ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Алматы — 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………
І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨКІЛДІК ЕТУ — АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ……..
1.1. Сот өкілділігі ұғымы………………………………………………………………………….
1.2. Сот өкілділігі түрлері. Тапсырма бойынша өкілділік…………………………..
ІІ ТАРАУ. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ………………………………………………………
ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛДІҢ
ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ………………………………………………………………………………..
3.1. Адвокат-өкілдің сот қарауына қатысуы………………………………………………
3.2. Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы.
Адвокат сөзі………………………………………………………………………………………………
3.3. Апелляциялық сатыдағы адвокат-өкілдің қызметі……………………………….
3.4. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға
адвокат-өкілдің қатысуы…………………………………………………………………………….
3.5. Атқару өндірісіндегі адвокат-өкілдің қызметі………………………………………
ІV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛ
ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ…………………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ………………………………………………………………………………………
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы: Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет.
Жұмыс кіріспеден; 4 тараудан: І тарау 2 бөлімнен, ІІІ тарау 5 бөлімнен; қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік\құқықтық актілер, баспасөз материалдарының тізімінен тұрады.
Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер, нормативтік-құқықтық актілер және баспасөз материалдары көрсетіліп кетеді.
І тарауда адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі – адвокатың азаматтық істерде тапсырма бойынша өкілдік етуі: сот өкілділігі ұғымы, сот өкілділігі түрлері, тапсырма бойынша өкілділік кеңірек қарастырылады.
ІІ тарауда адвокатың азаматтық істер бойынша консультациялық қызметті баяндалады.
ІІІ тарауда азаматтық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің өкілеттіліктері: адвокаттың сот қарауына, сот жарыссөзіне қатысуы және адвокат сөзі, апелляциялық сатыдағы, атқару өндірісіндегі өкіл қызметі, заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға адвокат-өкілдің қатысуы қарастырылады.
ІV тарауда Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері кеңірек қозғалады.
Аталған тарауларды жазу барысында отандық және шетелдік ғалым-заңгерлердің еңбектерін және негізгі заң – Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, адвокаттық қызмет туралы Заңын, сонымен қатар ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдана отырып жасалған тұжырымдар келтіріледі.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде адвокаттық қызметтің кез келген түрімен айналысатын, соның ішінде азаматтық іс жүргізуге де қатысатын адвокаттардың тәжірибедегі проблемаларын шешу жолдарын көрсетіліп, автордың өз ұсыныстары келтіріледі.
Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: азаматтық іс жүргізу, адвокатура, адвокат, өкіл, өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік, консультациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, апелляциялық инстанция, атқару өндірісі.
Жұмысты зерттеу барысында 39 әдебиет, баспасөз беттерінен 8 материал, 4 негізгі нормативтік-құқықтық акті пайдаланылды.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті — өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты — өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокатураның ролін қарастыруымның себебі мыналар:
- Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті; санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жолдануы, сонымен байланысты сот тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер құрайтындықтан процеске адвокаттарды көп жалдайтындығы, адвокаттың кеңесіне көбірек жүгінетіндігі;
- Осыған орай елімізде тапсырма бойынша өкілділік етудің, соның ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі толық зерттелмеуі;
Аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.
Тақырыпты зерттеудегі мақсатым:
- Қазақстан Республикасының адвокат-өкілдерінің азаматтық іс жүргізуге қатысуының, олардың алатын орнын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу;
- Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында соттағы өкілділік, оның түрлеріне жалпы сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілділік етудің адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екендігі; екінші тарауында адвокаттың кеңес беру қызметі; үшінші тарауда адвокат-өкілдің өкілеттіліктері жеке-жеке, сатылар бойынша — азаматтық істерді сотта қозғау, І инстанциялы сотта істі мәні бойынша қарауға, апелляциялық инстанцияда іс қарауға, қадағалау тәртібімен және жаңадан ащылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға, атқару өндірісіне қатысуы қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек талқыланады. Төртінші тарауда қазақстандық адвокаттардың азаматтық іс жүргізудегі проблемалары топтарға бөлініп көрсетіледі.
Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір тарауда қолданылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер, баспасөз материалдарын атап кетелік.
І-тарауда В.А.Мусин, Н.А.Чечина, Д.М.Чечот Гражданский процесс, Д.П.Ватман Право на защиту, М.К.Треушниковтың жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, В.М.Шерстюк Судебное представительство по гражданским делам, И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая Судебное представительство в гражданском процессе, Д.Р.Джалилов Гражданское процессуальное правоотношение и его субьекты, т.б.; ІІ-тарауда Д.П.Ватман, В.А.Елизаров Адвокат в гражданском процессе, О.В.Арсентьев Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат; ІІІ тарауда М.С.Шакарянның жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, М.Ю.Барщевский Адвокат, адвокатская фирма, адвокатура, Б.С.Антимонов, С.Л.Герзон Адвокат в советском гражданском процессе, Л.М.Орлова Права сторон в гражданском процессе, Л.М.Орлова Права сторон в гражданском процессе, Д.П.Ватман Адвокатская этика, Р.И.Давиденко Рассмотрение гражданских дел, П.Я.Трубников Судебное разбирательство гражданских дел, Н.Н.Ивакина Культура судебной речи, З.Х.Баймолдина Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции, С.Т,Тыныбеков Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан, Е.А.Борисова Апелляция в гражданском и арбитражном процессе, т.б. пайдаландым. Аталған тарауларды жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз — Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін; Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдандым.
Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері атты І тарауды жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігін жойғандықтан, көбінесе баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өз пікірімді білдірдім.
Елімізде қазақстандық адвокат-өкілдердің азаматтық іс жүргізуге қатысуы жөнінде жеке дара еңбек әлі жарық көрген жоқ. Алайда, С.Т.Тыныбеков, З.Х.Баймолдина, О.В.Арсентьев,т.б. білікті заңгер-ғалымдар осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырған.
Өзге мемлекеттерде, айталық Ресей Федерациясында адвокат-өкілдің мәртебесі, қызметі, ұйымдастырылуы келелі мәселелерімен қатар терең зерттеліп жазылған. Осы тақырыпта еңбектері жарық көрген бірнеше ғалымдарды атауға болады. Олар: Д.П.Ватман, В.М.Шерстюк, И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая, В.А.Елизаров, М.Ю.Барщевский,т.б. Латын заңгері Я.А.Розенбергтің «Представительство по гражданским делам в суде и арбитражең деген еңбегінде сотта азаматтық істердің қаралуына адвокаттың қатысу негіздері, сатылары кеңірек жазылған.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік ; заңи мәселелер бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.
І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨКІЛДІК ЕТУ – АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ
1.1. Сот өкілділігі ұғымы
Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да заң көмегіне жүгінуге тура келеді.
Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады. Профессор Н.А.Чечинаның пікірінше, әдетте құқық қорғаушылық соттағы өкілділіктің жеке бір көрінісі болып табылады[1]. Бірақ егер әдетте өкіл сотта өкілділік етіп отырғанды толығымен алмастыратын болса заңи кеңесші – құқық қорғаушы өзі өкілі болып отырған адамды алмастырмай, бірақ оған іс жүргізуге көмектесе отырып сот ісін жүргізуде айтарлықтай маңызды да, дербес рольге ие болады. Құқық қорғаушыға қажеттіліктен адвокатура деп аталатын ерекше институт пайда болды. Республика дәуірінде римдіктер сотта жолдас болған кеңес берген жақын туыстары мен достарын осылайша атаған. Адвокатура тарихында Ежелгі Рим кезеңінде өз қызметінің салаларының өзара тығыз байланысты болғандықтан сот өкілі мен құқық қорғаушылық қосылған болатын. Азаматтық істерді сотта қараудағы өкілділіктің өкілділіктің мақсаты тараптар мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген барлық әдістер мен процессуалды тәсілдерді қолдану болып табылады. Егер жауапкер немесе талапкер процеске өз атынан өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін мән-жайларды дәлелдеу арқылы қатысса, сот өкілі сот ісін жүргізуге үшінші тұлғалар немесе тараптар атынан олардың мүдделерін көздеп қатысады. Сонымен сот зерттеуінің пәні өкілдің жеке материалды-құқықтық мүддесі емес, азаматтық құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады[2].
«Адвокатң сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде адвокат деп айыпталушының сотта оны алып жүруін сұраған достары мен жақын-туыстарын түсінген[3].
Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға. Сот өкілі деп азаматтық істер бойынша сот әділділігін жүргізуде сотқа сот әділділігін жүргізуге септігін тигізу және өкілдік берушінің өз құқықтарын жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде құқықтардың бұзылуын болдырмау, неғұрлым тиімді сот шешімін алу мақсатында өкіл берушінің атынан сотта оған берілген өкілділіктер негізінде бір тұлғаның екінші бір тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын қызметі танылады.
Адвокат өзі өкілі болып отырған адамның құқықтары мен заңды мүддесін білдіреді. Әдебиеттерде заңды мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда қарастырылады. Көп жағдайда заңды мүдде қандай да бір себептермен субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын нақты мүдде немесе қажеттілік арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған қарсы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұнына байланысты болады. Егер мүдде қандай да бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту жолымен қанағаттандырылатын болса, онда мұндай жағдайда ғана заңды мүдде орын алады[4].
Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы қарым-қатынас материалды құқық (азаматтық, отбасы,еңбек құқығы) нормаларымен реттеледі. Ал өкіл мен сот арасындағы қарым-қатынас азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі[5].
Азаматтық процессуалды өкілділіктің белгілері:
- Өкіл өкіл берушінің атынан шығады, бұл келісім-шартпен белгіленеді;
- Өкіл өкіл берушінің мүддесі үшін қызмет етеді;
- Өкіл процесте өкіл берушінің міндеттерін атқарып құқықтарын жүзеге асырады;
- Өкіл оған өкіл берушімен және заңмен берілген өкілеттіліктер шеңберінде әрекет етеді;
- Процессуалды әрекеттерді жасай отырып өкіл өкіл беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудырады.
Өкілділіктің пайда болуының негізі әрқашан да өкіл берушінің ерік білдіруі болып табылады.
Адвокаттың өкіл болып қатысуы үшін мыналар қажет:
-тапсырма шартын жасасу (материалды-құқықтық факт);
-азаматтық іс қозғау;
-заңға сәйкес рәсімделген өкілеттіліктерді ұсыну негізінде іске қатысуға өкілді соттың жіберуі(процессуалды факт).
Процессуалды өкілділік мынадай 3 түрлі құқықтық қатынастардың болуымен ерекшеленеді:
1.Өкіл мен өкіл беруші;
2.Өкіл мен сот;
3.Өкіл беруші мен сот[6].
Сот өкілділігі – сот пен сот өкілі арасындағы барлық қоғамдық қатынастарды емес, қоғамдық қатынастың тараптарын (элементтерін) реттейтін азаматтық прцессуалды құқықтың жалпы институты. Осындай элементтерінің бірі көптеген ғалымдар сот өкілділігі анықтамасында дұрыс белгілейтін оның субьективтік жағы болып табылады. Ал субьектісі Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көрсетілген өкіл беруші атынан процессуалды әрекеттер жасайтын өкілеттілігі дұрыс рәсімделген тұлғалар ғана бола алады. Осы институтты құқықтық реттеудің тағы бір элементі — өзіне жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған сот өкілінің процессуалды іс-әрекеттері (қызметі).
Сот өкілділігі институты – азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құрылымдық бөлімшесі. Сондықтан оны құратын құқықтық нормалар процессуалды нормалар болып табылады. Материалды-құқықтық нормалар азаматтық іс жүргізу құқығының салаларына, соның ішінде құқықтың осы саласының институты – сот өкілділігіне ене алмайды. Аталған құқықтық нормалар өзгелермен бірге құқықтың материалды саласының тиісті құқықтық институттарын құрайды[7].
Д.Р.Джалиловтың ”Гражданские процессуальные правоотношения и его субьекты” деген еңбегінде азаматтық іс жүргізу құқығының субьектілерін былайша бөле топтастырады:
А. Іске қатысудағы мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатын үшінші тұлғалар,тараптар;
Ә. Азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын немесе қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау және азаматтық сот ісін жүргізу заңдарының дәлме-дәл, дұрыс орындалуы үшін іске қатысатын прокурор;
Б. Іс бойынша қорытынды беретін және өзге адамдардың құқықтарын қорғаушы ұйымдар мен мемлекеттік және қоғамдық органдар;
В. Өзге тұлғалардың мүддесіне талап ұсынатын азаматтар;
Г. Қаралып отырған іс жөнінде өз пікірін сотқа айту үшін процеске қатысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Демек, адвокаттарды азаматтық істер бойынша өкіл ретінде азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының субьектісіне жатқызамыз. Адвокат іске өкіл болып қатысқандығынан азаматтық құқықтық қатынасқа түседі. Осы құқықтық қатынастың мазмұны мүмкіндігі немесе қажеттілігі процессуалды құқықтармен және міндеттермен белгіленген заңи мүмкіндіктер немесе тиісті процессуалды әрекеттер бола алады[8]. Осы еңбекте профессор Д.М.Чечоттың мынадай пікірі келтірілген: процесс қатысушысы түсінігін анықтаған кезде критерий ретінде мыналар алынады: 1.сот әділдігін жүзеге асыру жөнінде қызметін тоқтату,өзгерту немесе пайда болуын өз әрекеттерімен азаматтық іс жүргізу құқығы субьектілерінің тудыру қабілеті;
2.процеске өзге адамдардың немесе өзінің құқықтарын қорғауды арнайы мақсат етіп қатынасу.
