АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Азаматтық сот ісін жүргізуге адвокаттың қатысуы проблемалық мәселелері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ: ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..

 

І . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСТАРЫ 

1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және құқығы…………………………………………….

1.2. АІЖҚ қатысушылар және оларды топтастыру……………………………………..

1.3. Әділсотты жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғалар……………………………

 

ІІ . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ

2.1. АІЖ бойынша адвокаттың азаматтық істі қозғау

сатысындағы қызметі……………………………………………………………………………….. 

2.2. Адвокаттардың азаматтық істі сотта қарау сатысына қатысуы……………..

2.3. Адвокаттың азаматтық іс бойынша кеңес беру қызметін

құқықтық реттеу……………………………………………………………………………………….

2.4. АІЖ бойынша адвокаттардың азаматтық іске қатысуы

проблемаларын жетілдіру…………………………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.

Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі[1], дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.

Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық іс жүргізу құқығы ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық іс жүргізу құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. «діліне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, керметтей қарапайымдылығымен азаматтық іс жүргізу құқығының теориясын сомдап береді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық іс жүргізу құқығының билік шынына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.

Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1551-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған «Қасым ханның қасқа жолын» жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағын (1548-1928 жж.) билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII басында Тәуке хан тұсында (1680-1718 жж.)атақты «Жеті жарғы» қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын,  қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.[2]

Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Тіпті әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықтықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.

Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғары заң білімін беретін оқу орындарының неліктен болмағанын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар. Ол кезде қазақтар үшін жоғары білім алу таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін емес-тұғын. Сонымен қатар талапкердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлайды. Мәселен, орыс университетіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала алды.

Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңның енгізуді қолға алды.[3] Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қақатардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүесі де қолданылып келді.

Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді анрықты экономика құру, қазақтсандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымыздың кәсіби  деңгейге көтеруді талап етеді.

Бүгінде заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне байланысты ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім де көз жеткізгендіктен, талдап, түсінідіріп жатуды артық деп ойлаймыз. Елімізде жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін қайта қарауды талап етеді. өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы қадамдар тағдыры – білім беру сапасына, кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне қатысты екендігін естен шығарып алатынымызды жасыруға болмас.

Болашақта қазақстандық құқықтық білім беру бағдарламасы әдістемелік жағынан да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандық құқықтық білім беру саласын «еуропалық», «англо-американдық» жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге бетбұрыс жасату мәселесін естен шығырмаған жөн, дейтұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орын ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСТАРЫ

 

1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және құқығы

 

Азаматтық іс бойынша адвокаттардың қатысуына кіріспес бұрын азаматтық іс жүргізу қатынастарына жалпы түсінік бере кетпесек, бұл тақырыпты түсінуді кеңірек қамту қиынға соғады. Сонымен, Азаматтық іс бойынша сот әділеттілігін жүзеге асыру мемлекеттік іс жүргізу қызметінің күрделі түрі. Азаматтық процессуалдық қатынас идеологиялық ерікті қатынас. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының сот өндірісіне, прокурор, мемлекеттік басқару органның ұйымы, мекеме, бірлестік, азаматтың және соттың арасында пайда болған процессуалды құқық қатынасының реттелуі жатады. Азаматтық процессуалдық қатынас мүдделі жақтардың арасында пайда болмайды. Арадағы қатынас материалдық құқықпен реттеледі. Мысалы: талапкер және жауапкер арасындағы қатынас, яғни сатып алу, сату шарты, айырбастау, жалға алу және жалға беру жағы басқа шарттар, азаматтық құқықпен реттеледі.[4]

Көптеген жағдайларда азамат немесе заңды тұлға өздерінің құқықтарын қорғауға тура келетін жағдайлар болады.

Мысалы: әкесі өзінің кәмелетке келмеген балаларын материалдық жағдаймен қамтамасыз етпейді, аурухана басшылығы аурудың өсиетін куәландырудан бас тартады, кәсіпорын басшылығы кәсіподақ ұйымының келісімін алмай қармағандағы қызметкерді жұмыстан шығарады, т.с.с. көптеген жағдайлар өмірде кездеседі.

Мұндай жағдайларда мүдделі тұлғалар өздерінің бұзылған құқықтарын іс қозғап, қалпына келтіре алады. Осылайша нақты процесс бойынша іс қозғалады, яғни онда даулы істі шешетін сот, істі қозғайтын талапкер (талапкерлер) іс бойынша жауап беретін жауапкер (жауапкерлер) басқа мүдделі адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, аудармашы, мамандар қатысады.

Бұл жағдайда біздің «процесс» дегеніміз «өте тар мағынадағы сөз» болып отыр. Ол нақты түрде былай болады, өйткені оған тиісті сот қатысады, оның өтетін орны, мерзімі белгілі сатыда көрсетіледі. Оның қатысушылары жеке-дара, ал олардың құқықтық қатынастары тиісті оқиғаға, әрекетке сай құқық нормаларымен реттеледі.

Қанша азаматтық іс болса, сонша азаматтық процесс бар. Сонымен қатар, азаматтық процесті кең көлемде алып қарау керек, өйткені азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету – қоғаммен тығыз байланысты әлеуметтік көрініс болып табылады.

ҚР Конституциясы бойынша ҚР-ның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан олардың азаматтық істі сот арқылы қорғалуы өте маңызды болып табылады.

ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін маңызды демократиялық бастаулар орнықтырылған.

Шынында, көрсетілген сот қорғаулары заң бекіткен, арнайы тәртіппен өтеді, яғни Конституциямыздың 75-бабында сот билігінің сот ісін жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген.

«Сот өндірісі» термині, азаматтық процесс ұғымымен ұштасып жатыр. Процесс жайлы сөз қозғағанда алдымен азаматтық процессуалдық құқық нормаларымен бекітілген соттың азаматтық істі қарау және шешу тәртібін айту керек. Сондай-ақ азаматтық процесс сот әділдігінің бір бөлігі, яғни сот органдарының нақты өздеріне тиісті құқықтық сұрақтарды шешіп оларды белгілі бір жеке тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеуді құқық негізінде қолданып іске асыру әрекеттерін айтамыз.

Осы көзқарас бойынша азаматтық процесс, яғни азаматтық іс жүргізу – бұл азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің және осы әрекеттер жүзінде іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуын айтамыз. Бұл әрекеттер әділсотты жүзеге асыратын сот арқылы іске асады, сондай-ақ қарауға тартылған басқа субъектілер арқылы жүзеге асады.

Сонымен, азаматтық іс жүргізу азаматтық процессуалдық әрекеттерді іске асыру тәртібін анықтайды, яғни бір жағынан заң бекіткен сотың әрекетінің тәртібі болса, екінші жағынан іске тартылған тараптардың іске қатысу тәртібін белгілейді. Бұл процесске деген көзқарас, осы тәртіпті бекітетін процестің нормативті-құқықтық негізінде жасалады.

Іс жүргізуді бастау үшін, мүдделі тұлға талап беру керек, яғни шағым не арыз беру керек. Бұл бірінші процессуалдық іс жүргізу әрекеті өзінен кейін бір емес бірнеше құрамды әрекеттерді тудыруы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу заңы бойынша судья азаматтық істі қозғай алады немесе заңды негіздер болған жағдайда іс қозғаудан бас тарта алады. Заң судья мен іске қатысушыларға сот әділдігін жүзеге асыру үшін кең көлемде мүмкіндіктер берген. Сот арқылы тараптар арасындағы шартқа қатысты құжаттар алдыру, сұрату, жауапкердің мүлкіне сай арест салу, сот ұйғарымына жеке шағым келтіру, сараптама тағайындау, сотың біреуіне отвод беру, істі қысқарту туралы ұйғарым шығару, т.б. әрекеттер, яғни іс жүргізу әрекеттері азаматтық процесстің, яғни азаматтық іс жүргізудің құрылымын құрайды.

Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшеліктері мынада:

Іс жүргізу әрекеттерінің мазмұны яғни оның іске асуы не іске аспауы мүмкіндігі заңмен белгіленген. Мысалы: талапкер мен жауапкердің жалған жауап беруі жайлы жауапкершілікке тартылуына ескерту беруге болмайды. Ал қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша ол міндетті. Ал азаматтық іс бойынша бұл заңда көрсетілмеген. Керісінше, сот ондай жауапкершілікті куәлерге, сарапшыларға, аудармашыларға ескертуге міндетті. Егер бұл заңмен бекітілген ережені бұзған сот жұмысы өрескел қателік болып саналады.[5]

Процессуалдық іс жүргізу әрекеттері тәртіп бойынша заңда тікелей көрсетілген кезекпен немесе нақты іс бойынша процестің даму логикасынан шығады.

Сонымен АІЖК 17 бөлімі «Сот талдауы» атты 17 бөлімінде процессуалдық іс жүргізу әрекеттерінің өту тәртібі мен іске асу кезектері анық көрсетілген. АІЖК 180 бабында сот мәжілісінің ашылу тәртібі көрсетілген, АІЖК 181 бапта процесске қатысушыларды тексеру тәртібі көрсетілмесе, ал 182-бапта сот мәжілісіне іске қатысушылар мен өкілдердің келмей қалу салдары көрсетіледі. Тек осы әрекеттерден кейін ғана сот келесі қадам жасайды: төрағалық етуші істің мән-жайын баяндайды, тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктері тыңдалады, куәлар мен сарапшылардан жауап алынуы және де басқа дәлелдемелер зерттеледі.

АІЖК кейбір нормалары кейбір жағдайларда өтуге тиісті іс жүргізу әрекеттерін нақты рет-ретімен көрсетеді. Мысалы: 211 бап сот жарыссөзінің кім-кімнен кейін сөйлейтіні нақты тәртібі бар. Ол заңда былай көрсетіледі:

  1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
  2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлеәді.
  3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

Көрсетілген норма соңына дейін іс жүргізу әрекетінің кезекпен өтетінін реттейді.

Егер судья заңда көрсетілмеген бұл іс жүргізу әрекеттерінің реттік тәртібін бұзатын болса, оның бірінші кәсіби қателігі болып саналады, яғни бұл мүдделі тұлғалардың құқықтарына өрескел нұқсан тигізіп, өз биліктерін асыра пайдалану болып табылады. Бірақ өкінішке орвй практикамызда «жасырын сотқа дейін дайындық» деген атпен кең тараған кейбір соттардың істі қозғамай жатып, АІЖК 160, 167 баптарында көрсетілген дайындық процесін жүргізіп жіберуі көптеп кездесет.

Судья үшін мұндай заңсыздыққа бару, яғни іс жүргізу реттік кезектік тәртібін бұзу, істі заң талап еткен мерзімде бітіру үшін керек болады, яғни заң бойынша 1-ай мерзім.

Ал мүдделі тұлғалар үшін судьяның мұндай әрекеті күрделі қиындықтарға жолықтыруы мүмкін, мысалы: талаптың кері күші тоқтамай жүре береді, егер судья іс қозғаймын дегенше талап мерзім бітсе, ол мүдделі тұлға талапкердің құқығын таптаған болар еді.

  1. Юридикалық зардаптардың тууы жасалған процессуалдық әрекеттердің нақты (результаты) қорытындысының болуы. Талап қою және істі қозғау талапкер үшін іске қатысушылар құрамына кіруі (АІЖК) және заң бөлген құқықтарға ие болуы. Талапкермен қатар жауапкер үшінші тұлғалар үшін де міндетті. Юридикалық зардаптар процессуалдық әрекеттерге қатысты басқа ситуацияларда да басталады.
  2. процессуалдық әрекеттер заңда көрсетілген процессуалдық формада іске асады. Процессуалдық форма анықтамасы өте күрделі. Бұл сұраққа қарама-қарсы пікірлер көптеп кездеседі.[6]

Оның үстіне азаматтық іс жүргізу формаларының белгілерін айта кеткен маңызды:

а) азаматтық іс жүргізу формасының маңызды белгісі азаматтық процессуалдық құқық нормаларымен бекітілген талаптар жүйесі болып табылады. Бұл талаптарға процесстегі іске қатысушылар тобы, қызметінің тәртібі, әрекеттерінің мазмұны мен мәні, және оларды жасау не жасамағаны үшін жауапкершілігі жатады.

б) іс жүргізу формасы сот қызметіне қатысу үшін міндетті тұлғалар тізімі берілген заң бойынша көрсетілген тұлғалардан басқа ешкім іс жүргізуге қатысушы бола алмайды. Кез келген іске қатысушы онда өзінің жеке орны бар, талапкердің, жауапкердің, эксперттің, куәнің т.б. Бұлардың ешқайсысы бірден екі орын ала алмайды немесе бір уақытта.

в) сот шешімі азаматтық іс бойынша сот бекіткен процессуалдық формада фактілерге жағдайларға негізделуі керек, АІЖК бойынша заңға қайшы алынған кез келген дәлелдемелердің күші болмайды және сот шешімінің негізі ретінде алынбайды делінген.

г) іске мүдделі тұлғалар тікелей өзі не өкілдер арқылы іс қарауға қатысуға құқық алады.егер іске мүдделі адамдардың жауаптары тыңдалып талықлап болса, заң ол іс бойынша шешім шығаруға рұқсат бермейд.

АІЖ құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.

АІЖ құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі болып табылады.

АІЖ құқығының әдісі: императивті, диспозивті әдіс. Бұл жерде басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен ұштасып жатады.

Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:

  • АІЖ-ң р.б/мен.
  • Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет атынан шешім қабылдауы.

Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. АІЖ құқығы басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.

Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығымен көптеген принциптің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар қылмыстық және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап шешімі шыққанға дейін қылмыстық іс бойынша үкім шыққанға дейін.

Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да өтуінен көреміз.

Қорыта айтқанда, процессуалдық іс жүргізу формасын сақтау – сот әрекетінің конституциялық элементінің ажырамас бір бөлігі.

Азаматтық процессуалдық құқық қатынасында субъективтік құқық пен міндеттерге байланысты болады. Іс-әрекет заңдық айғақпен байланысты.

Азаматтық процессуалдық құқық қатынасында әділетті орган, билік етуші орган – сот болып табылады. Ал әкімшілік және қаржылық құқық қатынасында мемлекеттік басқарушы орган болып есептеледі.

Процессуалдық қатынастар заңдық іс-әрекеттерді орындаудан басталады және соған байланысты болады әкімшілік және қаржылық басқару функциясын іс-жүзіне асырумен байланысты болады.

Процессуалдық құқық пен міндеттер өзара байланысты мәнде болады. мысалы, сот, азаматтық іс өндірісін қабылдады, оған енді жауапкерлердің тартуы мүмкін және жауапкер жағындағыларды шақыруы мүмкін. Жауапкер жағындағылар сотқа дәлелдеме алып келуі керек. Ол өз мүддесін қорғауы үшін адвокат жалдауы мүмкін. Азаматтық істің пайда болуына азаматтық процессуалдық қатынастың жиынтығы болады. ол 4 топқа бөлінеді.

  1. Соттың 1-ші инстанциясымен азамат, мекеме, бірлестік, мемлекеттік ұйымның прокурор арасындағы қатынас.
  2. Соттың 2-ші инстанциясымен іске қатысушы тұлғалар арасындағы қатынас.
  3. Соттың сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізумен соттың істі дұрыс шешуі үшін мүдделі субъектілердің арасындағы қатынас.
  4. Соттың жоғары тұрған және төмен тұрған сот органдары арасындағы қатынас.

Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының объектісі — бұзылған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіру туралы даулар. Оның пайда болу себебі, ол 2 бөлінеді.

  1. Жалпы объектісі – сотпен шешілетін азаматтық іс барлық процессуалдық байланыстардың пайда болуы жатады.
  2. Арнайы объекті – әрбір құқық қатынасының мәніне байланысты, яғни соттың талапкермен қарым-қатынасы объекті ретінде талапкердің құқықтық мүддесі. Ал жауапкермен құқық қатынасында, жауапкердің құқықтық мүддесі объекті болып табылады.

Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының субъектілері.

Субъекті түсінігі – азаматтық процессуалдық құқық та кең түсініктемені қажет етеді. Азаматтық процестегі субъекті нақты процессуалдық құқықты қолданады және сәйкес келетін субъективтік міндеттерге ие болады.

Азаматтық процесс – азаматтық құқықта құқық қатынасына түспей-ақ субъекті болуға болады. мысалы, кез келген азамат, құқы бұзылса сотқа оны қорғау туралы талап арыз жаза алады. Яғни процессуалдық құқық субъектісі сотқа қатыспас бұрын сотпен процессуалдық құқық қатынасы пайда болмас бұрын құқық субъектісі бола алады.

Субъектілер процессуалдық роліне байланысты 3 топқа бөлінеді.

І. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының 1-ші тобындағы субъектілер. Оған барлық соттар жатады – олар әділеттікті жүзеге асырушылар. Олар 2-категорияға бөлінеді. 1) соттарға, бірінші инстанциядағы соттар; 2) 2-ші категориядағы соттарға апелляциялық сатыдағы және қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысы жатады. Олар азаматтық сот өндірісінде бақылау функциясын атқарады.

Соттың өкілеттігі екі түрге бөлінеді.

1) Пәндік.

2) Функционалдық.

Пәндік – азаматтық істің сотқа жататындығы.

Функционалдық – азаматтық істі қарау іс-әрекеті жатады. Онда дәлелдеме жинау, сотқа шақыру тағы басқа өкілеттік кіреді.

Сот органының өкілеттілігіне – судья, сот орындаушысы, сот секретары орындайтын іс-әрекеттерде жатады.

1-ші инстанциядағы соттағы азаматтық істі судьяның жалғыз өзі немесе судьялар алқасымен біріге қарайды.

Облыстық сатыдағы тәртіпте істі қарағанда соттың алқасы құрамда кемінде 3-мүшесі біріге отырып қарайды.

Сот орындаушысы – соттың атынан іс-әрекет етеді. Соттың шешімін, ұйғарымын, қаулысын мәжбүрлеу түрінде орындатады.

Сот мәжілісінің секретары – соттағы құқықпен міндеттердің іс жүзіне асуына хаттама жүргізуге міндетті болады.

ІІ. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының 2-ші тобындағы субъектілер олар іске қатысушылар. Олардың құқықтық жағдайлары 2 белгімен көрсетіледі.

  1. Азаматтық істі заңды мүддесі бар азаматтар.
  2. Материалды құқықтық және процессуалдық құқықтық мәселе бойынша соттың қарауындағы іске қатысушы басқа да тұлғалардың қатысуы.

Талапкер – құқы мен мүддесін қорғауды соттан талап ететін азаматтық сот процесінің басталуына себепші тұлға, істі мүддесі бар тұлға, өзі немесе прокурор, ал заңда көрсетілген жағдайларда мемлекеттік басқару органдарының, мекеме, ұйым және басқа да қоғамдық ұйымдар, жеке азаматтық бастауы мен іс қозғалады. Талапкер (истец) сөзі искать іздені, ол іздеу деген сөзден шыққан.[7]

Жауапкер – талапқа жауапты, яғни талапта көрсетілгендей құқықты бұзушы тұлға. Көптеген жағдайларда жауапкердің әрекетінен талап беріледі. (белгіленген мерзімде қарыздың төленбеуі, авторлық құқыққа келтірілген зиянның орны толтырылмауы тағы басқа).[8]

ІІІ. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының 3-тобындағы субъектілер әділеттікті іс жүзіне асырушыларү олар іске қатыспайды. Соттың іс қызметінің дамуына ат салысады, көмектеседі. Оларға – эксперт, маман, куәгер, аудармашылар, мүлікті қорғаушылар, соттың шешімінің іс жүзіне асырушылар тағы басқа тұлғалар жатады. Бұлар азаматтық процессуалдық құқықта субъектілердің ерекше тобы. Сотқа дәлелді мәселелерді алып келетін, яғни дербес талап қоятын жақтар. Олар сотқа қатыспайды, бірақ нақты жағдайлар талап етілседе сотқа қатысушылар болып табылады.

Азаматтық процессуалдық құқықтағы субъектілер құқық қабілетімен және әрекет қабілетімен тығыз байланысты болады.

Құқық қабілеті – дегеніміз белгілі бір құқыққа ие болу қабілеті.

Материалдық құқық субъектілері болып табылатын азаматтар мен ұйымдар үшін азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттерін ие болу қабілеттілігі. Бірдей дәрежеде танылады.

Әрекет қабілеттілік 18-жасқа толғандарға және ұйымдарға толық көлемде болады.

 14 жастан және 18 жасқа дейінгілер әрекет қабілеті толық емес ішінара деп табылады. Олардың құқықтарымен, заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Кейбір жағдайда кәмелетке толмағандарды немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

  1. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
  2. Заңда көзделген жағдайларда материалдық құқық қатынасын және тапқан табысына билік етуге байланысты мәмілелерден туған істер бойынша 14-18 жасқа дейінгілер сотта өз басын қорғауға құқығы бар.

АІЖҚ сот әділдігін жүзеге асыру аумағында қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке құқық саласы. Басқа құқық салалары сияқты азаматтық іс жүргізу құқығы өзінің азаматтық іс жүргізуді яғни азаматтық сот өндірісін реттейтін құқық нормаларынан тұрады.

Бір кездері Ресей профессоры Н.Б. Зейдердің айтқан көзқарастары бойынша азаматтық іс жүргізу құқығының пәні барлық юридикалық әрекеттерді жүзеге асыратын: арбитраж, нотариат, аралық, жолдастық т.б. осындай заң бойынша азаматтық істерді шешетін заң органдарының әрекеті деген сұрақ төңірегінде (активті) түрде талас жүрген болатын.

Бұл идеяны В.Н. Щеглов, И.А. Жеруолис, Н.Е. Арапов сынды ғалымдар қолдаса, ғалым А.А: Добровольскийдың айтуы бойынша, бұндай «Зейдерацияға» қарсы шыққан ғалымдар көптеп болды, А.А. Мельников, И.И. Авдиенко, М.С. Шакарян, И.А. Чечина, Д.М. Чечот сынды ғалымдардың пікірінше, құқықты қорғаудың бүкіл формаларын бір азаматтық процестің «жалпы шатырының» астына біріктіру, теория бойынша дұрыс емес болса, практика жүзінде болашағы жоқ мәселе. Шын мәнінде Зейдердің бұл идеясы құқық шығармашылығында қалай пайдалану керектігін көзге елестету қиын. Бұл дегеніміз барлық құқық қорғау органдары үшін азаматтық, еңбек, отбасы, әкімшілік т.б. құқық қатынастарын реттейтін бір азаматтық іс жүргізу кодексін шығару ма. бІр АІЖК яғни 1 құқықтық нормамен сот, арбитраж, аралық сот, нотариат, т.т. органдардың әрекетін реттеу керек деген сөз өйткені тәрізді сұрақтарды көпт тудырады. Өткені жоғарыда көрсетілген органдар біртекті емес. Олардың арасында сот әділдігін мемлекет атынан жүзеге асыратын органмен қатар, мүдделі адамдардың өзі әрекет ететін қоғамдық құрылымдар бар. Нотариат, АХАЖ, юриспруденция.

Қазірдің өзінде мемлекеттік арбитраж таратылып, арбитраждық сот құрылып арбитражды іс жүргізу кодексі шығып олардың барлығы таратылды, сондықтан олардың барын бір АІЖК-не біріктіру деген сөз АІЖК жылына бір емес бірнеше рет өзгерту деген сөз.

  1. Азаматтық іс жүргізу жүйесі әдеттегідей 2 бөліммге жалпы және ерекше бөлімге бөлінеді.

Жалпы бөлім өзінің құрамына АІЖК-нің жалпы ережелер. Яғни 1-бап бойынша Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастарды; 2-бап ҚР азаматтық сот ісін жүргізуде басымкүші бар құқықтық нормаларды қолдану, АІЖ заңының уақыт жағынан қолданылуы айтылса 2-тарауында Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері қарастырылған бұл жерде сот талдауының, яғни іс жүргізу не процесс принциптері тікелей ауызша және үзіліссіз АІЖК-нің 17-тарауында қарастырылғанымен ол жалпы ережелерге кіреді. Сондай-ақ жалпы ережелерге ведомствалық бағыныстылық және соттылық, іске қатысушылардың құқықтық жағдайы. өкілдердің қатысуы, дәлелдемелер және дәлелдеу міндеті, сондай-ақ сот талдауы кезіндегі тараптардың бірқатар әрекеттері кіреді. Жалпы бөлім сонымен бірге сот шығындарын, сот айыпақылары сот мезімдерін қамтиды.

Ал Азаматтық іс жүргізудің Ерекше бөлімі азаматтық іс сатылары, Азаматтық істі І-инстанцияада қозғау, сотқа қарауға дайындау, сотта қарау, апелляциялық соты, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау және орындау өндірісі жатады, сондай-ақ ерекше бөлімге шетелдік тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдардың қатысатын азаматтық істері мен шетелдік ұйымдарға қойылатын тараптар бойынша істер.

Азаматтық іс жүргізудің әдісі басқа құқық салаларының әдісінен көп ерекшелік жоқ. өзі методика –әдіс дегеніміз – ғылым қандай тәсілмен,  амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді.

АІЖ – ең маңызды әдіс азаматтық іс жүргізу құқығындағы нормалар мазмұнын, оларды қолдану практикасында қоғамдық қатынастарға әсерін, қайшылықтарды, белгілі қорытындыларды зерттеу болып табылады.

Басқа құқық салаларына қарағанда АІЖ құқық нормаларының әрекет ету шеңберін салыстырмалы түрде зерттеуге болады.

Азаматтық құқықтық қатынастағы заем шарты мен сату-сатып алу шарты барлық басқа шарттарын бірін-біріне қолданып не болмаса біреуі арқылы барлық шарттың қолдануәдісін біле алмаймыз. Ал АІЖ құқығында белгілі бір уақыттарда қаралған барлық сот істерінің дәл есебін білуге болады. Осы есеп бойынша оларға әлеуметтік әдіс жүргізуге мүмкіндік береді.

60-жылдардың екінші жартысында процесс С.М. Пелевин профессор В.А. Ядовтың басшылығымен Ленинградтағы қалалық сотта некеден ажырасқан ерлі-зайыптылардан анкета арқылы алған сауал қорытындысы бойынша басым көпшілігі шындарынын айтпайтынын білген, яғни күрделі некеден ажырасу процесі бос, жай алдамшы ретінде өтетіндігін білгендіктен ғалымдар, бүкіл некеден ажырасу процесін соттан алып жартысын азаматтық хал актілер органында яғни ЗАГС-те қалдыруды сұраған.

