ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Алматы — 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………
І. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ…..
- Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, реттеу пәні мен әдістері..
- Азаматтық іс жүргізудің жүйесі мен қайнар көздері………………………
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ФОРМАЛАРЫ…………………………………..
2.1. Азаматтық іс жүргізу формаларының түсінігі, мәні ,негізгі белгілері…
2.2. Азаматтық іс жүргізу формасының азаматтық істерді қарап
шешудегі маңызы…………………………………………………………………………………
2.3. Азаматтық іс жүргізу қағидаларын қолдану мәселесі………………………..
ІІІ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ФОРМАЛАРЫ……………………………………………..
3.1. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауда азаматтық
іс жүргізу қатынастарының ерекшеліктері………………………………………………
3.2.
Азаматтық сот ісін жүргізу формаларының азаматтық құқықта
ерекшелігі мен ұқсастықтары………………………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..
КІРІСПЕ
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның игіліктермен заңды мүделерін қорғау азаматтық-құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында азаматтық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс — әрекеттерді сотта азаматтық іс жүргізу арқылы қарап, талдап, шешіп және қорғау мүмкіндігін көздейді.
Мұндай құқықбұзушылық сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Адам және ар-ожданы, құқықтары мен бостандығы басқа қоғамдағы игіліктерге қарағанда дәрежесі өте жоғары, оны басқа игіліктермен салыстыруға болмайды деуге болады. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы[1]
Азаматтық іс жүргізу құқық теориясындағы әлі күнге дейінгі даулы мәселелердің бірі азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді сот арқылы анықтау болып табылады.
Мұндай кемшіліктер сот тәжірбие ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі. Біздің мемлекетімізде адам құқығын қорғауға барынша мән беріледі.
Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі – заң салалары болып табылады.
Антик ойшыл Протогор “ Адам – барлық заттың өлшемі” деп айтып кеткен еді. Қоғамның ең басты құндылығы және байлығы – адам және оның өмірі саналады. Адам өміріне қолсұғушылықты азаматтық заң ең ауыр қылмыстарға жатқызады, және ол үшін аса қатал жауапкершілікті тағайындап отырады. Ал азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша азаматтар мен ұйымдардың бостандығы мен заңды мүддесін қорғау бірінші орында және ол азаматтық іс жүргізу құқығымен және азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттеледі.
Дипломдық бітіру жұмысы азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі мен пәні және әдістерін қарастырады. Сондай-ақ азаматтық іс жүргізу жүйесі мен қайнар көздерін,яғни азаматтық іс жүргізу заңдарымен қатар процессуалист ғалымдардың еңбектерін де кірістіреді.
Азаматтық іс жүргізу формаларының түсінігі, мәні ,негізгі белгілері және Азаматтық іс жүргізу формасының азаматтық істерді қарап шешудегі маңызы екінші тараудың тақырыптары болып табылады. Соңғы тарау Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау формаларын қарастырады.
І. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ, ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
- Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, реттеу пәні мен әдістері
Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі: императивті, диспозитивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады.
Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:
- Азаматтық іс жүргізуді реттеу бойынша
- Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.
Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. Азаматтық іс жүргізу құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.
Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Азаматтық іс жүргізу құқығымен көптеген қағидатің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар азаматтық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап азаматтық іс бойынша шешім шыққанға дейін.[2]
Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік құбылыстар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, процестің соттың қызметі ретінде екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, іске қатысушы тұлғалар мен соттың құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінің негізгі міндеттері: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілері мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсіндіру, сот қызметінің қағидатерін білу, азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибеде қолданылуы азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын және басқа дауларды шешудің, моральдық және материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған. Сот актілерінің орындалуы үшін тиімді әрекет етуші жүйе құрылуы керек.
Бұл міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін судьялардың білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні болып:
- азаматтық іс жүргізу заңнамасы дамуының негізгі кезеңдерін, азаматтық іс жүргізу заңнамасын, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуы тарихын және қазіргі жағдайын көрсететін азаматтық іс жүргізу заңнамасының теориясы мен тәжірибесінің өзекті және басым мәселелерін;
- азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары, дәлелдемелердің түсінігі, дәлелдеу процесі, істердің бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда қаралу, қадағалау тәртібімен қайта қаралу және шешімдердің орындалу тәртібін қарастыру.
— процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық іс жүргізу құқығының жекелеген мәселелері бойынша ғылыми және өзіндік ұстанымды қалыптастыру.
— азаматтық іс жүргізу құқығының теориялық және тәжірибелік мәселелеріне өз бетінше талдау жасау;
— азаматтық іс жүргізу заңдарының нормаларына талдау жүргізу;
— азаматтық іс жүргізу заңнамасын тәжірибеде өз бетінше қолдану.
Азаматтық іс жүргізу – азаматтық іс жүргізу нормаларымен тәртіптелген азаматтық істердің бір сатыдан басқа біреуіне өте отырып, соңғы мақсаты, міндеті – заңмен қорғалатын мүдде мен құқықты қалпына келтіру болып табылады.Мүдделі тұлға арызбен сотқа жүгіне отырып, өзінің талабын көрсетіп негіздейді, ол арыз, талап-арыз, шағым, ерекше талап өндірісіне арыз болуы мүмкін. Сот оларды тексере отырып, оның қарауына жататынын, жатпайтынын қараса, сот бұл арызда сотта қорғау формасы қажет екенін тапса, бұл істі өз өндірісіне қабылдап, осы сәттен азаматтық іс қозғайды.Сот, мүдделі адамдар, басқа қатысушы тұлғалар (куә, эксперт, аудармашы өкілдер) іс жүргізуде қарауда бірқатар әрекеттер жасайды. (сот мәжілісіне қатысады, түсініктемелер береді, дәлелдемелер тапсырады, т.б.).
а) Азаматтық іс жүргізу құқығы – құқықтың бір саласы ретінде қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларының жүйесінен тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот әділдігімен шешуді айтамыз.
Азаматтық іске қатысушылардың азаматтық іс жүргізу нормаларымен бекітілген азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттері бар. Мысалы, сот істі қарау және шешу құқығына ие, ол басқа қатысушыларға байланысты биліктік өкілеттікке ие, сонымен қатар ол іске қатысушы тараптар мен басқа қатысушылардың іс жүргізу құқығын қатал сақтау керек.
Азаматтар мен заңды ұйымдар іс жүргізуге қатысуға, өтінімдер беруге, өздерінің талаптарының негіздерін (қолдануға) дәлелдеуге сот шешіміне шағым келтіруге, шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Олар іс жүргізу құқығымен қатар, іс жүргізу міндеттерін алады. Іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот шығындарын төлеуге, сот шақыртуына келуге, дәлелдемелер тапсыруға міндетті.
б) Азаматтық іс жүргізу пәні сот әділеттігін нақты азаматтық істерден тұратын арнайы іс жүргізу формасымен атқару, ал азаматтық іс жүргізудің құқығының пәні – құқықтық сала ретінде азаматтық іс жүргізу, яғни соттар және басқа іске қатысушылардың әрекеттері мен сот актілерін орындайтын органдардың әрекеті болып табылады.
в) Азаматтық іс жүргізу құқығы қоғамдық қатынастарды диспозитивті рұқсат етілген әдіспен реттейді.
Бұл дегеніміз азаматтық істің пайда болуы сотқа емес, мүдделі адамдарға керек екендігі. Сот өзінің инициативасымен азаматтық іс қозғамайды. Сот құжаттарына шағым келтіруде іс жүргізудегі мүдделі тұлғалардың еркі болады.
Азаматтық іс жүргізудің нормалары көбінесе тыйым салатын емес, рұқсат етілетін нормалардан тұрады. Іске қатысушылар тек өздеріне берілген іс жүргізу құқығына ие болады да тек солар бойынша әрекет етеді, құқыққа ие болады.
- Азаматтық іс жүргізудің жүйесі мен қайнар көздері
Азаматтық іс жүргізу құқығы барлық құқық салалары тәрізді үлкен екі жүйеге бөлінеді. Олар бірінші жалпы бөлім және ерекше бөлім деп аталынады. Олар бірнеше тарауларға бөлінеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі қарастырады:
1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары
2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидатері
3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық
4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
5-тарау. Іске қатысушы тұлғалар
6-тарау. Сотта өкілдік ету
7-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
8-тарау. Сот шығындары
9-тарау. Мәжбүрлеу шаралары
10-тарау. Іс жүргізу мерзімдері
11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
13-тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
14-тарау. Талап қою
15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету
16-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
17-тарау. Сотта іс қарау
18-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі
18-1-тарау. Аралық сот шешімін орындау
19-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
20-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту
21-тарау. Арызды қараусых қалдыру
22-тарау. Сот ұйғарымы
23-тарау. Хаттамалар
24-тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару
Ал Ерекше бөлімде мына мәселелер қарастырылады.
25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу
26-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу
27-тарау. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айтуы туралы іс бойынша іс жүргізу
28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу
29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі
30-тарау. Жалпы ережелер
31-тарау. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау
32-тарау. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау
33-тарау. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану
34-тарау. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
35-тарау. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау
36-тарау. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану
36-1-тарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу
36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу
37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау
38-тарау. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар
39-тарау. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру (шақыртылып іс жүргізу)
39-1-тарау. Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы істер бойынша іс жүргізу
40-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру
41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
43-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу
44-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу
Жоғарыда көрсетілгендерге қарап отырып, азаматтық іс жүргізудің жалпы бөлімі азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі,міндеттері және қағидалары тәрізді басқа да жалпы сұрақтарға жауап берсе, ерекше бөлімінде әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді және ерекше іс жүргізу, оның ішінде шетелдік тұлғалармен іс жүргізуді қарастыратынын көріп отырмыз. Енді Азаматтық іс жүргізудің қайнар көздеріне тоқталсақ.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың Азаматтық іс жүргізу туралы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидатері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері заңға енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.[3]
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.
Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол заң ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Азаматтық сот ісін жургізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану сотта іс қараған кезде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Азаматтық іс жүргізу Кодексі мен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
Азаматтық іс жүргізу нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Іс жүргізу нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда Азаматтық іс жүргізу туралы Кодекстің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Азаматтық іс жүргізу заңының уакыт жағынан қолданылуы барлық құқық салалары тәрізді бізде заңмен реттелген.
Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді.
Сонымен, Азаматтық процессуалдық құқықтың қайнар көздері:
- ҚР Конституция 30.08.95ж.
- ҚР Сот жүйесі және судьяның мәртебесі туралы заң. 25.12.00ж.
- ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.99ж. және 11.07.01ж. өзгертулер мен толықтырулар №238-ІІ.
- ҚР Прокуратура туралы президенттің заң күші бар Жарлығы 21.12.95ж.
- ҚР Неке және отбасы туралы заң
- ҚР Нотариат туралы заң 14.07.97ж.
- ҚР Адвокаттық қызмет туралы заң 05.12.97ж.
- ҚР Мемлекеттік баж туралы заң 31.03.96ж.
- ҚР Атқарушылық қызмет және сот орындаушыларының құзыреті туралы заң 1998ж.
- ҚР Азаматтық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімдері
- Халықаралық шарттар.
Сондай-ақ, Жоғарғы сот пленарлық мәжілісінің қаулылары.
ІІ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ФОРМАЛАРЫ
2.1. Азаматтық іс жүргізу формаларының түсінігі, мәні ,негізгі белгілері
Соттың және басқа мүдделі барлық қатысушылардың іс қараумен байланысты, яғни шешім шығару, оған шағым келтіру, орындау әрекеттері іс жүргізу заңдарының нормаларымен жүзеге асатындықтан, құрамын азаматтық іс жүргізу негіздегендіктен, азаматтық сот өндірісі, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу өндірісі деп аталады.[4]
Сондықтан, соттың барлық әрекеттері, сосын іске қатысушылардың әрекеттері ерекше формада, яғни процессуалдық, іс жүргізу формасында болады.
Оның ерекшеліктері мынада:
а) алдын ала анықталған іс жүргізу құқық нормаларымен сот ісін қарау шешу тәртібі;
б) іске мүдделі адамдардың сот мәжілісіне қатысу құқығы және онда өзінің құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруді талап ету құқығы;
в) сот шешімі міндетті түрде сот мәжілісіндегі дәлелдемелер негізінде фактіге және заңға сәйкес болу керек.
Азаматтық іс жүргізу формасын қорғау құқығының маңызы.
- Мүдделі тараптарға дауды дұрыс шешу үшін құқықтық кепілдік яғни тараптардың іс жүргізу құқығы мен міндеттері тең екендігі.
- Сотқа құқық туралы дауды қарағанда материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қатаң сақтауды, және сот мәжілісінің заңдар және басқа нормативтік актілер негізінде іс жүргізуге қатысушылардың құқығын шектемейтін шешім шығаруды міндеттейді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.
Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын тандап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
2.2. Азаматтық іс жүргізу формасының азаматтық істерді қарап
шешудегі маңызы
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңның , басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.[5]
Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.
Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.
Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.
- Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес.
Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісің жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе заңда көзделген азаматтық сот ісін жүргізу қағидатерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.
Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін заңда көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.
Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін.
Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында: азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс;
заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.
Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу заңда белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі.
Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жургізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жургізу міндеттерін көтереді.
Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.
Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.
Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы куәлік беруге міндетті емес. Осы көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.
Әр адамның азаматтық процесс барысында заң ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ заңда көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.[6]
Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино кұжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.
Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашыларда қатысады. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке тусіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мумкін.
Сотта істі қарау соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізіледі. Судьялар мен сот отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі қарау кезінде қатысқысы келетін адамдарға тексеру жүргізу, оның ішінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы өкім бере алады.
Сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мең бұйрықтар нысанында қабылдайды.
Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттармен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көрінісі занда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Соттың әрекеттері мен шешімдеріне осы кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Іске қатысушы адамдардың заңда белгіленген тәртіппен шешімді жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидатерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.
2.3. Азаматтық іс жүргізу қағидаларын қолдану мәселесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында қағидаларды тұжырымдауға, түсіндіруге байланысты мәселелерді зерттеп дайындауға екі тенденция тән болды. Бір жағынан –қағида ретінде тануға ұсынылған ережелер тым ұлғайтылды. Екінші жағынан – осы ережелер шеңбері орынсыз таратылды. Екі тенденция да тұйыққа апарып тірейді. Осы қайшылықты жүйе құрайтын факторлар табылған жағдайда ғана жоюға болады. азаматтық сот ісін жүргізу – ең алдымен өзара байланысты элементтер жүйесі. Аталған элементтердің мәні мен орны жүйе құрайтын факторлар негізінде елеулі ықтималдықпен анықталады.
Қағидаларға қатысты жүйе құрайтын факторлар ретінде мыналар алынған:
1) мақсаттар мен міндеттер ортақтығының байланыстырылуы;
2) ішкі қайшылықтардың жоқтығы;
3) объективті және субъективті бастамалар бірлігі;
4) өзара байланыстылық және дербес те, бірге де бір мезгілде ықпал жасау ерекшелігі;
5) азаматтық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттерін жетуге бағдарлау.
«Қағида» категориясының мәніне жасалған талдау азаматтық іс жүргізудің барлық қағидаларының бірдей дәрежеде маңызды деп танылуы азаматтық іс жүргізу құқығы теориясының қазіргі жетістіктеріне неғұрлым толық сай келеді деуге мүмкіндік береді.[7]
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын тең шамалы және тең маңызды деп тану керек екенінің мынадай дәлелдері бар.
- Барлық заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдарға толық сәйкес әзірленеді. Демек, қағидаларды конституциялық және конституциялық емес деңгейге бөлу олардың нақты құқық көзінде орналастырыдуы тұрғысынан ғана дұрыс: егер қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында немесе конституциялық заңда орнықтырылған болса, ол конституциялық қағидатерге жатады; барлық өзге құқық көздерінде орнықтыру оны өзінен-өзі конституциялық емес қағидатерге жатқызады. Бірақ мұндай көзқарас механистілік және құқық қисынына қайшы келеді. Мән-маңыз тұрғысынан алғанда конституциялық емес қағидаларға бөлінуі олардың заңды (конституциялық) және заңсыз (конституциялық емес) болып саралануын білдіреді.
- Қағидаларды конституциялық және конституциялық емес деп бөлудің механистік жолы қағидалардың маңыздылау және маңызы аздау, басты және екінші дәрежелі деп бөлінуіне өзінен-өзі әкеліп соғады. Қағидалардың маңыздылық дәрежесі бойынша саралануы оларды қамтамасыз ету құралдарының да тиімділеу және тиімділігі кемдеу деп бөлінуіне әкеліп соғуы мүмкін, оның азаматтық сот ісін жүргізуде заңдылық талаптарын сақтауға байланысты елеулі зардаптары болуы ықтимал. Сонымен қатар «қағида» ұғымының негіз қалаушы, түйінді деген мәнінің өзі саралау кезінде құқықтық реттеу механизміндегі міндетті элемент рөлін емес, жай ғана тілек рөлін атқарады.
- Қағидаларды конституциялық және конституциялық емес деп бөлу сот органдарында «конституциялық» қағидалардың бұзылуына жол бермеу және «конституциялық емес» қағидаларды елемеуге болатыны туралы қате пікір қалыптастырып, олардың құқық қолдану қызметінде тәртіп бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен, азаматтық процесс қағидалар жүйесі азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесінің шеңберіндегі тең шамалы және тең маңызды, негізгі, түйінді ережелердің жіктелуі деп емес, ал олардың өзара байланыста, өзара қатынаста болуы деп түсінілуге тиіс.
Іс жүргізу нысаны жөнінде қағида үш топқа бөлінуі мүмкін:
1) сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптарды білдіруші қағидалар;
2) сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысанларына қатысты талаптар мен тікелей сот қызметіне қатысты талаптарды ұштастыратын қағидалар;
3) тікелей сот қызметіне оның мазмұнына қатысты талаптарды білдіруші қағидалар.[8]
Қандай да болсын топқа қатысты екеніне қарамастан оның азаматтық іс жүргізу құқығының кез келген көзінде орнықтырылуы мүмкін, оның өзі олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық заңдарына сәйкес келуі жөніндегі талапқа қайшы келмейді.
Сонымен бірге қағидалардың топтарға бөлінуі шартты сипатта болып отыр. Гәп бірқатар қағидалардың шектес екі топқа бірдей қатысты екенінде.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында орнықтырылуымен айқындалады. Мәселен, Конституцияда азаматтық процесте мына қағидалар орын алады:
— заңдылық
— тараптардың айтысуы және тең құқықтылығы
— әркімнің соттағы сөз бостандығы;
— тараптардың теңдігі
— куә иммунитеті;
— дәлелдер алудың заңдылығы;
— азаматтық заңды ұқсастығына қарай қолдануға тыйым салу.
Қазақстан Республикасы Конституциясында атап көрсетілгендей, Конституцияда белгіленген сот төрелігі қағидалары Республиканың барлық соттары мен судьялары үшін ортақ және біртұтас болып табылады.
Процесс негіздері азаматтық сот ісін жүргізудің жоғарыда аталған қағидаларымен шектелмейтінін мойындау қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектеленгендіктен АІЖ-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген:
— заңдылық;
— сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
— адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;
— жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау;
— адамның жеке басына тиіспеушілік;
— азаматтық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
— адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы;
— меншікке қол сұқпаушылық;
— кінәсіздік презумпциясы;
— сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру;
— судьялардың тәуелсіздігі;
— сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру;
— істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу;
— дәлелдемелерді ішкі сезім бойынша бағалау;
— куәлік айғақтар беру міндетінен босату;
— білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету;
— жариялылық;
— азаматтық сот ісін жүргізу тілі;
— іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.
Азаматтық процесс саласындағы заңдылық қағидасы – азаматтық іс жүргізу процесіне әрбір қатысушының мтериалдық және іс жүргізу заңдарының барлық талаптарын, соның ішінде осы қызмет қағидаларының формулалары бар нормаларды сақтауға міндетті екені. Заңдылық қағидасының мәнін терең түсіну үшін Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының ережесі ерекше маңызды, оған сәйкес мемлекеттік билік органдары мен лауазымды адамдар «заңда тікелей көзделген нәсрелерге ғана рұқсат етілген»[9] деген қағиданы дәйекті қатаң түрде ұстануға тиіс.
