АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын сипаттау

Мазмұны

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………….

 

  1. 1. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
    • Жеке қор құжаттарының ерекшеліктері ………………………………………………
    • Бауыржан Момышұлының  жеке қор құжаттарының анықтамасы ……….

1.3 Қор құрушының өмірі мен қызметі ……………………………………………………..

 

2. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОР ҚҰЖАТТАРЫН ҒЫЛЫМИ СИПАТТАУ

  • Бауыржан Момышұлының № 1432 жеке қорын жүйелеу…………………….
  • Бауыржан Момышұлының  шығармашылық  құжаттары ……………………
  • Бауыржан Момышұлының майданнан жазған хаттары……………………..  

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ……………….. 

ҚОСЫМША А……………………………………………………………………………………….

ҚОСЫМША Б ……………………………………………………………………….

ҚОСЫМША В ………………………………………………………………………………………..

 

 

КІРІСПЕ

 

         Тақырыптың өзектілігі: Мұрағат халықтың өткенінен мол ақпарат беретін зор кеніш, шежіре, өшпеуге тиіс мұралардың көзі. Оның сансыз қолат-қойнауларына үңілер болсаң, талай беймәлім асыл қазыналарға жолығасыз. Мұрағатшылардың мақсаты осы сырлы әлемді жинақтап, сақтап қана қоймай, дерек көздерімен ғылыми қоғамды хабардар ету. Мұрағаттағы деректер небір ұлы адамдардың өмірлері жайлы сыр шертеді. Осындай ұлы тұлға, ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі, талантты әскербасы әрі жазушы, Кеңес Одағы батыры  атағын уақытында алмаса халқы оны батыр тұтқан Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында 1952 жылдан бастап сақталуда /1-ші қосымша/. Асыл азаматтың жарық дүниеден озғанына 25 жылдың шамасы болып қалды. Өзі дүниеден озса да, артына қалдырған рухани дүниесі тозбайды. Б. Момышұлының мол мұрасы келешек ұрпақ тағылым алар Отан байлығына, халық қазынасына айналды. Сондықтан менің бүгінгі бітіру жұмысымның тақырыбын “Бауыржан Момышұлы жеке қор құжаттарына сипаттама” деп алдым. Мұрағаттану мамандығын меңгеруіме байланысты тақырыпты мұрағаттанулық шолуға тырыстым. Алайда, мұрағаттық құжат айнымас дерек көзі болғандықтан деректанулық талдаудан өткізуге тырысып көрдім.

Біріншіден, Б. Момышұлының жеке құрам құжаттарының мұрағаттық заңдылықтар бойынша және аталған қор құжаттарының жіктелуіне байланысты тоқталдым.

Екіншіден, 70 жылдан астам уақыт бойы Кеңес Одағының құрамында болған, отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша сүйген, Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Б. Момышұлының артына қалдырған мол мұрасы – қазақтың ұлттық патриотизмінің өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Үшіншіден, жалпы жеке құрам құжаттарымен жұмыстың сан алуан ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттеріне, оның ғылыми маңыздылығына тоқталып өтуді дұрыс деп таптым.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жеке қор құжаттары кеңестік және қазіргі таңдағы отандық тарихнамада жан – жақты қарастырылған. Жалпы жеке қор құжаттармен жұмыс жасаудың теориялық – методологиялық негіздері Н.Б. Волкова /1/, И.П. Сиротинская /2/ еңбектерінде өз көрінісін тапты. Ал,  тіклей Б. Момышұлының жеке қоры әлі де болса арнайы зерттелмеген. Бұл Қызыл Әскердің әйгілі әскер басшысының әскери, әскери-педагогикалық, әскери-теориялық, шығармашылық мұрасын зерттеу – ғылыми да, тәжірибелік те мәнге ие.

Тақырыптың зерттелу деңгейіне келсек, тікелей әрі толықтай жүйелі түрде зерттелмесе де Б. Момышұлы мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында пайдаланған зертеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі кезеңге бөлдік: кеңестік және Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ, кеңестік кезеңде Бауыржан Момышұлы тұлғасы соғы контексінде, 8 – гвардиялық дивизия құрамында қарастырылды /1/. Ал, Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеулерде негізінен Б. Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуда.

Бұрын Бауыржан Момышұлының жеке адамдық әрі әскери  тұлғасы, әскери-педагогикалық қызметі И. В Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия тарихының  бір бөлігі ретінде А. Бектің еңбегінде зерттелді. Шығарма майдан даласында жасалған, И. В. Панфилов дивизиясы туралы жазылған бірден-бір еңбек. Бұл шығарма түгелдей Б. Момышұлының мәліметтеріне сүйеліп жазылған және Б. Момышұлының атын бүкіл әлемге таратқан еңбек болып табылады.

Сонымен қатар, бұл проблема Москва шайқасы, Калинин облысы, балтық бойын жаудан тазарту мәселелерінде бірге қарастырылып өткен. Ұлы Отан соғысының атақты батыры туралы К. К, Роккоссовский, А. М. Василевский,             И. М. Чистяков, Г.К. Жуков секілді ірі әскербасылар мемуарларында аздаған мәліметтер сақталған. Бұл атақты әскербасылардың мемуарларына, естеліктеріне келсек, бұларда Бауыржан Момышұлына талантты әскербасы ретінде баға беріп кетеді. Мысалы, И. М. Чистяков: “Маған Момышұлының және бір қасиеті ұнады, ол – шындылығы. Қандай қиыншылыққа душар болса да шындықты айтарымен білетінмін, ол өз қарауындағы жауынгерлерден ден шыншыылдықты талап ететін”, — деп баға беруі осының дәлелі.

Бұл еңбектерді Бауыржан Момышұлы әскери, талантты командир ретінде сипатталады. Және бұл еңбектерді Бауыржанг Момышұлы өз ұлтының ұылы ретінде сиаптталады. Оның шығыстық шығу тегі саналы түрде әдейі баса көрсетіледі.  Бұл еңбектер кеңестік негізде, кеңестік идеологиямен жазылған және Бауыржан Момышұлының тұлғасы соғыс контексінде қарастырылады.           Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңызы” көркем шығарма бола тұра Бауыржаның өмірі туралы көптеген мәліметтерді алдық /2/.

Бауыржан Момышұлы туралы оның майдандас, қаруластары да аз жазған жоқ. Әсіресе, М. Ғабдуллин, М. А. Левшевтің, сонымен қатар, панфиловтықтар Ф. Селивановтың, А. Кузнецовтың шығармаларында да да аталып өткен.

Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер ретінде Ұлы Отан соғысының жекелеген тақырыптарына арналған еңбектерге енді. Бұлар Г. А. Әбішевтің,     А. Мұхамеджановтың, А. Нүсіпбековтың, М. Қозыбаевтың,                                    Қ. Р. Аманжолов /3. 320/, Н. Шаховтың еңбектері еді. Бұл жердегі                          Г. А, Әбішевтің және А. Нүсіпбековтың  еңбектері Москва түбіндегі шайқасқа қазақстандық әскерлердің қатысуын зерттеудің бастауы болып табылады. Осы еңбектерде авторлар алғаш ретмұрағат құжаттары мен материалдарын қолданысқа енгізеді, майдангерлер естеліктерін және мерзімді басыоымдарды пайдаланады.

Бірақ осы кеңестік кезеңде жазылған бірде-бір еңбекте батырдың азаматтық, педагог, ойшыл, теоретик, әскери, жазушылық тұлғасы толық ашылмады.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен өмірге, тарихқа ерекше ұлттық, халықтық көзқараспен қарай бастағаны белгілі. Соншама  жылдар жасанды түрде өткеннен кейін айырылған халық өз тарихына ерекше ілтипатпен қол созуда. Жаңаша тұрғыда тарихтың әр түрлі кезеңдеріне арналып зерттеулер жазылуда. Осы кезде қазақ халқы тереңге кеткен әскери  дәстүрінің бар екендігі айқындалған еді. 1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Бұл тарихи өзгеріс тарихшыларға Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың  қатысуы туралы және ұлт батыры Бауыржан Момышұлы туралы еңбектерді тудыруна мүмкіндік берді. Бұлардың қатарына Т. Балақаев пен К. Алдажұманов, Қ. Р. Аманжолов, П. С. Белан /4./,             К. С. Серікбаев /5/, Бақытжан Момышұлының зерттеулері жатады. Сонымен қатар, М. М. Айтқазинаның докторлық диссертациясы тікелей Б. Момиышұлының мұрасына айналды. Бұл зерттеулер негізінде әскери тарх пен ұлттық батырларды зерттеуде өзекті проблеманы шешуге арналған. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық әскери құрылыс туралы айта келіп, өз еңбектерінде Б. Момышұлының ғылыми мұрасына көп көңіл бөледі. Тақырыпты деректанулық тұрғыдан жазу үшін Қ. М. Атабаевтың /6/ ғылыми монографиясы да пайдаланылды.

Дегенмен де, Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми еңбек жазылмаған. Бітіру жұмысын жазу барысында мерзімді басылым беттеріне жарияланған Н. Саввин, Ж. Ыбыраев, Қ. Қазыбаевтардың мақалалары қолданылды. Сонымен қатар, батыр туралы мәліметтер бар “Халық сыйы”, “Айналған аты аңызға Момышұлы”  естеліктер жинағы және А. Асқаровтың     “ Ұлы тұранның ұлдары” /7/ еңбегі пайдаланылды. Ал ол кісінің артына қалдырып кеткен мол мұрасы – көркем шығармалары, өлең-жырлары, хаттары, жеке адамдық құжаттары осы бір қасіретті соғысқа қазақстандықтардың қатысуы маңызды дерек көзі ретінде ғылыми қолданысқа енбей жатыр /2-ші қосымша/.

Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндау тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады. Осы уақытқа шейін мұндай мәселені арнайы қарауға қажет алғышарттар да қалыптаса қойған жоқ-тын. Мұның өзі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айғақтай түседі.

Тақырыптың деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында негізгі сүйенген дерек құжаттарымыз Бауыржан Момышұлының өзңінің жеке адамдық құжаттары. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатында № 1432 қорында жинақталған. Қор құжаттардың салыну мерзіміне қарай 3 тізбеге бөлінген /3-ші қосымша/. Осы тақырыпты ашу барысында аталған қормен жұмыс істедім. Қор құжаттарын түгелдей жүйелеуге ұмтылыс жасадым. Бұл қор үш тізбеден тұрады. Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары О. М. М-ға 1952 жылдан бастап, батырдың өзінің бастамасымен өткізіле бастады. Бұл алғашқы өткізілген құжаттар негізінде № 1-тізбе құрылды. Бұл тізбенің құжаттары ішінен тікелей зерттеу обьектімнің бірі ретінде 1945 жылы жазылған “Москва үшін шайқас” романының түпнұсқасы қолданылды. Ал № 2 тізбеге 1960-1965 жылдары түскен құжаттары енгізілген /2-ші қосымша/. Осы құжаттардың ішінен тікелей зерттеу обьектісі ретінде Б. Момышұлының майданнан жазылған  хаттарын алдым. № 3 тізбеге 1969 жылдан бері түскен құжаттар жатады /3-ші қосымша/. Пайдаланған негізгі істерді бітіру жұмысының 2-тарауының 1-бөлімінде Бауыржан Момышұлының жеке адамдық қорларын пайдаланғанда келтірдім. Ал әр жылдары жарық көрген “Москва үшін шайқас”/8/, “Қанмен жазылған кітап” /9/, “Біздің генерал” /10/, “Ұшқан ұя” /11/, “Бір түннің оқиғасы” /12/, “Жауынгердің тұлғасы” /13/ кітаптары да пайдаланылды.

Сонымен қатар, жанама дерек көзі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысушылардың “Восьмая гвардейская краснознаменная имени генерал-майора И. В. Панфилова стрелковая дивизия” деп аталған естеліктер жинағы   И. В. Панфилов атындағы гвардиялық дивизия туралы “История Великой Отечественной Войны Советского Союза”, “Провал гитлерского наступления на Москву” атты өқұжаттар жинағы пайдаланылды. Дегенмен менің негізгі зерттеу обьектім нақты Бауыржан Момышұлының жеке құрам құжаттары болып табылатындықтан оның жеке құжаттары негізгі мәлімет көзі болды.

Сонымен қатар, әдістемелік нұсқауларды да дерек көзі ретінде пайдаландым. Айтар болсақ, мыналар: «Методические рекомендации по работе с документами личного происхождения», «Методические указания по комплектованию архива и научно – технической обработке документов личного происхождения ЦГА НТД», «Научно – техническая обработка документов коллекции личного происхождения ппериода ВОВ», «Методические рекомендации по проведению экспертизы ценности документов в фондах личного происхождения государственных, общественных, политических деятелей», «Жеке қор құжаттарын ғылыми сипаттау».

Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: Диплом жұмысын жазу   барысында алдыма қойған мақсатым – Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын сипаттау, яғни ғылыми құндылығын, мазмұнының маңыздылығын, қор құрушының жүріп өткен жолы мен ұлт тарихын қаншалықты қосымша мәліметпен қамтамасыз ету деңгейін анықтау. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылды:

  • Бауыржан Момышұлының жеке қорының қалыптасу тарихын көрсету;
  • Жеке қор құжаттарының ерекшеліктерін анықтау;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарының анықтамасын беру;
  • қор құжаттарының ғылыми-тарихи құндылығын анықтау;
  • қор иесінің өмір тарихымен, қызметімен және жеке қорындағы құжаттарымен таныстыру;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қорын жүйелеу;
  • Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын топтастыру.
  • Бауыржан Момышұлының жеке қорының тарихи, ғылыми маңыздылығын анықтау.

Тақырыптың теориялық – методологиялық негізі.
         Диплом жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихилық, обьективтілік сияқты негізі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. , партиялық принциптер негізге алынды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысымның тақырыбы “Бауыржан Момышұлының жеке қорына сипаттама” деп алғандықтан және қор құрушы құжаттары мұрағаттық сақтауға түскен кезеңнен қор құрушының дүниеден озғанына дейінгі уақыт аралығы деп алдым. 

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан  тұрады. Кіріспеде бөлімінде диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалып, тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік, методологиялық негіздері ашылып көрсетілген. Бірінші тарауда Бауыржан Момышұлының жеке қорының қалыптасуы тарихы қарастырылған. Екінші тарауда Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарын ғылыми сипаттаудан өткізген, яғни жеке қор құжаттары негізінде жүйелеп, топтастырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БАУЫРЖАН  МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

1.1 Жеке қор құжаттарының ерекшеліктері

 

Тұлғалардың жеке иелігі болып табылатын құжаттық материалдары оның жеке мұрағатын құрайды. Жеке қор құрамына тұлғаның немесе қор құрушының өмірі мен қызметі нәтижесінде жасақталған немесе жанұя мүшелері құжаттары мен олар жинаған сыйға берген немесе мұраға қалдырған құжаттар кіреді. Жеке мұрағат иелерінің жинаған немесе мұраға қалдырылған құжаттарын коллекциялар деп те атауға болады.

Жеке қорды құрайтын құжаттардың негізгі тобы:

  • шығармашылық құжаттар
  • қызметі және қоғамдық қызметіне қатысты құжаттары
  • өмірбаяндық құжаттары
  • хат алмасулары
  • бейнелік және дыбыстық құжаттар
  • шаруашылық-мүліктік және тұрмыстық құжаттары

Сонымен қатар, қор құрушының қызметіне байланысты (олар, яғни саяси 

және қоғамдық болуы да мүмкін) құжаттар тобы да ерекшеленеді. Өз кезегінде, бұл құжаттар ішінен құжаттардың алуан түрлілігін атап өтуге болады: ресми құжаттар (қаулылар, нұсқаулар, жоспарлар, есептер, анықтамалар, ақпараттық мәліметтер), қызметі бойынша хат алмасулар (мекеме хаттарының көшірмелері, ұйым хаттарының көшірмелері, қор құрушының жауап хаттары), қор құрушының қызмет бабына тікелей қатысты баяндамалары, мақалалары және қор құрушының басқа тұлғаларға қатысты жинаған құжаттары /14/.

         Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің жеке қорларының негізгі бөлігін құрайтын өміріне қатысты құжаттар: жеке парақтары, өмірбаяны, тағайындаулар   мен   орын   алмастыру   туралы  бұйрықтар көшірмелері, білімі жөніндегі дипломдары, куәліктері, мақтау қағаздары, мерейтой материалдары, жеке хаттары, құттықтау хаттары, телеграммалар және ашық хаттары. Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің өміріне байланысты құжаттар толық берілуі керек, себебі, жарияланған басылымдарда, энциклопедияларда және баспасөз беттерінде олар жөнінде ақпарат аз көлемде беріледі.

         Мемлекет, саясат және қоғам қайраткерінің қор құжаттарының біршама бөлігін фотосуреттер құрайды: Олар ресми — әріптестерімен бірге, ұжым мүшелерімен конференция, пленум, мәжіліске қатысушылармен түскен суреттер; бейресми ретінде – демалыста, туыстарымен, жанұя ортасында түскен суреттерін қарастыруға болады. Сондықтан, құжаттардың бұл түріне құндылығын сараптауда және мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында ерекше назар аудару қажет болады.

           Жеке қор құжаттарын мемлекеттік сақтауға дейінгі жұмысы ұйымдаспаған түрде жүреді және құжаттар ретсіз сақтала береді.

         Мемлекеттік мұрағаттарды жеке қор құжаттарымен толықтыру кезең-кезеңмен жүреді және мынадай міндеттерді өзіне жүктейді:

  • құжаттарды іздеу, мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарды жеке қор бойынша анықтау;
  • жеке мұрағат иелерімен анықтамалық жұмыс жасау, көндіру әдістерін

қолдануды және мұрағат қызметкерлерінен сыпайылық пен әдептілік, өнегелікті талап етеді;

  • жеке мұрағат иесінің үйінде мемлекеттік сақтауға құжаттарды іріктеу, мұрағаттық СТК-на құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхатын дайындау;
  • құжаттардың алғашқы құндылығын анықтау мақсатында жеке қор құжаттарының алдын-ала есебін жасау, бағасын беру және СТК-на қарауға даярлау;
  • мұрағат СТК-ның қарастыруы, қабылдау, қор құру және қордың категориясын анықтау мәселелерінің шешімін табуы /15/.

Жеке қор құжаттарының құндылығын сараптау. Жеке қор құжаттарын сараптаудың әдістемелік негізі құжат құндылығын сараптаудың негізгі принциптерімен сәйкес келеді: жүйелілік, тарихы, жан-жақтылық, жинақылық принциптері.

Жеке қор құжаттарының құндылығын сараптау кезең-кезеңмен жүреді:

  • мұрағатты жеке қор құжаттарымен толықтыру кезеңінде;
  • жеке қорға мұрағаттық анықтамалықтар жасау барысында;

Жеке қор құжаттарының құндылығын сараптаудың ғылыми-әдістемелік бағыты құжат құндылығының критерийлеріне негізделеді.

Құндылық критериі негізгі екі топтан тұрады:

  • жеке қор құндылығының критериі;
  • жеке қор құжатарының құндылығының критериі;

Жеке қор құндылығының критерийлері төмендегідей:

  • қор құрушының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңызы;
  • қор тарихы және оның құрамы;
  • қордың басқа да құжаттар топтамасымен байланыстылығы.

