жүген ұстап жүрмеу; жұртта қалу; қамшыболу; қаймағы бұзылмау; құйықаны көтеру; отымен кіріп, күлімен шығу; жұмыртқадан жүн қырқу т.б.
Тұрмыстық сөздер негізінен ұлттық менталитетті білдіретіндіктен, бұл тұрақты тіркестер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің бір көрінісі деп те айтуға болады.
Сомантикалық атаулар арқылы жасалған ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлғаларды құрауда ең өнімді болып саналатын – семантикалық атаулар. Семантикалық фразеологиялық тұлғаның мұндай жоғары дәрежеде таратылуының семантикалық зат есімдердің ежелден келе жатқандығымен және күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде актив қолданылатындығымен түсіндіріледі. Осының нәтижесінде мұндай сөздермен ғасырлар бойында тұрақталып қалған сөзтіркестері пайда болған. Ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатындықтан семантикалық лексика оңай фразеологиялық тұлғалар құрайды. Мысалы,
Даланың кішкентай үнпазы бозша торғайлар көгілдір аспан төсіне ілініп алып, жүрек жарды қуаныш сазын төгетін болды.
(Қ.Жұмаділов, Таңдамалы)
Әшейінде тырнақ астынан кір іздейтін ол редактордың неғып кеңіп қалғаны …
(Ш.Құмарова, Жердің тұзы)
«Жарайды, болды», –деп айтпайсың, ылғи аузыңды қу шөппен сүртесің де отырасың, соның ұнамайды.
(Б.Нұржекеұлы, Таңдамалы шығарма)
Ондағысы: – «Көзіңді аш, әр үйдің шайын аңдыған малың мен емес. Бүкіл ауылды ашса алақанына, жұмса жұдырығына қысып отырған завскладтың әкесімін», – деп көкей танытқан еді.
(Ш.Күмісбаев, Қаладағы келін)
Өзін ажал тырнағынан жұлып алып қалған осы кісі екенін естіді.
(Е.Мырзахметов, Медет)
Бұл келтірілген мысалдардағы фразеологизмдер жүрек, тырнақ, ауыз, алақан, жұдырық санатизмдері арқылы жасалып тұр.
Семантикалық фразеологиялық тұлғаның негізгі қайнар көзі осы темантикалық топтағы фразеологиялық тұлғаның қалыптасуы мен функциялануы жүзеге асатын ауызекі сөйлеу тілі. Бұл заңдылық әлемнің барлық тілдеріне тән. Біздің жинаған материалдарымыз бойынша, ең өнімді семантикалық тұлғаларға жеке-жеке мысал келтіретін болсақ, онда олар мыналар:
Жүрек – жүрегі аузына тығылу, жүрегін қолына ұстау, жүрегі тас төбесіне шығу, жүрегі ұшу, жүрегі шайлығу, жүрегін қан жуу, жүрек жарды қуаныш т.б.
Көз – көзге күйік болу, көзге ұрып көріну, көздері алақандай болу, көздің қырын салу, көз жасына қалу, көзжасын көлету, көзінің қарашығындай қорғау, көзі шарасынан шығу, екі көзі тас төбесіне шығу; көзі шырадай жану, көзден таса қылмау, көз майын тамызу, оқты көздерін ату, өз көзіне өзісенбеу т.б.
Ауыз – аузын ашса жүрегі көріну, аузын тығындау, ауызға қақапақ болу, аузы күю, аузының суы құру, аузы-басын майлап тастау, ауызан алмау, аузынан жырып беру, аузына түкіру, аузы салымды болу, ауызға іліну т.б.
Бас – басын тауға ұрып, тасқа соғу, басына қайғы салу, басына күн туу, бас құйқасына дейін шымырлау, баса шауып төске өрлеу, бас қатыру, шақшадай басы шарадай болу, басынан құс ұшырмау, басынан бағы таю т.б.
Бет – беті шыдамау, беті оңға бұрылу, бетін қақапай еркелетіп өсіру, бетін қайтару, бетінен оты шығу, бетінен қаны төгілу, бетінен қақпау т.б.
Қол – қол былғау, қолдан қолға тигізбеу, қолды болу, қолды бір сілтеу, қол ұзарту, қолының суықтығы болу, бір қолы екеу болу, өз қолы өз ауызан жету, қолы тимеу, екі қолын алдына сыйдыра алмау, біреудің қолымен от көсеу т.б.
Аяқ – аяғының ұшымен жүру, бір аяғы көрде, бір аяғы жерде; аяғын тарту, аяғын аспаннан келтіру, аяғынан тік тұрғызу, аяқ астынан т.б.
Семантикалық атаулар арқылы жасалынған фразеологиялық тұлғаларды ары қарай тіл, тіс, маңдай, мұрын, өкпе, бауыр, қабырға, табан, саусақ, тырнақ деп те соза беруге болады. Бірақ біз ең өнімді дегендерін келтірдік деп ойлаймыз. Ауызекі сөйлеу тілінде семантикалық атаулардың өнімдіболу себебін ғалым М. Балақаевтың сөзімен дәлелдеуге болады. «Беттесіп сөйлескенде, адам, әсіресе, бір-бірінің көзіне, бет пішініне қарайды. Өйткені, «адамның көзі – оның ішкі сезімінің айнасы», деп айтқанындай, семантикалық атаулар арқылы жасалынған фразеологизмдер де ең өнімді көз болып табылады екен.
Жануарлар атауы арқылы құралған ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлғалар.
Қазіргі қазақ тілінде негізінде жануарлар атауы көрініс тапқан ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлғалар қызмет атқарады. Бұл сөздердің көбі төменгі ауыспалы мағынада қолданылады. Көп жағдайда осы белгісі бойынша бұл тіркестер ауызекі сөйлеу стиліне тән. Жануарлар атауы фразеологиялық тұлғаларының семантикалық мәні болып табылады.
Біреулер: «құдай берді, ақ түйенің қарны жарылды, бостандық болды!» деп шапқылағанымен, осындай ойдағы біреулердің мекеніне қайтқысы кеп қопалаңдағанымен, әкем желіге қойған жоқ.
(С.Мұқанов, Мөлдір махаббат)
Айтпағаны дұрыс болды, ол екеуінің арасынан ала мысық жүріп кетті.
(Ш.Құмарова. Жердің тұзы)
«Ежелгі дұшпан елболмас, етектен кесіп жең болмас» деп салуы – ат құйрығын кесісумен тең болғанын, ақын не көрсе де тілінен көретінін кейінірек ұғынды.
(Т.Әлімқұлов, Кертолғау)
Бұл мысалдардағы тіркестер қашаннан төрт түлік малды кәсіп еткен ұлттық болмысымызды білдіреді. Жан-жануарларға қатысты фразеологизмдердің ішінен төрт түлік мал атауы қатысқан тұрақты тіркестерге мысал ретінде мына тіркестерді келтіруге болады:
Аттың жалында, түйенің қомында; кәрі қойдың жасындай жасы қалу; қой аузынан шөп алмас; тайға таңба басқандай; түймедейді түйедей ету; құлаққа ұрған танадай; бұйдалы тайлақтай жетелеу; ат басын тіреу; құлындағы зар даусын шығару; ат ізін салмау; құлын-тайдай тебісіп өту; танауы тесілген тайлақтай; ат-тонын ала қашу; түйе сирақ ұйту; ат ізі суынбау; атжалын тартып міну.
Бұл мысалдардан көретініміз төрттүлік малдың ішінде біздің жинаған материалдарымыз бойынша, еңөнімді болып саналатыны қазақ халқы қашанда мінсе көлік, жесе тамақ қылған қасиетті жылқы малы екен. Ал, енді жеті қауызының бірі саналған ит те фразеологизм құрауда өнімді. Мысалы,
Ит байласа тұрғысыз; иттің етіндей жек көру; ит тұмсығы батпау; иттен бетер жек көру; ит өлген жер; ит көйлек жолдас; ит басына іркіт төгілу; ит жығыс түсу; ит арқасы қиянда; аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу.
Бұлар енді басқа да жан-жануар, жәндіктер атаулары да қазақ тілі фразеологиясында көрініс тапқан. Мәселен, құралайды көзге атқан, шыбын тайғандай жылтырау, шыбын ұшса білінбегендей тыныштық, жылан көргендей жиырылу, мысық жүрісті, жерден жеті қоян тапқандай, қоян қолтық, қарға аунаған түлкідей.
Сонымен, қорыта келгенде айтарымыз – ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлғалар қазіргі қазақ тілінде ең бір мол кездесетін фразеологизмдер. Бұл осы уақытта да жалпы халық тіліне кірісіп кеткендігімен түсіндіріледі. Осы фразеологизмдердің лексикалық белгісі сан алуан түрлі сөздермен берілген. Бұл сөздер де көп жағдайда ауызекі сөйлеу стиліне тән. Осы сөздер фразеологиялық тұлғаларының стилистикалық тәуелділігін анықтайтынын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.