Сот өкілдігі өкіл берушінің өкілге жеке сенім білдіруіне негізделген, сондықтан өкілдің әрекет қабілетсіздігі жағдайында ол оның құқықтарын жүзеге асыратын тұлғамен алмастырыла алмайды[9].
Өкілдердің процеске түсуі үшін процестен тыс ерекше құқықтық қатынастардың пайда болуы қажет. Өкілділіктің сипаты (заң бойынша өкілділік үшін негіздердің болуы, тапсырма шартының мазмұны, сенімхатпен белгіленген өкілеттіліктер шеңбері, т.б.) сот өкілдерінің процестің қаншалықты дербес қатысушысы екенін көрсетеді[10].
Ұйымдар,мекемелер, кәсіпорындар, азаматтар мүдделері мен құқықтарын қорғаудың азаматтық процессуалдық-құқықтық құралдарының тиімділігі – бұл оларды азаматтық процесте неғұрлым тиімді пайдалану негізінде қол жеткізілген неғұрлым жоғары нәтиже. Сот өкілділігі – осындай құралдардың бірі, алайда оның тиімділігінің дәрежесін анықтау қиындау, өйткені сот шешімдерінің және ұйғарымдарының заңдылығы сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал еткен тұлғалардың, іске қатынасқан тұлғалардың, соттың қызметіне байланысты. Сот өкілділігі сот қаулысында белгіленген сот пен өкілдің позицияларының толық сәйкестігі жағдайында тиімді болады. Алайда, позициялары сәйкес келіп,шығарылған шешім заңсыз, азаматтық процесте өкілдің талабы немесе қарсылығы дұрыс, жеткілікті аргументтелген, ал сот оны мойындамай заңсыз қаулы шығарған жағдайлар да болады[11]. Сот өкілділігі дұрыс жүзеге асырылуы, қажетті құқықтық нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Сот өкілділігі дұрыс және жеткілікті белсенді болмаған жағдайда тиімсіз болады. Сот өкілінің процессуалды өкілеттіліктерін теріс пайдалануы сот әділділігіне зиян әкеледі. Бәсеңдігі іс бойынша обьективті шындықты белгілеуге кедергі келтіреді. Сот өкілділігі мынадай екі өзара байланысты мақсатқа бір мезгілде бағытталған жағдайда тиімді болады:
-өкілі болып отырған тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
-сотқа заңды және негізді шешім немесе ұйғарым шығаруға ықпал ету.
Сот өкілдерінің процессуалды-құқықтық жағдайын анықтау үшін екі түрлі құқықтық қатынасты ажырату қажет: сыртқы;ішкі. Өкілдер ішкі қатынастың қатысушысы ретінде (өкіл мен өкілі болып отырған азаматтар,ұйымдар арасында) азаматтық іс жүргізу құқығының дербес субьектісі болады. Оның міндеті — тараптарға, үшінші тұлғаларға әртүрлі әрекеттер жасауға, дәлірек айтқанда, талап арызын, талапқа жауап жазуға, түрлі кеңестер беруге, сотта олардың позицияларын қолдауға көмектесу,т.б. Сонымен қатар өкілдер талаптың негізі немесе оған қарсылық білдіру фактісі жөнінде мәліметтер, жасалынатын жұмыстары үшін сыйақы алуына, т.б. құқығы бар. Аталған құқықтар сонымен бірге ішкі құқық қатынастарының мазмұнымен де қамтылады. Сыртқы – бұл арызданушы,үшінші тұлғалар, тараптар мен сот арасындағы қатынастар, өйткені өкілдер оның мазмұнына енетін құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып оған қатысады. Оларға берілген өкілеттілік — өкілі болып отырған тұлғаның процессуалды құқықтары мен міндеттерінің формасы.
Процессуалды әдебиеттерде азаматтық процестегі адвокаттың жағдайы оның қылмыстық іс жүргізудегі жағдайынан айырмашылығы айтарлықтай деп дұрыс көрсетілген. Егер азаматтық процестегі адвокаттың басты функциясы клиент атынан өкілеттілік ету болса, қылмыстық процесте адвокат сотталушының қорғаушысы ретінде оның атынан өкілділік етпей, заң көмегін көрсете отырып қатысады. Осыған байланысты қылмыстық процестегі қорғаушыға өкіл терминін қолдану дұрыс емес, өйткені бұл ұғым азаматтық құқықтық және азаматтық іс жүргізу қатынастарына тән[12].
Кей жағдайда адвокат азаматтық істі жүргізуге тапсырма алғаннан кейін іс бойынша жиналған материалдарына обьективті анализ жасау нәтижесінде сенім білдірушінің құқықтық жағдайына алдын ала баға беру бұрыс жүргізілгендігін және клиенте талапқа қарсылық білдіруге және талабын қанағаттандыруды талап етуіне негіз жоқ екендігіне көзі жетеді. Мұндай жағдайда істі жүргізуден адвокаттың бас тартуы іс сотта қаралғанға дейін сенім білдіруші өз таңдауы бойынша әрекет етуі үшін алдын ала білдірілуі керек. Мұндай жағдайда адвокат клиентке іс материалдарына және заңға негізделген позициясын айтуға, оны ниетінің, жасамақшы әрекетінің дұрыс емес екендігіне сендіруге тырысуы керек.
Азаматтарға білікті заң көмегін көрсету үшін адвокат іс материалдарымен мұқият танысып шығуы қажет. Алайда сот процесіне белсене қатысуға дайындалу үшін, азаматтық іс бойынша сот сөйлеуін дұрыс құрастыру үшін сот ісі бойынша өндіріс (досье) те маңызды роль атқарады. Адвокат мұны сот өкілділігін жүзеге асыруға тапсырма алған сәттен бастап жүргізу керек. Досьені дұрыс жүргізу адвокатқа өкіл берушінің мүддесін сот процесінде жақсы қорғап шығуға мүмкіндік береді. Осы жөніндегі әдістемелік нұсқамаларда әрбір азаматтық іс бойынша адвокат өндірісінде болуы керек материалдардың үлгілі тізбесі көрсетілген. Оларға мыналар жатады:
- Талап арыздың және оған қарсылықтың көшірмесі немесе осы құжаттардан үзінді;
- Істі жүргізуге қажетті шекте іске тіркелген құжаттардан үзінді;
- Жазбаша түрде сотқа берілген өтініштің көшірмесі;
- Осы іс бойынша өз позициясын негіздеп сілтеме жасайтын заңдарды көрсете отырып іс бойынша құрастырған сөзінің тезистері немесе жоспары;
- Сот мәжілісінің хаттамасынан үзінді және егер енгізілген болса хаттамаға ескертпелердің көшірмесі;
- Сот шешімінің көшірмесі немесе оған шағым жасалмаса, оның үзіндісі;
- Адвокат берген апелляциялық шағымның, осы шағымға қарсылықтың көшірмесі, прокурордың қарсылығы.
Азаматтық іс бойынша адвокаттық досье адвокаттың істеген жұмысының деңгейін көрсетеді. Ондағы жазбалар мен іскерлік қағаздар сотта адвокаттың істі жүргізуге дайындығының сапасын білуге мүмкіндік береді[13].
1.2. Сот өкілділігі түрлері. Тапсырма бойынша өкілділік
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 59-бабына сәйкес мына адамдар тапсырма бойынша сотта өкілдік ете алады:
- Адвокаттар;
- Заңды тұлғалардың қызметкерлері – осы заңды тұлғалардың істері бойынша;
- Кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
- Заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
- Заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
- Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
- Іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар.
Сот өкілділігінің мынадай екі түрі бар:
А.Заңды өкілділік;
Б.Тапсырма бойынша өкілділік.
Заңды өкілділік кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі тұлғалардың мүддесін қорғауды жүзеге асырады. Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 63-бабына сәйкес заңды өкілдер жоғарыда аталған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды көрсету арқылы қатысатын ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылар болып табылады. Заңды өкілдер заңда көзделген шекте өкілдік етушілердің атынан өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Тапсырма бойынша өкілділік адвокаттардың азаматтармен немесе оның заңды өкілімен, сондай-ақ ұйымның адвокаттар алқасымен жасайтын тапсырма шарты негізінде жүзеге асырылады. Дегенмен, адвокат бұл келісім-шартта тарап болмаса да одан туындайтын барлық міндеттерді орындауға азаматтық процеске клиенттің өкілі ретінде қатысу өкілеттілігін алады. Адвокаттар алқасымен тапсырма шартын кім жасасқанына (кәмелетке толған әрекет қабілетті тұлға не заңды өкіл) қарамастан адвокат тараптардың немесе үшінші тұлғалардың сот талқылауының пәні болып табылатын материалды-құқықтық мүддесінің өкілі ретінде процеске қатынасады. Сондықтан кәмелетке толмаған адамда, сондай-ақ толық әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі тұлғада процесте екі өкіл болып қалуы мүмкін: заңды өкіл (мысалы, ата-ана немесе қамқоршы,қорғаншы) және келісім-шартты өкіл – адвокат. Заң көмегін көрсете отырып адвокаттар шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
Адвокат кез келген заңи қызметін лицензия негізінде жүзеге асырады, Адвокаттық қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 1998 жылы 21 қаңтардағы номер 19 (1999 жылы 9 шілдедегі номер 396 және 1999 жылы 24 ақпандағы номер 14 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерімен) бұйрығымен бекітілген Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар беру тәртібі туралы Ережесімен реттеледі. Адвокаттың лицензиясы Әділет біліктілік алқасының ұсынысы негізінде Әділет Министрлігімен беріледі және лицензияда көрсетілген тұлға үшін адвокаттық қызметпен айналысуға ресми рұқсат болып табылады[14].
Демек, заңмен адвокаттардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы олармен көрсетілетін заң көмектерінің ішінде белгіленген[15].
Сот өкілділігі туралы келісім–шарттың екі тарабы болады: сенім білдіруші және адвокат. Азаматтық сот ісін жүргізуде адвокат сенім білдіруші атынан оның мүддесі үшін әрекет ететіндіктен оның процессуалды әрекеттерінің заңи салдары өкіл болып отырған тұлға үшін пайда болады.
Егер талап негізді деп танылса, сот шешімімен талапкердің материалдық құқығы бекітіледі немесе шектетіледі, ал егер талапты қараудан бас тартылатын болса – жауапкердің құқықтары қорғалады.
Сонымен, адвокатпен жүзеге асырылатын тапсырма бойынша өкілділікте қатынастың екі жолын ажырата білу қажет:
-адвокат-өкіл мен оның клиенті арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар. Оның негіздемесін заң консультациясында жасалған тапсырма шарты құрайды;
-сотқа қатысты адвокаттың құқықтары мен міндеттерінің көлемі анықталынатын процессуалды құқық нормаларымен реттелінетін сот өкілі – адвокат пен сот арасындағы азаматтық процессуалдық қатынас. Бұл жерде азаматтық процестегі адвокаттың жағдайын былай анықтауға болады: клиенттің материалды-құқықтық мүддесін қорғауға өкілетті бола отырып адвокат азаматтық сот ісін жүргізуде өзінің сенім білдірушісіне оның процесуалды құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға көмектесе отырып өз міндеттерін орындайды.
Процессуалды әдебиеттерде өкілділіктің екі анықтамасы бар. Біріншісіне сәйкес азаматтық іс жүргізу өкілділігі деп бір тұлға екінші бір адамның атынан және оның мүддесі үшін өз өкілеттілігі шегінде процессуалды әрекеттерді орындайтын құқықтық қатынас аталады. Екіншісі бойынша осы аталған процесуалды әрекеттерді жасау танылады.Процессуалды әрекет деп бірінші кезекте жүзеге асырылған немесе орындалмақшы әрекет түсіндіріледі[16].
Сот өкілділігі өкілі болатын тұлғаның ерік білдіруінің заңи мәніне қарай мынадай түрлерге топтастырылады: А.Ерікті;
Б.Міндетті.
Ерікті өкілділік біріншіден, шартты; екіншіден,қоғамдық болуы мүмкін. Тікелей тиым салынбаған кез келген адам тараптан немесе үшінші тұлғадан тапсырма алуға құқылы, ал кез келген инстанциялы сот оның өкілеттілігін тексергеннен кейін іске қатыстыруға рұқсат беруге міндетті. Міндетті өкілділік өз кезегінде өкілеттілік шеңбері заңмен белгіленетін заңды және өкілеттіліктері өкілі болып табылатын аңды тұлғаның мәртебесін белгілейтін жарғы және ережелермен анықталынатын жарғылық өкілеттілік түрлеріне бөлінеді. Заңды өкілеттіліктің пайда болуының негіздері мыналар: белгілі бір тәртіпте тіркелген және анықталған сәбидің пайда болу фактісі; белгілі бір тәртіпте тіркелген асырап алу фактісі; қамқорлық пен қорғаншылықты тағайындау туралы әкімшілік акт. Заңды өкілеттіліктің пайда болу негізін әртүрлі заңи фактілер – туысқандық, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық тағайындау құрайды[17].