Қор құрушының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңыздылығы мынадай факторлармен анықталады:

  • қор құрушының шығармашылығына әдебиеттану мен өнертану саласының берген бағасы(әдеби, театр энциклопедиялары, монографиялар және т.б.);
  • қор құрушы қызметіне мемлекеттік бағалаулар (сый ақы тағайындаулары, ордендермен марапаттау, сайлау органдарына қатысуы және т. б.);
  • қор құрушының қызметі жөніндегі қоғамдық көзқарас-пікірлер (БАҚ пікірлері, өз оқушылары мен көрермен хаттары);
  • мамандығы бойынша әріптестерінің көзқарастары (жазушы, әртіс, суретшілер хаттары мен айтқан ой-пікірлері және т.б.);
  • қор құрушы жөніндегі сарапшы мамандардың ой-пікірлері (арнайы зерттеулер, мұрағат СТК-на хаттар);
  • қор құрушы қызмет саласына қатысты ғылыми мекеме, шығармашылық бірлестік және баспа көзқарастары (ОСК-ның және СК-ның хаттамасы);
  • мұрағат СТК-ның қорытындысы.

Бұл критерий қор құжаттарының  I, II немесе  III-ші категорияға жататындығын  анықтауға көмектеседі.

Жеке қор тарихы оның  құрамын анықтайтын  критерийлер, келесі бағаны береді:

  • сақтау деңгейін және қор толықтығын;
  • қор құрушының қызметтік құжаттары, туыстық және достық құжаттары мен оны қызықтырған мәселелері жөніндегі мәліметтерін;
  • қор құрушының шығармашылықкезеңіндегі белгілі немесе басқа қызметтерінің құжаттарда көрсетілуі.

Жеке қор құжаттарының құндылығының критериі төмендегідей:

  • құжат авторының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңыздылығы;
  • құжаттың пайда болуы уақыты мен орны;
  • басқа да құжаттармен байланыстылығы;
  • құжат мазмұнының маңыздылығы, оның ақпараттық, көркемділік және ғылыми құндылығы;
  • құжаттың сыртқы белгілері.

Мұнда атап өтерлік жайт, басқа құжаттармен байланысты болғанда екі жақты түрде болады:

         —    мәліметтің қайталанылуы;

         —    бірін-бірі толықтыруы.

         Жеке қор құндылығы және жеке қор құжаттарының құндылығы критериін тәжірибеде қолдану келесі шарттарды талап етеді:

  • Қор құрушының шығармашылық және қоғамдық қызметі маңыздылығы жеке қор құндылығы мен жеке қор құжаттарының құндылығы критериін қолданғанда құжат құндылығыеа ықпалының зор болғаны жағдайында;
  • Әр құжаттың жеке бағасын бергенде және де құжаттың қор ішіндегі және қор аралық байланыстарын жан-жақты қарастырғанда;
  • Құжаттың алдын-ала атрибуциясын анықтағанда (авторлығын, құжаттың пайда болу орны мен уақытын анықтағанда), басқа нұсқаларының кезектесуінде және осыған байланысты құжат құндылығын анықтауды ұйымдастырудың кезең-кезеңмен жүргенінде;
  • Мұрағатшының жоғары деңгейдегі дайындығы және берілген құжат бойынша білімі болғанда.

Құндылығын сараптау критериін тәжірибеде қолдану:

  • құжат құндылығын сараптау кезеңімен
  • жеке қор категориясымен тығыз байланысты.

Құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеп алу қор және құжат құндылығы критериі негізінде жүзеге асады. Алайда, мұнда құжат құндылығы критериі құжаттың қажетті атрибуциясының анықталмауы себебінен толық әрекет ете алмайды. Аталған критерийлерді қолдану біріншіден, құжат құндылығын анықтауға бағытталған, әсіресе, құжат мемлекеттік сақтауға алынса және қор категориясын анықтауда оның маңызы өте зор болады.

Ал жеке қорда сақтауға жатқызылмаған құжаттар жеке мұрағат иесіне қайтару туралы акт толтырылады. Бұл акт мемлекеттік мұрағат СТК-да мұрағаттық тізбе жасалғанға дейін жасалады. Акт мемлекеттік мұрағат директорларымен бекітіледі және жеке мұрағат иесіне колхоз арқылы қайтарылады.

Мемлекеттік сақтауға алынбаған және жеке мұрағат иесі бас тартқан құжаттарға жою жөнінде акт толтырылып, жоюға немесе қағаз өңдеу фабрикаларына өткізіледі /16/.

Мемлекеттік мұрағаттарды жеке құрам құжаттарымен толықтыру. Мемлекеттік мұрағаттар мынадай тұлғалар құжаттармен толықтырылады:

  • Жазушылар, сыншылар, аудармашылар, әдебиеттанушылар, редакторлар, тіл мамндары және т. б. әдебиет қызметкерлері;
  • Композиторлар, дирижерлер, музыкант-әншілер және музыка саласындағы қызметкерлер;
  • Суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер, өнертанушылар, көрме ұйымдастырушылары, суретші-фотографтар және т. б.
  • Драма және музыка театрының әртістері, эстрада, цирк әртістері мен режиссерлері, театртанушылар және т. б. Театр қызметкерлері құжаттары;
  • Кинорежиссерлер, сценарий қоюшы, кинооператорлар, кино әртістері, кинотанушылар мен т. б. Кино қызметкерлері құжаттары;
  • Фольклортанушылар мен тарихнамашылар;
  • әдебиет және өнер саласы бойынша коллекция иелері құжаттары.

Қор құрушы жеке қор құжаттарын мемлекеттік сақтауға:

  • өзі өткізеді немесе өсиетке қалдыру арқылы өткізіледі;
  • жеке мұрағатты мұраға алған адамдар өткізеді;
  • жинаушылар мен коллекционерлерден алынады;
  • шығармашылық одақтардан – қор құрушының шығармашылық мұрасы комиссиясы арқылы өткізіледі;
  • нотариалды мекемелерден иесіз қалған дүние ретінде қабылданады;
  • құжаттардың салалық жабдықтарын анықтау үшін мемлекеттік мұрағаттардан, мұражайлардан, кітапханалардан және басқа да мекемелерден қабылданады;
  • шет елдерде тұратын азаматтардан және шет елдік мекемелер мен ұйымдардан сый ретінде немесе көшірмелер ауыстыру арқылы қабылданады.

Жеке құрам құжаттарын мемлекеттік сақтауға үгіттеп-тарту жұмыстары мемлекеттік мұрағат қызметкерлеріне жүктеледі және бірнеше кезеңдерден тұрады: алдын-ала қорқұрушы жөнінде мәліметтер қарастырылады, мемлекеттік мұрағатқа қабылданатын құжаттар мазмұны мен құрамы анықталады және келіссөздер жүргізіледі.

Келіссөзді жүргізген мұрағат қызметкері алынған барлық мәліметтерді мемлекеттік мұрағат директорларының атына жазылған баяндау хатында көрсетуі тиіс.

Баяндау хаты сол бөлім меңгерушісінің визасымен және мұрағат директорының резолюциясымен жеке мұрағатты мемлекеттік сақтауға қабылдау немесе қабылдауды тоқтатудың негізгі құжаты болып саналады. Баяндау хаты бақылау ісіне енеді.

Жеке мұрағатта мемлекеттік сақтауға қабылдау жөнінде жұмыс сәтті жалғасын тапса, онда жинақтаудың болашақ жоспарының картотекасындағы карточкасы жойылып, жаңадан жинақтаудың картотекасына толық мәлімет берілген карточка жасалады. Ол карточкаға мынадай мәліметтер енеді:

  • қор құрушының аты-жөні, тегі, өмірінің дәл уақыты, шығармашылық қызметі(жазушы, ақын т. с. с.);
  • құжат иесінің аты-жөні, тегі (егер қорқұрушының өзі құжаттарды өткізген болса) және туыстық қатынасын көрсетеді (ұлы, танысы, т. с. с.);
  • пошталық мекен-жайы, келіссөз жүргізілген тұлғаның телефон нөмірі;
  • мемлекеттік мұрағатқа жеке құрам құжаттарын жинақтау жұмыстарын жүргізіп жатқан және бақылау ісін сақтап отырған мұрағатшының тегі (фамилиясы).

Мемлекеттік сақтауға жеке құрам құжаттары ақысыз немесе ақшалай сый арқылы ресми мәлімдеме толтыру арқылы қабылданады.

Жеке құрам құжаттарының иесі мемлекеттік сақтау өткізгенде бірнеше талаптар қоюы мүмкін. Олар:

  • келісілген мерзімге құжаттарды жариялау құқығына ие болу;
  • келісілген мерзімге кейбір құжаттарды пайдалануды шектеу құқығына ие болу;
  • келісілген мерзімге кейбір құжаттарды пайдалануға шек қою;
  • қор құрушы мұрасына ие комиссия мүшелеріне құжаттарды пайдалану
  • құқығын беру.

              Бұл талаптардың барлығы мәлімдеме хатында көрсетілуі тиіс. Мемлекеттік мұрағат бұл талаптармен келіссе, директор қолының негізінде хатта көрсетіледі. Ал күрделі жағдайда құжаттар иесі мен мұрағат арасында екі жақты арнайы келісім жасалады.

         Мемлекеттік мұрағатқа келіп түскен, бірақ мемлекеттік сақтау мәселесі шешіміне дейінгі құжаттар жинақтау бөліміндегі есеп кітапшасына енеді, одан кейінгі талдауға түседі, алғашқы құжат құндылығы анықталады және уақытша жүйеленіп, тапсырыс тізбесін құрғанда қысқаша суреттеледі.

         Есепке алу мәліметтерін тиімді әрі тез қолдану үшін құжаттарды есепке алу картотекасы жасалып, қорқұрушылар тегінің алфавиттік ретімен карточкалар жүйеленеді. Карточкаға: құрушының аты-жөні, тегі, оның құжаттарының келіп түскен уақыты мен мөлшері, жұмысты жүргізген мұрағатшы тегі жазылады; құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдағаннан кейін карточкаға: құжаттардың келіп түскен есептеу кітапшасы бойыншанөмірі, қор нөмірі, құжаттар саны және құжаттардың ғылыми сипаииамаға өткізілген уақыты қойылады; карточка картотеканың “жинақтау аяқталды” деген бөлімшесіне өткізіледі.

         Мемлекеттік сақтауға жеке құрам құжаттарын қабылдау мәселесі мемлекеттік мұрағат СТК мәжілісінде қаралады. СТК-ның мәжілісіне келесі құжаттар дайындалуы тиіс:

  • қор құрушының немесе құжаттар иесінің мұрағат директорының резолюциясы бар өтініші;
  • тиісті бөлім меңгерушісінің анықтамасы, онда: қандай жеке мұрағат құжаттары СТК-ның мәжілісіне қарастыруға ұсынылып отыр, құжаттар кімнен және қандай жағдайда (ақысыз немесе ақылы сый арқылы) келіп түсті, егер құжаттар алғаш рет түсіп жатса, онда қор атауының жобасы жасалынады немесе қандай қорға қосуға болатындаға анықталады;
  • ақысыз келіп түскен құжаттарға тапсырыс тізбесі;
  • қабылдауға түсетін құжаттардың бағалық тізбесінің жоспары.

Бағалық тізбе тапсырыс тізбесі сияқты жасалады, алайда қосымша тарау — “құжат бағасынан” тұрады. Бағалық тізбеде құжаттың бағасы көрсетіледі және тізбеге СТК төрағасы және хатшының қолы қойылады:

  • сарапшы қорытындысы.

Ауызша немесе ресми түрде мұрағат директоры бекіткен СТК-ның 

шешімі қор құрушыға немесе құжат иесіне хабарланады. Мәселе сәтті шешімін тапқан жағдайда жеке құрам құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау жөнінде акт жасалады және СТК-ның хаттамасы негізінде жасалады. Сонымен бірге оған тапсырыс тізбесі жасалады. Бұл барлық бақылау ісінің құжаттамасымен бірге мемлекеттік мұрағаттың есепке алу тобына өткізіліп, онда қабылданып жатқан құжаттар мемлекеттік еепке алынады және жаңа қорға нөмір беріледі. Құжаттарды есепке алу кітабына енген бұл акт заңды құжат болып есептеледі, осы құжат негізінде жеке мұрағат құжаттары мемлекет иелігі болады немесе Мемлекеттік мұрағат қорына енгізіледі.

 

         Жеке қор құжаттарына сипаттама. Жеке қорға ғылыми сипаттама келесідей жұмыстарды талап етеді:

  • қор құрушы өмірі мен қызметі және қор құжаттарымен танысу;
  • қор жүйесінің сызбасын құру;
  • құжаттарды жіктеу бірлігі бойынша жүйелеу;
  • сақтау бірлігін құру;
  • сақтау бірлігіндегі беттерді жүйелеу;
  • сақтау бірлігін сипаттау және бірінші бетін жасау;
  • қор ішінде сақтау бірлігін жүйелеу және ресми безендіру;
  • сақтау бірлігіндегі беттерді нөмірлеу және куәландыру жобасын жасау;
  • тізбе құру және тізбеге ғылыми анықтамалық аппарат құру;

Ғылыми сипаттама жүргізгенде қор категориясы және құжат құндылығы назарына алынады.

Жеке қор құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат құру жөніндегі ғылыми есеп дайындау

Ақпаратты  іздеу шараларын құру және ұйымдастыру жұмыстары ғылыми болып саналады. Ғылыми жұмыстарға: жеке қордың категориясын анықтау мақсатында қордың тарихи және ғылыми құндылығын орнату; қор тарихы, құжаттың құрамы және мазмұнымен танысу; құжаттың ғылыми-тарихи және тәжірибелік бағасын беру; істердің жүйеленген схемасын жасау; мәтін тақырыбын орнату; құжатты аннотациялау; тізбені редакциялау, тізбеге алғысөз жазу; каталог құруға қор таңдау және каталог құру; анықтамалық схемасы,  анықтамаға енген материалдарға сипаттама жасау және тағы басқалар.

Мұрағаттың жеке қор құжаттарына ғылыми сиапттамасы ғылыми есеп беруінде немесе есептерінде қарастырылуы мүмкін.

Ғылыми есеп жүйеленген және мазмұны, әдістері, тәсілдерін толық қарастырады және жасалған жұмыстың келесі кезеңдерін анықтап береді. Есеп қор құрушының өмірі жөніндегі мәліметтерден, оның жеке мұрағаты жөніндегі мәліметтерден, қор құжаттарының мазмұны мен құрамы туралы мәліметтерден, қор және оның тізбесіне жасалған ғылыми-анықтамалық аппарат құрамы туралы мәліметтерден тұрады.

І-ші категориялы қорға ғылыми сипаттама нәтижесі мен ғылыми  есеп жасаған әлдеқайда дұрыс болады. Қор құрушының маңыздылығына, құжаттағы мәліметтер сан алуандығына немесе қордың бірегейлігіне байланысты ғылыми-анықтамалық аппарат құрылады. Ол құжаттарды пайдаланудың өнімділігімен қатар іздеудің  жылдамдығын, толықтылығын және сан алуандығын қамтамасыз етеді.

Ғылыми есепті жасағанда қор істеріндегі ақпараттар, мемлекеттік мұрағат каталогтарындағы және қордың анықтамалық аппаратындағы мәліметтер пайдаланылады. Бұл құжаттардағы белгіленген мәліметтер қор және ғылыми-анықтамалық әдебиетпен жұмыс нәтижесінде алынған жаңа ақпараттамен толықтырылады.

Ғылыми есептің келесі құрылымын ұсынуға болады:

  1. қор құрушы туралы өмірбаяндық анықтама, шығармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы қысқаша мәлімет;
  2. жеке мұрағаттың құрылуы және оның мемлекеттік сақтауға өткізілу тарихы
  3. қор құжаттарының құрылымы мен құрамы
  4. қорға жасалған жұмыстың негізгі принциптері, тәсілдері мен әдістері;
  5. есепке жасалған анықтамалық аппарат
  6. Бұл бөлім тізбеге толық алғысөз бола алады және қор құрушы туралы әдебиеттерді, қор құжаттарын, қор істерін пайдаланып жазылған. Қор құрушы өмір сүрген уақыты және қоршаған ортасы жэөнінде қысқаша мәліметтер беріліп өтеді. Қор құрушы қызмет еткен мекемелер, ұйымдар, шығармашылық коллективтер, оның еңбектері жарияланған газеттер және журналдар, баспалар, өзі қатысқан фильмдер, теле және радио бағдармалары көрсетіледі. Қор құрушы шығармашылығын немесе сіңірген еңбегін қоғамның мойындауы, ордендермен, медальдармен марапатталуы, мәңгі естелікте болуы туралы мәліметтер келтіріледі.
  7. Қор құрушының көзі тірі кезіндегі жеке мұрағаттың қалыптасуы туралы, толықтығы туралы, басқа тұлғалар құжаттарының мұрағат құрамында болуы туралы және мұрағат құрамындағы жинақтардың орын алуы туралы мәліметтер сақталады. Қор істерінен жеке мұрағаттың мемлекеттік сақтауға тапсырылғаны туралы мәліметтер алынады (тапсырылған уақыты, жеке мұрағат иесі аталады және т. б.) .
  8. Қор құжаттарының құрамы мен құрылымы туралы мәліметтерді топтастыру жүйелеу схемасы бойынша жүзеге асады. Қор құрушының жинастыру қызметінің нәтижесінде оның шығармашылығына қатысы жоқ құжаттар қорда болған жағдайда, ол құжаттарға сипаттама бөлек бөлімге беріледі.

Ал өз қызметіне байланысты жинақталған құжаттарға сипаттама қор құжаттарына жалпы беріледі.

  1. Бұл бөлім қор құжаттарын ғылыми сипаттағанда әдіс – тәсілдердің барлық түрлері келесі бөлімшелерде көрсетіледі:
  • қордың І – ші категорияға жататынын игеру (жинақтау кезіндегі алғашқы сараптау, қор және құжат критерийлерінің байланыстылығы);
  • ғылыми жұмысты жасаған әдістерді игеру, жұмыстың әдістемелік сипаты, ғылыми сипаттау жасаған кездегі құжат құндылығын анықтау жұмысын жүргізгендегі әдістемелік құралдардың тиімділігі;
  • жүргізілген жұмыстар және олардың нәтижелері. Қор құжаттарының жариялылығы жөнінде мәліметтер беріледі. Сақтау бірліктері мен тізбе саны көрсетіледі;
  • ғылыми-анықтамалық аппарат туралы жалпы сипаттама (қор құжаттарының мазмұнын толық және қарапайым әдіспен ашу үшін әдістемелік тәсілдер мен шешімдер, жүргізілетін жұмыс деңгейін көтеру, мемлекеттік мұрағат ғылыми-анықтамалық аппаратты қор құжаттарының мәліметтерімен қамтамасыз ету, мұрағатаралық анықтамалықтар, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі );
  • қор құжаттарының физикалық жай күйі( құжаттардың физикалық бүлінгені, қиын оқылатын мәтіндер, мәтіні өшуге таяған құжаттар және т. б.);
  • басқа мемлекеттік мұрағаттағы қорлардағы қор құрушы құжаттары және ол туралы құжаттардың болуы;
  • жүргізілген жұмыстарды қорытындылау.

Есепке оны пайдалану тиімділігін арттыру, ақпараттылығын және ғылыми маңыздылығын арттыру мақсатында анықтамалық аппарат құрылып, оның құрамына мыналар кіреді:

  • тарихнамасы, қор құрушы және қор тарихы жөнінде монографиялар және мақалалар, қор құжаттары бойынша зерттеулер;
  • туысқандық жазбалар, генеологиялық кестелер;
  • ғылыми есепті жасау барысындағы босқа қор құжаттарының тізімі;
  • қысқартылған сөздер тізімі;
  • мазмұны.

