АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдык жумыс: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

Мазмұны

 

Кіріспе

 

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері

1.3. Ойлау формалары

 

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары

2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту

2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану

2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері

 

Қорытынды

 

Әдебиеттер тізімі

 

КІРІСПЕ

 

Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.

Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:

  1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
  2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
  3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.

Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.

Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.

Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

 

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

 

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

 

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланық білім мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева, К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.

Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.

Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.

Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика — ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді.

Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.

Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамнық жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.

Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігін көресетеді. Қабілет жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүрді дейді К.Маркс. Ғылым осы тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.

Әрбір адамның іс-әрекеті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы — көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.

Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.

Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.

Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.

Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның  даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.

Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны «өнерлі тип», ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, «ойшіл тип» деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген.

 

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері

 

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.

Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.

Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Ал аталған операциялар — өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.

Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:

1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;

2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.

Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.

Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.

Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.

Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез — бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.

Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.

Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:

  1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.
  2. Анализдік — синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
  3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
  4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.

Талдау – синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:

Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.

Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.

Топтау – бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.

Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.

Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.

Нақтылау дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.

 

1.3. Ойлау формалары

 

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.

Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату.

Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.

Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.

Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік  ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.

Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.

Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

Ең бастысы – бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

Нақтылы — бейнелі ойлау — мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы — бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

Теориялық ойлау – ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялың ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады.

Теориялық ойлардық жоғары формалары – заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.

Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы — адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.

Субъективті фактордың ролі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады.

Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.

Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.

Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер.

Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.

Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш мектептегілер тым жас болғандықтан, таным процестерінің, әсіресе ой әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда бұл жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына сияқты деректерге негізделеді:

— біріншіден, әлеумет қоғамның алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы балалар тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т.б.) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.

— Екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3 сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн.

Осы қағидаларға сүйене отырып барысында дамыта оқыту теориясына сай келтіру мүмкіндіктерін толық қамтуға тырысты. Осы проблеманы зерттеушілер Б.Тұрғынбаева басқарған топ көптеген жылдар бойы Алматы мектептеріне жүргізген дамыта оқыту эксперименттеріне сүйене отырып, балалардың таным процестерін дамытуға үлкен қосатын оқулықтар және дидактикалық материалдар жасалған.

Бастауыш сыныптар осы бағдарлама бойынша төрт жыл жұмыс жасады. Оның нәтижесі әр мектепте әр түрлі жүріп жатыр. Жұмыс сапасы мұғалімнің жаңа бағдарламаны меңгеруі, оны қолдану әдістемесін толық түсінуі, балаларды дамыту тәсілдерді тиімді пайдалануға даярлығы үлкен үлесін қосады.

2004-2005 оқу жылынан бастап мектепалды сыныбына бес жасқа келген балалар қабылданады. Олардың таным процестерін дамыту және мектеп бағдарламасын меңгеруге даярлау әдістемелері әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектеп психологі алдында тағы бір күрделі проблема туғанын атап өту керек.

 

2 тарау. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту тәсілдері

 

2.1 Оқыту барысында ойлау процесін дамыту.

 

Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау  процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.

Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі «Аңдардың айтысы» деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.

Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: «Қоғи көп» ойынында қаздар тек қана кемпірдің «Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын» деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.

Бұл ойындағы ерекшелік – билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады.

Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, оларды әуеннің ырғағына байланысты жасалған қимылдар болып табылады.

Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар «Алқан соқпақ», «Тақия тамақ», «Тартыс», «Айгөлек» т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.

Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылды:

— қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;

— қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.

осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді. Мысал ретінде қаламақ ойынды келтіруге болады. «Соқыр теке» ойынында жүргізуші ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал атын қойып шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады:

Бұзау, бота, құлыншақ,

Тоқты, серке, тай торпақ,

Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.

Малдың жасын айыра біл, естіп ал

Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар

Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ».

Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

Ойын сызылған шеңбердің ішінде айналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда «Тентек теке» былай деп өлеңдетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Тиып кетсем сөзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Бір қыз ұстап беріңдер.

Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршағандар оны мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Оқ көзіңе топырақ

Топырағын алайын,

Тотияиын салайын.

Ал ұстап көр, батырым,

Міне келе жатырмын! —

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа ойнаушылар қашады. Ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады, ұстаған баласы оның орнына тұрады. Сөйтіп ойын одан әрі жалғасады.

Бастама ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп сөйлеуге үйретеді.

Қуыр, қуыр, қуырмаш

Тауықтарға тары шаш!

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек

Сен, тұр – қойға бар!

Сен, тұр – қозыға бар!

Сен, тұр – жылқыңа бар!