Заңдылық қағидасы Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар баптарында баянды етілген. Мәселен, 34-бапта әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға міндетті екені айтылған; 78-бап – Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды; 83-бап – прокуратура құқық қатынастарына қатысушылардың заңдылықты сақтауын қадағалау қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының аталған және өзге нормаларында Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заңдардың мызғымастығы туралы, заң нұсқамаларын құқық қатынастарына қатысушылардың бәрінің міндетті түрде орындауы туралы идея белгілі бір дәрежеде бар.
Адвокаттық қызметтің заңда тыйым салынбаған тәсілдермен және құралдармен жүзеге асырылатыны туралы «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңында баянды етілген қағиданың маңызы одан кем емес. Сонымен, заңдылық қағидасы азаматтық іс жүргізу құқықтарының бәріне өзек болған және құқық қатынастарының бәріне өзек болған және құқық қатынастарының азаматтық сот ісін жүргізуге байланысты пайда болатын кез келген бағытына қатысты. Заңдылық қағидасын сақтау – істі сотта қарау кезінде әділ шешім қабылдануының кепілі.Заңдылық қағидасына оны ұқсас басқа қағидалармен шектеуге мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктер тән. 2.3. Азаматтық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.Азаматтық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау азаматтық процесті жүргізуші органға жүктеледі. Осы міндетті жүзеге асыру нысандары пассив және актив негіздер болуын көздейді. Пассив негіз – азаматтық іс жүргізу заңының нұсқамаларын дәл сақтау, бұл сот ісіне тартылатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалатынын өзінен-өзі білдіреді.
Актив негіз – кімнің тарапынан болсын қауіп-қатер төнген жағдайда қарсы әрекеттер жасау шараларының дер кезінде қолданылуын көздейді.
Заң нұсқамаларын сақтау дегеніміз – процеске қатысушылардың өз құқықтарын жүзеге асыруы мен бостандықтарын қамтамасыз етуі үшін тиісті, заңда көзделген жағдайлар жасау. Мұның кепілі – сот ісіне қатысушылардың құқықтарымен және міндеттерімен оларды міндетті түрде таныстыру, содан кейін олар өкілетті адамнан белгіленген мәртебеге сәйкес тікелей көзделген нәрселерді ғана талап ете алады (мысалы, куә танысу үшін өзіне іс материалдарының берілуін талап ете алмайды, ал егер талап жауапкер тарапынан жасалған болса, ол талап қанағаттандырылуға тиіс). өкілетті органның, адамның қандай да болсын заңсыз әрекетіне немесе әрекетсіздігіне азаматтардың сот тәртібімен шағым жасау құқығы – азаматтық процесте олардың құқықтары мен бостандықтары қорғалуының маңызды кепілі.
Бұл қағида негізі Конституцияның 18-бабында қаланған, онда әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына; жеке салымдары мен жинаған қаражатының, почта, телеграф арықылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына; әрбір азаматтың өз құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуына құқығы бар екені айтылған. Жеке өмірге қол сұғылмауының құқығы – әрбір адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі қалайтын түрін таңдау және тәуелсіздік пен дербестілік жағдайында жеке, достық, сырластық және басқа қатынастар орнату мүмкіндігі. Адамның әуестігі, жақсы көретін, жек көретін нәрселері, елігушілігі, дүниетанымы, құндылықтардың қайсысын көңілі қалайтынын және т.т. оның бақылауынан және келісімімен тыс таратуға ешкімнің құқығы жоқ.[10]
Ұсталған адамды тінту, оның тұрғын үйін тінту, куәландыру, почта-телеграф жөнелтілімдерін қарап шығу, хабарларды жол-жөнекей ұстау, сөйлесулерді тыңдау мен жазу, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу, сараптама жүргізу және өзге де әрекеттер адамның жеке өмірі туралы мәлімет көздері болып табылады. Жекелеген іс жүргізу әрекеттеріне куәнің қатысуы адамның жеке өміріне ғана қатысты мәліметтердің тарап кетуі қатерін төндіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда іс жүргізу әрекетін жүзеге асыруға өкілдік алған адам өзге қатысушыларды өздеріне мәлім болған мәліметтерді таратуға болмайтынын ескертуге, ал жекелеген жағдайларда — ол туралы қолхат алуға міндетті.
Қағида сақтаудың кепілі – мүдделі адамның процесс жүргізуші органның іс-әрекеттеріне шағым беру құқығы. Жеке өмір құпиясының заңмен қорғалуы жеке өмір саласына араласуға байланысты іс жүргізу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайда прокурор санкциясын алу немесе соттың тиісті шешім шығаруы қажеттігімен қамтамасыз етіледі.
Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру қағидаінің конституциялық сипаты Конституцияның 14-бабында атап көрсетілген, онда: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп белгіленген.
Бұл қағиданың белгілеріне мыналар жатады:
— азаматтық іс қозғаудан бастап, ол шешілгенге дейін бүкіл процесс барысында ықпал ету;
— қағида сот ісіне тартылған адамға субъективті мінездеме беру (оның әлеуметтік және мүліктік жағдайы, нәсілі, тілі, жынысы және т.т.) жөніндегі пассивтігі;
— сот ісін жүргізу процедурасында тең статусы бар қатысушылар жөнінде елеулі анықтамалардың жоқтығы (мысалы, куәлар, субъективті сипаттамаларына қарамастан, процесте бірдей құқықтарға ие болып, бірдей міндет атқарады; жауап беруден бас тартқаны немесе жалған жауап бергені үшін азаматтық жауаптылық қатерінің өздеріне қатысы жоқ кәмелетке толмаған куәлар бұған жатпайды; сонымен бірге, кәмелетке толмаған кез келген куәнің жағдайы, оның қандай отбасынан шыққанына, ана тілі қай тіл екеніне және т.т. қарамастан, бірдей);
Барша жұрттың заң мен сот алдындағы теңдігі бәсекелесуші жақтар мүдделерінің нақты қорғалуын қамтамасыз ететін кепілдіктер жүйесінің бар болуынан, заңмен берілген құқықтардың жүзеге асырылуынан көрініс табады.[11]
Барша жұрттың заң сот алдындағы теңдігі қағидасының мәні азаматтық процедуралар жүйесін адамның хал-жағдайының ерекшеліктерін, оның ақыл-ой қабілетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен сот билігі саласындағы функцияларды орындауға байланысты берілген өкілеттіктерді ескере отырып саралауға қайшы келмейді. Процедуралардың саралану белгісі, сондай-ақ заң нұсқамаларын сақтауды талап етеді және азаматтық сот ісінің әділ жүргізілетінін дәлелдейді..
Судьялардың тәуелсіздігі туралы қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында баянды етілген, онда былай деп атап көрсетілген:
«Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді».
Негізгі заң болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы өзге заңдарға қарама-қарсы қоюға болмайды. Конституция мен заңның жеке-жеке аталуы заң шығарушының, біріншіден, Конституция нормаларының тікелей қолданылатынын атап көрсетуге, екіншіден, барлық өзге заңдар мен нормативтік актілердің Негізгі Заңға сәйкестігі туралы ереженің мәнділігін күшейтуге ұмтылғанын дәлелдейді.
Судья, заңға бағына отырып, қолданылуға тиісті актінің заңды күші туралы мәселені шешуге тиісті. Конституция мен өзге құқықтық акті арасында қайшылық бары анықталған жағдайда мынадай шешімдер қабылдануы мүмкін: а) Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті нормасын тікелей, салалық заңды орағыта отырып қолдану; ә) іс жүргізуді тоқтата тұрып, қолданылуға тиісті актіні конституциялық емес деп тану жөнінде Конституциялық Кеңеске жүгіну.
Сонымен, судьяның заңға бағынуы қолданылуы заң талабына сәйкес келетін құқық көзінің іріктелетіндігін білдіреді.
Судьяның тек заңға ғана бағынуы оны заңсыз ықпал ету немесе қысым жасау әрекеттерінен қорғайды. Тәуелсіздік және тек заңға ғана бағыныстылық судьяның әлеуметтік салиқалылығы жоғары деңгейде болуын көздейді.
Сонымен бірге қаралып отырған қағиданы қамтамасыз ету үшін бір ғана әлеуметтік салиқалылық жеткіліксіз. Кепілдіктер керек, олар мыналар:
— судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласу үшін азаматтық жауаптылық қатері;
— нақты істер бойынша судьяның есеп бермейтіндігі;
— судьяға қарсылық білдіру үшін негіздемелердің заң жүзінде көзделуі;
— істі қарау кезінде соттың дәлелдер жинау құқығы;
— іс бойынша үкім шығару кезінде соттың ерекше пікірде болу құқығы;
— судьялар кеңесінің құпиялылығы.
Іс жүргізу кепілдіктерімен қатар заң шығарушы сот құрылысының судьялар тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы қағидаінің қамтамасыз етілуіне жәрдемдесетін кепілдіктерінің тұтас бір жүйесін көздеген (судьялар корпусын қалыптастыру ережесі, сот органдарының құрылымы, судьялардың өкілеттіліктерін тоқтауының тәртібі және т.т.). Атап айтқанда, заңда былай деп нақтыланған: «Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін». Судьялар тәуелсіздігінің және олардың тек заңға бағыныстылығының сот құрылысындағы кепілдіктері – судья қызметінің депутаттық мандатпен, кәсіпкерлік қызметпен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайтындығы.
Тәуелсіздік іс жүргізу және сот құрылысы кепілдіктері республикалық бюджет қаражаты есебінен соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдық-басқару шараларымен баянды етілген.
Судьяның Конституция кепілдік берген ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айырудың ерекше процедурасы әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бар екені туралы жалпы-конституциялық қағиданы күшейтіп, нақтылай түскен.
