АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….

 

І-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ НЫСАНЫ

  • . Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу түсінігі, нысаны ……….…….

1.2. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу құралдары………………….

1.3. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеудің міндеті, мақсаты…….…

1.4. Азаматтық iс жүргiзудегi куәнiң айғақтары……………………………..

1.5. Тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi…………..

  • Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеуде сарапшының

құқықтары мен міндеттері……………………………………………….

 

ІІ-ТАРАУ.  АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

ТҮСІНІГІ 

2.1. Азаматтық iс жүргiзудегi  дәлелдемелер түсінігі, нысаны……….

2.2. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдемелердiң жарамдылығы………

Іске     катысушылардың     түсініктемелері…………………………..

2.3. Заттай дәлелдемелер және сарапшының қорытындысы…………..

 

ІІІ-ТАРАУ.  СОТТАҒЫ ЖАЗБАША ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР —

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ  БІР  ТҮРІ  РЕТІНДЕ

3.1. Соттағы дәлелдемелердің жалпы түсінігі….……………………….

3.2. Жазбаша дәлелдемелердің ұғымы…………………………………

3.3. Жазбаша дәлелдемелерді зерттеу, оларды бағалау нысаны……

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ………….……………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Дәлелдеу — соттық дәлелдемелер арқыла істің мән-жайын анықгауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау   бойынша  барлық     процессуалды  қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу — дәлелдемені ұсынуда, жинауды  зерттеумен  бағалауды     алып      жатады. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты дәлелдеу институтының мәнін, маңызын, соңғы жылдарда іс жүргізу заңнамаларына енгізілген заң нормаларының күшін жойған заң нормасынан артықшылықтары мен ерекшеліктерін карастыруға арналған. Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот өндірісінің аткаратын рөлі мен қызметіне ғылыми сипаттама берілді, осы салада қолданылатын заңдарға біршама сараптау жүргізілді.

Негізінен аталған тақырыптың өзектілігі еліміздің Конституциясында бекітілген әрбір азаматтың бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғаудың кепілі ретінде сотта істерді қарағанда дәлелдемелерді жинаудың және ұсынудың, оны соттар тарапынан зерттеудің және бағалаудың маңыздылығымен айқындалады. «Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны» тақырыбындағы бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қайнар көздерінің тізімнен тұрады. Бірінші бөлімінде: азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу нысаны, куәнiң айғақтары, тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi, азаматтық іс жүргізудегі дәлелеуде сарашының  құқықтары мен  міндеттері, оларды зерттеу тәртібі қарастырылған.

Екінші бөлімде азаматтық iс жүргiзудегi  дәлелдемелер түсінігі, нысаны,  дәлелдемелердiң жарамдылығы, іске     қатысушылардың түсініктемелері, заттай дәлелдемелер және сарапшының қорытындысы  тоқталып оларға жалпы сипаттама берілген.

         Үшінші бөлімінде  соттағы дәлелдемелердің жалпы түсінігі, жазбаша дәлелдемелердің ұғымы, зерттеу, оларды бағалау нысанына бағытталған.

Егеменді ел болғалы қоғамның қай саласындағыдай сот жүйесінде де түбірлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістердің адам құкықтарына қатысты ең оң өзгерістер екенін әсіресе сот жүйесінен айкынырақ аңғаруға болады.

Сот тәуелсіздігін сақтау казақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген азамат алдындағы терең жауапкершілік. Ел Конституциясында сот жүйесіне айрықша орын берілген болса, ол осы жауапкершіліктің дамып жаткандығы деп түсінеміз.

«Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеудің нысаны» тақырыбындағы ғылыми еңбекті жазуда ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, басқа да заң нормалары және процессуалист ғалымдардың, атап айтқанда: М.К.Треушников, С.В. Курылев, З.К.Абдулина, З.Х-Баймолдина т.б. еңбектері колданылды.

Жұмыста қолданылатын негізгі терминдер: азаматтык іс жүргізу кодексі, сот өндірісі, дәлелдеу, дәлелдемелер, сот, судья, сарапшы, маман, объект, субъект, тараптар, куәлер, заттай дәлелдемелер, жазбаша дәлелдемелер, дәлелдемелерді зерттеу, дәлелдемелерді бағалау т.б. Азаматтық   iс  жүргiзу  кодексi дәлелдеусiз  iстiң  шешiлу  негiзiне  жататын  деректердiң  екi  санатын   қарастырады.  Сондықтан, олар  дәлелдеу   пәнiне   енгiзiлмейдi.   Олар  жалпыға    мәлiм   деректермен   преюдициалды   анықталған  ақиқаттар.   Жалпыға  мәлiм  деректер    көпшiлiк    ортаға  мәлiм    деректер   болып    табылады. АҚЖК  71 бабының   1 бөлiмi [1], сот   жалпыға   белгiлi деп  таныңан  мән-жайлар   дәлелдеудi  қажет етпейдi.  Сонымен, мән-жайды    жалпыға мәлiм    және  дәлелдеудi   қажет   етпеудi   тану  құқығы  тек  сотқа  ғана    бар. Белгiлi –бiр  деректер   туралы    мәлiметтердiң  таралу  дәрежесi  әртүрлi  болуы    мүмкiн.  Деректердiң  өздерi   бүкiл  әлемге, бiр  елдiң    аумағында,  облыста, ауданда   әйгiлi  болады.  Таралу  дәрежесiне  қарамастан    жалпыға   мәлiм  деректер  дәлелдеуге  жатпайды.   Бiрақ та,   таралу  дәрежесiмен  келесi  процесуалды салдарлар  байланысты,  олар;   бiр   елдiң  шегiнде    мәлiм  деректi    сот    өзiнiң   шешiмiнiң  негiзiне   ешбiр    жариясыз   сала   алады.   Егер   де керек   тек    бiр  аз    аумақта мәлiм   болса, мысалы   аудан  шегiнде    болса, онда сот   шешiмiнде  осы  деректi    жалпыға    мәлiм  болғандықтан   дәлелдеуге  жатпайтынын  танылғанын  көрсетуi  керек. Дәлелдеуге    преюдициялық   танылған,  яғни    бұрын   шығарылып  заңды    күшiне  сот  үкiмiмен  басқа    iс  бойынша  анықталған   деректер  жатпайды.  Ал    практикада   кейде  бұрын  сотпен   зерттелген    деректер  басқа    iстердi   шешу   үшiн   маңызды   болып   қызмет көрсететiн   жайлар   да   кездеседi.   Олар   дәлелденбейдi, себебi    заңды   күшiне    соттық    қаулысымен  анықталған.     Сот    оларды  тексерiп жаңа  соттық    қарауға    жiбере  алмайды.      АҚЖК    71 бабының 2 бөлiмiнде [2], бұрын    қарастырылған   азаматтық   iс   бойынша   соттың  заңды   күшiне  енген    шешiмi    мен    анықталған    мән-жайлар   сот    үшiн    мiндеттi  және  басқа  азаматтық    iстердi    қарауда  сол    тұлғалардың  қатысуымен   қайта дәлелденбейдi деп  жазылған.   Соттар   өз  қызметiнде    преюдициалық   ережелерiн   қатаң сақтап преюдициалық   деректердi  қайта   дәлелдеуге   жол   бермеуi   керек.  Егер кейбiр   жағдайларда  iстi   кешiрек  қарап  жатқан  сотта  шешiм  не  үкiммен  заңды   күшiне   енген   деректiң   дұрыстығына   күмән  туындаса, ол  шешiм   не үкiмдi   қайта  қарау   туралы  сұрақты    қадағалау  тәртiбiнде  қарауға  жiбере  алады.    Заңға  сәйкес,  сот  органдары  және   олардың  тек   үкiмдерi және  шешiмдерiмен     анықталған  мән-жайлар  преюдициалық   мәнге  ие  болады.    Ал  басқа  соттық    қаулылар,  мысалы    прокурор – тергеу органдарының  қаулылары    дәлелдеуден  босатуға  негiз  болмайды.

      Дәлелдеу  құралдарына  азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнiң  78, 79, 81, 86, 96, — баптарында  көрсетiлген  дәлелдемелер  түрлерi  жатады.  Ендi  осы  баптарда  берiлген  дәлелдеу  құралдарының  түсiнiктемелерiне  тоқталып  өтейiк.  Кодекстiң  78-бабында  тараптардың  және  үшiншi  тұлғалардың  түсiнiктемелерiне  байланысты  келесiдей    қалыптар  бекiтiлген.  Тараптардың  және  үшiншi  тұлғалардың  iс  үшiн  маңызы  бар  өздерiне  белгiлi  мән-жайлар  туралы  түсiнiктемелерi  iс  бойынша  жиналған  басқа  да  дәлелдемелермен   қатар  тексеруге  және  бағалануға  жатады.  Көрсетiлген  тұлғалардың  түсiнiктемелерi  ауызша  және  жазбаша  болуы  мүмкiн.  Тараптардың   талабын  немесе  қарсылығын   негiздейтiн  фактiлердi,  екiншi  тараптың  мойындауы  ол  тарапты  осы  фактiлердi  одан  әрi  дәлелдеу  қажеттiлiгiнен  босатады.  Тарап  мойындаған   фактi  сот  отырысының  хаттамасына  өткiзiледi  және  оған  фактiнi  мойындаған  тарап  қол  қояды.  Егер  фактiнi   тану  жазбаша  өтiнiште  баяндаған  болса,  ол  iске  қосылып  тiгiледi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

І-ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ НЫСАНЫ

 

  • Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу түсінігі, нысаны

 

Дәлелдеу   пәні кез-келген істі дұрыс шешу үшін сот іске қатысты барлық заңда деректерді анықтау керек. Істі нақты шешудегі анықтау заңда деректер жиынтығы дәлелдеу пәні деп аталады. Әрбір іс үшін дәлелдеу пәніне келетін деректер құрамы әртүрлі болады. Сот оны тараптардың талаптарымен қарсылығынан шыға отырып және материалдық құқық нормаларын басқа ала отырып анықтайды.

Дәлелдеу         пәніне     талаптармен     көрсетілген       талап арыздың негізгі түріндегі заңи деректер жатады. Дәлелдеу пәніне сонымен қатар талапқа қарсы қарсылық көрсету негізінің деректері жатады. Процесске дербес талап мәлімдеуші немесе талаптар енгізілгенде іс бойынша дәлелдеу пәніне осы талаптардың пайда болу   деректері де    кіреді.

Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу — соттық дәлелдемелер арқыла істің мән-жайын анықгауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау       бойынша        барлық     процессуалды  қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу — дәлелдемені ұсынуда, жинауды  зерттеумен  бағалауды     алып      жатады. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу пәні іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтау, заң фактілері және басқа да мән-жайлардың жиынтығы болып табылады.  А.Х. Гольмстен дәлелдеу пәнін аныктай отырып, тараптардың талаптарын негіздейтін факті дәлелдеудің пәні болып табылады деп жазады.

Дәлелдеуге мына фактілер жатады: екі негізгі жағдайды қанағаттандыратын: 1) факт іске арналған, 2) тұрақты факт.

Азаматтық іс жүргізудегі дәлеледеу нысаны төрт негізгі

бөлімдерден тұрады. 1) дәлелдемелердің жалпы теориясы немесе философиясы; 2) жеке ойдағы дәлелдемелік құқық; 3) дәлелдемелер туралы іс жүргізу ғылымы; 4) дәлелдемелерді техникалық зерттеу.

 

Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады дегеи сүракка жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін накты және дүрыс аныктау-сот процесінің корытындысы бойынша заңды және негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады.

Дәлелдеудін пәні-азаматтык істерді дұрыс шешуге кажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.

Дәлелдеуді канағаттандыратын екі негізгі шарт бар:

1) факт немеме мән-жай іс үшін маңызды болуы тиіс;

2)   факт   немесе   мән-жай   іс   бойынша   таланты   күптайтын   немесе
карсылык білдіретініне карамастан анық болуы тиіс. Іс бойынша дәлелдеуге жататын заңды фактілер мен басқада мән-жайларды-ізделініп отырған фактілер деп атауға болады. Себебі ссл оларды бекітуге тиіс. Іс бойынша ізделініп отырған фактілердің жиынтығы пәлелдеу пәні болып табылады. Істің дүрыс шешілуіне кажетті маңызы бар мән-жайлар тараптар мен баска да катысушылардың талаптары мен қарсылыктары негізінде тиісті материалдык және процессуалдық кұқык нормаларын колдана отырып сотпен аныкталады. АІЖК-ң 66-бап 2-тармағында осы нормада соттағы дәлелдеудің пәнін сот анықтайтынын байқаймыз./ІО/

Дәлелдеу құкығы теориясында дәлелдеу пәнінің мазмұны туралы түрлі пікірлер кездеседі. А.К. Сергун /11/, Я.Л. Штутин /12/, М.К. Треушников /13/, К.С. Юдельсон /14/ сиякты ғалымдар дәлелдеу пәніне дауласушы тараптардың талаптары мен карсылыктарын негіздейтін материалдык-кұкыктык сипатқа ие фактілер кіреді деп дәлелдесе, екінші бір авторлар тобы дәлелдеу пәнінің мазмұнына таланты колдайтын немесе оған карсылык білдіретін фактілер ғана емес, кұқық бұзушылықтың немесе даудың туындау себептері мен шарттарын да дәлелдеу пәнінің мазмұнына кіреді дегенді айтады. (Ю.К. Осипов) Үшінші бір авторлар: дәлелдеу пәні өзіне мән-жайлардың мынандай 3-тобын камтиды, яғни материалдык-кұкыктык, процессуалдык және дәлелдемелік деген түжырымды үсынса (Д.М. Чечот) /15/; төртінші бір ғалымдар тобы дәлелдеу пәнінін мазмүнын кеңірек камтиды. яғни оған материалдық — күқыктык фактілер, процесуалдык сипатқа ие фактілер, дәлелдемелік және сотта қүкык бүзушылык прфилактикасына кажетті фактілерді кіргізеді (И.М. Зайцев) /4/

Осы айтылғандардың ішінде ең дүрыс пікір бірінші авторлар тобының түжырымы деп сенеміз.

Соттык шешудің пәні даулы материалдык-күкыктык катынас немесе заңды мүдде болып табылады. Ал оның бар немесе жок екені материалдық

кұкык нормаларында бекітілген белгілі заңды фактімен немесе олардын жиынтығымен байланысты.

Занды фактілерді соттың бекітуі даулы құқықтық немесе заңды мүдденің бар немесе жок екенін анықтауға негіз болып табылады. Бұл жерден дәлелдеудің пәні материалдық-құқыктык қатнастардын туындауына, өзгеруіне, қысқаруына негіз болатын заңды фактіні қүрайтынын анықтауға болады.

«Дәлелдеу пәні» — түсінігі бүл соттық зерттеудің шектері немесе көлемі деген үғымды білдіріді. Заң соттағы зерттеудің шектерін бекітпейді, ал дәлелдеудің пәні анык. Оған тараптардың карсылыктары мен талаптарын негіздетін жайттар жатады (Я.Л. Штутин) /12/. Баска фактілер «Сотта зерттеудің шектері» үғымының мазмүнына кіреді. Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдеудің пәні әртүрлілігімен ерекшеленеді. Себебі түрлі азаматтык істерде мән-жайлар мен оқиғалар толығымен бірдей болуы мүмкін емес.

Талап өндісіндегі істер бойынша дәлелдеудің пәні түрлі фактілердің тобынан кұралады:

  • Талаптын чегізгі фактісінен
  • Талапка карсы карсылыктарын негіздеу фактілерінен
  • Қарсы талап негізінің фактілерінен
  • Үшікші түлғалардың талабы негізінің фактісінен

Ерекше талап кою сот өндірісінін істері бойынша арыздың негізімен немесе арыз бойынша койылған талапқа қарсылық негізіндегі фактілерімен,ал ерекше өндіріс бойынша арыздың шағымның негізімен және мүдделі түлғалардың баяндау фактілерімен, сипатталады. Дәлелдеудің пәніне кіретін заңды фактілердің мынандай түлері бар:

  • Әрекет(әрскетсіздік),оқиға,жағдай;
  • Заңды және заңсыз әрекеттер;
  • Жағымды және жағымсыз фактірлер;

Дәлелдеу процесінде өтіп кеткен оқиғалар мен фактілер бекітіледі.Сондыктан соттық талқылау барысында дәлелдемелер негізінде өтіп кеткен жағдайлар суреттеліп,фактілер дәлелденеді.

Дегенмен заңды фактілердің барлығы бірдей дәлелдеуге жатады деп айта алмаймыз. Кейбір фактілер дәлелденбей-ак сот шешімінің шығуына негіз бола алады.Сондықтанда ондай фактілер дәлелдеу пәні болып табылады. АІЖК 71-бабында дәлелдеуден босатудың негіздері көрсетілген /10/. Осы бапка сәйкес АІЖК заңды фактілердің төрт тобын дәлелдеуді қажет етпейтін фактілерге жатқызады.

Бірінші топка- жалпыға белгілі фактілер (сотпен жалпыға белгілі деп танылған мән-жайлар), яғни барлык тұлғаларға белгілі мән-жайлар, Е.В. Васьковский өз енбегінде жалпыға мәлім фактілер деп сол жергілікті жердін тәжірибесін игеретін әрбір тұрғынына, сонымен катар судъяларына белгілі болуы тиіс фактілерді айтуға болады деп көрсетеді.Ондай фактілер дәлелдеуді кажет етпейді /16/.

Екінші топка — алдын-ала бекітілген (преюдициалды) фактілер, яғни дәл осы тараптар катыскан басқа істер бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен немесе үкімдерімен бекітілген фактілер.

АІЖК-ң 71-бабының 2-тармағына сәйкес: соттың бұрын каралған азаматтык іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар катысатын баска ззаматтык істерді талкыллү кезінде кайтадан дәлелденбейді./Ю/

АІЖК-ң 71-бабының 3-тармағына сәйкес соттың кылмыстык іс бйынша күшіне енген талап коюды канағаттандыру күкығы танылатын үкімі, оған қатысты соттың үкімі болған түлға әрекеттерінің азаматтық-күкыктық салдары туралы істі карайтын сот үшін міндетті.

Заңды күшіне енген сот үкімі мүндай азаматтык істі караған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша сондап-ак үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың күкықтык бағасына катысты да міндетті болып табылады.

