АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Банк қызметін реттеудің құқықтық негізін жетілдірудің кейбір мәселелері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….3-5

 

1-тарау.  Банктік құқық және банк жүйесінің

теориялық аспектілері………………………………………………………..6-27

  • Банктік құқық: қажеттілігі, әдістері мен жүйесі………………………6-11
  • Банк жүйесіндегі банктік құқық қатынастарының

қалыптасуы және дамуы……………………………………………………………11-18

  • Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу………………………….18-27

 

2- тарау.  «Альянс банк»  АҚ-ң  банктік

операциялық  қызметінің құқықтық негіздері……..28-63

2.1 «Альянс банк»  АҚ-ң қызметіне жалпы сипаттама………………………………………………………………………………….28-41

2.2 «Альянс банк»  АҚ құқыққа сәйкес операциялық

қызметін талдау………………………………………………………………………..41-51

2.3 Банктерінің несиелік операциялық қызметін құқықтық

реттеу негіздерін талдау……………………………………………….. …………51-63 

 

3- тарау. Банк қызметін реттеудің құқықтық негізін

жетілдірудің кейбір мәселелері…………………………………….64-74

3.1 Заман талаптарына сай «Альянс Банк» АҚ  

әрекетін  жетілдірудің негізгі бағыттары……………………………………64-70

3.2 Банктік қызметті құқықтық реттеуді жетілдіру…………………….70-74

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………75-80

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ…………………………………..81-82

 

ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………………………..83-85  

 

 

Кіріспе

 

Банктер – нарықтық механизм жүйесіндегі орталық звеноларының бірі болып табылады. Олардың қарекетінің дамуы – нарықтық механизмді құрудың қажетті шарты. Экономикалық қайта құру прцесі банктік жүйенің қалыптасуынан басталады. Бұл сала осы уақытта да жоғарғы қарқынмен даму үстінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызындағы   Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барына қабілетті елу  елдің қатарына кіру стратегиясы» атты  Жолдауында: «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік –экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың  жаңа  кезеңіне қадам басқалы тұр» деп еліміздің дамуы  болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын  айта кетті.

Сондай-ақ, «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық таулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті  ел болуын қалаймыз».

«Біздің қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады,қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикағакіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді» деген жолдарын ерекше атап өтуімізге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында қаржылық сектор, оның ішінде банктік сектор мәселелері жөнінде былай пайымдаған болатын:  «Қаржылық сектор, оның ішінде банктік сектор мәселелері жөнінде былай пайымдаған болатын: Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органдардың келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғаламен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт»./2/

Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы қызмет ететін банктік жүйенің не бары он бес жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа сай етіп жүргізілуін қамтамасыз ету екені жасырын емес. Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банк стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай несиелік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас салаларының бірі. Екі деңгейлі банктік жүйе халық шаруашылығын жетілдіруді қамтамасыз етуде маңызды. Есеп айырысу, салымдық, несиелік және өзге де операциялар түрлерін оындай отырып банктер қоғамдық-қажетті функцияларды орындайды. Сонымен қатар, өзге де коммерциялық кәсіпорындар қызметі тәрізді банк қызметі көптеген тәуекелдерге барады және сондықтан да көптеген елдерде бұл қызмет қатаң реттелетін кәсіпкерлік түрі болып саналады.

Банктік жүйенің тиімді қызмет атқарылуына, банктік операциялар мен қызметтердің ашықтылығына, заңдығына әрі тиімділігіне тек банк жүйесінің негізіндегі банктік құқық пен заңнама ережелерін сауатты пайдалана білгенде ғана қол жеткізе аламыз.

Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және рыноктік үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.

Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іспен банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттйді.

Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.

Банк жүйесінеде банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық, кедендік және т.б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу  әдісін пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1 наурыздағы халыққа жолдауында атап көрсеткендей бәсек қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу үшін, банктік қызмет көрсетулерді одан әрі жетілдіру шарт болып табылады.       Осыған байланысты диломдық жұмыс тақырыптың өзектілігін банктік қызмет лицензияланатын қызмет түріне жататындықтан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк саласындағы заңнамалық база негізінде жүзеге асырылатындықтан осы банктік қызмет көрсетулердің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз етуден көруге болады.

Дипломдық жұмыс мақсаты: нарықтық экономикамыздың дамуында  маңызды орындардың бірін алатын банктік жүйенің банктік құқықтық реттелуін қарастыру және банктік заңнаманы жан-жақты меңгере отырып өз қызметін жүзеге асыру ерекшеліктерін талдау.

Осы қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесідей міндеттер көрсетілген:

  • банктік құқық қажеттілігін, әдістері мен жүйесінің мәнін ашу;
  • банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастардың қалыптасу мен даму жағдайын қарастыру;
  • банктік қызметті ұйымдастыру мен реттеудің теориялық негізін қарастыру;
  • банктік құқықтың тәжірбиеде жүзеге асырылу жағдайын «Альянс Банк» АҚ мысалында қарастырып, оның операциялық қызметіне талдау жасау;
  • Отандық банктердің несиелік операцияларын құқықтық реттеу жағдайына талдау жасау;
  • жүргізілген талдауларға сүйене отырып, банк қызметін құқықтық реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну.

Зерттеу пәні болып халыққа қызмет көрсету нарығындағы банктік қызмет көрсетулердің құқықтық негізі.

Зерттеу объектісі: банктік қызмет көрсету саласындағы банктік операцялардың құқықтық реттеудің әрекет етуші тәжірбиесі.

Зерттеудің әдістемелік негізін банктік қарекетті ұйымдастыру мен оны құқықтық реттеу мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде мазмұндалған негізгі заңдылықтар мен ережелер құрайды.

Сондай-ақ дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының банк саласындағы қызметтерді реттейтін заңдар, Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің заңнамалық құжаттары ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілерімен «Альянс Банк» АҚ-ң ақпараттық —    анықтамалық материалдары мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

Зерттеу әдісі: диалектикалық логика мен жүйелеу амалдарын қолдануға негізделді. Зерттеу барысында логикалық құрылымда статистикалық талдау, сараптық баға беру әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыс құрылымы өзара логикалық жүйелі байланысқан кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

Бірінші бөлімде Банктік құқық пен банк жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылса, екінші бөлімде «Альянс Банк» АҚ материалдары негізінде банктік операцияны жүргізудің құқықтық негізіне талдау жасалса, үшінші бөлімде жүргізілген талдау негізінде банктік қызметті құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау.  Банктік құқық және банк жүйесінің

                теориялық аспектілері

 

  • Банктік құқық: қажеттілігі, әдістері мен жүйесі

 

Банктік қызметтің және банк жүйесінің айтарлықтай ерекшеленуі және жаңаша дамуы,ұлттық қаржы рыногының оның ішінде ақша, алтын және валюта рыноктарының халықаралық стандарттарға сай құрылуы, коммерциялық банктердің операциялық қызметтері ауқымының ұлғаюы, қоғамдық банктік қатынастардағы мемлекет пен жеке меншік-корпоративтік субъектілері мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ т.б. экономикалық-басқарушы мән-жайлар банктік құқықтың дербес құқықтық саласы ретінде жаңадан қалыптасуын негіздеді.

Демек банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-несие(оның ішінде валюталық) саясаты ұстанымдарына,нақтылы айқындалған реттеу пәніне, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық актілерде бекітілген ереже-принциптеріне, арнайы заңнамалық және заңға тәуелді номативтік банктік құқықтық актілерден тұратын қайнар көздеріне байланысты ұтымды көрініс тауып отыр.

Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және рыноктік үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.

Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іспен банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттйді.

Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.

Банк жүйесінеде банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық, кедендік және т.б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу  әдісін пайдаланады.

Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын аралас қоғамдық банктік (қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық және т.б,) қатынастарды реттейді.

Кешенді құқық саласы банктік құқық заңи біртұтас құқықтық құрылым болып табылады.

Демек, банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік-корпоративтік шаруашылық субъектілерінің несиелік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік-тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында ұйымдастырушы-нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар (мен өзге де банктік іс-әрекеттер) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады.

Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері. Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, банктердің және басқа да қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау – бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құрайды.

Банктік құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастар өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

  • олар Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Даму Банкі жүзеге асыратын банктік операциялардың және мәмілелердің барысында туындайды;
  • олар коммерциялық банктердің лицензияланған операциялары мен мәмілелеріне байланысты туындайды;
  • олар жүйелі, мақсатты, әрі тұрақты сипатта болады;
  • олар банк жүйесін және банктік қызметті мемлекеттік реттеу барысында туындайды.
  • олар мемлекеттің қаржы, ақша-несие және инвестициялық саясаты ұстанымдарын іске асыру барысында туындайды;
  • олар мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкінің несиелік-қаржылық және әкімшілік қызметінің нәтижесінде туындайды;
  • олар қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруы, бақылауы және лицензиялауы барысында туындайды;
  • олар Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму банкінің мемлекеттік қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және бөлуге, мемлекеттің алтын-валюта активін қалыптастыруға байланысты туындайды;
  • олардың объектілеріне ақшалар, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтыр және банктік құпия режимімен қамтылған ақпарт жатады;
  • олардың ішінен банктік шот ашу, есеп айырысу, депозит тарту, инвестициялау, банктік несиелеу, операцияларына және бағалы қағаздарды эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады;
  • олардың жүйесі банктік және өзге де заңнамалық актілерге, лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сәйкес қалыптасады;
  • олар қаржылық инструменттер айналымынан пайда алу барысында туындайды;
  • олар негізінен сенімгерлік сипатта болады.

Банктік құқықтың құқықтық реттеу әдістері оның құқықтық реттеу пәнін құрайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу барысында пайдаланылатын заңи тәсілдер мен құралдар және амалдар жиынтығы ретінде көрініс табады.

Банктік-құқықтық реттеу әдістері банк жүйесіндегі және банктік қызмет ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негізінде, қоғамдық банктік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне-маңызына, банктік құқықтық санкциялардың мән-жайына және т.б. элементтерге сай қалыптасады.

Банктік құқық ауқымында мемлекеттік-өктем-әмірлі-императивтік әдіс, қос (не одан да көп) тарапты – келісімді немесе шартты – диспозитивтік әдіс, содай-ақ  банк жүйесінің, банктер мен олардың клиенттерінің және банктік қызметтің қайсыбір мәселелеріне тікелей қатысты императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерінің аса қажетті жекелеген тұстарын біріктіретін кешенді әдіс пайдаланылады.

Императивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі тиісті заңнамалық актілердегі мемлекеттің әмірлі өктем талабын бұлжытпай орындау  арқылы жүзеге асырылады.

Диспозитивтік банктік-құқықтық  реттеу әдісі қоғамдық банктік қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін, міндеттемелерін тиісті заңнамалық актілер және тарптардың арасында жасалған банктік шарттар негізінде регламенттеу барысында қолданылады.

Кешенді банктік — құқықтық реттеу әдісі негізінен қоғамдық банктік қатынасқа қатысушылардың экономикалық – қаржылық және өзге де мүдделерінің теңдестірімділігін көздеу, олардың банктік қызметінің тиімділігін және мемлекеттің (оның уәкілетті органдарының) өктем нұсқамаларын орындау еріктілігі дәрежесін айқындау тұрғысынан жүзеге асырылады.[6,9-10]

Демек императивтік және диспозитивтік банктік – құқықтық реттеу әдістерінің өзара байланысы мен біріңғайлығы негізінде кешенді банктік құқықтық реттеу әдісі құрылады. Банктік құқықтың кешенді әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында қоғам мен мемлекеттің және жекеге — корпаративтік ая субъектілерінің мүдделерін ұштастыруға, сондай-ақ қаржылық инструменттер қозғалысына байланысты қоғамдық банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.

Банктік құқықтың жүйесі оның ішкі нысанын (құрылымын) білдіреді. Банктік құқық жүйесінің негізгі белгілеріне оның құқықтық нормаларының біртұтастылығы және бірыңғайлығы, сондай-ақ оның құқықтық институттарының өзара байланысы, өзара шартталынғандығы және келісімділігі жатады.

Осындай құқықтық нормалар мен институттардың банктік құқық саласы ішінде орналасу тәртібі объективті сипат алады және өздері реттейтін қоғамдық банктік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Банктік құқықтың жүйесі мақсаттары мен міндеттерінің және функцияларының бірыңғайлығына орай біріктірілген, сондай-ақ өзара байланыстырылған және белгілі бір тәртіппен орналастырылған құқықтық нормалардың жүйесінен тұратын өзінің ішкі құрылысын білдіреді.

Банктік құқықтың құқықтық нормалары мен институттарын іштей жүйелеу және топтастыру нәтижесінде оның аса ірі бөлімшелері Жалпы және Ерекше бөлімдері қалыптастырылады.

Құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімі:

  1. Банктік құрылыстың құқықтық негіздері.
  2. Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару-реттеудің құқықтық негіздері.
  3. Мемлекеттік банктік бақылау-қадағалаудың құқықтық негіздері.
  4. Банктік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімі елдің банк жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі, банктік қызметті жүзеге асыру ауқымын мемлекеттік басқару және реттеу, мемлекеттк банктік бақылау және қадағалау, банктік құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімінің құқықтық нормалары оның Ерекше бөлімінде нақтылы көрініс таба отырып, Ерекше бөлім институттарының жұмыс істеуіне орай туындайтын банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.

Құқық саласы ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімін:

  1. Банктердің банктік шот ашу – жүргізу операцияларын құқықтық реттеу.
  2. Банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу.
  3. Банктердің несиелеу операцияларын құқытық реттеу.
  4. Банктердің төлемдік – есептік операцияларын құқықтық реттеу.
  5. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын құқықтық реттеу.
  6. Банктердің валюталық операцияларын құқықтық реттеу сияқты ірі функционалдық институттар құрайды.

Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы (нақтылы) нысандарының жүйесін көрсетеді.

Банктік заңнама мемлекеттік банктік менеджмент және банктердің банктік қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілердің (заңдардың) жиынтығы болып табылады.

Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің және банктік құқық институттарының нормативтік құқықтық базасын құрайтын, банктік қызметті және оның аясындағы қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін, мемлекеттің қаржы, ақша-несие, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер – арнайы және жалпы сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады.

Осындай арнайы банктік заңдар қатарына: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», «Қазақстан Даму Банкі туралы», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері жатады.

Банктік заңнамалық актілер өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

  • банктер, банктік қызмет, банк жүйесі, сондай-ақ оларды мемлекеттік реттеу туралы заңдар тек заң шығарушы билік органдары тараптарынан қабылданады;
  • олар әрдайым ерекше іс жүргізу нормасын сақтай отырып қабылданады және жоғары заңи күшке ие болады;
  • олар тек мемлекеттің монитарлық билігі мен банктік құқығы аумағындағы қоғамдық банктік қатынастарды ғана реттейді.
  • Олар заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерді қабылдауға қажетті бастапқы сипаттағы нормалардан тұрады.

Банк жүйесі мен банктердің жұмыс істеу режиміне қоғамдық банктік қатынастардың жекелеген тұстарына қатысы бар заңнамалық актілер ретінде: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Лицензиялау туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының заңдары көрініс табады.

Демек Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы) банктік заңнамалық актілерденжәне құрамында тиісті банктік құық номалары бар өзге де заңнамалық актілерден құралады.

Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады.   

Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конститутциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік  банктік-құқықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықарлық банктік келісімдер, Конститутциялық  Кенестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, құрамында банктік құқықтың нормалары бар нормативтік-құқықтық актілер банктік құқықтың қайнар көздері болып табылады.

 

 

 

  • Банк жүйесіндегі банктік құқық қатынастарының

      қалыптасуы және дамуы

 

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.

1987-1988 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы «Мемлекеттік банк»), акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі(бұрынғы Өнеркәсіпқұрылыс банкі), акционерлік-коммециялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы Агроөнеркәсіп банкі), акционерлік-коммерциялық банк Әлем банкі (бұрынғы Сыртқы сауда банкі), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы Жианқ банкі,кейіннен Халықтық банк деп аталды) жұмыс істей бастады.

1993 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазқстан Республикасындағы банкілер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қабылдауына сәйкес барлық акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер ретінде қайтадан құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің  6-сындағы Жарлығына орай «Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк», «Мемлекеттік Даму банкі», сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ындағы Жарлығы бойынша «Мемлекеттік медетші банк» құрылды.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден: жоғарғы және төменгі деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:

  • мемлекетаралық банктер;,
  • Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары- коммерциялық ұйымдары);
  • Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;
  • Шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі- аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай-ақ банк секторына қатысы бар өзге де заңнамалық актілерінің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық-ұйымдастыру негізі банк жүйесінің экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік( басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:

  • Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;
  • Банк жүйесінің, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс істеуін оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент ауқымында жұмыс істейді;
  • Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы — кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;
  • Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі, иерархиялы, біртұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады.
  • Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;
  • Банк жүйесінің жоғарға деңгейдегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәреже-көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік-қаржылық сипатты айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субъект – мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;
  • Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілерімен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелінеді;
  • Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесінің өзара тиімді қарым-қатынас механизмін құрады;
  • Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын және ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді нәтижелейді;
  • Банк жүйесінің жұмыс істеуі кредиттік – қаржылық қызметтер көрсетуді тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық, салалық және жергілікті мемлекеттік басқар органдарымен тығыз байланыс арнасында көрініс табады.

Бүгін де нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.

Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі: құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіретін мемлекеттің банктік менеджмент әрі аса ірі кредиттік-қаржылық басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі елдің эмиссиялық,кассалық және резрвтік орталығы, банктердің банкі, банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, Қазақстан Республикасының ақша-кредит, валюталық және сыртқы экономикалық қызмет саясатын айқындап, оның ұстанымдарын қоғамдық маңызы басым бағыттарда өз құзыреті шегінде іске асыруға ат салысады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдастырылу-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіндік балансы болады, ол өзінің филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда біртұтас құрылымды құрайды. [3,24-29]

Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретін және банктік қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және басқа мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

Ел экономикасының банктік секторындағы қоғамдық-мемлекеттік маңызды мән-жайларға орай Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсатына елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жатады.

     Ал осындай мақсатты іске асыру тұрғысынан Ұлттық Банкке мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; валюталық реттеуді және бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу тәрізді міндеттер жүктелген.

     Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде :

  • айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен ақша-кредит саясатын жүргізеді;
  • банкноттар мен монеталардың бірден-бір эмитенті болып табылады және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асырады;
  • өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;
  • банктерге Ұлттық Банк шешімі бойынша өзінде банктік шот ашқан заңды тұлғаларға кредит береді;
  • Қазақстандағы банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор қызметін атқарады;
  • «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабында белгіленген барлық банктік операцияларды тәртібін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігін валюталық құндылықтармен жасалатын операциялардан басқа банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша лицензия беруінің мән-жайлары туралы қорытындыбереді;
  • Банктік операцияларды жүзеге асыру барысында электрондық банктік қызмет көрсету ережелерін белгілейді;
  • Валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізе алады;
  • Валюталық құндылықтарды барлық түрлерін жүргізе алады;
  • Валюталық реттеуді жне валюталық бақылауды жүзеге асырады;
  • Банктік перациялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге, банкноттар мен монеталар мен бағалы құндылықтары инкассациялауға және банкке өткізу үшін салып жіберуге, банкаралық клиринг жөніндегі операцияларды жүргізуге лицензиялар береді;
  • Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша есептілік тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін белгілейді;
  • Банктік қызмет, ақша төлемдері мен аударымдары, валюталық операцияларды жүргізу мәселелері бойынша барлық банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ олардың клиенттері орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың сақталуын қадағалайды;
  • Мемлекеттің ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
  • Банктік шоттардың режимін белгілейді;
  • Қазақстандық банктердің жиынтық балансы мен өз балансын жасайды;
  • Елдің есептік төлемдік балансын қалыптастырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;
  • Банкноттар мен монеталардың резервтегі мемлкеттік қорын құрайды;
  • өзінің жарғылық капиталы 20 млрд. Қазақстан теңгесі мөлшерінде қалыптастырады;
  • резервтік капиталын жарғылық капиталы мөлшерінде қалыптастырып, өзінің таза бөлінбеген табысы есебіне толықтырады;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттары бойынша төлемдер жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті ретінде оның мемлекеттік заемына қызмет көрсетеді;
  • ақша-кредит саясаты негізінде валюталық интервенциялар жүргізеді;
  • банктердің және өзге тұлғалардың қызметін тексереді;
  • мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау жүргізуіне қажетті мәліметтерді ала алады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды және өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет жөніндегі басқарушы-реттеуші функциялары нақтылы нарықтық даму кезеңіндегі ақша-кредит жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инвестициялық қызметті жандандыруға, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағдарланады.

Ұлттық өзіне мемлекет жүктеген мақсаттар мен функцияларды іске асыру барысында экономикалық әдістерді қолданады, сондай-ақ нарықтық және нарықтық емес экономикалық-қаржылық мән-жайларды ұштастыруға ат салысады.

Ұлттық Банктің өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын барлық іс-шараларының  ықпалы нарықтық икемділігімен және өркениеттілігімен ерекшеленетіндіктен банктік қызмет ауқымына қатысты үйлесімді көрініс табады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін мемлекеттік банктік менеджмент аясындағы әр түрлі меншік нысанына негізделген барлық банктердің қызметі объективті және субъективті факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты-бағдарлы , тәртіптеуші ықпалдың ауқымымен қамтылады.

Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі: несиелеу-инвестициялау сипатындағы қаржылық құзыреті Қазақстанның Даму Банкі жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100 процентті құрайтын, өзіне берілген ерекше құқықтық мәртебесіне орай Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейіне қосылмайтын, Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асырылатын инвестициялық-қаржылық қызмет пен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу, қаржыландыру және ынталандыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған заңды тұлға, мемлекеттік кредиттік-қаржылық институт болып табылады.

Деңгейаралық Қазақстанның Даму Банкінің айрықша құзыретіне қайтарымды негізде қаржыландырылатын (бюджеттік кредит арқылы) республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындау жатады.

Республикалық және жергілікті бюжет қаражаттары есебінен қалыптастырылатын Қазақстанның Даму Банкінің жарғылық капиталының мөлшері 30 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстанның Даму Банкі өз қызметінің барысында мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестициялар тартуға жәрдемдесу сияқты мақсаттарды көздейді.

Осындай мақсаттарды іске асыру тұрғысынан Қазақстан Даму Банкіне:

  • инвестициялық жобаларға 5 жылға және одан артық мерзімге кредит беру;
  • инвестициялық жобаларға 10 жылға және одан артық мерзім 20 жылға дейін кредит беру ;
  • ел аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу;
  • басқа қаржылық-кредиттік институттар беретін заемдар мен кредиттер бойынша кепілдік міндеттемелер беру;
  • бірлесіп қаржыландыру жлымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына кредит беруді ынталандыру;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру сияқты және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттер жүктелген.