Тапсырма бойынша өкілділік – азаматтар өкілділігінің ең кең таралған түрі. Бірінші орында – адвокат, өйткені адвокаттар сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша азаматтар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде жетекші орынға ие. Тапсырма бойынша өкілдердің өкілеттіктері жазбаша ресімделуі керек. Мазмұны бойынша сотта іс жүргізуге сенімхат жалпы және бірретті болуы мүмкін. Жалпы деп өкіл берушінің бүкіл істерін жүргізуге берілген сенімхат аталады. Бір ретті сенімхат бір істі жүргізуге немесе бір сот мәжілісіне қатысуға немесе белгілі бір процессуалды әрекетті жасасуға беріледі. Процессуалды өкілділік мынадай үш түрлі қатынастармен байланысты: 1 өкіл мен өкіл беруші арасында; 2. Сот пен өкіл немесе арбитраж арасында; 3. өкіл беруші мен сот немесе арбитраж арасындағы. Кейбір авторлар өкілділікті құқықтық қатынастың алғашқы екі түрі құрайтындығын айтады. Материалды құқықпен (азаматтық, отбасы құқығы) реттелінетін қатынастардың алғашқы тобын өкілдіктің ішкі жағы деп, ал қатынастары процессуалды құқықпен реттелінетін екіншісін өкілділіктің сыртқы жағы деп атайды. Сот немесе арбитражды процесте өкіл берушінің мүддесі үшін оның атынан ұсынылып отырған өкілдік ету құқығын жүзеге асыру үшін өкіл сотпен немесе арбитражбен белгілі бір процессуалды құқықтық қатынасқа түсуі керек. Бұл қатынастар өкілділіктік құқықтық қатынастар болып табылады, осы арқылы процесте барлық өкілділіктік қызмет (іс-әрекеттер) жүзеге асырылады. Сонымен бірге өкіл мен өкіл беруші арасындағы материалды құқықтық қатынастар процесте өкілділіктік құқықтық қатынастардың негізі болып табылады[18].
Өзге мемлекеттердің тәжірибесіне көз жүгіртелік.
Құқықтық жүйесі түрлі мемлекеттерге ортақ нәрсе — сот процесіне тек кәсіби білікті адамдардың қатысу міндеттілігі. …ртүрлі мемлекеттердегі азаматтық процеске тараптардың кәсіби өкілдеріне қандай талаптар қоятыны жөнінде айта кетелік.
Ұлыбританияда азаматтық іс жүргізуде өкіл қызметін екі категорияға — барристер мен солиситорларға бөлінетін адвокаттар атқарады. Барристирлер — бұл жоғары сот инстанцияларына шығуға құқығы бар заңгерлер. Солиситорлар – төменгі инстанцияда шығатын, азаматтық істерді сот отырысына әзірлейтін, өз клиенттеріне кеңестер беретін заңгерлердің көпшілігін құрайды.
Австралияда да адвокаттар барристерлер мен солиситорларға бөлінеді. Алайда барлығы 6 штатының жартысында ғана бұлай бөлінеді. Канадада азаматтық істер бойынша тараптардың мүдделерін нақты бір алқа адвокаттары корпорациясының мүшесі болып табылатын адвокаттар ғана білдіре алады.
Францияда азаматтық және әкімшілік процестерде тараптардың құқықтарын адвокаттар қорғайды.Австрияда да адвокаттар жүзеге асырады.
АҚШ-та азаматтық процестегі өкілділікті қандай да болмасын категорияға бөлінбейтін адвокаттар жүзеге асырады. Қазіргі таңда штаттардың көпшілігінде жергілікті өкімет немесе штат бюджеті есебінен кәсіби адвокаттармен көрсетілетін тегін заң көмегін, соның ішінде кейбір азаматтық істер бойынша көмегін қаржыландырудың түрлі бағдарламасы құрылған. Азаматтық істер бойынша, әсіресе келтірілген залалдан туындайтын міндеттеме бойынша қатынасқа егер істі жеңсе клиент өтетіріп алған сомманы 30-дан 50 пайызға дейінгі бөлігін беру шартына адвокаттар көп отырады. Бір штаттан екінші штаттың сотына қатысу үшін жаңа емтихан тапсыруы немесе тиісті рұқсат алуы, Федералды соттың рұқсаты керек. АҚШ-та тараптар сот процесіне өз мүддесін білдіру үшін кез келген заңгерді емес, өзіне қажетті штат немесе округ сотына қатыса алатын адвокатты ғана шақыра алады[19].
Өз мүдделерін сотта қорғау құқығын сот процесінде тараптардың мүдделерін білдіру құқығынан ажырата білген жөн. Сот процесінде өз мүддесін тұлғаның қорғау құқығын құқықтық жүйенің тануы сот процесінде тараптардың кәсіби немесе кәсіби емес өкілі болғысы келетін тұлғаларға мемлекеттің қойып отырған талаптарымен байланысты емес.
Шетелдік құқық жүйесінде бір бірінен ажыратылатын сот процесінде өкілділік қызметімен айналысу құқығына ие болудың 2 механизмі бар. 1. Сот процесіне өкіл ретінде қатысуға ішкі таңдаудан өткен адвокаттардың қатысуына жол беру. Мұндайда адвокаттық қауымдастықтардың өздері кәсібиліктің критериясын белгілейді және осы талаптарға сол тұлғалардың сәйкестігін тексереді. Бұл Ұлыбританияның және өзге мынадай мемлекеттердің құқықтық жүйесіне тән: Шотландия, Ирландия, ЖаңаЗеландия, Австралия,Канада, Бельгия, Австрия, Греция,т.б.
Мемлекет сот органдары немесе …ділет органдары арқылы не адвокаттық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кәсібилік талаптарын белгілейд, осы талаптарға тұлғалардың сәйкес келуін тексереді, аккредитациядан өткен адвокатты ғана сот процесінде өкіл ретінде қатысуға рұқсат береді. Кейбір мемлекеттерде мұндай аккредитация адвокаттарға белгілі бір сотта ғана адвокаттық қызметпен айналысуға құқық береді.
Таңдаудың мұндай тәртібі Германияда, Франция, Жапония, Норвегия, Италия, Люксембург, Исландия, АҚЩ, т.б. елдерде белгіленген.
Елдердің көпшілігінде жоғары сот органдарына тараптардың өкілі кез келген адам бола алмайды. Заң бұған кәсіби де, жоғары сот органында тараптардың мүддесін білдіруге құқық алудың ерекше тәртібі тұрғысынан да ерекше талаптар қояды. Мұндай ерекше талап мысалы, Германия, Норвегия, Канада, Италия, т.б. мемлекеттерде де бар.
ІІ ТАРАУ. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Азаматтық істер бойынша адвокаттар қызметінің бірі – құқықтың әртүрлі саласы бойынша түсініктемелер, анықтамалар, кеңестер беру, яғни адвокаттың кеңес беру қызметі болып табылады. Осыны сотта іс қарауға дайындық сатысы деп те атауға болады. Өйткені адвокаттың берген кеңесімен іс қорғалуы мүмкін. Адвокаттың кеңсімен мүдделі тұлғалар сот дауын қозғайды немесе оны тоқтатады, шартқа отырады, оларды іске асырудан бас тартады, қандай да болмасын құқықты талап етеді немесе оның жоқ екеніне көз жеткізіп одан бас тартады. Білікті заңи кеңес негізсіз құқықтық даудың жойылуына, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге немесе құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді. Сондықтан істің сотта қозғалуы адвокат қызметіне байланысты.
Адвокатқа тұрғын үйге құқығым бар деп санайтын, сондықтан оған тұрғын үй ауданын беру жөнінде сот ісін қозғауға ниеті бар адам жолданады. Мекеме басшысы адвокаттан егер жұмысшы ішкі еңбек тәртібі ережесін алғашқы рет бұзса оны жұмыстан шығаруға бола ма деп сұрайды. Туынды авторы кәсіпорын басшысынан төлеуден бас тартуын алғанна кейін шығарған затын пайдаланғаны үшін оған сыйақы төлеу туралы талап бергісі келеді. Жоғары тұрған ұйым басшысына бұл бас тартуға шағымданбаған. Егер барлық келтірілген жағдайларда заңға негізделген, дұрыс және нақты мән-жайға сәйкес қорытынды жасалса және егер тұлға адвокаттың ұсынымына сәйкес әрекет етсе заң бұзылмайды деп сеніммен айтуға болады, яғни азаматтар және ұйымдар болашағы жоқ сот ісін жүргізуге қаражат пен уақыт жұмсамайды, ал сот өз кезегінде негізсіз талаптарды қараудан босатылады[20]. Өкінішке орай, адвокаттардың барлығы мұны түсінбейді және сот ісін жүргізумен байланысты емес қателіктер кеңес беру қызметінде көбірек кездеседі.
Сот ісін дайындаудағы адвокат қателіктері процесс барысында процессуалды құралдармен түзетілуі мүмкін: талап мөлшері немесе пәнін, негізін өзгертуге, жаңа куәлерден жауап алу туралы, қосымша дәлелдемелер талап ету туралы, тиісті емес тарапты ауыстыру туралы өтініш қозғауға, т.б. болады.
Берілген кеңестегі қателік кейде түзеуге келмейді. Мысалы, адвокат клиентке ол талап беру мерзімін өткізіп алды және өз талабын сотта қорғау құқығын жоғалтып алды деп түсіндіреді. Сондықтан клиент бұл уақытта ескіру мерзімі өзге тараптың тануымен үзілген болса да оның талап беруінен еш нәтиже шықпайды деп ойлайды, бірақ адвокат мұны ескермей қалды. Адвокат сіздің мұрагер болуға құқығыңыз жоқ, өйткені мұра қалдырушы сіздің әкеңіздің я, анаңыздың інісі болып табылады деп жауап береді. Клиент сондықтан мұраға қатысты ешбір шара қолданбайды
Кеңес мыналарды қамтуы керек:
-даудың материалды құқықтық аспектісі;
-азаматта талапқа құқығының болуы (процессуалды аспект);
-іс бойынша түпкілікті кеңес: қорғау үшін негіз бар ма және қандай формада ( соттық, әкімшілік,т.б.), бұл үшін не істеу керек.
Адвокаттың беретін кеңесі мынадай болуы керек:
- Заңды. Құқық нормасына дұрыс сілтеме жасау және оған түсініктеме беру, құқықты жүзеге асыру жолдары және т.б.;
- Тұсінікті, қол жетімді;
- Нақты. Құқық жөнінде жалпы ойлау және оны қорғау жолдары, мәселені шешудің ықтимал, нәтижесі белгісіз жауаптарынан құралған кеңес берілмеуі керек
4.Нәтижелі. Консультация аяқталған соң азамат істің болашақ қозғалысының перспективасын анық білуі керек.
Консультация іс бойынша тапсырма алумен тығыз байланысты. Тапсырма қабылдау өз кезегінде іс бойынша құқықтық позиция түсінігімен байланысты.
Адвокат соттық қорғауға жататын талаптардың негізділігі және заңдылығы жағдайында, яғни іс бойынша процессуалды-құқықтық және материалды –құқықтық позицияны дұрыс бағалаған жағдайда ғана тапсырма алады. Азаматтың жолданып отырған ісі жай ( материалды құқықтық жағынан қарағанда) немесе күрделі (істің болашағы белгісіз, нақты құрамы, мазмұны күрделі,т.б.) болуы мүмкін.
Егер іс анық, түсінікті болса, адвокат істі жүргізуге тапсырманы алады немесе одан бас тартады. Күрделі іс қосымша жұмысты қажет етеді. Іс бойынша құқықтық позицияның бар немесе жоқ екені туралы қорытындыға келместен бұрын бұл қосымша жұмыс мыналарды қамтиды:
А. Талаптың нақты мазмұнын анықтау;
Ә. Іс бойынша позицияны белгілейтін қажетті дәлелдемелерді анықтау;
Б. Дауды құқықтық саралау;
В. Құқық нормаларына сәйкес нақты құрамға анализ жасау.
Іс бойынша құықтық позиция жөнінде оң шешім қабылдаған жағдайда мыналарға анализ жасау қажет:
- тұлғаның талапқа құқығы бар ма?
- арыз сотта қарауға жата ма?
— жауапкер немесе талапкердің процессуалды құқық қабілеттігі бар ма?
— істің осы категориясы үшін заңмен белгіленген алдын ала соттан тыс дауды шешу тәртібі сақталған ба?
- осы тұлғалар арасында, сол зат жөнінде, сол негіздер бойынша — соттың заңды күшіне енген шешімі немесе бітімгершілік келісімін бекіту туралы немесе талаптан талапкердің бас тартуын қабылдау туралы сот ұйғарымы бар ма?
- аралық соттың қарауына осы дауды беру туралы тараптар арасында жасасқан шарт бар ма?
Адвокаттың позициясы мынадай талаптарға сай болуы қажет:
- мүдде тұрғысынан да, адвокат қызметінің сипаты тұрғысынан да заңды;
- адвокат позициясының сенім білдіруші позициясына қайшы келмеуі;
- сенім білдірушінің адвокаттың құқықтық позициясы жөнінде және оны мақұлдау жөнінде білуі.
Адвокат дәлелдемелерді өзі жинай алады, бірақ кейде оған оларды жинауға көмек керек болады. Адвокаттардың дәлелдемелерді жинау варианттары:
А. Заң консультациясы арқылы сұратуды рәсімдеу;
Ә. Сотқа іс бойынша дәлелдемелерді талап етіп жолдануы;
Б. Сот тапсырмасы туралы өтінішпен сотқа жолдану;
В. Талапкердің талаптарын жазу.
Адвокат пен клиент арасында олардың жүздесуі процесінде мынадай қатынас қалыптасады:
- Сенім. Практикада бұған керісінше азаматтың өз өкілінен кейбір мәселелерді жасырып қалатын жағдайлары да кездеседі.
