АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Автордың мүліктік емес жеке және мүліктік құқықтары

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ   МИНИСТІРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

 

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ

 

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………

 

І.   АВТОРДЫҢ  МҮЛІКТІК  ЕМЕС  ЖЕКЕ  ҚҰҚЫҚТАРЫ

1.1. Авторлық  құқық  және  авторлық  атқа  құқық…………………………………

1.2. Туындыға  қол  сұқпаушылық  құқығы……………………………………………..

1.3. Туындыны  халыққа  жария  ету  құқығы…………………………………………..

 

ІІ.  АВТОРДЫҢ  МҮЛІКТІК  ҚҰҚЫҚТАРЫ

2.1. Мүліктік  құқықтардың  жалпы  мінездемесі…………………………………….

2.2. Мүліктік  құқықтарының  түрлері…………………………………………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………….

 

КІРІСПЕ

 

      Халқаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты  ХV  ғасырда пайда болды.

      Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге кледі. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды.

       Бүгінгі Қазақыстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады.

       Авторлық құқық жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ-шы ғасыр аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылы 29-желтоқсанда қабылданған «мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Ол кездегі заң авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын шешуге дәрменсіз еді.

         Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973-жылы Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің (ВААП) Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталды.

         Авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның Авторлық құқық және сабақтас құқығы жөніндегі Мемлекеттік Агенттігі құрылды. Ол 1999 жылдың басында Әділет министірлігінің құрамына беріліп, «Авторлық құқық жөніндегі комитет» деп аталған болатын/1/.

     Нарықтық экономикаға көшу нәтижесінде авторлық құқықтың рөлі өзгеріп,

ұлғая түсті. Туындыны пайдалану оның авторын сыйақымен қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ интеллектуалдық өнімді коммерциялауды жүзеге асырушы субъектінің де тірлігінің негізін құрады. Бұған шығармашылық саласындағы барлық объектілердің заңи құрамының әрекет етуші заңда бекітілуі әсер етті, ол оның қорғалу дәрежесінің күшеюінен, шарттық қатынас жүйесінің дамуынан көрінді.        

       Еліміздегі экономикалық қатынастың өзгеруінен бастап, авторлық құқық жүйесін қайта қарау қажеттігі туындады. Қазақстан Республикасы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңын және бір бөлімі толығымен интеллектуалдық меншікке арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлімін) қабылдаудан кейін, авторлық-құқықтық саладағы жағдай түбегейлі түрде өзгерді. Ең негізгі өзгеріс, туындыға авторлық құқықты автордың өзіне беруді тану (әсіресе бұл дыбыс-бейнежазу туындыларына қатысты) болып табылады. Бұрынғы СССР кезіндегіавторлық құқықта, автор өз шығармашылық еңбегінің нәтижесіне меншік құқығын иеленбеген.

 

       Авторлық құқық туралы жаңа заң Қазақстанға осы саладағы халықаралық келісімдерге қатысуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы авторлық құқық бойынша келесідей халқаралық конвенциялардың мүшесі болды – 1986 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына және 1952 жылғы авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік (Женевалық) конвенцияға қосылған болатын.

        Одан басқа, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, авторлық құқықты бұзғаны үшін жауаптылықты көрсететін арнайы нормалар қарастырылған.

       Қазіргі жағдайда өзіміздегі бар ғылым мен мәдениеттің даму дәрежесін сақтап оның әрі қарай дамуына жағдай жасау өте үлкен мәнге ие. Бұл жұмысты шығармашылық жұмысшылардың  мүддесін қорғамай, олардың жұмысын марапаттамай және құқықтарын  қорғамай іске асыру мүмкін емес.

        Әдеби музыкалық, көркем және ғылыми шығармалар авторының қоғамдағы атқаратын рухани және санаткерлік рөлі соншама – ол азаматтардың терең де тұрақты мүддесіне толық жауап беріп, өркениеттің дамуында шешуші мәнге ие болады.

       Мемлекет автордың жеке табыстарымен ғана шектеліп қоймай, оның қоғам байлығына қосқан үлесін де ескере отырып, мейлінше ауқымды және берік қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс.

       Авторлық құқықтың қазіргі бағыты қорғалатын туындылардың кеңеюі мен авторлық құқықтың жүзеге асу нысандарынан және қорғалу дәрежесінің күшеюінен көрінеді.

       Осы саладағы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы еліміздің салт – дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді. Сол себепті бұл заңымызды өте дұрыс және тиімді құрастырылған деп санауымызға болады.

       Мен осы дипломдық жұмысымды, көптеген қазақстандық және ресейлік заңгер ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, және оның негізінде  жаздым. Бұл сала бойынша қазақ тілінде материялдар аз болғандықтан, көбіне заңи әдебиеттер қолданылды.

      Мен мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтардан тұратын автордың құқықтары туралы өзімді қызықтырған барлық сұрақтарға, осы жұмысымды жазу барысында, толық жауап алдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            І.    АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

 1.1. Авторлық құқық және авторлық атқа құқық

 

Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасындағы бірінші және негізгісі ол туындының авторы болып танылу құқығы. Авторлық құқық туындының белгілі бір тұлғаға тиістілігін объективті факт ретінде белгілейді және туынды мен оның жасаушысы арасындағы ақиқатты байланысты қорғайды.

Берндік конвенцияның 6-шы бабында авторлық құқықты туындыға өзінің авторлығын тануды талап ету құқығы» деп көрсеткен.

1991 жылға дейін әрекет еткен заңда, авторлық құқық тікелей бекітілмеген. Бірақ заңи әдебиеттерде автордың бұл құқығының бар болуы бұрыннан көрсетілген болатын, тек оны бегілеуге қатысты ортақ пікір болмаған еді.

Заң авторлық құқықты тікелей көрсетпей ақ, авторға туындысын өз атынан жариялау және пайдалану құқығын бекіткен, осыған байланысты кейбір заңгерлер авторлық атқа құқық авторлыққа құқықтың құрамына кіреді деп санаған. Басқалары тек авторлық атқа құқық бар, ол кейде авторлық құқықты білдіреді деп санаған.

Кейбіреулер, авторлық құқық – ол дербес,  авторлық атқа құқықтан бөлінген, ал заңда авторлық құқықтың жоқ болуы  «авторлыққа құқық және авторлық атқа  құқық дербес жеке құқық емес деп айтуға негіз бермейді, оның бар болуы және ол бұзылған жағдайда қорғау шарасы жоққа шығармайды» деп дәлелденген\1\.

Уақыт өте келе көптеген ғалым заңгерлер авторлық құқықтың дербес және негізгі мағынасы, ол тұлға өзі жасаған туындының жасаушысы ретінде саналу және танылу құқығы екендігін мойындаған және оның айналасындағы

басқа барлық құқықтар оған бірігеді, топтасады (және О.С.Иофеннің айтуынша «бір бірімен құрасып жабысады») деп танылған\1\.

Бірақ әдебиетте басқа пікір де айтылған, онда, авторлық құқық туындының авторында жоқ және оны дербес құқық ретінде тану толық негізделмеген өйткені, «туынды жасаған тұлға авторлық құқыққа ие болғандықтан емес, оның жасаушысы болғандықтан, туындыға белгілі бір шығармашылық күшін салғандықтан автор болып саналуға құқылы», ал егер «үшінші тұлға басқа біреудің туындысын иемденген жағдайда, соңғысы өз мүддесін қорғауды талап етуге құқық авторлық құқық болғандықтан емес, үшінші тұлға туындыны жасауға қатыспағандықтан» деген.

Авторлық құқықтың дербес құқық ретінде мойындамау себебі авторға «авторлық құқықты беру, ол жеке меншік құқығының үш түрінен басқа (иелену, пайдалану, басқару) тағы да төртінші жеке меншікті тану, яғни, «ол сол заттың қожайыны ретінде саналу құқығын» тану сияқты болатын еді деп дәлелдеген.

Осыған байланысты қорытындыда авторлық құқық жоқ және атор мен авторлық құқық түсініктерін біріктіру іс жүзінде өз құндылығынан айырылған \2\.

Осыған қоса З.В.Ромовская субъективтік авторлық құқық деп аталатын, барлық кешенді белгілеу үшін жинаушы ретінде бұл түсініктің қолданылын жоққа шығарған жоқ.

Ондағы келтірілген дәлелдермен келісуге болмайды. Туындының авторында авторлық құқытың болуы ол авторлық құқық өзіне мүліктік емес жеке құқықты қосқандықтан ол авторлық құқықты толығымен бөлектетпейтіндей қылады. «Авторлық құқықтың жеке меншік құқығынан айырмашылығы ол туынды мен автордың арасындағы ажырамас байланыста, туындыны автордың жасуы және оның авторлық құқықта орын алуы ақиқатына негізделген байланыста». «Сондықтан да авторлық құқықта авторлыққа  құқық-

ты құрастыру керектігі бар, мұнда иесі мен мүліктің арасындағыдай  ажырамас байланыс жоқ, иесінің затына ерекше құқығы жоқ». М.Я.Кириловтың пікірі бойынша авторлық құқықпен жеке меншік құқығын салыстыру «З.М.Ромовскаяның дәлелдерін толығымен жоққа шығарады, өйткені меншікке қатысты дау туындаған жағдайда оның меншік иесі  берілген құқықтың осылайша дәлелденуіне  байланысты, өзінің бөлек құқықтарын емес, жеке меншігін қорғауды талап етеді». З.М.Ромовскаяның  өзі де авторлық құқықты бөлек құқық  ретінде жоққа шығара отырып, «авторлық» түсінігін «туындыны жасаудағы фактілік нәтиже» деп таниды және авторлықты «уақыт ағымына тәуелді емес» дейді.

Авторлық құқық алғаш рет, заңды түрде 1991 жылы 135-ші бапта бекітілген болатын, ол авторға тиісті құқықтың біріншісі деп айтылған.

Сондай-ақ авторлық атқа құқық та бекітілген яғни ол, бұл екі құқықтың дербес екндігін куәландырады. Бірақ бұл заң актісінде, аталған  құқықтарға түсініктеме берілмеген, оның мазмұнын ашып көрсеткен жоқ.

1993 жылы қабылданған Ресей Федерациясының заңында авторлық құқық пен авторлық атқа  құқық екі дербес құқықтар ретінде қарастырылған. Туындыға қатысты авторлық мүліктік емес жеке  құқықтары бекітілген 15-ші бапта:

«туындының авторы болып танылу  құқығы (авторлық құқық)» және «автордың шын атымен, бүркеншек атпен немесе атын көрсетпей, яғни жасырындықпен туындыны пайдалануға рұқсат ету – немесе туындыны пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық)». 

Осындай авторлық құқықтың түсінігі және оның есімге құқықпен арақатынасы авторлық құқық ғылымында танылған.

Бірақ Ресей Федерациясының заңына ұқсас болып келген Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 15-ші бабы, 1-ші тармағындағы 1-2 тармақшаларында бұл құқық басқа үлгіде берілген:

  1. «Туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның ішінде, егер іс жүзінде мүмкін болса, туынды кез-келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есімін тиісті түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық)»,
  2. «туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік есімін) көрсету және соны талап ету немесе есімін көрсе,туден бас тарту құқығы, яғни жасырынды (есімі аталу құқығы)».

Бірінші тармақшадағы  анықтамада, бір жағынан авторлық құқыққа автордың атын көрсету мүмкіндігі қосылады, ал басқа жағынан авторлық атқа құқықта тек қана «шын аттың орнына лақап атты немесе авторлық атын көрсетуден бас тарту мүмкіндігін жатқызады.»

Автордың атын туынды даналарында көрсету арқылы тану туынды басып шығарылғаннан кейін және әрі қарай пайдаланғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы  мүмкін. Туындыны пайдалануға байланыссыз авторлық құқық бұзылуы мүкін, мысалы  авторлықты иемдену  немесе иемденгенін мойындамау. Негізінен авторлық туындыны жасау фактісінен туындайды және туынды пайдаланыла ма, жоқ па оған байланысыз қорғалуы тиіс, яғни туындысы жарияланбаған автор да авторлық құқыққа ие болады.Сәйкесінше авторлық атқа құқықты бұзу туындыны пайдалануда ғана мүмкін болады, туынды даналарын жеткізуде немесе  оны орындауда басқа ат көрсетілген жағдада, авторлық туындыны пайдаланбай-ақ бұзылуы немесе дау туындауы мүмкін.

Туындыны пайдалану кезіндегі автордың атын көрсетуді талап ету құқығы басқа жеке құқықтың мазмұнына да кіреді – авторлық атқа құқыққа. Бұндай талапты авторлық құқыққа  жатқызу құқықтың дұрыс мазмұнын бұрмалауға әкеледі.

Яғни Қазақстан Республикасының заңында туындаған есімге құқық және шын есімін көрсетуді авторлық құқыққа жатқызу деп бөлу, тікелей талқыланғанда дұрыс емес қорытындыға әкеледі, бұнда лақап атты көрсеткен жағдайда немесе аты көрсетілмеген туындыны пайдаланғанда, яғни жасырындық, автор авторлық құқықты пайдаланбайды, бірақ атап өткендей, туындыны жасау сәтінде пайда болған авторлық құқық авторға  туынды пайдаланыла ма, жоқ па және пайдаланған кезед қандай есім көрсетілгеніне тәуелсіз тиесілі болады деген қорытынды. Егер туынды бөтен тұлғаның атымен жарияланса, ал автор өзінің шын атын көрсетуді талап етсе, ол бұл талабымен туындының авторы болып танылу мүмкіндігі ретіндегі авторлық құқықпен бірге қорғалуға құқықты  жүзеге асырады, яғни тек құқығы бұзылған жағдайда дербес субъективтік құқық, авторлық құқық туындйды.

Және керісінше, өзінің авторлығын қорғай отырып автор өзінің шын атын ғана емес, халыққа танымал лақап атын да көрсетуді талап ете алады. Мысалы, М.Горьки (А.Пешков), Ахматова (Горенко), Абай (Ибрахим Құнанбаев), А.Тарази (Ашимов) және тағы басқалар. Бұл жағдайда автордың шын аты көрсетілмесе де, туындының белгілі бір тұлғаға тиесілігі қорғалады, яғни, аторлығы.

 Авторлық құқықтың дрбес екендігін айтқан С.А.Чернышеваның өзі «бұл құқыққа қоса авторға автолық атқа құқық тиесілі болады, ол туындыны пайдалану жағдайында авторлықты белгілеу әдісі ретінде қаралады» деп жазады. Қандай да бір әдіспен соның ішінде шын атымен  өзінің авторлығын  белгілеу мен автор болып танылу мүмкіндігі арасындағы  айырмашылық аталған қайшылыққа әкеледі. Заң шығарушы, авторлық құқық тармағында шын атты айта кетіп, автордың шын есімінің орнына лақап есімін көрсету мүмкіндігіне және есімін көрсетуден бас тарту мүмкіндігіне әкеле отырып, оны есімге құқықты қарастыратын тармақшада қайталану мүмкіндігін қарастырмаған.

Авторлық құқық абсолюттік құқық борлып табылады және ол басқа тұлғаларға авторлық құқықты бұзбау міндеттілігін жеткізеді. Туындының даналарында есімін көрсету арқылы авторлықты тануды тек оны пайдаланушыларға ғана қатысты талап ете алады. Бірақ бұндай талапты басқа белгісіз тұлғаларға тарату мүмкін емес.

Авторлық құқықтың мәні шығармашылық еңбегімен туынды  жасаған жеке тұлғаның сол туындының авторы ретінде танылу құқығында жатыр. Туындының авторы ретінде саналу құқығы  туындыны қандай да бір жағдайдағы пайдалану кезінде заңның сақталуын талап етуін қамтамассыз етеді және оны басқа тұлғалардың теріс әрекетінен қорғайды.

Авторлық құқықты тек туындыны жасаған жеке тұлға ғана жүзеге асыра алады. Ешқандай тұлға біреудің еңбегімен жасалған туындының авторы бола алмайды. Авторлық құқық туындыны жасаудағы автордың жұмысының құқықтық бейнесі және бекітуі болып табылады.

Белгілі бір тұлғаның авторлығын тану, авторлық атқа  құқықтың жүзеге асырылуына әкеледі, ал ол өз кезегінде әр түрлі жағдайда  туындыны пайдалану кезінде жүзеге асырылады.

        Тұлғаның туындыны жасаушы ретінде танылуы заңда көрсетілген басқа барлық авторлық құқықтың жүзеге асырылуына әкеледі.

Заңда автордың шын есімі, егер іс жүзінде мүмкін болса, көрсетіледі делген. (1-тар) ал бүркеншік есімге қатысты (2-тар) мұндай ескертпе айтылмайды. Бұнымен заң пайдаланушыны лақап атын көрсетуге іс жүзінде мүмкін болмаса да мәжбүр етеді. Автордың шын аты да, лақап аты да тең дәрежеде қорғалады және оны көрсету немесе көрсетпеуіне негіз бірдей болуы тиіс.

Сондықтан да шын атын және лақап атын көрсету бір құқықтың мазмұнын құрауы тиіс – атқа құқық, ал авторлық құқыққа, жасалған туындының авторы ретінде танылу мүмкіндігі ғана жатқызылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бұл жетіспеушілікті жойды, 977-ші баптың 1-ші тармағының 1,2-тармақшаларында авторлық құқықты «туынды авторы ретінде танылу және оны пайдалану кезінде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай туынды талап ету құқығы» деп, ал авторлық атқа құқықты «туындыны өз атынан, бүркеншік атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы деп көрсеткен».

Авторлық атқа құқық – ол аталып кеткендей, тікелей заңда көрсетілген «туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік есімін) көрсету және соны талап ету немесе есімін көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық».

Авторлық құқық туралы заңда, яғни 1928 жылғы авторлық құқық Негіздерінің 7-бабы мен Қазақ ССР АК-нің 475-бабында да авторолық құқық осылайша бекітілген болатын. Авторлық атқа құқық авторлық құқық ғылымында жалпы таныған түсінік болып табылады; қазіргі кезде ол Ресей Федерациясы заңының 15-ші бабында да бекітілген, онда «Автордың шын атымен, лақап атымен немесе атын көрстепей, жасырын түрде туындыны пайдалану немесе пайдалануға рұқат ету құқығы».

Авторлық атқа құқық авторлық құқықпен сөзсіз байланыста, бірақ ол дербес болып келеді.

Объективтік ақиқатты көрсететін және туындыны жариялауға тәуелсіз болатын авторлық құқықтан айырмашылығы, авторлық атқа құқық біржақты еркімен жүзеге асырылады және туындының жариялануына байланысты жүзеге асады\1\.

Қазақ ССР АК-нің 475 бабында автордың құқықтары аталған, онда авторлық атқа құқық басқа құқықтардан бөлінбеген болатын. Жалпы бұл баптың 1-тармағында «барлық рұқсат етілген әдіспен, шын атымен, лақап атымен (бүркеншік ат) немесе атын көрсетуден бас тартумен, яғни жасырындықпен туындыны жариялау, қайта шығару және  тарату» деп көрсеткен. Яғни бұл жерде авторлық атқа құқық жариялауға, қайта шығаруға және таратуға құқықтарымен біріктірілген.

Сонымен қатар Қазақ ССР АК-ның басқа бабында авторлық атқа құқық дербес құқық ретінде танылған. Мысалы, Қазақ ССР АК-нің 493-бабы  2-тарауында «авторлық атқа құқық мұрагерлікпен берілмейді» делген.

Нәтижесінде, 1991 жылғы Негізінен бастап, авторлық атқа құқық бөлек бекітілді. Бірақ бұл құқықтың мазмұны, яғни бұл құқықпен қамтамасыз етілетін автордың әрекеттері заң актілерінде әрқашан дұрыс көрсетіле бермеген.

Бұл жанама бекітілгендей сияқты келген авторлық атқа құқық пен пайдалануға құқықтың бір құқықта байланысуынан көрінеді.

