АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Азамат соғысы кезіндегі кеңес үкіметінің экономикалық саясаты

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

  1. АЗАМАТ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

  • Ауыл шаруашылығындағы экономикалық саясаттың мәні
  1. 2 Өнеркәсіп саласындағы экономикалық саясат

      

  1. КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ

САЛДАРЫ

2.1     1921 жылғы аштық

2.2     Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістер

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

КІРІСПЕ

 

1      АЗАМАТ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ  КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ

                  ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

 

1.1    Ауыл шаруашылығындағы экономикалық саясаттың мәні

 

1917 жылғы қазан бұрынғы Ресей империясында барлық саяси және экономикалық жағдайдың өзгеруіне алып келді. Азамат соғысының басталуы большевиктер партиясын «соғысушы партияға» айналдырды және «әскери коммунизм» саясатының құрылуына әкелді.

«Әскери коммунизм» тарихи жағдай ретінде және нақты жан-жақты әлеуметтік-экономикалық саяси жүйе ретінде  саналады. Кеңес заманындағы бұл тарихи оқиға экономистер мен тарихшылар арасында осы уақытқа дейін дау және әртүрлі пікірлер тудырып келеді. Әсіресе, даулы мәселелерге  «әскери коммунизмнің» пайда болуына объективті және субъективті факторларының себептері, Кеңес мемлекеті өміріндегі барлық салада өз ізін қалдырған әскери-коммунистік шаралардың салдары, В.И. Лениннің әскери коммунистік идеологияға қарым-қатынасы мәселелері және тағы басқалар жатады. /23, 61/

«Әскери коммунизм» терминін 1916 жылы алғаш рет А.А. Богданов пайдаланады. Бұл термин  I Дүниежүзілік соғысқа тартылған Еуропа елдерінде қолданылған. Басында бұл терминге барлығы да сыни көзбен қарады. Өйткені, ол соғыс кезіндегі империализмді танытты. Сонымен қатар, бұл терминді «авторитарно-регулируемую оргнизацию паразитизма и истребления» деп таныды. Бұл термин соғыстан тылға қарай кең тарады.

Уақыт өте келе «әскери коммунизм» ұғымы өзінің бастапқы мағынасынан айрылып, ЖЭС-ке көшкенге  дейінгі Кеңес Республикасының шаруашылық дамуын танытатын ресми кезең, яғни, 1918 жылдың аяғы -1921жылдың басы деп аталады /40, 68/.

         Бұл саясаттың әлеуметтік –экономикалық құрама элементтері: жеке меншікті жою, тауар-ақша қатынастарын қысқарту, өнеркәсіпті жаппай национализациялау, азық-түлік салғырты бойынша шаруалардан ақша жинау, жалпы ортақ еңбек ету міндетіне кірісу, еңбек ету армиясын ұйымдастыру және басқа шаралар. Бұл бірден, бір уақыттағы жағдайда орындалған жоқ, Кеңес үкіметінің құрылуы мен оның қабылдаған декреттер қатарын біртіндеп біртұтастыққа жиналып, «әскери коммунизм» деген атқа ие болды. Бұл саясаттың құрылуына негізгі әсер еткен идеологиялық догмалар және большевиктік басшылардың революциялық асығыстығы. Қазақ ауылдарының қандай да бір радикалды тәжірибелерді көтеруге жағдайлары болмады. Қазан төңкерісі алдында қазақ халқынан алынған жалпы жердің аумағы 45млн десятинаны құрады /15, 313/.

         Бірінші дүние жүзілік соғыс үлкен көлемдегі ірі қара, шикізат және басқа көлемдегі материалдық құндылықтарды алып қойды. Осы жылы Қазақ халқына азық-түлікті жеткізіп тұру, әртүрлі салықтар, ақшалай  міндеттемелер жүктелді. Артынша 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқы үшін қайғылы болды. Бірақ халық шаруашылығы кеңестік тәжірибенің билігінде еді. «Әскери коммунизм» шараларының анық көрінісі ретінде бірінші кезекте азық-түлік салғырты болды. Қызылгвардиялық шабуыл практика жүзінде Азамат соғысынан ауыл мен деревняларға тез ауыса бастады және азық-түлік алу түрлері мен тәсілдері арқылы жүргізді.

1917жылғы қазан оқиғасынан кейін бұрынғы патша империясының әртүрлі аудандарында азық-түлік дайындығы бойынша большевиктік іс-шараларға қарсы шықты. Украиндық Орталық бас секретариаты Украинаның барлық азық-түлік комитетіне, Петроградқа, Мәскеуге, Ресейдің солтүстік аудандарына және фронтқа астықты тасымалдауға тыйым салу туралы телеграфпен жан –жаққа жарлықтар таратты. Орталыққа астық жеткізуден Дон облысының азық-түлік органы бас тартты /8, 242/.

Қазақстан  Кеңес үкіметінің жарлығына бағынбаған және Орынбор-Торғай губпродком, Семей облпродкомитет және басқа азық – түлік ұйымдары болды, олар астықты жеткізуден бас тартты. Мұндай жағдайда большевиктер азық-түлік диктатурсына кірісу үшін әскери күштеуге сүйенді. Азық-түлік топтарын жұмысшылардан құрады. Қазақстанда, сол сияқты Ресейдің орталық губернияларында 1918жылы құрылған аздаған және жекелеген топтар,  1920 -1921ж.ж. Военпродбюрода құрылған азық –түлік әскерлеріне дейін жүріп өтті. Осының негізгі бастаушысы В.И. Ленин болды. Өзінің «Питерлік жұмысшыларға» үндеуінде ол тікелей: «Питерде отырып, аш болып, қаңырап қалған фабрикалардың жанында сарғайып жүру  бұл ақылсыздық әрі қылмыс. Питер жұмысшылары мұндай ақылсыздықтан арылып, ақылсыздықты қорғайтын ақымақтарды желкелеп қууы, сөйтіп ондаған мың болып жиналып, астығы көп, өзін және отбасын асырауға болатын Оралға, Еділге, оңтүстікке қарай жылжуы керек»- деп атап көрсетті /13, 99/.

 Кеңес үкіметінің қол астына алған шаруашылық қатынастардың күшейгендігінің  маңызды белгісі 1919жылы 11 қаңтарда  РКФСР ХКК енгізген декреті азық-түлік салғырты болды.

Оған 1918 ж.  13-27 мамырдағы астық саудасындағы мемлекеттік монополияны БОАК және ХКК-ның декреттері енгізілген болатын. Осындай жағдайда Кеңес үкіметі азық –түлік диктатурасын жариялай отырып, азық — түлік саясатында жаңа талаптар: жеке астық сатуға тыйым салып, артық астықты алды. Артық астығы болып, азық – түлік топтарынан жасырып, базардағы бағамен сатқан шаруалар халық жауы деп жарияланды. Е.Г.Гимпельсон өзінің зерттеуінде әділ бағалап көрсеткендей азық-түлік кезінде ауыл алқабындағы артық астықты анықтау ауысып кетті: «Егер бұрын артық астықты қалыптастыруда шаруалар отбасының астыққа қажеттілігінен шықса, енді жаңа декрет бойынша мемлекеттің нанға қажеттілігінен туындайды» деп көрсетеді /31,  26-27/.

«Артық өнім» астық көлемінде есептеліп, ауыл, болыс, уезд, губерния аумағында мемлекетке тапсыру керек болды.  РКП(б) ОК губком құрылысындағы салым, болыс үшін артық өнім өзін-өзі анықтады. Партия және оның басшылары астық үшін күресте ауыл еңбеккерлеріне аяусыз соғыс жариялады.

1921ж. азық-түлік компаниясының бастауы Ақмола губерниясында жиналған салғырт бойынша  шамамен 2 млн 100 мың пұт астық құйылған орындар болды. Сол сияқты шамамен 100 мың пұт бастырылмаған маялар болды, бірақ оларды мемекеттік меншік деп жариялаған еді. Азық–түлік салығы декретіндегі салым уақытша  тоқтатылып, шаруалар қалған астықты өзінің қажеттілігіне тұтына бастады. 

Осындай жағдайда азық –түлік салғырты бойынша астықты күштеп алу басталды. Пономаренкодан шектеусіз билікті қолына алған азық-түлік халық комисариатының қызметкелері, жеке адамдарға және халыққа  күштеу әдістерін қолданды. Атбасар уезіндегі Маринин болысындағы салым бойынша 15 пұт жиналу керек болды, болыс бойынша 1000 пұт бастырылмаған астық есепке алынса, оның 4000 пұтты тұқымдыққа алынып қойды. Сонда Пономаренко жергілікті шаруашылық басшыларын ату жазасы арқылы қорқыта бастады. Осындай өкілеттің жинау акциялары кейде ішімдікпен, жанжалмен аяқталатын /14, 67-68/.

Халық салықты орындаған жағдайда отрядтың жұмысы болыстың барлық селоларында міндеттің орындалуын бақылауға, жергілікті кеңестерде астық құятын пунктердің квитанцияарын күн сайын тексеруге келіп сайды. Бұл үшін отряд селолар бойынша 3-5  адамнан топтарға бөлінген. Азық-түлік салығын орындаудан бас тартқан жағдайда қыстақ әр бірінде ауа саны 50-ден аспайтын учскелерге бөлінген, осындай учаске отряд мүшесіне және кеңес өкіліне тапсырылған. Тізім жасалып, онда әрбір үй қожайынына жүктелген міндет пен оны орындау мерзімі көрсетілетін болған. Аудандағы отрядтың жұмысы астықты шаруаларға жасыру мақсатында бір жерден, екінші жерге апармауы үшін қатаң бақылау жүргізу болды. Жолдардың тоғысатын торабында қоршап алатын отрядтар тұрды.

Жергілікті халық келген азық-түлік отрядтарының озбырлығына барынша қарсыласып бақты. Орынбор-Торғай облысында Туладан, Иванова-Вознесенскіде келген жұмысшы отрядтары, Балтық матростары іс-қимыл жасады. Жергілікті жерлерден жоғары тұрған аық-түлік органдарына жіберілген жеделхаттардың сипаты, азық-түлікті қарсылықсыз алу өте сирек кездескендігін байқатады. Міне, осындай жеделхаттардың үлгі болатын үзінділері: «Орынбор, Губерниялық әскери азық-түлік бюросы мен аудандық азық-түлік коммисариаты дереу отряд жіберулеріңізді өтінеді, себебі қарулы күштер көмегінсіз халықтан астық алу және мемлекеттік азық-түлік салғыртын орыдау мүмкін емес» /16,33/.

Азық-түлік жоспарланған көлемде жинаудың сәті түспейтінін білген азық-түлік органдары қуғын-сүргін шараларын бұрынғыдан да күшейтті. Мысалы, Ақмола уезінің қазақ болыстарының бірінде 25-30 адам аиылды. Мұның бәрі орыс пен қазақ шаруашылықтарының экономикалық жағдайының түгелдей күйреуіне, Кеңес өкіметі мен оның декреттеріне сенімінің жойылуына, большевиктер партиясына деген теріс көзқарасқа алып келді. Азық-түлік салығы 1921 жылдың ортасына дейін жалғасты, жоқ астықты тапсыруға итермелеген қысымға шыдамаған халық сол жылдың астығын беруге мәжбүр болды. Жоспарланған 4 миллион пұт астықтың 2,3 миллион пұтын ғана жинау мүмкін болды.  Шаруалардың ешқайсысы азық-түлік салығы туралы декреттің бар екеніне сенген жоқ, өйткені, осымен қатар олар азық-түлік салығы орындауды жалғастырып жатты /36, 45-47/.

Астық жинау кезінде және қазақ халқының көшу кезіне қарамай, барлық көлік арба транспорттары түгелімен мобилизацияланды. Халыққа транспорт қажет болса да берілмеді, сондықтан барлық астық жиналмады және дәндері түсіп қалды. Артынша мобилизацияланғандар қайтарылмай, қазақтардың ірі қаралары көшу кезінде қырылды. Пономаренконың БОАК-ң төтенше өкілеттілігі Смирнов Петропавлға барып, ол барлық Ақмола губерниясынан 4 млн пұт астық жинау керек болды. Бұл кезде губерния бойынша есепте 2 млн  900 мың пұт тұрды. Смирнов табысын паш етіп көрсету үшін Ленинге, Калининге және РСФСР наркомпрод орынбасары Брюхановқа баяндады. Ол Ақмола губерниясына астықты тасымалдау бір тәулікте 30 вагонға жеткізілсе, жартысы кейін тәулігіне 50 вагонға жеткізіледі. Барлығын қыркүйекте Смирнов 3 млн пұт тасымалдауға,  1921 жылы қазан айының  7 дейін — 3,9 млн пұт тасымалдауға уәде етті /38, 16-18/.

1921ж. қыркүйектің ортасына дейін салымдар жалғастырылып халық айтылған астықты өткізуге міндетті болды. Кімде жоқ болса да ол осы жылы өткізу керек. 4 млн пұт жоспар бойынша жиналу керек болса, тек 23 мың пұт ғана жиналды. Мұның барлығы қазақ орыс шаруаларының экономикалық жағдайының күйреуіне әкелді.Кеңес үкіметіне деген сенбеушілік, большевиктер партиясына және декреттеріне деген теріс көзқарастар қалыптасты.

Бұрынғы БОАК-ң мүшесі Сәдуақасов КазОТК мүшелері Бейсенов, Байдильди, Асылбеков, губком мүшесі Нұрмұхамбетов Ақмола губерниясынан кетуге мәжбүр болды, өйткені   РСФСР өкілеттілігінің жүргізген саясаттарына қарауға және кедергі жасауға мүмкіндігі болмады. Өз кезегінде А. Пономаренко КазССР орган басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларын ескермеді /12, 144-145/.

Губернияда астықты тәркілеу жұмысын тездету үшін КазССР наркомпрод органдары продотряд үшін сыйлыққа астық беру жүйесін жүргізді. Губпродком  дайындық тобы басқарып, әрбір белгіленген районға бір немесе бірнеше болыстарға жұмысты уездік продотдел арқылы жеткізді. Продотряд құрған ұйым үшін, әрбір отряд жұмысшыларына жеке сыйлық берілді.  Продотряд болыс басшыларымен бірге белгіенген міндетті орындау үшін халық арасында міндеттердің таралуын қарастырды.

 Болыс комитеті мен ауыл кеңесі салымдардың елді мекенде және үй басында жүргізілуін бақылады. Егер жергілікті Кеңестер салымдарға қарсы әрекет етсе, азық-түлік отрядтары уездік Военпродбюроға хабар жеткізген.         

Ауқатты шаруалар астықты жасыруға тырысты. Бірақ райпродком оны тапқан жағдайда бүкіл селоға айып пұл салды. Осыдан салымдарды орындаған шаруалар жапа шекті. Продотряд іс-әрекетінің сыни көзқарастары наразылыққа әкеліп соқты. Салымдар жүргізілген кезде азық-түлік салғыртына мүлдем қатысы жоқ заттар тәркіленіп, артынан продотрядтар арасында бөліске түсті /15, 96/.

«Әскери коммунизм» саясатындағы азық-түлік салғыртының  Қазақстандағы  жүзеге асырылуы теңсіздік жағдайда болды. Кеңес үкіметінің қайта құруы аяқталған кезде, Қазақстан аймағы әкімшілік жағынан орталығы Омск болған Сібір ревкомына бағынды.

 Алғашқы кездегі Кеңес үкіметінің аграрлық саласы әскери-коммунизмнің ең маңызды принципі азық-түлік салғыртын күштеп тәркілеу  қалыптасты. 1919 ж. қарашада Петропавл, Көкшетау, Есім уезінің территориясы бес райпродкомға бөлінді: Петропавл, Евлендік, Петухов, Пресногорск, Всесвят. Алғашқыда Солтүстік Қазақстандық шаруалар продорганды шақыруға қарсы шықты және астықты еріксіз кеңестік ақшаға айырбасқа беруге тура келді.  Шаруалар бұл ақшаға қажетті өндіріс өнімдеріне ие болуға үміттенді. Бірақ бұл жоспарланған өнім көп ұзамай 1919 ж. қарашадан  1920ж. қаңтар-ақпанда кеңінен жалғасып, тез аяқталды, өйткені шаруалар кеңес ақшасы мен сатып алу қабілетін мүлдем иемдене алмады және ол өте тез құнсызданды. Сондықтан жоғарғы билік жазалау  әдістерін қолдануға асықты, нақты азық –түлік салғыртын зорлықпен тәркіледі. Петропавлск, Көкшетау, Ақмола уезінің тұрғындарына 4млн 700 мың пұт астық салғырты салынды.  1919 ж. егіс аумағы статистикалық мәліметтері өткен жылдың қоры бойынша есептелген /7, 87/.

Продорганның есептеуі бойынша осындай көлем шамамен 70% артық астықты құрауы керек болды. Бірақ  1920 жылы 20 шілдеде астық құятын орындарға барлығы  821мың пұт немесе салымның жалпы жоспарынан 14% түсті. Іс-жүзінде азық-түлік салғырты бойынша барлық өнімдер Мәскеу мен Петрогродқа жіберілді.

1920жылы 20 шілдеде РКФСР ХҚК «Сібірдегі артық астықты тәркілеу туралы» заңы қабылданды. Осы декрет бойынша салым Сібір үшін астықтың 110 млн пұтты құрап, бұл көлем РКФСР бойынша барлық салымдардың төрттен жоғарысын құрады. Оның 35 млн пұт салымды Омск губерниясына (Петропавл, Көкшетау,Ақмола, Атбасар уездері Омск губерниясының құрамына кірді), Семейге 15 млн пұт салықты болып, Сібір продком 1желтоқсанда  60% ,  15 қаңтарға дейін  20% , 1921ж.  1наурызда қалғаны 20% болатын астық құятын орындарының келесі уақытын анықтады.

Қазақстандағы бұл аймақта азық-түлік салғырты дөрекілік және көбінесе қатыгездік әдістермен өткізілді. Бұл өңірдегі большевиктік жүйе әлі толығымен орнамай, Сибпродком продотряды волюнтаристік әрекетінің нәтижесінде Кеңестік Ресейдің ең мықты шаруалар көтерілісінің себебі болды. Қазақстанның Сібір аудандарындағы ауыл мен жеке болыстарда қандай себеппен салымдардың тартылуы болғанын келесі мысалдан көруге болады. Ақмола уезінің Благодат болысының тұрғындарына астық жем-шөптен 5000 пұт, бидай және 2000 пұт сұлы мен арпа салымдары салынды. Бұл салымдар 1920 ж. егіс алқабы көлемінен есептеп тартылды. Бір десятинадан 1пұтқа 30 фунд бидай және 5 пұтқа 70 фунт сұлы мен арпа алынды. Благодат және Новока ауылының тұрғындары 1920 ж. көктемде  1403 десятина бидай және 196 десятина сұлы және арпа екті. Артынша  2455 пұт бидай және  1029 пұт сұлы және арпа көлемдегі салымдар тиісті болды. Павлов және Барятин ауылының тұрғындары 1158 пұт бидай және 346пұт сұлы және арпа өткізу керек болды. Верин ауылы 450 пұт және 420 пұт сәйкес Звенигород- 661 және 94 пұт Ртищевск 295 және 110 пұт астық жиналды. Бұл салымдардың жоспары Ақмола уездінің Благодат болысполкомының 1920ж. 17 қарашадағы отырысында қабылданды /41, 45-46/.

