АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Азаматтық құқықтағы мәміле институты

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

«Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу»

кафедрасының меңгерушісі

з.ғ.к.,доцент________________  Орынтаев Ж.К.

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Азаматтық құқықтағы мәміле институты»

 

050301-«құқықтану» мамандығы бойынша

 

 

 

 

Орындаған: 4 курс

күндізгі  бөлім студенті:                                                             Шаймұрат Саят

 

Ғылыми жетекші:

 аға оқытушы.                                                                               Мейірбекова Г.Б.

 

 

 

Алматы, 2013

 

 

 

Құрметті Комиссия төрағасы және комиссия мүшелері!

Менің дипломдық жұмысымның

Тақырыбы: «Азаматтық құқықтағы мәміле институты»

 

Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың  жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр  мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру.

Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық  талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі — Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды  жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы  мәміле талаптарын білу керек.

Диплом жұмысы үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарауда Азаматтық құқықтағы мәмiлелердi құқықтық реттеу, яғни  Азаматтық құқықтағы мәмілелердің ұғымы мазмұны және   нысаны     түсiнiгi,.Мәмілелердің түрлері және олардың жарамсыздығы қарастырылады.

Екiншi тарауда Мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелері Нотариаттық тәртіппен куәландырылатын мәмілелер,Өсиеттер мен сенімхаттарды куәландырудың ерекшеліктері. Даулы мәмiлелердi сотта шешудің  маңызына  қатысты проблемалық мәселелерге талдау жасалады.

Үшінші тарауда Кәсіпкерлік мәмілелерді құқықтық талдау көрсетіліп, Кәсіпкерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері,Кәсіпкерлік-тұтынушылық мәміледегі қатысушылардың өзара жауапкершілік ерекшеліктері көрсетіліп, дипломдық жұмыс қорытынды мен қолданылған әдебиеттермен бітеді.

Дипломдық жұмыста жиі қолданылатын терминдер: «мәміле», «шарт», «ерік-ниет», «конценсуалды», «нақты», «ақылы», «ақысыз», «мәміленің жарамдылығы», «нотариалдық куәландыру», «кәсіпкерлік».

Мәмiлелер мынандай түрлерге бөлiнедi: 1) бiр жақты және екi немесе көп жақты (шарттар); 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды және абстрактiлi; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық.

 

 

 

 

 

Глоссарий

 

Мәміле — Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері

Шарт – құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт.

«Конценсуалды» (латын сөзі – consensus) келісушілік, келісім, біркелкілік)

Конценсуальдық мәміле оның тараптары келісімге қол жеткізген сәттен бастап жасалды деп есептеледі.

Казуальды мәміле оның жасалу күшінің негізіне себебіне байланысты жасалу жолының көрсетілмеуі, жасалып қойылған бір жақты мәміленің заңдық күшінен жойылуына әкеп соғады

Абстрактілі мәміле керісінше оның жасалу жолымен қатар, жасап отырған тараптардың еркін білдіреді

Акцессорлы мәмілелер негізгі мәмілелерді толықтырады. Акцессорлы мәмілелер негізгі мәмілелерге кепіл, кепілдік және кепіл болушысын, кепіл пұл және т.б. жатады.

Биржалық мәмілелер нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар,қор және басқа) туралы ҚР заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес, онымен сауда – саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер

Мәмілелердің жарамсыздығы- мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың тиісті мелекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміленің жарамсыз деп танылуы

Нотариаттық тәртіппен куәландырылатын мәмілелер — Нотариус заңдармен міндетті нотариаттық куәландыру белгіленген мәмілелерді куәландырады 1) тұрғын үйлерді иеліктен шығару, 2) өсиеттер,3)сенімхаттар, 4) шарушылық серіктестігінің құрылтайшылық құжаттары, 5) неке-келісім шарттары жатады.Тараптардың тілегі бойынша нотариус басқа мәмілелерді де куәландыра алады.

Мәмiленiң жарамды болуы шарттары — мазмұны заң талаптарына сәйкестiгi, мәмiлеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабiлеттiлiгi, еркi мен ерiк бiлдiрудiң заңға қайшы келмеуi

Кәсіпкерлік мәмілелер — азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында жеке табыс немесе пайда табу мақсатында, өзінің тәуекеліне және де өз атынан, өзінің жауапкершілігіне алына, немесе заңды тұлға атынан және заңды тұлғаның жауапкершілігіне алына отырып жасалатын мәмілелер.

Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік не мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.



МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………..3

 

 

 

 

І

МӘМIЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

 

 

 

1.1

Мәмiлелердiң ұғымы  және түрлерi……………………………………………………….6

 

1.2

Мәмiлелердiң нысаны және олардың маңызы ……………………………………..10

 

1.3

Жарамсыз мәмiлелер…………………………………………………………………………….17

 

 

 

 

ІІ

ӨНДІРІСТЕ МӘМIЛЕЛЕРДI НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРУ ЖӘНЕ СОТТА ҚАРАУ

 

 

 

 

2.1

Нотариалдық  қызмет ұғымы мен мәмілелерді нотариалды

куәландыру ………………………………………………………………………………………….23                                                                                                 

 

2.2

Даулы мәмiлелердi сотта шешу…………………………………………………………….46

 

 

 

 

ІІІ

КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

 

 

 

 

3.1

Кәсіпкерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері…………………………………..50

 

3.2

 

Кәсіпкерлік-тұтынушылық мәміледегі қатысушылардың

өзара жауапкершілік ерекшеліктері………………………………………………………52

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………59

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР………62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Қазақ елi, жерi талай тарихи жағдайларды бастан кешiрдi. Тек жиырмасыншы ғасырда ғана бiздiң тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдiк айдынға алып шығуға мүмкiндiк туды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заң жарияланды.[1] Қияметтi де, қиянатты соңғы жылдарда бұған дейiнгi жүздеген ұрпақтың қолы жетпеген егемендi мемлекет құрылды. Бiздiң елдi ендi ешқандай да тарих желi жер бетiнен жойып жiбермейтiндiгiне кепiлдiк туды.

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары әлемдегi дағдарыс Қазақстан халқына апат ауқымдылықтың салмақ — салдарын сезiндiрдi. Ұлт пен мемлекеттiң аман қалуының жалғыз жолы – делiнген, Ел Президентiнiң «Елiмiздiң жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауiпсiздiгi» туралы Қазақстан халқына Жолдауында, «экономиканы ашық Ұстау – әлемдегi қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып — құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жатпай қоймайды. Қазақстан әдемдiк тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды». [2]

Құқықтық мемлекет құру және қоғамдық өмiрде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның iшiнде адамның бостандығы, өмiрi, денсаулығы, ар – намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерiн мойындауды қажет етедi. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны ерекше аталып көрсетiледi. [3] Осыған орай, елдегi саяси жүйедегi реформалар өмiрдi барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам мүддесiн ұжым, бүкiл қоғам мүддесiмен ұштастыруға, сондай – ақ адамды қоғамдық дамудың орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмiр сүруi және еңбек ете алу жағдайын қамтамасыз етуде, әлеуметтiк әдiлетiлiктi, саяси бостандықты орнатуға, адамның жан – жақты дамуына және рухани бяюына мүмкiндiктер жасауға бағытталады. Адамзаттық факторлар, адамзаттық өлшемдер, барлығы да саяси реформаның қорғаушы күшi бола алады, жаңа тарихи жағдайда саяси көзқарастардың мазмұны мен мәнiн анықтай түседi. Ал жаңа саяси көзқарастар жалпы адамзат құндылықтарына, құқықтарға, кең халықаралық Ұйымдастықтарға сүйенуi тиiс.

Ел экономикасын көтеру алдында ел басының атқарар еңбегi мол. Ел басының Қазақстан халқына жолдауында: «Ел мұраты: Ұлттық бiртұтастық, әлеуметтiк әдiлеттiлiк тән әрi күллi халқының экономикалық әл — ақуаты артқан тәуелсiз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанда сомдау» — деп арнайы көрсетiлген. Бұл құжатта тәуелсiздiктiң тарихына талдау жасалынған және Ұлттық қауiпсiздiкке қатер төнуiн болдармау жөнiндегi егемен Қазақстан қызметтерiнiң басты бағыттары белгiленген. [2]

Мәмiлелер, шарттардың экономикалық қатынастағы, азаматтық айналымдағы орны ерекше. Әр азамат, заңды тұлғалар күнiне бiрнеше рет азаматтық қатынасқа түсiп, құқықтар мен мiндеттердi атқарады. Түрлi мәмiлелер мен келiсiмдерге келудiң нәтижесiнде сан мындаған тауар алмасу операциялары iске асады. Iс – тәжiрибеде мәмiлеге байланысты көптеген жайсыз сұрақтар жиi туындайды.

Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды  жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Операциялардың құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алады. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ.

Жоғарыда айтылған жағдайлар мәмiленiң мазмұны, жарамдылық негiздерi, рәсiмдеу, дауларды қараудың тәртiбi, тақырыбын өзектiлiгiн айқындай түседi.

Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбарлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрген құқықтардың қалпына келтiруiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез – келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.

Қазiргi нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмiлелер жасау, оларды құқықтық реттеу қоғамымызда елеулi қиындықтар тудыратыны баршаға мәлiм. Мәмiленi жасаудың жалпы тәртiбi, жарамдылық негiздерi жеткiлiктi зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмiлелерге байланысты дауларды сотқа дейiн, сотта шешу, сот тәжiрибесiнде жиi кездесетiн жекеленген мәмiлелердi жасау, мiндеттемелердi орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлi өз шешiмiн толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерiң тапшылығын аңғаруға болады. Сондықтан да ғылыми iзденiстер жүргiзуде мәмiлеге, оның жарамдылығына түсiнiк беру, нотариалды куәлендыру, дауларды сотта қарау тәртiбiн анықтауды дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты етiп алдық.  Осы аталған мақсатқа жету үшiн мына мiндеттер туындайды:

  • мәмiле ұғымына түсiнiк беру түрлерiн анықтау;
  • мәмiлелердiң жарамдылық негiздерiн ашу;
  • мәмiлеленiң жарамдылығының нәтижелерiн бiлiп, олардан қорғану шараларын табу;
  • мәмiлелердi нотариалды куәландыру тәртiбiн баяндау;
  • мәмiлеге байланысты туындайтын дауларды сотта қараудың тәртiбiн, сотта кездестiн құқықтық мәселелердi анықтау.

 

Мәмiле жасаудың тәртiбi, оны нотариалды куәландыру, сотта iстi қарауға байланысты туындайтын қатынастар зерттеу объектiсi ретiнде көрiнiс тапты. Iзденушiнiң ғылым жолындағы алғашқы қадамы, мәмiле жасаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудағы талпыныстар жұмыстың теориялық маңыздылығын құрайды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығына келсек, жұмыстың көмегiмен азаматтық айналымда мәмiлелердi дұрыс, әрi заңды жасау — қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау, мәмiлеге байланысты дауларды шешу мәмiле жасаудағы, құжаттарды дұрыс рәсiмдеу мүмкiндiгiн жүзеге асыруға болады. Жалпылай алғанда:

Диплом жұмысының мақсаты – азаматтық құқықтағы мәміленің мәнiн, мазмұнын ашу, олардың  жасалу тәртiбiн қарастыру, кейбiр  мәміленің түрлеріне қысқаша сипаттама беру.

Диплом жұмысының мiндетi – азаматтық заңнама бойынша мәмілені құқықтық  талдау, Мәміле мен шартқа қатысты сот тәжiрибесiн жинақтау, осы тақырып бойынша проблемалық мәселелердi шешуге тырысу.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі — Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды  жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы.. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы  мәміле талаптарын білу керек.

Зерттелу барысында психология, логика, философия, азаматтық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымдары бойынша Қазақстан Республикасының белгiлi ғалымдарының еңбектерiне сүйендiк. Атап айтсақ, С.З.Зиманов, С.С.Сариев, Г.С.Мауленов, З.О.Ашитов, Г.И.Тлеугалиев, М.К.Александров-Дольник, Я.Ә.Әубакiров және т.б.

Дипломық жұмыс кiрiспе, үш  тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тiзiмдерiнен тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І МӘМIЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

1.1  Мәмiленiң ұғымы мен түрлерi

Заңды фактiнiң бiр түрi мәмiле болып табылады. Азаматтық айналымда мәмiле арқылы құқықтық қатынастар үздiксiз туындап, дамып отырады.

Сәйкесiнше, мәмiле дегенiмiз субъектiлердiң белгiлi мақсатты көздеген әрекеттерi, оның негiзгi мақсаты азаматтың құқықтары мен мiндеттерiн анықтау (мысалы, мүлiктi сыйлау кезiнде мүлiкке меншiк құқығы сыйға тартудан сыйды алушыға көшедi), Бұл құқықтар мен мiндеттердiң өзгеруi (мысалы,  жалға берiлген мүлiктi қайтарып берудi кейiнге қалдыруды тараптар өзара келiседi), немесе олардың тоқтатылуы (несие берушi борышқорды қарыздан босату).

Мәмiлелерге мынадай белгiлер тән: 1) тұлғаның ерiк (тiлек пен ниет) бiлдiруi; 2) рұқсат етiлген ерiк бiлдiру, яғни құқыққа сәйкес әрекет; 3) қандай да бiр заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық Құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертiлуi және тоқтатылуы); 4) мәмiле әрқашанда Құқықтық салдар тудырада.

Цивилистердi, әруақытта, заңды факт туралы мәмiленi моральды — табиғи, жеке — тұрмыстық сипаттағы әрекеттерден ажырата алу мазалайтын. Бұл мәселе, сонау римдiк құқықта да өз шешiмiн таба алмай, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс  қабылдаған кезде де өзектiлiгiн жоймады. [4]

О.С.Иоффе құқықтың және кез — келген құқықтық емес реттеу салаларын зерттеу керек деп ептейдi. Ажырата алу үшiн құқықтық реттеудiң түрлi салалары ескерiлуi қажет.[5, 17 с]

Ю.Г.Басин өзiнiң еңбегiнде, мүлiктiк қатынастарды Құқықтық реттеудi әлемдiк iс — тәжiрибеде заңды нәтижеге жетуге тура бағытталған құқық тудыратын әрекет түрiндегi мәмiлелердi тұрмыстық, отбасы, үй қызметiмен немесе жақын адамдарға басқа да көмек көрсетуден ажыратады. Әдетте Мұндай әрекеттер нысаны, мазмұны, нәтижесi жағынан алғанда мемлекеттiк мәжбүрлеудi қажет етпейдi,       «Достық этика» нормалары қолданылады. Азаматтық кодекстi жетiлдiру мақсатында Ю.Г.Басин келесi ұйымдастыруды айтады: «ұқсас жағдайлардың арасындағы шектi анықтау үшiн мәмiлеге қатысты бапқа келесi мазмұндағы тармақты енгiзу қажет: «Егер де тараптар өз келiсiмдерiне заңда маңыз бермейтiн болса, туысқандары, достары немесе басқа жақындары арасындағы тұрмыстық қызмет, не ортақ тұрмыстық жұмыс iстеуге бағытталған әрекеттер мәмiле деп есептелiнбейдi». .[6,125с].

Мұндай жерде ағылшын — американдық Құқықтық жүйеге тән қағиданы айтып кету қажет — ақ. ҚР Азаматтық кодексiнiң 384-бабына түсiнiктеме бергенде М.К.Сулейменов: «Қарсы жақты ұсыныс бiлдiру ұғымы ағылшын — американдық  құқықта «сonsideration» деген ұғыммен кеңiнен қолданылады». Онда сonsideration кез-келген шарт үшiн бастыталап. Сonsideration — сыз шарт, заңды күшi бар шарт болып есептелiнбейдi, — деп ұсынылыс келтiредi. .[7, 28 с]

«Ағылшын — американдық құқықта контрактының жарамдылығы үшiн мiндеттi түрде қарсы жақтың ұсынысы берiлуi (сonsideration) қажет, ол мүлiктiн әрекетiн жауап беру, яғни өз құқықтарына не бас тартады не жоғалтады», — дейдi Ю.Г. Басин [6, 13 с] Мүлiктiң иесi өз мүлкiн басқаға тегiн бере алады, бiрақ сonsideration болмайынша мүлiк тегiн беру жөнiндегi келiсiмнiң заңды күшi жоқ. Мұндай контрактiге қойылатын талап Францияда да қолданылады.

Осыған байланысты А.Г. Диденконың да өз ұсыныстары да бар: Сonsideration — ды ақылылық (возмездность) қателесiп бiр ұғым деп түсiнгендiктi есептемегенде  (сonsideration ағылшын — американдық құқықта тек материалдық құндылықтарды, қызметi және бiлдiрiп қана қоймай, қандай да әрекеттен, не құқықтан тежеу дегендi бiлдiредi), отандық азаматтық құқықтың шарт механизiмiне Бұл ұғымды еңгiзуге әдiстемелiк жағынан жол берiлмейдi… Кейбiр бiртектес мәмiлелер континентальды құқық бойынша қорғауға жатады, ал ағылшын — американдық құқықта ниет бойынша қарсыласын қанағаттандыру жоқ.

Сonsideration ұғымы романо — германдық Құқықтық жүйеге енгiзу дәстүрлi және жақсы iстейтiн норманы құрып, бiзде қалыптасып келе жатқан құқықтық жүйенi бұзады.[8, 36 с]

Аталған жайға орай Ю.Г. Басин өз еңбегiнде келесi мысалды келтiредi: «Сот практикасында жоғарғы қауiптiлiк кездерiнен келген шығынды өндiру туралы iс қаралған. Азамат өз жолдасына сатып алған қымбат вазанын құның төлеудi талап етедi. Талап арызды қараудан бас тартады». Бұл мысал қарастырылып отырған жағдайды нақты ажыратуға сай емес. [6, 15 с]

Ойланып отырсақ, азамат үшiн оның вазасы қалай көрсетiлген орынға жеткiзiлетiнiне бәрiбiр сияқты: автомобиль мен таксимен бе. Сол сияқты үйдi кiм  жөндейтiндiгi қызықтырмайтын сияқты: көршi, не маман медiгер ме; затты кiм апаруы досы — иесi немесе комиссиялық дүкен.

Аталған жағдайда нәтиже басты нәрсе. Сондықтан тапсырма дауға, жұмыс атқарушыға, затты жарамсыз және т.б. жүзеге асыру үшiн ұсынушытарап өз мойнына мiндеттер алады, бұл олардын арасында Құқықтық қатынастын туындауын бiлдiредi.

Мұнан, тасымалдау кезiнде мүлiктiн бұзылуы немесе жолаушыға тасымалдаудың нәтижесiнде денсаулығана зиян келуi немесе сапасыз жұмыс атқаруды, ұрлаудың нәтижесiнде азаматтық заңның негiзiнде жауапкершiлiктiң туындауы тиiс.

Бұл жағдайда Ю.Г. Басиннiң туысқан моральды — табиғи аспектiлерiн ескермеуге болмайды. Мұндай жағдайлар, мысалы борышқорға талап қоюдан өз еркiмен несие берушiнiң бас тартуы түрiнде көрiнуi мүмкiн. Құқықтық норма қолданылуы тиiс. [6, 15 с].

Кодексте бұл сұрақтар өздiгiнше шешiлген. Бiрiншiсi, онда тегiн жасалынатын шарттар (АҚ 384 б. 2 т.) ақылы шарттармен бiрдей қаралған.

Оларға мыналар жатады:

  • императивтi тегiн (сыйға тарту) шарт, ақысыз;
  • диспозитивтi ақысыз (заем, сақтандыру, тапсырма, сенiп тапсырылған мүлiктi басқару);

Сонымен ақысыз шартты «заңды емес» сипиттағы әрекеттерге жатқызуға болмайды.

Аталған (тасымалдау, медiгерлiк, комиссия) шарттарды ақылы шарттарға жатқызу «шарттың» мәртебесiне әсер ете алмайды, себебi азаматтық айналымның қатысушылары өз құқықтарынан бас тартуына құқығы бар. Ендi, қатынас қатысушылардың туыстық қатынасын анықтау қажет, ол әрекеттi “заңды” немесе “заңсыз” деп бөлу үшiн керек. [9]

Аталған ережелер бойынша сыйлаушы мен сыйға алушылар арасында туыстық қатынасы бар, не жоқтығы фактiсiне көзқарас бiрыңғай. Бұл жағдайлар құқықтық реттеудi қажет етпейдi, олар моральдық — табиғи тұрақтылықпен шектеледi. Келесi мысал, мүлiктi тегiн пайдалану шарты өзара жақын адамдардың арасында жасалады. Азаматтық кодексте тараптарға азаматтық жауаптылықты жүктей отырып, қатал реттейдi. Азаматтық кодекс мүлiктiк қатынастарға байланысты туысы, достары  және басқалар арасындағы тұрмыстық қызметiне көмек, ортақ тұмыстық қызмет көрсету, не басқа әрекеттер туралы келiсiм жасауға бағытталған әрекеттерден өзгеше емес. Сонымен, заңды фактi тудыратын мәмiленiң моральдық — табиғи, жеке тұрмыстық сипаттағы әрекеттерден ерекшелiгi, мәмiленiң ақылы, не ақысыз болуы.