Үшінші топқа — болжанған фактілер. (предпологаемые или презюмируемые факты) Заңға сәйкес бұл фактілер бекітілген деп саналады және азаматтык істерді талқылағанда дәлелденбейді. АІЖК 71-бабының 4-тармағы бойынша заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтык істер талкылау кезінде дәлелденбейді-мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.

Заңды түрде болжанған фактілер деп — өзге бір фактілердің бар болуы нәтижесінде жалпыға белгілі екендігінің дәлелденгені туралы корытындынын болуы міндетті фактілерді айтамыз.(Е.В.Васьковкий) /16/.

Мысалы: Қауіптіліктің жоғарылығынан пайда болған кінә төмендегі фактілер дәлелденген жағдайда: АК 931-бабының 1-тармағында кызметі айналасындағылар үшін жоғары кауіптілікпен байланысты заңды түлғалар мен азаматтар егер зиян дүлей күштердің немес жәбірленушінін теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары кауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті деп көрсетілген./І 7/

Төртінші топка — жалпыға мойындалған, түрақты үғымдар. Бүл мән-жайлар егер. тиісті күкыктык ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, дәлелденб,ей-ак бекітілуге түратын жағдайлар. Оларға:

  • Осы заманғы   ғылымда,   техникада,   өнерде,   кәсіпшілікте   жалпы
    қабылданған зерттеу әдістерінің дүрыстығы;
  • Адамның заңды білуі;

Адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

—   Олардың бар екендігін растайтын қүжатты үсынбаған және арнаулы
даярлык   немесе   білім   алған   оку   орнын   немесе   басқада   мекемені
көрсетпеген   адамда   арнаулы   даярлыктың   немесе   білімнің   болмауы
дәлелдемелерс*> аныкталған мән-жайлар болып есептеледі.

Бүдан бөлек АІЖК-і дәлелдеуді кажет етпейтін баскада фактілерді үсынады. Ондай нормалар:

  1. АІЖК-ң 78-бабының 3-тармағы бойынша тараптын тармағын немесе карсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы ол

тарапты осы фактлерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойынгчған тарап қол қояды.

Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып

тігіледі.

Бұл жерде мәселе даусыз фактілерге байланысты-яғни, бірінші тарап дәлелдеуге міндетті фактіні екінші тарап өзі мойындап койса- онда бұл даусыз факт болып саналады.(Я.Л.Штутин) /12/. АІЖК-ң 78-бабының 4-тармағы бойынша егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру максатымен не алдаудың, күш қолданудың, коркытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, -..л туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

  1. АІЖК-н 66-бабының 10-тармағы бойынша егер тарап сот сұраткан
    дәлелдемені өзінде  ұстап   калса  және   оны   соттың   сұратуы   бойынша
    ұсынбаса,    ондағы    мәліметтер    осы    тараптың    мүдделеріне    қарсы
    бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
  2. АІЖК- ң 91- бабйшың 8-тармағына сәйкес егер тарап сараптама
    жүргізуге   катысудан   жалтарса   немесе   оны   өткізуге   кедергі   келтірсе
    (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін кажетті  материалдар
    бермесе, сотка беруге мүмкіндік болмайтын немесе киындык келтіретін
    өзіне   тиісті   обьектілерді   зерттеуге   мүмкіндік   бермесе),ал   істің   мән-
    жайлары   бойынша  мүндай   тараптың   катысуынсыз   сараптама  жүргізу
    мүмкін болмаса, сот кай тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай-ак
    ол   үшін   оның   қаншалыкты   маңызы   барлығына   карай   аныктау   үшін
    сараптама тағайындалған фактіні аныкталған немесе жокка шығарылған
    деп тануға құкылы./10/

 

 

  • Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеу құралдары

 

Дәлелдеу  құралдарына  азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнiң  78, 79, 81, 86, 96, — баптарында  көрсетiлген  дәлелдемелер  түрлерi  жатады.  Ендi  осы  баптарда  берiлген  дәлелдеу  құралдарының  түсiнiктемелерiне  тоқталып  өтейiк.  Кодекстiң  78-бабында  тараптардың  және  үшiншi  тұлғалардың  түсiнiктемелерiне  байланысты  келесiдей    қалыптар  бекiтiлген.  Тараптардың  және  үшiншi  тұлғалардың  iс  үшiн  маңызы  бар  өздерiне  белгiлi  мән-жайлар  туралы  түсiнiктемелерi  iс  бойынша  жиналған  басқа  да  дәлелдемелермен   қатар  тексеруге  және  бағалануға  жатады.  Көрсетiлген  тұлғалардың  түсiнiктемелерi  ауызша  және  жазбаша  болуы  мүмкiн.  Тараптардың   талабын  немесе  қарсылығын   негiздейтiн  фактiлердi,  екiншi  тараптың  мойындауы  ол  тарапты  осы  фактiлердi  одан  әрi  дәлелдеу  қажеттiлiгiнен  босатады.  Тарап  мойындаған   фактi  сот  отырысының  хаттамасына  өткiзiледi  және  оған  фактiнi  мойындаған  тарап  қол  қояды.  Егер  фактiнi   тану  жазбаша  өтiнiште  баяндаған  болса,  ол  iске  қосылып  тiгiледi.  Егер  фактiлердi  тану  шындығында  болса  мән-жайды  жасыру  мақсатымен  не  алдаудың, күш  қолданудың,  қорқытудың  немесе  жаңылудың  әсерiнен   жасалғандығына  соттың  күдiгi  болса,  ол  тануды  қабылдамай,  ол  туралы  ұйғарым  шығарады.  Мұндай  жағдайда  осы  фактiлер  жалпы  негiзде  дәлелденуге  тиiс.  Кодекстiң  келесi   бабында  куәнiң  айғақтарына  байланысты  ережелер  бекiтiлген.  Оған  сәйкес  iс  үшiн  маңызы  бар  мән-жайлар  туралы  қандай  да  болмасын  мәлiметтер  өзiне  белгiлi  болған  тұлға  куә  болып  табылады.  Адамның  айғағы,  егер  ол  өзiнiң  хабардар  болу  көзiн  көрсете  алмаса,  дәлелдеме  деп  танымайды.  Жазбаша  дәлелдемелердiң  анықтамасы  81-бапта  орын  тапқан.  Ол  бойынша  iс  үшiн  маңызы  бар  мән-жайлар туралы мәлiметтер қамтитын актiлер,  құжаттар,  iскерлiк  немесе  жеке  сипаттағы  хабар  жазбаша  дәлелдемелер  болып  табылады  делiнген.  Заттай  дәлелдемелер  түсiнiгi 86-шы  бапта  бекiтiлген.  Егер  заттар  өзiнiң  сырòқы  түрiмен, қасиеттерiмен  немесе өзге де  белгiлерiмен  iс  үшiн  маңызы  бар  мән-жайды  анықтау  құралы  болса,  алады  деп  ұйғаруға  негiз болса  олар  заттай  дәлелдемелер  деп танылады  96-шы  бапта  сарапшының  қорытындысы  туралы  түсiнiктемелер  берiлген.  Сарапшының  қорытындысы  бұл сарапшының  алдына  сот  зерттеуге,  оның  iшiнде  арнайы  ғылыми  бiлiмдердi  пайдалана  отырып  жүргiзiлетiн  заттай  дәлелдемелер  мен  үлгiларге  негiзделген  қорытындылар.  Сараптама  өз  негiзiнде  жеке  және  комиссиялық  сараптама,  кешендi  сараптама,  қосымша  және  қайталама  сараптама  болып  бөлiнедi.  Комиссиялық  сараптама  күрделi  сараптамалық  зертеулер  жүргiзу  қажет  болған  жағдайларда  тағайындалады  және  оның  бiр  мамандықтағы  бiрнеше  сарапшы  жүргiзедi.  Сараптамалық  комиссияның  мүшелерi  алынған  нәтижелердi  бiрлесiп  жолдайды  және  ортақ  пiкiрге  келе  отырып  қорытындыға   қол қояды  немесе  қорытынды  берудiң  мүмкiн  еместiгi  туралы  хабарларға  қол  қояды.  Сарапшылар  арасында  келiспеушiлiк  болған  жағдайда  олардың  әрқайсысы  немесе  сарапшылардың  бiр  бөлiгi  жеке  қорытынды  бередi  немесе  пiкiрi  комиссияның  басқа  мүшелерiнiң  қорытындысымен  сәйкес  келмейтiн  сарапшы  пiкiрiн  қорытындыда  жеке  тҮжырымдайды.  Кешендi  сараптама  iс  үшiн  маңызы  бар  мән-жайларды  анықтау  үшiн  әр  түрлi  бiлiм  саласының  негiзiнде  зерттеу  жүргiзу  қажет  болған  жағдайларда  тағайындалады  және  оны  мамандығы  әр  түрлi  сарапшы  өздерiнiң  құзыретi  шеңберiнде  жүргiзедi.  Кешендi  сараптаманың  қорытындысында  әрбiр  сарапшының  қандай  зерттеуде,  оны  қандай  көлемде  жүргiзгенi  және  сарапшының  қандай  қорытындыға  келгендiгi  көрсетiлуi  тиiс.  Әрбiр  сарапшы  қорытындының  осы  зерттеулер  мазмұндалған  бөлiмiне  қол  қояды.  Қосымша  сараптама  қорытынды  жеткiлiктi  түрде  айқын  немесе  толық  болмаған,  сондай-ақ  бұрын  зерттелген   мән жайларға  қатысты  жаңа  мәселелер  туындаған  кезде  тағайындалады.  Қайталама  сараптама  сарапшының  алдыңғы  қорытындысы  жеткiлiктi  түрде  негiзделмеген  немесе  оның  дұрыстығына  күмән  тудырған,  не  сараптама  жүргiзудегi  iс  жүргiзу  нормалары  елеулi  бұзылған  кеçде  дәл  сол объектiлердi  зерттеу  және   дәл  сол  мәселелердi  шешу үшiн  тағайындалады.

  1. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
  2. Бұл нақты деректер тараптардың жөне үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындылары-мен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де қу.жаттармен анықталады.

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, оот анықтайды. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып лі ідыруға жәрдемдеседі. Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетіуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер жөне оньің турған жері көрсетілуге тиіс. Қажет болған жағдайда сот өтініш берген адамға дәлелдемөні алу үшін сұрату іюді. Соттыңталап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беру-мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе езге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдемө беру туралы соттың талабы сот д.ігюлсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарга сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады. Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады. Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені езінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы  бағытталған деп ұйғарылады жөне ол тарап таныған деп есептеледі.

Дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымын растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемөлермен расталуға тиіс емес. Нақты деректер, егер олар заңталаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда аза-маттықпроцестіңөзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде: күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді езге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып; оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың ез құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып; осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқадамның іс жұргізу іс-әрекетін жургізуіне байланысты; қарсылық білдіруге жататын адамның іс жургізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты, іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;  белгісіз кезден немесе сот отырысында анықтапа алмайтын кезден; дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін өдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер өтсе немесе әсөр етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелөр ретінде пайдалануга жол беругв бол-майды деп тануға тиіс. Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шөктеп пайдалынудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша сот белгілейді. . Заңды бүза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ двп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған нақгы деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, далелдеме рас деп есептеледі. Сотжалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар катысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді. Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға өрекөттерінің азаматтық-құқықгық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға жөне олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау көзінде дәлелденбейді. Мұндай үйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін. Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:

1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

2) адамның заңды білуі;

3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

4) олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мәнжайлар болып есептеледі.

 

  • Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеудің міндеті, мақсаты

 

Азаматтык істер бойынша дәлелдеу міндеті тараптарға жүктелген. АІЖК-Ң 65-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеу әрекетінде тараптар іс жүргізудің жарыспалылық қағидасына сүйенеді.

Дәлелдеу кұкығы теориясында, дәлелдеу — бұл тараптардың міндеті емес, кұкығы деген пікір бар. Сондықтан бұл жерде «дәлелдеу ауыртпалығы» (бремя доказывания) деген терминді қолдану дұрыс сиякты. Аталған жағдайға байланысты теорияға көптеген пікірлер ұсынып, дискуссия жүргізуге болады, бірақ заң тараптарға дәлелдеу міндетті деп көрсетіп отыр АІЖК-ң 65-бабы

Талапкер өз талабының негізін қүрайтын мән-жайларын, жауапкер-талапка карсы негіздерін, дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші түлғалар-өзінің койған талабын негіздейтін мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәл сондай міндет мемлекеттің және қоғамның, сондай-ак өзге түлғалардың күкыктары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта корғау үшін талап арыз немесе арыз беретін прокурорға, мемлекеттік органға жергілікті өзін-өзі баскару органына, үйымдар мен азаматтарға : да жүктеледі.

Материалдык күкык нормалары жекелеген жағдайларда тараптар арасында дәлелдеу міндетін баскаша белуге немесе жүктеуге мүмкіндік береді. Бүл дәлелдеу презумпциясымен байланысты. Мысал ретіде материалдық күкыктан келесі арнайы ережелерді келтіруге болады:

1) АК 931 баб. 1 тармағында кызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды түлғалар мен азаматтар (көлік үйымдары, өнеркәсіп орындары, қүрылыстар. көлік күралдарының иелері және т.б.) егер зиян дүлей күштердің немес жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті деп көрсетілген.

2) АК 359 бабында борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді./17/

Болжанған фактілерді дәлелдеуцен бір тарап яғни, талапкер босатылады, ал кінәсіздікті дәлелдеу міндеті екінші тарапқа яғни, жауапкерге өтеді.

Тараптардың және іске қатысушы баска да түлғалардың дәлелдеу әрекеті өздерінің заңды үстанымдарын негіздеу максатында дәлелдемелерді жинау, үсыну және зерттеу жүмыстарынан түрады.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы баскада түлғалардың талаптары мен карсылыктары негізінде, материалдыкі және іс жүргізу қүкығының колдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот аныктайды. Дәлелдемелерді жинау және ұсыну азаматтык іс козғалғаннан бастап бірінші инстанциядағы сот шешім немесе үйғарым шығарылғанға дейін жүргізіледі.

Дәлелдемелерді үсыну апелляциялык сот инстанциясында да жүргізілуі мүмкін. АІЖК-ң 335-бабының 3-тармағы бойынша апелляциялык шағым, наразылык бер°тін түлғаның бірінші сатыдағы сотка табыс етілмеген жана айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотка оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайғда ғана жол беріледі делінген./ІО/

АІЖК-ң 345-бабы 1-ші тармағында істі апелляциялык тәртіппен карау кезінде сот 1-ші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі толык көлемінде көрсетіледі деп көрсеткен. Апелляциялык инстанциядағы сотгардың 1-ші сатыдағы соттардың шешімдерінің құқықтық және нақты жақтарының дұрыстығы, тексерілуі, жаңа мән-жайларды бекітіп, жаңа дәлелдемелерді зерттеуі мен бағалауы апелляциялык соттардың істі қайтадан мәні бойынша карап шығатынын негіздейді.

Заң апелляциялық сот сатысына қосымша материалдар ұсына алады деп
анык көрсетпеген. Сонымен бірге Азаматтык іс жүргізу кодексі әртүрлі
терминдерді колданады: АІЖК-н 335-бабының 3-тармағында «жаңа
дәлелдемелер», АІЖК-ң          335-бабының 2-тармағында «косымша

дәлелдемелер», АІЖК-ң 347-бабында «косымша табыс етілген материалдар» л^п көрсетілген./ІО/

Апелляциялык инстанцияға «косымша ұсынған дәлелдемелер тек кандай да бір жаңа фактілерді бекіту және істі дұрыс шешу үшін емес, 1-ші инстанциядағы сот шешімін толык және жан-жақты тексеру үшін кажет.

АЖІК-ң 66-бабының 1-ші тармағы бойынша дәлелдемелерді тараптар мен іске катысушы баска да түлғалар береді. Сот істің накты мен-жайын аныктау максатында өз бастамасымен айғактар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған кажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

Сот тараптирға және іске катысушы баска да түлғаларға істі дүрыс шешу үшін кажетті косымша дәлелдемелер табыс етуді үсынуға күкылы.

Дәлелдемелерді жинау-тараптар мен іске катысушы түлғалардың бастамасымен түрлі тәсілдер аркылы жүзеге асады.

Дәлелдемелерді жинаудың бір тәсілі мүдделі түлғаның өтініші бойынша дәлелдемелерді сүратып алдыру.

Тараптар мен іске катысушы баска да түлғалар үшін дәлеледемелерді үсыну киындык келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сүратып алдыруға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелсрді сүратып алдыру туралы өтінімде: сүратып алдыруға жататын дәлелдемелер;

—   осы дәлелдеме арқылы іс үшш маңызы бар мән-жайлар;

— қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шығарылатындығы;

  • дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептері;
  • сұратып алдыратын дәлелдеменің тұрған жері көрсетілуі тиіс.
    Қажет болған жағдайда сот өтініш берген адамға дәлелдемені алу үшін

сұрату береді. Сэттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотка табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.

Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жок лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бүл туралы хабарлауға міндетті.

Хабарламаған, сондай-ак егер дәлелдемені беру туралы соттың талабын сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі немесе Іске катыспайтын өзгеде түлғаларға әкімшілік қүқык бүзушылык туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.

Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотка беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған түлғалар қылмыстык жауапка тартылады.

Жазбаша дәлелдемелерді сотка беру кыйын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сакталып қойылған жерінде карай алады және зерттей алады. Дәлелдемелерді жинаудың тағы бір тәсілі сот тапсырмаларын беру жолымен жүргізіледі. АІЖК-ң 72.73 баптар бойынша істі караушы сот іске катысушы адамның басқа калада немесе ауданда дәлелдемелер жинау кажеттігі туралы өтінімін канағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді./ІО/

Мысалы, куәнің түратын жері бойынша соттан куәлік жауап алу туралы, затты гүрған жерінде карау туралы тб.

Көп жағдайда сот тапсырмасын беру туралы үйғарымдар істі сотта карауға әзірлеу кезінде шығарылады. Соттың тапсырмасы туралы

үиғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер, анықтауға жататын мән-жайлар тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті және ол алынған сәттен он күнге деиінгі мерзімде орындалуға тиіс.