Мысалы Ресей Федерациясының заңы авторлық атқа құқықты «автордың шын атымен, лақап атымен немесе атын көрсетпей жасырын түрде, туындыны пайдалану немесе пайдалануға рұқсат  ету құқығы» деп көрсете отырып, Қазақ ССР АК-нің 475-бабында көрсетілген норманы қайталайды.

Бұнымен туындыны пайдалануды, авторлық атқа құқықты жүзеге асыратын әрекет ретінде көрсетеді. Бірақ туындыны пайдаланудағы әрекет автордың мүліктік құқығының мазмұны болып табылады.

Осы қатынаста Қазақстан заңы авторлық атқа құқықтың мазмұнын, өз атын көрстеу, көрсетуді талап ету мүмкіндігі немесе атын көрсетуден бас тарту деп айтады.

Қазақстан Республикасы АК-нің 977-бабы 1-тармақ 2-ші тармақшасында авторлық атқа құқықты «туындыны өз атынан, бүркеншік атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы» деп, Ресей заңын қайталаған.

Бірақ «туындыны пайдалану құқығы» — ол пайдалану құқығы, ал туындыны белгілі бір атпен немесе атсыз пайдалану құқығы – бұл атқа құқық екенін түсіндіру қиын. Қай жағдайда да «пайдалану» негізгі термин болады.

Бұл жағдай заңи әдебиеттерде орын алған болатын. С.А.Чернышева авторлық атқа құқық көрсетілген заңның мазмұнында басқа мазмұн көрсетілген деп қарсылық туғызған болатын. Атқа құқық – бұл туындыны белгілі бір атпен  пайдалану немесе пайдалануға рұқсат ету құқығы емес, бұл автордың  өзінің таңдау құқығы.

Осылайша автордың дербес, мүліктік емес жеке құқығы ретіндегі атқа құқықтың мазмұнын құрайтын әрекет, шын атымен немесе лақап атымен тындыны пайдалануда (қайта өңдеу, тарату және т.б) емес, ол туындыны пайдалану кезінде шын атын немесе лақап атын көрсетуде.

Қазақстанның заңында көрсетілген атын көрсету (шын және лақап) тек туындының даналарында және оны қандай да бір жария пайдалану кезінде, автордың жеке мүддесін міндетті  шегінде қамтамасыз етпейді. Заңның өзінің мазмұнында жария пайдалану түсінігі жоқ, 16-шы бапта пайдаланудың тек кейбір әдістері қаралған, олар – жария көрсету, жария орындау, жария хабарлау. Ал туындыны жалпы жұрттың назарына арнап эфирден немесе кабнльден хабарлау жария деп аталмаған.

Егер туынды қайта шығарылса, көбейсе автордың аты даналарда көрсетілуі тиіс (кітаптарда, пластинкаларда, таспаларда және т.б). Сурет немесе ескерткіштің нағыз түпнұсқасын көрсеткен кезде, автордың аты түпнұсқада көрсетілмесе, кем дегенде оның астына қолы қойылуы тиіс, музыкалық туындыны көпшілік үшін орындау кезінде және оны эфирге берген кезде автордың аты сәйкесінше  хабарлануы тиіс.

Қарастырылып отырған автордың құқығы әдет бойынша заңда және заңи әдебиеттерде атқа құқық деп аталады.

Қазақстан Республикасының АК-де алғаш рет «азаматтың аты» деген норма қосылады (15-бап) оған сәйкес азамат құқықтар мен міндеттерді өзінің атымен алады және жүзеге асырады, оған тегі мен өзінің аты және еркі бойынша әкесінің аты да жатады.

Осы бапта азаматтардың жасырын түрде құқықтар алуы және міндеттерін жұзеге асыруы немесе лақап атты (бүркеншік ат) пайдалануы туралы заңда қарастырылуы мүмкін деп бекітілген.

Осы бап атқа құқықты азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтарының бірі ретінде бекітеді. Бұл құқық сондай-ақ өзіне заң актілерінде бекітілген рет бойынша өзінің атын өзгерту мүмкіндігін қосады (4-т), осыған сәйкес бұрынғы атына берілген құжатқа өзгерістер  енгізуді талап ету құқығы (5-т), оның келісімінсіз атын пайдалнуға тыйым салуды талап етуге құқық (8-т), оның атын заңсыз қолдану  нәтижесінде туындаған залалды өтеттіруге құқық «9-т» және т.б. Бұл мүліктік емес жеке құқықтарды автор басқа азаматтармен теңдей иеленеді.

Л.О.Красавчикова атқа құқықты, мынандай мүліктік емес жеке құқық, реттеу әдісі бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 15-бабына ұқсас келген азаматтың әлеуметтік өмір сүруін  қамтамассыз ететін құқық деп түсінеді\1\.

Өзінің атымен, лақап атымен немесе жасырындықпен азамат әр түрлі құқықтық қатынасқа түседі. Көптеген жазушылар, орындаушылардың  шығармашылық жұмысына ғана байланысты  емес және де қоғамдық салада жұмыс істейтіндіктен лақап атпен танымал болған.

Заңи әдебиеттерде лақап аттың ашылуына жол беріле ма және қандай жағдайда жол берілмейді деген сұрақ қойылады. Э.П.Гавриловтың негізделген пікірі бойынша туындыға байланыссыз лақап аттың қолданылуы авторлық құқық шегінен шығады. Кейін лақап атпен немесе жасырындықпен жарияланған туындының авторы белгілі тұлға деген қорытындыға  әкелген әдеби зерттеулерді  жариялау авторлық құқықта атқа құқықтың бұзылуы болып табылмайды. Баспаларда танымал адамдардың лақап аттары ашылып, жарияланады, соның ішінде эстрадалық орындаушылардың лақап аттары жиі ашылады. Мұндай жағдайдағы жариялау  авторлдық құқықтың емес, авторлық атқа құқықтың бұзылуы болып табылады.

Қаралып отырған авторлық құқық, ол автордың атын туынды даналарында көрсету, туындыны орындау кезінде автордың атын жариялаудан көрінеді, яғни нақты туындымен ажырамас байланыста, дұрысырақ айтқанда «атын белгілеуге құқық». Ол құқықты  жүзеге асыруда  автордың,  заңмен қарастырылған үш әдістің бірін таңдап, қолдану мүмкіндігі бар.

Шын атын автор туындыны  қандай да бір жазылған вариянтта қолдану кезінде көрсете алады —  атын (тегін, өз атын, қаласа әкесінің атын) толығымен көрсету, өз атының орнына инициалын көрсету т.б. Шын атын көрсетудің

варианты да заңмен қорғалуы тиіс. Егер автор өз атын және әкесінің атын толығымен көрсетуді қаласа, оны инициялмен ауыстыруға болмайды.

Әдебиеттерде инициялдар соның ішінде нағызы да лақап ат болып табылды, өйткені олар автордың азаматтық атын жасырады деген пікір айтылан.

Бірақ бұл пікірмен келісу мүмкін емес. Лақап ат ретінде шартты (Қазақ ССР АК-нің 475-бабы) немесе ойдан шығарылған (АК 15-бабы, Авторлық құқық туралы заңның 15-бабы) атты айтуға болады. Бұл түсініктердің арасында айырмашылық жоқ. Автордың шын инициялдарын шартты немесе ойдан шығарылған деп тану мүмкін емес. Мүмкін, туындыда автордың тек инициалдары (шын және ойдан шығарылған) ғана көрсетілген жағдайда бұндай туындыны лақап атпен шығарылған деп тануға болмайтын шығар.

Лақап ат ретінде әдетте басқа азаматтық ат таңдалды. Сондай-ақ лақап ат ретінде басқа қандай да болсын сөз қолданылуы мүмкін.

Атын көрсетудің вариантын таңдау лақап атты көрсету кезінде де таратылуы тиіс. Мысалы, жалпыға танымал жазушы А.М.Пешков Максим Горький деген әдеби лақап атты таңдаған болатын. Туындыларды жарыққа шығарған кезде жазушының лақап аты толық көрсетіледі. Бұндай жағдайда автордың өзі лақап атты жазудың қандай түрін таңдау керектігін  анықтауы тиіс.

Лақап атты әр түрлі себеп жағдайларда пайдаланады: ұзақ немесе қысқа ат үшін, бір автордың әр түрлі саладағы шығармашылығының бір бірімен араласпауы үшін және басқа жағдайларда. Мысалы, математик Чарльз Лютвидж Догсон өзінің математикалық жұмыстарын шын атымен жариялап, логика, балалар ертегілерін, тақпақтарды жариялау үшін Льюис Кэролл деген лақап ат таңдап алған.

Бір кездері Кеңес одағында лақап атқа тыйым салу туралы ұсыныстар айтылған оны социалистік қоғамда автор өзінің шын атын жасыратындай себеп жоқ деп негіздеген. Бұндай ұсыныстар қолдау тапқан жоқ. 

Керісінше авторларға шын атымен туындыны жариялауға тыйым салып, лақап атты таңдауға мәжбүр еткен жағдайлар белгілі. Бұндай шектеулер мысалы белгілі журналист А.Аджубеяға қатысты қойылған\1\.

Бұндай жағдайды сөзсіз авторлық  атты көрсетуді бұзу деп тану қажет.

Автор ешқандай атты көрсетпеуге де құқылы. Бұл жағдайда туынды жасырындықпен пайдаланылады.

Кей түрдегі өнер туындысының авторлары, көбіне бейнелеу өнерінің өзінің авторлығын белгіліеу үшін шын аттың орнына және шын атпен қоса лақап атпен қол қояды, монограмма және басқа граффикалық белгілер қояды. Бұндай белгілер әдетте суретті пайдалану кезінде қайта шығарылады, мысалы, газеттегі карикатур, соның ішінде қол қойылғаннан кейін қасына автордың шын аты көрсетілген жағдайда. Бұндай бейнелеу құралдарымен орындалған атын белгілеу, біздің ойыызша, автордың шын аты және лақап атымен қоса заңмен тең қорғалуы тиіс, өйткені олар дербес мағынада.

Автордың таңдаған атын көрсету варианты авторлық шат бойынша да еркін қолдану кезінде де туындыны пайдалануда көрсетілуі тиіс. Қазақ ССР АК-нің 488 және 490 баптарында автордың келісімінсіз туындыны пайдалануды көрсететін (регламенттейтін) баптарында, бұндай пайдалану «автордың тегін көрсетумен» рұқсат етіледі делінген, бұл сөзсіз авторлық атты

көрсету құқығының мазмұнына сәйкес емес еді.

        Авторлық құқық туралы заңның 19 және 20 баптарында авторлық атты көрсету талап етіледі.

        Сондықтан да бұндай жағдайда пайдаланушы И.В.Савельева жазғандай «туындыны, бірінші рет автор қандай атпен шығарса, сондай атпен көрсету»  жарияланбаған туындыны қандай да бір пайдалануға жол берілмейді.

Өзінің атын көрсету құқығы және пайдаланушыдардан бұндай көрсетуді талап ету, автордың белгіленген атына автордың келісімінсіз қандай да бір

өзгерістер енгізуге тыйым салынатындығы туралы пайдаланушылардың міндеттерін айтады (Қазақ ССР-ң АК-нің 482-бабы). Заңда атын көрсету құқығына шектеулер де қарастырылған. Шын аттың көрсетілуі мүмкін емес жағдайда, ол міндетті емес.

Қазақ ССР АК-нің 490-бабы 4-тармағында, өнеркәсіп бұйымдарындағы туындыларды пайдалануда автордың атын көрсетпеуіне жол беріледі, өйткені пайдалануда автордың атын техникалық себептермен көрсету мүмкін емес жағдайдан басқа да себептер болуы мүмкін. Не болғанда да бұны шектен кең талқылауға болмайды.

Сондай-ақ автордң атын жария емес  пайдалануда көрсету міндетті емес. Мысалы, туындыны жеке мақсатпен қайта шығаруда. (Авторлық заңның 18-ші бабы). Кейбір туындыны еркін пайдалану жағдайында атын көрсету  міндетті емес, өйткені ол заңмен талап етілмейді. Автордың атын көрсету керектігі заңмен бекітілгеннің басқа жағдайдан айырмашылығы бұндай жағдайда аталған жеке мақсатта қайта шығарудан басқа, туындыны ресми түрде жария орындау (авторлық заңның 22-бабы) мен әкімшілік және соттық мақсатта туындыны қайта шығару (авторлық заңның 23-бабы). Бұндай түрмен той немесе садақа кезінде музыкалық туындыны орындауда композитордың атын жариялау егер бұл жариялау іс жүзінде мүмкін болса да міндетті емес.

Бұл жағдайдың бәрінде де автордың атын көрсету, көрсету туралы сұрақты пайдаланушы өзі шешеді.

Бірақ заңға белгілі әдіспен автордың атын көрсетуге тікелей тыйым салу белгілі.

Сонымен, 1928 ж Авторлық құқық Негізінің 9-бабымен, басқа тұлғаның туындысынан көшірме түсіріп алуға жол берілген, бірақ шын автордың көркем немесе фотографиялық туындысын, монограмманы немесе қолын көшірмеде көрсетпей және тек жеке пайдалану үшін ғана рұқсат етілген.

Бұл жерде қолы мен монограмманы көшірмеде қайта шығару, көшірмені шын туынды деп шатастырмау үшін тыйым салынған.

Туындыны құрастырушының (шығарма авторының) атын көрсету  құқығында спецификалық ерекшеліктер бар екенін айту қажет.

Олардың шығармашылығының нәтижесі, қолданылған алғашқы туындылардан (авторлары аналогиялық құқыққа ие) бөлінбейтін болғандықтан, аудармашылардың, құрастырушылардың аттары сол аудармашы немесе құрастырушы екендігін білдіретіндей етіп көрсетілуі тиіс.

Әдеби туындының аудармасын шығарған кезде аудармашының атын, жазушының атының қасына көрсетуге жол беріомейді, өйткені, олар тең авторлар деген пікір тудыруы мүмкін.

 

1.2. Туындыға қол сұқпаушылық құқығы.

 

 Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасында, авторлық құқық туралы заңның 15-ші бабы, 1-тар, 3-тармақшасында «туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделіне нұқсан келтіре алатын басқа кез келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделін қорғау құқығы)» деп көрсеткен.

Бұндай жеке құқық бұрын да авторға бекітілген болатын.

Қазақ ССР АК-ң 475 бабында және 1991 ж Негізінде 135-ші бапта, «Туындыға қол сұқпаушылық құқық» қарастырылған, ал Берндік конвенцияның 6-бабының 1-тармағында «туындының бұрмалануына немесе басқа өзгеруіне жол бермеу, сондай-ақ автордың беделіне немесе ар-ожданына нұқсан келтіретіндей туындыға қандай да бір қол сұғуға жол бермеу деп бекітілген.                                                                                                                                           

Қазақ ССР АК 475-бабында бекітілген туындыға қол сұқпаушылық мазмұнында, «Автордың құқықтары» сол кодекстің 482-бабында «Туындыға қол сұқпаушылықты және автордың атын қорғау» деп ашып көрсетілген. Бұл бпатың 1 және 2 тармақтарына сәйкес «туындыны жеткізуде, жарияны орындауда немесе басқа пайдалануда автордың келісімінсіз туындығына, оның атауына және авторлық атты көрсетуге қандай да бір өзгертулер енгізуге тыйым салынады.

Автордың келісімінсіз сондай-ақ туындыға,оны шығару кезінде иллюстрация, алғы сөз, соңғы сөз, комментария және қандай да бір анықтама беруге тыйым салынады».

Көріп отырғандай, туындыға қол сұқпаушылық құқық туындыны автордың келісімінсіз енгізілетін қандай да бір өзгертулер енгізуден қорғайды, соның ішінде, автордың  беделі мен ар-ожданына нұқсан келтіретіндерінен қорғайды. Осылайша, туындыға қол сұқпаушылық құқық, автордың беделін қорғауға құқықтан көрі кең және оны толығымен қамтиды.

Ресей Федерациясының заңы құқықты, қарастырылып отырғанға ұқсас етіп анықтаған «автордың беделі мен арына нұқсан келтіре алатын қандай да бір бұрмалау немесе басқа қол сұғушылықтан туындыны, оның атауын қоса, қорғауға құқық (автордың беделін қорғауға құқық)». (15-баптың 1-ші тармағындағы 5-ші жол). Бұл жерде, автордың беделін қорғауға құқықтың мағынасы Қазақ ССР АК-ң 482-бабына ұқсас болып келген РСФСР АК-дегі бекітілген туындыға қол сұқпаушылық құқыққа емес, конвенциялық нормаға негізделеді.

Берндік конвенцияның 6-шы бабы шынында да авторды, оның туындысына қандай болсын өзгерістердің енгізілуінен және бұрмалауынан қорғамайды, ол тек оның беделіне, ар-ожданына  нұқсан келтіретіндерінен ғана қорғайды. Бірақ та айта кеткен жөн, конвенция автордың мүліктік құқықтарының белгіленген аз ғана мөлшерін қорғауды белгілейді, бұл әр түрлі мемлекеттердің бұл сұраққа әр қалай қарауынан болған. Көптеген мемлекеттердің авторлық құқық туралы заңында бұл сұрақ ұқсас шешілген, соның ішінде Ресейде де. Бірақ та ішкі заңда жеке құқықты одан да жоғары дәрежеде қорғауға еш кедергі жоқ. Әсіресе бұл бұрынғы кеңес одағындағы мемлекетттерге қатысты, өйткені олардың Азаматтық кодексіндегі қандай да бір өзгертулерден туындыны қорғауды белгіленгенде, «автордың шығармашылық жекелігін, оның көзқарасын, ойларын, тілеулерін барынша қорғау» мақсатын көздеген.

Беделін қорғау құқығы мен туындыға қол сұқпаушылық құқықтың арасындағы айырмашылық олардың объектілерінің әр түрлеріне негізделеді. Бұл екі құқық та жеке мүліктік емес құқық болып табылса да, олардың объектілері бөлек жеке болып табылады.

Біріншінің объектісі болып, ар-ожданы, қадір-қасиеті  мен іскерлік (соның ішінде шығармашылық, ғылыми) беделі табылады. Автордың беделін қорғау құқығы «ол мазмұны бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-ожданын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы жалпы азаматтық құқықпен ұқсас келген, бірақ олардың арасында кейбір айырмашылықтар бар (қорғау тәртібі, мерзімдері және т.б)»/1/. Ар-ожданы, қадір-қасиетті іскерлік  беделді қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабымен де қарастырылған.

Екінші құқықтың объектісі – туындыға қол сұқпаушылық құқық ол автордың туындыларында жүзеге асырылған шығармашылық жекелігі, ерекше айқындығы, бұл авторлық құқықтың объектісі болып табылады.

Бірақ та, туындыдағы автордың саяси көзқарастары, ғылыми қорытындылары немесе моральдік қағидалары бұрмаланғанда, ол бір басқа. Бұндай жағдайда автор өзінің ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорғауды, соның ішінде «моральдық» зиянды өтеуді талап ете алады, және де туындының таралуына тыйым салу сияқты қорғау әдістерін қолдануы мүмкін.

Бірақ, туындыға автордың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келтірмейтін, оны бұрмалайтын өзгерістер енуі мүмкін. Көптеген өзгерістер «жақсарту» мақсатымен енгізіледі және туындыны жетілдіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ қандай болсын өзгеріс, туындының өздігін бұзады.

Бірнеше сөздің өзгертілуі немесе қайта орналастыруы сияқты жәй өзгерістердің өзі, мысалы, М. Цветаеваның  өлеңіндегі  «Помолись,  дружок,  за

бессонный дом, за окно с огнем»  сөзін «ты запомни друг, тот бессонный дом. То окно со огнем» тақпақ сөзіне ауыстырылуы, туындының көркемдік формасын бұзады, яғни оның құқықпен қорғалатын элементі. Егер конвенцияда қарастырылған төменгі дәрежедегі қорғауды алсақ, онда «бұзушыға қойылған талапты негіздеу қиынға соғады».