Сен, тұр – сиырыңа бар!

… Ал сен алаңдамай.

Қазан түбін жалап,

Үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар,

Мына жерде қатық бар,

Қытық, Қытық ….

Осылайша балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады. Осы сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті адамдардың өзара қарым-қатынасында кездесетін қызықты әқгімелерді жылдам, берік есте сақталады. Оны балалар өздерінің күнделікті ойындарында қызығып сүйіспеншілікпен қайталайды.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.

Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.

Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар – халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой – сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.

Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.

Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.

Бірнеше мысалдар келтірейік.

Жабық астында жарты күлше. (Ай).

Отқа жанбас, суға батпас (Мұз).

Басына үлпілдетіп таққан шашақ,

Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап. (Қамыс).

Қар астында қыстады,

Жасылмен бөрік тыстады. (Бәйшешек).

Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.

Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.

Тиімді тәсіл.

Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытыға көп көңіл бөлінеді. Осы орайда математика 1-сыныпта заттық орнын сан қатарымен белгілеу тақырыбы бойынша дамыту процесін, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін психокоррекция элементтерін қолданып жүргізген машықта (сабақтан тыс, баланың бос уақытында өткізген сабақтарды Т.Р.Нұрмұхамбетованың ұсынысы бойынша машық деп атағанды дұрыс көріп жүрміз) қалай өткізгенімізді көрсетіп жіберу үшін бірнешеуінің үлгі жоспарын көрсетіп жібергенді дұрыс көрдік.

Бұл машықта заттың орнынан дұрыс белгілеу және оларды бір-бірінен ажыратуға, 1-ден 5-ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру негізгі мақсат деп анықтап алдық. Машық ойын түріне және сұрақ-жауап әдістерін қолдану арқылы құрылады. Көрнекіліктерден түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстық (үйрек, қаз, тауық, қораз, күркетауық) үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар, магнитофон қолданылады.

Машық барысы: Өтілетін тақырыпты тақтаға жазып, оның неізгі мазмұнын түсіндірдім. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген суреттерді және диагностикалық альбомда жинақталған материалдарды қолдана отырып кіріспе әңгіме жүргіздім. Одан әрі тақырыппен байланысты отырып, магнитофоннан құстын дауысын тыңдап, әр құстың дауысын ажыраттым. Одан кейін оқушылар үйдегі құстар туралы әнгімелеп берді. Олардың санын айтты. Машықты одан әрі сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, балалардың нені түсініп, ал нені түсінбей қалғанын анықтап алып, олармен дамыту жұмысын жалғастырдым. Балаларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.

— Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?

— Құстарды.

— Кәне, бұл суреттегі құстардың аттарын атаңдаршы.

— Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық.

Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары туралы түсініктеме бердім.

— Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?

— Барлығы бесеу.

— Қазір біздер «Орынды тап» ойынды ойнаймыз. Осы суреттегі құстардың орнын енді санмен сұрап, тиісті орындарын белгілейміз.

— Үйрек нешінші орында?

— Бірінші.

— Тауық ше?

— Екінші.

— Қораз ше?

— Үшінші.

— Қаз ше?

— Төртінші.

— Күркетауық ше?

— Бесінші.

Балалар олардың орындарын цифрмен белгілейді. Одан кейін қалташаға «Құстарды» ретпен өзінің орнына орналастыруға көмектесіп балалар ойынын одан әрі жалғастырған жөн. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізіледі. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жұмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстың орнын ауыстырып қойды. «Күн» дегенде оқушылар басын көтеріп, көзін ашты. Оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстарды өз орнына дұрыс қоя білуі тиіс. Қалған оқушылар құстардың орнын дұрыс тапқанын бақылап отырды.

«Орынды тап» бұл ойынды заттарды, құстарды сөреге, немесе сатыға қою тәртібімен де алмастыруға болады. Ойын тәртібі жоғары ойынға ұқсас. Сөредегі құстың орнын ауыстырып қоямын, оқушы өз орнына дұрыс қоюы керек. «Баспалдақ» ойыны да осылайша жүргізіледі. Бұл арада да құстың орнын ауыстыр, оқушы оларды өз орнына қояды. Бұл ойынды оқушының өзінің қалауынша ойнайды. Ойын тәртібін былай жасадым. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын партаға отырған оқушыларға үлестіру керек. Тақтадағы қалташаларда құстың орындары өзгертіліп ретсіз қойылған. Оқушылар өздеріде цифрлары бойынша құстардың суреттегі ретімен өз орнына тұра қояды. Ойын тез әрі шапшаң ұйымдастырылады. Сабақты түрлендіру мақсатын көздеп, оқып бердім.

