АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Бахаи сенiмi

ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Философия және ғылым методологиясы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БIТIРУ ЖҰМЫСЫ

 

Бахаи сенiмi

 

 

 

 

Орындаған    __________________________Туребаева Ж.М.

 

Ғылыми жетекшісі:

филос. ғ.к______________________________ Бейсенов Б.Б.

                                      (қолы, күнi)

 

Рецензент

Филос. Ғ.д профессор____________________Орынбеков М.С.

                                       (қолы, күні)

 

Норма бақылаушы _____________________Өмiрбекова А.Ө

                                       (қолы, күні)

 

Қорғауға жіберілді: философия

және ғылым методлогиясы

кафедрасының меңгерушісі қ.а.

филос. ғ.к., доцент   _____________________ Затов Қ.А.

                                      (қолы, күнi)

 

 

 

АЛМАТЫ 2008

 

 

Кiрiспе………………………………………………………………………. 3 бет

 

1 Бахаи сенiмiнiң шығуы мен қалыптасуы­­­­­………………………………. 5 бет

 

  • Бахаи сенiмiнiң пайда болуыныңтарихи-мәдени алғы шарттары…… 5 бет

 

1.2 Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы……………………………7 бет

 

     2 Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi……………………………………………  19 бет

 

2.1 Қазiргi таңдағы Бахаи сенiмiнiң жағдайы…………………………… 30 бет

 

 Қорытынды………………….

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда бахай сенiмi аз зертелген. Бұл тақырыпты Трафимов, Артемьев, Ғ Есiм Соңғы уақыттарда елімізде адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік.

    Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік әрекет етеді.Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр /1/. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екендігін дәлелдейді.Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен шектеледі.Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады.

        Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын өзіне әжептеуір аударуда.Бұл ұйым Қазақстанда заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізуде.

    Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы.

    Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап , еңбек жазған Базиленко И.В болып табылады. Ғалым «Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в)» атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер қатарына енуге ұмтылып жатқан діни – саяси ілім деп айтады. Ал Қазақстанда Трофимовтiң “Религии в Казахстане”, Артемьв А.И “Религии в Казахстане”, “Религиоведение” Артемьв А.И және Ғ Есiм “Дәнтану негiздерi”.

   Бахаиліктің Қазақстандағы  жағдайына қатысты Алматы қаласындағы Бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісінен алынған деректер қолданылды.

 Зерттеудің мақсаттары:

  1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы Бахаилік ағымының даму ерекшелігін зерттеу.
  2. Бітіру жұмыс діннің мәнін ашып, Бахаилікті Қазақстанның рухани өміріндегі жаңа құбылыс ретінде қарастырып жан-жақты мазмұнын айқындауға ұмтылады.
  3. Бахаилікті Қазақстандағы жұртшылықтың қабылдау себептерін айқындау.

    Зерттеудің міндеттері:

1.Республикадағы діни жағдайлардың мәнін ашу. Дін мәселесін шешудегі негізгі түйін халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністікті сақтау екенін көрсету.

2.Қазақстанда пайда болған жаңа діни ағымдардың бірі болып табылатын Бахаиліктің даму табиғатын ғылыми тұрғыдан талдау. Сенім негіздерін тереңінен зерттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бахаи сенiмiнiң шығуы мен қалыптасуы

 

1.1 Бахаи сенiмiнiң пайда болуының тарихи-мәдени алғы шарттары.

 

Иран кең таулы үстiрттерден, айналасы биiк таулармен қоршалған, мемлекеттiң ортасында Үлкен Тұзды шөл орналасқан, солтүстiгiн – Каспий теңiзi мен Тұран шөлi, оңтүстiгiн – Парсы шығанағы және Үндi мұхиты алып жатыр.

Бахаи сенiмiн қандай жағдайда пайда болғанын бiлу үшiн, XIX ғасырдың басында барлық Ортаңғы Шығыс саяси, экономикалық, әлеуметтiк құлдырауды басынан өткiзгендi ескеру қажет.

 Өткеннiң үлкен өркениетiн қалыптастырған Иранның халқы 1800 жылы әлсiреп, әлем тарихынан айрылған. Кейбiреулерi байлықта шомылса, ал көпшiлiк халық кедейлiк, ауры және надандықты бастан кешiрген. Сыбайластықтың әсерiнен реформалар тоқталып, парақорлық пен мұлiктi билiкпен қиянат етушiлiк кең өрiстедi.

Иранның көбiсi – мұсылмандар, бiрақ мемлекетте зороастризм, иудаизм және христиа дiнiн ұстанушылар кездеседi. Сол кезде осы дiндер арасында бiр-бiрiне деген шыдамсыздық болды. Сонымен қатар, Парсы жерi ислам үшiн де, христиан үшiн де  өте маңызды, өйткенi бұл мемлекет екi дiннiң де Қасиеттi Жазбаларында кездеседi./2/ 

Бахаи  сенiмi Бiр құдайдың бар екенiн қуаттап, Оның пайғамбарларының бiрлiгiн мойындап және бүкiл адамзат тұқымының бiр және бiртұтас екенiн уағыздайды. Ол адамзаттың бiреуiнiң қажеттiлiгi мен Оның мiндеттi түрде орындалатындығын мойындайды. Ол уақыттың жақындағанын және де Құдайдың өзгертушi рухының, Оның таңдаған Жариялаушысының көмегiмен  iске асатындығын жариялайды. Сонымен қатар, Бахаи сенiмi өз жақтаушылырына әртүрлi ескi сенiмде мен пiкiрлердi сынай отырып, ақиқатты тәуелсiз iздеудi негiзгi мiндет ретiнде тапсырады; дiннiң мақсаты достық пен келiсiмдiлiктi бекiту деп мәлiмдейдi; Өзiнiң ғылымға қарсы еместiгiн, оны адам қоғамымының дамуының, үйлесiмдiлiгi мен реттiлiгiнiң басты құралы ретiнде сынайтындығын жариялайды. Ол ерлер мен әйелдер теңдiгi және тең мүмкiндiгi бар деген қағидаларды толлық қолдайды; жалпы бiлiм берудi жақтайды шектен тыс байлық пен кедейлiкке қарсы шығады; дiн институттарын жояды; құлдық, сопылық, қайыршылық пен тақуалыққатиым салады; бiр неккелiктi тапсырады; некке бұзуды айыптайды; өз үкiметне қатаң бағынудың қажеттiлiгiн ескертедi; еңбек қызметiнiң барлық түрiн құптайды; оны құдайға сиынумен тең деп санайды; халықаралық көмекшi тiлдi жасауды немесе көп тiлдердiң бiрiн осы рөлде пайдалануды ұсынады және бүкiл әлемде бейбiтшiлiк орнатып, оны сақтайтын институттардың нұсқауларын бағдарлайды.

 Бахаи сенiмi үш басты тұлғалармен байланысты, олардың бiрiншiсi Шираз жiгiтi  Сейд Али Мұхаммед. Ол саудагерлердiң  жанұясында туылғанымен, оның руы Мұхаммед (Ғ.С) ның ұрпағына жататын. Ол жас кезiнде әкесiнен айырылып, ағасының қолында өседi. 1844 жылдың 23 мамырында 25 жасында өзiн жариялаушымын деп мәлiмдедi. Ол өзiн Баб “қақпа”лауазыммен атады. Парсы жерiнде пайда болған Бабтың iзбасарлары бабилер деп аталады. Жаңа және жас Пайғамбардың даңқы бүкiл әлемге тарала бастады. Бабтың алғашқы 18 шәкiртi (ал Өзi он тоғызыншы)“Тiрiнiң Қарпi” деген атпен белгiлi болды. Баб өз шәкiрттерiн Парсы мен Түркiстанға оның келгендiгi туралы хабарды тарату үшiн аттандырды. /3/

Алайда Баб өзін Мехди  деп атаумен ғана шектелген. Ол өзіне Ноктэе-Улла немесе Тұңғыш нүкте деген мәртебені қабылдап алды./4/

1844 жылдың желтоқсан айында Баб Меккеге барып, өзiн қажылыққа келген бүкiл халықтың алдында өзiн Мехди деп жариялады..Бұл хабар Иран жерiнде үлкен уайым тудырды. Бабты тындауға көптеген халық жиналып, оның даңқы күннен күнге өрбей түстi. Байлар мен кедейлер, оқығандар мен сауатсыздар, қала халқы мен ауыл тұрғындары-барлығы көбiрек бiлу үшiн жинала бастады. Бабтың шәкiрттерiнiң арасында бiрнеше ғалымдар мен лауазымды дiни қызметкерлер болды. Оның бiлiмi, даналығы, ерлiгi шәкiрттерiне қызығушылықпен қуат бердi, ал мемлекет басшылары үшiн                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    үлкен үрей мен араздық тудырды.

Шейиттер, жоғары дiнбасылар Оған ауыр айып тақты, Олар Бабтың iлiмiн күпiрлiк деп, оның шәкiрттерiн дiннен безгендер деп олардың жазалануын талап еттi.

 Бұл араздықтын себебiн бiлу үшiн Бабқа шах Вахид  жiберiлдi. Вахид бiлiмдi, дана, аса құрметтi адам болды. Вахид Бабпен үш рет кездескеннен кейiн ол оның шәкiртiне айналып, осы сенiмдi насихаттай бастайды. Бұл хабарды естiген Уәзiр Бабты мемлекеттiң солтүстiк шекарасының маңындағы Ма-Ку қамалына жiбередi.

Қатаң күзет қойылған қамалдың бөлектенген iшкi  әлемiнде өзiнiң серiктерiмен байланысы үзiлiп, оның iсi өшедi деп есептеген үкiмет басшыларының үмiттерi аяқталмады. Жайдары мiнездi Баб күзеттiң жүрегiн  жаулап алды. Қамал басқарушысының келiсiмiмен онiң шәкiрттерi  ұстаздарына қатынасып тұды.Бабтың iсi өшудiң орнына бұрынғысынан да жылдам қарқынмен өстi.

Бұл жағдай үкiметтi қатты алаңдатты. Ма-Ку қамалындағы тоғыз ай қамаудан кейiн, талаптары қатал да, азапты Чихриг түрмесiне ауыстырылды.

Жаппай қырғынға ұшырау  да, бабилердi қатаң аңдуға  алу да, тiптi Бабтың өзiн қамауда ұстау да, оның iлiмiн тоқтата алмады, дәрмендерi жетпеген үкiмет Баб қозғалысының ақыры Бабты жазалау деп шештi./5/

1850 жылғы шiлде айының тоғызында Баб отыз бiр жасқа қараған шағында, ашынған қуғыншылардың құрбаны болды. Онымен бiрге Бабтың азабын бiрге бөлiсудi өз еркiмен, бар ынтасымен қабылдап алған Аға-Мұхамед-Әли деген шәкiрт те қаза тапты.Баб Тебриздегi ескi Абақты алаңында өлiм жазасына кесiлдi./6/

Азаппен өлтiрiлген Бабтың мүрдесi және Онымен бiрге  қаза тапқан iзбасарларының денесi қала сыртындағы апанға тасталды. Келесi түнi бiрнеше бабтықтар өлiктердiң денесiн тауып алып, Парсының құпия қоймаларында ұзақ жылдар сақтады да, ақырында зор қиындық көре отырып, Баб пен оның шәкiртiнiң мүрдесiн 1899 жылы Қасиеттi жерге жеткiзедi, ал 1909 жылы Кармель тауыныңбөктерiнде, Илия үнгiрiне таяу тұста жер қойнына берiлдi.

Баб жазбаларының саны көп. Бабөз аяндарын араб және парсы тiлдерiнде жазған. Ол өзiнiң терең тұжырымдарын мейлiнше шапшаң, алдын-ала ойланып отырмай-ақ жазды.Жазбаларының мазмұнының тереңдiгi мен дұғалар тiлiнiң әсерлiгi-Оның Құдай рухынан қуат алғандығының айқын дәлелi.Өз жазбаларында Баб шәкiрттерiнiң туысқандық сезiмiмен, iзеттi қылықпен ерекшеленiп тұруы қажеттiгiн айтып кетедi.

Ескi аяндардың киелi жазуларына сәйкес Ол өзiнен де жоғары Оның келетiнiн хабарлап, оған жағдай туғызатынын жариялайды, ал Жоғары ол болса, тағы да сол жазуларға сәйкес Құдайдыңбар әрекеттерiнiң ең биiк Шыңы ретiнде қуаныш пен қарсы алынатын, дүниежүзiлiк дiн тарихындағы жаңа кезеңдiашатындәуiрдi-жақсылық пен бейбiтшiлiк дәуiрiн ашуға мiндеттi дедi.

 

 1.2 Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы.                               

 

Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды қабылдаған  Мырза Хұсеин Әли – мемлекет  министiрi қызметiн атқарған Мырза Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12 қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi.

 Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл әрi қайырымды  болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты, құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша  Ол ерте үйленген едi. Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi. Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген, баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты. /7/

   1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария  еткеннен үш ай өткен соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.

Қорықпайтын, қажымайтын Бахаулла бабтықтарға қолдау көрсетiп, оларға көмектесiп  әрi құнды ақыл-кеңес берiп тұрды. Баб Өзiнiң тез арада өлетiнiн түсiнгенде, Ол Бахауллаға өзiнiң мөрi, қағаздары мен хат жазатын қаламдарын берiп жiберген едi. Бахаулланың нұсқауы бойынша, Бабтың мүрдесi Тебризден әкелiнiп, сенiмдi жерде сақталынған едi.

1852 жылдың тамыз айында бабтықтарға кейiн ауыр зардаптар әкелген бiр оқиға болды. Садық есiмдi Бабтың жас iзбасарларының бiрi, сүйiктi Ұстазының азапты өлiмiнен есеңгiрегенi сонша есiнен айырылып кек қайтаруға шешiм қабылдайды: ол шахты алдап содан соң оған қастандық жасайды. Бiрақ мылтығына оқтың орнына бытыра салып атқандықтан шахты бұл ауыр жарақаттан сақтап қалды. Садық сол жерде ұсталынып және сол жерде өлтiрiледi. Бабтың барлық iзбасарлары  осы оқиғаға қатысы барлар деп әдiлетсiз айыпталынады да, бабтықтарды бас-басына өлтiру сойқаны басталады. Сексен адам дереу ұсталып, азапты өлiмге бұйрылады, басқалары болса ұсталынып, түрмеге тасталады, бұлардың iшiнде Бахаулла да бар едi.

Бахаулланы қамаған Сиях-Чаль түрмесi, алғашқыда қаланың бiр көпшiлiк моншаларының үлкен ыдысы ретiнде ойланып жасалынған едi. Оны мүлде қараңғы дәлiзден өткiзiп, үш баспалдақтан төмен қарай жердiң астына түсiрдi. Зындан қараңғы, дымқыл әрi құрт-құмырсқаға толы болатын. Мұнда, киiмсiз, ешқандай төсек –орынсыз жүз елу адам безгектен қалтырап жатыр едi. Басым көпшiлiгi кiсi өлтiрушiлер, ұрылар мен бұзақылар едi.

Бахаулла да кiсенделiнген едi. Оның иығында зiлдей ауыр шынжыр Ол не тұра алмай, не жата алмайтын етiп бекiтiлген. Бұл шынжырлардың Оның денесiне әбден батқаны сонша, одан қалған белгiлердi Ол өмiрiнiң соңына шейiн алып жүрдi.

Бахауллаға деген құрмет зор едi, сондықтан билеушiлер Она азаптап өлтiруге бата алмады.

Күн сайын күзетшiлер бабтықтардың бiреуiн азаптауға және өлтiруге алып шығып отырды. Әрдайым, кезектегi бабтықты өлтiруге келгенде, ол Бахаулладан бата сұрайтын да содан соң өлiмге қарсы қуана шығып отырды.

Осындай жағдайда Бахаулла түрмеде төрт ай өткiздi. Ол одан шыққанда, Оның денсаулығы қатты зақымдалып, мойны қажалып, арқасы бөкiрейген едi.

Сиях-Чаль түрмесiнде Бахаулламен Оған- “Кiмдi құдай ашса, Сол” екенiн түсiндiрген керемет оқиға болды; келуi туралы Баб болжамдап айтып кеткен Арман Етiлгеннiң өзi едi.

Бахаулла қараңғы қапаста басынан не өткенiн, алғаш рет өзiне тағайындалғанды ұсынғанын былай деп суреттеген:

“Бiр күнi түнде, түсiмде, Маған жан-жағымнан мынадай асқақ сөздер естiле бастады: “Ақиқатында, бiз Саған  және Сенiң қаламына жеңiстi сый ретiнде тарту етемiз. Сенi осы құбылжытулар қамықтырмасын  және қорықпайтын бол, өйткенi Сен қорқатындай ештеңе жоқ. Жуық арада Құдай жердегi қазыналарды көрсетедi, Сенiң атыңмен және Сенiң Өзiң арқылы Саған көмектесетiн, Құдай Өзiне сенетiндердiң жүрегiн тiрiлтетiн- адамдарды ” Мен Тегеранда өткiзген сол күндерде, шынжырдың ауырлығынан Мен қан жұтып жатқанымда маған сасық қапаста кқзiм бiр сәт iлiнген тұста тау шыңынан құйғытып келе жатқан жойқын ағыс тәрiздес бiрдеңе қараңғыда кеудеме жойылып бара жатқандай болатын. Сол кезде Менiң бүкiл денем жалынға оранып, ал аузымнан жай адамның естуiне болмайтын сөздер шығып жататын”.

“Уа Патша! Мен, басқалар тәрiздi өз төсегiмде жатқан адамдардың бiрi болатынмын, бiр мезетте Ең Даңқтың самал желi менi желпiп алды да, болғанның бәрiн бiлуге үйреттi. Бұл Менен емес, бiрақ, кiм Ең Құдiреттi әрi бәрiн бiлушi болса Содан. Сондықтан, Ол маған жер мен көктiң арасында өзiмнiң даусымды шығаруыма өмiр еттi, және осы үшiн менiң пешенеме мынау жазылды, ақыл-санасы бар ерлердiң көз жастарының аққаны да содан болатын… Оның Бәрiне бағындыра алтын өмiрi маған жетiп, содан соң адамдар арасында сөйлеуге мәжбүр еттi. ”

Бахаулла өзiнiң өмiрiнiң әлдеқайда кейiнгi кезеңдегi шахқа жазған хатында бұл оқиғаны осылай суреттеген.