Соттың тапсырмасын орындау АІЖК-де белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Іске катысатын түлғалар отырыстың өтетін уакыты мен орны туралы қүлақтандырылады, алайда оған келмеу тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды.

Хаттамалар мен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлыі; материалдар дереу істі карап жатқан сотка жіберіледі.

Егер іске катысатын адамдар немесе тапсырманы орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ беруші куәлер істі қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртіпте түсініктеме мен айғак береді.

Істі караушы сот іске катысушы адамдардың Қазақстан Республикасының күкыктык көмек көрсету жөнінде келісімі бар баска мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін канағаттандырған жағдайда сол келісімнің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.

Дәлелдемелерді жинаудың үшінші тәсілі дәлелдемелерді камтамасыз ету институтын колдану аркылы жүзеге асады. Бүл азаматтык іс жүргізу күкығынын арнайы институты. Бүл институттың нормалары кажетті дәлелдемелерді сотка үсыну сонынан мүмкін болмайды немесе киындық келтіреді деп қауіптенуге негіз туындаған жағдайда дәлелдемелерді сактау және куәлендіру тәртібін бекітеді.

Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді іске катысушы түлғалар соттан камтамасыз ету туралы сүрай алады. Мысалы, ауыр халдегі ауру куәдән күні бүрын жауап алу, тез бүлінетін өнімдерге сараптама тағайындау , күлап калу туралы каупі төніп түрған обьектіні алдын -ала карап шығу т.б.

Заң дәлелдемелерді камтамасыз етудің түрлерін шектемейді.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі. Бұл істі қараушы сот немесе дәлелдемелердің орналасқан жершдегі баска да сот болуы мүмкін.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініште:

  • Қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер;
  • Растау үшін осы дәлелдемелер кажет мән-жайлар;
  • Өтініш берушіні камтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген
    себептер;

—    Қамтамасыз    етілетін    дәлелдемелер    кажет    болып    отырған    іс
көрсетілуге тиіс.

Дәлелдемелер камтамасыз ету туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот ұйғарым шығарады. Мүндай өтініш кабылдаудан бас тарту туралы судьяның үйғарымына жекеше шағым берілуі мүмкін,

Дәлелдемелерді камтамасыз етуді жалпы іс жүргізу ережелеріне сәйкес судья жеке — дара жүзеге асырады. Өтініш беруші және іске катысушы басқа түлғалар дәлелдемелерді камтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді камтамасыз ету туралы өтінішті карауға кедергі болып табылмайды.

Хаттамалар және дәлелдемелерді камтамасыз ету тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске катысушы түлғаларға хабарлана отырып, істі қараушы сотка беріледі:

Дәлелдемелерді камтамасыз етудің мерзімі заңда карастырылмаған, бірақ бүл мерзім норма аналогиясы бойынша сот тапсырмасы орындалатын мерзімнен, яғни 10 күннен асып кетпеуі тиіс.

Іс сотта туындағанға дейін дәлелдемелерді камтамасыз етуді заңдармен көзделген тәртіппен сотта нотариустар немесе консулдык мекемелердін лауазымды адамдары жүргізеді.

«Нотариат туралы» ҚР Заңының 98 және 99 — баптары дәлелдемелерді камтамасыз ету туралы сүрактарды реттейді.Нотариус сотта немесе баска кұзіретті органда іс туындаған жағдайда, егер кейіннен дәлелдемелерді табыс ету мүмкін емес немесе қиын болады деп топшылауға негіз болса, мүдделі түлғалардың өтініші бойынша қажетті дәлелдемелерді камтамасыз етеді.

Нотариус мүдделі түлғалар өзіне өтініш жасаған кезде соттың немесе баска қүзіретті органның қарауында жаткан іс бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз   етпейді.   Дәлдемелерді   қамтамасыз   ету   тәртібі   бошлі’ нотариус азаматтарға сауалдар кояды, күжаттар мен заттарды қарайды. кажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.

Дәлелдмелерді камтамасыз ету жөнінде іс жүргізу әрекеттерін жасаған кезде нотариус ҚР АІЖ зандарының нормаларын басшылыққа алады.

Нотариус тараптар мен мүдделі адамдарға дәлелдемелерді камтамасыз ету уакыты мен орны туралы хабарлайды, бірақ олардың келмей калуы дәлелмелерді камтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетті жасауға кедергі болып табылмайды.

Тараптар мен мүдделі адамдардың біреуін хабардар етпей дәлелдемелерді камтамасыз ету тек кейінге қалдыруға немесе іске кейіннен кімнің катысатынын аныктауға болмайтын жағдайларда ғана жүргізіледі. Куә немесе сарапшы шакыру бойынша келмеген жағдайдг нотариус ҚР заң-актілерінде кезделген шараларды колдану үшін куәніі немесе сарапшынын түрғылыкты жері бойынша соттка бүл тураль хабарлайды.

Нотариус азамат пен маманды көрнеу жалған айғак немесе корытындь бергені және айғак немесе корытынды беруден бас тартканы немеа жалтарғаны үшін жауап беретіні туралы ескертеді.

 

1.4. Азаматтық iс жүргiзудегi куәнiң айғақтары

 

 

Қоғамдық қатынастың құрамдас бөлігі құқықтық қатынас әдетте қатынастың қатысушысы болып табылмайтын басқа адамдардың көз алдында туындайды, өзгереді, тоқтайды. Болып жатқан жағдайды объективті түрде қабылдап қайтадан шығаруға кабілетті. Осы жағдайдан куәнің процессуалдық фигураны анықтап болмайды. Сонымен куә дегеніміз өзінің физикалық және психикалық даму деңгейімен болып жатқан оқиғаны дүрыс қабылдап, сақгап, сот мәжілісінде қайтадан шығаруға қабілетті және соттың шешімінде заң мүддесі жоқ тұлға. Куә ретінде келген жоғарыда аталып өткен талаптарға сай кез-келегн адам бола алады. Куәнің айғақтарының құндылығы куәнің юридикалық мүдделі түлға еместігінде. Сол себептен куәнің деректі фактілерді нақтылы өмірде болған күйінде айтпауында негіз жоқ. Басты шарт адамның өз көзімен көрген кепіддік берілген мәліметі дәлелденіп отырған фактіге байланысты болуы керек. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 79-шы бабының 2-ші тармағында куә ретінде шақыруға болмайтын субъектілер тізімі берілген. Осыған сәйкес келесі адамдар куә міндетін атқара алмайды:

  1. Балаларды тәрбиелеу туралы   даулар   бойынша   істерді қоспағанда  өзінің жастығына, дене  немесе  психикалық кемістілігіне   орай фактілерді   дұрыс   қабылдауға   және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар.
  2. Өкілдік немесе     қорғаушының     міндетін     атқаруына байланысты     өздеріне      белгілі     болған      мән-жайлар туралы-азаматтық      іс      бойынша      актілер      немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
  3. Шешім немесе  үкім  шығару  кезінде   істің  мән-жайын кеңесу   бөлмесінде       талқылау       кезінде       туындаған мәселелер туралы — судья;
  4. Олар тәубаға келу кезінде  сенім  білдірген  адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы дін қызметшілері;
  5. Занда көрсетілген     басқа     адамдар     жауап     алуға жатпайды.

Физикалық кемістігі бар адам да куә болуы мүмкін . Мысалы, құлағы нашар еститін адам көру арқылы іс бойынша маңызды мәліметтер алуына мүмкіндігі бар. Сондықган әрқашанда куәнің айғақтары қашан және қандай жағдайда қалыптасқандығы туралы толық анықтама қажет. Куәлік айғақ екі бөлімнен тұрады: жалпы және арнайы бөлім. Жалпы бөлімде куәнің жеке басын анықгайтын мәліметтер, оның тараптарға қатысын және іске қатысын көрсететін мәліметтер кіреді. Ал арнаулы бөлімге дәлелдемелік мағынасы бар мәліметтер кіреді. Процессуалдық заң куәні қосымша құқықгар мен міндеттерге ие еткен. АҚЖК —нің 80-ші бабына сәйкес, куә сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ     беруге     міндетті.     Науқастығының     (қарттығының, мүгедектігінің) немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса , сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін. Көрінеу жалған айғақ берген және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқан немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 352-ші, 353-ші баптарында көзделген жауаптылыққа таратылады. Бүл жерде «занда көзделмеген негіздер бойыншаң деген сөз осы АҚЖК 17-ші бабына сілтеме жасап тұр. Бұл бап бойынша ешкім өзіне, жұбайына, және ауқымы заңнмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

 

1.5.  Тараптардың және үшiншi жақтардың түсiнiктемелерi

 

             Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде және  әдебиеттерде  көрсетiлген  дәлелдеу  құралдарының  iшiндегi  сот  үшiн  ең  маңыздысы  тараптардың  және  үшiншi  жақтың  түсiнiктемелерi  болып  табылады.  Сол  себептен  заң  мұндай  дәлелдемелер  мiндеттi  түрде  тексерiлiп  зерттелiп,  бағалануы  керек дейді.   (АҚЖК  78-шi  бабының  1-шi  тармақшасы).  Сотта  түсiнiктеме  беру  сол  себептен  заңмен  қамтамасыз  етiлген.  (АҚЖК  47-шi  бабының  1-шi  тармақшасы).  Сот мәжiлiсiне  қатысушылардың  бiреуi  сот  мәжiлiсiнiң  болатын  орны мен  уақыты  туралы  хабарсыз  қалу  себебiнен  сот  мәжiлiсiне  келмеген  жағдайда  мұндай  iс  бойынша  шыққан  сот  шешiмi  күшiн  жояды.  Себебi  тараптар  материалдық  қатынастың  субъектлiрi  болғандықтан  олардың  бiреуiнсiз  олардың  iс  қарағаны  дұрыс  емес.

     Жауапкердiң  және  талапкердiң  түсiнiктемелерi  өзiндiк  дәлелдемелердiң  бiр  түрi  болып  табылады.  өйткенi  субъектi  дәлелдемелiк   мәлiметке  өз  ойында  сақтап   өзi  мәлiмет  тасымалдаушы  ретiнде  сотқа  түсiнiктеме  берiп  тұр.  Тараптардың  және  үшiншi  жақтардың  түсiнiктемелерi  толық  зерттелiп  бағалануы  қажет.  Себебi  бҮл  тҮлғалар   iстiң  бiр  жақты  шешiлуiне  материалды  мүдделi  тұлғалар  болып  табылады.  Ең  алғашқы  тараптардың  түсiнiктемелерiнiң  делелдемелiк  күшiн  түсiну  үшiн   алдымен  сол  дәлелдемелердiң   қайнар  көзi  болып  табылатын  тараптардың  өзiн  зерттеп  бiлуiмiз  керек.  Тараптар,  жауапкер  және  талапкер,  материалдық  қатынас  субъектiсi  болғандықтан,  болған   дау  туралы  олардан  артық  бiлетiн  адам болуы  мүмкiн  емес.  °детте  құқықтық  қатынас  пайда  болуы,  өзгеруi  және  тоқтатылуы  оқиға  емес  көбiнде  қатысушылардың  жүрiс  тұрысына  немесе әрекеттерiне  байланысты. Бiрақ  бұл екi  жағдайдың  екеуiнде  материалдық  қатынастың  қатысушылары  дәлелдеушi  мәлiмет  тасымалдаушы  болып табылады.  Кейбiр  заң  әдебиеттерiнде  тараптардың  және  үшiншi  жақтың  түсiнiктемелерiнiң  басқа  дәлелдеме құралдарынан  айырмашылығы  анық  көрсетiлген [3].

     Бiрiншiден,  тараптар – даулық  қатынастың  қатысушылары  және  iстiң  шешiлуiне  мүдделi  тұлғалар.  Осы  себептен  тараптардың  түсiнiктемелерi  талап  ету  сипатында  болады.

     Екiншiден  фактiлер  туралы  деректер  хабарламасын  тараптардың құқығы мен  мiндетi  ретiнде  бiр  мезгiлде  қарауға  болады.  Тараптарды  дұрыс  және  толық  мәлiмет  беруге  iстiң  тез  арада  және  әдiлеттi  шешiлуiне  мүдделiлiгi  итермелейдi.  Тараптар  өз түсiнiктемелерiнде  талап  арыз  қоя  алады,  оның  мөлшерi  көбеймейдi  немесе  кiшiрейiмедi,  өтiнiштер  жариялайды,  бейбiтшiлiк  келiсiмге  келуге  шақырады,  сот  талқылауы  барысында  туындаған  мәселелер   бойынша  өз  ойларымен, шешу  жолымен  бөлiседi  және де  осы  түсiнiктеме  фактiлерi  бойынша  деректер  ұсынады.  Көптеген  авторлар  тараптардың  әрекеттерiнiң,  түсiнiктемелерiнiң  iшiнен  тек  өзгермелiк  фактiлер туралы  деректердi ғана  бөлiп  дәлелдеу  құралы  ретiнде  таниды[4]. Осы  айтылған  ойларды  қорытындылай  келе  тараптардың  түсiнiктемесiнде  мәлiметтердi  мағынасы  бойынша  5 топқа  бөлуге  болады[5].

 

  1. Мәлiмет, деректi фактiлер  немесе  дәлелдемелер;
  2. Ерiк бiлдiру;
  3. құқықтық қатынасты  юридикалық  сараптау  туралы  ойлары;
  4. мотивтерi, аргументтерi (өз  позициясын негiздi  етiп  көрсетуге  бағытталған);
  5. түсiнiктеме берушiнiң  эмоциясын,  көңiл  күйiн  бiлдiретiн  бөлiм;

       Осы  5  бөлiмнiң  iшiндегi  тек  бiрiншi  бөлiмдi  ғана  дәлелдеу  құралы  ретiнде  қарауға  болады.  Ал  қалған  4  топ  (ерiк  бiлдiру,  аргументтер,  құқықтық  баға  беру  т.б.)  соттық  дәлелдемеге  жатпайды.  өйткенi,  бҮл  топтардағы  мәлiметтерде  дәлелдеу  күшi  жоқ,  сол  себептен  тарапатардың  және  үшiншi  жақтың  берген  түсiнiктемелерiнiң  барлығын  соттық  дәлелдеме  ретiнде  қарай  беруге  болмайды [6].

     Тараптардың  және  үшiншi  жақтардың  түсiнiктемелерiн  дұрыс  бiлiп  түсiну  үшiн  теорияда  бұл  дәлелдемелердi  бөлек  түрлерге  бөлу  әдiсi  қолданылады.  Сонымен,  бұл  дәлелдемелердi  бөлудiң  басты  негiзi  дәлелдемелердi   сотқа  жеткiзу  әдiсiне  байланысты   болуы. Түсiнiктемелерi жазбаша және ауызша  түсiнiктемелер  болып  екiге  бөлiнедi.  Процессуалдық  заң  бiреуiне  екiншiсiнiң  алдында  ерекше  күш  бермейдi.  Керiсiнше   азаматтық  iс  жүргiзу  ауызша  және  жазбаша  түрдiң  бiр-бiрiн  толықтырып  қатар  жүруiне  бағытталған.

 

 

 

1.6.Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеуде сарапшының

құқықтары мен міндеттері

 

Сарапшының істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы етінім жа-сауға; соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға жөне оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға; тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуга және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс керсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға; езінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсету-ге; өзінің ана тілінде немесе езі білетін тілде қорытынды үсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегін кемегін пайдалануға; сараптама жүргізу кезінде ез құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға; өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәсе-лелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар кррытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргізу кез-інде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға қүқығы бар,

  1. Сарапшының: соттан басқа іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін өз бетінше материалдар жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың оған арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.
  2. Сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге; жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақберуге міндетті.
  3. Көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді ткізудіңмүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

  1. Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып-түйілген және мөрлеп бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері түрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
  2. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардыңқалыпты жұмысына кедергі келтіретін жагдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға са-ікіптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді. Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот са-эптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшы-ына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге сырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, жүргізу мерзімдерін бепгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін жөне қорытындының мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.Сараптама жүргізуге байланысты шағындарды өтеу, сондай-ақ сарапшы-ның еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 108-бабының ережелері бойынша жүргізіледі. Сараптама жүргізуді сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады. Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттөулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықгағы бірнеше сарапшы жүргізеді. Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды не қорытынды берудің мұмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспе-ушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды. Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы ез бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға қуқыпы. Кешеңді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізіңде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамаңдығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбірсарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытынды-лар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға қүзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер негіз болса, онда бүл туралы қорытындыда керсетілуге тиіс. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттөулердің нәтижелері осы Кодекстің 94-бабының үшінші белігіне сәйкес ресімдөледі. Сот сараптамасы органына тапсырылған көшенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Сарапшының қорытындысы — бұл сарапшының алдына сот нөмесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген осы Кодексте көздөлген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар. Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өз (олардың) қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сарапта-маны сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органныңмөрімен куәландырылады. Сарапшының қорытындысында: қашан, қайжерде, кім(тегі, аты, әкесініңаты, білімі, мамандағы, мамандағы бойынша жүмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі) қандай нөгізде сараптама жүргізілгені, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыотық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшыныңқол қоюы арқылы куәландырылған белгі; сарапшыныңалдына қойылған сүрақтар; сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысқаны және қандай түсініктемелер берілгені; сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны; қандай объек-тілердіңзерттелгені; қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенімді екені; қойылған сүрақтарға негізді жауаптар көрсетілуге тиіс. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бүларды өз қорытындысында керсетуге құқылы. Егер зерттеу барысында осы Кодекстің97-бабында аталған мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жа-уап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сон-дай-ақ фотокестелер, тәсімдер, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосым-шасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды. Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімді, дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге жәнө сот ісін қарауға қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті.

