АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Баскетбол ойыныныдағы ойындық әрекеттердің әдістемелік негіздері, 2015 — 61

Мазмұны

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………..

3

І-тарау.

ОЙЫННЫҢ СИПАТЫ

 

1.1.

Ойын туралы заманауй көзқарастар…………………………………..

6

1.2.

Әлемдік баскетбол тенденциясы………………………………………..

9

ІІ-тарау.

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1.

Балалармен жұмыс істеудің ұйымдастырылған түрлері…….

12

2.2.

Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс жасау ерекшеліктері……………………………………………………………………

 

13

2.3.

Балалардың, жасөспірімдер мен жігіттердің жас-жыныстық жалпы сипаттамасы…………………………………………………………..

 

14

2.4.

Алғашқы дайындық…………………………………………………………..

14

2.5.

Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық………………………..

16

2.6.

Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық……………………

18

2.7.

Баскетболшыларды дайындау жүйесіндегі іріктеу……………..

19

ІІІ-тарау.

ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

3.1.

Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері…………………………..

26

3.2.

Спорт жаттықтыруының әдістері……………………………………….

26

3.3.

Дене дайындығы……………………………………………………………….

30

3.4.

Әдістік дайындық……………………………………………………………..

38

3.5.

Тәсілдік дайындық…………………………………………………………….

39

3.6.

Ойын дайындығы……………………………………………………………..

44

3.7.

Жарыс дайындығы…………………………………………………………….

46

3.8.

Психологиялық дайындық…………………………………………………

47

ІV-тарау.

Оқыту әдістемесі

 

4.1.

Баскетболды оқыту әдістемесінің жалпы сипаттамасы……….

49

4.2.

Әдісті үйрету ……………………………………………………………………

50

4.3.

Оқытудың дидактикалық принциптері……………………………….

52

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..

60

 

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………

61

 

 

 
   


КІРІСПЕ

 

 

Зерттеудің өзектілігі.  Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.

Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.

Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.

Оқу практикасы студенттердің жоғарғы оқу орнында оқыған кездерінің барлық кезеңінде практикалық сабақта жүргізіледі. Оқу практикасы бойынша сабақта жетекші оқытушы студенттерге педагогикалық шеберплікті қалай меңгеру керектігін үйретеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетеді, студенттерге жаттығудың орындалуын қалай керектігін, қателіктерді анықтап, оның алдын алу жолдарын үйретеді, ұйымдастырушылық әрекеттерін дамытады.

Кәсіби-педагогикалық дағдылар барлық оқу сабақтарының процесінде, сондай-ақ ұйымдастыру-педагогикалық практика барысында қалыптасады және жетілдіріледі.

Спорттық шеберлігін арттыру сабағында студенттер өздерінің спорттық дайындығын жетілдіреді, сонымен бірге оқытушы-жаттықтырушыға, төрешіге, шараларды ұйымдастырушыға қатысты білік-дағдыларды да иегере түседі. Жарысқа қатысу студенттердің өз шеберлігін арттыру үшін оқу жұмысының міндетті, маңызды бөлімі болып саналады.

Өзіндік жұмыс кезінде студенттер бағдарламалық материалды оқулықтардан, оқу құралдарынан, ғылыми журналдардан оқиды, сондай-ақ оқытудың мынандай жаңа технологиясын пайдаланады. Оқу және әдістемелік әдебиеттердің электрондық жорамалдары бойынша дистанциялық оқыту, бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі «Интернеттен» және басқада компьютерлік бағдарламалардан ақпараттар алу.

Сонымен қатар олар курстық жұмыспен үй тапсырмаларын орындайды және қосымша дене жаттығуларымен шұғылданады.

Студенттерді баскетбол ойынының техникасына, тактикасына, терминология мәселесіне, баскетболшылардың ойын әрекетінің тәсілдерін жүйелей білуге, дене тәрбиесі мен тұрғындарды сауықтырудың барлық жүйесіндегі баскетболдан сабақ беру әдісін, сонымен қатар, жалпы дамытушылық және арнайы жаттығуларды құрастыра білуге, жаза білуге, ойын техникасы мен тактикасы бойынша жаттығуларға, сабақтың кейбір бөлімдеріне, сабақтың өтуіне үлкен мән беруі керек. Баскетбол бойынша оқу тәртібінде сабақты жүргізе білу, ұйымдастыра білу дағдыларын игеру керек. Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, сабақтан тыс уақытта секциялық жұмыстарды ұйымдастыра білуі керек және дене тәрбиесінің оқытушысы ретінде еңбекке дайын болу керек.

Студенттерінің оқу процесі баскетболдың даму тарихын зерттеуге бағытталған, оның қазіргі жағдайы, оның дамуының келешегі, ойынның техникасы мен тактикасын жетілдіру жолдары, жаттықтыру әдісін үйрену, жоғары дәрежелі баскетболшылар мен жоғары спорттық разрядтағы командалар даярлаудағы кәсіби біліктілікті жетілдіру.

Зерттелу деңгейі. Оқу барысында студенттер мамандандыру бойынша дайындалған курстық және дипломдық жұмыстарын қорғайды. Студенттер курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарымен жұмыс істей отырып, материалды терең оқудан басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңіл әдістерін, алынған нәтижелерді талдау біліктіліктерін меңгереді және соның негізінде тиісті қорытындылар мен тәжірибелік нұсқаулар жасауға үйренеді.

Болашақ мамандарды дене мәдениеті мен спорт бойынша теориялық дайындауда маңызды орында олардың ғылыми-зерттеу жұмысында белсенділік көрсетуі. Студенттер ғылыми үйірмелерге қатысып, кафедрадағы ғылыми жұмыстар тақырыбы бойынша тапсырма орындауы керек.

Сонымен қатар студенттер оқу барысында жарыстар мен сабақтарға спорттық құрал-жабдықтарды дайындауды, спорт алаңдарын дайындауды үйренуге міндетті.

Студенттердің үлгерімін есепке алу, жоғарғы оқу орны белгілеген мерзімде екі шектік бақылау және емтихандар түрінде жүргізіледі. әр семестрде мамандандыру пәндерінің атаулары қайталанбайды. Семестрде алған білім емтихан түрінде бағаланады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерге студенттерді баскетболдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.

Жұмыстың тапсырмалары:

— Спорттық машықтанудың ілімі, әдістемесі мен тәжірибесі бойынша білім беру;

— Баскетболдан оқыту әдістемесінде және баскетбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;

— Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және спорттық құрылыстарды, спортшының сыртқы пішіні мен спорттың киімін ұқыпты ұстаудың гигиеналық нормаларымен таныстыру және оларды орындауда дағдыны қалыптастыру;

— Әртүрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы тактикалық өзара әрекеттестігіне байланысты (бойынша) дағдыны қалыптастыру және білім беру;

— Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;

— Студенттерді әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуге ауызша және тәжірибе жүзінде дайындау;

— Спорттың дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми-зерпттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.

Оқу барысында баскетбол саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет.

  1. Баскетболшыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу.
  2. Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы баскетболшылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру.
  3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру.
  4. Баскетбол ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету.
  5. Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру).
  6. Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру.

Зерттеу объектісі. Бағдарлама студенттердің баскетбол командаларының спорттық жаттығуын, баскетболды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.

Баскетболдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі.

Ақпараттық және мәселелік дәрістерде баскетболдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, баскетболдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. ОЙЫННЫҢ СИПАТЫ

 

  • Ойын туралы заманауй көзқарастар

 

Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады.

Ойын мақсаты – қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу.

Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.

  • соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85 ұпай);
  • аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 сеундта есеп өзгеріп отырады);
  • тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес.

Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі, өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.

Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты бағытта жүргізіледі:

  • орталық ойыншы – бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді болуы тиіс;
  • шеткі шабуылшы – бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;
  • қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді болуы тиіс.

Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу – ойын әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай да ажыратады.

Ойын әрекетінің нәтижелігі мидың уақытқа шапшаң жауап беру көрсеткіштерімен байланысты. Барынша шоғырланған мидың уақытқа шапшаң жауап беруі уақытты сезіну болып табылады, оны баскетболшының арнайы қабілеттерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. «Уақытты сезінуді» дамыту негізінде сезім кешендерінің әрекеті жатыр, яғни уақытты қабылдау кеңістікті қабылдаумен байланысты. Түрлі амплуадағы баскетболшылар уақыт аралықтарын айрықша қабылдай білуі  қажет. Артқы сызықтағы ойыншылар 5-10 с аралығында бағдар алуы тиіс, бұл ойынды ұйымдастырумен байланысты, орталықтағылар, айып алаңындағы белгіленген ережелермен 3с аралығында, алдыңғы сызық ойыншылары лақтырудың тұрақты аралығымен 1с.

Командалар өз ойларын жасырын ұстанып және сонымен бір сәтте қарсыласының жоспарын ашуға тырысып, қарсыласынан озуға тырысады. Ойын өз команда ойыншыларының өзара әрекетімен және допты алып қойып, шабуылды ұйымдастыруға барлық күші мен білігін салған қарсылас жүргізіледі. Осыған байланысты бірінші кезекте ойыншының жедел ойлауына талап қойылады. Спорт ойындарының өкілдері спорттың көптеген басқа түрлерімен салыстырғанда шешім қабылдау шапшаңдығымен едәуір ерекшеленеді. Ойлау шапшаңдығы, әсіресе жағдайдың өзгеруі мүмкіндігін есепке алу қажет болғандағы, сондай-ақ көңіл-күйге қысым түскен жағдайларда шешім қабылдауда өте маңызды.

Баскетболшылардың ойын әрекетінің табыстылығын анықтайтын психофизиологиялық қызметті бағалау үшін қимыл әрекеттерінің шапшаңдығы мен дәлдігін, сондай-ақ зейінді аудару, бөлу және оның көлемін зерттеу әдістері қолданылады.

Допты  торға салу үшін қарсыласының қарсылығын бағындыру керек, бұл егер ойыншы белгілі бір тәсіл мен әдіс амалдарын білетін болса, шапшаң қозғалып, бағыты мен қозғалыс жылдамдығын тез өзгерте білсе ғана мүмкін болады. Баскетболшының негізгі ойын әрекеттерінің параметрлер көрсеткіші 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте. Ойын нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері

(бір ойынға орта есептен)

Ойын

көрсет-

кіштері

жынысы

Жалпы нәтижелілігі (ұпайлар)

Ойынның доптық дәл түсуі (%)

Кері ұшып шығу

Голдың доп беру

Доптан айырып қалу

өз қалқаны

Қарсылас қалқаны

Ерлер әйелдер

 

 

 

 

 

 

 

Ойындағы баскетболшының әрекеті тек жекелеген қорғау мен шабуыл амалдарының қосындысы ғана емес, ол біріккен қарқынды жүйеге ортақ мақсатты біріктіретін қимылдардың қосындысы. Команда ойыншыларының дұрыс өзара әрекеті ұжымдық қимылдардың негізі, ол команданың ортақ мүддесіне жетуге бағытталып, әрбір ойыншының бастамасы мен шығармашылық белсенділігіне сүйенуі тиіс.

Әрбір ойыншы тек шабуылдап қана қоймай, сондай-ақ өз орнын белсенді қорғауы тиіс. Қарсыласынан допты тартып алып немесе оған еркін доп салуға жол бермес үшін қарсылас команданың ойыншыларының, әріптесінің және доптың тұрған орнын ескеріп, оның барлық қимылдарына дер кезінде және дұрыс жауап беруі қажет. Ойын әрекеті қимыл дағдыларының тұрақтылығы мен өзгермелілігіне, дене сапаларының даму деңгейіне, ойыншылардың денсаулық жағдайы мен ақыл ойына негізделеді.

Жарыстарға қатысқанда баскетболшы үлкен жұмыс атқарады да, 5000-7000м аралықты бағындырады, бұнда 130-140 рет секіру мен көптеген жұлқу (120-150-ге дейін) үдетулер мен аялдаулар жасайды. Жоғары жылдамдықта қозғалу допты беру мен торға тастаумен жалғасады. Зерттеулер 40 минут ойынға ауысусыз қатысқан баскетболшы доппен небары 3,5-4 мин. қана жұмыс жасайтынын, ал қалған уақытта допсыз ойнайтынын көрсетті.

Соңғы кезде ойын біршама қарқын алды. Бұл алдымен ойыншылардың қозғалғыштығы мен айла тапқыштығының артуымен доп үшін немесе алаңның әрбір бөлігіндегі орында қарқынды күрес жүргізуге ұмтылуынан көрінеді. Ойын барысындағы қарқынды дене әрекеті үлкен күш жұмсауды талап етеді.

Ойын әрекетін қуатпен қамтамасыз ету аралас сипатта болатыны белгілі (аэробтық-анаэробтық). Аэробтық мүмкіндіктердің негізгі көрсеткіштері – баскетболшылардағы оттегіні тұтынудың ең жоғарғы көлемі біліктілігінің артуына қарай өседі  және спорт шеберлерінде ол 5,1 минутқа жетеді (шамамен, 1 кг салмаққа 60 м). Ойын барысында баскетболшы жоғарғы қуат потенциалының 80-90%-ын пайдаланады.

Ағзаның қызметтік жағдайының маңызды көрсеткіші жүрек-қан тамырлар жүйесі. Жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) дене жүктемесінің деңгейін көрсететін кардиологиялық белгі болып табылады. Ойын барысындағы баскетболшылардың ЖЖЖ 180-210 сек/мин-қа жететіні белгілі.

Жаттықтыру жүктемесінің көлемі ойыншының орындаған кез-келген жаттығуының оның ағзасына әсер ету деңгейін бейнелейді. Әрбір жаттықтырушы пайдаланатын жаттығулардың машықтандыру әсерлерін және оларды ағзадағы физиологиялық өзгерістер сипатына қарай жүйеленуін білуі керек. Баскетболшылардың арнайы жаттығуларының ағзаның жауап беруі бойынша түбегейлі айырмасы бар екенін зерттеу көрсетті. Мысалы, айып добын салуды орындағанда ЖЖЖ орта есеппен 128 сек/мин. құрайды, оттегіні тұтыну деңгейі жоғары шамадан 30% болады, орташа қарқындылықпен орындалатын арнайы жаттығуларды жасағанда ЖЖ 140-150 сек/мин. шамасында, оттегіні тұтыну деңгейі – ЖОТ-дан 50% шамасында болады. Ойын жаттығуларын орындағанда ЖЖЖ 172-187 соқ/мин. оттегі қарызының шамасы 5-7 минутқа жетеді.

Жаттықтыру жүктемесінің деңгейі бойынша типтік жаттығуларды топтастыру қуатпен қамту және қажетті бағытпен жүрек жиырылу жиілігінің өзара байланысы негізінде белгіленген педагогикалық міндеттерді шешуге құрылады (2-кесте).

 

2-кесте. Жаттықтыру мен жарыс қимылдарының қуатпен

қамтылу көрсеткіштері

Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин)

Жүктеме көлемі

Қуатпен қамтылу сипаты

Қажетті бағыт

Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен)

140-қа дейін

Кіші

Аэробты

Қолына келтіруші

20

140-160

Орташа

Аэробты-анаэробты

Жеткен даму деңгейін ұстап тұрушы

30

160-180

Үлкен

Анаэробты гликолитикалық

Дене сапалары мен жұмыс қабілетін

40

180-нен жоғары

Шектеуге жақын

Анаэробтық -алактатты

Арнайы төзімділік пен табандылықты дамытушы

50

180-210 (ойын жаттығулары, ойындар)

Ең жоғарғы

Аралас

Жетістігін іске асыру

80

 

Бір ойында спортшы 2-5 кг салмақ жоғалтады. Жынысы мен білігіне қарай спортшылардағы қуат шығыны әртүрлі.

Егер ойыншылардың жүйке жүйесіне үлкен қысым түсуі мен жеңіске жету үшін рухани-ерік күші қажеттігін ескермесе ойынның мәні толық ашылмаған болар еді. Баскетболшылардың әрекетін сипаттайтын жақтардың барлығын білу оқу-жаттықтыру және жарыс процестерін жоспарлауға, нормативтік негіздері немесе үлгілік сипаттамаларды құруға көмектеседі, оған жетуге оқу-жаттықтыру процесі түгелдей бағытталуы тиіс.

 

  • Әлемдік баскетбол тенденциясы

 

Соңғы жылдардағы халықаралық жарыстарда жүргізілген бақылаулар сараптамасы осы спорт түрін сандық және сапалық тұрғыдан дамытуға болжам жасаудың сенімділігін жеткілікті деңгейде білуге мүмкіндік береді:

  • олимпиада ойындарында, әлем және Еуропа чемпионаттарында жоғарғы орындарды талассыз иеленетін жоғары білікті мамандардың үнемі санын көбейту, бұл командалардың шабуыл және қорғаныс әрекеттерінің тұрақтылығын, белсенділігін, ықпалдылығын, тәсілдік-тактикалық көрсеткіштерді теңестіру, олардың арасындағы бәсекелестікті күрт өсіру;
  • жарыс әрекетінің дене және психикалық қысымын біршама көтеру;
  • шабуыл ойындарында да, сондай-ақ қорғаныста да белсенді шабуыл сипатымен байланысты нағыз жауапты ойындарда елеулі кемшіліктер көрсетпейтін, әлемнің ең күшті командалары ойыншыларының тәсілдік-тактикалық шеберлігін, шабуыл мен қорғаныстың үйлесімділігін, атлетизмге, ойша елестетуге, дәлдік пен тұрақтылыққа бағытталуын тоқтаусыз дамыту;
  • шабуылдағы дара шеберліктің шапшаң өсуі, ол амалдар мен финттерді орындаудағы жеңілдік, бірізділік, мәжбүрліксіз орындауда, қимылдың шапшаңдығы мен жылдамдығының өсуінде, өзгеріс ауқымын кеңейту мен қимыл ойын дағдыларын басқаруда, тығыз қорғаныс арқылы, тез доп беруде, алдап өтуде, дриблингте, өте алыс нүктеден торға доп салуда және топ жарып күшті доп берудегі тиімді әдістердің сан алуандығынан көрінеді;
  • қорғаныстағы ойынның әсерлілігі мен сапасын арттыру ең алдымен қарсыласының диспетчері, мергенімен арақашықтығын қысқартуға ерекше тығыз бақылаумен (бірақ артық, фолсыз) алаңның өзіне тиесілі бөлігі бойынша тығыз, жеке қорғанысты белсенді пайдаланумен добы бар қауіпті орталық ойыншысына және қалқанға өтуге қарсы кезеңдегі зейінді шоғырландырумен байланысты;
  • қорғанушы команданың қорғанысты жүзеге асыруға доп үшін немесе алаңның әрбір бөлігіндегі орын үшін қарқынды күрес жүргізуге, ойын бастамасын өз қолына алуға, допты қарсыласына еркін бақылау мен алуға мүмкіндік бермеуге, допты ойнату мен бақылауға, алдын-ала қарастырылған айла-шарғыны іске асыруға тырысуы;
  • қорғаушының шабуылшымен жылдамдық-күш әдістерін одан ары жетілдіруі, қауіпсіздену амалдарын байыту, ойнышылардың алаң түкпірінде және өз қалқанының түбінде шабуылшыларды қатаң бақылауды әмбебап білуі, жеке және аймақтық жүйе принциптерін үйлестіруі;
  • дайындық операцияларын аяқтау жоғарғы жылдамдық пен жоғарғы шапшаңдықта шабуылшылардың өзара әрекетін тиімді пайдалану негізінде барлық бес баскетболшының айлакерлігі мен қозғалғыштығын арттыру;
  • ойластырылған айла-шарғылық ойынды ойын алаңы ендігімен және барлық команданың басым қайта шабуылына үнемі ұмтылуымен (әсіресе қарсыласының нәтижелі топ жаруына жауап ретінде) үйлестіре білуі;
  • алдын-ала білетін айла-шарғының өте қатаң түрлері мен схемасын бағындыру, ойыншының жан-жақты тактикалық ойлауына, оның туындаған ойын жағдайын алдын ала болжамдау және оны жедел әрі тиімді шешуге тез амал табуға негізделген жылдам айлалы ойынға өту;
  • орталық және шеткі шабуылшылардың ойын айласының ауқымын дұрыс кеңейту, бұл әрбір баскетболшыға өзінің шеберлігін, шығармашылық бастамашылдығын және барынша әмбебаптығын көрсетуге мүмкіндік береді, команда ойындарының тактикалық иілгіштігін ұлғайтуға көмектеседі, оның ойыншыларының өзара ауысуын қамтамасыз етеді, көп күндік қысымдық турнирлер мен бір матч барысында ұжымды басқарудың тиімділігін арттыру;
  • жоғарғы топтағы ойыншылардың жеке қабілеттері мен атлеттік сапаларын, олардың тұрақтылығы мен сенімділігін команда мүддесі үшін жан-жақты, тиімді пайдалану;
  • жақсы атлетикалық дайындыққа негізделген ойыншылардың жылдамдық-күш төзімділігін қызметтік мүмкіндік деңгейін түбегейлі арттыру, ол командалардың ұзақ, психологиялық қысым түсіретін жарыстарда табанды және сенімді ойын көрсетуін қамтамасыз етеді;
  • экстремальды жарыс жағдайларында жауапты шешім қабылдауға өзіндік қабілеті бар жағдайлық лидерді, қорғаныс пен шабуыл лидеріне команда лидерінің қызметтерін тиімді әрі тұрақты орындауға денелік, тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындалған жас, ұзын бойлы ойыншыларды команда құрамына ендіру;
  • күшті команда ойыншыларының сондай-ақ артқы сызық ойыншыларының орташа ұзындығын біршама арттыру, бойдың 202-203 см деңгейінде және орташа жасының 24-25 жас аралығында орташа тұрақтауы, бойы 200-202 см шеткі шабуылшы қорғаушының бойы 204-207 см екінші орталық-шеткі қозғалғыш шабуылшының қалқан астында және алаң түкпірінде, қалқанға арқасымен немесе бетімен қарап тұрып, жақсы секіргіштігімен торға шабуыл жасауға батыл өту шапшаңдығы және әмбебаптығымен, үйлесімді дене дамуы мен дене бітімі жүрістен қарсыластың доп тастауына әсері қарсылық білдіріп шешімді және нәтижелі күресе білуімен ерекшеленетін қуатты шеткі шабуылшының шапшаң әмбебап атлетикалық жылдам әрі айлалы ойындарын көбейту.