Оны түрмеге қамағандар болса, Оның шахқа қастандық жасалуына қатысы бар екенi жайлы дәлел таба алмады. Шахтың сарайындағы орыс елшiсi-  Д. И. Долгоруков Оның шахқа қасы арандаушылыққа қатысы жоқ екенiн дәлелдеп және Бахаулланы босатып алуға өзiнiң ықпалын жұмсады. Шах бiраз ойланып барып Бахаулланың түрмеден босатылуына келiстi, бiрақта Бахаулланы Иракқа, Мессопатамияға жер аударуға өмiр еттi.

Сонымен , 1852жылдың желтоқсанында Оның Сиях-Чаль деген атпен белгiлi болған сұмдық шұңқырда қамалуы аяқталған болатын. Дегенмен, дәл осы жер астындағы қамауда, “моладай қара түнекке оранған, сасық иiсi мұрын жарған , суық пен дымқылдан аяғы кiсенге шегеленiп тасталған”, Оған бахаи Ашылымының нақты басы ашылған болатын.

Бахаулланың Парсыдан жер аударылғанын естiген Долгоруков оған Ресейден баспана және көшiп келу кезiнде күзетке алдыруға ұсыныс жасады. Дiннiң негiзiн  салушыға үкiмет тарапынан баспана беруге дайын болып және оны босату жөнiнде өтiнiш бiлдiрген жалғыз Ресей мемлекетi ғана болатын. Шах айтанға көнiп тұтқынды босатты, бiрақ Бахаулла орыс елшiсiне алғысын бiлдiрiп, ұсынған көмегiнен бас тартты- Ол шахтын Бағдатқа жер аудару туралы бұрығына мойынсұнды. Жер аударылудың алғашқы кезiнде Долгоруковтың бұйрығы бойынша Бахаулланы орыстың дипломатиялық корпусының ресми өкiлi тұтқынға ерекше қамқорлық көрсетiп ерiп отырды.

Бахаулланың жер аударылуы жаңадан туған дiни қозғалысқа Батыстағы жаңа толқынның қызығушылығын тудырды. Сол уақыт аралығында Бағдаттан Палестинадағы Акка қаласының түрмесiне ерiксiзден ел кезуге мәжбүр болған тұтқынды шетел дипломаттары мен тарихшылары өз мемелекеттерiнiң үкiметiн Парсының дiни өмiрiндегi ерекше маңызды көрiнiсiн хабардар етiп отырған.

Бахаулла бүкiл мүлкiнен айрылған болатын, сондықтан Ресейдегi баспана мүмкiндiгiнен гөрi Ираннан жер аударылғанды артық көрiп, отбасыларымен бiрге Парсыдан кету үшiн бiр айға мұрсат алды.

Оның жекеменшiгiнiң бәрi тәркiлендi, сондықтан, Бахаулла жолға дайындала алмады. Қыстың ортасы едi, қатты аяз болып тұрды, Бахаулланың әйелi Наввабтың екiқабат болғанына жетi ай болатын. Өзi де ауырып, Бағдатқа дейiн созылған жол да үш айды алды. Қуғындалғандар қар басқан таулармен, теңдеп жүк артылған жеңiшке соқпақтармен жүрiп отырды, түндерiн қарапайым жәй баспаналарда, ұйықтауға еш жағдйы жоқ және тамағы да жеткiлiксiз жерлерде өткiдi.

Ауырып әрi шаршап-қалжыраған Бахаулла Бағдатқа 1853 жылдың 8- шi сәуiрiнде жеткен едi. Орнына келiп жеткен соң, Оның жолдың азабын көтеретiнiне, не болмаса тiрi қалатынына сенуден үмiттер үзген болатын. Дегенмен Ол есiн жия алды да Иракта он жыл тұрды.

Бiраздан соң, басшысыз құлдыраған, қамыққан Ирактағы бабтықтардың қауымдастығында Бахаулланың әсерi сезiле бастады. Дегенмен, Өзiнiң адамдарға әсер еткенiне туған iнiсi қызғана қараған соң, бабтықтардың арасында алауыздық пен ренiштiң себебi болғысы келмей Бахаулла қаланы тастап кетуге мәжбүр болды. Бағдатқа келгенiне бiр жыл өткен соң, бiр күнi түнде Бахаулла қаладан кетiп қалды.

Келесi екi жылын Ол Күрдiстан тауында саяқ тұрып өткiздi. Саяқтұрып жатқанына қарамастан, Бахаулла Өзiнiң мейiрiмдiлiгi мен даналығының арқасында, тез арада олардың арасында белгiлi болды. Сол аймақтың оқымысты адамдары Онымен кездесуге құштар болды. Оны оқымыстылар ғана емес, қараңғы адамдар да оны сондай тең дәрежеде  сыйлап, әрi әулие кiсi жайында атақтез арада Бағдадқа да жеттi. Әдеттен тыс тақуа адам жайында естiген Бахаулланың отбасы, әңгiме Сол туралы екенiн сездi де, Оған шабармен жiберiп қайтып оралуын өтiндi, Ол осылай iстеп, өзiнiң кетiп қалғанынан кейiн тура екi жыл өткен соң (19 наурыз 1856 жылы) қайта оралды.

Бахаулла жоқ болған кезде, бабтықтар қауымдастығындағы жағдай нашарлай түскен едi. Келесi жетi жылын Ол бабтықтарды тәрбиелеп және iлiмнiң негiзiн үйретуге жұмсады. Жеке басының үлгiлiгiмен және тәлiмгерлiгiмен, жазбаша және ауызша сөзiменен, Ол бабтықтардың  қауымдастығындағы өзгерiстерге жеттi, сонысымен ол қозғалыстың тазалығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алуға қабiлетi бар жалғыз адам екенiн көрсете алды. Бағдад бабтықтарды мiнездерi бар адамдар ретiнде таныған едi. Бахаулла мен Оның пiкiрлестерi қарапайым әрi тақуа болып өмiр сүрдi. Олардың меншiктерi аз болса да олардың өмiрi қуанышқа толы едi.Бахаулламен тауда кездескен күрт мистиктары мен дiн басшылары, Оған ендi Бағдадқа келетiн болды. Көбiсi Оның жолын ұстанушы болды. Мистиктар, ақындар, өкiмет қызметкерлерi болды,ханзадалар Онымен танысуға ұмтылды. Сырқаттанғандар мен азаптанушылар, әдiлеттi iздеушiлер есiктiң табалдырығына дейiн топталып келiп жатты. Бұл мұсылмандар ғана емес, христиандар мен яғудейлер де едi.

Бағдадтағы жылдарда Бахаулланың қаламынан аяндар құйыла түстi. Оның негiзгi дiни жұмысы Шүбәсiздiк Кiтабы екi күн мен екi түннiң iшiнде жазылды. Кiшiгiрiм, бiрақ, баурап рухани басшылыққа итермелейтiн Асыл сөздердi, Суфий мистиктарына жауап ретiнде ойластырылған Жетi Асу деп аталатын мистикалық кiтапты да ол осы Бағдадта жазған едi.

Бахаулланың өсiп бара жатқан ықпалынқызғанған Бағдадтың мұсылман басшыларының бiр тобы, Иран шахын келiсiмiмен Оның беделiн түсiруге ұмтылды. Олар бәрi қабылдап, мойындай алатын ғажайыпты көрсетудi талап еттi. Бахаулла олардың таңдауы бойынша қандай болмасын бiр ғажайыпты жасауға келiстi, бiрақ үлемдер бiр-бiрiмен өзара келiсе алмады да, Бахаулланың шақыруы аяқсыз қалды.

Иранның Бағдадтағы консулы, Бахаулланың өсiп бара жатқан даңқысына мазасызданып, Оның қаладан қуылуына әрекет жасай бастады. Ол өзi мақсатына жеттi. Бағдадтың губернаторы Бахауллаға қатты масаттанып және Оның жер аударылуы туралы бес нұсқауға кқңiл аудармай келiп, алтыншы ретте, кiбiртiктеп барып көнген соң, Бахауллаға Оттоман Империясының сұлтанының, Оның Константинопольге ауыстырылатыны жайында бұйрықты жария еттi. Бахаулланның жер аударылуы Бағдадтағыларды қатты ашуландырды. Оның үйiнiң қасында жүздеген адамдар жиналып, Оның кететiнiне жылап, әрi қайғырып жатты.

Ұзақ сапарға шығатын керуендi күтуде, бүкiл отбасы он екi күнге қала сыртындағы (бахаилар Ризван бағы деп атаған) Наджиб-Пашаның бағына көшiп барды.

Көбiсi баяңыдан –ақ iшкi түйсiктерiмен сезген едi, Баб Кiм туралы болжамдаса, мұның дәл Соның өзi екенiн, бiрақ Бахаулла ешқашан да және ешкiмге де өзiнiң мiндетi жайлы айтқан емес едi. Тек осы жерде, Ризван Бағында, Ол өзiнiң кейбiр iзбасарларының алдында немқұрайлы мәлiмдеме жасап, дәл өзi “Құдай Кiмдi ашса, Сол ” екенiн айтқан едi, содан олардың зор қайғысы – қуанышқа айналды. Бахаулланың барлық дiндердiң Арман Етiлгенi екенi, Оның сенiмi барлық адамзат баласына арналғаны, жаңа Күннiң тарихтың көкжиегiнен шығып келе жатқаны жайында көпшiлiк алдында жария етуi он екi күнге созылды, 1863 жылдың 21 сәуiрiнен 2 мамырына дейiн (Бабтың жария етуiнен 19 жыл өткен соң). Жыл сайын барлық жерде бахаи сенiмiн ұстанушылармен мейрамдардың iшiндегi ең қасиеттi, әрi маңыздысы болып аталынатын бұл кезең тарихқа Ризван мерекесi болып ендi.

Бахаулланың Константинопольге жолы салтанатты шеру болды. Бахаулла басып өткен қалалар мен ауылдардың басшылары, Оны құрметтеп қабылдап отырды. Константинопольге нұсқау алды.

Парсы мен Түрiк өкiметi, Оның келесi айдалуы туралы өзара келскен кезде, Бахаулла Константинопльде төрт айға жуық болған едi. Ол дереу Адрианопольге (Едiрнеге) көшуге бұйрық алды. Желтоқсан кезi болатын: қыс суық едi, тiптi ескi тұрғындар мұндай аязды көрген емес. Бахаулла мен Оның жолсерiктерiне жолға жететiн қажеттi азық-түлiксiз шығуға тура келдi.Олар су мен желденң астында , жан-жақтарынан жел азынап соққан , суық қатқан жерлермен жүрдi. Жол он екi тәулiктен көп уақытты алды, кей кездерi түн iшiнде де жүру керек болды; Әбден азған олар Адрианопольге жеткен едi.

Адрианопольде Бахаулла бес жылын өткiздi. Бұл жолы ешөандай да айыпталу Оған қарсы өойылмаса да, Ол Оттоман Империясының ресми түрдегi тұтқыны болды.

Адрианопольде Бахаи Сенiмi iштей күйреуге тап болды, ол Бахаулланың iнiсi Мырза Яхья мен Сейт Мұхаммед деп аталатын тағы бiр адамның қызғаныштарымен байланысты. Мырза Яхья Бахауллаға Бағдад пен Константинопольде де қызғаныш көрсеткен. Ендi өызғаныштың Оны жеп бiтiргенi сонша, ол  Бахаулланың асына у қосып өлтiруге шешiм қабылдады. Бахаулланы у қатты азаптандырды, сондықтан да бұл қастандықтың зардабын Ол өмiрiнiң аяғына дейiн сезiнумен болды.

Адрианопольде болған кезiнде, Бахаулла монархтарға, барлық елдiң үкiмет басшылары мен дiн жетекшiлерiне өзiнiң мiндетiн жазып- айтты. Осы жерде және бұдан кешiректеу Аккада, Ол батыстың билiгi шектелмеген монархтарына, оларды жаңа Сенiмдi қабылдауға шақырды. Оларды Ол бiр-бiрiмен алауыздықтарын жақсартып, қару-жарақтарын қысқартып, содан соң өздерiнiң халықтарына жақсылап қамқорлық жасай бастауларына шақырды. Англия Патшайымы Викторияға жазған осынадай хаттардың бiрiнде Бахаулла былай жазды:

“Жер бетiн сауықтыру Құдай  еi жоғары тәсiл мен зор құралды дайындады, ол болса, барлық халықтың бiр ғаламшардың Iсiнде бiрiгуi мен бiр ортақ Сенiм. Бұған ең құдiреттi, бәрiн бiлiп тұрған және шабыттандырушы Емшiсiз жете алмаймыз ” .

Виктория Патшайымның үндеуге мынадай сөздермен жауап қатқанын әiгiмелеп айтады: “Егер бұл Құдайдан болса, онда өлмейдi; егер олай болмаса, онда бқдан зиян болмайды”.

Тегеранның Сиях-Чаль зынданында Оған ашылғанмен, сонда да болса бұл жөнiнде он жыл бойы Ол ешкiмге айтпаған Бахаулланың Мiндетi, Бағдад мпаңайының Ризван бағында көпшiлiкке 1863 жылы жарияланған болатын; ендi болса, 1868 жылы Ол жер бетiнiң билеушiлерiне – барлығына және де әрқайсысына жеке жария етiлдi. Бахаулладан үндеудi Наполеон III, Орыс Патшасы Александр II, Пруссиялық Вильгелм I, Австриялық Франц – Иосиф, Папа Пий  IX, Тұрiк сқлтаны мен Иранның Шахы алды.

Дәл осы үндеу кезiнде, Адрианопольде, бахаи сенiмiнiң iзбасарларының “Алла- у- Абха” (Құдай ең даңқты) деген сәлемi әдетке енiп және сенiмнiң iзбасарлары өздерiн Бахаи деп атай бастады. Иран мен Иракта олар қатаң қуғындалып және көбiсiнiң көздерi құртылса да, дегенмен қозғалыс кеңейе бердi. Кейбiр бахаилар Бахаулланы көруге үмiттенiп Иран мен Ирактан Адрианопольге қажылық жасады. Түрiк билеушiлерi Адрианопольде Бахауллаға құрметпен қарағандығы осы қаладағы парсының консулының қырсығын ұтатты. Соңғысы, және де Мырза Яхья мен Сейiд Мқхаммед Бахаулланың әрi қарай айдалуын көздедi. Бахаулланың  абыройын түсiру мақсатымен олар Константинопольге өтiрiк арыздарды жiбiрiп отырды, Ол Оттоман Империясын құртайын деп жатыр деп сендiрдi. Бахаулланы қатты сыйлайтын Адрианопольдiң губернаторы, бұл айыптауларды бiрнеше рет жазбаша жоққа шығарған едi. Дегенмен, орталықтағы билеушiлер ақыр аяғында жер аударуға бұйрық шығарды.

Бiр күнi таңертең Бахаулланың үйi әскерлермен қоршалды. Қала тұрғындары, мұсылман мен христиандар, жария етiлетiн бұйрықты есту үшiн далаға шықты. Бiрнеше елдердiң Консулдары жер аударушыларға арашаға түсiп өз көмектерiн ұсынып едi, бiрақ, Бахаулла олардың көмектерiн қабылдамады.

Әскерлер қуғындалғандарды Адрианопольден Галлиполиге қарауылдап алып жүрдi. Олардың ешқайсысы ақыр аяғы қайда бару керектерiн де, өздерiнiң алдындағы күндегi тағдырларын да бiлмедi. Галлиполиде, Бахаулла iзбасарларының көбiсiмен және Мырза Яхьяның iзбасарларының iшiндегi бiрнеше адамдармен Акка қаласындағы түрмеге қамалатыны, ал Мырза Яхья мен Бахаулланың сыбайластарының төртеуi болса, Кипрге жүруi керек екенi хабарланды. Галлиполиден аттанған соң, Бахаулла алдарында жатқан жолдың олар бұрын сонда жүрiп көрмеген ең қиын жол екенiн жолдастарына айтып ескерттi. Ол сондай-ақ, осы жолдан өту үшiн кiмдер өздерiнiң күштерi жетпейтiнiн сезсе, Мұны қазiр қалдырып кетуге тиiс екендерiн де айтты, өйткенi кейiн шегiнулерiне бұдан соң қиын болады дедi. Бiрақ, Оны ешкiм де қалдырып кеткен жоқ.

Акка қаласы Оттоман Империясының шет жағында орналасқан, сондықтан қамау орнына пайдаланылатын. Онда iрi мемлекеттердiң түкпiр-түкпiрiнен ең зұлым қылмыскерлердi жер аударатын едi. Акканың суы да, ауасы да таза емес едi, бұл жер жұқпалы ауру мен қатерлi жәндiктерге толы болатын.

Аккаға дейiнгi теңiз жолы мққтаждыққа толы болды. Мырза Яхья мен Оның серiктестерi негiзгi топты Хайфада қалдырған болатын. 1868 жылдың 31 тамызында Аккаға келiп жеткен айдалушылар, бұларға қарсы дайындалған жергiлiктi жердiң тұрғындарының бiр тобымен қарсы алынған едi. Оларға бахаилар барып тұрған ең зұлым қылмыскерлер деп айтқан едi. Мешiт табалдырығынан Бахаулла мен Оның серiктерiне өмiр бойы айдалынатындары туралы бұйрықты оқыды; жергiлiктi тұрғындарға олармен қандай да болмасын қатынасуда болуларына тиым салынды. Қамалу тәртiбi қатал болды. Бахаиларға бiр-бiрiмен сондай-ақ, сыртқы әлемнен қарым-қатынаста болуға тиым салынды. Бахаулланың өзiн барлық жел мен суға ашылған, лас камераға орналастырып, қалғандарын бiрнеше кқршi камераға орналастарды. Алғашқы түнi оларға не тамақ, не сусын бермедi. Екеуiнен басқасының бәрi безгек ауруы және iш ауруымен ауырып, үшеуi өлген.

