АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдык жумыс: Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН

МАЗМҰНЫ.

1.1. Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері…… 1.2. Бастауыш сыныпта оқытудың әдістері және алу үлгерімі мәселелері………..

 

II-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

2.1. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру………

2.2. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру әдістемесі…..

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

           Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.

          Елбасы: «XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.

          Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» заңына, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған.

          Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.

          «Бастауыш-білім негізі» деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.

          Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастырды.

          Бастауыш сатыға білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісінің жаңаша ұйымдастыру-сапалы білім беру, оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіруді қамтамасыз ету, анық философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді.

  Ғылыми педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру (Ю.К.Бабанский, И.П.Подласый,Т.Қ.Оспанов және т.б.) бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері (Л.В.Занков, В.В.Давидов, Д.Б.Эльконй және т.б.), бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау (А.Колашникова, К.Ә.Өтеев, Ж.Т.Қайықбаев және т.б.), оқыту технологияларын (В.П.Бесыаяско, В.Ф.Шаталов, К.Ә.Ерешова және т.б.) мәселелері зерттелген.

          Қазақстандық ғалымдар А.Х.Аренова, Ә.М.Мұқанбетжанова, Т.С.Сабиров және т.б. бастауыш білім мазмұның, бастауыш сынып оқушыларының тоқу іс-әрекетін, танымдық іс-әрекетін, жеке тұлғаның дамуы өз бетімен білім алуын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырған.

          Бастауыш сынып оқушыларының ақиқат дүниені ұғымдар арқылы тануын қалыптастыру мәселесін зерттеуде М.Н. Скаткин, В.А.Сластенина, Ш.К.Алиева, Н.Ш.Султанова, Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева, Қ.Б.Сейталиев, Ә.М.Мұханбетжанов

тардың  еңбектері нәтижелі болып табылады.

Қазақстандық ғалымдар Қ.Айтмағанбетова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, М.Тұрсынкелдиева, М.Сәлімбекова, Ф.Жұмабековалвр және т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарында білім беру теориясы, әдістемесі, оқу үрдісінің жетілдіру, білім беру сапасын арттырды, дамытуға ерекше көңіл бөлді.

          Бастауыш сынып оқушыларының психологиялары және оқу үрдісіне қатысты зерттеулерде Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, Ы.Елікбаев, Ә.Алдамұратов және т.б. жүргізіп, бастауыштан сапалы тәрбие, сапалы білім беру арқылы оқу үлгерімі арттырылатындығы қарастырылған.

  Зерттеу барысында психологиялық, педагогикалық  әдебиеттерді талдау бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары маңызды екендігі белгілі:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
  • типтік оқу бағдарламасы;
  • мемлекеттік аралық бақылаулар;
  • қалдық білімдеріне бақылау;
  • ұлттық бірыңғай тесті және т.б.

  Білім сапасы, даму дәрежесіненің көрсеткіштерін жоғарлатуды қажет етеді. Оқу процесінде оқу үлгерімін жоғарлатуға қарама-қайшылықтар болғандықтан кедергілерді жасайды. Осы қайшылықтарды іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбы.

    «Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары» деп  таңдауымызға себеп болады.

  Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу, және анық әдістемесін жасау.

  Зерттеудің міндеттері:

  • бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының теориялық негіздерін айқындау.
  • Оқу істері әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының алғашқы ұғымдар, ережелер, талаптар, еңбек-іс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық жауаптарын анықтауың
  • Бастауыш сынып оқушыларның оқу үлгерімін жетілдіру жолдарына қатысты білім беру әдістемесін жасау және тәжірибелік сынақ-тәжірибе арқылы тиімділігін тексеру;
  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын жасау;

Зерттеу нысаны:бастауыш сыныптағы білім беру процесі.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының педагогикалық шарттары.

     Зерттеу базасы:Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан

     және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ.

 

1.1. Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

 

           Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында:»Ұлттық бәсекелестікке қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңестілігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз»,-дегені белгілі.

          Осы талапты жүзеге асыру үлкен үлесті мұғалімдер қауымы атқарады, олар-мектептің алтын арқауы. Білім негізі бастауышта, тіпті бірінші сыныпта қаланады десек, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашарлығы, еңбек сүйіспеншілігі,адалдығы мен шыншылдығы нақ осы кезеңнен бастау алады.

           Бастауыштан оқушылардың оқу тәртібін, жалпы әдептілігін, мәдениеттілігін қалыптастыру, оқу процесін ереже, талаптарға, жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарламамен, сабақ кестесі, уақыт кестесімен, оқыту үдерісінде оқудың, іс-әрекеттің уақыттың пайдалы әсер коэффициенттін жоғарлатып, сапалы білім берумен бірге, әрқашанда жас ұрпаққа жан жылуын беру ерекше маңызды. Білім бастауы бастауышта, олай болса сабақ үлгерімін алғашқы күннен күн тәртібінде болуы шарт.

           «Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тың ұғым болғандықтан біз осының орнына «кіші оқушы» деген сөз қолданамыз. Осыған орай біз-кіші оқушының психикалық ьұрғыдан өзіндік сипатына тоқталық. Бұрын балалар оқымаған кезінде «Бастауыш мектеп жасы «Кіші жас» деген жас кезеңдер кездеспейтінін біз ескергенбіз. Бұл жастың \7-11 жастың\ өзінде жас кезеңіне бөлінуі оқудың \әсіресе орта оқу мектебінің\ көп елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен, осы жас кезеңнің өзінше бөліп алып қараудың себебі-бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тең ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан.

  Үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1 кластың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы \2-3\ кластарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші класта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей обьектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бәлендей обьектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбінесе аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге 1-кластан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 кластағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Оның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады. Кіші оқушылардың анатомия-физиологиялық дамуына көшелік.

          Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы \сүйектенуі\ 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп дасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе бірдемені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі  жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады \ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады\. Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болса да, қан айналыс системасының жұмысынан онан әрі жақсартады. Мұның себебі қан айналыс тетіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы \7 жастан 11 жасқа дейін\ 1000 гр-нан 1400г. Дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.

          Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшері \оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мея шоғырлану заңдылықтары\ күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукциясының негізінде болатын тежелеу үстем алып, осының нәтижесіне кіші оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерінде өзін-өзі тежеле алуына мүмкіндігі бар. Бірақ осылай деудің өзін шешіп кету керек. Теріс индукцияның негізінде болатын тежелу санасыз жүзеге асатын болса, онда нәтиже бермейді. Тіпті ойланбай қолайсыз іс жасап қоюы ықтимал.

          Сондықтан, теріс индукциянын тежелуі санаға бағынса ғана нәтиже бермек. Осыған бала бірте-бірте үйреніп өзінің қимыл-қозғалысын керек деген жерінде тежелттіріп санасына бағындырып, осының нәтижесінде мектептегі тәртіп пен үлкендерді кісілер сыйлау мөлшерлерін орындауға ұмтылады. Бұл болып келген баладағы анатомо-физиологиялық өзгерістер. Келесі кезде оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.

           Кіші оқушылардың оқу әрекетіне келелік. Оқуда өзінше әрекеттің  бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алуымен шектелмейді. Осыған ептілік пен дағдылану керек.

          Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.

          Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды.

          Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек.Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады.Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сәл нәрсе қызық болмаса да жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.

          Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.

          Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі:біріншіден,берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.

          Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және пробемалық мәселелерді орындай  білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т.б. есептер шығару жұмысы жатады.

          Әдетте, оқу өзінше бала үшін  әрекетену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: біріншіден берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай \дұрыс, я, бұрыс\ орындалғанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады:1\ тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан. 2\ тапсырманы орындаудан. 3\ орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен. 4\ баға қоюдан. Мысалы, біздің әуелгі схемамыздағы тапсырманың шартымен танысу дегенді мұнда оқу жағдайы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.

           Ал соңғы саты-баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындаған дәрежесін  оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.

          Тапсырма яғни оқу жағдайы деп отырғаны сол тапсырмаға кіріспей тұрып, соны орындауға арналған ережелерді білу, не сол жөнінде тиісті мәліметтерге ие болу, мысалы, диктовка жазу үшін соған кіріспей тұрып, бірнеше сабақтарда жеке сөздердің құрамын, солардың қандай буындардан тұратынын біліп және сөз бен сөйлемдерді құрудағы ережелерді \емлені\ білу қажет. Егер осыларды білмесе, оқушы диктовканы дұрыс жаза алмайды. Сол сияқты тиісті есепті шығару үшін, әуелі мағлұматтардың \сандардың\ өзара байланысын, байланысты қалай табу тәсілдерін бір операциядан екінші-операцияға көшуді т.б. білу қажет. Осыларды білудің қажет екені мынадан: баланың әрекеті ілгеріде айтқандай, үш кезеңнен тұратыны рас болғанымен, пәлендей мәселені шешу \диктовка жазу, есеп шығару т.б.\ сол кездегі әрекеттесудің жемісі емес. Мұны орындау үшін оқушы алдын-ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес. Бұл жерде оқу ситуациясы деп отырғаны бәлендей жұмбақ мәселелерді шешу үшін осыған орай жағдайды \ережелерді т.б\ еске алу керек деген мағынаны білдіреді. Себебі тиісті тапсырманы орындаттыру үшін, соған қатысты мағлұматтармен жақсы танысып, соларды тиісті ситуацияға қолдана білу қажет.

          Ал оқу әрекетінең ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды пайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Осыны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың ролін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасауы қажет:

1\ берілген сөздің шығу тегін \этимологиясын\ біліп, осыны тап сондай, не ұқсас вариттармен салыстыру қажет;

2\ әуелі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;

3\ әуелі сөздің формасын \жазылуын,не дыбысын\ одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;

4\ тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет ақпаратынын  тексере білу керек. Осылардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады. Осы ережелер, яғни нұсқаулар қазірге дейін кейбір қазірге дейін болып келген алгоритмаларға сүйеніп баланы оқыту қажет дейтін кейбір психологтардың \Н.Ф.Талызина т.б./ талабына ұқсас сияқты. Бірақ бұл бөлек операцияларды  орындауға кіріспей тұрып, осыған байланысты ситуацияларды еске алуы керек. Тек сонда ғана тапсырманы бала дұрыс орындайтын болады.

  Осы сияқты жеке әрекеттер орындалған соң, солардың қалай орындалғанын баланың өзі тексере білуі шарт. Егер орындағаны дұрыс болып келсе, бала келесі тапсырманы орындауға көшеді, қате болса, соны қайтадан орындауға көшеді. \Мұны «қайта оралу хабары» деп атайды\.

          Бұл келтірілген оқу әрекетінің құрамына қарағанда тапсырманы баланың өзі орындайды және қалай орындағанын өзі тексереді. Мұғалім тек баға қояды. Оқу әрекетінің осы құрамы бастауыш мектеп балаларының жұмысында кездеседі. Бірақ тапсырманы орындауға кіріспей тұрып, әдейі осыған орай ситуация жұмысын жасауға дайындық болғандықтан, балалардың тапсырманы орындауға арналған мәліметтерінде үзілді-кесінділер кездесіп тұратынан бұл жаңа талапты жүзеге асыру үшін осыған біраз дайындықтың болуы қажет.

          Ал осындай үлгі арқылы тиісті пәннің мазмұнын «пішіп» оқытуға баланы қалайша баулу қажет? Оқытудың бұл түрін қазіргі дәстүр болып келген тәсілдерге сүйене отырып қалыптастыру қиын. Дегенмен осы жаңа талапқа байланысты өнерлерге баланы талпындыру қажет. Бұл үшін балаға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені есіне түсіруді қажет екенін тексеру керек. Егер,тиісті мәліметтерді және не істеуді бала түгел білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын болады.

           Ал оқу әрекетінің тексеру кезеңіне келсек, осыған мән берудің үлкен маңызы бар. Күнделікте, кейбір балалардың нашар оқуының себебі тапсырманы орындап біттім деген соң, соның нәтижесін тексермей, сабаққа бірден келуінен мұндай сәтсіздік оқушының кішкентай жасынан бастап осыған мән бермеуінен \оқушының жалқаулығынан\ кездеседі. Ал мұнымен күресті тапсырманы орындаған соң, соның қиыншылықты дұрыс екенін оны тексере білуге үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқитын болар еді. Себебі бала тапсырманы қате орындағанын үйде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған тболар еді.

