АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы

Мазмұны

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..3

 

І. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының

    тарихи аспектiлерi

1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының  

     ұғымы, міндеттері мен маңызы………………………………………………………………6

1.2.Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот

     бұйрығынан   айырмашылығы……………………………………………………………….11

 

 ІІ.  Сот бұйрығының  заңды  күші.

2.1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының  заңды күшi..……………………………19

2.2. Сот бұйрығының  мәні, жіктелуі………………………………………………….

 

ІІІ. Азаматтық іс жүргізудегі сот ұйғарымдарының сот бұйрығынан  айырмашылығы……………………………………………………………………….22

 

Қорытынды. …………………………………………………………………………………………..49 

Қолданылған  әдебиеттер……………………………………………………………………….52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес,  саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған».  Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» — деген тұжырыммен айқындалар еді.

Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне  үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз.

Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.

Осындай ролге ие және мемлекеттік қоғамдық құрылымда сот органдарының орнын толық және объективті бекіту үшін біздің елімізде  азаматтық істерді жүргізу сатыларының ерекше маңызы бар.

         Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздік алып, құқықтық мемлекет болуға бет алып жатқан заманда азаматтық іс жүргізу заңдарындағы азаматтық іс жүргізу сатыларының маңыздылығы өте көп болып табылады. Бұның маңыздылығы Қазақстан Республикасының Конституциясында басты қазынасы болып табылатын азамат және оның құқығы мен заңды мүдделері және бостандықтарының соттар алдында қорғалуының негізділігі болып табылады.

        Әрбір азамат өз құқығы мен заңды мүддесін, бостандықтарын қорғауға құқылы. Соған            азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру біріншіден, конституциямен екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңдарымен қорғалуға жатады. Соның ішінде азматтық іс жүргізуде талап өндiрiсiнiң маңызы өте зор.

        Азаматтық іс бойынша талап өндiрiсi азаматтың даулы құқықтарын өз шешіміне жетуді негіздей отырып, ол даудың сот сатыларында уақытында дұрыс шешілуін, даудың мәні бойынша қаралып, заңды шешімін табуға негіз болады.

       Азаматтық іс жүргізу сатыларының дұрыс және заңды түрде қарай білу құқықтық мемлекет болғалы отырған қазақ Елінің жас заңгерлерінің негізгі міндеті мен халық алдындағы борышы екені сөзсіз.

Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң,азаматтық іс жүргізу сатыларының  негізгі міндеттері болып азаматтардың даулы құқықтарын шешу, уақытында және дұрыс айқындау, азаматтық істерді мәні бойынша қарау, сот актілеріне шағым, наразылық білдіру арқылы апелляциялық сатыда және қадағалау сатысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша қорғалуына негіз береді.

Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң және сатыларының  басты маңызы сот актілерінің әділдігі мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу барысындағы мақсаты болып табылады.

Азаматтық iс жүргiзу құқықтық қатынастары – бұл Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларымен реттелетiн және осы iс жүргiзудi жүзеге асыратын судья мен тараптар арасындағы қоғамдық қатынастар.

Бұндай қатынастардың өзiне тән ерекшелiктерi де бар, бұл:

Бiрiншiден – құқықтық   қатынастың субъектiлерi.

Екiншiден – құқықтық қатынастың объектiсi.

Үшiншiден- құқықтық қатынастың мазмұны.

Төртiншiден- құқықтық азаматтық iс жүргiзудегi толтырылатын немесе шығарылатын iс құжаттары.

Құжат- бұл дегенiмiз ресми мазмұны бар, белгiлi бiр қатынас үшiн толтырылатын қағаз.

Iс құжаттары – бұл белгiлi бiр iс бойынша немесе ерекше маңызы бар қоғамдық қатынас кезiнде толтырылатын құжат түрi, яғни құжаттың ерекше арнайы түрi. Азаматтық iс жүргiзу кезiнде толтырылатын құжаттар болып төмендегiлер танылады:

— Талап арыз, арыз ;

—  Ұйғарым;

— Сот бұйрығы;

— Шешiм, қосымша шешiм, сырттай шешiм;

— Сот отырысының хаттамасы;.

Осылар болып табылады. Бұл әрбiр құжаттың мән-мағынасы әр түрлi болып табылады. Әрбiр құжаттың белгiлi бiр бойынша алатын орны және олардың түрлерiнiң әр түрлi болуы әбден мүмкiн.

Сондықтан мен бұл дипломдық жұмысымның басты тақырыбы етiп осы мәселенi ала отырып, азаматтық iс жүргiзу құжатының ішіндегі сот бұйрығына  қысқаша болса да тоқтала отырып, олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтарын, өздерiне тән ерекшелiктерiн және де қай сатыларында қандай құжат керек екенiн бiлдiм.

Дипломдық  жұмыстың мақсаты – қазақ тiлiнде iс жүргiзiлгенде азаматтық iс жүргiзу құжаттарының толтырылуында және жүргiзiлуiнде сот бұйрығында  қандай проблемалар бар екенiн зерттеу және қазақ тiлiнде бұл құжаттардың  заң терминологиясы бойынша дұрыс аталуын және реттiк кезекпен дұрыс жүргiзiлуiн бiлу болды.

Негiзiнде бұл проблемаларды қазақ заңгерлерiнен зерттеген  мамандар бар болғанымен қазақ тiлiнде шыққан әдебиеттер жоқтың қасы.Сондықтан бұл дипломдық жұмысым бұл мәселенi қазақ тiлiнде шығатын заң әдебиеттерiне қосқан кiшкентай болса да өз үлесiм деп санаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының тарихи аспектiлерi.

 

1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының  

      ұғымы, міндеттері мен маңызы

 

Ата заңымыз Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот тәулігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының  өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды[1].

Әділсоттылықтың табиғаты  және сот әділдігін жүзеге асырудағы мемлкет қызметін ерекшелігін сипаттайтын белгілер сот қаулыларының әсіресе оның ішінде сот шешімінің маңыздылығын анықтайды[2]. Сот шешімінің маңыздылығы туралы айтқанда сот шешімі мәні кең, үстемдігі жоғары акті екендігін ескерген жөн.  Белгілі бір тұлға мүддесіне қатысты шығарылған сот шешімі тұтастай қоғам мен мемлекет үшін маңызы зор.

Жалпы түсінік бойынша, азаматтық әділсоттылық түсінігі мазмұнын құқық туралы дауды қараудағы соттың іс-әрекеті деп түсінуге болады. Бірақ  та тек құқық туралы даулар ғана әділсоттылықты атқару саласындағы сот іс-әрекетінің пәні болып табылмайды[3].  Бұл жерде құқық туралы дау мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн. Құқық туралы дау – бұл азаматтық, неке және отбасы, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайды. Осындай дауларды шешуші сот алдымен нақты құқықтық қатынастық бар жоғын және бұл құқықтық қатынас элементтерінің   мазмұны қандай екендігін анықтау керек.

Құқықтық бұзылуы немесе құқыққа нұқсан келтіру нәтежесі азаматтық құқық туралы дауды тудырады. Сондықтан да соттың азаматтық дауды қарауды, бұзылған немесе нұқсан келтірілген талапкер құқығын қарауға бағытталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және қоғам мүдделерін қорғау үшін қызмет етеді. Сондықтан да еліміздегі сот орындары сот төрелігін жүзеге асыран кезде азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларын басшылыққа алады.

Сот  тек  ұсынылған дәлелдемелер мен түсініктемелер мен шектелген қоймай, істің мән-жайын тараптардың құқықтары мен міндеттерін толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін заңмен рұқсат етілген барлық шараларды қолдануға тиіс.

Жоғарыда айтып өткендей азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарынан туындайтын дауларды шешу мен қатар азаматтық іс-жүргізуде соттар әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істер мен ерекше өндіріс істерін де қарайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою тәртібі мен жүргізілетін істерге мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулларына дау айту туралы істер; Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша: Мемлекеттік өкілет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,  қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды  адамдар мен мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтуы туралы істер; Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер; Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуіне байланысты істер.

Азаматтық іс жүргізу құқығында  Талап өндірісі, Ерекше талап өндірісі және Ерекше өндірістермен қатар Бұйрық арқылы іс жүргізу, яғни бұйрық өндірісі де ерекше орын алады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарау  139-бабы бойынша сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ ,даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.

Сот бұйрығының атқарушылық күші болады,сондықтан ол атқару үшін белгіленген тәртіптермен жүзеге асырылады.

Сот бұйрығын сүдья шығару үшін мынандай талаптар міндетті түрде болу керек.

1.егер талап нотариатта куәландырылған мәмілелерге негізделсе,

2.егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса,

3.егер талап төленбеген векселге, акцептің болмауына, және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе,

4.егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғалардың тартылуына қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талапқа мәлімделген болса,

5.егер азаматтардан және заңды тұл,алардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,

6.егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге төлемдердіөндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,

7.егер жауапкерді немесе борышкерді іздестірген шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары мен қаржы полициясы мәлімдеген болса   шығарылады.                                       

      Сот бұйрығының тарихы өте әрiден басталады, ол революцияға дейiн ресей үдерiсiнде, бұрынғы КСРО-да, сол сияқты ежелгi Рим, Англия, Батыс Германия, Австрия, Швеция, Венгрия мен Чехославакиядағы шетелдiк сот iсiн жүргiзу жүйелерiнде ертеден белгiлi.

Рим құқығында сот бұйрығы преторлық қорғау үлгiсiнде болған, претор (судья) арызданушының өз мүддесiне нұқсан келгенi жөнiндегi өтiнiшi бойынша қандай да болсын iс-әрекеттi дереу тоқтату туралы өкiм еткен. Мұндай өкiм интердиктер деп аталып, үзiлдi-кесiлдi және шүбәсiз санатқа ие болған. Претор ақиқат презумпциясына шартты түрде сүйене отырып, деректердi тексерместен осындай шешiмге баратын.

Батыс Германияда да сот бұйрығы болды. Император соты тәжiрибесiнде шартты және шартсыз бұйрықтар қолданылды. Соңғысында борышкердiң iстiң мәнiсiмен келiспейтiнi туралы мәлiмдеуiне мүмкiндiк жасалып, бұйрық беру немесе сотқа тыйым салу жүзеге асырылатын. Мұнымен бiрге соттың қатар жарылғымен қатар бұйрықта айып салынуы себептi қарсылығы жоқ болса, қығырлығы үшiн айып салу мүмкiндiгi көрсетiлетiн. Осыған орай қарыз алушы сот бұйрығын сөзсiз орындауға мiндеттi болды және бұйрыққа қарсы қорғау құқығы шектелдi. Мұндай бұйрықтарды соттар құжат бойынша берешек мiндеттемесiн атқарумен байланысты беретiн, борышкер болса, несие иесiнiң сот және сотсыз талап ету құқығына қарсылық көрсетпейтiн.

Азаматтық iс жүргiзудiң құқықтық жүйесiнде қолданылатын сот бұйрығы жөнiнде алуан пiкiр айтылуда. Батыс Германияда, Австрияда, басқа да батысевропалық мемлекеттерде пайдаланылып келген шарты бұйрық жауапкердi сотқа шақырмай-ақ арызбен талап етудi, сондай-ақ оның несиелерге қатысты мiндеттемесiн орындау қажеттiлiгiн есiне салатын қағаз секiлдi. Бұлардың айырмашылығы сол, түрлi мақсаттарға жетуге бағытталған және әр түрлi құқықтық салдарға апарып соқтырады.

Револяциядан бұрынғы Ресейдегi сот бұйрығы тәжiрибесiне қарағанда олар талассыз iстердi шешуде аса қолайлы және арзан жол ретiнде қолданылған және егер жауапкер өз мiндеттемесiн еркiн түрде орындамаған жағдайда несиегердiң қолына талап етер соманы немесе iстi орындату жөнiндегi құжаттарды беретiн[4].

Кеңестiк заңнама көбiнесе революцияға дейiнгi құқықтық иедяға табан тiреп, азаматтық сот жүргiзудегi сот бұйрығын жоққа шығармады. 1923 жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексi (210-219 баптар) бойынша судья сот бұйрығын беруден бас тартуға және сұраушыға әкелген құжаттарын қайтарып беруге құқылы болды, тараптардың сотқа қатысуы көзделмедi, жауапкер сот бұйрығы болғаны жөнiнде сот орындаушысының хабар-қағазынан ғана бiлдi. Ол iстi қарауға шақырылмайды, өз келiспеушiлiгiн бiлдiру мүмкiншiлiгiнен айрылды, тiптi сот бұйрығын беру туралы шешiмнен де бейхабар болды. Онда сот бұйрығын коссациялау тәртiбiне шағым келтiруге тиiстi.

Сот бұйрығы институты негiзiнен нарықтық экономика жағдайында ғана болғандықтан ол ХХ ғасырдық 30-50 жылдарындағы кеңестiк кезеңiндегi азаматтық реттеудiң барлық саласында қолданылмай келдi. Осыған орай 1964 жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде де оған лайықты орын берiлмедi, отандық (кеңестiк) заңнамада ұзақ жылдар бойы негiзсiз ұмытылды. Алайда, бiрнеше ондаған жылдардан кейiн, яғни 1995 жылғы 27 қазанда РСФСР-дiң азаматтық iс жүргiзу кодексiнде «сот бұйрығы» деген жаңа 11-тарау енгiзiлдi.

Сонымен қатар бұрынғы бiрқатар социалистiк елдердiң заңнамаларында азаматтық iстер бойынша сот бұйрығын шығару көзделедi, бұл тәжiрибе ерекше назар аударуға тұрарлық өзiндiк құқықтық жаңалық болды. 

Мәселен, Венгрия сот бұйрығы «iстi адал ниетпен жүргiзу ұстынын жақсы жүзеге асыру, тараптардың сотқа көмектесу сезiмiн ойдағыдай ояту және азаматтық iс жүргiзу тиiмдiлiгiн көтеру үшiн» 1972 жылы енгiзiлдi.

Венгер ғалымы Я. Неметтiң пiкiрi бойынша «сот бұйрығының тиiмдiлiгi оны жиi қолдану арқылы емес, жауапкердiң белсендiлiгi мен тәртiбiн жақсартумен сипатталады». Сот бұйрығының профилақтикалық әсерi анағұрлым елеулi болып табылады.

Венгрияның азаматтық iс жүргiзуiне сот бұйрығы енгiзiлгенге дейiн борышкер соттың бiрiншi мәжiлiсiне қатыспайтын, мұның өзi iстi оралымды шешуге көлеңкесiн түсiретiн. Жауап берушiнiң келмеуiне және көзқарасына қарамастан азаматтық iстi бiрiншi мәжiлiстiң өзiнде шешу жөнiнде сотқа құқық берiлгеннен кейiн жауапкердiң сот талқылауына қатыспауының аяғы неге апарып соғатынына сергек қарап, шақыруға құлақ қоюына мәжбүр еттi.

Кейiнректе Венгриядағы сот бұйрығы жауапкердiң сотқа қатыспағаны үшiн келiсiмi (санкция) ретiнде саналатын болды. Мiне, венгр ғалымдары осыны дәйектi түрде қолдауда, сондықтан да ол бұл елдiң азаматтық iс жүргiзу заңнамасында қолданылуда.

Сот қаулысының осыған ұқсас түрi бұрынғы ЧССР-дiң азаматтық iс жүргiзуiнде болып, ол «төлем бұйрығы» деген атпен азаматтық iс жүргiзудiң белгiлi санаты бойынша қолданылды. Сот жауапкер сөзiн тыңдамай-ақ мүдделi жақтың талап етуi бойынша төлем бұйрығын шығарды. Сот төлем бұйрғын шығару үшiн талапкердiң несиенi төлеу жөнiнде алдын ала жауапкерден талап етуi қажет болды, ал оның көшiрмесi талап арызына тiркелдi.

Чехославакияда төлем бұйрығынан басқа вексельдiк (чектiк) сот бұйрығы болғаны белгiлi, сот оны арызданушы сотқа вексельдiң түпнұсқасын әкелгенде шығаратын. Мұндай бұйрықтарға үш күн iшiнде қарсылық мәлiмдемесi вексель бұйрығын бұзуды емес тек iс қарауды тағайындау үшiн әрекетiн тоқтата тұруды мегзеген. Бұдан кейiн сот тарапынан вексель бұйрығын күшiнде қалдыру немесе бұзу жөнiнде шешiм қабылданатын.

Азаматтық сот iсiн жүргiзуде сот бұйрығының тарихи сипатын есепке ала отырып және сот билiгiн реформалау мақсатымен 1999 жылғы 13 шiлдеде елiмiздiң заң шығарушылары Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне толықтырулар енгiзудi, соның бiрi 13-тарау «Бұйрық арқылы iс жүргiзу» болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң жаңа нормларына сәйкес сот бұйрығы өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып табылады (ҚР АIЖК 139-бап).

Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 146-бабында көзделген талаптар бойынша судья сотқа түскен арыз бойынша сот бұйрығын шығару үшiн арыздың мазмұнымен жеке-дара танысады, егер талап қою арқылы жүгiнген жағдайда, дауға салынатын сомадан аударымдарды негiзге ала отырып 50 пайыз ставка мөлшерiнде мемлекеттiк баж төленедi.

Сот бұйрығын беру туралы арыз талапқа сай болуы қажет, яғни өндiрiп алушы сотқа борышкердiң мiндеттемесiн нақты растайтын мiндеттемесiнiң түпнұсқасын және басқа да құжаттар тапсыруы тиiс. Мәмiленiң жазбаша мәтiнi сотқа түсiнiктi болғаны жөн, оның шарттары заңмен бекiтiлген талаптарды куәландыратындай болуы керек.

Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде борышкердi, өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ мына жағдайларда: егер талап нотариатта куәландырылған мәмiлеге негiзделсе; егер талап жазхбаша мәмiлеге негiзделсе және оны жауапкер таныса; егер талап төленбеген вексельге, акцептiң болмауына және нотариус жасаған акцептiң күнi белгiленуiне бiлдiрiлген наразылыққа негiзделсе; егер әкелiктiң белгiленуiне немесе үшiншi тұлғаларды тарту қажеттiлiгiне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса; егер қызметкерге есептелген, бiрақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдердi өндiрiп алу туралы талаптарды iшкi iстер органдары немесе салық полициясы мәлiмдеген болса; егер елу айлық мөлшердегi сомаға тұтынушылардың құқықтарын қорғауға талап мәлiмдеген болса, егер лизинг туралы заңнама кесiмiне сәйкес талап мәлiмдеген болса, сот бұйрығын шығарады.