Заңды қылықтан мәмiле белгiлi заңды нәтижелердi туғызуға бағытталуыменен ерекшеленедi. Заңды қылық заңды нәтиже тудыруға тiкелей бағытталмайды, алайда заңда көрсетiлген жағдайда азаматтық құқықтар мен мiндеттер тудырады, өзгертедi, не тоқтатады. Мәмiле — заң рұқсат берген жүрiс – тұрыс.

Мәмiле заңсыз әрекеттерден өзiнiң заңдық белгiсiмен ерекшеленедi. Заңсыз әрекеттер басқа тұлғаларға зиян әкеледi. Мұндай әрекеттер келтiрген шығынның орнын толтыру қажеттiлiгiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттiр тудырады. Бiрақ бұл азаматтық құқықтар мен мiндеттер мәмiленiң нәтижесiнде емес, деликтiнiң, яғни шығынның келуi фактiсi негiзiнде пайда болады. Жүрiс – тұрыстың заңдылығы мәмiленiң қажеттi белгiсi бола тұра, мәмiленiң барлық түрiнiң мiндеттi түрде заңда көрсетiлуiн талап етпейдi, керiсiнше мәмiле заңға қайшы келмесе, заң тыйым салған әрекеттердi жасауға қайшы келмесе, заң тыйым салған әрекеттердi жасауға жол бермесе болғаны. Мысалы, заң спонсор мен көмек көрсетiлетiн тараптардың арасындағы келiсiмдердi реттемегенiменен де, ондайға жол берiледi. ҚР азаматтық кодекстiң 381 – бабында аралас шарт түрi қарастырылған.

Мәмiленi iске асыратын тұлғаларға мәмiле азаматық құқықтар мен мiндеттер тудырады. Осы белгiсi бойынша мәмiленi әкiмшiлiк актiлерден ажыратуға болады. Әкiмшiлiк акт, ол бағынышты тұлғаларға азаматтық құқық пен мiндет тудыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның әрекетi. Мысалы, мемлекеттiк мүлiктi басқаратын уәкiлеттi органның шешiмi мемлекеттiк кәсiпорынның мұражайын үш жылға жалға беру туралы шартын ұзартуға мiндеттейдi, не тыйым салады.

Мәмiлелер мынандай түрлерге бөлiнедi: 1) бiр жақты және екi немесе көп жақты (шарттар); 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды және абстрактiлi; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық.

Бiр жақты мәмiле дегенiмiз, заңдарға немесе тараптарды келiсiмен сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптын ерiк бiлдiруi қажет және сол жергiлiктi болатын мәмiле. Бiр жақты мәмiлелердiң анағұрлым жиi кездесетiн түрi – өсиет қалдыру. Әдетте, бiр жақты мәмiлелер тым көп бола бермейдi. Азаматтық айналым көбiнесе өзара мәмiлелерден құралады. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екi жақты мәмiле) не үш немесе оданда көп тараптың (көп жақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiру қажет.

Тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алса немесе тараптар бiр – бiрiне бiр нәрсе беру керек болса, Бұл ақылы мәмiле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей ұсынуды мiндетiне алған мәмiле ақысыз болып есептеледi. Консенсуалды мәмiлелер (латынша сonsеnsus  — келiсiм) – келiсiмге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi туындайтын мәмiлелер. Нақты мәмiленi жүзеге асыру үшiн (латынша res — зат) келiсiмiнiң бiр өзi жеткiлiксiз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Мәмiлелердi азамат құқықтану iлiмiнде каузальдық (себептi) және абстракциялық деп те бөледi. Әрбiр мәмiле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негiз бен құқықтық мақсатты (causa) еншiлейдi. Бiрақта бiр жағдайда мәмiленiң жарамдылығы оның негiзiне байланысты болса, екiншi жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмiлелер өзiнiң негiзiнен қол үзгендей көрiнедi (abstrahete — қол үзу, бөлiну), (мысалы, вексельдi тапсыру). Шартпен жасалған мәмiлелер қандай да бiр нәрсере тәуелдi болып келедi (оқиға немесе үшiншi жақтын әрекетi), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкiн. Мәселен, егер тараптар құқықтары мен мiндеттерiнiң туындауын басталу — басталмауы белгiсiз мән – жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалады деп есептеледi. Азаматтық кодекстiң 150 – бабының 2 – тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтары мен мiндеттемелерiнiң тоқтатылуын басталу – басталмауы белгiсiз мән – жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалады деп есептеледi.

Егер шарттың басталуы өзiне тиiмсiз деп есептейтiн тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталады деп танылады, ал шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады. Азаматтық кодексте  биржалық мәмiлелер қаралған. Биржада айналысқа жiберiлген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлiкке қатысты құқықтар мен мiндеттемелердi өзара беру туралы келiсiмдердi (биржалық мәмiлелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгiленген тәртiп бойынша жасасады. Биржалық мәмiлелер делдалдық жазбалармен рәсiмделуi мүмкiн және биржада тiркелуi тиiс. Биржалық мәмiлелер жасауға байланысты даулар тиiстi биржа жанындағы биржа төрелiгiнде қаралады, оның шешiмiне сотта дау айытылуы мүмкiн.

1.2 Мәмiленiң нысаны және олардың маңызы

Күнделікті өмірімізде адамдар бір-бірімен мәмілелерге келе отырып, шарттар жасасады. Мәмілелер юридикалық фактілердің негізгі түрі болып табылады.

Азаматтың құқық айналысында мәмілелер құқықтық қатынастарды тудыратын негізгі құжат болып табылады. Азаматтық кодексің 147-бабында мәміленің ұғымы берілген. Онда – «Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.» [4]

Яғни мәмілелер субъектілердің әрекеттері олардың негізгі мақсаттары азаматтың құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату (мысалы – сыйға тарту мұнда әрекет бір мүлікті басқа біреудің меншігіне беру болып табылады. Яғни, иелену, пайдалану және билік ету құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беру болып табылады. Тоқтатуға мысал келтіретін болсақ борышқордық немесе берушіге қарызын қайтарып беруі.).

Мәміле бұл заңмен рұқсат етілетін заңды әрекет болып танылады. Мәмілелердің заңсыз әрекеттен айырмашылығы олар басқа тұлғаларға зиян келтірілмеуі, кейде мәмілелер заңмен белгіленбейді, бірақ олар заң нормаларына қайшы келмейді.

Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада: оны жасаудың нәтижесінде азаматтық құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және тағы басқа белгіленеді, өзгертіледі немесе тоқтатылады. Заң мысалы демеушімен көмек алушының арасындағы құқықтық қатынастарды реттемейді. Бірақ бұл қатынастар заңға қайшы емес. Сонымен қатар азаматтық кодекс аралас шарттарға да рұқсат берген. Яғни бұл шарттар түрлі шарттардың элементтері бар шарттар болып табылады. Бұларға инвистициялық шарттар жатады.

Мәмілелер мәміле жасаушыға азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүктейді. Осы белгілер бойынша олар әкімшілік актілер мен ерекшеленеді. Себебі әкімшілік актілер өкілеттігі бар органдардың белгілі бір тұлғаларға ғана мәмілелерді ұзартуға немесе тоқтатуға тыйым салады. Сонымен қатар осы белгілер бойынша соттың шешімімен ерекшеленеді.

Мәмілелер саналы түрде жасалынатын азаматтардың әрекеттері болып табылады. Бұл құжатта олардың өзара мәміле жасау туралы еркілері көрсетіледі.

Мәмілелерге әрекет қабілеттігі жоқ немесе әрекет қабілеттігі сот арқылы шектелген азаматтардың мәмілеге қатысуға құқықтары болмайды. Бұл кәмелетке толмаған және сот арқылы әрекет қабілеттігі тоқтатылған немесе шектелген азаматтардың атынан мәмілелерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары және қамқоршылары жүзеге асырады. [4]

Мәміле дегеніміз – азаматтардың ерікті актісі болып табылады. Онда азаматтық құқық қатынастардағы қатысушылардың еркі көрінеді (оны адамдардың еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білген жөн). Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған әрекет болып табылады. [10, 2 б]. 

Атап айтқанда, өздерінің шаруларын, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысалы: адам өз қажетіліктерін қанағаттандыру үшін өндірістік, азық-түлік тауарларын сатып алып өз пайдасына жаратады.

Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу қажет.

Егер ерік сыртқы еркін білдірсе ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алады, яғни оның заңды салдары жоқ. Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.

Еріктің ішкі мағнасы адамдардың ішкі ойы болып табылады, ол еріктің сыртқы мағнасы болса сол ойдың қағаз бетіне түсуі болып табылады.

Мәміле жасаған кезде адамның еркі белгілі бір тәсілмен бейнеленуі және ресми түрде нотариалдық куәландырылуы керек. Ол үшін мәміленің ауызша және жазбаша әрекеттер жолы мен белгіленген нысаны болады.

Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалынады. [4] (жай немесе нотариалды) мәмілелер сөз жүзінде жасалынатын болса онда олар ауызша жасалған деп есептелінеді.

Ауызша жасалған мәмілелер жасалған реттен бастап бітетін немесе аяқталатын болса ауызша жасалған деп танылады. Жетон билет немесе әдеттегідей өзге де растайтын беті арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша болып табылады. [4]

  Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру болып табылады (АК – тiң 151 – бабының төртiншi тармағы). Мысалы, егер мүлiктi жалға алушы шарт мерзiмi бiтiп кетпес те, жалға берушiнiң тараптарынан қарсылық бомаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзiмiне қарамай – ақ пайдалана беруiне болады.

  Азаматтық кодекстiң 152 – бабына сәйкес мәмiленiң жазбаша түрi — бұл орайда мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа жүз есептiк көрсеткiштен жоғарғы сомаға жасалуы тиiс.

Азаматтық кодекс мәмiленiң жазбаша түрiне қатысты бiрқатар маңызды шарттарға мән бергенiн айта кету керек. Азаматтық кодекстiң 152 – бабына сәйкес, егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттерi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюы керек.

Мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi, мұның өзi заңға немесе қатысушылардың бiрiнiң талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады. [11, 848 с]

Заңдамен немесе тараптардың келiсiмiмен қосымша тараптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.

Екi жақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп – жазба, факс немесе субъектiлердiң және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұның айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа адам қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасауға құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептерiн көрсете отырып, куәландыруға тиiс.

Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.

Мәмiлеледрi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiптiк мәмiленi орындаған тараптардың да осындай құқығы бар.

Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғанан кейiн ғана жасалады деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстiң 157 – бабының 3 – тармағында көзделген салдармен мәмiленi жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Мысалы, АК – тiң 58 – бабының 5 тармағына сәйкес шаруашылық серiктестiк құру туралы құрылған шарты нотариалды куәландыруды қажет етедi. [4]

Заң талап ететiн нысанды қысқарту арқылы бұзуға болмайды. Нотариалды куәландыруды талап ететiн мәмiле тек жай жазбаша нысанда, не жазбашаның орнына ауызша нысанда жасауға болмайды. Керiсiнше, мәмiленiң тараптарының өзара келiсуiмен белгiленген нысандарды күрделендiруге жол берiлмейдi. Мысалы, заң бойынша мәмiле ауызша жасалу керек болса, тараптар мәмiленi жазбаша нысанда жүргiзуге құқылы, тараптар жазбаша мәмiленi нотариалды куәландыруға болады, заң оны талап етпесе де.

Азаматтық кодестiң 155 – бабына сәйкес кейбiр мәмiлелер заң құжаттарында көрсетiлуiне сәйкес, мемлекеттiк немесе өзге тiркелуге жатады. Бұл мәмiлелер тек оларды теркегенен кейiн жасалады деп саналады. Тiркеу тараптың тiркеушi органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арыз бойынша жүргiзiледi. Тiркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсiмделуге тиiс және заң талаптарының  бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады. Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанада жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтартса, сот екiншi тараптың талап етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi. Тiркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.[4].

Мемлекеттiк тiркеуден өте отырып, келесi мәселелердi шешуге болады:

Бiрiншiден, мәмiленi толық заңды күшi бар; екiншiден, туркеу туралы құжат субъектiнiң мәмiленiң негiзiнде иемденген құқықтарын жеткiлiктi дәрежеде растайды; үшiншiден, тiркеудiң бiрыңғай жүйесi мәмiленi толығымен есепке алады, нәтижесiнде жеке ғана емес, жалпы мүдде қамтылады; төртiншiден, егер заң тиым салмаса, мәмiленi тiркей отырып, мүдделi тұлғалардың сол, не басқа мәмiлемен және одан туындайтын құқықтармен  танысуына мүмкiндiк туындайды. Осы арқылы тiркелетiн объектiлерге құқықтары және иемдену туралы мәлiметтердi ала отырып, тiркелген объектiнi иемденушiмен мәмiле жасайтын тұлғаның заңды мүдделерiн қорғауғамүмкiндiк туындайды. Бұл мәселе қозғалмайтын мүлiкпен байланысты мәлiметтердi тiркеу кезiнде маңызды. Мәмiлелердi нотариалды тiркеу (АК – нiң 154 бабы, “Нотариат туралы” Қазақстан Республикасының заңының 8 тарауы) және оларды мемлекеттiк тiркеу – өте ұқсас процедура, бiрақ сонда да бiр-бiрiнен ерекше. Көп жағдайда мәмiледен туындайтын құқықтар мемлекеттiк тiркеудi, нотариалдық куәландыруды қажет етедi. Бiрақ та нотариалды куәландыруды қажет ететiн барлық мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қажет ете бермейдi және де мемлекеттiк тiркеуге жасатын мәмiлелер нотариалды куәландырыла бермейдi. Әдетте, қозғалмайтын мүлiктермен жасалынатын мәмiлелер тiркеленедi. Мәмiленiң толықтығы және күмәнсiздiгi мәселесi негiздi күмән тудыратын жай. Iс тәжiрибеде банктiк несиенi қамтамасыз ететiн қозғалмайтын мүлiктi кепiге қою тiркелiнбей, iс нәтижесiз қалған жағдайлар жиi кездеседi.

ҚР АК 155 – бабындағы талаптарды толығымен iске асыру үшiн ведомстволық мүддеден тыс, тәуелсiз тiркеу жүйесiнiң қажеттiгi мол. Бұл жүйе тiркеу объектiлерi және олармен жасалынған мәмiлелер туралы мәлiметтермен тиiстi ақыға барлық  мүдделi тұлғаларға бас тартпай және тез арада қамтамасыз етiп отырады. [4]

Мәселенi шешудiң бiр ғана жолы бар, ол нотариустар мен нотариалдық әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғаның мәмiлелердi нотариалды куәландыру туралы ережелердi бұзудан (“Нотариат” туралы заңның 24-бабы) шығындар келгенi үшiн, ал мемлекеттiк тiркеу органдарын (немесе мемлекет) мәмiлелердiң толық еместiгiнен, кумәндi болуынан немесе берiлмеуiнен органға (31-бап “Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы” жарлық) жүгiнген тұлғаларға залал келген жағдайда жауаптылық тағайындайды. [12]

Қозғалмайтын мүлiктермен байтанысты мәмiлелер мемлекеттiк тiркеудi қажет етедi. Тiркеу тәртiбi “Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды  мемлекеттiк теркеу ” туралы жарлықпен реттеледi.

Қозғалмайтын мүлiкпен байланысты мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеумен қатар, заң басқа объектiлердi, әсiресе меншiк құқығының пайда болуы, өзгеруi, не тоқтатылуына алып келетiн мәмiлелердi тiркеудi де қарастырады. Көлiк құралдарына да бұл мәселе қатысты. Көлiк құралдарының түрiне байланысты тiркеу органы да анықталады.

1998 ж. 30 маусымындағы “Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қоюды тiркеу туралы” заңда қозғалатын мүлiктiң кепiлдiгiн тiркеу қарастырылған. [13]

Мәмiлеге қойылатын талаптарды орындамау, сақтамау нәтижесiнде мәмiлелер жарамсыз деп танылады (АК – тың 157 бабы). Ал, мәмiлелердiң жазбаша нысаның сақтамаудың нәтижесi қандай деген сауалға нақты жауап беру қиын. Заңнан екi түрлi жауап алуға болады: бiреуiн жалпы ереже ретiнде қолданылса, екiншiсi – жалпы ережеден ескертпе.

Жалпы ереже: мәмiленiң жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда жарамсыз деп танылмайды. Егер тараптар мәмiленiң жасалғандығы және мазмұны туралы фактiнi дауламаса, мәмiленiң заңдық күшi бар. Мәмiле орындауға жатады, оны сақтамаған жағдайда жалпы анықталған жауаптылық туындайды. Мысалы, АК – тiң 152 бабында сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен асқан мәмiле жазбаша нысанда жасалынуы тиiс. Азамат өз танысына 150 АЕК мөлшерiнде ақшаны қарызға бердi делiк, қарызды қайтарар сәтте займ жөнiндегi фактiнi, сомасы, мерзiмi жоққа шығарылмай, ақшаны қайтармайды. Мұндай жағдайда мәмiле өзiнiң заңдық күшiн сақтайды және несие берушi сотқа қарызды мәжбүрлеп өткiзуi туралы талап арызымен жүгiне алады.

Алайда, нысан сақталынбады. Заң бұзушылық қандай нәтиже бередi?

Егер бiр тарап мәмiленiң жасалғандығын түпкiлiктi жоққа шығарса немесе екiншi тараптың қойып отырған талаптардың мәмiленiң мазмұнында қарастырылғанын терiстемесе, орындалуын талап етiп отырған жақ өзiнiң айтқандарының рас екендiгiн растайтын куәнiң жауабымен дәлелдей алмайды. Бiрақ та басқа жазбаша дәлеледемелер келтiруi мүмкiн. Таныс мысал келтiрсек, борышқор ақшаны қайтармай, сотта несие берушiден тiптен ақша алмағандығын айтады. Борышқор қарыз берген кезде көрген куәнi сотқа ертiп келедi. Сот мұндай жағдайды ескермеуi тиiс. Егер несие беру борышқордың, яғни қарызды кешiктергенi үшiн кешiрiм сұраған хатын сотқа берсе, онда хат мәмiленiң жалғандығын растауы мүмкiн, ал борышқор оның орындалуына мәжбүрлеу шараларын қолданылуын талап етуiне болады. [14, 61 б]

Сонымен, мәмiленiң жай жазба нысанын жалпы сақтамау мәмiленiң жарамсыз деп, танымауына әкеп соқтыра қоймайды, бiрақ дәлiлдемелердi қиындатады.

Ережеден басқа жағдайларға жол берiлмейдi. Егер, мысалға заңда немесе тараптардың келiсiмi бойынша мәмiленiң басқаша нысанының болуы жөнiндегi талапқа, нысанның сақталмауы мәмiленiң жарамсыз деп танылуына әкеп соқтырады деген фраза қосылса, онда нысан сақталмаған ретте, тараптар оны жасағандығы жөнiндегi фактiнi терiстемегенде де мәмiленiң заңды күшi болмайды.

Мұндай жағдайда мәмiлеге қойылатын мiндеттi талаптарды бұзудың жалпы зардаптары қолданылады. Мәмiлелердiң жарамсыз деп тануына байланысты мұндағы қатысушы қарсы жақтан мәмiле бойынша бергендерiн қайтарып беруiне және қайтарып бере алмаған жағдайда келтiрiлген шығындарды қайтаруын талап етуге құқылы, яғни екi нақты реституция қолданылуға жатады.

Мәмiленi жазбаша нысанда жасамау, оны жарамсыз деп тану қаупiн тудыратын ережелер ҚР АК – тiң 294, 331, 337 баптарында қарастырылған. [9]

Қазақстандық және шетел азаматтары және заңды тұлғалардың арасындағы сыртқы экономикалық, яғни коммерциялық мәмiлелер жай жазбаша нысанда жасалынады.

Талаптар сақталынбаған ретте жоғарыда аталған зардаптар туындырады (153 – баптын АК). Сыртқы экономикалық мәмiлелердiң жарамдылығын сақтау үшiн мөрмен, қолмен немесе басқа белгiлермен, шарттарда, не заңда басқаша көрсетiлсе, растау мiндеттi емес. [4]

Мәмiлелердiң жазбаша нысанының сақталу қажеттiлiгi заңдардағы талап болмай тараптардың келiсiмiмен туындаса, тараптар мәмiленi жазбаша нысанада рәсiмделмей, мәмiлелер күшiне енбейдi және де заңды нәтижелер туындамайды. Тараптардың өзара келiсiмi болған жағдайда, мәмiленiң нысаны жөнiнде алғашқы келiсiмдерiн өзгерте алады.

Жоғары айтылғандай, кей жағдайларда жазбаша мәмiлелер жасау үшiн мәмiленiң талаптары қол қойған, құжаттастыру не тиiстi құжаттарды алмастыру, жеткiлiксiз. Сонымен қатар тиiстi реквизиттердi сақтау керiк. Арнайы белгiлердi пайдалану, мәмiленiң қатысушыларының  қолдары мөрмен растау және т.б. (АК 152 бап 3 тарау). Тараптармен басқаша келiсiлмесе, мәмiле нысаның сақтамайды нәтижесiнде жарамсыз деп танылады және екi жақты реституция қолданылады.

