АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Банктің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік есептердің ерекшеліктері

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                     

 

  1. Екінші деңгейлі банктің бухгалтерлік есепті ұйымдастыруының жалпы мәселелері                                      
    • Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы        
    • Есеп айырысу операцияларының есебі
    • Касса және кассалық операциялар есебі
    • Банктің кірістері мен шығыстар есебі                        
    • Несие операцияларымен депозиттік операциялары

 

  1. II. Екінші деңгейлі банктердің аудиты

      мен бақылауын жүргізу                                                               

2.1. Құжаттау, құжат айналымы және ішкі банктік бақылау                           

2.2. Банктік бақылау                                                                                            

2.3. Ішкі бақылау                                                                                                   

 

Қорытынды                                                                                         

Әдебиттер                                                                                              

Тіркемелер                                                                                            

 

       Кіріспе

       Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикасында болып жатқан көптеген өзгерістері банк саласында да жаңа банктік операциялар, құжаттар алып келді, мұның барлығы банктің бухгалтерлік есебінде бейнеленуі тиіс.

     Қазақстанның бухгалтерлік есеп жүйесі мен есеп беруі халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жетілдіруде. Өзгерістер тек бухгалтерлік есеп шот жоспарында ғана емес, сонымен қатар  2 – ші деңгейлі банктер ұсынатын қаржылық есеп беруде де жүргізілген.

     2-ші деңгейдегі банк қызметінде жаңа шот жоспарын енгізу аналтиткалық және синтетикалық есептін бірыңғай формасын қалыптасрыуға, сондай-ақ ҚР–сы Ұлттық банкі тарапынан банктер қызметің қадағалау мен реттеуге мүмкіншілік жасайды. Екінші жағынан дүниежүзілік бухгалтерлік есеп принцптеріне мөлшерлері мен стандарттарына өту барсында жаңа қадам жасауға, бухгалтерлік есеп сапаын көтеруге, өз кезегінд банктік басқару процесіне жағдай жасауға мүмкін береді.

        Дипломдық жұмысының мақсаты – банктің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік есептердің ерекшеліктерін анықтау, әдіс- тәсілдерін көрсету бухгалтерлік есеп берудің басты мазмұны мен принцптерін айқында болып табылады.

       Тақырыптың өзектілігі— Республика  бойынша нарық экномикасында ақша айналмының құралы ретінде II деңгейдегі банктер үлкен үлес қосуда.

        Банктегі бухгалтерлік есеп пен құжат айналымын ұйымдастыру кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің  жүргізілуі мен экономиканың материалдық және материалдық емес саласына міндетті түрде әсер  етеді. Бұл байланыс кәсіпорындар мекемелерге, ұйымдарға есеп айруда, кассалық және басқа да операциялар бойынша аналитикалық есептің дербес бет есебінің көшірмесін дайындап, клиенттерге ұсынып отырады.

        Банктің  бухгалтерлік есебі өзінің жеделдігімен ерекшеленеді, яғни жүргізілген операциялар сол күнгі  аналитикалыұ жәе синтетикалық есептен белгіленеді және күн соңында жасалатын банктің бухгалтерлік балансы арқылы бақыланады. Банк есебінің нақтылығы мен жеделдігі ақша қаржыларының сақталуын, ақша айналымы мен есеп – несие қатынастарны қадағалауға мүмкіндік береді.

     Банктегі бухгалтерлік есеп банктегі есеп жүйесі мен есеп беру бойынша толық түсінік беру мақсат етілген жаңа шот жоспарының жаңа құрылымына толық түсінік беріледі, енізілен шот жоспары мен қолданбалы шот жоспарын байланыстыру механизмі қаралады.

    Банк қызметінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады, себебі, ол банк қыметін бақаруда ең қажетті экономикалық мәліметтермен қамтамассыз етілген.

    Банк мүлігі мен қозғалысы жағдайы мен қозғалысы туралы ақшалай қаражаттары ссуды  қорлары, несиелер, шығындар мен кірістер туралы, бақылау мақсатындағы қаржылық нәтижелер, талдау, басқару мәліметтердің ағынының жүйесі ретінде банктер бухгалтерлік есеп саналады.  

    Банктегі бухгалтерлік есептің бірнеше түсінігі бар. Бухгалтерлік есеп- бұл :

  • банк туралы қаржылық мәлімет жинақталған ақпараттар жүйесі;
  • банктің қаржылық қызметі туралы экономикалық мәліметтерді рәсімдеп және бағалап, жинақтау процессі;
  • банктің шектеулі ссудалық ресурстарының неғұрлым тиімді пайдалануының әдісі.

   Банктер арнайы экономикалық кәсіпорындар болғанымен, өз мақсаттары мен мәселелері бар және Қазақстан Республиасының бухгалтерлік есепті жүргізу туралы жағдайын жасап, соған сүйенеді.

    Банк бұл – қоғамның қажеттіліктерін қанағаттарндырып, өзінің жарғылық қызметі нәтижесніде пайда түсіруші субьект.

    Банктегі бухгалтерліік есеп бухгалтерлің есептердің ерекшеліктерін анықтауға, әдіс-тәсілдерін түсінуге техникасы мен ұйымдастыруға тез бағдар жасалған, сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің бастамасы мен принцптерін айқындауына бағыт береді.

     Қазіргі экономиканың даму шегінде барлық банктердегі бақылау мен аудит банктердің меншігінің жағдайы, ақшалай қаражаттарының, несиеле, қорлар, кірістер мен шығындар , банк пен басқару мақсатында құрылған банктің нормативтік құқықтарны сақтауын, банктердің жарғылық қызметінің тарихы мен талдауы туралы шынайы ақпараттар ағынын көрсетеді. Аудит тексерулерінің нәтижелері, тек қана басқару, бақылаушы органы ғана емес, сонымен қатар оның құрылтайшылары, инвесторлары, салық қызметі және тағы басқа қызығушылық танытқан мекемелер мен тұлғалар үші қажет болып табылады. Банктік бақылау мен аудиттің негізгі бағыты болып қаржылық жағдайына баға беру мен талдау жүргізу, сонымен қатар банкпен бектіліген заң анктілернің сақталуының жетіспеушіліктерді жөндеу мен шара қолдану және банк заңдылығы шегіндегі заң актілерін бұзушыларға шара қолдануды  жүзеге асыруды тексеру болып табылады.

       Банктік бақылау мен аудит банк ісі, банктердегі бухгалтерлік есеп инвестицияларды қаржыландыру мен неселендіру бағалы қағаздар нарығы  және т.б. арнайы пәндермен тығыз байлнаысты. 

      Бір орталықтан басқару, жоғарыдан жоспарлау кезеңінде тәуелсіз тексерудің қажеттілігі болмады. Өйткені ол жұмысты ведомоствовалық бақылау жасады. Есеп және епсетілік жөніндегі жіберілген қателіктерд іздестіре отырып оларды анықтаумен айналысады. Сонымен жіберілген қателіктері үшін жазалау шараларын пайдаланады. Нарық экономикасы экономикалық даму заңдарының обьективтік талабына сүйене отырып, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын, олардың еңбек өнімдерінің сату –алу арқылы жүргізілетіндігін анықтай отырып оны ары қарай дамуына әсерін тигізеді, осыған орай нарық экономикасы кезеңінде нарық процессіне қатысушылардың талаптарын қамтамассыз ету белгілі бір ережеге сай жүргізуі тиіс. Бұл процесс обьективті түрде пайда болады, сонымен  қатар жекешелендіру процессіне көшу, басқару құрамының өзгеру аулиттің дамуына әсер етеді. Осы мәселерді шешуде бугалтерлік (қаржылық) есептіліктің және басқадай экономикалық ақпараттың атқаратын ролі өте зор. Осы ақпараттардың арқасында экономикалық шешімге келіп субьектінің мүмкінділігін жорамалдап, жобала, олардың одан ары қарай дамуына әсер етеді.

      Нарық экономикасына көшу кезінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар құрылады, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банктер, тағы ол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуніе әсер етеді.

     Нарықтық экономикасының қатынастарында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген,  өйткені олар анық және талапқа сай болу керек. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді түрде пайдалануға әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттың дұрыстығын, заңдылығын тек тәуелсіз аудитор ғана анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге (жеке адамдарға, фирмаларға , акционерлік қоғамдарға және т.б. ) қызмет етеді, олардың келісімі немесе шақырылуы бойынша. Бұл қызмет тек қана ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі.

          Экономикасы дамыған мемлекеттерге тәуелсіз аудитор сыртқы қаржы бақылауының басты формалары болып есептелінеді.

          Аудиторлық жұмсының дамуы өте ірі транс ұлттық аудиторлық кеңес фирмаларының құрылуына әсерін тигізеді.

        Казкоммерцбанк ААҚ –ның тарихы мен есеп саясаты.

«Казкоммерцбанк» ААҚ  1990 жылдың 12-ші шілдесінде Қазақ Советтік Социалистік Респуликасның заңына сай,  банк саласында түрлі қызмет түрлерін мақсатында «Медеу банк» ААҚ ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Қазақстан егеменді ел болғанан кейін «Медеу банк», «Казкоммерцбанк» ААҚ ретінде қайта тіркеліп, 1991 жылы 21 қазанда ҚР –ның Ұлттық

банкінен банк қызметін көрсеуді жүзеге асыруға лицензия алды. 1994жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ «Астана – Холдинг банкімен» бірігіп, «Казкоммерцбанк» ААҚ ретінде өз банктік қызметін жалғастарды. «Астана – Холдинг банк» 1993 жылдың мамыр айында акционерлік банк ретінд құрылған болатын.

    Жарғы бойынша банкті басқаурды  — банктің басқару органы, директорлар кеңесі, банк пен аудитор атқарушы органдары болып саналады.Басқарушы мүшелерін акционерлер таңдайды. Ал, олар басқару директорлар   кеңесінің мүшелерін сайлайды. Сонымен бірге ағымдық және стратегиялық жоспарларын бекітеді және банктің жалпы басқаруын жауапкершлікке ала отырып, акционерлердің мүддесін қорғайды. Банкте жүргізіліп жатқан ағымдық қызметтерге толық жауапкершілікті директорлар кеңесң атқарады.

Казкоммерцбанкте 2850 қызметкер, 53 филиал және 39 есеп айыру касса орталығынан тұрады. Банк Лондон қаласында өзінің жеке өкілдігін ашты. ККБ 2006 жылдың қыркүйек айында Қырғызавтобанктің пакет акциясын сатып алды (72), ол Қырғызстандағы банк  банкттердің 4 – ші банкі болып саналады. Дәл қазіргі уақытта Банктің одан әрі дамып өркендеуі үшін Тәжікстанда ,Өзбекстанда және Украинада жұмыс жүргізу үшін келісіз сөз жүргізілуде.

    Банк жүйесінің позитивті дамуның негізгі белгілерін банктің міндетері мен капитализациялау есебінің өсуінің арқасында актив жинытығы бір шама өскендігің көруге болады (1,2 схема). Екінші деңгейлі банктер арасында активтердің 60 пайызы, елдегі барлық банктер жүйелерінің ірі 3 бакіде торатсрырылған. Олар ККБ, БТА, Халық банкі. ККБ 1 – ші позицияны иеленуде, оның үлесінде барлық банктік активтердің 24 пайызы және елдегі банктердің капиталының 16 пайызы тиесілі. Ішкі ресурстардың қорлардың есебінен өзінің дамуына күш жігерін жұмсауда. Алғашқы кезде ККБ сауда – саттықты қаржыландыруға мамандырылған болса, ал қазіргі кезде корпоративті несилендірумен белсене атсалысып, клиенттер мен кәсіпорындарға  ссуда және ақша-несие құралдарын ұсынуда. Сонымен қатар ағымдағы есеп айырсу мен нақты ақшаларды басқаруда қызметтер көрсетуде. Корпоративтік банктік қызмет көрсетудегі ККБ –тің бәсекелеудегі үлкен көлемдегі несиеледі беру және басқа банктермен салыстырып қарағанда қаржыландырудың өте тиімді көздерінің табу жолдары өте жақсы.

 

2005 жылы және 2006 жылы 31 желтоқсандағы

Б А Л А Н С

Көрсеткіштер

Өткен жыл 2005 ж

Ағымдағы жыл 2006 ж

Ауытқу

(+, -)

Касса

3584

5822

+2238

ҚР Ұлттық Банктегі қаржылар

1428

5656

+4228

Банктерге берілген қарыздар мен қаржылар,нетто

15712

17570

+1858

Өтелуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар

220

314

+94

Сауда портфелінің бағалы қағаздар

23040

13275

-9765

Сатуға жарамды бағалы қағаздар

1249

169

-1050

Кері РЕПО операциялары бойынша сатып алынған  бағалы қағаздар

3089

-3089

Клиенттерге  берілген қағаздар, нетто

67080

137661

+70581

Ассоциацияланған компанияларға инвестициялар

2047

1774

-273

Негізгі құралдар, нетто

2021

2344

+323

Материалдық емес активтер, нетто

478

528

-50

Басқада активтер, нетто

4098

9231

+5133

Барлық активтер

124016

194344

70328

Міндетемелер, акционерлік капитал, резервтер

 

 

 

Банктерден алынған қарыздар мен қаржылар

23363

42900

+19537

РЕПО операциялары бойынша сатылған бағалы қағаздар

1563

+1563

Клиенттердің қаржылары мен депозиттері

54139

108975

+54836

Айналымға шығарылған бағалы қағаздар

14900

-14900

Басқа да қарыз қаржылары

4402

5222

+820

Басқа да міндетемелер

7040

7083

+43

Қарыздар

2820

2942

+122

Төленетін дивиденттер

1236

+1236

Барлық міндетемелер

106664

169921

63257

Акционерлік капитал

2932

3498

566

Резервер

14420

20925

6505

Барлық акционерлік капитал мен резервтер

17372

24423

7071

 

Банктің балансына келетін болсақ (Кесте №1), 2006 жылының ішінде активтердің көлемі 56,7 %-ке, яғни 70,3 млрд теңгеге өсіп, жылдың аяғында 194,3 млдр теңге құрады. Активтердің өсуі банктің қарыз портфелінің өсуіне байланысты болады олардың жалпы активтердегі үлесі 54,1 % жылдың басында,70,8%-ке дейін жылдың аяғында жоғарылады. ҚР Ұлттық қаржылар мен кассаның 6,5 млрд теңгеге (2 есе) өсуі жағдайында, 2006 жылы бағалы қағаздар салымдар 9,8 млрд теңге, яғни азайды. Бұл азаю, негізінен банктің сауда портфеліндегі сауда портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздар ұлесінің төмендеуі есебінен. Ал міндеттемелердің өсуі бұл басқа банктерден алынған қарыздр мен қаржылардың 1,6 есе және клиенттердің депозиттерінің 2 есе өсуіне байланысты болады.

 

 

       І.  Екінші деңгейлі банктің бухгалтерлің есепті

            ұйымдастыруының  жалпы мәселелері

 

  • Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

Бухгалтерлік есеп – бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Мысалы, банк есебінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында жүргізілетін есеп айырысу, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Банктегі бухгалтерлік есептің ең басты обьектісі болып мекемелер мен шаруашлық ұйымдардан ақшалай құжаттардың қабылдануы мен олардың бухгалтерлің есепте бейнелеуі болып табылады.

    Бухгалтердің есептің обьектілері:қорлар, кассадағы ақша қаржылары, бағалы қағаздар, ақшалай құжаттар мен қымбат бағалы металдармен жүргізілетін операциялар, бюджеттік және несиелік мекемелермен есеп айырысу, шаруашылық шығындар жіне банк шығындары мен кірістері.

   Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгілермен сипаттауға болады:

   Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгілермен сипаттауға болады:

  • ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді;
  • Есеп беру мәліметтері жедел түрде алуға мүмкіндік береді;
  • Нақтылықтың (дәлділіктің) жоғары дәрежесімен қамтамассыз етеді

Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері болып мыналар таблады:

  • респуликасының банк жүйесінің қызмет етуә туралы толық уақтылы және шын ақпараттардың қалыптасуы жүргізілетін ақша – несие саясатының тиімділігі.

Банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жалпы  халық шаруашылық бухгалтерлің есебін ұйымдастыру жалпы теориялық негіздері бойынша белгіленеді.

Олар:

  • шаруашылық опеарцияларын құжаттандыру жүйесі;
  • есеп жұмыстарын орындау графигіне негізделген құжаттар айналым жүйесі;
  • пайдаланылатын шоттар жүйеленген жоспары;
  • есеп процестерін ұйымдастыру құрамы;
  • есеп қызметтерінің міндеттеріне белгілеу;
  • бухгалтерлік қорытынды есеп формасын толтыру;
  • Казкоммерцбанктің банк жүйесін жедел басқаруына және қадағалауына статистикалық және аналиткалық мәліметтерді құруға орталықтандырылған ресурстар мен басқа мен басқа да қаржылық құралдарды дұрыс қолдануы.
  • Қажеттілігі болған жағдайда есеп беру мәліметтерін Үкіметке, қаржылық, салық және басқа да органдарға ұсынады.
  • Банк мүлігінің нақтылығы мен қозғалысын бақылауды, ақша қаржылары мен материалдық құндылықтардың сақталуын, материалдық еңбектік және қаржылық ресурстардың қолдануын қамтамассыз ету.
  • Банктер есеп операция жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережесі мен Казкоммерцбанктің нұсқауларына сәйкес бухгалтерлің есептің нақты атқарылуы мен бақылауын қамтассыз етуге міндетті. Банктердің бухгалтерлік есептің пәнін, әдіс –тәсілдерін қарастырмас бұрын оның обьектісін анықтап алу қажет. Латын тілінен аударғанда обьект зат дегенді білдіреді. Банктегі бухгалтерлік есептің обьектісі бүкіл жарғылық қызметі және қаржы қорытындысы.