Осы және басқа да көптеген жағдайларда, автордың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келмейді. Бірақ та автордың шығармашылық ойы бұзылады, оны толық қорғауды туындыға қол сұқпаушылық құқығы қарастырған, ол туындыны көркемдік бейненің тұтас жүйесі ретінде, шығарылу кезінде қандай болсын өзгерістердің енуінен, ол өзгеріс қандай мақсатпен негізделсе де қорғайды; бұл құқық тек автордың ар-ожданын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғауды ғана қамтымайды.

Қарастырылып отырған құқыққа қатысты, халықаралық келісімге сәйкес критикалау заңда орын алатындығын тануға тура келеді.

Сонда да, авторлық құқық туралы заң, туындыға қол сұқпаушылық құқығын қарастырады деген қорытынды жасауға болады, өйткені ол арнайы аталған.

Одан басқа, қол сұқпаушылық құқық, кең құқық ретінде автордың беделін қорғау құқығын толығымен қамтиды.

Автордың құқық туралы заңның бабында қол сұқпаушылық құқық тікелей көрсетілгендіктен, бұл құқықты ашып көрсеткен  нормаларды қарау керек. Бұндай норма Қазақ ССР АК-ң 482-бабы, және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 977-бабы 1-тармағыны 3-тармақшасы (ерекше бөлім) болып табылады, онда «өз туындысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшілік алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келісімінсіз кімнің болса да өзгерістер мен толықтырулар енгізуінен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы)». Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің әрекет етуге енгізілу сәті Қазақ ССР АК-ның күшін жою  сәтімен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, бір норма күшін жойса, бірден екінші норма күшіне енеді, ол қаралып отырған аспектідегі  бірінші нормаға ұқсас келген. Осылайша Қазақстан Республикасының заңы бойынша қол сұқпаушылық құқық үзбестен автордың мүддесін оның туындысына қандай да болсын өзгерістердің енгізілуінен қорғайды.

Қазақ ССР АК-ң 482-бабының 1-2 тармақтарында және Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 977-бабы 1-ші тармағының 3-ші тармақшасында бүтіндей туындыға қол сұқпаушылық құқығын құрайтын екі дербес құқық бекітілген.

Біріншісі, туындыны, оның атауын қоса өзгеруден қорғайды, ал екіншісі автордың келісімінсіз туындыға енгізуге болмайтын иллюстрация, алғы сөз, соңғы сөз, комментарии, қандай да бір анықтама сияқты  туындыны пайдалануға  әсер ететін, оған қатысты сыртқы элементтерге әсер етеді. Бұл тек туындыны шығару кезінде болады. Э.П.Гавриловтың ойынша, бұндай қамтамасыз етуге автордың келісімі, тек шығарылу кезінде ғана емес, ол туындыны қандай да бір басқа пайдалану кезнде де қажет.  

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 977-бабы, 1-ші тармағы, 3-ші тармақшасының екінші азат жолында: «Автордың келісімінсіз оның туындысын шығарғанда безендірулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсініктемелер немесе қандай да болсын түсіндірмелер беруге тыйым салынады». Бірақ өкінішке орай оны қайтадан туындыны шығару жағдайымен ғана шектеген.

Заң, туындыға өзгертулер енгізуге және сыртқы элементтермен қамтамассыз етуге, тек пайдалану кезінде ғана тыйым салады. Сондықтан да, туындыны коментаримен, түсіндірмемен белгілеумен және сол сияқтылармен қамтамассыз ету, мысалы, кітаптың жеке данасында берілген, музыкалық туындыны ноталық текстен бөлек жария емес орныдау кезінде және т.б. болса, бұл берілген құқықтың бұзылуы болып саналмайды.

Қазақ ССР АК-сі қабылданбас бұрын әрекет еткен авторлық құқық туралы заңда, дербес авторлық құқық ретінде, туындыға қол сұқпаушылық құқық (өзгерместік, қорғау) немесе басқа сол сияқты құқық аталмаған.

1928 жылы Авторлық құқықтық негізіндегі 18-бапта «Баспахананың, автордың тірі кезінде, оның келісімінсіз туындының өзіне, атауына, авторлық аттың көрстеілуіне өз дегені бойынша толықтырулар, қысқартулар және басқа өзгертулер әкелуге құқығы жоқ. Баспаның, сондай-ақ автордың тірі кезінде, оның келісімінсіз туындыны безендірулермен қамтамассыз етуге құқығы жоқ.

Нәтижесінде, заңда, ғылыми шығарылған, туындыға қол сұқпаушылық құқық түсінігі бейнеленді, бірақ оның мазмұны, көріп отырғандай өзгерместен, өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тыйым салу деп бекітілген.

Э.П.Гавриловтың айтуынша, осыған байланысты қайшылық туындады, ол «бұл құқық өзінің атауы бойынша және мазмұны бойынша автордың құқығы ретінде емес, үшінші тұлғаларға қатысты тыйым салу ретінде карсетілген» дегеннен тұрады, және бұл құқықтың атауын «пайдалану кезінде туындыға аяқтық нысан беру туралы автордың құқғы» деп өзгертуді ұсынған, өйткені ол өзіне үшінші тұлғаларға қатысты өзгертулер енгізуге тыйым салуды ғана қоспайды, ол бірінші кезекте автордың өз туындысына өзгертулер енгізуге, белсенді әрекет ертуіне мүмкіндігі/1/.

Автор өз туындысын өзгерткен кезде, оны аяқтап өңдейді немесе қайта өңдейд, ол қол сұқпаушылыққа құқықты жүзеге асырмайды, ол шығармашылық еркіндігін жүзеге асырады ал шығармашылық құқықтың пәні бола алмайды.

Шыққан туынды, оның объективтік формада бейнеленуі – белгілі бір уақытқа дейін ұзаратын және үзілмес процесс болуға міндетті емес. Егер туынды автордың ойынша толығымен қарастырылған болса да, оған оны қағазға жазып алуға, салуға уақыт керек болады және т.б. Шығармашылық процесінде туынды өзгереді. Бұнда бұрын жасалған оның варианты жаңасымен қамтылып кетуі мүмкін, яғни өзгертулер туындының өзіне енгізілгенде, мысалы

жазушы өз қол жазбасын қысқартқанда, немесе суретші өзі салып қойған адамдар пейзажының жартысына бейнеленгенде, немесе әр түрлі эскиз түріндегі еркін мағынасын сақтап қалады, наброскалар және т.б. авторлық құқықтың   дербес объектілері болып табылатын алғашқы вариантын сақтап қалуы мүмкін.

Мысалға алтын болсақ. Жазушы кітап жазып жатып және екі бөлімін жазып қойған. Бұл екі бөлімнің авторлық құқықпен қорғалатыны сөзсіз. Бірақ ол басқа бөлімін жазуға кіріседі. Бұл әрекеттерді қалай айқындауға болады? Екі бөлімнен тұратын туындыға өзгерістер енгізумен немесе үш (бес, он және т.с) бөлімнен  тұратын туындыны жасауды жалғастыру? Бірақ әрине бөлімдер санын тек автор ғана анықтайды. Ол тек толықтырмайды, керісінше, екінші бөлімді жойып және туындыны бір бөлім көлемінде қалдыруы мүмкін.

Автор өз туындысын пайдалануға дайындау процесінде де және ол пайдаланылғаннан кейін де толықтыруы мүмкін. Туындының дайындық (аяқталғандық) дәрежесіне қатысты ешқандай формальді критерилер жоқ, туындының авторы мен жасалынатын сәтін де анықтау мүмкін емес, және кейін өзгертетінін де; сондықтан да автордың «туындыға аяқтық нысан беру» құқығы бұл туындыны жасауға туындыға автордың құқығын тануды білдіретін еді.

Авторлық құқық, шығармашылық нәтижесі талап етілетін белгілерге сай болғанда пайда болады және қандай болсын сәтте туындыға, сол сәтте автор қандай түрде шығарса, сондай көлемде таралады. Және қандай болсын уақытта автор оны әрі қарата дамытуы мүмкін, бірақ онымен қатар қандай болсын түрде ол аяқталған болып есептеледі, барлық басқа тұлғаларға «қол сұғылмайтын, өйткені аяқталу дәрежесі туралы сұрақты шешуге тек автор ғана құқылы.

Автордың өз туындысын өзгерту мүмкіндігіне осындай түсінік, яғни қол сұқпаушылыққа абсолюттік субъективтік құқық ретінде емес шығармашылық еркіндігі ретінде дегені, мұндай мүмкіндік неге шексіз еместігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Кей жағдайларда, мысалы туындыны тапсырыс бойынша жасау кезінде немесе қызметтік тапсырманы  орындау тәртібінде автор туындыға келісім-шарт, тапсырыс немесе қызметтік тапсырманың шарттарына сәйкес келмейтін өзгерістер (яғни, туындыны сондай түрде жасауға) енгізе алмайды.

Одан басқа, автор келісім-шартта айтылған өзгерістер енгізуге міндетті. Бұл жағдайда шығармашылық еркіндігі, басқа да еркіндіктер сияқты, жеке мүддесін қорғаудың заңмен аз қамтамасыз етілген (субъективтік құқықпен салыстырғанды) әдісі, тапсырысшы немесе жұмыс берушінің қатысты  субъективтік құқығына тәуелді. Сондай-ақ бейнелеу өнері туындысының авторы, түпнұсқасы меншік құқығы негізінде басқа да тұлғаға тиесілі болатын туындыға өзгерістер енгізуге құқығы жоқ.

Авторлық құқық туралы заң авторға туындыны қайта жасауға, оранжировкалауға немесе басқа әдіспен қайта өңдеуге (қайта өңдеуге құқық) (16-бап, 2-тармақ, 10-тармақша) құқықтар берген. Э.П.Гаврилов заң ережелерінен және тәжірибеден қорытынды шығарады, онда  туындыны қайта өңдеуге (қайта жасауға) құқық дербес авторлық құқық болып табылады және қол сұқпаушылыққа құқыққа кірмейді.

Туындыға қол сұқпаушылық құқық, автордың шығармашылық жекелігін қорғайтын жеке мүліктік емес құқық болып табылады.

«Қайта өңдеуге құқық» автордың басқа барлық мүліктік құқықтары сияқты, мүліктік қатынастарды яғни, туындының азаматтық айналымын реттейтін мүліктік құқық болып табылады.

Бұл құқық заңда автордың өз туындысын қайта жасау құқығы деп көрсетілсе де, қайта жасаудың өзінен өзі мүліктік мазмұны жоқ екендігін тану қажет. Сондықтан да қайта өңдеуге құқықты «туындыны қайта өңделген (өзгертілген) түрде пайдалануға құқық» деп атау дұрысырақ болар еді.

Осылайша «қайта өңдеуге құқық» өзгертілген түрде пайдалануға тыйым салуды білдіреді, ал туындыға қол сұқпаушылық құқық – пайдалану кезінде өзгертулер енгізуге тыйым салу.

Бірінші жағдайда мүліктік аспект ерекшеленеді – туындыны қандай да бір түрде айналымға шығару, ал екіншісінде – жеке аспект – автордың шығармашылық жекелігі рұқсат етілген пайдалануда сақтау.

Мысалы, егер баспа авторлық келісім-шарттың негізінде туындыны шығарса, шығару барысында автормен келісілмеген өзгертулер енгізсе (реттесе, комментаримен қамтамассыз етсе, қысқартса және т.с.с), онда туындыға қол сұқпаушылық құқықтың ғана бұзылғандығы көрініп тұр, бірақ пайдалануға мүліктік құқықтың емес.

Егер туынды автордың келісімінсіз және өзгертулермен шығарылса, онда пайдалануға құқық та, туындыға қол сұқпаушылық құқық та бұзылады.

Туындыны автор қолданған жағдайда немесе оның келісімімен қайта өңделген (өзгертілген) түрде басқа тұлғалар пайдаланса, ал кейін сол түрде екінші рет басқа тұлғалар автордың келісімінсіз пайдаланса, бұл жерде туындыны өзгертілген түрде пайдалану фактісі болса да, пайдалану кезінде өзгертулер енгізілмеген, автормен келісілген түріне қарағанда, екінші пайдаланушы туындыға ешқандай өзгертулер енгізбеген. Басқа сөзбен, соңғы жағдайда автордың жеке құқықтары емес, тек мүліктік құқықтары бұзылады.

Бұндай  өзгертілген түрде пайдалануға мүліктік құқықпен пайдалану кезінде өзгертулер енгізуге жеке құқықтың арасындағы айырмашылық мәнді тәжірибелі мағынаға ие. Автордан туындыны өзгертілген түрде пайдалануға құқықты алу (қайта өңдеуге құқық), мысалы, роман бойынша түсірілген фильмді шығарарда, бұл өзгертулерді автормен келісіп қарастыру міндетінен пайдаланушыны босатпайды, яғни оған туындының жаңа қайта өңделген түрімен таныстырып көрсету, келісу, бұл жағдайда сценарий.

 

                     1.3. Туындыны халыққа жария ету құқығы.

 

Автордың келесі мүліктік емес жеке құқығы, ол туындыны жариялау құқығы болып табылады, оның тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.

Оның бірінші ерекшелігі жоғарыда аталғандарға қарағанда, авторлық құқық туралы Қазақстан Республикасының заңында тікелей аталмаған.

Онымен қоса, Қазақстан Республикасы заңының 15-бабы, 2-тармағында автордың туындыны кері қайтарып алуға құқығы қарастырылған. Бұл нормаға сәйкес, «… автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімінен бас тартуға құқығы бар (кері қайтарып алу)…»

Бұл шешімнен бас тарту (құқығы), яғни заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік деп Қазақстан Республикасы заңы «автордың жариялау туралы шешімінің заңи мағынасын таниды.»

Осыған байланысты, Қазақстанда автордың өз туындысын жариялауға мүліктік емес жеке құқығы заңмен танылады. Ал 15-ші бапта ол туралы көрсетпеу, Қазақстандық заң шығарушының бұл субъективтік құқықты мойындамау куәлігі емес, ақдақ деп санау керек. Ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінен орны толықтырылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 977-бабы 1-тармақ 4-ші тармақшасында «белгісіз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы)» деп тікелей бекітілген.

Халыққа жария ету құқығын автордың жеке құқықтарының арасында көрсетпей, Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы «негізгі ұғымдар» «туындыны жариялау түсінігін береді, ол – «автордың келісімімен жариялау, көпшілік алдында орындау, қандай да бір болмасын өзге бір әдіспен эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру» деп анықталады.

Бұл түсініктің мағынасын қарап халыққа жария ету құқығын, автордың өз туындысын жалпы жұрттың назарына қол жететіндей етіп жариялануына заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі деуге болады.

Қандай болсын туынды өзінің жасаушысының жеке сапасын бейнелегендіктен, заң авторға туынды қандай күйде жарияланады, ол туынды әркімнің қолы жететіндей  болуға дайындығын шешуге құқық береді.

Туындыны халыққа жария етуге әрекет ете отырып, автор өзінің туындысының аяқталғанын, ол үшін дайын болғанын таниды.

Нәтижесінде туынды халыққа танымал болатын әрекетті автор, сондай-ақ оның келісімімен немесе оның тапсыруымен, мысалы баспа жасай алады. Бірақ соңғы жағдайда халыққа жария ету құқығын басқа біреуге беру туралы айтылып отырған жоқ, өйткені туындыға жол ашу немесе ашпау сұрағын әр қашан да автор шешіп отырады.

Негізінен туындыға жол ашу сұрағын шешу мүмкіндігінен басқа автордың бұндай жол ашудың әдісін (формасын) таңдау құқығы танылады. Автор өзінің туындысы бірінші кітап түрінде басылып шығуын немесе сахнада қойылуын қалауы мүмкін.

Заң тек қана жариялаудың көп тараған әдістерін атайды – жариялау, жария орындау, эфирге беру. Оның сан түрі шектелмейді. Сондықтан да жариялау деп туындыны жалпыға танымал ететін қандай да бір әрекетті айту қажет, соның ішінде оны компьютер және басқа ақпараттық жүйеге енгізу.

Бұрын әрекет еткен заң авторының туындыны халыққа жария ету құқығын қарастырған жоқ.  Бірақ автордың басқаша құқығы танылған ол – туындыны жарыққа шығару құқығы, айтылып кеткендей басқа құқықтармен бір құқыққа біріктірілген, ол – «жарыққа шығару, қайта шығару және тарату». (Қазақ ССР АК-нің 475-бабы).

Бұл құқықтың мазмұнын ашпай-ақ, Азаматтық коддекс жарияланушы туындыға анықтама берген, Қазақ ССР АК-нің 472-бабында «жарыққа шықан (жарияланған) туынды, егер ол басылып шықса, жария орындалса, жария көрсетілсе немесе қандай болсын басқа әдіспен белгісіз адамдар тобына хабарланса» делген.

Қазақ ССР АК-нің 472-бабының мағынасындағы және Қазақстан Республикасының Авторлық құқық туралы заңның 2-бабындағы «жариялау» түсінігін салыстырғанда, олар бір бірімен ұқсас (тождественный) екендігін көрсетті – бұл екі түсініктің де мағынасы, туындының жалпыға танымал болатындығында.

Заңи әдебиеттерде көрсетілгендей туындының белгісіз тұлғалар тобына белгілі болғандығы емес, сол тұлғалардың ол туындыға  қол жететіндігі мәнді.  Мысалы кітап даналары сатылмаса, ал радио немесе телевидениядан берілген хабарламаны бір де бір адам қабылдамаса, туынды бәрібір де жарияланған болыап саналуға тиіс, бұл жерде туындымен белгісіз тұлғалар тобы танысты ма, жоқ па оған қарамайды/1/.

Қазақстан Республикасы Заңы жариялау деп туындыны қол жететіндей қылатын әрекетті айтады. Осыған қоса Қазақ ССР Ак-нің 472-бабында қарастырылған жариялау түсінігімен салыстырғанда, Қазақстан Республикасы заңымен берілетін халықа жариялау түсінігенде бірнеше жетіспеушілік бар. Қ.Р-сы заңының Ресей заңында берілген түсініктен кейбір айырмашылықтары бар. Ол айырмашылық, Қазақстан Республикасы заңы назар үшін қол жететіндей болған туындыны халықа жария етілген деп таниды, ал Ресей Федерациясы заңы жалпы жұрттың назары үшін қол жететіндей болған туындыны халыққа жария етілген деп танитындығынан көрінеді.

Қаралып отырған авторлық құқықтың мағынасы, айтылып кеткендей, автор өз туындысына қоғамға, яғни ерік білдірген тұлғаларға немесе Қазақ ССР АК 472-бабында аталғандай белгісіз тұлғалар тобына жол ашатындықтан тұрады.

Егер автор туындымен жұмыс істеу процесінде, оны жақын туыстарына, достарына және басқа тұлғалар тобына  олардың пікірін білу мақсатында таныстырса, онда әрине туынды белгілі тұлғалардың назарына қол жететін болады, бірақ бұл әлі автордың өз туындысын толық аяқталды және қоғамға тарауға дайын деп танығандығын куәландырмайды.

Туындымен танысуға мүмкіндік алатын тұлғалардың субъективтік құрамына қарай, шешілуі тиіс.

Туындыны халыққа жария ету құқығы мүліктік емес құқық болып танылады. Бірақ оның жүзеге асуы, автордың мүліктік құқығының жүзеге

асуымен жиі байланысты болады. Алғашқы рет әдеби туындыны шығара, автор қоғамды өзінің шығармашылық еңбегінің нәтижесімен таныстырып қана қоймайды, және оған қоса шығарғаны үшін гонорар алады (мүліктік пайда алады), сондықтан да мазмұндағы айырмашылықты нақты анықтау қажет, халыққа жария ету құқығын жүзеге асырудың мақсаттары мен нәтижелерінде, жеке құқықта, пайдалану құқығында, мүліктік құқықта олардың араласпауына жол бермеу, бұндай араласу заңи әдебиеттерде жиі кездеседі.