Қазақстанның Даму Банкі өзіне тән функцияларын жүзеге асыру ауқымынды:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзінің Кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес инвестициялық жобаларды және экспорттық операцияларды іріктейді, сондай-ақ осы жобалар мен операцияларды кредиттейді, бірлесіп қаржыландырады;
  • Қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыратын жобаларға қызмет көрсететін агенттің функциясын орындайды;
  • Республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар ретінде қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банктік сараптама жүргізеді;
  • өз заемшыларының қаржылық жай-күйіне, өзі қызмет көрсететін республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға,сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізеді;
  • өз заемшыларының тиісті міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;
  • мемлекет кепілдік берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес заемдар алады, оларға қызмет көрсетеді және өтейді;
  • мемлекет кепілік берген заемдарға қызмет көрсетеді;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық міндеттемелерін орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі агенттің функциясын орындайы.

Қазақстанның Даму Банкі:

  • өзінің Кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған өз  кредиттік саясатын анықтауға;
  • банктік сараптаманы және заемшының кредиттік қабілеттілігін талдау нәтижелері бойынша инвестициялы жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қыйсындылығын анықтауға;
  • банктік сараптама жүргізу үшін сарапшыларды және консультанттарды тарту;
  • Кредит саясаты туралы Меморандумда белгіленген шектерде және тәртіп негізінде заем қаражатын қоса алғанда, өтімділігі жоғары қаржылық құралдардың ішкі және сыртқы рыноктарыннда уақытша бос қаражатты орналастыруға;
  • Бағдарламаға енбейтін республикалық және жергілікті инвестициялы жобаларды іріктеп алуға және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беру;
  • Жиынтық көлемі Меморанумда белгіленетін өз кепілдіктерін  беруге;
  • Отандық және шетелдік банктердің, басқа да қаржылық институттардың атысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы.

Қазақстанның Даму Банкі агент ретінде қызмет көрсететін инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру бюжеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан осы Банкке қаражаттар  аудару жолымен жүзеге асырылады.

Өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты агенттік қызмет көрсету шарттарына сәйкес Қазақстанның Даму Банкі:

  • инвестициялық жобаларды іске асыруды қаржыландыру графиктерінің;
  • заемшылардың қаржылық жай-күйінің;
  • іске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемінің нақтылы орындалуының мониторингін жүргізеді.

Қазақстанның Даму Банкі республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар ретінде қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың, мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың банктік сараптамасын тиісті шарт негізінде жүзеге асырады.

Осындай инвестициялық жобаларды банктік сараптау нәтижелері жөніндегі Қазақстан Даму Банкінің қорытындысы жобаның тиімділігі, заемшның кредиттік қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігі, заемды қайтарудың қамтамасыз етілуі туралы, қаржыландырудың  нысаны мен шарттары туралы, жобаны қайтарымды негізде қаржыландырудың қыйсындылығы туралы қорытындыларды қамтиды.

Қазақстанның Даму Банкі бюджетті атқару жөніндегі уәкілеті органға республикалық бюджеттің ақша-қаражаттарының шығыстары туралы, облыстардың, Алматы қаласының және Астана қаласының әкімдіктеріне жергілікті бюджеттердің ақша қаражаттарының шығыстары туралы, сондай-ақ бюджетті атқару және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға республикалық бюжеттен өзіне, жергілікті бюджеттерден облыстардың, Алматының және Астананың әкімдіктеріне бөлінген заемдық қаражаттардың игерілуі туралы есептілікті ай сайын табыс етіп отырады.

 

 

1.3 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу

 

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілермен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, арнаулы лицензиялар – рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.[5, 26-30]

Банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айрықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру арқылы белгілі бір көлемде мол пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді.

Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліктер негізінде акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Жаңадан құрылған коммерциялық банктің  акционерлері банктің жарғылық капилалына Әділет министрлігінде не оның жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай елу процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі өз құзыреті шегінде әрі өзі белгілеген тәртіппен коммерциялық банктерге коммерциялық операциялардың Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген түрлерін (валюталық операциялардан басқаларын) жүргізуге лицензия береді.

Сонымен қатар, аталған Агенттік банктерге, банктік топтарға арналған пруденциялдық нормативтерді және банктер үшін сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді, сондай-ақ коммерциялық банктерді ашуға, қайта ұйымдастыру және таратуға келісім береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар коммерциялық банктердің операциялық іс-әрекеттеріне араласпайды. Олар банк жүйесіндегі адал бәсекелестіктің қалыптасуына жағдай жасауды көздейді.

Коммерциялық банктердің пассивті операцияларына клиенттерге қызмет көрсету арқылы немесе клиенттерге қызмет көрсетуден басқа да көздерден қаражаттар тарту жатады.

Коммерциялық банктердің активті операциялары банк клиенттерінің есебінен және олардың тапсырмалары бойынша банктің өзінің пайдасына жүргізілетін операциялар болып табылады.

Коммерциялық банктер мен олардың клиенттері арасындағы операциялар және банкаралық қатынастар тиісті банктік шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы коммерциялық банктер елдің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі шаруашылық қызмет субъектілеріне қатысты және сыртқы экономикалық қызметке байланысты кредиттік, қаржылық және есеп айырысу операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабына сәйкес коммерциялық банктер:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді;
  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың коррепонденттік есепшоттарын ашады және жүргізеді;
  • жеке және заңды тұлғалардың метал шоттарын ашады және жүргізеді;
  • кассалық оперцияларды жүзеге асырады;
  • заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуы жөніндегі тапсырмаларын орындайды;
  • заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге де қарыздық міндеттемелерін есепке алады;
  • Жеке және заңды тұлғалардың , оның ішінде корреспондент тапсрмасы мен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;
  • Сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүзеге асырады;
  • Банкаралық клиринг жүргізеді;
  • Сейфтік операцияларды жүзеге асырады;
  • Ломбардтық операцияларды жүзеге асырады;
  • Төлемдік карточкалар шығарады;
  • Банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялайды;
  • Шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырады;
  • Төлем құжаттарын икассоға қабылдайды;
  • Чек кітапшаларын шығарады;
  • Аккредитив ашады, оны растайды және ол бойынша міндеттемелер орындайды;
  • Ақша түрінде орындалуды көздейтін банктік кепілдіктер береді;
  • Лизинг қызметін жүзеге асырады;
  • өз меншігіндегі бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
  • факторингтік операцияларды жүргізеді;
  • форфейтингтік операцияларды жүргізеді;
  • инвестициялық портфельді басқарады;
  • бағалы қаағаздар рыногында делалдық және дилерлік қызметті жүзеге асырады;
  • қымбат бағалы тазартылған металлдарды сатып алады, кепілге қабылдайды, сақтайды және сатады;
  • вексельдермен жасалатын операцияларды жүзеге асырады.

Осындай өзге де банктік операцияларды топтастыру коммерциялық банктер орындайтын:

  • ел экономикасының мемлекеттік және жеке меншік секторларын, тұрғылықты халықты кредиттеу;
  • қазақстандық немесе шетелдік инвесторлардың тапсырмалары бойынша салымдарды қаржыландыру;
  • қазақстандық не шетелдік заңды және жеке тұлғалардың уақытша басы бос ақша қаражаттарын, жинақталған ақшаларын немесе пайдаланбай жыйған қаражаттарын өз қарамағына жұмылдыру;
  • қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу;
  • өздеріне тән бағалы қағаздарды шығару;
  • инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
  • түрлі қаржылық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және жүргізу сияқты функцияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды орындау аясы осы банктердің қолындағы барлық лицензияларымен қамтылады.

Банктік операциялардың заң жүзінде  толығымен көрініс табуы және коммерциялық банктерге осы орайда берілітін лицензиялардың міндетті түрде болуы коммерциялық банктердің арнаулы құқықтарының көлемін айқындай түседі.

 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу:  қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері, құқықтық негіздері        Банк  жүйесінің кредиттік-қаржылық орталық ретіндегі мәні мен маңызы, нағыз өркендеп даму шағы нарықтық экономика жағдайында айқын көрініс табады.

Банк жүйесіндегі кредиттік-қаржылық прецестерді мемлекетті, корпоратвтік және т.б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Республикасындағы банктер  елдің қаржы жйесінің орталық буыны болып табылады, сондай-ақ олар ақша-кредит жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Банк жүйесіндегі банктік қызмет Қазақстан Ұлттық Банкі құзырының ауқымында және екінші деңгейдегі банктердің өкілеттіктері шегінде жүзеге асырылады. Өйткені банктік қызмет тиісті заңнамалық актде белгіленген банктік операцияларды жүзеге асыру және банктердің құқықтық мәртебесі мен функциялары ауқымымен шектелген.

Банктік қызмет уәкілетті орган берген лицензиялар- рұқсаттар негізінде барлық банктік операцияларды жүйелі түрде банк жүйесінде жүзеге асыруға бағытталған экономикалық іс-әрекеттер болып табылады.

Банктер жүзеге асыратын банктік операциялардың тиісті заңнамалық актіде нақтылы әрі мұқият белгіленуі коммерциялық ұйымдарға уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін басқарушы-реттуші ықпалдың шеніг айқындауға, банктік-құқықтық тәртіптің және заңдықтың қатаң сақталуын бақылауға-қадағалауға зор мүмкіндік береді.

Бүгін де Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің  ұйымдастыру-реттеу ықпалдарының ауқымында:

  • екі тараптың мүдделерін құжат жүзінде айқындап, белгілеу арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын тарту жөніндегі банктік операциялар;
  • заңи, техникалық-экономикалық ресми құжаттар негізінде қайтарымды, мерзімді әрі ақылы түрде тұлғаларға ақша қаражаттарын беру жөніндегі заемдық-кредиттік банктік операциялар;
  • ресми құжаттар нысанында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банктік шоттар арқыла жүргізілетін және ақшаларды аудару жөніндегі операциялар нарықтық, ұлттық және халықаралық талап-стандарттарды есепке ала отырып жаңаша мазмұнда жүзеге асырылуда.

Банктердің банктік қызметінің экономикалық –құқықтық маңызы мен мәндері оның аясында туындайтын қаржылық –экономикалық және банктік құқықтық қатынастардың мәні арқылы айқындалады.

Банк жүйесін және банктік қызметті ұйымдастырушы-реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдар атқаратын негізгі рөл мемлекеттің экономикалық-қаржылық міндеттері мен фунцияларын жүзеге асыру барысында көрініс табады. Оны жүзеге асрушы субъектілердің іс-қимылдарына, банк жүйесіне тікелей мемлекеттік ықпал ететін Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, мемелекттік басқару органдарының қатарына жатпайды.

Алайда Қазақстан Ұлттық Банкі атқарушы билік органы болып табылмағанымен, өзінің айрықша уәкілеттілігі мен құзыреті шегінде мемлекет атынан, мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып екінші деңгейдегі банктерге қатысты ұйымдастыру-экономикалық ықпалын тигізетін, орталық кредиттік-қаржылық әрі мемлекеттік монетарлық билік органына жатады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік орган ретінде ел экономикасының елеулі саласы банк секторын экономикалық басқаруды жүзеге асырады және өздері жүргізетін операцияларға қатысты барлық банктердің міндетті түрде орындауына жататын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер шығарады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызмет аясы ақшаның көмегімен басқарылады, яғни оарға қатысты арнайы мемлекеттік экономикалық басқару жүзеге асыралады.

Ақша-кредит саясатын жүргізуші мемлекеттік монетарық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкі экономикалық басқару барысында коммерциялық банктер мен олардың көптеген клиенттерінің, сан мыңдаған шаруашылық субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері мен еріктерін міндетті түрде есепке алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін мемлекеттік банктік менеджмент аячындағы әртүрлі меншік нысанына негізделген барлық банктердің қызметі объективті және субъективті факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты бағдарланған тәртіптеуші ықпалмен қамтылады.

Коммерциялық банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар қоғам мүддесіне сәйкес мемлекеттік ұйымдастырушы ықпалдың бір көрінісі болып табылады. Себебі банктер өз банктік операциялық қызметін осындай операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтарын белгілейтін ережелер мен ішкі ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Банктік операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтары туралы ережелерде: қабылданатын депозиттердің және берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шектік мөлшері; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттылықтары; банктік операцияларды жүргізу ставкалары және тарифтері; банктердің, олардың клиенттерінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; банктер қабылдайтын талаптар; банктік операцияларды жүргізу шарттылықтарына енгізуге қажетті талаптар мен шектеулер көрініс табуға тиіс.

Банктік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерінде банк бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі;банктің атынан және оның есебінен мәміле жасайтын адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігі; құрылымдық бөімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері ; ішкі аудит қызметінің, кредиттік комитет пен басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі белгіленеді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін тікелей және жанама ұйымдастырушы – реттеуші Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің қызметтері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауды; ақша-кредит және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізуді; банктердің, банк кредиторларының, банк салымшыларының және өзге клиенттерінің мүдделерін қорғауды; ұлттық валюталық жүйені дамытуды; тиісті заңнамалық актіде көзделген жағдайда банктік қызметті, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді; қаржылық ұйымдардың қаржы рыногындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.[5,91-97]

Мемлекеттік ұйымдастыру-реттеу банктердің операциялық қызметіне байланысты құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауға бағытталады.

Сонымен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан банктерге және оларың қызметіне қатысты жүзеге асырылатын басқарушы-ұйымдастырушы және реттеуші-қадағалаушы қызметтер әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру сипатында көрініс табады.

Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару банктерге және олардың операциялық қызметіне уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін экономикалық — әкімшілік сипатты ықпалдың тиісті банктік заңнамалық, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актіде айқындалған ереже – принциптерінің, міндет-мақсаттарының, амал-тәсілдері мен әдістері – жолдарының іске асырылуы нәтижесінде көрініс табатын ұйымдастырушы-реттеуші мемлекеттік қызмет болып табады.

Банктік қызмет саласы тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) мемлекеттік басқаруға ат салысатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,  Қазақстан Республикасының Экономика және бюджет жоспарлау министрлігі,  Қазақстан Ұлттық Банкі, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі елдегі барық банктердің қызметтері мен сыртқы экономикалық байланыс-қатынастарын тиісінше дамыту, банк жүйесінің нарықтық талаптарға, қоғамдық-мемлекеттік мүдделерге және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында  олардың кредиттік-қаржылық құзыреттерінің  үйлестірілген экономикалық , құқықтық, саяси және ұйымдастыру іс-шараларының бірыңғай жүйесіне бейімделуін көздейді.

 Уәкілетті мемлекеттік органдардың басқарушы-реттеуші функциялары елдің ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, депозиторларының және өзге де клиенттерінің мүдделерін қорғауға, банктік қызметтің  адал бәсекелестік арнасында жүзеге асырылуына жағдай жасауға бағытталады.

Айта кететін жай, мемлекеттік басқару органдарына атқарушы билік органдарының жүйесіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органдар жатады.

Банк жүйесіне, банк жүйесіне олардың қызметіне, іс-әрекеттеріне, мәмілелеріне тікелей экономикалық-әкімшілік ықпал етуші Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы  Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару органдары болып табылады.

Банк жүйесін, банктерді және банктік қызметті мемлекеттік басқару барысында Қазақстан Ұлттық Банкі:

  • банктік операциялардың нақтылы түрлерін және оларды жүргізу тәртібін айқындайды;
  • банктерге кредит береді;
  • банктер алған кредиттер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдайды;
  • шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастырады;
  • банк жүйесіндегі кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын реттейді;
  • төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • банктерге валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жүргізуге лицензиялар береді.
  • банктік операциялар жүргізу кезінде электрондық банктік қызмет көрсету ережелерін белгілейді;
  • валюталық реттеуді жүзеге асырады;
  • банктік шоттардың режимін белгілейді;
  • банктердің операциялары бойынша сандық шектеулер белгілейді;
  • банктердің қаражатын өз резервтерінде ұстайды;
  • банктерге байланысты өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескереді;
  • банктердің қарыз алуының жалпы көлемін белгілейді;
  • банктердің операциялық қызмет жүргізуіне лицензиялар берудің шарттарын және тәртібін айқындайды;
  • Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің жиынтық балансын жасайды;

жүзеге асыратын мемлекеттік экономикалық басқару банк жүйесінің тиімді қалыптасуын, банктердің дұрыс құрылуын, банктердің мемлекеттік ақша-кредит және қаржы саясаты ұстанымдарына, сондай-ақ өз мүдделеріне сай жұмыс істеуін көздейді.

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі атқарушы билік органдарынының құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және өз  қызметі жөнінде тек Қазақстан Республикасының Президентіне  есеп беретін айрықша құзыретті мемлекеттік орган болып табылады.

Банктердің қызметін реттеу және қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасы Агенттігі:

  • өзі белгілеген тәртіппен банктер ашуға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға рұқсат беруден бас тартады;
  • өзі белгілеген тәртіппен банктің басшы қызметкері лауазымына үміткерлерді тағайындауға немесе сайлауға келісім береді;
  • өзі белгілеген тәртіппен банктік операцияардың жекелеген түрлерін және Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жргізуге лицензия береді;
  • банктік қызметтің аудитін жүргізуге лицензия береді;
  • банктік қызмет және банктерді тарату мәселелері жөнінде барлық банктер орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалайды.
  • банктердің ірі қатысушыларын және банктік холдингтерді анықтау мақсатында олардың тікелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ өзге де ақпаратты банктерден талап етеді.
  • банктерден және олардың аффилиирленген тұлғаларынан қаржылық есептемені және өзге де ақпаратты тапсыруын талап етеді.
  • Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп халықаралық банктік стандарт нысандарына сәйкес келетін есептеме беру тізбесін, банктердің және олардың аффилирленген тұлғаларының қаржылық және өзге есептемелерді табыс ету мерзімдерін белгілейді.
  • банктердің және олардың филиалдарының қызметін өзі немесе аудиторлық ұйымды шақыра отырып тексереді.
  • банктік топтардың қызметін реттейді.
  • банктерге , банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілейді.
  • банктерге есеп айырысу-кассалық бөлімдерін ашуға келісім береді.
  • банкті консервациялау және оның уақытша басқарушысын тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  • банктердің, олардың лауазымды адамдарының, соның ішінде тарату комиссиялары төрағаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарайды және оларға Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес жаза қолданады.
  • Банктік заңнамада белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банктік заңнамалық актісінде көзделген банктік заңнамалық актісінде көзделген банктік операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге берілген лицензияны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

Өзіне жүктелген міндеттерін орындау барысында Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі:

  • банктердің операциялық қызметінің стандарттарын белгілейді;
  • банктерді корпаративтік басқару жағдайын жақсатрту жөніндегі іс-әрекеттерді ынталандырады;
  • қазіргі заманғы банктік технологияларды енгізу мән-жайларын ынталандырады;
  • банктердің операциялық қызметі және қаржылық қызметтер көрсетуі туралы ақпараттың мүдделі тұтынушылар үшін толымды болуын әрі қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
  • елдің қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтауға жәрдемдесу мақсатында банкт рыногы және банктерге мониторинг жүргізеді.

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақсьан Республикасы Агенттігі банктік қызмет аясындағы банк клиенттері үшін аса тиімді адал бәсекелестікті қолдайды, сондай-ақ оны қалыптастыруға ат салысады.

Банктік қызметті пруденциялдық реттеу ерекшеліктері:   Банктік қызметті пруденциялдық реттеу банктер және банктік холдингтер сақтауға (орындауға) міндетті қаржылық номативтерді, кредиттік тәуекелдің белгілі бір мөлшерін, есептеме жасау және есептілік табыс ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ басқа да нормалар мен лимиттерді Қазақстандағы банктердің қаржылық орнықтылығын және олардың қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында белгілеуге байланысты.

 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қызметіне жатады.

Пруденциалдық нормативтер және сақталуға (орындалуға) міндетті өзге де нормалар мен лимиттер банктердің өтімділігін, сенімділігін, төлем қабілеттілігін, банктердің акционрлар мен клиенттерінің мүдделерін, банктік тәуекелдерді ұтымды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген экономикалық шектеу нормалары пруденциалдық нормалар ретінде банктік құқық нормалары қатарында көрініс табады.

Банктердің міндетті түрде сақтауларын көздей отырып Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Рспубликасы Агенттігі белгілейтін пруденциалдық номативтер (экономикалық шектеулер) құрамы:

1)банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерінен;

2)өз капиталының жеткіліктілігі коэффицентінен;

3)бір қарыз алушыға қатысты жасалған тәуекелдің ең көп мөлшерінен;

4)өтімділік коэффицентінен;

5)ашық валюталық позиция лимиттерінен тұрады;

Банктер тобының міндетті түрде сақтаулары үшін үәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Агенттігі белгілейтін пруденциалдық нормативтер:

1)жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен;

2)өз капиталының жеткіліктілігі коэффицентінен;

3)бір қарыз алушыға қатысты жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшерінен құрылады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Агенттігі халықаралық тәжірбиеде пайдаланатын пруденциалдық нормативтерді және өзге де орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілей алады.

Пруденциалдық реттеу (экономикалық шектеу қою) барысында Агенттігі есептеу әдістемелерін, белгілі бір банктік күн ішіндегі банк және банктік топ капиталының мөлшерін, ащық валюталық позицияларды есептеу тәртібін және олардың лимиттерін,оларды сақтау әдістері мен есептеу әдістемесін, есептілік түрлерін және оны табыс ету мерзімдерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Агенттігі пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді немесе банктік холдингтерді не олардың лауазымды адамдарын тиісті банктік заңнамалық актіге сәйкес жауапқа тартады.

Қазақстан Республикасының Агенттігі өзі белгілеген пруденциалдық нормативтерді және сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық құжаттары талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайда, банктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің банктік қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына және оның депозиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қауіпті төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігін анықтаған реттер де банкке мынадай шекиеулер ықпал ету шараларының бірін қолданады:

а)міндеттеме жүктейді;

ә)банкпен жазбаша келісім жасасады;

б)ескерту жасайды;

в)атқаруға міндетті жазбаша нұсқаны береді.

Банктерге ықпал етудің осындай шектеулі шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Агенттігінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Банктік қызмет процесінде орын алған кемшіліктер мен келеңсіз жәйттер Қазақстан Республикасының Агенттігі белгілеген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда, ол тиісті банкке оған заңға сәйкес санкция қолданылатыны жөнінде жазбаша ескерту береді.

Ықпал етудің шектеулі шаралары банктің қаржылық жәй күйін нашарлатқан оны аффилирленген тұлғаларына да қолданады.

 

 

 

 

 

2- тарау.  «Альянс банк»   ақ-ң    банкТіК операциялық қызметінің құқықтық негіздері

 

    2.1 «Альянс банк»  АҚ-ң қызметіне жалпы сипаттама

 

«Альянс Банк» АҚ Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік  қызметті  туралы» 1995 жылы 31 тамызда  қабылданған, соңғы өзгерістер 2005 жылдың 8 шілдесінде  жасалған Заңына  сәйкес  ұйымдастырылып, қызмет етеді.  Қазақстан Республикасының  1995 жылы 17сәуірінде  қабылданған,  соңғы өзгертулері 2005 жылдың 8 шілдесінде  жасалған «Лицензиялау  туралы» заңының 4- бабының 2-тармағына сәйкес  лицензияланатын  банкітік  қызмет  түрлерін жүзеге  асырады.