Банктегі бухгалтерілң есептің пәні дегеніміз банктің жарғылық қызметін қамтассыз етуші және құрушы обьектілер.

Осы бухгалтерлік есептің обьектілерін зертте оқып үйрену, өлшеу, олар туралы ақпараттар алу үшін әдіс- тәсілдерр қажет.

     Банктердегі бухгалтерлік есептің әдістеріне мыналар жатады:

  1. құжаттау
  2. түгендеу
  3. бағалау
  4. калькуляциялау
  5. шоттар жүйесі
  6. екі жақты жазу
  7. баланс
  8. қорытынды есеп

      Банктегі  бухгалтерлік есеп басқару  қаржылық және салықтық есеп болып үшке бөлінеді.

  Басқару есебі – бұл  банктің жарғылық қызметін жедел бақылау мен басқару үшін қажеттің қаржылық ақпарат жинау, бағалау, талдау, дайындау және құжаттау процесі.

Қаржылық есеп – бұл ашық жарияланатын қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларына арналған банк туралы уақтылы және нақты мәліметтер.

   Салық есеп – бұл мемлекеттік салық ережелерімен сәйкес жүргізетін есеп. Ол обьективті және жедел түрде салақсалу үшін қажет.

Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем бірліктері:

А) еңбек; б)натуралды; в) ақшалай.

Банктегі бухзгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру принциптері.

Банк көп  қырлы қаржы несие қызметін атқарады. Ақша мен бағалы қағаздар операцияларын жүргізетін қаржы мекемесі. Несиге берілген капитал банк мекемесіне өз уақытында проценпен қайтарылуы керек. Процент берілген несиеден түсетін пайда.

Банк жұмысының нәтижесі – банктің және оның клиенттерінің экономикалық пайда табу.

Банк қызметінде бухгалтерлік есеп үлкен роль атқарады.

Банктегі бухгалтерлік есеп міндетері:

  1. банктің қаржы шаруашылық процесстері және банк қызметінің нәтижесі жөнінде толық және дұрыс мағлұматтар дайындау.
  2. Ақша қаражаттарының, материалды бағалы заттардың, қаржы ресурстарын қозғалысына, түгендігіне бақылау жүргізу.
  3. Есеп айырысу, қарыз т.б. шоттардағы қаржы қозғалыстары жөніндегі мағлұматтар мен тура және уақытылы қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп принциптері мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар банктер, халық шаруашылығының басқа шаруашылығының басқа салаларында бірдей. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жалпы  халық шаруашылық  бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жалпы теориялық негіздері бойынша белгіленеді.  Олар:

  • шаруашылық операцияларын құжаттандыру жүйесі;
  • есеп жұмыстарын орындау графигін негізделген құжаттар айналым жүйесі;
  • пайдаланылатын шоттрдың жүйеленген жосапры;
  • есеп процесстерін ұйымдастыру құрамы;
  • есеп қызметкерінің міндеттерін белгілеу;
  • бухгалтерлік есеп және есеп берулерді толтыру.

Банктегі бухгалтерлік есеп – ақша қаражаттарының қозғалысы, төлемдер мен есеп  айырысу операциаларын жүзеге, асырады. Банк операциялары  толық құжаттандырылуы, құжат айналымы дұрыс ұйымда стырылуы қатаң сақталу қажет. 

Банктегі есеп операциясын ұйымдастыру мынаны қамтиды:

  • есеп операционды аппаратты құру;
  • жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыру;
  • ішкі банктік бақылау.

Клиенттердің есеп шотын операционды бөлім қызметкерлері жүргізеді. Бұл бөлімнің жұмысшылары есеп айырысу, ақша құжаттарын толтырады, қол қояды. Есеп және операцияларды жауапты орныдаушылар жүргізеді, бас бугалтердің қолы ұойылған соң арнайы кітапқа тіркеледі.

  Барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі. Негізінен қолданылатын есеп шот жоспары бойынша белгіленген синтетикалық шоттар.

  Барлық шоттар балансы және баланстан тыс болып екіге бөлінеді. Балансты шоттардағы есеп екі жақтағы  жазу әдісі бойынша  жүргізіледі.

Мысалы, жалға берушіге арендалық төлем төлегенде Дт 5801 Кт 1001. Баланстан тыс шоттар бойынша кірісте де, шығыста да екі жақты өазу әдісінсіз жүргізіледі.

    Балансты шоттар 4 таңбадан тұрады:

01 банк қорлары

3000 жарғылық қор

3510 резервтік қор

3540 негізгі құралдарды бағалау қоры

Баланс сыртындағы шоттар 4 таңбадан тұрады.

Күнделіктері жүргізілген операция жинақталып балансқа және баланстан тыс шоттар есебіне тіркеледі.

Бухгалтерлік баланс дегеніміз шаруашылық қорлары мен қорлану көздерін арнайы мерзімге қарай, ақшалай өлшеммен бірдей соммаға жинақтап көрсететін әдіс. Бухгалтерлік баланс бухгалтерлік есеп берудегі ең негізгі форма, ол банктің қаржы қызтемін  сипаттайды.  Бухгалтерлік баланстың  көмегімен банктің қаржы қызметіне талдау  және бақылау жүргізіледі.

   Банк балансының өндірістік сферадағы кәсіпорындар балансынан айырмашылығы банк балансында шоттар бір жақты жинақталу принципі бойынша  құрылған. Оның бір бөлімінде активті, пассивті, активті шоттар болуы мүмкін. Баланс күнделікті жасалады. Жедел есеп беру банктегі бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қажет етеді. Банк операцияларының көпшілігі бухгалтерлің құжаттар негізінде жүргізіледі. Әр құжаттардың реквизиттері болады: құжаттың аты, нөмірі, толтырылу уақыты, төлеуші және қабылдаушы кәспіорынның аты-жөні, орналасқан жері, банктегі есеп шот нөмірі, сомасы, клиенттің қолы, мөрі банк қызметкерлерінің қолы. Барлық құжаттары дұрыс және анық толтырыуы керек. Есеп айрысу құжаттарына түзетулер енгізілмейді. Жасалу орнына байланысты құжаттар банктік және клиенттік болып екіге бөлінеді.

     Банк құжаттарға кіріс және шығыс ордерлері, мемориялды ордерлер, есеп беруге тиісті тұлғалардың авансты есептері жатады, клиенттік құжаттарға төлем талабы, төлем тапсырмасы , чектер т.б, жатады. Құжаттар банк операцияларының түріне қарай кассалық, мемериолды байланыстан тыс болып үшке бөлінеді. Кассалық құжаттарда нақты ақшаны қабылдау және тарату операциялары көрсетіледі.

Кассаның құжаттарында: банк кассасының клиенттің жарна өткізу жөніндегі хабарландыруы, кіріс кассалық ордері, ақшаның қабылданғаны жөніндегі квитанция жатады.

   Кассаның шығыс құжаттарына чектер, шығыс кассалық ордері жатады. Кіріс және шығыс кассалық ордері ішкі банктік операцияларда да толтырылады. Мысалы, есепті соманың қайтарылуы, банк жұмысшыларына еңбек ақы және аванс берілгенде. Мемориалды құжаттар нақтысыз есеп айырысу операциялары бойынша толтырылады олар төлем талабы, төлем тапсырмасы, есеп айырысу чектері т.б. жатады.

Баланстан тыс құжаттарға кіріс және шығыс баланстан тыс ордерлері жатады бұл құжаттарда бухгалтерияда немесе кассада  сақталынған бағалы заттар мен құжаттарды қабылдау және тарату операциялары көрсетіледі.

Барлық құжаттар сол құжатты толтырушы жне тексеруші тұлғалардың қолымен расталуы керек. Қол қойған тұлғалар сол операциялардың заңдылығы мен дұрыс толтырылуына жауапты. Күнделікті операция күнделікті құжатталуы керек. Банк бухгалтерлік құжаттардың қатаң сақталуын қаматамассыз етуі керек.

Аналитикалық және синтетикалық есеп.

Аналитикалық есеп және оның формалары.

Аналитикалық есеп – бұл әрбір банк операциясының бейнелеуні көрсететін нақтылы, түсінікті есеп болып табылады аналитикалық есеп қаржыларды қолдану тәртібін және әрбір ұйымның қаншалықта қаржысның бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай – ақ аналитикалық еспті қаржылық және статистикалық мекемелер де пайдаланады.

Аналитикаылық есептің материалдары болып келесілер табылады:

А) дербес шоттар;

Б) операциялық журналдар;

В) түгелдеу карточкалары;

Г) кітаптар

Олар әрбір балансты және баланстан тыс шоттар бойынша ашылады.

Мысалы,банкаралық есеп айыру бойынша аналиикалық есептің құжаты болып дебеттік және кредиттік тапсырыс қызмет етеді.

Тапсырыс өзара айыру бойынша операцияны бастайтын банк мекемесімен құрылады.

Қысқа мерзімді несие бойынша міндеттеме бойынша анлитикалық  есептің құжаттары болып қарызшыдан несие беру кезінде алынған жедел міндетеме қызмет етеді.

Карточка- паспорт әрбір шаруашылық инвентармен арзан бағалы тез тозатын заттарға ашылады. Тнвентарлық карточкалар әрбір ғимараттар бойынша ашылады.

Операциялық журналдар- анықталғанға дейінгі сомалар есептелетін шоттар бойынша аналитикалық есептің құжаты болып табылады журналдар, карточкалар, кітаптар жүйеден тыс есептің құжаты болып табылады.

Аналитикалық есептің негізгі материалды – дербес шот. Дербес шот клиенттің әрбір шоты ашылады және олардың  белгіленуі бойынша ақшалай құжаттардың есебін мекемелердің келісімімен дербес шоттың әртүрлі формалары қолданылады.

Дербес шоттың реквизиттері:

  1. Дербес шоттың нөмірі;
  2. Мерзімі;
  3. Құжат нөмірі;
  4. Корреспонденттік нөмері;
  5. Операция түрі, айналым сомасы;
  6. Дебет және кредит бойынша қалдық сомасы.

Дербес шот орнатылған стандартқа сәйкес  2 данада басылады. Екінші дана клиентке беруге арналған дербес шоттың көшірмесі болып табылады. Біріші дана банкте қалады.

Дербес шоттағы жазбалар тиісті есеп – ақша құжаттар негізінде жасалады. Эдектронды есептеу машинасына дербес шоттың көшірмесі енгізу кезінде оған ешқандай қол және мөр қойылмайды. Клиенттерге беруге клавиштік машинада құрылатын дербес шоттың көшірмесіне жауапты орындаушының қолы мен мөрі қойылады. Дерсбес шоттың көшірмесінде соңғы жазба мен мөр және  қолдың арасында бос орын қалмауы тиіс. Көшірме берілген шот бойынша бір немесе екі құқығы бар тұлғаларға берілді немесе олардың өкілдеріне сенімхат бойынша рұқсат етіледі. Шот иесі орнатылған тәртіп бойынша бес күн ішінде дебет немесе кредит бойынша қате жазылған сома туралы хабарлауы тиіс. Қарсылықтардың көрсетілегн мерзімінде түспеуіне байланысты юанк кірісіне заңмен белгіленген мөлшерді пайыздар, айыппұлдар іздестіріледі. Клиенттерге шоттың көшірмесі жоғалтып алған жағдайда оған нұсқа тек банк басшысының немесе оның орынбасарының рұқсатымен берілдеі. Клиентке көшірмені бергеннен кейін  дербес шоттар архив карточкасында нөмірінің өсу тәртібімен орналастырылады. Айдың аяқталуына байланысты жауапты тұлғалар жинақталып, хаттамалар жасайды. Буманың шеткі жағында баласты және баланстан тыс шоттың айы сақталу мерзімі көрсетіледі.

Синтетикалық есептің түсінігі және оның формалары.

Синтетикалық есеп – бұл жалпылама есеп. Банктегі синтетикалық есептің материалдары болып мыналар табылады:

  1. Бухгалтерлік журналдар;
  2. Кассалық журналдар;
  3. Құрама карточкалар;
  4. Айналым және тексеру ведомстері;
  5. Баланстар (күндік, айлық, жылдық).

Синтетикалық есеп мәліметтері кассалық жоспардың, мемлекеттік бюджеттің және басқа да көрсеткіштердің қолданылуын талдау үшін  пайданылады. Есептеу орталығымен берілетін күнделікті баланста  кредит және дебет бойынша айналымдар, шығыс қалдықтары көрсетіледі. Күнделікті баланстан тыс шоттар бойынша  құрылған баланс қосылады. Оның негізінде құрама карточка құрылады. Кассалық операциялармен, әкімшілік басқару шығындарымен байланысты операциялар бойынша № 0487007 формадағы құрама карточкаға күнделікті дебет және кредит бойынша айналымдар және келесі күнге аналитикалық есептің  балансты шотында ашылған дербес шот бойынша еесптелген қалдық жазылады.

    Кассалық журнал – кассалық жоспардың белгісі мен сомасын, клиенттердің дербес шоты мен нөмірін көрсететін кассанығ кіріс және шығыс құжатының жазбасын сипаттайды. Операция уақытының аяқталуына қарай кассалық журналдың қорытындысы есептелінеді, ол банктің  айналым кассасының кіріс және шығыс мәліметтерімен салыстырылады. Күнделікті есептеу орталығымен екі данада сальдолық ведомость беріледі. Бірінші данасы бас бухгалтерде сақталады, екінші данасы экономикалық бөлімге беріледі. Операциялық журналмен дербес шоттар жүргізілетін балансты және баланстан тыс шоттар бойынша тексеру ведомості құрылады. Онда  әрбір айдың бірінші күніне қалдықтар, шот бойынша жазбалардың мерзімі және сомасы көрсетіледі. Бас бухгалтер аналитикалық және синтетикалық есептің үстінен осы шоттар бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижесінде алынған қорытында сальболық  ведомость балансқа қол қою арқылы куәландырылады. Әрбір айдың бірінші күніне құрылған  тексеру жауапты орындаушы мен бас бугалтер қол қояды. Операциялық журнал немесе құрама дербес шоттар жүргізілетін балансты және баланстан тыс шоттар бойынша тексеру ведомості құрылады. Әрбір айдың бірінші күнінде тексеру ведомостіне жауапты орындаушы мен бас бугалтер қол қояды.

2- ші деңгейлі банктің шот жоспарының сипаттамасы.

    деңгейлі банктегі бугалтерлік есептің шот жоспары класстар бойынша бөлінген келсі шоттар тізімінен тұрады.

Барлығы 7 класс:

I  класс – активтер 1000 2003

II класс –міндетемелер 2004 2999

III класс – меншікті капитал 3000 3999

IV класс – кірістер 4000 4999

V класс –шығындар 5000 5999

VI класс –шартты және мүмкін талаптар мен міндетемелер 6000 6999

VII класс – банк балансына меморандум шоттары 7000-7999

1 белгі – қай классқа

2,3 белгі – қай топқа жататындығын

4 – шот пен топтрадың одан әрі таратылуы мен жіктеуін көрсетеді.

I Активті шот құрылымы

Дебет                                        Кредит

Есеп беру кезеңінің басындағы қалдық

Шоттың көбеюі (+)              Шоттың азаюы (-)

Айналым                                 Айналым

Кезең соңындағы қалдық

 

II Пассивті шот құрылымы

Дебет                                       Кредит

                                                 Есеп беру кезеңінің басындағы қалдық

Шоттың азаюы (-)                Шоттың көбеюі (+)

Айналым                                 Айналым

        Кезең соңындағы қалдық

 

1.2. Есеп айырысу операцияларының есебі

     Клинеттердің банктік шоты- бұл банкпен шот иесі арасындағы банктік операцияларды жүргіуі бойынша келісімдік қатынасты бейнелеу және депозит қабылдауа байланысты шот иесімен қатынас жасау әдісі.

      Келісім көрсетілген шарттар мыналар:

  • клиенттердің нақты ақшасын сақтауға және клиенттердің кез-келген уақытта қаржысын қолдануына еркі бар екендігіне банктің кепілберуі;
  • шот иесінің есебіне ақша сомасын қабылдау;
  • шот иесінің тапсырыс бойынша немесе үшінші тұлғантың бұйрығы бойынша шоттан ақша сомасын босату;

Банктік шоттар теңгеде, сондай-ақ шетел валюталарында ашылып жүргізіледі және мынадай түрлерге бөлінеді:

А) ағымды шот;

Б) корреспонденттік шот.

Ағымды шот  — бұл заңды және тұлғалардың банктік шоты.

Корреспонденттік шот – банктердің және банктік емес қаржылық мекемелердің банктік шоттары.