Мысалы, В.И.Серебровский туындыны жарыққа шығару (халыққа жария ету) құқығын жеке құқық деп тануға қарсы бола отырып, «автор туындыны халыққа жария еткен көп жағдайда белгілі табыс алады» деп көрсеткен, осыдан сөзсіз оның көзқарасы бойынша туындыны жарыққа шығару құқығын жүзеге асыруға байланысты авторда мүліктік мүдде болуы мүмкін деген.

Э.П.Гаврилов мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар деп бөле отырып, өзінің ерте еңбектерінде «халыққа жария ету – бұл жарияланған туындының әрі қарай пайдаланылуы» деп жазған. Бұдан туынды бірінші рет халыққа жария етіленде, онымен тек жариялау құқығы жүзеге асады, ал қайта шығару (мүліктік) құқығы тек екінші және келесі пайдалану кезінде жүзеге асады деп қорытынды беруге болады.

Э.П.Гавриловтың кейінгі жұмыстарында негізделген пікірлер айтылады яғни, өз туындысын бірінші пайдалануда әрекет ете отырып, автор өзінің екі құқығын қатар жүзеге асырады: халыққа жария етуде мүліктік емес жеке құқықты және пайдалануда мүліктік құқықты  (мысалы, туындыны шығару). Осылайша, жеке құқықтағы халыққа жария ету құқығы өзінің мазмұны бойынша пайдалану құқығымен сәйкес келмейді, әрқашан пайдалану құқығымен бірге жүзеге асатындығы бұл құқықтардың бір екендігін білдірмейді. С.Гришаев туындыны халыққа жария ету құқығының көмегімен ол «экономикалық айналысқа енгізіледі» деп жазғанда қате пікір айтқан.  Экономикалық айналысқа туынды сол халыққа жария ету құқығымен бірге жүзеге асатын, пайдалану құқығын жүзеге асыру кезінде енгізіледі.

Өзінің көзқарасын негіздеуде Э.П.Гаврилов екі мысал келтірді, олар бізге өз мағынасын қазіргі кезде де сақтайтын болып көрінеді.

Біріншіден, Азаматтық кодекс туындыны жарыққа шыққан (жарияланған) деп, «егер ол басылып шығарылса немесе басқа әдіспен белгісіз тұлғалар тобына хабарланса» айтады. Егер заң шығарушы туындыны халыққа жария ету құқығымен бірінші пайдалануға құқығын бір құқық деп санаса, заң нормасында: «Туындыны жарыққа шығару (жариялау) болып оның болып бірінші басылымы саналдады» және т.б.

Екіншіден бұндай атқа құқық (атын көрсетуге құқық) және туындыға қол сұқпаушылық құқық сияқты мүліктік емес жеке құқықтар сондай-ақ қандай да бір пайдаланудан тыс жүзеге аса алмайды, ол қандай да бір пайдалану құқығымен бірге жүзеге асады, бірақ ол туындыны  пайдалануға құқықпен бір құқық болады дегенді білдірмейді.

Заңда көрсетілгендей халыққа жария ету түсінігі Қазақ ССР АК-нің 472-ші бабындағы жария ету түсінігіндей құрастырылмаған (бұрын заңда  белгісіз тұлғалар тобына хабарланған туынды түсінігі болса, ал қазір бұндай хабарлауды жүзеге асыратын әрекетті орындауда кемшілік жіберген).

Қазіргі заң жарияланған деп туындыны жария орындау қайта шығару жолымен жеткізетін және т.б, әрекеттерін таниды, бірақ қайта шығару немесе жария орындаудың жүзеге асуы жеке мүліктік емес құқықтың жүзеге асуына әкелсе де ол пайдалану әдісі болып табылмайды, ол туындыны халыққа жария ету құқығы.

Туындыны халыққа жария етудің ерекшелігі болып автордың оны тек      бір рет жүзеге асыру мүмкіндігі де саналады. Ол туыралы заңда тікелей көрсетілген: туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру жариялау деп танылады.

Бұрын әрекет еткен заңда бұлай тікелей көрсетілмесе де, көптеген зерттеушілер қарастырылып отырған ерекшелікті жариялау түсінігінің мағынасынан шығарған. Тұлғалардың кең тобына танымал болып кеткен туындыны қайталап танымал қылуға болмайды.

Бірақ, авторлық құқық бойынша әдебиетте оған қайшы көзқарас та айтылған болатын, оған сәйкес  туынды жария болғаннан кейін де қаралып отырған құқық тоқтатылмайды. Ол «туынды автордың ойынша қайта өңдеуді талап етеді және автордың әрі қарай қайта шығаруда бұрын өзі рұқсат еткен басылым түріндей халыққа жеткізілуін немесе орындалуын қаламауы мүмкін» деп негізделеді/1/.

Бұндай көзқарасқа Э.П.Гаврилов «әрине егер туындыны пайдалану шарттық тәртіппен жүзеге асса, автордың әрқашан да, пайдалануға рұқсат етпеуге құқығы бар; бірақ бұндай бас тарту, туынды жарияланбаған категорияға ауысуы дегенді білдірмейді».

Шынында да, шарттық пайдалануда халыққа жария ету фактісі ешқандай мәнге ие емес. Туындыны халыққа жария етілген деп тану еркін пайдалану мүмкіндігіне ғана әсер етеді. М.В.Горданның көзқарасымен келіссек, тұлға автордың келісімінсіз заңда қарастырылған жағдайлар бойынша туындыны пайдаланбақ болса, (шыққан кітаптағы кейбір сөздерді пайдалану, ресми мерекелер кезінде музыкалық туындыны орындау және т.б.) бәрі бір де автордың рұқсатын алу үшін оған жүгінер еді. Осылайша, еркін қолдану институты өз мағынасын  жоғалтқан болар еді.

Бірінші көзқарасқа сәйкес, жариялау құқығы тек бір рет жүзеге асуы мүмкін, бұдан кейін ол басқа құқықтық режимге көшеді деген дұрыс көзқарас болып көрсетіледі (есептеледі).

Туындыны жариялау құқығына туындыны кері қайтарып алу құқығын қосуға байланысты, яғни, автордың бұрынғы жариялау туралы шешімінен бас тартқаннан кейін, авторда жариялау құқығын 2-ші рет жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болатындығын ерекше айту керек. Бірақ бұл жағдайда да М.В.Горданның пікірімен келісуге болмайды, өйткені қаралып отырған құқық автоматты түрде жариялау актісіне жатпайды, ол жаңа заңи фактіге байланысты

қайта қозғалып отырады, мысалы, автордың туындыны кері қайтарып алуы туралы халыққа хабарлауы. Туындыны жариялауды жүзеге асыру авторлық құқықтың көлеміне қолайсыз түрде әсер етеді, Э.П.Гавриловтың айтуынша авторлық құқықты «тарылтады».

Біріншіден, заң бірқатар жағдайларда, «халыққа жария етілген» және «жарияланған» туындыны ерікн қолдануға жол береді (ҚР заңының 18-22 баптары; бұрын әрекет еткен Қазақ ССР АК-нің 488-490 баптары). Еркін қолдану автордың келісімінсіз және оған сыйақы төленбей жүзеге асады. Жарияланбаған туынды автормен шарттық негізде ғана қолданылуы мүмкін.

Екіншіден, кей бір туындылардың түрлеріне халыққа жария ету немесе жариялау сәті мерзімнің басталуы болып табылады, ол мерзім өткен кезде бұл туындыны пайдалануға құққтың әрекеті тоқтайды. Бұрын әрекет еткен заңда бұндай ережелер фотографиялық туындылардың жинағына таралған. Қазақ ССР АК-нің 492-бабы 2-ші тармағына сәйкес «Фотографиялық туындыға авторлық құқық он жылға дейін әрекет етеді, ал бұл туындының жинағына                                                                                                                                                                             

туындыларды қайта шығару жолымен жарыққа шыққан сәттен бастап 15 жылға дейін әрекет етеді». Жаңа заң қорғау мерзімінің ұзақтығын туындының халыққа жария ету немесе жариялау сәтімен, жасырындықпен немесе лақап атпен жарияланған (ҚР заң 28-б 4т) және автордың өлімінен кейін алғаш рет жарыққа шыққан (ҚР заң 28-б 6т), сондай-ақ фонограмма, радио және телебағдарламаларды орындау (ҚР заң 42-бабы) сәтінен басталады деген. Осыған қарай, туынды қанша кеш халыққа жария етілген немесе жарияланған болса, қорғаудың жалпы мерзімі сонша ұзақ болады, өйткені өндіру сәтінен және халыққа жария ету сәтіне дейін туынды бәрібір де қорғалады.

 Сабақтас құқықтар үшін егер олар белгілі бір мерзімде жарыққа шықпаса, қорғау мерзімі оны өндіру сәтінен басталады.

Қазақ ССР АК-нің 472-бабы, авторлық құқық туралы заңға қарағанда автордың келісімімен жарыққа шыққан туындыны тануды жариялаған жоқ.

Қазақ ССР АК 488-490 баптары, жарыққа шыққан туындыны еркін қолданатын жағдайды қарастырады, онда, міндетті шарт ретінде еркін пайдалану туынды автордың келісімімен жарыққа шыққан кезде талап етілмеген.

Бұндай ереже автор мүддесіне толықтай жауап берген жоқ, өйткені, автордың өзі жалпыға таныстыруға дайын деп таныған туындылардан басқа, автордың еркінсіз, жиі еркіне қарамастан, тұлғалардың кең тобына танымал болған туынды да бірдей еркін қолданылатын болып шықты.

Осыған байланысты В.И.Серебровский «туындыны жарыққа шықты деп танудың шешуші факторы автордың қоғамды өз туындысымен таныстыру еркі болуы тиіс». Бұл еріктің объективті көрінісі, — оның ойынша, — туындыны жариялау болып табылады.

Бұл көзқарасты басқа ғалымдар да қолданған. Э.П.Гаврилов «туындыны жариялауды оны жалпыға жеткізуді қамтамасыз етудегі фактілік әрекетке ғана сілтеуге болмайды» және ол өзіне автордың еркін де қосуы тиіс деп жазған. Ол автордың жариялауға құқығы «әрекет ететін заңда тікелдей көрсетілмеген» деп санағандықтан, Азаматтық кодексіндегі жарыққа шығарудың анықтамасын, «автордың келісімімен» деген сөзбен толықтыруды ұсынған.

Көріп отырғандай, бұл көзқарас авторлық құқық туралы жаңа заңды құрастыруда ескерілген.

Салыстыратын болсақ, авторлық құқық туралы жалпы әлемдік конвенция, өзінің  «жарыққа шығару» анықтамасында автордың келісімі туралы көрсетілмеген, ал Берндік конвенция (4-ші баптың 3-ші тармақшасы) бұндай келісімді талап етеді. Бұндай келісім «жарыққа шығару» түсінігіне В.И.Серебровский, Э.П.Гаврилов, т.б. айтқан пікірлеріне ұқсас негіздермен тек 1967 жылы толықтырып енгізіледі. Берндік конвенциясының коментаторлары көрсеткендей, бұл толықтырудың мақсаты – авторлық құқық бұзушылық болатын қандай да бір жариялауды жою, өйткені қолжазбаны келісімсіз жариялағанда, конвенциядағы жариялау актісіне сәйкестей құқықтық нәтиже беретін болса, дұрыс емес болар еді/1/.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес автордың келісімі халыққа жария ету кезінде (автордың келісімімен әрекетті жүзеге асыру), жариялау (туындының авторының, фонограмманы шығарушының келісімімен даналарды айналысқа шығару) кезінде де талап етіледі. Бірақ, заңның 18-22 баптарында, (автордың мүліктік құқықтарын жүзеге асырудың шегі бекітілген) заңды түрде халыққа жария етілген және заңды жарияланған туындыны еркін қолдануға жол берілетіндігі көрсетілген (Қазақ ССР-нің 488 және 490-баптарында бір айырмашылығы, «шығарылған» және «жарыққа шыққан» туындыны оның шығарылуының заңды немесе заңсыздығын көрсетпей, еркін пайдалану туралы айтылған).

Бұл баптардағы туындыны халыққа жария етудің заңдылығы деп не түсіндіріледі? Халыққа жария ету түсінігінен, авторға тиесілі халыққа жария ету құқығының мағынасынан және субъективтік құқықтың жалпы түсінігінен заңдылық деп автордың құқығын сақтай отырып, яғни оның келісімімен туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау деп ұсынуға болады.

Бірақ, автордың келісімі, туындыны жарияланған деп танудың міндетті шарты деп заңмен белгіленгендіктен, автордың келісімінсіз жалпы жұрттың назарына арнап хабарланған туынды (алғаш шыққан немесе орындалған) «заңсыз жарияланған» деп емес, тіпті «жарияланбаған» деп саналуы тиіс. Осылайша, автордың келсімі, жариялаудың міндетті шарты деп көрсету, заңды және заңсыз деп бөлуді өз мағынасынан айырады.

Бұл жағдайды заң шығарушы келесідей әдіспен шешіуне болады.

а) жарияланған туындының заңмен жол берілген еркін қолданылуына, тек автордың келісімімен кең топқа таралғандарын ғана қамту үшін халыққа жария ету түсінігіне автордың келісімінің міндетті түрде болуын қосу.

б) Туындыны еркін пайдалану жағдайларын белгілейтін баптарда, бұндай пайдалану тек «заңды жарияланған» туындыға қатысты жол беріледі, яғни жалпы жұрттың назарына жеткізілген туындыны жарияланған деп санауды қарастыру. Тек қана автордың келісімімен жарияланғанын ғана заңды жарияланған деп санау қажет және сәйкесінше оның еркін қолданылуына рұқсат ету.

Негізінде бұл әдістің қайсысы болсын таңдауға мүмкіндік болады, бірақ заңда тек біреуі көрсетілген.

Бірақ В.И.Серебровский, Э.П.Гаврилов және басқа бірінші әдісті қолданғандарға қарағанда, біз екіншісі ғана заңды дұрысы деп ойлаймыз.

Шынында да жариялауға құқық (бұрын әрекет еткен заңның терминологиясы бойынша) заңда қарастырылмаған. Бірақ жеткізілген туынды жария орындалған, және т.б. ақиқатты түрде белгісіз тұлғалар тоб ына танымал болды. Бұл туындының ақиқатты  танымалдығы, «жариялылық» жариялау деп танылған.

Құқықтық реттеу әр қашан фактілік және заңдылыққа қатысты шығуы қажет. Мысалы, автордың қайта шығару құқығы заңда ашылмаған және ашылмайды. Бірақ туындының қандай да бір материалдық нысанда бір немесе көп даналарын жасап шығару, егер ол құқық иесінің келісімінсіз жүзеге асса да қайта шығару деп танылады. Тек келісімсіз қайта шығару заңсыз деп танылады, және құқық иеі өзінің бұзылған қайта шығаруға құқығын қорғауды талап етеді.

Егер біз ұсынғандай, жариялау деп туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізлетін әрекет деп санасақ, жариялау құқығының мағынасы, тек автор ғана бұндай әрекетті жүзеге асырады, ал басқа тұлғаларға бұл тыйым салынады дегендей болады.

Бірақ халыққа жария етудің заңда көрсетілген түсінігіне қарасақ, басқа тұлғаларды туындымен таныстыруға баытталған және автордың еркінен тыс жүзеге асқан қандай да бір әрекет халыққа жария ету болып табылмайды, ол формальді автордың құқығын бұзбайтын басқа әрекет, яғни өз өзініен халыққа жария ету құқығы өзінің нақты мазмұнынан айырылады.

Автордың келісіміндей туындыны халыққа жария ету жағдайына байланысты тағы бір сұрақ туады.

Айтылып кеткендей, еркін пайдалану заңмен тек қана «заңды жарияланған» туындыға қатысты жол беріледі, яғни, автордың келісімімен жалпы жұрттың назарына жеткізілгендеріне.

Бірақ, туынды белгісіз тұлғалар тобына белгілі болғанда іс жүзінде (кітапта немесе журналда басылған, сахнада немесе радио бойынша орындалған), бұндай жариялау заңды немесе заңсыз жүзеге асқандығы туралы әрқашан нақты белгілі бола бермейді.

Басқа сөзбен, кітаптан немесе газеттегі мақалдан үзінділерді пайдаланбақшы болған, теледидардан көрсетіліп жатқан фильмді бейне таспаға және т.б. жазбақшы болған тұлға баспа немесе телекомпанияның бұл туынды автормен арақатынастары туралы білмейді және білуі мүмкін емес, яғни туындыны басқа тұлғалардың назарына жеткізуге келісім алынған немесе алынбағандығы туралы. Іс жүзінде осыған байланысты әдетегі әдіспен туындыны пайдалану заңды болып табылады.

Бірақ, басылым немесе радиодағы хабарлама өзінен өзі автордың келісімінсіз жүзеге асырылған жағдайларда, заң талабын сақтай отырып, барлық пайдаланушыларды, мысалы, өзінің ғылыми еңбегінде басқа ғалымның кітабынан алынған үзіндіні келтірген ғалымды немесе ұнаған өлеңін магнитофонға жазып алған тұлғаны құқық бұзушылар – деп тануға мәжбүр болатын едік.

Осыған байланысты, сондай-ақ кінә болған жағдайда, жауаптылық көзделеді деген жалпы құқықтық принципке қарай, заңда бұндай пайдаланушылардың адал ниеттілік призумпциясын бекіту қажет.

Бұндай тәртіпке сәйкес тек қана жариялау автордың келісімінсіз жүзеге асқаны туралы пайдаланушыға алдын ала белгілі болған жағдайда еркін қолдануды ғана іс жүзінде заңсыз деп тануға болатын еді.

Автордың жеке құқығы, қарастырылып отырғанға ұқсастық, авторлық-құқықтық заңдарда және басқа бірқатар мемлекеттерде бар.

Мысалы, Францияның заңының 19-шы бабында «тек автордың өзі ғана өз туындысын жария етуге құқылы» деп бекіткен және, одан басқа, «ол туындыны жария етудің әдісі мен жағдайын белгілейді».

Автордың жеке құқықтарының қатарында, ГФР-ң §12-де, халықа жария ету құқығын, «оның туындысы жариялана ма? және қандай әдіспен жарияланатындығын автор өзі шешуге құқылы» (1-тармақ) және, одан басқа, «автордың келісімімен туындыны халыққа жария етпес бұрын, немесе оның мазмұнын жеткізбес бұрын, авторда өз туындысының мазмұнын халыққа айту немесе беру құқығы сақталады» (2-тармақ).

Жапония заңы моральдік құқықтар арасында туындыны халыққа танымал ету туралы авторлық құқықты қарастырған. Бұл заңның 18-ші бабына сәйкес автор әлі халыққа танымал болмаған туындысын, халықа танымал етуге немесе оны ұсынуға құқылы (бұл автордың келісімінсіз халыққа танымал болған туындыларға да қатысты). Дәл осындай құқықты автор, әлі халыққа танымал болмаған, оның шығармаларынан туындаған шығармаға қатысты да иеленеді.

Кейбір заңдарда (мысалы Франция және Жапония) тек қана автор барлық жағдайда жария етуге байланысты сұрақты шешуге құқылы делген. Бұндай жағдай, дыбыс туындыларына жиі қарастырылады.

Халықаралық конвенцияларда халыққа жария ету құқығына ұқсас қандай да бір құқық көрсетілмеген. Берндік конвенцияға мүліктік емес құқықтар туралы ережені қосу кезінде (1928ж) «туындыны жарыққа шығару мүмкіндігін шешу құқығын» қарастыру туралы ұсынылған, ол сондай-ақ «жариялауға құқық» деп те белгілі.  Бірақ бұл сұрақты  талқылауда, әр түрлі мемлекеттерде бұл құқықа қатысты әр түрлі ұсыныстар болғандықтан, пікірлер бөлініп кетті де бұл құқықты қосу туралы қолдау таппады, ал әрі қарай бұл қаралмаған.

