Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………..…………………..2
1-тарау. Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
- Шарт жасасудың кезеңдері………………………………………………………………….4
- Шарт жасасу тәртібі…………………………………………………………………………….6
- Шарт жасасатын жер…………………………………………………………………………..7
2-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
2.1. Шартты өзгертудің және бұзудың негіздері…………………………………………..9
2.2. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары……………11
3 тарау. Азаматтық-құқықтық шарт туралы жалпы ережелер
3.1. Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері……………………….…………12
3.2. Шарттың мазмұны мен формасы………………………………………………………..18
4-тарау. Азаматтық-күкыктық шарттардың жекелеген түрлері
4.1. Азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктері………………………28
Қорытынды……………………………………………………………………………64
Пайдаланған әдебиет тізімі………………………………………………………….65
Кіріспе
Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен баска да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас больш табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік.[1] Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы,[2] қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
1-тарау. Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
1.1. Шарт жасасудың кезеңдері
Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіңдігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат «Караванда» пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау–қабылдамау сатушының езіне байланысты.
Шарт жасасу қаңдай да бір тараптың міндетті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.
АК-ның 395-бабы «оференттің байланыстылыгы» ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.
«Оферент байланыстылығы» ұғымынан «офертаның каитарып алын-байтындығы» ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім еткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды жөне оның ережелерін озгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан керген шығынын етеу міндетінің туындауына өкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік больш табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның езінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395—баптың 3-тармағы).
АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасыңдағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.
Жария офертаны өзінің қьізметінің сипаты жағьшан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.
Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.
Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.
Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе — ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса — ол жария оферта.
Оферта жодданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады (АК-ның 396-бабының 1-тармағы).
Акцептанттың өзінің офертамен толық жөне сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз жөне өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін үсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды жөне ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.
Мысалы, банктердің корреспоңденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабыдданған болып саналады делінген.
АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп түруы тиіс жөне бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.
Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оферентген алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцептен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.
Оферент акцешті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады (АК-ның 401-404-баптары).
- Шарт жасасу тәртібі
Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түріңде теріс салдар келеді.
Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер оңцай мерзім белгіленбеген болса — ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайыңда тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады (397-баптың 2-тармағы).
Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады, оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан, ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол еңді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады. АК-ның 397-бабының 3-тармағыңда жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.
Оферент, жауап ала алмағаңдықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент оз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезіңде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орындау үшін оз тарапьшан әрекет жасауы мүмкін (келік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) Сондықтан оферент жауаптың кешігіп кежендігі туралы оған тез хабар беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды етеуге міндетті.
Мысалы, И. 1 сөуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жібереді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіндігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кәнісінен едәуір кешігіп келеді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н.-ге сатады, ал М.-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергеңдігін хабарламайды. 15 мамырда М. келік жалдап пианиноны алуға келеді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міндетті.
Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның құқық бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін түсінгенше жалғаса береді.
- Шарт жасасатын жер
Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады (АК-ның 398-бабы).
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұңдай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағьшатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы).
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады (АК-ның 39-бабы).
Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостаңдығы болғанмен, АК-да жөне басқа заң актілеріңде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіңдігі АК-да қарастырылған.
Мұндай жағдайлар көп емес. АК-да белтенгендердің ішінен жария шартты (387-бап) жөне алдын ала шартты (390-бап) атауға болады. Өзге заң актілеріңде белгіленген жағдайлар ішінен мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындауын алуға болады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 13-бабы).
АК-ның 399-бабына сәйкес, міңцетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант үшін міндетті болғаңда (1-және 2-тармақтар); шарт жасасу оферент үшін міндетті болғанда (3-тармақ).
Бірінші нұсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның озге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс.
Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір қайшылығын оңцай хабар алғанан кейін отыз күн ішінде немесе акцент мерзімі еткеннен кейін сот қарауына беруге құқылы.
Екінші нұсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күңцік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді.
Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайында хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туыңдаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы.
Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасын жасауы немесе пікір қайшылыгын сот қарауына беруі үшін АК-ның 399-бабында белгіленген мерзімдер бірдей (отыз күн). Бұл мерзімнен шатасуға жол бермейді. Сонымен қатар бұл жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасау үшін ақылға қонымды мерзім.
Бұл мерзімдер императивтік емес. Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада, ал кейбір жағдайларда — тараптардың келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап оны мәжбүр ету туралы жөне оған шығындарды төлеттіру туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-ның 399-бабының 4-тармағы).
Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексіңце аддьш ала шарт жасасқан тарапты негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның өтелуін ғана талап ете алады (390-бап).
Шығындарды өтеу, АК-ның 9-бабының 4-тармағының жөне 350-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарьш тараптардың өздері шешеді, оларды соттьщ қарауьша бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды.
АК-ның 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар:
шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда (АК-ның 399-бабының 2-3-тармақтары);
пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауьша беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мүңдай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады.
Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс.
Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері межбүрлеп орындату жөнінде ешқандай өрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.
2-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
2.1. Шартты өзгертудің және бұзудың негіздері
Шартты өзгерту дегеніміз — оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі.
Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-ның 367-377 баптарында козделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату.
АК-ның 401-бабында шартты өзгертудің жөне бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нөтижесінде.
Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібіңде, орындаудан біржақты бас тарту) АК-да, басқа заң актілеріңде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. АК-ның 401-бабының 2-тармағыңда шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі — шарттың едөуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы. Мысалы тапсырыс беруші шарт жасасқан кезде құрылыс объектісінің уақтылы және сапалы тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ мердігер құрылыс жүмыстарын жүргізгеңде жобаның өрескел бұзылуына жол берген.
Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты бұзушылықтар белгіленген.
Мысалы, АК-ның 476-бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін кемшілігі бар сапасыз тауарлар жеткізіліп, ол кемшіліктерді сатып алушы үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады. Екінші жағдай — АК-да, басқа заң актілерінде немесе шартта мүндай жағдайларды белгілеуге мүмкіндік беру. Мысал ретінде АК-ның 389-бабының 2-тармағын келтіруге болады, онда шарт ережесінде өзіне залал келетін баптар болса қосылған тараптың шартты бұзуды талап ету құқығы кезделген.
Басқа заң актілерінің ішінен, мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Занды атауға болады, оның 103-бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шарты жалға беруігінің талабы бойынша, Тұрғын үй қатынастары туралы Заң негізінде ғана бұзылады делінген (егер үй бұзылуға жатса, егер жалдаушы оны ұдайы бұлдіріп немесе қирата берсе жөне т.б.)
Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі (АК-ның 404-бабының 1-тармағы). Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міңдеттемені орыңдаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген.
273- және 404-баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен жөн: 273-бапта заңнама жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында айтылған. Бұл ретте «заңнама» терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұңдай жағдайлар тек заңдармен ғана емес, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін.
Назар аударарлық бір жағдай — АК-да «шартты орыңдаудан бір жақты бас тарту» және «шарттан бас тарту» терминдері бір мағынада қолданылады.
404-бабының 2-тармағыңда шартты орыңдаудан біржақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген:
1) шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса (374-бап);
2) белгіленген төртіпте екінші тарап банкрот деп танылса;
3) шарт жасалғаңца негізге алынған мемлекетгік орган актісі өзгерсе немесе күшін жойса.
Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарыңца көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар (тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты жөне банк салымы, жолаушылар тасымаддау шарттары).
Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң актілерінде де көзделген.
Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы (отбасының көмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен).
Тұрғын үй жалдау шартын тұрғын үйді жалдаушы, тіптен жалға берушіні хабардар етпей-ақ, өзінің шартты бұзғаңдығын растайтын конклюдештік әрекеттер жасау жолымен бұза алады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабының 2-тармағына сәйкес жалдаушы және оның отбасы мүшелері басқа жаққа түрғылықты тұруға кетсе тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылған болып саналады.
Бәлкім, тұрғын үй жалдау шартын жалдаушының бір жақты бас тарту жолымен бұзуына АК-ның 404-бабы 4-тармағының «шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда бір тарап бұл туралы екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескертуге тиіс» деген ережесі қолданылмайды.
Шарт мерзімі көрсетілмей жасалса да шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол беріледі. (404-баптың 3-тармағы).
Бұл ретте біржақты бас тартудың барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже: ол жайында екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескерту туралы талап сақталуы тиіс (404-баптың 4-тармағы).
Шартты орыңдаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне өкеп соғатын зандық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.
2.2. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары
Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада жасалады (АК-ның 402-бабының 1-тармағы).
Шартты өзгерту немесе бұзу жөніңдегі ұсыныстан екінші тараптың бас тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейін ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мелімдей алады (АК-ның 402-бабының 2-тармағы).
Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі: егер шарт бүзылғанда тараптардың міңдеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде олар езгерген түрде сақталады (403-баптың 1- және 2-тармақтары).
АК-ның 403-бабыңца шарттың бұзылуын шартты заңсыз деп танудан айыруга мүмкіңдік беретін ережелер келтірілген:
шарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда міндеттемелер алдағы уақытта, тараптар келісім жасаған немесе сот шешімі заңды күшіне кірген кезден бастап тоқтайды; шарт заңсыз деп танылғанда зандық салдар туыңдамайды, шарт ол жасалған кезден бастап заңсыз деп танылады (154-баптың 8-тармағы);
шарт өзгергенде немесе бұзылғаңда тараптар шарт өзгерген немесе бұзылған кезге дейін өздерінің орындағандарын қайтару жөнінде талап қоя алмайды, шарт заңсыз деп танылса өр тараптың шарт бойынша алғанды басқа тарапқа қайтарып беруі жалпы ереже ретінде белгіленген (АК-ның 157-бабының 3-тармағы).
Шарт өзгергенде немесе бұзылғанда пайда болған шығындар барлық жағдайларда бірдей өтелмейді, ол үшін шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты едәуір бұзуы себеп болуы тиіс (АК-ның 403-бабының 5-тармағы).
Тараптар шартгың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқылы. Шарттың күшінде болу мерзімін үзарту іс жүзінде жаңа шарт жасалғанын білдіреді. Сондықтан ол АК-ның 397-бабының шарт жасасу тәртібіне арналған ережелері бойынша жүргізіледі.
Яғни, шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс.
Шарттың күшіңде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек, соңғы жағдайда шарттың күнінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшіңде болуы озіңде кезделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі.
3 тарау. Азаматтық-құқықтық шарт туралы жалпы ережелер
3.1. Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері
Шарттың мазмұны—жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жщзрйжарлан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы).