1968 ж. көктемде шыққан неке және отбасы құқығында ЗАГС-те некені бұзу мүмкіндігі қарастырылмаған еді, тек Ленинград мемлекеттік университетінің АІЖ кафедрасының жүргізген сауалнамасының қорытындыларымен және оған түсіндірмелерін зерттей отырып жобаға некені Азаматтық хал актілерін бұзу органдарында яғни ЗАГС-те бұзу процесурасын кіргізді.

Процессуалдық іс жүргізу пәні – сотта процессуалдық жекелеген нормалардың басқалай қызықты құралдармен зерттелуі болып табылады.

1985 жылдың соңынан бастап, спирт ішімдіктерін асыра пайдаланғандардың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы істер саны көбейіп кетті.

Бұл сол кездегі партия басшысының «құрғақ заң» деген принципіне негізделген еді. Осы АІЖК 258-262 баптарының нормалары практикада қолданудағы қорытындысын зерттеу мақсатында сол кездегі аспирант, қазір Ресейдің заң ғылымының кандидаты Ломонованың басшылығымен студенттер тобы осы іс бойынша шешімнің орындалуын зерттейді. Осы іс бойынша 1000 іс алынып, 1986 жылы олардың барлығының адресі тұрақты мекен-жайы бойынша әрекет қабілетін шектеген азаматтардың жанұяларына барып жағдайларымен танысты. Сонда 56 %  әрекет қабілеттілігі шектелген азаматтарға қорғаншы тағайындалған да қалған 44 % -ті қорғаншысыз қалған. Оның үстіне 6 ай мерзім өткен соң көпшілігі қорғауындағы азаматтарды бақылап отырудан бас тартып, еңбек ақыларын өздері алу және жарату құқықтарын қайта өздеріне беруді сұраған. Осы зерттеулерлен кейін-ақ тез арада, Азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы баптың қоллданылуы қысқарды.[9]

Азаматтық іс жүргізу нормалары сондай-ақ тарихи түрде ғылыми зерттеліп қолданылуы мүмкін.

 

1.2. АІЖҚ қатысушылар және оларды топтастыру

 

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының пайда болуының үш алғышарты бар. Олар:

1) Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары;

2) іс жүргізу құқық қатынасына қатысушылардың құқық субъектілігі;

3) заңдық фактілер.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының нормалары дегеніміз – тиісті құқықтық актілер негізінде мемлекет бекіткен және санкциялаған міндетті заңды ережелер. Оны орындамау мемлекет бекіткен және қамтамасыз еткен жауапкершілікке әкеліп соғады. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары азаматтық іс жүргізу қатынастарының пайда болуының негізгі шарты болып табылады.

Іске қатысушылардың құқық субъектілігі олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен тұрады. Іс жүргізу құқық қабілеттілігі дегеніміз заң бойынша процессуалдық құқықтарға ие болып, процессуалдық міндеттер атқаруы. Әрекет қабілеттілік – субъектінің өз әрекеттерімен процессуалдық құқықтар атқарып және процессуалдық міндеттер атқаруы.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – яғни азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Ол азаматтық құқықтық қабілеттелікпен тығыз байланысты, бірақ оған бағынышты емес. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілік мынадай: Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтың әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық  көлемінде пайда болады.

Ал АІЖК құқық қабілеттілікте азаматтық сот өндірісінде тек қана азаматтық істер ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, еңбек, неке, отбасы, салық, мемлекеттік және басқа қатынастарды қарайды. Азаматтық құқық үшін өазірде субъектілер: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ заңды тұлғалар, ҚР және шетелдің.

Азаматтық құқық сияқты АІЖ құқығы да азамат туғаннан бастап қайтыс болғанда аяқталады. Ал заңды тұлғаларда тіркелген кезден емес, яғни материалдық құқықтың субъектісі болғаннан бастап пайда болады. Ал енді бұл іс жүргізу құқық қабілеттілігі тек қана тараптарға, яғни талапкер мен жауапкерге ғана қалданыла ма жоқ іс жүргізудің басқа субъектілері сот прокурор, сот өкілдеріне де қолданыла ма деген сұрақ әлі даулы мәселе күйінде қалып отыр.[10]

 Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.

Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ат-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сота олардың заңды өкілдері қорғайды.

Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. кәмелетке толмағандарға көмек үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.

Біздің азаматтық құқықта 16-жасқа толған азаматты еңбек шарты бойынша жеке еңбек ашртымен немесе кәсіпкерлікпен айналысса ата-ана, асырап алушылары, қорғаншы, қамқоршы органдардың келісімімен толық әрекет қабілеттілікке ие бола алады. Оны эмансипация дейміз. Бізде бұл тек неке және отбасы заңдарында кездеседі.

Оны яғни әрекет қабілеттілігі жартылайдан толыққа ата-аналарының келісімімен қорғаншы қамқоршы органдардың шешімімен танылады. Егер ондай келісім болмаса соттың шешімімен.

Азаматтық заңдар бойынша азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.

Сонымен, 14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың дәне әрекет қабілеттілігі шеектелгендердің құқықтарын азаматтық іс бойынша сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.

Егер іс қозғау барысында тараптардың бірі кәмелетке толмаған болса немесе әрекет қабілеттілігі шектелген болса сот олардың өкілдерімен бірге өздерінде іске қатысуға шақыра алады. Өйткені оларсыз өкіл бітімгершілікке келе алмайды, талапты мойындай немесе одан бас тарта алмайды.

Бірқатар құқықтық қатынастарда мысалы еңбек қатынасындағы зиян келтіру мәселесі бойынша кәмелетке келмегендер өздерінің құқықтары мен міндеттерін өздері қорғай алады. Мысалы, әкімшілік бастамасымен жұмыстан шыққан 17 жасар кәмелетке толмаған жасөспірім, қайтадан жұмысқа алу туралы талапты сотқа өзі қоя алады. Бұл жағдайда сотқа заңды өкілді шақыру –шақырмау, соттың өзінің қарауына байланысты болады.

16 жасқа келіп некеге отырған азамат толық әрекетке қабілетті деп саналғандықтан ол жасөспірім ол некені кейін жарамсыз деп тануды немесе некеден ажырату туралы талапты өзі қоя алады, сондай-ақ балаға алимент өндіріп алу туралы істерді қарағанда, мүлікті бөлу жайлы істерді талапты өзі береді және басқа мысалы Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын істер бойынша да ол талапты өзі қоя алады.

Әрекет қабілеттілігі толық емес, яғни 15 жасқа келмеген немесе заң бойынша әрекет қабілеттілігін шектеген азаматтардың атынан олардың заңды өкілдері қорғайды.

Кей жағдайда әрекетке қабілетсіз тұлға өзі істі қозғауымен әрекет жасайды, сот арызды қозғалыссыз қалдыра тұрып, оның заңды өкілдерін іске қатысуға қамтамасыз етеді.

Заңды фактілер – объективті жағдайлардың азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының пайда болуы, өзгеруі, және тоқтатылуымен байланысын айтамыз. Ол оқиға немесе әрекет болуы мүмкін.

Оқиғаны азаматтық іс жүргізу қатынасын тудырушы факт есебінде қарауға болмайды. Ол тек азаматтық іс жүргізу қатынастарды тудыратын әрекеттердің пайда болуына негіз, сілкініс қана болады. Мысалы, бір тараптың қайтыс болуы істің тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ тек ол өзінен өзі тоқтамайды. Соттың қайтыс болу фактісін негізге ала отырып жасаған әрекетімен тоқталады. Заңды фактілердің айырмашылығы бір ғана факт жеткіліксіз болады да «заң құрамының» яғни фактілертобынан, оның ішінде кемінде бір әрекет сот әрекетінен тұруы керек. Мысалы, Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы сот талапкер қатынасының артына бірден екі әрекет жасалады. Талапкердің талап арыз беруі, соттың арызды қабылдау және кері қайтару әрекетін тудырады.

Бірде-бір іс жүргізу әрекеті соттың әрекетінсіз тууы мүмкін емес, өйткені азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының арнайы субъектісі сотсыз бірде-бір әрекет заңды бекімейді. Сондай-ақ заңды фактілердің ерекшелігі олардың кезекпен реттілікпен жүзеге асуы. Мысалы, сот пен үшінші тұлғаның не болмаса сот пен жауапкердің қатынасы тумайды, егер сотпен талапкердің қатынасы болмаса.

Қорыта келгенде, Азаматтық іс жүргізу қатынастарында барлық уақытта екі субъекті болады. Оның бірі барлық уақытта сот болғандықтан, азаматтық іс жүргізу қатынастарын сотсыз елестету мүмкін емес. Іс жүргізу әдебиеттерінде басқа іске қатысушылар, сотсыз қатынасқа түсуі мүмкін делінген.[11] Бірақ бұл көзқарас, пікір бізге қолданылмайды.

Сот іс жүргізу процесіне басшылық жасайды. Іске қатысушылардың әрекеттеріне бағыт береді. Олардың құқықтары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді, биліктік сипатқа ие қаулы шығарады, және бұзылған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіру үшін материалдық-құқықтық дауды шешеді.

Осылармен қатар, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасы 3 элементтер тұрады. Олар: 1) құқық қатынасының субъектісі; 2) құқық қатынасының объектісі және 3) құқық қатынасының мазмұнынан тұрады.

Азаматтық іс жүргізу қатынасының барлық субъектілерін үшке бөлеміз. 1) әділсотты жүзеге асырушы соттар; 2) іске қатысушы тұлғалар (тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор және т.б.); 3) әділсотты іске асырушы тұлғалар (куәлар, сарапшы, аудармашылар).

Сонымен қатар, азаматтық істе іске қатысушылардың ішінде өкілдер ерекше орын алады.

Ал азаматтық іс жүргізу қатынасының объектілері материалдық-құқықтық дау болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнына іске қатысушылардың субъективті құқықтары мен міндеттерінен тұрады.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілерінің екінші тобын іске қатысушылар құрайды. Заң бойынша олар: 1) тараптар; 2) үшінші тұлғалар; 3) прокурор; 4) мемлекеттік органдар; 5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар; 6) басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін жеке азаматтар; 7) ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

Іске қатысушы тұлғалар маңызды комплексті бірқатар іс жүргізу құқықтарына ие екенін және басқа субъектілерге қарағанда ерекше жағдайда екенін көруге болады. Азаматтық іс жүргізу заңы іске қатысушылардың пайдаланатын құқықтар құрамын АІЖК 47-бабында толық көрсеткен. Ең алдымен олар істегі барлық материалдармен таныса алады. Олар материалдардан көшірмелер, үзінділер жазып ала алады. Олар тек өздерінің материалдарынан ғана емес, прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының ұсынған құжаттарынан да ала алады. Айтқандай сот өкілі заң көнсультациясының берген ордері мен сенімхат негізінде осы әрекеттерді ешқандай арнайы сенімхатсыз өзі жасай береді. Бұл оның өкіл ретіндегі өзінің процессуалдық құқығы болып саналады.

Іске қатысушы тұлғалар сот талдауына да белсенді қатысады. Олар сот құрамына қарсылық білдіреді. Яғни сот, прокурор, сот хаттамасына, кез келген уақытта дәлелдемелер ұсынуға, іске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақтар беруге, куә мен әкспертке іс бойынша өздеріне белгілі болған іске маңызы бар мән-жайларды айтып түсініктер беруіне құқықтары бар. Тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері тексеруге және басқа жиналған дәлелдемелер мен қатар бағалауға жатады.

Іске қатысушылар сондай-ақ ұсыныс беруге, дәлелдеме талап етуге, сараптама тағайындауға, талапты қамтамасыз етуге істі кез келген уақытта, шешім шыққанға дейін тоқтатуға ұсыныстар беруге, жасауға құқықтары бар.

Сот процесі кезінде іске қатысушы тұлға сотқа жазбаша ауызша түсініктемелер беруге, сот талдауы кезінде барлық сұрақтар бойынша өз болжауларын келтіруге, басқа тұлғалардың ұсыныстары, болжауларына, ойларына қарсылықтарын білдіруге құқықтары бар. Сондай-ақ соттың шешіміне шағым келтіре алады. Тағы басқа іс жүргізу барысында көптеген құқықтарға ие болады.

Азаматтық іс жүргізу Заңында іске қатысушы тұлғалар барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдаланып, іс жүргізу міндеттерін атқару керек делінген.[12]

Әрбір істе талап өндірісіне барлық уақытта кемінде 2 тарап қатысады.

Талапкер — өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғаларды айтады.

Талапкер сөзі орысша «истец» яғни «искать» іздеу, яғни қорғануды іздеу мағынасында қазақша талапкер, яғни бұзылған құқығын талап ету табу деген мағынаны білдіреді. Талапкер қоятын тарапты активті яғни белсенді деп атау қолданады. Өйткені талапкердің өз құқығын қорғау белсенділігі арқасында азаматтық іс қозғалады. Бірақ барлық уақытта талапкердің белсенділігі болмайды. Өйткені :

  1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңның белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
  2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
  3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргіузіне қабылдауға құқығы жоқ.
  4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгінуге құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

Сөйтіп осындай жағдайда мүдделі тұлға сотқа шақырылып, іске талапкер ретінде қатысуды ұсынады.

Жауапкер — өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғаларды айтамыз.

Көптеген жағдайларда талаптың қойылу себебі жауапкердің әрекеті не әрекетсіздігі  болады. Мысалы: белгіленген мерзімде қарызды өтемеу, авторлық құқықты иелену залал келтіру.бірақ кей жағдайларда жауапкер талапркедің құқығы мен мүддесіне нұқсан келетін ешқандай әрекет жасамайды. Мысалы, қауіпті жағдайдың иесі, болады немесе жасы жетпеген мұрагер, яғни өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қойылған жауапкер болып табылады.