Қарапайым фразеологизмдер
Әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай, дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеология дейміз. Алайда, ол әдеби тіл нормасына жатпағанымен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің сөзінде кездесіп отырады. Бұл тілдік амал арқылы жазушы кейіпкердің ой-өрісін, өскен ортасын, әлеуметтік халын, мінез-құлқын көрсетеді [22; 42].
Сөздікте қарапайым фразеология жоғары экспрессиямен, еркін қолданылу және төменгі дөрекі мазмұнмен ерекшеленетін функционалды стилистикалық категория [23; 19].
Қарапайым фразеологизмнің айырым белгісі ретінде олардың төменгі-дөрекі мазмұны қызмет етеді, олар – еркін ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады [24; 18].
Ауызекі сөйлеу стиліндегі фразеологизмдер сияқты қарапайым қолданыстағы фразеологиялық тұлғалар да сөйлеу тіліндегі тіркестер. Бірақ бұл қабаттағылар (сөйлеу стиліндегімен салыстырғанда), өзіндік экспрессиямен, эмоционалдығымен, бағалауыштық қасиеттімен ерекшеленіп тұрады. Бұған дөрекі, кексін сөзбен айтылатын фразеологизмдер жатады. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер әдеби тілге жататын болса, қарапайым қолданыстағы фразеологиялық тұлғалар көбінесе әдеби нормадан тыс айтылып, лексикологиялық сілтемелермен беріліп отырады [25;
32].
Сонымен, қарапайым сөйлеу тілінде қолданылатын фразеологизмдер жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірлерімен түсіндірілген сияқты. Енді бұл айтылғанды дәлелдер болсақ, онда:
Оны түсінбейтіндіктен мені бір албасты басып, айқара тістеді ғой деп пе ең?
(Б.Нұржекеұлы. Таңдамалы)
Бұл налыды: «Туратұр Шарболатов осыдан ауылға аман жетсем бе, атаукереңді ішкізермін!»
(Ш.Құмарова. Жердің тұзы)
«Тәңірім-ай, неткен сорлы адам еді, – деді әлдекімге кіжінгендей жұдырығын түйіп, – сол ақ тышқандарда әкесінің басы қалды ма екен?»
(Қ.Жұмаділов. Таңдамалы)
Менің балам тірі болғанда соның тіршілігінен аужал алып телміріп отырушы еді. Балақтағы биттің басқа шыққанын көрмеймісің.
(М.Әуезов шығармалары)
Әжем мені енді есі кірді ғой, бетімен лақпас ала кет, – деген соң, ертіп ала кеткен.
(С.Мұқанов. Мөлдір махаббат)
Бұл келтірілген мысалдардағы албасты болу, атаукересін ішкізу, әкесінің басы қалу, балақтағы биттің басқа шығуы, бетімен лағу тіркестері жағымсыз реңкімен, төменгі стилистикалық функциясымен және барлығы да тек кейіпкер тілінде қолданылғандығымен ерекшеленіп, қарапайым сөйлеу тіліндегі тұрақты тіркестер екендігімен түсіндіріледі.
Т.А. Дегтереваның «Престоречные выражения могут допускаться в литературной письменной речи лишь с четкой стилистической мотивировкой, так чтобы читатель сразу же понимал целесообразность и необходимость использования. Полная осознанность просторечного качества слова или выранения состороны автора и применение этого качества в определенных стилистических целях являются теми обязательными условиями, при которых просторечные элементы не вступают в конфликт с культурой речи» – деп айтқандай,– деп айтқанындай қарапайым фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолданғанда абай болу керек [26; 56].
Қарапайым фразеологизмдер тілде кеңінен қолданылады деп айтуға да болады. Мысалы, В.М. Глуховтың «разговорно-просторечная и диалектная часть нашего русского национального языка бытует преимущественно в устной форме и служит для повседневного производственно бытового общения. Ныне разговорно-просторечный вариант русского языка широко используется не только, как это было в прошлом, безграмотной и отсталой частью населения, но и большинством русских. Росторечие активно используют и те носители русского языка, которые в совершенстве владеют литературными нормами. Ср., например, наличие разговорно-просторечных слов и фразеологизмов в речи героев современных телеспектаклей и художественных произведений» – деп айтқан пікірі қазақ тіліне де қатысты.
Қарапайым фразеологизмдердің лексикалық белгілері мен стилистикалық функциялары. Қарапайым сөйлеу тілінің қамтитын аумағы өте кең. Көркем әдебиет тілінде, сондай-ақ жалпы халық арасында да өте қарапайым тілде сөйлейтін кейіпкерлер аз емес.
Қарапайым фразеология күнделікті тұрмыстағы сөйлеу тілінде жұмсалады. Олар – алғыс, қарғыс, мысқыл, жек көру, тағы басқа сол сияқты мәнді білдіретін фразеологизмдер. Мағыналары көбіне дөрекі болып келеді. Мысалы,
Сенің адал, яки күнәлі екендігіңді анықтап жатар кім бар? Ағаш атқа мінгізеді де жібереді. Сонан соң арыңды арашалап көр … .
(М.Сқақбаев. Пенде ғұмыр)
Осы колхозды бар формасымен өртеп кету қолынан келетін жылан жүрісті пәле қатын.
(М.Әуезов шығармалары)
Түрлі өсек-аянға іліктіреді. Өзі сондай өсектерге ілінбей, етегіне намаз оқып жүргендей.
(Ш.Құмарова. Жердің тұзы)
«Жетпей желкең қиылғыр«,деді ғой жаңа «о, жер жастанғыр«,– деді.
(Б.Нұржекеұлы, Таңдамалы шығармалар)
Мінуі бір тоға, тұйық секілді еді-ау сол кезде. Қалай ғана беті ашылып кетті екен.
(Қ.Жұмаділов. Таңдамалы шығармалары)
Бұл мысалдардағы төменгі стилистикалық реңктегі ағаш атқа мінгізеді – мысқыл, етегіне намаз оқып жүру, жылан жүрісті – кекесін, жетпей желкең қиылғыр мен жер жастанғыр – қарғыс мәндерінде жұмсалып отырған қарапайым тілде қолданылатын тұрақты тіркестер.
Қарапайым фразеологияға әдетте жағымсыз эмоционалды-экспрессивті мағынаға не болатын және күнделікті тұрмыс тілі мен көркем шығарманың кейбір кейіпкерлер тілінде қолданылатын әдеби тілдің нормасына сай емес дөрекі емес, сондай-ақ дөрекілеу немесе жөрекі фразеологиялық тұлғалар жатады. Олардың көбіне әдепсіздік, тұрпайылық, ажарлық тән.
В.В. Виноградов, А.И. Ефимов, О.С. Ахманова, Б.Н. Головин және
Л.И. Рахманова т.б. ғалымдар қарапайымдылықты жалпы халық тілінің әдебинормаға сай келмейтін түрі деп түсіндіріледі. Л.И. Баранникова қарапайымдылықты: «Сөйлеудің ерекше түрі, жалпы халық тілі құрамындағы әлеуметтік компоненттердің бірі», – дейді [27; 5].
Қарапайым фразеологизм тұлғаларының дөрекелік дәрежесі әр түрлі екендігін айта кету керек. Кейбіреуі дөрекі емес, көңілге қатты тимейді, яғни ауызекі сөйлеу тіліне жақын: бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай; бірде бие, бірде түйе; жайдақ атқа мінгізу;
екіншілері дөрекілеу: айран ботқа болу; көк айыл; құйрығы қоныс таппау;
үшіншіден өте дөрекі: көтіне көк инені түртпеу; аруақ атсын; шиқанының бетін тырнау.
Фразеологизм тұлғаларының қарапайымдылығының анықтау тәсілі ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлғаны анықтау тәсілдеріне ұқсас. Оларды ажыратқанда мына үш жағдайды есте ұстау керек:
- Қарапайым фразеологиялық тұлғаның – әдеби емес, ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тұлға әдеби;
- Қарапайым фразеологиялық тұлға әдеби тілден дөрекілеу, құрамында төменгі лексика болады.
- Қарапайым фразеологиялық тұлға ауызекі сөйлеу тіліндегіден гөрі эмоционалды-экспрессивті мағынасы жоғарылау.
Қарапайым фразеологиялық тұлғаның қолдану аясы тар қарапайым сөздермен жасалған фразеологиялық тұлғалар.