Шарттың ережесі заңдарга сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде. егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қодданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
- Шарттың мәні туралы ережелер;
- Заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
- Осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
- Бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер (АК-тің 393-бабы).
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін.
Шарт әр жақтың шсжісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітітген.
Азаматтық кодекстін 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы — оферта арқылы шарт жасау және екінші жақтың ұсынысын кабылдауы оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әржақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласа, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (АК-тің 394-бабының 1-тармағы).
Шарт бір жақтың ұсынысымен, екінші жақтың оны қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ, кез келген ұсыныс оферта ретінде қарала алмай»ды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін болады (АК-тің 396-бабы).
Шарт жасаудың екінші кезеңі — акцепт. Акцепт — оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы (АК-тің 396-бабының 1-тармағы). Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжаттарында, іскерлж өрісіндегі әдеттегі құқықтарда немесе бүрынғы іскерлік катынасгарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі (АК-тің 396-бабының 3-тармағы). Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бүрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі (АК-тің 396-бабы).
Шарттың жасау сәті мынадай жағдайларға:
І. акцепт үттгін мерзімі көрсетілген кезде не онсыз үсыныс жасалды ма;
- оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөлектенетін міндетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін (АК-тің 399-бабы).
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
- акцепт туралы хабар, немесе;
- акцептіден бас тарту, немесе;
- офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы, егер заңдарда басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасауға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар алған тарап шарт жасау кезінде пайла болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде, не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер зандарда шарггардың жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе. соттың қарауына беруге қүқылы (АК-тің 399-бабының 1-тармағы).
Егер шарт жасауға міндетгі тарап жіберген шарт жобасына отыз күн мерзімде шарт жобасьша келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті.
Шарт жасау кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен соттың қарауына берілген болса (АК-тің 399-бабы), шарттың тараптар келіспеген ережелері сол шешіміне сәйкес белгіленеді (АК-тің 400-бабы).
Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 401-бабы).
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға қүқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл шарт едәуір дәрежеде бүзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте, мүндай бас тартуға заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде жол берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі (АК-тің 401-бабының 3-тармағы).
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылыкты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.[3]
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтык құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
Біржақты және екі жақты шарттар. Бір жақты шарт деп –бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге қүқылы. Шарттардың көбі екі жақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу).
Шарт ақылы және акысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін аткарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға қүқылы. Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті акысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғанақұқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойыншақұқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқық бар үшінші жақ үшін жасалған шарт.
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жүмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт — жария шарт деп танылады. (АК-тін 387-бабының 1-тармағы).
Қосылу шарты — ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тін 389-бабының 1-тармағы).
Алдын ала жасалған шарт — әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі. (АК-тің 390-бабының 1-тармағы).
Азаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасаудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды екінші тарапқа өтеуге міндетті (АК-тің 390-бабының 5-тармағы). Егер ниеттер туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды, әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды (АК-тің 390-бабының 7-тармағы).
Аралас шартта занда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-б.).
Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (АК-ның 378-бабының 1-тармағы).
«Шарт» термині азаматтық заңнамада өртүрлі мөнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат.
Шарт —құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтыққұқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады (7-бап).
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы жөне оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» үғымын «бір жақты жөне өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайдьі, себебі мәмілені жасау үшін тараптардъщ келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті (бір жақты және өзара шарттар жайында осы тараудың 3-параграфын қараңыз). Шарттың басқа мәмілелерден жөне басқа зандық фактылардан айьірмашьільіғьі сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мөміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жакты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелікқұқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқық (несие беруші), екіншісіңде — солқұқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мөмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі жөне осы қызметтің нөтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың «Міндеттемелік құқық» туралы бөлімде емес, меншік құқықна арналған болімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы).
Кеп жақты шарттарға, өдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, коп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне байланьістьі кейбір нормаларды қолдануға болмайдьі. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді коп жақты шартқа қоддануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
«Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» (379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бүрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік кұкық қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену жөне пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысу-шылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда).
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) занды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап).
Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданъшады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
379-баптың 2-тармағы міңдеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қодданылады.
АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, қүрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа)құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары (Шарт үғымы және оның ережелері) қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе қүрылтай шартының мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 жөне 12-тарауларында немесе шартта АК-ньщ 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.
АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедейқұқықтық қатьшастарға міндетгемелер туралы ережелерді қол-дану туралы мәселені шешпейді, мүны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мөселелер бойынша мұндай құқықтық қатьшастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңцы тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және түтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқықмен үйлестікте болады (10-бап).
380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сөйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат бодды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берідді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған (АК-ның 399-бабы).
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңңың 23-бабыңда бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы).
306-баптың 1-тармағына сөйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығьшан көрініс табады (380-баптың 2-тармағы). АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-баптың 2-тармағыңда әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондайқұқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде «азаматтыққұқықтар мен міндеттер заң-намада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол өрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады» делінген (7-бап).
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті жөне бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының әтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз (азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі жайыңда осы оқулықтың 1-тарауын да қараңыз).
3.2. Шарттың мазмұны мен формасы
Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туьщдайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.
АК-ның 382-бабының 1-тармағында императивтік жөне диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны занда көрсетілген қалпында орындауға міндетті (383-бап).
Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі Қазақстан аумағыңда теңгемен көрсетілуге тиіс делінген. Немесе, 304-бапта ортақ ментдік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондьгқтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма кезделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысалы, АК-ның 285-бабына сейкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместікген немесе коңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қандай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дөлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашанда дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттың елеулі ережелері. Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісілмі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл — шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
393-бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап етеді.
Ережелердің елеулі болъш табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайьшша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңңамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғандағы, құқықтары мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есешпотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатьш клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы» Заңы);
3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау шартыңдағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі (АК-ның 157-бабы).
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі соңда, бұл ережелердің болған-болмағандығы шарттың заңдық ісүшіне өсер етпейді. Дағдылы ережелер Заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп козделгендіктен қодданылады, және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады. Мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын келіспесе, оңца заң актілерінде көзделген жағдайларда, уөкілетті мемлекеттік органдар белгшейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т.б.) қолданылады. Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шарт жасасқан кезде осыған ұқсас жағдайларда, өдетге, осы сияқты тауарлар, жүмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-бабы).
Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже жөне т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.
Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс (АК-ның 388-бабы).
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен боліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жүмыс, қызмет орындайтындар, өдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және Жер қойнауы жене жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретіңде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта керсетілуі тиіс. Егер ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретіңде ғана қолданылады. Бұл ретте, АК-ның 3-бабына сейкес, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды, ал АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатыңдай болуға тиіс.
Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. 392-баптың 1-тармағына сөйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы создер мен сөйлемдердің созбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып, тараптардың шын мөніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдыңдағы келіс сөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара қатьшастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың мінез-құлықтары да назарға алынады.
АК-ның 392-бабына сай түсініктемені азаматтық заңнама нормаларына АК-ның 6-бабына сай түсініктеме беруден ажырату керек.
Шарттың қаңдай да бір ережесін түсінуде тараптар арасыңда қайшылық туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмүнына ғана сүйеніп қоймайды, тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай жағдайға сот шарт мөтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде барады.
Шарт ережелерін әрқилы үғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы корсетіледі.
Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады (АК-ның 151-155-баптары). Заңнама бойынша шарттың бұл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық қуәландырылуын тараптар оздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық формасы туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден бастап жасадды деп есептеледі (394-баптың 1-тармағы).
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат, телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады (АК-ның 152-бабын қараңыз).
АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жүмыс орындау және т.б.) орындау жонінде конклюденттік өрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі. Мұндай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада белгіленуі мүмкін (АК-ның 396-бабының 3-тармағы).
4-тарау. Азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлері
4.1. Азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктері
Шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндетемелер туралы меселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қодданылады.
Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады (АК-ның 393-бабының 2-тармағы).
393-баптың 2-тармағында нақты шарттын жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. сотепзш — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайыңда келісім болса жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалыньш қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. ге§ -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, өдетте, шарттың анықтамасыньщ өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, өдетте, сөйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестеңдіруге келісе алады. Бірақ бүдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нөрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нөрсе бермей бір нөрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз міңдеттерін орыңдағаны үшін біріне бірінің бір нөрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материаддық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетгі жасау жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында «сошісіагаиоп» деген атпен кең қолданылады. Оларда сопзісіагаиоп кез келгеніиарттың елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.
Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмүнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалып-тасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мөдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру жөне осыларға үқсас қызмет, өлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардьщ құқықтық формасьша айналуда.
Бір жақты және өзара шарттар тараптардыңқұқықтары мен міңдеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта текқұқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардьщ әрқайсысындақұқық болады, олар міндеттемелер де котереді (сатьш алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша толеуін талап етуге қүқылы жөне озі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге қүқылы және сол зат үшін ақша толеуге міндетті).
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, түрмыстық мердігерлік, жалдау, рента жөне т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жүмыс орындау, қызмет керсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады (АК-ның 381-бабы).
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген де, кезделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасьшан орыңды туьіндайдьі. Сондықтан да, олардың мазмүнында занда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңцы.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайыңца өртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шартгардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шартгың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.
Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігіңде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет едде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтьш қатьшастарды реттеудің басқа төртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жүмыс орындауға жөне кызмет көрсетуге байланыстықұқықтар мен міндеттер тікелей не-\згі шарттан туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міңдет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын үйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде жөне жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шарттът. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады.
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жеке-шелендіру туралы Жарлықта «саудада үтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды» делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың үқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдетгегі сатып алу-сату шарты), алдъш ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (390-баптың 2-тармағы).
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс (390-баптың 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағыңца, егер аддын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе өр еддің заңнамасында өртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету құқық көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мүндай ереже Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген (60-бап).
АК-ның 390-бабының 5-тармагында басқа ереже бекітілген: шарт жасасуға мәжбүр етуге тарапгардың құқық жоқ, оларда негізгі шартты жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқық бар (мысалы, алдьш ала шарттың нысаны болған затгы сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады).
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардыңқұқықтық мөні түсініксіз. Оларға зандық күш беруге өрекет те жаса-лынды. Ниет туралы хаттамадан алдын ала шартты айқын ажыратып алуға талпьшыстың салдары ниет туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретінде қаралмасын деген түжырымға алып кедді. Мұндай шартта заңдық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осыңдай ниет туралы хаттама бойын-ша қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені болмаса, басқадайқұқықтық саддарға әкелмейді.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатьш шарт).