2004 жылдың 1 қыркүйек айы көрсеткіші бойынша «Альянс Банкінің» 14 филиалы, 119 есеп-касса бөлімдері, 179 қолма-қол шетел валютасымен айырбас жасау пунктері бар және 3-ші тоқсанда 4 ЕАБ мен 8АП ашылды.

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау  туралы» заңына сәйкес банкке келесі лицензиялар берілді:

  • 2004 жылдың 15 наурызында номиналдық ұстаушы ретінде шоттарды жүргізу құқығымен брокерлік-диллерлік операцияларды жүргізуге;
  • 2004 жылдың 23 маусымында сенімгерлік операцияларды жүргізуге;
  • «Альянс Банкі» АҚ қайта тіркелу нәтижесінде;

2004 жылдың 23 қазанында акционерлердің жалпы жиналысында банктік топты құру шешімі қабылданды. Ол топтың құрамына: «Альянс Полюс» СК АҚ, «Альянс» ЖЗҚ, «Альянс LIFE» өмірді сақтандыру компаниялары, «Альянс Ломбард»АҚ кіреді. Сонымен қатар банк «Viza International» төлем жүйесіне кірді.

2004 жылдың 9 ай ішінде 52380 ״Дуэт״    төлем карточкалары шығарылды, ұстаушылардың саны – 45103, карточкалардағы қалдық – 68560707,66 құрады.

«Альянс Банкі» ААҚ Қазақстандағы алғашқы ондық банктердің құрамына кіреді. 2004 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіші бойынша банк құрамында 15 банкомат, 147 POS-терминал, оның ішінде 106 POS есеп-касса бөлімдері және 41 POS сауда кәсіпорындарында.

Банк дамуына қосқан үлесі үшін, еңбектерін бағалау мақсатында 3 жылдық еңбек өтімділігі бар банк қызметкерлері «Алтын белгімен» марапатталады. Қазіргі таңда мұндай белгімен марапатталған қызметкерлердің саны 403 адамға жетті.

2001 жылдан бастап 5 жыл көлемінде еңбек еткен қызметкерлер «Бриллиант белгісімен» марапатталады. Осындай қызметкерлер саны 24 жетіп отыр.

Жыл қорытындысында банктің үздік қызметкерлері әлем курорттарына жолдама грантымен марапатталады.

Банктің депозиттік портфелінің анализі көрсеткендей тұтынушыға бағытталған тиімді депозиттік саясаты бар.

«Альянс Банкі» жеке тұлғалардың салымдарының ұжымдық кепілдендіруінің Қазақстандық қорының қатысушысы болып табылады.

«Альянс Банк» АҚ клиенттердің әр түрлі сұраныстарына қарай депозиттердің кең көлемін ұсынады.

Банк депозиттерінің айырмашылықтары мынада:

  • салым уақытының ыңғайлылығы;
  • түрлі топтық ставкалар;
  • қосымша салым салу мүмкіндігі және керек уақытта оларды бөліп алу;
  • салымдардың сақталған нақты уақыты бойынша қосымша сыйақы алу;
  • салымдарды түрлі валютада салу мүмкіндігі;
  • келісім уақытының аяқталысымен автоматты түрде келесі мерзімге мүмкін болатын сыйақы мөлшерлемесімен көшіріледі. Жеке тұлғалардың салымдары Қазақстанның қорымен кепілдендіріледі.
  • келісім аяқталғанда сыйақылар төленген жағдайда, қосымша салымдар қабылданады;
  • келісім бойынша бастапқы салымның бір бөлігін алуға болады;
  • депозит ставкалары кепілдік қорының ставкаларымен толықтай сәйкестендіріле отырып, анықталады.

«Білім беру» депозиті. Бұл депозит білім алу үшін қажетті соманы жинақтау мақсатында ашылады. Яғни, салымшының тапсырысымен қолма-қолсыз есеп айырысу түрінде салымшының шотынан оқу орнының шотына ақша аударылады.

Клиент үшін бұл депозиттің артықшылығы, оқу ақысының уақтылы төленуі және ата-аналар мен студенттер банкте депозит аша отырып, оқуға ақыны белгіленген ақыдан  төмен көлемде төлейді, себебі бір бөлігі депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме түрінде аударылады.

«Альянс Банк» АҚ-ң жеке тұлғаларды несиелеу шарттары: несиені алу және ұсыну саласындағы банк стратегиясы мен тактикасы банктің қызмет ететін несие саясатымен несие операцияларын жүргізудегі ішкі ережелерге сүйенеді.

Банктің несиелелік қызметін ұйымдастыру ережеге байланысты несиелеу бөлімі және несиелеу комитетімен жүзеге асырылады.

Несиелеу комитетінің жұмысына бақылауды банктің директорлар кеңесі жүргізеді.

1997 жылғы 7 шілдедегі №3589 «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламалары» атты қаулысына байланысты несиелеу шағын және орта бизнесті несиелеуге көптеп бөлінді. Бұл жағдайда банк бизнес-жобалардың экономикалық және әлеуметтік маңызын, олардың қамтамасыз етілуін, өтімділігін және кірістілігін ескереді. [11,44-46]

Банк мақсаты – барынша күш жұмсай отырып, клиентбизнесін дамыту.

Банк несиелеудің келесі түрлерін ұсынады: ломбардтық несиелеу, несиелік желі, факторинг, бланктік несие, овердрафт, банктік кепілдік, тұтынушылық несие, блиц несиелеу, депозиттерді кепілдендіре отырып несиелеу.

Банктің ерекше атап өтер қарекетіне лизингтік операциялардың дамуы жатады. Банк өз клиенттерін несиелеуде қаржылық лизингті қолданады және оны белгілі бір бағыттарда ұсынады.

Лизинг алушылар болып кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар табылады.

Бағдарламаның бастапқы сатысында экономикалық мақсаттылық барысында көптеген пайыздық жеңілдіктер қарастырылады:

  • шағын және орта бизнесті бірігіп дамытуға ықпал ету;
  • несие ресурстарының қайтарымсыздық сипатының алдын алу;
  • болашақта максималды пайда табу.

 Сонымен қатар, банкпен лизингтік келісім шарт жасасқанда лизинг алушының негізгі қарызын төлеу күнтізбелік кестесі құрылады.

Ссудалық портфель бойынша тәуекелді диверсификациялау үшін банк үнемі ссудалық портфель мониторингін қолданады.

Тәуекел түрлері бойынша ссудалардың сыныпталуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің әдістемесіне және халықаралық стандарттарға негізделген банктің ішкі әдістеріне сүйенеді, жоғарғы деңгейде несие құрылымын қамтамасыз етеді; несиелеудің оңтайлы құрылымын қамтамасыз етеді;несиелеу қарекетінің шығындарын жабу үшін адеквативті провизияларды ұсынады; несие құрылымдарын алғашқы төлем көзін ескере отыра құрастырады(ақша ағымын, қарыз алушылардың активтерін өткізу); ссудозаемдық операцияларды жүзеге асырғанда несие құралдарының түрлерін көбейтіп, жұмысын жетілдіреді; төмен тәуекелді несие түрлерін әзірлейді.

Несиелеу бағдарламаларының ішіндегі үздігі болып табылатыны, жылжымайтын мүлікті кепілге қоя отыра берілетін «Блиц-несиелеу» деген атпен берілетін несие түрі.

Бұл несиенің клиент үшін тиімді жақтары:

  • минималды уақытта несиенің рәсімделуі,клиентпен барлық қажетті құжаттардың ұсынылған жағдайда несие 4 күн ішінде беріледі;
  • Жылжымайтын мүлік бойынша орталықта кепіл құқығын иелену үшін тіркелуге қажетті банк барлық құжаттардың жинақталуын банк мамандары қамтамасыз етеді;

Блиц-несиелеу шарттары:

  • Несиенің минимлды төлемі 10000 теңгені құрайды;
  • Несиенің максималды төлемі 500000000 теңгені құрайды;

Несиелеу шартын жасағанда қамтуға алынатын объектілер тізімі:

  • Пәтерлер;
  • Жеке меншік үйлер;
  • Тұрғындық массивтерде орналасқан гараждар;
  • Офистер;
  • Дүкендер.

Депозитті кепілге ала отырып несиелеу

  • несие уақыты – депозиттік келісім шарт уақытынан аспайды;
  • несие бойынша сыйақылар депозит бойынша сыйақыға және оның нақты қызмет ету уақытына байланысты болады;
  • коммерциялық жинақ несие сомасынан 0,5% құрайды;
  • несие лимиті – депозиттегі қалдық сомасы бойынша 80% құрайды;

 Клиент пайдасы:

  • депозит бойынша сыйақылар ставкаларын сақтауы;
  • депозиттің кіріс әкелуі және жұмысы жалғасады;
  • депозит валютасына байланысты несие тенге немесе өзге де шетел валютасында ұсынылады;
  • несие алу минималды пайыздық мөлшерлеме бойынша;

Депозиттік несиелеу шарттары:

  • несие депозиттік келісім шарт аяқталуына 30 күннен бастап ұсынылады;
  • несие валютасы – депозит валютасына байланысты белгіленеді;
  • сыйақы төлеу шарттары – ай сайын;

Банктік кепілдікті қамтамасыз ету:

  • «Альянс Банкі» АҚ орналастырылған депозиттер;
  • «Альянс Банкі» АҚ акциялары;
  • «Альянс Банкі» АҚ облигациялары;
  • Қазақстандық қор биржасының А листингі құрамына кіретін бағалы қағаздар;
  • Жылжымайтын мүлік.

«Альянс Банкі» АҚ заңды тұлғаларды ұлттық және щетел валюталарында несиелеу аясында банк қызметінің толық спектірін көрсетеді және өз клиенттері үшін заңды тұлғаларды несиелеуде арнайы жасалған бағдарламаларды ұсынады.Өндірісті қаржыландыру, сауда және ішкі экономика саласында банк несие өнімдері спектрін кеңейту үстінде. Барлық несиелеу түрлері бойынша тиімді тарифтер жасалған жаңа несиелеу бағдарламалары енгізілуде. Бұл бағдарламалар ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес субьектілерінің сұраныстарын қанағаттандыруда.

Альянс Банкі заңды тұлғаларға келесі несиелеу түрлерін ұсынады:

Интегратор Құрылыс:

«Альянс Банкі» АҚ өз клиенттеріне құрылыс компанияларын несиелеуге бағытталған «Интегратор Құрылыс» бағдарламасын ұсынады.

Бұл бағдарлама құрылыс компанияларының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жасақталған. Негізгі және айналым капиталын толықтыруда және құрылыс компанияларының клиенттері жылжымайтын мүлік объектілеріне қол жеткізуге бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша негізгі қойылатын шарттар мен талаптар:

  • несие уақыты 3 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушының несие қабілеттілігінің категориясына байланысты 16% бастап;
  • несие қома қолсыз ақша аударымы түрінде,яғни «Альянс Банкі» АҚ ашылған қарыз алушының есеп шотына ақша аудару түрінде жүзеге асырылады;
  • қарызды өтеу графигі құрылыс бизнесінің ерекшеліктеріне байланысты жасалады;
  • несиені қамтамасыз ету мақсатында қабылданады: жылжымайтын мүлік, жер участкелері, бағалы қағаздар, құралдар, «Альянс Банкі» АҚ орналасқан депозиттер,
  • «Альянс» банктік тобының қызмет көрсетілуіне толықтай көшу.

Бизнес несие. Бизнес несие – заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді несиелеудегі бағдарлама. Бұл бағдарлама шағын және орта бизнес субьъектілерін несиелеуге бағытталған болып табылады. Заңды тұлғалардың тауарлар, материалдар, шикізаттармен қамтамасыз етілуін несиелеу. .[14,51]

-Несие уақыты 3 жылға дейін, кепілге – жылжымайтын мүлік, «Альянс Банкі» АҚ депозиттері, бағалы қағаздар алынады.

— кепілдікке ұсынылған мүлік пен жетекшінің өмірін сақтандыру.

-Пайыздық мөлшерлеме — ақша нарығының конъюнктурасына, несие мерзіміне, банк қызметтерін пайдалану санына, қамтамасыз ету көлеміне және де басқа факторларға байланысты анықталады.

  Шаруа қожалықтарын (фермерлерді) ГСМ, мал, құс, жем, қосалқы бөлшектер және өзге де керек-жарақтар алуға несиелеу.

  • несие уақыты 3 жылға дейін.
  • Кепілдікке – жылжымайтын мүлік, жер, мал, шаруа техникаларын, депозит, бағалы қағаздар.
  • Пайыздық мөлшерлемем – жекелеген тәртіппен анықталады.
  • Кепілдікке ұсынылған мүлік пен жетекшінің өмірін сақтандыру.

Автопарктердің, таксопарктердің жеңіл, жүк қоғамдық автокөліктерді алуға және олардың модернизациялануына несиелер ұсыну.

  • несие уақыты 3 жылға дейін;
  • кепілге – жылжымайтын мүлік, депозит, бағалы қағаздар, алынғалы жатқан автокөлік;
  • пайыздық мөлшерлеме жекелеген тәртіппен анықталады
  • міндетті түрде несиеге алынғалы жатқан көлікте «Альянс Банкі» АҚ жарнамасыф болуы тиіс;
  • кепілдікке ұсынылған мүлік пен жетекшінің өмірін сақтандыру;
  • Заңды тұлғаларды Жинақтаушы Зейнетақы Қорына зейнетақылық аударымдары үшін несиелеу.

Шаруа қожалықтарын (фермерлерді) несиелеудің «ФерДепо несие» бағдарламасы.

Белгілі бір жағдайларда қомақты емес ақша қаражаттарымен байланысты сауда операцияларын жүргізгенде, банк жай аударымдарды пайдалануды ұсынады.Алайда клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында банк қамтамасыз етудің классикалық қамтамасыз етудің және ішкі саудада төлем жүйесін өндірудің түрлерінің бірі – құжаттық аккредетивті пайдалануды ұсынады.

Қазіргі таңда құжаттық аккредетив төлемді қамтамасыз етудің ең жан-жақты, әрі іске асырылатын құралы болып табылады.

Ішкі сауданы бақылайтын мемлекеттермен іскерлік байланыстарда аккредетивті қолдану көп жағдайда экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыруда бастапқы шарт болып табылады.

Аккредитив – бұл, тауар сатушыға немесе қызмет көрсетушіге белгіленген ақша сомасын төлеу болып табылады, яғни тауар сатушының немесе қызмет көрсетушінің тауарлардың жөнелтілгені немесе қызмет көрсету шартының орындалғандығы жөнінде банке қажетті құжатты ұсынғанда  жүзеге асырылады. .[6,4-14]

Аккредетивті қолдануды ұсынатын жағдайлар:

  • міндеттемелерді орындауда бір жақтың сенімсіздігі жағдайында;
  • сатушы және сатып алушы елдеріндегі құқықтардағы айырмашылықтар;
  • контрактіде спецификалық шарттардың болуы.

Аккредетивті есеп айырысуды қолданудың тиімді жақтары:

  • экспортер үшін: жөнелтілген өнім үшін төлемнің дер кезінде және толық көлемде,келісілген валютада алынатындығы;
  • импортер үшін: төлем сатушы келісім бойынша өз міндеттерін толығымен орындаған жағдайда ғана жүргізілетіндігінде.

 І. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпорындар мен ірі кәсіпорындар үшін өзекті  мәселе болып, негізгі құралдарға ұзақ мерзімді капитал салымдарын тарту болып табылады. Бұл жағдайда ең тиімді әрі мүмкін болатын әдіс – лизинг.

Лизинг – банкпен,яғни лизинг берушімен қандай да бір мүлікті лизинг алушыға ұсыну болып табылады. Лизинг үш жақты сипатты иеленеді.

«Альянс Банкі» АҚ қаржы нарығында үш жылдан аса уақыт бойы лизингтік операцияларды көрсетіп келеді. Лизин алушылар болып, сауда, өндіріс, мәдени – демалыс және қаржылық кәсіпорындары жатады.Банктің ссудалық портфелі құрылымында лизингтік операциялар 7,5 % құрайды.

Лизинг құралы болып келесілер табылады:

  • оргтехника;
  • тұрмыстық техника;
  • аудио техника;
  • видео техника;
  • офис,қона үйлер,дәріханалар үшін жиһаз және т.б.
  • құрал-жабдықтар(техникалық, сауда, медициналық, өндірістік және т.б.)
  • жылжымайтын мүлік;
  • көлік құралдары;

 «Альянс Банкі» АҚ лизинг құралымен Қазақстан Республикасының территориясында және де шетелдерде қматамасыз ете алады.

ІІ.Лизинг ұсыну шарттары:

  • лизингтік келісім уақыты лизинг құралының амортизациялық уақытына байланысты анықтлады (3 жылдан кем емес);
  • лизингтік келісімнің минималды сомасы таңдап алынған бағдарламаға байланысты анықталады;
  • аванстық төлемі лизинг құралының бағасына байланысты 20% құрайды.Аванстық төлем жылжымайтын мүлікке кепіл түрінде енгізілуі мүмкін.
  • Лизинг алушы міндетті түрде лизинг құралын «Альянс Полюс» сақтандыру компаниясында және жетекші өмірін «Альянс Life» КСЖ сақтандыруы қажет.
  • Лизинг қолма-қолсыз, яғни саушының есеп шотына ақша аудару түрінде жүзеге асырылады.

ІІІ.Лизингтік операциялар келесі принциптер бойынша құрылған: Лизинг алушы сатушыны және лизинг құралын өз қалауы бойынша таңдайды.Сонымен қатар ол лизинг беруші мен мүлікті сатушының арасында сатып алу-сату шартын жасасады. Ол шартта мүлікті сатушы мүлікті жеткізуге ,ал сатып алушы яғни банк көрсетілген мерзімде мүлік ақысын төлуі ескеріледі. Содан соң мүлік сақтандырылады және лизинг лизинг алушыға беріледі. Лизингтік келісім шарттың қызмет ету мерзімі аралығында жеке меншік құқығы лизинг берушіде болады,ал лизинг алушы мүлікті уақытша пайдалану және мүлікке уақытша ие болу құқын иеленеді.Лизинг бойынша негізгі қарыз төленгеннен кейін мүлікке меншік лизинг алушыға беріледі.

ΙV.Лизинг ұсыну шарттары:

  • лизингтік келісім уақыты лизинг құралының амортизациялық уақытына байланысты анықтлады (3 жылдан кем емес);
  • лизингтік шарттың минималды сомасы анықталмаған;
  • аванстық төлемі лизинг құралының бағасына байланысты 30% құрайды;
  • лизинг алушы лизинг құралы бойынша сақтандыру және мемлекеттік тіркеу жүргізеді;
  • лизингтік шартта уақытынан бұрын қарызды өтегені үшін айыппұл санкциялары көрсетілмеген.

 «Альянс Банк» АҚ барлық уақытта шағын және орта кәсіакерлік субъектілерін несиелендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және т.б. бойынша екінші деңгейлі банктер арасында өткізілетін шараларға қатысуына байланысты банк әкімшілігімен тендерлік несиелеу ұжымының құрылуының шешімі қабылданды. Сонымен қатар банктік кепілдіктерді ұсынады/26,85/

Мемлекет экономиканың түрлі салаларын қолдау мақсатында қайтарымдылық негізінде ақша қаражаттарын береді, оны екінші деңгейлі банктер арасында орналастырады шараның жеңімпаздары келесі соңғы қарыз алушылар арасында орналастырады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:

«Екінші деңгейлі банктермен берілетін ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге несиелердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасын жүзеге асыру.

Бұл бағдарламаның негізгі бағыты банк қарыз алушыларының несие бойынша төлейтін несие мөлшерлемелерінің төлем сомаларын арзандату болып табылады.

Арзандату  републикалық бюджет банк сыйақы мөлшерлемесінің бөлігі(банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесінің 80% дейін) есебінен субсидиялау түрінде болады.

Қарыз алушы өздігімен өз ақша қаражаттары есебінен банкке банктік несиенің анықталған пайыздық мөлшерлемесі мен республикалық  бюджеттен субсидияланатын сома айырмашылығын төлейді.

Банктік кепілдер:

2002 жылдың 16 мамырындағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар  бақылау акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар қажетті тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуды жеткізуші компаниялардың арасында тендер жариялау жолымен жүзеге асырады.

Тендерге қатысудың бір шарты болып конкурсты ұйымдастырушыға банктік кепілдікті беру болып табылады. Сіз банк клиенті ретінде оперативті түрде тендерлік кепілдікті ала аласыз. Бұл кепілдіктің міндеті тендерді ұйымдастырушыны сақтандыру болып табылады.

Сонымен бірге «Альянс Банкі» АҚ өзге де кепілдік түрлерін ұсынады:

  • төлем кепілдігі – бұл экспортер\орындаушыны сатып алушының контракт бойынша төлем қабілетсіздігінен сақтау болып табылады;
  • міндеттемелерді орындау кепілдігі – экспортер немесе орындаушы шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда импортер немесе тапсырыс беруші төлем жүргізу механизмі болып қызмет атқарады;
  • төлемнің қайтарылу кепілдігі – жеткізушіні қаржыландыру мақсатында алдын ала төлеу келісім шартында қолданады.Бұл кепілдік роындаушы немесе экспортер өз міндеттерін орындамаған жағдайда барлық соманың төленуін қамтамасыз етеді.

Халықаралық аудиторлық фирмамен банктік тәуекелдерді басқару анализі жүргізілді.

«Альянс Банкі» ААҚ банктік тәуекелдерді басқару жүйесіне табысты енуде.

Енудің қажеттілігі және тәуекел-менеджменттің қызмет етуі әлемдік тәжірбиемен енгізілді.Тәуекелді басқарудың түрлі жүйелері мен бағдарламалары үлкен тәжірбиелік маңыздылыққа ие жалпы қаржылық мәдениеттің міндетті элементі болып табылады. Себебі, тәуекелді басқару – бұл, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін барлық объективті және субъективті факторларды алдын ала болжау және оларды төмендету жолында  тәсілдер қолдану./27,39/

2002 жылы ҚР Ұлттық Банкі бірінші рет қазақстандық екінші деңгейлі банктерді міндетті түрде тәуекелдерді басқарудың жеке жүйесіне көшуге шақырды. Бұл шара банктердің қандай да бір форс-можорлы жағдайлардан, қаржылық кризистер мен жеке басқару қателерінен қорғану мақсатында жасалады.

