АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту, 2015 — 69

 

 «Баскетболшылардың спорттық шеберлігінің негізі ретіндегі дене қасиеттерін дамыту»

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………3

 

І-тарау. ЖАТТЫҚТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

1.1. Жоспарлау негіздері……………………………………………………………………………….6

1.2. Жоспарлау түрлері………………………………………………………………………………..7

1.3. Жоспарлау көрсеткіштері……………………………………………………………………..11

1.4. Жылдық жаттықтыруды кезеңдестіру……………………………………………………..13

1.5. Жаттықтыру процесін ұйымдастыру………………………………………………………18

1.6. Педагогикалық бақылау, есеп және ақпарат…………………………………………..19

 

II-тарау. ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІН БАҚЫЛАУ

2.1. Басқарудың негізгі қызметі және басқару шешімін қабылдау әдіснамасы………………………………………………………………………………………………..21

2.2. Жаттықтыру жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету………………………………….26

2.3. Жаттықтыру процесін басқару………………………………………………………………31

2.4. Жарыс процесін басқару……………………………………………………………………….34

2.4.1. Қарсылас ойынын зерттеу (барлау)……………………………………………………..35

2.4.2. Ойын жоспарын құру…………………………………………………………………………36

2.4.3. Ойынды қою…………………………………………………………………………………….37

2.4.4. Ойынды жүргізу…………………………………………………………………………………37

2.4.5. Ойынды жедел басқару……………………………………………………………………..40

 

ІІІ-тарау. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

3.1. Баскетбол дамуындағы тенденциялар мен ойын ережелерінің эволюциясы……………………………………………………………………………………………….47

3.2. Ойынның негізгі ережелері………………………………………………………………….49

3.3. Жарыс түрлері және оларды жүргізу әдістері………………………………………..49

3.4. Жарысқа дайындық………………………………………………………………………………54

 

ІV-тарау. Ғылыми — зерттеу жұмыстарының әдістемесі мен ұйымдастырылуы

4.1. Ғылыми зерттеу кезеңдері мен ұйымдастырылуы……………………………………56

4.2. Зерттеу әдістері……………………………………………………………………………………57

4.3. Ғылыми жұмыс түрлері………………………………………………………………………..62

4.4. Оқу жаттықтыру процесін материалды-техникалық жабдықтау………………63

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………..68

 
   


КІРІСПЕ

 

 

Зерттеудің өзектілігі.  Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.

Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.

Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.

Оқу практикасы студенттердің жоғарғы оқу орнында оқыған кездерінің барлық кезеңінде практикалық сабақта жүргізіледі. Оқу практикасы бойынша сабақта жетекші оқытушы студенттерге педагогикалық шеберплікті қалай меңгеру керектігін үйретеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетеді, студенттерге жаттығудың орындалуын қалай керектігін, қателіктерді анықтап, оның алдын алу жолдарын үйретеді, ұйымдастырушылық әрекеттерін дамытады.

Кәсіби-педагогикалық дағдылар барлық оқу сабақтарының процесінде, сондай-ақ ұйымдастыру-педагогикалық практика барысында қалыптасады және жетілдіріледі.

Спорттық шеберлігін арттыру сабағында студенттер өздерінің спорттық дайындығын жетілдіреді, сонымен бірге оқытушы-жаттықтырушыға, төрешіге, шараларды ұйымдастырушыға қатысты білік-дағдыларды да иегере түседі. Жарысқа қатысу студенттердің өз шеберлігін арттыру үшін оқу жұмысының міндетті, маңызды бөлімі болып саналады.

Өзіндік жұмыс кезінде студенттер бағдарламалық материалды оқулықтардан, оқу құралдарынан, ғылыми журналдардан оқиды, сондай-ақ оқытудың мынандай жаңа технологиясын пайдаланады. Оқу және әдістемелік әдебиеттердің электрондық жорамалдары бойынша дистанциялық оқыту, бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі «Интернеттен» және басқада компьютерлік бағдарламалардан ақпараттар алу.

Сонымен қатар олар курстық жұмыспен үй тапсырмаларын орындайды және қосымша дене жаттығуларымен шұғылданады.

Студенттерді баскетбол ойынының техникасына, тактикасына, терминология мәселесіне, баскетболшылардың ойын әрекетінің тәсілдерін жүйелей білуге, дене тәрбиесі мен тұрғындарды сауықтырудың барлық жүйесіндегі баскетболдан сабақ беру әдісін, сонымен қатар, жалпы дамытушылық және арнайы жаттығуларды құрастыра білуге, жаза білуге, ойын техникасы мен тактикасы бойынша жаттығуларға, сабақтың кейбір бөлімдеріне, сабақтың өтуіне үлкен мән беруі керек. Баскетбол бойынша оқу тәртібінде сабақты жүргізе білу, ұйымдастыра білу дағдыларын игеру керек. Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, сабақтан тыс уақытта секциялық жұмыстарды ұйымдастыра білуі керек және дене тәрбиесінің оқытушысы ретінде еңбекке дайын болу керек.

Студенттерінің оқу процесі баскетболдың даму тарихын зерттеуге бағытталған, оның қазіргі жағдайы, оның дамуының келешегі, ойынның техникасы мен тактикасын жетілдіру жолдары, жаттықтыру әдісін үйрену, жоғары дәрежелі баскетболшылар мен жоғары спорттық разрядтағы командалар даярлаудағы кәсіби біліктілікті жетілдіру.

Зерттелу деңгейі. Оқу барысында студенттер мамандандыру бойынша дайындалған курстық және дипломдық жұмыстарын қорғайды. Студенттер курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарымен жұмыс істей отырып, материалды терең оқудан басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңіл әдістерін, алынған нәтижелерді талдау біліктіліктерін меңгереді және соның негізінде тиісті қорытындылар мен тәжірибелік нұсқаулар жасауға үйренеді.

Болашақ мамандарды дене мәдениеті мен спорт бойынша теориялық дайындауда маңызды орында олардың ғылыми-зерттеу жұмысында белсенділік көрсетуі. Студенттер ғылыми үйірмелерге қатысып, кафедрадағы ғылыми жұмыстар тақырыбы бойынша тапсырма орындауы керек.

Сонымен қатар студенттер оқу барысында жарыстар мен сабақтарға спорттық құрал-жабдықтарды дайындауды, спорт алаңдарын дайындауды үйренуге міндетті.

Студенттердің үлгерімін есепке алу, жоғарғы оқу орны белгілеген мерзімде екі шектік бақылау және емтихандар түрінде жүргізіледі. әр семестрде мамандандыру пәндерінің атаулары қайталанбайды. Семестрде алған білім емтихан түрінде бағаланады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерге студенттерді баскетболдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.

Жұмыстың тапсырмалары:

— Спорттық машықтанудың ілімі, әдістемесі мен тәжірибесі бойынша білім беру;

— Баскетболдан оқыту әдістемесінде және баскетбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;

— Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және спорттық құрылыстарды, спортшының сыртқы пішіні мен спорттың киімін ұқыпты ұстаудың гигиеналық нормаларымен таныстыру және оларды орындауда дағдыны қалыптастыру;

— Әртүрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы тактикалық өзара әрекеттестігіне байланысты (бойынша) дағдыны қалыптастыру және білім беру;

— Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;

— Студенттерді әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуге ауызша және тәжірибе жүзінде дайындау;

— Спорттың дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми-зерпттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.

Оқу барысында баскетбол саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет.

  1. Баскетболшыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу.
  2. Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы баскетболшылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру.
  3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру.
  4. Баскетбол ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету.
  5. Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру).
  6. Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру.

Зертету объектісі. Бағдарлама студенттердің баскетбол командаларының спорттық жаттығуын, баскетболды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.

Баскетболдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі.

Ақпараттық және мәселелік дәрістерде баскетболдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, баскетболдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

 

 

 

І-тарау. ЖАТТЫҚТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

 

  • Жоспарлау негіздері

 

Баскетболшыны жаңадан келгенінен бастап, жоғары дәрежелі спортшыға дейін дайындау — біріккен жүйе, оның құрамдас бөліктері белгіленген мақсатқа жету жолында өзара байланысты және шарттас жоспарлау — спортшының көпжылдық дайындық барысында жететін жетістігінің үздіксіз өсуін қамтамасыз ететін маңызды шарттың бірі. Ол спорт жаттықтыру жүйесінде қабылданған ортақ принциптер мен әдістерге сүйеніп, дайындықтың жеке мазмұнын ғана емес, Сондай-ақ, осы процесті басқару жүйесін анықтайтын басқарудың интегралдық қызметі болып табылады.

 Жоспарлаудың негізгі міндеті — команда дайындығының мақсатын, міндеттерін, бағдарламасын және мақсаттарын іске асыру әдістерін анықтау.

 Басқа да спорт түрлеріндегідей баскетбол үшін де жеке және командалық ойын әрекеттерін жетілдіруді талап ететін, қарсыласымен командалық жекпе — жек тән. Осы ерекшеліктеріне орай оқу — жаттықтыру процесіне кететін уақыт шамамен былай бөлінеді: дене дайындығына — 20-25%, әдістік және психиологиялық дайындыққа 30-35%, тәсілдік ойын және жарыс дайындығына — 45-50% бөлінеді. Бұл сандарға ойыншылардың жасына, дәрежесіне және дайындық кезеңіне қарай түзетулер ендіріледі.

 Баскетболда жарысқа бөлінетін күндер саны спорттың басқа түрлеріне қарғанда көп болады. Осыған байланысты жылдық айналымдағы жаттықтыру мен жарысқа бөлінетін күндер шамамен 3:1 құрайды.

 Дайындықтың кешенді мақсатты бағдарламаларын құру баскетболшы дайындығының барлық бөліктерін нақты бағдарлауға мүмкіндік береді. Бұндай бағдарламалар дайындықтың жоспарлы басқару, әдістемелік және басқа мәселелерін қадағалайды.

 Баскетбол командасының және жекелеген ойыншылардың дайындығын жоспарлау жаттықтырудың жалпы мақсаттық заңдылықтарына негізделеді. Оларға арнайы және жалпы дайындықтың бірлігі жаттықтыру процесінің үздіксіздігі, жоғары нәтижеге бағыттылығы, сатылау мен шамаға қарай жүктеменің тенденцияларының өзара байланысы, жүктеме өзгерісінің тоқуы, айналымдығы жатады.

Ойыншылардың бір маусымда жеткен қызмет мүмкіндіктерінің даму деңгейі келесіде де дамып бекуі тиіс. Айнымалы дайындық жақсы нәтижеге бермейді, спортшы денсаулығына зиян келтіреді.

Жоспарлау құжатын жасағанда спортшының үйлесімді дамуын, оның дене және рухани мүмкіндіктерін жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігінсіз орайластырылуы керек. Сол сияқты жасы, жынысы, кәсіби іс — қимылы, дене дамуының деңгейі, оқушылардың дайындығы, алдағы жарыстың мерзімі мен көлемі, жаттықтыруды ұйымдастырудың материалдық базасы мен басқа да шарттарын назарда ұстау қажет.

Алдағы белгіленген жұмыстың мазмұны мен көлемін анықтап, мерзімі мен уақытын есептеп, сондай-ақ, соңғы нәтижесін де ескеру керек. Жоспарға жұмыс шартымен белгіленген өзгерістер мен нақтылаулар ендіруге болады.

Жоспар құрғанда оның алдындағы жоспардың өзі, міндеті, мазмұны, орындалу деңгейі мен жіберген қателері талданады. Алдағы жұмыс кезеңіндегі міндеттерді табысты атқару үшін алғы шарт құру мүмкіндігін ескеру қажет. Әрбір келесі жоспарда оқушыларға қойылатын талаптар артып отырады.

 Жаттықтыру жоспарларын құрғанда мына талаптар ретін сақтау керек:

  • міндеттер мен жұмыс шарттарының есебі;
  • нақтылық пен мүмкін болатын өзгеріс;
  • қолайлылық және болашағы бар болуы.

 

  • Жоспарлау түрлері

 

 Баскетболшылар дайындығында жоспарлаудың екі бөлімі бар — командалық және жеке, олар өзара тығыз байланысты.

Командалық жоспарлар мыналар: ұзақ жылға — төрт жылға, ағымдық — әр жылға, жедел — кезең бойынша және жиындар кезеңіне.

Ұзақ жылдық жоспар — бұл команда мен ойыншылардың шеберлігін арттыру бағдарламасы, онда белгіленген мерзімге арналған бақылау тапсырмаларымен қатар құралдар да қарастырылған, құралдар көмегімен белгіленген міндеттерді атқару жоспарланады. Бұндай жоспарды команда үшін де, жеке баскетболшы үшін де жасайды. Оны нақты жағдайларға қарай түрлі мерзімдерге есептейді.

 Кешенді жоспарлау мақсатты бағдарлама құруды білдіреді. Бұл бағдарлама баскетболшы дайындығын жоспарлы басқаруды, әдістемелік және басқа мәселелерін қадағалайды. Үлгі ретінде мақсатты бағдарламаның құрылымы беріледі.

Дайындық мақсаты. Мақсатты бағдарламаның жалпы құрылымы, мазмұны мен жасақталу әдістемесі.

І. Бастапқы жағдай сипаттамасы. Бұл бөлім баскетболдың аудандағы, қаладағы, елдегі немесе шет елдегі заманауй жағдайы мен деңгейінің бағасы мен талдауын құруы тиіс. Сондай-ақ, дайындық жүйесінің барлық бөліктерінің жағдайы да талданады: баскетболшылар контингенті, дайындықтың ұйымдастырылуы, жаттықтыру мен жарыстың ғылыми негізделген жүйесі, мамандарды материалдық – техникалық, қаржылық, ғылыми — әдістемелік, дәрігерлік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Осы талдау мәліметтері бойынша дайындық жүйесінің әрбір құрамдас бөлігіне баға беруді, мәселелер шеңберін анықтауды қарастыратын бастапқы жағдайдың сипаттамасы құрылады.

ІІ. Дайындық тұжырымдамасы. Онда дайындықтың белгіленген кезеңінде түгелдей немесе оның жекелеген сатыларындағы жоспарланған жағдайы мен даму бағытын сипаттайтын негізгі талаптар келтіріледі. Жалпы көлемде дайындықтың ұйымдастыру құрылымы анықталады: түрлі жастағы және түрлі дәрежедегі баскетболшылардың саны, онда дайындық ұйымдастырылады және дайындықтың ұйымдастырылу үлгісі.

ІІІ. Спорт жетістіктерінің болжам — жоспары. Оны негізінен баскетболшылармен команданың ойын іс — әрекетінің әдіс — тәсілдік көрсеткіштері мен турнирдегі, ойындағы күш қатынасын болжау бойынша жасайды.

  1. Үлгі сипаттамасы. Заманауй түсініктерге сай үлгі сипаттамасын жарыс қимылдарының сипаттамасына (жеке немесе ұжымның әдіс — тәсілдік қимылдар қоры), дайындықтың негізгі жақтарына (арнай дене, әдістік, тәсілдік, психологиялық және ойын дайындығы), ағзаның қызмет жүйесінің пайда болу деңгейіне бөледі. Мұнда жарыс қимылының үлгі сипаттамасы маңызды орын алады. Жарыс қимылының үлгі болатын көрсеткіштер қатарына, оның ерекше мазмұны мен сенімділігін сипаттайтын барынша ақпаратты көрсеткіштері ендірілуі тиіс.

Арнайы дене, әдіс тәсіл және психологиялық дайындықтың соңғы үлгі сипаттамасы жарыс қимылдарының белгілі жақтарының болжанған деңгейіне қатаң түрде сәйкес келуі тиіс үлгі деңгейі бар баскетболшының немесе команданың жарыс қимылына сәйкес келмеген үлгі мамандардың талдауына арқау болуы тиіс, олар шеберліктің артта қалған жақтарын дамытуға арнайы бағытталған жаттықтыру құралдарын ұсынуы тиіс.

Қызмет жүйесінің пайда болуының үлгі сипаттамасы баскетболшылардың жарыс қимылына сәйкес спорт шеберлігі деңгейінің сипаттамасына толықтай бағытталуы тиіс.

  1. Спортшыларды іріктеу және команданы топтастыру түрлі жас топтарындағы ойыншыларды дайындау процесі баскетболшылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеуді дәл ұйымдастырып, сатылап жүргізілуі тиіс.

 VІ. Дайындық құралдарының жүйесі. Спорт іс — тәжірибесінде дәстүрлі және дәстүрден тыс қолданылатын құралдарды пайдалану. Соңғы аталғанға бұлшықет әрекетін, ағза қызметін белсендірудің (орта таулы аймақ жғдайында жаттықтыруда реттелген тамақтану түрлі, дәрумендер, т.б.) әдістерін, ойын жағдайына жақын тәртіпте қимыл тапсырмаларын түгел орындауды қамтамасыз ететін тренажерларды пайдаланып орындалатын жаттығуларды жатқызуға болады.

VІІ. Жарыс жүйесі әрбір жылдағы басты жылдардың мерзімдерін, оның өткізілу орнының географиялық, ауа райылық, әлеуметтік және уақытша ерекшеліктерін, негізгі міндеттері мен болжанған жетістік деңгейін анықтайды.

VІІІ. Ойыншышылар мен команданың эталондық үлгі сипаттамасы. Бақылау жүйесі үлгі сипаттамасына мазмұны жағынан да, зерттеу әдісі жағынан да міндетті түрде сәйкес келуі тиіс.

Кешенді бақылаудың бірнеше түрі бар:

  • кезеңдеп кешенді зерттеу;
  • ағымдағы зерттеу;
  • жарыс әрекетін зерттеу;
  • терең дәрігерлік зерттеу.

Зерттеудің әрбір түрін жүргізуге аралас саладан көптеген мамандар шақырылады, мысалы: дәрігерлер, психологтар, т.б.

  1. Идеялық тәрбие жұмысы. Ойыншылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін талдауды, ойыншылар мен команданың рухани — психологиялық сапаларын бағалауды, жеке тұлғаға ықпал етуді қалыптастыру жолдарын, ұжымды тәрбиелеу қызметін келтіру қажет.

Х. Дайындық жүйесін материалдық — техникалық қамтамасыз ету. Спортшылардың, спорттық базалардың, құрал-жабдықтардың түрлі жақтарын бағалау үшін стенд құруды қамтамасыз ететін бағдарлама ретінде қарастылып, дайындықты қаржыландыру мөлшері көрсетіледі (оқу — жаттықтыру жиындары, жарыстар мен т.б. шығындар).

ХІ. Мақсатты кешенді бағдарламаны басқару жүйесі. Оның тиімділігін басқару шешімдерін қабылдауды бақылауы (сәйкес бөлімдерді орындаудың күнтізбелік және желілік графигі) мен әдістемелік дәл ұйымдастыруға байланысты болады. Күнтізбелік және желілік график жоспар мазмұнын көрсетудің көрнекілік түрі қызметін атқарады, ондағы жылдық көрсеткіштер дайындық бөлімдері қызметін атқарады:

 

Дайындық бөлімдері

198… жылға бастапқы көрсеткіші

Жоспарланған көрсеткіштер мен олардың орындалуы

Еcкерту

198…ж. 198ж.

жоспары

198…ж.

198ж.

жоспары

198ж.

жоспары

198ж.

жоспары

 

 

Орын-далуы

Орын-далуы

Орын-далуы

Орын-далуы

 

 

Жыл сайын дайындық бөлімдері бойынша жоспарланған үлгі көрсеткіштері мен шынайы көрсеткіштер, оның ішінде негізгі қарсыластарымен ойында жеткен жарыс көрсеткіштері деңгейі арасындағы кері алшақтық анықталып, оның негізгі себептері айқындалады.

Жеке тұлғаның алға жасаған жоспарында баскетболшының мүмкіндіктері мен оның ойын қызметінен туындаған командалық жоспар құрылып нақтыланады.

Жеке тұлғаның алға қойған жоспарының үлгісі:

  • Спортшы туралы мәліметтер: жалпы және антропометриялық.
  • Спорт әдістері сипаттамасы:
  • командадағы негізгі қызметі
  • дене сапасының даму деңгейі, әдістік, тәсілдік, ілімдік дайындығы, психологиялық мінездемесі, қызметтік жағдайы.

3) Дайындықтың мақсаты мен міндетттері:

— дайындықтың негізгі мақсаты мен басты бағыты;

— жарысқа қатысудағы міндеттері;

— жаттықтыру жүктемелері бойынша міндеттері (көлемі мен қарқындылықтығы);

— дене, әдістік, тәсілдік, психологиялық және теориялық дайындығы бойынша міндеттері.

4) Кешенді бақылау мен өзіндік бақылау:

— бақылау сынақтарын тапсыру, негізгі және кезеңдік тексеруінен өту;

— өзіндік бақылау бойынша тапсырмалар.

5) Дайындық графигі ( командалық график бойынша).

 Күнтізбелік жоспар түрлі жарыстардың күнтізбесі мен команданың оқу — жаттықтыру жиындары есебінен құрылады.

 

Ағымдық (жылдық) жоспарлау

 Ағымдық жоспарлау бүкіл жылдық айналым бойындағы ресми жарыстарға қатысу міндеттеріне қарай алға қойылған жоспарлардың негізгі ережелерінің сандық және сапалық сипаттарын бөлшектеп, дамытады. Жарыстарда табысты өнер көрсету үшін жоғары дайындық жағдайының басты жарыстардың уақытына сәйкес келуі маңызды саналады. Сондықтан ағымдық жоспарлау спорттық форманы дамыту заңдылықтарына және соларға негізделген жылдық жаттықтыру кезеңдеріне сүйенеді.

Жаттықтырудың жылдық айналымын дайындық жарыстық және өтпелі кезеңдерге бөледі,ол спорттық бабын дамытудың негізгі үш кезеңіне сәйкес келеді, олар — қалыптасу, тұрақталу, уақытша төмендеудің ең жоғары деңгейіне жету.

 

Жедел жоспарлау

Жедел жоспарлауды жылдың жеке кезеңдеріне (кезең немесе ай) және әрбір жаттықтыру сабақтарына құрады.

Жедел жоспарлаудың негізгі құжаттарын жұмыс жоспары, жаттықтыру сабақтарының жоспар — конспектісі және сабақ кестесі.

 Жұмыс жоспарын дәрежелі командалар үшін дайындықтың әр кезеңіне, ал жаңадан бастағандар мен балалар командалары үшін — әр айға жассайды.

Жұмыс жоспарында дайындық жүктемесін жоспарлау жаттықтырудың апталық айналым (микроайналым) заңдылықтарына негізделген. Әрбір жаттықтыру апталығы дайындықтың аталған кезеңінің жалпы заңдылықтарымен қатар, әр апталық айналымды жеке бейнелейтін аяқтау айналымын қарастыруы тиіс.

Жұмыс жоспарының үлгісі мынадай:

Жұмыс жоспары

198 ж.                      бастап                                              дейінгі

                                                                     команданың жаттықтыруы.

Кезеңі:

Сатысы:

І. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері (жалпы және дайындық бөлімдері бойынша).

ІІ. Жаттықтыру жүктемесінің жұмыс көлемі мен қарқынын, уақытын дайындық бөлімдеріне қарай бөлу.

ІІІ. Дайындық бөлімдері бойынша және жарысқа арналған бақылау тапсырмалары.

  1. Жаттықтыру сабақтарының мазмұны.

Жаттықтыру сабақтарының мазмұнын ашу үшін жазудың екі түрі пайдаланылады: сабақтық және кескіндік (14 және 15 -кесте).

Жазбаның жаттықтыру сабақтары мазмұнының сабақтық түрі дайындығы әртүрлі командамен жұмыс істеген қолайлы, ал кескіндік жазба — тек дәрежелі командалармен жұмыстарға лайық.

Жаттықтыру сабақтарының жоспар — конспектісін жұмыс жоспары негізінде құрайды.

                                    жаттықтыру сабағының жоспар — конспектісі.

«                   »                          198ж.

 

Топтың немесе команданың аты                                            

Жабдықтары                                                                           

Міндеттері                                                                              

Сабақ мерзімі                                  сағ.                          мин.