Қорғаныс пен шабуылдағы үмітті сәттер де назар аудартады.

  • үлкен жылдамдықта және тығыз бақылау жағдайында доп беруді, айналып өтуді, дриблингті ойша меңгеру;
  • алыс және өте алыс қашықтықтан секіріп, дәл доп салу;
  • қысқарған қашықтыққа тең қорғаныс әрекеттері;
  • түрлі өрнекті қимылдармен шабуыл әдістерінің бағытын, мазмұнын және сипатын шебер жасыру;
  • қарсыласының дербес қателіктері есебінен қалқаннан торға айлалы шабуылмен өтіп, үш және төрт ұпайлық жағдай тудыруды тиімді пайдалану;
  • қорғаныстағы ұзын бойлы ойыншының дер кезінде және шапшаң секіруі-торға түсетіндей етіп, секірген допты торға қарай тастау;
  • допты кезеңдеп көз бақылауынан жоғалтумен прессингте (бетпе-бет) допсыз қарсыласын қатаң бақылау (бұл сәтте добы бар шабуылшыны әріптестері тығыз бақылауға алуы тиіс);
  • допты аз сермеу құлашымен бүкіл алаң арқылы бір қолмен күшті әрі тез беру көмегімен шапшаң доп асаруды орындау;
  • ойынның қимыл дағдыларының ырғағы мен екпінін мәжбүрлемей, еркін басқару;
  • мергенге қарсы күрестің сәтті амалдары – алға созылған аяқ жағынан дриблинг аяқталған соң оған тез жақындап, оған қалқанға немесе доп тастауға «қадамдауға» жол бермей, допқа белсенді әсер ету;
  • қалқанға бетімен тұрып орындалатын шабуыл және ойнатқыш әдістерді арттырумен орталық ойыншының ойын әрекетінің қорын кеңейті.

 

 

 

II -тарау. СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1. Балалармен жұмыс істеудің ұйымдастырылған түрлері

 

Ғылымға сүйенсек, 7-8 жастан бастап-ақ баскетболмен шұғылдануға болады. Бірінші топқа жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік мектептер, техникумдар мен ЖОО-ры жатады, онда спорттың бұл түрі дене тәрбиесі бағдарламасына ендірілген.

Мектептегі спорт жұмыстары мектеп ұжымының секциялары мен алғашқы дайындық топтарында жүргізіледі. Олардың міндеттеріне балаларды сабаққа жүйелі тартумен қатар оларға ойынның алғашқы дағдыларын меңгертуде және дарынды балаларды БЖСМ-де шұғылдануға таңдау кіреді.

БЖСМ, БЖОРДМСМ, ЖСШМ, мамандандырылған мектеп-интернаттар-бұлар жоғары  дәрежелі спортшыларды даярлауға арналған  арнайы жұмыстар жүргізілетін мекемелер. Олардың міндеттер:

  • оқушылардың жан-жақты дене дайындығы мен денсаулығын нығайтуға, үйлесімді дамуына көмектесу;
  • жоғары дәрежелі командалар мен құрама командаларға резервтер дайындау;
  • оқушыларды рухани төзімді, ерік-жігерлі, тәртіпті етіп тәрбиелеу;
  • қоғамдық инструкторлар тәрбиелеу;
  • ЕОҚ+мөлшерін орындауға дайындық.

БЖМ, БЖОРДМСМ, арнайы мектеп-интернаттарын белгіленген тәртіп бойынша министрлік пен құзырлы орындар құрады.

БЖОРДМСМ бастапқы дайындық топтары бүкіл оқушылардың  31,7%-н құрайды. Оқу -жаттықтыру топтарына 65% және спорттық жетілдіру топтарына 3,3% бала  қатысады.

Алғашқы дайындық топтары 10-13 жастағы, оқу-жаттықтыру — 12-16 жастағы және спорттық жетілдіру топтары 16-20 жастағы спортшыларды біріктіреді.

Алғашқы дайындық топтарында жұмысты ұйымдастырудың негізгі принциптері әмбебаптық пен жан-жақтылық болып табылады. Оқу-жаттықтыру топтарында бұл принциптер әсерлі бола береді, бірақ ойын әрекетінің элементтері ендіріледі. Спортты жетілдіру топтарында негізгі принциптер арнайы дайындық болып табылады, оның негізінде жеке ерекшеліктерінің есебі мен тереідетілген ойын ерекшелігі жатыр.

Оқушылардың жасы мен тәжірибесіне қарай дайындықтың түрлеріне уақытты бөлу әртүрлі (3-кесте).

 

 

 

 

БЖСМ оқу бағдарламасында 3-кесте дайындық түрлері бойынша уақытты бөлу

 

Дайындық түрлері

Топтарына қарай уақытты бөлу

Бастапқы дайындық

Оқу-жаттықтыру

Спорттық жетілдіру

Ілімдік

Жалпы дене

Арнайы дене

Әдістік

Тәсілдік

Интегралдық

Инструкторлық

Және төрешілік тәжірибе емтихандары мен сынақтары

 

 

 

 

Баскетболшыларды көпжылдық дайындау түзу жүйені көрсетеді, ол оқу материалы мен жаттығу жүктемесін біртіндеп, мүмкіндігіне қарай қатаң қадағалап өсірумен сипатта болады.

 

2.2. Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс жасау ерекшеліктері

 

Жас баскетболшыларды дайындауда өскелең ағзаның физиологиялық ерекшеліктері мен дайындық міндеттерін осы ерекшеліктерге сәйкестендіруге негізделеді.

Негізгі дағды мен білікті қалыптастырумен сәйкестендіріп, дене және қызметтік дайындықтың дұрыс әрі дер кезінде негізін қалау жоғары спорт нәтижелеріне жеткізетін жұмыстарды жүргізуге көмектеседі.

Мына жағдайларды ескеру қажет:

  • Жасына қарай бала ағзасы өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сан жағынан да (салмағы, бойы), сапа жағынан да әсер етеді. Сондықтан балаларға үлкендерге қоятындай емес, талаптардың көлемін азайтып, оларды баланың жасына лайықтап беру қажет.
  • Бала ағзасының дамуы үздіксіз әрі әрқалыпта жүреді. Белгілі бір кезеңдерде түбегейлі өзгерістер болады (өсу екпіні мен процестеріне қарай бойдың, бұлшықет салмағының өсуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы түрлі жас кезеңдерінде әртүрлі). Мысалы, жыныстық жетілу кезеңі ұлдарға қарағанда қыздарда ерте болады; 11-13 жаста қыздар бой мен салмақ жағынан ұлдардан озып кетеді; ұлдарда бұлшықет күші 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жаста қарқынды дамиды.
  • Балалардың дене сапаларының даму қарқыны мен басқа да қабілеттері белгілі бір кезеңдерге сәйкес келеді. Нәтижесінде белгілі бір дене сапалары мен басқа да қасиеттерін дамыту үшін қолайлы алғы шарт жасауға болады. Жауап беру шапшаңдығы, мысалы, 15-жасқа дейін дамиды, жоғары жылдамдықты арттыру 13-14 жаста барынша қарқынды жүргізіледі. Биікке секіруден жоғары нәтижелерге өсу ұлдарда 9-13 жаста байқалып, сосын бұл тұрақталады, ал бұл 15 жастан соң уақытша төмендейді.
  • Қимылдың әрбір түрінде ұлдар мен қыздардың жас ерекшелігі топтарына қарай көрсеткіші де әртүрлі. Сондықтан жас ерекшелігі дамуына қарай құрылған алғы шарттарды ескеру қажет.
  • Әрбір ағза жеке дамитынын есте ұстаған жөн. Күнтізбелік, құжаттың жасымен қатар, дене дамуы деңгейін, қимыл мүмкіндіктерін, жыныстық жетілу деңгейін, т.б. сипаттайтын биологиялық жасын да ескеру қажеттігі ұсынылады. Күнтізбелік жасы биологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

 

2.3. Балалардың, жасөспірімдер мен жігіттердің жас-жыныстық

жалпы сипаттамасы

 

Жас-жыныстық ерекшеліктері есебі жұмыс әдістері мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Дайындықты қалыптастырудың барлығы табиғи жасының дамуынан туындаған алғы шарттарды қате пайдалану тәрізді денсаулық жағдайын бұзып қана қоймай, жасы толған кезде  жоғары нәтижеге жету үшін болатын мүмкіндіктерді төмендетеді.

Адамның туылған сәтінен бастап, оның биологиялық толысуына дейін 20-24 жыл өтеді, оның барысында күрделі морфологиялық және психологиялық даму жүреді. Сипаттық ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде түрлі жас ерекшеліктерімен баскетбол бойынша жұмыс әдістемесін анықтайды.

Дене сапасын тәрбиелеуге арналған биологиялық алғы-шарттар бір мезгілде құрылмайды. Қайсы бір сапаның педагогикалық ықпал арқылы жедел даму кезеңдерінде оларды арттыру қарқынына жетуге болады. Жаттықтыру ықпалы құралдарын қате таңдау кері нәтиже беруі мүмкін. Мұнда пубертаттық кезең ерекшеліктерін ескерген жөн. Бұл уақытта бүкіл ағза жүйелері қарқынды дамып, қайта құрылады. Бұл сыртқы көрінісінде ең алдымен бой өсуінен байқалады, ол дәлдікті уақытша нашарлатады. Бойы ұзын жасөспірімдер өз қатарларынан қызметтік қабілетімен ерекшеленбейді. Керісінше, кейде оларда жүрек-тамыр жүйесінің көрсеткіштері мөлшерінен ауытқуы жиі байқалады. Жыныстық жетілу кезеңіндегі барлық дене  сапаларының даму қарқыны ерекше, ал жаттықтыру әсерінен, мысалы, күш пен төзімділік көрсеткіштері 2-2,5 есеге артады.

Сондықтан да БЖСМ баскетболшысының дайындығы осы бағдарламада келтірілген мөлшерлік талаптарға сәйкес жүргізілуі өте маңызды.

 

2.4. Алғашқы дайындық

 

Бұл топтардағы жұмыстың негізгі принциптері — оқушыларды жан-жақты дайындау. Осыдан келіп, алғашқы дайындық топтарының бірінші және екінші жылғы сабақтарында мына міндеттер атқарылуы тиіс:

  1. Денсаулықты нығайту дене дамуына, жан-жақты дене дайындығына «Сөреге дайын бол», «Барлығы сөреде»-І және ІІ дәрежелі БГТО кешенінің мөлшерін тапсыруға жәрдемдейді;
  2. Ойын дағдыларын табысты меңгеру үшін қажетті арнайы сапаларды тәрбиелеу (қимыл дәлдігі, шапшаңдық, иілгіштік, ептілік, өзгермелі жағдайды бағдарлау қабілеті, жылдамдық-күш сапасы);
  3. Тірек-қимыл жүйесін нығайту;
  4. Ауысу мен тұрыстық, допты қағып алу, беру, жүргізу, шығыршыққа салу әдістерінің негіздеріне оқыту;
  5. Қорғаныс пен шабуылдағы тәсілдік қимылдарға бастапқы оқыту.
  6. дайындық түрлері бойынша мөлшерлік талаптарды орындау;
  7. Мини-баскетбол ережелері мен баскетболға қатысуға тұрақты қызығушылығына сай жарыс іс-әрекетінің дағдыларын сіңіру;
  8. Баскетболмен шұғылдануға қабілетті балаларды алғашқы іріктеу.

Осы міндеттерге сәйкес жоспарлау құжаттарын жасауда оқу мерзімін бөлу жүргізіледі.

Алғашқы дайындық бағдарламасының нгегізгі бағыты — оқушылар. Ол жас спортшыларды кең тараған тәсілдік-әдістік құралдарға табысты оқыту арнайы дене дайындығының жоғарғы деңгейіне жету үшін алғы шарттар негізделген. Баскетболдан спорт мектептері жұмыстарының негізгі көрсеткіштері — әр жылдың  соңында оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын бағдарламалық талаптарды орындау.

Бірінші жылдағы дене дайындығы баланы жан-жақты дамытуға негізделген, ол бұдан кейінгі жұмыстарда сабаққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға көмектесетін, қажетті ойын дағдылары мен өнерін меңгеруге жол ашады.

Бұл кезеңде жүргізілген жұмыстар сауықтыру бағытында жүргізіліп, сымбатты қалыптастыруға, сезіле мүшелері мен ағзаның буын жүйелерінің қызметін жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс.

Дайындық құралдарын таңдағанда ең бастысы оның ағзаға жан-жақты әсерлілігі болуы тиіс. Таңдаған ққұралды кең өзгертіп қолдану қажет. Акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларға, жеңіл атлетикаға, түрлі ойындарға көп көңіл аудару керек. Сабақта доппен ойналатын жаттығуларға ерекше орын бөлінеді. Олардың міндеті — тек денені дамыту емес, сондай-ақ допты игере білу, өзінің доппен әрекетін уақытпен және кеңістікпен сәйкестендіре білу. Баскетболшының дайындығының өсу мөлшеріне қарай бұл қабілет үлкен маңызға ие болады.

Балаларды әдістік дайындаудың негізгі міндеттері негізгі әдістік амалдарды меңгеру болып табылады: ауысу, тоқтату, бұрылу, допты қағып алу, беру, салу, жүргізу. Оларды оқыту орындаудың негізгі әдістерін меңгеру негізінде жүргізіледі. Бұның негізінде оқушылар болашақта әдістік амалдардың барлығын меңгере алатын база құрылады.

Әдістік дайындық негізінде- өтілген әдістерді ауысудың түрлі әдістерімен және бір-бірімен үйлестіре орындау қабілетін тәрбиелеу (бүгіру, бірізді қадамалау, секіру, т.б.). Бұл үйлесімдер бір мезгілде бірізді әдістердің көп санын қарастырмауы тиіс.

Тәсілдік дайындықтың негізгі міндеттері — үйренген әдістік амалдармен байланысты жеке іс-әрекетті мектептегі тәсілдік ойлау мен тәсілдік қимыл негізінде құрылатын қабілеттерді қалыптастыру мен дамыту.

Мұнда зейінді, жағдайды көзбен есте сақтау; уақыт пен кеңістікті бағдарлауды дамыту қажет.

Тек арнайы жаттығуларды емес, қозғалыс ойындарын да кең қолданады. Жаттығуларда лайық дайындықтан соң ойын әдісін пайдалану қажет.

Бұл сатыдағы ойын дайындығының міндеті — жас баскетболшылардың дене, әдістік, тәсілдік дайындықтарына едәуір ықпал ету. Негізгі құралдары сәйкес әдісті пайдаланумен жалпы дайындық жаттығулары мен ережелері жеңілдетілген ойындар, сонымен  қатар мини-баскетбол болып табылады.

Алғашқы дайындық топтарындағы оқытудың екінші жылы біріншісінің қисынды жалғасы болып табылады. Онда да дене және әдістік дайындыққа баса назар аударылады: белгілі спортшыларды іріктеу жүргізіледі. Алайда екінші жылы дене дайындығына берілетін уақыт азайтылып, тәсілдік және ойын дайындығына бөлінетін сағат саны көбейеді.

Үйренген тәсілдік іс-әрекетттермен әдісьік дағды қоры едәуір артады. Ойын саны көбейеді.

 

2.5. Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық

 

Оқу-жаттықтыру топтарындағы жұмыстың негізгі принцптері — дайындықтың ойын  ерекшелігінің сипаттарына сәйкес жан-жақтылығы (қызметі бойынша).

Бұл кезеңдегі дайындық міндеттері:

  1. Оқушылардың денсаулығын нығайту мен ағзасын шынықтыру, жалпы дене дайындығының деңгейін арттыру, «батылдар мен ептілер» және «спорттық ауысым» — ІІІ және ІV дәрежелі БГТО мөлшерін тапсыру.
  2. Әдіс пен тәсілді жетілдіруге қажетті арнайы қабілетті дамыту.
  3. Әдіс пен тәсілдің негіздерін жақсы меңгеру.
  4. Әрбір оқушының командадағы ойын қызметін анықтау, осы арқылы дайындықты тұлғаландыру.
  5. Жаттықтыру сабақтарын жарыс тәртібіне жақындату командалық қимыл тәсілдерінің негіздерін меңгеру және жарыс әрекетінің дағдыларын тәрбиелеу (баскетболдан)ү
  6. Күнделік жүргізу, ойынды жазып жүру жүйесіне алынған мәліметтерді талдау дағдыларына баулу.
  7. Баскетболдан жарыс ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын игеру.
  8. Дайындық түрлері бойынша мөлшерлік талаптар мен спорт дәрежесінің мөлшерлемесін орындау.

Жалпы дене дайындығының көлемін азайту нәтижесінде оқу-жаттықтыру топтарында тәсілдік және ойын дайындығының көлемі артады. Сол арқылы бұл жастағы дайындықтың негізгі міндеті балаларды спорт қимылдарына баулу болып табылады. Бұл саты болашақ баскетбол шеберін дайындау тұрғысынан алып қарағанда ең маңыздысы болып табылады, сондықтан жас-жыныс дамуымен туындайтын алғышарттар қимыл дағдысы мен өнерін қалыптастыру, жеке қабілеттерімен бейімділігін анықтауда кең мүмкіндіктер береді.

Бұл кезеңдегі дене дайындығы 10-11 жастағы балаларды дайындаудан көп ерекшеленбейді. Оқытушы алдында ұқсас міндеттер қойылады, бірақ мүмкіндіктері кең, яғни бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктері белсенді жұмыс істейді, ол күрделі жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен қолданумен жан-жақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін көптеген жүйке байланыстарының түзілуіне көмектеседі.

Негізінен арнайы дене сапаларын қалыптастыруға көңіл аударылады. Бұл жаста шапшаңдық пен жылдамдық күш сапаларын дамытуға арналған алғышарттар қолайлы.

Жасөспірімдерге күш жаттығуларын жүктегенде абай  болу керек. Балалармен жұмыс істегенде «Бас тартқанға дейін» әдісті жүстемесі қолданылмайды. Қайталау әдістерін қолданған дұрыс. Жүктеме қуатын жартысына дейін азайтқанда оның ағзаға әсері тиімді болып, жасөспірімдердің жұмыс қабілеті ересектердің көрсеткішіне жақындайды.

Әсіресе бұл жастағы қыздардың дене дайындығы әдісіне басты көңіл аудару керек. Ағзадағы нейтроэндокриндік қатынастардың биологиялық қайта құрылуы негізгі дене сапаларының өсу қарқынына ықпал етеді.

Бұл жастағы қыздарға жаттықтыру барысын қарқынды ету дұрыс емес екені белгілі. Дене дайындығын ойын қимылдарының ерекшелігіне сәйкес жүргізу  қажет. Оның жылдық айналымдағы көлемі 30% -дан кем емес, мұнда лайық ықпалдар әдісі қолданылады.

Орталық жүйке жүйесі процесінің белсендірілуі, көптеген жүйке талшықтарының түзілуі, сондай-ақ бұл жастағы тежеуіне реакциялардың біршама тұрақтылығы күрделі әдіс амалдары мен олардың үйлесімдерін көптеп үйренуге мүмкіндік береді. Сәйкес жағдайда белсенді қарсы қимылдағы әдістер үшін алғы шарттар пайда болады.

Әдіспен жұмыс жасағанда қимыл дәл әрі әсерлі болғанына мұқият назар салып, күрделі ойын жағдайларында оны пайдалануға көңіл аудару қажет. Дәлелдеуді дамытуда ерекше бақылауға алу керек, себебі бұдан кейін түрден табысқа жету қиынырақ болады.

Жылдамдық әдісімен жұмыс істеуге назар аудару керек. Салу тәрізді әдістерде тез дәлдеу дайындыққа кеткен уақытты қысқатру мен жұмысшы кезеңін тұрақтандыру көмегімен болады.

Тәсілдік дайындық міндеттері:

  • үйренген әдіс амалдарына негізделген жеке тәсіл қорын кеңейту;
  • екі және үш адамдық, командалық өзара әрекет дағдысын тәрбиелеу;
  • ойын қызметінің ерекшелігіне үйрену, талдауға деген қабілеттілігін дамыту бұл жұмысты табысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларда дербес тәсілдік ойлау дағдысын қалыптастыру арнайы тәсілдік өзара әрекетті меңгеру барысында атқарылады, бірақ оларды үйрену жұмысы өзіндік мақсатта болуы тиіс. Бұл айла-шарғылар нақты жағдайларда табысты қимылдауға көмектесетін негізгі мүмкіндік береді. Бұл айла-шарғылар негізінде шығармашылық ойлауды тәрбиелеу қажет.

Командалық қимыл дағдыларын меңгеру команданы ойнатуға көмектесуі тиіс. Алайда бұл сатыда ойын қызметін дәд бекітуге тырыспау керек. Тәсілдік дайындық міндеттері тәсілдік «көпсайысқа» ұқсауы тиіс: ойыншы қажет болған жағдайда команданың кез-келген ойыншысының міндетін орындауы тиіс. Бұл әрқайсысының шығармашылық қабілетін анықтауға септігін тигізеді.

Оқу-жаттықтыру топтарындағы ойын дайндығы мақсатты бағытты сипатта болады. Бұл сатыда ойын дайындығының барлық құралдарын пайдаланады. Жоғары дене жүктемесі жағдайында бағдар алу мен әдіс табуды игеруге өзара түсінікке үйренуге бағытталған, нақты бағдарлы жаттығуларға ерекше көңіл аударылады.

 

2.6. Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық

 

Бұл топтардағы оқу-жаттықтыру жұмыстарының басты принципі-мамандандырылған дайындық, оның негізінде ойын қызметі мен оқушылардың жеке ерекшеліктері жатыр. Мамандандыру жан-жақты дайындыққа сүйеніп орындалады.

