«Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мазмұны
Кіріспе ……….
І-тарау Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері………………………………………………………………………………
1.1.Төменгі мектеп жасындағы оқушылардағы төзімділікті анықтайтын
факторлар…………………………………………………………………………………………..
1.2. Өсіп келе жатқан организмнің функционалдық жүйелерін
төзімділікті дамыту тәсілдерімен қалыптастыру………………………………
1.3. Спорт секцияларындағы сабақтарда және спортпен шұғылданбайтын балаларда төзімділікті дамыту тәсілдерін мақсатты бағыттай отырып қолданған кездегі төзімділік дамуының әдістемелік негіздері ……………
1.4. Дене шынықтыру сабақтарында төменгі мектеп жасындағы
балаларда төзімділікті арттырудың әдістемесі……………………………………
II- тарау Зерттеуді ұйымдастырудың міндеттері мен әдістері…………………
2.1. Зерттеудің мақсаты және міндеттері …………………………………………………….
2.2. II-IV сынып оқушыларында дене шынықтыру сабақтарында
төзімділікті дамытуға арналған тәсілдерді пайдалану әдістемесін
негіздеу………………………………………………………………………………………………..
2.3. Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай кезеңге бөлу…………..
Қорытынды. …………………………………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………….. ………….
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Адамның негізгі қозғаушы қасиеттерінің бірі ретіндегі төзімділіктің қандай да бір қызметті, әрекетті оның нәтижелілігін төмендетпей, ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттіліктен көрініс табатындығы белгілі. Төзімділік организмнің бұлшық етінің жұмысқа қабілеттілігінің критерийі болып табылады – төзімділік неғұрлым жоғары болған сайын, жұмыс соғұрлым ұзағырақ орындалады және қажып, болдыру соғұрлым табыстырақ жеңіп шығарылады.
Қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытудың ең тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіру мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті шешу — қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуына қол жеткізуіміз деген сөз. Сондықтан да оқушылардың жан-жақты қимыл-қозғалыс қабілеттерін қамтамасыз ету бұдан әрі қоғамдық пайдалы еңбекке және қорғаныс қызметіне даярлау үшін қолайлы жағдайлар тудыра алатын қажетті алғышарт, функционалдық база болып табылады. Төзімділіктің құрамдас бөлігі болып жалпы аэробтық төзімділік табылады, ол бұлшық ет жүйесінің глобальды қызмет етуі кезінде қарқындылығы орташа жұмысты ұзақ уақыт бойы орындауға деген қабілеттілікті анықтайды. Сондықтан да жалпы аэробтық төзімділік бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты даярлаудың бір бөлігі болып табылады.
Төзімділікті дамытудың мектеп оқушыларының өзге де қимыл-қозғалыс қасиеттерімен, дене қасиеттерінің дамуымен және функциялық мүмкіндіктерімен өзара байланысын зерттеудің маңызды мәні бар. Жалпы төзімділікті дамытудың ең тиімді жолдарын анықтау аталған процеске әсерін тигізетін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің осы зерттеуімізде төзімділікті дамытуға ықпал ететін бірқатар факторлардың жас топтарында өзгеруін зерттеу ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта, оның ішінде дене шынықтыру сабақтарында, мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың көптеген аспекттерінің бетін ашатын әдістемелік әдебиеттер санының жеткілікті болғанына қарамастан, қарастырылып отырған проблема әлі де болса өзінің шешімін таба қойған жоқ.
Дене қасиеттерін тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесінде төзімділікті дамытуға арналған күш түсірудің тәсілдері, әдістері және сипаты туралы пікір айтуда пікірлердің бірлігі болмай отыр.
Мамандар төзімділікті әртүрлі тәсілдермен дамытуды ұсынады: максималды пәрменділіктегі жаттығуларды көп мәрте орындау — Шпаков П.Ф. төзімділікті арттыруға бағытталған субмаксималды пәрменділіктегі жаттығуларды орындау — Мамардашвили Ш.А., Полунин Л.И.; 8 — 20 мин бойы үздіксіз жүгіру — Матвеев А.П.
Осылайша 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытуға арналған қандай тәсілді қолданған мақсатқа лайықтырақ келеді деген сұрақ ашық түрінде қалуда.
Мектеп оқушыларында төзімділікті қалыптастыруға деген осындай қарама-қайшылықты көзқарас зерттеудің мақсатын анықтау және педагогикалық экспериментті құру үшін негіз болып қызмет етті.
Жұмыстың мақсаты. Дене шынықтыру сабақтарында 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару.
Зерттеу нысаны. Бастауыш мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу процесі.
Зерттеу тақырыбы. Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдері мен әдістері.
Зерттеу гипотезасы. Жүгіру жаттығуларын 8 — 20 мин бойы үздіксіз орындауды қолдану 8-10 жастағы оқушыларда қимыл-қозғалыс және функционалдық даярлығының тиімділігін арттырады деп болжанады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
2-4 сыныптарда оқитын балалардың дене қасиеттерін тәрбиелеудегі төзімділікті дамытудың тәсілдерін мөлшерлеу анықталған (еркін қарқынмен жүру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүру, қиындатылған жағдайларда жүру, жүрумен үйлестіре отырып, баяу жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүгіру, қойылған заттардың арасынан «жыландай ирелеңдеп» жүгіру, 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру, әр түрлі қарқындылықпен шаңғымен қозғалу, төзімділікті дамытуға арналған эстафеталар, спорт залында — 90 с бойы үздіксіз жүгіру, қозғалмалы ойындар мен эстафеталар);
- төменгі сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында төзімділікті дамыту амалдарының, тәсілдерінің орны анықталды;
- төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ пайдаланудың негізінде II-IV сынып оқушылары үшін дене шынықтыру бойынша авторлық бағдарлама жасап шығарылды;
- төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ пайдалана отырып, 2-4 сынып оқушыларының физикалық және функционалдық күйінің құрылымы анықталды;
- осындай құрылымның негізгі құрамдас бөліктері болып:
фактор I – аэробтық қасиеттер;
фактор II —функционалдық қасиеттер;
фактор III — буындардың қозғалғыштығы;
фактор IV — шапшаңдық және қуаттылық қабілеттері табылатындығы анықталды.
— оқушылардың дене қасиеттерінің даярлық деңгейін және функционалдық күйі мен денсаулығын арттыру үшін бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабақтарында төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың тиімділігі дәлелденген.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы бастауыш мектепте дене шынықтыру сабақтарын төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ қолдана отырып өткізудің мазмұны мен әдістемесін жасап шығарудан және енгізуден тұрады. Зерттеу нәтижелері Алматы қаласының № 131 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларын оқыту, үйрету практикасына енгізілген. Жасап шығарылған әдістеменің әсер етуімен төзімділікке арналған тесттерді орындаған кездегі нәтижелердің өсуі, сонымен қатар функционалдық қабілеттерінің артуы байқалады. Қорғауға шығарылып отырған негізгі ережелер:
- Төзімділікті дамытудың тәсілдері мен әдістерін 2-4 сынып оқушыларында басымырақ пайдалана отырып жасалған бағдарламадағы жаттығулардың «Дене шынықтыру» сабағының базалық және вариативті бөліктеріндегі орны мен ара қатынасы анықталған.
- Эксперименттің соңында өзіне дене қасиеттерін дамытудың келесідей жетекші факторларын:
I – аэробтық қасиеттерді;
II — функционалдық қасиеттерді;
III – буындардың қозғалғыштығын;
IV – шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттерін қосатын, бастауыш мектеп оқушыларының қозғалу даярлығының құрылымы анықталған.
Жүргізілген факторлық талдау төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың дене қасиеттері даярлығының құрамдас бөліктерінің (жалпы төзімділіктің, шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттерінің) және функционалдық көрсеткіштердің (ӨӨС; ОМТ; ОМТ/кг) дамуына әсер еткендігін растап берді.
- Жасап шығарылған әдістемені қолдану төзімділіктің өсуіне, төменгі мектеп жасындағы оқушылардың денсаулық жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға айтарлықтай ықпалын тигізеді. 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру қолданылған эксперименттік топтағы төзімділік көрсеткіштері орташа алғанда 12,4%-ға артты. Функциялық көрсеткіштер (ӨӨС, ОМТ, ОМТ/кг) орташа алғанда 12,5%-ға артты. Ауруға шалдығу деңгейі 2,7%-ға төмендеді.
I-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті
дамыту әдістемесінің негіздері
Зерттеудің төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту жөніндегі әдістемелік тәсілдерге қатысты нәтижелерін зерттеген кезде оны дамыту әдістемесі жөніндегі көзқарастардың қарама-қайшылықты екендігіне назар аудару керек, осы жәйт біздің зерттеуіміздің негізі болып қызмет етті.
Төзімділік терминімен оның нәтижелілігін төмендетпей, қандай да бір іс-қимыл, әрекетті ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттілік түсініледі. Төзімділік — бұл белгіленген бұлшық ет қызметі барысында физикалық қажып, болдыруға қарсы тұру қабілеті.
Ю.Г. Травиннің пікірінше, төзімділікті өлшеу шамасы болып осы уақыт бойы белгілі бір сипаттағы және қарқындылықтағы бұлшық ет қызметі орындалатын уақыт табылады. Осылайша, төзімділік бұлшық ет белсенділігінің белгілі бір деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша бағаланады.
Кейбір авторлар жаттығуды орындау қарқындылығы бойынша күш салулардың келесідей бөлінуін анықтауда:
- шағын – жүрек қысқаруларының жиілігі (ЖҚЖ) 140 cоққы/мин дейін;
- орташа — ЖҚЖ 170 cоққы/мин дейін;
- күшті — ЖҚЖ 190 cоққы/мин дейін;
- шекті — 190 cоққы/мин жоғары.
Төзімділік проблемасымен көптеген отандық және шетелдік зерттеушілер айналысқан болатын. Біздің елдегі де, шетелдегі де көптеген зерттеулер балалар мен жасөспірімдердің қандай да болсын дене қасиеттерін дамыту әдістемесінің қозғалу функцияларының жас заңдылықтарын ескере отырып құрылуға тиісті екендігін дәлелді түрде көрсетіп берді.
Мектептің оқу-педагогикалық процесіндегі төзімділікті дамытудың қандай орын алып отырғандығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шүбәсіз қызығушылық тудырып келеді. Істің мәнісі, бастауыш сыныптарға (1-4 сыныптар) арналған мектеп бағдарламасында төзімділікті дамытудың арнайы міндеті қойылмайтындығында болып отыр. Оқытудың осы кезеңінде шапшаңдық пен ептілікті дамыту барысында төзімділікке де әсер ету жүріп отырады. Бұл үшін алуан түрлі ойындар (ережелері қарапайым етілген қозғалмалы және спорттық ойындар), ұзаққа созылмайтын жүгіру және шаңғымен қозғалу пайдаланылады. Төзімділікке күш түсіруді мөлшерлеудің күрделілігіне орай, мектептерде дене қасиеттерінің даярлығының осы бір құрамдас бөлігінің көрініс табуын көбіне көп шектеп отырады.
Ғалымдарда төзімділікті мектеп оқушыларының денсаулығы үшін зиянсыз қанша жастан бастап дамыту керектігі жөнінде бірыңғай пікір болмай отыр. Бір авторлар төзімділікті ертерек дасмыта бастау керектігі туралы пікір айтуда және бала организміне ұзақ уақыт жүгіру, суда жүзу, конькимен сырғанау және т.б. зиянсыз деп есептейді.
Өзге ғалымдар жалпы төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастау мүмкін болады деп есептейді.
А.П. Макаров жас жүгірушіні даярлаудың бастапқы кезеңінде жалпы төзімділікке маңызды мән беруде. Аралас орын ауыстырудың және бірқалыпты ырғақпен ұзақ уақыт жүгірудің көмегімен төзімділікті жетілдіру төзімділікке арнайы жұмыс істеуге көшу үшін даярлаудың маңызды тәсілі болып қызмет етеді. 2-4 сыныптарда сабақтардың негізгі мақсаты мектеп бағдарламаларының негізінде дене қасиеттерін жан-жақты даярлау болып табылады. Мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың шұғылданушылардың ересек топтарын жаттықтырудың әдістемесінен ерекшеленіп отыруы өте маңызды.
Балалардың организміне циклдік жаттығуларды (жүгіру, шаңғы тебу және т.с.) орындау кезіндегі ұзаққа созылатын күш салулар зиянын келтіре алмайды деп есептегендіктен, кейбір авторлар сонымен қатар спортпен (жалпы алғанда) шұғылдануды ерте бастау қажеттігі туралы пікірлер айтуда.
Алешина M.X. төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастауды мүмкін болады деп есептейді.
Кейбір ғалымдар төзімділікті, күш пен шапшаңдықты кешенді дамытудың, бірақ жалпы төзімділікті аздап күш салумен ұзақ уақыт жұмыс істеу арқылы алдын ала тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсетеді. Осындай тәсілдер ретінде спорттың алуан түрлерін (шаңғы, коньки, волейбол, футбол, ұзақ уақыт қозғалумен байланысты келетін қозғалмалы ойындар және т.б.) пайдалану ұсынылады.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибесі мен зерттеу нәтижелері төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту – олардың жан-жақты физикалық даярлығының маңызды құрамдас бөлігі екендігін көрсетіп отыр. Жалпы дене қасиеттерін даярлаудың басқа да тәсілдерімен ұтымды үйлесімін таба отырып, төзімділікті дамытуға бағытталған жаттығуларға айтарлықтай көп орын бөлінетін сабақтар тек қана төзімділіктің емес, шапшаңдықтың, күштің, қуат қасиеттерінің даму деңгейінің артуына ықпалын тигізеді. Бұл негізгі дене қасиеттерінің арасында тығыз функционалдық байланыс пен өзара себепшілік бар екендігімен түсіндіріледі.
Қазіргі таңда жан-жақты физикалық даярлық қажет екендігі туралы ереже жалпыға бірдей танымға ие бола бастады. Физиологиялық зерттеулер мен дәрігерлік бақылаулардың мәліметтеріне арқа сүйей отырып, кейбір авторлар мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің жалпы жүйесінде төзімділікке бағытталған дене жаттығуларын пайдалануға жол беруге болады, бірақ тәсілдерді дұрыс таңдау және күш түсулерді мұқият мөлшерлеу шарты орындалуға тиіс деп санайды. Жекелеген отандық және шетелдік мамандардың айтқан пікірінше, балалық шақтың өзінде-ақ төзімділікті дамытуға үшін қолайлы алғышарттар бар.
Қолданылатын педагогикалық әдістердің (жол берілетін күш салулар, жаттығу жұмыстарының, арнайы және жалпы дене қасиеттері даярлығының амалдарының қарқындылығы мен көлемдерінің ұтымды өзара байланыстары және т.б.) тиімділігін анықтау оқушылардың морфо-функционалдық дамуын бақылаудың негізінде жүргізілуге тиіс. Әсіресе төзімділікке бағытталған жаттығулардың негізгі «ауырлығы» осыларға түсетін жүйке, жүйке-тамыр және тыныс алу жүйелерінің күйін мұқият зерттеу маңызды болып келеді. Осы міндетпен байланысты мәселелер шеңберіне өзіне, жекелей алатын болсақ, жүректі ерте жастан бастап шектінің маңындағы қуаттылықпен ұзақ уақыт жұмыс істеуге бейімдеудің мүмкін болатын зардаптарын зерттеуді қосады. Жүйке жүйесінің, зат алмасудың және реттеудің бүкіл жүйесінің бала жастан басталған, ұзақ уақытқа созылған денеге күш салулармен жүргізілетін жүйелі түрде шұғылданудың нәтижесіндегі күйін зерттеу де қызығушылық тудырады.
Төменгі мектеп жасындағы балалардың аэробтық жұмысқа қабілетін зерттеулер келесіні растап отыр: төзімділікті анықтайтын күш салулар кезіндегі жалпы жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері организмнің аэробтық өнімділігімен тығыз байланысты және жас өсе келе заңды түрде арта түседі. Зерттеулер төзімділікті дамытатын күш салулардың әсерімен шұғылданушыларда тыныш жағдайда жүрек қысқару жиілігінің төмендеуі байқалатындығын көрсетіп отыр. Осылайша, бұл жағдай қан айналымының тиімділігін азайтпай, керісінше, функционалдық мүмкіндіктер диапазонын кеңейте түседі. Жүрек қысқаруларының жиілігі күш салуларға бейімделу барысында жүрекке күш түсу көрсеткіші болып қызмет атқарады.
Тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы күш түсу қарқындылығымен тығыз байланысты. Циркуляциялаушы қандағы анаэробтық метаболиттердің концентрациясы төмен болып қалып отыратын салыстырмалы түрдегі шағын жұмыс қуаты кезінде тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің қанмен жабдықталуына байланысты болып келеді. Қарқындырақ жұмыс істеген кезде және анаробты метаболиттердің, оның ішінде сүт қышқылының жоғары концентрациясы кезінде күш түскеннен кейін тамыр соғуы жұмысының қалпына келуі қанның минуттық көлемінің адекватты арту дәрежесіне байланысты болады.
1.1.Төменгі мектеп жасындағы оқушылардағы төзімділікті
анықтайтын факторлар
Мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту олардың жан-жақты дене қасиеттерінің даярлануының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Төзімділік қимыл-қозғалыс әрекетінің айтарлықтай көлемін орындауға; орындалып отырған жұмыстың жоғарғы деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұруға; айтарлықтай күш түскеннен кейін күштерін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Субмаксималды қарқындылықта жұмыс істеген кездегі төзімділікті және жетілген организмнің қажып, болдыруын зерттеуге арналған жұмыстар көлемінің көп болғанына қарамастан, бұл мәселелер мектеп жасындағы балаларда жеткіліксіз түрде шешілген болып табылады. Төзімділікке әсер ететін факторларды анықтау оны дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің зерттеуімізде дене қасиеттерінің дайындалғандығының осы бір маңызды құрамдас бөлігінің дамуына ықпал ететін факторлардың үлкен шеңберінің жас өсе өзгеруін зерттеуге ұмтылыс жасалды. Әсіресе мұны дене шынықтыру сабақтарының негізгі міндеттеріне кереғар келмеуге тиіс болатын, мектеп жағдайларында төзімділікті дамытуға бағытталған педагогикалық процесті құрған кезде ескерген маңызды.
Жоғарыда айтылып кеткеніндей, төзімділіктің көрініс табуына факторлардың кешені себепші болады. Жалпы қабылданған түсініктерге сәйкес, қарқынды бұлшық ет жұмысын орындаған кезде төзімділік осыларға байланысты болып келетін негізгі факторлар болып өзіне энергиямен жабдықтаудың үш негізгі түрін: аэробты, анаэробты-гликолиздік және анаэробтық лактатты түрлерін қосатын, организмнің аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктері табылады. Өз кезегінде энергиямен жабдықтау көздері қуатпен – энергияның босану жылдамдығымен, сыйымдылықпен – пайдалану үшін жол берілетін субмаксималды қорлардың (майлар, көміртектер, гликоген, аденозин үшфосфорлы қышқыл, креатипфосфат) мөлшерімен және организмдегі метаболалық өзгерістердің жол берілетін мөлшерімен сипатталады.
Б.Ф. Прокудин мен В.Г. Никитушкин келесідей факторларды ажыратуды ұсынады:
- Белгіленген қарқындылықтағы қызметті, іс-әрекетті энергиямен қамтамасыз етудің (аэробтық энергоөнімділіктің, яғни жұмыс істеп тұрған бұлшық ет бірліктеріне оттегін жеткізу (негізінен алғанда орта және ұзын қашықтықтарға жүгіруде және спорттық жүрісте) тиімділігі;
- анаэробтық лактатты энергоөнімділік (көбіне көп орта қашықтықтарға жүгіруде);
- анаэробтық алактатты (фосфатты) энергоөнімділік (көбіне көп қысқа қашықтықтарға жүгіруде, секірулерде және лақтыруларда);
- шұғылданушының координациялық қабілеттері;
— төзімділіктің көрініс табуы үшін жасалатын қимылдардың үйлесімділігі, энергетикалық мүмкіндіктерді шығындаудың үнемділігін анықтайтын іс-әрекеттер кешенін меңгеру маңызды мәнге ие болып келеді. Бұл ретте кемеліне жеткізілген техника энергияны үнемдеуге, күшті сақтап қалуға, келіп жететін шаршап, қажудың дәрежесін төмендетуге, яғни төзімділіктің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
— шұғылданушының ерік-жігер қабілеттері, яғни іс-әрекетті, қызметті орындаудың ішкі де, сыртқы да өзгеріп отыратын орта жағдайларындағы тиімділігін қамтамасыз ететін жеке бас қасиеттері (жолдан тайдыратын факторларға қарамастан, мақсатқа жетуге ұмтылу, шамадан тыс күш түскенде ауыруды жеңіп шығу, қолайсыз жағдайларда жұмыс істеу және т.с.). Сүт қышқылының шамадан тыс жиналуына тұрақтылық (әдетте, орта және алыс қашықтықтарға жүгіргенде).
Б.Ф. Прокудиннің пікіріне сәйкес жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функциялық және биохимиялық экономикаландыру, жеке бас-психика факторлары табылады.
— Жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары және энергия алмасу мен түрлендіруді қамтамасыз ететін жүйелердің функционалдық қуаты (ішкі және сыртқы тыныс алу, оттегін өкпеден жұмыс істеп тұрған органдарға көшіру жүйелерінің қызметін сипаттайтын аэробтық энергия өндіргіштік); анаэробтық лактаттық өндіргіштік); анаэробтық алактатты (фосфатты) өндіргіштік;
— функционалдық және биохимиялық үнемшілдік факторлары жаттығуды орындау нәтижелері мен оған қол жеткізуге кеткен шығындардың ара қатынасын анықтайды; үнемшілдіктің екі қыры бар: техникаға және оны меңгеру деңгейіне немесе жарысу іс-әрекетінің, қызметінің ұтымды тактикасына байланысты болып келетін биомеханикалық үнемшілдік; тотықтырғыш жүйесінің сүт қышқылын жинаусыз энергиясы есебінен жұмыстың қандай үлесі орындалатындығымен анықталатын функционалдық үнемшілдік.
— жеке бас-психикалық факторлар. Оларға жоғарғы нәтижеге жетуге деген мотивация, ұзақ уақыт қызмет етуге, іс-әрекет жасауға тұрақтылық, ерік-жігер қасиеттері (мақсатқа ұмтылғыштық, табандылық, организмнің ішкі ортасындағы қолайсыз қозғалыстарға шыдай білу) жатқызылады.
Жалпы төзімділіктің анықтаушы факторларыеның бірі организмнің жұмыстың қуаттылығына сәйкес қан айналысының тұрақты деңгейін ұстап тұруға қабілеттілігі болып табылады. Бұл ерекшелікті арта түсетін қуаттылықтағы велоэргометриялық күш түсу жағдайларында тамыр соғуының және артериялық қысымның қисығын жалпы қабылданған әдістермен зерттей отырып тексеруге болады.
Жалпы төзімділікті дамыту тәсілдерінің тиімді пайдаланылуын анықтайтын факторлар болып: оларды қолданудың дер кезіндегі мерзімдері, күш түсудің мөлшері мен қарқындылығының дұрыс ара қатынасын, олардың ұтымды реттілігі мен жинақталуын қарастыратын ойластырылған жүйе табылады.
Төзімділікке күш түсіру кезіндегі организмнің жұмысқа қабілеттілігі адамның жасымен тығыз байланысты. Бұл қуаттылығы арта түсетін велоэргометриялық күш түсірумен сынаған кезде айдан анық білінеді. Шұғылданушының жасы неғұрлым көбірек болған сайын, сыналушы қол жеткізетін шекті қуаттың деңгейі соғұрлым айтарлықтай болады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, төзімділікке күш түсірген кезде жұмысқа қабілеттілікті анықтайтын маңызды фактор болып организмнің аэробтық өнімділігі табылады.
1.2. Өсіп келе жатқан организмнің функционалдық жүйелерін төзімділікті дамыту тәсілдерімен қалыптастыру
Қан айналу жүйесінің қалыптасуы және функционалдық күйі балалардың дені сау болуы мен дене қасиеттерінің толыққанды болуының маңызды шарты болып табылады. Қан айналу жүйесінің қызметі заттардың ұлпалық алмасу деңгейін, оның ішінде газ алмасуды да қалыпты ұстап тұруға қызмет етеді. Жүректің салмағы жас өсе келе, дене салмағының артуына сәйкес арта түседі. Төзімділікті жетілдіруге бағытталған жаттығуларды орындаған кезде балалардың жүрек қысқарулары, әдетте, минутына 200 соққыдан арта отырып, айтарлықтай өсе түседі. Зерттеулер қашықтық ұзағырақ болған сайын, жүректің минуттық көлемі соғұрлым көбірек екендігін көрсетіп берді. 800 м жүгіріп өтудің аяғына қарай жүрек уақыт бірлігінде тамырларға өзі лақтыруға қабілетті болатындай қанның мөлшерін лақтырады екен. Баланың дене қасиеттерін тәрбиелеу процесінің тиісті деңгейде өтуі және оны дене қасиеттерін жетілдіру жолымен бағыттау дене қасиеттерін тәрбиелеудегі белгілі бір шарттар кезінде мүмкін болады. Негізгі шарттардың бірі адам организмнің жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады [9; 11; 15]. Сондықтан бұдан әрі төменгі мектеп жасындағы балалардың организмінің маңызды морфо-функционалдық сипаттамаларын және олардың тіршілікті қамтамасыз ететін жүйелерінің күйін қарастыру керек болады. Дене қасиеттерін тәрбиелеу практикасы үшін бала организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің көрсеткіштері денеге күш түсіруді, қимыл-қозғалыс әрекеттерінің құрылымын, организмге әсер ету әдістерін таңдаған кезде жетекші критерийлер болып табылады [10; 20].