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасьшан орынды туьшдайдьі. Соңдықтан да, олардың мазмүныңца занда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңцы.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайыңда өртүрлі жаңа қатьшастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті боліктері қодданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өңдеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.
Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігіңде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет едде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтьш қатьшастарды реттеудің басқа төртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жүмыс орындауға жөне кызмет көрсетуге байланыстықұқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туындайды. Аддын ала шарт дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын үйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мелшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті козделген шарттът. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады.
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелендіру туралы Жарлықта «саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды» делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың үқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), алдын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (390-баптың 2-тармағы).
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс (390-баптың 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жыдцық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуці талап ету құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген (60-бап).
АК-ның 390-бабының 5-тармагында басқа ереже бекітілген: шарт жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқық жоқ, оларда негізгі шартты жасасудан бас тарту нөтижесіңце келген шығыңцы өңціртіп алу құқық бар (мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады).
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең еріс алды, ал олардыңқұқықтық мәні түсініксіз. Оларға зандық күш беруге өрекет те жаса-лынды. Ниет туралы хаттамацан алдын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретінде қаралмасын деген тұжырымға алып келді. Мүңцай шартга заңдық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне өсер еткені болмаса, басқадайқұқықтық салдарға өкелмейді.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міңдетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міңдетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізіңде жасалатын шарт).
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген де, көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасьшан орынды туьшдайдъі. Сондықтан да, олардың мазмұнында заңца көзделген өртүрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайьшда әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы зандардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өңдеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.
Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туыңцайтьш қатьшастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жүмыс орындауға жөне қызмет көрсетуге байланыстықұқықтар мен міндеттер тікелей не-ізгі шарттан туыңдайды. Аддын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын үйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады.
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелендіру туралы Жарлықта «саудада үтқан адам мен сатушы аукцион немесе теңдер жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды» делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың үқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, өдеттегі сатып алу-сату шарты), алдьш ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (390-баптың 2-тармағы).
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіңдік беретіндей ережелер болуға тиіс (390-баптың 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, соңдықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жыддық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы соңда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе өр елдің заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген (60-бап).
АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқық бар (мысалы, адцын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады).
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс адды, ал олардың құқықтық мөні түсініксіз. Оларға зандық күш беруге әрекет те жаса-лынды. Ниет туралы хаттамадан алдын ала шартты айқын ажыратып алуға талпьшыстың салдары ниет туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретінде қаралмасын деген тұжырымға алып келді. Мүңцай шартта заңдық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осыңцай ниет туралы хаттама бойынша қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені болмаса, басқадайқұқықтық салдарға әкелмейці.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы, мемлекеттік көсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше.
Коммерциялық үйыммен жасалған және қызметінің сипатьша қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жүмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатьш көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.) (АК-ның 387-бабы).
387-баптың мазмүнынан жария шарттың белгілері туындайды:
1) оны коммерциялық үйым жасайды (АК-ның 34-бабы);
2) коммерциялық үйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;
3) үйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;
4) коммерциялық үйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге қүқылы емес.
Коммерциялық үйым тұтынушьгға тиісті тауар (жүмыс, қызмет) ұсынудан өзіңде ондай мүмкіндік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға қүқылы. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.
Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шартжасасудан бас тартқандағыдай салдар болады (АК-ның 399-бабы). Тұтынушы тауар, жүмыс, қызмет көрсетуді үсынуға мөжбүрлеу туралы жөне содан келген зиянды өтеу туралы талагшен сотқа жүгінуге құқылы (мысалы, сатып алатын тауарын алып кетуге дайыңдаған көлікке кеткен шығыңды өтеу; немесе сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі, заң актілерінде белгіленген жағдайларда, жария құқықтардың кейбір түрлері жайында міндетті ережелер шығаруға қүқылы (типтік шарттар, ережелер жөне т.б.)
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары.
Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайындайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағьшан басқа шартгардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.
Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретінде электр жөне жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік үйымдарымен шарттарды атауға болады.
Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады.
АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады (ақылға қонымды принцип жайында АК-ның 8-бабын қараңыз).
Мысалы, қосылу шартыңда қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге қүқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.
Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жагдайлар да бар, ол — қосылган жақтың көсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа қосылуы (АК-ның 389-бабы). Егер кәсіпкер шарт тараптарының қаңдай екеңдігін білмеген болса жөне білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын қанағаттаңцыра алады. Бірақ оны дәледдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.
Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туын-дайтын міндеттемелердің орыңдалуьш талап етуге қүқылы адамдардың — өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуьша қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқық бар адамдардың — үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.
Тараптар несие берушіге емес, шартта керсетілген немесе көрсетіл-меген және борышкерден міндеттемені озінің пайдасына орындауды талап етуге қүқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруте міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады (АК-ның 391-бабы).
Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл — азаматтыққұқықтың дөстүрлі шгститутьі, үіііінші жақ қатьшасқан талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі (270-бап).
Үшінші жақтың пайдасьша жасалатьш шарттардың ең коп таралған түрлері мыналар: жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымаддаушы өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге жөне жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның 689-бабы);
үшінші жақтың пайдасына сақтаңдыру шарты (815-бап);
үшінші жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).
Үшінші жақ өз құқықн пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге дейін тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ ондай ниетін қандай да бір тесілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие беруші оның ырқына төуедці болып қалады, бүдан былай оның келісімінсіз шартты бұза немесе өзгерте алмайды. Бірақ олар үшінші жақтың ырқына байланысты болмайтындығын шартта аддын ала қарастыра алады.
Ондай жағдай заңнамада да бекімін табуы мүмкін (АК-ның 391-бабының 2-тармағы).
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшінші жақтың шартта арнайы көрсетілген — көрсетілмегендігіне байланысты емес.
Дегенмен, үіпінші жақтың міндетгеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқық мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Мысалы, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орындалуын талап етуге құқылы.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату керек, соңғы жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші үйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттың ерекшелігі сонда — үшінші жақ шарт бойынша өз құқықн пайдалану ниетін біддірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады.
Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға қүқылы деген ереже кез-делген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қа-тысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінөсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады.
Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт бойынша берілгенқұқықтан бас тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға жөне шартқа қайшы келмесе, солқұқықтарды пайдаланады. Мысалы, АК-ның 815-бабының 7-тармағына сөикес, сақтандырылған адам шарт бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқық сақтандырушыға кошеді.
Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың озіне тиесілі талап ету құқықнан бас тартуының озге де салдарлары козделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартыңда пайданы иемденуші сақтандыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол отемнің сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.
Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасау тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы КСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатыпалушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттык кұқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу шарты бойынша бір тарап мүлікті екінші бір тараптың меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады.
Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жок. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар кажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бір қатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастіру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның акылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатьш алу-сату шарттарын жасағанда ақылылык ережесінен ауытқу да болуы мүмкін. Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл — сатып алу-сатудың экономикалык қатынасы.
Екіншіден, бұл — адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялык қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату шарты бұл — азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан — құқықтық қатынас нысаны.[4]
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды божып келеді.
Қазақстан Республикасының Президентінін
«Жылжымайтын мүлікке құқыктарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік реттеу туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікгі сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалғанына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ олармен жасалатьш шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен анықталады.
Жеке тұлғалардын сатып алу-сату шарттарын жасау мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді.
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі).
Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), занды және идеологиялық объектілеріне иеленеді. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі, жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайы барынша «күшейтуге» әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез-келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын немесе жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқык келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы «болашақ заттар» болып келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жок. Батыс еуропа елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар: біріншіден, кез-келген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті, егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт «нысананың болмауы» салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес «сатып алушының үміті» болып табылады.[5]
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттері әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-пгі тармақ). Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлганын құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б. заң актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны, тарифтерін ажырату қажет.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертуге жататыны қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса. баға шартты жасау кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстін 438-бабының 3-тармағында бекітікен ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге Азаматтык кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын төмендетуді қарастыруы қажет, бірак 438-бабтың 3-ші тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасы төлеудің мерзімін сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі қажет.
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айрықша занды жүріс-тұрысы барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарында оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да әрекеттерді жатқызуға болады.
Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуі тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашкы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс.
Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді.
Тауардың сапасьша койылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының «Сертафикациялау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы «Стандарттау туралы» 3аңымен жөне заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне сәйкес болуы керек.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін.
Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөліктерінде де қолданылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі бұйымға берілген мерзімге тең болып есептеледі. Тауардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасау шарттарында көзделген.
Шартпен бүйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.
Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскелік айналым әдетғүрыптарымен немесе әдетте койылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті. Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлык тауарды бір мезгілде беруге міндетті.
Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтык зандарда жаңа болып табылады. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай болмағанда — сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және буып-түйілуге тиіс.
Осы ереже халықаралық сауда-саттықта кең қолданылады және Біріккен Ұлттар Үйымының 1980 жылғы «Тауарды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы» Конвенциясының 31 бабы «б» тармағымен қарастырылған. Ол қазіргі жағдайда біздің кәсіпкерлердің ішкі қатынастарында да жиі қолданылып жүр.
Сауда терминдерін талқылаудың халықаралық ережелерінде бекітілген іскерлік айналым әдетғүрыптары осыған «Е» байланысты ЕХ тобын ұсынған, мысалы, works (зауыттан), бұл ретте сатушы тауарды сатып алушыға өзінің қоймасынан табыс етеді. Егер «Ғ» жағдайлары қарастырылса, онда сатушы өнімді сатып алушы ұсынған тасымалдаушыға өзі әкеліп беруге міндетті. Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді келісілген жерде күтуге міндетті. Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге. болмаса шартты орындауынан бас тартуға болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350 бабы бойынша өндіріп алуға қүқылы.
Шартты тұрақты баға шартта бекітіледі және шартты орындау сәтіне тауарға калыптасқан ортанарықтық бағалардан елеулі ауытқыса, онда ол каралуға жатады. Қандай әрекеттер жасалатыны шарттың өзінін жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларымен аныкталады. Қазақстанда 1998 жылдың 29 шілдесінен «Ақша аудару және төлеу» туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Халықтық банкісінің 25 сәуір 2000 жылы №179-қаулысымен бекітілген төлемақы құжатын пайдалану және қолма-қол ақысыз есеп айрысу және Қазақстан Республикасының территориясында ақша аудару Ережесі; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 5 желтоқсанындағы № 266-қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының территориясында чек пайдалану Ережесі және т.б. нормативті актілер бар.
Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек, ал бұл туралы арнайы белгіленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуі қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берілгеннен кейін белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Төлеу мерзімі кредитке сату шартымен тікелей қарастырылмаса, онда төлем ақылға сыйымды уақытта болуы керек. Сол сияқты төлемді жасау мерзімі несие берушінің төлеу туралы сұрау мерзіміне қарай анықталуы мүмкін.
Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сәйкес жүргізіледі. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.
Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрі — төлемді бөліп төлеуді қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың базалық шартынан айырмашылығы, оның мазмүнында зат бағасы, төлемдердің тәртібі мөлшері, мерзімі айқын көрсетіледі. Егер сатып алушы шартпен бекітілген мерзім ішінде бағаны төлемесе сатушы шарттан бас тартуға және сатылған мүлікті қайтарып алуға құқылы.
Сатып алушы сатушыға шарттың тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы және басқа көрсеткіштеріне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзінде бекітілген немесе заңнама нормаларында қарастырылған мерзімде хабарлауға міндетті. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейін 15 күн — мерзім ішінде оның түр-түріне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Қазіргі азаматтық сатып алу-сату шартында сатушының немесе сатып алушының тауарды сақтандыру міндеті қарастырылуы мүмкін. Сақтандырылуға тек тауардың кездейсоқ жойылуының, бұлінуінің қаупі ғана жатпайды. Шарт бойынша, өзге тәуекелдер де сақтандырылуға жатады.
Сатып алу-сату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалды деп саналады:
- Шартпен сатушының тауарды жеткізу міндеті қарастырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң;
- Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілген тұлғаға тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілген соң.
Тауар шарт максатында анықталуы үшін оған белгі соғылып, бөлек қоймада орналастырылып және өзге тәсілдермен оқшауланбаса тауар беруге дайын болып есептелмейді.
Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесе білуге тиісті болса және осы туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің сатып алушыға тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәттен бастап ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Сатылаты тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудан немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландырумен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238 бабы 2 тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекелде ауысады.
Тауар жодда болу кезінде ол қайта сатылса, шартпен немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бұліну қаупі сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді.
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметтке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді. (ҚР АК 445 бабы)
Бөлшектеп сатып алу-сату шартында басты болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдалануы емес, бастысы сатып алушынын тауарды көрсетілген максатта алу ниеті және сатушының бұл жайында хабардар болуы.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты құқықтық реттелуінің ерекшелдіктері бар.
Бұл шартқа Азаматтық кодекстен басқа Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 5 маусымындағы «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы Заңы. Аталған ереже қолма-қол шетелдік валютаны қолданып бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасау тәртібін анықтайды. Бұл шартқа өзге де нормативтік актілер қолданымды болып келеді.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтык кодекстің 445-бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез-келген шарт жасауға міндетті. Заңдарда қарастырылғанды қоспаған көсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлга алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни, шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мүмкіншілігі бола түрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, осымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шыгармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар аддын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж.б.
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардын немесе өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып есептеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.
Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат келе алады. Және де, бөлшек сауда лицензияланатын жағдайларды қоспағанда, бұған қатысты аса шектеулер жоқ. Яғни, жалпы тәртіп бойынша бөлшек сауда лицензиясыз жүзеге асырылады. Бөлшек сауданы лицензиялау бөлек заң актілерімен қарастырылады. Мысалы, сырадан басқа алкогольдік өнімді лицензиясыз сатуға болмайды, осы талап шетел валютасына сауда жасауға, шетел валютасын сатуға, қару жарақ т.б. тарайды.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кез-келген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады. Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақ заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік — шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.
Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірнеше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жасамақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сенімді ақпарат беруі керек.
Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар; алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық-түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған мерзімі, өзге де белгілері болуы керек. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге саласында қолданылатын тәсілдермен соғылады.
Азық-түлік тауарлары, дәрі дәрмек, косметика бұйымдарына пайдалануға берілген мерзімі, пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті. Кейбір тауарлар өзінің тұтынушылық қасиетін мерзімінен ерте жоғалтып алады. Сатып алушыға бұл жағдай да ескертілуі қажет. ал тауар уақытынан бұрын бұзылған кезде оны сатуға шығаруды токтату керек. Сатып алушы шартта отырғанға дейін тауарды көруге, оның қасиетін көзінше тексеріп алуға құқылы.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушының тауарды жеткізіп беру міндетін қарастырып беруі мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бұл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшек сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекен-жайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе, келісімшарт орындалған болып есептеледі.
Тауарды беру орны шартпен анықталмаса, онда тауар азаматтың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғаның тұрған жеріне жеткізілген соң тауар берілген болып есептеледі. Осы міндетті орындау мерзімі қисынды қажетті уақыт кезеңімен анықталады.
Екіншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты арнайы тауарды сатып алушыға жеткізіп беру талабымен жасалуы мүмкін.
Осындай шарт жасалса сатушының және сатып алушының араларында жеткізу мерзімі туралы, сол сияқты сатып алушы сонда қабылдауды жүзеге асырғысы келетін қандай да болсын жер көрсетіледі. Өзгешелік заң актілерімен әлде шартпен қарастырылмаса, болмаса міндеттеме мәнісінен туындамаса сатушы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін, ол жоқ болса квитанцияны немесе шарт жасалғанын растайтын өзге тұлғаға бергеннен кейін, шарт орындалған болып есептеледі. Қазіргі уақытта оларды жасаған кезде ешқандай құжат толтырылмайтын, тауарды жеткізіп беру міндетін карастыратын бөлшектеп сатып алу-сату шарттары кең тарады. Мысалы, телефон арқылы дайын тағамдарға, өзге тауарларға тапсырыс беріледі.
ҚР АК 451-бабымен бөлшектеп сатып алу-сату шартының автоматтарды пайдалана отырып тауар сату сияқты бөлек түрі реттеледі. Автоматтарды пайдаланып тауарды сату негізінен сатушының міндеттерін өзгертпейді. Автоматты жүйемен сауда жасау кезінде автомат иесі сатып алушыға тауар туралы ақпарат беруі керек. Сонымен қатар тауар сатушы туралы ақпарат та автоматты жүйеге еңгізілуі қажет, оған сатушының атауы, орналасқан жері, оның жұмыс кестесі туралы деректер жатады. Сол сияқты тауарды алуы үшін сатып алушы жасауы керек әрекеттер тізіліп аталады. Ақпарат автоматқа енгізуден өзге жолмен де берілуі мүмкін. Сатып алушының тауарды алу үшін жасалған әрекеттері аяқталғаннан кейін шарт жасалды деп есептелінеді.
Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берілмесе сатушы тауардың сатып алушыға дереу берілуі немесе тауар үшін төленген ақшалай соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша, сатып алушы затты қабылдағанда, оның берілген тауардың сапасын тексеру мен оның жедел түрде жіберілген кемшіліктері туралы хабарлау емес, затты нақты қабылдау бойынша әрекеттері маңызды болып келеді. Сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауардың сапасы үшін сөзсіз жауап береді.
Тараптар сатып алушы тауарды белгілі уақытта қабылдап алатынын қарастыратын шартты жасай алады, сол мерзім ішінде тауар өзге сатып алушыга сатылуы мүмкін. Егер шартпен өзгеше қарастырылмаса белгіленген мерзімде сатып алушының тауарды қабыддамауы, әлде тауарды кабылдау үшін қажетті өзге әрекеттерді жасамауы сатып алушыньщ шарттан бас тартуы болып бағалануы мүмкін. Тауарды белгіленген мерзімде беруді қамтамасыз еткен сатушының қосымша шығындары тауар бағасына қосылады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары тауар ақысы алдын ала төлену міндеті бекітіліп немесе тауар кредитке, не ақысы бөлініп төленетін болып сатыла алады. Бұл жағдайда сатып алушы ақы төлеу мерзімін сақтауға міндетті. Бірақ сатып алушы тауар ақысын алдын ала төлемесе, бұл оның шарттан бас тартқаны болып қана есептелінеді, яғни бөлшектеп сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушыға негізінен шарттың бір жақты бас тарту құқығы беріледі.
Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерге беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым саттық (тұрмыстық) сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез-келген салаларында үлестіруге мүмкіншілік береді. Бүрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді. Осының нәтижесінде тауар жеткізілімі шарты әкімшілік-жоспарлы болъш танылмайды.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталыктандыру күшеюіне байланысты, оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі.
Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген,
импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие қылады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.
Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен клісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді қүрайды.
Тауар жеткізілімі шартының нысаны — жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстер, телеграммалар, арқылы жасалады.
Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын, бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айрысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі. Олар қосымша жағдай болып аталғанға қарамастан, олардың әні басқа шарттардағы қосымша жағдайларының әнінен шексіз биік. Олардың жоқ болуы даудың пайда болуына мүмкіндік береді, ал бұл шарттағы тараптардың құқықтарының орындалуына кедергі жасайды. Тауар жеткізілімі шартында басқа да қосымша жағдайлар көзделуі мүмкін.
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге.
Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Ұзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақты мерзімді деп аталады және оны тауар беруші бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.
Ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға немесе барынша ұзақ мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткеге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісінше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.
Келісім шарт жасасу шарты бойынша ауылшаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы тұлғаға беруге міндеттенеді, ал дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісімшарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-бабында берілген.
Келісімшарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауылшаруашылық өнімін дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісшшарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымен тауар жеткізілім шартына жақын.
Келісімшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 478-481-бабымен тікелей нормалармен реттеледі. Бірақ оларда ауыл шаруашылық өнімі жеткізілімінің қатынастары толық, түбір-түбіріне дейін реттелмеген. Келісімшарт жасасу сатып алу-сату шартының түрі болғандықтан сатып алу-сатуға және тауар жеткізіліміне арналған барлық нормаларымен реттеледі. Оған кейбір арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алу-сату қатынастарын реттеуте арналғандар. Келісімшарт жасасу және тауар жеткізілім шарттары өзара біріншісі мәнсіз, екіншісі өте маңызды нәрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтық ортада тең негізде тұрмыс етеді. Заң шығарушы құқықтық реттеудің нәтижелілігін арттыру қажеттріліктер басшылыққа алып сілемелі норманы енгізеді. Егер келісімшарт жасасу шартының қатынастары жоғары белгіленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткізілім шартының тәртіптері қолданылады. Бірақ келісімшарт жасасу шарты тауар жеткізілімі шартының «әлсіз көлеңкесі» деп түсінуге болмайды. Оның пәнінің ерекшелілігі әрбір ауыл шаруашылық өнімді өндіру кезендерінің ерекшеліктері өнім әр түрлі ауа райы жағдайларында өсірілетіні келісімшарт жасасу шартының айқын өзгешеліктеріне әкеледі.