Халықаралық тәуелсіз аудиторлық компаниялардан қосымша талап ету болып, қазақстандық аудиторлық компанияларға тәуекел-менеджмент жүйесін енгізу табылады. Бұл талапты орындау мақсатында, «Альянс Банкі» ААҚ  ағымдағы жылдың басында беделді «Эрнст энд Янг Казахстан» компаниясын шақырды. Бұл компанияның жұмысы тәуекел-менеджмент жүйесін енгізудегі банк қорытындысына объективті түрде бағалау жүргізу. Тәуелсіз аудиторлар банктің қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесіне ену қадамдарына, жоспарлары мен барлық шараларына толықтай тексеріс жүргізді.Бұл тексерістің нәтижесі бойынша тәуекелді басқару анализінің қорытындысы алынды.Осы анализ қорытындысы бойынша, Альянс Банкінің қаржылық тұрақтылық жағдайын кепілдендіретін және олармен тәуекелдерді басқару бағдарламасы мен жүйесін табысты енгізуі жайында келісімге келді.

Атап айтқанда, тәуекел – менеджменті аудиторлық бағалау қазақстандық банктер қарекетінің тәжірибесінде алғашқы қолданылды және тәуекелдермен басқару жүйесінің өзі де біздің банктер үшін жаңашылдық болып табылады. Осымен Альянс Банкінің тәуекел-менеджмент жүйесін енгізудегі, әйгілі әлемдік және беделді аудиторлық компаниялардың қорытынды бағасы анықталады.

Бұл жағдайдан кейін Альянс Банк өзінің қаржылық жағдайын одан әрі бекітіп, үлкен кірісті, тез өсіп келе жатқан, сенімді әмбебап банк атағын өсіре түсті.

Банктік бизнес масштабы өсуде. Банк өнімдері азық-түлік өнімдерінен тек қана жеуге болатындығымен ғана ажыратылады, ал басқасында бәрі бірдей. Соңғы кезде бұл ойды қаржыгерлерден көп естуге болады. Өзінің ақша-несиелік реформасымен танымал болған Г.Марченконың өзі банктер қызметтерін халық тұтынатын қарапайым тауарлармен салыстырғанды жақсы көреді. Мұндай аналогтар – «Банктік аспаздық» — әдетте несиелік мөлшерлеменің өсуінде болатын келіспеушілік контексінде қолданылады. Бір жақ, яғни өндірушілер  банктік пайызды әкімшілік — командалық басқаруды талап етеді. Екінші жақ, яғни қаржыгерлер қарсы болады: жас, басшылар қызық уылдырық пен авокадоға бағаны қоймайды, яғни өнімнің  бағасы қанағаттандырмаса оны сатып алмауыңызға болады.

Осыған қоса, 2005 жылдың қыркүйегіндегі несиелік нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер төмендеу бағытында болды. Сонымен, банктер бәрібір де кәсәпкерлік ортаның қымбат несиеге қарсылығына қарамастан өз маржаларын төмендетуге әкелді. Бұдан басқа статистика көрсеткендей банктік займдарға сұраныстың өсу жағдайында мөлшерлеменің күрт төмендеуі туралы сөз болмау керек.

Экономикалық нәтиже әкелетін филиалдармен есеп айырысу кассалық бөлімдерін жабумен, пайда әкелетін бөлімдерді ашу олардың дұрыс желісін қалыптастыруды білдіреді. Егер де аймақтарда өз бизнесін белсенді итермелейтін банктерді және олардың капитал(ROE) мен активтердің (ROA) табытылық көрсеткіштерін салыстыратын болсақ онда ол келесі 1-кестелерде көрсетілген.

Осыған орай, соңғы жылдары масштабы өскен банктік бизнестегі танымдық деңгейі үлкен роль атқарады. Банк қызметтерінің сатылу көлеміне әсер ету экономикамыздың тұрақты өсуіне және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. TNS Galup Media Azia зерттеулері көрсеткендей тұрғындардың 74% банк қызметтерін пайдаланушылар болып табылады.

 

Кесте 1

Активтердің табыстылық көрсеткіші

 

01.10.04 арналған Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі бантерінің ROA

№ п/п

Банк атауы

ROA

1

НұрБанк

0,28

2

Альянс Банкі

0,020

3

АТФ Банк

0,017

4

Қазақстан Халық Банкі

0,016

5

Казкоммерц

0,016

6

Каспийский

0,013

7

ТұранӘлем

0,011

8

Центркредит

0,009

9

ТемірБанк

0,005

10

АльянсБанк

0,005

 

 

Кесте 2

Капитал табыстылығы көрсеткіші

 

01.10.04 арналған Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің ROE

№ п/п

Банк атауы

ROE

1

НұрБанк

0,203

2

Қазақстан Халық Банкі

0,185

3

АТФ Банкі

0,167

4

Казкоммерц

0,146

5

ТұранӘлем

0,141

6

Каспийский Банк

0,130

7

Альянс Банк

0,113

8

Центркредит

0,107

9

Альянс Банк

0,062

10

ТемірБанк

0,039

 

 

 

 

 «Альянс Банкі» АҚ 1 қазанда жиынтық капиталы 8,6 млрд. теңгені құрады,ағымдағы жылдың ІІІ-ші тоқсанындағы капитал өсімі 1,7 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың ІІІ-тоқсанындағы қорытынды бойынша банк активтері 5,8 млрд. теңгеге өсті. Активтер өсімінің негізгі көзі несиелік портфель болып табылады, оның өсімі анализделген кезеңге 1,8 млрд. теңгеге өсіп, 25,4млрд. теңгені құрады.

Несиелік портфелінің құрылымында стандартты несие үлесі 84,58% құрады, күмәнді несие 14,77%. Салыстыру үшін 1 шілдедегі стандартты несие үлесі 81,7%, күмәнді несиелер 81,7% құрады. Банкте ссудалық портфель сапасының жақсаруы байқалады./27, 43/

Ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы заңды және жеке тұлғалардан тартылған құралдар көлемі 4,2 млрд. тенгені құрап отыр, қарастырылып отырған жылдың соңында бұл көрсеткіш 30,7 млрд. тенгеге жетті.Бұл өсім жеке тұлғалардың жедел салымдарының есебінен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың ΙΙΙ-тоқсанындағы көрсеткіші бойынша банктің  кірісі  7,4 млрд.теңгені құрап отыр, бұл өткен жыл көрсеткішін 64% жоғарлатып көрсетіп отыр.

Ағымдағы жылдың ΙΙΙ-тоқсанындағы көрсеткіші бойынша банк қарекетінің таза кірісі 580 401 млн.теңгені құрады, 2004 жылдан 16 % өскендігін көрсетеді.

Альянс Банкі, Қазақстан Республикасының ірі банктер қатарына кіре отыра Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ЖАҚ түріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметімен меморандумға қол қойды.

2005 жылдың 7 шілдесінде Альянс Банкі Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрлысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға меморандумына қол қойды.

2005 жылдың 1 шілдесінде Лондонда «Viza CEMEA» аймақтық басқару комитетінің отырысында «Альянс Банкі» ААҚ Viza International халықаралық төлем жүйесі ассоциацияланған құрамына қабылдау шешімі қабылданды.

2005 жылдың шілде айында «Альянс Банкі» ААҚ  Алматы қаласында жаңа қаржылық супермаркетті ашты. Бұл қаржы мекемесінде синтезделген қаржылық қызметтердің барлық бағыттары жүзеге асырылады. Қаржы супермаркетінде банктің есеп айырысу касса бөлімі  және қолма-қол шетел валюталарын аудару пунктері қызмет атқарады. Сонымен қатар клиент өзге де қаржы институттарының зейнетақы қоры, ломбард, сақтандыру компаниялары, брокерлік компаниялар,шағын несиелеу ұйымдары сияқты қызметтерін пайдалана алады. Бұл Альянс Банкінің үшінші Қаржы Супермаркеті, ал қалған екеуі Қарағанды және Орал қалаларында табысты қызмет атқаруда.

2005 жылдың 23 шілдеде «Альянс Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау және тұрақтандыру Агенствасынан банктік операцияларды жүргізуге бар дицензияны алды. Бұл банктің қызмет етіп отырған лицензиясына қосымша жаңа сенімгерлік операциясының қосылуымен байланысты.Сенімгерлік операциялады жүргізуге рұқсаттың болуына байланысты «Альянс Банкі» ААҚ қызмет көрсету саласын кеңіте алады.

Қазіргі кезде «Альянс Банкі» ААҚ жаңа «Шектеусіз бизнес» атты бағдарлама жұмыс істей бастады. Бұл бағдарламаның негізін банкпен шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне Біріккен Араб Эмираттары және Ресейде экспорттық-импорттық операцияларды жүргізген кезде кеңес беру қолдауы құрайды.

2005 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша банк пресс-релизі.

2005 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Альянс Банкі қызметі шегінде келесілер ашылды:

1 филиал (Талдықорған), 9 есеп айырысу касса бөлімі (1-Астана, 1-Орал, 7-Шымкент), 8 ОП (3-Алматы, 2-Көкшетау, 1-Қызылода,1-Ақтөбе, 1-Ақтау).

Қазіргі кездегі банктің аймақтық жүйесі 14 филиалды, 112 ЕАКБ, 168 ақша аудару пунктерін құрайды.

4 ай ішінде банктің жеке капиталы 1047 млрд.теңгеге өсіп, кезең соңында 6 476 теңгені құрады. Жеке капиталдың өсімі жыл басынан 16,3% құрады.

Ағымдағы жылдың 4 айының ішінде банк 3,0 млн. акция орналастырды немесе 9шы эмиссия көлемінің 10% астамы.

Банк активтері 4,8млрд.теңгеге өсті және кезең соңында 36,4 млрд.теңгені құрады. Жыл басынан активтердің өсімі 15,3% құрады.

4 ай ішіндегі банкпен тартылған жалпы салымдар сомасы 3,1 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан салымдардың өсімі 13,8% құрады.

Ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында алынған «Альянс Банкі» ААҚ кіріс сомасы 2,6 млрд.теңгені құрады. Бұл  өткен жыл көрсеткіштерімен  салыстырғанда 84,2% өскендігін көрсетеді.

2005 жылдың 1 мамыры көрсеткіші бойынша бөлінбеген таза кіріс 223,7 млн. теңге, өткен жыл көрсеткішінен 2,3 есе жоғары.

8 банкомат, 46 постерминал орнатылып, 26 346 «Дуэт» төлем карточкалары басып шығарылды.

Банк он бір тендердің жеңімпазы болып танылды:

Павлодар қаласында – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріннесиелеу қызметін мемлекеттік сатып алу, жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамытуды несиелеу. Ақсу, Шымкент, Екібастұз калаларында – Ақсу, Тараз қаласында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді несиелеу.

Сонымен қатар, Астана қаласында ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына екінші деңгейлі банктермен берілетін субсидияланатын пайыздық сыйақылар бойынша тендер және Петропавловск қаласында экономика салаларын қолдау және дамыту несиелеу бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін льготтық несиелеу.

2005 жылдың 15 наурызында бағалы қағаздар нарығында номиналдық ұстаушы ретінде клиент шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік-диллерлік қызметпен айналысуға лицензия берілді.

Ernst and Young Kazakhstan тәуелсіз аудиторлар компаниясымен банктің 2004 жылғы қаржылық-шаруашылық қарекетіне халықаралық аудит жүргізілді. Аудит қорытындысы бойынша банктің қаржылық есептілігіне сенімділік айқындалды.

2005 жылдың 4 мамырында акционерлердің жалпы жылдық жиналысы болып өтті. 8 666 209 дауыс беруге құқы бар акция ұстаушылардың өкілдері қатысты.

Жылдық жалпы жиналыстың күнтәртібіне байланысты «Альянс Банкі» АҚ 2004 жылдың басқару есептілігін, 2003 жылдың жылдық қаржылық есептілігін,аудиторлық компаниямен қорытындыны және банктік Жарғының жаңа басылымын бекітті. кесте

Сонымен бірге, 2003 жыл бойынша банктің 724 140 680,54 теңгені құраған таза кірісін бөлу туралы шешім қабылданды.

199 877 046,50 теңге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жұмсалды.

451 702 781,40 теңге жай акциялар бойынша дивиднедтер төлеуге бағытталды.

8 000 000,00 теңге – материалдық марапаттау  қорын  толықтыруға

64 560 859,64 теңге – банктің резервтік капиталын толтыруға жұмсалды.

«Альянс Банкі» АҚ Банктің Директорлар Кеңесі бойынша 2005 жылдың екінші тоқсанының артықшылықты акциялар бойынша дивиденд ставкалары бір акция үшін 11,0 теңге көлемінде анықталды.

«Альянс Банк» АҚ  2004 жылдың 29 наурызында «Альянс Банкі» АҚ  бірінші эмиссиялық облигациялары бойынша бесінші куподық сыйақының төленетіндігі жайында хабарлайды:

  • аударылған сыйақы сомасы – 69 310 000,0теңге 00 тиын;
  • кіріс салығы сомасы – 6 298 407,64 теңге 00 тиын;
  • табыс салығынан нақты шегерілген сома – 63 001 592,36 теңге 36 тиын;
  • купондық сыйақы мөлшерлемесінің үшінші жылғы айналымы жылдық 10 % құрайды.

Акционерлік Коммерциялық Банк «Промсвязьбанк» (Москва қ.)  «Альянс Банк» АҚ 2004 жылдың үздік банк-контрагенті екендігін мойындады. Оған «Промсвязьбанк» АКБ арнайы дипломы дәлел.

2004 жылдың төртінші тоқсаны бойынша төленген артықшылығы бар акциялардың дивидендтер сомасы шегерілген табыс салығыбойынша – 75 612 655,55 құрады.

2004 жылдың төртінші тоқсаны бойынша артықшылықты акциялар бойынша төленген дивидендтер көлемі – бір акцияға 13,5 тенгені құрады.

Қарағанды  облысы  әкімдігімен  өткізіліген  Қарағанды облысы  жергілікті бюджеттерінің қаражаты  есебінен  жалпы  сомасы – 94900000 теңге  көлемінде төмендегідей  үш бағыт  бойынша  бюджеттік  несиелерді  ұсынуға банктік операциялардың  жекелеген  түрлерін жүзеге асыруға ҚР ҰБ-ң лицензиясы бар  екінші деңгейлі банктер және ұйымдар арасында тендер ұтылып алынды.

-экономика салаларын дамытуға және қолдауға арналған несиелеу;

— жергілікті деңгейде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиелеу;

— ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді несиелеу.

«Альянс Банкі» республиканың ең табысты және тұрақты қаржылық институттарының бірі болып табылады. Оның  соңғы жылдардағы негізгі  қаржылық көрсеткіштері  3-кестеде көрсетілген. (кесте 3)

 

 

Кесте 3

Банктің қаржылық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Капитал

1069,50

2 009,10

2 664,30

3326,60

5647,90

8365,20

Активтер

 

2847

6149

10143

16752

31563

39958

Депозиттер

1 756

3 678

5 830

11 271

23 443

29 105

Резервтер

11

31

113

435

723

783

Алтын

251

816

1 016

Таза кіріс

29

112

324

378

724

515

 

 

 

  • «Альянс банк» АҚ  құқыққа сәйкес операциялық

       қызметін талдау

 

Қазақстан қазіргі уақытта ТМД-ның басқа елдерінің банктік жүйесін барлық көрсеткіштері бойынша алдакеле жатқан  инвесторлар үшін сенімді әрі тартымды банк секторын құрып отыр.

Арнайы мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың бірінші қазанында Қазақстанның банктік секторындағы резиденттердің  депозиттер көлемі 766,9 млрд. теңгені құрады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2004 жылға жоспарланған елдің бюджет түсімінің көлемі 710 млрд. теңгені құрауы керек. Яғни банктік салымдар- экономиканың дамуына әсер ететін үлкен қаржылық күш. Жыл басынан олардың өсімі 27,1 % құрады. Осымен бірге Ұлттық Банк мәліметтері бойынша 2004 ж. қыркүйек айындағы салымдар көлемі 9,1 % өсті, соның ішінде тамыз айымен салытырғанда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 6%-дан 384,5 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасы бойынша 12,4 %-тен 382,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Бұл уақыт ішінде заңды тұлғалар депозиттері 13,6% 458,9 млрд.теңгеге дейін өсті. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша халық салымдарының өсімі жалғасты, олар қыркүйек айында 2,9 % 315,5 млрд.теңгеге дейін өсті. Егер доллардық эквивалент жөнінде айтатын болсақ, қыркүйек айының басында жеке тұлғалар депозиті маңызды орынға ие болды – 2 млрд.долларды құрады. Банктік секторда халықтың қаржылық институттарға деген сенімділігінің өсуі туралы тағы да сөз қозғауға себеп болды.

Қыркүйек айында депозит бойынша кірістің деңгейі күрт өзгерді. Ақпарат көрсеткендей, банктік емес заңды тұлғалардың жедел депозиттерінің орта өлшенген депозиттерінің мөлшері 3,8%-дан 3,7% төмендеді, ал шетел валютасы бойынша депозиттердің жағдайы өзгеріссіз қалды — 1,3%. Қазақстан банктерімен экономикаға берілген жалпы несие көлемі 2005 жылдың бірінші қазанындағы жағдайы бойынша 879,4 млрд.теңгеді құрады, ол жыл басынан 30,8% өскендігін көрсетеді. Шетел валюталары бойынша займдармен салыстырғанда ұлттық валютадағы несиенің өсуі алға бағытталған сипатты танытады. Бұған 1990 жылдармен салыстырғандағы қазіргі кездегі теңгенің тұрақтануы әсер ететін болуы керек. Орталық Банктің соңғы қорытындылары бойынша теңгелік несиелердің өсімінің үлесі 42,6%-дан 43,3% өсті.

Осымен бірге ұзақ мерзімді несиелердің өсуі 5,9%-дан 549,2 млрд.теңгеге, ал қысқа мерзімді – 7,5%-дан 330,2 млрд.теңгеге дейін өсті. Қорытындысында ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 62,4% құрады. Бұл көрсеткіштер, банктердің ұзақ мерзімді жобалармен қызығатындығын және оларға сенетіндігін көрсетеді. Одан басқа, банктерде тек қана ірі корпоративті клиеттердің өсу сатысы өтті. Кәсіпкерлік орта енді қалдық принципімен қаржыландырылмайды.Ұлттық Банк мәліметтері бойынша шағын бизнес субъектілерінің несиелері 2004 жылдың қыркүйек айында 6,6 % өсе отыра бірінші қазанда 201,7 млрд.теңгеге жетті немесе бұл экономикадағы барлық  несиенің 22,9% құрады.

«Альянс Банкі» республиканың ең табысты және тұрақты қаржылық институттарының бірі болып табылады. Бұл банк өз клиенттерімен толық масштабты деңгейде мамандандырылған, Қазақстан аумағында банктік нарықтық жүйеде қаржылық супермаркет нау-хау қолданған жалғыз банк болып табылады.

Жобаның ерекшелігі түрлі қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің жекелеген үйлесімділігінде. Алғашқы рет бұл жоба Қарағанды қаласында үш жыл бұрын табысты іске асырылды. Біздің республикамыздың қазіргі тарихында алғашқы ашылып отырған қаржылық супермаркет қалалықтардың уақытын,жүйке-жүйесін және ақшасын үнемдей отыра, олардың арасында үлкен мәртебеге ие болды./27,57/

«Альянс Банкі» АҚ жиынтық капиталы 1 қазанда 8,6 млрд. теңгені құрады,ағымдағы жылдың 3ші тоқсанында капитал өсімі 1,7 млрд.теңгені құрады немесе 2005 жылдың 2ші тоқсанымен салыстырғанда 24% құрады.Ағымдағы жылдың 3ші тоқсанында қызметі бойынша банк активтері 5,8 млрд. теңгеге өсті немесе 15 % және кезең соңында 44 млрд.теңгені құрады. Активтердің өсімінің негізгі көзі талданатын кезең бойынша 1,8 млрд,теңгеге өсіп,25,4 млрд,теңгені құраған несиелік портфель болып табылады.

Несиелік портфельдің құрылымындағы стандартты несиелердің үлесі 84,53%, күмәнді несиелер үлесі 14,77% құрайды. Салыстыру үшін 1 маусымда стандартты несиелер үлесі 81,7%, күмәнді 18,3% құрады. Бұл көрсеткіштер банктің ссудалық портфелінің сапасының жақсарғандығын көрсетеді.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы заңды және жеке тұлғалардан тартылған қаржы көлемі 4,2 млрд.теңгені құрап, қарастырылған уақыттың соңына қарай бұл көрсеткіш 30,7 млрд.теңгеге жетті. Өсім жеке тұлғалардың жедел салымдарының есебінен қамтамасыз етілді. 2005 жыл бойынша филиал қызметінің қорытындысы келесікестедегі қаржылық көрсеткіштермен сипатталады (кесте 4).

Табыс салығын есепке алғандағы табыс жоспарланған 71.676,5 мың теңгенің орнына 72.195,8 мың теңгені құрады. Жоспар 100,7% орындалды және 71.676,5 мың теңгені құрады./26,19/

 

 

Кесте 4

«Альянс Банк» Шымкент қаласы  филиалының 2005ж.

қаржылық көрсеткіштері

мың теңге

Баптар атауы

І тоқсан

ІІ  тоқсан

ІІІ тоқсан

VΙ тоқсан

Барлығы: жыл бойына

Кірістер

58 736,4

61 647,2

55 504,2

73 651,6

249 179,4

Шығыстар

56 959,1

38 310,3

33 972,1

28 047,8

157 289,4

Табыс салығын есепке алмағандағы нәтиже

1 417,2

23 336,9

21 532,1

45 603,8

91 890,0

Табыс салығы

2 889,6

7 258,2

4 383,4

5 136,1

19 694,2

Табыс салығын есепке алғандағы нәтиже

-1 472,3

16 051,7

17 148,7

40 467,7

72 195,8

 

 

Ағымдағы жылдың 4- тоқсаны қызметі бойынша Банкпен 7,4млрд.теңге көлемінде кіріс алынды, бұл өткен жыл көрсеткішін 64% өскендігін көрсетеді.

Банк бақылау органымен бекітілген пруденциалдық нормативтердің барлығын орындайды. Ол еліміздегі өзге де банктермен бірге тұрақты және динамикалық түрде даму үстінде. «Альянс Банкі»  6 ірі дамушы банктердің ішінде бірінші орында(көрсеткіш орта деңгейден жоғары 0,5).

 

 

Табыстар құрылымы

 

 

 

сурет 3

 

2005 жылы филиалмен алынған негізгі табыстар баптары болып, клиенттермен ұсынылған несиелер бойынша пайыздық табыстар болып табылады. Бұның 68,0% жалпы табыстардан, комиссиондық кірістерден 20,7% , дилингтік операциялардан 10,1% құрады.

 

 

 

сурет 4

 

Есепті жылда филиалдыңжалпы шығысы 157.289,4 мың теңгені құрады,ал жоспарланған жалпы шығыстар 129.753,1 мың теңге, шығындалу 27.536.3 мың теңгені құрады. Шығындалудың негізгі бабы 13.392,7 мың теңге, ол болып «Басты банкпен ұсынылған несиелік ресурстар үшін пайыздық шығыстар есеп айырысу», филиалдың ссудалық өсімімен байланысты.

9.470,3 мың теңге сомасын құрайтын шығындалудың баптарының бірі болып «Арнайы және жалпы провизиялар бойынша қаржыландыру». 2005 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша несие бойынша 14.352,1 мың теңге несиелер бойынша провизиялар құрылды, жоспарланған сома 4.881,9 мың теңге.