Біздің заманымызда педагогика ғылымы адам моторикасының дамуының заңдылықтары туралы үлкен фактілік материал жинақтаған [10, 14;].
Төменгі мектеп жасында (7 жастан 10 жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі, сонымен қатар дене қасиеттерінің дамуы мен ойлау қабілеттерінің жетілуі жалғасын табады.
Бастауыш сыныптарда оқитын балалардың бұлшық еттері мен буындары қарқынды түрде дамиды, нығая түседі, бұлшық ет көлемінің айтарлықтай өсімі байқалады. Ірі бұлшық еттер ұсақ бұлшық еттерден ертерек дамиды, сондықтан балалар үлкен амплитуданы талап ететін қозғалыстарды жеңілірек, ал үлкен дәлдігімен ерекшеленетін ұсақ қимылдарды қиынырақ орындайды. Демек, төзімділікті көрсету талап етілетін, циклдік сипаттағы жаттығуларды (жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу) орындау балаларға қимылдардың жоғарғы үйлесімін талап ететін жаттығуларға қарағанда оңайырақ түседі [6].
Қимыл-қозғалыс қызметі қасиеттерінің бастапқы деңгейін, сонымен қатар организмнің вегетативтік жүйелерінің бейімделгіштігін және төзімділікті дамыту барысында олардың өзара әрекеттесу динамикасын анықтау адамның морфологиялық және функционалдық бейімделу көрсеткіштеріне бақылау жасалуын талап етеді. [2; 8]
Организмнің жалпы алғандағы немесе қандай да бір функционалдық жүйесінің жұмысқа қабілеттілік диапазонын қалай анықтауға болады? Осы анықтаудың белгілі қиындығы адекватты күш түсіруді дұрыс таңдау керектігімен байланысты. Осылардың организмнің функционалдық резервтерін анықтауға шын мәнінде мүмкіндік беруі маңызды болып келеді [13; 20].
Ақыр соңында бұлшық еттің тыныштық қалпындағы тыныс алудың минуттыө мөлшерін анықайтын, тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі белгілі бір қызығушылық тудырады. Жас өсе келе тыныс алу жиілігінің абсолюттік мөлшері біршама төмендеп, ал тыныс алу тереңдігінікі болса арта түседі [17].
Тыныс алудың минустық көлемінің өзгерулері қимыл-қозғалыс режимінің көлемі мен сипатына байланысты болып келеді. Зерттеулерге сәйкес, төзімділікті дамытумен жүйелі түрде айналысатын балаларда, басқа топтарға қарағанда, тыныс алудың минуттық көлемі азырақ және, жас өсе келе (демек, шұғылдану стажына да қарай) азаяды. Төзімділікті дамытумен шұғылданып жүрген балалардағы тыныс алудың минуттық мөлшерінің өзгеру динамикасы – жаттығудың тыныс алу жүйесіне үнемдегіш әсер ету көріністерінің бірі .Төзімділікті дамытатын спорт түрлерімен айналысатын 9-10 жасар мектеп оқушыларында, өкпенің максималды вентиляциясының абсолюттік мәні олардың спорттың басқа түрлеріне маманданған құрбыларына қарағанда жоғарырақ келеді.
Төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі шұғылданулардың барысында көптеген спирометриялық көрсеткіштердің: өкпенің өмірлік сыйымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің және т.с. қандай да бір дәрежеде көрініс тапқан оңды қозғалыстары байқалады [5].
Зерттеулер дене қасиеттерінің дамуы мен сыртқы тыныс алу көрсеткіштері арасында айтарлықтай тығыз байланыс байқалатындығын көрсетіп отыр. Әрине, сыртқы тыныс алудың жекелеген көрсеткіштері де өзара корреляцияланып отырады. Демек, төзімділікті дамыту тәсілдерін мақсатқа лайықтап қолдану жағдайларында, организмнің морфологиялық қайта құрылуымен бірге, сыртқы тыныс алу органдарының функционалдық күйі жетіле түседі деген сөз [8; 17].
Жаттығып жүрген балаларда, ересек мектеп оқушыларындағыдай дәрежеде болмаса да, екпінді көлемнің артуы есебінен циркуляцияның минуттық көлемінің артуы айтарықтай көрінеді [4; 15;].
Жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі жаттығулардың, сабақтардың маңызы олардың балғын организмде бар потенциалдық мүмкіндіктерді арттыратын әсерлерімен анықталады. Бұған, соның ішінде жекелей алатын болсақ, гемодинамиканың және басқа да функционалдық жүйелердің функционалдық қайта құрылуы ықпал етеді: ол бұлшық ет тыныштығы жағдайында, организм оған шамадан жоғары талаптар қойылған кезде пайдаланатын бай қорларды жасайтын, функциялардың үнемділігін қамтамасыз етеді [17].
Төзімділіктің физиологиялық негізі болып аэробтық қабілеттер табылады: олар салыстырмалы түрде шағын спецификалы және орындалатын жаттығулардың түріне шағын дәрежеде байланысты болып келеді [6, 4]. Сондықтан, мәселен, егер адам өзінің аэробтық мүмкіндіктерін арттырған болса, бұл оңды жәйт қимылдың алуан түрлі жаттығуларын орындауға септігін тигізеді. Орындалатын жұмыстың қуаттылығы неғұрлым төмен болып, оған қатысатын бұлшық еттердің саны көбірек болған сайын, оның нәтижелілігі соғұрлым азырақ дәрежеде қимыл-қозғалыс дағдысының жетілгендігіне және көбірек дәрежеде – аэробтық мүмкіндіктерге байланысты болады [15; 18; ]. Организмнің вегетативті жүйесінің функционалдық көрсеткіштерінің жақсаруы аэробтық бағытталған барлық жаттығуларды орындаған кезде байқалатын болады. Міне, сондықтан да аэробтық энергетикалық қамтамасыз ету жұмысына жататын төзімділікті жалпы төзімділік деп атайды.
Жұмысқа қабілеттілік адамның табысты тіршілік әрекетін жасауы үшін қажетті төзімділіктің негізі болып табылады [7; 8]. Аэробтық мүмкіндіктер:
- оттегін максималды тұтынудың абсолюттік және салыстырмалы шамасымен анықталатын аэробтық қуаттылықпен (ОМТ);
- аэробтық сыйымдылықпен – бүкіл жұмысқа оттегін тұтынудың қосынды шамасымен;
— анаэробтық алмасу табалдырығымен (ПАНО) сипатталады.
Аэробтық процестердің жоғары қуаттылығының және тұрақтылығының есебінен бұлшық ет ішінің ресурстары тезірек қалпына келеді және жұмыстың өзінің барысында организмнің ішкі ортасындағы қолайсыз өзгерістер жылдамырақ өтеледі, қарқынды күш салуға, жылдамдық-күштік денеге күш түсуге және үйлестірілуі жағынан күрделі қимыл-қозғалыс әрекеттеріне төзімділік қамтамасыз етіледі, сабақтар арасындағы кезеңдердегі қалпына келу процестерінің өтуі жылдамдай түседі деп есептеледі [25; 8].
Төзімділік проблемасының әр түрлі ғылымдар (педагогика, психология, медицина, физиология және т.б.) тұрғысынан зерттелуі мүмкін. Алайда төзімділік қандай аспектте қарастырылса да, өзінің мәнісі бойынша ол адамның жұмысқа қабілеттілігі секілді түсініктен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда дененің жұмысқа қабілеттілігі спорт практикасында ең кең зерттелуде және медициналық-биологиялық та, спорттық-педагогикалық та бағыттағы мамандар үшін зор қызығушылық тудыруда. Дененің жұмысқа қабілеттілігі – спорттық табыстың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі [4; 5]. Бұл қасиет сондай-ақ өндірістік қызметтің көптеген түрлерінде анықтаушы, күнделікті өмірде қажетті, жаттықтырылатын және жанама түрде адамның дене қасиеттерінің дамуы мен денсаулығының хал-жайын, оның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға жарамдылығын көрсететін қасиет болып табылады [14; 2]. Тұжырымдамалардың айырмашылығына қарамастан, барлық авторлар жұмысқа қабілеттілік адамның орындауға жағдайы бар жұмыстар максимумы, яғни өзі үшін жұмыстың максималды мүмкін болатын көлемін орындауға қабілеттілігі болып табылады дегенде бірауызды болып отыр [14; 12].
Көптеген мамандардың пікірінше, төзімділік еңбек, спорттық және әскери іс-әрекетте нақтылы көрінісін табатын, адам организмінің жалпы қасиеті болып табылады [7; 17; ]. Демек, осы сөздің жалпылама мағынасында төзімділікті анықтаған кезде тар көзқарас болмауы керек. Өте күрделі құбылыс болып келетіндіктен, бұл анықтама әр түрлі жақтарды, қырларды қамтуы керек. Аталмыш құбылыстың буындарының бірі, жекелей алар болсақ, қандай да болсын қызметті, іс-әрекетті орындауға орай дененің жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуінен көрініс табатын қажып, болдырумен, қалжумен тығыз байланысты [5; 15]. Қажып, болдыру механизмдерін және оның даму кезеңдерін білу мектеп оқушыларының функционалдық күйін және жұмысқа қабілеттілігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Адамның қажып, болдыруының негізгі және объективті белгісі оның дене жұмысына қабілеттілігінің төмендеуі болып табылады. Алайда жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі әрқашан да қажып, болдыру белгісі бола бермейді. Дене жұмысына қабілеттілік адамның жоғары температура мен ауаның ылғалдылығы және т.б. секілді қолайсыз жағдайларда болуының салдарынан төмендеуі де мүмкін .
Екінші жағынан алсақ, орташа күш түсірумен ұзақ уақыт жұмыс істеу айқын білінетін қажып болдыру фонында, бірақ өнімділіктің төмендеуінсіз өрбуі мүмкін [6: 10]. Демек, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі оның нақтылы орындалған дене жұмысының салдарынан болғандығы белгілі болғанда ғана қажып, болдыру белгісі болып табылады [7]. Қажып-болдырған кезде жұмысқа қабілеттілік уақытша төмендейді, ол күн сайынғы күнделікті демалыс кезінде жылдам қалпына келеді. Қажып, болдыру күйінің өз динамикасы бар – жұмыс кезінде күшейе түседі және демалыс барысында азаяды [19; 2]. Қажып, болдыруды дене іс-әрекетінің, жұмысының барысындағы организм күйінің табиғи, қалыпты функционалдық күйі ретінде қарастыруымызға болады [6; 14]. Қажып, болдыруды бағалаудың келесі бір маңызды критерийі организм функциясының жұмыс істеу кезінде өзгеруі болып табылады. Бұл ретте қажып, болдыру дәрежесіне сәйкес функционалдық өзгерістер әр түрлі сипатқа ие болуы мүмкін. Қажып, болдырудың бастапқы кезеңінде клиникалық-физиологиялық көрсеткіштер тұрақсыздығымен және өзгерістердің әр түрлі бағытталған сипатымен ерекшеленеді, алайда олардың ауытқулары, әдетте, физиологиялық нормативтердің шегінен шықпайды [16; 10].
Созылмалы қажып болдырған кезде, әсіресе шамадан тыс қажып, болдырғанда, бір мезгілде адамның кәсіптік қызметінің деңгейі төмендей отырып, организмнің барлық функционалдық көрсеткіштерінің бір бағытта айтарлықтай нашарлап кетуі орын алады [7; 14]. Қайталанып отыратын қоздырғыш кезінде жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне себепші болатын негізгі механизм қозу іздерінің қозғалу анализаторының қыртыс бөлімдерінде ұзақ уақыт жинақталуы болып табылады, ол қозғалу жүйесінің элементтерінің қозушылығының төмендеуіне және тұрақсыздығына алып келеді [6, 2].
Осылайша, бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, жоғары дене жұмысына қабілеттіліктің негізінде жұмыс істеу қозғалыстарының қарқыны ұлғайған кезде бұзылып, жұмысқа қабілеттілік деңгейін төмендетуі мүмкін, қозу мен тежелу процестерінің оптималды кезектесіп отыруы жатыр [7; 15]. Дамып келе жатқан қажып, болдырудың себебі қарқынды немесе ұзаққа созылған іздік қозудың жинақталуы болып шығады. Бұл ретте, жұмыс істеу қозғалыстарының қарқыны неғұрлым жоғары болған сайын, қозу іздері соғұрлым қарқындырақ жинақталады және қозғалыс аппаратының жүйке орталықтарындағы болатын тежелудің даму жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Алайда қазіргі кездегі зерттеудің электрофизиологиялық және биохимиялық әдістері және олардың негізінде алынған эксперименттік мәліметтер қажып, болдырудың себептерін қандай да бір жалғыз ағзада немесе ағзалар жүйесінде, оның ішінде жүйке жүйесінде болатын өзгерістерге әкеп таңуға мүмкіндік бермей отыр. Демек, алғашқы қажып, болдырудың пайда болуын қандай да бір жүйеге таңу, телу дұрыс емес. Организм функцияларының күйіне және адамның іс-қимыл, қызметінің сипатына байланысты, қажып, болдырудың бастапқы пайда болуы организмнің әр түрлі ағзаларында және жүйелерінде вариативті байқалуы мүмкін [17].
Бұлшық ет жұмысы қызметке, қимылға көптеген ағзалардың тартылуымен және организмде адамның нақтылы қызметін, әрекетін қамтамасыз ететін, бейімделудің арнайы функционалдық жүйесінің қалыптасуымен байланысты. Сондықтан да жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне тек қана жүйке жүйесінде ғана емес, басқа да жұмыс буындарында – қаңқа бұлшық еттерінде, тыныс алу, қан айналу ағзаларында, қан жүйесінде және т.б. функционалдық өзгерістердің пайда болуы әсерін тигізеді [3; 15].
Осылайша, дененің қажып, болдыруы туралы қазіргі түсініктерге сәйкес ол, біріншіден, көптеген ағзалар мен жүйелердегі функционалдық өзгерістердің дамуымен, екіншіден, осылардың функцияларының нашарлап кетуі дене жаттығуларының қандай да бір түрі кезінде байқалатын, ағзалар мен жүйелер қызметінің әр түрлі үйлесімімен байланысты [6; 16].
Сонымен, қажу, болдыру организмнің жұмысқа қалыпты физиологиялық реакциясы болып табылады. Бір жағынан алғанда ол, жұмысты доғарып, демалысқа көшуге белгі бола отырып, организмнің шекті әлсіреуіне, оның патологиялық күйге өтуіне кедергі келтіретіндіктен, жұмыс істеп жатқан адам үшін өте маңызды фактор болып қызмет атқарады [12]. Осымен қатар, организм функцияларын жаттықтыруға, олардың жетілуіне және дамуына ықпал ете отырып, қажып, болдыру айтарлықтай роль ойнайды [2; 19]. Екінші жағынан, қажып, болдыру адамның жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, энергияны тиімсіз шығындауына және организмнің функционалдық қорларының азаюына алып келеді. Қажып, болдырудың осы бір қыры тиімсіз, спорттық күш салулардың ұзақ уақыт орындалуын бұзатын қыры болып табылады [9: 15].
Функционалдық жүйе өзінің құрылымдық негізін өзгертіп, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерін икемділікпен пайдалану қабілетіне ие. Мақсатты бағытталған жаттығулардың әсер етуімен функционалдық жүйенің жетілуі жүріп отырады, мұның өзі метаболалық процестердің үнемді, өнімді өрбуге жөнге салынуына алып келеді, жоғары энергетикалық потенциалдың жылдам қалпына келуін пайдалану үшін жағдайлар жасайды. Сондықтан, бұлшық еттің жұмысқа қабілеттілігі туралы қазіргі түсініктер төзімділік деңгейінің жаттығулардың қарқындылығына және қозғалыс аппатарының мүмкіндіктеріне себепші болатын реттеу процестерінің жетілгендігіне байланысты екендігін куәландырып отыр [15; 17]. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі барлық энергия шығындары дене қызметінің өзінің барысында жүретін, ұлпаның тотығу реакцияларымен қамтамасыз етіледі [9; 10]. Осыған орай, төзімділіктің даму деңгейін сипаттайтын жетекші факторлардың ішінде аденозинтрифосфорлы қышқыл (АТФ) ресинтезінің биохимиялық процестерін бөліп көрсетуге болады. Шамасына және қарқындылығына байланысты тиісінше оттегіне сұраныстың құрылымы өзгеріп отырады, осыған орай АТФ ресинтезінде биохимиялық реакциялардың аэробтық және анаэробтық жолдары басым болып келеді [4, 8]. АТФ ресинтезінің ең тиімді механизмі тыныс алу фосфорилденуі болып табылады, оның белсенді көрінуі үшін бұлшық еттердің орындалып жатқан жұмысқа адекватты оттегімен жабдықталуы қажет болады [3: 16]. Спорттың циклдық түрлерінде төзімділіктің даму деңгейін талдаған кезде көптеген авторлар оттегін максималды тұтыну (МПК) мен стайерлік жүгірудегі, суда жүзудегі, шаңғы жарыстарындағы, ұзақ қашықтыққа конькимен жүгірудегі нәтижелер арасындағы жоғары корреляциялық байланыстың бар екендігін атап көрсетеді [7; 17]. Көптеген авторлардың пікірінше [3; 17], оттегін жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге тасымалдау жүйесінде ОМТ-ның жоғары шамаларына қол жеткізудегі негізгі буын қан айналымы аппараты болып табылады. Оттегін тұтынудың максималды деңгейі жүректің өнімділігіне байланысты болып келеді. Бұл ретте төзімділікті дамыту жүрек бұлшық етінің систолалық көлемін арттыру негізінде жүзеге асырылады. 80-100 cоққы/мин бастап 170-190 cоққы/мин дейінгі диапазонда сақталатын сызықтық тәуелділік жүректің өнімділігімен және оттегін тұтыну деңгейімен атап өтіледі [15; 10].
9-10 жаста, қыз балалармен салыстырғанда, ұл балаларда өкпе вентиляциясы айтарлықтай аса түседі. Оның шамалары да балалардың дербес ерекшеліктеріне байланысты айтарлықтай кең шамада өзгеріп отырады. Өкпе вентиляциясының оқушылардың бойымен және салмағымен байланысы әсіресе айқын көрінеді. Баланың бойы мен салмағы неғұрлым көбірек болса, әдетте вентиляция да соғұрлым көбірек болады. 3-4 сынып оқушыларының тыныс алу аппараты азырақ өнімділікпен қызмет атқарады. Вентиляцияланатын ауа көлемінің бірлігіне олардың организмі ересек жастағы балаларға қарағанда оттегін азырақ сіңіреді [17; 6].
Төменгі мектеп жасында, ересектерге қарағанда, өкпе ұлпасының созылғыштығы азырақ болады. Осыған сәйкес, тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысы оқушыларда салыстырмалы түрде азырақ тиімді жағдайларда жүреді. Осыған сәйкес тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысы оқушыларда салыстырмалы түрде қолайсыздау жағдайларда жүреді. Осыған сәйкес, тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысы оқушыларда салыстырмалы түрде пайдасыздау жағдайларда жүреді. Өкпені вентиляциялайтын ауаның әрбір литріне энергияның шығындалуы ересектеу жас өкілдеріне қарағанда, балаларда көбірек болып келеді [4; 8]. 9-10 жаста тыныс алуды реттеу ересектерге қарағанда өзгеше альвеола ауасының құрамында өтеді. Баланың тыныс алу орталығы өкпе вентиляциясының жоғары деңгейін және оттегінің альвеолаларда көбірек шоғырлануын қамтамасыз етеді Балалардың ересектер секілді тыныс алуды соншама ұзақ кідірте алмайтындығы анықталған. Тыныс алуды кідірту 3-4 сынып оқушыларында қанның оттегімен қанығу пайызы шамалы ғана төмендеген кезде, көбіне көп ересектердегі 80-85% — дың орнына 90-92% — ға дейін төмендеген кезде үзіледі. Алайда, зерттеулер балалардағы тыныс алу орталығының қозушылығы ересектердің тыныс алу орталығының қозушылығынан аса қатты ерекшелене қоймайтындығын көрсетіп отыр. Тыныс алуды кідірткен кезде диафрагманың еріксіз қысқаруы ересектерде де туындайды. Тұйық кеңістікте тыныс алған кезде балалар, тыныс алуды кідірткенге қарағанда, қанның оттегімен қанығуының көбірек төмендеуіне төзеді.
Осылайша, жас ерекшелікері әдетте тыныс алу қимылдарын ерікті түрде басудың бірдей емес қабілеттілігінен көрініс табады. Осындай қабілеттілік кіші жастағы мектеп оқушыларында ересектерге қарағанда айтарлықтай аз болып шығады [15].
Бұл мәліметтерді тыныс алу мен қан айналымы аппараттарына жоғары талаптар қоятын физикалық күш салуларды мөлшерлеген кезде ескеру қажет [16; 2].
9-10 жаста жүйке жүйесінің морфологиялық дамуы толығымен дерлік аяқталады, алайда функциялық көрсеткіштердің қалыптасуы әлі де болса аяқтала қоймайды. Қозу процестері ішкі сақтандырғыш тежеу процестерінен басым болады, бұл жүйке жүйесінің қозғалғыштығының төмендеуіне және қажып, болдырудың пайда болуына әсерін тигізеді [8, 19]. Т.Ю. Круцевичтің пікірінше [9], оларды игеру барысында барлық қимылдарды орындауға бала организмінің барлық дерлік афферентті жүйелері қатысады, бұл ретте қозғалу анализаторы бас миы қыртысының барлық анализаторларының кешеніндегі негізгі біріктіруші буын болып табылады.
Демек, жүрек-қан тамыры мен тыныс алу жүйелері жеткілікті дамуына жетіп, оттегін максималды тұтынудың мәні арта түсетін осы жылдары төзімділікті дамытқан пайдалы әрі тиімді болып келеді [6].
Балалардағы негізгі алғышарттар болып функциялардың көпшілігінің резервтік мүмкіндіктерінің кеңеюі табылады. Қаңқа бұлшық еттерінің негізгі массасы оларда 1 типтегі талшықтардан тұрады (аэробтық энергетиканың басым болуымен сипатталады) [17]. Оның үстіне бұлшық еттердегі тотығу процестері үшін жауап беретін ферменттердің шоғырлануы мен белсенділігі өте жоғары, сондықтан да осы жаста жалпы төзімділікті дамытқан бәрінен де тиімді [3; 6].
Ғылыми әдебиетті талдау осыларды, біздің пікірімізше, дене шынықтыру сабақтарында алуан түрлі тәсілдер мен әдістерді жоспарлаған және пайдаланған кезде ескеруіміз тиіс, бастауыш сынып оқушыларының организмінің маңызды морфологиялық-функционалдық сипаттамаларын анықтауымызға мүмкіндік берді.
Балалық шақ кезеңіне тән ерекшелік болып ең алдымен ұлпа ақуыздарының қарқынды синтезделуімен байланысты болып келетін, қарқынды жүретін морфогенез процестері табылады. Ақуыздарды синтездеу олардың ыдырауынан басым болады. Осыған орай балаларда ақуызға деген қажеттілік оған деген ересек адамдардағы қажеттіліктен бірнеше есе артып түседі. Бұл синтез бірінші кезекте энергияның ағып келуін талап етеді және энергияға бай фосфор қосылыстарының шығындалуымен байланысты. Осыдан барып балалардағы энергетика алмасуының қарқындылығы ересектерге қарағанда жоғарырақ келеді.
Тотығу процестерінің өрбу қарқындылығының артуының себебі болып негізгі алмасу жағдайларында салмақтың 1 кг-на жылудың бір сағатта бөлінуінің және тұтынылатын оттегі мөлшерінің артуы табылады. Негізгі алмасудың мөлшері ересек адамдарға қарағанда, балаларда жоғарырақ. Жас неғұрлым кіші болған сайын, осы көрсеткіш те соғұрлым жоғарырақ келеді [5].
Ю.С. Ванюшиннің пікірінше [3], негізгі алмасу жағдайларында ересектерге қарағанда көбірек болатын оттегін сіңіру қарқындылығымен қатар, оттегін максималды сіңіру мүмкіндіктері балаларда бұлшық ет қызметі кезінде ересектерге қарағанда азырақ. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер оларға қол жетерліктей оттегін максималды тұтынуды ұзақ уақыт бойы ұстап тұра алмайды. Балалардағы оттегін максималды тұтынудың азырақ шамасы ішінара алғанда сыртқы тыныс алу функциясына, организмнің оттектік сыйымдылығына және жүрек-қан тамыры жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Балалар мен жасөспірімдер организмнің оттегіне деген қажеттіліктерін сыртқы тыныс алу ағзаларының қауырттырақ жұмыс істеуімен, жүректің қызу жұмысымен қамтамасыз ете алады [18; 10].
Бұл ретте бала организмінің маңызды ерекшелігі төменірек арттериялық қысым, жүрек қызметінің азырақ жетілген жүйкелік реттелуі болып табылады. Сондықтан да, бірдей орындалатын жұмыс балалар мен жасөспірімдерде, ересек жастағы оқушыларға қарағанда, жүрек-қан тамыры жүйесінің анағұрлым көбірек жұмыс істеуін талап етеді [9; 15]. Ересек адамның организміне қарағанда, жұмыс қарқындылығының кез келген артуы бала организміне анағұрлым қымбатырақ түседі.