Жауапкер даулы материалдық құқықтық қатынастың обективті субъектісі ретінде пассивті тарап деп танылады.

Бұл жердегі даулы материалдық құқықтық қатынас – нақты азаматтыө істің объектісі, ал оның субъектісі тараптар болып танылады.

Бұл құқықтық қатынас барма, жоқпа, оның мазмұны, шын мәнінде талапкердің құқығы бұзылды ма, бұзылса қандай шамада, ол үшін жауапкер жауап беру керек пе, жоқ па бұның бәріне істі мәні бойынша қарап біткеннен кейінсот жауап береді.

Тек істің қозғау кезінде тараптардың маңызды белгілері анық көрінеді. Олар:

1) тараптардың атынан іс бойынша процесс жүреді, ол іс азаматтық іс деп танылады, өйткені бұның практикалық маңызы бар. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.

Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтіреді.

2) тараптар арасындағы қатынас талапты қою қорытындысында ресми даулы мінездемеге ие болады. Соттың міндеті бұл қатынасты реттеу болып табылады.

3) тараптар – даулы материалды-құқықтық қатынастың субъектілері істе материалдық құқықтық мүддеге ие болады. Сот шешімі олардың материалдық құқығына әсер етеді. Олар бір материалдық игілікке ие болуы немесе одан айырылуы мүмкін.

4) сотпен процессуалдық іс жүргізу құқықтық қатынастарына кіре отырып, тараптарда өздерінің құқықтарын қорғай отырып, өздеріне тиімді жағымды шешім алу үшін және оны жүзеге асыру үшін іс жүргізу қызықшылығынан туады.

5) басты іске қатысушылар отырып, тараптар сот шығындарын көтереді.

Жоғарыда көрсетілген белгілердің құрамы тек қана тараптарға қатысты болғандықтан бұл белгілер оларды басқа іске қатысушылардан ерекшелеп тұрады.

Тарап ұғымы талап өндірісі ісінде қолданылады. Ерекше өндірістің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан туындайтын істердің қатысушылары арызданушылар, шағым берушілер және мүдделі тұлғалар деп аталады. Бұл тұлғалар тараптардың заңда бекітілген жеке құқықтарын ғана пайдалана алады.

Тараптардың іс жүргізу құқықтары әртүрлі, қазіргі жағдайда оған жалпы назар аудару керек.

1) тараптар бәрінен бұрын іске қатысуға барынша құқық алған. Олар іс бойынша соттың барлық мәжілістеріне қатысуға, іс жүргізу әрекеттерін жасауға қатысады, іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер үзінділер алуға құқығы бар.

2) Тараптар сот құрамын алдын ала бағалап оларға қарсылық білдіре алады.

3) тараптар марериалдық мүдделі тұлғалар бола отырып, өздерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғау көлемін өздері анықтайды. Мысалы талапкер талаптан бас тарта алады, ал жауапкер талапты мойындайды, тараптар арасында бітімгершілік келісімі жасалу мүмкін, талапкер талап қоюдың негіздемесінен нысанасын өзгерте алады.

  1. Талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келіміммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.
  2. Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.

4) Тараптар сот қорғау құралдарын іс жэүргізуге кеңінен қолдана алады. Тараптар дәлелдеме ұсынуға, оны зерттеуге қатысуға, басқа іске қатысушы тұлғаларға сұрақтар қоюға сондай-ақ куәлар мен экспертке әртүрлі ұсыныстар айтуға, өздерінің болжауларын ұсынуға және қарсы жақтың болжамдарына қарсылық білдіруге құқығы бар. Жауапкер талапты мойындамау арқылы қорғау құралы ретінде талап бере алады.

5) Тараптар шешімнің заңды және негізді екенін тексеруге құқығы бар. олар шешімге апелляциялық сатыда шағым беруге, оның жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды сұрауды, тиісті жоғары тұрған органдарға қадағалау есебінде қарауға ұсыныс жасауға құқығы болады.

Шешімнің соңғы реттелуі яғни орындалуы тараптарға байланысты. Олар мәжбүлеп орындатуды талап ете алады.

6) тараптар басқа да бірқатар тұтас процессуалдық іс жүргізу құқықтарына ие: істі өзі жеке дара не өкілдер арқылы жүргізу, талапты қамтамасыз ету, сот шығындарын өндіруді талап ету, т.б. құқықтарын айтуға болады.

Тараптардың іс жүргізу міндеттері 2 түрге бөлінеді. жалпы және арнайы.

Жалпы міндеттерінің қатарында ең маңызды орында құқықтарды адал пайдалану міндеті тұр.

Көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.[13]

Тараптар іс жүргізу регламентіне бағыну керек – іс жүргізу әрекеттерін заң іс бойынша шығындарды өз уақытысында төлеу іс жүргізу құжаттарын заң бекіткен формада тапсыру керек.

Бұл талаптарды орындамаған тарап келесі тиісті іс жүргізу әрекеттерді жасауға тыйым салады.

Тараптардың жалпы міндеті болып саналатын, оның адал болуы іс жүргізу барысында құқықтың мәннен бұрын моральдық мән-мағынаға жатады.

Тараптардың арнайы міндеттері жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасағанда қажет болады. Мысалы,

Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

Тиісті тарап сотпен материалдық құқық нормаларының негізінде анықталады. Сот талапкердің талап арызды қабылдай отырып, жауапкерге дұрыс қойылып отыр ма соны анықтайды.

Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екнші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

Соттың істі дайындау үстінде немесе бірнеше сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.

Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды.

Азаматтық іс жүргізу заңы тиісті емес талапкер беріп отырған талаптан немесе талап тиісті емес жауапкерге беріліп отырылған жағдайда арызды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Тиісті емес талапкерді тиісті талапкермен ауыстыру үшін тек біреуінің ғана емес екеуінің де келісімі керек, яғни 1ші талапкер істен шығуға, ал 2 талапкер іске кіруге өз еріктері болғанда ғана ауыстыру жүреді.

Егер алдыңғы талапкер оны басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, ол тұлға дау нысанасына өз талаптарын мәлімдейтін тарап ретінде іске кірісе алады. Ал енді 1-ші талапкер соттан шыуға дайын, бірақ екінші тиісті талапкер іске кіруден бас тартады. Онда істе талапкер жоқ деп танып, сот істі қысқартады.

Ал тиісті емес жауапкерді ауыстыру талапкердің келісімімен жүзеге асады. Егер талапкер оған келіспесе, тиісті жауапкер 2-ші жауапкер ретінде іске қатыстырылады.

Тиісті тараптарды ауыстыру іс жүргізу барысында өндірісті тоқтатпай не қысқартпай жүзеге асады. Егер ауыстыру сот мәжілісінің залында жүзеге асатын болса, іс қарауды кейінге қалдырады, яғни ауыспай тиісті тарап іске кірісіп, өзінің мүдделерін қорғау үшін дайындалуға уақыт береді.

Даулы немесе шешімімен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқық қатынастарындағы тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқық мирасқорлығымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.

Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Сондай-ақ кей жағдайда материалдық құқық қабылдаушылық автоматты түрде іс жүргізу мирасқорлығын тудырмайды. Құқық мирасқорының іске кірісуде өз еркі қаралады. Ал іске жауапкердің құық мирасқорын кіргізу, талапкер мен басқа іске қатысушылардың еркіне байланысты, істен шығып қалған яғни қайтыс болған азаматтың, не таратылып кеткен ұйымның орнына құқық қабылдаушылық қалай болады. Сол мүдделі тұлғалардан арыз түскеннен бастап, іс қайтадан жандандырылады. Бұл тараптардың іс жүргізудегі диспозитивтік қағидасына сәйкес болады.

Іске құқық мирасқорының қабылдау келесідей тәртіппен өтеді.1) іс бойынша материалдық құқықта құқық қабылдаушылық табылған жағдайда құқық мирасқоры іске кіріскенше іс тоқтатыла тұрады. 2) ал жекелеген сингулярлық құқық қабылдаушылықта іске құқық мирасқоры істі тоқтатпай-ақ кірісе алады. 3) құқық мирасқоры өзі іске кірісу үшін рұқсат беретін құжаттарын көрсетеді. (яғни мұрагерлікке құқық беретін куәлік, заңды тұлғаның таратылғаны жайлы құжат, бағалы қағаздар бойынша берілетін құқық). 4) егер материалдық құқықта бірнеше тұлға болса, әрқайсысы өзінің тілегі бойынша іске кіріседі. Бір құқық мирасқорының кіргені басқа құқық мирасқорларының құқығына әсер ете алмайды. Сот тек басқа іске қатысушыларды істі жандандырылғанын хабарлайды. 5) құқық мирасқорлық істің кез келген сатысында жүзеге асады. 6) құқық мирасқоры үшін процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Мысалы: құқық мирасқоры алдындағы даулы іс жүргізу құқықтың объектісін өзгерте алмайды, мысалы, талаптан бас тарта алмайды. Бітімгершілік келісімге келе алмайды, егер олар сотпен бекітілсе, сондай-ақ алдыңғы құқық өткізуші кезінде дәлелденген дәлелдемелерді қайта тексеруге құқығы жоқ.[14]

7) іс жүргізу құқық мирасқорында тиісті тарапты ауыстырған кездегідей іс жүргізу қайтадан басынан басталмайды. Жалпы құқық мирасқорлығы сот өндірісінің тоқтаған сатысынан кіреді, ал егер сингулярлық құқық мирасқорлығында кіріскен сатысында яғни құқық мирасқорлығы ауысқан сатыдан басталады.

Сондықтан құқық мирасқорлығы іс жүргізудегі тараптарды ауыстырудағы ерекше жағдай болып саналады.

Тиісті емес тарапты ауыстырудан құқық мирасқорлығының бірнеше ерекше сәттерімен өзгешеленеді.

  • құқық мирасқорлығы істің кез келген сатысында, керек десеңіз орындау сатысында ауысуы мүмкін, ал тиісті емес тараптарды ауыстыру тек соттың І-ші инстанциясында ғана жүзеге асады.
  • Құқық мирасқорлығы қай сатыдан қабылданды, сол сатыда іс арық қарай жалғасын табады. Ал тиісті емес тарапты ауыстырғанда іс қарау басынан қайта басталады.
  • Құқық мирасқорлығы ауыстырған тұлғадан құқық мирасқорына оның барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері өтеді. Ал тиісті емес тарап ауысқанда оның құқықтары мен міндеттері тиісті тарапқа өтпейді, жойылады. Яғни ол даулы материалдық құқықтың субъектісі болған емес.
  • Құқық мирасқорлығында құқық мирасқоры, құқықты берушімен бірге өмірі қатыспайды, ал тиісті емес тарапты ауыстырғанда тиісті тараппен бірге тиісті емес тарапта бірге қатыса беруіне болады.

Сонымен бірге, АІЖК бойынша талапкермен, жауапкермен бірге іске тараптар есебінде 3-тұлғалар қатысады. Іске үшінші тұлғалардың қатысуы іс бойынша шешім процессуалдық құқыққа ие емес тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. 3-тұлға ешқашан істі өздері қозғамайды және алғашқы талапкер мен жауапкер арасында туындайтын даулы материалдық құқықтық қатынастың формасын құрмайды.

Сонымен, басталып кеткен іске өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кірісетін тараптарды үшінші тұлғалар деп атаймыз.

1) үшінші тұлғалардың іске қатысуы бір іске барлық дәлелдеу материалдарын біріктіруге, яғни үшінші тұлға да өзінің болжауларын тиісті фактілік негіздерімен дәлелдеуі мүмкін.

2) Іске үшінші тұлғалардың қатысуы істегі барлық жағдайды жан-жақты зерттеп қарма-қайшы шешім шығаруға жол бермейді.

3) олардың іске қатысуы іске қатысушылардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау сұрақтарының тез шешілуін қамтамасыз етіп, сот уақытын үнемдейді.

үшінші тұлғалардың іске мүдделігі әр алуан болады. Оның бірі дау нысанасына өз талабын мойындайтын үшінші тұлғалар және дау нысанасына өз талабын мойындамайтын үшінші тұлғалар.

Заңда бұлар екі түрі яғни екі формасымен бекітілген.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады. Талапкермен қозғалған іске бәрінен бұрын жауапкер тартылады. Бірақ дау пәні басқа тұлғаның құқықтары мен мүдделері болса оны ол сол тұлға қорғауға шығады. Осылай үшінші тұлға шығады.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады. Бұл дегеніміз үшінші тұлға өзінің іске кірісуін талап арыз беру жолымен бекітеді. Ол барлық талаптарға сай болу керек. Яғни талап арызға мемлекеттік баж төленуі керек. үшінші тұлғалардың іске жіберілуіне рұқсат берген сот ал жайлы ұйғарым шығару керек.