Сонымен қатар шығындалуға 15.452,1 мың теңге құраған пайыздардың аударылымы сомасын құраған жеке тұлғалардың жедел депозиттерінің көлемінің өсімі әсер етті.

Ережеге сай банк ролі оның активті операцияларының көлемімен анықталады. Бұл экономиканың бөлек секторлары резервіндегі арнайы мақсаттарға арналған халық шаруашылығына ұсынылған несие көлемі.

Банкпен 2005 жылғы зерттелген филиалмен Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасына бөлінген несие сомасы 905.590,0 мың теңгені құрады, оның ішінде қысқа мерзімді несиелер 532.491,0 мың теңге және ұзақ мерзімді несиелер 370.488,0 мың теңге.

Өткен жылмен салыстырғанда берілген несие көлемі 101,3% , 894.057,0 мың теңгеден 905.590,0 мың теңгеге дейін өсті (5 кесте).

Қысқа мерзімді несиелерге қарағанда ұзақ мерзімді несиелердің көлемінің 183,1%  өсімі байқалады. Бұл облыс экономикасына оң әсерін тигізуде, себебі бүгінгі таңда банк қызметін тұтынушыларға барлық дамушы бизнесті кеңейтуге және халықтың тұтынушылық мақсаттарына ұзақ мерзімді займдар қажет.

 

 

Кесте 5

Несиелендіру  бағдарламасы шегіндегі  филиалдың  несиелік  портфелі

 

Көрсеткіштер атауы

01.01.2005 жылға

01.01.2006 жылға

Қысқа мерзімді

687 673,0

532 491,1

Ұзақ мерзімді

202 332,0

370 488,0

Уақытында өтелмегендері

4 052,0

2 611,0

Барлығы

894 057,0

905 590,0

 

 

 «Альянс Банкі» ААҚ Оңтүстік Қазақстандағы филиалымен оңтүстік қазақстандықтарға ұсынылған зайымдардың жалпы көлемі, тұтынушылық несие бағдарламасы бойынша ұсынылған зайымдар құрайды. 01.01.06 ж. Тұтынушылық несиелеу бағдарламасы бойынша зайымдар сомасы 150.881,0 мың теңге құрады./27,78-79/

Несиелеудің көлемінің өсімі зайымдарды  барлық бағыттарда ұсыну қарастырылуда. Ерекше өсім жылжымайтын мүлік алуға берілетін зайымдарда байқалуда, оның өсімі соңғы екі жылда 246,9%  құрады. Сонымен қатар халық өнімдерін тұтынуға ұсынылатын зайымдар құрайды,олардың өсімі 282,3%  11.347,0 мың теңгеден 32.040 мың теңгені құрады (6 кесте).

 

Кесте 6

Тұтынушылық несиелеу бағдарламасындағы несиелік портфель

 

Ұсынылатын зайым мақсаты

01.01.05

01.01.06

Жылжымайтын мүлік сатып алуға

19 762,0

48 809,0

Автокөлік сатып алуға

23 516,0

42 847,0

Халық тұтынатын тауарларды иемденуге

11 347,0

32 040,0

өзге де мақсаттарға

9 993,0

27 185,0

Барлығы

64 618,0

150 881,0

 

 

Кесте 6 көрсетіп отырғандай, тұтынушылық мақсаттарға ұсынылып отырған зайымдар құрылымы келесідей түрде болады: тұтынушылық несиелердің жалпы сомасында жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылатын зайымдар көлемі — 32 %,автокөлік сатып алуға – 28,4%, халық тұтынатын тауарларды иемденуге – 21,2% және өзге де мақсаттарға – 18,4% (5 сурет)

 

 

5 сурет

 

2005 жылы жеке тұлғаларға 150.881 мың теңге көлемінде банктік зайымдар берілді. Олардың ішінде 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді зайымдар – 01.01.2006 жылы 22.288 мың теңге немесе жалпы берілген зайымдар көлемінен 14,8% құрады. Осыған орай 1 жылдан ұзақ мерзімге берілетін зайымдар көлемі ұсынылған жалпы несиелер сомасының 85,2% құрайды (7 кесте).

Кесте 7

Несиелеу мерзімі бойынша ссудалық портфельдің құрамы

 

Көрсеткіштер

01.01.2005

01.01.2006

Қысқа мерзімді

13 120,0

22 288,0

Ұзақ мерзімді

51 498,0

138 593,0

Барлығы

64 618,0

150 881,0

 

 

2005 жыл бойынша екінші деңгейлі банктердің несиелік салымдарының жаопы сомасындағы «Альянс Банкі» үлесі 2,5% құрады. Бұл Оңтүстік Қазақстанның банктік нарығына жаңа еніп жатқан банк үшін жақсы көрсеткіш болып табылады. Өзге банктерді алатын болсақ, Халық Банкінің үлесі 39%, «Банк Тұран Әлем» — 29% және «Казкоммерцбанк» — 8% жатады.

 Оңтүстік Қазақстан банктерімен тұтынушылық мақсаттарға берілген несиелердің жалпы сомасындағы «Альянс Банкінің» үлесі 7,3% (2.062 млн. теңге) құрайды.

2006 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша тұтынушылық несиелеудің секторының ссудалық портфелі 150 881,0 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2004 жылға бюджетпен жоспарланып бекітілген 52 986,0 мың теңге портфель көлемінен әлдеқайда жоғары екендігін көруімізге болады.

Тұтынушылық несие бойынша жеке тұлғаларды несиелеудің өсімі байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда ссудалық портфель 96 263,0 мың теңгеге өсті және зайым алушы клиенттер саны 114 жетті./26, 45/

 

2005жылда тұтынушылық несие бойынша ссудалық портфельдің өзгеру серпіні

 

 

сурет 6

 2005 жылы клиенттерге тұтынушылық мақсатта берілген несиелердің пайыздық кірістері 23 724,3 мың теңге болды, ол жрспарланған 15 046,5 мың теңгеден 57,6% көлемінде жоғары орындалып отыр.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерге қарай облыс үшін «Альянс Банкі» маңызды екенін айта аламыз. Демек, несиелеу портфелінің анализі көрсеткендей, банк өзінің несиелік саясатын өз клиенттерінің толық қанағаттанарлықтай бағытта көңіл аударады. Яғни, банкпен берілетін несиелер әлеуметтік қажетті мақсаттарға беріледі, оларға: халықтың жылжымайтын мүлік сатып алуына, халық тұтынатын тауарларға және өзге де мақсаттарға.

Айтып өткендей, банктің алатын орынын бағалағанда оның қоғамда орналасуы маңызды, ол банктің өзінің пайдасына ғана емес, сонымен қатар өз клиенттерінің пайдасы мен мүдделеріне жұмыс атқаруында көрінеді. Көріп отырғанымыздай, бұл бағытта «Альянс Банкі» республикамыздың Президенті жүргізіп жатқан саясат, яғни халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы, қоғамдық қажеттіліктерге жауап беретін саясат жүргізуде.

Банктер, өзгелерге қарағанда ақша айналымын жүйеге келтіретін және реттейтін бірден-бір институт болып табылады.  Банкке орналастырылған ақша құралдары бойынша кәсіпорындар мен азаматтар салымдары бойынша сыйақылар және өзге де тегін қызметтерін қолдана алады. Банкте орналасқан ақша қаражаттары иесіне және несиелік ұйымға қосымша кіріс алуға мүмкіндік беретін ақша айналымын қалыптастырады.

01.01.2006 жылғы жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі:

— теңгемен – 4119 депозит – сомасы 122 427,0 мың теңгені құрады

— АҚШ долларымен – 1424 депозит – сомасы 120 412,0 мың теңгені құрады.

2005 жылы жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемінің өзгеру динамикасында бірқалыпты өсім байқалады. Тек қана 2004 жылдың І тоқсанында депозиттер көлемінің жоғарғы көлемді түсімі байқалады. Есепті жылдың Ι тоқсанындағы депозиттік базаның төмендеуінің негізгі себебі 2 жедел депозиттің уақытының аяқталуына байланысты оларды 4 808,9 мың теңге көлемінде орналастыру болып табылады.

Жеке тұлғалардың депозиттерінің  көлемінің өсу қарқыны 62% — 149.864 мың теңгеден — 2004 жылы 242.839,0 мың теңгеге – 2005 жылы өсті.(кесте 8)

 

Кесте 8

Жеке тұлғалардың депозиттерінің түрлері бойынша бөлу

 

Жеке тұлғалардың депозиттерінің түрлері

01.01.05

01.01.06

Өсу қарқыны,

%

Жедел депозиттер

102 076,0

199 057,0

195

Кепілдік депозиттері

2 414,0

5 669,0

198

Талап етілгенге дейінгі депозиттер

45 374,0

38 113,0

 

 

Барлығы

149 864,0

242 839,0

162

 

Депозиттердің өсімі жедел депозиттердің, кепіл-депозиттерінің есебінен байқалады. Халық салымдарының көлемінің өсімі байқалған жағдайда талап етілгенге дейінгі депозиттердің көлемінің өсімі төмендейді. Бұл халықтың тұрмыс жағдайының өсуімен бос ақша қаражаттарының жинақтап сақтауына талпынысын көрсетеді. Осыдан банктің ұзақ мерзімді уақытқа халық салымдарының тарту саясатын жүргізетіні бойынша алатын рөлі байқалады. Оңтүстік Қазақстандықтар депозитке ақшаларын сала отырып, сыйақы түрінде тұрақты кіріс алып тұруы ғана емес, сондай-ақ ұтыс түрінде қосымша кіріс ала алады.

 Сонымен қатар банктің рөлі клиенттердің ақша қаражаттардың сақталуын және елдің ішінде сауда операцияларына байланысты тез аударуды қамтамасыз ету болып табылады.

2005 жыл бойы банк филиалымен жеке тұлғалардың 1493 аударымы жасалды, оның ішінде 923 Республика аумағында – 493 463,4 мың теңгекөлемінде және 570 халықтық аударымдар 3587,4 мың АҚШ доллары және 120,1 мың Евро көлемінде жасалды.

Сонымен қатар 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда кассалық айналымдардың да өсімі байқалады. Егер, 2004 жылы касса филиалына 11791 млн.теңге түскен болса, 2005 жылы – 13 573 млн.теңге,яғни 1 782 млн. теңгеге көп.

Баламалы түрде, 2004 жылы филиал кассасынан 11 773 мың теңге берілген болса, 2005 жылы – 13595 млн.теңге берілді, яғни 1822 млн. теңгеге артық.

2005 жылдың 1 қазанындағы  Банктің жағдайы 14 филиал, 119 есеп айырысу-касса бөлімін,179 шетел валютасын қолма-қол айырбастау пунктерінің және де 3-ші тоқсанда 4ЕАКБ және  8АП ашылуымен ерекшеленеді.

Банкпен келесі лицензиялар алынды:

  • 2005 жылдың 15 наурызынан бастап номиналды ұстаушы ретінде шот жүргізу құқығымен брокерлік – диллерлік операцияларды жүзеге асыруға;
  • 2005 жылдың 23 маусымынан бастап сенімгерлік операцияларын жүзеге асыруға;
  • «Альянс Банкі» АҚ қайта тіркелуіне байланысты жалпы лицензиялардың соңғы жаңартылуы №43 үшін 01.09.04ж. жүзеге асырылды.

2005 жылдың 23 тамызында акционерлердің жалпы жиналысында банктік топты құру шешімі қабылданды. Жақын арада бұл топтың ішіне «Альянс Полюс» СК АҚ, «Альянс» ЖЗҚ, «Альянс Life» АҚ, «Альянс Ломбард» АҚ болады.

Банк «Viza International» төлем жүйесіне енді.

2005 жылдың 9 айының ішінде 52 380 «Дуэт» төлем карточкалары шығарылды,ұстаушылардың саны – 45 103 құрады, карточка шоттарындағы қалдық саны – 68 560 707,66 құрады.

«Альянс Банкі» АҚ «Дуэт» төлем карточкалары Қазақстанның қаржы рыногында табысты жоғарлауда.

Альянс Банкі 40 мыңнан астам «Дуэт» төлем карточкаларын басып шығарып,  локальды төлем жүйесі бойынша өз жұмыстарын Қазақстанның 30 қаласында таратты. «Альянс Банкі» АҚ  төлем карточкаларының саны қысқы мерзім ішінде 48608 шт.болды.

«Дуэт» төлем карточкаларының локальды жүйесі Қазақстан территориясында қызмет атқаратын жалғыз жүйе болғандықтан өз бағытында  керемет болып табылады. Банк карточкаларын дамыту бағдарламасы карточкалық бизнестің барлық бағыттарының қызметінің масштабын  кеңейтуге және олардың халықаралық стандарттар деңгейіне жетуге бағытталған. Бұл жүйе Қазақстан халқының басым көпшілігіне тиімді. Банктік карточкалардың тартымдылығы ары қарай карточкалық шот бойынша овердрафт несиелеуді  жүзеге асыру  қамтамасыз етіледі,сонымен қатар комуналды және өзге де міндетті төлемдерді,қосымша қызметтерді  жүзеге асыру қарастырылады.

Банкпен электронды-төлем жүйелерінің желісі дамытылуда. Қазіргі күнге дейін Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балхаш, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Шымкент қалаларында 16 банкомат орналастырылған.

Сонымен бірге 149 POS терминалдар орналастырылған, олардың ішінде

-есеп айырысу кассалық бөлімі – 104

-сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында – 45

Осы уақытта транзакциялар саны 241164 құрап отыр. Олардың ішінде: сауда және қызмет көрсету кәсіпорыедары бойынша – 43305 транзакциялар,

Банкоматтар бойынша – 159811 транзакциялар, ЕАКБ бойынша – 37760 транзакции, карточка шотынан карточка шотына аударымдар жасау боынша – 37 транзакциялар, карточкалық шоттарды POS терминал бойынша толтыру – 215 транзакциялар.

«Альянс Банкі» АҚ елдегі алдыңғы қатардағы он банк құрамына кіреді.

«Альянс Банкі» АҚ өзінің алтын валюта резервтерін 2 есеге жоғарлатты.Банк алтынвалюта резервтерін 1ші жартыжылдықта 2 есеге өсіре отыра 1,4 млрд.тенгені құрап отыр.

1 шілдедегі жағдайы бойынша алтын валюта резервінің негізгі бөлігін (65% жоғары) халықаралық стандарттарға сай(9999) аффинирленген алтын және күміс құймалар  құрайды.

2004 жылдың 1ші жарты жылдығында банктің аффинирленген бағалы металлдар түріндегі таза алтын резервтері бағаларында 32% дан 920,0млн.тенгеге өсті.Алтынвалюта қорының өсуіне банкпен ішкі нарықта алтынның сатылып алуында.

2004 жылдың 1ші жарты жылдығындағы алтынвалюта резервтерінің жалпы көлемінің өсімі шетел валютасын қоса алғанда 728,0 млн.теңгені құрап отыр.Альянс Банкі «Дуэт» локалды төлем карточкаларын ұсынады және өз қызметін ҚР ҰБ №43 11 тамыз 2003 жылғы лицензиясы негізінде жүргізеді.

Бүгінгі таңда төрт түрлі төлем карточкалары ұсынылады:

1.Кең ауқымды қолданысқа жеке тұлғаларға арналған төлем карточкалары;

2.VIP клиенттерге арналған алтын төлем карточкалары. Ол ірі акционерлер және банкпен айрықша келісім шарттарын жасасқан клиенттер болып табылады:

  • «Альянс Банкі» АҚ депозит шотында 300 АҚШ доллары, 300 евро немесе 50000 тенге көлемінен кем емес шоты бар;
  • «Альянс Полис» АҚ СК сақтандыру түрлерінің бірін қолданушы;
  • «Альянс Фонд» АҚ ЖЗҚ зейнетақылық жинақтарының келіп түсуі және шотының болуы;
  • «Дуэт» төлем карточкалары бойынша еңбек ақысын алу;

Ұстаушы үшін алтын карточканың артықшылығы:

  • сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлар мен қызмет көрсетушілер үшін ижеңілдіктердің болуы;
  • тауарлар мен қызмет үшін төлем жасағанда комиссияның болмауы;
  • «Альянс» банктік тобының акциялары мен дисконттық бағдаламаларына қатысу;
  1. «Альянс» ҚӨА кәсіпорын қызметкерлеріне арналған төлем карточкалары. Қазіргі таңдабұл карточкаларды пайдаланушылар саны 7 мың адамды құрайды.
  2. Несиелік желісі бар төлем карточкалары. Бұл карточкалар өз ұстаушыларына жаңа процентсіз «Бірегей шешім» атты бағдарламамен тұтынушылық несие алуды қамтамасыз етеді.

«Дуэт» төлем карточкалары банк қызметінің толық спектрін ұсынады:

  • еңбекақы, зейнетақы, стипнедияларды алу;
  • кәсіпорындарда тауар және қызмет үшін төлем жасау;
  • Қазақстан аумағында ақша аударымдарын жүзеге асыру;

«Альянс Банкінен» жаңашылдық

Электронды есептеу касса бөлімі – ЭЕКБ

  • бұл электронды банк қызметін ұсынудың қазіргі заманғы түрі;
  • бұл өзіңнің карточка шотымен өз-өзіне қызмет көрсету режимінде жұмыс істеу;
  • бұл электрондық банк қызметінің толық пайдалану.

ЭЕКБ – карточка ұстаушыларына төлем терминалдары мен банкоматтары қызметтерін пайдалануды ұсынады:

  • карточкалық шоттан қолма-қол ақша алуға;
  • Қазақстан территориясында ақша аудару операцияларын жүргізу;
  • Карточкалық шоттардан жазылым алу;
  • «АльянсФонд» ЖЗҚ зейнетақылық шоттарынан жазылымдарды алу;

Осыған орай зерттелген кезеңдерде «Альянс Банк» жұмысында клиенттермен жұмыс жасау сапасын жақсартуға өзгертулер жасалды. Осыдан келе, банкке тартымды саясат жүргізудегі іс-шараларының оңды әсерде екенін көруімізге болады.

 

 

  • Банктерінің несиелік операциялық қызметін құқықтық реттеу

       негіздерін талдау

 

 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі  туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес енгізілді) елдегі резидент және резидент емес коммерциялық банктердің, мемлекеттік банктердің, сондай-ақ мемлекет аралық банктердің банк және лицензиялау – рұқсат беру жүйесіндегі ұйымдастырылу, құрылу және құқықтық мән-жайларын, банктік қызметін (операциялары мен мәмілелерін), банктік қызметке ықпал ету шараларын, банктік қызметті инспекциялау тәртібін, банктерге қолданылатын санкцияларды, банктік құпияны, банктік есепке алу және есептілік мән-жайларын және т.б. регламенттейді.

Осы заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымындағы ақшалай-кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия — рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының құрылымы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады.

«Банктерді құрудың және олардың қызметінің негіздемелері мен шарттары» деп аталатын 1-бөлім мынадай тараулар мен баптардан құралған:

1-тарау. Жалпы ережелер (1—11-баптар).

2-тарау. Банктерді құру және оның жарғылық капиталына қатысу (12—29-баптар).

3-тарау. Банктік қызметті жүзеге асыру (30—40-баптар).

4-тарау. Банктердің қызметін реттеу және депозиторлардың мүддесін қорғау (41-52-баптар).

5-тарау. Есеп және есеп беру (53-56-баптар).

6-тарау. Банктерге және аффилирлендірілген тұлғаларына аудит (57-59-баптар).

2-бөлім «Банктердің құқықтық мәртебесін өзгерту және қызметін тоқтату ерекшеліктерінің шарттылықтары» деп аталады және оның құрылымында мынадай тараулар мен баптар орын алған:

7-тарау. Банктерді ерікті түрде қайта тіркеу (60-61-баптар).

8-тарау. Банкті консервациялау (62—67-баптар). ,   

9-тарау. Банктерді тарату және еріксіз қайта құру (68-74-4-баптар).

3-бөлімі «Қорытынды ережелер» мынадай тараулар мен баптардан тұрады:

9-1 -тарау. Банктік қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілік (74-5 — 74-9-баптар).

10-тарау. Қорытынды ережелер (75—78-баптар).

Осы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңының аса маңызды баптарына мыналарды жатқызуға болады:

1-бап. Банк, оның мәртебесі және тұрған жері.

3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

5-бап. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.

7-бап. Банктердің және мемлекеттің жауапкершілігін шектеу. Банктердің тәуелсіздігі.

8-бап. Банктер үшін тыйым салынған және шектелген қызмет.

11-бап. Банктердің еншілес банктері, филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу-кассалық бөлімдері.

13-бап. Уәкілетті органның банкті ашуға рұқсат беруі.

14-бап. Банктің құрылтай құжаттары.

15-бап. Банктің ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы.

16-бап. Банктің жарғылық және меншікті капиталы.

17-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары.

19-бап. Банкті ашуға рұқсат беру жөніндегі өтініш.

21-бап. Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен банк құруға және оның қызметіне қойылатын қосымша талаптар.

22-бап. Шет елдердің қатысуымен банктер құруға және олардың қызметіне қойылатын қосымша талаптар.

25-бап. Банкті мемлекеттік тіркеу.

26-бап. Банктік операцияларды лицензиялау.

30-бап. Банктік қызмет.

31-бап. Банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар.

33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты.

34-бап. Заем операциясы.

35-бап. Несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету.

38-бап. Төлемдерді және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру.

41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктік реттеу тәсілдері.

42-бап. Пруденциалдық қалыптар және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер.

44-бап. Банктердің қызметін инспекциялау (тексеру).

46-бап. Ықпал етудің шектеулі шаралары.     

47-бап. Санкциялар.

48-бап. Барлық немесе жекелеген банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны тоқтата түру не оны қайтарып алу үшін негіздер.

50-бап. Банктік құпия.

51-бап. Банкте жатқан ақша мен мүлікке арест салу және олардан өндіріп алу.

52-бап. Депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесі.

54-бап. Банктердегі есеп және есеп беру.

Сонымен Қазакстан Республикасының аталмыш заңы банк жүйесіндегі және халықаралық экономикалық байланыстардағы тиімді әрі өркениетті нарықтық қатынастарға қол жеткізу мақсатында белгілі бір тарихи даму кезеңінде банктерді және олардың қызметін(банктік операциялары мен мәмілелерін) тікелей ұйымдастыруға-әкімшілік ықпал етуге, жанама экономикалық және корпоративтік басқаруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы және Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ лицензиялау негізінде жұмыс істейтін, акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық банктер банктік операциялардың барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті мемлекеттің кредиттік-қаржылық агенті ретінде әрі өз мүддесін (пайдасын) көздей отырып жүзеге асырады.