Ғылыми есепті қор құжаттарына ғылыми сипаттама жасаған қызметкер жасайды. Қорға жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, есепке қажетті мәліметтер уақытында және жүйелі жүргізілсе, есепті даярлау өте ыңғайлы және уақыты жағынан тиімді болады /17/.  

 

  1. 2. Бауыржан Момышұлының жеке қор құжаттарының анықтамасы

 

Бауыржан Момышұлының жеке қоры Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталуда. Сол кезеңдегі Қаз КСР О.М.М. директоры Ф.Жизневски гвардия полковнигі Б.Момышұлы жеке құрам құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы актіге қол қоюнан Б.Момышұлы құжаттары мағлұматтық айналымға түсе бастаған. Қор нөмірі Р – 1432 /18/. Қор құжаттарының негізін төменде көрсетілген құжаттар құрайды:

 

       Кесте №1 Бауыржан Момышұлының №1432 жеке қорындағы құжаттар түрі

 

Құжат атауы

Сақтау бірлігі

Парақ саны

Қолжазбалары

89

1 – 89

Хат алмасулары

218

90 – 307

Қор құрушы өміріне

қатысты құжаттары

63

308 – 371

Қор құрушы туралы құжаттар

21

372 – 393

Бейнелік құжаттар

71

394 – 465

Сый–құрмет жазбалары

82

466 – 548

 

 Қордың қалыптасуы туралы және құрылымы туралы  мәліметтер аталған қорға алғысөзде келтірілген және де мәліметтерді қайталап тізіп жатпай алғысөздің нұсқасын ұсынуды жөн көрдім.

Р – 1432. Бауыржан Момышұлының жеке қорына Алғысөз.

/1927 – 1965/

Қаз КСР Орталық Мемлекеттік Мұрағатына жазушы Б.Момышұлының жек қор құжаттары сый ретінде 1951 жылы мемлекеттік сақтауға өткізіле бастады. Қор үнемі толықтырылуда, құжаттардың басым бөлігі 1953 жылы өңделіп, 1 – ші тізбе құрылды.

1960 – 1965 жылдары аралығында келіп түскен құжаттар 2 – ші тізбені құрады. 1969 – 1970 келіп түскен құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу 1974 жылы жасалып, бұл құжаттар 3 – ші тізбеге енді және онда 1951 – 1975 жылдар аралығындағы 213 іс бар.

Аталған қорда шығармалар, хат алмасулар қолжазбалары, Б.Момышұлы жөніндегі құжаттар, фотосуреттер, түрлі атақты тұлғалардың сый жазба қағаздары және өзін қызықтырған мәселелер бойынша жиналған құжаттар сақталуда.

Құжаттар құрамы берілген сұлба бойынша жүйеленген.

Қолжазбалардың 1 – ші бөлімінде жанры бойынша бөлімшелерге бөлінген және онда құжаттар жылымен жасақталған.

Бір шығарманың қолтаңбалары мен газеттік кескіндері бір істі құрайды. Жылы көрсетілмеген істер әр бөлімшенің соңында орналастырылған.

Б.Момышұлының және оған жазған хаттары, яғни 2 – ші және 3 – ші бөлім авторлардың алфавиттік жүйе бойынша орналастырылған.

4 – ші бөлім — Б.Момышұлы туралы құжаттар негізінен  оның шығармаларына және шығармашылығына рецензиялары құрайды.

Өмірбаян бөлімінің болмауына байланысты Б.Момышұлының 50 жылдығына арналған отырыстағы құттықтау сөздер мәтіні жоғарыда аталған бөлімге қосылған. Бұл құжаттар жылы бойынша жүйеленген.

5  –  ші бөлім – Фото суреттерде құжаттар жылы бойынша сақталуда.

6 – шы бөлім — Б.Момышұлының сый жазбаларында құжаттар автор алфавиті бойынша жүйеленген.

7 – ші бөлім — Өзін қызықтырған мәселелер бойынша жинаған құжаттарында құжаттар жылымен жүйелеген.

Б.Момышұлының жеке қорының ғылыми – анықтамалық аппараты: мазмұнынан, алғысөзден, атаулық көрсеткіштен тұрады.

Алғысөзді дайындаған әдебиет және өнер білімінің ғылыми қызметкері Р.Қасымова және және алғысөз 1976 жылдың 5 – ші мамырында жасалған.

Б.Момышұлының жеке қоры Р – 1432 2 – ші тізбесіне Алғысөз.

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Әскерінің запастағы гвардия полковнигі, Ұлы Отан Соғысына қатысушы 1940 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында малшылар жанұясында дүниеге келген. Он үш жасына дейіін өз ауылы Көлбастауда болған, кейінірек, кеңес интернаттарында тәрбиеленіп, орта білім алған. Мектеп бітіргеннен кейін мұғалім болып қызмет істеген.

1932 жылы Б.Момышұлы нағыз әскери қызметке шақырылған. Біраз үзілістен кейін, 1936 жылы қайта Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Кеңес Одағының түрлі жерлерінде 1956 жылға дейін әскери қызметте болған. Ол взвод командирінен гвардиялық дивизия командиріне дейінгі шендерде болған.

Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап майданда болған. Атағы аңызға

 айналған Панфиловшылар дивизиясында батальон, гвардиялық полк, содан кейін 9 – шы гвардиялық атқыштар дивизиясына басшылық еткен. Ұлы Отан Соғысының 1 – ші дәрежелі орденімен, Қызыл Жұлдыз Орденімен және 5 медальмен марапатталған.

1942 жылдан бастап КОКП мүшесі.

Ұлы Отан Соғысынан кейін Б. Момышұлы Бас Штабының Жоғары Әскери Академиясын тәмәмдап, Кеңес Әскери Академияларында шапшаң қимылдау тактикасы курсы бойынша әскери – педагогикалық тәлім берумен айналысты. Жалпы алғанда Кеңес Әскері қатарында 25 жыл қызметте болып, 1956 жылы денсаулығына байланысты Б. Момышұлы қосалқы құрамға кетті және келесі өмір жолын әдеби шығармашылыққа арнап, көркем шығармалары үшін Құрмет белгісін алған.

Шығармашылық жолға ол өзін бүкіл өмір бойы дайындаған. Ұрыстардан және әскери қызметтерден бос уақыттарында күнделік жазып, суреттер жасап, әңгімелер, мақалалар және өлең шумақтарын жазған. Ол қазақша жазумен қатар орысша да көркем жаза білген.

Соғыс жылдарында орталық газет беттерінде әскери педагогикалық тақырыптарға мақалалар жариялаған, ал Қазақстанда оның әңгімелері, өлеңдері мен мақалдары жарық көріп отырған. Панфиловшылар дивизиясының даңқты жолын жүріп өтіп. Б.Момышұлы аталған дивизияның өмірбаяншысы болған. 1948 жылы әдеби шығармаларының көркемділігі нәтижесінде Жазушылар Одағына мүше болып қабылданды.

Б. Момышұлы жеке құрам құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында сақтауда және құжаттар 1951 жылдан бастап кезең – кезеңмен қабылданған. Құжаттардың бір бөлігі 1953 жылы өңделіп, 1 –ші тізбе құрылған. 1 – ші тізбеге түрлі жиындарда сойлеген сөздері, баяндамалары мен лекциялары, ұрыс майданындағы жазбалары, әскери өнер бойынша зерттеулері, «История одной ночи» және «Наша семья» повестерінің алғашқы басылымдары, И.В. Панфилов туралы естеліктері, А. Бектің «Волоколам тас жолы» повестінің қол жазбалары және осы повесті талқылануы жөніңдегі қолжазбалары енген /19/.

1960 – 1965 жылдары түскен құжаттар 2 – ші тізбені құрады және ол тізбе 591 сақтау бірлігінен тұрады.

2 – ші тізбе Б. Момышұлы шығармаларынан және 1927 – 1965 жылдар аралығындағы өмірбаяндық құжаттардан тұрады. Бұл құжаттардың барлығы жеке қордың 6 – шы бөліміне жүйеленген.:

  1. Б. Момышұлының жазбалары
  2. Хат алмасулары
  3. Б. Момышұлының өмір баянына қатысты құжаттар
  4. Б. Момышұлы туралы құжаттар
  5. Бейнелік құжаттар
  6. Сый – құрмет жазбалары

Тізбенің бірінші бөлімі Б. Момышұлының «За нами Москва», «Боевые будни», «Генерал Понфилов», «Наша семья», «История одной ночи» және т.б әңгімелері, очерктері, мақалалары, сөйлеген сөздері. Сұхбаттары, естелік жазбалары, күнделіктері мен блокноттарының қолжазбалары сынды сақтау бірліктерінен тұрады.

Негізінен бұл қолжазбалар 1941 жылдың қазан – қараша айларындағы Мәскеу түбіндегі Волколамск бағытындағы қорғаныс шайқасында аты аңызға айналған Понфилов дивизиясына арналған.

«Б. Момышұлы жазбалары» бөлімінде А Бектің «Волоколам тас жолы» повестінің Б. Момышұлының ескертпелері қосылған жобалық нұсқасы бар. Тізбеде олардың авторлық атауы – бағдарламалары сақталған. Осы тамаша еңбектің шығу тарихы А. Бектің Б. Момышұлымен шығармашылық достықта жазғанын көрсетеді. Еңбекті жазуда А. Бек  Б. Момышұлымен кездесіп, еңбекке оның күнделіктерін, сызбаларын, әскери қимылдардың схемасын, естеліктерін, ауызша әңгімелері мен әскери қолжазбаларын жазып алып, дерек ретінде пайдаланған. Повестің бағдарламалары осын қол жазбалардың бірі болып табылады.

1942 жылдың ақпанындағы ұрыс майданындағы Б. Момышұлы мен А. Бектің «Волоколам тас жолы» повестін жазу туралы келісім бойынша Б. Момышұлы еңбектегі әскери және әсекери – психологиялық қырларын жазуға көмектесу міндетін алады және ол бірінші редакторы және кітаптың бірінші цензоры құқығына ие болған.

Б. Момышұлының қол жазбаларына тек өз қолтаңбалары ғана емес, сонымен бірге газет материалдары қосылған, кейде олар шығармасының жалғыз ғана нұсқасы болып табылатын жағдайлары да бар.

Сонымен қатар, осы бөлімде Бауыржан Момышұлының офицер ретіндегі шығармашылық ойлау қабілетін көрсететін әскери өнерге қатысты зерттеулері мен жаңалықтар жазбалары үлкен анзарға ие болып отыр. Оның зерттеулік және оперативті – стратегиялық жаңалықтарының басым көпшілігі оқу — әдістемелік құрал ретінде есептеліп, Ленинград тыл және қатынас Әскери  Академиясының мұрағатында және Москвадағы бұрыңғы Бас Штаб Академиясында сақтауда.

Тізбе қол жазбалары, шығармалары және жанрлық белгісі бойынша 14 бөлімшеге жүйеленген. Бөлімше ішінде сақтау бірліктері шығармалардың жазылу уақыты бойынша қойылған.

Сақтау бірліктерінің сыртында және тізбеде бір уақытта орыс және қазақ тілінде жарияланған шығармалар тек орыс тілінде көрсетілген. Қол жазба қай тілде жазылған іс пен тізбенің мұқабасында аннотация ретінде белгіленген. Аннртацияда құжат пен оның шрифтінің жасалу тәсілі және де авторлық және редакторлық түзетулері көрсетілген.

2 – ші бөлім Б. Момышұлының хат алмасулары құжаттарына                арналған /20/.

                   Құжаттарды пайдалану тиімділігі үшін 3 бөлімшеге бөлінген:

  1. Хат алмасулар: онда Б. Момышұлының өзі жазған хаттарымен оған жауаптары;
  2. Б. Момышұлының хаттарына қайтарылған жауаптар, бірақ, олар сақталмаған;
  3. Б. Момышұлына келіп түскен хаттары. Мұнда Б. Момышұлы жауап жазбаған хаттар жіктелген.

Істерге жинақталған және тұлғалардан келіп түскен хаттар тізбегі алфавиттік ретпен орналастырылған. Сақтау бірлігінің ішіндегі құжаттар жылы бойынша орналасқан. Хаттардың бір бөлігі сақтау бірліктерінде мән – мағынасына қарай жасақталған. Бұл корреспонденттердің көп болуына және олардың бір ғана мәселені қарастырғанына байланысты. Олар әр бөлімшенің соңына орналастырылған. Осындай сақтау бірліктерінің тақырыпшасында оның негізгі тақырыбы көрсетілген және ол барлық хаттарға қатысты болып табылады. Мысалы, Б. Момышұлының әке – шешесі мен туыстарымен хат алмасулары.

Бұл бөлімдегі мекемелер хаттары алфабиттік ретпен орналастырылған.

Жалпы «Хат алмасу» бөлімі қордың негізгі тобын құрайды. Бөлімде көрнекті мемлекет және қоғам, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері, А.Бектің «Волоколам тас жолы» повестінің батыры және жазушы ретінде оған түрлі қауымдастық өкілдері және Кеңес Одағы елдері мен демократиялық елдердің өкілдерінің хаттары бар.

Тізбенің 3 – ші бөлімі Б. Момышұлының өміріне арналған құжаттардан тұрады. Бұл құжаттарды пайдалану тиімділігіне байланысты істер келесі сұлба боыйнша топтастырылған:

 

  1. Әдеби – шығармашылық қызметтегі құжаттары, яғни Б.Момышұлының КСРО және Қазақ КСР жазушылар одағындағы қызметі жөніндегі құжаттары, өз еңбектері мен басылымдары туралы газет және журнал редакциялары және баспаларымен хат алмасулары.
  2. Әскери сабақ пен қызметі жөніндегі құжаттары.
  3. Қоғамдық қызметтегі құжаттары – Б. Момышұлының кеңес – үнді мәдени байланыс қоғамының Қазақ бөліміндегі жұмысшы, Панфилов дивизиясына және Кубаға жасағн сапары т.б.
  4. Б. Момышұлының туылғанына 50 жыл толу мерей тойы құжаттары.

Бұл бөлімде сақтау бірліктері жылы бойынша тақырыптық мәселелік белгісі ретімен орналастырылған.

«Б. Момышұлы туралы құжаттар» атты 4 – ші бөлімде басқа тұлғалар жазған және оның өміріне жанама және тікелей қатысты құжаттар  тапсырылған /21/. Мысалы, Б. Момышұлы туралы хаттар, өлеңдер, өмірімен шығармашылығына қатысты очерктер және  мақалалар, еңбектеріне рецензиялар және т.б істер жылы бойынша орналастырылған.

5 – ші «Бейнелік құжаттар» бөлімінде сақтау бірліктері нақты бнелгілеріне, тақырыбына және жылына байланысты орналастырылған. Мысалы, Б. Момышұлының Бас Штабтың Жоғарғы Әскери Академиясында оқып жүрген кезіндегі фотосуреттері, Панфилов дивизиясының жауынгерлері мен командирлерінің фотосуреттері, өзінің авто портреттері мен т.б.     суреттері /22/.

Соңғы 6 – шы «Сый – құрмет жазбалары» бөлімінде жазушылар, ақындар, тарихшылар және достарының Б. Момышұлына жазған хаттары топтастырылған /23/. Олар  алфавиттік ретпен жүйеленген.

Қордың құжаттық матариалдарына атаулық және тақырыбтық каталогтар құрылған және атау көрсеткіштері де бар.

Тізбеге мазмұны, алғы сөзі, қысқартылған сөздер тізімі және атау көрсеткіші қосылған.

Алғы сөзді Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік Мұрағатының аға ғылыми қызметкерлері П. Абдуллина 1966 жылдың 27 – ші тамызында жазған. 

 

1.3 Қор құрушының өмірі мен қызметі

 

«Ежелден ел тілегі — ер тілегі ,

Адал ұл ер боп туса — ел тipeгi»- деген дара даналығы бар Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туып өскен. Даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры.

1932-1936 жылдары 2 рет әскер қатарына шақырылды. Сол кездері өзінің дала перзенті екенін дәлелдеп, құралайды көзге ататын мерген атанады.Әскери icкe аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен-ақ көзге тусіп, атақты қолбасшы И.В.Панфиловтың дивизиясын ұйымдастыруға ат салысады /24/.

Бауыржан атаның ерлік даңқы бүкіл Республикаға таралды. Майданда ерлік көрсеткен қазақтар әрине көп. Бірақ олардың бір де біреуінің атақ — даңқы Баукеңдей дүркіреген жоқ. Соғыс кезінде, одан кейін, бүгіндері де туған нәрестелерге де Бауыржан атын қою салтқа айналды.

Ол қазақ, орыс тілдерінде төгілтіп керемет шығармалар жазды. Атақты жазушының «Ұшкан ұя», «Бip түннің оқиғасы», «Москва үшін шайқас» тағы басқа көптеген шығармалары талай ұрпактың үлгілі — өнегесіне айналады. Ұлағатқа толы «Ұшқан ұя» романы 1976 жылы Мемлекеттік Сыйлыққа ие болды.

«Қорықпайтын адам болмайды, өлім кімнің денесін түршіктірмейді. Ажалдан қобалжып қорқу айып емес, тipi жанға арын ардақтап ұстай білмеген адам айыпты» — дейді батыр /25/.

Алты жасқа келгенде әкесі Момыш Бауыржанды орысша оқыту үшін өзінің  танысы Гончаровтардың үйіне әкеледі. Осылайша бip жыл Евгенъевка селосында сауатын ашқан соң, Жамбыл қаласындағы Аса интернатына оқуға келеді. Бұл жерде 3 жыл оқып сауатын ашқан соң, бастауыш мектепті бітіреді. 1924 жылы Шымкентте ашылған жеті жылдьқ мектепке түсіп, оны 1928 жылы тәмамдайды. Айта кететін жағдай, ол осы жерде Әбділда Тәжібаевпен бipre оқиды /26/.

1928 жылы оқуды бiтipiп келген соң, сол жылы Орынборда ашылған Қазақ Педагогикалық институтына оқуға келеді. Бірақ ayа райының қолайсыздығына байланысты оқымай кері қайтады. Бұның себептерін Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман – диалогында ашып көрсетеді.

Елге келген соң мектепке мұғалім болып орналасып, онда 2 жыл жұмыс істейді. Одан соң аудандық атқару комитетінің секретары болып еңбек етеді.  Бұл қызметі 3 жылға созылады. 1932 жылы қарашада военкоматқа шақырылады. Әскери қызметті Термезде өтеді. Жауынгерлік тапсырманы орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына иеленді. Алғашқы әскери ұстазы — Николай Редин.

Әскери қызметін аяқтап, 1933 жылы қыста елге оралады. Өзінің  бұрынғы қызметі өнеркәсіп банкіне келіп, кен icтepi жөіндегі аға экономист болып тағайындалды.

1936 жылдан  қырықыншы жылдардың соңына дейін Қиыр Шығысқа әскери қызметке аттанады. Сол жақта аға лейтенант шеніне қол жеткізеді. 40-шы жылдардың басында Киевке полк штабының бастығының бipiнші көмекші болып қызметке келеді. Округ командашысы Г. К. Жуков, оперативтік бөлімнің бастығы полковник И. X. Баграмян болған. Бауыржан Момышұлы Житомир қаласындағы 406-полк штабы бастығының бipiнші көмекшісі болып барады. 1941 жылдың қаңтарынан бастап, Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республика әскери комиссариатында аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан соң осында жасақталган 316-атқыштар дивизиясында батальон командирі болып алынды.