Иранның және басқа елдердiң бахаилары Бахаулланың қайда екенiн және Оның тiрi екенiн де бiлмедi. Ол туралы хабар оларға жеткенде, көбiсi Аккаға жөнелдi. Бiрiншi кезде қалаға кiре алмағандықтан,әйтсе де олар түрменiң әйнегiнен Бахаулланы шала-шарпы көру үшiн сыртқы ордың ар жағында сағат бойы тұратын. Кебiреулерi өздерiмен бiрге өсiмдiктер ала келдi. Шөл даламен жүрген сапарларында, олар суды өздерi iшпей өсiмдiктердi суарып отырды; осылай Акка қаласынан әрiрек жерде бақтар отырғызылған болатын.

Акканың түрмесiнде Бахаулла өзiнiң екiншi ұлы Мырза Махдидi жерлеген едi. Оның iкесiне арналғансоңғы тiлегi, ол өзiнiң өмiрi Оның зынданына жете алмағандардың өтелiнетiн құрбаны ретiнде қабылдануы болды.

Ақырындап, Аккада да, бұрын Бағдадта, Константинополь мен Едiрнеде не болса, солай бола бастады. Түрменiң бастығы, қала билеушiлерi мен қарапайым қала тұрғындары Бахаулланың ешқандай да кiнәлi емес екенiн түсiне бастады, сондай-ақ, Оның дара тұлға адам екенiн де ұғынған едi. Отбасының шаруашылық жағдайын өз басына артқан Бахаулланың үлкен ұлы Абдул-Баха болса, қала тұрғындарының құрметi мен сүйiспеншiлiгiне ие болды.

Түрме бастығы Оған өзiнiң ұлын жiбере бастады, мұны оның бiлiмi үшiн пайдалы деп шештi.  Губернатор Бахауллаға қандай да болмасын бiр қызмет көрсеткiсi келетiнiн бiлдiрдi Бахаулла бқған жауап ретiнде одан отыз жылдай жөнделмеген қаланың құбырын жөндеудi өтiндi. Шын мәнәнде, Аккада қамалудың тоғызыншы жылында, сұлтанның айдалу жөнiндегi бұйрығы түрме мен қала басшыларымен толық ескерiлмейқалған болатын. Абдул-Баха әкесi үшiн қаладан тысқары жерде кiшiгiрiм, бiрақ жақсы үйдi жалға алды, тоғыз жыл бойына көк шөп пен ағаштарды көрмеген Бахаулла болса, сонда қоныстанған болатын. Екi жыл өткен соң, Абдул-Баха Бахжиде кең үйдi жалға алып, Бахаулланың жер бетiндегi соңғы он үш жылы осында өткен болатын.

Күнделiктi жұмыстардың бәрiн Абдул-Баха жүргiзгендiктен, Бахаулла өзiнiң жазбаларына толығымен берiлген болатын. Ол бiреулермен де жеке өте сирек кездесетiндi, бiрақ Оның ықпалы барлық жерде сезiлетiн, сондықтан Палестинаның билеушiлерi Оның билiгi мен әсерiне қызғана қарайтын.

Бахаулла Өзiнiң Ашылымының заңдары мен нұсқауларын айтып-көрсетiп, Ең Қасиеттi Кiтабы “Кiтап-и-Агдаста” талдап және жазып берген.

Өз өмiрiнiң соңғы жылында , Бахаулла Хайфада төрт рет болып және өзiнiң шатырын Кармель тауының баурайында жер орнын, Бабтың мүрдесiн әкелiп жерлеуiн нұсқағанды. Бүгiн бұл таудың баурайында бақтар өсуде, көгал аландары жасыл түске боянып әрi қарағай тәрiздi көленкелеп тұрған кипаристер қатары ақ мрамордан  iстелiнген ғажап ғимаратты қоршап тұр, мұның iшiнде Баб пен Оның жас серiктесiнiң мүрделерi жерленген.

1892 жылдың 29 мамырында Бахаулланың жер бетiндегi күндерi аяқталды. Жиырма төрт жыл бқрын қуғындалушының келгенi туралы хабарлаған Акканың қоңыраулары, ендi Оның өайтқаны туралы естiрттi, сондықтан көптеген халық Бахжидегi үйге қайғыра жылап шыққан едi. Азалы апта бойы, қаланың белгiлi адамдары мен өкiмет өкiлдерi Бахауллаға соңғы құрмет көрсетiп жатты. Сұлтанға: “Баханың Күнi батты!” – деген сөзi бар телеграмма жiберiлдi.

Бахаулланың үлкен ұлы Абдул-Баһа, 1844 жылы 23 мамырда Баб өзiнiң мiндетiн Молла Хұсейiнге ашып жатқан дәл сол түнде дүниеге келген екен. Бахаулла Теғеран түрмесiне қамалған тұста, Абдул-Баһа сегiз жаста болатын. Көпшiлiк топтар бұлардың үйлерiн тонап кетiп, отбасы бүкiл мүлкiнен айырылып және мұқтаждыққа тап болған едi.

Абдул-Баһа өзiнiң әке-шешесiмен айдалуда бiрге ерiп отырды, және де Бахаулланың Ризван бағында Мәлiмдеуiнен он жыл бұрын, оның әкесi бүкiл бабтықтар келуiн күтiп отырған Сол, шын мәнiнде Арман Етiлгеннiң өзi екенiн Абдул-Баһаның ұшқыр көзi оған маңызды жаңалықты ашқанда ол тоғыз-ақ жаста болатын. Сондықтан,  Абдул-Баһа Бахауллаға  сенген адамдардың ең бiрiншiсi болатын.

Бахауллан Бағдатты тастап, Күрдiстан тауларына бағыт алғанда, Абдул-баһаның қайғысында шек болған жоқ едi. Ол болмаған екi жыл iшiнде Абдул-Баһа Бабтың жазбаларын көшiрiп  әрi жаттаумен өткiздi. Бiрақ, әкесi оралғанда, Оның қуанышында шек болған жоқ, және де сол кезден бастап Абдул-Баһа Оның ең жақын жолдасы болды.

Абдул-Баһа немқұрайлы бiлiм алмаған едi; Ол не бiлсе, соның бәрiн Ол Бахаулладан алған болатын. Абдул Баха белсендi, жарқын жүздi, ақкөңiл адам болатын. Ол әкесiнен табиғатқа, ауылдық жерге деген сүйiспеншiлiктi мирас етiп алды. Оның ең сүйiктi айналысатын нәрселерiнiң бiрi атқа мiну болатын.

Бахаулла Ризван бағында өзiнiң Мiндетiн жариялаған соң, Абдул-Баһаның әкесiне деген адалдығы бұрыңғыдан да арта түстi. Константинопольге дейiнгi ұзақ жолда Адул-Баһа Бахаулланы күнi-түнi күзетiп отырды, Оның күймелi арбасын ат үстiнде айнала күзетiп, әрi Оның шатырының жанында сергiп отыратын. Ол мүмкiндiгi болғанша әкесiнiң мойнынан шаруашылық жүктер  мен жауапкершiлiктi жайлап алып, өзiнiң отбасына басты тiрек пен көңiлдерiн басушы болды.

Адрианопольде болған кезiнде Абдул-Баһа көбiсiн оқытты да, Ол көпшiлiкке белгiлi атпен  аты шықса да дегенмен, әкесi өлген соң, ол өзiн жай Абдул-Баһа (Баха қызметшiсi)  деп атады. Ол қызығушылық танытқан әкесiнiң келiп-кетушi адамдарын қабылдап отырды, дегенмен де өзiнiң iшкi жан-сарайының  кқкiрек көзiмен, шынайы ақиқатты iздеушiлердi  тани қоятын. Оны көбiсi  жақсы көрiп әрi сыйлайтын, тiптi, Оған жамандық тiлейтiндердiң өздерi де. Ол сыпайы, жұмсақ, кiшi пейiлдi, жомарт әрi әрдайымқайырымды болатын.

Аккада Ол Бабтыңбайырғы жақтаушыларының қызы Мүнире-ханымға үйлендi.

Акканының тұтқындарының жүрiп-тұруларына шектеулiк әлсiрей бастағанда, Абдул-Баһа қаланың көпшiлiк жүретiн көшелерiнде үйреншiктi адамға айналды. Ол кiмге болмасын, түсiнiң әртүрлiлiгiне, дiнi мен қоғамдағы дәрежесiнiң айырмашылығына қарамастан көмектесетiндi. Ол жұпыны үйлерге кiрiп,ауруларды жуындырып әрi жұбататын. Оның жеке басының мұқтаждығы  аз болатын. Ол қарапайым өмiр сүретiн. Ол азаннан күн батқанша дейiн жұмыс iстеп және түннiң жартысын дұғамен  және ой-толғаныспен өткiзетiн. Ол балаларды жақсы көретiн және адамдардың бақытты болуын көргiсi келетiн. “Менiң үйiм- қуаныш пен күлкiнiң үйi”- дейтiн Ол.//

Бахаулла бұл өткен соң, отбасы Оның Рухани өсиетi оқылған едi. Онда Абдул-Баһа бахаи дiнiң Басшысы және Бахаулла iлiмiнiң өкiлеттi жалғыз талдаушысы етiп тағайындалған едi. Бахаулла өзiнiң iзбасарларын Абдул-Баһаға ден қойып және Оны тыңдауға шақырған. Дегенмен, тура нұсқауға қарамастан Бахаулланың отбасының кейбiр мүшелерiнде қызғаныш пен көреалмаушылық сезiмi оянған соң, олар Оның еркiне бағынудан бас тартты. Олар Абдул-Баһаның беделiн қалай болған да түсiруге тырысты. Нәтижесiнде, 1901 жылдан 1908 жыл аралығын Абдул-Баһа тағы да Аккада тұтқын ретiнде өткiздi. 1904 жылдан 1907 жылдар аралығында Оттоман Империясының басшылары Оған қарсы айыпталуды тексеруге арнайы комиссия тағайындаумен болды. Екi комиссияларға да сатылып алынған өтiрiк куәгерлер көрсетiлiп, iсттiң аяғы 1907 жылы сұлтанға Абдул-Баһаны өлтiруге немесе Оны жер аударуды ұсынды. Дегенмен, бұдан кейiн болған жас түрiк төңкерiлiсi Оттоман Империясының барлық саяси қамалушылары мен тұтқындарын босатқан едi.

Осы қиыншылықтар мен апаттарға толы жылдарда Абдул-Баһа жұмыс iстеуi тоқтатқан жоқ. Ол Аккадағы аш әрi жалаңаштарға қамқор болып, барлық елдердiң бахаиларымен ұшаң-теңiз хат алмасып тұрды. Туысқандары жағынан болған тоқтаусыз қақтығыстарға қарамастан, ол Кармель тауында, өзiне Бахаулла нұсқаған жерге, ол қарапайым тастан тұрғызылған кiшкентай шiркеу тұрғызды. Бұл шiркеу, азапталынған Бабтың мәйiтiнiң соңғы панасы болып орналасқан жер едi.

Тұтқыннан босатылған соң, Абдул-Баһа Европа мен Америкаға сапарын жоспарлай бастады. Денсаулығының нашарлығына байланысты жолға шығуды 1911 жылдың тамыз айына дейiн қалдыра тұруға тура келдi, сондықтан Абдул-Баһа осы жылы Батысқа аттанды. Ол сол кезде жетпiс жасқа таяп қалған блатын, Оның алпыс жылын Ол қудалуда өткiзiп, бiрнеше жылын қамауда өткiздi. Сондықтан, қашан болмасын жаңа ауырлықтар мен жазаның қауыпы төнiп тұрды.

Өзiнiң саяхаттау кезiнде, әртүрлi сенiмдегi адамдарды кездестiре жүрiп, Абдул-Баха әрдайым Бахаулланың “ күллiсi мен қуанышты және iзгi келбетпен әңгiмелес” деген уағызын кеңiнен қолданды. Ол қажетi жоқ шығын мен молшылықтан тайсақтап, қарапайым түрде саяхаттады. Осы жерден Ол Парижге барып, бұнда әр тамсаныста болған түрлi ұлттар мен дiндердiң өкiлдерiмен бiрнеше рет кездесу өткiздi, өз мiндетi хақында егжей-тегжейлi түсiнiк бердi. Желтоқсан айында Абдул-Баһа Мысарға қайтып оралды. Келесi көктемде Америкалық достары қатты өтiнiштерiне жауап ретiнде Америка Құрама Штаттарына аттанды, бұл елде Ол 1912 жылдың сәуiрiне дейiн болды.

Ол жетi ай iшiнде Американы түгел аралады. Сан түрлi топтар мен таптарға жататын адамдардың – университет оқушыларының, социалисттердiң, мармондар мен еврейлердiң, христиандар мен агностиктердiң, эсперантошылдардың, бейбiтшiлiк қоғамдағы Жаңа Ой клубтары мүшелерiнiң алдында сөз сөйледi, барлық дiн ордаларында кездесулер өткiздi. Әр жағдайда да сөйлер сөздiң өзегiн, тыңдаушылар сезiмiнiң кiлтiн дәл таба бiлдi.

Желтоқсанның бесiнде Ұлы Британияға барды, алты аптаның iшiнде Ливерпульдi, Лондонды, Бристоль мен Эденбургты аралады. Эденбургте Ол эсперантошылармен сұғбат кезiнде ғажайып ойлар айтып, онда Шығыс пен Батыстың арасында ең жақсы түсiнiстiк орнату үшiн Шығыс бахаиларын эсперанто тiлiн оқып-үйренуге сендiргенiн айтып хабарлады.

Әiгiме мен кеңесу бұл жерде де бұрынғыдай өткен. Парижде екi ай болғаннан соң Ол Штутгартқа аттанды. Мұнда немiс бахаиларымен бiрнеше өте табысты кездесулер өткiзiп, бiл жерден Будапешт пен Венаға аттанып, екi жаңа топтың негiзiн құрды.

1913 жылдың мамарында Ол Мысырға оралып, содан соң 1913 жылдың бесiншi желтоқсанында Хайфаға келдi.

Соғыс басталар алдындағы, бiрнеше ай бұрын, Абдул-Баһа алдын ала болжаудың, зеректiктiң керемет үлгiсiн көрсеттi. Бейбiт уақытта Хайфада Парсыдан және Әлемнiң әр түкпiрiнен қажылыққа келгендер толып жүретiн. Соғыс басталмастан шамамен алты ай бұрын Хайфада тұратын байырғы бахаилардың бiрi бiрнеше парсылықтардың ұстазбен кездескiсi келетiн өтiнiшiн жеткiздi.

Абдул-Баха өтiнiштi қабыл алмады, осы уақыттан бастап Хайфадан талап етушiлердi бiртiндеп қайтара бастады, ақырында 1914 жылғы шiлденiң аяғында онда ешкiм де қалған жоқ. Тамыз айының бас кезiнде кенеттен басталып кеткен Ұлы соғыс әлемдi тiтiркенте орап алғанда, сонда ғана Оның данышпан көрегендiгi де айқын болған едi.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанда, түрiк басшылары Оны тағы да түрмеге қамады. Оның өмiрi төрт жыл жалғыз әрi өатерде болды. Әйтсе де ол Тивериада өзеннiң маңайларында, Палестина жұртшылығы үшiн бидай өсiретiн ауылшаруашыық бiрлестiгiн ұйымдастырды. Осылай өсiрiлген бидай бахаиларды ғана емес, Хайфа мен Аккадағы барлық дiннiң жүздеген кедейлерiн аштықтан аман алып қалды.

Ол өзiнiң дұғаға және мойынсұна қайырым етуге толыөмiрiн жалғастыра бердi. Түрiктер Абдул-Баһаны Кармельдiң бауырында керiп тастаймыз деп сез кқрсетумен болды. Бқл байбалам туралы хабар Лондонға жеткенде, генерал Элленбиге Абдул-Баһаға қандай да болмасын көмектi көрсетуге бұйрық берiлдi. Хайфаны генерал ойлағаннан бұрынырақ алды да, Лондонға былай деп телеграмма жебердi: “ Бүгiн Палестина алынды. Әлемге хабарландар: Абдул- Баһаға қауып төнiп тұрған жоқ”.

Қаланы басып алған ағылшындар, әскерлер, үкiмет басындағы әр лауазымдағы чиновниктер де, тiптi ең дәрежелiлерi де Абдул-Баһаның жарқын сұғбаттарына, көзқарас-ойының ауқымы мен тереңдiгiне, iзгi келбетi мен ақ-адал қонақжайлығына соншалықты түнтi болып, Онымен жүздесуге, әңгiмелесуге құштарланды.

Инабатты мiнезiмен, әлемнiң бейбiтшiлiгi, келiсiм мен адамдардың шынайы игiлiгi жолындағы қыруар жұмыстарымен Ол үкiмет өкiлдерiне өлшеусiз әсер еттi, сондықтан да оған Британ империясының пэрi деген атақ берiлдi. Салтанатты рәсiм 1920 жылдың 27 сәуiрiнде Хайфада әскери губернатордың бағында өттi. Ол бұл құрметтi қабылдады, бiрақ дворяндық лауазымды ешқашан да пайдаланған емес.  

Абдул-Баһа әлсiздiгiне, арып-ашқандығына қарамастан өмiрiнiң соңғы сәтiне дейiн еңбек еттi.

1921 жылғы 28 қарашада тәiертеiгi сағат екi жарым шамасында Абдул-Баһа Хайфада қайтыс болды. Қайғылы хабар қалаға тез тарады, әлемнiң әр шалғайына телеграф арқылы суық ақпараттар дереу берiлдi. Келесi күнi /29 қараша сейсенбiде/ жерледi. Мұндай жерлеу рәсiмiн Хайфа түгiлi, күллi Палестина да бұрын – соңды көрiп-бiлген жоқ… Жиналған әр дiннiң ұлттар мен нәсiлдердiң мыңдаған өкiлдерiнiң қайғысы сондай терең болатын.

Бас камиссар, сэр Герберт Самуэль, Иерусалимнiң губернаторы, Финикияның губернаторы, үкiметтiң жоғары лауазымды өкiлдерi, Хайфада тұратын әртүрлi мемлекеттердiң консулдары, әртүрлi дiни қоғамдастықтардың басшылары, Палестинаның ақсүйектерi, еврейлер, христиандар, мұсылмандар, друздар, мысырлықтар, гректер, түрiктер,күрдтер және көптеген Оның американдық, европалық және парсылық достары, ерлер, ең жоғарыдан төменгi деңгейлi таптағы әйелдер мен балалар… барлығы, он мыңдай адамдар ұлы қазаны аза тұтты…

Абдул-Баһаның дүниеден өтуiмен, Бахаулла дiнiнiң негiзгi мiндетi болып табылатын, жаңа дүниежүзiлiк тәртiптiң үлгiсi мен ұрығы деп аталынған, Әкiмшiлiк тәртiптiң орнытылатын кезеңi туды.