          Кіші оқушылардың ойынына көшелік. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының бұрынғысынан өзгеріліп көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. әрине, осы жастығының ойыны бұрынғысындай бәлендей маманның \машинистің, дәрігердің, малшының т.б.\ролін ойнайды. Бірақ осы ойынының бұрынғысынан өзгешілігі мынадай, сол рольдердің азаматтық сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен Бәленше боламын» демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады, 1 және 2-3 кластағылардың ойыны бірдей емес. 1-кластарда бала: «мен ұшқыш болам»,»Маған сондай роль ұнайды» деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 кластағылар роль ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сол бейнелерді арындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті айлакер болуы үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезі-бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзін тәрбиелеудің құралына айналып отыр.

          Рольдік ойындармен да кіші оқушы 2-3 кластарда айналыса бастайды. Мысала, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткелігін, дене мүшелернің \қолының,аяғының\ ептілігін дамытады. Футбол ойнау, егер қозғалу ойынның түріне жатса, соның өзі, екіншіден, рольдің ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашының ролін бала атқарып допты торға тигізбеуге әрекет жасағанда, ол рольдік қызметті атқарып отыр. Мұның солай екені мынадан: кіші оқушы қақпашының ролін ойнағанда оның үстіндегі киімі, кескіні нағыз қақпашыға еліктейді: қолына қақпашыныкіндей қолғап киеді \басында қорғаныс шлемы бар т.б\, допты торға тигізу үшін керек деген жағдайда, оның үстіне құлайды т.с.с. Осыған қарағанда бала футбол ойнап отырған жоқ, футболшының атқаратын қызметін қайталып отыр. Осындай ойын үстінде баланың күші, ептілігі қалыптасады. Осымен қатар оның ерік-жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі құрбыларымен достық қасиетін ұлғайтуға жәрдем береді. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардың психикалық дамуында ереше орын алады.

           Оқушылардың таным процестеріне талдау беруге көшелік. Кіші оқушылардың негізгі таным процестері \қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану\ мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Соған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан басталық.

           7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағанда недәуір қалыптасып қалаған \көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі т.б. жақсы дамыған\. Бірақ әлі де болса қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф,п немесе б,в, фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады. Бұл сияқты ажырата алынушылықтың себебі 7-9 жастағы балалардың талдау қызметінің әлі жете қалыптаспағынан. Бір зерттеуде 1-кластағыларға қоянның суретін көрсетіп, соны қайтадан сал деп бірақ суретті  көз алдынан алып кеткенде, сол көргенін қағазға сала алмай, қоянның мұртының бар не, жоқ мысалға, көзін үлкейтіп жіберіп, ал құлақтарын көп мән беріп, қызық емес деген жақтарын көрсетуді ұмытып кеткен.

          Жалпы алғанда, кіші оқушыға не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға қызығып алаңдайды.ъ

          Кіші оқушыға, әсіресе кеңесиік пен уақытты қабылдау қиынға соғады. Мысалы, алыстағы  бағананың ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа ма не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді. Себебі алыстағы зат өзінің көлемінен \ұзындығынан\ көзге кішкентай болып көрінетінін баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кіші оқушы 80 жастағы атасынан «Сен мамонттарды көрдің бе?»-деп сұрапты. Себебі мамонттар 10000 жыл бұрын өмір сүрді дегенді естігенімен, 80 және 10000 жылдың арасын жақсы ажырата алмай, екі оқиға да «әлдеқашан болып өткен» деп шатастыруынан.

          Бұл сияқты кемшіліктер кіші оқушының қабылдауында жиі кездескенімен әр объектінің негізгі қасиеттеріне қабылдау кезінде мән беріп, негізгі қасиеттерді кездейсоқ қасиеттерден ажыратуға үйрене бастайды. Баланы қабылдай алуға үйретуде мұғалім негізгі роль атқарады. Мұғалім бәлендей нәрсені сабақта балаларға көрсеткенде, сол нәрсенің нендей қасиеттеріне мән беруді айтып, қандай нәрсеге назар аударуды ескертіп отырады. Егер қабылдау кезінде ойланып, ненің негізгі, ненің екінші дәрежедегі қасиет екенін ажырататын болады. Баланың қабылдауында, мысалы, сәнді қабылдау \тыңдау\ мен нақты затты қабылдаудың арасында недәуір айырмашылық бар: нақты затты қабылдау бірінші сигнал системасына әсер етеді де, сөзді қабылдау екінші сигнал системасының функциясы болып есептеленеді. Дамудың бұл түрі баланың әр түрлі обьектілерді қабылдай алуына жағдай туғызады. Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші оқушының қабылдауындағы жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталынады.

          Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамыған. Зейін, әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейінінен басым келеді.

  Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінен мұғалім мүмкінлігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Осы бөтен болғанымен, сабақтың барлық жағын қызықтырамын деп баланы осыған әдеттендірсе, оның ерікті зейінін қалыптастыруға кедергі жасайды.

           Егер мақсат жаттау болса, осыны қандай тәсіл қолданып-бөлшектерге бөліп, не тұтас жаттауда көбінесе білмейді. Ал мақсат тапсырманы өз сөзімен айтып беру болса, оның қалай орындаудың жолын білмей қиналады. Себебі өз сөзімен айтып беру дегенде, соны қысқартып не бәрін қалдырмай айтып беру керек екені бала үшін түсініксіз келеді. Сонымен қатар осы екі жағдайдың  екеуінде де текстерді қандай тәсілмен қолданып, жатта, не есте қалдыруды білу керек. Осыны жүзеге саыруда бір зерттеуде \А.А.Смирнов\ оқу материалын бірнеше мәністі бөлшектерге,не солардың мәнісін өзара салыстырып, есте қалдыру тәсілдерін ұсынады. Өзге зерттеулерде оқу материалдарын мезгіл сайын бірінен соң бірін есте қалдыру арнаулы, арнаусыз түрлерге бөлінеді. Оқу материалын жеке мәнді бөлшектеріне бөлу баланың  арнаулы есте қалдыру қасиетін дамыту үшін жасалынады. Оқу материалын жеке мәнді бөлшектерге бөлу, мысалы,тиісті картиналардағы бейнелерді есте қалдыру үшін қолданады. Картинадағы бір бейнелер бір мәнді бөлшекке,өзгелері екінші бөлшекке, үшіншісі тағы бір бөлшек мәніне қарап бөлінеді де, кейін соларды жазу арқылы тәртіпке келтіреді.

  Оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі, ол сабақ беру және білім алудың бірлігі. Қазіргі кезеңде оқытудың белгілерінің сиапттамалары:

  • екі жақтылық сипаты;
  • мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметі;
  • мұғалім тарапынан басшылық;
  • жоспарлы ұйымдастыру және басқару;
  • тұтастық және бірлестік;
  • оқушылардың жас ерекшілік даму заңдылықтарына сәйкесиік;
  • олардың даму тәрбиесін басқару;

  Оқыту процесіне баланың дамуы жүзеге асырылады, оқытудың негізгі құрылымдық жүйесінің элементтері:

  • мақсаты;
  • мазмұны;
  • әдістері;
  • ұйымдастыру формалары;
  • нәтижелері;

          Оқу процесі диктантқа қатысты және бөліктері-элементерінің тізбегінен тұрады, мақсатқа жету, үшін бірлескен қызметтерді атқарады. Бірлескен оқу қызметін таным сатыларын игеру шәкірттердің белсенділігі мен өз бетінше оқу-іс-әрекеттерінен құралады. Олардың бірлескен еңбегінің негізгі кезеңдері:

  • оқушылардың білім алу себептері-мотиавция,
  • оқушылардың тірек білімері, икемділігі, іскерлігі және дағдыларының қажеттілігін айқындау;
  • жаңа сабаққа зерделеуді ұйымдастыру,
  • зерделегенді жетілдіру,
  • оқытудың нәтижелігін анықтау;

Әрбір кезеңде мұғалім мен оқушылардың өз міндеттері бар, олардың іс-әрекеті,мақсаты жалпы. Мұғалім қызметінің мәні-басқару, оқушылардың іс-әрекеттері-білім алу;

Білімді игеру, іскерлік,икемділік, дағдыны жетілдіру және оларды іс-тәжірибеде пайдалану. Оқыту процесінде жаңа сабақ материалдарын игеру, іскерлік, дағдыларын дамыту,іс-әрекетері бойынша мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбектернің басты кезеңдері:қабылдау, ой елегінен өткізу, ұғу, бекіну,қолдану,қорытындылау, диагностикалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 кесте

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық негізгі мақсатқа сай оқыту мәнін,мазмұнын нақтылауда  психологиясын білу, оқу,қабылдау, игеру,ой елегінен өткізу, бекіту, қолдану,қорытындылауды байланыстыру.

  Бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық негізі стандарт, типтік бағдарлама, тақырыптың күнтізбе бойынша оқу материалдарын игеру амалдарын жасау,оқыту әдістемелерін, технологияларын түрлендіру арқылы оқу үлгерімін жетілдіру жолдарын қарастыру. Мақсат оқу үлгерімін жетілдіру үшін.

  • білім негіздерін қабылдау сапасын жақсарту;
  • икемділік,іскерлік,дағдысын арттыру;
  • түсіну,ұғыну және ой елегінен өткізу;
  • оқу материалдарын бекіту;
  • зерделенген,игерген оқу материалдарын іс-тәжірибеде пайдалану,
  • диагноздау нәтижелеріне сай оқу,оқу және амалдарын түрлендіру,жетілдіру;

Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру басты мақсат, оны жүзеге асыру үшін әрбір кезеңнің міндеттерін сапалы орындау, іс-әрекеттерін талдау, бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін басқару, күрделі қиын еңбектер-ғана үздіксіз оқу нәтижесін береді:

 

1.2. Бастауыш сыныпта оқытудың әдістері және оқу үлгерімі мәселелері.

 

          Бастауыш білім беру мазмұны балалардың жан-жақты дамуы, олардың ойлауын қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, білім алуларын дамыту және болашақ еңбек қызметін даярлаудың негіздерін құрайды.

          Бастауыш сыныпта оқытуда басты мақсаты оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру үшін білім беру мазмұнын сапаландыру. Оқыту мақсатын жүзеге асыру құралы ретінде мазмұны: адамзат, болашақта қоғам мен жеке адамдардың қажеттілігіне сай болуы керек, олар-бастауышта білім беруді қалыптастыру құралыстары:

  • білім беру мазмұны;
  • әлеуметтік және ғылыми жетістіктер,
  • қоғамдық қажеттіктер;
  • жеке қажеттіктер;
  • педагогикалық мүмкіндіктер;

  Мүмкіндіктер педагогикалық процесті, әсіресе бастауыш мектептің материалдық-техникалық жабдықталу және экономикалық ресурстарын жарақтандыру деңгейін реттейді.»Қазақстан-2030″ стратегиясына сай бастауыш мектепті оқыту мазмұнын анықтап, ұлттық және жалпы азаматтық дамуы,құндылықтары алынып дамытылуы, жалпы мазмұнында:

  • гуманизациялау;
  • нитеграциялау;

 

 

Мотивтер                                            2кесте

Түрі бойынша

Әлеуметтік танымдық

 

Танымдық

 

р/с

Танымдық мотивтер деңгейі бойынша

1

Кең әлеуметтік мотивтер

 

2

Тар әлеуметтік мотивтер

 

3

Әлеуметтік ынтымақтастық мотивтер

 

4

Кең танымдық мотивтер

Білім алу нәтижесін көру,қанағат алуға жету

5

Оқу танымдық мотивтер

 

6

Өз бетінше оқу мотивтер

Сапалы білім алу үшін

       

 

  • диффенияциялау;
  • тұлғаны жан-жақты дамыту;
  • азаматтықты қалыптастыру;
  • ғылыми маңыздылығы;
  • практикалық мәнділігі;
  • жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
  • жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

         Мазмұн элементтері-білім, икемділік, іскерлік, дағды, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық қызметінің тәжірибесі сапаланумен оқу үлгерімі жақсарады.Оқу үлгерімін жақсарту өте күрделі, қиын мәселе-ол баланың мотивіне тәуелді. Мотивтер көп, әрқашан өзара байланысты, педагогикалық процесте біз көптеген әсер етуші мотивтермен іс-жүзінде кездесеміз, оларды врарыл бойынша жіктеуге болады.