 «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының заңы: басымды бағдары, құрылымы, мәні. «Акша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы маусымның 29-ындағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңына сәйкес енгізілген) Қазақстан Республикасындағы акша төлемін және аударымын, яғни азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлем жасау шарттарына сәйкес ақша төлемін немесе аударымын, банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өз клиентінің тапсырмасы бойынша ақша аударымын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізілетін ақша төлемін және аударымын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының аталмыш заңындағы банктерге және банктік қызметке байланысты баптарға 5-бап (Акша) 6-бап (Банк шоттары); 7-бап (Ақша төлемін және аударымын жүзеге асыру тәсілдері); 8-бап (Төлемдік тапсырма); 9-бап (Чек) 11-бап (Төлемдік карточка); 11-1-бап (Төлемдік карточкалардың Ұлттық банк — аралық жүйесі); 12-бап (Банктік шотты тікелей дебеттеу); 13-бап (Төлемдік талап-тапсырма); 14-бап (Инкассолық өкім); 16-бап (Нұсқау акцепті); 17-бап (Нұскауды акцептеген кезде туындайтын құқықтар мен міндеттер); 18-бап (Алушы банктің ңұсқауларды акцептеуден бас тарту негіздері) 29-бап (Ақша аударымның негізгі әдістері); 30-бап (Ақша аударымы туралы нұсқауды ұсыну әдістері); 32-бап (Ақша аударымы кезінде жөнелтуші және алушы банк арасындағы хабар алмасу); 36-бап (Ақша аударымын аяқтау) жатады.

Осы занның 3-бабында бенефициар банк, алушы банк және делдал банк ұғымдары берілген.

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы: банктерге және банктік қызметке байланысты  ережелері-принциптері. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы (сонғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңына сәйкес енгізілген) лицензиялануға жататын қызметті немесе мемлекет тарапынан белгіл бір іс-әрекетті лицензиялауға байланысты қатынастарды реттеуге ат салысады.

Лицензия (рұқсат) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалар мен азаматтарға, резидент емес шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.

Қаржылық ресурстарды шоғырландыруға байланысты қызмет пен қаржылық қызметті банктік заңнамалық актілерге сай жүзеге асыратын:

1) банктердің банктік операциялары;

2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі;

3)  клирингтік және есеп айырысу ұйымдарының қызметі;

4)  банктік қызметке қатысты жүргізілетін аудит;

5)  банктердің бағалы кағаздар рыногындағы кәсіби қызметі;

6) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметі (11-бап, 1,4-тармақтары);

7) резидент және резидент емес банктердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялары (11-1-бап) лицензиялауға жатады.

Банктерге және олардың банктік (операциялық) қызметіне байланысты басты лицензия, бір жолғы лицензия және операциялық лицензия беріледі (4-бап, 2-тармағы).

Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерге лицензиялар беру және олардың банктік қызметі түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қаржы, банк жүйесіндегі адал бәсекелестікті дамытуға әрі монополизмді шектеуге, банктік құқықтық тәртіпті күшейтуге септігін тигізеді.

 «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы: банктік кредиттеуге қатысты мән-жайлары 2004 жылғы 6 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасында кредиттік тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырылу негіздерін айқындауға, сондай-ақ кредиттік бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға (доғаруға) байланысты қоғамдық қатынастарды, осы аядағы мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктерін реттеуге ат салысады.

Аталмыш Қазақстан Республикасының заңы кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттік бюроларды құру, олардың жұмыс істеуі және қызметін доғаруы, ақпарат берушілердің кредиттік тарихтың деректер базасын кұруға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды регламенттейді.

Кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және лицензия негізінде жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар ретінде негізінен кредиттік тарихты қалыптастырумен және кредиттік есептеме берумен айналысады.

Кредиттік бюроларға ақпарат берушілер қатарынан банктер мен заемдық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрініс табады.

Сонымен катар банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кредиттік тарихта сақталатын тиісті ақпаратты кредиттік есептемені кредиттік бюродан алушылар қатарына да жатады.

Банктер кредиттік есептемені алушылар ретінде:

1) кредиттік тарих субъектісі әдетте (банктік кредитті алушы) туралы кредиттік есептемені алуға оның келісімін алғандығы жөнінде растаманы кредиттік бюроға табыс етуге;

2) кредиттік есептемені алушы ретінде тіркелген кезде оларға табыс етілген мәліметтердің өзгергені жөнінде хабарлауға;

3)  кредиттік есептемеге қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

4) кредиттік есептемедегі ақпаратты тек занда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;

5) кредиттік тарих субъектісінің талабы бойынша оны кредиттік есептеменің мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттік есептемені алушының ішкі ережелеріне сәйкес кредиттік есептеменің көшірмесін беруге;

6) кредиттік бюроның кредиттік есептеме беру жөнінде көрсететін қызметіне ақы төлеуге міндетті.

Кредиттік бюроларға банктер табыс ететін ақпаратта:

 1) тиісті тұлғаның осы банктен алған кредиті бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шарттылы және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;

2) кредиттерді, сондай-ақ шарттылы және ықтимал міндеттемелерді беру датасы әрі (график бойынша және іс жүзінде) өтеу датасы;

3) міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің (сейфтік жәшіктерде, шкафтарда және банктің бөлмелерінде сақтау жолымен қамтамасыз етуді есепке алмағанда) құрамы мен тәсілдері туралы ақпарат;

4)  тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер болуға тиіс.

Аталмыш Қазақстан Республикасы заңының банктерге қатысты ережелері онын 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29-баптарында көрініс тапқан.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі: банктік кызметтің принциптері – қағидалары. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (1999 жылғы 1 шілдедегі) Ерекше бөлімінің «Банктік қызмет көрсету» деп аталатын 38-тарауының құрылымы 23 баптан құралған 4 параграфтан тұрады.

Бірінші параграфта (Жалпы ережелер):

739-бап. (Банктік қызмет көрсету шарты);

740-бап. (Банктегі ақшаларға билік етуге шектеулер);

741-бап. (Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып кою);

742-бап. (Клиенттің ақшасын алу кезектілігі);

743-бап. (Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуі);

744-бап. (Банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу);

745-бап. (Банк құпиясы);

746-бап. (Клиенттерге банктік қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік) көрініс тапқан.

Екінші параграфта (Банктік шот):

747-бап. (Банктік шот шарты);

748-бап. (Банктік шот шартының нысаны);

749-бап. (Клиенттің ақшасына билік ету);

750-бап. (Банктік шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар);

751-бап. (Ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы);

752-бап. (Банктік шот шартын бұзу);

753-бап. (Банктердің банктік шоттары) орын алған.

Үшінші параграф «Ақша аудару» 754-бап (Ақша аудару туралы шарт) пен 755-бап (Ақша аудару туралы шарттар жасасу) тұрады.

Төртінші параграфта «Банк салымы» мән-жайы бойынша:

756-бап. (Банк салымы шарты);

757-бап. (Банк салымдарының түрлері);

758-бап. (Банк салымы шартының нысаны);

759-бап. (Банк салымы шартының қолданылу мерзімі);

760-бап. (Банк салымы шарты бойынша сыйақы);

761-бап. (Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудің тәртібі) топталған.

Сонымен бірге банктер мен банктік қызметке қатысы бар Жалпы бөлімнің 85-бабын (Акционерлік қоғам ұғымы); 87-бабын (Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары); 88-бабын (Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы); 129-бабын (Акция); 188-бабын (Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны); 268-бабын (Міндеттеме ұғымы); 269-бабын (Міндеттеме тараптары); 282-бабын (Ақшалай міндеттеме); 378-бабын (Шарт ұғымы); 394-бабын (Шарттың нысаны); Ерекше бөлімнің 406-бабын (Сатып алу-сату шарты); 565-бабын (Лизинг шарты); 727-бабын (Банк заемы шарты); 729-бабын (Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты); 846-бабын (Тапсырма шарты); 856-бабын (Комиссия шарты) атап көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі:мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен  борышқа байланысты ережелері. 2004 жылғы сәуірдің 24-інде кабылданып, 2005 жылдың 1 қаңтарында заңдық күшіне енген Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі бюджеттік қаражаттардың құралуына және пайдаланылуына орай Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын банктік қызметті — мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды регламенттейді.

Бюджет кодексінің 192-бабында (Қарыз алу туралы жалпы ережелер) Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады» деп айтылған (1-тармағының екінші бөлігін және 2-тармағын қараңыз).

Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметіне байланысты ережелер Бюджет кодексінің 193-бабында (Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары); 194-бабында (Мемлекеттік борыш); 196-бабында (Мемлекеттік борышты басқару) белгіленген.

Банктердің банктік несиелеу операцияларын құқықтық реттеу. Банктік несиелеу банктік қызметтің классикалық түрі ретінде. Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас-байланыстар аясында тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер, несиелік (зайемдық) шарттар негізінде банктік несиелеуге байланысты туындайтын қатынастар өзіндік қажеттілігі мен әрі экономикалық-қаржылық сипатымен ерекшеленіп, банктік несиелік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда.

Қандай болмасын банктің негізгі классикалық операциялық қызметінің түріне банктік несиелеу жатады. Банктік несиелеу банктер тарапынан жатпай-тұрмай әрі асқан белсенділік танытып іске асырылатын активті банктік операция болып табылады.

Банктік несиелеу мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

  • ол банктің несиелік ұйым екенін дәләлдейтін банктік операцияның негізгі классикалық түрі болып саналады;
  • банктік несиелеу барынша мол пайда табу мақсатында, жүйелі түрде үнемі жүзеге асырылатын банктік операция болып табылады;
  • банктік несиелеу тек банктер ғана жүзеге асыратын операциялық қызмет түріне жатады;
  • банктік несиелеу нақтылы мерзім ішінде уақытша пайдаланылатын қарыздың қайтарымдылығына негізделеді;
  • банктік несие тек ақшалай нысанда беріледі;
  • банктік несиелеу тек клиенттерден немесе қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттары есебінен жүзеге асырылады;
  • банктік несиелеу банктік , қаржылық, азаматтық және әкімшілік заңнамалық актілерімен, несиелік шартпен регламенттері;
  • банктік несиелеудің құқықтық нысаны несиелік шарт болып табылады;
  • банктік несиелеуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар шарттық үлгідегі қаржылық құқықтық қатынастар немесе таза азаматтық құқықтық қатынастар, сондай-ақ түпкілікті алғанда банктік несиелік құқықтық қатынастар сипатында көрініс табады;
  • банктік несиелеу банктік тәжірбиеде дағдылы қалыптасып, заңнамалық актімен бекітілгенбанктік несиелеу принциптерін міндетті түрде басшылыққа алған кезде ғана тиімді жүзеге асырылады.

Банктік несиелеу  банк пен оның клиенті – несие алушының арасында жасасылған несиелік шартқа сай, банк клиенттерінен, отандық немесе халықаралық қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттарын қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде, осындай қаражаттарды өз атынан және өз есебінен несие алушыға уақытша пайдалануға беру жолымен орналастыру арқылы коммерциялық немесе мемлекеттік банктің тарапынан жүзеге асырылады.

Банктік несиелеу қандай болмасын банктің кәсіби кәсіпкерлік қызметінің бір түрі өз пайдасын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Банктік несиелеу аясының субъектілері банк және қарыз алушы өздерінің экономикалық мүдделерін көздейді.

Банктің экономикалық мүддесі – мүмкіндігінше қысқа мерзімге әрі қымбат банктік несие беру арқылы барынша мол табыс алу арқылы қаржылық, өндірістік және өзге де мұқтаждықтарына байланысты ақшалай тауқыметтерді шешу болып саналады.

Банктік несиелеу аясындағы банк пен несие алушыдан басқа субъектілерге:

1)банкпен қарыз алушыға қатысты несиелік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін және соған мүдделі қатысушы (кепілдендіруші, кепіл беруші, сақтандырушы);

2)уақытша бос ақша капиталы тартылған банк клиенті (банк несиелік ресурс ретінде пайдаланатын ақша қаражатының жеке меншік немесе корпаративтік меншік иесі) меншік құқығының иесі жатады.

Банктердің банктік несиелеу жөніндегі операциялық қызметі тек пайда табуды мақсаттайтын кәсіби кәсіпкерлік (жоғары тәуекелді банктік операция) қызмет түрі болғандықтан ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі тарапынан лицензиялануға тиіс.

Банктік несиелеу принциптері басшылыққа алынатын ереже-қағидалар ретінде банктік несиелеу аясының барлық қатысушыларының мүддесін қорғауды, олардың мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімді болуын қамтамасыз етуді, әр түрлі банктер жүзеге асыратын несиелеу тиімділігін салыстыру арқылы адал бәсекелестікті қалыптастыруды және т.б. көздейді.

Банктік несиелеудің ақылығы принципі несие алушының өзі пайдаланатын банктің ақша қаражаттары үшін несиелік шартта белгіленген мөлшерде банктік процент төлеуін негіздейді.

Қарыз алушы төлеуге тиіс банктік процент мөлшерін айқындау кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы және банктің осыған орай проценттік ставканы өзгертуге байланысты құқығы, сондай-ақ несиелеу мерзімі есепке алынады.

Банктік несиелеу мерзімділігі принципі банктік несиенің тиісті шартта қатаң белгіленген уақытқа қарыз алушының қарамағына берілетінін білдіреді.

Банктік несиелеудің қайтарымдылығы принципі банктік несиенің барлық сомасының пайдалану мерзімі аяқталған кезде бірмезгілде аудару арқылы қайтарылуын немесе шартта айқындалған мән-жайларға орай бөліп-бөліп қайтарылуын көздейді.

Сонымен банк аталмыш принциптерге, өзінің ішкі несиелік саясатына және заемдық операцияларын жүргізудің жалпы жағдайларына сәйкес банктік несие береді.

Банктік несие беруге байланысты несие беруші (кредитор) банк пен оның қарыз алушысы (несие алушы) клиентінің арасында туындайтын несиелік қатынастар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» (8 бабының д)-тармақшасы); 35 бабы; 52-1-бабының 1)-тармақшасы ), «Қазақстанның Даму Банкі туралы» (3-бабының 2-тармағының 1),2),3)-тармақшалары; 4-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасы; 7-бабының 1)-тармақшасы), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» (30-бабының 2-тармағының ж)-тармақшасы, 31-бабы; 34-бабы; 35-бабы), «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының тиісті ережелері мен принциптері, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің тиісті баптары, Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік несиелеу мәселелеріне арналған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, тиісті заңнамаға және Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік несиелеу мәселелеріне арналған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері , тиісті заңнамаға және Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес коммерциялық банктердің басқарушы органдары белгілеген банктік несие беру тәртібі, сондай-ақ несиелік шарттар негізінде реттеледі.

Банктік несиелік құқықтық қатынастар негізінде ссудалық капитал қозғалысының ауқымындағы экономикалық банктік қатынастар жатады. Ссудалық капитал өндірістік және сауда-саттық капиталы айналымының барысында босаған (уақытша бос) ақша қаражаттарынан құралады.

Демек банктік несиелеу кезінде пайдаланылатын уақытша бос ақшалай капиталдың банк жүйесінде ссудалық капитал ретінде шынайы көрініс табуы обънктивті заңдылық болыа табылады.

Банктік құқық банктік несиелік қатынастарды  рәсімдеуге, реттеуге, әсіресе ұйымдастыруғаат салысады және аталған қатынастарға қызмет көрсетеді.

Банктік несиелік қатынастарды ұйымдастыру барысында кредитор банк пен несие алушы клиенттің арасындағы міндеттемелік байланыстар тәртіптелінеді, болашақ несиелік қатынастар субъектілерінің шеңбері айқындалады және олардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Банктік несиелік қатынастардың міндеттемелік сипатының негізгі элементтеріне банктік несиені тек белгілі мерзім ішінде уақытша пайдалануға беру арқылы ерекшеленетін «несиеге алынған» ақша қаражатының қайтарымдылығы жатады.

Банктік несиелік қатынастар маңызы-мәні бойынша экономикалық-құқықтық категория болып табылады және берілген несиенің қайтарымдылығы міндеттілігіне негізделеді.

Банктік несиелік құқықтық қатынастардың қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің-ақша несие саясатын әзірлеуге және жүргізуге ат салысады, өзінде (Қазақстан Ұлттық Банкінде) банктік шоттар ашқан банктер мен өзге де заңды тұлғаларға банктік несие береді, сондай-ақ банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің басқармасы белгілеген тәртіппен шарттылық негізінде өзінен банктік несие алған банктер мен басқа да ұйымдардың несиелері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдай алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банктік несиелер бойынша сыйақының ставкаларын реттейді, сондай-ақ жоғарыда айтқанымыздай Қазақстан Ұлттық Банкіде ашылған банктік шоттардың иелеріне бір жылдық мерзімге өтімділігі жоғары (тәуелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етілген) несиелер береді.

Қазақстанның Даму Банкі инвестициялық жобаларды орта ұзақ мерзімді несиелеуді, Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелеуді жүзеге асырады.

Коммерциялық банк банктік несиелік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі ретінде Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі берген лицензия негізінде ақылық, мерзімділік және қайтарымдылықталаптарына несиелік операциялады, яғни қлма-қол және қолма-қол емес нысанда, шетел валютасымен де несиелік шартта беолгіленген мөлшерде ақша қаражаттарын несиеге беру операцияларын жүзеге асырады.

Коммерциялық банк жүзеге асыратын несиелік операияларға қатысты жалпы мән-жайлар туралы ережелерді банктің Директорлар кеңесі бекітеді және осы жалпы жай-жағдайлар:

1)берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі;

2)несиелер бойынша сыйақы ставкасының шекті мөлшері;

3)банктік несиелер бойынша сыйақы төлеу жәйттері;

4)банк қабылдайтын, банктік несиені қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

5)кредитор банк пен оның клиентінің құқықтары,міндеттері және жауапкершілігі;

6)банктік несиелік операциялады жүргізу ставкалары сияқты және т.б. мәліметтер мен рәсімдерден тұрады.

Коммерциялық банктің атынан және оның есебінен несиелік мәміле жасау барысында несиелік комитетінің қызметі ерекше жоға қойылу тиіс.

Кредитор банк пен оның несие алушы клиенті арасындағы банктік несиелік қатынастар тиісті заңнама мен несиелік шарттар негізінде жүзеге асырылады.  

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (34-бабының 1-тармағында) «несиелік операция банктің (несие берушінің) басқа тұлғаға (несие алушыға)  клиентке қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттылығымен ақша беруі болып табылады» деген ұғым айқындалған.

Коммерциялық банктік несиелік операциясы осы банктің Директорлар кеңесі бекітетін ішкі несиелік саясатты іске асрушы орган болып табылады.

Ішкі несиелік саясат туралы ережелер несиелік тәуекелді бәсеңдетуді көздей отырып банктен заңды және жеке тұлғаларға несие беру жөніндегі несиелік шарттарды; дауазымды адамдарға және банк қызметкерлеріне заем беру шарттарын; несиелік комитеттің ұйымдық құрылымын, қызметін және өкілеттігін; несиелік комитет мүшелерінің жауапкершілігін; банктік несие берудің шекті өлшемін; несиелік шарттардыбекіту рәсімін белгілейді.

Банктік несиелердің қайтарымдылығы кепіл, кепілдік, кепілдеме және сақтандыру арқылы, сондай-ақ заңнамада немесе несиелік шартта көзделген басқа да әдістермен қамтамасыз етіледі.

Кредитор банк несиелік шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған клиенті қарыз алушыға жаңадан банктік несие бермеуге, несиелік берешекті клиенттінің кез келген банктік шотындағы ақшасынан оның келісімінсіз өндіріп алуға, сондай-ақ төлеуге қабілетсіз қарыз алушыны Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банкрот деп тану жөнінде сотқа талап арыз беруге құқылы.

Кредитор банк әр заемшы бойынша кредиттік досьеге мынадай құжаттарды;

1)банк пен қарыз алушының арасында жазысқан хаттары;

2)қарыз алушының қолы қойылған жарты жылдықтың қаржылық есептілігін;

3)банк алдындағы берешегінің жалпы елу миллион теңгеден асатын қарыз алушының қолы қойылған тоқсандағы қаржылық есептілігін;

4)қарыз алушының салық декларасиясының көшірмесі қоса берілген соңғы аяқталған жылдағы қаржылық есептілігін;

5)несиені кепілмен қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті инвентарлау актісін;

6)гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісінің қаржылық жағдайына баға берілген банктің қорытындысын;

7)гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісі қол өойған жарты жылдықтың қаржылық есептілігін;

8)гаранттың немесе қарыз алушының кепілдік берушісінің салық деклорациясының көшірмесі қоса берілген соңғы есепті жылдағы сомасы жүз миллион теңгеден асатын несиелер бойынша қаржылық есептілігін;

9)несиені қайтаруға байланысты төлемдердің үздіксіздігін және толықтығын білдіретін құжаттарды;

10)қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған немесе  тиісінше орындамаған жағдайда банк қолданған шараларды куәландыратын құжаттарды;

11)несие бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелуін растайтын және несиені өтеу көзін көрсететін құжаттарды;

12)қарыз алушының қаржылық жағдайына берілген баға мен несиенің мақсатқа сай пайдаланылуын тексеру нәтижелері көрсетілген банктің қорытындысын;

13)Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2103 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген олардың күмәнді және үмітсіз санатқа қойылған активтерді, шарттылы міндеттемелерді және оларға қарсы провизияларды құру ережесінің 2 немесе 3 қосымшаның  № 1 кестесіне сәйкес несие берілген айдан кейінгі әрбір есепті айдың 1-і күніне берілген несиенің топтастырылу санаты туралы мәліметтерді қоса беруге міндетті.

Кредитор банк пен арадағы несиелік шарт міндеттемесін орындамағаны үшін клиенттке (несие алущыға) осы банктің қойған талаптарына заңнамада көзделген талап қоюдың және қуынудың ескіру мерзімі қолданылмайды.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3- тарау. Банк қызметін реттеудің құқықтық негізін

       жетілдірудің кейбір мәселелері

 

3.1 Заман талаптарына сай «Альянс Банк» АҚ  қарекетін

       жетілдірудің негізгі бағыттары

 

Елімізде инновациялық инфрақұрылымның болашақ дамуы үшін, экономика секторында инновациялық процестердің кең ауқымды және жедел жүзеге асуының үлкен мәні бар. Бұл, өз кезегінде экономикалық тоқырауды жеңу және ұлттық экономикада интенсивті қарқынды қайта құрулардың жүзеге асуымен байланысты.

Мемлекеттік инновациялық инфрақұрылымдық мекемелерге паралельді мемлекеттік емес мекемелердің бар болуына байланысты, олардың өзара әрекеттестігінің құқықтық және экономикалық механизмдері анықталуы қажет. Бірдей шарттарды орнату үшін қаржы несиелік және салықтық механизм құралдары қолданылуы мүмкін.

Иннрвациялық инфрақұрылым қарекетінің несие – қаржылық сегменті спецификалық ерекшеліктерді иемденеді: оның коммерциялық тәуекелінің дәрежесін, ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту қажеттілігі және т.б.

Банктердің инновациялық сферадағы басты функциясы болып ғылыми техникалық жаңашылдықтардың пайда болуы және таралымы процесін несиелендіру және қаржыландыру болып табылады.