 

 

 

 

ІІ-ТАРАУ  АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР

ТҮСІНІГІ

 

2.1. Азаматтық iс жүргiзудегi  дәлелдемелер түсінігі, нысаны

 

 

Дәлелдемелер сотта істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін қолданылады. Сот, бірде-бір істі оның мән-жайын анықгамай шеше алмайды. Соттың міндеті-кұқықтармен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болатыны мәлім. Осы қорғауды көрсету үшін сот әрбір жағдайда, талапкер кұқықгы қорғауды сұрап жатқан құқықгың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген міндеттің жатқандығын, даулы құқыққатынастарын ашып анықгау керек. Бірақ, құқықгар мен міндеттер өздері туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруін және тоқгалуын, заң белгілі —бір заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады.               Сондықган,          сот               даулы   құқыққатынастарды анықтау үшін алдымен нақты қандай заңи     ақиқаттардың болғанын анықтау керек. Сот әділдігі — бұл қатаң анықгалған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажетті талабының бірі            соттық      шешімінің         процессте      дәлелденген ақиқаттарға   негізделуі болатын   қызмет. Процесстен      тыс,   дәлелдемелер     қатарынан   емес алынған ақиқаттар туралы мәліметтер  мен мәлімдемелер сот пен қолданылмайды. Егер мысалы, судьялар жеке өмірден    баспаның   мәліметінен   т.б. істің   мән-жайы туралы нәрселер      білсе,   мұндай         мәліметтер         соттың, корытындысы үшін    негіз   бола алмайды. Азаматтық іс жүргізу заңының 218 бабының 2 бөлімі, сот шешіміледе сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді деп мәлімдейді. Сотта дәлелдемелер ретінде не қолданылатындығын процессуалды заң анықгайды. Соттың дәлелдемелерге — тараптармен үшінші тұлғалар түсініктемелері, сарапшылар корытындылары т.б. жатады.

Заң, сотқа жіберілетін дәлелдемелер тізімін ғана анықтап қоймайды, ол сонымен қатар олардың әрбіреуін пайдаланудың процессуалды тәртібін де анықтайды. Мысалы, кімнің куә бола алатынымен бола алмайтыны, сараптаманы қалай тағайындау анықгалады.

Азаматтық іс жүргізуде істің ақиқатты мән-жайын анықтау қызметі соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайымен ақиқаттар дәлелдеу пәні, ал дәлелдеудің жүзеге асу құралдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер — істің ақиқатты мән-жайын анықгау үшін сотпен қолданылатын қүралдар болып   табылады. Соттық дәлелдеме санатын түсінудегі белгілі қиындық, дәлелдемелердің әрбір дәлелдеу құралы атауында және істің мән-жайы туралы ақиқатты мәліметтерден соттың алатын жеке       АКДК     64  бабында     көрініс табады.          Бірінші бөлімінде      дәлелдемелер    нақты      деректер    болса[7],    екінші бөлімінде дәлелдемелер — дәлелдеудің процессуалды құалдары болады. Мұндай жағдайға соттық практика мен әдебиет те түседі. әдебиетте осы екі санаттарды бөліп әрі дәлелдемелер ретінде тек нақгы деректерді ғана атауға қадамдар жасалады. Бірақ, бүл іс жүзіне аспады. Осындай ұсыныстардың авторларының өзі дәлелдемелер ретінде нақты деректермен         дәлелдеудің             процессуалды кұралдарын   атады.

Сонымен, соттық дәлелдемелер — бұл заңмен қаралып реттелген дәлелдеудің процессуадды құаддары (тараптармен үшінші      жақгардың      түсіндірмелері,            сарапшылардың қорытындысы). Дәлелдемелер деп сонымен қатар олардан алынған нақгы деректерді де атайды жеке оның негізінде сот   істің мөн-жайын   анықгайды. Нақгы деректер деп соттың куәларды сүраудан, құжаттарды дереьсгерден т.б. алатын істің мән-жайы турал мәліметтерді айтамыз.         Нақты    деректерге    дәлелдемелік

деректер де жатады. үнемі дәлелдемелер, іс бойынша анықтауға жататын заңи деректер туралы тікелей емес мәліметтерді емес, олар заңдылармен белгілі — бір байланыста болып және осылар арқылы байырғы занда деректердің барын не жоғы турал қорытынды жасауға мүмкіндік беретін кейбір басқа деректер туралы мәліметтерден тұрады. Іс бойынша өздері байырға заңи дерек болмайтын, бірақ олар туралы қорытынды үшін негіздер     беретін ақиқаттар дәлелдемелік   деп аталады[8]. Мәліметтерді

Осындайтараптардың процессуалды       теориямен          соттық             практикада дәлелдеменің         қайнар           көздері           ұғымы      мәлім.

Дәлелдеменің     қайнар     көздері     болып     деректер     туралы ұстаушы заттармен тұлғалар шығады. дәлелдемелердің қайнар көздері, яғни түсіңдірмелері, срапшылар қорытылары сішқгылардың қайнар көздері адамдар-сарапшылар, куәлар т.б. болады. Олардың қалыптасуынада маңызды рольді адам психикасының ерешеліктері ойнайды, яғни олар — лүрыс қабылдау қабілеті, істегі мүмкінді мүдделік т.б. Осындай кезеңдер, кез-келген жеке дәлелдеулерді зерттеумен бағалауда есепке алынады. Оайнар көзі ретінде шығатын дәлелдемелерді заттық, жазбаша немесе аралас деп атайды.

Дәлелдеу — соттық дәлелдемелер арқыла істің мән-жайын анықгауға бағытталған қызмет. Ол нақгы істі қарау       бойынша        барлық     процессуалды  қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу — дәлелдемені ұсынуда, жинауды  зерттеумен  бағалауды     алып      жатады.

Дәлелдемелерді іске қатысушы тұлғалар үсынады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде олардың ұсыну құқығы 66 бапта көрсетілген. Дәлелдемелерді ұсыну әдісі, қандай дәлелдемеге        қатысы    сөз    болуына байланысты.

Куәлардың көрсетулеріне қатысты айткднда, қандай куәлар істің мән-жайын растай алатыны көрсетіледі. Жазбаша жеке заттық дәлелдемелер жіктей сотқа беріледі. Егер де     олар     баскд       түлғаларда     болса, онда

соттың      оларды     талап     етуі     туралы шағымын      беруге болады.

Дәлелдемені сот жинайды. Ол тараптар үсынған дәлелдемелерді қабылдап, оларың шағымымен куәларға шақырулар жібереді. Сарапшының қорытындысы үшін сот сарапты   тағайындау    туралы анықтама   шығарады. Ал дәлелдемелерді жинау талап арызды қабылдаған кезден басталады әрі істі сотта істі қарауға дайынадау кезінде жүргізіліп сот мәжілісіне дейін бітуі керек. Бірақ, заң дәлелдемелерді жинауға бұдан кейін де жол береді. Сот мәжілісіңде жаңа дәлелдемелерді — зерттеу туралы шағымдар берілуі мүмкін және сот тараптарға қосымша дәлелдемелерді ұсынады талап етеді. Сондай-ақ, дәлелдемелерді қамтамасыз ету институтын қолдану арқылы    жиналады. Дәлелдемелерді басқа қалада жинау қажеттігі туындағанда істі қараушы сот, сәйкестенген сотқа белгілі бір процессуалды әрекеттер жасауды тапсырады. Бүл тапсырма он кунге дейін орындалауы керек. Дәлелдемелер        сот          мәжілісінде       жариялық,   ауызша, тікелейлік, үзіліссіз, жарысушылық қағидалары арқылы зерттеледі. Сот мәжілісінде тараптардың түсіңдірмелері тыңдалады, куәлар сүралады, сарапшылар қорытьщысы жарияланады. Жазбаша дәлелдемелер жарияланады, ал заттық дәлелдемелер қаралады. Егер жазбаша немесе ауызша дәлелдемелер сотқа келіне алмаса, онда олар орналасқан        жерінде      қаралып        зерттеледі[9].          Қарау әрекеті — барлық тұлғаларды орынмен уақытын ескертіп сот жүзеге асырады. Қараудың нәтижесі хаттамаға жазылады.

Дәлелдеу   пәні кез-келген істі дұрыс шешу үшін сот іске қатысты барлық заңда деректерді анықтау керек. Істі нақты шешудегі анықтау заңда деректер жиынтығы дәлелдеу пәні деп аталады. Әрбір іс үшін дәлелдеу пәніне келетін деректер құрамы әртүрлі болады. Сот оны тараптардың талаптарымен қарсылығынан шыға отырып және материалдық құқық нормаларын басқа ала отырып анықтайды.

Дәлелдеу         пәніне     талаптармен     көрсетілген       талап

арыздың негізгі түріндегі заңи деректер жатады. Дәлелдеу пәніне сонымен қатар талапқа қарсы қарсылық көрсету негізінің деректері жатады. Процесске дербес талап мәлімдеуші немесе талаптар енгізілгенде іс бойынша дәлелдеу пәніне осы талаптардың пайда болу   деректері де    кіреді. Тараптармен көрсетілген деректердің қандай заңды мәні бар екендігін және қандай деректерді анықгау керектігін анықтауда сот даулы қатынастарды реттейтін материаддық құқық нормаларын басқа алады. Осы нормалардың гипотезасында тараптардың құқықгары мен міндеттерін тәуедді болатын деректер көрсетілген және бүар іс бойынша   дәлелдеу   пәніне   кіреді[10].

Дәлелдеу пәніне әртүрлі заңца заңи деректер кіре алады, яғни оқиға да, әрекетті, заңцы да, заңсыз да. Дәлелдеу   пәніне     оң   да,     теріс   те   деректер кіреді.

Азаматтық іс жүргізу кодексі дәлелдеусіз істің шешілу негізіне жататын деректердің екі санатын қарастырады. Сондықтан, олар дәлелдеу пәніне енгізілмейді. Олар жалпыға мәлім деректермен преюдициалды анықталған ақиқаттар. Жалпыға мәлім деректер көпшілік ортаға мәлім деректер болып табылады. АҚЖК 71 бабының 1 бөлімі 5, сот жалпыға белгілі деп таныңан мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Сонымен, мән-жайды жалпыға мәлім және дәлелдеуді қажет етпеуді тану құқығы тек сотқа      ғана           бар.   Белгілі   —бір      деректер         туралы

мәліметтердің таралу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Деректердің өздері бүкіл әлемге, бір елдің аумағында, облыста, ауданда әйгілі болады. Таралу дәрежесіне карамастан жалпыға мәлім деректер дәлелдеуге жатпайды. Бірақ та, таралу дәрежесімен келесі проццесуалды салдарлар байланысты, олар; бір еддің шегінде мәлім деректі сот өзінің шешімінің негізіне ешбір жариясыз сала алады. Егер де керек тек бір аз аумақга мәлім болса, мысалы аудан шегінде болса, онда сот шешімінде осы деректі жалпыға мәлім болғандықган дәлелдеуге жатпайтынын танылғанын көрсетуі керек. Мұндай көрсету өте қажетті, себебі жоғары сот инстанцияларында бүл дерек мәлімсіз болуы мүмкін және ол шешімде неліктен дәлелдеменмен   расталмағандыға   көрсетілуі    керек[11].

Дәлелдеуге преюдициялық танылған, яғни бұрын шығарылып заңцы күшіне сот үкімімен басқа іс бойынша анықгалған деректер жатпайды. Ал практикада кейде бүрын сотпен зерттелген деректер басқа істерді шешу үшін маңызды болып қызмет көрсететін жайлар да кездеседі. Олар дәлелденбейді, себебі заңды күшіне соттық қаулысымен анықгалған. Сот оларды тексеріп жаңа соттық қарауға жібере алмайды. АҚЖК 71 бабының 2 бөлімінде 6, бұрын қарастырылған азаматтық іс бойынша соттыың заңцы күшіне енген шешімі мен анықгалған мән-жайлар сот үшін міндетті және басқа азаматтық істерді қарауда сол түлғалардың қатысуымен қайта дәлелденбейді деп жазылған. Соттар өз қызметінде преюдициалық ережелерін қатаң сақгап преюдициалық деректерді қайта дәлелдеуге жол бермеуі керек. Егер кейбір жағдайларда істі кешірек қарап жатқан сотта шешім не үкіммен занды күшіне енген деректің дүрыстығына күмән туындаса, ол шешім не үкімді қайта қарау туралы сүрақгы қадағалау тәртібінде қарауға жібере алады. Заңға сәйкес, сот органдары және олардың тек үкімдері және    шешімдерімен          анықгалған    мән-жайлар

преюдициалық      мәнге    ие    болады.        Ал    басқа    соттық қаулылар,     мысалы          прокурор   —  тергеу  органдарының қаулылары    дәлелдеуден босатуға негіз болмайды.

Азаматтық іс жүргізу құқығының теориясында дәлелдеуге жатпайтын деректерге кейде жорамал және даусыз деректерді   жатқызады[12].   Бірақ,     біздің    құқықтық    жүйеде олай      емес.      Жорамалдар,         белгілі-бір            деректерді дәлелдеуден тек бір ана тарапты босатады. Ал екінші тарап осы деректерде танымай итеруге дәлелдемелер үсынып олардың жоқгығын дәлелдемейді. Сот өзінің бастамасымен әрі құқығын пайдалана отырып дәледемелер арқылы жорамалданушы ескертердің болуын тексере алады. Жорамалдар деректерде дәлелдеу міндетін қайта бөледі, бірақ оларды дәлелдеу пәнінен шығара алмайды. Даусыз деректер деп екінші тарап дәлелдейтін бір тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық іс жүргізуші деректе тану — іс бойынша тек дәлелдеме болуы саналады. Танылған дерек — дәлелдеу оған қатысты іске асқан дерек болып табылады. Бұл істің мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға   негіз   жоқ.

Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материальдық — құқықтық мәні бар деректерді жатқызады. Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықгаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда басқа да мән-жайларды     анықгауда          материалдық-құқықтық         емес,

процессуалдық мәнді кажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туыңдайды. Сондықган, жазбаша    дәлелдеме      болатын    сәйкстенген    анықтамалар[13]алынады. Белгілі -бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен    анықталады. Процессуалды         мәні      бар            мән-жайларға   тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде колданылатындықган процессуалды мәнге ие болады. Бұған дейін олар басқа дәлелдемелер арқылы анықгалуы,   яғни   дәлелдену керек. Сонымен, іс бойынша дәлелдеуе тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық -құқықгық мәні бар деректері (дәлелдеу пәні); процессуалды-құқықтық        мәні             бар           деректерді (процессуадды сұрақгарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады. в) Дәлелдемелерді   дәлелдеу   және   үсыну    міндеті Істі шешу үшін кджетті деректерді анықгау, сотқа дәлелдемелерді үсыну және оларды сот мәжілісінде зерттеу арқылы дәлелденеді. Процесс үшін аса маңызды жәйт ретінде          кімді  дәлелдеу       міңдеті       шығады.     Біздің процессімізде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу міндеті тараптарда болады. АҚЖК 65 бабына сәйкес 9, әрбір тарап өзінің талабымен қарсылығының негізіне сіптеме жасайтындай белгілі-бір мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, біз   тараптарда   дәлелдеу   міндеті болатынын   және әрбір тарап өзінің талабын негіздеу үшін сол мән-жайды дәлелдеуге   міндетті екенін көреміз. Белгілі — бір дерекке сәйкес сүйенген тарап бітеді әрі осы бойынша дәлелдемелерден көрсете алады, ал сот осы дәлелдемеден осы дерек туралы мәлімет алатындығын жоғарыдағы айтқандар мәлімдейді. Тараптың талабымен қарсылығын негіздейтін дерек болған соң тарап оның анықалуында мүдделі болатындықган, сол тараптың осы деректің расталуы үшін барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгілі-бір тарап деректі дәлелдемесе, онда шешім оның пайдасына шешілмейді. Бірақ та біздің процессте сот тараптарға дәлелдеуге ықпал жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер үсынуға жол береді. Егер қосымша дәлелдемелерді ұсыну оларға қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелерді жинауға ықпал жасайды. Бірақ та, тараптар соттық ыкдалына сене бермеу керек. Соттық дәлелдемелердің болуын тек тараптардан        білетіндігін     де        еспеке        алу    керек.

Процесстегі тараптардың қызметсіздігі, дәлелдеменің табылмай қалуымен анықгалуға тиіс деректің дәлелденбей қалуына   алып келеді. Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас тартулар да болады, бұлар дәлелдемелік жорамалдар арқылы анықгалады. Дәлелдемелік жорамал — бұл белгілі-бір деректің болуын, егер басқа онымен байланысты деректер дәлелденсе болатынын заңмен анықгалған жорамалау   болып     табылады.        Егер    бір    тарап      өзінің  талабымен қарсылығын негіздеуде дәлелдемелік жорамал кол астына түсетін қандай да бір дерекке сілтеме жасаса, онда ол бүл деректі дәлелдемейді, себебі ол бар болып жорамалданады. Екінші тарап, бұл жорамалды жоққа шығара алады, егер бұл жағдайда жорамаддау дерегі жоқ деп   дәлелдесе. Азаматтық    процесстегі            барлық            дәлелдемелік жорамалдар жоққа шығарылуы мүмкін. Жорамалды жокқа шығару, шындыққа сәйкес шешім шығаруды қамтамасыз етеді. Егер жорамал істің мән-жайына сәйкес келмесе, онда мүдделі тарап одан бас тарта алады. Дәлелдемелік жорамалдау тараптар арасында дәлелдеу міндетін бөлуді өзгерте отырып, сотты істің нақгы мән-жайын анықгау қажеттігінен       босатпайды,    әсіресе          нақгы       жағдайда жорамалдау дерекі болуын не болмауын тексеруден босатпайды. Егер де жорамалдау дерегі нақгы болуы не болмауы туралы шын қорытынды жасауға дәлелдемелерді анықгай    алмағанда      ғана,           сот      занда      анықгалған жорамалдарға шешімін негіздей алады. Дәлелдемелік жорамалдың маңызы сол, олар белгілі-бір деректің болуы туралы жорамалдау жасай отыра, тараптың бірін дәлелдеу қажеттігінен босатады, ал екінші тарапқа сол деректі шығару міндетін салады. Осыған байланысты осы екінші тарапқа жорамалдың жоққа шығарылмағандығымен байланысқан пайдасыз салдардың туындау мүмкіндігі өтеді. Бүдан жорамалдың материалдық-қүқықгық әрекеті көрінеді. Кейде                жорамалдар           процесстің           кейбір катысушыларының            процессуалды    жағдайын    жақсарту

мақсатыңда  қолданылады. Мысалы,  жәбірленуші мүддесіндегі калыптасқан зиянкелтірушінің кінәсін жорамалдау.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз — Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықгтры негіздейтін мән жайлардың бар — жоғын сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды мән жайларды солардың негізівде анықгайтын занды түрде алынған нақгы деректер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бүл нақгы деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақгарымен, заттай дәлелдемелерімен, сарапшылапдың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де қүжатгармен анықгалады.