Фразеологиялық тұлғаның қарапайымдылығы оның құрамында қарапайым сөздердің келуімен жүзеге асыралады. Қарапайым сөз осы қабаттағы фразеологиялық тұлғалардың айырықша белгісі. Қарапайым сөз фразеологиялық тұлғаның стилистикалық реңкін бірден төмендетеді. Мысалы,
Мұны қора төрінде жүрып байқап қалған Дәукең анадайдан айғай салды:
– Кет-ей, ындының кепкір нәлеті! Қап, мынау арамдап кетті-ау.
(Қ.Ахметбеков, Ақ дала)
Дастанға кезіккенде оған емешесі құри сүйгендіктен емес, жай, әлгі томпақ ерін сұлу құрбысына қарымта қайыру ниеті-тұғын.
(Ш.Құмарова. Жердің тұзы)
– Қараң қалғыр, тым құрымаса суымызды ұрттатсыншы, – деді, алғашқы сөзіне қайта ауысып.
(М.Әуезов шығармалары)
Бұл келітірлген мысалдардағы ындын, емеше, қараң сөздері – қарапайым тілде ғана қолданылатын сөздер. Осындай қарапайым сөздерден жасалған жеке фразеологиялық тұлғаға мысал келтірер болсақ, олар мыналар деген ойдамыз.
Лағнет атсын, лаң салу, өлмесе өмірен қапсын, бет албаты лаға беру, кежесінен кейін тарту, қабынды келгір, әптер тіптерін шығару, адыра қал, айраны-атала, шайы шалап болу, албасты басу, атаукересін ішкізу, талағы тарс айрылу, титығы қру, тұлан тұту, шат-шәлекейі шығу, шымбайына бату, көсегең көгерсін, кердең басу, міз бақпау.
2.3 Қазақтың ауызекі тіліндегі морфологиялық ерекшеліктер
Жергілікті тілдік құбылыстардың дені грамматиканың морфология саласына қатысты. Морфологиялық сипаттағы ерекшеліктердің ішінде тұрғындар тілінде жиірек ұшырап, көбірек көзге түсетін етістіктер мен кейбір есім сөздердің грамматикалық тұлғаларына байланысты құбылыстар.
Етістіктің –ң (-ың, -ің) қосымшалы тұлғасы.
Маңғыстау тұрғындары тілінде әдеби тіл мен көпшілік говорларда айтылмайтын етістіктің бірқатар грамматикалық ьтұлғалары бар. Солардың бірі етістіктің осы –ң қосымшалы тұлғасы.
-ң (-ың, -ің) қосымшасы бұл өңірді қоныстанған жергілікті халықтың тілінде етістіктердің негізгі және туынды түбірлеріне қосылып айтылып, бұйрық-өтініш мәндік етістің тұлағысн жасайды. Мысалы: Сұрағанын берің. Тезікер барың. Айтқан арызыма құлақ қойың. Отын жөнінде көмек сұраған оқытушыларға «баланы мен үшін оқытпайсыз, айлықты маған бермейсіз, сондықтан өздерің тауып алың» деп жауап береді (Маңғыстау аудандық газеті, 1950, 3/ІІІ).
Етістіктің –лы (-лі, -алы, -елі) қосымшалы тұлғасы. –лы қосымшасы жалғануы нәтижесінде жасалғанг етістік тұлғасы говорда қалау-тілек мағыналарында қолданылады. Мысалы: Ертең тағы жолығалы. Екеуміз бір асықпай әңгімеселі.
Етістіктің бұл тұлғасы қазақ тіліговорлары ішінде Маңғыстау говорына Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас, Сайрам аудандары мен Алматы облысы Жамбыл ауданында тұрушы қазақтардың тілінде де бар.
Етістіктіктің –сыңыз, (-сіңіз) қосымшалы тұлғасы. Зерттеліп отырған говардағы грамматикалық тұлғаларға қатысты басты ерекшеліктердің бір – жіктік жалғауының сыпайылықты білдіретін қосымшасының бұл жердегі халықтың тілінде -сыңыз (-сіңіз) түрінде ұшырауы. Мысалы: Сіз осы бетіңізбен таушыққа тарта берсіңізбе? Қолыма батпасын десеңіз, астына кішкене жұмсағырақ нәрсе саласыңыз.
Говордтағы -сыңыз қосымшасы әдеби тіл мен қазақ тілінің көпшілік говорларындағы жіктіктің сыпайы түрінің жалғауы –сыз(-сіз) қосымшасының орнына жүреді. Мысалы:
Говорда әдеби тілде
Айтасыңыз айтасыз
Көресіңіз көресіз
Мұғалімсіңіз мұғалімсіз
Амансыңыз ба амансыз ба
Кімсіңіз кімсіз
-сыңыз қосымшасы – Маңғыстау тұрғындары тіліндегі ең актив грамматикалық тұлғалардың бірі. Бұл тұлға республика батыс бөлігінің басқа тұрғындарының тілінде де бар. Ол «Қыз жібк» жырында мынадай бпо кездеседі.
Біріңіз бір- бір бедеу мініпсіңіз,
Ойын- күлкі, сәулетпен жүріпсіңіз,
Жібек- сұлу дегеннің ауылы жақын,
Бар еді, балам, қандай жұмысыңыз?
(«Қыз Жібек», 27)
Етістіктің –улы(-улі) қосымшалы тұлғасы.
-улы жұрнағы говорда етістіктің барлық түбірлеріне жалғанып, оларға өткен шақтық мағына үстейді. Мысалы: Сейтахмет Жылыойға кетулі. Аудандық байрақты «Еңбек» колхозы алулы.
Бұл жұрнақ Маңғыстауда, Гурьев, Орал облыстарымен Ақтөбенің осы облыстарымен шектес аудандарында тұратын халықтың тілінде жиі айтылады.
Әдеби тілдегі –улы жұрнақты тұлғаның негізгі мәні күй-жайды, сынды білдіру болатындықтан, ол есімдер тәрізді сөйлемде көбіне анықтауыш қызметін атқаратын болса, говордағы –улы жұрнақты тұлға тек қана баяндауыш қызметінде жұмсалады.
Етістіктің -жақ қосымшалы тұлғасы.
Маңғыстауды мекендеуші қазақтардың тіліне тән етістіктің диалектілік тұлғаларының бірі – жақ қосымшасы.
-жақ қосымшасы –а, -е жұрнағымен айтылған көсемше тұлғалы етістіктерге жалғанады. Буын ықпалына бағынбайтындықтан, ол әрқашан осы бір ғана фонетикалық вариантта ұшырайды (алажақ, бережақ).
-жақ жұрнағы жалғанған етістік келер шақ мәнінде жұмсалады. Мысалы: Бұл ақша өзімізге тиежақ.
-жақ қосымшалы тұлға етістіктің тіліміздегі басқа келер шақтың тұлғаларынан өзінің мағыналық тұжырымыдылығымен ерекшеленеді. Бұл тұлғаның мағынасынан мәнделіп отырған істің, уақиғаның келешекте қайткен күнде де жүзеге аспай қоймайтындығы аңғарылады. Мысалы, Ол алдағы демалысқа дейін осында оралып кележақ деген сөйлемдегі кележақ етістіктің мәнінен сөйлеушінің қобалжу, күдіктену сезімдерінің нышаны байқалмайтынын аңғарамыз.
Біз, сіз есімдіктерінің ілік, тәуелдік тұлғасы.
Әдеби тілде ілік септігі жалғаулары аяғы ұяң дауыссыз дыбыстарға біткен сөздерге –дың,-дің түрінде жалғанатын болса, бұл жердегі халықтың тілінде оның бірінші, екінші жақтық жіктеу есімдіктері біз, сіз сөздеріне басқы дауыссыз дыбысы айтылмай –ің түрінде жалғанатындығын көреміз. Мысалы: Біздің суымыз бұл елден бөлек адамдармыз. Сіздің ауылда да түйе көп бола ма? Ол кісі сізің неңіз?
Ілік жалғауының бұл түрі говорда тек біз, сіз есімдіктерімен ғана жұмсалады, оның осы екі сөзден басқа сөздерде келу фактісінің байқалған реттері болған жоқ.
Әдеби тілде көптік жалғауы біздікі, сіздікі сөздеріне есімдік түбірлерден кейін (-дікі қосымшасынан бұрын) жалғанатын болса, говорда ел бұл сөздердің соңында тұрады.
Мысалы: Әдеби тілде: біздердікі, сіздердікі.
Говорда: бізікілер, сізікілер.
Ілік жалғауының біз, сіз есімдіктеріне осы сияқты ықшамдалған вариантта жалғануы республиканың батыс облыстарының Маңғыстаудан өзге де бірқатар жерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Сарыағаш аудандарында тұрушы халықтың тілінде де бар.
Говорлардағы диалектілік туында сөздердің жасалуына тіліміздегі кей жұрнақтардың қатысы.