  Түрі бойынша:

  • әлеуметтік;
  • танымдық мотивтер болып бөлінеді;

   Деңгей бойынша:

  • кең әлеуметтік мотивтер (борыш, жауапкершілік, білім алудың әлеуметтік маңыздылығын түсіну); Ең алдымен білім алу арқылы қоғамда орнын табу, өзінің әлеуметтік мәртебесін бекіту;
  • тар әлеуметтік мотивтер (болашақта маман болу, белгілі қызметке орналасу, қоршаған ортаға танылу, еңбегін бағалауға жету);
  • әлеуметтік ынтықмастық мотивтер (өзара қарым-қатынастар жасауға бағдарлану, сыныпта өзінің орнын, ролін анықтау).
  • кең танымдық мотивтербілім алу және оның нәтижелеріне сай қанағаттану, оқу үлгерімі арқылы танылуы.
  • Оқу-танымдық мотивтері (білім алу тәсілдеріне бағдар беру, нақты оқу пәндерін игеру, оқу үлгерімін жақсарту-ол үздіксіз, жүйелі оқу,оқу және оқу екендігін ұқтыру);
  • өз бетінше оқу, өз бетінше білім алу (сапалы білім алу үшін қосымша оқу, қайталау, пысықтау, бірлесіп оқу).

     Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі жағдайына тәуелді және мотивтер бағыт береді:

  • борыш сезімі;
  • мұғалімнің мақтауына жету;
  • жазалаудан қорқу;
  • үлкендердің талаптарын орындау әдеті;
  • танымдық қызығушылық;
  • сыныпта орын табу,танылу;
  • намысы;
  • ата-анасын қуанту әрекеті;
  • сыныптастарынан қалмау,озу;

          Әрбір сыныпта дертіндегі білімге деген қатынас бөлінеді, оны психологиялық, педагогикалық тұрғыдан байқап, бағалау, жасау оқу үлгеріміне ықпалы сезіледі.

     Оқу үлгеріміне ықпалы мол мотивтеу бастама мен танымдық қызығушылықтарына қатысты:

  • оқу тапсырмаларын орындауға даярлығы;
  • өз бетінше қызметке ұмтылысы;
  • тапсырмаларды орындауға саналық;
  • оқудың жүйелігі;
  • өзінің жеке дейгейін арттыруға ынтасы;

Оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі санасын арттыру, оқу материалдарын игеруге жол табу ұмтылуы,тиімді жол табу.

 Оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? Балалар білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды игере алуы үшін олардың белсенді танымдық қызметін қалай ояту керек? Оқушылардың оқуға деген оқытуды қатынасын тудырып, олардың білімдерін сенімге айналдыруға қалай көмектесу керек? Ынтасы барларды да, ынтасы жоқтарды да түгелдей қалай оқыту керек? Бұл мәселелерді мұғалім сабаққа даярлағанда күн сайын шешуіне тура келеді. Бұлардың бәрі қалай болған күнде де оқытудың мейлінше табысты әдістерін іздестіруге байланысты болады. Оқыту әдістері деп нені түсіну қабылданған? Оқыту әдістері-оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызмет тәсілдері.

          Қазіргі дидактика оқыту әдісінің талаптандыратын функциясына үлкен көңіл бөледі. Әдістің атқаратын қызметі білімдерді жай бере салу емес, мектеп баласының танымдық қажетін, қандай да болсын міндетті шешуге оның ынтасын ояту болып тұр.

        Жаңа аспектілер әдістің дамытушылық және тәрбие беруші функцияларында көрінеді.

       Оқушыларды танымдық қызмет тәсілдерімен қаруландыру-оқу әдісінің дамытушылық функциясын арттырудың аса маңызды тенденциясы. Ынтықмастық, коллективтік толғану жағдайларын жасау, өзара көмек қатынастары, міндетті өздігінше шешу жауапкершілігі-осы бағытта оқытуды одан әрі жетілдіру әдістері іздестірілуде.

          Оқыту әдістерін құралдардан ажырата білу керек. Әдіс қызметпен тығыз байланысты және қызметтен тыс өмір сүрмейді. Оқыту құралдары ретінде оқулықтар, кітаптар, анықтамалықтар, оқу құралдары, техникалық құралдар, сөздіктер, көрнекті құралдар пайдаланылады. Олардың түрлі мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Қайсыбір қызметке енгізіле отырып, олар қызмет мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту процесінде түрлі құралдарын пайдалануды қызмет әдісінің өзі өзгертеді. Сан алуан құралдары пайдалану оқу әдісінің құрылымын өзгертуге жеткізеді. Мәселен, мұғалімнің әңгімесіне кинофрагменттерін енгізу мұғалім мен оқушылар қызметінің сипатын өзгертеді.

          Әдістің жеке бөлшектерін, оның құрамды элементтерін методикалық тәсілдер деп атайды. Егер әдістің көмегімен оқу метериалының негізгі мазмұнын игерсе, ал қандай да болсын методикалық тәсілдер пәнінің немесе тақырыптың жеке мәселелерін тереңдеп игеруді қамтамасыз етеді. Практикада көптеген мөлшерде сан алуан методикалық тәсілдерді кездестіруге болады. Бұлардың кейбіреулері көптеген пәндерге ортақ, басқалаларын сол пәнді оқытқанда ғана қолдануға болады.

   Мұғалім балаларға қажетті білімдерді қамтамасыз ете алатын, олардың ақыл-ой қызметін оятатын, бұлардың бойында оқуға деген ынтаны дамытып, қолдайтын жұмыс әдістері мен тәсілдерін таңдап алады.

          Оқу жұмысының методикасын жетілдіру үнемі жүріп жатады. Қазіргі кезең оқыту әдістерінің  саласында ерекше қарқынды ізденулермен сипатталады.

          Халыққа білім беретін қызметкерлерін бүкіл оқу-тәрбие жұмысын одан әрі сапалы жетілдіре түсуге шақырды. Өзінің білімдерін дербес толықтырып ғылыми және саяси информацияның ағындаған тасқынында бағдарлай білуді дарытудың, маңызы зор.

          Жаппай орта білім алуды және мектепті одан әрі жетілдіре түсуді жүзеге асыру ұйымдастыру мен жұмыс методикасында бұрынғыдан да көбірек оралымдылықты, оны оқушылардың түрлі категорияларына бейімдеуді талап етеді.

          Қазіргі кезде дидактикада оқыту әдістерін саралаудың шұғыл байқаулары өтіп жатты. Оның барлық белгілі әдістерді белгілі бір жүйеге келтіру және олардың ортақ сипаттары мен ерешеліктерін ашу тәртібі үшін үлкен маңызы бар.

  Неғұрлым ерте саралау әдістерді мұғалімнің жұмыс әдістеріне (әңгімелеу, түсіндіру,әңгімелесу) және оқушылардың жұмыс әдістеріне (жаттығулар, өздігінен атқартын жұмыстар) бөлу болып табылады.

          Соңғы кезде оқушылардың ойлау қызметіне басшылық ету сипатына қарай әдістерді саралау ұсынылып түсіндірме, иллюстрациялық, репродуктивтік, проблемалық баяндау, ішінара іздестіру, зерттеу әдістері.

  Білімдерді алу-көзіне қарай әдістерді саралау көбірек қабылданғаны саналады (сөздер, көрнекі құралдар,практикалық қызмет). Осылай қарауға сәйкес әдістер үш топқа біріктіріледі.

 1.Сөйлеу әдістері:  әңгімелеу,түсіндіру,әңгімелесу,оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.

2.Көрнекілік сөйлеу әдістері:бақылау,көрнекі құралдарды көрсету, кинофильмдер мен диальмдер.

3.Практикалық әдістер:ауызша және жазбаша жаттығулар.

  Жаттығулардың сипаты мен методикасы оқу пәнінің, нақтылы материалдың, оқылатын мәселенің және оқушылар жасының ерекшеліктеріне байланысты.Алайда дидактика жаттығуларды жүргізудің бірқатар ортақ ережелерін тұжырымдайды.

  Жаттығуды орындау мақсаты мен тәртібін оқушылардың санасына жеткізу бірінші ереже болып табылады.

  Жаттығудың сан алуандылығы-оларды ұйымдастырудың екінші маңызды ережесі.

   Үшінші ережесі-жаттығуларды жүргізу жүйелілігі. Мұнда жаңа материал түсіндірілгеннен кейін жаттығулар жиі беріледі. Жаттығудың қиындылығын бірте-бірте арттыру-оларды өткізудің келесі ережесі.

  Жаңа материалды оқып үйренгеннен кейін мұғалім бірден соған стене тән жаттығуларды береді, бұларда оқушылар үйренген белгілер мейлінше айқын да бадырая көрінеді. Жаңа материалды оқушылар берік игерген соң балалар пәннін басқа да тақырыптары білімдерін пайдаланып орындаулары үшін

Білім алу  ****қатысты әдістерді жіктеу

3 кесте

р/с

әдістер

мотивтер

1

Сөйлеу

1.1.әңгімелеу

1.2.түсіндіру

1.3.әңгімелесу

1.4.оқулықтық жұмыс

1.5.электронды оқулықпен жұмыс

2

Көрнекілік

2.1.бақылаулар

2.2.көрнекі құралдарды көрсету

2.3.оқулық, техникалық

2.4.комьпютер арқылы көрсетіледі

2.5.Он-лайн тәсілінде

3

Практикалық

3.1.ауызша

3.2.жазбаша

3.3.матрицалық тест

3.4.комьпютерлік тест

3.5.зерттханалық, шеберханалық

 

тапсырмалар мен жаттығулар беріледі.

          Егер балалар оқу еңбегінде: есепті тексере отырып шығаруда, ана тілі бойынша жаттығуларды орымдағаннан кейін  тексеруде,өзін-өзі қадағалауға үйренген жағдайда жаттығулардың тиімділігі арта түседі. Дұрыс ұйымдастырылған жаттығулардың үлкен тәрбиелік маңызы болады. Оқушыларға жаттығулардың ықпал сипаты олардың өзіндік орындалу сипатына байланысты. Жаттығулардың мазмұнының да маңызы кем емес. Бұл жоғары идеялылық талапқа сай болуы тиіс.

          Бастауыш кластарды көптеген сан алуан жазбаша жаттығулар беріледі. Бұл ерекше мұқият орындалуға және жақсы толтырылуға тиіс. Бұл орайда барлық оқушылардың дәптерлдерді ұқыпты жүргізудің маңызына болашақ мұғалімнің назарын аударғым келеді. Мектептерде қатал орындалып отыруға тиісті дәптер жүргізуінің белгілі бір режимі орнатылуы қажет.

          Оқу-практикалық жұмыстар. Бұлардың мақсаты оқушылардың алған танымдық білімдерін бекітуді және нақтылауды, оқытудағы мен практиканың байланысын толығырақ жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

  Практикалық жұмыстар тек класта ғана жүргізілмейді. Бұған өсімдіктерді баптап өсіру, малды күту, егінді жинау, мектеп жанындағы учаскелердегі сабақтар енгізіледі. Тікелей еңбек бұл практиаклық жұмыстың логикалық жалғасы, оның қажетті құрамдас бөлімі.

          Мектептің оқу-тәрбие беру процесінде практикалық жұмыстардың көлемін ұлғайту дидактиканы олардың тиімділігін арттыру жағдайларын іздестіруге ите,рмелейді. Практикалық жұмыстардың ғылыми білімдермен тығыз байланысты осындай жағдайлардың бірі асыру өмір шындығын бейнелі түрде қабылдауға байланымты қалыптасатын түсініктерін ролін ешбір кемітпейді. Табиғат құбылыстары жөнінде, тарихи оқиғалар мен осы заманғы қоғамның өмір оқиғалалары туралы, қазіргі кездегі   техника туралы, көркемөнер шығармалары туралы берілетін түсініктер бастауыш кластардағы программалық материалдың елеулі бөлігін құрады.

  Оқыту үстінде заттық-бейнелік көрнекілік арқаратын рольді кейбір методикалық әдебиеттер мен бірқатар мектептердегі жұмыс практикасында орын алғанындай кемсітудің ешбір қисыны жоқ. Бұған оқыту ісіндегі эмпирикалық және теориялық бастамаларды бір-біріне орынсыз қарама-қарсы қою есебі болып келді. Программалық материалды игеру деңгейі, демек,оқыту ісінің әсерлілігі де көрнекіліктің әралуан құралдарын пайдаланып отыруға көп жағынан тәуелді келеді. Бұрынырықта көрсетіп кеткеніміздей, белгілі бір жағдайларда көрнекі құралдарды пайдаланып отыру оқушылардың абстрактілік ойын дамытуға ғана емес,сонымен бірег оқушылар тарапынан аса маңызды ойлау операцияларының меңгерілуіне септігін тигізеді.

  Оқу процесінде көрнекі құралдарды пайдалану белгілі бір жағдайларда ғана әсерлі болады деп біз жайдан-жай жақылыс айта салған жоқпыз. Ендеше ол нендей жағдайлар?