Енді дәлелдемелердің маңызын, мазмүнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың осы туралы берген анықгамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н.Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің рас шындығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайқызған. Бүл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер деп даулы юридикалық фактінің бар жоқгығы туралы соттың шешіміне себеп болатын заңды негізң, — деп айткдн. Шын мәнінде Малышев соттық делелдемелерге анықгаманың логикалық        дәлелдемелер        түрғысынан    бастап        заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер бір біріне ұқсас. Басты айырмашылығы М.К. Треушниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треушников: «логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп аталадың — дейді: басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар дәлелдеме ережелері болады. Ал сот тәжірибесінде фактінің нағыз өмірде орын алған, алмағандығы дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы Треушниковтың берген анықгамысын төмендегідей: «Соттық дәлелдемелер дегеніміз — қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін занда көзделген процессуалдық сипаттағы және заң талаптарына саи алынған және зерттелген мән жаийлары. С.В. Курылевтың көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірге белгілі фактілер мен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған деген материалистік диалектикалық заңына сүйеніп берген. Дәлелдемелерді тек фактілер ретінде процесуалдық формасынан айырып қорғауға болмайды. Өйткені заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде тек қана заңда көрсетілген бойынша алынған дәлелдемелер танылады[14]. Осы туралы  М.Х.Хутыз  былай деген: «Дәлелдеу құралынан  бөлек қалыптарында фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайдың деген .

Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде кұрайды. Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, — деректі фактілер, екіншісі, — дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын, қылмыстың бар жоқгығын және адамның негізін де  анықгайтын фактілер, ал  екіншіден  заң көрсетілген        дәлелдемелердің        қайнар көздерінің

Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: «Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте фактілік дерек пен дәлелдеу қүралы өте тығыз байланыста және бір-бірінен фактілік деректер де дәлелдеу күралы да дәлелдеу функциясына айырмада баскдша айтқанда соттық меншікте заңды негіз бола алмайдың. Бүл оймен көптеген авторлар келіседі, және де автор: «Деректер туралы фактілерң, «Деректі фактілерң деген үғымның орнына «информацияң, «мәліметң деген үғымды қолдануды үсынды. Осыған байланысты Саханова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықгама берді: 1. Дәлелдеме ретінде істі дүрыс  шешу үшін  қолданылатын және     заң     талаптарына     сәйкес     алынған     мәлімет табылады[15]; 2.  Бұл    мәлімет    тараптардың    жауаптарынан,  куәлардың айғақгарынан,         құжаттарда        немесе                заттай дәлелдемелерден,      сарапшының           қорытындысынан, маманның      түсініктемесінен,      және      де   ЭЕМ-ның көмегімен, аудио, видио, және компьютерлік   техникадан алынуы мүмкін;   Шығу    тегі    белгісіз    дәлелдеме    ретінде    қолданыла алмайды.

 

 

 

 

2.2. Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдемелердiң жарамдылығы

 

Іске     катысушылардың     түсініктемелері

 

ҚР  Азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнiң   64-  бабындағы  анықтаманың  мазмұнынан   шығатын  термин  дәлелдемелердiң  қатыстылығы.  Бұл  терминге  арнайы  азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнiң   67- бабы  арналған: егер  дәлелдеме  iс  үшiн  маңызды  мән-жайлардың  бар  екендiгi  туралы  тұжырымдарды  растайтын,  терiске  шығаратын  не  оларға  күмән  келтiретiн  нақты  деректер  болса,сот  дәлелдеменi  iске  қатысты  деп  танидың.

     Азаматтық  iстегi  дәлелдемелердiң  көлемiн,  қатыстылығын  анықтайды.   Сот  iске  қатысушы  тұлғалармен  ұсынылған  дәлелдемелердiң  iшiнен  бейiмдiлiкке  жататын  фактiлермен  мағынасымен  байланысты  дәлелдемелерге  ғана  көңiл  бөледi.  Соттың  iстi  толық,    жан- жақты  және  объективтi  қарап  шешiм  шығаруы  үшiн  бiр  жақтан  қаншалықты  көп  дәлелдемелерде   зерттелiп  екiншi  жағынан  өз  мағынасымен  қаралып  отырған  iске  байланыссыз  дәлелдемелердi  айырып  алып  тастаған  дұрыс.

      Қатыстылық дегенiмiз — соттық  дәлелдемелермен   сот  қарауының  объектiсi  болып  отырған  фактiлердiң  арасындағы  объективтi  бойланыстың  болуы.  Мұндай  байланыстың   болуы  зерттелiп  отырған  дәлелдемелер   арқылы  барлық  орын  алған  немесе  орын  алмаған  мән- жайлар   туралы   мәлiмет  алуға  болады. Заң  әдебиеттерде  дәлелдемелердiң  қатыстылығы  әртүрлi  талданады.  Бiрқатар  авторлар  қатыстылықты    дәлелдемелердiң  белгi  десе,  бiрқатар  авторлар  қатыстылық  бұл  дәлелдемелердi  процеске  қосу-қоспаудың  алғы  шарты  ретiнде   түсiнедi.   Бұл  авторлардың  бұлай  ойлау  себебi  дәлелдемеде   қатыстылық  белгiлi  сипаты  бар  немесе  жоқ  екендiгi  осы  дәлелдемелер  сот  зерттеуiнде  болмай  жатып   қалай  анықталатындығында [16].  67-баптың  мазмұнына  қарайтын  болсақ,  бұл  бап  негiзiнен  соттық   жүрiс- тұрысын  реттейтiн  норма  болып  табылады,  өйткенi  тараптар  дәлелдемелер  ұсыну  барысында  қателiктер  жiберуi  мүмкiн.

      Сот  дәлелдемелердiң  қатыстылық  ережесi  бойынша   болашақ  осы  қаралып  отырған  iс  бойынша  негiзiнен   шешiм  шығару  үшiн  жеткiлiктi  мөлшерде  дәлелдемелер   көлемiн  анықтауы  керек.

     Заң  әртүрлi  iстер   бойынша  керектi  әртүрлi  дәлелдемелердiң  толық  шеңберiн  ашып  көрсетпейдi.  Сол  себеппен  дәлелдемелердiң  қатыстылығы  соттың  өзiнiң  iшкi  өкiмi  бойынша  бағалайды (Азаматтық  iс  жүргiзу  кодексiнiң  16-бабы)  М.К. Треушниковтың  ойы  бойынша  қатыстылығын  бағалау  процесiн  екi  этапқа  бөлуге  болады.   Бiрiншi  этап:   дәлелдемелердiң  қатыстылығын  шешпей  жатып   осы  тартылып  жатқан  дәлелдеме  арқылы  орнатылмайын  деп  жатқан  фактi  осы  азаматтық  iс  үшiн  маңызы  бар  ма  жоқ  па? 

    Сонан  кейiн  барып  екiншi  этапқа  осы  дәлелдеменiң  осы  фактiге  қатыстылығы  туралы  мәселе   шешiлуi  тиiс  дейдi [17]. Бұл ереже ңжалпыдан жекегең тәсiлi негiзiнде құралған ереже соттың о бастан дәлелдемелер шеңберiн дұрыс анықтамауына немесе қатыстылық мәселесiндегi  iсi бойынша  дұрыс шешiм шықпауына  әкелiп соғады.  Өйткенi  iс бойынша керек емес  дәлелдемелер немесе нағыз  керектi дәлелдемелер талап етiлмей қалуы мүмкiн. Азаматтық  iс жүргiзу кодексiнiң  65 –бабында  дәлелдеу мiндетi көрсетiлген. Бұл бап  бойынша әр тарап өзiнiң талаптарын және қарсылықтарын негiзi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиiс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну мiндетiн ашып көрсеткен.  Кейбiр авторлар қатыстылық мәселесiн соттың жеке шешуi оған шеттен тыс құзырет беру деп санайды [18].  Бiздiң ойымызша  65-шi баптағы қалып  67-шi баптың  тежегiш  механизiмi ролiнде көрсетiлген. Қатыстылық нормасының  дұрыс  қолданылуын   қамтамасыз етушi  тағы бiр  ережелер  66-шы бапта көрiнiс тапқан:

  1. Дәлелдемелердi тараптар мен iске қатысушы басқа да  тұлғалар бередi. 
  2. Iстi дұрыс шешу үшiн  маңызы бар мән-жайларды тараптардың  және  iске  қатысушы басқа да тұлғалардың  талаптары мен қарсылықтарының  негiзiнде, материалдық және iс жүргiзу құқығының қолдануға тиiс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
  3. Сот тараптарға және iске қатысушы басқа да тұлғаларға iстi дұрыс  шешу үшiн  қажеттi қосымша  дәлелдемелер табыс етудi  ұсынуға  құқылы.
  4. Тараптар мен iске қатысушы басқа да тұлғалар үшiн дәлелдемелердi ұсыну қисынды келтiрген жағдайда, сот олардың өтiнiшi бойынша дәлелдемелердi сұратып алдыруға жәрдемдеседi.

     Осылайша iске қатысушылар соттың дәлелдемелер  шеңберi  анықтауына  қатыса алады.

     Егерде  алдыда  қарағанда  белгiлi  болғандай  қатыстылық  бұл  дәлелдеменiң  мазмұнындағы  мәлiметке  байланысты  болса  дәлелдемелердiң  жарамдылығы  сол  дәлелдемелердiң  процесуалдық  формасына  немесе  процесуалдық дәлелдеу  құралдарына  байланыстылығы  қаралады.  Азаматтық  iс жүргiзу  кодексiнiң  68-шi бабында:  егер осы  кодексте  көзделген  тәртiппен  алынса,  дәлелдемеге  жол  беруге  болады  äеп  танылады, — делiнген.  Бұл  қалып  та 64-шi  баптың  мазмҮнынан  шығатын  ереже  болып  табылады.  Дәлiрек  айтқанда  64-шi бапта: …заңды түрде  алынған  нақты  деректер  iс  бойынша  делелдемелер  болып  табыладың — делiнген.  Соттағы  дәлелдеу  барысында  құқықтық  маңызы  бар  белгiсiз  фактiлер  кез-келген  дәлелдемелермен  емес  керiсiнше  алдын  ала  заңда  көзделген  дәлелдеу  құралдарымен  жүзеге  асырылады.  Жарамдылық  институты  азаматтық  iс  жүргiзу  құқығында  да  қылмыстық  iс  жүргiзу  құқығында  да  көп  зерттелiп келе  жатыр. Белгiлi  қылмыстық процессуалиñт   Кипнис Н.М.  қылмыстық  құқықтағы  дәлелдемелердiң   жарамдылығын  зерттей келе,  жарамдылық  қасиетi  4  критерииден  тұрады  деген  тұжырымға  келген:

  1. Дәлелдемелер алуға байланысты  процессуалдық  әрекет  жүргiзуге  құқылы  субъектiнiң   болуы;
  2. жарамды фактiлiк  дерек көзi (дәлелдеменiң  мазмұнын  құраушы);
  3. Дәлелдеме алу үшiн  жасалған  әрекеттiң  процессуалдық  талаптарға  сай  болуы (процессуалдық  әрекет);
  4. Дәлелдеме алу  үшiн  қолданылған  процессуалдық  әрекеттiң  талаптарға   сай болуы[19].

     Көптеген  авторлар  дәлеледемелердiң  жарамдылығы  тек  жауаптарға  қатысты  десе  (К.С.Юдельсон, И.М. Резниченко) ал, келесiлерi  бҮл  барлық  дәлелдеу  құралдарына  байланысты  дейдi  (А.Г.Калрин,  Н.Д.Лордкипанидзе).  Бұл  мәселе   бойынша  процессуалдық  құқықта  реттелген  бiр  жақты  ой  жоқ.

     Дәлелдемелердiң  жiктелуi:  тiкелей және  жанама;  алғашқы  және  туынды;  өзiндiк  және  заттық.

     Дәлелдемелердiң  жiктелуi  дегенiмiз – дәлелдемелердi  ұқсас  белгiлерiне  байланысты  топтауды  айтамыз.   Жiктеу  арқылы  бiз  дәлелдемелердi  бiрыңғай  жүйеге  келтiремiз.  Бөлу  дәлелдемеге  тиесiлi   бiр  маңызды  белгiсi  негiзiнде  жүзеге асырылады.  Бөлу  жүргiзiлген  белгi  теорияда  жiктеу  негiзi  деп  аталады.

     Дәлелдемелердi  жiктеу  бiрге  осы  дәлелдемелердi  тереңiрек  зерттеуге,  белгiлi  бiр  топқа  жататын  дәлелдемелердi  шындыққа  қол  жеткiзудегi  маңызын,  немесе  осал  жақтарын  бiлуге  мүмкiндiк  бередi.

     Дәлелдемелердi  жiктеудiң  негiзi  болып  әр  түрлi  белгiлер   болуы  мүмкiн.  Мысалы  дәлелдемелердiң  мазмұнына байланысты, немесе  процессуалдық  формасына  байланысты,  соттық  бағалау  нәтижесiне  байланысты т.б. әр түрлi  негiздерге  байланысты  бөлуге болады [20].

     Заң  әдебиеттерiнде  көп кездесетiн  және  жiктеудiң  даусыз  бiр  негiзi  бұл дәлелдемелердiң  мазмұнының  дәлелденiп  жатқан  фактiмен  байланысына  байланысты  дәлелдемелер  екiге бөлiнедi:  тiкелей  және  жанама[21].  Тiкелей  дәлелдемелер  деп  мазмұны  дәлелденiп  жатқан  фактiмен  тiкелей  байланыста  болатын  дәлелдемелер.  Тiкелей  байланыс  дәлелденiп  жатқан  фактi  туралы  бiржақты  жауап  бередi.  Мысалы,  өлімнiң  нақты  өмiрде  орын  алған  немесе   бомағандығы  туралы  өлiм  туралы  акт  жауап бередi.  Жанама  дәлелдемелер  дәлелденiп  жатқан  фактiмен  көп  мағыналы  байланыста  болады.   Көп  мағыналы  байланыс  дәлелдеу  барысында  бiрнеше  мүмкiн  қорытындыларға  алып келедi.

      Фактi  туралы  деректердiң  құрылу процессiне байланысты  дәлелдемелер  алғашқы  және  туынды  болып  екi топқа  бөлiнедi. Алғашқы  дәлелдемелер дәлелденейiн деп отырған фактiнiң  тiкелей  дәлелдемеге мәлiмет  қалдыруымен  сипатталады. Ал туынды дәлелдемелер дегенiмiз – басқа  дәлелдеме көзiнен жазылып алынған дәлелдемелер жатады.  Басқаша  айтқанда  дәлелденiп отырған  фактiмен  зерттелiп  отырған,  дәлелдеменiң  ортасындағы  тағы  да  басқа  аралық  мәлiмет  тасымалдаушылар  бар.

     Дәлелдемелердi  процессуалдық  формасының  сипаттамасына  немесе  дәлелдеу құралы  бойынша  бөлу  олардың  пайда  болу  көзiне  байланысты  бөледi.  Бұл негiзде  жiктеуге  келгенде   теоретиктердiң  ойлары   бiрнеше  топқа  бөлiнедi [22].  Жалпы   осы  негiз  бойынша  жеке және  заттық  болып  бөлiнедi.  Жеке дәлелдемелердiң  қайнар  көзi  адам  болып  табылатын  дәлелдемелердi  жатқызады:  тараптардың  және  үшiншi  жақтың  түсiнiктемелерi,  куәлардың  айғақтары,  сарапшының  қорытындысы.  Ал  заттық  дәлелдемелерге  жазбаша  және  заттық  дәлелдемелер  жатқызылады.

     Авторлардың  пiкiрлерi  көбiне  осы  жерде  айырылады.  Мысалы,  К.С. Юдельсон жеке  дәлелдемелерге   жоғарыда  көрсетiлген  дәлелдемелермен  қатар  жазбаша   дәлелдемелердi  қосады.  Автор  өз  позициясын  келесi  ойлармен  бекiтедi.  Жазбаша  дәлелдемелер  әрқашанда  белгiлi  бiр  адаммен  шығады,  және  дәлелдеме  мазмұны  материалдық  объектiде  бекiтiлгендiгi  маңызды  емесң, -дейдi  автор [23]

     С.В. Курылев  осы  негiзде  дәлелдемелердi  жiктеген  кезде  тағы  бiр  топ  алып  оны  аралас  дәлелдемелер  тобы  деп  атайды. Бұл  топқа  Курылев  сарапшының  қорытындысын,  таныту  фактiсiн,  тергеу  экспериментi  нәтижелерi – фактiсiн  жатқызады [24].  Автордың  бұлай  топтау  себебi  төмендегiдей.   Сарапшы  өз  қорытындысын  жасау  үшiн  алдымен  заттық  дәлелдеменi  зерттеп,  осы  заттық  дәлелдемеден  алынған  мәлiметтi  қағаз  бетiне  түсiрiп  өзi  де  мәлiмет  тасымалдаушы,  дәлiрек  айтқанда  мәлiметтiң  жаңа  қайнар  көзi  болады.

 

 

2.3. Заттай дәлелдемелер және сарапшының қорытындысы

 

Кез-келген әрекет белгілі бір объектіде із қалдырады. Бұл әрекеттер өзі туралы мәліметті сол контактада болған объектіде қалдырады. Әрекеттің болмауы бізді қоршаған немесе оқиға болған жердегі объектілерде із болмаса ендеше әрекет те болмаған деген қорытындыға келуге болады. Заттай дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден басты айырмашылығы заттық дәлелдемелер бұлар «үнсіз куәларі деп аталады. Заттық дәлелдемелердің айғақтарынан басты айырмашылығы олар материалдық объект. Заттық дәлелдемелердің басқа дәлелдемелеріне қарағанда өзінің артыкдіылығы да кемшілігі де бар. Артықшылықтары айтатын болсақ заттық дәлелдемелерде субъектілік фактор дәлелдемелік дәлелдеу күшіне ешқандай әсер етпейді. Заттай дәлелдемелер көптеген уақыт бойы (басым бөлігі) өзінде әрекет немесе оқиға жайлы мәлімет сақтап тұрады.