Банктік шотын ашу мен жүргізу банкпен шот иесі арасындағы жасалған келісімге негізделеді. Ол үшін клиент мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • өтініш
  • қол және мөр басылымының үлгісін көрсететін құжат № 202
  • салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне тіркелгендігі туралы анықтама
  • бекітілген формада өкілетті мекемемен берілген клиенттің мемлекеттік тіркеуден өткендігін дәлелдейтін құжат көшірмесі
  • Қазақстан Республикасы заңы бойынша белгіленген тәртіппен құжат көшірмесі.

Шетел дипломатиялық және консулдық өкілеттіліктер үшін:

  1. қол және мөр басылымының үлгісін көрсететін құжат
  2. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен бекітілген оның аккредитациясын көрсететін құжаттың көшірмесі.

      Ашылатын шоттың түріне байланысты банк клиенттен қосымша құжаттарды Қазақстан Республикасы заңдарында немесе банктік заңда көрсетілген жағдайларды талап етеді. Банктер клиенттердің талаптары бойынша шотты ашу, жүргізу және жабу, ол бойынша операцияны жүргізудің тоқтап қалу мүмкіндігі туралы тәуекелділіктер бойынша ақпараттарды клиенттерге ұсынып отыру керек. Банк клиентке шот ашқаннан кейінгі он күн ішінде  тиісті салық мекемесін хабардар етуі тиіс.

Банктік шоттардың жабылуы, клиентпен жасалған банктік шот туралы келісім шарттың  қызмет етуінің тоқтатылуына байлынысты жүргізіледі. Шот иесінің иесінің іс құжатында шоттың жабылу себебі көрсетілуі қажет. Жаблатын шот бойынша орындалмаған талаптар бойынша орындалмаған талаптар болса, шотты жабуға тиім салынады. Бірақ шоттың жабылуы заңды тұлғаның таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына байланыты немесе заңды тұлғантың бір жылдан аса, ал жеке тұлғантың үш жыладан аса мерзім ішінде шотының қозғалыссыз болуына байланысты жүргізіледі. Шот жабылғаннан кейін банк үш күн ішінде  жазбаша түрде, салық мекемесі мен аудандық халықты  әлеуметтік қорғау және еңбек бөлміне хабарлауы тиіс.

Шаруашылық байланыстар банк қызметіндегі қажетті шарттардың бірі болып табылады. Банкпен шаруашылықтың байланыстары келісімдік қөатынаспен белгіленеді, яғни бірінші жақ қызмет көрсетуші, екінші жақ ноың клиенті болып табылады.

Есеп айыру қатынасы дегеніміз – ол бірінші жақтың белгіленген мерзімде көрсетілген қызметті төлеуі, сондай –ақ банктің келісім міндеттемені орындағаннан кейін оған қарызын қайтаруы болып табылады. Банктер және олардың клиенттері арасынждағы есеп айыруды нақты ұйымдастырудың мәні зор. Ол:

А) айналым құралдары айналымдылығының жылдамдығына;

Б) нақты ақшалардың уақтылы түсуіне;

В) берешектің азаюына әсер етеді.

 Барлық ұйым, мекеме, шаруашылық мекемелер арасындағы нақты ақшасыз есеп айыру банк мекемесі арқылы жүргізіледі. Банктер есеп айыру операцияларын өздерінде ашылған клиенттердің шоты негізінде жүзеге асырады:

Банктер: а) мекемелердің ақшалай қаржыларын шотта сақтайды;

Б) түскен ақша сомасын осы шотқа есепке алады;

В) мекемелердің шоттан ақша беру және аударма жасау туралы бұйрығын орындайды;

Г) клиенттердің банктік ережелер мен келісімдерге қарастырылған басқа да банктік операциялар бойынша бұйрығын орындайды.

  Банктер есеп айыру операциясын жүргізу кезінде мекемелердің есеп айруы құжаттарының дұрыс толтырылуын және есеп тәртібінің сақталуын бақылап отырады.

 Қазіргі кездегі ақшасыз есеп айырудың негізгі формалары мынадай:

  1. төлем тапсырысы
  2. төлем талап тапсырысы
  3. чекпен есеп айыру
  4. аккридитивтермен есеп айыру.

Төлеуші мен алушы арасындағы есеп айыру формасы негізінде анықталады.

Есеп айыру бойынша төлеуші мен алуы арсындағы өзара арыздар мен келіспеушіліктер банктің қатысуынсыз орнынатылған тәртіп бойынша қарастырылады. Банк тарапынан жіберілген қателіктер бойынша қателік жәберген банк мекемесі жауапты болады.

Төлем тапсырысы- мекеменің немесе шаруашылық ұйымының өзіне қызмет көрсететін банкіне өз шотынан қаржыларды аудару үшін тапсырмасы.

Төлеуші бекітілген формадағы тапсырысты банкке ұсынады. Тапсырыс жазылған күннен бастап 10 күнге дейін жарамды болып есептеледі. Төлем тапсырмасы тек шотта қаржы болған жағдайда ғана орындалуға қабыладайды.

Төем тапсырысы төлеушінің меншікті қаржылары есебінде өтіледі, ал егер қаржы жоқ болса, онда бнак несиесі есібінен өтіледі немесе банкпен келісім жасалса № 2 картотекаға орналастырады.

Төлем тапсырысын қолдана отырып, бірнеше тұлғалармен есеп айыруға болады. Төлем тапсырысы бойынша төлемдер тауарлы және таурасызо операциялар бойынша жүргізіледі. Төлемдердің 90% — ін тауарлы операцияларды құрайды.

    Тауарсыз операцияларға жататындар мыналар:

  • бюджетке төлемдер және басқа да жалақыдан ұстаулар;
  • жоғары тұрған мекемелерді ұстау шығыны;
  • күрделі салымға қаржыларды аудару;
  • банк несиесін жабуға кеткен қаржылар.

 Тауралар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айыру алдын ала және кейінгі тәртіппен жүргізіледі. Алдын – ала төлемдер жүргізу кезінде төлеуші тауардың бар екендігіне көзі жетуі керек. Төлем тапсырысын алдын-ала тәртіппен төлеу үшін міндетті түрде  төлешушінің ағымды шотында меншікті қаржылары болуы тиіс. Егер шотта қаржысы жоқ болса, тапсырыс қабылданбайды және төлемді жүргізу үшін банк қарыз бермейді. Алдын – ала тәртіппен төлемді жүргізу кезінде жабдықтаушы кезінде жабдықтаушы өзінің шотына қаржылар түскеннен кейін  үш жұмыс күні ішінде тауарды теп жіберуі тиіс. Кейінгі төлем кезінде төлеуші, яғни сатып алушы алдымен тауарды алады, содан кейін тауар құнын төлейді.

Аккредитив  — бұл банктің шартты, ақшалай  міндетемесі. Сатып алушының банкі сатып алушының өтінішіндегі шарттарға байланысты тиілген тауралар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемді жүргізу үшін жабдықтауы банкіне тапсырма береді. 

    Аккредитив тек қана қала аралық және сыртқы сауда бойынша есеп айыру кезінде қолданылады. Сатып алушының аккредитивті меншікті қаржылары және банк несиені есебінен ұсына алады.

Аккредитивтің мынадай түрі бар:

  • жабылған;
  • жабылмаған;
  • қайтарылатын және қайтарылмайтын

Жабылған аккредитив – төлеуші банкінің төлеушінің меншікті қаржыларын немесе ұсынылған несиені жабдықтаушы банкіне беру кезінде ашылған аккредитив.

Жабылмаға аккредитив – жабдықтаушы банкінде ашылады. Ал егер де екі банк арасында коррипонденттік қатынас орнатылсын, жабдықтаушы банкіне төлеуші банктің корриспонденттік шотынан аккредетивтің барлық соммасын өшіруге құқық береді. Әрбір аккредитивке  қандай аккредитив екендігі көрсетілуі тиіс . Егерде аккредитив түрін көрсететін белгі болмаса онда ол аккредитив қайтарылмайтын болып есептеледі.

 Қайтарылатын аккредитив – жабдықтаушының келісімінсіз төлеуші банкінен өзгертілуі немесе жоққа шығарылуы мүмкін.

Мысалы: а) Келісімге көрсетілген шарттардың орындалмауы кезінде;

Б) Төлеуші банкінің аккредитив бойынша төлемге кепіл берілген бас таруы кезінде .

Қайтарылмайтын аккредитив —  бұл төлеуші банкінің аккредитивтің барлық шарттарын орындау кезінде, төлемде жүзеге асыру үшін берген нақты міндетмесі. Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгерілмеймін және жоққа шығармайды. Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеп айыруға арналған.

 Құжатты аккредитив келісім бойынша екі жаққа да тиімді, сенімді әрі ыңғайлы төлем құралы болып табылады. Аккредитив өте икемді есеп     айыру формасы болып табылады, сесбебі клиенттің өтініші бойынша оның кез – келген шарты жедел түрде өзгертіледі.

Жабылған аккредитив клиенттің ұсынылған мынадай құжаттар негізінде ашылады:

  1. Аккредитив ашуға өтініш;
  2. Келісім, онда есеп айырысу аккредитивпен жүргізілетіндігі көрсетіледі.

Жауапты орындаушы клиенттің валюталық шотының сальдосын тексереді, өкілетті тұлғалардың қолдарын салыстырады. Банкте валюталық шоты жоқ болса, клиент мынадай құжаттарды ұсынады:

1.Қол үлгілері көрсетілген құжат;

  1. Жарғы, құрылтай келісімі, тіркеу карточкасы, тіркелгендігі туралы куәлік;
  2. Банк балансы және статистикалық есеп берулер.

Импортты операцияларды есепке алу кезінде төмендегідей бухгалтерлік  проводка құрылады.

Банкте клиенттің валюталық шоты барбар болса:

Дт 2203 «Клиент ағымдық шоты»

Кт «Құжаттық есеп айырулар бойынша кредиторлар».

2 – ші деңгейлі банктермен қолданылатын есеп чек кітапшалары 2 түрге бөлінеді:

  • есеп чек кітапшаларындағы есеп чегі;
  • аманатшының чек кітапшасындағы чегі.

Чек кітапшасы қатаң есептегі бланк болып табылады және баланстан тыс 7339 – «Әр – түрлі құндылықтар мен құжаттар» шоты бойынша есептелінеді. Чек кітапшасын алу  және толтыру үшін өтініш пен төлем тапсырысын ұсынады. Ол бойынша чекті төлеу үшін қаржылар, пассивті 2221 – «Клиенттердің арнайы депозиттері » шотында жинақталады. Құжаттарды бухгалтерлік тексеріп, өтініштегі талонда чек қай шоттан төленетіндігін көрсетіп, касса қызметкеріне чек кітапшасын толтыруға рұқсат береді. Өтініш сәйкес кассир әрбір есеп чегіндегі чек кітапшасын иесінің атын және оның шотының номерін, мекен-жайын көрсетеді.

Бухгалтер төлем тапсырысына сәйкес чек кітапшасының сомасын, ағымды шоттан өшіреді. Сол кезде мынадай бухгалтерлік жазу беріледі:

Дт 2203 Кт 2221 «Клиенттерідің арнайы депозиттері»

Шығын 7339

Чек кітапшасының мерзімі – 6 ай.

Бухгалтер берілген чек кітапшаларына тіркеу карточкасын ашады. 

Онда мыналар көрсетіледі:

  • чек кітапшасы иесінің аты;
  • чек номері;
  • чек мерзімі;
  • кіммен және не үшін есеп айырысатындығы.

Бұл берілген чектің төленуге түсуін бақылау үшін қолданылады.

 

  • Касса және кассалық операциялардың есебі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына байланысты, екінші деңгейлі банктерден алынған өтінішке сәйкес уақытылы нақты ақша түсімдерін және ақша көлемін бекітуді  қамтамассыз ететін бірыңғай кассалық Орталық қызметі Ұлттық Банктің басқармасына жүктелген. Кассалық жұмыстың дұрыс ұымдастырылуы мен есептің жүргізілуі және уақтылы есеп беруді жүзеге асыру үшін үш материалды жауапты тұлға жауаптылық бектілген:

  1. Банк басшысы
  2. Бас бухгалтер
  3. Касса меңгерушісі

  Кассалық операциялар бойынша  жұмыс кассалық жоспарға сәйкес ұйымдастырылады және операциялық бөлім қызметкеріне кассалық жоспар бойынша қаржының мақсаты қолданылуының есебі жүктелген. Кассалық операция жұмысымен кассир айналысады. Ол банкке енгізілген ақша және құндылықтардың сақталуы үшін материалды жауапты тұлға болып саналады.

Кассир және инкассатор қызметкерлеріне мыналар рұқсат етілмейді:

1.Құндылықтармен орындалатын жұмысты басқа адамдарға тапсыруға және өз міндетіне кірмейтін жұмыспен айналысуға;

  1. Өз ақшалары мен құндылықтарын банк ақшасымен құндылықтарымен бірге сақтауға;

3.Нақты ақшаны алу және салу бойынша, кәсіпорынның, ұйымның, азаматтардың тапсырысын орындауға, олардан бухгалтерия қызметкерлерін ескертпей тікелей ақшаларды алуға, құжаттарды қабылдауға.

  Әрбір кассирге жеке іс жүргізіледі, онда жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі материалды жауаптылық туралы міндетеме, тұрғылықты жері туралы мәліметтер, соңғы жұмыс орнынан алынған мәліметтер сақталынады.

   Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін:

  1. Кіріс кассасы
  2. Шығыс кассасы
  3. Кешкі касса
  4. Қайта есептеу кассасы
  5. Айырбас кассасы
  6. Кітапша беру кассалары

Әрбір банк мекемесінде кассадан тыс басқа да қоймалар болады, онда міндетті түрде саталуда болатындар:

1.Операциялық күннің соңындағы ақша қалдығы;

  1. Шетел валютасы. Құнды материалдар;
  2. Ағымдағы жылдағы кассалық құжаттар;

4.Баланс, жылдық есеп беру формалары;

  1. Ұзақ мерзімді несие бойынша міндеттемелер;

 6.Қатаң есеп беру бланкілері.

Барлық коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген лицензия бар болған жағдайда ғана клиенттерге нақта ақшамен қызмет көрсете алады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі операциялық кассаның лимитіен белгілейді, оның мөлшері банктің орындайтын операциясының көлеміне байланысты болады. Клиенттергет қызмет көрсету барысында қолма-қол ақшалар жетпей қалған жағдайда кассалық есеп айырысу орталығында өзінің корреспонденттік шоттан алады. Операциялық кассаның лимиттен артық қалдығы кассалық есеп  айрысу орталығындағы корреспонденттік шотқа аударылады.

Ұлттық Банктің орталық басқармалары екінші деңгейлі банктер ұсынған тапсырыстар негізінде, нақты ақшаның түсуі мен бекітімнің берілуін қаматамасыз етуі тиіс:

  • фронт – офис;
  • бэк – офис;
  • бас бухгалтерия.

Фронт – офис банкнот пен монеталарды дайындауға байланысты шығыдар сметасын, кіріс пен шығыс сметасын дайындайды, нақты ақшаны жеткізуді, байланыстың, формалық кимдердің және сол сияқтылардың жеткіліктілігін қаматамасыз етеді.

Бэк – офис бастапқы құжаттар негізінде нақты ақшаны ұсыну мен қабылдау операцияларының есебін және бақылауды жүзеге асырады, касса қалдығы туралы күнделікті есеп беруді дайындайды, резерв қорының қалдығы мен нақты ақша қозғалысы туралы айлық есеп беруді әзірлейді.

       Бас бухгалтерия эмиссионды – кассалық операциялардың бэк- офисте  дұрыс жүргізілуін бақылайды және синтетикалық есепті жүзеге асырады. Аналитикалық нақты есеп бэк –офисте жүргізіледі

Банкке нақты ақша заңды тұлғалардан аманат ретінде қосылған нақты ақша жарнасы 51/36 форма боынща, аманатқа қосымша жарналар 51 – кіріс ордері негізінде қабылданады. Барлық аталған  құжаттарда нақты ақша қабылданған күнкөрсетілуі тиіс және  белгіленген операцияның есебін жүргізуші бухгалтерге өткізілуі қажет.

Бухгалтер құжатының дұрыс толтырылуын тексеріп, кіріс касса журналына тіркейді және клиентті кассаға жолдайды. Кассир клиенттен нақты ақшаны қабылдайды. Аманат бойынша нақты ақша қабылдау кезінде:

                           Дт 1001 Кассадағы нақты ақша

                            Кт 2203 Клиенттердің ағымды шоттары

Бухгалтерлік жазуы беріледі.

      Банк мекемелері байланыс бөлімшелері арқылы қатаң есеп бланкілері жолданған сәлемдемелерді қабылдай алады. Кіріске алынатын құндылықтар есебі төмендегідей шоттарда есепке алынады:

 7339 – «Әр түрлі құндылықтар»

 7345 – «Сақтаудағы бағалы металдар»

7360 – «Сақтаудағы акция және басқа да бағалы қағаздар»

Кассадан нақты  ақшаларды босату, заңды тұлғалардың чектері мен  жеке тұлғалар аманаты бойынша жазылған шығыс ордері  негізінде жүргізіледі. Ақшалай  чек он күн мерзімге жарамды болып табылады және чекті ұсынушы қолымен, мөрімен бекітілуі тиіс. Кассадан нақты ақша босатылғанда

Дт 2203 «Клиенттің ағымды шоты»

Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»

Бухгалтерлік жазуы беріледі.