Абдул-Баһаның Рухани Өсиетiне сәйкес (Оның қайтыс болуына бiраз уақыт қалғанда негiзгi сипатта жасалынған), Оның  үлкен немерi Шоғи Эффенди Раббани, бахаи Сенiмiнiң сақтаушысы болып тағайындалған едi. Ол кезде Шоғи Эффенди Оксфортағы Баллиол колледжiнiң  жиырма төрт жасар студентi болатын. Оқып-бiлуге ұмтылып, бахаи Жазбаларының аудармашысы болуы үшiн керектi бiлiмдердi алуға тырысып, атасының өзiне дайындаған сол әдеттен тыс жолды тiптi де сезбеген едi /8/.

Шоғи Эффенди – Абдул-Баһаның үлкен қызы Ханума мен оның жұбайы  Зияийенiң тұнғышы болатын. Шоғи Эффендидiң әкесi Мырза Хади, Бабтың туысқаны ( етi жақын туысқаны емес, Бабтың жалғыз ұлы сәби кезiнде шетiнеген).  Ол 1897 жылдың бесiншi мамырында туған.

Шоғи Эффенди сақтаушы болған кезде бахаи сенiмi жаңа елдерде тарала бастады. Бахаи кiтаптары көптеген тiлдерге аударылып, жаңа дүниежүзiлiк бiрлестiк пайда болды. Сенiмнiң сақтаушысы болып, шаббаты рухани бастамаларымен, бүкiләлемдәк Әкiмшiлiк Тәртiптiң дамуымен, Қасиеттi Жердегi бахаи Сенiмiнiң Дүниежүзiлiк Орталығының кеңейтiлiп, әрi әсемделгенiмен, данышпандығы және берiлгендiгiмен, бахаи әлемiнiң барлық жетiстiгiмен   Шоғи Эффендиге борышты. Дүниеден ерте өткен Шоғи Эффендидiң өмiрi мен жетiстiктерi жөнiнде аз айтылмаған. Дегенмен, ол туралы әлқайда түгелдей жазылған еңбек – ол оның жесiр әйелi, Канадада туып өскен Аматуль-Баха Рухийе Ханымның жазған “Құнсыз қазына” деген кiтабы.

Оның әдеби мұрасы 181 мың сөзден тұратын бахаи сенiмiнiң бiрiншi дәуiрiнiң тарихын қосады. Жарияланған хаттар – ол 300 мың сөзi бар текст. Бұдан басқа, жеке кiсiлерге, таптарға, комитеттерге, Жергiлiктi және Ұлттық Рухани жиылыстарға жазылған мыңдаған хаттар.

Ол сондай-ақ парсы және араб тiлдерiнде де көп жазды; осы тiлдерде жазылған оның хаттары жиналып, микрофилiмге түсiрiлiп және зерттелдi. Оның бахаи әдебиеттерiн парсы және араб тiлдерiнен аударылған 3.4 миллион сөзден тұратын ағылшын тiлдегi аудармалары, бiз елестете ғана алатын ең мәнерлi және таңдаулы болып табылады. Дәл осы аудармашылық жұмысты, оның түсiндiре алатын қасиетi ең үлкен дәрежеде көрiнген едi. Шығыс тiлiнiң мамандары, Шоғи Эффенди жасаған аудармаларды оқыған соң олар нұсқаның мағынасын жақсы түсiне бастағандарын айтты.

Дегенмен, Шоғи Эффендидiң данышпандығы әдебиеттiк қызметпен аяқталмайды. Ол Ұлттық Рухани Жиналыстар үшiн iлiмдi тарату жоспарына егжей-тегжейлi зейiн қоятын; Ол Кармель тауындағы Бабтың Мазарының айналасында және Акка маңындағы Бахжидiң айналасына ойлап және жобалап бақтар жасаған едi; адам табиғатын зор түсiне отырып, Ол қоғамдағы барлық таптың және динi бағыттың адамдарына ақыл-кеңес берiп және шабаттандырып отырды. Мұның бәрi, Ол өткiзген қарапайым жеке басының өмiрiмен салыстырғанда бахаи сенiмiнiң ең бiрiншi және соңғы сақтаушысы Шоғи Эффендидiң өтсе әдеттен тыс адамды құрайтынын көрсеттi.

Ол 1957 жылы, әйелiмен Лондонға келгенiнде, азиат тұмауымен ауырып қайтыс болады да, Лондонның Жаңа Саутгейтс зиратында жерлендi. Оның өмiрi мен еңбегiнiң арқасында, сақтаушы қызметi болса, Бахаулланың Дүниежүзiлiк Тәртiбiнiң “Негiзгi идеясы” болып қалады.

 

2 Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi

Ғалымдар, оның ішінде, В. Н. Никитин және В. Л Обухов бахаи ілімдерінің алты негізгі қағидаларға бөлген:

1.Қасиетті кітаптар жайлы ілім;

2.Құдайлар жайлы ілім;

3.Пайғамбарлар жайлы ілім;

4.Жан жайлы ілім;

5.Ақырет жайлы ілім;

6.Бахаи ұйымына кіру жайлы ілім;

1 Қасиеті кітаптар жайлы ілім. Бахаи сенімінде жүзден аса кітаптарды қасиетті деп есептейді. Оларды екі топқа бөлуге болады.

Біріншісі- Баб, Бахаулла, Абдул-Баха, Шоғи Эффенди шығармалары және Жалпы Әділет Үйінің жарлығы. Бірақ, Баб және Бахаулланың шығармалары Құдайдан тікелей  түскен аяндар деп ерекше құрметтеген. У. С Хэттер және Дж. Д Мартин  «Бахаулланың жазбалары» жүзге жуық- деп жазған. Бұл көптеген шығармалары Бахаи Сенімінің Ашылымдарын құрайды. Абдул-Баха мен Шоғи Эффенди дің шығармалары түсіндірмелер болса да, «Қасиетті Жазбалар» қатарына енеді.

Екіншісі- бұл басқа діндердің кейбір қасиетті кітаптары, оның ішінде Библия, Құран, Бхагават-Гита сияқты кітаптарды бахаилар Қасиетті деп құрметтейді.

2 Құдайлар жайлы ілім. Құдайлар жайлы Бахаулла былай жазған:

Барлық ашық жүрекке Құдай танылмайтын, барлық адами анықтамалардан жоғары Аспан Иесі.Ол өз мәнінде және өз болмысында жасырын, ол әрқашан шексіз.

Әлемді , ондағы тіршілікті өзінің ұлы және шексіз ерігінің арқасында жаратып, Оны тануға , сүйюге және оны әлемді жаратуда адамға берген ерекшелік пен мүмкіншілікті алғашқы түрткі , бастапқы мақсат деп қарастыруға болады.

Бахаилар, Бахаулланы соңғы басты тұлға деп, ұлы оқытушы, өз ұйымының адамдарын біріктіруде , жеке өсуге рухани қуат беруші деп есептейді.

Алайда, бахаи сенімінің діни ілімдерінде Құдай- әлемдегі жалғыз құдіретті тіршілік. Ол ізгілі болып, жындарды шайтандарды жаратпаған.

«Жынды» бахаилар адамдардың төменгі табиғатын белгілеу үшін қолданылады.

Ал «Шайтандар» әлемдегі жамандықты белгілеу үшін қолданады.

«Періштелер» ол тазалықты және бұ дүниеден кетіп, о дүниеге аттанған жанын белгілеу үшін қолданады.

3 Пайғамбарлар жайлы ілім. Пайғамбарлар жерге келуін өте сирек

құбылыс- деп Мэри Перкинс пен Филип Хейсворт жазған. Бізге белгілісі Кришна, Авраам, Мұса, Будда, Заратуштра, Мұхаммед, Баб, Бахаулла. Олардың барлығы әр діннің негізін салушы.

      Бахаилар Бахаулланы құдайдың жердегі соңғы пайғамбар деп сенеді. Бахаулла әр дін екі бөлімнен тұрады деп үйреткен: рухани және әлеуметтік. Барлық әлемдік діндерде рухани жағында үйлесімділік, ал әлеуметтік жағында өзгешелік бар. Олар діни ғұрыптартар мен жазбалар заңдарын қарастырады деген.

4 Жан жайлы ілім. Жан Бахаи сенімінде өлімнен қорқыныштан тыс, сенімді өмір сүруге мүмкіндік береді.

Шынайы әлемде адамзат бірнеше кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңінде адам басқа кезеңге немесе келесі дәрежеге өту мүмкіншілігін дамытады. Ол минерал әлемінде болса, өсімдік әлеміне өту мүмкіншілігіне жетеді. Өсімдік әлемінде, жануарлар әлеміне, содан соң адамдар әлеміне өту үшін өзгерістерге ұшыраған. Осы өмірде, ол өзін келесі өмірге дайындау керек. Басқа әлемде қажеттілігінің барлығын осы өмірден алу керек. Ол аспан әлемі- күдіксіз, жарық әлемі, сондықтан адамға көз керек. Ол әлем- махаббат әлемі; сондықтан Құдайға деген махаббат болу керек. Ол әлем – жетілген; жақсылық пен жетістіктерді жинау керек. Ол әлем- Қасиетті Рухпен жанданған;тоны осы өмірде іздеу керек. Ол әлем өтпелі емес; оған өтпелі тіршілікте жету керек.

      Сонымен ббахаи ілімінде жан туралы ілімдер иудейлерден, христиандықтардан, мұсылмандардан ерекшеленбейді.

Оллардың ілімінде басты бес ой бар: адамның құдіретті бөлімі оның болмысын құрайды, жан денеден тәуелсіз, жан тұтас, әр адамның жанын құдай жаратқан, әр адамның жаны мәңгілік.

5    Ақырет жайлы ілім.  Бұл ілімнің негізі «жұмақ» пен «тозақ» орын емес, ол күй. Жұмақ- Құдайға жақындық, ал тозақ одан алыстау. Бұл күй осы өмірде және одан кейінгі о дүниеде де болады.

  1. Бахаи ұйымына кіру ережелері. Ұйымға кірудің төмендегідей ережелері бекітілген: Біріншіден, ұйымға кіруші әрбір адам өзіне мына үш сұраққа жауап беру керек:

1.Бахаулланы заманымыздың пайғамбары ретінде мойындай ма?

2.Бахаиліктің негізгі діни ілімдерін қабылдай ма?

3.Бахаиліктегі басқару жүйесіне қанағаттана ма?

    Екіншіден, таяу арада болатын жиналыста, әрине егер үміткер барлық үш сұраққа болымды жауап қайтарса, ол орнынан тұрып көпшілік алдында «Өзімді бахаи деп жариялаймын» деуі керек.    Осылайша бахаилікке мүше болу мейілінше жеңілдетілген. Бахаи болған адам өзін сөзбен емес, ісімен көрсетуі тиіс. Бахаилікке мүше болған сәттен бастап адам өзін рухани жағынан жетілдіруі қажет. Ақиқатты іздеп, сол жолда жүруге тиіс.    Ақиқатты іздеу барысында адам төрт құралды басшылыққа алады:

    Бірінші құрал-сезім. Бұл қоршаған ортаны тануда негізгі есік қызметін атқарады. Алайда адасушылыққа да әкеп соқтыруы мүмкін.

    Екінші құрал – ақыл, парасат. Ақыл сезім берген деректерді сұрыптайды және адамға берілген хабарларды түсінікті ететін теориялар құрады. Алайда ақылмен құрылған нәрселердің өзі қате болуы мүмкін. Сондықтан үнемі тексеріп, қайта қарап отыру керек.

    Үшінші құрал – дәстүр. Өткендерден қалған мұра, жинақталған тәжірибелер. Бұлардың өзі көптеген соқыр сенім, ырым секілді нәрселерге толы. Сондықтан адам ақылмен өлшеп алмай тұрып басқа адамдардың ілімдері мен дәстүрлерін ұстанбау керек.

    Төртінші құрал – рұхтанушылық (шабыт). Бұл сөзбен түсіндіруге келмейтін, тәжірибе арқылы іске асатын құбылыс. Бұл ақылдың білім және идеяларымен нурлануы, кемелденуі. Ғалымдар мен шеберлер бұл құралды жақсы пайдалана алады. Адам баласы қоғамға қызмет ете отырып өз қабілеттерін оята алады. Қоғаммен қатынас барысында адам ақиқатқа апаратын жолды табады. Осы арқылы ол рухани кемелдікке жетеді. Бірақ бұл талаптардың барлығы жердегі өмір үшін. Мәңгілік өмір үшін де үлкен мән беру бахаилікте маңызды болып табылады.

    Бахаилік ағымында да басқа діндердегі секілді атқаратын кейбір ғибадаттары мен бұйрық-жарлықтары бар. Негізгілері мыналар болып табылады:

          Құдай Бiрлiгi. Бахаи сенiмiндегi  Бiр Хақ Құдай – ол барлық Ғаламды, оны мекендеп тiршiлiк етушiлер мен күштер мен адамзат пен табиғаттан жоғарлатылған бiр Мәннен жаратылған дегендi бiлдiредi. Бiздiң Құдай табиғатына деген көзқарасымыз қандай болмасын, Оған бiз қай тiлде жабырынсақ та, Оған қай есiмдi берсек те- Алла немесе Яхве, Бог немесе Брахма- қай жағдайда болмасын, сөз сол баяғы бiр жалғыз Хақ Мән жайында болмақ. Құдай – ол шектеулi адамзат санасы қашан болмасын дұрыстап Оны түсiнiп немесе Оның бейнесiн дұрыс паш ете алуынан соншалық зор және ұғымға сыймайды.                                                                                                                                                                                                          

Адамзат Бiрлiгi. Барлық адамзат өз болмысында, бр организмдi, ерекше бiр түрдi танытады. Адамзаттың осы тегiнiң бiрлiгi – “жаратылыстың тәжi”, өмiр мен сананың ең жоғарғы үлгiсi, барлық басқа жаратылыстардан артық, өйткенi тек адам ғана ақылының арқасында Құдайдың мәнiне жете алады. “Адамзат бiрлiгi”- деген ұғым, ол Құдай барлық халықты бiркелкi қабiлетпен бөлеген деген мағынаны бiлдiрген. Физикалық ерекшелiктерi болса, терiсiнiң түсi мен шашы деген сияқты болмашы нәрсе ғана. Бахаи iлiмi надан оқымыстылардың ой-қиялдарының жемiсi ретiнде, нәсiлдiк артықшылықтың қандай теорияларынан болмасын бас тартады. Адамзаттың тұтас тiрi тiршiлiк ретiнде көпшiлiктi өсу үдерiсiн бастан кешiп жатқанына бахаилар сенедi, қоғамның бiрiгуiнде отбасылық тайпалық, қала-мемлекеттер, ұлттар болып әлдеқайда жоғары деңгейге бiртiндеп келтiруде. Көпшiлiкболып өсiп-даму барысы келе жатқан саты: жан-жақты өркениет пен дүниежүзiлiк бiрлiк – адамзат өрiсiнiң жоғарғы сатысын бiлдiредi.

Адамзат бiрлiгiнiң тұжырымдамасы, бахаи iлiмi орныққан негiзгi тқғыр – ол санасыз жан толғанысының жемiсi немесе екi ұшты бақ тiлектi бiлдiрудiң жемiсi болып табылмайды…. Бахаулла ұндеген адамзат бiрлiгi қағидасы – ол  осы орасан зор өрiстен аяқталып келе жатқан кезеңi тек қажет қана емес- ол сөзссiз болады деген қлы хабар, одл жетi шақырым адаммен жақындай түсуде, және оның орнауы да, басқадан емес, Құдайдан шыққан күш арқылы болмақ”.

“…Бахаилар үшiн тiршiлiк етудiң мәнi – ол адамзаттың бiрiгуiне жетуге ықпал ету. Әрқайсымыздың өмiрлiк ұмтылысымыз барлық адамдардың көзқарасымен тығыз байланысты; бiздi жеке басымыздың құтқарылуы … бiздiң мақсатымыз – дүниежүзiлiк өркениеттi құру, ол өз барысында әр адамның рухани келбетiне әсер ететiн болады”.

Осы өркениетке деген жол жаңа қоғамдық құрылымдарды құрудан тұрады, бұлардың арқасында, әртүрлi топтар мен дара тұлғалардың, көзқарастарының қақтығысу мүмкiндiгi бұдан әрi жойылып және қысқартылатын болады, сондай-ақ, адам санасының жаңа деңгейiне жету арқылы – адамзаттың әуел бастан-ақ бiр екендiгiн ұғыну.

Бiз келе жатқан бiрлiк – ол бiртектi емес, ол кқп тектi элементтер, қызықтырмайтын бiр түрлiлiк емес, керiсiнше алуан түрлi бiрлiк, мұның iшiнде Бахаулла үйреткендей адамдардың қай түрi болмасын, өздерiнiң ұмтылыс пен идеалдарын таба алады. Сонымен қатар әрбiр топ, әр халық өзгелердiң мұралары мен жетiстiктерiн бөлiсе алады. Бiрлiкке айырмашылықтарды жою алып келмейдi, оған әр жеке мәдениет пен жеке тұлғаға тән болатын, сол құндылықтарды шынайы құрметтеп –сыйлау мен бiлiмнiң өсуi алып келедi.

Адамзаттың бiрлiгi мен саналылығы – наным-сенiмдердiң: дiни, нәсiлдiк, таптық, ұлттық және т.б. барлық түрлерiнiң анық құралы, барлық кезеңдердi олар соғысуға, жеккөрушiлiкке, қарсы тұрушылық пен кеселге ұрындыратын. Наным- сенiмдер адамның қандай болмасын ойды қатты тебiрене ұстануы болып табылады, ол болса осы ойды шын ба жоқ әлде өтiрiк пе деген талпыныстарды түсiнуден тұрмайды. Адамдар өз тегенiң барлық адамдарымен рухани бiрiгу саналығына ие болуы мән-ақ екен, наным-сенiмдердi жеңiп шығатын боламыз. Бiрлiк қандай да болмасын бiр жоғарыдағы айбынды топпен енгiзiлмейдi, ол адамдар “жер бетi – бiр ел және барлық адамдар оның азаматтары” (Бахаулла) екенiн жаппай саналы ұғынбайынша, адам санасында бiртiндеп дамитын болады. 