Қораз

Ақ қораз-ау, ақ қораз,

Сауысқандай сақ қораз,

Таң атқанша шақыр да:

Тауықтарды бақ қораз.

Оқушылар өлеңде «Қораз» деген сөз неше рет, ал «тауық» деген сөз неше рет айтылғанын санап отырады. Кейін оқушылар «қораз» сөзі 4 рет, «тауық» сөзі 1 рет (барлығы 5 рет) айтылатынын айтты. Сергіту жаттығуын да сабақтағы құстардық сәйкестігін талдадым.

Қаңқ-қаңқ қаздарым,

Тізені сәл бүгіндер.

Қолды артқа ұстаңдар.

Қазға кәне, ұқсаңдар.

Алға мойын созыңдар,

Сол қалыппен жүріңдер

Ілгеріліп озыңдар,

Солай етіп байқа да:

Он шақты рет қайтала.

Қант жая жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де, қол созам:

Аяғымның ұшына.

Сабақты одан әрі «Тез табамыз», «Кім тез» ойындарын жалғастырған. Ойын тәртібі бойынша оқушылар партаға басын қойып жатады. Өзім көрсеткіш таяқпен партаға құстардық орнына сәйкес сан қанша болса сонша рет тықылдатамын. Оқушы неше рет соғылғанын тыңдап, дыбыс санына қарай (1, 2, 3) деп санды айтады. Кейін сол санмен құстық орнын белгілеп, оның атын айтады. Мысалы: 3-рет соғылды. Ол – қораз. 4 саны – ол қаз және т.б.

 

2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой-өрісін дамытуға қолдану

 

Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі.

Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру» , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Біз осы параграфта бірнеше түрін қолдану әдістемесін келтіріп отырмыз.

Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен. Мысалдар келтіреміз.

Бейнені құрастыр

Ойынның тәрбиелік мәні. Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

Қажетті көрнекіліктер. Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін бағыттауға арналған үлгі суреттер.

Ойын ережесі.

а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;

ә) бейнені белгелі бір затқа ұқсата құрастыру;

б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?

Ойынға басшылық:

Тәрбиеші желкенді қайық, аққара т.б. формалар мен түр-түстерде жасалған қиықтардан жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.

Тапсырма:

Алдыларыңда жатқан қағазда және тақтада ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар бар (пішіндер).

Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатыны ойланыңдар.

 

Осы және басқа фигураларды құру арқылы баланың бейнелік, бейнелі — сюжеттік т.б. ойлау түрлері қалыптасады.

Заттар мен құбылыстардық ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы т.б. көптеген ұғымдарды меңгеруіне мүмкіндік туады.

Осы жерде мысалы ретінде балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.

Осы сияқты көптеген фигураларды жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса бастайды. Ол ассоциативтік ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді.

Шығармашылық ойындарды қолдау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады. Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.

Ойынның тәрбиелік мәні:

— әдемі гүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;

— қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру;

— гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру;

Қажетті көрнекіліктер:

— әдемі гүлдер суреттері;

— қиылған әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;

— құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет;

— тақта, мольберт немесе фланелограф.

Ойын ережесі:

а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау;

ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;

б) гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, өсемдікті әсерлеу.

Ойынға басшылық:

Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.

Сабақтың басында бұрынғы сабақтарда суретін салған заттардың формаларын, оларды үйлесімді құру тәсілдерін ойға түсіріп, қайталау жүргізу қажет. Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.

Тапсырманы орындау барысында балалардың шығармашылығын одан әрі дамыту үшін тек берілген фигураларды ғана қолданбастан, әр бала өз қиялындағы табиғаттың көптеген көріністерін есіне түсіріп, тіптен тәжірибесінде болмаған, фантастикалық өсімдіктердің гүлдерін де салуына мүмкінішілік берген дұрыс. Нәтижесінде кейбір балалардың суретінде ғажайып бақ, онда өсіп тұрған гүлдер табиғатта кездесетіндерге ұқсағаны мен өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталатын болып шығуы әбден мүмкін.

Шығармашылық тапсырмалар ата-аналарының шаруашылық жұмыстарымен, орындайтын қызметімен, отбасында қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың көркемделуімен байланысты болуы да мүмкін. Тақырыбы қанша қилы болса, оның баланың шығармашылық ойын дамытуға тигізетін әсері сонша әсерлі болып келеді. Осы мәселені ескере отырып сабақтағы тапсырмаларды сабақтан тыс өткізген машықтарда жалғастырып, баланың ойлау қабілетін одан да терең дамытуға болады.

 

Мысал ретінде балалар орындаған бір жұмыстың үлгісін келтіріп отырмыз.

