Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл—Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Экономика және бизнес» факультеті
«Қаржы» кафедрасы
Диплом жұмысы
Тақырыбы:
Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістері
Орындаған : Дүйсенова Бибінұр
4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Керiмбекова Н.Н.,
Аға оқытушы
Норма бақылаушы Садыханова.Д.А.
Аға оқытушы
«Қаржы» кафедрасының Арзаева М.Ж.
меңгерушісі э.ғ.к., доцент
Алматы , 2010 ж.
Автореферат
- Кіріспе
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады.
Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.
Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді.
- Негізгі бөлім
Банктік бизнестің кірістілігі төмендеуінің байқалған үрдісі банктердің несиелік портфелінің сапасы нашарлағандықтан несиелік белсенділіктің айтарлықтай төмендеуімен қатар банктердің залалдығына ауысты. Жоғары несиелік тәуекелдер банктердің капиталына қысым жасайтын және экономиканы несиелеудің тепе-тең қарқынын қалпына келтіруге кедергі келтіретін банк жүйесінің негізгі әлсіз жағы болып табылады.
- Қорытынды
Қазақстанның банк жүйесінің дағдарыстық құбылыстарға жоғары сезімталдығы 1)экономиканы қаржыландырудың әртараптандырылмаған көздері, 2)қор нарығының дамымауы, 3) экономиканың сегменттелген нақты секторы, 4) экономиканы және банк жүйесін долларландыру жоғары деңгейі, 5) несиелік тәуекелді салалық шоғырландырудың жоғары деңгейі, сондай-ақ 6) банктік экспансиялық агрессиялық қарқындарына байланысты тәуекелдерді басқарудың тиімді емес жүйелері сияқты құрылымдық проблемалардың болуына себепші болды.
Тәуекелді реттеудің мына шараларын атап айтуға болады: 1)банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшерін ұлғайту, 2)реттеу капиталын есептеу тетіктерін өзгерту, 3) капитал жеткіліктілігі нормативтерін өзгерту, 4)резидент еместер алдындағы міндеттемелер деңгейін шектейтін коэффициенттерді өзгерту, 5)өтімділік коэффициенттерін өзгерту, 6)кредиттердің жекелеген түрлері бойынша провизиялар құру жөніндегі талаптарды қатаңдату, 7)ЕДБ-дің орнықтылық деңгейінің төмендеуін анықтау үшін ҚҚА пайдаланатын факторларды қайта қарау,8)проблемалы банктердің жұмыс істеуін реттеу.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
_______________________________________________________студентіне
________________________________________________ жұмыс тақырыбы
«___» __________ № _____ бұйрығымен бекітілді
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі «___» _________________
Жұмыстың бастапқы мәліметтері ___________________________________
________________________________________________________________
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
- a) ______________________________________________________________
________________________________________________________________
б) ______________________________________________________________
________________________________________________________________
в) ______________________________________________________________
Диплом жұмысын дайындау
ГРАФИГІ
Реттік № |
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі |
Ескертулер |
1. |
Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау |
|
|
2. |
Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру |
|
|
3. |
Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну |
|
|
4. |
Практикалық материалдарды және т.б. жинақтау, жүйелеу және талдау. |
|
|
5. |
Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу. |
|
|
6. |
Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру). Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну. |
|
|
7. |
Рецензия мен пікірлермен танысу
|
|
|
8. |
Рецензия мен пікірлерді ескере отырып,қорғауға дайындықты аяқтау. |
|
|
Тапсырманың берілген күні _________________________________________
Кафедра меңгерушісі _____________________________________ аты-жөні
(қолы)
Жұмыс жетекшісі __________________________________________________
(қолы)
Тапсырманы орындауға алған студент _________________________________
(қолы)
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Экономика және бизнес» факультеті «Қаржы» кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің
4-курс студенті Дүйсенова Бибінұрдың «Банк тәуекелдерін басқару және
оларды бағалау әдістері»тақырыбына жазылған диплом жұмысына
Сын-пікір
Бүгінгі таңда банктердің қызмет көрсету нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында дәстүрлі банк қызметін көрсетіп ,оның ішінде банктің пассивті операция құрылымындағы банк ресурстарын өз денгейінде дұрыс қалыптастырмауы кез-келген банкті дағдарысқа ұшыратуы мүмкін.Сол тұрғыдан алғанда студенттің диплом жұмысына таңдап алған тақырыбы өзекті болып табылады.
Студент диплом жұмысында тақырыпқа қатысты теориялық мәселелерді жете талғап,тәжірибеде «БТА БАНК» Акционерлік Қоғамының мәліметтері негізінде банктің меншікті қаражаттары мен тартылған қаражаттар құрылымы бойынша терең талдау жасаған.
——
Жалпы,қорыта келгенде Бибінұр алға қойған мақсатына жету үшін міндеттерін орындай отырып,мәліметтерді кесте,диаграмалар арқылы өрнектеп, жазған диплом жұмысын өз деңгейінде аша білгендіктен студенттің «Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері» тақырыбына жазылған диплом жұмысы «өте жақсы »деген бағалауға лайық.
Сын-пікір беруші:
Каспий банк Аймақтық корпаративтік
қаржылық басқарма сарапшысы Мейрхан.М
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Экономика және бизнес» факультеті «Қаржы» кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің
4-курс студенті Дүйсенова Бибінұрдың «Банк тәуекелдерін басқару және
оларды бағалау әдістері» тақырыбына жазылған диплом жұмысына
П і к і р
Студенттің диплом жұмысына таңдап алған тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені бүгінгі таңда Қазақстан республикасындағы екінші денгейлі банктері өзінің табысын арттыру мақсатында және рентабельдігін қамтамасыз ету үшін қызметтер мен операциялардың көптеген түрлерін көрсетеді.
———
Жалпы жұмыс кіріспеден,үш тараудан,қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарау:« ————-»деп аталады,мұнда коммерциялық банктердің ———————————————————————————-қарастырылған.
Екінші тарау:«——————————————»деп аталады,мұнда —————————————————————————қаражаттарына талдау жүргізілген
Үшінші тарау:« ————————-
Сонымен қатар диплом жұмысында бірқатар қателіктер де жоқ емес——————————————————————
Жалпы диплом жұмысы кафедраның қойылған талаптарына сай келеді деген пікірмен Мемлекеттік Біліктілік Комиссиясы алдында қорғауға жіберіледі.
Ғылыми жетекшісі :
Аға оқытушы Керiмбекова Н.Н.
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………………………………..8
Тарау-1 Екінші денгейлі банктердің тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістерінің теориялық негіздері
- Банктік тәуекел жіктемесі және оны басқарудың экономикалық мәні…………….………………………………………………………………….10
1.2 Несиелік тәуекел және оны басқару әдістері……………………………………..17
1.3 Пайыздық тәуекел және оны басқару әдістері……………………………………30
1.4 Валюталық тәуекел және оны басқару әдістері…………………………………..37
1.5 Өтімділік тәуекел және оны басқару әдістері……………………………………..44
Тарау-2 Екінші деңгейлі банктер мәліметтері негізінде банк тәуекелдеріне талдау жүргізу
- Екінші деңгейлі банктердің бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайы…….52
- Қ.Р банк секторының тәуекелдеріне талдау…………………………………….60
- «БТА Банк» АҚ-ның заңды тұлға «Көктем» ЖШС-не несие беру тәжірибесі негізінде банк тәуекеліне талдау жүргізу……………………….70
Тарау-3 Қаржы Дағдарысы жағдайында банк тәуекелдерін басқару проблемалары және оларды шешу жолдары ………………………………………77
Қорытынды…………………………………………………………………………………………..86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………….88
Кіріспе
Банктер өз қызметін жүргізу процесінде пайда болған жері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы, оларды талдау тәсілі және оларды сипаттау әдістері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін әр түрлі тәуекелдердің жиынтығымен бетпе-бет келеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Олардың ауқымы әр түрлі. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады. Қоғамның дамуы барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.
Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Диплом жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
- екінші денгейлі банктердің тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістерінің теориялық негіздері қарастыру;
- екінші деңгейлі банктер мәліметтері негізінде банк тәуекелдеріне талдау жүргізуді көрсету;
- қаржы дағдарысы жағдайында банк тәуекелдерін басқару проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау;
Диплом жұмысының зерттеу пәні – нарықтық қатынастардың кез-келген операцияларында орын алып отыратын – банктік тәуекелдер, олардың түрлері.
Диплом жұмысын зерттеу объектісі екінші деңгейлі банктердің ерекшелігіне байланысты – банк тәуекелдер түрлері. Банк өзінің күнделікті іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түрлерімен кездеседі. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылатындықтан, оның бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекелдер түрлерінің өзгеруіне себеп болады.
Банк тәуекелділігі – бұл несие мекемелерінің жүзеге асыратын, банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын шығын қатері, яғни, дәлірек айтсақ, банктердің өз ресурстарының, табыстарының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз. Тәуекел банктің берген несиесі төлемсіздік туындаған жағдайда , ресурстық база жеткіліксіз болғанда ,жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын білдіреді.
Тәуекел мен табыстылық деңгейлері өзара пропорционал болып келеді, яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше, тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктеріөзара тығыз байланысты. Сол себепті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп-айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол сияқты залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен, конъюнктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Диплом жұмысын жазу барысында мынандай оқу-әдістемелік құралдар қолданылды: Ғ.С. Сейітқасымовтың, А.Б. Садвакасова мен А.Б Хожжиеваның, С.Б. Мақыштың, т.б. оқулықтары, мерзімді басылымдардағы мәліметтер, атап айтқанда, Имрамзиева М. мен Нуртазинова А.С, Есенжол К.М. мен Чинибаева Ш.Г. мақалалары, статистикалық ақпараттық әліметтер, нормативті құжаттар қолданылды.
Тарау-1 Екінші денгейлі банктердің тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістерің теориялық негіздері
1.1. Банктік тәуекел жіктемесі және оны басқарудың экономикалық мәні
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерлерді дұрыс бағалай білудің маңызы өте зор. Әр банк өз қызметінің процесінде өз тәуекелі деңгейін жақсы біліп, тәуекелділік пен табыстылық деңгейін дұрыс сақтай білуі керек.
Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады. Қоғамның дамуы барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Банк тәуекелділігі – бұл несие мекемелерінің жүзеге асыратын, банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын шығын қатері, яғни, дәлірек айтсақ, банктердің өз ресурстарының, табыстарының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз. Тәуекел банктің берген несиесі төлемсіздік туындаған жағдайда , ресурстық база жеткіліксіз болғанда ,жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын білдіреді.
Тәуекелден құтылу мүмкін емес, сондықтан да кез келген банк тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады және бірнеше альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейін түсіретін шешімдерді таңдайды. Осыған байланысты ҚР банкирлеріне банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалауға көңіл аударуы тиіс. Банктің қызметі тәуекелдермен байланысты болып келетіндіктен, олар тәуекелдерді басқаруға көп көңіл бөледі.
Тәуекел мен табыстылық деңгейлері өзара пропорционал болып келеді, яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше, тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды./6/
Банк үшін тәуекелді басқару – ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап, бүкіл қызмет ету уақытысындағы іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді, яғни банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы оның тәуекелді басқаруымен байланысты. Жалпы, тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Оған мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болатындықтан, кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс – әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Банк өзінің күнделікті іс – әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылатындықтан, оның бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осыған байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп – көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің орнын анықтауға және тәуекелді басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай экономикалық әдебиеттерде көрсетілгендей және тәжірибеде басқару мен талдау мақсаттарына байланысты банк тәуекелдерінің көптеген түрлері бар.
Тәуекелді классификациялау – көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді айтамыз.
Банктік тәуекелді жіктеу қағидалары:
- банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы
- банк клиенттің құрамы
- банктік операциялар сипаттамасы
- коммерциялық банктердің түрлері
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер:
- Сыртқы
- Ішкі (1-суретте көрсетілген)
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси – соғыс, жаулап, басып кіру, саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушіліктер, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, мемлекет құрылу ерешелігімен байланысты , мемлекеттік билік органдары қызметінің тұрақсыздығы, Үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі(ұлтшылдану, жекешелендіру) этникалық және аймақтық мәселелер және т.б тәуекелдер.
Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (экспорттық-импорттық шектеулер, шетел банктер қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу)
Экономикалық – жалпы экономикалық тәуекелдер, экономикалық құндылықтар, экономикалық саясатпен байланысты жиынтық ЖІӨ-нің өсуі, ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың –экспорттан жоғарлануы, экспорттан түсетін табыстың азаюы, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділіктің төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы,халықтың бірыңғайлығы мен білім деңгейінің төмендеуі,инфрақұрылымның нашар дамуы және т.б.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясы мен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б. факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты тәуекелдер (несиелік, валюталық, нарықтық, кассалық, есеп-айырысу, факторингтік, корреспонденттік, қаржылық, инвестициялық тәуекелдер)
- банк пассивтерімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері, диверсификация тәуекелдері)
- банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекел, өлем қабілесіздік тәуекелі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталы жеткіліксіздігі тәуекелі)
- қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық, жаңа енгізулер тәуекелі, стратегиялық, бухгалтерлік, қауіпсіздік тәуекелдері)
Несиелік тәуекел – негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі.
Пайыздық тәуекел – берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі.
Қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесі дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарыздың өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай моноторинг , трансферттік тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырмалы шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квотаның енгізілуі.
Өтімділік тәуекелі – банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі.
Капитал құрылымының тәуекелі – капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес қабілеттілігін,оның қайтару жағдайлары санын және т.б. қорытындылау керек. Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың қола вексельді ие болуда қосымша тәуекелдің пайда болуына соғады.
Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны былайша түсінуге болады: барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық қызмет көрсету тәуекелі тән бола тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің әрбір түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер тән, соныменқатар банкаралық несиелердің қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұндай банктерде бірінші орында инновация тәуекелі, сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер – яғни, жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіптің өнімді өндіруде туындайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер. Бұл жағдайда ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни фирмаішілік немесе корпаративтік тәуекелдер, нарықтық немесе портфельдік тәуекел. Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылығын бағаламай, технологиялық жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни жаңа технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ немесе аз болса, өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көпболса және т.б.
Көрсетілген жіктеулер және қағидалар, банктік тәуекелдердің түрлерін ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер болады. /7/
1-сурет. Банк тәуекелінің жіктелімі
Банктік тәуекел жіктемесі
сыртқы ішкі
Банк активтермен байланысты тәуекелдер |
Банк пассивтерімен Байланысты тәуекелдер |
Қаржылық қызметті жүзеге асыру тәуекелі |
Активтер мен пассивтерін басқару сапасымен |
- саяси
- құқықтық
- экономикалық
Дерек көзі: /7/
Табыстылық пен тәуекелділіктің арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру банктерді басқарудың басты әрі ең күрделі мәселесі болып табылады. Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып табылады.
1-кесте. Банк тәуекел аймағына сипаттама
Тәуекел түрі |
Тәуекел аймағы |
Несиелік тәуекел |
Қарыз алушының төлемқабілеттігінің төмендеуі Несиелік портфель сапасының нашарлауы Мерзімі өткен негізгі қарыздың және проценттік төлемдердің пайда болуы Прблемалы ссудалардың туындауы Іскер тәуекел факторының пайда болуы |
Баллансталмаған өтімділік тәуекелі |
Ұзақ мерзімді активтердің орнын басу мақсатында қысқа мерзімді ресурстарды қолдану Өтімділігі төмен активтерді жоғары сұранысы бар ресурстармен жабу |
Пайыз тәуекелі |
Ағымдағы кезеңге пайыз ставкасының өзгеруіне сезімтал актив пен пассивтің көлемі мен мерзімінің сәйкес келмеуі Пайыз маржасының төмендеуіне алып келетін активті және пассивті пайыз ставкасының өзгеруі мен сәйкессіздігінің болжануы Банктің белгілі бір активті операциялары бойынша пайыз маржасының төмендеуі |
Табысты жоғалту тәуекелі |
Ресурстар құнының жоғарылауы Теріс пайыз маржасының пайда болуы мен төмендеуіне алып келетін өтіділігі жоғары активті жабу мақсатында тұрақты және ұзақ мерзімді ресурстарды қолдану Жұмыс атқармайтын активтердің бөлігі Рентабелділігі жоқ тауарлар |
Операционды тәуекел |
Жаңа өнімнің пайда болуына байланысты персоналдың сол салада мамандылығының жоқтығына байланысты тәуекелдің пайда болуы Банк қызметінің белгілі бағыттарына байланысты программалық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі Құқықтық қамсыздандырудың кемшілігі Маманданған кадрлар мен ішкі регламенттері жоқ банк қызметінің ортасы Банк қызметінің сегменттеріне байланысты ішкі бақылаудың төменділігі Маманданбаған контрагенттермен операциялар |
Дерек көзі: /22/
Тәуекелдерді басқару — кезекті қызмет түріне байланысты туындайтын тәуекелдерді төмендетуге бағытталатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Стратегиялық басқару мен жоспарлау оның негізі болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттар сәйкестігін қамтамасыз етеді. Банктік тәуекелді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асырады. Ондай шаралар стратегиялық басқару денгейінде немесе ұйымдастырушылық денгейде жүзеге асырылады. Банктік тәуекелді басқаруға байланысты жиі кездесетін келесідей әдістер қолданылады:
- Диверсификация;
- сақтандыру;
- хеджирлеу;
- өзін — өзі сақтандыру;
- лимиттеу;
- сапаны басқару.
Диверсификациялау арқылы банктік операциялардың бір түріне байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялауы керек.
а) Тартылған қаражаттың диверсификациясы:
- мерзімі бойынша;
- тартылу түрлері бойынша (заңды түлғалардың депозиттері, жеке тұлғалардың депозиттері, банкаралық несие, халық аралық қарыздар);
- тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша);
б) қолданылатын құралдардың диверсификациясы: активтер
портфелінде төлем күралдары көп болу керек;
с) қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:
- мерзімі бойынша: көбінесе ұзак мерзімді және кысқа мерзімді болып бөлінеді;
- қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде карыздың аз мөлшерде бірақ көп түлғаларға берілуі керек.
Сақтандыру. Мүмкіндігінше тәуекел деңгейі бар банк активтерінің барлық түрлері сақтандырылуы керек.
Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирленуі керек.
Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды
есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін
мемлекеттен немесе кұрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе
банктің пайдасынан құралған резервтік қоры болуы керек.
Лимиттеу – банктің көлемі, құралдары, әріптестері және сол сияқты басқада операцияларды шектеу болып табылады. Шектеудін келесідей көп тараған түрлері бар:
-әрбір жеке контр-портнер операциялар бойынша шектеу;
-әрбір құралдарға, актив түріне, нақты бөлімшелерге немесе дилерлерге шектеулер;
-бір карыз алушы үшін жоғарғы ссуда мөлшерін бекіту;
-баланстан тыс міндеттемелердің төменгі мөлшері бекіту;
-келесі күнге калдыруға мүмкін ашық позицияның төменгі мүмкін мөлшері;
-банктің әр бөлімшелерінің әр түрлі позициясы бойынша пайда мен шығындарды шектеу.
Сапаны басқару — тәуекелді басқару қазіргі заманауи әдіс болып табылады. Бұл негізінен жоғары маманданған басқарушылардың банк үшін қиыншылықтар туғанға дейін пайда болған мәліметтерді шектеудегі әдістер ретінде сипатталады. Сапаны басқару үшін әрине банк өте біліктіде , жоғары білімді мамандарға жүгінеді.
- Несиелік тәуекел және оны басқару әдістері
Банктер құралдарды беру барысында делдал болып табылады, сондықтан өзіне несие тәуекелділігін қабылдайды. Несие – бұл банк сапасын және жұмыс барысын қарастырудың негізі болып табылады. Көптеген банктердің банкротқа ұшырауларын зерттеу барысында банкроттың негізгі себебі болып, несиелердің төменгі сапада болуын куәландырады. Осыған орай, несиені басқару процесінің өзіндік түсінігі қажет.
Несие саясатының жақсы дамуы және процедурасы; портфельді сауатты басқару; несиелерді нәтижелі бақылау; осы сферада жұмыс жасайтын қызметшілерді дайындау тиімді несиелік басқарудың маңызды элементтері болып табылады.
Дегенмен, көптеген банктер өңделген несие басқаруларын және несие тәуекел процестерін тиімді жайғастыра алмайды. Сондықтан да, олар несие ресурстарының қайтарылмау мәселелерімен күнделікті соқтығысып қалады. Бұл өз кезегінде несиелерді сапалы басқару үшін объективті қиындыөтардың бар болуын куәландырады, сондай-ақ, мұндай басқару түрінің маңыздылығын күшейтуді растайды.
Банктер күнделікті өзінің барлық тәуекелдерін бағалай отырып, сонымен қатар, шамадан тыс концентрация портфель тәуекелімен күресуге тиісті. Осы тәуекел түрлері әр түрлі болып келеді: несиені төлеу қабілеттілік тәуекелі, пайыздық, сауда, географиялық, саяси, операциялық. Банк басшылығы оны қалайтын және қабыл ала алатын мүмкін түрлерді және тәуекел мөлшерлері анықтауына жауапты. Экономиканың сол немесе басқа секторға, мүмкін тәуекел мөлшеріне шектеулер орнатуы қажетті. /22/
Кез келген, банктің несие портфелі күнделікті реттеліп отыруы тиісті, өйткені портфель сапасы, тәуекелділікті бағалауға және банк сенімділігі үшін жоғары дәрежеде маңызды.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:
— басқаратын субъекті
— басқарылатын объект
Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процессін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастырған дұрыс. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтерінің көлемінің ұлғайту қажеттігінен туындайды.
Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:
- елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайлар;
- банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;
- қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;
- қарыз алушының банкроттығына;
- қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;
- жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;
- жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуы;
- қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;
- қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдауына;
- несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;
- инвестициялық жобаныңы техникалық-экономикалық негіздемесінің туралығына;
- несиені беру және қоржынды қалыптасыруға байланысты несиелік саясатқа жиі енгізілген өзгерістерге;
- берілетін несиелердің түрлеріне, мөлшеріне және нысандарына, сондай-ақ қамтамасыз ету түріне.
Несиелік тәуекелдің мынадай жіктелімін жасауға болады:
1) Факторлардың әрекет ету саласына қарай:
— Ішкі несиелік тәуекелдер;
— Сыртқы несиелік тәуекелдер;
2) Факторлардың банк қызметіне байланысына қарай:
— банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер;
— банк қызметіне байланыссыз несиелік тәуекелдер;
3) Банк қызметіне әкелетін зияндылық дәрежесіне қарай:
-тікелей несиелік тәуекел;
— жанама несиелік тәуекел;
4) Несиелік операциялардың есеп алыну сипатына қарай:
— баланстық несиелік тәуекелдер;
— баланстан тыс несиелік тәуекелдер;
5) Пайда болу ауқымына қарай:
— іргетастық несиелік тәуекелдер, яғни активті және пассивті басқарумен айналысатын менеджерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты;
— коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу саясатына байланысты;
— жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет, операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.