Жеке талап қойып іске кіріскен үшінші тұлға талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады. Өйткені, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол  беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келіміммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді. Бұған қарап, үшінші тұлғаның жағдайы талапкердің іс жүргізу жағдайымен бірге деп санамау керек. «үшінші тұлға» термині бұл жағдайда «таза техникалық маңызға ие, бұл жайлы кейде әдебиеттерде айтылып қалады».[15]

Сонымен қатар үшінші тұлға тараптармен арнайы қатынаста болады. Өтйкені ол талапкерге де, бірігіп қатысушыларға да тән емес. Өйткені үшінші тұлға талапты екі тұлғаға қойса, ол үшін жауапкер, талапкерде жауапкерде болады. Әдебиеттерде бұл көбіне осылай айтылады. Өйткені үшінші тұлға бірінші тарапқа талап қоймайды. Ол әрқашан екі тарапқа бірден талап қояды деп жатады. Бірақ бұл қате пікір. Кей жағдайларда үшінші тұлға талабын тек талапкерге қоюы мүмкін, жауапкерге тиіспей. Мысалы: жауапкерді үйден шығару мүддесі қаралып жатқан талапқа үшінші тұлға жауапкерге емес талапкерге талап қояды.

Дау нысанасына өз талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар іске өз бастамасымен қатысуы. Кей жағдайларда сот оған өзінің мүддесіне нұқсан келген іс қаралып жатқанын хабардар етуі керек. үшінші тұлға істі дайындау сатысында, не істі қарау сатысында басталып кеткен процестің кез келген сатысында, яғни шешім шыққанға дейін іске кірісе алады. Үшінші тұлғаның ісі бойынша шешім шығып қойса, ол онда өз мүдделерін қорғау үшін дербес талап қойып іс қозғай алады. Үшінші тұлғаның іске кірісуі бойынша сот 2 талапты қарау керек. 1) алғашқы талапкер мен 2) үшінші тұлғаның дербес талабы бойынша. Осыған орай соттың шешімінде көрсетілуі керек.

  1. Дау нысанына өз дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік кеісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады. Дербес талап мәлімдемейтін үшінші тұлғалар. Бұл тұлғалар азаматтық процеске талапкер мен жауапкер арасында пайда болған дауға байланысты өз құқықтарын қорғау үшін қатысады. Дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың іске қатысу негізі:

1)Болашақта қойылатын кері талапқа байланысты;

2) басқа заңи мүддеге байланысты.

Дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың іске қатысуының бір негізі ретінде қарастырылатын кері талап болашақта шығарылған шешімнің олардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етуіне байланысты. М: кінәлі жүргізушіге жауапкер ретінде қатысқан авто иесінің 1-ші соттың шешімі заңды күшіне егеннен кейін және орындалғаннан кейін талап қоюы. 1-ші іс бойынша дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлға ретінде жүргізуші қатысса 2-ші іс бойынша жауапкер ретінде қатысады. Бұл тұлғалар процеске өз инициативасымен, тараптардың өтініші бойынша, прокурор және соттың инициативасымен қатысады. Олар соттың І-ші инстанциясында шешім шыққанға дейін қатысуға құқылы. Олар тараптардың билеу әрекетінен басқа құқықтары мен міндеттеріне ие. Дербес талап мәлімдемейтін 3-ші  тұлғалар қарсы талап қоюға құқығы жоқ және оларға да қарсы талап қоюға болмайды, өйткені олар даулы құқық қатынастарының субъектісі болып табылмайды. Сот олардың құқығы туралы дау емес тараптардың құқықтары туралы дауды қарастырады. Сот шешімін олар жалпы негіздер бойынша шағымдай алады. Дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың ортақ талапкерден айырмашылығы:

1.3-ші тұлғалар дербес талаптармен басталып кеткен процеске кіріседі, ал ортақ талапкер бір мезгілде іс қозғауға құқығы бар. Ортақ талапкер бірін-бірі жоққа шығармайтын талап қояды. Бір талапкердің талабын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту қалғандарының талаптарына әсер етпейді. М: бірнеше талапкердің біреуінің өзі талаптан бас тартса, қалғаны істі жалғастыра беруге құқылы. Ал 3-ші тұлғалардың талаптары талапкердің талабымен толық көлемде немесе ішінара қатысты болуы керек. Сонда да талапкердің талаптың қанағаттандырылмауы 3-ші тұлғалардың талабының қанағаттандыруына бас тарту деген сөз (және керісінше). Прокурордың азаматтық ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы стқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамтастан талап қоя алады.

Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

 

1.3. Әділсотты жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғалар

 

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілерінің үшінші тобына әділсотты іске асыруға көмектесетін тұлғалар жатады. Олар азаматтық процеске сот бастамасымен немесе іске қатысушылар сұрауымен қатыса алады. Өйткені, олар дәлелдемелер жайлы хабарламалар беруге, азаматтықіс бойынша дауды шешуге және соттың өзінің қызметін атқаруға қажетті міндеттер атқаратын тұлғалар қажет болуы мүмкін.

Бұл субъектілердің құрамына куәлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар және т.б. тұлғалар кіреді.

Әділсотты іске асыруға көмектесуші тұлғаларға белгіленген құқықтар бөлінбеген. Олардың құқықтық жағдайы азаматтық процесс бойынша бірінші кезекте оларға процессуалдық міндеттер атқаруы кіреді. Мысалы: куәдан жауап адынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалға жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертеді. Куәға – сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілетіндігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалға жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.[16]

Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.

Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.

Бұдан кейін куәға сұрақтар қойлуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.

Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.

Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал сотың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.

Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.

Он алты дасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

Іске қатысушы адамдар дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ  оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми техникалық құралдарды пайдалануға құқылы,

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зертеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сот сараптаманы тараптың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды.

Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама ісін жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойлатын өзге де талаптар заңдармен белгіленеді.

Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай алады.

Сараптама жүргізу сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне не заңда аталған талаптарға сай келетін өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу іске қатысушылар ұсынған тұлғалардың біріне тапсырылуы мүмкін. Соттың сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердің түпкілікті шеңберін сот айқындайды. ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот дәлелдеуге міндетті. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

Егер тарап сараптама жүргізуге қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті материалдар бермесе, сотқа беруге мүмкіндік болмайтын немесе қиындық келтіретін өзіне тиісті объектілерді зерттеуге мүмкіндік бермесе), ал істің мән-жайлары бойынша мұндай тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса, сот қай тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай-ақ ол үшін оның қаншалықты маңыза барлығына қарай анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы.

Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.

Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда сот соттың атауын, сараптаманы тағайындау уақытын, орнын, қаралып жатқан іс бойынша тараптардың атауын, сараптама түрін, сараптама тағайындау негіздерін, сарапшының алдына қойылған мәселелерді, сот сараптамасы органының атауын немесе сараптама жүргізу тапсырылған адамның тегін, атын және әкесінің атын, сараптама жүргізуге жіберілген объектілерді және істің өзге де материалдарын көрсетеді. ¦йғарымда, көрінеу жалға қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілетіні де көрсетіледі.

Сарапшының: істің сараптама нысанына қатысты материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінім жасауға; соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға; тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға; өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге; өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға; өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытынды беруүшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сарапшының: соттан басқа іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін өз бетінше материалдар жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың оған арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.

Сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге; жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге міндетті.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.

Сараптамалық зерттеу объекілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып-түйілген және мөрлеп бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді.

Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді.

Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады. Бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.[17]

Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.

Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін және қорытындысының мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

Сараптама жүргізуге байланысты шығындарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу заң ережелері бойынша жүргізіледі.

Сараптама жүргізуді сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.

Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді.

Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.

Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы табылады. сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өздерінің құзыреті шеңберінде жүргізеді.

Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігіне сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері заңға сәйкес ресімделеді.

Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Сарапшының қорытындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен лгілерге негізделген заңда көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өз (олардың) қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптамасы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен куәландырылады.

Сарапшының қорытындысында: қашан, қай жерде, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі) қандай негізде сараптама жүргізілгені, көрінеу жалға қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қою арқылы куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған сұрақтар; сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысқаны және қандай түсініктемелер берілгені; сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны; қандай объектілердің зерттелгені; қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенімді екені; қойылған сұрақтарға негізді жауаптар көрсетілуге тиіс. егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, олар бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.

Егер зерттеу барысында заңда аталған мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс.

Қорытындыға зерттеуден кейін қалға объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, тәсімдер, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. қорытындының қоымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды.

Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындының бөлігін ғана түсіндірудің дәлелдемелері болып табылады.

Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмйды, бірақ оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.

Егер сарапшының зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнайы білімдерінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және олардың толықтырылуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жібереді.

Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады.

Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.[18]

Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс.

Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс.

Іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін.

Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді.

Маман ретінде шақырылған адамның: өзінің шақырылуы мақсатын білуге, егер арнаулы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекетіне қатысушыларға сұрақтар беруге; іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың назарын заттарды немесе құжаттарды табу, бекіту және алу кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға; соттың іс-әрекетіне шағым жасауға; өзінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және егер іс шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімді, дағлылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беру кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін.

Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келгенде азаматтық іс жүргізу қатынастар дегеніміз сот және сот процесінің қатысушыларының арасындағы пайда болған және АІЖ құқықтық нормаларымен реттелген құқық қатынастар.

АІЖ құқықтық қатынастар ерекшелігі.

  1. Құқықтық нысанда жүзеге асыра алады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастар өктемдік белгіге ие, яғни императивтік әдіспен реттеледі.
  3. АІЖ құқықтық қатынастар құқық қолданушылық сипатқа ие, өйткені олардың негізгі мазмұны, — материалдық және процессуалдық нормаларды қолдану қызметі.
  4. Сот міндетті қатысушы болады.
  5. АІЖ құқықтық қатынастар көп субъектілі болады.
  6. АІЖ құқықтық қатынастарда динамизм орын лады, яғни азаматтық процессуалдық әрбір сатыдан келесі сатыға өтедуе дамып отыруы.

АІЖ қатынастардың субъектілері болып нақты іс бойынша сот өндірісіне қатысушыларды айтады. Процестегі өзінің ролі бойынша құқықтары мен міндеттеріне қарай олар 3 тапқа бөлінеді:

  1. сот, яғни сот әділдігін жүзеге асырушы тұлға ретінде;
  2. іске қатысушы тұлғалар;
  3. сот әділдігін жүзеге асырушыға ықпал етуші тұлғалар.
  4. Азаматтық процестегі міндетті тұлға ретіндегі соттар соттың І-ші инстанциясының соттары және апелляциялық, қадағалау инстанциясы соттан тұрады.

І-ші инстанция сотына заңмен белгіленген соттылыққа байланысты І-ші инстанция ретінде іс қарайтын барлық соттар жатады. АІЖ құқығының субъектісінің арасында сот ең басты орынға ие болады, өйткені ол бір жағынан процеске қатысушы ретінде болса, екінші жағынан іс жүргізу барысында іс жүргізумен байланысты пайда болған сұрақтарды шешетін билікті өкілеттілікке ие болады.

  1. Іске қатысушы тұлғалардың тобы азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабында белгіленгендегі тараптар, 3-ші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар кодекстің 56, 57-баптарына сәйкес басқа біреулердің құқықтарын қорғау үшін заматтық процеске қатысатын болса, ерекше өндіріс бойынша арызданушы және басқа да мүдделі тұлғалар жатады.[19]

Іске қатысушы тұлғалар азаматтық процестің нәтижесіне заңи мүдделі тұлғалар болып табылады. Олар нақты іс бойынша азаматтық істің дамуына, жылжуына белсенді түрде қатысады.

АІЖК-ң 47 бабына сәйкес бұл тұлғаларға кеңінен құқықтар мен міндеттер белгіленген 49 бапта тараптардың азаматтық істің негізгі субъектісі ретінде жеке құқықтары мен міндеттері белгіленген. Тараптарды азаматтық процесте талапкер және жауапкер деп атайды. 3-ші тұлғалар іске қатысушылар және олардың бір ерекшелігі міндетті түрде басқа біреуледіңарасындағы басталған азаматтық іске қатысуы 3-ші тұлғалар 2 түрден тұрады. 1. Дербес талап мәлімдейтін 3-ші тұлғалар. 2. Дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар.

Азаматтық іс бойынша іске қатысушылардың қатарына жататын прокурорды ерекше атап өту керек, өйткені прокурор азаматтық процестерде 2 нысанада қатысады. 1-ші прокурордың азаматтық істі қозғауы. 2-ші басталып кеткен іске прокурор қорытындысын беру үшін қатысуы болып табылады.

Мемлекеттік органдардың  және басқа да аталған тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы АІЖК-ң 56-57 бабына сәйкес реттеледі. Осы ұйымның бірінші нысанында іске қатысуы., яғни азаматтық іс қозғауы талап арыз негізінде жүзеге асырылады. Талап арыздың мазмұны АІЖ кодексінің 150 бабына сәйкес жазылуы керек. Бұл ұйымдардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы  нысанада қатысса да жеке субъектілікмүддесінің жоқ болуымен ерекшеленеді. АІЖК-ң 56 бабына сәйкес заңда көзделген жағдайда делінуі прокурордың іске қатысуынан ерекшеленеді. Прокурор әртүрлі істер бойынша азаматтық сот өндірісінің барлық сатысында қатысуға құқылы десек, ал мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар, ұйымдар немесе жеке азаматтар тек қана заңмен көзделген жағдайда ғана қатысады. Мемлекеттік орган және басқа да 56 бапта аталған тұлғалардың 1-ші нысанында іске қатысуы осы аталған тұлғалардың барлығына берілген. Ал қорытынды беру үшін іс бойынша тек қана 1-ші мемлекеттік органдар, 2-ші жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғана қатыса алады.