Бұл тапсырма арқылы балалар заттың құрамды бөліктің кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдауы және бейнелі ойлау қабілеті дамиды.

Қазақ тілі сабағында дыбысты дұрыс қабылдауы және оның жазылуын ұштастыру үшін:

  1. «Дыбысқа саяхат жасау» тәсілін қолдануға болады. Осы тәсіл арқылы баланың ойлау қабілетінің тағы бір көрінісін дамытамыз.

2.

шо…ер, ши…ер, …утбол, т.с.с. сөздерді қолдану арқылы ф дыбысын дұрыс айтуға үйрету жұмысы жүргізіледі.

Ойынның шарты:

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті тауып қою.

Мақсаты: Жаңа әріпті қолданып, үйрену.

Ойын барысы:

Жаңа әріпті тезірек үйрену үшін жоғарыда көрсетілген кестенің бірнеше варианттары жасалып, нүнтелелердің орнына ф әрпін қойған балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға арналған бірнеше карточкалар, ойыншықтар және басқа дидактикалық материалдыр кеңінен қолданылады. Психодиагностикалық альбомның біреуі әріптерді дұрыс айтуға үйретететін жаттығулыр мен басқада дидактикалық материалдыр жинағынан тұратын болуға тиіс. Осы альбомды қолдана отырып баланың тілін дамыту, вербалдық-логикалық ойлауын қалыптастыру шаралары жүргілсе баланың тілі анық, қысылмай сөйлейтін болады.

«Ақсүйек» ойыны (Белгісіз санды табу).

Дидактикалық мақсаты:

Белгісіз санды табуға, өртектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.

Мазмұны:

Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, ол бала «ақсүйекті» көрмей одан әрі қарай аттап кетеді. Сабақтың үстінде жүргізгенде бұл ойынды ойша шешетін болса, машықтар барысында бұл ойынды қолдану арқылы балаланың қимыл әрекеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік туады.

«Поезд құру»

Поезд — паравоздан және мысалдар жазылған вагондардан тұрады. Мұғалім мысалдарды есептен шыққанда ол вагонның номерлері болатынын түсіндіреді.

Ойынның мақсаты:

Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және баланың ауызша есеп шығаруға қабілетін дамыту.

Бірінші сыныпта онға дейінгі сандармен Математикалық амалдарды үйрету барысында «Баскетбол» ойынын, «футбол» ойынын тағы басқа топпен ойнайтын қызықты ойындар түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол.

Ойын шарты:

Сандарды есептеп, «10»-шы доптарды қызылмен, «9»-жасылмен боя. Қай доп қай сеткаға түседі?

Доп пен сетканың түсі бір-біріне сәйкес келуі керек. Бірінші тапсырма орындалғаннан соң екінші ретте сегізінші допты қызылмен, жетінші допты жасылмен бояу керек. Ол доптағы есеп шығарылып, балалар ұпай жинайды.

«Алма теру» ойыны.

Мақсаты:

Бір таңбалы сандарды қосу және азайтуды үйрету, ауызша есепке дағдаландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Керекті құралдар:

Алма бағының суреті, магнит тақтасы, жеке-жеке орналасқан бірнеше алма жемісінің суреттері және оларды теріп салуға арналған себеттер.

Мазмұны:

Магнитті тақтаға үлкен алма ағашының суреті ілінген. Ағашта ілінген алмалардың орнына алма жемісінің суреті салынған карточкалар ілінген. Ойын барысында балалар тиісті карточканы үзіп алып, оны тиісті себетке салып отырады. Себеттің сыртына нәтижелері жызылып койылады. Балалар өздері қалаған себеттерін таңдап алып, соған тиісті алманы салып отырады. Ойынға бір сәтте 5-6 бала қатысады. Немесе бүкіл сынып болып қатысуға да болады.

Себетті кім бұрын толтырса, солар мұғалімге сол сәтте тапсырады.

Жүргізуші алма ағашын басқада заттармен ауыстырып, бұл ойынның варианттарын жасап шығаруына болады.

«Керуеншілер» ойыны.

Мақсаты:

Баларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосуды меңгерту және ауызша, жазбаша жылдам есептеуге дағдыландыру, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Мазмұны:

Жүргізуші оқушыларға керуен ойынын ұйымдастыру жолдары түсіндіріледі. Тақтаға алдымен 8 баланы тақтаға шақырып алып, оларды тізбек құрғызып тұрғызады (керуен қатарындағы ботақандар). Соңынан тағы да 6 қыз балалар шақырылады. Тақтадағы керуен тізбегі толықтырылады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп, бірінші екі қыз бала, сосын тағы екі қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала шақырылады. Барлығы түйенің қимылын көрсетеді. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

— Керуен тізбегіне тағы неше ботақандар тіркелді?