Жұрнақ тар арқылы тың сөздердің жасалу тәсілі – тіліміздің сөздік құрамы дамуы саласындағы ең құнарлы тәсілдердің бірі екендігі белгілі. Маңғыстау тұрғындары тілінде ұшырайтын лексикалық ерекшеліктердің пайда болуында да бұл тәсілдің белгілі дәрежеде үлесі бар. Говорда кездесетін лексикалық ерекшеліктердің бірқатары-ақ әдеби тілде бар түбірлер мен жергілікті халық тіліндегі сөздік материал негізінде әртүрлі жұрнақтардың жәрдемімен жасалған туынды сөздер болып келеді.
Тұрғындардың тіліндегі бұл секілді туынды сөздердің жасалуына тіліміздегі сөз тудырушы жұрнақтардың бәрінің қатысы бірдей емес. Олардың кейбіреуінің говордағы мұндай сөздерді тудырудағы қызметінің біршама актив екендігі байқалса, енді біреулерінің қимыл өрісінің бірді-екілі санамалы сөздердің төңірегінде келу ғана шектелетіндегі көрінеді.
Есім тудыратын жұрнақтар.
Говордағы диалектілік туынды есім сөздерді жасауға тіліміздегі есім тудырушы жұрнақтардың бірқатары-ақ қатысады. Бірақ олардың көпшілігінің қамтитын фактісі көлемі тұрғысынан алғанда тым аз. Говордағы диалектілік есімдерді тудыруға ең актив қатысатын жұрнақтар:
-лық (-лік, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Бұл – есім тудырушы өнімді жұрнақтардың бірі. Говорда ол әр түрлі есім түбірлерге қосылып айтылып, маағыналық жағынан көбіне бастапқы түбірге жақны келетін туынды зат есімдер жасайды. Мысалы:
-нулық – ну, шөбі, өсімдігі қалың жер. Түйе жасырынса көрінбейтін нулықтан не тауып болады?
Қоңырлық – қара атты жер.
Ыссылық – ыстықтық, ыстық. Ыссылықта жалаңбас жүрсең, ауалап қаласың.
Нөкестік – жарыместік.
Одандық – ерсілік.
Арпалық – құдық қазғанда суы сайыздан шығатын жер.
-ма, (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) жұрнағы. Бұл жұрнақ әдеби тілдегі етістік түбірлерден жергілікті халықтың тіліне тән төмендегідей туынды зат есмідер мен сын есімдерді жасауға қатысады:
Ұшпа – шың, құз. Осы маңда Шерғаладан биік ұшпа жоқ.
Салма – кішкене арық. Салмамен егіндікке су жібереміз.
Теппе – саты, баспалдақ.
Шаппа – бәкі.
Шалжима – қақпан. Шалжимасыз мал жима (мақал).
-ық (ік) жұрнағы. Бұл жұрнақтың жәрдемімен етістік түбірден говорда мынадай зат есімдер жасалады:
Алық – аласы. Менің Жетібайда бір мың мәнәт алығым бар.
Берік – бересі. Мен оған дүз мәнәттай беріппін.
Налық – қасірет, қайғы. Назары төмен, кеуілінде бір налық бар-ау.
Шақырық – шақыру. Бастық Ақботаны шақырып кел дегесін, Сәуле шақырыққа кетті (шақырғалы кетті, шақыруға кетті мағынасында). Бұл сөз Орал облысының кей жерлеріндегі халықтың тілінде де айтылады.
-ық жұрнақты зат есімдерді біз тұрғындар тіліндегі кейбір туынды сын есім түбірлерден де кездестіреміз. Мысалы:
Ұтықты – ұтымды, орамды. Ұтықты сөз.
Жарасықты – жарасымды, лайықты. Көйлегі өз бойына жарасықты.
-қы (-кі,-ғы,-гі) жұрнағы. Жергілікті халық тіліне тән туынды зат есімдердің кейбіреуі етістік түбірлерден осы –қы жұрнағы көмегімен жасалады. Мысалы:
Тұрғы -1. Мекен-жай, тұрақ, қоныс. Менің тұрғым бұл жер емес. Таудың таса, қуыс жерлері. Қарағұйрық тұрғы-тұрғылы қуалап зымырап барады.
Алғы – аласы. Сайынның бізде былтырдан алғысы бар. Бұл сөз кейде сын есім жұрнағын жалғап алғылы болып та айтылады. Мен сенен алғылымын.
Бергі – бересі. Менің мойнымда енді бергі жоқ. Бұл да сын есім жұрнағымен қолданыла береді. Сен маған бергілісің.
Шеккі – таразы, безбен.
Жапқы – жабық. Жапқы қора (төбесі жабық қора). Қойды қыста жапқы қорада ұстаймыз.
Шығарғы – шығарған, ойдан шығарған (өлең, жыр туралы). Шығарғы сөз, шығарғы өлең, шығарғы жыр.
-мақ (-мек) жұрнағы. Бұл жұрнақ етістіктен тұрғындар тілінде кездесетін мынадай есім сөздерді тудырады.
Ашымақ – 1. ащы айран, ащы қымыз, ащы шұбат. Шөлдесең, ашымақ жұта ғой. 2. ащы құрт.
Отырмақ – сауық кеш, бас қосу, жиын. Жастар сыбай ауылдағы отырмаққа кетті.
Айырмақ – айырмашылық, айырым. Оның бұдан айырмағы жоқ.
-дай (-дей, -тай, -тей) жұрнағы. Әдеби тілде –дай жұрнағымен қолданылмайтын төмендегі біраз сөздер говорда осы жұрнақты қабылдап, сындық мағынада айтылады.
Толықтай – толығынан.Малды қыстан аман алып шығу үшін қолда бар мүмкіншіліктер толықтай іске қосылды.
Сөздей – ауызша. Жазып алмасам сөздей айтқанды ұмытып қалам.
Тегістей – түгелдей, бәрі. Парталар тегістей сырланып, жаңартылды.
Сәлдей – сәл. Соған қарағанда Нұрекеңнің бойы сәлдей тік.
-аған (-еген) жұрнағы. Бұл жұрнақ говорда етістік түбірлерге жалғанып, хайуанаттарға тән қасиетті көрсететін мынадай туынды сын есімдер жасайды.
Озаған – жүйрік, озғыш. Озаған ат.
Кетеген – қашаған (түйе туралы). Кетеген түйе.
Үреген – үргіш, көп үретін. Байлаулы ит үреген, байлаулы өгіз сүзеген (мақал).
-соқ жұрнағы. Бұл жұрнақ әдеби тілдегі сын есім түбірлерге жалғанып, говорға тән мынадай туынды сын есімдер жасайды:
Тентексоқ – тентек. Тентексоқ кісі.
Еркесоқ – ерке. Еркесоқ бала.
-соқ жұрнағы арқылы жасалған сөздер әдеби тілімізде де бар. Мысалы: есерсоқ.
-мыш (-міш) жұрнағы. –мыш әдеби тілдегі тұрмыс, қылмыс деген тәрізді сөздердегі -мыс жұрнағының көне фонетикалық варианты. Қазіргі бірқатар түркі тілдерінде ол етістіктің есімше категориясын жасайтын қосымшалардың бірі саналады. Бұл жұрнақтың қазақ тілінің сөз тудыру жүйесінде қолданылуы өте сирек байқалатын жай. –мыш жұрнағының жәрдемі арқылы жасалған бірлі-жарымды сөздерді біз бұл күнде көбіне республиканың оңтүстік бөлігі мен батыс бөлігінің кей мекендерінде тұрушы жергілікті халық тілінен кездестіреміз. Зерттеліп отырған говорда ол мынадай етістік түбірлерде ұшырайды.
Естілім – естіген (сындық мағынада). Естіміш сөз. Естіміші көп адам.
Қалмыш – қалдық. Мынау биылғы сүрдің қалмышы. Қалмыш құрт.
Етістік тудыратын жұрнақтар.
-ла (ла,-ле,-да,-де,-та,-те) жұрнағы. Гавардағы туынды сөздерді жасауға ең актив қатысатын жұрнақ-осы
Жарлау – хабарлау. Жиналыс болатынын жарлаудың ба ?
Әдеби тілде бұл сөздің түбірі жарлық деген атау мен жар салу деген тіркесте кезделеді.
Ұяттау – ұялту. Өзін әбден ұяттан қалды.
Жұмыстау – жұмыс істеу. Жұмыстап жатырмыз.
Қарсылау – қарсы алу. Колхоз биылғы мал телдетуді ойдағыдай әзірлікпен қарсылады.
Суықтау – сусындау, салқын сусын ішу. Пішіншілерге соғып ауықтап алалы.
Бөкендеу – түлеу. Мал көктемде бөкендейді.