АІЖК 36-57 баптарында берілген тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы заңмен тікелей көзделген реттерде ғана жол беріледі. Олар өзіндік мүдделерін емес басқа біреулердің мүдделерін қорғау үшін процеске қатысады. Бұл ерекшелік, яғни олардың процессуалдық жағдайының ерекшелігі прокурорға да қатысты. Бірақ прокурордың процеске қатысуының бұл тұлғалардан айырмашылығы әртүрлі іс бойынша сот өндірісінің әр сатысында қатыса алады.

  1. АІЖ құқығының 3-ші сот әділдігін жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғаларға куәлар, сарапшы, тілмаш, куәгерлер, мүлікті сақтаушылар, өкілдер, сот мәжілісінің хатшысы жатады. Бұл тұлғалар қандай да бір ерекше құқықтарға ие болмайды. Бұл тұлғаларды көмектесуші тұлғалар деп атайды. Куәлардың түсініктемелері сарапшы қорытындысы іс бойынша дәлелдеу құралы болып табылады. Бұл дәлелдеу құралысыз ешбір істі шешу мүмкін емес. тІлмаш өзінің аудармасымен істің дұрыс шешілуін және құқықтардың тиімді, дұрыс қорғалуын қамтамасыз етеді, яғни бұл топқа кіретін тұлғаларсыз азаматтық істерді толық және жан-жақты шешу мүмкін емес. Азаматтық іске қатысушылардың барлығын төмендегідей ортақ белгілерімен анықтаймыз:
  2. Өздерінің аттарынан процессуалдық әрекеттерді жасауға құқық.
  3. Ерік білдіруге құқықтары, яғни азаматтық істің пайда болуына, дамуына, тоқтатылуына бағыталған әрекет жасауы.
  4. Өздерінің соттың шешімінен шығуына заңи мүдделерінің болуы.
  5. Сот шешімінің барлығына бірдей әрекет етуі.

Әрбір құқықтық қатынастағы субъектілерді сипаттағанда олардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі маңызды рольге ие болады. Құқық қабілеттілігі құқықтық қатынастардың қажетті шарты болып табылады. Барлық құқықтық қатынастар егер де олардың қатысушылары құқық қабілеті болса ғана пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілік дегеніміз заңмен белгіленген азаматтық процессуалдық құқықтар мен міндеттерін тікелей жүзеге асыру немесе іс жүргізіді өкілдерге тапсыру, яғни процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттілігі. 3-ші тараптар әрекет қабілеттікке ие болу сәтінен бастап ие болады. Жеке тұлғалар кәмелетке толғаннан бастап әрекет қабілеттікке ие болады. Әрекет қабілеттілігінің өзі 4 түрге бөлінеді.

  1. Толық әрекет қабілеттілік
  2. Ішінара әрекет қабілеттілік
  3. Шектелген әрекет қабілеттілік
  4. Әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғалар.

Осыған байланысты әрекет қабілеттілігінің деңгейі, көлемі тек қана жеке тұлғаларға ғана байланысты болып табылады. Ішінара әрекет қабілеттілік 14-18 жас арасындағы кәмелетке толмаған тұлғалар ие болады. Олардың құқықтарын сотта заңды өкілдері жүзеге асырады. АІЖК-ң 63 –бабына сәйкес заңды өкілдерге ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршы және қорғаншылары жатады.

Әрекет қабілеттілігі шектелген деп және әрекет қабілеттілігі жоқ деп тек қана сот таниды. Бұл жөнінде шешім шығарғаны. Олардың мүдделерін сотта қорғаншылары қорғайды. Бірақ та әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғаларды сот іске қатыстыруға міндетті болып табылады. Мүліктік емес сипаттағы істер бойынша бұл тұлғалар толықтай әрекет қабілетті тұлғалар деп саналып заңмен берілген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Әрекет қабілеттігі жоқ тұлғаларға 14 жасқа дейінгі тұлғалар да кіреді. Олардың мүдделерін сотта заңды өкілдері қорғайды.

Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөліпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы – мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен процеске қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкін.[20]

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазасқтан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін (тараптар, үшінші тұлғалар), не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін (прокурор, мемлекеттік басқару органы) қорғайды. Бұлар — өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына (талап-арыздан бас тарту, тараптардың бітісу келісімін жасасуы) ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық процессуалдық қатынастардың құрылысы.

  1. 1) Негізгі қатынастар талап өндірісінде және ерекше талап өндірісіндегі сотпен тараптардың арасындағы қатынас;

2) сот пен прокурордың арасындағы және басқа біреулердің құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалардың арасындағы қатынас.

  1. Қосымша қатынас.

1) сот пен және іс бойынша қорытынды беретін прокурормен және басқа да тұлғалардың арасындағы қатынас (мемлекеттік органдар);

2) сот пен үшінші тұлғалардың арасындағы қатынастар.

  1. Қызметтік көмектесуші қатынастар.

1) сот пен сарапашының, өкілдің, куәлардың, тілмаш т.б. тұлғалардың арасындағы қатынас.

Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастар пайда болу үшін төмендегідей алғышарттар болуы керек:

  1. Азаматтық процессуалдық құқықтық нормалардың болуы.
  2. Заңи фактілердің болуы.
  3. Құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқық субъектілігі.
  4. АІЖ құқықтық қатынастардың пайда болудың алғышарттың бірі азаматтық іс жүргізу заңы. Ол жерде барлық іске қатысушылардың әрекет етуі, жүріс-тұрыс тәртібі бекітіледі және бұл тәртіптер процесске қатысушылар үшін міндетті болып табылады..
  5. АІЖ қатынастары заңы фактілер негізінде пайда болады, яғни іс жүргізу заңдарында бекітілген іске қатысушы тұлғалардың және соттың әрекеттері. Сот заңи фактілерді туындататын ең басты субъект болып табылады., өйткені соттың әрекеті бойынша іс қозғалады. Соттың әрекеті жоқ болса ешқандай процессуалдық құқықтық қатынастар пайда болмайды. Сонымен процессуалдық қатынастың пайда болуы үшін былайша айтқанда фактілік құрам болуы керек, бұл құрамның ішінде судьяның әрекеті де кіреді. Азаматтық процессуалдық қатынастар мынадай схемада болуы мүмкін. М: сот – талапкер. Талапкердің сотқа талап арызбен жолдануы, бұл арызды судьяның қабылдауы немесе одан бас тартуы. Жалпы құқық теориясынан заңи фактілердің оқиға және әрекетінен тұрады. Азаматтық процессуалдық қатынастарда тек қана оқиға негізінде процессуалдық қатынастар пайда болмайды. Бұл үшін міндетті түрде іске қатысушының әрекеті болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ . АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ

 

2.1. АІЖ бойынша адвокаттың азаматтық істі қозғау сатысындағы қызметі

 

Жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы өзiн тәуелсiз мемлекет ретiнде орнықтыра отырып ең басты қазынасы ретiнде адам және азаматтың өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қарастырады.

Адвокатура азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым болып табылады. Оның заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және құқықтық негiздерi әр алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi.

Қазiргi нарықтық экономика жағдайына байланысты адвокаттардың көрсететiн қызметтерi әр құқық саласы бойынша өзгешеленедi, сонымен қатар кәсiби және бiлiктi қызмет түрлерiн көрсету үстiнде.

Адвокаттардың қазiргi таңдағы көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi:[21]

— шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша көнсультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;

— талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

— соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда азаматтық iстерде, сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерiнде өкiл ретiнде қатысады;

алдын ала тергеу кезiнде, сотта қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсетедi, жәбiрленушiнiң, азаматтың талапкер, азаматтың жауапкер өкiлдiгiн жүзеге асырады.

Сонымен қатар адвокаттар азаматтарға, ұйымдарға өзге де заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетеді.

Адвокаттың көрсететiн заң көмегiнiң түрлерiнiң iшiндегi азаматтық iс бойынша өкiл болып қатысуын ашып қарастырайық.

Әр адам азаматтық процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Әрбiр адам бұзылған немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Азаматтар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.

Азаматтар азаматтық iсте өз iстерiн өздерi немесе өкiлдерi арқылы жүргiзуге құқылы. Азамат iске өзi қатыса отырып өкiлiн де осы iс бойынша қатыстыра алады. Азаматтың iске қатысуы өзiне бiраз ыңғайсыздық туғыздырады. Мысалы, тараптар сот процесiнде өздерiнiң күнделiктi жұмыстарынан, қызметтерiнен босай алмаған жағдайда өздерiнiң мүдделерiн қорғауға процесте өз өкiлдерiне бередi.ҚР АIЖК 59-бабында тапсырма бойынша өкiлдiк етуге өкiлеттi азаматтардың тiзiмi берiлген. Соның iшiнде ең негiзгiсi, әрi маңыздысы – адвокаттар.

Азаматтық iсте адвокаттың қатысуының негiзi – тапсырма бойынша iске асырылады және де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi.

Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiл алушы) екiншi тұлғаның (өкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi – сотта өкiлдiк ету деп белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық – құқықтық шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында құқықтық қатынас пайда болады.

 

2.2. Адвокаттардың азаматтық істі сотта қарау сатысына қатысуы

 

Адвокат сотта өзiне белгiлi дәлелденген фактiлерге сүйене отырып сұрақ қоюы тиiс. Адвокат өзiне белгiлi мәлiметтердi, дәлелдемелердi қолдана отырып, iстiң мән-жағдайын баяндап бере алады, жақсы баяндап берумен қатар сот процесiне қатысушыларды және сот төрелдiгiн атқарушы судьяны сендiруi адвокаттың жоғары деңгейдегi бiлiмдiлiгiн байқатады.

Сот процесiнде адвокат басқа тұлғалардың ұсынған дәлелдемелерiн қарастырып, сұрақ қоюға құқылы. Сотқа қатысушы тұлғалардан, яғни жауапкерден, куәгерден iске қатысты сұрақтар  қойып жауаптар  ала алады.[22]

Жалпы азаматтық iсте сотта iстi қарағанда тұлғалардың ұсынған дәлелдемелерiн зерттейдi.

Дәлелдемелердi зерттеп бiткеннен кейiн сот, сот жарыссөзiне көшедi. Сот жарыссөздерi iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сөздерiнен тұрады.

Алдымен талап қоюшы және оның өкiлi, ал содан соң жауапкер мен оның өкiлi сөз сөйлейдi. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес талапкер мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Даудың нысаны бойынша өз бетiнше талапкер қоймаған үшiншi тұлға мен оның талап қоюшыдан немесе үшiншi тұлға iске өзi қатысатын жақтағы жауапкерден кейiн сөз сөйлейдi.

Сот жарыссөзi басталар алдында барлық дәлелдемелер зерттелгендiгi адвокаттың мiндетi – дәлелдемелердi жинақтап қорытып, сотты iс бойынша өзiнiң көзқарасын дұрыстығы туралы сендiруi қажет.

Сот жарыссөзi — өкiлдiң iс бойынша барлық әрекеттерiнiң логикалық қорытындысы. Адвокат  өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу үшiн, сотта зерттелген дәлелдемелердi бiрiктiруi қажет.

Адвокаттың соттағы жарыс сөзiнiң мақсаты:

— iс бойынша өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу;

— сотты өзiнiң  позициясының дұрыстығына иландыру керек.

Сот жарыссөзiнде адвокат өзiнiң ораторлық шеберлiгiн, заңи және кәсiби бiлiктiлiгiн көрсетедi. Сөз сөйлегенде қатысушы тұлғалардың көңiл бөлетiнiне мән беруi тиiс.

Сот жарыссөзiнде адвокат зерттелген дәлелдемелерге сүйене отырып сөз сөйлеуi керек. Адвокат өз сөзiнде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасай алмайды.

Сот жарыссөзiнiң басты мақсаты – құқықтық позициясын дәлелдеу, сотта жиналған және зерттелген дәлелдемелерге сүйенiп қарама-қарсы тараптың позициясын жоққа шығару. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң ол сөздерiнде айтылғандарға байланысты екiншi рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi.

Осыдан кейiн iске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi. Прокурор iс бойынша қорытынды бергеннен кейiн сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу бөлмесiнен сот отырысы залына оралғаннан кейiн, сот шешiм жариялайды. Мұнан соң шешiмге шағымданудың тәртiбi мен мерзiмдерiн түсiндiрiледi.

Аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот шешii егер оған шағым, наразылық жасалмаса апелляциялық шағымдану мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Жоғары соты, облыстық және iске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негiздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды.

 

2.3. Адвокаттың азаматтық іс бойынша кеңес беру қызметін

құқықтық реттеу

 

Адвокат өзiне жүгiнiп келген азаматтың азаматтық iс жөнiндегi азаматтық процеске дейiнгi немесе процессуалдық өкiлеттiк басталғанға дейiн консультация бередi. Яғни адвокат пен өкiл берушiнiң қарым-қатынастары консультация берген кезден басталады.

Консультация беру бiрқатар өзара байланыстағы сатылардан тұрады.

Ең бастысы адвокат консультацияға келген азаматтың аты жөнiн, тұрғылықты жерiн, атқаратын қызметiнiң, кәсiбiнiң түрiн анықтауы тиiс. Содан адвокат, азаматты тыңдап, осы мәселе бойынша сұрақтарға жауап берiп өзi сауал қоя алады. Адвокат консультацияға келген азаматты тыңдаған соң iс бойынша жағдайларды анықтап, талаптың атын қалыптастыруы керек. Егер де азаматтың өзiнiң жүгiнiп келген iсi бойынша белгiлi бiр құжаттары болған жағдайда адвокат сол құжаттардың iске қажеттiлiгiн немесе керексiздiгiн анықтауы қажет.

