ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Азаматтық-құқықтық қатынастардағы мәмілелердің ролі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………
- АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері………………………………………………….
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер……………………………………………
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі…….
- АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы…………………………………………………
2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері………………………………..
2.3 Шарттарды жасасу тәртібі…………………………………………………………..
- ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ………………………………………………………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………
КІРІСПЕ
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет. Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек. Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі. Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көлеңкелі бизнеске» қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық қатынастардың дамуы барысында мәміле институтының элементтерінің маңызы зор. Осыған байланысты туындайтын қатынастардың ерекшеліктерін талдап, олардың маңызын айқындаудың мәні зор.
Жұмыстың объектісі. Мәмілеге негізделген азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.
1.ТАРАУ.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ
- Мәміленің түсінігі және түрлері
Мәміле – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.
Мәміленің ең көп тараған түрі – шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды. Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз – заңды факті. Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі көрінеді. Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап – белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп, өзгеріп, тоқтатылып жататынында.
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле – азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі.
Мәмлемелерде азаматтық құқық қатнастары қатысушыларының еркі көрінеді . Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білгуіміз керек. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, мәселен, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық, өндірістік, азық –түлік тауарларын сатып алуы және т.б. әрекеттері.
Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9тармағында көрсетілген.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәілелер:
— кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
— мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
— заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды.Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы –ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
52 бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
- егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп саналады.
Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Мәмілелердің түрлері.Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілелер – бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер – көп жақты мәмілелер болып табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер
Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
- Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ — азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
- Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы” Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
- Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.
- Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл — өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады. Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).
Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.
Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тауарлық биржа туралы” Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:
1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі тиіс;
2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.).
3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;
4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.
Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сақтандыру туралы” Жарлаығы бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра алады.
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының Заңы экспорттық бақылау туралы.
Осы Заң халықаралық және ұлттық қауіпсіздік мүддесіне орай қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндіру мен пайдалануға байланысты шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайтудың негіздері мен тәртібін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
2) жаппай қырып-жоятын қару – химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;
3) жеткізу құралдары – жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);
4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар – қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде “ноу-хау” өндірісінің құпияларына құқықтар;
5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағына тұрақты пайдалану және тұтыну үшін әкелу;
6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі – импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;
7) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) – импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі;
8) кері импорт – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;
9) кері экспорт – Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өндірілген, оның кеден аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің кеден аумағынан үшінші елдерге әкету;
10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары – заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
11) өнім – экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;
12) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) – экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі;
14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) – өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
15) транзит – өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткізу;
16) тұтастай қамтитын бақылау – өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;
17) уәкілетті орган – экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі – экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;
19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатында осы аумақтан әкету;
20) экспорттық бақылау – өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;
21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар – ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
- Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне қолданылады.
4-бап. Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары мен принциптері
- Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту;
3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.
- Экспорттық бақылаудың негізгі принциптері:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау;
2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердің басымдылығы;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетімділік;
4) халықаралық терроризм мен экстремизмді қолдауға жол бермеу;
5) экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Yкіметі экспорттық бақылау саласында:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік экспорттық бақылау жүйесін қалыптастырады;
3) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялаудың ережелерін бекітеді;
4) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережелерін бекітеді;
5) өнімнің транзитіне рұқсат беру ережелерін бекітеді;
6) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру ережелерін бекітеді;
7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
8) өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекітеді.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді;
2) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, өнімнің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
4) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін бақылайды;
5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді жүзеге асырады;
8) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді;
9) өнімнің транзитіне рұқсат береді;
10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;
11) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді.
7-бап. Қазақстан Республикасының
экспорттық бақылау жүйесі
мемлекеттік органдарының құзыреті
Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары:
1) өнімнің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі;
2) өз құзыреті шегінде өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуі мәселелерін келіседі.
8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері
Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлеріне мыналар жатады:
1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;
4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;
5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;
6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;
7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.
9-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру тәртібі
- Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
- Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) негізге алына отырып жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген өнімнің кері экспорты өнім шығарылған елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
- Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын, коммерциялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады.
- Өнімнің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
- Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының өнімнің түпкі пайдаланылуын тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті.
- Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы.
10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау
- Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.
- Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 8-бабының қолданылу аясына жатпайтын өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын:
1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
2) олардың аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауларына негіз болған жағдайларда алуға міндетті.
11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін өнімге қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде экспорттық бақылау ережелерін орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады.
12-бап. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеру
- Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, мына негіздер бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәліметтерді алу;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.
- Тексеру уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналында тіркелуге тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі – құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.
- Тексеруді жүргізудің басталуы тексеруші лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып, тексерілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі.
Тексеруді өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды тұлға (тұлғалар) ғана жүргізеді.
Өнімді тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.
- Тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынаулар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган тексерудің ұзартылғаны туралы құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, міндетті түрде қосымша акті ресімдейді, онда тексерудің тағайындалғаны туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себептері көрсетіледі.
- Тексеруді тағайындау туралы акт сыртқы экономикалық қызметтің бір қатысушысына (мәлімдеушісіне) ресімделеді.
- Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының сақталуы мәніне тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
- Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеушісіне) тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей тапсырылады.
13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі
- Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) экспорттық бақылау мақсаттары үшін өніммен сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті.
- Өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиіс.
- Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің ережелері мен нысанын уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы
Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.