Нотариат куәландыру қажет ететiн мәмiлелердiң нысанын сақтамау (АК – тiң 154-бабы 1 тармақ), мәмiленiң жарамсыздығын бiлдiредi және екi жақты реституция толығымен немесе iшiнара орындалса, олар бiр бiрiне мәлiмделiу қайтаруы қажет (АК  тiң 157 бабы).

Бұл жалпы ережелер, егер нотариалды куәландыру туралы талаптарды  сақтамай жасалған мәмiлелер сотта расталса, қолданылмайды. Мәмiленiң жасалғаны және мазмұны шағымдануға жатпайтын фактiлер тән мәмiлелер жөнiнде сөз қозғалып отыр. Бұл ереже, мәмiле нысанының сақталмағандығына кiнәлi қатысушы (не оның құқыққабылдаушысы) кейiнен өзiне бiр жағынан тиiмсiз болып қалған мәмiледен арылу мақсатында, өзiнiң құқық бұзушылығын негiзге ала отырып, мәмiленi жарамсыз деп тануды қалған жағдайда қатысушы қорғайды. Бұл қатысушының әрекеттерiнде АК – тiң 158 – бабы 2 тармағы сақталынбаған.

Мына 3 шарт орындалған жағдайда аталған жалпы ережелер қолданылмайды:

  • мәмiленiң мазмұны заңға қайшы болмай, тек заңдағы мәмiле нысаны туралы талап бұзылса;
  • тым болмағанда бiр тарап болсын мәмiледегi қызметтердi (мiндеттердi) орындаса;
  • мәмiле үшiншi жоқтың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбаса.

ҚР АК – нiң 155-б. анықталған мәмiлелердi тiркеу туралы талаптар сақталынбаған ретте бұл мәселе күрделенедi. Баптың мәтiнiнде айтылғандай, тiркеудi қажет ететiн мәмiлелердi тек талап iске асырылған кезде ғана жасалынған болып табылады. Тиiстi дәрежеде рәсiмделген мәмiле тiркеуден өткенге дейiн толық заңды күшке ие болмайды. АК – тiң 155-бабы 2-тармағында былай дейдi: «Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса, бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптын талап етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi».

Мәмiле жасалып, бiрақ басқа тараптың қаламауымен тiркелмеген кезде қатысушының мынадай құқықтары бар: 1) егер мәмiле бойынша қандай да мүлiк келесi тарапқа берiлiп қойылса, екi жақты реституцияның қолданылуын талап етуге; 2) талапты сақтаудан бас тартып отырған қатысушының мәмiленi мәжбүрлi тiркеуiн соттан талап етуге.

Сот шешiмi бойынша тiркеудiң екiншi жолын таңдаған жағдайда, мәмiле заңдық күшiне енедi және талапты сақтаудан бас тартушы қатысушының еркiнен тыс мәжбүрлi түрде орындайды.

Бұл мәмiле жөнiндегi заңнамалардағы негiзгi ережелерi, олар мәмiленiң Құқықтық негiзiн жасау тәртiбiн, мазмұны мен жарамдылық шарттарын анықтайды. Ережедегi басты жағдай сол, мәмiле азаматтық, әсiресе мүлiктiк қатынас тудыратын негiзгi заңды факт болып қалады.

Әрбiр азамат және әрбiр заңды тұлға күнделiктi, кейде бiр рет күнiне мәмiле жасайды, оларды орындайды, бiрақ барлық уақытта мәмiленiң Құқықтық сипатын сезiне бермейдi. Мәмiленiң заңды сипатын бiлу және дұрыс түсiну – экономикалық айналымын қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғаудың басты шарты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Жарамсыз мәмiлелер

Мәмiленiң жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәмiленiң жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұнынаң талаптарына сәйкестiгi, мәмiлеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабiлеттiлiгi, еркi мен ерiк шын мәнiнде заңға қайшы келмеуi тиiс, яғни кез келген Құқықтық нормативтiк құжатттарға сай келуi қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған мәмiле жарамсыз мәмiле болып табылады. [15, 48с]

Мәмiле ерiктi әрекет болғандықтан, оны әрекет қабiлеттiлiгi бар әрбiр азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабiлеттiлiгi болғандықтан мәмiле жасауға қабiлеттi деп саналады. Мәмiленiң жарамды болуы үшiн ерiк және ерiк бiлдiру бiр бiрiмен сәйкес келуi керек. Олардың арасындағы сәйкессiздiк мәмiленi жарамсыз етiп көрсетедi. Мәмiле оның нысанын сақтау кезiнде құқықтар мен мiндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерiк бiлдiруi немесе ресми куәландыру әдiсi көрiнедi. Мәселен, оған мәмiленi нотариалдық куәландыру (АК-тiң 154-бабы) мен (АК-тiң 155-бабы) айтуға болады.

Азаматтық кодекстiң 157-бабында Бұл туралы былай делiнген: «Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның, не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп  танылуы мүмкiн».

Азаматтық құқық теориясында мәмiлелердiң  жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлiнедi:

а) субъект құрамының ақауы болатын мәмiле;

ә) ерiкке қатысты ақауы бар мәмiле;

б) нысанның ақауы бар мәмiле;

в) мазмұнының ақауы бар мәмiле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтiн кез келген мәмiле жарамсыз болатындығы жөнiнде жалпы норма бар (АК-тiң 158-бабы).

Субъектiлiк құрамының ақауы бар мәмiле екi топқа бөлiнедi. Оның бiрiншiсi азаматтардың әрекет  қабiлетсiздiгiмен, екiншi — заңды тұлғалардың арнайы құқық қабiлеттiлiгiмен немесе олардың органдарының мәртебесiмен байланысты болады.

Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайында  туындаған әрекеттер мәмiленiң жарамсыз болуына басты негiз болып есептеледi.

Ондай жарамсыз мәмiлелерге мыналар тжатады:

а) Азаматтық кодекстiң 23-бабында көзделген мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәмiле  жарамсыз болады (АК-тiң 159-бабының 3-тармағы);  

ә)  он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi  кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының  келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға  құқығы бар мәмiлелердi  қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша  жарамсыз  деп тануы мүмкiн (Ак-тiң 159-бабының 4-тармағы).

б) есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жкармсыз болады. Кейiннен әрект қабiлеттiлiгi жоқ  деп табылған азамат жасасқан мәмiле(АК-тiң  26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ Бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәленденсе, оның қорғаншысының  талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн (АК-тiң 159-бабының 5-тармағы);

в) сот әрекет қабiлетiлiгiн  шектеген адам жасасқан мәмiленi сот  оның қамқоршысының талап етуi бойынша  жарамсыз деп  тануы мүмкiн (АК-тiң 159-бабының 6-тармағы);

г) сот әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекетiнiң мәнiн  түсiне алмайтын  немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн  жағдайда болған азамат жасақан мәмiленi сот азаматтың талабы бойынша, ал егертiрiкезiнде  талап етуге азаматтың мүмкiндiгi  болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың  талабы бойынша жарамсыз  деп тануы мүмкiн (АК-тiң 154-бабының 7-тармағы);

Жоғарыда аталған мәмiлер бойынша әрекет  қабiлеттiлiгi бар  тарпа жарамсыз мәмiленiң  Азаматтық кодекстiң 157-бабының  3-6 тармақтарында көзделген  салдармен қоса, екiншi тараптың  залалын  оның пайдасына өндiрiп  беруi мүмкiн. Мұндай мiндет әрекет қабiлеттiлiгi  бар жаққа, егер ол екiншi жақтыңәрекет қабiлеттiлiгi жоқ екендiгiн бiлсе,  не бiлуге тиiстi  болса ғана жүктеледi.

Азаматтық кодекстiң 159 — бабында заңды тұлғалардың  жарамсыз мәмiлесiн сотпен жарамсыз  деп тануға  мынадай негiздер қарастырылған:

а) заңды тұлғаның заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп  не оның органының жарғылық құзыретiн  бұза отырып жасаған мәмiле жасауы;

ә) қажеттi лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшiнiң бiткеннен кейiн  жасалған мәмiле;

б) терiспиғылдағы  бәсеке мақсатын көздейтiн  немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзған мәмiле.

Ерiктi ақауы бар мәмiлер екi топқа бөлiнедi:

1) мәмiле жаауға iштей келiспейжасалған мәмiле;

2) iшкi ерiктiң дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәмiле.

Бiрiншi топқа бiр тараптың екiншiсiн алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бiр тарап өкiлiнiң екiншiтараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасаған мәмiлер жатады (АК-тiң 159-бабының9, 10 тармақтары).

Ерiк ақауы бар жоғарыда аталған мәмiлелердiң жарамсыз болуының себебi мәмiленi жасауда сол тұлғаның еркi болмайды, әрi ерiк бiлдiрудi мәмiлеге қатысушының еркi емес, әлде бiреудiң  ықпалымен болған ерiк болып табылады.

Зорлап мәмiле жасату  дегенiмiз, мәмiлеге қатысушыны мәжбүрлеп  оның өзiне, не жақындарына күш қолдану (Ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т.б.) немесе  жан-дүниесiн жаралап мәмiле жасауға көндiру болып табылады.

Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбiр жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту мiндет емес.

Қорқыту — тұлғаға мәмiлi жасамаған жағдайда  оның өзiне немесе жақын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдiк  зиян келтiретiндiгiн  ескертiп, қоқан-лоқы жасау. Қорқыту зорлықтан мынадай белгiлер бойынша ерекшеленедi:

а) қорқыту — зиян келтiрмекшi болғанымен әлi жүзеге аса қоймаған әрекет;

ә) қорқыту құқыққа  сай келетiн уәдемен (мысалы мен, мүлiкке тыйым салуды қолданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрiздi) көрiнуi мүмкiн, сондай-ақ құқыққа  сай емес әрекетпен) мүлiктi жою, адамның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру) жасалады.

Қорқытудың салдарынан мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн қорқыту құр сөзбен емес, шын мәнiнде болуы керек. Аталған жағдайлардың бәрi сот iстi қарағанда есепке алынады.

Бiр тараптың екiншiсiмен зұлымдық ниетте келiсiмге келуi ерiк бiлдiруде айтқанға көне салмаушылықтан туындайды. «Зұлымдық ниеттегi» мәмiлеге мынадай мысал келтiруге болады, саяжайды сатушы сатып алушының өкiлiне саяжайдың болашақ иесiне саяжайға байланысты кемшiлiктi айтып қоймауын өтiнiп, келiсiмге келедi.

Алдауарқылы және жаңылысу немесае кiрiптарлықпен жасалатын мәмiлелермен келiсушiлерге тән нәрсе (АК-тiң 159-бабының 8, 9-тармақтары), жеме-жемге келгенде жағдайдың   шылауында кетiп, өзiндiк бағытынан айрылып қалуы  дер едiк. Алдау дегенiмiз мәмiлеге қатысушыны көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бiрi екiншi жаққа мәмiленiң тиiмдiлiгiн асыра  мақтап немесе тиiмсiз жағын бүгiп қалып (мәселен, сатылғалы тұрған заттың кемшiлiгiн жасыру немесе сатылмақ үйдiң көшесiнде трамвай жолы салынғалы жатыр деп) мәмiле жағдайлары жөнiнде жалған  айтса, мiне, Бұл алдау болады.

Алдау мен жаңылысудың айырмасына келетiн болсақ, алдауда мәмiле туралы терiс Ұғым саналы түрде болады.

Азаматтық кодекстiң 159-бабының 8-тармағына сәйкес  елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз дептануы мүмкiн.

Мәмiленiң табиғатына, Ұқсастығына  немесе оның өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнгi қалдыру немесе күшiн жою шартты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзгi бола алады. Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдарынан болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы  екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы. [16, 112]

Жарамсыз мәмiленiң тағы бiр түрi — кiрiптарлық мәмiле (АК-тiң 159-бабының 9-тармақтары). Кiрiптарлық мәмiленiң үш белгiсi болады:

а) мүлде тиiмсiз ауыр мән-жағдайларда жасалуы;

ә) өзi үшiн тиiмсiз ауыр мән-жағдайлардың орын алуы салдарынан жасалуы;

б) мәжбүрлi, яғни тұлғаның еркiнен тыс жасалуы;

Мұндайда сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша ондай мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Жарамсыз мәмiленiң келесi түрi — нысанының ақауы бар мәмiлелер. Азаматтық кодекстiң 153-бабына орай мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

Азаматық кодекстiң 153-бабының 2- тармағында заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде мәмiленiң жай жазбаша түрiн  сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтыратыны көрсетiлген. Егер мәмiленiң жай жазба түрi сақталмаса сыртқы экономикалық  мәмiле (АК-тiң 153-бабының 3- тармағы), айып төлеу келiсiмi (294бап), кепiлдi немесе кепiл болушылық шарты (331-баптың 2- тармағы), кепiл туралы шарт (307-баптың 2 және3 — тармақтары) жарамсыз болып қалатыны Азаматтық кодексте анық айтылған.

Азаматтық кодекстiң 154-бабына сәйкес мәмiле  нотариатпен куәландыру тәртiбiн сақтамай жасалса, онда жарамсыз деп есептеледi. Дей тұрғанмен Мұндай мәмiлелердiң бәрiн бiрдей заң жарамсыз дей бермейдi. Айталық, нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiленi тараптар немесе тараптардың бiрi iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан заңдарға қайшы келмесе және үшiншi жақтардың құқықтарына бұзбаса, сот мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануғақұқылы. Бұл ретте мәмiленi кейiннен  нотариаттың куәландыруы талап етiлмейдi.

Ендi мазмұнында ақауы бар мәмiлеге келейiк, мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне не адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады (АК-тiң 158-бабы). Демек заңдарға оның немесе басқа да құқықтық құжаттарға сәйкес келмеуi белгiленген талаптарды бұзу деп есептеледi.

Бұл орайда азаматтық құқық пен мiндет заңға сәйкес жасалған  мәмiледе ғана туындап қоймайды, сонымен бiрге заңда қаралмаған, бiрақ оған қайшы келмейтiн мәмiлелерде туындайтындығын есепке алу қажет. Ал мазмұны  заңға қайшы мәмiленiң екi түрi болады:

а) Құқықтық  тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мәмiле (АК-тiң158- бабы);

ә) сондай-ақ  жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелер (АК-тiң 160-бабы). Мұндай мәмiлелерге мемлекеттiң белгiлi бiр қызмет түрiне монополиялық құқықты бұзатын, азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiн шектейтiн немесе мүлiктiң жекелеген түрiне меншiк құқығына шектейтiн мәмiлелер жатады.

Азаматтық колекстiң160-бабында жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелердiң қандай болатыны келтiрiлген. Сондықтан да заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады. Азаматтық кодекстiң аталған бабының 2-тармағына сәйкесегер мәмiлеекiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жаалса, тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелердi қолданады. Мысалы, автомашинаны сату-сатыпалумәмiлесiн әлгi көлiктi уақытша ақысыз пайдалану немесе «сенiмхат беру» жолымен рәсiмдеу мейлiнше кеңiнен тараған.

Мәмiлелердiң жарамсыздығының салдары Азаматтық кодекстiң 157-бабында қарастырылған. Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда әрқайсысы  екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда оның қҮнын ақшалай өтеуге мiндеттi. Мұндай жақтардың қайтаруы бастапқы ережеде екi жақты ретитуция деп аталады.

Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта  да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi  бiр тарап орын даған ретте, екiншi тараптан алғандардың бәрi және одан мәмiле бойынша  бiрiншi тарапқа тиесiлiсiнiң бәрi тәркеленуге тиiс. [17, 199 с]

Егер  тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуi тиiс.

Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының  бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркеленуге тиiс.

Нақты мән-жайларды ескереотырып сот осы баптың 4 және 5 тармақтарындағы көзделген салдарды жарамсыз мәмiле бойынша  алынған, не алынуға тиiстi мүлiктi  тәркәлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара, не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3- тармағындакөзделген салдар басталады.

Сотқа әрекеттi жасаған кiнәлi жақтардан залады өндiрiп алу құқығы берiлген, нәтижесiнде мәмiленiң жарамсыздығы залал көрген келесi жақтың пайдасына шешiледi.

Азаматтық кодекстiң 161-бабында мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы белгiленедi. Сонымен қатар мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.

Мәмiленi жарамсыз деп тану кезiндегi талап қою мерзiмi iс жүзiнде маңызға ие.

Азаматтық кодекстiң 162-бабы 159-баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген негiздер бойынша мәмiленiң жарамсыздығына байланысты даулар бойынша мәмiленiң жарамсыздығына байланысты даулар бойынша заңды талап  мерзiмi зорлық немесе қорқыту ықпалы мен мәмiле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап, не талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын өзге де мән- жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл болады. БҮдан басқа  жағдайда мәмiленiң жарамсыздығына жалпы үш жылдық заңды талап мерзiмi қолданылады.

Соттың заң күшiне енген шешiмiне сәйкес жарамсыз болып танылған жағдайда нотариаттық органның iстерiнде сақтаулы мәмiленiң данасына белгi соғады. [18, 126 с]

Мәмiле жарамсыз деп танылғанда немесе ол талаптардың келiсiмi бойынша бұзылған жағдайда нотариус Бұл жөнiнде тiзiмiнде осы туралы белгi қояды және иелiктен айырушыға құқық беретiн құжаттарды қайтарады. Бұл  ретте бұрын алынған мемлекеттiк баж салығы (жекеше нотариустың қызметiне ақы төлеу), сондай-ақ төленген тариф (жекеше нотариустың қосымша қызмет көрсетуi) тараптарға қайтарылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ӨНДІРІСТЕ МӘМIЛЕЛЕРДI НОТАРИАЛДЫҚ КУӘЛАНДЫРУ ЖӘНЕ СОТТА ҚАРАУ

 

2.1 Нотариаттық тәртіппен куәландырылатын мәмілелер

Тақырыпқа кіріспес бұрын, нотариат дегеніміз не? Нотариустар кімдер? Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жасау ережелеріне тоқталайық, сонымен Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заң бойынша, Қазақстан Республикасындағы нотариат – даусыз келсімдерді , құқықтар мен фактілерді куәландыруға, азаматтардың құқықтарын заңды түрде бекітуді және оларға заңды түсініктер беруге бағытталған басқа да нотариалдық іс шараларды орындау қызметтерін жүзеге асырушы органдар жүйесі болып табылады. [12]

Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

  1. Мемлекеттік нотариус және жекеше нотариустар.
  2. Қалаларды, қала түптес қалашықтарда, тығыз ораналасқан аудандарда нотариаттық контораның нотариустері;
  3. Нотариалдық конторасы жоқ ауылдық жерлердің атқару органының лауаызмды адамы;
  4. Шетелде нотариалдық қызметті атқаратын консул мекемелеріндегі Қазақстан Республикасының консулдары;
  5. Сондай-ақ ноотариат туралы заңның 37 бабы бойынша нотариалдық қызметпен теңестірілетін ауруханалар, санаторилер және емдеу, қарттар мен мүгедек үйлерінің бас және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері нотариус куәландырған өсиетпен теңеледі.

Әскери қызметшілердің өсиеттерін әскери командирлері куәландырады. Нотариаттық іс-әркеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар жоқ болған жағдайда.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттері мен сенімхаттары нотариус куәландырған өсиетпен теңеледі.

Жүзу кезінде Қазақстан Республикасы туы астында жүзіп жүрген теңіз кемелерінде немесе ішкі суларда жүзіп жүрген кемелердегі азаматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиетпен теңеледі. Ал  басқа кездері нотариаттық әрекеттер мемлекеттік нотариустармен және нотариаттық    қызмет атқаруға құқығы бар, лицензия алған жеке практикамен айналысатын нотариустерде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметте жүрген қызметтегі нотариустан лицензия талап етілмейді.

Нотариаттық қызметті атқаратын нотариустерге берілетін лицензияны Әділет Министрлігі қарамағындағы Біліктілік алқасының ұсынуымен ҚР Әділет Министрлігі береді. Бұл лицензия нотариуске нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік беретін бас құжат болып табылады. Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет Біліктілік алқасы, ал лицензиясының берілу мерзімі  мен тәртібін ҚР Әділет Министрлігі белгілейді. Лицензияның мерзімі шектелмейді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Нотариус лицензиясын алу үшін  мемлекетік алым төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді. [19]

Мемлекеттік нотариус «Нотариат туралы» Заңның 6 бабында көзделген талаптарға сай болуға тиіс. [12] Мемлекеттік нотариус қызметін аумақтық әділет органдары енгізеді және жояды. Мемлекеттік нотариустың нотариаттық іс-әрекеттері үшін аумақтық әділет органдары мүліктік жағынан жауап береді.

Мемлекеттік нотариат кеңсесі аумақтық әділет органының құрылымдылық бөлімшесі болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекіткен ереже негізінде жұмыс істейді. Мемлекеттік нотариат кеңселері Қазақстан Республикасының аудандарында, қалаларында орналасқан.

Жекеше нотариус – заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзінің азаматтық – құқықтық, жауапкершілігі нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандырған және аумақтық әділет органында есепке тұру тіркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.

Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерінде есеп айрысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуына , еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық қызметтен алынған табысқа билік етуге , соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес  басқа да іс-әрекеттер жасауға құқылы. Жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық палатаның мүшесі болуға тиіс. Нотариаттық палата мүшелігінен бас тартуға болмайды. [20, 75 с]

Қазіргі кезеңде жеке нотариустар ұйымдасу кезеңінен өтіп, қоғамдағы өз орнын тапқанға ұқсайды. Жеке нотариустер жаңа қарқынмен дамып келеді. Алғашқы ұйымдастыру кезеңінде қиындықтар болғаны рас, бірақ аймақтық нотариалдық палаталардың белсенділігі арқасында  жеке нотариустар өтпелі кезеңнен дұрыс өтті. Бүгінгі таңда обылыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында нотариалдық палаталар жұмыс атқаруда.

Олар өздерінің құрылтай съезінде  республикалық палата құрылымын, басшыларын сайлады. Республикалық нотариалдық палата Әділет Министрлігімен терезесі тең дәрежеде жеке нотариустардың жұмысына басшылық жасап , оны өркендетуге күш салуда.

Бүгінгі таңда республикалық нотариаттық палата құрамына Алматы қалалық және Ақтөбе облыстық нотариалдық палаталары енбеген. Олар негізінде  құрылымға баламалы өздерінің орталық басшы органын құруды мақсат тұтты, бірақ ол қадамдары заңда белгіленбегендіктен жүзеге аспады. [21, 2 б]

Нотариалдық палаталар жергілікті жерлердегі жеке нотариустарға басшылық жасап қана қоймай, оларды материалдық және анықтамалық құралдармен жабдықтап отырады. Дегенмен нотариалдық палаталарда ішкі демократияны дамыту,өзін-өзі басқару жолында олқылықтар көзге көрінуде. Палаталарда ішкі тәртіптік ережелері, кәсіби және моральдық жауапкершілік шектеуі белгіленбеген.Күні бүгінге дейін ҚР «Нотариат туралы »Заңында  белгіленген жеке нотариустың ар-намысы , жауапкершілігі кодексі жасалмаған. [12]

Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жасау ережелерін мемлекеттік нотариус болсын, жеке практикамен айналысатын нотариус болсын басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариустың қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасау  туралы Нұсқаулықта көзделген басқа жағдайларда кез келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.

Нотариустың қызметінің аумақы мынадай іс-әрекет жасаған кезде сақталынады. [22]

  1. мұралық мүлікті сақтауға шаралар қолданғанда;
  2. мұраға құқық туралы куәлікті берген жағдайда;
  3. жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ меншіктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер бергенде;
  4. тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және кепілге салу туралы құжаттарды куәландырғанда;
  5. тұрғын үй құрылысы туралы шарттарда куәландырғанда.

Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайына, үй-жайдан тыс жерлерде жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер нотариат кеңсе үй-жайынан басқа жерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекетті тіркейтін тізімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалаған жердің адресі және уақыт көрсетіледі.

Нотариаттық іс-әрекеттер үшін барлық керекті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариустық іс-әрекет жасаған жағдайда мемлекеттік баж салығы төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төлеген күні жасалады.

1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет жағдайда;

2) құжаттарды сараптамаға жібергенде;

3) басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Нотариус қабылдаған өтінішке қабылданған күні, өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, өтініш берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.

Нотариаттық іс-әрекетті кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыру мүмкін (Заңның 41-бабы 2-тармағы).

Арыз түскен жағдайда нотариаттық іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін (Заңның 41-бабы 3-тармағы).

Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.

Басқа бір адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шектегенге дейін тоқтатыла тұрады (Заңның 41-бабы 4-тармағы).

Нотариаттық іс-әрекет жасағанда өтінген азаматтың, оның өкілінің жеке басын анықтайды. Азаматтың жеке басын анықтау ішкі істер органдары берген азаматтардың төлқұжаты немесе куәлігі бойынша жүргізіледі.

16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын анасы  және тууы туралы куәлігімен анықтайды. Кәмелетке толмағандардың жеке басын өздері ұсынған құжаттарымен анықтайды. Бұған қоса 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау қамқоршылар арқылы жүзеге асырылады.

Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.

Әскери қызметшілердің жеке басын өздеріне берілетін билеттерімен анықтайды.

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген азаматтығы жоқ адамның жеке басын анықтау өз елінде берілген құжаттар бойынша ҚР ішкі істер бөлімдерінде тіркеледі де сол құжаттар бойынша анықталады.

ҚР тұрақты тұратын шетел азаматтарының жеке басы жарамды ұлттық төлқұжатымен ҚР қоныстануға арналған уақытша ықтиярхат бойынша анықталады.

Мәмілелерді куәландыруда және кейбір нотариаттық іс-әрекеттердің жасауда мәмілеге қатысушылар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға тілек білдірген басқа адамдардың қойылған қолдарының түпнұсқалығы тексеріледі. Өкілмен мәміле жасау кезінде оның өкілеттілігі тексеріледі.

Мәмілеге қатысушылардың жүйке ауруымен немесе ақыл есінің кемдігі өзін-өзі билей алмауы өз отбасын материалдық жағдайын ауыр жағдайға ұшырататыны нотариустың болжамына негіз болса, оның ауру екендігі жөніндегі қағаздары болмаса, нотариус мәлімдемені он күнге кейінге қалдыра тұрады және әрекет қабілеттілігі шектелген деп тану туралы сот шешімінің бар жағын тексереді. [23]

Шетел заңды тұлғасының әрекет қабілеттілігі сауда тізімінің көшірмесі немесе осы заңды тұлғаның белгілеген тәртіпте тіркелгендігі растайтын басқа құжаттар бойынша анықталады.

Заңды тұлға басшылығының өкілеттігі жарғы бойынша тексеріледі.

Заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ филиалдың басшысының өкілеттігі заңды тұлғаның атынан өкілетті орган берген сенімхат бойынша анықталады.

Жеке тұлға өкілеттілігі заңмен белгіленген тәртіпте куәландырған сенімхат бойынша немесе заңмен көзделген басқа құжаттарымен тексеріледі.

Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және басқа да құжаттарға қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды. Нотариус қол қоюшының нотариаттық куәландырылатын құжаттағы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізбесіндегі қолын оның жеке куәлігіндегі қолымен салыстырып тексереді.

Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген тұлға өзінің дене кемістігінен өзі қол қоя алмаса нотариустың қатысуымен басқа азамат қол қоя алады.

Егер нотариаттық іс-әрекетті өтінген азамат керең немесе мылқау немесе керең әрі мылқау болса, нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде осы азаматпен тіл табыса алатын маманның қатысуымен қол қоюымен куәландыруы қажет.

Егер азамат сауатсыздығынан немесе дене кемістігінен нотариаттық куәландыратын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нтариус оған құжатты оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

Егер азамат нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда құжаттың мәтіні оған осы тілді білетін нотариуспен немесе аудармашымен аударып беруге тиіс, ол туралы құжатқа белгі қойылады. Куәландыратын құжаттың мазмұнына қатысты сандар мен мерзімдер сөзбен жазылуға тиіс.

Заңды тұлға нотариаттық іс-әрекетті жасауды жүгінсе, онда оның тіркеу номері мекен жайы толық жазылуы тиіс.

Егер жеке тұлға нотариаттық іс-әрекет жасауды жүгінсе, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері көрсетіледі, ал шетел азаматтары жөнінде олардың азаматтығы жоқ тұлғаларға бұл жөнінде мәлімені көрсетіледі

Тараптар қол қоймайтын құжаттың мәтіндегі түзетулер туралы куәландыру жазбасының соңында нотариус қана ескертеді.

Куәландыру жазбалары анық басылған немесе қолдан анық жазылған болу тиіс, өшіруге, бос жерлері сызылуы, ескертілмеген түзетулер бұдан бұрын баяндалған ережелер бойынша ескертілуге тиіс.

Мұрагерлік құқық, меншік құқық, азаматтың тірі екендігі және жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға мәлімдеген жерінде болу фактілері куәландырылғанда, суреттегі тұлға мен азаматтың бір екендігі салыстырып расталғанда құжаттар сақтауға қабылданғанда тиісті куәліктер беріледі.

Әрбір нотариаттық іс-әрекетке жеке реттік номер беріледі. Тізілімге нотариаттық іс-әрекет тіркелген номер нотариустың беретін куәліктерінде және құжаттардағы куәландыру жазбаларында көрсетіледі.

Нотариустық іс-әрекетті тізімге жазу нотариус куәландыру жазбасына немесе беретін құжатқа нотариус қол қойғаннан кейін ғана жүргізіледі.  Жазуларды қарындашпен жазуға жол берілмейді.

Өсиеттердің дублекаттары мен көшірмелері туралы мәліметтер мүдделі адамдарға тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін беріледі.

Нотариаттық іс-әрекет жасағанда азаматтың немесе лауазымды адам заң нормаларын бұзған жағдайда қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе прокурорға хабарлайды. Ұсынған құжаттың түпнұсқалығы күмән туғызса, нотариус оны сараптамаға жіберуге құқылы.

Құжаттың сараптамаға жіберілгендігі туралы қаулы шығарылады, онда:

1) қаулы шығарылған күн;

2) нотариустың тегі, аты-жөні, қажет болған жағдайда мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы;

3) құжаттың атауы, оның кімнің атына берілгендігі;

4) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін құжатты ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны;

5) құжатты сараптмаға жіберу қажеттілігін туғызған жағдайлар;

6) құжатты қай сараптама мекемесіне сараптама жүргізу үшін жіберілгені;

7) сарапшының шешуі үшін қойылған сұрақтар көрсетіледі.

Нотариаттық тәртіппен куәландырылатын мәмілелердің қатарына мыналар жатады;.

1) тұрғын үйлерді иеліктен шығару, 2) өсиеттер, 3) сенімхаттар, 4) шарушылық серіктестігінің құрылтайшылық құжаттары, 5) неке-келісім шарттары жатады.

Нотариус заңдармен міндетті нотариаттық куәландыру белгіленген мәмілелерді куәландырады. Тараптардың тілегі бойынша нотариус басқа мәмілелерді де куәландыра алады.

Нотариус пен нотариаттық іс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәміле жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес кемтіліп және заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.

Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу және кепілге салутуралы шарттар иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын мүлікке деген меншік құқықтарын растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкін.

Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу мен кепілге салу шартын куәландыру сол мүлік тұрған жерде жасалады.

Тіркелуге жататын жер учаскесіндегі тұрғын үй құрылысы туралы шартты жер учаскесі берілген жердегі нотариус куәландырады.

Нотариус пен нотариаттық іс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес іс-әрекетке қабілетті азаматтар жасаған және олардың өздері нотариусқа табыс еткен өсиеттерді куәландырады. Өсиеттерді өкілдер арқылы куәландыруға жол берілмейді.

Өсиеттерді куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлікке оның меншік құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етілмейді.

Нотариус және нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттің күшін жою туралы хабарлама алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттің күшін жоятын немесе өзгертетін жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттің нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізіліміне бұл туралы белгі соғады. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарламаны нотариат куәландыруға тиіс.

Нотариус пен лауазымды адамдар бір немесе бірнеше адамның атынан сенімхаттарды куәландыру.

Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат қайта сенім білдіру құққығы сөз болған негізгі сенімхатты табыс ету бойынша нотариаттық куәландырылуға тиіс. Қайта сенім білдіру тәртібімен тәртібімен берілген сенімхаттың мазмұнында негізгі сенімхат бойынша берілген құқықтан артық құқық болмауға тиіс. Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі оның берілуіне негіз болған сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

Мәміленің мазмұны баяндалып, нотариаттық тәртіппен куәландырылатын құжаттар даналарының санын нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамдар анықтайды.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі «Нотариат туралы» заңмен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен белгіленеді.

Мәмілелерді куәландырған кезде азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі анықталады және нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі тексеріледі.

Нотариаттық куәландырылған мәміленің мәтіні анық және түсінікті жазылуға немесе баслылуға, мәміленің мазмұнында ең болмағанда бір рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз, олардың туған жері көрсетіле отырып жазылуға тиіс.

Азаматтардың тектері, аттары мен әкесінің аттары, олардың тұратын мекен жайлары толық жазылуға тиіс.

Өшіріп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздерді немесе басқа да келісілмеген түзетулері бар мәмілелердің мәтінін куәландыруға немесе құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттарды куәландыруға болмайды.

Көлемі бір парақтан асатын құжатта парақтар тігілген, бауланған және мөрмен бекітілген болуға тиіс.

Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің немесе басын анықтайды.[22]

Қазақстан Республикасының азаматының жеке басны анықтау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі бойынша жүргізіледі.

Мәмілелерді куәландыруда және кейбір нотариаттық іс-әрекеттерді жасауда мәмілеге қатысушылар мен нотариаттық іс-әрекет жасауға тілек білдірген басқа адамдардың қойылған қолдарының түпнұсқалығы тексеріледі.

Мәмілелерді куәландырғанда азаматтардың әрекет қабілеттілігі және мәмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың нотариаттық іс-әрекет жасау сәтіндегі құқық қабілеттілігі тексеріледі. Өкіл мен мәміле жасу жағдайында оның өкілеттілігі тексеріледі.

Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және басқа құжаттарға қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды. Нотариус қол қоюшының нотариаттық куәландырылатын құжаттағы және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізбесіндегі қолын оның жеке куәлігінде қолымен салыстырып тексереді.

Мәмілелерді куәландырғанда, құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысандарда куәландыру жазбалары жасалынып, нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.

Куәландыру жазбалары анық басылған немесе қолдан анық жазылған болуы тиіс, өшіруге жол берілмейді, бос қалған жерлері сызылуы, қосып жазулар мен ескертілмеген түзетулер бұдан бұрын баяндалған ережелер бойынша ескертілуге тиіс.

Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанда мәмілелерді куәландырады. Сонымен, «Мәмілелердің мынадай түрлері міндетті нотариаттық куәландыруға жатады».

  1. Тұрғын үйлерді иеліктен шығару (сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту өмір бойы асырау шартымен иеліктен шығару» және кепілге салу туралы шарт.
  2. Өсиеттер.
  3. Мүлікті басқаруға, егер заңда өзгеше көзделмесе, нотариаттық куәландыруды талап ететін мәмілелерді жасауға берілетін сенімхаттар
  4. Азаматтық заңдармен көзделгендігінен басқа жағдайларда қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхаттар.
  5. Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылық құжаттары.
  6. Жеке келісім шарттары.

Нотариус өзіне заң көлемінде берілген өкілеттіктер бойынша мәмілелерді куәландырады.

Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті.

Егер мәміле жасау сәтінде әрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкогольдік немесе есірткелік масаю халінде болса нотариус мәмілені куәландырудан бас тартуға тиіс.

Мәмілелердің мазмұны баяндалатын нотариаттық тәртіпте куәландырылатын құжаттар данасының саны екеуден кем болмауы тиіс. Оның біреуі нотариуста қалады, бірақ мәмілеге қатысушылардың санынан артық болмауға тиіс.

Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу (сату, айырбастау, сыйға тарту және т.б.) және өзге де жылжымайтын мүлікке заттың құқықты иеліктен алу шарттарын мүліктің тұрған жері бойынша, сонымен қатар жылжымалы мүлікті иеліктен айыру шарттарын оның тұрған жеріне байланыссыз куәландырады.

Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасауда ортақ бірлескен меншікке қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариаттық тәртіп бойынша расталуы тиіс.

Сондықтан мүлікті иелікпен алу шарттарын жасағанда, нотариус басқа меншік иелерінің (сонын ішінде жұбайлардың) мүлікті билеуге келісімін талап етуге міндетті.

Жұбайлардың некеде тұрған кезде жиналған мүлкі ортақ болып есептелінеді. Содықтан жылжымайтын мүлікті немесе оған құқықты, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті иеліктен алу шарттарын жасағанда нотариус кәмелетке толған меншік иелерінің мүлікті алған сәттегі отбасы жағдайын анықтайды. Және жұбайдың мүлікті иеліктен алуға келісімі туралы нотариаттық куәландырылған арызын талап етеді.

Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландырғанда нотариус ең алдымен иеліктен алынатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жер учаскесінің құқықтық тәртібін анықтауы қажет.

Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде нотриус жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттарды талап етеді және жер учаскесі жер иесінің оған тиісті құқықтарды алу жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді иеліктен алу кезінде жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттар талап етілмейді.

Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус мемлекеттік тіркеуді белгіленген тәртіппен құрылған басқа мемлекеттік ұйымдардың тіркеуші органдар нақтылы құрылғанға дейін олармен жасалған мәмілелерінің заңды күші болады.

Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде нотариус:

  1. құқық белгілеуші құжатты.
  2. құқықтық кадестрдің тіркеуі паарағынан көшірмені.
  3. құрылыстың иеліктен алу сәтіндегі техникалық сипаты туралы анқтаманы талап етеді. Иеліктен алынатын мүлікті бағалау актісі мұны тек мәміле тараптары (не олардың бірі) көздеген жағдайларда ғана талап етіледі.

Нотариус мен құқығының кез-келген объектісін (жылжымайтын әрі жылжитын) мүлікті де) айырбастау шартын куәландырады.

Жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын жылжитын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус аталған шарттарды мемлекеттік тіркеуге алудың қажеттігін түсіндіреді.

Нотариустың мәмілелердің ішіндегі некелік келісім-шарттарды куәландыруы міндетті негізге жатады және оны мәмілелерді куәландырудың жалпы ережелеріне сәйкес куәландырады.

Некелік келісім-шарттар неке тіркелгенге дейін және сонымен қатар тіркелгеннен кейін де куәландырыла береді.[24]

Некелік келісім-шарт жасалған соң жұбайлардың мүліктік келісім тәртібі ерлі-зайыптылардың неке кезіндегі мүліктерін иеену, пайдалану мен билеуде тең құқыққа ие болатындығы жөніндегі бірлескен меншіктің бекітілген заң тәртібінің орнына қолданады.

Нотариус жұбайларға мүлік жөнінде мәмілелер жасағанда нотариустың сонымен қатар басқа да мүдделі адамдардың осы келісім-шарттың жағдайларымен танысуы тиіс екенін түсіндіреді.

Әрбiр нотариалдық әрекеттердi жасаудың тәртiбi өзiндiк ерекшелiктерге ие және оларды бөлек — бөлек қарау қажет. Ендi нотариалды iс — тәжiрибеде жиi кездесетiн нотариалдық iс — әрекеттерге  тоқталайық.

Нарықтық қатынасқа көшу кәсiпкерлiк қызметтiң бостандығы азаматтық — құқықтық мәмiлелер санының көбеюiне алып келдi. Азаматтың айналымда жасалынатын түрлi мәмiлелердiң көпшiлiгi ауызша, не жазбаша нысанда жасалынады. Кейбiр мәмiлелер заң бойынша мiндеттi  түрде нотариалды куәландыруды қажет етедi, талапты сақтамау мәмiленiң жарамсыздығына алып келедi (АК 167 б.2-т, 169 б.2-т, 220 б. 3-т.). нотариалды куәландыру  заңның талаптарына мәмiленiң нақты сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.

Нотариалды куәландырылған мәмiле бойынша акқшаны алу немесе беру, қарыз мүлiктi беру дау болмаған ретте нотариустың атқару құжатының негiзiнде iске асырылады (заңның 87 б. 1 б.) Мүдделi тұлға мәмiленiң түп нұсқасын жоғалтқан жағдайда нотариуста сақталынған үлгiге немесе көшiрмесiне нотариалдық әрекеттi тiркеу кiтапшасындағы жазбаға сүйенсе болады. Заңмен арнайы нотариалды куәландыру көрсетiлмеген жағдайда мәмiлелердi нотариалдық тәртiппен куәландыруға болады.

ҚР АК 4 тарауында «Нотариат» туралы заңның 8 тарауында мәмiлелердi куәландырудың негiзгi ережелерi көрсетiлген. Мәмiлелердiң мазмұны баяндалатын нотариаттың тәртiпте куәландыратын құжаттар данасының саны екеуден кем болмауы тиiс, оның бiреуi нотариуста қалады, бiрақ мәмiлеге қатысушыларды санынан артық болмауға тиiс. Мәмiлелердi тiркеу әрекетi мәмiлелердiң әр данасына нотариус қолы қойылған және мөр таңбасы бар және нотариалдық әрекеттер тiркелген ерекше куәландыру жазба түрiн де рәсiмделедi (заңның 49 б.). Кез келген жазбаны жасамас бұрын нотариус мәмiленiң құқыққа қабiлеттiлiгi және әрекет қабiлеттiлiгiн; мәмiле мазмұнына тараптардың шын ниеттерiне сәйкес келетiнi және заң талаптарына қайшы келмейтiнiн тексередi.

14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың атынан мәмiлелердi олардың ата — аналары (асырап алушылар, қамқоршылар), ал әрекет қабiлеттiлiгi жоқ азаматтардың атынан — қамқоршылары жасайды.

14-тен 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi ата-аналарының (асырап алушылардың, қорғаншыларыны), ал әрекет қабiлеттiлiгi  шектелген адамдар — қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды.

Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда мәмiлелер үшiн белгiленген нысанға сәйкес келуi тиiс.

Кәмелетке жасы толмағандар, қамқорлыққа алынғандар (қорғаншылыққа алынғандар) атынан қамқоршылар (қорғаншылар) мәмiле жасау үшiн немесе оларды заңда көрсетiлген жағдайларда жасау үшiн қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келiсiм талап етiледi.

Тiркелуге жататын қозғалмайтын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы мәлiмдемелер иелiктен алынатын немесе кепiлге салынатын мүлiкке деген құқықты растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкiн.

Салық салынатын мүлiктi басқа иелiкке шығару туралы мәмiлелер, сондай-ақ осы мәмiлелердi бұзу туралы келiсiмдер олар тиiстi органдарда тiркелген кейiн салықтың төленгенi туралы дәлелдер ұсынылмай-ақ куәландырылуы  мүмкiн.

Шартты бұзу туралы келiсiм тиiстi органдарда тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн шартқа қосып жеке құжат ретiнде дайындау жолымен немесе тараптардың бiрлескен жазбаша өтiнiштерi негiзiнде шарттың барлық даналарына жазбалар арқылы рәсiмделедi.

Егер шартты бұзу туралы келiсiм жеке құжатты жасау жолымен рәсiмделсе, нотариус шарттың нотариаттық куәландырылған барлық даналарына бұзу туралы белгiнi қояды. Шартты бұзу туралы тараптардың келiсiмi не шарт белгiленген тәртiпте тiркелгеннен кейiн қол жеткiзiлсе нотариус тiркеген  органнан анықтаманы талап етедi.

Шартты бұзу кезiнде, егер осы құжат тиiстi органда тiркелмеген болса, нотариус шарттың бұзылғаны туралы оның барлық даналарына және тiзiлiмдерге белгi  соғады.

Аталған шарттарды бұзу кезiнде осы келiсiмдердi бұзу үшiн бұрын өндiрiлген мемлекеттiк баж (жекеше нотариуске төленген сома) тараптарға қайтарылмайды.

Соттың заң күшiне енген шешiмiне сәйкес жарамсыз болып танылған жағдайда нотариус нотариаттық органның iстерiнде сақтаулы мәмiленiң данасына белгi соғады.

Мәмiле жарамсыз деп танылғанда немесе ол тараптардың келiсiмi бойынша бұзылған жағдайда нотариус бұл жөнiнде тiзiлiмде осы туралы белгi қояды және иелiктен айырушыға құқық беретiн құжаттарды қайтарады. Бұл ретте бұрын алынған мемлекеттiк баж салығы (жекеше нотариустың қызметiне ақы төлеу), сондай-ақ төленген тариф (жекеше нотариустың қосымша қызмет көрсетуi) тараптарға қайтарылмайды.

Мәмiлелердiң мазмұны баяндалатын нотариаттық тәртiпке куәландырылатын құжаттар данасының саны екеуден кем болмауы тиiс, оның бiреуi нотариуста қалады, бiрақ мәмiлеге қатысушылардың санынан артық болмауға тиiс.

а) Мүлiктi иелiктен алу туралы шарттарды куәландыру

Нотариус жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу (сату, айырбастау, сыйға тарту және т.б.) және өзге де жылжымайтын мүлiкке заттық құқықты иелiктен алу шарттарын мүлiктiң тұрған жерi бойынша, сонымен қатар жылжымалы мүлiктi иелiктен айыру шарттарын — оның тұрған жерiне байланыссыз куәландырады.

Ортақ бiрлескен меншiктегi немесе үлеске меншiк құқығындағы мүлiктердi иелiктен алу ортақ бiрлескен мүлiктiң барлық қатысушыларының келiсiмiмен жүргiзiледi.

Нотариаттық куәландыруды  немесе мелекеттiк тiркеудi талап ететiн мәмiлелердi жасауда ортақ бiрлескен меншiкке қатысушылардың мәмiле жасауға келiсiмi нотариаттық тәртiп бойынша расталуы тиiс (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 220 -бабының 3-тармағы).

Сондықтан мүлiктi иелiктен алу шарттарын жасағанда, нотариус басқа меншiк иелерiнiң (соның iшiнде жұбайлардың) мүлiктi билеуге келiсiмiн талап етуге  мiндеттi.

Жұбайлардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi (егер неке келiсiмiмен мүлiктiң басқаша тәртiбi белгiленбесе) ортақ болып есептеледi. Сондықтан жылжымайтын мүлiктi немесе оған құқықты, сондай-ақ мелекеттiк тiркеуге жататын мүлiктi иелiктен алу шарттарын жасағанда нотариус кәмелетке толған меншiк иелерiнiң мүлiктi алған сәтiндегi отбасы жағдайын анықтайды және жұбайдың мүлiктi иелiктен алуға келiсiмi туралы нотариаттық куәландырылған арызын талап етедi.[24]

Егер жұбай нотариусқа өзi келiп, жылжымайтын мүлiктi иелiктен алуға өтiнiш берсе, қолының түпнұсқалығын куәландыру талап етiлмейдi. Бұл жағдайда нотариус жұбайдың жеке басын анықтайды және қойылған қолының түпнұсқалығын тексередi, Бұл туралы өтiнiшке белгi қояды және жеке басты анықтайтын құжатты, оның нөмерiн, берiлген күнiн, құжат берушi мекеменiң атауын көрсетедi.

Егер жұбайдың өтiнiшiнде мүлiктi иелiктен алуға нақты кiм турасында келiсiм беретiн, немесе бағасы және басқа талаптары көрсетiлсе, нотариус шартты куәландыру кезiнде осы талаптардың орындалуын тексеруге мiндеттi.

Жалпы мүлiктегi үлестi (үлестiң үлесiн) бөгде адамдарға сату кезiнде сатылатын үлестi меншiктiң қалған қатысушылары оның сатылатын бағасы бойынша және (жария саудаға салып сату реттерiнен басқа) және тең жағдайларда сатып алуға басым құқығы болады.

Үлесті сатушы оның бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлестi меншiктiң басқа қатысушыларына өз үлесiн бөгде адамға сату  ниетi туралы — жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi, егер үлестi меншiктiң басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе меншiк құқығындағы жылжымайтын мүлiктегi сатылатын үлестi бiр ай iшiнде, ал басқа мүлiк жөнiнде хабар алған күннен бастап он күн iшiнде иеленбесе, сатушы өз үлесiн иелiктен алуға құқылы.

Ортақ үлестiк меншiк құқығындағы басқа қатысушылардың үлестi  (үлестiң үлесiн)сату жөнiндегi хабарламасының дәлелдемесiне төмендегiлер жатуы мүмкiн:

1) қойылған қолының түпнұсқалығы, нотариаттық куәландырылған ортақ үлестiк меншiкке қатысушының өтiнiшi;

2) ортақ үлестiк меншiкке қатысушының нотариус қөзi әкелiп берген өтiнiшi, нотариустың осы нұсқаулықтың 44 — тармағындағы ереженi сақтай отырып ортақ үлес меншiгiне қатысушыларға бөлген үлестi (үлестiң үлесi) сатушының хабарламасы.

Жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шарттарын куәландырғанда нотариус ең алдымен иелiктен алынатын жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жер учаскесiнiң құқықтықтәртiбiн анықтауы қажет.

Қолданылып жүрген жер туралы заңға сәйкес жер учаскесiнде тиiстi меншiк құқығы алынған (жер құқығын пайдалану) жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шарттарын куәландыру кезiнде нотариус жер учаскесiнде құқық белгiлеушi құжаттарды талап етедi және жер учаскесi (жер пайдаланушы) меншiк иесiнiң оған тиiстi құқықтарды алу жөнiндегi өкiлеттiктерiн айқындайды.

Көп пәтерлi тұрғын үйлерде пәтерлердi иелiктен алу кезiнде жер учаскесiне құқық белгiлеушi құжаттар талап етiлмейдi.

«Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 22.12.95ж. Жарлығына сәйкес нотариустың мынадай жағдайда иелiктен  алуды куәландыруға қҮқысы жоқ:

1) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын  (Жарлықтың  40-бабының 2-тармағы), сонымен қатар пайдалануға берiлген жер учаскесiнде тұрған жылжымайтын мүлiк объектiлерiн (Жарлықтың 18-бабының 5 — тармағы);

2) мемлекеттiк жер пайдаланушының иелiгiндегi жер пайдалану құқығын, бекiтiлген тәртiп бойынша жер учаскесiне орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен алуға байланысты болған жағдайды қоспағанда (Жарлықтың 44 — бабының 2 — тармағы);

 3) заңды тұлғаға және шетелдiк азаматқа Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке  меншiгiндегi учаскесiн жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге бау — бақшалық және саяжай құрылысын жүргiзе беруге. [22]

Нотариус тараптарға жер учаскесiн иелiктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтiнiн түсiндiредi (сервитут және т.б.).

Нотариус жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шарттарын куәландыру кезiнде осы мүлiктiң тиесiлiгiн тексередi. Жылжымайтын мүлiктiң (пәтерлердiң, тұрғын үйлердiң, саяжайлардың, гараждардың, ғимараттар мен әкiмшiлiк және өндiрiстiк бағыттағы үйлердiң, жер учаскелерiнiң және т.б.) жек немесе заңды тұлғаға тиесiлiгiн растайтын құжаттарға мыналар жатуы мүмкiн:

1) жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру жөнiндегi нотариаттық куәландырылған шарт немесе құрылыс салу құқығы туралы 1948 жылдың 26 тамызына дейiн жасалған шарт;

2) жеке меншiк тұрғын үй құрылысын салатын тұрғын-үй құрылыс Үжымына тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскесiн беру туралы шарт;

3) сатып алу-сату (оның iшiнде сатушыны өмiр бойы асырау шартымен), айырбас, сыйға тартудың нотариаттық куәландырылған (немесе 1931 жылдан 1936 жылға дейiнгi кезеңде коммуналдық орган куәландырған) шарт;

4) жекешелендiру шарты;

5) жария саудадан алғандығы туралы акт;

6) ортақ мүлiктегi (оның iшiнде жұбайлардың мүлкiне) үлеске меншiк құқығы туралы куәлiк;

7) меншiк құқығын растайтын (оның iшiнде мүлiктi бөлу кезiндегi және т.б.) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi;

8) мүлiктi бөлу туралы шарт;  

9) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылығы 20 ақпандағы қаулысымен бекiтiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу тәртiбi туралы Уақытша ереже қабылданғанға дейiн берiлген тiркеу куәлiгi;[13]

10) жергiлiктi атқарушы органдар беретiн меншiк құқығы туралы куәлiк;

11) мұраға құқық туралы куәлiк;

12) құрылтайшылық шарт және шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорына салым енгiзу кезiндегi қабылдау-тапсыру актiсi;

13) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi өкiлеттiк берген органның немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), немесе заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен өкiлеттенген органның шешiмi, немесе сот органының шешiмi (заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде), сондай-ақ осындай шешiммен бекiтiлген бөлу балансы немес өткiзу актiсi:

14) сауда, конкурстар, аукциондар нәтижелерiнiң хаттамасы, мемлекеттiк мүлiктi және т.б. көрсетiлген мекен бойынша тiкелей сатудың шарты, мемлекеттiк мүлiктi сатудың сатып алу-сату шарты немесе аталған хаттаммалардың кез-келгенiнiң негiзiнде жасалған өзге шарт;

15) Әкiмнiң шешiмi, сатып алу-сату шарты, жер учаскесiне меншiк құқығы (жердi тұрақты пайдалану құқығы) туралы мемлекеттiк акт.

Осы тармақта көрсетiлген тiзбе бәрiн толық қамтымайды. Құқық берушi құжаттар қатарына жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын растауға құзырлы органдардың заң актiлерi тәртiбiнде белгiленген өзге де құжаттар жатуы мүмкiн.

Жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шартын куәландыру кезiнде нотариус мемлекеттiк тiркеудi белгiленген тәртiппен тiркеушi органның құжат мәтiнiндегi белгiсi негiзiнде тексередi.

Жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттiк тiркеудiң және жылжымайтын мүлiктi тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құрылған басқа мемлекеттiк Ұйымдардың тiркеушi органдар нақтылы құрылғанға дейiн олармен жасаған мәмiлелерiнiң заңды күшi болады.

Жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шартын куәландыру кезiнде нотариус Құқықтық кадастрды тiркеу парағынан көшiрме бойынша иелiктен алынатын мүлiкке ауыртпалықтардың жоқтығын тексередi.

Бiр жылдан аса мерзiмге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлiктi иелiктен алуға мына жағдайларда жол берiледi, егер:

1) мүлiктi иелiктен алушы мен аталған құқық иегерi арасындағы бiр жылдан асатын мерзiмге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иелiктен алуға тiкелей тыйым салмаса;

2) ауыртпалықты мүлiктi иелiктен алуға бiр жылдан аса мерзiмге жылжымайтын мүлiк құқығын пайдалану құқығына иегердiң келiсiмi болса, жылжымайтын мүлiк меншiк иесiнiң шартында Мұндай келiсiм тiкелей көзделген жағдайларда;

3) жылжымайтын мүлiктi бiр жылдан аса мерзiмге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлiктi пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы құлақтандырылса.

Бiр жылдан аса мерзiмге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтiнiнде, шарттың мәнi осындай құқық ауыртпалығын көтеретiнi және сатып алушы (сыйға алушы және т.б.) құқықты пайдалану иесiмен қарым-қатынаста иелiктен алушының құқықты мұрагерi болып табылатыны көрсетiледi.

Рента төлеушi мүлiктi иелiктен шығарған кезде оның рента шарты жөнiндегi мiндеттемелерi мүлiктi иеленушiге көшедi, ал рента ауыртпалығымен жылжымайтын мүлiктi басқа адамның меншiгiне берген тұлға рентаны алушыға қатысы жөнiнде заң актiлерiмен немесе шартпен көзделген жауапкершiлiк көтередi.

Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, рентамен ауыртпалық түскен жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шартын куәландырады:

1) Мұндай иелiктен алуға заң актiлерiмен немесе рента шартымен тыйым салынбаса:

2) рента алушының рента ауыртпалығы түскен мүлiктi иелiктен алуға нотариаттық куәландырылған келiсiмi болса, осындай келiсiмнiң қажеттiлiгi рента шартында тiкелей  көзделген  жағдайда;

3) рента ауыртпалығы түскен жылжымайтын мүлiктi сатып алушыны нотариус рента шартының шарттары және иелiктен алушының рента төлеу жөнiндегi мiндеттерiнiң оған көшетiнi туралы құлақтандырғанда;

4) рента ауыртпалығы түскен мүлiктi иелiктен алушы рентаны алушы жөнiнде мүлiктi сатып алушының рентаны төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн заң актiлерiмен немесе шартпен көзделген жауапкершiлiктi көтеруге мiндеттенедi.

Рента ауыртпалығы түскен жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтiнiнде шарт мәнi рента ауыртпалығы бар екендiгi, сатып алушы (сыйлық алушы және т.б.) рента алушымен өзара қарым-қатынаста иелiктен алушының Құқықтық мұрагерi болып табылатыны, ал иелiктен алушы сатып алушының рента төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн орындамағаны үшiн заң актiсiнде немесе шартта көзделген жауапкершiлiктi көтеретiнi туралы белгi соғылады .

Нотариус кепiл ауыртпалығы түскен (ипотека) мүлiктi иелiктен алу шартын мына жағдайларды сақтай отырып куәландырады:

1) Мұндай иелiктен алуға заң актiлерiмен, кепiл актiлерiмен тыйым салынбаса және кепiл мәнiнен туындамаса;

2) кепiл ұстаушының жазбаша келiсiмi болса;

3) кепiлмен ауыртпалық түскен жылжымайтын мүлiктi сатып алушы нотариус арқылы кепiл шарты туралы, кепiл құқығының күшiн сақтайтыны туралы және кепiл ұстаушы, егер борышкер белгiленген мерзiмдерде негiзгi мiндеттемесiн орындамаса, сатылып немесе кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алуға құқылы екенi туралы құлақтандырылса.

Кепiлмен ауыртпалық түскен нотариаттық куәландырылатын жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу шартының мәтiнiнде ол шарттың мәнi кепiл ауыртпалығы болып табылатыны туралы белгi соғылады.

Нотариус кепiлге салынған мүлiкке меншiк құқығын иелiктен алудың негiзгi мiндеттеме бойынша борыштың ауысуына әкеп соқпайтынын түсiндiредi (Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 323-бабы).

Жылымайтын мүлiктi иелiктен алу шарттарын куәландыру кезiнде нотариус:

1) құқық белгiлеушi құжатты;

2) Құқықтық кадастрдың тiркеу парағынан көшiрменi;

3) құрылыстың иелiктен алу сәтiндегi техникалық сипаты туралы анықтаманы талап етедi. Иелiктен алынатын мүлiктi бағалау актiсi мұны тек мәмiле тараптары (не олардың бiрi) көздеген жағдайларда ғана талап етiледi.

Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлеушi құжатта бейнелеген техникалық сипаттама осындай құжат беру сәтiне жарамды болып табылады. Сондықтан жылжымайтын мүлiк мәмiлелерiн куәландыру кезiнде нотариус мүлiктiң иелiктен алу кезiндегi техникалық сипаттамасын бейнелейтiн құжатты талап етедi. Құқық белгiлеушi құжатта көрсетiлген мүлiктiң техникалық сипаттамасы туралы мағлұматтар иелiктен алу сәтiндегi мағлұматтармен сәйкес болмаған жағдайда нотариус осындай өзгерiстердi растайтын құжатты талап етедi.

Нотариус тұрғын үйдi (пәтерлердi) өмiр бойы ұстау шартымен иелiктен алу шартын мына келесi талаптар сақталған жағдайда куәландырады:

1) сатушы жасына немесе денсаулық жағдайыны қарай еңбекке қабiлетсiз  болуы ерек;

2) сатып алушы сатып алу бағасын төлеу есебiнен сатушының өмiрiнiң аяғына дейiн оған тұрғын жай беру, тамақтандыру, оны бағып-күту,  қажеттi көмек көрсету түрiнде нақтылы материалдық қамтамасыз етуге мiндеттенедi;

3) сатушының тiрi кезiнде үйдi (пәтердi) иелiктен алуға болмайды;

4) егер сатып алушы өмiр бойы асырау шартымен иелiктен алу шарты бойынша өзiне қабылдаған мiндеттемелердi орындамаса, шарт сатушының талабы бойынша бұзылуы мүмкiн ;

5) егер оған қатысты емес мән- жайларға байланысты материалдық жағдайының өзгергенi соншалық, ол сатушыға шартта көрсетiлген жағдайда тудыра алмаса немесе сатушы өзiнiң еңбек қабiлеттiлiгiн қалпына келтiрсе шарт сатушының талабы бойынша бұзылуы мүмкiн.

Өмiр бойы асырау шартымен тұрғын үйдi (пәтерлердi) иелiктен алу шартының мәтiнiнде барлық көрсетiлген шарттар анық баяндалуы тиiс. Бұған қоса шарттың мәтiнiне сатып алушының сатушыны асырау жөнiндегi қосымша мiндеттердi (ақша төлемдерi және т.б.) енгiзуге болады.

Нотариус меншiк құқығының кез келген объектiсiн (жылжымайтын әрi жылжитын мүлiктi де) айырбастау шартын куәландырады.

Айырбастау шартын нотариуспен тарапптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүлiктiң кез келген объектiсiнiң тұрған жерi бойынша куәландырады, Бұл жағдайда нотариус басқа объектi тұрған жердегi органның мүлiкке тыйым салудың (қамаудың) жоқтығы туралы анықтамасын талап етедi.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiктi (автомотокөлiк құралдары, тракторлар және т.б.) иелiктен алу кезiнде нотариус көлiк құралдарының техникалық паспортын (тiркеу туралы куәлiк), қажет жағдайда жұбайлардың келiсiмiн талап етедi.Бағалау актiсi нотариусқа мүдделi адамдардың тiлегi бойынша берiледi.

Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын мүлiктi иелiктен алу шартын куәландыру кезiнде нотариус ұсынылған құжаттар негiзiнде (құнды қағаздар, ақша құжаттары және т.б.) оның иелiгiн және оның бағасының тараптардың айтуымен анықталғандығы туралы шарт мәтiнiне белгi қояды.Сонымен қатар, қажет болған жағдайларда осы Нұсқаулықтың 44- тармағындағы  ережелер бойынша жұбайлардың нотариаттық куәландырылған  келiсiмi туралы арыз талап етедi.

Жылжымайтын мүлiктi сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжитын мүлiктi иелiктен алу шартын куәландыру кезiнде нотариус аталған шарттарды мемлекеттiк тiркеуге алудың қажеттiгiн түсiндiредi.