            Күн соңында касса қызметкері операциялық бөліммен салыстыру үшін қолданылатын кассалық құжаттар бойынша  айналымдар анықтамасын құрады. Кіріс кассасының кассирі әрбір бухгалтер бойынша өзара салыстырудан кейін, бекітілген қабылдаған нақты ақша көлемі мен сомасын, құжаттар санын көрсетеді және кіріс журналындағы корытындымен салыстырады. Шығыс касса кассирі  өз мәліметтерін бақылаушы қорытындысымен салыстырады. Кассирлер ақша қалдығы мен барлық құжаттарды касса бойынша айналымдар қорытындысы жасау үшін касса меңгерушісіне тапсырады, онда құжаттар саны, касса кірісі мен шығыс сомалары көрсетіледі. Бұл мәліметтер банктің қойма кітабында тіркеледі, қалған нақта ақша қалдығы үш материлады жауапты тұлғалардың қатысуымен банк қоймасында қалдырады, мәліметтерді қойма кітапшасына енгізеді.

            Ақша мен құндылықтардың сақталуын бақылау мақсатында әрбір  банк мекемесінде кассаның және қойманы  тексеру жүргізіледі.Тексеру міндетті тәртіпте және кенеттен жүргізілуі мүмкін. Міндетті тексеру әр тоқсанда бір рет және материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде жүргізіледі. Кенеттен тексеру шаруашылық ұйымның талабы бойынша, банк басшысының шешімі және жоғары тұрған мекеменің белгілеуі бойынша жүргізіледі.

Тексеру банк басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді және тексеру материалды жауапты тұлғалардың қатысуымен жүзеге асады. Тексеру қорытындысы бойынша акт толтырылады және жоғары тұрған мекемеге жылдық есеппен бірге ұсынылады. Егер міндетті  тексеру кезінде есеп формаларында ешқандай қателіктер табылмаса онда акт құрылмайды. Егер қателіктер табылса, нақты  ақша жетіспеушілігі кінәлі  тұлғаға жіберіледі және касса бойынша нақты ақша қалдығы азаяды.             Кінәлі тұлғадан міндеттеме алынады, онда қарыздың қандай жолмен және қандай мерзімде қайтарылатыны көрсетілуі керек. Жетіспеушілік сомасы кінәлі тұлғаның депозитінен, жалақысынан немесе ақшамен құйылуы мүмкін. Жетіспеушілікті толтыруға ақша түскенде:

    Д  1001 «Кассалық нақты ақша»

    Д 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

    К 1860 «Басқа да дебиторлар»

Ақша құндылықтарымен қатар құжаттар мен әртүрлі құндылықтардың нақты қалдығы тексеріледі.  Есеп берілгендерімен сәйкессіздігі баланстан тыс кіріс немесе шығыс ордерлері бойынша,  қайтару немесе кіріске алу тәртібімен реттеледі.

          Ақша түсінің инкассациялауымен екінші деңгейлі банктың келісімі бойныша Ұлттық Банк, ал шаруашылық ұйымдар  бойынша екінші деңгейлі банктер айналысады.

        Ақша қаржыларының инкассациясы нақты ақшаны сақтау мақсатында және шаруашылық ұйымының шотынан келесі жұмыс күнінің  басынан есептеу үшін жүргізіледі.

       Инкассациялау үшін банкпен шаруашылық ұйым арасында  келісім шарт жасалынады, онда инкассация бойынша қызметтерді төлеу шарты және т.б. көрсетіледі.

      Әр шаруашылық ұйымға ай сайын келу карточкасы жүргізіледі, онда түсімі өткізу шарты бойынша инассациялық сумканы алу  мерзімі, қандай уақытта және қандай сомада екендігі тіркеледі. Оны клиент  толтырады, сондай – ақ клиент инкассациялық түсім сомасына  жолдаушы ведомостің үш данасын толтырады.

     Инкассациялық сумкалар ақша түсімімен бірге қолхат бойынша кешкі кассаға, содан кейін қайта есептеу кассасына түседі. Қайта саналаған түсім операциялық касса кірісіне алынады да, клиенттің ағымды шотына жазылады:

                       Д – т 1001 «Кассалық нақты ақша»

К –т 2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»

Нақты ақшаны қайта санаудан кейін қаржы кассаға кірістелінеді:

                       Д – т 1001

    К – т 1870 «Басқа да транзиттік шоттар»

Егер қайта  санау кезінде жөнелтпе құжат берілгенінен қате табылса, онда жөнелтпе құжатқа акт толтырады және оныі қорытындысы клиентті таныстыру  қажет. Жетіспеушілік сомасы шаруашылық ұйымының шотынан өшіріледі:

Д – т 2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»

                       К –т 1870 «Басқа да транзиттік шоттар»

Қайта санау бойынша артық сомалар қосымша клиент шотына есептелінеді:

   Д – т 1870

   К –т 2203

Келісім шартқа сәйкес банк клиенттен нақты ақшаны инкассациялау бойынша шығындарды жабу үшін комиссиондық төлемдер алады:

Д – т 2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»

    К –т 1870 «Банктың басқа да комиссиондық кірістер»

 

Банк операцияларының журналы 5 мамыр 2006 ж.

Құжаттар аталуы және банк операцияларының қысқа мазмұны

Сомасы, мың теңге

Шот корреспонденциясы

дебет

кредит

1

№ 15090 чек еңбек ақыны төлеуге берлінген

1200

2203

1001

2

Нарықты ақшаға – клиенттердің саудалық күнделікті түсімі есеп айырысу шотына берліді

5400

1001

2203

3

Корреспонденттік шоттан көшірмесі:

1) клиент төлем тапсырма шығарылды

2) клиенттің есеп айырысу шотынан аударылды

3) банк аралық несие бойынша пайыз аударылған

 

 

800

 

 

900

 

130

 

 

2203

 

 

1052

 

1052

 

 

1052

 

 

2203

 

       4253

4

Несие бөлімінің бұйрығымен:

1)    клиент ссудасы бойынша процент белгілеуі мен есептеледі және төленеді

2)    ссуданы өтеу клиенттің есеп айрысу шотынан қарызын есептен шығарды

 

 

180

 

800

 

 

2203

 

2203

 

 

4052

 

1411

5

Кіріс кассалық ордер  жеке тұлғадан депозит салымы қабылданады

80

2854

1001

6

Шығыс кассалық ордер тез тозатын құндылығы аз заттарды есеп беруші тұлғаға қолдануға беріледі

160

1001

2211

7

Шығыс кассалық ордер және төлем ведомості банк жұмысшыларына еңбек ақы берілді

934

1854

1001

 

Шетел валютасымен жүргізілетін операциялардың есебі

Еліміздің экономикасының халықаралық экономикалық қатынастарға өтуіне валюталық операцияларды жүргізу қажеттілігі туындайды. Бұл  мақсаттар үшін мемлекет тіке және жанама әдістерді пайдаланады. Қазақстанда валюталық реттеу 80-жылдардың соңында басталды. 1996 жылы 14 сәуірде шыққан Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу» туралы заңы бойынша барлық заңды тұлғаларға шетел валютасын ішкі валюталық нарыққа белгілі бір тәртіпте,өкілетті банктер арқылы нарықтық курс бойынша сату және сатып алу құқы берілген. Бұл заң ҚР территориясындағы валюта операцияларын жүргізілуін реттейді. Заңда валюта операцияларын жүргізу  принциптері, валюталық реттеу органдарының қызметтерін, міндеттері мен құқықтары анықталған.

Валюта қатынастарының субъектілерін екі категория резиденттер және резидент еместер болып бөлінеді.

Резидентке жататындар:

  • ҚР тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар;
  • ҚР заңдарына сай құрылған, ҚР территориясында тұратын заңды тұлғалар;
  • ҚР территориясынан тыс жердегі ҚР дипломатиялық және басқа да ресми өкілдіктері.

Резидент еместерге жататындар:

  • ҚР территориясынан тыс жерде тұратындар, бірақ уақытша ҚР жүрген жеке тұлғалар;
  • Шетел мемлекетінің заңына сәйкес құрылған ҚР территориясынан тыс жерде тұратын заңды тұлғалар;
  • ҚР – дағы шетел дипломатиялық және басқа да өкілдіктері, халықаралық ұйымдар олардың филиалдары.

Валюталық реттеудің объектісі – валюталық құндылықтар мен жүргізілетін операциялар болып табылады. Валюталық құндылықтарға заң бойынша: шетел валютасындағы құнды қағаздар, төлем құжаттары вексель, чек, аккредетив ,қор құндылықтары акция, облигация құнды металдар – алтын, күміс, платина.

Валюта құндылықтарымен жүргізілетін операциялар екіге бөлінеді:

  1. ағымдық валюталық операциялар;
  2. капиталдың қозғалысымен байланысты операциялар;

Ағымдық валюталық операцияларға: ҚР – нан және ҚР – на шетел валютасын экспорт, импорт тауарлары атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша есеп айыру үшін аудару, қабылдау, дивиденттер, проценттерді, ҚР – нан аудару және қабылдау операциялары жатады.

Капиталдың қозғалысымен  байланысты операиялар;

  • тікелей инвестициялар, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталының салымдары;
  • портфельді инвестициялар, яғни құнды қағаз сатып алуы;
  • басқа да барлық ағымдық операцияларға жатпайтын операциялар жатады.

Валюта операцияларының жүргізілу тәртібі ҚР Ұлттық банктің нұсқаулары мен нормативтік құжаттармен белгіленеді.Резиденттер ағымдық валюталық операцияларды жүргізу үшін ішкі нарықтан шетел валюталарын сатып ала алады. Оларды ағымдық валюталық операцияларды жүргізуіне  шек қойылады. Ал капиталдың қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізу үшін Ұлттық банктен лицензия алу қажет.

Резидент еместерге кеден тәртібін сақтай отырып, валюталық құндылықтар әкелуге, қайта жіберуге шек қойылмайды. Ал ҚР валютасын қолдануларына Ұлттық банк бақылау жасайды, реттейді. Валюталық реттеу органдарында Ұлттық банк ҚР Үкіметі, өкілетті банктер жатады.

Өкілетті банк дегеніміз – валюталық операцияларды жүргізуге Ұлттық банктің лицензиясын алған банк.

Шетел валютасымен жүргізілетін операциялар күрделілігіне, тәуекеллікке байланысты бөлінеді:

-резиденттер мен резидент еместердің ағымдық валюталық шоттарын жүргізу;

         Лоро шоттары баланстық 2013 «Басқа банктердің кореспонденттік шоттары», 2022 «Шетелдік орталық банктердің корреспенденттік шоттары». Бұл шоттардың барлығы пассивті шоттар, мұнда корреспондеттік – банктерге тиесілі шетел валютасы есепке алынған. Жасалған төлем «Лоро» шоттарының дебетіне жазылыды. Ностро және   лоро шоттарының аналитикалық есебінде әр банк және валютаның түрі бойынша бет есептер (лицевой счет) ашылыды. Оперативті есебі барлық беп есептер бойынша арнаулы каточкаларды жүргізеді.

         Ностро және лоро шоттары бойынша корреспонденттік келісімдер белгіленген мерзімге корреспондет – банктер сыйақы сомасын есептейді. Өкілетті банктің пайдасының есептелген процеценттер сомасына:

         Дт 1052, 2052, Кт 4050 «Корреспонденттік шоттар бойынша проценттік кірістер», 4052 «Басқа банктердегі клрреспондеттік шоттар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер» бухгалтерлік жазуы беріледі.

Экпорт және импорт тауарлар бойынша халықаралық есеп айырысу тек банктер арқылы жүргізіледі. Сыртқы сауда мынадай есеп айырысу формаларына қолданылады: Банктік аударым нақтысыз түрде,, төлем тапсырмасы арқылы жүргізеді.  

1) Инкассо – экспортердің өзінің банкіне импортерден белгілі бір соманы алуға берген тапсырмасы.

 2) Құжатты аккредитив – банктің шартты ақшалай міндеттемесі.

3) Өкілетті банк қома-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуге лицензиясы бар жағдайда валюта айырбастау пунктің аша алады. Оның жабдықтауы Ұлттық банктің талабына сай болуы керек. Айырбастау пунктерінде мынадай операциялар жүргіледі:

-тенгеге шетел валютасын сату және сатып алу;

-шетел валютасындағы төлем құжаттарын теңгеге сату және сатып алу;

-шетелдік ақша белгілерін сараптауға қабылдау;

-бір мемлекеттің валютасын екінші бірмемлекеттің валютасына айырбастау;

         Айырбастау оператцияларын жүргізу кезінде өкілетті банк валютаның сату және сатып алу курсын жазбаша бұйрық беру арқылы бекітеді. Бір жұмыс күні ішінде валюта курсы өзгертілмеуі керек. Өкілетті банк айырбастау оператциалары жүргізу кезінде айырбастау пункттеріне шетел валютасын тенгемен қамтамасыз етеді. Бұл аванстық сомалар шығыс кассалық және шығыс валюталық ордерлер негізінде беріледі. Бұл операцияларға:

Айырбастау пункттінде берілген аванстық сомалар Дт 1003 «Айырбас бөліміндегі нақты ақшалар» Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»  бухгалтерлік жазу беріледі.

Айырбастау пунктер3ндег3 шетел валюталарын сатып алу және сату оператцияларын журнал реестрге тіркеледі. Журнал реестрдің барлық беттері нөмірлентен және банктің мөрі басылған болуы керек. Операциялар көп болған жағдайда әр валютаға жеке реестр ашылуы мүмкін. Реестр сатып алынға валютаны номиналды құны және нақты теңгемен берілген сомасы көрсетіледі. Айырбастау пунктерінде         

 кассалық аппарат болады, сол арқылы клиеттерге сматылған валюталарға чек (анықтама сетификат) беріледі.Жұмыс күні аяқталған соң барлық оператциялар бойынша соңғы қалдық есептелінеді. Касса қалдығы міндетті түрде әр жұмыс күннің соңында банк кассасына өткізеді. Сонымен қатар айырбастау пунктінің қызметкері есеп беру керек және жылдың соңғы жұмыс күні 1003 «Айырбас бөлімшелеріндегі нақты ақша» шоты жабылады.

         Касса қалдығы өткізу кезінде айырбастау пуктінің қызметкері авнстық есеп беруді реестрге негізінде екі дана етіп толтырады. Бір данасы кассада сақталады, екінші авнстық есеп беруші мен реесрлермен бірге сақталады.

         Банктің берген есепті срмасынан жоғары қайтарылған сомаға Дт 1001, Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша ұзын валюталық позициясы ».

Дт 1001 Кт1003 «Айырбастау пункіндегі нақты ақша» бухгалтерлік жазуы беріледі.

          Шетел валютасын тенгеге шаққанда өзгерісі курстық айырма деп аталады. Айырма көбею арқылы қалыптсса – оң, ал шетел валютасы тенгеге шаққанда төмен болса — теріс болып табылады. Курстық айырмалар 2870, 1870 «Басқада тронзиттік шоттарда есептелінеді». Айдың соңғы күнінде шот жабылады.

         Теріс кустық айырмаға Дт 5530 «Шетел валютасын сату және сатып алу бойынша жоғалтулар », Кт 1870 «Басқа транзиттік шоттар», ал оң курстық айырмаға Дт 1870, Кт 4604 «Банк қызметінің шетел валютасын сатып алуы бойынша комиссиондық кірістері» бухгалтерлік жазу беріледі.   

 

    1.4. Банктегi кiрiстер мен шығыстар есебi   

     Қаржылық  көрсеткiштердiң өзгеруiмен тiкелей байланысты қаржылық есеп берудiң негiзгi элементтерi кiрiстер мен шығыстар болып табылады. Қазақстан Республикасы  бухгалтерлiк есеп туралы заңында (26.12.1995ж.) “кiрiстер – бұл есептi жылдағы  активтердiң көбеюi немесе мiндеттемелердiң азаюы”, ал “шығыстар – бұл есептi кезеңдегi активтердiң азаюы немесе мiндеттемелердiң көбеюi” делiнген.  Яғни шығын шықпай кiрiс кiрмейдi. Ал нарықты экономика  жағдайында кез-келген шаруашылық субъектiсiнiң басты мақсаты табыс табу. Сонымен банктiң кiрiсi —  есептi кезеңдегi активтiң көбеюi немесе мiндеттеменiң азаюы арқылы банктiң қаржылық жағдайының жақсаруы, оның нәтижесiнде банктiк акционерлердiң қосымша жарналарының қоспағандағы меншiктi капитлы көбеедi.Банктiң кiрiсi теңгеде есептеледi және негiзгi қызметтен және негiзгi емес  қызметтен кiрiс болып бөлiнедi.

Банк кiрiстерiне мыналар жатады:

  1. Берiлген несиелерден, депозит, муининг т.б. операциялардан түскен проценттiк және комиссиондық түсiмдер;
  2. Құнды қағаз және шетел валютасын сату және сатып алудан түскен таза табыс (түсiм);
  3. Құнды қағаз бен шетел валютасын қайта бағалаудан түскен табыс;
  4. әртүрлi қызметтерден коммисиондық түсiмдерi;
  5. басқа да болжанбаған кiрiстер.