Қарқыны                                                                                 

 

Сабақ бөлімі

Материал мазмұны

Мөлшерлемесі

Әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

 

 

1.3. Жоспарлау көрсеткіштері

 Жоспарлау көрсеткіштері жаттықтыру жоспарын құруда негізгі құрылыс материалы қызметін атқарады.

Баскетболдан жоғары дәрежелі командаларды дайындау іс — тәжірибесінде қабылданған нысанды көрсеткіштер үлкен қолданысқа ие болады. Олар дайындық процесін сандық және сапалық талдауға мүмкіндік береді, яғни басқаруды тиімді ету базасын құрады. Сонымен, КСРО құрама (ерлер, әйелдер, жасөспірімдер) командаларының кешенді ғылыми топтарымен көптеген жиынтық көрсеткіштер алынды., олардың көмегімен команданың да, жеке ойыншының да дене, әдіс — тәсілдік және ойын дайындығы туралы ақпарат алынада. Осындай көрсеткіштер негізінде, мысалы, еліміздің ең күшті 25 ойыншысын анықтап (ерлер мен әйелдер арасындағы жеке), құрамалар үшін үлгі көрсеткіштерін жасайды, сол арқылы команданы топтау жүргізіледі.

Көрсеткіштер нысандық болуы тиіс, яғни есептеумен салыстыра талданып, өзінің белгілері дайындық процесінің сандық және сапалық жақтарының дәл анықтамасына сәйкес келуі тиіс. Олар бір — бірін қайталамауы керек.

Дайындықты жоспарлағанда мыналар пайдаланылады:

І. Жарыс және жаттықтыру жүктемелерінің көрсеткіштері.

1) Жұмыс күндерінің саны.

Олардың ішінде:

  • жарыс күндерінің саны
  • жаттықтыру күндерінің саны

 2) Жұмыс сағатының саны

3) Жаттықтыру саны

  Оның ішінде:

  • командалық;
  • жеке.

4) Жаттықтыру сағаттарының саны.:

— жоғары қарқынмен (Ж),

— үлкен қарқынмен (Ү),

— орта және кіші қарқынмен (ОК).

ІІ. Дайындық түрлері бойынша көрсеткіштер.

1) Дене дайындығы. Дене сапаларын дамыту деңгейі нақты жаттығуларда жоспарланады. Баға негізінде уақыт, қайталау саны, қашықтығы немесе салмағы алынады (жаттығу мазмұнына қарай).

2) Әдістік дайындық. Әдістік дайындығының деңгейі бақылау жаттығуларында жоспарланады. Сандық баға негізінде қимыл нәтижесі алынады, мысалы, доппен, әріптесімен, т.б. Мақсатқа жеткен жағдайлар санының сапалық баға негізінде қимылды орындаудың үйлесімді қорытынды бағасы алынады ( ұпаймен).

ІІІ. Жарыс дайындығының көрсеткіштері:

  • Жарысқа қатысуы:
  • ойын сан
  • ойын ішінде
  • бақылау
  • күнтізбелік
  • негізгі жарыстардағы нәтижесі (орыны)

а) шабуылдағы ойын көрсеткіштері ( бір ойында орта есеппен);

1) торды шабуылдау саны (қашықтықтан, жеке, командалық);

2) дәл тигізу: ойыннан, ойын добынан (%);

3) жинаған ұпай саны;

4) қарсылас қалқанынан кері ұшқан допты ұстау(%);

5) доптан айырылып қалуы;

6) шабуыл жағдайларының саны;

7)ұмтылысты шабуыл әсері (%);

8) тұрыстық шабуыл әсері(%);

9) шабуылдың жалпы әсері(%);

б) қорғаныстағы ойын көрсеткіштері:

1) қарсылас торына шабуыл саны;

2) жіберген ұпайлар саны;

3)өз қалқанынан ұшқан допты алу(%);

4) ұстап алу (допты) саны;

5) прессинг қолдану жағдайларының саны(%);

6) прессинг қолдану әсері(%);

7) шоғырланған қорғаныс әсері(%);

8)қорғаныстың жалпы әсері(%);

  1. Команда құрамының көрсеткіштері

1)Орташа жасы

2) Орташа бойы: орталық алдыңғы сызық, артқы сызық ойыншыларының

3) Қызметі бойынша ойыншылар саны: орталық, алдыңғы және артқы сызық ойыншыларының

4) Құрамға жаңа ойыншылар кіргізу. Орталық, алдыңғы және артқы сызық ойыншыларын.

 

1.4. Жылдық жаттықтыруды кезеңдестіру

Спорт іс — тәжірибесінде жаттықтырудың үш түрі бар — дайындық, жарыстық және өтпелі, олар үлкен бір айналымды құрайды.

Баскетболда жыл бойында бір (қысқы немесе жазғы) және (қысқы немесе жазғы) спорттық маусым болуы мүмкін, сондықтан жылына бір -екі үлкен айналым жоспарлау қажет. Бұл бірнеше шарттарға байланысты оқу орындары үшін (мектеп, техникум, ЖОО) бір жылдық жаттықтыру айналымына дайындық жоспарлаған дұрыс. Жыл бойына үздіксіз жұмыс істейтін мекемелер, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар, сондай-ақ, жоғары спорттық дәрежелері бар командалар үшін дайындықты екі жылдық жаттықтыру айналымына жоспарлаған дұрыс, бір айналым — күзгі — қысқы (шамамен қазан- наурыз), екіншісі көктемгі — жазғы ( сәуір — қыркүйек) айналымының қайсысы жылдың басты жоспарына тура келсе, сол бас айналым, келесі соған бағынышты айналым болады. Демек, екі үлкен жылдық айналым екі дайындық, екі жарыстық және бір немесе екі өтпелі кезеңнен құралады.

Дайындық және жарыстық кезеңдерді сатыларға бөледі, ол дайындық процесін дәл жоспарлауға мүмкін береді. Кезеңдер мен сатылардың мерзімі мен ұзақтығы дайындық міндеттеріне, жыл мерзіміне, жарыс күнтізбесіне байланысты болады.

Дайындық кезеңі. Ол дайындықтың әрбір жаңа айналымымен басталып, негізгі жарыстардың бірінші күнтізбелік ойындары басталуымен аяқталады. Онда дене сапасын дамытуға, әдістік, тәсілдік және психологиялық дайындықты жетілдіруге бағытталған жаңа әдістемелік амалдарды байқап көреді. Бұл кезеңде болашақ жетістіктердің негізі қаланады, сондықтан ол мүмкігдігінше ұзағырақ болуы тиіс. Ойыншыларды команда құрамында қадағалайды. Бұл кезеңде ойыншылар, жаңа әдістік амалдар мен тәсілдік іс қимылдарды меңгереді, команданың жарыс кезеңінде қару ретінде алатын қасиеттерін шыңдайды.

Әрбір дайындық кезеңі үш сатыға бөлінеді.

Бірінші саты. Негізгі міндеті — спорттық бабын табуы үшін алғышарттарды құрып, дамыту. Бұл міндетті атқару дайындықтың барлық бөлімдерімен байланысты, алайда әрқайсысының түсіретін салмағы әртүрлі. Мұнда дене дайындығына зор мән беріледі. Бірінші сатыда оған жалпы уақыттың 40-50%-ға дейінгі үлесі тиеді. Ол ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін көтеріп, ойыншының қимыл іскерлігі мен дағдысын кеңейтуді қамтамасыз етуі тиіс, яғни болашақта дене дайындығының арнайы құралдарымен іскерлік пен дағдыны жетілдірілетін негіз құрылуы тиіс.

Бұл кезеңдегі әдістік дайындық екінші орында тұрады және оған жалпы уақыттың 35-40%-ға жуық үлесі тиеді. Ойыншылар жаңа әдістік амалдарды үйреніп, алдында үйренген жаттығуларының қатесін жойып, әдісті одан ары жетілдіруі жалғасады.

 Тәсілдік және ойын дайындығына жалпы уақыттың шамамен 20-25%-ы бөлінеді. Оның негізгі бағыты жалпы ойын дағдыларын қалпына келтіру, жеке және топтық тәсіл әрекеттерінің іскерлігін және дағдысын жетілдіру мен меңгеру болып саналады.

 Психологиялық дайындыққа бүкіл сатылардың барлығында үлкен назар аударылады. Бірінші сатыда спорттық еңбексүйгіштікті тәрбиелеу спорт іс — әрекетіндегі табысты айқындайтын ерік мүмкіндіктерін жетілдіру жүргізіледі.

 Киімді дайындау барлық сатыда жүргізіледі, бірінші сатысында спорттық іс — қимылдың жалпы негізін құрайтын білім алынып, ол тереңдетіледі. Алдыңғы өткен маусымның қорытындысы талданады:оқушылар алдағы жылдың жарыс жұмыстарымен және күнтізбесімен танысады, күнделік жүргізу жеке жоспарлар мен бақылау тапсырмаларын, ойындарын құрудың принциптерін үйренеді.

Жаттықтырудың негізгі түрлері — дене және әдістік дайындық бойынша мамандандырылған және кешенді сабақтар. Бірте — бірте жаттықтыру жүктемелерінің жалпы көлемі артып, жүктеме қарқыны азаяды.

Екінші саты. Негізгі міндет — машықтануды арттыру, арнайы сапалар мен баскетболшы үшін ерекше дағдыларды дамыту.

Дене дайындығы жалпы уақыттың 25-30%-ын алады. Ол негізгінен ойыншылардың қимыл мүмкіндіктерін кеңейтуге, жалпы машықтанудың одан ары дамуына, оның арнайы жаттықтыруды арттыруға байланысты жақтарын күшейтуге жәрдемдесуі тиіс. Қосымша жұмыс қабілетін толық және тез қалпына келтіруге көмектесетін (оның ішінде жүзу, шаңғы тебу және басқа спорт ойындарының бірнеше түрлері) құралдар пайдаланылады.

Арнайы дене дайындығының үлес салмағы артады.

Әдістік дайындыққа жалпы уақыттың шамамен 30-35%-ы бөлінеді. Негізінен жарыс қимылдарына жақын, ойыншылардың орындайтын қызмет арқылы ауысу жағдайындағы әдісті және допты игеру әдісін меңгеріп, жетілдіруге назар аударады.

Бұл сатыда тәсілдік дайындық басты орында болады. Оған жалпы уақытттың 40-45%-ы бөлінеді.

 Ойыншылардың орындауы есебінен олардың командадағы міндеттерін жеке іс — қимылмен жетілдіріп, меңгеруге назар аударылады. Оқушылар жаңа топтық өзара іс — қимылды және командалық іс — қимылды меңгереді. Алдын ала үйренген ұжымдық іс — әрекет нақтыланып, жетілдіріледі. Команданың құрамы нақтыланып, жеке ойыншылардың қызметтері іріктеледі.

 Психологиялық дайындық қиындықты бағындыру іскерлігін қалыптастыруға, жүктемені көтергенде және жеке жұмыс барысында біркелкі жаттығуларды ұзақ қолдануда шаршаумен күрес жүргізуге бағытталған.

 Іліми дайындық жаттықтырудың жалпы негіздері бойынша материалдарды үйренуді, күнделік жазбаларын талдау, жеке тапсырмаларды орындауды ұсынады. Орындаушылар әдіс және тәсіл дайындығының түрлі мәселелері бойынша команданың ілімдік сабақтарына қатысады.

Екінші кезеңдегі жаттықтырудың негізгі түрі — жұмыстың жеке, топтық және командалық әдістерін талдап, дене, әдіс, тәсіл, ойын дайындығы бойынша арнайы және кешенді сабақтар болып табылады. Жаттықтырудың жарыстық және интегралдық әдісінің маңызы өсті. Жүктеменің жалпы көлемі тұрақталып, жаттығуды орындау қарқындылығын арттыру жалғасады.

Үшінші кезең. Оның міндеті — спорттық бабын қалыптастыру процесін аяқтап, ойыншыларды ерекше жарыс жұмыстарына кірістіру. Дайындық түрлерінің салмағын арттыру өзгереді. Жаттықтыру сабақтары дарыс дайындығымен сәйкес келеді.

Жалпы уақыттың шамамен 20-25%-ын алатын дене дайындығы жалпы машықтануды сақтап, оның арнайы жаттықтыруды арттыруымен тығыз байланысты жақтарын күшейтуге бағытталған.

Арнайы дене дайындығы жалпы дене дайындығынан үстем болады. Жалпы және арнайы дене дайындығының қатынасы шамамен 3:1 құрайды. Жұмысқабілетін толықтырып, тез қалпына келтіруге көмектесетін құралдарға үлкен назар аударылады.

 Дене сапаларын дамыту әдістері кешенді түрде пайдаланылады; негізінен олар шапшаңдықты, жылдамдық — күш сапаларын және арнайы төзімділікті дамытуға бағытталған.

Әдістік дайындық жалпы уақыттың шамамен 30-35%-ын алады. Әдіс шеберлігі жетілдірудің жоғары мүмкіндік деңгейіне дейін жетеді. Әдістік амалдарды қиын жағдайларда да қолданады.

Тәсілдік, ойын және жарыстық дайындыққа жалпы уақыттың шамамен 40-45%-ын бөледі (негізінен ойын мен жарыстық әдіске).

Баскетболшыны психологиялық дайындауда жарысқа деген құлшыныс, дене және рухани күштің барынша көрінуі ерекше мәнге ие болады.

Бұл сатыда әдістік дайындықтар барынша бақылау сынақтарын, команданың әдістік — тәсілдік шеберлігі сыналатын бақылау және жолдастық кездесулер жүргізіледі. Жоғары дәрежелі командалар ағымдық сипаттағы жарыстарға қатыса алады.

Үшінші сатыдағы жаттықтырудың негізгі түрлері дене, әдіс, тәсіл дайындығы бойынша кешенді сабақтар, ойын дайындығы бойынша тақырыптық жаттықтырулар болып саналады. Жарыс дайындығы ағымдық жарыстарда бақылау және күнтізбелік ойындармен жүргізіледі.

Жүктеме өзгерісі жалпы көлемді азайтумен қарқындылықтың жарысқа дейін және одан кейін де өсулерімен сипатталады.

Жарыс кезеңі. Негізгі күнтізбелік жарыстардың біріншісін соңғы ойынына дейінгі уақытты қарастырады.

Жарыс кезеңі құрылымының үш нұсқасы бәріне белгілі.

Бірінші нұсқа — жарыс кезеңі ішкі құрылымы бойынша біркелкі, бүкіл апталық айналымдары өзара ұқсас келеді. Бұндай құрылым үшін күнтізбелік ойындарды және олардың арасындағы үзілісті бірдей етіп жарысты бір кезеңде өткізу тән.

Екінші нұсқа — жарыс кезеңінің құрылымы біркелкі емес, өзінің жарыс сатылары мен олардың арасындағы бірнеше аптаға созылған үзілістерден құралады. Бұндай ойын күнтізбелері тур принципі бойынша құрылған, яғни, әдетте бірнеше аптада бірнеше жарыс үзіліспен жүргізіледі.

 Үшінші нұсқа — жарыс кезеңінің құрылымына бірінші және екінші нұсқа біріктіріледі. Кезеңде бірнеше жарыс жүргізілгенде пайдаланылады. Мысалы, бірінші жарыс күнтізбелік ойындар мен олардың арасындағы үзілісті тең кезектестіріп, бір рет кездесу принципі бойынша екіншісі — тур немесе турнир принципі бойнша жүргізіледі.

Жарыс кезеңін, оның ішкі құрылымын бірнеше сатыларға бөледі. Бірінші нұсқада — кезең уақыты бойынша екі тең жобалас жарыс болады.

 Сатылау жаттықтырудың мазмұны мен әдістерінің айырмашылығы екінші сатыдаа жалпы дене дайындығының құралдары іртүрлі болумен ерекшеленеді.бұл спорттық бабын сақтауға арналған , оның ішінде ауысу мен белсенді демалыстың ықпалын толық пайдалану үшін мүмкіндіктерді кеңейту қажеттігінен туындайды.

Жарыс кезеңінің басты міндеті — жоғары және тұрақты нәтижелерге жету. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін тек спорттық бабында тұру ғана емес, Сондай-ақ, ойыншылардың дайындығын жетілдіруге талап қойылады.

Өтпелі кезең. Жарыс кезеңіндегі жарыстың аяқталу сәтінен бастап сабақты жаңа айналымда жаңартуға дейін созылады. Оқушылар мұнда оларға жаттықтырудың жаңа айналымын бастау үшін қолайлы алғышарттармен қамтамасыз ететін дене мүмкіндіктерін жоғалтпай, демалуға мүмкіндік беретін іс — әрекет түріне өтеді.

Мұнда ең дұрысы белсенді демалыс, спорт ойындары тәрізді спорттың басқа түрлерін кең пайдалану қажет.

Өтпелі кезеңде жалпы көлем, әсіресе жүктеменің қарқындылығы азаяды.

Дайындық кезеңдері мен сатылардың айналымының мерзімі мен ұзақтығы жобасы ұсынылған кескіндемеде көрсетілген.

 

Екі жартыжылдық айналымда дайындықты

кезеңдестірудің үлгі кескіндемесі

 (жазғы айналымдағы жылдың басты жарысы)

 

Күзгі — қысқы айналым            — 1 қазан-20 сәуір.

Дайындық кезеңі                      — 1 қазан-15 желтоқсан.

Оның ішінде:

Бірінші саты                             — 1-31 қазан

Екінші саты                              — 1-25-қараша

Үшінші саты                             — 26 қараша-15 желтоқсан.

Жарыс кезеңі                            — 15 желтоқсан-30 наурыз

Оның ішінде:

Бірінші саты                             -15 жетоқсан-31 қаңтар

Екінші                                      -1-ақпан-30 наурыз

                                                — 1-20 сәуір

Көктемгі — жазғы айналым:      — 21 сәуір-31 тамыз.

Дайындық кезеңі                      — 21 сәуір-15 маусым.

Оның ішінде:

Бірінші саты                             — 21 сәуір-5 мамыр

Екінші саты                              — 6-25 мамыр

Үшінші саты                             — 26-15 маусым

Жарыс кезеңі                            — 15-31 тамыз

Оның ішінде:

Бірінші саыт                             — 15-31 шілде

Екінші саты                              — 1-31 тамыз

Өтпелі кезең                             — 1-30 қыркүйек

 

 

Ағымдық жоспарлау құжаты (жылдық)

Ағымдық жоспарда бір жылдың шамасындағы алдағы жоспар нақтыланады. Командалық жоспарлау үшін (топтық) оқу жоспарын, бағдарламасын және оқу жоспарын өту кестесін құру керек.

Оқу жоспарында оқу жұмыстарының мазмұны, дайындықтың жеке бөлімдеріне бөлінген сағат саны , оларды кезеңдерге бөлу толығымен көрсетілген.

Бағдарлама оқушылар меңгеруі тиіс білімі, іскерлік пен дағды көлемі, дене дамуы мен оқушылардың жетуі қажет спорт — әдістік дайындық деңгейі, дайындық бөлімдері бойынша сабақтардың ілімдік және іс — тәжірибелік мазмұны анықталады.

Бағдарлама мазмұнында сәйкес спорт түріне, оқушылардың ерекшеліктеріне (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, дене және әдіс — тәсілдік дайындығы) сәйкес қойылған жекелеген міндеттер түрінде нақтыланған дене тәрбиесі жүйесінің жалпы мақсаты бейнеленуі тиіс.

Оқу жоспарында қарастырылған сағат санын да ескеру қажет.

Оқу жоспарын өту кестесі оқу жоспары бөлімдерін өту бірізділігін айналым, кезең, саты және апта бойынша ,сол сияқты дене және әдіс дайындығынан бақылау жаттықтыруларын, тапсыру мерзімі мен бірізділігін көрсетеді.

Жоғары дәрежелі командалар үшін оқу жоспары, кестесі мен бағдарламасы бір құжатқа дайындықтың жылдық жоспар — кестесіне біріктірілген. Ол жоспар мен кесте — екі бөлімнен құралады.

Жылдық жоспардың мазмұны алдағы жоспар түрі бойынша беріледі. Кесте жылды кезеңдестіру құрылымын көрсетеді. Жаттықтыру жүктемесі мен дайындық құралы дайындық сатысы мен кезеңіне қатаң сәйкестікте бөлінеді. Жаттықтыру жүктемесі мен дайындық құралдарын бұлай бөлу спорттық бабының жағдайын жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

 

1.5. Жаттықтыру процесін ұйымдастыру

Жаттықтыру процесін ұйымдастырудың басты міндеті — командалық, әсіресе жеке дайындық жоспарын іске асыру үшін жағдай жасау.

 

Жаттықтыру сабақтарының түрлері

 Жаттықтыру сабақтарының түрлері ұйымдастыру түрлері, негізгі мазмұны, құрылуы бойынша топталады. Олар дайындықтың нақты міндеттерімен анықталады.

Жаттықтыру сабақтары — ұйымдастыру түрлеріне қарай жеке топтық және командалық болып бөлінеді.

Жаттықтырудың жеке түрі екі нұсқада болуы мүмкін: жаттықтырушысыз дербес сабақ және жаттықтырушының басқаруымен оның міндеті — жеке спорт шеберлігін тәрбиелеу. Ол дене, әдіс жеке тәсілдік және ілімдік дайындықта пайдаланылады. Жеке сабақтар команданың немесе топтың барлық спортшылары үшін бір мезгілде жүргізіледі, бірақ әр спортшы жеке жаттықтығулар орындайды.

Топтық түрі бүкіл жаттықтыру сабақтары бойына немесе оның жеке бөліктерінде пайдаланылады. Бұндай түр барлық оқушыларды белгілері бойынша және әрқайсысына жеке тапсырма беру үшін түрлі топтарға бөлу мүмкіндігін қарастырады. Топтарды қалыптастыру ойыншылардың ойын қызметі бойынша (орталық шабуылшы ойыншылар тобы т.б.) немесе белгілі бір сапаны дамытуға бағытталған міндеттерді шешу орталығына қарай жүргізіледі.

 Командалық жаттықтыруда ойыншылар ұжымдық іс — қимылға бағынатын ортақ және жеке міндеттерді атқарады. Оның негізгі бағыты — тәсілдік және ойындық дайындық.

Негізгі мазмұны жағынан жаттықтыру сабақтары тақырыптық және кешендік болып бөлінеді.

Тақырыптық сабақ дене, әдіс, тәсілдік немесе ойын дайындықтарының бір түріне арналады. Кешенді жаттықтыру екі немесе одан да көп дейындық түріне арналған сабақтарды қарастырады (мысалы, дене және әдістік немесе дене және ойындық).

Жаттықтыруды құрылысына қарай қалыпты және айналымдық деп бөледі.

Қалыпты жаттықтыруда оқушылардың барлығы бірдей жаттығу орындайды. Сабақтың бұл түрін бір жаттықтыру сабағы көлемінде жеке міндеттерді шешу үшін қолданады. Қалыпты жаттықтыру қатарда, сапта, шеңберде, үшбұрышта, т.б. тәрізді. Түрлі ретте орындалады.

Айналымдық жаттықтыру үшін сабақ орнында бірнеше «бекеттер»,яғни арнайы құрал-жабдықтары бар орын ұйымдастыру қажет. Әрбір «бекетті» ойыншылар дене, әдіс және тәсілдік дайындықтар бойынша жаттықтырулар белгіленген бағдарламаларды орындайды. Барлық ойыншылар түрлі белгілері бойынша «бекеттердің» саны мен бағдарламасына қарай топтарға бөлінеді.

Сабақты бұлай ұйымдастырудағы жаттықтыру сабақтары шеңбер бойымен жүргізіледі. Оқушылар қатаң белгіленген аралықтар арқылы барлық «бекеттерден» өтеді.

Шеңберлі жаттықтыру дайындықтың құралдары мен әдістерін кең көлемде алмастыруға мүмкіндік береді. Жаттықтыру сабақтарын бұлай қою баскетболшыларды даярлауда кең қолданысқа ие болды.