Бұл жастағы балалармен жұмыстың негізгі бағыты дене мүмкіндіктерін, әдістік және тәсілдік шеберліктерін үнемі жетілдіруге ұмтылуға баулу. Әдіс қоры кеңейіп, әдістерді орындау сапасы артады. Алдыңғы сатыдағы міндеттерді атқаруды жалғастырумен қатар мыналарды орындау керек:

а) арнайы сапаларды жетілдіру мен дене дайындығы құралдарын кең қолдану негізінде қимыл мүмкіндіктері шеңберін кеңейту «күш пен ерлік»  — І дәрежелі ЕЛҚД кешенінің мөлшерлеріне дайындалу және тапсыру.

ә) түрлі амалдарды үйлестірумен, әдістерді жеке ерекшелігіне лайықты етумен командада орындаған белгілі бір қызметімен сәйкес жаңа әдісті меңгеру барысында әдіс қорын кеңейту;

б) жарыс жағдайы мен қарсыласының тәртібіне қарай өзара әреткетіне мепңгеру;

в) ойын қызметін бекіту мен оны орындауды қамтамасыз ететін дағдыларды кеңейту;

г) түрлі ауқымдарды жарыстарға жүйелі қатысу нәтижесінде ойын тәжірибесін игеру;

ғ) әдіс пен тәсілдік өзара әрекет әсерлігін арттыру;

д) жасөспірімдерді жоғары дәрежелі командаларға қойлатын талаптарға өткізу.

Сабақ 12-15 адамнан құрылған топтарға жүргізіледі. Мына әдістер қолданылады: топтық мөлшерленген жаттығулар аз топтық (шағын топтарда немесе жеке). Әдіс қоры жаттығуларды ұйымдастыру түрлеріне қарай кеңейеді. Көрсету әдісі сөз әдісіне жаттығу-ойын әдістеріне орын береді. Сабақтарда тренажерлар, сондай-ақ қарқындылығын бақылайтын және оны талдайтын құрылғылар кең қолданылады.

Жаттықтыру сабақтарында міндетті түрде жүктеменің екі түрі қолданылады: бірқалыпты белсенділікпен біршама ұзаққа созылған жұмыс (90-120 мин) және лайық демалыс үзілістері бар жоғары қарқынды шағын мерзімдік жұмыс.

Бұл кезеңде ойын дайындығы үлкен орын алады. Атлеттік дайындықта арнайы дене сапаларын дамытатын жаттығулар үлкен маңызы ие болады. Шапшаңдыққа иілгіштікке, ептілікке арналған жұмыстар жалғасады; күш пен төзімділікті дамытуға ерекше назар аударылады. Күшті дамытуға арналған жаттығуларды қате мөлшерлеу сүйектің өсуі мен бүкіл денені қалыптастыруға қолайсыз әсер етеді. Жоғары қысым түсіруді жиі қолдануға болмайды. Бұндай жаттығуларды жүргізу әдістемесі жарылу күшінің жасау әдістемесіне сәйкес келуі тиіс.

Бұл сатыда да жылдамдық жаттығуларына мән беріледі. Төзімділікке арналған жаттығулар ойын әрекетіне тән ерекше сипатта болуы шарт: олар ұзақ уақыт бойына ауыспалы жағдайда өте шапшаң орындалуы тиіс.

Әдістік дайындыққа жылдамдық әдісін меңгеруге назар аударылады. Әдісті жетілдіру үшін әртүрлі жаттығулар қолданылады:

  • қимыл құрылымын жетілдіру үшін бірдей жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін көп дүркін қайталау;
  • жағдай демалыс үзілістерімен алдын ала шартталған өзгермелі жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін орындау;
  • сол сияқты, бірақ жағдай күрт өзгереді;
  • қарсы әрекеттің өсуінде барынша тиімді шешім қабылдауды қамтамасыз ету;
  • түрлі қызметтік және психологиялық жағдайларда амалдар мен өзара әрекеттерді орындау;

Тәсілдік дайындықтың негізгі міндеттері:

  • шағын топтарда және командада тәсілдік өзара әрекетті шапшаң меңгеру қабілетін тәрбиелеу;
  • оларды ойынды жүргізудің таңдаған жүйесі мен оның түрлеріне қарай көрсете білуді тәрбиелеу;
  • ортақ тәсілдік жоспарды іске асыру барысында бастама көтеруді дамыту.

Бұл топтағы сабақтарда негізгі салмақ ойын дайындығына түседі. Мұнда команданың ойынпаздығына, ортақ міндеттерді танып, жеке міндеттерді шеше білуге назар аударады. Сондықтан жеке тәсілге ерекше көңіл бөлінеді.

Спорттық жетілдіру топтары үшін жылдық айналымдағы дайындық түрлері бойынша оқу материалы былай бөлінеді: сағаттарды жалпы көбейтумен тәсілдік және интегралдық дайындық көлемі артады.

 

 

2.7. Баскетболшыларды дайындау жүйесіндегі іріктеу

 

Жаңадан келіп, шебер болғанға дейін мықты баскетболшылар 6-9 жыл мақсатты бағытталған оқу-жаттықтыру жұмыстарынан өтеді (дарындылары 5-7 жылда).

Спортшылар дайындығының ұзақтығы мен спорт жетістіктерінің өсу деңгейі бір жағынан сабақтың өте ерте басталуына, екінші жағынан шапшаң спорттық жетілдіруге қабілетті дарынды жастарды іздеу мақсатында мерзімді қысқарту қажеттігін анықтайды.

Спорттық іріктеу ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар жүйесін қарастырады, оған педагогиклық, психологиялық, дәрігерлік-биологиялық және әлеуметтік зерттеу әдістері кіреді, оның негізінде белгілі бір спорт түрінен мамандандыруға балалардың жасөспірімдер мен жігіттердің қабілеттері анықталады.

Осыған сәйкес төмендегіше маңызды жүлгелерді бөліп қарастырады:

  • спорттық бағдар (дарынды балаларды табу, оларға баскетболмен айналысуға бағыт беру және мамандырылған жаттықтырудың бастапқы сатыларына әкелу);
  • баскетболдағы спорттық жетілдіруге қабілеттілігі мен болашағын анықтау;
  • жоғары нәтижеге жетуге қабілетті команданы топтау мен ұжымды қалыптастыру үшін іріктеу.

Сонымен іріктеуді аталған спорт түрі ерекшеліктеріне адамның қабілет сәйкестігін анықтайтын процесс ретінде түсіну керек. әлем сахнасында жеңіске жету үшін баскетболға дарынды адамдарды даярлаудың бағыттық жүйесі қажет.

Потенциалдық спорт мүмкіндіктерін анықтау үшін баскетболдағы жоғары нәтижелерді анықтайтын ықпалдар туралы нақты түсінік болуы қажет. Белгілі спортшылардың жеке сапаларын, олардың ойын қимылдарын, спорттық жолын зерттейді. Жоғары дәрежелі ойыншы лайық болуы тиіс талаптар негізінде ойыншылар мен командалардың үлгі сипаттамасы құрылады.

 

Үлгі сипаттамасы

Команда құрамының, команда ойыншыларының үлгі сипаттамасы, олрадың қызметіне қарай жеке-топтық ойыншылар үлгісі спорттық жетілдіру үшін бағдар болып табылады. Жоғары дәрежелі ойыншының үлгісі жауапты жарыстардағы ойыншы қимылының сипаттамасынан (4-кесте), спорттық тұлға шыңы кезеңіндегі дене, тәсілдік және әдістік дайындығынан, қызмет пен психологиялық дайындығынан, морфологиялық ерекшелігінен, жасы мен спорттық тәжірибесінен құралады.

Мысал ретінде КСРО біріншілігіне төрт жылдық айналымда бірінші лигада қатысқан ерлер командасына арналып жасалған қорғаушының үлгі сипаттамасын келтіреміз. (5-кесте)

 

 

Ойынның үлгі көрсеткіштері                                                 4-кесте

 

Көрсеткіштер

1984ж. КСРО чемпионаты

1985/86 жылға

1987/88 жылға

Ойын әрекетінің әсерлілік коэффициенті.

Шығыршыққа шабуыл (саны)

Жалпы нәтиже (ұпай)

Ойыннан доп салу (%)

Қашықтықтан доп салу (%)

Айып добын салу (%)

Қалқаннан кері ұшқан допты алу (сан)

Допты ұстап қалу (ұрылған лақтыруларды қосқанда)

Голдық доп беру (саны)

 

 

 

 

 

Дене және әдіс дайындығының 5-кесте көрсеткіштері

(тест бойынша)

Көрсеткіштер

1984 ж. үздігі

1985/86 жылғы

1987/88 жылғы

6 м-ге жұлқыну шапшаңдығы (с)

20 м-ге жұлқыну шапшаңдығы (с)

Арнайы жұмыс қабіледі: қайталамалы жүргізу 2х40 м/мин

Қалқанның биік нүктесіне қол жеткізіп секіру

Орнынан (см), екпінмен 3,5 м (см), купер тесті (м).

Түрлі қашықтықтағы нүктелерден шығыршыққа доп салу (4,5 мин. көп емес уақытқа 10 доп салу бойынша 4 топтама)

Айып добын салу (екінші кеткенге дейін дәл түсіру саны)

 

 

 

 

Қорғаушы қарсылас команданың көшбасшысын (диспетчерін, мергенін) қорғаныстың кез-келген жүйесінде тығыз бақылай алады, әріптестерін қауіпсіздендіреді, прессингте белсенді және әсерлі қимылдайды, команда тылының қауіпсіздігін сақтандырады. Ол допты айлатады, команда әрекетіінң айласын асырады, орталық ойыншымен тиімді өзара байланысады, голдық доп беруді дер кезінде және дәл орындайды, алғашқылардың бірі болып шапшаң топ жаруға өтеді, алыс және өте алыс қашықтықтардан шығыршыққа дәл доп салады. Бұл ойыншы команданың шабуыл және қорғаныс қимылдарын ұйымдастыру мен басқаруда (көшбасшылық қабілеті) жан-жақты қабілетке ие.

Оның психикалық тұрақтылық деңгейі мына мәліметтермен сипатталады:

  • реакция шапшаңдығы — 159,3мс,
  • антиципация реакциясының шапшаңдығы — 53,4мс
  • таңдау реакциясының шапшаңдығы — 14,9мс
  • тежегіш дифференциясының реакция шапшаңдығы — 15,8мс.

 

Іріктеу сипаттары мен әдістері

Іріктеуде үш сипатқа сүйенеді: бейімділігі, дарындылығы мен қабілеттілігі.

Бейімділік — бұл туа біткен және өмірдің алғашқы жылдарында пайда болған анатомдық — физиологиялық ерекшеліктері, яғни дененің кейбір бөліктері, бұлшықет немесе жүрек тамыр ж.йелерінің ерекшелігі баскетболдағы болашақ жетістік үшін іргетас болуы мүмкін.

Дарындылық бұл жеке тұлғаның сапалары мен қасиеттер кешені, қай жағдайда болсын спорттық табысқа жету мүмкіндігі осыған байланысты болады. Іріктеуде дарындылық басты сипат болып табылады. Дарындылық ұғымына белгілі бір дағдыны меңгерудегі табысты қамтамасыз ететін сапа ғана кіреді. Олар қимыл сипатында немесе ақыл-ой сипатында болуы мүмкін (мысалы, қимыл шапшаңдығы немесе дәлдігі, жедел ойлауы).

Қабілеттілік қимыл немесе операцияға қабілетімен, яғни білігі мен дағдысы арқылы сипатталады. Қабілеттілікті оқушылар әдістік-тәсілдік негізгі материалдарды меңгеріп, дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде ғана бағалауға болады. Шеберлер командасына негізгі сипат ретінде осы спортшының қабілетін пайдалана отырып іріктейді.

Іріктеу әдістемесі баскетболшының морфологиялық белгілері, қызметтік, қимылдық және психологиялық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін зерттеу бағаларын, әдістері мен тестерді пайдалануды ұсынады. Мысалы, бойды өлшеу жалпыға ортақ есептеу әдістемесіне сәйкес портативтік антропометрмен өлшенеді (бой 6-кестеде келтірілген көрсеткіштерге сәйкес бағаланады). Дене сапаларын бағалау үшін олардың даму деңгейі туралы ұғым беретін тесттер ұсынылады. (7-кесте).

Іріктеуді ұйымдастыруда бүкіл дайындық сатысы барысында бақылау нәтижелері маңызды роль ойнайтынын ескеру қажет.

Тұрақты белгілер қатарына антропометрия, дене жұмыс қабілетінің көрсеткіштері (МПК, PWC170, қандағы лактаттың жоғары қоспасы, бұлшықеттің биоэнергетикалық сипаттамасы, т.б.), жекелеген жылдамдық сапалары (қарапайым қимыл реакциясының латенттік уақыты, қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы) жатады.

 

 

 

6-кесте. Баскетбол сабақтары үшін балалардың өсуін бағалау

(ВНИИФК әзірлемесі бойынша)

Жасы

Бой көрсеткіштері (см)

Ортадан төмен

Орташа

Ортадан жоғары

 

Қыздар

9

10

137 және төмен

143- төмен

153- төмен

160- төмен

138-144

145 және жоғары

153-тен жоғары

163-тен жоғары

196-дан жоғары

 

Ұлдар

 

138-ден төмен

143-тен төмен

154-тен төмен

158-ден төмен

 

145-тен жоғары

155-тен жоғары

163-тен жоғары

170-тен жоғары

 

 

7-кесте. Жас баскетболшылардың жалпы дене дайындығының көрсеткіштері (м.с. Бриль бойнша)

Тест

10

12

14

16

20 м-ге жүгіру (с) орнынан (с.м. Абалаков бойынша) (см).

Орнынан ұзындыққа секіру (см)

Екпінмен ұзындыққа секіру (см)

Салмақты тығыздалған допты итеру -3кг (м)

60м-ге жүгіру (с)

 

 

 

 

 

Спорттық іріктеуді баскетболшыны бастаушыдан жоғары дәрежелі спортшыға дейінгі дайындықтың барлықв кезеңдерінде жүргізілетін процесс ретінде қарастыру қажет. Түрлі сатыдағы іріктеу сипаты мен әдістерін таңдау команда табысын құрылымдық талдауға негізделуі тиіс ( 1-сурет). Бірінші сатыда бейімділігі анықталып, балалардың жасы мен дайындығына қарай қимыл белсенділігі бағаланады. Екінші сатыда, балалар баскетболда дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде, олардың ойынға дарындылық дәрежесін бағалауға болады. Бұдан соң үшінші сатыда дарындылық пен дағдыны игеру негізінде спорт қимылдарында көрінетін қабілеттілік қалыптасыды. Төртінші сатысы — бұл спорт шеберлігін қалыптастыру.

 

1-сурет. Команданың спортттық табысының талдауы

 

Дайындығын талдау тек үшінші сатыда ғана, жүргізіледі. Бұдан төменгі деңгейлерде жеке тұлғаның сапасы мен қасиеттеріне мән беріледі.

Команданы топтастыру

Командаға үміткерлердің болашағы олардың аталған дайындық сатысында команда алдына қойылған міндеттерді игеру шамасына қарай біртіндеп анықталады. Мысалы, мақсатты бағытты дайындық басталар алдында қорғаныс пен шабуылдағы ойын сапасына, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне сипатына, сарынына, психологиялық мүмкіндіктеріне зерттеу бағалары беріледі. Жылдық айналымның негізгі жарысы алдында (команданың негізгі құрамын іріктеу үшін) баскетболшының шамасы жететін жүктемеге ағзаның негізгі жүйелері мен қызмет реакциясы, арнайы жұмыс қабілетінің деңгейін анықтайтын бақылау сынақтарын орындау нәтижелері, жылдамдық-күш сапалары, әдістерінің тұрақтылығы, бақылау матчтарындағы ойын көрсеткіштері бағаланып, қорғаныс пен шабуылдағы ойын сапасына баға беріледі. Жауапты турнир, чемпионат матчтары алдында (сөрелік бестік пен командаға жақын резервті іріктеу үшін) ағзаның қайта қалпына келу шапшаңдығы дәрежесі, психологиялық көңіл-күйі, көңіл-күй толқуы, өз күшіне сенімділігі, мінез-құлқын басқаруы бағаланып, жедел дәрігерлік және педагогикалық бақылау және педагогикалық бақылау мәліметтері талданады.

Бұл жұмыста жаттықтырушы үшін ең бастысы — білікті көмекшілердің бағасын алып, ойыншының дайындығы туралы жалпылама бағалауды қалыптастыру. Әдетте дәрігер, биохимик, физиолог және психолог мамандар алдында жеке сипаттары бойынша баға міндеті тұрады, сосын төмендегі бөлімдер бойынша біріккен ортақ аралық бағалар беріледі:

  • денсаулық жағдайы;
  • қызмет жағдайы;
  • арнайы дене дайындығы;
  • әдіс-тәсілдік дайындық;
  • психологиялық дайындық;
  • ойын дайындығы.

Жаттықтырушы ойыншының дайындық деңгейі туралы соңғы баға қойғанда, ол бес ұпайлық жүйе бойынша сандық сапалық амалды пайдаланып, сонымен қатар сандық көрсеткіштердің үлгілік көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесін, жеке тапсырмаларды атқару деңгейін, жылдық айналымдағы таңдаған көрсеткіш өзгерістерін, ағзаның жеке ерекшеліктері мен ойыншының толықтырушы мүмкіндіктерін ескереді.

Бұндай бағалау мен оның сипаттары жалпылама түрде 8-кестеде келтірілген.

 

8-кесте. Профилактикалық жазбаның үлгілік түрі

Апталық циклдың нөмірі мен күні

1

2

 

 

Жаттықтыру күні

Жаттықтыру нөмірі

Жаттықтыруды ұйымдастыру түрі

Қарқыны

 

Ескерту: Қарқындылықтың шартты белгілері; Ж-жоғары; Б-биік; О-орташа жаттықтыруды ұйымдастыру түрінің белгілері; Ж-жеке; К-командалық.

 

Команданы іріктеу мен топтау осы сандық көрсеткіштер мен мамандардың қорытынды бағалары нәтижесінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III-тарау. ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

3.1. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері

 

Спортшыны даярлау барысында ойынды жарыс деңгейінде жүргізуге қажетті дағды, білік пен білік қалыптасып, жетілдіріледі. Жаттықтырудың мақсаты — дене дамуы жақсы, денсаулығы мықты, қоғамның белсенді мүшесі, Отанды қорғау мен жоғары өндірістік еңбекке қабілетті, жоғары спорт нәтижелерін көрсетуге дайын азамат тәрбиелеу.

Баскетболшының спорт жаттықтыруы барысында түрлі міндеттер атқарылады және олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты:

  • жоғары ерік және рухани сапаларын тәрбиелеу;
  • арнайы сапаларды жан-жақты дамытып, тәрбиелеу;
  • ағзаның қызмет мүмкіндіктерін арттыру;
  • заманауй әдістерді, икемді тәсілді және ойын стратегиясын меңгеру;
  • дайындық жүйесін ғылыми негізде басқаруға арналған білімді игеру.

Спорт жаттықтыруының барлық құралдары жарыстық және дайындық болып бөлінеді.

 

3.2. Спорт жаттықтыруының әдістері

 

Тең мөлшерлі әдіс жаттығуды теңкөлемді ырғақта үздіксіз ұзақ орындауды ұсынады. Бұлшықет топтарының көп бөлігі қатысатын кросстар, шаңғымен жүгіру, жүзу, айналымдық сипаттағы жалпы дамытушы жаттығулар спортшы ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін арттыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бұндай жаттығуларды орындағанда, жүрек жиырылуының жиілігі минутына 140-150 соққыға жетеді, ұзақтығы 60-90 минут болатын жұмыс  әсіресе, дайындық кезеңінде жалпы төзімділікті дамытуға көмектеседі.

Жаттықтырудың ауыспалы әдісі түрлі қарқындағы жүктемелерді кезектестіруді қарастырады. Жүктемені бұлай кезектестіруге мысал ретінде баскетболшының жалпы және арнайы дене дайындығы сатысында кең қолданылатын фартлек жүгірісін (жылдамдыққа жүгіру) алуға болады. Негізгі факторы қимыл құрылымы болып табылатын түрлі, ойын жаттығуларын үздіксіз орындауда жаттықтырудың осы әдісіне жатады.

Қайталау әдісі жүктеменің мазмұнын, көлемі мен сипатын сақтап, жаттығуларды бірнеше дүркін орындауға құрылады. Мысалы, бірдей жылдамдықпен бүкіл баскетбол алаңын құрайтын ұзындықты бірнеше мәрте жүгіріп өту, қайталап салмақ көтеру, белгілі бір әдіспен бір нүктеден бірнеше дүркін доп салуды орындау; ЖЖЖ қайталау алдында 120-130 соқ/минуттан  төмендемеуі тиіс. Бұл әдіс баскетболшыға бір жаттықтыру барысында үлкен көлемдегі жұмысты атқаруға, мүмкіндік беріп, қызмет мүмкіндіктерін жетілдіруге, қимыл дағдыларын нығайтып, қалыптастыруға көмектеседі. Қайталау әдісін  күшті, шапшаңдықты, төзімділікті, иілгіштікті, ептілікті тәрбиелеуде және әдіс-тәсілдік дайындықта қолданады.

Баскетболшылардың күш қабілетін тәрбиелеуде «бас тартқанға дейін» жаттығуларын орындау әдісі қолданылады, оның негізін баскетбол элементтеріне ұқсас құрылымы бар тартылу (максимум 60-70%)  жаттығуларын қайталап орындау құрайды.

Барынша күш салу әдісі баскетболшы екі-үш реттен артық көтере алмайтын ауыр салмақ көтеру жаттығуларын пайдалануды ұсынады. Жаттығулар арасындағы үзілістік  қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін 5 минут шамасында аптасына бір сабақ болуы тиіс. Бұл әдіс күшті тәрбиелеуде өте тиімді.