Банк кiрiстерiн есептеу үшiн бухгалтерлiк есеп шот жоспарының 4 класс шоттары қарастырылады. Есеп берiлген мерзiмнен бастап ай сайын проценттер есептеледi және төлеу мерзiмiне дейiн айдың соңында мынандай бухгалтерлiк жазу берiледi:

Дт 1730 “Басқа Банктерге берiлген несиелер бойынша есептелген кiрiстер”

Кт 4302 “Басқа Банктерге берiлген қысқа мерзiмдi несиелер бойынша проценттiк кiрiстер”

Есептелген проценттердi жабу үшiн ақшалай қаражаттар келiп түскенде

Дт 2203 “есеп-айыру шоты”

Кт 1730

Банк несие беру кезiнде комиссиондық кiрiстi ұстап қалады және оны есепке алу тәртiбi мынандай:

а) егер комиссиондық кiрiстiң мөлшерi банк балансына елеулi әсер ерпесе, оларды бiрден комиссиондық кiрiстер шотына жатқызуға болады:

Дт 2203, 1051

Кт 4349 “Несие бойынша комиссиондық сыйақы”

б) егер комиссиондық кiрiс банк балансына жатқызылды. Ай сайын комиссиондық сыйақыдан белгiлi бiр процент кiрiстер шотына жатқызылады:

Дт 2751

Кт 4349 “Несие бойынша комиссиондық сыйақы”

Құнды қағаздар мен шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кiрiстер бiрден есепке алынады және

Дт 1859   “Шетел валютасының теңгедегi бақлау құны”

Кт 4530 “Шетел валютасын сату, сатып алу және қайта бағалаудан кiрiстер” бухгалтерлiк жазуы берiледi.

Негiзгi құралдарды, МЕА, АБТТЗ, материалды сатудан түскен кiрiстер сатып алушыға меншiкке ие болу құқығы өткен сәттен бастап есептеледi.

Дт 1001, 2203

Кт 4852, 4853, 4854 “Негiзгi құралдар АБТВ материалды сатудан түскен түсiм”

Банктегi кiрiстер мен шығыстар есебiн дұрыс жүргiзу үшiн банктiң қызметiн реттейтiн кiрiстер мен шығыстар жоспары жасалады.

Банк шығысы – бұл активтердiң азаюы немесе қарыздардың көбеюi арқылы есептi кезеңдегi экономикалық табыстың төмендеуi.

Банк шығысы теңгеде есептеледi және есептеу принципi арқылы жүргiзiледi. Есептеу принципi дегенiмiз шығыстардың пайда болу сәтiнде мойындалуы.

Банк шығыстарына мыналар жатады:

  • алынған несие бойынша депозит, лизинг т.б. операцияларға проценттiк немесе комиссондық төлемдер;
  • құнды қағаздар мен шетел валютасын қайта бағалау шығындары;
  • шетел валютасы мен құнды қағаздарды сату мен сатып алудан болған шығындар;
  • басқа қызметтерге комиссиондық сыйақы төлеу;
  • банк активтерiн сатудан шеккен зиян;
  • есептi жылы анықталған өткен жылдың шығыстары;
  • амортизациялық аударымдар, еңбек ақы шығындары, әкiмшiлiк шығындар, салық;
  • басқа да болжанбаған шығыстар.

Әкiмшiлiк шығындар – бұл басқарумен және ұйымдастырумен байланысты шығындар.

Есептеу принципiне сай банктер ай сайын несиелер мен депозиттерге процен есептеп шығарады. Есептелген шығыстардың есебi 2700 “Есептелген проценттiк шығыстар” жүргiзiледi.

    Қаржы немесе қаржылық емес мекемеден алынған несие немесе депозит сомасына мынандай бухгалтерлiк жазу берiледi

Дт 1051, 2203

Кт 2054 “Басқа банктен алынған қысқа мерзiмдi несиелер”

Есептелген проценттер сомасына

Дт 5054 “Басқа банктерден алынған қысқа мерзiмдi несиелер бойынша  есептелген проценттiк шығыстар”

Кт 2705 “Банктерден алынған несиелер бойынша есептелген шығыстар”

Есептелген проценттердi төлеу сомасына

Дт 2705

Кт 1051, 2203 бухгалтерлiк жазуы берiледi.

  Құнды  қағаздар мен шетел валютасын қайта бағалау шығыстары есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi мойындалады

Дт 5530, 5510 “Құнды қағаздар мен шетел валютасын қайта бағалау, сату, сатып алу шығындары”

Кт 2859, 2730

   Айналымға шығарылған құнды қағаздарға проценттер ай сайын есептеледi және ол банк шығысына жатқызылады.

Дт 5250 “Шығарылған құнды қағаздар бойынша проценттiк шығыстар”

Кт  2250 “Есептелген бiрақ әлi төленбеген шығыстар”

Банктiң басқа да шығыстары оларды төлеу сәтiнде мойындалады. Қаржылық жылдың соңында кiрiстер мен шығыстар шоты жабылып пайда немесе зиян анықталады.

    Банк салық салынатын заңды тұлға болып табылады. Салықтар заңмен бекiтiлген мерзiмде теңгемен есептелiнiп, төленедi.

    Банк төлейтiн салықтар:

  • заңды тұлғалардың табыс салығы – 30%
  • жеке тұлғалардың табыс салығы – жылдық жиынтық табысқа байланысты есептелiнедi және 5%-тен жоғары
  • жер салығы
  • мүлiк салығы 1% қалдық құны
  • көлiк құралдарына салық жеңiл мен автобус жүк көлiктерiне – 9АЕК
  • заңды тұлғаларды тiркегенi үшiн алым
  • жеке қызмет түрiмен айналысқаны үшiн алым.

    Табыс салығытоқсан бойынша аванс ретiнде төленедi және оған мынандай бухгалтерлiк жазу берiледi:

Дт 5999 “Табыс салығы”

Кт 1857 “Салық бойынша есеп айырысулар”

     Табыс салығы мерзiмi ұзартылған немесе мерзiмiнен бұрын төленген болуы мүмкiн.

    Жалпы салық салу базасынан есептелген табыс салығы мен есептi жылдың салық салу базасынан есептелген табыс салығының арасында оң айырма мерзiмi ұзартылған табыс салығы болып табылады және басқа да пассивтер класындағы 2857 “Мерзiмi ұзартылған табыс салығы” шотында есептелiнедi. Дт 5999 “Табыс салығы”  Кт 2857, ал терiс айырма мерзiмiнен бұрын төленген табыс салығы болып табылады, оның есебi басқа да пассивтер класының 1857 “Мерзiмiнен бұрын төленген табыс салығы” шотында жүргiзiледi.

  Дт 1857

  Кт 4999 “Салыққа дейiнгi пайда”

Салық жылының соңында осы шоттар қайта бағаланад. Зиян сомасына

Дт 3599 “Бөлiнбеген табыс”

Кт 5999, 4999 бухгалтерлiк жазуы берiледi.

   Банктiң қаржы қызметiнiң көрсеткiштерiне келетiн болсақ (кесте №3), кестеден көрiп тұрғанымздай ККБ өте жоғары табыстарға қол жеткiзгенi көрiнiп тұр, бұл жерде таза проценттiк табыыс 2005 жылға қарағанда 2%-ке яғни (145 мың теңге) өсуi бұл клиенттерге қарыз беру пайызына және басқа банктерге берiлген қарыздар мен қаржылар пайызына байланысты болады. ал таза проценттiк емес кiрiс 71%-ке (2млн 759 мың теңгеге) өстi. Ол бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша таза кiрiске және шетел валютасымен жүгiзiлген операциялардан алынатын таза кiрiс  өсуiне байланысты болды.

 

“Казкоммерцбанк” ААҚ қаржы қызметiнiң

негiзгi көрсеткiштерi  2005-2006 ж.ж.

                                       кесте 3

Көрсеткiштер

Өткен жыл 2005ж

Ағымдағы жыл 2006ж

Ауытқу

(+;-)

Өсу қарқыны (%)

Проценттiк кiрiстер

12362

17536

+5174

141

Проценттiк шығыстар

(5763)

(7888)

+(2125)

136

Қарыздар бойынша, жоғалтулар резервтерiне дейiнгi таза проценттiк кiрiс

6599

9648

+3049

146

Ссудалар бойынша жоғалтулар резервтерi

(1334)

(4238)

+(2904)

317

Таза проценттiк кiрiс

5265

5410

+145

102

Бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша таза кiрiс

300

491

+191

163

Бағалы қағаздардың сауда портфелiн қайта бағлаудан алынған өткiзуден тыс кiрiс

 

905

 

1010

 

+105

 

 

111

Шетел валютасымен жүргiзiлген операциялардан алынатын таза кiрiс

 

482

 

730

 

 

+248

 

151

Бағамдық айырмашылықтардан болған таза өткiзуден тыс кiрiс

599

656

+57

109

Қызмет үшiн төлемдер мен алынған комиссиялық жиындар

2790

3850

+1060

137

Қызмет шiн төлемдер мен төленген комиссиялық жиындар

(1057)

(768)

-(289)

-72

Сатуға жарамды бағалы қағаздардан өткiзiлген пайда

7

(1)

-(6)

114

Сатуға жарамды бағалы қағаз-

дардан болған өткiзуден тыс зиян

 

(1471)

 

(54)

 

-(1417)

 

-3,6

Ассоцациялар бойынша дивиденттер

358

389

+31

10,8

Инвестициялар бойынша дивиденттер

135

38

-97

-28

Басқа да кiрiстер

816

283

-533

-34

Таза проценттiк емес кiрiс

3864

6623

+2759

171

Операциялық кiрiс

9129

12033

+2904

131

Операциялық шығындар

(5247)

(5940)

+(663)

112

Резервтердi құру және салық салуға дейiнгi табыс

3852

6093

+2241

158

Басқада операциялар бойынша жоғалтуларды қалпына келтiру (резервтер)

 

18

 

(526)

 

+(508)

 

2922

Салық салуға дейiнгi табыс

3870

5567

+1697

143

Өтеу (табыс салығы)

154

(278)

+(124)

180

Таза табыс

4024

5289

+1265

131

 

 

 

 

    1.5. Несие операцияларымен депозиттік операциялары

   II деңгейлi банктердiң қызметтерiнiң бiрi болып мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану принциптерi негiзiнде қарыз ұсыну болып табылады. Қарызшыға несие бұрын берiлген несие бойынша мерзiмi өткен берешегiболмаған жағдйда несиелiк ресурстардың бос қалдығы есебiнен берiледi.

   №170 шот жоспарына сәйкес, әр қарызшыға салалық белгi бойынша әрбiр несие түрiне сәйкес, жеке қарыз шоты ашылады. Сондықтан осы мәлiметтер аналитикалық есептiң материлдары болып табылады.

   Несиенiң қайтарылу мерзiмiн анықтау үшiн банкте 9921 “Қысқа мерзiмдi несие бойынша мiндеттеме” – деген шотта несиенi толық өшiру үшiн шұғыл мiндеттемелер ұсынылады. Несиенi қайтарудың кепiлi болып залог табылады, яғни тауар немесе ипотекалық келiсiм бойынша банкке берiлетiн мүлiк 9920-“Банктен алынатын кепiлдiк, залогтар” – шотында есепке алынады. Мiндеттi түрде мерзiмдi, мерзiмнен өткен және шектелген қарызды анықтау керек.

    Несиелiк келiсiм шартта көрсетiлетiн мерзiм iшiнде қысқа мерзiмдi қарыздар 1411-“Қысқа мерзiмдi несие” шотында есептелiнедi.

   Мерзiмi өткен қарыз, қарызшының қарыз қайтарып мерзiмi жеткенге және несиенi қайтару үшiн қаржысы болмаса пайда болады.

620 (1424) “Клиенттердiң қысқа мерзiмдi несие бойынша мерзiмi өткен қарызы” осы шотта  негiзгi несие бойынша белгiленген мерзiмнен 90 күнге кешiктiрiлген қарыздар есептелiнедi. Және мерзiмi бiткенде  шектелген болып табылады. Ол 624 (1424) “Шектелген қарыз” деген шотында есептелiнедi. Бұл шотта тағы да 90 күн есепке қойылады.

   Егер несие алу үшiн қажеттi құжаттарды қарастыру мерзiмiнен нақты несие ұсыну мерзiмi сәйкес келмесе мына шоттар ашылады:

6125 “Ұсынылған несиелер мен депозиттер бойынша болашақ талаптар”

6625 “Болашаққа депозиттер мен қарыздарды ұсынуы бойынша шартты мiндеттемелер”. Қабылданған кепiлдердiң есебi үшiн келесi шоттар ашылған:

6075 “Қабылданған кепiлдер бойынша мүмкiн талаптар”,

6575 “Қабылданған кепiлдер бойынша талаптардың азаю мүмкiндiктер”.

   Шұғыл  мiндеттеме банктiң қарызды өшiру үшiн қаржыны iздестiретiн құқын куәландыратын құжат ретiнде 9959 (7339) “Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар” деген шотында есептелiнедi.

    Несие ұсыну туралы барлық iс-құжаттар несие басқармада қалады. Ал операциялық бөлiмге өтiнiштiң бiр данасы берiледi. Өтiнiштiң  артқы бетiнде  берiлген несиенiң бағыты, несиенiң шифры көрсетiледi. Шұғыл мiндеттеме мен бiрге бекiтiм құжаты ұсынылады. Мұнда несие мен сыйақы сомасы есептесiп қарызы сомасына залог қабылданғаны туралы мiндеттеме көрсетiледi.

    Операциялық бөлiм бухгалтерi несие ұсыну туралы банк бастығының рұқсатын және несие сомасын шұғыл мiндеттеме сомасының сәйкестiгiн тексеру керек.

Несие ұсыну кезiнде:

      Дт – қарыз шоты

      Кт – ағымды шот, есеп айырысу чек кiтапшаларындағы корреспонденттiк шот.

   Шығын 9959

   Кiрiс 9920, 9921 (Залог, шұғыл мiндеттеме).

Жаңа шот жоспары бойынша:

   Дт – 1411

   Кт – 2203, 1051, 1350, 2221.

    Шығын 7339 (бiр теңге)

    Кiрiс 7339 (несие сомасына)

    Дт – 6075

    Кт – 6575.

    Егер өтiнiш алған кезде құжаттар 6125-6625 шотында есептелсе, онда осы шоттар жабылады:

Дт — 6625

Кт – 6125.

   Қарызды төлем тапсырысы бойынша, ағымдағы шоты бойынша бос ресурстар есебiнен несиенi мерзiмiнен бұрын жартылай несие толық қайтара алады, жартылай өшiрген кезде:

Дт – 2203

Кт – 1411

  Қарызшы мiндеттеме бойынша несие мерзiмi жеткенде, қарызды толық өшiру үшiн есеп айырысу шотында қаржының мерзiмi жеткенде қаржысының шотында қаржы жетiспесе, онда қарызшы шотында қалдық сомасына несие жартылай өшiрiледi, ал өшiрiлмеген бөлiгi мерзiмi өткен қарыз шотында ауыстырылады.

  Дт – 2203 бос қалдық сомасына

  Дт – 620 (1424) өшiрiлмеген бөлiгiне

  Кт – Қарыз шоты (1411) толық сомаға.

  Жартылай өшiру кезiнде мемориалдық ордер жазылады және артық бетiнде жартылай өшiрiлгендiгi туралы белгi қойылады.

  Ұлттық Банктiң талаптарына сәйкес несие бойынша мерзiмi өткен қарызы пайда болған кезде банктер шығын есебiнен болашақта өшiрiрiлмеген қарызды жабуға қор құруға тиiс:

Дт – 970 (5455)

Кт – 024 (1469)

024 (1469)  — “Резервтер” (банктiң қызметi бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар).

970 (5455) – “Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша арнайы резервтерге ассигнования ”

  Ағымды  шотқа қаржы түскен жағдайда және мерзiмi өткен қарызды толық өшiру кезiнде, мемориалдық ордер ретiнде шұғыл мiндеттеме қабылданады.

  Дт – 2203

  Кт – 620 (1424)

  Шығын 9920,9921 (7339).

  Егер 90 күн iшiнде қарыз өшiрiлмеген немесе мерзiмi ұзартылған несие бойынша қарызшының жағдайы нашар деп саналса, несие шектелген берешекке ауыстырылады және 624-шi шотта есептелiнедi.

Дт – 624 (1427)

КТ – 620 (1424)

   Егер 90 күн iшiнде шектелген берешек өшiрiлмесе, онда сенiмсiз несиенi өшiру провизия есебiнен болады:

   Дт – 024 (1469)

   Кт – 624 (1427)

   Кiрiс 9971 (7130) “Зиянға есептелген қарыздар”

   Баланстан тыс шоттар қарыздар 5 жыл iшiнде есептелiнедi және бұл уақытта несие бойынша сыйақы есептелiнбейдi. Егер көрсетiлген мерзiмде қарызшыдан қарыз қайтарылып алынса, онда қаржы провизия қорына жiберiледi:

Дт – ағымды шот (2203)

Кт – 024 (1469)

Шығын — 9971 (7130).