- Тек істі ғана емес клиентті де жақсы білу
Бұл өз қарым-қатынасын олармен дұрыс құруға, кейін соттағы жағдайды да дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді
- Өзара сыйластық. Адвокат оған өз біліктілігімен, клиентпен де, сотта да өзін дұрыс ұстау қабілетімен және өзінің сырқы түрімен қол жеткізеді.
- Бірлесіп жұмыс істеу[21].
Адвокат сұрақ мәнін анықтай білуі, заңи фактілердің құрамын толық және нақты анықтай білуі, құқық нормаларының талаптарына сәйкес қорытынды бере білуі қажет. Заңға сілтеме — консультациялық қабылдаудың тиімділігінің міндетті шарты болып табылады. Құқықтық кеңес егер адвокат қолданбау керек заңды қолданса немесе заңның мазмұнын және мәнін дұрыс түсіндірмесе қате болады[22].
Ол қолдануға құқылы және заңмен белгіленген жауапкердің мүдделерін қорғаудың процессуалды тәсілдерін мынадай түрлерге бөлуге болады:
- талапқа қарсылық;
- қарсы талап;
- істің нақты мән-жайларын анықтауға және оның процесуалды құқықтары мен міндеттерін сақтауға бағытталған жауапкердің өтініштері мен арыздары.
Ұсынылған талапқа қарсылық және қарсы талап – заңмен жауапкерге оның процессуалды мәртебесіне байланысты берілген құрал Өтініш беру және арыз беру құқығы іске қатысатын барлық тұлғаларға сияқты оған да берілген[23].
ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛДІҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
3.1. Адвокат-өкілдің сот қарауына қатысуы
Өкілдің сот қарауына қалайша қатысқанына қарай өкіл беруші ісінің тағдыры шешіледі. Сот қарауындағы әртүрлі әрекеттерге адвокат-өкілдің қатысуын айтып кетелік.
Жауап алу кезінде адвокат өзінің куәсін дұрыстап зейін қойып тыңдауы, қарауы керек. Адвокаттың куәнің сөздеріне мән беріп мұқият қарауы судьяның да дұрыстап назар аударуын тудырады. Адвокат куәнің жауаптарын судьяның естігенін, хаттамаға енгізілгеніне сенімді болуы керек. Аса маңызды жауаптарға аса көңіл аудару үшін адвокат оны өзі үшін де қайталай алады.
Істі тыңдауға дайындық сатысында судья іске қатысушы тұлғаның мүддесін ескере отырып егер ұсынылып отырған дәлелдемелер және іс материалдары анық қажет етсе сараптама тағайындауға құқылы. Істің мән-жайлары бойынша белгілі бір әрекетті жасау сәтіндегі тұлғаның психикалық жағдайын анықтау қажет болған барлық жағдайларда сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау қажет. Бұл әсіресе мәмілені жарамсыз деп тануға қатысты.
Адвокат сараптама шешуге тиісті қажетті сұрақтарды алдын ала дайындап қоюы керек. Сонымен бірге ол сарапшыға құқықтық сипаттағы сұрақтарды (мысалы, тұлғаның әрекет қабілеттілігі немесе әрекет қабілетсіз) қоюға болмайтындығын білуі керек және сұрақтар арнайы сала бойынша қойылуы қажет. Осы сұрақтарды құрастыру үшін мыналар қажет:
- Осы құқықтық қатынас түрін реттейтін құқық нормасымен танысу;
- Қандай да болмасын сұрақтың шешілу мүмкіндігін, яғни оған жауап алынатындығын білу керек.
Адвокат өз клиентінің мүддесі үшін азаматтық іс жүргізу заңдарының ережелеріне сәйкес сараптама тағайындау туралы, қосымша және қайталама сараптама тағайындау туралы сотқа өтініш бере алады.
Сот өкілдері процессуалды әрекеттерді оларға өкілеттілік берген тұлғалар атынан жасайтын болғандықтан өкілдің өкілеттіліктерінің көлемі сенім білдірушінің (талапкердің, жауапкердің, дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғаның) процессуалды жағдайымен анықталады. Сонымен бірге сот өкілінің өкілеттіліктерінің көлемі сенім білдіруші нені бергеніне қарай да анықталады. Сонымен сенім өкілінің өкілеттіліктерінің көлемі екі мән-жайға байланысты: сенім білдірушінің өкілеттілігінің ауқымы және сенім білдіруші өкілге қандай өкілеттіліктер бергеніне қарай. Өкілдің өкілеттіліктері мазмұны жөнінен жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Жалпы өкілеттілік – сенімхатта көрсетілгеніне қарамастан кез келген өкіл орындауға құқылы процесуалды әрекеттер. Бұларға мынадай өкілеттіліктер жатады: іс материалдарымен танысу, іс материалдарының көшірмесін алу, қарсылық білдіру, дәлелдемелер ұсыну, дәлелдемелерді зерттеуге қатысу және сот процесіне қатысу мүмкіншілігімен байланысты өзге де әрекеттер.
Арнайы өкілеттілік – сенімхатта көрсетілсе ғана орындауға болатын әрекеттер. Осындай арнайы өкілеттіліктердің бірі — өкілмен сотта азаматтық істі қозғау. Судья егер талап арызды істі жүргізуге өкілеттілігі жоқ тұлға берген болса талап арызды қабылдаудан бас тартады[24].
Соттағы өкілділікке іс жүргізу заңымен барлық азаматтық істер бойынша барлық соттарда және азаматтық процестің барлық сатысында жол беріледі[25].
Ресей Федерациясының «Дисциплинарная практика Московской городской и областной коллегий адвокатовң деген адвокаттар үшін әдістемелік бағдарламадан мынадай үзінді келтіргім келіп отыр: ңАдвокат тараптардың азаматтық істі сотта қарауға тапсырма алып заңмен берілген барлық құққытарды пайдалануы тиіс, соның ішінде бітімгершілік келісімін жасауға құқылы. Адвокат бұл құқықтарды өзге тараптардың өкілдерімен немесе сл мүдделі қарсы тарап болып отырған адаммен жүзеге асыра алады. Сот органдарында азаматтық істі жүргізуге тапсырма алған адвокаттың міндеттеріне өзіне сенім білдірген адамға оның құқықтарын растау үшін қажетті құжаттарды алуға көмек көрсету де жатады. Адвокаттың бұл міндеттерді орындамауы тәртіптік шара қолдануға әкеліп соғадың[26]. Мен де осыған қосылғым келеді.
Тараптар келмеген жағдайда істі қарау процестің дұрыс жүруін бұзады. Тараптар жоқ болғанда шығарылған шешім ІІ инстанциялы сотпен жиі күшін жояды. Сондықтан адвокат сот отырысына тараптар немесе үшінші тұлғалар келмеген жағдайда не істеу керектігін білуі керек, егер тіпті заң осы тұлғалардың жоқтығында істі қарауға тиым салмаса да, жауапкер, талапкер немесе 3-тұлға, кейде куә келмеген жағдайда істі қарағанда қандай салдар болуы мүмкін, мұндайда сот негізді және дұрыс шешім шығара ала ма, процестің қандай да болмасын қатысушысы жоқ болғанда обьективтік шындықты аша ала ма – осыларға анализ жасауы қажет.
Осы сұрақтарды адвокатпен дұрыс шешу оның сенім білдірушісі үшін де қажет. Адвокат тараптар жоқ кезде шешім шығару сенім білдірушіге пайда емес, залал әкелетінін естен шығармауы керек. Бірақ сенім білдірушілердің өзі осыған көп мән бере бермейді. Олар істі қарауға қатысушылардың біреуінің болса да келмеуі істің олардың пайдасына және тез шешілуіне көмектседі, екінші жақтың жағымсыз түсініктері жойылады деп ойлайды. Адвокат өзінің сенім білдірушісіне мұндай түсініктің қаншалықты қате екендігін түсіндіруі керек[27].
Тараптардың ерік білдіруінсіз тапсырма бойынша өкілділік туындамайды[28].
Адвокаттық қызметтің адамгершілік белгісі І инстанциялы соттың жариялы сот ісін қарауында анық көрінеді. Адамгершілік талаптарынан сәл ауытқу — сот мәжілісінің тәртібін, кәсіби жүріс-тұрыс ережелерін бұзу, тәкаппарлық, құлықсыздық көрсету қоғам назарына тез түсіп, адвокатура престижіне және мамандықтың абыройына нұқсан келтіреді. Міне, сондықтан істі ашық қараған жағдайда адвокаттан жинақтылық, ынта, ішкі өзін өзі қадағалау және өзін өзі тәртіпке салу талап етіледі. І сатылы сотта істі қараудың барлық сатыларындва адвокаттық процессуалдық қызметінде мінез-құлықтың ерекшке мәні оның нақты және дәлелдік материалдарға, әсіресе сот жарыссөзінде дәлелдемелерге баға беру, істі мәні бойынша қарау барысында оларға зерттеу әдістерінде, дәлелдемелерді ұсыну тәртібі мен уақыт туралы мәселелерді шешуге қатынасынан көрінеді[29].
Сотта іс қарау — дұрыс жүріп келе жатқан азаматтық процестің үздіксіз сатысы, онсыз мекемелер мен азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен субьективтік құқықтарын сотта қорғау мүмкін емес. Өйткені соттық өкіл процеске өзінің емес өкіл берушінің материалдық құқықтық мүддесін қанағаттандыру үшін процеске қатысады, оның сот ісін қараудағы заңи мүдделілігі материалды емес, процессуалды. Сот өкілінің процессуалды мүдделілігі мына мағынаны білдіреді: өкіл берушінің атынан және оның мүддесі үшін сот ісін қарауға қатыса отырып оның мынадай процесуалды мақсатқа жетуді көздеуінде – белгілі бір мазмұндағы шешім қабылдау, іс бойынша өндірісті тоқтату немесе арызды қараусыз қалдыру туралы шешім қабылдау[30].
Азаматтық процестің істі мәні бойынша қарайтын, дәлелдемелерді зерттейтін, шешеім шығаратын, нақты құқықтар мен міндеттер анықтайтын басты сатысы сотта іс қарау болып табылады. Оны дұрыстап ұйымдастыру және әрбір істі азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес қарап жүргізу – негізгі және заңды шешім қабылдаудың, құқық бұзушылықтың алдын алудың, заңды бұлжытпай орындау рухында азаматтарды тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады[31].
Өкілділік шартынан туындайтын қатынастар:
-азаматтық құқықтық;
-азаматтық процессуалдық.
Адвокат-өкіл мен сенім білдіруші арасыгндағы азаматтық құқықтық қатынастар заң консультациясымен, бюросымен, фирмамен жасақан шарт негізінде қалыптасады. Азаматтық процесуалды қатынастар өкіл болып табылатын адвокатпен арадағы процесуалды құқық нормаларымен реттелетін қатынастар.
Адвокаттың сот қарауындағы әрекеттері:
-тараптардың құқықтары мен міндеттері, істің нақты мән-жайларын анықтауға ықпал ету;
- сенім білдірушінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға өзінің барлық күшін жұмсау;
- оның дұрыстығын негіздеу үшін барлық заңды әдістер мен тәсілдерді қолдану[32].
Заң консультациясының меңгерушісі, адвокаттар алқасының төралқасы азаматтың мүліктік жағдайына қарап адвокатпен көрсетілетін заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы. Сот шығындарымен байланысты барлық ұйғарымдарға жеке шағым берілуі немесе қарсылық келтірілуі мүмкін.
Істі қарау тараптардың өтініші немесе соттың бастамасы бойынша және сот отырысында адвокат немесе тараптардың өзге өкілі болмаған жағдайда кейінге қалдырыла алады. Іске қатысуға тараптың өкілін жіберместен бұрын сот оның өкілеттілігін тексереді. Өкілеттілік сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып өкіл беруші тұлғаның ауызша арызымен немесе заңмен белгіленген тәртіпте куәландырылған ерекше сенімхатпен ресімделеді.
Мына тұлғалар тараптардың өкілдері бола алмайды:
- 18 жасқа толмағандар;
- сот қаулысымен жеке және қоғамдық құқықтары шектелген;
- қамқорлықта тұрған тұлғалар;
- адвокаттар алқасынан шығарылған тұлғалар;
- судьялар, сот мүшелері, тергеушілер мен прокурорлар, олар ата-аналары , асырап алушы, қамқоршы, сондай-ақ соттың немесе прокуратураның өкілі болған жағдайларды қоспағанда.
Прокурор, тараптар, үшінші тұлғалар және олардың тұлғалардың келуімен байланысты барлық сұрақтарды шешіп алған соң сот сот мәжілісін жалғастыру мүмкіндігі болған жағдайда куә, сарапшы, аудармашылардың, т.б. келгендігін тексереді, келмегендердің келмеу себептерін анықтайды және прокурордың қорытындысын, тараптардың сөздерін тыңдап болған соң осы сот мәжілісінде істі тыңдау немесе оны кейінге қалдыру туралы шешім шығарады[33].
Талаптарды қосу және бөлу жөніндегі мәселені шешу айтарлықтай қиындық тудырады. Осыны ескере отырып КСРО кезінде РСФСР Жоғары Сот Пленумы бір өндіріске талаптарды біріктіруге талаптарды сипаты бойынша олардың өзара байланысы, жалпы дәлелдемелердің болуы дәлелдемелерді дұрыс және бір уақытта неғұрлым тез шешу мүмкін болған жағдайда ғана жол беріледі деп көрсеткен болатын. Бұл нұсқау сондай-ақ процессуалды экономика қағидасынан да туындап отыр. Негізгі талаптарды бөлу егер оларды бөліп қарау процесті жеңілдетсе және дұрыс болған жағдайда орын алады, мысалы, істі қарау бір не бірнеше қосылған талаптарға еш қатысы жоқ тұлғаларды шақырумен немесе тартумен байланысты болса немесе бірнеше жауапкерлерге бірнеше талапкерлердің талаптарын бөліп қарастыру дұрыс болса[34].