Ауалау – ыстық ету, күн өту Ыссылықта жалаңбас жүрсең, ауалап қаласың
Майлау – мәймен сыйлау, мәй беру. Шайланып болдым.
Сындау – сынау. Біреуді жөнсіз сынау жарамайды.
-н (-ын) жұрнағы. Әдеби тілде ырықсыз етіс пен өздік етіске тән-н (-ын) жұрнағымен қолданылмайтын мынадай етістіктер жергілікті жалық тілінде осы жұрнақтарды жалғап, әртүрлі лексикалық, граматикалық мағыналарда айтылады :
Сыйлану – сый көру. Қолан сыйланды.
Айтыну – айту.Айтарық болса, айтынып қал.
Шығыну – беті ауған жаққа шығып кету (мал туралы) . Жылқылар шығынып кетпесін.
Болыну – болу. Болар іс болынды.
Ж.Болатов. Семей облысының Абай Шұбартау аудандары тұрғындарының ауызекі тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер.
- ылғи сөзінен кейін ғана шылауы артық қосылады.
Ол ылғи ғана осы киіммен жүреді.
- туралы, жөнінде деген сөздердің орнына турасында шылауы жұмсалады. Мен арба турасында сөйлестім.
- Кейбір етістіктерге дүркінділік мағына беретін -ғыла (-гіле) жұрнағы артық қосылып айтылады: Олар судан қарғылап жатты.
- Көмектес жалғауының орнына барыс септігі жалғанады:
Мен білетін кісіге сөйлестім.
- Кей реттерде барыс жалғауы артық жалғанады : Ол жолдасының айласын соғанға шейін білмепті.
- Сан есімге жалғанатын шығыс жалғауы түсіріліп айтылады.
Осы колхозда мың аса жылқы бар.
- Шығыс жалғауы кейде үндестік заңына бағынбайды:
Осынан ұл туса атын сыбан қоямыз депті.
8 Сөзге шығыс жалғауының артық қосылатындағы байқалады: Мен колхоздан жаңадан келдім.
- Жатыс жалғауының тәуелдік орнына қолданылатыны байқалады: Былтырғы жылда ол жемісті еңбек етті.
- Кей кездерге тәуелдік пен шығыс жалғаулары бірдей артық қосылып айтылады . Ол ойыншығын қазірінде жоғалтады, қазірінде қайта тауып алады.
- Жатыс септігінің орнына барыс қосылып келеді: Ол қараға жалғыз қалуға қорықса керек.
- Кейбір қыстырма сөздерге жалғанатын тәуелдік жалғауы түсіріліп тасталады: Менің есту бойынша, ол бүгін келіп жету керек.
- Болжалды сан есімнің – дай журнағының орнына –дап жалғанады. Біздің осында келгенімізге он жеті жылдай болып қалды.
- Біріншіден, екіншіден, үшіншіден сияқты қыстырма сөздердегі -ыншы, -інші жұрнағы түсіп қалып, қысқартылып айтылады: бірден, екіден,үштен. Бұл құбылыс меңінше, сеңінше, онынша сияқты қыстырма сөздерден де байқалады. Ондағы тәулдік жалғауы -ың, -ің түсіп қалып қысқартыла айтылады: менше, сенше.
- Кейбір етістіктерге ортақ етіс жұрнағы артық қосылады:
Ақмақ жетіссе (жетсе), маған 5-6 кітап ала кел.
- Қалау райлы етістіктің 1 жақ көптік түрі -лық, -лік жалғауының жалғауы арқылы жасалады. Әдеби тілдегідей -иық, -иік аффиксі, көбінесе қосылмайды.
- «Ал »қыстырма сөзінің орнына «жә» жиі қолданылады. Жә ақсақал әңгіме айта тұрыныз.
- Қалау райдың барғым келеді, алғым келеді сияқты формасы барғым бар, алғым бар болып айтылады. Менің биыл оқуға барғым бар.
- Әдеби тілде -да, -де,- та,-те, -дағы, -дегі, -тағы, -тегі. Шылаулары бірдей қолданылса, сөз болып отырған қазақтар тілінде оның соңғысы жиі айтылады. Ол мезгілінде барса дағы, жолыға алмайды.
- -шыл, -шіл жұрнағының орнына -қой, -гөй қосылмасы жалғанады. Ол кісі әңгімелегөй. Жаман неменің намаз қойын қара.
- Өзгеліс етіс бірінің үстіне екіншісі артық қосылады. Біз үй салдыртамыз.
- Сөзге -лы, -лі жұрнағы артық қосылатындығы байқалады. Калхозшылардың тұрмысы баяу себебі малдың көптілігінен.
- Кей жағдайларда -ты,-ті жұрнағы сөзге артық қосылады:
Жол жүруге машина тынышты ғой.
24 —ар,- ер, -р жұрнақты есімше орнына -тын, -тін жұрнақты есімше қосылады. Ол біз шығытының алдында келді.
О. Жақысбеков. Көкшетау экспедицияның материалдарынан:
- Кейбір етістіктердің бұйрық райында «кір» жұрнағы қосылып айтылады. Сабыр еткір,-сабыр ет. Сен кішкене сабыр ет. Сен кішкене сабыр еткір.
- Кейбір тіркестерде табыс септігінің орнына барыс септік жалғауы қосылып айтылады. Мен Казгородекке тұрамын.
- Кейбір тіркестерді айтқанда сөз және жалғау түсіп қалып отырады. Мен жиналысқа аяқтап барамын. (Жиналыс аяқтай бергенде барамын).
- Бұйрық рай формасы көбіне -қай жұрнағы арқылы жасалады. Сен оған айтқасын.
Ш Бектұров. Сырдария экспедициясының материалдарынан:
- Табыс септік тұлғада айтылуға тиісті сөз кейде барыс септікте айтылады. Айтып отырған әңгімесін қоя салып Сәрсенге салды.
- Жатыс жалғауының орнына барыс жалғауы қолданылады. Мен қауын басына күніге болам.
- -мыз,- міз тұлғалы жіктік жалғау бұл говардың батыс жағында –мыс,-міс болып жиі айтылады. Қауын, қарбызды өзіміз егеміз.
- Өткен шақтың ауыспалы түрі бартұғын тұлғасында да қолданылады. Оның үлкен баласы бартұғын, сол армия қатарына алынды .
- Бері шылауы -қалы, (-ғалы, -гелі, -келі) қосымшалары арқылы қолданылатын көсемшеге тіркесіп айтылады. Балам сен келгелі бірі неше күн болды.
- берді, қалды көмекші етістіктің орнына барды, қойды сөздері жұмсалады. Қымыз сатылып жатыр екен бітіп қойды. Ол сөз бетімен кете барды [28].
2.4 Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері
Синтаксис – сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар – адам ойын жинақы, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөлшектері де, сөйлем – ойды білдірудің негізгі формасы болып есептеледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақтарына мән беруге тиіс, алтіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте құрыстырылуға тиіс.
Стилистика сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады, дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айталады деп те жатпайды, – кісінің мақсатты ойын қалайша дұрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырылады.
Ауызекі сөйлеу тілін дара стильдік сала деп танимыз. Мұның солай екендігі лексикографиялық, лексикологиялық, грамматикалық еңбектерде айтылып жүр. Бұл еңбектерде жеке сөз, грамматикалық формалар ауызекі сөйлеу тіліне тән фактілер екендігі ара-тұра ескеріліп отырады. Көпшілік жұрт көркем шығармадан, радио, телевизия хабарларынан ауызекі сөйлеу тілінің мәнерін айқын танып ажыратады. Осының бәрі ауызекі сөйлеу тілі дара стильдік сала ретінде объективтік факт екенін дәлелдейді.
Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік мәнерін қалыптастыратын нәрсе оның өзіндік коммуникативтік сипаты болса, бұл ауызекі сөйлеу стиліне тән коммуникативтік сипаты болса, бұл ауызекі сөйлеу стиліне тән коммуникативтік жағдай барлық тілдерде бірдей көрінеді.
Ауызекі тіл мәселеріне арналған еңбектерде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыратын коммуникативтік жағдайлардың бастамалары ретінде мыналар аталады:
- Пікір айту ауызша әрі сөйлеуші мен тыңдаушының жүзбе жүз отырып қатысуы үстінде болады.
- Пікір айту диалог түрінде, яғни екі немесе бірнеше адамның қатысуы арқылы жүреді.
- Пікір айту ешқандай дайындықсыз, емін-еркін әңніме айту үстінде құралады.