Қайталау әдісінің тағы бір түрі қайталау — үзілісті жаттықтыру әдісі болып табылады, ол қайталау барысында жүктемені бірде ұлғайтып, бірде азайтып, жүктемені көтеруге ден қойып, өзгертумен сипатталады.

Интервалдық әдіс қайталау арасында жаттығу ұзақтығы мен демалыс үзілістерін қатаң қадағалап, қысқа мерзімдік жұмысты бірнеше дүркін қайталауды ұсынады. Жатты,у қарқыны ЖЖЖ бойынша шамамен 180 соқ/минут болып бақыланады. Айналымдық сипаттағы жаттығулардың ұзақтығы 1,5-2 минут баскетболшының арнайы жаттығуларының ұзақтығы — 2-3 мин. Тынығу үзілістері әлсіз немесе  белсенді болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы ЖЖЖ-ның қалпына келуімен бақыланады, ол 120-130 соқ/мин тең. Қайталау саны 10-20 рет. Бұл әдісті қолдану жүрек бұлшықетін дамытуға, жүрек көлемін ұлғайтуға және аэробты алмасу көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.

Ойын әдісі жарыс жағдайын бөлшектей үлгілеуге көмектеседі. Оны ойын барысын белгілі оқиғамен және соңғы мақсатымен тұрақты және күтпеген өзгерістер сипаттайды. Ол қимыл әрекеттерін кешенді көрсетуді, дербестікті, бастамашылдықты және ойыншылар арасындағы өзара түсіністіктің болуын талап етеді. Ойын әдісін баскетболшының жеке қабілеттеріне таңдап әсер етуде және оның қимыл әрекеттерін кешенді жетілдіруде пайдалануға болады.

Жарыс әдісі — бұл арнайы ұйымдастырылған сайыс, бұнда жеке және командалық күрес үшін жағдай жасалған. Жарыс процесі  қарсы қимыл факторы болатын жағдайда жоғары қызметтік ілгерілеу, ерекше көңіл-күй, психологиялық толқу қолайлы жағдай тудыруға көмектеседі. Бұл әдіс дайындықтың жеке міндеттерін шешуде, мысалы дене сапаларын тәрбиелеуде, әдістік амалдарды, тәсілдік өзара әрекетті жетілдіруде, оқушылардың қызығушылықтарына дем беріп, белсендіру үшін қолданылуы мүмкін.

Көмекші әсерлер әдісі дене сапалары мен қимыл дағдыларын дамытуда өзара байланысқа негізделген. Бұл үшін баскетболшының қимыл әрекетінің биомеханикалық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктерінің өзгеруіне сәйкес жағдайда қажетті қимыл сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар пайдаланылады. Мұнда тек жұмыс істейтін бұлшықеттер құрамы ғана емес, сондай-ақ жұмсалатын күш көлемі, туындаған жағдайлар тәртібі мен осы күштердің қимылдың түрлі кезеңдерінде өзгеру сипаттары ескеріледі, ол жүйке-бұлшықет жүйесінің жұмысын жақсартып, қимыл әрекетінің жоғары әсерлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Көмекші әсерлер әдісін баскетболшыларды дайындаудың арнайы және жарыс алдындағы кезеңдерінде, сондай-ақ дене дайындығына уақыт аз болған жағдайда дене әдістік және тәсілдік дайындықтар міндеттерін тығыз байланыстыру қажет болған жарыс кезінде пайдаланады.

Айналымдық жаттықтыру — бұл сабақты ұйымдастыру түрі, оның құрылуының негізгі әдістемелік принциптері мына ережелер:

  • «Бекетті» бірізді ауыстыру ретімен орындалатын дене жаттығулары кешенді жасақтауды айналымдық пайдалану.
  • Топтық сабақтарға есептелген, ол спорттың ойын түрлеріне ерекше лайықты.
  • Баскетболшының жан-жақты даму негізінде жұмыс қабілетін арттыру. Жаттығулар кешені спорттың әр түрінің қосымша жаттығуларынан, сондай-ақ баскетболшының арнайы жаттығуларынан құралады.
  • Кешенді жаттығулар жүктемесін қатаң бақылау. Ол жұмыс қабілетін дамытудың негізі құрамдас бөліктері — жаттығу ұзақтығына, қарқындылығына, қайталау санына, нақты белгіленген демалыс үзілістері мен жеке «бекеттер» және айналымдар арасындағы қатаң бірізділікпен мөлшерленген жүктемеге сүйенеді. Жаттығу ұзақтығы аэробтық және анаэробтық қабілеттерді дамыту мүмкіндігі есебінен таңдалады. Қарқындылығы жүрек жиырылу жиілігі бойынша мөлшерленеді.

  5)  Жарыс  деңгейіне  жететін немесе  одан  асатын  қарқындылықты  пайдалану (әрдайым  баскетболдың  арнайы  құралдарымен  жетуге  мүмкін емес) жүрек жиырылу  жиілігі   жүктеменің  әсерін  бағалауға мүмкіндік  беріп,  спортшы  ағзасын  қуатпен  қамтамасыз ету  жүйесінің қызмет  жағдайына арналған   түрлі  жаттығулардың әсерінің сипаты қызметін атқарады. Жаттығуларды  олардың  әсер ету  қарқындылығы бойынша  бөлу  жүктемені дұрыс  бағытта  жоспарлап  бақылауға, белгілі бір  сапаны дамыту үшін  арнайы  жаттықтыру құруға мүмкіндік  береді.

6) Жүктемені жеке мөлшерлеудің үлкен мүмкіндіктері (әрбір  жаттығуды көп мөлшерде қайталап анықтауда пайдалану негізінде). Жүктеме  мөлшері бүкіл  оқушыларға  бірдей  және қатаң түрде жеке тұлғалық болып белгіленеді.

7) Баскетбол ерекшелігіне барынша  жақындық. Бұл үшін екі  бағыт бойынша шеңбер мен  «бекеттер» қояды:

  • түрлі міндеттері мен  құралдары бар «бекеттерді» жинау;
  • баскетболшының күш, жылдамдық — күш дайындығын, ептілігін дамыту, тәсілдік — әдістік және  ойын  дайындығына  міндеттер қоятын «бекетті» арнайы  таңдау.

Бұл  үшін  айналымдық  жаттығудың  екі нұсқасын қарастырамыз:

2-сурет. Айналымдық жаттықтырудың бірінші нұсқасы – тең мөлшерлі.

 

 Теңмөлшерлі  айналымдық  жаттықтыру нұсқасы (2- сурет).

 Айналым міндеті:  жылдамдық — күш сапасының тұрақтылығын арттыру, дәлдік пен әдісті  жетілдіру.

Әдістері мен олардың  үйлесімі: тең мөлшерлі  көмекші.

Жұмыс қарқындылығы орташа «Бекеттегі» жұмыс уақыты — 2- 4 мин.

«Бекеттер» арасында  демалыс жоқ.

Айналым саны -2.

Айналым арасындағы  демалыс 1 — 1,5 мин.

Пульстің  төменгі жиілігі: 150 — 165 соқ/ мин.

«Бекеттердегі» жұмыс мазмұны:

  • Тығыздалған допты беру.
  • Тығыздалған допты ұстап,  қорғанысқа көшу.
  • Лақтырылған допты қағып алып, кедергіден  секіріп, оның астынан  жүгіріп өту.
  • Екі допты жүргізу.
  • Допты лақтырып (тығыздалған доп та болады), жартылай отырып тұру    және допты ұстап алу.
  • Допты бергеннен кейін  қарсы  қимылмен салу.

 

3-сурет. Айналымдық жаттықтырудың екінші нұсқасы-интервалдық

 

Интервалды айналымдық  жаттықтыру нұсқасы (3 — сурет)

 Айналымның міндеті: әдіс тұрақтылығын арттыру, дәлдік пен жылдамдық — күш сапаларын  жетілдіру.

Әдістері: интервалдық.

 Жұмыс қарқыны : жоғары.

«Бекеттегі» жұмыс уақыты: 1,5 минутқа дейін.

«Бекеттер» арасындағы демалыс: 40- 60с.

Айналым саны — 2.

Шеңбер арасындағы демалыс — 3 минутқа дейін.

 Пульстің жоғарғы жиілігі: 180 соқ/ мин.

«Бекеттегі»  жаттығу мазмұны:

  • Допты жүргізумен үзілісті жүгіру.
  • Допты қалқанға соғу топтамасы.
  • Доп беретін әріптесімен 1:1 өту.
  • Доп салу.
  • Бағанды айналып өтіп доп салу.
  • Екі доппен үштікке доп беру.

 Баскетболшыларды  дайындау басқа да  спортшыларды  даярлау тәрізді дене, әдістік, тәсілдік,  ойын,  рухани — ерік және  психологиялық  және ілімдік дайындықтардан  құралады.

 

 

3.3. Дене дайындығы

 

 Заманауй  баскетбол — бұл жоғары қимыл  белсенділігімен, үлкен  қысымдылығы  ойын әрекетімен, ойыншыдан  қызмет мүмкіндіктері мен жылдамдық күш сапаларын  барынша  жұмсауды талап етумен сипатталатын  атлетикалық ойын.

Дене  дайындығының міндеті — денсаулықты жан — жақты  дамыту мен нығайту, баскетболшының қызмет  мүмкіндіктері мен  қимыл сапаларын арттыру. Спорттың басқа түрлеріндей баскетболда да дене дайындылығының  бағдарламалық — мөлшерлік негізі  Президенттік тест кешені болып табылады.

Дене  дайындығы міндеттері  дене тәрбиесі жүйесінің ортақ   міндеттерінен  туындап, спорт  түрінің мамандық ерекшелігіне  сай  нақтыланады. Баскетболшының нақты дене дайындығы мына  міндеттерді  атқаруға  бағытталған:

  • Даму деңгейін арттыру мен ағзаның қызмет  мүмкіндіктерін  кеңейту

        (қызметтік дайындық).

  • Дене сапаларын тәрбиелеу (күщ,  шапшаңдық, төзімділік  иілгіштік  және ептілік), Сондай-ақ, олармен  байланысты ойын  әрекетінің  тиімділігін қамтамсыз ететін  дене қабілеттері кешенін дамыту (секіргіштік,  жылдамдық қабілеті,лақтыру қимылының  қуаттылығы, ойын ептілігі мен төзімділігі — атлетикалық дайындық).

 Бұл  міндеттерді шешу жалпы  және арнайы дене дайындығы  барысында атқарылады.

Жалпы дене  дайындығы  баскетболшының жаң — жақты дамуын қамтиды және  таңдалған спорт түрінен арнайы дене  дапаларын әсерлі көрсету  үшін   алғышарттар  құрады. Ол арнайы бағытта болуы тиіс, атап айтқанда: спортшы ағзасының  мүшелері мен  жүйелерін  баскетбол  талаптарына  сай нығайту, жаттықтыру ықпалын дайындық жаттығуларынан негізгі қимылдарға  ауыстыруға көмектесу.

Арнайы дене дайындығы баскетболшының қимыл қабілеттерін  қалыптастыруда негізгі роль атқарады және  ойынның әдіс — тәсілдерімен жарыс  жүктемелерінің  көрсеткішімен психологиялық толқумен  тығыз  байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс  жағдайында  пайдалану сипаты мен  жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны   меңгерумен және  жетілдірумен  тығыз  байланыста іске  асырылады.

Баскетболшының дене  дайындығының  жоғары емес деңгейі оның әдіс — тәсілдік қорын меңгеру мен оны жетілдірудегі қабілетін көрсетеді. Мысалы, секіргіштігі жақсы  дамымаған баскетболшы  секіре доп салудың замануй әдісін меңгере  алмайды және қалқан астындағы доп үшін  тартысқа қатыса алмайды. Ойыншылары баяу қимылдайтын  команда тез топжаруды,  прессингті әсерлі қолдана алмайды, т.б.

Жалпы және арнайы  дене  дайындығы  өзара байланысты және  бір — бірін толықтырып отырады. Бір жағынан дайындықтың бұл  түрлері ойын ерекшелігіне тәуелді, екінші жағынан баскетболшының жарыстағы әрекетінің шынайы мүмкіндіктерін анықтайды. Сондай-ақ, ойыншының дене дайындығының жеткілікті жоғары  деңгейі психологиялық тұрғыдан  маңызды болып табылатынын атап айту қажет, атап айтқанда: күресте  сенімділік береді, қиын жағдайларда өте жоғары ерік  сапасын  көрсетуге  мүмкіндік береді.

Баскетболшының қызмет  мүмкіндіктері оның дене дайындығының негізін  құрайды. Оның даму  деңгейі спорттық жұмыс қабілетін яғни ойыншының тұрақты даму  үшін жеткілікті, ұзақ уақыт  барысында өзіне арнайы ерекше  жұмысты атқару қабілетінде  нақты көрінеді.

 Жұмыс қабілеті ең алдымен  ағзаның биохимиялық табиғаты бойынша екі бөлек интегративтік қасиеттері — аэробтың және  анаэробтық  өнімділіктен көрінеді (яғни,  бұлшықеттің оттегімен толық  немесе жеткіліксіз қамтылуы). Жекелеген  кезеңдерде жаттықтыруды  құруда дене жаттығуларының  спортшы ағзасының қызметтік  дамуына әсер ету деңгейін  ескеру қажет.

Күшті тәрбиелеу. Заманауй атлетикалық баскетбол ойыншылардың күш қабілетіне  жоғары  талаптар қояды, ол белгілі  мөлшерде  секіру  биіктігмен, түрлі  амалдалды  орындау  шапшаңдығымен, ауысу жылдамдығымен және ептілік пен төзімділікті көрсетуде  үлкен маңыздылығымен  анықталады. Ойын әрекетінде осы  дене сапалары баскетбол ойынының  дұрыс әдістеріне лайық белгілі  бір қимыл   дағдысы шеңберінде, қимыл шапшаңдығымен  үйлестіріліп  көрінеді.

Бұлшықет күштерін көрсету шарттары мен сипатына қарай өзіндік күш қабілетін ажыратқан жан (тұрмыс  жағдайында  және баяу қимылда). Баскетболда жылдамдық — күш қабілеті маңызды орын алады.  Биылғы мәліметтер бойынша  баскетболдың 70%  қимылы жылдамдық — күш  сипатында болады. Алайда қорғаныс  тұрысында, допты тартып  алуда  және басқа қатты қимылдарда едәуір табанды  күш қажет. Сондықтан ойыншының күш  дайындығы жан — жақты  болып, әрі бұлшықет  күшін түрлі тәртіпте  дамытуы қажет.

 Бұлшықет  күшінің  маңызды  түрі аз уақыт ішінде  шартпен  қатаң  қадағаланатын спорттық жаттығуларды немесе ойын  әрекетін үлкен күшті көрсету қабілетін бейнелейтін қуатты  күш болып табылады. Күштің  бұл түрін баскетболшылар секіруде, тез топ жаруда, қуатты ұзақ  доп беруде іске асырады.

«Абсолюттік» және «қатыстық» күш ұғымы бар. Абсолюттік  күш — бұл адам өз салмағына   қатыссыз  қандайда бір  қимылды көрсететін  шамалық күш. Қатыстық  — бұл  ойыншының  дене салмағына 1 кг- нан келетін  күш шамасы, яғни

                     Қатыстық күші=   

Баскетболшының қимыл әрекетін  қамтамасыз ететін бұлшықет  күші қимылдың биомеханикалық сипаттамасынан барынша ірі бұлшықеттерінің жұмыстарын қарастыратын иінтірек ұзындығы және бұлшықет  жұмысын дамытуы мүмкін қысым  шамасына байланысты болады.

Қысым  көлемі бұлшықеттің физикалық қызметімен,  қимыл бірліктерінің белгілі бір саның  жұмысқа ендірумен,  бұлшықетке  жіберілетін жүйке импульсінің  жиілігінен және жұмысқа  қатысатын барлық қимыл бірліктерінің күшін  жұптастыру деңгейімен анықталады.

 Баскетболшының күш қабілетін  тәрбиелеу  мына бағытта  болуы тиіс:

  • бұлшықеттің абсолюттік деңгейін ұстап тұру мен дамыту;
  • ең қысқа мерзімде күшті  барынша көрсету;
  • жұмыс күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра білуді қалыптастыру;
  • бір қимылдан келесі қимылға көшуде жоғарғы күш көрсету қабілетін жақсарту.

Ағзаға әсері бойынша күшті  дамытатын барлық  жаттығуларды ойыншы денесінің үлкен бұлшықет  топтарының көпшілігін дамытуға  арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын  жұмысшы бұлшықет топтарын дамытуға  бағытталған локальдық деп бөлуге болады.

Штангамен және де басқа  тартулармен жаттықтығуларды мақсатты таңдаудың мына  ережелері ұсынылады:

  • жылдамдық — күш қабілетін дамыту үшін жоғары  мөлшері 45% салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау, қайталау саны — 8-12;
  • өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85 %-ға тең салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу  босаңсытуға арналған  қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады;
  • күш төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде « бас тартқанға дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды.

 Жаттықтыру әс — тәжірибесінде жарылғыш күшті  дамыту үшін өзгермелі жылдамдық тәртібіндегі төмендегі жаттығуларды кеңінен  қолданады: ауыр  тығыздалған допты ұзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу, әріптесін кеңестік  алаңында белгіленген  сызықтан ығыстыру немесе түсіру, қарсылас  қолынан жопты тартып алу, еркін күрес пен  самбоның элементері.

 Баскетболшылардың  кешенді  жылдамдық — күш қасиеттерінің бірі секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан астында допты сараптауда,  тартысты доп салуларды, т.б. орындағанда  барынша жоғары секіру қабілеті.

 Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар:

  • секірудің шапшаңдығы мен дер кезінде  орындалуы;
  • тік қалыпта орнынан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау;
  • қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау;
  • күш сынасу жағдайында, секіруді бірнеше рет қайталау (топтама секірулері);
  • өз денесін тірексіз жағдайда басқару;
  • қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу.

 Баскетболшыларда секіргіштікті дамытудың негізгі құралдары орнынан және қысқа  екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі  секірулер, секіру топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру, Сондай-ақ, серпілумен орындалатын түрлі  жаттығулар болып табылады.

Күш  жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі ойыншыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму  деңгейін де  анықтайтынын ескеру қажет. Қозғалыста, мысалы, қорғаушыларда  бүгілетін тобық  буыны бұлшықетінің күші  маңызды болса  шабуылшыларда аяқтың  жазылуындағы бұлшықеттің қатыстық күші, ал  орталық ойыншыларда — жарылғыш өзгермелі күші маңызды болады. Бұл түрлі ойын  рольдеріндегі баскетболшылардың күш  қабілетін жетілдіруде  бейімделу үшін негіз болып табылады. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда күшті  шапшаңдық пен ептілікке мән беріп кешенді күш жаттығулары негізінде дамыту керек. Күш  жаттығулары  буындардың  қозғалғыштығын арттыруға  және босаңсытуға  арналған жаттығулармен  сәйкестенуі керек. Күшті жетілдіру мен тәрбиелеудің  негізгі әдістері: шектен тыс   саламқты « бастартқанға дейін» қайталап, барынша  күш  салып көтеру, айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі, интервалдық, жарыстық әдіс.

Шапшаңдықты дамыту (жылдамдық  қабілеті) шапшаңдықты дене сапасы ретінде баскетболшының қимылды өте аз уақыт  аралығында орындау қабілетін түсінеміз. Шапшаңдықты  көрсетудің  қарапайым және  кешенді түрлерін  бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты.

 Спортшының жай  реакциясы — бұл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген  қимылмен жауап беру (мысалы,  жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру). Баскетбол үшін  қозғалмалы нысанға  жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі  реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағдайға қолайлы біреуін  таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән. Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне  емес, оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін  күрделі де жай реакциялардың  дамуының жоғары деңгейіне жетеді.

Ойында әдетте шапшаңдықтың барлық  түрлерін кешенді көрсету талап етіледі, өйткені олар баскетболшылардың көпшілік қимыл әрекеттерін құрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалдарын және олардың  кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығыгда бір амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді. Баскетболдағы  шапшаңдықты дамытудың  айрықша ерекшелігі оны үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бұзушы  ықпалдар  негізінде (қарсыласының  қарсыласы, психологиялық қысым, шапшаң) көрсету  қажеттігі болып табылады. Сонымен  шапшаң жауап беру маңыздылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру (сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету,  Сондай-ақ, осы  жылдамдық ұстап, шаршауға қарсы тұру (Қашықтықтағы жылдамдық) қабілетіне байланысты болады.

Жылдамдық қабілеті доп  салуда: доп беруді, жүгіруді орындау  шапшаңдығы мен тәсілдік   міндеттерді шешу жылдамдығы  жақтарында көрінетін астар болып табылады.

Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп, әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және  ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез  топ жарудағы қимылдың басталуы үшін қалқаннан ұшып шыққан доп болуы мүмкін.

Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта  шағынмерзімді жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді.

 Сөрелік екпін мен қашықтық  жылдамдығының жылдамдығы баскетболдағы  шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда  болады, мысалы, доп беру,  жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ жару мен  прессинг  элементтерін  орындау. Қозғалыс жылдамдығын ұлғайту тек ойыншының жылдамдық  қабілеттеріне  әсер етумен ғана емес, Сондай-ақ,  қимыл әдістерін  жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін тәрбиелеумен орындалуы да мүмкін.

Баскетболдағы шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі  құралдары шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын жылдамдық  жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды дамытуға  жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды  келтіреміз:

  • жеңілдетілген жағдайларда  жаттығулар орындау ( қиғаш жолда жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану);
  • қиын және  қарапайым  жағдайларда жаттығуларды  кезектестіру, салмақтарды өзгерту;
  • екпіндеп жүгіру, көшбасшының ( әріптестің) ізінен жүгіру;
  • жаттығуларды орындау  уақыты шарттарына   шектеу ендіру.