Міне, сондықтан да бұлшық ет жұмыс істеген кезде балалардағы жүрек қызметінің күшеюі негізінен алғанда жүрек қысқару жиілігінің артуы есебінен жүреді. Тамыр соғуы ересек адамның шамаларына жетеді, ал артериялық қысым болса шамалы ғана өзгереді [8; 16].
Бұлшық ет тыныштығы жағдайындағы спирометриялық мәліметтердің балаларды балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің төзімділікті дамытатын спорт түрлері бойынша бөлімдеріне спорттық іріктеген кезде белгілі бір шамаға ие болуы мүмкін екендігі практикалық тұрғыдан алғанда маңызды болып келеді [7; 14].
Жалпы қабылданған түсініктерге сәйкес, организмнің аэробтық өнімділігін ең көп дәрежеде оттегін максималды тұтыну мөлшері анықтайды [6; 8]. Аэробтық өнімділік тыныс алу мен қан айналысы жүйелерінің функционалдық қабілетіне байланысты. Сондықтан оттегінің максималды тұтынылуын анықтау – организмнің осы бір аса маңызды функцияларының даму диапазонын анықтаудың сенімді әдісі.
Оттегін максималды тұтынудың деңгейі көбірек шамада дене салмағына, әсіресе оның белсенді массасына байланысты келетіні белгілі [14; 11].
Оттектік тамыр соғуының шамасын анықтауға зор маңыз беріледі. Өзімізге белгілі болып отырғанындай, оның шамасы бойынша жүректің әрбір қысқаруына оттегінің қанша миллиметрі келетіндігін (сіңірілетіндігін және тасымалданатындығын) біліп отырады. Оттектік тамыр соғуын анықтау жүрек жұмысының үнемділігі туралы жанама түрде топшылауға, тұжырым жасауға мүмкіндік береді және субмаксимальды қарқындылықтағы күш түсірулер кезінде әсіресе құнды ақпарат бере алады. Жас өсе келе оттектік импульстің шамасы айтарлықтай арта түседі [7; 19].
Төзімділікті талап ететін күш түсіру барысында ішке енгізілетін ауадан оттегін пайдалану пайызының төмендеуі шұғылданушылардың жасы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым жиірек және ертерек жүретіндігі қызғылықты жәйт [17].
Осылайша, саты түрінде арта түсетін күш түсулер кезіндегі тыныс алу аппаратының функционалдық мүмкіндіктері туралы мәселе шешіліп жатқан кезде, өкпе вентиляциясы мен оттегін тұтыну шамаларын, мөлшерлерін бір бірінен оқшаулай қарастыру мақсатқа лайықты емес [7].
Төзімділік көрсеткіштерінің бірі болып қуаттылығы айтарлықтай жоғары, ұзаққа созылған жұмысты орындағаннан кейінгі оттектік борыш (кислородный долг) шамасы қызмет етеді [3; 2]. Қуаты арта түсетін велоэргометриялық күш түсірудің көмегімен төзімділікке сынау оттектік борыштың абсолюттік шамасы жас өсе келе арта түсетінін көрсетіп отыр [18]. Мұны оттектік борыштың жалпы оттек сұранысының өсуімен және жұмыстың өзінің барысында оттегін тұтынумен қатарлас өсетіндігімен байланыстыруымызға болады. Бұл ретте оттектік борыштың үлкен шамасы оттегі жетіспеушілігіне қатысты көбірек төзімділік, организмнің жоғарырақ анаэробтық жұмысқа қабілеттілігі туралы куәландыруы мүмкін [7,12].
Осылайша, көптеген ғалымдардың [14; 16] төзімділік – бұл бұлшық еттің іс-әрекет жасауы барысында физикалық қажып, болдыруға қарама қарсы тұру қабілеттілігі деген пікірлері үйлесіп отыр. Қандай да бір әрекетті орындауға орай жұмысқа қабілеттілік деңгейінің төмендеуінен көрініс табатын қажып, болдырудың организмнің жұмысқа деген қалыпты реакциясы болып табылатындығын атай кетуіміз қажет [6; 17]. Төзімділіктің физиологиялық негізі болып осылардың есебінен бұлшық ет іші ресурстары тезірек қалпына келетін және жұмыстың өзінің барысында организмнің ішкі ортасындағы қолайсыз өзгерістер өтелетін аэробтық қабілеттер табылады [2; 8]. Кейбір ғалымдар [7; 14] төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділіктің көрініс табуының келесідей негізгі құрамдас элементтерін бөліп көрсетеді: белгіленген тиімділіктегі әрекетті энергиямен қамтамасыз ету тиімділігі, үйлестіру қабілеттері, ерік-жігер қабілеттері, сүт қышқылының шамадан тыс жинақталуына тұрақтылық. Жоғарыда айтылғанның бәрі дене жаттығуларымен мақсатты бағыттай шұғылданудың организмнің орталық және перифериялық жүйелерінің қызметін жетілдіретіндігін, жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің энергиямен қамтамасыз етілуінің тиімділігін арттыратындығын, мұның өзі төзімділіктің дамуына жәрдем ететіндігін көрсетіп отыр.
1.3. Спорт секцияларындағы сабақтарда және спортпен шұғылданбайтын балаларда төзімділікті дамыту тәсілдерін мақсатты бағыттай отырып қолданған кездегі төзімділік дамуының әдістемелік негіздері
Төменгі сыныптарда төзімділікті дамыту жөніндегі жұмысты бастай отырып, алуан түрлі физиологиялық бағыттағы күш түсірулерді ұтымсыз түрде үйлестіру осы дене қасиетінің көрсеткіштерінің жақсаруына емес, керісінше, нашарлап кетуіне алып келуі мүмкін болатындықтан, дене шынықтыру сабақтарын құрудың белгілі бір логикасын ұстану қажет.
Төзімділікті дамытқан кезде ең алдымен зейінді жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің функцияларын жетілдіре, тірек-қимыл аппаратын күшейте отырып, аэробтық мүмкіндіктерді дамытуға шоғырландыру қажет[7; 2; 6]. Бұл міндет әдістемелік жағынан алғанымызда онша қиын емес, алайда өзінің шешілуі үшін белгілі бір ерік-жігермен күш салуды, талаптардың күрделенуінің біртіндеп жасалуын, сабақтарды өткізу тәсілдері мен жүйелілігін қолдану дәйектілігін талап етеді [11; 14].
Жалпы төзімділікті дамыту үшін ұзақтығы 15-20 мин кем болмайтын, аэробтық режимде стандартты үздіксіз, айнымалы үздіксіз және интервалды күш түсірумен толтырылып отыратын циклдық жаттығулар кеңірек қолданылады. Бұл кезде бірқатар талаптарды ұстанады [9; 9].
— Қол жетерлігі. Бұл ереженің мәнісі күш түсіру талаптарының шұғылданушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келуге тиіс екендігінен тұрады. Жасы, жынысы, жалпы дене қасиеттерінің даярлық деңгейі ескеріледі.
Жаттығулар барысында, белгілі бір уақыттан кейін, адамның организмінде физиологиялық күйдің өзгеруі, яғни күш түсіруге бейімделу жүріп отырады. Демек, күш түсірудің қол жетерлігін оны күрделендіру жағына қарай қайта қарастыру қажет. Осылайша, төзімділікті дамытудың аталған ережесі шұғылданушының организміне, денсаулық үшін зиян келтірмей, әсер етуінің оптималды алғышарттарын жасайтын талаптардың қиындығын көрсетеді.
- Жүйелілігі. Дене жаттығуларының тиімділігі, яғни олардың адам организміне әсер етуі көбіне көп күт түсіру талаптарының жүйесімен және әсер ету дәйектілігімен анықталады. Жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі оңды өзгерістерге сабақ процесінің үздіксіздігі, сонымен қатар күш түсіру талаптары мен демалыстың қатаң қайталанғыштығы сақталған жағдайда қол жеткізу мүмкін болады. Мысалы, жүгіру қолданған жағдайда ол жүрумен үйлесіп отыруға тиіс.
- Біртіндеп жасалуы. Бұл ереже күш түсіру талаптарын жүйелі арттырудың жалпы тенденциясын көрсетеді. Жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелеріндегі айтарлықтай функционалдық қайта құруларға, күш түсіру біртінлеп арта түскен жағдайда қол жеткізуімізге болады. Демек, күш түсіруді арттыру шамасын және организмнің әр түрлі жүйелерінде қол жеткізілген қайта құруларды бекіту ұзақтығының шамасын табу керек. Бірқалыпты жаттығу әдсін қолдана отырып, ең алдымен күш түсірудің қарқындылығын және ұзақтығын анықтау қажет. 8-10 жасар мектеп оқушылары үшін жұмыстың ұзақтығы 10-15 мин. аспауға тиіс.
Осы кезеңдегі жетекші роль оқыту-тәрбиелеу процесінің ойын түрінде жүргізілуіне тиесілі болып келеді. Алуан түрлі қозғалмалы ойындарға ерекше орын бөлінеді. Аталған жағдай төменгі сынып оқушысының организмінің негізгі жүйелерінің қызмет ету ерекшеліктерінің дәл осы ойын қызметіне ең көп дәрежеде тән екендігімен байланысты [2; 9]. Ойын әдісінің табиғатын жалпы алғанда ойынның мәнісін ашу негізінде ғана түсінуге болады. Ойын алдын ала белгіленген шарттылықтар шеңберінде адамның жүріс-тұрысын көрсететін, нақтылы өмір элементтерінің өзіндік үлгісі ретінде қарастырылады.
Ойын әдісінің мәнісі оқушылардың қимыл-қозғалыс іс-әрекеті ойынның мазмұны, шарттары және ережелері негізінде ұйымдастырылатындығынан тұрады [15].
Төменгі сынып оқушыларында жалпы төзімдлікті дамыту үшін айналма жаттығудың тиімділігі расталып отыр. Бұл әдіс қатаң шектей және дербес мөлшерлей отырып, уақыттың шектеулі және қатаң лимиті жағдайларында, шұғылданушының жаттыулар сериясын дәйекті түрде орындауын қарастырады. Айналма жаттығу әдісін қолданған кезде мектеп оқушыларында алдын ала жоспарланып қойылған қимыл әрекеттерінің алгоритмі жасалады, жаттығуларды орындаған кездегі ұйымдасқандық тәрбиеленеді. Оқушылар жаттығуларды әдетте залдың немесе спорт алаңының шеңбері бойынша орналасқан, арнайы дайындалған жерлерде («станцияларда») орындайды. Әдетте шеңберге 4-тен бастап 10-ға дейін жаттығулар («станциялар») енгізіледі. Әр «станцияда» қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерінің бір түрі орындалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің міндеті организмді сауықтыру және гармониялы дамыту болып табылатындығын ескере отырып, организмнің функциялық мүмкіндіктерін арттыратын, бұлшық еттердің барлық топтарына әсер ететін жаттығуларды іріктеп алған мақсатқа лайықты іс болып келеді. Бүкіл шеңбер 1-реттен 3 ретке дейін үздіксіз немесе белгілі бір дем алу интервалымен (толық, напряженный, минимакс интервал) өтіледі.
Әр «станцияда» жаттығуларды орындағаннан кейінгі дем алудың сипаты енжар болуы, яғни шұғылданушы ешқандай жұмыс жасамайды, және жаттығулар сериясын орындау арасындағы үзіліс жүрудің әр түрлі варианттары, тыныс алудың қалпына келуіне септігін тигізетін жаттығулар және т.с. түріндегі қосымша қимылмен толықтырылатын белсенді болуы мүмкін.
Ұзаққа созылатын үздіксіз жұмыс әдісі бойынша айналма жаттығу «станцияларда» жаттығулар орындау арасындағы демалысқа үзіліссіз жүргізіледі, шеңберді өту уақыты 5 минуттан 10 мин дейін, бір «станцияда» жұмыс істеу ұзақтығы орташа немесе үлкен қарқынмен 30-60 с. Энергия шығындалуы әлі көп емес, жаттығуларды орындаудың орташа қарқындылығы кезінде тыныс алу және қан айналу ағзалары көп күш түспей-ақ, организмді оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіп отырады. Жаттығуларды орындау қарқындылығын арттырған кезде шұғылданушының организмі бұл кезде энергияға деген сұраныс (оттегінің сұранысы) максимальды аэробтық мүмкіндіктерге тең болатын жағдайға жетеді.
Сондай-ақ айналма жаттығуды интервалмен жұмыс істеу режимінде табысты қолдануға болады, ол 5-12 жүргізіледі, әр «станцияда» субмаксимальды айнымалы қарқындылықпен жұмыс істеу уақыты 30-45. «Станциялар» арасындағы демалыс 30-60 с., шеңберлер арасындағы демалыс 3 мин. Оқушылар орындауға тиіс жаттығуларды бұлшық еттердің барлық топтары іске қосылатындай етіп іріктеп алу керек.
Мұнда мыналар болуы мүмкін: көп мәрте секірулер, жүгіру, секіргішпен секірулер, қолды тіреп төмен түсу-көтерілу, салбырап тұрып тартылу, гимнастика қабырғасындағы, орындықтағы жаттығулар және т.с. Міндетті шарт – осы жаттығуларды алдын ала зерттеу, үйрету, оқыту [16; 13].
Айналма жаттығу әдісін қолданған кезде сабақтың моторлық тығыздығы артады, балалардың аэробтық төзімділігін дамыту үшін алуан түрлі жабдықтар мен құралдардың максималды санын пайдалану мүмкіндігі пайда болады.
Сонда да, айналма жаттығу әдісінің жоғары тиімділігіне қарамастан, оның кейбір кемшіліктерін де атай кетпеске болмайды. Жекелей көрсететін болсақ, бір жаттығу сабағында қимыл қасиеттерінің қалыптасуының физиологиялық заңдылықтары әрқашан ескеріле бермейді, қатаң дифференциациялаусыз, олардың тек кешенді дамуы ғана қамтамасыз етіледі; «станцияларда» жаттығуларды орындаудың үздіксіз-ағынды әдісі стандартты (функционалдық мүмкіндіктері әр түрлі шұғылданушылар үшін бірдей) демалу уақытын қарастырады, мұны да мақсатқа лайықты деп тануға болмайды; практикалық тұрғыдан алғанымызда 8-10 «станцияда» шұғылданушыдардың үлкен контингентін ұйымдастырудың өзі стандартты емес құрал мен жабдықтардың айтарлықтай санының болуын талап етеді [17].
Айналма жаттығу әдісінің жоғарыда көрсетілген кемшіліктерін ескере отырып, біздер өз зерттеуімізде осы әдістің дәстүрлі тәсілін біршама өзгерттік: біз мектеп оқушыларының жыныстық, жастық ерекшеліктерін және функциялық мүмкіндіктерін ескердік; бұлшық ет жұмысы дене қасиеттерінің нақтылы құрамдас бөлігін – төзімділікті арттыруға бағытталды. Бұл ретте әр «станцияда» құрылымы бойынша әр түрлі жаттығулар қолданылады, бірақ дәл бір физиологиялық режим сақталынады. Қимылдардың биохимиялық құрылымының өзі ескеріледі, бірақ екінші қатарға қарай ысырылып, дәл сол кезде оларды пайдалану режимдері бірінші қатарға қарай алға жылжиды.
Сабақтарды құрудың осындай әдістемесі әрбір шұғылданушы үшін дене жаттығуларын әр «станцияда» физиологиялық негізделген және оптимальды етіп үйлестірген кезде ғана мүмкін болады.
Бр жолғы күш түсіру болса, оның дербес төзетін шамасына сәйкес таңдап алынады. Уақыт көрсеткіші болып шұғылданушының жұмысты белгіленген қуатты (қарқынды, жылдамдықты) төмендетпей орындауға қабілеттілігі, ал қайтара жұмыс істеуге даярлық критерийі болып – тамыр соғуының белгілі бір шамаларға дейін қалпына келу уақыты табылады.
Максималды қуаттылықта жұмыс істеу тек 5-10 c ішінде, субмаксимальды қуаттылықта — 30-40 с көп емес, орташа және шағын қуаттылықта жұмыс істеу — 60 с бастап және одан көбірек уақытта м.үмкін болады [20].
Сонымен бірге төменгі сынып оқушыларында төзімділікті дамыту үшін циклді жаттығуларда күш түсіруді өзгертіп отырудың қолданылуы да жоққа шығарылмайды. Мәселен, жекелеген жол бөлігін бірқалыпты емес, айнымалы жылдамдықпен, мысалы, аяғына қарай шапшаңдата жүгірумен жүгіріп өтуге (немесе шаңғымен жүруге) болады; жылдамдық өзгермейтін кезде адымдардың ұзындығы мен жиілігі арасындағы ара қатынасты өзгертіп отыруға болады [12; 11].
Бұл ретте кешенді жаттығу мен бір мезгілде барлық дене қасиеттерін дамытудың мақсатқа лайықтылығы туралы есте ұстау қажет.
С. Д. Фомин мен Г.А. Селивановтың [2] пікірінше, егер арнайы іріктеп алынған жаттығулармен көбіне көп бір қасиетті дамытатын болсақ, оның даму деңгейі жоғары болмайды екен. Егер де, бір қасиетті дамытуды жалғастыра отырып, басқа қасиеттерді де дамытатын жаттығуларды қолданатын болсақ, әсер анағұрлым жоғары болмақ.
Осылайша, төменгі сынып оқушыларында төзімділікті тиімді дамыту үшін алуан түрлі дене қасиеттерінің өзара әсер етуіне жағдай жасаған, оларды айқасуына қол жеткізген маңызды болып келеді. Осы әдістемелік тәсілді қолдану белсенді дем алу, қажып, болдырумен күресу және жұмысқа қабілеттіліктің артуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сөз жоқ, ұзаққа созылатын, айтарлықтай көлемді, бірақ қуаты бойынша организмнің функционалдық мүмкіндіктеріне адекватты бұлшық ет жұмысы тұрақты жұмысқа қабілеттілік үшін жауапты, қан айналымының тасымалдау функциясын және организмнің аэробтық өнімділігін ынталандыратын негізгі әдіс болып табылады [6; 15].
Төменгі мектеп жасындағы балаларда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің тиімді әдістері болып: жаттығудың бірқалыпты әдісі, айнымалы әдістің әр түрлі варианттары, ойын және жарыс әдістері мен айналма жаттығу әдісі табылады [4; 11].
Төзімділікті дамыту тәсілдері тыныс алу мен қан айналу жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктер диапазонының кеңеюіне жәрдемдесуге тиіс. Мұндай тәсілдер мыналар болады: ұзақтығы әр түрлі және мөлшерленген қарқындылықтағы жеңіл атлетикалық жүгіру, қозғалмалы және спорттық ойындар, шаңғы тебу [14; 15].
Жаттығулардың көптеген түрлері кезінде динамикалық стереотиптің вегетативті құрамдас бөлігінің қимыл-қозғалыстың циклдік құрылымымен ұқсастығының спорттың алуан түрлерін балаларда жалпы төзімділікті дамыту үшін қолдануға мүмкіндік беретіндігі принципті түрде маңызды [12; 6].
Жас аспектісінде төзімділікті тәрбиелеу проблемасын дұрыс шешу сабақтарда қолданылатын тәсілдер мен әдістерді ұтымды іріктеп алумен, сонымен қатар күш түсірулерді нормалаумен тікелей байланысты [2; 20]. Кешенді жүргізілген педагогикалық және дәрігерлік зерттеулер дене жаттығуларын дұрыс іріктеп алған және қолданған кезде, балалардың жақсы жалпы дене қасиеттерінің күйі мен денсаулығы кезінде, жалпы төзімділіктің айтарлықтай артуына, бейімделу, қан айналысы мен тыныс алу көрсеткіштерінің жақсаруына қол жеткізуге болатындығын көрсетті [9; 17].
Ж.К. Холодов пен В.С. Кузнецовтың пікірінше [20], төменгі мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеген кезде, қарапайым етілген ережелер бойынша қозғалмалы және спорттық ойындармен бір кешенде, ұзақ (бірқалыпты) жүгіруді пайдаланғанда жалпы төзімділіктің айтарлықтай артуына қол жеткізуімізге болады.
Төзімділікті дамытудың негізгі әдісі бірқалыпты және айнымалы қарқынмен жасалатын үздіксіз жаттығулар болып табылады [15; 17]. Жаттығуларды орындаудың ұзақтығына көп көңіл бөлінеді, дәл осы кезеңде кардиореспираторлық жүйенің қызмет ету деңгейі максималды шамаларға жететіндіктен, оттегін тұтынудың жоғарғы деңгейі ұстап тұрылатындықтан, минималды ұзақтық 2-4 мин құрауы мүмкін. Күш түсіру қарқындылығын бақылау жүрек жиырылуы жиілігінің саны бойынша жүзеге асырылады, негізінен алғанда жұмыс 170-185 cоққы/мин. деңгейінде орындалады.
Жүгірумен және оған ұқсас жаттығулармен қатар, төзімділікті жетілдіру үшін осы жастағы оқушыларға қол жетерлік болатын, оқушылардың дербес қимыл-қозғалыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, оңай мөлшерленетін, скакаолка арқылы көп мәрте секірулер де орындалады. Төзімділікті жетілдіруге арналған арнайы жаттығулардан өзге (жүгіру, жүру, шаңғымен қозғалу, скакалкамен секіру және басқа да циклдік жаттығулар) қозғалмалы және спорттық ойындар кеңінен қолданылады.
1.4. Дене шынықтыру сабақтарында төменгі мектеп жасындағы
балаларда төзімділікті арттырудың әдістемесі
Дене қасиеттерін тәрбиелеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға дәстүрлі түрде келу, атап айтар болсақ сабақта дене қасиеттерінің мәдениеті жөніндегі типтік бағдарламаларды қолдану балалар организмінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру және негізгі қимыл-қозғалыс қасиеттерін тиімді дамыту үшін жеткілікті бола бермейді [8; 5]. Осыған орай кіші жастағы мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі жаңа тиімді әдістемелерді жасап шығару және оқытудың тәсілдері мен әдістерінің оқушылардың дене шынықтыру сабақтарына деген қызығушылығын арттыруға, оларда оңды эмоциялық фон жасауға, сабақта қимыл-қозғалыс әрекетін белсенді етуге, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің кешенді дамуына ықпал етуге, септігін тигізуге мүмкіндік беретін үйлесімін іздестіру мәселесі өзекті болып қалуда [13].
Төменгі сыныптарда төзімділікті дамытқан кездегі міндеттердің бірі дене қасиеттерін дамытудың міндетті бағдарламаларында меңгеру үшін қарастырылған, қимыл-қозғалыс әрекетінің әр түрлерінің негізінде жалпы аэробтық төзімділікті үнемі арттыру үшін жағдай жасаудан тұрады [11; 14].
Балалармен шұғылданған кездегі бір сарындылық пен шаблондылық мектеп оқушыларының жылдам қажып, болдыруына алып келеді. Сабақтарды одан да алуан түрлірек етіп құру, оларды жаңа да тартымды, балаларда оңды эмоциялар тудыратын қимылдармен толықтыру қажеттігі туындайды.
Жасы төменгі мектеп оқушыларында төзімділікті
дамытудың тәсілдері мен әдістері
Төзімділікті дамыту өзіне жүгіру жаттығуларынан өзге дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасымен қарастырылған өзге де тәсілдерді енгізуі тиіс; жаттығулар олардың шұғылданушылардың барлық бұлшық ет топтарына әсерін ескере отырып іріктеп алынуға тиіс; бұлшық ет қызметіне кезекпе кезек қолдардың, аяқтардың және дененің бұлшық еттері қатыстырыла алатындай етіп, барлық жаттығуларды белгілі бір реттілікпен орындаған жөн [4; 9].
Кіші жастағы мектеп оқушыларында төзімділікті дамытқан кезде алуан түрлі тәсілдер қолданылады: еркін қарқынмен жүру, қозғалу бағытын өзгерте отырып жүру, жылдам қарқынмен жүру, қиындатылған жағдайларда жүру, жеңілдетілген жағдайларда жүру.
Сонымен бірге әр түрлі ырғақта жүгіру қолданылады: баяу ырғақпен жүгіру, жүрумен үйлестіре отырып баяу жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүгіру, орналастырылған заттар арасында «жыланша ирелеңдеп» жүгіру, үдей отырып жүгіру, үздіксіз ұзақ жүгіру [3; 11].
Дене қасиеттерінің даярлығының төзімділік секілді құрамдас бөлігін дамыту үшін энергия ресурстарын көп шығындаумен, қимылдарды жиі қайталаумен, ойын ережелерімен алдын ала белгіленген ұзаққа созылатын үздіксіз әрекетпен байланысты болып келетін ойындарды іріктеп алған мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды болып келеді. Организмдегі аэробтық процестерді жетілдіру үшін келесідей қозғалмалы ойындарды қолдану ұсынылады: «Қарапайым салки», «Құтқара отырып ойналатын салки», «Қояндарды аулаушы», «Тоннель», бұл ойындарда балаларға уақыт бойынша бес минутқа жуық жүгіре отырып, кең кеңістік бойынша қозғалу мүмкіндігі беріледі. Күш түсірудің қарқындылығын арттыру үшін бірнеше жүргізушіні тағайындауға болады [5].