— Керуендер тізбегін 10-ға толтыру үшін неше ботақан тіркеледі?

— Ең соңынан керуенге тағы қанша ботақандар қосылды?

— Барлығы неше ботақан болды?

Амалдарды жасап болғаннан соң оқушыларға тағы басқа ойын түрлерінде тапсырмалар беруге болады.

«Бәйге» ойыны.

Мақсаты:

Бір таңбалы сандарды қосу және азайту, ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарып жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекі құралдар:

Әр топқа арналған кішкентай жалаушалар, сол ойынға қатысқан балаларға арналған нөмірлер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар, плакаттар.

Мазмұны:

Жүргізуші сыныптағы оқушыларды бірнеше топқа бөледі де, оқулықта жоқ тапсырмаларды карточкаға жазып, оны оқушыларға таратып береді. Немесе барлық есептер жазылған плакаттарды қолдануға болады. Бәйгеге түсетін бала алдын ала бірінші турдың есеп-мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады.

Жүргізуші жарыс тәртібімен балаларды таныстырып шығады. Екі бала өздеріне тиесілі жолдың бойындағы есеп-мысалдарды шығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мысалдарды шығарып мәреге жетсе, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді. Мәреге жеткенше қатысқан бала шаршады деп есепке басқа балаларды да «жанкүйерлер» арасынан шығарып қосып отыруға болады.

Ойынды күрделендіріп келесі сабақтарда басқа варианттармен немесе тіптен басқа атпенен қолдануға болады.

Бәйге ойыны варианттарын түзету-дамыту машықтарында балалардың барлығын ойынға тартуға, олардың ұялшақтық, тұйықтықтан шығаруға тағы да басқа психологиялық проблемаларды шешуге қолдану жолдарын анықтауға болады.

«Жамбы ату» ойыны.

Мақсаты:

Балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру, есептерді тез және дұрыс орындауға баулу, есептеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекі құралдар:

Үлкен дөңгелек, карточкалар, кестелер, ойыншықтар, кішкене доп.

Мазмұны:

Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді, дөңгелектің іші төрт секторға бөлінеді.

Әр секторға 1, 2, 3 сандары жазылады.

Бала қолына ойыншық жедені алып оны дөңгелек ішіндегі секторларға дәлдейді (атуға кішкентай допты қолдануға болады). Бала атқан оғы қандай санға тисе, сондай номердегі карточканы алып, ішіндегі тапсырманы орындайды. Әр тапсырма бір ұпай, карточкада 2, 3 немесе одан көп тапсырмалар болуы мүмкін. Бала осылайша ұпайлар жинайды. Кім көп ұпай жинаса, сол бала ұтқан болып есептеледі.

Бұл тапсырманы орындау барысында баланың табысты болуға құмарлығы артып, ол барлық алдында тұрған қиындықтарды тайсалмай орындауға бел байлайтындай қасиет біртіндеп дамиды.

Бірінші сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту барысында олардың ірі және майда қимыл әрекеттерінің дамуына, саусақтарының ептілігін нығайтуға және сол сияқты жалпы дамытуға арналған тапсырмалар аралас жүргізгеннің орны бар. Мектепке келген балалардың бірқатары әлеуметтік жағынан «ержетпеген», оқытуға қажетті дағдылары қалыптаспаған болуы мүмкін. Сондықтан олармен түзету-дамыту жұмыстары басқа мазмұнда, тек психокоррекциялық мағынасы бар түрде жүргізіледі. Біз өз дипломдық жұмысымызда бұл проблеманы зерттеу міндетін өзімізге жүктемегендіктен осы қасиеттерді қалыптастыруға арналған әдістемелерді бұл жерде талдаған жоқпыз.

Шығармашылық тапсырмалар балалардың барлық таным процестерін бір-бірімен ұштастырып жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Бұл тапсырмаларды өңдеп, көптеген вариантта қолдануға болады.

 

2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері.

 

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол – зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын осы жерде келтіреміз.

Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі.

Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту.

Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.

Ұсынылып отырған графикалық-сандық тест.

Орындау ережесі:

1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек.

Дұрыс жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек. Сонан соң, сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан бастап 9-ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диагональ бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30-ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.