6) Басқару сипатына қарай:
— тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік тәуекел;
— қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына байланысты.
Несиелік тәуекелді басқару банктің активін басқарудың құрамдас бөлігі ретінде несиелік тәуекелді төмендетуге байланысты шаралардың жиынтығын білдіреді.
Жоғарыда келтірілген несиелік тәуекелді жіктеліміне сүйене отырып, жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет:
- нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару;
- несиелік қоржынның тәуекелін басқару.
Осы екі түрлі несиелік тәуекелдерді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады. Ең бастысы мақсаттарына байланысты: 1)қарыз алушының несиелік тәуекелін басқарудың мақсаты несиені қайтармаған жағдайда банктің шығынын азайту және қарыз алушының банк алдындағы келісімшартта көзделген міндеттемелерін орындалмай қалу ықтималдығын азайту болып табылады;
2)несиелік қоржынның тәуекелін басқарудың мақсаты банктің несиелік операцияларын ұйымдастыру тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде қолдап отыру.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару банктегі несиелдік үдерісті ұйымдастыру шегінде жүзеге асыралады. Несиелеудің әрбір кезеңінде несиелік тәуекелді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады.
Несиелік тәуекелді басқару үдерісін мынадай кезеңдерді қамтиды (2-сурет).
2-сурет. Несиелік тәуекелді басқару үдерісінің кезеңдері
Несиелік тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері несиелік тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай-ақ жалпы несиелік қоржын деңгейінде басқаруда да қолданылады.
Ең бірінші қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару үдерісінің кезеңдеріне тоқалайық.
Бірінші кезең — идентификациялау кезеңі. Несиелік тәуекелді идентификациялау бұл несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды білдіреді.
Несиелік тәуекелді идентификациялаудың мақсаты қарыз алушының келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Оған ішкі және сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Ішкі факторлар яғни бұл банктің несиелеу үдерісін ұйымдастырумен байланысты, ал сыртқы факторлар бұл қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне немесе оның банк алдындағы міндеттемесін орындауға ынтасыздық танытуынан, сондай-ақ несиені қамтамасыз ету мүлкіне байланысты туындауы мүмкін.
Несиелік тәуекелді идентификациялау үшін қарыз алушы туралы толық ақпарттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлғалар ретінде болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалары бойынша ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Айталық қарыз алушы заңды тұлға үшін компанияның қызметінің бағыттары, несиелік тарихы, іскерлік беделі, меншік иелерінің құрылымы, менеджмент сапасы, бәсекелестік қабілеттігі, рентабельдігі және өндірісінің даму жағдайы, оған салалық, нарықтық және жағрафиялық тәуекелдердің ықпал етуі, сондай-ақ кепіл затының өтімділігі, жеткіліктігі және сақталымы немесе өзгеде қамтамасыз ету нысандарына қатысты тәуекелдердің болуы туралы ақпараттар жатады. Қарыз алушы жеке тұлға бойынша ақпараттарға: жеке тұлғаның қызметі, несиелік тарихы, табысы, бизнесінің дамуы мен бәсекелестігі, сондай-ақ кепіл затына қатысты жоғарыда аталған тәуекелдер туралы ақпараттар жатады.
Несиелік тәуекелді идентификациялау банктің несиелік қызметтерлерінің, заң қызметінің, қауіпсіздік қызметінің, тәуекел-менеджерлерінің көмегімен қарыз алушылар санаттарына және салалық сипатына қарай жасалатын сараптамалық қорытынды дайындау кезінде жүзеге асырылады.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін анықтау үшін оның алдыңғы міндеттемелерді қалай орындауы, бұрынғы өзге банктерден алған займдары туралы, қазіргі банктің берген несиесіне қызмет ету жағдайы, қарыз алушының несиелік тәртібі туралы ақпараттар талданады.
Несиелік тәуекелді идентификациялауға қажетті ақпарат көздеріне мыналар жатуы мүмкін:
- қарыз алушының банкке несие алу үшін берген ақпараттары;
- несиелік бюроның беретін ақпараттары;
- өзге ақпараттар.
Жалпы қазіргі банктік тәжірибедегі қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері төмендегі 3-суретте берілген.
3-сурет. Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
|
Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі әдістерінің біріне мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау жатады.
Мәмілені құрылымдау займ туралы келісімшарт жасау кезеңінде жүзеге асырылады. Құрылымдау несиелік мәміленің жетістіктеріне ықпал етеді. Мәмілені құрылымдау барысында клиентке мәміленің сипатына жауап беретін несиенің түрі мен өтелу шарты ұсынылады.
Мәмілені құрылымдау үдерісінде банк қаржыландыруы шартының түрін, мерзімін, өтелу тәсілін, төлемдер кестесін, сыйақы мөлшерлемесін, қамтамасыз етілуі және өзге де шарттарды өзі анықтайды.
Ең бастысы қаржыландыру шартын жасау барысында қаржыландырудың ең қолайлы түрі: заем, несиелеу шегі (компаниялардың айналым қаржаттарын қаржыландыруда), лизинг, кепіл-хат, аккредитив және т.б. анықтауы қажет.
Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі тәсілдерінің біріне клиенттің банк алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме міндеттемелері қолданылуда. Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру жатады.
Несие беруге байланысты тәуекелді сақтандырудың үш түрі қолданылады:
- қарыз алушының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру;
- қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;
- қарыз алушының өмірін сақтандыру.
Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте банкіге берілген несиенің қайтарылуына кепілдік беріледі.
Берілген несиеге қарыз алушы кепілдікке қойған мүлікті сақтандыру объектісіне құрал-жабдықтар, станоктар, көлік құралдары, шикізат және материалдар, дайын өнімдер және тағы басқалары жатады. Сақтандыру тәуекелі ретінде әдетте әртүрлі апат салдарынан (өрт, топан су, найзағай) мүліктің бүлінуі немесе жойылуы, басқа да жағдайлар, үшінші біреудің қылмыстық әрекеті алынды.
Банктің сақтандыру өтемін алу құқығы біріншіден несие толық немесе ішінара қайтарылмағанда, екіншіден сақтандыру шарты күшінде тұрғанда кепілге қойылған мүлік жойылу нәтижесінде сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда күшіне енеді. Егер қарыз алушы сақтандыру оқиғасы бола тұра несиені өтеп шықса, онда сақтандыру өтемі банкіге емес, мүлік иесіне төленеді.
Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын сақтандыру сақтанушының денсаулығын жоғалтып, несиені қайтару мен пайызды төлеу міндеттемесін орындауға мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін жағдайға жүргізіледі. Сақтандыру шарты несиені толық қайтарып беру мерзімі аяқталғанша жасалады. Сақтандыру оқиғасы туындаса, сақтандыру компаниясы банк қарызын өтеуді қамтамасыз етеді.
Қарыз алушының өмірін сақтандыруда несие шарты бойынша міндеттемені орындау сақтандыру компаниясының жауапкершілігіне өтеді, егер қарыз алушы қайтыс болса сақтандыру компаниясы қарыз өтеуді өз мойнына алады. Мұндай сақтандыру өмірді сақтандыру деп атауға болады.
Қарызды синдинцирлеу қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің маңызды әдістерінің біріне жатады.
Синдинцирленген несиелерді беру бұл несиелік тәуекелдің бірнеше банктер арасында бөлінуін білідіреді.
Синдинцирлеуге негізгі және айналыс құралдарын сатып алуға арналған несиелер, жобалық қаржыландыру, лизингтік мәмілелер, несиелік желілер, аккредитив және т.б. жатады. Синдинцирлеу арқылы қарыз алушылар ірі сомада несие алуға қол жеткізеді және мұндай сомада несие беруге, яғни банк жалғыз өзі тәуекелге бармайды.
Синдинцирлеудің бірнеше тәсілдері қолданылады, атап айтсақ, біріншісі, бұл бірнеше банктердің бірігіп қарыз алушыға несие беруі, екіншісі, үлкен сомада несие берген банктің несиенің бір бөлігін қайталама нарықта сатып алушыларға сатуы, үшіншісі бірінші мен екінші тәсілдің бірігуінен туындайды.
Қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендетудің келесі тәсілі бұл мүдделердің қақтығыстарын болдырмау. Мүдделердің қақтығыстарын болдырмау негізінен банктің несиелік қызметіне байланысты қойылатын талаптарды банк қызметкерлерінің орындауын көздейді.
Мүдделердің қақтығыстарын болдырмаудың мынадай жолдары бар:
- несиелік үдеріске қатысушы несиелік қызметкерлердің несиелеуге байланысты заңдар мен нормативтік актілерді қатаң сақтауы;
- несиелік мәміле туралы шешім қабылдаушылардың арасында құзіреттердің бөлінуі;
- жеке басының байланысы бар немесе қаржылық мүддесі бар банк қызметкер аталған ұйымды немесе тұлғаны несиелеу үдерісіне қатыстырмау, не болмаса ондай несиелік мәмілені өзге бір банк қызметкерінің қарауына беру және аталған қызметкердің ол іске араласуына тиым салу;
- несиелеу үдерісі барысында алынған клиенттер немесе олардың коммерциялық қызметі туралы ақпараттарды жеке мүддеге немесе өзге заңды және жеке тұлғалардың мүдделеріне пайдалануға жол бермеу;
- несиелік қызметке қатысушы қызметкерлерді әдептілікке үйрету және мүдделік қақтығыстарды болдырмауға шақыру;
- мүмкін болатын мүдделік қақтығыстарға қатаң тәуелсіз бақылау жасау.
Қоржынның несиелік тәуекелін идентификациялаудың мақсаты банктің несиелік қоржыны тәуекелге ұшырауына ықпал етуші факторларды айқындау және олардың банктің несиелік қызметінің тиімділігіне ықпалын анықтау.
Қоржындық несиелік тәуекел бұл қарыз алушының банк алдындағы несиеге қатысты міндеттемесін орындау нәтижесінде туындайды.
Қоржындық тәуекелге ықпал етуші факторларды екіге бөледі: сыртқы және ішкі факторлар.
Сыртқы факторлар банк қызметіне байланысссыз, яғни экономикалық, саяси, құқықтық, табиғи және өзге де факторларға тәуелді орын алады. Ішкі факторлар бұл банктің несиелік үдерісін ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Қоржындық несиелік тәуекелдің пайда болуына мынадай тәуекелдер себепші болады:
Шоғырлану тәуекелі, яғни мұндай тәуекел банктің несиелік ресурстарының экономиканың бір саласына, бір валютада, бір аймақта көбірек шоғырлануынан пайда болады.
Сезімталдық тәуекелі, яғни қоржынның ішкі және сыртқы факторларға сезімталдығынан туындайды.
Активтердің құнын жоғалту тәуекелі, яғни қарыз алушылардың алған несиелері бойынша негізгі қарыздарын немесе пайыздарын толық немесе жартылай қайтармауынан несиелік қоржын құнының төмендеуін сипаттайды.
Қамтамасыз ету тәуекелі, яғни кепіл затының нарықтық құндарының төмендеуіне, өтімділігінің деңгейінің өзгеруіне, сондай-ақ форс-мажорлық жағдайларға байланысты факторлардың несиені қамтамасыз етуге алған кепіл заттарының құндарының төмендеуіне ықпал етуі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі, яғни несиелік тәуекелдерден туындайтын зияндардың орнын жабуға құрылатын резервтердің несиелік қоржынның табыстылығының төмендеуіне тигізетін ықпалы.
Қоржындық несиелік тәуекелдің банктің несиелік қызметіне теріс ықпалын білуде оның факторлары мен қауіптерін анықтап білу жеткіліксіз.
Сондықтан да қарыз алушылар мен несиелік қоржынның тәуекелдерін идентификациялау нәтижелері бойынша келесі кезеңде қарыз алушының және қоржынның несиелік тәуекелін бағалау және өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Несиелік тәуекелді бағалау сапалық және сандық талдаулар тұрғысынан іске асады.
Сапалық талдау бұл несиелік тәуекелдің пайда болуы аумағын немесе ықпал ететін факторларды және тәуекелді анықтауда пайдаланылатын ақпарат көздерін талдауды қамтиды. Сапалық талдау әсіресе банктің несиелік қоржынының сапасын талдау негізінде жасалады.
Сандық талдау бұл несиелік тәуекелдің дәрежесін формалау, яғни сандық тұрғыдан анықтау мақсатында жүзеге асады.
Банктің несиелік тәуекелін бағалау екі тәсілге негізделуге тиіс:
- несиелік тәуекел деңгейін бағалау;
- несиелерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктеу.
Несиелік тәуекелді бағалауда мынадай басты көрсеткіштер пайдаланылады:
- коэффициенттер;
- болжанатын шығын мөлшері;
- несиелік қоржынның сапасының көрсеткіштері.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Екінші деңгейдегі банктердің тәжірибесінде ірі бизнес-жобалар бойынша несиелеуде қарыз алушылардың өтініштерін талдауда Project Expert бағдарламасы пайдаланылады. Бұл бағдарлама жобаның тиімділігін қайта есептеуге мүмкіндік жасаумен қатар, қарыз алушының несиелік тәуекелін анықтауға және оған ықпал етуші факторларды сандық тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді.
Скоринг бұл банкке «бұрынғы» клиенттердің несиелік тарихы негізінде әлуиетті қарыз алушының несиені уақытында қайтармау ықтималдығының қаншалықты жоғары екенін анықтауда көмек беретін математикалық немесе статистикалық үлгі.
Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында отандық банктерде несиелік тәуекелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.
Барлық несиелер және несиеге теңдестірілетін клиенттердің қарыздары бойынша несиелік тәуекел бағаланады және оны тиісті шоттар бойынша жіктеледі.
Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.
Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу және несиелік тәуекелді бағалау мынадай критерилерді ескере отырып жүзеге асады:
- Қарыз алушының қаржылық жағдайы;
- Банк алдындағы жіктелінген активтер және шартты міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;
- Қамтамасыз ету сапасы;
- Несиенің мерзімінің ұзартылуы;
- Өзге де мерзімі өткен міндеттемелердің болуы;
- Несиелердің көзделеген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, %-бен;
- Өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;
- Қарыз алушыда Ұлттық банктің бекіткен тізіміне енген рейтингтік агенттіктердің рейтингінің болуы.
Банк тәжірибесінде несиелендіру түрлері байланысты несиелік тәуекелдің проблемалары бар:
- пайда мәнінің өсуі деп ойлауы: Несиелік портфель – пайда алудың көзі. Пайда өсіруге деген құштарлық кей жағдайларда тәуекел немесе банкке тиімсіз шарттар мен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берген несиелер одан алатын табыстарына қарағанда өте қымбатқа түседі.
- несиелендіру принциптерінің бұзу – банк жетекшілігі несиелендіру принциптерін бұзып тұрғанын біле тұрып несие береді, мұның себебі шамадан тыс табыс алуға деген құштарлық бәсекелестерінің басынуы, достастық қарым-қатынасының болуы
- несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы — несиелік келісім-шарт құқықтық жағынан өте жоғары деңгңейде толтырылуы тиіс
- Қарыз алушы туралы толық емес және сенімсіз ақпарат – қарыз алушының қызметі туралы толық ақпарат, күмәнді несиелерді тудыруы мүмкін, әрбір несие қызметтері клиент туралы несие тарихын бүкіл құжаттар тексере отырып жасалуы тиіс
- нашар мониторинг – бастапқы несиеде стандартты несиелер болады, кейіннен қанағаттанарлық, күмәнді болады. Бұл несие қызмет тарапын несиеге дұрыс бақылау жасалауынан болатындықтан ол несиелік талдауды жоғары деңгейде жүргізе аладындай мамандандырылуы тиіс. /11/
VAR әдіснамасы көмегімен банктік несие тәуекелін өлшеу
ХХ ғасырдың 90-жылдарында банк тәуекелін бақылау, тәуекелді өлшеу және есептеу әдістемесі саласына кірген жаңалықтар әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырады. Осының ішіндегі маңызды бір ноу-хау ло банк қызметіндегі тәуекелді өлшеудің жаңа әдіснамасы – VAR (Value at Risk – тәуекел асытындағы құн) деп аталады. VAR-ды банкті қадағалау жөніндегі Базель комитеті қаржы нарығындағы конъюнктураның жағымсыз жаққа өзгеруі нәтижесінде пайда болатын әлеуетті шығындар тәуекелін бағалау үшін кіргізді. Var әдіснамасының негізгі мәні – ол инвесторларға несие тәуекелінің көлемін өлшеуге, капиталдың жалпы табысындағы әр несиенің үлесін көрсетуге, банктің несие қоржынындағы әр жекелеген позицияны тәуекелдіктен қорғауын қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі капиталды анықтауға мүмкіндік береді.
Тәуекелдік құны актив қоржыны құнының өзгеруіне қатысты туындайтын мүмкін болатын жоғары шығындарды көрсетеді, аталған мерзім уақытында тәуекелдік жағдайдың мүмкін болуы туындауы мүмкін, ол банк активі құнының өзгеруі деп аталады.
Құн тәуекелдігі – шығынның жоғары мөлшері, оның х%-тен асуына мүмкін емес және алдағы n күндердің ішінде көтерілуі (100-x%) мүмкін емес.
Сенімді интервал 90, 95, 97, 5 немесе 99%-ға бағалануы мүмкін. Бұл мәселен 95%-ға тең сенімді интервалда, 95% залалды жағдайда позицияны қолдау кезінде VaR тәуекелдік құнынан аспайды, тек 5%-ға жоғары болуы мүмкін. 2-кесте VaR әдіснамасының көп қолданылатын терминдерінің тізімі берілген.
2-кесте VaR әдіснамасының негізгі терминдері және оның экономикалық мәні
Негізгі терминдер |
Экономикалық мағынасы |
VaR (тәуекел астындағы немесе тәуекел құны)
Loss distribution (залалды бөлу)
Confidence Level (сенім интервалы)
Economic capital (экономикалық капитал) Holding period (позицияны ұстау кезеңі)
Unexpected losses (күтпеген залал)
Distance to default (дефолтқа дейінгі аралық)
Zoss severity (залалдың терңдігі)
Credit migration (несие миграциясы) |
Белгілі бір мерзім ішінде белгілі деңгейде болуы мүмкін ең жоғарғы шығын. Несие қоржыны бойынша залалды бөлу. Қоржын бойынша немесе кейде инвестициялвқ позиция белгілі көлемнен аспау мүмкіндігі. Несие қоржынын ұстап тұруға қажетті капиатал. Несие қоржыны бойынша позицияны ұстап тұрудың ұзақтығы (есептеу кезеңі). Шығынның мөлшері.
Дефолтқа жету мүмкіндігі (банкротқа ұшырау).
Дефолт жағдаында күтілетін залалдың мөлшерін өлшейтін элемент. Несие рейтингісінің өзгеру тәуекелділігі. |
Бүгінгі күні несие тәуекелін өлшеу мен бағалау үшін әлемдегі ірі банкілерде VaR әдіснамасының мынадай моделдерді қолданылады: Credit Metrics; Credit Risk+; Partfolio Manager; Credit Partfolio View; Jarrow – Tumbull Model.
VaR моделінің көмегімен несие тәуекелін өлшеу процедурасына дефолттың болу мүмкіндігін талдау, банктің резервін жасауға қажетті және залалдың мөлшерін болжау, қоржынды құрайтын әр нәрсе бойынша күтілетін қалдық құнды талдау кіреді.
Аталған моделдердің арасында Credit Metrics банк несие тәуекелін өлшеу әдістемесі кеңінен тараған. Ол 1994 жылы пайдалануға енгізіліп, 1997 жылы несие нарығының жетекші операторы – J.P. Морган банкімен кейін жеке компания болған –Risk Metrics Croup (RMG Corporation) оның бөлімшесінде жетілдірілді. Бұл модел талдаудың статистикалық әдісіне, оның ішінде Монте Карло статистикалық сынақ әдістемесіне негізделген. Залалды бөлу несие миграциясы деп аталатын мүмкін мән негізінде анықталады.
Монте Карло әдісі қоржын бойынша залалдарды бөлуді активтердің айналымы мерзімі көлеміндегі кез келген уақытта есептеуге мүмкіндік береді. Әрбір қарыз алушы үшін несие рейтингі анықталып, сонан соң өтпелі матрица көмегімен дефолттың немесе рейтингінің өзгеру мүмкіндігі есептеледі. Бұл әдістеме себепті таудауға негізделмеген, ол тарихи статистикаға сүйенеді, сондықтан өткен деректерді бағытқа ұстау өзін–өзі ақтай ма деген сұрақ туады. Себебі олар болашақтағы несие тәуекелінің дамуын сенімділікпен нақты көрсетіп бере алмайды. Міне, осындай белгісіздік жағдай қаржы нарығы қарқындап дамып және оның қазіргі замандағы әлемдегі экономикамен тығыз қарым-қатынаста болуы кезінде тіпті өсе түсіп отыр.
Credit Partfolio View моделін 1997 жылы Credit Suisse инвестициялық тобының мамандары ойластырып жасады. Ондағы несие тәуекелін өлшек әдісінің негізінде белгілі рейтингілік топтағы өзге көрсеткіштермен салыстырғанда дефолт болу мүмкіндігінің көрсеткіштері жатыр.
Бірінші дәрежелі комплексті бағалау деректер бойынша және «Moody’s», «Standart & Poor’s» халақаралық рейтингілік агенствалардың рейтингілері негізінде пайданы жоғалту статистикасын зерттеп үйренуді қарастырады.
4-сурет. Credit Metrics әдістемесі бойынша VaR бағалаудың процедурасы
|
|
||
Екінші дәрежелі комплексті бағалау барлық қарыз алушыларды топтарға бөлу мүмкіндігін қарастырады. Мәселен салалар бойынша, және әр топ үшін пайданы жоғалту үлесі көрсеткішін көп факторлы талдауға негізделген.
Бұл модельде Пауссон бөлінісі қолданылады, Пауссон бөлінісі аз ықтималдықтағы кездейсоқ оқиғаның болу мүмкіндігін белгілі уақыт кезеңінде және өте үлкен санды қайталану талпынысымен қарастырады. Сондықтан Credit Risk+ моделі фефолттың себебін зерттеуге емес, кездейсоқ оқиға сияқты көрсеткіштерді талдауға арналған. Мұнда пайдаланылатын математикалық әдістер өзінің мазмұны жағынан сақтандыру тәуекеліндегі қолданылатын актуарийлік есеп әдісіне ұқсастыру.
