Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..
- Тарау Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
1.1. Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі…………………………………………….
1.2. Ведомствалық бағыныстылықтың түрлері…………………………………………..
- Тарау Ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы
2.1. Соттарға талап қоюшылық, ерекше талап қоюшымен жүргізілетін істердің және ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы..
2.2. Істердің аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы…………………….
Қорытынды………………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….
Кіріспе
Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Ведомствалық бағыныстылық-бұл құқық туралы даудың немесе басқа заңды істерді белгілі бір органның қарап шешуіне жататындығы, яғни істің нақты бір органға бағыныстылығы.
Ведомствалық бағыныстылық жеке және көпше болып 2-ге бөлінеді.
Жеке ведомствалық бағыныстылық дегеніміз — белгілі категориялы істердің тек бір ғана юрисдикция органдарда қарап шешілу мүмкіндігінің болуы.
Көпше ведомствалық бағыныстық дегеніміз — кейбір категориялы істердің бірнеше юрисдикция органдарында қарап шешілуі.
Дипломдық жұмыстың нәтижесі азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.
Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі азаматтық істер бойынша бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық көзқарастар мен тұжырымдамалар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқық қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды тәжірибеде қолданумен тығыз байланыстылығын студенттердің түсінуі, студенттерге құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, процестің сатылары туралы яғни азаматтық іс жүргізу құқығы зерттейтін құқықтық ұғымдар мен категориялар туралы құқықтық түсініктерді қалыптастыру.
Бұл дипломдық жұмыстың міндеті: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, құқық саласының өзекті мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілерін және Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгерту, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін білу, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын дәл ұғыну, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты түсінікті орнықтыру.
- Тарау Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
1.1 Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі
Азаматтық-құқықтық даулар әртүрлі органдарда қарап шешіледі. Мысалы: мемлекеттік сот органдарында, аралық соттарда, келісім комиссияларында, өкілетті және атқарушы органдарда, нотариалды органдарда т.б. Осыған орай азаматтық құқықты қорғау нысаны:
— Соттық тәртіппен
— Соттық емес тәртіппен (қоғамдық, нотариалды, әкімшілік тәртіпте) жүзеге асады.
Жоғарыда аталған органдардың әрқайсысы жүргізілуі заңмен белгіленген азаматтық-құқықтық дауларды қарайды және шешеді.
Талап арыз немесе арыз сотқа келіп түскенде арызда қойылған талаптар сотта қаралып шешілуге жататынын немесе басқа юрисдикция органдарының қарауына жататынын сот алдын-ала анықтауы, яғни азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығын анықтауы тиіс.
Ведомствалық бағыныстылық-бұл құқық туралы даудың немесе басқа заңды істерді белгілі бір органның қарап шешуіне жататындығы, яғни істің нақты бір органға бағыныстылығы.
Ведомствалық бағыныстылық жеке және көпше болып 2-ге бөлінеді.
Жеке ведомствалық бағыныстылық дегеніміз — белгілі категориялы істердің тек бір ғана юрисдикция органдарда қарап шешілу мүмкіндігінің болуы.
Көпше ведомствалық бағыныстық дегеніміз — кейбір категориялы істердің бірнеше юрисдикция органдарында қарап шешілуі.
Көпше ведомствалық бағыныстылықтың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді:
А) Альтернативті
Б) Шартты
В) Императивті
Альтернативті ведомствалық бағыныстық — бұзылған құқық пен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау мақсатында субъектінің қай органға шағымдану мүмкіндігін таңдау еркіндігі , мысалы: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы код. 655- бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларына келіспеген жағдайда әкімшілік қаулы шығарған органдардан жоғары тұрған органға немесе сот органына шағымдануға болады деп көрсетілген.
Шарттық ведомствалық бағыныстылық-дауласушы тараптардың өзара келісімі бойынша істі қай органның қарап шешуіне беруі. Мысалы: АІЖК 25- бабы бойынша сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаса тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.
Императивті ведомствалық бағыныстылық- бірнеше юрисдикциялық органдарда қатысты азаматтық істердің белгілі бір жүйелілікті сақтай отырып қарап шешілуі. Мысалы: 1999 ж 16 шілдеде қабылданғанған “ҚР паттенттік заңы” бойынша патент беруге қарсылық білдірілген шешімдерге патент алушы апелляциялық советке шағым беруі тиіс. Апелляциялық советтің шешімімен келіспеген жағдайда шешімді алған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей сотқа шағымдауға болады делінген. (32-ст)
Азаматтық істер мәні бойынша сот органдарында қарап шешілуге жататын болса бұл істер сот органдарына ведомствалық бағынысты болып табылады.
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау АІЖК-де және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Сот құзіретіне талап істерді қарап шешу үшін азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қаржы, тұрғын үй, жер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан туындайтын дауларды қарап шешу кіреді.
Соттар ерекше талап өндірісі бойынша АІЖК-ң 25-29-тарауларында көзделген істерді қарап шешеді.
Соттар ерекше өндіріс бойынша АІЖК-ң 31-39- тарауларында көзделген істерді қарайды.
Соттар АІЖК-ң 140- бабында көрсетілген даусыз талаптарды бұйрық өндірісі тәртібіне қарайды.
Сонымен бірге соттар шетел субъектілерінің және ұйымдарының қатысуымен болатын істерді егер халықаралық шарттарда және ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе қарайды.
Заң бойынша соттың құзіретіне жатқызылған басқада істер сотқа бағынысты болады.
ҚР-да қолданылып жүрген заңдар, бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың бір формасы ретінде аралық соттарды қарастырады.
Азаматтық кодекстің 9- бабының 1-тармағында және АІЖК-ң 25-бабында азаматтық құқықтарды қорғау сот арқылы және аралық сот арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген.
АІЖК-ң 170-бабының 4-тармағы бойынша судья істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізгенде тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарының бар екендігін түсіндіреді.
Аралық соттардың құрылу тәртібі және олардың қызметі, сондай-ақ шешімдерінің орындалуының тәртібі ҚР 2004 жылғы 28 желтоқсанында қабылданған «Аралық соттар туралы» заңымен реттеледі. Аралық соттарда істі қараудың мәні құқыққатынасында түсуші нақты тараптардың арасындағы дауды қарауды және шешуді үшінші бір тұлғаға сеніп тапсыру болып табылады.
Аралық сот өндірісінде мүліктік сипаттағы азаматтық-құқықтық даулар қаралады, сондықтан аралық сот өндірісі талаптық өндіріс болып табылады. Аралық сот өндірісінде жалпы талаптық өндіріске тән талап қою, қарсы талап қою, талапкер мен жауапкердің процеске қатысуы сияқты әрекеттер жасалады.
Аралық соттар-мемлекеттік соттарға ведомствалық бағынысты кез-келген мүлікті дауларды тараптардың келісімімен (егер заңдармен тыйым салынбаған жағдайда) қарап шеше алады.
Аралық сотта қарап шешуге болмайтын заң актілеріне мыналар жатады:
- Банкроттық туралы заң (3 –б. заңды тұлғаларды банкрот деп тану сотпен бекітіледі деп көрсетілген)
- Еңбек тур заң (11-тарауында еңбек даулары келісім комиссиясымен немесе сот тәртібімен шешіледі деп көрсетілген)
Неке және отбасы тур заң (7- б бойынша неке отбасылық қатынастар сотпен, мемлекет органдарымен қамқоршы және қорғаншы органдармен шешіледі делінген) оған ерлі зайыптылардың мүліктерінің шарттық режимі бойынша ортақ мүлікті бөлу кірмейді.
ҚР аралық соттар тұрақты жұмыс істейтін аралық сот немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. Аралық сот дауларды ҚР Конституциясына, заңдарына және өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарайды.
Бұйрық өндірісі – бұл қарызды немесе борышты сот бұйрыығын шығару арқылы өндірісін алу тәртібі.
АІЖК 139 бабына сәйкес сот бұйрығы дегеніміз-өндірістік алушының ақша сомаларын немесе мүліктерді өндіріп алуы үшін, өндірп алушыны немесе борышкерді олардың түсініктемелерін тыңдау үшін сотқа шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша арыз берушінің яғни өндіріп алушының арзы негізінде шығарылатын судьяның актісі.
Бұйрық өндірісіндегі азаматтық істер қарағанда жылдан әрі жеңіл шешілуге жататды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің негізі, мазмұны және тәртібі АІЖК 13 тарауында 139 баппен 149 баптар аралығында көрсетілген.
Бұйрық өндірісінде іс жүргізу шет мемлекеттерде яғни Германия, Франция елдерінде көп уақыттар бойы кеңінен қолданылып келген. Ал Россия империясының Азаматтық іс жүргізу жарғысына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ басында сот өндірсіндегі істерді тездету және жеңілдету мақсатында даусыз істерді қарауға байланысты толықтырулар мен өзгертулер енгізілген. 80 жылдардың ортасында алимент өндіру жөніндегі істер толығымен бұйрық өндірісінде қаралуға жататыны анықтлады. Отандық және шет елдік тәжірбелерді есепке ала отырып азаматтық істерді сотта қарау мерзімін қысқарту мақсатында Россия азаматтық іс жүргізу заңдарында борышты немесе қарызды өндіру сот бұйрығын шығару арқылы қарау нормалары яғни ҚР АІЖ заңында “Бұйрық өндірісі„ жаңаан қосылған тарау болып табылады. Бұрын қолданылған ескі заңдарда Азаматтық сот өндірісінің 3 түрлі болатын болса, 1999 жылғы 1 шілденден бастап күшіне енген АІЖК сот өндірісінің 4 түрі “Бұйрық өндірісі„ енгізііледі.
Қ.Р Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8- бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
— Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
— Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР –да сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға .
Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т.б.
Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы заңнын 3-бабы 3 –тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтауы тиіс.
Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-ң 40,43 –бабында көзделеген
Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару.
Азаматтық құқықтарды қорғау ҚР заңды актілерінде қарастырылған белгілі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оларға:
- Соттық (мемлекеттік соттар)
- Қоғамдық (келісім комиссиялары)
- Нотариалдық
- Әкімшілік (өкілетті және атқару органдары)
- Өзін-өзі қорғау тәсілдері жатады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде –азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.
АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.
АІЖҚ-ы — азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.
Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б.т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну қатынастарымен сипатталады.
Ал диспозитивті тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы арқылы қозғалады, яғни құқық туралы даудың субъектілеріне байланысты, ал сот өз бастамасымен азаматтық істі қозғауға құқы жоқ.
АІЖК-ң жүйесі –азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық қатынастырды реттейтін процессуалдық құқық нормаларының реттелген жиынтығы.
Іс жүргізу жүйесі 2-ге бөлінеді:
а) Жалпы бөлім
б) Ерекше бөлім
Жалпы бөлімінде сот өндірісінің жалпы ережелері сипатталады. Оған АІЖК-ң 1 бөлімі “Жалпы ережелер” кіреді. Олар:
- АІЖ заңдары
- Сот өндірісінің міндеттері мен қағидалары
- Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы
- Азаматтық істердің соттылығы
- Соттық құрамы және қарсылық білдіру
- Іске қатысушы тұлғалар
- Сотта өкілдік ету
- Дәлелдемелер және дәлелдеу
- Соттық шығындар
- Мәжбүрлеу шаралары
- Іс жүргізу мерзімдері
- Сот хабарлары мен шақырулары
Ерекше бөлімнің нормалары процестің жеке сатыларын қамтиды. Оған АІЖК 2, 3, 4, 5- бөлімдері кіреді.
- 1 инстанцияда азаматтық істерді қарау.
- Сот қаулыларын қайта қарау.
- Жайылған сот ісін қайта қалпына келтіру.
- Атқару өндірісі.
Азаматтық сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асырудың тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін, белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады делінген. Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері болады.Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де мынандай 4 топқа бөлінген:
- Бұйрық арқылы іс жүргізу
- Талап арқылы іс жүргізу
- Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу
- Ерекше өндіріс
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке азаматтар қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен қаралады. Сондықтан да талап өндірісінің ережелері азаматтық сот өндірісіндегі жалпы ережелер болып танылады.
Талап өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.