Оқушылардың әрекеттеріне психолог араласпай, өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік беруі қажет. Балаларға тапсырманы үндемей отырып орындау керек екені ескертіледі, ал шешу жолдарын қадағалау үшін психолог әр баланың жұмысын орындау парағына қарап, тапқан логикасының дұрыстығын өзі белгілеп отырады.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында оның шешімін табудың көптеген варианттарын жасап көрді. Олар ортадағы шеңберге бір санын қоюдан бастады. Бір-екі вариантты жасап көргеннен соң мәселені дұрыс шешу үшін ортадағы санды табу керек екенін түсінгендер дұрыс орындап, басқа оқушыларға көмек көрсете бастады. Бұл жерде баланың логикалық ойына үлкен әсерін тигізетін нәрсе – олардың ортадағы санды табу қажет екеніне түсінгені. Орындау барысында тапқырлық, шығармашылық көрсеткен балалардың саны 4 болды. Жүргізілген зерттеу нәтижесі келесі кестеде көрсетілген.

4-а сыныбы оқушыларының логикалық ойлауды өлшеу тапсырмаларын орындауы

 

Қатысқан оқушылар

Бірден тапқан

Екінші реттен

Үшінші реттен

Таппаған

1.

Ауелбасова С.

 

 

1

 

2.

Әлекеева Н.

 

 

 

1

3.

Базар Ә.

 

 

 

1

4.

Бөкенбай Ө.

 

1

 

 

5.

Дүйсенбаев Қ.

 

 

 

 

6.

Мақұлбекова Г.

 

 

1

 

7.

Медетбек С.

 

 

1

1

8.

Назарұлы Н.

 

 

 

1

9.

Нығметжан Р.

 

1

 

 

10.

Ораз Ұ.

 

 

 

1

11.

Рай Ш.

1

 

 

 

12.

Шәріпова Ғ.

 

 

 

1

 

Кестеде көрсетілгендей шешу жолын бірден тапқан балалар саны 8 пайыздан аспады, ал екінші және үшінші санды қойып барып тапқандар саны 42 пайызға жақындады.

Осы тапсырманы 6-б сынып оқушыларымен жүргізгенде олардың көрсеткіштері 4-ші сынып оқушыларының көрсеткіштерінен төмен болды. Осы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып балаларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға ерте баулымаса олардың логикалық ойлауының дамуына мүмкіндік болмай қалады деген тұжырымдама жасадық. Келесі кезеңде балаларға зак ұсынған логикалық ойды дамыту тестерін орындаттық.

А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі.

Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.

Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.

Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады.

Тапсырма: Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап.

Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

Орындауға 10 минут уақыт беріледі.

Тапсырмалар.

Анаграммалар:                                   Дұрыс жауаптары:

  1. СЕПЕ 1. ЕСЕП
  2. ДӘМЕІ 2. ӘДЕМІ
  3. РАМНА 3. АРМАН
  4. АЖДҒАЙА 4. ЖАҒДАЙ
  5. РОНЫДҚЫ 6. ОРЫНДЫҚ
  6. ИҒАМРТА 5. ҒИМАРАТ
  7. АБЫТРЛҚЫ 7. БАТЫРЛЫҚ
  8. ЕШЕШДНКІ 8. ШЕШЕНДІК
  9. АТСПРЫАМ 9. ТАПСЫРМА

 

Бұл тапсырманы бұрынғы шығармашалаық тапсырмаларды орындауға қатысқан балалар жеңіл шешіп, жоғары көрсеткішке ие болды.

2-ші тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.

Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.

Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

«Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағынасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.

5-10 есептерде бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, онда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде — олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек.

Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.

Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:

  1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;
  2. 19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;
  3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

Есеп шарттарында тек қажетті ақпарат ғана емес, тіптен артық мағлұматтар, жасанды сөздер, әр түрлі атаулар, есте қалатын ара-қатынастарының неше түрлері берілген. Сонымен қатар көрші есептегі сұрақтар бір-біріне ұқсамайды.

Тапсырмалар:

  1. Қатираға қарағанда Марат көңілді. Қатира Әлияға қарағанда көңілді. Ең көңілді кім?

А) Қатира; Ә) Марат; Б) Әлия.

  1. Бануға қарағанда Садық күшті. Бану Ләйлаға қарағанда күшті. Ең күшті кім?

А) Бану; Ә) Садық; Б) Ләйлә.

  1. Қалиға қарағанда Майра қара. Әсетке қарағанда Майра қара. Бәріненде ең қарасы кім?

А) Қали; Ә) Майра; Б) Әсет.

  1. Бану Қатираға қарағанда ауыр. Бану Зәуреге қарағанда жеңіл. Бәріненде ең жеңіл кім?

А) Бану; Ә) Қатира; Б) Зәуре.

  1. Әли Мәдиге қарағанда иаее. Мәди Әселге қарағанда иаее.