Шығын деңгейін бағалау кешенділік деңгейінің үшеуінің бірінің негізінде жасалады.
5-сурет. Credit Risk+ әдістемесі бойынша VAR бағалаудың процедурасы
|
|||||
Credit Risk+ дефолт тәуекелінің абсолютті деңгейі пайдаланылмайды. Несие рейтингісін беру үшін негіз бола отырып, олар уақыт ағанамен өзгеріп отырады, ал олардың сандық мәнәнәң өзгеруі стандарттық ауытқуы ретінде қарастырылады. Credit Risk+ үлгісінің ерекшелігі мынада, ол шығынның жалпы деңгейін есптеп шығаруға қолдануға қолайлы жән шығындарды болдыратын себептерді талдауға дәл келе бермейді. Сонымен бірге банк несие тәуекелін өлшеу тәжірибесінде Credit Risk+ моделі қолдануға қарапайым, бастапқы ақпаратқа аз талап қою, талдау есептеуді жылдам жүргізуге мүмкіндік беретіндіктен пайдалануға болатын құрал болып есептелінеді.
Jarrow-Tumbull Model 1993 жылы Kamakura компаниясының негізін салушы Робберт Джерроу мен профессор Стюарт Тернбулдың ұсынуымен несие нарығына қатысушыларға ұсынылды. Бұл модель белгілі уақыт аралығындағы банкрот болу ықтималдығымен пайыздық мөлшерлеменәі өзгеруі арасындағы байланысты сандық бағалау мәселесін табысты шешеді.
Portfolio Manager моделі 1993 жылы KMVCorporation қызметкерлері жасап, ұсынды. Модель несие тәуекелін өлшеу құралы болып саналады. Оның негізінде Мертон моделі жатыр, бұл модель қарызды жабудың мерзімі жақындағандағы компания акциясының құнының төмендеу пайызын бейнелейді. Фирма дефолттф жариялап, банкрот болғанын бұл модель дефолт нүктесі санайды. Осы нүктеге жету ықтималдығын анықтау үшін модель авторлары «дефолтқа дейінгі дистанция» деген ұғымды кіргізді. Осы көрсеткіштің көмегімен және деректер бағасына сүйеніп күтіліп отырған дефолттың жиілігі есептеледі.
Portfolio Manager моделінің басты айырмашылығы несие портфелін оңтайландыру, қолайлы сатып алу, сату және активке ие болу деңгейін анықтау несие құнын есептеу, экономикалық капиталдың деңгейін айқындауға дайын деректерге және VAR әдістемесіне сүйенетіндігі.
Мұнымен қатар, Portfolio Manager моделі Монте Карло моделімен бірлесіп есепті кезеңдегә кез келген күнгі несие қоржыны бойынша залалдың бөлінісін бекітуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі тәуекелдік позициясын ұстау үшін қажетті капиталдың шамасын анықтайды.
Қорыты айтқанда, аталған модельдің басты жетістігі қарыз алушының несие қабілеттілігінің төмендегені туралы ақпаратты уақытында береді, тәуекелдік жағдай туындаудан жарты жылдай бұрын мүмкін болатын дефолт туралы ескертеді./12/
1.3 Пайыздық тәуекел және оны басқару әдістері
Пайыз тәуекелі — пайыдық мөлшерлеменің болжанбаған ауытқуынан ысырапқа ұшырау мүмкіндігі.
Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банк табыстары мен шығындары, активтердің нарықтық құны, пассивтер мен балланстан тыс счеттар да өзгереді.
Пайыздық тәуекел берілген ссуда мен тартылған қаражаттың қайтарылатын мерзімдері сәйкес келгенде немесе активтік және пассивтік операциялар боынша мөлшерлемелер әртүрлі тәсілмен берілгенде пайда болады.
6-сурет. Пайыздық тәуекел классификациясы
|
|
|
|
|
|
Пайыздық тәуекел классификациясы:
Пайыздық тәуекелге әсер ететін сыртқы факторлар:
- пайыздық тәуекел жағынан нарық конъюнктурасының тұрақсыздығы
- пайыздық тәуекелді құқықтық реттеу
- саяси жағдай
- мемлекеттің экономикалық жағыдайы
- банк қызмет нарығындағы бәсекелестік
- клиенттерм ен серіктестердің қарым-қатынасы
- халықаралық жағдай
Пайыздық тәуекелге әсер етуші ішкі факторлар:
- банктің пайыз тәуекелді басқару жөніндегі нақты стратегияның болмауы
- тәуекел жағдайға әкелетін банктік операцияларды басқарудағы жаңылыс есептеулер (структураның теңгерімсіздігіне әкеліп соғатын актив пен пассив мерзімдерін өтеу табыстылық қисығының қате болжамы) т.с.с
- пайыздық тәуекелді хеджирлеуге байланысты құрастырған банктің бағдарламасының болмауы
- операцияларды жүргізу кезеңдері қызметкерлердің қателіктері
- пайыз мөлшерлемесінің түрлерін дұрыс таңдамау
Пайыз тәуекелін басқару банктің активтері мен пассивтерін басқарудың негізгі саласының біріне жатады.
Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне мыналар жатады:
- пайыздық тәуекелді айқындау (идентифакциялау), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгерутуге және сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау;
- пайыздық тәуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану;
- пайыздық тәуекелдің алдын алу, яғни аквивтер мен пассиверді басқаруға бағытталған заладың алдын алуға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы;
- бақылау, яғни пайыздық тәуекелді басқару процессіне жиі бақылау жасау.
Пайыздық тәуекелді келесідей әдістерді қолдану арқылы кемітуге болады:
- пайыздық тәуекелді сақтандыру
- мерзімді келісім
- пайыздық фьючерлік контракт
- пайыздық опцион
- пайыздық своп
Пайыздық тәуекелді сақтандыру – тиісті тәуекелді, яғни қатерді сақтандырушы ұйымға толық беруді ұйғарады, яғни несие нарығын сақтау сияқты бнктегі жағдай өзгергенде банктегі пайыз мөлшернің тиісінше өзгеруіне мүмкіндік береді.
Мерзімді келісім — қатерден қорғану әдісі. Ол банкті қарыз алушының айтылған мерзімде белгілі бір соммадағы сомманы белгіленген мерзімде беру туралы арнайы форвардтық келісімді бекітумен байланысты жүзеге асады.
Банк ссуданы беру сәтіне пайыз мөлшерлемесінің өзгерісінен орын алатын ысырапқа ұрынып қалу қатрінен өзін осындай келісімді бекіту арқылы қорғайды.
Пайыздық фьючерлік контракт – ол мерзімді контрактіні білдіреді. Ол пайыз мөлшерлемесін ойнату үшін пайдаланады.
Сатушы шарт бойынша сатады, ал сатып алушы қаржы құжатын осы сәттегі келісілген, тіркелген баға бойынша келешектегі айтылған уақыт мерзімінде белгілі бір кезеңнен соң сатып алады.
Пайыздық опцион – опционның иесіне қысқа мерзімді ссуданы немесе депозитті тұрақты тіркелген баға бойынша келешектегі белгілі бір күнге дейін немес сол күні сатуына немесе сатып алуына құқық беретін келісім.
Пайыздық своп – онымен 1 ғана соммаға, алайша бір түрлі шартпен бекітілген несие міндеттемесіне байланысты пайыздық төлемдердің төмендеуін білдіреді.
Пайыз тәуекелін бақарудың басты мақсаты пайыз маржасының деңгейіне бақылау жасау болып табылады. Себебі, пайыз маржасы банк пайдасының негізгі көзі болып табылады.
Банктік тәжірибеде пайыз тәуекелінің мынадай екі түрі болады:
- базалық пайыз тәуекелі;
- уақыт алшақтығының тәуекелі.
Базалық пайыз тәуекелі – банктің қаражатты бір пайыз мөлшерлемесімен тарта отырып, оны басқа пайыз мөлшерлемесімен орналастыру нәтижесінде туындайтын тәуекел.
Пайыздық маржа = пайыздық табыстар – пайыздық шығыстар
Пайыздық тәуекелдің екінші бір түрі – уақыт алшақтығының тәуекелі. Уақыт алшақтығының тәуекелі негізінен банк қаражатты бір базалық мөлшерлемеде тартып және оны сол мөлшерлемеде, бірақ уақыт алшақтығымен орналастырған жағдайда туындайды.
Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады:
- пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау;
- Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау;
- GAP талдауы;
- Дюрация;
- Имитациялық моделдеу.
Spread – бұл банктің активтері мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырма.
Spread = iа — іп
мұндағы, iа – табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі;
іп — банктің міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі.
Пайыздық тәуекелді бағалаудың келесі тәсіліне GAP талдауы жатады.
GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:
GAP = RSA – RSL
мұндағы, GAP — Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма.
RSA — Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері.
RSL — Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.
Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.
D =1*PVCFt+2*PVCF2+…n*PVCFn
K*PVTCF
Имитациялық моделдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады.
Өкінішке орай, пайыздық тәуекелді бағалаудың екі тәсілі де отандық банктік тәжірибемізде қолданылмай отырғаны, бірақ алдағы уақыттарда қолданылуы маңызды тәсілдердің біріне жатады.
Иммитациялық модельдеу арқылы мақсаттарға жету үшін:
- ағымдығы баллансты есептеуден алшақ болу керек
- банктің активтері мен міндеттерін жүргізуде қаржыны тартудағы пайыз ставкасы
- дұрыс болжам
Пайыздық тәуекелді бағалауда аквтитер мен пассивтер мерзімдеріндегі алшақтыққа шек қою қолданылады. Шек қою активтер мен пассивтердің жекелеген топтары бойынша жүзеге асады. Мысалы пайыз мөлшерлемесі төмендеуі күтілген жағдайда, банк қысқа мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады, себебі пассивтердің бағасының төмендеуінен банк пайда көреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі күтілген жағдайда, банк ұзақ мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады./6/
Пайыз тәуекелділігі Қазақстан банктері үшін қаржы құралдарының табыстылығының төмендеуі мен пайыздық маржаның азаюының жалғасуына сәйкес бірте-бірте үлкен мән артып келе жатыр. Олардың қатысушылары нарықтық қағидаларға сүйенген жұмыс жасайтын қаржы нарықтарында, яғни несиелік ұйымдардың пайыз мөлшерлемесін қайта реттеуі жүргізілетін жерлерде пайда болады. Пайыз тәуекелділігінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар пайыз мөлшерлемесінің тұрақтылығы мен динамикасы мөлшерлеменің өзгеруіне икемді келуі жағынан қарағанда банктің активтері мен пассивтерінің құрылымы және де уақыт мерзіміне байланысты актив пен пассивтің теңгерілім деңгейі болып табылады.
Тәуекелділіктің басқа да түрлеріне сәйкес пайыз тәуекелділігі де анықталмағандығымен байланысты.
Бұл жағдайда анықталмағандық пайыз мөлшерлемесінің болашақ бағыттары мен деңгейіне қатысты. Пайыз тәуекелділігі қарыз алушыға, несие берушіге де әсер етеді.
Пайыз тәуекелділігі пайыз мөлшерлемесінің деңгейіндегі өзгеріске қатысты табыстылықтың немесе қаржылық активтердің бағасының өзгеруі ретінде анықталуы мүмкін. Бұл анықтау негізінен ақша нарығы мен капитал нарығының қатысушыларына қатысты. Жалпы активтері қалыпты болатын коммерциялық банктер үшін анықтама өзгерілуі мүмкін.
Қазыргі жағдайда пайыз тәуекелділігін реттеудегі өзекті мәселе – жалпы нарықтық жағдайға мониторинг жүргізу қажеттілігі өсе түседі.
Пайыз мөлшерлемесін қалыпқа келтіру қажеттілігі, олардың шамадан тыс қозғалуы банктік жүйе оперцияларының тиімділігіне кедергі, әрі жоғары пайыз тәуекелділігінің тууына себепкер болуы мүмкінділігінен шығады.
Пайыз мөлшерлемесінің оқыс жағдайдағы өзгерісі банктің пайдасынаң және акционерлік капиталдың нарықтық құнының едәуір өзгеруіне әкелуіне мүмкін.
Пайыз тәуекелділігі осы өзгерістерді қамтиды. Ақша ағымы банктің активтері мен міндеттемелеріне тәуекелді; Бұл пайыз мөлшерлемесіндегі өзгеріс актив пен міндеттемелердің пайыздық табысын және нарықтық құнын өсіруі немесе төмендетуі мүмкін. Пайыз тәуекелінің деңгейі мына төмендегілерге тәуекелді:
— Активтік операция мен тұрақты және еркін мөлшеріндегі несие мен инсвестиция көлемінің қатынасындағы портфельдік өзгеріс, олардың нарықтағы бағасының динамикасы;
— Пассивтік операциядағы өзгерістер менр тұрақты жіне еркін мөлшерлемесіндегі депозиттер көлемінің ара-қатынасы;
— Меншікті және тартылған қаражаттар ара-қатынасындағы өзгеріс;
— Пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерісіндегі динамика.
Пайыз тәуекелділігінің деңгейін бақылау және басқару үшін нақты жағдайларға байланысты банк қызметінің нақты стратегиясы жасалады.
Әртараптандыру мәні банк үшін бір фактордың тәуекелділігіне қаншалықты аз тәуекелділігі мүмкіншілігінен шығады. Егер қаржылпндыру көзінің кең көлемді жеткіліктілігімен банктің инвестицияларды орналастыру орнв бар болса, банк тәуекелділігі біршама аз болар еді.
Арнайы операцияларға немесе өз қызметіндегі қызметі қандай да бір факторға азырақ бағыттан банктер анағұрлым тұрақты әрі табысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі шарты — әрдайым өзгерісте болатын нарық конъюнктурасындағы жағдайларды әрдайым қабылдауды талап етеді және жеке факторлар тобына тәуекелділігі қаншалықты аз болған сайын, ол көп әрі ұзағырақ тұрақты және өмірлік болады.
Кез келген жағдайда банк иелері депозиттерді қайтару және несиелер беру және т.б. жағдайларды қамтамасыз ету қолма-қол немесе тартылған қаражаттардың жетіспеушілік мәселесімен кездесуі мүмкін. Банкте осындай жағдай туындағанда ол қолма-қол қаражаттарға ағымдық талаптарды қанағаттандыру үшін өте жоғары мөлшер бойынша қаражаттар тартады. Бұл банктің пайдасының төмендеу мен өтімділік тәуекелін азайтуға әкеледі. Банк өтімділігінің тәуекелі – бұл банктің активтерін өткізу жолымен қаражаттарды алу қиындығы жағдайында банктің пайдасына туындаған қорқыныш мүмкіндігі.
Банктің қажетті өтіміділік деңгейін ұстап тұрудың маңызды шарты – бұл банкте өтімді активтердің жеткілікті сомасының болуы. Өтімді қаражаттар банктің қаржылық міндеттерін жабу үшін қолданылады. Өтімділікті қолдану банктің қызметін басқарудың бірден-бір негізгі әдісі болып табылады.
Банк өз қызметін тек клиенттері мен басқа да банктер арасындағы барлық міндеттерін атқара алатынына сенген жағдайда ғана жүргізе алады. Банк мұндай сенімді тез жоғалтып алуы мүмкін, егер олар бұл банкті барлық заңды үлестік міндеттерімен есеп жасай алмайды деп ойлаған жағдайда.
Егер активтерді қайтару мен міндеттерді өтеу мерзімінің арасындағы дәл сәйкестікті қаматамасыз ете алған жағдайда өтімділіктің қажетті деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ та банк қаржы делдалы ретінде түсіп отырғандықтан, ол бұл мерзімді әрдайым түрлендіріп отыруға міндетті. Бізге белгілі банк қарызға ақша қаражатының аз ғана бөлігін көп мөлшерде қысқа мерзімге алады да, ұзақ мерзімге ірі соманы қарызға береді. Бұл кезе банк алдағы уақытта да міндеттерін өтеу үшін салымдарды тартып және талап еткенге дейінгі шоттардан алынған ақша қаражаттарын қайтарамын деп есептеуді. Бірақ та, нақты жағдайда әлемдегі бірде-бір банк мерзімсіз салымдарға орналастырылған барлық ақшаны бір күнге қайтаруға жағдайы жетпейді.
Банкте өтімділікпен мәселе туындағанда ол ақша қаражатына сұраныс туады. Бұны алудың бірден-бір көзі активтерді сату болып табылады. Активтердің кейбір түрлері жиі сатылып және сатып алынып отырады, сол себепті бұл активтерге нарықтың әділ бағасы қойылғадықтан, банктің қысқа және тез арада сатып алушына табуына мүмкіндік бар./14/
Бұндай категориядағы активтер біртекті болып және өтімді актив болып саналады.
Қолма-қол ақшаға басқа банктерге берген қысқа мерзімді қарыздар немесе басқа банктердегі депозиттерін жатқызуға болады, себебі бұл қарыздарды немесе депозиттерді сатып алатын басқа банктерді іздеу сияқты қандай да бір қиындықтар тумайтыны сөзсіз. Мемлекеттің құнды қағаздары және баланстың есептег активтері өтімділіктің тез сатылатын көзі болып табылады.
Активтердің жиі сатылмайтын және сатып алынбайтын түрлері де кезедеседі. Осындай жағдай болғанда, олардың бағасын сатып алушы мен сатушының арасында келісімге келу қажеттілігі туады, себебі нарықты бағасын алудың мүмкіншілігі жоқ. Бұндай активтерді сатып алушыны табу қиынға түседі. Осындай түрдегі активтер бір-бірінен ерекшелене түскендіктен, оларды салыстыру қиыншылық туғызады. Банктік қарыздық мүмкіншілігін анықтайтын негізгі фактор екінші деңгейлі банктердің және ҚР ҰБ-ның өтімділікті қажет ететін банктерге қарыз беру саясаты болып табылады.
Егер несие беруші банктің қысқа мерзімге өтімділік мақсаты үшін несие беру туралы өтінішін орындау кезінде өзінің қаржылық қызуғушылығы шегінде іс-әрекет жасаса онда ол келесідей талдау жүргізуі қажет.
Ең алдымен несие беруші тапшылықтың себебін анықтайды. Егер өтімділік жетіспейшілігі ағымдық шығындары немесе депозиттердің жиі ауысуы сияқты банктің өз мәселелері туындаса, онда несие беруші несиені бөлуге онша көңіл бөле қоймайды. Ол жоғары сапалы тез арада өтетін активтерге кепілдікке салынуын талап етуі мүмкін. Керісінше, егер өтімділік тапшылығы несие беруге деген сұраныстің өсуі сияқты позитивті даму негізінен туындаса, банктің қарыз алу мүмкіншілігі әрине жоғарылайды.
Әрі қарай несие беруші банктің барлық қаржылық жағдайына талдау жасап, осы талдаудың нәтижесіне сүйене отырып қаншалақты қаражат беретінін және қандай уақытқа беретінін анықтайды.
Орталық банк ретінде ҚР ҰБ-ы біздің республикамыздың банк жүйесіндегі осындай жағдайдағы қызмет етуіне жауап береді. Ол өтімділік тапшылығы бар банктерді несиелеуді ҚР ҰБ-ң өзінің қаржылық қызығушылығына әсер етуі міндетті емес шаралар негізінде жүргізу саясатын қолдануы мүмкін. Осыған орай, банктің қадағалау Департаментінің инспекторлары мен талдаушылары Орталық банктің нақты банкке қатысты несиелік саясатымен танысып алуға міндетті.
1.4 Валюталық тәуекел және оны басқару әдістері
Валюталық тәуекел – контрактіге қол қойған кезеңі мен ол бойынша төлемді жасау аралығындағы кезең ішінде төлейтін валютаға қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қаупі.
Валюталық тәуекел – қандай да бір шетел валютасына ұлттық валютаның қатынасы кезеңіндегі курстық өзгеру нәтижесінде зиян шеккен банктерде және өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына, қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым өзгерісте болатыны белгілі, ол банк қызметінің пайдасы мен шығындарында көрініс табады.
Экспортер және несие беруші төлейтін валютаға қатысты валюта бағамының төмендеуіне байланысты зиян шегетін болса, импортер немесе займ бойынша борышқор төлейтін валюта бағамының көтерілуіне байланысты зиян шегеді.
Валюталық тәуекел әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарды сол бір валютаның курстары чәйкес келмеуіне байланысты, айырмадан табыс табатын «спекулятивті табыс» немесе валюта курсының әртүрлі уақыт кезеңдерінде айырымынан түсетін пайда.
Мысалы: Орбитраждық операциялар жүргізетін банктерде болады.
Валюталық тәуекел қарызды қайтару кезеңі, несиелік контракт соммасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тәуекел де жоғары болады.
Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде пайда болады.
Валюталық позиция – шетел валютасындағы коммерциялық банктердің талаптары мен міндеттемелерінің өзара қатынасы.
Валюталық позиция түрлері:
- ашық
- жабық
- ұзын
- қысқа
Жабық валюталық позиция – шетел валютасындағы коммерциялық банктердің талаптары мен міндеттемелерінің өзара сәйкестігі.
Ашық валюталық позиция – шетел валютасындағы коммерциялық банктердің талаптары мен міндеттемелерінің соммасының өзара сәйкес келмеуін білдіреді.
Яғни, банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі, ол табыс тапшылығына әкеледі.
Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және ҚРҰБ-ң курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған байланысты болады.
Ұзын валюталық позиция – валютадағы активтерің пассивтерден артып кетуін білдіреді және ол +белгісімен белгіленеді.
Қысқа мерзімді позиция – валютадағы пассивтердің активтерден асып кетуін білдіреді және ол « — » белгіленеді.
Егер де банктер клиенттер алдындағы міндеттемесі банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарылап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайының төмен екенін білдіреді.
Мысалы, доллардың теңгеге айырбас курсының өсуі кезеңіндегі қысқа валюталық позиция банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары-қарай орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау керек.
Несие берудегі валюта төлем баллансымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел пайда болады.
Бір банктің бірнеше филиалдары біріктіріліп, төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекел болуы мүмкік, валюталық тәуекелдің болуы қаржылық –несиелік мекемеге өте маңызды ауқымды зиян әкеледі.
Сондықтан қаржылық-несиелік мекемелерде валюталық тәуекелді болжау үшін немес олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін іс-әрекеттерді өз уақыиында жүргізу керек.
Бүгінгі таңда валюталық тәуекел әр уақытта қадағаланып отыруға тырысатын және валюталық курс маңызды қаржылық индикаторы болып табылатын, негізгі қаржылық тәуекелдің бірі.
Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталықкурстың әсер ету інің 2 жолын қолдануы мүмкін:
- белгіленген валюталқ курсты хабарлау –курсты қандай да бір тұрақты валютаға бекіту, осыған байланысты ұлттық өндіріс пен елдің экспорттық және импорттық балансына бір бағытта әсер ету
- Инфляция және басқа да факторларға байланысты курстың әрдайым өзгеріп отыруы, бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жолы да қаралады. Қазақстанда 2-ші әдісі қолданылады.
Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:
- айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;
- конверсионды операциялар тәуекелі;
- трансляциялық тәуекелдер;
- форфейтинг тәуекелі.
Айрыбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.
Тікелей бағам = Ұлтттық валюта / Шетел валютасы
Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел құны валютамен бейнеленеді.
Жанама бағам = Шетел валютасы / Ұлтттық валюта
Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.
Кросс-бағамының (Кб) есебін төмендегідей формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу.
Шетел валютасының долларға қатысты бағамы
Кб (теңге) = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾
Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы
Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот және форвард деп бөледі.
Спот бағам мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.
Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.
Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады.
Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталы тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері (олар туралы валюталық операцияарға арналған тақырыптан оқи аласыздар) қолданылады.
Конверсиондық тәуекел — бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.
Аударым тәуекелі – валюта бағамының құлдырауына шетел және валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын қайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнының өзгеру қауіпі.
Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.
Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.
Валюталық тәуекелді төмендетудің мынадай негізі әдістері болады:
- валюталық тәуекелдерді сақтандыру;
- хеджирлеу;
- диверсификациялау.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерінің біріне жатады.
Валюталық тәуекелді төмендету әдістеріне, әлемдік тәжірибеде 2 әдіс:
- мэтчинг
- неттинг
Мэтчинг – кірістерді есептеу арқылы банктің валюталырының ағымы оның көлеміне және өз тәуекеліне әсер ете алады.
Неттинг – Масштабтау арқылы валюта мәмілесінің көлемінің максималды шектеу. Жүзеге асатын шетел валютасының сату-сатып алу өтініштерін бөліп қарастыру.
Халықаралық банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тәсілі қолданылады:
- контрагенттерінің бірінің біржақты ісәрекеті;
- банктік және үкіметтік кепіл-хаттар;
- мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.
Валюталық тәуекел сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісімі несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.
Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.
Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді, алашақ және берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады.
Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдереді.
Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады. Осындай шаралар арқылы банк өзінің валюталық позция бойынша лимитін реттеп отырады.
Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфелді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфелді диверсификациялау мынадай тәсілдер арқылы іске асады:
- валюталық несиелер сомаларына шек қою;
- қарыз алушыларды диверсификациялау;
- несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;
- валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.
Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция.
Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Форфейтинг сөзі француз тілінде “a forfaіt”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:
- СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
- ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі — бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
- СВОП мәмілесі — бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
- Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;
- Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.
Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік выалютаға ұлттық валютаның қатынасы кезінде курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шекке банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстарының толық алынбауына немесе қосымше шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі. (Тенге/Долл., DM/Долл.,YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
Валюталық тәуекелдер операциялық, контрактілік, трансляциялық және басқа да тәуекелдерді ажыратады.
Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелмен байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекеттегі инфляциялық процесстер кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі несиелік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонывмен қатар, валюталық тәуекелге келісім-шарттың кез-келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудылық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік несие бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін қайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарыфзгер несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім-шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегіә валюта құнының көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.
Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланыстьы сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтәк табыс) немесе валюта курсын әр түрлі уақыт кезеңдерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, орбитраждық операциялар жүргізітін банктерде, яғни сондай қаржылық-несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт сомасы неғұрлым көп болса, соғүрлым жоғары болады.
Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.
Ашық Валюталық позиция дегеніміз – ол банктің шетел валютасындағы акивтері мен пассивтерінің сәйкес келмеі. Ол табыс та, шығын да әкеледә. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясын қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де ҚР ҰБ-ң курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған дабайланысты болады.
Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің асып кетуін білдіреді және де “+” белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің активтерден артып кетуін білдіреді және де “-“ белгісімен белгіленеді.
Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарылап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайының төмен екендігін білдіріді (яғни “қысқа валюталық позия”). Доллар/Теңге айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары-қарй орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай жайт тиімді болады, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай дәрежедегі ұзақ позицияда курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.
Несие берудегі валюта төмен валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін. өріп, отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық-кредиттік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық-*кредиттік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үші мақсатты іс-әрекеттердәі өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.
Бүгінгі күнде валюталық тәуекел – бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс мңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі./6/
Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің 2 жолын қолднуы мүмкін:
- белгіленген валюталық курсты хабарлау – курсты қандай да бір «тұрақты» валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріс пен елдің экспорттық-импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл көзқараста артықшылық көп, бірақ көбі олай ойламайды. Осы долмиен көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүріп өткен;
- инфляция және де басқа факторларға байданысты курстың әрдайым өзгеріп отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес. Бұған мысал бола алатын Ресей.
Мысалы Литва бірінші жолды таңдап алды.(Литваның ақша бірлігі – Лит. Ол ақша АҚШ долларына қатаң байланыстырылған), ал ҚР-сы екінші жолмен кетті.
Бүгінде валюталық курс – бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты. Елдердің алтын-валюталық резервтері елдердің міндеттемелері мен бірге міндетті түрде халықаралақ бірлестіктері мен келісімдер контекстінде қарастыру керек.
Қаржы нарықтарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескеру өте маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне де білінбестен өзінің барлық қаржы ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея). Әлемдік қаржы нарықтарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондвқтан осы нарықтарға қатысу үшін (ҚР-сы шетелдік қаржы нарықтарында өзінің міндеттемелерін салады) бірнеше жағдайларды ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезед айтарлықтай зиян келуі мүмкін.
Сондай-ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері ғана валютаеың айытқуындағы қиыфн болжанатын тәуекелдерге бармайды, сонымен қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдерде де немесе шамалы экономикалық болмашы саяси байланыстыра бар елдер де осы тәуекелдерге барады.
Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекел дегеніміз – бұл белгілі бір жағдайларда болатын аяқ-асты болатын және алдын-алу мүмкін емес жайттардың болуының ықтималдығы (стихиялық толқулар: су тасқыны, жер сілкінісі, қоғамдық құбылыстар, төңкеріс, әскери қатысулар, ереуілдер және т.б.), олар өз кезегінде несиелік келісім-шарт жағдайларының орындалуына үлкен әсер етеді. Форс-мажорлық міндетемелердің ерекшелігі – олардың пайда болуы келісім-шартты бекітуші жақтардың еркінен тыс болуына.
Форс-мажорлы жағдайлар болған кезде келісім-шартты бекітуші жақтар жауапкершілікпен босайды, ол жөнінде БҰҰ конвенциясының тауарларды сатып алу-сатудың халықаралық келісім-шарты туралы 79-шы бабында, сондай-ақ әр түрлі елдердің азаматтық кодектреінде тікелей көрсетілген.
Әдетте форс-мажорлы міндеттемелердің тәуекелі банк мүліктерін сақтандыру компанияларында сақтандыру әдістерімен шектеледң.
Банктер жүргізетін келісімдердің арасында несиелік операциялардың тәуекелдері өте үлкен болады, өйткені кредит беру табыс алудың ең маңызды көзі болып табылады. Несиелік тәуекелді минимизациялау несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет болып табылады.
Республиканың Ұлттық банкінің тегін немесе жеңілдік несие есебінен айналыс сферасын несиелеуге, теріс пайыздық мөлшерлеме кезінде де инфляция деңгейінен табыстылығы жоғары болған. Ресей және Қазақстанның валюталық рфноктарында спекулятивтік қардылық операциялардық дамуына негізделген осы кезеңдегі банктік жүйенің несиелік саясатының стратегиясы оған тек құр сөздегі пайда нормаларын қамтамасыз еткен./13/
1.5 Өтімділік тәуекел және оны басқару әдістері
Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
- депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
- активтерді зиянсыз сату;
- тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады (8-сурет):
- банк капиталының базасы;
- банк активтерінің сапасы;
- депозиттердің сапасы;
- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
- сауатты менеджмент;
- банктің жоғары дәрежелі беделі.
Өтімділік теориясы мен өтімділікті анықтау әдістерінің бүкіләлемдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР Банк жүйесінің дамуының қазіргі жағдайына сәйкес келетін Банк өтімділігінің көрсеткіштері:
- Капитал жеткіліктік коэф-ті = Меншікті капитал / тәуекел ескеріле отырып есептелген активтердің жалпы сомасы >0.08
- Ағымдағы өтімділік коэф-ті = ағымдағы өтімділік актив / ағымдағы міндеттеме >0.2
- Лездік өтімділік коэф-ті = жоғары өтімді актив / талап етуге дейінгі міндеттеме
- Ұзақ мерзімді өтімділік коэф-ті = Ұзақ мерзімді ссадулар / меншікті капитал + 1 жылдан жоғары мерзімдегі депозит бойынша міндеттеме
- Жалпы өтімділік коэф-ті = өтімді актив + қорғалған капитал / міндеттеменің жалпы сомасы
- Базель келісімі бойынша өтімділік коэф-ті = ақша қаражаттары + банкаралық несие+өтімді бағалы қағаздар / активтердің жалпы сомасы
- Активтердің қолма-қол ақшаға тез ауысу қабілеті = өтімді актив / жалпы актив
- Сыртқы көздерге қол жетерлік коэф-ті = банкаралық несие / міндеттеме
- Депозиттердің тұрақтылық деңгейі = Тұрақты депозит / депозиттердің жалпы сомасы.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы иүмкін зиянның орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Қосымша капитал – негізгі қордың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі бір мақсатқа бағытталған пайданы бөлу нәтижесінде құрылған қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюта арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың 1 бөлігі.
Банк активтерінің сапалалығы келесі 4 критерийлері анықталады:
- өтімділік
- тәуекелділік
- табыстылық
- Диверсификация
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.
Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.
Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор – банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді./10/
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты.(7-сурет) Оларға мыналар жатады:
- елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы;
- банкаралық несие нарығының дамуы;
- қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;
- Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.
7-сурет. Банк өтімділігіне әсер ететін макроэкономикалық факторлар:
8-сурет. Банк өтімділігіне әсер ететін микроэкономикалық факторлар:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кез-келген банкті басқару процессіндегі ең маңызды міндет — өтімділіктің адекваттық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерілімімен анықталатын өзінің міндеттемелерін өз уақытында орындай алу қабілеттігімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі банк өз міндеттемелерін кешіктірмеуі кезінде орындай алмаған жағдайда және өз активтерінің құрылымында күрделі түзетулер болмаған жағдайда көрінеді.
Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты – міндеттемелерді орындау мерзімі жеткен кеде оларды уақытылы өтеуді қамтамасыз ету, банктегі, экономикадағы жағымсыз жағдай салдарынан орын алған клиенттің ақша қаражатының кетуін болдырмау.
Өтімділікті басқарудың міндеттері — өтімділіктің шамасын өлшеу мен оны басқару құрылымын қалыптастыру және төменде көрсетілетін жағдайлар бойынша келесі шараларды жүзеге асыруға байланысты:
- баланстандырылмаған өтімділік тәуекелін шектеу
- қаржы нарығының әртүрлі құралдар бойынша ашық позицияны ұстану арқылы іс-әрекет нәтижесін оңтайландыру
- еншілес банктерді несиелік ресурстармен қамьамасыз ету үшін тапсырысты орындау
- ресурстарды тиімді пайдалану
- тәуекел көздерін анықтау
ҚР-сы Пруденциалды норматив бойынша өтімділік келесідей коэффициенттермен анықталады:
- К41>1
- К42>0.9
- К43>0.8
К41 – 7 күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзіммн мерзімді міндеттемелерді орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
К42 – 1 айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзіммн мерзімді міндеттемелерді орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
К43 – 3 айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзіммн мерзімді міндеттемелерді орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатынасын білдіреді.
Банк өтімділігін талдаудың кезеңдері:
1.Банктің қаржылық жағдайын өтімділігі тұрғысынан бағалау
- Өтімділікке әсер ететін факторларды талдау
- 3.1 Пассивтерді құрылымдық талдау
3.2 Активтерді құрылымдық талдау
- Өтімділік коэффициентін есептеу мен талдау
- Өтімділікті ары қарай басқаруды ұсыныстар дайындау
Несиелендіру – нарықтық экономикадағы банк қызметінің маңызды және ең тиімді түрлерінің бірі болып табылады.
Банктер қаржы саласының делдалдары ретінде шаруагерлік субъектілердің, тұрғындар қорының, басқа еркін айналыстағы қаражат есебінен капитал жинайды және оларды алымшыларға уақытша заемға берді, ақшалайесеп айыру және де басқа көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Түрлі қаржы көздерінің капиталын тоғыстыра отырып, банктер қолма-қол емес қаржы қорларын құрады, сөйтіп оларды әрекет етуші капитал қорына айналдырады, өз бетінше несие саясатын жүргізе отырып, әр түрлі шарттар бойынша несиелік талаптарды қанағаттандырады.
Соған байланысты банк секторлары – экономика саласнда қаржы дағдарысына тез ұшырайтын әлсіз секторға жатады. Банктердің төлемге қабілетсіз тұтынушыларға несие беру саясатының нәтижесінде, тұтынушылардың банк қаражатын қайтармау қаупі туындайды, бұл – тек банктер үшін ғана емес, банк салымшылары мен акционерлері үшін, сондай-ақ банк жүйесі үшін де қауіпті жағдай.
Несиелік қауіп-несие алушының банкке негізгі қарызы мен несие шартында көрсетілген пайыздық өсімақыны уақытылы төлемеуінің салдарынан туындайтын қауіп. Соған сәйкес несие қаупінің болуы немесе оның болу ықтималдығы тек несие алушы өтімділігінің жоқтығының әсерінен де туындауы мүмкін.
Банктердегі жекелеген активтердің көлемі жекелеген міндеттердің мөлшерінен асып кетеді; тұтынушылардың қаржылай талаптарының өтімділік активтердің өтімділігінен де жоғары болады, ал банк активтеріне байланысты қауіптер оның міндеттеріне байланысты қауіптен де жоғары болып жатады.
Активтерге байланысты қауіптілік оларды тез жүзеге асырып, қолма-қол ақшаға айналдыруға сенімділіктің жоқтығымен да байланысты туындайды, яғни активтерге байланысты қауіп көбейген сайын, олардың өтемпаздығы төмендейді. Осындай өтемпаздық пен пайдалы табыс арасындағы тартыс –ьанктердің өз қаражаттарын орналастырудағы өзекті мәселелердәің бірі болып табылады. Банк басшылары, бір жағынан, өз қаражаттарын құнды қағаздар мен инвестицияларға айналдыру арқылы жоғары табыс табуды көздейтін акционерлерге қатысты күрделі мәселелерді талдайды, екінші жағынан, бұл әрекеттердің бәрі банктің өтімділік жағдайын нашарлататын да жақсы түсінеді.
Көп жағжайда несиелік қауіп жүйелі түрдегі қауіпке айналып кетуі мүмкін, яғни бір қатысушының несиелік міндеттерін өтемегендігінің кесірінен, қаржы нарығында төленбеген қарыздар тізбегінің пайда болуы ықтимал.
Сондықтан да коммерциялық банктердің несиелік саясатын реттеу аясында несиелік қауіпті басқару мәселесі – мемлекеттік маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.
Несие беруші ұйымдардың ссудалардың шығынына байланысты, валюталық, пайыздық, және де басқа қаражатқа, сондай-ақ құнды қағаздардың құнсыздануына байланысты қауіпті жағдайларға қажетті қор құру – несиелік қауіпті төмендету тәсілдерінің бірі. Әрекет етуші заңнамада несиелендіру ұйымдарының банк қаражатының сенімділігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мұндай қорды міндетті түрде құру қажеттілігі қарастырылған.
“ҚР Банк және банк қызметі туралы” Заңында несиелік қауіпті жабу үшін банк ұйымдарының міндетті түрде резерв құру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, аталмыш қорларды құру және пайдалану ретін Ұлттық банк тағайындайды және банктер құратын қаражат қорының минималды көлемін анықтайтын да Ұлттық банк болып табылады. Несиелік ұйымдарға активтерді топтастыру, күдікті және сенімсіз несиелерді анықтау шаралары жүктелген./1/
Ссуда бойынша болжалды шығындарды жабуға қажетті резерв құру, біріншіден, коммерциялық банктердің ссудаларының нақтылы бағасын қаржы есебінде көрсетуге, екіншіден, болашақта түскен кірістің қандай да бір бөлігін ссуда бойынша шыққан шығынды жабуға жұмсаудың алдын алуға ықпал етеді.
Ссудалық қарыздар қамтамасыз етілуіне және уақтылы төленбеген күндеріне байланысты төрт топқа бөлінеді: стандартты, субстандартты, күдікті және сенімсіз.
Қамтамасыз етілген нақтылы ссудаларға өтімділік активтер кепілдікке алынатын ссудалар жатады, ондағы активтердің бағасы берілетін қарыздың құнына тең немесе одан жоғары болуы тиіс, сондай-ақ сақтандырылған ссудалар мен кепілдіктер арқылы берілген ссудалар жатады. Сонымен қатар, ссуда бөлу барысында берілетін кепілдіктерге – басқа банктер беретін кепілдемелер, Қазақстан Үкіметі және ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен республикадағы басқа субъектілер беретін кепілдіктер жатады.
Егер ссуданы қамтамасыз ету құны оны беру кезіндегі ссуданың өзіндік құнының 60 %-нан аспаса, бірақ нәтижесінде оның нақтылы құны төмендеп немесе қамтамасыз етілуі қиындап кетсе, онда ссуда жеткілікті түрде қаматамасыз етілмеген болып есептеледі.
Егер ссуда қамтамасыз етілмеген болса немесе оның қамтамасыз ету құны өзіндік құнының 60%-нан төмен болса, ондай ссуда қаматамасыз етілмеген болып есептелінеді.
Сөйтіп, ссуданың қамтамасыз етілу деңгейін анықтау барысында назарға алынатын басты нәрсе – қамтамасыз етілу фактісі емес, кредитордың несие қайтарылмай қалған жағдайда, заем алушы қамтамасыз ету арқылы өз шығынын толық жабуы.
Тәжірибеде түрлі себептерге байланысты ссуданың қамтамасыз етілу деңгейін анықтау және нақтылы қамтамасыз етілген ссудалар мен жеткілікті қамтамасыз етілмеген ссудалар арасындағы айырмашылықты айқындау күрделі мәселе болып табылады, бірақ мұндай классификация жасау үшін қажетті алғышарттарды таңдап алу – мәселені шешудің неғұрлым тиімді жолы деуге болады, себебі ол алғышарттар әлемдік банк қызметі тәжірибесінде белгілі бір дәрежеде қолданылған, дәлелденген.
Несиелік қауіптілікті бағалаудың жоғарыда аталған негіздімелеріне сүйене отырып, Қазақстан Ұлттық банкі бірінші қауіпті ьопқа стандартты ссудаларды жатқызады.
Қарыз алушы негізгі қарыз бойынша төлем міндеттерінен дер кезінде құтылса, банктер ссуда қайтарылмай қалған жағдайда шығынды толтыруға қажетті резервтерге қаржы құю міндетінен құтылады.
Қарыз алушы негізгі қарызды қайтармаған жағдайда, шығынды жабу үшін пайдаланылады.
Тарау-2 «БТА Банк» Акционерлік Қоғамының мәліметтері негізінде банк тәуекелдеріне талдау жүргізу
2.1 Екінші деңгейлі банктердің бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайы
Қазақстанда 2010 жылдың 1 сәуіріне 39 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді,35 банктердің 355 филиалы, оның ішінде Алматы қаласы бойынша 35 филиалы орналасқан .
3-кесте. Банктік сектор құрылымының мәліметтері
Банктік сектор құрылымы |
01.01.09 |
01.03.10 |
Екінші деңгейлі банктер саны, оның ішінде: |
37 |
38 |
— жарғылық капиталы 100% мемлекет қатысуымен банктер |
1 |
1 |
Екінші деңгейлі банктер филиалдарының саны |
379 |
354 |
Екінші деңгейлі банктер есеп-айырысу кассалық бөлімдерінің саны |
2167 |
1862 |
Шет елдегі екінші деңгейлі банктердің өкілдіктері саны |
15 |
18 |
Қазақстан Республикасында бейрезидент-банктер өкілдіктерінің саны |
26 |
31 |
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті бірлескен кепілдеу жүйесімен банктер-қатысушылар саны |
35 |
36 |
Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер саны |
11 |
11 |
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2009 жылдық есебі. [8.]
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық есеп-айырысу меншікті капитал мөлшері 2009 жылғы жағдайына байланысты 127,6 млрд. теңгені құрады. Осыдан, бірінші деңгейлі капитал 2010 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша 1085,6млрд. теңгеге дейін төмендеп, екінші деңгейлі капитал 307,9 млрд.теңгеге көбейді.
4-кесте. Меншікті капитал көрсеткіштері
Атауы |
01.01.09. (млрд. теңге) |
01.03.10 (млрд.теңге) |
01.03.10** (млрд.теңге) |
1-ші деңгейлі капитал |
1525,0 |
-1085,6 |
1076,6 |
Жарғылық капитал |
1017,7 |
1435,3 |
778,6 |
Қосымша капитал |
4,9 |
4,5 |
4,5 |
2-ші деңгейлі капитал |
501,2 |
307,9 |
307,9 |
Реттелген борыш |
562,6 |
590,4 |
368,2 |
3-ші деңгейлі капитал |
0,9 |
0,6 |
0,6 |
Банктердің инвестициялары |
73,3 |
174,3 |
0 |
Барлық меншікті есеп айырысу капитал |
1 953,9 |
-951,5* |
1385,1 |
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2008 жылдық есебі.
* есептелген меншікті капиталдың теріс мәні «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «БТА Банк» АҚ- «ТемірБанк» ЕҰ АҚ меншікті капиталының азаюымен байланысты.
** деректер «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ – «ТемірБанк» ЕҰ АҚ есепке алусыз.
2010жылғы 1 наурыздығы жағдай бойынша банктік сектордың меншікті капитал жеткіліктігінің көрсеткіштері к1 – -8,6 (0,06 нормативі бойынша) (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банкке – 0,05 нормативі), к2 – -12,1 (0,12 нормативі бойынша) (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банкке – 0,10 нормативі).
5-кесте. ҚР екінші деңгейлі банктерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері
Меншікті капитал жеткіліктілінің коэффициенті к1-1 |
01.01.09 |
01.03.10 |
01.03.10* |
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к1-2 |
|
-11,6 |
11,9 |
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к2 |
14,9 |
-12,1 |
14,9 |
Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті к1-1 |
12,4 |
-8,6 |
19,2 |
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдың мәліметтері.
* деректер «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ – «ТемірБанк» ЕҰ АҚ есепке алусыз.