 

Жаттықтыру сабақтарының құрылымы

Жаттықтыру сабақтары түріне қарамастан үш бөлімнен тұрады-дайындық, негізгі және қорытынды.

Дайындық бөлімі. Міндеттері: оқушыларды ұйымдастыру және сабақтың негізгі бөлімін орындауға даярлық оқушыларды ұйымдастыру мен топты құру, мәлімдеме беру, тексеру, сабақ міндетін хабарлау және зейінге арналған арнайы таңдалған және көңіл — күй жағдайына арналып таңдалған жаттығуларды орындау.

 Дайындық бөлімінің ұзақтығы — 10-20 мин.

Негізгі бөлім. Сабақтың бұл бөлімінде басты міндеттер атқарылады. Олар дене даму деңгейін арттыруға, арнайы сапаларды тәрбиелеуге, спорт әдісін, тәсілін, ойын дайындығын, т.б. үйренуге бағытталады.

 Сабақтың міндеті мен мазмұны оқушылардың дайындығы мен жаттықтыру сатысына байланысты болады.

 Сабақтың негізгі бөлігінің ұзақтығы кемінде 70 мин.

 Қорытынды бөлім. Оның міндеті — жүктемені бірте — бірте төмендету. Ұзақтығы — 5-10 минут.

 Жаттықтырудың жалпы ұзақтығы оқушылар құрамына, жаттықтыру міндеттеріне, жұмыс әдістері мен басқа ықпалдарға байланысты өзгеруі мүмкін. Орташа ұзақтығы — 90-120 мин.

 

1.6. Педагогикалық бақылау, есеп және ақпарат

Педагогикалық бақылау, есеп және ақпарат басқарудың соңғы қызметі болып табылады.

 Баскетболдың кез — келген процесі басқару нысанының жағдайы туралы ақпарат алудан басталады. Ақпарат түсу тоқтап қалса ( ойыншы, команда, топ) басқаруға көнбейді.

Басқару әсерінің тез қажеттігіне байланысты ақпаратты жедел, ағымдық, кезеңдік және қорытынды деп бөледі.

 Жедел ақпарат деп жаттықтыру барысында алынған немесе осы процестерді жедел басқару үшін жарыста команданың көрсеткен ойынынан алынған ақпартты түсінеміз.

 Ағымдағы ақпарат — бұл өткен жаттықтыру сабағы немесе команданың жарыста көрсеткен ойыны туралы ақпарат. Оны кезекті сабаққа дайындалып, өткізуде немесе кезекті жарыста өнер көрсетуде пайдаланады.

 Кезеңдік ақпарат дайындықтың кезеңдік (жұмыс) жоспарларының орындалғаны туралы мәліметтермен қамтамасыз етіледі. Ол кезекті кезеңдегі (айда) жұмыс жоспарын жасауда пайдаланады.

Қорытынды ақпарат — бұл қысқы немесе жазғы айналымның, дайындықтың жылдық немесе алдағы жоспарын орындау туралы ақпарат. Ол кезекті жоспарлар жасағанда қажет.

Бақылау мен есеп — ақпарат алудың негізгі құралдары. Олар дайындықтың барлық бөлімдерін қамтуы тиіс. Ақпараттың қосымша көздері дәрігер бақылауы мен спортшының өзіндік бақылауының мәліметтері болып табылады. Жүйелі түрде жүргізілген педагогикалық есеп пен бақылау жаттықтырушының ажырамас шарты.

Педагогикалық бақылау мен есеп мәліметтері алға қойған жоспарларды орындау қолданылған құралдар мен әдістердің тиімділігін анықтау, оқу — жаттықтыру жұмыстары мен тәрбие жұмыстарын жетілдіруге жаңа жол табу үшін жаттықтырушыға бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық бақылау деп, спортшының жағдайы, жаттықтырушы процесінің барысы, команда мен спортшылар дайындығының жоспары орындалуы туралы ақпарат алу жүйесін түсінеміз.

 Бақылаудың негізгі міндеті істің өзекті ережелерін белгілеп, кемшіліктерін анықтау емес, алынған ақпарт негізінде дер кезінде дайындық процесінің нәтижелігін арттыру үшін сәйкес түзетулер ендіре білуді қарастырады. Педагогикалық бақылау жаттықтыру сабақтарында да, жарыс барысында да жүзеге асырылады. Педагогикалық бақылаудың бұл екі бөлімі өзара байланысты, бір — бірін толықтырып отырады, бірақ сонымен қатар өзіндік мазмұны бар.

Педагогикалық бақылау үшін түрлі әдістер қолданылады:

  • педагогикалық бақылау;
  • жаттықтыру процесінің және жарыстардың нәтижесін нысанды және қорытынды бағалау.
  • Педагогикалық, дәрігерлік бақылаудың, есеп пен өзіндік бақылаудың мәліметтерін талдап, жинақтау;
  • әңгімелеу сауалнама, тексеру, сынақ, оқушылардың тұрмыстағы, жұмыстағы, оқудағы мінез — құлқын зерттеу.

Команда мен ойыншылардың дайындық барысы туралы дер кезінде, толық әрі дәл ақпарат алудың маңызды шарттарының бірі жақсы ұйымдастырылған есеп болып табылады.

Есепке бүкіл дайындық процесі, жаттықтыру сабақтары жоспарларының орындалуы, команданың жарыста өнер көрсетуі педагогикалық және дәрігерлік бақылау мәліметтері кіреді.

Есептің үш түрі қолданылады: ағымдық, кезеңдік және қорытынды.

Есеп құжатына журнал, жаттықтырушы мен спортшының жеке күнделіктері жатады.

 

II-тарау. ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІН БАҚЫЛАУ

 

2.1. Басқарудың негізгі қызметі және басқару шешімін

қабылдау әдіснамасы

Басқарудың басты міндеті — ойыншының жаттықтыру және бақылау жарысы барысындағы жеке тұлғасын ашуға жол ашатын іс — шаралар ықпалы мен жаттықтыру жұмыстарының сапасын арттыруы, дене және психикалық сапаларды, қасиеттар мен құбылыстарды жаттықтырушының қалауына орай дұрыс бағытқа өзгерту.

Дайындық жұмысы ұйымдастыру — әдістемелік, әлеуметтік — экономикалық, рухани — әдептілік факторларынан құралып, түрлі мәселелерді кең көлемде қамтиды. Оған бірінші кезекте жұмысты дәл ұйымдастыру, қатаң ырғақтылық, командалық және жеке жоспарларды екі етпестен орындау, заманауй техникамен жабдықтау, бақылау мен басқаруды түзетудің тиімді жүйесі жатады.

Дайындық барысын басқару жоспарланған тапсырмаларды әзірлеуді, осы тапсырмалардың атқарылуы туралы ақпарат алуды және алдағы жұмыстар мен түзетулер туралы шешімдер даярлауды қарастырады. Мұнда ойыншының жағдайы туралы ақпарат жинауды қамтамасыз ету, жаттықтырушыға жүйеленген ақпарат, екі — үш негізделген шешім түрін, олардың тиімділігін бағалау түрлерін ұсыну маңызды.

Басқару әдіснамасында ең бастысы үлгі көрсеткіштерінің өзгерісін талдау, шешімдердің балама жобаларын жасау, тиімді шешім қабылдау үшін оларды нысанды салыстырмалы бағалау болып табылады.

 Қазіргі кезде баскетболда үлгі көрсеткіштерін кезеңдеп қалыптастыру принципі қолданылады:

1) Негіз ретінде команданың өткен төртжылдық жаттықтыру — жарыстық айналымындағы жылдың басты жарыстарының біріндегі финал бөліміндегі үздік көрсеткіші алынады (орта есеппен шамасына қарай дене және психикалық күш түсу жағдайында негізгі қарсыласына қарсы дайындық).

2) Төрт жылдық айналым жылдары бойынша аталған көрсеткіші есебінен (команданың басқа жарыстарда көрсеткен үздік көрсеткіштері арасындағы байқалған айырмашылықта) жылдың басты бір жарысының финалдық бөліміндегі негізгі қарсыластарымен жеткен үздік көрсеткіштеріне осы көрсеткіштің төртжылдық айналымдағы өзгерістері есебінен түзетулер енгізіледі.

3) Сондай-ақ, стратегиялық сәттер ескеріледі (әлемдік баскетбол деңгейі: осы спорт түрінен дайындық жүйесінің дамуы; ойыншылар дайындығының деңгейі; команданы іріктеу мен топтау; команданы басты жарыстардың шешуші ойындарына дайындаудың стратегиялық жүлгесі).

4) Команданың белгіленген бағдарынан туындаған үздік көрсеткен түзету ауқымы мен көлемі анықталады (әдетте 3-4-тен 11-13%-ға дейін).

5) Үлгі көрсеткішінің алдын ала нұсқасы жасалып, соның негізінде команданың аталған үлгімен тұрақты жетістікке жетуін қамтамасыз етуі мүмкін ойыншыларын олардың қызметіне қарай үш топқа бөлудің (орталық ойыншы, қаптал шабуылшысы, қорғаушылар) балама жобалары есептеледі, мұнда осы топтардың маңыздылық деңгейі ескеріледі (100 пайыздан бастап).

6) Қосымша қарастырылатындар:

— күшті ойыншылардың жеке және олардың дайындығының күшті және әлсіз жақтары есебінен қызметі бойынша үздік жеке көрсеткіштері;

— күшті ойыншылардың төртжылдық айналымдағы бір негізгі жарыста жеткен, қызметіне орай үздік ортатоптық көрсеткіштері (әрқайсысына 6-8 ойыншыдан).

7) Алдыңғы пунктке сәйкес алынған мәліметтер есебінен ойыншылардың қызметіне орай топтық үлгі көрсеткіштерінің алдын ала нұсқауларына түзетулер ендіріледі.

8) Ойын қызметі бойынша топтық үлгі көрсеткіштерінің кері байланыс механизміне орайлас түзетілу негізінде жалпыкомандалық үлгі көрсеткіші түбегейлі анықталады.

Ойын үлгісі мен басты қарсыласына қарсы ойын үшін арнайы жасалған, команданың негізгі үлгі сипаттамалар кешені былай құрылады:

а) алдағы жылдық айналымға басты қарсыласымен жарыстық іс — қимылының сандық және сапалық үлгілері болжанады;

ә) аталған басты қарсыласымен жарысқа қатысуының көпжылдық тәжірибесін талдау негізінде команда ойынының жеке үлгі көрсеткіштері олардың дайындығының күшті және әлсіз жақтары есебінен азайып немесе көбейеді;

б) ЭЕМ — де жсопарланған спорт нәтижелеріне жету нұсқауларын анықтау үшін өз командасының және басты қарсылас командасының математикалық үлгілері арасында бірнеше « кездесу ойындары» өтеді;

в) жеткілікті дәрежеде басты қарсыласын жеңуде жетістікке жетуді қамтамасыз ететін команданың осылай есептелген үлгі көрсеткіштеріне түзетулер ендіріледі.

Жоғарыда айтылғандай, қызметіне қарай команда құрамының үлгі сипаттамасы, команда ойыны және ойыншылардың жекетоптық үлгілер команда дайындығының барысын басқарудың негізгі құрамдарының бірі болып табылады. Спортшы мен команда үлгісінің болжамын жсау баскетболдың барынша тиімді жақтарын дәл аңғарып, маңызды орындарды, яғни барынша күш пен уақыт жұмсап, үлкен табысқа жетуге болатын тұстарды белгілеуге мүмкіндік береді.

Мысал ретінде, 1985-1985 жж. айналымында КСРО чемпионатында бірінші лигаға қатысатын ерлер командасына арналып жасалған үлгі сипаттамасы келтіріледі (сандық және сапалық тұрғыдан).

  1. Команда ойынының үлгісі

         Команданың шабуыл және қорғаныс мүмкіндіктерінің ойын жүргізу түрлері мен әдістерінің, оның тұрақтылығы мен реттелігінің артуымен байланысты, олардағы ойын тәсілі жетілдіріледі.

Мынаған көп көңіл аударылуы керек:

  • ойын добын салудың орта қашықтығынан дәл доп салуды одан ары арттыру;
  • қорғаныс пен шабуылдағы ойын әрекеттерінің шапшаңдығын арттыру;
  • «ерте шабуылды» — шығыршықты жүрістен арнайы орналасусыз және алдын ала үйренген командалық схемаларсыз жылдамдықпен шабуылдауды жүргізу;
  • добы бар қарсыласының қатаң бақылауында және добы бар жақ («күшті»), добы жоқ жақ («әлсіз») принципі бойынша қауіпсіздендіруде бүкіл алаң бойында белсенді, тығыз қорғанысты жүйелі қолдану;
  • алдыңғы сызықтағы ұзын бойлы ойыншымен 1-2-2, 2-2-1 аймақтық прессингін және 1-4 және 2-3 аралас қорғаныс жүйесін икемді етіп, қайта қою;
  • ойыншылардың қысқарған, қарқынды ойын тәртібінде белсенді жарыс қимылдарына дайындығын қалыптастыру;
  • екі орталық ойыншы арқылы,бірінші ұзақ доп берумен тез топ жару арқылы айла — шарғылы ойынды меңгеру;
  • кері ұшқан допқа, әсіресе қарсылас қалқанындағы топтық тартыс ұйымдастыруды жақсарту;
  • басқа қарсыластарына қарсы нақты ойын жсоапрларын тұрақты іске асыру.

Сосын қызметіне қарай (орталық ойыншы, қаптал шабуылшысы, қорғаушы) бүкіл команда үшін және ойыншылардың жеке — топтық үлгілері үшін сандық ойын үлгі көрсеткіштері (1,2-кесте) жасалады.

  1. Команда ойыншысының үлгісі (қаптал шабуылшысы).

Бұл ойыншы әмбебап болып қалқанда да, артқы сызықта да әсерлі ойнап, тез топ жарудың бірінші және екінші тізбектерінде де белсенді атсалысып команданың алдыңғы және артқы сызықтарын ерте және тұрыстық шабуылдарда байланыстыра білуі тиіс. Ол жүрістен кері ұшқан допқа бағытталып, аймақтық және жеке прессинг шиеленісінде, аймақтық қорғаныстың алдыңғы сызығында құлшыныспен ойнап, ұзын бойлы кез — келген қарсыласын өз қалқанында да, алаң түкпірінде де де тығыз бақылап, орта және алыс қашықтықтан шығыршыққа сенімді доп тастай білуі тиіс. Оның психикалық сенсомоторлық реттелу деңгейі мына анықтамалар бойынша сипатталады:

  • жай реакция шапшаңдығы -163,9 мс;
  • антиципация реакциясының шапшаңдығы -49,2 мс;
  • таңдау реакциясының шапшаңдығы -13,08;
  • тежеу дифференциясының -15,0 мс шапшаңдығы.

Іс — тәжірибеге ендірілу үшін ұсынылатын жеке жарыс қимылдарының әсерлік коэффициентінің үлгісі мына формуламен есептеледі :

ондағы  — баскетболшының тиімді шабуыл және қорғаныс әрекеттері үшін берілген оң ұпайларының қосындысы;

— баскетболшының қорғаныстағы және шабуылдағы қателеріне берілген кері ұпайларының қосындысы;

Т — ойындағы немесе турнирдегі ойнаған уақыты.

           

1-кесте. 1985-1988жж. Олимпиадалық айналымда

жоғарғы және бірінші мегадағы командалардың

белгілі клубтарының үлгілік жарыс көрсеткіштері

Көрсеткіш

Жоғарғы лига

Бірінші лига

Шабуыл тиімділігі (допты бір рет иемденуге бір ұпай)

Қорғаныс тиімділігі (қарсылас шабуылының тиімділігі әсерінен екі ұпай алынады.)

Шығыршыққа шабуыл қалқан астындағы шабуылдың үш ұпай аймағындағы шабуылдарға басқа доп, салуларға қатынасы (%)

Ойыннан доп салу (%)

Қашықтықтан доп салу (үшұпайлық) (%)

Айып добын салу (%)

Кері ұшқан доп күрес (%):

 Өз қалқанында

 Қарсылас қалқанында

Допты алып қою

Ұрып боп салу

Шабуылға доп беру

Доптан айырылу

Тез топ жару (саны) тиімділігі; (%)

Тез топжаруға қарсы қорғаныс (қарсыласының тез топжару жерінен 100% алынады.

Прессинг (ойындағы жағдайлар саны)

 

 

 

2-кесте. Әмбебап саладағы қаптал шабуылшысы

(бойы 202-204см, салмағы 96-98 кг)

Көрсеткіштері

Негізгі команда

Жастар мен жасөспірімдер командасы

Жарыс қимылдары

Ойын қимылдарының тиімділік коэффициенті.

Торға шабуыл. Оның ішінде:

 Қалқан астынан

 Ұзақтықтан

 Үш ұпайлықтан

Жалпы нәтиже (ұпайлар)

Ойыннан доп салу (%)

Қашықтықтан доп салу (%)

Айып добын салу (%)

Қалқаннан ұшқан допты алу

Допты алып қою

Ұрып доп салу

Шабуылға доп беру

Арнайы дайындық

20м-ге жұлқыну (с)

Секіргіштік (см):

 Екпінмен

 Орнынан, қол жұмысымен

 Біріншісі-орнынан қол жұмысынсыз

 Екіншісі-орнынан қол жұмысынсыз

Топтама секіргіштік (с)

Жылдамдық әдісі (с)

Қорғаныстағы қозғалыс (с)

Арнайы төзімділік (с)

Айып добын салу (ұпай саны)

Нүктеден лдоп салу (ұпай саны)

Жұлқына ажырауға доп беру (дәл доп беру саны):

 Оң қолмен

 Сол қолмен

 

 

 

Жаттықтыру процесін басқарудың мақсаты бір жағынан, баскетболшының жағдайын өзгертіп, оны алдын ала жоспарлаған деңгейге жеткізу, екінші жағынан, спортшы жағдайын алдын ала үлгіленген, белгілі шектен шығып, дайындығының түбегейлі төмендеп, асыра жаттығу құбылыстарын болдырмай, жаттықтыруы мен спортттық бабын жоғары деңгейде ұстап тұру болып табылады. Мақсатқа жету жолындағы табыс жаттықтырушының ойыншының негізгі (жылдық) және аралық (кезеңдік) жағдайларын білуіне байланысты болады. Басқару жүйесі ойыншының негізгі және аралық кезеңдегі, дайындық кезеңіндегі қалыптасқан сапаларын, дағдысы мен іскерлігін іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Жаттықтырушы жылдық және төртжылдық айналымның басынан бастап, ойыншыларды таңдаған дайындық тұжырымдамасына сәйкес танымдық мақсатты бағытта жұмыс істеуге бағытталады.

Басқару шешімі — бұл қойылған мақсатқа бірізді жетуге бағытталған көптеген мүмкін әдіс қимылдарына таңдау қою, ал оны іске асыру -бұл спортшының немесе бүкіл команда ағзасының мақсатқа жету барысында бірізді жағдайлар қатарына өту құбылысы.

 Дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ететін шарттарға мәселелі жағдайларды айқын пішіндеу мақсатын анық қойып, міндеттерді толық ашу, алынған ақпараттық сенімділігі, шешім қабылдау ісінің тиімділігі жатады.

Барлық ықпалды факторлар назарға ілініп, бүкіл команданың туындаған мәселелердің ықпалды жақтарын түсінуін қамтамасыз ету, сенімді мәліметтердің күмәнді тұстары алынып, оқиғалардың бірізділігі мен олардың қисындық байланыстары орнатылуы тиіс. Мақсатты пішіндеу үшін басқару жүйесін атқаратын дайындық саласында жағдайларға болжам жасалуы қажет.

Жақсы қойылған болжам табыс әкеледі.

Тиімді басқару шешімі былайша қалыптасады:

1) Анықталады:

  • үлгі және шынайы жеткен көрсеткіштер арасындағы қарама — қайшылық;
  • осы көрсеткіштердің стратегиялық сипаты;
  • басқа көрсеткіштермен жүйелі өзара байланысы.

2) Айқындалады:

— анықталған қарама — қайшылықтың бірінші рет болуы немесе оның бұрын қабылданып, атқарылған басқару ықпалдарынан соңғы өзгерісі.

3) Туындаған жағдайға тікелей немесе жанама әсер етуші факторлар есептеледі немесе болжанады:

  • сыртқы ықпалдар;
  • спорттық сайыс барысының ерекшеліктері;
  • команданың нақты бір ойыншысының жеке іс — қимылын оның жағдайына қарай есептеу;
  • қызметі мен топтарына қарай ойыншылардың топтық іс — қимылдарын есептеу;
  • қорғаныс пен шабуылдағы командалық іс — қимылдардың есептелуі, Сондай-ақ, олардың тұрақтылығы мен сенімділігінің айқын төмендеуі.

4) Осы үлгіде жинақталған талдау негізінде басқару шешімдері қабылданады (ықпалдары). Бұлар:

  • нақты ойыншыларды немесе команда топтарын дайындаудың жеке жоспарлары мен бағдарламаларын түзету;
  • команданы дайындау жүйесіндегі жаттықтыру жүктемесінің жеке әдістемелік ережелерін, құралдарын, амалдары мен белгілерін анықтау;
  • команда дайындығындағы жатттықтыру бағдарламаларын жекелеп қайта құру;
  • командамен жұмыс істеу іс — тәжірибесіне жаңа жаттықтыру бағдарламасын ендіру;
  • қорғаныс пен шабуылдың пайдаланылған тәсілдік схемасын, жүйелері мен нұсқаларын жетілдіру.

5) Басқару ықпалдарын (реттеуші) іске асырудың ұзақтығы мен кезеңдігі жоспарланады.

                       

2.2. Жаттықтыру жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету

Ақпарат төмендегі бағыттар бойынша жиналып, талдануы тиіс:

  • Жеке және командалық жоспарларды дәйекті орындауды салыстырмалы талдау;
  • Спортшының денсаулық жағдайын, жүктемені көтеру шамасын, жұмысқабілетін қалпына келтіруін, жаттық тыруға ынтасын, мінез — құлық реакциясын анықтау;
  • Ойыншының ең маңызды дене сапалары мен қимыл мүмкіндіктерінің өзгерісін айқындау;
  • Әдіс пен тәсілді орнықтыру және оны жетілдіру;
  • Ойыншының арнайы жұмысқабілетін бағалау;
  • Спорттық бабының жағдайын кешенді бағалау;
  • Спортшы мен команданың дайындық және бақылау ойындарындағы нәтижелерін зерттеу.

Жинақталған ақпарат негізінде құрылған қорытындылар мен нұсқаулардың егер оларды қолдану шеңбері мен қателесу көлемі белгіленбесе ғылыми — әдістемелік маңызы жоқ екенін есте ұстау керек.

Ақпарат жинау үшін ойыншылар сауалнамасын, жұмыс құжаттарын талдау, сабақ уақытындағы жатттықтыру жүктемесінің жеке белгілерін тіркеп, педагогикалық бақылау, қалпына келтіру барысын сипаттайтын қадағалау, тест тапсыру, қалыптық жаттықтыру бақылауын дәрігерлік — физиологиялық тексеруге сәйкес қолдану, ағзаның жеке бөліктерінің жағдайын пайдаланады. Тірек — қимыл аппаратының, жүрек — тамыр жүйесі мен инодинамиканың, орталық жүйке, жүйке — бұлшықет, иммунды сипатоадреналды жүйенің, сол сияқты биохимиялық, психологиялық және әлеуметтік — психологиялық зерттеулер жағдайын бағалауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Кешенді бақылау бойынша барлық жұмысы жаттықтырушының команда дәрігерімен, психологпен, медиктермен, педагогтармен, биологтармен, биохимиктермен, яғни дене тәрбиесі институттарының, педагогикалық институттарының, дәрігерлік — дене тәрбиелік емдеу орталықтарының қызметкерлерінің шығармашылық бірлестігімен орындалуы тиіс.