ә) Мүлiктi ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру

Жеке меншiктегi жылжымайтын мүлiктi ақысыз пайдалануға, не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезiнде нотариус жылжымайтын мүлiкке құқық беретiн осы Нұсқаулықтың 83- тармағында көрсетiлген құжаттарды, Құқық кадастрының тiркеу парағынан үзiндiнi талап етедi. Нотариус iсте көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн қалдырады Заттың құқық негiзiнде жалға берушiнiң иелiгiндегi мүлiктi ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезiнде осы Нұсқаулықтың алдыңғы тармағында көрсетiлген құжаттармен қатар мүлiк иесiмен жасалған шарт талап етiледi, оның көшiрмесi нотариустың iстерiнде қалдырылады. Егер мұндай шарттың мерзiмi бiр жылдан жоғары болса, ол заңмен белгiленген тәртiпке тiркелу керек.

Тiркелуге жататын мүлiктi уақытша ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шартты куәландыру кезiнде нотариус құқықтық кадастрдың тiркеу парағындағы  көшiрме бойынша ауыртпалықтардың (оның iшiнде пайдалануға тыйым салулардың) жоқтығын тексередi.

Пайдалануға тыйым салынған жағдайда шартты куәландыру тыйым салу алынғанша тоқтатылады.

Мүлiктi уақытша пайдалану немесе жалға беру туралы шарттың жағдайлары тараптардың келiсiмiмен, қажет жағдайларда сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар талаптарымен айқындалады.

Жеке меншiктегi тұрғын үйлердi жалға беру (немесе уақытша ақысыз пайдалануға беру) тұрғын үйдiң барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi. Келiсiм шарттары Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында белгiленген ережелер бойынша айқындалады.

Нотариус мемлекеттiк жер пайдаланушыға тиiстi жер учаскесiн (оның бөлiгiн) өкiлеттi орган арқылы мемлекеттiң келiсiмiмен ғана Үзақ мерзiмдi (3 жылдан  аса мерзiмге) жалға беру шартын куәландыруға құқылы.

Қызметтiк тұрғын үйгеқызмет көрсету үшiн учаске ретiнде бөлiнген қызметтiк жер тiзiлiмiне құқықтан басқа мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер учаскелерiн уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын куәландыруға жол берiлмейдi.

Нотариус жалға алу, екiншi рет ақысыз жер пайдалану шартының мерзiмi және т.б. жалдау, жалға алу, бiрiншi жер пайдалану және т.б. шартының мерзiмiнен аспауы керек немесе жалға беру құқығының белгiленген тәртiпке мемлекеттiк тiркелуге жататындығын түсiндiредi.

Мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шарттарды куәландыру. Нотариус  азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың, оның iшiнде шетел азаматтарының ортақ (бiрлескен немесе үлестiк) меншiгiндегi мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шарттарды куәландырады.

Нотариус тараптардың келiсiмiмен белгiленген ортақ мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шартты куәландырады. Дау болған жағдайда нотариус сотқа жүгiну тәртiбiн түсiндiредi.

Нотариус ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шартты куәландыры кезiнде шолып шығу үшiн осы Нұсқаудың 84-тармағында аталған құқық белгiлеушi құжаттарды, Құқықтық кадастрдың тiркеу парағынан көшiрменi, құрылыстың шарт жасау  сәтiндегi  техникалық сипаты туралы анықтаманы талап етедi.

Әрбiр қатысушыға қатысты пайдалану тәртiбi туралы шартта ол пайдалануға құқылы жылжымайтын мүлiктiң нақты бөлiгi, олардың реттiк нөмiрi мен мөлшерiн көрсетумен техникалық құжаттың атауы көрсетiледi.

Нотариус жылжымайтын мүлiктiң заңдастырылмаған бөлiктерiн пайдалану тәртiбiн белгiлеушi шартты куәландыруға құқылы емес.

Мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шартты куәландыру кезiнде тараптар жер учаскесiн пайдалану тәртiбiн айқындап та, айқындамай да жер учаскесiндегi тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн белгiлеуге құқылы.

Мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шарттың пайдалану тәртiбi белгiленетiн ортақ мүлiктегi үлестi сатып алушы тұлға үшiн мiндеттейтiн күшi болады.

Жылжымайтын мүлiктi пайдаланудың  тәртiбi туралы шарт дербес құқық белгiлеушi құжат болып табылмайды, ол құқық белгiлеушi құжатқа қосымша ретiнде жүредi және заңмен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Егер  ортақ бiрлестiк немесе бiрлескен меншiкке қатысушылар ортақ меншiк тәртiбiн тоқтатқысы келсе, нотариус оларға мүлiктi пайдалану тәртiбi  мен мүлiктi бөлу шартын бекiтудiң құқықтық салдарының айырмашылығын, сондай-ақ соңғының жасалу шарттары мен тәртiбiн түсiндiредi.

Мүлiктi бөлу туралы шарттарды куәландыруНотариус ортақ (бiрлескен немесе үлестiк) меншiктегi мүлiктi бөлу туралы шарттарды куәландырады.

Ортақ мүлiктi бөлек (жеке) меншiкке ауыстыруға жол берудiң шарты мүлiктiң бөлiнетiн бөлiгiн Құқықтық дербес нысаны ретiнде қарастыру мүмкiндiгi болып табылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi  218, 221 — баптар).

Тұрғын үйдi (пәтердi) сол тұрған қалпында бөлу үй-жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлгеннен кейiн бiрнеше тұлғаның меншiгiнде (пайдалануында) қалмайтын жағдайда мүмкiн болады. Сондықтан, егер бөлiнген бөлiкте (бөлiктерде) жеке есiк шығарудың және қажеттi қосымша жаймен қайта  жабдықтаудың техникалық мүмкiндiгi болмаса, тұрғын үйдi немесе пәтердi бөлудi куәландыруға нотариустың құқығы жоқ. Бұл жағдайда нотариус мүдделi адамдарға олармен мүлiктi пайдалану тәртiбi туралы шарт жасалуы мүмкiн екендiгiн түсiндiредi. [26]

Жылжымайтын мүлiктi бөлу кезiнде ортақ пайдаланылатын үйдiң төбесi, iргетасы, үй астындағы жер учаскесi бөлiнбейтiндiктен ортақ үлес меншiгiнде қалады. Үй жанындағы жер учаскесi, егер жер учаскесiн бөлу жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатта көрсетiлсе немесе бөлу кезiнде жеке меншiкке ауысқан жылжымайтын мүлiк бөлiгiнiң мөлшерiне пара-пар үлес көрсетiле отырып ортақ меншiк үлесiнде қалдырылған жағдайда бөлiнуi мүмкiн.

Ортақ меншiкке қатысушылар арасындағы келiсiм бойынша тұрғын емес үй-жайды бөлу шартын бекiту кезiнде ортақ пайдаланудағы басқа да орындар (дәлiздер, баспалдақтар және т.б.) қалдырылуы мүмкiн.

Мүлiктi бөлгеннен кейiн ортақ үлестiк меншiкте қалатын мүлiк бөлiгi дербес объект ретiнде бөлiнiп, оған дербес кадастрлық нөмiр берiледi, басқа бөлiктерi бұрынғы қосалқы меншiк иелерiнiң  жеке меншiгiне көшедi.

Тұрғын үй-жайды алу туралы шарттың мәтiнiнде әрбiр бұрынғы меншiк иесiне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдiң (пәтердiң) жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тiлiмен көрсетiлуi керек, сондай-ақ жалпы үлетiк меншiкте қалатын объектiлер көрсетiлуi керек.

Тұрғын емес үй-жайды бөлу туралы шарттың мәтiнiнде әрбiр бұрынғы меншiк иесiнiң меншiгiне ауысқан үй жайлардың (негiзгi , сондай-ақ қосымша үй-жайлар), барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ортақ ауданына (оның iшiнде үлестiк меншiкке жатқызылғандар) қатысы арифметика тiлiмен көрсетiлуi керек, сондай-ақ үлестiк меншiкте қалған объектiлер көрсетiлуi керек. Егер ортақ үлеске дәлiздер, баспалдақ аралығы және т.б. жатса, нотариус арифметика тiлiмен олардың жалпы ауданының барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ауданына, сондай-ақ бұрынғы қосалқы меншiк иелерiнiң бөлуден кейiн олардың жеке меншiгiне жатқызылған жылжымайтын мүлiктiң мөлшерiне пара-пар есептелген жалпы пайдалану орындарына жалпы үлестiк меншiгiндегi үлестерiнiң мөлшерiн көрсетуi керек.

Нотариус сонымен бiрге ол бойынша жалпы (үлестiк  немесе бiрлескен) меншiкке қатысушылардың барлығының келiсiмi бойынша қатысушылардың бiреуi (немесе бiрнешеуi) жалпы мүлiктiң нақтылы бөлiгiн, оның iшiнде тұрғын үйдiң (пәтердiң) жеке бөлiгiн меншiкке ала алады, ал басқа бөлiгi қалған қатысушылардың жалпы (бiрлескен немесе үлестiк) меншiгiнде қалады.

Нотариус жұбайлардың мүлкiн бөлу кезiнде ортақ бiрлескен меншiк режимiн және неке бұзудың мүлiктiк салдарын анықтайтын некелiк келiсiм-шарттың  бар — жоғын анықтайды. Мұндай  келiсiм — шарт болған жағдайда мүлiктi бөлу неке келiсiм — шартында белгiленген тәртiп пен шартқа сәйкес жүргiзiледi.

Жылжымайтын мүлiктi бөлу туралы шартты, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiктi бөлу шартын куәландыру кезiнде нотариус:

  • белгiленген тәртiпте тiркелген құқық белгiлеушi құжатты;
  • Құқықтық кадастрдың тiркеу парағынан көшiрменi;
  • Бөлу сәтiндегi жылжымайтын мүлiктiң техникалық сипаттамасы туралы анықтамаларды талап етедi.

Егер бұл тараптар келiсiмiнде көзделсе, мүлiктi бағалау актiсi талап етiледi.

Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжитын мүлiктi бөлу туралы шартты куәландыру кезiнде нотариус осы мүлiктiң тараптарға тиiстiлiгiн растайтын құжаттарды талап етедi. Алайда тиiстiлiгi қандай да бiр құжаттармен айқындалмаған мүлiкке қатысты шарт та куәландырылады. Бұл жағдайда мүлiктiң кiмге тиiстiлiгi тараптардың айтуымен көрсетiледi. Егер тараптардың келiсiмiмен көзделсе мүлiктi бағалау актiсi талап етiлуi мүмкiн.

Мүлiктi бөлу (үлестi бөлу) туралы шарт заңмен белгiленген тәртiп кезiнде бойынша мемлекеттiк тiркелуге жатады. Үлесті бөлу кезiнде құқық белгiлеушi құжат үлестiң бөлiнуi туралы белгi соғылып, құқықты иеленушiге (құқықты иеленушiлерге) қайтарылады.

б) Некелiк келiсiм-шарттарды куәландыру

Некелiк келiсiм-шарт мiндетiн нотариаттық куәландыруға жатады.

Нотариус некелiк кесiм-шарт туралы мәмiлелердi куәландырудың жалпы ережелерiне сәйкес куәландырады.

Некелiк келiсiм — шартта тараптардың мүлiктiк құқығы мен мiндеттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттар да реттелiнедi.

Некелiк келiсiм — шартта неке тiркелгенге дейiн және сонымен қатар тiркелгеннен кейiн де куәландырыла бередi.

Некелiк келiсiм-шарт жаалған соң жұбайлардың мүлiктiк келiсiм тәртiбi ерлi-зайыптылардың неке кезiндегi жинаған мүлiктерiн иелену, пайдалану мен билеуде тең құқыққа ие болатындығы жөнiндегi бiрлескен меншiктiң бекiтiлген заң тәртiбiнiң орнына қолданылады.

Некелiк келiсiм-шарт сонымен қатар жұбайлардың бiреуiнiң некеге дейiнгi немесе неке кезiндегi сыйға тартылған немесе мұралық тәртiппен иеленген мүлiктерiн иелену, пайдалану мен басқару тәртiбiн өзгертуi мүмкiн.

Некелiк келiсiм-шарт жасау кезiнде тараптар өз қалаулары бойынша:

1) ортақ (бiрлескен немесе үлестiк) меншiк тәртiбiн, не неке кезiнде жинаған барлық мүлiктерiне бөлек меншiк тәртiбiн, бұған қоса алғанда, жұбайлардың бiреуiнiң болашақта иеленетiн мүлiктерiнiң бөлiгiне немесе жекелеген түрлерiне меншiк тәртiбiн таңдауға;

2) бiр-бiрiн жөнiндегi (оның iшiнде неке бұзылған жағдайда да) өздерiнiң қҮқытары мен мiндеттерiн анықтауға;

3) жұбайлардың табыстарына қатысу тәртiбiн белгiлеуге;

4) отбасының шығындарды бөлу тәртiбiн анықтауға;

5) неке бұзылған жағдайда жұбайлардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi анықтауға;

6) некелiк келiсiм — шартқа жұбайлардың мүлiктiк қатынастарына байланысты кез — келген өзге де жағдайларды енгiзуге құқылы.

Сонымен қатар некелiк келiсiм-шартта көзделген қҮқытар мен мiндеттер белгiлi мерзiмдермен шектелуi не ерекше жағдайлардың туындауына немесе туындамауына байланысты болуы мүмкiн.

Некелiк келiсiм-шарт жұбайлардың келiсiмi бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы туралы келiсiм мiндеттi түрде нотариаттық куәландыруға жатады. Некелiк келiсiм — шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.

Нотариус жұбайларға мүлiк жөнiнде мәмiлелер жасағанда нотариустың сонымен қатар басқа да мүдделi адамдардың осы келiсiм — шарттың жағдайларымен танысуы тиiс екенiн түсiндiредi.

в)Өсиеттерді куәландыру

Нотариус Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес iс-әрекетке қабiлеттi азаматтар жасаған және олардыңң өздерi нотариусқа табыс еткен  өсиеттердi куәландырады, Мұндай жағдайда өсиет қалдырушының азаматтығына  мән берiлмейдi.

Бiрнеше тұлғаға атынан не өкiлдер арқылы өсиеттердi куәландыруға жол берiлмейдi («Нотариат туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 56- бабының 1-тармағы).

Өсиет жазбаша түрде дайындалып, оны жасау орны мен уақыты көрсетiлiп, өсиет қалдырушының қолы қойылуы керек.

Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiгiне немесе өзге себептерге байланысты өсиетке өз қолымен қол  қоя алмаса, онда  оған осы Нұсқаудың 24- тармағында баяндалған ережелер бойынша басқа азамат қол қояды, бұл туралы куәландыру жазбасында тиiстi белгi соғылады.

Өсиет бiр немесе бiрнеше жеке тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ заңды тұлғалардың және мемлекеттiң пайдасына  да жасалынады. Егер өсиет бiрнеше адамдардың пайдасына жасалса, өсиет қалдырушы әрбiр мұрагердiң үлес мөлшерiн, немесе олардың әрқайсысына тиiстi мүлiктi немесе барлық  мұрагерлердiң мұрадағы үлестерiнiң тең екенiн көрсетуi керек.

Мұрагер, егер мұны өсиет қалдырушының өзi қаламаса, басқа жағдайларда  өсиет жасау  кезiнде қатысуға құқылы емес, Бұл жөнiнде өсиет қалдырушының (өсиетке оның тапсыруы бойынша қол қойған адамның), нотариустың  және оның мөрiнiң бедерлемесiмен, қойған қолдарының  расталуымен  өсиеттiң екi данасына да белгi соғылады.

Өсиеттi куәландыру кезiнде нотариус өсиет қалдырушыға заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердiң өсиеттiң мазмұнына қарамастан мiндеттi үлесiн алуға құқылы екендiгiн түсiндiредi, бiрақ Бұл ереже ақшалай салымға (салымдар) өсиет жасау кезiнде қолданылмайды.

Өсиеттi куәландыру кезiнде өсиет қалдырушының оның мұралық мүлкiне құқығын растайтын дәлеледердi ұсыну талап етiлмейдi.

Мұра қалдырушыны өмiр бойы ұстау шарты немесе мұрагерлiк бойынша мүлiкке иелiк жасау еркiндiгiн шектейтiн шарты бар өсиет куәландырылмайды. Мұндай шарттардан өсиеттен бас тарту және мiндеттеме жүктеу шарттарына  айыра бiлу керек.

Нотариус өсиет қалдырушының өтiнiшi бойынша өсиетттен бас тартуды, мiндеттемелер жүктеудi, мұрагердi тағайындауды, өсиеттi орындаушыны тағайындауды қамтитын шарттарды өсиетке енгiзу мүмкiндiгiн түсiндiредi.

Өсиеттiң мәтiнiнде өсиеттi орындаушыны тағайындау туралы шарт енгiзiлуi мүмкiн. Өсиеттi орындау мұра қалдырушы арқылы өсиеттер тағайындалған мұрагерлермен қатар басқа адамға да жүктелуi мүмкiн. Өсиет орындаушы болып әрекет қабiлетi жоқ адам, сол сияқты қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды. [12]

Нотариаттық органда өсиеттi есепке алудың кiтабы жүргiзiледi. Оған осы органда куәландырылған өсиеттер, сондай-ақ нотариаттық куәландыруға теңестiрiлген өсиеттердi куәландыруға  өкiлеттi лауазымды адамдардан  алынған өсиеттер туралы мағлұматтар енгiзiледi.

Өсиет:

1) алдыңғы өсиеттi  толық немесе жартылай өзгертетiн жаңа өсиеттi жасау жолымен;

2) өсиеттi бұзу туралы өтiнiш беру жолымен өзгертiлуi мүмкiн.

Өкіл арқылы өсиеттi бұзу туралы хабарлама алуға, бұған дейiн жасалған өсиеттi бұзатын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алумен теңестiруге жол берiлмейдi. Өсиеттi бұзу туралы арыздағы қолдың түпнұсқалылығы нотариаттық жолмен куәландырылуы керек. Өсиеттi бұзу немесе өзгерту туралы хабарламаның нотариаттық куәландырылуы тиiс болады.

Нотариус өсиет бұзылған жағдайда Бұл туралы нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеуге арналған түзiлiмде және алфавиттiк кiтапқа, iстерде сақталатын өсиеттiң данасына, ал мүмкiндiкке қарай сондай-ақ мұра қалдырушының қолындағы данаға белгi соғады. Осы дана өсиет қалдырушыдан алынып, iстерде сақталатын данаға тiгiледi («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы).

Егер өзгертiлетiн өсиет басқа нотариат кеңсесiнде сақталса, нотариус осы органға өсиеттi бұзу туралы куәландырылған өтiнiштi қосып жiбередi.

д) Сенiмхаттарды куәландыру

Нотариустар бiр немесе бiрнеше адамның атынан бiр немесе бiрнеше адамның атына сенiмхаттарды куәландырады.

Сенiмхат мәтiнiнде оның жасалған жерi, күнi, өкiлдiң және өкiлеттенушiнiң аты-жөнi, тұратын жерi (заңды тұлғалар үшiн-толық атауымен заңды тұлға органының орналасқан жерi),  қажет жағдайда қызметi көрсетiлуi керек.

Сенiмхаттың қолданылу мерзiмi жазбаша көрсетiледi және үш жылдан аспауы керек. Егер сенiмхатта мерзiм көрсетiлмесе, ол жасалған күннен бастап бiр жылға дейiн күшiн сақтайды. Жасалған күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болып есептеледi.

Нотариаттық куәландыру талап етiлетiн мүлiктi басқаруға, мәмiленi жасауға арналған сенiмхат, сондай-ақ қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхат (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 167-бабының 4-тармағында көрсетiлген сенiмхаттан басқа) нотариатық куәландыруға жатады.

Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхат қайта сенiм бiлдiру құқығы көрсетiлген тек негiзгi сенiмхат ұсынылғаннан кейiн немесе негiзгi сенiмхат бойынша өкiлдiң сенiмхатты берген адамның мүддесiн қорғау жағдайына байланысты дәлелдемелердi ұсынғаннан кейiн барып куәландырылады. Сенiмхатты куәландыру кезiнде сенiм бiлдiрiлген адамнан оның тексерiлетiн мүлiкке құқығын растайтын дәлеледемелер талап етiлмейдi (автомотокөлiк құралдарына берiлген сенiмхаттардан  басқа).

Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхатта негiзгi сенiмхатта берiлген құқықтардан артық құқық болуға тиiс емес. Мұндай сенiмхаттың мерзiмi өзiн беруге негiз  болған сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен артпауы тиiс.

Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхатта негiзгi сенiмхатты куәландырудың уақыты мен орны, негiзгi сенiмхат берiлген адамның  тегi, аты,  әкесiнiң аты, тұратын жерi, сондай-ақ өкiлеттiктер берiлетiн адамдар, қажет жағдайда олардың қызметi көрсетiлуi керек. Негiзгi сенiмхатта қайта сенiм бiлдiру туралы белгi соғылады. Негiзгi сенiмхаттың көшiрмесi нотариуста қалатын сенiмхаттың данасына қосылады («Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58 — бабының 2 — тармағы).

Сенiмхат берушi тұлға кез келген уақытта сенiмхатты немесе қайта сенiм бiлдiру туралы сенiмхатты бұзуға құқылы, ал сенiмхат берiлген тұлға кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл құқықтардан бас тарту жөнiндегi келiсiм жарамсыз болып табылады.