 Сибпродком азық-түлік дайындығы Орынбор, Ақмола, Семей губерниясының жеке қазақ аудандарында экспедициялық ерекше жолмен жүргізілді. Сибпродком азық-түлік экспедициясы зорлық-зомбылық әрекетін жасап, жергілікті халықтың әділетті наразылығына алып келді. Продэкспедиция басшыларының бірі 1920ж. 29 желтоқсанда Ақмола уезді продком жиналысында қазақтың көшпелі шаруашылығын қалпына кетіру үшін ірі қара, шикізат және тоқыма мата салымдарына жоспар жасады.

Исполком болысының өкілдері экспедициясының жақындағанын естіп, ауыл тұрғындары өздерінің табындарын дала түкпіріне қуып, көптеген малшылар Батыс Қазақстан жерлеріне табын малдарын жасырды. Мал шаруашылық шикізаттары мен ірі қараға салымдар жүргізу барысында, продэкспедиция  көшпелі шаруалардың жергілікті жағдайын  және осы басқа болыстардағы ірі қараның шынайы көлемін нақты білмеді. Мысалы, қазақ болыстарының басшылары  1920 ж. желтоқсанда Ақмола уезді продкомында берген мәліметтерінде олардың болыстарына міндеттелген ірі қара мен жылқыға салған салым далада өте көп еді. Олардың айтуынша салғыртқа кіріспес үшін, нақты мәліметтерді жинау керек болды. Бірақ ең бірінші Орталықтан бұйрық шығып, азық-түлік органдары басшылыққа  алды.

Барлық салымдардың мәліметтері Омскіге Мәскеуден келді. 1920 ж. 13 тамызда Атбасар уездінің исполкомына уезд Лениннің телеграммасы келіп,  уезд бойынша   малға салымды 1 қыркүйекте аяқтау керек екенін жариялады.

Қазақ даласында дайындалған шикізатты РСФСР Внешторг қажет етіп, оларға тек ақшалай жәрдемдесті. Әрине бұл бұйрықты орындауда көшпелі шаруашылықтың жоқшылыққа ұшырайтыны айтылған. Мысалға, 1920ж. Ақмола уездінде малдан жиналған салымдар айтылған жерге 30% жетті. Қазақстан аймағындағы азық-түліктен шикізатты, басқа бағалы материалдарды  бөгетсіз көлемде тасуы, Мәскеуде Петропавл –Көкшетау азық-түлік темір жолының құрылысын бастауды қажет етті /12, 67/.

Кеңес тарихнамасы «Әскери коммунизмді» барлық жағынан дәріптей отырып, «Әскери коммунизм емес» саясаттың элементтерін асырып айтты. Бұл жылдарда әсіресе тауар айырбасты әсерлеп көрсетті. Тауарға аштық кезінде тауар айырбастың қарапайым түрі  пайда болды және натуралды шаруашылық жүйесінің тікелей салдары болды. 1918-1921ж.ж. кезеңінде тауар базары жабылып, сауданы ресми түрде тоқтатты. Өз кезегінде шаруалар, қағаз ақшаға сенбей өнімін тауармен жабуын талап етті /2, 78/.

1918 ж.  26 наурызда РКФСР ХКК «Астық дайындауды күшейту үшін тауар айырбасы туралы» декрет шықты. Кейін 1919ж. 5 тамызда ХКК «Тауар айырбасын міндеттеу туралы» тағы бір декрет шығарды. Болшевиктерге тауар айырбасы көбіне саяси акция ретінде көрінгенін ерекше атап өтуге болады. Наркомпрод құрылысы бір жағынан тауар айырбасының орнына барлық тауарды қолдану міндетін ауыстырды. Бірақ, басқа жағынан алып қарайтын болсақ жеке шаруашылықпен жеке меншік айырбасына тыйым салса, ұйымдағы тауар айырбасы бойынша нанды сатып алу мүмкіндігіне тыйым салды. Басқаша айтқанда кедейлер мен шаруалар мемлекеттік қордан бөлінген тауар үшін ауқатты көршілерден азық-түлік тәркілеп, органда қызмет атқарғанына байланысты ие болды.

1920ж. маусымда Петропавл уезінің ауылында тауарға, мұқтаж шаруалармен айырбас жасамай, кедей шаруашылықтары арасында тауарды таратуға жарлық шықты. Осымен байланысты  1920ж. көктемде Ақмола мен Семей губерниясына белгіленген айырбас үшін өндірген тауардың маңызды бөлігін қолдана алмады. Бұл барлық тауар көлемі ақгвардияның жарлығымен әскери жағдайдың өзгеруіне байланысты пайдаланды. Бұл Қазақстанның аймағына жіберілген 90% тауар РСФСР ХКК үшін жоғалып кетті.

Халық комиссарлар кеңесі астық дайындау кезінде бейбітшілік жолын іздеу керек болды. Көшпелі шаруашылық үшін тауар айырбас нормалары  әділетсіз жүргізілді. Бір пұтты былғарыны тауар айырбас бойынша бес аршин мануфактураны, 2/1 катушка жіп, 50 тиынға шай,  25тиынға қиықты жорамалдайды. Осындай жағдайда өткізген шикізат нақты бағасынан тауар көлемінің  30% құрады. 1919ж.  8 қазанда Қазревком Мәскеуге Главкомға ұсыныс тастады. Ұсыныста қазақ халқындағы тауар айырбас нормалары бойынша шикізат пен жерді өткізбеді, мемлекеттік дайындық органымен қажетті айырбас толығымен тиімсіз еді. Қазревком продотдел астық дайындау кезінде халық арасында тауар айырбас қағидаларын белсенді қолданды /14, 124-126/.

1920ж. ақпанда Орал уездінің Красновскі болысындағы Макаровскі хуторында екі күнде  156 бас ірі қырылған. Себебі тағы да ірі қараға қатысты мүлкіне тиісті күтім болмаған еді. Осындай әрекеттер Кеңес үкіметіне жақсы көзқарасты толықтыра алмады.

 Ақмола облысында жергілікті уезд тұрғындарының көпшілігі піспеген және жасыл күйде астықты шауып алды немесе өзінің егістігіне малдарын жіберді. Өйткені жиналған астықты мемлекет тәркілейтінін білді. 1920ж.  25 қазанда Орынбор-Торғай губерниясындағы азық-түлік жоспары келесі көлемде орындалған:  астық 5%,  жарма 0,6% , ірі мүйізді мал 30%, көкөніс  5%  шошқа 30%, пішен  8,5%, сабан  30% осы уақытта жұмыртқа мен майға салғырт жүргізу нашар өткізілді /4, 17-18/.

1920 жылы азық–түлік салғыртының барлық түрі монополияландырылды. Мысалы, РСФСР барлық губерниясына суаттар бойынша балық салғыртты жүргізілді. Қазақстанда Орал аудандарында 1,5 млн пұт  Гурьев балық ауданында 1млн пұт, Түркістан ауданында (Арал теңізі) 500мың пұт, Орынбор ауданында 50 мың пұт балық салғырты салынды. Қазақ аймағының халқына қазіргі территориясындағы Қызыл Армия бөлігін азық-түлікпен жабдықтау міндетін жүктеді. Аймақтағы азық-түлік органы 1919 жылы  15желтоқсаннан бастап Орынбор  укрепрайонына тірі салмақпен 600 пұт ет және ай сайын салғыртты 20000 пұт етпен орындап жеткізуге жарлық шығарды. Ауыл және деревня халықтары жоспар бойынша талап еткен салғыртты орындауға күші болған еді, бірнеше күннен кейін сол болысқа Қызыл Армия продагенті келіп,  қарудың күшімен болыс  түгін қалдырмай реквизициялады.

Сол кезде КАЗССР наркомпроды алған, РСФСР барлық губисполком және губпродком бойынша Ленин және Цюгрупы қол қойған телеграммадан үзінді: « Бізге жұмыс істеңдер, астықты өткізуге мәжбүр етіңдер. Продармия жұмысын бұлжытпай жүйелі қолданыңдар, қауіп-қатер көрсетіп, әрекетке барғанда жалтақтауға жол бермеңдер, аяғына дейін барыңдар.  Соққыға жығып, жеке астық ұрлағандарғажұмысқа мәжбүр етіп, канцлагерге жабуға тұтқында ұстаңдар. Жазаланғандардың нақты атын және тұрғылықты жерін газет пен қағаздарға көрсетіп кең таратыңдар» деп көрсетілген.

Өз кезегінде қазақ қоғамдық продорганы, РСФСР ХКК 1920ж.  23 наурыздағы декретін басшылыққа  алып,  1920ж.  6 сәуірдегі бұйрығында  малды етке айырбастау міндетті нормаларын белгілеп,  барлық райпродкомға бір апта уақытта салғыртты өткізу бұйрығы шықты. Сүтті шаруашылық және артелдер келесі тәртіп бойынша мал өткізуге міндетті: 66-10 бас малы бар шаруашылық, бір бас өткізді. 11-20 басқа — 2 бас; 21-30 басқа — 5 бас; 41-50 бас – 8 бас;  57-60 бас -10; 60 бас малдан жоғары болғанда жалпы мал көрсеткішінің  25% өткізу керек болды. Орынбор губерниясы бойынша 1920 жылы  1мамрынан  15 желтоқсанға дейін ірі қара мал саны   277500 бас қой, 27747 бас шошқа өткізу керек болды /7, 45-47/.

Қазақ АССР территориясында салғырт жоғары орындалуы үшін үш белдеуге бөлінді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік. Солтүстік белдеуге: Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау уездері; Омбы уезді, оңтүстік болыстарынсыз кірді. Орталық белдеуге: Павлодар, Семей, Өскемен, Ақмола уездері, сол сияқты барлық қазақ орыс болыстары және казак станциялары Атбасар уезді, Есім мен Нұрада кірді. Оңтүстік белдеуге: Павлодар уезінің барлық қазақ болыстарының территориясы, Орталық белдеуге кірмейтін, Ертіс бойынша Семей уезді Ақмола уезінің барлық болыстары, Есімнің оңтүстік жазықтығына орналасқан Омбы уезінің оңтүстік болыстары, Торғай, Ырғыз, Ябщенск, Гурьев, Адай уезді, барлық Бөкей губерниясы кірді /31, 27-28/.

Аймақта етпен бірге сүтті өнімдер монополизацияланды. Бір пұт шыжғырылған май 6 пұт етпен теңестірілді,   1 пұт сары май 5 пұт. сүтке, 1 пұт сыр 2 пұт етке теңестіреді. Жергілікті продорган рұқсатымен   5 пұт сүт 1 пұт етке қабылданды.

1921-22 жылдары КАЗССР наркомпрод продкомпанияға 1921 жылы қаңтарда салғырт жоспарындағы негізгі өнім түрлерін және жергілікті өндіріс шикізаттарын ет, жүн, былғары шикізаттарын өндеуге кірісті. Бірақ бұл жоспар салғырт принципінде құрылған   1921-22ж.ж.  ЖЭС-ке енуге байланыста өзінің маңызын жоғалтты. Қажетті әдебиеттер мен құжат материалдар жасалған тұжырымды дәлелдеуге тырысады. Біздің  оңтүстік аймақтағы азық-түлік салғырты  «әскери коммунизм» саясаты, Түркістан кеңес республикаларының басқа региондардан айырмашылығы бірнеше басқа көріністерді байқай аламыз. Қазан төңкерісінен кейін Түркістан аймағындағы кеңес үкіметі 1919 ж. күзге дейін Кеңестік Ресейдің орталық райондарынан оқшаулану жағдайында болды. Мұнда «Әскери коммунисттік» шаралар, азық-түлік саясатындағы большевиктік билік жүргізуі бұл аймақ үшін отарлаушы тәртіпті қолданғанын түсіндіре аламыз. Г. Сафаровтың айтуынша: «Түркістан изоляциясы Кеңестік Ресейден қазан революциясының жағдайынан кейін Түркістандағы кеңестік құрылыстағы отарлау көрінісін тереңдетті», деп көрсетті /21, 42-43/.

Аймақтағы патшаның отарлау саясаты мұнда ауыл шаруашылығының негізгі саласы мақта шаруашылығы болады. Мақта егістігі  аймақты астық келетіндерден тәуелсіз етті. 1917 жылы жеке астық тапшылығы 51 млн пұтпен теңесті.  

1919 ж сәуірде ТүрОАК азық –түлік Диреториясы жер коммиссариатымен  астық монополиясына кірісуге қол қойды. Шындығында астық монополиясы туралы декрет, 1919ж. 2 маусымда шыққан. Мысалға, бұл декреттің қабылдануын байқасақ, Кеңес билігінің басшылары байырғы халықтың жағдайын түсінбеді.

Астық монополисы туралы декреттің орындалуы шынында да үзіліп қалды. 1919 жылы астық дайындығы алдыңғы жылға қарағанда төмен болды. Сырдария облысында 700 мың пұт дайындалса, Жетісуда  350 пұт астық болды. Жетісу отырықшы деревнялары бірнеше рет Ташкентте декрет пен бұйрықтарға бағынбай бірнеше рет көтеріліс болды.

Мұрағат құжаттарына сүйенсек, 1919 ж. 4 қыркүйектегі Жетісу облыстық  төтенше съезінің 3 жарлығының баяндамасында, Орталықтан шыққан астық монополиясы жарлығы бойынша жиналған астықтың 5% — н өткізді.Верный қаласы бойынша 6 қазаннан 1 қарашаға дейінгі жиналған өнімдер: 5091 пұт бидай, 243 пұт арпа, 476 пұт сұлы, 14 пұт қара бидай /26, 465/.

Верненскі уезі бойынша 5% өнімнен түскені: Викторовскі селосынан 4500 пұт нан өнімдері, Куликов селосынан  16327 пұт және Самсоновскі селосынан   34300 пұт жиналған.  Ал, Тоқмақ уезді бойынша барлығы  6708 п9т бидай,  370 пұт арпа,  456 пұт сұлы жиналса, Қапал уездінен мұндай астық жинауға мүмкіндіктері болмады. Жаркент уездінен  1000 пұт бидай,  350 пұт арпа жиналса, басқа дәнді дақылдар болмады /41, 453/.  

Азық-түлік саясатының аймақта өткізілу жағдайында халықтың әртүрлі топтарының қатысуы әділ болмады ма деп ойландырады. Азық-түлік дайындау астық монополиясы негізінде ұмтылуы сәтсіздікке ұшырады, жергілікті органдар мәжбүрлеу шараларымен қатаң жазалады.

1919 жылы 26 қарашада Жетісу облысының ревсоветтің «Жетісу облысында жүргізілген астық монополиясы уақытша тоқтатылсын» бұйрығы шықты. Өйткені, Жетісу облысы бойынша жиналған астықтарға енді жергілікті халықтар мұқтаж бола бастаған еді / 26, 465/. 

1919 ж.  11 желтоқсанда Жетісу облысының реввоенсовет астық қорын құруға жарлық шығарды. Бұл уездік прододелге комбед және уездік басшылары   1920 жылы15 қаңтарда астық құюды аяқтауға жарлық белгіленді. 1920 жылы қаңтарда болған бес аймақтық партконференцияда продотряд ұйымы туралы жарлық шықты.  1920 жылы  28 ақпанда  ТүрОАК азық-түлік дайындығын өткізу үшін, «әскери коммунизм» саясатының маңызды элементі негізінде салғыртты заңдық базасын құраған тұтас декреттер топтамасын қабылдады. Осындай №231 «Деревня буржуазиясына қарсы күрес» декреті,  №232 «Деревня кедейлері қамтамасыздандыру және ұйымдастыру туралы» декреті, №233, №234 «Военпродотрядты басқарудың жалпы құрылысы», және «Военродбюро уезд қаланың жағдайы туралы» декреттері болды /15, 117-118/.

1919 жылы 10 қарашадағы Верный уездінің продотдел берген есебі бойынша, астық қоймалары бар аймақтардан жиналған астық өнімдері төмендегідей нәтиже берді: Кіші Алматы болысы 625пұт, Анатольевка селосы  587 пұт, Викторьевскі селосы  225 пұт астық жиналды.   

Азық-түлік саясатын күшейту үшін, ТүрОАК 1920 ж. 9 наурызда   №248 «Байырғы халықтың көпшілік аудандарына натуралды астық міндеткерлігі туралы» декреті шықты. Бұл құжаттың мағынасы енді астық монополиясының қалыңдатылған түрі еді. Ең бастысы Жетісудің отырықшы деревнясы қатысып,  ТүрОАК  бұйрығына жауап ретінде,1920 жылы  11-19 маусымдағы Верныйдағы бүлік қауіпті болды. Бұл жағдайды ТАССР ОАК және ХКК  1920 жылы 17 қарашадағы бұйрығымен №248 декрет күшін жойып, азық-түлік дайындығының дұрыс әдісі салғырт деп мойындалып,ТАССР халықтарының барлық жеріне тарады /21, 48/. 1920 жылы салғырт барлық Түркістан аймағынан  22 млн пұт есепке алынды. Құжаттық деректерге қарағанда ТАССР облысындағы салғырт жүйесіз өтіп, оның нақты жоспары болмады.1916 жылғы қырғыннан кейін қазақ халқы туған жеріне қайтқанда, ТүрОАК жарлығымен қазақтар салымдардан босатылды. Бірақ бұған қарамай, Семей облысының уезді органы қашқындар деп санап, салғыртты және мемлекеттік міндеткерліктің басқа түрлерін орындауға мәжбүрледі. Адамдар республика шекарасынан қайта көшуге мәжбүр болды. Мысалға, Жаркент уезді Нарын ауданының 7 мың қазақ жанұясы тағы Қытайға қашып, олардың салымдары Прежевальскі уезінің тұрғындарына қайта салды. Туркомпродтың Жетісу облысы мәліметі бойынша 1921ж. ет өнімдеріне салғырт салынды. Осыдан есептеліп қана қоймайды, салғырт бойынша жиналған барлық малдың жартысының құлдырауына қосымша азықтық болмауы суық ауа-райы, малдың қыстан жер оты азығынан ерте ауысуы әсер етуі мүмкін. 1920 ж. көшпелі халықтың нақты көшірме бойынша,  1917 ж. салыстырғанда келуі: қой 67%, ешкі 46%.Берілген жоспардың 55% ешкі, 36% қой,  салғырттың тек 50% орындай алып, Түрккомпродтың тапсырылған жоспардың тек орташа 40% құрады / 31, 44/.