Кері қайтарып алуға құқық.  Ресей Федерациясының заңы бойынша ол, туындыны халыққа жария ету құқығының құрамды бөлігі. Кері қайтарып алу құқығын Ресей және Қазақстан заңдары бірдей етіп көрсеткен.

Қазақстан Республикасының заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес «Бұрын қабылданған шешімнен пайдаланушыға келтірілген зиян, соның ішінде оның айырылып қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімнен бас тартуға құқығы бар (кері қайтарып алу құқығы). Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны кері қайтарып алатыны туралы жария түрде хабарлауға міндетті. Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебінен қайтып алуға құқылы.

Қызметтік туындыларды жасаған кезде бұл тармақтың ережелері қолданылмайды.»

Осындай құқық іс жүзінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 977-бабының 2-тармағында да бекітілген.

Егер халыққа жария ету құқығы ол автордың өз шығармашылық еңбегінің нәтижесін қоғамға таныстыру болса, кері қайтарып алу құқығы қарама қайшы  функцияны атқарады, ол авторға оның туындысы белгісіз тұлғалардың кең тобына танымал болуына бас тартуға рұқсат етеді.

Бұрын әрекет еткен СССР заңына бұндай құқық белгісіз болған. Бірақ көптеген шетел мемлекеттерінің заңында ол бекітілген. Осыған байланысты кеңес әдебиеттерінде бұндай норманың енгізілуінің керектігі бірнеше рет айтылған, өйткені «автордың көркемдік және ғылыми көзқарастары уақыттың ағымымен өзгеріп отыруы мүмкін, сондықтан да ол өзінің халыққа жарияланған туындыларында айтылған идеялармен ережелерімен келіспеуі мүмкін».

 Э.П.Гавриловтың пікірі бойынша бұндай құқық кеңес заңына белгісіз болса да, бұл кеңестік авторлық-құқықтық доктрина оны елемейді дегенді білдірмейді, ал автордың келісімінсіз басқа тұлғалардың назарына жеткізілген туындыны, автордың пайдалануға тыйым салу құқығының кері қайтарып алу құқығымен  ұқсас белгілері бар.

Қаралып отырған норманың мағынасы бойынша, кері қайтарып алу құқығы тек халыққа жария ету құқығын жүзеге асыру сәтінен ғана басталады. Кері қайтарып алу құқығын жүзеге асыра отырып, автор өзінің жариялау туралы қабылдаған шешімінен бас тартады, ал соңғысын қабылдау – ол жариялау құқығын жүзеге асыру.

Бірақ бұнда, туынды жалпының назарына танымал болып үлгеруі міндетті емес. Кері қайтарып алу құқығын жүзеге асыру көп жағдайда тек туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарламас бұрын ғана мүмкін болады.

Заңда автордың өз есебінен «айналымнан шығару» құқығы туралы айтылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 116 бабының 2-тармағына сәйкес, жоққа шығаруға жол берілмейтін заттың түрлері (заттар, айналымнан шығару), заң актілерінде тікелей көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда айналымнан шығаруды иеліктің тоқтатылуына байланысты фактілік әрекет деп түсінуге болмайды, яғни белгілі бір тұлғаның иелігінен белгілі бір затты алу, тәркілеу уақытында орын алатын сияқты. Айналымнан шығару деп белгілі бір түрдегі заттарға заң жолымен ерекше режимді орнатуды айтамыз.

Бірақ авторлық-құқықтық заң «өз есебінен» айналымнан шығару туралы

айтқандықтан, бұл нақты анықталған заттарды (туынды даналарын) айналымнан шығаруға болады.

 

 

                 

 

  1.     АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

                        2.1. Мүліктік құқықтардың жалпы мінездемесі

 

Қазақстан Республикасы Авторлық құқық туралы заңының 16-шы бабы («Мүліктік құқықтар»)  былай деп бекіткен, «Туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің сол туындыны кез келген нысанды және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айырықша) құқығы бар».

Сол баптың екінші тармағында «Автордың туындыны пайдалануға айырықша құқықтары төменгі әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді:

  1. туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
  2. туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдіспен тарату; сату, жалға өткізу, көпшілікке уақытша пайдалануға беру және басқалар (тарату құқығы);
  3. тарату мақсатында туынды даналары, соның ішінде автордың немесе авторолық құқықтардың өзге иесінің рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);
  4. туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
  5. туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
  6. туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның ішінде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
  7. жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейінгі хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
  8. жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейінгі хабарлауды қоса алғанда туындыны кабельарқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);
  9. туындыны аудару (аудару құқығы);
  10. туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы) құқықтарын білдіреді» деп көрсетілген.

Көріп отырғандай, заң айтарлықтай кең құқық түрлерін қарастырады. Олар үшін жалпы болып, іс жүзінде әр құқық авторға белгілі бір әдіспен туындыны пайдалануға мүмкіндік береді, ал айырмашылық тек туындыны пайдалану әдістерінде.

Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңының 32-бабы 1-тармағында, авторлық шартта: «туындыны пайдалану әдістері (осы шарт бойынша берілетін нақты құқықтар)» деп бекітілген. Бұған қарасақ, әр нақты құқық туындыны пайдаланудың белгілі бір әдісіне сәйкес болады.

            1991 жылғы Негіз бірінші (және соңғы) рет автор туындыны пайдалануға бір құқықты иеленеді деп бекіткен, ол авторлық құқықтың құрамына кіреді.

Осыған байланысты А.П.Сергеевтің айтқан пікірі, ол жаңа заңдағы авторға туындыны пайдалануға жалпы құқықтың бекіту идеясы (оны сондай-ақ құнары бардеп санайды) «белгілі трансформациямен соқтығысқан, оның нәтижесінде бір құқық туралы емес, туындыны пайдалануға құқықтардың жиынтығы болатындығы туралы айтқан».

А.П.Сергеев бұл айырмашылық, «негізінде істің мағынасын  ауыстырмайды» деп санаса да/1/, біздің көзқарасымыз бойынша, заңда, мүліктік құқықтар жиынтығы бір кешенді «туындыны пайдалану құқығын» құрайды деп нақтырақ көрсетілуі тиіс.

Барлық субъективтік авторлық құқық бүтіндей алғанда кешенді болып табылатын сияқты пайдалануға құқық та кешенді болып танылуы тиіс, құрамы күрделі және өзіне бірқатар бөлек құқықтарды қосуы керек.

Субъективтік авторлық құқықтан айырмашылығы (өзіне жеке де мүліктік те құқықтарды қосқан), пайдалануға құқық өзіне тек жүзеге асыру әдісімен ғана ерекшеленетін біртекті құқықтарды қосқан.  Мысалы,  эфирге  беру құқығы мен

кабель арқылы хабарлау құқығының айырмашылығы тек туындыны халық назарына жеткізудің техникалық әдісінде.

Туындыны пайдалануға бір кешенді құқық өзіне, авторлық құқық туралы заңның 16-бабы 2-тармағындағы тізілген қандай да бір әдіспен пайдалануға бөлек құқықтарды қосқан. Бұл жағдайда әр бір туындыны пайдалануға құқық бөлек әдістермен бірге дербес құқықты білдіретін болады.

Бұндай бірлесу керектігінің бір себебі, ол авторлардың бәрі бірдей көлемді құқықтарды иеленетіндігінде. Яғни субъективтік авторлық құқықтың көлемі туынды дәрежесіне тәуелді болмауы тиіс. Егер бөлек мүліктік құқықтары субъективтік авторлық құқытарға  қосылатын авторлық құқық туралы заңның 16-шы бабын басшылыққа алатын болсақ, өнердің әр түріндегі туынды авторларының құқықтары тең емес деген пікір тууы мүмкін. Онда, суретшілердің аударуға құқығы жоқ болады, өйткені бейнелеу өнерінің туындысын басқа тілге аудару мүмкін емес, композиторда туындыны халыққа көрсетуге құқығы жоқ, ауызша туындыларды, соның ішінде тіркелмеген орындаулар, спектаклдік қойылымдардың таралу мүмкіндіктері жоқ және т.б.

Егер субъективтік авторлық құқыққа қосылсақ пайдалануға құқық болады (яғни пайдалануға құқық одан да жоғары дәрежедегі құқықтарды құрайтын болды), онда авторлардың барлығы да бірдей көлемде құқықтарды иеленеді – мүліктік емес жеке құқықтарды және пайдалануға құқықты. Ал әр түрдегі туындылардың авторлары пайдалануға құқықты құрайтын бөлек құқықтарды иеленбеуі онша маңызды да емес.

Заңның 16-шы бабы 2-ші тармағындағы тізілген авторлық құқықтар өте ұсақ келген. Мысалы, қайта шығару құқығы, яғни қандай болсын материалдық нысанда туынды даналарын дайындауға құқық, өзіне басып шығаруға құқықты, дыбысжазбаға құқықты, бейнежазбаға құқықты және т.б. қосындыларынан тұрады. Жария орындауға құқық – «тірі» орындауға құқық (сахнада спектакл қойылымын) және техникалық құралдардың қолданылуымен пайдалануға құқық (фильмді кинотеатр экранында көрсету).

Э.П.Гаврилов, «егер туындыны пайдалану әдісінің аналогиялық әдістен (мысалы, кітап қылып шығару немесе журнал қылып шығару) онша айырмшылығы болмаса, онда олардың жиі бөлек жүзеге асырылуына қарамастан, олар бір құқықтың бөлшектері ретінде қарастырылуы тиіс» деп жазған.

Пайдалануға құқық өзіне: қайта шығару (қайта шығаруға құқық); туындыны жария көрсету (жария көрсетуге құқық) және т.б. қосқан. Бұндай құрылымды Э.П.Гаврилов өз монографиясында ұсынған болатын.

Қарастырылып отырған туындыны пайдалануға құқық мүліктік болып табылады. Бірақ бұрын бұл құқықтардың  барлығы мүліктік емес жеке болып танылған.

Авторлық құқық ғылымы мүліктікке автордың тек бір құқығын жатқызған, ол бұрын әрекет еткен заңмен қарастырылған «сыйақы алуға құқық».

Бұрын әрекет еткен норма – Қазақ ССР АК-нің 475-бабы автордың тағы бір құқығын қарастырған – «заңда көрсетілген жағдайлардан басқа, басқа тұлғалардың туындыны пайдаланғаны үшін автордың сыйақы алуға құқығы».

Авторлық құқық әдебиетінде «сыйақы алуға құқық» мүліктік құқық ретінде топтастырылған. Одан басқа, ол автордың жалғыз мүліктік құқығы болып аталған, ал қайта шығару және тарату құқықтары  жеке мүліктік емес болып қарастырылған.

Жаңа аврторлық – құқықтық заңда «сыйақы алуға құқық» бекітілмеген. Бірақ бұл, оның шығармашылық еңбегінің нәтижесін пайдаланудан, автор материалдық пайда алу мүмкіндігінен айырылған дегенді білдірмейді. Бұндай қанағат (табыс) алу пайдалануға құқықтың өзіне қатарлас болады, өйткені біріншісі, ол сөзсіз мүліктік болады, автор барлық жағдайда қанағаттандыруды гонорар немесе басқа нысанда алуға ұсыныс жасауына мүмкіндігі бар. Бұндай мүмкіндік пайдалануға құқықтың мазмұнында болғандықтан, онда бөлек «сыйақы алуға құқық», дербес авторлық құқық ретінде, авторда жоқ.

Қарастырылған түрінде «сыйақы алуға құқық» 1960-жылға азаматтық заңда қарастырылған болатын.

Бұрын, 1928 ж авторлық құқық Негізі 7-ші бабында «автор, өз атымен немесе лақап атымен (бүркеншік) немесе атын көрсетпей, жасырындықпен өз туындысын жарыққа шығаруға ерекше құқықты иеленеді және заңда бекітілген мерзімде, заңмен рұқсат етілген барлық әдіспен оны қайта шығаруға және таратуға, және де аталған ерекше құқықтан заңмен рұқсат етілген барлық әдістермен мүліктік пайда табуға құқықлы» деп бекітілген.

Осы соңғы құқық – заңмен рұқсат етілген барлық әдіспен мүліктік пайда алу, азаматтық заңды екінші кодификациялау кезінде, «сыйақы алуға құқықтың бейнесі болды.

Сол кездердің заңи әдебиетінде «табыс» түсінігі  ескірген деп көрсетілген болатын, осыған байланысты 1928 ж авторлық құқық Негізіндегі келтірілген ережені, көбіне авторлық сыйақының  экономикалық және әлеуметтік табиғатын бейнелейтін құрылыммен ауыстырылуы туралы ұсынылған. Көріп отырғандай, осы пікір заң шығарушымен қабылданған болатын.

Бірақ бұндай анық идеологияның ауысуы («табысты» «сыйақыға» ауыстыру) заңи мінезінің қатты өзгеруіне әкеледі, ол өз кезегінде көп жылдар бойы авторлық құқық туралы әдебиеттердегі даулардың себебі болып келген.

Кейбір заңгерлер, субъективтік авторлық құқық туындыны жасау сәтінен қозғалып және абсолютті болғандықтан, онда кешенді, құрамы бойынша күрделі болса, ол абсолютті болып табылады және оны құрайтын барлық құқықтардың бірлесіп жасалу сәтінен қозғалады. Басқа сөзбен, табыс алу құқығы (сыйақы алуға құқық) туынды жасалу сәтінен қозғалады және обсолютті құқық болып табылады деп логикалық түрде санаған.

Басқалары, авторлық құқықтар бір уақытта қозғалмайды. Туындыны жасау сәтінде авторда тек жеке құқықтар болады, ал мүліктік құқықтың пайда болуы туындыны пайдалану фактісінен басталады деген теория ұсынған.

М.Я.Кириллова, «автор өз туындысына байланысты басқа тұлғалармен белілі бір қатынасқа түскеннен кейін ғана, ода гонорар алуға құқық пайда болады» деп жазған.

М.И.Никитина, «автор иеленетін құқықтар мазмұны бойынша әр түрлі және бір уақытта пайда болмайды, және әр түрлі заңи фактілердің негізінде пайда болады» деп жазған. Ол сондай ақ, жеке мүліктік емес құқықтар абсолютті болады, ал мүліктік (қайталайтын болсақ, әдебиеттерде оның негізінде тек сыйақы алуға құқық түсіндірілген) – қатысты. Осылайша, субъективтік құқық құрылған, оның мазмұны қосымша заңи фактілердің болуынан біртіндеп толады.

Бұл екі көзқарас та 1928 жылы авторлық құқық Негізі әрекет еткен кезде пайда болып, соңғы  уақытқа дейін, өзінің қолдаушылары мен қарсыластарын тауып келген. Бірақ, дұрыс көзқарасты таңдау, аталған екі норманың (1928 ж авторлық құқық негізінің 7-бабы немесе Қазақ ССР 475-бабы) қайсысын басшылыққа алатындығымызға байланысты.

1928 жылы авторлық құқық негізінің 7-бабында «Мүліктік пайда алу құқығы» барлық белгілері бойынша абсолютті құқық ретінде құралған. Оның мазмұнын құқық иесінің өз әрекеттері құраған. Бір уақытта осы норма мазмұны басқа тұлғаларға қатысты сол әрекеттерді жүзеге асыруларына тыйым салудан тұрған, яғни, туындыны пайдаланудан мүліктік пайда алуға әрекеттер.

Сондай-ақ, бұл құқық және оған қатысты міндет туындының жасалу сәтінен пайда болған. Сондықтан да бізге В.И.Серебровскидің пікірі аргументті болып келеді, ол автордың сыйақы алуға құқығы тек қоғам оның еңбегінің нәтижесін пайдаланған   жағдайда ғана пайда болады деген көзқарасты жоққа шығарған. Ол «құқықтың пайда болу сәті мен оның жүзеге асу сәтін араластырмау керек» деп жиі жазған. Мысал ретінде ол, меншік иелеріне уақытша басқа тұлғалардың пайдалануын келтірген. Бұнда басқару құқығы мүліктік шарт жасалу сәтінен пайда болмайды. Затты басқару құқығы, — В.И.Серебровскийдің жазғаны бойынша, — жеке меншік иесінде бұл затқа меншік құқығын алу сәтінен пайда болады, бірақ оның басқару құқығын жүзеге асыруы (әр түрлі формада) кейінірек болуы мүмкін. Ол автордың мүліктік құқықтарына қатысты сұрақты да аналогиялық (ұқсас) түрде шешеді. Өз туындысынан барлық заңды әдіспен мүліктік пайда алу құқығы (1928 ж авторлық құқық Негізінің 7-ші бабы) авторға оның әдеби шығарма, ғылым мен өнер жасауының сәтінен тиесілі болады, ал гонорардың бөлек сомасын алу құқығын автор әдетте авторлық шарт негізінде, баспаның туындыны қолдау кезінде және т.б., яғни оның жүзеге асуы жасалу сәтінен кейінірек болуы мүмкін.

Бұл әділ пікір, қарастырылып отырған құқыққа, 1928 ж авторлық құқық Негізі 7-бабында құрастырылған түрінде қатысты болды.

Бірақ И.В.Савельева, сыйақыға құқық туындыны жасау сәтінен басталады деген пікірге сілтей отырып, В.И.Серебровски да осы пікірге 1960 жылғы азаматтық заңдағы болған өзгерістерді мүлдем байқамаған.

Осылайша егер «пайда табу құқығы», абсолюттік құқық ретінде, заң мағынасы бойынша құқық иесінің өз әрекеттерімен жүзеге асса, онда «сыйақы алуға құқық» тек басқа міндетті тұлғалардың әрекеттері ақылы ғана жүзеге асуы мүмкін, өйткені өзі өзінен сыйақы алу мүмкін емес. Ал құқық иесінің мүддесі құқыққа міндетінің сәйкесінше әрекеттері  арқылы жүзеге асатын құқықтық қатынасқа қатысты болып табылады.

Екі норманың да мағынасына тікелей қарай отырып, автордың пайдалану және пайда табу құқығына, туындыны пайдаланудан «пайдаланбау және пайда алмау» жалпы міндеті хабарлайды деп бекітуге болады.

Сыйақы алуға құқықты, әрине әр бір екінші тұлғаның әр үшінші тұлғадан сыйақы алмау міндеті хабарламайды. Автордың сыйақы алу құқығын тек белгілі бір тұлғалардың  авторға сыйақыны төлеу (беру т.б) міндеті ғана қамтамасыз ете алады.

Субъективтік авторлық құқық пайда болатын туындыны жасау сәтінен бұндай төлеу міндеті әлі ешкімде болмайды, яғни автордың қандай да бір белгілі тұлғамен әлі міндеттілік қатынаста болмауы. Бұндай қатынастар туындыны жасаудан емес, басқа заңи фактілердің болу нәтижесінен пайда болады: пайдаланушымен шарт жасасу (баспаханамен, киностудиямен және т.б.) немесе заңмен автордың келісімінсіз пайдалануға, бірақ авторлық сыйақы төлеп рұқсат етілген жағдайындағы туындыны  шартсыз пайдалану фактісінде (Мысалы, Қазақ ССР АК-нің 490-бабы).

Сондықтан, егер «пайда табу» құқығын, меншік құқығына кіретін абсолюттік құқық ретіндегі мүлікті басқару құқығымен салыстыратын болсақ, онда «сыйақы алуға» құқығын, меншік құқығының мазмұнына кірмейтін сатылғалы тұрған мүліктің құнын алу құқығы немесе жалдаудағы төлемді алуға құқығымен салыстыру керек болады.

«Сыйақыға құқықтың» дербестігін, заң бірқатар жағдайларда автордың рұқсатынсыз туындының пайдаланылуына жол береді, яғни шарттық қатынас жоқ болған кезде, бірақ авторға бұндай пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу керек деп жиі негіздеген.