Ойыншы жеке жұмыс күнделігінде сонымен бір мезгілде мынаны сипаттауы тиіс:

  • бақылау сынақтарын орындау нәтижелері;
  • бұлшықет сезінулері (бұлшықеттің ауырсынуы, қысылуы, пропориоцептивті сезімталдықтың төмендеуі);
  • сылбырлық іскерліктің төмендеуі (орталық жүйке жүйесінің үстін — үстін шаршауы немесе жалпы шаршаудың белгісі ретінде);
  • жарақаттар, кіші жарақаттар, сырқаттану, сауықтыру барысы;
  • допты «сезіну» жоғалту (ойын дағдысы мен оның жағдайы);
  • шаршау (локальды немесе жалпы, таңертең жаттықтыруға дейін немесе одан 1-1,5 сағ. кейін);
  • тәсілдік ойлау деңгейі, өзінің және әріптестерінің ойын әрекеттерін бағалау, команда ойынының үлгісін білу және түсіну, тәсілдік жүйені, айла — шарғылар мен өзара әрекетті ұғыну;
  • жаттығуға талпынысы (берілген сабақта жоспарланған жоғары қарқынды жүктемені орындау);
  • салмағы, тәбеті;
  • ұйқысы;
  • командадағы әріптестерімен және жаттықтырушысымен өзара қарым — қатынасы;
  • бақылау ойындары алдында және одан кейінгі жағдайы.

 Жалпы кешенді бақылау спортшының ағзасының жағдайын, оның жекелеген қызметтерін, жұмысқабілетінің деңгейін, сабақтың, кішіайналымның, кезең мен саты және бүкіл жылдық айналым барысындағы дайындық дәрежесін өзгеріспен талдау жүргізуге әрдайым мүмкіндік береді.

Кешенді бақылаудың мақсаты — баскетболшының жоспарланған үлгі сипаттамасының деңгей сәйкестігін анықтау үшін, оның жағдайы туралы толық ақпарат алу болып табылады.

 Спортшыны кешенді бақылаудың негізгі дәйектемелері мыналар:

  • жарыс қимылын зерттеу (ЖҚЗ);
  • тереңдетілген кешенді зерттеулер (ТКЗ);
  • кезеңдік кешенді зерттеулер (ККЗ);
  • ағымдық зерттеулер (АЗ);

Баскетболдағы дәрежелі ойыншылардың арнайы дайындығын бағалау үшін бақылау сынақтары кешені қолданылады.

1-сурет. Қорғаныс қимылдарының шапшаңдығы мен ептілігін бағалау.

 

Жүгіру шапшаңдығы.

Ойыншы алаңының беткі сызығынан баскетбол ұстынына белгі бойынша шығып, 15с. аралықтағы үш адыммен тіке 20м-ге жұлқынып шығуды орындайды. Уақыт секундтың ойыншы үлгісіне дейінгі дәлдікпен тіркеледі.Үш қадамнан жақсы өткен уақыты анықталады.

 

Секіруі

 Ойыншы үзіліссіз және қадамдамай қатарынан секіріп, қалқанға бекітілген өлшеуіш жақтаудың ең жоғарғы нүктесіне жетеді (қалқан жилігінен 20 — 30 см-ге төмен түсіру қажет болғанда):

1) «трапецияның» кез — келген нүктесінен бір аяқпен серпіліп, екпіндеп келіп секіру (үш секунд аймақтары);

2) қол жұмысымен орнынан секіру;

3) қолын жоғары созып, орнынан екі рет секіру.

 

Топтық секіру

Ойыншы бір — біріне тығыз крест тәріздес орналасқан, биіктігі ерлер үшін 50 см, әйелдер үшін 40 см шеңбер жасай орналасқан кедергілерді бағындырады (мысалы, жеңілатлетикалық кедергілер, созылған резеңке заттар, т.б.) (1 — сурет). Үзіліссіз және қадамдамай уақытқа жүгіру небары үш айналымға созылады (сөре белгісінен, соңғы секіруден соң қонған сәтін секундтың ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен есептейді. Ойыншыға бір мүмкіндік беріледі).

 

Жылдамдық әдісі

Ойыншы айып добы сызығы мен орталық сызығы ортасында алаңның тікелей жиегінде арналасқан, биіктігі кемінде 1м, көлемі 0,5х0,5м үш кедергіні иректеп айналып өтуді орындайды.

 Жүргізу қалқан астында беткі сызықтан басталады, допты оң қолмен жүргізіп, кедергіні айналып өтеді де, шығыршыққа туынды әдіспен қалқан астынан доп салады, сол сәтте алаңнан тыс, қалқан астынан беткі сызыққа 0,5м қашықтықта жатқан келесі допты алады және сол қолмен допты жүргізіп, кері жаққа қарай сынақты жалғастырады, доп салуды туынды әдіспен қалқан астынан орындайды, секундомер доп қалқанға немесе шығармашылыққа тиісімен — ақ тоқтайды (уақыт секундтың ондық үлгісіндей дәлдікпен өлшенеді. Ойыншыға 30с аралықта екі мүмкіндік беріледі, оның біреуінің ең үздік уақыты тіркеледі, дәл салынбаған жағдайда мүмкіндік жоққа шығарылады (демалыс кезеңінде, келесі ойыншы кезекті мүмкіндігін орындауына болады).

 

Қорғаныс қимылдарының шапшаңдығы мен ептілігі

 Ойыншы баскетболдық қорғаныс бағытына үзіліссіз 1-бастапқы нүктесінен 2,3,4,5 және 6 нүктелерге жұлқынып шығуды орындайды (2-сурет), міндетті түрде осы нүктелерде жатқан тығыздалған допты қолмен ұрып, әрбір ретте 1-нүктеге оралады, сол сияқты 1-нүктеден 2-3,4 нүктеге тығыздалған допты ұрып жұлқына шығуды алға қарай орындайды, ал 1-нүктеге арқасымен қарап оралады, ал 1-нүктеден 5,6-нүктеге керісінше бүйірімен қадамдаумен орындайды. Секундомер 6-нүктеден 1-нүктеге оралған соң ойыншының тығыздалған допты ұрған сәтінде тоқтайды.

 Ойыншыға 16с демалыс үзілісімен екі мүмкіндік беріледі. Мүмкіндікті орындаудың ең үздік уақытының біреуі секундтың ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен тіркеледі.

 

Арнайы төзімділік

Үзбелі жүгіріс — әрбір ретте шығыршыққа (ерлер үшін) немесе қалқанға (әйелдер үшін) қол тигізіп, қалқаннан қалқанға алаң бойымен бес рет атқарылады. Ойыншы бұл сынақты шығыршыққа немесе қалқанға қол тигізуді орындаумен бастап, аяқтайды. Тигізу сәтінде секундомер қосылады немесе тоқтайды.

2 — сурет

30с аралығымен үш мүмкіндік орындалады әрбір мүмкіндіктің уақыты мен үш мүмкіндіктің жалпы уақыты секундттың ондық үлесіндей дәлдікпен есептеледі.

Сынақ екі ойыншының сайысы ретінде өткізіледі.

 

Айып добының тұрақтылығы

 Ойыншы отыз доп салу топтамасын үш рет қатарынан ойын ережесіне сәйкес екі қалқанға да кезекпен бір қалқаннан екінші қалқанға допты жүргізіп қозғала орындайды. Алғашқы екі доп салудан соң ойыншыға әріптесі доп береді, үшіншісінен соң ол допты өзі таңдайды. Сынаққа бөлінетін жалпы уақыт — 3мин. Барлық ұпай саны есептеледі6 мұнда алғашқы үш доп салудың дәл түскеніне екі ұпайдан, кейінгілеріне бір ұпайдан беріледі. Берілген уақыттан асып кетсе6 сынақ нәтижесі есептелмейді. Сынақты бір мезгілде екі ойыншы қарама — қарсы орнатылған қалқаннан бастап жүргізуіне болады.

 

Орта және алыстан доп салу тұрақтылығы

 Ойыншы он түрлі қашықтықтағы нүктелерден біртіндеп доп салады (шығыршық орталығы орнынан 4,5 және 6,25м). баскетболшылар барлық лақтыруды міндетті түрде секіріп орындайды, ал баскетболшы қыздар 4,5м — де секіріп, ал 6,25 м -ден туынды әдіспен доп салады. Әрбір лақтырудан соң ойыншы қалқанға өтіп, доп таңдап жүргізумен келесі нүктеге өтіп, кезекті доп салуды ойын ережесінің сәйкес пункттерін бұзбай орындайды. Нүктелер қалқанның екі жағында симметрия түрінде беткі сызықпен қатар және шығыршық орталығы жобасы арқылы өтетін7 Сондай-ақ, 450 және 900 бұрыш жасайтын сызықтарда орналасқан (152 — сурет).

3-сурет. Орташа және алыстан доп салудың тұрақтылығын бағалау

 

Доп салуды 4 мин. ішінде олардың шапшаңдығы мен дәлдігін тиімді етуге тырысу тапсырмасымен орындайды. Ұпайлардың жалпы саны есептеледі, онда м -ден әрбір дәл доп салуға үш ұпайдан (2,4,6,8,10 — нүктелерден), ал қал5андарына екі ұпайдан беріледі.

 

Жұлқына шығуда алыстан доп беру дәлдігі

Ойыншы айып добы сызығына орналасып, допты қалқанға бағыттайды, сосын қалқанға қарай өтіп, кері ұшқан допты алып, дереу оны алаң деңгейінен 1м биіктікте, көлемі 1,5х1,5м нысанаға оң қолмен (күшті қолмен) бағыттайды, бұл нысана оң бүйір сызығынан екі метр тұстағы айып добы сызығына қарсы орналасқан, ал сол қолмен сол бүйір сызықтан екі метр тұста алаңның ортаңғы сызығында орналасқан нысанаға бағыттайды (әлсіз қолмен).

Оң қолмен 10 рет доп беруден және сол қолмен 10 рет доп беруден нысанаға дәл тигізу саны есептеледі.

Барлық сынақтар көлемі 28-15м, жаңа ережелерге сай белгіленген алаңда орындалады.

 

2.3. Жаттықтыру процесін басқару

Басқару тәжірибесінде жаттықтырушыға көбінесе мынадай шешімдер қабылдауға тура келеді:

  • дайындықтың жекелеген жақтарын түзететін;
  • жаттықтыру тәртібін нақты кезеңге лайықтау;
  • жаттықтыру бағдарламасын түгелдей қайта құру;
  • белгілі бір ойыншының жеке дайындық бағдарламасын нақтылау.

 Шешімнің әрбір түрі лайықты ғылыми мәліметтер мен жеткілікті ақпараттарға негізделуі тиіс. Мұнда тек баскетболшының жаттықтыру барысындағы ағзасының жағдайын бағалауға қажетті сипатттарды алу емес, сондай-ақ, жеке бейімделу өзгерістерін, ұжымның әрбір мүшесінің реакциясын зерттеу де маңызды.

Басқару шешімдерін көбінесе ақпарат өте аз немесе өте көп болып, уақыт өте тығыз жағдайда қабылдауға тура келеді. Жаттықтыру барысындағы жаттықтырушының міндеттері:

  • ойыншының сол сәттегі жағдайын тез әрі дәл сараптау;
  • қабылданатын шешімнің сипаты мен шапшаңдығына әсер ететін жағдайларды бағалау (ақпаратқа жауап беру әдістері);
  • жаттықтырудың жекелеген мақсаттары мен осы мақсатқа команданың жету жолдарын нақтылау;
  • спортшыға керекті сезім мүшелеріне бағытталған сабақтың көңіл -күй аясы мен оны бұзушы ықпалдар есебінен жеткілікті ақпараттарға толы, нақты нұсқау беру;
  • спортшыдан кез келген ақпаратты алып, оған қосымша кеңестер мен ұсыныстар айту.

Жедел басқару барысын ақпаратпен қамту екі бағытта кері байланыс механизмінің тұйық шеңбері бойынша жасалады. Ойыншының жеке бақылау мәліметтері, жаттықтырушының өзіндік бақылауы, кешенді бақылау әдісінің көмегімен жай — жақты болжам жасау, жаттықтырушының жалпы қорытындысы.

Стратегиялық және тәсілдік басқаруға арналған ақпараттық қамту команданың және оның әрбір ойыншысының жеткен белгілі бір жылдық (немесе кезеңдік) үлгі сипаттамасы соған ұқсас ақиқат сипаттамасы арасындағы қарма — қайшылық көлемін есептеу мен бағалау, аталған қарама — қайшылықтың пайда болуын туындататын себептер бүкіл команданың жұмыс жоспары мен бағдарламасын немесе жеке жоспарлар мен жекелеген ойыншылардың жұмыс бағдарламасын түзету туралы шешімдер түрлерін дайындауды анықтап және талдау жолымен жүргізіледі.

Жаттықтырушының стратегиялық, тәсілдік жедел шешімді дайындау мен қабылдаудың нақты типтік үлгілерін келтіреміз.

  1. Жаттықтыру жағдайы (ЖЖ): жарыс алдындағы кезеңнің бақылау ойындарында тез топ жару саны мен тиімділігінң көрсеткіштері бір ойында орта есеппен алғанда аса қауіпті еместігіне қарамастан жылдық айналымның басты жарысының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштердің үлгі деңгейі мен команданың ақиқат жеткен деңгейі арасында түбегейлі қарама — қайшылық болғаны анықталды.

Қарама — қайшылықтың негізгі себептері (ҚНС):

  • командана ойын барысында тез топжаруды жүргізу үшін туындайтын қолайлы сәттердің барлығын пайдаланбайды;
  • өз қалқанынан кері ұшқан допты алған соң бұзып шығуға біріншісі доп беруден үлгере алмайды;
  • доппен қозағлыстың жылдамдығы аз, жылдамдықта доптан жиі айырылып қалу;
  • ұзын бойлы ойыншыларды қосумен тең санды жағдайлар тиімсіз қолданылады;
  • топ жаруды аяқтау үшін орташа қашықтықтан торға доп салу сирек қолданылады.

Басқару шешімдері (БШ):

  • команданың жалпы дайындық кезеңіне жаттықтыру жұмыстарының бағдарламасына оң және сол қолмен қуаттылыққа арналған лақтыру қимылдарын жаттығуларын қосымшақосу;
  • арнайы дайындық кезеңінде баскетболшының жылдамдық әдісі мен жылдамдық төзімділігіне арналған (қашықтықтан доп салуды қоса алғанда) жаттығу көлемін 15-17 % -ға арттыру;
  • жұлқына шығып бірінші доп беруді меңгеру барысында және оны жетілдіруде бұл доп беруді қорғаушылардың белсенді қарсылығы мен сан жағынан басым түскенде (1х2 және 2х3) түрлі әдіс амалдарымен дұрыс пайдалануға ерекше назар аудару;
  • ілімдік және тәсілдік дайындықтың дербес бөлімдеріне өз құрамында қысқаша (шапшаң) және ұзын бойлы (баяу) баскетболшыларды сәйкестендіретін ойын топтарының шегіне жақын жылдамдығына арналған типтік өзара әрекеттері негізінде (әсіресе допты өз торына жіберіп алған соң) команданың тізбектелген тез топжаруды жүргізуге қосу;
  1. ЖЖ: команда шабуылының көшбасшысы жылдық айналымның басты жарысының алдында қарсылас шығыршығына шабуыл санын елеулі төмендетіп, осы көрсеткіш пен жарыс қимылдары жеке үлгісі арасында айқын қарама — қайшылыққа жол беріп алды.

ҚНС:

  • шығыршыққа доп салудың тұрақсыздығы және осыған байланысты өз күшіне сенімсіздіктің пайда болуы;
  • жеткіліксіз айлакерлік пен тосқауылды нашар пайдалануға байланысты қарсыласының тығыз бақылауын бағындырудағы қиындықтар;
  • қалқанға өту мен финттерді, қолданудағы (доппен және допсыз) тәсілдік әдістік кемшіліктер;
  • ойын жағдайын шешудегі біржақтылық;
  • шаршаудың айқын белгілері мен қызмет жағдайының төмендеуі.

БШ:

  • жеке жұмыс жоспарында қалған нүктесінен қалыпты жағдайда, белгілі бір қарсыласының қарсылығынсыз орындалатын доп салулар санын арттыруды қарастыру;
  • топтық жаттықтыруға екі — үш қорғаушының әлсіз немесе белсенді финті мен қалқанға өту көмегімен кедергіні бірмезгілде бірізді бағындыруға арналған жаттығуларды кірістіру;
  • топтардың ойын дайындығы барысында аталған ойыншының шығыршықты шабуылдауды міндетті аяқтауымен байланысты қимылда (кесіп өту, жүргізумен, орынды босатумен) типтік жұптасып өзара қимылды жүргізуге үлкен назар аудару қажет, мұнда әрбір сәтті шабуылға қосымша ұпайлар тобын қосып, ынталандыруға болады;
  • ойыншының орталық жүйке жүйесінің жағдайын (ОЖЖ) жан — жақты зерттеу және кері ықпалдар анықталған жағдайда жаттықтыруға айналымдық, аэробтық жүктемені ОЖЖ-нің қалпына келтіру жұмыстарын реттейтін қимыл әрекетінің басқа түріне өту ретінде мезгіл — мезгіл ендіру.

3.ЖЖ: ойыншы арақашықтық түрлерінен және ойын добын торға салу тұрақтылығына арналған сынақтарда жеке тапсырмаларын арттырып, үлгі көрсеткішінің деңгейіне шықты; бұл тұста оның осы кезеңдегі бақылау ойындарындағы доп салу дәлдігі үлгі мен жоспардағыдан артта қалады.

ҚНС:

  • арнайы төзімділікті арттыру екпінінің жеткіліксіздігі;
  • ойындық қимыл дағдылары негізгі кезеңдерін басқару ауқымының тарылуы;
  • күшті қарсыласымен сайыста шектен тыс толқу.

БШ:

  • ойын дайындығы барысында ойынға қатысудың уақытттық кезеңдері мен олардың санын арттырып, оларды 1-10-3 мин демалыс үзілістерімен 4х15 мин-қа дейін жеткізу;
  • гандикап принципін пайдаланып, оның жаттығуларының психологиялық қысымын арттыру;
  • бойы мен шапшаңдығы әртүрлі қорғаушылардың жоғары жылдамдығында белсенді қарсыласуымен доп салу жаттығуларының көлемін арттыру.

 

2.4. Жарыс процесін басқару

Әдетте команданы жарыста басқарудың екі түрі қарастырылады:

  • стратегиялық — команданың көпкүндік турнирге немесе ұзаққа созылған жарыстарға қатысуы мен дайындығының аяқталу кезеңі (басқа жерлерге бару және келу);
  • тәсілдік — бір ойынға дайындалу мен қатысу кезеңінде.

 Стартегиялық басқарудың мынадай бөлімдері бар:

  1. Жарысты өткізу шарттарын зерттеу (жарыс туралы ережелер, алаңның ерекшеліктері, доптың, қалқанның, көрермендер мен төрешілердің, ойын тәртібінің, т.б. ерекшеліктері, болашақ жарыс орнында бірнеше рет жаттықтыру өткізу).
  2. Қарсыласын алдын ала зерттеу және өз жоспарларын зерттеу.
  3. Басты қарсыластарын анықтау және олармен күресу міндеттерін қою, құралдарын, әдістері мен түрлерін таңдау.
  4. Жарыс кезеңіне қарай күш пен резервін бөлу ( көшбасшысы күшін сақтау, жаңадан келгендерді пайдалану, шешуші ойындарға күш жинақтау, т.б.).
  5. Тиімді жаттықтыру процесінің негізгі ережелерін ойыншылардың спорттық бабын сақтау үшін жарыс барысындағы тәртіпті саралау, қалпына келтіру шаралары мен алаңдатушы ықпалдарды пайдалану, негізгі құрам мен резервтегі ойыншылардың жүктемесін реттеу.

Тәсілдік басқаруда мынадай міндеттер бар:

  1. Кезекті қарсыласының ойынын көру.
  2. Нақты қарсыласына қарсы ойынның тәсілдік жоспарын жасау.
  3. Алдағы ойынды команда жиналыстарында және ойыншылармен жеке әңгімелескенде талдау.
  4. Қарсылас үлгісі үшін таңертеңгілік жаттықтыруда ойынның жоспарын жеңіліс табу.
  5. Ойын алдындағы жеке және командалық бой жазуды нақтылау.
  6. Ойынды жүргізу — ойлаған жоспарын мұқият іске асыру.
  7. Өткізген ойынның жоспарын талдау.

Жарыстарда көптеген жақсы дайындалған командалар жүлделі орындардан үмітті болады, бірақ бұл орындар көбінесе жарыс шарттарын өте дәл есептеуде, өте икемді тәсілдік жоспарды таңдағанда, алаңда ойын көрсету тәртібі мен ұйымдастырылуында көрінетін қабілетін спорт сайысында жеткіліксіз іске асырған жаттықтырушысы мен ойыншысы бар командаларға тиесілі болып жатады.

Команданы басқару — бұл жаттықтырушының, команда көпитанының және ойыншының, өз заңдылықтары мен ережелері бар бірлескен жұмысы.

Команданы басқару жаттықтырушыдан үлкен шеберлікті, түсінушілік пен дарындылықты талап етеді. Басқару іс — тәжірибесінде нақты қалыптасқан принциптерді пайдалану көмегімен жаттықтырушының жеке шеберлігі бұндай маңызды істе кез — келген шешім қабылдауда нысандық ақпаратты ыждағатпен есептеу мен талдауға тең дәрежеде болады.

Жаттықтырушының команданы басқаруындағы жекелеген бөлімдерге тоқталамыз.

 

2.4.1. Қарсылас ойынын зерттеу (барлау)

Барлауды алдын ала және жарыстағы барлау деп атайды. Алдын ала барлау кездесетін қарсыласы туралы көптеп білу де маңызды болады. Әсіресе бұл турнирдің бірінші кездесуінде команда күшті қарсыласымен кездесіп, осы ойын жалпы нәтижеге түбегейлі әсер етуі мүмкін жағдайда өте маңызды. Негізгі қарсыласының ең болмағанда бір ойынын көру өте қажет. Егер бұл іске аспаса, онда ол туралы толық мәлімет алуға ұмтылу керек. Мұнда бейне жазбаларды, баспасөз материалдарын, техникалық есеп берулерді пайдалануға болады. Мұнда жаттықтырушының күшті баскетболшылардың қимыл ерекшеліктері мен әдіс — тәсілдік көрсеткіштері, қорғаныс пен шабуылда пайдаланған әдістері, олардың күшті және әлсіз жақтары жағылған өзіндік картотекасы да көп пайда тигізеді. Бұндай картотека осы қарсыластарымен бұның алдындағы ойындар қалай болғанын қалай аяқталуын, кім көп нәтижеге жеткенін, қай компоненттерде қай командалардан жеңілді, қайсысын жеңді — білуге болады.