Барлық азық-түлік аумағын бір жоспармен жаулауға тырысып 1920 күзде аймақтағы азық-түліктің барлық түрі монополияланды. Барлық бақшалар және жүзімдіктерді национализацияланды. 1918 жылы 1 шілдеде наркомат сельхозотдел жер бөлімі оған мемлекеттік бақылау орнатты. Туркомпродқа 1920 жылы  28 тамыздағы жарлығына сәйкес жеміс-жидек салғырты енгізілді. Олардың саны өзінше анықталды. Верный уезді 160 мың пуд, Жаркент уезді 32 мың пуд, жаңа піскен жемістер өткізуді жоспарлады. Бірақ бұл салғырттың өткізуін кешіктіріп, ол бақша иелері оларды сатып үлгерді.  1920 жылы  26 қыркүйекте Туркомпрод бұйрығы көкөніске салғырт жүргізді. Мысалы, Лепсі уезді жоспар бойынша: картоп 38 мың, капусталар 12 мың пұт, сәбіз 14 мың пұт, пияз 14700 пұт, қызылша 10000 пұт өткізу керек болды /33, 87/.

Жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси приоритеттерді жарияласа да, Кеңес үкіметі қиын жағдайда жеңе алмады. Аймақтағы халықтың үлкен тобы большевиктердің азық-түлік саясатындағы отарлау қуғынының жалғасуын негіссіз көрді.

Мемлекет шаруа еңбегінің өнімін өзінің жеке меншігі деп жариялап, олар экономикалық күштеу мен зорлық-зомбылық әдістерін «әскери коммунистік» аумағында қолдану көзқарасын қалыптастырды.

Қазақ ауылындағы салғырт жоспарының орындалуы тонаушылық көрініске ие болды. Тұтастай азық-түлікті  күштеп тәркілеу большевиктік билікке Қазақстан шаруа халықтарының  қарсы шығуына алып келді.                  

 

  1. 2 Өнеркәсіп саласындағы экономикалық саясат

 

Ресейдегі саяси оқиғалар, біздің еліміздегі әлеуметтік национализациялаудың алғашқы қадамдарын жасауға әсерін тигізді. Тарихшы ғалымдар осы тақырыпты зерттеуге көп еңбек сіңіріп, Қазақстандағы азамат соғысы мен Қазан төңкерісі тарихына үлкен үлес қосты. Бір сөзбен айтқанда, отарлы Қазақстанға «капиталға қызыл гвардиялық соққы», Кеңес үкіметінің құрылу процесімен тығыз байланысты.

         Жеке өндірістік мекемелерді национализациялау әртүрлі себептермен және әртүрлі ұйымдармен жүргізілген. Өндірістің ұйымдастырылуын бұзған,   осының әсерінен пайда болған қиындықтарды тарихшы марксистер жеке кәсіпкерлер жағынан «капиталистердің жаман ойлары», «Кеңес билігінің көрінісі» деп жазды. Өндірістік кәсіпорындардың иелері өнім көлемін азайтты, себебі оны жоғарғы көлемде ұстап тұру мүмкін емес болды. Осының әсерінен жұмысшылар орны мен жалақысы қысқартылып, халық риза еместігін білдірмей қоймады. 1918 жылы қаңтардың ортасында диірмендердің акционерлік қоғамның жұмысшылары мен қызметкерлері Ақтөбе уездінің комитет міндетін орындаушыларға кәсіпорын иелеріне шағымданды, олардың ойынша, кәсіпорын басшылары өндірісті заңсыз түрде тоқтатқан /11, 18-19/. Осыған сәйкес, комитет міндетін орындаушылар булық диірмендерді кәмпескеледі. 1918 жылдың 23 мамырында Ақтөбе қаласының уездік исполкомы Орынбор губисполкомына жергілікті бидай – ұн жасау серіктестігі біріктірілгендігі туралы хабарлады. Бұл актты серіктестік басшылары өндірістерді жабумен түсіндірді. 1918 жылдың қаңтарында Зенков Петропавлдың ірі тері өңдеу зауыттарын өндіріске шикізат жетпеуіне байланысты жабылатындығын жариялады. Жауап ретінде уездің исполкомы тері өңдеу зауыттарын национализациялады /13, 156-157/. Бүкіл Ресейдегі, Қазақстанда да национализациялау процесінде реттілік, жобалық болмады. Үлкен революциялық дағдарыс, Ресей империясын сілкіндіріп, миллиондаған халықтың көтерілуіне әкелді. Егер де Ресейдің Европалық бөлігінде жұмысшылардың саны мен сапасы ірі капиталға жоспарлы түрде қысым көрсете алса, отарлы аймақта қысым көрсету қиынырақ болды. Мысалы, Сондықтан национализациялау мәселесі басқарылмайтын сипатқа ие болды. 1917 жылдың қараша айында Спасск жез қорыту зауытының жұмысшылары цехтан ағылшын инженері Хайлды арбаға салып  қоқыс тастайтын шұңқырға лақтырып жіберген.  Осыдан соң Ресей Халық Комиссарлар басшылығы өндірісті национализациялау туралы декретті, тек 1918 жылдың 28 маусымында ғана шығарды.

         Жеке кәсіпкерлер жеке меншіктерін сақтап қалу үшін көптеген амал жасағанын көреміз. Мысалы, национализациялауға алынған «Сантонин» серіктестігі немесе Шымкент сантонин зауытын алсақ, зауыт сирек кездесетін дәрмек шөбінен, қымбат дәрілік зат – сантонин жасап шығаратын еді. Дәрмек шөбі Оңтүстік Қазақстаннан басқа жерде өспейтіндіктен, Шымкент сантонин зауыты дүние жүзіндегі жалғыз өндіріс болып, иелеріне және мемлекетке салық түрінде көп пайда түсіретін зауыт еді. Осы жағдайда зауыт иелері түсетін пайданың бір бөлігін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті /8, 67-68/.

         Біз білетініміздей, зауыт 1918 жылы 30 сәуірде Түркістан Республикасының декретімен национализацияланған. Ал шын мәнінде зауытты бұдан ертерек кәмпескелеген. 1917 жылдың күзінде Ташкенттік большевиктік орталық Шымкентке М. И. Зибаровты жіберіп, оны сантонин зауытының комиссары және Шымкент уезд кеңесінің орынбасары етіп сайлады. Зауыт жұмысшылар басқаруына алынып, 1918 жылдың 29 наурызда уезд кеңесі шешімімен зауыт национализациялана 5 сәуір күні зауыттың бұрынғы иесінің әйелі В. Н. Иванова бас механик Осиповтің атына хат жазып жіберді. Бұл хатта, кеңес мемлекеті зауытты кәмпескелегенімен, зауыт әкімшілігінің жұмысшыларымен қызметкерлері кәсіпорындағы басқару және ұйымдастыру жұмыстарымен айналыса алмайтынын сұрады. «Зауыт қирап, жұмысшылар нансыз қалды», – деп жазды ол. Зауыттың бұрынғы иесі В. И. Иванов декрет қабылданудан үш күн бұрын 27 сәуірде зауытты национализациялаудан сақтап қалу үшін, сантонин  дүние жүзінде жалғыз зауыт және өңдеу қиын жұмыс екенін айтты. 1918 жылдың 11 мамыры Қазақстандағы металл өңдеу тағы басқа зауыт өндірістерді национализациялау процесінде маңызды күн болды.

         Әлеуметтік – экономикалық сілкіністер нәтижесінде Ақмола және Семей облыстарының өндірістік кәсіпорындарының жағдайы 1920 жылы нашар болатын. Осылайша 1920 жылдың қаңтарында Риддер кәсіпорындарын басқарушы инженер Н. К. Лессиг Семей губсовнархозына баяндама қағазын жіберді. 1918 жылы қаңтарда американдық инженерлер Ресейдегі саяси жағдайлардан кейін отандарына көшіп кетіп, «Риддер» АҚ-ның жұмысы тоқтады, тек теміржолы, механикалық құю зауыты, қосымша цехтер жұмыс істеді. 1919 жылы көктемде АҚШ-қа жаңа әдістермен өңдеуді іске асыру үшін 300 пұт Риддер кені жіберілді, сонымен бірге орыс инженерлері ол жаққа оқып, тәжірибе жинау үшін барды.

        Осы кезеңнің негізгі мәселесі өндіріс мекемелері мен көліктің  жұмысын жақсарту болды. Мысалы, 1918 жылы мамырда национализацияланған теміржол уақыт өте бұзылған. Бұл жол Өскемен мен Риддердің ортасын қосатын. Өскеменге қарай жанармай әкелініп, Риддерге азық-түлік тасу осы теміржол арқылы іске асырылатын. Риддер теміржолының бұзылуының негізгі себебі, мемлекеттік жұмысшыларды қаржыландыра алмауымен түсіндіріледі /10, 77-78/. Тағы да бір мысал бола алатын Воскресенск теміржолы Ертістегі Воскресенскі Екібастұз кәсіпорындарымен байланыстырады. Национализациялау кезінде жолда алты паровоз, 40 вагон болған еді. Оның барлығы ескіріп, жөндеуді қажет етті. Бірақ қаржы бөлінген жоқ. «Әскери – коммунизмнің» шаруашылық жүйесі кәсіпорындарды жалпыландырумен айналысып, экономикалық жағынан барлық кәсіпорындарды қаржыландыра алмады. 1920 жылдың қаңтарында тау инженері Кузнецовтың Семей губерниясына есеп беруінде Екібастұз мырыш және қорғасын зауыттары жаңа пештер және машиналармен қамтамасыз етілген деп жазылды. Бірақ, зауыттар 1918 жылдан бері істемей тұрды. Осы уақыт ішінде машиналар, пештер ескіріп, терезелер мен есіктер сындырылып, жұмысшылары кетіп қалған. Жақын арада тұратын халық зауыт мүлкін тонап кеткен. Инженер Кузнецовтың жазуы бойынша сол кездегі экономикалық және саяси жағдайға байланысты зауыттарды іске қоспай бұзылу мен тонаудан қарауылдап, барлық күшті тек көмір өндіруге жұмсау керек деген. Кузнецов, Лессигтің баяндамаларынан біз көптеген тәжірибелі мамандар, сол кездегі экономикалық және саяси жағдайды бағалап, осындай жағдайда кәсіпорындардың толық дамуына болашақ жоқ деп ойлаған сияқты /2, 89/.        

Жергілікті совнархоз (кеңестік халық шаруашылығы) мемлекеттендірген кәсіпорындардың негізгі бөлігінің орталық билігін  жүзеге асыруы тиіс болғанымен , өзінің әлсіздігін, бейімсіздігін көрсетті. Бұл көп жағдайда әскери кезеңнің объективті себептермен түсіндірілді. Дегенімен көбіне «әскери комунизм» саясатының табиғаты табанды шаруашылық дамуға әкелді. Бұл жағдайда совнархоз бағдарламалары жасанды болды, оларда шаруашылық өмір шындығы қабылдамады. Павлодар уезі ХКК-і  1920ж Екібастұздың мыс қорғасын заводын кең эксплуатацияға берді. 1920ж І Екібастұз тас көмір кенін зерттеген тәжірибелі мамандардан құралған экспедиция келесі қорытындыларға келді: «Біздің совнорхоздар Уркварт жолдас (бұл кәсіпорындардың бұрынғы басшысы) көрсеткен мақсаттардан бас тартып, қарпайым бірақ пайдалы – көмір өндіру ісімен айналысуы керек»

 Осылайша мемлекеттендірген көп санды кәсіпорындармен ХКК жұмыс істей алмады. Жеке кәсіпкерлер қолынан оларды тартып алып, кеңес билігінің экономикалық органдары ол өндіріс процесін қалпына келтіре алмады, шаруашылық «әскери – комунистік» режимде жүрді . Мұндай кәсіпорындардың көбі өздері жұмыс істемей, мемлекет мойнына отырып, әртүрлі шығындар  мен жалақы талап етті. Сәйкесінше жаппай мемлекет меншігіне  алу мемлекеттік бюджетке шығын әкелді. Жоспарлы — әкімшілік экономика күн сайын өз қатарын жаңа мемлекет меншігіне алынған кәсіподақтармен толықты, оларды ұстап тұру үшін қандай қаржы керек болғанын болжау керек /9, 314-315/.

           Мысалы 1918 ж РСФСР ХКК мемлекет меншігіне алу туралы қаулысымен бірге 3 миллион рубльді «Қырғыз» ақшасына , 2 миллион -рубльді «Риддер» АҚ-на, 1 миллион рубльді Спасск мыс балқыту заводына бөлуге шешім шығарды.

Мемлекет бақылауы астындағы кәсіпорындардың жағдайы қиындауы себебі оларда «әскери-коммунистік» принциптердің бастысы – ақша шаруашылығын ликвидациялау тенденциясына әкелді /3, 202-203/. Тек Риддер АК-ның қосалқы цехтарының жұмысын жалғастыру үшін 1920 жылы ай сайын 470000 рубль қажет болды. Бұл жерде Колчактың Уақытша Сібір үкіметі шығаратын ақшалары көрсетілген. Мысалы, осы Риддер кәсіпорындары  Колчак режимі кезінде, жеке кәсіпкерлер көмегімен жұмыс істеді. «Қырғыз» және «Риддер» АҚ –ның басқарушыларының бірі С.Г.Федосьев 1918 жылдың басында Омскіге келіп, 1919 жылы қарашаға дейін, яғни ақтарды қуғындағанға дейін «Ресей – Азиат» банкі арқылы Риддер кәсіпорындарын қаржыландырып тұрды. Дегенмен, Кеңес билігі алғашқы кезектегі экономикалық шара ретінде өзінің саяси қарсыластарының ақшаларын финанстық айналымда пайдалануға тыйым салды, осылайша Колчак ақшалары айналымнан шықты. Сонымен бірге Кеңестер ақшасы өлкеде патша және Уақытша үкімет ақшалары – «Николай Керенок», «Колчаковский» рубльдерге қарағанда анағұрлым бағалады, себебі ешқандай төлемдік қабілеті жоқ еді. Осылайша, «әскери коммунистік» кезеңге тән осы жағдай мемлекет меншігіне алынған өнеркәсіптің экономикалық жағдайын төмендетті/30,67/.

         Кеңес мемлекетінің шаруашылық органдары бетпе – бет келген мәселелерді жалғастыра отырып,мемлекет меншігіне алынған кәсіпорын жұмысшыларының жағдайы туралы мәселені қарастырмай кету мүмкін емес. Ресми кеңестік идеология  «адамзаттың алдыңғы авангарды » — прогрессивті және саналы қоғам бөлігі – жұмысшы табы туралы керемет аңыздар құрды. «Әскери коммунизм» әлеуметтік мәдени феномен ретінде прогрессивті индивид – пролетаридің қоғам санасында жарқын бейнесін жасауға тырысты. Бұған өндіріс жұмысшыларын «революция гегемоны» статусына орнықтырған кеңес билігінің үгіті мен насихаты әсер етті. Сонымен қатар бірнеше қазіргі кездегі ғалым тарихшылар кеңес қоғамының әлеуметтік жүйесінде жұмысшылардың тап ретінде өмір сүргеніне күдік білдірген: «Кеңес кезеңінің өзінде анық жұмысшы табы болған жоқ, оның авангарды үнемі әлеуметтік мигранттар толқынымен толып отырды» деп көрсетілді. /12, 98-99/. Егеменді Қазақстанның зерттеліп отырған кезеңдегі әлеуметтік стратификациясына қатысты осылай бағалайтын болсақ, онымен келіспеу қиын. Дегенмен сол кезде өлкенің өндірістік өнеркәсібінде жұмыс істеген адамдар тобының болу фактісінен бас тарта алмаймыз.

         Қазақстанның меншігіне алынған кәсіпорындардың жұмысшыларының жағдайы өте қиын болды. Пролетарлық биліктің орнауы және өндірісті национализциялаумен олардың жағдайы жақсарады деген қиялдар тез сейілді. Өнеркәсіп жұмысшыларына сауданың жоқ болуы, тауар айналымы секілді қиын әлеуметтік – экономикалық жетіспеушіліктер келді. 1920 жылы 16 шілдедегі Қарағанды тас көмір қазу кен жұмысшыларының ортақ жиналысында қиын сауда жағдайында жұмысқа шықпау туралы шешім қабылданды.

         Жұмысшылар мен олардың жанұялары жартылай аштық жағдайында өмір сүрді. Ай сайын тек 1,5 пұт ұн ғана берілді, басқа тамақтану өнімдері жұмысшы жанұясында жоқ болды. Тұрмысқа қажетті сабын, сіріңке, керосин т.б секілді заттар жоқ болды. Осы жағдайда адамдар жұмысты тастап, көрші өлкелерге азық іздеп кетуге мәжбүр болды. Ортақ жиналыста Спасск фабрика зауыты  және Сібір мемлекеттік мыс басқаруына жолдау жасалып, еркін саудаға рұқсат сұралды. Мұндай талап жасауға себеп болған нәрсе, шаруалар жұмысшы ауылдарына сауда жасауға келсе, жергілікті билік органдары мал және нандарын кәмпескелеп отырған /9, 322-323/. Осылайша саудада мемлекеттік монополияны жүзеге асыратын бақылау болды. Жұмысшы қазақтар атынан жиналысқа Е.Сандыбаев сөз сөйлеп, жұмысшы қазақтар еңбекақысыз – ақ жұмыс істейтінін, тек әкімшілік олардың жанұяларының басқа болғанын айтты. Қазақ жұмыскерлерінің жағдайы өте ауыр болғанын айтып өту керек. Зауыттардың төңкеріске дейінгі әкімшілігі оларды шыдамдылығы үшін бағалайтын, бірақ қазақ артелдері жұмысына мардымсыз ақы төледі. Олар қарастырылып отырған кезеңнің өзінде өнеркәсіп өндірісінің басты контингенті болды. Екібастұз зауыттарында 1920 ж 600 жұмысшысының 500 қазақ болды. Қазақ жұмысшылары өз ауылдарымен тығыз байланыста болғандықтан  олар жұмыстары маусымдық сипатқа ие болды. Олар көбіне өндіріске келді, көктемде өз ауылдарына оралатын. Бұл кезде олар қыста өз жанұяларына қажетті азық – түлік дайындайтын.