Енді 316-атқыштар дивизиясының құрылу тарихына келер болсақ, казак станицасы     Талғарда     1941     жылдың     13-шілдесінде     Қазақстан     мен 1942 жылы 2-қазанда — подполковник болды /27/. 1942 жылы ақпанда 1075-атқыштар полкының құрамындағы  екі қазақ жауынгері – Төлеген Тоқтаров пен Мәлік Ғабдуллинді Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынып, Бауыржан Момышұлы осы полктегі қызметін  аяқтап, өзінің  1073-атқыштар полкының командирі болып кетті. 1943 жылы 15-қарашада Бауыржан екінші  рет жараланды. Бip жарым айдай госпитальда жатып, екі айлық демалыс алып, Алматыға келеді. Демалыстан кейін Москваға келіп, К.Е.Ворошилов атындағы Жоғарғы Әскери Академия жанындағы білім жетілдіру курсын 1944 жылы қазанда жақсы деген бағаға бітіріп шықты. Содан кейін 1 — Балтьқ майданына келіп, дивизия командирі болып тағайындалды. Атақты И.В.Панфиловтың дивизиясында ол алдымен батальон, гвардияльқ полкты кейіннен  9 — қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясын басқарды. Ленин орденімен, екі Қызыл Ту ордені, 1 – дәрежелі Отан соғысы орденімен және бес медальмен марапатталған. 1942 жылдан бepi КПСС мүшeci болған. Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысынан кейін Бас Штабтьң Жоғарғы Әскери Академиясын бітірді. Қызыл армияның әскери академияларының бірінде әскери-педагогикальқ icпен айналысты. 1956 жылы денсаулығына байланысты запасқа кетеді. 25 жыл өмірін Қызыл Армия қатарында қызмет етуге арнайды. 1956 жылдан бастап өзін әдеби қызметке арнайды. Бұл қызметі үшін «Құрмет белгісімен» марапатталады. Шығармашылық жұмысқа ол өзін-өзі өмір бойы дайындап өткен. Қанды соғыс жылдарының өзінде-ақ, ұрыс пен қызметтен бос кезде ол күнделiк жүргізіп, сурет салды, әңгіме, мақала және өлең жазды.

Соғыс жылдары орталық газеттердің  беттерінен әскери педагогикалық, тақырыптағы мақалаларымен көpiнiп жүрді. Панфилов дивизиясының бүкіл даңқты жолымен біpгe өткен Бауыржан Момышұлы бұл дивизияның биографы болды. 1948 жылы жазушылар одағына мүшелікке алынды. Бұлай деуіміздщ ceбeбi: біріншіден, осы дивизияның атын шығарған Москва қорғанысы туралы батыр «Москва үшін шайқас» романын жазса, екіншіден,   А.Бек   батыр   өмірін  дивизия   өмірімен   ұштастыра   отырып, «Волоколамск шоссесін» жазып шыққан еді. Бұл екі шығарма да Панфилов атындағы 8-гвардияльщ дивизия тарихына, ерлігне арналған ipi шығармалар болып табылады. Екінши шығарманың жазылу тарихы туралы айтатын болсақ, Ә. Нұршайықовтың романында бұл шарт көрсетілген.

Бауыржан Момышұлы соғыста екі рет ауыр жараланып, бес рет қоршауға түсіп, 207 рет жорыққа қатысқан. 1941 жылдың 26-қарашасында Бауыржан Момышұлы 1073 — атқыштар батальоны командирлігне тағайындалады.

1941 жылдың қарашасында генерал И. В. Панфиловтың басқаруындағы дивизия Волоколамск тас жолын корғап тұрды. Жаудың 2 — танктік, 29 -маторлық, 11 және 110-жаяу әскер дивизияларын талқандап, 900 неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды. 1941 жылы 19-карашада майдандағы берілген әскери жарлықтарды үлгілі орындағаны үшін 316 -атқыштар дивизиясы Қызыл Ту белгісімен марапатталады. Ал 18 — қарашада Халық Қорғаныс комиссариатының 316 — атқыштар дивизиясына И.В.Панфилов атындағы 8 — гвардиялың атқыштар дивизиясы атағын беру туралы жарлығы шығады /28/.

1941 жылы желтоқсанда жау Москвадан алыстатылған соң 8 -гвардиялық атқыштар дивизиясы И. М. Чистяковтың басқаруымен Қазақстаннан жаңадан келген әскери кұрылымдармен өз қатарын толықтырған соң, Великолуж операциясына қатысу үшін Калинин майданына Валдай қаласына әкелінеді /29/. 1942 жылы қысқы шабуылында Бауыржан Момышұлы өз жауынгерлерімен жаудың СС «Өлі бас» [Мертвая голова] дивизиясын талқандап, 1200 жаудың көзін жойып және жол торабын өз қолына алады. осы шайқастар нәтижесінде дивизия жаудың 83 — жаяу әскер дивизиясын талқандап, 3 — таулы-егер дивизиясына, 218 — жаяу әскер және 20-мото дивизиясын айтарлықтай шығынға ұшыратты, 13 300 неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойды. Ерен ерлік үлгісін көрсеткені үшін дивизия командованиесі Москва түбіндегі қорғаныс пен қарсы  шабуыл  үшін  805   адамды  атаққа ұсынса,   олардың 31-ін  Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған еді.

1944 жылы Бауыржан Момышұлы Бас Штаб академиясының қысқа мерзімді курсын бітіргеннен кейін 1945 жылы 25 — қаңтарда 9-гвардияльқ атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалды. 9 -гвардиялық дивизияның әскери жорық жолына келер болсақ, 1945 жылдық басында Бауыржан Момышұлы 1-балтық бойы майданының құрамындағы 9 -гвардиялық атқыштар дивизиясын баскаруға көшті. Дивизияға Приукеле станциясын жаудан тазарту тапсырмасы берілді. Осы дивизияны басқара жүріп соғысты аяқтады. Берлинді бағындырған кезде Бауыржан Момышұлы Курляндиядағы немістерді тазартумен айналысты.

1945 жылы 9 — мамырда соғыс аяқталганнан кейін, қыркүйекке дейін Балтық әскери округінде сол 9 — дивизияның командирі болып тұрды. Содан кейін Москваға ГУК құрамына шақырылды. 1946 жылдың қаңтарынан бастап К.Е. Ворошилов атындағы 1-дәрежелі Суворов орденді Жоғарғы Әскери Академияның тыңдаушысы болды. Және осы академияны жақсы деген бағамен бiтipiп шықты /30/. Сол жылдың аяғына таман, Ciбipгe бригада командирінің орынбасары болып келді.

Содан тура бip жылдан кейін Тыл және Жабдықтау әскери академиясының Жалпы тактика мен оперативті өнер кафедрасына аға оқытушы болып тағайындалды. Баукең қатардағы әскери профессор болған. Осы Калинин қаласындағы Әскери Академияда сабақ  бepiп жүрген кезде тактикадан алты, стратегиядан тоғыз еңбек жазған. Сол үшін аға оқытушылықтан ординарный профессор дәрежесіне жоғарылайды.

Өзінің жазушылық қызметі туралы Баукең: «Мен қаршадайымнан қазақ фольклорының тұнығын кешіп өстім. Есейе келе Абайды оқыдым. Ұлы Отан соғысы секілді өмірдің ұлы мұхитынан өттім. Кітаптан оқығандарым сияқты өмірден көргендерім де құпия  қазына болып жүрегімніц 6ip түпкіріне жинала берсе керек. Оның үстіне бас Штабтың Академиясында оқыған жылдар   мені   жазушылыққа   мүлдем   жақындатып   кетті. Менің   жазушы болуыма игі ықпал етіп, әсерін тигізген төрт фактор осы. Олар: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, өмір және әскери академия»- деп айтып өткен екен.

Отставкаға шыққанннан кейінгі Бауыржан Момышұлының коғамдық кызметінің ең бip елеулі тұсы — ол кісінің Кубаға сапары. 1963 жылы қарашада Гаванаға жалғыз өзі келеді /31/.

Бауыржан Момышұлының әскери өнepi 1956 жылға дейін созылды.Ол взвод командирі қызметінен гвардиялық дивизия командирі шеніне дейін көтерілді 1956 жылы отставкаға полковник шенімен шығады.

Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылы желтоқсанның он бipi күні Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Президенті М. С.Горбачевпен жарлығы бойынша беріледі. Батырдың көрсеткен ерліктеріне қарамастан Батыр атағы неге кеш берілген деген сұрақ бүгінде осы жайдан хабардар әpбip азаматтың көкейінде тұрары сөзсіз. Сол сұрапыл соғыс жылдарының өзінде-ақ батырға қатысты жасалған әділетсіздікке күйніп осы мәселені козғаған азаматтар да болған екен. Осы мәселе туралы 1944 жылы 17 — шілдеде 8 — гвардиялық атқыштар дивизиясының бұрыңғы командирі, гвардия полковнигі Серебряковтың КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумы мен Қазақ КССР Жоғарғы Кеңесінің президиумына хат жолдапты. Бұл жерде Баукең туралы айта келіп: «Батальон командирі кезінде Бауыржан Москва тубіндегі 1941 жылғы маневрлі корғаныс кезінде 27 ұрысқа қатысты. 5 рет дивизиядан ажырап қоршауда қалды. Атап айтқанда:

  1. 1941 жылы 26 — қазанда Момышұлы жолдас, оң жақ рубежде болған табан тірескен ұрыстардан кейін қоршаудан шығып, Волоколамск қаласына 690 адамды, 18 артиллерия жегінін, 30 пәуескені аман-есен алып келді. 35 километрге созылған аралық рубежде ұйымдасқан түрде ұрыс жүргізе отырып, жау қоршауын бұзып өтіп, дивизияға келіп қосылды. 1941 жылдың 27 — қазанынан 1941 жылдың 15 — қарашасынан дейінгі барлық ерліктері үшін генерал Панфилов 1941 жылы 7 — қарашада аға лейтенант Момышұлын Ленин орденіне ұсынған еді. Сол награда қағазының тағдыры осы күнге дейін мәлімсіз болып кетті.
  2. 1941 жылы 16 — қарашадан 20 – қарашаға дейін Момышұлының батальоны Волоколамск тас жолының бойындағы Горюны деревнясы ауданында, Матренино теміржол станциясында тағы да қоршауда қалды. Осы ұрыстарда батальон 600-дей гитлерліктерді, жаудың 6 танкісін жойды. 20 — қарашада қоршауды бұзып шығып, дивизияға қосылды.
  3. Лопастино — он үйлі деревнясы маңында 1941 жылы 25 — қарашада Момышұлы 1 ПТО, екі минометстанокты пулеметпен қаруланған жарты взвод солдаттарды бастап дұшпан тұрағына түнде шабуыл жасап, 200 неміс солдатын жойды. Оның бұл epлігi де ескерусіз қалды.
  4. 1941/26/11-дан 1941/7/12 дейін аға лейтенант Момышұлы 1073 атқыштар полкының командирі болды.

1941 жылы 5 — желтоқсанда Момышұлы жаралы болды. «Енді шегінерге жол жоқ полкта адам аз қалды, не керсем де полкпен 6ipre көремін» деп ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты, сөйтіп, 7 — желтоксанға дейін жаралы күйде полкты басқарды.

А) 1942 жылдың қысқы шабуылында капитан Момышұлы жолдас 6ip жарым батальонды өзі басқарып «Кубас» СС дивизиясына түнде шабуыл жасады…

Момышұлының жоғарыда аталған жауынгерлік еңбектерін ескере отырып, мен 1942 жылы тамызда оған Кеңес Одағының Батыры атағына награда қағазын толтырып берген едім. Одан да күні бүгінге дейін ешбір хабар-ошар болмай кетті.

Момышұлының Отан үшін еткен ерліктері тек бұл ғана емес. Мен солардың тек басты-бастыларын ғана алып, КСРО ордендерінің статусына сәйкес, Момышұлы жолдасты өздеріңіз лайықты деп тапқан наградамен атап өтуді өтінемін.»   -деген хатының нұсқасы бар.

Бауыржан Момышұлы — Кеңес Одағының Батыры, халық батыры, жазушы. Біз өзіміздің аты аңызға айналған жерлесімізді осылай атаймыз. Бipaқ бұл әділетті сөздер де қазақтың әйгілі батырының мәнін ашып бере алмайды. Бұл сөздерге тағы алғашқы қазақ әскери ғалымы, ойшыл — философ, қазақ қолбасшысы деген сөздерді қосуымыз керек. Осындай жоғарғы мәнді атақтарға ол әскери — теориялық ойға қосқан үлесімен, өзінің әлемді тануының философиялық жүйесімен және қолбасшылық талантымен жетті.Ол үнемі «Халықсыз батыр жоқ» деп айтып отырған. Бауыржан Момышұлының атының аңызға айналуы оның батырлығына ғана емес жазушылық талантына да байланысты. Оның әскери таланты 1941 жылы Москва тубіндегі шайқаста айқын көрніді, себебі ол осы шайқаста аға лейтенант шенімен алды батальон, кейін полк басқарды. Армия генералы И.М. Чистяков Момышұлы туралы         «И.В.Панфилов оның асқан батырлығы мен өжеттігін бағалайтын. Москва түбінде оның батальоны бірнеше күн қоршауда қалып, полкпен байланыс үзіліп, жаудың саны көп әскерімен шайқасты. Қырғын шайқастарда гвардиялықтар жаудың екі тәулік ішінде 400-ден аса фашистің көзін жойды, олардың Волоколамск тас жолына шабуылын тойтарды, ал кейін орманда маневр жасап, қоршау шеңберін бұзып шығып өз полкына қосылды. Осы шайқастан кейін Панфилов Момышұлының батальонын өз жанында резерв ретінде ұстады және өте қиын шайқастарға жіберді.»-деп жазды. Соғыстың соңғы кезеңінде дивизия баскарған Бауыржан Момышұлы өзін оперативті ойлай алатын, шайқасты өте шебер ұйымдастыратын, қанды шайқастарда дивизияны батыл басқара алатын сауатты қолбасшы ретінде керсете білді. Ол дивизия басқарған тұңғыш әpi жалғыз қазақ болды /32/. Көптеген әскербасылар Бауыржан Момышұлын, тек қана гвардия полковнигі болып қалған Бауыржан Момышұлын оқып үйренді. Олардың барлығы батырға қатысты жасалған әділетсіздікті білді. Бірақ ол Бауыржан Момышұлына тежеу, бөгет бола алмады. Себебі, тарихқа атағы бойынша емес, сіңдірген еңбегі бойынша енеді. Оны халқы батыр атады, бұл халұының сүйікті ұлына тipi кезінде берген бағасы болмақ «Асқар тау алыстаған сайын асқақтай береді» дейді халық даналығы. Осы ұлы сөз Бауыржан Момышұлына арналып айтылғандай. Бауыржан Момышұлының асқақ бейнесі халық жадынан өшпек емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚОР ҚҰЖАТТАРЫН ҒЫЛЫМИ СИПАТТАУ

 

2.1. Бауыржан Момышұлының №1432 жеке қорын жүйелеу

 

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты деректер, яғни жеке адамдық құжаттары өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түpi жағынан әр алуан. Оның бәрін бiз өзіміздің диплом жұмысымызда қамти алмаймыз. Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу, тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау проблемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бipaқ, бip-бipiнeн ерекше категорияға бөліп алуымыз керек.

Сыныптау зерттеушіге тәуелсіз объективті өлшемдерге негізделуі керек. Олар объективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы қажет және онда деректерден шындықтың ену және бейнелеу заңдары көрінуге тиіс.

Демек сыныптау проблемасы тек таза техникалық емес. Методикалық та проблема болып табылады және тек қалың деректер арасында бағыт көрсету функциясын атқарып кана коймайды. Сонымен қатар оларды зерттеу тәсілі қызметін де атқарады.

Деректерді сыныптауда М.И. Тихомиров жазба деректерді сыныптау кезінде бipiнші рет хронологиялық принцип пайдаланған еді. М.И. Тихомиров тарихи деректерді негізгі бес топқа бөлiп сыныптаған болатын.

Типтік сыныпталудың тарихи деректерді түрлік сыныптаудан айырмашылығы, ол деректердіц мазмұны мен формасының сәйкестігі принципіне негізделген. Біз бітіру жұмысымызда Бауыржан Момышұлының жазба шығармаларын ғана жазба дерек ретінде алып отырмыз.

Бауыржан Момышұлының шығармаларын сыныптауды бастар алдында, ол кісінің мұрағаттағы өзіміз қараған құжаттарын хронологиялық жағынан сыныптап алайық.

Мұрағатта жинақталған құжаттардың дені соғыс басталған кезімен байланысты.  Әрине  бұл  орайда ол  кісінің  бүкіл шығармашылық жұмысы соғыспен байланысты екен деген ой тумаса керек, соғысқа дейінгі  кезде де ол кісінің ipi болмаса да бірнеше өлеңдері және блокноттары, жазба шығармалары сақталынған. Дегенмен ол кісінің шығармалары негізінен соғыспен байланысты. Орайы келгенде айта кетейік, өзінің шығармашылық қызметі туралы Бауыржан Момышұлының былай деп айтқаны бар: «Мен профессионал жазушы емеспін. Мен әскери мемуар жазушы ғанамын. Ал біздің қазақта бұрын әскери мемуарлық әдебиет болған емес. Қазақта мен осының негізгі салушымын десем асылық та, артық айтқандық та емес деп ойлаймын. Бұл жөнінде орыс әдебиетше де қосқан үлесім бар деп ойлаймын».

Батырдың бұл сөзіне қосарымыз болмаса, аларымыз жоқ.

Осы принциптерді ескере келіп, хронологиялық  жағынан батырдың құжаттарын былай бөлдік:

  1. Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған құжаттар [1941-1945 ж.ж]. Яғни бұл кезең Ұлы Отан соғысымен тікелей байланысты.
  2. Соғыстан кейінгі жазылған еңбектер [1945-1982 ж.ж]. Бұл кезең соғыс аяқталған кезден бастап Бауыржан Момышұлының өмірінің соңына дейінгі кезеңді қамтиды.

Жазба деректерді түрге бөлген кезде, әcipece ескеретін нәрсе — олардың әлеуметтік функциялары, олардың жасалу кезінде арналған мақсаты. Дәл осы жағдай деректердің iшкi құрылымына да әсер етеді.

Бауыржан Момышұлының №1432-қорымен жұмыс істегенде, бiз ол кісінің құжаттарын Пушкаревтің жобасы бойынша сыныптадық.

  1. Құжаттық бөлімге келер болсақ, бұл бөлімге жататын құжаттарды өз ішінде былай сыныптасақ болады:

А) Картографиялық құжаттар: 2 дана карта-құжаттар. Бұл карта Ұлы Отан соғысы кезінде батырдың өзі пайдаланған құжаттар. Яғни өзі пайдаланған карталары және жорықтар схемалары.

Ә) Актілі құжаттар. Жазба деректердің бұл тобына Бауыржан Момышұлының «Волоколамск шocceci» еңбектерін жазу барысында А.Бекпен жасаған шарттары, КазФАН СССР-дің А.Бекпен жасаған шарттары, ҚазФАН-ның А.Бек қолжазбасына жасаған шарттары жатады.