Жыл басынан бастап екінші деңгейдегі банктер активтері 187,9 млрд.теңгеге немесе 1,6%-ға көбейді, банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары 83,0 млрд. ьеңгеге немесе 0,9%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 51,7 млрд. теңгеге немесе 1,3% төмендеді.
2010 жылғы ақпан айында ЕДБ активтері 76,6 млрд.неңгеге немесе 0,7%-ға көбейді, банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары 2,0 млрд. теңгеге азайды, резервтер (провизиялар) 36,7 млрд. теңгеге немесе 0,9 %-ға көбейді.
6-кесте. Банктік сектордың жиынтық активтерінің құрылымы және динамикасы
Банктік сектордың жиынтық активтерінің құрылымы және динамикасы |
01.01.10. |
01.03.10. |
Өсу, (%-бен) |
||
млрд. теңге |
Қорытын-дыға %-бен |
млрд. теңге |
Қорытын-дыға %-бен |
||
Қолма-қол ақшалар, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттар |
1037,0 |
8,97 |
893,5 |
7,6 |
-13,8 |
Салымдар, басқа банктерде орналастырылған |
1072,1 |
9,28 |
1153,7 |
9,8 |
7,6 |
Бағалы қағаздар |
1779,7 |
15,40 |
2063,5 |
17,6 |
15,9 |
Банктік қарыздар және «кері РЕПО» операциялары |
9638,9 |
83,40 |
9555,9 |
81,3 |
-0,9 |
Капиталға инвестициялар |
290,6 |
2,51 |
294,1 |
2,5 |
1,2 |
Резервтер (провизиялар) |
-4000,3 |
-34,61 |
-3948,6 |
-33,6 |
-1,3 |
Басқа активтер |
1739,3 |
15,05 |
1733,1 |
14,8 |
-0,4 |
Барлық активтер |
11557,3 |
100,0 |
11745,2 |
100,0 |
1,6 |
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2009-2010 есебі.
Банктердің активтер құрылымында банктік заемдар және «кері РЕПО» операциялары (81,3%), қолма-қол ақшалар, тазартылған қымбат металлдар және корреспонденттік шоттардағы қалдықтар (7,6%), бағалы қағаздар портфелі (17,6%), басқа банктерде орналастырылған салымдар (9,8%) алады. 2010 жылдың басынан бастап банктік заемдар және «кері РЕПО» операциялары 83 млрд. теңгеге немесе -0,9%- ға төмендеді , қолма-қол ақшалар, тазартылған бағалы металлдар және корреспонденттік шоттардағы қалдықтар 143,5млрд. теңгеге немесе -13,8%-ға кеміді , бағалы қағаздар – 283,8 млрд. теңгеге немесе 15,9 %-ға өсті, басқа банктерде орналастырылған салымдар – 81,6 млрд. теңгеге немесе 7,6%-ға көбейді, капиталға инвестициялар – 3,5 млрд теңгеге немесе 1,2 %-ға көбейді.
1-график. 01.01.09ж. жағдай бойынша банк секторы активтерінің құрылымы
2-график. 01.01.10 ж. жағдай бойынша банк секторы активтерінің құрылымы
Жіктелуге тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің мөлшері жылдың басынан бастап 536,0 млрд. теңгеге немесе 3,3 %-ға азайды. Бұл ретте, жіктелуі тиіс стандартты активтер мен шартты міндеттемелер 295,3 млрд. теңгеге немесе 3,5%-ға азайды, күмәнділе — 224,8 млрд.теңгеге немесе 5,0%-ға азайды, үмітсіздер – 15,8 млрд. теңгеге немесе 0,5%-ға азайды. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша міндеттемелер бойынша провизиялар 62,8 млрд. теңгеге немесе 1,5 %-ға азайды.
7-кесте. Активтердің және шартты міндеттемелердің сапасының динамикасы.
|
Активтердің және шартты міндеттемелердің сапасының динамикасы. |
1.01.09. |
1.03.10. |
||
|
Негізгі борыш сомасы,млрд.тенгемен |
Жиынтығында %-бен |
Негізгі борыш сомасы,млрд.тенгемен |
Жиынтығында %-бен |
|
|
Барлық активтер мен шартты міндеттемелердің сапасының динамикасы. |
13 711,5 |
100 |
15893,5 |
100,0 |
Стандартты . |
8 305,0 |
60,6 |
8213,4 |
51,7 |
|
|
Күмәнді. |
4 993,4 |
36,4 |
4316,9 |
27,1 |
|
1-санатты күмәнді-төлемдерді толық және уақтылы төлеген кезде. |
2 334,9 |
17,0 |
1553,3 |
9,8 |
|
2-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде. |
604,6 |
4,4 |
482,1 |
3,0 |
|
3-санатты күмәнді-төлемдерді толық және уақтылы төлеген кезде |
1 594,3 |
11,6 |
1311,6 |
8,3 |
|
4-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде |
210,8 |
1,6 |
307,7 |
1,9 |
|
5-санатты күмәнді. |
248,8 |
1,8 |
662,2 |
4,2 |
|
Үмітсіздері. |
413,1 |
3,0 |
3363,2 |
21,2 |
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2009-2010 жыл есебі.
Қарастырылып отырған кезең ішінде банктердің несие портфелі құрылымында стандартты несиелер үлесі 60,6%-дан 51,7 % ға төмендеді, күмәнді несиелер үлесі 36,4%-дан 27,1%-ға дейін азайды,бұл ретте үмітсіз несиелердің 3,0%-дан 21,2%-ға дейін өсті.
8-кесте. Несиелік портфель сапасының динамикасы.
Несиелік портфель сапасының динамикасы. |
1.01.09. |
1.03.10. |
||
Негізгі борыш сомасы,млрд.теңгемен |
Жиынтығында %-бен |
Негізгі борыш сомасы,млрд.теңгемен |
Жиынтығында %-бен |
|
Несиелік портфель сапасының динамикасы. |
9 238,4 |
100 |
9555,9 |
100, |
Стандартты . |
4000,7 |
43,3 |
2455,0 |
25,7 |
Күмәнді. |
4 835,6 |
52,3 |
4170,8 |
43,6 |
1-санатты күмәнді-төлемдерді толық және уақтылы төлеген кезде |
2 214,5 |
24,0 |
1522,1 |
15,9 |
2-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде |
588,0 |
6,4 |
468,2 |
4,9 |
3-санатты күмәнді-төлемдерді толық және уақтылы төлеген кезде |
1 582,9 |
17,1 |
1232,3 |
12,9 |
4-санатты күмәнді-төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде |
206,0 |
2,2 |
297,6 |
3,1 |
5-санатты күмәнді. |
244,2 |
2,6 |
650,5 |
6,8 |
Үмітсіздері. |
402,1 |
4,4 |
2930,1 |
30,7 |
Көзі: Қаржылық қадағалау агенттігінің 2009-2010 жыл есебі.
3-график. 01.01.09ж. Сапа бойынша несие портфелінің құрылымы
4-график. 01.03.10ж. Сапа бойынша несие портфелінің құрылымы
Екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі жылдың басынан бастап 83,0 млрд. теңгеге немесе 0,9 %-ға азайды. Стандартты займдар 5,8 млрд. теңгеге (0,2%) көбейді, күмәнділер – 71,1 млрд. теңгеге (-1,7 %), үмітсіздер – 17,6 млрд. теңгеге (-0,6%) азайды. Екінші деңгейдегі банктерге берілген займдар бойынша провизиялар 38,2 млрд. теңгеге (-1,1) азайды.
Несие портфелі сапасының динамикасына қатысты теріс күтулері бар респонденттердің үлесі шамалы қарқынмен төмендеуде. Мәселен, респонденттердің 28% несие портфелі сапасының одан әрі шамалы нашарлауын күтуде және респонденттердің 63% сапа өзгеріссіз қалады деп болжауда, сонымен қатар өткен тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлайтынын респонденттердің 37% күткен болатын.
Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменті бойынша тиісінше 29% және 33% портфель сапасының нашарлайтынын күтуде, 61% және 54% портфель сапасының бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.
Тәуекелдер дәрежесін бөлуге қатысты айтатын болсақ, онда респонденттер кредиттік тәуекелдің өсуін көрсетті. Сондай-ақ банктер үшін операциялық тәуекелдің өсуі сезілетін тәуекел болып табылады (респонденттердің 26%). Сондай-ақ банктер үшін өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел біртіндеп төмендеп отырғанын атап өту қажет, соңғы көрсеткіш ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, атап айтқанда: өтімділік тәуекелінің ұлғаюын респонденттердің 17%, ал валюталық тәуекелдің ұлғаюын респонденттердің небәрі 8% атап өтті.
Банктер қосымша қаржыландыру көздері бойынша жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тартуға артықшылықпен сүйенуін жалғастырып отыр (66% және 70% осы қаржыландыру көзінің жоғары артықшылығын атап өтті). Банктер сондай-ақ жұмыс істеп тұрған акционерлердің қаражаты есебінен капиталды ұлғайтуға (респонденттердің 48%) және алынған пайданы қайта инвестициялауға (респонденттердің 47%) жоғары мән береді.
Банктердің сыртқы міндеттемелерін өтеу 4-тоқсанда орташа алғанда мынадай көздер есебінен жүргізілді:
— ішкі міндеттемелер есебінен (25%);
- қайта құрылымдау есебінен (26%);
- активтердің және резиденттерге талаптардың қысқаруы есебінен (17%);
- сыртқы активтердің төмендеуі есебінен (13%);
- сыртқы нарықтарда резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қаржыландыру есебінен (19%).
Келесі 12 ай ішінде банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелерімен ауыстыруды көздейді (19%); сондай-ақ сыртқы міндеттемелерді ішкі активтердің төмендеуі есебінен жабу жоспарланып отыр (шамамен 10%). Сыртқы борышты қайта құрылымдау жоспарына сәйкес 3 банк жыл ішінде өзінің сыртқы борышының жиынтық көлемін төмендетуді жоспарлайды. Нәтижесінде жоспарланып отырған төлемдер және банк жүйесінің сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету бойынша ағымдағы жүктемесі шамамен 2 есе (62%) төмендейді.
Банктер кредиттеудің корпоративтік секторы және сол сияқты бөлшек сегменті бойынша заемдарды қайта құрылымдау және кепілге салынған мүлікті өндіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырады.
2009 жылғы 4-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағаларының тұрақтандырылғанын ескере отырып, кепілге салынған мүліктің одан әрі құнсыздану проблемасының өткірлігі төмендегенін атап өту қажет. Банктердің бағалауы бойынша кепілге салынған мүліктің барынша құнсыздануы 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында болды.
Банктер үшін маңызды проблемалардың бірі жинақталған кепілхатты өткізуден тұрады, заемшылар көбінесе өздерінің қаржылық жағдайының нашарлауынан заемдар бойынша міндеттемелерінен бас тартады және олардың кепілге салынған мүлкі банкке өтеді, ал құнсызданған кепілзатты, әсіресе жылжымайтын мүлікті өткізу жылжымайтын нарық өтімділігінің төмен болуы себепті барынша күрделі болады.
- Қ.Р банк секторының тәуекелдеріне талдау
Кредиттік тәуекелдер
Қазақстандық банктердің кредиттік портфелінің сапасы экономиканың барлық салалары бойынша дерлік экономикалық белсенділіктің баяулауына қарай төмендеді. Нәтиже ретінде, банктердің кредиттік белсенділігі болып табылатын объективтік кредиттік консерватизм есебінен төмен болды, оның негізгі қозғалушы факторлары ішкі заемшылардың ағымдағы залалдары және жоғары кредиттік тәуекелдердің сақталып отырған бағалары болды.
2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің біріктірілген кредиттік портфелінің көлемі ағымдағы жылдың басынан 9,7%-ға ұлғайып, абсолюттік көрсетуде 10 138,3 млрд. теңге болды. Бұл ретте, осы кезеңде өсудің тек 2,5% болып белгіленгендігіне қарамастан осы жылғы өсімнің динамикасына негізгі әсерді теңгенің құнсыздануы салдарынан шетел валютасындағы несие портфелін қайта бағалау көрсетті, оның несие портфеліндегі үлесі 2009 жылы 52-дан 60%-ға дейін өсті. Құнсыздану әсерін есептемегенде несие портфелі шамалы ғана өзгерді.
Тұтастай алғанда, 2009 жылы кредиттік консерватизм банктердің басым көпшілігіне тән болды — банктердің несие портфелінің тоқсандық өзгерістері мәндерінің шашыраңқы болуы, демек кредиттік нарықтағы банктердің стратегияларының бірыңғай болмауы едәуір қысқарды. Экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру кредиттеудің жалпы деңгейін айтарлықтай өзгерткен жоқ, сонымен қатар, кредиттік белсенділікті қолдауға мүмкіндік берді және қазіргі заемшылардың көп бөлігін, әсіресе құрылыс секторында және ипотекалық кредиттеуде қайта қаржыландыруды қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 2009 жылы ипотекалық тұрғын үйді кредиттеуді және құрылысты кредиттеуді ең бастысы, мемлекеттік бағдарламаның агент банктері қамтамасыз етті.
Сонымен бірге бағдарламаға қатыспайтын банктер, кредиттеудің жалпы көлеміне едәуір барынша төмен үлес қосуына қарамастан, ішкі ресурстар есебінен агент банктермен қарқыны салыстырылатын ипотекалық кредиттеу және құрылысты кредиттеу сегменттерінде несие портфельдерін ұлғайтуға себепші болды. Бұдан басқа, тұтынушылық кредиттеу нарығының айтарлықтай қысқаруы жағдайында, мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтын банктер тұтыну кредиттерінің портфелін өсіріп қана қойған жоқ, нарықтың осы бөлігіндегі ірі және орташа банктер тарапынан төменгі бәсекелестік жағдайында өзінің нарықтық үлесін үлғайтты.
Екінші жағынан, экономиканың ішкі салаларын кредиттеудің баяулауымен қатар 2009 жылы резидент еместерді (оның ішінде егер теңгенің құнсыздануы нәтижесінде қайта бағалау әсерін алып тастаса) кредиттеудің өсуі жалғасты, оның үлесі бір жылда жалпы несие портфелінде 16,6-дан 19,3%-ға дейін ұлғайды.
Жұмыс істемейтін заемдар үлесінің көрсеткіштері жалпы әлемдік практикада қабылданған, рұқсат етілген мәндерден едәуір асты. Банк жүйесінің біріктірілген несие портфелінің сапасын талдау сыртқы міндеттемелерді қайта құрылымдау барысында тұрған банктерді қоспағанда, салыстырмалы түрде барынша қалыпты кредиттік тәуекелдер және олардың экономиканың салалары бойынша бөлінуінен біркелкі еместігі туралы куәландырады. Сондай-ақ, проблемалық активтердің өсуіне теңгенің құнсыздану әсерінің ауқымын әділ түрде қайта бағалауға болмайды, себебі халық, сол сияқты кәсіпорындар салаға қарамастан неғұрлым төмен ішкі және сыртқы сұраныс және экономиканы кредиттеудің баяулауы нәтижесінде кірістердің және ақша қаражаты түсімдерінің, сондай-ақ банктерден түскен қаржы ресурстарының төмендеуін бастан кешірді.
Біркелкі кредиттер бойынша провизияларды ескере отырып, 5-санатты күмәнді және үмітсіз заемдар (ҚҚА-нің әдіснамасы бойынша жұмыс істемейтін заемдар) 2009 жылғы 9 айда 4,5 еседен астам өсті және жиынтық кредиттік портфельден 35% болды. Халықаралық әдіснамаға сәйкес 90 күннен астам мерзімі өткен төлемдері бар кредит ретінде есептелетін жұмыс істемейтін заемдар осы кезең үшін 3,5 еседен астам ұлғайды және кредиттік портфельге қатынасы бойынша 17,5% болды (5-график).
5-график. Несие портфелінің сапасы (проблемалық заемдар, несие портфеліне %-бен)
Несие портфелі сапасы нашарлауының жалпы үрдісі банктер бойынша біркелкі бөлінбеді. Атап айтқанда, мерзімі өткен берешегі 90 күннен астам заемдардың барынша төмен үлесі бар банктердің көпшілігі 2008 жылы жэне 2009 жылы да салыстырмалы түрде активтердің барынша жоғары сапасын сақтап қалды (2008 жылы проблемалық кредиттердің үлесі бойынша тізімнің бірінші жартысына кірген 17 банктің 14-і 2009 жылы да осы топта қалды). Осы топқа негізінен орта және ұсақ банктер кіреді, олар не шетелдік банктердің еншілес ұйымдары болып табылады не талдап отырған кезеңде несие портфелін айтарлықтай өсіреді. Топта несие портфелінің салыстырмалы түрде барынша төмен сапасымен ахуал бірдей емес — кредиттер сапасының жалпы нашарлау аясында кейбір банктер басқаларына қарағанда, мерзімі өткен төлемдері бар заемдардың өсуіне барынша тиімді бақылауға қабілетті болды. Ірі және орта банктер кеңінен пайдаланатын қайта құрылымдау практикасы қаржы институттарына уақытша қиындықтарды басынан кешірген заемшылардың қаржылық жай-күйін одан әрі қалпына келтіруді күту кезінде жұмыс істемейтін заемдардың өсуін ішінара шектеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жүйе бойынша жалпы көрініске айтарлықтай ықпал еткен қайта құрылымдау барысындағы банктердегі несие портфелінің сапасын қайта бағалау көп жағдайда, тәуекел-менеджменттің төменгі сапасын және заемшыларды таңдаудың төмен тиімді жүйесін көрсетті. Атап айтқанда, тәуекел-менеджмент жүйесінің төмен сапасы осы банктердегі проблемалық заемдар деңгейінің осы банктердің заңды тұлғаларға несие портфелінің салалар бойынша 62%-дан 82%-ға дейін және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша 31%-дан 52%-ға дейін құбылынуына әкелді.
Банктердегі қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру үдерістері.
Корпоративтік заемшылардың және халықтың қаржылық жай-күйінің нашарлауы жағдайында банктер кредиттерді қайта құрылымдау әдістерін белсенді түрде қолданды. Банктердің ақпараты бойынша ағымдағы жылғы қаңтар — қыркүйек аралығындағы кезеңде орташа алғанда барлық банк заемдарының 12%-ы қайта құрылымдалды. Бұл ретте банктер тең дәрежеде дерлік жеке тұлғалардың, сол сияқты қаржылық емес ұйымдардың заемдарын — орташа алғанда заемдардың 13,7% және 12,3% заемшылардың тиісті тобына қайта құрылымдады. Сондай-ақ мәндердің шашыраңқы болуы барынша жоғары, мұнда максимум несие портфеліне және кредиттеудің жекелеген сегменттеріне қатысты 40%-ға жетеді.
Жеке тұлғаларға қатысты көп дәрежеде ипотекалық заемдар қайта құрылымдауға жатады. Сонымен қатар кредиттері шетел валютасымен көрсетілген заемшылардың жүктемесін құнсызданудың ұлғайтқанын ескере отырып, осы заемдарды қайта құрылымдау ұлттық валютадағы заемдарды қайта құрылымдауға қарағанда барынша көп тараған деп айтуға болады.
Тұтастай алғанда, несие портфелін қайта құрылымдау несие портфелінің сапасын барынша тиімді бақылауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн, алайда жұмыс істемейтін заемдар деңгейімен байланыс әрқашан анық болмайды. Сонымен қатар оның тиімділігі едәуір дәрежеде қолайлы сыртқы баға конъюнктурасы аясында экономиканың тұрақтылығына және қалпына келтірудің жылдамдығына байланысты.
Банктердің осы тобы жалпы салалық тәуекелдердің жағдайын айтарлықтай бұрмалайды. Егер ұсақ банктерді және қайта құрылымдау жүргізіп жатқан банктерді алып тастасақ, онда орташа алғанда кредиттеу салалары және сегменттері бойынша проблемалық кредиттер деңгейі 2009 жылғы 9 айдың аяғында 16,6% болады. Бұл ретте проблемалық кредиттердің барынша көп шоғырлануы қаржы қызметі (40% кредит), құрылыс (23%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (18%) және тұтынушылық кредиттеу (17%) салаларына тиесілі. Сонымен қатар несие портфеліндегі проблемалық кредиттердің үлесі 2009 жылы сауда және құрылыс салалары бойынша төмендегенін атап өту керек, бұған заемшылардың өз міндеттемелерін Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруы ішінара ықпал етті. Қаржыландырудың бұл бағдарламасы болмаса проблемалық заемдардың жалпы деңгейі, проблемалық заемдардағы сауда және құрылыс секторлары кредиттердің басым үлесін ескере отырып, айтарлықтай жоғары болып қалыптасатын еді. Ұсақ банктердің жалпы кредиттеріндегі проблемалық тұтынушылық кредиттердің салыстырмалы түрде барынша жоғары үлесін атап өткен жөн, бұл олардың соңғы жылдардағы кредиттеу басымдықтарына бара-бар.
Ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануы заемшылардың берешектеріне қызмет көрсету бойынша жүктемені шынайы түрде үлғайтты, олардың кірістерінің негізгі валютасы банктер алдындағы міндеттемелердің валютасына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, валюталық кредиттердің және заемшылардың валюталық ұстанымының үлесін кредиттеу салалары және сегменттері бойынша дефолт (5-санатты күмәнді плюс үмітсіз) ықтималдылығының жоғары үлесі бар заемдардың өсімімен салыстыру саланың/сегменттің экономикалық қызметін долларландыру дәрежесінен портфель сапасының өзгеру ауқымына айтарлықтай тәуелділікті көрсетпейді.
Тұтастай алғанда, жоғары салалық тәуекелдер және банктердің балансындағы жұмыс істемейтін кредиттердің айтарлықтай үлесі кредиттердің бағалық және бағалық емес өлшемдеріне теріс ықпал етуді жалғастыруда, бұл экономиканың нақты секторы тарапынан кредиттік ресурстарға жоғары іске асырылмаған сұранысты сақтайды.
2009 жылғы 9 ай бойы банктердің бағалары бойынша қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға шектеулі сұраныс үрдісі басым болды.
Банктердің кредиттік ресурстарды ұсыну талаптары қаржылық емес үйымдар тарапынан сұранысты шектейді, ол көп дәрежеде айналым капиталынан қаржыландыруға және бар борыштарды қайта құрылымдауға сақталып отырған қажеттілікті қанағаттандыруға бағдарланған.
Бұл ретте бөлшек секторда 2009 жылы тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың оң үрдісі байқалды. Бұл үрдісті банктер кредиттеудің тұтынушылық сегменті салынған капиталдың тез айналымдылығымен сипатталатындығымен байланыстырады, бұл тиісінше кірісті алуға оң ықпал етеді. Ал 2009 жылғы 3-тоқсанда 2008 жылдан бастап алғашқы рет ипотекалық кредиттеу бойынша сұранысты бағалау оң болып қалыптасты. Банктердің бағалау бойынша бірінші кезекте бұл жылжымайтын мүлік нарығының қазіргі уақытта «түбіне» жақын екендігіне, ал жылжымайтын мүліктің өзі жақын арада ұзақ мерзімді инвестициялар объектісі ретінде қабылданатындығына байланысты.