Жоғарыда Қарағанды кен жұмысшылардың қиын жағдайы туралы айтылды. Бүкіл экономикалық ерекшелігі мен қоса бұл мәселе Қазақстанның бүкіл национализацияланған өндіріс объектілеріне тән болды. 1920 жылы қарашада Екібастұз жұмысшысының сауда нормасы айына бір пұт 10 фунт ұн, 4/3 фунт ет болды. Құрамында 2-3 адам бар жанұяға қосымша 5 фунт май, ал 10 адамға 1 фунт май, 5 фунт дән адам басына бөлінген. Онымен қоса осы аз норма азықтың жоқтығынан уақытында берілмеді. Жұмысшылар жұмысқа бармай өндірістік шаруашылық дүкендер алдында кезекте тұрды. Аштық әсерінен адамдар цинга, оспа және гидо секілді эпидемиялық аурулармен ауырды. Шахталарда дәрігерлер болмады. Өмір жағдайының нашарлауымен өндірістік тәртіп те күрт нашарлады. Жұмысшылар аштықтың әсерінен жұмысты тастап қаша бастады. Бұл жағдай әсіресе 1920 жылдың аяғында күшейді. Түкпірде орналасқан Екібастұз зауыттары үшін сыртқы әлеммен жалғастырар жалғыз жіп – Воскресенск теміржолы болды, ал ол бұл уақытта толық дағдарысқа ұшырады. Сол себепті жұмысшылар бұл жердегі теміржол жұмысының үзілуі Екібастұздың қыста аштық блокадасына әкелетін түсініп, кете бастады.

         Шаруашылық өмірдің орталықтану және өндіріс пен тұтынушы арасындағы өзара әсердің нарықтық механизімінің жойылуы «әскери коммунизм» экономикасының жетіспеушілігіне әкелді. Тұтыну тауарлары өндіріс киім кешектеріне жетіспеушілік сезілді. 1921 жылы қаңтарда ҚазССР астанасы Орынборда теміржол шеберханалары мен деполар да бас көтерулер болды. Жиналыста теміржолшылар өндіріс киімімен, аяқ киіммен қамтамасыз етуді, адам басына 22 фунт нан орнына 36 фунт беруді талап етті. Жұмысшылардың басты талаптарының бірі сыйлық мануфактураны бүкіл жұмысшыларға беру болды /7, 49-50/.

          Еңбек ақыны азықпен, киіммен беру шаруашылық қатынастарды натуралдандырудың маңызды элементтерінің бірі болды. Материалды байлықты осылай бөлу революцияның ірі әлеуметтік жетістігі саналды. Өнеркәсіп киімдері Екібастұзда жергілікті жұмысшы ұйымдарына еңбекақы есебінен берілетін, бірақ бұл жетпеді. 1920 жылы 1 қаңтардан 1 қарашаға дейінгі кезеңде 300 адамға 604 пар жаңа және 100 пар ескі етік, 100 пар бәтіңке, 344 жейде, 100 гимнастерка, 100 шалбар, 50 фуражка берілді. Бұл киім саны жеткіліксіз болды.

         Қазақстандағы өнеркәсіпті национализациялау процесін, оның ерекшелігі, әдістері мен салдарын зерттеуде бір жағдайға көңіл аудару керек. Қызыл армия құрылғанда оның құрушысы Л. Троцкий қызметке ескі армияның генералдары мен офицерлерін тарта бастады. Бұл процесс радикалды көзқарастағы большевиктер тарапынан қандай қарсылық көргені анық. Осындай жағдай шаруашылық өмірде де болды. Большевиктер өз экономикалық бағдарламасының радикалдығына қарамай керекті пайдалы, білімді жұмысшылар сипатындағы тәжірибелі мамандарсыз жұмыс істей алмас еді /1, 177-178/. Большевиктердің мамандарды кеңестік аппарат пен өндіріске тартуда қандай бағыт көрсеткенін оларға Лениннің қатынасынан аңғарамыз. 1917 жылы күзде Ленин өзінің «Мемлекет және революция» атты еңбегінде өндірісті басқару орта интеллектілі кез келген азамат атқара алатын қарапайым іс деп көрсетті. Бірақ социалистік құрылыс барысында, жаңа режим кедергілерге бетпе бет келгенде Лениннің мамандарға көзқарасы өзгереді. 

          Бұл еңбекте Екібастұз және Риддердің ескі басқару қатарынан қалған инженерлері туралы айтылды. Техникалық мамандарға шабуыл «казармалық социализм» дәуіріне тән болып, Қазақстандағы кеңестік шаруашылық органдарының жұмысы үшін ықпал етті. Бұрынғы техникалық интеллигенция және бүкіл интеллигенцияға осындай қатынас «әскери коммунизм» саясатының идеялық, ұйымдық бастауынан туындады. Орталық және шығыс Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортында істеген мамандар ақтармен бірге жер аударылды. Сібір Ревком секретары Смирнов 1919 жылы 8 қазанда қол қойған жарғыға сәйкес Ақмола және Семей облысының тұрғындарын да ақтар иеленушілерімен бірге қашқындардың бүкіл мүлкі және сауда өндірістік кәсіпорындары мемлекет меншігіне алынды. Национализацияланған мүлік тізімі құрылып, олардың бағасы анықталды. Орынбор – Ташкент теміржол басқаруының көптеген қызметкерлері 1919 жылы Колчакқа кетеді, осы үшін олар қалдырған үй мүлкі кәмпескеленді.

         Ал өз орындарында қалған мамандар жаңа саяси билік тарапынан сенімсіздікке ие болды. ҚазАКСР ХКК-не 1920 жылдың аяғында Орынбор – Ташкент теміржол жағдайы туралы мәліметтермен қоса шеберхана комиссарлары арасында көптеген техникалық мамандарға қатысты ашық жаулық көзқарастағы және күдіктегі адамдар кездесетіні туралы да айтылады. 1920 жылғы Екібастұз кәсіпорнын зерттеген комиссиялар мамандардың құқықтық жағдайы және көңіл күйінің түсіңкі екенін  жиі байқаған. «Өнеркәсіпте қызыл армия құру және соғыс жүргізу саласындағы көзқарасқа көшу керек: революцияға емес білімге, тәжірибеге, маманға басымдық беру керек» деп комиссиялар баяндамаларында жасады. Өнеркәсіптің басшылығына ескі мамандарды қою жиі қарсылыққа ұшырап отырды. Павлодар уездік ХКК председателі Браун Екібастұз өнеркәсібін басқаруға инженер Кузнецовті тағайындағысы келгенімен фабрика зауыт комитеті мен ревком бұл шешімге қарсы шықты /3, 37-38/. Сонымен қатар жаңа режим ескі техникалық интеллигенцияның білімі мен басқаруынсыз өмір сүре алмайтыны анық еді. Жетісу облыстық жұмысшы шаруа инспекциясының ревизиясы 1920 жылы 1 шілдеден қыркүйекке дейін, облыстың национализацияланған өнеркәсіптеріне тексеру жүргізіп, механикалық аппараттың бұзылуы мамандардың жоқтығы нәтижесінде болды деген фактіні анықтады. Мысалы, тері технологиясын білмегендіктен тарап кетті. Осы Жетісуда облыстық еңбек бөлімшесі 1919 жылы мамырда жаппай еңбек мобилизациясы және еңбекке жарамды халық санағын алу шарасы аясында облыстың национализацияланған өнеркәсіптеріне жұмысқа бұрынғы мамандар мен иелерін алуға бұйрық берді. 1920 жылы қазанда Екібастұз зауытын зерттеу бойынша комиссия тәжірибелі инженер механиктің жоқтығы бу жүйесінің істен шығуға әкелгенін көрсетті. Осылайша бұл кезеңде Қазақстанда кеңестік билік «буржуазиялық» мамандар көмегінсіз жұмыс істей алмағанын байқаймыз.

Осыған байланысты «әскери коммунистік» шаруашылық жүйенің тағы бір ерекше төтенше маңызды аспектіге көңіл аудару керек — өнеркәсіпті басқаруды ерекше орталықтануы және сонымен бірге шаруашылық аппаратының жоғары деңгейдегі бюрократиялануын көрсетеміз. Кеңес билігі жеке меншікті национализациялау жолында экономикадағы жаңа командалық биліктерге қол жеткізіп, параллелді жаңа басқарулы орган, кеңес, комитет тағы басқа байытылды. «Әскери коммунизм» басқару құрылымымен ведомстволарының мүмкіндерінің бәрін дүниеге әкелді. Бүкіл жоспарлы органдар ведомство аралық ұйымдар осы национализациялау стихиясымен дүниеге келді. Осындай орталықтанған үлкейтулер милитаризацияланған экономика үшін «главкизм» секілді көрініске ие  болды. Өнеркәсіптің әр саласы бір главқа бірікті /9, 344/. Главтар ІХКК жүйесінде национализацияланған өнеркәсіпті басқару және оны мемлекеттік бақылауда жүзеге асыру үшін құрылды. 1920 жылы  ІХКК жанынан 50 шақты главк құрылды. Одан өзге олардың ішінде трестер құралды. Басқа сөзбен айтқанда өзіне тән бүкіл кемшіліктерге ие «әскери коммунистік» шаруашылық машинасы құрылды. Жаңа режим ескі орыс бюрократияларының дәстүрін жалғастырып қана қойған жоқ, одан әріге кетіп мемлекет бүкіл экономикаға тотальды бақылау орнатуға тырысты. Қазақстанда өнеркәсіпті басқарудың мемлекеттік органдарының құрылуы 1920 жылы қазанда автономиялық республика құру процесімен бірге бастады. Бұл жүйеде басты орын мен рөлге ІХКК Қаз промбюросы ие болды. Қаз промбюроны КСРО ІХКК жүйесінің бір аймақтық бөлімшесі ретінде қарастыру керек. «Әскери коммунистік» халық шаруашылығын басқару принциптеріне сәйкес Қаз промбююро өз ішінде главтарға бөлінді. Бұлар келесідей бөлімшелерге бөлінді: тау – кен өндірісінің казкомитеті, казтекстиль; автобюро, қазақ өлкелік – транспортты материалды бөлім – трамот; орман комитеті (қазлеском); қазақ өлкелік май бөлімі; мемлекеттік құрылыстың қазақ өлкелік комитеті (казкомгосор). Казпромбюроны құрамына бес адам кіретін ІХК үлгісіндегі президиум басқарды /15, 174-175/. Ортақ шаруашылық өмірді еңбек кеңесі және ҚазССР қорғанысы реттеп отырды. Өлкелер мен губернияларда экономиканың басты басқару органы губ ХКК болды. ЖЭС желісіне жалпы өткен 1922 жылдары ХКК тек Орынбор, Ақмол, Семей облыстарында ғана сақталды, себебі ол жерде өнеркәсіптің ол жердегі үлес салмағы  жоғары болатын. Шикізат пен дайын өнімді орталықтарға бөлу шаруашылықтың «әскери коммунистік» әдісінің негізгі стержені болды. Нарық пен ақша шаруашылығын жою жолына түсе отырып «жарқын болашақ» экономикасына осы бөлуді жүзеге асыратын күшті жоспарлы бөлу органы керек болды. Ол үшін 1918 жылы КСРО ІХКК жанынан «әскери коммунизмнің» атақты идеологы Л. Н. Крицман басқарған материалды ресурстарды пайдалану туралы комиссия ұйымдастырылса, Қазақстанда А. Д. Сабуров басқарған 1921 жылы 1-ші ұйымдастырған. Пайдалану және бөлу кеңесі осы орган рөлін атқарды.
         Оңтүстік – қазақ  өлкесінің көп бөлігі қарайтын Түркістан АССР-де өндірісті жоспарлы реттеу бойынша басты орган болып Халық Шаруашылығы Орталық Кеңесі (ЦСКХ) табылды. Алғашында бұл функцияны 1918 ж 22 наурызда Түркістан ХКК жарлығы негізінде құрылған өлкелік ХКК атқарды. Ол Түркістанда эканомиканы басқаруы тиіс болды. Өлкелік ХКК-ға өндірістің жекелеген салаларын национализациялау, реквизициялау, конфискациялау бойынша кең құқық  берілді. Бірақ бұл орган өз міндеттерін орындай алмады. Сондықтан КСРО ІХКК секілді жоспарлы шаруашылықтың бірегей органын құру туралы мәселе қойылды. 1918 ж 4 маусымда Түркістан АКСР ХКК-сы ОХКК құруы туралы қаулы шығарды. Оған өнеркәсіп, жер өңдеу, финанстық , сауда, транспорт және еңбек комиссариаттары енді /21, 112/. ОХКК  жергілікті ХКК мен кеңестердің  экономикалық бөлімдерінің  істеріне басшылық жасауы тиіс болды. Ол Түркістан республикасының экономикалық өмірінің орталық басқару органы болды.

Басқару штатының шеттен тыс кеңеюі, көп санды шаруашылық органдары арасындағы үнемі қайшылықтар – «пролетар – натуралды» экономиканың факторына айналды. 1920 ж басында Екібастұз кәсіпорындарында көп биліктік, бюрократияның өсуі байқалады. Бір ғана Воскресен темір жолын үш басшы: жол басқарушы, жолды жөндеу басшылары басқарды. Әрқайсысы өз бетінше әрекет етіп, біріне-бірі бағынбай тек тікелей Павлодар уездік ОХШ-ға бағынды. 1920 ж бойы Екібастұзды Семей кен бөліміне, не Омск кен бөліміне , не Сібір бойыша Казгосцинкке беріп отырды. Қорытындысында нақты басшы жоқ, жұмысшылар қамтамасыз етілмеді, өндіріс тоқтады.  Екібастұз кәсіпорындарын басқару үшін Омск тағайындайтын ревком құрылды. Ревком басқарушы рөліне ие болып, қағаздарға қол қойды, бұйрық берді /7, 125/. Профессионалды қасиеттеріне емес, идеологиялық критерилері бойынша тағайындалғандықтан ревком мүшелері шаруашылық мәселелерін жете білмейтін. Бұл фактілердің бәрін 1920 ж Екібастұзда болған комиссиялар баяндап отырды. Өнеркәсіпті көтеруге шақырған міндетті шаралар ретінде мыналарды көрсетті : « 1. қай губерния ОХШ Екібастұзды басқаратынын анықтау керек. 2. Бірегей басқарушысы бар басқаруды ұйымдастыру, ревком да, завком да  ол бола алмайды. Екібастұз басшысы темір жол және бүкіл цехтар мен салалар үшін ортақ болуы керек. 3. Техникалық персоналды күшейту керек. Жаңа шахталарды жобалау, қазба, шеберхана, темір жолдың тәжірибесіз басшыларының орнына тәжірибелі инженерлерді тағайындау керек. Шенеуніктік қолдауды азайту керек »/15,73/. 

         Мұндай шаруашылық  шиеленістер « батырлық кезенге» тән болды. Өз ісіне сенетін басшы орнына шенеуніктер келді. Бөлек экономикалық  психология – кеңестік қызметкер психологиясы дүниеге келді, онымен бірге бюрократиялық аппараттың өсуі байқалды. Мұның бәрі кеңселік заңсыздықтарға әкімшілікке қажет шексіз шығындарға әкелді. Шикізат фабрикаттарымен бұл аппараттармен мемлекеттік мұндай аппараттар қамтамасыз ете алмады, сондықтан кәсіпорындар қажетті заттар, шикізат құралдарды «қара базардан» алуға мәжбүр болды.

         Қазақстанда жеке меншікті национализациялау тақырыбын зерттеуде маңызды аспект – сыртқы сауданы национализациалау болып табылады. Кеңестік Ресейдің сыртқы саудасы 1918 ж 22 сәуірдегі ХКК декретімен национализацияланды. Большевиктер шетел капиталын сыртқы сауда арқылы халық шаруашылығының алдыңғы позициясын жаулап алады деп қорықты /31, 203/. Бұл декрет экономикалық шекараларды жауып шетел капиталын ішкі нарыққа ену жолын жапты. Сыртқы сауда істерінде мемлекеттік монополияны іске асыруды сауда және өнеркәсіп комиссариатына жүктелді. 1920 ж 11 шілдедегі декрет бойынша ол Красин басқарған КСРО сыртқы сауда комиссариаты болып қайта құрылды. Сыртқы сауданы национализациялау Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік- шығыс аймақтарының мүддесіне әсер етті. Себебі, бұл аймақтар Қытай , Парсы , Бұхар эмираттарымен шектесіп жатқан ТҮР ОХК бұйрығы бойынша сыртқы сауда мәселесімен арнайы құрылған комерциялық агенттік айналысты. Күнделікті өмірде Кеңестік Түркістан өкіметі заңсыз сыртқы сауда байланыстарын бақылай алмады. Монополизацияланған шикізаттың көп түрлілігі, табак, опиум  каонтрабандалық жолмен шетке тасыды. Бұдан өзге Кеңестік Түркістанның шекаралық сыртқы сауда өкілдері өз істерімен айналыспады. 1919 ж желтоқсанда Түркістан республикасының Құлжадағы комерциялық  агенті В.Юлусов Түркістан АССР шетел ісі комиссариатына комерциялық  агенство қызметкерлері « революция  экспортымен »  айналысатынын, яғни Қытай халқы ішінде Қазан төңкерісі идеяларын тарататынын баяндады /11, 24-25/.

         Төтенше жағдайлар эскалациясы шаруашылық органдарының басшыларын соғыстағы секілді жақсы күштерді қажеттілігіне байланысты, шаруашылық участоктеріне бөліп тұрды «төтеншелік» кейде транспортта, кейде жанармай дайындауда, сосын Қызыл армияға киім өндірісіне тағы басқа айқындалып тұрды. Осының бәрінен «әскери коммунизм» практикасында «соққылық» ұғымы пайда болды. Соққылық деп тез арада  шаруашылық міндеттері шешілетін участоктар аталды. 1921 ж қаңтарда Рамазанов және Задворныйдың жүн пресс заводтары соққылыққа жатты, «соққылық» термині бұл кезде толық әкімшілік территориялық бірлікке таралды /3, 87/. 1920-1921 жж Казақстанда Орынбор және Қостанай губерниялары соққылық деп жарияланып, 1921 жылдың 1 қантарында 12 млн. пұт жинады. Мұндай соққылық әрекеттер жоспарлы және мақсаты жұмысқа кедергі келтірді. Бүкіл күшті бір участокқа жинап, басқа жерге зиян келтірді. Дегенмен жүргізілген саясат логикасы экономикалық   дағдарыстан  шығудың осы жолын ғана анықтап беруі мүмкін /16, 97/.

               Бұл жылдамдыққа енген национализациялау машинасын тоқтату қиын болған кез болды. Инерция күшімен ІКХШ мен оның органдары жаңа жеке кәсіпорындар санын өз бақылауына алуын жалғастыра берді. 1919ж  1 қазанда бүкіл Кенестік  Ресейде 2522 кәсіпорын национализацияланды. 1920 ж 1 сәуірде -4141, 1920 ж 1 қарашада-4420 болды. Сонымен бірге мемлекет мұндай көлемдегі кәсіпорындарды игере алмады. 1918 ж мамырда Ленин өзінің «Қазақ буржуазилық және солшыл ребячество»  туралы мақаласынды: «кешегі күні тезірек национализациялау, кәмпескелеу, буржуазияны ұру және жою, бүгінгі күні оны артығымен орындағанымызды соқыр да көруде» /11, 27/.