          Көп мәселенің түйіні сол көрнекі құралдардың сипатына тәуелді болады. Мұғалімнің сабақ үстінде қандай да бір көрнекі құралдарға қандай роль жүктейтіндігінің де едәуір маңызы бар. Оқу процесінде әр-түрлі информациялық деректерді, оның ішінде көрнекі құралдар мен мұғалімнің ез сөзін бір-бірімен дұрыс ұштастырып отырудың мәні зор.

  Көрнекі құралдар  оқушылардың оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа:-заттың-бейнелік көрнекі құралдары (картиналар, фотосуреттер, суреттер, диапозитивтер, диафильмдер, кино үзінділері, кино фильмдер, табиғи обьектілер және т.б.) мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыладың арқа сүйеуіне жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайға көрнекі құралдар (схемалық көлемді модельдер, схемалар, чертеждер, карталар т.с.с) оқылатын обьектілердің күрделі байланыстарын, өзара тәуелділігін және қатысын, олардың нақтылы,бейнелі қабылдауға көндікпейтін ішкі құрылымын түсіндіру үшін керек.

  Өмір шындығының адам санасында бейнеленуі сезім мен тиімділіктің біртұтастығы жағдайында жүзеге асатындығы белгілі.

  «Сезімдік таным да, абстрактілі ойлау да жекелей,бір-бірінен бөліп алғанда зерттеліп отырған объектінің мәнін толық таныта алмайды»,-деп ескертеді А.П.Шептулин. Танымның әр түрінің өзіне тән ерекшелігі болады және ол таным процесінде, оның ішінде оқу танымында да белгілі бір орынға ие болады. Осыған байланысты көрнекіліктің  бір түрлерін жан-жақты етіп жіберуге, ал оның екінші бір түрлерін жеткілікті түрде бағаламауға болмайды. Оқу процесінде заттың- бейнелік және таңбалы көрнекілікті бір-бірімен ұштастырып отыру қажет, мұның өзі, оқылып жатқан объъектінің қасиеттері мен белгілерін барлық жағынан алып қарастыруға мүмкіндік береді.

  Көрнекіліктің қандай түрінде болсын изоморфизм мен қарапайымдылық ұштастырылып отыруы керек.

          Көрнекі құралдардың изофермизмі туралы айқанымызда оқылып жатқан объектілердің құрылымы және қатынастары көрнекі құралдар арқылы берілген кескіндемемен, ол кескіндеме қандай формада жүзеге асырылмасын, тепе-тең екндігін естен шығармау керек. Қабалдау қарапайымдылығы мәселесіне оралсақ көрнекі құралдар жасаған кезде оқылатын объъектінің барлық маңызы шамалы бөлшектері мен ұсақ-түйек жақтары керексіз етіліп, ұғымдардың негізгі қасиеттерін немес түсініктің басты компоненттерін белгілейтін-тек ең маңызды бөлшектері мен жақтарын ғана сақтау арқылы қол жеткізіледі.

          Мектеп практиаксын дәл осы сабақта оқылып жатқан объектінің анағұрлым маңызды жақтарын айқын бейнелей алатын, оқушыларға дәл осы түсініктің немесе ұғымның негізгі оларды жинақтап-қорытуды қажет ететін тап сол маңызды белгілері ажыратып алуға, одан соң біріктіріп топтастыруға кедергі жасайтын басы артық ұсақ-түйектерден аса көрнекті құралдарды пайдаланудың әсерлілгін дәлелдейді. Бұрынырақ көрсетіліп кеткеніндей, өздерінде образды бейнелер схемалық бейнелермен ұштастырылып отыратын көрнекі құралдар да пайдалы келеді, мұның өзі оқушы ойының нақтыдан абстрактілікке қозғалысын жеңілдетеді.

          Көрнекіліктің әр құралы оның жоғары әсерлілігін қамтамасыз ететін  оқу процесінде өзі атқара алатын өзіне ғана тән ерекше қызметке ие болып отырады.

  Қандай да бір нәрсе туралы тек жалпы түсінік алу керек болған кезде (ал мұның  өзі көбінесе төменгі кластарда орын алады), натуралды объектілерді демонстрациялау немесе олармен тікелей табиғаттың өзінде танысу,сабақ үстінде табиғи тарапта-көрнекі материалды пайдалану анағұрлым тиімді болады. Әсерлілігі аздау болғанымен, иллюстрацияды көрнекілік:картиналар, диапозитивтер және диафильмдер көмегімен де қандай қа бір зат туралы тұтастай түсінік туғызуға болады.

          Алайда оқылатын объектілер туралы немесе құбылыстардың аса маңызды қасиеттері туралы олардың динамикалы бейнемелері өте көп-жағдайда дұрыс та жан-жақты түсінік береді. Бұлар, мысалы, балаларда жануарлардың тіршілік етуі, кейбір табиғи құбылыстар мен тарихи оқиғалар туралы түсініктер тудыру үшін қажет. Табиғат тану курсында оқылатын оқандай да бір құбылыстың ішкі даму процестерін де динамикалық қозғалыс күйінде көрсеткенде тиімді. Мұның өзі олардың ішкі мәнін анағұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Мұнда кинофильмдер мен киноүзінділері көрнекіліктің анағұрлым пәрменді құралдары бола алады. Алайда оқылып жатқан объектінің жеке жақтарын анағұрлым егжей-тегжейлі қарастыру қажет болған жағдайда кино көмекші құралдарының аталған артықшылығы ада болады. Мұны статикалық көрнекілік, яғни таблицаларды, диапозктивтерді демонстрациялау,иллюстрация лы тарапта материалдармен жұмыс істеу бере алады.

          Ғылым негіздерін оқытудың теориялық дәрежесін көтеру сонымен бірге көрнекіліктің көптеген құралдарының сипаты мен құрылымына елеулі өзгерістер негізуді және осыған қоса оларды сабақта пайдалану тәсілдерін жетілдіре түсіруді шарт етіп қояды. Көрнекі құралдарды өзгерту ісі құбылыстардың, нәрселердің аса мәнді қасиеттерін, олардың өз арасындағы және олардың элементер арсындағы қатынастарды айыра алуға және қабылдауға кедергі жасайтын бейнелеу артықшылықтарынан және тым көп ұсақ-түйектерден арылту бағытында жүргізілуге тиіс.

           Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы оқу үлгерімін жетілдіру жағдайы туындайды,ол үшін бала:

  • өзінің ойын айтып,пікірін дәлелдеуіне мүмкіндік беру;
  • сабақтың кез келген кезеңінде, элементінде (жаңа сабақты түсіндіру,үй тапсырманы сұрау,өзіндік жұмыс,сабақты бекіту,үйге тапсырма,еңбектерін бағалауда және т.б.) малқылау,талдауға қатысуы;
  • сыныптастарына және мұғалімге сұрақтар қоюға қатысуы;
  • балалардың жауаптарына пікірін білдіруі;
  • сыныптастарының жауаптарын және жазба жұмыстарын жағалаулары;
  • үлгермеушілерге көмектесу;
  • түсінбейтін мәселелерді балалардың өзара түсіндірулері;
  • тапсырмаларды шамаларына сай алу еркіндігі;
  • танымдық міндеттер,проблемалар, жағдайларға мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын табу;
  • өзін-өзі тексеру,өзінің жеке танымдық және практикалық іс-әрекеттерне жасау жағдайын туындату;
  • өзіне белгілі тәсілдерді пацдаланып танымдық құбылыстар,процестер,мәселелерді шешуге кешенді жолдарды қарастыру;

          Мотивтер-ол оқушылардың оқуға,іс-әрекет жсауға, намысқа тырысуға, қатарынан қалмауға ой туындату, себеп болу, өзін-өзі жігерлендіру арқылы тәртібін,мінез-құлқын, әрине оқу үлгерімін жетілдіру. Оқыту процесінде бір мезгілде бірнеше мотивтер әсер етеді. Оқушылардың оқу іс-әрекетінде мотивтерін анықтап, соған қатысты білім беру амалдарын жобалайды,нақтылап жүзеге асырады. Мотивация заңдарын білу-мектептік проблемалардың көпшілігін шешуге жол табу болып есептеледі.

           Оқушылардың оқу үлгермін жетілдіру жолдарының бірі әрине ұстаз еңбегі, бастысы өзінің белсенділігі,ынтасы іс-әрекеттері,сыныптастарының оқуға деген бірлесіп, ынтымақтасып іс-әрекеттерін сапаландыруына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

 

2.1. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру.

 

           Оқыту процесіндегі оқушының оқудағы, білім алуындағы тұрақты күшті ықпал жасайтын мотив-ол қызығушылық,сабаққа,сабақ оқуға, білімге,білім алуға. Қызығушылық-ол оқушының ерекше маңызды сезетін, оқу іс-әрекетін нақты жасауға жеткізетін себеп, маңызды, мәні бар әрекеттер. Қызығушылық танымдық қажеттіліктің білінуі, нысаң немесе құбылысты тануға ұмтылу формасы,белгілі іс-қызмет түрін игеру деп түсінуге,анықтама беруге болады.

          «Қызығушылық-ол балалардың тәртібін табиғи қозғалтқыш есебінде, инстинктілік ұмтылысының сенімді білнуі, баланың қызметінің қызығушылық шектеулік тұтынушымен сай келуі»-деп атап көрсетті. Л.С.Выготский (Выготский Л.С. Педагогическая психология.-М.1996,с.84)

           Оқытуға қызығушылық әсерінің,әрекетінің жалпы заңдылығы белгіленген:

Бірінші-оқушылардың қызығушылықтарының білім деңгейі мен сапасына тәуелділігі, ақыл-ой қызметнің жинақталуы, қалыптасуы.

Екінші-оқушылардың қызығушылығының олардың мұғалімге қатынасына байланыстылығы.

           Өздері жақсы көретін,құрметтейтін педагогтардың сабақтарын қызыға оқиды, олай болса ұстаз білімді болу басты шарт екен. Ең алдымен педагог, келесі оның ғылымы, оқыту әдісінің меңгеруі, балалардың психологиясын жан-жақты игеруі, оқыту талаптарын орындау деңгейі, педагогикалық әдептілігі, педагогикалық шеберлігі.

          Оқушылардың тұрақты танымдық қызметтерін, қызығушылықтарын қалыптастырудың көптеген жолдары мен құрамдары ішінде практика анықтағандарын айтайық:

  • жүрегі жылынуыын бере сабақ беру;
  • сапалы білім беру, оқу материалдарындағы жаңалықты,бастысын жете түсіндіруі;
  • оқу материалдылығының тарихилығына мән беруі;
  • білім және оны ашылуына қатысты болжамдалуы,
  • зерделенген білімдернің практикаға қолданулындағы байланыстар және оқушыларды бағдарлау;
  • оқытудың нәтижесі, дәстүрлі емес инновациялық формалары мен әдістерін алмастыру,түрлендіруң
  • проблемалы оқыту;
  • эврикалық оқыту;
  • компьютерлік қолдау мен оқыту;
  • мультимедиа жүйесін қолдану,
  • интерактивті компьютерлік құралдарды пайдалану;
  • өзара оқыту (жұптап, шағын топпен);
  • білімдерін,икемділігін,іскерлігін тестілеу;
  • оқушылардың білім деңгейін көрсету;
  • табыс жағдайын жасау;
  • жарыс (сынып оқушыларының өзмен-өзінің);
  • сыныпта оң ауа атмосферасын туындату;
  • педагогикалық такт,педагогтың идеололгі;
  • педагогтың өзне оқыту пәніне және шәкірттеріне деген қатынасы;
  • мемлекеттік қатынастарды гуманизациялау;
  • он-лайн-сабақ тәсілін зерделеу,пайдалану әрекеттері және т.б.