Төзімділікті  тәрбиелеу. Заманауй баскетбол үшін  жоғары жарыс және  жаттықтыру жүктемелері, ойын екпін,  қарсылас кедергісімен   үлкен жылдамдықта әдістік амалдарды орындау,  қорғаныстың белсенді жүйесін қолдану мен шабуыл, тез топ жару және  прессинг тән. Ұзақ  жарыс кезеңі, турнирлер мен жеке матчтардың жоғары қысымы төзімділікті жоғары даму деңгейін талап етеді, яғни жарыс  жүктемесі  нәтижесінде пайда болған  шаршауға қарсы  тұру қабілетін  талап етеді. Сондықтан да баскетболшылардың төзімділігін дамыту қажет. Өте төзімді баскетболшы спортттық тұлғасын өте ұзақ уақыт  сақтайды, бір ойында да,  бүкіл турнирде де  жоғары қимыл белсенділігін  көрсетеді, тұрақты және ықпалды әдістер көрсетеді, шапшаң  тәсілдік ойлаумен  ерекшеленеді, өте  нәтижелі болады.

Баскетболшы үшін жалпы  және арнайы төзімділіктің де  маңызы зор. Оларды дұрыс бірізді, жылдық жаттықтыру сатыларына  сәйкес дамыту қажет. Жылдық айналымның дайындық  кезеңінің жалпы  дайындық сатысында  жалпы төзімділіктің мәселелерінен  айналысу қажет, ол барлық дене сапаларының дамыуын, аэробтық мүмкіндіктер үшін  қажетті база құруды ұсынады. Аэробтың мүмкіндіктерді  жетілдірудің құнды ерекше құралдары жүгіру, жүзу ескек есу,  шаңғымен жүру және кіші, орта және ауыспалы  қарқындылықпен  көлемін  біртіндеп ұлғайтумен  орындалатын  айналымдық  сипаттағы басқа да  жаттығулар  болып табылады.

 Алайда ұзақ  уақыттық көлемді  жұмыс  біркелкі келеді және  баскетболшы оны үнемі  қызыға орындамайды.  Жаттықтырудың ұнамды түрі  фартлек болып табылады — ол  орманда немесе жергілікті  жерде үлкен көлемде түрлі  жылдамдықпен орындалатын жүгіру. Жалпы төзімділікті жетілдіру  бірқалыпты,  үздіксіз, қайталау және  ауысу әдістерін қолдану арқылы  жүргізіледі. Олардың көмегімен  мына міндеттер шешіледі:

  • Оттегіні тұтынуды жоғарғы деңгейге көтеру;
  • Жеткен  деңгейін тұрақтандыру  қабілетін дамыту;
  • тыныс алу  процесстерін  шапшаңдығын ең жоғарғы  көлемге жеткізу.

 Баскетболшының ойындағы қызмет қабілетін  көрсету ерекшеліктері аэробтық және анаэробтық  процестерді кезектестіру болып табылады. Жоғары қ имыл  белсенділігі сәтінде анаэробтық   процестер белсенділігі артып, оттегі  жетіспеушілігі туындайды. Аэробтық процестердің қуаттылығы оттегі  жетіспеушілігін  жойып, оның орнын  шапшаң толықтыруды анықтайды. Сондықтан  жалпы төзімділіктің жоғары деңгейі арнайы  төзімділік үшін мықты негіз  болады. Арнайы дайындық пен жарыс алдындағы  сатыларда төзімділікті дамытудың әдістері мен құралдары өзгеріп, арнайы төзімділіктің  үлесі  артады.

Жаттығу қарқындылығын анықтау үшін жүрек жиырылу жылдамдығының  көрсеткішін  пайдаланады. Егер жаттығуды орындағанда ЖЖЖ 150 соқ/мин  шамасында болса,  демек олар аэробтық  қабілеттің дамуына сәйкес келеді, 165 соқ/мин шамасында болса, аэробты —  анаэробты ықпал етеді. Егер ЖЖЖ180 соқ/ мин асса, жаттығулар аэробтық қабілетінке әсер етеді. Жүктеменің қалған құрамдас  бөліктері жаттықтыру әдістеріне қарай өзгеріп отырады. Баскетболшы төзімділігін дамытудың арнайы әдістері интервалдық, қайталау — ауысу, көмекші, жарыстық, жаттықтырудың айналымдық түрі болып табылады.

Төзімділікті дамытуға арналған  жаттығуларды жаттықтыруға  ендіргенде  жаттықтыру  мен жарыстық әсерлер ойыншының қызмет  мүмкіндіктері мен  дайындық  деңгейіне  сәйкес  келуін қарастыру қажет. Жүктеме қарқынын арттыру  спортшы ағзасында дем беретін  қалпына келтіру процестері құралдарын кең қолдану ғана мүмкін.

Бұл ең  алдымен сабақты  тиімді құруға  байланысты. Мұнда  үлкен мәнге ие болатындар:

  • жүктеме мен демалыстың дұрыс үйлесуі;
  • жаттықтыру құралдары мен әдістерінің өзгергіштігі;
  • жоғары жүктемелі сабақ  өткен күннен кейінгі күнді  белсенді демалыспен өткізу;
  • жаттығуды белсенді демалыс пен тынығу үшін негізгі жаттығулар арасындағы үзілісте  орындау;
  • толық тығу жағдайында әлсіз демалыс ( тиісіншіе, суда);
  • түрлі жағдайларда жаттықтыру өткізу( стадионда.т.б.);
  • жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету және кері әсерлерді жою;
  • тиімді тамақтануды, дәрумен қабылдауды, массажды, су процедураларын, физиотерапияны қамтамасыз ету.

Ептілікті тәрбиелеу. Ептілік  деп күрделі дәлдіктегі қимылды меңгеру, сондай-ақ, күрделі қимыл міндеттерін тез әрі дәл шешумен қимыл әрекетін өзгермелі жағдайға қарай қайта орналастыра білу  қабілетін  түсінуіміз керек.

Ептілік- кешенді сапа, онда күш пен шапшаңдықтың жоғары деңгейде көрінуі қимыл дәлдігімен олардың үйлесімдік табиғатында пайда болады. Екінші деңгейі — бұл кеңістік  дәлдік пен қимыл дәлдігі екіншісі — қысқарған  мерзімді орындалатын кеңістік дәлдігі мен қимыл дәлдігі, үшінші — өзгермелі жағдайда қысқарған мерзімдегі қимыл дәлдігі мен кеңстік дәлдігі.  Баскетбол үшін үш деңгейі де  мңызды, бірақ ерекше  маңыздысы үшіншісі болып табылады, ол ойыншыға қимыл әдісін  меңгеруге, кенеттен өзгерген ойын жағдайында қимыл дағдылары мен біліктерін дәл әрі тез пайдалануға  өз әрекеттерін тиімді қайта  құруға көмектеседі. Спорт әдістерін  үйрену мен жетілдірудегі  ептіліктің орны ерекше.  Жаңа   қимылды  меңгеру дәлдігі мен  шапшаңдығы қабіліті шыңдалған баскетболшының қимыл  дағдылары қоры мен қызмен  мүмкіндігіне байланысты болады.

Жаңа әдістік амалдарды меңгеру  барысында қимыл  элементтерінің қоры оларды барынша күрделі қимыл дағдыларына біріктіруге көмектеседі. Сондықтан ептілікті дамытудың басты құралдарының бірі үйлесімдік кедергілерді  бағындыруға байланысты жаңалық элементтері жаттығулары болып  табылады. Ептілікке  тәрбиелеудің ең кеңейтілген құралдары қимыл белсенділігінің  өзгергіштік ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін акробатика мен гимнастиканың  элементтері, спорт ойындары  болып табылады.

Баскетболдағы  ептілікті көрсету ерекшелігін ескере отырып,  жаттығуларды мазмұны мен сипаты жағынан ойын ерекшелігіне  жақын болатындай етіп  таңдаған дұрыс. Яғни, қозғалыстағы ептілікті дамыту үшін баскетболға  тән үйлесімдері бар арнайы жаттығулар мен ойындар кең қолданылады: реакция шапшаңдығы — сөрелік екпін алу —  қашықтықтағы жылдамдық — бірмезгілде доппен орындалатын әдістер мен  тәсілдік  міндеттерді шешу. Жаттығуды орындауда түрлі  әдістемелік амалдар кең қолданылады, олар — сөре жағдайы мен кеңістік шекарасын,  жаттығуларды орындау әдісін өзгерту, оларды  қосымша қимылдармен толықтылу қарсыласының кедергісі, күтпеген ықпалдар жүргізіп, үйлесім  қимылдарын  көрсетуге жол ашады.

Тез өзгеретін ойын  жағдайларында ептілікті дамыту  үшін бірінен кейін  бірін шапшаң екпінде орындайтын кедергі жолақтарын бағындыру түріндегі жаттығулар ұсынылады, мысалы:

— акробатикалық секіру — кедергіден аунап өту, қысқа  үдеуден «терезеге»   секіру, сосын серіппелі көпірден серпіліп арқанға секіріп шығу, онымен белгіленген орынға дейін өрмелеу және дәл қону үшін  секіріп түсу, жаттығу мәре сызығына жұлқынумен аяқталады;

— қолына тығыздалған допты ұстап,  шалқалай жату  сөресі 4-5м жүгіріп, кедергіден секіріп өту, сосын гимнастикалық бөренеге шығып, 6-8 м-ге жұлқына  шығуды орындап, жүрістен  гимнастикалық қабырғаға секіріп шығу, оған өрмелеп, қабырғаның жоғарғы  сырытына қол тигізу; жаттығу секіріп түсумен және мәре  сызығына соңғы  жұлқына шығумен аяқталады.

Бұндай жаттығуларды команданың кедергіні бағындыруға кеткен уақытын тіркеп екі  команданың жарысы түрінде  өткізеді. Олар тек дене күшін ғана емес, Сондай-ақ, едәуір жүйкеге қысым түсуді де талап етінін ескеру қажет. Сондықтан бір  сабаққа осындай бірнеше жаттығуды ендіру дұрыс емес. Оларды жаттықтыру сабақтарының негізгі  бөлімдеріне ендіру қажет.

Бұл жаттығуларды пайдаланудың негізгі әдістері — қайталау — ауысу, ойын және жарыстық.

 

Иілгіштікті тәрбиелеу және тыныға білу. «Иілгіштік»  ұғымы тірек — қимыл аппаратының  морфоқызметтік қасиеттерін  бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық  деңгейін анықтайды. Баскетболшының  қимылды  үлкен  құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс  амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшаңдығы мен  дәлдігін анықтайды.  Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі  қимылдың ең  жоғарғы құлашы  болып табылады. Қимыл құлашы  буындардың  қозғалғыштығына  бұлшықеттердің, сіңір мен  қоспалардың  икемділігіне, бұлшықет  күшіне, Сондай-ақ, орталық  жүйке жүйесі  жағдайына  байланысты болады.

Баскетболшының иілгіштігін  дамытудың  негізгі міндеттері бұл сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру. Бірінші  кезекте балтыр табанжәне білезік — қоспа буындары қозғалтқыштығының ұлғаюына назар  аудару керек.

Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты  әдіс —  қайталау әдісі. Баскетболшылардағы тынығу қабілеті доп салу және  лақтыру қимылдарына сәйкес  дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның  бұлшықеттер  жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін  шектейді. Жұмсақтық  еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы белсенді қайталау әрекетіне  дайындалған сәтте қонуда өте қажет.Жоғары дәрежелі баскетболшылар  әдетте тынығу өнерін біледі,  әдістерді бұлшықеттің  тиімді  қозғалысын қамтамасыз  ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін  орындайды.

Тыныға білуді меңгеру үшін  орындалуында  алаңға қатынасы  бойынша өте  жоғары  қалыпта  тұрған дененің жеке бөліктері түгелдей пайдаланылатын және  орындалуы дене салмағының  орташалығын ауыстырумен  байланысты жаттығулар  қолданылады.

 Ойын  әрекеттерін қамтамасыз ететін бұлшықеттің негізгі топтарын тынықтыра білу баскетболшыларда төмендегі  жаттығулар көмегімен   қалыптасады:

  • қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу;
  • тұлғаны оңға және солға бұрып, қолды еркін түсіріп сермеу;
  • бір орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыратын жүгіру;
  • дене салмағын кезегімен бір аяқтан келесісіне түсіру, еркін аяқтың тізесін тез бүгіп, аяқ ұшын еденнен ажыратпай;
  • санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін);
  • еркін аяқты еркін тербелтіп, бір аяқпен орынында секіру;
  • қол еркін түсілген, тұлғаны алға иіп, тынықтыра сілку.

 Тыныға білуді жетілдіру үшін психореттеуші жаттықтыру табысты қолданылады.

 

 

3.4. Әдістік дайындық

 

Ойынның заманауй деңгейі әдістік дайындық бағытын анықтайды.  Ойыншылардың жан — жақты әдістік  дайындығы  барысында  ғана жоғары нәтижелерге жетуге болады. Бұл үшін баскетболшы мынаны меңгеруі  тиіс:

1) Заманауй баскетболдың  баршаға ортақ ойын  амалдарын меңгеріп, оларды түрлі жағдайларда атқара білуі;

2) Әдістерді бір — бірімен кез — келген бірізділікпен, түрлі ауысу жағдайларында үйлестіре білу. Түрлі әдістерді үйлестіре отырып, қимылды түрлендіру.

3) Ойында жиі қолданылатын бірақ оларды үлкен әсерлі орындауы керек әдістер кешенін меңгеруі ойынның өткір  вайлашарғысы жеке ерекшеліктер мен қабілеттерді барынша қолдануды талап етеді.

4) Әдістерді үнемі жетілдіріп, оларды орындалуындағы ортақ сәйкестікті жақсарту.

Жаттықтыру барысы  өсеклең қарсы әреет  жағдайында күрес жүргізуді  қамтамасыз ететін  спортшының қабілетін дамыту  деңгейіне қойылатын  талаптар біртіндеп  артатындай  болып  ұйымдастырылуы  тиіс.

 Барынша қысқа  мерзімде тиімді әдістерді меңгеру  ойынды дамыту  жолдарын білу мен көпжылдық жаттықтыру процесін  жоспарлап құрады ұсынады.  Дайындықтың  әрбір кезеңде  спортшы  алдына міндеттер қойылып,  соған сәйкес  әдістер мен құралдар таңдалады. Әдісті жетілдіру міндеттері ойыншының  жасы мен біліктілігінің  өсуіне  қарай өзгеріп отырады.

Көпжылдық  жаттықтыру  процесін шартты  түрде үш сатыға бөледі:

  • әдісті бастапқы қою;
  • оны тұрақтандыру мен жетілдіру;
  • жоғары спорт шеберлігіне  жету.

Әдісті қоюды жан — жақты дене дайындығы тәрізді жоғарғы нәтижелердің  іргетесы ретінде қарайды.  Дайындықтың бұл кезеңі  спортшының бұдан кейінгі  әрекетінде шешуші роль атқарады: жасаған  жұмыстарыдың  жан — жақтылығы мен мұқияттылығына қарай одан ары  өсу мүмкіндігі мен қарқыны белгілі болады.

Бұл сатыдағы негізгі міндет — әдіс қою, яғни ойын әдістерін орындаудың негізгі заңдылықтарын меңгеру барысында қозғалыс  жүйесін  қалыптастыру. Бұл үшін  мыналар қажет:

  • ойын талаптарына сай жүргізуді, лақтыру мен секіруді пайдалану;
  • негізгі әдістерді орындауға  қажетті қимыл дағдыларын меңгеру;
  • үйренген қимылдарды баскетболшының көпсалалы  қимылдарының негізін құрайтын жаңа үйлесімдермен біріктіру;
  • үйренген әдістерін ойынға қолданып үйрену.

Негізгі қимылдарды тез меңгеру педагогикалық міндеттерді қою  бірізділігіне байланысты болады. Алғашқыда спортшы бастапқы қалыпты меңгеріп, дененің қай  бөліктері қимылға қатысатынын, бұл қимылдардың бағыты мен  үйлесімділігі қаншалықты  екіенін  білуі тиіс. Сосын ойыншы қимылды өзіне қолайлы, қолданбалы екпінде тиімді  құлашпен орындап, қимыл  құрылымының орындалу дәлдігіне жетіп,сосын әдістің  бөліктерін  игеруі тиіс.

Оқу барысында оқушыларды әдісті  қарапайым  ойында қолдана  алатындай етіп,  жағдайды күрделендіру керек.

 

3.5.  Тәсілдік дайындық

 

Баскетболшылардың тәсілдік дайындығы спорт жекпе — жегін жүргізу өнерін меңгеруді білдіреді.  Ол спортшының  туындаған жарыс жағдайын тез әрі дұрыс  талдау қабілетіне, осы  тәсілдік міндеттің тиімді шешімін тауып, оны  әріптестерінен  бірлесіп шеше білуіне сүйенеді.

Тәсілдік дайындық үшін  ілімдік негіз қалау барысында спортшының өзіндік жұмысының барлық түрін пайдалану керек. Баскетболшы  төрелілік ерекшелігі мен жарыс ережелерін зерттеп,  жеке өзінің жарыстық  тәжірибесін мұқият талдауға үйренуі тиіс. Демек, баскетболшының оқу — жаттықтыру жұмыстарындағы  жеке күнделігінің  жазбаларын  талқылау спорт нәтижелерінің  күрт өсуінің немесе төмендеуінің себептерін табуға,  тәсілдік дайындық ерекшеліктерін түрлі  сатыларға  қойып салыстырып, қажетті қорытынды жасауға  мүмкіндік береді.

Баскетболшыға нақты  жарысқа қатысуындағы, тәсілдік жоспарды (немесе бүкіл команданың қатысуы) өзінше құру кезңмен  тапсырылып отыруы қажет.

 Бұндай жоспар құруда спортшы спорт күресін жүргізудің құралдары,  түрлері мен  әдістері туралы жинақтаған  білетін, қарсыласы туралы мәліметтерін пайдаланады. Матчтан соң ойыншылар  жаттықтырушысымен  бірге жарыстың барысында  әрекеттермен өз жоспарларын салыстырып,  тәсілдік дайындықты одан ары жетілдіру жолдарын бергілейді.

Тәсілдік дайындықта өзара  байланысты  әдістемелік төрт міндет айқын қойылады:

  • Оқушыларда күрделі такциялар шапшаңдығын, зейінділікті, бағдарлауды, танымдылықты, шығармашылық бастамашылықты дамыту.
  • Шабуыл мен қорғаныстағы командалық  қимылдардың негізгі  жүйелерін, әріптестерімен  типтік өзара байланыс әрекеті мен жеке қимылдарды меңгеру.
  • Оқушыларда өз күштерін мүмкіндіктерін, сыртқы әсерлер мен қарсылас кедергінің ерекшеліктерін ескеріп, ойын  құралдары мен тәсілдік материалдардан  үйренгенін әсерлі пайдалана  білуді қалыптастыру.
  • Матч барысында қабілеттерді дамыту бір командалық  жүйе мен қимылдан екіншісіне өтеді.

Егер алғашқы екі міндет  ойын тәсілдерін меңгерудің  алғашқы  сатысына тура келсе, онда қалған екеуі жетілдірудің қалған ұзақ  жылдар бойында  шешімін табады.

Күрделі реакцияларға  шапшаңдықты, уақытты сезінуін, бағдарлауын, тануын дамытудың алғашқы  сатыларында дене және  әдістік дайындықтар міндеттері мен табиғи байланыста  атқарылады. Осы мақсатта жаттығуларға қосымша шарттар мен  бірқатар күрделендіру  ендіріледі:

  • ойыншылар қандай да бір  қимылын тез өзгертіп  немесе тежеу үшін  алдын ала  келісілген әдіспен дыбыстық немесе көру белгілерін қолданады;
  • доптар санын, заттық  бағдарлар мен шектеулердің (уақыт пен кеңістікке қарай) санын көбейтеді;
  • әріптесінің қимыл сипатына қарай баскетболшы орынын ауыстырып, жүгіру бағытын таңдағанда, өте күрделірек ауысуды пайдаланады;
  • шартты қарсыласының сылбыр және белсенді  қарсылығын қолданады.

Қосымша жағдайлар мен күрделендірулер әдіс  амалдарының негізі болатын дене  сапаларының  дамуына немесе қимыл дағдыларының  қалыптасуына кері әсер  етпеуін есте ұстау қажет.

Жеке әрекеттерді меңгеру және  солар арқылы  жетілу. Алғашқыда  негізінен шабуылдағы жеке  іс — әрекетке назар аударылады. Оларды меңгеру мынадай бірізділікте жүргізіледі:

  • Қорғаушы бақылауынан босап, бос орынға шығу.
  • Допты қағып алу және беру амалдарын пайдалану.
  • Жүргізу мен алдап өтуді пайдалану.
  • Әдістер мен финттерді алаңдағы таңдаған орына қарай үйлестіріп пайдалану.

Қорғаныстағы жеке қимылдарды  меңгеру  шабуылдағы жеке  қимылдарды  үйренумен қатар жүреді,онда  жаттықтырушы жаттығуға қорғаушының белсенді  қарсылығын  игереді немесе оқу  ойындарында ойын жаттығуларына  өтуді дұрыс деп шешеді.

 Топтық іс — әрекеттерді меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Белгілі болғанындай,  баскетболдағы  топтық қимылдардың негізін  қорғаныс пен шабуылда екі — үш  ойыншының өзара әрекетінің типтік әдістері құрайды. Шабуылдағы  өзара іс — әрекетті  меңгерудің төмендегіше  әдістемелік бірізділігі  ұсынылады:

  • «Допты бер де, шық » — екі ойыншының өзара әрекеті.
  • «Үшбұрыш »түрінде үш ойыншынын өзара іс — қимылы
  • Тосқауыл (Ішкі және сыртқы)
  • Бір әріптесіне жалғастыра доп  беру
  • «Үштік»
  • Ауысу
  • «Кіші сегіздік»
  • «Айқаса шығу»
  • Қозғалыстағы тосқауыл
  • «Екі еселенген тосқауыл» және «екі ойыншыға жалғастыра доп беру»

Ойыншыларды орналастырудың  қарапайым  схемалары мен  олардың  қозғалысын  бастапқы  сатыда меңгеру, өзара іс — қимылдың көрсетілген әдістеріне  тән етіп, әдіс амалдарымен және  финттермен үйлестіре  жаттығу жүргізеді. Сосын, ойыншылардың  алаңдағы  орындары мен атқаратын  ойын  қызметтерінен  құрылуына  қарай арнайы  тәсілдік жаттығуларды пайдаланады. Қорытындыда ойыншылар  команданың  таңдаған тұрыстық шабуыл  мен негізгі тәсілдік айла — шарғылар схемасына сәйкес жағдайларда өзара іс — қимыл  үйлесімдерін меңгереді.