Қарсылас ойынын көргеннен соң жаттықтыруға қойылатын міндеттер:

  1. Қарсылас команда құрамына мінездеме беру (көшбасшы, мергендер, негізгі құрам, резерв және оны пайдалану)
  2. Команданың қорғаныс пен шабуылдағы күші неде екенін анықтап, оның көшбасшыларының өзіндік амалдарын нақтылау.
  3. Команданың психологиялық тұрақтылығын бағалау (күштік сынасуға, фолоға көзқарасы, ойынды қайта құруға, жүргізуге және есептен артта қалуға көзқарасы, т.б.).
  4. Қорғаныс пен шабуылдағы құрылымы мен ұйымдастыруын ашу:
  • тез топ жару (ажырау. Бірінші доп беру, екінші тізбек, аяқтау);
  • тұрыстық шабуыл (жалпы құрылымы, ойындық амалдары, нақты ойыншылардың жұптасып өзара әрекеттесуі, қорғаныс ретін ұстануы);
  • белгіленген жағдайдағы ойын (допты ойынға қосу, бастапқы тартыс доптарын ойнату, ойын добын салуды орындау);
  • қарсылас қалқанынан кері ұшқан доп үшін тартыс;
  • шығармашылыққа доп салу орны мен дәлдігі (схемада);
  • аймақтық қорғанысқа, жеке және аймақтық прессингке қарсы шабуыл ерекшелігі;
  • команданың қолданатын қорғаныс жүйесі, түрлері мен ауысулары;
  • аймақтық қорғаныс пен прессинг қою ерекшеліктері;
  • тез топжарумен күресі, тылды қауіпсіздендіру мен артқа қайту;
  • тосқауыл мен өтуге қарсы күрес амалдары;
  • орталық ойыншыны, көшбасшыны, мергенді бақылау әдістері;
  • қалқаннан ұшқан доп үшін күрес және ажырауға тез доп беру.
  1. Әрбір ойыншыға жеке мінездеме беру:
  • бойы, командадағы ойын қызметі мен нөмірі, іс — әрекет аймағы оны кім қайталайды немесе ол кімді қайталайды;
  • дербестігі неше командалық ойыны;
  • күрделі жағдайларда допты сенімді иемденуі, орнықтылығы мен прессингтегі амалдық қабілеті;
  • қорғаушымен қақтығыста немесе ұшқыр қимылдардан қорқақтауы;
  • секіруде дәл тастай ма және көбінесе қай нүктеден лақтырады;
  • екі жаққа да өте ала ма, әлде тек күшті қолы жақпен жүре ме, допты жүргізу іскерлігі, алдап өтуі;
  • тіке сызықты әрекеттерден финтінің айырмашылығы;
  • допсыз қозғалуы мен орын ауыстыруы;
  • жылдамдық сапаларының секіргіштігі даму деңгейі;
  • сақтандыруды сәтті қолдана ала ма;
  • кері ұшқан доп үшін тартыста орнынан немесе жүрістен белсенді ме;
  • допты тартып алуға реакциясы қандай;
  • допты көзімен шола ала ма, финтке алдына ма, жеңіл алдап өтуге бола ма;
  • қарсыласын бақылауда мұқият па немесе секіре тез доп салуды жіберіп ала ма;
  • қорғанысқа дер кезінде өте ала ма;
  • шабуыл үшін қолайлы тұрыстан қарсыласына доп алуға мүмкіндік бере ме;
  • орталық ойыншымен қалай сынасады;
  • қарсыласының қай ойыншысын көп бақылайды (қызметіне қарай).
  1. Жаттықтырушы тарапынан командаға басшылық жасау ерекшілігін анықтау:
  • егер команда есептен қалып қойса, қандай шешім қабылдайды;
  • қандай принцип бойынша ойыншыны алмастырады;
  • ойын жоспарын іске асыруда қаншалықты икемді, қорғаныс пен шабуылда қандай ауысуларды пайдаланады;
  • қарсыласының тәсілдік айналасына қалай қарайды.

 

2.4.2. Ойын жоспарын құру

 Қарсыласына зерттеу материалдары мен команданың әлсіз және күшті жақтарын салыстыру негізінде жаттықтырушы нақты кездесу өткізудің жоспарын құрады. Болашақ ойынның жоспарын талқылап құру үшін команданың капитаны мен оның белгілі ойыншылары қатысуы мүмкін (жеке әңгімелесу топтамалары).

 Команданы басқару тәжірибесінде ойын барысында команданың күші резервін бөлудің үш принципі бар:

  1. Басты күші есептен басым түсуі үшін ойынның басында шығады, сосын бірқалыпты жағдайда жаттықтырушы мен команда осы басшылықты ұстап тұруға тырысып, резервті абайлап қосады.
  2. Алғашқыда ойынға резерв құрамы қатысады, олар ойынды тез қарқынды, белсенді, күшпен жүргізіп, қарсыласының негізгі күшін мүмкіндігінше кері есеппен тұралатып тастауға тырысады. Сосын алаңға шешуші айқасқа негізгі күш шығады.
  3. Екі бестік ойыншы құрамындағы команданың тең контингенті ойынға алдын ала жасалған ауыстырудың ғылыми негізделген кестесі бойынша біртіндеп қосылады.

 Ойын жоспарын құрғанда оны шектен тыс детальдармен шатастырмау керек. Оларды ойыншылар түгелдей есте ұстап тұра алмайды, оған зейіні жиі алаңдап, соның кесірінен көп нәрсені көрмей қалады.

 

2.4.3. Ойынды қою

Ойын өтетін күні жаттықтырушы ең алдымен баскетболшылардың көңіл — күйі олардың ойынға, тартысқа құлшынысы туралы және жоғары нәтижеге жетуі туралы ойлануы тиіс. Осы күннің тәртібін қатаң бақылау жаттықтырушының ерекше бақылауында болуы тиіс (таңертеңгілік бой жазу уақыты, жаттықтыру, демалу, ұйқы жағдайы, тамақтану сағатары, ойы бөлінетін іс — шараларды қалпына келтіру, толықтырушы құралдар).

Сөре алдындағы сезімнің пайда болуы алдағы ойынның маңыздылығына, оған деген спортшының көзқарасына байланысты болады. Сөре алдындағы немқұрайдылық пен шектен тыс толқу толық  қажетсіз, бұл құбылыстар ойын әрекетінің әсерлігіне кері ықпал етуі мүмкін. Кейбір спортшылардың сенімсіздігі, қауіптенуі жаттықтырушы мен командалас жолдастарының қолдау көрсетуімен тез басылуы мүмкін, ал керісінше болса, онда яғни көптеген ескертулер мен бетке басулар одан сайын тығырыққа тірейді. Мұнда ойыншының зейінін және ойын көңіл — күйін көтеретін заттар мен жағдайларға аудару маңызды.

Жалпыкомандалық ойында қоюды ойын басталуына бірнеше сағат қалғанда жүргізуге болады, ең дұрысы таңертең бойжазу алдында жүргізген тиімді, бұл жаттықтыруда қарсылас ойынын үлгілеп, ойластырған жоспарға түзетулер мен нақтылаулар мүмкіндігі туындайды. Бастапқыда жаттықтырумен мыналарды дәлелдеп алады:

  • аталған ойыншының психикалық орнықтыруға сәйкес маңызы мен ерекшеліктері;
  • ойынның әзірленген жоспары (қысқарған түрде);
  • бойжазу (жеке және командалық);
  • күн тәртібі.

Жаттықтырушының сөзі айқын, нақты болуы тиіс. Қарсылас күшін асыра айтудың қажеті жоқ. Олардың күшті жақтарына құрметпен қараумен қатар шабуыл мен қорғанысты ұйымдастырудағы әлсіздігін, босаң тұстарын көрсеткен жөн. Күш қарым — қатынасын шынайы бағалау сәттілікке жол ашады, себебі ол жаттықтырушы болжағандай орындалуы мүмкін. Ойыншылар өздеріне дайындаған қарсыласын салмақты қарсы алады және олардың сенімділігі жеңіспен бекиді.

 

2.4.4. Ойынды жүргізу

Ойын басталардан жарты сағат бұрын киім ауыстыратын бөлмеде жаттықтырушы ойыншылармен сергітетін әңгіме жүргізіп, жеке — жеке жоспарлы тапсырмаларын еске түсіреді, спорттық бабының жағдайын тексереді (әсіресе аяқ киімін). Сосын ойын алдындағы бойжазуға көңіл бөледі. Дұрыс жүргізілген бойжазу бұлшықет іскерлігі мен орталық жүйке жүйесінің қызметін арттырып, қимыл өзгерісін жақсартады, жарақаттан сақтандырады, ойынға психологиялық шапшаңдықпен енуге мүмкіндік беріп, спорттық сайысқа көңіл күйін дайындайды.

 Бойжазу бойынша жаттықтырушы аталған ойынға ойыншылардың дайындығы туралы, олардың дене және психикасы жағдайы туралы және олардың қаншалықты өз — өзіне сенімділігі, салмақты немесе толқу үстінде екендігі туралы біршама деңгейде жобалауына болады.

Ойын басталысымен жаттықтырушы бірінші болып қарсыласы қандай қорғаныс жүйесін ұсынатынын және қандай түрде ойын барысында ауысатынын анықтап, сосын қарсыласының шабуылына талдау жасап, өз командасының қорғаныс мүмкіндіктерін сараптайды. Қалыптасқан жарыс жағдайын жан — жақты бағалау ұзақ уақыттық ықпалдар қалай әсер еткенін көрген соң барып атқарылуы мүмкін.

Содан кейін жаттықтырушы зейінін қарсыласының тез топжаруына, кері ұшқан доп үшін таласқа оның көшбасшылықтарының қимылына және қорғаушылардың олармен қалай жұмыс істейтіндігіне аударады. Қарсылас командасы мен оның ойыншыларының қорғанысты ұйымдастырудағы әлсіз тұстарын, оның шаубылшы команда күшіне төтеп бере алмауын айқындап, сосын өз командасы мен ондағы жекелеген ойыншылардың ойынына назар аударады.

Команданы басқарудың маңызды құралы ойыншыларды ауыстыру, минуттық үзілістер тайм арасындағы үзілістер орнында тұрып кеңес беру болып табылады.

Ойыншыларды алмастыруды алдын ала демалыс пен жұмыстың тиімді тәртібі негізінде команда ойыншыларының жеке ерекшеліктеріне және ойын әрекетінің жоғарғы белсенділігі мен тиімділігін ұстап, жарыстың шешудегі сәттерін күшті сақтау үшін жоспарланғанымен, баскетболдағы тәсілдік ойлар мен ойын жағдайлары икемділікті талап етеді: әрдайым матч барысында алдын ала қарастырылуы өте — өте қиын болатын ауыстыру қажеттігі туындайды. Бірақ жедел ауыстыру да кездейсоқ емес, дұрыс бағытта болғаны қажет. Ауыстыруға алдын ала дайындықтың үлкен мәні бар. Ойыншы алаңға 1,5-2 минутта шығу туралы алдын ала айтып, ол алаңға шығуға іштей дайындалып, ширығу үшін дайындау қажет. Сосын оған бақылауға тура келетін (аймақтық қорғаныстың орны мен айла — шарғысы) қарсылас ойыншысын көрсетіп, жинақы түрде нақты тапсырма беру керек. Ойынның бірінші жартысында команда ойыншыларының көпшілігін ойнату қажет. Сонда олар жарыстың шешуші минуттарына дайын болады.

Жедел ауыстыруды көбінесе былай туындатады:

  • ойыншының қосымша нұсқаулығы үшін;
  • шаршаған немесе жарақаттанған ойыншының демалуы үшін;
  • 3-4 рет жеке ескерту алған жүргізуші ойыншыны демалдыру мақсатында;
  • командалық тәсілдік немесе басқа тәртібін бұған дейін ойластырған жоспарды іске асыруды бұзған ойыншының дөрекі қателескені;
  • қарсылас қорғанысын бағындыра немесе керісінше шабуылшының басқылауына төтеп бере алмаған ойыншыны;
  • жарысты өте сәтсіз бастаған ойыншыны (өзімен қатар отырғызып, сергітіп, достық кеңесін айтып, қайтып ойынға қосу);
  • команда құрамасының немесе қимылының бір жағын күшейту үшін (қорғаныс, шабуыл, бойы, шапшаңдығы кері ұшқан допқа таласу, допты сенімді ойнатуы, қатаң прессингі, т.б.);
  • қарсылас ауысуына қарсы іс — шара ретінде;
  • егер жасалғанда ойластырылған ойын жоспары сәтсіз болса, команданы қайта құруға тура келеді.

 Баскетболдағы минуттық үзілістің маңызы өте үлкен, команданы басқару үшін оның қажеттігін толық сенімді болғанда ғана пайдалану керек. Көбінесе одан бас тартып, оны ойынның шешуші сәттері үшін сақтау қажет.

 Таймдар арасындағы үзілісте команданы басқару мүмкіндігін жіберіп алмау керек. Мұнда баскетболшыларға ойын қимылдарының тиімділігін арттыру үшін ары қарай не істеу керектігін түбегейлі түсіндіруге уақыт бар.

Ауыстыруды пайдалану, минуттық үзілістер мен тайм арасындағы үзілісті пайдалануға қоса әрдайым жаттықтырушы мен ойыншы арасында ойын барысы туралы ақпараттық өзара байланыс болуы тиіс. Көбінесе ойыншыларға бақыланушысының ауысатыны туралы, қорғаныстың немесе шабуылдың басқа жүйесіне өтуі туралы тез жеткізіп, ойын жүргізудің жалпы сипаты туралы еске түсіріп, ойыншыға жиі жасаған қателігін көрсетіп, сергітіп немесе тыныстатып алу қажеттігі туындайды. Үнемі орнында отырып нұсқау беру — ойыншылардың бастамашылығы мен шығармашылығын тудыруға кері әсер ететін зиянды іс, бірақ ойынның кей сәттерінде ойыншылар жаттықтырушыға жақын келіп, оның ескертулерін естуге болады (бірінші кезекте бұл команда капитанына қатысты. Запастағы ойыншылар сергек болып, сол сәттегі алаңда ойнап жатқан әріптестеріне белсене қолдау көрсетуі тиіс).

Жаттықтырушы командамен және команда ішіндегі ойыншылар арасында қарапайым белгі беруге негізделген ақпараттық өзара әрекет бағдарламасын әзірлеуі керек. Ойынды басқаруға арналған белгілер сөзбен, көзбен, доп берумен, ойыншының қимылымен де жасалуы мүмкін. Қатты толқыған жағдайда ойыншының ақпаратты сіңіру көлемі мен жылдамдығы күрт төмендейтінін есте ұстаған жөн. Көрермендердің шуы да жаттықтырушы мен ойыншының қарым — қатынасына қосымша кедергі болуы мүмкін.

Ойын аяқталысымен талдау жасауға асықпау керек. Психикалық есептің, педагогикалық бақылау мен бейнетаспа материалдарын салмақтап талдау қажет. Оны келесі ойынға тиімді қосу істі жеңілдетіп, ойыншының жүйкесіне аз әсер ететіні тәжірибеден белгілі болды. Алайда олардың ойын нәтижесіне деген реакциясы қауіпті әрі өткір болса, онда талдауды келесі күнге қалдыруға болады, Сондай-ақ, жеке әңгіме жүргізіп, ойы бөлінетін жалпыкомандалық іс — шараларды, жалпы серуенді қарастыруға болады.

Өткізілген ойынның нәтижесін жаттықтырушы мына үлгіде бағалауы тиіс:

  • ойын жүргізуге әзірленген жоспар қалай таңдалып, түзетіліп, қалай іске асырылды;
  • ойын нәтижесі мен әдіс — тәсілдік көрсеткіштер жоспарға қаншалықты жақын;
  • команда нәтижесі оның ең жоғарғы мүмкіндіктеріне қаншалықты жақын.

Талдауда келесі ойынға қажет принциптік, іскерлік ескертулер мен ұсыныстар айтылуы керек, зейіннің жинақылық пен тәртіптің жеткіліксіздігінен болған кез — келген ойыншының (ең алдымен көшбасшының) қатесі өткір сынға алынуы тиіс. Бұл жерде мынадай қателер туралы сөз болып отыр:

  • ойын добын салу мен тартысты допта аяғымен сызықты басып кету, ойын добын орындауға ерте шығуы;
  • «үш секунд» ережесін бұзып, ойынның соңына дейін 30с соңына дейін, таймның соңына дейін қанша уақыт қалғаны білмеуі, доп салу мен өтудегі асығыстық;
  • ойын добын салушының жолын жаппауы, командаға тыным таптырмауы мен ойнатылған айла — шарғының нөмірін белмеуі;
  • қорғанысқа дер кезінде оралмауы, минуттық үзілісте жаттықтырушының нұсқауын бұзуы, торға команда алдын ала үйренген айла-шарғыны жүргізгенде доп салуы, кері ұшқан доп үшін тартысқа қатыспауы, өз бақылаушысынан айырылып қалуы, қорғанысқа өтпеуі;
  • өзінің немесе басқаның қатесіне ашуланғанын көрсетіп, ойыннан шығып кетуі, төрешілермен қақтығысуы;
  • ойын жүргізудің біріккен жоспарын бұзуы.

Сонымен, команданы басқарудың ықпалдылығы көбінесе жаттықтырушының өзін қиындықты бағындыруға, жеңілісте өзін — өзі ұстауына, сәтсіздік себебін сырттан іздемеуге қабілетін тәрбиелей білуіне байланысты болып табылады. Ол өзінің әрбір қадамын, әрбір сөзі мен әрбір шешімін қатаң талдап, бағалап, әрбір ойыншының тек кемшілігін емес, ең алдымен жақсы адамгершілік қасиеттерімен күшті ойын жақтарын көре білуге міндетті болады.

 

2.4.5. Ойынды жедел басқару

 Қызу ойын барысында команданы басқару — бұл жаттықтырушының тәжірибесінде және ойыншылармен қарым қатынасы негізінде көбейтілген ғылымның өнер мен түйсіктің жиынтығы. Басқарудың бұл түрі жаттықтырушыдан зейінді икемді шоғырландыруды, тиімді реттеуші әрекетті дер кезінде қабылдау үшін туындаған жағдайға шапшаң және икемді көңіл аударуды талап етеді.

Ойын жағдаяттары сан түрлі, бірақ олар топтарға топтастырылады, оларды басқару ықпалдары белгілі бір дәрежеде бір салаға түскен болуы мүмкін. Сондай-ақ, баскетболдағы ойын жағдайларының типтігі салыстырмалы түрде болады, өйткені оған ойыншылар мен олардың жеке және топтық айырмашылығы бар қарсыластары қатысады. Сондықтан ойындағы әрбір типтік жағдай мәні жағынан дербес, қалыптан тыс шешім қабылдауды талап етеді. Жарыс қимылдарын талдауға сүйеніп, ойын жағдайларын мына топтарға бөледі:

І топ -қорғаныс пен шабуылдағы бірсайыс;

ІІ топ — уақыт тапшылығы мен есептегі үстемдік;

ІІІ топ — тәсілдік күрделілік;

IV топ — психикалық күрделілік;

V топ — команда жағдайы мен дайындығының деңгейі;

VІ топ — төрешілік ерекшеліктері, жеке қатерлер, көрермендер реакциясы.

 

І топтағы жағдайда жаттықтырушының

басқару ықпалы

Ойын жағдайы (ОЖ) бірсайыстың алуан түрлерінде біздің бір ойыншымыз (көшбасшы жұлдыз) оны бақылауын қорғаушыдан үстем болып, асып, әсерлі ойын көрсетеді.

Жаттықтырушының басқару ықпалы (ЖБЫ):

  • бірсайыс үшін қалаған әріптестерінің қозғалысындағы өзгерісті ұлғайтып, сақтауына (қарсыласының) жол бермей, өзіне қолайлы жағдай тудыру;
  • көшбасшыға допты жиі бағыттау;
  • шығыршыққа шабуылдау үшін орынды басатумен жалғастыра доп беру, кесіп, «айқаса шығу» тәрізді өзара әрекеттерді көбірек қолдану;
  • кері ұщқан допқа күшпен таласып, голдық доп беруге шығумен шабуыл әрекеттеріне қолдау көрсету (доп салу, өту);
  • егер қарсыласы көшбасшыға қарсы әсерлі қимыл тапса, ойын қимылдарын түзетуге дайын болу.

ОЖ: қарсыластың ұзын бойлы әдіскер орталық ойыншысы қорғаушыны қалқан түбінде алдап өтті.

ЖБЫ:

  • онымен орын үшін шешімді белсенді күресіп, ойын добы аймағындағы «трапецияға» шығуына жол бермеу;
  • қарсыласының салыстырмалы түрде әлсіз немесе нәтижесіз ойыншысы арқылы алдынан сақтандыру;
  • добы бар қарсыласын міндетті сақтандыруға түсіріп (қорғаушы арқылы биіктен доп беру), алдыңғы жағынан тығыз бақылау;
  • ең алдымен доп салу мен күшті жағынан өту жолын жауып (әсіресе оның доп алған сәтінде), орталық ойыншы айналасына шоғырланумен икемді 2-3 аймақтық қорғанысын қабылдау;
  • осы орталық ойыншыны оданда күштірек қорғаушыға тапсыру.

ОЖ: қарсыластың ұзын бойлы әдіскер орталық ойыншысы ойын добы аймағындағы жарты шеңберден айналып өтті.

ЖБЫ:

  • оны арқасынан айналып, доп алуға тез шығаруға болатын ұзын бойлы, шапшаң қаптал шабуылшысына бақылауды тапсырады;
  • 1 -3-1 аймақтың қорғанысын қабылдау;
  • жоғарыдан доп беру қаупін сейілтіп, орталық ойыншыны алдынан бақылайды;
  • орталық ойыншы доп алса, оның айналасына қорғаныстың екі — үш ойыншысын жұмылдыру.

 

 

ІІ топтық жағдай үшін жаттықтырушының

басқару ықпалы

Бұл доптың туындаған ойын жағдайларын бақылағанда және басқарушы ықпалдарын таңдағанда жаттықтырушы әрбір ағымдағы сәттің нақты бейнесін түсініп, мыналар туралы айқын пікір қалыптастыруы қажет:

  • команда мен оның белгілі ойыншыларының дене және психикалық жағдайы;
  • команда құрамында шабуыл көшбасшысы, мерген ойыншы, ұзын бойлы ойыншының, соңғы резервте күшті емес ойыншылардың болуы;
  • жеке қателермен жұмыс ережелері;
  • ойын добын салуға құқық алған өз команда ойыншысының дәлдігіне сенімділігі;
  • тең түскен жағдайда қосымша 5 минутқа команданың қатысуының дұрыстығы немесе дұрыс еместігін білу.

ОЖ: команда ойын соңындағы 4-5 минутта есепке 8-10 ұпай қосады, қарсыласы шоғырланған қорғанысты пайдалануды жалғастырып, біздің команданың алаңдағы құрамымен қолайсыздықты сезінуінен және жеке қателер жіберуінен үміт етеді.

ЖБЫ:

  • допты сылбыр ұстауға өтпеу, бастамадан айырылып қалмау, еш қауіпсіз тез топ жаруды белсендіру;
  • 30 — секундтық допты иемденуді екі бөлікке бөлу. 12- 15 с барысында допты асықпай ұстап, допты тез және белсенді ойнатып, торда өткір шабуылдарды аяқтап, орталық ойыншы арқылы өтіп, аяқталуына 3 -4с қалғанда допты иемдену.

ОЖ: ойынның аяқталуына 2-3 с қалғанда команда 1-2 ұпайға ұтылып тұр, қарсылас қалқанына жақын тартысты доп, біз бой жағынан басымбыз.

ЖБЫ:

  • ұзын бойлы орталық ойыншыны қарсылас қалқанына жақын қойып (тартысты допты ойнататын әріптесіне қарама — қарсы), оны торды тез шабуылдау үшін доп тастатуға тырысу;
  • егер қарсыласы біздің ұзын бойлы орталық ойыншыға 2-3 ойыншысын шоғырландырса, допты орта қашықтықтан тез салу үшін мергенге беруге тырысу;
  • талас добынан соң дереу торды шабуылдауға ұмтылып, кері ұшқан доп үшін күреске кемінде үш ойыншыны қатыстыруға тырысу.

ОЖ: командалық есепте ойын соңында 1-3 ұпай жүргізеді, қарсылас қалқанына жақын талас добын ойнатуда бой жағынан басымдық көрсетеді.

ЖБЫ:

  • допты сенімді иемдену мен оны ұстау артқа шегінген ойыншыға лақтыру айла — шарғысын орындау;
  • ұзын бойлы ойыншыны қолдарын жоғары көтергізіп, талас добын алуға қойып, допты соған лақтыру.

 

 

ІІІ топтық жағдай үшін жаттықтырушының

басқару ықпалы

ОЖ: қарсыласы тез топжаруды жақсы меңгерген, оны әсерлі етіп, жиі қолданады, ойынды «жүгір таста» принципі бойынша жүргізгенді ұнатады.

ЖБЫ:

  • ойын екпінін азайтып, қарсыласына тұрақты өрнекті ойын түрін қолдануға;
  • команда тылын кемінде екі ойыншымен сақтандыруды (оның ішінде бір ұзын бойлысы бар) қамтамасыз ету, қалған үшеуі тез артқа шегінеді;
  • барлық күшімен жұлқына бірінші доп тастауға кедергі келтіру (жеке қателіктер күші арқылы да), алаң ортасына дриблерді жібермеуге күш салу.