Сонымен, заттай дәлелдемелер дегеніміз өзінің ішкі қасиеттерімен, сыртқы формасымен, орналасқан орнымен, т.б. белгілерімен іс үшін маңызды мән-жайларды бекітетін немесе жоққа шығаратын бұйымдар.

Заттай дәлелдемелердің басқа дәлелдемелерден айырмашылығы бүл заттай дәлелдемелердің процессуаддық формасымен қайнар көзінің бірігіп кететіндігі. Мысалы, куәнің айғағында, айғақ дәлелдеменің процессуалдық формасы, ал куә дәлелдеменің қайнар көзі болып табылса, заттай    дәлелдемелерде    мүндай    бөлістер    жүргізу    мүмкін емес.   Бірақ   мұнысына   қарамастан,   заттық   дәлелдемелер басқа дәлелдемелермен тең процессуалдық құқықты. Әдебиеттерде заттай дәлелдемелерді: алғашқы заттай дәлелдемелер және туынды заттай дәлелдемелер деп екі топқа бөліп кдрайды. Алғашқы заттай дәлелдемелер дегеніміз, дәледеуге жататын фактімен қалдырылған заттағы өзгерістер,  іздер т.б. Кейбір авторлар туынды заттай дәледемелер деген үғыммен келіспейді. өйткені, заттан затқа дәл осындай із қалдыру мүмьсін емес деген негізге сүйенген. Бірақ ол қате өйткені туынды дәлелдемелер болады. Мысалы, машинаның дөңгелегінің протекторының ізі. Бұл із тез арада жойылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда біз туынды заттай дәлелдеме жасаумызға тура келеді. Немесе адамның саусағының ізі, бүл да көп уақытқа шыдамайтын заттық дәлелдеме. Оны фотографиялық пленкаға түсіру арқылы немесе туынды заттық дәлелдеме жасау арқылы біз заттық дәлелдемелерді үзақ мерзімге сақгаймыз. Заттай дәлелдемелерді талап ету соттың қүзыретіне жатады. Сот тек қана іске қатысты заттай дәлелдемелерді ғана талап ете алады. Заттай дәлелдемені іске қосу туралы өтініш жасап отырған адам осы заттай дәлелдеменің сыртқы пішінін, қасиеттерін сипаттап және де өзінің заттай дәлелдемені іске қосуға кедергі болып отырған мән-жайларын толық сипаттауы керек[25]. Дәлелдемелер тікелей сотқа алып келінеді. Заттай дәлелдемелер    істе    сақталынады    немесе    айрыкша    жазуы

бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақгау камерасына өткізіледі. Сот дәлелдеменің өзгеріссіз қалпында сақгалуына шара кабылдайды. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерівде сақталады. Оларды сот қарап, хаттамада егжей тегжейлі сипаттатуға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мөрмен бекітуге тиіс. Бұл дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға немесе сот бүл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі. Заң бойынша азаматтар иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі. Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайы анықтау кұралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады (АІЖК 86-бабы).

Затты дәлелдеме ретінде пайдалану, мүлік өзінің белгілері бойынша іске қатысты ақпарат беру мүмкіндігін сақтаған уақытта ғана мүмкін болады. мысалы, белгілі бір әрекетті жасағанда түскен іздер мен колтаңбалар.

Ғылыми әдебиеттерге болжанған фактілерден мәліметтерді алу тәсіліне қарап заттай дәлелдемелерді жазбаша дәлелдемелерден ажыратьш карастырады. Заттай дәлелдемелер өзінің белгілері бойынша іс үшін маңызы бар мәліметтердің қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы, белгілі бір құжаттың парағының жоқ болуы немесе мүлікке зақым келгенінің белгілі болуы.

Азаматтық іс жүргізуге заттай дәлелдеме ретінде қолданылатын заттар бір мезгілде кұқық туралы даудың объектісі болып табылады.

Заттай дәлелдемелерді тараптар немесе басқа да іске катысушылар ұсынады, не тараптардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.

Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ак осы дәлелдеме аркылы іс үшін маңызы бар кандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шакырылатыны, дәлелдеме өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуіге тиіс.

 

Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер өзгеріссіз калпына сақтауға шара қабылдайды.

Сотка әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады, оларды сот қарап хаттамада егжей-тегжейлі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда сүртке түсіруге және морлап бекітілуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі.

Тұрған жерінде қаралған заттай дәлелдемелер. Сақтауға беру туралы ант жасау аркылы нақты тұлғаға беріледі. Мүлікті сақтаушыға заттай дәлелдемені сақтауға байланысты құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Заттай дәлелдемелерді зерттеу АІЖК-нің 203-бабына сәйкес іске катысушылардың қатысушымен сот залында жүргізіледі /1/. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар іске қатысушыларға, өкілдерге, қажетболған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға, куәлерге көрсетіледі. Заттай дәлелдемелерге көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты кандай да бір мән-жайлары сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Кейінге қалдыру болмайтын жағдайларда іске қатысаын адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді.

Тез бүлінетін заттай дәлнлдемелерді сот дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды карап шығуға әкелген адамға қайтарады.

Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде кару негізінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатысушы адамдарың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректемелерді хаттамаға енгізіледі.

 

Заттай дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған адамдарға қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған адамдарға беріледі немесе сот белгіленген тәртіппен беріледі.

Заң бойынша дәлелдемелер оларды сот карап шығып зерттегеннен кейін, егер олар алынған тұлғалар өтінім жасаса және мұндай өтінішті канағаттандыру істі дұрыс шешу үшін кедергі келтірмесе, іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылу мүмкін.

Заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелері бойынша сот ұйғарым шығарады.

Заттай дәлелдемелер басқа дәлелдемелер сияқты АІЖК белгіленген тәртіпиен сот тарапынан бағаланады.

Сот заттай дәлелдемелерді бағалай келіп, белгілі бір қорытынды жасауы тиіс.

1999 ж кабылданған ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі сарапшының корытындысына байланысты сүрактарды толык реттейді.

Сарапшының корытындысының ұғымы дәлелдеменің бір түрі ретінде АІЖК-ң 96-бабының 1-тармағында берілген. Сарапшының корытындысы -бүл сарапшының алдына сот неесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген жазбаша нысанда ұсынылған корытындылар. /1/

Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оньщ нәтижеслері игере отырып сарапшы өз атынан қорытьшды жасап,оны өз қолын коюы және жеке мөрі растап, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы сарапшы өз атынан корытынды жасап, оны  өз колын коюы және мөрі аркылы растап

 

сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрімен куәландырылады.

АІЖК-ң     96-бабының      3-тармағына     сәйкес      сарапшының қортындысының мазмұны төмендегідей болуы тиіс:

—   Қашан,   қай   жерде,   кім   (тегі,   аты,   әкесінің   аты,   білімі,
мамандығың мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі
және ғылыми атағы, атқаратын кызметі;

  • Қандай объектілердің зерттелгені;
  • Қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны
    және олардың кандай дәрежеде сенімді екені, қойылған сұрақтарға
    негізді жауаптар көрсетілуге тиіс. Егер сараптама жүргізу кезінде
    сарапшы әс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ койылмаған мән-
    жайлары анықтаса,  ол  бұларды  өз  қорытындысында  көрсетуге
    құкылы.

Егер сарапшының зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған мәселелерінің арнайы білімдерінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар корытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне, не ғылым мен сраптама практикасының жай-күйі қойылған сұрактарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жіберді.

Сарапшының қортындысына зерттеуден кейін калған объектілер, онын ішінде үлгілер, сондай-ак фотокестелер, тәсілдер, графиктер, кестелер сарапшының корытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының косымшасына сарапшы кол қояды.

Сарапшы корытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және өкілі бірінші   болып, ал содан соң -іске

қатысушы иасқа да адамдар мен өкілдер сұрақтар кояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшымен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез-келген сәтінде сұрақтар  қоюға құқылы.

Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бүрын берген қортындының бөлігін ғана түсіндірудің дәлелдемелері болып табылады. АІЖК-ң 96-бабының 6-тармағы.

Ғылыми әдебиеттерде сарапшының қортындысын басқа дәлелдемелермен салыстырғанда дәлелдеме ретінде қарастыруға болмайды деп көрсетілген (М.К.Треушников /6/). Сарапшының корытындысы дәлелдемелерді бағалаудың жалпы тәртібі бойынша бағаланады (АІЖК 16, 70, 77-баптары /1/). Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, бірақ оның қортындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.

Сот, сарапшының корытындысын бағалай келе сараптама тағайындауда іс жүргізу нормаларының сақталуына анализ жасайды және тараптармен мүдделі тұлғалардың құқыктары, бүзылмауьша сарапшының зерттеу әдістерін қолданудағы ғылымилығы сақталынды ма соған көңіл аударады. (М.К.Треушников). /8/

Сарапшы ретінде іске мүдделі емес түлға тағайындалады. Мынандай түлғалар сарапшы ретінде тағайындалмайды:

—  Осы істі мүныңалдындағы   қарау кезінде судья, куә, маман,
аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы,
сот приставы ретінде қатысса;

—   Іске   катысушы   адамдардың   немесе   олардың   өкілдерінің
біреуінің туысы болса;

— Істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не
оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса

 

;

 

  • Іске катысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет
    жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып
    келсе;
  • Ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз
    болса не осы азаматтық істі қарағанда пайданылса, істі карауға
    қатыса алмайды.

Сарапшының құқықтары мен міндеттері  АІЖК-ң 92-бабында көрсетілген:

  • Сарапшы істің сараптама нысанасына қатысты материалдармен
    танысуға;
  • Қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне
    беру туралы өтінім жасауға;

—   Соттың   рұқсатымен   сот   отырысына   қатысуға   және   оған
қатысушыларға сараптама нысанысына қатысты сұрақтар қоюға;

  • Тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және
    өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне
    қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға;
  • Өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі
    болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды корытындыда көрсетуге;
  • Өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға
    және айғақ беруге, аудармасшының тегін көмегін пайдалануға;
  • Сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот
    әрекетіне шағын жасауға;
  • Өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша,
    сондай-ақ егер өзіне берілген материалдарға қорытынды беру үшін
    жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға;
  • Сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және
    егер сот   сараптамасы   жүргізу   өзінің   қызметтік   міндеттерінін
    шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құкығы
    бар.

 

Сарапшының мынадай әрекеттерді жасауға күқығы жоқ: Соттан басқа іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келісөздер жүргізуге;

Сарапшының зерттеу үшін өз бетінше материалдар жинауға; Егер сараптама тағайындаған соттың оған арнаулы рұқсаты болмаса,   объектілерді   толық   немесе   ішінара   жоюға,   олардың сыртқы  түрін  немесе  негізгі  қасиеттерін  өзгертуге әкеп  соғуға мүмкін зерттеулер жүргізуге; Сарапшының міндеттері: Сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге; өзінің алдына койылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге;

Жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге;

Көрнеу жалған қортынды берген үшін сарапшы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

Сараптама тағайындаудың тәртібі АІЖК-ң 91-бабында қарастырылған. Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындайды.

Азаматтық сот өндірісіне қатысушы басқа тұлғаларда осындай білімнің бар болуы сараптама тағайындаудан босатпайды. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведамствалық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

 

38

 

Сот сараптаманы тараптың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайы.

А.Х.Гольмстен өз еңбегінде соттың өз бастамасымен сараптама тағайындауы, жарыспалылық кағидасына кері әсерін тигізбейді. Соттың мынандай ресми әрекеті істің мақсатында арнайы ғылыми-білімді қолдану арқылы сарапшының сотқа жәрдем көрсетуі деп жазды.

Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуде арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай алады. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Соттың сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа коюға құкылы. Сарапшының қорытынды беруге тиіс мәселелерінің түпкілікті шеңберін сот айқындайды.

Ұсынған  мәселелерді қабылдамауды сот дәлелдеуге міндеті. Соттың   сараптама   тағайындау   туралы   ұйғарымына   шығым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

АІЖК 91-бабының 10-тармағына сәйкес сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымының мазмұны мынандай:

Соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны;

Қаралып жатқан іс бойынша тараптардың атауы;

Сараптаманың түрі;

Сараптама тағайындау негіздері;

Сарапшының алдына койған мәселелері;

Сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты;

Сараптама жүргізуге жіберілген объектілері және істің өзге де материалдары.

 

Үйғарымда, көрнеу жалған корытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілетіні де көрсетіледі.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дүрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буыльш-түйілген және мөрлеп бекітілген түрде беріледі.

Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сараптамалардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құкылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге катыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді.Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар боған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді.

Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы

 

көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.

Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объктілерінің сақталуын қамтамсыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала шешетін нүсқаулар беруге құкылы емес.

Азаматтық іс жүргізу кодексі сот сараптамасының бірнеше түрін қарастырады:

  • Жеке сараптама;
  • Комиссиялық сараптама;
  • Кешенді сараптама;
  • Қосымша сараптама;
  • Қайталама сараптама.

Сараптаманың алғашқы үш түрі сарапшылардың саны мен олардың мамандығына байланысты бөлінеді. Соңғы екі түрі сарапшының қорытындысын соттың қалай бағалауына байланысты.

Сараптаманы жеке дара бір сарапшының жүргізуі жеке сараптама болып танылады (АІЖК-ң 94-бабының 1-тармағы).

Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда бір мамандықтағы бірнеше сарапшының сараптама жүргізуі -комиссиялық сараптама деп аталады (АІЖК-ң 94-бабының 2- тармағы).

Сараптамалык комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортак пікірге келе отырып, қортындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда

 

олардың әрқайсысы немесе срапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қортындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қортындыда жеке тұжырымдайды (АІЖК 94-бабының 3-бөлігі).

Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда -кешенді сараптама тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің қүзіреті шеңберінде жүргізеді (АІЖК 95-бабының 1-тармағы).

Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны кандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды. Әрбір сарапашы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзіреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияньщ түпкілікті кортындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықталған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қортындыда көрсетілуге тиіс.

Сарпшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері АІЖК-ң 94-бабының 3-бөлігіне сәйкес рәсімделеді.

Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді     ұйымдастыру     онын     басшысына    жүктеледі.    Сот

 

сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Қосымша  сараптама — қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады.

Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталама сараптама — сарапшының алдыңғы кортындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді, шешу үшін тағайындалады. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама  жүргізілген кезде катысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалык зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс.

Маманды іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыруға тарту. Мамандар, сарапшалар сияқты азаматтық іс жүргізуде сот әділдігін жүзе асыруға көмектесуші тұлғалардың қатарына кіреді. Сондықтан аталған тұлғалар азаматтык іс жүргізу құқықтық қатынасына түсуші субъектілердің заңды қызығушылығы жоқ (мүдделі емес)

 

тұлғалар қатарына енеді. Азаматтық іс жүргізу кодексі мамандар мен сарапшыларға қарсылық білдірудің бірдей негіздерін ұсынады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабында мамандардың түсіндірмесін дәлелдемелер ретінде қарастырмаған. Дегенмен, азаматтық іс жүргізу заңнамалары маманның іске қатысуын іс жүргізу әрекеттеріне кіргізеді. АІЖК-ң 90-бабының 2-бөлігінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруды мүмкін деп айтылған. Ал, АІЖК 90-бабының 1-бөлігінде іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін екені айтылған.

Маманды іске қатыстыру қажеттілігі тәртіп бойынша істі сотта қарауға әзірлеу кезінде сотпен шешіледі (АІЖК 170-бабьшың 7-тармақшасы). Одан да басқа аталған кодекстің 207-бабы азаматтық істерді сотта карағанда маманның түсіндірмесін тыңдау тәртібін бекітеді. Жазбаша түрде берілген маманның консультациясы (түсіндірмесі) сот отырысында жария етіледі. Маман ауызша консультациясымен түсіндірмесі сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Консультация түсіндіру және толыктыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске катысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап коюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ коюға құқылы.

Атқару өндірісі туралы заңда маманды іске тарту туралы сұрақты реттейді. Атқарушылық іс жүргізу әрекеттерін жасауда кейбір  сұрақтарды   шешу     үшін   маманның  түсіндірмесі   кажет

 

болған жағдайда сот орындаушысы өз бастамасымен немесе атқару өндірісіне қатысушылардың өтініші бойынша маман тағайындауы мүмкін.

Қажет болған жағдайда бірнеше маманды іске тартуы мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады. Маман ретінде іске мүдделі емес, арнайы білші бар тұлға қорытынды беру үшін тартылады. Мамандар атқарушылық іс жүргізуге қатысып әрекеттер жасағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және маманды іске тартуға байланысты кеткен басқада шығындар атқарушылық әрекеттерге кеткен шығындарға жатады (31-баб). Дәл осындай мамандарды іске тартуға байланысты сұрақтарды Ресей Федерациясының азаматтык іс заңдары қамтиды.

Заң, маманды соттағы дәлелдемелердің кайнар көзі ретінде қарастырмайды. Сондықтан азаматтық сот өндірісіне маманның қатысуы тек соттық талқылау және актілерін орындау барысында ғана жүргізіледі. Ол өз пікірін білдіретін консультант ретінде, дәлелдемелерді зерттеуде техникалык көмек көрсетуші ретінде мүліктің бағасын шағарушы ретінде т.б. жекелеген процессуалдық әрекеттер жасаушы ретінде іске тартылады (М.К.Треушников).