Азаматтық іс жүргізу нормаларынан талап өндірісінде түрлі материалдық құқықтық қатынастардан туындаған істер қаралып шешілетіні белгілі. Талап өндірісінде қаралатын істердің барлығы азаматтық-құқықтық даулардың яғни, құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады. Құқық жөніндегі даудың негізі- құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу қаупінің болуы.
Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән белгілер:
1.Құқық туралы даудың немесе заңды мүддеснің бар болуы.
2.Заңды мүдделері бір-біріне қарама-қайшы тараптардың арасында
басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т.б. ережелер кіреді.
Дегенмен, ерекше талаптың сот өндірісінің өзінетән мынандай ерекшеліктері бар.
- Ерекше талаптың өндірісте істі қозғаудың құралы ретінде талп арыз емес арыз беріледі.
- Арыз берудің мерзімі әрбір іс үшін заңда белгіленген, және істі қарау мерзімі біршама істер үшін қысқартылған.
- Іс бойынша 1 тарап азамат немесе қоғамдық бірлестік ал, 2-ші тарап мемлекеттік орган немесе ұйғарымның лауазымды адам болып табылады.
- Ерекше талаптың өндірісте талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісіміне келу мүмкіндігі болмайды.
- Сотқа арыз беруге арналған мерзімдер әрбір іс бойынша жеке көрсетілген.
Топтық және аумақтық соттылық ережелерінде ерекшеліктер қарастырылған
Ерекше өндірісте іс қаралғанда АІЖК 31-39 тарауларындағы толықтырулар мен ерекшеліктерді қоспағанда талап өндірісінің жалпы тәртібі қолданылады.
Ерекше өндірістің ерекшеліктері болып саналады:
- Іс бойынша тарап ретінде талапкер және жауапкер емес. Тек 1 тарап арызданушы ғана қатысады және үшінші тұлғалар іске тартылмайды.
- Ерекше өндірісте талап өндірісіне тән институттар, атап айтқанда жауапкердің талапты мойындауы, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісіміне келу, қарсы талап қою сияқты әрекеттер қолданылмайды.
- Істі қозғау құралы ретінде талап арыз емес арыз немесе шағым беріледі.
- Ерекше өндірісте аумақтық соттылықтың жалпы ережелері бойынша емес әр категориялы іске әртүрлі соттылық белгіленеді және салыстырмалы, шарттық, өзара байланысты істердің соттылығы ережелері қолданылмайды.
Ерекше өндіріс бойынша қаралатын істердің өзіндік жалпы ерекшеліктерінен бөлек қаралатын түрлі істердің әрқайсысының сотта қарау тәртібінің арнайы ерекшеліктері қарастырылған.
Ерекше өндіріс-азаматтық сот өндірісінің жеке бір түрі ретінде белгілі шеңбердегі азаматтық істердің тізбесін қамтиды. Ерекше өндірісте қаралатын азаматтық істердің тізбесі АІЖК-ң 289-бабында анық көрсетілген.
Іс ж үргізудің сатылары түпкілікті бір мақсатқа жету үшін белгіленген іс жүргізу әрекеттерін біріктіретін сот өндірісінің бөлімі немесе этап. Азаматтық іс жүргізу келесі сатыларға бөлінеді.
- І инстанциядағы сот өндірісі: істі қозғау, істерді соттарда қарауға әзірлеу, сотта істі қарау. Сотта істі қарау немесе соттық талқылау шешім шығарумен немесе қортынды ұйғарым шығарумен аяқталады.
- Апелляциялық инстанцияда істерді қарау, яғни апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру арқылы заңды күшіне енбеген сот актілерін жоғарғы сот инстанциясында мәні бойынша қайта қарау.
- Қадағалау сатысы, яғни заңды күшіне енген сот актілерін арнаулы соттық қадағалау инстанцияда қайта қарау.
- Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша қайта қарау.
- Орындау өндірісі — атқару органдары арқылы сот шешімдерімен актілерін мәжбүрлеу арқылы орындау.
Процестің әрбір сатысы белгілі бағытқа ие болады және бір мақсатқа жету арқылы аяқталады бірақ әрбір азаматтық іс процестің бүкіл сатысынан өтуі міндетті емес. Мыс: іс бойынша апелляциялық шағым берілмесе немесе мүжбүрлеп орындату қажеттігі туындамаса І- инстанцияда іс қаралғаннан кейін аяқталады.
1.2 Ведомствалық бағыныстылықтың түрлері
Ведомствалық бағыныстылық-бұл құқық туралы даудың немесе басқа заңды істерді белгілі бір органның қарап шешуіне жататындығы, яғни істің нақты бір органға бағыныстылығы.
Ведомствалық бағыныстылық жеке және көпше болып 2-ге бөлінеді.
Жеке ведомствалық бағыныстылық дегеніміз — белгілі категориялы істердің тек бір ғана юрисдикция органдарда қарап шешілу мүмкіндігінің болуы.
Көпше ведомствалық бағыныстық дегеніміз — кейбір категориялы істердің бірнеше юрисдикция органдарында қарап шешілуі.
Көпше ведомствалық бағыныстылықтың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді:
А) Альтернативті
Б) Шартты
В) Императивті
Альтернативті ведомствалық бағыныстық — бұзылған құқық пен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау мақсатында субъектінің қай органға шағымдану мүмкіндігін таңдау еркіндігі , мысалы: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы код. 655- бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларына келіспеген жағдайда әкімшілік қаулы шығарған органдардан жоғары тұрған органға немесе сот органына шағымдануға болады деп көрсетілген.
Шарттық ведомствалық бағыныстылық-дауласушы тараптардың өзара келісімі бойынша істі қай органның қарап шешуіне беруі. Мысалы: АІЖК 25- бабы бойынша сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаса тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.
Сот бұйрығы шығарылатын талаптар заңды көрсететін арнайы ережелерде, сот өндірісінің жалпы ережелерімен ретеледі.
Бұйрық өндірісінде бір тарап арыз беруші (кредитор) болса, екінші тарап борышқор болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке азаматтар қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Сот бұйрығы мына жағдайларда шығарылады, егер:
- Талап нотариатта куәландырылған мәмлілерге неізделсе .
- Талап жазбаша мәмілелерге негізделсе және оны жауапкер таныса;
- Талап төленбеген вексельге немесе акцептің болмауына негізделсе.
- Егер әкеліктің белгілеуіне қатысы жоқ кәмелетке толмаған балалар үшін алемент өндіріп алу туралы талап мәлімдеген болса.
- Азаматтардан салықтар мен міндетті төлемдерді өндіріп алу жөнінде мәлімделген болса.
- Қызметкерлерге аударылған, бірақ төленбеген жалақылар мен төлемдерді өндіріп алу жөніндегі талаптар бойынша.
- Жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөнінде шығындарды өндіру жөнінде , егер ондай талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы 8 кепіл беруші борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімделген болса: мәлімдеген болса. Бұндай талаптар азаматтық, жанұялық, еңбектік және әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайды. Сот бұйрығы –арызда көрсетілген талаптарды дәлелдейтін жазбаша құжаттарға негізделіп шығарылады.
Бұйрық өндірісінде іс қозғау АІЖК 141-бабында көрсетілгендей мүдделі тұлғаның жазбаша нысанда сот бұйрығын шығару туралы беруі арқылы қозағалады. Сот бұйрығын шығару арыз соттылықтың жалпы ережесі сақталына отырып беріледі. Ол дегеніміз- арыз борышкер азаматтың тұрғылықты жері немесе борышкер заңды тұлғаның мүлкінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. (АІЖК 31-бабы). С ондай-ақ соттылықтың тағы бір түрі арыз берушінің таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу АІЖК 32-бабы.
Тұрғылықты жері белгісіз борышкерге байланысты арыз бұйрық өндірісінде қаралмайды.
Арыз тікелей тапсырылады немесе почта арқылы жіберіледі. Арызда:
- Арыз берілетін соттың атауы
- Өндіріп алушының аты-жөні , тұрғылықты жері
- Борышкердің аты-жөні , тұрғылықты жері
- Арыз берушінің талаптары, оған негізделген мән-жайлар
- Талапты растайтын құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Мүлікі талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуі тиіс. Арызға өндіріп алушының өкілі жазған болса оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркеледі.
АІЖК 143 –бабына сәйкес сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері көзделген.
Оларға:
- Мәлімделген талап бұйрық өндірісінде қарауға жатпаса
- Арызда көрсетілген талапты растайтын құжаттар табыс етілмесе.
- Арызға мемлекеттік баж төленбесе.
- Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен формасы сақталмаса АІЖК 141-бабы.
Бұйрық өндірісінде қарауға жататын істердің тізімі заңда тікелей көрсетілгендіктен, осы істерден басқа азаматтық істер бұйрық өндірісінде қарауға жатпайды деп есептеліп, арыз қайтарылып беріледі. Арызды қабылдаудан бас тартудың тағы бір негізі қажетті құжаттардың табыс етілмеуі. Олардың қатарына заңды фактілерді, және құқықтар мен міндеттерді куәландыратын жазбаша құжаттар кіреді. Бірақ оның қатарына техникалық ақпарат тасушы құралдар пленка, дискета, кассеталар кірмейді.
Судья сот бұйрығын, шығару туралы арызды қабылдауға сондай-ақ арыздың нысаны мен формасы сақталмаса немесе мемлекеттік баж төленбесе арызды қабылдамауға құқы бар.
Арызды қабылдамаған жағдайда кемшіліктерді жою үшін 3 күн мерзім береді. Егер арыз беруші сотқа арыздағы кемшіліктерді жойып белгіленген мерзім ішінде қайта тапсырса арыз алғаш тапсырған күні берілген болып есептеледі. Ал кері жағдайда судья арызды қабылдаудан бас тарту жөнінде ұйғарым шығарады.
Судья арызды қабылдаған жағдайда борышкерге 3 күн мерзім ішінде арызды көрсетілген талап жөнінде хабарлауы тиіс. Сондай-ақ арызды қабылдау жөніндегі ұйғарымға борышкердің белгілі мерзім ішінде арызға қарсы пікірін жазуы тиіс екенін көрсетеді. Борышкерге арыздың және тіркелген құжаттардың көшірмесі жіберіледі.
Арыздың мәні бойынша арыз түскен күннен бастап 3 күн ішінде сот бұйрығын шығарады. Егер борышкерт сот бұйрығын шығаруға тікелей қарсы болса яғни, сот бұйрығы негізделген құжаттардың жарамсыз екенін көрсетсе және оны сот негізді деп тапса сот бғйрығы шығарылмайды. Ондай жағдайда сот бұйрығын шығарудан бас тарту жөнінде берушінің шағымдануына құқы бар. Арыз беруші осы талапты талап өндірісі бойынша сотқа қарау ұшін жолдануға құқы бар. Сот бұйрығы кіріспе және қарар бөлімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде:
- Бұйрықтың шығарылған уақыты
- Соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның аты-жөні
- Өндіріп алушының аты-жөні, тұрғылықты жері
- Борышкердің аты-жөні, тұрғылықты жері
Сот бұйрығының қарар бөлігінде:
1.Өндіріп алуға жататын ақша сомасының мөлшері
- Тұрақсыздық айыбының мөлшері
- Борышкерден өндірілетін мемлекеттік баждың мөлшері (өндіріп алушының немесе жергілікті бюджеттің пайдасына)
- Сот бұйрығына шағым берудің тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
Сот бұйрығына судья қол қояды. Сот бұрығы борышкерге жіберіледі.
Сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асырудың тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін, белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады делінген. Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері болады.Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де мынандай 4 топқа бөлінген:
- Бұйрық арқылы іс жүргізу
- Талап арқылы іс жүргізу
- Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу
- Ерекше өндіріс
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке азаматтар қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен қаралады. Сондықтан да талап өндірісінің ережелері азаматтық сот өндірісіндегі жалпы ережелер болып танылады.
Талап өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.
Азаматтық іс жүргізу нормаларынан талап өндірісінде түрлі материалдық құқықтық қатынастардан туындаған істер қаралып шешілетіні белгілі. Талап өндірісінде қаралатын істердің барлығы азаматтық-құқықтық даулардың яғни, құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады. Құқық жөніндегі даудың негізі- құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу қаупінің болуы.
Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән белгілер:
1.Құқық туралы даудың немесе заңды мүддеснің бар болуы.
2.Заңды мүдделері бір-біріне қарама-қайшы тараптардың арасында
басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т.б. ережелер кіреді.
Дегенмен, ерекше талаптың сот өндірісінің өзінетән мынандай ерекшеліктері бар.
- Ерекше талаптың өндірісте істі қозғаудың құралы ретінде талп арыз емес арыз беріледі.
- Арыз берудің мерзімі әрбір іс үшін заңда белгіленген, және істі қарау мерзімі біршама істер үшін қысқартылған.
- Іс бойынша 1 тарап азамат немесе қоғамдық бірлестік ал, 2-ші тарап мемлекеттік орган немесе ұйғарымның лауазымды адам болып табылады.
- Ерекше талаптың өндірісте талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісіміне келу мүмкіндігі болмайды.
- Сотқа арыз беруге арналған мерзімдер әрбір іс бойынша жеке көрсетілген.
Топтық және аумақтық соттылық ережелерінде ерекшеліктер қарастырылған
2.Тарау Ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы
2.1 Соттарға талап қоюшылық, ерекше талап қоюшымен жүргізілетін істердің және ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы
Азаматтық істер мәні бойынша сот органдарында қарап шешілуге жататын болса бұл істер сот органдарына ведомствалық бағынысты болып табылады.
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау АІЖК-де және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Сот құзіретіне талап істерді қарап шешу үшін азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қаржы, тұрғын үй, жер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан туындайтын дауларды қарап шешу кіреді.
Соттар ерекше талап өндірісі бойынша АІЖК-ң 25-29-тарауларында көзделген істерді қарап шешеді.
Соттар ерекше өндіріс бойынша АІЖК-ң 31-39- тарауларында көзделген істерді қарайды.
Соттар АІЖК-ң 140- бабында көрсетілген даусыз талаптарды бұйрық өндірісі тәртібіне қарайды.
Сонымен бірге соттар шетел субъектілерінің және ұйымдарының қатысуымен болатын істерді егер халықаралық шарттарда және ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе қарайды.
Заң бойынша соттың құзіретіне жатқызылған басқада істер сотқа бағынысты болады.
Сот бұйрығын шығару тәртібі заңды көрсететін арнайы ережелерде, сот өндірісінің жалпы ережелерімен ретеледі. Оған, істердің сотылығы, ведомствалық бағыныстылығы, іс жүргізу мерзімдері, т.б. жатады.
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке азаматтар қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Сот бұйрығы мына жағдайларда шығарылады, егер:
- Талап нотариатта куәландырылған мәмлілерге неізделсе .
- Талап жазбаша мәмілелерге негізделсе және оны жауапкер таныса;
- Талап төленбеген вексельге немесе акцептің болмауына негізделсе.
- Егер әкеліктің белгілеуіне қатысы жоқ кәмелетке толмаған балалар үшін алемент өндіріп алу туралы талап мәлімдеген болса.
- Азаматтардан салықтар мен міндетті төлемдерді өндіріп алу жөнінде мәлімделген болса.
- Қызметкерлерге аударылған, бірақ төленбеген жалақылар мен төлемдерді өндіріп алу жөніндегі талаптар бойынша.
- Жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөнінде шығындарды өндіру жөнінде , егер ондай талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы 8 кепіл беруші борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімделген болса: мәлімдеген болса. Бұндай талаптар азаматтық, жанұялық, еңбектік және әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайды. Сот бұйрығы –арызда көрсетілген талаптарды дәлелдейтін жазбаша құжаттарға негізделіп шығарылады.
Бұйрық өндірісінде іс қозғау АІЖК 141-бабында көрсетілгендей мүдделі тұлғаның жазбаша нысанда сот бұйрығын шығару туралы беруі арқылы қозағалады. Сот бұйрығын шығару арыз соттылықтың жалпы ережесі сақталына отырып беріледі. Ол дегеніміз- арыз борышкер азаматтың тұрғылықты жері немесе борышкер заңды тұлғаның мүлкінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. (АІЖК 31-бабы). С ондай-ақ соттылықтың тағы бір түрі арыз берушінің таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу АІЖК 32-бабы.
Тұрғылықты жері белгісіз борышкерге байланысты арыз бұйрық өндірісінде қаралмайды.
Арыз тікелей тапсырылады немесе почта арқылы жіберіледі. Арызда:
- Арыз берілетін соттың атауы
- Өндіріп алушының аты-жөні , тұрғылықты жері
- Борышкердің аты-жөні , тұрғылықты жері
- Арыз берушінің талаптары, оған негізделген мән-жайлар
- Талапты растайтын құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Мүлікі талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуі тиіс. Арызға өндіріп алушының өкілі жазған болса оның өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызға оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркеледі.
АІЖК 143 –бабына сәйкес сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері көзделген.
Оларға:
- Мәлімделген талап бұйрық өндірісінде қарауға жатпаса
- Арызда көрсетілген талапты растайтын құжаттар табыс етілмесе.
- Арызға мемлекеттік баж төленбесе.
- Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен формасы сақталмаса АІЖК 141-бабы.
Бұйрық өндірісінде қарауға жататын істердің тізімі заңда тікелей көрсетілгендіктен, осы істерден басқа азаматтық істер бұйрық өндірісінде қарауға жатпайды деп есептеліп, арыз қайтарылып беріледі. Арызды қабылдаудан бас тартудың тағы бір негізі қажетті құжаттардың табыс етілмеуі. Олардың қатарына заңды фактілерді, және құқықтар мен міндеттерді куәландыратын жазбаша құжаттар кіреді. Бірақ оның қатарына техникалық ақпарат тасушы құралдар пленка, дискета, кассеталар кірмейді.
Судья сот бұйрығын, шығару туралы арызды қабылдауға сондай-ақ арыздың нысаны мен формасы сақталмаса немесе мемлекеттік баж төленбесе арызды қабылдамауға құқы бар.
Арызды қабылдамаған жағдайда кемшіліктерді жою үшін 3 күн мерзім береді. Егер арыз беруші сотқа арыздағы кемшіліктерді жойып белгіленген мерзім ішінде қайта тапсырса арыз алғаш тапсырған күні берілген болып есептеледі. Ал кері жағдайда судья арызды қабылдаудан бас тарту жөнінде ұйғарым шығарады.
Судья арызды қабылдаған жағдайда борышкерге 3 күн мерзім ішінде арызды көрсетілген талап жөнінде хабарлауы тиіс. Сондай-ақ арызды қабылдау жөніндегі ұйғарымға борышкердің белгілі мерзім ішінде арызға қарсы пікірін жазуы тиіс екенін көрсетеді. Борышкерге арыздың және тіркелген құжаттардың көшірмесі жіберіледі.
Арыздың мәні бойынша арыз түскен күннен бастап 3 күн ішінде сот бұйрығын шығарады. Егер борышкерт сот бұйрығын шығаруға тікелей қарсы болса яғни, сот бұйрығы негізделген құжаттардың жарамсыз екенін көрсетсе және оны сот негізді деп тапса сот бғйрығы шығарылмайды. Ондай жағдайда сот бұйрығын шығарудан бас тарту жөнінде берушінің шағымдануына құқы бар. Арыз беруші осы талапты талап өндірісі бойынша сотқа қарау ұшін жолдануға құқы бар. Сот бұйрығы кіріспе және қарар бөлімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде:
- Бұйрықтың шығарылған уақыты
- Соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның аты-жөні
- Өндіріп алушының аты-жөні, тұрғылықты жері
- Борышкердің аты-жөні, тұрғылықты жері
Сот бұйрығының қарар бөлігінде:
1.Өндіріп алуға жататын ақша сомасының мөлшері
- Тұрақсыздық айыбының мөлшері
- Борышкерден өндірілетін мемлекеттік баждың мөлшері (өндіріп алушының немесе жергілікті бюджеттің пайдасына)
- Сот бұйрығына шағым берудің тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
Сот бұйрығына судья қол қояды. Сот бұрығы борышкерге жіберіледі.
АІЖК-ң 21-бабының 1-тармағына сәйкес сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды.
Сот актісі дегеніміз жалпы белгілері бір-бірімен ұқсас азаматтық істер бойынша қабылданатын төрт түрлі іс жүргізу құжаты.
Сот актілерінің жалпы белгілері.
- Құқық нормалары негізінде шығарылады.
- Нақты жағдайларға байланысты бір мәрте қолданылады.
- Арнайы акт-құжат болып табылады.
Сот актілерінің басқа құқық қорғау актілерінен айырмашылығы:
1.Әділсот органы шығарады
2.Тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында шығарылады.
3.Белгілі жүйелікті яғни құрылымды соқтай отырып, шығарылады.
4.ҚР территориясында тұратын бүкіл заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады.
Актіні шығаратын сот инстанциясының түрлеріне байланысты сот актілерін:
а) Ι сот инстанциясы шығаратын сот шешімі, ұйғарымы, сот бұйрықтары.
б) Апелляциялық және қадағалау сот инстанциялары шығаратын сот қаулылары деп бөлуге болады.
Сот шешімінің мәні және маңызы, түрлері, құрлымы, мазмұны
Сот шешімі дегеніміз-соттың мемлекет атынан шығаратын (соттық талқылау нәтижесінде) нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бекітетін, барлық азаматтар мен ұйымдар үшін заңдық күші бар құқық қолдану актісі.
Сот шешімінің маңызын оның атқаратын функциясына қарап байқауға болады.
- Құқық қорғау функциясы(правозащитная)
- Реттеу функциясы (Регулятивная)
- Тәрбиелеу функциясы (Воспитательная)
Сот шешімдері талап арыздың түріне байланысты:
- Мәжбүрлеу немесе орындау туралы.
- Мойындату немесе бекіту туралы.
- Өзгерту немесе конститутитивтік болуы мүмкін.
Талап істерді сотта талқылудың түріне байланысты шешімдерді:
а) Жай шешімдер
б) Сырттай шешімдер деп бөлеміз.
Сот шешімдерін реквизиттеріне байланысты:
а) қысқартылған шешім (кіріспе, дәлелдеу, қарар бөліктерінен тұрады)
б) толық шешім деп бөлеміз (кіріспе, сипаттау, дәлелдеу, қарар бөліктерінен тұрады.)
АІЖК-ң 221- бабында сот шешімінің мазмұны көрсетілген.
Шешім ҚР-ң атынан шығарылады.
Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.
Шешімнің кіріспе бөлігінде шешім шығарылған уақыт пен орын, шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер, даудың нысанасы мен мәлімделген талап көрсетіледі.
Шешімнің сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.
Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.
Шешім жазбаша нысанда жасалынады және оған судья қол қояды.
Азаматтық істерді шешудің кейбір ерекшеліктері сот шешімінде орын алуы тиіс. АІЖК-і кейбір жекелеген істер бойынша шығарылатын сот шешімдерінің мазмұнын қарастырады. Мысалы: АІЖК-ң 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228- баптары.
Кез-келген құқық қолдау актісі сияқты сот шешімі де белгілі талаптарға сай болуы тиіс.
АІЖК-ң 218- бабына сәйкес шешім заңды және негізді болуы тиіс.
Материалдық және процессуалдық құқық нормаларын тиісті түрде қолдана отырып шығарылған шешімдер заңды шешім болып таблады.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар жан-жақты зерттеліп, және сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденуі сонымен бірге сот шешімінде баяндалған қорытындлардың істің мән-жайына сәйкес келуі сот шешімінің негізділігін айқындайды.
Оданда бөлек сот шешіміне төмендегідей талап қойылады.
1.Шешім толық болуы тиіс, яғни талап арызда көрсетілген барлық талаптарға сот шешімінде жауаптар көрініс табуы тиіс.
2.Шешім түсінікті болуы тиіс, яғни шешімнің мазмұны сауатты және анық болуы керек.
- Шешімнің мазмұны (ренвизиттері) заңға сәйкес болуы тиіс.
Қосымша шешім.
Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Сот өз бастамшылығымен немесе іске қатысушылардың арызы бойынша шешімде жіберілген қате жазулар мен арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Шешімге түзетулер енгізу туралы сот ұйғарымына жеке шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
АІЖК-ң 231- бабына сәйкес іс бойынша шығарылған сот шешімі толық болмаса, дәл сол азаматтық іс бойынша екінші, яғни қосымша шешім шығарылады. Қосымша шешім негізгі шешімнің ажырамас бөлігі болып танылады. Іс бойынша шешімге қаулы қабылдаған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен қосымша шешім шығару үшін заң талабына сай мынандай үш негізді қарастырады:
- Іске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер мен берген түсініктемелер бойынша негізгі шешімде түпкілікті жауап болмаса,
- Шешімде алып берілуге тиіс ақша немесе мүлік мөлшері немесе жауапкер жасауға тиіс әрекет көрсетілмесе,
- Сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе.
Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Мәселе сот отырысында қаралғаннан кейін сот қосымша шешім шығарады. Қосымша шешімге негізгі шешіммен бірге немесе бөлек апелляциялық немесе қадағалау сот сатысына шағым берілуі мүмкін. . Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды.
Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Шешімді дереу орындау
Шешімді дереу орындау бұл шешім заңды күшіне енгенге дейін шешімнің орындалуы.
Шешімді дереу орындаудың 2 түрі бар:
1.Міндетті
2.Факульативті.
Біріншісі АІЖК-ң 237- бабында қарастырылған.
- Алимет өндіру туралы.
- Қызметердің 3 айдан аспайтын мерзімге жалақысын алып беру туралы.
- Жұмысқа орналастыру туралы.
- 3 айдан аспайтын уақытқа денсаулыққа келтірген зиянды өндіру туралы.
Факультативті дереу орындауға АІЖК-ң 238-бабына сәйкес сот талап
қоюшының өтініші бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады.
Шешімді дереу орындау туралы мәселе сот отырысында қаралады. Шешімді дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық келтіруге болады. Егер айрықша жағдайлардың салдарынан шешімді орындаудағы кідіріс өндіріп алушыны елеулі зиянға әкеп соғуы мүмкін болса немесе шешімді орындау мүмкін болмаса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша шешімді дереу орындауға жібере алады. Шешім дереу орындалуға жіберілген кезде сот талап қоюшыдан сот шешімінің күші жойылған жағдайда шешімнің кері орындалуын қамтамасыз етуді талап ете алады. Шешімді дереу орындау туралы мәселе, шешім шығарылған кезде шешілмесе, сот отырысында қаралады. . Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі шешімді дереу орындау туралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Шешімді дереу орындау туралы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.Шешімді дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым, наразылық беру ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы.
Бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысында және отырыстан тыс жасалған әрбір жеке іс жүргізу әрекеттеріне хаттама жасалады. Хаттамада іс жүргізу әрекетін жасаудың барлық елеулі сәттері көрсетілуі тиіс. Сот отырысы хаттамасының бомауы сот шешімінің күші жойылуына негіз болып табылады. (366- б. 1- т. 6- бөлім)
Сот отырысының хаттамасында:
- Сот отырысының жылы, айы, күні және орны
- Сот отырысы басталған және аяқталған уақыт
- Істі қарайтын соттың атауы, судьяның, хатшының, сот приставының аты-жөні,
- Істің атауы
- Іске қатысушылардың келгені туралы мәліметтері,
- Іске қатысушылардың міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;
- Төрағалық етушінің және соттың шығарған ұйғарымдары;
- Іске қатысушылардың арыздары, өтінімдері, түсініктемелері, куәлердың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары, мамандардың түсіндірмелері;
- Сот отырысындағы сұрақтар мен жауаптардың мазмұны, сот жарыссөздерінің мазмұны, шешім мен ұйғарымның мазмұны
- Хаттамамен танысу және ескертулер беру тәртібі мен мерзімі, хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.
Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды. Хаттамада сөзді немесе сөйлемді қысқартып жазуға жол берілмейді. Хаттама қолмен немесе машинамен, компъютермен дайндалуы мүмкін. Хаттама толық жазылуы үшін дыбыс жазба құралдары пайдалануы мүмкін.
Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу әркеті туралы келесі күннен кешіктірілмей дайындалады және қол қойылады. Күрделі істер бойынша хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей жасалады.
Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
Іске қатысушылар хаттамамен танысуға және 5 күннен кешіктірмей хаттамаға жазбаша ескерпелер беруге құқылы.
Ескерпелер берілген күннен бастап 5 күн ішінде қаралуы тиіс.
Хаттамаға жасаған ескертпелерді төрағалық етуші қарайды. Судья ескертпелермен келіскен жағдайда дұрыстығын куаландырылады, ал келіспесе ескертпе берген адамға хабарлай отырып сот отырысында қарайды. Нәтижесінде ұйғарым шығарылады. Екертпелер іске қоса тіркеледі.
Соттылықтың түсінігі және түрлері.
Сотқа ведомствалық бағынысты азаматтық істерді 1 инстанциядағы соттардың қарау және шешу құзіреті соттылық деп аталады. Конституциясының 75- б 3,4-т бойынша заңмен құрылған Республиканың жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңымен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Жергілікті соттарға :
- Облыстық және оған теңестірілген соттар (Астана қаласынын соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары мамандандырылған соттар -ҚР әскери соты)
- Аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық мамандандырылған ауданаралық соттар)
ҚР-да мамандандырылған соттарға: әскери соттар, экономикалық соттар, әкімшілік соттар жатады.
Сот және сот төрелігі тур алы заңның 4- бабына сәйкес ҚР сот жүйесінің бірлігі:
- Конституцияда, Конституциялық заңда, өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі принциптерімен;
- Заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
- Заңды күшіне енген сот актілерін ҚР-ң бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
- Барлық соттарда тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Топттық соттылық.
Топтық соттылық-сот жүйесінің түрлі деңгейіне (сатысына) қатысты сот құзіретін анықтайды, яғни 1 саты ретінде қарап шешілетін істедің қай соттың соттылығына жататынын белгілейді.
Азаматтық іс жүргізу код. 29 -бабы бойынша ҚР-ң жоғары соты бірінші саты ретінде мынандай істерді қарап шешеді:
- ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы істерді.
- Республикалық референдумды сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы істерді.
ҚР халықаралық шартына сәйкес басқа да істер ҚР жоғарғы сотында қаралуға жатады.
Азаматтық іс жүргізу код. 28- бабына сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде:
- Талап қою бағасы арыз берілген кезде заңда белгіленген 15 мың айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, тараптары заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік дауларды
- Тараптарының біреуі халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын істер бойынша.
- Министірліктердің, басқа да Республикалық атқарушы органдардың және ҚР-ң Президентіне тікелей бағынып, есеп беретін органдардың нормативті құқықтық актілеріне дау айту туралы істерді қарайды.
- Референдум сайлау өткізу және дайындау жөніндегі облыстық сайлау комиссияның шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы істерді қарайды.
Астана қаласының саты мына істерді қарайды.
- ҚР-нан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың талап қоюы бойынша ҚР-ң дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің лауазымды адамдарының заңсыз әректтеріне дау айту туралы істерді;
- ҚР Үкіметінің, министірліктер мен басқа да Республикалық атқарушы органдарының және тікелей ҚР президентіне бағынатын, есеп беретін органдардың азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен бостандақтарына қатысты нормативтік емес актілеріне дау айту туралы істерді қарайды.
Аудандық және оған теңестірілген соттар ҚР жоғары сотында облыстық соттара және мамандандрылған сотарда қарап шешілуге жататын істерден басқа барлық азаматтық істерді қарап шешеді.
Топтық соттылық тараптардың келісімімен өзгертілмейді. Жоғары тұрған сот төменгі сатыдағы соттан өз өндірісінде қарап шешу үшін тек тараптардың келісімімен ғана азаматтың істерді алып қарай алады.
Аумақтық соттылық, оның түрлері.
Аумақтық соттылық-бір деңгейдегі сот жүйесінің нақты құзіретін белгілейді, яғни азаматтық істер территориясына байланысты қай соттың соттылығына жататының анықтау.
Аумақтық соттылықтың мынандай түрлері бар:
а) Жалпы соттылық.
б) Альтернативті соттылық.
в) Ерекше соттылық .
г) Шарттық соттылық.
д) Өзара байланысты істердің соттылығы.
Жалпы соттылық АІЖК-ң 31- бабына сәйкес жауапкердің тұрғылықты жерінің сотына қойылады.
Жеке адамдарға талап оның тұрғылықты жеріндегі сотқа, заңды тұлғаларға заңды тұлғаның органы орналасқан жеріндегі сотқа қойылады. Азаматтың тұрғылықты жері болып оның үнемі тұратын үй-жайы орналасқан жер, 14 жасқа томмағандардың тұрғылықты жері болып оның ата-анасының асыраушысының тұратын жері жатады.
Заңды тұлғаның тұрғылықты жері болып оның бір қалыпты жұмыс істейтін органы орналасқан жері жатады. Заңды тұлғаның орналасқан жері оның құрылтай құжаттарына көрсетіледі.
Альтернативті соттылық-АІЖК-ң 32- бабы бойынша заңда көрсетілген бірнеше соттардың біреуіне талапкердің таңдауы бойынша талап қою.
Мына категориялы істер талапкердің таңдауы бойынша соттың соттылығына жатады:
- Тұрғылықты жері белгісіз не ҚР –да тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.
- Заңды тұлғаға оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.
- Заңды тұлға филиалына филиал орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.
- Алименттер өндіру туралы және әкелікті анықтау туралы істерді талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады.
- Мертігуден, денсаулығының зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады.
- Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.
- Некені бұзу туралы талаптар кәмелетке толмаған балалары тұратын жердің немесе денсаулығының жарамауына байланысты талапкердің тұратын жерінің сотына қойылуы мүмкін т.б.
Аталған істер бойынша қай сотқа шағымдану керек екенін талпкердің өзі шешеді.
Ерекше соттылық бойынша азаматтық істердің кейбір категориялары тек заңда көзделген соттарда ғана қарап шешілуге тиіс. АІЖК-ң 33- бабы бойынша оңдай істерге мыналар кіреді:
- Жер учаскелеріне талап –мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа қойылады.
- Мұра қалдырушының мұрагерлері тағайындалғанша сол мүлікке байланысты талап мүлктің немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жері бойынша қойылады.
- Тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.
Аталған істер бойынша соттылық талаптардың келісімімен өзгертілмейді.
Шарттық соттылық-тараптардың өзара келісімімен істің аумақтық соттылығын өзгертуі. Келісім жазбаша нысанда жасалады. Азаматтық соттылықта өзгерту туралы келісім істі басқа соттың соттылығына беру туралы өтініш түрінде берілуі мүмкін. Бұндай жағдайда келісім сот мәжілісінің хаттамасына жазылады.
Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы АІЖК-ң 35 бабында көзделген. Соттылықтың бұл түрі бір өндірісте бңрнеше талаптарды біріктіріп қарауды қай сот жүзеге асыратынын анықтайды. Аумақтық соттылық ережесінде қарамастан алғашқы іс қай сотта қаралуға жатса соған байланысты екінші іс сол соттың қарауына жатады.
Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талапкердің таңдауы бойынша жауапкердің біреуінің тұрғылықты жері бойынша қойылады.
Бір арызға біріктірілген әр түрлі соттардың соттауына жататын талаптар мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады.
Дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғаның талабы қай соттың соттылығына қарамастан бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі.
Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде шешілмеген болса, соттылық ережелері сақтала отырып азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.
Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру негіздері және тәртібі.
Жалпы тәртіп бойынша соттылық ережелері сақтала отырып қабылданған істер кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да мәні бойынша шешілуге тиіс.
Төмендегі аталған істер соттың қарауына беріліп қойса да кейіннен басқа соттың қарап шешуіне беруге болады:
- Тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер кейіннен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;
- Судьяға қарсылық білдіру нәтижесінде судьяларды басқа судьямен ауыстыру мүмкін болмаса немесе басқа мән-жайларға байланысты аталған істі сотта қарау мүмкін болмаса;
- Істі қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;
- Сотқа талп қоылса. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді. Жоғары соттың шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды.