Сенiм бiлдiрушiнiң (Ұсынушының) сенiмхатты бұзу туралы өтiнiшi нотариаттық  куәландырылуы керек. Бұл жағдайда нотариус сенiмхатты бұзушы адамға сенiмхат берiлген өкiлдiкке, сонымен қатар сенiмхатты куәландырған нотариусқа сенiмхаттың бұзылғандығы жөнiнде хабарлау мiндеттiлiгiн түсiндiредi. Сенiм бiлдiрiлушiге және мүдделi үшiншi адамдарға сенiмхаттың бұзылуы туралы хабарлау мiндетi сенiм бiлдiрушiге жүктеледi.

 

 

 

 

 

 

2.2 Даулы мәмiлелердi сотта шешу

 

Экономикалық соттар, әдетте кәсiпкер атты мәртебесi бар азаматтар, заңды тұлғалардан тұратын тараптар арасындағы шаруашылық шарттарды жасау, өзгерту және тоқтаумен байланысты дауларды қарайды.

Шартты өзгерту және бұзу кезiнде пайда болған даулар Мұндай тұлғаның талап арызымен экономикалық соттың қарауына берiледi.

Егер азаматтық құқықтық шартты жасау тәртiбiне келетiн болсақ, шарт жасауға ұсыныс келтiрген (оферта) және ұсыныстармен келiсетiн тарап қажеттi уақыт iшiнде келiспейтiн жақтарын қарсы тарапқа хабарлайды, ал егер оған шарттың үлгiсi ұсынылса, жазбаша нысанада келiспейтiн мән – жайларды баяндай отырып, қайтарып бередi. Тиiстi уақытта ұсынылған шартқа енгiзiлген түзетулерге оферта жiберген тарап жауап бермесе, шарт жасалған болып есептелiнедi. [24]

Тараптардың арасындағы шартты жасау кезiнде пайда болатын келiспеушiлiктер заңнамада немесе тараптардың келiсiмiнде қарастырылған ретте ғана сот қарай алады.

Шартты жасау үстiнде туындайтын дауларды соттың қарауына беру туралы тараптардың арасындағы келiсiмдi қалай рәсiмдеу керек. Бұл жағдай жаңалық болмағанымен де сот тәжiрибесiнде көп кәсiпкерлердi толғандыратын жай. Сондықтан осы мәселеге тоқталсақ.

Мұндай келiсiмдердi рәсемдеудiң үш жолы бар. Нақты жасаумен байланысты дауларды сотта қарау туралы алғышарттар шарттың үлгiсiнде көрсетiлуi мүмкiн.

Мұндай кезде, шарт үлгiсiн алып, аталған алғышартқа байланысты өзiндiк пiкiрiн тарап бiлдiрмеген болса, онда ол қабылданған болып табылады. Сондықтан да сотқа дейiнгi тәртiппен қарастырылмайтын шарт жасаудағы кез – келген келiспеушiлiк тиiстi тараппен қосымша келiсiмсiз – ақ соттың қарауына берiледi.

Екiншi жағдай iс-тәжiрибеде тараптардың арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу кезiнде келiсiм жөнiнде хаттама толтырылады. Бұл хаттамада бiрыңғай пiкiрге келген шарт пунктiнiң редакциясы баяндалады. Бiрыңғай тұжырымға келе алмаған жағдайда iстi сотқа беру жөнiндегi хаттамаға тiркелiнедi. Бұл хаттамаға тараптар қол қойғанан бастап iстi беруге келiсу.

Аталған келiсiмде рәсiмдеудiң үшiншi жолы – шарт жасауға байланысты туындаған заңды сотта қарауға келiсiм беру жөнiндегi арнайы жеке құжат толтырады. Мұндай құжатқа екi тарап та қол қойып, талап арызда тiркелiнедi.

Мiндеттеменiң орындаудағы келесi маңызды мәселе – шарттың орындалу мерзiмi. Егер мiндеттеме бойынша оның орындалу уақытын, күнiн, кезеңiн анықтау мүмкiн болса, орындалу мерзiмi жөнiнде сұрақ туындамайды да.

Шартта мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмесе iс қиын. Бүгiнде iс – тәжiрибеде бұл мәселе көп кездеседi. Шарттың қолдану мерзiмiн тараптар көрсетсе де жақсы. Сот шартқа соттың түсiндiрме беру құқығына ие болғандықтан, шарттың қолданылуының аяқталу мерзiмiн, мiндеттеменiң орындалу мерзiмi деп қарай алады.

Сот тәжiрибесiнде шарттың орындалу мерзiмi ғана емес, шарттың қолданылу мерзiмi де көрсетiлмейтiн жағдайлар кездесiп отырады. Мұндай кезде, бiрiншi кезекте несие берушi залал шегедi. Сотқа келiп түскен несие берушiнiң борышқордың мiндеттеменi орындауын талап етуi туралы талап арызын шешу қиын. Шарттағы мiндеттеменiң мәжбүрлеп орындалуын талап ету құқығының п.б. негiзгi белгiсi, шартта көрсетiлген мерзiмнiң келуiмен, борышқор мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн кешiктерген болып табылады (уақыттын өткiзу несие берушiге байланысты жағдайдан басқа).

Мұндай мәселелердi шешудiң жолын заң былайша қарастырады, егер мiндеттемелерде орындалу мерзiмi көрсетiлмеген болса, мiндеттеме туындағаннан бастап ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс (ҚР АК 277 – б. 2 т.). Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн көзбен белгiленбеген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие  берушi оның орындалуын талап еткен күнен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

Iс тәжiрибеде несие берушiлер шартты бұзуды және шартты бұзуға байланысты шығынды өтеудi талап етiп жатады. Алайда, егер борышқор шарттың қолданылуына қарсы болса, онда екiншi сұрақты қарауға болады. Егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады  (ҚР АК 365 – б. 2 –т.) .

Үшiншi маңызды кезең – мiдеттеме орындалатын орын. Нақты азаматтық — Құқықтық қатынастарда бұл мәселе заңда немесе шартта немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өндiрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнедi. Мысалы, қозғалмайтын мүлiктi беруге байланысты мiндеттеме әруақытта осы мүлiк орналасқан жерде орындалады (ҚР АК 281 – б.). Егер оларда көрсетiлмесе:

  • Мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру – мүлiк орналасқан жерде;
  • Мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
  • Егер Бұл жерде мiндеттер пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру – мүлiк дайындаған немесе сақтаған жерде,
  • Ақшалай мiндеттеме бойынша – несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса – мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, Бұл туралы борышқорға хабарласа – орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
  • Басқа да барлық мiндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.

Шаруашылық және сот тәжiрибесiнде, шарттың бiр тарапы шарттан бiр жақты бас тартатын кездер жиi кездеседi. Олар өздерiнiң шешiмдерiн келесi тарапқа ескерту жеткiлiктi деп есептейдi. Мұндай жағдайлар, әдетте тұрғын емес жайды жалдау шартында жиi кездеседi.

Жалға берушi кенеттен жалға алушыға жайды жалдаудың шартының                                                                                                            аяқталғанын және жайды тез арада босатуын талап етiп жатады. Бұл жағдай заңға сәйкес келмейдi. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi (ҚР АК 367 б. 2 т.).

Бүгiнгi танда шаруашылықта шарттарды талаптар қалауларынша рәсiмдей бередi, бұрынғы шарттың мәнiне сүйенбейдi. Олар өздерiнiң арасында туындайтын қатынасқа заңдық тұрғыдан қарай бермейдi. Басқаша айтқанда, шарт жасасқанда олар үшiн мiндеттеменiң мазмұнына маңызды, оған құқықтық баға беру шарты емес сияқты.

Ал шартты орындау кезiнде, сондай – ақ жауаптылықты қолдануға тараптардың арасындағы басқа Құқықтық баға берудiң маңыздылығы түсiнбейдi.

Сот тәрбиесiнде тараптардың арасында туындайтын фактiлердi анықтау өте қажет. Шарттарды орындау барысында туындайтын нақты сұрақтарды реттеу үшiн тиiстi азаматтық — құқықтық актiлерге сiлтеме жасалынады. Сұрақтарды шешу кезiнде шарттың мәтiнiне түсiнiктеме берiледi. Сот мұндашарттың тура мағынасына қарайды. Мағынасы түсiнiксiз болған ретте ол Бұл алғышартты басқалармен және шарттың тұтасмағынасымен салыстырады. Егер мұндай әдiспен шарттын мазмұнын түсiну мүмкiн болмаса, шартты мақсатын ескере отырып, тараптардың шын мәнiндегi жалпы еркi анықталады. Шарт қарсаңындағы келiсiм, хабарламалар, тараптардың қарым — қатынасы, iскерлiк қызмет өндiрiсiндегi әдеттегi құқықтар, тараптардың жүрiс – тұрыстары ескерiледi.

Мiндеттеме тиiстi дәлрежеде орындалғанда, мiндеттеменi есепке жатқызу арқылы, тараптардың келiсiмiмен ол тоқтатылады. Сонымен қатар, мiндеттеменiң тоқтатылуының басқадай да жолдары бар: талаптар бас тарту төлемi төленсе, борышы есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiгi болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса.

Шартта маңызды сұрақтардың бiрi – мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету. Заңда оның бiрнеше жолдары айтылған. Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шарттарда көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн (ҚР АК 292 б.). Аталған қандай да нақты мiндеттеме қамтамасыз етiлуi үшiн тараптармен жасалған шартта немесе мiндеттеменi қамтамасыз етудiң нақты түрiн заңмен көрсетiлуi тиiс. Ал кейбiр әдiстер заңмен де, тараптардың келiсiмiмен де (айып төлеу, кепiл) қарастырылса, ал ендiгi бiреулер – тек тараптардың келiсiмiмен (кепiлпұл, кепiлдiк) анықталады.

Мiндеттеменi қамтамасыз ету әдiстерiн қолдану кезiнде борышқорға әсер ететiн әдiстердi тиiсiнше пайдаланған жөн.

Сот тәжiрибесiнде кәсiпкердiң арасында айып төлеу (айыппұл, өсiм) және кепiлдiк (кепiл болушылық), кепiл кеңiнен жойылған.

Егер борышқор шарттағы мiндеттеме бұзса несие берушi оны азаматтық  — құқықтық жауаптылыққа тартуға құқылы. Жалпы ережеге сәйкес, борышқор мiндеттеменi орындамаса немесе тиiстi дәрежеде орындамаса ол несие берушiге келтiрген шығындарды өтеп беруге тиiстi. Шығынды өтей үшiн тараптардың арасындағы шартта оның көрсетiлуi мiндет емес. Кейбiр заң актiлерiне сәйкес, жеке мiндеттемелер бойынша шектеулi жауаптылық бар. Шығынды өтеу механизiмi өте күрделi процесс, себебi борышқор төлейтiн соманың мөлшерi дәлелдеудi қажет етпейдi. Олар заңмен, не шартпен анықталады. Несие берушi борышқордың тиiстi мiндеттеменi бұзғанын дәлелдемесе жеткiлiктi. Сонымен қатар несие берушiге тағы мына мән – жайларды негiздеуi тиiс: келген шығын мөлшерiн және олардың арасындағы байланыс пен борышқор жiберген құқық бұзушылық.

Шарттарды орындау мәселесiн қарастыруда шартты бiр, не екi тараптың да өкiлдерiмен жасалатындығына назар берген жөн. Мұндай шарттарда тараптардың атынан тiкелей өкiлдерi шыға отырып, құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Өкіл шартты орындауды жекеленген тұлға ретiнде қатыса алмайды.

 Жоғарыда айтып кеткендей, шарттағы мiндеттемелерде тиiстi дәрежеде орындамағаны не тiптен орындамағаны үшiн заңмен және шартпен жауаптылық шаралары көрсетiлуi мүмкiн.

 

 

ІІІ КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

 

3.1 Кәсіпкерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері

 

80-ші жылдары қылмысты табыс табу болып саналатын түсінік, қазіргі уақытта заңды табыс, пайда табу ұғымында қалыптасты, ал алыпсатарлық (саудагерлік) заңды коммерциялық қызметтің біріне айналды. 90-шы жылдардан бастап түбегейлі өзгерістер (реформалар) кезеңінде жыл сайын кәсіпкерлік сала жүздеген, мыңдаған өзін бизнесте сынап көргісі келген адамдармен толықты. Кәсіпкерлікпен айналыса отырып мәмілелер жасамау, келісім-шарттар құрмау мүмкін емес. Кәсіпкерлік мәмілелер азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында жеке табыс немесе пайда табу мақсатында, өзінің тәуекеліне және де өз атынан, өзінің жауапкершілігіне алына, немесе заңды тұлға атынан және заңды тұлғаның жауапкершілігіне алына отырып жасалады.

Азаматтық кодексіміздің 10-бабында, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау деп аталған бапта кәсіпкерлік қызметтің келесі түсініктемесі берілген: «Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік не мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Сонымен жоғарыда айтылған кәсіпкерлік мәміленің түсінігіне қоса, мәміле мен келісім-шарттың арасындағы азаматтық құқықтағы берілген негізгі қағидасына да тоқталар болсақ, артықшылығы жоқ деп ойлаймыз. Әрбір келісім-шарт мәміле болып табылады, бірақ барлық мәмілелер келісім-шарт болып танылмайды. [27, 16 с]

Мәмілелер, шарттар нарықтық экономиканың құқықтық қозғаушы күші болып табылады. Кәсіпкерлік мәмілелердің түрлерін зерттей келе заңгер-ғалымдар көптеген пікірлерін білдіреді. Келісім-шарттың түрі келісім-шарттты құрып отырған тұлғаға немесе оның алға қойған мақсатына байланысты.

Коммерсант контрактілері 3 түрде рәсімделеді: 1) коммерциялық қызметке қажетті коммерсантпен жасалатын контрактілер (сауда мәмілелері); 2) кәсіби емес клиенттермен жасалатын контрактілер (аралас мәмілелер); 3) коммерциялық қызметке қатысы жоқ контрактілер (азаматтық мәмілелер).

Кәсіпкерлік мәмілелерді талдай отырып, оларды топтастырып көрейік: субъективті құрамы бойынша бөлінетін мәмілелер және өзінің объективті құрамы бойынша бөлінетін мәмілелер.

Субъективті құрамына байланысты бөлінетін кәсіпкерлік мәмілелер субъектісі бойынша ажыратылады, талданады, яғни бұл кәсіпкерлік мәмілені заңды тұлға не жеке тұлға құрады. Әрмен қарай егер бұл заңды тұлға болса, онда заңды тұлғаның құқықтық нысанына қарасты болады. ал егер жеке тұлға болса онда 18 жасқа толған адам болуы керек.

Кәсіпкерлік мәмілелер объективті құрамына қарай төрт жалпылама – біріктіретін бөлімге бөлінеді:

Бұл кәсіпкерлік мәмілелер келесі салаларда болады:

  1. өндіріс;
  2. коммерциялық;
  3. финанстық (қаржы-қаражаттық);
  4. кеңес беру.

Кәсіпкерлік мәміле өзінің заңды табиғаты мен мән-мазмұны бойынша өтеулі мәмілелерге жатады, өйткені пайда табуды көздейді. Кәсіпкерлік мәмілелер нақты, консенсуалды және аралас болады. өзінің нысаны бойынша кәсіпкерлік мәміле ауызша және жазбаша нотариалды куәландыратын болып бөлінеді. негіздемесіне байланысты кәсіпкерлік мәміле абстрактілі және казуалды болып табылады. Кәсіпкерлік мәмілелер тәуекелге байланысты болғандықтан оларды алеаторлық мәмілелер деп те атайды. [28, 277 б]

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, тұлға кәсіпкерліктің негізгі қағидаларын ұстану керек: 1. Кәсіпкерлік қызметпен айналыса отырып заңда белгіленгендей, ақылға (ойға) сыйымды шекте еркіндік принциптерін ұстану. 2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында барлық меншік құқық түрлерінің теңдігі. 3. Монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қолдау. 4. Пайда, табыс табуды көздей келе кәсіпкерліктің мақсаты ретінде ол қызметтің (тауардың, жұмыстың) қоғамға пайда әкелу, қоғамның мүддесін бұзбай қамту керек. 5. Фискалды органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу. 6. Кәсіпкерлік қызметтің экологиялық қауіпсіздігі.

Кәсіпкерлік келісім-шарт дегеніміз ол жеке және заңды тұлғалардың пайда табуға немесе жеке кіріс алуға мақсатталған, өз тәуекеліне негізделген, және де өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігіне ала отырылып жасалатын іс-әрекеттерді айтамыз.

Аталған кәсіпкерлік келісім-шарттың екі жағы да (тараптары да) кәсіпкерлер болып табылады, дегенмен бұл жердегі қатысушылардың жауапкершілігі азаматтық құқықтың жалпы ережесіне негізделеді. Жауапкершілік пайда болу негізі бойынша, оның нысандары немесе жауапкершілік көлемі азаматтық құқық ережесіне сүйене келе, екі жақ тең жағдайда болады. бұл қатынастарға кәсіпкерлік тәуекел туралы, құқық бұзушылық құрамы туралы, кепілдік туралы, және сапалы орындау туралы, келтірілген залалы үшін жауапкершілік туралы, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен туындайтын (пайда болатын) құқық бұзушылық, немесе келісім-шарттың қатысушыларының үшінші тараптардың алдындағы жауапкершілігі ережелері бойынша шешіледі. Өзара кәсіпкерлік келісім-шарт қатысушыларының теңділік жағдайы кәсіпкерлік емес мәмілелер қатысушылары жағдайынан айырықшаланады. Айтылған ерекшелік субъективтік негізі бойынша да, жауапкершілік көлемі түрінде де қатысты.

 

 

 

 

 

3.2 Кәсіпкерлік-тұтынушылық мәміледегі қатысушылардың

өзара жауапкершілік ерекшеліктері

 

Бұл кезде тараптар (кәсіпкер мен тұтынушы) тең емес құқықтық жағдай болуына байланысты, тек қана жеке құқық факторлармен ғана белгіленбейтін, бұған қосымша жариялымды саяси-әлеуметтік себептерге де байланысты болады. кәсіпкерлердің шағымдылықтарынан (притензиялары), әсіресе монополист-кәсіпкерлерден тұтынушы қорғауын қамтамасыз ету үшін бағытталған әдістердің бірі деп санаймыз.

Біріншіден, жауапкершіліктің объективтік негіздері бойынша кәсіпкер тұтынушы алдында қандай да болса құқық бұзушылығына жауап береді, егер тұтынушы мәмілені құра отырып өзінің заңды көздеген мақсатына жете алмаған жағдайда. Бұл жердегі ереже мәміленің объектісіне, затына қатысты айтылып отыр. Тауардың, қызметтің, жұмыстың сапасына, орындау мерзіміне, тиісті ассортиментіне және тағы басқа жағдайларға байланысты. Ал тұтынушы болса көбінесе төлемді жасамағаны үшін немесе тиісті қабылдап алмағанына жауапты болады.

Екіншіден, кәсіпкер тұтынушының алдында тек қана орындалудың тиісті болмауына жауапты ғана болып қоймай, затпен мүмкін болашақта келтірілетін залалы үшін де, тұтынушының мүлкіне немесе тек қана тұтынушы тұлғасына емес, және басқа да тұтынушымен байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген залалы үшін де кінәлі (жауапты). Бұндай жауапкершілік қомақты уақыт кезеңіне беріледі. Орындау кезінен басталып: кепілдік мерзіміне, тауардың, жұмыстың, қызметтің жарамды болу мерзіміне, арнайы мерзіміне заңмен немесе келісім-шартпен белгіленген кездерде болады. Тұтынушы (аларман) өзінің міндеттерінің мінездемесі бойынша мұндай жауапкершілікке тартылмайды.

үшіншіден, кәсіпкер өзінің келісім-шарттық міндеттемелерін бұзғаны үшін тікелей аларман алдында жауап беріп қана қоймай, олардың құқық қабылдаушылар ретінде танылып тұрған үшінші тұлғалар алдында да жауапты болады, соңғылармен келісім-шарттық қатынаста болмаса да.

Тұтынушы болса кәсіпкер алдында төлем жасау міндеттемесі бойынша жауапты, оны (төлемді) алу құқығын кәсіпкер үшінші тұлғаларға беруге құқылы.Төртіншіден, кәсіпкер тұтынушы алдында үшінші тұлғалардың іс-әрекетімен жасалған құқық бұзушылыққа жауапты (мысалы, қосалқы мердігерлердің іс-әрекеттерімен жасалған құқық бұзушылық кәсіпкер мойнына жүктеледі). үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері бойынша тұтынушының әдетте кәсіпкер алдында жауапкершілігі болмайды. [29, 113 с]

Аларман алдында кәсіпкер кәсіпкерлік тәуекелге байланысты міндеттемесін орындамау немесе тиісті орындамағаны үшін кінәсіз жауапкершілікке тартылады. Ол сапаға, немесе үшінші тұлғалардың құқықтарымен жүктелген кезде болады. Міндеттеменің тиісті орындалуына кедергі болған жағдайлар туралы кәсіпкер білмеген жағдайда кінәлі, жауапты болып саналады. Осы жағдайлардың барлығын кәсіпкердің субъективтік негіздерге байланысты жауапкершілігі деп атаймыз.