Бастауыш сыныпта, басқада сатыларда оқушының қызығушылығы артса,ынта-ықыласпен балалар оқиды,белгісінің байқау қиын емес:

  • күлімдеп еңбек етеді;
  • көзі жайнап,оқу,оқу,оқу, үстінде болады;
  • қозғалыстары жеңіл,еркін,жылдам;
  • ол өз ісін қызыға, маңыз бере сапалы, тез,табысты орындауға бейімделгендей;
  • ой жұмыс іздеуде,қайталау,пысықтау,оқулық қарау бәрін ретімен жасауда;
  • есте болсын, ең маңызды,қажетті мотив білім алу-ол танымдық қызығушылық;

  Қызығушылық қажеттілік ықпалымен туындайды үзілмес байланыста болады.Қызығушылық:

  • жинақталған білім,іскерлік, икемділік деңгейімен сапасына, ақыл-ой қызметінің қалыптасу тәсілдеріне;
  • оқушының мұғалімге қатынасына байланысты;

кіші жастағы оқушылардың оқуға деген мотивтерін қалыптастыру үшін келесі шарттарды қамтамасыз ету маңызды:

  • тұлғаның бағдарлық қызығушылығын арттыру үшін мазмұны материалдармен байыту;
  • барлық оқушыларға-талапты,үлгермеуші, бәрібір дегендердің өзіне гуманды қарым-қатынас жасау;
  • оқушылардың танымдық сұраныстарын және қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • балалардың өзара пікір алысуларын қызықты ұйымдастыру;
  • ойларын байыту,сезімдерін дамыту;
  • әлемнің, дүниенің құпияларын білуге деген білім құштарлығын қанағаттандыру;
  • өзінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалау белсенділіктерін қалыптастыру;
  • өзін-өзі дамыту,өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстарын арттыру;
  • балалардың ұтымды, тиімді бастамалаларын пайдалану, қолдау, пайдалаларын ата-аналармен бірлесіп,ақылдасып шешуге әрекеттер жасау;
  • оқу еңбегіне деген қарым-қатынасты тәрбиелеу;

          Мұғалім өзінің оқушыларының оқу және мінез-құлқын мотивтерін тұрақты зерделеу арқылы оқу үлгерімін жетілдіру амалдарын ұтымды табады. Оқу материалының мазмұнын сапаландыру,зерттеулерге сай ұсыныстарды ескеру қажет.

          Мұғалімдер бастауыш білім берудің жаңа мазмұнына байланысты оқытуды да жүзеге асыруға баса зор назар аударып отыр. Солай болғанмен де олардың біраз бөлегі үшін оқушылар білімін дамыту критерийі толық айқындалмай отыр.

          Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары көбіне оқушылар білімінің дамуын олардың хабардар болуына қарай, әр түрлі салалардан, ең алдымен фильмдерді, телевизиялық хабарларды көру, радионы тыңдау, сондай-ақ ересектердің әңгімелерінен алынған көптеген еміс-еміс мағлұматтардың, фактілердің жинақталуына қарай бағалайды. Кейде төменгі сынып оқушыларының лексикасындаы ғылыми терминологияның мол қоры дамудық жоғары дәрежесі ретінде қабылданады. Оқушылар шын мәнінде ғылыми қиын терминдерді асқан шеберлікпен сан құбылта білгенмен, әлде бір себептермен көбінесе олардың мәнін түсіне алмайды. Мұнда «дамыған» оқушылар, эксперименттшілер жасаған атарлы «пәндік әрекеттерді ойдағыдай орындай отырып, бұрын таныс емес жағдайдағы ержені игеруге арналған практикалық тапсырма берілсе қиналып қалады, жазу кезінде грамматикалық талдаудан қателер жібереді.

  Осындай қате түсініктің практикада дамуы оқушылардың білімді үстірт игеруіне әкеліп соғады.

          Интелектуалды даму өзара байланысты және өзара шарттастық білім іскерлік пен дағдыны меңгеруді көздейді. Мұның өзі ең алдымен фактілерді білуді, олардың мәні мен маңызын түсінуді,бұрыннан белгілі білімге сүйене отырып,түсіндіре білуді талап етеді.

           Бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары қу жұмысының барлық түрлеріндегі белсенділік пен дербестік оқушылар білімінің дұрыс дамуындағы маңызды көрсеткіш. Төменгі кластардың бұл жұмысын оларға маңызды логикалық операцияларды меңгермейінше орындаудың мүмкін еместігі өз-өзінен түсінікті.

           «Балаларды дамыту-деп жазды Л.В.Занков,-бұл олардың туа пайда болған қабілеттерінің артуы ғана емес, сонымен бірге көп ретте мұғалімнің түлектерін дамытудағы мақсатқа орай және жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Балаларды дамытуда интенсивті алға бастыруға бүкіл оқу-тәрбие  жұмысының барысында: біліммен қарулану да, дағдыларды меңгеруге де білімге құштарлықты қалыптастыруда қол жеткізеді».

  Демек,төменгі клас оқушыларын интелектуалды дамуы тиісінше оқу процесінің мазмұны мен қойылу жағдайын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.

          Бастауыш сыныпта оқушылардың үлегерімін жетілдірудің жолдары дамыта оқыту мазмұны барлық пәндерден бастауыш кластарды оқыту програмаларына арналған түсінік хаттарда ашып көрсетіледі.

  «Оқылатын шығармалардың мазмұнымен жұмыс істеу барысында,-делінген оқу бойынша программаға арналған түсінік хаттарда,-балалар басты мәселені екінші кезектегі жайлардан айырып, негізгі ойды екшей білуге, шығарманы бірнеше бөлімге ажыратуға, олардың арасындағы байланысты анықтауға үйренетін болады. Бұл балалардың логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі».

          Орыс тіліне арналған программа түсінік хатында мынау атап көрсетіледі: грамматика мен емле ережесі элементтерін игеру процесінде балалардың тілдік материалды талдау, тілдік құбылыстарды салыстыру, тоатастыру және қорытындылау, басты мәселені табу шеберлігі жетіледі; ақыл-ой және тілдік дамуы жүзеге асырылады. Бұл программа балалардың оқылатын грамматикалық және орфографиялық  құбылыстарды түсінуін, олардың өз пікірлерін түсіндіруін, дәлелдей білуін, тіл құбылыстарын салыстыруды, топтастыруды қалыптастыра білуін, жинақтаулар мен қорытындылар жасауды талап етеді. Бағдарлама балалардың білімін ауызша және жазбаша тіл практикасында қолдана білуіне аса зор маңыз береді.

  Бсатауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары математикаға арналған программада тура және кері амалдар, компоненттер мен амалдар нәтижелері арасындағы өзара байланыс ашылады. Өзара байланысты ұғымдарды, амалдар мен есептерді салғастыруды, салыстыруды, қарама-қарсы қоюды үнемі қолдануға, қарастырылып отырған фактілердегі ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтауға зор маңыз беріледі. Оның ішінде бағдарламада уақытқа қарай есептердің іріктелуі мен орналасуы, сондай-ақ өзара кері есептердің жүйесі осы факторларды есепке алумен анықталған.

  Оқушылардың кейбір есептерді шешу мүмкіндігі болатын алуан түрлі әдістерден өзіне-өзі есеп бере білу және өздеріне белгілі ең тиімді әдістері саналы түрде таңдап алу талап етіледі.

  Бағдарлама есептеу тәсілдерін саналы түрде пайдалану, есептерді шешуде қарапайым ортақ тәсілдерді меңгеру негізінде есептеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

  Математикаға арналған бағдарлама негізіне алынға елеулі принциптердің бірі әрбір жаңа мәселені мейлінше дәрежеде, бірақ сол жастағы оқушыларға сай деңгейде қарастыру принципі болыр табылады.

          Еңбекке үйретуге арналған бағдарламаға техникалық жасаудың енгізілуі балалардың техникалық жасаудың енгізілуі балалардың техникалық ой-өрісін танытып, техникалық творчествоға қызығу белсенділігін тәрбиеге ықпал жасайды.

  Бейнелеу өнеріне арналған бағдарлама мұғалімдерді оқушылардың өздігінен суреттер тақырыптарын таңдаудағы оларды ашудағы дербестігін ынталандыруға, олардың комрозициялары мен қол тумалылығын, орындалуының сезімталдығын, әсемділігін ынталандыруға бағыттайды.

  Музыкаға арналған бағдарлама түсінік хатында көргендей, музыка тыңдау оқушылардың  музыкалық қорын молайтуға, музыкалық ой-өрісін кеңейтуег және оларды қабылдауын дамытуға мүмкіндік беретін музыкалық тәрбиенің маңызды элементі болып табылады.

  Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі көптеген қателіктер абстрактілі ойлаудағы бастауыш мектеп оқушыларның қабілеттерін жеткілікті балмалаудан туады. Осының нәтижесінде бірқатар мектептерде дағдыларды қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген принцип бойынша, яғни нақты танымал және практикалық міндеттерді шешуге игерілген жалпы заңдылықтар мен жинақталған интелектуалды іскерлігін саналы түрде қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерге ұғынбастан еріп негізінде құрылып жүр.

  Осы себептен кейбір оқушылар жаңа материалдарды оқу кезінде, оқу және практикалық тапсырмалардың жаңа түрлерін орындау кезінде игерген білімдері мен дағдыларын пайдалана алмайды.

  Төменгі сынып оқушыларын оқытуда бастауыш класс оқушыларының күрделі абстракті ойлау формаларына, жоғары теориялық дәрежеде қорытындылауға әзірленген асыра бағалау нәтижесі болып табылатын қателіктердің екінші түрі едәуір қиындық келтіреді.

  Балалардан осы тектес қорытындыларды талап ететін материалдарды сабақтарына енгізу, әдетте, күтпеген нәтижелерге душар етеді: оқушылар ұғымдардың тиісті анықтамаларын мәнін түсінбестен, үстірт жаттап алады, бұл олардың ойлау қабілетін дамытуға ешқандай мүмкіндік жасамайды.

  Дамуға ұласатын бастауыш сыныпта оқушылардың үлгерімін жетілдірудің жолдары жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеудің алғашқы жылдардағы тәжірибесі бастауыш оқыту кезінде білімге немқұрайлылыққа ұрындыратын түрлі құралдармен әуестенудің қажетсіз екенін көрсетті. Математика оқулығының I сыныпқа арналған бастапқы нұсқасында схемалар мен формулалардың өте көп болуы оқушылардың жұмысын едәуір қиындата түсіп, оқушылардың есептерді күрделі талдаусыз шешуіне-сандық мәліметтерді даяр формула қойып, берілген схема бойынша есеп мазмұнын жаяу арқылы олардың «ойлау әрекетін» шектеуге әкеп соғатынын ескерткен жөн.

  Қазіргі гуманистік дидактикада оқыту принциптері оқу үлгерімін жетілдіру, сапаландыруды көздейді,олар:

  • саналық және белсенділік;
  • көрнектілік;
  • жүйелілік және сабақтастық;
  • беріктілік;
  • қол жетерлік;
  • ғылымилық;
  • теорияның практикалық байланыстылық;

Аталған принциптер жаңа дидактикалық жүйе үшін талдамадан өткен, оларға барлық педагогтар келісім береді. Бұл принциптерді көпшілік танылғанды септеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

4 кесте

 
   

 

 

мақсат

 

міндеттері

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

технология

 

 

           
     
 
     
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімдік дамытушылық және тәрбиелік жағынан білім мазмұнын оқыту үшін оқулыққа қандай талаптар қойылуы керек?

    Мұғалім бағдарламаны толық орындауға міндетті болуымен қатар,өздігінен сабақ мазмұнын құрастыруға, оқу құралы немесе оқулықты таңдауға, жоспарлауда айтарлықтай еркін құқы болуы тиіс.Дегенмен де, еркімен таңдау барысында педагогтың өзі оқытатын оқу пәні туралы дидактикалық түсінігі болуы керек.

   Білім мазмұнын құрастыру,оқу пәнінде ғылымның көрініс беруі, оқулықтарға қойылатын талаптар, оқушылардың оқу танымына басшылық жасау, оқу үрдісін ұйымдастыру, мазмұнның тәрбиелік потенциялын жүзеге асыру-осының бәрі оқу пәнәнің типі мен оның жетекші мақсатына байланысты болады. Оқу пәндерінің типологиясын білу мұғалімге өз пәнінің басқа пәндерге қарағандағы ерекшелігі мен орнын айқындап, өз қызметін тиімді ұйымдастыруға көмек беруімен қатар, әріптестерінің тәжірибесін шығармашылықпен ұғуға, әдістемелік бірлестіктердің жемісті еңбек етуімен қатар, сабақты, озат тәжірибені құрылымдық жағынан талдауына да көмек береді.

  Шығармашыл бағытта жұмыс істейтін мұғалім өз жұмысының соңғы нәтижесінде тек бағдарламалар мен оқулықтарды «сөйлетуші» ғана емес: барлық материалдың меңгерілуін қамтамасыз етіп,осы немесе басқа да мәселелерге байланысты жіберілген қателер, қиындықтар мен кемшіліктердің орынын толытушы болып табылады.

 

ОҚУ ПӘНІ

  Оқу пәні-білім мазмұнын жүзеге асыратын басты құралдардың бірі.