Адвокат талаптың пәнiн айқындап алғаннан кейiн, қандай материалдық құқыққа жататындығын бiлгеннен кейiн консультация беруге дайын болады.[23]

Консультация беру өкiлеттiктi алумен тығыз байланысты емес, яғни кiм болмасын талапкер, жауапкер, үшiншi тұлғалар кез-келген уақытта да бұлардың құқықты позициялары талаптардың дәлелдемелiгi жөнінен заң кеңестерін ала алады..

Адвокат iсi материалды-құқықтық позициясы бойынша жай және күрделi болуы мүмкiн. Егер де iс жай болған жағдайда, адвокат тапсырманы алуға не одан бас тартуға құқылы. Ал егер де күрделi болса, онда адвокат бiрқатар құқықтық толықтыру жұмыстарын жүргiзедi, яғни iс бойынша құқықтық позициясын айқындауы тиiс.

Адвокат құқықтық позицияны айқындап алғаннан кейiн төмендегiдей жағдайларды бiлуi керек:

— талап арызға тұлғаның құқығы бар ма;

— талап арыз сотта қаралуы тиiс пе;

— талапкер мен жауапкер процессуалдық құқық қабiлеттiгiне ие ме;

— осы iс бойынша, осы тараптардың арасында, осы дауға байланысты заң күшiне енген соттың шешiмi барма, немесе талапкердiң талап арыздан бас тартуы болған ба, немесе бiтiмгершiлiк келiсiмге келген бе;

— осы iстi алқалық сотқа жiберу туралы келiсiмдер жоқ па.

Кез келген жағдайда азаматқа iс бойынша құқықтық позициясы түсiндiрiлуi керек. Егер адвокаттық құқықтық позициясы тараптың позициясына қарсы келсе, онда адвокат бұл iстi өз өндiрiсiне алмауға тиiс.

Iс бойынша адвокаттың позициясы белгiлi бiр тараптарға сай болуы керек:

— өкiл берушiнiң мүдделерiнiң заңдылығы және адвокаттық қызметтiң мiнездемесi;

— өкiл берушiнiң позициясы мен адвокаттың құқықтық позициясы қарама-қайшы келмеуi тиiс; 

— өкiл берушiнiң адвокаттық құқықтың позициясын бiлуi;

iс бойынша құқықтық позицияны анықтағаннан кейiн, адвокат iс жүргiзудi өзiне қабылдайды.

Адвокат iс жүргiзудi өзiне қабылдағаннан кейiн материалға керектi айғақтар мен дәлелдемелердi дайындайды. Егер де қылмыстық iстерде алдын ала тергеу органдарының лауазымды тұлғалары дәлелдемелердi дайындаса, азаматтық iстерде жұмыс адвокаттық қызметi болып табылады.

Бастапқыда адвокат дәлелдеу пәнiн айқындап алуы тиiс. Дәлелдеу пәнiн адвокатпен қатар сотта айқындайды.[24]

Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс.

Дәлелдеу пәнiн айқындағаннан кейiн адвокат сотқа керектi қандай дәлелдемелердi жинау керек мәселесiн қарастырады. Адвокаттық iсте заңмен көзделген тәртiпте сот – тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негiздейтiн мән-жайлардың бар жоғын, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған фактiлi деректер дәлелдеме болып табылады.

Дәлелдемелер көп болған жағдайда талап арызды немесе қарсылықты дәлелдеуге жеңiлдететiн маңызды дәлелдемелердi iрiктейдi. Кез келген жағдайда дәлелдемелер iске қатысты және шындыққа сәйкес болуы керек.

Адвокат дәлелдемелердi өзi жинайды, кейде дәлелдемелердi сұратып алу көмегiне жүгiнедi.

Адвокаттың дәлелдемелердi сұратып алу түрлерi:

— заң консультациясы арқылы сұрату;

— сотқа iс бойынша дәлелдемелердi сұратып алу;

— сотқа, сот тапсырмаларын сұрату туралы өтiнiм бередi.

Сотқа өтiнiм жазбаша түрде жазылуы тиiс және қандай дәлелдемелер, сонымен қатар дәлелдемелердi алуға адвокаттың өзiнiң келмеген себептерiн көрсетедi. Адвокат сотқа өтiнiм жазған кезде дәлелдемелер iс бойынша қажет екендiгi көрсетiп, жазып өтуi тиiс.

Адвокат iстiң дәрежесiне байланысты кез келген дәлелдеу құралдарын пайдалана алады, яғни тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары,жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшылардың қорытындысы. Азаматтық iсте адвокат дәлелдеу тәсiлдерiн жүзеге асыруы керек.

Сонымен қатар адвокат дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы сотқа өтiнiш бередi, өтiнiшiнде дәлелдемелердiң жоғалып кетпеуiне кепiлдiк бередi.

Әрбiр дәлелдеменiң – қатыстылығын, шындыққа сәйкестiгiн азаматтық iстi шешу үшiн жеткiлiктiгiн бағалауға тиiс.

Келесi сатыда осы iске қатысты тұлғалардың тiзiмi анықталады. Осы iске қатысты тұлғалардың тiзiмi дұрыс анықталмаған жағдайда iстiң кiдiрiп қалатыны сөзсiз.

Осыдан кейiн адвокат iс жүргiзу құжаттарын толтырады.

АIЖК 150-бабында талап арызда талапкер көрсетiлген, осы талаптарды адвокаттар сақтауға тиiс.

Талап арыз iстiң категориясына қарамастан, келесiдей бөлiктерден тұрады:

— iске қатысты фактiлi жағдайларды бейнелеу;

— көрсетiлген фактiлердi дәлелдейтiн дәлелдемелерге нұсқау;

  • даудың құқықтық бiлiктiлiгiн белгiлеу.

Азаматтық іс жүргізу бойынша тек қана талапкер ғана адвокат-өкіл жалдау құқығына ие емес, жауапкер  де өзіне адвокат өкіл қызметін жалдай алады .

Жауапкердiң адвокаты iс бойынша жазбаша түсiнiктеме бередi. Бұл талап арызға жауап және талап арызға қойылатын талаптарды сақтай отырып жазылуы тиiс. Мұндай түсiнiктеме де жауапкердiң талап арызды толық немесе iшiнара мойындауы көрсетiледi.

Сонымен қатар жауапкердiң адвокаты дәлелденген фактiлердi ұсынады.

Жауапкер бiрiншi сатыдағы сот шешiмi шығарғанға дейiн алғашқы талап қоюмен бiрлесiп қарау үшiн талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.

Судьяның қарсы талап қоюды қабылдау шарттары:

— қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;

— қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе қанағаттандыру бөлiгiнде болдырмаса;

— қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және оларды бiрлесiп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе.

Iстi сот қана емес, сонымен қатар адвокат та жүргiзедi. Адвокат материалдардың көшiрмесiн алуға құқығы бар.

Iс бойынша барлық құжаттар қажет, адвокаттан талап арыздың көшiрмесiн, өтiнiш алынады, қарама-қарсы жақтан iс бойынша түсiнiк т.б. құжат алынады, ал соттан сот шешiмiнiң үзiндiлерiн сот отырысының қаулысы алынады.

Адвокат пен клиент арасында, олардың кездесу барысында белгiлi қатынастар туындайды:

— сенiмдiлiк, яғни заң көмегiн сұрап келген адам адвокаттан өзiнiң өкiлiнен де бiрқатар керек хабарларды жасырады. Соңында сот процесiнде адвокатқа беймәлiм хабардан қауiп төнуi мүмкiн. Адвокат пен клиенттiң арасында сенiм бiрiншi кездесуде-ақ пайда болуы керек.

— iспен қатар клиенттiң өзiн жақсы бiлiп алуы керек.

— бiрлесiп жұмыс атқаруы тиiс.

Адвокат заңғер сонымен қатар психолог болуы керек.

 

2.4. АІЖ бойынша адвокаттардың азаматтық іске қатысуы проблемаларын жетілдіру

 

Бүкіл өркениетті әлемнің сан ғасырлық тәжірибесіне сүйене отырып, саяси демократияландыру және нарықтық қатынастарды жолға қою үстінде қалыптасқан жаңа жағдайлар адвокатура жүйесінің де күн талабына сай қайта құрылуын талап етеді. Алайда, республикамызда жүзеге асырылып жатқан құрылымдық өзгерістер екпіні адвокатура жүйесіне әлі күнге дейін жете алмай-ақ қойғаны өте өкінішті-ақ. Оны айтасыз, адвокатураның қазіргі хал-ахуалын дағдарыс ретінде бағалауға толық негіз бар. Және мұның себебі бір емес бірнешеу ме деп ойлаймын.

«Ең алдымен, ҚР Жоғары соты жанынан адвокаттар институтын ашуды ұсынып отырған ұсыныстар қате деп еспетелінуі керек.. Өйткені адвокаттардың дәрменсіз болуы осы жерден басталады. Адвокат ешкімге тәуелді болуы тиіс емес. Тек ҚР Конституциясының алдында жауапты болуға тиіс. Әйтпесе, кез-келген судья адвокатқа нұсқау беріп, өзінің қарамағындағы адам сияқты қабылдайды».[25]

1997 жылғы Адвокаттық қызмет туралы заң қабылданғанға дейін адвокаттар қызметін адвокатура туралы ережемен реттелініп отырған. сол ереженің 3-бабы бойынша адвокатура – қоғамдық бірлестік бол табылады. Бірақ, ол жерде басқа қоғамдық ұйымдарға қарағанда, адвокатура жүйесінің негізгі әрі басты ерекшелігі есепке алынбаған. Мәселе адвокатура алқаларының маман-заңгерлердің ерікті бірлестігі болып саналғандықтан жаңа заң оны адвокаттар алқасына біріктірді осы тұрғыдан келгенде адвокатура қоғамдық қана емес, сонымен қатар жалпы мемлекттік маңызға ие. Оның негізгі міндеті – адам құқықтарының (саяси, әлеуметтік, шарушылық, мүліктік т.б.) аяққа басылуына жол бермей, ақиқаттың ақырғы нүктесін анықтауға, жәрдем көрсету жәе олардың нақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге ықпал жасау. Ол тіпті жеке тұлға мен мемлекет арасында бірден-бір және жалғыз дәнекер десе де болады. Ендеше кім-кімге де ауыртпалық түсіріп отырған нарық тұсында адвокатура жүйесінің мүлде ескерусіз қалып, не мемлекет тарапынан не әлеуметтік тарапынан қандай да бір қолдау көрмей отыр.

Сөз жоқ, адвокатура жүйесінің тәуелсіздігі сақталуы тиіс. Онсыз мемлекеттік және басқалай органдардың адам құқықтарына нұқсан келтірушілігі атаулыға тосқауыл қоя білу мүмкін емес. Десек те, адвокаттардың жекелеген азаматтарды, мекемелер мен ұйымдардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуі дегеніміздің өзі, айналып келгенде, сол азаматтар мен мекеме, ұйымдар мүдделерін ғана емес, жалпы құқықтық мемлекетпен қоғам мүддесін білдіреді. Олай болса, адвокатура жүйесін кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық көтермелеуден бас тарту – мекеме, ұйым, кәсіпорындарды былай қойғанда, іс жүзінде жеке адам қорғаудан бас тартуды білдірмек.

Республикамыздағы адвокаттарды қайта дайындықтан өткізіп, олардың кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға жол ашатын мамандық жетілдіру жүйесі Әділет Министрінің жанынан құрылған Біліктілік комиссиясы болады. Ол адвокаттарға адвокаттық қызметтікке рұқсат беретін лицензиялар бере алады. Онда да біліктілік сынағынан сүрінбей өткендерге. Өйткені, кез-келген қорғаушы адвокаттың кәсіби дайындығы тергеу прокуратура және сот органдарының қызметкерлерінің дайындығынан жоғары болмаса кем түспеуі тиіс. Сондай-ақ, ел экономикасына нарық тетіктерінің кеңінен ендірілуі тұсында сұранысы күрт төмендеп кеткені рас. Нәтижесінде, өз ісін жетік білетін сауатты тәжірибелі мамандар басқалай жалақысы жоғары салаларға немесе жекеменшікті құқықтық қызмет көрсету мекемелеріне не болмаса өз бетінше ақылы қызмет көрсетуге көшуге мәжбүр.

Мұның өзі бір жағынан, халықтың күн көрісін төмен топтарының сапалы және дер уақытта құқықтық жәрдем алуға шамасы жетпеушілігін, екінші жағынан адвокатура алқаларының кәсіби деңгейі жоғары маман-заңгерлерге зәрулігін туғызады.