Б) Ресми құжаттар. Құжаттардың бұл тобына 2-тізбедегі мына icтep жатады: Бауыржан Момышұлының әскери оқуы, қызметі және марапатталуы туралы жеке құжаттары [49], штурмовик Рақымжан Қошқарбаевқа Кеңес Одағының батыры атағын алып беру туралы ходотайство туралы құжаттар жатады.

  1. Баяндауыш бөліміне келер болсақ, Бауыржан Момышұлының бұл бөлімге жататын құжаттары өте көп.

А) Хаттар. Хаттар — Б.Момышұлының қорында бұл бөлімге жататын құжаттар өте көп жинақталған. Бұл бөлімді ыңғайлы болу үшін былай бөлеміз:

  1. 1. Бауыржан Момышұлының хат алысулары.
  2. Бауыржан Момышұлына жазылған хаттар.
  3. Бауыржан Момышұлының өзінің жазған хаттары.

Хаттарды жекелеген тізбелер бойынша сыныптайық. 1-тізбеде біздің қарастырып отырған кезеңімізге жататын үш хат бар. Бұл үш хатта «Знамя» журналының редакторы Михаиловаға жазылған хаттар. Бұл хаттар А.Бектің романы бойынша жазылған.

Хаттардың ең көп тобы 2-тізбеде жинақталған. Енді осы тізбеге талдау жасайық. Біз бұл жерде 1941-1945 жылдар аралығында жазылған хаттарды аламыз.

  1. Б.Момышұлының хат алмасулары. Барлығы 33 ic.
  2.   Б.Момышұлының өзінің жазған хаттары. Барлығы 91 iс.     
  3. Б.Момышұлына    жазылған    хаттар.     Оларға    жазылған    жауаптар       сақталынбағандықтан осылай топтастырылған. Барлығы 26 ic.

 3-тізбеде 1941-1945 жылдары жазылған хаттар былай сыныпталады:

          Б.Момышұлының хаттары. Барлығы 92 ic.

          Б.Момышұлына жазылған хаттар. Барлығы 102 ic.

Бізге керегі — Б.Момышулының өзінің жазған хаттары. Сондықтан өзімнің бітіру жұмысымда осы хаттардың iшінен Б.Момышұлының майданнан жазған хаттарын пайдаландым. Осы хаттарды оқи отырып, маған әcipece ұнағаны, қызьқтырғаны осы майданнан жазған хаттар болып табылады. Көрнекі мәдениет қайраткерлеріне, мемлекет қайраткерлеріне жазған хаттарынан Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қазақ мәдениеті, әдебиеті, тіл туралы батырдың ой-толғамдары жазылған. Майданда жүрген қазақ солдаттарына мәдени шығармалардың жіберілуі мәселелері де айтылған. Сол себепті бiтipy жұмысымның екінші тарауының екінші бөлімін «Б.Момышұлының майданнан жазылған хаттары» деп алдым.

Енді осы бөлімге қатысты хаттарды өзімнің осы бітіру жұмысымның хронологиялық шеңберіне сай ipiктen алайық:

  1. Б.Момышұлының хат алысулары. М. О. Әуезовпен, А. А. Бекпен , М. Ғабдуллинмен, С. Мұқановпен, Д. Ф. Снегинмен алысқан хаттары жатады.
  2. Б.Момышұлының өзінің   жазған   хаттары.   Әбдіхалықов   пен Понкратоваға,   П.М.   Жуковқа,   Н.Оңдасыновқа,   Қазақстан жазушылары, баспагерлері мен журналистеріне  жазған хаттары жатады /33/.
    Бұл хаттарды бi3 хронологиялық шеңберіне қарап ipiктeп алдық.

Б) Жазба кітапшалары (записные книжки). Бұл құжаттар eкіншi тізбеде жинақталған. Барлығы 11 құжат. Хронологиялық шеңбері 1937 жылдан 1964 жылға дейін қамтиды. Бұл құжаттар Б.Момышұлының күнделігі қызметін атқарған /34/.

Блокноттар екінші тізбеде жинақталған алты құжатты құрайды. Хронологиялық шеңбері 1942 жылдан 1955 жылға дейін қамтиды /35/.

В) Көркем шығармалары. Бұған бiз Б.Момышұлының афоризмдерін, өлеңдерін, мақалаларын, «Ұшқан ұя» повесін жатқызамыз. Бұл бөлімге әңгімелері мен очерктері және әр кездері жарияланған мақалалары жатады /36/. Афоризмдері мен өлеңдері ОММ-да 3- icкe жинақталған /37/. Б.Момышұлының осы  өлеңдері  мен  нақыл сөздері  сан  қырлы тұлғаны  бізге  жаңа қырынан   айкындап береді. Жас ұрпақтарды Отансүйгіштікке тәрбиелейтін нақыл сөздері бәрімізге таныс. Оның «Туған ел», «Толғау», «Арман жар», «От көрген шыр айналып кебелектей», «Мен де адаммын жаралған сүйек еттен», «Мен шөлдедім, шөлдедім», «Жазушыға», «Cepiгiм», «Құрбыма», «Қалыбек аға», «Әскер аты», «Г…ға», «Сибирь», « Жастықпен ол кезде мен аңғармаппын», «Арнау», «Алдым құрбым, сізден жылы хат бүгін», «Алатау көремісің анау тұрған», «Секілді шың басында жалғыз өзім» т.б. өлеңдері және «Қайран сегіз» деген поэмасы бар. Өзінің жарық көрген мақалалары Баукеңнің: «Орыс-казақ газеттерінде менің 200-300-дей мақалам шықты. Оларды мен кезінде жазушы емес, тілші ретінде жаздым. Сол орысша, қазақша мақалаларымды жинасаңдар кемінде көлемі 6ip том болады. Оған сендер мән бермей жүрсіңдер, мән бермей-ақ қойыңдар. Кейінгі ұрпақ өзі іздеп тауып мән береді»- деп артынан ерген журналист iнici M. Қалдыбайға айтып керсеткен екен. Ал ел арасына кең тараған нақыл сөздеріне келер болсақ, «Өтіріктің балын жалап тipi жүргенше, шындықтың уын iшіп өлген артық», «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды бермегін. Жан-сенікі, сыр-серіктеріңдікі оны да ұмытпағын», «Опасызда Отан жоқ», «Дұшпаның қашса, сен жеңсең, оның әйел-қыздарына көз салма», «Бақаның бағынан, сұңкардың соры артық», «Ежелден ел тілегі — ер тілегі, Арда ұл ер боп туса — ел тipeгi», «Ана тілін білмеген — наданның аюаны», «Қарабет боп қашқанша, қайрат көpceтin өлген артық» т.б. ұлағатты өсиетке толы нақыл сөздерін көкірегінде сәулесі бар әрбір қазақ азаматы өзін және өз ұрпағын жаттатып тәрбиелесе, біздің ұлы халқымыз талай Бауыржандарды дүниеге әкелері айқын.

Г) Тарихи шығармалар. Б.Момышұлының шығармаларының басым бөлігі, тinтi түгелдей деп те айтсақ болады, атап өткеніміздей әскери мемуар болып келеді. Сондықтан соғыс туралы шығармаларының басым көпшілігі тарихи шығармаларға жатқыздым. Бұлай сыныптауымның себептерін туүсіндірсек,   біріншіден,   белгілі   бip   тарихи   кезеңді   бейнелейді,   екіншіден, Б.Момышұлының шығармашылық ерекшелігіне сай ойдан артық қосылған эпизодтар өте аз кездеседі. Бұл шығармаларға «Москва үшін шайқас», «Боевые будни», «Бip түннің оқиғасы», «Біздің генерал», «Жаунгердің бейнесі» т.б шығармалар жатады. Бұл шығармалардың iшiнeн бiз өзіміздің қамтитын кезеңімізде жазылған шығармаларды таңдап алдық. Соғыс кезінде осы тарихи шығармалардың ішінде «Артымызда Москва» /38/, «Біздің генерал» /39/ шығармаларын алдық. Бітіру жұмысымның екінші тарауының бipiнiшi бөлімін «Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» еңбегі қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуының дерек көзі ретінде » деп алдым.

Д) Ғылыми шығармалар. Ғылыми тұрғыда соғыс өнері, әскери тактикаға арналған құжаттары — «Соғыс психологиясы» еңбегі. Бұл еңбек Б.Момышұлының 1944 жылы Алматыға келгенде 6ip топ қазақ зиялылары, ғалымдары алдында оқыған лекциялары жинағы ретінде құрастырылған. Мұрағатта Б.Момышұлының лекциялары, баяндамалары, әр түрлі стенограммалары сақталынған. Мысалы: 8 — гвардиялық атқыштар дивизиясының 1073 — полкы командирлер кеңесінде жасаған баяндамасының стенограммасы, Б.Момышұлының әскери өнер, дала жарғысы туралы лекциялары, Б.Момышұлының тоғызыншы қызыл тулы гвардиялық атқыштар дивизиясының қорганысын құру және ұйымдастыру туралы баяндамасы т.б. жинақталған /40/.

Енді бiз Орталық Мемлекеттік Мұрағатта жинақталған Бауыржан Момышұлының өмірбаянына байланысты құжаттарды былай сыныптаймыз:           1. Бауыржан Момышұлының әдеби қызметінің құжаттары яғни Бауыржан Момышұлының КСРО мен ҚазКСР Жазушылар одағындағы қызметі, баспагерлермен, газет-журнал редакциясымен өз шығармаларын басқызу үшін жасаған шарттары жатады.

  1. Әскери оқуы мен кызметі туралы материалдары. Бұл құжаттар негізінен 1432 — кордың 2 — тізбесінің 332 — ісінде жинақталған.
  2. Б. Момышұлы кітаптағы барлық   әскери, әскери   —   психологиялық мәселелердің дұрыстығына жауап береді.
  3. Кітап қолжазбасының тұнғыш редакторы Б. Момышұлы болады.
  4. Бұл шарт 1942 жылдың март — апрелінде жасалды,  1944 жылдың  18 —
    декабрінде Москвада кағазға түсті.
  5. Бауыржан Момышұлының әскери оқуы мен кызметі туралы құжаттар тобына 1942-1943 ж.ж. 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының 19 — гвардиялық атқыштар полкінің бұйрықтары, Бауыржан Момышұлының әртүрлі белгілер салынған дүниежүзінің саяси картасы жатады.

Б.Момышұлының шығармаларын тіліне қарап бөлу. Б.Момышұлы өз шығармаларын көбіне орыс тілінде жазған. Тарихи шығармалары және «Ұшқан ұя» пoвeci орыс тілінде жазылып, кейіннен қазақ тіліне аударылған. Ал оның өлеңдері, афоризмдері, бірнеше әңгімелері және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары қазақ тілінде жазылған.

Бауыржан   Момышұлы   еңбектерінің   сақталу формасы.

Б.Момышұлының еңбектерінің сақталу формасына келер болсақ, мұрағатта сақталған барлық құжаттары қағазға жазылған, көбіне автордың өз қолымен жазылған, ал кейбіреулерін ғана адъютанты жазып отырған. Егер қолжазба адъютантттың қолымен жазылған болса, автор қолжазба шетіне «Адъютант қолымен жазылған» деп белгі соғып отырған. Мұның өзі яғни автордың қолжазбаларға жауаптылықпен қарауы құжаттардың шынайылығына әсер ететін фактор болып табылады. Автордың жазуы түсінжті әpi анық. Қолжазбалардың тіліне келер болсақ, іpi көркем шығармаларының дет орыс тілінде жазылған. Ал хаттары, блокноттары, өзінің жеке адамдық құжаттары латын  және   араб  шрифтерімен  қазақ  тілінде  жазылған.   Б.Момышұлының шығармалары негізінен Панфилов дивизиясының тарихына арналған. Хаттары және басқа құжаттары өз қолымен жазылған түпнұсқа түрінде сақталған. Хаттарының біразы Мекемтас Мырзахметов жинастырып, бастырған «Қанмен жазылған кітап» жинағына кірген. Ал ipi көркем шығармалары, роман, повестерінің бәрі әр жылдары кітап болып басылып шығарылған. Енді мұрағатта сақталған осы көркем шығармалардың бірнеше нұсқасы бар. Осы нұсқаларға тоқтала кетсек, «Артымызда Москва» [«Москва үшін шайқас»] шығармасының ең көне қолжазбасы 1945 жылы араб шрифтімен қазақ, орыс тілдерінде жазылған нұсқасы. Бұдан өзге өзгертіліп, толықтырылған 1957-1959 жылдары жазылған, автор қолымен түзетілген, машинкамен терілген 2 нұсқасы сақталынған. «Боевые будни» шығармасының алғашқы нұсқасы 1958 жылы жазылған. «Бip түннің оқиғасы» шығармасы 1949 жылы алғашқы нұсқасы жазылған. Мұрағатта 4 редакциясы сакталынған. «Генерал Панфилов» еңбегі машинкамен басылған 1944 жылы жазылған нұсқасы бар. «Жауынгердің тұлғасы» еңбегінің алғашқы нұсқасы 1956 жылға тән /41/. «Біздің үй» еңбегінің алғашқы беттері 1945 жылы жазыла бастаған. Бұл қолжазбаға 1949 жылға дейін толықтырулар енгізілп отырған. Қолжазбаның кей бөлімі автордың өз қолымен жазылса, кей бөлімдерін машинкаға басқан.

Еңбектері кітап болып басылмастан бұрын сол кездегі Қазақстанның көптеген газет — журналдарына толықтай да, үзінділері де басылып отырды.

 

  1. 2. Бауыржан Момышұлының шығармашалық құжаттары

 

Бауыржан Момышұлыныц бұл шығармасына қысқаша сипаттама бepiп өтейік.

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағатында бұл қолжазбаның 1945 жылы жазылған түпнұсқасы сақталынған [49]. Шығарма бастапқыда орыс тілінде жазылған. Басталуы Бауыржан Момышұлының батальонының қоршаудан шығып, Волокаламск қаласына жетуі мен басталса, ал аяқталуы Москва түбінде Кеңес Одағының қарсы шабуылға шығуымен аяқталады. Шығарма генерал И.В.Панфилов басқарған 316 — атқыштар дивизиясының жүрген жолымен байланысты. Шығарма төрт кітаптан тұрады. Бұл еңбектің басқа жазба деректерден ерекшелігі сонда, бұл жерде Ұлы Отан соғысындағы ең маңызды оқиғаның бipi — Москва үшін шайқас, осы шайқастағы негізгі күретамыр — Волокаламск тас жолы үшін болған күрестің оқиғалары болған уақытына қарай дәл белгіленеді.  Бұл оқиға белгілі бip кеңістік пен уақытта болғандықтан сол құбылыстар негізінде пайда болған объективті дерек ретінде, бұл шығарма өз бойында өзі дүниеге келген жері мен уақытының, яғни белгілі бip тарихи кезеңнің ерекшеліктерін де сақтайды. Осылайша бұл шығарма жазба тарихи деректің бip түpi ретінде келешек ұрпаққа оқиғалармен қатар сол оқиға болған елі мен жері және уақыты туралы да мәліметтер жеткізеді.

Сонымен қатар, бұл шығарма нақты бip субъектінің, яғни Бауыржан Момышұлының саналы ic — әрекеттерінің жемісі ретінде дүниеге келгендіктен, яғни бұл жерде кісінің дүниеге көзқарастары да енген. Әлеуметтік және таптық позициясы, қай топ, тап немесе ұлттың мүддесін қорғағаны туралы білеміз.

Бұл шығармадағы субъективтілік мәселесін тікелей қарастырайық.

Шығарма жазылу уақыты жағынан сол соғыс жылдары жазыла бастаған. Осы жағынан бұл шығарма соғыс туралы жазу барысында жазушының өзінің iшкі сана-сезімінен, ойынан өзге сыртқы жағдайлар қатты ыкпал етті деп айта алмаймыз. Әрине сталинизмнің күшейіп, кеңестік идеологияның кең қанат жайған кезеңінде жазылды. Дегенмен де Лениннің ойымен басталып, ойымен аяқталатын баска шығармаларға қарағанда бұл шығарма нақты оқиғаларды нақты адамдар мен нақты мекендерге байланысты баяндайды. Мұның бірінші себебі, шығарманың жазылу уақытына байланысты болса, екіншіден, Бауыржан Момышұлының жеке басының қасиеттеріне де байланысты. Ceбeбi, бүкіл әскер басылардан бастап қатардағы жауынгерлерге дейін өзінің шыншылдығымен, туралығымен, әділдігімен тәнті еткен Бауыржан Момышұлының мінезі бұл жерде де байқалады.

Тарих сияқты тарихи деректердің  де олармен айналысатын тарихи сынның да әр алуандығы туралы белгілі орыс тарихшысы, профессор В.О.Ключевский өзінің 1888 жылы оқыған дәрісінде тарихи сын қосымша ғылым ретінде барлық жерде бірдей болуы керек пе, әртүрлі материалдарға бірдей тәсіл қолданылып, бірдей мақсат қойылуы керек пе немесе әр халыктың өзінің ерекше тарихы болатыны сияқты, ерекше, өзіндік ерекшелігі бар тарихи сынның болуы керектігін дәлелдейд.

Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы тарихын зерттеуде Ұлы Отан соғысына қатысқан басқа да адамдардың естелктері сияқты «Москва үшін шайқас» романының да тарихи дерек көзі ретінде алар орны ерекше.

Бұл еңбектің авторы сол қанды шайқастарды сырттай ғана бақылаушы ғана болып қойган жоқ және бұл оқиға туралы тылда отырып жазған жоқ, керісінше буырқанған оқиғалардың ортасында журді. Қайнаған құбылыстар барысын суретке түсіргендей қағаз бетіне бейнеледі.

Большевиктік-коммунистік саяси басқару жүйесінің уақыт сынына шыдамай, тарих аренасынан кетуі және КСРО сияқты алып империяның күйреуі нәтижесінде еліміздің тәуелсіздік жолына түсуіне байланысты туындаған қазақ халқының ғылыми тарихын қайта жазудың объективті қажеттілігі жалпы тума, төл деректерімізге деген қызығушылықты тудырды.

Дегенмен тарихи дерек көзі ретінде «Москва үшін шайқас» романы да тарихи сыннан өткізуді қажет етеді. Ceбeбi баска да тарихи деректер сияқты бұл шығарма да әлеуметтік сұраныстарға сай, нақты тарихи жағдайда өзі қоршаған қоғамдық саяси ортада, белгілі бip субъектінің саналы ic-әрекетінің нәтижесінде пайда болған объективті дүние. Сондықтан шығарманың жарыққа шығуының объективті алғышарттарының және оның авторының қоғамдық позициясы мен әлеуметтік жағдайын терең білудің ондағы мағлұматтардың ғылыми-ақпараттық және танымдық маңызын ашуға көмектесері анық.

Біз шығарманың шығып тұрған кезеңін ұмытпағанымыз абзал. Шығарма кеңес заманында жазылды. Бірақ, бұл кеңестік идеологияның керемет әсер еткенін білдірмейді. Шығарма нақты окиғаларды бейнелейді. Шығарманың пайда болуының тарихи алғышарттарына келер болсақ,  Бауыржан Момышұлы, оның атақты дивизиясы және дивизия басшысы И.В.Панфилов, өз қаруластары туралы білетінін келер ұрпақ үшін жазып қалдырып кеткici келгенімен түсіндіріледі.

Шығарманың сипатын, оның қоғамдық саяси бағытын анықтау және оны есепке алу — оған деректанулық талдау жасаудың,  одан алынған мәліметтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланудың ең басты міндеті және алғышарты.