Істің соттылығы туралы ережелерді сақтамау салдары.
Істің соттылығы туралы ережелерді сақтамаудың салдары төмендегідей:
- 154- баптың 1- тармағының 2- бөлімі бойынша іс осы соттың соттауына жатпаса талап арыз талапкерге қайтарылады. Ол жөнінде судья ұйғарым шығарады және қай сотқа шағымдану керек екенін түсіндіреді.
- Егер іс қозғалып қойлғаннан кейін осы соттың соттауына жатпайтыны белгілі болса АІЖК-ң 36- бабының 2- тармағының 3- бөлімі бойынша басқа соттың қарауына беріледі.
Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі, түрлері.
Азаматтық-құқықтық даулар әртүрлі органдарда қарап шешіледі. Мысалы: мемлекеттік сот органдарында, аралық соттарда, келісім комиссияларында, өкілетті және атқарушы органдарда, нотариалды органдарда т.б. Осыған орай азаматтық құқықты қорғау нысаны:
— Соттық тәртіппен
— Соттық емес тәртіппен (қоғамдық, нотариалды, әкімшілік тәртіпте) жүзеге асады.
Жоғарыда аталған органдардың әрқайсысы жүргізілуі заңмен белгіленген азаматтық-құқықтық дауларды қарайды және шешеді.
Талап арыз немесе арыз сотқа келіп түскенде арызда қойылған талаптар сотта қаралып шешілуге жататынын немесе басқа юрисдикция органдарының қарауына жататынын сот алдын-ала анықтауы, яғни азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығын анықтауы тиіс.
Ведомствалық бағыныстылық-бұл құқық туралы даудың немесе басқа заңды істерді белгілі бір органның қарап шешуіне жататындығы, яғни істің нақты бір органға бағыныстылығы.
Ведомствалық бағыныстылық жеке және көпше болып 2-ге бөлінеді.
Жеке ведомствалық бағыныстылық дегеніміз — белгілі категориялы істердің тек бір ғана юрисдикция органдарда қарап шешілу мүмкіндігінің болуы.
Көпше ведомствалық бағыныстық дегеніміз — кейбір категориялы істердің бірнеше юрисдикция органдарында қарап шешілуі.
Көпше ведомствалық бағыныстылықтың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді:
А) Альтернативті
Б) Шартты
В) Императивті
Альтернативті ведомствалық бағыныстық — бұзылған құқық пен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау мақсатында субъектінің қай органға шағымдану мүмкіндігін таңдау еркіндігі , мысалы: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы код. 655- бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларына келіспеген жағдайда әкімшілік қаулы шығарған органдардан жоғары тұрған органға немесе сот органына шағымдануға болады деп көрсетілген.
Шарттық ведомствалық бағыныстылық-дауласушы тараптардың өзара келісімі бойынша істі қай органның қарап шешуіне беруі. Мысалы: АІЖК 25- бабы бойынша сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаса тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.
Императивті ведомствалық бағыныстылық- бірнеше юрисдикциялық органдарда қатысты азаматтық істердің белгілі бір жүйелілікті сақтай отырып қарап шешілуі. Мысалы: 1999 ж 16 шілдеде қабылданғанған “ҚР паттенттік заңы” бойынша патент беруге қарсылық білдірілген шешімдерге патент алушы апелляциялық советке шағым беруі тиіс. Апелляциялық советтің шешімімен келіспеген жағдайда шешімді алған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей сотқа шағымдауға болады делінген. (32-ст)
Соттарға талап қоюшылық, ерекше талап қоюшымен жүргізілетін істердің және ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы.
Азаматтық істер мәні бойынша сот органдарында қарап шешілуге жататын болса бұл істер сот органдарына ведомствалық бағынысты болып табылады.
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау АІЖК-де және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Сот құзіретіне талап істерді қарап шешу үшін азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қаржы, тұрғын үй, жер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан туындайтын дауларды қарап шешу кіреді.
Соттар ерекше талап өндірісі бойынша АІЖК-ң 25-29-тарауларында көзделген істерді қарап шешеді.
Соттар ерекше өндіріс бойынша АІЖК-ң 31-39- тарауларында көзделген істерді қарайды.
Соттар АІЖК-ң 140- бабында көрсетілген даусыз талаптарды бұйрық өндірісі тәртібіне қарайды.
Сонымен бірге соттар шетел субъектілерінің және ұйымдарының қатысуымен болатын істерді егер халықаралық шарттарда және ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе қарайды.
Заң бойынша соттың құзіретіне жатқызылған басқада істер сотқа бағынысты болады.
Істердің аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы.
ҚР-да қолданылып жүрген заңдар, бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың бір формасы ретінде аралық соттарды қарастырады.
Азаматтық кодекстің 9- бабының 1-тармағында және АІЖК-ң 25-бабында азаматтық құқықтарды қорғау сот арқылы және аралық сот арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген.
АІЖК-ң 170-бабының 4-тармағы бойынша судья істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізгенде тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарының бар екендігін түсіндіреді.
Аралық соттардың құрылу тәртібі және олардың қызметі, сондай-ақ шешімдерінің орындалуының тәртібі ҚР 2004 жылғы 28 желтоқсанында қабылданған «Аралық соттар туралы» заңымен реттеледі. Аралық соттарда істі қараудың мәні құқыққатынасында түсуші нақты тараптардың арасындағы дауды қарауды және шешуді үшінші бір тұлғаға сеніп тапсыру болып табылады.
Аралық сот өндірісінде мүліктік сипаттағы азаматтық-құқықтық даулар қаралады, сондықтан аралық сот өндірісі талаптық өндіріс болып табылады. Аралық сот өндірісінде жалпы талаптық өндіріске тән талап қою, қарсы талап қою, талапкер мен жауапкердің процеске қатысуы сияқты әрекеттер жасалады.
Аралық соттар-мемлекеттік соттарға ведомствалық бағынысты кез-келген мүлікті дауларды тараптардың келісімімен (егер заңдармен тыйым салынбаған жағдайда) қарап шеше алады.
Аралық сотта қарап шешуге болмайтын заң актілеріне мыналар жатады:
- Банкроттық туралы заң (3 –б. заңды тұлғаларды банкрот деп тану сотпен бекітіледі деп көрсетілген)
- Еңбек тур заң (11-тарауында еңбек даулары келісім комиссиясымен немесе сот тәртібімен шешіледі деп көрсетілген)
Неке және отбасы тур заң (7- б бойынша неке отбасылық қатынастар сотпен, мемлекет органдарымен қамқоршы және қорғаншы органдармен шешіледі делінген) оған ерлі зайыптылардың мүліктерінің шарттық режимі бойынша ортақ мүлікті бөлу кірмейді.
ҚР аралық соттар тұрақты жұмыс істейтін аралық сот немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. Аралық сот дауларды ҚР Конституциясына, заңдарына және өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарайды.
Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және олардың маңызы, мерзімдердің түрлері.
Іс жүргізу мерзімдері- соотың немесе басқа іс жүргізу қатынастарының субъектілерінің нақты процессуалдық әрекеттер немесе әрекеттер жиынтығын жасауға арналған заңмен белгіленген немесе сот тағайындаған уақыт аралығы.
Іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы ережелер АІЖК-ң 10- тарауында көзделген .
Сотта азаматтық істер тек дұрыс шешіліп қана қоймай, оның уақытылы қаралып шешілуі тиіс. Сондықтан бұзылған құқықтарды қорғау кезінде кемшіліктер болмауы үшін заң азаматтық істерді қарау кезінде қолданылатын нақты мерзімдерді белгілейді. Белгілеген мерзімдердің бұзылуы іс жүргізу құқық нормаларының бұзылғандығы болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізуде мерзімдердің 2 түрі бар.
1.Заңмен белгіленген мерзімдер.
2.Сотпен немесе судьямен тағайындалған мерзімдер.
Мерзімдердің 1-ші түрі императивті сипатқа ие болады. сондықтан ол тараптардың немесе соттың келісімімен өзгертілмейді. Тек АІЖК-ң 128- бабының 2-тармағына сәйкес дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады.
Заңмен белгіленген мерзімдерге мына мерзімдер жатады:
- АІЖК-ң 152- бабына сәйкес талап арызды қабылдау 5 күн мерзім ішінде.
- 167-бап бойынша азаматтың істерді әзірлеу мерзімі 7 күн, күрделі істер бойынша 1 айға дейін созылуы мүмкін.
- Істерді сотта қарау 174- бапқа сәйкес арыз тұскен кезден бастап 2 ай кейбір істер бойынша 1ай мезгіл ішінде, 349-бап бойынша апелляциялық сатыда істі қарау 1 ай мерзім ішінде, 395- бапқа сәйкес қадағалау сатысында істерді қарау 1 ай мерзім ішінде, дәлелді себептер болған кезде істі қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін.
- АІЖК-ң 145- бап сәйкес судья сот бұйрығын 3 күн мерзімде шығарады.
- 147- бапқа сәйкес 10 күн ішінде борышкер сот бұйрығына қарсылығын жіберуге құқылы.
- АІЖК-ң 264- бабы 1- тармағына сәйкес жауапкер сырттай шешімге 5 күн ішінде шешімінің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.
- 267- бап бойынша шешімнің күшін жою туралы арызды 10 күн ішінде қарайды.
- АІЖК-ң 334- бабының 3-тармағы бойынша апелляциялық шағым мен наразылық түпкілікті шешім шыққаннан кейін 15 күн мерзім ішінде.
- АІЖК-ң 388- бабының 1- тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау шағымы мен наразылығын акт заңды күшіне енген күннен бастап 1жыл ішінде беруге құқылы .
- АІЖК-ң 406- бабының 2-тармағына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап іске қатысушылар 3 ай ішінде арызды бере алады.
Мерзімнің 2-ші түрін заңдарда белгіленбеген жағдайда судья немесе сот өзі тағайындайды. Бұл мерзімдерді соттың өзгертуге немесе ұзартуға құқысы бар. Оған АІЖК-ң 155-бабы 1-тармағы, 169-бабы 1-тармағы т.б. кіреді.
Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Мерзімдерді тоқтата тұру. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу, қалпына келтіру және ұзарту.
АІЖК-ң 124-бабына сәйкес іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер.
1) Сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып (244-бабы)
2) Дәлме-дәл күнтізбелік күнмен (АІЖК 173-бабы, 170- бабы, 9-тармағы)
3) Жылдармен, айлармен, күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Бұл жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады. АІЖК-ң 125-бабына сәйкес іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы жылдармен есептелетін мерзім, сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді.
Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітіді.
Айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.
Күндермен есептелетін мерзімдер белгіленген кезеңнің соңғы күнінде бітеді. Соңғы күн демалыс күніне тура келсе мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеттері мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалады. Егер шағым, құжат немесе ақша соммасы мерзімнің соңғы күніне 24 сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа немесе т.б. байланыс құралдары бойынша берілсе мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.
Іс жүргізу мерзімдері басталған күннен бастап үздіксіз есептеледі. Мерзімдерді есептеу кезінде демалыс күндері мен мейрам күндері кірмейді.
Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады. Мысалы: АІЖК-242, 243 баптары бойынша тарап қайтыс болғанда , әрекетқабілетінен айрылған жағдайда, әскер қатарына алынса, қызметтік іссапарда болса, емдеу мекемесінде болса т.б. Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.
АІЖК-ң 128-бабы, 1-тармағы бойынша сот өзі тағайындаған мерзімді ұзарта алады. Мерзімдерді ұзарту іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша, прокурордың өтініші бойынша және соттың бастамасымен мерзім өтіп кеткесін немесе мерзім аяқталғанға дейін іс жүргізу әрекеттерін дәлелді себептермен белгіленген уақытта атқару мүмкін болмаса ғана жүргізілуі мүмкін.
АІЖК-ң 128-бабы 2, 4- тармағы бойынша заңмен белгіленген мерзімдер , егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті сотқа беріледі. Бұл өтініш іске қатысушылардың қатысуымен қаралады. Өтініш қаралғаннан кейін іс жүргізу мерзімдерін қайта қалпына келтіру туралы немесе одан бас тарту туралы сот дәлелді ұйғарым шығарады. Сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін.