Также төзімділікті дамытуға арналған очень важную роль играет высокая экономичность выполняемой работы за счет минимума энергетических затрат. Аталмыш жағдайда үлкен спорт алаңында ойналатын «Салки», «Балық аулаушы», «Екі аяз» ойындары қолданылады, мұнда оқушылар 40 секундтан бастап 1 минутқа дейін екпіндеулер жасайды [2].
Төзімділікті төменгі мектеп жасында дамытуды дене қасиеттерін тәрбиелеу процесіне ұтымсыз қарау деп есептейтін авторлар, солай бола тұрса да, егер төзімділікті бастауыш сыныптарда дамытатын болсақ, мұны абайлап, адекватты әдістерді қолдана отырып жасау керектігін атап көрсетеді.
Мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың ең кең қолданылатын әдісі – бірқалыпты әдіс [18; 5]. Ол бірқалыпты жылдамдықпен жасалатын жұмыстың үздіксіз, ұзақ режимімен сипатталады. Бұл кезде жаттығулар максималды қарқындылықпен орындала алады. Төзімділікті дамытудың аталған әдісін қолдана отырып, жаттығуды орындаудың уақыты мен қарқындылығын дәл мөлшерлеп отыру қажет – оқу жылының басында бұл параметрлер азырақ, оқу жылының соңында – арта түседі.
Айнымалы әдіс қозғалу жылдамдығын өзгерту арқылы, үздіксіз жаттығу барысында күш түсуді біртіндеп өзгертумен сипатталады. Төзімділікті дамытудың бұл әдісі төменгі мектеп жасындағы балалардың күш түсуді кезектестіру барысымен әуестеніп, белгіленген қашықтықты жүріп өтуді жеңілірек көтеретіндігімен ыңғайлы болып келеді.
Сонымен қатар, төзімділікті дамыту үшін, жаттығуларды демалыстың қатаң мөлшерленген және алдын ала жоспарланып қойылатын интервалдарымен орындауды қарастырады. Аталған жағдайда демалыстың енжар болмауы өте маңызды. Демалыс ретінде жүруді, тыныс алу жаттығуларын қолдану мақсатқа лайықты болып табылады [6].
Айналма жаттығу әдісі алуан түрлі бұлшық ет топтарына және функциялық жүйелерге әсер ететін жаттығулардың орындалуын қарастырады. әсіресе аталған әдіс спорт залында өткізілетін сабақтар кезінде ыңғайлы [2].
Жаттығуларды жарысу түрінде орындаумен сипатталатын жарысу әдісі дене шынықтыру сабақтарындағы мотивациялық рольді орындайды [8].
Төзімділікті дамытудың ойындық әдісі баланың эмоциялық фоны жоғары деңгейде болып, бала өзінің организмінің шаршағандығы утралы ойларға көңіл бұрмаған кезінде дене жаттығуларын орындау балаға жеңіл түсетіндігімен тиімді болып келеді [2].
Сонымен, біз ғылыми әдебиеттің көмегімен 2-4 сынып оқушыларының организмінің маңызды морфофункционалдық сипаттамаларын анықтадық. Осы жас кезеңіне тән ерекшелік болып морфогенездің ең алдымен ұлпа ақуыздарының қарқынды синтезделуімен байланысты болып келетін, қарқынды жүретін процестері табылады. Осыдан барып балалардағы энергетикалық алмасудың қарқындылығы ересектерге қарағанда жоғарырақ болады. Балалар организмнің оттегіне деген қажеттілігін сыртқы тыныс алу органдарының қарқынды жұмысымен, жүректің қауырт жұмысымен қамтамасыз ете алады. Бірақ та төзімділікті дамытатын, денеге күш түсулердің әсерімен тыныштық қалпында жүрек қысқаруларының жиілігінің төмендеуі байқалады. Бұл жағдай қан айналымының тиімділігін азайтпай, функционалдық мүмкіндіктердің диапазонын кеңейтеді, организм оған аса жоғары сұраныстар қойылған кезде пайдаланатын бай қорларды түзеді.
Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функционалдық және биохимиялық экономизация, жеке бас-психикалық факторлар, сонымен бірге шұғылданушылардың жасы табылады.
Төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі сабақтар барысында организмнің жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштерінің оңды қозғалыстары белгіленеді.
Төзімділікті дамытқан кезде циклдық жаттығулар ең кеңінен қолданылады. Бұл кезде ұсынылатын күш салуларға келесідей талаптарды ұстанған жөн: қол жетерлігі; жүйелілігі; біртіндеп жүргізілуі.
Төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамытудың тиімді әдістері болып: ойын және жарыс әдістері, сонымен қатар айнымалы әдістің алуан түрлі варианттары табылады. Төзімділікті дамыту кезіндегі тәсілдер болып: қозғалмалы және спорттық ойындар, ұзақтығы әртүрлі және қарқындылығы мөлшерленіп отыратын жүгіру, шаңғы тебу табылады.
Жоғарыда тізіп көрсетілгендердің барлығы, дене шынықтыру сабақтарында алуан түрлі тәсілдер мен әдістерді анық жоспарлауды ескере отырып, төзімділікті төменгі мектеп жасынан бастап-ақ дамытудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Сондықтан да біздің жұмысымыздың мақсаты дене шынықтыру сабақтарында 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару болып табылады.
II- тарау. Зерттеуді ұйымдастырудың міндеттері мен әдістері
2.1. Зерттеудің мақсаты және міндеттері
Зерттеудің мақсаты. Дене шынықтыру сабақтарында жалпы білім беретін мектептің 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару.
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін біз зерттеудің келесі міндеттерін айқындап алдық:
- Қазіргі мектеп оқушыларындағы төзімділіктің даму деңгейін анықтау.
- 2-4 сынып оқушыларының дене қасиеттерінің даярлығының құрылымын айқындау және төзімділіктің дене шынықтыру сабағының құрылымындағы орнын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сынып оқушылары үшін төзімділікті мақсатты бағыттай отырып дамыту бойынша дене шынықтыру жөніндегі бағдарламасын жасап шығару.
Зерттеудің әдістері
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері қолданылды:
- Теоретиялық талдау және синтездеу.
II. Эмпирикалық тәсілдер: - Педагогикалық зерттеу әдістері:
а) педагогикалық бақылау;
б) педагогикалық тестілеу;
в) педагогикалық эксперимент.
- Сауалнама жүргізу.
- Зерттеудің медико-биологиялық әдістері:
а) зерттеудің антропометриялық әдістері;
б) зерттеудің физиологиялық әдістері;
в) дәрігерлік бақылау.
III. Математикалық статистика әдістері.
Теоретиялық талдау және синтездеу
Әдеби мәліметтерді талдау құжаттардың мәтінін түсіну процесінің механизміне негізделген дәстүрлі тәсілмен жүзеге асырылды (түсіну, интуиция, ой елегінен өткізу, жалпылау).
Ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерттеу және талдау жұмыстың бағытын анықтауға, осы зерттеудің гипотезасын, мақсатын және міндеттерін қалыптастыруға, сонымен қатар оларды шешу жолдарын таңдап алуға мүмкіндік берді. Әдебиет материалдары сонымен қатар зерттеліп отырған мәселенің қазіргі таңдағы күйін, оның өзектілік деңгейін және жалпы білім беретін мектеп ғылымында және практикасында жасап шығарылу дәрежесін анықтау үшін қолданылды.
Әдеби көздерді теориялық талдау диссертациялық зерттеулерді, диссертациялардың авторефераттарын, монографияларды, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми еңбектер жинағындағы мақалаларды, мерзімді баспасөзді зерттеу арқылы жүргізілді.
Педагогикалық зерттеулердің әдістері
Педагогикалық зерттеулердің әдістері – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеуге және оқу-тәрбиелеу сипатындағы алуан түрлі ғылыми проблемаларды шешуге бағытталған тәсілдер мен операциялардың белгілі бір жиынтықтары. Педагогикалық зерттеулердің әдістерін зерттеудің мақсаты, ақпаратты жинақтау көздері және тағы да басқа негіздемелер бойынша жіктеуімізге болады. Біз педагогикалық зерттеулердің келесідей әдістерін қолдандық:
— педагогикалық бақылау;
- тәжірибелік жұмыс;
- констатациялаушы педагогикалық эксперимент (педагогикалық тестілеу);
- салыстырмалы педагогикалық эксперимент.
А) Педагогикалық бақылау. Бұл әдіс педагогикалық процестің табиғи барысын бұзусыз, шұғылданушыларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту құбылыстары мен процестерін тікелей қабылдаумен сипатталады.
Дене шынықтыру сабағындағы педагогикалық бақылаудың аясы мыналар болды:
— оқытудың мазмұны мен тәсілдерінің бағдарламалық талаптарға, сабақтың міндеттеріне, балалардың дене қасиеттерінің дамуы мен дене қасиеттерінің даярлық деңгейіне, сабақты өткізу жағдайларына сәйкестігі;
— қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерінің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру;
— мектеп оқушылары организмінің дене шынықтыру сабағында дербес ұсыныстарды қолдану барысындағы денеге күш түсіруге реакциясы.
Өз зерттеуімізде біз 2-4 сынып оқушыларын оқыту процесін талдау, дене шынықтыру сабақтарын өткізу ерекшеліктерін анықтау, 8-10 жасар балалардың төзімділікке әр түрлі жаттығуларды орындауға деген мүмкіндіктерін анықтау үшін бақылау әдісін қолдандық.
Біздің зерттеулерімізде бақылау оқу процесінің жүрісін визуалды бекіту арқылы жүзеге асырылды.
Педагогикалық зерттеудің әдісі ретіндегі тәжірибелік жұмыс оқыту-тәрбиелеу процесінің табиғи жағдайларда, онда оқытудың жаңа материалдарын, тәсілдерін және әдістерін саналы түрде қолдана отырып жүргізілетіндігімен сипатталады [9; 10]. Өзіміздің зерттеуіміздегі тәжірибелік жұмыста біз 8-10 жастағы оқушылармен дене шынықтыру сабақтарында төзімділікке әр түрлі жаттығуларды және олардан жасалған комбинацияларды, күш түсірудің әр түрлерінің ара қатынасын қолдану мүмкіндігін тексердік.
Б) Педагогикалық констатациялаушы эксперимент (педагогикалық тестілеу). Педагогикалық зерттеулердің осы түрі шұғылданушылардың ағымдағы күйін, оларда жекелеген қимыл-қозғалыс қасиеттерінің даму деңгейін, организмнің күйін анықтау үшін қолданылады [10].
Біздің зерттеулерімізде констатациялаушы педагогикалық эксперимент шұғылданушылардың дене қасиеттерінің даярлығын, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің даму деңгейін, қимыл-қозғалысқа даярлығын анықтау үшін қолданылды.
Сынақтар дене шынықтыру сабақтарының барысында спорт залда және мектеп стадионында жүргізілді.
Бақылау сынақтарын жүргізер алдында дене қыздыру жүргізіліп отырды. Тесттік тапсырмалардың көпшілігін балалар 3 рет орындады, ең жақсы нәтиже есепке алынды.
Біз Лях В.И. ұсынған [13] төмендегідей бақылау жаттығуларын пайдаландық:
— тік аяқтарды көтеру және түсіру (реттер саны) – жамбас-сан буынын бүгетін бұлшық еттер күшінің көрсеткіші;
- мүсін динамометриясы (Кг) – дененің артқы бетінің бұлшық еттерінің абсолюттік күшінің көрсеткіші;
- бір орыннан ұзындыққа секіру (см) – қуаттылық қабілеттерінің көрсеткіші;
- 30 м жүгіріп өту (с) – жылдамдық қабілеттерінің көрсеткіші;
- 90 с ішінде жүгіріп өту (м) — төзімділіктің даму деңгейінің көрсеткіші;
— 6 мин ішінде жүгіріп өту (м) – аэробтық төзімділікті бағалауға арналған жаттығу;
— 35 мин ішінде жүгіріп өту (м) — показатель уровня развития выносливости;
- бір орнында тұрып, алға еңкею (см) – иілгіштіктің даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі;
- көлденең шпагат (см) — иілгіштіктің даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі;
- 3×10 м арлы-бері жүгіру (с) – үйлестіру қабілеттерінің даму деңгейінің көрсеткіші;
- жабық көздерімен бір аяғында тұру (с) — үйлестіру қабілеттерінің даму деңгейінің көрсеткіші.
Зерттеу мақсаты бойынша бұл эксперимент түрлендіруші болып табылады. Оқу процесін бұзусыз, дене шынықтыру сабақтарында жүргізілгендіктен, өткізілу жағдайлары бойынша зерттеу табиғи болды.
Төзімділікті дамытудың әр түрлері қолданылған үш эксперименттік топты салыстыру жүргізілгендіктен, бағытталғандағы бойынша – салыстырмалы болды. Салыстырмалы эксперимент зерттеліп отырған көрсеткіштердің бастапқы және ақырғы шамаларын анықтады.
Педагогикалық эксперимент оған жаңа факторлар енгізілгеннен кейінгі педагогикалық процестің тиімділігін оған өзгерістер енгізілгенге дейінгі педагогикалық процестің нәтижелерімен салыстырып көру арқылы гипотезаны растауды (немесе оны теріске шығаруды) қарастырады [11]. Педагогикалық эксперимент педагогикалық процестің мәнісіне және сипатына жаңа, мақсатты бағытталған енгізбелерді жасанды түрде бөлуге, зерттеліп отырған құбылыстардың шұғылданушыларға әсер ету күші мен бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу туралы толығырақ жұмысымыздың тиісті тарауларында баяндалады.
. Сауалнама жүргізу
Сауалнама жүргізу II-IV сынып оқушыларында дене шынықтыру сабақтарында төзімділікті дамыту тәсілдерін қолдануды зерттеу мақсатында жүргізілді [7]. Сауалнамаға орташа педагогикалық стажы 10 жылдан асатын 65 дене шынықтыру мұғалімі қатысты. Сауалнама 22 сұрақтан тұрды, оның 7-уі жалпы сұрақ және 15-і мектепте төзімділікті дамыту тәсілдерін қолдану бойынша арнайы сұрақтар (1 қосымшаны қараңыз).
Зерттеудің медициналық-биологиялық әдістері
Зерттеудің медициналық-биологиялық әдістері педагогикалық эксперименттің басында, ол аяқталған соң, сонымен қатар эксперименттің маңызды кезеңдерінде балаларда организмнің және оның жекелеген жүйелерінің жағдайын зерттеу және бағалау үшін қолданылды.
Бұл үшін зерттеудің келесі әдістері қолданылды: антропологиялық әдістер (соматометрия — антропометрия, физиометрия, соматоскопия), физиологиялық әдістер (дене жұмысына қабілеттілікті және оттегін жанама максималды тұтынуды анықтау, оларды құрамдас бөліктерін және туындыларын есептеу, ЖҚЖ анықтау), дәрігерлік бақылау.
А) Зерттеудің антропометриялық әдістері – организмнің құрылымдық және функционалдық қырларын зерттеу үшін қолданылатын әдістер [19; 3; 10]. Мұнда: антропометрия, антропоскопия, физиометрия жатқызылады.
Біздің зерттеуімізде келесідей антропометриялық көрсеткіштерді зерттедік:
- дененің ұзындығы (см) – организмнің беріктік және жетілгендік, оның бірқатар қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерін тиімді орындауға қабілеттілік көрсеткіші;
- дененің салмағы (кг) — организмнің беріктігінің, оның салмағының көрсеткіші.
Физиологиялық әдістерден біз өкпенің өмірлік сыйымдылығын (ӨӨС) анықтауды жүргіздік. Осы көрсеткіштерді анықтауды біз су спирометрінің көмегімен, жалпы қабылданған әдістеме бойынша жүргіздік: зерттелуші алдын ала терең демді ішке тартып, одан кейін демді шығарады; тағы бір рет демді терең ішке тартып, спирометрдің ұшын аузына алып, ауаны шегіне дейін баяу шығарады. Үш мүмкіндіктің ішіндегі ең жоғары нәтиже жазылады. 8-10 жасар балалардың функционалдық мүмкіндіктерін біз келесі көрсеткіштер бойынша анықтадық: ОМТ, сонымен қатар олардың туындылары — ОМТ/кг анықталды.
Дене жұмысына қабілеттілікті анықтау үшін ОМТ-ны жанама есептеу әдісі осы жұмысты орындаған кезде тіркелген жүрек қысқаруларының жиілігі және жұмыс қуаттылығының шамасы бойынша есептеп шығарылды [14; 10].
Оқушыларға биіктігі 33 см сатыда, көтерілулер жиілігі минутына 24 және 30 адым кезінде 5 минут бойы (екінші күш түсіру —3 мин,) демалыс интервалынсыз степ-тесттік күш түсіруді орындау ұсынылды. Бірінші күш салуды да, екінші күш салуды да орындағаннан кейін саусақпен басып, жүрек қысқаруының жиілігі анықталып отырды. Жұмыстың пәрменділігі келесі формула бойынша анықталды:
N = P x h x n x k, где:
N жұмыстың пәрменділігі (кгм/мин);
Р – сыналушының денесінің салмағы (кг);
Һ – отырғыштың биіктігі (м);
n – минуттағы циклдар саны;
K — көтерілу және түсу коэффициенті (8-10 жас диапазоны үшін К =1,3).
ОМТ-ны анықтау Римминг-Астранд номограммасы бойынша, яғни екі күш түсіру мен ЖҚЖ-ның тиісті мәндерінен орташа шама ретінде, субмаксималды күш түсіру және оған сәйкес келетін ЖҚЖ бойынша жүргізілді.
Оттегін салыстырмалы максималды тұтыну ОМТ-ны зерттелушілердің дене салмағына бөлуден алынған бөлінді ретінде анықталды (ОМТ/кг).
В) Дәрігерлік бақылау. Дәрігерлік бақылау балалардың денсаулықтарының күйін бағалауға мүмкіндік беретін, жалпы қабылданған әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Дәрігерлік бақылауді мектеп дәрігерлері жалпы қабылданған бағдарлама бойынша, жылына екі рет жүргізіп отырды. Сабақтар мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға рұқсат беретін құжаттардың негізінде жүргізіліп отырды. Онымен қоймай, оқушы ауырып жазылғаннан кейін ағымдағы бақылау жүзеге асырылды.
Математикалық статистика әдістері
Алынған мәліметтерді талдау үшін жұмыста статистикалық өңдеудің жалпы қабылданған әдістері қолданылды; орташа арифметикалық (X), орташа квадраттық ауытқу (S), орташа арифметикалық мәндердің орташа қатесі (m), Стьюдент критерийі (t); маңыздылық деңгейі (р) анықталды. Статистикалық гипотезаларды бағалаған кезде педагогикалық және биологиялық зерттеулер кезінде нәтижелердің қажетті растығын қамтамасыз ететін, маңыздылықтың 5%-дық деңгейін басшылыққа алдық.
Алуан түрлі факторлардың өзара байланысын зерттеу корреляцияларды талдау (r), сонымен қатар факторлық талдау арқылы орындалды.
Корреляциялық талдау есептеулердің белгілі әдістемесі бойынша, дене қасиеттерінің даярлығы мен функционалдық даярлықтың, сонымен қатар бірқатар метаболалық көрсеткіштермен байланысының тығыздығын анықтау мақсатында жүргізілді. Корреляциялық матрица осылардың әрқайсысы жекелеген факторлар арасындағы байланыс дәрежесін сипаттайтын жекелеген коэффициенттерден құрастырылды.
Барлық есептеулер дербес компьютерде, Excel статистикалық пакеттерін қолдана отырып жүргізілді. Бастапқы құрамды бөліктер әдісімен факторлық талдауды қолдана отырып, хал-күй мен даярлықтың жетекші факторлары анықталды. Факторлық талдаудың негізгі мақсаты педагогикалық тестілеу кезінде және факторлар санын минималдандыру кезінде өлшенген параметрлер арасындағы жасырын байланыстарды табу болып табылады.
2.2. II-IV сынып оқушыларында дене шынықтыру
сабақтарында төзімділікті дамытуға арналған
тәсілдерді пайдалану әдістемесін негіздеу
Осы тарауда біз төзімділікті дамытуға арналған ең тиімді тәсілдер мен әдістерді анықтаймыз, олар үшін дене шынықтыру сабағының құрылымында орын анықтаймыз, төзімділікті дамыту тәсілдерін қолдана отырып, бастауыш сынып оқушылары үшін дене шынықтыру бойынша эксперименттік бағдарламаны құрастырамыз, сонымен қатар педагогикалық экспериментіміздің соңында 8-10 жасар балалардың дене қасиеттерінің даярлығының факторлық құрылымын анықтаймыз.
Төзімділікті дамыту тәсілдерін қолдана отырып, II-IV сынып оқушылары үшін дене шынықтыру бойынша эксперименттік бағдарламаны жасап шығарған кезде біз алдымызға келесідей міндеттер қойдық:
— төзімділікті дамыту үшін ең тиімді тәсілдерді айқындау;
— 2-4 сыныптардағы дене шынықтыру сабағының құрылымында төзімділікті дамыту тәсілдерінің орнын анықтау;
— Мемлекеттік білім беру стандартының негізінде оқу материалының негізгі бөлімдерінің мазмұнын жасап шығару
Төзімділікті дамыту тәсілдерін қолдана отырып, дене тәрбиесі бойынша II-IV сынып оқушыларына арналған бағдарламаны құрастыру
Біздің бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі бағдарламамыз өзінің мазмұнымен білім беру мазмұнының міндетті минимумының талаптарына тірек артады және Ресей Федеарциясының жалпы білім беретін мекемелерінің Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлімінде әрбір білім беру саласын оқытуға бөлінетін сағаттар санына есептелген.
Біздің бағдарламамыз төменгі мектеп жасындағы оқушыларды дене шынықтыру бойынша Мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруге, сонымен қатар оқушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды орындауға даярлауға ықпал етеді, яғни мектеп оқушыларында қозғалу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастырады, денсаулықтарын нығайтады, дене жұмысына қабілеттіліктерін арттырады, жеке бас қасиеттерін тәрбиелейді.
Біздің 2-4 сынып оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі бағдарламамыздың ерекшелігі оның төзімділікті дамыту тәсілдерін қолдану негізінде құрылғандығынан және төменгі мектеп жасындағы балаларды сауықтырудың бір түрі болып табылатындығынан тұрады. Сабақтарды өткізу орны болып таза ауада да, спорт залында да өткізу қарастырылған.
Бағдарламалық материалдың мазмұны екі негізгі бөліктен: базалық және вариативтік бөліктерден тұрады. Базалық құрамдас бөлік дене шынықтыру саласындағы жалпы мемлекеттік стандарттың, жалпы білім беру даярлығының негізін құрайды. Дене шынықтырудың вариативтік бөлімі бастауыш сынып оқушыларында төзімділікті дамытуға бағытталған.
Біздің бастауыш сынып оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі бағдарламамыздың базалық бөлімі оқу материалының келесі түрлерін енгізеді:
- дене шынықтыру, ептіліктер мен дағдылар туралы білімдердің негіздері;
- қозғалмалы ойындар;
- акробатика элементтері бар гимнастика;
- жеңіл атлетика жаттығулары;
- шаңғы даярлығы.
«Дене шынықтыру туралы білімдердің негізі, ептіліктер мен дағдылар» өзіне табиғи негіздерді және әлеуметтік-психологиялық негіздерді қосады (кесте 15).
Табиғи негіздер адамның денсаулығы мен дене қасиеттерінің дамуы (адам денесінің құрылысы; дененің кеңістіктегі қалпы: тұрыстар, отырыстар, тірелулер, салбыраулар); қимылдардың негізгі түрлері (айналмалы, ациклді, циклді), оларды орындаған кездегі бұлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуы; тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйелерінің жұмысы; адам қозғалған және орын ауыстырған кездегі көру және естудің ролі туралы мәліметтер береді.
Бағдарлама материалының аталмыш бөлігіндегі жаттығулар негізгі қимылдарды әр түрлі жылдамдықпен, әр түрлі бастапқы қалыптардан заттармен, тіректің шектеулі алаңында және шектеулі кеңістік бағытымен орындау болып табылады: қимылдардың негізгі түрлерін қолдана отырып, сюжеттік-бейнелік жаттығулар және қозғалмалы ойындар барысында жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерді анықтау және жүрек қысқаруларының жиілігін өлшеу; бойды, салмақты, иықтың шеңберін және бұлшық еттердің күшін (динамометрия) өлшеу.
Әлеуметтік-психологиялық және теориялық негіздер өзіне дене жаттығуларының, шынықтырушы процедуралардың, жеке гигиенаның және жұмыс режимінің денсаулықты нығайтуға әсерін; дене қасиеттерін және олардың дене қасиеттерінің дамуымен байланысын; дене қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар кешендерін және оларды өз бетінше орындау ережелерін; қимыл-қозғалыстарға үйрету мен сымбатты, дене тұрқын қалыптастыру ережелерін; эмоцияларды және дене жаттығуларымен шұғылдану барысында оларды реттеуді енгізеді (кесте 15).
Сонымен қатар осы тарауда өмірлік маңызы бар жаттығуларды (жүру, жүгіру, секірулер, заттарды лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, асып түсу, шаңғымен қозғалу) алуан түрлі тәсілдермен және қозғалыстың өзгеріп отыратын амплитудаларымен, траекториясымен және бағытымен, ойын және жарыс қызметі жағдайларында орындау міндетті болып табылады.