Бұл   шығарма   «қайталанбайтын   деректер»   түріне   жатады.   Бұл   дерек түрлерінің «қайталанатын  деректерден»  айырмашылығы  олардан  алынатын ақпараттардың ғылыми құндылығына, сол деректі жасаушы субъектімен тікелей байланысты болады. Нақты деректі дүниеге әкелген субъектінің қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, өзін қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, жалпы білі дәрежесі, қоғамдық позициясы т.б. қасиеттері дерекке енбей қоймайды. Сондықтан деректің берер мәліметі өзі бейнелеп отырған объектінің шеңберінен әлдеқайда кең, ceбебi ол зерттеушіге деректі жасаушы субъект туралы да қосымша ақпарат бере алады.

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мағлұмат беретін, әртүрлі формада, әртүрлі мақсатта пайда болған деректер баршылық. Дегенмен олардың бәрі ғылыми айналымға түскен жоқ. Ал егер зерттеулер жазылған болса, таптық турде жазылған. Мұның бip ceбeбi, жеке адамдар шығармаларына әсіресе көркем шығармаларға тарихи мәні төменірек, тек әдеби сипаттағы, романтикаға көбірек бой алдырған деп нақты тарих ғылымына қолданысқа енбеген. Ал бұлай болудың ceбeбi, бұл шығармаларға нақты теория жүзінде деректанулық талдаудың жасалмауы, деректанулық сыннан өткізілмеуі сол себепті ғылыми айналым талаптарына сай еместігі қалыптасады.

Осы жазылған деректердің бip  бөлігі ғана үстем ұлт мүддесіне сай таптық тұрғыдан қаралып кеңестік тарихнамада ғылыми айналымға молынан тартылған.

Тарихи деректанудың өзекті  мәселесі — деректегі барлық сақталынған ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдерін жасау. Демек, деректанудың маңызды міндеттерінің бipi — тарихи деректерді талдау методикасын жасау және оны тарихи зерттеулерде қолдана білу.

Тарихшылар барлық уақытта деректерде бейнеленген тарихи өткенді қандай тәсілдермен қалпына келтіруге болатындығын ойлады және оның тәсілдерін жетілдірді. Сол тәсілдердің ең бастыларыныц бipi — деректанулық сын.

Тарихшы Шлецер сынды қатаң үш топқа бөледі:

  1. «Kiші сын» (немесе сөзді сынау) – мәтіннің түпнұсқалығын анықтау, басқаша айтқанда, автордың өз жазғаны ма, не кейіннен көшірушінің не қосқанын анықтау.
  2. Мәтінді грамматикалық не тарихи талдау, сөздерді және сөйлемдерді зерттеу, сол арқылы автордың нақты сөздер мен сөйлемдерді алудағы не айтпақ болғандығын анықтау.
  3. «Жоғарғы сын» (icтi сынау) — дерек авторының пікipi дұрыс па, айтып отырған оқиға қаншалықты рас және ол шын мәнінде тарихи оқиға екеніне көз жеткізу.

Бұл ойлар мен тұжырымдарды келтіріп отырған себебіміз, Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» еңбегін нақты дерек көзі ретінде талдауда осы принциптерді пайдаланамыз. Бұл жерде біріншi қарастыратын мәселеміз — деректің сақталу формасы. Кез-келген тарихи дерек белгілі бip материалдық формада өмip сүреді. Мазмұны жағынан бірдей бip мәтіннің өзі бірнеше формада өмip cүpyi мүмкін.

Бұл шығарманың қолжазбасы орыс тілінде жазылған. Қолжазба қағазға сиямен жазылған, ал екінші немесе кейінгі нұсқалары машинкада бастырылған. Романға автордың өзі бірнеше рет өзгерістер енгізген, дегенмен шығарманың кітап болып басылуы автордың көз алдында өткені себепті өзге адамдар оған өзгерту енгізе алмады. Ал автордың өзінің енгізген өзгертулері шығарманың толық мәні мен мазмұнына әсер ететіндей елеулі болмаған. Сондықтан да шығарманың түпнұсқалық проблемасы сақталынған.

Еңбектің пайда болу уақытын анықтау. Шығарма 1945 жылдан бастап жазылған. Ceбeбi, тұңғыш қолжазба 1945 жылға тән. ҚР ОММ-да №1432 -қордың 2 — тізбесінің, 2 – 1 ісінде осы «Москва үшін шайқас» романының 1945 жылғы нұскасы қағазға орыс тілінде жазылған қолжазба ретінде сақталған.

Деректің пайда болған жерін анықтау. Бауыржан Момышұлы 1943 жылы денсаулығына байланысты Алматыға келеді. Бұл жерде 1944 жылға дейін болады. Ал 1945 жылы Балтық бойындағы соғысқа кіреді. Шығарма осы кезеңде жазылуы мүмкін.

Деректің әлеуметтік функциясы. Әлеуметтік функцияның маңызы туралы т.ғ.д. проффессор Қ. М. Атабаев өз еңбегінде: «Жоғарыда айтылған деректердің пайда болуына байланысты проблемалар спекторын – мәтіннің тарихын, авторын, уақытын, жерін, түпнұсқалылығын анықтау — ол тек деректі сол дәуірдің  контексінде қараудың, басқаша айтқанда, оның пайда болуының нақты тарихи жағдайларын, оның әлеуметтік алғышарттарын ашуға кажетті мәліметтер ғана» — деп көрсетеді.

Деректанушы ғалым О. М. Медушевская: «Деректану теориясы үшін принципті сәттердің бipi тарихи деректерді адамның принципті ic-әрекетінің жемісі деп қарап, оның әлеуметтік табиғатын ашу болып табылады», — деп жазды.

Бұл еңбектің әлеуметтік функциясының сол кезеңде жазылған деректерден айырмашылығы — ешқандай таптың немесе топтың тұрғысынан жазылмағандығы. Айтылып өткендей мұның бip ceбeбi — шығарманың жазылу уақытында болса, екінші ceбeбi — автордың жеке басының қасиеттеріне байланысты болды .Шығарманың жазылуының басты міндеті — Москва түбінде шайқасқан ерлерді ұлтына, нәсіліне, жеке бас қасиеттеріне қарап бөлмей, олардың ерліктерін, Отансүйгіштік қасиеттерін шындықпен жазып қалдыру болған. Ал жазушы бұл максатты шығарманың басынан аяғына дейін ту етіп көтepiп, алған бетінен таймай кеттi. Шығарма орысты да, қазақты да, белорус пен украинды да, өзбек пен қырғызды да белін-жармай бipre суреттеді. Және шығармада қатардағы жауынгерден бастап шенін қолбасшылардың бәрінің жеке адамдық қасиеті ашып көрсетеді. Дөрекі, қорқақ, аңгғл, ержүректердің бәріне де лайықты бағалары берілген. Осындай турашылдығы сол кезде көзі тipi талай адамның шамына да тиген болар. Мүмкін батырдың өле-өлгеніне батыр атағын ала алмай кеткеніне де осы жағдайлар әсер еткен шығар.

Деректің шынайылық деңгейі. Шынайылық деп субъект бейнелеген образдың объектпен адекваттылығы (сәйкестілігі) айтылады.

Деректердің шынайылық дәрежесіне әсер ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Ақпараттың дерекке ену және бекітілу жағдайы (шындықты қабылдау сезімділігі, автордың ақпаратты бекіту кезіндегі мүмкіндігі, фактілерді таңдау принципі, аппарат көздері т.б.).

1.Автор   позициясы,   оның   әлеуметтік   жағдайы,саяси-эстетикалық   т.б. көзқарастары.

Енді бұл шығарманы осы жүйеге салып көрейік: 1. Ақпараттың дерекке ену және бекітілу жағдайына келер болсақ, автордың шындықты қабылдау мүмкіндігі жоғары болған. Ол бірнеше ғасыр бұрын өткенді емес, бірнеше жыл бұрын өткенді тinтi сол уакыт кезеңінде жазды. Шығарма жазылған уақытта осы оқиганың кейіпкерлердің біразының көзі тipi еді, және олардың шығармамен толық танысуы заңды құбылыс. Егер автор өз шығармасында елеулі қателер жіберіп, принципе шатасса, сол тipi куәгерлер не олардың ұрпақтары бұған жол бермес еді. Ал «Москва үшін шайқастың» сол сұрапыл шайқас туралы ipi дерек көзі ретінде алатын орны айрықша, шығарма бұрын да, бүгін де халықтыц кең қолдауына бөленген. Еңбектің негізгі аппарат көзі — майданның өзі. Еңбекті жазуда негізгі фактілер болып әр түрлі құжаттар, бұйрықтар қосымша дерек көзі міндетті атқарған. Ал автор ең алдымен өз көзімен көрген, өз сана-сезімінде қорытылған фактілерді пайдаланған. Шығарма Москва үшін шайқаста күрескен 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының әcipece 1073-атқыштар полкінің жүріп өткен жолымен таныстырады. Автор оқиғаның басынан аяғына дейін қатысқан. Автор   соғыстың  осы   кезеңінде   қатардағы  жауынгер   емес,   аға  лейтенант шеніндегі батальон және полк командирі болды. Командирдің қатардағы жауынгерден айырмашылығы — жауынгер нақты шайқаста болып жатқан оқиғаны тек бip қырынан ғана яғни өзіне кopiнiп тұрған және өзінің қору мүмкіндгі жететін жерін ғана көреді. Қатардағы солдаттан бiз жау әскерінің жалпы көлемін, позициясын не өз әскеріміздің ұстанған тактикасы мен ұрыс барысы туралы толық мәлімет ала алмаймыз, ce6e6i солдат бұл мәліметтермен хабарландырылмаған. Ал бұл жерде Бауыржан Момытшұлы белгілі 6ip әскери ұжымды басқара отырып, басқалардан гөpi жау майданы туралы көбірек хабардар болды, өз майданының және көpшi майдандардың жайымен хабардар болды. Сондықтан өзі жазып отырған мәселе туралы өзi білді ме деген сұрақ төңірегінде таласып жату орынсыз деп ойлаймын. Бұл факторға осылай талдау жасау бізге еңбектің шынайылық дәрежесінің жоғары екенін көрсететін бip көмекгін құрал болып саналады.

  1. Автор позициясы оның әлеуметтік жағдайы, саяси — эстетикалық т.б. көзқарасы туралы айтсақ. Мен осы диплом жұмысын жазу барысында Бауыржан Момышұлының еңбектерін сыныптау, сынау барысында үлкен қиындық туғызған мәселе оның әлеуметтік позициясы болды. Ол үлкен ұлтшыл адам еді. Оның ұлтшылдығы хаттарында, жазба кітапшаларында, күнделіктерінде, афоризмдері мен өлеңдерінде көрініп тұрды. Ол тапшыл емес, кедейдің де, байдыңда мүддесін қолдаған емес. Ол тапшыл емес, халықты, жауынгерлерді нәсіліне, тіліне, дініне, ақылына, біліміне қарай да бөлген емес. Ол рушыл да емес. Ол — Отаншыл болған. Менің бұл жерде қиналғаным да сол болатын — сан қырлы, мінезді, ақылды, ержүрек ұлы тұлганы өзімнің тар шеңберлі жіктеуіме сыйғыза алмауым еді. Бұл шығармадағы автордың позициясы — Отансүйгіштік. Бұл — автордың үлкен артықшылығы.

Деректегі   кайшылықтарды   ашудың   негізгі   екі   жолы   туралы  айтуға болады:

  1. Мәтінге логикалық талдау жасау,
  2. Әр түрлі деректерді салыстыру арқылы.

Әcipece пайда болуы жағынан бip-бipiнe байланысы жоқ, бipaқ тек бip оқиғаны бейнелеген әр түрлі деректерді кешенді салыстырудың маңызы зор. Әр түрлі деректердегі бip оқиға туралы ақпараттардың бip-бipiмeн сәйкестік оның шынайылығын көрсетеді. Біз бұл еңбектің шынайылығын айқындау үшін А.Мұхамеджановтың тарих ғылымы докторы ғылыми атағын алу үшін жазған диссертациясымен салыстырамыз. Диссертация 1967 жылы қорғалған. Тақырыбы- «Участие казахстанских соединений в битве под Москвой (сентябрь 1941-март 1942гг)» /42/. Диссертация ғылыми тұрғыда жазылған. Шайқастардың болған жерлері, әскери құрылымдардың құрамы айтылған. Қазақстандық әскери құрылымдардың қолбасшылары, майданда ерлік көрсеткен солдаттар туралы көп мәлімет берілген. Диссертацияда Бауыржан Момышұлына кеңінен тоқталған.Ал тәуелсіздіктен кейін қорғалған, тарих ғылымы докторы ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертация Мира Мұхтарқызы Айтказинанікі. Және де салыстырмалы зерттеу ретінде академик Ақай Нүсіпбековтың «Казахстанцы в битве под Москвой» атты «Казахстан в Великой Отечественной Войне» атты жинаққа енген зерттеуін де алдық. Осы екі кезеңде жазылған екі диссертациядағы мәліметтерді және А.Нүсіпбековтың еңбегінде келтірілген осы оқига туралы мәліметтерді Бауыржан Момышулының «Москва үшін шайқас» еңбегіндегі мәліметтермен салыстырайық. Айтқазина: «Жорықта Б.Момышұлыың батальоны 600 гитлерлікті, 6 танктің көзін жойды. 6 станокты пулемет, 2 қару, 16 күймені қолға түсірді.Және қоршаудан шығып өз батальонына қосылды. 25 қарашада Б.Момышұлы өз взводымен Лопастино, Десятировка ауданында жау тылына түнгі жорық жасап, 200 неміс солдатының көзін жойды. 22-23 қарашада тағы тылға жұмсалып, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап келді…

26-қарашада аға лейтенант Б.Момышұлына 1073-атқыштар полкін басқару тапсырылады.» -деп керсетеді. Ал Мухаметжанов Б.Момышұлы туралы «Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі панфиловтың Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысының көптеген шайқастарына қатысқан. Полк басқарған, соғысты гвардия командирі қызметімен аяқтаған»- деп баға береді.

Енді Москва түбіндегі шайқастың жекелеген оқиғалардың баяндалуына келейік.

Шайқаста ең бip қолдан-қолға өткен елді мекеннің  бipi — Горюны. Бұл село туралы Б.Момышұлы өз шығармасында былай баяндайды: «Горюны. Бұл Волоколамск тас жолының екі жағына орналасқан кіші-гірім деревня, жиырма бес шақты үйі бар.

Егер майдан жаққа бетіңді бұрып, картаға қарап тұрсаң, карта бетінде кішкене өрмекшідей болып тырбиып жатқан Горюныны көресің. Сол жерден жан-жаққа өрмекшінің тобындай болып жіп-жіңішке жолдар тарайды. Біздің батальонның басты тipeгi мен штабы осы Горюныда», — деп деревняның орналасу жағдайы мен мәні туралы мәлімет бepiп өтіп, енді осы аймақ үшін өткен шайқасты толық жазады: «Горюны ауданында жау шабуылға шықты ал біздікілер оны отпен карсы алды. Жаудың алдыңғы қатарлары біздің миналы далаларымыз бен ормандарымызға келіп тірелді 2 танк минамен жарылды.» дейді. Ал батальонның қоршау жағдайында қалғаны туралы Б.Момышұлы еңбегінде мынадай құжат материалдарын қолданады: «Батальон Матренино, Горюны станциялары маңында ұрыстар жүргізді. Батальонмен байланыс үзілген, нақты орны белгісіз 18/11/1941», «Батальон Горюны, Матренино аудандарында үздіксіз , қорғанып, үш тәулік бойы қоршау жағдайында күрес жүргізді. Жау 3 танк, 1 қару, 2 автомашинасынан айырылды, көптеген қару-жарақ пен жүзге тарта солдат өлтіріліп қолға түсіршді. 19/11/1941 батальон қайта қоршауда қалды»-деп жазылған полк штабының ақпарларын келтіреді. А.Мухаметжанов өз диссертациясында: «1941 жылдың қарашасының 16-сынан 20-на дейін Бауыржан Момышұлы батальоны қоршау жағдайында Горюны деревнясы ауданында күрес жүргіздьі. Осы шайқаста дивизияның негізгі күшшен ажырап қалған батальон жаудың 600 әскерін, 6 танкті, 6 станокті пулеметті, 2 қару, 8 радиостанция , 2 штаб автомашинасын құжаттарымен қолға түсірді»-деп жазды [12, 135 ]. Ал бұл шайқас туралы А.Нүсіпбеков : «1073-полктің 1-атқыштар батальонының аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқаруымен Горюны селосының түбінде қоршауға түскені туралы айтпай кетуге болмас. Бұл батальонный; жау тылында 16-20 карашада коршауға түскені жайлы тарихнамада тек сараң сөздермен ғана айтылып өткен»-деп өз заманында-ақ батыр тарапына жасаған теңгермеушілікті көрсете білген. Ал Момышұлының полк командирлігі кызметіне ауысуы туралы А.Мухаметжанов: «Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың 26-шы карашасынан 7-ші желтоқсанға дей1н 1073 — атқыштар полкін басқарды»- дейді. Ал А.Нүсіпбеков бұл оқиға туралы: «16-армияның командашысы генерал-лейтенант К.К.Рокоссовский Бауыржан Момышұлының батальонымен жеке қызыққан. 1073-атқыштар полкінің командирі болған Бауыржан Момышұлы комдивке жіберген ақпарында: «Доношу что 28/11/1941г. Вступил в командование 1073-м с.п. Командование 1-го батальона передал младщему лейтенанту Исламкулову М.» -деп көрсеткен.

Тағы бip елді мекен Крюково үшін шайқасты қарайтын болсақ: Бауыржан Момышұлы өз еңбегінде бұл шайқас туралы: «Крюково үшін ұрыс басталды.

Біріншi күні алты сағат ұдайы соғыс болды.

Екінші күні согыс он екі сағатқа созылды.

Үшінші күні он сегіз сағат өштесе арпалысумен болдық. Крюковоның шет жағалары бip тәулік ішінде қолдан-қолға бірнеше рет өтті. Қоян-қолтық арпалыс, алма-кезек төмпештеудің соңындамыз. Бip-бipiмiзгe көнер емеспіз, бip-бipiмiзre ырық берер емеспіз. Арамыз өте жақын. Артиллерия мен минометтерден атуға екі жақ та тәуекел жасай алмайды.» -деп ұрыс барысы туралы жазса, ұрыс қорытындысы туралы: «1941 жыл. 6-желтоксан. Крюководағы жау жатағының күлі көкке ұшып жатыр. Қарт Тверь мен Тула арасындағы майдан шебін бұзып, ұралаған дауыспен жер-көкті жаңғыртып Кеңес Армиясы қарсы шабуылға шықты»-деп жазады.