   Оқу пәнінің дидактикалық үлгісі-пән мазмұны мен оны игеру құралдары, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу сияқты бөлшектеуге келмейтін тұтастықты білдіреді. Оқу пәнінің үлгісі екі бөлім-екі блоктан тұрады: негізгі, оқу пәні мазмұнының оқу бағдарламасына енуі себебі және құралдар блогы (немесе үрдістік) білімді меңгеріп, (жалпы,арнайы,еңбек) біліктілік пен оқушылардың дамуы мен тәрбиесін қалыптастырады.

     Алдымен оқулықтың негізгі блогын қарастырайық.

     Педагогикалық ғылым мен практика оқу жоспарына енген барлық пәндерді: жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық деп екі циклға бөлу шарт. Бұндай бөлу ғылымдарды зерттеу объектілеріне қарай бөлуге сәйкес (табиғат туралы ғылым және адам туралы ғылым: математиканы жаратылыстану ғылыми пәндерімен байланыстыру шартты түрде болған) келеді. Мысалы әр мұғалімнің алгебра, физика сабағына дайындығы әр түрлі болатыны жақсы білседе, дегенмен де, мектеп пен әдістемелік бірлестік осы қағиданы жиі ұстанады.  Аталған пәндердің арасындағы пән аралық байланыс оларды оқыту мен меңгерудің толық негізін құрамайды. Сонымен қатар мысалы, тарих пен қазақ тілі бір гуманитарлық циклге жатқанымен, оқыту тәсіледерінен, оқыту үрдісінен ұйымдастырудың ортақтығын табу қиын.

  Оқу үрдісін ұйымдастырудың жалпылығы мен ерешелігін тереңірек түсіну үшін оқу пәндерін басқа негізде біріктіру керек. Оқу жоспарындағы пәндерді жетекші мақсаттарына қарай біріктірген ұтымды. Тек жетекші мақсат қана оқу үрдісі мен мазмұнын құрастырудағы неғұрлым жалпылықты анықтай алады.

  Әрбір оқу пәні бірнеше мақсаттан тұрады. Мысалға, физика оқу пәнінің алдында: белгілі бір біліктілік пен ғылыми білім жүйесін оқыту, диалектикалық-материалистік көз-қарасты қалыптастыру. Ғылымға деген тұтас қарым-қатынасты тәрбиелеу және т.б. тұр. Дегенмен, оқу пәнінің түрлі мақсаттары арасында оқулықтың оқу жоспарына енген жетекші мақсаты бар. Бұл оқу пәнінің басты мақсаты-оның жетекші компонентін анықтайды.

  Бағдарламалар мен оқулықтарды құрастырып, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқу пәнінің қай типке жататындығын білу маңызды.

  Бір оқу пәндерде жетекші рөлді (физика,тарих) білім атқарса, басұасында біліктілік пен қызмет тәсілі (еңбек) атқарады. Осыған байланысты дидактикада оқу пәндері мазмұнына қарай жетекші компоненттері бойынша топтастырылып, осының негізінде оқу пәнінің үш типі енген типология әзірленді.

  Бірінші тип,ғылыми білімді жетекші компонентері бар оқу пәндері құрайды. Бұл типке:физика, химия, биология, астрономия, география,тарих және т.б. жатады.

  Екінші типке, мазмұнында қызметтік тәсіл компоненттері бар оқу пәндері кіреді. Оқушылар тартылатын практикалық қызмет түрлері алуан түрлі: бұл еңбек, спорт-сауықтыру, сызу. Осы типке тілді дамытатын оқу пәндернің ерекше тобы  да қатысты. Оның практикамен ұқсастығы ондағы моторлық сезімдердің (тіл мен есту мүшелерінің,сонымен бірге жазудағы қол сезімдері) атқаратын рөлі. Бұл ұлттық мектептегі орыс тілі мен ағылшын тілі және мемлекеттік тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі.

  Екінші типке жататын оқу пәндері оқушылардың практикалық мәдениетін,күш-қуаты мен тілдің ерекшеліктерін дамытып қалыптастырады.

        Үшінші типке, оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын пәндер жатады. Бұлар музыка, бейнелеу өнері, әдебиет.

  Келтірілген типологияның мағынасы-ол әр пәнінің мазмұнындағы басты нәрсені көруге көмектеседі.

  Жетекші компоненттері бйынша жаратылыстану және кейбір гуманитарлық оқу пәндерін біріктіргенде (мысалға,химия мен тарих) бір типке түседі. Мазмұндарын құрастыру мен оқу үрдісін ұйымдастырғанда тарих пен ана тілі сабағының арасындағы байланысқа қарағанда, жаратылыстану мен гуманитарлық оқу пәндерінің біріктірілуі олардың арасындағы жалпы ұқсастықтың көп екенін көрсетеді. Математика, әдебиет, ана тілінің қай типке енетінін кейінірек талдаймыз.

   Енді оқыту үрдісінің дидактикалық үлгісіндегі үрдістік блокқа келейік. Ол неден тұрады? Үрдісті блок:көмекші, «фондық» кешенді білімдер (ғылыми аралық-логикалық, методологиялық және т.б.; пән аралық;тарихи-ғылыми;бағалау); қызмет тәсілдері;оқу үрдісін ұйымдастыру нысандары (зертханалық жұмыстар,практикумдар).

       «Қосымша білім» атауы шартты. Олар жетекші компоненттік қарым-қатынасына қарай солай аталған. Негізгі оқу пәнін игеруге көмек беруімен қатар, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу үшін құндылығы үлкен құралдардың бірі болып табылады.

  Көмекші кешен білімдеріне қысқаша сипаттама береміз.

  Логикалық білім-оқушылардың логикалық ойлауын дамыту және ғылыми біілімді толық меңгеру үшін қажетті (ұғымды анықтау,) логикалық білімдер жинағынан тұрады. Оның болмауы біілмді немқұрайлы меңгерудің басты себебі болып табылады. Методологиялық білім-ғылымдардың негізін саналы жүйелі меңгеру, оқушылардың ғылыми ойы мен ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін қажетті методологиялық (теория туралы, дәріптеушілік туралы білім) ғылымдардың білімдер жинағы. Философиялық білім-материя мен оның нысандарының болуы туралы, әлемді тану туралы,абсолюттік және біршама шынайы т.б. білімді меңгеру нәтижесі мен құралы болып табылатын оқушылардың диалектико-материалистік дүниетанымын қалыптастыруға тартылады.

     Тарихи-ғылыми білімдер-ойлардың, теориялардың, ұғымдардың, түсініктердің эволюциясын, нақты ғылыми жаңалықтардың ашылу жолдарын, ғалымның адамгершілігі мен жауапкершілігі туралы түсінік береді. Танымның нәтижесін саналы ұғуға көмек бере отырып, олар басты дамытушы және тәрбиелеуші қызметті атқарады.

  Пән аралық білімдер-аталған оқу құралының жетекші компонентеріне «қызмет көрсетуге» тартылған түрлі оқу пәндеріндегі білім. Таным объектісіне тұлғаның құнды қарым-қатынасы ретінде оқу үрдісінде жазылатын бағаланатын білімдер. Шебер дәлел туралы, ой ізденісінің эстетикасы туралы солай айтамыз. Бағалау білімдері оқуға енгізіліп, оқушылардың эмоцианалды-мотивациялық саласын тәрбиелеуге қызмет етеді. Білімді меңгеру құралы мен меңгерудің тұлғаға маңызды нәтижесі болып табылады.

     Үрдістік блок қосымша білімнен басқа ғылыми және практикалық тәсіл қызметтері мен оқыту үрдісін ұйымдастырудың белгілі бір нысандарынан да тұрады.

     Оқу пәнінің дидактикалық үлгісін  келесі түрде  ұсынуға болады.

НЕГІЗГІ БЛОК

ҮРДІСТІК БЛОК ҚҰРАЛДАРЫ

ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР

1.ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР

2.ҚЫЗМЕТ ТӘСІЛДЕРІ

3.КӨРКЕМДІК БІЛІМ МЕН  ЭСТЕТТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

КӨРКЕМДІК БІЛІМДЕРДІҢ КЕШЕНІ

 Пән аралық,ғылым аралық,бағалау, тарихи-ғылыми

ҚЫЗМЕТТІҢ  ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

ОҚЫТУ ҮРДІСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНАДАРЫ

     Оқу пәнінің жетекші  компненттеріне байланысты үдістік блокты құрастырушы бір компонент ауыстырмалы болды.

   Егер «қызмет тәсілдері» жетекші  компанент болса, онда үрдісті блок қажетті ғылыми  білім кешеніне енеді; егер «көркем білім  мен эстетиткалық тәрбие»

  жетекші  компонент болса,онда үрдісті блокға  ғылыми білімдердің кешені мен арнайы тәсілдері енеді.

     Ғылыми жүйелік пәндер жүйелі  болуы керек. Оның жетекші элементтері мектеп сатыларына байланысты түрлі: бастауышсатыда  бұл түсінік  және түсініктер жүйесі орта сатыда-түсініктер жүйесі мен заңдар;жоғары стаыда-теориялар негізі.

     Екінші  және үшінші типтегі оқу пәндері ғылыми білімдерге енеді,бірақ бірінші типтегі пәндерден ерекшелігі, жүйе түрінде емес  тек кешен немесе жиынтық ретінде ұсынылады.

               Ана-тілі, математика және әдебиетті оқу пәндерінің  қай типіне жатқызуға болады? Оның бәрі бұл пәндердің алдына қойылған басты міндеттеріне байланысты.  Егер басты міндет  екеу болса, бұл оқу  пәнінің екі жетекші  компоненті бар: «ғылыми білімдер» және «қызмет тәсілдері» (ана тілі мен математика) немесе «ғылыми білімдер» және «эстетикалық тәрбие» (әдебиет). Екі қызметі оқу пәнінің оқыту үрдісін қатты қиындадаты, себебі түрлі мақстақа түрлі ұйымдастыру қажет. Мүмкін, жоғарыда аталған оқу пәндерін  біржетекші компонентке  бағыттау керек шығар. Онда «ана-тілі» оқу пәнінің  жетекші компоненті « қызметтің пратикалық  тәсілдері »болып шығады. Математика пәні  жетекші компонеті  жағынан  әр текті: Геометрияны «ғылыми білімдер»  жетекші компоненті  бар оқу пәндеріне,  алгебраны «қызметтің  ғылыми тәсілдері» жетекші компоненті  бар оқу пәндеріне бағыттаған жөн. Әдебиет  ең алдымен «адамгершілік- эстетиткалық  тәрбиеге » бағытталады. Әрине, алгебрада, әдебиетте ғылыми  компонент маңызды. Жоғары сыныптардың  әдебиет курсында  ғылыми  компоненттілігі  зор  болуы соншалықты, әдебиетті екі функциялы  оқу пәні деп санауға  негіз бар. Осыған байланысты оған не бағынады деген  сауал  туады?

     Біз түрлі пәнедердің үлгілерін суреттедік. Шындығында оқу пәндері  аралас  сияқты, көрінгенімен, жетекші компонент  жайлы ұмымпаған жөн. Оған байланысты оқу пәнінің  мазмұнын қалыптастыру мен  оқу үрдісін ұйымдастыру  өзгеріп тұрады.

     Бір жағдайда  біз ғылыми білім жүйесін, басқа жағдайда- олардың кешенін немесе қарапайым  жиынтығын құрастырды.

     Оқу пәнінің  ерекшелігі оқу үрдісінің  барлық сатысында көрінеді. Әсіресе бастауыш сыныптан бастап барлық талаптар орындалуы қажет.

               «Ғылыми білімдер» жетекші компоненті бар  оқу пәндері  жаңа мазмұнды баяндау (түрлі нысанда) көренкілік, демонстрация,  көркем фильмдермен  ұсынылады. «Қызметтің ғылыми тәсілдері» жетекші компоненті бар оқу пәндері  жаңа  мазмұнды көрсету  немесе  айту (олардың бірлігінде)   жолдармен  жеткізеді.

               Бастауыш сыныптарда оқушыларды  оқыту  және оқу  үлгерімін  жетілдіру  мұғалім мен оқушылардың бірлескен  еңбектеріне тәуелді. Ұстаздың біліктілігімен  балалардың белсендіктері, саналы  түрде  оқу материалдарын  түсіну және  оқу  іс-әрекеттеріне өздерінің үлестеріне тәуелді.

 

2.2.Бастауыш сыныпта оқушылардың  оқу үлгерімін жетілдіру әдістемесі

 

          Оқыту- бірлескен қызмет,  мұғалім оқыту, сабақ беру, оқуға қалыптастыру міндетін атқарады. Оқушы оқу, білім алу, сапалы түрде алған білімін практикада қолдана біліу арқылы оны толықтыру, дамытуға ұластыру және  өз бетінше білім алу.