Осы үш шарт ауызекі сөзге бірдей тән болғанымен, оның лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыруда соңғы екеуінің мәні ерекше. Тыңдаушы мен сөйлеушінің жүзбе-жүз отырып ауызекі пікір алысуы, информация беруі, лекция, баяндама жасау, әңгіме айту кезінде деболатын жағдай. Бұл шарт тек ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, ауызекі түрде жүзеге асатын бірнеше стильдерге тән. Ауызекі сөздің диалог түрінде жүруі оның синтаксистік құрылысына, лексикасына көп әсер етеді. Біріншіден, сөзайтуға, түсінуге ыңғайлы құралуға тиіс. Осы коммуникативтік талап ауызекі сөйлемдердің, сөз тіркестерінің үнемді болып қралатын варианттарының күрделі ойды білдіретін сөйлемдердің мағыналық бунақтарға таратылып айтылуынан (кім келгенін сұрады – кім келді, соны сұрады), осыны іске асыратын синтаксистік тәсілдерден т.б.көрінеді.
Екіншіден, диалог сөзге репликалар (диалогқа қатысушы екі жақтың сөзі) өзара ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл да ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік құрылысына тән ерекшелік тудырады.
Ауызекі сөздің диалог ретінде жүруі репликаларды байланыстыратын синтаксистік тәсілдерден ғана көрініп қоймайды. Бұл коммуникативтік жағдай сөйлемдердің құрылысына да әсер етеді.
Диалог сөзтыңдаушысына өтімдіболуды, оған бір пікірді мойындатуды немесе істі міндеттеуді мақсат етеді, немесе естіген хабарынан туған әсерді түрліше білдіріп жауап қатуды білдіреді. Осыған орай ауызекі сөздің құрамында экспрессивті, эмоциялы лексика, синтаксистік формалар ерекше көп жұмсалады. Бұл сипттағы лексика мен грамматикалық формалардың тек ауызекі сөзде ұшырайтындары көп.
Эмоциялықпен қатар ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік құрылысына әсер ететін тағы бір жай бар. Ол – сөйлеу үстінде көрінетін полемикалық қатынас. Сөйлеуші пікір айтып, қатынас жасағанда, екінші жақтың оған қандай жауап қайтаратынын, әсіресе оның қарсы пікірде болуы мүмкін екенін алдын ала ескеріп сөз құрайды. Репликаның тек пікір білдіріп қана қоймай, тыңдаушының қарсы райын ескеріп, полемикалық сипат алуы сөйлемнің құрылысына әсер етеді. Ауызекі сөйлеу тілінде полемикалықты білдіретін сөйлемдер интонациясы жағынан, конструкциялық құрылысы жағынан ерекше болады.
Пікір алысу – творчество. Адам сөйлегенде қалыптасқан грамматикалық тұрақты формаларды жұмсап, соның жетегінде қалып қоймайды, сөзін түрлендіріп қрай, тыңдаушысына тартымды болу жағын қарастырады.
Ауызекі сөйлеу тілінде сөзді түрлендіретін түрлі параллель амалдар көп ұшырайды және бір қызығы функция жағынан параллель келетін бұл мысалдар құрылысы жағынан біркелкі бола бермейді. Мысалы, құрмалас сөйлемге кейбір жай сөйлемнің түрлері параллельретінде жұмсалады. (Айтпады: себебі ұялды: Айтпағаны – ұялғаны), баяндауыштық формаға жай сөйлем ретіндегі конструкция параллель амал болып жұмсалатыны да бар (Мен кеше келдім. Менің кеше келгенім бар). Осындай сөз түрлендіретін параллель амалдардың ішінде ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән болып, ауызекі сөйлеу мәнерін қалыптастыратын формалар едәуір: қалады – қалау қылды, сұрады – сұрау салды, сұрау қылды, той жасады – той берді т.т.
Сөйлеу процесінің коммуникативтік жағдайы негізінде пайда болған лексикалық, грамматикалық ерекше фактілер немесе ортақ амалдардың ерекше жұмсалуы ауызекі сөйлеу тілінің біртұтас стильдік бейнесін қалыптастырады.
Ауызекі сөйлеу тілінің сөз тіркесін құраудағы ерекшеліктері
Ауызекі сөйлеу тілінің сөз тіркестерін жасаудағы ерекшеліктері екі себепке – сөзді үнемді, ықшам етіп құрау немесе эмоциялы етіп құрау талабына байланысты. Мұны мұндай жайлардан көреміз. Жазба тіл мағыналық қатынасты айқын білдіру үшін сөз тіркестерінің түрлі семантикалық түріне арнаулы амал іздеп табуға тырысады. Сондықтан онда септеуліктер арқылы құралатын тіркестер көп. Ауызекі сөйлеу тілі үнемділік үшін септеулік арқылы жасалған тіркестерді азайтып, олардың қызметін септік жалғау арқылы жасалған (жас кезінен пысық – жасынан пысық) тіркестер атқарады. Осы сияқты түрлі грамматикалық типтегі тіркестер арқылы білдіретін мағыналық қатынастар ауызекі тілінде сыйыстырылып, сөз тіркесінің бір грамматикалық типі арқылы білдіре береді. Ауызекі сөйлеу тілінен байқаған фактілер әр тілде сөз тіркесі жүйесінің қалыптасу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Барыс септікті сөз қатысқан тіркес ауызекі сөйлеу тілінде көп жұмсалады, ол «үшін» шалуы қатысып жасалатын тіркестердің де орнын басады: сендерге жоқпын – сендер үшін жоқпын, ерге сын – ер үшін сын, тырнақ алдыүшін қанағат – тырнақ алдығы қанағат. Бұл тіркестің жұмсалуы мен лексикалық көрінісінің алуан түрлілігіне тағы бір себеп бар. Ол киім тігуге шебер деген сияқты тіркестердің етістік компонентінің эллипсиске түсуіне байланысты: киім тігуге шебер – киімге шебер; сөз сөйлеуге ұста – сөзге ұста. Осы бала болмаса сірә, басқаларың еңбекке жоқсыңдар-ау деймін. (Ә.Н.)
Қыстырма сөзбен сөйлемдердің жұмсалуындағы стильдік ерекшеліктер
Ауызекі сөйлеу тілінде қыстырма сөздер мен сөйлемдер құрылымы жағынан да, қызмет жағынан да, жазба әдеби тілден едеуір ерекшеленеді. Сөйлеу тіліне тән қыстырма компоненттерді қызметіне, мағынасына қарай мына ретпен топтастыру ыңғайлы.
- Айтылатын пікірге тірек болатын, әсерлілік өң беретін қыстырма сөйлемдер негізгі сөйлемге деп, деген, дегендей, айтпақшы тәрізді көмекші арқылы беріледі. Мұндай қыстырма ретінде көбінесе мақал-мәтелдер, афоризмдер енеді: «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», дегендей сенің салмағыңа шыдамады-ау деймін, шамасы. «Су жүйесін, сөз иесін табады» дегендей, олар да қарысып отырып алса, қиын ғой (Қ.Мұқам).
- Тыңдаушының айтылған хабар жөнінде мағлұматын анықтау мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдер. Осында, ұмыттың ба, жоқ па, Кәлмен деген тиірменші бар емес пе еді (С.Мұрат). Әлгі, әлгі, сен білесің оны, … кеспекке салып қойғанымызда, онкило май еді ғой. (Б.М.)
- Әңгіме болып отырған оқиғаны, кісіні, затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдер. Бұл қыстырма сөйлемдердің баяндауышы ретінде —ып, еді ғой, –ған еді ғой формалы өткен шақ етістіктер, бар еді ғой деген тіркестер жұмсалады: Сонау бір адырақ көз өкіл келіп еді ғой, соның сөзі дұрыс еді. Шырайлым-ау, мынаны естідің бе сен, Есберген бақа бар ғой, құдайдың жалмауызы, сол кеше қалаға апарып бір қап астық сатыпты. (Б.М.)
- Әңгіме болып отырған кісіні, затты тыңдаушыға ерекшелеп таныту, байқату мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдер. Бұлсөйлемдердің баяндауышы болып айт сөзі қатысады: Әлгі біздің үйдегі мықты бар ғой, әйелімді айтамын, ол менің айтқаныма қарсы жүрмесе, шашулап қалатыны бар. (Қ.Мұқан). Үмітай марқұм, Есіркептің шешесін айтам-ау, маған ылғи тапсыратын: «Ұрқия-ау, Есіркебіме көз бола көр» – деп. (Б.М.)
- Затесімсұраулық шылау –ше құрамында келетін сөйлемдер де қыстырма ретінде келіп, әңгімеге негіз болып отырған кісіні, затты тыңдаушының есіне түсіру міндетін атқарады: Жүсіптің Асан деген баласы ше, сол жүгермек кеше айтты. Тереңсайда, тоғайды білесің ғой, соны өсірген Кәмен ше, кезінде жұрт оны, Кәмен тоғай деп жүретін (С.Мұрат)
- Сөйлеуші айтып отырған ойына сенімсіз болып, шүбә келтіре сөйлеген кезде сірә, ұмытпасам, білсем, жаңылмасам деген қыстырма сөз, сөйлемдер пайдаланады: Жүкей сиыр жылы, ұмытпасам, май айының ішінде қайтыс болды ғой деймін (С.М.)