    Ұлттық Банктiң ережесiне сәйкес, II деңгейлi банктер өзiнiң бос ресурстарын есеп айырысу клиринг палатасына сатып өткiзуге бере алады. Клиринг палатасы делдал ретiнде сатушы және сатып алушы банктердiң белгiлi бiр төлем алады. Бұл шығындарды банктер 970 – аудару операциялары бойынша басқа банктер қызметiнде болған комиссиондық шығындар:

Дт – 970 (5601)

Кт – 161 (1051).

    Ұлттық Банкте комиссиондық шығындарды сыртқы корреспонденттiк шоттан өшiрiп, клиринг палатасында есеп айыру шотына аударады:

Дт – 161 (2011)

Кт – 2203.

  Егер бос ресурстарды сатып өткiзуге келiсiм жасалса, онда банк келесi күннен кешiктiрмей қаржыны өзiнiң корреспонденттiк шотынан, сатып алушы банктiң шотына аударуы тиiс. Банкаралық несие есебi үшiн келесi шоттар арналған:

1252 – Басқа банктерге орналастырылған қысқа мерзiмдi банкаралық несиелер мен депозиттер (бiр айдан кем емес).

1253 – Басқа орналастырылған қысқа мерзiмдi банкаралық несиелер мен депозиттер (мерзiмi бiр жылдан кем емес).

647 – (1252, 1253) “Ұсынылған қысқа мерзiмдi банкаралық несиелер”

Сатылған несиелiк ресурстардың сомасына:

Дт – 647 (1252, 1253)

Кт – 161 (1051)

   Банктiң корреспонденттiк шоты бойынша операциялар жүргiзу үшiн төлем тапсырмасы жазылып, Ұлттық Банкке тапсырылады:

Дт – 161 (2011) сатушының корреспонденттiк шоты

Кт – 161 (2011) сатып алушының корреспонденттiк шоты кодтар әртүрлi болады.

   Сатып алушы банкте алынған банкаралық несиенiң есебi үшiн пассивтi:

648 – “Алынған  банкаралық қысқа мерзiмдi несиелер”

2123 – “Басқа да банктердiң қысқа мерзiмдi депозиттерi” (бiр айдан аз)

2124 – “Басқа банктiң қысқа мерзiмдi банктаралық несиелерi мен депозиттерi” (бiр айдан аз)

шоты ашылған.

Дт – 161 (1051)

Кт – 648 (2123, 2124).

  Ұлттық Банк төменгi сыйақы көлемiмен, белгiлi бiр мақсаттарға қатаң бағытта орталықтандырылған несиелiк ресурстарды сатушы бола алды.

   Алынған орталықтандырылған несиелiк ресурстардың есебi үшiн, пассивтi 823 (2051) – “Ұлттық Банктен алынған несиелiк ресурстар” шоты ашылады:

Дт – 1051

Кт – 823 (2051).

  Сатып алушы банктерде банктiң аты, алынған несиенiң сомасы, сыйақы мөлшерi, сыйақы төлеу мерзiмi көрсетiлiп, журналда жүйеден тыс түпкiлiктi, нақты есеп жүргiзiледi.

   Егер сатушы банк келiсiмге сәйкес мерзiмiнде несиелiк ресурстарды аудармаса, онда одан қосымша өсiм-ақы ұсталынады. Ол активтi шотта есептелiнедi:

979 (5900) – “Төленген айып, өсiм-ақы, тұрақсыздық сомалары”

    Дт – 979 (5900)

    Кт – 161 (1051)

Сатып алушы банкте алынған қаржылар осы шотта есепке алынады:

    Дт – 161 (1051)

    Кт – 969 (4900)

   Бас банк мекемелерi өзiнiң филиалдарының өтiнiштерi бойынша орталықтандырылған мөлшер шегiнде сатып алынған несиелiк ресурстарды таратады және төлем тапсырысы арқылы аударылады. Төлем тапсырысында қандай қарау көздерi бойынша несие берiлгендерi, қайтару мерзiмi, сыйақы өлшемдерi және төлеу мерзiмдерi крсетiледi. Осы берiлгендер филиалдар бойынша арнайы журнал тiркеледi. Бас банк ресурстарды аударған кезде:

   Дт – 648, 823 (2123, 2124, 2051)

   Кт – 886 (2150).

   Филиалдарда iшкi корреспонденттiк шот көбейедi және жоғарыда көрсетiлген шотқа алынған несиелiк ресурстар бойынша қосады:

    Дт – 885 (1350)

    Кт – 648, 823 (2123, 2124, 2051).

    Филиалдарда бас банктен  алынған несиелiк ресурстар жеке журналда есептелiнедi, келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде алынған несиелiк ресурстар мен сыйақыларды қоса сатушы банкке қайтарады. Қайтару мерзiмiнде сатып алу кезiндегi өткiзбелерге керi өткiзбе құрылады.

      Егер  банкке несиенi мерзiмiнде өшiрмесе, онда 658 “Басқа банктерден алынған депозит пен несиелер бойынша банктiң мерзiмi ұзартылған берешектерi” шоты қойылады:

Дт – 658 (2058)

Кт – 648 (2123, 2124)

  Осы кезде сатушы банктен берiлген қысқа мерзiмдi несиенiң өшiрiлмеген сомасына:

657 (1306) – “Несие бойынша басқа банктердiң мерзiмi ұзартылған қарыздары” шотында жүргiзедi:

Дт – 657 (1306)

Кт – 647 (1252, 1253)

    Несиелiк ресурстарды пайдаланғаны үшiн сыйақылар есептеу және есепте көрсету тәртiбi.

    Несиелендiру принциптерiнiң бiрi ретiнде төлемдiлiк табылады. Ол банктiң қарызшыдан сыйақы iздестiрумен түсiндiрiледi.

    Сыйақы мөлшерi несиелiк келiсiм шартта көрсетiледi және iздестiру бойынша мерзiмi қарастырылады. Сыйақылар тұрақты және өзгермелi деп қарастырылады. Жеке тұлғаларға берiлген несие бойынша сыйақы ай сайын есептелiп белгiленедi. Ол заңды тұлғаға келiсiм шартта белгiленген мерзiмдербойынша есептелiнедi. Несиенi табуға қаржы түскенде ең алдымен сыйақыны iздестiру қажет, сонан соң берешек сомасы өшiруге жiберiледi. Егер есептеу мен iздестiру мерзiмi арасында үзiлiс болмаса, онда алынған қаржылар бiрден банк кiрiсiнде көрсетiледi.

    Мысалы, Болатовадан қысқа мерзiмдi несиенi өшiру үшiн 1000 теңге және есеп айыру мерзiмi үшiн сыйақы ретiнде 100 теңге түстi.

Дт – 031 (1001) 1000 тг.

Кт – 960 – 100 тг.

  Есептеу кезiңiне сәйкес кiрiстердi есептеу үшiн, төлемдердiң түсуiне байланысты қолданбалы шот жоспры бойынша 945 шот, жаңа шот жоспары бойынша келесi шоттар сәйкес келедi:

1730 – “Басқа банктерге ұсынылған несиелер бойынша қосылған кiрiстер”

1740 – “Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша қосылған кiрiстер”

   Несиенi пайдаланғаны үшiн сыйақылар қарыз шотындағы қарыз қалдығына байланысты есептелiнедi.

   Есеп айыру кезiнде әр ай отыз күн деп алынады және үш айдың соңғы он күнi есепте көрсетiлуi керек.

   әрбiр есеп айыру кезеңi үшiн пайыздық нөмiрi анықталынады, оны табу үшiн отыз күнгi теңге сомасындағы қарыз қалдығын жүз процентке бөлу керек. Есептелген сыйақы сомасы есепте былай бейнеленедi:

Дт – 945

Кт – 960.

Сыйақыны iздестiру кезiнде:

Дт – Қарыз шоты

Кт – 945.

  Аналитикалық есепте 960-шы шотқа кiрiс статьялары бойынша дербес шоттар ашылады, ал жоспар бойынша топтар үшiн жеке шоттар ашылады:

4300 – “Басқа банктерге ұсынылған несиелер мен аванстар бойынша сыйақы алумен байланысты кiрiстер”

4400 – “Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша сыйақы алумен байланысты кiрiстер”

   Егер қарызшы шотында есептелген  сыйақыларды iздестiруге қаржысы болмаса, онда инақталған берешек мерзiмi ұзартылған қарызшыға жiберiледi. Бұл кезде 629, 628 шоттар ашылады:

   Мерзiмi ұзартылған шотқа iздестiрiлмеген сыйақыларды енгiзгенде:

   Дт – 628, 629 (1424, 1427)

   Кт – 945.

   Мерзiмi ұзартылған сыйақы бойынша берешек өшiруге қаржы түскенде:

  Дт – ағымдағы шот, корреспонденттiк шот

  Кт – 628, 629.

   Есептелген мерзiмi ұзартылған сыйақылар сомасына баланстан өшiру банк кiрiсi есебiнен жүргiзiледi, яғни есептелген сыйақылар бойынша бастапқы жазбалар түзетiледi.

   Тиiстi сыйақы сомасы баланстан тыс 997 пайыздар бойынша зиянға есептелген қарыздар шоты жiберiледi:

Дт – 960

Кт – 628, 629

Кiрiс – 9972.

   Тоқсан күнге ұзартылған сыйақылардың айып сомасы бiрден баланстан тыс 9972-шотқа жiберiледi.

   Егер қарызшыдан барлық қарызды өшiру үшiн қаржы түссе, онда алынған сыйақы сомасына банкте кiрiс бөлiгi көбейедi және 9972 шот жабылады:

Дт – ағымды шот

Кт – 960

Шығын – 9972.

    Егер қарызшыдан сыйақылар несиенiң сомасын төлеуге несиелiк келiсiм шартта  көрсетiлген мерзiмiнен бұрын түссе, онда осы қаржылар 943 – “Болашаққа кезең кiрiстерi” шотында есептелiнедi.

     Ал жаңа шот жоспары бойынша 2750 – “Алдын-ала төленген кiрiстер”

Дт – Қарыз шоты

Кт – 943 (2750).

   Келiсiм шарт бойынша мерзiмi бiткенде 943 шот жабылады және банк кiрiсiне есептелiнедi:

Дт – 943 (2750)

Кт – 960.

    Тұтыну мақсатында берiлетiн ұзақ мерзiмдi несиенi ұстау және өшiру есебi.

    Тұрғын үй құрылысын жүргiзу және сатып алу мақсатында, екiншi деңгейлi банктер жеке тұлғалардың олардың ұсынған жылжымайтын мүлiктер залогты есебiне ұзақ мерзiмдерi мен ұсталынатын сыйақы мөлшерi әр банк басқармаларының бекiтуi бойынша еркiн белгiленедi. Банк есебiне алу үшiн ұзақ мерзiмдi несиелер бойынша төмендегi шот түрлерi белгiленген.

    Қолданбалы шот жоспары бойынша:

778 – “Азаматтарға берiлген ұзақ мерзiмдi қарыздар”

718 – “мерзiмi ұзартылған қарыздар”.

   Енгiзiлген шот жоспары бойынша:

1414 – “Клиенттерге ұсынылған орта мерзiмдi несиелер”

1417 – “Клиентерге ұсынылған ұзақ мерзiмдi қарыздар”

1424 – “Несиелер бойынша клиенттердiң мерзiмi ұзартылған берешектерi”

9941 – “Ұзақ мерзiмдi қарыздар бойынша мiндеттемелер”

7339 – “Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар”

   Аналитикалық есепте несие бойынша берешектердiң есебi үшiн дербес шоттар ашылған, олар жетi санмен белгiленедi.

1-сан несиенiң мақсатты бағытын анықтау үшiн “бiрлiк” 1-болса, тұрғын үй сатып алу үшiн “екiлiк” 2-болса, тұрғын үй құрылысы үшiн келесi 4 сан қарыз шотының нөмiрi, 6-сан кiлттi бiлдiредi, соңғы екi сан дербес беттiң қатаң нөмiрi.

   Қарыз алу үшiн қарызшы жинақ шотта белгiленген мөлшерде қаржы жинауы тиiс.

    Несиелiк келiсiм шарт жасалғанда берiлген несие сомасы нөмiрi 711 (2211) шотқа аударылады:

Дт – 778 (1414, 1417)

Кт – 711 (2211)

Кiрiс – 9941 (7339).

    Мысалы, нақты ақшамен қарыз берген кезде “Тұрғын үй құрылыс банкi” қарызшыдан нақты ақшаны инкассацияланғаны үшiн 3% косиммиондық төлем iздестiредi:

Дт – 711 (2211)

Кт – 960 (4608) 3% комиссиондық төлем

Кт – 031 (1001) айырмаға.

    Жасалған келiсiм шартқа сәйкес қарызшы ай сайын нақты ақшамен белгiленген айтаруға мiндеттi сомаға:

Дт – 031 (1001)

Кт – 960 (4414, 4417)

Кт – 778 (1414, 1417).

     Берешек қалдығы теңгенiң долларға ауысу курсына есептеледi. Егер ай аяғында берешек өшiрiлмесе, онда келесi айдың 10-күнiнен кешiктiрiлмей iздестiрiлетiн берешек мерзiмi ұзартылған қарыз шотына жiберiледi:

Дт – 718 (1424)

Кт – 778 (1414, 1417).

    Қарызшыдан барлық қарызын толық қайтаруға нақты ақша түскенде шұғыл мiндеттеме қолданылады:

Дт – 031 (1001)

Кт – 718 (1424)

Кт – 778 (1414, 1417)

Шығын – 9941 (7339).

   Лизинг операцияларының бухгалтерлiк есебi.

   Лизинг компаниясы мен жалға алушы арасында жал мерзiмi шарттары, төлемдерi, айып санкциялары және келiсiмдi бұзу жағдайлары көрсетiле отырылып, лизингтiк мәмле жасалынады. Жал бойынша төлем ай сайын немесе тоқсан сайын төленедi. Жалдық төлем көлемiне мыналар әсер етедi:

  • негiзгi құралдардың құны;
  • жарамдылық мерзiмi;
  • жал мерзiмi;
  • жалдың шарттары.

     Лизингтiк келiсiмнiң орындалуы үшiн банкте негiзгi құралдар болуы керек. Олар жаңа шот жоспары бойынша бiрiншi класта ашылған 1656 шотта есептелiнедi.

1656 – “Жалға беруге арналған негiзгi құраладар”.

    Қолданылып жүрген шот жоспары бойынша бұл құралдар 924 шотта есептелiнедi. Дебетi бойынша жалға беру үшiн филиалдар мен басқа да банктерден алынған негiзгi құралдардың құны, кредитi бойынша басқа банктерге берiлген немесе жолданған, сондай-ақ тозған негiзгi құралдардың құны көрсетiледi.

924 – “Жалға беруге арналған машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар”.

    Қолданылып жүрген шот жоспары бойынша шаруашылық ұйымдарға жалға берiлген машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық және басқа да құралдармен есеп айырулар лизинг келiсiм бойынша баланстық 904 шот жүргiзiледi.

     Осы шоттың дебетi бойынша лизингтiк келiсiмге сәйкес арендатордан ұсталынатын төлем сомасы 960 шот корреспонденциясымен өткiзiледi.

     Кредитi бойынша жалға алушылардан алынған жалдық төлемнiң сомасы көрсетiледi.

     Банк мүлiктi жалға алушыға тапсырғаннан кейiн оның қнының есебiн баланстан тыс 9924 шотта жүргiзедi.

    Шоттың кiрiсi бойынша жасалған келiсiм шарт негiзiнде жалға берiлген материлады құндылықтардың сомасы есептелiнедi. Шығысы бойынша лизинг келiсiм шарттың мерзiмi бiткеннен кейiн арендаторлармен қайтарылып берiлген материалды құндылықтардың құнының сомасы есептелiнедi.

    Аналитикалық есепте әрбiр лизинг келiсiм- шарт бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

    Есеп корточкасында екi жаққа да керектi құрал-жабдықтарды жеткiзу күнi, оның өзiндiк құны, айлық амортизациялық мөлшерi, құрал-жабдықтардың орналасқан жерi және басқа да мәлiметтер туралы жазу жүргiзiледi.

   Жаңа шот жоспары бойынша лизингтiк есеп айырулар баланстан тыс 7110 шотта есептелiнедi.

7110 – “Жалға берiлген машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық және басқа да құралдар”.

    Кiрiс бойынша жазбалар жалға берiлген негiзгi құралдардың және негiзгi құраладр қайтарылғанда 7110 шот азаяды, яғни шығынға шығарылады.

   Негiзгi құраладарды  қолдану бойынша оның иесi тозу құнын аударады және бұл кезде амортизациялық қор құрылады.

   Есеп беру күнiнде негiзгi құралдардың баланста көрсетiлуi үшiн тозу қоры қалдық құны активтi 696 шотта есептелiнедi. Амортизацияларды аудару банктiң шығыны есебiнен 5785 шот бойынша жүргiзiледi.

1696 – “Жалға беруге негiзгi құралдар бойынша есептелген амортизация”

5785 – “Жалға беруге негiзделген құралдар бойынша амортизациялық аударулар”.

    Амортизацияны аудару кезiнде:

  Дт – 5785

  Кт – 1669.