ОЖ: үлкен күшті қарсыласы біздің қалқаннан кері ұшқан доп үшін шешімді және ықпалды күрес жүргізеді.

ЖБЫ:

  • өз қалқанынан «кері ұшқан доп үшбұрышын» дәл түзу;
  • орташа кері ұшқан допты мұқият қауіпсіздендіру;
  • кері ұщқан допты ұтып алған соң дереу қарсыласын нәтижелі тез топ жарумен жазалау қажет;
  • біршама қауіпті қарсыласын біздің қалқаннан алыста тосқауылдап, оларға жылдамдық алуға жол бермеу;
  • ойынға кері ұшқан доп үшін әсерлі күрестің ұзын бойлы ойыншыларын кіргізу.

ОЖ: команданың ойластырған ойын жоспарын іске асыруға құлшына кіріскеніне қармастан есеп қарсылас пайдасына шапшаң өсіп отыр, команда ойыны ретсіз сипатта болады.

ЖБЫ:

  • ойын жоспары мен команда құрамын өзгертуге асықпау және шошымау;
  • егер команда құрамы мен жоспарына дәлдік ендіру қажет болса, осы жоспар мен жеке тапсырмалардың іске асырылуына жету.

 

ІV топтық жағдай үшін жаттықтырушының

басқару ықпалы

ОЖ: команданың тең бірқалыпты ойын кезеңінен соң, кенеттен қателер, мүлт кетулер, сәтсіздіктер, қарсылас есептен алда келеді (немесе тез қуып жетеді).

ЖБЫ:

  • тез және шешімді назар аудару минуттық үзіліс алып, ойыншылардың қажетті ауыстыруларын жүргізу (оның ішінде көшбасшыны), қорғаныс пен шабуыл жүйесіне түзетулер енгізу;
  • қорғаныс пен шабуылдың жаңа түрлеріне ауысу, яғни құрылымы мен белсенділік дәрежесі бойынша қарама — қарсы;
  • барлық күшін салып, команданың және жекелеген ойыншылардың психологиялық көңіл — күйін көтеру.

ОЖ: команда әлсіз қарсыласымен ойынға даярланбаған және ойынның басы сәтсіз.

ЖБЫ:

  • команда құрамын өзгерту;
  • бүкіл алаң бойында қатаң прессингке өту;
  • белгілі ойыншыларға өткір, қамшылайтын ескертулер жасау;
  • жаттықтырушы қосымша көңіл — күй белсенділігін көрсету.

ОЖ: команда күшті қарсыласымен жауапты кездесу алдында шектен тыс толқу үстінде.

ЖБЫ:

  • жаттықтырушы барлық жағынан жеңіске жету үшін сенімділік көрсету қажет;
  • ойыншылардан шабуыл мен қорғанысты қабылдаған жоспарын жүргізуді батыл әрі шешімтал орындауды талап ету (әсіресе, тез топжару барысында);
  • тұрыстық шабуылда допты мұқият ойнатуды арттырып, уақытты созу;
  • команданың дірілдеген көшбасшыларын сәл уақытқа ауыстырып, оларды сергітіп, ойынға одан гөрі сенімдірек ойыншыларды кірістіру;
  • ойыншыларға біздің команданың күшті жақтары мен қарсыласының әлсіз жақтарын нақты көрсету;
  • қорғаныс әрекеттерін белсендіру.

 

V топтық жағдай үшін жаттықтырушының

басқару ықпалы

ОЖ: қарсылас бестігі біздікінен бой жағынан басым, бірақ шапшаңдықта айқын артта қалды.

ЖБЫ:

  • бір қанаттан екінші қанатқа үнемі қозғалу мен тез доп беруді пайдаланып, шапшаң өзгеретін ойынға ұмтылу;
  • прессинг пен тез топ жаруға ден қою;
  • жүрістен кері ұшқан доп үшін белсенді күресу;
  • алаң түкпірінде бірсайыс үшін жағдай тудырып, қалқаннан шеттетілген қарсыласы мен орталық ойыншы арқылы айналымдық сипаттағы тәсілдік айла — шарғыларды жүргізу;
  • қорғаныс жүйесін өзгерту.

ОЖ: қарсылас бестігі біздікінен бой жағынан артта қалды, бірақ шапшаңдықтан алда.

ЖБЫ:

  • қалқанға қысым көрсетумен екі орталық ойыншы арқылы ұйымдасқан тұрыстық шабуылды мұқият қамтамасыз ету, біздің ойыншыларымызды алдынан бақылау, тосқауыл «қиылыстары» жағдайында допты «қайта тастауды» пайдалану, кері ұшқан доп үшін күресуге болады.
  • команда тылын кем дегенде екі ойыншымен қорғауды ұстану;
  • қарсыласының тез топжаруы жүргізуіне (ең алдымен топ жаруға бірінші доп беруге), тіпті жеке ескертулер арқылы да жан — жақты бөгет жасау;
  • бойы ұзын емес ойыншыны кезеңдеп қарсылас қалқанында орталық ойыншы ретінде пайдалану;
  • аймақтық және аралас қорғанысқа ден қою.

ОЖ: біздің команда қарсыласы дене дайындығы жағынан артта қалады.

ЖБЫ:

  • ойынның екпінін тез арттырып, барлығында үзілістен бас тартып, допты ойынға тез ендіру;
  • бүкіл алаң бойында және қорғаныстың белсенді жүйесін пайдалану;
  • орталық ойыншының қатысуымен және прессингтің түрлі әдістерін қолданумен тізбектелген тез топ жаруды жүйелі қолдану;
  • тұрыстық шабуылда ұзақ емес айналымдық айла — шарғыларға және жүрістен жұптасып, өзара әрекеттесудің айналымдық түрін пайдалануға ұмтылу;
  • қарсылас қалқанынан үш ойыншымен кері ұшқан доп үшін қуатты күрес жүргізу;
  • ойын барысында ойыншыларды жиі ауыстыру.

 

VІ топтық жағдай үшін жаттықтырушының

басқару ықпалы

ОЖ: ойынға төрешілік жасайтын төрешілер белгісіз немесе өте қатал және қазымырлана шешеді немесе ойын басталғанда қатты тоқиды.

ЖБЫ:

  • ойынды резервтегі құрамымен бастау;
  • ойынға бір дегеннен ұрыншақ, ашушаң ойыншыларды кіргізбеу;
  • ойыншыларға төрешіліктің ерекшеліктері мен алаңдағы мінез — құлық ережелерін ескерту;
  • команда көшбасшыларын жеке қателерден сақтандыруға ұмтылу.

ОЖ: ойын кезіндегі көрермендер шуы кері ықпал етеді, жаттықтырушының ойыншыларға сөзбен ақпарат беруін қиындатады.

ЖБЫ:

  • көрермендерге айқай салмай, келісілген ым — ишара тіліне өту;
  • ойыншылар үзіліс сәтінде міндетті түрде жаттықтырушыға қарауы тиіс;
  • залдағы мүлгіген тыныштық сәтінде (мысалы, қарсыласы ойын добын орындағанда) команда капитаны жаттықтырушыға нұсқау алуы үшін жақын келуі тиіс;
  • ойын добын салуды орындау алдында жедел — ақпарат алу үшін бүкіл команда ойыншылары капитан айналасына тез жиналуы тиіс (жаттықтырушысыз тайм — аут).

ОЖ: төрешілер қарсылас пайдасына бірнеше қателер жіберіп, біздің ойыншыларда ашушаңдық пен сенімсіздік пайда болды.

ЖБЫ:

  • ойыншылармен бірге бұл қателерге аса көңіл аудармау (олар мұндай жағдайда көбінесе өз қателерін төрешінің қатесі деп түсіндіреді);
  • ойыншыларда төрешіге деген кері әсерлі көзқарасты басып, оған жол бермеу;
  • үзілістік минут алып, төрешілер үстіне наразылық білдіру мүмкіндігін білдіру;
  • аз уақытқа бүкіл құраманы ауыстырып, оларға тынышталуға мұрсат беріп, олардағы артық толқуды басу.

 

 

 

ІІІ-тарау. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

 

3.1. Баскетбол дамуындағы тенденциялар мен ойын ережелерінің эволюциясы

Өзінің жүз жылға тарта өмірінде баскетбол жарысын жүргізу жүйесі мен ойын ережелерін дұрыс өзгерту осы түрді дамытуды басқарудың құралы болып табылатын спорт түрінің бірі болды. Ұлттық ФИБА федерациялары көмегімен ойын тенденцияларын жан — жақты зерттеуге тырысып, осының негізінде ойын ережесіне де, жарысты жүргізу жүйесіне де түбегейлі жетістіктерді батыл ендіру мүмкін болды. Мұнда мынадай міндеттер бар:

  • ойынға деген оның қатысушылары көрермендердің спорттық қызығушылығы мен психоэмоциялық толқуын, жоғары өзгерістерін қолдау;
  • үлкен ойыншылар тобының, оның ішінде жоғарғы шеберлер тобының әдіс — тәсілдік шеберлігін атлетизмін дамыту екпінін сақтау;
  • шабуыл мен қорғаныстағы тиімді тепе — теңдікті қамтамасыз ету;
  • ойын қимылдарының белсенділік, айлалық, бейнелік және ақыл ойдың биік деңгейін ұстану;
  • жарыс барысында жеке қасиеттері мен жасы және бойы әртүрлі ойыншылардың қабілеттерін көрсетудің айқын мүмкіндіктерін сақтау;
  • ойын ережелерін қасақана, дөрекі бұзу санын қысқартып, жарыс тәжірибесінен ережелер мен заңдылықтарды өзіне «қолайлы» бұзуды толық жою;
  • алаң түкпірінен қалқанға батыл, шешімтал өтетін жеке шабуыл қимылдарының көлемін ұлғайту;
  • тез топ жару мен ерте шабуыл майданын міндетті түрде ұзын бойлы ойыншыларды қатыстырып, жылдамдық шабуылдары мен үш ұпайлық сызықтан доп салатын қарсы шабуылдың түрін аяқтау нұсқауларымен кеңейту;
  • арнайы ұйымдастырылмаған сақтандырусыз, қалқанға бетімен немесе арқасымен қарап тұрып, сондай-ақ, кері ұшқан доп үшін белсенді күрес дағдылары мен қорғаныстағы бірсайыстың әмбебеп дағдыларын меңгеру;
  • допты түсіріп алуға белсенді, бірақ алыстан доп салу таза тартыста қысқарған қашықтықта добы бар ойыншыны қатаң қабылдап, алаңның өз жартысы бойында тығыз қорғанысты жүйелі пайдалану;
  • топ жаруды үш ұпайлық доп салуымен аяқтауға жол бермес үшін қарсыластың тез топ жарушысының бастапқы кезеңі мен даму кезеңіне қарсы күресті жандандыру;
  • команда құрамының үлгісін жекелей өзгерту: мерген ойыншыларды, жылдам қорғаушыларды (бойына қарамастан), әмбебеп ұзын бойлы ойыншыларды ендіру, яғни іріктеу жүйесін қайта қарау қажеттігі;
  • ойынның қорғаныстан шабуылға, шабуылдан қорғанысқа өтетін маңызды сәттерінде команда тылын қорғауға және допты алған сәтінде қарсыласының дереу қарсы шабуылына қарсы қимылына ерекше назар аударып, баскетболшылардың қимылының ұйымдасуы мен дұрыстығын арттыру;
  • команда қарсыласының орталық ойыншыларының қозғалу ауқымын кеңейтіп, добы бар және добы жоқ аймақта ішке кіруімен және қанаттан қанатқа созылмалы доп берумен қорғаныс көлемі бойынша айла — шарғылық ойын барысында үш ұпайлық доп салу аймағының шекарасына жақын алдыңғы сызыққа ұзын бойлы ойыншысын шығарумен 3 — 2 аймақтық қорғанысына қарсы ойынын тәсілдік құруын нақтылау;
  • қалқаннан өтуге ұмтылған қарсыласының қорғануымен және атлетикалық бөгет қоюмен үш ойыншымен ойында өз қалқанында кері ұшқан доп үшін күрестің сенімділігін арттыру;
  • команданың барлық резервтегі ойыншыларын жүйелі пайдалануды кеңейту;
  • ойыншының тәсілдік ойлауындағы дербестігі мен икемділігін жетілдіру, күрделі жарыс жағдайларында ұрымтал шешімді жедел қабылдауын арттыру;
  • алыстан ( үш ұпайлық) доп салу, гол үшін қалқанға өтуге, т.б. қолайлы шабуылдық орын алу үшін алаңды (оның сызықтарын) толық бағдарлау қабілетін дамыту;
  • үнемі өзгермелі жарыс жағдайында ойыншылардың қимыл және көңіл — күй сенімділігін дамыту;
  • команданың шабуыл қимылдарын тиімді құруды меңгеру: үш ұпайлық сызықтан алыстан доп салу, орта және қысқа қашықтықтан доп салу (белгілі командаларда орташа есеппен ойындардағы қатынас мынадай: үш ұпайлық сызықтан доп салу — 12-14, жақын қашықтықтан 32- 34, орташа қашықтықтан — 27-29).

Әлемдік заманауй баскетболда жаңа ойын ережелерін қосуға байланысты мәселелер айқын көрінеді:

  • ойыншылардың арнайы төзімділігінің деңгейін түбегейлі арттыру қажеттігі, өйткені жарыс қимылдарының аумағы 56м2-қа, ал орта және алысқа жылдам жұлқына шығу шамамен 170-200м-ге ұлғаяды;
  • алыс және өте алыс қашықтықтан (үш ұпайға) дәл доп салуды жетілдіру міндеті бұл әдіс амалдарының қозғалыстық және өзгермелі құрылымын мүлде жаңаша жетілдіруді талап етеді;
  • өзгермелі ойын жағдайларында допты қуатты шапшаңдықпен беруді меңгеру қажеттігі (топ жаруға ұзақтан доп беру, шабуылдың бір қанатынан келесі қанатына, «қорғаушылары арасынан» шабуылдық доп беру, допты жүргізумен жұлқына шыққан соң дәл әрі күшті доп беру, т.б.);
  • қарсыласының қатаң немесе дөрекі амалдарына, басқа да қиын жағдайларда психологиялық, ұстанымдылықты жетілдіру негізінде ойын добын салуды (әсіресе топтамалардағы бірінші доп салуда) орындаудың барынша жоғары тұрақтылығының қажеттігі;
  • тұрыстық шабуылдың тәсілдік амалдары қорын жекелеп қайта құру міндеті («үш ұпай» сызығын кесіп өтумен айналымдық амалдарды, үш ұпайлық доп салу үшін алаң бұрышына шабуылдап шығумен ойын добы сызығындағы орталық ойыншы арқылы өзара қимылды, ойыншының беткі сызықтан «үш ұпай» сызығына шығуы үшін «қиылысу» тосқауылдарын көптеп пайдалану).

 

3.2. Ойынның негізгі ережелері

 Заманауй ойын ережелері баптарға бекітіліп және оларға ресми түсініктер берілген негізгі тоғыз ережені қарастырады. Оларға біртіндеп өзгерістер енгізілген, негізгі талаптар сақталып қалады:

  1. Ереже ойыншылар мен жаттықтырушылар, төрешілер үшін нақты болуы тиіс.
  2. Ереже жарысатын команда шарттарын жан — жақты бейнелеуі тиіс.
  3. Ереже ойыншылардың, жаттықтырушылар мен төрешілердің жоғарғы адамгершілік және рухани — ерік сапаларын тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
  4. Ереже ойын әдістері мен тәсілдерін дамытуға құлшыныс беруі тиіс.

Сонымен ереже құрылған сәтінен бастап, көптеген өзгерістерге ұшырағанымен, оның негізгі мәні сол күйінде сақталды.

 

3.3. Жарыс түрлері және оларды жүргізу әдістері

Жарыс оқу — жаттықтыру жұмыстарының жалғасы болып табылады. Олар спортшы мен жаттықтырушының еңбек көлемі жұмыстарын біріктіреді. Жарыстар қатысушылардың дайындығының сан түрлерінің деңгейін анықтап, әдіс пен тәсілді жетілдіруге деген құлшынысын айқындауға мүмкіндік береді.

Жарысқа қатысу барысында ойыншыларда тәртіптілік, ұйымдастырушылық өзін — өзі ұстауы мен өз мүддесін команда мүддесімен санасуға бағындыра білу, жеңіске жетудегі табандылығы мен ерік күші, ұжым алдындағы жауапкершілікті сезінуі тәрбиеленеді.

Баскетбол жарыстары тек командалық болады. Ұйымдастыру түрі бойынша жарысты, ресми (негізгі) және жолдастық (қосымша) деп бөледі.

 Ресми жарыстарға олимпиада ойындары, әлем мен Еуропа чемпионаттары, КСРО біріншіліктері, т.б. шеңбердегі жарыстар жатады. Жеңімпазға чемпион атағы беріледі. Олар жылына бір рет ұйымдастырылып, айналым жүйесімен өткізіледі. Кубок жарыстары оған көптеген командалар санын қатыстырып, жеңімпазды қатысушы командалар санына қарамастан өте қысқа мерзімде анықтау үшін өткізіледі.

Жолдастық жарыстар өзара келісім бойынша (кейде негізгінің алдында өтеді) дайындықтың түрлі кезеңдерінде командалар мен ұжымдар арасында өтеді. Қазіргі кезде қалааралық және халықаралық ауқымдағы жолдастық жарыстар өткізу дәстүрге айналды. Олар спорт ойындарын тез танытуға комектеседі, түрлі елдер халықтары арасындағы достық қарым — қатынасты дамытады.

 

Жарыстар

Ресми (негізгі)

Олимпиада ойындары

Әлем чемпионаты

Еуропа чемпионаты

Еуропа кубогі

КСРО халықтары спартакиадасы

КСРО кубогі

КСРО біріншілігі

Республика, аймақ, аудан, қала, облыс, біріншілігі (Кубогі)

                        Жолдастық (қосыммша)

Жіктелген немесе іріктеу

Турнирлері

Ойындық кездесу

Бақылау кездесулері

көрсету

бұқаралық насихат,

теңестіру немесе

блиц — турнилер 

 

 Баскетбол жарыстарында ойнатудың үш әдісі бар: айналымдық, түсіріп алу және аралас. Ойнатудың кез — келген әдісін таңдау жарыс міндеттеріне, спорт базасының жағдайына, қатысушылардың дайындық деңгейіне, материалдық құралдар мен мерзіміне, т.б. байланысты болады.

 

Айналымдық әдіс

Жарысты бұндай әдіспен жүргізу принципі әрбір команда бір — бірімен бір реттен (бір айналым) немесе бірнеше рет (екі және одан көп айналым) кездесуіне құралады. Айналымдық әдіс тек жарыс жеңімпазын жан жақты анықтап қана қоймай, сондай-ақ, қатысушы командалардың спорттық — әдістік дайындығына сәйкес оларға орын беруге мүмкіндік береді. Айналымдық әдістің негізгі кемшілігі — жарыс өткізу мерзімінің ұзақтығы. Айналымдық әдістегі жарыс бір реттік кездесу, тур бойынша және турнир түрінде өткізіледі.

Бір реттік кездесу түріндегі жарыстарды ойнайтын командалар алаңында әрбір ойын күнтізбесі арасына бірнеше күн салып жоспарлайды. Сонымен ойынды өз алаңында және қарсылас алаңында кезектестіріп жүргізеді, бір реттік кездесулер қатысушыларды оқудан немесе жұмыстан босату қажеттігін тудырмайды.

Тур бойынша жарыс өткізу бірнеше күнтізбелік күннен құралып, жалпы жарыстың немесе турнирдің бір бөлігін білдіреді. Команда бірнеше топқа бөлініп, оның әрқайсысы өз турының ойындарын бір орында бірнеше күн қатарынан өткізеді. Жарыстар екі және одан да көп турдан тұруы мүмкін. Жарысты бұлай өткізу әдісі қатысушы командалардың тұратын аймақтарының қашықтығына қолайлы. Оның кемшілігі — команда өз қаласы мен өз алаңында ойын көрсету мүмкіндігінен айырылады.

 Турнир жинақы жарыс түрінде өтеді, ол әдетте бір орында бірнеше күн бойы жүргізіледі; күнтізбелік ойындар демалыс күнінен басқа күндердің барлығында жүргізіледі.

Ойын күнтізбесін бірнеше әдістермен жасауға болады, оған мыналар қажет:

  • жарысқа қатысу үшін жасаған өтініштеріне қарай команда санын анықтау;
  • жарысты өткізуге қажетті күнтізбе күндерінің санын анықтау. Команда саны жұп болса, күнтізбе күнінің саны команда санынан бірге кем болады, ал тақ болса қатысушы командалар санына сәйкес болады;
  • ойын күнтізбесі құрылатын кестені анықтау;
  • командаға жеребе тастау.

Айналымдық жүйе бойынша жарыстар нәтижесі шахмат кестесі түрінде есептеледі.

Командаға жеребе тастау. Жеребенің негізгі қызметі — командаларға белгілі бір нөмір беру, сол арқылы түрлі схемаларды қолдануға, ойын күнтізбесін құруға мүмкіндік береді.

Жеребе алдында ойын күнтізбесі қай жоба бойынша жасалатыны хабарланады. Жеребе бүкіл командаға бір мезгілде ортақ және команданы таратумен жасалуы мүмкін. Команданы шашырату күші жағынан тең топшалар құруға мүмкіндік тудырады. Шашыратудың екі түрі бар:

 Жеребе бойынша немесе «ирек» әдісімен.

Әдетте команданы тарату негізгі команданың алдыңғы немесе алдын ала жүргізілген жарыстардағы көрсеткен нәтижелері болады. Алайда басқа принциптер де болуы мүмкін (мысалы, бір қаладан немсе бір мекемелерден бірнеше команда қатысуы мүмкін, іріктеу немесе алдын ала жарыстарда бұрын кездескен бірнеше командалар шығуы мүмкін).

Жеребе бойынша таратуда топтар санына сәйкес команда саны алынып, солардың арасында осы топтар бойынша командаларды тарату үшін жеребе тасталады. Сосын осы үлгіде жеребе бойынша команданың келесі тобы бөлінеді, т.б.

Таратуға барлық командалар мен олардың бөліктері ұшырауы мүмкін. Бұл жарыс туралы ережелерде қарастырылуы тиіс. Егер команданың бөлігі таратылса, онда басқалары жеребе бойынша топтарға бөлінеді.

«Ирек» әдісімен таратуда командаға олардың алдыңғы жарыстарда алған орындарына қарай нөмірлер беріледі, сосын бұл командалар оларға берілген нөмірлер бойынша иректеліп топтарына қарай бөлінеді. 12 команданың екі топқа иректеліп бөліну үлгісі:

 

 

 

 

 

 

«А» тобы                                                                        «Б» тобы

орын саны -39                                                                орын саны -39

 

Таратудың бұндай әдісі екі топтың командаларының шартты теңдігін туындатады. Бұған дәлел ретінде әрбір топта орналасқан команда орындары саны бола алады. Келтірілген мысалда әрбір топтағы команда орынның саны — 39- ға тең.

Жарыс нәтижелерінің есебі мен оны бағалау. Айналым әдісі бойынша жарыс өткізуде әрбір қатысушы ұйымнан бір немесе бірнеше командаға сынақ қолданады.

Бір команда бойынша есепте нәтижелерді бағалаудың мына түрі кең тараған: жеңіске 2 ұпай, жеңіліске 1 ұпай, қатыспағаны үшін 0 ұпай. Ұпай санын барынша көп жинау жеңімпазды анықтайды, ал қалған командалардың жинаған ұпайы — олардың кестедегі орнын айқындайды.

Бірінші орыннан үміткер екі команданың ұпайы тең түскенде әдетте қосымша ойын белгіленеді. Қалған жағдайларда өзімен бірдей жинаған команданы жеңген командаға жеңіс беріледі.

Үш немесе одан көп команда тең ұпай жинағанда өз араларында жеңіс саны көп командаға жеңіс беріледі. Бұл көрсеткіш тең болған жағдайда гол салған және жіберген доптар санынан үздік айырмашылығы бар команда үстемдік алады.