Судьяға ешкімнің тиіспеуі заңды негіздер бар болған жағдайда азаматтық жазаның іріктеп қолданылатынын білдірмейді. Судьяны азаматтық дауапқа тартудың, оған іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолданудың күрделілігінен процедуралары судьяны оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айырудың заңдылығын қамтамасыз етуді көздейді. Судьяға тиіспеушілікті қамтамасыз ете отырып, заң шығарушы сонымен бірге оны заңдылық талаптарына сай келмейтін мүдделерді көздеп процестен шеттетуге бағытталған ықтимал өсек-аяндардан қорғайды.
Судьяларға тиіспеушілік институты отандық азаматтық сот ісін жүргізуде жаңа нәрсе. Сонымен бірге ол шетелдік құқыққа өте тән. Судьяларға тиіспеушілік туралы Конституция қағидасы Парламент депутатына тиіспеушілікті реттейтін нормалар ізімен әзірленген.
Бәселкестік – істің сотта қаралуы қорғау функциясынан және істі шешу функциясынан бөлінетіндей етіп құрылуын көздейтін сот ісін жүргізу қағидасы; сот процесте басты жағдайда болады, сотта істің қаралуына басшылық етеді және істің мән-жайын жан-жақты, толық жәнне объективті зерттеу, іс бойынша ақиқатты анықтау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, іс бойынша заңды және дәлелді шешімдер шығаруға міндетті; сотта істің қаралуына қатысушыларға, соның ішінде айыптаушы мен айыпталушыға тең іс жүргізушілік құқықтар берілген.[12]
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру қағидасының мазмұнына мыналар кіреді:
— азаматтық ізге түсуді қорғаудан және істі соттың шешуінен бөлектеу, бұл аталған функциялар азаматтық процесті жүзеге асырушы түрлі органдардың орындауымен қамтамасыз етіледі;
— қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдістерін пайдалану міндеті;
— сотты азаматтық ізге түсу органдарының шегінен шығару және оған бәсекелесуші тараптардың мүдделерін білдіруге байланысты емес рөл беру;
— соттың тек құқық мүдделерін білдіруі;
— соттың объективтілігі мен бейтараптылығы;
— тараптардың өздеріне жүктелген іс жүргізу міндеттерін орындауы және заң берген құқықтарын жүзеге асыруы үшін соттың қажетті жағдайлар жасауы;
— азаматтық процеске қатысшы тараптарға өз айқындамаларын қорғауға тең мүмкіндіктер беру;
— соттың шешімді зерттеуге қатысуы тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдер негізінде қабылдауы;
— тараптардың өз айқындамасын, сондай-ақ қорғаудың әдістері мен құралдарын дербес таңдауы;
— АІЖК-те белгіленген тәртіппен қажетті материалдар алу мәселелері бойынша кез келген тараптың өтініші негізінде оларға соттың жәрдем көрсетуі;
— азаматтық талапкерге талап-арыздан бас тарту немесе азаматтық жауапкерге бейбіт келісім жасасу құқығын беру;
— соттың тараптарға бірінші және апелляциялық, кассациялық сатылар бойынша істі қарауға қатысу құқығын қамтамасыз етуі;
— істі қарау процесіне қадағалау тәртібімен және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша жіберу;
— соттың әрбір қылмысты істі қарауына мемлекеттік айыптаушының немесе жеке айыптаушының қатысуы жолымен айыптау тарабының мүдделерін білдіру.
Сонымен, бәсекелестік қағидасының заң жүзінде орнықтырылуы қолданылып жүрген АІЖК қабылданғанға дейін орын алып келген қағидамен үйлеседі.
Әдетте процесс бәсекелестігінің мына элементтері ажыратылып келген еді: талапкер мен жауапкердің іс жүргізудегі тараптар ретіндегі жағдайы; тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы; соттың тараптар жөніндегі дербес жағдайы.[13]
Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу қағидасы – соттың, және іске қатысушылардың іс үшін маңызы бар барлық мән-жайларды мұқият зерттеу, сол мән-жайлардың бар немесе жоқ екені туралы тұжырымдардың дұрыстығына кепілдік беретін дәлелдер жиынтығын тарту, пайдалану, тексеру және бағалау міндетін білдіретін негіз.
Бұл қағиданың құқықтық негізі Конституцияда қаланған, оның 13-бабында Қазақстан Республикасы Конституциясында және заңдарда орнықтырылған барлық құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалуына кепілдік беретіні айтылған.
Қаралып отырған қағиданың ерекшелігі – оны құрайтын үш элементтің біртұтастығы. Оған мынадай белгілер тән.
1) үш элемент – жан-жақтылық, толықтық және объективтілік – бәрі бірге ғана бірыңғай қағида құрып, оның мазмұнын ашып көрсетеді;
2) аталған элементтер өзара байланысты және өзара сіңіседі, бірақ бірін-бірі ауыстырмайды; тығыз өзара байланыстың болуы оларды белгілі бір дербестіліктен айырмайды;
3) бұл қағиданың бір элементін елемеу зерттеулердің біржақтылығына және толық болмауына әкеліп соғады, оның өзі сайып келгенде іс бойынша ақиқатқа қол жетпегенін білдіреді; ал ақиқатқа қол жетпеуі істің қысқартылуына немесе үкім күшінің толық жойылуына әкеліп соғады.
Жан-жақтылық – заң тұрғысынан елеулі мән-жайларды, өздеріне тән барлық қасиеттерімен, сапаларымен және белгілерімен бірге дәлелдердің, олардың байланыстарының, қатынастарының және бір-біріне тәуелділілігінің, жасалған қылмысқа, оның зардаптарына қатысты себептер мен салдардың салыстырмалылығын анықтау.
Жан-жақтылықтың маңызы мынада: ол іс материалдарынан туындайтын барлық ықтимал болжамдарды тізуге және мұқият тексеруге жәрдемдеседі. Болжамдар сыңаржақтылық пен субъективизмге жол бермейді және барлық мән-жайлар мен дәлелдерді жан-жақты зерттеудің нақты мүмкіндігін және іс бойынша ақиқатқа қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Толықтық – азаматтық іс бойынша анықталуға тиісті барлық мән-жайларды, айыпталушы мен оның сыбайластарының қылмысты әрекетінің барлық эпизодтары мен фактілерін анықтау және осы міндетті шешуге мүмкіндік беретін дәлелдер жиынтығын іске тарту.
Толықтық мәні мынада: ол дәлелдеудің көлемі мен шегін сипаттайды, қандай мән-жайлар және қандай шектерде белгіленуге тиіс екенін, заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін жеткілікті қандай дәлелдер жиынтығы зерттелуге және пайдаланылуға тиіс екенін көрсетеді.
Объективтілік – нақты болмыс құбылыстарын санада дұрыс бейнелеу, зерттеуге айыпталушыны «жақтайтын» де, оған «қарсы» да барлық мән-жайларды бірдей ескеретін жол белгілеу, дәлелдер жинауға, тексеруге және бағалауға қатысты көзқарас білдіру, сондай-ақ іс бойынша нақты тұжырымдар қалыптастыру.[14]
Объективтілік маңызы мынада: ол білімді фактіге айналдырудың қажетті шарты ретінде оның нақты болуына жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау қағидасы сот, прокурор, қызметіне қатысты. Ішкі сенім қаралған дәлелдердің жиынтығына негізделуге және қолданылып жүрген заңға сүйенуге тиіс. мұнымен қатар судья, прокурор, өз ар-ожданын басшылыққа алады.
Азаматтық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайтыны жазылған.
Бұл қағиданың мазмұнына мыналар кіреді:
— іс бойынша жиналған дәлелдемелерді соттың, прокурордың, еркін бағалауы;
— соттың өз тұжырымдарында азаматтық бағалау пікірлерімен байланысты болмауы;
— дәлелдемелерге баға беруде негізсіздік элементіне жол берілмеуі, бұған заңды басшылыққа алу қажеттігімен кепілдік берілген;
— іс бойынша жиналған дәлелдемелерді соттың бағалауы кезінде олардың өмірлік тәжірибесін пайдалануы және мораль нормаларын қолдануы, мұның өзі олардың заңмен бірге ар-ожданды басшылыққа алуға тиіс екені туралы қағидадан туындайды.
ІІІ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ФОРМАЛАРЫ
3.1. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауда азаматтық іс жүргізу қатынастарының ерекшеліктері
Азаматтық іс жүргізу қатынастары дегеніміз сот және сот процесінің қатысушының арасындағы пайда болған және Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен реттелген құқық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар ерекшелігі.
- Құқықтық нысанда жүзеге асыра алады.
- Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар өктемдік белгіге ие, яғни императивтік әдіспен реттеледі.
- Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар құқық қолданушылық сипатқа ие, өйткені олардың негізгі мазмұны, — материалдық және процессуалдық нормаларды қолдану қызметі.
- Сот міндетті қатысушы болады.
- Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар көп субъектілі болады.
- Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарда динамизм орын лады, яғни азаматтық процессуалдық әрбір сатыдан келесі сатыға өтуде дамып отыруы.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың объектілері дегеніміз нақты іс бойынша пайда болатын азаматтық процесстің пайда болу негізін құрайтын даулы матеиалдық-құқықтық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастың пайда болу негіздері.
Әдеттегідей кез келген құқық қатынастарының пайда болуына үш заңи шарт негіз болады: құқық нормасы, құқықтық субъектілік заңи факторлар.
АІЖ құқықтық қатынастардың пайда болудың алғышарттың бірі азаматтық іс жүргізу заңы. Ол жерде барлық іске қатысушылардың әрекет етуі, жүріс-тұрыс тәртібі бекітіледі және бұл тәртіптер процесске қатысушылар үшін міндетті болып табылады..