Дiннiң Бiрлiгi. Бахаи сенiмiнiң iзбасарлары өздерiнiң пайда болуларымен ұлы дiндердiң барлығы Құдреттiден екенiне сенедi. Олардың барлығы Оның Ашылымында Құдаймен айтылғанды, халықтардың мұқтаждығы мен мүмкiндiгiне сәйкес әр кезеңдерде әр жерде берiлген едi. Ешбiр ғасыр, Құдайдың басқаруынсыз қалған емес, және де, адамдар Жер бетiнде қаншалық болса, осы басшылық та соншалық ұзаққа созылмақ.

Құдай тым жоғары және адам түсiнiгiнен тысқары жатыр. Ол адамзатты кәмiл жетiлген және қылаусыз жандар елшiлерi арқылы басқарып отырады, оларды Құдайдың Елшiлерi деп қарауға болады. Олар өз-өздерiнше  құдiреттiлер емес, бiрақ адамдарға Оның жарығын көрсететiн еш қалаусыз жарқ-жұрқ етiп шағылысқан айна тәрiздес. Олар Жер бетiне жарығын жарқыратып тұрған күннiң сәулесi iспеттес; олар Құдай мен адамзат арасында жүретiн делдал. Өздерiнiң  өмiрiмен және iлiмiмен Олар Құдайдың кәмiл жетiктiгiн көрсетедi. Осындай Елшiлердiң арқасында, Құдай адамды Өзiн қғынып және сүйуге итермелейдi. Оның кәмiл жетiктiгiн ұғыну  ол шектеулi адам санасы жете алатын Құдайды әлдеқайда толық бiлу дегендi бiлдiредi.

Елшiлердiң қайсысы болмасын өз кезеңiнде  мазаққа айналып, қудаланып, масқараланып, араларында өздерi пайда болған адамдардың қарсылығына тап болған едi. Олардың шынайы маңыздылықтарын замандастарының аз ғана шоғыры  аңғарып, түсiне алған едi. Әрбiр Елшiнiң жердегi өмiрi бiткеннен соң, Ол миллиондаған адамдардың тағзым етiп және сүйетiн тақырыбына айналды. Елшiлер жердегi күштердiң қолдауысыз, жападан-жалғыз, адамдардың жүректерiне билiктерiн орнатып отырды. Олар адамзаттың шын мәнiндегi Ұстаздары және де Олардың мақсаты адамдарды бiр-бiрiмен жақындастырып, адамзат өркениетiнiң жоғары қарай iлгерiленуiне ықпал жасау.

Бахаулла әрбiр дiн екi бөлiмнен тұрады деп ұйретедi: рухани iлiм және әлеуметтiк iлiм. Жоғарғы рухани деңгейде барлық әлемдiк дiндер арасында толық үндестiк бар. Айырмашылық әлеуметтiк деңгейде байқалады; олар дiни әдет-ғұрыптарды, заңдар мен нұсқауларды қозғайды. Бахаулла дiннiң әлеуметтiк аспектiлерi мәiгi әрi бiр қалыпты емес екнiн айтады, бiрақ жағдайлардың өзгеруiне байланысты бiр дәуiрден келесi дәуiрге өзгерiп тұрады.

Бахаулланың мiндетi — әлемдегi дiндердiң дiндердiң бiрлiгiн iс жүзiне асыру. Сенiм – деп үйретедi Ол, — адамзаттың iс жүзiнде жоғары өрлеуi  мен әлемнiң басты факторы болып табылады. Жалпыға бiрдей бейбiтшiлiк те дiннiң бүкiләлемдiк жаңаруы дегендi бiлдiредi.

Ақиқатты өз бетiмен iздеу.  Адамдардың арасындағы қақтығыстардың басты себебi, ол көптеген нанымдардың адам санасын жаулап алуы. Адамдар жазылған шындық және тұрақтылық тенденциясы бар деп қабылдауы,шындыққа жетуiне кедергi келтiредi. Бiздiң сенiмiмiз шындық деу үшiн, барлық қате түсiнiктерден немесе шындықты iздеуден тыс пайда болған көзқарастардан бас тарту керек. Бахаи болғысы келген адам ақиқаттың батыл жоқшысы  болсын, бiрақ бақ-дәулет жинау мақсатымен, заттық мәнмен шектелiп қалмасын. Оның рухани және дене күшiне тағы да қуат бiтсiн. Құдай дарытқан қабiлетiнiң бәрiн, таза ақыл-ойы қабылдамай тұрған iске құр сене бермей, ақиқатты табудың жолына жұмсасын. Егер жүрек пен ақыл-ой наным-сенiмдерден кiршiксiз таза болса, онда талмай iздеушi Тәңiрдiң Даңқын қандай болса да табады.

Бахаулла Одан әрi былай дейдi: “Адам ең алдымен өз бойындағы абырой-бедел әперетiн немесе оны жоқ ететiн, төмендететiн және көкке көтеретiн, дәулеттi немесе кедей ететiн қасиеттерiнiң күллiсiн өзi танып бiлетiндей деңгейде болсын ”. (6)

Дiеннiң жолына түскендер өздерiн жер бетiндегi барлық заттардан арылып, құлақтарын- бос сөздерден, ойын- қысыр қиялдардан, жүрегiн-әлемдiк құштарлықтардан, көздерiн- опасыздықтан тазарту керек. Оларға Құдайды үмiт қылып және Одан ұстанып, Оның жолымен жүру тиiс.(7)

(“Париждiк әңгiмелерiнде”) Абдул-Баха былай деп түсiндiрген: 

“Кiмде-кiм шындықты өздеуде жетiстiкке ие болу үшiн, өткен кеткенге көз жұму керек ” (8)

Дiн мен ғылымның байланысы.Бахаи iлiмiнде барлық дiндердiң негiзi ғылым мен ақылдың  арасындағы келiсiмдiлiк болып табылыды делiнген. Өткен дiндерде ғылым мен ақылға  қайшы келу себептерi уақыт ағымына байланысты соңғы  салт- жоралар мен ескi наным-сенiмдердiң қабатталып жиылуы, дiннiң негiзiн салушылардың шындығымен азғана  жұғысқандықтан болған.

Дiн мен ғылым арасындағы қайшылықтардың тағы бiрi – Киелi Жазбалардағы рәмiз өлеңдердiң мағынасын сөзбе-сөз түсiнгеннен туған: мысалы, Исаның жоғары көтерiлуiнiң адам баласының қайтып оралуы, болашақтың бұлдырлығын, “Күннiң жарығы өшiп, ай өз сәулесiн түсiрмейдi және аспаннан жұлдыздар ағып құлайды” – деп тура ұққаннан туған.

“Китаб-и- Иган ” (“Шүбәсiз Кiтап”) деп аталатын кiтапта Бахаулла бұл сөздердiң астарлы мазмұнын талдап, әрбiр өлеңнiң мағынасы мен нышандарын дәл түсiндiрген. Киелi кiтаптаңы аллегориялық өлең жолдарын дұрыс түсiндiру күрделi қиындықтар туғызды, өзге ұлы дiндердегi iзбасарлардың ала ауыздығы өзара түсiнiстiк пен бiрiгуге кедергi

келтiрдi. (9)

Экономикалық мәселелердiң шешiмi. Экономикалық мәселелер рухани негiзде шешiлуi керек. Материялдық жағынан қанағаттанбай қалушылықты болдырмау үшiн және өлшеусөз байлықтың жиналуын реттеп  сұраптайтын заңдар шығуы керек (10)

Бахаулла байлар мен кедейлердiң экономикалық өзара қарым-қатынасында тиiстi реформа жасалуы үзiлдi кесiлдi талап етедi. Абдул-Баха былай дейдi: “Күнелтуге керек қаржы кедейлiк пен мұқтаждық жойылатындай етiп бөлiнсiн. Әркiм өзiнiң мүмкiндiгiне қарай, бiлiмi мен дәрежесiне сәйкес игiлiк-дәулеттi пайдаланатындай болсын”.

Байлықты да, кедейлiктiде шектеу керек. Екеуi де жақсы емес. Қайыршылықтан өлетiн жағдай бар жерде, қысым-езгi бар деген сөз. Адамдардың тақыр кедейлiгiнiң, бақытсыздығының себебi болып табылатын осындай жағдайларды реттеу, түзету шараларын iске асыруға дереу кiрiсу қажет.

“Бiрi өлшеусiз бай, екiншiсi қайыршы кедей адамдардан тұратын қоғамға осы алшақтықтарды реттейтiн заңның қажеттiгi анық. Бай  адамдар өздерiндегi артық дүниелердi басқаларға бөлiп берсiң, жүректерiне  жылылық орнасын, мейiрiм қабiлетi дамысын. Мұқтаждық көрiп, тауқымет шегiп жүргендерге қамөорлық жасасын.

Орасан байлық пен қайыршылыққа қатысты арнаулы заңдар жасауға тиiс.

Барлығына ортақ әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн, мемлекеттiк заңдар Құдай өсиеттерiне сәйкестендiрiлетiн болсын. Бұл орындалмаса, Құдай әмiр еткен заң да орнықпайды”. (11)

Әйелдер мен ерлер теңдiгi. Бахаи сенiмi ерлер мен әйелдердiң тең құқықты екенiн мойындайды. Абдул-Баха: “Адамзат баласының туысқандығы, әйелдер мен еркектер тең құқықты болмайынша бақытты бола алмайды”, деп айтқан. (12)

Бахаулла айрықша мән беретiн басты әлеуметтiк қағидалардың бiрi — әйелдердiң еркектермен теңдiгi, олардың ер адамдармен бiрдей дәрежеде құқықтарды және артықшылықтарды пайдалана алатындығы, тәрбие, бiлiм алудағы, жұмыс iстеудегi теңдiгi. (13)

Әйелдердiң кiрiптарлықтан құтқарудың ең негiзгi жолы- жалпыға ортақ бiлiм беру.

 Батысқа сапары кезiнде Абдул-Баһа iлiмнiң осы жағын талай рет түсiндiрiп айтты. 1913 жылдың қаңтарында, Әйелдер Бостандығы Лигасының жиналысында Ол былай дедi: “Адамзаттың да құстар сияқты, екi қанаты болады: бiр қанаты- еркек, екiншi қанаты- әйел. Екi қанаты бiрдей қатаймайынша, құс көк төсiнде шарықтап самғайалмайды. Осы дәуiрдiң лебi бойынша, әйелдер әр дайым жетiлдiрiле берсiн. Өмiр майданында еркектермен бiрдей iс атқарып, солардың деңгейiне жететiндей, олармен бiрдей құқыққа ие болатындай дәрежеде болсын”.

Халықаралық тiл. Бахаи сенiмi  әр тiлде сөйлейтiн халықтардың  бiр бiрiмен кең түрде араласып, достасуы үшiн жалпыға ортақ бiр көмекшi тiл мен жазуды еңгiзуге шақырады. Бұл тiл арнайы жасалады немесе өмiр сүрiп жатқантiлдердiң  арасынан таңдап алынып бүкiл әлемнiң оқу орындарында ана тiлмен қатар жүргiзiледi.

Дiн – достық пен келiсiмнiң дәнекерi болуы қажет. Бахаи сенiмiнде дiн адамзат қоғамының алға басуына, әлемде сүйiспеншiлiк пен келiсiмдi таратып, орнату үшiн қызмет етуi керек деп көрсетiлген.

Қағидалармен қатар, бахаи сенiмiнде әлемдiк мәселелердi шешуге арналған жалпыға ортақ бейбiтшiлiк пен адамзат туыстығының бiрлiгi жөнiнде жекелеген адамдарды рухани – адамгершiлiкке тәрбиелеп, олардың ой-өрiстерiнiң шектеусiз өсiп отыруы жайлi Өсиеттер мен Уағыздар бiр қатар жазылған.

Адамзат қоғамының игiлiгi мен шынайы бақыты тiкелей оның әрбiр мүшесiнiң рухани сергектiгiне, бұл әлемдегi өзiне тағайындалған мiндеттерiн жете түсiнуге байланысты екенi ешқандай күмән келтiрмейдi.

Сондықтан, Бахаулланың iлiмiне орай, әрбiр баһаи күнделiктi өмiрде адамгершiлiгiн сақтап, әрбiр басқан қадамында әдiл болып, адамдармен қарым-қатынас жасағанда мейiрiмдi әрi байыпты болып, өзiн жетiлдiрiп отыруды қадағалауы шарт./14/

Дұға. Бахаулланың Iлiмi бойынша, адамзат үнемi  iлгерi дами беретiн өркениеттi жетiлдiру үшiн жаратылған. Ал, әрқайсымыз үшiн – ол Құдайды танып, Оған бас ию.

Дұға – осыған жету үшiн сыйға берiлген ең ұлы әдiстердiң бiрi.Дұға оқу  баһаи  iлiмiнде мiндеттi  iс болып табылады. “Дұға- ол Тәңiрмен тiкелей әңгiмелесу”,- деп үйретедi Абдул-Баха және одан әрi былай дейдi: егер бiз сол рухани әңгiмелесуге өз жағымыздан күш салсақ, сонда ғана Құдаймен әңгiмелесу деңгейiне жету мүмкiн.

“Ағдас” кiтабында Бахаулла былай дейдi:

Күнде таңертең және күн сайын кешкiсiн Құдай сөзiн шырқандар/немесе айтыңдар/. Мұны мойындамаған пенде Құдай Өсиетiн, Оның Уағыздарын орындай алмайды.

Бахаулла мен Абдул-Баһа  дiн жолын қуушылар әр уақытта, әр қилы жағдайда оқуға тиiстi  көптеген дұғаларды ашты. Дұғалардың ой тереңдiгi  мен рух ұлылығы оны байыппен оқыған әркiмге де шабыт бередi.

Бахаулла күнделiктi мiндеттi iс ретiнде өсиет еткен дұғаларды  әркiм өзi үшiн оқиды. Тек қайтыс болғандарға бағышталған дұға ғана Бахаулланың талабы бойынша бiрге оқылады. Қайтыс болған адамдарға арналған дұғаны 15 жастан асқан баһаи  оқуы керек.

   “Бұл – баһаилардың бiрлесiп оқитын мiндеттi түрдегi жалғыз дұғасы, бiр баһаи оқиды, қалғандары түрегелiп тұрып тыңдайды. Бұл дұғаны оқыған кезде құбылаға қарау мiндеттi емес”.  (16)

Ораза. Жылына бiр мәрте 2 наурыздан 20 наурызға дейiн бахаилар күн шыққаннан, күн батқанға дейiн ораза ұстайды, яғни өздерiн ас пен судан тияды. Ораза наурыз айындағы күн мен түннiң теңесетiн уақытында аяқталады, бұл солтүстiк жарты шарда көктемде, ал оңтүстiк жарты шарда күзде болады.

Бахаи оразасы шiлденiң ыстығында  немесе қақаған суықта – ораза ұстау қиын болатын кездерде өткiзiлмейдi. Ораза ұстанудан жасы 15 ке жетпегендер мен 70 тен асқандар , аурулар мен жүктi әйелдер, ауыр жұмыс iстейтiндер және ұзақ сапарға шыққандар босатылған.

Бахаи iлiмi бекiткен жыл сайын бiр мезгiлде қайталанып келiп отыратын ораза адамның денсаулығына игiлiктi әсер ететiнi  әлдеқашан- ақ дәлелденген. Сонымен қатар Бахаи iлiмi ораза ұстау кезiнде күнiне екi мезгiл тамақ iшудi насихаттай отырып, Құдайға сиынуды талап етедi.

 Абдул-Баһа ораза жөнiнде былай дейдi:

“Ораза –рәмiз, ол барлық рахат-құмарлықтардан  аз уақытқа болса да тыйылу дегендi бiлдiредi. Оразаны рәмiз ретiнде ұстану  мынадай мағына бередi: тамақты өлшеммен аз iшкен сияқты, бұл тiрлiктегi өзге де құмарлық, ләззаттарға да тартына қарайсың. Тек тамақ iшудi шектеу рухқа ықпал ете алмайды, бұл тек рәмiз, жадына түсiру. Әйтпесе оразаның ешқандай мәнi жоқ. Ораза ұстаудың  мақсаты мүлде  тамақ iшпеу деген сөз емес. Көп те емес, аз да емес көлемде тамақ iшу – орасан зор ықпал етедi”.

Қажылық.  Бахаиларда қажылық ер адамға және дүние мүлкi барларға парыз болып саналады.

 Қасиеттi кiтапта былай айтылған:

Құдай бұйрығы, Қасиеттi Үйге қажылықты жасай алатын адам ғана жасасын, ал әйелдер Оның қайырымдылығының арқасында қажылықтан босатылған…

Қазiргi кезде  Палестинадағы қасиеттi жерлерге: Бабтың Хайфадағы қабырына және Бахаулланың Бахджыдағы қабырына қажылық жасайды.

    Дүниежүзілік ұлттар лигасы. Бахаулла ерекше назар аударған және талап еткен мәселелердің бірі  — жалпыға ортақ бейбітшілікті қолдайтын Бүкіләлемдік Ұлттар Лигасын құру. Бұл жалпыға ортақ бейбітшілік және тыныштық үшін істелетін іс барлық адамдар үшін қасиетті де абыройлы болып және осы келісім шарттың талқылануына, бекітілуіне бір кісідей бар күштерімен ат салысулары қажет.

    Әміршілер мемлекеттің алқа-жиынын шақырып, бекем де бұлжымас шарттарға негізделген келісімдерді жасауға тиіс. Келісімнің жобасы күллі адамзаттың талқылауына ұсынылуы керек.

Осы халықаралық келісім бойынша әр мемлекеттің шекара шегі белгіленеді, үкіметтер басты бағыт ретінде ұстанатын мемлекеттердің болуы мүмкін қарым-қатынастар мен байланыстардың баршасын да қамтиды. әрбір мемлекеттің қарулануының мөлшері мен себебі көрсетіледі. Өйткені бірінің қару-жарағы мен әскерлерінің санының артық кетуі екіншісінің күдігін туғызуы мүмкін.