 Жарыстағы есеп бірнеше команда бойынша жүргізілсе, онда нәтижені жекелеп бағалауға жүгінеді. Олар жарыс алдында қойылған міндеттерге байланысты. Егер мысалы, әйелдер немесе балалар арасындағы команда жұмыстарына назар аудару қажет болса, онда бұл командалар ойынының нәтижесін бағалау көтерілуі мүмкін.

Жеңіс үшін дифференциалды баға қою шкаласын құрғанда жұп санды ұпайлар беріледі. Ойын нәтижесіне көбінесе кездейсоқтық элементтері де әсер етеді. Мысалы, бірінші күнтізбелік күнде жеребе еркімен күшті командалар өзара кездесіп, олардың бірі жарысқа одан ары қатысуын тоқтатуға мәжбүр болуы мүмкін. Бұл әдістің екі түрі бар:

  • бірінші жеңілістен соң шығып қалу;
  • екі жеңілістен соң шығып қалу.

 Бірінші жеңілістен соң шығып қалудың әдісі бойынша күнтізбені бұлай құрайды. Алдымен кесте түзеді, ол қатысатын командалардың кездесу реттерін анықтайды. Бұдан соң жеребе жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша командалар алған нөміріне сәйкес кестеге ендіріледі.

Егер қатысатын командалар саны жұп болса (4,8, 38, 64, т.б.) онда барлық командалар күнтізбенің бірінші күнінен жарысты бастайды. Бірінші турда қатар тұрған нөмірлер кездеседі: бірінші, екіншісімен, үшінші төртіншісімен, т.б.

Екінші турда бірінші турдың жеңімпаздары кездеседі, ондағы ойындар мына ретпен жүргізіледі: бірінші жұптың жеңімпазы екінші жұптың жеңімпазымен, үшінші жұптың жеңімпазы төртінші жұптың жеңімпазымен, т.б. кездеседі.

Сегіз командада бұндай тур үшеу болады. Бірінші турдың жеңімпаздары екіншіге, ал екінші турдың жеңімпаздары үшіншіге өтіп, сосын финалда өзара ойнайды.

Егер қатысушы командалар саны жарыста 2-ге бөлінбесе, онда бірінші турда команданың тек бір бөлігі қана күрес жүргізеді, ал қалғандары екінші турдағы сайысқа қатысады.

Бірінші жеңілістен соң шығып қалған бойынша ойын күнтізбесі былай құрылады ( 8 командаға):

 

Жарысқа бірінші турдан қатысуы тиіс команда санын анықтау үшін мына формула қолданылады:

,

ондағы a — қатысатын командаларсаны, 2n — қатысушы команда санына ең жақын аз сан алынатын екінің дәрежесі.

 

 

 Мысалы қатысатын командалар саны 10, дәрежелі жақын саны, 2n яғни, сегіз болады.

Формуланы ашамыз.

(а-2n)2=(10-23)2=(10-8)2=22=4

Демек, бірінші турда төрт команда, ал алты команда екінші турдан жарысты бастайды. Егер бірінші турға командалардың барлығы қатыса алмаса, онда бірінші турда ортаңғы нөмірлер қатысады, ал шеткілері екінші турдан ойынды бастайды. Мұнда қатысатын команданың жалпы саны жұп болса, онда бірінші тур ойындарынан төменненде, жоғарыдан да нөмірлердің тең саны босатылады.

Команда саны тақ болғанда кестенің төменіндегі кестені бір командаға сай босатуы керек, онда 11 команда болды, мысалы:

                               (а-2n)2=(11-23)2=(11-8)2=32=6

Демек, орташа нөмірі бар алты команда жарысқа төртінші турдан қатысады, ал алғашқы екі және соңғы үш нөмірі бар бес команда екінші турдан қатысады.

 Кездейсоқтық элементтерін азайтып, бірінші айналымда күшті командалардың кездесу мүмкіндігін болдырмау үшін күшті команданы таратуды қолданады. Күшті командаларды таратуда жасанды түрде нөмірлер таратылып, олардың арасында жеке жеребе жүргізіледі.

Кей жағдайларда күшті командаларды жарысқа біріншіден емес, келесі айналымнан, яғни  финалдан немесе ширек финалдан жіберіледі.

Екі жеңілістен соң шығып қалу әдетте қатысушы командалар саны көп болмағанда қолданылады, ал ойынға бөлінген уақыт ойын санын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда команда жарыстан бірінші емес, екінші жеңілістен соң шығады.

Бірінші күні жеңілген командалар қосымша кестеге түсіріліп, өзара екінші күні ойнайды, үшінші күні негізгі кесте бойынша екінші күні жеңілген командалар да қосымша кестеге түсіріліп, өзара ойнайды. Екінші күні қосымша кесте бойынша жеңген командалар үшінші күні өзара кездеседі. Қосымша кесте бойынша жеңімпаз анықталғанша осылай жалғасады, ол негізгі кесте бойынша жеңген командамен финалда кездеседі.

 

Аралас әдіс

Қатысатын командалар саны көп және аймақтық қамтуы үлкен жарыстарда ойынның аралас әдісін қолданады, яғни түрлі кезеңдерде шығып қалу мен айналымдық әдістерін пайдаланады.

Аралас әдістегі ойында барлық команданы аймаққа немесе топқа (аймақтық, өндірістік немесе басқа белгілері бойынша) бөледі. Топта немесе аймақта жарысты шығып қалу әдісімен жүргізеді (немесе айналымдық), ал жеңімпаздар нақты орынды өзара айналымдық әдіспен бөліседі (немесе тек жеңімпазды шығып қалу әдісімен анықтайды).

3.4. Жарысқа дайындық

Жарысты өткізудегі табыс көп жағдайда оған дайындыққа байланысты болады. Барлық дайындық кезеңі бірнеше сатыдан тұрады: құжаттарды әзірлеу, жарыс орнын даярлау, қатысушылармен жұмыс.

Кез — келген жарысқа дайындық ол туралы ереже құрудан басталады. Ереже күнтізбелік жоспар негізінде әзірленеді. Ол тек заңды емес, сондай-ақ, ойыншылардың жарыс алдындағы кезеңіндегі оқу — жаттықтыру жұмыстарының бағытын анықтайтын әдістемелік құжат болып табылады. Сондықтан, ереже қатысатын ұйымдарға уақытысында жеткізілуі тиіс.

Ережені жарысты өткізетін спорттық ұйым құрастырады:

Жарыс туралы ережені дәл және қысқаша келтіру қажет:

  1. Мақсаты мен міндеттері. Жарыс мақсаты (оқу жұмыстарының қорытындысын жүргізу, күшті командаларды анықтау, баскетболды танымал ету, т.б.) жарыстың ауқымы мен түріне байланысты.
  2. Өткізілетін орны мен уақыты.Жарыс өтетін қала көрсетіліп (базасы), күндері анықталады.
  3. Жарысқа басшылық жасау. Жарысты кім ұйымдастырып, басқаратыны, төрешілік алқасының құрамы, оларды кім бекітетіні көрсетіледі.
  4. Жарысқа қатысушылар. Сайысқа жіберілетін команданың аты мен саны өтініш берген қатысушылардың ең жоғары саны көрсетіліп, қатысушылардың жасы мен дәрежесі анықталады.
  5. Жарысты өткізу талаптары.Ойын әдістері, нәтижені бағалауы мен жеңімпазды анықтауы көрсетіледі.
  6. Наразылық беру талаптары мен оларды қарау тәртібі.
  7. Командалар мен қатысушыларды марапаттау. Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер қалай марапатталатыны көрсетіледі.
  8. Командаларды қабылдау шарты. Қаржыландыратын ұйым, келетін және кететін күні, орналастыру мен тамақтану шарттары көрсетіледі.
  9. Өтініш пен қайта өтініш беру мерзімі мен түрлері командалар мен қатысушыларды тіркеу тәртібі.
  10. Жеребе тастау орны мен уақыты.
  11. Ерекше талаптар команда құрамында ұзын бойлы ойыншылардың, белгіленген (жеке) қорғаныс жүйесін қолдану талабы, жарысқа жіберілу үшін бақылау мөлшерлемесін тапсыру, т.б.

Ереже жасалған соң шығындар сметасы әзірленеді, оның негізінде жарысты жүргізетін ұйымдар қаржы бөледі.

Смета құрылғанда мыналар көрсетіледі:

  1. Жарыстың аты.
  2. Өткізетін орны мен мерзімі.
  3. Төрешілер саны.
  4. Қатысушылар саны (оның ішінде шеттен келгендер). Оларды орналастыруға, тамақтандыруға және тасымалдауға шығындар есептеледі.
  5. Ғимаратты көркемдеп, безендіру шығыны.
  6. Кеңсе заттарының шығыны.
  7. Қызмет көрсетуші персоналды ақы төлеу шығыны (жұмысшылар, дәрігерлер мен медбикелер).

Жарысты жүргізу үшін бас төреші мен оның хатшысы тағайындалады.

Ірі көлемдегі жарысқа дайындалу үшін 5-7 адамнан ұйымдастыру комитеті құрылады, олар жарыс орнында барлық қажетті іс — шараларды атқарады. Оның міндетіне жарысорнын, таңдау мен жабдықтау, құрал-жабдықтарды дайындау, орналастыру мен жаттықтыру орнын даярлау, тамақтануды ұйымдастыру, хатшылықты топтау, жарыс туралы алдын ала ақпарат тарату кіреді. Жарыс туралы алдын ала ақпарат беру баспасөз, радио, теледидар арқылы жарыстың өтетін орны мен уақыты, оларға қатысатын командалар туралы хабарлама беруді білдіреді. Жарыс барысын жергілікті баспасөзде жарыққа шығару үшін пресса өкілдерімен байланыс орнату қажет. Сондай-ақ, афишалар, бағдарламалар, көрермендерге арналған билеттер дайындалуы керек.

Жарыс орны жарыс барысын бейнелейтін ұйымдармен, плакаттармен, кестелермен көрнекті безендірілуі тиіс. Жанында төрешілер мен қатысушылар киім ауыстыратын бөлмесі, жылы суы бар душ, дәрігерлік кабинет болуы тиіс. Жарыс орны радиомен жабдықталуы қажет. Жарыс орнындағы құрал-жабдықтарға қажетті талаптарды қатаң сақтау, оларды өткізудегі қауіпсіздікке кепілдік береді.

Қатысушылармен жұмыс бөліміне мыналар кіреді: қатысушыларды қабылдап, орналастыру, жарысқа жіберу бойынша мандаттық комиссияның жұмысы, өкілдер жиналысы, төрешілер алқасының мәжілісі.

Қатысушыларды қабылдап орналастыруды ұйым комитет өкілі басқарады. Аэропортта , теміржол вокзалында қандай да бір себептермен қарсы алу мүмкін болмаған жағдайда қатысушылардың баратын жерінің толық мекен — жайы хабарланған плакат — афишалар ілінуі тиіс. Жарыста қызмет көрсететін төрешілер қатысушылардан бөлек орналасуы керек.

Жарысқа жіберуді жарыс туралы ережелерге сай мандат комиссиясы атқарады. Жіберу жауапкершілігін жарыстың бас төрешісіне, жарыстың бас дәрігеріне және мандат комиссиясының өкіліне жүктейді.

 

 

ІV-тарау. Ғылыми — зерттеу жұмыстарының әдістемесі мен ұйымдастырылуы

 

4.1. Ғылыми зерттеу кезеңдері мен ұйымдастырылуы

Барлық ғылыми зерттеулер, оның ішінде баскетболдағы педагогикалық зерттеу мынадай бірізділікпен жүргізілуі тиіс: мәселені қойып, тақырыпты таңдау, әдеби қайнар көздерді талдау негізінде сұрақтың жайын зерттеу, зерттеу міндеттерін анықтап, әдістерін таңдау, бақылау мен тәжірибе жүргізу әдістері көмегімен материалдар жинақтау, зерттеу нәтижелерін сараптау, іліми ережелерді( қорытындылау) және іс — тәжірибелік ұсыныстарды қалыпқа түсіру.

Тақырыпты таңдағанда зерттеушінің жеке басының бейімділігін, қабілетін, білім деңгейін ескеру қажет. Тақырыпты түбегейлі таңдауға аталған мәселені әзірлеуде жеткен деңгейі мен заманауй ғылымның ілімдік көзқарастары ықпал етеді.

Ғылыми жетекшісі немесе кеңес берушісі бастаушы зерттеушіні бақылап, бағыт береді, мәселе мен нақты тақырыпты таңдауда дұрыс анықтауға көмектеседі.

Жұмыс тақырыбын жекелеген зерттеу міндеттері нақтылайды. Міндет аз болып, олардың логикалық бірізділігі мен өзара байланысы болуы шарт. Әрбір міндет тақырыбының белгілі бір жағын ашады, оның нәтижесі жұмыс қорытындысында келтіріледі.

Тақырыпты таңдап, зерттеу міндеттерін нақтылаған соң, жұмысқа ат беру қажет. Ол орындалатын зерттеудің мәні мен мазмұнын дәл бейнелейтін тиянақты болуы тиіс. Зерттеу барысында аты өзгеруі мүмкін.

Ғылыми зерттеудің келесі сатысы әдеби талдауға және іс — тәжірибелік жинақтауды жалпылауға кіретін мәселесінің жайын зерттеу болып табылады.

Зерттеудің бастапқы сатысында әдебиеттерді зерттеу іліми мәліметтермен танысып, зерттеу әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы әдебиеттерді оқу іліми білімін тереңдетіп, кеңейтеді, жұмыс барысында туындаған сұрақтарға жауап береді, алынған нәтижелерді және қорытындыларды бұрын алынған мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Әдеби қайнар көздерді зерттеу әдебиеттерді іріктеуден басталады. Әдебиетті дұрыс таңдауға басшылардың жазбасы мен жүйелендіруін беретін библиография құру көмектеседі.

Сұрақтың жайын зерттеудің ажырамас бөлігі педагогикалық тәжірибені жалпылау болып табылады. «Педагогикалық тәжірибе» деп кең көлемде оқыту мен тәрбиелеу іс — тәжірибесін, ал мұқият қарағанда педагогтың ұзақ жылғы шығармашылық жұмысы нәтижесінде жинаған шеберлігін түсінеміз.

Тәжірибені жалпылаудың негізгі әдістері мыналар:

  • спорт жұмыстарын жоспарлау мен есепке алудың ағымдағы және мұрағат құжаттарын зерттеу;
  • әңгімелесу мен сұрақ — жауап;
  • сауалнама;
  • конференцияда, пленумда, жаттықтырушылар кеңесінде, семинарында, т.б. сөйлеген сөздерінің таспасы;
  • жарыс немесе оқу — жаттықтыру сабақтарының барысын падагогикалық бақылау;
  • баскетболшы дайындығының түрлі жақтарының көрсеткіштері мен нәтижелерін жинап, жүйеге түсіру;
  • баскетболшылар мен жаттықтырушылардың оқу — жаттықтыру жұмыстары мен жарыс мәселелерінің кең шеңберіне жарық түсіретін күнделіктерін зерттеу.
  • Педагогикалық тәжірибені жалпылау барысында алынған мәліметтер дербес мәнге ие болып, келесі тәжірибелік жұмысқа қосымша материал болуы мүмкін және тәжірибелік зерттеуді табысты жүргізуге көмектеседі.

 

4.2. Зерттеу әдістері

Ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланады.

  1. Материалистік диалектика әдісі. Олар марксистік диалектикаға сүйеніп, ақиқатты ғылыми тануда жалпы әдістемелік болып табылады. Педагогикалық ғылыми зерттеулерде ақиқатты нақты зерттеу, құбылысты, өзара байланыс пен дамуды зерттеу, т.б. тәрізді материалистік диалектиканың талаптары іске асырылуы тиіс. Түсіндіре айтқанда философиялық принциптер мен әдістер кез — келген ғылымда, оның ішінде спортта ақиқат танудың ортақ жолын көрсетеді.
  2. Ғылымның кең шеңберіне тән ортақ әдістер:
  • логикалық (талдау, жинақтау, индукция, дедукция, т.б.);
  • бақылау;
  • сауалнама.
  1. Спортқа жақын ғылымдарда пайдаланылатын жеке әдістер (үлгілеу, сынақ алу, болжау, т.б.).
  2. Арнайы әдістер мен әдістемелер (хронометрлеу, қимылды талдауды көрсету әдісі, т.б.).

Аталған әдіс топтары өзара байланысты. Жалпы әдістемелік негізінде жеке әдістер қолданылады, оның ішінде спорт саласында әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, т.б. тәрізді аралас ғылым әдістері кеңінен пайдаланылады, олар спорттағы заңдылықтарды барынша жан — жақты, объективті (нысанады) түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан баскетбол саласындағы педагогикалық зерттеулердің көпшілігіне кешенді әдістер қолдану тән. Мысалы, баскетболшының оқу — жаттықтыру барысында пайдаланатын жүктемені зерттеу үшін бақылау мен хронометрия әдісі, жүктеме бағытын анықтау үшін пульс өлшеу әдісін, жүктеменің қимыл және психика саласына әсерін анықтау үшін жарықтың өшіп — жану жиілігі мен электротерлік қарсылығын анықтау әдісі қолданылады.

Қандай да бір мәселені зерттеу әдістемесі кешенді әдістерді қолдану ұсынады. Мысалы, баскетболшының дене дайындығын зерттеу әдістемесі сынақ алу, полидинамометрия, тензаметрия, антрополитрия, т.б. әдістерін қарастырады. Баскетболда түрлі әдістемелерді қолданудың бірнеше мысалдарын келтіреміз.

Антропометрия — дене дамуын зерттеу әдісі, баскетбол үшін бұл әдістің маңызы зор, өйткені ойыншының бойы өсуі мен оның өзгеруі дәрежелі ойыншыны дайындауда басшы рольдердің бірін атқарады. Антропометрияда дене дамуының негізгі белгілерінің мөлшерін анықтайды: дененің салмағы мен ұзындығы, мойын, сан, мықын, иық көлемі, білезік күші, тұрыстық күші, спирометрия. Антропометриялық зерттеуге, сондай-ақ, соматоскопия жатады; ол кеуде қуысының пішіні, бұлшықеттің дамуы, май бөлінуі, аяқ пен табан пішіні т.б.

Гониометрия — оның көмегімен буындардың қозғалғыштығы мен ондағы қимыл құлашын анықтайтын әдіс.

Полидинамометрия — оның көмегімен бұлшықет топтарының күштік мүмкіндіктерінің топографиялық бейнесін құруға болатын әдіс. Баскетболшылардың бұлшықет топтарының күшін анықтау үшін динамометрдің қолмен өлшенетін, тұрыстық, әмбебеп және күш өлшеуішінің қабырғасы түрлері қолданыста кең тараған.

Бұл баскетболшы бұлшықетінің күшін анықтау әдістері. Доп беруді орындағанда арнайы күшті қолдану үшін соққылы динамометр қолданылады. Секіру, доп беру және де басқа әдіс амалдарының күшін анықтағанда тензометрлік құрылғы пайдаланылады. Мысалы, секіру күшін анықтау үшін баскетболшының аяқ киіміне тензометрлік ұлтан салынады.

Ойыншылардың жылдамдық сапасын анықтау үшін секундомер қолданады (хронометр, жылдамдық өлшегіш, приставкасы бар милисекундомер, мәрелік фото қондырғысы мен басқа құрылғылар); секіргіштікті анықтау үшін — В.М. Абалаковтың лента тартқыш қондырғысы, жазба хронографы бар электробайланысты платформа(ұшу кезеңінің уақыты анықталады), «қисық» экран, сондай-ақ, басқа да арнайы жасалған аспаптар қолданылады.

Баскетболшының ептілігін, икемділігін, төзімділігі мен басқа да сапаларын анықтау үшін арнайы сынап байқау тесттерін пайдаланады. Тест әдісі баскетболшының бүкіл дене сапасы кешенін қамтиды. Бұған қоса, олардың көмегімен түрлі дәрежедегі, яғни жасөспірімдерден бастап, елдің құрамасындағы баскетболшыларға дейінгі ойыншылардың әдіс — тәсілдік дайындық деңгейін анықтауға болады. Баскетболшының арнайы дене сапаларының даму деңгейін түрлі техникалық құралдар көмегімен де тексереді. Баскетболшының жаттықтыру әдістерін жетілдіру міндеттерін шешу үшін қазіргі кезеңде ағзаның жүктемеге жауап назары туралы кең көлемдегі, жан — жақты ақпаратты алу қажеті, яғни баскетболшының қызметтік дайындығын зерттеу қажет, себебі жоғары спорт нәтижелеріне жету жүрек — тамыр және тынысалу жүйелерінің даму деңгейіне, тірек — қимыл аппараты мен жүйке жүйесінің жағдайына тікелей байланысты болады.

Арнайы жұмыста ағзадағы қызметтік өзгерістер туралы қосымша мәліметтерді биохимиялық әдіс арқылы алуға болады, ол қышқылдық — сілтілік тепе — теңдіктің, қандағы сілті қорының, артериалды қанның оттегімен қанығуы деңгейінің көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі.

Ойынның әдісі мен тәсілдік зерттеуде кешенді әдістері пайдаланылады, олар — суретке түсіру, киноға түсіру киноциклография, т.б., соңынан биомеханикалық талдау жүргізіледі. Қазіргі кезде жұмыста бейнтаспаға жазу кең қолданылып жүр, оның көмегімен баскетболшының кез — келген қимылын таспаға жазып алып, сосын жазбаны кез — келген жылдамдықта көріп, оны талдауға болады.

Электрография әдісі бұлшықет биоөрістен тіркеуге мүмкіндік береді. Олар арқылы бұлшықеттің аталған қимыл сәтіндегі белсенділік деңгейі туралы пікір қорытып, сол сияқты жаңадан бастаушы мен спорт шеберінің қимылдары арасындағы сапалық айырмашылықты, қимылдың ішкі құрылымын анықтауға болады.

Баскетболшыларды тәсілдік дайындау, ойыншыларды топтау мен олардың командадағы ойынпаздығының мәселелері психология мен социометрия әдісі арқылы шешіледі, олар ұжымдағы өзара қатынастың құрылымын, топтық ақпаратты анықтауға көмектеседі.

 Жұмыста қандай әдіс қолданбасын, тәжірибе жүзінде алынған материал математикалық статистика әдісі көмегімен сұрыпталуы тиіс.

 Зерттеу әдістерін таңдау жұмыс міндеттерінен әрбір нақты жағдайларда олардың дұрыстығымен, зерттеушінің техникалық мүмкіндіктерінен айқындалады. Бірақ кез — келген жағдайда таңдаған әдістеме былай болуы тиіс:

  • тиімді және барынша жан — жақты ғылыми материал алуды қамтамасыз ету;
  • сенімді әрі түсінікті (көп дүркін зерттеулер, жеке нәтижелер, түрлі континентте түрлі зерттеушілердің зерттеуі);
  • үнемді;
  • қарапайым және қауіпсіз;
  • ғылыми сиымды (құбылыстың ақиқат жағдайын сипаттауға көмектесетін көп ақпарат беру);

 педагогика көптеген әдістер ішінде мына әдістер кең қолданылады.

Бақылау әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау — бұл табиғи оқу — жаттықтыру немесе жарыс барысына зерттеушінің қатысуын аспаптар көмегімен немесе сезім мүшелерімен атқарылатын, зерттелетін құбылыстардың сандық және сапалық сипатын жоспарлы және жүйелі дұрыс қабылдау.

Педагогикалық бақылау — бұл ғылыми ақпарат алудың басты әдістерінің бірі. Ғылыми бақылауға таңдау бағыты, зерттеудің сәйкес мақсаты, жүйелілігі мен жоспарлылығы тән. Сондықтан оны жүргізуге мұқият дайындалу қажет. Бақылауға дайындыққа мыналар кіреді:

  • бақылау міндеттері мен жоспарын анықтау;
  • бақылау нысанын таңдау;
  • бақылауды жүргізу әдісін анықтау;
  • алынған мәліметтерді талдау әдісін анықтау.