- Пікірді, ойды ерекше ескерту үшін ескертіп қояйын, айтып қояйын деген қыстырма сөйлемдер енгізіледі: Вагон табылатын болса, айтып қояйын, саған тимеді. (І.Ж.)
- Ауызекі сөйлеу тілінде қыстырма сөйлем арқылы жол-жөнекей, қағы берісте ескерте кететін, негізгі ойға қосымша пікір, суреттеу де білдіріледі. Тұрғалы деген естірек біреу бар еді, сол атқа жайдақ мініп алған, мұны таптап кетердей боп өңмендей кеп тұр. (С.Мұрат). Жылқышы Хсеннің баласы, екі жыл болды, бір класта отыр. (Қ.Мұхам).
Бұл реттегі қыстырма сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу ерекшелігіне байланысты. Сөйлеуші негізгі сөйлемді басты ойға негіздей құрайды да, кейін әңгіме үстінде ескерілген жағдайларды қыстырма ретінде енгізіп, хабарлайды. Жазбаша тілде олай емес. Онда ойға қатысты мәселелер түгелдей алдын ала екшеліп, тұтас жүйеге түсіріліп, хабарланады.
Ауызекі тілдің эмоциялы болуы да қыстырма сөйлемдердің көп жұмсалуына байланысты. Мұнда сөгіс, реніш мәнді сөйлемдер қыстырма компонент ретінде енгізіледі. Бұлар көбіне атаулы сөйлем болып келеді. Дұспанның сөзіжағады-ау сендерге, қасқырдың күшігі құсаған өңшең жат бауыр неме. Өлтіремін сені, көзіңді жоғалтамын, тумай кеткір! (М.Ә.)
- Бастауышы зат есім, есімдік, баяндауышы бар сөзі болып құралатын сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде қыстырма ретінде жиі жұмсалады. Кәже, жүре ғой, ағаң бар, қажы атаң бар, сұлу мұрты бар, бәрі сені күтіп отыр. (Б.М.) Құдалар, кәрісі бар, жасы бар, отыз шақты адам, Сұлтанды автобустың аялдамасына дейін шығарып салды. (Ә.Тарази).
Аталған қыстырма сөйлемдер негізгі сөйлемдегі бастауыш немесе толықтауыш мүшені (Жұмекең бар, басқалары бар, басты-бастыларын шақырасаңшы. (Б.М.) саралап атап білдіру үшін енгізіледі. Сондықтан да бұл қыстырма сөйлемдер бастауыш, толықтауыш мүшелерінің алдынан енгізіледі. Бірақбұлмүшелердің сөйлемде түсіріліп айтылатыны даболады: Күлеке, сіз оған әуре болмаңыз, мына Ермек бар, қанша жырт дейсің, жыртып берейік. (А.Нұрм.)
Осы сияқты негізгі сөйлемдегі мүшеарқылы білдірілген ұғымды анықтап, саралаудың талабын білдіретін тағы бір қыстырма сөйлем бар. Ол –қыстырма сұрау формасында келеді: Баймұрын ба, басқа ма, дем беруші тапқаны болар. (М.Ә.)
Қыстырма сөйлем затесім сөзбен сұраулық демеуліктен құралып, сөйлеушінің ізденуін, осы іздену үстіндегі жобалауын білдіреді, Бұл мағынадағы қыстырма сөйлем барыс септіктегі есімше мен –ма, –ме демеуліктерінен де құралады: қылышты, мылтықты көргенге ме, үй іші үркіп қалды. (Б.М.)
- Есім сөземес құрамында келіп қыстырма сөйлемдер болымсыздық мағынаны білдіреді: Бір емес, екі емес, шығыннан басқа айтарлық бар ма! Өзге емес, надан қатыны емес, Бөжей өзі есіте ме екен. (М.Ә.) Қыстырма сөйлем негізгі сөйлем құрамынан сырт тұрғанымен, мағынасы, жұмсалуы түгелдей соның лексикалық құрамына бағынышты.
- Ауызекі сөйлеу тілінде зат есім + болмаса, есімше + болмаса құрамында жұмсалатын қыстырма сөйлем жиі ұшырайды: Қайдам, өзің болмасаң, айта-айта шаршадым.(Қ.Мұқам) Бір жапырақ аузыма салғаным болмаса, зауқым соқпады. (Б.Тіл.)
Қыстырма сөйлем негізгі сөйлемде айтылған хабардан, пікірден оқшау, сырт қалатын жайды білдіреді. Бұл типті қыстырма сөйлемде түгелдей негізгі сөйлемнің лексикалық құрамына бағынышты, соған телініп мағына алады.
- Қыстырма ретінде ғана жұмсалатын мынадай сөйлемдер бар: сен түгіл, сен тұрмақ. Бұл сөйлемдерде негізгі мүше болып есім сөз немесе –мақ, –мек, формалы етістік қатысып, одан демеулік түгіл немесе тұрмақ, былай тұрсын сөздері қосылады: Кісі баласы түгіл, өз балаларына еміреніп көрмекген жан. (Ә.Н.) Әйел түгіл, еркектер қарсы келіп көрген емес.(Б.М.)
Қыстырма сөйлем негізгі сөйлемде айтылған жайда салыстырғанда тіпті елеусіз болып көрінетін оқиға, істі хабарлайды.
- Зат есім (етістік) +демекші демеулігі құрамында келетін қыстырма сөйлем алдыңғы айтылған ой пікірге байланысты еске түскен оқиға, іс-әрекетті хабарлауға көшудің әдісі ретінде жұмсалады: Милиция демекші, білу керек екен. (А.Ш.) Көрдім демекші, ол үйін тұрғызып алып па?
Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемге қыстырма элементтердің көп кірігуіне үш себеп бар.
- Жазба тілде айтылатын ой алдын ала сараланып, жүйеге түсіріледі, айтылу реті тілдің негізгі жүйелі заңдылықтарына сай тәртіптеледі. Сөйлеу тілінде ойда, сөздің ретін де пікір алысу үстінде құралады. Сондықтан мұнда негізгі пікірге қосымша жайлар қыстырма ретінде айтылады.
- Сөйлеу тіліне тән бір жай – айтылатын пікірді дәлелді ету үшін мақал-мәтел немесе үлігіл сөзді енгізу. Бұл мақал-мәтелдер де қыстырма ретінде айтылады.
- Қыстырма сөз, сөйлемнің ауызекі сөйлеу тілінде көп жұмсалуы эмоциялы болуынан. Осынысына орай кейіс, қуанышты білдіретін атаулы сөйлемдер қыстырма ретінде көп жұмсалады.
Ілгеріде келтірілген фактілерге қарағанда, қыстырма сөйлемдердің түрі, құрылысы алуантүрлі. Қыстырма ретінде бастауыш, баяндауыш мүшеден құралған құрамы толық сөйлемдермен қатар, эллипсис (сен түгіл т.б.) сөйлемдер де ұшырайды. Сөйлеу тілінде қысытма сөйлемдерді кіріктірудің қалыптасқан амалдары (деп, дегендей) байқалады. Жалпы алғанда, қыстырма сөз, сөйлемдер – құрамы, құрылысы жағынан тілдік құбылыс екені – пікір, ой білдірудің ерекше амалының бірі екені айқын.
Демеуліктердің сөйлем құрамында жұмсалуы.
Демеуліктер мағына жағынан біркелкі емес. Олардың бірі (ғана) сөздерге қосымша абстрактылы грамматикалық мағына үстесе, бірі (бар ғой, ғой) сөздерді даралау, екпін түсіру үшін, енді бір тобы эмоциялық (-ау, -ақ) үстемелеу үшін жұмсалады. Демеуліктер, негізінен, ауызекі тілде туатын коммуникативтік міндеттерді атқарады. Бұл тұста ауыекі сөйлеу тілі жазба тілден демеуліктерді жиі жұмсауымен ғана ерекшеленіп қоймайды, ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалатын демеуліктер құрам жағынан да бай. Бұл тақырыпта ауызекі сөйлеу тілінде басым жұмсалатын демеуліктер сөз болады. Ол сөздер мыналар: баяғы, әуелі, осы, бір, әйтеуір, де (етістік).аталған сөздер түгелдей демеулік қатарына әлі етпеген. Дегенмен ауызекі сөзде олар көңіл күйін, ой екпінін білдіру үшін, мәнерлілік тудыру мақсатында жұмсалады.