15-бап. Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу
- Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне Қазақстан Республикасының шектеулер енгізуге, оларға эмбарго белгілеуге дейін құқығы бар.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерін негізге ала отырып, өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне шектеулер енгізілетін мемлекеттердің тізбесін белгілейді және жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкция туралы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) назарына жыл сайын жариялап отырады.
16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме
- Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
- Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) ұсынған құжаттар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау мақсатында пайдаланылады.
- Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларының қызметтік емес мақсаттар үшін жария етуіне, қолдануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
- Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талабы бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.
17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары
- Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимдерін күшейту саласында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын, сондай-ақ оларды жасау технологияларын таратуды болғызбау жөнінде шет мемлекеттермен бірге күш-жігерді және өзара іс-қимылды үйлестіру;
2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикаға тең құқықты және өзара тиімді негізде ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасының өніммен, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтармен халықаралық алмасуға қатысуын жандандыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жоғары технологиялардың әлемдік нарықтарына енуі үшін мүмкіндіктерді ұлғайту;
5) экспорттық бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу фактілерін және оларды бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар жүргізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ аталған салада екіжақты және көпжақты негізде бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының мем-лекеттік органдары экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың мемлекетішілік тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуді мақсат ететін отандық ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы келісімшарттарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.
18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
19-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2.ТАРАУ.АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы
Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.
Шарт еркіндігі – шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:
- шартты жасау еркіндігі;
- шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
- жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
- тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
- тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тарптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.
Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.
Тарптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Шарттың жіктелуі
Шарттарды жіктеудің маңызы өтезор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.
Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі – мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды деп есептелінеді. (Мысалы, несие шарты.)
Жеткізіп беру шарты – бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сәті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді және т.б. талап етуге құқылы.
Несие шарты – бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.
Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қарауға болады. Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады.
Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақты да бірдей.
Мәселен, сатып алу – сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге мінлетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап – сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.
Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады.
Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ.
Жария шартының талаптары барлық тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.
Сенімхат – бір тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.
Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті мерзімі – 3 жыл. Егер сенімхатта жарамды мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды болып есептеледі, ал егер сенімхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.
2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері
Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт — құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады[45].
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады[51].
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады ол ҚР АК-ның 228-бабында айқындалған.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың «Міндеттемелік құқық» туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
«Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас-тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда) [49].
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды.
Шарттан туындайтын міңдеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да керсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
ҚР АК-ның 379-бабының 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Демек, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады. АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туыңдамаса, онда АК-ның 22-тарауының баптары яғни шарт ұғымы және оның ережелері қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай-шартының мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар ҚР АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта АК-ның 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.
ҚР АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міңдеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағаңда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма ҚР АК-ның 8-бабының азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіңдігіне құқығымен үйлестікте болады.
Егер ҚР АК сүйенетін болсақ онда 380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалыңды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішіңде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болуы мүмкін. Міндетті түрде шарт жасасу туралы жалпы ережелер АК-ның арнайы бабында (АК-ның 399-бабы) жинақталғанын көреміз.
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жар-лықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады.
ҚР АК-ның 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады ҚР АК-ның 380-баптың 2-тармағын қараңыз. АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көшпілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-баптың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік оргаңдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады[43].
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде «азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады» делінген.
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Негізінде азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі өзінің негізгі қызметін сақтап қала бермек. Өйткені бұл (шарт еркіндігі) әрбір азаматтың өзіне тиесілі сбьективтік құқығы болып табылады.
Шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.
ҚР АК-ның баптарына жүгінсек 382-баптың 1-тармағыңда императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны занда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орыңдауға міндетті[76].
Шарт мазмұнына қатысты мысал келтіретін болсақ, АК 282-бапта ақша міңдеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген немесе АК 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Соңдықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты АҚШ долларымен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысал келтірейік, АК-ның 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Негізінен алғанда олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар болып келеді. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қаңдай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Онда, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашаңда дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттың елеулі ережелерін қарастырып өтейік. Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл — шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді[3].
Жалпы алғанда ҚР АК 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.
Ережелердің елеулі больп табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Олар брокер-диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіңдегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғаңдағы, құқықтары мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есепшотына аударудың, соңдай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы» Заңы);
3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі АК-ның 157-бабын негізге алуға болады.
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған болмағандығы шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады[52].
Оған мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын келіспесе, онда заң актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т.б.) қолданылады.
Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шартжасасқан кезде осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-бабы).
Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.
Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс (АК-ның 388-бабы).
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады.
Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана қолданылады. Бұл ретте, ҚР АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды, ал ҚР АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.
Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. ҚР АК 392-бабының 1-тармағына сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың мінез-құлықтары да назарға алынады.
Біз ҚР АК-ның 392-бабына сай түсініктемені азаматтық заңнама нормаларына АК-ның 6-бабына сай түсініктеме беруден ажырата білуіміз керек.
Шарттың қаңдай да бір ережесін түсінуде тараптар арасыңда қайшылық туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды, тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде барады[72].
Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.
Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады, бұл жағдайда АК-ның 151-155-баптарын негізге аламыз. Заңнама бойынша шарттың бұл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық куәландырылуын тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық формасы туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі оны ҚР АК 394-бабының 1-тармағынан көруге болады.
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат, телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады АК-ның 152-бабында көрсетілген.
Егер заңға жүгінсек ҚР АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік әрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі. Мұндай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада белгіленуі мүмкін.