3.2. Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы. Адвокат сөзі
Дәлелдемелерді зерттеп болғанан кейін сот сот жарыссөзіне көшеді. Сот жарыссөзі іске қатысушы тұлғалардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.
Адвокаттар алқасының Президиумы адвокаттардың кәсіби қызметінің сапасын арттыруға, әсіресе олардың сот жарыссөзінде сөйлеуіне ерекше мән береді. Бұл үшін рецензияны құру және талқылау, жиналыс, кеңестерде талқылап соттағы бұрын сөйлеген сөздерін үнтаспаға жазып алу, неғұрлым күрделі істер бойынша адвокаттың позициясын алдын ала талқылау сияқты жолдастық өзара көмек пен қадағалаудың әдістері мен нысандары қолданылады. А.А.Круглованың «Советская адвокатура: задачи и деятельностьң деген еңбегінде «біз істі жеңдікң деген сөзге қарсы екенін жазған. Ойын былайша өрбіте ашады. Бұлай айту заңи негізсіз және саяси тұрғыдан дұрыс емес: істі жеңу емес, оны заңға сәйкес шешу – прокуратураның, соттың, адвокатураның мемлекеттік маңызды міндеті болып табылады. Егер іс дұрыс қаралса, қателік пен бұрмалаушылыққа жол берілмеген болса, бұған біздің де зор еңбегіміз сінді деп ойлау бізді аса бір моралдық ләззатқа бөлейді[35].
Сот жарыссөзінде алдымен талапкер және оның өкілі, содан кейін жауапкер және оның өкілі сөйлейді. Басталып кеткен процесте дау пәніне жеке талап мәлімдейтін үшінші тұлға және оның өкілі тараптардан кейін сөйлейді. Дербес талап мәлімдемейтін үшінші тұлға және оның өкілі өзі қай жақтан іске қатысып отыр сол жауапкер немесе талапкер сөйлегеннен кейін сөйлейді.
Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөйлейді. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Бұл реплика деп аталады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.
Іс бойынша тарап болып табылмайтын және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді. Кодекстің 55-бабының 2-бөлігінде былай делінген: Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойыншеа қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.
Сот жарыссөздеріне қатысушылар егер бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз міндеттемелерінде көрсетпесе, өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ. Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі. Сот жарыссөздерінен кейін прокурор жалпы істің мәні бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды.
Адвокат сот жарыссөзінде екі мақсатты көздейді. Біріншіден, іс бойынша өзінің құқықтық позициясын негіздеу; екіншіден, сотты өзінің дұрыс айтып тұрғандығына сендіру.
ҚР АІЖК-не сәйкес сот дәлелдемелерді олардың жиынтығымен сотта жан-жақты, толық және обьективті қарауға негізделген ішкі сенімі бойынша бағалайды. Сондықтан адвокат өз позициясын аргументтей отырып сот сенімінің қалыптасуына ықпал етеді. Бастысы бұл ықпал ету клиентке зиянды емес, оған пайдалы болуы керек. Осы сатыда адвокат өзінің аналитик талантын, шешендік өнерін, құқықтық білімін көөрсетуге мүмкіндік алады.
Заңдарда сот сөзінің міндетті тиісті құрылымы қарастырылмаған. Алайда практикадағы сот сөзінің құрылымы істің нақты жағдайының негіздемесі, дәлелдемелерді құқықтық анализдеу және мәні бойынша істі шешу туралы өз ойын білдіру болып табылады.
Сот жарыссөзі істі сотта қарау сатысында дербес бөлігі болып табылады. Азаматтық істерді қарау жөніндегі сот отырысында сот сөзінің мынадай түрлері бар:
- Азаматтық талапкердің және жауапкердің сөзі;
- І инстанциялы сотта азаматтық істер бойынша прокурордың және адвокаттың сөзі ;
- ІІ инстанциялы сотта азаматтық істер бойынша прокурордың және адвокаттың сөзі;
- Қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымы өкілдерінің азаматтық істер бойынша сөзі;
- Сот сөзінің ерекше түрі ретіндегі реплика.
Сот жарыссөзінде прокурор мен адвокат сөзі ерекше орын алады. Біз тек адвокаттардың сөзін ғана қарастырамыз.
Сот сөзі өзге ораторларға оның қарсылығын және осы іс бойынша шешеннің түйінін білдіретін және сот отырысында айтылған істі қарау кезінде барлық қатысушыларға және сотқа бағытталған жария сөз өз кезегінде сот сөзінің пәні сот нақты қылмысты немесе құқық бұзушылықты зерттей отырып қаулымен, шешіммен немесе ұйғарыммен шешетін сұрақтар болып табылады[36]. Сот сөзінің негізгі қасиеті – барлық тезистер мен түйіндердің сенімділігі. Логика заңдарының талаптарынан ауытқу, дәлелдемелік ойлауды жүргізе алмауы сөздің нақтылығын айтарлықтай әлсіретеді, істі анықтауды қиындатады, кейде заңсыз шешім мен қате түйінге әкеп соғады.
Сот әділділігінің патриархы А.Ф.Кони былай деген: «Сот қызыл тілінің негізінде «сендіруң-ді дәлелдеу қажеттілігі жатырң. Дәлелдемелік – сот шешенінің ойлауының маңызды белгісі. Сөз оның барлық ережелері негізді, дәлелденген, дәлелдемелерге логикасы мен аргументация сәйкес болған жағдайда нақты болады. Дәлелдеменің логикалық операциясы (яғни қандай да болмасын ереженің растығының негізділігі) үш өзара байланысты элементтерден тұрады: тезис (растығын дәлелдеу қажет ереже), аргументтер (теориялық және нақты түйіндер, тезисті негіздеуге көмектесетін негіздер), демонстрация (дәлелдеу әдісі, аргумент пен тезис арасындағы логикалық байланыс)[37].
Адвокаттар сот жарыссөзіндегі олардың сөзін судьялар тыңдамайды дегенді жиі айтады. Соттың көңіл аударуына , сөздің психологиялық әсер етуінің тиімділігін күшейтуге сөз текстінің белгіленген лингвистикалық құрастырылуы, анық композициясы көмектеседі. Сотта сөйлеудің тұтастылығының негізін негізгі айтылмақшы ойдың логикалық құрылымы мен пәндік-құрылымдық мазмұны құрайды. Барлық өзге жария сөз үшін сияты сот сөзі де 3-ке бөлінеді:
- Кіріспе;
- Негізгі;
- Қорытынды.
- Сот сөзіне ынта оратордың сот құрамымен байланыс орнатқанына т.б. көбінесе байланысты. Кіріспе бөлігі сөздің мәнімен анықталады және істің кейінгі мән-жайларын зерттеу негізі болып табылады, шешілуі қажет мәселелерді қамтиды.
Судьяларды сендіруге тырысу және сот отырысында отырған азаматтардың эмоциясы мен интелектісіне барынша әсер ету күрделі тілдік құралдар білімін талап етеді. Соңғысы логикалық байланыс пен сөздің мәндік байланысына әсер еткен болар еді. Жекелеген сөздер мен композициялық бөліктер арасындағы логикалық байланыстың маңызды құралы ойдың кезекті дамуына сілтеме жасайтын арнаулы құралдар, қарама-қайшы қатынастар, себеп-салдарлы қатынастар, бір ойдан екіншісіне ауысу, қорытынды, түйін болып табылады[38].
Сот жарыссөзінің басты міндеті — өзінің құқықтық позициясын дәлелдеу, сотта зертелінген және жиналынған дәлелдемелер негізінде қарама-қарсы жақтың позициясын жоққа шығару, құқықтық материалдарды тиімді қолдану.
Сот жарыссөзінің соңында адвокаттың мынадай қорытындысы болуы керек: «Жоғарыда аталғандардың негізінде талап Қазақстан республикасының Азаматтық кодексінің бабына сәйкес қанағаттандыруға жатадың.
Қарсы жақтың адвокаттарының сөзінің кейбір өзіндік ерекшеліктері бар. Қарсылықтар мынадай болуы мүмкін:
А. Талапкердің талаптарының барлық фактілерін емес, қандай да болмасын біреуін дәлелдеу арқылы жоққа шығару;
Ә. Қарсылас жақтың позициясын құрап отырған дәлелдемелерді сынға алу;
Б. Қарсы тараптың талаптарын негіздеу, т.б.
Келтірілген нұсқамалар екі тараптың да өкілдеріне қатысты. Жарыссөздің барлық қатысушылары сөйлегеннен кейін олар айтылған сөздерге байланысты қайтадан сөйлейді. Соңғы сөз әрдайым жауапкер мен оның өкіліне тиесілі. Соңғы сөзге, яғни репликаға қатысу міндетті болып табылмайды. Іс барысында адвокат соңғы сөзден нәтиже, оның мәні бар ма екенін шешуге құқылы.
Сот процесі жарыспалылық арқылы екі қарама-қарсы функциялардың соқтығысуы, дау, пікір-талас, аргументтер таласы жағдайында, әрбір мән-жай зерттелгенде, қорғау және айыптау тұрғысынан әрбір дәлелдеме тексерілгенде шындықты анықтайды[39]. Мұнда сот жарыссөзінің алар орны ерекше.
Сот сөзі әрдайым да шығармашылық процестің жемісі, ол автордың жеке даралығын көрсетеді. Бір іс бойынша екі адвокаттың сөзін тыңдап тіпті құқықтық позициясы бір болса да олардың бір-бірінен ерекшелігіне көз жеткізуге болады. Сот жарыссөзіне қатысу адвокаттың І инстанциялы соттағы неғұрлым жауапты міндеттерінің бірі. Сот жарыссөзі істі мәні бойынша қарауды аяқтайды, бұған қатыса отырып адвокат істі мәні бойынша қараудың қорытындысын шығарады, нақты мән-жайларға қатысты қорытынды ойын айтады, сотпен зерттелінген дәлелдемелік материалдарға өз бағасын ұсынады, осы дауға қолдануға жататын құқықтық норма, талаптың негізділігі туралы өз пікірін айтады[40].
Сот жарыссөзінде дәлелдемелерге жүргізілген зерттеу және іс мән-жайларын зерттеудің нәтижесі айтылады. Іске қатысқан тұлғалар істің қандай мән-жайлары белгіленеді және қандай дәлелдемелер негізінде, қандай дәлелдемелер дұрыс болды, қандай мән-жайлар дәлелдемелермен бекітілмеген, қандай заң қолданылуы керек еді, даулы құқықтық материалдық қатынастардың мазмұны қандай, істі қалай шешу керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салады. Сот жарыссөзіне тұлғалардың сөйлеу тәртібі заңмен қатаң белгіленген (ҚР АІЖК 211-б.2,3-б.).
Сот жарыссөзінің қатысушылары және прокурор өз сөздері мен қорытындысында сотпен анықталмаған мән-жайларға, сондай-ақ сотпен анықталмаған дәлелдемелерге, сот мәжілісінде зерттелінбеген дәлелдемелерге егер олар істі мәні бойынша қарау аяқталар алдында өз мәлімдемелерінде осы мән-жайлар мен дәлелдемелерді көрсетпесе сілтеме жасай алмайды[41].
3.3. Атқару өндірісіндегі адвокат-өкілдің қызметі
ҚР АІЖК –не сәйкес соттың шешімдеріне шағымдану өкілдің арнайы өкілеттіліктері болып табылады, бұл жөнінде сенімхатта көрсетілуі керек. Мұндай өкілділік көрсетілмесе адвокат сот шешіміне, ұйғарымына сот актісі заңсыз немесе негізсіз болса да шағымдана алмайды. Апелляциялық тәртіппен шағымданғысы келетін тарап, үшінші тұлға тапсырма шартын жасауы немесе алғашқы жасасқан сенімхатқа осындай өкілеттілік беріледі деп көрсетуі керек.
Шартты түрде адвокат қызметін 3 сатыға бөлуге болады:
- шағымды әзірлеу;
- апелляциялық шағымды жазу және оны сотқа беру;
- апелляциялық инстанция сотына істі қарауға қатысу.
Іс үшін маңызды мән-жайлардың дәлелденбегендігі немесе анық еместігі; сот түйінінің іс мән-жайына сәйкес келмеуі; материалды және процессуалды құқық нормаларын дұрыс қолданбау немесе бұзу шағымдануға негіз болып табылады[42]. Алдымен адвокат апелляциялық шағым беруінің мерзімі өтіп кеткен жоқ па, жіберіліп алған мерзімді қалпына келтіруге негіз бар ма, іс бойынша біреудің апелляциялық шағымына қосылуға бола ма – осыларды тексеріп алуы керек.
Апелляциялық шағымдарды мына органдар қарайды:
- Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге – облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы,
- Облыстық және оларға теңестірілген І инстанциялы соттар шығарған шешімдерге – ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы /33-бап/[43].
Апелляциялық шағымның мазмұны:
— шағым жолданатын соттың атауы;
— шағым жасайтын тұлғаның атауы;
— шағым жасалатын шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
— істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
— заңдарға, өзге де нормативті құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
— шағым жасайтын тұлғаның шағымды толық немесе бір бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;
— шағымға қоса тіркелген құжаттардың тізімі;
— шағымды беру күні және шағым беретін адамның қолы болуы тиіс.