 Оқушылар іс — қимылдың және  өзара іс- қимылдың мазмұнын, бірізділігін меңгеріп болған соң, жаттығуларға қосымша  қорғаушыларды ендіру қажет. Қатысушылар саны теңестіріліп,  жаттғулар қорғаушылардың әлсіз  қарсылығымен жалғасады, ол сақтандырусыз және ауысусыз  тек «өз» ойыншыларын  бақылаумен шектеледі. Сосын  қорғаушыларға шабуылдағыларға белсенді қарсылық  көрсетуге тапсырма беріледі.

Шабуыл мен қорғаныстағы  екі — үш ойыншының  өзара іс -қимылын одан ары жетілдіруді алаңның бір бөлігінде және оқу ойындарында 2х2 және 3х3 ойын жаттығуларында жүргізіледі. Жаттығуларға   ойыншыларға үйренге өзара іс — қимылын батыл пайдалануға  көмектесетін  қосымша  жағдайлар ендіру керек. Егер  бұндай іс — қимыл шығыршыққа нәтижелі доп  салумен аяқталса, онда  шабуылшы жаққа әдеттегідей екі ұпай емес, үш немсе төрт ұпай есептеп,  допты шабулдаушыларда қалдыруға болады, т.б.

Командалық іс -қимылды меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Командалық іс — қимылды меңгерудің белгіленген әдістемелік бірізділігінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет. Алғашқыда орталық ойыншы  арқылы тұрыстық шабуыл  жүйесіндегі іс — қимыл  дағдылары қалыптастырылып, сонымен қатарұмтылысты шабуыл меңгеріледі. Сосын  қорғаныстағы іс — қимылдарды үйренеді. Жеке қорғаныс  жүйесінен бастап, сосын өз алаңы  жартысындағы прессингке өтеді және  соңында бүкіл алаң бойындағы  прессингке өтеді. Қорғаныстың  аймақтық жүйесі мен оның түрлеріне кештеу, яғни оқушылар қарсылас ойыншыларын бақылап,өз әріптестерінен өзара іс —  қимылды  үйренгеннен кейін көшеді.

Командалық іс — қимылдардың тәсілдік жүйесін меңгеруді кезеңдері бойынша (басы -дамуы — соңы)  оларды біртіндеп  бір бүтінге  біріктіре атқарған тиімді.

Тәсілдік жүйені игеру баскетболшылардың ойын қызметін  мамандандырумен байланысты. Көбінесе ойыншы қызметін тезірек анықтап, өз уақыт ішінде дене дамуы жақсы, ұзын бойлы, жақсы секіретін ойыншыдан  қалқан астында ойнайтын орталық ойыншыны  дайындауға тырысады. Алайда,көп  жылдар бойы  белгілі баскетболшылардың спорт жетістіктерінің  өзгерісін талдау ойыншыларды тым ерте қорғаушыларға, қаптал шабуылшыларына және  орталық ойыншыларға бөлу болашақта жетілдіретін  қабілеттерін шектейтінін көрсетті.

Әрбір оқушы кем  дегенде жаттықтырудың бір жарым  жылында  тең түрде доп беруді, оң және сол  қолмен алдап өтуді, орынынан, жүрістен орта және алыс қашықтықтан торға доп салуды, Сондай-ақ, қорғаныстағы ойынды  үйренуді тиіс. Ол қалқанға  жақын тұста және алаң түкпірінде жеке іс — қимылдарды  пайдалнуды, шағын және ұзын бойлы, шапшаң ойыншы қарсыластарын бірдей бақылауды, мықтап қорғану мен  күйрете қарсы шабуылдауды бірдей мөлшерде жетік меңгеруді  тиіс. Осыдан кейін оқушы осы материалдың барлығын  жетік меңгерген соң ғана ойынға  мамандандыруды бастаған дұрыс.

Тұрыстық шабуыл жүйесің меңгергенде мынаны үйренеді: 

  • ойыншылдарды бастапқы тұрыстарға жоспарлап қоюмен және  доптың алдыңғы аймаққа  өтуімен байланысты шабуылды  бастау;
  • жүрістен  екі немесе  үш ойыншының типтік өзара іс — қимылын жүргізумен байланысты шабуылды дамыту;
  • үйренген тәсілдік, айла — шарғыларды ерекше белгілермен  жүргізуге байланысты шабуылды  дамыту;
  • кері ұшқан  доп үшін белсенді күрес  шабуылының әдісі мен  мерзімін тиімді  таңдауға  байланысты шабуылды аяқтау.

 Тұрыстық шабуылдың кез — келген жүйесін  меңгеру бүкіл  команда  ойыншыларын тікелей және жанама қатыстырып,  өзара іс — қимылды үйлестіруді қарастыратын тәсілдік айла —  шарғыларды меңгеруімен тығыз байланысты. Мұнда әрбір  айла — шарығы  қорғаныс жүйесінің нақты  бір түріне қарсы тұрыстық  шабуылға ойыншыларды орналастырадың нақты  түрінен  туындайтын үйренген  командалық  іс -қимыл кешенін  білдіреді.

Тәсілдік айла — шарғыларды  меңгеру өте  қиын процесс, оны  төрт сатыға  бөлуге болады:

1) айла — шарғыға  қатысатын  ойыншылар бастапқы орындарға  орналасады. Оның мәнін түсіндірген жаттықтырушы  қолданылатын  қозғалыстар мен  әдістерді  жасап көрсетеді. Ойыншылар көрген амалдарын  бірнеше рет қайталап, оның  аяқталуын екі — үш түрмен  қайталап бекітеді. Алаңда әрбір  ойыншының  шығыршықты шабуылдаудың соңғы сәтінде тұруы  тиіс нүктелерді белгілеп қоюға болады, сосын  жаттығуға  айла — шарғының шиелініскен сәттерінде  белсенді  қарсылық көрсететін бір — екі  қорғаушыны кіргізеді.

2) Жаттығуға шабуылшыларды  ауысусыз және  сақтандырусыз шартты түрде  бақылайтын  бес  қорғаушы ендіріледі.

3) Қорғаушылар айла — шарғының үйренген барлық түрін қолданған шабуылшыларға белсенді қарсылық көрсетеді.

4) Үйренген айла — шарғыларын  алаңның бір  жартысында 5х5 ойындағы ойын жаттығуларында  қайталайды. Қолайлы сәттерде  жаттықтырушылар ойыншыларға белгіленген айла — шарғыны жүргізу үшін  бастапқы қалыпта алатын  орын  көрсетуі керек. Егер оқушылар ойлағанын жүргізе алмаса, егер олар дөрекі қателіктер жіберсе, жаттығуды  тоқтатып, айла — шарғыны бірнеше рет  жеңілдетілген  жағдайларда  қайталап, ойынды  қайтадан  жалғастыру қажет. Ойын  жаттығулары мен ойынның өзінде  де алаңның бір  бөлігінде жеке  ойыншыларға және  командаға оқушыларды  түрлі  айла — шарғыларды жиі әрі  құлшынымпен жүргізуіне жәрдемдесетін шартар ендіру  маңызды.

Соңында баскетболшының тәсілдік дайындығының негізгі міндеттерін шешуге көмектесетін  жаттығуларды пайдаланудың бірнеше  ережелерін келтіреміз.

 Жаттықтырудың міндеттері:

1) Әрбір жаңа  жаттығудың  мақсаты мен маңызын, оның нақты  міндеттерін  түсіндіру. Кез — келген  жаттығу  ойыншыларға түсінікті  болуы тиіс.

2) Ойыншылар жаттығуды тез, дұрыс, барын  салып,  мұқият орындауын қадағалау.

3) Тәсілді жетілтіруге  арналған  жаттығулар құрылымы мен  сипаты жағынан типтік  жарыс жағдайына ұқсас болып,  ойыншылар оны  жарыстағыдай  құлшыныспен, барын салып  орындау тиіс.

4) Шартты  қарсылас қарсылығы  мен жарыс  элементтерін ендіргенде жаттығу  құрылымының  мағынасы бұзылуына   жол бермеу керек.

5) Жаттығуларда шабуыл мен  қорғанысты жетілдірудің міндеттерін орындаудың  кешенді  жаттығуларында оларды  ойындылардың жеке мүмкіндіктері мен  ерекшеліктерніне сәйкес келуін  қарастыру.

6) Сабақтағы  жаттығуларды  ұйымдастыру мен олардың  өзара  іс — қимылын мұқият ойластыру.

7) Ойыншылар жақсы меңгеріп, түсініп, жақсы көретін  жаттығулары жиі қолдану, оларды  құрылымы мен қойылған міндеттерін сақтай отырып түрлендіру.

8) Аса күрделі жатығуларды  қолданбау керек.

9)  Жаттығу немесе ойын  барысында ескертуді  шұғыл әрі  жиі  жасаған дұрыс емес, оқушыларға  туындаған қиындықтарда  өзіне  жол  табуға мүмкіндік беріп, содан кейін ғана көмектесуге болады, жаттықтыруды талдағанда кездейсоқ  мүлт кетуден заңдылық кемшіліктері қатесін айыра  білуге үйрету.

10) Жаттығуларды орындағанда жұмыс қабілетінің,  қозғалғыштығының және зейін  шоғырлануының күрт төмендеуіне жол бермеу, сабақты  жақсы көңіл күймен өткізу, үздіктерге шағын жүлде беру  жаттықтырудың әсерін  арттыруға  көмектеседі.

11) Сабақ жоспарын қатаң  ұстану, уақыт шегінен (әрі жатығуға жоспарланған) асып кетпеу. Егер жаттығу ойыншыға жеңіл  тисе, онда оны барын сала орындауға деген тілек пен қазығушылық төмендейді, жаттығулар жағдайын  жарыс элементтерін  ендіру арқылы  күрделендірудің  маңызы зор, егер жаттығу  ойдағыдай шықпаса, спортшы аз да болса табысқа  жету үшін сәл уақытты созу керек.

12) Орындалған жаттығулардың  көлемі  мен қарқындылығының есебін жүргізу.

 

3.6. Ойын дайындығы

 

Ойын дайындығы баскетболшылардың спорттық  дайындығының  интегралдық түрі болып табылады. Ол күрес жүргізу іскерлігін жетілдіруге бағытталған. Ойын дайындығының басты құралы  -жаттықтырушының арнайы  ұйымдастырып басқарған екі жақты оқу  ойыны.  Оқу ойындағы  баскетболшылардың негізгі міндеті — күресті  жүргізу  іскерлігін меңгеріп, ойын  барысын  қадағалап, кездейсоқ пен қосымшадан маңызы мен мәнін  ажыратып, нәтижеге жету болып табылады.

Ойын дайындығының міндеттері:

1) Күшті бөлу  іскерлігін  жетілдіру, ол іскерлікті  өз күші мен мүмкіндігінің шамасына қарай  қалыптастыруды, қимыл  әрекетіне  қысым түсіру мен  тынықтыру кезеңдерін үйлестіруді ұсынады.

2) Жеке  іс — қимылдар мен командадағы әріптестерімен өзара іс —  әрекетін жетілдіру, ол ойынның  жасалған жоспарын немесе  жаттықтырушының жедел  тапсырмаларын іске асыруға құрылады.

3) Меңгерген тәсілдік жүйені, айла — шарғы мен оның түрлерін  пайдалануды жетілдіру.

Ойын дайындығын басқару үшін бақылау тапсырмаларын орындағанда ойын шарттарын жеңілдетіп, уақыт пен кеңістікті  қолдан шектеп, жарыстық қиындықтарды ұлғайтып, бұзушы ықпалдарды  пайдаланып,  баскетболшылардың орындаған ойын  тапсырмаларын сапа және сан жағынан бақылап, оларды  сәтті  орындағанына  қолдау көрсетуге ұсынылады.

Ойын дайындығының  ықпалын  көтеру үшін әдістемелік  амалдар кешенін қолданған  дұрыс:

1) Оқу тапсырмасына ойынды  жүргізудің таңдаған  жобасын   немесе бұзушы ықпалдары  бағындырумен жоспары өзара  іс — қимылын  жүйесін міндетті түрде  атқарумен байлнысты тапсырмалар ендіру.

2) Оқу ойынын  болашақ басты  қарсыласының қолдануы мүмкін тәсілдік жоспары бойынша  жұмыс жасайтын әріптесімен  жүргізу.

3) Жалпы командалық ойын  тапсырмасын шешуге  көмектесетін  спортшыларға нақты тапсырмалар беру.

4) Команданың негізгі құрамына   алған тәсілдік тапсырмаларын  дәл орындауын талап етіп,  резервтегі ойыншыларды  кезеңімен  ендіру.

5) Алдын ала келісілген белгі  бойынша бір тәсілдік  айла — шарғы  мен түрінен екіншісінен екіншісіне өтуді пайдалану.

6) Оқушылар үшін күтпеген жерден,  тез ауысуды талап ететін ойын  жағдайына өту. Жағдайды  күрт  өзгерту немесе  қарсыласының жаңа тәсілдік  жүйе  қолдануы  ойыншылардың жедел  ауысуы үшін қиындық  тудырып,  мақсатты дайындық талап  етеді. Оқу ойынында ойыншыларды  ауысуда  жетілдіру үшін  күтпеген оқиғалармен күрделендірудің белгілі бір әдістемелік  бірізділігін пайдалану керек. Осы  мақсатта сәл алдында ғана меңгерген, әлі іс — тәжірибе  амалдарына толық енбеген ауысуды  негіздейтін  күтпеген тәсілдік өзара  іс — қимыл қолданылады.

7) Финалдық күшті қолдану.  Бұл амал оқушыларда матчтың   шешу сәттерінде  құлшыныс  іскерлігін  қалыптастыруға және жеткен жетістігін  бекіту үлкен күш жұмсауды бірнеше рет  қайталап, өз күшін  тез даярлауға  бағытталған.

8) Ойынға тыныққан  ойыншыларды кіргізіп отыру.

9) Оқушылардың қысқарған және  ұзарған ойын ережелері  негізінде оқу жарыстарына қатысуын  ұйымдастыру. Аталған әдістемелік амалды ойынға кез — келген  уақытта кіріп және команда  пайдасы үшін қажетті кезең  барысында іс — қимыл көрсетіп және демалыс үзілістерін  қалпына келтіру үшін тиімді  пайдалану іскерлігін қалыптастыруға пайдаланады.

Кез — келген оқу ойыны барысында  жаттықтырушы допсыз ойыншының қимыл белсенділігі мен  оның  дұрыстығына сондай-ақ,  шабуылдан қорғанысқа өтуіне, екі  қалқанда да ұшып шыққан  доп үшін белсенді күрес  жүргізуіне назар аударуы керек.

Бұндай ойындарда баскетболшыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • белсенді болу, бұның астарында  қарсыласымен тәсілдік  күрестің өткірлігі мен  үздіксіздігін түсініп, ойын  жүргізуге  үнемі  дайын болып, барлық жағынан  қарсыластың кез — келген іс —  қимылына кедергі жасау керектігін  ұғыну;
  • уақыт тар болып, мәлімет шектеулі болған жағдайда жарыстың даму барысын алдын  ала көре білу, мүмкін  болжамды  әріптестері мен қарсыластарының іс — қимылымен жүзеге  асыру;
  • ойлы тәуекелге бел буып кенеттен, шешімтал және тез қимылдау;
  • кез — келген жағдайда тәсілдік ойлаудың айқындылығы мен  дербестігін сақтау;
  • қарсыласының жігерін  жасайтын,  бастаманы өз қолына алу;
  • қарсыласына өз мүмкіндіктері мен ішкі ойы туралы қате пікір  қалыптастыру;
  • қарсыласына ол үшін қолайсыз ойын сипаты мен іс — қимыл  тудыру;
  • жеке іс — қимылдарын жалпы командалық ойын жүргізумен  үнемі үйлестіру.

 

3.7. Жарыс дайындығы

 

Күрес қиын  жағдайларда  жүргізілетін жарысқа команданың  қатысуы даярлықты  көрсетудің  ең жоғарғы түрі.

Жарыс дайындығы үлкен маңызға ие болады. Жарыс жағдайында спортшы ағзасының  жұмыс қуаты толығырақ қамтылады. Әсіресе жоғары  жүктемеге  бейімделуге  ықпалды стимул пайда болады. Тек басқа командалармен жарыста ғана өз  күшін толығымен  жұмсап, оларды есеппен пайдалану  қабілеті дамып, өз көңіл — күйін  бағындырып, өз мүмкіндігінен  де жоғары  көтерім қабілеті  дамуы мүмкін.

Дайындық жетістігі  көбінесе  жарыстық тәжірибеге  байланысты өзінше өрбиді. Оның  сипаты жүргізілу жағдайымен, ойыншылардың жеке  ерекшеліктерімен және қарсылас  команданың сипаттық  ерекшеліктерімен анықталады. Егер үнемі  ойыншылар біркелкі жағдайда, тек таныс қарсыластарына қарсы  ойнаса, оларда жаңа жағдай  туындап, жаңа қарсылас пайда болса,  күрт бұзылуын, бірқалыпты  біржақты мінез — құлық  түрінің  жүйесі қалыптасуы мүмкін.

 Жарыс дайындығы команданың  жылдың негізгі жарысына  және көпжылдық  айналымның  шешуші дайындығына даяр барысын аяқтайды.  Команда  дайындығы жүйесін мақсаттық  тағайындауға орай жарыстарды  бақылау,  қорытынды және  негізгі деп бөледі. Бұл  кездесулерді  құрамға бөліп тағайындау белгілі бір  атаулармен  анықталады, олардың барысында  жаттықтырушы ойыншылар мен команданың жарысқа  дайындығының  түрлі жақтарын  тексереді.

 Жарыс дайындығының жалпы  көлемі команданың дәрежесіне  байланысты болады.

Жылдық айналымда мысалы КСРО  біріншілігіне қатысатын  жоғары  және бірінші лига командалары 60-65 ойын өткізеді, олардың 10-12 бақылау, 8-12 жарысты қорытындылаушы және 30-40 — КСРО  біріншіліктеріне жатады.

 Дәрежесі сәл төмен командаларда жарыс  дайындығының  көлемі сәл төмендейді. Жарыс жүктемесінің төмендеуі негізінен негізгі  жарыстардағы ойындардың азаюына байланысты жүреді.

 

3.8. Психологиялық дайындық

 

 Спортшының психологиялық  дайндығы спортшының  жалпы (жыл айналымдық) дайындығын,  жарыстарға психологиялық  дайындығын, спортшының  жүйке — психологиясының қалпына келуін  басқаруын қарастырады.

Жалпы психологиялық дайындық  міндеттеріне спортшының  жеке тұлғасы мен адамдар арасындағы қатынасты  қалыптастыру, спорттық ақыл — ойдың дамуы, арнайы психологиялық қызмет пен психомоторлық сапалар дамуы жатады.

 Психологиялық дайындық  барысында әрбір ойыншы мен  командада арнайы рухани — психикалық  сапа қалыптасады. Оған спортқа  деген тұрақты қызығушылық, жаттықтыру ережесін  сақтаудағы тәртіптілік, жаттықтырушы мен ұжым  алдындағы  борышы, дайындық жоспарын орындауға жауапкершілікті  сезінуі және  жарыстарға қатысу нәтижесі, еңбек сүйгіштігі мен  мұқияттылығы жатады.

 Жаттықтырушы спортшыларда тілтабысқыштық, жолдастарын құрметтеу,  жаттықтырушысын құрметтеу,  оларға жақсы көзқараста болу,  өзіне  және басқаларға талап қойғыштық, өзіндік сын, спортты сүю мен  өзіндік  тәрбиеге  ұмтылу тәрізді маңызды сапаларды қалыптастырады.

Дайындық барысында  және  жарыстарда ерік  сапалары тәрбиеленеді, олар: мақсатқа ұмтылушылық, дайындықтағы дербестік, шеберлікті игерудегі  табандылық, батылдық пен өзін — өзі ұстай білуі, шешімталдық пен  бастамашылдық, тұрақтылық пен ұстанымдылық.

Психологиялық дайындық барысында  тұрғын — жайы, жаттықтыру мен  жарыстың түрлі  жағдайларында көңіл — күй  тұрақтылығы қалыптасады.

Спортшыларды  жарысқа  психологиялық тұрғыдан  дайындағанда  жаттықтырушы  оларға жарысқа қатысудың мақсаты мен міндеттерін,  жарыс алдындағы дайындықтың шарттары  мен мазмұнын, дайындықтың жоғары деңгейінің ойындағы  маңызын, ойыншылардың психологиялық жағдайын жақсарту  үшін жаттықтыру жүктемесі мен дайындық құралдарының реттелуін, маусымның негізгі  жарыс шарттарын үлгілеп түсіндіріп, өзіндік бақылаудың  маңызы мен мазмұны  туралы  әңгімелейді, өзіндік бақылау мен өзіндік реттелудің және оларды  жүйелі  жаттықтыру  әдістеріне  үйретеді.

Спортшының  жүйке  психикалық қалпына келуін басқару барысында  жүйке — психикалық  қысымы төмендейді,  жүктемелі  жаттықтырудан соң психикалық  жұмыс қабілеті қалпына  келеді,  ойын көрсету  арасындағы үзілістерде өзіндік қалпына келу  қабілеті қалыптасады.