Шарттардың түрлерінеде тоқталып талдау жасайық. Оларды атап өтетін болсақ нақты және консенсуальдық шарттар, ақылы және ақысыз шарттар, бір жақты және өзара шарттар, бір типті және аралас шарттар, негізгі және алдын ала шарттар, еркін және міндетті шарттар, өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары және өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар болып бөлінеді.
Азаматтық заңдарда шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндетемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қолданылады.
Біз шарттардың заңнамада және заң әдебиетіңде қолданылатын негізгі топтамаларына тоқталып мазмұнын толық ашып көрсетейік.
Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.
Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс[44].
Нақты шарттарда тараптардың міңдеттері басқаша анықталады. Оған мысал ретінде сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында «considaration» деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.
Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабыңда қаңдай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.
Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міңдет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міңдеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті) [55].
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды. Соңдықтан да, олардың мазмұныңда заңда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.
2.3 Шарттарды жасасу тәртібі
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымына анықтама беретін болсақ ол қанадай-да бір екі тараптың өзара келісіп шарт жасасу барысында шарттың орындалуы үшін алдын-ала жасалатын шаралар. Шарт бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісінің, яғни несие берушінің ырқында ғана емес, борышкердің де еркіне, жасаған әрекетіне байланысты. Өйткені борышкерде шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті әрекеттерді жасауға міндетті. Шарттан (атап айтқанда, шартқа негізделген) басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міндет емес талап етуге құқық береді, бұл несие берушіде болады. Бірақ, жалпы ереже бойынша, борышкер несие берушіні қандайда бір әрекетті орындауға мәжбүрлей алмайды, қайта шартта көрсетілген міндетті орындауға борышты. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол — жеке-белгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік.
Жалпы ережеге сәйкес шарт бойынша әрекет жасау міндетті адамның еркіне байланысты, ол міндеттемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік беріп, шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін алдын-алу шараларын жасайды. Сонымен қатар несие беруші, шарттық қатынастар бойынша борышкердің шартты орындамауына байланысты, борышкерден шығындардың орнын толтыртуын талап етуге құқылы. Кез келген шартты орындау, жалпы ереже бойьшша, несие берушінің заңда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе шарттың бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі[45].
Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (шарттың орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түрінде) шарттың орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта шарттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістер деп аталады.
Азаматтық құқықта шарттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің шарт талаптарын тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады.
Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді: борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату — бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе шартты орындамағандық немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады; борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту — бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады; несие берушіге белгілі бір затгар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру («адамға емес, заттың құнына сенемін») — бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады; борышкер шартты орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы — бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады; борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай талапты орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніңдегі шартты орындамауына құқық беру — бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай — шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің тізбесі тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді шартта көзделген өз міндетін тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістеріне жатады. Жалпы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы ережелері қолданылады, өйткені міндеттеменің өзі шарттан туындайды. Негізінен аталған дәстүрлі әдістермен қатар шарттың орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің акцессорлық сипатын қарастырайық. Шартты қамтамасыз ету әдістері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін шарт талаптарына қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін шарт талаптарының заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген[56].
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің негізгі (басты) талаптарға қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады.
Біріншіден, тек заңды шарттық талаптар, яғни заңды негізде туындаған талаптар ғана қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, қамтамасыз етуші шарт талап ету құқығын беруге көнгенде және көптеген жағдайларда осы негізгі шарт бойынша аударғанда негізгі шарттың тағдырына ілеседі.
Үшіншіден, негізгі шарттың тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін шарттың тоқтауына әкеп соғады.
Төртіншіден, негізгі шарттың заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін шарттың заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды. Ал, қамтамасыз етуші шарттың заңсыздығы қамтамасыз етілетін шарттың заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты шарттың тағдырының қосымша шарт тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.
Негізгі шарттың тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші шарттың тоқтаған-тоқтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдделерін мамандандырылған кәсіпкерлік ұйымдардың — кепіл ұстаушылардың қиянатынан қорғау ниетінен туындаған.
Кепілпұлды төлеу, жалпы ереже бойынша, шарттың орындалмағаны үшін жауапты тарапты шарттың орындалмауына байланысты туындаған шығындарды негізгі шарт бойынша басқа тарапқа, кепілпұл сомасы ескеріліп, төлеуден босатпайды. Шығынды өтеу туралы заң ережелері, оның ішінде шығын мөлшерін анықтағанда кепілпұл мөлшерін есепке алудың қажеттілігі, егер келісімде бұл жөнінде ешнәрсе көзделмесе, толықтырғыш болады. Сонымен қатар, талаптардың келісімінде кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттардан туындаған шығындарды өтеудің өзге салдарлары көзделуі мүмкін. Шартта, мысалы, шығындар кепілпұлдың сомасынан тысқары толық мөлшерде өндірілуі мүмкін, кепілпұл түрінде ғана, яғни бас тарту төлемі ретінде өтеуге жол беріледі және т.б. деп көрсетілуі мүмкін. Кепілпұл аванстан бөлек, аванс шартгы орындау есебінен болашақ төлемге жатқызылып беріледі, ол қамтамасыз ету құралы бола алмайды. Егер төлем кепілпұл деп жазбаша көрсетілмесе, онда оны аванс деп санау керек.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің келесі әдісі тұрақсыздық айыбын қарастырып өтейік.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің әдісі ретіңде тұрақсыздық айыбын шарт орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасын төлеуінің қамтамасыз етілетін басты міндеттемеге қосымша шарты ретінде түсінеміз. Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты — борышкерді қамтамасыз етілген шарт бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дәл орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда — міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады.