Iс жүргiзу әрекетiне тиiсiнше хаттама жасалмайды. Сот бұйрығына соттың кәдуiлгi шешiмi сияқты талап қойылады, бұлар: заңдылық пен дәлелдiк.

Сот бұйрық шығарғаннан кейiн судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшiрмесiн дереу борышкерге жiбердi.

Егер борышкерден белгiленген мерзiмде сотқа қарсылық келiп түспесе, судья өндiрiп алушыға оны орындауға көрсету үшiн соттың мөрiмен куәландырылған сот бұйрығын бередi.

Сотқа жүгiнгенде жоғарыдағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, судья өтiнiш берушiнiң арызын қабылдамайды, не талапқа сәйкес келмегендiктен өзiне қайтарады.

Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелдi сот бұйрығы шығарады, онда егер iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай сотқа жүгiнуi жөн екендiгiн көрсетедi. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндiрiп алушы енгiзген мемлекеттiк баж қайтарылады.

Жоғарыда аталған тармақтар бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.

 

 

1.2. Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот бұйрығынан айырмашылығы.

 

Шын мәнiнде, барлық азаматтық iстер бiр-бiрiне ұқсамайтын түрлiше болып кездеседi. Сондықтан да кейбiр iстердi тез шешуге тура келедi. Талап қою бойынша iс жүргiзудiң жалпы тәртiбi азаматтық дау-дамай iстерiне арналған, бұларды тиiстi дәрежеде қарау және шешуде бiрқатар заңды қалыптасқан тәртiпте жүзеге асыруға тура келедi. Дау-шарасыз iстердi шешуде талап қою бойынша iс жүргiзуде сайысушылық ереженi сақтау азаматтық құқықты қорғаудағы сот нысаны тартымдылығын айтарлықтай кемiтедi. Осыған орай Азаматтық iс жүргiзу кодексiне жаңа тарау – сот бұйрығын енгiзу мiндетi алға қойылды.

Сот бұйрығының сот шешiмiнен айырмашылығы бар, сот шешiмiн сот кез келген азаматтық iске шығара алады, онда талапкердiң  немесе жауапкердiң талап қою арызы бойынша соттың билiктiк пiкiрi баяндалуы мүмкiн.  Бұйрық арқылы iс жүргiзуде сот талап қоюдың белгiлi бiр билiгiн ғана шешедi, заңда көрсетiлмеген талаптар бойынша сот бұйрығы берiлмейдi.

Шешiм – iстiң мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы сот қаулысы. Шешiм шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға бередi, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын, тараптардың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды. Сот бұйрығының мазмұында ешқандай дәлелдемелер болмайды. Бұдан біз сот шешімінің маңызын айқындайтын екі элементті көреміз:

  1. Бұйрық элементі
  2. Бекіту элементі

Сот шешімінің маңызы туралы мәселені зерттегенде сот шешімінде тек бұйрық элементі бар деп шектелмеу керек. Сот шешіміндегі бұйрық элементі тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастың бар жоғын бекітетін сот бекіту элементінің бар болуынан туындайды. Бұзылған немесе нұқсан келтірілген құқықты қалпына келтіру үшін әділсоттылық актісі – сот шешімінде мемлекеттік органның бұйрығы болуы шарт. Ал кері жағдайда бұзылған құқық қорғалды деп санауға болмайды.

Сот шешімінде декларативтік және императивтік жағдайлардың болуы әділсоттылық актісі ретінде сот шешімінің ерекшелігін білдіреді.

Сот шешімін бір уақытта бекіту және бұйыру актісі ретінде тану әділсоттылық табиғатынан туындайды. Сот шешімінің бұл 2 элементі сондықтан да бір-бірінен ажыратылмайды.

Сот өз шешімінен нақты құқықтық қатынастың, субъективтік азаматтық құқықтың немесе іс қозғауға себеп болған фактінің болғанын немесе болмағанын бекітеді. Мұндай бекіту өз мазмұны бойынша болымды және болымсыз күйде болады. Сот құқықтық қатынастың бар жоғын бекіту арқылы осы құқықтық қатынастың болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал ететін белгілі заңды фактілердің бар жоғын бекітеді. Сот қарайтын талаптың түріне байланысты сот бекітуінің сипаты да әртүрлі болады. Сондықтан да, осы мәселе бойынша анамиз жасағанда жекелеген категориядағы істерді қарау ерекшеліктерін ескеру керек.

Сот шешімімен беру туралы талапты қанағаттандырғанда сот бекітуінің пәні болып табылады.:

  1. Талапкер мен жауапкер арасындағы құқықтық қатынас
  2. Талапкердің субъективтік құқығы
  3. Талап негізделген фактілер
  4. Сот негізіне алынатын өзге де әртүрлі фактілер

Беру туралы талаптың мақсаты жауапкердің  талапкер пайдасына белгілі бір мүлікті немесе ақша сомасына не белгілі бір іс-әрекетті жасауын сот арқылы  бекіткізу болып табылады. Сондықтан да сот талапкердің субъективтік құқығын білдіретін жауапкер мен талапкер арасындағы қарым-қатынастың бар жоғын дұрыс анықтау керек.

Ал, тану туралы талапты қанағаттандырғанда сот шешімінің бекіту объектісі де осы сияқты. Бірақ талапкер тану туралы талап қойғанда жауапкерден белгілі бір затты немесе ақша сомасын өндіртіп алуды неғ қандай да бір іс-әрекетті өз пайдасына істеуді талап етпейді. Сондықтан да талапкер мәжбүрлі түрде орындату немесе мәжбүрлі түрде құқықтарды жүзеге асыру туралы сот шешімін алуға мүдделі емес. Тану туралы талапты қанағаттандырғанда сот құқықтық қатынастың бар жоғы туралы даулы мәселені шешеді.

Сонымен тану туралы талапты қарағанда сот бекітуінің объектісі болып табылады:

  1. тараптар арасындағы құқықтық қатынастыр
  2. талап негізделген фактілер
  3. арнайы сот пайымдауына негіз болатын өзге де фактілер

Сот өз шешімімен тану туралы талапты қанағаттандырғанда тараптар арасындағы қатынастар жоғымды және жағымсыз сот бекітуінің объектісі болуы мүмкін.

Жағымды бекіту сот белгісі құқықтық қатынастың  бар екендігін тану туралы талапты қанағаттандырғанда көрініс табады. Мысалы: Авторлық құқықты тану туралы жағымды талап жән т.б.

Керісінше жағымсыз бекіту сот белгілі құқықтық қатынастың жқ екендігін тану туралы талапты қанағаттандырғанда  көрініс табады. Мысалы: тараптар арасындағы шарттың жарамсыздығын тану туралы талап, әкесі еместігін тану туралы талап және т.б.

Құқықтық қатынасты әрі жағымды әрі жағымсыз бекіту мүмкіндігі тану туралы талапты қанағаттандырған сот шешімінің ерекшелігін сипаттайтын белгі деп тану керек.

Ал беру туралы талапты қанағаттандырғанда сот шешімінде тек жағымды сот бекіту ғана (болуы мүмкін) болады. Кері жағдайда талап қанағаттандырылмайды.

Шын мәнінде сот кез-келген беру туралы талапты қанағаттандырғанда талапкердің жауапркеден талап ететіндігі субъективтік құқығы бар екендігін бекітеді. Егер мұндай субъективтік құқық талапкерде болмаса онда көп жағдайда талапкер мен жауапкер арасындағы құқықтық қатынаста болмайды.

Алайда, практикада тану туралы талаппен беру туралы талап 1 талап арызда бірге келетін жағдайлар аз кездеспейді. Мысалы: шартты жарамсыз деп тану және негіссіз  алған заттар мен ақша қаражаттарын өндіріп алу туралы талап-арыз; заңсыз жұмыстан қуылғанын тану, жұмысқа қайта орналастырып беру және лажсыз бос жүрген жұмыс күндері үшін жалақысын өндіріп алу туралы талап арыз.

Мұндай қосылған талаптарды қарағанда, мәселен сот шартты жарамсыз деп тану және осы шарт бойынша негіссіз алғандарын өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырғанда сот өз шешімімен:

  1. шарттың жарамсыз болуына байланысты құқықтық қатынастың жоқ екендігін
  2. жарамсыз шарт негізінде заттар мен мүліктік жиналымдарды, ақшы қаражаттарын алуна байланысты құқықтық қатынастың бар екендігін
  3. негізсіз алғандарын қайтару туралы талапкердің талап етуін бекітеді.

Сондай – ақ сот тану туралы талапты қанағаттандырғанда, талап негізделген фактілерді де бекіту керек. Сот алдымен өз шешімінде қандай заңды фактілер нақты даулы құқықтық қатынасты туындатқандығын немесе жойып жібергенін анықтап бекіту керек. Бұл заңды фактілерді анықтамай сот объективті шынайы құқықтық қатынастың бар жоғы туралы тұжырымға келе алмайды.

Ақыр соңында сот талап негізінен тыс тұратын фактілерді яғни соттың арнайы қарауына негіз болатын фактілерді бекітеді. Шешімді орындаудың белгілі бір  тәртібіне және мерзіміне қатысты мәселелер соттың арнайы қарауына жатады. Бұл мәселерді анықтаудың беру туралы талап бойынша шешім шығарылғанда маңызы зор. Ал тану туралы талаптарды қарағанда бұл фактілерді анықтаудың маңызы 2-ші деңгейде тұрады.

Сол арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау олардың арасындағы құқықтық қатынасты өзгерту немесе тоқтату жолымен де жүзеге асырылады. Сот талапкердің жауапкер екуінің арасындағы құқықтық қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы талабын қарағанда сот бекітеді:

  1. Талапкер ойынша тоқтатылуға не өзгертілуге жататын нақты қандай құқықтық қатынас дауласушы тараптар арасында бар екендігін;
  2. Заң бойынша осы құқықтық қатынасты тоқтатуға немесе өзгертуге жол беретін заңды фактілердің бар жоғын.

Ақыр соңында сот шешімінде нақты қай заңды факті негізінде құқықтық қатынас тоқтатылғанын немесе өзгертілгенін көрсетіп кетуі керек. Өзгертілген құқықтық қатынас мазмұнын сот анықтайды.

Мысалы: Жалдап алушының басқа жаққа кетіп қалуы және оның жалдап алған тұрғын үйде 6 айдан көп уақыт болмағандығы көрсетілген тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату туралы талапты қарағанда сот:

  1. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тараптар арасындағы құқықтық қатынастың бар екендігін;
  2. Жауапкердің басқа жаққа кетіп қалуы және жалдаған тұрғын үйде 6 айдан көп уақыт болмағандығы туралы фактіні;
  3. Тиісті заңдарға сай тараптар арасындағы құқықтық қатынасты тоқтату туралы фактіні бекіту.

Енді ерекше жіне ерекше талап өндірісі істері бойынша шығарылған сот шешімдерін қарастырып өтейік. Жоғарыда айтылып өткендей сот ерекше және ерекше талап өндірісі істерін қарағанда белгілі құқықтық қатынастың не фактінің даулылығын жою арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат етеді. әрине сот осы істер бойынша да белгілі  құқықтар мен фактілерді өз шешімімен бекітеді.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы ерекше өндіріс істерде сот өз шешімімен арызданушының жеке не мүліктік құқықтарының пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін фактілерді бекітеді.Дәл сондай заңдық маңызы бар белгілі фактілерді сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы және өзге де ерекше өндіріс істерін қарағанда бекітеді.

Жекелеген жағдайларда беру туралы  талапты қанағаттандырмағанда сот тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастың бар екендігін және талапкердің жауапкерге  талап етуінің жоқ екендігін бекітуге мәжбүр болады. Мысалы: талапты ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қанағаттандырмау. Мұнда сот тараптар арасындағы  белгілі азаматтық құқықтық қатынастар бар екендігін бекітуге мүмкіндігі бар,  бірақ сонымен қатар ескіру мерзімі өтуіне байланысты талапкердің талап етуінің жоқ екендігін анықтайды[5].

Істі қарау барысында талап пәнін не негізінсот өз бастамашылығымен өзгерте  ала ма деген сауал процессуалдық әдебиеттерде даулы мәселеге айналды. Іс жүргізудің диспозитивтік қағидасына сәйкес  талап пәнін не негізіг өзгерту құқығы талапкерге берілгені бәрімізге аян. Алайда бір топ авторлар сот бастамашылығымен талап пәнін не негізін өзгерте алады деп пайымдайды[6]. Я.Л.Штутин ойынша  «сот өз бастамашылығымен тек талап  негізін өзгертуге құқылы, ал талап пәнін өзгерте алмайды»[7]. Ал, Д.И.Полумордвинов[8] былай жазған: «Сотқа өз бастамашылығымен талап пәнін не негізін өзгерту құқығын беруге болмайды.

Біздің ойымызша осы мәселе бойынша тек Д.И.Полумордвинов пікірімен ғана келісуге болады. Себебі, талап қою құқығы тек тараптарға беріледі. Талапкер өз талабында өзінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған дығы немесе нұқсан келтірілгендігі туралы фактілерді келтіреді және соттан өзінің бұзылған не нұқсан келтірілген құқығын қорғауды сұрайды. Егер біз талап пәнін немесе негізін өзгерту құқығын сотқа берсек онда бұл талапкер құқығын шектегеніміз болады және іс жүргізудің диспозитивтік қағидасына қайшы келеді.

Сонымен қатар мұндай әрекет  заңға қайша келеді. Іс жүргізу заңдарына сәйкес соттың өз бастамашылығы бойынша талап қою пәнін немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. (ҚР АІЖК 49-бап, 2-тармақ.)

Мемлекеттік билік органы актісі ретінде сот шешімі кез-келген жағдайда және кез-келген іс бойынша сот бұйрығының көрнісі. Сот шешімінің қорытынды бөлімі шешімнің бұйрықтық  сипатын білдіретіндігі бәрімізге аян. Со өз шешімімен жауапкерден талапкерге белгілі бір ақша сомасын не мүлікті өндіріп беріп немесе  жауапкерге белгілі бір әрекет жасауды міндеттеу арқылы  іс-жүргізуге  қатысушы тараптардың әсіресе жауапкердің істеуге тиіс белгілі бір әрекетін, қатынастарын анықтайды. Мысалы: тұрғын үйді босату туралы, талапкерді қайтадын жұмысқа орналастыру туралы және т.б.с.с. сот бұйрықтарын тараптар орындауға міндетті.

Бұйыру элементі кез-келген сипаттағы со шешімінің ажырамас бөлігі. Сондай-ақ сот шешімінің орындалуы егер ерікті түрде жүзеге асырылмаса онда мәжбүрлі түрде тиісті мемлекет органдармен орындатылатыны бізге заң жүзінде әрі практикада мәлім.

Соттың азаматтық істі шешуде объективті шынайы құқық нормаларын қолдануының, шешімнің орындалуында маңызы ерекше. Сот нақты азаматтық құқықтық дауды шешкенде заңның еркін білдіреді. Осы тұрғыда сот шешімін еріктілік акті ретінде қарастырған жөн. Сот шешімі нақты іс бойынша қолданылған заңда көрініс табатын халықтың еркін білдіреді.

Сот шешімі нақты азаматтық-құқықтық дауды шешкенде тиісті заң нормаларын қолдану арқылы тараптардың құқықтық қатынастарын және белгілі фактілерді бекітуді білдіретін мемлекеттік билік органының ерік білдіру актісі болып табылады.

Құқықтық норма сот шешімінде өзінің нақты қолданысын табады. Осыған байланысты теория мен практикада жеке сипатқа ие келесі тұжырымдарды келтірген жөн:

  1. кез-келген сот шешімі заңға негізделуі тиіс және бұл туралы шешімде тікелей көрсетілуі керек. Сот шешімі материалдық құқықтық нормалар негізінде, процессуалдық құқық нормаларын сай шығарылады. Осыған байланысты М.К.Треушников былай жазған: «Кез-келген азаматтық істерді қарағанда сот тиісті материалды құқықтық нормалар негізінде процессуалдық нормаларды қолданады. Сондықтан да сот шешімін материалдық құқық нормаларын қолдану актісі деп айтамыз»[9].
  2. Нақты жеке жағдай бойынша мемлекет актісі ретінде сот шешімінің заңдық күшін заңның күшін көрсетуші белгі ретінде тану керек. Құқықтық әдебиеттерде осы тұрғыдағы сауалға Д.И.Полумордвинов көзқарасы мынандай: «… Сот шешімі өзінің заңи табиғатынан, заңды жүзеге асырушы акт болуы шешімінің заңдық күшіне негізделеді. Құқықты көрсету формасы ретінде заң сот шешімімен жүзеге асырылып сот шешіміне құқыққа тән заңдық күш бере алмауы мүмкін емес. Құқықтың заңдық күшінің бейнесі сот  шешімінің заңдық күші болыр табылады»[10].

Ата-заңымыз конституцияға және ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңға сәйкес ҚР-да сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асырады және ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. (Конституция 75-бап).

Сот шешімі заңды, егер оны шығарған сот және оның құрамы заңға сәйкес құрылған және әрекет еткен болса. (ҚР АІЖК 37-бап). Заңсыз сот құрамының процессуалдық құқықтық қатынас субъектісі ретінде әрекет ету қабілеті жоқ және ол шығарған сот шешімі заңсыз болып табылады.

Соттың 1-ші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет етуші судья жеке дара қарайды, ал, апелляцияқ немесе қадағалау сатысындағы істерді соттың алқалы құрамы қарайды. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ, кем дегенде үш судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болады. Азаматтық істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады және іс бойынша туындаған мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс  қалуға құқылы емес. Төрағалық етуші ұсыныстар енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады. Ол төрағалық етушіге тапсырылады және конвертке салынып, мөр басылып іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірімен апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот осы істі қарау кезінде танысуға құқылы Судьяның ерекше пікірі бар екендігі іске қатысушы тұлғаларға хабарланбайды және ерекше пікір сот отырыс залында жарияланбайды.