Жүйке — психикалық қалпына келу сөз арқылы демалыс, ауысу, тынығу және басқа құралдар көмегімен іске асырылады. Осы мақсатта күн тәртібінде ЖДД құралдарын, мәдени демалыс, көңіл көтеру, аутотренинг жүйесі құралдарын тиімді сәйкестікте пайдаланады.

Психо- педагогикалық ықпалдардың құралдары мен әдістері баскетболшылардың жыл бойындағы дайындықтарының барлық сатыларында пайдаланылып, үнемі қайталанып, жетілдіруі тиіс. Олардың кейбіреулері оқыту мен жаттықтырудың қандай да бір сатысында, әсіресе жарысқа дайындықта және оған қатысқанда, көптеген жаттықтыру және жарыс жүктемелерінен соң қалпына келтіруде зор маңызға ие болады.

Спортшы ағзасындағы жүйке — психика процестерінің жүру ерекшеліктері туралы айтқанда, баскетболшылардың арнайы ерекшеліктерінің құрамдас бөліктері күрделі реакция болып табылатынын ескерте кету керек. Доп беру, доп салу, допты іріктеу, түрлі қашықтықтардан доп салу, т.б. тәрізді ойын әрекеттерінің нәтижелігі — сенсомоторлық жауап беру көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ойыншылар үшін болжамды болып табылатыны: таңдау реакциясы, болжамның мүмкіндік реакциясы, алдын ала көру реакциясы және «уақытты сезіну».

 Баскетболшының қимылдың кеңістік — уақыт белгілері дәл бағалауы алдын ала көре білу реакциясымен сипатталады. «Уақытты сезіну» интегративті сенсомоторлық көрсеткіш болып табылады.

Ойын белсенді қарсылық көрсетуде және жағдайдың үнемі ауысуында жүргізіледі. Осыған байланысты алдыңғы кезекке ойыншылардың жедел және тәсілдік ойлауына қойылатын талаптар шығады. Баскетболшының тәсілдік ойлауының ерекшеліктері спортшы тәсілдік дағдыны пайдаланып, өз ойын іс — қимылға айналдырып, соның артынша олардың нәтижелерін көруімен анықталады.

 Ойлау процесінің шапшаңдығы-баскетболдағы тәсілдік ойлау ерекшелігінің маңызды түрі. Ойлау процесінің шапшаңдық ерекшелігі мынадын көрінеді:

  • қажет болған жағдайда ойын жағдайының барлық сипаттамасын сол сәтте бағалау қажеттігінде;
  • жағдайды өзгерту мүмкіндігі есебінен қажеттігінде;
  • ұзақ уақыт көңіл күйге қысым түскен жағдайда шешім қабылдауда.

 Сонымен, спорттық іс — қимыл әсерлігі тәуелді болатын барлық психикалық құбылыстар психологиялық ықпалға әкелуі тиіс.

IV-тарау. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

4.1. Баскетболды оқыту әдістемесінің жалпы сипаттамасы

 

Баскетболдағы оқыту процесі оқушыны білімге, білік пен дағдыға, оларды үнемі дамытып, жетілдіруге  үйретуге, сондай-ақ әдіс стратегия мен тәсілді, ойын ережелерін мен  жаттықтыру әдістемесі мәселелері бойынша білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту міндеттерін шешу оқушыларды оқытылатын материалдарды түсіну, оның дамуы мен оларды сыни ой елегінен өткізу үшін қажетті замануй баскетбол туралы кен көлемді біліммен қаруландыруды қарастырады. Мұнда оқушылардағы шығырмашылық ойлау мен дербес шешім іздеуді тәрбиелеу үлкен рөл атқарады.

Білімнің ықпалы — оларды қолданып, соның негізінде жаңа тұрғы ойлап табу үшін қажет жағдай. Бұл баскетболшы үшін өте қажет, себебі ойын барысында барлық шешім дербес қабылданып, тез әрі дәл қимылдауы қажет.

Оқытуда тек дене мен рухани сапалар ғана емес, сонымен қатар баскетболшы жетік меңгеруі тиіс арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру да айрықша орын алады. Оқушылар білім мен білікке сүйеніп, алған білімдерін тиімді пайдалануға үйренуі тиіс. Оқыту процессінің мәні осында.

Қимыл дағдыларын меңгеру мынадай қимылды меңгеру деңгейін ұсынады, яғни оларды басқару автоматты түрде болады, ал қимыл жүйесінің барлығы бұзушы ықпалдар әрекетіне төзімді келеді.

Белгілі болғандай дағдының негізінде түзілуі үшін оларды белгіленген жағдайларда көп дүркін қайталануы қажет бекіген байланыстар жатыр. Алайда бұл байланыстың деңгейі қимыл элементтерін еркін өзгерту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Білік — бұл қажетті қимылды таңдағанда саналы әрекет ету қабілеті. Жоғары дәрежелі білікті қалыптастыруда жаттығуларды үнемі өзгермелі жағдайларда жүргізу қажет.

Оқыту мерзімін қысқарту үшін жеке элементтерді дербес үйренетіндей етіп бөлуге болады. Алайда мұнда қимылдың табиғи бірлігі бұзылмауы тиіс. Бұл үшін оқытуда белгіленген бірізділік пен бір уақыттықты сақтау керек.

Ойын әдістеріне оқыту барысында тек биомеханикалық көзқарас тұрғысынан тиімді қимылдарды меңгеру ғана емес, осы қимылдарды ойында пайдалана білу де маңызды. Сондықтан әдістік амалдар мен жеке тәсілдік әдістерге оқыту қатар жүруі тиіс. Бастапқыда әдісті амалдары бойынша жеке жүргізеді, содан кейін бөліп алған амалдарды ойын әрекеттеріне біріктіреді, ол екі немесе одан да көп амалдар болуы мүмкін.

Шабуыл әдісінің амалдарын қорғанысқа қарағанда ертерек үйретеді. Олар өзінен кейін  сәйкес қорғаныс қимылдарды үйренуді қажет етеді, тек шабуылдың сәйкес амалдарын үйренгеннен кейін ғана, шабуылдың осы әрекетіне қарсы бағытталған қорғаныс амалдарын, яғни қарсы амалдарды үйренуге болады.

Қимыл дағдыларын қалыптастыру барысында оқытудың белгілі бір кезеңіне сәйкес келетін дербес кезеңдер бөліп қарастырылады. Үш кезеңге бөледі:

  • бастапқы білікті қалыптастыру, онда баскетболшы негізгі қимылдарды меңгереді, түсіндіре айтқанда оның құрылымын игереді;
  • қимыл жүйесін нақтылау;
  • дағдыны жетілдіру.

Әрбір сатыда педагогикалық міндеттерді бірізді қою өте маңызды. Оқушылар ең алдымен мынаны білуі қажет.

  • қимыл орындайтын бастапқы қалыпты меңгеру;
  • бұл қимылдарда дененің қандай бөліктері қатысатынын білу және оның бағыты; құламы, уақыт пен кеңістікке сәйкестігі қаншалықты етенін білу;
  • қимылдарды қолайлы екпінде тиімді құлаш бойынша орындау;
  • сақтау мен оның бөліктерін меңгеру;
  • қимылды жетілдіруге кірісу;

Амалдарды үйлестіруде негізінен бір әдістен соң екінші әдіс жүретін тізбектелу принципі бойынша амалдар сәйкес келетін болса, байланысқа назар аударады. Байланыста алдыңғы әдістің соңғы қимылы және келесінің басындағы қимылы түр өзгеруіне ұшырайтын бір әдістен келесісіне өтуді үйретеді.

Әдістер бірізді емес бір уақытпен үйлесетін қимыл әрекеттерін меңгергенде, яғни бірі екіншісінің фоны болған жағдайда (мысалы, жүгіру кезінде доп беру) сәйкестікті алдын ала үйренген қимыл фазалары бойынша үйренеді. Бұл үшін жүргізетін жаттығулар жиі қолданылады.

Ойын тәсілін мңгергенде мақсат қояды:

  • жағдайға қарай үйренген әдістерін пайдалануға және басқа ойыншылармен дұрыс өзара байланысуға үйрету.
  • оған тиімді қимылдауға мүмкіндік беретін келесі ойыншы үшін барынша қолайлы жағдай тудыра білуге үйрету.

Әдістің немесе тәсілдік өзара әрекеттің кез-келген амалын үйренгенде қимыл дағдыларының физиологиялық табиғатына негізделе отырып, бір педагогикалық міндеттен келесісіне бірізбен өту қажет.

 

4.2. Әдісті үйрету

 

Әдіспен танысу. Ол әдіс туралы бейне тудырудан басталады. Оқушылар өздері жасау керек бейнені көруі қажет. Бұл үшін әдіс туралы оны орны мен ойындағы маңызы туралы айтып қана қоймай, сонымен бірге қимылды орындағанда сезілетін алғашқы қозғалыс сезімін алуға да мүмкіндік беру қажет. Бұл кезеңдегі оқыту міндетіне кіретіндер:

  • оқушының үйренген әдісі, оның қимыл тәжірибесінде бар сезінулер туралы білімін айқындау;
  • үйренетін әдісі туралы оның ойындағы орны мен маңызы, негізгі міндеті мен тиімді қолданылу жолы, т.б. туралы алдын ала мәлімет беру;
  • дұрыс қимылдар мен оның бірізділігі туралы көру және жасау мәліметтерін құру.

Бұл міндеттер көрнекі-құралдар және түсіндіру әдістері және жаттығуды өзі орындау көмегімен шешіледі.

Үйренген материалдарының сипаты мен оқыту міндеттеріне қарай кинограммалар, схемалар, суреттер, бейнетаспалық жазбалар, т.б. қолданылуы мүмкін. Оқушы меңгеру тиіс әдістің бейнесі мен қимыл үлгісі келтірілгеннен соң ол оны өзі орындап көреді. Осыдан кейін ғана аталған әдісті меңгеруге байланысты қиыншылықтар туралы дұрыс мәлімет қалыптасады. Оқушылар қимылдың сипаты мен оның орындалу бірізділігі туралы қозғалыс мәліметін алады.

Жеңілдетілген арнайы жасақталған жағдайда әдісті үйрену

Бұл оқыту кезеңінің басты міндеті — қимыл әрекетінің негізгі құрылымын игеріп, оны дұрыс орындауды меңгеру.

Оқушылар:

  • әдіс құрылымын меңгеру;
  • орындардың алғашқы сәттерінде туындайтын артық қимылдарды жойып, қысымды азайтуды;
  • кездескен қателіктерді жоюға тиіс.

Ойыншылардың назары бастапқы қалыптан біртіндеп негізгі топтарға сосын бөлшектеріне ауысады. Бұл кезеңде әдістің негізгі құрылымын берік меңгеруі қажет.

Жағдайды жеңілдету әдістері әрқашан да нақты және өтілетін материалдың сипатына байланысты болады.

Тәсілді үйренгенде жағдай жеңілдетілуі мүмкін, яғни әріптестерінің санын азайтып немесе көбейтуге, жетуі керек мақсатты нақтылауға, белгіленген орналастырумен барынша қолайлы жағдай тудыруға, бір мезгілде немесе бірізді шешілетін тәсілдік міндеттер сонымен қолайлы жағдай қалыптастыруға, міндетті шешудің мүмкіндігі мол жолдарын көрсетуге, т.б. болады.

Күрделенген жағдайда әдісті жетілдіру. Қимылдың негізгі құрылымы меңгерілген соң сабаққа бұзушы ықпалдар ендіріп, сабақ барысын ойын кезіндегі жағдайға ұқсатады. Оқытудың бұл сатысындағы міндеттерді шешу үшін оқушылар:

  • әдісті орындау түрлерін үйренуі;
  • жағдайды бағдарлап, оны бағалауға үйренуі;
  • қарсы әрекет жағдайында әдісті орындауы (шартты және шартсыз) тиіс.

Жағдайды түрлі жолдармен күрделендіреді: назар аударатын ықпалдар қосады, ауысу сипатын, қимылдың құламын, т.б. өзгертеді. Бірінші кезеңдердегі жағдайды күрделендіретін ықпалдарды сабаққа бір-бірлеп, сосын түрлі қосынды түрінде ендіреді.

Ойында әдісті бекіту. Әдісті ойыннан тыс жеке орындай білу ол ойында толық пайдаланылды дегенді білдірмейді. Әдісті ойында бекіту сәтін таңдап, әдісті дер кезінде орындай білуді, оған өзгермелі жағдайда көңіл-күймен беріліп, түрлі физиологиялық астармен, түрлі қарсылық көрсету деңгейімен меңгеру қарастырылады.

Бұл сатыда мына міндеттер шешілуі тиіс:

  • дағдыны бекітіп, оны кенеттен туындаған жағдайда қолдана білу;
  • әдістің өзгергіштігі мен қозғалғыштығын жетілдіру;
  • әдісті кенеттен туындаған қарсы әрекет барысында орындау;
  • әдісті орындаудың жеке үлгісін жетілдіру;
  • әдісті ойында еркін қолдану.

Бұл сатыдағы жаттығулар жарыстық сипатта болуы тиіс. Әдісті шығармашылықпен қолдану мен оның жағдайға қарай өзгеру түрлеріне басты назар аударылады.

 

4.3. Оқытудың дидактикалық принциптері

 

Оқытудың табысы мен оның ұзақтығы оқыту процессін құруға тікелей тәуелді болады. Оның негізі педагогикалық процесстердің заңдылықтары болып табылады. Баскетбол ерекшелігінің күшіне қарай дидактикалық принциптер оқу процесте белгіленген жағдайларда ұйымдастыру мен сәйкес әдістерді табудан көрінеді. Дидактикалық принциптерді сауатты іске асыру оқыту процесін жылдамдатып қана қоймай, сондай-ақ оны әсерлі де қызықты етеді.

Ғылымилық, жүйелілік және бірізділік принциптері. Қазіргі кездегі ойынның әсерлілігі мен оның тартымдылығы ойынның өзін біршама қайта түрлендірумен, дене мүмкіндіктерін шартты түрде арттырумен, әдістер мен тәсілдерді жетілдірумен байланысты. Бұның барлығы ойынды дамытудың әрбір жаңа сатысында оның мәні, басты әдістері мен тәсілдік өзара әрекет туралы түсінігі өзгеруіне әкеледі; бір әдістің орнына екіншісі қолданылады, түрлері өзгереді және қолданылғаны қайта түрленеді.

Ғылымилық принципі оқыту материалын таңдағанда ойын дамуының тенденцияларына, ойынды дамытумен сәйкес оқыту әдістемесін түрлендіруде үнемі бағдарлап отыруды талап етеді.

Ойынның өз қисыны мен өз құрылысы бар, оған бір сәтте жету мүмкін емес. Жүйелілік жаттықтыру тәртібінде де (жұмыс, тынығу), оқытудың түрлерін, құралдары мен әдістерін кезектестіруде және жүктемеде, т.б. қарастырылуы тиіс.

Сабақ саны жаттықтыру жасы мен жынысына қарай тиімді болуы тиіс. Дайындық түрлерін үйренгенде бірізділік ретін сақтау маңызды. Материалды үйренуге белгілі бір уақыт бөлуді түрліше пайдалануы мүмкін.

Ғылымилық принципін орындау үшін мыналар қажет:

  • замануй ойын талаптарын ескеріп, оқытуға арналған материалдарды мұқият таңдау;
  • қайталау сабақтары жүйесінде дұрыс үйлестіруге мүмкіндік беретін материалды оқуда бірізділікті сақтау;
  • материалды оқыту үшін таңдағанда — негізгіден қосымшаға, ал жаттығуды таңдағанда қарапайымнан күрделіге ережесін басшылыққа алу;
  • дайындықтың барлық жақтарын біртіндеп қамтитын жоспар бойынша сабақ өткізу;
  • оқыту міндеттерін орындау үшін таңдалған нақты материалды ескеру, бұған сабақтың барлық құралдары мен әдістерін, жалпы тәртібін бағындыру;
  • кезеңімен жұмысты бағалау.

 

Танымдық пен белсенділік принциптері. Оқытуға деген шығармашылық көзқарас  дайындық барысын жылдамдататын қажетті шарт.

Жаттығуларды саралау және қимыл міндеттерінің шешілу әдістерін ой шегінен өткізу, қимыл заңдылықтарын тану оқушыға қимылдарды дұрыс жеке орындауға, оларды шығармашылықпен жетілдіруге мүмкіндік береді.

Алайда, егер оқушы тапсырманы жақсы түсініп, бірақ оны орындауға белсенділік пен қызығушылық танытпаса, елеулі табысқа жете алмайды. Баскетболда оқытуға деген саналы көзқарас пен белсенділік өте қажет, себебі бір жағынан бүкіл ойын барысында оқушы жеке өзі шешім қабылдауы тиіс болса, екінші жағынан ол шығармашылық пен қимыл белсенділігінсіз әріптестерімен қажетті байланыста ойнай алмайды.

Осы принцип талаптарына сәйкес сабақтар оқушыларда танымдық, шығармашылық көзқарас, қимыл белсенділігі мен дербестікті тәрбиелейтіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс.

Жаттығуларды саралау ойыншылардың тәсілдік ойлауын дамытуға, тсілдік мінез-құлық дағдыларын сіңіруге көмектеседі. Қимыл құру заңдарын білу жаңа үйлесімдер табуға жәрдемдеседі. Еңбек-сүйгіштік пен ақыл-ойды дамытуға тәрбиелеу — оқыту міндеттерінің бірі.

Мұнда:

  • сабақ барысында оқушының танымдық белсенділігін дамытуға жағдай тудыру;
  • жалпылауға үйрету мен ойын жағдайының белгілерін жекелей қарастыру;
  • белсенді әрекеттер мен нақты шешімдер таңдауын қолдау;
  • шығармашылық ойлануын, қимыл түрлерін зерттеудегі дербестігін тәрбиелеу;
  • жағдайды оған өзі қатысуымен талдай білу қабілетін тәрбиелеу;
  • спорт жаттықтыруының әдістемесінің негіздерін жетілдіру;
  • жұмысты талдау мен дайындық жоспарын жасауға қатыстыру;
  • дербестігін қолдап, қоғамдық жұмыстарға төрешілердің және жаттықтырушының көмекшісі ретінде қатыстыру;
  • жаттықтырушымен және дәрігермен тығыз байланыста жаттықтыру күнделігін жүргізуге үйрету маңызды.

Танымалдық  пен белсенділік принциптері оқушыға оқу-жаттықтыру процесінің міндеттерін сараптау барысында терең үңілуді талап етеді.

Көрнекілік принципі. Сезіне қабылдау-танымның бірінші тобы. Алған әсері негізінде бейне қалыптасады. Дұрыс бейнелеу оқыған материалын тез игеруге көмектеседі. Кинофильмдер, көмекші оқу құралдары, т.б. көмегімен қажетті мөлшерде ақпарат алуға болады. Олар таным әрекетін жеңілдетеді, қабылдау мен бақылауды ұйымдастырып, бағыттайды. Оқыту көрнекілігі арқылы абстрактілі ұғымдар нақтырақ болады.

Дұрыс таңдалған оқу көрнекі құралдары ойын жағдайында туындайтын қимылдың түрлі жақтарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл принципті іс-тәжірибеде іске асыру құралдары:

  • көрсетудің алуан түрлері;
  • бейнелген салыстыру арқылы әңгімелеу;
  • көрнекі құралдар қолдану;
  • оқушылардың зейінін ең жауапты сәтке аударуға мүмкіндік беретін қосымша бағдар пайдалану;
  • сәйкес тапсырмалары бар жарыстар мен жаттықтыруларды көрсету;
  • ойынның ойын сәттерін талдау үшін макет мақмасын пайдалану;
  • қарсылас ойынын талдап, ойынға жоспар құру.

Тұлғаландыру мен мүмкіндік принциптері. Оқушы алдына қойылған міндет күштірек болған жағдайда барлық оқу барысы табысты болады. Әлсіз міндеттер оқушыларды нәтижеге жеткізбейді, соңында өзіне сенімділігі азайып, оқуға деген қызығушылығы жоғалады.

Бұл принциптерді іске асыру дайындықтың жекелеген жақтарын талдап түсінуге мүмкіндік береді. Тәсіл мен әдісті оқу алғашқыда жекелей жүргізіледі. Қиындықтарды арттыруда және бір тапсырмадан келесісіне өтуде сатылап жүру сақталады. Әсіресе оқу процесіне жарыс жүйесін талап деңгейін ойластырып, ерекше мұқият қараған жөн.

Талаптар біртіндеп өсіп, оқушының мүмкіндіктерінен, олардың дайындығы мен сәйкес жүктемеге дайындығынан аспауы тиіс. Оқушы  біршама еңбек етіп, өзі  жететіндей талаптар қойылуы керек.

Оқушы жеңіл атқаратын жеңіл жаттығулар дамуды тежейді.

Бұл принцип таным барысында көп қырынан көрінетін жеке ерекшелігі мен ерікті дамыту деңгейіндегі қимыл белсенділігі мен жұмыс қабілетінің есебін талап етеді.

Баскетболдағы іс-әрекеттің командалық сипаты есеп пен арнайы жеке жұмысты қиындатады. Сабақты ұжымдық түрі мен жеке тұлғалық түрі сәйкес келетіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс.

Бұл принципті іске асыру құралдары:

  • денсаулық жағдайы, жалпы және арнайы дайындығының деңгейі, қимыл сапаларын дамытудың, жасы мен сабақ өту мерзімінің,т.б. дәрежесі;
  • команданы топтастыру;
  • оқу-жаттықтыру процесін ұйымдастыру;
  • дайындықтың барлық түрін ақыл-ойын жоспарлау;
  • жеке ерекшеліктерін зерттеу, ойындағы рөлін анықтап, ойыншы шешуі тиіс міндеттерді нақтылау;
  • жарыс деғгейі мен қарсыласын таңдаудағы жан-жақтылық.

Дамыту мен бекіту принциптері. Оқыған материалдарын бекітпейінше алға жылжу мүмкіг емес. Егер жаңа материал оқытылып, жүктемелер артып, жаттығулар жаңарып, күрделенбесе, алға даму да болмайды.

Өтілген материал бекітілуі тиіс, оқушылар оны бұзушы ықпалдарға төзімді болатындай етіп мықтап бекітуі тиіс.