АІЖ қатынастары заңы фактілер негізінде пайда болады, яғни іс жүргізу заңдарында бекітілген іске қатысушы тұлғалардың және соттың әрекеттері. Сот заңи фактілерді туындататын ең басты субъект болып табылады., өйткені соттың әрекеті бойынша іс қозғалады. Соттың әрекеті жоқ болса ешқандай процессуалдық құқықтық қатынастар пайда болмайды. Сонымен процессуалдық қатынастың пайда болуы үшін былайша айтқанда фактілік құрам болуы керек, бұл құрамның ішінде судьяның әрекеті де кіреді. Азаматтық процессуалдық қатынастар мынадай схемада болуы мүмкін. М: сот – талапкер. Талапкердің сотқа талап арызбен жолдануы, бұл арызды судьяның қабылдауы немесе одан бас тартуы. Жалпы құқық теориясынан заңи фактілердің оқиға және әрекетінен тұрады. Азаматтық процессуалдық қатынастарда тек қана оқиға негізінде процессуалдық қатынастар пайда болмайды. Бұл үшін міндетті түрде іске қатысушының әрекеті болуы керек.[15]
Құқықтық субъектілердің өзі екі элементтен тұрады: 1. Азаматтық процессуалдық құқықтық қабілеттілік; 2. Азаматтық әрекет қабілеттілік. Азаматтық процессуалдық қатынастың материалдық қатынастардан айырмашылығы: 1) субъектісі бойынша материалдық құқықтық қатынастар тең қатынаста болатын тұлғалардың арасында пайда болады.
Процессуалдық құқықтық қатынастар соттың билікті өкілеттілігімен сипатталады.
2) Реттелу пәні бойынша материалдық құқықтық қатынастар азаматтың айналым саласында отбасылық және басқа да қатынастар саласында болады, ал процессуалдық қатынастар азаматтық істерді қарау кезіндегі сот әділдігін жүзеге асырудан пайда болады.
- Заңи фактілер бойынша материалдық қатынастардың пайда болу негіздеріне нақты бір құқықтық салаларының бекіткен фактілері, ал процессуалдық қатынастың пайда болу негізіне процессуалдық әрекеттер қатысты болып табылады.
АІЖ қатынастардың субъектілері болып нақты іс бойынша сот өндірісіне қатысушыларды айт. Процестегі өзінің ролі бойынша құқықтары мен міндеттеріне қарай олар 3 тапқа бөлінеді:
- сот, яғни сот әділдігін жүзеге асырушы тұлға ретінде;
- іске қатысушы тұлғалар;
- сот әділдігін жүзеге асырушыға ықпал етуші тұлғалар.
Азаматтық процестегі міндетті тұлға ретіндегі соттар соттың І-ші инстанциясының соттары және апелляциялық, қадағалау инстанциясы соттан тұрады.
І-ші инстанция сотына заңмен белгіленген соттылыққа байланысты І-ші инстанция ретінде іс қарайтын барлық соттар жатады. АІЖ құқығының субъектісінің арасында сот ең басты орынға ие болады, өйткені ол бір жағынан процеске қатысушы ретінде болса, екінші жағынан іс жүргізу барысында іс жүргізумен байланысты пайда болған сұрақтарды шешетін билікті өкілеттілікке ие болады.
Іске қатысушы тұлғалардың тобы азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабында белгіленгендегі тараптар, 3-ші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар кодекстің 56, 57-баптарына сәйкес басқа біреулердің құқықтарын қорғау үшін заматтық процеске қатысатын болса, ерекше өндіріс бойынша арызданушы және басқа да мүдделі тұлғалар жатады.
Іске қатысушы тұлғалар азаматтық процестің нәтижесіне заңи мүдделі тұлғалар болып табылады. Олар нақты іс бойынша азаматтық істің дамуына, жылжуына белсенді түрде қатысады.
АІЖК-ң 47 бабына сәйкес бұл тұлғаларға кеңінен құқықтар мен міндеттер белгіленген 49 бапта тараптардың азаматтық істің негізгі субъектісі ретінде жеке құқықтары мен міндеттері белгіленген. Тараптарды азаматтық процесте талапкер және жауапкер деп атайды. 3-ші тұлғалар іске қатысушылар және олардың бір ерекшелігі міндетті түрде басқа біреуледіңарасындағы басталған азаматтық іске қатысуы 3-ші тұлғалар 2 түрден тұрады. 1. Дербес талап мәлімдейтін 3-ші тұлғалар. 2. Дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар.
Азаматтық іс бойынша іске қатысушылардың қатарына жататын прокурорды ерекше атап өту керек, өйткені прокурор азаматтық процестерде 2 нысанада қатысады. 1-ші прокурордың азаматтық істі қозғауы. 2-ші басталып кеткен іске прокурор қорытындысын беру үшін қатысуы болып табылады (55-б.).
АІЖК 36-57 баптарында берілген тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы заңмен тікелей көзделген реттерде ғана жол беріледі. Олар өзіндік мүдделерін емес басқа біреулердің мүдделерін қорғау үшін процеске қатысады. Бұл ерекшелік, яғни олардың процессуалдық жағдайының ерекшелігі прокурорға да қатысты. Бірақ прокурордың процеске қатысуының бұл тұлғалардан айырмашылығы әртүрлі іс бойынша сот өндірісінің әр сатысында қатыса алады.
- АІЖ құқығының 3-ші сот әділдігін жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғаларға куәлар, сарапшы, тілмаш, куәгерлер, мүлікті сақтаушылар, өкілдер, сот мәжілісінің хатшысы жатады. Бұл тұлғалар қандай да бір ерекше құқықтарға ие болмайды. Бұл тұлғаларды көмектесуші тұлғалар деп атайды. Куәлардың түсініктемелері сарапшы қорытындысы іс бойынша дәлелдеу құралы болып табылады. Бұл дәлелдеу құралысыз ешбір істі шешу мүмкін емес. тІлмаш өзінің аудармасымен істің дұрыс шешілуін және құқықтардың тиімді, дұрыс қорғалуын қамтамасыз етеді, яғни бұл топқа кіретін тұлғаларсыз азаматтық істерді толық және жан-жақты шешу мүмкін емес. Азаматтық іске қатысушылардың барлығын төмендегідей ортақ белгілерімен анықтаймыз:
- өздерінің аттарынан процессуалдық әрекеттерді жасауға құқық.
- Ерік білдіруге құқықтары, яғни азаматтық істің пайда болуына, дамуына, тоқтатылуына бағыталған әрекет жасауы.
- өздерінің соттың шешімінен шығуына заңи мүдделерінің болуы.
- Сот шешімінің барлығына бірдей әрекет етуі.
Адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидаі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген, онда былай делінген: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар». Конституцияның 77-бабының 3-тармағында «өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды» деп нақтыланған.
Адам мен азаматтың құқығы бостандығы ұғымының ресми түсініктемесіне мыналар кіреді: «Қазақстан мемлекеті өз азаматтарының белгілі бір әрекеттерінің заң жүзіндегі мүмкіндіктерін таниды және оларға кепілдік береді. Адам құқығы мен бостандығы және азамат құқығы мен бостандығы өзара байланысты, бірақ толығымен үйлеспейді. Алғашқылары әмбебап және бастапқы, екіншілері қоғам мен мемлекет дамуының деңгейін көрсетеді. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының іргелі категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылығы ретінде орнықтыруға тиіс».[16] сонымен, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жайында айтқан кезде олардың адам құқығы мен бостандығы ұғымымен қабысып кететінін білу қажет. Яғни сот перспективасы Қазақстан азаматтарының ғана құқықтары мен бостандықтары шеңберінен шығып отыр. Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ басқа елдің азаматтығы бар шетелдіктердің құқықтары мен бостандықтарына Қазақстан аумағында қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады. Басқа мемлекет аумағында жүрген Қазақстан азаматтары да Қазақстанның сот органдарынан қорғау сұрауға құқылы.
Сотпен қорғау қағидасы ресми түсініктемесінің мазмұнына кез келген адамның соттан өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрау құқығы кіреді. Қазақстан Республикасында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық әдістермен қорғауға құқығы бар. кез келген құқық пен бостандықты сотарқылы қорғауға болады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы азаматтық сот ісін жүргізудің ресмилілігімен қамтамасыз етіледі. Азаматтық процестің ресмилілігі мынада: прокурор, тергеуші және анықтаушы органдар мемлекеттің, қоғамның мүдделерін, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қылмыс белгілері байқалған әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде азаматтық іс қозғауға және қылмыс оқиғаларын, оны жасауға кінәлі адамдарды анықту және оларды өзге мақсаттар көздейтіндердің еркі мен тілегіне қарамастан жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Сот істі нақтылай шешуге тиіс.
Азаматтық процесс ресмилілігінің Қазақстан Республикасында қаланған және салалық заңда одан әрі дамытылған құқықтық негізі – құқықтары мен бостандықтардың жүзеге асырылуын шектеулерге Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында адам құқықтары мен бостандықтарын, денсаулығы мен рухани ізгілігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, конституциялық құрылысты қорғау мақсаттарында қажет етілетін деңгейде ғана жол берілетіні туралы идея. Бұл нормамен жеке адамның, мемлекеттің, жалпы қоғамның заңды мүдделері бірдей дәрежеде қорғалады. Бұл жағдай адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық рухани ізгілікке қол сұқпауға тиіс екенін білдіреді.
Кезінде М.С. Строговичтің әділ атап көрсеткеніндей, іс жүргізу кезіндегі ресмилілік белгісі мынада: сот азаматтық істі дұрыс қарап, шешу үшін мемлекеттік, қызмет борышы бойынша қажет нәрсенің бәрін істеуге міндетті. Сот төрелігі мақсаттарына өздерінсіз қол жетуі мүмкін емес белгілі бір іс-әрекеттер жасау қажет болған жағдайда сот ондай іс-әрекеттер жасауға тиіс және сол іс-әрекеттерді жасаудың мүдделі адам сұрады екен деп бас тарта алмайды.[17]
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидаларының негізгі ерекшеліктері мынада:
1) өкілетті органдар қызметінің ресми сипаты барлық институттарға өзек болған. Бұл ерекшелік тікелей туындайды, оған сәйкес прокурор, істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, жеңілдететін мән-жайларды анықтауға міндетті;
2) заң істің мән-жайын анықтау үшін қажетті барлық шараларды қолдану жөніндегі міндеттің орындалуын іс жүргізу құқық қатынастарына кез келген қатысушының жеке позициясымен байланыстырмайды;
3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасының ықпалы органдар мен адамдарға байланысты емес екендігінен байқалады. Мысалы, кассациялық және қадағалау өндірісінде сот кассациялық шағым немесе наразылық дәлелдерімен байланысты емес, сондықтан істі барлық іске қатысушылар жөнінде де, соның ішінде шағым жасамағандар жөнінде де толық көлімінде тексереді;
4) осы қағидаға орай өкілетті мемлекеттік органдар функцияларды жүзеге асырған кезінде өздері ұйытқы болуға, сырттан талап немесе өтініш болуын күтпестен белсенді әрекет жасауға тиіс;
5) бұл қағида, сондай-ақ қандай да болсын әрекет жасау құқығының болуынан да байқалады. Мысалы, сот алдын ала іс тыңдаудың барысында істі қайта қарауға жіберуге құқылы;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау қағидасында мемлекет пен жеке адам мүдделері тікелей ұштасады.