                 Большевиктік өкіметтің национализациялау ісі өз шырқау шегіне 1920 ж 22 қарашада бүкіл өндіріс кәсіпорындарын национализациялау туралы ІКХШ президиумының қауылысында жетті. Сол кезеннің белгілі экономисі және тарихшысы  В. Н. Сарабьянов кейіннен бұл қаулы туралы былай дейді: « Мұндай керемет қаулының себептерін табуға  тырысқанда, өз күшін артық  бағалаудан өзге себеп таба алмайсың, главкалар жеткілікті дәрежеде астық,  фуражка, шикізат тауып бере алмаса да  жүздеген кәсіпорындарды басқарды» /16, 102/. Сауда, тауар, шикізаттың жетіспеушілігі жағдайында реквизиция мемлекет қолына қажетті бұйымдарды  беріп отырып, «әскери коммунизм» қоймалық жұмысы психологиясына ие адамдарды қалыптастырады, олар өндірісті жөндеуде емес дайын өнімді негізгі тұтынушыларға қалай болуді ойлайды. Болу – халық шаруашылық жоспардың негізгі өзегі болды.1919 ж наурызда Оралда – Губайдулиннің қой заводы, Стулов пен Рахматулиннің, А. М. Шубниковтің және жүн-тері фабрикалары национализацияланды. Бұл кәсіпорындардың бәрі облыстық КХШ-ның  текстилді  бөлімі басқаратын «Игла» кәсіп одағына бірікті. Бұған жеке үй орын ретінде берілді /13, 312/.

        Орал облыстық КХШ басшылары национализацияланған кәсіпорын қоймаларында 2000 пұт жүн, 20000 пұт қой, 24 пүт жылқы жалпы бар екенін қанағаттана айтты. Дегенмен бес ай өткен соң1919 ж. Тамызда Чапевтывтың 25 дивизиясынан келген тапсырыс орындалмады. Бұл бүкіл жұмыскерлерді міндетті жұмысқа жіберіліп,  национализацияланған кәсіпорындарда шикізат  жетіспегендіктен тоқтап тұр деп түсіндірілді.

         XX ғасырдың алғашқы ширегінде сол кездегі Ресей империясының отар аймағы – біздің елімізде меншікті қайта бөлу ; «экспортиаторды экспортиациялау» жолымен « әлеуметтік әділеттілік» идеалдарын жасайтын талаптар, қайта құрулар арқылы өндіріс саласында жаппай национализациялау орын алды. Бұл жағынан өндірістегі «әскери комунизмнің» тарихи тәжірибесі мемлекеттік биліктің дәстүрлі шаруашылық формасын өз қол астына алуға жасаған кез келген талпынысы терең экономикалық дағдарысқа әкелетінін анық көрсетіп бергенімен бағалы болып табылады.

 

 

 

           

           2       КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ   

                    САЛДАРЫ

 

           2.1    1921 жылғы аштық

 

1918-1921жылдардағы жылдамдатылған әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен экономикалық қатынастар аумағындағы зорлық-зомбылық әскери қимылдармен қосылып, Қазақстанның шаруашылық келбетін түгелдей өзгертті. «Әскери коммунистік» саясаты қоғамдық құрылыстың жаңа сатысына алып келе алмады. Большевиктік құрылыс табиғи шаруашылық қарым-қатынастарды енгізу нәтижесінде азаматтық соғыстың қойған шарттарынан басым түсті.

Сондықтан да, «Әскери коммунизмді» әлеуметтік қоғам құру әдісі ретінде қарастыруға болады. «Асығып алға шығу» саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа әкеп соққаны ашық көрініс тапты. Ресей империясының басқа халықтары секілді, Қазақстан тұрғындары әлеуметтік-экономикалық апат пен шаруашылық күйзелісті бастан кешірді. 1927 наурыз-сәуір айларында өткен YI Бүкіл қазақтық Кеңестер съезінде,    1918-1920 жылдары. қазақ өлкесінің экономикасы төмендеп, республикалық шаруашылық потенциалы 75% жойылуға душар болғанын атап өткен болатын /18, 29-30/.

Ең алдымен, «әскери коммунистік» шаруашылық жүргізу әдістеріне  өлкенің өндіруші күштерінің негізгі көздері көшпелі және егіншілік шаруашылықтарға душар болды. Нан, ет және басқа да азық-түлік түрлерінің салғырты Қазақстанның шаруашылық өндіруші бірліктерін толығымен бұзды. Көптеген өзіндік шаруашылықтар әртүрлі мемлекеттік міндеттіліктерді көтере алмай, толықтай жойылып кетті.

1921-1922 жылдары Қазақстанды қамтыған әлеуметтік-экономикалық апаттың себептерін қарастыра келе, 1918-1921 жылдар аралығында азық-түлік салғыртының негізгі ауыртпалығын көтерген Кеңестік Ресейдің шет аймақтарында ашаршылық болғаны туралы фактыны атап өту қажет. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені 1921 жылғы құрғақшылық осы аймақтарда болып, өзін өзі қамтамасыз етуге ешқандай ішкі қор қалмай, мемлекеттік салғырт барлық азық-түлік ресурстарын жинап алып, осы губерниялардың тұрғындарын аштыққа алып келді. Фактілерге сүйенсек 1921 ж. барлық Кеңестік Ресейде  халқы 33 млн астам адамды құрайтын 16. 648.000 десятина егістік құрғақшылыққа ұшырады. «Әскери коммунизім» саясатының әсерінен болған аштық Қазақ АССР-нен басқа  Сибирь, Саратов, Царыцин, Пензен, Астрахань, Уфа губернияларын, Татар және Башқұрт республикаларын, Волга, Еділ аралық автономияларының барлығы 36 губернияларды қамтыған болатын. Осы облыстар «Әскери коммунизім» кезеңінің аралығында азық-түлік салғыртының үштен бір бөлігін берген болатын.

Яғни, Қазақстандағы аштық және шаруашылық апатқа  жоғарыда атап өткен аймақтарда, азық-түлік диктатурасының саясатының нәтижесінде пайда болды. «Әскери коммунизмі» кезеңіндегі большевиктердің азық-түлік саясатын әскери-саяси жағдай контекстінде талдайтын болсақ, онда Украина әскери қимылдардың салдарынан бұл кезде елдің азық-түлік балансынан түсіп қалғанын ашық көре аламыз. 1918-1919 жылдар аралығында Батыс Сібірдің тағы бір астық қорының территориясы большевиктердің азық-түлік отрядының қолына тиеді. Бұл жағдайда азық-түліктің негізгі көзі және «Әскери коммунизмнің» шаруашылық тәжірибесі ретінде КазССР және Волга губерниялары болып табылады. Сондықтан да 1921жылғы ашаршылық бұл территорияларды апатпен шарпыды /32, 56-58/.

Экономикалық саясаттың зардаптары бірдей емес, ол асықпай жиналған еді.  Ол Қазақстанда  ең алдымен ауыл шаруашылығында көрініс тапты және ауыл тұрғындарына ауыртпалығын тигізді. «Әскери коммунизм» саясатының зардаптарын ауыл шаруашылғында қарастыра келе, шаруа шаруа шылықтарындағы кейбір көріністер салғырттың тікелей әсерінен болғанына аса қатты назар аудару қажет. Бұл ең алдымен шаруашылықтың өндірісте, оны жүргізу әдістерінен көрініс табуы. Салғырт, сонымен қатар көліктік, еңбектік және басқа мемлекеттік табиғи міндеттіліктердің түрлері шаруашылық өндіріс бірліктеріне қатты өзгерістер енгізді.

Ең алдымен, бұл өзгерістер егістік аумақтарының көлеміне әсер етті. Шаруаларды жұтатын салғырт оларды ауылшаруашылық егіншілікті азайтуға алып келді. Большевиктердің азық-түлік саясатының негізгі принципі нанның бәрін «тартып алу» аграрлық өндірістің өсу шегіне тікелей кері әсерін тигізді. Сондықтан ауыл тұрғындары өндіріс бірліктерінің  қысқаруынан, тек өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Артық өнім болған шаруашылықтардың саны азайды. Ауыл шарушылығында өндірістің тауар рыногына мемлекетті тыйым салу саясаты нәтижесінде шаруалар өндірістің тауарын шығармады. «Әскери коммунизм» саясатының дүниеге келуі ол ең алдыңғы қатарлы және прогрессивті құрылыс, шын мәнінде шаруашылық өмірді құлдыратып, ортағасырлар дәуіріндегі табиғи шаруашылыққа алып келді. Жалпы алғанда, 1920 жылы Ресейдегі егіншілік аумақ 1913 жылмен салыстырғанда жарты есеге азайды. Астық өнімінде де жартылай төмендеп кетті. Қазақ даласында ауылшаруашылық өндіріс былайша төмендеді. (кесте 1)

 

 

     Жылдары

 

 

Мың десятина

 

  1917 жылға қатысты егістік алқабының қысқаруы

1917 ж.

5840

1920 ж                              1921 ж.

1920 ж.

3075

 48%                                   65%

1921ж.

2098

 

 

Осылайша, Қазақ АССР-де егістік аймақ 1917 жылмен салыстырғанда  213 есеге  азайды /15, 87-88/.

Ауыл шаруашылық аймақтарында шаруалардың егістікті аз себу проблемасы мемлекет үшін аса қиын болды. 1920 жылы көктемде Петропавл  уезінің болыстарында көптеген шаруалар «өздері үшін» 2-3 десятина егін екен. Салыстыру үшін мысал келтірсек, Петропавл уезінің Селектен селосында1919 жылғы көктемде, яғни Колчак кезінде, бай-қуатты шаруалар 50 ден 200-ге дейінгі десятина жерге, ал ең кедейлер 5-6 десятина жерге егіс еккен. Бір жыл ішінде болған өзгерістер таң қалдыра алатындық. 1919 аяғынан басталған Ақмола және Семей губернияларының егіншілік шаруашылықтары  Сібір азық-түлік комитетінің дайындау экспедицияларының жоюшылық қимылдарына душар болды.

«Әскери коммунизм» кезеңінде күші аз шаруашылықтардың саны көбейді. Мемлекеттің ауылдық және деревняның әлеуметтік құрамын жоюға ұмтылысы өндіріс бірліктерінде шаруашылықтардың сапасының төмендеуіне әкеліп соқты.

Экономикалық қатынаста, Қазақстан бұрынғыға қарағанда кішігірім шаруашылыққа ие елге айналды. Яғни, бұл деген салғырттың және басқа мемлекеттік міндеттіліктердің ауырлығы кіші, әлсіреген шаруашылықтардың мойнына жүктелді.

Азық-түлік диктатурасының күшейіп бара жатқан езгісіне шаруашылықтар әртүрлі жолдармен жауап қайтарды. Егістік жерлерді азайтумен қатар, шаруашылықтар ауылшаруашылық мәдениет құрылымдарын өзгертуге тырысты. Күздік дақылдар және картоп егістіктері көбейіп, бағалы дәнді дақылдардың сорттары азайды.

Ақырында, Кеңес мемлекетінің партиялық басшылығы ауыл шаруашылығындағы апат пен ашаршылық «Әскери коммунизм» саясатының тікелей салдарлары екенін мойындауға мәжбүр болды. Бұны мойындау, әрине жұрт алдында болған жоқ. Ішкі партиялық конспирациялық дәстүрмен жүріп,  РКП (б) ОК КАССР-дің азық-түлік органдарына құпия үндеу жіберді. Онда: «Сіздер азық-түлікті ашыққандар үшін тойған адамдардан, кейде жартылай аш және жартылай жалаңаштардан алдыңдар. Басқаша жасауға болмады. Кейбір кездерде сіздер басымдылық көрсетіп, қатігез де болдыңыздар».  Одан әрі  РКП (б) ОК,  зорлық-зомбылық салғыртты жинауда ең негізгі құрал болғандығын мойындайды. «Қалалар мен фабрика-заводтары бар аудандардың аш тұрғындарына нан және азық –түлікті жинауда, сіздерге кейде кедейден алуға тура келді, соның нәтижесінде қазір кедейде дән тұрмақ нан да жоқ»,-деп үндеуді аяқтайды /13, 77-78/.

Мемлекет, табиғи міндеттіліктер жүйесін зорлықпен енгізе отырып, дәстүрлі қоғамдық қатынастарды бұзды, бұл өз кезеңінде өлкенің шаруашылық өміріне ең ауыр зардаптарын тигізді. 1921 жылы Қазақстанда қалыптасқан ауыр жағдайлардың шығу себептерінің көбі, «Әскери коммунизм» саясатының негізгі элементтерін өмірге енгізумен тікелей байланысты. Жүйесіз, зорлықпен транспорт құралдарын мобилизациялау шаруаларды ауылшаруашылық жұмыстардан бөліп, шаруалар ауласының материалдық базасын бұзды.

Кеңес үкіметіндегі соғыс қимылдары аяқталған аймақтарда большевиктерге шаруалар қауымын басқару қиындай түсті. Себебі, шаруалар жеке шаруашылық жүргізуге, еркін сауда жасауға кедергі жасап, отырған ауыл шаруашылық салғыртын орындаудан бас тартты, Бұл жағдай елдегі саяси ахуалды нашарлатты. Сондықтан да шаруаларға байланысты саясатты өзгертуді қажеттілігі белгілі болды және бірден бір саяси мәселеге айналды. Өйткені ендігі жерде Кеңес елінің тағдыры шаруаларға өте байланысты еді. Алайда эсерлер бүлігі, шаруалардың көптеген бас көтерулері, аырында 1921жылы РКП(б)-ның X съезі жүріп жатқан күндері болған Кронштадт бүлігі сияқты оқиғалар жаңа саясатты белгілеуге едәуір кедергі жасады. Тек матростар бүлігін талқандағаннан кейін ғана большевиктік басшылық «азық-түлік салғыртын азық-түлік салығына өзгерту туралы» және «ұлт мәселесі бойынша кезекті міндеттер туралы» құжаттар дайындады. Бірақ бұл шешімдер тым кешеуілдеп қалған еді. Ол жөнінде 1921жылғы маусым айында өткен екінші Бүкіл қазақ партия конференциясында былай деп атап көрсетіледі. «Салғырттың салықпен ауыстырылуын көпшілік шаруалар бұқарасы сеніммен қарсы алса да, бұл кезде көтеген жерлерде шаруалар көктемгі егіске тұқымдық бидайсыз қалған болатын» /32, 53/.    

1920 жылы ақпанда Орал уезінің болыстық атқарушы комитеттерінің төрағалары өздерінің съездеріне уезд әкімшілігіне шаруашылықтардың көлік міндеттіліктердің арқасында толық күйрегендігін баяндады. Ал Скворник болысының тұрғындары «су асты міндеттілігі соңғы малды жайғанына» наразылық білдірді. Бұл ауылда барлығы 137 жылқы, 78 өгіз және 11 түйе қалған. Мал салығы ауыл тұрғындарын күйретті.

Малды реквизициялау, көлік міндеттілігі және ет салғырты қазақ халқының ең негізгі дәулеті-көшпелі мал шаруашылығының толығымен құлдырауына әкеп соқты. Күйзеліс пен аштық бір кездерде бай көшпелі ауылдарға да келді /34, 56-57/.

Құлдырау және өмір сүрудің материалдық мүмкіндіктерінен айырылу барлық республика тұрғындарын қамтыды. 1921 жылдың басында Бөкей губерниясында 1917 жылмен салыстырғанда жалпы санынан 20% бас қара мал сақталып қалды. Жылқы қалмады, тек түйелер ғана көптеген көлік міндеттіліктерін төлеуге қалды. Қазақ халқының осындай апаттарының айналасында азық-түлік саясатындағы үкіметтің шешімдері мен қимылдары антигуманистік азық-түлік комитеті балық өндірісінде мемлекеттік монополияны сақтау мақсатында жергілікті халыққа балық аулауға тыйым салды, бұл аймақ аштықты одан әрі күшейтті.

Жетісу мен Сырдария облыстардың мал шаруашылығы большевистік ниетінің алғашқы жылдарында өте қатты зардап шекті. Бірақ та бұл жылдары қазақ көшпелі шаруашылықтарының арқасында қоныс аударған шаруашылықтардың мол саны көбейді. Жеке меншіктің бұндай бөлінісін тудырған Кеңес үкіметінің отарлау саясаты болды. (кесте 2)

 

 

Облыстар

          Халыққа малдың   саны     бойынша    таратылуы

Жер аударылған шаруаларға

            Көшпелі қазақ шаруашылығына

 

 

1917 ж.

1920 ж.

               1917 ж.

       1920 ж.

 

Сырдария

2,4

9,7

  92,2 

 73,4

 

Жетісу

10,7

22,1

  86,4

  74,6

 

 

Яғни кестеден бірінші көретініміз, ұсақ мал саны, шошқа мен қойдың реквизиция мен салғырт негізінде көп зиян келгені. Қазақстанның негізгі дәулеті-жылқы шаруашылығы қатты зиян шекті. Бұл малдың түрі әскери-жылқы және көлік міндеттіліктерінің нәтижесінде қатты құлдырады. 1923 жылы Ақтөбе губерниясының ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және ұйымдастыру комиссиясы былай деді: «Жылқы шаруашылығы көшпелі халықта өмір сүрмейді» /15, 173/.

Шаруашылықтардың саны бұзылуынан, малдың азаюынан және аудару салдарынан ҚАЗССР-дегі көлік транспорты апаты жағдайға ұшырады. Кеңестік және мемлекеттік ұйымдар жем-шөптің жетіспеушілігінен көлік құралдарын таратып жіберуге мәжбүр болды. Көліктік-материалдық бөлімнің жүйесі толықтай өмір сүруін тоқтатты. Сол уақытта, ҚазАССР-де транспорттың жүргізушілері үшін 5000 мың көліктің тоқтаусыз жарты жылдық жұмысы қажет еді. Бұны көлік транспортына жалпы шаққанда 25% құрады. Осылайша, республиканың халық шаруашылығында транспортке қажеттілік 20000 көлікті құрайды, ал бұл жағдай ол кезде іске аспайтын дүние болды.

Мал санының жаппай опат болуы және төмендеуі республикадағы ауыл шаруашылығының құлдырауын айғақтады. Мал шаруашылығынсыз егіншілік даланың аймақта өркендеуі мүмкін емес. Көшпелі қазақ халқы отырықшы шаруашылыққа айналды. Ешқандай ауыл шаруашылығының құрал-саймандары болмады, олар әскери қимылдар нәтижесінде жойылып кетті, сонымен Кеңес үкіметінің ауылда жүргізген кәмпескелеу саясатынан кейін де құрылған болатын. Патша үкіметінің тыйым салу саясатының  нәтижесінде қазақтар пішен шабатын құралды алуға құқығы болмады. Большевистік режимнің экономикалық саясатта жоюшылық қимылдарының нәтижесінде шаруа шаруашылықтарын техникалық қамсыздандыру жағдайы қатты шиеленісіп кетті. Ақтөбе уезінде көптеген  шаруашылықтарда тіссіз соқалар  болған. Астық басатын машиналардың жоқтығынан қолмен жұмыс істеуге мәжбүрлі болған /35, 64/.