Бірақ бұл жағдайда да туындыны пайдалану, автордың оған белгілі бір сыйақы төлеуді талап ету құқығын тудыратын заңи факті болып табылады. Бұл жерде шарттық емес біржақты міндеттік қатынас орын алады, яғни құқық иесінің пайдалануға және пайдаланушының  арасында, соңғысы авторға белгілі бір сыйақы төлеуге міндетті болады/1/.

О.С.Иоффе, «сыйақы алуға құқық (гонорар)…туынды сәйкесінше сыртқы пішінді, өзіне сәйкес абстрактілік түрде – тек туындыдан заңмен рұқсат етілген әдіспен табыс табу мүмкіндігі ретінде болады. Белгілі бір тұлғадан гонорар алу

құқығы, тек ол тұлғаның сол туындыны пайдалану жағдайында ғана болады» деген пікір айтқан.

Сондай-ақ Э.П.Гавриловтың айтқан пікірі онша нақты емес сияқты, ол «сыйақыға құқықты, авторлық сыйақының белгілі бір сомасын алуға құқықпен араластыруға болмайды; соңғысы сыйақыға құқықтың негізінде пайда болады» деп жазған.

Біздің көзқарасымыз бойынша бұл түсініктердің арасында ешбір  айырма-

шылық жоқ, заңда «сыйақыға» құқық емес, «сыйақы алуға» құқық бекітілген.

 Э.П.Гаврилов, сыйақы алуға құқықты дербес авторлық құқық ретінде танымайды, өйткені «бұл құқық әр қашан өзінен өзі пайда болмайды, ол туындыны пайдаланудың қандай болсын бір әдісіне байланысты пайда болады» деген.

Бірақ ол сонымен қатар мынандай көзқарас айтқан, «сыйақыға құқық» (гонорарға құқық) басқа мүліктік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады: қайта шығаруға, таратуға құқық, жария орындауға құқық және т.б.

Одан басқа сыйақы алуға құқық, бөлек немесе басқа құқықтың құрамында болса да, оған хабарланатын міндетсіз туындыны жасау сәтінен пайда бола алмайды, бұл жағдайда, алдыңғысы, мысалы, шарт бойынша кітапты басып шығаруға құқықпен қоса автор баспаханаға гонорар алуға құқықты да беретін еді  (басып шығаруға құқықтың бөлшегі болып табылатын), бұл оның өзін қандай да болсын мүліктік қызығушылықтан айырар еді.

Сондықтан да, «гонорарға құқық» ешқандай абстрактілік потенциалдық түрде, басқа құқықтың бөлігі түрінде болмайды, ол авторлық шарттың мазмұнына кіреді, яғни автордың абсолюттік субъективтік құқығын көрсететін институттан бөлек, авторлық құқықтың тіптен басқа институтының нормаларымен реттеледі.

Сыйақы алуға құқық тек шарттық немесе шарттық емес міндеттердің шеңберінде пайда болады.

Бір қарағанда, «сыйақыға құқықты» көрсетуден толығымен бас тарту үйреншікті емес көрінеді. Өзінің мүліктік құқығын пайдаланудан айырыла ма деген сұрақ туады.

Бірақ та, жоғарыда айтып кеткендей, туындыны пайдалануға байланысты мүліктік қатынас мүліктік болып табылады, өйткені мүліктік деп онымен реттелетін фактілк қатынасты айтамыз.

Автор, өзінің туындысын пайдалануға байланысты қатынасқа түскенде яғни, өз еңбегінің нәтижесін сатқан кезде немесе уақытша пайдалануға берген кезде оған сыйақы төлеу туралы айтады. Бірақ, ол заңдағы бекітілген «сыйақыға құқықтан емес, туындының товар ретінде болуына байланысты, жоғарыда толық қарастырылған, оны пайдалануға қатынастың тауар-ақшалық мінезінде.

А.П.Сергеев, авторлық құқық туралы заңда көрсетілмеген мүліктік құқықтарға, заңдағы тізілген нысанды және әдіспен авторлық туындыны пайдалануға байланысты құқықтарды жатқызады. Мысал ретінде ол, «қатаң мағынада эфирге бағдарлама ретінде болмайтын, кабель арқылы хабарлауға болмайтын, туындыны халыққа арнайы техникалық құралдардың көмегімен жеткізуді айтады», жиі, қонақ үйлерде, самолет поездардағы және тағы басқалардағы ішкі және видеолық жүйе арқылы арнайы дайындалған бағдарламалар. А.П.Сергеев, — «сөзсіз бұл жағдайда туындыны қосымша пайдалану орын алады, өйткені ол жаңа аудиторияға хабарланады. Заңмен қорғалалтын туындыны бұндай жағдайда пайдалану тек автордың келісімімен және оған қосымша сыйақы төлеу арқылы жүзеге асуы мүмкін/1/.

«Арнайы дайындалған» немесе қандай болсын басқа (мысалы, кинофильмдерді) туындыларды «локальдық жүйе» арқылы қонақ үйлерінде, демалыс үйлерінде кемелерде және тағы басқаларда хабарлау, сөзсіз, пайдаланудың әдісі болып табылады.

Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, бұл әдіс заңда тікелей көрсетілмеген деген пікір нақты емес. Ол «көпшілік үшін орындаудың» жиі жағдайы болып табылады. Авторлық құқық туралы заңның анықтамасы бойынша (2-ші бап) «көпшілікке көрсету, көпшілік үшін орындау немесе жалпы жұрт назары үшін хабарлау – туындыларды, фонограммаларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын тікелей не техникалық құралдар арқылы отбасына жатпайтын адамдар едәуір мөлшерде қатысатын жерде туындылар, фонограммалар,орындаушылықтар, қойылымдар, эфирлік немесе кабельдік ха-

бар тарату ұйымының хабарлары жүріп жатқан жерде және туындының, фонограмманың, орындаушылықтың, қойылымның, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары хабарының таратылуымен бір мезгілде басқа бір жерде қабылдануына қарамастан, олардың кез келген көрсетілуі, орындалуы немесе хабарлануы».

Осылайша, қонақ үйдің кабельдік жүйесі бойынша фильмді көрсету, әрине, жалпы жұрт назарына кабель бойынша хабарлау болмайды, бірақ ол, «отбасына жатпайтын адамдардың едәуір мөлшердегі тобына» хабарлау болады (әрине, «адамдардың едәуір мөлшердегі тобы» түсінігі бағалаушы болып табылады. Бірақ, бұндай едәуір мөлшерге ұшақтың жүздеген жолаушыларын немесе қонақ үй клиенттерін жатқызуға болады).

Бірқатар құқықтардың атауында «жариялықты» (жария көрсету, жария орындау және т.б.) көрсету керектігі, сол әрекеттердің (көрсету, орындау), «жариялықтан» айыру, субъективтік авторлық құқықты бұзбайтындығын анық көрсетеді. Мысалы, пайдалану әдісі бойынша, яғни жүзеге асыратын  әрекет бойынша, әнді концерттік залдың сахнасында орындау және өз пәтерінде отбасы мүшелерінің алдында орындау екеуі бір  мағынаға ие болады. Бірақ заң, оған қарамастан, автордың келісімінсіз тек біріншісін – жария орындауды жүзеге асыруға тыйым салады.

Сонымен, қазіргі авторлық заңнамада мүліктік құқыққа жататын туындыны пайдалану әдістерінің кең тізімі көрсетілген. Заңның 16-шы бабы 1-ші тармағында, туынды кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдаланылады деп, сол баптың 2-ші тармғында заңмен басқа да әдістерге жол беріледі деп көрсетпей, тек туындыны пайдаланудың он әдісін ғана көрсеткен. Азаматтық кодекстің 978-бабы 2-тармақтың 10-шы тармақшасында «заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де іс әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы» деп көрсетілген. Бірақ бұндай норма бізге негізделмеген болып көрінеді. Әрине, алдағы уақытта ғылым мен техниканың дамуына байланысты туындыны пайдаланудың жаңа әдістері  пайда болады деп қарастыру қиын емес. Бірақ ондай жағдайда оларды заңда тікелей бекіту керектігі туындайды. Автордың  белгілі бір әрекеттер жасауға рұқсат ету құқығы заңмен белгіленген – қайта шығару, тарату, туындыны эфирге беру және т.б. Автор иеленетін құқықтардың барлығы абсолютті болып табылады. Авторлық құқық туралы заң мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, авторға өз туындысына қатысты белгілі бір әрекет етуге рұқсат ете отырып, бір уақытта басқа тұлғаларға сондай әрекет етулеріне тыйым салады. Сондықтан да егер, қандай болсын тұлға заңда көрсетілгеннен басқа әдіспен туындыны пайдалануды жүзеге асырса, ол автордың құқығын бұзу болып табылмайды, өйткені авторда бұрыннан дәл осындай әдіспен өз туындысын пайдалануға рұқсат немесе тыйым салу құқығы болған емес.                                                                                                         

 

                        2.2. Мүліктік құқықтарының түрлері

 

    Туындыны қайта шығаруға құқық. Қайта шығаруға құқық, авторлық құқық объектілерін даналардың белгілі бір мөлшерін дайындау арқылы пайдалану мүмкіндігіне негізделген. Қайта шығару туындыны пайдалану әдісі ретінде, авторлық заңда ашып қарастырылған, онда, туындының немесе фонограмманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда, соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау. Туындыны немесе фонограмманы уақытша немесе тұрақты сақтау үшін электрондық (санын қоса), оптикалық немесе өзге де машинамен оқылатын нысанда жазып алу да қайта шығару болып табылады (2-бабы). Азаматтық кодекстің 978-ші бабының 3-ші тармағында қайта шығаруды, «туындыға түпнұсқасындағыдай объективті нысанды қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады» деп көрсеткен. Көріп отырғандай, «қайта шығару» терминінің түсінігі Азаматтық кодекске қарағанда, авторлық құқық туралы заңда кеңірек қарастырылған. АК-тің тар қарастыру себебі, ондағы туындыға қандай болсын объективтік нысанды беру туралы талабы емес, тек қатал түрде түпнұсқа күйіндегі нысанды беру.

Авторлық құқық туындыға қандай болсын объективтік нысанда көрсетілген күйінде таралады. (Заңның 6-шы бабы мен ҚР АК-нің 971-бабы). Творчествалық процесстің аяқталуынан белгілі бір объективтік нысанда пайда болған туынды, оны қайта шығару процессінде тіпті басқа болып өзгеріп кетуі мүмкін. Ол бірінші кезекте алғашында ауызша нысанда болған туындыларға қатысты, бірақ оны қайта шығару процессінде, мысалы пленкаға жазу, оның объективтеу нысаны өзгерген. Ол материалдық нысандағы туындыны қайта шығарумен байланысты қандай да болсын жағдайларға қатысты болады. Мысалы, кинофильмді бейнетаспадан компакт дискға жазу. Осылайша, авторлық құқық туралы заңда берілген «қайта шығару» терминінің анықтамасы нақтырақ көрсетілген.

Туындының объективтік нысаны, оның қорғау қасиетінің міндетті шарты ретінде, туындыны қайта шығару жолымен пайдалануға мүмкіндік береді. Әр түрлі нысандағы туындыларда да қайта шығарудың түрлі әдістері болады.

Кеңестік заңи ғылымда, қайта шығару түсінігі туындыны халыққа жеткізудің қандай болсын әрекетінен құрыла ма, әлде тек туындының көшірмесін жасаумен ғана шектеле ма деген дау ұзақ уақытқа созылады. 1991 жылғы Негізде қайта шығару түсінігіне, эфирге беру бейне және дыбыс жазба, туындыны жария орындау қосылған. Қазіргі заң қайта шығару түсінігін әлдеқайда тар көрсеткен онда, — туынды даналарын қандай болсын материалдық нысанда дайындау деген.

Жалпы тәртіп бойынша, қорғалатын туындыларды қайта шығару тек автордың келісімімен жүзеге асырылады. Бірақ заңмен, автордың немесе басқа авторлық құқық иесінің келісімінсіз туындыларды қайта шығару және бірқатар жағдайларда сыйақы төлемей ақ қайта шығаруға жол берілген. Автордың ерекше құқықтарына бұндай шектеулер жоғарыда айтылып кеткендей, авторлық құқықты иеленбейтін, басқа тұлғалардың мүддесін қамтамасыз ету керектігіне  негізделген. Заңның 18-ші бабына сәйкес, заңды түрде жарияланған туындыны автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшін, осы заңның 26-бабында көзделген реттерді қоспағанда, жалғыз дана етіп көшірмелеуіне жол беріледі. Осы ереже: үйлер және солар сияқты ғимараттар түріндегі сәулет өнері туындыларын көшірмелеуге; деректер базаларын немесе олардың елеулі бөліктерін көшірмелеуге; осы заңның 24-бабында көзделгендерден басқа реттерді қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшірмелеуге; кітаптарды (толығымен) және нота мәтіндерін репродукциялауға қолданылмайды.

Келтірілген нормаға сәйкес, туынды авторлары, заңның 18-ші бабы 2-тармағы және 26-шы бапта қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда, жеке тұлғаларға туындының көшірмесін жалғыз данада дайындауға тыйым салуына құқығы жоқ. Бұл жағдайда автор немесе басқа авторлық құқық иелері сыйақы алмайды. Заңның 26-шы бабына сәйкес, туынды автордың, орындаушының және фонограмма жасаушының келісімінісіз, бірақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта көшірмелеуге жол беріледі. Бұндай көшірмелеу үшін сыйақыны осындай көшірмелеу үшін  пайдаланылатын жабдықтарды  (дыбыс және бейнемагнитофондарды, өзге де жабдықтарды) және материалдық жеткізгіштерді (дыбыс және (немесе) бейнетаспалар мен кассеттер, шағын дискілер, өзге де материалдық жеткізгіштер) дайындаушылар немесе импорттаушылар төлейді. Бұл сыйақыны жинау мен бөлуді аквторлардың, фонограмма жасаушылардың және орындаушылардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың біреуі осы ұйымдар арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырады.

Осылайша, жеке мақсатта туындыны қайта шығару кезінде сыйақы алуға құқықты, тек аудиовизуалдық туындыны, дыбыс жазба нысанындағы туындылар авторлары, фонограмма орындаушылары және шығарушылары иеленеді. Бұдан басқа, жеке мақсатта қайта шығаруға тыйым салынбаған туындылардың авторлары, авторлық сыйақы алмайды.

Заңның 20-шы бабында былай делінген, Автордың келісімінсіз және сыйақы төлемей, бірақ туындысы пайдаланылатын автордың есімі мен қай деректен алынғаны міндетті түрде көрсетіле отырып туындының жалғыз данасын:

  • Заңды түрде жарияланған туындыны кітапханаларда және архивтерде қалпына келтіру, жоғалып кеткен немесе бүлінген даналарды ауыстыру, өз қорындағы туындыны белгілі бір себептермен жоғалтып алған басқа кітапханаларға туындының даналарын беру үшін;
  • Кітапханалр мен архивтердің жинақтарында, газеттерде және басқа мерзімді басылымдарда заңды түрде жарияланған жеке мақалалар мен шағын көлемді туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардан қысқаша үзінділерді (суретпен немесе суретсіз) жеке тұлғалардың оқып-үйрену және зерттеу мақсатындағы сауалдары бойынша;
  • Жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзімді басылымдарда заңды түрде жарияланған жекелеген мақалалармен шағын көлемді туындыларды, заңды түрде жарияланған жазбаша туындылардың қысқаша үзінділерін (суретпен немесе суретсіз) білім беру мекемелері дәрісханалардағы сабаққа пайдалану үшін, пайда алмай репродукциялауына жол беріледі.

Қазіргі жағдайда электрондық аппаратура қандай болсын тұлғаға арзан және еш қиындықсыз туынды көшірмесін дайындауға жағдай жасап отыр. Ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, кітапханаларда фотокөшірмелік құрал-жабдық қойылады, ол қандай да болсын құжаттың түпнұсқасынан ажырата алмайтындай етіп көшірмелеуге жол береді. Қазіргі фотокөшірмелеудің кеңдігі қорғалатын туындылардың дұрыс пайдаланылуына кедергі жасайды және бұндай құрал жабдықтың пайдаланылуынан көркемдік және ғылыми туындылардың көп даналары жасалғандықтан автордың және баспахананың мүддесі бұзылады.

Өкінішке орай, туындыны пайдалануға рұқсат ету құқығы сыйақы алуға құқықпен ауыстырылатыны туралы әлемдік тәжірибеден жасалған жүйе Қазақстан Республикасы заңында толық көлемде қамтылмаған. Бұндай жүйе мәжбүрлі лицензия деп аталады. Ондай аталу себебі, ол авторлық құқық иесінің өз құқығын жүзеге асыру нәтижесі емес, құқық нормасының әрекетінің нәтижесі болып табылады. Мәжбүрлі лицензиялау жүйесін қолданған жағдайда туынды немесе сабақтас құқық объектісі автордың келісімінсіз, бірақ авторлық сыйақы төленіп пайдаланылады. Мәжбүрлі лицензия институты СССР-дың авторлық заңында орын алған. Ол СССР-ң 1952-ші жылғы Авторлық құқық туралы әлемдік конвенцияға қосылуынан болды.

Қазақстан Республикасы авторлық құқық туралы заңының 17-бабы 1-тармағында, қайта шығару құқығына әсер ететін құқықтар бекітілген. Ол «Бейнелеу өнері туындыларын еркін пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы» деп аталады. Бейнелеу өнері шығармасының авторы туындының меншік иесінен өз туындысының көшірмесін жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беруін талап етуге құқылы. Бұл ереже авторлық құқықтың  материалдық объектіге меншік құқығынан тәуелсіздігі туралы нормамен байланысты. Бейнелеу өнері туындысының иесі, авторға бұл туындыны қайта шығару үшін еркін  пайдалануын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл орайда туындыны меншік иесінен туындыны авторға жеткізіп беруді талап етуге болмайды.

         Тарату құқығы және импортқа әкелу құқығы. Заңға сәйкес автор немесе басқа авторлық құқық иесі, туынды немесе оның даналарының таратылуына рұқсат ету немесе тыйым салуды жүзеге асыруына ерекше  құқықты иеленеді. Туындыны тарату деп, туынды немесе оның даналарын азаматтық айналымға енгізетін әрекетті жүзеге асыруды айтамыз, яғни сату, жалға беру және өзге де жолмен.

Туындының түпнұсқасын немесе даналарын таратуға құқықтың мазмұны, туындыға қатысты сатып алу – сату, сыйлау, жалға беру және т.б. әрекет етуге автордың рұқсат ету немесе тыйым салуды жүзеге асыру құқығын құрайды. Туындыны тарату жиі оны қайта шығару болып табылады, яғни туынды даналарын жасау. Бірақ айта кеткен жөн, туындының тек даналары ғана емес, сонымен қатар түпнұсқасы да таратылуы мүмкін. Туынды материалдық пән ретінде азаматтық-құқықтық келісім шарттың объектісі болады. Бұл жерде автор, туынды даналарын азаматтық айналымға енгізу туралы сұрақты қаншалықты шешуге құқылы деген сұрақ туады.

Заңда көрсетілгендей, таратуға құқықтың мазмұны меншік иесінің  өз затын (мүлкін) басқару құқығына сәйкес келген, өйткені бұл жерде меншік құқығының туынды көрсетілген материалдық түрге ауысуы туралы айтылған. Жиі түрде автор туынды даналарына меншік құқығының субъектісі болып табылмайды, мысалы, кітаптың шығарылған даналарының барлық тиражына. Туынды даналарына меншік құқығын әдетте туындыны қайта шығаруды жүзеге асырған тұлғалар иеленеді. Бұл, қайта шығаруды автордың өзі жүзеге асырмаған жағдайда, сондай-ақ қайта шығарылған туынды даналарын автор өз меншігіне алмаған жағдайларға байланысты. Осылайша, бұл жағдайларда туынды даналарын басқаруды, осы туынды даналарын өзінің немесе сырттан шақыртылған материалдық және техникалық құралдарын пайдаланып дайындауды жүзеге асырған тұлға иеленуі керек.