1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру дегенміз мұғалім мен  оқушылардың бірлескен, ынтымақтасқан іс-әрекеттерде оқыту дістемесін ұтымды,оңтайлы, нәтижелі пайдалануға жету.

          Оқыту әдістері  көп функцияны орындайды, оның ең бастылары:

-білім беру;

-мотивациялық;    

-дамытушы;

— тәрбиелеуші;

-ұйымдастырушылық;

  Оқыту әдісі-ол мақсатқа жету жолы, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру, ол үшін мұғалім әдістерге таңдау жасайды. Білім беру көздері бойынша ертеден белгілері:

  • практика;
  • көрнектілік;
  • сөз, ол қазіргі мәдени дамуға процесіне сәйкес төртіншісі болып кітаптар, соңғы жылдары қуатты ақпарат көзі-бейнк жаңа компьютерлік жүйе қосылуы.

Білім көздері бойынша оқыту

5 кесте

Сөздік

Практикалық

Көрнектілік

Кітаппен жұмыс

Бейне әдіс

түсіндіру

баяндау

әңгімелесу

түсініктеме беру

нұсқау,

пікірлесу

 

Тәжірбиелер,

жаттығулар,оқу-

өндірістік,зертха

налық дидактикалық

ойындар,

көрсетулер,

байқаулар,тестілеу

иллюстрация,

көрсетулер

оқушылардың бақылаулары

моделдер,

стенділер

баннерлер

тренежерлер

плакаттар

портреттер

оқу, зерделеу

парақтау,

баяндау,жоспар

жасау,танысу,

қайталау,пысық-

тау

 

Көріп шығу, білім алу,электр

онды мұғалім,

бақылауымен жаттығу,бақылау

«Он лайн» тәсілінде білім алу

 

 2.Оқыту әдістерін мақсатқа сай-дидактикалық мақсатпен-ерекшелігі реттік сабастастық-берізділік кезеңдермен өтетін процестер:

 а) білім алу;

 ә) іскерлік, икемділік және дағдыларды қалыптастыру;

 б) білімдерін практикада қолдану;

 в) шығармашылық қызмет;

 г) сабақтың материалын бекіту;

 д) білімдерін,іскерліктерін,икемділіктерін, дағдыларын бекіту;

  1. Бастауыш сыныптың оқушыларының оқу үлгерімін жетілдірудің бір жолы оқыту әдістерін тиімділікпен пайдалануға тәуелді.
  2. Оқушылардың оқу үлгерімдерін жетілдірудің бір жолы оқушылардың танымдық қызметін жүйелі, жоспарлы жүргізу, сапалы орындау, олар:

 — түсіндіру-иллюстрациялық (ақпараттық-рецесивті) әдіс;

 — репродуктивті әдіс (қайта шығару);

 — проблемалы баяндау әдісі;

 — жартылай-ізденушілік (эврикалық);

 — зерттеушілік;

  1.   Білім беру,оқыту,сабақ берулердің мақсаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру сатндарты, типтік бағдарлама, жұмысшы бағдарлама, күнтізбе-тақырыптық жоспар, оқу әдістемелік нұсқаулар, озат тәжірбие, тиімді әдістер, нәтижелі технология, ең үлгілі амал «он-лайн-сабақ» негіздеріне талаптарды мүлтіксіз орындаудың өзі оқушылардың оқу үлгерімдерін бір дәрежеге жеткізеді.

 6.Бастауыш сыныптан оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі мұғалім мен оқушылардың бірлескен, ынтымақтастығы оқу іс-әрекеті:

 -оқу материалын-жаңа сабақты баяндау жолында тыңдау, жазу, жаттығу тапсырмаларын ынтамен орындау арқылы;

 — үйге берілген тапсырмаларды зерделеп, жүйесі, сапалы орындау, қажеттілігіне қатысты қайталау,пысықтау,толықтыру;

 — жаңа сабақта баяндау, түсіндіруге байланысты оны бекіту кезінде, түсініктеме беру кезінде зейін қоя тыңдау, практикалық жұмыстарды жасау;

 — үйге тапсырма беруде оны орындау амалдарын, нақты тапсырмалардың үлгілерін баяндауға көңіл бөлу, үй тапсырмаларын жазып алу, үй тапсырмаларын сол берілген күні орындау, оның маңыздылығы бәрі есіңізде, ерекшелігі мүмкіндіктер бар, уақыт, сыныптастыққа ұстаз, ата-аналармен кеңесу, пікір алысу, қажет болса көмек сұрау,қайталап шығу, хрестоматиялар оқу;

 — оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің қазіргі кезеңдегі маңызды жолы өз бетінше оқу, өздігінен білім алу, өзін-өзі байқау, өзін-өзі салыстыру, өзін-өзі матрицалық тестілеуден өткізу, өзін-өзі практикалық жұмыстар жасау, компьютерлік жұмыстар жасау, ойын элементтері бар дидактикалық іс-әрекеттермен ұсыныстарға сәйкес жұмыстар жүргізу.

      Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары.

7.Ұстаздың сабақты оқыту әдісіне,білім беру әдісіне байланысты,оқыту әдісін ұтымды таңдай білу,тиімділігіне қатысты білім беру әдісін пайдалану.

                                                                                                              6кесте

Оқыту әдісі

Білім беру әдісі

1.ақпарттық-хабарлаушы

2.түсіндіруші

3.нұсқау-іс-тәжірбиелік

4.түсіндіру-ынталандырушы

5.ынталандырушы

1.орындаушы

2.репродуктивті

3.өнімді-практикалық

4.жартылай-ізденушілік

5.ізденушілік

 

  1. Басты мақсат оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру, сондықтан сапалы білім беру амалдары, түрлендіріліп, жетілдіріп пайдалану арқылы шәкірттердің өз бетінше оқуларын жеткізу әдістер мен ынтымақтастықтың формаларын үйлестіру керек.

7 кесте

Монологты әдіс

Ынтымақтастық формасы

Диологтық әдіс

Әңгіме, көрсету

Жекелей,топтық,жаппай(фронталды)

ұжымдық

әңгімелесу,сұрақ-жауап,пікір алысу

  1. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру амалдарының ең бастысы оқушылардың өзін оқу процесіне белесен қатыстыру, оқу материалдарын баяндау қызу сұрақтар қою, тарихы,болашағы, қолданылуы, практикада орын алған сәттері, ұсыныстар, ойын айту оқу-танымдық жұмыстармен жалғасатын болса, онда оң нәтижелерді күтіңіз.

  Оқу-танымдық қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері.

                                                                                                                     8 кесте

Сөздік,көрнекілік,

практикалық

Индуктивті,

дедуктивті амалдар

Қайта шығару,

проблемалы-ізденушілік

Өз бетінше жұмыс (ОӨЖ) оқушылардың

мұғалімнің басшылы

мен жұмыс(ОМӨЖ)

 

Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру ұстаздың еңбегінің нәтижесін көрсетеді,педагогикалық процестің кезеңдерінің:

 — дайындау кезеңі (диагноздау,болжау,жобалау, жоспарлау);

 — негізгі кезең (диагносттика, бақылау, өзіндік бақылау) сабақтың мақсаты,мазмұны, формасы,әдістері педагогикалық шарттар, ынталандыру).

 — қорытынды кезең-нәтижелері жоспарлағандай өтуінде. Оқу үлгерімін жетілдіру оқыту мәні мен мазмұнына тәуелді олар;

 — оқыту процесінің мәнін түсінуге;

 — дидактикалық жүйеге;

 — оқыту құрылымына;

 — оқыту мазмұнына;

 — оқыту мазмұнының элементтеріне;

 — оқу стандарты,типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар,оқу құралдары, электронды жабдықтарға және т.б.

 Оқу үлгерімін жетілдіру білім беру мотивациясы,оқыту принциптерін,оқыту әдістерін орындау жүзеге арттыру сапаларына мән беру ықпалы мол.

  1. Білім беру арқылы оқу үлгерімін жетілдірудің амалдарының бірі оқушылардың оқу танымдық қызметтерін ынталандыру және мотивациялау әдістерін.

Оқу танымдық қызметті ынталандыру және мотивациялау әдістері.

9 кесте                                                 

Оқушыларды білім алуға ынталандыру және

мотивациялық әдістері

Оқушының борышын және жауапкершілігін ынталандыру және мотивациялық әдістері

 

  1. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарның бірі оқу процесінің нәтижелеріне бағалау жасаудың және өзін-өзі бағалаудың әдістерін жетілдіру, әділеттілікті сақтау. Сонда оқушыларының еңбегін бағалайтындығын көреді, біледі, оқк еңбегіне, оқу ісіне, оқу әрекеттеріне кіріседі. Мақсаттың сәйкес:

 — көп мақсаттылық-оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми зерттеу, материалдық-техникалық баға, оқушылардың оқу үлгерімі, санитарлық-гигиеналық талаптар, техника қауіпсіздігінің сақталуы және т.б.

 — жан-жақтылық-жаппай, тақырыптық мұғалім қызметін жеке бақылау, салыстыру сияқты және т.б.

 — көп сатылы-түрлі деңгейдегі басқару орггандарына қатысты тексеру бақылау;

  1. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі бақылау әдістерін жетілдіру түрлендіру.

Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

10 кесте

Ауызша бақылау және өзіндік бақылау әдістері

Жазбаша бақылау және өзіндік бақылау әдістері

Іс-тәжірбиелік бақылау және өзіндік бақылау әдістері

 

  1. Бастауыш сыныпта да оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі балалардың барлық еңбектерін:ойын іс-әрекеттері, еңбек іс-әрекеттері, оқу іс-әрекеттерін әділетті бағалау оқуға, оқу іс-әрекеттеріне деген ынта-ықыласты арттыра түседі. Ең бастысы пәнге деген қызығушылық төмендемеу үшін шәкіртерді алдамауы қажет, сонда оқу процесі дұрыс өтеді, Ықыласты еңбек орында оқуға-ол дұрыс нәтижелерге жеткізеді.

  Практикалық қызметте мұғалім оқыту әдістерінің бәрін үйлесімді пайдаланады-олар бірін-бірі толықтырады,алмастырады,дамытады. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі бақылау нәтижелеріне сай түрлі әдістерді пайдалану. Несиелік технологияда оқу процесінің басым бөлігі оқушылардың өзіндік жұмысына, практикалық жұмыстарға бөлінуге,бұл технологияның артықшылығы оқушылардың өздерін оқу пройесіне қатыстыру, нәтижесі-сапалы білім беру, нәтижесі шәкіртердің оқу үлгерімін арттыру.

 14.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің жолдарының бірі оқыту әдістерін мақсатты түрлендіре пайдалану,айтып өткеніміздей олар бірін-бірі толықтырады,дамытады, 7 кестеде көрсетілгендей проблемалық топ үшін қарастырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Проблемалық топ үшін әдіс.

                                                                                                               11-кесте           

 

 

  Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарын іздестіру жалғаса береді.,оқыту әдістерінің қарама-қайшылық теориясына анық негізілген, педагогтарға практиканы жетілдіруге көмектесер еді.

  1. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдрының бірі-оқу материалдарын шәкірттердің саналы игеру, ол бір қатар шарттармен факторларға тәуелді:

 — оқыту мотивациясына;

 — оқушының танымдық белсенділігіне, сипатына және деңгейіне;

 — оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;

 — танымдық қызметін басқаруға;

 — мұғалімнің оқытудың әдістерімен құралдарын пайдалануға және т.б.

  Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгермін жетілдіру әдістемесі:

  • Алдағы жұмыстың мақсатын және міндеттерін айқын түсіну:оларды оқушыларға көрсетіңіз, маңыздылығын түсіндіріңіз, қолданылуыны тоқтатылыңыз;
  • Оқу іс-әрекеттерін не үшін, қалай жасау, орындау қажеттілігін көрсетіңіз, оны саналы орындасын,игерсін;
  • Оқу,оуқ,оқу түрлерінде, жазу іс-әрекеттерінде танымдық қызметтің барлық түрін және формасын пайдаланыңыз талдауды біріктірумен, индукцияның,дедіукциямен байланыстырыңыз, бастауыш сыныпта мысалдармен толықтырыңыз, көрнекілікке көп көңіл бөліңіз:
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлегрімін жетілдірудің бір жолы әрбір сөздің,сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіріңіз,жазылуын үйретіңіз, сауаттылығын арттырыңыз, дамытыңыз,оқушылардың өздерін қатыстырыңыз, олардың білімдеріне негіздеңіз, салыстырулар жасаңыз;
  • Оқушылардың өзара оқыту үшін пайдаланыңыз. Дұрыс жауапты ұжым бойынша іздестіруді дамытудың шартарын қамтамасыз етіңіз;
  • Белсенділігін дамыту үшін уақытты аямаңыз,әрбір жауабына назар аударып, ұтымдысын қолдаңыз, қуаттаймыз деп себебіне түсінік беріңіз, бүгінгі белсенді оқушы-қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;
  • Оқушыларға белгісізді қисынды түрде белгілімен байланыстырып айтыңыз,қисынды байланыс жоқ жерде игерілу мен саналық арасында әлсіз буын түзіледі;
  • Оқыту,тәрбиелеу,дамыту процесінде ең басты сіз оқытатын пән емес, сіз қалптастыратын тұлға екендігін ұмытпаңыз. Оқушы оқу пәнінен «қосымша емес», оны игеретін белсенді субьект деп оқытыңыз және тәрбилеңіз. Есіңізде болсын тұлғаны пән емес,өзінің пәнін зерделеуге байланысты мүғалім өзінің қызметімен тұлғаны қалыптастырады;
  • Оқушыларды түрлі жағдайларға келтіріңіз, әсіресе бастауышта оқытуда әрбір әріптің әрбір сажету маңыздылығын көрсетіңіз оларды байқау, себептерін түсіндіру үшін білім, олардың ержелерін білу қажеттігін көреді, үйрену мәнді болуы;
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру табысты болады, егерде әрбір ереже жеткілікті, оңтайлы мысалдар мен қосымша түсіндірілсе, әрине қолданылуы айтылатын болса;
  • Зерделенетін оқу материалындағы ең басты не, мәтіндегі ой неде,неге үйретеді,нені ескертеді, есте сақтауды талап етеді, соларды түсіндіруге керекті мысалдарды анықтаңыз;
  • Бастауышта оқушылардың үлгерімін жетілдіру үшін үй таптсырмаларын орындауы, сабақта тапсырмаларды орындау сапаларын назарда ұстап, дер кезінде түзетіп, себептерін түсіндіріп, дәлелдеңіз;
  • Бастауыш сыныптан бастап оқу-танымдық қызметте ең өнімді әдістерді үйретіңіз, игеруге көмектесіңіз, әрбір еңбегіне бақылау, бағалау жасаңыз;
  • Оқушылардың оқу үлгеріміне кедергі келтіретін факторларды ішкі (ойының шашырауы, сабақта басқа  іспен  айналысуы және т.б) бақылаңыз, болдырмаңыз, ол үщін оларды ұрыспай, жекімей, тапсырма беріңіз, үйренсін пысықталып, пайдалы- сауатты көшірсін, жаттықсын, сыртқы факторларды (сабаққа кешігу, тәртіпті бұзу және т.б.) Қолайсыз әсерлерді  туындататын  себептерді болдырмаңыз;
  • Оқу материалдарын баяндауда, түсіндіруде «неге?», « не себептен» сұрақтарын жиі қойыңыз, ойлансын, себептерін білсін, «себепті-салдарын, байланыстарын» болатындығын ескерсін- сонда дамушы оқыту шарттарын біледі,ойлайды;
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың  оқу үлгерімдерін жетілдіру жолдарының бірі стандарт, типтік бағдарлама, күнтізбе –тақырыптық жоспар, озық тәжірбиелер,оқу-әдістемелік нұсқаулар,зерттеу материалдары, жаңа нәтижелі педогогикалық технологиялар негізінде оқыту;
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары-өзіңіздің шәкірттеріңіздің жеке қызығушылықтарын тұрақты зерттеңіз, оларды тиімділігі мен пайдалылығына қарай дамытыңыз, бағыттаңыз;
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімдерін жетілдіру жолдары-ол практикалық ситуацияны кеңінен пайдалану, әрбір пәннің материалын практикамен байланыстыру, бақылау факторларына мән беру;
  • Зерделенген білім сенім күшіне ие болып, іс-әрекетіне басшылық жасауына пайдалнуға баулыңыз;
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарның бірі-шәкіртеріңіз өз бетінше ойлауға және әрекеттер жасауға үйретіңіз;
  • Проблемалық жан-жақты талдап, танымдық міндеттерді бірнеше қисынды жолдармен нұсқаларды бірнеше қисынды жолдармен нұсқалардыа шешуі ойластырыңыз, шығармашылықпен ойлау амалын қарастыру, оның себеп салдарын елестету, шығармашылық тапсырмаларын іс-тәжірибеде көріңіз.
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің жолдарының бірі;
  • Ынталандырудың маңызды шарты және белсенділігін тұрақтандыру, арттыру-ол сұрақтарды қою шеберлігі және жауаптарын мұқият тыңдай білу. Қандай сұрақ болса,жауапта сондай,мұғалім оқушыны қалай тыңдаса-оқушыларда сондай дәрежеде тыңдайды. Жақеп әңгімелесуші болудың бірғана тәсілі бар. Ол-тыңдай білу.
  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолы-дидактикалық ұстанымдарды, педагогикалық процесс құраушыларын кезекпен емес,сызықты ретте емес,қажеттілігіне қарай, бір нәтижелі болуына сай паралель,кешенді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдірудің жолдарын атап өттік, сонымен бірге балаларды психологиялық тұрғыдан қарастырып, тану, жас ерекшелігін, қызығушылығын ескеру, олардың дамуда болатындығын біліп тұрақты зерделеп, бақылап, даму динамикасын түсініп еңбек етуді еске салады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолы мұғалімнің өзінің үздіксіз білімін толықтыруын,жаңа педагогикалық инновацияларды зерделеп дамыту қажет екендігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

           Адам игілігі-өмірде, өмір-еңбекте, оқу үлгерімі-оқу процесін жетілдіруде: Бастауыш сыныптан оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары зерделеніп, жүзеге асырылса, «білім негізі-бастауышта» деген ой сапалы орындалса, қалыптасу жоспарлы өтетін болса, онда үміт мол болады.

  Ол үшін оқушылардың психологиясын тиянақты, терең білу бірден-бір жол, шарт,сонымен бірге оны пайдалана білу қажет. Сонымен қатар педагогиканың міндеттерін, жалпы заңдылықтарын, балалардың жас ерекшеліктерін білу солерлі мәнді,маңызды.

  Оқу-тәрбие процесінде педагогикалық жүйнің өзара байланысқан барлық компоненттерінің маңызды заңдылықтары әсер етеді, сондықтан оқушылардың үлгеріміне оқыту мазмұны, мәні, білім беру мотивациясы, оқыту ұсьтанымдары және ережелерді, оқыту әдістері әсер етеді.

  Білім беру сапасына тікелей оқу үлгерімін жетілдіру сәуелді, ол үшін ең маңызды, ең қажет-ол танымдық қызығушылық. Сондықтан оқушылардың қызғушылығын арттру міндеті туындайды.

  Мұғалім оқушының оқу мотивтерін жеке тәртәбін тұрақты зерделуі арқылы оқу үлгерімін жетілдіру амалдарын жете түсінеді. Бұл үшін бақылау, балаларды зерделу, анкеталау жүргізу,әңгімелесу,ата-аналармен тұрақты байланысулар жасу, бірлесіп еңбек ету, мектеп-ата-ана-оқушы ынтымақтастығын арттыру, зерделеу,бірлесе жұмыс істеу арқылы оқушылардың мүддесіне сай қызығушылықтарын дамытады, оларды оқу үдерісінде пайдаланады.

  Бастауыш сыныптарды оқушылардың өзіндік жұмыстары оқу-тәрбие процесіндегі міндетті құрамдас, сонда үлгерім жетіледі. Шәкірт сабақта, үйде оқуы сапалы болуына өзіндік жұмыс ықпал етеді.

  Ьастауыш сыныпта оқушыдардың оқу үлгерімін жетілдіру арқылы қоғамда өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын,үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, еліміздің болашағы үшін жан-жаққа жамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға негіз қаланады.

  «Білім беру саланың басты міндеті-2010 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету осыны кеңейту» деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында («Егемен Қазақстан»,2008 жыл, 7 ақпан).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

 

  1. Қожаахметова К.Ж. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.Алматы, Әлем, 2000.
  2. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекции.-М.1998.
  3. мамандыққа кіріспе. А.1991 ж.
  4. Бейсенбаева А.А. Педагогикалық лекциялар циклі.Ред.Басыл.
  5. Педагогика. Ред.басқ. Бабанский Ю.К., М.Просв.-1983.
  6. Подласый И.П. Педагогика-(в двух частях). М.2000.
  7. Педагогика. Лекциялар курсы.-Алматы 2003.
  8. Ахметов С. Бастауыш кластарда білім берудің жолдары, Алматы.Рауан.1994.
  9. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін артыру жолдары. А.1978.
  10. Сейтәлиев К.Б. Тәрбие теориясы.А. 1986ж.
  11. Қобдикова Ж.У. Деңгейлеп,саралап тоқыту педагогикалық технологиямы, Алматы,2007.
  12. Тілеуова С.С., Әлімбек А.З. Педагогика.Шымкент,2006 ж,162 бет.
  13. Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.
  14. Мадин И.Б. қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. А. 1979ж.
  15. Жарықбаев.,Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А.1995ж.
  16. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Алматы,Әлем, 2000.
  17. Еркибаев Б.Б., Пралиев С.Ж. Общие основы дидактика средний школы.Шымкент,2006,282 б.
  18. ҚР Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы 1994ж.
  19. Қ.Бержанов,С.Мусин.Педагогика тарихы.А.1984ж.
  20. З.Әбілов.Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. 1972ж.
  21. И.Е.Синица. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А.1987ж.
  22. Ғ.Ақманбетов,Т.дәуітов,А.Жақыпов. Педагог этикасы.А.1969ж.
  23. З.Ә.Әбілова. Этнопедагогика. А.1997ж.
  24. З.М.Шилина. Классный руководитель искусство воспитания.М.1997жг.
  25. Бабнский Ю.К. Педагогика-М., 1983 Бабанский Ю.К. Педагогиак-М., 1988.
  26. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М., 1989.
  27. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы Шымкент., 2004.
  28. Нұрғалиева Г.Қ., Ахметова Г., Тілеова С.С. Кәсіптік білім беру негіздері. Алматы., 2004.
  29. Нұрғалива Г.Қ. Оқыту әдістері. Алматы., 1991.
  30. Харламов И.Ф. Педагогика-М.1990.ъ
  31. Абдуллина О.А. Общая педогическая подготовка учителей.М.1990.
  32. Абульханова-Славская К. Деятельность и психология личностей. М.1980г.
  33. Абайдың қара сөздері,шығармалар жинағы.
  34. Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы.А.1989ж.
  35. Айтматов Ш. Алғашқы менің мұғалімім.
  36. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары.А.991ж.
  37. Аманашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. М.1990г.
  38. Байтұрсынов А. Шығармалары.А.1988ж.
  39. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.А.992ж
  40. Зязин Б.П. Профессиональное самовоспитание педагого.
  41. Мамандыққа кіріспе.А.1991ж.
  42. Бейсенбаева А.А. Педагогикалық лекциялар циклі. Ред.Басыл.
  43. Сабыров Т. Оқушының оқу белсенділігін арттыру жолы. А.1978ж.
  44. Тәжібаева Т.С. XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстандағы ағарту ісінің педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
  45. Сейтәлиев К.Б. Тәрьие теориясы. А. 1986ж.
  46. Тілеуова С., Әлімбек А. Этнопедагогика, Шымкент 2004,188 бет.
  47. Каменский Я.А. Ұлы дидактика. М. 1940ж.
  48. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения.-М., 1977.
  49. Бабанский Ю.К. Проьлемы повышения эффективности педагогических исследованний.-М., 1982.

50..Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекетік саясаттың басты мақсаты». «Егемен Қазақстан», 2008 жыл 7 ақпан.

51.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Алматы. «Үкімет жариясы»,1998,112 б.

52.Назарбаев Н.Ә. Щеновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы. «Егемен Қазақстан» 2006,27 мамыр.

53.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Астана, «Дастан » баспа үйі 2000жыл,336 бет.

54.Қазақстан Республикасыны Конституциясы Алматы «Жеті Жарғы» 1998,176 б.

6.Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. Педагогика негіздері, Алматы «Заң әдебиеті» 2005жыл, 228 бет.

7.Тілеуов С.С.,Әлімбек А.З. Педагогика, Шымкент, 2006 жыл,162 бет.

8.Әбиев Ж., С.Бабаев,А.Құдиярова. Педогогика. А., Дарын., 2004.

9.Жұмабаев М. Педагогика. А.1992 ж.

10.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика., Астана-1998.