Сонымен, біздің бағдарламамыздың білім беретін бөлімі оқушыларда дене шынықтыру жөніндегі сабақтарға тұрақты мотивацияны, сонымен қатар өзінің денсаулығына және дене қасиеттерінің даярлығына ұқыпты, аялай қарау қажеттілігіне, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру тәсілдерін творчестволық пайдалануға және қоғам өміріне белсенді қатысуға деген мотивацияны қалыптастыруға бағытталған. Осы саладағы оқу материалын игеру барысында адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің бірлігі, оның психосоматикалық табиғатын дамыту мен жетілдірудің заңдары мен заңдылықтары туралы тұтас түсінік қалыптастырылады.
Аталған тараудың материалы оқушыларға әңгіме-лекциялар түрінде де, практикалық сабақтар барысында бір ізді нұсқау беру түрінде де көрсетіледі. Алынған білімдер практикалық материалды меңгерумен ілесе жүруге тиіс.
Бағдарламалық материалдың келесі түрі – кіші жастағы оқушының жеке тұлғасын дамытудың және ептіліктерді жетілдірудің өзара байланысты міндеттер кешенін шешудің орнын басқа амал баспайтын тәсіл болып табылатын қозғалмалы ойындар (кесте 15).
Акробатика элементтері бар гимнастиканың бағдарламалық материалына қатарға тұру мен қайта тұрулардың ең қарапайым түрлері, затсыз және әр түрлі заттармен жасалатын, жалпы дамытатын жаттығулар, өрмелеу мен асып түсулердің, тепе теңдікті сақтаудың жаттығулары, қиын емес акробатикалық және би жаттығулары мен гимнастика снарядтарындағы жаттығулар кіреді (кесте 15).
Жеңіл атлетика жаттығулары (жүгіру, секірулер, лақтыру), қимыл-қозғалыстардың табиғи түрлері бола отырып, төменгі мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеуде негізгі орындардың бірін алып жатады. Бағдарламаның осы түрін меңгерудің нәтижесінде оқушылар қысқа және ұзақ қашықтықтарға жүгіру, ұзындыққа және екпіндеп келіп биіктікке секіру, нысанаға және қашықтыққа лақтыру ептіліктерінің негіздерін меңгереді (кесте 15).
Шаңғы даярлығының міндеттеріне және сабақтардың мазмұнына балаларды инвентарьмен, құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің ең қарапайым ережелерімен таныстыру, шаңғымен негізгі қатарға тұру, қайта тұру және қатарда қозғалу тәсілдеріне, қозғалудың ең қажетті тәсілдеріне үйрету кіреді. Бастапқы оқыту кезеңіндегі қозғалудың негізгі тәсілдерінің қатарына мыналар кіреді: ауыса отырып жасалатын екі адымды жүріс, алға басатын адыммен және «сатылы» көтерілулер, шаңғы табандарының және шаңғы ұштарының айналасында баса отырып бұрылу (кесте 15).
Вариативтік бөлім төзімділікті дамытуды қарастырады және біздің бағдарламамыздың негізі болып табылады (кесте 5).
Біздің бағдарламаны жүзеге асыру дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырудың алуан түрлі әдістемелік тәсілдерін және мақсатқа лайықты амалдарын қолданудың көмегімен жүріп отырады. Мәселен, төзімділікті дамытуға арналған ойын тапсырмаларын қолдану мектеп оқушыларында дене шынықтырумен айналысуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, сабақтың екі негізгі міндеті шешіледі: қозғалу іс-әрекеттеріне оқыту сапасы артады және оқушылардың дене қасиеттерінің даярлығы артады.
Кесте 5
Бастауыш сынып оқушыларына арналған эксперименттік бағдарламалық материалдың мазмұны.
Бағдарламалық материал |
|
Базалық бөлім |
Вариативтік бөлім |
«1» |
«2» |
1. Дене мәдениеті туралы білімдердің негіздері 1.1. Табиғи негіздер 1.2. Әлеуметтік-психологиялық негіздер 2. Қозғалмалы ойындар 3. Жеңіл атлетика жаттығулары 4. Акробатика элементтері бар гимнастика 5. Шаңғы даярлығы
|
Төзімділікті дамыту тәсілдері: 1. Жаттығуларды әр түрлі қарқындылықпен орындау 1.1. 40-60 м қашықтықты максималды қарқындылықпен бірнеше мәрте жүгіріп өту 1.2. Жаттығуларды 15-40 с ішінде, максимумнан 95% қарқындылықпен орындау 1.3. Жаттығуларды 50 с ішінде, максимумнан 80% қарқындылықпен орындау 1.4. Жаттығуларды 2 -3 мин ішінде, субмаксималды қарқындылықпен орындау 1.5. Жаттығуларды 2 -8 мин ішінде, субмаксималды қарқындылықпен орындау Жаттығуларды 8-20 мин бойы үздіксіз орындау 1. Төзімділікті дамытуға арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар 2. Қарапайым ережелер бойынша футбол ойнау. |
Төзімділікті дамытуға арналған жаттықтыруларды дене шынықтыру сабағының құрылымында қолданудың мақсатқа лайықтылығы
Бастауыш сыныптарда мектепте оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу 2001 жылғы 19 наурыздағы №196 «Жалпы білім беретін мекеме туралы типтік ереженің» 32-бабына сәйкес ұйымдастырылады, бұл кезде ағымдағы нормативтік және нұсқаулық-әдістемелік құжаттар оны толықтырып отырады.
Өзінің алуан түрлі екендігіне қарамастан, дене қасиеттерін тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері өзара байланысты болып келеді: дене шынықтыру сабақтары; мектеп күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары; сыныптан тыс спорттық-бұқаралық жұмыс; отбасында дене жаттығуларымен, буындардың қозғалғыштығын, жылдамдықты және қуаттылық қасиеттерін арттырумен өз бетінше шұғылдану (ӨӨС; ОМТ, МГЖ/кг).
2.3 Жаттықтыру жүктемелерін жас ерекшелігіне қарай
кезеңге бөлу
Көп жылдық спорттық дайындық барысында таңдаулы бағыттағы жүктеме қолданылады, ол күштің, шапшаңдық пен төзімділіктің, ептілік пен иілгіштіктің көрсеткіштерін арттыруға көмектеседі.
Балалар мен жасөспірімдер дамуының жас ерекшеліктерінің барлық сатыларындағы жаттықтыру жүктемесінің шамасы таңдау дене қабілеттерінің жас ерекшеліктерінің даму заңдылықтарымен анықталады. Белгілі бір жастағы қандай – да бір қабілеттің дамуының жоғары деңгейі мен ырғағы оған ықпал ету құралдарының артуына негіз болып табылады. Бұндай амалдың тиімділігінің жоғары деңгейі іс-тәжрибеде дәлелденді. Әрине, іріктелген және жалпы жаттықтыру жүктемелері ағзаның қуат шығынымен байланысты болады.
Өскелең ағзаның жас ерекшеліктері дамуында оның қуаты артып, тіпті шектен асатын кезеңдері де болады. Қуат ішкі қажеттіліктерге жұмсалатын (өсуі, жаңа жүйе қалыптасуы, т.б.) кезеңдер де болады. Бұл кезеңдер балалар мен жасөспірімдер дене дайындығындағы жалпы жаттықтыру жүктемесінің көлемін жоспарлау негізі болады.
Сонымен, нақты педагогикалық жаттықтыру ықпалдарының барлық стратегиясы балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуінің биологиялық заңдылықтарын білуге сүйенеді. Осы факторлардың бірлігі мен өзара әрекеті арқылы ғана өскелең ұрпақтың спорттық дайындығы мен олардың денсаулғы мен жұмыс қабілетін нығайтуда табысқа жетуге болады.
Жаттықтыру жүктемелерінің жалпы көлемін жасына қарай кезеңге бөлу негіздері.
Жаттықтыру ықпалдарының құрамдас бөліктерінің бірі жаттықтыру жүктемесінің көлемі болып табылады, оның мазмұнына дене жаттығуларын орындау көлемі мен қарқыны кіреді.
Жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемінің қорытынды көрсеткіші ағзаның оны орындауда жұмсалған қуат шығыны болады.
Өсу – бұл ең алдымен ағзаның белсенді бөлігінің салмағының артуы, онда еркін қуат саны артады. Бұл анықтаманы И.Аршавский де толықтырады. Ол өсуді қызметтік белсенділікті бейнелейтін шектен тыс анаболизмді яғни катабомезмді құру процесі ретінде қарастырады, онда ішкі және сыртқы қуат саны артады. Осы бой өсу анықтамасына сәйкес «қаңқа бұлшық еттерінің ережесі» қалыптасқан. Оның мәні тірі жүйенің қимыл белсенділігі оны көрсететін себептеріне қарамастан қызметтік шектен тыс анаболизм факторы бола алатынынан көрінеді. Бұл өсудің тірі жүйесінің белсенділігінің табиғи себептері мен оның элементтері болып табылады деп есептеуге мүмкіндік береді. Белсенділік жүйені бастапқы жағдайға оралтып қана қоймай, оны шектен асыра қалпына келтіреді.
Жас ерекшеліктерін дамытудың белгілі бір сатыларында біз балалар мен жасөспірімдердің қимыл белсенділігінде көрінетін шектен тыс қуатты байқаймыз. Егер ағзада шектен тыс қуат туындаған кезең болса, онда қуат жетіспейтін кезеңдердің болатынын байқауға болады. Ал кез-келген жүктеме ең алдымен қуат шығыны болып табылатындықтан оның көлемі ағзаның жас ерекшеліктері мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келуі тиіс.
Бұдан мынадай қорытынды шығады. Ағзаның қуат мүмкінлдігіне жаттықтыру жүктемесінің сәйкес келуі жаттықтыру ықпалдары көлемін таңдаудың негізгі принципі болып табылады. Бұл көлем кезеңіне сай өзгеріп отырады: қуат тасығанда артып, сол арқылы қуат әлеуетін құруға көмектеседі, ал өскелең ағзаның қуат әлеуеті төмендесе жүктеме көлемі де төмендейді.
Ағзаның дамуы мен өсу кезеңдері бүтін жүйе ретінде оның құрамдас бөліктерінің даму сипатында да байқалады. Осы мәселені зерттегенде ең алдымен негізгі ережелерінің бірі жүйегенезі тұжырымдамасы болып табылатын қызметтік жүйе ілімінің мазмұнына назар салу қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес жүйегенезі – бұл ағзаның соның ішінде адамның жеке дамуының жекелеген құрамдас бөліктері мен қызметтік жүйесінің бірізді және іріктеліп жетілуін бейнелейтін заңдылық.
Жас ерекшеліктері дамуын аталған тұжырымдама тарапынан қарастыра отырып, сенімді түрде әрбір жас кезеңінде, әрбір жаста гетерохрондылық байқалатыны туралы тұжырым жасауға болады. Ағза өсу қуатын өзі реттеп, сол арқылы белгілі бір қабілеттің белгілі бір онтогенез кезеңінде дамуына күш береді. Гетерохрондылық дене қабілетімен қатар ағзаның басқа да жүйелерінің дамуында байқалады.
Мысалы, бірінші жыл қатарынан дененің жеке ұзындығын зерттегенде осы белгілердің қай кезеңдерде белсенді дамуда қай кезеңде тұрақты түрде болатынын, дәл анықтауға болады. Қыздарда бойдың тез өсуі 11 жастан соң, ал ұлдарда 11, 14 және 17 жаста байқалады. Ұлдардағы дене салмағы жыл сайын белсендірек артып, ырғақты өзгерсе, қыздарда әрбір екінші жылдан үшінші жылға қарай өзгереді.
Әрбір жас ерекшеліктерінің даму сатысымен бірге, әрбір жаста да ағзаның педагогикалық ықпалдарға морфологиялық және қызметтік дайындықтың әркелкі деңгейі болатынын ғылыми зерттеулер мен іс- тәжірибе көрсетті. Демек, күші бірдей ықпалдардың әсері де белгілі бір жас аралығында ғана сақталады, ол аяқталған соң орнын келесісі ауыстырады. Жүктеме түсіру шартын сақтаудағы айрықша ұқыптылық ағзаның қарқынды өсуі мен жетілу уақытында талап етіледі.
Бұл мәселені шешу дене тәрбиесі ілімі мен іс – тәжірибесі шеңберінен тыс қарастырылып, оны педагогтар, психологтар, физиологтар мен гигиенистер зерттейді.
Жас спортшылардың көпжылдық дайындық жүйесінде жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемін кезеңге бөлуді әзірлеу ағзаның жас ерекшеліктері даму заңдылықтарының бүтін жүйе ретіндегі мәліметтеріне сүйенеді.
Үлгі ретінде морфологиялық соматикалық жүйе, жас ерекшеліктерінің даму заңдылықтары алынды, олар осы заңдылықты құрайтын белгілердің жоғары корреляциялық (0,70-0,90) орташа (0,50-0,70) және төмен (0,30 – 0,50) деңгейде өзара байланысын талдауға сүйенеді.
Зерттеуден алынған нәтижелер болашақта талданып, дене және қимыл мүмкіндіктері дамуының жас ерекшеліктері, өзгерістері мәліметтерімен салыстырылып, өскелең ағза сенімділігі ілімі тұрғысынан қарастырылды.
Алғашқы спорттық дайындық (төменгі сынып жасы)
Қыздар. 8 жастағы қыздардың ерекшелігі өзара байланысты белгілердің көптігі болып табылады. Олардың арасындағы өзара әрекет барлық факторларда байқалады. Жүйенің негізгі белгілерінің бірі – дене салмағы, оның ықпалы дененің барлық көлеміне, ал r = 0,73 деңгейінде қалған белгілеріне таралады. Дене салмағының елеусіз ықпалы көлденең кеуде диаметріне әсер етеді. Дененің қамту көлемі өзара тығыз байланысты және дененің қажыра құшақтау ықпалын түзеді. Дене құшағымен әлсіз өзара байланысқан жеке факторлар арқылы ұзындық параметрлері (өлшемдері) бөлінеді.
Аталған жасқа арналған дене диаметрі арасындағы өзара байланыс 0,55-0,65 деңгейіне тең. Осы деңгейде олар дене диаметрі факторын құрайды, мұндағы кеуде – арқа – алды және көлденең – кеуде диаметрлері дене құшағымен өзара байланысты. Дене диаметрлі арасында ақпараттығы бойынша басты белгі алдыңғы – артқы – кеуде диаметрі болады. Май жинау деңгейі дене құлашымен және алдыңғы – артқы – кеуде диаметрімен жоғары дәрежеде өзара байланыста болады.
Егер қыздарда 8 жаста 0,80 – 0,90 деңгейіндегі соматикалық белгілерінің саны көп болса, ал 9 жаста өзара байланыс азайып, 0,70 – 0,80 деңгейінде корреляцияның артуы есебінен жүргізіледі.
Құлаш өлшемдерінің ішінде кеуде қуысы тарапынан өзара байланыс саны көп байқалады. Бұл салмағы ақпаратты белгі саналады. Оның өзара байланысы дененің диаметріне де, ұзындық өлшемдеріне де таралады. Жоғары деңгейдегі май жинау деңгейі білек ауқымында да бар.
Корреляция деңгейінің төмендеуі дененің барлық ауқымдық, ұзындық және диаметрлік факторларында көрінетінін талдау көрсетті. Дене ұзындығының басқа белгілермен өзара байланыс саны біршама артты. Сонымен, 9 жастағы қыздар үшін 0,80 – 0,90 деңгейінде өзара байланыстың азаюы мен олардың орташа деңгейде артуы тән.
Егер жоғары дәрежеде өзара байланысты корреляциялық белгілердің жалпы саны 8 жаста 88-ді құраса, онда ол тоғыз жаста 50-ге дейін төмендейді.
Жоғары деңгейдегі өзара байланыстар санының одан ары төмендеуі 10- жаста байқалды. Бұл өзара байланыстар төмендеуі тек факторлар үшін емес, бүкіл жүйеге ауқымдық өлшемі өзара байланысын сақтады, ол негізгі белгі-кеуде қуысы ауқымында байқалды. Бұл жастағы қыздардың дене салмағы корреляцияның жоғары дәрежесімен тек қана иық диаметрімен және сай жинау дәрежесімен ғана өзара байланыста болады. Қалған белгілермен байланыс орташа, тіпті төмен деңгейлерде сақталады.
Алдыңғы жастарымен салыстырғанда 10 жастағы қыздарда жоғары корреляция деңгейіндегі өзара байланысқан белгілердің азаюы байқалады. Бұл жас алдыңғы және одан кейінгі жастарға қарағанда «тұрақтылау» жоғары өзара байланыс дәрежесінің белгілер саны сегіз жасар қыздардың мәліметтерімен салыстырғанда үш есеге азайды.
Сонымен, төменгі сынып жасындағы соматикалық жүйе белгілері арасындағы өте көп байланыс 8 жасар қыздарға тән. Өзара байланыс санының аздығы демек, ағзаның төмен сенімділігі 10 жаста байқалады.
Ұлдар. Сегіз жасар ұлдарда соматикалық жүйенің жағдайы туралы көптеген ақпарат дене салмағында болады, ол ауқымдық өлшемдермен өзара байланыста болады. Бұл белгінің орташа байланысы ұзындық өлшемдерінде және дене диаметрінде байқалды. Білек ауқымы 0,70 – 0,90 деңгейінде дене ауқымымен, 0,40 – 0,60 ұзындық өлшемдерімен және дене диаметрлерімен өзара байланысады. Сонымен, 8 жастағы ұлдардың денесінің барлық ауқымдық өлшемдері бір – бірімен жоғары дәрежеде байланысты болады.
Дене ұзындығы, аяқ пен қолға келетін болсақ, олардың өзара байланыс дәрежесі 0,78-0,87 – ге тең. Иық диаметрі де осы белгілерге тәуелді болады. Қалған диаметрлермен ұзындық өлшемдері орташа дәрежедегі тәуелділікте болады. Май жинау дәрежесін сипаттайтын өлшем де кіші тәуелділікте болады. Дене диаметрлері өзара 0,60-0,70 деңгейінде байланысты болады. Май жинау дәрежесі көп жағдайда ауқымдық өлшемдермен ал өз дәрежеде ұзындық белгілерімен және дене диаметрімен өзара байланыста болады.
Алынған мәліметтер байланыстың жоғары деңгейі дененің ауқымдық өлшемдері, дене салмағы, май жинау дәрежесі, ұзындық өлшемдері, дене диаметрлері арасында байқалады.
9 жасар ұлдарда зерттелген белгілер арасында сәл өзгешерек байланыс байқалады. Ең ақпаратты белгі – дене салмағы екінші орынға түсіп, ақпараттығы жағынан бірінші орынға кеуде қуысы ауқымы шықты. Корреляциялық күштегі айырмашылық олардың арасында аз және 0,12 –ні құрайды. Бұл белгілер басқа да ауқымдық ұзындық және дене диаметрімен жоғары дәрежелі байланыста болады.
Дене салмағы мен көлденең – кеуде диаметрі арасындағы әлсіз өзара байланыс ерекше. Оның алдындағы жас тәрізді ауқымды өлшемдердің өзара үлкен дәрежелі байланысы бар. Бұл байланыс ұзындық өлшемдерімен 0,60 – 0,70, диаметрлермен 0,50 – 0,70 , май жинаумен 0,70 – 0,80 деңгейінде болады.
Ұзындық өлшемдері бұның алдындағы жастағы сияқты бір-біріне үлкен тәуелділікте болады. Дене диаметрлері арасында бір жағынан орташа, екінші жағынан төмен байланыс болады. Бұл өзгерістер жамбас-сан диаметріне де тиісті. Мұнда аталған белгі соматикалық жүйенің басқа да барлық өлшемдерімен байланысын азайтты.
Май жинау дәрежесінің ауқымдық өлшемдерімен байланысы жоғары, ал дененің ұзындығымен және диаметрлерімен төмен байланыста болады.
10 жаста соматикалық жүйе факторлары арасындағы байланыс біршама төмендеп, алайда ақпараттығы бойынша айтарлықтай өзгерістер болмайды. Алдыңғы жастағыдай дене салмағы мен ауқымдық өлшемдердің арасында ақпараттық және дәрежелік өзара байланыс бар. Дене салмағы мен иық және білек ауқымы арасында да өзара байланыс жоғары болады.
Дене салмағы мен ауқымдық мөлшерлері ұзындық өлшемдерімен әлсіз байланыста, ал кей жағдайларда өте әлсіз байланыста болады. Ал дененің, аяқ – қолдың ұзындығы 0,80 – 0,90 деңгейінде жалпы ұзындық факторларымен өзара байланыста тұрады.
Дене диаметрі арасында өзара байланысты төмендету үрдісі байқалады. Май жинау дәрежесінің ауқымдық өлшемдерімен жоғары өзара байланысы, ал ұзындық өлшемдерімен және дене диаметрімен аз байланыста болады. Ішкі ұзындық, ауқымдық өлшемдері мен дене диаметрінің өзара байланыс алдыңғы жастағы деңгейлерге сәйкес келеді. Олардың ақпараттық мәні сәл өзгешерек.
Сонымен, 8, 9, 10 жастағы ұлдарда ағзаның өсуі мен дамуында белгілер арасындағы өзара байланыста өзгерістер байқалады.
Алдын ала негізгі спорттық дайындық (жасөспірімдік кезең)
Қыздар. 10 жастағы қыздарда байқалған белгілер арасындағы өзара байланыс санының біршама өзгерісінен соң, одан кейінгі жас ерекшелігі кезеңдерінде олар артады. Бұл арту тез жүргізіледі, яғни 10 жасар қыздарда жоғары деңгейдегі өзара байланыс 11 жасар қыздарға үш есеге көп және r = 0,87 ге тең. Белгілер арасындағы өзара байланыс саны бойынша 8 жасар қыздардың сипаттарына сәйкес келеді, алайда өзара байланыс пен оның ақпараттық дәрежесі біршама өзгерді.
Ауқымдық өлшемдер арасында жетекші белгі ретінде кеуде қуысы ауқымы мен дене салмағы айрықша көрінеді. Олар дене ауқымын құрайтын барлық факторлар түзетін барлық белгілермен жоғары өзара байланыста болады. Бұл жастағы осы белгілердің барлығы қалған тоғызымен өзара байланыста, ал дене салмағы дененің ұзындық өлшемдерімен де өзара байланыста болады.
Бұның алдындағы жастағыдай жекелеген факторлар ұзындық және ауқымдық өлшемдері мен дене диаметрлері бола алады. Жамбас көлемі диаметрі басқа белгі өлшемдерімен жоғары дәрежеде өзара байланыста болады. Ол 0,80-0,95 деңгейінде ұзындық факторын құрайтын белгілермен жоғары өзара байланыста болады. Өзара байланысты арттыру 11 жасар қыздардың соматикалық жүйесі үшін сәйкес келеді.
17 жастағы қыздардың соматикалық жүйесін дамыту үшін жоғары өзара байланыс деңгейінде өзара байланысқан белгілер санының көп болуымен көрінеді. Бұл жастағы қыздардың өзара байланысының сапалық сипаттамасы 8 жасар қыздардың мәліметтерімен сәйкес келеді.
12 жаста өте жоғары байланысы бар белгілердің саны азаюы мүмкін. Ауқымдық және ұзындық өлшем белгілері жеке факторлармен еркшеленеді, ал дене диаметрлері арасындағы өзара байланыс 0,50-0,60 деңгейінде сақталады.
12 жаста соматикалық жүйенің басты белгісі деп дене салмағын тану қажет, ол дене диаметрімен, ұзындық және ауқымдық өлшемдерімен өзара байланыста болады. Өзара байланыстың орташа мәні 0,71 ге тең.
Бұл жастағы жалпы үрдіс белгілердің өзара байланысының біршама төмендеуінде байқалады. Егер алдыңғы жаста өзара байланыс 0,87 болса, ал 12 жаста ол 0,53-ке дейін төмендейді.
Белгілердің ақпараттық мәні ішкі факторлар өзгерісінен бөлек, мүлде өзгеріссіз болады деп айтылады. Өзара байланыстың орташа деңгейі 0,64 – 0,71 – ге тең. Ол соматикалық жүйенің даму белсенділігінің төмендеуі туралы сөз етуге мүмкіндік береді.
13 жастағы қыздарда соматикалық жүйенің өзара байланысты белгілерінің саны азаяды. Бұл дене диаметрі факторлары арасындағы өзара байланыстың азаюы есебінен болады. Иық диаметрі дене ұзындығымен жоғары дәрежде өзара байланысы бар жалғыз белгі, ал осы факторға жататын қалғандары 0,60-0,10 деңгейінде болады.
Алдыңғы жастардағыдай дене салмағы өте ақпаратты бірақ ұзындық өлшемдерімен жоғары дәрежедегі өзара байланысы жоқ.
Алдыңғы жастардағыдай май жинау дәрежесі мен жоғары дене салмағының бір-бірінен айырмашылығын ескеру қажет. Бұл тәуелділік алдыңғы өткен жылдар бойында байқалады.
Алынған мәліметтерді талдау 13 жастағы қыздардың ағзасында күрделі өзгерістер болып, ол белгілер арасындағы өзара байланыс деңгейін төмендетуге де әсер етеді.
Демек, 8 – 13 жас аралығы аясында, соматикалық жүйе дамуындағы белсенділіктің төмендеуінің екі кезеңі байқалады, ол 10 және 13 жаста жүреді.
Алдыңғы өткен жастарда байқалған өзара байланыс азаюынан кейін 14 жаста ауқымдық факторлардың есебінен олардың соматикалық жүйесінде, атап айтқанда, ауқымдық факторларда даму үйлесімділігі байқалады, яғни барлық ауқымдық белгілер өзара тығыз байланыста болады. Бұл өзара қатынас ауқымдық факторлар тарапынан көлденең кеуде диаметріне де таралды.