Әдетте кәсіпкер алдындағы аларманның субъективтік жауапкершілік негізі (заң, келісім-шартпен айтылмаған кездерде), тұтынушы, аларман кінәсі, бұзушылық фактісімен презумпцияланады. Бірақ ол презумпция жоққа шығарылуы мүмкін. Ол жағдайда тұтынушы жауапкершіліктен босатылады.Ережеге сәйкес, келтірілген залал бойынша кәсіпкер тұтынушы алдында толық көлемде жауапты болады, ал кей жағдайларда заңмен немесе келісім-шартпен көзделгендей, кәсіпкерден қосымша айыппұлданған тұрақсыздық төлемі (штрафная неустойка) өндіріліп алынады.

Тұтынушы-азамат несие беруші болып тұрған шарт бойынша, шартты бұзғаны үшін борышқордың жауапкершілігін өзара тараптар келісімі арқылы шектеуге, заң тыйым салады. Бірақ тұтынушы кәсіпкерлік-тұтынушы мәмілені жеке, отбасылық, тұрмыстық яғни коммерциялық емес мақсаттарда құра отырып, ол кәсіпкермен шартты бұзғаны үшін нақты залалды өтетуге құқылы, бірақ бұл жерде, тұтынушы кәсіпкерден жіберіп алған пайдасын өтеуге талап етуге құқығы жоқ. Ал кәсіпкер болса тұтынушымен өзінің шартты міндеттемесін бұзғаны үшін келтірілген нақты залалға қосымша жіберіп алған пайдасында өтеуді талап етуіне болады. Мысалы, егер тұтынушымен тапсырысталған тауар, тұтынушы кінәсімен қабылданбай қалса немесе жарамсыздыққа әкеп соқса, онда кәсіпкер жоғарыдағы айтылған ережені қолдануға құқылы.Заңмен немесе кәсіпкерлік-тұтынушылық шартпен көзделгендей белгілі бір құқық бұзушылыққа бірнеше жауапкершілік түрлері белгіленсе, онда таңдау тұтынушының құқығы болып саналады. Заң жеке кәсіпкерлік мәмілелерді  қорғау мен оны қолдаудың негізгі түрлері мен әдістерін белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, комерциялық құпияның қорғалуын және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауаптылығын баянды етеді..

Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерлердің меншігіне қол сұғуға болмайды, ол заңмен қорғалады.

Жеке кәсіпкер болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін тоқтата тұру және оны күштеп тарату сот шешімімеен ғана жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа кезде жеке кәсіпкерлердің қызметін шектеуге болмайды.

Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастар заңмен және Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтін басқа да заң актілерімен реттеледі.

Заңмен реттелмеген мәселеде азаматтық заңдар нормалары қолданылады.

Басқа мемлекеттердің азаматтары мен заңды тараптары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тараптары пайдаланатындай құқықтарды пайдаланады және сондай міндеткерлікте болады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайлар бұған жатпайды.

Жеке кәсіпкерлік қызмет мемлекеттің ғана құзыретіне жататын заңдылықты сақтау, қоғам мен азаматтардың қорғанысы мен қауіпсіздігі, салықтық, бағалық және монополияға қарсы реттеу, әлеуметтік кепілдіктер беру, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы нормаларды сақтау сияқты мәселелер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының жеке кәсіпкерлермен салыстырғанда мемлекеттік шаруашылық жүргізуші органдар мен кәсіпорындардың артықшылық жағдайын белгілейтін актілер шығаруына тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлікті бір азамат дербес (өзіндік кәсіпкерлік) немесе азаматтар тобы  — жеке кәсіпкерлер (бірлескен кәсіпкерлік) заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыра алады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:

1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

2) шаруа (фермер) қожалығының бірлескен ортақ меншігінің немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншіктің негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) жай серіктестік, бұл орайда кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншіктің негізінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігін мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру құқығы бірдей.

Жеке кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекет, егер заңда және басқа да заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерлік өз қызметін еркін және толық көлемінде жүзеге асыру құқығын қамтамасыз етеді.

Жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері:

1) лицензияланатын қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кімнің болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіндігі;

2) жеке кәсіпкерлерді бір тіркеу органына барынша оңайлатылған, келіп тіркелу тәртібімен;

3) мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік қызметті тексеруді заң актілерімен шектеу;

4) жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдар актілерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне сотқа шағымдану;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкердің қызметін заң актісінде көзделген негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша ғана мәжбүрлеп тоқтату немесе тоқтата тұру;

6) жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыстардың тізбесін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін заң актілерімен ғана белгілеу;

7) мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де тұлғалар мен ұйымдарды жеке кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз кедергі келтіргені үшін заң актілерімен белгіленген жауапқа тарту;

8) заңдарда көзделген өзге де амалдар арқылы қорғалады.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу ешкімнің келісімін алмай-ақ жүргізіледі және оларды азаматтың тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында шаруашылық жүргізуші субъектілер ретінде есепке қоюды көздейді.

Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде мемлекеттік тіркеу сонымен бірге оны сыртқы экономикалық қызмет субъектісі ретінде тіркеу де болып табылады.

Жеке кәсіпкер тіркеу карточкасында заң тыйым салған қызмет түрін көрсеткен жағдайда ғана тіркеуден бас тартылуы мүмкін. Бұл орайда тіркеу органы қызметтің бұл түріне тыйым салатын нақты заң актісін көрсете отырып арыз берушіге дәлелді жазбаша жауап қайтаруға тиіс.

Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:

1) жалдама қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;

2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған және кәсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады. Заңда аталмаған кәсіпкерлер өздерінің қалауы бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі. Заңда аталғандардан басқа жеке кәсіпкерлерде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кедергі болмайды. [14]

Қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің мәмілелер жасасқан кезде өзінің кәсіпкер болып табылмайтынына сілтеме жасауға хақы жоқ.

Тіркеу белгіленген үлгідегі тіркеу карточкасы негізінде жүргізіледі, оны кәсіпкер тіркеу органына береді. Карточканы кәсіпкер жеке өзі келіп көрсетеді не почта арқылы жібереді.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу заң актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Заңды тарап ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызмет жүргізетін азаматтың тіркеу карточкасында фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған уақыты мен орны, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың сериясы нөмірі, кім және қашан берген), тұрғылықты орны, жинақтап айтылған кәсіпкерлік қызмет түрі, өндірістік үй-жайы болған жағдайда – оның тұрған жері көрсетіледі. Карточкаға азамат қол қояды, оның қолының растығы нотариалдық тәртіппен  (карточка почта арқылы жіберілген кезде) не жеке басты куәландыратын құжатты көрсету жолымен (карточканы жеке өзі келіп тапсырған кезде) куәландырылады.

Тіркеу карточкасында көрсетілген деректер өзгерген жағдайда кәсіпкер оған өзгерістерді түсіруге міндетті.

Егер кәсіпкер белгіленген мерзімде тіркелмеген болса немесе оны тіркеуден бас тартылса, ол тіркеуші орган тұрған жердегі халық сотына жүгінуге құқылы.

Сот тіркеуден негізсіз бас тартылғанын немесе тіркеу үшін белгіленген мерзімнің өтіп кеткенін анықтап шешім шығарады, оған сәйкес кәсіпкер тіркелген деп танылады, ал тіркеуді жүргізген сот шешімін лаған кезден бастап үш күн ішінде кәсіпкерге Тіркеу туралы куәлік беруге міндетті.

Сонымен бірге сот кінәлі лауазымды адамнан 1000 сомнан 5000 сомға дейінгі мөлшерде айыппұл өндіріп алады.

Лауазымды адам өзіне аталған шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осындай тәртіп бұзуды қайталаса оған 5000 сомнан 10000 сомға дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, қызметінен босатылады. Өндіріп алынған айыппұлдар сомасы тиісті жергілікті бюджет кірісіне түседі.

Тіркелген кәсіпкердің қызметін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру.

Тіркеуші орган кәсіпкерді тіркеген соң мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарына (салық қызметі, саниятариялық, өрт, техникалық, экологиялық қадағалау органдарына, және басқа тиісті органдарға) шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда болғаны туралы хабарлайды.

Жеке кәсіпкердің шаруашылық қызметті жүзеге асыруы.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған болса, құрылтай және тіркеу құжаттарында көзделген-көзделмегеніне қарамастан жеке кәсіпкер шаруашылық қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады.

Жеке кәсіпкерлер өндірген және сатып алған товарларын (жұмысты, қызметті) дербес өткізеді. Олар мемлекеттік тапсырысты ерікті және шарттық негізде орындайды.

Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына:

— белгілі бір тұтынушыларға товарлар беру (жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) туралы жеке кәсіпкерлерге нұсқау беруге;

— республиканың бір аймағынан екінші аймағына азық-түлікті қоса товарлар алып келі және алып кету жөнінде жеке кәсіпкерлерге шектеулер қоюға;

— заңда көзделген жағдайларды қоспағанда жеке кәсіпкерлер өткізетін товарларға (жұмыстарға, қызметтерге), соның ішінде сауда үстемесі мөлшерін, не рентабельділіктің шекті деңгейлерін белгілеу жолымен баға белгілеуге тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігін құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

Жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қамтамасыз ету мақсатымен жеке кәсіпкерге мынадай құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігіне кепілдік беріледі:

— ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін кәсіпорындардың және меншіктің басқа да түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзге де мүлікті және соларға байланысты мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алу. Құрылыстар мен ғимараттарға (аяқталмаған құрылысты қоса) меншік құқығы көшкен кезде Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жер учаскесіне меншік немесе тұрақты жер пайдалану құқығы осы объектілермен бірге көшеді;

— өз мүлкімен және заңды негізде алынған мүлікпен басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне қатысу;

— тараптардың келісімі бойынша заңды тараптар мен азаматтардың мүлкін пайдалану;

— келісім шарт жағдайымен немесе Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін өзгедей жағдайлармен қанша қызметтер болса да жалдау және жұмыстан шығару;

— еңбекақы төлеу түрлерін, жүйесі мен мөлшерін және жалданып жұмыс істейтін адамдар табысының басқа да түрлерін белгілеу;

— шаруашылық қызмет жүргізу бағдарламасын қалыптастыру, өнім берушілер мен өндірілген өнімді (жұмысты, қызметті), тұтынушыларды таңдап алу, шарттық негізде жұмыстар атқарып, мемлекеттік қажеттер үшін өнім беру;

— заңда көзделген жағдайларды қоспағанда өткізілетін товарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды, нарықтарды және тарифтерді дербес белгілеу;

— банкілік, соның ішінде ақша сақтау, есеп айырысу, кредит және касса операцияларының барлық түрін жүргізу үшін банкілерден есеп ашу;

— кәсіпкерлік қызметтен түскен пайданың (табыстың) салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалғанын еркін жұмсау;

— мөлшеріне шек қойылмайтын табыс табу;

— өз таңдауы бойынша әртүрлі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелерін (мемлекеттік және мемлекеттік емес) пайдалану;

— өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын мемлекеттік және басқа органдардың әрекетіне белгіленген тәртіппен шағым жасау;

— сыртқы экономикалық қатынастарға қатысу және валюта операцияларын жасау;

— егер Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін болса, кәсіпкерлік қызметке байланысты өзге де жұмыстар істеу.

Кәсіпкердің кәсіпкерлік қызмет жүргізу кезіндегі міндеттері.

Жеке кәсіпкер:

— еңбек заңдарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен шарттар (келісім шарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға;

— жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігуіне кедергі жасамауға;

— жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңгейде төлеуге;

— қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға;

— салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дер кезінде және толы төлеуге және мемлекеттің алдында басқа қаржы міндеттемелерін орындауға;

— Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға;

— Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

Жеке кәсіпкерлік қызметті лицензиялау заң актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлерге банк қызметін көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шарттар негізінде және тараптардың келісімімен жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер өзі шығарған, сондай-ақ сырттан сатып алған өз товарларын (жұмысын, қызметін) дербес белгілейтін бағалар (нарықтар, тарифтер) бойынша немесе шарттық негізде өткізеді.

Жеке кәсіпкерлер өндірген товардың бағасын мемлекеттің тікелей реттеуіне кәсіпкер рыноктағы өз монополиялық жағдайын теріс ниетпен пайдаланған ретте жол беріледі.

Монополиялық көтеріңкі бағаларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік бағалар белгілеу монополияға қарсы заңдарда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қорыта айтқанда, міне кәсіпкерлік мәмілелер түсінігіне, жауапкершілік түрлеріне құқықтық талдау жасап шықтық. Әйтседе, бұл салада көптеген проблемалар мен коллизиялар жеткілікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мен өз дипломдық жұмысының тақырыбын таңдағанда, қазіргі нарықтық замандағы кез-келген мәміленің маңызы, заңдылығы, оның нотариаттық жолмен куәландыруында екендігіне көзім жетіп, осы тақырыпты терең зерттеуге ден қойдым.

Ол үшін алдымен Азаматтық құқық бойынша мәміле дегеніміз не? Олардың түрлері, жасалу жолдары және нотариаттық қызмет дегеніміз не? Нотариус атқаратын іс-әрекеттер қалай, кім атқарады, нотариус кім болуы керек деген сұрақтарға жауап тапқаннан кейін ғана, осы екі саланы біріктіре, нотариаттық жолмен тәртіппен куәландыратын мәмілелерге тоқталдым.

Арнайы әдебиеттердің аздығынан мен көбіне нотариаттық қызметті реттейтін заң актілері мен нұсқаулықтан басқа, осы қызметке баспасөз беттерінен түсінік берген заң мамандарының мақалаларын және практика жүзінде қызмет етіп жүрген мемлекеттік нотариустармен қатар жеке практикамен айналысатын нотариустардан сынақтан өтуші ретінде практика жүзінде көп кеңес алдым.

Мемлекеттік және жеке меншік нотариустардың нотариалдық қызмет атқарудағы құқықтары мен міндеттері біркелкі. Олар ресімдейтін құжаттардың да заң күші бірдей.

Тек олардың басқару органдары мен қаржыландыру көздерінің айырмашылықтарын білдім.

Болашақ заң маманы ретінде жоғарғы оқу орын бітіре салып бірден нотариус бола аламайтыныма көзім жетті. Ол үшін оған жету көздерін, яғни талаптарының барлығын қазірден бастап білдім.

Негізгі, менің бұл жұмысты жаза отырып, көптеген өмірде керекті мағлұматтарға заң арқылы жауап алғандай болдым.

Қазіргідей құқықтық реформалар жүргізу кезеңінде нотариалдық іс-шаралардың құқықтық мазмұны едәуір төмендеп кетті. Бұл жағдай ең алдымен нотариус білімінің кәсіптік дәрежесіне деген талаптарды күшейтуге шақырады.

  Жоспарлы экономика кезiнде барлық шаруашылық жүргiзу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкiмшiлiк әдiспен жүргiзген. Сондықтан мәмiленiң аса қажеттiлiгi және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмiлелер субъектiлердiң арасындағы қарым — қатынастың негiзi болып отыр.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

Мәмiлелер бiр жақты және екi немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкiн. Азаматтық Құқықтық мәмiлелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.

Жазбаша нысанадағы мәмiлелер жай, не наториалдық куәландыруды, не мемлекеттiк тiркеудi қажет етедi. Қозғалмайтын мүлiктермен байланысты мәмiлелер тiркеудi қажет етедi.

Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаса, құнын ақшалай өтеуге мiндеттi.

Мәмiлелердiң жарамсыздығының негiздерi:

  • Қажеттi лицензия (рұқсат) алмай жасалған мәмiле. Рұқсат белгiлi мерзiмге берiледi;
  • Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле;
  • 14 жасқа толмаған адам жасаған мәмiле;
  • 14 жасқа толған (18-ге дейiн) баланың ата-анасының (қамқоршысының) келiсiмiнсiз жасалған мәмiлесiн ата-анасының талабы бойына сот жарамсыз деп тануы мүмкiн;
  • Есуастық, ақыл – есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады;
  • Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiле жарамсыз деп тануы мүмкiн;
  • Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiлелер;
  • Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерi мен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн;
  • Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi де сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн;
  • Заңды тұлғалардың заңда немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасалған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасалған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күн iлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлiк иесiнiң қуанымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
  • Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасасқан кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтық талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтық мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғанан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
  • Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған мәмiле жарамсыз болады. Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер қолданылады.

Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғанан кейiн ғана жасалды деп саналады.

Мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда  iскерлiк қызмет өндiрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Мәмiледен туындайтын дауларды шешудiң жолдары туралы әдетте, тараптар алдын ала келiседi. Дау туындаған жағдайда тараптар алғашында өздерi келiсуге тырысады. Өзара келiсiмге келе алмаған жағдайда дауды шешудiң екi жолының бiрi, шартта көрсетiлгенде, таңдайды: бiрi – аралық сотта қарау, екiншiсi – экономикалық сотта. Соттың шешiмi тараптар үшiн мiндеттi. Ерiктi түрде орындалмаған соттық шешiмi, мәжбүрлi түрде сот орындаушымен орындаттырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық Заң . 1991 жыл 16 желтоқсан .  Алматы: Юрист,-2002 ж.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: «Білім», 1998.-96бет.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз

         Алматы: «Жеты Жарғы»,-2007ж

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. Жалпы бөлім.1994 жыл желтоқсан.  № 409-1- Алматы: Юрист,-2006 ж.
  2. Иоффе О.С. Гражданское законодательство РК. Размышления о праве. Научное издание.-Астана: ЗАО «Институт законодательства РК», 2002 – 17с.
  3. Басин Ю.Г. О необходимости концептуальных изменений ГК РК, Гражданское законодательство РК. Выпуск 14/ Под ред. А.Г. Диденко. – Астана. ЗАО «Институт законодательства РК», 2002 – 125 с.
  4. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Гражданское право. Учебник для вузов (академ курс) Том 1. – Алматы: Издательство КазГЮА, 2000.-28с.
  5. Диденко А.Г. Гражданское право. Общая часть. Учебное пособие.– Алматы: Юрист.-36с.
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. Ерекше бөлiм.1999 жыл

          шілде № 409-1- Алматы: Юрист,-2006 ж.

  1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен қазақстан құқығы. // Заң газеті.№ 12,03 наурыз 2002 жыл.
  2. Брагинский М.Н., Ватрянский В.В. Договорное право. 2 изд – во, испр. – М.: Статус. 2000. – 848с.
  3. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы 1997ж. 14 шілде. № — Алматы: Юрист,-2003 ж.
  4. Қазақстан Республикасының “Қозғалмайтын мүлiктi кепiлге қоюды тiркеу туралы” Заң 1998 ж. 30 маусым. . — Алматы: Юрист,-2003 ж.
  5. Сүлейменов М.К. Шарттық міндеттемелерді орындау мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік. Алматы: Баспа, 1971.-61б.
  6. Басин Ю.Г. Сделки: Уч. пособие. – Алматы: Әдiлет–Пресс, 1996. – 48с.
  7. Пустозорова В.М. Сделки купли – продажи. — М.:Юридическая литература. 1994. – 112с.
  8. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок. – М.: Тезис. 1994 – 199с.
  9. Диденко А.Г., Иоффе О.С. Гражданское право. Оқу құралы – Алматы. КазГЮУ АПО. 1999. 126с.
  10. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау туралы ҚР Үкіметінің 27.02.2002 жылғы Қаулысы.  Алматы: «Жеты Жарғы»,-2007ж
  11. Сотов.П.П., Каменецкий Р. Адвокатура и нотариат. Учебное пособие. М.:Изд-во Кодекс. 1999.-75с.
  12. Асқаров А.А. «Нотариаттық палата өкілеттілігі »//Заң газеті. Нотариалдық білім апталығы 18 қазан 2000 жыл.
  13. Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариаттық іс-әрекетті жасау тәртібі туралы нұсқаулық. ҚР Әділет Министрінің 1998 жылы 28 шілдеде №399 бұйрығы- Алматы: «Жеты Жарғы»,-2007ж
  14. Қазақстан Республикасының нотариаттық іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық ҚР Әділет Министрінің 1998 жылы 16 шілде №83 бұйрығы- Алматы: «Жеты Жарғы»,-2007ж
  15. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы 1998 жыл

          17 желтоқсан.-Алматы: Юрист,2007-68 б

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi. 1999 жылы 13 шілде №410-1- Алматы: Юрист,-2006 ж.
  2. Ауруханалар, санаторийлер және өзге емдеу алдын-алу мекемелерінің бас және кезекші дәрігерлерінің өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы №7 нұсқаулық ҚР Әділет министрінің 1998 жылы 8 қаңтарында бекітіліп ҚР білім мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде келісілді.
  3. Жайлин Г. А. Обязательства в гражданском праве. Казахстан 2030 -проблемы совершенствования деятельности правоохранительных органов (Материалы научно-практической конференции). Алматы: «Жеті Жарғы».-16с.
  4. Марш П.Д. Англия, Франция және Германияның салыстырмалы келісім шарт құқығы – Алматы: Дәнекер, 1999.-277 б.
  5. Ермухаметова С.Р. Комерческо-посредническая деятельность. Общие положения // Гражданско-правовое обеспечение экономических реформ: коментарий действующего законодательство РК. – А., Қазақ университеты, 2001 , с 113