 Баскетболдағы бақылау былай жіктеледі:

1) Оқу барысын ұйымдастыру түрлері мен нысаны бойынша жеке, топтық және командалық бақылау.

2)Ғылыми жұмыстың ұзақтығы бойынша (ұзақ, қысқа және дискретті бақылау(үзбелі бақылау).

3) Бақылау нәтижелерін тіркеу әдістері бойынша (бейнелеу, аспаптық, өзіндік бақылау).

4) Бақылау нәтижелерін жазу әдісі мен түрлері бойынша (сандық, индекстік, кестелік, фотоға, киноға түсіру, дыбыстық, теледидарлық, социолографиялық, жиынтық амалдық).

Спорттық жаттықтыру іс — тәжірибесінде бақылауды жүргізу үшін көбінесе түрлі жобаларды, хаттама мен кестені, алдын ала арнайы шартты белгілермен есеп картасын пайдаланады.

 Мысал ретінде баскетболшының жарыс қимылын шабуылда да қорғаныста да бақылау хаттамасын келтіреміз.

 

Минутка картасы

 Спортқа техникалық құралдар ендірумен байланысты қазіргі кезде педагогикалық бақылау көбінесе фотокинобейнеаппараттары мен басқа да аспаптар көмегімен жүргізіледі, олар жан — жақты және сан алуан ақпараттарды көптеп алуға көмектеседі.

Тәжірибе әдісі. Спорттағы педагогикалық бақылау ғылыми дәйектер алу мен оқу — жаттықтыру барысын орнықтыруы, іс — тәжірибе мен ілімдегі ережелерді дәлелдеп немесе теріске шығару үшін қажетті амалдар мен әдістердің әсерлілігін анықтау үшін жүргізіледі. Тәжірибелеп жаңа болжамдармен теориялар жасауға әкеледі. Баскетболдағы мәселелердің шешімін табуда педагогикалық тәжірибе жаттықтыру құралдары мен әдістерін, әдіс — тәсілдерді жетілдіру амалдарын тиімді етуге байланысты нақты сауалдарды шешу үшін қолданылады.

Тәжірибе — педагогикалық бақылауға қарағанда терең әрі тиімді әдіс, ол мынаған жол ашады:

  • бақыланған құбылысты кез — келген жағдайда бірнеше рет қайталау;
  • жеке түрде бақылау мүмкін емес құбылыстар мен процестерді таза түрінде зерттеу;
  • бұрын жүргізілген зерттеулерді сондай жағдай тудырып тексеру.

Зертханалық әдіс педагогикалық тәжірибе жүргізуден ерекшеленеді, ол сыналушының сыртқы қимылын ғана емес, ағзаның жасырын физиологиялық реакцияларын да ескереді. Бұндай көптеген түрлер зертханалық тәжірибемен байланысып, зерттелген процестің бірі немесе бірнеше жақтарын бөліп шығарады. Табиғи тәжірибеде баскетболшының немесе команданың қимылын жұмыс жағдайында зерттейді.

Тәжірибе жүргізу үшін мыналар қажет:

  1. Жұмыстық болжамын дұрыс қалыптастырып, дұрыс міндеттер қою үшін ілім мен іс — тәжірибедегі сұрақтың жағдайын алдын ала мұқият зерттеу.
  2. Уақыт пен күшті аз шығындап, ақпарат алу үшін тәжірибе жүргізудің жан-жақты толық жоспарын құру. Күткен нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін жағдайларды ескеріп, оларды жою шараларын қолдану (мысалы, зерттеушілер санын дәл анықтау).
  3. Зерттеудің әрбір элементінің мазмұны мен бірізділігін бөлшектеп әзірлеу.
  4. Зерттелетін процеске жүйелі бақылау жүргізу. Дәйектерді дәл сипаттау.
  5. Өзінің зертеу мәліметтерін бұрынғы зерттеулермен салыстыру. Анықталған дәйектерді замануй ғылым тұрғысынан түсіндіру.
  6. Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге сыни тұрғыдан қарау. Мәліметтерді бірнеше рет тексеріп, оларды талдап, мүмкін болса, математикалық сараптау жүргізу.

Бұған қоса, тәжірибе жүргізгенде зерттеушілердің біртектес тобын таңдап алып, тәжірибе шартын теңестіріп, тәжірибе соңына дейін зерттеушілердің толық құрамын сақтап, сыртқы әсерлер ықпалын түгелдей жою қажет. Тіркеу әдісі дәл және сенімді, ал қондырғы барлық зерттеушілер үшін бірдей болуы тиіс.

Бақылау сынақтары немесе тест алу баскетболшылары даярлау іс-тәжірибесіне терең еніп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің маңызды және іскер әдістерінің бірі болып табылады. Олардың көмегімен баскетболшылардың жаттықтырылуы мен дене жұмыс қабілетінің, дайындық барысындағы спорт нәтижелерінің өзгерісі мен психикалық және қимыл сапаларын дамыту деңгейін, сонымен қатар көп жылдар бойы әдіс амалдарын меңгеру, оның тұрақтылығы мен әсерлігінің дәрежесі, жаттықтыруды жоспарлау жүйесіндегі мүлт кету дарынды спортшыларды іріктеу жүйесін қолданылатын оқу әдістері мен құралдарының жетістігі мен кемшіліктерін анықтайды.

Баскетболшының іс-қимыл әрекеті дене мүмкіндіктерінің кешенді пайда болуымен сипатталады, осыған байланысты бақылау сынақтарын әзірлеп, жүргізгенде мына талаптарды қатаң сақтау қажет:

  1. Тестті орындауда дәл математикалық өрнектеу мүмкіндігі мен статистикалық сараптау үшін алынған нәтижелердің жеткілікті болуы;
  2. Орындау шартының тұрақтылығы мен өзгермеуі;
  3. Тесті орындау жағдайын ойынға, нақты ойын жағдайын және ойын әрекеті тәртібін үлгілеуге дейін жеткізу;
  4. Тесттің қойылған міндетке жақындығы, тест көрсеткіші мен соған сәйкес ойын көрсеткіштері арасындағы жеткілікті байланыс;
  5. Ойыншы мүмкіндігін барынша көрсетуге жағдай жасау;
  6. Тесті орындау қорытындысын толық талдау.

Тіркеу әдісі мен алынған мәліметтерді сараптау. Зерттелген мәселе бойынша тәжірибелік мәліметтерді жинау жоспарлы ойластырылған және ғылыми негізделген болуы шарт. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпарат логикалық жүйелеуге ұшырап (топтастыру, жіктеу), көмегімен жасақталуы тиіс.

Аяқтаушы саты сәйкес математикалық-статистикалық әдістерді пайдаланып, статистикалық материалды талдау болып табылады. Нәтижелерді сандық талдау спорттағы түрлі құбылыстар заңдылығын анықтап, жинақталған материалдардағы шамалардың өзгеру мөлшерін айқындап, сандық айырмашылық сенімділігін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

 

 

 

4.3. Ғылыми жұмыс түрлері

Ғылыми жұмыстардың нәтижелері реферат, ғылыми мақала, диссертация, көмекші құрал, монография түрлерінде шығарылуы мүмкін. Жұмыстың бағдар беретін жоспары мынадай бірізділікпен берілген.

  1. Титулды парақ. Титулдық парақта жұмыстың орындалған ғылыми мекемесінің аты, жұмыс авторының аты мен фамилиясы, жұмысты жазған жылы мен қаласы көрсетіледі. Осында ғылыми жетекшінің немесе кеңес берушісінің фамилиясы, ғылыми атағымен және қызметімен (бар болса) қоса көрсетіледі.
  2. Тарауға бөлу. Оны ашық күйде берген дұрыс. Жұмыс бөліктері оның маңыздылығы мен бір-біріне бағыныштылығына қарай көрсетіледі, аталған бөлім басталатын беттің нөмірі жазылады.
  3. Кіріспе. Онда тақырып негіздемесі, жұмыстың сипаты, мазмұны мен қызметі беріледі.
  4. І тарау-сұрақтар жағдайы. Жұмыстың бұл бөлігі әдеби қайнар көздер мен замануй іс-тәжірибе бойынша сұрақтар жайын қарастырады. Отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттерімен жұмыс негізінде әдебиетке шолу жасалады, онда мәселенің тарихы баяндалып, сонымен қатар сыни талдау жасалады, жекелеген авторлардың пікірлері келтіріледі, талас тудырған немесе ашылмаған мәселелер ашылады. Жұмыстың бұл бөлігі тәжірибе мен заманауй іс-тәжірибені зерттеу мен жалпылау негізінде қалыптасады.

ІІ тарау – зерттеу міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы. Жұмыстың міндеттері келтіріліп, олардың шешілуіне көмектесетін әдістер туралы айтылады. Әдістемелер мен аппаратуралардың сипаты толық беріледі. Жұмыстың ұйымдастырылуы көрсетіледі (зерттеушілердің континенті, олардың дәрежесі, жасы, антрометрикалық мәліметтері, жұмыс мерзімі, тәжірибенің жүргізілетін орны, т.б.).

ІІІ тарау — өзіндік мәліметтер мен педагогикалық тәжірибе. Дәйектік материал нақты кесте, график түрінде жинақы беріледі. Алынған зерттеу нәтижелерін жазғанда оларды әдеби мәліметтермен тығыз байланыстырып, түсіндіріп, негіздеу қажет.

  1. Қорытынды, ұсыныстар.
  2. Библиография

Ғылыми құндылығы бар жұмыстар журналда мақала түрінде жазылуы мүмкін.

Ғылыми мақала (көлемі 10-30бет)- зерттеудің негізгі нәтижелерінің мазмұны (қысқаша мазмұны, тәжірибелік бөлімі мен қорытынды). Кең мазмұндалса, материал толық берілмейді, негізгі қорытындылар мен ұсыныстар келтіріледі (әдістемелік мақала).

Тезистер – зерттеу міндеттерін, әдістерін, ұйымдастырылуы мен нәтижелерін қысқаша баяндау. Сосын тұжырым жасалады. Тезис көлемі баспаға басылғанда 2-3бет.

Реферат – аталған тақырып бойынша негізгі ережелерді қысқаша мазмұндау (5-20 бет).

Оқу құралы мәселелерді кең көлемде қамтып, баскетбол туралы зерттелген мәселе бойынша толық мәлімет береді. Оқу құралы аталған мәселе еңбектері бойынша қолда бар материалдардан, ғылыми жұмыс нәтижелерінде алынған қорытындылар мен ұсыныстар келтіріліп құрастырылады. Материал көпшілікке ортақ, еш дәлелсіз беріледі (оқу құралының маңызына қарай көлемі әртүрлі).

Диссертация – ғылым кандидатының немесе докторының ғылыми дәрежеге ізденісіне арналған ғылыми еңбек. Онда зерттеудің жан-жақты әдістері көмегімен алынған материал келтіріліп, зерттеу нәтижелері тәжірибеге маңызды тұжырымдар беріледі.

Монография – бір мәселені жан-жақты қамтыған құнды еңбек. Көкейтесті тақырыптар жөніндегі монография диссертация ретінде қорғауға ұсынылуы мүмкін (10-20 бет).

 

4.4. Оқу жаттықтыру процесін материалды-техникалық жабдықтау

Жаттықтыру процесіне арнайы жабдықтар, тренажерлар, тіркеу аппаратуралары мен көрсетілім аппаратттары тәрізді түрлі техникалық құралдар кең еніп келеді.

Жақсы материалдық-техникалық база жаттықтыру барысын жеке тұлғаландыруға, оның қарқынын арттырып, ойыншылардың түрлі сапаларын дамытуды жылдамдату мен арнайы құрал-жабдытар көмегімен олардың дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Материалдық-техникалық құралдар өздерінің мақсатына қарай үш топқа бөлінеді:

  • аспаптар, жабдықтар, тренажерлар;
  • тіркеу құрылғылары;
  • көрсету құрылғылары.

Аспаптар, жабдықтар мен тренажерлар нақты сапа мен дағдыны қалыптастыру үшін қолданылады. Мысалы, күшті дамыту үшін түрлі эспандерлер мен тренажерларды кең қолданады. Жалпы және арнайы дайындыққа арналған күшті әмбебап тренажерлардың бірнеше құрастырған түрлері бар.

4-сурет. Күштің әмбебап тренажеры

Арнайы әмбебап тренажерда түрлі бұлшықет топтарына арналған жүктеме маятникті қолдану принципімен беріледі (4-сурет). Тренажер бағанының көлденең осінде екі тік бағыттаушы (маятник), иінтірек жүйесі, спортшыға арналған орындық орналасқан. Иінтірекке әсер ету арқылы спортшы маятникті тік қалыптан барынша мүмкін сермеумен шығарады.

Маятниктер өз салмағының әсерінен (оны қосымша тартылу көмегімен өзгертуге болады) бастапқы қалыпқа келуге тырысады. Тренажер жүктеменің көлемі мен қарқынын дәл мөлшермен, бұлшықеттің көптеген түрлі топтарына жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Күштің пайда болу сипаты өзгермелі.

5-сурет. Күштің әмбебап тренажеры

 

Келесі күштік әмбебап тренажер айналу салмағының инерциясын (5-сурет) қолданады. Ол арнайы дабылға байланған жіпті тартқанда туындайды. Жіпті қайтарудың арнайы қондырғысы бар, ол жаттығуды көп дүркін қайталауға мүмкіндік береді. Жұмыс өзгермелі тәртіппен жүргізіледі және бұлшықеттің түрлі топтарына ықпал етуге мүмкіндік береді.

6-сурет. Секіргіштік пен жетілдіруді дамытуға арналған тренажерлар

 

Секіргіштікті дамыту мен доп салуды жетілдіру үшін ГЦОЛИФК-те өлшегіш тренажер жасайды. Аспап үш блоктан тұрады: байланысатын платформа, басқару пульті мен тіркеу қондырғысы (6-сурет) зерттелуші байланысатын алаңға қол тигізіп, белгі шамын жағады, сосын секіруді орындап, допты жабу үшін қажетті уақытты тіркейтін тіркегішті тоқтатады. Сосын екінші шам жанады, т.б. Автоматты тәртіпте бірізді белгі (шам жануы) жиілігін 0-ден 3 с-қа дейін өзгертуге болады. Қайталау дене саны шектелмейді. Тренажер дене сапасы мен қимыл дағдыларын дамытуға көмектеседі.

7-сурет. Ауысу шапшаңдығын дамыту тренажерлары

 

Қорғанысқа ауысу шапшаңдығына жаттығу мен допты түсіріп алу дағдысын жетілдіру үшін Е.М.Моисеев-С.А.Порливскийдің тренажерін пайдалануға болады. Ол байланысатын үш алаңнан құралған, бірақ олар басқару блогы мен уақыт тіркегіштігінің тік бағанына көлденең орналасқан (7-сурет). Байланыс алаңдарын баскетбол алаңының кез-келген жеріне бір-бірінен кез-келген ара-қашықтықта қоюға болады. Белгі шамдары автоматты түрде жанады. Байланыс алаңдарының орнын өзгертіп қорғаушылардың, шабуылшылардың және орталық ойыншылардың ойын әрекеттерін үлгілеуге болады. Тренажер өлшеу үшін де, жаттықтыру мақсатында да қолданылуы мүмкін.

Жеке немесе топтап секіруден қолды жоғары көтеруде жоғары биіктікті бағалау үшін баскетбол қалқанына бекітілген сенсорлық алаңнан байланыс алаңынан және тіркеу блогынан құралған (8-сурет). Спортшы туынды әдіспен серпілігі, байланыс алаңынан жоғары созылған қолымен қалқандағы сенсорлық жамылғыға қол тигізеді. Тіркеуіш блокта ұшу кезі мен секіруде қолды барынша көтеру биіктігі тіркеледі. Дәл тигізудің жоғарғы биіктігі сенсорлық алаңның ірі индикаторында бейнеленеді, ол спортшыға өз қимылдарының сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Тіркеуіш аппаратурасы спортшы ағзасының қызмет жағдайындағы сапа мен дағдының дамуындағы өзгерісті өлшеу үшін және жаттықтыру мен жарыс барысының түрлі көрсеткіштерін тіркеуге арналған. Мысалы, күшті өлшеу үшін білезік, арқа және әмбебап күш өлшемдері қабырғаларын өлшеу үшін қолданады.

Тіркеуіш құрылғы көмегімен спортшы мен жаттықтырушы дайындығын тиімділігі туралы, нақты тиімділігі туралы ақпарат алады. Олардың көмегімен жаттықтырушы өзінде жаттықтыру барысында туындаған қызықты ойларын тіркей алады.

Көрсету құрылғылары (бейне таспалар, кинопроектор, тақта-үлгілер) қимылдың үлгілерін тәсілдік әрекеттерді ұйымдастыру мен қимыл және іскерліктің үздік үлгілерін зерттеуге көмектеседі.

 

8-сурет. Секіргенде қолды барынша жоғары көтеруді бағалау аспабы

 

Сабақ басталғанға дейін барлық қарастырылған техникалық құралдардың конспекті жоспарының жағдайын дайындап, тексеру керек. Жаттықтыру барысында жаттықтырушы белгілі бір техникалық құралдық кемділігіне тексеріп, сәйкес қорытынды жасау керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жеке тұлғаның дене мәдениеті – оның ішінде баскетбол ойыны нақты тарихи құбылыс. Оның ілімдік ағыны халықтық және спорттық педагогика болып табылады. Парасаттылық ойлары мен жалпы адамзаттық құндылықта құрылған, салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтуды бағдарлау, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттің бір бөлігі сияқты нақты феноменалдық қалпын түсінуден шығып жастарды дене мәдениетіне қалыптастыруды іске асыруды талап етеді.

Баскетбол ойыны жекеден тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, қозғалыс қызметтеріне жақсы тиімді әсер етіп және денсаулықты нығайтуға педагогикалық үрдісті бағыттаған көмегімен қалыптасқан, өзіне ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін көтеру бірлігін жинайды, ақыл-ой және дене еңбегінің қабілеттілігін, ақылдылық қасиеті, ошіау, ынталы, тапқыр, байымды, адамгершілік қасиеті, өзін-өзі ұстау, тәртіптілік, шыншыл, батыл, шешімді, дене шынықтыру бірлігінде тану және төртіпке келу, жеке тұлғаның әр түрлі қасиетін көрсетеді.

Жастардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып, спорт ойындары саналады, ол адамның өмірдегі негізгі кызметтері: жанұяда, мектепте, жұмыста, қоғамда, мемлекеттің міндеттерін табысты орындау үшін тұтас субъекті, адамгершілік және дене қасиеттері жан-жақты жетілген дені сау қоғамға еркін кіру шарты табылады.

Ойын әрекетін қалыптастырудың негізгі әдістеріне педагогикалық жүйенің негізгі бөлшектерін іс жүзінде асыру есебі кірген (мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілі, түрлері, әдістері мен амалдары, тапсырма) олардың бірлігі және өзара байланысы.

Жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық-ойындар қызметіне және дене шынықтыру жүйесіне жастарды қатыстыру педагогикалық жүйеде көрсетілген. Осы қызметтердің бір түрінің дамуы немесе әлсіз деңгейі педагогикалық үрдісінде жастарды дене тәрбиесін қалыптастыру жүйелерін деформациялауға әкеледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Я.Г.Аблов. Врачебные наблюделия за бескетболистами: Институттың студенттері мен тыңдаушыларына арналған әдістемелік құрал. -М.:
  2. Э.И.Адашкявичене. Баскетбол для дошкольников: Өзінін тәжірибесінен. -М.: Просвещение, 1983. -73 б.
  3. Баскетбол: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы / Ю.М.Портнова. — М.: — 476 б.
  4. Баскетбол: Дене тәрбиесі институтына арналған / Ю.И.Львов.,  Ю.М.Портнов.,  И.Н.Преображенская т.б. М: ФиС, 1988.  -287 б.
  5. Би Клер жене Нортон Кен. Упражнение в баскетбол. Ағылшын тілінен аударылған. -М.: ФиС, 1972. -103 б.
  6. Вуден, Джон Р. Современный баскетбол/ ағылш.тіл.ауд.Е.Р.Яхонтева. — М.: ФиС, 1987. – 254 б.
  7. И.А.Горбашев., Г.Р.Амренова.  Подбор  упражнении  для совершенствования скоростно-силовой подготовленности баскетболистов:  Әдістемелік құрал. -Алматы,  1994. -42 б. /Қазақ дене мәдениеті институты/.
  8. И.Т.Горбашев. Баскетбол  в вузе.  Оқу құралы. — Алма-Ата: КИФК. 1992.            -186 б.
  9. Давыдов М.А Судейство в баскетболе.: М: ФиС, 1983. -128 б.
  10. Л.В.Костикова. Методика ведения научно-исследовательской работы по баскетболу: Әдістемелік құрал. М.: 1980. -246 б.
  11. Б.Коузи., Ф.Пауэр. Баскетбол концепции и анализ /ағылш.тіл.ауд. Е.Р.Яхонтева. -М.: ФиС, 1975. -272 б.
  12. В.В.Кузин,, С.А.Полиевской.  Баскетбол:  Оқудың бастапқы кезеңі. М.: ФиС, 1999. -134 б.
  13. Официальные правила баскетбола для мужчин и женщин. М.: -2000. -112 б.
  14. К.В.Суетнов. Обучение школьников игре в баскетбол: Оқу құралы. -Алма-Ата, 1985. -92 б.
  15. Юный баскетболист: Жаттықтырушылар үшін оқу құралы /ағылш.тіл.ауд./ Е.Р.Яхонтева., М.: ФиС, 1987. -172 б.
  16. Гандбол. Справочник /сост. Н. П. Клусов/. М: 1982.
  17. Зотов В.П., Кондратьев А.И. Моделирование подготовки гандболистов высокой квалификации. Киев: «Здоровье», 1982.
  18. Ивахин Е.И. Ручной мяч. /Лечебное пособие для секций коллективов физкультуры//. М: 1962.
  19. Игнатьев В.Я. Гандбол пособие для ИФК. М: ФиС, 1978.
  20. Клусов Н.П. Ручной мяч в школе. Пособие для учителей. М: ФиС,
  21. Клусов Н. П. Тактика гандбола. М.: ФиС, 1980.
  22. Кудрнцкий В. Н. Гандбол. Минск: «Белорусе», 1977.
  23. Спортивные игры и методика преподавания. Учебник для ИФК (под ред. профессора Портнова Ю. И.). М.: ФиС, 1986.
  24. Латышкевич Л. А., Турчнп  И.Е.,  Маневич  Л.Р. гандбол.  Киев: «Здоровье», 1988.
  25. Теория и  методика гандбола.  Программа для факультетов базовой подготовки ИФК. М.: 1990.
  26. Программа для   ДЮСШ   и   СДЮШОР   (Гандбол).   М.:   советский спорт, 1990.
  27. Правила соревнований по гандболу. М.: ФиС, 1995.
  28. Бриль М. С. отбор в спортивных играх. М.: ФиС, 1980.
  29. Волков В. М., Филин В. П. Спортивный отбор. М.: ФиС, 1983.
  30. Гандбол. Программа для групп начальной подготовки ДЮСШ. М.: ФиС, 1983.
  31. Гандбол. Поурочная программа для учебно-тренировочных групп и групп спортивного совершенствования ДЮСШ. М.: ФиС, 1984.
  32. Положепие о детско-юношеской спортивной школе (ДЮСШ) специализированной детско-юношеской школе Олимпийского резерва (СДЮИЮР). Алматы: Микмолтурспорт, 1996.
  33. Былеева Л.В., Коротков И.М., Яковлев В.Г. Подвижные игры. Учебное пособие для институтов физической культуры. ФиС. М., 1984.
  34. Былеева Л.В., Коротков И.М. Подвижные игры. ФиС. М, 1982.
  35. Коротков И.М. Подвижные игры в занятиях спортом. ФиС, 1971.
  36. Коротков И.М. Подвижные игры для детей. М., «Советская Россия»,
  37. Методические рекомендации к проведению подвижных игр в общеобразовательной школе. Авт. Извекова Е.К., Исаева Н.С., Алма-Ата, 1991.