Ал Мұхаметжанов осы бip бүкіл соғыс бағытына түбірлі өзгеріс жасаған оқиға туралы: «7 — желтоқсанда таңертең қарсы шабуылға генерал-лейтенант К.К.Рокоссовский бастаған 16-армия шықты. Олар Крюково мен Истраға шабуыл жасады. 7 — желтоқсанда кешке 8 — атқыштар дивизиясының 1077-полкі Крюковоның солтүстік-шығысын алды. 8 — желтоқсан күні таңертең дивизияның басқа бeкіністepi де Крюковода қарсы шабуылға шықты. Осы күні біздің бөлімдер Каменка мен Крюковоны тугелдей жаудан тазартты»-деп келтіреді. Осы Крюково селосы туралы шайқас туралы А.Нүсіпбеков: «1941 жылдың 3-желтоқсанында Крюково үшін шайқас басталды. 1073-атқыштар полкі деревняның батыс жағына орналасты. полк штабының 7 желтоқсанындағы мәліметтерде полк үлкен шығынға ұшырағанын көрсетеді. Екінші және үшінші батальондардың қатардан шығып қалуы себепті бүкіл роталар Т.Исламкуловтың бірінші батальонына бipiктірілдi. 1941 жылдың 5 -желтоқсанында полк қарсы шабуылға шықты.»-деп көрсетеді. Бауыржан Момышұлы өз шығармасында генералдар И.В.Панфилов пен И.М.Чистяков, капитандар Лысенко мен Булатов, Кирсанов, лейтенанттар Брудный, Угрюмов, полковник Капров, подполковник Кургановщомиссар Логвиенко мен Гусев, майор Елин, Т.Тоқтаров, М.Еабдуллин, Бозжанов, Рахимов, Мухамедьяров т.б. қолбасшылар, саяси жетекшілер, солдаттар туралы көп мәліметтер бepiп өткен. Осылардың iшінен даңқты қолбасшы, Ұлы Отан соғысының батыры И.В.Панфилов туралы айтқан ойларына келейік. «Панфилов өлімі бiз үшін ауыр қаза болды. Байсалды ұстаз, білгір командир ретінде кімнің де болса көкейінде қалды ол кici. Оны сүймейтін, оны құрмет тұтпайтын ешкім жоқ еді арамызда. Оның қазасы біз басқарған дивизиясы үшін де үлкен сын болды. Панфиловпен бipre болған, бipre соғысқан адамның қайсысы болса да, ол туралы білетіні ортаға салғысы келген болар-ау. Keйбip есімде қалған кездерімді мен де жұрт алдына ұсынғым келеді»-деп әpi қарай генералмен кездесулерін келтіреді. Кітаптың басталған кезінде қоршаудан босап келіп, өз батальонымен Волоколамск қаласына келгенде генералдың келбеті туралы: «Біз көріспеген аз уакыт ішінде генерал арықтап, бұрынғыдан да кішірейе еңкіштеніп, киімінің жағасы мойнына кеңіп қалыпты. Жүзі тотыққан әжімдері бұрынғыдан гөpi терең сызаттана түскен. Мұрны мен иегі сүйірлене түскен. Қысқа бұрыл шашы қылтанақтай тікірейіп тұр. Бұрын мұқият күзеп жүретін суағарындағы бармақтың тырнағындай мұрты бұрыңғыдан гөpi тікірейе өcin кетіпті. Соғыс әypeci кей күндері мұртын басуға да мұрша келтірмегені сезіледі»-деп соғыстың қиын кездерінің генералға тигізген әсерін айтады. Шығарманың өне бойынан автордың генералға деген ыстық ықыласы айқын сезіліп тұрады. Атақты генерал туралы А.Мухаметжанов: «Тәжірибелі, байсалды, соғыста ержүрек генерал И.В.Панфилов коммунист-әскербасының айқын бейнесін көрсетеді. Солдаттары өз командирлерін соншалық ержүрек әpi күшті махаббатпен сүйді»-деп керсетсе, А. Нүсіпбеков өз еңбегінде Панфилов туралы айтқан К.К.Рокоссовскийдің мына сөздерін келтіреді: «И.В.Панфиловпен арада болған әңгіме менің ақылды, терең білімді, командирлік бай тәжірибеге ие адаммен жұмыс істейтінімді байқатты. Оның ұсыныстары жақсы негізделген еді. Бет-келбеті ашық, қарапайым, тinтi ұяң да. Бірақ сонымен бipre одан қайнаған энергия мен керек кезінде тұрақтылық пен темірдей рух көрсетуге мүмкіншілігі сезіліп тұрды. Өзінің бағыныштылары туралы ол кici ерекше сыйластықпен сөйледі. Олардың әрқайсысын жеке-жеке білетіні көpiнin тұрды.»- деген екен атақты маршал.

Ал Панфилов қайтыс болған соң дивизия басшылардың ішіндегі ерекше басшысы И.М:Чистяков туралы «Орта бойлы, дембелше, тығыншықтай шымыр, қарулы денелі генерал Чистяков генерал Панфиловтан кейінгі төртінші командир. Генерал ақ көңіл, ашық мінез менменділігі жоқ күйінсе де сүйінсе де ойындағысын кейде тік айта салатындығына қарай кейбір сырын білмегендерге ол дерекшеу, катал көрінетін. Бipaқ шындығында ол кici адал ниет, зерек адам еді. Генерал Чистяковтың мінезі басқаларға ұксап құрғақ «бұйырамын», «жарлық етемінсіз» жай әңгіме ретінде сөйлеп, өзінің iшінe тартып, сырыңды біліп алып, түсінікті, мазмұнды сөздермен тапсырмалар бepiп, ойыңдағысын аңғартып, орындаушының да пiкipiн тыңдап, «былай ет, былай етерсің» деген акылдарын айтып болған соң, «бұйрық осылай» деп аяқтап бip-aқ доғаратын. Генерал жай өмірде шапшаң алғыр кісі. Ол кici тәжірибелі ақылды, күрделі соғыс мәселесін кең ойлап толғана шешетін генерал екеніне менің өзім кейіннен де бірнеше рет кез болдым.»-деп сипаттайды. Ал генерал И.М.Чистяковтыц дивизия командирлігіне келгендері туралы А. Мухаметжанов:”1941 жылы желтоқсанның ортасына карай 8-гвардиялық дивизияға Алматыдан көптеген толықтырулар келді, ал дивизия командирі болып тәжірибелі, ержүрек командир И.М.Чистяков келді” -деп жазды. Бауыржан Момышұлыныц «Москва үшін шайқас» еңбегінің шынайылық деңгейін анықтау мақсатында жасаған қадамым осы. Kөpiп отырғанымыздай кеңес дәуірінде болсын, тәуелсіздк жылдары болсын жазылған еңбектердегі мәліметтердің бәрі біздің зерттеу объектіміз деп мәліметтермен сай. Ол зерттеушшер өз еңбектерін әртүрлі мұрағат материалдарына сүйеніп жазған. Және Бауыржан Момышұлының осы романын дерек көзі ретінде пайдаланған. Бұл да болса еңбектің ғылыми құндылығының зор екенін көрсетеді. Осы өзімнің қолымнан келгенше, мүмкшдігім жеткенше қолданған әдіс –тәсілдерді жүргізу арқылы байқағаным — бұл еңбектің шынайылық деңгейі өте жоғары. Еңбек — Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуының маңызды дерек көзі болып табылады. Өйткені Қазақстанда жасақталған әскери құрылымдардың көп бөлігі Москва түбіндегі қорғанысға енгізілген. Отан үшін қан кешкен азаматтарымыздың соғыстағы тағдыры туралы теңдессіз дерек қоры бұл шығарманың зерттелу, ғылыми айналымға енгізілуі кезек күттірмейтін мәселе!

 

  1. 2 Бауыржан Момышұлының  майданнан жазған хаттары

 

Бауыржан Момышұлы жазушы ретінде ерекше бөлімге жатады.              Ол-майдандағы жазушылар тобы. Қан майданда ұрыс пен ұрыстың, от пен оқтың арасында жүріп, тылда жатқан халқыньщ xалін біле жүрген, оның кайғы-мұңына күйініп жүрген жандардың бipi де бipeгейі — Бауыржан Момышұлы. Өзінің мұндай қызметі туралы: «Мен бастан кешкендерді жазып жүретін жауынгерлердің бірімін. Майданда жауынгерлер арасынан шыққан, қалтасында жазушылар одағының билеті болмаса да жазатын майдангерлер деп аталатын бытыранды топ бар. Мен бұл топты жазушылардың жаңа бip буынының тұтас бip армиясы деп ойлаймын. Олар әзір оқиғаны болат қаламсаптың ұшымен, көркем сөзбен шебер өрнектеуді меңгере қойған жоқ. Олар көзбен көргендерін, өздері куәгер болған оқиғаларды соғыстьң қатқыл тілімен жазып жүр. Соғыс аяқталған кезде соғыс әдебиет майданы да басталады, қазір әдебиет майданында соғыс жоқ. Соғыс аяқталғаннан кейін майдангерлер армиясы жазу өнерін меңгеруді қызу қолға алып, бүгін де әдебиет тосқуылында бүгіп отырған кейбір жазушылармен шайкасатын болады. Мұның өзі бәлкім бес жылдан кейін бе, болмаса он жылдан кейін бе, яки болмаса жиырма жыл өткеннен кейін бола     ма — оны мен дәл білмеймін» — деп өзінің мамандығы туралы айтып өтеді [36, 273 — 274]. Қазіргі кезде сақталған архив құжаттарына қарай отырып, біз батыр атаның майданда жүріп тылдағы қазақ; мәдениетінің жақсылығына сүйсініп, жамандығына күйінгенін байқаймыз. Ол көрген  майданнан жазған хаттары көп. Алайда біз олардың ішінен мәдениетке қатысты хаттарын бөліп алып қарастырайық отырмыз. Ceбeбi, біріншіден бұл менің өзімнің осы хаттарды оқи отырып Бауыржан атамызды тылдағы eшбip жайдың бейтарап қалдырмағандығы өте қызықтырса, екіншіден, сол кездегі майдан мен тылдың байланысын   көрсеткісі келді,   үшіншіден,   Бауыржан   Момышұлының   осы

мәселелерге ой толғауға, қалам алып хат жазуға ықпал еткеніне, қазақ, мәдениетінің бұл кезде қалай дамығанын осы хаттарды дерек ретінде алып көрсетуге тырыстым. Ал ең негізгі міндеті — бұл хаттарға деректанулық талдау жасау.

Бұл бөлімді жазу барысында 1941-1945 жылдары аралығында жазылған бес хатты зерттеу объектісі ретінде алып отырмын:

  1. Мұхтар аға! (Мұхтар Омарханұлы Әуезовке) 17.02.1942 ж.
  2. Қазақстан КП (б) Орталық Комитетінің насихат және үгітт бөлімінің меңгерушісі Әбдіхалықов жолдасқа. 18.10.1942 ж.
  3. Қазақ тілі туралы пікip. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Әбдіхалықов жолдасқа. 15-25.02.1944 ж.

            4.Қаныш аға! (Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа). 07.03.1944 ж.

            5.Әбдіхалықов, Панкратова жолдастарға. 01.09.1943 ж.

    Бұл жүйеде де хаттар хронологиялық принцип бойынша жинакталған. Енді жекелеген хаттарга келейік. Мұхтар ағаға жазған хаты 1942 жылы майдан даласынан жазылды. Хат орыс тілінде жазылды. Түпнұсқасы Қазақ Мемлекеттік Мұрағатында сақталған [36, 1 — 25]. Хат жазылу  жайында Бауыржан Момыпшұлы осы хаттың басында: «Неліктен екенін қайдам қолым қазақша жазуға жүрмей отырғаны белгісіз»-деп келтіреді хаттың осылай басталғанынан ақ наразылықтың, реніштің лебі сезілгендей. Шынымен-ақ, хаттың жазылуына негіз болған негізгі мәселе Мұхтар Әуезовтың 8 — гвардиялық дивизияға арналған «Намыс гвардиясы» пьесасыныц жазылуы болып табылады. «Ciз қалайша «Намыс гвардиясына» қатысты бейғамдыққа, тым адал сенгіштікке жол бepiп алғансыз. Сіздің керкемдік қуаты күшті, өте бай, орамды, ұтқыр, шебер, тұщымды да терең ойлы, айшықты талантыңызға бас иеміз, тар өpicті, парасатсыз, қосалқы авторыңыздың қосарласуы жасанды, өкінішті, анайы болып шыққан» — дейді Пьесада  әскери және күнделікті өмірден мінеез-құлық пен әдептілік нормалары мүлдем көрсетілмеген, парнографиялық жүгенсіздікке дейін жеткен деп налыйды. Сол кезде көп орын алған асыра дәріптеушілік туралы да айтып өтеді. Жеңіске жетудің қиыншылықтары туралы: «Табан тipece қарсыльқ көрсетпей, қызылшаң жағдайсыз, кейде уақытша жеңіліске ұшырамай-ақ тымақты аспанға атар жеңісті қайдан алдыңыз?»-дейді. Бұл да болса өзі туралы мақтанғаны орынды — орынсыз дақпырттанған көп адамнан Бауыржан Момышұлының артықшылығы еді. Хат аяғы: «Достармен қарым-қатынаста тік әpi дөрекілеумін — бұл менің кемшілігім. Сіздің ағатығыңызға тек жазалаумен ғана көмектесе алатыныма өте өкініш білдірмекпін.»-деп аяқтайды   [36, 24-25].

Келесі хат Казақстан КП(б) Ортальқ Комитетінің насихат және ұлт бөлімінің мeңrepушіci Әбдіхалықов жолдасқа арналып жазылғанмен «Осы хатымды тиісті иелеріне ьқыласпен табыс етуден бас тарпассыз,»-деп бастап, Қазақстан журналистеріне, жазушыларына, баспагерлеріне жазады [44, 1 — 35]. Хат орыс тілінде жазылған. Хатты жазуына түрткі болған мәселе туралы «Бipaқ мен бүгінде Ұлы Отан соғысының солдаты қатарында жүріп, соғыстың сын сағаттары мен ауыртпалығын, кайғы-қacipeтi мен тақсіретін, жауынгерлік ерлік пен жеңістің қуанышты сәттерін басынан өткізіп, жан-тәнімен, жүрегімен, бар болмысымен, моральдық және адамгершілік жағынан рухани шөліркеген және оған төзімділік көрсетіп жүрген мыңнан астам адамның басшысы ретінде үлкен жауынгерлік коллективтің, осы 6ip жан толғанысын көріп, бастан кешіріп сезіне отырып, парызымды өтеу ретінде-мен осы хатты жазуға мәжбүр болдым.Маған түрткі болған ар-ожданым мен намысым, парызым»-деп келтіреді, одан әpi жауынгердің рухани жағдайы туралы «Жауынгер де ет пен суйектен жаралған. Ол да өмip махаббат туралы ойлап, толғанады, сүйіктісінің ерке сезімі мен назын, кішкентай кара домалағының былдырлаған бал дауысын, буйра шашты бүлдіршін қызын сағынады, өйткені ол ер азамат, өйткені ол әке!» -дей келе соғыс кезінде ұрыс блиндажында болған оқиғаны былай деп хатта керсетеді: «Осы кезде саяси жетекші газет әкеп берді Жауынгер қолына «Социалистік Қазақстанды» алды. Әлдебір нәрселерді ынтыға іздеп, газет беттерін толық сүзіп, ренжи кepi қайтарып, былай деді: «Тағы да майданға көмек пе? Бүкіл газеттің бетін алып жатыр, әрине мен бұған қарсы емеспін, муны сөзсіз басу да керек шығар, бipaқ барлық төрт бетке бірдей басудың кажеті бар ма еді… Ауыр Kүpciнiп, одан да адамның жан дүниесіне әсер ететін материалдар баспай ма?»-деді…

«-пәлі, бi3 Абайды мүлдем ұмытып кетіппіз ғой,-дейді екінші жауынгер. –сірә ол жаман жауынгер емес,-деп жауап қайырды бipiнiші жауынгер,-алайда, білемісің, жас ұлан, Абай кінәлі емес ол бізбен 6ipre қуана шайқасқан болар еді.Түсінемісіңдер бақытсыз жағдай болыпты, Алматыда қарияны үйінде тұткындап отыр, редактор немесе баспаның редакторы оны соғыс біткенше бізге жіберер ниеті жок,, соғыстан кейін ол қарияньщ енбегін бізге үш том етіп ұсынбақ»-деп ашынған қазақ солдаттарының ойын хат бетінде бейнелейді. Одан әpi жатыр: «Ұлы Отан соғысы майданында кемінде жүз мындаған жауынгер қазақтар бар. Олардың басым көпшілігі орыс тілін білмейді. Сіздерден, жауынгерлер мен командирлерден мен мынаны сұраймын:

  1. Сіздердің кайсысыңыз жауынгердің жанын жадыратар, оған поэзияның кеудені жарар хош иісін жұткандай күйге бөлейтін қолдан ecipілген раушан мен гүл дестені айтпағанның өзінде, солдатқа ең болмағанда бәйшешек пен тау кызғалдағын сыйладыңыз?
  2. Сіздерге солдат соғысқа өлу үшін барады деп кім айтты? Жалған! Солдат ұрысқа өлу үшін бармайды, ол да ciз сияқты өмірді сүйеді.
  3. Сіздерге орыс жазушылардьң кейбір жақсы шығармаларын түп-нұсканың мән-мазмұнын дәл орыс тіліндей қуатпен қазақ, тіліне еркін, жеңіл, түciнiктi етіп жеткізуді автордан талап етудің орнына, қазақшаға жолма-жол, сөзбе-сөз аударуға кім право берді?
  4. Абай қариядан, оның лирикасы мен данышпандық, даналық ойларын үйде тұтқындап, шығармаларын шағын кітапша етіп бастырып майданға жіберуге кім рұқсат бермеген?
  5. Майданға халық даналығы, ертек, әзіл-сықақ күшті әрі түсінікті, Суворовтың қанатты сөздеріндей жауынгерлік халық мәтелдерін жеке кітапша eтіп басып жіберуге тыйым салған кім?
  6. Дана Жамбылды күнделікі болып жатқан окиғалардың барысымен үнемі
    әрі толық хабардар етіп тырмауға, оған сауатсыз, білімсіз, орысша газеттің өзін
    буындап оқитын хатшы бекітіп, сөйтіп ақсақалды Ұлы Отан соғысының қызу
    күндерінде оқшау қалдырып, бұл даналықтың қуатты «агрегатына» ipкіліс
    жасауға кім право берді?
  7. Сіздерге жүздеген мың жауынгерлерді (орысша түсшбейтін немесе нашар
    түсінетін) -қазақтарды өз ана тілінде шығатын газет пен әдебиетсіз, ескерусіз
    қалдыруға кім право берді?

Мен солдат ретінде осы сұрақтың бәріне жауап талап етемін»-деп батыр хатын аяқтайды. Біз бұл жерден не кереміз? Біріншіден, майдан жылдары соғыстағы солдаттарға қазақ жазушылары ешнәрсе бермегенін кереміз. Әcipece осы хат жазылған 1942 жылдың аяғына дейін. Егер ipi шығармалар жазылса батырдың оны білмей қалуы немесе айтпай eтyi мумкін емес болатын. Ceбeбi Бауыржан Момышұлы тылдағы мәдениетке әcipece қазақ әдебиетіне бейжай қараған адам емес еді. Екіншіден, осы жағдай тудырған қазақ солдаттарының заңды қарсылығын тудырған еді. Ал Бауыржан Момышұлы осы жағдайдың бәрін ашып жазды [44, 12-35].