Сатып алу-сату шарты сияқты, келісімшарт жасасу шарты ақылы консенсуальді, өзара шарт болып келеді. Ол сатып алу-сату шартының өзге түрлерінен субъектілік қатарымен, айтылғандай затымен, мазмұнының кейбір бөлігімен ерекшеленеді.
Келісімшарт жасасу шартының тараптары ретінде, сатушы және өнім дайындаушы болып, көбінесе кәсіпкерлер әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, келісімшарт жасасу қатынастарында өкілетті органдар арқылы мемлекет те қатыса алады.
Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы контрактанттар бола алады. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік жағдайы болмаса, ол контрактанттар бола алмайды. Сатушы ретінде ауыл шаруашылық өнімін өндіретін тұлға деп саналады. Энергиямен жабдықтау шарты — көрсетілген ерекшеліктерді иемденетін заттарды өткізуді реттейтін шарт.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-бабы).
Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді болып табылады.
Энергиямен жабдықтау шартының нысаны.
Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде ғана калыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады.
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндетгер қосылмайды.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып, сатушы мен сатып алушы келеді, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез-келген субъектілері — жеке және занды тұлғалар жатады.
Кәсіпорынды сату шартының шысанасы сатып алу-сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады.
Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез-келген мерзімдерін бекітуі мүмкін. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының айқын ерекшелігі мынадан көрініс табады. Кейбір алып тастаулар болмаса кәсіпорын үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс сатылмайды, себебі кәсіпорынның борыштары да беріледі.
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектісіне жүктелген міндеттерді бұзғаны үшін және бұзушылықпен келтірілген уәкілетті тұлғаның мүліктік шыгындарьш өтеуге байланысты қолданылатын заңмен немесе шартпен қарастырылған мүліктік өтеу немесе мүліктік ауыртпалық жауапкершілік болып анықталады.[6]
Шартқа байланысты берілетін тауар көлемі бойынша талапты сатушы бұзған жагдайда, сатып алушы берілген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартумен қатар оған келтірілген шығын өтелуін талап етуге құқылы.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша жауапкершіліктің арнайы шаралары қарастырылған. Сатып алушыдан сапасыз тауарды ауыстыру үшін қабылдап алудың тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңының 14-бабы 4-тармағында көрсетілген міндетін сатушы бұзғанда, бұзғанның әр күніне сатушы ауыстырылган тауарды бергенмен бірге ол тауар құнының 1 пайыз көлеміндегі айыпты төлеуге міндетті.
Тауар жеткізілімі шартындағы жауапкершілік негізінен сатып алу-сату шартындағы жауапкершіліктен ерекшеленбейді. Шарт бойынша өзге бұзушылықтарға да жол берсе, айыппұлды өндіріп алу мүмкін болады.
Сатып алу-сату шартының жәбірленуші тарабы мүліктік жауаптылықты қолданумен қатар келтірілген моральдық зиянды өтетіп алуға да құзіретті. Моральдық зиянды өтетіп алу мүмкіншілігін шектеу заңмен белгіленуі мүмкін.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501 бабының түжырымдамасы).
Айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге тараптың тауарына айырбастайды.
Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретінде сатып алу-сату шартынан бұрын қалыптасқан. Өз кезегінде айырбас қатынастар каржы қатынасына кері әсерін тигізді. Сондықтан, айырбас шарттарға тиым салынатын болды.
Айырбас шарты өзінің занды табиғатына сәйкес — консенсуалды, өзара және өтеулі шарт болып табылады. Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді.
Айырбас шартының тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің осы шарттары жасау мүмкіншілігі өте төмен болып келеді.
Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Бұл шартта әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орындалғаннан кейін пайда болады.
Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетімен немесе материаддық игіліктер біреуге жататынымен сипатталады.[7]
Жылжымайтын мүліктің, кәсіпорындардың иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорынлардьщ қасиеттері келеді.
Рента шарты бойынша бір тарап екінші бір тараптың меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.
Рента шартының ерекшелігі — мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Бұл шарт мүлікті пайдаланудың жаңы заңды нысаны болады. Шартты пайдалануға тұрақты және қажетті жоғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін.
Ренталық шарттың тағы бір ерекшелігі, онда орын алатын тәуекелге негізделу ешқандай өзге шартқа тән болып келмейді.[8]
Рента шарты қазіргі азаматтық-құқықта оларға реалдық мінезі берілген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек. Бұл шарт бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрі көзделген.
- Түрақты рента шарты
- Ғұмырлық рента шарты
- Өмір бойы асырауда ұстау шарты.
Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де бірдей қатысты болып табылады.
Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұракты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар келеді.
Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар және осыған оларға тиым салынбаса коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуі мүмкін.
Ғұмырлық рента шартының пәні болып әрбір қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатады. Тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді.
Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы — азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті сол азаматты және ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді.
Өмір бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келеді.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап басқа тараптың меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Қайтарымсыздылық — сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды.
Мүлік шартты жасау сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, онда ол консенсуалды болып табылады.
Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.
Егер сыйға тартушы 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеттілігі шектелген кәмелетке толған болса, заңды өкілі қорғаушы және қамқоршы органын алдын-ала келісімінсіз сыйды беруге рұқсат ете алмайды.
Сыйға тарту шартының ақысыздығы сыйлаушыға сыйды алушының өзіне, оның мүлкіне қауіпті заттарды сыйлау құқығын бермейді (ҚР АК 514 бабы). Басқа мәмілелер сияқты сыйға тарту шарты кейбір жағдайларда шартты болып табылады. Сыйға тарту шартының біржақтылығына қарамастан оған сый алушының да келісімі керек.
Сыйға тарту шартында да жауапкершіліктер туралы жалпы ережелер қолданылады, бірақ жауапкершілік үшін басқа шарттарға қарағанда сыйға тарту шартында негіздер аздау болады. Реалды сыйға тарту шартын жою оны тоқтатудың бірден бір жолы болып келеді.
Мүлік жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540-6).
Мүлікті жалдау шарты консенсуалды, өзара, өтеулі болып табылады.
Бұл шартқа да КР АК 151-154-6. ұсталатын мәміленің нысаны қойылатын жалпы талаптар қолданымды болып келеді.
Сонымен бірге мүлікті жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады.
Мүлік жалдау шартының тараптары жалға алушы және жалға беруші, жалға беруші және жалға алушы ретінде кез-келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады.
Мүлік жалдау шартының нысанасы болып негізінен
қозғалатын, сондай-ақ қозғалмайтын заттар келеді. Азаматтық кодекстің 541-бабына сәйкес, мүліктік жалдауға, кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, көлік құралдары берілуі мүмкін. Жалдаудың объектісі өзге де заттар бола алады.
Шарт жасау кезінде жалға беруші жалға алушыға жалға берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың барлық құқықтары туралы ескертуге міндетті. Егер шарттың өзінде жалдау төлемінің нақты түрі анықталмаса, онда ол ақшалай төленуге тиіс.
Егер шарт мерзімі аяқталған соң қайтарылатын мүліктің жай-күйі заңда немесе шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, жалға алушы келтірілген шығынды жалға берушіге өтейді. Мүлік жалдау шартының түрлеріне лизинг, тұрмыстық прокат, жерді жалдау шарттары жатады.
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушы меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.
Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретіңдс пайдалануға, оның ішінде құқық иесінің фирмалық атауына және коммерциялық белгісіне, қорғалатын коммерциялык акпараттың құқығын, сондай-ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен міндеттерін қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтық объектілерді — тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және т.б. беруге міндеттеледі.
Кәсіпорынды жалдау шарты консенсуалды, өзара және
қайтарымды шарт болып табылады.
Үйді немесе ғимараттарды жалдау шарты бойынша жалға беруші үйді немесе ғимараттарды жалға алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына беруге міндеттенеді.
Прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Тұрмыстық прокаттың субъектілік құрамы оның түбірлі айырмашылығы бола алмайды.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Қазіргі азаматтық заңнама шартты жалпы полис беру арқылы жасасу мүмкіншілігін де қарастырады.
Сақтандыру шартының кейбір ерекшеліктері сол сақтандыру шартының ерекшеліктері сол сақтандыру шартының ерекше арналуына байланысты болады. Сақтандыру мен қамтылған қоғамдық қатынастар ерекшелігі сақтандырудың жарамсыздығы қосымша реттелуін талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 843-бабымен қарастырылған сақтандыру шарттарын жарамсыз деп танудың барлық негіздері, мәмілелерді олардың мазмұны, ондағы субъектілердің, еркінің, нысанының ақаулықтарына байланысты жарамсыз деп танудың негіздерімен байланысты екені, олардың жеке көрінісі болып келетіні екені көрінеді.
Сақтандыру шартының жарамсыздығы бір немесе екі тараптың қылмыстық мақсаттарымен байланысты болғанда, бір жақты реституция жүргізілетін болады, мысалы, қылмыстық мақсаттарды тек сақтанушы көздесе, болмаса, егер оларды сақтандырушы да көздесе, реституцияға жол берілмейді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы — екінші тарапқа — мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің уакыттық өлшемдерін анықтайды.
Мердігерлік шартының түрлері: тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардьщ мердігерлік шарты.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жүмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт
бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалу-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелінеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндетті. Тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге. жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті.
Мердігер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оның конструкторлық кұжаттамасын, жаңа технология жасауға немесе үлгісін дайындауға міндеттелінеді.
Қазақстан Республикасының әрекет етуші тұрғын үй
заңнамасы шарттық қатынастардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Тұрғын үйді жеке меншікке беру жөніндегі шарттарға негізінен мыналар жатады:
— бұзылуға жататын үйді соның орнына сол манда немесе жақын жердегі жер учаскесінде салынатын тұрғын үйді беру шартымен босату туралы шарт;
— құрылыс салушыға құрылыс алаңында орналасқан және бүзылуға тиісті тұрғын үйлерде тұратын азаматтарды орнына басқа тұрғын үйлер беру шартымен шығару үшін тұрғын үйлер беру туралы шарт.
Тұрғын үйлерді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі
немесе оның уәкілетті адамы азаматқа және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға беруге міндеттенеді.
Сонымен тұрғын үйді жалдау шарты консенсуалды, ақылы және екі жақты шарт ретінде жасалады. Заңнамада тұрғын үйді жалдау шартының негізгі екі түрі нақты ажыратылған: мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты, жеке тұрғын үй.
Мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша бір тарап мүлікті екінші тарапқа тегін уақытша пайдалануға береді, ал соңғысы сол мүлікті алған күиінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы). Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жақты шарт болып табылады.
Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде —
жылжитын да, жылжымайтын заттар бола алады. Шарттың тараптары — несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматттық кодексінің 605-бабы несие беруші түсітігінің кейбір қырларын анықтайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 606-бабының 1-тармағында сәйкес несие беруші мүлікті шарттағы жағдайларға және мүліктің мақсатына сай келетін күйде беруге міндетті. Мүлікті тегін пайдалануына қарамастан несие беруші несие алушыны осы мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың барлыққұқықтары туралы ескертуге тиіс.
Несие шарты талаптар үшін міндетті күшке ие. Оның күші мүлікті беру көзделген мерзімдер мен шарттарға байланысты. Несие беруші төмендегі жағдайларда мүлікті тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге қүқылы, егер несие алушы: 1. мүлікті шартқа немесе мақсатына сай емес пайдаланса; 2. мүлікті дұрыс күйінде үстап түру немесе оны ұстау жөніндегі міндеттерін орындамаса; З. мүлікгің күйін елеулі түрде нашарлатса; 4. несие берушінің келісімінсіз мүлікті үшінші тұлғаға берсе.
Несие алушы мүлікгі тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды мына жағдайларда талап етуге қүқылы:
І. мүлікті қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ол үшін аса ауыртпалық жүктейтін кемшіліктер анықталса, егер ол ондай кемшіліктер туралы шартгы бекіту кезінде білмесе немесе біле алмаса;
- егер мүлік ол жауап бермейтін жағдайлардың әсерінен пайдалануға жарамсыз күйге түссе;
З. егер шартты бекіту кезінде несие беруші оны берілетін мүлікке қатысты үшінші тұлғалардыңқұқықтары туралы ескертпесе;
- несие беруші мүлікті немесе оның керек-жарақтары мен оған қатысты құжаттаржы беру міндетін орындамаса.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын жекеқұқықтық реттеу Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін қабыддаумен байланысты қолданыла бастады.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуте міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттеледі.
Шарттың тараптары — атқарушы мен тапсырысшы. Шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні — шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшелігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндеті белгіленбейді. Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет көрсету шарттары түтынушы шарттар, қосылу шарттары болып табылады.
Өтелмелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке ақы толық көлемінде төленуге жатады.
Көлік — бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бірі.
Көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген:
- жолаушыны тасымалдау шарты.
- жүкті тасымалдау шарты
- кеме жалдау шарты
- тасымалдауды үйымдастыру туралы шарттар.
- көлік үйымдары арасындағы шарттар
- жалпы пайдалыныстағы көлікпен тасымалдау шарты
- көлік экспедишіясы шарты
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартга көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
Тасымалдау шартына тән ерекше белгілер жүктерді тасымаддау шартында неғүрлым айқын көрінеді. Өзініңқұқықтык табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады.
Тасымалдау шарты — екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмүнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Бұл шарттың пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзі мәнісі жағынан қызмет көрсету шарты болып табылады.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуғақұқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде — теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты — екі жақты, ақылы және жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.
Кеме жалдау шарты бойынша бір тарап басқа тарапқа жолаушыларды, тендеме жүкті және жүктерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік қүралын толық немесе оның сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске ақы төлеттіріп беруге міндеттенеді.
Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап сыйақы үшін басқа тараптың есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды үйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасауға міндеттенеді.
Бұл шарт консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт. Көлік экспедициясы шартының субъектілері болып бір жағынан -экспедитор және екінші жағынан — клиент табылады. Бұл шарт бойынша тұлғаның клиент болу мүмкіндігін шектеудің басқа бір ықтимал жолы оның азаматтыққұқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі ерекше жағдайына негізделетін болады. Мысалы, бұл жерге көлік экспедициясының қызметтерін пайдалану мүмкіндігінің тасымалдау шарттарын бекітуге белгілі бір сметалық қаражаттар бөліну мүмкін болатын мемлекеттік мекемелер туралы сөз болып отыр.
Көлік экспедиция шартының заңды анықтамасында айтылған қызметтерді негізгі деп атауға болады, өйткені ҚР АК-ң 708-бабының 1-тармағының 2-бөлігінде экспедитордың қосымша қызметтерді көрсету мүмкіндігі туралы айтылған. Бұл шарт бойынша жауапкершілік міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ҚР Ак-ң 20-тарауымен көзделген жалпы ережелерге негізделеді.
Заем шарты бойынша бір тарап басқа тараптың меншігіне ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді, ал заемшы берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі
және сападағы заттардьщ тен мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.
Заем шарты реаллы шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты көп жағдайда бір жакты болып табылады, өйткені заем беруші ақша немесе заттарды бергеннен кейін міндетті тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушіде оған талап қою құқық ғана болады.
Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151,152-шарты заемның облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі. (ҚР АК-ң 716-бабының 2-т.)
Банк заемы шарты бүрын баньсілік ссуда шарты деп аталатын. ҚР АК-сі бұл шартты дербес шарт түрі ретінде топтастыру талпынысынан бас тартты. Бұл шарт бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді.
ҚР Ак-ң 726-бабына сәйкес мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы — мемлекет, ал заем беруші — азамат немесе заңды тұлға болады. Мемлекеттік заем шарты нысаналы сипатқа ие Мемлекеттік заем алудың мақсаттары заңнамамен немесе қүзіретті мемлекеттік органмен анықталады.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен қатынастарынан туындайтын өзінің акшалай талабьш қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт. Шарт пәнінің құрамдас бөлігі болып клиент пайдасына қаржы агентімен жүзеге асырылатын қаржыландыру табылады. Ол төлейтін ақша қаражаттары шарттың бағасы болады, сондай-ақ олар берілетін несиелердің мөлшерін қүрайтын болады.
Факторинг шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 239-347-баптарымен көзделген талап етуді беру туралы жалпы ережелер қолданылады.
Шартта фактор ақшалай талапты берудің орнына талапты жүзеге асырумен байланысты барлық ауыртпалықтарды өзіне қабылдайтын агенттік келісім элементтерінің болуы клиент үшін фактормен көрсетілетін қаржыландыру мөлшері берілетін ақшалай талап мөлшерінен кем болуға тиіс деген оның ойына сүйенеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді:
- Банктік шот шарты
- Ақша аудару шарты
- Банк салымы шарты
- Заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген шарт Есеп айрысу қызметтерін көрсету бойынша шарттарға төлем тапсырыстарымен есеп айрысу шартын, аккредитивтермен есеп айрысу шартын, төлеп тапсырыстарымен, талаптар мен инкассалық бөліктермен есеп айрысу жүзеге асатын қарыздың талаптарды инкассациялау шартын жатқызу қажет. Бұл топқа банк аралық есеп айрысумен байланысты шарттар да жатады.
Банктік шот шарты бұл — кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің қүрамына кіретінқұқықтық қатынас.
Банктік шот шарты бойышпа бір тарап екінші тараптың пайдасына түсетін ақшаны қабьшдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді Бұл шот шарты консенсуалды сипатқа ие.
Банктік шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді.
Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша клиенттік бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді.
Ақша аудару туралы шарт ақылы шарт болып табылады. Бұл шарт бір жақты болып табылады, себебі клиенттің төлем қағаздарын, банк қабылдағаннан кейін міндеттер тек сонда ғана болады, өйткені комиссиялық сыйақы аударуға жататын сомамен бірге алынады.
Банк салымы шарты бойынша бір тарап екінші тараптан ақша алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Банк салымы шартының элементтері болып объект, тараптар, мазмүны табылады. Оның пәні ақша болып табылады. Бұл шарт біржақты шарт болып табылғандықтан ол бойынша міндеттер банкке жүктеледі. Нормалары осы жағдайда да қосымша маңызға ие болатын, банктік қызмет көрсету және заем туралы жалпы ережелерге сәйкес банк өз міндеттемелерін қажет болған жағдайда ақшаларды кайтаруды сөзсіз қамтамасыз ете алатындай орындауға міндетті. Сонымен қатар, клиент банк салымы шартымен алдын ала келісілген шектерде ақшаға билік ету мүмкіндігінен айырылуға тиіс емес.
Төлем тасырысы шарты бойыншақұқықтар мен міндеттердің бөлінуі төмендегідей:
— акцептеуші банкте жөнелтуші алдында акцептелген тапсырысты орындау бойынша міндеттеме туындайды;
— бенефициардың банкі тапсырысты акцептелгеннен кейін бенефициардың пайдасына тапсырыста көрсетілген ақша сомасын қабылдауға міндетті болады.
Төлем тапсырысын орындаудың дүрыстығын анықтауға, алушы банк міндеттерінің мазмүнына ықпал ететін, кейбір арнайы ережелер белгіленген.
Чектерді пайдаланумен байланысты чек беруші мен банктіңқұқықтары мен міндетгері чек беруші мен банк арасында чектерді пайдалану туралы шарттың негізінде туындайды.
Чектерді пайдалану туралы шарт заңнамамен көзделген міндетті талаптарды қамтуға тиіс. Заңнама мүндай шарттың мүмкін түтынушылық сипатын ескереді. Соған орай, банктер чектерді пайдалануға шарт бекітпес бүрын клиенттің чектермен операциялар жүргізу бойынша қызмет көрсетулер бағасының тізімі туралы және чектерді пайдалану туралы шарттың міндетті талаптары туралы ақпаратты алу құқықн қамтамасыз етуге қүқылы.
Сақтау шарты бойынша бір тарап оған екінші тараптың берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді. (ҚР АК 768-6. 1-т.).
Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінде, 39-тарауда (768-802-баптар) қамтылған .
Сақтаудың барлық шарттары үшін маңызды болатын сақтау туралы жалпы ережелер бөліп қарастырылады. Олармен кәдімгі сақтау да реттеледі.
Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмүндағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады:
- Заттарды ломбардта сақтау
- Қүндылықтарды банкте сақтау
- Көлік үйымдарының сақтау камераларында сақтау
- Үйымдардың киім ілгіштерінде сақтау
- Қонақ үйде сақтау
- Даулы заттарды сақтау — секвестр
Сақтау шартын кейде бір жақты шарт деп атайды, өйткені реалды ақысыз сақтау шартын бекіткеннен кейін міндеттердің негізгі бөлігі сақтаушыға жүктеледі, ал жүк беруші негізінен қүқылы субъект ретінде көрінеді. Бұл шарт ауызша және жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау жолымен жасалады. Ауызша нысанда сақтаудың түрмыстық қызмет көрсетуге деген шарттары бекітіледі.