Сотпен қорғау қағидасының құрамдас бөлігі – заңда көзделген соттылықтың өзгертілмейтіндігі. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында былайша тұжырымдалған: «өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды».
Бұл ереже іс жүргізу құқығында қағидасы ереже ретінде тұңғыш рет орнықтырылған. Соттылық – бірінші инстанция бойынша қаралуға тиісті істерді соттар арасында бөлу, яғни сол істі шешуге тиіс нақты сотты белгілеу.[18] Басқаша айтқанда, соттылық тиісті сот ұғымымен байланысты. Істі тиісті сотта қарау – қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігі кепілдерінің бірі.
Соттылық өзгермейтіндігінің кепілдіре мыналар:
— істі бір соттан екіншісіне тек ол сот отырысында қаралардан бұрын беру мүмкіндігі;
— істі бір соттан екіншісіне берудің ерекше процедурасы;
— жоғары сатыдағы соттың қарауына жататын істі төменгі сатыдағы сот қараған жағдайларда үкімнің күшін тиісті емес сот қараған іс ретінде жою;
— айыпталушыға заңмен көзделген соттылықты өзгертуге оның келісімін қажеттігі;
— соттылықты тектік, аумақтық және жеке тиістілік белгілері бойынша жіктеу;
— соттардың заңда көзделмеген түрлерін құруға салынған тыйым.
3.2.
Азаматтық сот ісін жүргізу формаларының азаматтық құқықтан ерекшелігі мен ұқсастықтары
Азаматтық сот ісін жүргізу — қоғамдық қатынастарды реттейтін өзінің құрамына іс жүргізу нормаларынан тұратын сот пен іске қатысушылар арасындағы азаматтық істі сот әділдігімен шешуді айтамыз.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған құқықтарын, мүдделерін, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын-алу болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті азаматтық істі дұрыс және уақытылы шешу.
Азаматтық сот ісін жүргізу формалары бұл негізгі идеялар мен негізгі бастамалардың жиынтығы. Азаматтық сот ісін жүргізудің формалары бір-бірімен тығыз байланысты және бір форманы екінші форманың орындалуының кепілі бола алады.[19]
Азаматтық сот ісін жүргізудің формаларының түрлері: 1) Жалпы – бүкіл құқық саласына байланысты; 2) Салааралық (бірнеше салаға байланысты); 3) Салалық – тек осы ғана салаға байланысты.
Азаматтық сот ісін жүргізудің формалары Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген формалар мен азматтық іс жүргізу формалары болып екіге жіктеледі.
Конситуциялық формалар: Заңдылық, Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау, Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, Жеке өмірге қол сұғылмаушылық, Меншікке қол сұғылмаушылық, Судьялардың тәуелсіздігі, Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, Сот ісін жүргізу тілі, Сотта істі қараудың жариялылығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығының формалары:
- Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
- Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау
- Куәлік жауап беру міндетінен босату
- Сот актілерінің міндеттілігі
- Сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.
Азаматтық сот ісін жүргізудегі конституциялық формаларға сипаттама беретін болсақ, олар төмендегідей болып шығады.
Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтық іс жүргізу Кодексін, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
Соттардың адам мен азаматтардың құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
Істерді шешу кезінде соттық заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.
Сот істі шешу кезінде даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.
Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
Сот өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық сот ісін жүргізу форматерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылады.
Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.
Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
Ешкімге өзінің келісімінсіз соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.
Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдік зиян өтелуге тиіс.
Азаматтардың жеке өмірі және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жол беріледі.
Меншікке заңмен кепілдік беріледі. соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен оыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.
Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясы, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қаруға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамның өтінішін сот қанағаттандырған кезде істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Жабық сот отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәгер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.
Азаматтық iс жүргiзуде процессуалдық нысан деп талап етудiң жүйесiн айтамыз. Сонымен :
1) Азаматтық процессуалдық нысаны талап етудің жүйесін білдіреді, азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелінеді. Әрбір қатысушының өзіндік орны бар: талапкер, жауапкер, маман, куә және т.б.
2) Азаматтық іс бойынша сот шешімі нақты факт деректе негізделіп процессуалдық нысанда көрсетілгендей сот белгілейді. Дәлелдеме, заңның бұзылуы болса онда заңдық күші болмайды, сот шешімі орындалмайды.
3) Егер де тараптардан сұрақ-жауап алынбаса, тыңдалмаса мұндай жағдайда істің шешілуіне заң рұқсат етілмейді. Яғни, сонымен процессуалдық нысан – бұл конститутивтік элемент болып табылады.[20]
Сонымен қатар азаматтың іс жүргізу бірнеше сатылардан өтеді, (істі қозғау, сот талқылауына дайындалу, сотта істі қараудың жариялылығы,
кассациялық тексеріс және соттың шешімінің болуы.
1) Азаматтық іс талапкердің талап арыздары келіп түскеннен кейін іс қозғалады. Талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанын өзгерту, талап қою мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол береді. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісімімен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.
Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.
2) азаматтық іске дайындау яғни мұны сот жүзеге асырады. Соттың азаматтық істі талқылау болып саналады.
Яғни мұндай да басқа шетелдерге тек сот қана емес мысалы, Германияда – студенттер референттер көмектеседі.
3) Кассациялық шағымдану сот шешіміне заң күшіне енбеген. Бұл сатының мақсаты – заңдылықты тексеру және сот шешіміне арыздану не прокурордың протесті болып табылады.
4) Заң күшіне енген қаулының, шешімін қарау тәртібін қадағалау.
5) Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конситуциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған форматері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы кодекске енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары берген әлеуметтiк экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қолдана бiлуi және iс жүзiнде қорғауы керек. Ал адамның жеке басын сыйлау, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың және лауазымды адамдардың ең басты мiндетi. Алайда iс жүзiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлi де орын алады. Бұл жағдайда жеке мүлiктiк, отбасы, еңбек және басқа да құқықтары мен заңды мүдделердi қорғаудың ең тиiмдi тәсiлi азаматтардың сотқа арыздануы. Сот арқылы қорғалу – бұл азаматтардың конституциялық құқығы (ҚР Конституциясы 13 бап), оны болдырмауға немесе шектеуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
Қазақстан республикасы Конституциясының 16 бабының 2 тармағына сәйкес әркiм өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы, ал Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьлар мәртебесi туралы» жарлығы 5 бабының 1 және 2 тармақтары әр азаматқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдық, лауазымды және басқа тұлғалардың Республика Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн заңсыз шешiмдерi мен әрекет әрекеттерiнен сот арқылы қорғауына кепiлдiк бердi. Алайда, сот арқылы қорғалу құқығын тиiмдi пайдалану үшiн қай сотқа шағымдану қажет, сотқа жазған арыздың нысаны мен мазмұны қандай болу керек, азаматтық iс сот iсiн жүргiзудiң қай түрi бойынша қаралуға жататынын, iске қатысуға кiм тартылатынын, даулы құқықтық қатынастар материалдық құқықтың қай нормасымен реттелетiнiн, сондай-ақ сотқа талабын растайтын қандай дәлелдер ұсынылуы керек екендiгiн бiлуi қажет. Жеке және заңды тұлғалардың, прокурордың, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң және өзге адамдардың құқықтары мен мүддесiн заң бойынша қорғай алатын жағдайларда басқа да ұйымдардың жазбаша арыздары сотта азаматтық iс қозғауға негiз болып табылады.
Жеке және заңды тұлғаның сот арқылы қорғалу құқығы екi құқықтан тұрады: сот арқылы қорғалу үшiн сотқа шағымданудың процессуалдық құқығы, демек азаматтық iстi қарау және iс қозғау мiндетiн сотқа тапсыру, екiншiсi, заңды және негiздi талабын сот арқылы қанағаттандыру үшiн материалдық құқық.
Азаматтардың сот арқылы құқығын жүзеге асыру барысында сот тәжiрибесiнде мынадай сауал туындайды: осы құқық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы арыздарының барлығын қамтиды ма жоқ әлде олардың арасында сот қарастылығына жатпайтындары бар ма? ҚР Конституциясының 78-бабына сәйкес соттар Конституциясында бекiтiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн заңдарды және басқа да нормативтi-құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ.
Егер сот қолданылуға жататын заңды немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiнi адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылса, онда ол iс жөнiндегi өндiрiстi тоқтатып, сол актiнi Конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасауы керек.
Азаматтық құқықтың мынадай формалары бар: 1. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің теңдігі; 2. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3. Шарт еркіндігі; 4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайды; 5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6. Нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау. Міне, осы формалардың бәрі де Азаматтық кодекстің «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдыға қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген формаларды талдасақ.
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі. Азаматтық құқықтың басты формаларының бірі олардың қатысушыларының теңдігне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік формаі қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелсіздігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдгі төмендегідей жәйттерді білдіреді:[21]
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық құқықтың қатынастардағы жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жәйт, азаматтық құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитет) заңда көрсетілмеген.
2) заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін таңдауға ерікті, заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға хақысы бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік және заңды тұлғалары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға және сондай міндеттерді орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында мүлік иелерінің құқығын қорғауға байланысты теңдік формаі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей дегенді білдіреді.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық формасы. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иелену, оны тұтынып, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де жоғары қояды. Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді.