Банктер жаңашылдық кезеңінің өмірлік барлық кезеңдерін несиелендіруді жүзеге асыра алады. Әдетте, несие өтініш беруушінің бар қоры,  оның жоғары тұрған ұйымының кепілдігі, сондай-ақнесиені пайдалана отырыпжаңа өнімдерді алу туралы жасалған шарттарға байланысты беріледі. Осыған байланысты инновацялық қарекетке несиенің пайыздық мөлшерлемесі  оның тиімділігіне, өтеу мерзіміне, ғылыми-техникалық дамуының басымдылықтарына және несиелендіру шараларының тәуекел дәрежесіне байланысты анықталады./27, 159/

Банк лизингтік операциялар негізінде инновациялық кәсіпорындардың  иесіне немесе бірігіп иеленушісіне немесе жаңа кәсіпорындарды құрушысына аналуы мүмкін. Иесі немесе бірігіп иеленушісі банк болып табылатын қайта құрылған кәсіпорын өз кезегінде банкпен арендаға берілуі мүмкін. Осыған байланысты арендатор келісілген соманы банк шығындарын өтеуге аударып отырады. Арендетормен келісім кезінде банк анықталған мөлшердегі төлем үшін кәсіпорынды иелену құқықтырынан толықтай немесе жартылай бас тартуы мүмкін.

Банктер жоғары сараланған мамандарды тарта отырып, ғылыми, техника-экономикалық, экономикалық және өзге де жақтарына толықтай тексеріс ұйымдастыра алады. Одан басқа банк инновациялық кәсіпорындарға: ақпараттық, кеңес берушілік, ғылыми-техникалық, жарнамалық, болжамдық, конъюктуралық тәрізді түрлі қызметтерді көрсете алады.

Соңында, банк, акционерлік қоғам негізінде құрылған біріккен кәсіпорындардың ұйымдастырушысы бола алады. Инновациялық кәсіпорындардың қарекетінің тәуекел мінездемесі, инновациялық жобалардың несиелендіру процесіне банктердің толықтай қатысуына кедергі болып отыр. Бұл жағдай банктер ұзақ мерзімді жобалар бойынша  инновациялық кәсіпорындарды инвестициялауға банктердің қызығушылығын тудырады. Бұл тек ұзақ мерзімді ссудалармне ғана байланысты емес, сондай-ақ ссудалардың қайтарылуында және дивиденттер алуында кепілдіктің жоқтығымен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы банктік жүйесі жоғарғы қарқынмен дамуда және қызмет көрсету сапасының жоғарлауына, жаңа банктік өнімдердің пайда болуына, номативтік-құқықтық базаның дамуына және мемлекеттік өзге де тетіктерінің арасында елімізде банктік қызметті пайдалану бағытты жоғарлауда. «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мне қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының Агенствасының» мәліметтері бойынша Қазақстан банктерінің өткен жылдың қазан айы бойынша ссудалық портфелі 65,7 млрд.теңгеден 1 664,5 млрд.теңгеге, яғни 4,2 % ке өсті.

Банктер арасындағы бәсекелестік және банктік операциялардың көлемінің тез өсімі банкирлерді берілген берілген операцияларды жүргізудің жаңа әдістерін қолдануды міндеттейді.

Несие беру туралы тез шешім қабылдайтын қаржылық институт, өзге банктерден бір сатыға алда тұрады. Мысалы, Германияда, ипотекалық несие бойынша өтініш қарыз алушымен анкета толырылғаннан кейін 10минут көлемінде қаралады, жағымды жауап болған жағдайда қарыз алушыны зайым келісім шартының жобасымен таныстырады.

Банктік жүйені жетілдіру мақсатында, 2004 жыл 6 шілдеде Қазақстанда «Несиелік бюро және Қазақстан Республикасында несиелік тарихты қалыптастыру туралы » заң қабылданды.

Қаржылық қызметтерді жеткізушілердің қызметін оптимизациялау қадамдарының бірі болып скоринг жүйесін автоматтандыру болып табылады.

Скоринг — банк бұрынғы несиелік тарихы негізі көмегімен нақты қарыз алушымен несиенің уақытында қайтарылу мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігіне анықтаудың математикалық және статистикалық моделін ұсынады.

Батыстың банктік жүйесінде клиент несиеге келген жағдайда банк талдау жүргізу үшін келесі ақпараттармен қамтамасыз етіледі:

-қарыз алушымен толтырылған анкета;

-қарастырылып жатқан клиент бойынша несиелік бюро ұйымынан ақпарат, онда елдің ересек бөлігінің несиелік тарихы сақталады;

-егер клиент банктің бұрыннан бар клиенті болса, онда оның шоттар бойынша қозғалысы туралы мәліметтер.

Ең сұранысқа ие жедел модель өзімен анықталған мінездемелердің өлшенген сомасын ұсынады. Қорытындысында, интегралды көрсеткіш (skore)  болады: ол жоғары болған сайын, клиенттің сенімділігі артады және банк өз клиенттерін төлем қабілеттілігі бойынша сыныптай алады.

Скоринг философиясы – бұл адамның не үшін төлемейтіндігі туралы сұраққа жауап іздеу емес.

Скоринг клиенттің сенімділігіне немесе керісінше сенімсіздігімен тығыз байланысты мінездемелерді бөліп көрсетеді. Банк қарыз алушы  несиені қайтарама жоқ па онысын білмейді, алайда банк бұрын осы жастағы, осы мамандықтағы  және осындай білім деңгейіндегі адамдар несиені қайтармағандығын біледі.

Қазіргі кезде көптеген отандық банктер үлкен шығынғы әкелетін қарыз алушының андерайтингін (тәуекелді бағалау) қолданады.

Банк клиентпен жинақталған көптеген анықтамалық қағаздарды қарастырады, ал әлеуметті қарыз алушы несиелік комитеттің шешімін бірнеше күн күтеді. Скоринг бұл процесті тездетуге ықпал жасайды және ол отандық банктік жүйеге енгізілуде.

«Жедел бағалау» технологиясы «БанкТұранӘлем» және «КазКоммерцБанк» банктерімен қолданылуда./27,175/

Сонымен қатар, тұтынушылық несиенің тиімділігін жоғарылатудағы сақтандыру ұйымдарының даму ролін айта кеткен жөн. Қарыз алушы туралы толық ақпарат болған жағдайда, сақтандыру ұйымы несие тәуекелін  өзіне алады, осымен ол банктің  клиентке деген сенімділігін арттырады, сондай-ақ банк несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетеді.

Тарихта ең алғашқы клиенттің несие қабілеттілігі бойынша мәліметтер ауысудың танымал жағдайы 1803 жылы бірнеше ағылшын тігіншілері өз клиенттерінің шоттарын қалай төлейтіндігі туралы  бір-біріне хабарлаған кезде орын алды.

Бұл қадам  өз кезегінде клиенттердің  ісіне жауап беру болып табылады, яғни сол кезде клиенттердің көпшілігі  төлемдерін уақытында, кейбіреулері кешіктіріп, ал қалғандары мүлдем жүргізбеген. Тігіншілер мүлдем  төлем жүргізбейтіндердің несиеге көйлек тіктіріп, одан соң уақыты келгенде оның ақысын төлемей келесі ательеге барып тағыда несиеге үміт артатындықтары туралы тез анықтап, жиналды. Осындай жағдайларды ескерту үшін әлемдегі ең алғашқы «өзара хабарламаның Лондондық қоғамы» атты несиелік  бюро құрылды. АҚШ-та және ЕуроОдақта несие анықтамаларын беру екі негізгі заңмен реттеледі.

АҚШ-та бұл заң несиелік есеп берудің нақтылы актісі деген атпен белгілі.

Fair Credit Reporting Act (FCRA). Алғашқы ол 1970 жылы қабылданды. 1996 жылы оған 25 жыл бойы жинақталған  тәжірибені қосқан өзгертулер енгізілді.

ЕО үшін негізгі заң болып 1995 жылдың 25 қазанынан № 95/46/ЕуроОдақ ЕупоПарламент Одағының деректісі болып қабылданды, алайда ол заң 1995 жылы қабылданғанмен 1998 жылға дейін ЕуроОдақ  барлық  елдерінде өз қызметіне енбеген болатын.

Қазақстан республикасы Үкіметінің  2003 жылдың 28 шілдесінің №753 «Қазақстан Республикасының қаржылық секторының дамкының концепциясы туралы»  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұсынуымен, қаулысына байланысты несиелік бюро құрылды. Несиелік бюро қарекетінің негізгі түрі болып несиелік тарихты және несиелік есеп беруді ұсынушылықты қалыптастыру мен енгізу болып табылады. Сонымен қатар мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету етуді жүзеге асыру бойынша ол несиелік бюро жүйесінің қатысушыларының қарекетін автоматтандыру және несиелік бюро қарекеті бойынша маркетингтік және қарекеті бойынша статистикалық зерттеулер бойынша кеңес беру қызметі сұрақтарын ұсынудың мамандандырылған әдебиеттері үшін қолданады.(сурет7)/26,98/

 

Банк клиенттері туралы ақпаратпен алмасу тәсілдері

 

 

Есеп айырысудың төлемдік жүйесі

 

Ақпарат сенімділігіне бақылау

 

                                  

Бюро мүшелері

 

Қауіпсіз сақталу аймағы

 

Ақпаратты жеткізушілер

 

                 

           
           

 

 

 

                                            

Жылдық есеп берулер тізімі

 

Анықтама ақпаратының сенімділігі

 

                                            

                                                        

            

қоғаушылар

 

                                                        

 

       
 

Жариялық ақпараттың тарихы

 

 

Қолданушыларға қызметкөрсету қызметі

 

 

 

            

           
           

 

 

 

 

 

Сурет 7

 

Қазақстан Республикасының қаржылық секторының  концепциясына байланысты несиелік бюроның негізгі ақпарат жеткізушілері болып банктер, банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асырып ұйымдар міндетті түрлерін жүзеге асырушы сақтандыру компаниялары, мемлекеттік органдар жатады. Өзге ұйымдар өз қалауы бойынша ақпараттық допор атағын иеленуге құқы бар, ол үшін несиелік бюромен ақпаратты жеткізу туралы келісім шаотқа отырады.

Төлем тарихында болашақ қарыздары бойынша клиенттің іс-қимылдары жеңіл болжанады. Клиенттің несие берушілерге қатынасын біле отыра, несие менеджері үлкен сенімгерлікпен оған қарыз құралдарын ұсыну шешімін қабылдайды. Қарыз алушының түрлі салалардағы несие міндеттемелерін анықтау мүмкіндігі туады.

Барлық тауарлық несиелік желілер туралы мәліметтердің болуымен анықталған тұлғаның қарыздық міндеттемелерінің толық көлемін бағалауға болады.

Бастапқы сатыда қарыз алушымен несиені өтеу мерзімін бұзғандығы сарапталады. Әдетте, клиенттерде қарыз өтеуде анықталған артықшылықтары болады. Мысалы қарыз алушы алдымен ипотекелық ссуданы төлеуді, содан соң автокөлік алу бойынша несиені, банктік карточкалар бойынша қарыздарын, тұтынушылық несиесін, соңғы кезекте поштамен тапсырылған төлем бойынша шоттарын тауарларға төлеуі мүмкін.

ҚР «Қазақсатан Республикасындағы несиелік бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заңға сәйкес несие тарихын қалыптастыру және ақпаратты қолдану келесі принциптерді есепке алғанда жүзеге асырылады:

  • несиелік тарих субъектісінің келісімінің болуы;
  • несиелік тарихы субъктінің өзара теңдігі;
  • несиелік тарих және ақпараттық жүйенің мәліметтер базасы ақпаратын толығымен қолдану;
  • ақпараттың құпиялылығы;
  • несиелік тарихтың мәліметтер базасының және соған байланысты ақпараттық жүйенің қорғалуын қамтамасыз ету;
  • азаматтың жеке өміріне де қол сұқбаушылық, құқықтың қорғалуы, бостандықтары және азаматтар мен ұйымдардың заңдық қызығушылықтары.

Еуропалық заңдылықтар азаматтардан»екімағыналық емес» болуы қажет ақпараттарды ұсынуға келісім алуын талап етеді.

Еуропалық несие берушілер азаматтардың келісімін несиелік келісім-шартқа қажетті бөлімдерді қосу арқылы алады, сондықтан келіспеген жағдайда қарыз алушыға несие берілмейді.

Алайда, несие берушімен несиелік бюроға қарыз алушының қарызын өтемеуіне байланысты ақпараттарды жеткізуі, несие берушінің «заңдық қызығушылығы» негізінде жүргізіледі.

АҚШ-та қабылданған жүйе аясында несие берушілер қарыз алушының «тәжірибесіне және келісіміне» негізделген кез-келген ақпаратты таратуға құқылы.

Несиелік бюро маңыздылығы өте жоғары, олардың қызмет етуі несиелік ұйымдарға бұрын бұл ұйыммен қызмет көрсетілмеген клиенттерге несие беруге мүмкіндік береді. Соеымен бірге жалпымойындаған болып дефолььық туындау ықтималдылығы болжау үшін өткен несие тарихының бағалылығы саналады.

Біздің елімізде несиелік бюро өз жұмысын бастағанына аз уақыт болуына қарамастан, қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауды автоматтандыру біртіндеп қазақстандық банктер үшін жаңалық болмай отыр. Жеке тұлғалардың ипотекалық және тұтыну несиелерінің көлемі тез жоғарылауда.

Тұрғын үйді сатып алуды қаржыландырудың елдің ірі институттарының бірі болып «Қазақстандық Ипотекалық компаниясы» АҚ жатады. Қазақстандық Ипотекалық компаниясы бағдарламасы бойынша 2001 жылдан бастап 15 мыңнан астам қазақстандық жанұялар несиелер алды. Сондай-ақ Казақстандық Ипотекалық компания «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы негізгі буындарының бірі болып табылады. Осы бағдарлама аясында Қазақстандық Ипотекалық компания ипотекалық несиелеуді қаржыландыруды 146 млрд.теңге сомасы көлемінде қамтамасыз ету қажет. Сапалы және тез несиелік келісім-шарт алуды жүзеге асыру скорингтің  көмегінсіз қиын. Қазақстандық Ипотекалық компанияның несиелік портфелінің біржақтылығынының арқасында қарыз алушыларды бағалауды жүргізудің автоматтандырылған жүйесін жүзеге асру әмбебап банктерге қарағанда әлдеқайта жеңіл.Қаржылық ұйымдармен скорингтің автоматтандырылған жүйесін қолдалану, қарыз алушының андерайтинг бойынша ұсталымдарын төмендетеді, банктің клиентке қызмет көрсетін елеулі түрде өзгертеді,қателіктер тәуекелін төмендетеді, несиені беру туралы шешімді қабылдау уақытын тездетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында стратегиялық мақсаттарын көрсетеді. Оның ішіндегі негізгісі болып, 2007 жылға қарай елдің қаржылық нарығын  Еуропалық сапа стандартына сай жетілдіру.

Сонымен қатар, Қазақстанның коммерциялық банктерінің көпшілігі, өз қарекеттерінің тиімділігін арттыру бойынша ойлардың орны және әлемдік нарыққа шығудың басты орны – коммуникациялық саясаттың деңгейі факторы екендігін мойындайды. Коммерциялық банктердің басқарудағы коммуникациялық саясаттың маңыздылығын жоғары  бағалау мүмкін емес, өйткені, коммуникация – бұл өзара байланысты және өзара тәуелді қадамдардан тұратын қиын процесс.

Тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми-методикалық негізде коммуникациялық саясатты құру маңызды орын алады. Мұндай саясаттың негізі болып басқарушылық ақпарат пен қарым-қатынас жатады.

Коммерциялық банктердің барлық құрылымдық бөлімшелері ақпарат көзі және қарым-қатынас объһектісі болып табылады. Осылайша, бухгалтерлік қызмет функциясы болып, банктік бизнесте қаржылық жоспарларды құру үшін мәліметтерді ұсыну мен басқарушылық шешімдерді қабылдау болып табылады. Бірақ ақпаратты жеткізуші тек қана бухгалтнр емес, сондай-ақ маркетингтік зерттеу де тек маркетинг саласына ғана емес өзге де банк қызметтері үшін ақпарат көзі болып табылады.

Кез келген ұйымның ахуалдарының 80%ға жуығы дұрыс қарым-қатынастың орнатылмауынан болады. Ел экономикасының нарықтық механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын коммерциялық банктердің Қазақстандағы жоғары ұйымдастырылған жүйесіне Негіздерді енгізу мен қарастыру үшін, өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірбиесінің тиімді жақтарын қарастыра отыра коммуникациялық саясатты құру және дамыту қажет./27,210/

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің көптеген коммерцилық банктері қазіргі таңда клиенттерге қызмет көрсетулерін –«тауар» деп қарастырады, ал көрсетілген қызметтерді осы тауардың өткізілуі деп қарайды. Бұл ой қазіргі заманғы банктік қызметкерлерді оқытуда бастапқы болып табылады.

Жаңа банктік механизмді құру несиелік ұйымдарды құрудың рационалды пинциптерін енгізу арқылы жүзеге асы мүмкін. Ол өз кезегінде жетілген әлемде қабылданады және нарықтық қаржылық құрылымдардың көп жылдық тәжірбиесіне сүйенеді. Осыған байланысты шетел тәжірбеисін оқып үйренудің маңызы зор, себебі ол қатаң бәсекелестік шайқас шарттарында  ұзақ мерзімді тарихи таңдаудың өнімі болып табылады.  

 

 

   3.2 Банктік қызметті құқықтық реттеуді жетілдіру

 

Қазақстан Республикасы өтпелі экономикалы елдер қатарына ене отыра нарықтық қатынастардың дамуы қаржылық жүйеде ірі құрылымдық өзгғерістер тудырады, сонымен қатар  мемлекеттегі қаржылық-несиелік қатынастардың негізгі механизмі болып табылатын банктік жүйеде де өзгерістерге ұшыратады. Бұл бұрын соңды болмаған жаңа несиелік институттардың, түрлі деңгейдегі несиелік институттардың өзара қарым-қатынасының пропорциялар өзгерісіндегі, маманданудағы және түрлі қаржы-несиелік институттардың даму динамикасының модификациясы. Жоғарыда аталып өткен процестердің ерекшелемесі, өтпелі экономикадағы мемлекет бір жағынан ішкі экономикалық жүйені реттеуде ұлттық және тарихтық ерекшеліктерін  ескерсе, екінші жағынан халықаралық әріптестердің бар тәжірбиесіне және мысалдарына сүйене отыра дұрыс жол таңдауға тырысады.

Осыған орай, бізбен қазіргі таңда Қазақстанда даму үстіндегі банк қарекетін құқықтық реттеумен тығыз байланысты жеке сұрақтарға назар аударылады. Банк қарекеті – кез-келген мемлекеттің қаржы жүйесінің қызмет етуінің негізгі элементі бола отырып, экономика қарекетінің өзге формаларына қарағанда мемлекеттік-биліктік құрылым тарапынан қатаң бақылауды талап ететін объекті болып табылады. Бұл банктерге объективті түрде тән және олардың қаржы жүйесіндегі негізгі элементі түріндегі орналасуын айқындалуымен ерекшеленеді. Шетелдік заң ғылымында келесі 3 сипатты бөліп көрсетеді: қаржылық өзара тәуелділіктің жоғарғы деңгейі; оңай алынатын ақша қаражаттарға негізделуі және жеткілікті түрде ашық болмауы. Дәл осы банктердің сипаттық ерекшеліктері банктік жүйенің тұрақсыздығын және оның дағдарыс пен күйреуге бейімділігін ерекшелеп көрсетеді.

Банк қарекетін құқықтық реттеудің сұрақтарын қарастырмас бұрын, ең алдымен негізгі базалық түсініктерді анықтап алу қажет. «Несиелік ұйым» «банк» «банктік емес несиелік ұйым» «банктік жүйе» және басқа да осылар тәрізді түсініктер бәрімізге белгілі.

Алайда аталған түсініктерді ғылыми айқындау жай іс емес. Тіпті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңында» «несиелік жүйе» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады.

Кең ұғымдағы несие жүйесі – несиелік қарым-қатынастардың және осы қарым-қатынастарды ұйымдастырушы институттардың жиынтығы болып табылады.

Ал тар ұғымдағы несие жүйесі – несиелік қатынастарды ұйымдастырушы институттар жиынтығы./13,25/

Осы түсініктемелерден, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесіне анықтаманы схема түрінде келесідей көрсетуге болады.(сурет 8)

 

Несие жүйесінің құрылымы

 

Несие жүйесі

 

 

               
         
 

Банктер

 

     

Банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8

 

Еңбек бөлінісі және жұмыс уақытын үнемдеудің көне экономикалық заңдары анықтағандай, қоғамда ақша айналысының айрықша тобын жүзеге асыру үшін ерекше ұйымдастырушылық – экономикалық жүйелер қажет. Себебі, түрлі қатынастарға мамандандырыла отыра, олардың тиімді жүзеге асырылуына қол жеткізеді.

Осымен байланысты банктік операцияның жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, несиелік жүйенің өзге де элементтерін қоса алғанда экономиканың өзге субъектілерімен біріктіріп және олардан бөліп тұратын қасиеті – нарықтық ақшалай қатынастарға мамандандырылуы болып табылады.

Бірақ, олардың өзара қандай айырмашылықтары бар?

Банктерді өзге несие жүйесінің элементтерінен ажыратып көрсететін бірнеше қасиеттері бар. Олар банкті ерекше орынға қояды.

Бұл, банктердің – қаржы нарығы саласындағы бастапқы буын болып табылуында, өзге несие ұйымдары – екінші деңгейлі туынды буындар.

Несиелік ұйымдарға қарағанда бастапқы буын болу үшін – банктер анықталған түрде олармен өзара әрекеттесіп, айқындалған экономикалық және өзге де қатынасқа түсуі қажет.

Банктерді бірінші буынға қоятын қатынастарға не жатады?

Бұл, біріншіден банктердің, тек қана банктердің, ең алдымен ұлттық банктің –айналымға ақша салып және одан ақша шығару болса, ал коммерциялық банктер несиелік ақшаларды айналымға салып айналымнан алуы.

Екіншіден, қаржылық инструменттерге қатысты ақшалардың бастапқы сипаты, кәсіпорындар мен өзге де несие жүйесінің элементтері жұмыс жасайтын бағалы қағаздарды қоса алғанда.

Үшіншіден, банктік емес несиелік ұйымдарының заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетулерінің банктік ұйымдармен тең деңгейде жүргізілуі.

Сонымен қатар, банктер — өз қарекетінде толық нарықтық ақша қатынастарының жиынтығын жүзеге асыруға мүмкіншілігі бар жалғыз ұйым болып табылады.

Анықтама бойынша банктер — өз жұмысы аясында әмбебап қарекетке бағытталған қаржылық ұйымдар болып табылады. Банктермен салыстырғанда өзге несиелік ұйымдар барлық уақытта мамандандырылған , сондай-ақ несиелік ұйымдар қаржы нарығының сигменттерінде шектеулі қызмет атқарады.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорытындылай келе, банктер — әмбебап сипаттағы қаржылық институт болып табылады. Ешқандай банктік емес ұйым әмбебап қасиетті иеленбейді.