Шағымға мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттілік болмаса, өкілдің өкілеттілігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс. Апелляциялық шағымда айғақтарына апелляциялық шағым бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін.
Апелляциялық шағымды жазғанда адвокат сот ісін жүргізудің осы сатысында соттың қатынасының ерекшелігін ескеру керек. Процестің осы сатысында сот шешімін өзгерту қиын, апелляциялық инстанция соты істі қарауға формалды қарайды. Сондықтан адвокат пәнді анықтауда және шағымдануды негіздеуде аса сақ болуы керек. Іс материалдарын жан-жақты суреттеу қажет емес, өйткені апелляциялық инстанция соты онымен өзі танысады, судьялардың біреуі оны процесте мәлімдеп береді. Сонымен бірге шешімнің заңсыздығы және негізсіздігі туралы барлық анықталған түйінді нақты, қысқа аргументті келтіруі керек. Қандай да болмасын дәлелдемелерге сілтеме жасап жалаң негіздемеге жол бермеу керек. Іс апнелляциялы сатыда ол І сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс.
Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге:
- іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы;
- І сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
- І сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;
- Материалдық норманың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
Материалды құқық нормалары егер сот: 1. қолдануға тиісті заңды қолданбаса; 2. қолданылмауға тиісті заңды қолданса; 3. заңды дұрыс түсіндірмесе; 4. заңға ұқсас қалыпты немесе құқыққа ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса, бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.
І инстанциялы сот шешімінің күші мына жағдайларда,егер:
А. Істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса;
Ә. Сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;
Б. Істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;
В. Сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;
Г. Шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;
Ғ. Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;
Д. Істе І сатыдағы соттың жасалуы міндетті жеке іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамасы болмағанда шағым дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс.
Жоғарыда аталғандардан басқа іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешпеуге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс. Істі апелляциялық тәртіппен қарағанда адвокат түсініктеме береді. Тұсініктемелердің алдын ала жоспары күні бұрын құрылуы керек, оны өңдеу судьяның баяндауы уақытында да жүре алады. Тұсініктеме апелляциялық шағымның жалғасы болмауы керек, өйткені судья оның ойларын өз баяндамасында айтып кеткен болатын. Адвокаттың түсініктемелері кәсіби, дәйекті, зандарды білумен қатар іс материалдарын да терең білумен жазылуы керек, өйткені іс үш кәсіби судьямен қаралады және қайта қараудың пәні сот қаулысының заңдылығы мен негізділігі болып табылады.
І инстанциялы сотпен жіберілген қателіктерді белгілей отырып бұл неге әкелуі мүмкін және неге әкелгенін көрсету маңызды болып табылады. Қарама-қарсы жақ адвокатының түсініктемелері өзге сипатқа ие болуы мүмкін. Нақты іске қатысты олар мынадай болуы мүмкін:
- шешімнің заңдылығы мен негізділігін бекіту;
- апелляциялық шағымның түйіндерін теріске шығару;
- І инстанция сотында орын алған қателік шешімнің дұрыстығына әсер етпегендігін дәлелдеу;
- шешімнің дұрыстығына әсер етпеген шағымдалып отырған құқық бұзушылықтың формалды сипатын негіздеу;
- І инстанциялы сотқа ұсыну мүмкін болмаған дәлелдемелерді тараптардың қасақана жасыруы және т.б.
Тұсініктеме нақты және қысқа болуы керек. Егер І инстанциялы соттың шешімі шағымдалынбаса немесе оған қарсылық білдірілмесе, ол соңғы нысанда шешім шығарылған сәттен бастап 15 күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Адвокат сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған қол қойғаннан кейін 5 күн ішінде жіберілген қателіктер мен толымсыздықты көрсете отырып жазбаша ескертпелер беруге құқылы. Хаттамаға ескертпелерді оған қол қойған төрағалық еткен тұлға қарайды, онымен келіскен жағдайда оның дұрыстығын куәландырады. Төрағалық еткен судья ескерпемен келіспеген жағдайда ол осы ескертпені жасаған адвокаттың қатысуымен сот отырысында қаралады. Қарап болғаннан кейін төрағалық етуші оның дұрыстығын куәландыру немесе одан толық не ішінара бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Ескертпе іске тіркеледі. Хаттамаға ескертпе ол берілген күннен бастап 5 күн ішінде қаралуы керек. Іс бойынша төрағалық еткен судья қандай да болмасын обьективті себептерге байланысты хаттамаға ескертпелерді қарай алмаса, бұл ескертпелер материалдарға қосылады.
Шағымданудың негізі дұрыс емес ұйғарым және іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамау; іс үшін маңызды І инстанциялы сотпен белгіленген мән-жайлардың дәлелденбеуі; іс мән-жайларына шешімде көрсетілген І инстанциялы сот түйінінің сәйкес келмеуі; процессуалды немесе материалды құқық нормаларын дұрыс қолданбау немесе бұзу болып табылады.
Сот шешіміне іс бойынша өндірісті тоқтатуға мынадай негіздер болған жағдайда да шағымдануға болады:
- Іс азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;
- Сол пән, сол тараптар арасында заңды күшіне енген сот шешімі немесе талапкердің талаптан бас тартуына байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату туралы сот ұйғарымы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту жөнінде ұйғарымы бар болса;
- Талапкер талаптан бас тартса және бас тарту сотпен қабылданса;
- Тараптар бітімгершілік келісімге келіп, ол сотпен бекітілсе;
- Іс бойынша тараптардың бірі өлгеннен кейін даулы құқықтық қатынаста құқық мирасқорлық болмаса;
- Іс бойынша тарап болып отырған ұйымдар құқық мирасқорлары болмағандықтан және өз қызметін тоқтатуға байланысты таратылса[44].
Адвокаттың шешімге шағымдануға тапсырма алуға келісімі осы шағымдануға заңды негіздердің болуымен анықталады. Шағымдануға тек заңсыз немесе негізсіз сот шешімі жатады. Бұл адвокаттың клиентпен істі кейінгі қарауға қатысу-қатыспауының негізгі принципі. Адвокаттың алдына шығарылған шешімі бар клиент алғаш рет келгенде барлық материалдарымен, шешіммен танысу, тарапатрдың ұсыныстары мен өз позицияларын негіздейтін дәлелдемелерін саралау, істің нақты мән-жайына қатысты соттың қорытындысына анализ жасау және іске қарсылықтар мен шағымдарды қарауы, танысуы, істің болашағын бағдарлау керек. Егер осылардың барлығын жасап болғаннан кейін адвокат істі қайта қарауға негіз жоқ деген түйінге келсе олар шағымдануға тапсырма алуға құқылы емес. Өйткені, мұны істеп адвокат бір жағынан клиентті теріс, нәтижесіз жолға түсіреді, екіншіден, өзінің кәсіби әлсіздігін байқатады. Клиенттің дұрыс сот шешімін жоюға тырысуы немесе қате шешімді өзгеріссіз қалдыруы заңды мүдде деп таныла алмайды, сондықтан да оны қорғаудан адвокат бас тартуы керек[45].
Апелляциялық шағым беру мүмкіндігіне ие тұлғалар арасында ерекше орынға өкілдер ие. ҚР АІЖК 58-бабына сәйкес азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азамат өзі де, өкілі де – екеуі бірге қатыса алады. Апелляциялы инстанциялы сотта істі өкілдері арқылы қатысу құқығы іске қатысушы барлық тұлғаларға тиесілі. АІЖК 333-бабының 1-бөлігіне сәйкес апелляциялық шағымданудың обьектісі талаптың құны 5 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тарпатары заңды тұлғалар мен азаматтар болып табылатын мүліктік дауларды қарағанда шығарылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың шешімдері болып табылады. Апелляциялық шағымдану субьектісінің шеңберін талап бағасының шегін көрсете отырып шектеу дұрыс емес деп ойлаймын.
І инстанциялы соттың барлық қарайтын істері бойынша шешімдерін апелляциялық тәртіпте шағымдау мүмкіндігін бермей отырып заң шығарушы қате сот актілерінің заңды күшіне енуі мен орындалуына жол береді[46]. Апелляциялық инстанция соты І инстанциялы сотқа егер процесуалды құқық нормаларын бұзу істі қате шешуге әкеп соқса немесе белгіленген тәртіпте оны шешу мүмкіндігін жоятын кемшіліктерімен апеляциялық сотқа жіберілген болса істі қайтаруға міндетті. Процессуалды құқық нормаларын бұзу қатарында сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланбаған іске қатысатын тұлғалардың біреуінің қатысуынсыз істі қарау, істі қарап келген сот құрамында болған судьялар емес, басқа судьялармен шешімдер шығару; істе сот мәжілісінің хаттамасы болмауы және т.б. бар.
Осы шағымды қарап апелляциялық инстанция соты мыналарға құқылы:
А. І инстанциялы сот ұйғарымын өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
Ә. ұйғарымның күшін жою және мәселені шешуді І инстанциялы соттың жаңадан қарауына жіберу;
Б. ұйғарымның күшін толығымен немесе ішінара жою және мәселені мәні бойынша шешу[47].
3.4. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға адвокат-өкілдің қатысуы
Азаматтық процесте заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қараудың екі нысаны бар:
-қадағалау инстанциясында іс жүргізу;
-жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау.
Азаматтық процестің осы сатыларында адвокаттың қатысуы жоғарыда қаралғанға ұқсас мынадай сатыларға бөлінеді:
- шағымды әзірлеу;
- шағым келтіру;
- істі қарауға қатысу.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негізі осы істі қарағар кезде сотпен жіберілген заңды бұзу және жаңа дәлелдемелер емес, жаңадан ашылған мән-жайлар болып табылады[48].
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулыларын қоспағанда, республиканың барлық соттарының заңды күшіне енген актілері, осы тарауда көзделген негіздер болған сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде қадағалау шағымын беруге болады. Бұл ереже адам мен азаматтың Қазақстан республикасының Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, ҚР Конституциялық кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп тануы сот шешімдерін , ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.
Қадағалау шағымының (наразылық келтіру туралы өтінімнің) мазмұны:
- шағым (өтініш) жолданатын лауазымды адамның аты-жөні;
- шағым беруші тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан орны және істегі іс жүргізу жағдайы;
- сот актісінің мазмұны, сондай-ақ тұрғылықты жері немесе орналасқан орны көрсетіле отырып іске қатысушы тұлғаның аты-жөні;
- істі І,апелляциялық сатыда қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны;
- шағым жасалып отырған, наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілуі керек;
- сот қаулысының заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екені және шағым (өтінім) беруші тұлғаның не өтінетіні көрсетілуге тиіс.
Егер сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағым жасалмаған болса, шағымда оған шағым жасалмау себептері көрсетілуі тиіс. Егер қадағалау шағымын (өтінімін) іске қатыспаған тұлға берсе, онда шағым жасалып отырған шешім, ұйғарым, қаулы бұл тұлғаның қандай құқықтары бұзылғанын көрсетуге тиіс.
Істі қадағалау тәртібімен қараудын нәтижесінде сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
- І, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
- І, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не белгілі бір бөлігіндегі күшін жояды және істі І, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
- І, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не ішінара күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
- Іс бойынша шығарылған шешімдердін біреуін күшінде қалдырады;
- І, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттын шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқықтық нормаларды қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша арыздың нысанына азаматтық іс жүргізу заңдары ешқандай талап қоймайды, сондықтан оны құрастырған кезде апелляциялық шағымның құрылысын пайдалануға болады. Алайда мұндай арыздарда мыналар белгіленуі керек:
-жаңадан анықталған мән-жайлар;
-істі шешу үшін олардың мәндік маңызы айрықша белгіленуі;
-іс бойынша шешімнің күшін жоюдың қажеттілігін бекітетін дәлелдемелер[49].
Сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:
- арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;
- заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан куәнің көрінеу жалғаң жауаптары, сарапшының көрінеу жалғаң қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
- заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмыстық әрекеттері;
- белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің не қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады.
І сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот қайта қарайды. І сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық не қадағалау сатыларындағы ұйғарымдары, шешімдері, қаулылары жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешімді өзгерткен не жаңа шешім шығарған сот жүргізеді. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап 3 ай ішінде бере алады.
3.5. Атқару өндірісіндегі адвокат-өкілдің қызметі
Өкіл азаматтық процестің барлық сатыларына, соның ішінде атқару өндірісіне де қатыса алады. Адвокаттың атқару өндірісіне қатысуы Азаматтық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралың заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы сатыдағы адвокаттардың өкілеттіліктері ордермен және сенімхатпен бекітіледі. Атқару өндірісінде өкіл тараптың барлық құқықтарын пайдаланады, атқару қағазын орындауға ұсыну, екінші бір тұлғаға өкілеттіліктерді беру, мүлік пен ақшаны алуға құқық, қамаудан мүлікті босату жөнінде талап ұсыну, бітімгершілік келісімге отыру, өндіріп алудан бас тартуды қоспағанда осы әрекеттерді жасауға өкілдің өкілеттіліктері сенімхатта көрсетілуі керек.
Процестің қандай сатысына қатысса да адвокат адамдармен жұмыс істейтіндіктен белгілі бір шекте психологиялық шешендік бағыттағы өзге тәсілдерді қолдана алады, …сіресе, азаматтық процесте женген іс — бұл жеңістің жартысы ғана. Оны орындауға қол жеткізу неғұрлым қиындау, яғни сот арқылы қол жеткізген нәрсені орындаттыру қиындау. Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде сағат 6.00-ден 22.00-ге дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптар атқарушылық әрекеттер жасаудың өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы[50].