Халықаралық келісімнің негізгі қағидалары-кез келген мемлекеттің бағынуы мен мойынсынуы. Қандай да бір шартты бұзған мемлекетке басқа мемлекеттер ғана емес, әлемнің барлық халықтары қарсы шығып, мұндай өкіметті құлатуға тиіс.

Бұл әлемнің ауру тәніне қажетті дәрі егер осы ұлы тәсілді әлемнің ауру тәніне қолданса, сонда ғана тыныштық пен толық өлшемділік орнап, әлем құлан таза айығады.

Сопылық өмiр. Бахаулла да Мұхаммед пайғамбар сияқты өз iзбасарларын шектен тыс тақуалық тiрлiк кешуiне тиым салған. Бахаулла барлық адамдарды белсендi өмiр кешуге шақырады. Адал және дiндар адамдардың басқалармен қарым-қатынас жасаудан бас тартулары және ата-аналық мiндеттер мен жауапкершiлiктерден шегiнулерi адамзатты рухани жұтаңдыққа апарып соқтырады дейдi.

Дiнбасылықтың болмауы. Бахаи ұйымына тән айрықша белгiлердiң бiрi- кәсiби дiнбасыларының жоқтығы. Дiндi тарату iсiне бар уақытын бағыштаған ұстаздар үшiн ерiктi түрде үлес-жәрдем  берiледi. Алайда бахаилардың барлығы да өз қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне тсәйкес уағыздау жұмысына араласуға мiндеттi. Бұл дiнде рухани мiндеттерiн орындауымен басқалардан айрықшаланып тұратын арнаулы топ жоқ.

Алдыңғы  ғасырларда дiнбасыларының болуы қажет едi, өйткенi адамдар сауатсыз, қараңғы болатын, оларды дiнге үйретiп, рәсiмдердi орындауға тәрбиелейтiн, әдiл сотты орнықтыратынарнаулы адамдар керек едi.

Қазiр заман өзгердi. Бiлiм алу бәрiне де ортақ. Бахаи дiнiнде алдын ала қалыптастырылып, әзiрленген, арнаулы кәсiптi, айрықша топтың болуын талап ететiн рәсiмдер мен дәстүрлер жоқ. Әдiл сот әкiмшiлiгi осы мақсат үшiн белгiленген ұйымның қолына тапсырылған.

Неке. Бахаи сенiмiнде неке Құдай беiткен институт ретiнде қарастырылады. Қасиеттi кiтапта “Құдай ерлi-зайыптылықты бұйырған” деп жазылған.Бахулла жазбаларында бұл заңды шығарғанда, Құдай некенi берекенiң және құтқарылудың қамалы ретiнде жасаған. Бахаилар тек моногамды бiрлiктi қабылдайды. Бахаилар тек бахаилармен ғана емес, басқа дiни сенiмдегiлермен және мүлдем сенбейтiн, басқа ұлт өкiлдерiмен некелесе алады.

Бахаулла неке екi жақтың және олардың ата-аналарыныңкелiсiмiне мейлiнше тәуелдi деп есептейдi.

“Ағдас” Ол былый дейдi:

“Байан” кiтабы бойынша /Бабтың ашылымы/ некеге тұратындардың бiр жағының ғана ризишылығы неке құруға жеткiлiктi болатын. Адамдардың достығын, махаббаты мен бiрiгуiн нығайта түсу ниетiмен Бiз ендi бұл мәселеде адамдардың араздығын, өкпе-дауын болдырмас үшiн екi жақтың ата-аналарының шын пейiлдi рұқсаты мiндеттi түрде керек деп шештiк.(15)

Бахаи некесi екi жақтың бiрлiгiн, шын жүрекпен бiр-бiрiне берiлгендiгiн бiлдiредi. Әрқайсысы бiр-бiрiне ықыласты болсын, бiрi екiншiсiнiң мiнез-құлқының ерекшелiктерiмен санассын.

Абдул-Баха неке туралы былай жазған: “Неке мәселесiне келсек, Құдай заңы бойынша алдымен сен жаныңа жақыныңды өзiң таңдайсың, содан соң ата-аналарыңның келiсiмiн сұрайсың. Сенiң таңдауыңа дейңн ата-аналар кедергi келтiруге құқығы жоқ”.

Бұл жағдайды Шоги Эффенди былай мәлiмдейдi:

Бахаулла бахаи некесiне ақыл-есi дұрыс ата-аналардың келiсiмi керек деп мәлiмдеген. Бұл жағдайда, ата-аналары бахаи сенiмiнде ме, әлде басқа сенiм ұстанушылар ма, бiрге тұрама, әлде көптеген жылдар бойы ажырасқанболсын ол шарт емес.

Аскетизмге қарсы, бахаи сенiмi пәктiктi оны екi жақтың қарым-қатынасының жалғыз принципi деп құрметтейдi.

Пәктiк, ұстамдылық некеге дейiн де, некеден кейiнгi тазалық- некеге дейiн тазалық, некеде таңдаған жолдасына адал болу керек. Ол адалдық тек тәни ғана емес, ол барлығында ойында, сөзiнде және iсiнде көрiну керек. Бахаи сенiмiнде адамгершiлiк аспектiде неке мен жанұяның ара-қатынасы  адамзат қоғамының негiзi болып қарастырылады және бұл сенiмде Құдайлық институтын қорғау мен күшейту қарастырылады.

Бахаи сенiнде ажырасуға тиым салады. Бiр-бiрiн жек көрген ерлi-заыптылардың ғана ажырасуына жол берiледi. Мұндай жағдайда олар Рухани Мәжiлiстi хабардар етедi де, ажырасу жөнiнде шешiм қабылдайды. Алайда бiр жыл өту керек. Сол уақыт аралығында шыдамдылық аталатын жылда, ер адам үйiн, балаларын, әйелiн қамтамасыз етуi керек. Сол уақыт iшiнде ерлi-зайыптылардыңараларында келiсiм-татулық қайтаданжанбаса, ерлi-зайыптылар ажырасады.

Бахаи некесi- еркек пен әйелдiң тәни рухани жағынан бiрiгудi және олардың одағы екi дүниеде де мәiгiлiк дегендi бiлдiредi. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiнiң рухани кемелдiлiкке көтерiлуiне ықпал етуi қажет.

 

Бахаи сенiмiнiң күнтiзбесi.

 

Ай                                  Аудармасы        Григориан күнтiзбесiнiң айының      бiріншi күнiне сәiкес

 

 

  • Жарқын                     21 наурыз
  • Даңқ                           9 сәуiр
  • Сұлулық                    28 сәуiр
  • Керемет                     17 мамыр
  • Нұр                             5 маусым
  • Рақым                        24 маусым
  • Сөз                             13 шiлде
  • Есiм                            1 тамыз
  • Кемелдiк                    20 тамыз
  • Күш                            8 қыркүйек
  • Ерiк                            27 қыркүйек
  • Бiлiм                          16 қазан
  • Құдiрет                      4 қараша
  • Сөз                             23 қараша
  • Мәселе                      12 желтоқсан
  • Намыс                       31 желтоқсан
  • Әмiршiлдiк               19 қаңтар
  • Үстемдiк                   7 ақпан

 

   26 ақпаннан 1 наурызға қоса есептелгенде “Қосымша күндер”

 

19                                        Айбындылық           2 наурыз

 

Өз ашылымының ерекше маңыздылығын ескере отырып, Баб жаңа күнтiзбе жасады. Бұл күнтiзбеде, григориан күнтiзбесi сияқты, жыл санау ай жылдары бойынша емес, күн жылдары бойынша жүргiзiледi.

Бахаи жылы әрқайсысы 19 күнге бөлiнетiн он тоғыз айдан тұрады, яғни 361 күннен. Бұған жәй жылдағы төрт күн, кiбiсе жылдағы бес күн қосылады. Бұл күндер он сегiзiншi және он тоғызыншы айлардың арасына кiредi. Әрбiр айдың өз атаулары бар. Бахаилар Жаңа жылы күн мен түннiң  теңескен күнi 21 наурыз. Бахаи дәуiрi 1844 жылыдан, Баб өз мiндетiн жария еткен Хижра жыл санауы бойынша 1260жылдан басталады.

19 күн мейрамынан Қасиеттi күндер ерекшеленедi. Олар бахаи ерекше тойланатын мейрамдарға арналады. Қасиеттi күндерге 21 наурызда тойланатын Жаңа жыл мерекесi кiредi. Қасиеттi күн мерекесiн тойлауда әкiмшiлiк бөлiм жоқ, тек рухани, дұға оқидан басқа, Қасиеттi жазбаларды оқу және медитация, осы мереке жәйлi  және осы мерекеге байланысты әңгiмелер айтылады. Бахаилар келесi Қасиеттi күндердi тойлайды:

 

 

1 Жаңа жыл                                                        21 наурыз

  • Бахаулланың жариялануы (Ризван) 21 сәуiрден 2 мамырға дейiн
  • Бабтың жариялануы және 23 мамыр

     Абдул-Баханың туған күнi

4   Бахаулланың көкке көтерiлуi                    29 мамыр

5   Бабтың өлiмi                                                9 шiлде

6   Бабтың туған күнi                                       20 қазан

7   Бахаулланың туған күнi                             12 қараша

8   Өсиет күнi                                                    26 қараша

9    Абдул-Баханың көкке көтерiлуi               28 қараша

 

 

 

 

 

 

                       2.2  Бахаи сенiмiнiң қазiргi таңдағы жағдайы.

 

     19ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресейлік Түркістанның құрамына Қазақстанның Оңтүстік бөлігі (Сырдария және Жетісу өңірлері) және Орта Азияның қазіргі  мемлекеттері (Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан) кіретін. 1882 жылы сол кезде Ресей мемлекетінің құрамындағы Түркістанға алғашқы Ираннан қашқан қашқын бахаилер келіп орналасты. Бахаулланың өзі мұны құптаған болатын. 1890 жылы Түркменстандағы Ашхабатта Бахаи келімсектерінің саны 1000 асып жығылды. Бұл сол кездегі Ислам дінін ұстанушы Ашхабад қаласының тұрғындарының он пайызын құрайтын.

           1913 жылдарда Бахаи жамағаты Ресейлік Түркістанның мына қалаларында болды: Ашхабад, Андижан (Фергана облысы), Ташкент, Самарқанд және тағы басқа қалаларда. Біршама уақыттан соң Шарджа, Мерв, Байрамали Теджен, Кахпак, Марғұлан, Хатен, Ура-Төбе, Тахта базар, сондай-ақ Хива және Бұхара хандықтарында пайда болды. Өмiрден өтер алдында Абдул-Баһа Бахаулла жазбаларында белгiленген әкiмшiлiк тәртiптi дамытудың негiзiн қалады.Ол оны “Әдiлет Үйлерi”деп атаған. Бұл кеңестер тоғыз адамнан тұратын әкiмшiлiк органы.  “Әдiлет Үйлер” қазiргi кезде Жергiлiктi Рухани Кеңестер немесе Жиналыста деп аталады. Оның мүшелерiн жыл сайын бахаилардың жергiлiктi қоғамдастығы сайлайды . Сайланатын кеңестiң мүшелiгiне: дiнi, жынысы, қоғамдағы дәрежесi, бiлiмi жағынан қайдан шыққанына байланыссыз әкiмшiлiк жасқа толған  (21 жастағы) баһаилардың қайсысы болмасын сайлана алады. Сайлау әр жылы 21 сәуiрде өткiзiледi  Бахаи сайлаулары сайлаудың қасиеттiлiгi бұзылмауы үшiн шешiм қабылданып жатқанда алдын-ала үгiттеу мен аты-жөндерiн дауыстап аузға алусыз-ақ жабық дауыста дұға мен медитация жағдайында өтедi.

Бұдан басқа жиналыстар (жергiлiктi) бахаи күнтiзбесiндегi атаулы тоғыз мерекеде және Абдул-Баһаның өмiрiмен байланысты екi рет өткiзiледi.

Жергiлiктi Рухани Жиналыс  бахаилардың  жергiлiктi жерлердегi қызметiн, жұмысын қадағалайды. Бұл жиналыс тоғыз адамнан тұрады. Олар қоғамның ересек мүшелерi арқылы  жыл сайын Ризван мерекесiнiң алғашқы күнiнде 21 сәуiрде сайланады. Сайланған мүшелердiң қағаздарын Рухани Жиналыстың бұрынғы мүшелерi бекiтедi. Сайланған Рухани Жиналыстың мүшелерiнiң ерекшеленетiн басты қасиеттерiнiң бiрi: рухының тазалығы, Құдайдан басқасының бәрiнен безiне бiлу, Оның ең жоғарғы табалдырығында қызмет ету мен қиын жағдайдағы төзiмдiлiк.  Бұл жиналыстың мiндетi балаларды оқыту, адамдарды тәрбиелеу,   әлсiздерге өол ұшын беру, кедейлерге көмек көрсету. Соңғы санақ бойынша әлемде жиырма мыңдай жергiлiктi Рухани Жиналыстар қызмет етедi.

Бахаилардың жергiлiктi жерлердегi қызметiн қадағалау, ұлттық сипаттағы мәселенi шешу   “Ұлттық Рухани Жиналыстың”мiндетi  болып табылады.

Әр  елдегi Жергiлiктi Рухани Жиналыстардың жұмысын тоғыз адамнан тұратын Ұлттық Рухани Жиналыс байланыстырады. Бұл ұйым  жергiлiктi  бахаи қоғамдарының өкiлдерiнен жiбiрiлген делегаттардың даысымен жыл сайын сайланады. Барлық делегаттар бас қосатын Ұлттық Конвенция теңбе-тең өкiлдiк қағидасы негiзiнде сайланған құрамнан тұрады.

Ұлттық Конвенцияның мәжiлiстерi Ризван мерекесi кезiнде 21 сәуiрден бастап 12 күн бойы өтедi. Жаңа делегаттарды бұрынғы 9 адамнан тұратын Рухани жиналыс бекiтедi. Ұлттық Рухани Жиналыстың мiндетi – сан тармақты бахаи қызметiн үйлестiрiп, реттеп, көтермелеп отыру, сондай-ақ Ұлттық Рухани Жиналыс жергiлiктi жиналыстарға үнемi ақыл-кеңес берiп отырады.

 Бес жылда бiр мәрте  Ұлттық Рухани Жиналыстың мүшелерi тарапынан жасырын дауыс беру жолымен Бүкiләлемдiк Әдiлет Үйi деп аталатын Халықаралық жиналыстың мүшелерiн сайлайды. Бұл жиналыс халықаралық бахаи қауымдастығының жоғарғы органы  болып табылады. Ол Израильдiң Хайфа қаласында орналасқан. Барлық іс осы ұйымның қолына беріледі. Ол «Қасиетті Нұсқаның» айқын баяндарында айтылған заңдар мен ережелерді шығарады. Күрмеуі қиын мәселелерді осы орган шешеді. Дінді сақтаушы осы ұйымның басшысы.

«Кеңесшілер»- Бүкіләлемдік Әділет Үйі тарапынан әр бес жылда сайланатын белсенді әрі бахаилікке жан-тәнімен берілген тұлғалар. Қазіргі таңда кеңесшілер саны сексен бірге жетті. Бұлардан тоғызы аталмыш органда, Хайфада қызмет етеді. Қалған жетпіс екісі әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасайды.

    Бүкіләлемдік әділет үйі әлемдік деңгейдегі мәселелермен айналысады. Бұл ұйымның шешімін мойындаудан бас тартқан адам іріткі, алауыздық туғызуға бейім тұратын, арам ниетті, Құдай өсиетінен бас тартқан адам болып есептеледі.

Бахаилердің құдайға құлшылық үшін жиналатын жиналыстары әдетте жеке үйлерде немесе мекемелерде, жалға алынған жерлерде өткізіледі. Алайда Бахаулла келешекте әрбір қалада құдайды еске алатын «Машриқул-Азкар» деген орындар салынсын деп әмір еткен. Жиырмасыншы ғасырда әлемде осындай жеті орын салынды. Олар Кампала (Уганда), Чикаго (АҚШ), Панама-сити (Панама), Нью-Дели (Үндістан), Сидней (Австралия), Апия (Батыс Самоа) және Франкфурте-на-Майне (Германия) да ораналасқан. Ең алғашқы Машриқул-Азкар Ашхабадта салынған болатын. 1948 жылғы жер сілкінісінде қирап қалған. Бахаулланың айтуы бойынша Машриқ-ул-Азкар тоғыз қырлы ғимарат, ең биігінде күмбез бар, жобасы да, орындалу өнері де өте көркем болуға тиіс.

Құдай жазбаларын оқу Табыну Үйінің өз ішінде саз аспабының көмегінсіз әуезді үнмен оқылады. Бұл қызметті жергілікті Рухани Жиналыс  тарапынан тағайындалған комитет жүргізеді. Комитет дұға оқушыларды таңдап алады. Бұл ғимараттың есігі кез-келген адамға, оның дініне, тегіне қарамастан ашық.

Машриқул-Азкардың айналасында жетімдер үшін мектептер, тұрмысы нашарларға арналған ауруханалар, дәріханалар, еңбекке жарамсыздар үйі, жоғарғы оқу орнының ғимаратын және мейманхананы салу өсиет етілген.

Бахаулла өз ілімін ізбасарларына сөз арқылы және іс-әрекеттерімен таратуды уағыздайды. Бахаилер өз ілімдеріне қызыққан әрбір адамға үйретуден бас тартпайды, сондай-ақ қабылдатуға да зорламайды.

     Ең бір дамыған бахаи жамағаты Ташкент қаласында болатын. Бұлардың «Вахдат» (Бірлік) деген баспаханалары болды. Бұл жерден «Аль-Ислах» деген газеттері шығып тұрды. Негізін салушы Хажы Абдурахман Қари Саяхи Ташкенди. Осы жерден Бахаулланың  жазбалары мен дұғаларының жинақтары парсы және араб тілдерінде шықты.