Шаруаларды дәнді-дақылдармен қамсыздандыру да қиын жағдай қалыптасты. Оның жоқтығынан егістік компаниясы үзілді. Шаруалар астықты өткізіп репрессиядан құтылды. Орал уезінің Краснов болысында әскери бөлімшелер мен азық-түлік отрядтары нан қорын көп жойып жіберді. Ал 1920 жылы егістік компаниясына 12000 тонна дақыл жетпеді.

Қазақстандағы шаруашылық тәжіриелердің үш жылында негізгі және ең жаман салдарлары жаппай аштық болып табылды. Қазақстандағы басқарудың  егіншілік норкаматының мәліметтеріне сәйкес  1921 жылғы апат мынадай жағдайда болды. Аштық 10 48 100 десятина ауданды және 2 653 340 халқы бар губерниялар территориясын жайлады. Ал егістігі жоқ губернияларда, олар Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей 1921 жылы  4 719 391 тонна нан жиналды, ал бұл губернияларда өмір сүру нормасы 22 105 864 пұт құрады, яғни жеті есе кем болды. Осылайша 17,5 млн пұт нан және астық материалы жетпеді.

Осы апатты жағдайда тек Семей және Ақмола губернияларында қанағаттанарлық астық жиналған Қаз АКССР губерниялардағы апаттың ауқымын бағалау үшін 1921 жылғы астықтың орташа мәліметтерін келтірейік. Сәтті жылдары орташа астықтың көлемі бидай үшін  40-60 пұт болса, тары үшін  70-100 пұт болды. Сөйтіп, Ақтөбе губерниясында астықтың орташа көлемі бір десятинадан 0,6 пұт: Қостанайда-1,5: Орынборда-4,1; Оралда-1: Бөкей -1; Ақмола- 23,2; Семей- 48,8; Адай уезінде – ештеңе жиналған жоқ.

1917-1918 жылдары Сырдария және Жетісу облыстарындағы аштық қатты таңқалдырды. Әртүрлі аудандардағы көшпелі халықтар арасындағы аштық 1918 жылы   қарашада 50% жетті. Шымкент уезінде болыс алдында аштықтан  30% халық қырылды. Қалған жерді бөлу әлсіз қазақ шаруашылығы кулак қолына өтті/30,73/.

Байырғы Түркістан тұрғындарының арасында аштықтан өлген адамдардың санын айтқанда, қазақтардың арасындағы жеке Мұстафа Шоқай былай дейді «Кеңес деректері 1919 жылы 1 млн 114 мың өте жаман санды атады».

Қазақстандағы аштыққа ұшыраған адамдардың саны (кесте 3)

 

Губерниялар

 

1921ж.

                                1922 ж.

желтоқсан

қаңтар

ақпан

наурыз

Сәуір

мамыр

Орынбор

444786

351166

437776

524170

515118

495064

Орал

400900

328816

277835

370000

378818

292098

Қостанай

254900

283749

87494

3370000

354350

294350

Ақтөбе

359325

361051

359326

252514

361049

234580

Бөкей

100000

100000

100000

77059

66265

66265

Ақмола

 

100670

920000

100670

472000

472000

Іле уезі

 

 

 

 

86720

91855

Адай уезі

75000

75000

75000

75000

 

 

Торғай

 

 

 

 

60000

75000

Барлығы

1559911

1600452

1629431

1736413

2303320

2071222

                       

 

Көшпелілер арасында өлім ересек тұрындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. «Әулиеатада шіри бастаған өліктерді жинап алуға мұрша жоқ» — делінген Түрікатком атына жолданған жеделхаттардың (телеграмма) бірінде. Ал енді ҚАЗКСР-ң әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариатының берген мәліметінде (1921 ж. мамыр): «Ақмола уезінің шаруашылығы толық күйреуде. Қазақ халқы тек ашығып қана жатқан жоқ, шетінен қырылып жатыр және кейінгі уақытта Қытай территориясына мүлде қоныс аударуда, енді олардың қайтып келулері екіталай», делінген. 1920 жылы 20 сәуірде Ақмола упродкомының атына мынадай мазмұнда хат келген: « Шу мен Ақтау болыстары қырғыздарының жағдайы өте нашар, қыста тақыршылық салдарынан мал қырылды. 300-500 малы болған шаруалардың қолында тек 100 басқа дейін ғана малы қалды. Қырғыз халқы көмекке мұқтаж. Халықтың бір бөлігі сүзек пен аштықтан қырылып қалды. Қазақтар  165 мыңнан 100 мыңға дейін кеміді». Осы секілді мәліметтер басқа жерлерден де келіп жатты. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді/15,66/.

Осындай қиын жағдайға қарамастан Қазақстан еңбекшілері азық-түлік салығын өткізуге мәжбүр болды. Жиналған салық аштыққа ұшыраған республиканың батыс аудандары арқылы Ресейдің пролетарлық орталықтарына жөнелтіліп отырды. Мұндай фактілердің орын алғандығы туралы РКП (б) Ақтөбе губкомы бюросының протоколдарынан көптеген мәліметтер кездестірдік. Мәселен 1921 жылғы  18 маусымдағы  №7 протоколда былай делінген: «Халық ашығуда, астықтың жоқтығына байланысты көмек болмай отыр, астық жөнелту пунктерінде, одан әрі Орынборға тасылуда». Бұдан кейін қабылданған қаулыда: «ашыққандарға көмек көрсету үшін барлық аудандық комитеттер 3 адамнан жіберіп отырсын. Ақтөбе губерниясынан астықты жөнелтуді тоқтату туралы облыстық комитетке өтініш жасалсын. Себебі, губернияның оңтүстік бөлігінде қырғыздар (қазақтар) мен орыстар аштықтан ісінуде және аштыққа ұшыраған губерниядан астықты әкету халық тарапынан наразылық туғызуда»,-деп жазылған.

  ҚазАССР басшылығы жедел шаралар қабылдады. 1921жылы тамызда ҚазОАК Меңдешев басқарған ашыққандарға көмек ОК ұйымдастырды. ҚазОАК орталыққа Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниялары мен Адай уезінің ашығушыларын мойындау және тұрғындардан азық-түлікті жинауды алып тастау туралы өтініш берді. Орталық бұған қарсы болғанымен ОАК-ның бұл өтініші қанағаттандырылды, жалпы Мәскеу ҚазКССР-дағы апатты жағдайды шешуде шеткері позицияны ұстанды. Орталықтан материалдық-қорғаушылық және азық-түлік кешені болған жоқ. Тек соңғы уақытта ғана Мәскеу Қырғыз республикасындағы аштыққа назар аударды. Қырғыз республикасында жағдай тым нашарлаған кездерде де, Мәскеу басқа аймақтарға қарап, бізге көмек бермеді», деп жазылды.  Осыған байланысты ҚазАКСР-дағы аштықпен күресу материалдарында республикаға бағасыз көмек жасаған «Американдық көмек әкімшілігі –«АРА» ұйымы болды. Осы ұйымның өкілдерінен Мәскеу Қазақстандағы апатты жағдайдан  мәлімет алып отырды. «АРА» өкілдері Орынборға 1922 жылы 20 қаңтарда келді. Ақпан айынан бастап жүктер келіп, азық-түлік тарата бастады. Негізінен «Ара» ұйымы Қаз АССР-ге 1921 жылы күзінен бастап көмек бере бастады. 1921 жылы қараша айынан 1922 жылы наурыз айына дейін республикаға «АРА» ұйымынан 125 вагон жүк келді. Сонымен қатар 55000 пұт ұн, 8000 пұт күріш, 2380 пұт какао, 11 тонна қант, 11500 пұт сүт, 8000 пұт бұршақ және ірі бұршақ, 20000 пұт жүгері, 32000 чулки, 700 пұт сабын, 10000 балалар костюмы, 4750 көрпе, 3280 орамал келді.

Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губернияларында «АРА»  балаларға ыстық тамақ беретін асхана ашты, күніне 300000 тамақ берілді.

Бұл көрсетілген көмекке қарамастан жағдай ауыр халде қала берді. Бір рет берілген материалдық көмек жағдайды түбімен өзгерте алмады /32, 53/.

Аштық сияқты апат қоғамның азғындауына және адамдардың құлдырауына әкеп соқты. Өліктерді жеу, адамдарды тірідей жеп қою оқиғалары көбейіп кетті. Пайда болған жағдай терең экономикалық дағдарыстың нәтижесі болды. Қарақшылық республиканы жайлап кетті.    1921жылы мамырда ОАК өзінің жиналысында елдегі криминалды жағдай мәселесін талқылап, босқындар санының күрт өскенін атап өтеді. Мәселен, Ақбұлақ уезінде босқындар толық бір лагерь құраған. Бұнда қарақшылық дамып, толық отбасылар өлтіріліп жатты. Бұл процестердің барлығы анти-кеңестік қимылмен бірге жүрді, большевиктер жүргізген экономикалық саясатқа қарсы шыға отырып, қолдарына қару-жарақ алды. Ауыр әлеуметтік –экономикалық жағдайда бандитизм мен әлеуметтік қарсылық актінің арасын айыру қиынға соқты.

  1922-1921жылдары экономикалық апатта ғасырлар бойғы отбасылық қатынастар бұзылды. Отбасының материалдық  негізін бұзған кедейлік қоғамдағы рухани дағдарысты тудырды /25, 154-155/.

1921 жылы тамызда Торғай облысындағы жиналыста Ырғыз уезінде қыздарды сату фактісін келтірді, бұл жағдай нанға айналды. Көкшетауда, қызыл армиялықтардың әйелдері аштық нәтижесінде өз балаларын атқарушы комитеттің жанында тастап кететін /2, 44/.

Әлеуметтік–экономикалық күйзелістер аурумен қатар жүрді, бұл Қазақстанды да қамтыды. Тиф, холера эпидемиялары өлкеде жайлап кетті. 1920 жылы ақпанда Орал уезінің болыстарында халықтың  50% тиф және испанка ауруларымен ауырды. 1921-1922 жылдары қыста Орынбор қаласы ауруханасында жылу өшіріліп тасталды. Биттің көбеюі, және тамақтың жоқтығы ауруханаларды эпидемия ошағына айналдырды. Медициналық жағдайын жақсарту мақсатында ҚазАКСР үкіметі медицина қызмет санын  фабрика-завод жұмысшылардың санына дейін көбейтті. Қазтопкомитетті Орынбор қаласындағы қажеттіліктері үшін 20-15 куб отынды күніне беру туралы шешім шығарды. Санитарлық-эпидемиялық жағдай басқа ашыққан аймақтардан босқындардың келуімен күшейді /38, 24/.

Жоғары жақтан қатаң тойтарыс алғаннан кейін Ақтөбе губкомы өзінің 1921 жылы 22 маусымдағы бюро мәжілісінде губчеканың төрағасы Качковскидің жөнелту пунктеріндегі астықты аш шаруалардың ұрлауы және тонауы жайындағы баяндамасын тыңдап, онда соғыс коммунизмі кезеңінің рухына сай келетін революциялық трибуналдар құру жөніндегі шешім қабылдайды. Сөйтіп, аштыққа күрес азық-түлік салығын жинау науқаны жағдайында жүрді. Партия органдары ашыққандрға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды талап етіп, неше түрлі қаулы қарарлар қабылдады /36, 13/.

Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқасы С.Мендешевтің талап етімен ерекше орган-аштарға жәрдем беру жөніндегі орталық комиссия құрылады. Оның міндетіне тұрғындарды қолайла аудандарға жоспарлы түрде көшіру, көшпеліледің жұмыскер көлігін сақтау, аштарға жаңа егін орағына дейін шағын кәсіп орындар мен артелдерден жұмыс беру үшін барлық шараларды қолдану кіреді. Құрылған комиссияны С.Меңдешевтің өзі басқарады. Әрбір наркомат өз саласында аштықпен күресте төтенше шараларды жосарлаумен іске асыруға арналған орындар ұйымдастырады. Аштықпен күресте Қазақ АКСР-ы төтенше шараға барып, республика шекарасын уақытша жабады. Үсті-үстіне төтенше шаралар белгілеп, барлық Кеңес, партия орындарын соны іске асыруға жұмылдырады.

«Әскери коммунизм» саясатының қайғылы нәтижелерінің бірі-демографиялық жағдайдың өзгеруі болды. Егер 1914 жылы ҚазАССР территориясында  4811662 адам тұрған болса,  1922 жылы  3795963 адам қалды.  1920 жылы басында жалпы демографиялық жағдай біржақты болған жоқ. Жаппай аштық әсерінің нәтижесінде империя ішінде миграциялық процестер күшейді. ҚазАССР-де көптеген шаруалар-босқындар өздерінің бастапқы тұрғындарын босатып, көшіп кетті. Республика үкіметі мерзімді басылымдар арқылы халыққа өз бетімен тұрғылықты мекен жайларынан көшуге тыйым салатынын жариялады. Ашығушы халықты эвакуациялау егіншаруашылығы наркоматының органдары арқылы іске асырылатынын жариялады. Бұл үшін республикаларда арнайы мекеме-Қазэвакуация құрылды. Алайда бұл істер онша қатты әсер берген жоқ. Қоныс аударған  халық болыс ауыл болып Украина, Сібір,Түркістан жаққа аштықтан құтылу мақсатында көше берді.

Сол уақытта байырғы диқаншы халық та қалаларға кетіп,темір жолдарында үлкен топ жинады. Адамдардың стихиялық түрде көшіп,станцияларда топталуынан әкімшілікке ашыққандарды эвакуациялау жоспарын іске асыру мүмкін болмады. Топта мысалы, 1921ж күзде Ақтөбе станциясында 13 000 адам топталған /15, 82-83/.

ҚазАКСР эвакуациялық органдары балаларды құтқаруда қажырлы еңбек етті. «Көшелерде ашыққан балалардың дауысы естіледі»,- деп қалаларда жариялады. Түркістан мен Украинаға барлығы 17 500 баланы көшіру мүмкін болды. Ал көбісі көмексіз қалды. Мәселен,Бөкей губерниясында бірде-бір бала көшірілмеді, өйткені көшпелі халық арасында ұйымдастырушылық жұмыстарға материалдар жинауға мүмкіндік болмады.1922 жылы ақпан айында тек ресми мәліметтер бойынша ҚазАКСР-да 408032 қараусыз балалар болды. 455 балалар үйінде 60 000-шамасында балалар болды.

Бұл кезеңде көптеген ашыққандар саны Волга, ҚазАКСР-нан империялық оңтүстік аймақтарына жетуге ұмтылды. Көптеген адамдардың санасында Ташкентте «астықты қала» деген ой қалыптасты. Сондықтан транзитті территорияға айналды.

1921жылы күзде Орал губкомы ҚазАКСР КХШ төрағасы Ф.Зенковичке телеграмма жолдап, онда Самара губерниясының көптеген шаруалары Ташкентке қарай қозғалып, қазір Оралдың оң жағалауына жетіп, өзеннен өтіп кетуді талап еткендерін айтады. Олай болмаған жағдайда олар осы аудандағы барлық азық-түлік қоймаларын және мекемелерін тонап кетумен қорқытқан.

Ал, Түркістан АССР өз кезегінде босқындардың өлкеде, әсіресе Жетісуда және Сырдария облыстарында көбеюіне байланысты шұғыл шаралар жасады. Мәселен, Түркістан округінің округтік тарнспорттық ТК. 1921жылы  25 қарашада бұйрық шығарды. Бұйрық бойынша, ТАССР территориясына кірген барлық адамдар  5 жыл мерзімінде концлагерге отырғызылды. Теміржол транспортының барлық жұмысшылары, транспортті ТК қызметкерлері босқындарға көмектескен жағдайда, әскери трибунал сотына берілді. Сонымен бірге өзіміздің өлкеде қазақ шаруаларының республикадан тыс жерлерге жаппай көшу процесі байқала бастады. Әсіресе, Жетісу облысындағы көшпелі шаруашылықтар жүйесіз салғырт пен кәмпескелеуден құтылу үшін Қытай территориясына кетті.

Жалпы, 1921-1922 жылдары шаруашылық апат қазақ халқының демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Ең алдымен бұл қазақтардың санына әсер етті. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында  58,5% қазақтар,  20,6 орыстар, 13,91 украиндықтар құраған. Егер   1897 жылғы жалпы ресейлік санақ мәліметтерімен салыстырсақ, осы жылдар аралығында орыстардың саны 2,8 есе өскен, ол басқа ұлттардың өкілдері 4.3 есе өскен, қазақтар барлығы 7% ғана өскен. Яғни қазақтардың үлес салмағы 23,2 пунктке төмендеген, орыстардікі  9,6 пунктке өскен, басқалары  13,7 пунктке өскен /22, 50/.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық салдарынан миллиондаған қазақстандықтар ашықты. Академик М. Қозыбаев батыс және солтүстік аймақтарда 2 миллион  350 мың адам аштыққа ұшырап, оның көпшілігі қаза тапқан деген мәліметтер келтірген /20, 35/ . 

Бұл қате саясаттың объективті-тарихи нәтижелерін қарастыра келе, Қазақстан халқы үшін қатерлі болғанын мойындауымыз керек. Халықтың көп бөлігі бірінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бері мемлекеттік міндеттіліктің ауырлығын көтеруімен жағдай одан сайын күрделенген болатын. Империялық орталық өзінің экономикалық саясатында Қазақстан аймағының ауылшаруашылық потенциалын және шикізат байлықтарын жаппай пайдалануды көздеді. Бұл үшін «Әскери коммунистік» шаруашылық механизімнің тетіктері кеңінен қолданылды. Өлкенің экономикалық потенциалының негізін құрайтын ұсақ шаруашылықтарға мемлекеттік құрылымдардың әлсіремеген қысымы оларды толықтай күйретті. 1921 жылы көктемде шикізат көздері аяқталды, ал сонымен бірге Қазақстан халқының Кеңес үкіметі мен оның жүргізген экономикалық саясатына деген сенімі де аяқталды.

 

2.2     Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістер

 

Әлеуметтік-экономикалық өмірде зорлық-зомбылыққа реакция Кеңес үкіметіне қарулы күрес ретінде шықты. Кеңес тарихнамасында бұл күресті кулак- бандиттік бүлік, ұсақ буржуазияшылдардың  контрреволюциялық қарсы шығулары ретінде көрсетеді. Қазіргі таңда мұндай тұрғыдан қарау қанағаттанарлықсыз . Ауыл астық өндірушілері әділетсіз салғыртқа одан әрі көне алмады, бірақ ол «Әскери коммунистік» саясаты кедейлік пен аштыққа алып келгенін көрмеді. Осы жағдайда 1920-1922 жылдары антибольшевистік қарсылықтар пісіп жетілді. РСФСР әртүрлі региондарында саяси қарсылықтардың ұзақ прцестері жүріп жатты: 1921 наурызда кронштат матростарының көтерілісі; Украиндағы махновецтер мен петлюровтардың қызметі, Дон және Солтүстік Кавказдағы казактар; Тамбов губерниясындағы әскер-шаруалардың антоновщинасы; Түркістан республикасындағы көтерілісшілер қозғалысы.