Тараптар және олардың өкілдері атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар деп танылатындықтан адвокат-өкілдің мынадай құқықтары бар: атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысу, олардан үзінділер жасау, көшірмелерін алу, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіру, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесінде ауызша және жазбаша түсініктер беру, атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айту, атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдері мен өтініштеріне қарсылық білдіру, бас тартуын мәлімдеу, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне немесе шешімдеріне шағым жасау. Бұл сатыға қатысушылар өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, атқарушылық іс жүргізу туралы заңдардың талаптарын орындауға міндетті.
Атқару құжаттары мына мерзімдерде:
- жалпы юрисдикция соттары шешімдерінің негізінде берілетін бұйрықтар мен атқару парақтары — 3 жыл ішінде;
- нотариат органдарының атқару жазбалары – 3 жыл ішінде;
- өзге соттар шешімдерінің негізінде берілетін атқару парақтары – 6 ай ішінде;
- еңбек даулары бойынша сот беретін куәліктер – 3 ай ішінде;
5.әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары – 3 ай ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін.
Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер (алимент өндіріп алу туралы, мертіктірумен немесе денсаулығына өзгедей зақымдаумен келтірілген зиянды өтеу туралы және басқа істер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.
ІV-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңдағы адвокаттардың қызметінде кездесіп отырған мәселелерге кеңірек тоқтала кетелік.
Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегіне және 1999 жылы 26 тамызда ¦кімет Қаулысымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу тәртібі және қорғау мен өкілділік етумен байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңының 5-бабының талаптарына сәйкес келмейді,өйткені адвокаттардың көпшілігінің жалақысының орташа сағаттық мөлшері 5-тен 20 теңгеге дейін құрайды. Неғұрлым көп тәжірибесі бар және соңғы 2 айға жоғары жалақысы бар адвокаттардың жалақысы бұл көрсеткіш бойынша 100 теңгені құрайды. Сонда 1 айда 8 сағаттық жұмыс күнінде адвокаттардың көпшілігі 840-тан 3360 теңгеге дейін алады деген сөз, ал бұл мемлекетпен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен аз.
Адвокатураның тәуелсіздігі туралы мәселе де бұрыннан бері пікір-талас тудырып жүр. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңының 3-бабында адвокатураның қызметі мен ұйымдастырылуы өзгелермен бірге адвокаттардың өз қызметін жүзеге асырудағы тәуелсіздігі мен адвокаттардың қызметіне прокуратура, сот, анықтама және алдын ала тергеу органдары және өзге мемлекеттік органдар, заңда көрсетілгеннен басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың араласпауы принципіне негізделеді делінген, өкінішке орай, адвокаттардың құқықтары бұзылатын жағдайлар да кездесіп жатады.
Қазіргі қазақстандық қоғамда адвокатураның жауапкершілігі мен ролін арттыру мәселесі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіби құқықтық саласының осы институтқа қатынасына байланысты деп ойлаймын.
Демократия принципін жүзеге асыру мемлекет қоғам үшін өмір сүретінін білдіретін болса, демократиялық мемлекет үшін адвокаттың қызметі – бұл оны жоюға емес, керісінше, оны дамытып гүлдендіруге бағытталған қызмет. Сондықтан адвокатураның дамуының кезекті сатысы бұрынғылардан бөлек болуы қажет, мемлекет адвокатураның ұйымдастырылуы мен оның өзін өзі басқару органдарының қызметіне араласпауы, адвокаттар арасындағы өзара және адвокат пен клиент арасындағы қарым-қатынасқа өзіндік ережелерін қоймауы тиіс,т.б. Мемлекет азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуді заңмен белгіленген шекте ғана реттей алады, өйткені мемлекет азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығының кепілі болып табылады. Соттың қажеттілігінің себептерін толық түсіндірмей тараптардың біреуінің өкілін іске қатыстырмайтын жағдайларды да тәжірибеде кездестіруге болады. Сот тарапынан тұлғаға неге өкіл керек, ол өзі-ақ қатыса алады деген сұрақтардың да қойылып жүргені жасырын емес. Судья тарапынан мұндай көзқарастар азаматтардың білікті арнайы көмек алу құқығын бұзу болып саналады. Бұл жерде судьяның процеске қатысушылардың жеке істері мен құқығына заңсыз араласқандығы көрінеді. Сондықтан да мүдделі тұлға судьяны ренжітіп аламын деген үрейден арылып сотқа ескертуі тиіс[51].
Біздегі ең қорғансызы – адвокат екенін ескере отырып, адвокатураның реформасы осы жағдайды өзгертуі қажет. Аталғандар адвокатураның реформасы жөнінде мынадай бірнеше маңызды түйін жасауға мүмкіндік береді:
1.Адвокатураның реформасы адвокатураның қызметі мен ұйымдастырылуын барынша көбірек нормативтік реттеуге ұмтылудан тұрмауы тиіс. Мемлекет адвокаттардың өздеріне адвокатураның қызметі мен ұйымдастырылуының нысанын анықтауға еркіндік беруі қажет.
2.Мемлекет олармен кепіл берілген құқықтары мен бостандықтарына тиесілі адвокатураның қызметінің тұстарын заң нормаларымен реттеуі керек.
- Заңдар егер бұл жекелеген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын болса адвокатура қызметіне қоғамның немесе оның жекелеген өкілдерінің араласуына жол бермеуі қажет.
4.Адвокатура адвокаттар қызметі мен ұйымдастырылуының ерекше нысаны ретінде қарастырылуы қажет.
Реформаның осындай бағыты адамдардың заңсыз бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мен қорғауға өз іс-әрекеттерімен қабілетті тұлға ретінде адвокат мәртебесін бекітіп берер еді[52].
Қазіргі таңда адвокатурада құқық қорғаушылық миссияны, сондай-ақ қоғамда заңдылықты орындауды қамтамасыз етуге арналған өзге құрылымдарға қарағанда проблемалары көп. Бұл проблемаларды шартты түрде мынадай бірнеше топтарға бөлуге болады:
- ұйымдастырушылық мәселелері;
- заңдық база мәселесі;
- адвокатураның өзге құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасынан пайда болатын проблемалар;
- халықаралық құқықтық кеңістіктегі қазақстандық адвокатура проблемалары;
5.адвокатураның өзіндік проблемалары[53].
Адвокатураның ұйымдастырушылық мәселелері адвокаттық корпустың ескіруі мен адвокаттар санының аздығына байланысты. Өйткені бүгінгі күні адвокаттық қызметпен айналысу құқығын алған 4600 адамның іс жүзінде 2475-і ғана осы қызметпен кәсіптенуде. Олардың көпшілігі бұрынғы мамандар, ал жаңадан лицензия алған заңгерлер толқынын құрап отырғандар саны – 611. Десек те, қазіргі уақытта республиканың 17 ауданында адвокат жетіспей отыр. Бұл негізінен алыс әрі экологиялық ахуалы төмен Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары.Қазіргі таңда республикада 16 аумақтық және 1 аумақаралық адвокаттар алқасының құрамында 176 заң, 217 адвокаттық кеңселер жұмыс істеуде, Адвокаттардың жалпы саны – 2475[54].
Республикада адвокаттар орталығы жұмыс істейді. Ол Конституция, заң, сондай-ақ оның жарғысына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысатын азаматтардың өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестігі болып табылады, Бұл орган Қазақстанның барлық адвокаттарының қауымдастығының ұйытқы органы болып табылады.
Адвокаттық қызметті лицензиялау жөнінде де айта кетелік. Тіркеу қызметінің Комитетінің мәліметтеріне сәйкес мұндай қызметті қазіргі таңда 445 заиды тұлға, 157 жеке тұлғалар көрсетеді, олардың ішінде өз филиалдары арқылы заңи қызмет көрсететін 12 шетелдік заң компаниялары бар. Осындай қызмет нарығын реттеу үшін қандай ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қолдануға болады .Бұл сұрақтарға былайша жауап қайыруға болады: Біріншіден, осы қызметтің субьектілері, сондай-ақ адвокаттар кәсіби тексеруден өтуі керек. екіншіден, лицензиарға олармен көрсетілетін заңи қызметтің сапасына бақылау жүргізу құқығын беру қажет, үшіншіден, ҚРАІЖК-нің 111-бабына бұрынғы КазКСР-нің АІЖК-де көрсетілгендей сот шешімі қай тарап пайдасына шығарылса, сол тарап шығыстардың орнын толтыру қажет деп толықтыру енгізу керек. Осындай жағдайда ешбір емтихан тапсырмай лийцензияға ие тұлғаларда адвокаттық лицензия алуға стимул пайда болады.
Жоғарыда аталған шетелдік заң фирмалары Қазақстанда экономика саласындағы заңи қызметтердің тиімсіздігі мен жеткіліксіздігі себебінен пайда болды деп еш күмәнсіз айтуға болады.
Адвокатураның ішкі проблемасы жөнінде айталық. Олардың қатарына мыналар жатады: адвокаттық қауымдастықтағы ақпараттық жүйенің және әдістемелік қызметтің болмауы жатады. Елімізде адвокатураның фундаменталды проблемаларымен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтарының болмауы жағдайында бұл неғұрлым өзекті болып табылады. Адвокатураның материалдық-техникалық базасы төмен. Адвокатураның әлсіз жерлеріне жарналарды төлемеу, тәртіптік шаралар, адвокатарды оқыту, адвокаттық этика мәселелері жатады. …ділет министрлігі жанынан біліктілікті көтеру курстарының жабылғанына байланысты адвокаттардың оқуы төмендеп кетті.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура проблемалары туралы айта отырып адвокаттардың қызметінің этикалық тұстарын айтпай кету мүмкін емес. Адвокаттар қауымдастығы қызметінің нақ ортасы тәуелсіздігі мен құзыретінің, өнегелілігінің мәселелері болуы керектігіне еш шүбә келтіре алмаймын, алайда құқықтан гөрі этикалық сипатқа ие фактілер көп кездеседі. Мысалы, мемлекеттік тілде өткізілетін азаматтық сот процесіне қазақ тілінде сөйлей алмайтын адвокаттардың қатысуы. Сонымен қатар адвокаттардың сот істеріне қатыса алмайтындығы туралы уақытында хабарламау да практикада жиі кездеседі.
Ьұрын жоғары заңгерлік білімі бар адвокат болуды ниет еткен жас маман ұрғғылықты жеріндегі адвокаттар алқасына мүше болып тіркеліп, белгілі бір сынақ мерзімінен өткен соң осы қызметпен айналысу құқығына ие болатын. Қазір Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңының 9-бабына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға ниет еткен азаматтарға жоғары заңгерлік біліммен қоса, екі жыл заңгерлік қызмет стажы және арнайы комиссияның сынағынан өткені туралы лицензиясы болуы керек.
Басқаша айтпағанда, …ділет министрлігі жанынан құрылған бұл комиссия сынағының қиындығы сондай, одан сүрінбей өтуге тәжірибелі заңгередің мүмкіндіктері жете бермейтінін 29 наурызда өткен ¦кіметтің кеңейтілген мәжілісінде Жоғарғы сллот төрағасы Қайрат Мәмидің өзі қынжыла тұрып мойындаған болатын. Сот саласында кездесіп отырған қиындықтар мен кедергілерді саралаған Жоғарғы сот төрағасы өздері ұсынған мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұрақты адвокаттық қызметтің жаңа жобасының өтпей қалғанына өтініш білдірді.
Осындай қиындықтар мен кедергілер салдарынан бұл саланың қызметі ақсауда. Жоғары оқу орнын бітірген жас заңгерлер тарапынан адвоукаттық қызметпен айналысуға ниет білдіргендер табыла қалған жағдайда заңда көрсетілген екі жылдық жұмыс стажының болмауынан мақсаттарын жүзеге асыра алмауда[55].
Адвокаттық қызметпен айналысушылар саны жыл санап азайып келеді. Алайда, бұл мұндай құқықтық қызметке қажеттілікті толықтай өтеп отыр деген сөз емес. Алдыңғы жылдарға қарағанда өткен жылы адвокаттар қатары 179 адамға көбейді. Бірақ, бұл адвокаттық қызмет көрсетілмейтін 24 ауыл-ауданның 7-дегі қажеттіліктің орнын толтыруға мүмкіндік берген. Сонымен бірге ауылдық жердегі адвокаттар саны жалпы санның төрттен бірін ғана құрайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы тақырыпты зерттеудің нәтижесінде мынадай тұжырым жасауға болады: Қазақстан бойынша адвокаттардың қанша азаматтық іске қанша рет өкіл болғаны туралы жалпы ресми статистикалық мәліметтер жоқ. Қазақстан адвокатурасының тыныс-тіршілігі, қызметінің бағыттары, сот тәжірибесі туралы баяндайтын баспасөз құралы жоқ.
Менің ұсыныстарым:
Біріншіден, 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданған Адвокаттық қызмет туралы Заңда адвокат тәуелсіздігінің кепілдіктерін көрсетіп толықтыру енгізу керек. Заңда белгіленген адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметіндегі тәуелсіздігі адвокатты нақты және толық тәуелсіз етіп бекітпейді. Адвокат та судья сияқты тәуелсіз тұлға болуы керек. Екеуінің де қызметінің түп төркіні адам тағдыры мен оның мәселелері, оны шешу не оған жауап, қол ұшын беруде жатыр.