Сондай-ақ, істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды. 1-ші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық немесе қадағалау сатысында қарауға сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда 1-ші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды. Өйткені, судья істң бірінші қараған кезде іс бойынша бір тұжырымға келген, ол шешімді қайтадан объективті және дұрыс қарауына кедергі келтіреді.

Сонымен, жоғарыда айтылған процессуалдық тәртіпті бұзу іс бойынша заңсыз шешім шығарылуға алып келеді. Сондықтан да азаматты істі сотта қарап шешуде іс-жүргізу нормаларын қатаң сақтаған жөн. Бұл іс-жүргізу нормаларын қатаң сақтау сотшешімінің заңдылығынқамтамасыз етуде маңызы зор екендігін білдіреді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе материалдық заңды қолдану аясындағы сот шешімі заңдылығының шарттары деп танимыз:

а) Даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқықтық нормаларды дұрыс анықтауды;

б)Құқықтық нормаларды дұрыс талқылау, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау мақсатында құқықтық норманың шынайы қолданылу аясын түсіну.

Сот өзінің құқықтық қатынас туралы тұжырымының объективтік шынайылығына тек осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтық норманы басшылыққа алғанда  ғана жетеді. Талап-арызда көрсетілген істің мән-жайы сотқа  даулы құқықтық қатынас сипаты туралы бағдарлы түсінік және алдын-ала құқық нормасын анықтауға  мүмкіндік береді.  Оның көмегімен заңдық маңызы бар фактілерді және  оларды дәлелдейтін дәлелдемелерді анықтаймыз. Осылардың негізінде  даулы құқықтық қатынасты реттейтін материалдық құқық нормаларын анықтап білеміз.

Ал, бұл құқықтық норманы дұрыс талқыламай, оның мазмұнын түсінбей орынды қолдану мүмкін емес. Сондықтан  да кез-келген құқықтық норманы, тіпті ол алғашқыда оның түсінікті болып көрінсе де қолданбас бұрын оны талқылаған жөн. Құқықтық норманы талқылау бұл оның мазмұнын ашуды білдіреді. Осыған байланысты А.А.Пиантковскийдің келесідей пікірімен келісуге болады: «Қылмыстық заң диспозициясы қаншалықты түсінікті құрастырылса да, нақты қылмыс құрамының қажетті белгілері қаншалықты  анық көрсетілсе де, қылмыстық заңды дұрыс түсіну процессінің қажетті сатысы ретінде қылмыстық құқықтық норманы нақтылау қажеттілігі әрқашанда сақталады»[11].

Шешiм шығару тәртiбi заңмен нақты және толық реттеледi. Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi, ал бұйрықта бұлай емес, заң бұл жағын қатаң талап етпейдi.

Бұйрық пен шешiмнiң субъективтiк құрамында да айырмашылық бар. Бұйрық арқылы iс жүргiзуде тараптар талап арызбен iс жүргiзудегiдей талапкер және жауапкер емес, сотқа жүгiнушiнi өндiрiп алушы, ал өндiрiп алушының берешектi талап ететiн тарабы борышкер деп аталады.

Шағым беру тәртiбiнде де өзгешелiк бар. Мәселен, сот шешiмi шығарылғаннан кейiн түпкiлiктi нысанда он бес тәулiк iшiнде шағым жасалуы тиiс.бұйрықта тек борышкер жағы шағым жасай алады. Борышкер сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлiмдеген талапқа келiспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы. Егер борышкерден белгiленген мерзiмде мәлiм етiлген талапқа келiспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшiн жойып, ол туралы сот бұйрығы шығарады. Ал, туындаған дау-дамай бойынша жалпы ережеге сәйкес талап арызбен сот iсi жүргiзiледi.

Сот бұйрығын (немесе соған ұқсас сот қаулыларын, тiптi бiрқатар елдерде бұлар басқаша аталса да) соттың мiндеттерi мен қызметi жағынан талдау, сот билiгiнiң шексiз құқығы сот қаулысының бұл ерекше түрi азаматтық құқықты қорғаудың тиiмдi құралы болып табылатынын көрсетедi. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң осы тарауы қабылданған сәттен бастап Алматы қаласындағы аудандық соттардың 2006 жылы сот бұйрықтары арқылы жүргiзген iстерi мынадай: Алматы ауданы бойынша – 364; Әуезов ауданында – 557; Бостандық ауданында – 558; Жетiсу ауданында – 360; Медеу ауданында – 340; Түрксiб ауданында – 343.

Сайып келгенде сот бұйрығы енгiзiлгенге дейiн азаматтар көбiне сот табалдырығын тоздырып, уақыты мен күшiн сарып ететiн. Өйткенi, азаматтық iс жүргiзу айтарлықтай күрделi болатын. Бұйрық арқылы iс жүргiзiлгелi азаматтардың өз құқықтарын тез және тиiмдi қорғауына қол жеткiзiлдi.

Азаматтық сот iсiн жүргiзуде жеңiлдетiлген құқықтық iс жосығын пайдалану, оның iшiнде бұйрық арқылы iс жүргiзу процеске серпiлiс туғызып, сот қорғауының тиiмдiлiгi мен ықпалын арттыра түсiп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                ІІ.  Сот бұйрығының  заңды  күші.

 

2.1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының  заңды күшi.

 

Бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығының заңды күшi ұғымының күрделiлiгiне, зор теориялық және практикалық маңызына қарамастан, бұл мәселе заң әдебиетiнде жеткiлiктi зерттелмеген. Iс жұзiнде көп жағдайда сот шешiмдерiнiң заңды күшi туралы мәселелермен ұқсастырып шешiледi.

Профессор Н.Б. Зейдер сот шешiмiнiң заңды күшiн iс бойынша шығарылған шешiмнiң ерекше қасиетi ретiнде көрсетедi, және бұл қасиет оның жалпыға мiндеттiлiгiнен көрiнiс табады[12].

Заңды күш мемлекеттiк билiк органдарынан, оның iшiнде соттан туындайтын актiлерге ғана тән. Сот актiлерiнiң ғана заңды күшке ие болуын Н.Б. Зейдер былайша түсiндiредi:

1) сот шешiмi нақты қатынастарға қолданылатын заңның көрiнiсi болып табылады;

2) сот шешiмiнде объективтiк шындық болады;

3) сот даулы мәселеге соңғы нүкте қояды және өз шешiмiмен белгiлi тұлғалардың мiнез-құлқын анықтайтын бұйрық шығарады;

4) сот шешiмiне заңды күш беру бүкiл құқықтық тәртiптiң тұрақтылығына, анықтылығына және бұлжымастығына байланысты.

Профессор Н.Б. Зейдер заңды күшiне енген сот шешiмi бес қасиетке ие болады деп көрсетедi:

1) шешiмнiң өзгермейтiндiгi;

2) шешiмнiң бұлжымастығы;

3) шешiмнiң мiндеттiлiгi;

4) шешiмнiң айырмашылығы;

5) шешiмнiң орындалатындығы[13 ].

Бұл қасиеттерге М.Г. Авдюков, А.Ф. Клейнман, К.С. Юдельсон ұсынған шешiмнiң преюдициялығы қасиеттерiн қосу дұрыс тәрiздi.

АIЖК-де бiрiншi сатыдағы соттың шешiмдерiнiң заңды күшiне арнайы арналған бап көзделген. Бiрақ, сот бұйрығының заңды күшi жөнiнде ештеңе айтылмайды.

АIЖК-ң 21-бабының 2-бөлiгiнде былай делiнедi: «Заңды күшiнен енген сот шешңмдерi, қаулылары мен бұйрықтары, сондай-ақ сотттар мен судьялардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс». Осы нормадан сот бұйрығының заңды күшiне енетiндiгi жөнiнде көруге болады.

Процессуалист-ғалымдардың арасында бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығының заңды күшiне енуiне байланысты әр түрлi пiкiрлер айтылды. Г.В. Воронков бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының заңды күшiне енетiндiгi жөнiнде айтады. Ол бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығына заңды күш берудiң қажеттiлiгi келесi мән-жайлармен түсiндiрiледi деп көрсетедi:

  1. Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығы заңды, яғни ол заңдылық талаптарына сәйкес келедi. Сот бұйрығының заңдылығы сот шешiмдерiнiкi тәрiздi, заңды оның мазмұны мен мақсатына сәйкес бұлжытпай қолданудан көрiнедi. Заңды қолдану актiсi бола отырып, сот бұйрығы өзi шешетiн жағдайлар мен мәселелерге қатысты заң талаптарын көрсетедi.
  2. Бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығы бiрқатар мәселелердi шешедi. Бұл сот төрелiгiн жүзеге асыру және заңдылықты сақтау үшiн қажет. Сот шешiмдегi тәрiздегi сот бұйрығында да тұлғалардың белгiлi тобына олардың мiнез-құлқын белгiлеу (қандайда бiр iс-әрекеттердi жасау немесе жасаудан бас тарту) мақсатымен бұйрығын жiбередi. Егер соттың осы бұйрығына заңның беделi қолданылмайтын болса, яғни заңды күшке ие бола алмайтын болса, онда соттың беделi бос сөзге айналып, сот төрелiгiн iс жүзiне асыру мүмкiн емес болар едi.
  3. Iстiң нақты мәнжайлары көрсетiлетiн, олар талданатын және iске қатысушытұлғалардың нақты сот бұйрығыда объективтiк шындық болады.
  4. Сот бұйрығы құқықтық тәртiптi заңдылықты нығайтуға бағытталады.

 Сондай-ақ, Г.В. Воронков былай деп көрсетедi: «Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының заңды күшi сот шешiмдерiнiң заңды күшi тәрiздi мән-жайлармен пайда болады және жоғарыда аталған шешiмнiң заңды күшiнiң қасиеттерiне ие болады».

Әрi қарай ол өзi былайша өрбiтедi:»Бiрiншi сатыдағы соттың барлық сот бұйрығы заңды күшiне енгеннен кейiн осы қасиеттердiң бәрiне ие бола ала ма? Брiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының барлық топтарына берiлген талдау заңды күшiне енген сот бұйрығының барлығының аталған қасиеттерге ие бола алмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн өзгермейтiндiк қасиетiне ие болады. Өйткенi АIЖК-ң 230-бабының 1-бөлiгiне сәйкес iс жүзiнде шешiм жарияланғаннан кейiн шешiм шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Бұл норма бiрiншi сатыдағы соттың барлық сот бұйрығына бiрдей қолданылмайды. Сотпен шығарылған сот бұйрығы (қорытындылаушы, кедергi келтiрушi, шығарылған шешiмге байланысты және жеке сот бұйрығыды қоспағанда) нақты жағдайдың өзгеруiне байланысты сотта қарау барысында сол сотпен өзгертiлуi немесе мәнi бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Мысалы, сот алдындақосымша куәнi шақырудан бас тартып, кейiннен жаңадан өтiнiм берген кезде жаңа сот бұйрығы шығару арқылы бұрынғы  сот бұйрығының күшiн жойып, сол куәнi шақыртуы мүмкiн. Бiрiншi сатыдағы соттың шағымдануға жатпайтын сот бұйрығы және сот шешiмiне берiлетiн апелляциялық шағымнан бөлек шағымданыла алатын сот бұйрығы сол сотпен өзгертiле алмайды, яғни заңды күшiне енiп, олар өзгермейтiндiк қасиетке ие болады. Соттың шығарған әзiрлеушi сот бұйрығы бiрден әекет ете бастайды, сөтiп сот үшiн және iске қатысушы басқа тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады. Әзiрлеушi сот бұйрығы заңды күшiне енгеннен кейiн бұлжымыстық қасиетiне ие бола алмайды, өйткенi құрамында шағымданыла алады, сөйтiп апелляциялық сотпен өзгертiлуi немесе күшi жойылуы мүмкiн. Әзiрлеушi сот бұйрығы айрықша қасиетiне ие емес, өйткенi фактiлiк мән-жайлардың өзгертiлуiмен бiрге сот бұйрығымен шешiлген мәселе жаңадан қаралуы немесе шешiлуi мүмкiн. Бiрақ, айта кету керек, бiрiншi сатыдағы сот iс бойынша шешiм шығарғаннан кейiн сотта қарау барысында өзi шешiм шығарған сот бұйрығының күшiн жоя алмайды. Осылайша, әзiрлеушi сот бұйрығы мiндеттiлiк пен орындалатындық қасиетiне ие. Кедергi келтiрушi сот бұйрығыдың заңды күшi өзгеше болып келедi. Олар заңды күшiне енгеннен кейiн сол сопен өзгертiле алмайды. Оларға жеке тәртiппен шағымдануға болмайды. Сөйтiп заңды күшiне енген кедергi келтiрушi сот бұйрығы өзгермейтiндiк, бұлжымастық және мiндеттiлiк қасиеттерiне ие. Барлық кедергi келтiрушi сот бұйрығы орындалатындық қасиетiне ие бола алмайды. Айрықшалық қасиетiнiң де осындай барлық сот бұйрығыға да тән емес екендiгiн айта кету керек. Мысалы iс бойынша iс жүргiзу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негiздер бойынша екiншi рет сотқа жүгiнуге жол берiлмейдi.

Бiрақ З.Х. Баймолдина басқаша пiкiр бiлдiредi: «Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығы,әдетте, заңды күшiне енбейдi». Ол өз ойын былайша негiздейдi: «Себебi бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының көпшiлiгi сол соттың өзiмен өзгертiлуiмен немесе қайтарылуымен байланысты болады. Мәселен, iстi сот талқылауына әзiрлеу туралы сот бұйрығы толықтырылуы мүмкiн, ал сараптама тағайындау немесе талаптың қамтамасыз етуi жөнiдегi шығарған сот бұйрығыды сол соттың өзi өзгертуi не қайтаруға құқылы».

Ал К.И. Малышев бiрiншi сатыдағы сот сот бұйрығыының заңды күшiне енуiнiң мүмкiн еместiгiн былай түсiндiредi: «Сот бұйрығы дауды мәнi бойынша шешпейдi, материалдық-құқықтық қарым-қатынастарды реттемейдi және қайта ашылған мән-жайлар бойынша не жағдайдың өзгеруiне байанысты қайтарылуы мен өзгертiлуi мүмкiн».

Тура осындай тұжырымды Е.А. Нефедьеф те қолдайды. Оның айтуынша, заңды күшiне тараптардың материалдық қарым-қатынастарын реттемейтiн процессуалдық мәселелер бойынша шығарылатын сот бұйрығы емс,тек сот шешiмдерi ғана ене алады.

Соңғы үш пiкiрмен келiсуге болатын тәрiздi. Сөзiмiз түсiнiктi болуы үшiн барлық сот бұйрығыдың iшiнен өзiнiң өзгешелiгiмен ерекшеленетiн қорытындылаушы сот бұйрығыды бөлiп қарастыру керек. Сөз екi сот бұйрығы жөнiнде болады:

1) талап қоюшының талаптан бас тартуына байланысты iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы сот бұйрығы;

2) тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмiн соттың бекiтуiмен байланысты iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы сот бұйрығы.

Аталған сот бұйрығымен материалдыққұқықтық мәселелпр шешiледi, тараптардың арасында талап қоюшы мен жауапкердiң мiнез-құлқы анықталады. Бұл сот бұйрығы осы белгiiне сәйкес процессуалдық сипаттағы мәселелердi шешетiн басқа сот бұйрығыдан ерекшеленедi. Басқаша айтқанда, аталған сот бұйрығы өзiнiң мазмұны жағынан басқа сот сот бұйрығына қарғанда, сот шешiмдерiне жақынболып келедi.

Талап қоюшының өз талабынан бас тартуға байланысты с бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы немесе тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмiн бекiту ұйғраымдары заңды күшiне енедi, себебi олар бойынша тараптардың, iске қатысты үшiншi тұлғалардың, құқық туралы дауласып жатқан субьектiлерiнiң құықтары мен мiндеттерi белгiленендi. Бұл сот бұйрығы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң барлық қасиеттерiне ие болады.

Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының қай сәттен бастап заңды күшiне енетiндiгi туралы мәселе қызығушылық туғызады. Сот шешiмдерiне қарғанда, бұл мәселе азаматтық iс жүргiзу заңнамасымен түпкiлiктi реттелмеген. Шешiмнiң заңды күшiне ену сәтi шешiмге шағымдануға және iстi жоғары тұрған соттың қарауының нәтиесiне байланысты. Жоғарыда жеке шағымдар мен наразылықтарды беру тәртiбi, туралы айтылады. Сонымен сол айтқандарға сүйенiп, 344-баптың мазмұынан сот бұйрығыдың заңды күшiне ену сәтi туралы мынадай қорытынды шығаруға болады:

1) аталған сот бұйрығы апелляциялық жолмен жеке шағым ьерлiмесе (наразылық келтiрiлмесе), шағымдану беру (наразылық келтiру) мерзiмi өткен соң, заңды ккүшiне енедi.

2) егер бұл сот бұйрығыға шағым берiлсе (наразылық келтiрiлсе), онда жеке шағым (наразылық) апелляциялық сотпен қарстырылып боған соң бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығыын өзгерiссiз қалдыру туралы қаулы қабылданғаннан кейiн заңды күшiне енедi.

 

2.2. Сот бұйрығының  мәні, жіктелуі

 

Бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығы азаматтық процестегi сот актiлерiнiң бiрi бола отырып, соттың билiктiк ерiктерiн бiлдiрiдеi. Бiрақ бұл сот сот бұйрығындағы ерiк бiлдiру сот шешiмдерiне қарғанда, дауды мәнi бойынша шешуге емес, азаматтық процестiң барлық сатыларындағы жекелеген мәселелердi шешуге бағытталған.

Курстық жұмысымда бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының мәнiн, олардың жiктелуiн, сот бұйрығының басқа сот актiлерiнен айырмашылығын, сот бұйрығының заңды күшi және шағымдану мәселесiн қарастырып, мынадай қорытындыға келдiм:

1) сот бұйрығы – сот төрелiгiнiң актiсi;

2) сот бұйрығы – iстi мәнi бойынша шешетiн актi;

3) сот бұйрығы – жедел-билiк етушi процессуалдық актi;

4) сот бұйрығы азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарды құрайтын, өзгертетiн және тоқататын актi;

5) сот бұйрығын бiрiншi сатыдағы сот шығарады, Сот өзiне жүктелген бсты мiндеттi, яғни сот төрелiгiн азаматтық iсжүргiзу заңнамасын және сот iсiн жүргiзу тәртiбiн қатал сақтау арқылы жүзеге асыра алады. Азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiнiң қатал сақталуы бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығынан көрiнiс табады. Заңға сәйкестендiрiлiп шығарылған сот бұйрығы азаматтық iстiң дұрыс шешiлуiн және заңды, негiздi сот шешiмiнiң шығуын қамтамасыз етедi. Ал бұл өз кезегiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң толық қорғауына әкеледi.