Оқыту принциптері өзара байланысты және өзара шарттасқан, ол оқыту барысын тиімді бағдарлауға мүмкіндік береді.

Ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланады.

  1. Материалистік диалектика әдісі. Олар марксистік диалектикаға сүйеніп, ақиқатты ғылыми тануда жалпы әдістемелік болып табылады. Педагогикалық ғылыми зерттеулерде ақиқатты нақты зерттеу, құбылысты, өзара байланыс пен дамуды зерттеу, т.б. тәрізді материалистік диалектиканың талаптары іске асырылуы тиіс. Түсіндіре айтқанда философиялық принциптер мен әдістер кез — келген ғылымда, оның ішінде спортта ақиқат танудың ортақ жолын көрсетеді.
  2. Ғылымның кең шеңберіне тән ортақ әдістер:
  • логикалық (талдау, жинақтау, индукция, дедукция, т.б.);
  • бақылау;
  • сауалнама.
  1. Спортқа жақын ғылымдарда пайдаланылатын жеке әдістер (үлгілеу, сынақ алу, болжау, т.б.).
  2. Арнайы әдістер мен әдістемелер (хронометрлеу, қимылды талдауды көрсету әдісі, т.б.).

Аталған әдіс топтары өзара байланысты. Жалпы әдістемелік негізінде жеке әдістер қолданылады, оның ішінде спорт саласында әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, т.б. тәрізді аралас ғылым әдістері кеңінен пайдаланылады, олар спорттағы заңдылықтарды барынша жан — жақты, объективті (нысанады) түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан баскетбол саласындағы педагогикалық зерттеулердің көпшілігіне кешенді әдістер қолдану тән. Мысалы, баскетболшының оқу — жаттықтыру барысында пайдаланатын жүктемені зерттеу үшін бақылау мен хронометрия әдісі, жүктеме бағытын анықтау үшін пульс өлшеу әдісін, жүктеменің қимыл және психика саласына әсерін анықтау үшін жарықтың өшіп — жану жиілігі мен электротерлік қарсылығын анықтау әдісі қолданылады.

Қандай да бір мәселені зерттеу әдістемесі кешенді әдістерді қолдану ұсынады. Мысалы, баскетболшының дене дайындығын зерттеу әдістемесі сынақ алу, полидинамометрия, тензаметрия, антрополитрия, т.б. әдістерін қарастырады. Баскетболда түрлі әдістемелерді қолданудың бірнеше мысалдарын келтіреміз.

Антропометрия — дене дамуын зерттеу әдісі, баскетбол үшін бұл әдістің маңызы зор, өйткені ойыншының бойы өсуі мен оның өзгеруі дәрежелі ойыншыны дайындауда басшы рольдердің бірін атқарады. Антропометрияда дене дамуының негізгі белгілерінің мөлшерін анықтайды: дененің салмағы мен ұзындығы, мойын, сан, мықын, иық көлемі, білезік күші, тұрыстық күші, спирометрия. Антропометриялық зерттеуге, сондай-ақ, соматоскопия жатады; ол кеуде қуысының пішіні, бұлшықеттің дамуы, май бөлінуі, аяқ пен табан пішіні т.б.

Гониометрия — оның көмегімен буындардың қозғалғыштығы мен ондағы қимыл құлашын анықтайтын әдіс.

Полидинамометрия — оның көмегімен бұлшықет топтарының күштік мүмкіндіктерінің топографиялық бейнесін құруға болатын әдіс. Баскетболшылардың бұлшықет топтарының күшін анықтау үшін динамометрдің қолмен өлшенетін, тұрыстық, әмбебеп және күш өлшеуішінің қабырғасы түрлері қолданыста кең тараған.

Бұл баскетболшы бұлшықетінің күшін анықтау әдістері. Доп беруді орындағанда арнайы күшті қолдану үшін соққылы динамометр қолданылады. Секіру, доп беру және де басқа әдіс амалдарының күшін анықтағанда тензометрлік құрылғы пайдаланылады. Мысалы, секіру күшін анықтау үшін баскетболшының аяқ киіміне тензометрлік ұлтан салынады.

Ойыншылардың жылдамдық сапасын анықтау үшін секундомер қолданады (хронометр, жылдамдық өлшегіш, приставкасы бар милисекундомер, мәрелік фото қондырғысы мен басқа құрылғылар); секіргіштікті анықтау үшін — В.М. Абалаковтың лента тартқыш қондырғысы, жазба хронографы бар электробайланысты платформа(ұшу кезеңінің уақыты анықталады), «қисық» экран, сондай-ақ, басқа да арнайы жасалған аспаптар қолданылады.

Баскетболшының ептілігін, икемділігін, төзімділігі мен басқа да сапаларын анықтау үшін арнайы сынап байқау тесттерін пайдаланады. Тест әдісі баскетболшының бүкіл дене сапасы кешенін қамтиды. Бұған қоса, олардың көмегімен түрлі дәрежедегі, яғни жасөспірімдерден бастап, елдің құрамасындағы баскетболшыларға дейінгі ойыншылардың әдіс — тәсілдік дайындық деңгейін анықтауға болады. Баскетболшының арнайы дене сапаларының даму деңгейін түрлі техникалық құралдар көмегімен де тексереді. Баскетболшының жаттықтыру әдістерін жетілдіру міндеттерін шешу үшін қазіргі кезеңде ағзаның жүктемеге жауап назары туралы кең көлемдегі, жан — жақты ақпаратты алу қажеті, яғни баскетболшының қызметтік дайындығын зерттеу қажет, себебі жоғары спорт нәтижелеріне жету жүрек — тамыр және тынысалу жүйелерінің даму деңгейіне, тірек — қимыл аппараты мен жүйке жүйесінің жағдайына тікелей байланысты болады.

Арнайы жұмыста ағзадағы қызметтік өзгерістер туралы қосымша мәліметтерді биохимиялық әдіс арқылы алуға болады, ол қышқылдық — сілтілік тепе — теңдіктің, қандағы сілті қорының, артериалды қанның оттегімен қанығуы деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.

Ойынның әдісі мен тәсілдік зерттеуде кешенді әдістері пайдаланылады, олар — суретке түсіру, киноға түсіру киноциклография, т.б., соңынан биомеханикалық талдау жүргізіледі. Қазіргі кезде жұмыста бейнтаспаға жазу кең қолданылып жүр, оның көмегімен баскетболшының кез — келген қимылын таспаға жазып алып, сосын жазбаны кез — келген жылдамдықта көріп, оны талдауға болады.

Электрография әдісі бұлшықет биоөрістен тіркеуге мүмкіндік береді. Олар арқылы бұлшықеттің аталған қимыл сәтіндегі белсенділік деңгейі туралы пікір қорытып, сол сияқты жаңадан бастаушы мен спорт шеберінің қимылдары арасындағы сапалық айырмашылықты, қимылдың ішкі құрылымын анықтауға болады.

Баскетболшыларды тәсілдік дайындау, ойыншыларды топтау мен олардың командадағы ойынпаздығының мәселелері психология мен социометрия әдісі арқылы шешіледі, олар ұжымдағы өзара қатынастың құрылымын, топтық ақпаратты анықтауға көмектеседі.

 Жұмыста қандай әдіс қолданбасын, тәжірибе жүзінде алынған материал математикалық статистика әдісі көмегімен сұрыпталуы тиіс.

 Зерттеу әдістерін таңдау жұмыс міндеттерінен әрбір нақты жағдайларда олардың дұрыстығымен, зерттеушінің техникалық мүмкіндіктерінен айқындалады. Бірақ кез — келген жағдайда таңдаған әдістеме былай болуы тиіс:

  • тиімді және барынша жан — жақты ғылыми материал алуды қамтамасыз ету;
  • сенімді әрі түсінікті (көп дүркін зерттеулер, жеке нәтижелер, түрлі континентте түрлі зерттеушілердің зерттеуі);
  • үнемді;
  • қарапайым және қауіпсіз;
  • ғылыми сиымды (құбылыстың ақиқат жағдайын сипаттауға көмектесетін көп ақпарат беру);

 педагогика көптеген әдістер ішінде мына әдістер кең қолданылады.

Бақылау әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау — бұл табиғи оқу — жаттықтыру немесе жарыс барысына зерттеушінің қатысуын аспаптар көмегімен немесе сезім мүшелерімен атқарылатын, зерттелетін құбылыстардың сандық және сапалық сипатын жоспарлы және жүйелі дұрыс қабылдау.

Педагогикалық бақылау — бұл ғылыми ақпарат алудың басты әдістерінің бірі. Ғылыми бақылауға таңдау бағыты, зерттеудің сәйкес мақсаты, жүйелілігі мен жоспарлылығы тән. Сондықтан оны жүргізуге мұқият дайындалу қажет. Бақылауға дайындыққа мыналар кіреді:

  • бақылау міндеттері мен жоспарын анықтау;
  • бақылау нысанын таңдау;
  • бақылауды жүргізу әдісін анықтау;
  • алынған мәліметтерді талдау әдісін анықтау.

 Баскетболдағы бақылау былай жіктеледі:

1) Оқу барысын ұйымдастыру түрлері мен нысаны бойынша жеке, топтық және командалық бақылау.

2)Ғылыми жұмыстың ұзақтығы бойынша (ұзақ, қысқа және дискретті бақылау(үзбелі бақылау).

3) Бақылау нәтижелерін тіркеу әдістері бойынша (бейнелеу, аспаптық, өзіндік бақылау).

4) Бақылау нәтижелерін жазу әдісі мен түрлері бойынша (сандық, индекстік, кестелік, фотоға, киноға түсіру, дыбыстық, теледидарлық, социолографиялық, жиынтық амалдық).

Спорттық жаттықтыру іс — тәжірибесінде бақылауды жүргізу үшін көбінесе түрлі жобаларды, хаттама мен кестені, алдын ала арнайы шартты белгілермен есеп картасын пайдаланады.

 Мысал ретінде баскетболшының жарыс қимылын шабуылда да қорғаныста да бақылау хаттамасын келтіреміз.

 

Минутка картасы

 Спортқа техникалық құралдар ендірумен байланысты қазіргі кезде педагогикалық бақылау көбінесе фотокинобейнеаппараттары мен басқа да аспаптар көмегімен жүргізіледі, олар жан — жақты және сан алуан ақпараттарды көптеп алуға көмектеседі.

Тәжірибе әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау ғылыми дәйектер алу мен оқу — жаттықтыру барысын орнықтыруы, іс — тәжірибе мен ілімдегі ережелерді дәлелдеп немесе теріске шығару үшін қажетті амалдар мен әдістердің әсерлілігін анықтау үшін жүргізіледі. Тәжірибелеп жаңа болжамдармен теориялар жасауға әкеледі. Баскетболдағы мәселелердің шешімін табуда педагогикалық тәжірибе жаттықтыру құралдары мен әдістерін, әдіс — тәсілдерді жетілдіру амалдарын тиімді етуге байланысты нақты сауалдарды шешу үшін қолданылады.

Тәжірибе — педагогикалық бақылауға қарағанда терең әрі тиімді әдіс, ол мынаған жол ашады:

  • бақыланған құбылысты кез — келген жағдайда бірнеше рет қайталау;
  • жеке түрде бақылау мүмкін емес құбылыстар мен процестерді таза түрінде зерттеу;
  • бұрын жүргізілген зерттеулерді сондай жағдай тудырып тексеру.

Зертханалық әдіс педагогикалық тәжірибе жүргізуден ерекшеленеді, ол сыналушының сыртқы қимылын ғана емес, ағзаның жасырын физиологиялық реакцияларын да ескереді. Бұндай көптеген түрлер зертханалық тәжірибемен байланысып, зерттелген процестің бірі немесе бірнеше жақтарын бөліп шығарады. Табиғи тәжірибеде баскетболшының немесе команданың қимылын жұмыс жағдайында зерттейді.

Тәжірибе жүргізу үшін мыналар қажет:

  1. Жұмыстық болжамын дұрыс қалыптастырып, дұрыс міндеттер қою үшін ілім мен іс — тәжірибедегі сұрақтың жағдайын алдын ала мұқият зерттеу.
  2. Уақыт пен күшті аз шығындап, ақпарат алу үшін тәжірибе жүргізудің жан-жақты толық жоспарын құру. Күткен нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін жағдайларды ескеріп, оларды жою шараларын қолдану (мысалы, зерттеушілер санын дәл анықтау).
  3. Зерттеудің әрбір элементінің мазмұны мен бірізділігін бөлшектеп әзірлеу.
  4. Зерттелетін процеске жүйелі бақылау жүргізу. Дәйектерді дәл сипаттау.
  5. Өзінің зертеу мәліметтерін бұрынғы зерттеулермен салыстыру. Анықталған дәйектерді замануй ғылым тұрғысынан түсіндіру.
  6. Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге сыни тұрғыдан қарау. Мәліметтерді бірнеше рет тексеріп, оларды талдап, мүмкін болса, математикалық сараптау жүргізу.

Бұған қоса, тәжірибе жүргізгенде зерттеушілердің біртектес тобын таңдап алып, тәжірибе шартын теңестіріп, тәжірибе соңына дейін зерттеушілердің толық құрамын сақтап, сыртқы әсерлер ықпалын түгелдей жою қажет. Тіркеу әдісі дәл және сенімді, ал қондырғы барлық зерттеушілер үшін бірдей болуы тиіс.

Бақылау сынақтары немесе тест алу баскетболшылары даярлау іс-тәжірибесіне терең еніп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің маңызды және іскер әдістерінің бірі болып табылады. Олардың көмегімен баскетболшылардың жаттықтырылуы мен дене жұмыс қабілетінің, дайындық барысындағы спорт нәтижелерінің өзгерісі мен психикалық және қимыл сапаларын дамыту деңгейін, сонымен қатар көп жылдар бойы әдіс амалдарын меңгеру, оның тұрақтылығы мен әсерлігінің дәрежесі, жаттықтыруды жоспарлау жүйесіндегі мүлт кету дарынды спортшыларды іріктеу жүйесін қолданылатын оқу әдістері мен құралдарының жетістігі мен кемшіліктерін анықтайды.

Баскетболшының іс-қимыл әрекеті дене мүмкіндіктерінің кешенді пайда болуымен сипатталады, осыған байланысты бақылау сынақтарын әзірлеп, жүргізгенде мына талаптарды қатаң сақтау қажет:

  1. Тестті орындауда дәл математикалық өрнектеу мүмкіндігі мен статистикалық сараптау үшін алынған нәтижелердің жеткілікті болуы;
  2. Орындау шартының тұрақтылығы мен өзгермеуі;
  3. Тесті орындау жағдайын ойынға, нақты ойын жағдайын және ойын әрекеті тәртібін үлгілеуге дейін жеткізу;
  4. Тесттің қойылған міндетке жақындығы, тест көрсеткіші мен соған сәйкес ойын көрсеткіштері арасындағы жеткілікті байланыс;
  5. Ойыншы мүмкіндігін барынша көрсетуге жағдай жасау;
  6. Тесті орындау қорытындысын толық талдау.

Тіркеу әдісі мен алынған мәліметтерді сараптау. Зерттелген мәселе бойынша тәжірибелік мәліметтерді жинау жоспарлы ойластырылған және ғылыми негізделген болуы шарт. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпарат логикалық жүйелеуге ұшырап (топтастыру, жіктеу), көмегімен жасақталуы тиіс.

Аяқтаушы саты сәйкес математикалық-статистикалық әдістерді пайдаланып, статистикалық материалды талдау болып табылады. Нәтижелерді сандық талдау спорттағы түрлі құбылыстар заңдылығын анықтап, жинақталған материалдардағы шамалардың өзгеру мөлшерін айқындап, сандық айырмашылық сенімділігін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жеке тұлғаның дене мәдениеті – оның ішінде баскетбол ойыны нақты тарихи құбылыс. Оның ілімдік ағыны халықтық және спорттық педагогика болып табылады. Парасаттылық ойлары мен жалпы адамзаттық құндылықта құрылған, салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтуды бағдарлау, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттің бір бөлігі сияқты нақты феноменалдық қалпын түсінуден шығып жастарды дене мәдениетіне қалыптастыруды іске асыруды талап етеді.

Баскетбол ойыны жекеден тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, қозғалыс қызметтеріне жақсы тиімді әсер етіп және денсаулықты нығайтуға педагогикалық үрдісті бағыттаған көмегімен қалыптасқан, өзіне ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін көтеру бірлігін жинайды, ақыл-ой және дене еңбегінің қабілеттілігін, ақылдылық қасиеті, ошіау, ынталы, тапқыр, байымды, адамгершілік қасиеті, өзін-өзі ұстау, тәртіптілік, шыншыл, батыл, шешімді, дене шынықтыру бірлігінде тану және төртіпке келу, жеке тұлғаның әр түрлі қасиетін көрсетеді.

Жастардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып, спорт ойындары саналады, ол адамның өмірдегі негізгі кызметтері: жанұяда, мектепте, жұмыста, қоғамда, мемлекеттің міндеттерін табысты орындау үшін тұтас субъекті, адамгершілік және дене қасиеттері жан-жақты жетілген дені сау қоғамға еркін кіру шарты табылады.

Ойын әрекетін қалыптастырудың негізгі әдістеріне педагогикалық жүйенің негізгі бөлшектерін іс жүзінде асыру есебі кірген (мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілі, түрлері, әдістері мен амалдары, тапсырма) олардың бірлігі және өзара байланысы.

Жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық-ойындар қызметіне және дене шынықтыру жүйесіне жастарды қатыстыру педагогикалық жүйеде көрсетілген. Осы қызметтердің бір түрінің дамуы немесе әлсіз деңгейі педагогикалық үрдісінде жастарды дене тәрбиесін қалыптастыру жүйелерін деформациялауға әкеледі.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Я.Г.Аблов. Врачебные наблюделия за бескетболистами: Институттың студенттері мен тыңдаушыларына арналған әдістемелік құрал. -М.:
  2. Э.И.Адашкявичене. Баскетбол для дошкольников: Өзінін тәжірибесінен. -М.: Просвещение, 1983. -73 б.
  3. Баскетбол: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы / Ю.М.Портнова. — М.: — 476 б.
  4. Баскетбол: Дене тәрбиесі институтына арналған / Ю.И.Львов.,  Ю.М.Портнов.,  И.Н.Преображенская т.б. М: ФиС, 1988.  -287 б.
  5. Би Клер жене Нортон Кен. Упражнение в баскетбол. Ағылшын тілінен аударылған. -М.: ФиС, 1972. -103 б.
  6. Вуден, Джон Р. Современный баскетбол/ ағылш.тіл.ауд.Е.Р.Яхонтева. — М.: ФиС, 1987. – 254 б.
  7. И.А.Горбашев., Г.Р.Амренова.  Подбор  упражнении  для совершенствования скоростно-силовой подготовленности баскетболистов:  Әдістемелік құрал. -Алматы,  1994. -42 б. /Қазақ дене мәдениеті институты/.
  8. И.Т.Горбашев. Баскетбол  в вузе.  Оқу құралы. — Алма-Ата: КИФК. 1992. -186 б.
  9. Давыдов М.А Судейство в баскетболе.: М: ФиС, 1983. -128 б.
  10. Л.В.Костикова. Методика ведения научно-исследовательской работы по баскетболу: Әдістемелік құрал. М.: 1980. -246 б.
  11. Б.Коузи., Ф.Пауэр. Баскетбол концепции и анализ /ағылш.тіл.ауд. Е.Р.Яхонтева. -М.: ФиС, 1975. -272 б.
  12. В.В.Кузин,, С.А.Полиевской.  Баскетбол:  Оқудың бастапқы кезеңі. М.: ФиС, 1999. -134 б.
  13. Официальные правила баскетбола для мужчин и женщин. М.: -2000. -112 б.
  14. К.В.Суетнов. Обучение школьников игре в баскетбол: Оқу құралы. -Алма-Ата, 1985. -92 б.
  15. Юный баскетболист: Жаттықтырушылар үшін оқу құралы / ағылш.тіл.ауд./ Е.Р.Яхонтева., М.: ФиС, 1987. -172 б.
  16. Гандбол. Справочник /сост. Н. П. Клусов/. М: 1982.
  17. Зотов В.П., Кондратьев А.И. Моделирование подготовки гандболистов высокой квалификации. Киев: «Здоровье», 1982.
  18. Ивахин Е.И. Ручной мяч. /Лечебное пособие для секций коллективов физкультуры//. М: 1962.
  19. Игнатьев В.Я. Гандбол пособие для ИФК. М: ФиС, 1978.
  20. Клусов Н.П. Ручной мяч в школе. Пособие для учителей. М: ФиС,
  21. Клусов Н. П. Тактика гандбола. М.: ФиС, 1980.
  22. Кудрнцкий В. Н. Гандбол. Минск: «Белорусе», 1977.
  23. Спортивные игры и методика преподавания. Учебник для ИФК (под ред. профессора Портнова Ю. И.). М.: ФиС, 1986.
  24. Латышкевич Л. А., Турчнп  И.Е.,  Маневич  Л.Р. гандбол.  Киев: «Здоровье», 1988.
  25. Теория и  методика гандбола.  Программа для факультетов базовой подготовки ИФК. М.: 1990.
  26. Программа для   ДЮСШ   и   СДЮШОР   (Гандбол).   М.:   советский спорт, 1990.
  27. Правила соревнований по гандболу. М.: ФиС, 1995.
  28. Бриль М. С. отбор в спортивных играх. М.: ФиС, 1980.
  29. Волков В. М., Филин В. П. Спортивный отбор. М.: ФиС, 1983.
  30. Гандбол. Программа для групп начальной подготовки ДЮСШ. М.: ФиС, 1983.
  31. Гандбол. Поурочная программа для учебно-тренировочных групп и групп спортивного совершенствования ДЮСШ. М.: ФиС, 1984. Положепие о детско-юношеской спортивной школе (ДЮСШ) специализированной детско-юношеской школе Олимпийского резерва (СДЮИЮР). Алматы: Микмолтурспо