Екіншіден, адвокаттардың этикалық Кодексін қабылдау керек. Өйткені қандай да болмасын іс: қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша адвокаттың өкіл, я болмаса, қорғаушы қызметін атқарғанында оның кәсіби адвокаттық этикасын сақтауы оның клиент алдындағы, жалпы қоғамдағы өз беделін көтереді деп ойлаймын.
Үшіншіден, қолданыстағы заңнан адвокатттық қызметпен айналысқысы келетін жас мамандарға лицензия алуда екі жылдық еңбек тәжірибесі болуы керек деген талапты алып тастау;
Төртіншіден, адвокаттар алқасында құжаттарды рецензиялау институтын жаңғырту.
Осы аталған ұсыныстар республикамыздың Парламентінде талқылауда жатқан Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында өз көрінісін тапса екен деген тілегім бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Адвокатура в СССР.М.:Юридическая литература,1971.
- Актуальные проблемы теории и практики гражданского процесса. Ленинград, Издательство Ленинградского Университета, 1979.
- Б.С.Антимонов, С.Л.Герзон. Адвокат в советском гражданском процессе. М:Госюриздат,1954.
- О.В.Арсентьев. Адвокатура.Адвокат в уголовном и гражданском процессах.Нотариат. Костанай,1998.
- З.Х.Баймолдина. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. І том ,Общая часть. Алматы:КазГЮА, 2001.
- З.Х.Баймолдина. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции.Алматы: Жеті Жарғы,2001.
- К.С. Банченко-Любимова. Пересмотр судебных решении в порядке надзора.М.:Госюриздат,1959.
- М.Ю. Барщевский. Адвокат,адвокатская фирма,адвокатура. М.:Белые альвы,1995.
- Е.А.Борисова. Апелляция в гражданском и арбитражном процессе. М.:Городец,1997.
- Д.П. Ватман. Адвокатская этика. М.: Юридическая литература, 1977.
- Д.П.Ватман.Право на защиту.М.:Знание,1973.
- Д.П.Ватман,В.А.Елизаров. Адвокат в гражданском процессе. М.:Юридическая литература,1969.
- Л.А. Ванеева. Гражданские процессуальные правоот-ношения. Владивосток, 1974.
- Вопросы эффективности судебной защиты субьективных прав. Межвузовский сборник научных трудов.Свердловск,1978.
- Вопросы теории и практики судебного разбирательства гражданских дел.Сборник научных трудов. Саратов,1988.
- Гражданский процесс. Под ред.М.С.Шакарян. М.: Юридическая литература, 1993.
- Гражданское процессуальное право России. Отв. Редактор М.С.Шакарян. М.: Былина,1995.
- Гражданский процесс. Отв. Редактор К.И.Комиссаров, Ю.К.Осипов. М.: БЕК,1996.
- Гражданский процесс. Под ред. В.А.Мусина, Н.А.Чечиной, Д.М.Чечота. М.: Проспект,1998.
- Гражданский процесс. Под ред. М.К.Треушникова. М.: Юриспруденция,2000.
- Г.Г.Гиздатов. Судебная риторика. Алматы:Жеті Жарғы,1995.
- Г.Г.Гиздатов. Очерки по истории судебной речи. Алматы: Жеті Жарғы,1998.
- Г.И.Давиденко. Рассмотрение гражданских дел. Киев. Издательство политической литературы Украины,1985.
- Д.Р.Джалилов. Гражданское процессуальное правоотноше-ние и его субьекты. Душанбе,1962.
- А.Б.Зейдер. Гражданские процессуальные правоотноше-ния. Саратов,1965.
- Н.Н.Ивакина.Культура судебной речи. М.:БЕК,1995.
- И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая. Судебное представите-льство в гражданском процессе. М.:Юридическая литература,1964.
- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері: ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, Алматы: ҚазМЗА,2001.
- 10 лет независимости Республики Казахстан: достижения и проблемы адвокатуры.Сборник материалов международнрй научно-практической конференции. Алматы,2001.
- Л.М.Орлова. Права сторон в гражданском процессе. Издательство БГУ,1973.
- И.М.Пятилетов. Защита интересов ответчика в советском гражданском процессе. М.:1990.
- Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству. Под ред. К.К. Червякова. Издательство Саратовского Университета, 1971.
- Я.А.Розенберг. Представительство по гражданским делам в суде и арбитраже. Рига: Зинатне,1981.
- Е.М.Смирнова. Адвокатура. Издательство Михайлова В.А. Санкт-Петербург,2002.
- Советская адвокатура. Задачи и деятельность. Отв.редактор А.А.Круглов. М.:Юридическая литература,1968.
- С.Т.Тыныбеков. Организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Казахстан. Алматы: Қазақ университеті, 1997.
- С.Т.Тыныбеков. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан. Алматы: Данекер,2001.
- П.Я.Трубников. Судебное разбирательство гражданских дел. М.:Госюриздат,1962.
- В.М.Шерстюк. Судебное представительство по гражданским делам. М.:Издательство Московского Университета, 1984.
Нормативті құқықтық актілер:
- ҚР Конституциясы,1995 жыл,30 тамыз.
- ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі,1999 жыл,13 шілде.
- ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңы,1998 жыл,30 маусым.
- ҚР адвокаттық қызмет туралы Заңы, 1997 жыл, 5 желтоқсан.
Баспасөз материалдары:
- П.В.Афанасьев. Некоторые вопросы ведения гражданских дел в суде через представителей// Фемида. № 11. 2001.Б.33-34.
- Г.Ермошин. О представительстве сторон в арбитражном процессе// Адвокат.№7,2000.
- А. Краснов. Законный интерес в гражданском и арбитражном процессе//Закон и право. № 4, 2003. Б.16-17.
- Н.А.Подольный. Статус адвоката в свете реформы адвокатуры в России// Адвокатская практика, №4,2002.
- Талғат Шарип-қали. Адам құқығын қорғаудағы қордаланған қиындықтар// Заң газеті,20 қараша,2002.
- Ж.Темірғали. Кепілді қызмет көрсетуге кедергі не?//Заң газеті, № 14, 2003.Б.1.
- А.Толканчинов. 10 лет независимости Республики Казахстан: состояние, проблемы и перспективы адвокатуры //Правовая реформа в Казахстане, номер 2,2001.Б.8.
- И.Трунов, Л.Трунова. Адвокатская тайна в свете реформ правового регулирование//Закон и право, № 4, 2002.Б.16.
[1] Гражданский процесс/ Под ред. В.А.Мусина, Н.А.Чечиной, Д.М.Чечота.М.:Проспект,1998.-Б.104
[2] Д.П.Ватман. Право на защиту.М.:Знание,1973.-Б.16.
[3] È.Òðóíîâ, Ë.Òðóíîâà. Àäâîêàòñêàÿ òàéíà â ñâåòå ðåôîðì ïðàâîâîãî ðåãóëèðîâàíèÿ.//Çàêîí è ïðàâî. № 4. -Á.16.
[4] À.Êðàñíîâ. Çàêîííûé èíòåðåñ â ãðàæäàíñêîì è àðáèòðàæíîì ïðîöåññå//Çàêîí è ïðàâî.íîìåð 4.-Á.16-17.
[5] Гражданский процесс / Под ред. М.К.Треушникова. М.: Юриспруденция, 2000.-Б.79.
[6] О.В.Арсентьев. Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат. Костанай,1998.-Б.134.
[7] В.М.Шерстюк. Судебное представительство по гражданским делам. М.: Издательство Московского Университета,1984.-Б.13.
[8] Д.Р. Джалилов. Гражданское процессуальное правоотношение и его субьекты. Душанбе,1962.-Б.25.
[9] Л.А.Ванеева. Гражданские процессуальные правоотношения. Владивосток, 1974.-Б.32.
[10] А.Б.Зейдер. Гражданские процесуальные правоотношение. Саратов: Издательство Саратовского Университета,1965.-Б.31.
[11] Вопросы эффективности судебной защиты субьективных прав. Межвузовск. сборник научных трудов. Свердловск,1978.-Б.28.
[12] И.М. Илинская, Л.Ф. Лесницкая. Судебное представи-тельство в гражданском процессе. М.: Юридическая литера-тура,1964.-Б.40.
[13] Аталған еңбек.-Б.52.
[14] З.Х.Баймолдина Гражданский процессуальное право Республики Казахстан. І том, Общая часть,Алматы: КазГЮА, 2001.-Б.210.
[15] Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңы,1997,5 желтоқсан,4-бап.
[16] Актуальные проблемы теории и практики гражданского процесса. Ленинград, 1979.-Б.102.
[17] Гражданское процессуальное право России /Отв.редактор М.С. Шакарян. М.: Издательство «Былина»,1995.-Б.87.
[18] Я.А. Розенберг. Представительство по гражданским делам в суде и арбитраже. Рига: Зинатне,1981.-Б.17.
[19] Г.Ермошин.Представительство сторон в арбитражном процессе//Адвокат.2000.№7.
[20] Д.П.Ватман, В.А.Елизаров. Адвокат в гражданском процессе. М.:Юридическая литература,1969.-Б.6
[21] О.В.Арсентьев.Аталған еңбек,-Б.145.
[22] Адвокатура в СССР.М.:Юридическая литература,1971.-Б.55.
[23] И.М.Пятилетов. Защита интересов ответчика в советском гражданском процессе.М.:1990.-Б.23.
[24] Гражданский процесс/Отв.редактор К.И.Комиссаров, Ю.К.Осипов.М.:Издательство “БЕК”,1996.-Б.109.
[25] Гражданский процесс/Под ред. М.С.Шакарян. М.: Юридическая литература, 1993.-Б.118.
[26] М.Ю.Барщевский.Адвокат,адвокатская фирма,адвокатура. М.:Белые альвы,1995.-Б.120
[27] Б.С. Антимонов, С.Л. Герзон. Адвокат в советском гражданском процессе. М.:Гос.юриздат., 1954.-Б.97.
[28] Л.М.Орлова.Права сторон в гражданском процессе. Издательство БГУ, 1973,-Б.182.
[29] Д.П.Ватман. Адвокатская этика. М.: Юридическая литера-тура, 1977.-Б.69
[30] Вопросы теории и практики судебного разбирательства гражданских дел. Сборник научных трудов. Саратов,СПУ,1988.-Б.35.
[31] Г.И. Давиденко. Рассмотрение гражданских дел. Киев. Издательство политической литературы Украины,1985.-Б.40.
[32] Е.М.Смирнова.Адвокатура. Издательство Михайлова В.А. Санкт-петербург,2002.-Б.141.
[33] П.Я.Трубников. Судебное разбирательство гражданских дел. М.:Гос.юриздат.1962.-Б.47.
[34] Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству/Под ред.К.К.Червякова.Саратов,1971.-Б.7.
[35] Советская адвокатура.Задачи и деятельность/Отв.редактор А.А.Круглов. М.: Юридическая литература,1968.-Б.141.
[36] Г.Г. Гиздатов.Судебная риторика.Алматы: Жеті Жарғы, 1995. -Б.99.
[37] Н.Н.Ивакина.Культура судебной речи.М.:БЕК,1995.-Б.59.
[38] Н.Н.Ивакина.Аталған еңбек.-Б.65.
[39] Г.Г.Гиздатов.Очерки по истории судебной речи. Алматы: Жеті Жарғы,1998.-Б.216.
[40] Д.П.Ватман,В.А.Елизаров. Аталған еңбек.-Б.121.
[41] З.Х.Баймолдина. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции. Алматы: Жеті Жарғы,2001.-Б.35.
[42] С.Т.Тыныбеков. Организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Казахстан.Алматы:Казак университеті, 1997. -Б.70.
[43] ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексi,1999,13 шiлде.
[44] С.Т.Тыныбеков.Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан.Алматы: Данекер,2001. -Б.143.
[45] Д.П.Ватман. Адвокатская этика. М.: 1977.-Б.86.
[46] Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу құқығының өзектi мәселелерi/ ҚР тәуелсiздiгiнiң 10-жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Алматы, ҚазМЗА,2001.
[47] Е.А.Борисова.Апелляция в гражданском и арбитражном прцессе. М.: Городец,1997.-Б.117.
[48] К.С.Банченко-Любимова.Пересмотр судебных решений в порядке надзора. М.:Госюриздат,1959.-Б.55.
[49] О.В. Арсентьев. Аталған еңбек.-Б.166.
[50] Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы ҚР Заңы.1998 жыл,30 маусым.
[51] П.В.Афанасьев. Некоторые вопросы ведения гражданских дел в суде через представителей// Фемида. Номер 11.2001. Б.33-34.
[52] Н.А.Подольный. Статус адвоката в свете реформы адвокатуры в России//Адвокатская практика,2002.№4.-Б.28.
[53] 10 ëåò íåçàâèñèìîñòè Ðåñïóáëèêè Êàçàõñòàí: äîñòèæåíèÿ è ïðîáëåìû àäâîêàòóðû:Ñáîðíèê ìàòåðèàëîâ ìåæäóíàðîäíîé íàó÷íî-ïðàêòè÷åñêîé êîíôåðåíöèè. Àëìàòû, 2001.-Á.41.
[54] Жұмагүл Темірғали. Кепілді қызмет көрсетуге кедергі не? // Заң газеті, 2 сәуір, 2003 жыл.
[55] Талғат Шарип-қали. Адам құқығын қорғаудағы қордаланған қиындықтар// Заң газеті, 20 қараша, 2002 жыл.