Сот  бұйрығы мәселесiмен процессуалист-ғалымдар Г.В. Воронков, З.К. Аблуллина, М.Г. Авдюкова, З.Х. Баймолдина, Н.Б. Зейдер, М.А. Гурвич, Ю.Н. Чуйков және т.б. айналысқан. Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығына қатысты даулы және күрделi проблемалар теориялық тұрғыдан осы ғалымдармен терең зерттелiп, азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көрiнiс тапқан. Дегенмен, Қазақстан Республикасының қазiргi Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң сот практикасында қолданған кезде қиындықтар туғызатын кемшiлiктi жақтары әлi де кездеседi.

Осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында мынадай тұжырымдарға келдiм.

  1. Теориялық тұрғыдан бiрiншi сатыдағы сот сот бұйрығының заңды күшi туралы мәселенi қарастырған кезде барлық сот бұйрығыдың емес, қорытындылаушы сот бұйрығыдың ғана заңды күшiне енетiндiгi көрсетiледi. Бірақ заңды күшiне енген сот бұйрығы деген термин қолданылады. Осы нормаларды теориялық ойларға сәйкес нақтылау қажет тәрiздi.
  2. АIЖК-ң мазмұнын қарастырған кезде заң шығаруға қатысқандардың редакциялық және терминологиялық қателiктерге жол бергенiн байқауға болады. сот бұйрығы шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейiн дереу заңды күшiне енедi. Апелляциялық соттың сот бұйрығы емес, қаулы шығаратындығы белгiлi. Ендеше «сот бұйрығы» деген сөздiң орнына «қаулы» болуы керек. АIЖК-ң 344-бабының 1-бөлiгiнде «Жоғарғы соттың iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған қаулылары» деген сөз жазылған. Бiрақ АIЖК-ң 251-бабының 1-бөлiгiне сәйкес iс мәнi бойынша шешiлмейтiн бiрiншi сатыдағы сот актiсi сот бұйрығы түрiнде шығарылады. Сонда аталған екi бапта қайшылықтар бар деген сөз. Сондай-ақ, 344-баптың төртiншi бөлiгiнде және алтыншы бөлiгiнде де «бiрiншi сатыдағы соттың қаулылары» деген сөздер кезiгедi. Осы кемшiлiктердi таяу арада заңға өзгерiс енгiзу арқылы түзету қажет, яғни «бiрiншi сатыдағы соттың қаулылары» дегендi «бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығы» деп ауыстыру керек. Сонымен бiрге АIЖК-ң 344-бабының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылған: «… қаулының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi апелляциялықсатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру туралы…». осы жерде қаулы деген сөзге байланысты қателiктi жоғарыда айтып өткендiктен, оған тоқталмай-ақ қояйық. Сөйлемнiң мәтiнiнде «бiрiншi апелляциялық сатыдағы сотқа» деген сөз күмән тудырады, бұл жерде «бiрiншi сатыдағы сотқа» деп жазылса дұрыс тәрiздi, яғни «апелляциялық» сөзi артық. Азаматтық құқықтық дауды негізді шешу үшін іс бойынша зерттелетін фактінің объективтік шынайылығын тану керек. Осы мақсатта істің фактілік мән-жайын тану әдістерін анықтайтын азаматтық процесуалдық форма қызмет етеді. Процесуалдық заңдылықтың орындалуын қатаң қадағалау заңды факті туралы объективті шынайы тұжырымға жетудің кепілі болып табылады және сот шешімі негізділігінің 2-ші шартын құрайды. Сонымен қатар процесуалдық форманың қатаң сақталуын қадағалау сот шешім заңдылығын да анықтайтындығы бізге мәлім.

Сол себептен де сот шешімі негізділігі оның заңдылығымен тығыз байланысты және материалдық құқық нормаларын дұрыс қолдану мен процесуалдық заң талаптарын қатаң сақтау туралы оған талап қойылады.

Өз кезегінде сот шешімі заңдылығы да істің фактілік мән-жайы туралы сот тұжырымының объективтік  шынайылығының анықталуына тәуелді. Себебі:  сот шешімінің заңдылығын қамтамасыз ету шарты болып табылатын материалдық және процесуалдық құқық нормаларын дұрыс қолдану тек заңды фактілер туралы шынайы сот тұжырымы болғанда ғана мүмкін болады. Сондықта да сот шешімі заңдылығы негізділігімен тығыз байланысты және олар бірін-бірі анықтайды яғни заңсыз шешімді негізді шешім деп ал, негізсіз шешімді заңды шешім деп айта алмаймыз.

Дәлелділік – маңызды процесуалдық құжат ретіндегі сот шешімінің сапасы.

Шімшімнің дәлелдігі сол шешімді шығарушы судья үшін маңызы зор. Ол соттардың  шығарған шешімдерінің дұрыстығы үшін жауаптылығын көтереді және сотты шешімнің негіздемесі мен заңға сәйкестігі туралы терең ойлануға міндеттейді. Сондықтан да ол сот шешімінің сапасын көретуге әсер етеді.

Сот шешімін дәлелдеу соттың тәрбиелік қызметін жүзеге асыруының басты жолдары болып табылады.

Сот шешімі іске қатысушы тұлғаларға  және сот отырысына қатысушы өзге де тұлғаларға түсінікті және сенетіндей шынайы болуы керек. Сот шешімі дұрыстығы өзінен-өзі осы шешімнің жұрт сенетіндей түсініктілігін қамтамасыз етуде маңызы зор. Сот шешімі толығымен дәлелденуі тиіс. Ол өзінде дәлелдемелерді бағалауды, қолданылған заңдарды талқылауды және шешім негізіне алған тұжырымдарды қамтиды.

Сондықтан да дәлелдер сот шешімінің маңызды бөлігін құрайды. Сот шешімі дәлелдігі немесе дәлелдеу бөлімі шешімінің фактілік және құқықтық негіздерін көрсетуі керек. Шешімнің дәлелдігі сот шешімінің заңдылығын және негізділігін тексеруде маңызды рөл атқарады.

Азаматтық құқықтық дауды негізді шешу үшін судья істің мән-жайы туралы дұрыс тұжырымға ие болуы керек.

  1. Бiрiншi сатыдағы сот өз бастамшылығымен немесе iске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзете алады. Iстi қараған сот iске қатысушы адамдардың арызы бойынша тараптардың мүлктiк жағдайын немесе басқа да мән-жайларды негiзге ала отырып, шешiмнiң орындалу мерзiмiн кейiнге ала отырып, шешiмнiң орындалу мерзiмiн кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ, оны орындаудың әдiсi мен тәртiбiн өзгертуге құқылы. Сот аталған мәселелер бойынша сот бұйрығы шығарады. Бiрақ АIЖК-де осы мәселе бойынша сотқа арыз берудiң мерзiмi көрсетiлмеген. Әрине, норманың мазмұнынан бұл мерзiмдi шешiм орындалғанға дейiн деп анықтауға болады. Дегенмен, сотқа жүгiнетiн адамдардың басым көпшiлiгi қарапайым адамдар болғандықтан, заң нақты және түсiнiктi етiп жазылса дұрыс болар едi.
  2. АIЖК-ң 359-бабына сәйкес апелляциялық саты iстi қарау нәтижелерi бойынша сот актiсiн қаулы түрiнде шығарады. Бiзге апелляциялық сатыдағы соттың iстi мәнi бойынша екiншi рет қарайтыны белгiлi. Ал бұл апелляциялық соттың iстi қарау барысында әр түрлi процессуалдық мәселелердi (iстi сотта қарауға әзiрлеу, iстi сотта қарауға тағайындау, сот отырысын кейiнге қалдыру және т.б.) шешетiндiгiн бiлдiредi. Сол процессуалдық құжатпен рәсiмдеуi керек. Жоғарыда аталған бапта iстi қарау нәтижелерi бойынша қаулы шығаратындығы айтылады. Сонда жекелеген процессуалдық мәселелер бойынша апелляциялық соттың қандай актi шығаратындығы белгiсiз болып қалып отыр. Сондай-ақ, апелляциялық сотта iстi қарау барысында хаттама жүргiзiлмейдi. Демек, ұсақ-түйек мәселелер ауызша шешiледi ме? Осы айтылғандарға байланысты апелляциялық сатыдағы соттың процессуалдық мәселелер бойынша қандай актi (сот бұйрығы немесе қаулы) шығаратындығын заңда нақты көрсету керек.
  3. АIЖК-ң 336-бабында апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы айтылады. Сот егер осы құжаттардың мазмұны АIЖК-нiң 355-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, сондай-ақ, заңда белгiленген тiркелетiн қосышалары болмаған жағдайда апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады. Шағымдар, наразылықтар сот бұйрығы шығаратын сот, яғни бiрiншi сатыдағы сот арқылы берiледi. Ал бiрiншi сатыдағы сот шағымд, наразылықты алғаннан кейiн шағымға, наразылыққа қойылатын заң талаптарының сақталуын тексеруi керек. Егер сақталмаса, шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыратындығын басында айтып кеттiк. АIЖК-нiң 336-бабында бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы қаулы шығаратындығы туралы айтылады. Осы диплом жұмысында бiрiншi сатыдағы соттың қаулы емес сот бұйрығы шығаратындығы көрсетiлiп кеттi. Сондықтан аталған баптың мәтiнiн түзету қажет.

Азаматтық сот iсiн жүргiзу саласы бойынша зерттелмеген қайшылықтарды мәселелер өте көп. Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығы мәселесi осы саладағы ғалымдардың қызығушылығын туғызып, жан-жақты және терең зерттелген мәселе болып табылады. Дегенмен қоғамдық қатынастардың күннен-күнге өзгерiп, жағарып отыруына, сот жүйесiнде әр түрлi реформалардың жүргiзiлуiне байланысты жаңа проблемалар пайда болуда. Сондықтан осы жұмыста азаматтық iс жүргiзу заңнамасындағы жiберiлген кемшiлiктердiң орнын толтыруға қадам жасалды. Осындай игi ниеттен туған ой-ұсыныстарымды осы курстық жұмысымен шектелмей, әрi қарай жетiлдiрiп, iс жүзiне асыруға қол жеткiземiн деген сенiмдемiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Азаматтық іс жүргізудегі сот ұйғарымдарының сот бұйрығынан  айырмашылығы

 

АIЖК-i бойынша бiрiншi сатыдағы сот мынадай актiлердi шығарады: шешiмдер, ұйғарымдар және бұйрықтар (21баптың 1-бөлiгi). Сот шешiмi дегенiмiз iстi мәнi бойынша шешетiн сот акiтсi (АIЖК-ң 217-бабының 1-бөлiгi). Сот бұйрығы дегенiмiз өндiрiп алушыны немесе борышкердi олардың түсiндемелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ және iстi сотта қарамай-ақ, өндiрiп алушының борышкерден ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе мүлiктi талап етуi туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi АIЖК-ң 139-бабының 1-бөлiгi). Ал сот ұйғарымы дегенiмiз iстi мәнi бойынша шешпейтiн сот актiсi (АIЖК-ң 251-бабының 1-бөлiгi). Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымы шешiмнен және бұйрықтан ерекшеленедi. Заңды және негiздi шешiм мен бұйрықтың шығуын дұрыс ұйғарымдар қамтамасыз етедi. Сондықтан бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдары сот iсiн жүргiзу барысында құрастырылатын актiлердiң iшiнде ерекше маңызға ие болады десек қателеспеймiз.

Ал сот ұйғарымының бұйрықтан айырмашылығына келетiн болсақ, соңғы актiнiң iстi мәнi бойынша шешетiн судьяның актiсi екендiгiн айтуға болады.

Сонымен бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәнi қандай? Мәнi – бұл қандайда бiр құбылыстың табиғатын құрайтын, оның өмiр сүруiн және даму заңдылығын анықтайтын нәрсе. Мәнi – бұл құбылыстың барлық негiзгi, басты қасиеттерiнiң жиынтығы[14].

Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәнi дұрыс түсiнбеуге осы институтқа байланысты мәслелердiң құқықтық шешiлуiнiң жеткiлiксiздiгi, сондай-ақ, заң әдебиетiнде осы инстиутқа тиiстi түрде көңiл бөлiнбеуi ықпал еттi. Сот ұйғарымының мәнiн анықтау сот өзiнiң практикалық жұмысында дұрыс бағыт алуы үшiн, сотта қараудың мәдениетiн көтеру үшiн маңызға ие болады. Кез келген бiлiм саласындағы қандайда бiр құбылыстың мәнiн оның негiзгi сәттерiн ерекше бөлiп көрсету арқылы ғана тануға болады. Бұған үстүртiн қарау әдетте қателiктерге әкеледi.

Бiрiншi сатыдағы сот ұйғарым шығарғанда, заңды басшылыққа алады және құқық нормаларын өмiрге енгiзедi. Сондықтан бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдары бүкiл сот қызметi тәрiздi, барлық басқа сот актiлерi сияқты заңға бағынады. Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдары орындала алуы үшiн, олардан процессуалдық нысанда мемлекеттiк билiк органы ретiндегi соттың билiктiк еркi көрiнiс табады. Басқа сот актiлерi тәрiздi ұйғарымдарға да заңды күш, мiндеттiлiк тән, ұйғарымдар заңның беделiне және күшiне негiзделедi. АIЖК-ң 26-бабының 2-бөлiмiне сәйкпс заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары мен бұйрықтары, сондай-ақ, соттар мен судьялардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.

Сот ұйғарымдарында көрiнiс табатын соттың билiктiк еркi талап қою талаптарына және қарсылықтарға қатысты емес, сот төрелiгiн жүзеге асыру және iс бойынша қабылданған шешiмдi орындау барысында туындайтын әр түрлi мәселелерге қатысты болады[15].

Заң әдебиетiнде бiрiншi сатыдағы сот ұйғарымдарының түсiнiгiн әр түрлi анықтайды. С.Н. Абрамов былай деп жазады: « Тараптардың арасындағы азаматтық құқық туралы даулы мәселенi талқылаумен және шешумен байланысты барлық мәселелер бойынша сот (жеке дара немесе алқалы түрде) шығаратын қаулылар ұйғарымдар деп аталады»[16].

Авдюков М.Г. ұйғарымдар ретiнде «процесс барысында туындайтын барлық сұрақтарға (iстiң негiзгi сұрағынан басқа) соттың жауабы болатын қаулыларды» атайды[17]. М.А. Гурвич ұйғарымдар ретiнде «сот шешiмiнен бiр ғана ортақ белгiсiмен (олар материалдық құқық туралы дауды шешпейдi, өзге мiндеттердi шешуге арналған) ажыратылатын соттың мазмұны мен нысаны бойынша әр түрлi қаулыларын» түсiндiредi[18]. Н.Б. Зейдер бұл мәселенi былайша шешедi: «Iстiң жеке мәселелерi бойынша шығарылатын сот ұйғарымдары сот қарайтын iстiң мәнi бойынша жауап бермейдi. Бiрiншi сатыдағы соттың бұл ұйғарымдарының мазмұны iстi қарау кезiнде соттың алдында туындаған әр түрлi жекелеген мәселелердi шешу болып табылады»[19]. Д.М: Чечот ұйғарымдар деп «процесс объектiсi болып табылатын материалдық-құқықтық дауды мәнi бойынша қараумен және шешумен байланысты туындайтын мәселелердi шешетiн соттың (жеке дара немесе алқалы түрде шығарған) қаулыларын атайды»[20].  К.С. Юдельсон жалпы сот қаулылары (актiлерi) туралы айтып, мынаны көрсетедi: «Сот қаулылары олардың тiкелей iстi қарау жолымен заңды құқықтар мен мүдделерi қорғауға немесе сот төрелiгiн жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелердi шешуге бағытталуына байланысты екi түрге бөлiнедi… Сот ұйғарымдарында талап қою талаптарына және оларға қарсылықтарға қатысты емес, сот төрелiгiн жүзеге асыру және iстiң мәнi бойынша қаулыларды орындау барысында туындайтын әр түрлi мәселелерге қатысты соттың билiктiк еркi көрiнiс табады»[21].

С.Н. Абрамов бiрiншi сатыдағы соттың барлық ұйғарымдарын «жеке ұйғарымдар» деп атап, ал заңда көзделген жеке ұйғарымдарды «ерекше ұйғарымдар» деп атайды[22]. Жеке ұйғарымдардың ерекшелiгi мынада: олар осы нақты материалдық-құқықтық қатынастарға және осы iске тiкелей қатысты емес. Бiрақ оларды «ерекше» деп атауға болмайды, өйткенi АIЖК-де (253-бапта) олар «ерекше» деп емес, «жеке» деп көрсетiлген.

Жоғарыда аталған авторлармен ұсынылған ұйғарымның түсiнiгiнде кемшiлiктер бар, атап айтқанда:

1) барлық авторлар соттың талап қою арқылы жүргiзiлетiн iстердi қарау кезiнде шығаратын ұйғарымдарының ғана түсiнiгiн ашады. Бiрақ ұйғарымдар (iстiң мәнi бойынша шешiм шығарғанға дейiн және шешiм шығарғаннан кейiн) талап қою арқылы ғана емес, ерекше талап қою арқылы және ерекше iс жүргiзудiң iстерi бойынша да шығарылады;

2) бұл тұжырымдаулармен жеке ұйғарымдар қамтылған;

3) аталған тұжырымдауларда ұйғарымдардың нысандары олардың шығару тәртiбi туралы ештеңе айтылмайды. АIЖК-мен (251-баптың 3-бөлiгi) хаттамалық ұйғарымдарды шығаруға жол берiлген және бұл осы сот актiлерiнiң ерекше белгiсi болып табылады.