Сондай-ақ сактау ппртының екі жағынан да жеке кәсіпкерлікті де занды тұлға түріндегі үйымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асырахын кәсіпкерлер шыға алады. Бұл шарттың пәні болып козғалмалы заттар табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да тектік белгілермен анықталған заттарды да жаткызуға болады.
Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның сакталуын камтамасыз ете отырып сақтауға міндеттенеді. Сақтау шартында кәсіпкерлермен қатар кәсіпкер еместер де жиі көрінеді. Сондықтан жалпы ереже бойынша, сақтаушының жауапкеріпілігі, борышқордың жауапкершілігі сияқты.
Жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы азаматтарға несие берумен қатар, ломбардта оларға сакқтау бойынша қызметтер де көрсетіледі.
Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚРАК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады,олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс Сақтауға бекітілген қосылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі.
Заңнама нормаларының мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Кәдімгі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген.
Сейфтік операция қүндылықтарды банктерде сақтаудың шарттары негізінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Барлық жағдайларда банктер сейфтік операцияларды өткізудің жалпы талаптарын аныктайтын ережелерді жасап шығаруға қатысты ішкі ережелерді иеленуге тиіс. Қүндылықтарды сақтау шарты да банктік қызмет көрсету шарты болып табылады.
Құндылықтарды банкте сақтау шарты реалды шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Бұл шарт жүк берушіге бөлек сейфті үй-жайды пайдалану мүмкіндігін беруге бағытталған. Қазір бірқатар авторлар құндылықтарды банктерде сақтаудың осындай шарты аралас шарт деген пікірге мойынсүнып отыр.
Сақтаудың баска да жекелеген түрлерін сияқты қүндылықтарды банктерде сақтау шартынқұқықтық реттеу әлі де өзінің жетілдіруін талап етеді.
Көлік үйымдарының сақтау камераларында сақтау іиарты жолаушыларға, алдағы уақытта тасымалдануға жататын өз заттарын, сақтауға мүмкіндік бере отырып, көліктік қызмет көрсету шарттарын логикалық тұрғыдан толықтырады. Заңнама шартты аталған мақсатына сай қолдану талаптарын қамтымайды, яғни ол басқа мақсаттарда да қодданыла алады.
Сақтаудың басқа шарттарына қарағанда көлік үйымдарының сақтау камераларында заттарды сақтау шарты жүк беруші үшін артықшылықтар көздейді.
Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау, ең алдымен, олардағы белгіленген тәртіпте сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты болатындығын ескере отырып, осы сақтау жалпы ереже бойынша ақысыз сипатқа ие болады. Заңда осы шарттың жария сипаттылығына қатысты нүсқау жоқ. Шарт нысаны ауызша. Сақтаушы заттың киім ілгішке сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқа да таңба береді.
Осындай шарт бекітілетін өзіне тән жағдайларды ескере отырып, заңнама жүк берушіге заттарды киім ілгіште сақтау шартын бекітудің атаулы растау белгісін емес, затты оны ұсынып көрсеткен кез келген тұлғамен алу құқықғын куәландыратын белгіні беруді көздейді.
Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша түруына арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі — сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Қонақ үй заттардың жоғалуы немесе бұлінуі үшін өзіне жауапкершілік алмайтындығы туралы мәлімдесе де ол сонда тұрушылардың заттарын сақтау жөніндегі жауапкершіліктен босатылмайды.
Секвестр туралы шарт бойынша затқа дегенқұқық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған қайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мүндай секвестр шарттық секвестр деген атауға ие, өйткені ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген.
Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құқықтық механизмі ретінде қарасыруға болады.
Секвестр ерекшеліктерінің бірі болып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға қарағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сактау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.
Қазақстан Республіпсасының Азаматтық кодексінде қоймада сақтау шартының жеке анықтамасы берілмеген. Осы шарт бойынша да сақтаушы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және оны жүк берушіге шарт талаптарына сәйкес беруге міндеттенеді.
Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктерінің бірі -сақтаушы болып әрқашан тауар қоймасы табылады.
Тауар қоймасында сақтау шарты жеке анықталған заттарды иесіздендіріп сақтауды да реттеуге бағытталуы мүмкін. Кәдімгі сақтау шарттарымен салыстырып қарағанда, тауар қоймасында сақтау шартының мазмүны сақтаушының белгілі бір шамаларға сай келетін қажетті сақтау жағдайларын қамтамасыз ету міндеттерімен толықтырыл ады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 793-бабының 1-тармағына сәйкес, тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда технологиялық нүсқауларда қойма үшін міндетті өзге де арнаулы нормативтік құжаттарды белгіленген сақтау талаптарын сақтауға міндетті.
Қоймада сақтау шарты бойынша сақтау жөніндегі тауар қоймасының шығындарын өтеу кейбір ерекшеліктерге ие. Кәдімгі сақтауға қарағанда тауар қоймасына сақтаудан бас тарту құқық тек ерекше жағдайларда ғана беріледі.
Тапсырма шарты бойынша бір тарап екінші тараптың атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндетті.
Бұл шарт азаматтык-кұкықта әмбебап маңызға ие. Ол белгілі бір субъект өзіне қажеггі әрекеттерді жеке өзі емес, басқа тұлғалардың қызметіне жүгінетін өте көп өмірлік жағдайларды реттеу үшін бейімделген.
Тапсырма шарты өкіл мен өкілдік етілетін тұлғаның ішкі қатынастарын рәсімдейді, сирек жағдайларды қоспағанда, онсыз шарттық өкілдік мүмкін емес. Бұл шарт сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-өрекеттерді анықтау үшін арналады.
Тапсырма шартының пәні болып материалдық емес қызмет көрсетулер табылады. Шарт пәні анықталатын сенім білдірушінің нүсқаулары нақты заңды және жүзеге асырылатын болуға тиіс. Нақтылық бірінші кезекте, сенім білдіруші қол жеткізуге ұмтылған құқықтық нәтиженің толық айқындылығын білдіреді. Тапсырманы өзі орындау міндеттілігі тапсырма шартын өтелмелі қызмет көрсету шарттарынан ерекшелендіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 853-бабында тапсырма шартын тараптардың бәрінің еркі бойынша тоқтатудың зардаптары көрсетілген. Егер тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл тапсырманы толық орындағанға дейін тоқтатылған болса, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдің тапсырманы орындау кезінде шыққан шығынан өтеуге міндетті. Шарт пен сыйақы көзделгенде, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдің орындаған жүмысының көлеміне мөлшерлес сыйақы төлеуге міндетті.
Сенім білдіруші — заңды тұлғаны қайта құру тапсырма шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттерінің қайта қүрылған заңды тұлғаға немесе сенім білдірушінің қосылуы орын алған заңды тұлғаға өтуіне алып келеді.
Сенім білдіруші қисынды мерзім ішінде өзінің шарттан бас тартатындығы туралы хабарлай алады. Егер бұл орын алмаса, онда сенім білдірілген өкілді қүкықтары мен міндеттері қайта қүрылған заңды тұлғаның құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) ауысады (тапсырма шарты әрекет етуін жалғастыратын болады).
Комиссия шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсыру бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді. (ҚР АК 865-бап,1т).
Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулерді туындататын шарттарға жатады, осыдан оның тапсырма шарттарымен үқсастығы байқалады. Сонымен бірге комиссия шарты тар аяда әрекер етеді, ол комиссионермен комитенттің арнайы барлық заңды маңызы бар іс-әрекеттерді емес, ал тек мәмілелерді ғана жасауды реттеуге арналған.
Кеңестік азаматтыққұқықтың әрекет ету кезеңінде нарықтық қатынастардың тапшылығы кезінде комиссия шарты азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға дегенқұқық қабілеттілігінің жоқ болған элементтерінің орнын толтыратын. Олар өз тауарларын базарларда, ал қалған тауарларды мемлекетпен құрылған комиссиялық сауда дүкендері арқылы сатуға тиіс.
Комиссия шарты комиссионер шартты орындауға байланысты комитентке затты сақтау бойынша қызмет көрсетуге тиіс болатын қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді. Бұл шарт бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың — мұнай, газ, көмір және т.б. айналымы кезінде қолданыла алады.
Комиссия шартын тапсырма шартынан ерекшелендіретіні — комиссионердің заңдық аспектіде комитенттің өкілі болып табылмайтындығы. Комиссия қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 43-тарауының 865-882-баптарымен реттеледі. Биржалық сауданың үйымдастыруға қатысты заңнаманың бірқатар актілерінің нормалары комиссиялық шарттарға да қатысы бар. Комиссия қатынастарын реттейтін арнайы актілердің біріне 2 қазан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 195 бұйрығымен бекітілген.
Комиссия шарты консенсуалды ақылы және екі жақты шарт. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 865-бабының 2-тармағына сәйкес ол жазбаша нысанында жасалуға тиіс. Заңнамамен көзделген сол бір немесе өзге жағдайларда комиссия шартының бекітілген нысандары қодданылуы мүмкін.
Комиссия шартының тараптары — комиссионер және комитент деп аталады.
Мүддесіне комиссия шарты бекітілетін жеке немесе занды тұлға комитент болып табылады.
Комиссионер болып, кәсіпкерлік қызмет субъектісі — жеке немесе заңды тұлға табылады. Кәсіпкер болып табылмайтын азаматтар бір жолғы негізде ғана комиссионерлер ретінде көріне алады. Комерциялық емес занды тұлғалар, егер олар заңмен рүқсат етілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса, тәжірибе жүзінде комиссионерлер ретінде комиссия шарттарын бекітпейді.
Комиссия шартынын пәні болып азаматтық айналымның барлық спектріндегі делдалдық қызметтер табылады. Заңнама логикасынан туындайтындай комиссия шарты субъектілердің жеке өзімен жасалуға тиіс мәмілелерді жасау жөнінде бекітіле алмайды.
Комиссия шартын орындауға байланысты комиссионерге берілген комитенттің мүлкін сақтандырмаған комиссионер бұл үшін, егер комитент оған мүлікті сақтандыруды тапсырған немесе сақтандыру бойынша міндет оған тараптардың келісімі бойынша жүктелген, не егер бұл мүлікті сақтандыру заң бойынша міндетті болған жағдайларда ғана жауапты болады.
Комиссия шартын тоқтату үшін де міндеттемелер мен шарттарды тоқтатуға қатысты азаматтық құқықтағы жалпы ережелер қолданылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 879-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы шартты тоқтату негізі ретінде шартты орындаудан комиссионердің бас тартуын көздегенмен, шартты біржақты түрде тоқтату мүмкіндігі комиссионер үшін біршама шектелген. Ол, егер шартта өзгеще көзделмесе, комитенттің өз міндеттерін бұзуы тапсырманың нүсқауларына сәйкес орындаудың мүмкін болмауына әкеп соғатын немесе атқарудың мүмкін болмауы комиссионер жауап бермейтін өзге де жағдайлардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, өзіне алған тапсырманы орындаудан бас тартуға құқық жоқ.