Жоғарыда айтылып кеткендей, заңда авторлық құқық және меншік құқығы екеуі бөлек қарастырылады. Заңның 6-шы бабы 5-ші тармағында былай деп қарастырылған, «туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену құқығымен байланысты емес. Материалдық объектіні меншіктеу құқығының немесе материалдық объектіні иелену құқығының өзгеге берілуі, осы заңның 18-бабында көзделген реттерді қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеп соға алмайды». Осылайша туындының түпнұсқасы немесе даналары меншік құқығының объектісі болып табылатын (бірақ туындының өзі емес) материалдық зат ретінде таратылуы мүмкін.

Туынды даналарын басқару бойынша құқықтың субъектісі айтылып кеткендей, жиі түрде автор емес, басқа тұлғалар болады. Бұндай жағдайда автордың туынды даналарын таратуға тыйым салуы, мысалы, өз қаражатына туындыны қайта шығарған баспахананың ол туынды даналарын сату жолымен, дұрыс емес болады, және бұндай тыйым салу баспахананың бұл даналарға меншік құқығын бұзу болып табылады. Егер автор және туынды даналарының меншік иесі бір адам болған жағдайда, туындының түпнұсқасын немесе даналарын сатуда автор авторлық құқықты (туындыны тарату құқығын) жүзеге асырмайды, ол меншік иесінің оған тиесілі затты басқаруға құқығын жүзеге асырады.

Туынды даналарының белгілі бір санын азаматтық айналымға енгізу туралы шешім қабылдаған автор құқығы, туындыны қайта шығару кезеңінде  тоқтатылады. Туындыны қайта шығару туралы авторлық шарт негізінде пайда болған даналар, автор кері қайтарып алу құқығын пайдаланбаған жағдайда, меншік иесінің қарауы бойынша таратылуы тиіс.

Әдебиетте тарату құқығына, туынды даналарын азаматтық айналымға енгізумен байланысты емес әрекет жасауды жатқызу керектігі туралы пікірлер айтылған, мысалы, М.В.Гордан, әдеби туындылар жария орындау жолымен таралуы мүмкін деп көрсеткен. Қазіргі авторлық заң бұндай әрекеттерді негізді түрде басқа құқық мазмұнына қосқан.

Заңның 16-бабы 3-тармағына сәйкес, егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға түсірілсе, онда оларды автордың келісімінсіз және сыйақы төлемей одан әрі таратуға жол беріледі. Туынды даналарын алған қандай да тұлға, кейін оны сатуы немесе сыйлауы мүмкін. Осылайша, Заңның логикасы бойынша, белгілі бір туынды даналарын (немесе түпнұсқасын) таратуға құқықты автор тек бір рет жүзеге асырады – туынды (түпнұсқасын) даналарын алғаш рет айналымға енгізгенде.

Заңда туынды түпнұсқасын немесе даналарын тарату әдісін бөлу бекітілген. Туынды түпнұсқасы немесе даналарына меншік құқығынан тәуелсіз, туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшілікке жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншік құқығына қарамастан:

  1. ноталық мәтін түріндегі музыкалық туындынының;
  2. фонограммаға түсірілген туындының;
  3. дыбыс-бейнежазу туындысының;
  4. деректер базасының;
  5. ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесіне беріледі.

Берілген тармақшаның құрамы, авторға туындыларды оның даналарын прокатқа тапсыру жолымен «түпнұсқаларға немесе даналарға меншік құқығынан тәуелсіз» тарату құқығын беру кейбір қарсылықтар тудырады. Бұндай берілген құқықтан, автор біреудің заңды иелігіндегі туынды түпнұсқасын немесе данасын прокатқа тапсыру үшін алып қоюға құқылы деп түсінуге болады. Бірақ бұндай ереже меншікке қол сұқпаушылықты танитын азаматтық заңның негізгі бастауына қайшы келеді.

Бірақ, заңның 16-бабы 3-тармағындағы айқын емес құрамына қарамастан, туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (прокат) жолымен таратуға құқықты, сөзсіз авторлық құқық деп санау қажет. Авторлық құқықтың объектісі, материалдық емес құндылық ретінде, туынды болып табылады. Автор туындысына құқығын жүзеге асырған кезде, автор мен халықтың арасында коммуникативтік байланыс орнайды. Бұл жағдайда жүзеге асырылып жатқан құқықтың объектісі шығармашылық өнім ретінде туынды болып табылады.

Туынды көшірмелерін таратуға құқыққа қарағанда (16-баптың 2т, 2т), туынды түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (прокат) өз мазмұны бойынша бұндай даналарды меншікке өткізу туралы сұрақпен байланысты емес. Туынды даналарын жалға (прокатқа) беруде, халықтың танысу объектісі туындының өзі болып табылады, және автордың құқығы, туындының материалдық нысандағы көшірмесіне қатысты емес, туындыға қатысты жүзеге асырылады. Туынды, халық назарына, оның материалдық көшірмелері таратылмай-ақ, жеткізілген жағдайда жария орындау, жария хабарлау құқықтарымен қамтылады.

Импортқа құқық таратуға құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады – тарату мақсатында туынды даналары, соның ішінде автордың немесе автолық құқықтардың өзге иесінің рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы). (заңның 16-бабы 2т 3-тармақша).

Импортқа құқықтың арнайы заңдық құрамы авторлық құқықтың территориялдық мінезіне байланысты.

Қазақстандық автордың туындысы, егер Қазақстанның шет елмен авторлық құқық туралы арнайы келісімі болса, ол елде еркін қолданылады. Бірақ егер ол туындының даналарын Қазақстан Республикасы территориясына енгізсе, онда бұндай әрекет құқықтық емес болып танылады.

Импортқа құқық авторға, шет елде дайындалған оның шығарған туынды даналарына авторлық құқықтың әрекет етуін территорияға енгізуін, бақылауға мүмкіндік береді. Бұл құқық белгілі бір шекте таратуға құқықты құрайды және оның жүзеге асырылуына әсер етеді.

Жария көрсету құқығы. Бұрын әрекет еткен заңда жария көрсету құқығы дербес авторлық құқық ретінде бекітілмеді. Тек Қазақ ССР АК-нің 509-бабында, тапсырыспен жасалған бейнелеу өнерінің туындысына меншік құқығы тапсырысшыға ауысады. Бұл туындыға авторлық құқықты автор иеленіп оны жария көрсету құқығын туындының меншік иесі иеленді. Бұл жағдайда авторға сыйақы төленбеді.

Осылайша, туындыны халыққа көрсету үшін көрмелерге қою құқығы, осы туынды данасына меншік құқығымен бірге ауысты және заңмен авторлық құқыққа жатпады. Автор, туындыны тапсырысшының меншігіне бере отырып, осы туындыны жария көрсетуге құқықты берген, ал сәйкесінше, Э.П.Гаврилов айтпақшы, туыныдыны тапсырысшының меншігіне берместен бұрын, туындыны көрмелерге қою құқығын автор иеленген.

Қазіргі кезде, ҚР-сы АК 978-бабы 2т 3-тармақшасына және Заңның 16-бабы 2-т 4-тармақшасына сәйкес, туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесі туындыны жария көрсетуге айырықша құқықты иеленеді. Бұл құқық авторға, туынды көрсетілген материалдық объектіге меншік құқығынан тәуелсіз тиесілі болады.

Заңның 2-ші бабында, туындыны көрсету – туындының түпнұсқасын немесе бір данасын тікелей немесе үнтаспаның, диапозитивтің, теледидар кадрының көмегімен немесе басқа да техникалық құралдар арқылы көрсету, сондай ақ дыбыс-бейнежазу туындысының жекелеген кадрларын олардың ретін сақтамай көрсету делген.

Туындыны жария көрсету деп, автордың отбасы мүшесіне кірмейтін көптеген тұлғалар тобына туындыны қандай да көрсету, танылады. Көрсету объектісі болып, нысаны мен қасиеті бойынша бұндай көрсетуге жататын қандай да бір туынды танылады.

         Жария  орындауға  құқық. Қазақ ССР-ның авторлық құқық туралы заңы жария орындау құқығын, автордың келісімінсіз бірақ авторлық сыйақы төленетін туындыны пайдалану жағдайларының біріне жатқызады. Жария орындау деп туындыны концертте немесе театрда «тірі» орындау танылады, бұл кезде әртіс – орындаушы мен халықтың арасында байланыс орнайды, және сондай-ақ механикалық жазбада орындау да танылған/1/.

Қазақ ССР АК-нің 490-бабы 1-тармағына сәйкес, жарыққа шыққан туындылар, авторға сыйақы төленіп, еркін орындалған. Авторлық сыйақының көлемі 1988 ж 11-қарашадағы Қазақ ССР Министірлер Кеңесінің №521-ші

қаулысымен белгіленген, кейіннен 1995 ж 9-шы ақпандағы Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинетінің №142-ші «Әдеби, өнер туындыларын жария орындағаны үшін, қолданбалы өнер  туындысын жасағаны және оны өндірісте пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының көлемі туралы» қаулысымен белгіленеді.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң қабылданғалы бері, сыйақы авторлық шартта белгіленеді (32-бабы).

Заңның 16-бабы 2-т 5-тармақшасына және Қазақстан Республикасы АК-нің нормасына сәйкес, автор немесе авторлық құқықтың өзге иесі туындының жария пайдаланылуын жүзеге асыруға, рұқсат етуге немесе тыйым салуға айы-

рықша құқықты иеленеді. Жария орындауға тек авторлық шарттың негізінде жол беріледі (заңда арнайы қарастырылған жағдайларды қоспағанда).

Заңның 2-ші бабына  сәйкес, орындау – туындыны, фонограмманы  көр-

сету, рөлді, ән, биді тікелей орындап немесе қандай да болсын техникалық құралдардың (телерадио хабарларының, кабельдік теледидардың және сол сияқтылардың) көмегімен көрсету, қою. Дыбыс-бейнежазу туындысының кадрларын олардың реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету. «Орындау» түсінігін бұндай талқылау кейбір қарсылықтар тудырады, өйткені оған, біздің көзқарасымыз бойынша, «туындыны көрсету» түсінігінің құрамына кіретін, әрекеттер қосылған, ол дыбыс – бейнежазбаларын  дауыспен немесе дауыссыз көрсету. «Орындау»  түсінігі тек туындыны тірі орындауға жататын әрекеттермен шектелуі тиіс, би, ән, рөлде ойнау.

Туындыны жария көрсету сияқты жария орындау, орындалып жатқан туындыны қабылдаушы тұлғалардың белгілі бір санының болуын қарастырады. Жария орындау құқығын жүзеге асырудағы ерекшелік ол, шарт бойынша автордың контрагенті орындаушы болып табылады – әртіс, әнші, аспапшы, биші немесе өнер және әдеби туындыны орындайтын өзге тұлға. Өзінің мамандық білімін пайдалана отырып орындаушы туындыны халыққа жететіндей нысанды көрсетеді. Ол автор мен халықтың арасындағы жеткізуші қатысушысы, және де  бейненің «тең авторы» болады.  Бірақ орындаушының шығармашылық үлесі туындыға жаңа түпнұсқалық дәреже бермейді.  Орындаушы туындыға қатысты қандай да  автономияны иеленбейді, ол тек туындының сәттілігіне әсерін тигізеді, оның бар жақсы жағын көрсетеді, бірақ жаңа ештеңе жасамайды/1/.

Ғылым мен техниканың дамуы – жазушы  құралдың пайда болуы, материялдық  нысанда жазылған орындаудың шексіз санын, шексіз аудитория алдында пайдаланылуына мүмкіндік берді.

Жазба және дыбыс – бейнежазбаны қайта шығарудан басқа, орындау, ма-

териялдық нысанда орындаудың көшірмесін жасау жолымен, сондай-ақ эфирге беру және кабель арқылы хабарлау жолымен, пайадаланылуы мүмкін. Ол бірқатар теріс нәтижелерді тудырды: орындаушылар саны азая бастады , кейін

маманды әртістердің технологиялық жұмыссыздығы  деп аталып кеткендігі пайда болды. Осыдан орындаушы әртістердің мүддесін қамтамасыз ету қажеттігі туындады/1/.

Алғаш рет орындаушылар құқығын қорғау СССР-да 1991 ж Негізде қарастырылған болатын. 1991 ж Негіздің 141-бабында, орындаушылардың, дыбыс және бейнежазба жасаушылардың, эфирлік хабарлама ұйымдары құқықтары сабақтас құқық дәрежесіне жатқызылды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және авторлық заң сабақтас құқықтарды қорғауға бағытталған тараулардан да тұрады, оған орындаушылардың да құқықтары кіреді.

Орындаушы, автормен шарттың негізінде алған туындыны орындауға құқықты жүзеге асыра отырып, яғни орындай отырып,өзі сабақтас құқықтың субъектісі болады.

Субъективтік сабақтас құқығының анализі осы зерттеудің пәніне кірмейді, сондықтан да біз тек, заңның 37-бабы орындаушылардың мүліктік

емес жеке құқықтарын қарастырады және оларға орындауды немесе қойылымды пайдалануға құқық береді, деп көрсетумен шектелеміз.

Автордың орындаушыға берген орындауға құқықта туынды жаңа нысанда, орындалатын би, ән түрінде болады. Бұл жаңа нысанда ол автордың авторлық құқығынан шығады. Бірақ оған құқықты орындаушы иеленетін жаңа объект ретінде, ол сабақтас құқық ережелерімен қорғалуды иеленеді.

Туындыны жария орындауға ерекше құқықты шектеу заңның 22-ші бабында қарастырылған. Заңды түрде жарияланған музыкалық туындылар ресми және діни рәсімдер, сондай-ақ өлікті жерлеу кезінде көпшілік алдында сол рәсімдердің сипатына сәйкес келетін көлемде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге де иесінің келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей орындауға жол беріледі.

         Бұндай шектеу автордың мүддесіне зиян келтірмейді және туындының нормативтік  пайдаланылуына кедергі келтірмейді.

Туындыны жалпы жұрттың назарына жария хабарлауға құық. Туындыны жария хабарлау, туындыны халыққа жеткізудің бір әдісі болып табылады. Ол туындыны халыққа жеткізілуіне әкелетін әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Заңда автордың туындыны хабарлауға құқығымен байланысты үш түрлі құқықтары көрсетілген. Оның біріншісі, туындыны жария хабарлау (туынды жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның ішінде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы) (заңның 16-бабы 2-т 6-т және ҚР-сы  Ак 978-бабы 2-т 5-т). Келесі екі құқықтар,  эфирде жариялау құқығы (осы баптың 7-тармақшасында көрсетілген) және кабель арқылы хабарлау құқығы (сол баптың 8-тармақшасы) деп аталады. Бұл екі құқық 16-баптың 2-тармағы 6-тармақшасындағы жария хабарлау құқығымен қамтылған. Аталған құқықтардың мазмұны бір болғандықтан оларды, туындыны жалпы жұрттың назарына эфир және кабель арқылы беру жолымен жария хабарлауға бір құқық ретінде қарастырамыз.

Қазақ ССР Ак –де,  автордың туындыны эфирге хабарлауға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығы туралы ереже болған жоқ. Бірақ Қазақ ССР Ак-нің 480 – ші бабында кинофильмдерге,  телефильмдер және радио – және телебағдарламаларға авторлық құқық бекітілген. Қазақ ССР Ак-нің 480 –бабы 4 –тармақта, радио және телебағдарламаларға авторлық құқықты сәйкесінше радио және телебағдарламалық ұйым иеленеді, ал бұл бағдарламаларға жіберілген туындыны автор иеленеді деп көрсетілген. Бірақ, Қазақ ССР Ак-нің 488 –бабы 4 –тармағына сәйкес,  автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей, кино,  радио және теледидар арқылы жария сөйленген сөздерді,  сондай-ақ жарыққа шыққан ғылыми, әдеби және өнер туындыларын қайта шығаруға рұқсат етілген. Қайта шығару деп, сондай-ақ жария орындалып жатқан туындыны сол орнынан теледидар және радио арқылы таратуды да санаған.

Бұл ереже 1991ж Негіз қабылданғанға дейін сақталған және заңи әдебиеттерде дау туғызған.

1991ж Негізінің 135 – бабында,  туындыны эфирге беру, бейне және дыбыс жазбаны спутник және басқа да техникалық құралдардың көмегімен  кабельдік теледидар арқылы беру деген автордың ерекше құқықтары бекітілген.

Қазіргі заңның 16-бабы 2-т 6,7,8-тармақшаларында және Ак-тің сәйкесінше баптарындағы құқық авторға туындыны, эфир және кабель бойынша хабарлау жолымен, оның пайдаланылу процессін бақылауға мүмкіндік береді. Туындыны жария хабарлауға құқық, автор мен сәйкесінше ұйымның арасындағы авторлық шарттың негізінде беріледі. Бұл жағдайда туындыны эфирге хабарлау, туындыны кабель бойынша хабарлау құқығын қамтымайды және керісінше.

Әдетте жария хабарлаудың объектісі, өз қасиеті бойынша сәйкесінше пайдалану нысанына ие туындылар болады. Бұндай болып, сахналық, муызкалық,  музыка–драматикалық,  дыбыс – бейне жазу туындылары танылады. Мұндай туындылар орындалу орнынан немесе жазбаның пайдаланылуымен  эфир немесе кабель арқылы хабарлануы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда хабарлау,  автордың немесе бұл туындыға авторлық құқықтың басқа иесінің келісімімен негізделуі тиіс.

Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе авторлық құқықтардың өзге де иесінің келісімінсіз және қосымша сыйақы төлемей осы ұйымның эфирге таратуға құқық алған туындыны қысқа уақытқа пайдалану үшін жазбасын мынадай жағдайларда:

  • жазбаны эфирге хабар тарату ұйымы өз жабдықтарының көмегімен және өз хабарлары үшін дайындалған;
  • егер жазылған туынды авторымен неғұрлым ұзақ мерзімге келісілмесе, мұндай жазбаны ол әзірлегеннен кейін кейінгі алты ай ішінде жойылған жағдайларда жазуға болады. Егер жазбаның құжаттық мәні ерекше болса, мұндай жазба туынды авторының келісімінсіз-ақ ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкін. (заңның 25 -бабы).

Бірақ  бұл жерде негізгі және бірінші шарт, ол эфирге хабар тарату ұйымының,  туындыны постановканың орындалуын немесе қысқа мерзімді жазылым жүзеге асырылатын бағдарламаға қатысты, эфирге таратуға алдын-ала рұқсат алуы.

Эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымы сабақтас құқық иесі және оған заңның 40-бабына сәйкес хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқық беріледі.

Технологиялық тез дамуы жаңа хабарлау жабдықтарының пайда болуының себепшісі болды. Бұның бәрі авторлық құқық жүйесінде көрініс тапты.

        Аудару  құқығы. Кеңестік кездегі авторлық заңда, қорғалатын туындыны басқа тілге аударуға қатысты өз мінезі бойынша әр түрлі нормалар болған.

1929ж Негізде аударуға еркіндік бекітілген (9-бап «а» тармағы),  яғни басқа тілге аударуды жүзеге асыруда аударылатын туынды авторының келісімі талап етілмеген. Бұл норма туындыға қол сұқпаушылық құқықтан бөлек бір ерекшелік деп танылған, туындыға қол сұқпаушылықтың керектігі, бір ғылыми білімнің көбеюімен, идеологиялық ереженің таратылуымен, көркемдік мәдениеттің дамуымен және кеңестік мәдениеттің дамуындағы мағыналылықпен түсіндірілген.  