Жоғарыда аталған авторлардың тұжырымдарына қарап, мынаны айтуға болады: ұйғарымдардың жалғыз ғана белгiсi бар сияқты, ол iстi мәнi бойынша шешпейдi. Сондықтан бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарының мәнi туралы түпкiлiктi қорытынды жасау үшiн, екi мәселеге тоқталу керек:

– сот ұйғарымдарының сот шешiмдерiнен айырмашылығы;

– сот ұйғарымдарының процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуында, өзгертiлуiнде және тоқтатылуында атқаратын ролi.

Сот шешiмiмен ұйғарымның мынадай айырмашылықтары бар:

1) шешiм – iстi мәнi бойынша шешетiн актi болса, ал ұйғарым – iстi мәнi бойынша шешпейтiн сот актiсi;

2) бiр iс бойынша бiр ғана шешiм шығарылса, ал ұйғарым бiрнешеу болып шығарылады;

3) шешiм iс жүргiзудi аяқтаса, ал ұйғарым iс жүргiзудi аяқтай алмайды (бұдан ауытқу ретiнде iс жүргiзудi аяқтайтын iстi қысқарту және арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдарды атауға болады).

Осы жерде айта кету керек, аталғандардың iшiнде негiзгi белгiсi алғашқысы болып табылады, ал қалған екеуi алғашқы белгiден туындап тұр.

Ендi екiншi мәселе сот ұйғарымдарының процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуында, өзгертiлуiнде және тоқтаылуында атқаратын ролiн қарастырайық. Азаматтық iс жүргiзу заңнамасы соттың және тараптардың, үшiншi тұлғалардың, сондай-ақ, процестiң басқа қатысушыларының арасында нақты азаматтық құқықтық дауды қарау мен шешуге байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

Азаматтық iс жүргiзушi құқықтық қатынастарының ерекшелiктерiнiң бiрi – оның мiндеттi субъектiсi, — соттың процессуалдық нормаларды қолдануы болып табылады. Сот процессуалдық нормаларды қолданған кезде азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарының билiктiк құқықтық сипаты көрiнедi. Соттың процессуалдық нормаларды қолдануының мәнi неде? Ол ең алдымен соттың процессуалдық заңның негiзiнде процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы, дамуы, өзгеруi және тоқтатылуы туралы мәселенi шешетiндiгiнен көрiнедi. Сот өзiнiң осы функциясын қандай процессуалдық құралдың көмегiмен жүзеге асырады? Бұл құралға сот шешiмдерi мен ұйғарымдары жатады.

Процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы үшiн үшiн мүдделi тұлғаның талап қоюы оның қабылдауы қажет. Соттың ұйғарымдарымен процессуалдық құқықтық қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты мәселелер шешiледi. Сонымен соттың процессуалдық құқықты қолдануы процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуымен, дамуымен, өзгеруiмен және тоқтатылуымен байланысты бiрқатар процессуалдық мәселелердi шешуде жатыр.

Бұл мағынада процессуалдық нормаларды қолдану арқылы сот iстi қараудың жолдарын белгiлейдi, объективтiк шындықты ашу және азаматтық құқықтық дауларды дұрыс шешу құралдарын анықтайды. Сот процессуалдық құқық нормаларын қолдана отырып, процессуалдық құқықтық қатынастың субъектiлерiнiң мiнез-құлқын анықтайды және сонымен бiрге, процестiң тиiстi түрде дамуы үшiн алғы шарттарды құрайды. Бiрақ iстiң мән-жайларын толық зерттеу және азаматтық-құқықтық дауды дұрыс шешу үшiн тараптардың мүмкiн мiнез-құлқын анықтау ғана жеткiлiксiз. Сондай-ақ процессуалдық құқықтық қатныастардың субъектiлерi өздерiнiң құқықтарын дұрыс жүзеге асырып, процессуалдық мiндеттердi нақты орындауы және олардың iс жүзiндегi мiнез-құлқы тиiстiге сәйкес келетiндей  болуы қажет. Әйтпесе, сот даудың мәнi бойынша шешуге байланысты өзiнiң өте күрделi және жауапты мiнедтiн орындай алмайды. Процестiң заңды дамуы және дұрыс шешiм шығару мақсатымен процессуалдық бұзушылықтарды жою үшiн сотқа процессуалдық нормаларды бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкiндiгi берiлген. Бұл сот нысанында жүзеге асырылады. Егер сот құқықтық нормаларды дұрыс қолданған және процессуалдық құқықтық қатынастың барлық субъектiлерi өзiнiң процессуалдық құқықтары мен мiндеттерiн қатал және дәлме-дәл орындаған жағдайда процесс дұрыс дамып, әдiл шешiм шығарумен аяқталады. Елеулi процессуалдық бұзушылықтарға жол бермеудiң сенiмдi кепiлi азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен және тоқтатылуымен байланысты заңды және негiздi сот ұйғарымдарының шығарылуы болып табылады[23].

Сонымен мынадай қорытындыға келуге болады: азаматтық процестегi бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарына сот төрелiгiнiң актiсi; процессуалдық құжат; азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастарды құратын, өзгертетiн және тоқтататын актi болып табылады деген сипаттама беруге болады.

         Ғылыми әдебиетте бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарын әр түрлi белгiлер бойынша жiктеу қалыптасқан: субъектiсi, мазмұны, ұйғару немесе шығару нысаны бойынша.

Мазмұны және процестiң дамуына ықпал етуiне байланысты ұйғарымдар әзiрлеушi, кедерге келтiрушi, қорытындылаушы, толықтырушы және жеке болып бөлiнедi. Бiрiншi сатыдағы сот ұйғарымдарын былайша жiктеу бiздiң ойымызша, ұйғарымдардың әрбiр тобының нақты дербестiгiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ, соттардың жұмыс тәжiрибесiнде кездесетiн барлық ұйғарымдарды толық қамтиды. Бұл жiктеу сот ұйғарымдарымен байланысты және зор практикалық маңызы бар басқа мәселелердi қаратстыру үшiн ыңғайлы.

Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастар.

Азаматтық iс жүргiзудiң мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтып, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Сот iстердi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу негiзде Қазақстан республикасы Конституциясының, осы қоғамдық  қатынастарды заңдарға талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.

 Азаматтық iс болу үшiн немесе азаматтық iс қаралу үшiн ең негiзгi себебi әрбiр iс үшiн мiндеттi болып талап арыз табылады. Талап арыз келiп түспей ешбiр орган iс қозғауына қақысы жоқ. Талап арыз келiп түскен сәттен бастап азаматтық iс туралы мәселенi басы басталады. Талап арыз түскен кезде белгiлi бiр соттың судьясы талап арызбен танысып, мазмұны жағынан сай келуiн қарайды. Осы шарттарды жүзеге асыра отырып талап арызды қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлiмдейдi[24].

Талап арызбен құжат түрi мүддесiне немесе бостандығы мен құқығына зиян, не болмаса қиянат келдi деп тапқанда сотқа мәселелер бойынша маңызды фактiлердi көрсете отырып жазбаша нысанда өткiзiлетiн құжат болып табылады.

Талап арызда:

а) арыз берiлетiн соттың атауы;

б) талап қоюшының атауы, тұрғылықты жерi, ал егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрғын жерi мен банктiк реквизиттерi, талап арызды өкiлi берсе, өкiлдiң атауы мен мекен-жайы;

в) жауапкердiң атауы, оның тұрғылықты жер, ал егер ұйым болса тұрғылықты жерi мен банктiк реквизиттерi;

г) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауiпiнiң мәнi;

д) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

ж) егер талап қою бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасы;

з) бұл заңмен белгiленсе немесе талаптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгiнудiң сотқа дейiнгi тәртiбiн сақтау туралы мәлiметтер;

и) арызға қоса тiркелген құжаттар тiзбесi көрсетiлуi тиiс;

е) талап арызға дауды шешу үшiн маңызды фактiлерi бар өзге де мәлiметтер;

к) арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкiлеттiгi болған жағдайда оның өкiлi қол қояды.

Талап арызға қоса тiркелетiн құжаттар:

а) жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшiрмесi;

б) мемлекеттiк баж төлеудi растайтын құжат;

д) талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшiрмелер болмаса, жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл құжаттардың көшiрмелерi;

ж) бұл даулардың осы санаты үшiн заңдарымен немесе шартпен белгiленген болса, жауапкермен дауды реттеудiң сотқа дейiнгi тәртiбiн сақтауды растайтын құжаттар;

и) оны дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi;

к) талапкердiң мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiшi және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқаларда қоса тiркеледi.

Осы талаптары сай келген кезде осы құжат азаматтық iс жүргiзу үшiн негiзгi болып табылады.

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан олардың азаматтық iсте сот арқылы қорғалуы өте маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепiлдiк беретiн маңызды демократиялық бастаулар орнықтырылған. Конституцияның 75-бабында сот билiгiнiң сот iсiн жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатын белгiленген. Республикада Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Азаматтардың шағымдарын қарау тәртiбi туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшiн бар Жарлығының қолданылатынын атап көрсетудiң маңызы зор.

Осы Жарлықтың 4-бабында өздерiнiң жоғарғы органдары жоқ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың iс-әрекеттерiне азаматтардың өтiнiштерi сот тәртiбiмен шешiлетiнi белгiленген. Азаматтардың шешу тәртiбi әкiмшiлiк –құқық бұзушылық туралы қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық, атқару және өзге заңдармен белгiленген өтiнiштерi, сондай-ақ өтiнiш айтушының аты-жөндерi көрсетiлмеген, қолдары қойылмаған, тұратын орындары, қызметi немесе оқуы туралы деректер келтiрiлмеген беймәлiм өтiнiштер қарауға жатпайды.

Өтiнiш берушi азамат: шағымды, өтiнiштi тексерушi адамға өз дәлелдерiн жүзбе-жүз баяндауға қосымша материал ұсынуға; қабылданған шешiм туралы ауызша немесе жазбаша нысанда дәлелденген жауап алуға; өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағымдануға; органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұзып қабылдаған шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне заң белгiлеген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда қоғамдардың мемлекеттiк органдары оларды қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.

Мемлекетте келеңсiз жағдайлардың болдырмауын адамдар арасындағы құқыққа қайшылық дауларды әдiл шешу үшiн заңда құқықтық нормалармен реттелiнген.

Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 8-бабында көрсетiлгендей: «Әрiбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын бостандықтарын немесе заңмен қорғау үшiн осы кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

 Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесеазаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы. Яғни бұл арызды талапкер өзiне келтiрiлген зиянды материалдық құқықты шығынды өндiру жәбiрленушiнiң заңға қайшы әрекеттерiне жауаптылық туындауды сотқа жүгiну арқылы соттан талап етедi, яғни бұл арызда талапкер оның мазмұнын және нысанын жазбаша түрде өз еркiмен сотқа жүгiнедi: яғни талап арызға тiркелетiн құжаттар жоғарыда көрсетiлiп кеткендей:

1) Жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшiрмесi;

2) Мемлекеттiк баж төлеудi растайтын құжат;

3) Өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге де құжат;

4) Талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшiрмелер оларда болмаса жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл құжаттардың көшiрмелерi.

5) оны дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi.

6) Талапкердiң мерзiмдi кейiнгi қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз  ету дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiшi және егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тiркеледi, осыларды судья талапкерге түсiндiруге мiндеттi[25].

Арыз құқығы бұзылған (материалдық құқығын немесе басқа да ақшалай қаражатын материалдық шығын келуi) оларды жауапкерден талап ету арқылы сот арқылы қорғалуы болып табылады. Яғни осы бұзылған құқықтардың мазмұнымен негiзiн жазуы талап арыздың тақырыбы болып табылады ол мiндеттi түрде жазбаша нысанын болады, бұл арызда тақырыбын өзгертуi талапкердiң құқығында болады, ал мұндай құқыққа сот ие емес.

Мысалы: Жалақыны өндiрiп алу талапкер өзiнiң берiлмеген жалақысын өндiрiп алуын арыз жазу арқылы өзiнiң бұзылған құқығын қайта қалпына келтiру үшiн сот арқылы қорғалуын, сотқа жүгiнедi[26].

Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтардың, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерi қорғау үшiн талап қойып сотқа жүргiзуге құқылы.

Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңда белгiленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғарғы тұрған соттың өзiнен төменгi соттың жүргiзетiн iсiн тараптардың келiсiмiнсiз алып қоюға және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдауға құқығы жоқ.

Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекiмнiң құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзса, сотқа жүгiнуге құқығынан бас тарту жарамсыз болады. Азаматтық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтың процесске қатысушы ар-ожданын қорғалатын немесе қадiр-қасиетiне кемсiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады.

Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген  моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

Сот өз құзыретiнде даулы құқықтық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтiнi құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негiздерiмен мағынасын басшылыққа ала отырып шешедi.

Қорғаушы да осы азаматтардың заңды тұлғаларын құқығын қорғау үшiн заңдық көмек көрсеуiн қамтамасыз етедi. Мұнда да сот талапкер не жауапкерден келiсiмiмен қорғаушысын тағайындай алады.

Қорғаушы осы сот талқылауында өзiнiң қарауындағы азаматына жеңiлдететiн мән жағдайы болғанда оны көрсете отырып барынша көмек көрсетуге азаматтың құқығын қорғауы тиiс.

Құқық өз құқықтарымен мүдделерiн қорғай алмайтын азаматтарға (кәмелетке толмағандарға мемлекеттiк айыптаушысы қорғауға тиiс.

Ал психикалық ауруларға ұшырағандардың мүдделерiн оның заңдық өкiлдерi көмек көрсетуi қажет.

Осы сот қорғауында (талқылауында) жарыссөзiнде тараптардың өз ой пiкiрлерiн жасырмай айтуға тиiс[27].

Азаматтық сот iсiн жүргiзу тараптардың айтысуы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асырылады. Тараптар бiрдей iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады және бiрдей iс жүргiзу мiндеттерiн көтередi.

Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қолрғау әдiсi мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдармен адамдардан тәуелсiз түрде таңдап алады. Сот iстiң анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған алайда тараптардың дәлелдi өтiнiшi бойынша оған осы кодексте көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға, жәрдемдеседi.

Iстi қараушы сот объективтiлiгi және әдiлдiгi сақтай отырып, iстiң мән-жайын толық және объективтi зерттеуге тараптардың құқықтарын iске асыруын үшiн қажеттi жағдайлар жасайды, iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi iс жүргiзу әрекеттерiн жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертедi және осы кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседi. Сот iс жүргiзу шешiмiн зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде қамтамасыз етiлген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

Сот тараптарға бiрдей және құрметпен қарайды.

Әр адамның азаматтық процесс барысында бiркiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Сот талқылауының мақсаты азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауы болып табылады. Сонымен жоғарыдағыларды қорыта келгенде азаматтармен заңды тұлғаларын бұзылған құқықтар мен мүдделерiн қайта қалпына келтiру үшiн сотқа жүгiну сотта қорғалуы болып табылады.

Сондықтан да осы сот талқылауын қорғауға себеп тудырушы осы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарының мазмұнын талап арызда көрсету арқылы iстi қозғау болып табылады.сот талқылауында сот заңға сүйене отырып азаматтардың құқықтарын қорғауға әдiл түрде шешiм шығара отырып барынша көмек көрсетуi қажет. Сонымен азаматтық iс жүргiзуде азаматтардың құқықтарын қорғау қылмыстық iс жүргiзуден айырмашылығын азаматтық iстi қозғауға себепшi болып талапкердiң өз еркiмен жазған талап арызын және сонымен қатар дәлелдемелердi ұсына отырып тiкелей сотқа жүгiнуi болып табылады.

Мұнда тек қана iстi сот өзiне жеке дара қарай алады, және ол мiндеттi түрде осы жазылған талап арызды тексере отырып оның кемшiлiктерiн көрсете отырып талапкерге түсiндiруi тиiс.

Ал қылмыстық iс жүргiзуде iстi талап арызсыз-ақ iстi қозғауға негiз болған бес себептерiнiң болған жағдайда iс қозғала бередi және алдын ала тергеудi анықтауды тергеушi анықтама органдары жүзеге асырады.

Сонымен азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтары бағалы болғандықтан мемлекет және мемлекеттiк органдар қорғай отырып, заңға сүйене отырып реттеуi болып табылады.

Ендi осы ұйғарымдардың әр қайсысын кеңiрек қарастыруға тырысайық:

1) әзiрлеушi ұйғарымдар – бұл бiрiншi сатыдағы соттардың ең көп шығаратын ұйғарымдары. Бұл топтағы ұйғарымдардың мазмұны және құқықтық салдары және олардың шығару уақыты әр түрлi. Бұл соттың iс-әрекеттерiнiң әр түрлi және оның билiк етушi қызметiнiң үлкен көлемiмен, соттың азаматтық процестегi белсендi ролiмен түсiндiрiледi. Әзiрлеушi ұйғарымдардың мақсаты – соттың даудың мәнi бойынша заңды және негiздi шешiм шығаруы үшiн шарттарды әзiрлеу және тиiстi түрде қамтамасыз ету, процестегi даудың мәнi бойынша тез шешу жолына бағыттау.

Әзiрлеушi ұйғарымдарды өз iшiнде мынадай топтарға бөлiнедi:

— iстiң iлгерiлеу мәселелерi бойынша шығарылатын ұйғарымдар;

— дәлелдемелердi жинау тұлғаларды тарту мәселелерi бойынша шығарылатын ұйғарымдар;

— процеске жаңа тұлғаларды тарту мәселелерi бойынша шығарылатын ұйғарымдар;

— талаптарды бiрiктiру және бөлу, талапты қамтамасыз ету, мәлiмделген қарсылықтарды қанғаттандыру немесе одан бас тарту, айып пұл салу туралы және т.б. осындай ұйғарымдар.

Бiрiншi топтағыларға талап арызды қабылдау, iстi қарауға тағайындау, тоқтата тұрылған iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастау туралы, мерзiмдi ұзарту немесе қалпына келтiру туралы, iстi бiр соттан екiншiсiне беру туралы және т.б. ұйғарымдар жатады. Екiншiлерге дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы, сараптама тағайындау туралы, куәларды шақыру, дәлелдемелердi талап ету және т.б. ұйғарымдар жатады. Үшiншi топтың ұйғарымдарына мыналар жатады: үшiншi тұлғаларды тарту немесе кiрiстiру туралы, прокурорды iске қатыстырудың қажеттiлiгi туралы, тиiстi жауапкердi немесе тең жауапкердi iске тарту туралы, мемлекеттiк органдарға iс жөнiнде хабарлау туралы және т.б;

2) кедергi келтiрушi ұйғарымдарға мыналар жатады:

а) талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымдар;

ә) талап арызды қайтару туралы ұйғарымдар;

б) талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдар;

в) iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарымдар;

г) арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдар.