  Жалға алушы келiсiм шартқа сәйкес негiзгi құралдарды қалдық құны бойынша сатып ала алады. Ол 1656 шот бойынша баланстық құн және 1696 шот бойынша тозу құны басындағы айырмашылық ретiнде анықталады. Негiзгi құралды сату бойынша  1696 шот бойынша құрылған тозу қорының есебiнен 1656 шот бойынша қалдық азаяды, ал айырмасы жалға алушының ағымды шотынан өшiрiледi:

Дт – 1696 тозу сомасына

Дт – 2203

Кт – 1656.

   Бiр уақытта сатып алудан алынған құралдардың сомасына сәйкес iшкi корреспонденттiк шот көбейедi және қаржылар банктiң 4852 – “негiзгi құралдарды сатып өткiзуден түсiмдер” шотына аударылады.

Дт – 1051

Кт – 4852.

    Басқа да кiрiстер сияқты 4920 – “Басқа да кiрiстер” шотына аударылатын белгiленген мерзiмге сәйкес негiзгi құралдардың есебiнен жалдық төлем аударылуға мiндеттi.

Дт – 2203

Кт – 4920.

    Егер жалға берушi қаржыларды белгiленген мерзiмiнен бұрын аударса, онда олар мерзiмi жеткенше 2750 – “Алдын ала төленген кiрiс” шотына жатқызылады.

   Төлем мерзiмi жеткеннен кейiн алдын-ала төлем шоты жабылады және 4920 шотқа аударылады:

Дт – 2750

Кт – 4920.

   Егер жалға алушы келiсiм шарттың шарттарын бұзатын болса, онда одан қосымша айып алынады. Ол 4900 – “Айып, өсiмақы, тұрақсыздық сомасы” шоты есептелiнедi.

Дт – 2203

Кт – 4900.

    Егер жалға алушы басқа банктiң клиентi болса, онда оның жалға алу бойынша қарызы 1860 – “Басқа дебеторлар” шотына жатқызылады:

Дт – 1860

Кт – 4920.

   Жалға алушыдан қаржы түскенде дебеторлар шот жабылады:

Дт – 1051

Кт – 1860.

    Талап ету аманаты бойынша операциялар есебi.

   Жеке тұлғалардың аманаттары мен депозиттерiнiң есебi банктiң балансынан қолданылып жүрген шот жоспары бойынша пассивтi 711 шотта жүргiзiледi:

711 – “Азаматтардың аманаттары”

жаңа шот жоспары бойынша:

2211 – “Клиенттердiң талап ету депозиттерi” шотында жүргiзiледi.

Казкоммерц банкiде қаржылар келесi аманаттар тартылады:

  • талап ету аманаты;
  • шұғыл аманаттар (белгiлi мерзiмге қабылданған).

Клиенттерге депозит немесе аманаттар бойынша шот ашу кезiнде клиент

бастапқы кiрiс ордер толтырады жәнекелiсiм шарт құрады. Егер аманат операциялары ЭЕМ-да толтырылса, онда дербес шот ашылмайды. Ал егер аманат операциялары қолдан толтырылса, онда дербес шот ашылып, алфавиттiк карточка құрылады.

   Алғашқы немесе қосымша аманаттарды қабылдау кезiнде кiрiс ордерi бойынша келесi өткiзбе құрылады:

Дт – 031 (1001)

Кт – 711 (2211).

Шығыс 9959 (7339) “Басқа да құндылықтар мен құжаттар”

   Алғашқы жарна кезiнде яғни аманатқа шот ашу кезiнде клиентке аманат кiтапшасы берiледi.

  Есеп бойынша өшiрiлген аманат кiтапшасы шығын бойынша 7339 баланстан тыс шотта бейнеленедi.

  Қосымша жарна түскен кезде:

  Дт – 031 (1001)

  Кт – 711 (2112)

  Шығыс ордерi бойынша аманатшылардың шотынан нақты мен сома берiлген кезде:

   Дт – 711 (2112)

   Кт – 031 (1001).

   Шұғыл аманат бойынша операциялар есебi.

    Шұғыл аманат және депозиттер сомасы банк балансында пассивтi келесi шоттарда есептелiнедi:

2215 – “Клиенттердiң қысқа мерзiмдi депозиттерi”

2217 – “Клиенттердiң орта мерзiмдi депозиттерi”

2219 – “Клиенттердiң ұзақ мерзiмдi депозиттерi”

2221 – “Клиенттердiң арнайы депозиттерi”

2223 – “Депозит-клиент кепiлi”

   осы шоттардың кредитi бойынша аманаттарға түскен сомалар, сонымен қатар қосылған сыйақы сомалары көрсетiледi. Дебетi бойынша  берiлген немесе өшiрiлген сомалар көрсетiледi.

  Шұғыл аманатқа нақты ақша қабылданған кезде:

Дт – 031 (1001)

Кт – 2215, 2217, 2219

   Талап ету аманатынан шұғыл аманатқа аудару дебеторлар және кредиторлар шоты арқылы жүргiзiледi, талап ету аманаты жабылған кезде:

Дт – 711 (2211)

Кт – 904 (2850)

   Шұғыл аманатына аударғанк кезде  904-шi шот жабылады және 759-шы шотқа аударылады:

Дт – 904 (2850)

Кт – 759 (2215, 2217, 2219, 2221, 2223)

Шұғыл аманат шотына қосымша жарна қабылданған кезде:

Дт – 2215, 2217

Кт – 1001

    Шұғыл аманаттар немесе депозиттер шоттарының жабылуы немесе келiсiм шарттың аяқталуы бойынша сыйақы сомасын аудару кезiнде:

Дт 5215 “Клиенттердiң қысқа мерзiмдi депозиттерi бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындар”

5217 “Клиенттердiң орта мерзiмдi депозиттерi бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындар”

5219 “Клиентердiң ұзақ мерзiмдi депозиттерi бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындар”

Кт – 2215, 2217, 2219, 2221, 2223.

    Аманат операциялары бойынша аналитикалық есеп арнайы карточкада орналастырылған құжаттарды түпнұсқасы бойынша жүргiзiледi.

    Соңғы жылдардың жалпы тендецияларының бiрi – клиенттердiң несиелендiру мерзiмiн ұзарту. 2006 жылы аяғында 2005 жылмен салыстырғанда, мерзiмi 5 жылдан жоғары қарыздардың үлесi 8,7 % -тен 10,3%-ке  дейiн жоғарылады.

 

Клиентердiң депозиттерi

                                                                                             120 000

                                                                         90 000

                                                     60 000

                            30 000

 

               0

 

   Клиенттiк депозиттердiң өсуi жеке тұлғалардың депозиттерiнiң қарқынды өсуiмен ерекшеленедi (заңды тұлғалардың депозиттерiнiң өсуiмен салыстырғанда 3,5 есе 57,8%-ке өскен), нәтижесiнде жеке тұлғалардың үлесi 2006 жылда 23,2%-тен 39,8%-ке өскен. 2006 жылдың 31 қаңтарында депозиттер құрылымында  жедел депозиттердiң үлес салмағы 2005 жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 53,5%- тен 68,1-ке өскен. Депозиттердiң валютасы үлес салмағы 2005 жылмен салыстырғанда клиент шотына валюталық түсiмдердiң артуына байланысты 72-тен 76,9%-ке артқан. Клиенттер депозиттерiнiң құны Қазақстан нарығында қалыптасқан орташа құнға сәйкес келедi және ККБ iшкi нарықты тарту мақсатында клиенттер депозитi бойынша бәсекелi нарық жағдайын құрып отыр. Мұндай саясаттың нәтижесiнде 2006 жылы жедел депозиттер 2,6 есе артқан, соның iшiнде жеке тұлғалардың 3,8 есе. Бұл банктерге деген сенiмнiң артуына және клиенттерге сапалы қызмет көрсетуiне алып келедi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      II. Деңгейлi банкте аудит пен бақылау жүргiзу

 

      2.1. Құжаттау, құжат айналымы және iшкi банктiк бақылау

     Банк операциясын құжаттау, есеп ақша құжаттарының түрлерi.

    Құжатар-жүргiзiлуi шаруашылық операцияларға заңды күш беретiн жазбаша куәлiк болып табылады. Құжаттау есеп ақпаратының басы және банк қызметiн тұтас үздiксiз көрiнiсiмен қамтамасыз етедi. Құжат дұрыс, ешқандай түзетусiз тапсырылуы керек. Құжаттарда тиiстi реквизиттер және оған заңды күш беретiн көрсеткiштер болуы керек. Оған мыналар жатады:

  • құжат атауы;
  • банк мекемесiнiң қызметiн пайдаланатын мекемелер;
  • төлеушiлер мен алушылардың аттары мен тұрғылықты жерi;
  • банктегi шот нөмiрi;
  • төлем түрi;
  • операция сомасы;
  • жауапты тұлғалар мен клиенттердiң қолдары және олардың мөрiнiң көшiрмесi.

Барлық құжаттарда бухгалтерлiк жазба негiзiнде копировка болуы қажет,

балансты және баланстан тыс дербес шоттар бойынша сомалары көрсетiлуi керек. Банктiң есеп кассалық, несиелiк және тағы басқа операциялары бухгалтерлiк есеп жүйесiнде ақша есеп құжаттары негiзiнде бейнеленедi. Бұл құжаттар банкке шаруашылық мекемелерден, ұйымдардан және басқа да банктерден келiп түседi. Сондай-ақ құжаттарды банктердiң өздерi құрады. Бұл қжаттардың жиынтығы банктiк құжаттар деп аталады. Құжаттар былай бөлiнедi:

  • банктiк;
  • клиенттiк.

   Банкте құрылатын құжаттарға мыналар жатады:

  1. банкаралық есеп айыру бойынша дебеттiк және кредиттiк тапсырма;
  2. мемориалды және кассалық ордер;
  3. қарыз шоты бойынша несиенiң қамтылуын талдау нәтижесi бойынша несие бөлiмiнiң өкiмi,
  4. есеп айыру құжаттарын төлеу үшiн несие беру туралы өкiм.

Клиенттiк құжаттарға мыналар жатады:

  1. төлем тапсырмасы;
  2. төлем талап-тапсырмасы;
  3. қолма-қол жарнама, хабарлама.

Банкаралық есеп айыру бойынша дебеттiк және кредиттiк тапсырыс

операцияларының орындалғаны туралы, содай-ақ басқа қаланың есеп айыруын толтыоу кезiндегi бiр банктiң екiншi банкке хабарламасы ретiнде қолданылады.

     Мемориалды  ордер-төлем тапсырмасын бөлiп төлеген кездегi операцияны толтыру үшiн қолданылады. Ақшаны босату және қабылдау операциясы кезiнде толтырылатын кассалық ордердер кiрiс және шығыс бойынша бөлiнедi.

     Кiрiс кассалық ордерге мыналар жатады:

  • қолма-қол жарнаға хабарлама;
  • кiрiс кассалық ордер;
  • ақша қабылдау бойынша түбiртек.

Шығыс кассалық ордерге мыналар жатады:

  • ақшалай чек;
  • iшкi баннк операцияларын жүргiзу кезiнде қолданылатын шығыс кассалық ордер.

Бухгалтерлiк    жазбаларды    қысқарту   мақсатында      операцияларының

сипатына байланысты құрама құжаттар қалдырылады. Бұл құжатарда бiрнеше операциялар бiрiктiрiлiп көрсетiледi. Оған жататындар:

  • құрама төлем тапсырысы;
  • құрама ордерлер.

Баланстан   тыс   құжаттарға   кiрiс  және  шығыс  баланстан  тыс ордерлер

жатады. Бұл құжаттарда құндылықтардың, қатаң есеп бланкiлерiнiң, бухгалтерия және кассадағы құжаттардың қабылдануы мен берiлуi көрсетiледi.

     Банк   операциясын   жүргiзуге  негiз  болатын  барлық  кассалық  және

мемориалды ордерлерге  оларды тексерген және толтырған бланктерде жауапты тұлғалардың қолдары болуы керек:

  1. қосымша тексерудi қажет етпейтiн құжаттарда жауапты орындаушының бiреуiнiң ғана қолының болу да жеткiлiктi;
  2. клиенттерден келiп түсетiн құжаттар формальды және мәнi жағынан тексерiледi.

Формальды жағынан бухгалтер мыналарды тексередi:

  • реквезиттердiң толықтығын;
  • клиентердiң қолы мен мөрiнiң дұрыстығын;
  • алғашқы және соңғы даналарда ешқандай айырмашылық жоқ екендiгiн.

Мәнi жағынан тексергенде:

  • құжат қай шоттан төленуi тиiс екендiгiн;
  • шотта құжатты төлеуге қаржы бар екендiгiн;
  • қол үлгiсiнiң карточкасы бойынша құжаттарға кiмнiң қол қойғанын;
  • құжаттың мерзiмiн.

    Ақшалай чек  бойынша шаруашылық ұйымдар ақша алғанда, шаруашылық жауапты тұлғасының төл құжаты тексерiледi. Жұмыс күнiн және құжат айналымын ұйымдастыру, банктiң iшкi бақылауын жүргiзу.

   Есеп операция қызметкерлерiнiң жұмыс күнiн ұйымдастыру, келiп түскен есеп ақша құжаттарын толтырып, бухгалтерлiк есепте балансты және баланстан тыс шоттар  бойынша күнделiктi баланс құрумен уақытылы қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.

     Банктерде жұмыс күнiн құжа айналымын ұйымдастыруға мынандай негiзгi талаптар қойылады:

  • барлық есеп ақша құжаттары шоттар бойынша бухгалтерлiк есепте сол күнi бейнеленуi тиiс;
  • операция күнiнiң соңына келiп түскен құжаттар тәртiп бойынша жүргiзiледi.

    Банктiң жұмыс күнiнiң операциялық және операциялық емес болып бөлiнуiне байланысты операция күнiнiң барысында клиентерден қабылданған есеп ақша құжаттары тiкелей есеп операция қызметкерлерiмен жүргiзiледi. Операциялық емес уақытта құжаттар банкке тiкелей жауапты орындаушылармен немесе арнайы жәшiктерге салынған күйде тапсырылады. Бұл жәшiктерден құжаттар сағатына бiр рет алынып тұрады. әрбiр банкке операция салмағын реттеу үшiн банкке айтарлықтай көлемде құжат әкелетiн негiзгi клиенттерден құжаттарды қабылдау кестесi құрылады. Жкее тұлғалардың, аманатшылардың, зейнеткерлердiң, азаматтардың есеп және кассалық операциялар операция күнi барысында жаупты орындаушылармен жүргiзiледi. Құжаттардан ақпараттарды өңдеу орталығына беру операциялық  күн барысында жүргiзiледi және жұмыс күнiнiң аяқталуына 2-3 сағат қалғанда  аяқталуы тиiс. өңдеуге берiлетiн құжаттар балансты шоттар тәртiбi бойынша . Әрбiр банкте клиенттерге есеп  кассалық қызмет көрсету уақыты, аралығы және құжаттардың барлық өлшемдерi бойынша көрсетiлген құжат айналымының кестесi құрылады. Бұл кестенi бас бухгалтер  жасайды және банк басшысы бекiтедi.

    Банк қызметiн бақылау бойынша операциялар  жиынтығы iшкi банктiк бақылау деп аталады. Iшкi банктiк бақылаудың үш түрi бар:

  1. алдын-ала бақылау;
  2. ағымды бақылау;
  3. кейiнгi бақылау.

    Алдын-ала бақылау-операция орындалғанға дейiн жүргiзiледi. Онымен банк басшысы, несие бөлiмiнiң қызметкерi, ал бөлек операция түрiмен бас бухгалтер айналысады. Мысалы, облыстық Ұлттық банктiң жетекшiсi операцияны қолдану мүмкiндiгiн анықтайды және ақша эмиссиясын жүргiзуге рұқсат бередi. Бас бухгалтер клиенттiң ағымды шоттарын ашу үшiн құрылған құжаттарды тексередi.

  Ағымды   бақылай —  операцияны   жүргiзу  кезiнде,  операциялдық  күн

барысында жүргiзiледi. Оған жататындар мыналар:

  1. құжаттарды формальды және мәнi жағынан тексеру;
  2. клиенттiң дербес шоты бойынша құжаттағы жазбаларды тексеру, аналитикалық және синтетикалық есептiң материалдарын салыстыру;
  3. бөлшек операциялар бойынша ағымды бақылауды бас бухгалтер немесе оның орынбасары жүргiзедi.

    Кейiнгi бақылау жүргiзiлетiн операция  бойынша есептiң дұрыстығын және сәйкес құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеру болып табылады. Операцияны жүргiзу тәртiбi және бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуi бойынша қателiктердiң жiберiлу себептерiн анықтау керек. Бұл бақылауды кейiнгi бақылау инспекторы, бас бухгалтер және оның орынбасары жүргiзедi. Бұл бақылау  жоспарға сәйкес тоқсанда бiр рет жүргiзiледi. Тексеру нәтижесi анықталған толтырылуы тиiс. Банк басшысы анықтаманы  алған соң бес күн iшiнде қарап шығып, жетiспеушiлiктердi нәтижесiнде пайда болған жетiспеушiлiктердi жояды және  бақылауды жүргiзуi тиiс. Қажет болған жағдайда тексерудi ұйымдастырады.