Кредиттеу шарттарына қатысты айтатын болсақ, ағымдағы жылы банктер жеткілікті түрде қатаң кредиттік саясатты жүргізуді жалғастырды (2-график). Экономикалық дамудың ағымдағы үрдістері, тәуекелі жоғары заемдар үлесінің өсуі және экономиканың негізгі салаларындағы тәуекелдер профилінің өзгеруі қатаң кредиттік саясатты жүргізуге барынша елеулі ықпал етті.
Жылдың аяғына дейін банктер кредит нарығының кейбір жандануын күтеді. Мәселен, респонденттердің 45%-ы корпоративтік кредиттеу бойынша, респонденттердің 44%-ы тұтынушылық кредиттеу бойынша кредиттік ресурстарға сұраныстың аздап өсуін күтеді. Респонденттердің басым бөлігі корпоративтік сегментте, сондай-ақ бөлшек кредиттеу сегментінде кредиттік саясатты бұрынғы деңгейде қалдыруды жоспарлайды, оған несие портфелі сапасының нашарлауы және кейбір тұрақтандыру қарқынының баяулауы туралы мәлімдеген банктер санының өсуі себепші болды.
Резервтердің өсуін тұтастай алганда активтер сапасының нашарлау динамикасымен салыстыруга болады. Сонымен бірге, кредиттік портфель сапасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан банктердің шығындарды мойындауға бейімділігінің төмен болуы сақталып отыр.
Қалыптасқан жағдайларды бірдей сезіне отырып, банктер ағымдағы пайданы провизияларды құруға жіберуді жалғастырды, олар тұтастай алғанда жылдың басындағы 11,1%-ға қарсы жиынтық кредиттік портфельге (БТА Банкті және Альянс Банкті есептемегенде — 17,6%) қатынасы бойынша 01.10.2009 жылы 36,4% болды. Оларға қарсы провизиялармен қалыптастырылған төлеу мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген заемдарды жабу коэффициенті 2009 жылдың басында 0,69 қарағанда 0,79 болды. Резервтердің өсуі есебінен қамтамасыз етуді және провизияларды ескере отырып жабу, тұтастай алғанда дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстыруға болады, ал резервтерді жабу деңгейі көптеген дамыған және дамушы елдердің көрсеткіштерінен жоғары.
Банктерді заемдар құнының қамтамасыз ету құнына арақатынасы бойынша бөлу (LTV) банктерге тиесілі осы заемдардың жалпы көлемінде төлеу мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген заемдар үлесінің күрт үлғаюын көрсетеді, олардың LTV 0.75 асады (3-квартильге сәйкес келетін мән). Бөлудің 4-квартиліне ұшыраған банктердің тобына іріктеу бойынша төлеу мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген барлық заемдардың 50% тиесілі.
Тиісінше, 0,70-0,75 аспайтын LTV деңгейі кепілдікті кредиттеуге байланысты тәуекелдер тұрғысынан оңтайлы болып саналады. Сондай-ақ, заем құнының қамтамасыз ету қүнына арақатынасы бойынша ипотекалық түрғын үй заемдарын бөлуді талдай отырып, жылжымайтын мүлік нарығының төменгі портфель сапасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан балансқа есепке шығарылған кредиттердің үлесі ағымдағы жағдайларға жауап бермей төмен болып қалып отыр, бүл банктердің зияндарды мойындауды қаламайтындығын куәландырады.
Бүған зияндарды жабуға капиталдың жеткіліксіздігі, заемшылардың қаржылық жай-күйін қалпына келтіруге арналған үміт, сондай-ақ провизияларды қалпына келтіруден туындайтын кірістерге салық салу мэселелерінің реттелмеушілігі сияқты факторлар ықпал етеді.
Нарықтық тәуекелдер
Банк жүйесінің міндеттемелерін долларландырудың жоғары деңгейі банктердің валюта позициясын теңестіру мақсатында шетел валютасындағы активтердің айтарлықтай үлесін қолдау қажеттілігіне себепші болды. Ішкі нарықта қаражатты орналастыру ставкаларын төмендету трендін қалыптастыру жағдайында банктерде ұзақ мерзімді ресурстарды жоғары ставкалар бойынша тарту өтімділікті жинақтаумен қатар жүрген пайыздық тәуекел өседі.
Теңгенің құнсыздануына және баланстың қысқа мерзімді құрылымдық өзгерістеріне қарамастан банктер жылдың ортасында валюта активтері мен міндеттемелерінің арақатынасын соңғы жылдардағы деңгейге сәйкес келетін мәндерге келтірді. 01.10.2009 жылғы жағдай бойынша отандық банктердің жиынтық активтеріндегі валюта активтерінің үлесі шамамен 53,0%, ал валюталық міндеттемелерге қатысты -58,1% болды. Валюта активтері мен міндеттемелері арасындағы теріс айырма 2009 жылдың басында 3,1-ден 8,1 %-ға дейінгі диапазонда болды.
Тұтастай алғанда банктердің валюта позициясы теріс капитал белгіленген банктерді қоспағанда нормативтік мәндер шегінде қалыптастырылды. 2008 жылдың аяғында девальвациялық күтулерді теріс позициясы бар банктер валюта бағамының ықтимал өзгерісінен тікелей зияндарды барынша азайту мақсатында оны қысқартуды ынталандырғанын атап өткен жөн. Активтер мен міндеттемелердің валютасын теңестіруі бар жэне АҚШ долларындағы ұзын позицияны ұлғайту үрдісі бар ахуал 2009 жылғы 9 ай бойы орын алды.
Жалпы экономикалық тәуекелдердің өсуі және қорландыру базасының құбылмалылы жағдайында банктер 2007 жылдан бастап неғұрлым ұзақ мерзімді активтерді қысқарту есебінен осындай міндеттемелерге қатысты неғұрлым қысқа орындалу мерзімі талаптардың үлесін бірте-бірте ұлғайды.
Тиісінше, қысқа мерзімді пайыздық ставкалардың ауытқушылығы жағдайында банктер неғұрлым өтімді қаржы құралдары бойынша зиян шегуден сақтандырылған. Сонымен қатар, өткен жылдарға қарағанда 2009 жылы қаржы активтері мен міндеттемелері арасында 1 жылдан астам елеулі алшақтық қалыптасты, бұл нарықтағы пайыздық ставкаларды төмендетудің ұзақ мерзімді трендін қалыптастыру жағдайында қымбат ресурстарды қарқынды түрде тартқан банктердің пайыздық тәуекелін ұлғайтады.
Банктердің өтімділік тәуекелдері және қорландыру көздері
Белгісіздік жағдайында қорландыру базасының құбылмалылығын өтей отырып, банктер экономиканы кредиттеуді артық көрді, мұнда заемшылардың жоғары салалық және жеке тәуекелдері, өтімді және тәуекелі төмен қаржы құралдарына салымдар басымдыққа ие болды. Бұл ретте банкаралық кредиттеу нарығында сенімнің болмауы артық және жеткіліксіз өтімділігі бар банктер арасындагы ресурстарды қайта бөлу мүмкіндігін шектейді.
Депозиттердің жоғары өсу қарқыны банк кредиттерінің өсуімен салыстырганда тәуелділіктің төмендеуіне ықпал етеді, бірақ сыртқы қорландырудың орнын толық жаппайды. Депозиттік базаның өсуін айқындайтын факторлар экономиканың қаржы және нақты секторларын қолдау бағдарламасы шеңберінде мемлекет орналастыратын қаражат болып табылады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы институттарының жиынтық активтеріндегі өтімділігі жоғары активтердің үлесін арттырудың тұрақты тренді белгіленді, бұл банк жүйесінің өтімділігін қолдау мақсатында Ұлттық Банк операцияларының тұрақсыздық жағдайында кеңеюіне жэне банктер тарапынан эділ консерватизмге себепші болды.
Өткен жылғы қазаннан бастап екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтеріндегі өтімділігі жоғары активтер үлесінің мәні 14%-19% диапазонында тербелді. Сонымен қатар депозиттер мәнділігінің өсуі қорландырудың өзге көздерімен салыстырғанда өтімді активтердің өсуінен басым тұр, бұл қорландырудың құбылмалылығы дәрежесін ұлғайтады және ресурстық базаның болжамсыздығын төмендету үшін экономиканы қаржылық қолдаудың мемлекеттік саясатының нақты уақытша бағдарларын айқындау жэне нарыққа қатысушылардың қаржы жүйесіне сенімін арттыруда талап етеді.
Банктерді өтімділігі жоғары активтердің деңгейіне байланысты топтар бойынша бөлу құрылымында салыстырмалы түрде өтімділіктің барынша жоғары тәуекелімен немесе өтімділігі жоғары активтердің 15% деңгейден төмен үлесі бар топтағы банктер санының едәуір төмендеуі байқалады. Бұл ретте, бұрынғысынша, банктердің басым бөлігі 15-тен 30%-ға дейін аралықтағы өтімділігі жоғары активтердің үлесіне ие. 2009 жылдан бастап өтімділігі жоғары активтердің елеулі үлесі бар банктер саны (50% астам) 2 еседен астам өсті.
Өтімділігі жоғары активтердің құрылымдық өзгерістері жыл басынан бастап Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы жэне салымдарындағы қаражат үлесінің едэуір ұлғаюымен (олардың үлесі 2009 жылғы 9 айдың ішінде 22,9%-дан 46,3%-ға дейінгі диапазонда, орташа деңгейде -32,4% болды) жэне мемлекеттік бағалы қағаздардың (23,6%-42,2% орташа мәнде -30,5%), сондай-ақ қолма-қол ақшаның жэне қымбат металдардың (тиісінше 9,5%-15,7%, 11,4%,) үлес салмағының төмендеуімен сипатталады.
|
Тұтастай алғанда, өтімділігі жоғары активтердің көлемі талап етуге дейінгі міндеттемелердің жиынтық көлемінен артады, ал қысқа мерзімді банк міндеттемелеріне қатысты (1 жылға дейін) өтімділігі жоғары активтер олардың жартысын ғана жабады.
Экономикалық тұрақсыздық жағдайында депозиттік базаның өсімі
банктердің өтімділігін қолдап қана қойған жоқ, сондай-ақ банктердің шектеулі ресурстық мүмкіндіктерінде қолдады. Клиенттердің салымдарының ұлғаюы (арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын қоспағанда) осы жылдың басынан бастап 30%-дан сәл астам болды, бұл ең алдымен шартты депозиттерді мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орналастыру есебінен заңды тұлғалар салымдарының 35%-ға өсуімен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, жекелеген банктердегі ахуалдың тұрақсыздануына қарамастан тұтастай алғанда, халықтың банк секторына сенімі жоғалған жоқ. 9 айдың нэтижелері бойынша жүйеден салымдардың таза экетуі болған жоқ деп айтуға болады, бұл құнсызданудың ең жағымсыз нэтижесі жэне 2 банк менеджментінің еріксіз ауысуы болар еді.
Салымшылар тұтастай алғанда банк жүйесінен емесе, жекелеген банктерден ғана қашты. Атап айтқанда, банктер арасында 2 жыл бойы депозиттерді қайта бөлудің орташа деңгейі кезінде 4-5% деңгейде, 2009 жылғы 1 және 2-тоқсанда салымдардың 8-11%, ең бастысы 5 млн. теңгеден астам сомаға (мемлекет кепілдік берген сома) салымдар банк жүйесінің ішінде «тыныш жағалау» немесе барынша тартымды жағдайлар іздеумен орын ауыстырды.
Тұтастай алғанда, депозиттердің жоғары өсу қарқыны банк активтерімен салыстырғанда экономиканы кредиттеу көзі ретінде депозиттердің элеуетін нығайтты. 01.10.2009 жылы кредиттердің депозиттерге арақатынасы 1,6 болды, бұл қорландыру тэуекелі тұрғысынан алғанда оңтайлы 1,5 арақатынасына жақын. Бұл ретте банктер бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай шашыраңқы болуы сақталып отыр — 01.10.2009 жылы тек 22 банк 1,5 (2007 жылдың ортасында дағдарыс басталғанда 18 банк) өлшемін қанағаттандырды.
2009 жылы кредиттердің депозиттерге қатынасының біртіндеп төмендеуі 2009 жылғы 1 қазанда банктердің сыртқы міндеттемелері көлемінің 37%-ға дейін қысқаруы аясында өтті. Сыртқы нарықтарда қайта қаржыландыру мүмкіндігінің нақты толық болмауы жағдайында банктердің көпшілігінде халық салымдары ағынының сақталуы жэне заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі экономиканы кредиттеудің қысқаруымен қатар банктердің сыртқы міндеттемелерді өтеуінің барынша маңызды көздері болды. Қазақстандық банктерге арналған қорландырудың негізгі көздерінің жэне жабық сыртқы нарықтардың қысқаруы жағдайында ішкі банкаралық қорландыру әлуеті екінші деңгейдегі банктерді қорландыру көзі ретінде төмен болып отыр. Дағдарыс жағдайында бұл тарату әсері (сопіадіоп) нэтижесінде зияндардың ауқымын төмендетті. Сонымен бірге, қаржы жүйесін қалпына келтіруге байланысты, отандық банктердің ресурстық базасын түрлендіру және артық қаржы ресурстарын қайта бөлу қажеттілігі тұрғысынан банкаралық нарықты дамыту ерекше өзекті рөлге ие болады.
Келесі 12 айдың ішінде банктер алдағы уақытта өтеуге жататын сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды көздейді (22%); сондай-ақ сыртқы міндеттемелерді ішкі жэне сыртқы активтерді төмендету есебінен (20%) өтеу жоспарланады. Бұдан басқа, 2 банктің сыртқы борышын қайта құрылымдау маңызды рөл атқарады, ол табысты аяқталған жағдайда барлық жүйедегі сыртқы міндеттемелерге қызмет көрсету бойынша жүктеме таяудағы жылдың ішінде 50%-ға төмендейді.
Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі (ҚТБИ) базасына банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау
2009 жылдың басында ҚТБИ мәні 2,60 болды, бұл банк жүйесінің жағдайын өте жоғары деңгейдегі тәуекелдері бар қанағаттанарлық ретінде сипатталды. Алайда, жалпы экономикалық жағдайлардың әлсіреуінің жалғасуына байланысты ішкі тәуекелдердің күшеюі, ұлттық валютаның құнсыздануы, сондай-ақ ағымдағы жылғы екінші тоқсанда 2 банктің сыртқы міндеттемелер бойынша кезекті төлемдерді тоқтата тұру және бұдан әрі оларды қайта құрылымдау туралы мәлімдеуі банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалауға айтарлықтай ықпал етті.
Мәселен, ҚТБИ көрсеткіші 2009 жылдан бастап 2,60-дан 01.10.2009 ж. 3,43-ке дейін ұлғайды және банк жүйесінің жай-күйін жіктеуге сәйкес тұрақсыз деп бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте біріктірілген индекстің мәніне ең көп сезімталдықты капиталдандыру (4,00) индекстері білдіреді және шекті деңгейде болды, бұл банктердің кредиттік портфелі сапасының төмендеуіне және резервке алу деңгейінің артуына байланысты. Сонымен қатар, сыртқы міндеттемелерді қайта құрылымдау барысындағы 2 ЕДБ-тің деректері ескерілмеген осы индекстің мәні 01.10.2009 жылы 2,59 болды, бұл капиталдандыру индексінің 1,00-ге тең барабар мәні, өтімділік индексі – 1,67 және нарықтық тәуекелі – 2.20 кезінде банк жүйесінің жай-күйін қанағаттанарлық (тәуекелдің өте жоғары деңгейімен) деп бағалауға мүмкіндік береді (3-график). Сондай-ақ кредиттік тәуекелдің жоғары деңгейі және кредиттік портфельдің төмен сапасы әлсіз жақтар болып қалды.
Банктердің көпшілігі салыстырмалы тұрақты ахуалы туралы банктерді қаржы тұрақтылығы дәрежесі бойынша жіктеудің деректері куәландырады, оған сәйкес банктердің елеулі саны (27) олардың саны 2009 жылдың басында 31-ден төмендеуіне қарамастан индекстің мәні 1,5-тен 2,5-ке дейін (яғни қаржы тұрақтылығының оңтайлы деңгейі шегінде) сипатталады. 5 банкте жағдай тәуекелдің аса жоғары деңгейімен қанағаттанарлық деп сипатталады.
7-график. Банк жүйесінің тәуекелдер картасы.
** Қайта құрылымдау процесінде тұрған 2 ЕДБ-ті қоспағандағы дерек.
Дерек көзі: ҚР ҰБ жылдық есебі
2.3. «БТА банк» АҚ-ның заңды тұлға «Көктем» ЖШС-не несие беру тәжірибесі негізінде банк тәуекеліне талдау жүргізу
«БТА банк»АҚ-да заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау тэжірибесін ЖШС “Көктем” мысалында көрсетеміз.
«БТА банк»АҚ-да заңды тұлғаларды несиелеу процесі де қарыз алушыға кеңес беруден басталады. Бірақ «Көктем» ЖШС БТА банктің бұрынғы клиенті болғандықтан ол жалпы несиелеу шартымен таныс. “БТА банк” АҚ несиелеу үшін кәсіпорындарға мынадай талаптар қояды:
- несиені өтеу үшін нақты ресурстардың болуы
- несиені өтімді кепілмен қамтамассыз ету
- жобаны қаржыландыруда меншікті қаражаттардың қатысуы
- қатаң қаржылық тәртіпті ұстау
- кәсіби менеджмент.
Несиелеудің келесі кезеңі несиеге өтінішті қарау үшін қажетті құжаттарды тапсыру болып табылады. Осыған байланысты «Көктем»ЖШС мынадай құжаттарды тапсырды:
- несие алуға өтініш
- бизнес-жоспар немесе техникалық-экономикалық негіздеме
- басшысының суреті бар қарыз алушының анкетасы
- кәсіпорынның қаржылық құжаттары
- дебиторлық және кредиторлық қарыздардың тауарлар мен қызметтердің тізімі, пайда болу мерзімдері көрсетілген ашылуы
- ссудалық міндеттемелердің болуы немесе болмауы туралы анықтаманың тұпнұсқасы
- бюджет алдындағы қарыздардың болуы немесе болмауы туралы анықтаманың тұпнұсқасы
- құрылтайшылық құжаттарының нотариалды түрде куәландырған көшірмесі
- құрылтайшының несиені алу туралы жиналысының шешімі.
Құжаттардың толықтылығы және нақтылығы заң бөлімінен тексерілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайы, оның несиелік қабілеті және жоба тиімділігі бағаланады. Ол несиелік эксперттің қортындысы түрде рәсімделеді.
Бұл қорытынды ең бірінші кезекте несиенің негізгі көрсеткіштері қарастырылады (9-кесте):
9-кесте. Несиенің негізгі көрсеткіштері
Қарыз алушының аты |
ЖШС “Көктем” |
Жобаның мақсаты |
Шикізат сатып алу |
Несиенің сомасы |
150 000 $ |
Несиенің мерзімі |
36 ай |
Сыйақы мөлшерлемесі |
жылдық 15% |
Қамтамассыз ету |
|
- Шикізат және материалдар, кепілдік құны 18 341$
- Жер учаскесі кепілдік құны –151 078.9$
Ендігі кезекте қарыз алушы кәсіпорын туралы мәліметтер келтіріледі:
ЖШС «Көктем» 2004 жылдан бастап жеке бизнеспен айналысып келеді. 2005 жылы осы фирманы Мұхтарова Н.М сатып алды. Компания басшысының өзгеруіне байланысты, компания қайта мемлекеттік тіркеу тізімнен өтті.
- Директор – Мухтарова Н.М 1970 ж. туылған
- Білімі жоғары: КазНПУ, Қаржы факультеті
- Территориялық қызмет көрсету сферасы ЖШС- Алматы облсының Шамалған, Жамбыл, Қордай ауданы және Алматы қаласы.Осы фирманың қалыпты жеткізушілермен тұтынушылар пайда болды
- Бизнес структурасы: Қарыз алушы тапсырыс жұмысын орныдау алдында, тапсырыс берушімен келісімшартқа отырады. Келісім-шарт бойынша тапсырыс беруші жұмысқа кететін барлық шығындарды өтеумен байланысты жұмыстың жалпы сомасының 50% төлейді. Осы ақша қаражатына қарыз алушы құрылыс материалдарын ЖШС Голден Болс, ЖШС Қаламқас, Қайсар дүкені және т.б ұйымдардан сатып алады. Тауарды жеткізу өзінің жеке көлігімен іске асырылады. Осыдан кейін тапсырыс жұмысын орындауды бастайды. Қазіргі уақытта қарыз алушы РКО «РБС» АҚ –ың ремонтын жүзеге асырып жатыр
- Қазіргі кездегі жұмыс орны –Алматы қ. Бостандық ауданы, Жароков көшесі 215 үй. Яғни бұл жұмыс орнын «Логистик»ЖШС-нан арендаға алынған жалпы. S=15кв.м
Осы фирмада 34 адам жұмыс істейді.
ЖШС «Көктем» «БТА банк» АҚ- ғы ағымдық шот бойынша 10-кестеде көруге болады:
10-кесте. ЖШС «Көктем» «БТА банк» АҚ- ғы ағымдық шот бойынша
Иесі |
Банк |
Шот нөмірі |
Валюта |
31.02.2007 қалдығы
|
01.01.08-28.02.08 айнал.
дебит кредит |
«Көктем»ЖШС |
«БТА»АҚ |
10279961 |
USD |
12,51 |
489 476,49 |
«Көктем»ЖШС |
“РБС”АҚ |
39752207 |
KZT |
1203,96 |
12866 7225 |
ЖШС «Көктем» негізгі қызметі: құрылыс, құрылыс-ремонтын, қайта жөндеу және т.б қызметтерді іске асыру.
Қызмет басшылығын компания директоры іске асырады.
Қарыз алушы кәсіпорынның сенімділігін сипаттайтын мәліметтері де өте маңызды болып табылады. Осы мақсатта несиелік эксперт Ұллтық банктің несиелік регистр жүйесі бойынша тексеру жасап, мынадай нәтиже алады.
- Проблемалық несиелері жоқ
- Басқа банктерде ссудалық қарызы – жоқ
Келесі кезекте несиелік эксперт ЖШС “Көктем” жобасына қысқаша сипаттама береді.