Шартты қамтамасыз етудің әдісі бола тұрып тұрақсыздық айыбының өзі алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді, бұл ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы шарт орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді, мысалы, орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу), өнімнің сапасы, ассортименті, буып-түйілуі туралы шартта көрсетілген талаптардың бұзылуы, т.б. Тұрақсыздық айыбын қолдану заңнамада да, мысалы заңнамада басқаның ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы белгіленген, кез келген шартты қамтамасыз ету үшін жасалған тараптар келісімінде де, мысалы, жалдау шарты бойынша жалдау ақысын уақтылы төлемегендік үшін, көзделуі мүмкін[51].
Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің тараптары қамтамасыз етілген шарт бойынша тараптар болып табылады. Негізгі қамтамасыз етілген шартта борышкер әрқашанда тұрақсыздық айыбы туралы келісім бойынша міндетті адам деп саналады. Борышкер шарт талаптарын орындамағанда қандай да бір соманы төлеу міндетін үшінші жақ өзіне алған жағдайлар кепілдік пен кепіл болушылыққа жатқанмен, тұрақсыздық айыбына еш жатапайды.
Тұрақсыздық айыбының мөлшері мен оны анықтау тәртібі тараптардың келісімімен немесе заңнамамен белгіленеді.
Бұл ретте тұрақсыздық айыбы, не нақты сомада, көрсетіледі, мысалы, клиенттің төлемдік құжатын жолғатқаны үшін банк әрбір жоғалған құжатқа мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, не орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасын пайызға шағып, мысалы, банк клиенттің есеп шотына ақша қаражатын уақтылы аудармағаны үшін төлем сомасының жарты пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсім) төлеуге міндетті, немесе, мысалы, несие алу шартында оны өз мақсатында пайдаланбағаны үшін қарыз алушының несие сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу жөнінде міндеті көрсетілуі мүмкін[76].
Заңнамамен анықталған тұрақсыздық айыбында оның мөлшерін көбейтпеуге болмайтындығы жөнінде тікелей нұсқама болса, ол мөлшер тараптардың өзара келісімімен үлғайтылады. Мысалы, ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР Ұлттық банкы қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде белгілеген тұрақсыздық айыбы тараптардың келісімі бойынша үлғаюы мүмкін.
Бұл ретте заңды айыпақының мөлшерін өсіруге тараптар өзара уағдаласқан келісімнің формасына шарттық тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы үшін көзделген ереже қолданылады, тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жай жазбаша формасын сақтамау несие берушіні занда белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын өңдіртіп алу құқығынан айырмайды.
Тұрақсыздық айыбының түрлерін қарастырайық. Тұрақсыздық айыбы, негізінен, оның туындау негізіне және мөлшерінің қандай тәртіпте — заңмен немесе тұрақсыздық айыбы туралы келісіммен анықталатындығына қарай түрге бөлінеді. Егер ол соманың мөлшері заң актісімен анықталса, ол — заңды немесе нормативтік, ал шартпен анықталса — ерікті немесе шарттық тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Шарттарды қамтамасыз ету шараларын қолдануды талқылап өтейік. Несие берушінің (қарыз немесе мүлік берушінің) алдында борышкердің (қарыз немесе мүлік алушының) шартты орындамағаны үшін жауаптылығы азаматтық-құқықтықтың принциптеріне негізделген, шарттың бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір шарт белгілі бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, шартты қамтамасыз етудің кейбір әдістері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері — тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.
Шартты қамтамасыз етудің кейбір әдістері (тұрақсыздық айыппұлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар шартты орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей шарт талаптарын орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген шарттан, заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты[50].
Зерттеп жатқан тақырыбымыздың өзегі шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларына жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының атқаратын қызметтерін анықтап, талдау жасайық. Бұл шаралар шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері болып табылады. Олардың қатарына кепілпұл, тұрақсыздық айыбы, кепілдік пен кепілдік болушылық, кепіл және заңнамада көзделген өзгеде әдістер жатады. Біз шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің ішінен кепілпұлды қарастырайық.
Шартты қамтамасыз етудің әдісі кепілпұл дегеніміз — шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға шарт талаптарынан туындайтын белгілі бір әрекеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасының бір бөлігін төлеуі. Кепілпұл — борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қаңдай да бір ақша сомасының бөлігі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретіндегі кепілпұлдың маңызы сонда, ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады.
Шартты орындамау оның орындалуына жауапты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі негізгі талаптары бойьшша шартты орыңдауын қамтамасыз етуге бағытталған, мысалы, сатып алушының сатылатын бағаны төлеу міндеті, жалгердің жалдау ақысын төлеу міндеті, т.б., ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудан бас тартқан жағдайда сол кепілпұлдан айырылып қалу қаупі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, кепілпұл алған адамның шартты орындамауы да оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптгар алып келуі мүмкін[49].
Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері олар ҚР АК-ның кепілпұл туралы жаңа ережелері кепілпұлмен қамтамасыз етілуі мүмкін шарттық міндеттемелердің аясын кеңейтті. Бұрын бұл тәсілмен тараптарының біреуі азамат болып келетін шарттар ғана қамтамасыз етілетін. Қазір, кепілпұлмен қамтамасыз етілетін шарттарды қатысушылар құрамына қарай шектеу жойылды, кепілпұлмен кез келген шарттық міндеттемелерді, оның ішінде тараптары азаматтардың қатысуынсыз тек заңды тұлғалар болып келген шарттарды қамтамасыз етуге болады.