Әзiрлеушi ұйғарымдар процестiң дамуына ықпал ететiн болса, бұл топтың ұйғарымдары азаматтық iстiң пайда болуына және қозғалуына кедергi келтiредi немесе пайда болған процестегi мәселенiң мәнi бойынша шешпей аяқтайды.

Кедергi келтiретiн ұйғарымдар құқыққа қайшы iс жүргiзудi үзетiн жағдайда ғана заңды болып табылады. Сондықтан соттың кедергi келтiрушi ұйғарымдарды шығаруы заңдылық пен құқықтық тәртiптi нығайту мақсаттарына қызмет етедi және талап қою құқығымен тығыз байланысты. Бiрiншi сатыдағы соттың бұл ұйғарымының кедергi мәнi екi жақты болып көрiнедi:

— олар процестi бастапқы сатысында үзiп, пайда болуына кедергi келтiредi (АIЖК-ң 153-154-баптары);

— олар қозғалған iс жүргiзуге келтiредi, сөйтiп процестi аяқтайды (АIЖК 247, 249-баптары).

Бұл ұйғарымдардың мәнi мынада – олар өздерiнiң шығарылуы уақытына және құқықтық салдарына қарамастан, соттың процессуалдық қызметiндегi дауды реттеусiз, iстiң мәнi бойынша шешусiз үзедi. Сондықтан соттың кедерге келтiрушi қызметi шешiммен емс, ұйғарыммен рәсiмделедi[28].

3) қорытындылаушы ұйғарымдар кедергi келтiрушi ұйғарымдар тәрiздi iстi шешiм шығармай, аяқтау нысаны болып табылады. Бiрақ қорытындылаушы ұйғарымдар iс бойынша iс жүргiзудi талап қою құқығының кемшiлiктерi және сотқа қорғау үшiн жүгiнудiң жетiспеушiлiктерi салдарынан емес, өз ерiктерi бойынша дауды жоятын тараптардың билiк етушi әрекеттерiнiң салдарынан қысқартады. Соттың белсендi ролiнiң арқасында қорытындылаушы ұйғарымдар тараптар арасындағы құқық туралы дауды жою және iс бойынша сот шешiмiн шығарудың қажеттiгi жоқ фактiсiн анықтайды. Сот процестi аяқтай отырып, тараптардың ерiктерiне байланысты процестiң әрi қарай дамуы қажет емес жағдайларда қорытындылаушы ұйғарымдар шығарады, мысалы, талапкер талаптан бас тартқан және сот бас тартуды қабылдаған жағдайда, тараптар бiтiмгершiлiк келiсiмге келген және оны сот бекiткен жағдайда. Сонымен, қорытындылаушы ұйғарымдарға iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарымдардың бәрiн емес, аталған екi жағдайда iстi қысқартқан ұйғарымдарды ғана жатқызамыз;

4) толықтырушы ұйғарымдар сот тарапынан процессуалдық сипаттағы әр түрлi қателiктердi немесе сот шешiмiн тиiстi түрде iске асыруға кедергi келтiретiн мән-жайларды жоюға бағытталған. Мұндай ұйғарымдарға сот шешiмiндегi қате жазулар мен айқын арифметкалық қателердi түзету туралы, шешiмдi түсiндiру туралы, шешiмнiң орындалу мерзiмiн ұзарту немесе кейiнге қалдыру туралы, шешiмнiң орындалу тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту турал, шешiмдi дереу орындау туралы және т.б. ұйғарымдар жатады;

5) жеке ұйғарымдар басқарушы функцияларды атқаратын лауазымды немесе өзге тұлғалармен не ұйымдармен жiберiлген заң бұзушылықтарды жоюға бұзушылық жасаудың алдын алады және оларды туғызатын себептердi жояды. АIЖК-нiң 253-бабына сәйкес сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиiстi ұйымдарға, басқару қызметiн атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жiберуге құқылы, ол өздерi қабылдаған шаралар туралы бiр ай мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi. Қабылдаған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолдану тиiстi адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлау мiндетiнен босатпайды. Егер iстi қарау сот тараптардың, процеске басқа қатысушылардың, лауазымды немесе өзге адамдардың әрекетiнен қылмыс белгiлерiн тапса, ол туралы прокурорға хабарлайды. Мүдделерiне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар адамдар АIЖК-нде 344-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шағым бере алады. Жеке ұйғарымдар iс бойынша құқықтық қатынастан тыс болады. Жеке ұйғарымдарды Г.В. Воронков өзiнiң мазмұны бойынша сигнализациялық және қылмыстық iстi қозғау туралы ұйғарымдар деп екiге бөлудi ұсынған[29].Бұл пiкiрмен келiсуге болатын тәрiздi.

  1. Субъектiсi бойынша, яғни кiмнiң шығарғанына байланысты ұйғарымдар мынадай болып бөлiнедi: жеке дара және алқалық[30]. бұл негiз бойынша З.Х Баймолдина басқаша жiктеген:

— соттың iстi қарауы немесе сот отырысында жекелеген мәселенi қарастыру кезiнде шығаратын ұйғарымдары;

— судьяның iстi қозғау және оны сотта қарауға әзiрлеу кезiнде шығаратын ұйғарымдары[31].

III. Ұйғару немесе шығару нысаны бойынша ұйғарымдар былай бөлiнедi:

1) жеке процессуалдық құжат-актi ретiнде рәсiмделген ұйғарымдар;

2) сот отырысының хаттамасына енгiзiлетiн ұйғарымдар.

Жеке процессуалдық құжат ретiндегi ұйғарымдар, әдетте, соттың кеңесу бөлмесiнде талқыланатын сот шешiмiнiң шығарылу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады. Күрделi емес мәселелердi қарстырып жатқанда, сот ұйғарымдары кеңесу бөлмесiне бармай-ақ, сот талқылауы бiткен соң, сол жерде, яғни сот отырысының залында шығарады (АIЖК-ң 251-бабының 3-бөлiгi). Воронков Г.В. оларды «хаттамалық ұйғарымдар» деп көрсетедi.

Ұйғарымдар арыздарды қабылдау кезiнде, iстi сотта қарауға әзiрлеу тәртiбiмен, iстi мәнi бойынша қарау кезiнде, яғни сот отырысында, тiкелей шешiм шығарған кезде кеңесу бөлмесiнде және шешiм шығарғаннан кейiнде шығарылады. АIЖК-нiң 37-бабының 1-бөлiгiне сәйкес соттың бiрiншi сатысындағы азаматтық iстердi соттың атынан әрекет ететiн судья жеке дара қарайды. Демек, ұйғарымдарды судья жеке дара шығарады деген сөз. Ұйғарым АIЖК-нiң 217-бабында көзделген тәртiппен дербес iс жүргiзу құжаты түрiнде шығарылады (АIЖК-нiң 251-бабының 2-бөлiгi). Сот ұйғарымды кеңесу бөлмесiнде шығарады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ, жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен шығып, демалу үшiн үзiлiс жариялауға құқылы. Заңда ұйғарым шығарудың мұндай тәртiбi соттың ұйғарымды шығарғанда барлық мән-жайларды жан-жақты талдауы және заң талабын сақтауды қамтамасыз етуi үшiн белгiленген. Ал күрделi емес мәселелердi қарастырып, жатқанда, сот ұйғарымды кеңесу бөлмесiне бармай-ақ, сот отырысының залында шығарады (АIЖК-ң 251-бабының 3-бөлiгi). Ұйғарымдар шығарылған соң, дереу жарияланады (АIЖК-ң 251-бабының4-бөлiмi).

Ұйғарымның мазмұны мыналар көрiнiс алуы керек:

— ұйғарымның шығарылу уақыты мен орны;

— ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегi, аты-жөнi;

— iске қатысушы тұлғалар, даудың нысанасы немесе, мәлiмделген талап;

— ұйғарым шығарылған мәселе;

— соттың өз қорытындыларын шығару себептерi және сот басшылыққа алып, сiлтеме жасаған заңдар;

— сот қаулысы;

— егер ұйғарымға шағымдануға болатын болса, шағымдану берудiң тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

Аталған реквизиттер ұйғарымның өзiнде қандай бiрiздiлiкпен орналасуы керек? Менiң ойымша, бұл мәселеде сот шешiмiмен аналогия қолданылуы керек, яғни сот шешiмi тәрiздi сот ұйғарымы да төрт бөлiктен тұрады: кiрiспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар. Кiрiспе бөлiгiнде ұйғарымның шығарған соттың атауы, сот отырысындағы судьяның және хатшының тегi, аты-жөнi көрсетiлсе; сипаттау бөлiгiнде iске қатысушы тұлғалар, даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап, ұйғарым шығарылған мәселе көрсетiледi; ал дәлелдеу бөлiгiнде соттың өз қорытындыларын шығару себептерi және сот басшылыққа алып, сiлтеме жасаған заңдар жазылады; қарар бөлiгiнде сот қаулысы, егер ұйғарым бойынша шағымдануға болатын болса, шағым берудiң немесе наразылық келтiрудiң тәртiбi мен мерзiмi көрсетiледi. Сот ұйғарымдарының сенiмдiлiгi, олардың тәрбиелiк маңызы оның дәлелдеу бөлiгiнiң қалай жазылғанына байланысты болады, сондай-ақ, ұйғарымның қарар бөлiгi қысқа және түсiнiктi болып жазылуы керек. Жеке процессуалдық құжат түрiнде шығарылатын ұйғарымдар мiндеттi түрде дәлелдi болуы керек. Заңда кейбiр жағдайларда соттың дәлелдi ұйғарым шығару мiндетi көрсетiледi (АIЖК-нiң 167-бабы). Заңда көп жағдайларда дәлелдi ұйғарым шығару көделмеседе, кеңесу бөлмесiнде шығарылатын ұйғарымдарда дәлелдеу бөлiгi мiндеттi болуы керек тәрiздi.

АIЖК-нiң 252-бабының 2-бөлiгiне сәйкес сот отырсы залында шығарылатын ұйғарымда, яғни сот отырсының хаттамасына енгiзiлетiн ұйғарымда мынадай мәлiметтер мiндеттi түрде болуы тиiс:

1) ұйғарым шығарылған мәселе

2) соттың өз қорытындыларын шығару себептерi және сот басшылыққа алып, iлтеме жасаған заңдар;

3) сот қаулсы;

ал басқа мәлметтер соттың хаттамасында орын алғандықтан, оны соттың ұйғарымында қайталаудың қажетi жоқ.

Заңда белгiленген тәртiппен процесс қатысушыларының соттың процессуалдық iс-әрекеттерiне және актiлерiне шағым беру құқығы азаматтық процесс қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың маңызды кепiлi болып табылады. Егер сот өзiнiң мiндеттерiн орындамаса және iске қатысушы тұлғалардың процессуалдық құқықтарын бұзса, онда олар жоғары тұрған сотқа соттың iс-әрекеттерiне шағымдана алады. Жоғары тұрған сот процесте iске қатысушы тұлғалардың құқықтарын бұзып шығарған заңсыз және негiзсiз актiлердiң күшiн жоюға мiндеттi, сөйтiп iске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.

Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарына шағымданудың мақсаттары сот шешiмдерiне апелляциялық шағымдану институтның алдында тұрған мақсаттарымен бiрдей. Ұйғарымдарға шағмданудың басты мiндетi бiр жағынан, сот ұйғарымдарының заңдылығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз ету болса, екiншi жағынан процесс қатысушыларының заңды құқықтарын қорғау. АIЖК-нiң 347-бабына сәйкес апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсiндiрiлуiнiң дұрыстығын, сондай-ақ, iстi қарау мен шешу кезiнде азаматтық iс жүргiзу заң нормаларының сақталуын тексередi. Ендеше, ұйғарымдарға шағымдану негiздерi – олардың жеке шағым беру және наразылық келтiру сот шешiмдерiне апелляциялық шағымданумен ұқсас болып келедi. Апелляциялық шағымдану кезiндегi секiлдi, жеке шағымдар беру және жеке наразылықтар келтiру арқылы азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн соттардың жүзеге асыруы кезiнде жiберiлген қателiктер түзетiледi. Судьялар көбiнесе заңи сауатты адамдар болатындығына қармастан, оар өз жұмыстарында қателiктерге жол беруi мүмкiн. Сот қателiктерi заңның талаптарын бұзу, iстiң фактiлiк мән-жайларының өте күрделiлiгi, ал кейде судьялардың iстi қарау кезiндегi немқұрайлығы салдарынан туындайды. Азаматтық iс жүргiзу заңнамасы бiрiншi сатыдағы соттың қызметiнде болуы мүмкiн. Қателiктердi жою мақсатында iске қатысушы тұлғаларға шағымдануға, ал прокурорға наразылық келтiруге кең құқықтар бередi. Бұл құқықтар соттыi iстi дұрыс шешуiнiң маңыззды кепiлi және iске қатысушы тұлғалардың заңды мүдделерiн қорғау құралдарының бiрi болып табылады[32].

Ендi соттың ұйғарымдарына жеке шағым берудiң ерекшелiгiне және оның сот шешiмiне апелляциялық шағымданудан айырмашылығына тоқталайық. Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарына берiлетiн шағымдар мен наразылықтар «жеке шағымдар» және «жеке наразылықтар» деп аталады. Ал сот шешiмiне берiлетiн шағым, наразылық «апелляциялық шағым», «апелляциялық наразылық» деп аталады. Жеке шағым мемлекеттiк баж төлеуден босатылған (ҚР Салық кодексiнiң 501-бабының 14-тармақшасы). Ал апелляциялық шағымға мемлкеттiк баж алынады. Апелляциялық шағымдану құқығы дегенiмiз апелляциялық сатыдағы соттың бiрiншi сатыдағы сот шығарған заңды күшiне енбеген шешiмдi тексеру бойынша қызметiн қозғауға құқық[33].

Жеке шағым берудiң және наразылық келтiрудiң нысанасы – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген ұйғарымдары болғандықтан, мынаны айтуға болады: жеке шағым беру және наразылық келтiру құқығы дегенiмiз апелляциялық сатыдағы соттың бiрiншi сатыдағы сот шығарған заңды күшiне енбеген ұйғарымды тексеру бойынша қызметiн қозғауға құқық. Бұл құқық жеке шағым немесе жеке наразылық келтiру жолымен жүзеге асырылады.

Бiрақ апелляциялық соттың бiрiншi сатыдағы сот шешiмiн тексеру бойынша қызметiн қозғаудан бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымын тексеру бойынша қызметiн қозғаудың айырмашылықтары бар. АIЖК-нiң 344-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес бiрiншi саты бойынша iстердi қарау кезiнде аудандық немесе облыстық және оларға теңестiрiлген сот қаулыларына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалып отырған ұйғарым шығарылған күннен бастап, он күн iшiнде берiледi. Жеке шағым немесе жеке наразылық ұйғарым қаралу кезiнде қаралу нысанасы болған барлық құжаттарды қосып, ұйғарым шығарылған сот арқылы берiледi. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған ұйғарымдарға берiлген жеке шағымдар мен наразылықтарды апелляциялық тәртiппен облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы, ал облыстық және оларға теңестiрiлген бiрiншi сатыдағы соттар шығарған ұйғарымдарға берiлген жеке шағымдар мен жеке наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы қарайды. Жеке шағым, жеке наразылық апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша iстердi қарау ережелерiмен қаралады. Бiрақ жеке шағымды немесе жеке наразылықты қарау тәртiбi апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртiбiнен ерекшеленедi. Атап айтқанда, бiрiншiден, жеке шағымды(наразылықты) беру кезiнде апелляциялық  сатыға бүкiл iс емес, жеке шағымды (наразылықты) қарауға қажеттi құжаттар ғана жiберiледi; екiншiден, апелляциялық сот бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру кезiнде материалдық-құқықтық даудың мәнiне қатысты мәселелердi талқыламайды, өйткенi бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарымен процессуалдық сипаттағы мәселелер шешiледi. Бұдан ауытқу ретiнде апелляциялық соттың бiрiншi сатыдағы соттың талапкердiң талаптан бас тартуына және тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмiн бекiтуiне байланысты iс бойынша жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарымдарға берiлген шағымдарды (наразылықтарды) қарау жағдайларын атауға болады. Өйткенi, бұл ұйғарымдармен iстегi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.

Бiрiншi сатыдағы соттың барлық ұйғарымдарына апелляциялық тәртiппен жеке шағым беруге немесе жеке наразылық келтiруге болады. Бiрақ ҚР-сы Жоғарғы сотының iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған ұйғарымдары апелляциялық тәртiппен шағымдануға, наразылық келтiруге жатпайды және олар жария етiлген күннен бастап күшiне енедi. Демек, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған ұйғарымдары жеке шағым берудiң немесе жеке наразылық келтiрудiң объектiсi болып табылады. Шағымдану немесе наразылық келтiрудiң дербес объектiсi болып табылатын ұйғарымдары АIЖК-нiң 344-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген. Бұл нормаларға сәйкес бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарына жеке шағым беруге немесе жеке наразылық келтiруге мынадай жағдайларда жол берiледi:

1) АIЖК-де көзделген жағдайларда;

2) сот ұйғарымы iстiң әрi қарай iлгерiлеу мүмкiндiгiне бөгет болатын жағдайларда.

АIЖК-нiң 344-бабының 2-бөлiгiне сәйкес бiрiншi сатыдағы соттың жоғарыда көрсетiлген екi жағдайдан басқа қалған ұйғарымдарына жеке шағымдар мен наразылықтар берiлмейдi, бiрақ ұйғарымдарға апелляциялық шағым немесе наразылық берiлуi мүмкiн. Сонымен шағымдану мүмкiндiгiне байланысты бiрiншi сатыдағы соттың барлық ұйғарымдарын былай бөлуге болады:

1) шағым беруге немесе наразылық келтiруге жатпайтын ұйғарымдар;

2) шағым беруге немесе наразылық келтiруге болатын ұйғарымдар, яғни соттың шешiмiне берiлген апелляциялық шағымнан бөлек, яғни жеке шағым беру және наразылық келтiретiн ұйғарымдар.