Несиенің мақсаты: қарыз алушы несие сомасы 150000$ ірі көлемінде құрылыс материалдарды сатып алуға жоспар құрып тұр. Тауардың сатып алу себебі, қарыз алушының тұрақты клиенті болуы және ЖШС “Көктем” жұмысына сәйкес қарыз алушы тапсырыс берушімен келісім шартқа отырады. Келісімшарт бойынша тапсырыс беруші қызметтің жалпы сомасының 50% төлеу тиіс, осыдан кейін аванстық шығын құрылыс материалдарды сатып алуға жұмсалынады, яғни қарыз алушы өзінің қызметін ерте бастауына кедергі келтіріледі.Осы себептен қарыз алушы несие сомасына аванстық төлемді күтпей құрылыс материалдарды сатып алға жоспар құрып тұр. Қүрылыс материалдарды:ЖШС Голден Болс, ЖШС Қаламқас, Қайсар дукенінен сатып алынады.
Келесі кезекте қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасалады. Бұған сәйкес ЖШС Көктем қаржылық талдау жүргізу үшін ең алдыменен оның бухгалтерлік балансын толық талдап, ондағы өзгерістерді және олардың себептерін анықтау керек. Осы мақсатта ЖШС Көктем жинақталған балансы мына кестеде көруге болады (11-кесте).
11-кесте. 28.02.2008ж-ғы баланс (USD1=KZT125.00)
Актив |
28.02.2008 |
Пассив |
28.02.2008 |
Касса |
22911 |
|
|
Жиналым |
20500 |
|
|
Есеп айырысу шоты |
113 |
|
|
Ликвидті қаражаттардың қорытындысы |
43527 |
|
|
Шикізат және материал |
36682 |
|
|
Айналымдағы қаражаттардың қорытындысы |
80209 |
|
|
Құралдар |
5416 |
|
|
Көлік |
31327 |
|
|
Негізгі қаражаттардың қорытындысы |
36743 |
Меншікті капитал |
116952 |
Барлығы |
116952 |
Барлығы |
116952 |
Несие эксперті балансты компанияның бухгалтерлік нақты балансының негізінде құрған.
Шикізат және материалдарына: арматура, арқан, шегелер, кабель, замок, гибсокартон, және т.б кіреді. Яғни осы материалдар ЖШС көктем складында – 4 585 254,36 тенгені құрады.
Техника құралдарына : компьютер, кассалық аппарат, кондиционер, перфоратор, телефон және т.с.с материалдар баланста – 676 957,66 тенгені құрайды.
Ал автокөліктері: Мерседес Вито,(2007 жылы қаңтарда сатып алынған), а/к MAN 3302-18 (2004 жылы сатып алынған), а/к ЗИЛ 554М(2005ж. қарашада сатып алынған), яғни осы көліктер фирманың балансында – 31327$ құрап тұр.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын толық білу үшін оның пайда және зияндар туралы есебі талдану қажет, осы себептен жауапкершілігі шектеулі серіктестік “Көктем”пайда және зияндар туралы есебін мына кестеде көруге болады.
12-кесте. 2007ж. мамыр-2008ж.ақпан орта мәні. USD
|
125 |
126 |
125 |
125 |
127 |
127 |
127 |
126 |
125 |
125 |
|
Айлар |
мамыр |
маусым |
шілде |
там. |
қырк. |
қазан |
қараш. |
жел. |
қаң. |
ақп. |
Ор. мәні. |
Құрылыстан алынған табысы |
115356 |
97130 |
2533 |
92593 |
39535 |
67078 |
1870 |
31403 |
13403 |
17313 |
59948 |
Спорткомп. алынған табыс |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
671 |
12412 |
2360 |
1544 |
Жалпы табыс қорытынды. |
115356 |
97130 |
2533 |
92593 |
39535 |
67078 |
1870 |
32074 |
147079 |
19673 |
61492 |
Шикізат және материал |
1525 |
2103 |
2688 |
9952 |
24181 |
5969 |
37386 |
11333 |
11600 |
14184 |
12092 |
Салық |
971 |
2337 |
1345 |
1713 |
1309 |
1166 |
1273 |
11580 |
3249 |
10 |
2495 |
ҚҚС |
0 |
0 |
1924 |
1924 |
1893 |
6888 |
6888 |
6943 |
6998 |
6998 |
4046 |
Төлемақы |
12926 |
12840 |
10669 |
10287 |
7755 |
6853 |
7469 |
8506 |
3362 |
2948 |
8362 |
Көлік шығыны |
1910 |
2783 |
836 |
1440 |
3269 |
1213 |
822 |
2273 |
243 |
503 |
1529 |
Офис арендасы |
160 |
159 |
160 |
160 |
157 |
157 |
157 |
159 |
160 |
160 |
159 |
Ком. Шығындар |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1447 |
869 |
232 |
Спорткомплекс арендасы |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
17685 |
9053 |
2674 |
Байланыс |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
500 |
Бакн қызметі |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
220 |
21 |
105 |
319 |
124 |
79 |
Т.б шығындар |
7959 |
7671 |
7073 |
8789 |
7187 |
7863 |
7082 |
7635 |
8168 |
8329 |
7776 |
Барлық шығындар |
25951 |
28393 |
25195 |
34765 |
46253 |
30828 |
61600 |
49034 |
53730 |
43679 |
39943 |
Негізгі қызметінің қорытындысы |
89405 |
68737 |
-22662 |
57827 |
-6718 |
36249 |
-59729 |
-16960 |
93349 |
-24006 |
21549 |
Дивдент |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
12000 |
Таза табыс |
77405 |
56737 |
-34662 |
45827 |
-18718 |
24249 |
-71729 |
-28960 |
81349 |
-36006 |
9549 |
Несие бойынша салым |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7273 |
қалдық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2276 |
Несие эксперті пайда және зиянды туралы есебін ЖШС Көктем нақтыланған бухгалтерлік құжаты негізінде құрған.
Осы кестеде көрсетілгендей жалпы табыстың шілде, қыркүйек, қараша, желтоқсан және ақпан айларында төмендеуі, ремонттық жұмыстың іске асырылуына байланысты құрылыс қызметі төленеді.
Қарыз алушының ай сайынғы салымы мына формуламен есептелінеді.
Несие бойынша ай сайынғы салым(D)= V/ (((1+I)ⁿ-1)/I*(1+I)ⁿ
D= 150000/(((1+0.15/12)²³-1)/0.0125*(1+0.15/12)²³=7273
V- несие сомасы
I- ай сайынғы сыйақы мөлшерлемесі
n- несие мерзімі
Осыған байланысты қарыз алушының төлем қабілетін есептеуге болады.
Төлем.қаб.=несие бойынша ай сайынғы салым/таза табыс=0,76%
Берілген коэфициент 085% аспауы тиіс, біздің жағдайда коэфициент 0,76%- ға тең болып тұр.
Келесі кезекте қарыз алушының қаражаттарды қайтарылуын қамтамасыз ету 13-кестеде көруге болады:
13-кесте. Қарыз алушының қаражаттарды қайтарылуын қамтамасыз ету
Атауы |
Иесі |
Орналасқан жері |
Нарықтық құны |
Кепілдік құны |
Жер учаскесі жалпы S= 0,0738га |
Мухтаров Ш.К (ЖШС Көктем директорының ағасы. ) |
Алматы обл. Талғар қаласы «Самосад» уч.34 |
215 827 USD |
151 078.9 USD |
Шикізат және материал (Тіркелімсіз) |
ЖШС Көктем |
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Жанатасов 14. |
36 682 USD |
18 341 USD |
Жалпы кепіл сомасы |
252 509 USD |
169 419.9 USD |
||
|
|
|
Осы қарыз алушы туралы мәліметтерді толық жинап, талқылағаннан кейін, несиелік эксперт несие беруге болады деп, алдын-ала қорытынды жасайды.
14-кестеде қарыз алушының несие жабу графигі көрсетілген:
14-кесте. Несие жабу графигі
Сома |
$ 150000 |
Пайыз мөлшерлемесі |
15.0% |
Айлар |
24.00 |
Салым |
$ 7273 |
Жалпы сома |
$ 174 552 |
Жалпы пайыз |
$ 24 552 |
№ салым |
Салым сомасы |
Төлем |
Негізгі қарызды жабу |
Капитал қалдығы |
1 |
7273 |
1875 |
5398 |
150000 |
2 |
7273 |
1808 |
5465 |
144602 |
3 |
7273 |
1739 |
5534 |
139137 |
4 |
7273 |
1670 |
5603 |
133603 |
5 |
7273 |
1600 |
5673 |
128000 |
6 |
7273 |
1529 |
5744 |
122327 |
7 |
7273 |
1457 |
5816 |
116583 |
8 |
7273 |
1385 |
5888 |
110767 |
9 |
7273 |
1311 |
5962 |
104879 |
10 |
7273 |
1236 |
6037 |
98917 |
11 |
7273 |
1161 |
6112 |
92880 |
12 |
7273 |
1085 |
6188 |
86768 |
13 |
7273 |
1007 |
6266 |
80580 |
14 |
7273 |
929 |
6344 |
74314 |
15 |
7273 |
850 |
6423 |
67970 |
16 |
7273 |
769 |
6504 |
61547 |
17 |
7273 |
688 |
6585 |
55043 |
18 |
7273 |
606 |
6667 |
48458 |
19 |
7273 |
522 |
6751 |
41791 |
20 |
7273 |
438 |
6835 |
35040 |
21 |
7273 |
353 |
6920 |
28205 |
22 |
7273 |
266 |
7007 |
21285 |
23 |
7273 |
178 |
7095 |
14278 |
24 |
7273 |
90 |
7183 |
7183 |
|
|
|
|
|
Барлығы |
43638 |
10221 |
33417 |
784252 |
|
|
|
|
|
Төлем пайызы =капитал қалдығы*(пайыз/12)=15000*(0,15/12)=1875
Осы талдаудың нәтижелерінде эксперттік қорытынды түрінде дайындалып, Несие комитетінде талқыланады. Несиелік комитет ЖШС «Көктем» сұралңан шарттарына несие беріледі деп шешім қабылдады. Себебі қарыз алушының табысының құжатты түрде расталуы, тұрақты клиентінің болуы және қарыз алушының төлемқабілеттілігінің жоғары болуы.
Тарау-3 Қаржы Дағдарысы жағдайында банк тәуекелдерін басқару проблемалары және оларды шешу жолдары
Қазақстанның 2008 жылғы қаржы тұрақтылығын айқындаған факторлар кешенін бағалау (Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы 2008 жылғы есеп) 2009 жылы экономикалық жағдайларды қалыптастыратын мынадай тәуекел факторларына ерекше назар аударды:
- әлемдік экономикадағы белсенділіктің баяулауы мен әлемдік қаржы және тауар нарықтарының тұрақсыздығы жағдайында Қазақстанда экономикалық өсудің баяулау тәуекелдерінің ушығуы;
- төлем балансындағы тәуекелдердің ұлғаюы нәтижесінде елдің халықаралық резервтеріне ауыртпалықтың өсуі;
- қаржы жүйесін қорландырудың дәстүрлі көздерінің шектеулі болуы жағдайында банктердің клиенттерінің сенімін сақтап қалу маңыздылығы;
- жылжымайтын мүлік секторындағы төмен баға деңгейлерін сақтау;
- экономикалық өсудің күтілетін баяулауы және кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауы аясында провизияларды қалыптастыру бойынша шығыстардың өсуі жағдайында банктерді капиталдандыруды арттыру қажеттігі;
- қолдау көрсететін саясаттан осалдық факторларын құрылымдық түзетуге бағытталған саясатқа біртіндеп өту қажеттігі;
- акционерлердің өздеріне бұрын қабылдаған тәуекелдерінің қаржы жүйесі қатысушыларының шығындарды барабар бөлу қағидаттарымен мемлекеттің өктемдіктер тетіктерін әзірлеу қажеттігі.
Ағымдағы жылдың нәтижелері жасалған бағалардың барабарлығын дәлелдеді. 2009 жылғы ахуал тәуекелдің түрлі факторлары комбинациясының айтарлықтай тұрақсыздандырушы сипатта болатынын және мемлекеттен қаржы тұрақтылығына қолдау көрсету мақсатында көлемді қаржы тұрақтылығына қолдау көрсету мақсатында көлемді қаржы және тұрақты араласуды талап ететіндігін көрсетті.
Атап айтқанда, әлемдік бағалардың төмендеуі және Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінің валюталары құнсыздануының нәтижесінде теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының өлшемдері едәуір нашарлады,
экономикалық белсенділіктің баяулау ауқымы өсті, экспорттық операциялардан түсетін шетел валютасының келуі айтарлықтай қысқарды.
Ұлттық валютаның 2009 жылғы ақпандағы құнсыздануы және Ұлттық Банк таңдаған ақша-кредит саясатының басым бағыттары нарықтағы алыпсатарлық күтулерді өтеуге мүмкіндік берді, кәсіпорындардың әлемдік тауар нарықтарының қолайсыз баға конъюнктурасынан болған залалдарын ішінара өтеді және төлем балансы дисбалансының кеңеюін шектеді.
Шикізат тауарларына әлемдік бағаның одан кейін өсуі экономиканың экспортқа бағытталған салаларына қосымша қолдау көрсетті, олар жылдың 2-жартысында өндірістің қайта қалпына келу динамикасын және қаржы көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетті.
Тұтастай алғанда, тәуекелдер картасының бірқатар өлшемдерінің тәуекелдер болу аймағында қала беруіне қарамастан осалдылықтың барлық салалары бойынша дерлік 2009 жылдың аяғында бағамдық саясат режимін ауыстыру туралы шешім қабылданған 2009 жылдың 1-тоқсанындағы ахуалға қатысты қысымның айтарлықтай төмендегені байқалды. Сонымен қатар өтімділікпен, төлем балансымен, жиынтық борыштық жүктемемен және елдің халықаралық резервтерінің жеткіліктілігімен байланысты ахуал едәуір жақсарды. Бұл ретте мемлекеттік сектордың төлем жасау қабілеті мен өтімділігі тәуекелдерінің біршама өскенін айта кету қажет. Төлем жасау қабілетіне борыштың өскендігі, ал өтімділік деңгейіне мемлекеттік бюджеттің мұнайға жатпайтын түсімдер түріндегі кірістерінің төмендеуі аясында борышты өтеу және қызмет көрсету бойынша шығыстар негізгі қысым көрсетіп отыр.
Инфляцияның қысқа мерзімді болашақта төмен болып қала беруіне қарамастан, фискалды құрамдас бөліктің жоғары рөлі орта мерзімді болашақтағы инфляциялық әлеуетті айқындайды. Тиісінше, шығыстардың шектен тыс өсуін және бюджеттің мұнайға жатпайтын дефицитінің кеңеюін шектеу маңызды.
Бағамдық саясатты түзету экспортерлердің кірістілігіне қолдау көрсетуге, құнсыздануды күтуді барынша азайтуға мүмкіндік берді, ішкі сұраныстың төмен болуымен қатар импорттың өсуін шектеді. Бұл ретте ағымдағы бағаларға сәйкес төлем балансының ағымдағы шотының дефициті тұтастай алғанда 2009 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3%-ға жуық болғанына қарамастан ол тікелей инвестициялар түріндегі айтарлықтай капиталдың әкелінуімен қаржыландырылады деп күтілуде. Сыртқы сұраныстың және шикізат ресурстарына деген бағаның 2010 жылы одан әрі қайта қалпына келуі сыртқы экономикалық операциялар жанданып, төлем балансының ағымдағы операциялары бойынша профицит аздап қалыптасады деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тікелей инвестициялар ағынының жоғары көлемдері сақталады.
Қосымша, сыртқы нарық қаржы институттары үшін толығымен жабық болмайды және айтарлықтай күшті банктер капитал нарығына шыға алады деп болжам жасауға да негіз бар. Жекелеген банктердің проблемаларына қарамастан, жүйенің тұтастай алғанда сыртқы күйзелістерге қарсы тұра алатындығын, ішкі және сыртқы міндеттемелерді уақтылы орындай алатындығын өткен жыл көрсетті. Сонымен қатар қаржы институттарының нарыққа шығу табысы әлемдік ақша нарықтарының және капитал нарықтарының өтімділігіне, мемлекеттердің дағдарысқа қарсы бағдарламалары шеңберінде қаржылай қолдау көрсетуін қысқарту ауқымына және нарықтық экономикасы қалыптасып жатқан елдердегі тәуелсіз де, жеке де заемшылар арасындағы жоғары әлеуетті бәсекелестікке байланысты, олар бірлесіп сыртқы ресурстарды тартудың баға өлшемдерінің тартымдылығын айқындайды.
Циклдің жоғарғы фазасына тән «әлемдік бағалар — жеке заемшылардың тәуекелдері -капиталдың әкелінуі — шикізаттық емес салаларды кредиттеу» тәуелдігінің бұзылғанын ескерсек, экономикалық өсу және оның тұрақтылық базасының кеңеюі, тұтастай алғанда алдымен мемлекеттің қаржы ресурстарының көздерін орналастыру қабілетіне ғана емес, жеке жинақ ақшалар мен инвестицияларды ұлғайтуды ынталандыруына негізделеді. Бұл ретте тауар нарықтарының белгісіздігі жағдайында егер инвестициялар негізінен борыштық міндеттемелердің өсуі есебінен қаржыландырылатын жағдайда қаржылық емес сектордың сыртқы борышының тұрақтылығы қаржы тұрақтылығының маңызды аспектісі болып табылады.
2009 жылғы 9 айдың нәтижелері бойынша құнсызданудың және банк жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шаралардың ең қолайсыз нәтижесі болуы мүмкін жүйеден салымдардың таза әкетілуі болған жоқ. Керісінше, халықтың салымдары 20%-дан артық өсті. Бұл ретте салымшылардың тұтастай алғанда банк жүйесінен емес, жекелеген банктерден қашуы байқалды. Атап айтқанда, банктер арасындағы депозиттерді 4-5%-дық деңгейде 2 жыл бойына қайта бөлудің орташа деңгейінде 2009 жылдың 1 және 2-тоқсандарында салымдардың 8-11% жуығы тыныш жер немесе тартымдырақ жағдайлар іздей отырып банк жүйесінің өз ішінде ауысып жүрді./29/
Іскерлік белсенділіктің артуы банк секторының кредиттік ресурстарына сұранысты ынталандыратын болады, ол қазіргі уақытта, өкінішке орай, банктердің өтімділікті басқаруға және заемшылардың тәуекелдеріне консервативті қарауының сақталуына байланысты кредиттік ресурстарды барабар ұсынумен қамтамасыз етіліп отырған жоқ. Нәтижесінде, депозиттердің өсуі нақты секторды кредиттеуді кеңейтуге толық көлемде бағытталмайды, бұл банк жүйесінің жоғары өтімділігін айқындайды. Өздеріне тәуекел қабылдағысы келмеген банктер ақша қаражаттарын қаржы және кредит нарықтарына орналастыруға талпынбайды және оларды ҚРҰБ шоттарында ұстауды жөн көреді. Көбіне ахуал қазақстандық 2 ірі банктің міндеттемелерін қайта құрылымдаудың аяқталмаған үдерісімен де айқындалады, нәтижесінде белгісіздік факторы айтарлықтай азаятын болады.
Нарықтардың жоғары құбылмалылығы және қатысушылардың күтулерінің тұрақсыздығы кезеңінде өтімділіктің жоғары болуы валюта нарығында алыпсатарлық көңіл-күйдің өсуіне ықпал етуі және тұрақсыздандыру сипатына ие болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бағамдық ауытқуларды тұрақтандыру және айырбастау бағамының нақты бағыттарын құру жағына қарай жасалған таңдау барынша ақталды. Болашақта күтулердің қысқа мерзімдегі кезеңде тұрақтануы және айырбастау бағамы саясатының орта мерзімді болашақта іргелі факторларға байланысты икемді болуы Ұлттық Банктің бағамдық саясатының басым бағыттары болады.
Заемшылардың, әсіресе ішкі нарыққа бағдарланған және айтарлықтай валюта түсімдерінің көздері жоқ секторлардың шетел валютасындағы бағамдық саясат стратегиясын түзету нәтижесіндегі міндеттемелерін қайта бағалау банктердің кредиттік портфельдерінің сапасына түсетін салмақты ұлғайтты. Соған қарамастан құнсызданудың жұмыс істемейтін заемдардың өсуіне әсерін асыра көрсетуге болмайды, себебі халық та, кәсіпорындар да ішкі және сыртқы сұраныстың айтарлықтай төмен болуының және экономиканы кредиттеудің баяулауының нәтижесінде кірістердің және ақша түсімдерінің, сондай-ақ банктерден қаржы ресурстарының төмендеуін сезінді. Атап айтқанда, заемшылардың валюталық кредиттерінің, валюталық ұстанымдарының үлестерін салалар және кредиттеудің сегменттері бойынша 2009 жылғы жұмыс істемейтін заемдардың динамикасымен салыстыру портфель сапасының нашарлау ауқымының сала немесе сегмент қызметінің долларлануының неғұрлым жоғары деңгейінен айтарлықтай тәуелді екендігін көрсетпейді. Бұл ретте міндеттемелердің жоғары салалық долларлану фактісінің өзі ең алдымен банктердің несие портфелінің сапасы үшін тәуекелдің маңызды факторы болып қала берді.
Несие портфелін қайта құрылымдау құралдарының кеңінен пайдаланылуы банктерге несие портфелі сапасының нашарлауын бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, банктердің ақпараты бойынша, клиенттердің төлем жасау қабілетін жақсарту мақсатында банктер несие портфелінің 12% жуығына қатысты кредиттеу шарттарын өзгертті. Бұл іс-шаралардың тиімділігі көбіне экономиканың қайта қалпына келу және қолайлы сыртқы баға конъюнктурасының сақталу жылдамдығына және ауқымдарына байланысты.
Экономикалық өсудің және ішкі сұраныстың баяулауы салалардың тауарлар мен қызмет көрсетулердің ішкі тұтынушысына бағдарланған шағын кәсіпорындарына айтарлықтай теріс әсер етті. Атап айтқанда экономикалық өсудің қайта қалпына келу базасы экономиканың шикізаттық емес салаларының есебінен кеңеймесе, жұмыс істемейтін және белсенді емес кәсіпорындар санының өсуі банкроттықтың өсу тәуекелін тудыруы мүмкін. Бұл ретте құлдырау және өсу фазалары кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығын белгілі бір дәрежеде кешеуілдетуі мүмкін. Мұндай жағдайда 2009 жылы жоғары салалық тәуекелдер сақталып, банктердің несие портфельдерінің сапасына қысым түседі деп күтуге болады.
Тұтастай алғанда кредит портфелі сапасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан баланстан тыс есептен шығарылған кредиттердің үлесі ағымдағы талаптарға сәйкес келмей, едәуір төмен болып отыр, бұл банктердің шығындарын мойындағысы келмейтінін білдіреді. Бұған шығындарды жабуға арналған капиталдың шектеулігі, заемшылардың қаржылық жай-күйін қайта қалпына келтіруге деген сенім, сондай-ақ провизияларды қайта қалпына келтіруден туындайтын кірістерге салық салу мәселелерінің реттелмеуі сияқты бірқатар факторлар ықпал етеді.