Кепілпұл туралы келісімнің формасы ол кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің формасына қарамастан, заңсыз болады деген үреймен жазбаша түрде жасалуы тиіс. Егер жалпы шартты нотариус куәландыруы тиіс болса, кепілпұл туралы келісімнің зандылығы үшін жай жазбаша форма жеткілікті[75].
«Кепілпұл» ұғымында бірнеше мәндік және заңдық мағына бар. Көбіне «кепілпұл» ұғымы кепілпұл туралы келісімнің өзін белгілеу үшін қолданылады — шарт жасасқанда және белгілі бір құқықтар мен міндеттерді, сондай-ақ осы келісімді қолдану барысында заңмен белгіленген зардаптарды анықтағанда ақша сомасының бір бөлігін төлеу туралы келісімді білдіреді. «Кепілпұл» ұғымы, тағы да, азаматтық құқық институтын білдіреді, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілпұл туралы келісімді қолданудың салдарын реттейтін материалдық құқық нормаларының жиынтығын береді.
Тікелей келісімді кепілпұл туралы келісім деп, ал құқық институтын- кепілпұл туралы келісім институты деп белгілеген дұрыс болар еді. Сонымен қатар кепілпұл бір адамның екіншіге төлейтін ақша сомасының бір бөлігін ғана білдіреді.
Кепілпұл туралы келісімге тоқталсақ. Жалпы кепілпұл айрықша келісім бойынша енеді, ол шарттан бөлек болады және шарттағы міндеттемені қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Кепілпұл туралы келісім шартқа қосымша болып келеді, ол шар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Кепілпұл туралы келісімнің ол үшін заңнама қажетті деп тапқан елеулі белгілері, ол — кепілпұлдың мөлшері, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілпұл төленетін негізгі міндеттемені анықтау. Кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы негізгі шарттың зандылығына байланысты. Негізгі шарттың заңдылығын бұл жерде кең түсіну керек. Негізгі шарттың зандылығы оның заңға сәйкестігін, сондай-ақ оның күшіне енуін, кепілпұл туралы келісім күшінде болған кезде негізгі шарттың күшінде болуын білдіреді.
Шартты қамтамасыз ету ретінде кепілпұл туралы келісім тараптардың кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттар бойынша жағдайларын, құқықтары мен мінеттерін өзгертпейді. Сонымен қатар кепілпұл туралы келісім тараптардың міндеттерін күрделендіреді, себебі олар бөлек келісім бойынша өздеріне қосымша міндеттемелер қабылдайды. Кепілпұл алған адамның құқығы азаймайды, қайта міндеттемені қамтамасыз ету салдарынан көбейеді, сондай-ақ ол кепілпұлмен қанағаттану керек пе, әлде міндеттеменің тиісінше орындалуын талап ету керек пе, осының біреуін таңдауы тиіс, егер шарт кепілпұлмен қамтамасыз етілмесе, онда ол талап етуге құқылы болады.
Кепілпұл берген адамда да қосымша міндеттемелер туындайды, кепілпұл алған адамның кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты орындамағанына дейін қандай да бір құқық туындамайды. Кепілпұл туралы келісімнің өзіндік сипаты бар. Кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі бола тұрып барлық басқа қамтамасыз ететін шарттардан өзін ерекшелейтін белгілерге ие. Біріншіден, кепілпұлмен шарттардан туындайтын міндеттемелер ғана қамтамасыз етіледі және ол өзге шарт талаптарын қамтамасыз етуге пайдаланылмайды, мысалы, шарттан өзге негіздерден, атап айтқанда, әкімшілік актілерден, сот шешімінен жөне т.б. туындайтын міндеттемелерді[50].
Екіншіден, кепілпұлмен тараптардың біреуінің ақшалай міндеттемесі көзделген шарттың орындалуы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, себебі кепілпұл «уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа» беріледі (АК-ның 337-бабьшың 1-тармағы), мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша бағаны төлеу жөніндегі міндеттеме, жалдау ақысын төлеу жөніндегі міндеттеме және т.б. Бұл тұрғыдан алғанда кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, бір жағынан шарт бойынша ақшалай міндеттемені бөлшектеп орындауы — шарт бойынша бір тараптың екінші тарапқа төлемінің бөлігі болып табылады.
Үшіншіден, кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, шарт жасалғандығының дәлелдемесі рөлін атқарады. Бұл дегеніміз — егер шарт тараптардың біреуінің кепілпұл төлеуін көздейтін болса, онда бұл міндет орындалғаннан кейін ғана шарт жасалыңды деп саналады, мысалы, егер сатып алу-сату шартында кепілпұл төлеу көзделген болса, онда кепілпұл төленбей шарт күшіне кірмейді, ал кепілпұл сомасы төленгеннен кейін тараптардың біреуі шартты орыңдаудан біржақты бас тарта алмайды. Кепілпұлды төлеу тараптар арасыңда кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың барық елеулі жағдайлары бойынша келісімге қол жеткендігінің және туын-дайтын барлық салдарларымен оның күшіне кіргендігінің дәлелдемесі.