Қашанда меншік құқығы азаматтық құқықтың орталық институты болып есептелген және меншік иесінің құқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтық құқық меншіктің қол сұқпаушылық формасына негізделеді.[22]
Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстің басқа нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3-тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: «Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыруы оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін». Конституцияның бұл формалары Азаматтық кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу және т.б. қатынастарда қолданылады. Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол сұқпаушылық формаі қолданылады. Айталық: а) жерді пайдалану құқығы; ә) шаруашылық жүргізу құқығы; б) оралымды басқару құқығы; в) өзге де заттық құқықтар.
Келесі жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, «Жер туралы» Заңның 48-бабында жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі жөнінде айтылған.
Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектек қойыла тұрғанымен азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтық басты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын соңды болмаған меншік құқығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады, сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы қағаздардың меншік құқығын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері жасалды.
Шарт еркіндігі формасы. Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл форма нарықтың дамуына және бәсекелестікке қажетті алғы шарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-ның 10-бабының 6-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
Шарт дегеніміз – шаруашылық қызметтің негізгі құралы. Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін де өз еркімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды, сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез келген шарт жасасуына мүмкіндігі бар.
Азаматтық кодекс шарт жасасуға мәжбүр етуге тыйым салады, дейтұрғанмен бұл орайда оған кейбір жағдайда жол берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді.
Бұл форманы қолдануда мемлекеттің тағайындауымен белгілі бір дәрежеде шектеу қойылуы мүмкін, оған валюталық шектеуді жатқызуға болады. айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің валютаға деген резиденттердің экспорттық операциялары төлемдерін экспорттық валюта түсімін міндетті сату ретін шектеуді тағайындауға құқығы бар.
Шарт еркіндігін шектеуді тек мемлекет қана емес, сонымен бірге азаматтық айналымда жүзеге асырады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 11-бабына сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және қандай болса да басқа қызметке жол берілмейді.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтын форма. Бұл форма Азаматтық кодекстің 2-бабының 1-тармағында тұжырымдалған жәнеде ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы Конституциясының 18-бабында бекітілген: «әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» деген талапты алға тартады.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік және басқару органдарының, ата-аналардың, қызмет орны жетекшілерінің және басқа адамдардың әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне,пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым салады. Егер заңда көзделмесе, әлдебіреудің рұқсаты, келісімі, ақпарат ұсынуы талап етілмейді. Жеке, отбасылық, коммерциялық құпиялары бар мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
Азаматтық құқықтарды кедергісіз асыру формасы. Азаматтық кодекстің бұл формасы конституциялық ережеде де жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген заңдық кәсіпкерлік үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы формаке байланысты. Азаматтық кодекстің 8-бабына сай, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, алып ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Бір айта кететін жәйт, олардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құжаттардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік формаларын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.[23]
Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адам, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделген. Азаматтық құқық конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халық денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және заңмен шектелуі мүмкін. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Осы тараптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету формасы. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбісі мүлікті қатынастармен байланысты. Демек, олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға бұл форманы енгізу азаматтық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі – құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіруді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау формасы және соттың қорғауын қамтамасыз ету формасы.
Бұл конституциялық форма: әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғанудың ролі төмен болып келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағымдану мүмкін еді.
Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот (төрелік сот немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайларда бұрмаланған азаматтық құқық басқа да тәсілдермен қорғана алады. Заңда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік тарапынан жүзеге асуы мүмкін.
Азаматтық кодексте дәстүрлі қорғау шараларынан басқа қорғаудың жаңа да арнайы тәсілдері енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жағдайда нақты және заңды әрекеттермен тікелей құқығы бұзылған адамның құқығын қорғауға (өзін-өзі қорғауға) заң жол береді. өзін-өзі қорғау азаматтық құқығына жасалған қиянатты өз күшімен жетуі деуге болады, бұл өзін-өзі қорғау, не мүлікті, немесе қаржыға қатысты төлемдерді ұстап қалу, сондай-ақ өз бетімен кепілдік құқығын жүзеге асыру түрінде көрінеді. өзін-өзі қорғау ұғымы азаматтық құқықтың аясына жатады, бірақ, өзін-өзі қорғау жазалауға тұрмаса, онда онысы заңды әрекет болып табылады. Ұстап қалу құқығы деп меншік иесінің бөтеннің затын иесіне өзінің алдындағы міндеттемесін орындамағанша бермей, ұстай тұруды айтады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 712-бабы бойынша экспедиторға тек экспедициялық қызметі үшін берілетін ақы төленбейінше, жүкті ұстай тұру құқығы беріледі.
Азаматтық кодекстің 318-бабының 2-тармағына сәйкес кепіл ұстаушы кепіл туралы шартта, сондай-ақ Азаматтық кодексте және өзге де заң құжаттарында көзделген реттерде кепілге салынған мүлікті соттан тыс күштеу тәртібімен сауда өткізу (аукцион) арқылы өз бетімен сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететін кепілге алынған нәрсені сату жөнінде кепіл ұстаушы банктің де осындай құқығы болады.
Келесі жаңалық қорғаудың тағы бір түріне байланысты, яғни ол моральдық зиянның өтемін төлету болып табылады. Тұңғыш рет мұндай моральдық зиянның төлемін ақшалай түрде төлету мүмкіндігі 1990 жылы 12 маусымда қабылданған КСРО-ның «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 39-бабында тұжырымдалды, кейін бұл норма басқа да әртүрлі заң құжаттарына енгізілді. Моральдық зиян Азаматтық кодекстің 951-бабына сәйкес адамның және заңды тұлғаның өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, тән қинауы, залал келтіру, қолайсыз жағдайға әкелу, т.б.) деп есептеледі. Моральыдқ зиян оны келтірушінің кінәсіне орайластырып өтеледі.Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтық жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға тән ерекшеліктер, оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақтауынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн. Ішкі салалардың «жалпы бөлімі» мен «жалпы ережелерін» бір-бірінен бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған саланың «жалпы бөлімі» жалпы сипаттағы жекелеген институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі. «Жалпы ереженің» нормалары азаматтық құқық бөлімдерінен тәуелсіз негізде барлық мүліктік және мүліктік емес қатынастарға қолданылады. «Жалпы бөлімге» жататын «Меншік және өзге де заттық құқықтар» мен «Міндеттемелік құқық» тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы сипатқа ие екені дәлелденеді.[24]
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде қалыптасқан соңғы он бес жыл ішінде, біздің қоғамымыздағы саяси, ақпараттық, экономикалық және құқықтық процестерді дамыту жағдайында әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірді түпкілікті өзгертетін жағдайлар, маңызды мәселелер көптеп орын алды. Мемлекетте жоғарғы маңызға ие болатын көптеген нормативті-құқықтық актілер қабылданды, олар: 25.10.1990жылғы «Қазақ ССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы», Қазақстан Республикасының 16012.1991 жылғы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы ; Қазақстан Респуликасы Президентінің 12.02.1994 жылғы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы ; 30.08.1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы; 20.09.2002 жылғы қабылданған №949 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының концепциясы туралы» Жарлығы. Жоғарыда аталған нормативті-құқықтық актілер қазақстандық мемлекттіліктің азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі бағыттарына сілтеме жасады.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру идеясы жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жоғарғы дәрежедегі құқықтық қоғау деңгейіне жеткізу мақсатына негізделе отырып жүзеге асырылатын заңдылық формасын сақтауға негізделеді, бұл мәселелер адам құқықтарын қорғау туралы жалпыға бірдей декларацияда, Қазақстан аумағындағы нормативті- құқықтық актілерде, халықаралық құқық нормаларында бекітіледі.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолындағы түрлі бағыттағы қозғалыстар объективті мәселелер мен байланысты, атап айтқанда соңғы уақытта заң ғалымдарында үлкен маңызға ие болып отырған мемлекеттегі билікті бөлу концепциясын құқықтық талдау мен байланысты болады.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөлінуі, олардың «тепе-теңдік және тежемелік» жүйеге сүйенуі арқылы өзара байланысты болуы, құқықтық мемлекет құру процесіндегі пайда болатын көптеген қайшылықтарды шешуге, біздің көзқарасымыз бойынша үлкен көмегін тигізер еді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №1569 12 ақпан 1994 жылғы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы бойынша аталған мәселелерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда «кеңестік» құқықтық жүйеден мұраға қалған тоталитарлық режимнің әсерінен, құқық қорғау және құқықты қолдану органдары репрессивті сипатта болатын, идеологиялық және саяси ұрандармен қызмет жасады. Осындай әрекеттердің негізінде, «қоғамдағы заң шеңберін тереңірек реформалау қажеттілігі туындады».
Аталған реформадағы мемлекеттік биліктің негізгі бағыттары 30тамыз 1995 жылы қабылданған Конституцияда атап көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанды қалыптастыру және дамыту үшін тиісті жағдайларды жасау болып табылады.
Сот реформасы аталған құқықтық реформадағы негізгі бір компоненті ретінде танылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл реформадағы биліктің сот тармағы қоғам алдында адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы кепіл ретінде танылады. Соттық құқықтық қолдану – қоғамдағы объективті қажеттіліктерге сәйкес заңдардың маңыздылығына баға беру болып танылады. Судъялардың өздері сот төрелігін жүзеге асыра отырып, заңдарды қолдану және талқылау мәселелерімен, олардың қайшылықтарымен кездеседі. Сондықтанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан республикасы судъяларының ІІІ-съезінде сөйлеген сөзінде «Сот төрелігі – бұл әділеттілік» деп өтеді, Астанада 06.06.2001 жылы, осы съезде «әділеттіліктің қалыптасу кезеңі» ретінде Елбасы өз сөзін толықтыра түседі. Ұзақ уақыт бойы қоғамда орын алған құқықсыздық сот билігінің беделі мен күшін аңғартатын еді .
Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы жаңаша құрылу мен жаңаша түсінудің, атап айтатын болсақ, сот құрылымының ұйымдастырылуы, соттық талап өндірісінің жүзеге асырылуы, саяси-құқықтық жүйедегі сот билігінің алатын орны сот төрелігінің орындалу процедуралары, судья корпусы құқықтық мәртебесінің мәселелерімен байланысты жүзеге асырылу болып саналады. Осы аталған мәселелер бүгінгі күні толығымен әрі нақты түрде мемлекетіміздегі заңдылықтарда көрініс табады.