Кім ең иаее? А) Әли; Ә) Мәди; Б) Әсел.

  1. Әсел Мәдиге қарағанда тпрқ. Мәди Әділге қарағанда тпрқ. Кім ең тпрқ?

А) Әсел; Ә) Мәди; Б) Әділ.

  1. Прсн Лднқға қарағанда көңілді. Прсн Қршнға қарағанда көңілсіз. Кім ең көңілсіз?

А) Прсн; Ә) Лднк; Қршн.

  1. Бртн Ртбнға қарағанда әлсіз. Бртн Ғмтнға қарағанда күшті. Ең әлсіз кім?

А) Бртн; Ә) Ртбн; Б) Ғмтн.

  1. Мнрн Нбстға қарағанда уиее. Нбст Стпжға қарағанда уиее. Кім ең уиее?

А) Мнрн; Ә) Нбст; Б) Стпж.

  1. Дшлт Сптрға қарағанда клмн. Сптр Пнбрға қарағанда клмн. Кім ең клмн?

А) Дшлт; Ә) Сптр; Б) Пнбр.

  1. Ит қоңызға қарағанда жеңіл. Ит пілге қарағанда ауыр. Бәріненде жеңіл не?

А) Ит; Ә) қоңыз; Б) піл.

  1. Ат шыбынға қарағанда аласа, ат жирафқа қарағанда биік. Бәріненде биік не?

А) Ат; Ә) шыбын; Б) жираф.

  1. Әлиев Махановтан 68 жас кіші. Әлиев Серіковтан екі жас үлкен. Бәріненде кішісі кім?

А) Әлиев; Ә) Маханов; Б) Серіков.

  1. Майлин Алиевке қарағанда 3 кг жеңіл. Майлин Қалиевке қарағанда 74 кг ауыр. Бәріненде ең ауыр кім?

А) Майлин; Ә) Әлиев; Б) Қалиев.

  1. Сара Әменге қарағанда бірталай әлсіз. Әймен Баянға қарағанда күшті. Бәріненде ең әлсіз кім?

А) Сара; Ә) Әмен; Б) Баян.

  1. Болат Әсетке қарағанда қара. Болат Гүлімге қарағанда бірталай ақ. Бәріненде ақ кім?

А) Болат; Ә) Әсет; Б) Гүлім.

  1. Ұлан Әлімге қарағанда баяу. Бота Ұланға қарағанда жылдам. Ең жылдамы кім?

А) Ұлан; Ә) Әлім; Б) Бота.

  1. Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау. Әли Сәкенге қарағанда жеңілдеу. Ең жеңілі кім?

А) Сәкен; Ә) Мәди; Б) Әли.

  1. Бану Қатираға қарағанда көңілді және Майраға қарағанда жеңіл. Бану Майраға қарағанда көңілсіз және Қатираға қарағанда ауыр. Ең көңілсізі және ең ауыры кім?

А) Бану; Ә) Қатира; Б) Майра.

  1. Айшаға қарағанда Рита қаралау, әрі Нұрланнан кіші. Рита Нұрланға қарағанда ашық және Айшадан үлкен. Ең қарасы, ең жасы кім?

А) Айша; Ә) Рита; Б) Нұрлан.

  1. Ұлжан Әлиден көңілді, Әсемнен жеңіл. Әсем Ұлжаннан күшті. Ұлжан Әсемнен ауыр, Әсем Әлиден көңілсіз, Әли Ұлжаннан әлсіз. Ең көңілдісі, ең жеңілі және ең күштісі кім?

А) Ұлжан; Ә) Әли; Б) Әсем.

  1. Төкен Маяға қарағанда қара, Мая Бекке қарағанда кіші. Бек Төкенге қарағанда аласа. Төкен Бекке қарағанда үлкен. Бек Маяға қарағанда ақ. Мая Төкеннен биік. Ең ағы, ең үлкені, ең биігі кімдер?

А) Төкен; Ә) Мая; Б) Бек. Кілті.

  1. Ә) Марат.
  2. Б) Ләйлә.
  3. Ә) Майра.
  4. Ә) Қатира.
  5. Б) Әсел.
  6. А) Әділ.
  7. А) Лднқ.
  8. Б) Ғмтн.
  9. А) Мнрн.
  10. А) Дшлт.
  11. Б) Піл.
  12. Ә) Шыбын.
  13. Б) Серіков.
  14. А) Майлин.
  15. Б) Баян.
  16. Ә) Әсет.
  17. Ә) Әлім.
  18. Ә) Мәди.
  19. Ә) Қатира ең көңілсіз.

Б) Майра ең ауыр.

  1. А) Айша ең жасы.

Б) Нұрлан қара.