Төртіншіден, кепілпұл, сонымен қатар, оны беруші тарап үшін де, оны алушы тарап үшін де жауапкершілік өлшемі болады, біріншісінің міндеті — өзінен алынатын төлемді төлеу, ол одан бас тартқан жағдайда кепілпұлды жоғалтады, екіншісінің міндеті — міндеттемені заттай орындау, себебі оны орындамаған жағдайда ол кепілпұлды қайтарады және соның мөлшерінде қосымша шығын тартады.
Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты тоқтатудың немесе орындамаудың не кепілпұл туралы келісімді тоқтатудың салдарларын қарастырайық. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың тоқтауы кепілпұл туралы келісімнің тоқтауына әкеп соғады. Кепілпұл туралы келісім тоқталып, берілген кепілпұлдың тағдырын шешкенде оның негізгі міндеттемеден бөлек еместігі, оның бір бөлігі — шарттың тараптарының біреуінің ақшалай мшдеттемесінің бөлігі екендігі ескеріледі. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарт тоқтаған екі жағдайда кепілпұл қайтарылуға тиіс.
Тараптар, кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты оны орындау басталғанға дейін өзара келісіп бұзса (зат түрінде орындау — жұмыс, қызмет көрсету жаңадан немесе жарым-жартылай орындалса, мүлікгі ішінара берсе, не ақшалай міндеттемені орындағанда — кепілпұлдан басқа, шарт бойынша ақшаның бір бөлігін төлесе) АК-ның 338-бабының 2-тармағыңда көзделген салдарлардан босатылады, олар тараптардың негізгі шарт бойынша да, кепілпұл туралы келісім бойынша да міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соғады, ал бұл ретте кепілпұл қайтарылуға тиіс. Қамтамасыз етілетін шартты тараптар жауап бермейтін мән-жайлардың нәтижесінде орындау мүмкін болмағандықтан ол басталмай жатып тоқталса, жоғарыда көрсетілгендей салдарлар туындайды[43].
Басқа реттерде кепілпұлдың тағдыры қамтамасыз етілетін міндеттеменің тоқтау негіздеріне қарай шешілуі тиіс, мысалы, тараптардың біреуі орындауды бастағаннан кейін шарт бұзылса кепілпұлдың тағдыры тараптардың келісімімен, шарттың орыңдалған бөлігі ескеріліп шешіледі: жаңалағанда, тараптар келісімінде өзгедей көзделмесе, кепілпұл туралы келісім де тоқтайды, бас тарту төлемінде — бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімін және тәртібін тараптар белгілейді (бас тарту төлемінің мөлшері кепілпұлға шамалас та, басқадай да болуы мүмкін).
Кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің әдісі болумен қатар тұрақсыздық ақысы, жауапкершілік шарасы да бола алады. Егер тараптардың біреуі негізгі міндеттеме орындалмай қалатындай әрекет жасаса, оған сол әрекет үшін жауапкершілік ретінде екінші жаққа, берілген кепілпұл ескеріліп, кепілпұл сомасы мөлшерінде ақша төлеу міндеті жүктеледі. Сондықтан, егер қамтамасыз етілетін шарттың орындалмағанына кепілпұл берген тарап жауапты болса, онда кепілпұл оны алған жақта қалады.
Егер міңдеттеменің орыңдалмағанына кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті. АК-ның 338-бабының 2-тармағында кепілпұл туралы келісім бойынша жауапкершіліктің негізі болып табылатын міндеттемені бұзудың түрі тікелей көзделген. Бұзушылықтың бұл түрі — кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты орындамау. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты тиісінше орындамағанда бұзушыны жауапқа тарту АК-ның 349-366-баптарында көзделген жалпы ереже бойынша мүмкін болады, бірақ тиісінше орындамау АК-ның 338-бабының 2-тармақтарыңда көзделген салдарлардың тууына негіз бола алмайды.
Шартты бұзғандық үшін жауапқа тартылатындай жағдайлар болса кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты орындамағаны үшін тарап жауапкер деп танылуы мүмкін. Дегенмен, кепілпұл жауаптылық шарасы ретінде болады, ол шартты орыңдамаған жақтан өндіріледі, ол үшін, жалпы ереже бойынша, егер шартта немесе заңнамада басқадай көзделмесе, кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың орындалмауында оның кінәсі болуы тиіс. Мысалы, заңнамада кәсіпкерлердің шартты бұзғаны үшін кінәсіз жауапкершілігі тікелей көзделген. Сондықтан, егер шарт тараптары келісер болса, оның кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты орындамауы, егер жойқын күші — табиғи құбылыстардың, әскери қимылдардың және т.б. салдарынан шартты орындаудың мүмкін болмағандығы дәлелденбесе, жалпы ереже бойынша одан жауапкершілік шарасы ретінде кепілпұлды өндіріп алуға негіз болады. Сонымен қатар, кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартта не кепілпүл туралы шартта тараптардың шартты бұзғаны үшін кінәсіз жауапкершілігі көзделуі мүмкін, және бұл жағдайда да, сондай-ақ қамтамасыз етілген шартты бұзған жағдайда да кепілпұл кінәсіз бұзушыдан өндіріледі[49].