     1895 жылы Ашхабатта бірінші Жергілікті Рухани Мәжіліске сайлау өткізілді. Жамағат Азиядағы алғашқы журнал «Хуршиди-Хаврды» (Шығыс Күні) шығарды. Жастар ұйымы құрылып, әйелдер комитеті жұмыс істеді. Ашхабаттағы жамағаттың дамығаны соншалық, бұл жер бахаи діни ілімінің орталығы халіне келді.1902 жылы Абдул-Баха Ашхабатта Табыну үйін тұрғызуға бұйрық береді. Бұл іс шараға бахаилер сонау 19 ғасырдаң 80 жылдарында қамданған екен. Бахаи көпесі, Бабтың немере ағайындары болып келетін Қажы Мырза Мұхаммед Таки осы жерден жер сатып алған. Бұл жерді Бахаулла одан Табыну үйін салу үшін сақтауын өтінген. Абдул-Баха орыс архитекторы Волковтың жобасын мақұл көреді. Алғашқы іргетасын қою салтанатына 1902 жылы қараша айында Түркістанның генерал-губернаторы Куропаткиннің өзі қатысады.

      Табыну үйінің салынуына бахаилер барлық-күш  жігерлерін аямады. Шоги Эффенді Ашхабаттағы бұл құрылысты Бахаи тарихындағы ең жарқын жетістіктердің бірі деп есептеді.

XX ғ. 20 жылдарында Ашхабаттағы бахаи жамағаты әлеуметтік жағынан жоғары деңгейдегі даму көрсеткішіне жетті. 1918 жылы әлемдегі ең алғашқы Табыну Үйінің құрылысы бітті. Кейінірек 1922 жылдарға қарай Табыну Үйінің бүкіл қосымшалары бітті. Бұл үй өз құрамында бақша, мәжіліс үйі,  қажылық үйі, емхана, қабір, кітапхана және оқу залын алып жатты. Екі мектеп, екі бала бақша жұмыс істеп тұрды. Алаңның жалпы көлемі 166 971, 5 кв. м. Бахаи мектептеріне кез-келген сенімдегі адамадардың балалары барып оқуына мүмкіндік болды. Бахаилердің осыншама еркіндікпен әрекет етулеріне Ресей өкіметінің өзі жағдай жасап берді.

Ресейдегі патшалық өкіметі құлап, орнына большевиктер билігі келген тұста да бахаилердің жалпы жағдайы жақсы болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында шіркеуге тиісті жерлердің халыққа қайтарылып, мектептерде діни білім беруге тиым салуы туралы декрет шыққанымен бахаилерге ешқандай қысым болған жоқ. Алайда 1922 жылы советтік ресми ақпарат құралдарында бахаилердің жастарды өз сенімдеріне тарту арқылы большевиктік идеяға кері әсер ететін әрекетке барып отыр деген мақала жарық көреді. Осыдан кейін бахаилердің әрекетіне соңғы нүкте қойылады.

1926 жылдары Ресейде Иран тектес бахаилерді елден басқа жаққа жер аудару басталды.Әртүрлі жиналыстар мен діни ғұрыптарға тиым салынды. Бұл кездері тек бахаилер емес, басқа да діни сенімдердің басына осындай зобалаңның келіп жатқан кезі болатын. Бахаилердің Ашхабатта шығатын “Шығыс Күні” атты журналдары қатты сынға ұшырап, ақырында жабылып тынды.

1928 жылы Жергілікті Рухани Мәжіліске Орта Азия және Кавказ жақтағы бахаилердің сайлауы өтеді. Осыдан кейін совет өкіметі олардың өкілеттігін шектеп тастайды. Яғни Бахаи жазбаларындағыдай қызмет ете алмайды. Бахаи мектептері жабылады. Дәл осы жылы өкіметтің бүкіл шіркеу, мешіт, синагогалар және басқа да ғұрыптық орындардың барлығының мемлекет меншігіне алынуы туралы бұйрық шығарады. 1930 жылы Шоги Эффенди АҚШ-тың Ұлттық Рухани Мәжілісін Совет өкіметіне шешімдерін қайта қарап, өзгерту жасауға шақырды. Алайда Совет өкіметінің шешімі өзгеріссіз қалды.

1934 пен 1936 жылдар аралығында қысқа бір үзіліс болды. Осы кезде діни ғимараттар сенушілеріне қайтарылған болатын. Ашхабаттағы Табыну Үйін бахаилер қайта қолдауына алады. Рухани Мәжілістерге сайлаулар өтіп, діни ілімдерін таратуды қайта жолға қоя бастайды. 1938 жылдарға қарай Жергілікті Рухани мәжілістер он төрт қалада болды. Соның ішінде Ашхабат, Баку, Бұхара, Москва, Ташкент және Тбилиси де бар. Ұйымдасқан бахаи топтары Ленинград, Батуми, Ереван, Самарқанд және басқа да он шақты қалада әрекет етті. Ең дамыған орталық ретінде Ашхабат қаласы қалды.

1938 жылда ақпан айында Ашхабаттың Жергілікті Рухани Мәжілісінің мүшелері түгелімен және тағы да 500 ге жақын бахаилер қамауға алынып, бүкіл әдебиеттер мен құжаттар тәркіленеді. Себеп, қылмыстық іске қатысты айғақтар табылады. Қамалғандардың  соңғы жағдайлары туралы дерек жоқ. Түрмеде жүріп өліп кеткен деген жорамал басым.

Ашхабаттағы Табыну Үйін өкімет өз меншігіне алып, мақта сақтайтын қоймаға айналдырады. 1948 жылғы жер сілкінісінен кейін Табыну Үйі қолдануға жарамсыз халге келеді. 1963 жылы оны бұзып тастайды.

1990 жылы қабылданған “Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” заң жобасы Бахаилердің қайта жандануына себеп болды. Осы жылы Жергілікті Рухани Мәжілістерге сайлау Ашхабат, Москва, Улан-Уде, Қазан, Оңтүстік Сахалин, Санкт-Петербург және Мурманскіде болды.1991 жылы мамырда кеңестер одағындағы бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісіне сайлау өтті. Бахаилер басқа елдегі сенушілерімен байланыс жасауға мүмкіндік алды.

1993 жылдың мамырында кеңес одағындағы бахаилер 30 жыл дегенде бірінші рет 170 елдегі сенушілерімен бірге Хайфада Бүкіләлемдік Әділет Үйіне өткен сайлауға қатысты. 1994 жылы орталық Азиядағы әр бір республиканың бахаилері өздерінің Ұлттық Рухани Мәжілістерін сайлады. Қазіргі кезде бұрынғы кеңес одағындағы сегіз басқарушы орган өздерінің бауырлас  мәжілістерімен (164 елдегі) бірге қызмет етуде.

Бахаилердің Қазақстанға келгенге дейінгі тарихына қысқаша шолу жасалды. Бұл ағымның біздің елдегі тарихына келетін болсақ, Ресейдегі қазан төңкерісінен кейінгі жылдардың алғашқы кездерінде Лениннің декретіне сай тұтас  Түркістан республикасы автономдық орта азиялық республикаларға бөлініп кетті. Бұл жағдай бахаилердің бір-бірімен тығыз байланыста болуына үлкен кедергілік жасады.1938-39 жылдары кейбір Азия республикалары мен Кавказ аймақтарынан бахаи сеніміндегі адамдарды Қазақ Совет Социалистік Республикасының қалалары мен елді мекендеріне жер аударады. Азербайжан, Түркменстан, Өзбекстандағы көптеген бахаи жанұялары Петропавл, Ертіс, Павлодар, Шелек және басқа қалаларға орнықтырылады. Жалпы алғанда бахаилердің біздің елге тікелей келу тарихы осы жерден басталады.

Бахаи орталығындағы сақтаулы тұрған күнделікте Павлодар облысына жер аударылған  бір бахаи жанұясының сол кездегі өмірлері жайлы айтылады. Бұл күнделік Али Мангули ұлы Мырза Ахметке тиісті екен. Мырза Ахмет әйелі және бес баласымен Түркменстанның Теджен деген қаласында тұрған. Ол жерде Жергілікті Рухани Мәжіліске мүше болады. Діни ілімнің жайылуында үлкен қызметтер еткенге ұқсайды. 1938 жылдың 6 ақпаны күні түнде Мырза Ахмет пен оның ұлдары тұтқынға алынады. Осы жылы оларды басқа бахаи жанұяларымен қоса ҚазССР-на жер аударып жібереді. Алғашында олар Павлодарға жақын маңдағы совхозда тұрады да, кейін Павлодарға ауысады. Соғыс басталған тұста көптеген жанұяларын Ертіс районына қоныстандырады. 1942 ақпанында Мырза Ахметті басқа бахаилермен қоса қайта тұтқындайды және Павлодар абақтыларына апарып қамайды. Әкесі қамалғаннан кейін Али Ахмедов НКВД-ға барып есеп беріп тұруға мәжбүр болады. Али Ахметовтің осы күнге дейін сақталған күнделігінен біз мына сөздерді оқи аламыз: «Бүгін мені тағы да НКВД шақырды. Павлодардан келгендер әкем туралы сұрады (бахаилер туралы). Олардан кімдерді білетіндігім? Өзім соған сенемін бе  жоқ па? Бұл діннің мақсаты не? Тағы басқалар.»

Али Ахметов 1942 жылдың қазанында әкесі Мырза Ахметтің түрмеде жатып қайтыс болғаны туралы хабар алады. Алайда Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) оны тергеуін тоқтатпайды. Одан Бахаулла, Шоги Эффенді жайлы сұрайды. Шпион болып жұмыс атқаруды ұсынады. Али Ахмет барлығынан бас тартады. Соңында оны да апарып қамап тастайды. Қамауда жатып Али Ахметов Н.С. Хрущевқа өзінің жазықсыз қамалғаны жайлы хат жазып оның ісін тікелей өзі бақылауын өтінеді. Хат тиісті жеріне жетті ме әлде жоқпа ол жағы белгісіз. Әйтеуір, көп ұзамай Али Ахметов қамаудан босатылады.

Ертіс районына жер аударылғандардың арасында Забиулла Мурадовтардың да жанұясы бар. Забиулла Дебаи Мурадов Туркменстанда туылып, өскен. Бұл кісі финанс техникумын бітірген. Орыс тіліне жетік. Үйленіп, бір қызы болады. 1938 жылы оны әкесімен бірге қамауға алады. Бүкіл туыстары, сондай-ақ әйелі де халық жауы деп теріс айналып кетеді.

Бұл кісінің тарихын Бахаи  орталығында қызметкерлер оның асырап алған қызынан естіп жазып алған екен. Осыған ұқсас әртүрлі бахаи жанұяларының тарихы бахаилер орталығында сақтаулы тұр.

1945-1953 жылдары бахаилер үшін жер аударылудың жаңа бір кезеңі басталды. 1950 жылы Алматыдағы Шелек ауылына жеті жанұя, атап айтатын болсақ Кашкули, Абдуллаевтар, Садыш, Фарзи, Исмаиловтар және басқалар. Қазақстанға жер аударылғандардың барлығы өздерінің айтуларына қарағанда қандай жағдайлар болмасын өз сенімдеріне берік болып, сол бойынша өмір сүрген. Алайда мұны ешкімге білдірмеген. Жанұядағы балалар бахаи сеніміне сәйкес тәрбие алған. Кездесулер мен әртүрлі бахаи мерекелері мүмкін болған жерде аталып өтіліп отырған. Шіліктегі бахаи жанұялары 1950 жылдары жасырын түрде жиналып, діни уағыздарын жасап тұрған.

     Тахир Абдуллаев деген Әзірбайжаннан жер аударылған бахаи азаматы Сталиннің тұсында өте қиын болғандығын, одан кейін Хрущев кезінде де солай болғанын тілге тиек етеді. Брежневтің кезінде біршама еркіндік болғанға ұқсайды. Мерекелер аталып өтіп тұрған. Тіпті Абдул-Баханың суреттері қабырғаларымызда асулы тұратын еді деп еске алады.

     1954 жылы жер аударылғандардың барлығына кешірім жасалады дағы, елдеріне оралуларына рұқсат беріледі. Осы кезде көптеген бахаи жанұялары өз елдеріне оралады. Алайда олардың  бір бөлігі ҚазССР де қалып қояды.

     1960 жылдары Қазақстандағы бахаилер үшін қуғын-сүргін әрекеттері тоқтады. Шілік, Ертіс, Павлодар, Петропавл және Алматы қалаларындағы бахаилердің одан әргі тағдырлары әртүрлі болды. Кейбіреулері өз туған елдеріне оралып, кейбірі осы жерлерге сіңісіп кетті. Алайда олардың басым бөлігі өздері келген Баку, Гянджи, Тбилиси, Түркменстанға қайтып кетті.

     Қазақстанда орнығып қалғандары осы жерде жұмыс істеп, бала тәрбиелеп, өз діни сенімдерін қолдарынан келгенше ұстанды. Біздің елдегі бахаилер өзараларында бас қосулар өткізіп, қасиетті күндері мен мерекелерін атап өтіп отырған. Алайда діни ілімді таратумен шұғылданбаған. Бұл үшін олар тиімді сәтті күтумен болған.

     1963 жылы Бүкіләлемдік Әділет Үйі құрылғаннан кейін Азербайжан, Армения, Грузия, Түркменстан сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы бахаи орталықтары қайта қалпына келтірілді. Кеңестер Одағындағы көптеген ұйымдар 70-80 жылдарға дейін қалпына келтіріліп болды.

     Алматыдағы бахаи ұйымы 1975 жылдан бері қызмет етіп келеді.Бұл ұйымның құрамында сол бұрынғы жер аударалып келген бахаи жанұялары және солардан туған балалары болды. Бұлар бахаилердің қасиетті күндері, соның ішінде он тоғызыншы күнді ерекше атап өтіп отырған.

      Тікелей осы ұйымның негізінде Қазақстан тарихындағы алғашқы бахаилердің Жергілікті Рухани Мәжілісі 1990 жылы Алматыда сайланды.

     Бахаилердің 1990 жылдан кейінгі тарихына келетін болсақ,1991 жылы Совет Өкіметінің Жоғарғы Кеңесі діни сенім бостандығы туралы жаңа заң қабылдады. Сәл кейін Жоғарғы Кеңес «Діни еркіндік туралы» жарлық шығарады. Бұл Кеңестер одағындағы дінге еркіндікті берген тұңғыш жарлық болатын. Бұл бойынша әрбір азамат өзі қалаған дінді ұстануға құқылы. Осы заң жобасы әдебиеттер шығаруға, меншікке ие болуға, сондай-ақ әртүрлі діни іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді.

     1991 жылыдң мамырында Москвада Олимпиада қалашығында алғашқы (және соңғы) Кеңес Одағындағы бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісіне сайлау өтті.Рухани Мәжіліске сайланатын 19  делегаттардың ішінде Алматылық  бахаи де болды.

     1991 жылы тамыз оқиғасынан кейін ТМД елдерінде жаңа шекаралардың пайда болуы жаңа бес аймақтық Рухани Мәжілістердің құрылуына себеп болды. Бұл Рухани Мәжілістер Балтық елдері, Ресей, Грузия, Армения, Украина, Беларусия, Молдавия, Азербайжан және Орта Азия Республикалары мен Қазақстан үшін сайланды.

     1992 жылдың ақпанында қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң жобасынан пайдаланып Алматы қаласының Жергілікті Рухани Кеңесі Әділет Министрлігінен тіркеуден өтті. Осы кезден бастап Бахаи сенімі заңды түрде әрекет етіп отырған Қазақстандағы көптеген ұйымдардың бірі болып табылады.          Содан бері бұл ұйым өз қатарларын жаңа адамдармен толықтырып келуде.

     1992 жылдың қарашасында Американың Нью-Йорк қаласында Бахауланның көкке көтерілгенінің (қайтыс болуының) 100 жылдығына орай Бахаилердің екінші халықаралық конгрессі болады. Бұл конгресске әлемнің 170 елінен 30.000 дай бахаилер жиналады. Осы сәтте әлемнің барлық континенттерінде спутниктік жүйе арқылы конференциялар болып жатты. Соның ішінде Мәскеудің «Останкино» телемұнарасы арқылы Нью-Йорктен және тоғыз қаланы, атап айтатын болсақ Москва, Бухарест, Нью-Дели, Найроби, Сидней, Панама-Сити, Самао, Сингапур және Нью-Йорктің өзін де қамтыған тікелей телевизиялық көрсетілімге ТМД елдерінен 300ге жақын бахаи сенімін ұстанушылар қатысты. Бұл Мәскеудегі оқиғаға Алматы және Жамбыл жамағаттарындағы бахаилер де шақырылды.

 1992 жылы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында бұл ағымның жергілікті Рухани Кеңестері ашылды. Ол кезде бұл кеңестер біздің елдің мына қалаларында орналасқан: Көкшетау, Өскемен, Семей, Қостанай, Рудный, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Сары-Кемер, Қарағанды, Теміртау, Ақмола, Жезқазған, Сәтпаев, Шымкент және Қызыл-Орда. Бұл ұйымдардың қызметіАлматыдағы Жергілікті Рухани Мәжіліс тарапынан бақыланып басқарылып келеді.

     1993 жылдың мамырында Қазақстандық бахаилердің аймақтық Рухани Мәжіліс мүшелерінің барлығы әлемдегі діндес бауырлары мен бірге Хайфада бахаилердің жетінші халықаралық съезі кезінде өткен Бүкіләлемдік Әділет Үйінде болған сайлауға қатысты. Хайфаға Қазақстаннан делегат ретінде Алматы қаласындағы жергілікті Рухани Кеңестің мүшесі, Түркменстаннан жер аударылған бахаилердің бірінің немересі болып келетін Зиятдин Мадиев жіберіледі.

     Қазақстандағы Бахаилер үшін 1993 жылдың маусымы ерекше кезең болып есептеледі. Осы жылы Қазақстьанға Бахаи сенімінде ең үлкен дәрежеге ие, бахаи діни ілімін уағыздауғы үлкен қайрат көрсетіп жүрген Бахаулланың немересі Шош Эфендінің жесірі Мери Максвелл Раббани келеді. Бұл кісі Ғылым Академиясында өткен «Адамзат Бірлігі»  конференцияға қатысады.

     1994 жылдың қаңтарында Алматыдан әртүрлі діни сенімдер жайлы Рита Жугунусованың «Шіркеуге барар жол» (Дорога к храму) атты авторлық бағдарламасында Бахаи сенімі жайлы да көрсетіледі.