Ұзындық өлшемдері соматикалық жүйенің басқа белгілерімен тығыз байланыста емес және өзіндік ұзындық факторларын құрайды. Кеуде қуысының ауқымы көлденең – кеуде диаметрімен, май жинау дәрежесімен және жіліншік ауқымымен байланыс санын арттыру арқылы ақпараттығын көбейтті. Бұл жаста да, әрине, дене салмағы өте ақпаратты болады.
Бұл кезең өзінің белгілер арасындағы өзара байланыс құрылымы мен саны жағынан 12 жастағы қыздарға сәйкес келеді.
15 жасар қыздардың ағзасы өзара байланыстардың азаюымен сипатталады. Бұл азаю ауқымдық және ұзындық өлшем бегілерінің бірлігін бұзып, барлық факторлар бойынша жүргізіледі. Мойын ауқымында орташа жүргізіледі. Мойын ауқымында орташа және төмен өзара байланыс бар. Аяқ – қол ұзындықтарының да өзара байланысы бұзылады. Соматикалық жүйе дамуының үйлесімділігі азаяды. Бұл жастағы белгілер ақпараттығын анықтайтын өзара байланыстың орташа мәнін де өте төмендетеді.
Белгілер арасындағы өзара байланыстың төмендеуінен туындаған, 15 жасар қыздардың ағзасындағы жүйенің өзара байланыстың төмендеуі 10 жасар қыздарда қайталайды, олардағы өзара байланысқан белгілер саны 27 ге тең.
Ұлдар 11 жастағы жасөспірімдердегі соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыс пен бір-біріне тәуелділік белгілер санының өзара байланыстың жоғары дәрежесіне қарай өсуімен өзгереді. Бұл ауқымдық, ұзындық белгілеріне және дене диаметріне де қатысты. Бұл жастағы дене салмағы бірқатар ауқымдық өлшемдер тәрізді басқа белгілермен төмен өзара байланыста болады. Ауқымдық мөлшерлер өзара күшті байланысқан, ол фактордың дербестігі туралы айтады. Бұндай дербес факторлар ұзындық өлшем белгілерін құрайды, олардың ауқымдық өлшемдеріне тәуелділігі аз.
Дене диаметрі өзара бір-біріне тәуелділікте болмайды және май жинау көрсеткіштеріне тәуелділігі аз, олардың ауқымдық өлшемдерімен өзара байланысы жоғары, ал ұзындық параметрлерімен және дене диаметрімен байланысы аз.
Белгілер арасындағы өзара байланыс көбею жағына қарай өзгереді, ол ағзаның биологиялық сенімділігінің артуын көрсетеді.
12 жастағы жасөспірімдерде алдыңғы жаспен салыстырғанда ауқымдық өлшемдері арасындағы өзара байланыс өзгеріссіз болады. Соматикалық белгілеріне қарай дене салмағы, білек пен сан ауқымының ақпараттығы жоғары. Ауқымдық өлшемдер бір-бірімен өте күшті байланысқан. Бұл байланыс 0,50 – ге дейін ғана төмендейді, ал өзара байланыстың жоғары деңгейі білек пен сан ауқымы арасында байқалады. 8 жастан бастап соматикалық белгілер өзінің ақпараттық мәні жағынан қайталанбайды, ал дене салмағының ақпараттығы үнемі жоғары болады.
Ұзындық өлшемдері бір – бірімен 0,82 – 0,87 деңгейінде байланысқан. Тек осы факторда ғана жоғары тәуелділік байқалады. Басқа факторлардың соматикалық белгілері ұзындық өлшемдерімен орташа және төмен өзара байланыста болады. Алдыңғы – артқы кеуде диаметрлерімен жоғары өзара байланыс байқалады. Дене диаметрі мен олардың бір – біріне тәуелділігі алдыңғы жаспен салыстырғанда артқан жоқ. Май жинау дәрежесі ауқымдық өлшемдерден басқа белгілердің барлығына үлкен ықпал етеді.
Өзара байланыс санының азаюы 13 жасар жасөспірімдерде көрінеді, олардың ақпараттығы азаяды.
Алдыңғы жастағыдай өзара байланыстың көп саны дене салмағы, дене ауқымы және май жинау дәрежесі үшін тән. Дене салмағының ұзындық өлшемдері мен диаметрлерге әсер етуіне келсек, онда олар орташа, кей жағдайда төмен өзара байланыста тұрады. Ауқымдық өлшемдердің барлығы бірдей өзара жеткілікті байланысқан. Онда дене салмағынан кейін кеуде қуысы ауқымы ақпараттығы жағынан екінші орында тұрады. Ұзындық өлшемдері өзара байланыстың жоғары деңгейінде тұрады. Аталған өзара байланыс олардың ауқымдық өлшемдерімен, дене диаметрімен төмен өзара әсерде және өзара байланыста болатынын көрсетеді.
Дене диаметрі факторлары арасындағы өзара байланысқа тән ерекшелік олардың әлсіз өзара байланысы болып табылады. Ал көлденең – кеуде диаметрі ақпараттығы жағынан барлық диаметрлер арасында жоғары орын алады.
Алдыңғы жастағыдай ауқымдық ұзындық өлшемдері мен дене диаметрлерінде дербес факторлар ұйымдастырылады. 13 жастағы жасөспірімдердегі соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыстағы ортақ үрдіс олардың санының азаюында көрінеді. Егер алдыңғы жаста жүргізілген зерттеу нәтижелері белгілер арасындағы өзара байланыстың әлсіреуін көрсетсе, ал 14 жасар жас өспірімдерде бұл өзара тәуелділік барлық факторлар бойынша біршама өсті. Бұндай арту орташа өзара байланыс деңгейі көрсеткіштері бойынша ақпараттық мәнінде көрінеді.
Мамандандырылған базалық спорттық дайындық
(Жоғарғы сынып жасы)
қыздар жоғары сынып жасы – бұл өтпелі кезең, ол өзара байланысты белгілер санының біршама артуымен сипатталады. 16 жастағы өзара байланыс барлық факторларды қамтиды. Әсіресе ауқымдық факторлары мен оны құрайтын белгілері мен дене диаметрі арасындағы өзара байланыс саны артады. Дененің ауқымдық өлшемдеріне көлденең кеуде диаметрі тарапынан ерекше белсенділік байқалады. Алайда, дене диаметрлері өзара жоғары деңгейде байланыс құрмайды, бұл ұзындық белгілері мен ауқымдық белгілерде байқалады.
Алдыңғы жастағыдай бұлықпалдар үшін өзара байланыстың жоғары ұйымдастырылуы тән. Май жинау деңгейі тәрізді белгілердің өзара байланыс саны біршама көбейеді. Бұл байланыстар, негізінен, дененің ауқымдық өлшемдері мен дене салмағына бағытталған. Бұл жаста жоғары өзара байланыстағы тәуелділігі бар ауқымдық өлшемдері мен ұзындық белгілері шартты ықпалдармен ерекшеленеді. Бұл жастағы ауқымдық ықпалдарға тағы бір өлшем белгісі – көлденең – кеуде диаметрі қосылатынын айта кету керек. Алдыңғы – артқы – кеуде диаметрі тарапынан да дене ауқымымен өзара байланысы байқалады. Дененің қалған диаметрлері бір-біріне, сондай – ақ ұзындық және ауқымдық өлшемдеріне тәуелді болмайды.
Дене салмағы көрсеткіштерінде өзара байланыс көп байқалады, бұл байланыстар негізінен дене ауқымы мен май жинау дәрежесіне қатысты болады. Бұл белгінің өзара байланысының орташа мәні 0,60 – қа тең, ол оны осы жас үшін өте ақпаратты етіп белгілеуге мүмкіндік береді, ал ең ақпараттысы (0,24) жамбас-сан диаметрі болып табылады.
Дене диаметрлері арасында алдымен көлденең – кеуде диаметрі сосын алдыңғы артқы куде диаметрі ақпаратты болады. Ұзындық белгілері арасындағы өзара байланыстың жоғары дәрежесі дене ұзындығын өте белгілісі деп бөліп алып, осы фактордың даму үйлесімділігі туралы айтуға мүмкіндік береді. 16 жастағы қыздардың соматикалық жүйесінің негізгі факторлары өзінің өзара байланысы мен өзара шарттылығы арқылы үйлесімді тепе – теңдікте байланысын азайтпау қажет. Бұл біршама дәрежеде соматикалық жүйенің барлық құрылымын ұйымдастыруға да әсер етті.
Жекелеген факторлар мен барлық соматикалық жүйенің түгелдей дамуындағы үйлесімділік бұзылмайды.
17 жаста дене диаметрі тарапынан жаңа өзара байланыстар туындауымен барлық құрылымның реттелуі жүреді. Негізінен ауқымдық ықпалдардың өзара байланысы байқалады, ол жасы өскен сайын дененің ауқымдық өлшемдері мен диаметрлері тығыз өзара байланыста дамитынын көрсетеді. Бұл алдыңғы – артқы, кеуде, көлденең – кеуде және білезік диаметрі тәрізді үш өлшемге қатысты айтылады және жамбас – сан диаметрі барлық жаста өзінің дербес тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Әрине, оның басқа белгілермен өзара байланысы орташа өзара байланыс деңгейінде атқарылады.
16 жастағы ұлдарда соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыс алдыңғы жасқа қарағанда басқаша сипатта болады. Ең алдымен, жоғары деп бағаланған соматикалық белгілер санының азаюын ескеру қажет. Дене салмағы саны мен сапасы жоғары өзара байланыста болады, бұл өзара байланыс ауқымдық өлшемдерге де қатысты болады. Білектің, кеуде қуысының, мойынның, жіліншіктің, санның ауқымы жоғары дәрежеде өзара байланысты және жеке фактор құрайды. Дене диаметрімен олар төмен және орташа өзара тәуелділікте болады. Санның алдыңғы артқы – кеуде және көлденең кеуде диаметрлерімен ауқымдық өлшемдері жоғары өзара байланыста болады.
Май жинау дәрежесі де осы белгісімен жоғары өзара байланыс деңгейіне ие болады. Дене диаметрлері арасында да елеусіз өзара байланыс байқалды.
Бой ұзындығы, аяқ-қол ұзындығы тәрізді белгілерге келетін болсақ, онда олар өзара күшті байланысқан (0,80 – 0,90), ал дене диаметрімен және ауқымдық өлшемдермен аз өзара байланыста болады.
Соматикалық жүйеде бірінші кезекте дене салмағы ауқымдық өлшемдер арасында ең ақпаратты мән болып табылады. Ауқымдық өлшемдерден кейін ұзындық белгілері, сосын дене диаметрі тұрады.
17 жастағы бозбалалардағы соматикалық белгілер арасындағы өзара байланыс 16 жастағы деңгейде сақталады, дегенмен елеусіз өзгерістер байқалады. Ол кеуде ауқымы мен дене диаметрі арасындағы өзара байланысқа қатысты жүреді.
Алдыңғы жастағыдай, дене салмағы ақпаратты болып табылады, ол ауқымдық белгілермен өзара байланыста болып өз ықпалын құрайды.
Арасындағы өзара байланыс 0,70 – 0,80-ге тең болатын ұзындық белгілері де осындай ықпал түзеді. Бұл ықпалдың соматикалық белгілерге қатысы төмен және орташа өзара байланысымен сипатталады, бұл тізімге дене диаметрі де кіреді.
Алдыңғы жаспен салыстырғанда барлық белгілердің ақпараттық мәні өзгерген, ол соматикалық жүйесінің дамуы мен өзара байланысындағы біршама тұрақтылықты көрсетеді.
Ағзаны осы зерттеудегі бүтіндей соматикалық жүйе өзара байланыс әдісі көмегімен мынадай деректерді анықтады.
Соматикалық жүйе басқа жүйелермен тығыз өзара байланыста болады:
- соматикалық жүйе құрылымындағы жас ерекшеліктері өзгерісі кезеңдік сипатта болады және ағзаның түгелдей дамуының табиғи үрдісін білдіреді;
- жекелеген жас ерекшеліктері үшін жүйені құрайтын белгілер арасындағы қарама қайшылықтар тән, ол бойдың және оның жекелеген бөліктерінің өсуіндегі белсенді кезеңдерге сәйкес келеді;
- қыздар мен жігіттердегі жүйе құрылымының өзгерісіндегі кезеңдену жеке жыныстық жетулі кезеңдерімен өзара байланыста болады. Демек, 10 жасар қыздардағы жүйе дамуының үйлесімділігінің бұзылуы сүт сөздерінің дами бастауына сәйкес келеді; 13 жаста алғашқы етеккір келуімен, ал 15 жаста жыныстық жетілу сатысының аяқталуына сәйкес келеді. Ол жамбас пен бөксенің дөңгелене бітуімен, сүт бездерінің дамуымен және етеккірдің тұрақты келуімен сипатталады.
- Жасөспірімдер мен жігіттердегі жүйе дамуындағы үйлесім қарама-қайшылығы 10, 13 және 16 жаста байқалады, ол жыныстық жетілудің жеке кезеңдерінде жүргізіледі.
Ағзадағы болатын кезеңдік өзгерістердің жыныстық айырмашылықтары бар. Яғни, қыздардағы жүйе қарама – қайшылығы кезеңі біржылдық, ал жасөспірімдер мен жігіттерде екі жылдық сипатта болады. Бұл мәліметтер көп жағдайда басқа зерттеулер нәтижелермен сәйкес келіп жатады, ол біз үшін жаттықтыру ықпалдарының жалпы көлемін кезеңдестіруге негіз болды. Үлкен, орташа және аз көлемдегі жаттықтыру ықпалдарын ағзаның бүтін жүйе ретіндегі даму заңдылықтарымен сәйкес келуі тиіс деп есептеуге болады. Демек, жүйе құрамының қарама – қайшылығындағы дене ұзындығының белсенді өсуі жүріп, жыныстық жетілу кезеңі басталғанда аз көлемдегі дене жүктемелерін қолданған дұрыс. Бұл қимыл әрекетін қамтамасыз ететін қуат шығыны көп болып, ал қуат шығынын көп талап ететін бойдың өсуі қуат жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкіндігімен түсіндіріледі. Бұл жаста, яғни жүйе арасындағы қарама – қайшылық байқалмағанда көлемі үлкен дене жүктемесін қолдануға барлық жағдай бар.
Алынған мәліметтер де өскелең ағзаның даму заңдылықтарын зерттеу ағзаның биологиялық сенімділігінің ілімдік тұжырымдамасын әзірлеп, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту барысында жүктемені мөлшерлеуде пайдалануға мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің морфологиялық белгілер дамуы мәліметтерін салыстыра отырып, мынадай заңдылықтарды атап өту керек: қызмет мүмкіндіктерінің өсуі, ол күштің, шапшаңдық пен төзімділік көрсеткіштерінде көрінеді, морфологиялық белгілердің өсу жылдары тұрады.
Әрине, бұл ағзаның жүйелер арасындағы өсу қуатын кезеңімен бөлетін қызметін реттейтінін дәлелдейді.
Сонымен нақты жас үшін жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемін өскелең ағзаның қуат мүмкіндіктерімен анықтайды. Аталған мәселені шешуде мынаны білу қажет, яғни өскелең ағза-бұл қуат әлеуеті кезеңімен өзгеріп отыратын бүтін өзгермелі жүйе. Бұл әлеуеттің өзгерісін зерттеу ағзаның бүтін деңгейінде ғана мүмкін болады. Бағалау өлшемі ретінде жоғары дәрежеде өзара байланыста болатын ағзаның қызметтік немесе морфологиялық өзгерістерін аламыз.
Қуат әлеуетін дене қабілетінің даму ырғағының барлық көрсеткіштері бойынша зерттеу (алдыңғы жылға %-дық қатысымен) өскелең ағзаның қуат мүмкіндіктерінің кезеңдігі туралы айтады. Яғни, жасөспірімдер мен жігіттердегі дене қабілеттерінің өсуінің ең белсенді ырғағы үш жас аумағында өтеді. 8 – 9, 10 – 12, 13 – 13 жаста. Мұнда біз белгілі бір жаста жүйе мен ағзаның түгелдей қалыптасуына жұмсалатын қуаттың бірте-бірте жиналатынын байқаймыз. Бұл жастағы жаттықтыру жүктемелерін арттыру да, оны 9-10, 12-13, 16-17 жаста азайту да биологиялық тұрғыдан дәлелденген. Дене қабілеті даму ырғағының төмендеуі жыныстық жетілу сатыларымен сәйкес келеді.
Қыздардағы дене қабілеті даму ырғағының белсенділігінде басқаша сипат байқалады. Яғни, 10 жыл бойы ұлдарда даму ырғағының артуы үш рет байқалса, ал қыздарда бұл кезеңдер қысқарақ және саны жағынан көп болады. Дене қабілеті даму ырғағының төмендеуімен қыздардағы жүктеме көлемі 9 – 10, 12 – 13, 16 – 17 жас аумағында төмендейді. Негізінен бл кезеңдерде үлкен биологиялық жүктеме болады. Соған сәйкес жыныстық жетілу кезеңдері басталады. Мұндағы биологиялық процестердің төмендегіше синхрондығы байқалады: ұлдардың да, қыздардың да жыныстық жетулі кезеңі дене қабілетінің даму белсенділігінің төмендеуі кезеңіне сәйкес келеді. Сонымен балалар мен жасөспірімдердің қимыл белсенділігінің дамуының зерттелген заңдылықтары жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемі іс – тәжірибесінде анықтауға мүмкіндік берді.
Іріктеу бағытындағы жаттықтыру жүктемесін
кезеңге бөлудің жас ерекшеліктері
Балалар мен жасөспірімдер спортындағы жаттықтыру жүктемесі көлемінің іріктеулі және жалпы бағыты көп жағдайда өскелең ағзаның жас мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Алайда, жаттықтыру ықпалдарын іріктеу, ең алдымен, белгілі бір дене немесе қимыл қабілеттерінің пайда болуымен өзара байланысты ағза жүйесінің даму деңгейіне тәуелді болады.
Төзімділікті дамытуға бағытталған құралдар мен әдістер жүрек – тамыр жүйесіне, ал күшті дамытуда — бұлшық ет жүйесіне, ал иілгіштікте — тірек-қимыл аппаратының буындар қозғалғыштығына, т.б. таңдап әсер ететіні белгілі. Әрине, кез – келген дене жаттығуларын орындағанда ағзаның барлық жүйесі қатысады, алайда ықпал ету бағытына қарай негізгілері анықталады.
Ағзаның әрбір жүйесінің өзінің жасына қарай қалыптасу ерекшеліктері бар, ол дене және қимыл ерекшеліктері нақты тапсыру немесе бақылау нормативтерінің нәтижелерін алғанда біз өскелең ағзаның кез-келген жүйесінің даму деңгейін анықтай аламыз.
Бұл ерекшеліктер күшті, шапшаңдықты, төзімділкті, иілгіштік пен ептілікті дамыту көрсеткіштерінде көрінеді.
Әлемнің түрлі елдерінде жүргізілген зерттеулер дене қабілеттерінің жасына қарай дамуында гетерохрондық, белсенді, төмен және тұрақты даму ырғағы байқалатындығын көрсетті.
Спорттық ілім мен іс-тәжірибе қабілеттің белсенді даму деңгейін біршама көтереді деп көрсетті. Бұндай кезеңдер жаттықтыру ықпалдарына сенситивті немесе сезімтал деген ат алды. Бұл заңдылықтар дене және ақыл-ой, музыкалық қабілеттердің жасына қарай дамуында да байқалады.
Бұл тұжырымдама іріктеу бағытындағы жаттықтыру жүктемелерін жасына қарай кезеңге бөлу үшін негізін қалаушы болып табылады.
Алайда, дене даму деңгейі әртүрлі, яғни жылдам (акселераттар) баяу (реторданттар) және орташа балалар мен жасөспірімдерде бұл жас ерекшеліктерінің өзіндік жеке сипаты бар екені анықталды. Дене дамуы деңгейі әртүрлі балалар мен жасөспірімдердегі қабілеттерін іріктеп дамытудың кезеңдерін дәл анықтау үшін олардың жас ерекшеліктерін білу қажет.
Бұл мәліметтер өзінің табиғи дамуында сенситивті кезеңі бар аталған дене қабілетін дамытуға бағытталған жаттығуларды қандай жаста көптеп пайдалануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Күш пен жылдамдық – күш қабілеттері. Күш – бұл сыртқы қарсылықты бағындыру немесе бұлшықет күштері арқылы оған қарсы тұру қабілеті.
Саусақ күші мен жұдырық күшін дамытудың жоғары ырғағы жоғары сынып жасында байқалады, ол күш бағытындағы құралдар көлемін ұлғайтуға негіз болады.
Түрлі бұлшықет топтарының жасына қарай дамуы әкелкі және жеке ерекшелігіне қарай жүргізіледі, яғни олардың айрықша даму жолынан өтеді.
Саусақ иірілімдері мен басқа да бұлшықет топтары үшін жасына қарай күштің басым көрсеткіштерін үнемі арттыру тән. Қыздарда 9 – 10 жаста саусақ пен арқа бұлшықетін, 10 – 11 жаста барлық бұлшық еттерінің, 12 – 13 жаста саусақ пен арқа бұлшық еттерінің күші біршама өседі.
Атап айтқанда күштің дамуында қарастырылған ерекшеліктерге қоса өзгерістік күш пен оның бір түрі жарылғыш күшінің маңызы үлкен, яғни аз уақытта күштің үлкен көлемін көрсету қабілетінің маңызы артады. Мысалы, бұл жылдамдық күш жаттығулары – секіруге, лақтыруға, т.б. арналған.
Сондай-ақ жарылғыш күштің жасы мен жынысына қарай біртіндеп және әркелкі өзгеруі байқалады. Сонымен, қыздарда орнынан жоғары секіру биіктігі 12-14 жасқа дейін жақсарып, сосын біршама тұрақталады немесе нәтиже біршама төмендейді.
Ұлдардағы жарылғыш күштің орташа жылдық көрсеткіштері жыл сайын артып, 15 – 17 жасында жоғары шегіне жетеді. Жарылғыш күштің сенімді өсуі қыздарда 8 – 10 және 11 – 14 жаста, ұлдарда 11 – 12 және 13 – 15 жаста тіркеледі.
Дене дамуы орташа қыздарда жылдамдық – күш бағытындағы көптеген жаттығулар, ол 8 – 9 және 10 – 11 жаста аталған қабілеттің дамуында айырмашылықтар болатынын көрсетеді. Жасөспірімдік кезеңде бұлай арту 13 – 14 жаста жүреді. Жылдамдық күш қабілетінің көрсеткіштері. 12 – 13, 14 – 15 және 16 – 17 жылдамдық – күш құралдарын дұрыс арттыру дене дамуы орташа қыздар үшін төменгі сынып жасында және жасөспірімдік кезеңде өте тиімді болады.
Орташа және жылдам дене дамуындағы қыздардың жылдамдық – күш қабілеттерін жас ерекшеліктеріне қарай салыстыру осы қабілеттің он жыл ішінде екеуінде де бірдей дамығанын көрсетеді. Осы дене қабілеті деңгейіндегі қыздар арасындағы айырмашылық жаттықтыру ықпалдарын бөлу барысында байқалады. Демек, акселерет қыздарда 9 – 10 және 14 – 15 жаста жылдамдық – күш қабілетін тәрбиелеуге бағытталған жаттықтыру ықпалдарын арттыру үшін қолайлы кезең.
Дене дамуы баяу қыздарда төменгі сынып және жасөспірімдік жаста жылдамдық күш сипатында құралдарды біршама арттырып, жоғары сынып жасында біршама төмендеткен дұрыс. 11 – 12 жаста аталған қабілеттің даму ырғағы артады.
Дене дамуы әртүрлі қыздардың жылдамдық – күш қабілетін жетілдіруге бағытталған. Жас ерекшеліктері кезеңі де әрқилы, бірақ 10 жасқа қарай барлығында да аталған қабілет бірдей артты.
Дене дамуы орташа қыздардың жылдамдық – күш қабілеттерін жас ерекшелігіне қарай дамытуды салыстыра талдау ретардалттардың көп жағдайда аталған қабілет көрсеткіші бойынша орташа және ортадан жоғары дамыған қыздардан кейіндеп қалатынын көрсетті, дегенмен 8, 10, 12 және 16 жастағы бұл айырмашылық орташа дене дамуы бар қыздардың көрсеткішіне қарағанда дұрыс, ал 10 және 11 жаста акселерат қыздарға қарағанда сенімді деп табылады. Жеті жас бойынша акселерет қыздардың жылдамдық – күш қабілеттері дене дамуы орташа құрбыларына қарағанда төмен болды.
Дене дамуы орташа ұлдардағы жылдамдық – күш қабілеті деңгейінің артуы 12 – 13 және 16 жастан басқа барлық жас аралығында дұрыс болды. Он жыл ішінде аталған қабілет көрсеткіштері 24,4 см-ге артты. Өсу ырғағы, оның ішінде, жаттықтыру құралдарының артуы 8, 9, 10, 11, 14, 15 жаста, яғни негізінен төменгі сынып және жасөспірімдік жаста байқалады.
Пубертаттық кезеңдегі өсу ырғағының артуы пубертат алдындағыға қарағанда біршама жоғары, ол аталған кезеңді жылдамдық- күш қабілетін дамыту үшін қолайлы деп есептеуге негіз болады.