  1. А) Ұлжан ең көңілді.

Ә) Әли ең жңілі.

Б) Әсем ең күшті.

  1. А) Төкен үлкен.

Ә) Мая биік.

Б) Бек ақ.

Ұсынылған тапсырмалардың балалар үшін қиындығы – мағынасы жоқ әріптер жиынтығымен операция жасау болды. Бұл жерде математикалық амалдарды жақсы меңгерген балалар оның мән-мағнасына тезірек түсініп, тапсырманы орындауға онша қиналған жоқ.

Қорытындылап айтқанда, логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық. Логикалық ойлауды дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолданудың негізгі екі жолын анықтадық:

  1. Сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану;
  2. Арнайы психологиялық шығармашылық тестер мен тапсырмаларды қолданып, баланың ой-өрісін тереңдету.

 

Қорытынды

 

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбын зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

Бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің нышандары оянып, қалыптыстыруға ыңғайлы уақыт. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту бағдарламасы танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Баланың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеген ғалымдар Д.Б.Занков, Б.Тұрғынбаева, Қ.Бозжанова, Е.И.Рогов, М.Р.Битянова т.б. жаңа бағдарлама қабілет табиғатына сүйене отырып оны дамыту жолдарын көрсеткен.

Ойлау процесін, басқа таным процестеріндей, арнайы жаттығулар көмегімен дамытуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті олардың тіл байлығымен, сөйлеу ерекшеліктерімен, ұғымдық қорының қалыптасқаны мен бағаланды. Оқушының ойлау қабілеті мектепке келгенде нақты пайымдау, сөздік-бейнелі деңгейде болса. Төрт жылдық ішінде сөздік — логикалық деқгейде қалыптасып, одан әрі ұғымдық-логикалық ойлауға аяқ алуы қажет.

Сондықтан оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет. Осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардық мән-мағынасына түсініп, негізгі қасиеттерін анықтауға қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді. Табиғат ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне байланысты құбылыстарды салыстырмалы түрде меңгеру арқылы талдау, жалпылау операцияларын меңгерді.

Ойлау қабілетті дамытуға шығармашылық тапсырмалардық қосатын үлесі өте үлкен. Олар геометриялық фигуралармен түрлі операциялар жасау, қиып жапсыру, суреттегі жетіспейтін детальдарды анықтау тағы сол сияқты тапсырмалар арқылы баланың геометриялық фигуралардың формаларын, түрін-түсін, кеңістікте орналасқан талдау арқылы олардың ортақ қасиеттерін тауып, жалпылайды. Осы ойлау операциялары арқылы баланың танымдық қабілеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Шығармашылық тапсырмалардың түрлері өте көп. Оларды жүйелі түрде қолданып, тақырыптан тақырыпқа түрлері мен мазмұнын тереңдету және орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып нақты-бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік-логикалық түріне қарай жетелеуге мүмкіндік туады.

Сондықтан ойлау процессін дамытуға әсерін тигізетін дидактикалық материалдарды жүйеге келтіріп, сыныптардағы оқитын пәндердің мазмұнына байланысты топтастырып жинаса оны келесі қолданғанда біраз жаңалықтар ендіріп, жаңа вариантта қолдануға болады. Бастауыш сынып, оқушыларының барлық қасиеттерін тәрбиелеуге көнгіш, тез дамиды. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
  2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
  3. Битянова М.Р. Практическая психология. М., М., 1997.
  4. Бірмағамбетов Э. Бастауыш сынып пәндерін оқыту. «Бастауыш мектеп». 1999, 6.
  5. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. М., 1999.
  6. Базыкеева Г. 10 санның құрылымын оқыту. «Бастауыш мектеп», 1999, 6.
  7. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.
  8. Гатаулин Г.Ф. Сабақ түрлері және оның құрылымы. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
  9. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
  10. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.
  11. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.
  12. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
  13. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.
  14. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.
  15. Мухина В.С. Изучение особенностей детской психологии. М., 1990.
  16. Манасбаева Қ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп», 1999, 2.
  17. Овчарова Р.В. Детская психология. М., 1999.
  18. Ордабекова Г. Дидактикалық ойындарды қолдану. «Бастауыш мектеп», 1997, 3.
  19. Психологические тесты . М., 2002.
  20. Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.
  21. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образолвании. М., 1995.
  22. Сәрсенғалиева Т., Дүтбаева Қ. Табиғатпен таныстыруда өткізілетін дәстүрден тыс сабақ. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.
  23. Тұрғынбаева Б. Бастауыш кластар үшін ұсынылатын үлгі тақырыптар. Алматы, 1993.