Енді аталған сөздердің қызметін жеке-жеке талдайық.
Баяғы – сөйлеуші дағдылы, дәстүрлі жайды хабарлап тұрғанын білдіру қажет болғанда жұмсалады. Осы мағынаның негізінде бұл сөзді қатыстыру кейде хабарды немқұрайды, олқы көірп айту үшін де қызмет етеді. Күлән жас, тағы басқа дегендей, сыйлаймын ғой баяғы. Осы кезде мына жұмыстың қауырт кезі, содан шыға алмай өзі, мына балалар да баяғы. (Қ.Мұқам.)
Баяғы сөзінің демеулік қызметі оның бастапқы мезгілдік мағынасына сүйеніп пайда болған.
Сөйлемге ой екпінін түсіріп айту үшін осы – демеулік қызметін атқарып жұмсалады: …Сенің ішіңде жүрген қанадй шер-шерменің бар осы. (М.Ә.) Қайда көрсем де, осы сенің аузың жабысады да отырады екен… сенің ісің жоқ па осы, келін. (Б.М.)
Демеулік қызметінде жұмсалған осы сөйлемде еркін орналасады. Бірақ осы ғой, бар ғой құрамда ол, негізінен, сөйлемнің бас кезінен орын алады: Осы ғой біз етек-жеңімізді жинадық. Соны есіткенде осы бар ғой риза болып, айзынан тастамай отырды. (Б.М.)
Аталған сөзге қызметі жағынан жуық жұмсалатын сөз – өзі.біз өзі ағайынды екі жігіт едік. (Қ.Мұқам.) Бәсе, сүйтші өзі, түскен иығымды одан жаман салбыратпай. (Б.М.)
Демеулік қызметінде жұмсалған осы екі сөздің (осы, өзі) айырмашылығын атап айту қиын, бірақ айырмашылық жоқ та емес. Айырмашылық олардың бастапқы толық мағыналы сөз қалпындағы мағынасына байланысты болу керек. Біз өзі екі ағайынды жігіт едік деген сөйлемдегі «өзі» демеулігінің орнына «осы» деп айта алмаймыз. Өзі – есімдік және бір заттың өз қатысын, өз ішкі мазмұнын атау керек болғанда жұмсалады. Өзі келді. Өзінің мінезі.
Ілгергі мысалдарда «өзі» ой екпінін түсіретін сөзге грамматикалық жағынан байланыспай жұмсалып тұр. Тілімізде есімдіктің ой екпінін түсіретін сөзбен изафеттік байланысқа түсіп жұмсалатыны да бар: Далада қалған шөптің өзі бір әкелуге жетер ме екен (С.Ж.)
Ой екпінін түсіру үшін жұмсалатын «өзі» бастауыш, баяндауыш қызметіндегі сөздермен изафеттік байланыста тұрады. Осы қызметі әсіресе есімшемен тіркесуінен айқын байқалады. Қақтығысып сүріне қалса, тіптен жақсы. Сүрінбей кеткен күнде достық көңілімді білдіртіп, тонның ішкі бауындай көрінгенімнің өзі тиімді. (Ж.Ед.) Шөбі бойшаң, сояу-сояу, ит тұмсығы өтпейді бетінің өзі (Ә. Тарази)
өздік есімдіктің демеулік қызметіне бейімделуі осы изафеттік тіркес құрамынан басталып, кейін ол дараланып жұмсалуға шыққан болу керек.
Ауызекі тілінде сөйлемге эмоциялық қосу үшін бір сөзі демеулік ретінде жұмсалады: Жұрт жұмыспен әлек болып жатқанда, қымызын ішіп бір жатайын. (Б.М.) Оған мына Қайшаның әкесі Байсалбай да қоысылып алып бір тоқтамады. (М.Ә)
Мысалдарға қарағанда, демеулік қызметіндегі «бір» баяндауыш мүше төңірегінде орналасып, соны екпінмен көтеріңкі айтуға себін тигізеді.
Әйтеуір демеулігі сөйлемнің ерекше басты хабар беретін бөлшегін оқшаулап көрсету үшін жұмсалады: Сөйтіп, бір жылдан кейін бе, жылдан кейін бе, одан да көп пе, әйтеуір елге бір қайтсақ. (С.М.)
Ауызекі сөзде де етістігі демеулік ретінде түрлі формада көрініп, түрлі қызмет атқарады: – я, сол жігіт едім де. (Ғ.М.) – Е, жердің суынан емес, адамның маңдай терінен жасаймын де теңізді. (Ә.Ә.).
Қорытынды
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстық күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функционалдық стилдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айырықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы ыстық десе, тыңдаушы шөлдедің бе деп, айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ комуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу силінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды, эктролингвистикалық факторлармен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді. Қарым-қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т.б. тілдік қатынасына да байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айырықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
— бейресмилік;
— сөйлеу еркінділігі;
— сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
— тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
— сөйлеудің автоматтығы;
— сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Ауызекі сөйлеу стилінде фонетиканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше, орфографиялық норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе әсем дыбыстау т.б. Ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері адресат пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-этикалық қызмет атқаратын эмоцияналды-экспрессивті тәсіл.
Ауызекі сөйлеу стилистикалық ерекшеліктері жазба әдеби тіл нормасынан өзгеше өзгеше стильге құрылады. Мысалы жалғаулық шылаулар сирек қолданылады. Оның орнын интонация немесе басқа грамматикалық тұлғалар мен қолдану жиі ұшырасады.
Ауызекі сөйлеу стилі синтаксисінің экспрессивтік және стилистикалық ерекшеліктерінің қызметі сан алуан. Синтаксис саласынан бұл ерекшелік айқын байқалады.
Қорыта келгенде, ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар әмбебап стиль түрі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974. –185 б.
2 Д.Е.Розенталь. Практическая стилистика русского языка. М.: «Высшая школа», 1987.
3 М.Н.Кожина. Стилистика русского языка. М.: «Просвещение», 1977. –276 с.
4 Земская Е.А., Китайгородская М.В., Ширяев Е.Н. Русская разговорная речь: Общие вопросы словообразовная Синтаксис. М.: Наука, 1981. –276 с.
5 Лаптева О.А. Устная разговорная речь. М.: Наука, 1983. –136 с.
6 Сыздықова Р. Ауызша әдеби тіл. Абай Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 1995. –720 б.
7 Серғалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоционально – экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы: ПКО «Казснабобразования», 1995. –131 с.
8 Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы: Мектеп, 1985. –125 б.
9 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Алматы: Ғылым, 1995. –176 б.
10 Қалиев Б. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері // жинақ: Сөз өнері. Алматы, 1985. –25-42 бб.
11 С.Омарбеков, Н.Жүнісов, Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі, Алматы: «Мектеп», 1985. –206 б.
12 М.Балақаев. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы: «Ғылым» баспасы, 1984. –181 б.
13 Р.Сыздықова Қазақ әдеби тілінің тарихы ХVІІ-ХІХ ғғ. Алматы: «Мектеп» 1984. –245 б.
14 Қазақ диалектологиясы. Алматы: «Ғылым» баспасы, 1965. –292 б.
15 А.Тасымов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 2005. –158 б.
16 Б.Сағындықұлы. Қазіргі қазақ тілі. Лекискология. Алматы, 2003. –100 б.
17 Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: «Ана тілі», 1991. –199 б.
18 Авалиани Ю.Ю. К изучению разговорной фразелогии. // Исследования по рус. и слаыианскому языкознанию. Самарканд: СамГУ, 1971. –109-123 с.
19 Калашникова А.Ф. Учебный словарь наиболее употребительных фразеологизмов современного русского языка. Минск: «Вышэйшая школа», 1991. –208 с.
20 Быстрова Е.А., Окунева А.П., Шанский Н.М. Краткий фр-й словарь руского языка СПб.: «Просвещение», 1994. –271 с.
21 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы: «Мектеп», 1996. –128 б.
22 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы: «Мектеп», 1971. –112 б.
23 Жуков В.П., Жуков А.В. Школьный фразеологический словарь русского языка. М.: «Пресвещение», 1994. –431 с.
24 Жуков В.П., Сидеренко М.И., Шкляров В.П. Словарь фразеологических синонимов русского языка. М.: «Русский язык», 1987. –448 с.
25 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
26 Дегтерева Т.А. «Выразительная сила слова. // Язык и стиль. М.: «Мысль». 1965.
27 Баранникова А.И. Просторечие как особый социальный компонент языка. // Язык и общество. Саратов, 1974.
28 Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиялық мәселелері. Алматы, 1960.
29 М.Серғалиев. Синтаксис және стилистика оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 1997. –148 б.
30 Р.Әміров, Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері, Алматы: «Мектеп» баспасы, 1977.