Акселераттарда 10-11, 12-13 және 14-15 жаста шарықтау шегі байқалады. Он жыл ішінде жалпы өсу 22,7 см-ді құрайды, яғни дене даму деңгейі орташа оқушыларға қарағанда 1,7 см-ге төмен. 11 – 12 және 15 – 17 жастан басқа барлық жастарда дұрыс өсу байқалады. Жыл сайынғы өсу де белсенді арту мен төмендеу кездеседі. Аталған қабілетті 13 – 14 жаста дұрыс төмендеп, 15 – 17 жаста тұрақталады. Төменгі сынып жасында өсу ырғағы 10,8 см-ді, жасөспірімдік кезеңде 13,3 см-ді, ал жоғары сынып жасында 0,2 см-ді құрайды, ол әртүрлі жас кезеңдеріндегі жылдамдық – күш қабілетін жетілдіруге бағытталған құралдарды бөлуге негіз болады.
Он жыл ішінде ретардант ұлдардың жылдамдық – күш қабілеттері 19,9 см-ге яғни 2 есеге артты. Яғни акселераттарда аталған қабілеттердің дұрыс өсуінің бірнеше жас ерекшелігі кезеңдері байқалады. 10 – 11, 12 – 13 және 15 – 16 жаста осы сапаны жылдамдық – күш сипатындағы құралдармен арттыру арқылы тәрбиелеуге қолайлы кезең болып табылады.
8 – 9, 11 – 12 және 13 – 14 жас кезеңінде аталған қабілет көрсеткіштерінің дұрыс төмендеуі, ал 16-17 жаста дұрыс артуы байқалады.
Ретарданттар үшін төменгі сынып жасында өсу ырғағы жоғары және 11,3 см-ге, ал жасөспірімдік жаста – 7,0 см-ге тең болып, жоғары сынып жасында тұрақталады. Барлық жас кезеңдерінде белсенді дамығанымен арнайы педагогикалық ықпалдар үшін төменгі және жасөспірімдік жас қолайлы саналады.
Барлық жас кезеңдерінде баяу дене дамуы бар ұлдар орташа және жылдам дене дамуы бар құрдастарынан жылдамдық – күш қабілетінің даму көрсеткіштері бойынша дұрыс ерекшеленетінін атап айту қажет.
Демек, ретарданттар 10 жастың 9 – ында аталған көрсеткіштер бойынша орташа дамыған ұлдардан, ал 10 жастың 4-ін құрайды. Осы жастың 3-і пубертантты кезеңге тиесілі.
Жылдамдық қабілеті. Шапшаңдық – бұл адамның жылдам қимыл сипатын және қимыл реакциясы уақытын анықтайтын қызметтік қасиеттерінің кешені.
Саусақ қимылындағы қимыл реакциясының жасырын уақыты 9 – 11 жастың өзінде ересектер көрсеткішіне жақын болады. 13-14 жаста оқушылар иық, сан, жіліншік пен табан қимылдарында да осы көрсеткіштерге жетеді.
Жасына қарай қарапайым және күрделі қимыл реакциясының жылдамдығы елеусіз өзгереді. Мысалы, 7 – 16 жаста қимыл ырғағы біржарым есеге өсті. Алайда бұлай арту жасына қарай әркелкі жүреді. 7 – 9 жаста біршама артады. 10 – 11 жаста жылдық қимыл жиілігінің артуы біршама төмендейді, секундына 0,1 – 0,2 қимыл болады, 12-13 жаста қайтадан артып, 14 – 16 жаста жыл сайынғы өсу баяулайды, ұлдарда секундына 0,1 – 0,2 қимылға жетіп, ал қыздарда 14 – 15 жаста мүлдем тоқтайды және 16 жаста елеусіз болады.
Аяқ – қолдың барлық буындарындағы шектік қимыл жиілігінде де жыныстық айырмашылықтар кездеседі. 7 – 10 жастағы ұлдарда қыздарға қарағанда қимыл ырғағы жоғары, ал 13 – 14 жаста ол қыздарда жоғары болады.
Спорттық даярлық іс-тәжірибесі үшін шапшаңдықты көрсетудің аталған түрлерімен салыстырғанда қимылдың бүтіндей әрекеттерінің жылдамдығы да маңызды болып табылады. Жоғары жылдамдықта орындалатын көптеген қимылдарда жылдамдықтың өсуі, оның шегі және төмендеу кезеңі ерекшеленеді.
Сөрелік үдеу алудағы шектік жылдамдықтың өсу уақыты жасы мен жынысына тәуелді емес. Кез-келген жылдамдыққа жүгіруде бұлай өсудің негізгі саны көлемі бойынша аталған зерттелушіге сөре сәтінен жүгірудің 5 – 6 – шы секундына шектік мүмкіндігі тура келеді (басым көпшілігінде 6 — секундта).
Дене дамуы орташа қыздардағы жылдамдық қабілеті 8 – 15 жаста 1,3 есеге артып, ал 15-17 жаста ол азаяды. Төменгі сынып жасында қабілет белсенді дамиды, жасөспірімдік жаста – азаяды, ал жоғары сынып жасында – біршама төмендейді. 8 – 10 және 12 – 13 жаста өсу барысы дұрыс.
Дене дамуы тез қыздардың жылдамдық қабілеттері 16 жасқа дейін белсенді дамып, 8 – 9, 10 – 11, 11 – 13 жаста дұрыс арту кезеңі жүреді.
8 – 9 жаста жақсы өседі. 16 – 17 жастағы шапшаңдық көрсеткіштерінің төмендеуі де 9 – 10, 12 – 13, 14 – 16 жастағы олардың артуы да дұрыс емес.
Дене дамуы баяу қыздардың жылдамдық қабілеті 8 – 17 жаста белсенді кезең мен тұрақталуды бастан өткереді. 15 жасқа дейін белсенді кезең 14 – 15 жаста жылдамдық қабілеті жақсы өседі. 8 – 10 және 13 – 15 жаста белсенді дамудың байқалғаны дұрыс.
Дене дамуы баяу және орташа оқушылардың жылдамдық қабілеттерінің басым шамасына қарай салыстыру аталған қабілеттің оларда 15 жасқа дейін белсенді дамып, 8 – 15 жаста 1,3 есеге артатынын көрсетеді. Алайда, баяу дамыған қыздардың нәтижелерінде елеулі өзгерістер болмаса, ал дене дамуы орташа қыздарда олар 16 – 17 жаста азаяды. Көп жас шамаларында (10-ның 8-інде) дене дамуы орташа оқушы қыздардың қимыл шапшаңдығында талдауда көрсетпегенімен, осы деңгей арасындағы айырмашылық 8 – 10 және 15 – 17 жаста жоғары көрсеткіштер көрсетеді.
Жылдамдық қабілеттерінің жыл сайынғы өсуінде де осы деңгейлер арасында айырмашылықтар бар. Баяу деңгейдегі қыздардың белсенді өсуі 8 – 10 және 14 – 15 жас кезеңдеріне сәйкес келсе, ал дене дамуы орташа қыздарда 8 – 9 және 9 – 10 жас кезеңіне тура келеді.
Дене дамуы баяу және тез қыздарда жылдамдық қабілеттерінің бірдей болғанына қарамастан 8 – 17 жас кезеңдерінде басым және қатыстық шамалар көрсеткіштер жөнінен жылдам қыздар жағы басымырақ және екі жаста ғана олар баяу дамыған қыздардан жоғары болады.
Сонымен, жылдамдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған құралдар көлемі жағынан дене дамуы әркелкі қыздарда мынадай жас кезеңдерінде артуы тиіс. Баяу – 8 – 10 және 13 – 18 жас, орташа 8 – 11 және 12 – 14 жас, шапшаң 6 – 9, 10 – 11 және 13 – 14 жас.
Түрлі дене дамуы бар өкілдердің жылдамдық қабілетін қалыптастырудағы түрлі сипаттарға қарамастан олардың жалпы өсуі барлық деңгейлер үшін бірдей 8 – 17 жас болып табылады. Сонымен қатар жылдамдық қабілетін белсенді жетілдіру барлық дене даму деңгейі өкілдері үшін төменгі сынып жасының кезеңі тиімді болып табылады.
Орташа дене дамуы бар жасөспірім ұлдардағы жылдамдық қабілетін белсенді дамыту 9 – 10 жаста байқалады, ол 8 – 9 және 13 – 16 жаста азайып, 12 – 13 жаста тұрақталады. Яғни, 10 жыл бойы жылдамдық қабілеттері қарқынды дамып, жасөспірімдік жаста ол өте үлкен ырғақта өседі.
Дене дамуы орташа балалар мен жасөспірімдердің жылдамдық қабілеттерін қалыптастыруда өзінің акселерат және ретардант құрдастарынан айтарлықтай өзгерістер жоқ. 14 жаста ғана өзгеріс болуы мүмкін, онда бұл оқушылар ретарданттарға қарағанда төмен нәтижелер көрсетуі мүмкін, сондай – ақ 12 және 16 жаста олар акселерат балалар мен жасөспірімдер қозғалысындағы жылдамдықта озық тұрады.
Акселераттардың жылдамдық қабілетін дамытуда 9 – 11 жаста, 1,0 с-қа тең. Және 12 – 15 жаста 1,4 с-қа тең екі өсу шыңы байқалады. Алайда ол 10 – 11 , 13-15 және 16 – 17 жаста сенімді артады.
Пебартатты және постпубертатты кезеңдердің көрсеткіштерінде біршама өсу байқалады, алайда пубертат алдындағы кезеңдерде шапшаңдықты тәрбиелеуге арналған барлық алғы шарттар бар. Он жыл ішінде аталған қабілет дене дамуы орташа және баяу жасөспірімдер мен балаларға қарағанда 2,6 с-қа, яғни 0,2 с-қа артады. Жас ерекшеліктеріне қарай даму біркелкі, айтарлықтай өзгерістерсіз жүреді. Алайда, 10, 14, 15 және 16 жастағы акселераттарда ретарданттарға қарағанда төмен нәтижелер байқалады, ал 12 және 16 жаста дене дамуы орташа жасөспірімдерге қарағанда төмен көрсеткіштер береді.
Ретарданттар жылдамдық қабілетінің дамуы жөнінен өз құрбыларынан алда тұрады. Алайда, дене дамуы орташа және шапшаң жасөспірімдердегідей олардағы шапшаңдықты дамытудың негізгі екі сатысы 9 – 11 және 13 – 15 жасқа тура келеді.
Айырмашылықтардың дұрыстығын талдау дене дамуы орташа балалар мен жасөспірімдермен салыстырғанда ретарданттар тек 14 жаста ғана үздік нәтижелер көрсетеді. Акселераттар мен ретарданттар арасындағы жылдамдық қабілеттерінің айырмашылығына келсек, онда олар 10, 14, 15 және 16 жаста дұрыс саналады. Сонымен, дене дамуы әртүрлі ұлдар пебуртат алдындағы кезеңде қимыл жылдамдығы жөнінен бірдей нәтиже көрсетеді.
Төзімділік. Жалпы алғанда төзімділік белгілі бір іс – қимылдан кейінгі шаршауға қарсы тұру қабілетін білдіреді. Оның бағалау өлшемі адамның тапсырылған қарқынды жұмыста ұстап тұруға қабілеті уақытпен өлшенеді.
Төменгі сынып оқушыларындағы жалпы төзімділік қарқынды дамиды. Орташа жаста оның баяулауы, ал жоғары жаста қайтадан өсуі байқалады. 8 – ден 13 – 14 жасқа дейінгі қыздарда бұл көрсеткіш тез өсіп, 14 жастан соң күрт төмендейді.
Төзімділіктің өзгермелі бұлшықет күшіне қуатты өсуі ұлдарда және қыздарда 8 – 11 жаста байқалады.
Түрлі бұлшықет топтарының тұрыстық күшіне төзімділігі де осы жаста өзгерістерге ұшырайды. Демек, 8 – 11 жастағы ұлдарда тұрыстық төзімділік күші саусақта 75,5 % — ға ал 14 – 17 жаста – 10,4 % — ға артады. Сонымен қоса, төменгі сынып жасында көршілес жастар арасында дұрыс айырмашылықтар байқалады. Қалған жастарда көптеген айырмашылықтар 2 – 3 жылдан соң байқалады.
8 – 15 жасар қыздардың саусақ бұлшық еттерінің тұрыстық төзімділіктерінің маңызды артуы да тек 8 – ден 10 жас аралығында болады. Сосын 15 жасқа қарай төзімділік 8 жастағы қыздардың деңгейіне дейін төмендейді.
Білек пен тұлға бұлшық еттерінің қозғалыссыз күшке төзімділігі ұлдарда 8 – 17 жаста тез өседі. Бұл бұлшықет топтарының төзімділік көрсеткіштерінің жақсы артуы төменгі сынып оқушыларында кездеседі.
Дене буындарының тұрақты төзімділігінің жасына қарай өзгеру сипатының белгілі бір ерекшеліктері бар. Демек, 14 жаста 13 жаспен салыстырғанда тұрыстық төзімділік көрсеткіштерінде азаю байқалады. Төменгі және орташа жаста (8 – 9, 10, 9 – 10, 10 – 11)(11 – 12, 12 – 13 жас) көрші жастар арасында дұрыс айырмашылықтар анықталады. Жоғарғы жастар арасында оң айырмашылықтар анықталған жоқ. Сонымен, ұлдардағы тұлға иірілімдері төменгі сыныпта көп, ал жоғары сыныпта аз өзгерістерге ұшырайды.
Үш жас кезеңінің ішінде ортаңғы мектеп жасында төзімділіктің артуы аз байқалады. 8 – 10 жаста төзімділік 76,5 % — ға, 11 – 14 жаста 32,9 % — ға, 14 – 17 жаста 63,1 % — ға артады.
8 – 15 жасар қыздарда тұлға мен аяқ буындарының тұрыстық төзімділігінің табиғи даму барысы байқалды. Аяқ бұлшық еттерінің төзімділігі 8 – 14 жаста өз өзгеріп, 15 жасқа қарай біршама анықталады, оның барысында түрлі жастағы балалар негізгі гимнастикалық қалыптар тартылу мен тірелуді ұстап тұруы мүмкін. Жасына қарай осы қалыптарды орындауда бұлшық еттің төзімділігі арта түседі. 7 – 17 жаста қыздардың төзімділігі ұлдардың төзімділігінен төмен. Ұлдардың тартылуда ұстап тұратын ең жоғарғы уақыты 14 жаста белгілі болды (4 мин 30с), қыздарда 11 жаста (4 мин 35 с). Тіректе ең жоғары ұстап тұру уақыты ұлдарда 16 жаста, ал қыздарда 14 жаста артады, содан кейін өсу баяулайды.
Төменгі және ортаңғы сынып жасындағы балаларда жылдамдық – күш күшіне деген төзімділіктің дамуының жасына қарай өзгеруі қыздарда 9 – 10, ұлдарда 8 – 10 жаста тез өсуін көрсетеді.
Дене дамуы орташа қыздарда 13 – 15 жаста төзімділіктің белсенді дамуы жүрсе, ал 16 – 17 жаста 2,5с-та артады, талдау бұл кезеңдегі өсудің дұрыстығын дәлелдемеді.
Басқа да дене қабілеті тәрізді төзімділіктің де жастық, жыныстық және өзгергіштік даму ерекшеліктері бар, ол балалар мен жасөспірімдердің көпжылдық спорт дайындығының түрлі сатыларында таңдаулы әсердің қажеті шамасын дәл таңдауға мүмкіндік береді.
Дене дамуы жедел оқушыларда 13 – 15 жаста көрсеткіштер 7,0 с-ға, яғни 1,1 есеге төмендейді. Ал жас арасында түбегейлі өзгерістер байқалмайды. 16 – 17 жаста бұл қабілет көрсеткіштері төмендегенімен, оның елеусіз артуы байқалады.
13 – 15 жас кезеңінде дене дамуы баяу оқушыларда төзімділік 10,8 с, яғни 1,2 есеге артады. Мұнда 13-14 жаста төзімділіктің қалыптасу ырғағы 7,0 с, ал 14 – 15 жаста 3,8 с-ға тең, ал 16 – 17 жаста дұрыс артуы жүретінін ескеру қажет.
Жасөспірімдік кезеңде (13 және 14 жаста) дене дамуы орташа (15 және 17 жас) баяу, ал 16 жаста – шапшаң қыздар төзімді келеді. Мұнда, 13 жаста орташа деңгейлі оқушы қыздарда төзімділік көрсеткіштері жақсы болады. 15 жаста дене дамуы баяу оқушылар басымдылық көрсетеді. Қалған жастарда олардың арасындағы айырмашылық елеусіз.
13 – 15 жаста төзімділіктің барынша өсуі баяу оқушылар үшін, аз өсуі жедел дене даму ерекшелігі бар қыздарда көрінеді.
Жасына қарай төзімділіктің артуын жыл сайын салыстыру дене дамуы баяу оқушыларда белсенді дұрыс дамуы туралы айтады. Дене дамуы жедел және орташа оқушы қыздарда бұл жас кезеңдерінде төзімділіктің қалыптасуында белсенділік байқалды. Ол аталған қабілетті жетілдіруге бағытталған құралдар көлемін азайту үшін негіз болып табылады.
Дене дамуы орташа жасөспірім ұлдардың төзімділігінің дамуы бүкіл мектеп жасында елеусіз, бірақ 15 – 16 жаста азайып, белсенді жүргізіледі. 12 – 13 жаста төзімділіктің қалыптасуындағы елеулі арту байқалмайды. Бұл өсу 13 – 15 жаста көрінеді. Сосын төзімділік көрсеткіштері төмендеп, ал 16- 17 жаста белсенді артады. Бұл 13 – 14, 14 – 15 және 16 – 17 жаста төзімділікті дұрыс тәрбиелеу үшін алғы шарт бар деп есептеуге мүмкіндік береді. Төзімділіктің дамуында дене дамуы орташа ұлдар барлық жаста акселераттардан басым түседі, алайда бұл айырмашылықтардың дұрыстығы 12, 13 және 17 жаста байқалады, ал ретарданттардан олар 13, 14, 15 жаста басым түсіп, 16 және 17 жаста олардың нәтижесі бірдей болады.
Акселераттар төзімділігі жағынан өз құрдастарынан төмен бағанмен, бірнеше жыл қатарынан, атап айтқанда 13 – 14 жаста аталған қабілеттің артуы дұрыс көрінеді. Елеулі жас ерекшеліктері кезеңінде атап айтқанда 12 – 13, 15 – 16 және 16 – 17 жаста тұрақтандыру жүреді. Дамудың өсуі 13 – 14 және 14 – 15 жас ерекшеліктері ауқымы үшін тән. 12, 13 және 17 жаста акселераттар ретардант спортшыларға қарағанда төзімділіктің дамуынан артта қалады, және осы кезеңдерде дене дамуы орташа оқушылардан да төмен тұрады.
12 – 13 жаста ретарданттар төзімділіктің дамуы бойынша дене дамуын салыстыру барысында байқадық.
7 – 17 жасар ұлдарда тіктелген аяқтың белсенді бүгілу көрсеткіштерінің жылдық өсуі орташа есеппен 2,70 – ты құрайды, ал әлсіз бүгілуі 3,50 – ты көрсетеді. 12 – 15 жаста аяқты бүгу шамасы біршама азаяды.
Жасөспірімдердің иық буынының қозғалғыштығының үздіксіз, бірақ әркелкі өсуі 12 – 13 жасқа дейін болады. Бұл кезеңде ұлдардың белсенді жазу – бүгу қол қимылдарының қозғалғыштығы 210 – қа, ал қыздарда 90 – қа артады, ал әлсіз жазу – бүгу қимылдарында 170 және 140 – қа тең болады. Барлық жастағы мәнді қосынды қозғалғыштық байқалады.
Буындардың қозғалғыштығының жасына қарай өзгеру ерешеліктері бойынша оларды екі топқа бөледі. 14 – 15 жасқа дейін қозғалғыштық көрсеткіштері артып, соңынан төмендейтін бірінші топқа омыртқа жотасы мен сан – жамбас буыны кіреді. Қозғалғыштықтың 11 – 13 жасқа дейін артып, сосын көрсеткіштері бір деңгейде тұрып, 16 – 17 жаста төмендеуі оның айрықша белгісі болып табылады.
Түрлі буындар қозғалғыштығының өсу көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарға қарамастан зерттеушілер олардың дамуындағы жалпы заңдылықтарды белгілейді. 7 – 11 жаста барлық буындардың қозғалғыштығы қарқынды өседі. 12 – 15 жаста қозғалғыштық трақты шамаға жетеді, ал 16 – 17 жаста барлық зерттелетін буындардағы қозғалғыштық төмендейді.
Дене дамуы орташа қыздар үлкен құлашпен қимыл орындаудан жоғары көрсеткіштерге 9 жасында жетеді. Сосын бұл деңгей біртіндер төмендеп, 9 – 13 жаста төмендеу түбегейлі орын алады. 13 – 14 жаста өсу, ал 14 – 15 жаста төмендеу байқалады. 15 – 17 жас аралығы аталған қабілеттің тұрақтылығымен сипатталады.
Дене дамуы орташа қыздарда иілгіштіктің белсенді дамуы пубертаттық кезеңде жүреді, ал пубертат алдындағы және пубертат барысындағы кезеңде бұл қабілет төмендейді.
Дене дамуы шапшаң қыздарда иілгіштік көрсеткіштерінің төмендеуі дене дамуы орташа немесе баяу құрбыларына қарағанда өте ерте байқалады. Бұл 9 – 11 жас кезеңі, сосын 12 жасқа дейін иілгіштік түбегейлі артып, сосын төмендейді және тұрақталады.
Дене дамуы баяу оқушылар 8 жаста өзінің шектік мүмкіндіктерін көрсетеді. Сосын 13 жасқа дейін бұл қабілеттің біртіндеп азаюы жүреді. Ол 8 – 13 жас кезеңінде түбегейлі болады. 13 – 14 жаста біршама артады, содан кейін иілгіштік көрсеткіштері нашарлайды (15 – 16 жаста), ал 16 – 17 жаста илеусіз жақсарады.
Пубертат алдындағы кезеңде иілгіштік 350 – қа төмендесе, пубертаттық кезеңде 80 – қа артады, ал пубертаттан кейінгі кезеңде оның 24 0 – қа төмендеуі байқалады.
Дене дамуы әр келкі оқушылардың арасындағы жасына қарай иілгіштік көрсеткіштерін салыстыру 8, 10, 12 және 16, 17 жастардағы айырмашылықтың дұрыс емес екендігін дәлелдейді. 11 – 14 және 15 жаста дене дамуы баяу және орташа қыздар арасында, 11 және 15 жаста баяу және шапшаң дамыған қыздарда айырмашылықтар байқалмайды, 13 жаста дене дамуы орташа және шапшаң қыздарда айырмашылық жоқ.
Қалған жағдайларда олардың арасындағы айырмашылық дұрыс, ал 11, 14 және 15 жаста дене дамуы орташа қыздардың иілгіштік көрсеткіштері шапшаң қыздарға қарағанда жоғары; 13 жаста олар өздерінің баяу құрбыларынан басым түседі, ал 15 жаста баяу дамыған қыздарда дене дамуы шапшаң құрбыларына қарағанда иілгіштігі жақсы болады. Сонымен қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті дене дамуынан тыс пубертат алдындағы кезеңде өзінің шектік шамасына жетеді. Пебертаттық кезең иілгіштіктің белсенді қалыптасуымен ал пубертаттан кейінгі кезең тұрақтанумен сипатталады.
Белсенді дамудан соң иілгіштік көрсеткіштері төмендейді. 8 – 13 жас кезеңінде баяу қыздарда 9 – 13 жаста орташа дамыған қыздарда, ал 9 – 11 жаста дене дамуы шапшаң қыздарда төмендеу түбегейлі орын алады. бұл қабілеттің дұрыс өсуі 13 – 14 жаста (баяу және орташа даму деңгейі) және 11 – 12 жаста (шапшаң деңгей) байқалады.
Алайда бұл ұлғаю тоқтап, екінші рет қайтадан төмендеу басталады, ол дене дамуы төмен қыздарда 15 – 16 жаста, ал дене дамуы шапшаң қыздарда 13 – 14 жаста басталады.
17 жасқа қарай дене дамуы әркелкі қыздарда қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті біршама тұрақты болады.
Дене дамуы орташа ұлдардағы иілгіштіктің қалыптасуында белсенділіктің негізгі екі кезеңі бар 9 – 11 жас және 14 – 16 жас. Осы уақытта иілгіштік 15,80 – қа және 210 –қа артады.
Өсу екпіні бойынша 9 – 10, 10 – 11 және 14 – 15 жас кезеңдері өте тиімді болып табылады. Белсенді дамудың төмендеуі 8 – 9, 12 – 13, 13 – 14, 16 – 17 жас кезеңіне тән. Дене дамуының осындай деңгейіндегі балалар мен жасөспірімдерде иілгіштікті тиімді дамыту жасөспірімдік алдындағы және жасөспірімдік кезеңде де мүмкін болады.
Көрсеткіштердің дұрыстығына келсек, мұнда төмендегіше бейнеленеді. Пубертат алдындағы кезеңдерде дене дамуы орташа оқушылар ретарданттарға жол беріп, акселераттардан озық шығады, пубертаттан кейінгі кезеңдерде олар акселераттардан да, ретарданттардан да кейіндеп қалады.