1961ж Негіздің 102-бабында,  шығарылған туындыларды басқа тілге,  авторды хабардар етіп және туындының бүтіндігін сақтау шартымен, аударуға рұқсат еткен. Ғылымда бұл ереженің негізі, автор мен қоғамның солидарность идеясы болған.  Одақтық мемлекеттердің Ак-сі авторды хабардар ету міндетін аудармашыға емес, аудырылған түрдегі туындыны пайдаланбақшы ұйымға жүктеген.

СССР –дың 1952ж авторлық құқық туралы Әлемдік (Женевалық) конвецияға отыруы, авторлық құқық туралы заңға көптеген өзгертулер енгізуді талап етті. 1961ж Негізіне және КазССР Ак-не бірқатар өзгерістер енгізілді, соның ішінде аударуға құқыққа да енгізілген.  Енгізілген ережеге сәйкес  туындыны басқа тілге аудару автордың немесе оның мұрагерінің келісімімен, жарыққа шығару мақсатында жүзеге асырылған (Қазақ ССР АК-нің 484-блабы), және автордың туындысын (соның ішінде басқа тілге аударылған түрінде де) басқа тұлғалардың пайдалануы, тек автормен немесе оның мұрагерімен шарттың негізінде жүзеге асырылған. Тек заңда көрсетілген жағдайлардан басқа (Қазақ ССР АК-нің 483-бабы).

Бірақ Қазақ ССР АК-нің, аударуды автордың келісімімен жүзеге асыру ережесі тек жарыққа шықпаған туындыларға қатысты болды, ал Қазақ ССР АК-нің 483-бабындағы ереже туындыны жариялау, қайта шығару және тарату жолымен пайдалану жағдайына қатысты болды, бірақ аудару емес. Және Қазақ ССР АК-нің 488-бабы 2,5-тармақтарына сәйкес, автордың келісімімен бір тілде жарияланған туынды, автордың келісімінсіз аударылған басқа тілде еркін қолданылған болуы мүмкін.

Бір рет бір тілге аударылып жарияланған туындының түпнұсқасы автордың келісімі, аударуға және басқа тілде пайдалануға, талап етілмеген. Сол кездегі әдебиетте былай деп көрсетілген, автор құқығы тек туындыны пайдаланудың белгілі бір әдісіне қатысты, ал аудару дербес авторлық құқық болып табылмайды.

Қазақстан Респубуликасының авторлық құқық туралы заңында аударуға құқық автордың мүліктік құқықтарының бірі болып табылады. Аударуға құқық, туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің туындыны аударуды жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді.

Туындыны басқа тілге аудару, автор және аудармашының арасындағы авторлық шарт негізінде жүзеге асырылады. Автордың келісімімен туындыны басқа тілге аударуды жүзеге асырған тұлға, өзі жасаған аудармаға авторлық құқықтың иегері болады. Сондықтан да туындының келесі пайдаланылуында, аударма авторының да түпнұсқа авторының да келісімін талап етеді.

Туындыны аударуға құқық, жариялау мақсатында аударылған жағдайда да және келесі пайдаланылуды мақсат етпей аударса да, танылады, мысалы, туындыны жеке пайдалану үшін аудару. Бірақ, біздің ойымызша туындыны жариялауға арналмаған аударуға тыйым салудың тәжірибелік мағынасы жоқ. Шет ел тілін меңгерген қандай да тұлға туындыны аударуды жүзеге асыра алады, мысалы, жеке пайдалану үшін. Бұл жағдайда, аудармашының шығармашылық еңбегі экономикалық мазмұнынан айырылады, өйткені аударылған туынды мүліктік қатынастың пәні болмайды, азаматтық айналымға енгізілмейді. Аударылған туынды кейін белгілі бір әдіспен пайдаланылса экономикалық мазмұн пайда болады. Туындыны басқа тілге аудару құқығын авторлық шарт бойынша беру, біздің ойымызша, тек аударылған туындыны қандай да әдіспен пайдаланбақшы болған кезде ғана мағынаға ие болады. Бұл жерде, туындыны аударуға құқықтың мүліктік мінездемесі, аударылған туындының белгілі бір әдіспен пайдаланылуында жатыр.

Аударылған туындыны, басқа авторлар – аудармашы басқа тілге аударуы мүмкін. Аударма жасаған автордың құқығы ол үшін кедергі болмайды. Түпнұсқа авторы өз туындысын басқа тілге аудару туралы қанша болсын шарт жасасуға құқылы. Іс жүзінде ол, бірінші аударма жасаған аудармашымен шартта шектелуі мүмкін. Бұндай шектеу автордың туындыны жүзеге асыруға құқықты басқа тұлғаларға беруіне тыйым салуына әсер етуі мүмкін, мысалы сол тілге немесе туынды аударылған күйінде жарияланбас бұрын.

         Туындыны өңдеуге құқық. Заңда бекітілген жаңа мүліктік құқық, автордың туындыны қайта өңдеу құқығы,  басқа тұлғаларға қайта өңдеуге рұқсат ету немесе тыйым салу. Бұл құқық туындыны қайта өңдеудің (қайта жасаудың) барлық жағдайларын қамтиды, ол арқылы, туындының жаңа әдіспен немесе басқа жағдайда пайдаланылуына жол беретін туындының нысаны элементі өзгереді.

ҚР Ак-нің ерекше бөлімі және 1996 жылғы заң қабылданбас бұрын туындыны қайта өңдеу туралы ереже Қазақ ССР Ак 488 бабы 1 – тармағында бекітілген болатын,  онда,  жаңа шығармашылық дербес туынды жасау үшін басқа біреудің жарияланған туындысының пайдаланылуына жол беру,  повесттік туындыны драмалық туындыға немесе сценарийге және керісінше қайта өңдеуден басқа, сондай-ақ драммалық туындыны сценарийге және керісінше қайта өңдеуден басқа.

Бірақ басқа біреудің туындысының негізінде, жаңа шығармашылық дербес туындының  жасалуы туынды мазмұнындағы элементтермен келісуге негізделеді. Бұндай элементтер, тақырып, сюжеті, идеялық мазмұны және т.б., өз өзінен авторлық құқықпен қорғалмайтындар болуы мүмкін. Қазақ ССР АК-нің 488-бабы 1-тармағындағы жағдайда, туындының ішкі мазмұны сақталып, тек туындының сыртқы нысаны ғана өзгеріске ұшырауы жатқызылады.

Туындының қайта өңделуі әр түрлі мақсатта жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, әдеби туынды оның негізінде кинофильм түсіру үшін қайта өңделуі мүмкін, музыкалық туынды әр түрлі аспаптарда пайдаланылуы үшін аранжировкаға ұшырайды немесе ғылыми мақала оқу құрал үшін өңделеді.

Басқа мүліктік құқықтар сияқты, қайта өңдеуге құқық авторлық шарттың негізінде беріледі.

Туындыны қайта өңдеудің міндетті шарты, туындының өзгеруіне немесе бұрмалануына жол бермеу.

Айтылып кеткендей, қол сұқпаушылық құқық пен қайта өңдеуге құқықтың айырмашылығы, егер туындыға қол сұқпаушылық құқық туындыда бейнеленген автордың өзіндік шығармашылығын қорғаса, туындыны қайта өңдеуге құқық туындыны қайта өңделген нысанда келісімсіз пайдалануға тыйым салады. Қайта өңдеуге құқықтың мінезі, қайта өңделген туындының пайдаланылуына  рұқсат ету немесе тыйым салу құқығында. Сондықтан да, қанадай да өзгертулер туындыға автор келісімімен енгізілуі тиіс, ал өзгертілген түрдегі туындының пайдаланылуына өзгеріс енгізген автордың мақұлдауымен жол берілуі тиіс.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Авторлық құқық проблемасын қарастыруда дұрыс шешім қабылдау  мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Авторлық құқық  18-19 ғасырларда кейбір европалық мемлекеттерде пайда болып, бүгін бүкіл дүние жүзіне таралған. Баспагерлердің құқығын қорғау әдісінен ол әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамудың мықты факторына айналған. Мемлекетіміз автордың жеке құқықтарын қорғауға жағдай жасай отырып және де туындылардың пайдаланылғаны үшін сыйақы алу жағдайын қамтамасыз ете отырып, адамдардың шығармашылық белсенділігінің жоғарлауына, шығармашылықтың барлық салаларындағы туынды санының өсуіне әсерін тигізіп отыр.

      Автордың құқықтары мүліктік емес жеке және мүліктік болып бөлінеді. Мүліктік емес жеке құқықтар туралы  Қ.Р-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 15-бабында және  Қ.Р-ның АК-ның  977-бабында бекітілген. Бұл баптарда жеке құқықтардың төрт дәрежесі көрсетілген. Тағы бір бесінші жеке құқық – еркін пайдалану құқығы – 17-баптың 1-бөлігінде көрсетілген.

      Авторлық құқық – туындының авторы ретінде танылу, яғни авторы болып саналу құқығы. Ол авторлық атқа құқықпен сәйкес келмейді.

      Автордың фактілік еңбекті жасауына байланысты оны бекітуі және құқықтық бейнесі болып табылады.

       Авторлықты басқа тұлғалар иемденген жағдайда, автор, басқа құқыққа емес, осы авторлық құқыққа сүйене отырып, өз мүддесін қорғауды талап етеді.

       Авторлық атқа құқық дегеніміз туындының пайдаланылу жағдайындағы автордың атын көрсету әдістеріне құқық. Заңда есімді көрсетудің мүмкін болатындай үш әдісі көрсетілген: шын есім, лақап есім (бүркеншек есім), есімін көрсетуден бас тарту (жасырындық).

      Есімге авторлық құқық кез келген жеке тұлғаға тиесілі есімге жалпы азаматтық құқықпен сәйкес келмейді.

     Автордың атын көрсету әдісі авторлық шарт жасалған жағдайда, онда бекітілуі тиіс. Одан кейін автор да пайдаланушы да біржақты авторлық аттың көрсетілу әдісін өзгертуге құқығы жоқ.

     Егер туынды лақап атпен немесе жасырындықпен пайдаланылып жүрсе, автордың шын атын білетін тұлғалар (оның ішінде автормен авторлық шартқа отырған пайдаланушы), автордың келісімінсіз оның шын атын ашуға құқығы жоқ.

       Бірақ, егер ғалым зерттеу жұмысының нәтижесінде, белгілі бір туындының авторы белгілі тұлға, деген қорытындыға келген жағдайда және ол қорытындысын жарияласа, ол ешқандай автордың жеке құқықтарын бұзған болып саналмайды.

        Автор қай сәтте болсын өзінің өзінің лақап атын немесе жасырындықты алып тастап, шын атын ашуы мүмкін.

        Автор бірнеше лақап атты иеленуі мүмкін. Ол тек кейбір туындылары үшін лақап атты қолданып, басқаларына шын атын қолдануы мүмкін.

        Туындыға қол сұқпаушылық құқық – автордың үшінші мүліктік емес жеке құқығы.  Оның мақсаты, ол туындыға, автордың беделіне нұқсан келтіретін, өзгертулердің (бұрмалаулардың), енгізілуінен қорғау. Негізінен туындыға, автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгертулерді де автордың келісімінсіз енгізуге жол берілмейді.

        Автордың беделін қорғау құқығы туынды, автордың ойын бұрмалайтын алғы сөз, соңғы сөз және тағы басқалармен толықтырылса да әрекет ете береді.

       Автордың төртінші мүліктік емес жеке құқығы – туындыны халыққа жария ету, ол кез келген үшінші тұлғаларға туындыны еркін пайдалануды қамтамасыз етуді білдіреді.

        Туынды тек автордың келісімімен кең тұлғалар тобының пайдалануы үшін қамтамасыз етілген жағдайда ғана жарияланған болып саналады.

       Егер автор өз туындысын жариялағаннан кейін, оның әрі қарай кең қолданылуын қаламаса, ол әдетте авторлық шарттарға отырудан бас тартады. Онымен қатар автор туындыны кері қайтарып алуға құқығын пайдалануы мүмкін. Яғни таратылған туындыларын өз есебінен қайтып алуы. Қызметтік туындыларды жасаған кезде оны кері қайтарып алуға болмайды.

       АК-тың   978-бабының  1-бөлігінде және заңның 16-бабының 1-бөлігінде, туынды автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айрықша) құқығы бар деп көрсетілген.

        Бұл, барлық автордың мүліктік құқықтары бір құқыққа бірлескен – туындыны пайдалануға құқық дегенді білдіреді.

       Заңның  16-бабының  2-бөлігінде,  автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төменгі әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді делген. Олар, яғни автордың мүліктік құқықтары мыналар:

          1) туындыны қайта шығару;

          2) туындыны тарату;

          3) туындыны импортқа әкелу;

          4) туындыны жария көрсету;

          5) туындыны жария орындау;

          6) туындыны жария хабарлау;

          7) туындыны эфирде жариялау;

          8) туындыны кабель арқылы хабарлау;

          9) туындыны аудару;

         10) туындыны өңдеу.

         Қайта шығаруға құқық, авторлық құқық объектілерін яғни туынды даналарының белгілі бір мөлшерін дайындау арқылы пайдалануды білдіреді.       

          Ал туындыны тарату деп, туынды немесе оның даналарын азаматтық айналымға енгізетін әрекетті жүзеге асыруды айтамыз, яғни сату, жалға беру және өзге де жолмен.

Туындыны жария көрсету деп, автордың отбасы мүшесіне кірмейтін көптеген тұлғалар тобына туындыны қандай да көрсету, танылады. Көрсету объектісі болып, нысаны мен қасиеті бойынша бұндай көрсетуге жататын қандай да бір туынды танылады.

Заңның 2-ші бабына  сәйкес, орындау – туындыны, фонограмманы  көрсету, рөлді, ән, биді тікелей орындап немесе қандай да болсын техникалық құралдардың (телерадио хабарларының, кабельдік теледидардың және сол сияқтылардың) көмегімен көрсету, қою. Дыбыс-бейнежазу туындысының кадрларын олардың реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету.

Орындаушы, автормен шарттың негізінде алған туындыны орындауға құқықты жүзеге асыра отырып, яғни орындай отырып, өзі сабақтас құқықтың субъектісі болады.

 Туындыны жария хабарлау, туындыны халыққа жеткізудің бір әдісі болып табылады.

           Туындыны, эфир және кабель бойынша хабарлау, оның пайдаланылу процессін бақылауға мүмкіндік береді. Туындыны жария хабарлауға құқық, автор мен сәйкесінше ұйымның арасындағы авторлық шарттың негізінде беріледі.

         Аударуға құқық, туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің туындыны аударуды жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді.

          Автордың туындыны қайта өңдеу құқығы,  басқа тұлғаларға қайта өңдеуге рұқсат ету немесе тыйым салуды білдіреді. Бұл құқық туындыны қайта өңдеудің (қайта жасаудың) барлық жағдайларын қамтиды, ол арқылы, туындының жаңа әдіспен немесе басқа жағдайда пайдаланылуына жол беретін туындының нысаны элементі өзгереді.

                

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.«Авторды қорғау руханиятты қолдау» Оразалиев С.Ш. А – 2000.

2.Авторлық құқық және сабақтас құқықтар терминдерінің ықшам сөздігі. Ақыпбекұлы Д.Ж.  А – 2000.

  1. Макагонова Н.М. «Авторское право» М – 2000.
  2. Казаков Ю.В. «Защита интеллектуальной собственности». М – 2002.

5.Серебровский В.И  Вопросы советского авторского права. – М., 1986.

6.Антимонов Б.С., Флейшиц Е.А. Авторское право. – М., Гостюриздат, 1987. 7.Табуцадзе Ю.П. Личные неймущественные права авторов пройзведений интеллектуального творчества: Автореф. дисс на сойскание уч. степени канд юрид. наук. — М., 1987.

8.Кириллова М.Я. Развитие советского авторского права. – Свердловск: издательство УрГУ., 1982.

9.Иоффе О.С. Советское гражданское право (курс лекций) –  ЛГУ,1975.

10.Ромовская З.В. Право авторства.//Проблемы советского авторского права. – М., 1979.

11.Гаврилов Э.П. Советское авторское право. Основные положения. Тенденции развития. – М.: «Наука», 1984.

12.Савельева И.В. Правовое регулирование отношений в области художественного творчества. – М.: МГУ,1986.

13.Данилов Ю., Смородински Я. Предисловие к кн. Льюис Кэррол. «История с узелками». – М.: Мир, 1985.

14.Гарибян А.М. Авторское право на пройзведения науки. – Ереван, 1985.

15.Ваксберг А.И. Издательство и автор. – М.:Искуство, 1987.

16.Гаврилов Э.П. Вступительная статья в кн.: Закон об авторском праве и смежных правах. – М.: издательство «БЕК», 1993.

17.Ярыгина Т. «Защетите слово!» //Литературная газета. 1987, 14-октября

18.Белявский А.В., Придворов Н.А. Охрана чести и достойнства личности в СССР – М: Юредическая литература, 1971.

19.Райгородский Н. Наследование имущественных прав автора по советскому авторскому праву// Социалистическая законность, 1986.

20.Иоффе О.С. Новая кодификация советского гражданского законодательства и охрана чести и достойнства граждан.// Советское государство и право. 1972.

21.Гаврилов Э.П. О некоторых чертах авторского права СССР //Бюллетень по авторскому праву. – 1991.

 22.Гришаев С. Юредическое значение права на опубликование пройзведения // Советская юстиция. 1988, № 9.

23.Дозорцев В.А. Авторские правомочия // Проблемы современного авторского права. – Свердловск: УрГУ, 1980.

24.Комментарий к Гражданскому кодексу Казахской ССР. – Алма-Ата:Казахстан, 1990.

25.Международные конвенций об авторском праве // Комментарий – М., 1982.

26.Гордон М.В. Советское авторское право – М.: Госюриздат, 1985.

27.Гаврилов Э.П. Опринципах советского авторского права // Советское государство и право. 1988, № 3.

28.Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Р.Ф. – М.,1996.

29.Кабатов В.А. Советское авторское право на произведения изобразительного искусства: Автореферат дисс. на соискание уч. степени канд. юрид. наук, М., 1984.

30.Никитина М.И. Авторское право на пройзведение науки, литературы и искусства. – Казань, 1983.

31.Юрченко А.К. О природе авторского права // Проблемы гражданского права. – Л., 1987.

32.Интеллектуальная собственность. Новосибирск В.О. «Наука» 1993.

33.Сергеев А.П. Авторское право Россий. – СПб, 1994.

34.Дюма Р.  Литературная и художественная собственность. М. «Юридическая литература» 1988.

35.Матвеев Ю.Г.  К вопросу о присоединений СССР к Всемирной (Женевской) конвенции об авторском праве – 1952 г. – кн. Проблемы современного авторского права. Свердловск, 1980.

36.Исханова Е.У. «Авторское право субьективное гражданское право по законодательству Р.К.»: дисс. на соискание уч. степени канд. юрид. наук,  А., 2001.

37.Бейсембин К.Е. «Право авторов пройзведений.: проблемы теорий и законодательства Р.К.» дисс. на сойскание уч. степени канд. юрид. наук,  А.,2000

  1. Комментарий к Гражданскому кодексу Р.К. – А., 1998.
  2. Комментарий к закону об авторском праве и смежных правах. Гаврилов Э. М: 2002.
  3. Заң терминдерінің сөздігі. Оқу құрал. Оразалинов С. А – 2004.

 

 

                          НОРМАТИВТІК  ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТІЛЕР

 

  1. Қ.Р-ның «Конститутциясы»  1995-жылы  30-тамызда қабылданған.
  2. Қ.Р-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы

2-ші басылымы – А: 2004 ж.

  1. Қ.Р-ның «Азаматтық  кодексі» (ерекше бөлім) соңғы басылымы – А: 2006 ж.
  2. Қ.Р-ның «Қылмыстық  кодексі»  (ерекше бөлім)  соңғы басылымы – А: 2006 жыл.
  3. Қ.Р-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі» соңғы басылымы – А: 2006 жыл.