Сонымен қатар ҚазАКСР территориясы да Қызыл Армияның, ІІК,  жергілікті халықпен қарулы көтеріліс алаңына айналды. Өндіріс пен бөліністің коммунистік әдістеріне қарсы болған Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі 2  Түркістан дивизиясының командирі А. Сапожковтың бүлігі. Волга әскери округінің командованиесі дивизия бөлімшелерінде РКП(б) экономикалық саясатына пісіп-жетілгенін біле отырып, командир орнынан А. Сапожковты алып тастайды. Бұған жауап ретінде  1920 жылы  13 шілде де Сапожков Батыс Қазақстан аумағын қамтыған Бузулукқа (Орынбор губернаторы) қарсы көтеріліс бастайды. Көтерілісшілер (2500 шамасында адам) өздеріне «Шындықтың 1Армиясы» деген ат қойды. Бүліктің негізгі ұраны: «Салғыртты жою, ерікті сауда алға!». Бузулукты алып, Сапожков әскері Орал, Пугачевқа қарай жылжыды. Мәскеуде дабыл қағып, қарсылық таралмай тұрып басып –жаншуға тырысты.1920ж  2 тамызда Ленин  Орал облысындағы ревкомда бұйрық жазып жіберді, онда: «жергілікті халықтың Сапажковқа деген көмегін түбімен жою: көмектескендердің басшыларын табу, революциялық билікті толығымен пайдалана отырып көмектің алдын-алу» делінген. 1920ж қыркүйектің басында ВӘО-мен (Волга Әскери Округі)  бірге бүлікті басып алды, ал Сапожков Бөкей губерниясындағы Новоказанка селосында өлтірілді /24, 123-124/.

Ең ірі қарсы шығушылардың бірі, Солтүстік Қазақстандағы кеңес үкіметінің әлі де толық орнықпаған негіздерін тітіренткен Есіл-Петропавл көтерілісі. Ашық соғысқа айналған, шаруалардың наразылығының себебі салғырттың азабы болды.1920ж 20 шілдеде РСФСР ХКК-ның Сібірде астық артықшылығын алу декреті шықты.1920ж 1тамыздан 1920ж көктеміне дейін РСФСР-ң 1/3жалпы тапсырмасын құрайтын 110млн пұт астық салғырт бойынша өткізілуі тиіс болатын. Сібірдің азық-түлік комиссары Коганович Орталыққа жоспарды асырып орындауға және 135 млн пұт тапсыруға сөз берді, бірақ азық-түлік компаниясының аяғында шаруалардан тек 62 млн пұт астық алуға мәжбүр болды.

1921 жылы  31 қаңтарда Түмен губерниясының Есіл уезінде көтеріліс басталды. Кейін бұл көтеріліс Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Атбасар уездерін қамтыды. Ақпанның ортасында көтерілісшілер Петропавл қаласын жаулап алып, Орталық Ресейге дайын азық-түлікті жіберетін Сібір теміржол магистралін кесіп өтті. Осы уақытқа дейін Батыс Сібірдің Есіл, Тобыл, Обдорск, Коленск сияқты ірі қалаларында кеңес үкіметі құлады. Басып алған елді-мекендерде кеңестік мекемелер жойылып, райпродкомдар бұзылды. Көтерілісшілер ұрандарында негізгі саяси және экономикалық талаптар жазылған болатын: «Ерікті сауда мен ерікті еңбек алға! Коммунистер кетсін, таза Кеңестік үкімет алға!». Кеңес жұмысшыларын және партия мүшелерін қатыгездікпен жазалау басталды. Суық аязды күндерде де оларды мұздай суға салып, ашық жерде қатырды/32,53/.

Қазақ халқы көтерілісшілер қозғалысына белсене қатысып, оларға азық-түлікпен көмектесіп, жеке қызыл армияның отрядтарымен күресті. Қазақтардың көтеріліске белсенді қатысуы кездейсоқ емес. Шаруашылықтың «Әскери коммунизм»жүйесі көшпелі шаруашылыққа өз зардаптарын тигізді. Ет салғырты малшыларды күйреуге әкелді. Әсіресе қазақтардың экономикалық жағдайына көлік міндеттіліктері ауыр тиді. Көбінесе көлік тасымалының ауырлығын жергілікті шаруашылық органдары дала халқының мойнына артты. Көкшетау уездкомының мүшесі Ф.В. Воролов  РКП (б) ОК жазған баяндамасында көтерілісті себебін талдай келе, былай дейді: «Кеңестік зорлық-зомбылықты қырғыз халқы орыстарға қарағанда көп көрді»

Алғашқы кеңестік-партиялық органдар шиеленіскен жағдайды тоқтату үшін күресті өз күшімен жүргізген болатын. Коммунистер мен комсомолдарды ЧОН отрядтары белсенді түрде мобилизациялайды, барлық жерде төтенше жағдай жарияланды. 1921 жылы  13 ақпанда Көкшетау қаласы әскери-революциялық үштігінің бұйрығымен қала мен уезд төтенше әскери жағдайда болып жарияланды. Әскери-революциялық үштік төрағасы П. Розенбахтың бұйрығында: «Барлық ерікті атқарушы командирлер, әскери командирлер барлық азаматтардың құжаттарын тиянақты тексеруі тиіс. Егер қарсылық көрсеткен жағдайда орнында атып тастауға бұйырамын, телеграф сымын құртса –ату керек» деп көрсетілген. Бүлікті таратпау мақсатында жергілікті халық арасынан аманатқа алу әдісі кеңінен қолданыла бастады. Көкшетау уезінің революциялық үштік ерекше бөлімінің бастығы Ганикевич бұйрығында былай делінеді: «Әрбір атылған немесе өтірілген коммунист, қызыл армияшы немесе исполком мүшесі мен жалпы кеңес қызметшісі үшін он аманат атылатынын жариялаймын… Осы хабарландыруды жыртқан адамдар да ату жазасына кесіледі» /15, 92/

Алайда көтеріліс одан әрі күшейді. Оны жаншу мақсатында  РКП(б) ОК және РСФСР қарулы күштерінің бас командирі Қызыл Армияның бөлімдерін, 21 атқыш дивизиясын, Қазан және Сібір жаяу әскери полктарын кавбригаданы,    121 және 122-ші кавполктерді,  4 бронепоезді жіберді.  1921 жылы наурыздың аяғында Солтүстік Қазақстандағы шаруалар қарсылығы басып жаншылды. Осындай қарсы шығушыларды екі жақта бір-бірімен қатыгездікпен күресті. Мысалы, Петропавл, Көкшетау уездеріндегі көтерілісшілер ұсталған коммунистер мен кеңес жұмысшылары арамен аралап, жалаңаш қылып құдыққа батырып, одан кейін алып 30-40 градус аязға қатыратын болған.

Ал, өз кезегінде, қызыл армияшылар оларды атты. Әсіресе казактар қатыгез репрессияларға ұшырады, тек осы әлуметтік топ Ақмола губерниясының уездерінде салғыртқа қарсы шыққан болатын. Жазалау акцияларын жүргізу кезінде казак станицалары толығымен қирап қалды. Тек Көкшетау өлкесінде казак станциялары жойылған болатын.

Большевиктер билігіне қарсы қарулы қарсылықтар Қазақсанның әртүрлі аймақтарында халықтық экономикалық қажеттіліктерінің бұзылуының саяси көрінісі, шаруашылық саясаттың дұрыс жүргізілмеуіне қарсы наразылық болды. Қазақтармен бірге осы қарсылықтардың негізгі қозғаушы күштерінің бірі, 1920 жылы кеңес үкіметі таратқан Орынбор, Орал, Сібір казак әскері. Жергілікті халық казактардың ашық күресіне аянышпен қарады. Бұл көтерілісшілерге көмек жасауда, соғыс кезінде жараланғандарды жасыруда көрінді. Семей губерниясы бойынша, ЧИК органдарында хабарламада, Бұқтарма уезіндегі казак атаманы Кайгородовтың отрядын жою қазақ халқына   қиындық тудырды, оларға азық-түлік дайындап, Монғолия шекарасына жақын тауларда жасырды. РКП(б)-ның экономикалық саясатына наразылықпен бірге, казак станицалары өлкеде өздерінің дәстүрлі дәрежесін өздерін тап ретінде сақтап қалу үшін антибольшевиктік күрестерге шыққанын айту маңызды. Бұл жағдайға әскериленген тұрмыс, казактар арасындағы күшті монорхиялық көңіл- күйге септігін тигізді.

Кеңес үкіметіне казактардың дұшпандық қарым-қатынасының бір себебі 1920 жылы қазан айында ҚазАКСР-ң  құрылуы. 1921жылы маусымда Орал губкомы РКП(б)-ға ОК казактардың автономды республика ретінде өмір сүретіндігімен келісе алмайтыны туралы хабарлайды: «Қырғыз республикасын жою, казактардың құқықтары алға бассын!». Оралдың сол жағалауы казактардан бас тартқанда қазақтармен қарым-қатынасы одан сайын қиындады.

Диктатуралық, мемлекеттік міндеттіліктер түрінің азабы қазақ халқын казактармен қосылып орын алған тәртіпке қарсы шығуына тура келді. Өлке территориясында шапшаң қозғалып, Қостанай губерниясындағы Аистов, Охранюк отрядтары, Ақтөбедегі Глазунов, Орал және Бөкей губернияларында Серов, , Киселев отрядтары кеңес мекемелері мен азық-түлік қоймаларына шабуыл жасады /35,11/.

Үмітін үзген жергілікті халық кейде стихиялы түрде жаппай ауыл болып көтеріліске шығатын. ҚазАКСР губернияларының саяси жағдайы туралы ТК күнделікті құпия хабарламасында, Қостанай губерниясында 20000 дай қазақтар Охранюк басқаратын отрядқа қосылғаны туралы айтылады. Уркач көлі бойымен және Оңтүстік Сібір теміржол магистралінің бойымен қозғалған отряд 1921 жылы  21 шілдеде Уркач поселкасын басып алды.  Кеңес қызметкерлерінің жазасын бергеннен кейін, азық-түлік отряды дайындаған барлық астық мен малды алып, Охранюк жасырылды. 22 шілдеде ол Наурызым болысындағы №12 ауылына шабуыл жасайды. Бұл жағдай кезінде жергілікті басшылар Орынборда барлық дайындалған нанды алмауын, онсыз да күрделі жағдайды қиындатпауын сұрайды. Бұл өтінішке жауап ретінде республиканың азық-түлік наркомы Шпейфер былайша жасайды: «бұл аудандарға қарулы күштерді беру», «барлық нанды алып шығу керек» дейді. Осылайша, үкімет адамдардың көтеріліске шығуын өздері арандатты /13, 66-67/.

Жергілікті халықтың шабуыл объектілері азық-түлік жүктері тасымалданылатын теміржолдар және астық құятын пунктерді ұйымдастыратын станицалары болды. 1921 жылы шілдеде ағайынды Габзелимовтардың башқұрт көтерілісшілер отряды дайындалған азық –түлік жіберілетін ірі пункт болған. Ақтөбе губерниясының Ақкемір станицасын жаулап алды. Көп жүктері болған поездар тоналды. Ақмола губерниясында азық-түлікті өлкеден алып шығу үшін  1920 жылы арнайы соғылған Петропавл-Көкшетау теміржол линиялары мен станицаларын қорғау үшін ЧОН-ға бронепоездар немесе бронеалаңдар қосылды. 1921 жылы маусымда Темір уезінде «Кеңестерге билік!», «Комиссарлар мен коммунистерге өлім!» деген урандармен келесі қарулы шиеленістер орын алды.  12 маусымда көтерілісшілер Темірді жаулап алды. Сонда толқынды басу үшін және Жүрін және Ембі станицаларын қорғау үшін ЧОН әскерінің бронепоездары іске қосылды.

Бүліктер толқыны және антикеңестік қарсылықтар далалы аймақтарда бірін-бірі ауыстырып отырды. А. Сапожковтың талқандалуынан кейін республикалық батыс бөлігіндегі ірі қозғалыстардың бірі В. Серовтың қозғалысы. Көтерілісшілер тобы өздерін «1 атамандық әскери дивизия –халық қалауы» деп атайды. Күрестің қызып шиеленіскен кезеңінде, 1921 жылдың аяғымен – 1922 жылдың басында құрамында  3000 астам адам болды. Негізінен онда Орал казактары, қазақтар, сонымен қатар  солардың жағына өткен қызыл әскерлер болды. Серовтың қол астында насихат бөлімі ерекше бөлім тергеу комиссиясы болды. 16 пулемет бойынша 3 полк құрылып, ревәскери кеңестің негізі салынды. Көтерілісшілермен бірге олардың отбасылары болды. Өздерінің прокламациялары мен жолдауларында олар халықты өмір сүріп жатқан режимді құлатуға шақырды, құқықтары бұзылғаны үшін коммунистерді кінәлап, өлтірушілік соғыстың басталғанын кінәлады. Көптеген ұрандар әсерлік түрде болды; «Бостандық, Теңдік, Бауырлас барлық орыс халқына Ұлы Ақпан революциясы принципі бойынша болсын» деп бастады. Көтеріліс үлкен территорияны: Саратов, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей губернияларын қамтыды. 1921 жылы 16 желтоқсанда  1000 адамнан тұратын Серов, Горин, Катушков отрядтары пароходтарды басып алу мақсатымен Гурьевке шабуыл жасады, содан кейін Каспий теңізіне кетіп Түркістан далаларында жасырынды. Соғыс қаланың орталығында басталып, бірақ жоспарды іске асыра алмады.  1922 жылы наурызда Серов қозғалысын жою жөнінде шұғыл шаралар жасалды. Көтерілісшілерге қарсы ұрыстарда Чон, Приво 27 дивизиясының бөлімшелері бронепоездармен бірге қатысты /17, 110-111/.

1921 жылдың ортасында Қазақстанның барлық территориясында көтерілістер жүріп жатты, «Әскери коммунизм» саясатына наразылық өзінің шырқау шегіне жетті. Бұл қарсылықтар басқа қарулы көтерілістермен бірге бір текті стихиялық бүлікке айналды да, жаппай Кеңестік Ресей бойынша жүріп жатты. Мәселен, Омск, Тобыл, Челябі губернияларының көтерілісшілері Токарев басқарған «1 Сібір халық девизиясын» қалады, ол Семей губерниясында қызмет атқарды. Сонымен қатар мұнда Самара, Орынбор губернияларының көтерілісшілерінің отрядтары болды.  Территорияларының теңдігі мен қазақ далаларындағы  адамдардың аздығын пайдалана отырып, талқандалған көтерілістердің қатысушылары үкіметтің қудалауынан жасырынып, осында келді. Орал мен Елек өзендерінің аралығындағы Орынбор губерниясында Кронштат матростары  «Коммунизм жойылсын » деген ұранмен өздерінің күрестерін жалғастырды. Ақмола губерниясында Украинадан келген махновецтер отрядтары қимылдады.

Большевиктер пайда болған дағдарыстың себебін дүниежүзілік империализм және оның агенттерінің арандатушылық ролінің арқасында деп түсіндірді. Петроград коммунистерінің лидері Зеновьев мысалы, Кронштаттағы бүліктің себебін «Кронштатқа келіп, алтын сепкен» ақ эмиграция агенттерінің қызметтері деп түсіндірді /19, 140/.

Алайда, әрине Қазақстандағы ауылдар мен деревнялардағы наразылықтардың шынайы себептері мемлекет жағынан болған экономикалық террорлық саясатын қабылдамау, сонымен қатар аштықтың күшеюі болды. Адамдарды саяси және идеологиялық себептер емес, экономикалық қажеттіліктер қозғады. Өзін-өзі сақтау сезімі адамдарды мемлекеттік зорлық-зомбылықпен күресуге итермеледі. Бұл факторларды большевиктердің саяси дұшпандары өз қызметтерінде ескерді. Кайгородов Семей губерниясындағы уездердің халықтарына салғырт жүргізу, азық-түлік органдарының астықты тасуына  қарсылық көрсетуге шақырды. Құрылтай жиналысын жасау сияқты саяси талаптар ұсынды, Ертіс станицаларының казактарымен қоныс аударған шаруалар арасында көтеріліске шақыратын агитация жүрді. Чон штабтарының хабарламаларында жергілікті халық Кайгородов қозғалысын аянышпен қарайтыны айтылды. Қарқаралы уезінің Нура болысында найза және отын қаруларымен қаруланған қазақ отрядтары ұйымдастырылды.

Түркістан республикасының құрамына кіретін Оңтүстік Қазақстан облыстарында да салғырттың салдарынан болған қарсы наразлық шаралары  болды. 1920 жылы қарашада Жетісу облысындағы Нарын уезінде көтерілісшілер қозғалысы болды. Оған себеп болған 1920 жылы 23 шілдеден Түрккомпродының  №2308 бұйрығымен уезге салынған әлі келмейтін салғырт болды, ол келесі мөлшерде белгіленді: 500 мың пұт бидай,  8,5 мыңнан  астам бас ұсақ қара мал, 2000 бас,  255,5 мың арпа. Алайда Нарын Жетісудің  басқа да уездері 1918-1919 жылдары соғыста қайыршылық күйге түскенін ескерген жоқ. Көтерілістің Тоқмақ және Пржевальск уездеріне таралу қаупі туды. Көтеріліске  шыққан Нарынды жаншып басу үшін Тоқмақта құрылған оперативті штаб басқаратын әскерлері жіберілді.

Шығыс Қазақстан территориясының көп бөлігін халық-революциялық әскерінің жеке Орынбор корпусын басқарған генерал-лейтенат Бакич ұйымдастырған  қозғалысты қамтыды.  1921 жылы жаз және күзде Қарқаралы, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездері Қызыл әскер және ЧОН-ң Бакичпен жүргізген қарсылықтарының алауына айналды. 1921 жылы желтоқсанда ғана көтерілісшілерді Қытай шекарасына қарай шегеруге мүмкіндік туды, одан кейін көтерілісшілерді Қытай әскерлері қырып жойды /14, 15/.

 Бұл күштеу саясатына халықтың наразылығын, күшке күшпен жауап беруі кеңес тарихнамасында «бандитизм», «саяси бандитизм», большевиктерге жау партиялардың ұсақ буржуазияның ұйымдасуы деп теріс көрсетіліп келді. Павлодар үезінде «кулактар мен әскерден қашқандардың» (дезертир) көтерілісі деп аталған қарсылық 1920 жылы  22 шілдеде басталады. «Қара бандылар» деген атпен белгілі болған көтерілісшілер Ямышеводан Подстепнойға дейін кеңес әскерлерін шегіндіреді. Оларға қарсы  190 және  35 кісілік отряд көмекке жіберіледі. «Толастамайтын бандиттік қозғалыс» жайлы хабар Омбыдан да келіп жатты. Құжаттарда көпшіліктің «көңіл күйі коммунизмге қарсы» екендігі ашық айтылады.  Оның дәлелі- халық көтерілісінің 1921 жылы да тоқталмауы. Өкімет тарапынан көтерілісшілерге қарсы жазалаушы отрядтар шығарылды, шаруалардың қолындағы мылтықтар тартып алынды. Бірақ көтеріліске себеп болған азық жинау ісі тоқтатылмады.