 

2.2. Банктiк бақылау

    Банктiк бақылаудың мақсаты банк iс-әрекетiнiң нәтижесiн сапалы және санды түрде бағалау болып табылады. Банктiк бақылау банк iс-әрекетiнiң көптеген жақтарын талдау, есептеу, тексеру арқылы жүзеге асырылады. Ссудалық операцияларды  бақылау банктiң негiзгi есебi несие басқаруын бақылау болып табылады. Несиенi сапалы түрде басқару несие проблемасын шектейдi, алайда сапалы несиелер кей-кезде тиiмсiз жұмыс iстеу барысында проблема туғызуы мүмкiн. Банк мекемесiмен бақылау әдiсi қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы оперативтi және тура ақпарат алу үшiн пайдаланылады. Осыған байланысты қарыз алушының мiндеттеменi қай уақытта және қалай өтейтiнi байқалады.

     Жылына бiр рет банк мекемесi несиелiк тексеру өткiзедi, яғни клиенттерге қарым-қатынастарын қайта қарастыру үшiн. Практикада бұл жұмыспен несие бөлiмiнiң маманы айналысады. Бұл процессте белгiленген маман клиенттiң қаржылық жағдайын тұтастай анықтайды. Мұндай процестер нәтижесiнде банк мекемесi клиент жайлы ақпаратты бiлiп алып, онымен ары қарай  келiсiм шартта керек пе, әлде жоқ па екенiн бiледi.

    Клиенттер туралы толық ақпаратқа ие болу, банк үшiн болашақта сенiмдi клиенттермен қарым-қатынас сақтауды көрсетедi.

   Банктер үстiнен жасалатын бақылау мен қадағалауды халықаралық, мемлекеттiк, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

   Республикада банктер үстiнен халықаралық бақылауды Дүниежүзiлiк банк; Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелерi мен экономикасын нарыққа көшiру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгiлi бiр шекке төмендеу, банктiк реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегi экономикалық жағдайдың дауымен бiрге банктi жүйенiң жұмысы мен жеке банктердiң қызметiн де бақылап отырады.

    Мемлекеттiк бақылау ведомоствадан тыс және iшкi ведомоствалық болады.

    Банктер үстiнен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитетi, Жоғарғы Кеңестiк бақылау палатасы, бас салық инспекциясы құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.

      Олар банктiк қызметтi әртүрi бағыттар бойынша тексередi: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудiң жағдайын, заңдылық және нормативтiк талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерiнiң қорғалуы, ақша-несие  саясатының дұрыс жүргiзiлуi және т.б.

      Банктер қызметiне қадағлау және iшкi ведомоствалық бақылауды банк жүйесiнiң жоғарға буыны – Ұлттық банк өзiнiң Қадағалау департаментi арқылы жүзеге асырады. Бақылау қызметi туралы VI тарауда толығырақ берiлген.

    Iшкi аудит жетекшi бақылау формасын бiлдiредi. Және оны жүзеге асыру үшiн банкте арнайы iшкi бақылау бөлiмi құрылады. Оның негiзгi мiндетi: бөлiмшелерге берiлген банк жетекшiлерiнiң нұсқауларын дұрыс орындалғанына, банктiк қызмет және оның жеке қызмет пен бөлiмдерiнiң әлсiз жерлерiн анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтардың сақталу қауiпсiздiгiн тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.

    Банк қызметiне құрылтайшылық бақылау бiрнеше формада жүргiзiледi: басқарма қызметiне бақылау кеңесiнiң жүргiзетiн; ревизиялық комиссия; акционерлердiң бақылауы.

   Акционерлер  банк жетекшiсiмен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметiнiң нәтижелерi жайлы қажеттi мәлiметтердi алуға, қорытындыланатын банк қызметiне тiкелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердiң жиналысында жариялайды.

    Бақылау жүргiзу үшiн акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.

 

       2.3. Банктiң iшкi бақылауы

     банктiң iшкi бақылауы операциялардың, яғни ТМҚ-дың ақшалай қаржылардың заңдылығын, сақтылығын жүргiзедi. Банктiң iшкi бақылауын жүргiзетiн операциялар бойынша ағымды және кезектi болып бөлiнедi. Ағымдағы бақылау-құжаттардың дұрыс толтырылуын, операциялардың заңдылығына байланысты құруына құжат айналымының дұрыс жүргiзiлiн қамтамасыз етедi. Ол операцияларды iс жүзiне асыратындар: жауапты тұлғалар, бухгалтерлер, бөлiм басшылары тек бақылау бөлiмдерi. Мысалы, ақшалай қаржыларға жауапты тұлғалар клиенттiң есеп айырысу шотындағы ақшалай қаржылардың құжаттарын, ақшалай қаражаттардың қолма-қол мақсатты түрде қолданылуын, олардың дұрыс толтырылуын тексередi. Алушының есеп айырысу шотына ақшаларды аударғанда, жауапты тұлға құжаттың нақты көшiрмелерiн, банк қызметкерлерiнiң қолдарын тексередi. әсiресе азаматтың жинақ банкiлерiне аударған ақшалай қаражаттарының, салымдардың осы банктегi ағымдағы қаржылардың заңдылығын тексередi. Төлем талаптамасын қажеттi құжаттар  мен бiрге операцияны жүргiзушiлер мен бiрге төлемақылар несиелiк бөлiмнiң қызметкерлерiнiң тексеруiнен кейiн жүргiзiледi. Лимиттегi чек кiтапшаларын, төлем талаптамасының акцептерiн бақылау қызметкерiнiң қолымен бекiтедi. Бас бухгалтер мен бақылаушы соммалардың аударымдарын оны қайтару жолдарын, ағымдағы есеп айырысу шоттарын жабу туралы өсiмдердi өндiрiп алу  сияқты банктiң iшкi операцияларын бақылайды. Бақылаушылар – есеп айырысудағы ақшалай қаражаттардың құжаттарын азамататрдың есеп айырысу шотындағы аналитикалық есептiң, өсiмақыларды өтеу, баланстан тыс шоттардың, банктiң негiзгi қызметкерiнiң есеп айырысу құжаттарын тексередi. Кассалық операциялардың заңдылығы, ақшалай қаражаттардың құжататрын дұрыс толтырылуын жауапты тұлғалардың қолдарының нақтылығын бақылайды. Бас бухгалтер клиенттiң ағымдағы есеп айырысу шотының ашылуын оның дұрыс құжатталуын  операциялардың, қызметтiң есебiн жалпы түрде  қадағалап бақылауын ұйымдастырады. Бас бухгалтер мен оның орынбасары жеке шоттың қателерiн жөндеу, олардың ашылуын, жабылуын проценттердiң аударылуын, қатаң түрде қолданылатын құжаттардың, ақшалай қаражаттардың қабылдау туралы квитанцияларының дұрыстығын бақылайды. Келесi бақылау бас бухгалтердiң бақылауымен жүргiзiледi. Ал оның орынбасарымен, арнайы инспекторлармен балансты құрып болғанннан кейiн операциялардың заңдылығын есептерiнiң дұрыс жүргiзiлуiн, олардың дұрыс құжатталуын, құжаттардың сәйкестiгiн жүргiзедi.   Бас бухгалтер жетiспеушiлiк анықталған жағдайда қайта тексерудi ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар банктiң операциялардың iшкi банктiң бақылауы болып табылады.  Оны бақылауға байланысты жүргiзу үшiн ревизия жүргiзедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қорытынды

     Ұлттық Банктiң Қазақстандық банктерге қоятын талаптары банктiк қадағалайды халықаралық стандарттарға сай келтiрiлген болады. онда халықаралық танылған стандарттарды қолдану банктердiң капиталдандырылуына және банктердiң тәуекелдерге бейiмделуiне нақты баға бередi, ал бұл өз кезегiнде банктердiң акционерлерi мен жетекшiлiк және II банктермен қарым-қатынастағы Ұлттық Банктiң жетекшiлiгiнiңәлдеқайда негiзделген шешiмдер қабылдануына мүмкiндiк берiледi.

      Банктердi құру және оларды лицензиялай бойынша Ұлттық Банк  талаптарының қатаңдай түсуi тұрақты, бәсекелестiк қабiлетi бар несие-қаржылық институттардыңшығуына мүмкiндiк бередi.

    Өз капиталының тапшылығын сезетiн банктер Ұлттық банкке қайта капиталдандыруы бойынша шаралар мен бағдарламасын табыс етедi, әрi олардың орындалуы туралы есеп берiп отырады. Капиталдың баламалы деңгейiне  қол жеткiщзе алмаған банктер таратылады немесе банктiк емес қаржылық мекемелере қайта құрылуы керек.

    Осы мерзiмге нақты тұрғыдан қайта келгенде, Ұлттық банк капитал тапшылығын сезетiн сол немесе басқа банкке деген қарым-қатынасын, оның маңыздылығына, банктiң нарыққа таратылған депозиттерi мен берiлген несиелерiнiң үлесiне қарай анықталады.

    Тек iрi банктермен ара қатынаста Ұлттық банк олардың қаржылық сауықтыру бойынша ғана соңғы инстанцияларға кредитортболуға жағдай жасайды, себебi ондай банктердiң жойылуы елiмiздiң экономикасына жағымсыз салдарын тигiзуi мүмкiн. Мұндай көмек көрсетуге қажеттi  жағдай банктiң менеджмент сапасын нығайту мен банктiң ағымдағы қаржылық жағдайын бақылап отыру үшiн Ұлттық банктен тұрақты бақылаушыларды ендiру болып табылады.

     Екiншi деңгейлi банктердiң халық шаруашылығындағы  экономикалық салаларға ат айтқанда ауылшаруашылық өнiмдердi өндiру және өнiм өңдеу салаларына несие беруде ұзақ мерзiмге және жеңiлдiктер жасау қарастырылса. Ипотекалық операциялар бойынша несие беруде жалпы халыққа қолайлы және бiрдей  мүмкәiншiлiктер туғызу үшiн төлем проценттiк төмендетiлсе және ұзақ мерзiмге берiлсе.

    “Казкоммерцбанк” коммерциядағы орны мен оның жоғары кiрiстерi басқа Қазақстандық банктерге қарағанда елдегi экономикалық өсу жағдайында жақсы нәтижелерге  жетуге мүмкiндiк бередi. Казкоммерцбанк корпоративтi басқаруды сапалы жүргiзiп және оны қаржыландыру мен капитализациялауға ЕБРР-ң қатысуы жағымды әсер етедi. Банктiң коммерциялық iскерлiгiне корпоративтi банктiк iс, сауды және жобаны қаржыландыру, жеке тұлғаларға қызмет көрсету, дебеттiк және кредиттiк карточкалар бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар шетелдiк валюталармен жасалынатын сауда операциялары мжатады.

     Менiң ұсынысым: Осы банк әрi қарай дамып көркемдей беруiне тiлектеспiн. Әрина барлық банктер және кәсiпорындар, ұйымдар, т.б. мекемелер жаңа технологияға қол жеткiзсе дейсiң, онда өсiп келе жатқан жастарға оңай болар едi. Өйткенi барлық оқу орындары компьютерлендiрiлген және барлық мекемелерде бухгалтерлiк есеп операциялары “1-С: Бухгалтериямен” жүргiзiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Бухгалтерлiк есеп туралы” заң күшiндегi жарлығы;
  2. ҚР Президентiнiң заң күшi бар 2004-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы Бухгалтерлiк есеп пен аудитты дамыту мен жетiлдiрудiң мемлекеттiк бағдарламасы жарлығы, 28 қаңтар, 2004 ж., №3838;
  3. Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет жайлы 1993 ж. Бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңы;
  4. Бухгалтерлiк есеп стандартына әдiстемелiк нұсқаулар. Қазақстан Республикасы — 1997 жыл;
  5. Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының  Бас шоттар жоспары;
  6. “Аудит туралы” стандарттар Алматы, 1998 жыл;
  7. Баканов М.И., Шеремет А.Д. “Теория экономического анализа” Москва: Финансы и статистика, 1986;
  8. Палий В.0. Теория бухгалтерского учета- Москва: Финансы и статистика, 1990.
  9. Полякова С.И., Емельянов И.А, Бухгалтерский учет, Москва: 1993.
  10. Безруких П.С., Кондраков, Палий Бухгалтерский учет. Москва : Финансы и статистика, 1994;
  11. Андреев В.Д. “Тәжрибелiк аудит” Москва, 1994 жыл;
  12. Вещунова Н.Л.. Основы бухгалтерского учета (задачи и вопросы). Москва: Инфра-М, 1995;
  13. Барышников Н.П. “Аудиттi жүргiзудi ұйымдастыру мен әдiстерi” Москва, 1995 жыл;
  14. Дюсембаев К.Ш. “Аудит теориясы” Алматы, 1995 жыл;
  15. Кирьянов З.В. Теория бухгалтерского учета. Москва: Финансы и статистика, 1996;
  16. Шишкин А.К. Учет, анализ и аудит предприятии. Москва: Финансы и статистика, 1996;
  17. Учет загатовки сырья // библиотека бухгалтера и предпринимателя. 1996. № 1,2;
  18. Кондраков Н.П., Краснова Л.П. принципы бухгалтерского учета. Учебное пособие. М: ФБК – Пресс, 1997;
  19. Лашун Л.Г. Учет товарно-материальных запасов. // Бюллетень бухгалтера. 1997. №50;
  20. Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. Алматы. Центаудит, 1997;
  21. Радостовец В.К. Гамаркин Т.Н. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: экономика, 1997;
  22. Радостовец В.К. организация бухгалтерского учета. Алматы: Экономика, 1997;
  23. Радостовец В.К., Рейгер. Учет товарно-материальных запасов на предприятии. // библиотека бухгалтера и предпринимателя 1997.ғ15-167;
  24. Сейдахметова Ф. Аудит товарно-материальных запасов // библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1997, ғ1-27;
  25. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. “Қаржылық есеп берудiң аудитi мен талдауы” алматы, 1998 жыл;
  26. Стоун Д. “Бухгалтерский учет и финансовый анализ” М: Сирин, 1998;
  27. Учет товарно-материальных запасов // Заочная школа бухгалтера. 1998 – ғ1,2;
  28. Тасмағамбетов Т.А. “Қаржы есебi” Алматы, 1998 ж.;
  29. «Аудиторлық   қызмет   туралы   «ҚР-ның   Жоғарғы     Кеңесінде қабылданған ,20.11.98.
  30. Сатмуранов А.А- Бухгалтерский учет в рыночной экономике, Алматы: Экономика, 1998.
  31. Укашев Б., Ажибаева З. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы, 2003ж.
  32. Есеп саясаты. Алматы, 2003ж.
  33. Дж К Ван Хорн “Қаржыны басқарудың негiздерi” Москва, 2004 жыл;
  34. Жакипбеков С. Тауарлы-материалдық қорлар есебi: Оқу құралы. – Алматы. 2004 жыл;
  35. Кеулiмжаев Қ.К. “Субъектiлердегi қаржы шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есебi бас шоттар кестесiнiң корреспонденциясы”
  36. Ковалева О.В. “Бухгалтерский учет иаудит бухгалтерской отчетности предприятий” Ростов-на Дону Феникс, 2004;
  37. Савицкая Г.В. АХД предприятия. 4-е издание, Минск. Новое знание, 2004;
  38. Т.Ә. Әбдiқалықов “Аудит және Бухгалтерлiк есеп” Алматы-2004ж;
  39. З. Бабаева Теория бухгалтерского учета. Москва, 2004г.
  40. Тасмагамбетов Т. Теория бухгалтерского учета. 2004г.
  41. Родостовец В.К Қаржы есебі, Алматы 2004ж.
  42. Нидлз Д. Принципы бухгалтерского учета.перев с англ. 2004г.
  43. С.Б. Баймұханова, Ә.Ж. Балапанова “Бухгалтерлiк есеп” Алматы 2005 ж.;
  44. Ә.Әбдіманапов Бухгалтерлік есеп теориясы және прициптері. 2005ж.
  45. Белый И.Н Теория бухгалтерского учета. Москва, 2005г.
  46. Дюсембаев К.Ш Теория аудита, Алматы. 2005г.
  47. Ә.Әбдіманапов Аудит негіздері.Алматы 2005ж.
  48. “Бухгалтер бюлетенi” журналы: 2005-2006 жылдар;
  49. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.Н,
       Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2006.
  50. Тасмағанбетов Т.А., Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «Экономика» 2006.

 

 

                                                                                        Клиенттiң, фирманың бизнесiмен танысу

Алдын-ала жоспарлау

 

 

 

                                                                                                           Алдын-ала қаралатын мәселенi құру                                                                                                                                                        

Аудит бойынша тексерiдi жүргiзудiң бағдарламасын құру

 

 

 

                                                                                                                      Нақты бақылау қорларын белгiлеу және тиiмдi тексеру бойынша шешiм қабылдау

 

Мәлiмет жинау

 

 

Аудиттiң қорытындысы

 

Тексерудi жүргiзу

 

Бақылау қорларына қосымша тексеру жүргiзу

 

 

                                                                                                                                Аналитикалық және ақпараттық                                                           процедураларға жалпы тексеру жүргiзу

 

Аудиттiң нәтижелерi бойынша көзқарасын нақтылау

 

 

 

Есеп беру

 

Аудитордың нәтижесiнде бағалау

 

 

 

 Банктегі бухгалтерлік есеп пен құжат айналымын ұйымдастыру Казкоммерцбанк ААҚ мысалында