Акселераттардағы иілгіштік көрсеткіштерінің артуы 11 – 12 және 15 – 17 жаста байқалады. Бұл кезеңде иілгіштік пубертат алдындағы кезеңде 310 – қа, ал пубертаттан кейінгі кезеңде 8700 – қа артады. Акселераттарда дамудың ең белсенді ырғағы 11 – 12 және 16 – 17 жас кезеңдерінде белгіленді.
Иілгіштіктің төмендеуі 8 – 11 және 13 – 15 жаста дәл көрінеді.
Акселераттар иілгіштіктің дамуында 12 жаста ретарданттардан басым түседі, алайда біз 13 және 17 жаста айырмашылықтардың дұрыстығын көреміз. Дене дамуы орташа және шапшаң балалар мен жасөспірімдер арасындағы айырмашылыққа келетін болсақ, онда соңғылары пубертат алдындағы кезеңде нашар нәтижелер көрсетеді, сосын өз құрбыларынан басым түсіп, 17 жаста айырмашылық 410 – ты құрайды.
8 жасар ретарданттарда иіліштіктің дамуында баяулау байқалады, ол тек 13 жасқа қарай аяқталады. 13 – 15 жаста олардағы иілгіштік артып, 15 – 16 жаста ғана олардың қайтадан төмендеуі байқалады. 17 жаста аталған қабілет 11 – 12 жасар жасөспірімдердің деңгейіне жетеді. Алайда төменгі сынып жасындағы ретарданттардың иілгіштік дамуы дене дамуы орташа деңгейдегі оқушыларда төмен, ал 17 жаста жоғары болады. Акселераттар мен ретарданттар арасындағы жасына қарай болатын айырмашылықтарға келсек, онда ретаранттар иілгіштіктің дамуында 12, 13, 14 және 17 жаста өз құрбыларынан басым түседі. Олардың арасындағы айырмашылық төменгі сынып жасында ретаранттарға тән.
Ептілік. Дене қабілеттермен көп жақты өзара байланысып, ерекше орын алады. Ептілікті біріншіден, жаңа қимылдарды тез меңгеру қабілеті ретінде (тез үйрену қабілеті) екіншіден, қимыл әрекетін тез өзгертіп жағдай талаптарына сәйкес тез үйлестіру қабілеті ретінде анықтама беріледі, яғни ептілік көп жағдайда үйлесімділік қабілетін білдіреді.
Ептілікті көрсетудің бір түрі — өте қарапайым қимылды да кеңістікті дәл бағдарлау болып табылады.
Табиғи қолайлы қалыпта көлденең жатқандағы дененің тербеліс құлашы 12 жасқа дейінгі балаларда төмендейді, ал 8 – 10 және 11 – 12 жаста бұл төмендеу дұрыс деп саналады.
Бала өмірінің бірінші немесе екінші жылынан бастап жүре бастағанымен, кеңістікті дұрыс бағдарлау қабілеті көптеген жылдарға созылады, тек 12 жаста ғана ол ересектер көрсеткішіне жақын көрсеткіштер көрсете алады. 7 – 12 жаста жақсару тұрыстық тұрғыдан дұрыс саналады.
7 – 10 жасар балаларда өзгерістік тепе – теңдікті сақтау қызметін қарқынды дамыту жүреді. Демек, 10 жасқа дейін жылына орташа есеппен алғанда түзуден ауытқу шамасы 10,2 см-ге, ал 10 жылдан соң 3,7 см-ге азаяды.
Сондай – ақ орнынан ұзындыққа секіруде қимылдың кеңістік дәлдігі көрінеді. Демек, балаларда 4 – 16 жаста қону дәлдігі 5 есеге артады. Қателіктің біршама төмендеуі (дәлдіктің артуы) 4 – 6 жаста байқалады. Сосын 9 – 10 жасқа қарай біршама төмендейді. 9 – 10 жастан кейінгі секіру дәлдігі өзгерісі әсіресе көз бақылауында елеусіз байқалады.
Кеңістікті дәлдеудің жақсаруының осындай сипаты көлденең нысанаға лақтыруда да анықталды. Ұлдардағы тік нысанаға лақтыру дәлдігі 14 – 15 жаста, қыздарда 13 жаста үлкен шамаға жетеді.
5 – 10 жастағы балалардың тапсырылған бұлшықет күшін туындату дәлдігі көп емес. Ол тек 11 – 16 жаста ғана көбейеді. Төменгі сынып жасында күшті туындатудағы қателік орта есеппен 23 – 30 % — ды, орташа мектеп жасында бастапқы шаманың 15 – 21 % — ын құрайды.
Дене дамуы орташа қыздар 12 жасқа дейін 9 – 10 жаста нәтижесі елеусіз төмендеп, ептіліктен жоғары нәтижелер көрсетеді. 12 жасқа дейін ептілік 1,2 есеге артып, одан кейінгі жылдарда оның тұрақтылығы байқалады.
Дене дамуы орташа қыздарда ептілік төменгі сынып жасында (8 – 11 жас) дамиды, жасөспірімдік және жоғары сынып жасында ол біршама төмендейді.
8 – 9 және 10 – 11 жаста ептіліктің өсуі дұрыс. Басқа жастар арасындағы өсу екпінінің өзгерісі статистикалық тұрғыда болған емес.
11 жаста дене дамуы шапшаң қыздар өзіндік қабілет көрсетеді. 8 – 11 жаста олардың ептілігі 1,2 есеге артады, ал 11 жастан кейін ол біртіндеп төмендейді. Тек 10 – 11 жаста ғана ептіліктің дамуында дұрыстық бір рет байқалған. Ептіліктің өсу ырғағын салыстыру төменгі сынып жасын дене дамуы шапшаң оқушы қыздарда жетілдіруге өте қолайлы кезең ретінде айтуға мүмкіндік бередіі 8 – 11 жастағы ептіліктің өсуі оң сипатта болып, 2 ,2 с – ға тең болады. Қалған жастарда керісінше болады. Пубертатты кезеңде ептілік 1,0 с-ға, ал пубертаттан кейінгі кезеңде 0,4 с-ға төмендейді.
Дене дамуы баяу қыздардағы ептіліктің басым көрсеткіштері аталған қабілет 14 жасқа қарай өзінің қалыптасу кезеңін аяқтайтынын көрсетеді. Бұл кезеңде ол 1,2 есеге өсіп, одан кейін төмендейді. Өсу екпіні бойынша ептілік пубертат алдындағы кезеңде басымдықпен жетіледі. Демек, 8 – 11 жаста ол 2,1 С-қа, 11 – 14 жаста 0,3 С-ға жақсарып, 14 – 17 жаста оның төмендеуі 0,6 С-қа байқалады.
Дене дамуы баяу оқушы қыздарда ептіліктің қалыптасуының ең белсенді кезеңі 8 – 9 , 10 – 11 және 13 – 14 жаста байқалады.
Дене дамуы баяу және орташа қыздарда ептілікті дамытудың салыстырмалы талдауы оның қалыптасуы түрлі мерзімдерге сәйкес аяқталатынын көрсетеді. Демек, ретарданттар өздерінің шектік шамасына 14 жаста, ал орташа деңгейдегі қыздарда 12 жаста жетеді. Бірақ осыған қарамастан, ептілікті дамытудың басым көрсеткіші екі топтада 1,2 есеге артады. Ептілікті қалыптастыру көрсеткіштерін салыстыру (жыл сайын) дене дамуы орташа қыздарда көптеген жаста басымдылық көрсеткіштерін атап өтуге мүмкіндік береді. Алайда тек 12 – 13 жаста бұл басымдық дұрыс саналады.
Ретардант және орташа деңгейлі қыздарда ептілікті қалыптастыру екпіні пубертант алдындағы және одан кейінгі кезеңдерде бірдей, ал пубертант кезеңінде ол баяу деңгейлі қыздарда жоғары болады.
Ретардант және акселерат қыздардағы басым көрсеткіштер 13 жасқа дейін көптеген жаста дене дамуы шапшаң қыздарда басым болатынын дәлелдеді. 13 жастан кейін олардан дене дамуы баяу қыздар басым түседі.
8, 11 және 13 жаста осы деңгейлер арасында оң айырмашылықтар байқалады. 8 – 11 жаста дене дамуы әркелкі қыздардағы ептіліктің дамуында біркелкі өсу ырғағы жүреді. Алайды пубертатты кезеңде дене дамуы баяу оқушы қыздар өздерінің шапшаң құрбыларынан басым түседі. Осы топ өкілдерінің постпубертаттық кезеңінде ептілік көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.
Акселерат қыздар 11 жаста ғана орташа деңгейдегі қыздармен салыстырғанда ептіліктен басымдық танытады. Қалған жас кезеңдерінде олардың арасында айырмашылық жоқ. Ал қалыптасу ырғағына келсек, пубертат алдындағы кезеңде ол дене дамуы орташа қыздарда аз болады.
Ал алдағы кезеңде бұл қыздардағы ептіліктің дамуы тұрақталады, ал бұл кезде дене дамуы шапшаң қыздарда ол біршама төмендейді.
Дене дамуы әркелкі қыздар ептіліктен өздерінің шектік қабілеттерін түрлі мерзімдерде көрсетеді. Яғни, дене дамуы баяуларда 14 жаста. Алайда, 8 жастағылардың мәліметтеріне қатысы бойынша өсу шамасы дене дамуына қарамастан бірдей болады. Өздерінің шектік ептілік қабілеттерін көрсету үшін дене дамуы баяу қыздарға 6 — 9 жыл, ал орта және шапшаң қыздар үшін 4 және 3 жыл қажет.
Дене дамуы орташа ұлдардың мектеп жасындағы ептілігі 2,4 с- ға артып, ал оның даму барысы 14 жасқа қарай аяқталады. Ептіліктің дамуындағы ең дұрыс өсу 8 – 9 және 11 – 12 жаста байқалады, ал осы жаста жүктеме көлемін арттыру үшін негіз болып табылады. Сонымен, ептілікті тәрбиелеу үшін пубертат алдындағы және пубертат кезеңдері өте қолайлы болып табылады. Пубертаттық кезеңде ептіліктің дамуы тұрақталады.
Дене дамуы шапшаң ұлдар ептілікті қалыптастыру орташа деңгейдегі ұлдарға қарағанда сәл кешірек, 14 – 15 жасқа қарай аяқталады. Акселераттарда ептіліктің өсуі дене дамуы орташа оқушылардағыдай қарқынды жүрмейді. Мұнда 8 – 9, 11 – 12 және 14 – 15 жаста ептіліктің өсуінің үш шарықтау кезеңі байқалады. Пубертатты кезеңде орташа, ал пубертаттан кейінгі кезеңде ең көп дамуы, пубертат алдындағы кезеңде аз кезі тура келеді. Дене дамуы орташа спортшылар барлық жас кезеңдерінде ептілікке байланысты орындалатынын қимылдарда акселераттардан басым түседі.
Ептіліктің дамуында дене дамуы баяу ұлдар өздерінің орташа және шапшаң құрбыларынан озық тұрады. 13 жасқа қарай оларда аталған қабілеттің қалыптасу кезеңі аяқталады.
Пубертат алдындағы кезеңде ептіліктің жоғары дамуы, пубертаттан кейінгі кезеңде төмен дамуы, ал пубертат кезеңінде біршама азайуы байқалады. Ептілікті тәрбиелеу үшін 8 – 9 жас өте қолайлы, ал жүктеме көлемін азайтып 9 – 10, 11 – 12, 12- 13 және 15 – 16 жаста да қолайлы болады.
Ретардант ұлдардың дене дамуы орташа ұлдармен салыстырғанда ептіліктің дамуында жоғары көрсеткіштер барлық жас кезеңдеріне тән екенін айта кеткен жөн. 10, 14 және 16 жаста өзгерістер болуы мүмкін.
Дене дамуы орташа және шапшаң балалар мен жасөспірімдердің ептілік көрсеткіштерін салыстырғанда айтарлықтай айырмашылықтар аз. Тек 9 – 10 жаста ғана айырмашылықтар елеулі болады. Ретарданттар мен акселераттар арасындағы ептіліктің айырмашылығына келсек, онда ол 10 жастың 7 – уінде дұрыс саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
- Мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі ғылыми-педагогикалық әдебиетті талдау төзімділікті дамытудың маңызды білімдік, сауықтырушы және тәрбиелік функцияларды атқаратындығын, қимыл-қозғалыс іс-әрекетінің жетілуіне ықпал ететіндігін, дене қасиеттерінің даярлығын жақсартатындығын, функционалдық көрсеткіштерді арттыратындығын, оқушының маңызды тұлғалық-қоғамдық, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыратындығын куәландырады. Дәл сол кезде оқу-әдістеме әдебиетінде бастауыш сыныптарда төзімділікті дамытуға жеткіліксіз көңіл бөлінетіндігі анықталды.
- Біз қазіргі мектеп оқушыларының төзімділікті дамыту деңгейінің тесттерді 2006 жылы орындау нәтижелерімен салыстырғанда төмендеп кеткенін анықтадық: бастауыш сынып оқушылары 90 с ішінде жүгіріп өту көрсеткіштері бойынша орташа алғанда 10,9%-ға; 6 мин ішінде жүгіруде — 11,2%-ға; 35 мин ішінде жүгіруде — 40%-ға артта қалып отыр. Осылайша, орындалатын жұмыстың ұзақтығына және қарқындылығына байланысты төзімділіктің төмендеу тенденциясы айқындалып отыр.
- Төменгі мектеп жасындағы балалармен дене шынықтыру сабағында төзімділікті дамыту тәсілдерінің орны анықталды: 4,2% сабақтың кіріспе бөлігінде, негізгі бөлігінде 60%; қорытынды бөлігінде —
4,3%. Қалған уақыт спорттың базалық түрлерінің: жеңіл атлетиканың, гимнастиканың, шаңғы даярлығының, спорттық ойындар элементтері бар қозғалмалы ойындардың техникалық әрекеттерін меңгеруге бөлінеді. - 2-4 сынып оқушыларының эксперимент басталғанға дейінгі дене қасиеттерінің даярлығы мен функционалдық күйінің құрылымы анықталды. Осындай құрылымның негізгі құрамдас бөліктері болып мыналар табылады:
- фактор I – организмнің функционалдық қабілеттері факторы;
- фактор II – буындардың қозғалғыштығы факторы;
— фактор III – жылдамдық және қуаттылық қабілеттері факторы;
— фактор IV – күш қабілеттері факторы.
- Төзімділікті дамыту тәсілдерін басымырақ қолдана отырып, II-IV сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабақтарының мазмұнының бағдарламасы жасап шығарылды, атап айтар болсақ:
— бағдарламаның өзіне мемлекеттік білім беру стандартымен қарастырылған жаттығуларды үйренуді енгізетін базалық материалы (76,47%);
— төзімділікті дамытуға жаттығулар орындауды қосатын, бағдарламаның вариативтік бөлімі (23,53%).
- Төменгі мектеп жасындағы оқушыларында төзімділікті дамыту тәсілдерін қолданудың жасап шығарылған әдістемесі циклдық сипаттағы жаттығуларды 8-20 мин бойы орындаудың үздіксіз әдісін ұсынуға болатындығын көрсетіп берді. Оқушылар 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіріп өткен дене шынықтыру сабақтары, максималды қуаттылықтағы қашықтықтарды көп мәрте жүгіріп өту және орта қашықтықтарға жүгіру қолданылған сабақтармен салыстырғанда, 2-4 сынып оқушыларының төзімділігін дамытуға тиімді әсерін көрсестеді. Төзімділіктің оңды өзгерісіне үздіксіз ұзақ жүгірудің әсерімен функционалдық көрсеткіштердің артуы себепші болып отыр.
- Дене шынықтыру сабақтарында төменгі сынып оқушыларында төзімділікті мақматты бағыттай дамыту бойынша жасап шығарылған бағдарламаны қолданудың нәтижесінде біздер II-IV сынып оқушыларының дене қасиеттерінің даярлығын анықтайтын басым факторларды анықтадық:
I – аэробтық қасиеттер;
II — функционалдық қасиеттер;
III – буындардың қозғалғыштығы;
IV – шапшаңдық пен қуаттылық қабілеттері.
- Педагогикалық эксперимент, басқа эксперименттік топтармен салыстырғанда, төзімділікті дамыту үшін үздіксіз ұзақ жүгіруді қолдана отырып өткізілген сабақтардың жоғары тиімділігін және функционалдық көрсеткіштердің (ӨӨС, ОМТ, ОМТ/кг) өскендігін көрсетті.
Үш эксперименттік топтағы төзімділіктің даму диапазоны 12,4% — дан 6,2% дейін құрады:
- 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру қолданылған «В» тобында төзімділік көрсеткіштері 12,4%-ға артты;
- орташа қашықтықтарға жүгіру қолданылған «Б» тобында төзімділік көрсеткіштері орташа алғанда 9,3%-ға артты;
- төзімділікті дамыту үшін балалар шағын қашықтықтарды көп мәрте жүгіріп өткен «А» тобында үш эксперименттік топтың ішіндегі ең төмен нәтижелер байқалады: төзімділік көрсеткіштері 6,2%-ға артты.
Үш эксперименттік топтағы функциялық көрсеткіштердің (ӨӨС, ОМТ, ОМТ/кг) даму диапазоны 12,5%-дан 5,7%-ға дейінгі шаманы құрады (функционалдық көрсеткіштер орташа алғанда «В» тобында 12,5%-ға; «Б» тобында — 9,6%-ға; «А» тобында — 5,7%-ға артты).
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
- Төзімділікті дамыту тәсілдерінің негізінде бастауыш мектеп үшін дене шынықтыру сабақтарының келесідей оқу жоспары ұсынылады:
Бағдарламалық материал |
|
Базалық бөлім |
Вариативтік бөлім |
1. Дене мәдениеті туралы білімдердің негіздері 1.1. Табиғи негіздер 1.2. Әлеуметтік-психологиялық негіздер |
Төзімділікті дамыту тәсілдері: 1. Жаттығуларды алуан түрлі қарқындылықпен орындау 1.1. 40-60 м қашықтықты максималды қарқындылықпен көп мәрте жүгіріп өту 1.2. Жаттығуларды 15-40 с ішінде, максимумнан 95% қарқындылықпен орындау 1.3. Жаттығуларды 50 с ішінде, максимумнан 80% қарқындылықпен орындау 1.4. Жаттығуларды 2-3 мин бойы субмаксималды қарқындылықпен орындау 1.5. Жаттығуларды 2-8 мин бойы субмаксималды қарқындылықпен орындау 1.6. Жаттығуларды 8-20 мин. бойы үздіксіз орындау 2. Төзімділікті дамытуға арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар 3. Қарапайым ережелер бойынша ойналатын футбол |
2. Қозғалмалы ойындар |
|
3. Жеңіл атлетика жаттығулары 4. Акробатика элементтері бар гимнастика 5. Шаңғы даярлығы |
- Төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар бүкіл оқу жылы ішінде орындалады және сабақтың жалпы уақытының 55% алып жатады.
- Практикалық жұмыста жеңіл атлетиканың төзімділікті дамытуға арналған келесідей тәсілдерін қолданған жөн:
— баяу қарқынмен жүгіру;
— жүрумен үйлестіре отырып, баяу жүгіру;
— қимыл бағытын өзгерте отырып жүгіру;
— орналастырылған заттардың арасынан «жыланша ирелеңдеп» жүгіру;
— әр түрлі қарқындылықпен жүгіру;
- 40-60 м қашықтықты максималды қарқындылықпен көп мәрте жүгіріп өту;
- Максимумнан 95% қарқындылықпен 15-40 с бойы жүгіру;
- Максимумнан 80% қарқындылықпен 50 с бойы жүгіру;
- субмаксимальды қарқындылықпен 2-3 мин бойы жүгіру;
- субмаксимальды қарқындылықпен 2-8 мин бойы жүгіру;
- 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру.
- Төзімділікті дамытудың ең тиімді тәсілі ретінде 8-20 мин бойы үздіксіз жүгіру ұсынылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Агаджанян, М.Г. Структурно-функциональная адаптация спортивного
сердца/ M.Г. Агаджанян // Спортивная кардиология и физиология кровообращения, 17 мая 2006 г.: науч. конф. Федер. агентство по физической культуре и спорту. — М., 2006. — С. 8-10 - Алешина, М.С. Структура тренировочных нагрузок в годичном цикле
для развития и поддержания специальной выносливости у юных лыжников-гонщиков / М.С.Алешина: Автореф. дис. … канд. пед. наук; Тула, 1995.-26с. - Антонюк, С.Д. Влияние дифференцированных режимов двигательной
активности на физическую подготовленность и физическое развитие
подростков, обучающихся в школах различного типа / С.Д. Антонюк:
Автореф. дис. … канд. пед. наук: ГЦОЛИФК. -М., 1991. -23 с. - Анушкевич, H.В. К проблемам физического воспитания в общеобразовательной школе / Н.В. Анушкевич // ХIII Международная научно-практическая конференция по проблемам физического воспитания учащихся «Человек, здоровье, физическая культура и спорт в изменяющемся мире»: Матер. конф. — Коломна, Министерство образования РФ, 2003, том 1.С. 52-54
- Аракелян, Е.Е,, Примаков, Ю.Н., Тюпа, В.В. и др. Биомеханическая
специфика утомления при жүгіруе на 400 м / Е.Е.Аракелян, Ю.Н. Примаков, В.В. Тюпа, //Теория и практика физической культуры, — 1997. №7.С. 42-44 - Афанасьев, В.З., Морозов, С.Н. Изучение уровня двигательной подготовленности школьников г. Москвы / В.З. Афанасьев, С.Н. Морозов // Сборник трудов ученых РГАФК 1999. С. 166-168
- Ашмарин, Б,А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитания/Б.А. Ашмарин — М.: Физкультура и спорт, 1978. — 223 с.
- Байкалова, Л.В., Анушкевич, H.B. Физическая культуpa — основа здорового образа жизни школьников / Л.В. Байкалова, Н.В. Анушкевич // XIV Международная научно-практическая конференция по проблемам физического воспитания учащихся «Человек, здоровье, физическая культура и спорт в изменяющемся мире»: Материалы конференции -Коломна, Министерство образования РФ, 2004. С. 40-41
- Бакланов, В.Д., Щеглов, Г.Г. Возрастная дифференцировка физических
нагрузок длительного воздействия в функциональной подготовленности
школьников (В.Д.Бакланов, Г.Г.Щеглов // X Международно-практическая конференция по проблемам физического воспитания учащихся «Человек, здоровье, физическая культура и спорт в изменяющемся мире»: Материалы конференции — Коломна, Министерство образования РФ, 2000. С. 38-39 - Балакирева, M.В. Принципы анатомо-физиологического соответствия в физическом воспитании детей младшего школьного возраста/ М.Е.Балакирева //Теория и практика физической культуры, 1999, №3 С. 45
- Бальсевич, В.К. Онтокинезиология человека / В.К. Бальсевич // — М.: Теория и практика физической культуры, — 2000 — 274 с.
- Барышников, Ю.А., Романов, З.Г. Факторы, влияющие на уровень физического развития школьников младшего возраста, занимающихся на уроках лыжной подготовкой / Ю.А.Барышников, В.Г. Романов // XV Международная научно-практическая конференция по проблемам физического воспитания учащихся «Человек, здоровье, физическая культура и спорт в изменяющемся мире»: Материалы конференции — Коломна, Министерство образования РФ, 2005. С. 67-69
- Бальсевич, В.К., Лубышева, Л.И. Новые векторы модернизации систем массового физического воспитания детей и подростков в общеобразовательной школе/ В.К. Бальсевич, Л.И. Лубышева // Теория и практика физической культуры, 2003. — №5. — С. 19-22
- Бахтина, Т.Н. Двигательные качества человека / Т.Н. Бахтина : Текст лекции для студентов всех фак.: СПбЛТА. — СПб. — 1998. — 23 с.
- Белицкая, Л.А., Беляев, Ф.П. Влияние уровня физической активности на кровоснабжение скелетных мышц / Л.Л. Белицкая, Ф.П.Беляев // Спортивная кардиология и физиология кровообращения, 17 мая 2006/ Федер. агентство по физической культуре и спорту. — М., 2006. — С. 90
- Белейченко, Е.В., Евтушок, М.В. Обоснование методики подготовки детей младшего школьного возраста к приему нормативов на развитие выносливости и силы /Е.В. Белейченко, М.В. Евтушок // Физическое воспитание студентов творческих специальностей. — Харьков, 2004.- №1. — С. 66-71
- Белов, В.И. Двигательная подготовленность в оценке уровня здоровья человека / В.И. Белов // Теория и практика физической культуры,- 1998.-№5.- С. 50-51
- Беспутчик, В.Г., Школьников, В.Д. К проблемам формирования телесной культуры школьников средствами физического воспитания / В.Г. Беспутчик, В.Д. Школьников // IX Международная научно-практическая конференция по проблемам физического воспитания учащихся «Человек, здоровье, физическая культура и спорт в изменяющемся мире»: Материалы конференции — Коломна, Министерство образования РФ, -1999- С. 7-8
- Зависимость показателей двигательной дееспособности учащихся от типов телосложения / Г.П.Богданов // IX Международная научно-практическая конференция по проблемам физического воспитания учащихся «Человек, здоровье, физическая культура и спорт в изменяющемся мире»: Материалы конференции — Коломна, Министерство образования РФ,- 1999.-С. 46-47
- Богданов, Г.П., Гранте, Ю.Л. Кроссовая подготовка: 2-4 классы/ Г.П. Богданов, Ю.Л. Гранте // Физическая культура в школе. — 1993. — № 3. — С. 14-17