Шағым беруге немесе наразылық келтiруге жатпайтын ұйғарымдарға жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым (АIЖК-ң 409-бабының 2-бөлiгi), iстiң соттылғы туралы соттардың арасындағы дауларды шешуге байланысты жоғары тұрған соттың ұйғарымы (АIЖК-ң 36-бабының 4-бөлiгi), ҚР-ң Жоғарғы сотының ұйғарымдары (АIЖК-ң 344-бабының 1-бөлiгi) жатады. Шағымдану мүмкiндiгiне тыйым салынған басқа ұйғарымдар азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделмеген.

Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде көзделген жағдайларда мысал ретiнде келесi ұйғарымдарды атауға болады:

— iстiң сот қарауына жатпауы туралы тараптардың арызын қанағаттандырудан бас тарту ұйғарым (АIЖК-ң 36-бабының 3-бөлiгi);

— судьяның дәлелдеменi қамтамасыз ету туралы арызды қабылдаудан ас тарту туралы ұйғарымы (АIЖК-ң 75-бабының 3-бөлiгi);

— сараптама тағайындау туралы ұйғарым (АIЖК-ң 91-бабының 7-бөлiгi);

— сот шығындарымен байланысты мәселелер бойынша ұйғарымдар (АIЖК-ң 117-бабы);

— мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың ұйғарымы (АIЖК-ң 122-бабының 3-бөлiгi);

— соттың өткiзiлiп алынған процессуалдық мерзiмдi ұзартудан және қалпына келтiруден бас тарту туралы ұйғарымы (АIЖК-ң 128-бабының 5-бөлiгi);

— судьяның талап арызды қабылдаудан бас тарту турпалы ұйғарымы (АIЖК-ң 153-бабының 5-бөлiгi);

— судьяның талап арызды қайтару туралы ұйғарымы (АIЖК-ң 154-бабының 4-бөлiгi және 155-бабының 4-бөлiгшi);

— талапты қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ұйғарымдар (АIЖК-ң 164-бабының 1-бөлiгi);

— соттың шешiмдегi қате жазулар мен айқын арифметикалық қателердi түзету мәселелерi бойынша ұйғарымы (АIЖК-ң 230-бабының 3-бөлiгi);

— қосымша шешiм шығарудан бас тарту туралы ұйғарым (АIЖК-ң 231-бабының 3-бөлiгi);

— шешiмдi түсiндiру туралы мәселелер бойынша ұйғарым (АIЖК-ң 232-бабының 3-бөлiгi);

— шешiмдi орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе ұзарту, орындау тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселелер бойынша ұйғарымы (АIЖК-ң 233-бабының 3-бөлiгi және 240-баптың 3-бөлiгi);

— соттың алып берiлген ақша сомаларын индекстеу туралы ұйғарымы (АIЖК-ң 234-бабының 3-бөлiгi);

— соттың шешiмдi факультативтi дереу орындау мәселесi бойынша шығарған ұйғарымы (АIЖК-ң 238-бабының 4-бөлiгi);

— iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы ұйғарымы (245-бабы);

— соттың iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым (АIЖК-ң 248-бабының 4-бөлiгi);

— арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым (АIЖК-ң 250-бабының 2-бөлiгi, 290-бабының 3-бөлiгi, 328-бабының 3-бөлiгi);

— бiрiншi сатыдағысоттың жеке ұйғарымы (АIЖК-ң 253-бабының 4-бөлiгi);

— жоғалған құжат бойынша төлем жүргiзуге немесе ақша беруге тыйым салу туралы және iстiң қозғалғаны туралы жергiлiктi газетке жарияланым беру туралы ұйғарымдар (АIЖК-ң 326-бабының 4-бөлiгi).

Осы аталған ұйғарымдардың iшiнде жеке ұйғарымдарға шағымдануға байланысты заң әдебиеттерiнде әр түрлi пiкiрлер айтылады. Бiреулер бұл ұйғарымдар шағымдануға жатпайды деп көрсетедi, өйткенi олар тараптардың даулы өзара қарым-қатынасының мәнiне жататын мәселелердi шешпейдi, жеке ұйғарымдарда соттың ойынша, сәйкес ұйымдардың немесе лауазымды тұлғалардың өзiндегi немесе бағыныстылығындағы заңсыздықарды жоюға байланысты хабарлама ғана болады[34]. Ал басқалар жеке ұйғарымдарға жоғары тұрған сотқа шағым беруге және наразылық келтiруге болады деп есептейдi. «Ерекше ұйғарымдар (автор жеке ұйғарымды осылай атайды – Н.Ш.) процестiң қатысушыларының елеулi мүдделерiн қорғай алады, сондықтан ерекше ұйғарымдардың заңдылығына толық кепiлдiк беру қажет. Мұндай кепiлдiк болып ерекше ұйғарымдарға, шешiмге шағым беруге қарамастан, қассациялық тәртiппен (қазiргi заңнама бойынша апелляциялық тәртiп – Н.Ш.) шағым беру және наразылық келтiру құқығын беру табылады»[35].  Осыған ұқсас пiкiрдi В.К. Пучинский және Д.М. Чечот келтiредi[36].

Бiрiншi сатыдағы соттың жеке ұйғарымдары iстiң әрi қарай iлгерiлуiне кедергi жасамайды, процесс қатысушыларының мүлiктiк құқықтарын қозғамайды. Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарына шағымдану мүмкiндiгiн терiске шығаратын процессуалистердiң көзқарастары дұрыс емес сияқты, өйткенi мәселе жеке ұйғарымдардың тараптардың өзара даулы қарым-қатынасының мәнiне қатысты мәселелердi шешпейтiндiгiне емес, осы ұйғарымдармен ұйымдардың, жекелегенлауазымды тұлғалардың және азаматтардың елеулi мүдделерiн қозғайтындығында. Осы жеке ұйғарымдарда көрсетiлген мәлiметтер кейде дұрыс болмауы және белгiлi бiр тұлғалардың ар-намысын қорлайтындай болуы мүмкiн. Сондықтан заңсыз және негiзсiз жеке ұйғарымдарға жоғары тұрған сотқа шағымдану дұрыс. Азаматтық iс жүргiзу заңнамасына 2001 жылы 11-шiлдедегi № 238-II заңмен енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес жеке ұйғарымдарға мүдделерiне қатысы бар адамдар шағым бере алатын болды. Заң шығарушылардың бұл қадамы жоғарыда айтылғандарды ескерсек құптарлық. Бiрақ прокурордың заңсыз жеке ұйғарымдарға наразылық келтiруi жөнiнде заң шығарушылар ештеңе айтпаған. Осыған байланысты АIЖК-ң 253-бабының 4-бөлiгiне толықтыру енгiзу қажет. Сот тәжiрибесi көп жағдайда жеке ұйғарымдардың заңды және негiздi етiп шығарылатындығын көрсеттi. Мысалы, Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет басқармасының заңсыз нормалары бар облыс әкiмiнiң шешiмiн тiркеу фактiсi бойынша әрекетiне байланысты шығарылған Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының жеке ұйғарымы ҚР Жоғарғы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасымен 2001 жылы 1-тамызда өзгерiссiз қалдырылды. Бұл ұйғарым Солтүстiк Қазақстан облысы прокурорының сол облыс әкiмiне оның 2000 жылғы 4 желтоқсандағы «2001 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшiн нормативтiк ақы және қаржыларды өндiру тәртiбiнiң ставкалары туралы» шешiмiнiң 2-тармағын заңсыз деп тану туралы талабын қарау және қанағаттандыру нәтижелерi бойынша шығарылған. Аталған шешiм оның 2-тармағында қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң мөлшерiн азайту бойынша ұсыныстар енгiзуге рұқсат беретiн нормалар белгiленуiне байланысты заңсыз деп танылды. Мұндай құқықты көздей отырып, әкiм сол кездегi әрекет еткен Қазақстан Республикасының «ҚР-ң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы» Заңының 44-бабындағы, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңның 10-бабындағы құзыретiнiң шегiнен асып кеткен. Өйткенi осы заңдармен жергiлiктi басқарушы органдарға қандайда бiреуге қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлемдердi азайту туралы ұсыныстар енгiзу құқығын беру емес, төлемдердiң мөлшерiн бекiту бойынша құқықтар көзделген. Шешiмнiң аталған тармағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы №1219 қаулысымен бекiтiлген Қоршаған ортаның ластанғаны үшiн ақы өндiрiп алу ережелерiне және Қазақстан республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен 1999 жылғы 18-маусымда бекiтiлген №693 «Қоршаған ортаны ластанғаны үшiн және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшiн төлемдердi есептеу және енгiзу тәртiбi туралы» нұсқаулыққа қайшы етiп қабылданған. Бұл актiлерде төлемдер мөлшерiн азайту немесе қандайда бiр органға осы туралы ұсыныс енгiзу жөнiнде көзделмеген. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 86-бабының мағынасы бойынша қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу белгiленген мөлшерден басқа мөлшерде жүргiзiле алмайды. Бiрақ облыс әкiмiнiң әрекет етушi заңнаманы бұза отырып, қабылдаған шешiмi Әдiлет басқармасында тiркеуден өтiп кеткен. Өйткенi олар құжаттың заңнамаға сәйкестiгiн тиiстi түрде көрсеткен[37].

Бiрiншi сатыдағы соттың азаматтық iстiң әрi қарай iлгерiлуiне кедергi келтiретiн ұйғарымдарына мыналарды жатқызуға болады: апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару туралы ұйғарым және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешiмдi, ұйғарымды немесе қаулыны қайтиа қараудан бас тарту туралы ұйғарым және т.б.

АIЖК-нiң 344-бабының 3-бөлiгiне сәйкес шешiм шығарумен аяқталған сот қарауы кезiнде шығарылған ұйғарымға шағым жасалып, наразылық келтiрiлген жағдайда iс жоғары тұрған сот сатысында шешiмге шағым беруге белгiленген мерзiм өткенде ғана жiберiледi. Бұл орайда шешiмге апелляциялық шағым жасалып, наразылық келтiрiлсе, жеке шағымды наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiппен қарайтын сот сатысында жүргiзiледi.

Судьялардың iс-әрекеттерi бақылаудан тыс қалмай, жоғарғы инстанция сотының тексеруiнен өтетiн жағдайда ғана жеке шағымдану мiндеттерiнiң орындалатындығына сенiм бiлдiруге болады. Бiрақ жеке шағымдану институтының алдында тұрған тағы бiр мiндет – процестiң қалыпты дамуын қамтамасыз ету екендiгi туралы ұмытпау керек. Барлық соттың ұйғарымдарына жеке шағым беру немесе наразылық келтiру мүмкiндiгiн беру процестi созып, iстi мәнi бойынша қарауда жөнсiздiктерге әкелер едi, ал кейбiр жағдайларда кедергi туғызып, тiптi шешiмнiң iс жүзiнде орындалуын мүмкiн етпес едi. Мұндай жағдайда шешiм шығарылмай тұрып-ақ жоғары тұрған сотқа азаматтық iске мүдделi тұлғаның жеке шағымын бiрнеше рет қарауға тура келер едi.

Жоғарыда жеке шағымдар немесе наразылықтарды қарау тәртiбi апелляциялық шағымдар немесе наразылықтарды қарау тәртiбiмен бiрдей деп айттық. Ендеше жеке шағымның немесе жеке наразылықтың мазмұны апелляциялық шағымның немесе апелляциялық наразылықтың мазмұнымен ұқсас болып келедi.

Жеке шағымның немесе наразылықтың мазмұнында мыналар болуы тиiс:

 

1) жеке шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;

2) жеке шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның атауы;

3) жеке шағым жасалатын немесе жеке наразылық келтiрiлетiн ұйғарым және сол ұйғарымды шығарған соттың атауы;

4) процессуалдық iс-әрекеттiң дұрыс еместiгi неде екендiгiн көрсету;

5) АIЖК-не сiлтеме жасай отырып, ұйғарымның заңсыздығы неде екендiгiнiң негiздемесi;

6) жеке шағым жасайтын немесе жеке наразылық келтiретiн тұлғаның жеке шағымды немесе жеке наразылықты толық не бөлiгiнде келтiретiнiн және қандай өзгерiстер енгiзудi талап ететiндiгiн көрсету;

7) жеке шағымға немесе жеке наразылыққа қоса тiркелген құжаттардың тiзiмi;

8) жеке шағымды немесе жеке наразылықты беру (келтiру) күнi және жеке шағымды, наразылықты беретiн (келтiретiн) адамның қолы тиiс. Өкiл берген жеке шағымға сенiмхат немесе iске осындай өкiлеттiк болмаса, өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын өзге де құжат қоса тiркелуi тиiс.

АIЖК-ң 344-бабының 1-бөлiгiне сәйкес бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымына АIЖК-ң 338-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруi (келтiруi) мүмкiн. Егер ұйғарым iске қатыспайтын тұлғалардың мүдделерiне қатысты болса, оларда сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы. Сонымен, бiрiншiден, жеке шағым беру құқығына тараптар мен басқа да iске қатысушы тұлғалар ие. Iске қатысты тұлғалардың құрамы АIЖК-ң 44-бабында көзделген: тараптар, үшiншi тұлғалар, мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар, сот ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайтын iстер бойынша мәлiмдеушiлер мен мүдделi адамдар. Екiншiден, АIЖК-ң 54-бабының ережелерiне сәйкес тараптар мен даудың нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалардың құқық мирасқорлары заңда көзделген негiздер бойынша процестен шығып қалған тарапты (үшiншi тұлғаны) ауыстырған жағдайда жеке шағым бере алады. Үшiншiден, соттағы өкiлдер тиiстi түрде рәсiмделген өкiлеттiгi болған жағдайда ұйғарымдарға шағым бере алады. (АIЖК-ң 61 және 62-баптары). Заңды өкiлдер өкiлдiк берушiлердiң процесте өздерi жүзеге асыра алатын барлық процессуалдық iс-әрекеттерiн жасай алады. Сондықтан олар соттың ұйғарымына сенiмхатсыз шағымдануға құқылы (АIЖК-ң 63-бабының 4-бөлiгi). Төртiншiден, заңда мүдделерiне қатысты ұйғарым шығарылған iске қатыспайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылып тұр. Сондықтан жеке шағым беру – осы тұлғалардың өз құқықтары мен мүдделерiн соттың құқыққа қайшы ұйғарымдарынан қорғау тәсiлi. Бесiншiден, жеке наразылық келтiру құқығы iстiқарауға қатысқан прокурорға тиесiлi. ҚР-ң Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орыбасарлары, аудан прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде iстi қарауға қатысуына қармастан, сот шешiмiне наразылық келтiруге құқылы.

Шешiмге апелляциялық шағым беруге немесе наразылық келтiруге құқылы тұлғалардың шеңберiне қарағанда, жеке шағым немесе жеке наразылық беруге құқылы тұлғалардың шеңберi кең. Өйткенi оларға сот төрелiгiн жүзеге асыруға көмектесетiн тұлғалар (АIЖК-ң 122-бабының 3-бөлiгi) және процестiң қатысушысы болып табылмайтын iске қатысты тұлғалар (АIЖК-ң 66-бабының 8-бөлiгi) жатады.

Апелляциялық соттың бiрiншi сатыдағы сот шығарған ұйғарымдарды тексеруiнiң процессуалдық салдары АIЖК-ң 344-бабының 4-бөлiгiнде көзделген. Апелляциялық сот жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша:

1) ұйғарымды өзгерiссiз, ал шағымды, наразылықты қанғаттандырусыз қалдыру туралы;

2) ұйғарымның күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберу туралы;

3) ұйғарымның күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi мәнi бойынша шешу туралы қаулы шығарады (АIЖК-ң 344-бабының 5-бөлiгi).

Жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы қаулы шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейiн дереу заңды күшiне енедi. Осы жерде заң шығаруға қатысқандардың редакциялық және терминологиялық қателiктерiн айта кету қажет. АIЖК-ң 344-бабының 1-бөлiгiнде «Жоғарғы соттың iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған қаулылары» деген сөз жазылған. Бiрақ АIЖК-ң 251-бабының 1-бөлiгiне сәйкес iс мәнi бойынша шешiлмейтiн бiрiншi сатыдағы сот актiсi ұйғарым түрiнде шығарылады. Сонда аталған екi бапта қайшылықтар бар деген сөз. Сондай-ақ, 344-баптың төртiншi бөлiгiнде және алтыншы бөлiгiнде де «бiрiншi сатыдағы соттың қаулылары» деген сөздер кезiгедi. Осы кемшiлiктердi таяу арада заңға сәйкес енгiзу арқылы түзету қажет, яғни «бiрiншi сатыдағы соттың қаулылары» дегендi «бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдары» деп ауыстыру керек. Сонымен бiрге АIЖК-ң 344-бабының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылған: «… қаулының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi апелляциялық сатыдағы сотқа жағадан қарауға беру туралы…». осы жерде қаулы деген сөзге байланысты қателiктi жоғарыда айтып өткендiктен, оған тоқталмай-ақ қояйық. Сөйлемнiң мәтiнiнде «бiрiншi апелляциялық сатыдағы сотқа» деп жазылса дұрыс тәрiздi, яғни «апелляциялық» сөзi артық.

Сот тәжiрибесiнде бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымының күшiн жойып iстi жағадан қарауға жiберу туралы қаулы шығаратын жағдайлар жиi кездеседi. Сондай мысалдардың бiрiне мынаны жатқызуға болады: «А.А. Втулкин Алматы қаласының Қала және саулет құрылысы департаментiне және «Геоинформ» ЖШС-не 1999 жылғы 5-мамырдағы Алматы қаласының объектiлерiн жобалау және салу үшiн жер учаскелерiн таңдау мен сәйкестендiру актiсiн жарамсыз деп тану және жерге орналастыру жобасын заңға сәйкестендiру туралы талаппен сотқа жүгiндi.