Азаматтық істерді әзірлеу және қарау мерзімдері.
І инст-да азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу 7 күн мерзім ішінде, ал кейбір күрделі істер бойынша 1 ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін. (АІЖК-167 бабы.)
І инс-да істерді қарау және шешу АІЖК-ң 174-бабы бойынша арыз түскен кезден бастап 2 ай мерзім, кейбір істер бойынша 1 ай мерзімде қаралуы тиіс.
АІЖК-ң 145-бабына сәйкес судья сот бұйрығын арыз келіп түскен күннен бастап 3 күн ішінде шығаруы тиіс.
АІЖК-ң 349-бабы юойынша апелляциялық сатыда істі қарау 1 ай мерзім ішінде , АІЖК-ң 395-бабына сәйкес қадағалау инстанциясында істі қарау 1 ай мерзім ішінде жүргізілуі тиіс, дәлелді себептер болған кезде, істі қарау мерзімі қадағалау сатысының негізді қаулысымен ұзартылуы мүмкін
2.2 Істердің аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы
ҚР-да қолданылып жүрген заңдар, бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың бір формасы ретінде аралық соттарды қарастырады.
Азаматтық кодекстің 9- бабының 1-тармағында және АІЖК-ң 25-бабында азаматтық құқықтарды қорғау сот арқылы және аралық сот арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген.
АІЖК-ң 170-бабының 4-тармағы бойынша судья істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізгенде тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарының бар екендігін түсіндіреді.
Аралық соттардың құрылу тәртібі және олардың қызметі, сондай-ақ шешімдерінің орындалуының тәртібі ҚР 2004 жылғы 28 желтоқсанында қабылданған «Аралық соттар туралы» заңымен реттеледі. Аралық соттарда істі қараудың мәні құқыққатынасында түсуші нақты тараптардың арасындағы дауды қарауды және шешуді үшінші бір тұлғаға сеніп тапсыру болып табылады.
Аралық сот өндірісінде мүліктік сипаттағы азаматтық-құқықтық даулар қаралады, сондықтан аралық сот өндірісі талаптық өндіріс болып табылады. Аралық сот өндірісінде жалпы талаптық өндіріске тән талап қою, қарсы талап қою, талапкер мен жауапкердің процеске қатысуы сияқты әрекеттер жасалады.
Аралық соттар-мемлекеттік соттарға ведомствалық бағынысты кез-келген мүлікті дауларды тараптардың келісімімен (егер заңдармен тыйым салынбаған жағдайда) қарап шеше алады.
Аралық сотта қарап шешуге болмайтын заң актілеріне мыналар жатады:
- Банкроттық туралы заң (3 –б. заңды тұлғаларды банкрот деп тану сотпен бекітіледі деп көрсетілген)
- Еңбек тур заң (11-тарауында еңбек даулары келісім комиссиясымен немесе сот тәртібімен шешіледі деп көрсетілген)
Неке және отбасы тур заң (7- б бойынша неке отбасылық қатынастар сотпен, мемлекет органдарымен қамқоршы және қорғаншы органдармен шешіледі делінген) оған ерлі зайыптылардың мүліктерінің шарттық режимі бойынша ортақ мүлікті бөлу кірмейді.
ҚР аралық соттар тұрақты жұмыс істейтін аралық сот немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. Аралық сот дауларды ҚР Конституциясына, заңдарына және өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарайды.
Борышқордың мүддесін қорғайтын маңызды құралдың бірі-сот бұйрығының күшін жою б.т. Сот бұйрығының күшін бұйрық шығарған соттың өзі жояды. Егер борышкерден 10 күн ішінде мәлім етілген талапқа келіспегеніт жөнінде қарсылық түссе, бұйрықтың күшін жойып ол жөнінде ұйғарым шығарыды. Ұйғарымда дәл осы өндіріп алушы мәлімдеген талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді.
Ұйғарымның көшірмесі 3 күн ішінде тараптарға жіберіледі.
Борышкер 10 күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспесе ,и қарсылығын білдіріп сотқа шағымданады. Белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе , судья өндіріп алушыға оны орындауға кқрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұцрығын береді. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізген істе қалады.
Апелляциялық өндірістің мәні мен маңызы.
І инстанциядағы сот шығарған заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарының заңдылығын және негізділігін тексеру және екінші рет істі мәні бойынша қарап шешу кезіндегі әрекеттерді реттейтін іс-жүргізу нормаларының жиынтығы апелляциялық институт деп аталады.
Апелляциялық шығымдану институтының мақсаты:
- Заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру.
- І инстанциясындағы сотта дұрыс шешім шығаруды қамтамасыз ету.
- Іске қатысушы тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға кепілдік беру.
Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады.
Аталған сот сатысы азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілерінің ерекшелігімен сипатталады. Апелляциялық сот сатысындағы азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы апелляциялық сатыдағы сотпен сол инстанцияда іске қатысатын қатысушы арасында пайда болады. Апелляциялық сот сатысындағы соттар ретінде – облыстық және оған теңестірілген соттар, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы жатады.
Апелляциялық шығымдануға және наразылық келтіруге құқылық.
Апелляциялық инстанциясында істі қозғау бұл апелляциялық шығымдануға құқықтылық болып танылады.
Апелляциялық сот инстанциясында істі қозғау үшін тараптар апелляциялық шығым беруі немесе прокурор наразылық келтіру тиіс.
Апелляциялық шығымдадың объектісі болып заңды күшіне енбеген сот шешімі толығымен немесе шешімнің бір бөлігі, сондай-ақ қосымша шешім болуы да мүмкін. Қосымша шешім негізгі шешіммен бірге немесе бөлек шағымдануға жатады.
Апелляциялық шығымдар мен наразылықтар облыстық және оған теңестірілген сотқа және ҚР Жоғары Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына беріледі.
Апелляциялық шығымдану құқығының субъектісі АІЖК-ң 332- бабының 2-4 -тармағында көзделген. Оған: тараптар, басқа да іске қатысушылар, тарапардың құқық мирасқорлары мен дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, өкілеттігі тиісті түрде рәсімделген өкілдер жатады.
Апелляциялық наразылық келтіруге іске қатысқан прокурордың құқығы бар. ҚР Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстық прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудан прокурорлары мен олардың орынбасарлары іске қатысқан қатыспағанына қарамасатн өз құзыреті шегінде наразылық келтіруге құқылы.
Апелляциялық шағым немесе наразылық сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан соң он бес күн ішінде берілуі мүмкін.
Аталған мерзімнің өтіп кетуі шағымдану құқығын жояды.Тараптар мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа өтініш жасаса, сот мерзімді өткізіп алу дәлелді деп таныса мерзім қалпына келтіріледі.
Апелляциялық сот инстанциясында істі қарау тәртібі мен мерзімі.
Шағымдар, наразылықтар шешім немесе ұйғарым шығарылған сот арқылы беріледі.
Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны мынандай:
- шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
- шағымданатын тұлғаның атауы;
- шағым жасалынатын шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
- істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
- шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
- шағымданатын тұлғаның қандай өзгерістер енгізуді талап ететінін көрсету;
- шағымға қоса тіркелетін құжаттың тізбесі;
- шағымданушының қолы болуы тиіс.
Апелляциялық шағымға мемлекеттік баж салығы төленеді.
Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру арқылы қосылуға құқылы. Апелляциялық шағымға қосылу туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді.
Іске қатысушы тұлғалар апелляциялық шағымға жазбаша түрде қарсылық білдіруге құқылы.
Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскеннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс.
Апелляциялық сатыдағы соттың отырысында іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.
Апелляциялық инстанциясындағы іс төрағалық етушінің іске қатысушылардан кімнің келгендігін анықтаумен, ал істі мәні бойынша қарау судьяның іс материалдары туралы баяндамасымен басталады. Одан әрі іске қатысушылардың түсінікемелері тыңдалынады, дәлелдемелер зерттеледі, сот жарыссөзі болады, соңынан прокурор қорытынды береді.
Апелляциялық инстанциясындағы соттың өкілеттлігі.
Апелляциялық инстанциясындағы сот :
— бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз, ал шағым мен наразылықты қанағаттандырмай тастауға құқығы бар;
— Апелляциялық инстанциясындағы сот 1 инстанциясындағы сот шешімін өзгертуге құқығы бар.
— Сот шешімін жойып жаңа шешім шығаруға құқылы.
— Сот шешімін жойып, істі бірінші инстанциядағы сотқа қайта қарау үшін жіберуге құқылы.
— іс бойынша қысқарту негіздемелеріне немесе арызды қараусыз қалдырудың негіздемелеріне байланысты шешімнің толық немесе бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.
Апелляциялық тәртіппен сот шешімдерін бұзудың негіздері.
Заңсыз және негісіз шығарылған сот шешімдері апелляциялық тәртіппен шешімдерді бұзудың негізі болып табылады.
АІЖК-ң 364- бабының 1- тармағы бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дұрыс анықтлмауы.
364- баптың 2- тармағы бойынша бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі.
364-баптың 3-тармағына сәйкес бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайларына сәйкес келмеуі.
364- баптың 4-тармағына сәйкес материалдық және іс жүргізу нормаларының дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
Материалдық құқық нормалары, егер сот:
- қолданылуға тиісті заңды қолданбаса;
- қолданылмауға тиісті заңды қолданса;
- заңды дұрыс түсіндірмесе;
- заңға ұқсас қалып немесе құқыққа ұқсас қалып дұрыс қолданылмаса.
1.Қолданылуға тиісті заңды қолданбау – құқық нормасын қолданудың бірінші этапында қателіктер жіберілсе заңның бұзылуының осы түріне жатады..
Сонымен, қолданылуға тиісті заң қолданылмады деп есептеледі
— Сот тіпті материалдың құқық нормаларын қолданбаса;
— Тараптарға заңда көзделмеген міндеттер жүктелсе;
— Жоғарғы органдар шығарған нормативтік актілерге қайшы келетін заң асты актілерін қолдану арқылы істі қараса;
— Қоғамдық қатынастарды реттейтін бірнеше нормативтік актінің бірін ғана қолдану арқылы істі шешсе;
2.Қолданылмауға тиісті заңды қолдану.
Материалдық құқық нормасының бұзылуының бұл түрі сот практикасында жиі кездеседі. Қолданылмауға тиісті заңды қолдану көп жағдайда еңбек, жер, отбасылық қатынастарды, мысалы, азаматтық құқық нормаларын қолдану арқылы реттегенде жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда сот қоғамдық қатынастарды дұрыс анықтайды мысалы,тараптадың қатынастары азаматтық құқық нормаларымен реттеледі деп дұрыс есептейді, бірақ дәл осы жағдайды реттеуге сәйкес келмейтін құқық нормасын қолданады, яғни құқық нормасы қолданылды, бірақ іс бойынша бекітілген нақты құрамға гипотеза сәйкес келмейді.
Олай болса , қолданылмауға тиісті заңды қолдану ұғымы ең алдымен, соттың тараптардың өзара қатынасына дұрыс емес заңды квалификациялау(дәрежелеу) арқылы бергенін білдіреді.
Қолданылмауға тиісті заңды қолдануға байланысты заң бұзушылықтың тағыда бір түрі, сот іс жүргізу заңдарының уақыт жағынан және кеңістіктегі күшін қолдану нормаларын бұза пайдаланғанда кездеседі.
Қорыта келгенде, қолданылмауға тиісті заңды қолдану мына жағдайларда пайда болады:
а) тараптардың өзара құқықтық қатынастарын реттегенде заңды дұрыс дәрежелемеу (квалификация)
б) заңның қолданылуының уақыт жағынан және кеңістіктегі күшін сақтамау салдарынан.
3.Заңды дұрыс түсіндірмеу.
Сот заңды түсіндіру тәсілдерінің барлық түрін қолдануы тиіс. Ондай тәсілдерге:
а) грамматикалық
б) логикалық
в) жүйелік
г) тарихи тәсілдер жатады.