Шындығында, егер тартысқа түскен құқықтық қатынастар заңды түрде жүйеленсе, сот тек қана заңмен емес, сонымен бірге қызығушылықты таразылай отырып, мақсатқа сәйкестілік бағасы нәтижесінде шешім шығарады. Ол өз шешімінің элементтерін құрылған қоғамдық қатынастардың заң мотивтерінен, іске асырылған ғылыми концепциялардан құқықтық идеялардан табуы мүмкін. Тағыда бір еркіндік бұл сот ережесі болып табылады, егерде сол заңдағы өткелдерге кездессе, сондайақ заңнан ұқсастық таппаса, құқықты қолданады. Сот жанжалдарды шешуде құқыққа жүгінетіндігін өз бетінше анықтайды, алайда өзінің негізінде заңның нақты нормалары жоқ. Сот шешімдерінің қайнар көзі құқықтық жанжалдарды шешудің әділдік бастамасы болып табылады. Сот заң аймағындағы құқық нормаларын көрсете отырып, құқықтық жауап ойлап шығарады. Бұл тұжырым осы немесе басқада алдын алушылықта, сондай-ақ ағылшынсаксондықтар үшін де және континенталды құқықтық жүйе үшінде дұрыс болып табылады.
Сот бұл жағдайда құқық принциптерінен де, позитивті құқықтың қайнар көздерінен де ығыстырылады. Осы жағдаймен, бірінші индукция (құқықтың жалпы принциптерін шығару, заңды түсіндіру), сондай-ақ құқық қабылдаудың дедукциясы, силлогизмде сотта анықталған субъективті құқық ойнайды, ал кішісінде заңды фактілер туралы ақпарат.
Сот тәжірибесінің басты өнімі – құқықты өнім, сот шешімдерінің қатарындағыдай жалпылау негізінде, сондай-ақ нақты істердің анықталған түрлерінде бөлек шешімдерді орналастырушы және тәжірибеде қолданылған үлгі ретінде жеке істерде шешім шығару үшін соттарға басшылық жасауға қажет. Осыған сәйкес, сот актілеріне интеллектуалды-еркін мазмұн мен жүйелік қасиеті бар ережелердің сипаты ұсынылады. Олар заң мазмұнын нақтылау үшін, оларды істе қолдану мен түсіндіруге арналған, сот актілері біржақты сипаттағы ережелерді құрастырады: олар құқық нормасы мен жеке шешімдер арасында орта түйін болып сөз алады.
Құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі сот тәуелсіздігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясы сот билігінің тәуелсіздігін нығайту үшін тиісті құқықтық актілер қабылдап, белгілі бір жағдайлар жасады. Сонымен бірге, соттардың қызметтерін қамтамасыз ететін мәселелер бойынша бірқатар заң ережелері орындалмайды. Атқарушы билік органдары бұл қызметті жиі бақылауға алмақшы болып, соттарды қылмыспен күресті күшейтуге белгілі бір жазалар қабылдауға, сот тәжірибесін жинақтауға міндеттеп шешімдер қабылдайды. Нақты сот істерін шешуде заң және атқарушы билік өкілдері жағынан судьялардың міндеттеріне араласу үшін жасалған әрекеттер бар. Әділ сотты жүзеге асыруға байланысты қоқан лоққы көрсету, бопсалау, оларға күш көрсету жолымен қысым жасау жағдайлары кездеседі.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қолданымдағы заңдармен азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттің мүдделерін қорғау және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін соттарға билік өкілеттігі берілген. Мұндай өкілеттікті жүзеге асыру үшін кез-келген бөтен әсердің ырқына көнбеуі тиіс. Тәуелсіздігі мен қызметтеріне қол сұқпаушылық судьялардың артықшылық құқығынан емес, қайта көпшіліктің мүдделерін, ең алдымен адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға қабілеттілігінен. Мемлекет судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беруге, қамтамасыз етуге және қорғауға міндетті (сот тәуелсіздігін сырттай реттеу).
Сондай-ақ судьялардың өздері де сот істерін қарау кезінде, немесе айғақтары толық тергелмеген және соған ұқсас жағдайларда шешім шығару кезінде заңнамаларды дұрыс қолдану, былық және немқұрайдылық фактілерін болдырмау арқылы өзінің тәуелсіздігін нығайтуға, сот билігінің және сот шешімінің беделін көтеруге тиіс.
Судьялардың тәуелсіздігі олардың объективтіліктері мен ешкімге бүйрек бұрмайтын туралықтарының алғы шарты болып табылады. Тек заңға бағына және сот залында шешім қабылдай отырып, судья сот төрелігін жүзеге асырған кезде тек заңды басшылыққа алуға, істің барлық жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге негізделген өзінің түсінігі мен пікіріне сүйенуі, прокурорлардың, құқық қорғаушылардың, сот ісін жүргізудің басқа қатысушыларының да, сондай-ақ билік өкілдерінің, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық көзқарасынан тәуелсіз болуы тиіс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік-құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы /1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған // ҚР Парламентінің жаршысы 2007 ж. N4. 217 б. 21 мамыр 2007 жылғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
- Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы ’’Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы’’ Конституциялық Заңы // Егемен Қазақстан. 30 желтоқсан 2000 ж.
- Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексі // ҚР Парламентінің жаршысы. 1999. N 18. 644-қ.
- Қазақстан Республикасының 2001 ж. 12 маусымдағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі (Салық Кодексі) // Егемен Қазақстан газеті. 2001. 20 маусым.
- Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі ’’Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы’’ Заңы // ҚР Парламентінің жаршысы. 1999. N 18. 645-қ.
- Қазақстан Республикасының 1998 ж. 24 наурыздағы ’’Нормативтік құқықтық актілер туралы’’ Заңы //Егемен Қазақстан. 28 наурыз 1998 ж.
- Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы ’’Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы’’ Заңы // ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы. 1995 ж. N 24. 156-қ.
- Қазақстан Республикасының 1997 ж. 5 желтоқсандағы ’’Адвокаттық қызмет туралы’’ Заңы // Егемен Қазақстан. 11 желтоқсан 1997 ж.
- Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 маусымдағы ’’Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы’’ Заңы // ҚР Парламентінің жаршысы. 1998. N13. 195-қ.
- Қазақстан Республикасының 1997 ж. 7 шілдедегі ’’Сот приставтары туралы’’ Заңы // Егемен Қазақстан. 10 шілде 1997 ж.
- ҚР Жоғарғы сотының 2001 ж. 13 желтоқсандағы N21 ’’Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау туралы’’ қаулысы.
Негізгі әдебиеттер:
- Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан:В двух томах. Т. 1 Общая часть (Темы 1-15). Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001.
- Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан:В двух томах. Т. 2 Особенная часть (Темы 16-30). Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001.
- Учебник гражданского процесса / Под ред. М.К. Треушникова. М.: Спарк, 1996.
- Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы,
- Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы,
- Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
- Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
- Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. — М.: Юрид. лит., 1991.
- Гражданское процессуальное право России: Учебник / Под ред. М.С. Шакарян. М.: Былина, 1999.
- Касенова А.Ж. Талап қою құқығын іске асырудың шарттары (өзекті мәселелері): З.ғ.к. … диссертациясы. – Алматы, 2006.
- Курс советского гражданского процессуального права: Т. 1. Теоретические основы правосудия по гражданским делам / Отв. ред. А.А. Мельников. М.: Наука, 1981.
- Курс советского гражданского процессуального права: Т. 2. Судопроизводство по гражданским делам / Отв. ред. А.А. Мельников. М.: Наука, 1981.
- Научно-практический комментарий к ГПК Казахской ССР / Под ред. З.К. Абдулиной, В.А. Зинченко, Р.С. Тазутдинова. Алма-Ата: Казахстан, 1976.
- Научно-практический комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу РСФСР / Под ред. М.К. Треушникова. М.: Городец, 2000.
- Постатейный комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу РСФСР / А.П. Рыжаков, Д.А. Сергеев. — М.: Статут, 1999.
- Хрестоматия по гражданскому процессу: Учебное пособие / Под общей ред. М.К. Треушникова. М.: Городец, 1996.
[1] ҚР Конституциясы 30.08.1995./ Жеті Жарғы 2007
[2] Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан:В двух томах. Т. 1 Общая часть (Темы 1-15). Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001.
[3] Учебник гражданского процесса / Под ред. М.К. Треушникова. М.: Спарк, 1996.
[4] Хрестоматия по гражданскому процессу: Учебное пособие / Под общей ред. М.К. Треушникова. М.: Городец, 1996.
[5] Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
[6] Касенова А.Ж. Талап қою құқығын іске асырудың шарттары (өзекті мәселелері): З.ғ.к. … диссертациясы. – Алматы, 2006.
[7] Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.
[8] Якуб М.Л. Процесуальная форма в советском уголовном процессе. М., 1981. Стр.53.
[9] Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан кеңестері, 1994 ж. 24 наурыз.
[10] Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.
[11] КСРО Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы. 1924-1963 жж. М. 1964. 168-169-беттер.
[12] Юридический энциклопедический словарь. М., 1984. Стр.343.
[13] Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. Т. 1.
[14] Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. — М.: Юрид. лит., 1991.
[15] Гражданское процессуальное право России: Учебник / Под ред. М.С. Шакарян. М.: Былина, 1999.
[16] Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. Алматы: «Жеті жарғы» 1996. Стр.77-78.
[17] Строгович М.С. Курс советского уголовного процесс. М. 1968. Стр.136
[18] Юридический энциклопедический словарь. М. 1984. Стр.258.
[19] Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан:В двух томах. Т. 2 Особенная часть (Темы 16-30). Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001.
[20] Чечина.Н.А.,Чечот.Д.М. Гражданская процессуальная форма и производства . М.Юрид.литература. 1979.
[21] Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.
[22] Егоров И.Д. Гражданское право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. Т. 1, М., Проспект, 1998. 85-бет.
[23] Басин Ю.Г. Сулейменов М.К. Азаматтыќ ќ±ќыќ (Жалпы бµлім). КазГЗУ. 2003.
[24] Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) книга 1. Алматы: Жеті жарѓы, 1998 ж.