Кепілпұлды төлеу, жалпы ереже бойынша, шарттың орындалмағаны үшін жауапты тарапты шарттың орындалмауына байланысты туындаған шығындарды негізгі шарт бойынша басқа тарапқа, кепілпұл сомасы ескеріліп, төлеуден босатпайды. Шығынды өтеу туралы заң ережелері, оның ішінде шығын мөлшерін анықтағанда кепілпұл мөлшерін есепке алудың қажеттілігі, егер келісімде бұл жөнінде ешнәрсе көзделмесе, толықтырғыш болады. Сонымен қатар, талаптардың келісімінде кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттардан туындаған шығындарды өтеудің өзге салдарлары көзделуі мүмкін. Шартта, мысалы, шығындар кепілпұлдың сомасынан тысқары толық мөлшерде өндірілуі мүмкін, кепілпұл түрінде ғана, яғни бас тарту төлемі ретінде өтеуге жол беріледі және т.б. деп көрсетілуі мүмкін. Кепілпұл аванстан бөлек, аванс шартгы орындау есебінен болашақ төлемге жатқызылып беріледі, ол қамтамасыз ету құралы бола алмайды. Егер төлем кепілпұл деп жазбаша көрсетілмесе, онда оны аванс деп санау керек.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің келесі әдісі тұрақсыздық айыбын қарастырып өтейік.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің әдісі ретіңде тұрақсыздық айыбын шарт орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасын төлеуінің қамтамасыз етілетін басты міндеттемеге қосымша шарты ретінде түсінеміз. Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты — борышкерді қамтамасыз етілген шарт бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дәл орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда — міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады.
Шартты қамтамасыз етудің әдісі бола тұрып тұрақсыздық айыбының өзі алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді, бұл ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы шарт орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді, мысалы, орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу), өнімнің сапасы, ассортименті, буып-түйілуі туралы шартта көрсетілген талаптардың бұзылуы, т.б. Тұрақсыздық айыбын қолдану заңнамада да, мысалы заңнамада басқаның ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы белгіленген, кез келген шартты қамтамасыз ету үшін жасалған тараптар келісімінде де, мысалы, жалдау шарты бойынша жалдау ақысын уақтылы төлемегендік үшін, көзделуі мүмкін[51].
Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің тараптары қамтамасыз етілген шарт бойынша тараптар болып табылады. Негізгі қамтамасыз етілген шартта борышкер әрқашанда тұрақсыздық айыбы туралы келісім бойынша міндетті адам деп саналады. Борышкер шарт талаптарын орындамағанда қандай да бір соманы төлеу міндетін үшінші жақ өзіне алған жағдайлар кепілдік пен кепіл болушылыққа жатқанмен, тұрақсыздық айыбына еш жатапайды.
Тұрақсыздық айыбының мөлшері мен оны анықтау тәртібі тараптардың келісімімен немесе заңнамамен белгіленеді.
Бұл ретте тұрақсыздық айыбы, не нақты сомада, көрсетіледі, мысалы, клиенттің төлемдік құжатын жолғатқаны үшін банк әрбір жоғалған құжатқа мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, не орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасын пайызға шағып, мысалы, банк клиенттің есеп шотына ақша қаражатын уақтылы аудармағаны үшін төлем сомасының жарты пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсім) төлеуге міндетті, немесе, мысалы, несие алу шартында оны өз мақсатында пайдаланбағаны үшін қарыз алушының несие сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу жөнінде міндеті көрсетілуі мүмкін[76].
Заңнамамен анықталған тұрақсыздық айыбында оның мөлшерін көбейтпеуге болмайтындығы жөнінде тікелей нұсқама болса, ол мөлшер тараптардың өзара келісімімен үлғайтылады. Мысалы, ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР Ұлттық банкы қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде белгілеген тұрақсыздық айыбы тараптардың келісімі бойынша үлғаюы мүмкін.
Бұл ретте заңды айыпақының мөлшерін өсіруге тараптар өзара уағдаласқан келісімнің формасына шарттық тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы үшін көзделген ереже қолданылады, тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жай жазбаша формасын сақтамау несие берушіні занда белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын өңдіртіп алу құқығынан айырмайды.
Тұрақсыздық айыбының түрлерін қарастырайық. Тұрақсыздық айыбы, негізінен, оның туындау негізіне және мөлшерінің қандай тәртіпте — заңмен немесе тұрақсыздық айыбы туралы келісіммен анықталатындығына қарай түрге бөлінеді. Егер ол соманың мөлшері заң актісімен анықталса, ол — заңды немесе нормативтік, ал шартпен анықталса — ерікті немесе шарттық тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Заңнамада «тұрақсыздық айыбы» «айыппұл», «өсім» ұғымдарымен тектес ұғым ретінде берілген. Нормативтік актілерде «айыппұл» және «тұрақсыздық айыбы» терминдері ұқсас ұғымдар ретінде жиі қолданылады; кейде оларды ажырату қиын. Дегенмен, құқықтық теория мен практикада бұл ұғымдар өз мәнінде түсініледі.
Әдетте, «өсім» ұғымы ретінде міндеттемені белгілі бір уақыт аралығында орындамағандық үшін қолданылатын тұрақсыздық айыбын түсінеді.
Өсім орындау мерзімі сақталмаған әрбір нақты кезең үшін міндеттеме сомасына пайызбен шағын есептеледі, мысалы, несие шартында ақша қаражатын қайтару мерзімі өткеннен кейін төленетін соманың 0,5%-ы мөлшерінде әрбір күнге айыпақы белгіленуі мүмкін.
Ал, «айьппұл» ұғымы, әдетте, нақты сомадағы тұрақсыздық айыбы немесе міндеттеме сомасьша белгілі бір пайыздық мөлшерде белгіленген тұрақсыздық айыбы ретінде түсініледі, мысалы, тауардың жинақтылығы, сапасы және ассортимент туралы шарттың талаптарын бұзғандық үшін 1000 теңге немесе әрбір бұзғандық үшін міндеттеме сомасының 1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл) көзделуі мүмкін.