Экономиканың біртіндеп қайта қалпына келуіне және заемшылардың салалық әрі жеке тәуекелдерінің төмендеуіне қарай кредиттеу ставкаларын төмендету тренді қалыптастырылатын болады. Мұндай жағдайларда қысқа мерзімді болашақта банктер, атап айтқанда қаржы ресурстарын тиімді орналастыру мүмкіндігінің шектеулі болуы жағдайында оларды тартудың агрессивті стратегиясын жүргізген институттар пайыздық, әсіресе бір жылдан артық мерзімдер бойынша тәуекелді реттеуге баса назар аударуы қажет.
Аздап төмендегеніне қарамастан, қаржы тұрақтылығы тұрғысынан алғанда банк секторының сыртқы берешегі жоғары деңгейде қалып отыр. Қаржыландырудың сенімді әрі тұрақты ішкі көздерінің болуының өзі банктерді сыртқы қаржыландыру көлемдерінің кейін де ауыртпалықсыз төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
Қорландыру ресурстарының шектеулігін ескере отырып, іс жүзінде орта мерзімді болашақта кредит портфелі бойынша шығындарды сіңіре алатын әрі тұрақты кредиттік өсуі үшін аралық буын бола алатын капиталдың рөлі артуда.
Соңғы 2 жылда шетелдік қатысуы бар банктер санының және рөлінің белсенді өсуіне қарамастан қазіргі уақытта олардың үлесі орта мерзімді болашақта қаржы тұрақтылығы үшін қауіп төндірмейді және мемлекет тарапынан әкімшілік араласуды талап етпейді. Бұл ретте мемлекет Қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шетелдің оңтайлы қатысу үлесін нақты белгілейді, ол, бір жағынан, елдің экономикалық қауіпсіздігі мүддесін қамтамасыз етсе, екінші жағынан, дағдарыс ахуалдары дамыған жағдайда кредиттік белсенділікке қолдау көрсететін қаржыландырудың аралық буыны болады.
Жалпы алғанда қаржы реттеушісінің провизияларды қалыптастыру, инвестициялық портфельдің құрылымы және капитал бойынша талаптары бөлігіндегі басымдықтары банктердің баса назар аударуын талап ететін тәуекел аймақтарын барабар айқындайды. Атап айтқанда, заемшылар балансының активті және пассивті бөліктері валюталарының сәйкес келмеуімен байланысты тәуекелдер, портфелдің, туынды және құрылымды қаржы құралдары теңгерімділігі тәуекелдері күтілетін де, жасырын (латентті) да тәуекелді іске асыру кезіндегі капиталдың жеткіліктілігі тәуекелдері сапалы бағалауды талап етуде. Бұл ретте проциклділікті және реттеу талаптарын жедел түрде қатаңдатуды болдырмау қажет.
Өткен экономикалық цикл тәжірибесі қаржы және нақты активтер нарықтарындағы теңгерімсіздіктің алдын алу құралдарының контрциклділігіне және пәрменділігіне көңіл бөле отырып, макропруденциалдық реттеу жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті. Макро- және микропруденциалдық реттеудің келісілген шараларының тиімділігі қысқа және ұзақ мерзімді болашақта тәуекелдердің түрлендірілуін және олардың қаржы тұрақтылығына әсерін сапалы бағалауға байланысты. Бизнес-циклдің фазаларына қарай капиталдандыруды және өтімділікті автоматты түрде реттеуді енгізу, қаржы жүйесінің ішіндегі де, одан тыс та жүйелік тәуекелдерді уақтылы анықтап, шара қолдану макропреуденциалдық реттеудің негізгі құралдарының бірі болуы тиіс. Жаңа реттеуіштердің енгізілуі экономикалық даму циклінің жоғарғы фазасының қалыптасуына қарай жүзеге асырылуы тиіс.
Макропруденциалдық реттеу шаралары тұтастай алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығына, теңгерімсіздіктердің жинақталуына жол бермеуге және жүйелік тәуекелдердің өсуіне бағдарлануы және ақша-кредит, фискалды саясат міндеттерімен және макропруденциалдық реттеу шараларымен бірге жүзеге асырылуы тиіс. Макропруденциалдық реттеу шеңберінде тәуекелдерді барабар бағалап, бақылауға және оларды банктерде басқару жүйесінің сапасына баса назар аударылатын болады. Бұл ретте реттеу жүйесі қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды қатаңдату мен пайда алу көздерін әртараптандыруға арналған мүмкіндіктерді сақтау арасындағы оңтайлы теңгерімдікті сақтауы қажет.
Тұтастай алғанда, макропруденциалдық реттеудің ең жоғарғы тиімділігіне егер оны жалпы макроэкономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде жүзеге асырған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Бұл мақсаттарда қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге және макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыруға жауапты орталық орган ретінде Ұлттық Банктің рөлі күшейеді. /26/
Қазіргі заманғы банктер тәуекелді басқару жүйелерін қалыптастырғанда бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы мәселелерді төмендегі санаттар түрінде құрылымдарға бөлуге болады:
- ұйымдастыру проблемелары: банк акционерлері тарапынан тәуекел менеджментінің маңызы (пайдалылыққа баса назар аударуын, шетелдік тәжірибеге қарамастан біздің тарихымызда сол немесе тәуекелдердің ықпал ету салдарынан акционерлер залал шеккен дағдарыстардың болмағанын) жеткіліксіз түсіну.
- кадр проблемелары: тәуекелдерді басқару саласында білікті қызметкерлердің болмауы тәуекел-менеджментінің құрылу тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, бұл жүргізілетін мөлшерлік есептеулердің нақтылығы мен объективтілігіне әсер етеді.
- техникалық проблемалар – нақты тарихи және талдау деректерінің болмауы немесе олардың қорытындыланбауы. Біздің экономикамыздың жағдайына бейімделген және банк жүйесі шеңберінде салыстырма талдау жасауға мүмкіндік беретін әдістемелердің болмауы.
Әлемдік дағдарыс кезінде банктердің өз алдындағы тәуекелін дұрыс басқару, әрине банк табыстылығының кепілі болып табылады. Өйткені, банктер қазіргі жағдайда баратын тәуекел түрін дәл анықтап, оның деңгейін дұрыс – тәсілдерін өз уақытында, өз дәрежесінде қолдана білсе, онда мұндай банктер кез келген елдің банк жүйесінде өтімді банк болып табылады. /27/
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі қабылдаған реттеу шаралары
2008 жылғы 4 тоқсанда – 2009 жылғы 3 тоқсанда ҚҚА тәуекелдерді азайтуға және банк жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған пруденциалдық реттеу шараларының жиынтығын қабылдады:
- Банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшерін ұлғайту.
Банк секторының әлеуетін нығайту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылатын банктердің меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар 2009 жылғы 1 қазаннан бастап – 5 млрд. Теңгеге дейін, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап – 10 млрд.теңгеге дейін ұлғайтылады. Алматы және Астана қалаларын қомпағанда, негізгі қызмет көрсету көлемі Қазақстанның аймақтарында көрсетілетін аймақтық банктер үшін меншікті капиталдарының ең төменгі мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап 2 млрд.теңгені; 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 4 млрд.теңгені құрайды.
2.Реттеу капиталын есептеу тетіктерін өзгерту. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап бірінші деңгейдегі капиталға кіргізілетін артықшылықты акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспауы тиіс. Бұл шама контрциклдік сипатта болады, себебі, мәні бойынша оны енгізу ЕДБ-дің капиталдары жеткіліктілігінің есептік коэффициенттері мәндерінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар 2011 жылғы 1 шілдеден бастап реттеу капиталының сапасын жақсарту мақсатында бірінші деңгейдегі капиталдың есебінен екінші деңгейдегікапиталды есептеу кезінде пайдаланылатын мерзімсіз қаржы құралдары алынып тасталатын болады.
- Капитал жеткіліктілігі нормативтерін өзгерту. Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің стандарттаына сәйкес к1-2 капиталы жеткіліктілігінің жаңа коэффициенті енгізілді (бірінші деңгейдегі капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша алынған активтер мен міндеттемелер сомасына қатынасы):
- рейтингілік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингісіне ие қатысушысы банк холдингі немесе бас банк болып табылатын банк үшін, акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сондай-ақ орналастырылағн акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін к1-2 меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні кемінде 0,05, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап – кемінде 0,08 болуы тиіс;
- к1-2 ірі қатысушысы жеке тұлға банк үшін кемінде 0,07, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап бұл коэффициент кемінде 0,10 болуы тиіс;
- қалған банктер үшін к1-2 меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,06, ал 2010 жылғы 1 шілдеден бастап – кемінде 0,09 болуы тиіс.
- Резидент еместер алдындағы міндеттемелер деңгейін шектейтін коэффициенттерді өзгерту. Елдің банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін к9 коэффициентінің ең жоғары мәні (резидент еместер алдындағы міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 3-тен аспауы тиіс. Сонымен қатар, шетелдің қатысуымен банктердің жұмыс істеу ерекшеліктерін есепке алу мақсатында к8 және к9 коэффициенттерінің есебінен резидент есем бас банк алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер алынып тасталды.
2009 жылғы 1 қазаннан бастап катодиандық шарт негізінде банктер қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары банктердің капиталдандыру коэффициенттерін к7, к8 және к9 рзмдент еместер алдындағы міндеттемелерге есептеу шеңберінде Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан шығарылып тасталды. Осы күннен бастап банктердің капиталдандыру коэффициенттерін к8 және к9 есептеген кезде сыртқы қарыз алу көлемдерін, оның ішінде банктердің аффилирленген құрылымдары арқылы сыртқы қарыз алуды тарту бойынша схемаларды есепке ала отырып, шектеу мақсатында резидент еместер алдындағы міндеттемелерге қамтамасыз етілмеген кепілдіктер мен банктің кепілдемесі қосылатын болды.
- Өтімділік коэффициенттерін өзгерту. Елдің банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру және банктердің депозиторларын қорғау мақсатында нормативтік мәні 0,3-ке тең ағымдағы өтімділік коэффициенті к4 енгізілді (банктің орташа айлық өтімділігі жоғары активтерінің есептелген сыйақыны қоса алғанда талап ету бойынша міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне қатынасы).
2009 жылғы 1 қазаннан бастап ағымдағы өтімділік коэффициентін к-4 есептеу алгоритміне талап ету боынша міндеттемелердің бір бөлігі ретінде банктің еншілес ұйымдары, банкпен аффилирленген заңды тұлғалар сыртқы қарыздар тарту кезінде, сондай-ақ банктің секюритизациялау бойынша мәмілелері шеңберінде кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен берген банктің қамтамасыз етілмеген кеепілдіктері мен кепілдемелері кіргізілді. Банктердің көбі белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып кетті, сондықтан бұл банктердің өтімділігіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
- Кредиттердің жекелеген түрлері бойынша провизиялар құру жөніндегі талаптарды қатаңдату. Кредиттік тәуекелдеді реттеу мақсатында тиісті валюталық түсімдері жоқ және валюталық тәуекелдері заемшының тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен жабылмаған заемшыларға шетел валютасымен берілген кредиттер бойынша провизияларды қалыптастыру жөніндегі талаптар қатаңдаталды.
Сонымен қатар 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға оффшорлық аймақта тіркелген тұлғаға тәуелді немесе еншіліс болып табылатын заемшыға берілген кредиттің жіктелген санаты бастапқы кезеңнен бастап «үмітсіз» ретінде айқындалады.
- ЕДБ-дің орнықтылық деңгейінің төмендеуін анықтау үшін ҚҚА пайдаланатын факторларды қайта қарау:
— меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін және өтімділік коэффициенттерін азайтудың қауіпті мәндері қайта қаралды;
— «жұмыс істемейтін заемдар» айқындамасы нақтыланды;
— құрылыс саласын кредиттеуге байланысты тәуекелдер анықталған кезде коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және құрылысына берілген заемдар және ипотеклық тұрғын үй заемдары ғана есепке алынатын болды.
- Проблемалы банктердің жұмыс істеуін реттеу. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіріу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдеде қабылданған Заңның шегінде банктердің міндеттемелерін қайта құрылымдау және тұрақтандыру банкін құру рәсімдері реттеледі.
Осы заңға сәйкес қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы шешімді арнайы сот қабылдайды. Қайта құрылымдайтын ұйымның мәртебесі қаржы ұйымын қайта құрфлфмдау болжанатын міндеттемелері бар қаржы ұйымы кредиторларының талаптарын орындауды тоқтата тұруды көздейді.
Тұрақтандыру банкі реттеушінің шешімі бойынша проблемалы банкті консервациялау режимінде құрылады, бұл ретте проблемалы банктің активтері мен міндеттемелері берілетін міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті мөлшердегі активтері болған жағдайда берілген. Нәтижесінде тұрақтандыру банкі активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банке беруге құқылы, бұдан кейін тұрақтандыру банкінің қызметі тоқтатылады. /29/
Тәуекелді басқару және бағалау жүйесін жетілдіру негізінде банктерге мына жетілдіру жолдарын атап айтуға болады:
- сигналды карталарды ұйымдастыру. Тәуекелі көрсетілген диаграммаларда (категория мен соммалар), оның өзі әрбір бизнес-бірлікке және тәуекелге қатысты жалпы корпоративті көрсеткіштің бейімделуі.
- тәуекелді басқару стратегиясының анықталуы. Инвестициялық шешімдердің барлығы тәуекел стратегиясына байланысты болғанымен, қазіргі кезде көптеген банктерде оның жоқтығы байқалады.
- тәуекел-менеджерлерінің эффективті топтарының болуы, ұйымдасуы. Тәуекел-мнеджерлер топтарының мақсаты – тәуекелді анықтау, өлшеу, бағалау, бақылау. Және де тәуекел көлемі тәуекел стратегиясының жалпыкорпоративтік принциптеріне қатысты болуы тиіс.
- жоғарымаманданған тәуекел-менеджерлерінің болуы. Тәуекел-менеджерлер топтарын бөлімшелер мен корпоративті орталық негізінде жоғары сапалы интеллектуалды ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс
- қызметтердің бөлінуі. Банктің бір қызметкері тәуекел стратегиясын анықтаумен, тәуекел шешімдерін және оны бағалаумен бірден айналысуына жол берілмеуі тиіс. Қызметтердің барлығы жұмысшылар арасында бөлінуі тиіс.
- Тәуекелге жауап беру. Банкте корпоративті тәуекел-менеджментінің топтарының болуына қарамастан, банктің құрылымдық бөлімшелері олармен қабылданған тәуекелге жауап беруі тиіс.
- Тәуекелді есептеу. Директорлар кеңесі мен банк басқармасына ұсынған есептердің барлығына тәуекел мен табыстылықтың қатынасының негізгі көрсеткіштері көрсетілуі тиіс.
- Оқыту және мамандану.
- Директорлар кеңесінің қызметі. Директорлар кеңесі әрдайым банктік тәуекелді эффективті басқару және бағалау сұрақтары бойынша менеджерлерімен келіссөз жүргізу.
- Тәуекелді қабылдаудың культурасының дамуы. Ұйымдасқан жалпыкорпоративті тәуекел анализінің болуы үшін тәуекелді қабылдаудың культурасы дамуы тиіс.
- Қызметкерлерді мотивациялау. Тәуекел аумағында эффективті шешемдер қабылдау үшін және тек таза табыс көрсеткіштері негізінде бөлімшелер басшыларының қызметін бағалауды ғана емес,сонымен қатар, тәуекелді есептеумен де жүргізілуі тиіс.
Қорытынды
Сонымен, тәуекел өзінің пайда болуының кездейсоқ жағдайы бар құнның жоғалуы және ұтылуын білдіреді. Тәуекелдің түсінігінің кез-келген анықтамасы заңды және құқықты болып табылады, өйткені ол әр түрлі күтулерді сипаттайды.
Нарықтық қатынастардың кең дамуымен және банк қызметінің түрленуіне байланысты тәуекел түсінігі банктер өміріне терең енуде. Әр түрлі операцияларды жүзеге асыруда банк өзіне алатын тәуекелді дұрыс бағалау аса мыңызды. Банк ісінде тәуекелді мүлдем болдырмау емес, оны минималды деңгейге дейін төмендету маңызды болып табылады, өйткені тәуекел банк тәжірибесінде міндетті түрде кездеседі.
Тәуекелдер банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуіне негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк өзінің күнделікті іс – әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылатындықтан, оның бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осыған байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Банк үшін тәуекелді басқару – ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап, бүкіл қызмет ету уақытысындағы іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді, яғни банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы оның тәуекелді басқаруымен байланысты. Жалпы, тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Оған мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болатындықтан, кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс – әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Тәуекелдерді басқару — кезекті қызмет түріне байланысты туындайтын тәуекелдерді төмендетуге бағытталатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Стратегиялық басқару мен жоспарлау оның негізі болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттар сәйкестігін қамтамасыз етеді. Банктік тәуекелді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асырады. Ондай шаралар стратегиялық басқару денгейінде немесе ұйымдастырушылық денгейде жүзеге асырылады. Банктік тәуекелді басқаруға байланысты жиі кездесетін келесідей әдістер қолданылады: диверсификация; сақтандыру; хеджирлеу; өзін — өзі сақтандыру; лимиттеу; сапаны басқару.
Қазіргі заманғы банктер тәуекелді басқару жүйелерін қалыптастырғанда бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы мәселелерді төмендегі санаттар түрінде құрылымдарға бөлуге болады:
- ұйымдастыру проблемелары: банк акционерлері тарапынан тәуекел менеджментінің маңызы (пайдалылыққа баса назар аударуын, шетелдік тәжірибеге қарамастан біздің тарихымызда сол немесе тәуекелдердің ықпал ету салдарынан акционерлер залал шеккен дағдарыстардың болмағанын) жеткіліксіз түсіну.
- кадр проблемелары: тәуекелдерді басқару саласында білікті қызметкерлердің болмауы тәуекел-менеджментінің құрылу тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, бұл жүргізілетін мөлшерлік есептеулердің нақтылығы мен объективтілігіне әсер етеді.
- техникалық проблемалар – нақты тарихи және талдау деректерінің болмауы немесе олардың қорытындыланбауы. Біздің экономикамыздың жағдайына бейімделген және банк жүйесі шеңберінде салыстырма талдау жасауға мүмкіндік беретін әдістемелердің болмауы.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі реттеу шараларын 2008 жылғы 4 тоқсанда – 2009 жылғы 3 тоқсанда ҚҚА тәуекелдерді азайтуға және банк жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған пруденциалдық реттеу шараларының жиынтығын қабылдады:
- Банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшерін ұлғайту
- Реттеу капиталын есептеу тетіктерін өзгерту
- Капитал жеткіліктілігі нормативтерін өзгерту
- Резидент еместер алдындағы міндеттемелер деңгейін шектейтін коэффициенттерді өзгерту
- Өтімділік коэффициенттерін өзгерту
- Кредиттердің жекелеген түрлері бойынша провизиялар құру жөніндегі
талаптарды қатаңдату
- ЕДБ-дің орнықтылық деңгейінің төмендеуін анықтау үшін ҚҚА пайдаланатын факторларды қайта қарау
- Проблемалы банктердің жұмыс істеуін реттеу
Әлемдік дағдарыс кезінде банктердің өз алдындағы тәуекелін дұрыс басқару, әрине банк табыстылығының кепілі болып табылады. Өйткені, банктер қазіргі жағдайда өздері қазіргі жағдайда өздері баратын тәуекел түрін дәл анықтап, оның деңгейін дұрыс – тәсілдерін өз уақытында, өз дәрежесінде қолдана білсе, онда мұндай банктер кез келген елдің банк жүйесінде өтімді банк болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- «Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы» заң Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат
- «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2010 жылғы 1 ақпан № 923
- «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284 Қаулысы
- «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелді басқару және ішкі басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы» №434 12.2007ж
- Сейткасымов Ғ.С.Ақша,кредит,банктер. Алматы,Экономика-2006
- Мақыш С.Б. «Банк ісі» Оқулық. — Алматы: Жетіжарғы. 2008. – 500 бет
- Шаяхметова К.О «Банк тәуекелдері» ҚазҰУ-2004
- Сейітқасымов Г.С. «Банк ісі». Оқулық. Алматы «Қаржы-Қаражат» 2003.
- Хамитов Н.Н. «Банк ісі»: Лекциялар курсы. – Алматы; Экономика, 2007.
- Омарбаева А.К. «Банктердің өтемпаздық дағдарысы кезінде банк секторларын әлсірететін факторлар және оларды жою жолдары» ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №2 (72). 2009 жыл
- Имрамзиева М. «Несие тәуекелін басқару» КазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (51). 2005
- Нуртазинова А.С «VAR әдіснамасы көмегімен банктік несиелік тәуекелін өлшеу» ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №2 (72). 2009 жыл
- Чинибаева Ш.Г. «Валюталық тәуекел» ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (51). 2005
- Есенжол К.М. «Пайыз тәуекелділігі» ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (51). 2005
- Ұ.М. Искаков «Қазақстанның қаржы нарығындағы тәуекелдер», «Қаржы менеджменті» кәсіби журнал №8 (8),2008
- Байсеитов М.Р. «Управление кредитным риском: проблемы и пути решения» КазЭУ им. Т.Рыскулова
- Садвакасова А.Б., Хаджиева А.Б «Управление рисками в банковской сфере РК» Вестник КазГУ. Серия Экономическая. Алматы, 2000, №2
- Лисак Б.И. «О системах управления рисками в коммерческих банках»//Банки Казахстана 2007 г. № 3
- «Банковские риски в Казахстане: в погоне за мировыми стандартами» Сентябрь, 2007 год
- Жарковская Е. «Банковское дело». – 2008
- Лаврушин О.И. «Банковское дело». Учебник. – М.: КНОРУС,2008.
- О.И. Лаврушин и Н.И. Валенцева «Банковские риски»: Учебное пособие. – 2-е изд.,стер. – М.:КНОРУС, 2008.-232 с.
- Бахмутова Е. Система управлениярисками в банках второго уровня// Банки Казахстана. №2004
- «Банки Казахстана» Ежемесячный финансовый журнал №5,7 2009
- Хенни Ван Грюнинг «Анализ банковских рисков». М-Весь мир – 2004
- Дарья Михайлова, статья «Банки Казахстана в опасности», январь 2010г.
- ИА НОВОСТИ-Казахстана «Банки Казахстана оказались в зоне риска», 01.10.2009
- www.inform.kz
- nationalbank.kz
- afn.kz