Комиссия шартын тоқтатуға, занды тұлғаның таратылуы да алып келеді. Егер занды тұлғаны қайта қүру жолымен тарату туралы сөз болса, ондақұқық мирасқорлығы орын алады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап екінші тарапқа мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап қүрылтайшы атаған тұлғаның мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Сенімгерлікпен баскару шарты бұл сенімгер басқарушықұқықтарының өзіне тән жиьштығын белгілеуге және сонымен қатар сенімгерлікпен басқару қүрылтайшысының еркін ескеруге бағытталған салыстырмалы құқықтық қатынас.
Шарт сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойыншақұқықтар мен міндеттер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып табылады. Бұл шарт өз қатысушыларының қатынастарын түрлендіруге мүмкіндік береді. Сенімгершілікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады, өйткені овда сенімгерлікпен басқару қүрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі міндеттері көзделетін болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз шарты бір жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер басқарушыға жүктеледі.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты екі жақты шарт оған екі тарап мүліктіті сенімгер басқарушы және сенімгерлікпен басқару қүрылтайшысы қатысады. Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлікті иелікпен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады, яғни мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.
Сенімгер басқарушы кұрылтайшыға және пайда алушыға мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өз қызметі туралы есеп беруге міндетті.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көрсетілген тұлғаға берілуге жатады. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады.
Франшиздік келісім деп — лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды лицензарға тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шарт.
Франчайзинг шарты әртүрлі салаларда қолданылады. Кешенді кәсіпкелік лицензия (франчайзинг) шарты Азаматтық кодексте, дәл сол атаумен, 45-тарау 896-909-баптардың нормаларымен реттелген.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап екінші тарапқа сыйақыға айрықшақұқықтар кешені, соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқықн, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкелік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықшақұқықтардың басқа да объектілерін беруге міндеттенеді.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық кешенді лицензиардың іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін белгілі бір қызмет аясына қолданатын аумақты көрсетіп немесе көрсетаей пайдалануды көздейді. Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерімен күрделенуі мүмкін.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия түрлері:
І. кешенді кәсіпкерлік лицензия — жұмыс орны, соған сәйкес лицензиар дайын жүмыс орнын қүрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа — жеке кәсіпкерге береді.
- кешенді кәсіпкерлік лицензия кәсіпорын, бұл кезде лицензиар кәсіпорын қүрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа береді.
З. конверсиялық кешенді кәсіпкерлік лицензия, бұл жағдайда тараптар қүрылымдық бөлімшелерді жеке кәсіпорындарға қайта қүру негізінде шарт бекітеді.
- көбейтілген кешенді кәсіпкерлік лицензия, соның негізінде лицензиат бірнеше кәсіпорындар қүрады.
- өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия, бұл жағдайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен немесе оның келісімімен жеткізілетін шикізатты, материалдарды пайдаланумен өз тауар белгісі не дараландырудың өзге де қүралымен тауарларды өндіруге немесе оларды өндіріп сатуға деген құқықты береді.
- тауарды кешенді кәсіпкерлік лицензия, бұл орайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен берілетін не оның келісімімен белгіленетін маркетинг технологиясын пайдаланумен өз тауар белгісі бойынша немесе дараландырудың өзге де тауарларды сату құқықн береді.
Құрылымы бойынша кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт болып табылады.
Франчайзинг шарттары бойынша төлем жүргізудің нысандары, тәсілдері мен мерзімдері кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары тараптарының келісімдерімен анықталады.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тараптары болып кешенді лицензиар және кешенді лицензиат табылады. Шарттың екі тарабы да кәсіпкерлер болып табылады. Бұл шарттың пәні болып лицензияларға тиесілі айрықша құқықтар табылады.
Франчайзинг шарты консенсуалды болғандықтан, қатысушылар арасындағы зандық байланыс, олар шарттың елеулі талаптары бойынша келісімге келген сәттен бастап туындайды. Кейбір жағдайларда кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының өзінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану аумағы көрсетіліп немесе көрсетілмей, лицензиаттың белгілі бір мөлшерде қосалқы лицензия беру міндеті қамтылуы мүмкін. Мұндай міндетті белгілеу лицензиардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені ол оны шартта белгілей отырып, сыйақы бағасында оған қосалқы лицензияиы сатудан түсетін сома лицензиатпен ескерілетін болғандықтан, лицензияны сатудан мүмкіндігінше көп пайда табу мақсатын көздейді.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өзінің әрекет етуін, лицензиат өзіне берілгенқұқықтарды жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол бір немесе өзге себептер бойынша лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда да шарт өз күшінде сақталады. Бұл орайда лицензиялық кешенннің қүрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады. Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының тиісінше азайтылуы талап етуге қүқылы.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қолданылу мерзімінде шарт бойынша пайдалануға берілген кешенге кіретін қандай да бір айрықшақұқықтың қолданылу мерзімі өтіп кеткенде не мүндайқұқық өзге де негіз бойынша тоқтатылғанда шарт сақталады. Ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиарға тиісті сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге қүқылы.
Франчайзинг шарты бойынша жауакершілік жағдайларына оның кәсіпкерлік сипаты әсер ететіні сөзсіз. Талаптардың әрқайсысы шартты орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен егер олардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы бой алдырмайтын күш жағдайларының әрекет ету салдарынан орын алуын дә.іелдесе босатылуға тиіс.
Франчайзинг шарты бойынша лицензиат алдында лицензиар жауапкершілігінің туындауы ықтималдырақ болып табылады.
Егер лицензиар — жеке тұлға болса және ол қайтыс болса онда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша оныңқұқықтары мен міндеттері мүрагерге, егер ол кәсіпкер ретінде тіркелген болса немесе мүра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде тіркелетін болса, ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.
Конкурстық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады.
Конкурс жария еткен шарттарды бекітуге қатысты тұлға оферталар жасауды үсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады. Конкурс ашық болуы керек. Ол бойынша конкурс бастамашысының конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілерге арналады.
Тендерден немесе аукционнан туындайтын конкурстық міндеттемелерге сәйкес оларды өткізудің бастамашылары оларға қатысу жөніндегі ұсынысты қабыддаған тұлғаларға сыйақы төлеуге міндеттенбейді.
Тендер шарттарымен тендерге қатысатын әрбір қатысушының кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін. Егер тендерге қатысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз үсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды.
Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың үсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендерді өткізілмеген деп тануы мүмкін. Онда оны өткізу құқықтық маңызға ие болмайды.
Аукцион да, тендер сияқты саудаластық жүргізудің ереше нысаны болып табылады. Аукционның пәні болып азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік табыла алады. Егер аукционды өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін аукционға қатысуға өтініш беруге және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс.
Егер аукцион шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион міндеттемесіне сүйене отырып ең жоғары баға үсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалуға тиіс. Егер сатып алушы шартты жасаудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қорытынды
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгертілген кезде өзгертілген түрінде қолданыла береді. Егер тараптардың келісуімен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген жағдайда шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешімі занды күшіне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып есептеледі. Егер заңда немесе тараптардың келісімінде езгеше белгіленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерген кезге дейін міндеттеме бойынша өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқық жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бүзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген залалдың орнын толтыруын талап етуте құқылы.
Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқықн оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азиматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ — қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Пайдаланған әдебиеттер
Заңдар және нормативтік құқықтық құжаттар
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.
- Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы» 1999 ж. 1 шілде.
- Қазақ ССР-інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан. Арнайы әдебиеттер
- Гражданское право Республики Казахстан. (Под.ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Учебное пособие (часть общая). Издание второе, дополненное и измененное Алматы, 1999 г.
- Гражданское право (Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К.) том 1,2 и 3. М., 1997-1998 г.г.
- Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие, Алма-Ата, 1978 г.
- Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алма-Ата, 1990
- Гражданское право в 2-х томах (отв. Ред.Суханова ЕА. М., 1998 г.)
- Гражданское право (Под ред. Калпина А.Г., Маслеева А.И.) ч.1, М., 1997 г.
- Гражданское право России.Под ред. Цибуленко З.И., ч.1, М., 1996 г.
- Гражданское право России. Отв.ред. Садиков О.Н. (курс лекции) ч.1, М., 1996 г.
- Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) Отв.ред. Сулейменова М.К., Басин Ю.Г., кн.1 и 2, Алматы, 1998 г.
- Гражданский кодекс Республики Казахстан — толкование и комментирование. Общая часть. Вып.1-10. Алматы, 1996-2000 г.
- Гражданское право России. Отв.ред. Садиков О.Н. ч.2, Обязательное право, М., 1997г.
- Комментарий к гражданскому кодексу Российской Федерации Отв.ред. Садиков О.Н. ч.1-2, М., 1997г.
- Гражданское и торговое право капиталистических государств, М., 1993г.
- Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права, М., 1995г.
- Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Особенная часть). Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, Жеті жарғы, 2000 г.
- Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие, Алма-Ата, 1980г.
- Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. ж.б. Гражданское право. Оқу құралы — Алматы: казГЮУ АПО/24 1999/-126 б.
- Джусупов А.Г. Право собственности и иные вещные права — Алматы: Жеті Жарғы, 1996ж.-8б.
- Ғ.Төлеуғалиев. ҚР-ң Азаматтық құқығы.1-том.А.,2001 ж.
- Ғ.А.Жайлин. ҚР-ң Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Оқулық. 1, 2-том, А., 2003 ж.
[1] ‘Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права (по изд. 1907)-М,:»Спарк», 1995, 12-бет
[2]«Гражданское право». Под ред. Суханова Е.А.., т.1, М.:»Бек»,1994,
[3] Дернбург Г. Пандекты. Обязательное право. М.,1990, 18-бет
[4] ‘Тархов В.А. Гражданское право (общая часть) Чебоксары: Чув. Кітап баспасы, 1997 ж.—99 бет.
[5] Марш П.Д. Англия, Франция және Германияның салыстырмалы келісім шарт қүқығы. — Алм., Дөнекер, 1999 ж; 107-108 беттер.
[6] Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Уч.пос. — Алматы; Әділет Пресс — 1997 — 36.
[7] Джусупов А.Г. Право собственности и иные вещные права — Алматы: Жеті Жарғы, 1996 — 86
[8] Гражданское право.Учебник.Часть ІІ/под.ред.А.П.Сергеева,Ю.К.Толстого.Проспект, 1997-1366