Әрине, «айыппұл» және «өсім» терминдерін бұлай ұғынуда ресми сипат жоқ, бұл олардың мәніне өсер етпейді. Айыппұл мен өсім тұрақсыздық айыбы болып табылады. Сонымен қатар, ескеретін бір жағдай — «айыппұл» термині құқықтың басқа салаларында да, атап айтқанда, қылмыстық, әкімшілік және қаржы құқығында да қолданылады, ол кезде мұның азаматтық-құқықтық сипаты болмайды.
Тұрақсыздық айыбын өндіртіл алу құқығының залалды өндіртіп алу құқығымен ара қатынасына байланысты тұрақсыздық айыбы есептік, айыптық, баламалық және ерекше болып бөлінеді.
Жалпы ереже бойынша түрақсыздық айыбымен заладдың етелмеген бөлігі өндіріледі. Міне, тұрақсыздық айыбының осы түрі есептік деп аталады, бұл ретте өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері өндірілетін залалдың есебіне жатқызылады.
- ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік.
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және жазалаумен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың салдары немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21 проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады. Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды. Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді), мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация), жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.
Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық–құқықтық қатынас нормаларында әділеттілікті талап етеді. Мысалы, азаматтық – құқық мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің қатысты құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттердіорындауда басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, — деп жазады В.Ф. Яковлев, — құқықтық қатынас субъектілерінің мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады. Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен жауапкершілікті жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру мақсатымен орнықтырылады.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі «өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр». Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының «Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы» жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.
Осыған байланысты Е.В.Черныхтың «адамдардың жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан келетін зардаптардан емес, олардың іс-әрекеттерінен көрінеді» деген пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті сипаты қандай болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы қалыпты болса, жазалау жөнінде мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты әрі жағымды мағынаға ие. Позитивті жауапкершіліктің салдары жазалауға ұшырайды. Жауапкершіліктің теріс аспектісі тәртіптің бұзылуынан көрінеді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, мәміле-бұл тектік ұғым, ал шарт-түрлік ұғым. Кез келген шарт – бұл мәміле, ал кез келген мәміле-шарт емес. Күнделікті тұрмыстағы және тіпті ресми тәжрибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді: келісім-шарт, тараптардың келісімі. Бірақ мұның бәрі-шарттар. Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.
Азаматтық Кодекстың 150-бабы шартпен жасалған мәмілелерге, яғни шартты мәмілелерге арналған.
Егер тараптар өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды осымен байланыстырған мәнжай мәміле жасалғанға дейін орын алған болса, оның қатысушылары бұл жөнінде білмеген болса да, ол мәмілеге әсер етпейді.
Табиғат құбылысы, басқа адамдардың іс-әрекеттері, мәмілеге қатысушы тараптардың іс-әрекеттері және т.с.с. шарт болуы мүмкін. Бірақ заңға қайшы немесе әдепсіз әрекеттерді шарт ретінде анықтауға болмайды.
Өзінің сипаты жөнінен шарт оң болуы мүмкін (реті келеді). Мұндай қызметті мәміленің екі қатысушысы да немесе оның тек біреуі жүзеге асыратынына қарамастан, кәсіпкерлік қызмет барысында жасалатын мәмілелер оларды жазбаша түрде жасауды талап етеді.
Соңғы жылдардың тәжірибесінде, әсіресе бір жолғы, қысқа мерзімдік және т.с. шарттарды жасасуда факсимилелік жолмен көшірілген хаттар алмасу барынша кең таралуда. АК-ның 152-бабы жалпы ереже ретінде факсимилелік көшіру құралдарын пайдалануға рұқсат етеді.
Мәмілелердің кейбір түрлерін жасау үшін олардың стандартты немесе үлгіге келтірілген нысандары (тасымалдау, сақтандыру, тауарларды несиеге сату және т.с.с.) қолданылады. Бұл, мысалы, жария шарттарды, әсіресе қосылу шарттарын жасаудың әдеттегі тәжірибесі (АК-ның 389-баптары).
Мұндай жағдайларда мәмілені білдіретін құжат стандартпен, үлгі ережемен, үлгі шарттармен белгіленген нысанда қарастырылады. Мұндай құжаттарды, әдетте, сатушы, жұмысты орындаушы немесе қызмет көрсетуші жасайды. Тараптардың өзара келісімі бойынша құжатқа өзгерістер енгізу мүмкін. Шарттың баспасөзде жарияланған үлгі шарттары керекті талаптар сақталғанда іскерлік айналым салттары ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мәміленің жазбаша түріне қойылатын талаптарды АК-ның 382,388 баптары бағалауға «Қазақстан Республикасының тіл туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі заңның 15-бабын ескеру керек, ол бойынша Қазақстан Республикасындағы жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрде жасайтын барлық мәмілелері қажетті жағдайларда басқа тілдерге аудармалармен қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндалады. Шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жазбаша түрде жасалатын мәмілелер мемлекеттік және тараптар үшін қолайлы тілде баяндалады.
Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов Қазақстан Республикасының құқық негіздері., -Алматы, 2003ж
- Оспанов. Қ. И. Құқық негіздері Алматы, 2007.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі , Алматы:,
- Қазақстан Республикасының азаматтық құкығы., Алматы, 2001
- Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өнделіп, толыктырылған, 2-басылымы / Ғ. Сапарғалиев. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.