«Банктік жүйе» — «несиелік жүйе» түсінігі тәрізді көптеген мақалалар мен өзге де сөз қойылымдарында жиі қолданылады, таңқаларлығы бұл терминдардың мазмұны әр түрлі түсіндіріледі.

Мысалы, Егоров С.Е., Лаврушин О.И. бойынша: «Банктік жүйе – өзара және сыртқы ортамен тығыз байланыста болатын банктер, банктердің инфраструктураларының, банктік заңдылықтың және банктік нарықтың жиынтығы. Экономикалық жүйенің болашақ бөлігі бола отыра,  банктік жүйе қоғамда экономикалық қатынас пен байланысты көрсетеді.

Өз кезегінде өзге автор – Тосунян Г. «банктік жүйені» несиелік ұйымдардың ассоциялары мен одақтарын қоса алғандағы несиелік қатынастарды ұйымдастыратын  институттардың жиынтығы деп түсінеді.

Тосунян Г. тізімге банктік құқықты қоспайды, оның ойынша бұл —  тек қана  банктік жүйені мемлекеттік реттеу құралының бірі болып табылады.

«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында да «банктік жүйе» түсінігі анықталмаған. Көрсетілген заңға байланысты Қазақстан Республикасының банктік жүйесін келесі түрде бейнелеуге болады.(сурет 9)

 

Қазақстан Республикасының  банк  жүйесінің  құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 9

 

 «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының 3 бабына қатысты Қазақстанның Даму Банкі ерекше құқықтық мәртебені иеленуге байланысты  екінші деңгейлі банктер қатарына жатпайды.

Сондай-ақ көрсетілген заң бабының 1 пунктіне сәйкес Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банктік жүйені иеленеді, алайда ол тәжірбиеде негізге сәйкес келмейді.

Әлемдік банктік теория мен практиканың айтуынша, мемлекетте қызмет атқаратын банктер мен өзге де несиелік ұйымдардың жиынтығы бір деңгейлі немесе екі деңгейлі болуы мүмкін. Жоғарғы деңгей – орталық банк, төменгі деңгей – коммерциялық банктер. Өзге нұсқалары болмайды. Соған байланысты дамыған банктік жүйе нарықтық экономиканың элементі ретінде тек екі деңгейлі болуы шарт.Осыған қарамастан, Қазақстанда банктік жүйені екіден де жоғары қылып құрастыруға ұсыныстар туындауда./20/

Банктік заңдылық – бұл, банктік қарекетті реттейтін нормативтік актілер жүйесі түріндегі Қазақстандық заңдылықтардың саласы. «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4 бабында көрсетілгендей, банк қарекетін құқықтық реттеу Конститутциямен, Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құжаттарымен реттеледі/29,105/.

Банктік қарекетті реттейтін Қазақстан Республикасының нарықтарының жеке баптарын оқып-үйрену Қазақстан Республикасының Конститутциясына қарама-қайшы келетін нормалардың бар екендігін көрсетеді.

Осылайша, «ҚР Ұлттық банкі туралы» заң жобасының 68 бабы қарастыратындай: «Қазақстанның Ұлттық банкі жыл сайын Қазақстанның Ұлттық банкінің Үкіметінің арнайы тапсырысымен тәуелсіз аудиторлық  ұйыммен тексеріледі».

Тексеру барысында алынған кез-келген ақпарат құпия болып табылады және оның үшінші тұлғаға жеткізілуіне аудиторлық ұйым жауапты.

Қазақстанның Ұлттық банкінің және оның бөлімшелерінің кез-келген мемлекеттік органдармен тексерілуі тек Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырысымен жүзеге асыралады.

Біздің ойымызша, жоғарыда көрсетілген бап заң алдында барлығының тең екндігі туралы Қазақстан Республикасы Конститутциясының негізгі заңына карама-қайшы келеді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конститутциясына (83 бап) байланысты, мемлекет атынан Прокуратура нақты және бір дәрежеде заңдардың қолданылуын, Президент жарлықтарының және өзге де Республика территориясында нормативтік актілердің қолданылуына жоғарғы дәрежеде бақылауды жүзеге асырады.

Бір түсініксіздігі, не үшін өзінің конститутциялық құқықтырын орындауға Прокуратура немесе өзге де мемлекеттік органдар қосымша мемлекет басшысының келісімін алу қажет, бұл Ұлттық банк қарекеті туралы ақпараттың құпиялылығына қарамастан.

 Үкіметпен белгіленген аудиторлық ұйымның Ұлттық Банк Үкіметінің қарекетін тексеруінің өзі «ақылға сыйымсыз», сондай-ақ Ұлттық банкті басқаруға баға берген өте қиын.

Бұл факт елдің бас банкін басқару органдарының органдарының толықтай қалыптаспағандығын көрсетеді.

Осындай «жабық» режимде Ұлттық банк өз қарекетін «ҚР Ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес 1995 жылдан бастап жүзеге асыруда.

Ары қарай,  «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңының 8 жобасының 16 бабы қарастыратындай: «Белгілеу кезінде 3 күнтізбелік ай бойы банк капиталының кері мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметінің келісімімен уәкілетті орган акционерлерінен үлестерін мәжбүрлеп сатып алуға және оны жаңа инвесторға ұсыну құқығын иеленеді…  »/6,25/.

  Берілген бап Қазақстан Республикасының Конститутциясын күрделі бұзады. Өйткені 26 бапта «Ешкім өз мүлкінен айырылу мүмкін емес,өзге сот шешімімен ғана» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (249 бап 2 бөлім) сол сияқты Үкімет және қаржылық бақылау Агенствасының шешімі жеке меншік құқығын тоқтатуға негіз бола алмайды.

Уәкілетті органның және үкіметтің қызметі, шын мәнісінде иелігінен меншігін алу (конфискация) болып табылады, бұл жағдайлар заң органдарының қатысуымен реттелу қажет.

Осылайша, біздің көқарасымыз бойынша  банк қарекетін реттеудің құқықтық негіздерін жетілдіруде қатты қажеттілік бар. Себебі, салауатты да тиімді банк жүйесін құру адекватты құқықпен жүзеге асырылады.

 

 

 

    Қорытынды

 

Айрықша құқық саласы банктік құқықтың теориялық әрі практикалық мән-жайларын зерделеу, бүгінде, болашақ заңтанушы мамандар заңгерлерге және экономиканың банктік секторындағы қызметке дайындалып жатқан болашақ экономистерге міндетті түрде жүктелуге тиіс.

Банктік қызмет кәсіпкерлік (коммерциялық, экономикалық) қызмет түрі болып табылатындықтан заңгер мамандалдың объективті экономикалық заңдар мен заңдылықтарды жете білгендері, инвестициялық, кредиттік, трастық банктік операциялардың экономикалық-қаржылық мәні-маңызын қажетті көлемде меңгелгені Қазақстан республикасы банк жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, сондай-ақ банктік құқықтық қатынастардың тиімді қалыптасуына септігін тигізеді. Ал қаржыгерлердің (экономистердің) Қазақстан Республикасының Конституциясын, банктік заңнаманы және банк жүйесіне қатысы бар өзге де заңнамалық актілерді тиісті көлемде зерделей отырып, олардың негізгі ережелері мен прициптерін жете игергені банктік қызметтің ашықтығын (мөлдірлігін), банктік (экномикалық) қатынастардағы заңдықтың, сондай-ақ банктік құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызындағы   Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барына қабілетті елу  елдің қатарына кіру стратегиясы» атты  Жолдауында: «Қаржылық сектор, оның ішінде банктік сектор мәселелері жөнінде былай пайымдаған болатын: Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органдардың келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғаламен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт»./1/

Демек, келешекте банк жүйесінде өздеріне тиесілі қызметін атқаратын заңгер және  экономист мамандар нарықтық жағдайда жұмыс істеп жатқан Қазақстан Ұлттық Банкінің, коммерциялық және өзге де банктердің түрлі операциялары мен қызметінің ашықтығына, заңдығына әрі тиімділігіне тек банк жүйесінің негізіндегі банктік құқық пен банктік заңнама ережелерін сауатты пайдалана білгенде ғана қол жеткізе алады. Бұл ретте нарықтық қатынастардың қызу ортасында жұмыс істеп жатқан Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның құзырындағы банк жүйесінің нормативтік құқықтық  базисін құрайтын банктік құқықты және банктік заңнаманы жан-жақты меңгеру қажеттілігі туындайды.

«Альянс Банк» АҚ Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік  қызметті  туралы» 1995 жылы 31 тамызда  қабылданған, соңғы өзгерістер 2005 жылдың 8 шілдесінде  жасалған Заңына  сәйкес  ұйымдастырылып, қызмет етеді.  Қазақстан Республикасының  1995 жылы 17сәуірінде  қабылданған,  соңғы өзгертулері 2005 жылдың 8 шілдесінде  жасалған «Лицензиялау  туралы» заңының 4- бабының 2-тармағына сәйкес  лицензияланатын  банкітік  қызмет  түрлерін жүзеге  асырады/26,65/.

2004 жылдың 1 қыркүйек айы көрсеткіші бойынша «Альянс Банкінің» 14 филиалы, 119 есеп-касса бөлімдері, 179 қолма-қол шетел валютасымен айырбас жасау пунктері бар және 3-ші тоқсанда 4 ЕАБ мен 8АП ашылды.

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау  туралы» заңына сәйкес банкке келесі лицензиялар берілді:

  • 2004 жылдың 15 наурызында номиналдық ұстаушы ретінде шоттарды жүргізу құқығымен брокерлік-диллерлік операцияларды жүргізуге;
  • 2004 жылдың 23 маусымында сенімгерлік операцияларды жүргізуге;
  • «Альянс Банкі» АҚ қайта тіркелу нәтижесінде;

2004 жылдың 23 қазанында акционерлердің жалпы жиналысында банктік топты құру шешімі қабылданды. Ол топтың құрамына: «Альянс Полюс»СК АҚ, «Альянс» ЖЗҚ, «Альянс LIFE» өмірді сақтандыру компаниялары, «Альянс Ломбард»АҚ кіреді. Сонымен қатар банк «Viza International» төлем жүйесіне кірді.

Арнайы мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың бірінші қазанында Қазақстанның банктік секторындағы резиденттердің  депозиттер көлемі 766,9 млрд. теңгені құрады. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2004 жылға жоспарланған елдің бюджет түсімінің көлемі 710 млрд. теңгені құрауы керек. Яғни банктік салымдар- экономиканың дамуына әсер ететін үлкен қаржылық күш. Жыл басынан олардың өсімі 27,1 % құрады. Осымен бірге Ұлттық Банк мәліметтері бойынша 2004 ж. қыркүйек айындағы салымдар көлемі 9,1 % өсті, соның ішінде тамыз айымен салытырғанда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 6%-дан 384,5 млрд. теңгеге дейін, шетел валютасы бойынша 12,4 %-тен 382,4 млрд. теңгеге дейін өсті/27,91/.

Бұл уақыт ішінде заңды тұлғалар депозиттері 13,6% 458,9 млрд.теңгеге дейін өсті. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша халық салымдарының өсімі жалғасты, олар қыркүйек айында 2,9 % 315,5 млрд.теңгеге дейін өсті. Егер доллардық эквивалент жөнінде айтатын болсақ, қыркүйек айының басында жеке тұлғалар депозиті маңызды орынға ие болды – 2 млрд.долларды құрады. Банктік секторда халықтың қаржылық институттарға деген сенімділігінің өсуі туралы тағы да сөз қозғауға себеп болды.

Сонымен, осы сипатталған банк жүйесі, банктік қызмет, банктік құқық және банктік заңнама мен заңға тәуелді банктік құқықтық актілер бойынша мынадай тұжырым түйіндер жасауға болады:

Көне заманда банктер сақтау, айырбастау және қарыз беру (өсім алу) қызметін атқарғанымен, кейіннен эмиссиялау, кредиттеу және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын коммерциялық ұйымға айналды.

1987 жылы Кеңестер Одағы бойынша жүргізілген банк жүйесін реформалау нәтижесінде Қазақстандағы банктер коммерциялық банктер ретінде құрылып, шынайы өркендей бастады.

1993 жылғы және 1995 жылғы Республикалық заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі құрылды.

Бүгінде, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейінде Қазақстан Ұлттық Банкі, төменгі деңгейінде коммерциялық, халықаралық және т.б.банктер, ал осы деңгейлердің ортасында Қазақтанның Даму Банкі орналасқан.

Дүние жүзіндегі дамыған елдердің қазіргі заманғы банк жүйесі орталық (ұлттық) банк басқаратые банк жүйесі және федералдық резерв (федералдық резервтік жүйе) құзырындағы банк жүйесі болып бөлінеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатының тиімді іске асырылуын, елдің қаржа-кредит жүйесінің тұрақтылығын, ақша-кредит және валюталық тұрақтылықты, баға тұрақтылығын, инфляцияны ауыздықтауды қамтамасыз етуге ат салысады, сондай-ақ мемлекеттік монетарлық (акшалай) биліктің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға, қызметі мен банктік операцияларын жүргізуге байланысты шығындарын, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның тиісті шығындарды өз пайдасы есебінен өтейді.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарға деңгейін білдіретін мемлекеттің банктік менеджмент әрі аса ірі кредиттік- қаржылық басты органы Қазақстан Ұлттық Банки елдің эмиссиялық, кассалық және резервтік орталығы, банктердің банкі, банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит, валюталық және сыртқы экономикалық қызмет саясатын айқындап, оның ұстанымдарын қрғамдық және мемлекеттік маңызы басым бағыттарда өз құзыреті шегінде іске асырады .

«Қазақстанның Даму Банкі» Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық және заңға тәуелді норматвтік құқықтық актілерінің негізінде ел аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу- қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған банк жүйесінің екінші деңгейіне қосылмайтын (деңгей аралық), сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысуы 100 процентті құрайиын ерекше құқықтық мәртебесі бар заңды тұлға, яғни мемлекеттік кредиттік-қаржылық институт болып табылады.

Банктік заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер елдің қаржы және кредит жүйесі аумағындағы ақшалай-кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия-рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып саналады/29, 168/.

Банктік қызмет ел экономикасына банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше-корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

Республика аумағында банктерге лицензиялар беру және олардың банктік қызметі түрлері бойынша лицензиялық тәріп енгізу экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, банк жүйесіндегі адал бәсекелестікті дамытуға, монополизмді шектеуге, банктік құқықтық тәртіпті күшейтуге септігін тигізеді.

Банкті қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік–экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс табады.

Банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік-корпоративтік шаруашылық субъектілерінің кредиттік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік-тікелей мемлекеттік реттеу ауқымында ұйымдастырушы-нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құралы болып табылады.

Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы нысандарының жүйесін көрсетеді.

Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді банктік – құқықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері жатады.

Банктік заңнама мемлекеттік банктік менеджмент және банктердің банктік қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілердің жиынтығы болып табылады. Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйсінің және банктік құқық институттарының нормативтік базасын құрайтын банктік қызметті және оның аясындағы банктік қатынастарды регламенттейтін, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық негізін қалыптастыратын заңнамалық актілер-арнайы және жалпы сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады.

  Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей банктік заңнамалық актілерден және құрамында тиісті банктік құқық нормаларының өзге де заңнамалық актілерден құралады.

Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел экономикасының банктік секторы ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып табылады.

Банктік шот тиісті заңнамалық актілер, лицензия жңе шарт негізінде өздері қызметтер көрсететік клиенттерімен, басқа банктермен өзара қарым-қатынастар механизмі, сондай-ақ клиенттің барлық қаржылық операцияларын жүргізуіне айтарлықтай мүмкіндік беретін, банктің әрбір клиентінің атына түсетін және олар жұмсайтын ақша қаражаттарын есепке алатын тәсіл болып табылады.

Банктік шот шарты банк пен оның клиенті арасында жазбаша түрде жасалынған, банктің клиенті талап еткен кезде оған қажетті мөлшерде ақша қаражатын беру, клиенттің пайдасына түскен ақша қаражатын қабылдап отыру, клиенттің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару, клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдап алу, клиентке қажет кезінде қолма-қол ақша беру, клиентке оның банктік шоты бойынша жүргізілген операциялар және оның банктік шотындағы ақша қаражатының сомасы туралы ақпарат беру жөнінде міндеттеме жүктейтін консенсуалды, қостарапты міндеттеуші әрі ақылы сипаттағы құжат болып табылады.

Банктік кредиттеу банк пен оның клиенті- несие алушының арасында жасасылған кредиттік шартқа сай, банк клиенттерінен, отандық немесе халықаралық қаржылық ұйымдардан тартылған ақша қаражаттарын қайтарымдылық, ақылылық және мерзімділік шарттылықтары негізінде, осындай қаражаттарды өз атынан және өз есебінен несие алушыға уақытша пайдалануға беру жолымен орналастыру арқылы коммерциялық немесе мемлекеттік банктің тарапынан жүзеге асырылады.

Банктік кредиттеу берілетін банктік кредиттің сипатын, оны беру және реттеу мән-жайларының экономикалық құқықтық негіздері мен тәсілдерін айқындап, нақтыландыратын клиенттің кредиттік өтінімін қарастыру және онымен сұхбаттасу, клиенттің кредиттік қабілеттілігін зерделеу, кредиттік шартты дайындау әрі жасасу және кредит беру, кредиттік шарт мән-жайларының орындалуына және кредиттің өтелуіне банктік бақылау жүргізу, кредит берген банктің проблемалы ссудаларға қатысты жұмыс істеуі сияқты сатыларды қамтиды.

Кредиттік шарт консенсуалды, ақылы, қостарапты міндеттеуші сипаттағы , банк клиенті қарыз алушыға бағытталған қолма-қол емес  (қолма-қол нысанда да болуы ықтимал) нысанындағы ақша қаражаттары қозғалысын негіздейтін, кредитор банк пен қарыз алушы клиенттің құқықтары мен міндеттерін айқындап, белгілейтін, кредиттік мәміле тараптары кредитор банк пен қарыз алушы клиенттің банктік кретитке байланысты жауапкершіліктерін айқындайтын, белгіленген мерзім ішінде заңдық күшінде болатын, жазбаша нысандағы құжат ретінде көрініс табады.

Банктердң есеп айырысу операциялары, әдетте, банк клиентіңің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасы шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция ретінде көрініс табады.

Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының субъектілеріне қаражаттарды аударушы және өнімін өткізген, жұмыстар орындаған, қызмет көрсеткен немесе өзге де іс әрекеттерді жүзеге асырған алушы ; төлеушіге және алушыға қызмет көрсеткен банк; Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп айырысу желісі; басқа коммерциялық банктер, клиринг жүргізу орталықтары жатады.

Банктік депозит шартында жазбаша нысанындағы, заттай,  ақылы және біржақты міндеттеуші сипаттағы клиент пен банктің өзара келісімі, сондай-ақ тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер негізінде жасасылған құжатта банкке берілетін депозит сомасын, оның мерзімі, проценттері, оларды есептеу және төлеу тәртібі, депозитордың міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен құқықтары, тараптардың шартта белгіленген мән-жайларды сақтау жөнінднгі жауапкершілігі, талас- тартыстарды шешу тәртібі көзделеді.

Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын несиелік операциялар; кредиттік операциялар; вексельдерди есепке алу, қайта есепке алу операциялары; өз есебінен және тапсырмалар бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары; бағалы қағаздар айналысына қызмет көрсетулер; депозитарийлік операциялар ретінде топтастыруға болады.

 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана, 2007 жыл.
  2. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барына қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы»   Астана, 2006 жылғы 1наурыз.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау Астана, 2005 жылғы 18 ақпан,
  4. Қазақстан Республикасы конститутциясы (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған),(1998 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасы заңымен тиісті өзгерту енгізілген), 44(4), 53(5), 59(6) баптары.
  5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңымен енгізілді), 24,27,33,36-1,60баптары.
  6. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (соңғы өзгерістер 2004ж. 20 желтоқсанда ҚР заңымен енгізілді), 7,9,10,12 баптары.
  7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (соңғы өзгерістер 2005ж. 8 шілдеде ҚР заңымен енгізілді), 3(3,5,6), 26,30,31,32,33,37,38 баптары.
  8. «Лицензиялау туралы» 1995 ж. 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі ҚР заңымен енгізілді), 4(1,2,3), 11 баптары.
  9. «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі» 1994ж. 27 желтоқсандағы жалпы бөлімнің 127,128,129-134,,150,151,299,330,348,378,баптары
  10. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003ж. 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4,5,9,14,22,34,63 баптары.
  11. Алексеева Д.Г.,Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. М., Финансы и статистика, 2000ж.
  12. Банк қызметі туралы. Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жиынтығы. Алматы, Юрист,2005. 57-106.
  13. Банковское дело. (под ред. Г.Н.Белоглазовой, Л.П. Кроливецой), М.,Финансы и статистика,2000г.
  14. Бердникова Т.Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело. М., ИНФРА-М, 2000.
  15. Банки Казахстана. 2003.-№2, стр.9-13.
  16. Банки Казахстана. 2003. №4, стр. 8-11.
  17. Карагусов Г.С., Асильбеков А.Б. Инвестиционные советники на рынке ценных бумаг Казахстана. Алматы: Қаржы-қаражат.1998
  1. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 2004.
  2. Джаншанло Р. Управление инфляцией. Алматы: ТОО «Издательство ЬЕМ», 2003.
  3. Деятельность коммерческих банков (под ред. А.В.Калтырина) Ростов н/Д, «Феникс», 2004.
  4. Найманбаева С. С. Финансовое право (Обшая и Особенная части) Алматы: Дәнекер, 2004.
  5. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республи-касының заңы (Соңғы өзгеріс 2005 ж. 8 шілдедегі ҚР заңымен енгізілген)
  6. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 ж. 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
  7. «Инвестициялар туралы» 2003 ж. 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
  8. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 ж. 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 27, 28, 29-баптарын қараныз.
  9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 ж. 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
  10. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 ж. 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (сонғы өзгерістер 2005 ж. 8 шіл-дедегі К.Р заңымен енгізілді).
  11. Беляевы Андрей и Алия Поющие мысли, или День возвышенных желаний: Музыкально-поэтический сборник. – Караганда: ИД «Азия-Транзит», 2005. – 320с.
  12. Беляевы Андрей и Алия Алгаритм Счастья. Общественно-экономическое издание. Астана: ИД «Азия-Транзит»,2005. – с.,264
  13. Ерпылева Н. Ю. Международное банковское право. М.: Дело, 2004.
  14. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. –Алматы: ИздатМаркет,2004.-248б
  15. Банковское дело. (Под ред. Г.Н. Белоглазовой; Л.П. Кроливецкой). М., Финансы и статистика, 2004.
  16. Банковское дело. (Под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой). М., Финансы и статистика, 2000.
  17. Белых В.С., Виниченко С.И. Биржевое право. М., Издательство Норма (изд. Группа НОРМА-ИНФРА-М), 2001.
  18. Сазанов С. Банковский менеджмент в условиях межгосударственных интеграций. Алматы: Қаржы-қаражат, 1999.
  19. Банковское дело. (Под ред. д. э. н.проф. Г.Г. Коробовой). М., Экономистъ, 2004.-751 с.