Бұл тәсілдерден бөлек сот өзінің заңи құқықтық білімін және құқықтық міндеттері мен мақсатын ұғынуға және түсіндіруге міндетті..
- Заңға ұқсас қалыпты немесе құқыққа ұқсас қалыпта дұрыс түсіндірмеу.
Қоғымдық қатынастардың көп түрлілігіне байланысты кей бір жағдайларда құқық нормаларында тікелей қарастырылмаған жаңа нақты мән-жайлар немесе істер кездесіп қалады. Дегенмен сот осы құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жоқ екендігін негізге алып істі қарап шешуден бас тартуына болмайды. Құқықтық реттеуді талап ететін даудың мәні тікелей заң нормаларында қарастырылмаған қоғамдық қатынастар болған жағдайда – сотқа заң ұқсастығын (аналогиясын) пайдалану арқылы істерді шешуге тура келеді.
Заң ғылымы ұқсастықтың екі түрін – заң ұқсастығын және құқық ұқсастығын қарастырады.
Заң аналогиясын пайдалану үшін мынандай шарттар басшылыққа алынуы тиіс:
- Нақ осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқық нормасының болмауы тиіс.
- Қолданылған құқық ұқсастығы (аналогиясы) қарастырылып отырған қоғамдық қатынастың дәл белгілері мен мәнін қарастыруы тиіс.
Бұл шарттардың орындалмауы заң ұқсастығын дұрыс пайдаланбағандық болып табылады.
Азаматтық істерді қарау барысында заң ұқсастығын пайдалану азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Құқық аналогиясын қолдану кезінде жіберілген қателіктер сот шешімінің күшін жоюға негіз болып табылады.
АІЖК- ң 366- бабында іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы және дұрыс қолданылмау негіздері қарастырылған.
Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші мына жағдайларды жойылуы тиіс:
Істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса ;
-Сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған , іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;
-Істі қарау негізінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;
-Сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;
-Шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;
-Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;
-Басқада іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер істің дұрыс шешілмеуіне әкеп соқтырса;
Апелляциялық инстанциясындағы сот актілері.
Апелляциялық саты істі қарау нәтижелері бойнша сот актісі қаулы түрінде шығарады. Сот қаулысында:
— қаулының шығарылған уақыты мен орны;
— соттың атауы, сот құрамы.
— шағым берген адам.
— іске қатысушылардың табыстаған дәлелдемелердің қысқаша мазмұны.
— соттың өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме.
— сот қаулысы көрсетіледі.
Апелляциялық инстанциясындағы сот қаулысы шыққан күннен бастап заңды күшіне енеді.
Соттық қадағалау тәртібімен іс жүргізу.
- Соттық қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының объектісі және субъектілері.
- Шағым жасауға, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар.
- Қадағалау тәртібімен шағымдар мен наразылықты қарайтын соттар.
- Қадағалау сатысындағысоттардың азаматтық істерді қарау тәртібі және мерзімдері.
- Сот актілерінің орындалуын тоқтата тұру.
- Қадағалау сатысындағы соттардың өкілеттіктері. Істі қарау шектері.
- Қадағалау тәртібімен азаматтық істерді қарайтын соттардың қаулылары.
- Соттық қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының объектісі және субъектілері.
Қадағалау өндірісі — сот жүйесіндегі қателіктерді жоюға бағытталған сот актілерін қайта қараудың бір түрі. Сот актілерін қайта қараудың заңмен көзделген 2 түрі бар:
а) апелляциялық
б) соттық қадағалау
Қадағалау өндірісі сот актілерін қайта қараудың екінші түрі болғандықтан оған апелляциялық тәртіппен қайта қараудың кейбір белгілері сәйкес келуі мүмкін. Дегенмен қадағалау өндірісі сот қателіктерін жоюдың алғашқы тәсілдерінен нақты айырмашылықтары бойынша ерекшеленеді.
Қадағалау өндірісі институты заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексерудегі қадағалау инстанциясындағы соттардың әрекеттерін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы.
Аталған институт азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Қадағалау тәртібімен шағымдану және наразылық келтіру институтының мақсаты:
— Бірінші, апелляциялық және қадағалау инстанциясының заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру;
— Соттарға дұрыс сот актілерін шығаруды қамтамасыз ету;
— Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосымша кепілдік беру;
— Төменгі инстанциядағы соттардың әрекеттерін бақылау және жетекшілік ету;
Қадағалау сатысы мына жағдайларда туындайды.
— Апелляциялық инстанцияда сот актілерін қайта қаратуға мүмкіндік болмағанда, мысалы: Апелляциялық шағымдану мерзімінің өтіп кетуіне байланысты немесе сот актісі апелляциялық шағымдануға жатпаса.
- Апеляцилық инстанциядағы соттар сот актілерін қайта қарағанда елеулі қателіктер жіберсе (М.М. Зайцев).
Ғылыми әдебиеттерде қадағалау тәртібімен істерді қайта қарау өндірісін сот актілерін қайта қараудың басқа түрлерін төмендегідей белгілерімен ажыратып көрсетеді.
Біріншіден, қадағалау тәртібімен істерді қайта қарау сатысында туындайтын азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары арнайы субъективтік құрамымен сипатталады.
Заң, сот актілерін қайта қарауға құзіретті ерекше соттық-қадағалау органдарын қарастырады.
Іс жүргізудің осы сатысында туындаған процессуалдық қатынастың субъектісі болып, бір тарап қадағалау инстанциясының соттары, екінші тарап қадағалау өндірісінің қатысушысы болып табылады.
Екіншіден, заң қадағалау тәртібімен істерді қайта қараудың ерекше объектісін бекітеді: атап айтқанда, заңды күшіне енген кез-келген сот актілері: шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар және сот бұйрықтары .
— Бірінші сот инстанциясы шығарған шешімдер, ұйғарымдар және сот бұйрықтары ;
— Апелляциялық сот инстанциясындағы шығарылған шешімдер мен ұйғарымдар;
— Қадағалау инстанциясының соттары шығарған қаулылар.
— Үшіншіден, қадағалау шағымын беру немесе қадағалау наразылығын келтіру үшін заңмен арнаулы мерзім бекітілген. (АІЖК-ң 338-бабы) Соттың шешімі ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде қадағалау шағымын ,наразылығын беруге болады. Аталған мерзім мына жағдайларда қолданылмайды АІЖК-ң 387-бабының 4-тармағына сәйкес соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын егер Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конститутциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар, 388-баптың 3-тармағына сәйкес, егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш прокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады.
Төртінші, қадағалау тәртібімен шағымдануға және наразылық келтіруге құқылы тұлғалардың шеңбері заңмен шектелген. Қадағалау сатысына шағымдануға азаматтық істер бойынша тараптардың, дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың (АІЖК-ң 54-бабы), соттағы өкілдердің (АІЖК-ң 61, 62, 63-бабының 4-тармағы), іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалардың да (АІЖК 332-бабының 4-тармағы) құқығы бар.
Сот актілеріне қадағалау тәртібімен наразылық келтіруге АІЖК-ң 385-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары, Бас Әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар құқылы. Басқа прокурорлар қадағалау тәртібімен наразылық келтіре алмайды
Қадағалау тәртібімен істерді қайта қараудың апелляциялық инстанцияда және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қараудан айырмашылықтары
Жоғарғы аталғандай, қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау, апелляциялық тәртіппен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау — азаматтық іс жүргізудің жеке-жеке сатысы ретінде қарастырылады
Егер сот шешіміне немесе ұйғарымына апелляциялық тәртіппен шағым жасалмаса, шағымда (өтінімде) оған шағым жасалмау себептері көрсетілуге тиіс. Қадағалау шағымына (өтініміне) шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Ғкіл берген қадағалау шағымына (өтініміне) шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс өкіл берген қадағалау шағымына (өтініміне) сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқада құжат қоса тіркелуге тиіс.
Шағымға (өтінімге) іс бойынша шығырылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот куәландырған көшірмелері, сондай-ақ төменгі саты шағымды қадағалау тәртібімен қараса, оның шешімі қоса тіркелуге тиіс.
Пракуратура органының лауазымды адамы өтінімді қарап, оның мазмұны бойынша азаматтық іс қаралғанда елеулі қателіктер жіберілген деп тапса тиісті соттан істі талап етіп алдырады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры істі талап етумен бір мезгілде сот актісінің орындалуын ол қадағалау тәртібімен қайта қаралғанға дейін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Бұндай құқық сот актісін одан әрі орындау бұл шешімдер мүдделерін қозғайтын адамдардың өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайларда пайдаланады.
Азаматтық істі алғаннан соң пракуратура органының лауазымды адамы іс материалдарымен толық танысады және зерттейді. Соңынан наразылық келтіруге негіз бар деп тапса қадағалау наразылығын түзеді./13/
Қазақстан Республикасының сот жүйесі статистикасына сүйенетін болсақ, 2003 жылы соттарға түскен арыз-шағым мен қаралған істердің жалпы саны миллионға толған.
2002 жылмен салыстырғанда 27,8 пайызға артқан (785033). Көрсеткіш әкімшілік істердің есебінен өсіп, 72,8 пайызға жеткен. Ол сот өндірісінде аяқталған 960824 істі құрап, 2002-жылғыдан 27,4 пайызға артқан. 2002 жылы қаралып шешім шығарылған істер 5,8 пайызға артқан (219424 істің орнына 232152 іс).
Сот актілерін бұзудың ара салмағы күн өткен сайын төмендеп, жақсару 98 пайызға көтерілді. Соттардан жоғары кәсіби іскерлікпен маман ретінде өз жұмыстарына деген жауапкершілікті жоғарғы деңгейде талап етумен байланысты мемлекетімізде тәртіптік-квалификациялық соттар алқасы облыстық соттардың төрағаларымен бірге соттағы тәртіптілікті нығайту үшін 2003 жылы бірқатар жұмыстар жүргізді.
Аталған мерзім аралығында облыс соттарының төрағалары 276 судьяға қарсы 321 тәртіптік іс қозғаған, ал 2002 жылы 268 судьяға қарсы 280 тәртіптік жаза қолданған.
2003 жылы республикалар бойынша судьяларға қатысты 871 жеке ұйғарымдар шығарылған, яғни әрбір төртінші судьяға қарсы тәртіптік іс қозғалған.
Істердің көпшілігі судьялардың заңды тдұрыс қолданбауына байланысты болып келеді. Әсіресе, жеке ұйғарымдар бойынша тәртіптік өндіріс Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында көптеп қаралған.
2003 жылы маңызы төмендеу заңсыз іс-әрекеттер үшін 115 ескерту шарасы, маңызды күрделі заңсыз әрекеттерге байланысты 114 жағдайға сөгіс және судьялық қызметінен босату шарасы қолданған.
Қадағалау сатысындағысоттардың азаматтық істерді қарау тәртібі және мерзімдері
Азаматтық істерді қадағалау инстанциясында қарау азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелері мен қағидаларын сақтай отырып жүзеге асырылады. Іс жүргізудің осы сатысында сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы, жариялылық, сот ісін жүргізу тілі т.б қағидалар қолданылады.
Дегенмен қадағалау сатысы өзінің арнайы бағыттармен, жеке мақсатымен, міндеттерімен істі сотта қарау пәнімен апелляциялық сотта істі қарау өндірісінен ерекшеленеді.
Қадағалау өндірісі заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексерсе, апелляциялық сот сатысы-заңды күшіне енбеген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Қадағалау сатысында жарыспалылық, сотта істің ауызша жүргізілуі және тікелейлілік қағидалары толық көлемде қолданылмайды. Себебі қадағалау инстанциясында соттар істің мән жайын бекітумен және дәлелдемелер зерттеумен айналыспайды.
Соттық қадағалау органы істе бар материалдармен, құжаттармен (хаттамалармен, сарапшының, мемлекеттік органдардың қорытындысымен, мамандардың кеңесімен және басқада жазбаша дәлелдемелермен) танысыды.
Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысының жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. (АІЖК-ң 398-бабының 1-тармағы) істерді қадағалау сатысындағы соттарда қараудың соттың алқалы құрама жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралғанда соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады. (АІЖК-ң 37-бабының 2-тармағы).
Заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы ұсыным құзыретіне осы істі қарау кіретін қадағалау сатысының соты үшін міндетті.
Қадағалау сатысындағы іс ол келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған кезде істі қарау мерзімі іс жүргізуінде жатқан қадағалау сатысының негізді қаулысымен ұзартылуы мүмкін. Ғздеріне қатысты шағым беріліп отырған сот шешімі шыққан тараптар мен өзге тұлғаларға қадағалау тәртібімен істі қарау уақыты және орны туралы хабарлама, сондай-ақ қадағалау шағымының, ұсынымының, наразылықтың көшірмесі жіберіледі.
Шағым беріліп отырған сот қаулыларын қайта қарау үшін негіздемелер болған кезде қадағалау шағымының авторына жазбаша хабар жіберіледі.
Шағымды,наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны қадағалау тәртібімен істі қараушы сотқа тисінше арыз беру жолымен жүгінген тұлға кері қайтарылып алуы мүмкін. Наразылықты жоғары тұрған прокурордың да кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Қадағалау шағымы мен наразылығын кері қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады.
Сот актілерінің орындалуын тоқтата тұру.
АІЖК-ң396-бабына сәйкес сот актісін одан әрі орындау бұл шешімдер мүдделерін қозғайтын адамдардың өмірі, денсаулығы мүлкі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін дәлелдейтін деректер болған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры істі талап етумен бір мезгілде сот актісінің орындалуын ол қадағалау тәртібімен қайта қаралғанға дейін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сот шешімнің орындалуын тоқтата тұруы жөнінде жазбаша нұсқау алғаннан кейін тез арада қадағалау тәртібімен азаматтық іс қаралғанға деиін шешінің орындалуын тоқтатуға міндетті.
Жалпы тәртіп бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кеиін мәжбүрлеп орындатылатынын, ал қадағалау наразылығы мен шағымы тек заңды күшіне енген сот актілеріне берілетін болғандықтан, лауазымды тұлғалар заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің орындалуын тоқтата тұру жөнінде қаулылар шығаруға құқығы жоқ деген тұжырым жасаймыз. Сот шешімінің орындалуын тоқтата тұруға АЖІК–ң 237-бабында аталған дереу орындалуға жататын шешімдер кірмейді.
Дереу орындалтын шешімдерге: алимент алып беру туралы; қызметкерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы; жұмысқа қайта орналастыру туралы; мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы шешімдер кіреді.
Сот шешімдерінің орындалуын тоқтата тұруға құқылы тұлғалар заң мен шектелген. Мысалы: Сот шешімінің орындалуын тоқтата тұруға ҚР Бас прокурорынан басқа оның орынбасарлары немесе ҚР Жоғарғы сотынан басқа облыс сотының тұлғасының құқығы жоқ. Мұндай құқықтарды жазбаша бұйрық бойынша ҚР Бас прокурорының немесе ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметін уақытша орындап жүргенде иеленуі мүмкін.
Сот шешімінің орындалуын тоқтата тұруды тоқтата тұру жөнінде қаулы шығарған лауазымды тұлға күшін жоя алады.
Сот шешімінің орындалуын тоқтата тұру мүмкіндігі туралы ережелер жауапкердің мүддесін қорғау мақсатында енгізілген.
Егер сот шешімінің орындалуын тоқтата тұру туралы қаулы шығарғанда дейін шешім орындалып кеткен болса, онда қаулы шешімді кері бұрып орындыуға негіз болып табылмайды. Шешімді кері бұрып орындау бұрын шығарылған сот қаулысы күшін жойғаннан кейін ғана жүзеге асады.
АІЖК-ң 396-бабына сәйкес сот актісінің орындылуы ол қадағалау тәртібімен қайта қаралғанға дейін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Аталған үш ай мерзім іс қадағалау сатысында қайта қаралып түпкілікті қаулы шығаруға немесе қайта қарауға жіберуге мүмкіндік болатын уақыт аралығы болып есептеледі. Егер қадағалау сатысында іс үш айдан кем уақыт ішінде қаралып бітсе, қадағалау тәртібімен істі қайта қарайтын соттардың істі қарау нәтижесі бойынша не сот шешімі кері бұрып орындалады, немесе актінің орындалуын тоқтата тұру туралы қаулы күшін жояды, яғни қадағалау өндірісінде іс аяқталады. Қадағалау наразылығын келтіруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың келтірген наразылықтары бойынша іс міндетті түрде қадағалау тәртібімен қайта қарауға жатады.
Қадағалау сатысындағы соттардың өкілеттіктері. Істі қарау шектері.
Қадағалау сатысында істі қарау шектері АІЖК-ң 397-бабында реттелген. Қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығымен негізділігі тексеріледі. Сот актісінің заңдылығын істе бар материалдар бойынша тексереді. 397-баптың 1-тармағы бойынша істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде шағым, наразылық дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігі тексереді. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, қадағалау шағымы немесе наразылық шегінен шығуға және шағым жасағалған, наразылық келтірілген шешімінің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сонымен қатар АІЖК-ң 25-29-тарауларында көзделген істер бойынша бірнеше, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығы мен негізделген толық көлемінде тексереді. Бұл дегеніміз қадағалау сатысының соттары ерекше талаптық өндіріс бойынша шығарылған актілердің заңдылығын тексергенде шағым мен наразылықтың мазмұны мен мәтініне қарамастан іс толық көлемде тексеріледі.
Қадағалау сатысының соттарына сот актісінің қадағалау наразылығы келтірілген және келтірілмеген бөлігін тексеруге өкілеттілік беру іс жүргізудің қағидаларына қайшы келмейді. Себебі, заңды күшіне енген сот актілері немесе мәтінде болған мән-жайға және заңға негізделуі тиіс. Заңдылық және негізділік -әрбір шығарылған сот шешімдерінің ажырамас маңызы болуы тиіс. Осыған орай соттық қадағалау инстанциясы тисті лауазымды адамдардың шағымы мен наразылығы бойынша қайта қаралатын істе төменгі инстанциялардың соттары істі қарағанда іске қатысты мән-жайлар толық, объективті және жан-жақты зерттелді ме, тараптардың құқықтары мен міндеттері тексерілді ме, заң нормалары дұрыс қолданылды ма, сот өндірісінің ережелері сақталды ма деген сияқты мәселелерді тексеруі тиіс.
Қадағалау сотындағы сотқа тек сот шешіміне ғана емес бірінші, апилляциялық, қадағалау сатыларының соттары шығарған сот ұйғарымдары мен қаулыларына да шағым, наразылық келтірілуі мүмкін. Істі қарау барысында төменгі саты соттары істің мән-жайын толық зерттемегені анықталса және шешімінің дұрыстығы күнән тудырса сот актілерінің күші жойылуы тиіс.
Кейбір жағдайларда қадағалау наразылығы екі немесе бірнеше өз байланысты істер бойынша шығарылған бірнеше сот шешімдеріне беріледі. Мысалы, тұрғын үйге жеке меншік құқығын тану және оны бөлу туралы істер. Қадағалау сатысының соттары мұндай істерді қарауға құқылы ма? Бұл сұраққа әртүрлі жауап беруге болады. Негізінен АІЖК-ң 171-бабына сәйкес бірнеше талап арызды бір өндіріске біріктіріп қарау мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен аталған бап АІЖК-ң басқа бөлімінде орналасқан, яғни қадағалау өндірісіне қатысы жоқ. Одан да басқа бірнеше сот шешімдеріне бір наразылық немесе бір шағым беру туралы іс жүргізу заңдарында қарастырылмаған. Сондықтан бұндай жағдайлар кездескен жағдайда наразылық келтірілген лауазымды тұлғаға тиісті түрде рәсімделу үшін кейін қайтарылады.
Қадағалау тәртібімен істерді қарайтын соттардың өкілеттіктері АІЖК-ң 398-бабының 4-ші тармағында қарастырылған. Қадағалау сатысының сот актілерінің заңдылығы тексеріледі. Сондықтан қадағалау соттары кез келген сот актілерінің күшін жоюға құқылы. Олай болса қадағалау сатысының өкілеттігі апелляциялық сотының өкілеттігінен кең және көлемді.
Қадағалау тәртібімен азаматтық істерді қарайтын соттардың қаулылары.
Сот актілерін қайта қараудың нәтижесі бойынша қадағалау сатысының соттарының шығарған актісі қаулы түрінде шығарылады.
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы апелляциялық сатыдағы актілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Олай болса қадағалау қаулысының мазмұны тиісінше төмендегідей болуы тиіс.
Қаулының шығарылған уақыты мен орны:
- Соттың атауы, сот құрамы;
- Қадағалау шағым немесе наразылық берген адам;
- Қадағалау шағымның немесе наразылықтың,істі қадағалау сатыда қарау кезінде оған қатысушы адамдар табыс еткен дәлелдемелердің , түсініктемелердің қысқаша мазмұны;
- Сотты өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
- Сот қаулысы көрсетілуге тиіс.
Қадағалау шағымы немесе наразылық қанағаттандырылмайды қалдырған жағдайда сот сол бойынша шағым немесе наразылық дәлелдері дұрыс емес немесе шешімнің күшін жоюға негіз болып табылмайды деп танудың себептерін көрсетуге міндетті. Шешімнің толық немесе бір бөлігіндегі күшін жойған және істі жаңадан қарауға.берген жағдайда сот істің қандай мән-жайларын анықтау қажеттілігін, қандай дәлелдемелерді зерттеу керектігін көрсетуге,бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыдағы сот жасауға тиісті басқада іс- әрекеттерді көрсетуге міндетті.
Бірінші апелляциялық немесе қадағалау сатыдағы соттың шешімінің күшін жойған және жаңа қаулы шығарған кезде қадағалау сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бірінші, апелляциялық, қадағалау сатыдағы соттың шешімінің күші жойылған негіздері, қадағалау сатыдағы соттың қорытындылары және оның қаулысы көрсетілуге тиіс.
Қорытынды
Егеменді еліміз тәуелсіз Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Мемлекетімізде сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқық қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды тәжірибеде қолданумен тығыз байланыстылығын студенттердің түсінуі, студенттерге құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, процестің сатылары туралы яғни азаматтық іс жүргізу құқығы зерттейтін құқықтық ұғымдар мен категориялар туралы құқықтық түсініктерді қалыптастыру.
Бұл дипломдық жұмыстың міндеті: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, құқық саласының өзекті мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілерін және Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгерту, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін білу, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын дәл ұғыну, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты түсінікті орнықтыру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі азаматтық істер бойынша бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық көзқарастар мен тұжырымдамалар болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі
- Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК Алматы:2005
- Елисейкин П.Ф. Предмет и принципы советского гражданского процессуального права. – Ярославль,1974
- Рассахатская Н.А. Гражданская процессуальная форма:Уч.пособие.-Саратов, 1998.
- Шерстюк В.М.Система советского гражданского процессуального права: -М., 1989.
- 7. Авдюков М.Г. Принцип законности в гражданском судопроизводстве. — М., 1970
- Баймолдина З.Х. К вопросу о сущности принципа дизпозитивности гражданского процессуального права // Научные труды КазГЮУ. – Алматы, 1999. – Вып.1. – С. 49-60.
- Боннер А.Т. Принцип законности в советском гражданском процессе: Учебное пособие.- М., 1989.
- Семенов В.М. Конституционные принципы гражданского судопроизводства. – М., 1982.
- Стецовский Ю.И. Судебная власть: Учебное пособие. – М., 1999.
- Постановление Пленума Верховного суда РК от 14 мая 1998 г. «О некоторых вопросах применения законодательства о судебной власти в РК» // Бюллетень Верховного суда РК. – 1998.-№ 2.-С. 26-29.
- Щеглов В.Н. Субъекты судебного гражданского процесса. – Томск, 1979.
- Треушников М.С Гражданский процесс М, 2000.
- ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы 1999ж.
- Зейдер Н.Б.Гражданские процессуальные правоотношения.- Саратов, 1965.
- Чечина Н.А. Гражданские процессуальные правоотношения.- Л., 1962.
- Баймолдина З.Х. Гражданский процесс. право РК Алматы: 2003.