     Бахаилердің айтуынша бағдараламада Бахаи сенімі жан-жақты, жағымды әрі «нағыз піскен толыққанды сенім» ретінде көрсетілді дейді. Бұл бағдараламада Бахаулланың өміріне қатысты, сенімнің тарихына қатысты фильмдерден үзінділер көрсетілген. Дәл осындай бағдараламалар 1993 жылдан бері қарай Ақмола, Сәтпаев, Қарағанды, Қызылорда, Рудный, Павлодар, Өскемен, Семей секілді қалаларда да көрсетілген. Бағдарламада жергілікті бахаилердің өмірі жайлы сондай-ақ белгілі бахаи қайраткерлері мен болған сұхбаттар көрсетілген. Бұл іс-шаралардың барлығы осы діни ілімнің Қазақстан бойынша танымал болуына өз септігін тигізетінішындық. Республика көлеміндегі «Казахстанско-Российская», «Караван-блиц» сондай-ақ Қызылорда, Қарағанды, Ақтау, Шымкент, Теміртау, Атырау, Павлодар, Қостанай қалаларының жергілікті басылымдарында Бахаулланың іліміне қатысты  мақалалар жарық көрген.

     1994 жылдың сәуірінде Орта Азияның барлық республикалалары мен Қазақстанда Ұлттық Рухани Мәжілістерге сайлаулар өтті. Сәуірдің 29 мен 30 жұлдыздары арасында Алматыда, Ғылым Академиясының қысқы бағында елдің әр қаласынан келген 19 делегат жасырын дауыс беру арқылы Қазақстанның бахаилер билеушісін Ұлттық Рухани Мәжілісін сайлады. Бұл шараға қонақ ретінде көрші республикалардан Түркменстан мен Қырғыстанның бахаилері қатысты. Алматыдағы Бахаи орталығының қызметкерлерінің атуынша бұл басқосу ешбір саяси мәнде болған жоқ, керісінше бірлік пен руханилікке негізделді дейді.

     1994 жылдың қараша айында «Новое поколение» газетінің редакциясында Пакистандық бахаи, жазушы, ақын, профессор Сабир афаги деген кісімен кездесу болады. Бұл кісі 20дан астам еңбектің авторы. Осы келісінде Самарқан, Бұхара, Бишкек және Алматыдағы Университеттерде лекция оқыған.

     1994 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстанның Әділет Министірлігі тарапынан Қазақстан бахаилерінің Ұлттық Рухани Мәжілісінің жарғысы (устав) бекітілді.

     1995-1996 жылдар аралығында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қарқаралы, Қаскелен, Кентау,Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Лениногорск, Петропавл, Рудный, Теміртау, Шымкент, Орал, Өскемен қалаларының бұқаралық ақпарат құралдарында Бахаи сенімі жайлы мақалалар жарық көрген. Бахаилікке қатысыт телевизиялық көрсетілімдер Алматы, Қарағанды, Кентау, Талғар, Шымкент қалаларында көрсетілген.

     1995 жылы БҰҰ-ның ұйымдаситыруымен Пекинде Бүкіләлемдік Әйелдер Форумына әлемнің 50 елінен келген бахаилер арасында Қазақстандық бахаилер де болған. 1996 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Бахаилерінің Ұлттық Рухани Мәжілісі және бұрын тіркеуден өткен 17 жергілікті Рухани Мәжілісі қайта тіркеуден өтті. Осы жылы Франция елшілігінің бірінші кеңесшісі Қазақстан Бахаилерінің Ұлттық Кеңесінде достық сипатта болып кетті. 1996 жылы Қазақстанның танымал адамдары бахаилермен ресми сондай-ақ бейресми түрде таныс болды. Бұлардың ішінде президент камералық оркестрінің жетекшісі Айман Мусаходтаева, тұңғыш космонавт Тоқтар Аубакировтер бар. Естелік ретінде барлығына бахаи іліміне қатысты кітаптар сыйға тартылған. Бахаилердің қатысуымен Алматы, Ақтөбе, Ақсу, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Степногорск, Өскемен, Теміртау қалаларында қоғамдық іс-шаралар өткен. 1917 жылы Қызылорда қаласында өткен концертке қала әкімшілігінің рұқсатымен қатысып, діни ілім 600 көрерменге таныстырылған. Темірьау қаласында да 1000 нан аса көрерменге концерт берген. Концерт қалалалық Мәдениет Сарайында өткен. Концерт соңында Бахаи діни ілімі жайлы мағлұмат берілген.

1998 жылдың қараша айында Мәскеуде Бахаилердің қасиетті кітабы болып саналатын «Китаби-Ақдас» орыс тіліне аударылуына байланысты презентация болды.Қазіргі таңда осы кітап Қазақстандағы бахаилердің кітапханаларын безендіріп тұр.

     Жоғарыда аталғандармен қоса Қазақстан Бахаилері өз ұйымдары арасында қасиетті күндері мен мерекелерін атап өтіп отырады. Бұл іс-шараларға кез-келген адам барып қатыса алады. Сондай-ақ әр жылы 21 сәуір күні бахаилер тұрып жатқан аймақтарда сенушілер саны 9дан асса жаңа Жергілікті Рухани Мәжіліс, ал мамыр айында Ұлттық Рухани Мәжіліс сайланады.   

Қазақстандағы Бахаи ағымының таралу ерекшелігіне келетін болсақ, бүл ағымның басқа діни ағымдармен     салыстырғанда кейбір ерекшеліктері бар. Бахаилердің діни ілімдерін     насихаттау барысында кришнаитттер, иегово куәгерлері секілді көше-көшелерді, үйлерді аралап адамдарды үгіттеп жатқанын кездестірмейсіз.Өздерінің айтуларына қарағанда діни ілім мүндай әрекетті құптамайтын секілді.Бахаилердің өз ілімдерін насихаттау барысында атқарып жатқан іс-шаралары Алматы қаласындағы орталықтары болып табылатын Ұлттық Рухани Мәжілістің кеңсесінде сақтаулы тұр. Қазақстандағы барлық жергілікті және ұлттық бахаи мәжілістері өздерінің атқарып жатқан қызметтері жайлы осы орталыққа есеп беріп отырады. Қазақстан бахаилерінің  діни ілімдерін насихаттау жолында атқарып жатқан іс-шаралары туралы келтірейін деп отырған айғақтар осы орталықтан алынған мәліметтер мен жеке зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде баяндалатын болады.  

Халықаралық Бахаи Қауымдастығының еңбегімен «Одна страна» деген атаумен бес тілде халықаралық бюллетен шығарылады. Қазақстанда 1995 жылдан бастап танымал адамдарды осы бюллетенге тегін жазу жобасы іске асырылған. Жазылғандар Бахаи ілімі жайлы мол мағлумат алумен қатар БҰҰ-дың соңғы жаңалықтарымен жалпы әлемде бахаилер тарапынан атқарылған әлеуметтік-экономикалық іс-шаралармен таныс болады.

1994 жылы Қазақстан Бахаилерінің Ұлттық Рухани  Мәжілісі ішінде әртүрлі жаңалықтарды қамтитын бюллетен шығаруды бастады. 1995 жылдың тамызынан бастап бюллетен ай сайын шығарылып, әр аймақтағы бахаи орталықтарына жіберіліп отыр. Дәл осы жылы айтылған бюллетен негізінде Бүкіләлемдік Бахаилер орталығы тарапынан жіберілетін «Виноградник Господа» және «Хукукулла» осы атаумен  орыс тілінде таратылады. Көптеген Жергілікті Мәжілістер өздерінің жергілікті бюллетендерін шығарады. 1997 жылдан бастап Ұлттық бюллетен ТМД елдерінің барлығына тарала бастаған . Қазақстан бахаилерінің жамағаты ТМД елдерінің, атап айтсақ Белоруссия, Россия, сондай-ақ Индия мен Американың бюллетендерін алады.

Қазақстан Бахаилерінің діни ілімді уағыздау барысында атқарып жатқан еңбектерінің басында Бахаи іліміне қатысты кітаптарды тәржімелеу келеді.1990жылдардың басында қазақ тіліне сегіз кітап аударылған. Бұлардан екеуі 1994 жылдың ішінде жасалған. Бұл кітаптар мыналар: «Бахаулланың Асыл сөздері», «Бахаи Дұғалары», «Бахаулла», «Бахаулла және Жаңа Дәуір» Дж. Э. Эсслемонт, «Бейбітшілік Жолдауы», «Жаңа бақ»Х. Фатхи Ағзам, «Махаббат раушандары», «Қысқаша Бахаи сенімі жайлы»К.Каземзаде. Бұған қоса қазақ тіліне «Бүкіләлемдік дін Бахаи» атты памфлет аударылып жарық көрді. 1995 жылдың ішінде Шоги Эффендінің «Халықтарға Үндеу», «Бахаи сенімі» және «Бахаилердің әкімшілік тәртібі» атты еңбектері орыс тіліне тәржіме етілген. Сондай-ақ «Бахаи сенімі» атты еңбек ұйғыршаға аударылған. 1996 жылы Дж.Э. Эсслемонттың «Бахаулла және Жаңа Дәуір» атты еңбегі орыс тілінде жарық көрді.  1997 жылы 4 кітап («Асыл сөздер», «Бахаулла және жаңа дәуір», «Бахаула жазбаларынан») қазақ тіліне аударылып қажетті толықтырулар жасалынған. Сондай ақ «Өнегелілік сабақтары» атты кітап Қазақстанның Батыс және Оңтүстік аймақарында адамгершілік, инабаттылық дәрістерін жүргізу мақсатында қазақшаға тәржіме етілген. Ағылшын тілінен орыс тіліне «Радость распространения» атты кітап аударылып басылып шықты.

     1997 жылы орыс тілінде «По материалам Рухи», «Радость распространения» (2 бөлім), 6000 тиражбен шықты. Бахи сеніимі туралы памфлет қазақ және орыс тілдерінде 10000 дана мен жарық көрді. 1998 жылы орыс тіліне 3 кітап («Молитвы Бахаи», «Община Бахаи: основания, цели, намерения», «Сокровенные Слова Бахауллы»), қазақ тіліне «Париждегі сұхбаттар» атты  Абдул Баханың кітабы аударылды. Осылайша 1994 пен 1998 жылдар аралығында Қазақстанда Бахаилердің Ұлттық Мәжілісінің күшімен 10 кітап аударылып, 11 кітап жарық көрген.

     Статистикалық мәліметтерге қарағанда қазіргі кезде бұрынғы Кеңес Одағының тұсындағы 15 басқарушы орган әлемде 179 елде орналасқан Рухани Мәжілістермен тығыз байланыс орнатқан. 13 232 Жергілкті Рухани Мәжілістрдің қызметін қадағалап отырады.

     Жастарға рухани тәрбие беру барысында атқарылған көптеген әлеуметтік іс шараларға Қазақстан Бахаилері белсенді түрде қатысып келеді. Бахаилрдің жастарды тәрбиелеу мәселесінде мұндай белсенділік танытуларының өзіндік себебі де бар. Өйткені жастар болашақтың кепілі. Олаға қандай тәрбие берсең келешекте сол алған тәрбиенің негізінде қызмет ететін болады. Бахаилер осы мүмкіншілікті мүлт жібермей, қолдан келгенше өз ілімдері жайлы көбірек мағлұмат беруді көздейді. Болашақта өздерін қолдап қуаттаушыларды осы әдіс арқылы жинап, қамдануда. Сондықтан Қазақстан Бахаилерінің Ұлттық және Жергілікті Рухани Мәжілістерінде балалар мен жастарға адамгершілік, инабаттылық дәрістерні оқыту жобалары жасалған. Балаларға тәрбие беру сабақтары (Бахаи іліміне негізделген) жэалпы алғада барлық бахаи жамағаттарында жолға қойылған.

     1994 жылы балалар сыныбы Қазақстандағы 8 Мәжілісте жүргізілсе, 1995 жылы 11, 1996ж.14, 1997ж.16 Мәжілісте жүргізілген. 1997 жылдың ақпныда балаларға білім беру жөніндегі Ұлттық Комитет Қазақстан жастарына моральдік- адамгершілік тәрбие беру жөнінде «Мона» атты ұйым ашады. Бұл ұймның бағдарламасына «52 ізгі жандар» атты кітаптан балалардың апталық, жексембілік  кластары, бала бақшаларға арналған сабақтар, мектептерде және кәсіптік мектептерде тәрбиелік сипаттағы дәрістер жүргізу енгізілген. Бұл ұйымға Қазақстан Бахаилерінің 11 Мәжілісі қатысқан.

     Бахаилерді жалпы әлемдік масштабта қарайтын болсақ әлемнің көптеген жерлерінде Бахаи ілімі негізінде жастарға адамгершілік-рухани тәрбие беру барысында қалаптастырған мектептерін көруге болады. Бахаилер сауатсыздықты жою жолында көптеген бағдарламалар жасаған. Қазақстанның өзінде Ұлттық Мәжілістің мәліметтеріне қарағанда Семей, Өскемен, Павлодар, Алматы, Қарағанды және еліміздің басқа да қалаларында жалпы білiм беру мектептеріндегі бастауыш сыныптарға адамгершілік сабақтарын жүргізу жөнінде істер атқарылып жатқанға ұқсайды.

     Бахаилерде  өз діни ілімдерін нсихаттау барысында өз сенімдеріндегі атақты адамдарын шақыртып жалпы халықпен кездесу ұйымдастыру жүйелі түрде жолға қойылғанға ұқсайды.

     1997 ж. Сәуір айының 21 мен 24 жұлдыздары арасында Алматы  қаласында «Жер планетасындағы адамның экологиялық методологиясы» атты бірінші халықаралық конгресс болды. Осы Конгрессте 2- болып сөз алған Артур Дал БҰҮның қоршаған ортаны қорғау бөлімінде қызмет атқаратын Бахаи ғалымдарының бірі болып табылады.Сондай-ақ “Қоршаған ортаны қорғауға Бахаилердің қосқан үлесі” атты тақырыпта тағыда бір бахаи Дилафруз Насимова баяндама жасады. Қазақстанда алғашқы рет ғалымдар алдында бахаилердің атқарып жатқан істері жайлы жасалған баяндама осы болды. Конгресс барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі бахаи кітаптарының көрмесі өтті. Конгресстен кейінгі күндері (29-30 сәуір) бахаи ғалымы Артур Далмен сол кездегі экология министрі Баев. Н.И, қалалық әкімшіліктің діни істер бөлімінің меңгерушісі Иванов    В.А және Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының бұрынғы директоры архитектор Төлебаев А.М-лардың кездесулері болды. Сол кездегі еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Коржова, хабар агенттігінің президенті Дариға Назарбаеваларға бахаи ілімі жайлы мағлумат берген. А.Далдың бахаи ілімі туралы сұхбаттарын “Мир” телекомпаниясыкөрсеткен. Сондай-ақ Артур Дал мырза Эко-курьер” және “Экспресс К” газеттерінің корреспонденттерімен кездесті. Қазақстан Бахаилерінің Ұлттық Рухани Мәжілісінің  мүшелерімен және осы қаладағы сенушілерімен кездесу өткізді. Осы жылы Мәскеулік бахаи сеніміндегі белгілі психолог Хамид Пезешкян Алматы қаласына келеді. АлматыМемлекеттік Медициналық Институтында оқытушы және студенттерге лекция оқиды. Бұл кісі Бахаи ілімінің Ресейде дамуына үлкен үлес қосып жүргендердің бірі.

Бахаилер діни ілімдерін таратуда негізінен жастардан тиімді түрде пайдаланып келеді. Сондықтан болу керек ұйымға жастар жағынң көптеп тартылғанына мүдделі. Бұлар Бахаи ілімін әе, биарқылы насихаттауды тиімді жолға қойған. Бұған дәлел ретінде Алматы, Көкшетау ,Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларындағы жастардың көпшілік алдында қойған концерттерін келтіруге болады. Балалар үйінде, интернаттарды, мектептер мен Мәдениет сарайларында осындай іс-шаралар жиі-жиі өткізіліп тұрады. 1996 жылдың тамызында негізі қаланған Қазақстан Бахаилерінің Ұлттық Жастар Комитеті өзінің алдына өнерлі жастарды іріктеп алып, солар арқылы діни ілімдерін насихаттауды мақсат етіп қойған. Бұл міндет жергілікті мәжілістер арқылы әр-түрлі іс-шарлар ұйымдастыру арқылы шешіледі. Жастарды іріктеп алып топтар құру Қазақстанда 996 жылдың жазынан бастап қолға алынған . Бұл топтарда негізінен өнерлі жастар қызмет етеді. Бахаи орталығындағылардың айтуына қарағанда жастар өз өнерлерімен бір Құдайға сенуді, адамның рухани кемелденуді, адамзат бірлігі мен теңдігін насихаттайды. Ішімдік пен нашақорлық, терс қылықтарға деген наразылықтарын көрсетеді.

Әрбір ұйымның өз “шеберханалары” болдады. Жастар осы шеберханаларда әртүрлі бағыттар, атап айтсақ: би үйірмелері, драма, хор айтатын топтар , ағылшын тілі үйірмелері және көркемөнер туындылары бойынша жұмыс жасайды. Жастардан құралған бір өнерлі топтар өз ұйымдарымен қоса қала ішінде де концерттер, әртүрлі іс-шаралар өткізіп өткізіп тұрады. Алматы қаласындағы бахаи шеберханасы  1996 жылы Бишкек қаласында өткен әйелдер мәселесі жөніндегі Симпозиумға екі би композициясын ұсынды. Дәл осы жылдың жаз айында би бағдарламасы бойынша АҚШ тың Миннесота штатының бахаи шеберханасы Қазақстандық діндестерінің шеберханасында қонақта болды.

 Жалпы алғанда Қазақстан Бахаилері өздерінің сырт елдердегі діндестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бахаи ілімі 1993 жылдан  бері қарай Қазақстанда айтарлықтай дәрежеде дамып, танылып келеді. Бахаилер әртүрлі ғылыми конференцияларға, әлеуметтік іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Жағдайы төмендерге қол ұшын беру, қайырымдылық іс-шаралар өткізу, көпшілікке концерттер беру бахаилердің діни ілімді насихаттаудағы ұстанатын ең негізгі принциптері болып табылады.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Пайдаланған әдебиет тiзiмi