Маманды тағайындау сот ұйғарымымен рәсімделеді. АІЖК-ң 99-бабының 3,4-бөлімдерінде маман ретінде іске тартылған тұлғаларының құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Маманның мынандай құқықтары бар:

— Өзінің шакырылуы мақсатын білуге;

  • Егер арнаулы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс
    жүргізуге катысудан бас тартуға;
  • Соттың рұқсатымен   іс   жүргізу   әрекетіне   қатысушыларға
    сұрақтар беруге;
  • Іс жүргізу   әрекетіне   қатысушылардың   назарын   заттарды
    немесе құжаттарды табу, бекіту, алу кезінде , ғылыми-техникалык

 

 

 

құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға;

  • Өзі қатысқан іс жүргізу әректінің хаттамсымен, сондай-ақ сот
    отырысы хаттамасының тиісті бөлігі мен танысуға және өзінің
    қатысуымен   жүргізілген   әрекеттердің   барысы   мен   нәтижелері
    көрсетілуінің толымдылығымен дұрыстығына қатысты хаттамаға
    енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға;
  • Соттың іс әрекетіне шағым жасауға;

—  Өзінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға байланысты өзіне
келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу
оның    қызметтік    міндеттерінің    шеңберіне    кірмейтін    болса,
орындалған жұмыс үшін сый акы алуға құқығы бар;

Мамандар мынанадай міндеттерді атқаруға тиіс:

— Соттың шақыруы бойынша келуге;

Арнаулы білімді, дағдылармен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға;

— Консультациялар беруге;

—   Өзі   орындаған   әрекеттер   бойынша  түсініктемелер  беруге
міндетті.

 

 

ІІІ-ТАРАУ  СОТТАҒЫ ЖАЗБАША ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР —

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ

 

3.1. Соттағы дәлелдемелердің жалпы түсінігі

Азаматтық іс жүргізуде дәлелдеу сот дәлелдемелерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Соттағы дәлелдемелер азаматтык істерді дұрыс шешу үшін қажетті мән- жайлар мен заңды фактілерді бекітетін құрал ретінде қолданылады. АІЖК-ң 64-бабында соттағы дәлелдемелердің ұғымы көрсетілген.  Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын көздейтін мән-жайлардың бар-жағын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші түлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелсрмен, сарапшылардың корытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Азаматтық іс жүргізудің баптарында бір ұғымды ашу үшін бірнеше терминдер қолданылатыны белгілі.  Мысалы: АІЖК-ң 64-бабының 2- тармағында іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады десе;

АІЖК-ң 177-бабының 1-тармағы, 182-бабының 1-тармағы, 01 және 204 баптарында — құжаттар деп көрсетілген — АІЖК-ң 81-85 баптарында, 334-бабының 2-тармағында, 338-баптың   1-бөлімінің   1-тармағында — жазбаша дәлелдемелер деп қарастырылған

 

;

 

 

 

АІЖК-ң 64-бабының 1-тармағы бойынша соттағы дәлелдемелер дегеніміз нақты деректер. Нақты деректер деп отырғанымыз істің дұрыс шешілуін маңызы бар заңды фактілер туралы мәліметтер мен ақпараттар.

Ақпараттар іске қатысушы тұлғалар табыстаған материалдарды судья қабылдай отырып онда шын мәнінде болған дұрыс мәліметтер ме немесе жалған мәлімет пе оны білмейді. Жиналған және ұсынылған дәлелдемелерді сот зерттейді және бағалайды. Бірақ соттың бұл әрекеті дәлелдеменің сапалылығына кепілдік бермейді. Мұндағы соттың міндеті дәлелдемелі материалдардың қайсысының соттың дәлелдемелер белгісіне тән екенін, сондықтан дәлелдеме ретінде қабылданатынын анықтайды.

Заң сотқа табысталған барлық материалдарды дәлелдеме деп танымайды. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.

Дәлелдемелердің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады.

Олай болса дәлелдемелер дегеніміз –істің  дұрыс шешілуіне әсер ететін шынайы мәліметтер. Дәлелдемелер біріншіден, іске қатысты болуы тиіс;

екіншіден, іске қатысты болуы тиіс;

үшіншіден, заңда көзделген дәлелдемелердің түрі болуы тиіс;

Соттағы дәлелдемелерді сипаттайтын бірінші белгі, — соттағы дәлелдемлер заңды тәсілмен алынған нақты мән-жайлар болуы тиіс деген теореманы тереңірек ашатын болсақ, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 9-тармақшасында заңсыз   тәсілмен   алынған   айғақтардың   заңды   күші   болмайды

 

делінген. Сонымен бірге АІЖК-ң 69-бабының 3-тармағында заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды деп көрсетілген.

Соттың дәлелдемелердің бірінші белгісінде дәлелдемелерге жол беру ережесі көрініс табады. АІЖК-ң 68-бабының 1-тармағында егер дәлелдеме осы кодексте негізделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады. Куәлерден жауап, тараптар мен үшінші тұлғалардан жауап, жазбаша және ауызша дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы заңда көрсетілген тәртіппен алынуы тиіс.

АІЖК-ң 69-бабында дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер көрсетілген. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бүза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген қүқықтарьшан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:

Күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс —
әрекеттерді қолдана отырып;

Оларға   түсіндірмеудің,   толық   немесе   дұрыс   түсірмеудің
салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары
мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;

Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы
жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;

Қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне
қатысуына байланысты; Іс жүргізу іс-әрекетінің

 

тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

 

Белгісіз көзде немесе сот отырысында анықтала алмайтын
көзден;

Дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін
әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің
растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот
дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға
тиіс.

Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамшылығы бойынша немесе іске катысушы адамдардың өтініші бойынша сот белгілейді.

Аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған нақты деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Соттағы дәлелдемелерге тән екінші белгі дәлелдемелердің іске қатысты болуы. Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайтын, терісіне шығаратынне оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемелі іске қатысты деп таниды.

Сот дәлелдемелердің қатыстылығына байланысты сұрақты шешкенде ізделініп отырған фактінің шеңберіне шығады, яғни, дәлелдемелердің катыстылығы дәлелдеу пәнімен анықталады. Егер іс бойынша нақты деректер мен заңды фактілермен басқа да мән-жайлардың арасында байланыс бар болса, онда сот дәлелдемелерді іске қатысты деп таниды. Ал онда байланыс болмаса дәлелдемелік материалдар іске қатысты емес деп танылады.

Олай болса, дәлелдемелердің катыстылығына байланысты мәселелер, бірінші кезекте материалдың құқықтық нормаларына

 

 

сәйкес жүргізіледі. Себебі дәл материалдық кұкық нормаларында маңызды фактілер бекітілген.

Практикада нақты деректердің қатыстылығын анықтауда кейбір қиыншылықтар туындайды.

Соттық дәлелдемелерге қатысты үшінші белгі — дәлелдемелерді заңда қарастырылған тәсілдер арқылы алу. Заңда көзделмеген тәсілдермен алынған дәлелдемелер соттық дәлелдемелер деп танылмайды.

Дәлелдемелерді алудың заңда қарастырылған түрлері мыналар:

  • тараптар мен үшінші тұлғалардьщ түсініктемелері;
  • куәлердің жауап беруі;
  • жазбаша дәлелдемелері;
  • заттай дәлелдемелер;
  • сарапшылардың корытындысы;

АІЖК-ң 68-бабының 2-тармағында: «Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес» деп көрсетілген. Жекелеген дәлелдемелердің қатыстылығына байланысты нақты ережелер материалдық құқықтың нормаларында орын алған. Мысалы: АК 153-бабының 1-тармағында мәліменің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз басып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұның немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұның немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құкылы.

Шартқа отыру фактісі нотариалды жолмен куәландыру қажет ететін құжат. Егерде мұндай мәмілер натариалды куәландырмаса да, тараптардың бірімен жартылай немесе толық орындалып койған болса үшінші тұлғалардың   құқықтарын   бұзбайды   және   заңға

 

қайшы келмейді және АІЖК-ң 64-бабының 2-тармағына сілтіме жасай отырып сотпен жарамды деп танылады. Бұл жерден, материалдық құқық соның ішінде азаматтық құқық дәлелдемелік құқықтың мазмұнына әсер етеді. Дәл азаматтық кұқықты нақты істер бойынша дәледемелердің ерекшелігін негіздейтін дәлелдемелер туралы арнайы нормалар мазмұндалған.

3.2. Жазбаша дәлелдемелердің ұғымы

 

Жазбаша  дәлелдемелердiң  толық  анықтамасы  процессуалдық  заңда  берiлмеген.  Тек АҚЖК 81-шi  бапбында  жазбаша  дәлелдемелердiң  жалпы  сипаты мен  кейбiреулерi  сипатталған  өтiлген.  Сонымен,  бұл  бапта  iс  үшiн  маңызы  бар  мән-жайлар,  мәлiметтер,  қылмыстық  актiлер,  құжаттар, iскерлiк  немесе  жеке сипаттағы  хаттар  жазбаша  дәлелдемелер  болып  табылады.  Жазбаша  дәлелдемелер  туралы  түсiнiк  82-85-шi  баптарда  одан  әрi  анықталады. Жинау  тәртiбiне  келетiн  болсақ,  бұл  дәлелдемелер де  басқа  да  дәлелдемелер   сияқты  тараптар  мен  басқа  да  iске  қатысушылар  тапсыруы  арқылы  жүзеге  асады.  Егер  де  жазбаша  дәлелдеме  алу  тараптарға  немесе  басқа  қатысушы  тұлғаларға  қиын  түсетiн  немесе  мүмкiн  болмаған  жағдайларда  олардың  өтiнiшi  бойынша  сот  осы  дәлелдемелердi  сұратып алу мүмкiн.  Егер құжаттарды   ұйымдар,  лауазымды  адамдар  баяндаған  немесе  куәландырылған  мәлiметтер  азаматтық  iс  үшiн  маңызы  болса,  дәлелдемелер  болып  табылады.  Соттың  алдында  iске  қатысатын  немесе  қатыспайтын  тұлғалардан  жазбаша  дәлелдемелер  талап  ету  туралы  өтiнiш  жасайтын  тұлға  осы  дәлелдеменi  көрсетуге,  оларды  өз бетiнше  алуға  кедергi  болатын  себептердi,  өзi  дәлелдемелердi  сол  тұлғаларда  деп  санайтын  негiздерiн  көрсетуге  тиiс.  Заң  нормасы  бойынша  азаматтардың  өтiнiшi  бойынша  сотпен  талап  етiлеген  құжаттар өтiнiш  берген  азаматтарға  емес  талап  еткен  сотқа  келiп  түседi.  Ал егер   жазбаша  дәлелдемелердi  сотқа беру  қиын  болған  жағдайда  сот   тиiсiнше  куәландырылған   көшiрмелердi   және   үзiндiлердi  берудi  талап ете  алады  немесе  жазбаша  дәлелдемелердi  олар  сақталып  қойылған  жерде  қарай  алады  және  зерттей  алады.  Жазбаша  дәлелдемелер  соттың  шешiмi  заңды  күшiне  енгенге  дейiн,  егер  сот  мүмкiн  деп  тапса,  оларды  табыс  еткен  тұлғаларға  қайтарылуы  мүмкiн.  Түпнұсқа  дәлелдемелер,  сондай-ақ  жеке  хаттар  оларды  табыс  еткен  тұлғалардың  өтiнiшi  бойынша  сот  шешiмi  заңды  күшiне  енгеннен  кейiн  оларға  қайтарылуы  мүмкiн.  Бұл  жағдайда  iсте  жазбаша  дәлелдемелердiң  судья  кәуландырылған көшiрмесi  қалады.  Көптеген  авторлардың  ойлары  бойынша  жазбаша  дәлелдемелер  өзiнiң  пайда  болу  процессiнде  бiрнеше  сатыда  өтедi: 1) субъектiнiң  нақты  жағдайда  қабылдауы;  2) алынған  мәлiметтерде  өзiнiң  елiнде  сақтауы;  3)  елiнде  қалған  мәлiметтердi  әр  түрлi  белгiлер  (әрiп, сот т.б.)  арқылы  бекiту. 4) бекiтiлген  мәлiметтi  беру;  

 

5) оларды сақтау.  Жазбаша  дәлелдемелердiң  шындыққа  сайлылығын,  анықтылығын  осы  дәлелдемелердi  қабылдаған,  қағазда  бекiткен  адамның  мүдделiлiгiне,  физикалық  пñихологиялық  қабiлеттiлiгiне  байланысты  болып  табылады.  Жазбаша  дәлелдемелер   әдетте сот  процесiне  дейiн  қалыптасады,  бiрақ  кейбiр  жазбаша  дәлелдемелер,  мысалы  анықтамалар,  есепшоттық,  соттық  процеспен  байланысты  пайда  болуы  мүмкiн.  Теорияда  электронды  есептегiш  машиналардың  көмегiмен  жазылған  жазбалар  қай  дәлелдемелер  түрiне  жатады  деген  сұрақ  әлi  күшiне  дейiн  өзектi  мәселе. В.В. Молчанов  бұл  жазбаларды   негiзiнен,  жазбаша  дәлелдемелерге  жатқызған  жөн  дейдi[26].  Автордың  бұл  жазуларды  жазбаша  дәлелдемелерге  жатқызудағы  басты  шарты  ретiнде  бұл  жазбалардың  юридикалық  күшiнiң  болуын  қояды.  Ал юридикалық  күшi  дегенiмiз  бұл  жазбаша  белгiлер  реквизиттердiң  болуын  айтады.  Сонымен  ЭЕМ  жазбалары  жазбаша  дәлелдемелерге  жатуы  үшiн  олардың  мекенiнiң  аты,  орналасқан  жерi,  құжатты  жасаған  адамның  аты-жөнi,  құжатты  дайындаудағы  жауапты  тұлғаның  коды,  құжатты  бекiткен  адамның  коды.  Мұнан  басқа  құжат  адамқорлық  болуы  керек.  Бұл  дегенiмiз  көпшiлiк  қолданатын  әдiс  арқылы  құжаттың  мазмұны.

3.3 Жазбаша дәлелдемелерді зерттеу және бағалау

Дәлелдемелерді зерттеу азаматтық іс жүргізу қағидаларын қатаң сақтай отырып сотпен, тараптармен және баска да іске қатысушылармен жүзеге асырылады.

Дәлелдемелерді зерттеу соттық талқылау кезінде іске қатысушылардың түсініктемелерін таңдау, куәлерден жауап алу,

сарапшының қорытындысын тыңдау, жазбаша дәлелдемелерді жариялау, заттай дәлелдемелерді қарау, хаттамаларды жариялау, сот тапсырмасымен орындау және дәлелдемелерді қамтамасыз ету жолдарымен іске асырылады.

Дәлелдемелерді зерттеуде сот белсенді әрекет етеді, дәлелдемелерді зерттеу тәртібін сот бекітеді. Судьяның кез-келген уақытша істің мән-жайын анықтау мақсатында тараптарға, үшінші тұлғаларға куәлерге, мамандарға, сарапшыларға сұрақтар қоюға құқылы.

Қажет болған жағдайда сот куәлерден екінші мәрте жауап алуға және қарама-қарсы пікірлерін анықтау үшін оларды беттестіруге құқылы.

Заңда бекітілген тәртіпке іске қатысушылар бір-біріне, сондай-ақ куәлерге, мамандарға, сарапшыларға сұрақтар қоюға кұқылы. Іске қатысушылар сотқа сұрақтар койған жағдайда, сот оны іске қатысты емес деп таныған жағдайда оған жауап бермеуге құқылы.

Затты тұрған жерінде қарау арқылы дәлелдемелерді зерттеу заңмен нақты бекітілген. АІЖК-ң 84-87, 88, 170-баптық 9-тармағы, 204-баптары.

Кейіннен карап, зерттеу мүмкін болмайтын жазбаша және заттай дәлелдемелерді сот, істі сотта қарауға әзірлеу кезінде түрған жерінде қарайды.

АІЖҚ-ң 88-бабына сәйкес тез бүлінетін затта дәлелдемелерді сот дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады. Мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу орны ең уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе алса, хабарланады. Хабарланған іске қатасушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығару және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.

 

 

 

АІЖҚ-ң 87бабының 2-тармағына сәйкес сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот қарап, хаттама егжей-тежейлігі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсіруге және мормен бекітілуге тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы іске қосып тігіледі.

АІЖК-ң 84-бабы бойынша жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылғанжерде қрай алады және зерттей алады. Затты тұрған жерінде карау туралы іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді карап, зерттеуге кедергі келтірмейді.

Жазбаша және заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде карау арқылы жиналған материалдар мен хаттамалар іске қоса тіркелгеннен соң оларды зерттеу үшін сот залында жариалануы тиіс. АІЖК-ң 204-бабы бойынша сотқа үсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен аттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда сарапшылар мен мамандар және куәлер шақырылады. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсілдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, заттай дәлелдемелерді бағалайды және іс бойынша нақты деректер мен мән-жайлардың дәлелденгендігін немесе дәлелденбенгендігін туралы қорытынды жасайды.

Сот тарапынан    дәлелдемелерді    бағалау –соттағы     дәлелдеудің соңғы бөлімі болып табылады.Дәлелдемелерді бағалау туралы сұрақты зерттей келіп азаматтық іс жүргізу құкығы ғылымының белгілі қайраткері, ғалым К.И. Малышев, келесі мән-жайларды атап өтті.

Шындыққа көз жеткізудің еркін, қарапайым теориясы мен заңды дәлелдемлердің теориясы арасындағы қатынас іс жүргізудің тарихындағы түрлі ғасырларда әртүрлі болған.

Білімсіздік пен діндарлық заманында соттағы дәлелдемелер немқұрайлы (формальный) сипатқа ие болатын. Ол уақытта құдайдың күдіреті күшті деп, оған сиыну, серт беру т.б әрекеттер жасалынатын. Тек, бірнеше уақыттар өткеннен соң біртіндеп соттағы дәлелдемлердің жүйесі жалпы білімнің логикалық теориясына жақындай түсті. Бертін келе заңдық дәлелдемелер теориясы схоластиналык сипатқа ие бола бастады, яғни дәлелдемлерді арифметикалық тұрғыдан бағалау жүйесі ене бастады. Мысалы, екі куәгердің берген жауабы шубойсыз, шындық деп есептелсе, бір куәнің жауабы жеткіліксіз дәлелдеме деп саналды.

Одан бөлек егер бірнеше куәлер бір-біріне қарсы куәлік жауап берсе іс бойынша жауап берген куәлердің көпшілігі жағының басымдығы болатын, ал сан жағынан түссе сот ерлерге әйелдерге қарағанда басымдылық немесе артықшылық береді. Дәл сондай артықшылық білімді адамдар мен білімсіздер арасында -білімділерге , атақтылар мен атақсыздар арасында –атағы барларға т.б. берілді.