Алматы қалалық сотының 2001 жылғы 28-мамырдағы ұйғарымымен А.А: Втулкиннiң талап арызы қараусыз қалдырылды. Бұл ұйғарымға А.А. Втулкин жеке шағым берiп, онда ұйғарымның күшiн жоюды сұрайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Азаматтық iстер жөнiндегi алқасы АIЖК-ң 344-бабының 4-бөлiгiнiң 2-тармақшасын басшылыққа алып, аталған ұйғарымның күшiн жойды және осы iстi жаңадан қарауға бiрiншi сатыдағы сотқа жiбердi, яғни А.А. Втулкиннiң жеке шағымы қанағаттандырылды. Жоғарғы соттың Азаматтық iстегi жөнiндегi алқасы өз қаулысында мынаны көрсетедi: «Бiрiншi сатыдағы сот А.А. Втулкиннiң арызын қараусыз қалдыра отырып, 600 шаршы метр алаңындағы жер учаскесiн пайдалану, билiк ету және иеленуге байланысты құқықтарының бұызлмағандығына, осыған байланысты А.А. Втулкин 1999 жылғы 5-мамырдағы жер учаскесiн таңдау мен сәйкестендiру актiсiнiң заңдылығын даулауға құқылы емес, өйткенi ол өзге тұлғалардың мүдделерi үшiн мұндай талаптарды мәлiмдей алмайды. Ал А.А: Втулкиннiң меншiк құқығы «Орхон» ЖШС-не жер учаскесiн бөлiп берумен бұзылғандығы немесе бұзылмағандығына байланысты мәселенi бiрiншiсатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарау нәтижесiнде шешiм шығару жолымен шешуi тиiс»[38].

Апелляциялық сот бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң тағдырын шеше отырып, жеке процессуалдық мәселелер бойынша шығарылған, жеке тәртiппен шағым берiлгенi немесе шағым берiлмегенiне қарамастан, бiрiншi сатыдағы соттың көптеген ұйғарымдарының да тағдырын шешедi. Осылайша, апелляциялық сот шешiмдi өзгерiссiз және шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырып, iс бойынша шығарылған бiрiншi сатыдағы соттың барлық ұйғарымдарын да өзгерiссiз қалдырады.

Шешiмдi толық немесе бөлiгiнде жойып және жаңадан қарауға бiрiншi сатыдағы сотқа iстi жаңадан қарауға жiберген кезде бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдары өзiнiң практикалық маңызын жояды, өйткенi iстi жаңадан қараған кезде сот басқа ұйғарым шығаруы мүмкiн.

Шешiмдi толық немесе бөлiгiнде жойып және iс бойынша iс жүргiзудi қысқартқан, не арызды қараусыз қалдырған жағдайда, апелляциялық сот бiрiншi сатыдағы соттың iс бойынша шығарған жекелеген ұйғарымдарының да күшiн жояды.

Ал шешiмдi өзгерткенде немесе жаңадан шешiм шығарған кезде апелляциялық сот бiрiншi сатыдағы соттың iс бойынша шығарған ұйғарымдарын күшiнде қалдыруы да мүмкiн. Өйткенi тәжiрибе жүзiнде көп жағдайда материалдық құқық нормалары бұзылған жағдайда жаңа шешiм шығарылады.

Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарына жеке тәртiппен шағымданғанда (наразылық келтiргенде), апелляциялық сот соттың дауды мәнiбойынша шешуiнiң дұрыстығын тексермейдi, өйткенi ұйғарымдар процестiң жекелеген мәселелерi бойынша шығарылады. Апелляциялық сот шағым берiлген ұйғарымның заңдылығымен негiздiлiгiн тексерумен шектеледi.

Ұйғарымдардың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексерген кезде апелляциялық сот iс үшiн маңызды мән-жайлардың толықтығын және дәлелдiгiн, соттың қорытындыларын белгiленген мән-жайларға сәйкестiгiн, бiрiншi сатыдағы соттың құқық нормаларын қолдануының дұрыстығын зерттейдi, яғни iстiң материалдары негiздi ме және соттың ұйғарымдағы тұжырымдаулары заңға негiзделген бе екендiгiн анықтайды.

Ұйғарым шығару үшiн қажет мән-жайларды толық анықтамаудың мысалдаына, соттың бiтiмгершiлiк келiсiмiн бекiту туралы ұйғарымда жасалған келiсiмнiң барлық шарттарын анықтамауы және соның салдарынан оны дұрыс бекiтпеуi жатады. Құқық нормаларын бұзудың және дұрыс қолданбаудың мысалдарына соттың АIЖК-ң 232-бабындағы тәртiп бойынша анық және белгiлi шешiмдi оны мәнi бойынша өзгерту мақсатымен түсiндiру туралы ұйғарым шығаруын, сондай-ақ, соттың заңға негiзделмеген бiтiмгершiлiк келiсiмдi бекiтуiн жатқызуға болады.

Апелляциялық соты бiрiншi сатыдағы соттың заңды және негiздi ұйғарымын ғана өзгерiссiз қалдыра алады. Мұнда апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымның дұрыстығын онда көрсетiлмеген, бiрақ бiрiншi сатыдағы сотпен жеткiлiктi түрде зерттелген және iс материалдарынан туындайтын дәлелдермен негiздеуi мүмкiн.

Апелляциялық сатыдағы сот бiрiншi сатыдағы соттың заңсыз немесе негiзсiз ұйғарымының күшiн жойып, iстi мәнi бойынша өзi шешуi не бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға iстi жiберуi тиiс.

Апелляциялық сот iстiң материалдарында жеткiлiктi түрде фактiлiк база болған жағдайда ғана мәселенi мәнi бойынша шешедi және бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымының нысанына  байланысты өз тұжырымдауын шығарады. Осы жерде екiншi сатыдағы сот АIЖК-ң 247, 249-баптарында көзделген негiздер бойынша шешiмнiң толық немесе бөлiгiндегi күшiн және iс бойынша iс жүргiзудi қысқартуға не арызда қарамай тастауға құқылы. Сондай-ақ, бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымының нысанын құрайтын мәселе бойынша жаңа қаулы шығаруы мүмкiн. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа қаулыны, егер iсте фактiлiк материалдар жеткiлiктi болғанда немесе апелляциялық сатыдағы сотқа тiкелей жаңа дәлелдемелер тапсырылғанда ғана, шығара алады.

 

 

Қорытынды.

 

 

Елiмiздiң Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырғаны белгiлi. Ал, құқықтық мемлекеттiң басты сипаты болып табылатын заңдырдың билiктiлiгiн, үстемдiлiгiн қамтамасыз ету өз кезегiнде тиiсiнше жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жiгерлiктi талап етедi.

Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның тәуелсiздiгiн, судьяның әдiлдiгi мен алалықсыздығын қамтамасыз ету мақсатында сот актiлерiн орындау бойынша тиiмдi iске асатын жүйе құруға бағытталған атқарушылық iс жүргiзу органдарын қайта құру жүргiзiлуде.

Қазiргi кезде құқықтың – олардың кепiлi, қорғау, iс жүзiнде iске асуы, орындалу проблемасы көп мәнге ие болуда. Бүгiнгi күнде сот төрелiгi жүйесiнде ең нашары сот актiлерiн атқару болып табылады. Сот органдарының бұл ортада жұмысы халықтың ашу кернеуiн туғызу бекер емес. Сотқа өзiнiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн арызданған адамдарға сот процессi емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерiнiң iс жүзiнде қалпына келуi маңызды. Сот бұйрығы мен Шешiмдер, егер олар ешкiммен орындалмайтын болса кiмге керек?

Құқықты iс жүзiнде жүзеге асыруды қамтамасыз етудiң жалпы мақсаттарының iшiнде азаматтық бойынша сот төрелiгiнiң атқару барысында азаматтық iс жүргiзу тәртiбiмен сотпен шығарылған сот бұйрығын орындаумен байланысты мәселелер көңiл бөлудi керек етедi. Көп жағдайда құқықты қорғау шешiм шығарумен аяқталмайды. Сотқа арызданған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерi толық қорғалу үшiн, әдетте сот бұйрығының негiзiнде белгiлi бiр iс жүргiзушiлiк әрекеттер жасалуы тиiс. Тек қана зиянды өтеу, алимент өндiру, т.с.с. туралы шешiм шығару емес, сонымен қатар iс жүзiнде залалдың өтелуi, алимент өндiрiлуi керек.

Азаматтық процесс азаматтардың, заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастардың басқа да субъектiлерiнiңғ бұзылған құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғаудың, заң және сот алдында теңдiгi сақталған жағдайда, тиiмдi құралы болып табылады.

Сот бұйрығын мәжбүрлеп атқарудың мүмкiндiгi нақты бiр мерзiммен шектелген. Бұйрықты атқарудың ескiру мерзiмi институтын енгiзу мына жағдаймен түсiндiрiледi. Ұзақ уақыт аралығында өндiрiп алушымен борышкердiң қарым-қатынасын анықсыз жағдайда қалдыра беру қолайсыз. Егер, өндiрiп алушы негiздi себептерсiз, шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн, заңда көрсетiлген уақыт аралығында оны өндiруге ықылас бiлдiрмесе, онда мемлекет борышкердi, шешiмдi өз еркiмен орындамаса, мәжбүрлеп атқару қатерiнде шексiз ұстауға мүдделi емес (Заңның 7 бабы).

Сондықтан атқарушылық iс жүргiзудiң 7 бабына сәйкес атқару құжаттары мына мрзiмдерде:

1) жалпы юридикциялы соттары шешiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн бұйрықтар мен атқару парақтары – үш жыл iшiнде;

2) өзге соттар шешiмдерiнiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары — алты ай iшiнде;

3) еңбек даулары бойынша сот беретiн куәлiктер – үш ай iшiнде;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулылары – үш ай iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қараған органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын мәжбүрлеп орындатуға беру мерзiмi ҚР ӘҚБҚ-де басқаша көрсетiлген, яғни егер әкiмшiлiк жаза қолдану туралы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды (ӘҚБҚ-нiң 703-бабының   1 бөлiгi). Атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындауға беру мерзiмi бойынша екi нормативтiк-құқықтық актiде қарама-қайшылық туып отыр. «Нормативтiк-құқықтық актiлер туралы» ҚР Заңының 4 бабы 2 бөлiгiнiң 2-1 тармақшасында және 6 бабының 1 бөлiгiнде әр деңгейдегi құқықтық актiлердiң құқық нормаларында қайшылық болған жағдайда жоғары деңгейдегi актiнiң нормасы әрекет ететiндiгi көрсетiлген. Сондықтан, ӘҚБҚ-те бекiтiлген нормаларды қолдану дұрыс болады.

Заңның 5-бабы 1 тармағының 6 тармақшасына сәйкес сот орындаушысының атқару санкциясын өндiрiп алу туралы қаулысы атқару құжаты болып табылады. Ал, заңның 7-бабының 1 тармағында осы атқару құжатының орындауға беру мерзiмi қарастырылмаған. Атқару санкциясын өндiрiп алу көрсетiлген, яғни бiздiң оймызша, санкцияны өндiрiп алу туралы қаулыда орындауға беру мерзiмi көрсетiлуi тиiс. Себебi, мерзiм олар берiлгеннен күннен бастап есептеледi және сот орындаушысының қаулысы ерекше болып саналмайды.

Бiрақ, осы таңға дейiн сот орындаушысының атқару санкциясы туралы қаулысын орындауға беру мерзiмi реттелмеген. Бiрақ көңiл бөлетiн жайт, заңның 11-бабының 1 бөлiгiне сәйкес атқару құжаты белгiленген тәртiптерге сәйкес болмаса атқару құжатын қайтаруға негiз болып табылады және осындай атқару құжаты бойынша мәжбүрлi орындау жүргiзуге болмайды.

Ескiру мерзiмдерi шешiмнiң заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi. Аталған мерзiмдер:

1) мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде соттардың шешiмдерi мен ұкiмдерi негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде – үкiмнiң не шешiмнiң заңды күшiне енген немесе шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту кезiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннiң ертеңiнен бастап, ал шешiм дереу орындалуға тиiс болған жағдайларда – оны шығарған кейiнгi күннен бастап;

2) өзге соттар шешiмдiрiнiң негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде – осы соттар мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн келесi күннен бастап;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi қаулыларды орындау кезiнде – қаулы шығарылған күннен бастап;

4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша – олар берiлгеннен кейiн күннен бастап есептеледi (Заңның 7 бабы).

Ескiру мерзiмiнiң өтуi атқару құжаттарын атқаруға берумен, сонымен қатар борышкердiң атқару құжаттарын жарым-жарты орындаумен тоқтатылады. Үзiлiстен кейiн мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады, бiрақ үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге қосылмайды.

Атқару құжатын өндiрiп алушыға беру ескiру мерзiмiн өтуiн үзбейдi және тоқтатпайды. Атқарудың ескiру мерзiмi өткеннен соң және басқа органдар атқару құжаттарын бермейдi, ал сот орындаушысы бұрын алған құжаттарын iс жүргiзуге қабылдамайды (Заңның 10 бабы).

Өндiрiп алушы, атқару парағын орындауға беру мерзiмiн өткiзiп алғанда, шешiм шығарған сотқа өткiзiлiп алған мерзiмдi қалпына келтiру мүмкiн. Қалған атқару құжаттары бойынша өткiзiлiп алған мерзiмдер қалпына келтiрiлуге жатпайды (Заңның 9 бабы).

Заңмен атқару парағын ұсынудың мерзiмi белгiлеу шешiмiнiң тез атқарылуын қамтамасыз етедi.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе бiздiң ойымызша сот төрелiгiнiң мақсаты азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады, сондықтан азаматтық iс жүргiзу тек қана азаматтық iстер дұрыс қарау мен шешуге байланысты мәселелердi қамтып қоймайды, сонымен бiрге сот кесiмдерiн орындау мәселелерiн қамтиды. Яғни, атқарушылық iс жүргiзу азаматтық сот өндiрiсiнiң соңғы және маңызды сатысы болып келедi, өйткенi, ол азаматтық iстi қараудың және шешудiң нәтижесi болып табылады, бұл сатыда азаматтық субъективтi құқықтарды және заңды мүдделердi қорғау нақты өзiнiң көрiнiсiн табады және саты басқа азаматтық сот өндiрiсiнiң сатыларына өтпейдi. Сонымен, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңына жақын уақытта өзгертулер мен толықтырулар енгiзу керек. Яғни, осы өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген уақытта ғана сотта шығарылған сот бұйрықтары орындалады және сот төрелiгi толығымен жүзеге асады деген пiкiрдемiн.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қ.Р. Конституция. 30.08.1995ж.
  2. Қ.Р. сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы. Қ.Р. заңы 25.12.2000ж 1,24-27 баптар.
  3. Н.Б. Зейдер «Судебное решение по гражданскому делу», М., 1966, 5-6 бет.
  4. М.М.Агарков. «Обязательство по советскому гражданскому праву» — М., 1940., 58-бет
  5. Советский гражданский процесс. Под ред. Юдельсон К.С.- М., 1956., 206-208 бет.
  6. Я.Л.Штутин «Предмет доказывания в гражданском процессе»- М., 1963., 39-бет.
  7. Д.И.Полумордвинов «Законная сила судебного решения»-Тбилиси, 1964, 19-бет.
  8. М.К.Треушников «Особенности рассматрение отделных категории гр. дел», М.- 1995., 30-31-бет
  9. Д.И.Полумордвинов «Законная сила судебного решения» -Тбилиси, 1964, 19- бет.
  10. А.А.Пиантковский «К методологии изучение действующего права», ученые записп, ВИЮН., М., 1947, 45-бет
  11. Азамамттық iс жүргiзу дегi сот бұйрығының тарихи аспектiлерi. Заң газетi 12 2001жыл.
  12. Зейдер Н.Б. Судебное заседание и судебное решение в советском гражданском процессе. Саратов. 1959.
  13. Зейдер Н.Б.Аталған еңбекте, 76, 78,81-беттер.
  14. Воронков Г.В. Определение суда первой инчтанции в советском гражданском процессе. Саратов,1967. с-5
  15. Юдельсон К.С. Советский гражданский процесс. М.: Госюриздат, 1956. с-270.
  16. Абрамов С.Н. Гражданский процесс. М.: Юриздат МинЮст СССР, 1948. с-285.
  17. Авдюков М.Г. Судебное решение. М.: Госюриздат, 1959.
  18. Гурвич М.А. Советское гражданское процессуальное право. М.: Высшая школа, 1964.
  19. Зейдер Н.Б. Судебное заседание и судебное решение в советском гражданском процессе. Саратов.1959.
  20. Чечот Д.М. Постановление суда первой инстанции по гражданским делам. М.: Горюриздат, 1958.
  21. Юдельсон Н.А. Аталған еңбекте, 270-бет.
  22. Абрамов Н.А. Аталған еңбекте, 314-бет.
  23. Воронков Г.В. Аталған еңбекте, 26-бет.
  24. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом произхводстве, Томск 1990.
  25. Семенов.В.М. Конституционные принципы судопроизводства    М 1982.
  26. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Том 1 Алматы КазГЮА 2001.
  27. Абдулина З.Қ. Азаматтық iс жүргiзу құқығы Дәнекер 2002 жыл.
  28. Воронков Г.В. Аталған еңбекте, 39-бет.
  29. Воронков Г.В. Аталған еңбекте. 74-бет.
  30. Воронков Г.В. Определение суда первой инстанции в советском гражданском процесс. Автореф.дис..канд.юрид.наук. Саратов, 1965.
  31. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК: Том-2. Алматы: КазГЮА, 2001.
  32. Мухин И.И. Обжалование, опротестование и просмотр определение суда первой инстанции. М. Госрюиздат, 1958.
  33. Баймолдина З.Х. Аталған еңбекте, 246-бет.
  34. Муравьева А.С., Никитинский Ф.Ф., Чечина Н.А. Участие общественности в рассмотрении судами гражданских дел. М.: Госюриздат, 1963.
  35. Авдюков М.Г. Обжалование судебных определений в советском гражданском процессе. // вестник Московского университета, №3, 1960.
  36. Пучинский В.К. Особые определения суда первой инстанции. // Социалистичекая законность, №1, 1956. Чечот Д.М. Постановление суда первой инстанции по граждансим делам. М.: Госюриздат. 1958.
  37. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының бюллетенi. №3, 2002.
  38. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бюллетенi. №8 2001.