Кеңес үкіметі тұсында, қалыптасқан дәстүр негізінде адвокатураның қызмет шеңбері қазір екі салада қатар қарастырылып келеді, адвокатура алқасындағы міндеттемеліктер құқықтық жәрдем алуға мүдделі азаматтармен жұмыс. Бірақ, алқалық жүйенің тиімсіздігі сол, құқықтық қызмет көрсету облыс, әрі кеткенде аудан орталықтарынан аса алмай, ауыл-селолық жерлерді өз дәрежесінде қамтымай-ақ келеді. Ал республикамызда қала халқына қарағанда ауыл тұрғындарының үлес-салмағы басым екендігін ескерсек, құқұықтық жәрдем көрсетудің негізгі салмағын ауылға қарай бағыттайтын кез жеткен секілді. Шын мәнінде, қарап отырсаңыз азаматтардың қарапайым ғана құқын бұзушылықтың барлығы құқықтық реформа талаптарын былай қойғанда, адам құқы дегеннің өзін көп аса түсіне бермейтін, орталық аймақтардан алыс аудандық жерлерде орын алып жатыр. Ауыл тұрғындарымен салыстырғанда құқықтық сауаты да біршама жоғары, қаржылай-материалдық мүмкіндіктері де кең қала халқына ғана қызмет көрсету мәселенің таяз, бір жақты шешімі. Осы орайда бәлкім адвокатуралардың алқалық құрылымын қайта қарау керек болар деген ой келеді. Мәселен, қазір қоғамдық ұйым болып табылса да, табысы төмен тұрғындарға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылай-материалдық база негізінде қызмет көрсету жүктелген облыстық адвокаттар алқалары мен аудандық заң консультацияларын Әділет министрлігі мен оның жергілікті құрылымдары құзырына тікелей қарайтын қылған жөн сияқты. Ал ерікті қоғамдық бірлестіктер ретінде адвокаттардың республикалық ассоцияциясы мен оның жергілікті бөлімшелерін ашуға мүмкіндік берген дұрыс. Осылай болған ретте, маман-заңгерлерге тиесілі кейбір жеңілдіктер қорғаушылардың адвокатураның мемлекеттік жүйесіне деген ынталылығын тудырып, ерікті ассоцияциалар жеке меншік мүдделігінен келіп шығатын артықшылықтарды пайдалана алар еді. Бұл айналып келгенде, құқықтық жәрдем беру саласында оң бәсекелестік пен көрсетілер құқықтық қызметтің сапалы түрде жаңаруына, сөйтіп азаматтардың ерікті түрде таңдау мүмкіндігіне ие болуына жол ашатыны сөзсіз. Оның үстіне, адвокатура жүйесіндегі мұндай нақты бөлініс, (мемлекеттік (публичное право) және қоғамдық (частное право)) оның тәуелді немесе керісінше тәуелсіз болу керектігі жайлы қарама-қайшы пікірлерді жоққа сайып, әр нәрсені өз орнына қойып беретіні күмәнсіз. Мұндай бөлініс қылмыстық-процессуалдық практикадағы осы кезге дейін орын алып келген мемлекеттік айыптаушы – прокурор мен қоғамдық қорғаушы – адвокат арасындағы дағдылы тепе-теңсіздікті (айыптау үнемі үстем тұрып келген рас қой) жоюға да себептігін тигізіп, қылмыстық процестегі шынайы таластылық (состоятельность) принципін қалпына келтірмек.[26]

Сонымен қатар, келешек қабылданар заң жобасында заңгерлік еңбек жолын аудандық жерлердегі адвокатура бюроларынан бастайтын мамандарға белгілі бір жеңілдіктер көзделсе, олардың мемлекеттік адвокатура жүйесімен тізе қоса отырып ауыл тұрғындарының бүгінгідегідей құқықтық «қорғансыздығына» шек қоя алатынында дау жоқ.

Қуатты әрі тәуелсіз қорғау болмаған жерде әділетті сот үкімі (шешімі) орын алуы мүмкін емес. Бұл ретте республикамыздағы адвокатура қызметін екінші дәрежелі, мән-мағынасы мардымсыз, маңызы төмен сала ретінде қабылдайтын құқықтық нигилизмнің түп-тамырын жою аса өзекті мәселе. Олай болса, қоғамымыз бен мемлекетімізге тек прогрессивті құқықтық сана-сезім ғана емес, келешекке кепілдік болар адвокатура да қажет. Олардың жеке адамдар мен қоғамдық ұйымдарға тиімді және өз дәрежесіне лайық қызмет көрсете білуі жалпы демократиялық даму процесінің көрсеткіші болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адвокаттық қызметтің кәсіби стандарты – бұл қолданыстағы заңдар мен халықаралық актілерде көрсетілген, адвокаттардың тиімді негіздерде жалпы және нақты бір істер бойынша адвокаттар қызметінің ұйымдастыру құралдары мен адвокаттық практикамен пісіп-жетілген тәсілдерді адвокаттардың іс жүргізуде қолданудағы сапасына қойылатын талаптарды айтамыз.

Адвокаттар қызметінің кәсіби сапасына қойылатын ең маңызды және жалпы талаптар Нью-Иоркте 1990 жылы тамыз айында өткен қылмыстарға ескертпелер негізінде БҰҰ-ның сегізінші конгресінде қабылданған Адвокаттар ролінің Негізгі Ережелерінде бекітілген.

Бірақ бұл Ережелер адвокаттардвң қылмыстық және әкімшілік істерге қатысуы бойынша қарастырылса  да ол адвокаттардың азаматтық және басқа да істерге қатысуына қолданылады.

Халықаралық Пакте азаматтардың азаматтық саяси құқықтарымен бірге экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтарында БҰҰ Жарғысына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құрметпен қарау мемлекеттің міндеті екені баса айтылған.

Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi.

Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.

Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдік азаматтар Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.

Адвокаттық қызметті реттейтін нормативтік актілердің  қайнар көзіне жатпаса да адвокатураны ұйымдастыру мен қызметін реттеуде тиісті заңдар негізінде жасалған адвокаттар алқасының Жарғысы мен  оның Жалпы Жиналысының шешімдері үлкен маңызға ие болады.

Адвокаттардың барлығы осы заң талаптарымен басқа да құқықтық нормативтер, заң актілеріне сүйенеді.

Жақсы адвокат болу оңай емес. Ол үшін білімді, білікті, жоғары мәдениетті болумен бірге ҚР заңдарын терең білу қажет. Сонда ғана оның беделі өсіп, мәртебесі биіктей түседі, азаматтар құқығының нағыз қорғаушысы, тағдырымыздың арашашысы бола алады. Сонда ғана адвокатқа деген адамдардың сенімі артады.

Қазақстан Республикасындағы адвокат дегеніміз —  заңгерлік жоғары білімі бар, заңгерлік мамандық бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес, адвокаттық қызметті іске асыруға құқық беретін лицензиясы бар және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан республикасының азаматтарын айтамыз.

Мақсат — заң қызметінің бір түрі ретінде адвокатура адвокаттық қызмет және адвокат ұғымдары нені білдіреді және Қазақстан Республикасындағы адвокаттардың ұйымдық және құқықтық негізі ретінде Адвокаттар алқасының құрылу тәртібі, оның жоғарғы органдары, заң консультациялары мен адвокаттардың қызметтері қандай, осыларды жете зерттеуге ден қойылады. Болашақ заң мамандарына адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлерін, олардың өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымға яғни адвокаттар алқасына бірігетінін және жекеше адвокаттардың да болатынын көрсету.

Ал Адвокатура және адвокаттық қызмет пәнiн оқыту мақсаты- iс жүзiндегi осы қатынастарды реттейтiн заңнамаға және адвокатура органдарының адвокаттық қызметтi  қолдану практикасына талдам жасау, сонымен қатар осы негiзде туындалған мәселелерді анықтау мен оларға баға беру және адвокаттық қызмет туралы заңнаманы жетiлдiру жолдарын айқындау болып табылады.

Болашақта адвокаттық қызметпен айналысу үшін заң мамандарының өзіне тән нәтижесі, адвокаттық қызметтің алдағы құрылып жатқан құқықтық мемлекетте алар орны да, мәртебесі де жоғары болатынына сеніміміз мол.

Бiр сөзбен қорыта айтқанда, адвокаттардың әділ шешім шығаруда қылмыстық және азаматтық істерде, сотта мәні бойынша қарап талдауының құқық қорғау үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін, бостандықтарын, құқықтарын қалпына келтіруiнiң негiзгi көзi, қызметi, кәсiби қорғаушылық iсi болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыста адвокаттардың азаматтық  iстерге басынан қалай қатысатынын, құқық қорғау тактикасы ретiнде ненi қолданатынын өзiмiздiң қазақстандық авторлармен қоса шетелдiк авторлардың да еңбектерiн пайдалана отырып, кеңiнен зерттеуге ден қойылды. Адвокатура және адвокаттық қызмет бойынша қазақ тiлiнде шыққан заң әдебиеттерi жоқтың қасы,сондықтан, дипломдық жұмысты өзiміздiң ана тiлiмізде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол қиындықтарды жеңген сияқтымыз деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалған еңбегiміз  соның жемiсi.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

  1. Нормативтік актілер.

 

  1. ҚР Конституциясы 1995.30.08. 1998ж. 7-қазандағы 18.05.2007 №284-1 ҚР Заңымен енгiзiлген өзгерiстермен толықтырулар
  2. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 05.12.1997 ж.2004 жылғы 10 маусымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
  3. ҚР АIЖК 1999 жылы 13 шiлде. 8 шілде 2005 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
  4. ҚР ҚIЖК 13.12.1997ж. 24.12.2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
  5. Государстенная программа правовой реформы в РК (основные направление). Собрание актов президента РК и правительства РК № 1994.
  6. ҚР «Лицензиялау туралы» заңы. 17 сәуiр 1995 жыл.
  7. ҚР «Адвокатура туралы» ережесі. 13.11. 1980 ж. (салыстырмалы түрде).

 

  1. Арнайы әдебиеттер.

 

  • Жұмағұл Темiрғали. Адам құқығын қорғауда қордаланған қиындықтар.  14 қараша 2002 жыл
  1. АрсентьевО.В. Адвокатура и Нотариат в РК г. Костанай.
  2. Булгакбаев.А.В. Советское адвокатура. Алма-Ата.1982.
  3. Қазақ ССР-нің АІЖК 301-б. 1986 ж.
  4. Бусленко.Н.И. Адвокат: вопросы и ответы. Ростов-на Дону. 1996.
  5. Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката) М. Росийское право. 1992.
  6. Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.
  7. Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.
  8. Правила профессиональной этики адвокатов принятое решением Алматинской городской коллегий адвокатов. 20 августа 1998 года.
  9. Сотов.П.В. Каменецский.Р.А. Адвокатура и нотариат. Учебно-практическое пособие. 2000.
  10. Л.М. Звягинцева, М.А. Блюхина, И.К. Решетпикова Доказывания в судебной практике по гражданским делам. М.: 2000
  11. Тыныбеков.С.Т. Организационные формы и деятельность адвокатуры в РК. Алма-Ата. Қазақ университетi. 1997
  12. Шаламов.Н.Б. История советской адвокатуры. М. 1939
  13. АрсентьевО.В. Адвокатура и Нотариат в РК г. Костанай.
  14. Гаврилов С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.1996.
  15. Сотов.П.В. Каменецский.Р.А. Адвокатура и нотариат. Учебно-практическое пособие. 2000.
  16. Тыныбеков С.Т. организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Қазахстан. Алматы. Қазақ университеті, 1997.
  17. Бусленко.Н.И. Адвокат. Вопросы и ответы. Ростов на Дону 1996
  18. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 5.12.1997 жыл.
  19. Адвокаттар алқасының Жарғысы 1998 жылы 1 қаңтарда тiркелген.
  20. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 12.1995 жыл.
  21. Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката) М. Росийское право. 1992.
  22. Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.
  23. Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.
  24. Правила профессиональной этики адвокатов принятое решением Алматинской городской коллегий адвокатов. 20 августа 1998 года.

 

 

[1] Бұл арада әңгіме хун, түркі, моңғол-қыпшақ еуразиялық үш империя жөнінде болып отыр.

[2] Узбекұлы Сакен.Хан Тауке и правовой памятник. – Алматы: Жеті жарғы, 1998, 32-бет.

[3] Зиманов С.З. Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. – Алматы: Наука, 1989, 17-бет.

[4] Азаматтық процессуалдық комментарий М. Заң әдебиетi, 1991.

[5] Бюл. Верховного суда РК 1996. №1, ст8.

[6] Юридическая процессуальная форма. Теория и практика. М.1976.

[7] Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право.   Том 1. Алматы, ҚазГЮА. 2001.

[8] ҚазССР АПК-ке ғылыми тәжiрибелiк комментарий. Алматы, 1976.

[9] Азаматтық процессуалдық комментарий М. Заң әдебиетi, 1991.

[10] Гражданский процессуальное право России. Под ред. Шакарьян .М.Былина. 1996 г.

[11] Козлов А.Ф. Место суда среди других субъектов. Сов. Процессуальное право. // Учение труда. Соц. 1966. Вып. 6.

[12] Чечина Н.А., Чечот Д.М. Гражданская процессуальная форма и производства М. Юрид.литература 1979.

[13] Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом производстве, Томск 1990.

[14] Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право.   Том 1. Алматы, ҚазГЮА. 2001.

[15] Советский гражданский процесс. Под.ред. Добровольского. М. 1979.

[16] Гурвин М.А. Судебное решение, теоретическое проблемы. М. 1976.

[17] Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право.   Том 1. Алматы, ҚазГЮА. 2001.

[18] Семенов В.М. Конституционные принципы судопроизводства. М. 1982.

[19] ҚазССР АПК-ке ғылыми тәжiрибелiк комментарий. 1976.

[20] Азаматтық процессуалдық комментарий М. Заң әдебиетi, 1991.

[21] ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы  5.12.1995 жыл.

[22] Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.

[23] Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката)  М. Росийское право. 1992.

[24] Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.

[25] Тыныбеков С.Т. организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Қазахстан. Алматы. Қазақ университеті, 1997.

[26] Бусленко.Н.И. Адвокат. Вопросы и ответы. Ростов на Дону 1996