Бірақ процестің бүл тәртібі мен заң нәтижесі шығарушылардың үмітін ақтамады. Дәлелдеменің заңды теориясы негізгі өзгертуді кажет етті. Сондықтан уақыт өте ділелдемені арифметикалық бағалау күшін жойды, формализм маңызды өзгеріске үшырады. Қазіргі уақытта азаматтық істерді сотта шешу кезіндегі әрекеттер іс

 

жүргізу құқығының  нормаларымен  және  іс жүргізу  нысаньшда жүргізіледі.

Әрбір дәлелдеме — қатыстылығы, мен дәлелдемелерге жол беру азаматтық іс жүргізудің процессуалдық және материалдық құқық нормаларымен реттеледі.

АІЖК-нің 70-бабында тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі, деп көрсетілген. Істің жән — жайы туралы дұрыс емес мағлұмат беретін материалдар дәлелдеме ретінде танылмайды. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер катарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемлердің негізінде шешуді өтіне алады.

Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде кылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын-ала тергеу органына жібереді.

Дәлелдемелердің растығын өзара салыстыру аркылы да тексеруге болады.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске катысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мәнжайлар туралы акиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

Дәлелдемелердің жеткіліктілігі іс бойынша олардың толық жиналғандығымен сипатталады. Дәлелдеменің шындыққа сай екенін жіне дәлелдеу күшін анықтай отырып сот

 

қойылған талапты толық не ішінара қанағаттандырады немесе    қарсылық білдіреді. (қанағаттандырудан бас тартады.)

Сот      дәлелдемелерді      бағалағанда      белгілі      қағидаларды басушылыкка алуы тиіс:

  1. Судья істе бар дәлелдемлерді олардың жиынтығымен әділ,

жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Аталған бірінші ереже сот өндірісінің әлемдік практикасында көптеп қолданылады. Бұл қағида дәлелдемелердің растылығы мен жеткіліктіліғін, қатыстылығы мен жол берілуін, ешқандай сыртқы әсерлерден тыс судьяның қөзі дербес жүргізіледі.

  1. Судьяның ішкі   сенімі   өз   бетінше     «тікелей»  тәжірибенің
    көмегінсіз,  жалпы  айтқанда шығармашылык сипатқа  ие  болуға
    тиісті емес. Ішкі сенім істегі дәлелдемелердің толықтығына, жан-
    жақтылығына, әділеттілігіне негізделеді. Дәлелдемелерді ішкі сенім
    бойынша бағалау сот шешімінің сипаттау бөлімінде орын алады.
    Дәлелдемелердің дұрыс бағалануы апеляциялық және қадағалау сот
    инстанцияларында тексеріледі.  Шығарылған  сот шешімінде  қай
    дәлелдемлерді     сот     қабылдағанын     ал     кай     дәлелдемелерді
    сот қабылдамай тастағанын көрсетуі тиіс.
  2. Сот дәлелдемлерді бағалағанда  заңды,  яғни     материалдык
    және   процессуалдық   кұқық   нормаларын   басшылыққа   алады.
    Судьяның    ішкі    сенімі    оның    заңды    біліміне,    көзқарасына,
    заңдылықтың     жалпы     бастауы     мен     мағынасын     түсінуіне,
    әділеттіліктің белгілеріне,  акыл  мен адамгершілікке негізделеді.
    Дәлелдемелерді   бағалағанда   ең   маңызды   орында   заңға  дұрыс
    түсіндірме   беру,   мағынасын   терең   түсіну,   заң   және   құқық
    аналогиясын дұрыс қолдану камтиды.
  3. Дәлелдемелерді бағалағанда қолданылатьш төртінші  кағида
    былай кортындыланады: Сот үшін ешкандай дәлелдемелердін күні
    бұрын   белгіленген  

 

  1. күні болмайды.   Тіпті   жазбаша   нотариалды дәлелдемелер ретінде табысталған жолмен куәландырылған

 

мәмілелер, егер олар тараптардың еркінен тыс жасалған болса сот тарапынан іске кабылдамай тасталынуы мүмкін. Кез-келген тасталған дәлелдемелер сотпен тексерілуі және бағлануы тиіс.

Дәлелдемелерді алдын-ала бағалау сотпен және іске қатысушылармен сот мәжілісі залында, оларды зерттеу барысында жүргізіледі. Түпкілікті бағалау сот шешім шығару барсында заңды фактілерді бекіту негізінде дауласушы тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы қортындылар жасалғанда жүзеге асады. Дәлелдемелерді дұрыс бағаламау заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әкеліп соғады.

Дәлелдеу прцесінде ғылыми-техникалық құралдарды дәлелдемелер жинау мақсатында іске қатысушы тұлғалардың қолдануға құқығы бар. Ал сот ондай құралдарды дәлелдемелерді зерттеу  үшін қолданады.

Ғылыми-техникалык құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:

заңда    тікелей     көзделсе    немесе    оның     нормалары     мен принциптеріне қайшы немесе; ғылымилығы жарамды болса;

іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; Қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.

 

Әрбір дәлелдеме — қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

  1. Осы Кодекстің 16-бабына сәйкес судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.
  2. Дәлелдемелөрдің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жоп беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

78-бап. Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері

  1. Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдмелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.
  2. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
  3. Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі жөне оған фактіні мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған болса, ол іске қосып

 

тігіледі.

  1. Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

79-бап. Куәнің айғақтары

  1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көроете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.
  2. Куә рөтінде:

1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жас-тығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;

2) өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы — азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;

3) шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы — судья;

4) оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы — дін қызметшілері;

5) заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.

  1. Адам өз-өзіне, зайыбына (жұбайына) және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына қарсы сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы.
  2. Куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын іс тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

80-бап. Куәнің міндеттері мен құқықтары

  1. Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақберуге міндетті.
  2. Науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дөлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.
  3. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 352, 353-баптарында көзделген жауаптылықта болады.
  4. Куәніңсотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Шығындар мен өтемақылардың мөлшері Қазақстан

 

Республикасының заңдарымен белгіленеді.

81-бап. Жазбаша дәлелдемелер

 Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хатгар жазбаша дәлөлдемелер болып табылады

 

.

 

Қорытынды

Сот өндірісінде азаматтық істерді қарау шешу кезінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтау-сот шешімінің заңды және негізді болуының ең басты шарттарының бірі. Олай болса дәлелдемелерді тараптардың заңды жолмен алуы,оны судьялардың іске қатыстылығы мен жол берілуіне, дәлелдемелердің растығы мен жеткіліктілігіне процессуалдық және заңды тұрғыдан көңіл аудару соттарға да, іске қатысушыларға да жүктелген міндет деп қарастыратын болсақ, бүгінгі күні елімізде сот практиктерінің заң нормасын елеулі бұза пайдаланып та кететін кездері аз емес.

Азаматтардың жеке құқықтары, сайлау және сайлану құқығы, кәсіп таңдау құкығы — бұл қоғамның басты құндылықтары. Осы құндылықтар қамтамасыз етілуі үшін құқық қорғау органдарына, әсіресе сот органдарына өте салмақты жүк артылып отыр. Кез келген азаматтык даулар сот өндірісінде қаралып, судьялар тарапынан әділ шешімін табатын болса, заңды және негізді сот актісі шығу үшін іс үшін маңызы бар фактілерді дұрыс таңдау, оларды сотта заңды тәртіппен зерттеу және бағалау дәлелдеу институтының пәні және өзекті мәселесі болып табылады.

Соттағы жазбаша дәлелдемелер мен дәлелдеу тақырыбының төңірегінде шетелдік ғалымдар және отандық ғалымдар көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген. Осы жұмысты жазуда сол ғалым процессуалистердің еңбегі мен Қазакстан Республикасы іс жүргізу саласына қатысты заңнамалары негіз болды.

Жұмыста дәлелдеу институтының тарихына тоқталып, оған тарихи, арнайы құқықтық, логикалык зерттеулер жүргізілді. Дегенмен, бұл тақырып төңірегінде қарастырылатын мәселелер жеткілікті. Сондыктанда     бұл     институт     келешекте     көптеген

 

теориялык  -ғылыми   зерттеулерді   кажет  етеді   деген   тұжырым жасаймын. Қоғамның моральдық деңгейі дәлелдеу құқығының түрлі нормаларынан көрініс табады. Дәлелдемелік кұкық — белгілі козғалыстың этикалық көзқарасы мен қоғамдық қатынасының өнімі деп Д.Ф.Стифен айтқандай АІЖ-гі дәлелдеу институтының алатын орнының ерекшелігі, маңызы мен мәні осы еңбекте біршама қарастырылды.

     Жалпы  тақырыбымызды  қорытындылай  келе,  мен  осы тақырыпты  қарастырғанда  дәлелдемелердiң  түсiнiгi  және  топтастырылуын  қарастырып,  осы  жерде  дәлелдемелердiң  азаматтық  iс  жүргiзу  процессiндегi  маңызын  қарастыруға  әрекет  жасағанмын. 

     Сонымен,  дәлелдемелер  дегенiмiз – заңмен көзделген  тәртiпте   сот  тараптардың  талаптары мен  қарсылықтарын  негiздейтiн   мән-жайлардың бар  жоғын,  сондай-ақ  iстi  дұрыс  шешу  үшiн  өзгеде  маңызы  бар  мән-жайларды  солардың  негiзiнде  анықтайтын  заңды  түрде  алынған  нақты  деректер болып табылады. 

     Бұл нақты  деректер  тараптардың  және  үшiншi  тұғалардың  түсiнiктемелерiмен,  куәлардың  айғақтарымен,  заттай  дәлелдемелермен,  сарапшының  қорытындыларымен  iс  жүргiзу  әрекетiнiң  хаттамаларымен  және  өзге  де  құжаттарымен  анықталады.

     Жалпы  дәлелдемелер  сотта  азаматтық  iс жүргiзу  кепiлдiгi, объективтiк  шындыққа  жетудiң  маңызды   құралы  болып  табылады.  Осыған  орай,  дәлелдемелер  азаматтық  iс  жүргiзудiң  маңызды  ролiн  атқарады,  және  оны  толығымен  ашып  зерттеу,  сот  әдiлдiгiн  жүзеге  асыруда да  маңызды  рөлiн  атқарады.

     Қазiргi  таңда  көптеген  азаматтық  iстер бойынша  фактiлiк  мән  жайларды  дәлелдейтiн  дәлелдемеллердi  дұрыс  зерттемеу  барысында  көптеген  материалдық  және  процессуалдық  құқық  қағидалары  бұзылады.  Соның  барысында,  мұндай  iстер  бойынша  шығарылған  шешiмдердiң  күшi  жойылып  бiзде,  әлде  болса  да  дәлелдеме  институты  толық  қалыптаспаған  және  одан  әрi  зерттелуге  жатады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

  1. Нормативтiк құқықтық актiлер:

 

  1. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1998 ж.
  2. ҚР Азаматтық iстер жүргiзу кодексi 2003 ж.
  3. ҚР Қылмыстық iстер жүргiзу кодексі 2004 ж.

 

  1. Арнайы әдебиеттер:

 

  1. М.К.Треушников. Относимость и допустимость доказательств в гражданском процессе. М. 1981.
  2. М.К.Треушников. Доказательства и доказывание в советском гражданском процессе. М. 1982.
  3. К.С.Юдельсон. Судебные доказательства в гражданском процессе. М. 1986.
  4. Гражданское процессуальное право. Учебник под ред. Н.С. Шакарена М. 1996.
  5. С.В.Курылев. Основы теории доказывания в советском правосудии. Минск. 1969.
  6. Хутыз М.Х. Общие положения в гражданского процесса. Историко – правоове исследование. М. 1979.
  7. Бюллетень Верховного Суда РФ. 1996.
  8. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса Т. М. 1968.
  9. Саханова Т.В. Регламентация доказательств и доказывания в гражданском процессе. Журнал ңГосударство и правоң, 1993.
  10. Гуреев П.П. О панятии судебных доказательств. Журнал ңСоветское государство и правоң. 1996
  11. Резниченко И.М. Установление достоверности и силы доказательсты по гражданским делам. Ученые записки Дальневосточного Университета. Т. 32.
  12. Кипнис Н.М. допустимость доказательств в уголовном судопроизводстве. М. 1995.
  13. Юдельсон К.С. Гражданский процесс М. 1972.
  14. Советский гражданский процесс. М. 1975.
  15. Пучинский В.К. Признание стороны в советском гражданском процессе. М. 1955.
  16. Молчанов В.В. Арбитражный процесс М. 1995.
  17. Давтян А.Г. Экспертиза в гражданском процессе. М.
  18. Эйсмон А.А. Заключение эксперта. М. 1971.
  19. ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі. — Алматы, 16 шілде 1999
  20. ҚР Конституциясы
  21. ҚР Азаматтық Кодексі. — Алматы, 1998
  22. Юдельсон К.С. Проблема доказывания в советском гражданском
    процессе. — М.: Юриздат, 1948
  23. Коломыцев В.И. Письменные доказательства по гражданским
    делам. М.: Юрид.лит., 1978
  24. Треушнь;,ов М.К. Судебные доказательства. Изд. 2-ое, доп. — М.:
    Городец, 1999
  25. Треушников М.К. Относимость и допустимость доказательств в
    гражданском процессе. -М.: Юрид. лит., 1981

 

  1. Треушников М.К. Доказательства и доказывание в советском
    гражданском процессе.-М.:МГУ,1982
  2. Малышев К.И.   Курс   гражданского   судопроизводства.   Т.1.
    Издание второе. — Спб, 1876

Ю.Баймолдина З.К. Доказывание и доказательство в гражданском судопроизьсдстве. — Алматы, 2001

  1. ҚР Қылмыстық кодексі
  2. Гольмстен А.Х. принцип тождества в гражданском процессе. —
    Спб: Тип. В.С.Балашева, 1886
  3. Стифен Д.Ф. Очерк доказательственного права / Перевод с англ.
    -Спб: Сенатск.тип., 1910
  4. Штутин Я.Л. Предмет доказывания в советском гражданском
    процессе. — М.: Госюриздат, 1963
  5. Сергун А.К. Штрафы за неисполнение судебного решения.//
    Проблемы применения и совершенствования ГПК РСФСР. —
    Калинин, 1984. С. 93-96

 

  1. Чечот Д.М. Участники гражданского процесса. — М.:

Госюриздат, 1960

П.Фаткуллин Ф.н. Общие проблемы процессуального

доказывания.-Казань, 1976

18.Сахнова Т.В. Экспертиза в гражданском процессе:-М.,1998

  1. Баймолдина З.Х. Гражданское право РК. — Алматы: КазГЮА.
    2001
  2. Курылев С.В.   Основы   теории   доказывания   в   советском
    правосудии. — Минск, 1980
  3. Гуреев ГІ.П. О понятии судебных доказательств в советском
    гражданском процессе // Советское государство и право.1966. № 8.
    С.55-56.
  4. Абдуллина З.К.    Проблема   доказывания    в    гражданском
    судопроизводстве: Учебное пособие. — Алматы: Данекер, 2004
  5. Молчанов В.В.   Собирание   доказательств   в   гражданском
    процессе. — М.: МГУ, 1991
  6. ҚР Атарушылык іс жүргізу және сот орындаушылары туралы
    заңы.

[1] ҚР АІЖК. 13.07.1999.

[2] ҚР АІЖК. 13.07.1999.

[3] Юдельсон К.С. Судебное доказательства в гражданском процессе. М. 1956. стр. 129-132.

[4] Советский гражданский процесс. М., 1975. стр. 153

[5] М.К. Треутников. Судебные  доказательства. М., 1991 стр. 181.

[6] Пучинский В.К. Признание стороны в советском гражданском процессе. М., 1955. стр. 30.

[7] ‘ҚРАКЖК 13.07.1999.

 

[8] Курылев С.В. Основы теории доказывания в советском правосудии. Минск, 1969. 169-171 б.

 

[9] 1 Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право России. М. 1999. 145-149 б.

 

[10] Мельников А.А. Гуреев П.П. Курс Советского гражданского процессуального права. М, 1981. Т.І. 349-350. б.

 

[11] ҚРАҚЖК. 13.07.1999.

 

[12] бҚРАҚЖК. 13.07.1999.

 Мельников А.А. Гуреев. Курс Советского гражданского процессуального права. М, 1981.Т. 1.347 б.

 

 

[13] Треушиников М.К Гражданский процесс. М., 2000. 126. б.

 

[14] М.К. Треушников «Судебные доказательства» М., 1997. Стр. 74-75.

С.В. Курылев. «Основы доказывания в советском правосудии». Минск, 1969, стр. 139.

[15] М.С. Строгович. Курс Советсого уголовного процесса. Т. 1. М., 1968, стр. 288-289.

 Т.В. Саханова. Регламентация доказательств и доказывания гражданском процессе, Журнал, Государство и Право. 1993. №7, стр. 53.

 

 

[16] Гуреев П.П. О понятий судебных доказательств- «Советское Государство и право», 1966. №8. стр. 58., Резниченко И.М. Установление достоверенности и силы и доказательств по гражданским делам. Ученые записки Дальневосточного Университета. 1969. Т.32, стр.  105.

[17] Треушников М.К. Судебное доказательство. М., 1997.стр. 124.

[18] Резниченко И.М. Установление достоверности и силы доказательств по гражданского делам. Ученые записки Дальневосточного Университета. 1969. Т.32, стр.  105

[19] Кипнис Н.М Допустимость доказательств в условиях судопроизводства. М., 1995, стр. 27.

[20] М.К. Треушников. Судебные доказательства. М., 1997 стр. 102-103.

[21] Гражданское процессуальное право России. Учебник под ред. М. С. Шакарян. М., 1996 стр. 147.

[22] М.К. Треутшиков. Судебные доказательство. М., 1991. стр. 105.

[23] К.С. Юдельсон. Гражданский процесс. М., 1972 стр. 180.

[24] С.В. Курылев.  Основы  теории  доказывания  в  советском  правосудии. Минск,  1969,  стр.  177-179.

[25]  31 М.К.Треушников. Судебные доказательства. М. 1991. стр. 248.

 

[26] В.В.Молчанов. Арбитражный процесс. М., 1995 стр. 155-156