Yшінші хат тікелей тарих ғылымымен байланысты [41]. Ең алғаш рет Қазақстан тарихы көп томдық ретінде 1943 жылы шыққаны белгілі. Бұл көптомдықтың жазылуына эвокуациямен келген атақты орыс ғалымдары көп үлес қосқаны белгілі. Бұл жинақтың жазылуында жауапты редакторлары Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Панкратова мен Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Әбдіхалықов жолдастар болды. Хаттың басында бұл көптомдықтың жазылуының біздің мәдениетімізге қосылған үлкен үлес екенін, онда біздің халқымыздың тарихы алғаш рет ғылыми негізде жазылғаны туралы айта келіп, Бауыржан Момышұлы бұл жинақ бұрыңғы халық тарихындағы жеке адамның ролін соншалықты тұрпайыландыруға дейін барған жалған ғылымилық, жалған марксшілдіктен ада, өткен замандардағы мемлекет, қоғам кайраткерлердің тарихи прогрессивті қызметін әділетсіз түрде теріске шығарған, және кейбір бейшара зерттеушілердің хандар, сұлтандар мен байлардың және тағы басқалардың марксист емес көзқарастарына зығырданы қайнап, сөйтіп олардың кызметін өз заманының өнегелі адамдары емес, «халықтың қанын суліктей сорған» жауыздардан басқаны көре алмаған, біржақтылықтан ада жазылғанын айтып өтеді. Осы жерде батыр сол кездегі тарихнама туралы, ондағы біржақтылық туралы қиын тоталитарлық жүйеде жазып, ашық айтқан ерлігі көрінді. Содан соң кітап авторлары коллективіне алғыс білдіре отырып, 31 — тараудың 84 — параграфы бойынша өз ойын айтып етеді. Осы тараудың жазылуына кеңілі толмайтынын айта келіп, былай дейді: «Менің ойымша:

  1. Дивизияның ұрыс қимылы жалпы ахуал мен ұрыс жүргізіп жатқан екі жақтың да майдандағы жағдайымен байланыстырылмаған.
  2. Осыдан келіп дивизияның тактикалық міндеттерді шешудеп жауынгерлік ерліктері, сіңірген еңбектері, шынайы әpi сауатты түрде баяндалмаған.
  3. И.В.Панфиловтың күш жағынан тең емес соны ұрыстарды жүргізуші командир, уйымдастырушы әрі басшысы, әскери ойдың, тактиканың батыл жаңашылы, солдаттарды тәрбиелеуші-методист ретіндегі нағыз әскери портреті берілмеген.
  4. Жақын қашықтықтағы ұрыс, тактикалықойлау және тактикалық мақсаттағы офицерлер корсеті лмеген.
  5. Қарапайым, ұлгі етер жауынгер, батыл, ойланып әрекет ететін, епті, тапқыр солдат-азамат корсетілмеген.Жаппай жасалған ерліктің мәні, маңызы мен ауыртпалығы, жауынгерлердің жеңіске жетуінің ce6enтepi мен заңдылығы көpiнic таппаған.
  6. Автор өзінің сөйлем кұрылымына көңіл аудара бермейді, тіптi ерсілеу, лепірме, терең ойластырылмаған, шындыққа уйлеспейтін сөйлемдер, кез-келген әдеп шеңберінен шығып кететін-барып тұрған шылқыған өтipіктep кездеседі.
  7. Москва түбіндегі маневрлі қорғаныс пен 1942 жылғы қысқы шабуылға шығу- 6ip-6ipiнeн ерекше тарихи кезеңдер.
  8. Панфиловтың лайьқты ізбасарлары мен оның iciн сенімді түрде жалғастырушылар туралы, И.М. Чистяков жөнінде кітапта бірде-бір сөйлем айтылмаған.
  9. 11. Ұрыс кезінде туған қызыл әскер мен халық, творчествосына көңіл аз бөлінген.»-деп ойын аяктайды. қосымша ретінде «Бұл тарауды eкiншi басылымында түзеу үшін мүмкін болса сіздердің қызметкерлеріңіз дивизияға 6ip айға келгені жөн болар еді»-деп өз ұсынысын айтады [41, 5 — 16]. Осы ұсыныс туралы Баукең «Ақиқат пен аңыз» романында былай деп келтіреді «Немістерді Москва түбінде тоқтатқаннан кейін мен Қазақстан Жазушылар одағына хат жазғанмын.- Қазақстан жазушылары, мынау сұрапыл соғысты өз кездеріңмен келіп неге көрмейсіңдер? Ертең соғыс туралы шығарманы қалай жазасыңдар?- дегенмін. Сонда Әбілданы да атаған болуым керек. өзің ойлашы сен 6ip ауыз сөз айтты екен деп толарсақтан қан кешіп, оқ пен оттың ішінде жүрген саған қай досың артыңнан іздеп келеді.Мен ақпейіл ақын Әбділданың майданға келіп қалғанын 6ipaқ білдім. 1942 жылдың сәуірінде корпус штабынан дивизияға келе жатқан жолда машиналарына бомба түсіп іштен шығып, көктем кезінде Калинин облысының қара батпағын жарымжан аяғымен тізеден Keшiп, жиырма шақырым жаяу жүріп. Қап-қара боп түтігіп Талғар полкіне келген Әбділданы көргенде төбе шашым тік тұрды. Тамағыма 6ip нәрсе кептеліп калғандай, дыбысым шықпай оны бас салып құшақтай алғаным есімде. Елдің хабарын айтып, жалынды өлеңдер оқып Әбдіда менің де, менің полкымның да құлақ, құрышын қандырды. Кейінгі жылдары біздің майданға Әбділда салған айқын жолмен Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Елебеков секілді бірсыпыра мәдениет пен өнер қайраткерлері де ат ізін салған [6, 145].

Келесі хат Қ. И. Сәтпаевқа жазылған [56]. Қазақ халкында соғыс майданы жайлы көз ашып танытарлық көркем әдебиетші жок, екеш туралы айта келш, согыс такырыбына арналган, согыс психологиясында жазатын 3p6ip жазушыга согыс, майдан женшен хальщ агартарльщ керкем здебиет теменп салалармен жиналган материалдарга суйене отырып жазылуы керек деп мына жоспарды береді:

                    1 Стихия молодость                               1. Жастықтың салдарында    

  1. Стихия тайги Түлейдің опатында
  2. Стихия приступность Қылмыстың салдары
  3. Стихия нравы Салт-сана, мінез-мерзім
  4. Стихия Альпийская Асқар таудың шың-құзында
  5. Перед бурей у нас тихо Ысырап алдында бейғамдық                                                                                                                               .

         Бұлар біздің жігіттердің, халықтың Отан соғысына дейінгі келбетін, мінез-құлқын, тәрбие өнерін сипаттай, шындықпен көрсететін жауынгерлік дәстүріне арналып жазылса.

  1. Личность воина 7. Жауынгердің тұлғасы
  2. Боевой артель 8. Жауынгерлік тобында
  3. Стихия разума или войны                     9. Соғыс опаты толғағында    

                  Д) Кобляки                                              Д) Тартпа шалшық

                 Ж) Нудная тоска                                      Ж) Мұнды күндер.

3) На Псков                                         3) Псков бет алысында.

  1. Мы потомки Меча и Стрелы 10. Біз батырлар ұрпағынанбыз.

Осылай көрсете келе, өз қызметін: «Біздің жазбаларымыз көбіне «Мышление в понятиях» болғандықтан оларды «Мышление в образе» етіп елге жеткізіп, көптің ортасына салу жазушылардың міндеті деп өз ойын аяқтайды [56, 2 — 14]. Келесі «Қазақ тілі туралы пікip» атты хаты 1944 жылы Әбдіхалықов жолдасқа арнап қазақ тілінде жазылған [36, 130]. «Тіл маманы болмасам да Алматыға келгелі Орталық «Социалистік Қазақстан» газетін оқи отырып, кейінгі кезде жазылған қазақ тілндегі кітаптарды желе-жорта қарап шығып, күннен-күнге ұлғайып келе жатқан шым-шытырық «шүршіттенуде) көзбен көре, құлақпен ести отырып, дәтім шыдамай жазайын деп отырғаным тіл мәселесі туралы»-.деп бастайды. Және осы Алматыда емделіп жатқан кезде радиодан, мерзімді басылымнан көрген, естіген бірнеше осы секілді шұбарлауларды көpin, қатты күйінгенін айтады. Ата — бабамыздан қалған ана тілімізді қадірлеп, сақтауымыз керек. Осыған ciз лауазымды қызмет иeci ретінде өз ықпалыңызды тигізсеңіз деп өтінеді.

Бұл тарауды қысқаша қорытындыласам, осы негізгі бес түрлі тұлғаға жазылған бес хатты оқи отырып, Бауыржан Момышұлы көзімен қарасақ, біріншіден, қазақ әдебиетіндегі, екіншіден, қазақ тіліндегі дағдарыс байқалады. Осы хаттарға логикалық талдау жасау арқылы бұл тұжырымдамамыздың дұрыс екенін байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе айтарымыз, Б.Момышұлынан қалған мұра , соның ішінде құжаттық материалдар – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Бүгінгі күні тарихымызда ұлттық тұрғыда, төл деректердің негізінде қайта жаңғырту міндеті тұрған кезде Б.Момышұлы сияқты ұлттық батырларымыздың атына қалдырып кеткен еңбектері мен құжаттары кеңінен ғылыми айналымға тартылуы керек. Біз өз ұлттық тарихымызды және Б.Момышұлы сияқты ұлұ тұлғалар тарихын да осы секілді ашылмай жүрген, зерттелінбей келе жатқан құжаттық деректер негізінде жазуымыз керек. Менің бұл жұмысым Б.Момышұлы еңбектері мен құжаттары сыныптаудың деректанулық талдау жасаудың, яғни ғылыми сипаттаудың алғашқы қадамы. Біріншіден, бітіру жұмысымды Б.Момышұлының жеке құрам құжаттарының негізінде жаздым. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істей отырып, батырдың зерттелінбей жатқан құжаттарының молдығын байқадым. Жұмысымның бірінші тарауында жалпы жеке қор құжаттарымен жұмыс ерекшеліктеріне: жеке құрам құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдаудан бастап жеке қор құжатының жіктелуіне дейінгі жұмыстарға сипаттама беріп өттім. Сонымен қатар осы тарауда қор құрушының өмірі мен қызметіне шолу жасап, оның жеке адамдық қорына сипаттама беріп өттім. Бұл жұмыс негізінен қор құжаттары және оның тізбелерінің тізбелерге және қорға жазылған алғы сөзді басшылыққа ала отырып жүргізілді. Бітіру жұмысының 2 – ші тарауында «Москва үшін шайқас» романына және түпнұсқасына мұрағаттық және деректанулық анықтамалар жасауға тырыстым. Бұл тарауда аталған еңбектің қандай жағдайда, қандай уақытта жазылғанын және түпнұсқасы туралы мәліметтер келтіріледі. Тараудың екінші бөлігінде Б.Момышұлы майданнан жазған хаттарынна сипаттама беріп өттім. Мұнда Б.Момышұлының Қазақстанға жазған 5 хатын негізге ала отырып, оның маңыздылығына назар аудардым. Дәлірек айтсақ, бұл хаттар сол кезеңдегі Қазақстандағы қоғам және мемлекет қайраткеріне жолданған. Бұл жазбаларынан Б.Момышұлының майданда жүрсе де тұған елінің қамын ойлап жүрген зиялы азамат екенін аңғаруға болады. Хаттардың толық сипаты тарауда көрсетуге тырыстым. Бұл хаттарда қазіргі кезге дейін қазақ қоғамы үшін өзектілігі жойыла қоймаған қазақ мәдениеті, тілі, діни мәселелері кеңінен қозғалған. Осы хаттарды негізге ала отырып, біріншіден, сол кездегі қазақ мәдениетінің жай күйін байқаймыз. Екіншіден Б.Момышұлының ұлттық, патриоттық тұлғасын ашуға көмектеседі.

Тірлігінде еңбегі толық бағаланбай игі істеріне сай құрметке бөленбеген тұлғалардың бірі – қазақ халқының батыры, жазушы Б.Момышұлы болып табылады. Бұл атты аңызға айналған ұлтының жарық жұлдызының бірі — Б.Момышұлы. тірі кезінде көптеген қиыншылықтарға, қасасықтарға тап келген адам. Бірақ барлық қиындықты өзінің өр мінезімен жеңе білген, кең иығымен көтере білген адам. Бұл сөздерге алғашқы қазақ әскери ғалымы, ойшыл – философ қазақ қолбасшысы деген атақтарды қосуымыз керек. Осындай жоғарғы мәнді атақтарға ол әскери-теориялық ойға қосқан үлесімен, өзінің әлемді тануының философиялық және қолбасшылық талантымен жетті. Ол үнемі “халықсыз батыр жоқ” деп айтып отырған.

Мен біріншіден, Б. Момышұлының жеке құрам құжаттарының мұрағаттық заңдылықтар бойынша және аталған қор құжаттарының жіктелуіне байланысты тоқталдым.

Екіншіден, 70 жылдан астам уақыт бойы Кеңес Одағының құрамында болған, отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша сүйген, Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Б. Момышұлының артына қалдырған мол мұрасы – қазақтың ұлттық патриотизмінің өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Үшіншіден, жалпы жеке құрам құжаттарымен жұмыстың сан алуан ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттеріне, оның ғылыми маңыздылығына тоқталып өтуді дұрыс деп таптым.

Бауыржан Момышұлының атының аңызға айналуы оның батырлығына ғана емес, жазушылық талантына да байланысты. Оның әскери таланты 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста айқын көрінді. Себебі, ол осы шайқаста аға лейтенант шенімен алдымен батальон кейіннен полк басқарды.

Соғыстың соңғы кезеңінде дивизия басқарған Б. Момышұылы шапшаң шешім қабылдай алатын, шайқасты өте шебер ұйымдастыра алатын, қанды шайқастарда дивизияны батыл басқара алатын сауатты қолбасшы ретінде көрсете білді. Ол дивизия басқарған тұңғыш әрі жалғыз қазақ болды. Біз ол кісінің мұрағаттағы қорымен жұмыс жасай отырып байқағанымыз, оның соғыс жылдары да кейбір құжаттарды өзі толтыруы. Бұл қазіргі бейбіт жағдайда сирек кездесетін оқиға.

Бұл Қызыл Әскердің әйгілі әскер басшысының әскери, әскери-педагогикалық, әскери-теориялық мұрасын зерттеу – ғылыми да, тәжірибелік те мәнге ие.

Тікелей әрі толықтай жүйелі түрде зерттелмесе де Б. Момышұлы мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында пайдаланған зертеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі кезеңге бөлдік: кеңестік және Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ, кеңестік кезеңде Бауыржан Момышұлы тұлғасы соғы контексінде, 8 – гвардиялық дивизия құрамында қарастырылды. Ал, Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеулерде негізінен Б. Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуда.

Көптеген әскербасылар секілді Б. Момышұлын тек қана гвардия полковнигі болып қалған тұлға ретінде оқып үйренді. Олардың барлығы батырға қатысты жасаған әділетсіздікті білдірді. Бірақ ол өр мінез бен парасаттылықты қатар бойына сіңірген Б.Момышұлына тежеу, бөгет бола алмады. Себебі, тұлға тарихқа атағы ғана бойынша емес, сіңірген еңбегі бойынша енеді. Оның кешегі істеген істері, еңбектері бүгін де ел игілігіне айналса, қазақтың біртуар азаматының сол еңбектеріне дәлел бола алатын, кешегіні бүгінгідей етіп көз алдыңа әкелетін құжаттары да тарих игілігіне айналып, ешқашан өшпек емес. Оны халқы батыр атады, бұл халқының сүйікті ұлына тірі кезінде берген бағасы. “Асқар тау алыстаған сайын асқақтай береді”, — дейді халық даналығы. Осы ұлы сөз Б. Момышұлына арналып айтылғандай. Бауыржан Момышұлының асқақ бейнесі халық жадынан өшпек емес!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Волкова Н.Б. Работа с документами личного происхождения // Отечественные архивы, 1994. № 4. С. 88-96.
  2. Сиротинская И.П. Особенности работы с документами личного происхождения // Советские архивы, 1986. №1. С. 25-33.
  3. История Великой Отечественной Войны Советского Союза 1941-1945 г.г. Т-1.  – Москва, 1956
  4. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. – Алматы, 1992
  5. Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы. – Алматы. Білім, 1999. 320 б.
  6. Белан П. С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой Отечественной Войны. – Алматы. Наука, 1979
  7. Серікбаев К. Он был настоящим полководцем: К 90-летию Бауыржана Момышулы. // Казахстанская правда. 2000-12 декабрь
  8. Атабаев Қ. М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002.
  9. Асқаров А. Ұлы Тұранның ұлдары. Алматы, 1998. 177-179 б.б.
  10. Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. – Алматы, 1959
  11. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. – Алматы, 1991
  12. Момышұлы Б. Біздің генерал. – Алматы, 1966
  13. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. – Алматы, 1975
  14. Момышұлы Б. Бір түннің оқиғасы. – Алматы, 1977
  15. Момышұлы Б. Жауынгердің тұлғасы. – Алматы, 1958
  16. Методические рекомендаций по работе с документами личного происхождения (литература и искусство). – Москва, 1990
  17. Методические рекомендаций по определению источников комплектования уосударственных архивов. – Алматы, 1999
  18. Методические рекомендаций по проведению экспертизы ценности документов в фондах личного происхождения государственных, общественных, политических деятелей. Составитель: Абилова Т. Е. Алматы, 2003
  19. Методические рекомендаций по определению источников комплектования государственных архивов. – Алматы, 1999
  20. ҚР ОММ. 1432-қор, 1-тізбе, 21-іс, 5-п.
  21. ҚР ОММ. 1432-қор, 2-тізбе, 20-іс, 4-5 пп.
  22. ҚР ОММ. 1432 – қор, 3-тізбе, 11 –іс, 16 п.
  23. ҚР ОММ. 1432 – қор, 3-тізбе, 9 –іс, 6-7 пп.
  24. ҚР ОММ. 1432 – қор, 3-тізбе, 10 –іс, 3 п.
  25. ҚР ОММ. 1432 – қор, 3-тізбе, 5 –іс, 2 п.
  26. Әкімбайқызы Ш. Ұлықтауға лайық тұлға. // Астана ақшамы. 2000-21 қараша
  27. ҚР О. М. М. 1432-қор, 3-тізбе, 321 –іс, 54 п.
  28. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 345 –іс, 23 п.
  29. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 332-іс, 15 п.
  30. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной Войне (1941-1945гг). Алматы, КазГосИздат., 1958
  31. Провал Гитлерского наступления на Москву. – Москва, 1966
  32. ҚР О. М. М. 1432-қор, 1-тізбе, 43-іс
  33. Момышұлы Б. Куба әсерлері. Сапарнама. – Алматы, 1965
  34. Баратқызы А. Қазақта батыр көп, бірақ Бауыржан біреу-ақ. // Алматы ақшамы. 2000-10 қазан
  35. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 133-іс, 4 п.
  36. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 88-іс, 6-7 пп.
  37. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 89-іс, 10 п.
  38. ҚР О. М. М. 1432-қор, 3-тізбе, 2-іс, 23 п.
  39. ҚР О. М. М. 1432-қор, 3-тізбе, 3-іс, 29 п.
  40. ҚР О. М. М. 1432-қор, 1-тізбе, 43-іс, 9 п.
  41. ҚР О. М. М. 1432-қор, 1-тізбе, 46-іс, 2-3 пп.
  42. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 61, 62а, 62б — істер
  43. ҚР О. М. М. 1432-қор, 2-тізбе, 10, 14, 17, 24 – істер
  44. Мұхамеджанов А. Участие казахстанских соединений битве под Москвой (сентябрь 1941 г. – март 1942 г.). Докторская диссертация. Алматы, 1967 ҚР О. М. М. 1432-қор, 1-тізбе, 43-іс