Мысалы, Семей губревкомы уездерге мынадай телеграмма жіберді: «Батыс майдандағы жағдай, Сібірдің өте ірі қалаларында азық-түліктің тапшылығы қатаң азық дайындау саясатын жүргізуде шешуші шараларға баруды талап етеді, салғыртты орынаудан қашқақтайтындарға көңіл аударыңдар, репрессиялық шаралар қолданыңдар, қаруланған азық-түлік отрядтарын дайындаңдар. Керек кезінде зорлаудан, салғыртты күштеп орындатудан тайсалмаңдар». Мұндай жол көрсеткен директивалар шаруалар мен азық-түлік отрядтары арасындағы аяусыз қан төгіске алып келді/17,45/.

Соның бір көрінісі 1921 жылы тамыз айының басында Павлодардан Омбыға келе жатқан «Витязь» параходын шаруалар тарапынан атқылаудан басталды. Параходты қорғауға жергілікті гарнизоннан Медведевтің отряды жіберілді. Бірақ ол ешқандай қарулы адамдарды кездестірмепті. Дегенмен, ол станицаларды аралап, «контрреволюционерерді» өз бетінше ұстап, жазалауға кірісті. Сөйтіп ол Песчанскаядан – 13, Качирыдан-9, Пресновскаядан-13, Чернорецкаядан-1, барлығы -36 адамды атып кетеді. Кейінірек Медведев сәуір айында да осы маңайда көп адамды шыбықпен, шомполмен дүрелегені анықталады.  Азық-түлік диктатурасының осындай өз жендеттері шыға бастайды.

Шыдамы таусылған халық әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, бірақ арыздар тексерусіз қалып отырады. Кейде тіпті жазаланғандарды емес, жазалаушы партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады. Мысалы, бейбастықтық жасаған Павлодар әкімдері (жауапты қызметкерлер деп аталады) 24 адамды аманатқа (заложник) ұстап атқаны, тағы 54 аманатты түрмеге жапқаны жуып-шайылып, ақталып кетеді. Үстірт тексерген Семей губревтрибуналы бұл әрекеттер «революциялық тәртіп орнату» үшін, халықтың антикоммунистік көңіл күйі ескеріліп жасалған, атылғандар, негізінен, кулактар, ал аманат ұстау арқылы террор жүрізу қаскүнемдерден қорғану әрекеті деп түсіндірген. Мұндай заңсыздықтармен ауызданған кеңес әкімдеріне, ревтрибуналға халықтың қалай бүйрегі бұрып, сенімі артпақшы? Семей ревтрибуналға қарағанда, ҚАЗССР Жоғарғы трибуналы сорақы заңсыздықтың болғанын мойындайды: «Семей губерниясының Павлодар уезінде азық-түлік салығын жинау науқаны кезінде азық-түлік қызметкерлері ұқыпты төлемдерге золықтың жабайы әдістерін қолданған: қамшымен сабаған, үстіне суық су құйған, салқын сарайларға қамаған және т.б., Паволжьенің бір кезде өліктердің етін жеуге мәжбүр болған, аштық жайлаған аудандарға көшіруді қолданған». Сөйте тұра, заңсыздық жасау орталыққа астық, азық жинаушылар үшін кешірімді болғаны таңқалдырады. Сірә, олардың қолын ешкім қақпаса керек /29, 19-20/.  

«Әскери коммунизм» саясаты отбасының материалдық белгілерінің негізін жойды. Бұл әйелдер мен жас өспірімдердің қарулануына алып келді. 1921 жылы мамырда КАЗССР-ң губернияларының саяси жағдайы туралы, Мәскеуге жіберетін ІІК хабарларында Семей губерниясында 2000 адамға жететін әйелдер мен  балалардан тұратын 4 млн көтерілісшілер отряды бар екені, және олар бердецкелер және 4 пулеметпен қаруланғаны айтылады. Әйелдер жиналып аудандық азық-түлік комитеттерін қоршап, астық беруді талап еткен жағдайлар көптеп көрініс алды. Бұндай бүліктер чекист жаргондарында «әйел ворынкалары» деген атқа ие болды. «Әскери коммунистік» режимге қарсы бағытталған көтерілістер билікпен қатыгездікпен басып жаншылып отырды. ІІК және ЧОН органдарының есептерінде халық банда ретінде көрсетілді. Әрине, үкімет халықтан алыстаған жағдайда кең әлеуметтік  база мен шаруашылық саясатты қолдау жоғалып, антибольшевиктік көңіл-күй өсіп, қылмыскерлік көбейді. Көп жағдайда көтерілісшілер қозғалысына бандиттік элементтер қосылды. Мұндай жағдайда, үмітін үзген ауыл тұрғындары мен тонау жасайтын бандиттерді айырып қарау өте қиын. Қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының   өкілдерінің көзқарасы тұрғысынан қарау оптималды сияқты, олар былай есептейді: «Көтерілістердің әлеуметтік базасы шаруалар болды,олар идеологиялық себептерге байланысты емес, олардың экономикалық қажеттіліктерін бұзған» деп көрсетеді /33, 207-208/. «Әскери коммунизм» саясатына қатты наразы болғандықтан көтеріліске шықты Экономиканың тәуелсіз шаруа шаруашылықтарының өмір сүруі большевиктер билігіне қауіп төндіргендей болды: «Бізден жалғыз өте қауіпті жауымыз бар, ол Корнилов, Дутов, Комединдерден де қауіпті. Олар ұсақ кулактар, ұсақ иелер, меншік иесі».

Бұған байланысты әлеуметтік жағдайы бойынша КАЗССР түрмелерімен лагерлеріндегі тұтқындар туралы мұрағат материалдары өте қызықты және құнды. Көкшетаудағы бостандықтан айыру үстінде (түрме сол кезде осылай аталған) 1921 жылы  1 шілдеде 242 бас бостандығынан айырылғандардың 200-і шаруалар болған. Ал тамызда тұтқындалған саны одан сайын өскен. Негізінен, ревәскеритрибуны үкім бойынша тұтқындалғандар болды. Петропавл мәжбүрлік жұмыстар концлагеріне  1921 жылы  1 қазанда 242 тұтқындардың  166- ы шаруалар болған. Илецк концлагеріндегі  319 адам 1921 жылы 1 қазанда тұтқындалғандардың-107-сі контрреволюция үшін бостандығынан айырылған. Бұл лагерьлер 1919 жылы 11 сәуірде БОАК Президиумнің «Мәжбүрлік лагерьлер» қаулысы бойынша құрылған. Олар, кейіннен Сталин режимінде ГУЛАГ-мәжбүрлік еңбек жүйесі ретінде қайта қалыптасты. 1921жылы қаңтар айынан желтоқсанға дейін контрреволюция үшін ревәскери трибунал үкімі бойынша сотталғандар саны өседі. Бұл мәліметті Орынбор бостандығынан айыру үйінің тұтқындары құрамы туралы айлық ведомостілерінен көруге болады. Егер қаңтарда-22, ақпанда-93, желтоқсанда-98 сотталған адамдар болды. Мұндай жағдай Орск бостандығынан айыру үйінде де болды.

Жалпы, саяси жағдай мемлекеттік аппарат бақылауынан шыға бастады. Әкімшілік мәжбүрлік әдістері ескіргені анық бола бастады. КАЗССР көп аймақтарында 1921жылы большевиктердің билігі тек қағаз жүзінде болды. Губерниялардың көп бөлігі сансыз көтерілісшілер отрядтарының билігінде болды. Бұл жағдайды Орал губкомы  1921жылы маусымда  РКП ОК-ке мәлімдейді. Жергілікті басшылардың сөздері бойынша: «бандитизм уезде аяқ алғысыз. Губернияларда ірі бандалар (Серов, Усов, Аистов) және сансыз ұсақ отрядтар көбейген. Халық азық –түлік органдарына қарсыласып,  астық құятын пунктерді, дайындау конторлары мен кооперативтерді тонады. Дайын қара мал айдалып, совхоздар өртеліп, телеграф байланыстары жойылды. Орал барлық уездерден бөлініп, Орынбор, Самарамен ешқандай байланысы болмады. Жергілікті халық болыс кеңестеріндегі совет қызметкерлерін талқандап, көптеген коммунистер атылды. Халық совет үкіметіне деген үмітін үзіп, партияға қарым-қатынас толық өзгерді. Барлық шаруашылық және әкімшілік жұмыс тоқтатылды, бұндай жағдайда оны жүргізуге мүмкіндік болмады. Орал және Орынбор өлкелеріндегі халық астық  құятын пунктер мен азық-түлік қоймаларын жаулап, астықты шығармады. Губернияда орналасқан 435 полк уезд орталықтарына жіберілді, бірақ бұл күштер тәртіп келтіре алмады /24, 113-114/.  

КАССР астанасында үрейлі жағдай қалыптасты. 1921жылы  8 наурызда әскери ұйымдардың мүшелерімен өткен Қазобком бюросының жиналысында Орынбордағы көтеріліске байланысты шұғыл шаралар мәселесі талқыланды. Қалаларда антикеңестік прокламациялар таралып, Қызыл әскер бөлімдерінде бөлініс басталып, әсіресе жұмысшы батальондарында тынышсыздық басталды. Гарнизон бастығы Распоповтың бұйрығымен қала 3 секторға бөлініп, мүмкін болатын көтеріліс хабарланды. Бірінші бөлім-теміржол вокзалын 58 дивизия бөлімдері, екінші бөлім-Витебак курсының курсанттары, үшінші бөлім-телеграф, почта, банкті Борисоглебск курсы күзетті.

Стихиялық көтерілістерді толығымен жою үшін, бандиттікпен күрес деп аталатын комиссия құрылды. Оған губчек, губком және әскери командование өкілдері кірді. Қызыл әскер бөлімдерінің көтерілісті басуда қатігездік пен тонаушылық әрекеттері де аз болған жоқ. Мысалы, республикадағы ВЧК мәліметтері бойынша Ақмола уезіндегі, Қандыкмай, Сараб, Саржинсктегі қазақ болыстарын да қызыл әскер халықты тонап, 32 адамды атып тастаған /37,45/.

«Әскери коммунизм» саясаты мен соғыс зардаптарының нәтижесінде болған Қазақстандағы саяси және экономикалық дағдарыс Кеңестік мемлекетті қамтыған жалпы дағдарыстың бір ғана көрінісі болды. Билік жүргізуші режим және халық арасындағы шиеленісті тек күш көрсету әдісімен шешуге болмайтыны анық болды. Бізге белгілі, большевиктер 1917 жылы қазан революциясын  18 ғасырдың аяғында болған француз революциясының аналогиясы ретінде қарастырады. Бұған байланысты Ленин, көптеген радикалдық құрылымдарды іске асырған француз басшылары халық мүддесін ескермей, якобиндық террорлық жолмен жүрген француз революциясының сабақтарын ескертті. Осылайша олар өз биліктерінің құлауына объективті түрде алып келген-термидорлық төңкеріс болды. Елдегі аса қатты дағдарыс большевиктер партиясындағы дағдарыспен бірігіп кетті. Ленин бұл кезеңдегі дағдарысты былай бағалайды: «Партия ауру . Партияны безгек шалды» /15, 115-116/. 1920-1921 жылдары «әскери комммунизм» негізгі принциптерін елдің әлеуметтік–экономикалық болашағы тұрғысынан қарау және Кеңес мемлекетінің осы процесті басқару мүмкіндігі туралы партия ішінде талқыланды. Бұған байланысты 1920-1921 жылдары қыста өткен профсоюздер мәселесі бойынша болған дебаттар үлгілі болып табылады. Партия ішіндегі қанағатсыз қалған мәселелердің бірі «әскери коммунизм» нәтижелері туралы болды.

«Әскери коммунизм» режиміне наразылық нәтижесінде болған антикеңестік қарулы толқындардан (Кронштат «антоновшина», Батыс Сібірлік шаруалар көтерілісі) кейін, большевиктер алдында тұйықтан шығу мәселесі тұрды. Сол жағдайда партияның біраз бөлігі наразылықты күш көрсету әдісімен басып, «әскер коммунистік» саясатын жалғастыруға талпыныс болды. Алайда бұл бағыт мемлекетті Азаматтық соғысқа, Кеңес үкіметінің жеңілісіне алып келетіні белгілі болды. «Бұл саясат сол саясатты қолданған партияның ақымақтығы мен өзін-өзі өлтірушілік –бұндай саясатты қолданған партияның даусыз күйреуі».-деп Ленин бұл жағдайдың болашағы болмайтынын айтты. Ал, бір жағынан, большевиктер өздерінің қарсыластарының 1917 жылы Ақпан революциясының демократиялық принциптерін қайтару, Құрылтай жиналысына шақыру сияқты саяси талаптарын қанағаттандыра алмады. Коммунистер билігіне жаппай наразылық жағдайында, бұндай бағыт большевиктер басшылығының саясатта, экономикада, идеологияда билігінен айырылуға алып келетін. Сол үшін басқарушы режим «әскери коммунизмнің» негізгі принциптерінен уақытша бас тарту жолын таңдады. Бұл ең алдымен, шектелген және алдын-ала белгіленген азық-түлік салығымен ауыстырылған салғыртқа байланысты болды, сонымен қатар еңбекке экономикадан тыс мәжбүрлеуден бас тартуға байланысты еді.

 Кеңес мемлекеті 1921жылы наурызда РКП(б)-ң  X съезінде шаруашылық саясатты ауыстыру туралы хабарлайды. Бұл қадамды елдегі қалыптасқан саяси жағдайдың өзі жасады. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, тауарсыз утопия идеясынан бас тарту, кәдімгі экономикалық тауар-ақша қатынасына қайта көшу елдің халық шарушылығының сауығуына және саяси дағдарыстан шығуының кепілі болды.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Азамат соғысы жылдарындағы кеңес үкіметінің экономикалық саясатының тарихы жөніндегі мәселе қазіргі тарихнамада өзіндік орынға ие болып отыр. Қолдан жасалған, зорлық-зомбылыққа негізделген кең көлемдегі әлеуметтік тәжірибелер жасаудың арқасында жағымсыз әсері болған Кеңес үкіметінің экономикалық саясат яғни «әскери коммунизм» саясаты өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Азамат соғысы жылдарындағы іске асырылған Қазақстандағы шұғыл шаралар мен қайта құрулар, зорлық-зомбылыққа негізделген экономикалық жүйені енгізді.

Большевиктердің шаруашылықтың жоспарлы жүйесін құрудың негізінде мемлекеттің ауылшаруашылық өнімдерге монполия және шаруалардан оларды салғырт бойынша тартып алу жатты. Қарумен жүргізілетін Кеңес үкіметінің азық-түлік диктатура тәжірибесі 1920 жылы бірінші жартысынан бастап Қазақстан территориясының көп бөлігінде қолданылды. Салғырт «әскери коммунистік» шаралардың айқын белгілерінің бірі ретінде, ұсақ тауар өндірушіге кері әсерін тигізді. Сонымен қатар бұл шара мәжбүрлеу, зорлық салумен жасалды. Әсіресе салғырт қазақ шаруаларының шаруашылықтарына қиын түсті. Қазақ ауылдарында салғыртқа байланысты ауыл шаруашылық өнімдер дайындау процесі зорлық пен күш көрсетуге әкелетін халықты ашық тонауға ұласатын.

Қазақстанның мал өсіруші шаруашылығы үшін 1920 жылы  23 наурызда  РСФСР ХКК декретімен енгізілген ет  міндеттілігі өте ауыр болды. Ауыл шаруашылық салада Кеңес үкіметінің экономикалық негізгі шарасы ретінде, жалпы салғыртқа келсек, ол сонымен бірге шаруалардың өндірушілік бірліктеріне кенет өзгертулер алып келді. Қазақстанның шаруалар халқы үшін кедейленуге алып келген салғырт ауылшаруашылық егісті тез арада азайтуға мәжбүрлегенін, бірінші тарауда қарастырылған мұрағат құжаттары мен деректер дәлел бола алады.

Қазақстанда өздерінің социалистік тәжірибелерін жүргізуде билеуші партия өлкенің экономикалық, әлеуметтік мәдени жағдайларын ескермеді. Ресейдегі көптеген белгілі қызметкерлер «әскери коммунизмді» сынға алып, ол саясат мемлекет үшін зиян деп санады.   Қазақстандағы өнеркәсіпті социалистік ұлттандыру Ресейдегі өнеркәсіптік секторда «капиталға қызылгвардиялық шабуылдың» логикалық жалғасы болып табылды. Қазақстандағы өнеркәсіпті ұлттандыру тәжірибесі орталықтанған жоспарлы экономиканы құруды, зорлықпен шешу шаралары сәтсіздікке ұшырайтынын, сонымен бірге мұндай әрекеттер кері нәтиже алып келетінін көрсетті.

Жаңа саяси жағдай Қазақстанның бұрынғы халқына бірегей қанау объектісі ретінде қарастыра берді. Қазақ шаруалары шаруашылық мақсаттар және аймақтан шикізат пен азық-түлікті шығару үшін қажет құрал ретінде пайдаланылды. Шаруаларды еңбекпен мобилизациялау, көлік, әскери міндеттіліктер өлкедегі көшпелі және егінші шаруалардың шаруашылығын қатты күйретті.  

Бұл саясатың өндірістік саладағы ең жағымсыз түрі мемлекеттің ұлттандырылған мекемелерді қаржылауға қаражатының жоқтығы болып табылады. Нәтижесінде Қазақстанның халық шаруашылығының өнеркәсіптік саласы, Ресей империясы кеңістігінде сияқты, кедейлік пен қиын жүйелік дағдарысқа ұшырады. 

Екінші тарауда қарастырылған Қазақстандағы  1921-1922 жылдағы жаппай ашаршылық, экономикалық апат Кеңес үкіметінің экономикалық саясатының негізгі зардабы болды. Оның ішінде «әскери коммунизмге» халық наразылығы күшейе берді. «Салғырт жойылсын», «Ерікті сауда үшін және Кеңестер коммунистерсіз» деген қарсы шығушылардың негізгі ұрандар 1920-1922 жылдары Қазақстан территориясын қамтыған антисоветтік бүліктердің шынайы себептерін көрсетті. Қорытындылай келе Азамат соғысы жылдарындағы кеңес үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты халықтан қолдау таба алмай, басқа дамыған экономикалық жүйеге орын беруіне мәжбүр болды. Бұл тақырып тәуелсіз Қазақстан  тарихнамасында  әлі де болса зерттеуді қажет етеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР