АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Баянауыл ұлттық паркі демалыс пен туризмді ұйымдастыру орталығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

География факультеті

 

Туризм кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ (БІТІРУ) ЖҰМЫСЫ

 

Баянауыл ұлттық паркі демалыс пен туризмді ұйымдастыру орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2012

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………………..3

 

1 ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАҒЫ ТУРИСТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТА ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ………..5

  • Ұлттық саябақтардың қалыптасуы мен дамуы, құрылымы мен ерекшеліктері …………………………………………………………………………………………..5
  • Ұлттық саябақтарға қатысты туристік-рекреациялық ресурстар түрлері мен факторларын анықтау және оның түсінігі…………………………..9
  • Ұлттық саябақтардағы туристік-экологиялық іс-әрекеттерге қатысты заңдар мен құқықтардың қажеттілігін сараптау……………………..15

 

2 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ МЕН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ…………………..25

2.1  Табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктерін сараптау және рекреациялық құндылығын анықтау………………………………………………………25

2.2 Баянауыл ұлттық саябағының мәдени -тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі………………………………………..39

 

3 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ…………43

3.1 Баянауыл ұлттық саябағының инфрақұрылымы………………………………43

3.2 Туризм және экскурсиялық ерекшеліктеріне байланысты  маршруттар мен турлар………………………………………………………………………………………………….47

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………51

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………53

 

ҚОСЫМША А …………………………………………………………………………………………..55

 

ҚОСЫМША Б …………………………………………………………………………………………..56

 

ҚОСЫМША В …………………………………………………………………………………………..57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі — Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы — туризм.

Баянауыл сияқты жер табиғи фактор.Бүкіл тіршілік,адам баласы мен жануарлар дүниесі,жасыл орман,шалғын шөп оның аясында  дамиды. Одан қуат алып өседі.Оның туризмге деген ықпалын  көре  аламыз.

Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Туристік саяхат жасау — дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.

Баянауыл саябағы аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Жұмыстың өзектілігі: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік — рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы өлкенің рекрация қуаттылығын көрсету және табиғатты пайдалану принципіне негізденіп, оның табиғи ортасын сақтауды қамтамассыз ету. Осы аймақ-ты үлкен халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Осы өлкенің қазіргі жағдайы мен мүмкіншіліктерін есептеу арқылы көрсету. Математикалық сараптамалар жасалып, тарихи деректер жинақталды. Туристер мен де-малушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді. Қазіргі мүмкінші-ліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар жасалды. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік – рекреациясын дамыту жолдарын көрсетіп, адамдардың көңілді демалуы үшін табиғатты табиғи қалпына келтіру .  Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік — рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы өлкенің рек-рация қуаттылығын көрсету және табиғатты пайдалану принципіне негізденіп, оның табиғи ортасын сақтауды қамтамассыз ету. Осы аймақты үлкен халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Осы өлкенің қазіргі жағдайы мен мүмкіншіліктерін есептеу арқылы көрсету. Математикалық сараптамалар жасалып, тарихи деректер жинақталды. Туристер мен демалушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді. Қазіргі мүмкіншіліктер мен келешекте болуға тиісті мүмкіншіліктерге ұсыныстар жасалды. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік – рекреациясын дамыту жолдарын көрсетіп, адамдардың көңілді демалуы үшін табиғатты табиғи қалпына келтіру

Жұмыстың мақсаты: Баянауыл ұлттық саябағының негізінде қорғауға алынған табиғи территориялық кешенге сипаттама бере отырып  географиядан, геологиядан, ботаникадан, экологиядан  алған  білім қорларын пайдалана отырып физика-географиялық ландшафтық  экологиялық талдау жасау, табиғи  денсаулық сақтау, туристік ресурстарына талдау. Нәтижесінде географиялық, алған білімді мүмкіншілігінше  пайдалану барысында географиялық түсініктерді түсу. Физика – географиялық  сипаттама мектеп программасына сәйкес класстар бойынша  қарастырылады. Қорытындылай келе ұлттық мемлекеттік саябақтың ашылу  себебі, оның мақсаты мен міндеттері айқындалу қажет.

Жұмыстың міндеті:

— Ұлттық саябақтардың туризмге байланысты теориялық жіне тіжірибелік негіздерін зерттеу, даму тарихын  анықтау:

— Ұлттық саябақтардың шаруашылығы саласының инфроқұрылымы мен экологиясын қарастыру;

— Баянауыл ұлттық  саябағының мәденитарихи  туристік нысандары және олардың  туризмдегі пайдалану тиімділігін  сипаттап анықтау;

— Баянауылдың туристік әлеуетін көтеру жолдарын қарастыру.

          Ғылыми-әдістемелік маңызы: Баянауыл ұлттық саябағының мәдени -тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі көрсетілген.

          Тәжірибелік маңызы: Баянауыл ұлттық саябағының туристік әлеуеті, оның ішінде, Баянауыл ұлттық саябағының инфрақұрылымы толығымен көрсетілген, , Баянауыл ұлттық саябағының  экологиялық жағдайына талдау жасалынған және туризм және экскурсиялық ерекшеліктеріне байланысты  маршруттар мен турлар құрастырылды.

          Қорғалатын ұстанымдар:

  • Ұлттық саябақтағы туристік-экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері;
  • табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктерін сараптау және рекреациялық құндылығын анықтау;
  • Баянауыл ұлттық саябағының мәдени -тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі.

Жұмыс көлемі: 59 бет. Жұмыста 4 сурет және 1 кесте пайдаланылды.

 

1 ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАҒЫ ТУРИСТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТА  ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Ұлттық  саябақтардың қалыптасуы мен дамуы, құрылымы мен ерекшеліктері

 

Ұлттық саябақтар алғаш0ыда капиталистік  мемлекеттерде пайда табу мақсатымен ашылған. Яғни олар ең алдымен экономикалық мақсатпен салынды . Соған байланысты соңғы уақыттарға дейін ұлттық саябақтардың  негізгі функциясы айқын болмай келді. Негізгі зерттеулер шамамен 1968 жылдан басталады [3].

Ұлттық  саябақтардың даму кезеңдерін  қарастырсақ, бірінші ұлттық  саябақ  1872 жылы Солтүстік Америкада құрылған. Ол «ескі Иеллоустон табиғат саябағы». Мұнда көлемі 900 мың/га жуық алқапта 3000 –нан астам гейзерлер мен  ыстық су көздері, Иоллоустон өзендерінің  сарқырамалары, жан –жануарлар  мен  құстар мол мекендейді. Сонымен бірге адам  қолы тимеген  жабайы ормандар бар. 1980 жылы Калифорния штатындағы  Сьерра-Невада тауарларының батыс беткейінде 300 мың-га-дан астам ерді алып Иосемид ұлттық саябағының табиғат кешендерін қорғау ұйымдастырылады. 1885 жылы Канаданың құзды тауларында Баянауыл ұлттық  саябағы құрылды. Бірте-бірте осындай парктердің көбейе беруіне байланысты ұлттық саябақ ұғымы 1969 жылы «Халқаралық табиғат және табиғат ресурстарын сақтау» қоғамы ассамблеясында ресми түрде бекітілді. Осы уақытқа дейін 100 жыл өтті. Бұл ұлттық саябақ идеясы көптеген мемлекеттерді қамтиды. Оның негізгі тарихи идеясы табиғаттың өте әдемі ерекшеліктерін  дамытып, сақтап халыққа  көрсету.

XIX ғасырлардың соңында шамамен 100 мемлекетте 2 мыңдай  ұлттық саябақ пайда болды. Ұлттық саябақ саны жөнінен өте күшті  қарқынмен көбейе бастады. Яғни ол пайда табудың негізгі кездерінің біріне айнала  бастады. Әсіресе ұлттық  парктың даму жылдамдығы дамып  келе жатқан  елдерде күшті жүрді. Мысалы, Индонезияда қысқы мерзім  ішінде , яғни 1980 жылы  мен 1982 жыл  аралығында 16 ұлттық саябақ пайда болды [4 ].

Ұлттық саябақ ұғымының ұлттық анықтамасы сонау 1933 жылы Лондондағы болған конференцияға қабылданған. Дамып келе жатқан елдерде ұлттық саябақтардың тез көбеюі ірі капиталистік мемлекеттер оларды  отар ретінде ұстап жерлеріне  қожайын етіп, ұздеріне пайда табу үшін көбейтті .

Соңғы ондаған жылдардың ішінде  табиғаттың  жақсы көркем жерлері халықтың демалысы үшін пайдаланылуда. Адамдар табиғатты әсем жерлерге  көптеп демалуға ағылып жатады. Мысалы, Африка материгіндегі  құрылған униқымды ұлттық саябақтарға жылына ондаған миллион  адам демалуға барады. Табиғат аясында демалу қажеттілігін қанағаттандыру көптеген мемлекеттік мәні бар мәселеге айналды. Батыс мемлекеттерінің кейбіреулерінде демалыс орындарынан түсетін пайданың мөлшері өндерістің басқа саласынан түсетін  пайдадан  әлдеқайда артық болып отыр. Мысалы, Африкадағы Кения ұлттық саябаққа келген туристерден тусетін пайда 1971 жылы 50 миллион , АҚШ саябақтары II, 2 мил. пайда түсірген. Туристерден түскен пайда кейбір елдерде жалпы мемлекеттік пайданың бөлегіне тең келеді. Осыған  байланысты  АҚШ – тың кейбір шаруашылығының табиғи  демалушылардан қосымша ақша түсіру үшін ғана пайдаланылады. Осы жолдармен демалыс мақсатында  пайдалану  табиғатқа көп зиян келтіреді. Өсімдіктермен тіршілік жағдайын нашарлатып, жануарлардың жер аударуына немесе жойылып кетуіне, ластанудың әсерінен жалпы табиғи зиян келтіреді . Өсімдіктердің  тіршілік  жағдайын  нашарлап, жануарлардың жер аударуының немесе жойылып кетуіне, ластануының  әсерінен жалпы табиғи биоценоздардың  дамуына кедергі жасайды [4].

Қазақстан республикасындағы саябақтар мәселесі Тәуелсіз мемлекеттердің территориясында 20-дан астам  ұлттық саябақтар бар, ал алдағы уақытта жоспарланып отырған парктердің саны 40-тан асадыа. Біздің еліміздің, яғни  кең байтақ Қазақстан республикасында қазірге дейін бір ғана ұлттық саябақ жұмыс істейді. Ол Баянауыл ұлттық саябағы. Баянауыл ұлттық саябағын айтар алдында табиғи саябақ пен саябақтың айырмашылығын  анықтап алғанымыз жөн [5].

Мемкеттік табиғи саябақтардың, ұлттық  саябақтардың негізгі айырма-шылығы жөнінен елімізде бірінші рет 1921 жылы қыркүйектің 10-да  шыққан халық комиссарлар кеңесінің деректерінде былай деп айтылған. «Ол ұлттық саябақтан гөрі көлемдірек, ішінде табиғи архитектуралық ескерткіштері бар қорықтық ұлттық саябақ болуы тиіс». Бұдан біз ұлттық саябақ-тың тек қана саябақ емес, сонымен қатар қорықтық мәні болу керек екендігін көреміз. 1962 жылы республиканың жоғары Советінің «Қазақ СССР табиғатын қорғау» үкімі шығарылды. Онда табиғат парктері ландшафы cұлу және әр алуан, халық шаруашылығы үшін  игерілмеген және көлемі бірнеше мың-га жететін аймақ болу қажет делінген. Қазақстан бойынша бірінші ұлттық саябақтың  Баянауылда орналасуына екі түрлі себеп болды: яғни, бұл аймақтың  тез урбанизациялануы индустриясы мен ауыл шаруа-шылығының күрт дамуы және соған байланысты табиғи ортаның бұзылуы .

Бұл жердің  географиялық  орны және ландшафтың ерекше сұлулығы, батаникалық – географияның  құндылығы және рекреациялық  артықшылығы болды. Сондықтан 1977 жылы 19 қыркүйекте Қазақ СССР– нің Министірлер Советі Баянауыл ұлттық саябағына айналдыру туралы қаулы қабылданды. Парктің  құрылымы туралы проектіде басқа мәселелермен қатар мынандай шаралар жүргізу  туралы атап көрсетілген. Бірінші орташа  таулы – орманда  фауна мен флораның  генофондына талдау жасау,  ландшафтық табиғат қорғауға бағытталған және рекреациялық баға беру мәселелері  табиғат  кешендерін мейлінше мұқият сақтау. Әрбір белдеудің статусы мен шекараларын  анықтау [6.10].

Баянауыл ұлттық табиғи паркі, Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. Ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985ж 12 тамыздағы «Павлодар облысында Баянауыл ұлттық табиғи паркін құру туралы» №276 қаулысымен құрылды. Ұлттық парк Қазақстанның Сарыарқасының орманды жазирасында орналасқан. Оның жалпы көлемі 50688 га, соның ішінде орманды алқап 18241 га. Ұлттық парктің аумағы 3 филиалға бөлінген: Баянауыл (19188 га), Жасыбай (22904 га,) және Далба (8596 га).

1994ж ұлттық паркке Қызылтау мемлекеттік табиғи қорығы қосылды. Оның аумағы 60000 га. Баянауыл табиғи ұлттық паркі – Баянауыл ауданының орталығында орналасқан. Солтүстігінде Торайғыр ауылдық округінің, оңтүстік– шығысында Ақсан ауылдық округінің, оңтүстік–батысында Құндыкөл ауылдық округінің территориясымен шектеседі, 50015/ с.е.- 75030/ ш.б. орналасқан.

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің территориясы өзінің көтеріңкі массивімен Қазақ ұсақ шоқысының құрамына кіреді [8].

Тау өлкесі биік өркешті келген жоталардан, өзекті сайлармен бөлінген тау блоктарынан және жоталарға қосарлана біткен жеке тау шоқыларынан құралады.   

Баянауыл таулы массиві кембрийге дейінгі жыныстарға немесе айтарлықтай гранитті интрузияларға байланысты біз қарастырып отырған нысана шұғыл 800-850 және 1000-1300 м-ге дейін көтеріледі. Мұнда төменгі және орта палеозойдағы жанартаулық шөгінділер (құмдақ, портифириттер, липориттер т.б) қойнауының қалыңдығымен айқындалады. Цокольды қатпарлар қатарында герциндік интрузиялар гранитоидылармен бұзылған.

Оған Баянауыл гранитті массиві секілді Қойтас және Қарқаралы таулы массиві де жатады [9].

Тау силур мен девон кезеңінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Мезозой кезеңінде сыртқы күштің әсерінен жеміріліп, осы күнгі бедері пайда болған. Тау басы қия, жартасты болып келеді.

Баянауыл таулары Сарыарқаның солтүстік шығыс бөлігінде,Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан-шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен- оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолют биіктігі 600-1000 м, ең биік жері-Ақбет тауы (1027м).Соңғы жылдары  қазақстан ұлттық энциклопедиясында  К Ахметов Баянаула  таулары  деп  атап жүр. Оның себебі  басқа тау жоталарының Жақсыаула, Жаманаула аттарында  аула  топониміне  байланысты шығар деген пікір туады. Негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген үш бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы-1027м, Өгелен тауы- 969м, Шибет тауы-728м, Сарытау-747м Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы-685м. Басқа таулы шоқылар аласа келген-300-500м биіктіктерден тұрады [10,11].

 Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоғырларынан тұрады ; Саябақта 20- дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тасты жазулар мен таңбалар, үңгірлер («Баянаула  үнгірі -Әулиетас, Қоңырәулие», «Драверт» т.б.) бар. Әулие терминдері жиі қолданыста. Баянаула үнгірі Павлодар облысындағы Баянаула-Баянауыл тауларының батыс жағын құрайтын Аққарағай тауының батыс етегіндегі үнгір. Баянауыл ауданының солтүстік шығысына қарай 17 км.жерде орналасқан. Жергілікті түрғындар оны Әулиетас, Қоңырәулие  депте атайды. Басына тағзым етіп түнейді мінажат жасайды. Үнгірдің пайда болуы тектоникалық жік түсуден,гранит тасына сыртқы күштердің -жел үрлеу,күнге қызып суыну,сумен шайылу нәтижесінде пайда болған. Ендік бағытта созылған үнгірдің ұзындығы 30 метр,ені 2,5 метр биіктігі 1,8-2,0 метр кіре берісі кеңдеу болып басталадыда түбіне біртіндеп тврылып,твастағы жарылымдардан енген судан түзілген көлшікпен бітеді.Үнгірдің табаны тегіс,бүйірі қуыс-қуыс жеке тепкішекті болып келген.Суының шипалық  қасиеті бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (« Найзатас », « Кемпіртас », « Көгершін », «Атбасы» т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Жасыбай көлінің терістігіндегі таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікке көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың 320м дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген, белбеумен белуарынан айналдыра тартылған. Шыңның етегін айнала аққан бұлаққа қайың, терек, қанды — қарағаш көптеп өскен. Маңайы жидекке, қаптап бойлап өскен жұпар иісті, түрлі өсімдіктерге толы.

Шыңның төрт құбыласы тік және беті жылтыр, тұлғасы жұмыр.Сондықтан бұл шың басына әдейі дайындалған альпинистер болмаса, жайынан адам баласы шығуы мүмкін емес.

Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық жартастары дала зонасында ерекшеленіп көтеріңкі келетін гранит массивтерімен ажыратылады. Эолдық процестер көптеген жартастарға экзотикалық келбетін қалыптастыра отырып, ұзақ уақыт бойы олардың көрінісін қатты өзгертті. Жартастардың ішінде «Кемпіртас» жартасы Баянауылға ерекше көрініс берген. Одан басқа таңқаларлық жартастарға «Құсайын Найзатасы», «Көгершін», «Ат басы», «Сәкен шыңы (Пик Смелых)» және т.б. кездеседі.Шыңның аты ертеден ел аузында « Құсайын Найзатасы» аталады. Аңыз бойынша Құсайын атты құсбегі – аңшы ғана шың басына шығып бүркіттің балапанын алған. Кейінгі уақытта бұл шыңды « Гора булка» атап, туристер тамашалап, талай рет республикалық альпинистер жарысы да өткізіліп отырылған.        Бұдан әрі жол аузын қонақжай Қазақ дәстүрімен зәулім келген, хан ордасындай көк « Киіз үй» қарсы алады, оның оң қанатында аспан астында салынған үлкен ашық табиғи театр дөңгелене келген сымбатты балкондамен шектелсе, «балконның» оң жақ үстінен құрметті «қонақтар лоджиясы» үлкен үңгір қуыста жеке орналасқан.

 «Кемпір тас» аталған бұл табиғи тас мүсіннің биіктігі соншалықты, қасына келген адам бас киімі түскенше шалқайып, тастың шыңына көз салар. Еңкейе қараған таудай басын қылтиған жіңішке мойынын әзер ұстап, шақша шекесі желкесіне құлай біткен, жалтыраған таз басының дәл төбесінде шөгір қарағаннан біткен жалғыз тал шашы селтиген, алдыңғы шашы шот маңдайына қалпақтана құлап, көзі шатынап, қоңқия біткен құс мұрыны істіктеніп, тіссіз кемиек ауызы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, бірге күлмейтін жан болмайды.

Ақбеттаудың баурайында айнадай жарқырап жатқан, мөлдір суының бетінен әсем таудың суреті көрінетін, дөңгелене біткен көгілдір көркем Торайғыр көлінің түстік жиегінде жарқабағы қораптана бітіп, найзадай үшкір басы Ақбеттаумен таласқандай аспанға өрлеген биік шың «Найзатас» тұр. Жасында нағашы жұртына келген сұлу Сәкен осы шыңның басында көгілдір көркем көлге көңілі толып, сұлу Ақбет тауын таңдана тамашалап, осы ортада туып өскен, қазақ даласына мәлім атақты сері-әнші Жарылғапбердінің қарындасына арнаған «Біздің Ақбет» әніне өзінің сұлу сазды «Тау ішінде» әнін қоса шырқаған. Сол себепті бұл шың «Сәкен шыңы» аталып жүр.

Жасыбай көліне келер жолдың бойында, тау өлкесінің шегінде жеке дара төбе етегінен шың құзы «Қос батырдың басы» тұр. Дулығасын маңдайына көлеңкелей баса киіп, түсі салқын «Жас батыр» қырға қыранша көзін тігіп, өлкеде жатқан елінің сақшысы болып тұрса, артындағы ақылшысы қаба сақал, абзал жүзді «Кәрі батыр» осы өлкеде бейбіт жатқан еліне, сұлу табиғат ортасына мерейі қанып, маужыраған сезіммен етекке көз салады. Қос батырдың сыртындағы өлкеде бейбіт өмірдің белгісіндей «Көгершін» тас шыңы тұр.

Табиғи ландшафттық туристік нысандардың көп кездесуі осы өңірде экологиялық, танымдық, тақырыптық, мінажаттық туризмді ұйымдастыруға алғышарттар тудырады. Қазіргі кезде өлкенің туристік әлеуеті  нашар зерттелген. Туристік рекреациялық нысандар тізімі жасалынбаған.

Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400- ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш т.б.) сондай – ақ Қазақстанның « Қызыл кітабына » енгізген жабысқақ, қандыағаш, көктем жанаргүлі де осына өседі. Омыртқалы жануарлардың 100 – ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40 -тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі т.б) мекендесе, құстардың 143- ден астам түрлері (шіл, бүркіт, қаз, аққу  ұялайды. Аққу, арқар, бүркіт Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ т.б.) бар. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі оның алуан түрлілігі географиялық,биологиялық  тұрғыда  зерттеулерді  қажет етеді.

Ғылыми туризм  алғышарттары мен оны дамытудың барлық  факторларын қамтыған. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады.

Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор [7].

 

1.2 Ұлттық саябақтарға қатысты туристік-рекреациялық ресурстар түрлері мен факторларын анықтау және оның түсінігі.

 

Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне рекреациялық ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп-рекреациялық сұранымды канағаттандыруға қазіргі технологиялық компоненті болып есптелінетін, рекреациялық салаға тартылған объектілерді (табиғи, табиғи-этникалық геожүйе мен оның элементтерін). Адамдардың дене және рухани күштерін, оның денсаулығы , еңбек ету қабілетін калпына келтіріп, арттыруға ықпалды және де курорт пен туристік қызметтегі тұгыну мен өндіруге , сондай-ақ туризмнің әртүрлі түрлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға қатысты қолданылатын табиғи және мәдени-тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз.

Туризмде қолданылатын мақсатты туристік-рекреациялық ресурстар қатарына:

— емдік демалыс ресурстары: минералды су, климаттық жағдайларды (орман, дала, теңіз);

— сауықтыру туризмнің ресурстары: ландшафты климаттық жағдайлар, қолайлы жыл мезгілінің  ұзақтығы, өзендік жүйесі, теңіз жағасы, суға түсу маусымын;

— спорттық туризм ресурстары: табиғи ортаның әсемдері (жабдықғалған, әдемілілік, өзгелерге ерекше болып көрінетін ерекшеліктер), оның өзіне тән ерекшеліктерін өзгеге қиын, кедергілер, халықтың сирек орналасуы, т.с.с);

— экскурсиялық туризм ресурстары: тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық және шаруашылықтық объектілер, музей және тағы басқаларын жатқызуға болады [17].

«Рекреациялық ресурстар» бұл тек қана ТМД елдерінде тараған түсінік. Оның маңызы мен жіктемесі жайлы біздің елімізде де шет елдерде де бірыңғай анықтамасы жоқ. ДТҰ Бас Ассамблеясының IV сессиясында мақұлданған туризм Хартиясында «табиғи», «жасанды», «мәдени», сондай-ақ «туристік», «табиғаттық» ресурстар деген ұғымдар қолданылған. [19]

Рекреациялық ресурстар жөнінде әртүрлі терминологиялық айырмашылықтар болғанмен олардың барлығы да оған белгілі бір объектілер мен құбылыстарды: табиғи ландшафттың компоненттерін, тарихи — мәдени зандылықгар мен кешендерін, халықтық қолданбалы және көркем шығармашылығының этномәдени құндылықтарын, инфракұрылымын,  еңбек ресурстарын және басқаларды қарастырады.

«Рекреациялық ресурстар» мен «туристік ресурстар» ұғымдары өздерінің мәндері жағынан өте жақын ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға, танымдық және коммуникативтік танымдарын қанғаттандыруға қатысты карастырылады [20].

Осы объекті мен құбылыстар жиынтығын шатастырмау үшін «туристік рекреациялық ресурстар» деп қарасытыру дүрыс болып отыр.

Туристік нарық қызметінің саласын тандауда немесе оның ары қарай жіктеуіне базистік факторға туристер жағынан толастатпайтындай  табиғи географиялық ресурстардың болуы жатады.

Табиғи жаратылыстық ресурстарға технологиялық құрамдық, жайлылық, сыйымдылық, аттрактивтілік, тұрақтылық, кешендік және т.б. жатады.

Технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа бөлінеді, біріншісі технологиялық міндетті, екіншісі этнологиялық міндетті емес, яғни мүмкіндік туғызушы ресурстар.

Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік-рекреациялық қызметті елестетуге болмайды. Туристік нарықты жетілдіруде технологиялық қажетті ресурстар болуы кажет. Мысалы, экологиялық туризм ресурстарына әсем табиғи кешеннің болуы, ал тау туризмі мен альпинизмге-тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей массалардың  болуы жатады.

Технологиялық  міндетті ресурстар толық  демалу мен рекреациялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді мүмкіндік болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін өзіне тән орта, жан-жақты әсемдік, жарасымдылық калыптыстыратын бірнеше ресурстар кешені, яғни мүмкіндік туғызатын ресурстар болуы қажет.

Технологиялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандырарлықгай туристік-рекреациялық ресурстар кешенін калыптастырады.

Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстар рекреациялық ресурстың өзі немесе мақсатты бақыттағы ресурстар (емдік, сауықгыру және т.б.) болып және рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажеттілігі бар (орман калыңдығы, судың көптігі т.б.) ресурстар болып екіге бөлінеді.

Табиғат кешенінің жайлылығы бұл демалу мен туризмнің нақты бір түріне деген сұранымның ресурсқа деген сәйкестілік деңгейін анықтайтын касиетке негізделген.Табиғи ресурстардың сыйымдылығын біркелкі емес ағынын, ұзақ уақыт бойына демалушылардың үлкен сұранымын канағаттандыра алатындай қабілетімен есептеледі.

Табиғи ресурстардың көлемі туризмнің нақты бір түріне немесе рекреациялық жұмыстардың  циклына орай анықталады.

Табиғи ресурстарды пайдалануды реттеп отыру туристік қызмет технологиясына аса қажетті, сондай-ақ табиғи ортадағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға лайықты  шара болып есептеледі.

Аттрактивтілік (фр. Аtгакtіо-тартылыс, тарту). Табиғи ресурстардың аттракгивтілігі сол жердің өзіндік ерекшелігі, әртүрлілігі мен сипатталады. Табиғи ландшафты этикалық тұрғыдан бағалағанда табиғаттың маусымдық динамикасы, жер қыртысының жеке-жеке сипаттамасымен, басып жататын кезеңнің ұзақтығымен, завдығы, судың молдығы сияқты ерекшеліктері есептелінеді [21].

Табиғи ресурстардың мақсаттылығы белгілі бір шаруашылық салаларына қарағанда осы туризм саласына пайдалану арқылы түсетін әлеуметтік-экономикалық пайдамен айқындалады.

Табиғи ресурстардың тұрақтылығы — туристік тұрақтарды болжауға, экологиялық негізделген эксплуатациялық салмақты көтере алуымен, өздігінен өнім түсіру мен сақталуымен қамтамасыз етуден тұрады.

Кешенділік бұл қолда бар ресурстардың туризм мен демалудың әрқалай түрлерін қолдануын қарасытырады.

Табиғи объектілер мен кешендер негізінен туристік- рекреациялық ресурс болып саналмайтынын айтуымыз қажет. Туристік шаруашылықта олар еңбек заты болып, ал туристік қызметтер туристік өндірістің нәтижесі болып саналады. Табиғи  объектілер  мен  кешендер туристік рекреациялық қызметке кажетті жағдай болып есептелінеді. Бірақ та олар демалуға, рекреацияға және қоғамдық қатынастың артуымен,  туристік  сұранымның пайда балуын зерттестіруге, бағалауға кеткен еңбек және қаржылай тұрғындардан кейін, туристік өнімді өндіруге, тікелей қолдануға және пайдалануға дайындағаннан кейін барып рекреациялық ресурстар категориясына жатады.

Табиғи кешендерді туристік қызмет өндірісіне қолдануда табиғат ресурстары шешуші фактор болып қалады.

Табиғи жағдайдың сипаттамасы туристік кешен, жол бағыттарды айқындайтын фактор болып есептеледі. Себебі туристердің демалу мен саяхатқа шығу маршруттарын тандауда табиғи ресурстар шешуші роль атқарады.

Туристік шаруашылықты ұйымдастыруда қайсы бір территорияның жерінің маңызы ерекше. Туристер көбінесе ландшафтар мен ауа-райы, өсімдіктер әлемінің сан қилылығы, аң мен балық аулау мүмкіндіктері, сондай-ақ демалумен спорттың тиімді түрлерімен айналысуды қалайды.

Сонымен бірге таулы аймақтардағы көрікті орындар әсемдігі, туристерді тартатын, өзіндік ерекшеліктері, ауасының тазалығы, альпинизм, тау шаңғысы мен аң аулау және т.б. істермен шұғылдануға ыңғайлы маршруттар ашуға сұраныстар туғызғанымен, туристік объектілер мен коммуникация құрылыстарын жүргізу көптеген техникалық-экономикалық қиындықтарға кезігеді, алайда осындай қыйындықтарға қарамастан жұмсалған шығын тез арада-ақ өзінің орнын толтыратыны белгілі.

Халық шаруашылығындағы табиғи ресурсының өнеркәсіп саласының негізгі дамуы үшін, туристік саланың кешендік спецификасын құрастырудағы табиғи тіркеуі және туристік рекреациялық мақсаттағы мәдени байлығын қолдануы, осыларды айтуымызға болады рекрециялық ресурс деп.

Қазіргі рекреациялық ресурстың көрсетілудегі болған теориялық жұмыстардың қасына салып алуы бұл рекреациялық географияға байланысты. Анықғалған  әдіс  табиғи  ресурстың  санымен  байланысты. Бірақ- та, әдеби  анализдің көрсетуі бойынша географиялық рекреация және географиялық туризм бұл біреуі де анықғалмаған және рекреациялық ресурстың классификациясы да анықталған жоқ. Әйгілі американ социологы Т. Бертон бос уақытты  өткізу сипатына, яғни туристік демалыс  моделіне, әсер  ететін  факторлардың  үш  тобын  бөледі:

  • технологиялық (жаппай коммуникация құралдары);
  • институттық (зандылық);
  • әлеуметтік-экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық);

Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін  негізгі  факторлардың  бірі  болып  есептелінеді [15.22].

Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Статикалықка табиғи-географиялық факторлар жиынтығы жатады. Өйткені ол тұрақгы мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп кана қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.

Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-динамикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына: тұрғындардың жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұя құру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі, иммиграция шегінің  қысқаруы жатады. Ақылы іс сапарлар, жұмыс уақыты кестесінің икемділігі демалыс кезеңін көбейтеді, іскерлік туризмнің сипатын өзгертеді. Бұл турлардың ұзақтылығына, кезеңділігіне әкеледі.

Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:

а)      қоғамдық өндістегі еңбек

б)      физиологиялық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру уақыты

в)      үй шаруашылығындағы еңбек

г)       білім алуға келетін уақыт шығыны

д)      еркін уақыт

Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға: экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі): жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады. Туризмнің дамуына  әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады. Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады. Ішкі (эндогендік) факторлар — бұл туризмге тікелей әсер ететін факторлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты. Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.

а)      ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықгық қатынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың тұрақты сұранысқа айналуын, сонымен қатар жеке туризмнің өсуін айтуға болады)

б)      Нарықгы сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің кашықгығының ұлғаюы, демалысты әр түрлілігі және т.б.)

в)      Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және кіші фирмалармен серіктік  қатынастарының өсуі: туристік одақтарды құра отырып тікелей интеграциялау және т.б.)

г)       Туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі, маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т.б.)

д)      Жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы

Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді.

Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды  ресурстар  көлемінің  өсуі,  туризмнің  жаңа  объекгілерін  салу.

Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістістерін пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану  және т.б.

Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына бағаның өсуі: жұмыссыздық: ақшаның тұрақсыздығы, жеке тұтыну көлемінің қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың  банкротқа  ұшырауы және т.б. Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсыздығы:  туристік қызмет  көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі: қонақ үй қызметінің нашарлауы: сапардың ұзақтығығының, оған кететін шығынның қысқару: шетелге шығу сұранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік  және  жастар  туризміне  маңызды  әсерін  тигізеді. Қазіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде. Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Казақстан халқына арналған  жолдауында (2009 ж) қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген. Мұнда туризмді дамытуға қатысты төмендегідей ерекше стратегиялық мәселелерге тоқталуға болады. Олар:

— туризм  саласы  болашағының  жалпы  алғандағы «моделінің» көрінуі;

— әрбір Министрліктер мен ведомстволардың туризм индустриясын дамытуға, оның мақсаты мен басты бағыттарына қатысты функциональдық жауапкершілікті сезінетіндей  «туризм»  жүйесінің қалыптасуы;

— туризм саласына қатысты қабылданатын заңдар мен зандылықгардың, шешімдердің қоғамды дамытудың жалпы мемлекеттік стратегиясының даму аясында кабылдануы;

— туристік қызметті басқаруға, стратегиялық жоспарлауға негізделген жүйенің кажеттілігі;

          Туризмнің стратегиялық дамуына өзіндік ықпалы зор төмендегіндей мүмкіндіктерді атауға болады:

— өзінің білімділігімен, ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылығымен ерекшеленетін адам ресурсының болуы;

— экологиялық саясатты басшылыққа ала отырып, табиғат ресурстарын сапалы түрде пайдалану арқылы туристік-реакрациялық шаруашылықты дамытуға қолайлы табиғи ресурстардың молдығы;

— шет мемлекеттерден келетін туризмді дамытуға қажетті саяси тұрақтылықгың болуы;

— қазақ халқының табиғатындағы өзіне ғана тән қонақ жайлылығы: халықаралық туристік бағыттардың тоғысында орналасқан географиялық жағдайы мен оның территориясында тарихи Ұлы Жібек жолының болуы;

— әртүрлі халықаралық ұйымдардың (БҮҮ., ЮНЕСКО, ДТҮ және т.б.) қолдануы;

— экономика саласына тиімді ыкпалы болуы;

Ал, туризмнің дамуына тікелей немесе жанама түрде кері әсерін тигізетін  факторлар:

— қызмет көрсету саласында қалыптасқан жаңаша құндылықтар жүйесі негізінде өзгертуді қажет ететін жалпы теңгермешілік пен жарқын болашаққа кепілдік берердей менталитеттің ескілігі: туристік қызмет көрсету рыногында шаруашылықты жүргізудің жаңа тәсілдері мен бәсекелестікке сай менеджменттің болмауы: өз ақшасымен қаржыландыратындай, соның негізінде туристік қызмет өндірісінің ішкі рыногы мен жұмыссыздық деңгейін тұрақгандыруға ықпалды орта буынның өте баяу қалыптасуы: мемлекеттік баскарудың тиісті дәрежеде туризмді ұйымдастыра алмауы және туристік кәсіпорындардың менеджерлік корпустарының ұйым

— ұйымдастырушылық-құқықтың, әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі дайындықтарының сапасыздығы.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.

 

1.3 Ұлттық саябақтағы туристік-экологиялық іс-әрекеттерге қатысты заңдар мен құқықтар қажеттілігін сараптау.

 

Туристік қызметке құнды табиғи-рекреациялық ресуртарды тартуда кәсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалнуға қатысты біліктілікті талап етеді.

Мемлекеттің табиғи-қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын аймақтардағы туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» Заңында (қосымшада) қарастырылған. [23]

Туристік бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер өздерінің табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалана отырып жүргізетін қызметін талдағанда, осы Заңның 2 бабының 1 тарауында қарастырылған ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын ғылым, мәдениет, білім беру мен ағарту, туризмді дамытуға қолдануға қатысты принциптерге сүйенуі қажет.

 Ерекше қорғалатын табиғат аймақтар (ЕҚТА) арқылы өтетін туристік индустрия мен оның объектілерінің құрылымын қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік-рекреациялық қызметтер үшін ғимараттар мен әртүрлі орындарды жалға беру мемлекет құзырында болатын үнемі есте ұстау керек. Қорғау режимі мен пайдалану ерекшелігіне, мақсатына сай Заңда төмендегідей ЕҚТА түрлері белгіленген. Олар:

— мемлекеттік табиғат саябақтары;

— мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

— мемлекеттік қорықтық аймақтар;

— мемлекеттік табиғат қорықтары;

— мемлекеттік зоологиялық саябақтар;

— мемлекеттік ботаникалық баулар;

— мемлекеттік дендрологиялық саябақтар;

— ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы ормандар;

— мемлекеттік ерекше маңызы бар немесе ерекше ғылыми құндылығы бар су қорлары;

— халыкаралық маңызы бар сулы-батпақты орындар;

— экологиялық, ғылыми, мәдени және басқадай ерекше құнды;

— маңызы бар жер асты байлығы бар алқаптар;

Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» туралы Заңында ЕҚТА-ның мемлекеттік табиғи-қорықтық қорына төмендегідей объектілер жатқызылады.

— зоологиялық — сирек кездесетін және бүгіндері күшті жойылып кету қаупі  бар жануарлар түрлері, жануарлардың кәдімгі, сирек кездесетін, бағалы және өте сирек кездесетін түрлері;

— ботаникалық – сирек кездесетін және бүгіндері жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлері, өсімдіктердің кәдімгі, сирек кездесетін, бағалы және өте сирек кездесетін түрлері;

— ормандық -ЕҚТА-дағы ормандар, орманшаруашылығын ерекше үлгілері мен жерді қорғауға қатысты орман өсіру жұмыстары;

— дендрологиялық — ғылыми, мәдени-тарихи мәні бар, баулық-саябақтың үлгісі бар ағаштар мен талдардың топтары;

— гидрологиялық – ерекше мемлекеттік немесе ғылыми маңызы бар су қоймалары мен суаттар, су қорлары;

— геологиялық – экологиялық ғылыми және басқадай құндылықтарға ие жер қойнауының геоморфтық гидрогеологиялық бөліктері;

— топырақтық — кәдімгі, әртүрлі топырақтық аймақтарда өте сирек кездесетін топырақ түрлері;

— ландшафтық — кәдімгі және өте сирек кездесетін ландшафтар: әлі игерілмеген  табиғаттың эталондық бөліктері мен ерекше рекреациялық мәні бар жер бөліктері;

ЕҚТА статусына ие әрбір табиғат кешенінің 18 бапқа сәйкес паспорты болуы тиіс. Онда басқадай пунктер мен қатар төмендегідей пунктер болуға тиіс:

— ЕҚТА-да орналасқан мемлекеттік табиғи-қорықтық қоры объектілерінің сандық көрсеткішпен көрсетілген тізімі;

— ЕҚТА пайдалану түрлері;

— ЕҚТА паспортының бұл пункттері туристік фирмалар мен ұйымдардың туризмнің инфрақұрылымын дамыту мен туристік объектілер мен маршруттарды ұйымдастыруға қатысты жұмыстарды бірлесе атқаруда ұйымдық-құқықтық мүмкіндіктерді айқындайды;

— ЕҚТА арналған осы Заңның 22 бабына сәйкес ерекше қорғаудың құқыктық тәртібі немесе шаруашылықтың қызметті реттеу тәртібі енгізілген. Ерекше қорғаудың құқықтық тәртібі қорыкқа қатысты және сұраныстық  режим болып бөлінеді.  Қорықтық  тәртіп  ЕҚТА -та немесе арнайы бөлінген орындарда кез-келген шаруашылықтың қызметпен айналысуға,  сондай-ақ  табиғи тепе-теңдікті бұзатын кез-келген әрекетке тыйым салады. Сұранымдық тәртіп ЕҚТА немесе арнайы бөлінген орындарда шаруашылықгық қызметті белгілі бір маусым немесе мерзім аралығында, сол жердегі мемлекеттік табиғи қорықгық қорына зиянын тізбеген жағдай жүргізуге рұқсат берумен сипатталады;

Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы шаруашылықгық қызметті реттеу тәртібі осы аймақтардағы табиғат ресурстарын қандай-да бір  шаруашылықтық  мақсатқа пайдалануға тыйым  салады.

Ерекше қорғалатын аймақтарда азаматтардың, туристердің болуы сол аймақты қорғау тәртібі мен сол территорияға арналған ережелерге сай ұйымдастырылады.

Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтарда мемлекеттік табиғи-қорықтық қоры объектілеріне кесірін тигізетін қызметтің  кез-келген түрінен  қорғау,  санитарлық-қорғау   және т.б.  қорғау  зоналары   құрылады.

Туристік қызметті ұйымдастыру мен оның мақсатының тапқырлығына байланысты ЕҚТА-ны пайдалану мақсаттарын да сәйкестендіріп алу қажеттілігі туындап отыр. Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын пайдалану жөніндегі VI тарауда: «ЕҚТА тек қана ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашьшықтық мақсаттарға пайдалануға болады»-деп атап көрсетілген.

Туризм саласына қатысты ғылыми зерттеулер мен оның инфрақұрылымын дамыту туризм индустриясын дамытуға арналған Ұлттық бағдарламаны іске асыруға қажетті жағдай болып есептеліп, кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларға практикалық көмек болып саналатыны белгілі. Осы Заңның бабындағы мынадай мақсаттарды: сыртқы ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану негіздерін жасауда мемлекеттік табиғи-қорықгық қор объектілерін зерттеуді атап өтуге болар еді.

Қарастырып отырған Заңның 30-і  бабында ЕҚТА — ны мәдени-ағарту салаларында төмендегідей мақсатта қолдануға болады  деп атап көрсетілген: жаратылыстану-ғылыми білімдер мен қорықтық жұмыстардың, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлықтарды тиімді пайдаланудағы жетістіктерді  насихаттау  мақсатыңда:

— тарихи мәдени мұра ретінде объектіні, табиғаттың өсімдіктер мен жануарлардың жансыз объектілерін көрсетуге;

— табиғат қорғау мекемелерінің қызметімен таныстыру мақсатында;

Жоғарыда аталынған мақсаттар ұлттық туризмнің ақпараттық базасын дамытуға және туристік жарнамалық компаниялар, басылымдар мен жеке бағдарламалар міндеттерінен туындайтын маркетингтік стратегияға сәйкес келеді.

Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын оқулық мақсатта қолданылуы 31 бапта  қарастырылған. Онда:

— окулық экскурсияның өндірістік практика базасы ретінде;

— ғылыми мамандар дайындауға, қорық ісі жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға қатысты мамандардың білімін жетілдіру мен қайта дайындауда пайдалануға болады делінген.

Бұл мақсаттар оқу-танымдық, оқу-ағарту туризмін, ғылыми туризмді және туризм индустриясына мамандар даярлау міндеттерін шешуден   туындаған.

32 бапта ЕҚТА туристерді табиғаттық және тарихи-мәдени көрікгі орындарымен таныстыруға, тұрғындардың демалысын тиімді өткізуге пайдалануға болады  делінген. Бұл  аймақтарда  туризмді ұйымдастыру үшін арнайы орындар, яғни туристік саябақтар, көру алаңқайлары, дамылдайтын жайлар, транспорттарға арналған тұрақтар, палаталық лагерлер, қоғамдық тамақтану орындары сауда жасау және т.б. мәдени-тұрмыстық мақсаттағы  жабдықталған орындардың болуы шарт.

Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарындағы туристік рекреациялық қызмет сол жерлердегі қорғау тәртібімен енгізіліп, ҚР туризм жайындағы заңымен реттеліп отырады.

Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын шектеулі шаруашылықгың мақсаттарға пайдалану жөнінде заңның 33 бабында қарастырылған. Бұл бапта шаруашылық мақсатта пайдалану (оның ішінде туристік шаруашылықты дамыту) тек арнайы бөлінген орындарда ғана жүргізіледі деп атап өтілген.

ЕҚТА мемлекеттік қорықтық қордың объектілерін шектеулі шаруашылықтық мақсаттарда пайдалану тек қана үкіметтің немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Орталық атқарушы органның рұқсатымен ғана жүргізіледі. Белгіленген жағдайда бұл аймақгарда территориялық органдардың  мақсатымен қорықгық табиғи тепе-теңдігін бұзбайтын әртүрлі қолөнер мен халықтың кәсіппен айналысуға шектеулі түрде рұқсат беріледі. Мұндай берілетін рұқсаттар туристік шаруашылықгардың  ЕҚТА -да белгіленген тәртіп көлемінде демалу және рекреациялық объектілерді  дамытып, жұмыстарын ұйымдастыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Табиғи-рекреациялық ресурстардың қолдану сипатына орай, оның мақсаты мен қорғау тәртібіне орай, ерекше қорғалатын табиғат аймақтарына қатысты занда көрсетілген туризм мен туристік қызметті ұйымдастыруға қатысты шектеулі шаруашылықтың жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді  немесе тыйым салып отырады.

Мемлекеттік табиғи-қорықтық қорларды пайдалануда және Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарында шаруашылықтық қызмет жүргізуге рұқсат беретін, тыйым салатын шаралардың талдамасы туристік рекреациялық қызметті ұйымдастыру мен дамытудың төмендегідей ұйымдастыру — құқық   негізін  айқындауға  мүмкіндік береді:

  • Ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының жоғарғы категориясына жататын республикалық дәрежедегі мемлекеттік табиғат қорықтарында төмендегілерге тыйым салынады:

— үйлер мен ғимараттар салуға, жалпы халық пайдаланатын жолдар салуға, су құбырлары мен электр бағаналарын жүргізуге және басқа байланыс жабдықгарын орналастыруға;

— жер үсті немесе жер асты суларын қандайда бір болмасын шаруашылықтық мақсатта пайдалануға;

— орманды сауықгыру мақсатында және орманды алқаптарды аңшылық шаруашылық мақсатында пайдалануға: аңшылық пен балық аулауға;

— арнайы рұқсатсыз коллекция жинауға табиғи ортадағы жануарлар мен өсімдіктерді жоюға негізделген ғылыми  ерттеулер жүргізуге;

— арнайы берілген рұқсатсыз азаматтардың рұқсат етілмеген орындарда жүруіне (VII тарау, 35 бап, 1 пункт);

Бұл тыйымдық сипаттағы жайға түсініктеме берер болсақ, ЕҚТА-ның мұндай енетін территорияларда туризм инфрақұрылымы мен туризм индустриясын дамытуға коммерциялық мақсаттағы туристік-рекреациялық шаруашылықтық объектілерін салуға тыйым салынатындығын байқаймыз. «Мемлекеттік табиғат қорықтарын мәдени-ағарту емдік және туристік мақсаттарда пайдаланудың ерекшеліктері» деп талатын 37 бапта төмендегі жайларға рұқсат беріледі делінген:

— қорықтағы тәртіпті сақтай отырып, арнайы белгіленген орындарда мәдени-ағарту, емдік және туристік мақсатта іс-шаралар ұйымдастыруға;

— арнайы жабдықталған туристік соқпақтар арқылы ғылыми-танымдық туризмді ұйымдастыруға және бұл үшін ЕҚТА-дантысқары маңайдан  мәдени-тұрмыстық объектілер, яғни туризмнің  инфрақұрылымы  мен туризм индустриясының объектілерін салуға;

Республикалық дәрежедегі маңызы бар, табиғат қорғау статусына ие Мемлекеттік ұлттық табиғат сабақтарында төмендегі қызметтерге рұқсат етіледі:

— қорықтық тәртіп қызметі іске асырылатын аумақта мемлекеттік табиғат қорықтары белгіленген қызметті жүргізуге: мемлекеттік табиғат қорықтары белгіленген байланыстың тәртіп аумағында, мемлекттік қорықгық қорға қандай да бір залалын тигізетін қызметпен айналысуға тыйым салынады: саябақ территориясы мен объектілері  ғылыми, окулық, мәдени-ағарту мақсаттарына пайдалануға рұқсат етіледі (51 бап, XII тарау). ЕҚТА -ның шаруашылықтық қызметті реттеуші режимдегі аймақтарында немесе арнайы бөлінген орындарда табиғат ресурстары шектеулі түрде  ғана  шаруашылықтық  мақсаттарда  пайдалану қарастырылады;

— туристік және рекреациялық қызметті реттеуші аймақтарда, табиғатты пайдаланудың туризм мен рекреацияға қажетті түрлеріне, оның ішінде аңшылық пен балық аулауға рұқсат беріледі (VIII тарау, 40 бап, 2 пункт);

— туристер мен келушілерге қызмет көрсететін аймақтарда ЕҚТА туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануды «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары жайлы» Қазақстан Республикасы Заңының VI таруы, 32 бабындағы 2 пункттерге сүйене отырып жүргізуге болады;

— шектеулі және дәстүрлі шаруашылық қызметімен байланысатын аймақтарда мемлекеттік қорықгың қор объектілерін  пайдалану VI;

— тарау 33 бабына және VIII тараудың 40 бабының 3 пунктіне сай пайдалануға рұқсат беріледі;

     Жергілікті маңызы бар ЕҚТА функциясын атқаратын Мемлекеттік ұлттық саябақтардың территориясында туристік-рекреациялық ресурстар, ерекше қорғалатын табиғат аймағының жұмысының ерекшелігінің жеке даралығын анықтайтын құқығы бар, мемлекеттік ұлттық табиғат саябақтарының территориясындағы жағдай мен тәртіпке сай қолданылады, сонымен қатар ол жергілікті атқарушы органдардың табиғи және әлеуметтік экономкалық факторлар мен тұрғындардың қызығушылығынан туындаған міндеттерін шешу үшін қабылдаған шешімдерін басшылыкқа ала алады.

          Қорықтық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақка жататын Мемлекеттік табиғат ескерткіштері мемлекеттік қорықтық қордың жекелеген объектілері  ретінде оны табиғи жағдайында сақталынуы тиіс. Бұл аймақтарда мемлекеттік табиғат ескерткіштерін бүлдіретін кез-келген әрекетке рұқсат етілмейді. орықгық маңызы бар ЕҚТА -тарға арналып бекітілген табиғат ескерткіштерін пайдалану «Мемлекеттік қорықтардың мәдени-ағарту, оқу және туристік мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері» атты 37 бапқа сай жүргізіледі.

          Қорғаудың дифференциальды режимдегі ЕҚТА -ға  жататын мемлекеттік қорықтық аймақ территориясында мемлекеттік табиғи қорық пен мемлекеттік ұлттық табиғат саябақтарының тіркелген жер участкелерінде мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерін сақтауға қатысты, сондай-ақ жергілікті немесе республикалық маңызы бар ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтап қалу үшін қорғаудағы ландшафтың табиғи ресурстарды сақгау мен кайта өңдеуге қатысты кереғар әректтерге тыйым салынады. Бұл деңгейдегі ЕҚТА-да Қазақстан Республикасының ерекше қозғалатын табиғи аймақтар жайлы» Заңының 28-30 баптарына сәйкес, сондай-ақ қорықтық режимдегі белгіленген участкелерде  қызмет істеу шаруашылықтық қызметтің реттелетін режиміндегі көрсетілген мақсаттарды қолдану ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.

     Шаруашылықгық қызметтің реттелетін тәртібі мен қатынастың тәртібіне негізделген ЕҚТА-ғы табиғат ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктеріне сәйкес бұл аймақтарды ғылыми, мәдени-ағарту, оку және шектеулі шаруашылық мақсаттарына пайдалануға рұқсат етіледі.

          Табиғат қорғау, ғылыми-зерттеу мекемесі дәрежесі қорғаудың дифференциальдық тәртібіне негізделген, ерекше қорғалатын табиғат аймағына жататын мемлекеттік экологиялық парктің жергілікті және республикалық маңызы бар жануарларды қорғауға және көбеюіне арналған территорияда ғылыми,  мәдени-ағарту оқулық тұрғыдағы, туристік қызметті ұйымдастыруға болады. Ал  экспозициялық және қоғамдық аймақтар туристерге жануарлар мен оларды бағатындығын көрсетуге бағытталған, әкімшілік және шаруашылықтық-өндірістік аймақтарда туристік ұйым, мекеме, фирмалар мен музей, лекторий, басылымдар, қосалқы шаруашылық, шеберхана, зоологиялық дүкен және мемлекеттік зоологиялық саябақ мекемесінің кәсібіне сай келетін (VIII тарау 53-55 баптар) басқадай объектілердің қызметін ұйымдастыруға болады.

  Табиғат қорғау, ғылыми-зерттеумекемесі дәрежесі қорғаудың дифференциальдық тәртібіне негізделген ерекше қорғалатын табиғат аймағына жататын мемлекеттік техникалық бақтың жергілікті және республикалық маңызы бар өсімдіктерді өсіріп көбейтуге арналған территориясында  ғылыми, оку, мәдени-ағарту тұрғыдағы  туристік қызметті ұйымдастыруға қатысты бөлінген аймақтарда: экспозициялық-туристерге  өсімдіктерді көрсету үшін, ғылыми-құрылған банкілердегі ғылыми деректермен ұйымдастырылған музей, лектории, кітапхана және мұражай. Ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдардың қорымен, қоғамдық-туристерге қызмет көрсетуге: әкімшілік және шаруашылықтық-өндірістік аймақтарда қосалқы шаруашылық шеберхана ұйымдастыру, гүлсәндік өсімдіктер сатуға мамандандырылған дүкендер және мемлекеттік ботаникалық бақ кәсібіне сай келетін (ХІҮ тарау 56-57-58 баптар) басқадай объектілердің қызметін ұйымдастыруға болады.

          Табиғат қорғау мекемесі, статусы бар, қорғаудың дифференциальды тәртібіне негізделген ерекше қорғалатын табиғат аймағына жататын мемлекеттік дендрологиялық парктің ағашты-бұталы тұқымдастарды қорғауға өсіруге арналған территорияларында, мемлекеттік ботаникалық бақтардағыдай ғылыми, мәдени-ағарту, оқулық тұрғыдағы  туристік қызметті ұйымдастырудағы жағдайлар  ретімен ұйымдастырылады. (ХУтарау,81-90 баптар).

         Арнайы мақсатта өсірілетін, осыған тән қорғаудың ерекше құқықгық тәртібімен немесе шаруашылықтық қызметтің реттелуі тәртібімен қорғалған ерекше қорғалған табиғат аймағына жататын, экологиялық, ғылыми мәдени және шаруашылықтың құндылыққа ие орман территориясында, мемлекеттік табиғат қорықтары, мемлекеттік ұлттық табиғат саябақтары, мемлекеттік орман ескерткіштері, аймақтың ерекше құнды орман ескерткіштері, аймақтың ерекше құнды орман алқаптарын, ғылыми маңызға ие ормандар мен ғылыми-ағарту, оқу мақсаттарындағы және шектеулі шаруашылықтың қызметтің басқа да  түрлерінде  (XVI  тарау,62-64 баптар) қолданылып, қорғауға жататын субьалпілік ормандарды қамтитын мемлекеттік қорықтарда рұқсат етілген қызметтің барлығымен айналысуға болады.

Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан құнды, немесе  арнайы мақсаттағы  су қорларына шаруашылықгың қызмет тәртібімен реттелетін жергілікті немесе республикалық  ЕҚТА-ға жататын су қорларының тыйым салынуы мүмкін, оларды ішінара шектеулі немесе тыйым салынуы мүмкін, оларды пайдалану арнайы ережелермен  сай  белгіленеді  (XVII тарау,65-66 баптар).

Мемлекеттік табиғи  қорықтардың  қарамағында орналасқан немесе халықаралық маңыздылығы жеке ЕҚТА ретінде белгіленген табиғи немесе жасанды су қоры бар, теңізден бөлініп алынған учаскілерді де қамтитын мол өсімдіктер өсіп, жануарлар мекендейтін әсіресе суда жүзетін құстардың  ұя салып, жыл мезгілдеріне сай ұшып  келіп кететін территорияларда  шаруашылықтың қызметті реттеу тәртібі мен қорғаудың қорықтық тәртібі белгіленіп, сулы-бетпақты жерлердегі суда жүзетін құстардың мекендейтін белгілі орындарын қорғау мен қалпына келтіруді камтамасыз етеді. Әрбір халықаралық маңызы бар сулы-бетпақты орындарды аңшылық және балық аулау мақсаттағы туризмге пайдалану осы мәселе бойынша жасалынған халықаралық келісімге сай бекітілген жеке ережелерге   сәйкес жүргізіледі (XVIII тарау,67.68 баптар).

Экологиялық ғылыми, мәдени және басқа ерекше құндылықтарға ие ерекше қорғалатын табиғат апатына жататын шаруашылықтың қызметі құқықтық тәртіпке негізделген жер қойнауларына:

— геологиялық объектілер-табиғи және жасанды жер қыртыстары, тектоникалық құрылымдары, сирек кездесетін тау жыныстары, минералдар мен метеориттер, өсімдіктер мен жануарлардың қазып алынған қаңқалары;

— геоморфологиялық объектілер жер бетінің сатылы рельефі, жайылымдар, үңгірлер, арналар, сарқырамалар мен туризм және рекреацияға ерекше көрік беріп тұратын жер беті рельефінің басқадай формалары;

— гидрогеологиялық объектілер-сауықтыру және емдік туризмде сирек те бірегей қасиетке ие жер асты сулары мне олардың сыртқа шығуы;

— тарихи, археологиялық,- этнографиялық мәні бар жарға салынған сурет, петроглифтер ежелгі тау кені орындары бар жер қойнауының бөлігі жатады. Бұл аймақтарда жоғарыда аталған мемлекеттік табиғи-қорықтың қор объектілерінің құруына әкеліп соқтыратын әрекеттердің барлығына тыйым салынады. Осы туристік-рекреациялық мақсатта пайдаланылатын объектілерді қолдану;

— ерекшеліктері әрбір ЕҚТА жайлы жекелеген ережелермен айқындалады. (XIX тарау, 69-70 баптар);

—        Халықаралық туризм мен туризмнің инфрақұрылымы мен индустриясын дамытуға шетелдік инвестролар тарту КР ерекше қорғалатын табиғат аймақтарын пайдалану Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын территориялар жайындағы » Заңының «Ерекше қорғалатын табиғат аймақnарындағы халықаралық  ынтымақтастық» деп аталатын XXXV таруының 87-88 баптарына сай жүргізіледі;

ЕҚТА өзінің тартымды табиғи рекреациялық ресурстарымен, туризмнің әртүрлі түрлерін дамытуға қолайлы объектілерімен ұйымдастырушыларды  өзіне еріксіз тартуда. Бұл жерде қорықтар мен ұлттық саябақтардың территорияларынан, ерекше қорғалатын табиғат аймақтарынан арнайы туристік мақсаттағы орындар ашу қажеттігі туындайды. Әлемдегі көптеген елдерде ЕҚТА туристік-рекреациялық мақсаттарда пайдалануда, алайда оны осы мақсатта пайдану мәселесі әлі даулы күйінде қалуда. Қорықтық аймақтардың туристік рекреациялық мақсатқа пайдалану қорықтық территориялар арналған мақсатқа қарсы статуысына карама-қайшы келеді. Бірақ та туристік-рекреациялық табиғат қорғау функцияларын қатар тиімді ұйымдастыра білуде тәжірбие жинақтаған жерде табиғатқа зиянын тигізу фактілері аз болады, ал табиғат қорғау саласындағы, туризмнің өзіндік әсері бар тартушылық жұмыстары жұртшылықтың ЕҚТА қажеттілктеріне және экологиялық мәселелерге назарын аударады.

Табиғи кешеннің саласы -ресурстардың туризмнің нақты түрлеріне және демалысқа  сұрану  дәрежесін  анықтайтын  қажет.

Табиғи ресурстардың сыйымдылығы, дарынды жіберу біркелкісіз туристік ағымдар және үлкен топтардың белгілі уақыт ішінде ұзақ демалу сұраныстарын қанағаттандыратын қажеттілік. Туризмнің дәл түрлеріне немесе рекреациондық дәріс циклдары табиғи ресурстарға сыйымдылықтың нүктесімен анықталады. Олар сыйымдылықты анықтайды.

Атрактивтік ( француз тілінен аГгасііо -табиғи) ресурстарды өзіне тарту шақыру мінездемелері экзотикалық пейзаждық әркелкілігі арқылы беріледі. Табиғи ландшафтарды эстетикалық бағалау табиғатты мезгілдік динамикасымен есептеледі, рельефтің мінезлемесінің мүшесі болып табылады.

Табиғи ресурстардың мақсаттылығы — бұл әлеуметтік экономикалық бүгінгі мүмкіншіліктің пайдасы. Бұл пайда басқа шаруашылық салаларымен салыстырғанда белгілі аумақтағы туристік саланың беретін эксплуатациясы.

Табиғи ресурстардың беріктігі- белгіленген туристік зоналар және экологиялық жекелеген рекрациондық эксплуатациялық жүктемесінің ұстамдылығын айтамыз. Олар өзіндік өндіріс және сақтықты қамтамасыз етеді.

Кешендік туризм және демалыстық ресурстардағы әртүрлі болжамдағы ресурстарды пайдалануды көрсетеді. Табиғи объектілер және кешендер  туристік  рекреациялық ресурстар емес екендігін айтуымыз керек. Туристік шаруашылықта олар еңбектік пән болып ол белгіленген туристік қызметтер туристік өндірісттің азық-түлігі ретінде шығады. Табиғи объектілер және кешендер  туристік рекреациялық іскерліктің қажетті шарт ретінде саналады.

Табиғи ресурстар алдыңға айтылғандай туристік қызмет ету өндірістік мақсаттан қолданудағы жетекші факторлардың бірі болып табылады. Табиғи шарттардың мінездемесі туристік кешендердің даму факторын, трасса және маршруттарды белгілейді. Өйткені табиғи ресурстар туристердің өздеріне қажетті демалу аудандары мен саяхаттық маршруттарды белгілейді. Таңдаулы болып табылады. Туристік шаруашылықгы  дамытудағы  маңызды  мәселе берілген территорияның басқа да территориялардың жоғарғы мінездемесі өте маңызды туристер ландшафтың негізгілерін және климаттық шартты өсімдіктер әлемінің әртүрлілігін аң аулау және балық аулау мүмкіндіктерін және сонымен бірге әртүрлі активті спортық және демалыстың түрлерін ескереді. Сонымен бірге туристер жергілікті таулы рельефтердің әсемдігін ландшафтардың әрдайым ауысып тұруы демалушылармен туристерді сұңғатты пейзаждармен  өзіне тартатын сауықтыру таулы ауасы және альпинизм, тау шаңғы спортымен айналысу үшін туристік маршруттар жасауға мүмкіндік береді.

Туристік рекреациялық ресурстар тарихи дәрежелік болғандықтан, олардың дамуы құрылуымен өзгеруімен рекреационды сұраныстар көлемімен және рекреациондық пайдаланудың пайда болуынан келіп шығады. Табиғи мәдени және этнографиялық объектілерге туристік сұраныстың бар болуы оларды оқып үйренудегі және бұрынғы заманда сақталынған  танымдық  туризмге  деген  туристік  сұраныстар  өте  көп.

Экологиялық  негізгі мақсаты –адам  тіршілігін  сақтау , яғни қоғамдық өндіріс және тұтыну әрекеттері мен табиғи байлықтардың даму сәйкес-тігін сақтай отырып адамның рухани  интеллектуалдық  активтілігін үнемі  жоғары деңгейде  үстау.

Адам табиғи объект, олай болса оның барлық болмысы табиғатпен  тығыз байланысты болу қажет. Бұл мәселе қазіргі экологиялық қолайсыздық  жағдайда күшті сезілуде. Ғылыми техникалық прогресс жетістігінде адамзат табиғатпен белгілі бір мөлшерде алшақтап кетті. Соның әсерінен адам денсаулығы нашарлауда, жалпы тіршілік потенциалы төмендеп барады. Сондықтан қазіргі кезде адам денсаулығын, оның рухани және  физикалық  күшін орнына келтіру, ұлғайту немесе тұрақтандыру қазіргі экологиялық сәтсіздік заманында өте күшті болып отыр . Адам өзінің  интеллектуалдық мүмкіншіліктерін  табиғат аясында ғана көтере  алады.

Демалыс үшін ең қолайлы орта – ұлттық парк.Ұлттық парк дегеніміз – ландшафтарды қорғау мен  адамдардың демалысын ұйымдастыратын объект . Яғни ұлттық парктерде табиғатты қорғау халықтың тынығуын және жаппай туризмді ұйымдастыру мен ұштастырылады. Бұлар, әдетте, табиғат ресурстарын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мүддесіне пайдаланылмайтын аса үлкен территория. Ұлттық парктерге қызметтің алуан түрі көрсетіледі. Бұл осындай қорғалатын территориялардың финанстық жағынан жоғары рентабельділігін қамтамасыз етеді . Туристерден түсетін  кіріс әдетте өнеркәсәп пен ауыл шаруашылығын-да қорықтық табиғат ресурстарын тікелей пайдаланудан алуға болатын пай-дадан асып түседі. Мысалы, қорғалатын аса зор мәңгі көгеріп тұратын секвоя (АҚШ) ормандарында туристердің қатынасынан түсетін пайда осы орындардағы бүкіл ағаштың бағасынан он есе жоғары. Сөйтіп ұлттық саябақтар андшафтардың , өсімдіктер мен хайуанаттардың , сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен  бірге демалыс пен туризмнің де тамаша орны болып табылады. Оларды күтіп баптауға кететін шығындарын толық ақтап , едәуір кіріс кіргізеді.

 

2 БАЯНАУЫЛ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ МЕН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ

 

2.1 Табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктерін саралау және рекреациялық құндылығын анықтау

 

Ұлттық саябақтардың  Қазақстан бойынша  қажеттілігі  көп уақытттан бері басталған мәселе. Ұлттық парктің орналасқан орны Қазақстан  Республикасының ең әсем жерлерінің  бірі. Алғашында ол заказник болған. Заказник көрікті Баянауыл тауларын, Жақсыбай, Сабындыкол, Торайғыр көлдерін, Баянауыл, Далба орман шаруашылықтары мен көрші  совхоздардың  ормандарының біраз бөліктерін  қамтиды. Парктің көп бөлігі жер бедеріне, өсімдіктер мен жануарларына зиян келтірмеу мақсатын көздейді. Заказник бөлігі демалыс ландшафтысы әсіресе жаз айларында демалыс пен туризм үшін ең қолайлы және сұлу өлке болып табылады. Аудан өзінің этнографиялық, тарихи ескерткіштерімен әйгілі. Бұл жерде көне заман зираттары, көмбелер, халық күресінің көріністерін көрсететін бейнелер және орта ғасырдағы қоныс орындарын көрсететін ескерткіштер бар. Ұзақ демалыс пен туризм Сабындыкөл, Жақсыбай көлдеріне орналастырылған. Ол жерге үлкендер мен балаларға арналған 5 мың демалушыларды қабылдайды. Сонымен қатар 20 мың адамды қысқа мерзімдік демалысқа қабылдай алады .Ұлттық парктің мазмұны 5-бөліктен тұрады :

Активті демалушылардан, табиғи кешеннен, қызмет көрсетушілер-ден, техникалық құрылыстар, басқару орындарынан тұратын террито-риялық кешен.

Ұлттық саябақтағы ұйымдастыру, орналастыру және міндеттерін белгілеуде ЮHECKO жанындағы халықаралық табиғат қорғау ұйымының (ТМД-ң) мемлекеттік жоспары ғылыми мен техника жөніндегі мемлекеттік комитеттің 1981 жылғы арнайы қаулысы басшылыққа алынады. Эталондық табиғат резервтерінен ұлттық саябақтардың негізгі айырма-шылығы оның территориясында туризмге рұқсат етіледі. Ұлттық саябақтар территориясы үшін ең соңғы эстетикалық талғамға жауап бере алатын географиясы  қайталанылмайтын табиғи-территориялық кешен алынады. Территория  көлемі табиғи-территориялық кешенге сай, экономикалық нұсқан  келтірмейтіндей мөлшерде белгіленеді. Әрбір халықаралық маңызды  ұлттық саябаққа  ЮНЕСКО –ның сертификаты беріледі. Халықаралық талаптарына сай ерекше қорғалатын территориялар бөлімдері 1 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет. Қорғалатын территориялар бөлімдері [ 31 ]

 

 

Мұндағы көрсетілген қысқартулар келесі:

Р – табиғи байлығы қорғалуға тиіс территория

С – қорғалатын ортаны қалыптастыратын табиғи территория

О – ішіндегі обектілері қорғалуға тиіс территория  тас мүсіндер, тастағы жазулар т.б.

Г – зоологиялық және ботаникалық кынды турлер коллекциясына бөлінетін аймақ

З – мониторингтік бәлік

РЦ – рекрациялық бөлім

ТӨ — туристік өлкетану

Ұлттық саябақ — табиғаттың қайталанбас ежелгі үлгірерін табиғат ресурстарына, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың  қолайлы ортада дамып қайта қалпына келтіруіне сонымен  бірге табиғаттың әсем жерлерін ғылыми мақсатта сақтауға негізделген.

Оның негізгі мақсаты: урбанизацияға ұшырамаған биогеоценозды адам рекреациясы үшін  пайдалану. Ұлттық саябақ аумақты жерді қорғау мен пайдаланудың ерекше ұйымдасқан формасы. Табиғат байлығы  мен  тарихи ескерткіштері бар бұл жерге келіп демалғысы келген  мыңдаған адамдардың әрқайсысы қонақжайлық кең қамтамасыз етілуі тиіс. Демалуға келген қонақтар жылдың қай маусымында  келсе де табиғат сұлулығының біркелкі ләззәт алуы қарастырылады.

Ұлттық саябақ- табиғатты қорғаудың ерекше формасы. Орманның адам денсаулығын жақсарту қасиеті бұрыннан белгілі жағдай. Сондықтан да кейінгі жылдары бұған мән беріліп отыр.

Ұлттық парктердің қорықтардан және кәдімгі демалыс сауық — сайран парктерінен ерекшелігіне келер болсақ, қорықтарда адам демалысы бол-майды, бірақ  адам  баласы табиғаттың ерекшеліктерін көре алады. Қорық-тар негізінен азайып  немесе жойылып  бара жатқан  түр популяциясын сақ-тау міндетін көздейді. Ал, кәдімгі демалыс сауық – сайран  саябақтарында адам баласы демала алады. Бұдан ұлттық саябақтардың  айырмашылы транспорт  деген жүрмейді , айқай шу деген  болмайды .

Ұлттық парктердің структурасы үш  бөлімнен  тұрады .

  1. Мониторингтік – орталық;
  2. Демалу;
  3. Әкімшілік-административтік;

Мониторинг бөлігінде адам демалысына тыйым салынады. Ол тек ғылыми бақылаулар жүргізілетін білік. Яғни онда табиғи ортаны уақыт бойынша өзгерісі зерттеледі.

Демалу бөлігі адамдардың активті демалысы іске асырылады. Административтік бөлікте демалушыларға  қызмет көрсету мақсаты жүзеге  асырылады .

Баянауыл  таулы –орман массивіне  таулы және  жазықты он  бір түрлі  аймаққа бөлінеді .

  1. Территориялық қорықты қозғалмалы зона. Аймақтың 77 процентін қамтиды. Бұл ландшафты–экологиялық сипаттама және ландшафтық участіктерді, жануарлар мен өсімдіктерді, құстарды, жойылып бара жатқан ландшафты қалпына келтіру мақсаты көзделеді . Қорғармалы территориялар өздерінің ерекшеліктеріне қарай зона тар-мақтарына бөлінеді

— қорық  режиміндегі зона тармағы;

— заказник режиминдегі;

— ландшафты біртіндеп қалпына келтіру;

— жас қарағайлы ормандар бөлігі.

  1. Демалыс рекреациялы зона. Территорияның 15 процентін қамтиді.

Табиғи ортаны  сақтау және оған  адам жіберуде  күшті қадағалау мақса-тымен территорияға белгіленген  шаршрут бойынша зонаға саяхат жасау-ға рұқсат етіледі. Ондай маршрут Баянауыл  және Баян тауы маңында орналасқан. Ол жерлерде табиғат ескерткіштері  және әдемі көріністер көп. Екінші бір маршрут Біржан мен Торайғыр көлінің  маңында орналас-қан . Өз кезеңінде зона тармақтарына бөлінеді :

— рекреациялық кешендер мен  қызмет көрсету орталығы;

— туризм мен экскурсиялық, яғни интенсивті түрде адам  қатынайтын зона тармағы;

— қысқа мерзімдік демалыс үшін рұқсат етілетін жер;

— парктің буферлік зонасы ;

— экскурсиялық танамыдық  зона;

Саябақтың  солтүстік – батыс бөлігінде  орман 2,3 мың/ га  жерді алып жаты . Ол жерге адам кедергісіз жиі жібереді, бірақ белгілі  бір уақыт немесе маусым ішінде жібереді. Экспозициялық бөліктеріне жасанды алаңдар, үңгірлер «әдемі тастар қалашығы» кешендері орналасқан. Жасыбай көліне қарай атты маршруты белгіленген. Торайғыр, Сабындыкөл, Біржан көлдерінің маңында қысқа мерзімдік демалыс базалары орналасқан. Ол жерлерде адамдарға саңырау құлақ-тар жеміс-жидек  теруге рұқсат етіледі. 

  1. Рекреациялық зона. Аймақ-тың 8 процентін алып жатыр. Демалыс кешендері, инженерлік құрылыстар салынады, бірақ олар табиғи ортаны өзгермейтін жағдайда болу қажет. Бұл зонада адам көп жүретін бөлік. Зонаның әрбір бөліктерінде қоғамдық және спорттық орталықтар, шаруашылық кешендік объектілер орналасқан. Бұл бөлік төмендегідей зона тармақтарына жіктеледі.

— экскурсиялық танымдық туризм ;

— интенсивті  туризм, яғни адам жіберу шамалы зона тармағы;

— қоныстық пункт;

Негізгі орографиялық элеметттері болып тауаралық аңғарлармен бөлінген жатаған таулар мен ұсақ шоқылардан  тұрады. Олардың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 500-600 м жоғары орналасқан. Күшті денудацияланған. Жатаған таулардың орташа биіктігі 500-700 м. Тек кейбір таулар қатарына жатқызуға болады (Ақбет -1027 м, Жасыбай-869 м, Сары-тау – 747 м, Нияз-686 м).

Ұсақ шоқылар жеке- жеке жолдардан, төбешіктерден және биіктігі 350-500 м жететін сүйір  тастардан тұрады. Аймақтың рельефі жалпы алғанда тар аңғарлар, шатқалдар, жыралар, тік тектоникалық  жарықтармен айғызданған.

 Қазіргі кезде рельефінде шөгінді жыныстардың суысуы, аккуля-циялық  процестер орын алған. Бұл жерде рельефтің үш типі кездеседі :

Бірінші: эрозиялық- тектоникалық рельеф. Пенепленденген көне беттің біртегіс эрозияға ұшырамауына байланысты әр түрлі дәрежеде тілімделген. Оның кей жерлерінен кейінгі тектоникалық  қозғалыстар нәтижесінде жер бетіне шыққан гранитті интрузиялар  жалпы рельефі бойынша әдемі  көрініс беріп тұрады. Бұл рельеф негізінен аймақтың солтүстігі мен орталық бөлігіне тән. Бұл жерлерде үстірт тәрізді қырат-тар көп таралған .Олардың кейбіреулерінің  биіктігі 1000 м  дейін жетеді. Қырат аралық  ойыстар мен шатқалдар тік  жарлы болып келеді. Тау беткейлері қылқан жапырақты  ормандар мен ал етектері жалпақ жапы-рақты ағаштар, бұталармен көмкерілген. Кейбір жалаңаш құздар экзогенді  процестердің әсерінен әр түрлі рельеф  формаларына ие болған .

Екінші, эрозиялық — скульптуралық – денудациялық рельеф ұсақ шоқырлардан , денудацияланған эрозиялы беткейлерден  тұрады . Ұзақ таулы  рельеф жағдайында олардың биіктігі 500- 700 м  арасында болады. Беткейлердің аралары жатаған сайлармен және төмбешектер-мен бөлінген. Жынысы негізінен шөгінді эффузивтік болады. Ұсақ  шоқыларының биіктігі  280-350  метрге дейін жетеді. Ұсақ шоқылардың төбелері  де су  айрықтары  болып есептеледі және қышқыл эффузифтер мүжілуге салыстырмалы  түрде тұрақты келеді. Сырттан қарағанда біратты формалы. Жартастары  түйетайлы, аралары кең аңғарлармен бөлініп тұрады. Орта таулы ұсақ  шоқылардың  жыныстары  мүжілуге тұрақты келеді. Олар бір – бірімен ұзын аңғарлармен бөлініп тұрады. Беткейлері делювиялық – провюалдық  шөгінділермен жабылған. Жатаған ұсақ шоқылар негізінен эффузивтік шөгінді жыныстардан тұрады. Олардың биіктігі 15-50 м. айналасында болады. Үшінші, денудациялы аккумулятивтік рельеф. Көне депрессиялармен, аңғарлардан тұрады. Олардың шөгінділері негізінен кайназойлық болады. Бұл рельеф формасына өзен аңғарлары  мен уақытша сулар, терассалар тән.

 

   1          2         3         4          5        6         7          8         9      10        11        12     

 

               Қорғалатын зона          

1— қорық режиміндегі зона тармағы

2- заказник режиміндегі

3- ландшафты біртіндеп қалпына келтіру режиміндегі

4- жас қарағайлы  ормандар бөлігі

              Рекреациялық  шаруашылық  зона

5- рекреациялы  комплекстер  мен қызмет көрсету орталығы

6- туризм мен экскурциялық түрде адам қатынайтын  зона тармағы

7- қысқа мерзімдік демалыс үшін рұхсат етілетін  жер

8- парктің  буферлік зона

            Қорғалатын рекреациялық зона

 9- экскурсиялық  танымдық туризм зона тармағы

10- энтенсивтік туризм яғни адам жіберу зона тармағы

11- қоныстық  пункт

12- табиғи парктың шекарасы              

 

2 сурет. Баянауыл ұлттық паркінің территориялық жіктелуі [33]

 

Аймақтың геологиялық тарихи ұзақ уақытты қамтиды. Бұл жерлерде әр  түрлі  қатпарланулар және интрузиялардың  иеленулері болып отырған . Өте күшті суланудың әсерлері төменгі және орта девон кезінде өткен. Ортаның  девонның аяғында вулканизм сөніп орнына шөгінді жыныстардың жинақталуы орын алған.Төменгі карбоннан соң бұл аймақ жалпы көтерілуге ұшыраған. Пайда болған тау системасы полезойдан бастап  триасқа дейін үнемі денудацияланып отырған, олегеоценде аймақ қайтадан  көтерілу  нәти-жесінде су эрозиясы  күшті  орын алған .

Сөйтіп құрғақ климатты аймақта көлдер пайда болған. Аймақтық геологиялық  құрылымына  әр түрлі  жастағы иффузивтік – муфтық  шөгінді және интрузивтік  тыныстар  тән. Оның бетін  көпшілік  жағдай-да  төрттік  дәуірдің борпылдақ жыныстары жауып жатады. Палезой-дың  кембрилікқұрылымдары бұл  территориялардағы төрт-құлдық массивінде және порфириттер туфтар, ящмалық  кварциттер, құмшауыштар, алевролиттер  кездеседі. Оның  қуаттылығының  1000-1700 метрге  жетеді . Ордовик құрылымдары территорияның оңтүстігінде және солтүстік –шығысында кең тараған. Олар сұрғылт жасыл құм-шауыттардан, алевролитттерден, порфориттерден және туфтардан тұрады. Жалпы қуаттылығы 700-800 метр. Бұл жыныстардың тереңдігі 40-50 м жететін көптеген жапырақтарға бөлінген. Ордовик құрылымдарының кей жерлерінен силур шөгінділерінің қуаттылығы 950-1350 м жетеді. Территорияда ең көп  таралған девондық шөгінділер олар солтүстік – шығыстан оңтүстік – шығысқа дейін таралған. Жыныстары  порфирилер, порфиттер, туфтар, құмшауыттар , конглемераттар извесняктар , түсті  мергелдер , сазды немесе  көмірлі сланецтер-ден тұрады. Қуаттылығы  3000-3600 м. жетеді . Төрттік  шөгінділер  бар-лық жерлерде таралған. Олар көбінесе қазіргі делювиялық – провюалдық, алювиялдық және көлемдік аммовиялық шөгінділер түрінде кез-деседі . Қуаттылығы  10-12 м. жетеді. Литологиялық құрамына қарай бірнеше  қабаттардан тұрады. Қазіргі алювиялды , провюалды  шөгінді-лерде малта тастар, қой тастар, құмшауыттар, саздар өте көп кездесед . Территорияда интрузивтік құрылымдар өте көп. Олар әр түрлі дәреже-де  метаморфизмге ұшыраған  химиялық және минералдық құрылым-дары алуан түрлі болып келеді. Ірі интрузиялардың бірі ретінде ж-ғарғы полезойлық  Баянауыл  грониттік  массивті  атауға болады. Интру-зивтік массивтер  локолит, күмбез тәрізді кейде  сүйір  төбелі  массив-тер пайда етеді. Интрузивтік  кешендердің негізгі заңдылығы неғұрлым қышқыл және ұсақталмаған  болса соғұрлым  геологиялық  жасы жас болады. Мысалы, жоғарғы  полезойлық кешендер, кварциттер, диориттер, грандиориттер  және плагиграниттер тұра. Ал , орта және жоғарғы  полезойдың кешендері сілтілік сиениттерден, граниодиориттерден тұрады Геологиялық құрылымның  алуан түрлігіне байланысты және климат ерекшеліктеріне қарай физикалық мүжілулер, судың эрозиялық және желдің дефляциялық әрекеттері  өте күшті орын алған Баянауыл таулы-орманды массивінде негізгі орынды физикалық мүжілулер алады. Соған байланысты территорияда табиғи тас ерекшеліктері таралған.

Бұл аймақта температура аумақты өте күшті байқалады. Кейбір жылдары абсалюттік минимум -470, 480-ге тең, ал максимум +35°,+40°арасы. Температураның осылай ауытқуына  байланысты  жартастар жыныстарының біркелкілігі бұзылады. Судың әсерінен үңгірлер, бағаналар, пирамидалар және басқа да адам және жан –жануарлардың басы тәрізді формалы табиғи ескерткіштер кең таралған. Мүжілулердің әсерінен тау жыныстарының жарықшақтауы әсіресе пластинка  тәрізді тігінен  жарылулар көп байқалады. Климаттың құрғақ болуына байланысты  рельевтің теріс элементтерінде әсіресе  көктемде қар еріген кезде мұндай жерлерде  сорлар қалыптасады. Территорияның  батпақтануы  өзен жағалауларында және көл маңайларында тараған. Көлемі  30-50 м-ден 200 м-ге дейін жетеді. Сабындыкөлдің   батыс жағасында ұзындығы  5 м-ге жететін батпақтар бар. Су эрозиясының  әрекеті  жоталардың экспозициясына бағынышты болады. Оң жақ  беткейлерге күн  жақсы түсетіндіктен өсімдік жамылғысы  жақсы жетілген . Сондықтан  бұл жерлерде су эрозиясының  әрекеті жоталардың  экспозициясына бағынышты болады. Оң жақ беткейлерге күн жақсы түсетіндіктен өсімдік жамылғысы  жақсы жетілген. Сондықтан бұл жерлерде су эрозиясының әсері  әлсіз байқалады. Ал, солтүстік  беткейлерде жағдай керісінше болады

Табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстары және ландшафт ерекшеліктері.Жасыбай көлінің терістігіндегі таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікке көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың 320 м дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген, белбеумен белуарынан айналдыра тартылған. Шыңның етегін айнала аққан бұлаққа қайың, терек, қанды — қарағаш көптеп өскен. Маңайы жидекке, қаптап бойлап өскен жұпар иісті, түрлі өсімдіктерге толы.

Шыңның төрт құбыласы тік және беті жылтыр, тұлғасы жұмыр.Сондықтан бұл шың басына әдейі дайындалған альпинистер болмаса, жайынан адам баласы шығуы мүмкін емес.

Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық жартастары дала зонасында ерекшеленіп көтеріңкі келетін гранит массивтерімен ажыратылады. Эолдық процестер көптеген жартастарға экзотикалық келбетін қалыптастыра отырып, ұзақ уақыт бойы олардың көрінісін қатты өзгертті. Жартастардың ішінде «Кемпіртас» жартасы Баянауылға ерекше көрініс берген. Одан басқа таңқаларлық жартастарға «Құсайын Найзатасы», «Көгершін», «Ат басы», «Сәкен шыңы (Пик Смелых)» және т.б. кездеседі.

Шыңның аты ертеден ел аузында « Құсайын Найзатасы» аталады. Аңыз бойынша Құсайын атты құсбегі – аңшы ғана шың басына шығып бүркіттің балапанын алған. Кейінгі уақытта бұл шыңды « Гора булка» атап, туристер тамашалап, талай рет республикалық альпинистер жарысы да өткізіліп отырылған.

Бұдан әрі жол аузын қонақжай Қазақ дәстүрімен зәулім келген, хан ордасындай көк « Киіз үй» қарсы алады, оның оң қанатында аспан астында салынған үлкен ашық табиғи театр дөңгелене келген сымбатты балкондармен шектелсе, «балконның» оң жақ үстінен құрметті «қонақтар лоджиясы» үлкен үңгір қуыста жеке орналасқан.

Баянауыл  өңірінен адамның тасқа салған суретін, ежелгі қазақ қоныстарының  орнын , Қасиетті Әулиетас үңгірін кездестіруге болады.

«Кемпір тас» аталған бұл табиғи тас мүсіннің биіктігі соншалықты, қасына келген адам бас киімі түскенше шалқайып, тастың шыңына көз салар. Еңкейе қараған таудай басын қылтиған жіңішке мойынын әзер ұстап, шақша шекесі желкесіне құлай біткен, жалтыраған таз басының дәл төбесінде шөгір қарағаннан біткен жалғыз тал шашы селтиген, алдыңғы шашы шот маңдайына қалпақтана құлап, көзі шатынап, қоңқия біткен құс мұрыны істіктеніп, тіссіз кемиек ауызы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, бірге күлмейтін жан болмайды.

Ақбеттаудың баурайында айнадай жарқырап жатқан, мөлдір суының бетінен әсем таудың суреті көрінетін, дөңгелене біткен көгілдір көркем Торайғыр көлінің түстік жиегінде жарқабағы қораптана бітіп, найзадай үшкір басы Ақбеттаумен таласқандай аспанға өрлеген биік шың «Найзатас» тұр. Жасында нағашы жұртына келген сұлу Сәкен осы шыңның басында көгілдір көркем көлге көңілі толып, сұлу Ақбет тауын таңдана тамашалап, осы ортада туып өскен, қазақ даласына мәлім атақты сері-әнші Жарылғапбердінің қарындасына арнаған «Біздің Ақбет» әніне өзінің сұлу сазды «Тау ішінде» әнін қоса шырқаған. Сол себепті бұл шың «Сәкен шыңы» аталып жүр.

Жасыбай көліне келер жолдың бойында, тау өлкесінің шегінде жеке дара төбе етегінен шың құзы «Қос батырдың басы» тұр. Дулығасын маңдайына көлеңкелей баса киіп, түсі салқын «Жас батыр» қырға қыранша көзін тігіп, өлкеде жатқан елінің сақшысы болып тұрса, артындағы ақылшысы қаба сақал, абзал жүзді «Кәрі батыр» осы өлкеде бейбіт жатқан еліне, сұлу табиғат ортасына мерейі қанып, маужыраған сезіммен етекке көз салады. Қос батырдың сыртындағы өлкеде бейбіт өмірдің белгісіндей «Көгершін» тас шыңы тұр. 

—  спело- альпинизм (Найзатас, Қоңыр әулие үңгірі , Драверт гроты т.б );

—  діни ( Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды қасиетті адамдардың мазалары, әулие бұлақ сияқты қасиеті мол бұлақтар т.б.);

— тарихи – мәдени (тастағы жазбалар, қорған қалдықтары, мұражайлар тізбегі, тарихи оқиғалар) ;

— велотуризм (Жасыбай жол торабында) және т.б. туризм түрлерін атауға болады , ол үшін  өлкеде туристік – рекреациялық  ресурстар жеткілікті;

Туристік – рекреациялық ресурстарының  көп бөлігін белсенді және танымдық туристік саяхаттарға қолдана отырып, тиімді экономикалық мақсатта пайдалануға болады. Өлкенің туризмді дамыту мақсаттарын төмендегідей  сипатта айқындауға болады:

— тиімділігі жоғары туризм  индустриясын  жасай отырып , туризмді эканомиканың кірісті саласына айналдырып , халықаралық туристік рынок шығаруға қабілеттілігін арттыру;

— өлкенің туристік потенциялын арттыру;

— мәдени – тарихи және табиғи  рекреациялық ресурстарды сақтау мен тиімді пайдалану ;

—  қоршаған ортаны қорғау шараларын қамтамасыз ету және мәдени мұраны сақтау;

— туризм саласындағы халықаралық ынтымастықты дамыту;

— туристік іс әрекеті мемлекеттік  реттеу;

Климаты. Баянауылдың Азия материгінің ортасында орналасуы, сонымен бірге мұхиттар мен теңіздерден алшақ  жатуы климатына өз әсерін тигізеді. Климаты  шұғыл континенталды, жазы әлсіз  ыстық, қысы аязды, қарлы, жауын – шашын түсімі өте аз. Баянауыл массивіне тигізетін  негізгі климаттық  факторлар ретінде  рельеф ерекшелігін атау керек . Солтүстіктен  Баянауыл массивінің батыс бөлігі көтерілген тауаралық жазық  кең дала болып келеді. Оның ең үлкен  Сабындыкөл  алып жатыр. Бұл аймаққа жылдамдығы шамамен 4,4 -5,4 м/с жететін  батыстан соғатын жел тән. Қыста оның жылдамдығы  5 м/с жетеді. Максимумы т 15 м/с. Осындай күшті желдер  көбінесе желтоқсан айында 4-5 күндей ұдайы соғады . Қаңтардың  орташа температурасы -13,2° С тең, максимумы суықтығы -30 °С тең келеді. Кейде -47° С жетеді. Суық уақыттан ұзақтығы 333 күнге тең. Территорияда  қар жабындысы  тұрақты сақталады. Оның орташа қалыңдығы 7-9 см , максимумы -25 см жетеді . Бірақ  рельефіне  байланысты әр жерде қалыңдығы әр түрлі болады . Көп жағдайда  желтоқсан – қаңтар  айларында 6-7 рет қарлы – боран болып тұрады. Баянауыл  таулы – орманның  жазы жылы болады. Шілденің орташа  температурасы 20,5° С  тең. Максимумы 38 С жетеді. Ауаның орташа күндік ылғалдылығы 40-44 процент болады. Территорияның рельефі алуан түрлі осы жағдайда микроклимат қалыптасады. Тау аңғарларында күндізгі және түнгі температуралық айырмашылықтарына байланысты күндіз турбуленттік жылу алмасу  орын алады. Түнде төңірегіндегі беткейлерден суық ұлғаяды. Кейбір  жел ағынымен бағыттас  орналасқан қазан шұңқырларда мұндай  айырмашылық байқалмайды. Температураның желдік режимінің өзгерісі көл маңайларында да жақсы  байқалады, мұнда негізгі  орынды бриздік циркуляция алады. Бриздік желдердің алатын  ауқымы 1,5 – 2 км. Жетеді. Күндізгі бриздің  нәтижесінде көлдің  айналасындағы  ауаның басқа жерлермен салыстырғанда температурасы 1-1,5 төмен,  ылғалдылығы  жоғары болады. Бриз  желдерінің әсері көл жағалауының рельефіне де байланысты болады. Жағалау неғұрлым тік жарлы болса, бриздің әсері сол құрлым аз байқалады. Мысалы, Торайғыр  көлінің солтүстік жағы  жазық жағалауында бриз желдерінің  әсері айқын сезіледі. Ал Жасыбай көлі жан-жақты түгелдей дерлік жағалаулармен  қоршалған қазан шұңқырында орналасқандықтан бриз желінің  әсері  онша байқалмайды. Сондықтан көл суының температурасы 0,5-1°С жоғары болады.Басқа көлдермен салыстырғанда Сабындыкөлдің микроклиматы  айқын білінбейді. Мұнда негізінен батыс, солтүстік – батыс желдерінің әсері зор. Жалпы алғанда көл  маңайына  күн сәулесі жақсы түседі. Күн түсуінің  жалпы мөлшері  2393 сағат. Оның максимумы  маусым – шілде (326 сағат) айлары, ал минимум желтоқсан (65 сағат) айына тура келеді . Жазда тұманды күндер жоқтың қасы . Курорттық  маусымның  ұзақтығы  102  күнге (25 мамыр – 4 қыркүйек) дейін, ал шомылу  маусымының  ұзақтығы 31  күнге (3 маусым – I  тамыз) дейін  созылады.

Территорияның гидрологиялық жағдайына геологиялық құрылысы, георморфологиялық ерекшеліктері және климаттық әсері зор. Бұл территорияда негізгі орын алатын Баянауыл және  Жаманауыл массивтері, олардың беткейлері өте күшті эрозияға ұшыраған, тілімделген. Аралары эрозиялы  аңғарлармен бөлінген.

Баянауыл таулы аймағының гидрографиялық жүйесі сулары мөлдір әрі тұщы, көлемдері үлкенді- кішілі келген, тау қойнауларының бөктерлерінде орналасқан, жалпы акваториясы 15,3м2  9 көлден, қысы-жазы тау сайларымен ағатын 21 ұзынды-қысқалы тау бұлақтарынан тұрады. Шағын өзендер қар және жер асты суымен қоректенеді.

Таулардың маңында жарылымдардан тұрақты бұлақтардың көздері біршама кездеседі. Өзектердің кең алаңдары мен ойпатты жерлерден бұрғы- ланған 360 терең скважиналардың 10-нан астамы 15-20 л/сек деңгейдегі мол су көздерін ашқан.

Мемлекеттік табиғи ұлттық парктің территориясында 9 көл бар. Ең үлкендері Сабындыкөл-көлемі 7,4км2, орташа тереңдігі 9,5-10м суы тұщы, Жасыбай көлі-көлемі 3,7км2 тереңдігі 14-14,5м суы тұщы, Торайғыр көлі-көлемі 1,9км2 тереңдігі 7,5-8м суы ащы, Біржанкөл-көлемі 1,0км2 тереңдігі 4,5-5м суы тұщы. Оларға өзгешелік беріп тұратын беткейлеріне көрініс беретін тасты жағалар [16].

Баянауыл тауының түстігін ала таулы аймақтың ортасында көлемі кең, толқыны жиектегі сары алтын құмға ақ көбік атқан «Сабындыкөл  жатыр.

Терең де үлкен көлдің беті толқындап, сабынша бұрқырап көбіктеніп жатқандықтан «Сабындыкөл » атанған [12].

Бұлақтардың ең ірілері: Шетеспе, Қынды, Тайлақ, Тасбұлақ, Қисық өзек,  Жасыбай көлінің батыс жағында және Баянауыл тауларының шығыс беткейінен бастауын алатын белгісіз бұлақтар, Мойылды және Малдыбұлақ таулы жоталарының солтүстік, батыс, оңтүстік және шығыс бағыттарынан құлай ағады да, көптеген көкорай шалғын қорықтарды құрайды.   

Шетеспе шағын өзені (Еспе) Қомбопсар ащы көліне құяды. Мемлекеттік табиғи ұлттық парктің аумағында өзеннің ұзындығы 10км.

Қынды шағын өзені 5 ұсақ бұлақтардың бірігуінен пайда болған. Мемлекттік табиғи парктің аумағындағы ұзындығы 26км созылған. Жазда өзекше құрғап қалады.

Малдыбұлақ бұлағы Баянауыл тауларының солтүстік-шығыс беткейлерінде пайда болды. Бұлақтың ұзындығы 7км.

Рыбий Ключ (Шорман бұлақ) бұлағы Сабынды көлдің негізгі суағары болып табылады. Оның салаларымен жалпы ұзындығы – 31км. Судың ағуы орта шамамен болғанда маусымның ортасына дейін сақталады.  

Сабындыкөлге тау жотасының түстігінен 5 салалы Үре,Тайым, 3 салалы Қарабұлақ Орта бұлақ, Қатпас бұлақтары келіп құйса, бұл көлден «Ақбілек», «Кіші» өзені су басын алады. Терістіктегі Жасыбай көліне Күркелі мен Қарабұлақ келіп құйып, көлден шыққан су ағысы Жанбақы бұлағымен қосыла терістікке ағады. Бұл көлдердің бәрі де балыққа бай келеді, терісі құнды Кезқұйрық (Ондатра) кең тараған. Сабындыкөлде шабақ, алабұға, маңқабұға, қарабалық, шортан,Жасыбайда шабақ, шортан, қарабалық, Торайғыр көлінде алабұға мен сарышабақ көп тараған. Тау ішіндегі қамысты «Көшет» және «Шонай» көлдерінің қамыс – қопаларын борсық пен кезқұйрық жайлайды Территорияның гидрологиялық торына байланысты ландшафтық ерекшеліктері қалыптасқан. Ішкі  сулары көлдер  мен өзендерге бай . Территорияның таулы бөліктерінің су айырықтарында, жарықшақтардан шығатын жылғалар мен тұнбалар көп. Гидрографиялық негізгі ерекшеліктерінің бірі көктемгі мұз еритін уақытқа тура келеді  және құрғақ  жазғы уақыттарда құрып  қалатын уақытша  су ағындары болып саналады . Өзен булармен  қатар пайда болумен көлемі  әр түрлі  көлдер көп. Көлдердің жалпы  акваториясы 3 проценті   алып жатыр. Баянауылдың ең ірі көлі Сабындыкөлі болып есептеледі. Оның ұзындығы 4 км  шамасында, ені -2,5 км және  тереңдігі  9-9,5 м жетеді. Орташа тереңдігі — 6  м. Көлдің солтүстік  жағасында  Баянауыл ауылы орналасқан . Көл ағынсыз , оған су  тек көктемгі қар еру кезінде  және  еру кезінде  және жауын – шашын кезде ғана  түседі . Тау  беткейінен ағатын негізгі өзен  «Балықты қайнар» деп аталады . Көлдің оңтүстік – шыңыс жағасындығы  жартастарда  ағаш өсімдіктері  кездеспейді  және шығысқа қарай  далаға айналады . Көлдің қамысы қалың өседі. Көлдің тек Оңтүстік  жағалауы  әсем ландшафты . Бұл маңайда жартастар кездеспейді . Жастаған  жоталардың  барлығы қараңайлы омандармен жабылған. Жағажайы (пляж) құмды. Көлдің суы әлсіз минералданған. Жалпы  тұздылығы – 1,2 г/л. Жазда ол 1,5 г/л жетеді . Судың тұтқырлығы 4,4-10,8 . миллиграм , РН – 7,2-8. Химиялық  құрамы бойынша  суы гидрокорбинатты –натрилі . Көл суына фтор көп . Оның мөлшері  5-8 м/г литр (кәдімгі суда бұл көрсеткіш -1,5  м/г судың  температурасы  +3° , +7° ауытқиды).

Екінші орташа көлі Жасыбай . Тау аралық кең аңғарда  орналасқан. Ұзындығы -3,5 км , ені – 1,5 км. Ең терең жері -14 м. Су  өсімдіктерге жоқтың қасы,  тек қана солтүстік –батыс  бөлігінде қамыс араласқан бұталар кездеседі . Солтүстік  және солтүстік – шығыс жағалауы  қыратты , биіктігі -2  метрге жетеді . Оңтүстік , оңтүстік – батыс жағалауы тік жағалық белдеу ол 10; 30 метрге жетеді . Жағажайы құмды . Шөптесін өсімдіктерге бай . Оңтүсік шығысында қамыс көп өседі , сонымен бірге оңтүстік –батыс жағалауы тік жарлы және өте сұлу. Көл түбінің көпшілік бөлігінде  6-7 метр тереңдікте  көмір сутекті батпақтар жиналған . Көл суының минералдығы 1,1 г/л. Химиялық құрамы жөнінен гидрокарбонатты  және натрийлы. Тұтқырлығы 2,2; 5,6 мэ/л . Жазда суының температурасы  беткі қабатында +21 ° С,  ал түбкі бөлігінде  жетеді.

Көлемі жағынан  ең кіші көлі – Торайғыр. Баянауыл массивінің  солтүстік шетінде орналасқан . Ұзындығы 1,5 км , екі  бірнеше  жүздеген метр . Көлдің формасы  төртбұрыш тәрізді . Беткі айдыны өсімдіксіз . Көлдің оңтүстік  — батыс жағалауында үлкен жаға – жай бар . Солтүстік жағалауы ептеп қыраттанған. Оңтүстік жағалауын Ақбет массвтігін тік жартасты беткейі шектейді . Көл суы әлсіз тұзды. Тұздылығы 1. 3; 2с/л. Химиялық құрамы  гидрокарбонатты – хлоритті –натрилі . Тұтқырлығы -30 гэ /л. Температурасы 20° С;  21,8° С тең келеді .

Көлдерде мұз қату қазан айының аяғынан қараша айының  ортасына дейін созылады. Мұз еру наурыз айынан мамыр айының температурасы 11°С; 15° С , ал шілде – (маусым) тамыз айларында -15°С, -23° С жетеді. Су деңгейінің  орташа  жылдық  ауытқуы 60 см . Су балансы еріген қар суымен , жаңбырда  су айдынының булануынан тұрады . Көл суының  деңгейінің  өзгеруінде  жер асты  суларының да әсері бар . Су деңгейінің  көтерілуі  наурыз айының аяғынан көкек  айының басына дейін жүреді . Ең төменгі деңгейі жазға тура келеді . Негізгі көлемді өзендері  ретінде Еспе, Қайыңды , Балықты қайнарды атауға болады.          

Мемлекеттік табиғи ұлттық парк территориясындағы топырақ жамылғысының таралуы таулы жер бедерімен вертикальды зоналықпен байланысты. 

Мұнда қарағай ормандарында, тау беткейлерінде және ашық кеңістікте орналасқан бұталар арасында таулы орманды топырақ, таулы қара топырақ және қызғылт топырақ дамыған. Олар топырақ құрамында қарашіріндінің көп болуымен (7%) және гумустың күшті орналасуымен (40см дейін) сипатталады. Тау беткейлерінің төменгі жағындағы қара топырақ қарашіріндінің 12%-ға дейін көп болуымен айқындалады.

Топырақ ретінде бұзылған тамырлар, элювиальді-деллювиальді создақты топырақтың құрушы жыныстар көзі болып табылады [7].

Қазақ ССР ғылым академиясының Топырақтану институтының мәліметтерінің негізі бойынша топырақ типтерін төмендегідей бөлген:

  • таулы қара топырақ;
  • жайылымды- қара топырақ;
  • жайылымды;
  • құмдар.

Олардың негізгі профильді (ұсақ профильді 50см дейін, орташа профильді -50-80см, терең профильді 80см аса) болып келеді. 

Бұл ауданда су эрозиясы сияқты жел эрозиясы да топырақ бетіне ерекше әсерін тигізеді [1].

Ерекше жаратылған Баянауыл таулы өлкесінің флорасы бай. Өсімдік әлемінің түрі мен түстері де өзгеше. Мұнда 438 өсімдіктің түрі бар. Оның ішінде 9 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Олар «Павлов шиповнигі», «Жазғытұрғы адонис», «Коржинский солоднигі», «Қауырсынды селеу», «Қызғылт ра- диола» т.б. «Қанды қарағаш» тек осы Баянауыл өлкесінде ғана сақталған таудың бұлақ бойында өсетін су сүйгіш ағаш түрі болып саналады. Тау өлкесінде өсетін 9 ағаш, 21 тал, шілік түрлері бар. Олардың ішінде айырықша генотипті шәйірлі қарағай тау жоталарының гранитті беттерін жаба өседі де, жартасқа жабыса аршалар өседі. Таудың сай — өзектеріндегі қайың терек ормандары бітік келеді. Сулы бұлақтар бойында Қанды қарағаш, мойыл, боргөз және долана жидекті ағаштары өседі. Алаңдарда, тау бөктерлерінде аса құнды дәрілік қасиеті бар, қылқанды «қызыл» және «қара итмұрын» шытырлары қалың өседі [15]

Ауданның солтүстік бөлігіндегі қарақоңыр топырақты жерлерде негізінен бетеге, боз, бидайық, шалғын, қаңбақ тектес өсімдіктер өседі. Оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде боз, бетеге т.б. дала өсімдіктері тараған. Орман ішінде қарақат, жидек, бүлдірген, таңқурай, саңырауқұлақ т.б. өседі. Тау алаптары мойыл, бұта аралас өскен қарағайлы – қайыңды орман болып келеді. Баянауыл таулы – орманды массивінің топырағы өзінің  физикалық – химиялық  қасиеттері және  морфологиялық белгілері  жөнінен  өте ерекше болады. Оған  әсер ететін негізгі  факторлар. Бірінші вертикалдық белдеулік болса, екіншіден жаздың  геологиялық  ерешеліктері тау негізінен  граниттерден  тұрады. Топырағының аналық жынысы элювит –делювит  саздақтар  құмдақтар кейде саздар. Жартастарда өсетін  қарағай ормандарының астында тау топырақтары тараған. Тауаралық аңғарларда, жатаған  беткейлерде немесе тау аралық сайларда таудың қара және қою каштан жапырақтары таралған. Сонымен бірге шалғынды – батпақты  топырақтар кей жерлерде сорлар мен сортандықтар кездеседі. Бұл жерлердің топырағының тағы да бір  ерекшелігі болып оның генетикалық горизонттарының қуаттылығы болып табылады (50-60 см). Таулы ормандық топырақтың қуаттылығы онша үлкен болмайды. Қордасы солтүстік  беткейкейлерде – 16 проценi, оңтүстік беткейлерде – 17 процентке жетеді. Топырағында азоттың мөлшері -0,4 – 0,6 процент . Механикалық құрамы жөнінен  жеңіл және орташа саздақтар . Таудың қара топырақтары  теңіз деңгейінен жоғары  орналасқан ол жерлердің өсімдік жамылу  дәрежесі 50-90 процентке жетеді. Таудың қою жапырақтары  500 метр биіктен төмен  таралған, ал өсімдік жамылғысы  әр түрлі шөпті – бұталы формациядан  тұрады. Топырақтың қуаттылығы 30-40 см жетеді.Механикалық құрамы жеңіл және орташа  саздақ. Рельеф депрессияларында, көл террассаларында жартылай гидроморфты жасандық қара топырақ және гидроморфты жандық  және жасандық  батпақтық топырақтар таралған.                               

Жануарлар әлемі: бүлдірген, алаңдар «қызыл бүлдірген» жидектеріне толы болады. Таулы алқапта 40 түрлі сүтқоректі жануарлар мен 143-тен астам түрлі құстар тараған. Олардың ішіндегі «Қызыл кітапқа» кіргендері: арқар, қара алан, аққұйрық бүркіт. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ормандарда – ақтиін, елік, құстардан: бүркіт, бөдене, дуадақ, тырна, өзендер мен көл бойларында – қаз бен үйрек, қызғыш т.б. мекендейді. Таулы жерлерде мекендейтін біздің фаунамыздың безендірілген тау қойы – арқар болып келеді. Арқар жануарлардың сирек түрі болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» кірген болатын.  Мүізінің салмағы 32 кг.(14) Паркте және оған маңайлас ұсақ шоқы учаскелерінде ірі сүтқоректілерден жұп тұяқты жануарлар отрядынан елік және арқарды кездестіруге болады. Бұл екі түр тұрақты мекендеушілердің бірі болып келеді. Қазақстан зоологтары А.А.Афанасьев, А.А.Слудский және т.б. 50-жылдарға дейін мұнда арқардар жоқ деп есептеген. В.М.Антипиннің (1941) мәліметтері бойынша олар Баянауыл тауларында жоғалып кеткен деп есептеген. Зоолог Г.С.Корелиннің мәліметі бойынша Баянауыл, Қарқаралы және Кент  тауларында аю сияқты ірі жыртқыш мекендеді. Маралдың мекендеуін біз Торайғыр көлінің жағалауындағы археологиялық «Бұғы тас» ескерткішінен білеміз. Мұнда сонымен қатар асыл бұғының мекен еткені дәлелденді. Табиғатты табиғи қалпына келтіру үшін бұғы, марал өсіретін мүмкіндік бар.   Жануарлардың қазіргі  фаунасы  сүтқоректілердің – 40 түрін, құстардың 54 түрін құрайды. Баянауылдың  мақтанышы- арқар. Бұл аздығына байланысты қызыл кітапқа енген аң. Бұдан басқа елік, суыр, қоян, борсық , сілеусін, қасқыр, түлкі сияқты бағалы ірі аңдармен  бірге атжалман, сұртышқан, ақтышқандарды  жерсіндіруге  әкелген болатын. Құстардан  оның ішінде қанаттылар отрядына жататын  қасқалдақ, үйректер, құтан, аққұлақ, кептерлер, торғайлар, шымшықтар бар. Жыртқыш құстардан бүркіт, лашын, бөктергі кездеседі.

 

 1 кесте

 

Баянауыл тауларының негізгі  далалық формациялары мен өсімдік типтері *

 

Өсімдік типтері

Формациялары

Ассоциациялары

1.Далалық бұталы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Нағыз далалық

 

 

3. Бұталы

Қызғылт селеу

 

 

 

 

 

Тырсалы

 

Дала сұлыбасы

 

 

 

 

 

 

 

Қызғылт

Бетегелі

 

Тобылғылы

 

 

Бұталы

Тобылғылы-бетегелі – қызғылтселеу

Тобылғылы-сұлыбас-қызыл селеулі.

Бұталы – сұлыбас — қызылселеулі-тобылғылы- әр түрлі шөпті- сұлыбас-қызғылт селеулі. Бұталы-әр түрлі шөпті- сұлыбас-қызғылт селеулі.

Селдір бұталы – бетегелі — тырсолы-тобылғылы — сұлыбас-тырсолы.

Тобылғылы- тырсолы- сұлыбас  тобылғылы- қызыл селеулі-сұлыбас.

Тобылғылы-әр түрлі шөпті-қызыл селеулі.

Тобылғылы- қызыл селеулі-бетегелі.

Бұталы- қызыл селеулі тырсолы- бетегелі.Тобылғылы- әр түрлі шөпті-қызыл селеулі- бетегелі.

Қызғылт бетегелі- сұлыбас-

қызыл селеулі.Әр түрлі шөпті- бетегелі-қызыл селеулі.

Әр түрлі шөпті- бетегелі-қызыл селеулі- тобылғылы.Әр түрлі шөпті- бетегелі-тобылғылы.

Әр түрлі шөпті- бұталы.

 

* Дерек көзі: Васильева В.Д. Реликтового  соснавые бары Казахстана и Сибири близ Южной границы распространения. — М., 1982. – С. 13-17

 

Өсімдік жамылғысы немесе флорасы эфемер – ойдтарды қоспағанда  270-ге жуық түрден турады. Ең көп тараған өсімдік түрлері гүлділер тұқымдасы. Оның  42 түрі бар. Астық тұқымдасынан -30 түрі, раушан гүлділердің – 22 түрі, бұршақ тұқымдасынан -6 түрі,  ерінгүлдері мен қалампыр гүлдерінің  13 түрі анықталған. Көп жылдық  өсімдіктер барлық  өсімдіктердің 70 процентін құрайды. Баянауыл қанды ағашы  қорғауға  алынған . Ол көлемі 500 га  жерді алып жатыр (3 сурет). Бұл  орман ағашының  пайдасын  айтпағанның  өзінде тамыр белдеулерінде микроорганизмдер тіршілік етуінің өзі баянауыл табиғаты үшін мәңгі зор. Микроорганизмдер бос азотты жинақ  табиғатты топырақты тыңайтады. Көне замандағы Баянауыл  ландшафтарынан сақталып қалған өсімдіктердің бірі – тасқарақат.

 

 

3 сурет. Реликт ормандары [8]

 

Бір және ылдық  шөптесін өсімдіктеріне улы сарғалдақты атауға болады. Ағаш өсімдіктің — 8 түрі кездеседі. Олар қарағай, қайың, көктерек, қандыағаш сияқты биік өсетін әлем  ағаштар мен бірге таңқурай, қарақат, итмұрын, долана, мойыл, мәңгіш  сияқты жидек беретін бұталар да өте көп. Жазықтарында бүлдірген де бар. Күз айларында ормандардан  жеуге жарайтын  саңырауқұлақтарды  көптеп жинап алуға болады .. Қандыағаш, тасқарақат, қара жеміс, итмұрын  тағы басқа өсімдіктер қорғауға алынған. Бұл жерде  50-ге  тарта реликті өсімдіктер бар.

 

2.2 Баянауыл ұлттық  саябағының  мәдени -тарихи  туристік нысандары және олардың   туризмдегі пайдалану тиімділігі

 

 Баянауыл таулы өлкесі тарихи ескерткіштер мен тарихи оқиғалар өткен орындарға өте бай. Өлкенің табиғи байлығы адам баласын көне заманнан-ақ қызықтырған. Оның іздері болып көптеген орындардың, онда орнатылған тас бейнелер, жартастағы таңбалар мен үңгірлердегі суреттер, кен қорытқан жерлері туралы.

Баянауыл тауларында 1727 ж жоңғар басқыншыларына қарсы үлкен ұлт азаттық көтеріліс басталған. Қазақтың ұлы қолбасшысы Бөгенбай мен Олжабай батырлар бастаған қол Баянауыл тауларында бекініс құраған (4 сурет). Олар осы жерде Халден – Сереннің алдыңғы қолына үлкен тойтарыс берген. Содан «Қалмақ қырған» тауында жауын жауып, жеңіске жетіп, қалың қолмен түстікке барып,   Қабанбай қолына қосылған.

 

 

4 сурет. Бөгенбай мен Олжабай батырлар бастаған қол Баянауыл тауларында бекініс құраған орын [8]

 

Осы соғыс кезінде Баянауыл тауының сыртында «Жақсыаула» мен «Жаманаула» тау айырығында Баян батыр қолы бекініп, Олжабай батыр қасында болады. «Шойынкөл» көлінің қасындағы жота асуында Олжабай батырдың жиені 25 жастағы жас батыр Жасыбай қолы бекінеді. Ақбеттаудың желкесіндегі екінші асуда Олжабай батырдың баласы Жалаңтөс батырдың қолы бекініс құрған. Бұл асу «Жалаңтөс асуы» деп аталып кеткен. Ақбеттаудың ығындағы асуда Алпыс батырдың қолы бекініс құрап, бұл асу да ел аузында «Алпыс асуы» атанып кеткен. Соғыс кезінде ойсырай жеңілген жоңғар қолы шегіне қашқан сәтте, тас паналап жасырынған жоңғардың садағынан шабыста жүрген Жасыбай батыр оққа ұшып, ауыр жараланады. Бұл хабарды алған Олжабай қатуланып, түгел қолды көтеріп, жоңғарларды жосыта қуып, жондағы тауға қамап, жойқын кырып, жеңіске жетеді. Содан бастап бұл тау  «Қалмақ қырған» тауы аталады. Жасыбай батыр қаза болып, өсиеті бойынша денесі өзі қорғаған асудың басына қойылады. Батырын сүйген халық оның жатқан асуын «Жасыбай» асуы, бауырындағы көркем сұлу Шойын-көлді «Жасыбай» көлі деп атаған. Қазір де бұл көл аймағына баруға салынған тас жол «Жалаң төс» асуымен өтеді, бірақ ол «Жасыбай» асуы  деп аталып жүр. Жасыбай батырдың ескерткіш тас мүсіні де осы асуға қойылған. Батырдың басына тақта қойылған. Жеңген соң, той «Сабынды көлдің» шығыс жағындағы кең алаңда өткізіледі. Осы тойда «Абылайлап» шабатын жас батыр — Әбілмансұр екені танылып, ол  «Қас батыр» атанады. Той өткен алаң «Той алаңы» деп аталады.

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябақ көлемі 7 түрлі ерекшеліктегі аймақтарға бөлінген. Олардың ең негізгілері:

— қорықтың негізгі және табиғат ландшафтары ұзақ уақытта қалыпқа келтіруді тілейтін аймақтар. Бұл аймақта шаруашылық немесе табиғат қорын пайдалануға тиым салынған;

— рекреакциялық және жекелеп пайдалану аймағы. Бұған Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл көлдерінің жағалары, туристік саяхат және экскурсиялық таныстыруларға табиғат орталығы кіреді;

— табиғи ұлттық саябақтың буферлік аймағы. Саябақтың жер көлемінің шектігінен 2км алшақтығы, саябаққа қорған аймақ. Бұнда тек қана саябақтың табиғат кешеніне кесірі тимейтін шаруашылық түрлерін жүргізуге болады. Осы аймақтардың бәрінде табиғат кешендеріне зиян келтіруге, табиғат қорын өндірісті пайдалануға, аң мен құс аулауға, көлдерден өндірістік балық аулауға тиым салынған. 2000 ж 21 шілдеде шыққан «Баянауыл ауданының аумағында аң аулауға тиым салу туралы» №172 облыс әкімінің шешіміне байланысты Баянауыл өлкесін Република жұртшылығының табиғи орта дем алып сауықтайтын негізгі аймағына айналдыру көзделуде. Мұнда 32 ірі демалыс кешендері , 34 сауда, сауық орындары, спорт алаңдары, туризм мен экскурсия орталықтары орналасқан. Суы күмістей мөлдір, майда құмды жағасы кең, айнала қорша- ған қарағай орманын жамылған тау жоталарымен көмкерілген бұл шынында да тау ортасындағы қазан секілді. Сондықтан ертеде оны «Шойынкөл» атаған;

Баянауыл таулы өлкесінің демалыс аймағында жылына 80-250 мың адам Республиканың түпкір-түпкірлерінен бұрынғы Одақ және шет елдерден келіп, өте ерекше көркем табиғат әлеміне көзі қанып, таулы орманның таза, хош иісті ауасын ынтыға жұтып, көлдердің самал суына бойларын сергітіп, ғажайып табиғаттан алған әсерлері жандарын жадыратып, демалыстарына разы болып қайтады.

Қазақстан Республикасы Экология және биоресурс Министірлігінің орман шаруашылық комитетінде Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябағы Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Баянауыл әкімшілік ауданының аумағында орналасқан.

Баянауыл селосынан 2 км қашықтықта орналасқан Шонай поселкесі, облыс орталығы Павлодар қаласынан 220 км жерде .

         Археологиялық ескерткіштер. Тастардағы жазбалар. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштері ежелгі халықтардың рухани мәдениетінің көріністері ретінде өте сирек кездеседі. Олар көбінесе таспен ойылып салынған суреттер мен петроглифтер түрінде бейнеленген.

Үңгір қабырғаларына олар органикалық қоңыр қызыл немесе қызыл түсті, яғни охрамен жазылған. Бейнелеудің техникасы, сюжеті, стильі бойынша бұл суреттер алғашқы қауым мәдениетінің түрлі кезеңдері мен формаларын көрсетеді, сондықтан да оны оқып-танып, зерттеу археологтар үшін күрделі де қызықты. Әсіресе, зерттеушілер көне бейнелерді жаңғырту ісіне құлшына кіріскен кезде жұмбақ салалары қызықты болары сөзсіз. Сол кезде өзінен өзі көне тарихтың белгілі бір кезеңмен байланысты археологиялық табыстар мен ежелгі суретші бейнеленген кезең арасында ұқсастық туындайды.

Ежелгі адамдар өмірі мен тарихи дамуының толық бейнесін көруге болады. Тасқа жазылған, бірақ ашылмаған күрделі мәселелерді көп египет иероглифтер дешифрі мен басқа атаулы жазулар үлгісі бүгінгі күнде де зерттеу жолын күтіп тұрған ең басты мәселелердің бірі болып саналады. Жалпы алғанда, әрине, көне суретші ойын, не айтқысы келгенін ұғып — білу өте күрделі. Бірақ керемет бейнелер мен сюжеттік көріністер зерттеушілерге ізденіс бағытын сілтеп, жұмысын жеңілдетеді.

 Жасыбай көлінің оңтүстік таулы қабырғасындағы жартаста «Драверт» гроты (қуысы) – көне замандағы адамдардың ұрпақтарына қалдырған сурет мұражайына ұқсап, сол кездегі адамдардың өмір салты мен күнкөріс әрекеттерін бейнелейтін көне мәдени ескерткіш саналады.   

Күрең қызыл, яғни охра түстес бояумен орындалған тастағы суреттерді 1926 ж  Жасыбай көлінің оңтүстік – шығыс жағалауында орыс географы және саяхатшысы П Драверт тауып, суреттеген.

Баянауыл тау жотасындағы алғашқы қауым адамдары жасаған осы және тағы да басқа бірқатар суреттерді 70ж .Павлодар өлкетану ғалымдары Л. Гайдученко, Л. Сафонова, С.А.Музалевский, П.И.Оноприенко және т.б. зерттеді. Бірақ зерттеудің нәтижелері кең қауымды мамандарға белгілі болмады, өйткені олар жайлы публицистикалық сипаттағы мәліметтер тек жергілікті баспасөз беттерінде ғана жарық көрген. Жасыбай көлінің солтүстік – батыс жағалауында орналасқан тастағы суреттерді жергілікті өлкетанушылар (1976ж Сафонова), 1999ж біздің облысымызға келген Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану мұражайының этнографиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді [25].

Жартастағы үңгір тәріздес қуыстардың қабырғалары мен төбе жағында ерекше техникамен орындалған ежелгі кескіндеменің үлгілері болып табылатын Баянауыл тау – орманды алқабының петроглифтері Сарыарқаның ежелгі мәдениетінің өзгеше қабатын айқындайды. Бұл суреттердің салттық сипаты бар және негізінен антропоморфты бейнелер түрінде бейнелеген, олардың көпшілігі сумен шайылған немесе үңгірлерде туристер жаққан оттың әсерінен бүлінген.

Осыған орай айта кеткен жөн, Павлодар өңіріндегі алғашқы қауымдық мәдени ескеркіштердің ең белгілісі Драверт үңгіріндегі суреттер нашар салынған. Өткен ғасырдың 20-жылдардың соңынан белгілі бола бастаған бұл ескерткіштер 60-жылдардың басынан жергілікті туристердің жиналатын жеріне айналды, ал бұл оның сақталуына кері әсерін тигізді. Сондықтан қазір үңгірдегі суреттер өте жаман көрінеді. Оларды П.Л.Драверттің «Грот с писаницей на озере Джасыбай в окресностях Баян-Аула» атты еңбегіндегі суреттер жиынтығынан көруге болады. Осы мақаладан қысқаша үзінді төмендегідей жазылған: «Тас жазбаларында 15 фигураны көруге болады, ондағы 10 мүсінді адамның әр түрлі қалпында тұрғанына, соның ішінде үшеуі ер адам мүсініне жататыны айқын көрінеді.

Кіші келген үңгір, адамның мұнда өмір сүруі үшін емес, пұтқа табынушылардың храмы дін заттарын сақтау ретінде арналған, ал күмбездегі суреттер діни немесе сиқыршылық мағынасын береді деген тұжырым бар. Көршілес үңгірлер біршама кең және сиымды болып келеді, яғни бұлар ыңғайлы баспана болған. Өйткені оның күмбездері қатты ысталған»

Павлодар өңіріндегі ежелгі мәдени ескерткіштер енді ғана қолға алынып отыр. Әзірге Ақбидайық шатқалдары мен Баянауыл тауларындағы бір жағынан уақыт пен адамдар бүлдірген, бір жағынан сумен шайылған, ысталған және қына басқан немесе әлі де табылмаған суреттерді толығынан зерттемесек те, біздің өлкемізді мекендеген ежелгі тайпалардың рухани мәдениетінің таңғажайып әлеміне жол аштық деп айтуымызға болады. Оны әрі қарай тану үшін арнайы бағдарлама қажет. Қозғалған мәселені толық зерттеу мен арнаулы мұражайлар ашуға кең тұрғыда мүмкіндік туғызушы еді, сонда ғана бұл ескеркіштер тек туристердің ғана емес, бүкіл ғалымдардың да бас қосатын жеріне айналады  [39].

Тас жазбаларынан басқа Павлодар облысының Баянауыл тауының батыс жағын құрайтын Аққарағай тауының батыс етегінде.

Көл жиегінің «Найзатас» пен «Үңгір тас» аралығындағы өзекті ала біткен Қанды-қарағаш орманын осыдан 40 ғасыр өтіп кеткен мамонт заманының ескерткіші ретінде қалған табиғаттың «Ғасырлар саябағы» іспеттес. Бұл саябақты суландырып сақтап қалған Ақбет тауының астынан осы арада бұрқырап шығып сарқырап ағып жатқан бұлақ «Әулие бұлақ» деп аталады.  «Әулие бұлақтың» суынан үш рет ұрттаған адам, бойындағы бар дертінен айығып, жаны пәк болып, арманынан шығады деседі. Суының шипалық қасиеті бар. Бұлақ суының химиялық құрамында қажетті мөлшердегі йод, фтор және натрий барлығы табиғатта сирек кездесетін, идеалдық суға жақын, өте бағалы, асқазанға шипалы «асханалық су» болып саналады. Сондықтан суының  осындай қасиетіне байланысты бұл бұлақты «Әулие бұлақ» деп халық біліп атаған.

Біздің планетамыздағы күллі жанды тіршілік иесіне қуат беріп, оларды одан ары жалғастырып отырған Жер-Ана. Олай болса тіршілік иесі қоршаған ортаны қорғауға, оның көрікті орман алқаптарын көбейтіп, өртенген жерлерін қалпына келтіруге адамзат баласы жауапты. Ұлылар сөзімен айтсақ:

Адамзатқа мекен болған қасиетті қара жер,

Еңбек етіп, одан дағы төгу керек маңдай тер.

Немесе 

Топырақ тозса, құйқасы кетер,

Ауа ластанса, шипасы кетер.

Бұл қанатты сөздердің жер ананы аялауға, табиғат байлықтарын ұқыптылықпен пайдалануға, экологияны таза ұстауға шақырады. Ал бұл – туризмнің басты жолы.

 

  1. БАЯНАУЫЛДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЛЕТІН КӨТЕРІ ЖӘНЕ ЖАНДАНДЫРУ

 

3.1 Баянауыл ұлттық саябағының  инфроқұрылымы мен экологиялық жағдайы

 

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық саябағының рекреациялық орталығы ретінде 1-ші орында Жасыбай көлі және оның маңайы болғандықтан, мұнда екі жол торабы болады. Олар:

  1. Баянауыл – Жасыбай жол торабы.
  2. Торайғыр – Жасыбай жол торабы.

Біріншісінің жолын сипаттай кететін болсақ, ол ауданның орталығы Баянауылдан 15км-ге созылған. Жол құрамы негізінен асфальтті. Ол тау жоталары арқылы асып түседі. 150-200м биіктіктен түсетіндей жыланның пішіні ретінде төселген, яғни бұл жол 10-нан аса бұрылыстардан тұрады.

Автобуспен келген туристерді, қонақтарды таудың басында түсіріп, автокөлік жүгізушісі төмен қарай өзі көлікпен аялдап, ботаникалық бұлақтың басында тосады. Ал қонақтар баспалдақ арқылы жылан пішінді жолды кесіп өтіп өз жолдарын қысқартады. Осы жол арқылы табиғаттың келбетті әсем көрінісін байқауға болады. Себебі мұнда Жасыбай көлі қазан шұңқырда орналасқаны және оны қоршап тұрған таулар, күннің көзі таудың арғы беткейіне батуының әсем суреттемесін айқын көруге болады.

Екінші жол торабы Баянауылға 18км жетпей басталады. Ол негізінен қазақтың ұлы жазушысы, 27 жасында дүниеден қайтқан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған жері арқылы өтеді. Жолда кездесетін нысандарды атай кетсек, оларға «С.Торайғыровтың зираты», «Сәкен шыңы» және оның бөктерлерінен бастамасын алатын бұлақ көзі (қазіргі кезде осыдан «Баянауыл» атты Баян-су ЖШС минералды су шығарады)   жатады.

Торайғырдан батысқа қарай созылған жол асфальтті емес, жай ғана елді-мекен жолына айналады. Жасыбайға бағыт алған уақытта жолдың сол жағында жердің астынан шыққандай «Кемпіртас»көрінеді, одан ары  Жасыбайға жете берген жолында «Найзатасты» көруге болады.

Міне,осы екі жол негізгі екі жол торабы болып табылады. Бірақ одан басқа жаяу жүретін туристер, демалушылар, қонақтар және Баянауыл елді мекенінің тұрғындары да көптеген асулар арқылы жүруге болады. Осы асулар қайдан пайда болды деп сұрасаңыздар, Баянауыл таулы өлкесі тарихи ескеркіштер мен оқиғалар өткен орындарға өте бай.

Демалыс орындарындағы телефон байланысы туралы айта кететін болсақ, олар тек қана демалыс үйлерінде бар еді, бірақ қазіргі кезде аудан орталығы Баянауылға ұялы телефонның спутниктері құрылды, бұл бірден-бір жеңілдік.

Қазіргі уақытта Баянауыл таулы орманды оазисіне адам әсері күшті типі отыр. Табиғи зона аймақтар мөлшері жыл сайын өте күшті азаюда. Сондықтан бұл аймақтың табиғатын қорғау мәселесі кезек күттірмейтін жағдайға жетіп отыр. Экологиялық жағдайының нашарлауына бұрын кезеңінен шаруашылық әрекеттерінің маңызы зор болса, ал қазіргі кезде демалу мен туризм әкелетін жәйсіз жағдайлардың ролі күшейіп отыр. Адам әрекеті әсерінен территорияның өсімдік жамылғысы зардап шегуде. Көптеген ағаштар себілуде, шабындықтар мен жайылымдарда жер жырту жұмыстары кең орналасуда. Көбінесе мал жайылым үшін кең пайдалануда. Әсіресе солтүстік-батыс, солтүстік /мысалы, Торомғыров атындағы совхоз жері/ және оңтүстік бөлігі көп өзгеріске ұшыраған. Сонымен қатар бұл жерлерде шабындық –шалғындар және сонымен қатар жабайы, пайдалы өсімдіктер құрамы көп өзгерген. Соның әсерінен негізгі малға қажет өсімдік жамылғысы жайылымға жарамайтын жерлерде сақталып қалған және көлемі өте азайған. Ағаш өсімдіктері топырақ ыдырауын болдырмайтын негізгі фактор. Сондықтан олардың кесілуі топырақ  эрозиясына  әкеліп соғады. Ағаш өсімдіктерінің астынан ашық  қалған топырақтар, әсіресе тасты құмды жерлер тез эрозияға ұшырайды. Ормандысыз аймақтарда топырақ эрозиясы негізінен мал жайылуының нәтижесінен байқалады. Мал ұзақ жайылған жерлерде шалғындық шөптер біртіндеп арам шөптерге айнала бастайды және сонымен қоса топырақтың беткі құнарлы қабаты бірге жойылады. Топырақ эрозиясының пайда болуына транспорт торының да әсері мол. Жол тораптарын салу бірегей ландшафтық көріністі ғана бұзып қоймай сонымен қатар жасанды сайлар, карьерлер пайда қылады. Топырақтың аналық жынысы босаң беткейлерге делювиалық шөгінділерде жол тораптары және құрылыс жұмыстары дұрыстап жүргізілмесе, онда оларды топырақ эрозиясына шалдықтырады. Өсімдік жамылғысы  өзгерген жағдайда тіршілік иесі әр түрлі ауруларға шалдығады. Өсімдік жамылғысының өзгеруіне адам әрекетіне байланысты болатын өрттердің де ролі зор. Мысалы,соңғы жиырма жыл ішінде өрттен 600,0 кубметр  орман жойылған. Ол 4 мың/га тең келеді. Сонымен қоса орманда қуағаштардың саны көбейді (11,7 м3). Территорияның ластану дәрежесі жоғарылады. Қазіргі кезде ластанған және ағаштары бұзылған территория 600 га/ға жетеді. Бұл жерлерді ластанудан тазартып, өсімдік жамылғысын қайтадан қалпына келтіру оңай шаруа емес.

Зерттеулерге қарағанда браноньерлік әсерінен және негізгі тіршілік ортасының өзгеруіне байланысты көптеген құнды жан-жануарлар да жойыла бастағандығы анақталған. Өсімдік жамылғысын өзгертуге туристер мен демалушылардың әсері де өте зор. Аудан рельефі адам жүруіне қолайлы болғандықтан көптеген өсімдіктердің түрлері жойыла бастаған, ал сақталғандары тек қана адам аяғы жетпейтін тар шатқалдар мен қапастарда сақталған. (Жанбақ, Кафарка тағы басқа). Көптеген мәдени және дәндік өсімдіктер аяусыз жиналған. Туристік машруттар маңы шығарынды қоқыстармен ластанған. Мұнай көріністер туристік мәні зор жерлерде көбінесе Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің маңайларында жеке шаруашылық, ал жайылуда  етек алған . Тұрғын мекендерінің көл маңайларына жақын салынуы, әсіресе парктің админстративтік  ауласының  көлге жақын болуы тек қана көл  төңірегінің сұлулығын  ғана емес , сонымен бірге  суының тазалығын өзгертуде. Әсіресе тұрмыстық  жуынды сулар мен шаруашылық  каналдарының  сарқын  сулары көл суын  және жер асты  суларын ластандыруда . Территорияны ластанғыш объект ретінде «Аққайың»  демалыс үйін  және «Кристалл»  пионер лагерін атауға  болады . Олар көл маңайында  санитарлық нормаға  сай келмейтін жақындықта  орналасқан . Санитарлық норма  бойынша  көл жағасынан кем дегенде 100 м . қашықтықта  орналасуы қажет . Одан басқа көлге  құятын  өзендер бойында машинаны немесе  басқа да техникаларды жуу суды  ластайды . Ластанған суларда 300  бентос және фитобинтос өте қатты зардап шегуде . Сол айдың мөлшері  біртіндеп  кеми береді .  Сарқын сулардың  көлге әсері әсіресе жабындылардан соң айқын сезіледі . Судың биохимиялық    және  гидрологиялық  көрсеткіштері  санитарлық  мөлшерде  өте күшті  ауытқиды , ауыз  суының сапасы кемиді .

Бұл аймақтың ауа  бассейнінің экологиясы жөнінен  мәз емес . Ауылдардың жиі орналасуы  және  автомобильдердің  жыл санап  көбеюі ауа сапасын бұзуда . Саябақтың маңайындағы  ауылдар  көлемі  жөнінен  онша ірі емес  және транспорт саны  әжептеуір  аз . Сонымен қоса ауылда  жағылатын шөпті  көмірінің  күлі Қарағанды немесе Жаңа Кузнецк көмірлерінің күлімен салыстырғанда  өте аз мөлшерде болады. Сондықтан  территорияда жалпы алғанда тұрмыстық ластану мөлшері біршама  төмен деуге болады. Дегенімен  отпен жылытылатын маусымда /208/ атмосфераға 140 күл, 40т . күкіртті қосылыстар , 9 т күйе , 300-400  т.т. көмір  қышқыл  газы шығарып отырады . Дәл осындай  мерзімде орталық  қазандықтардан 320 т. кул, 150т. күкірттік қосылыстар , 18т.күйе, 10мың тоннадай көмір қышқыл газы  шығады . Метеорологиялық  жағдай нашарланған  уақытта бұл  көрсеткіш  өзінің шекті (ПДК)   мөлшеріне дейін жетеді .

Ауа  ластануы көбінесе жел  батыстан  және  солтүстік –батыстан соққанда   жылдамдығы 5 7 м/с жеткенде өте күшейеді . Ауаның ластану  мөлшері әсіресе күз бен қыста ауаның біршама ылғалды кезінде күшейеді. Ауадағы күйе және күл бүркінділері будың конденцациялану процесін күшейтеді . Сөйтіп  ауадағы ластар  жерге қонады . Атмосфералық   ластану  әсері біршама  қылқан жапырақты  өсімдіктер  үшін қауыпты емес .

1968-1972 жылдағы ауа райының ерекше құрғақ  болуына байланысты  Орталық Комитеттің  1969 жылы маусымда шыққан  қаулысына  байланысты мал жайылымдары үшін жергілікті  жерлердің қорғалатын  территорияларындағы жерлерді пайдалану қажеттілігі  көрсетілді . Соған  байланысты Баянауыл ұлттық  саябағының территориясында мал жайылуға рұқсат етіледі . Нәтижесінде  көлдердің  маңайлары , орман аймақтары мол жайылымдары үшін кең пайдаланылады . Мал жайылудың әсерінен ұлттық  саябақ территориясы ластанды әсіресе көлдерде әр түрлі аурулар қоздыратын қондырғыш бактериялар немесе микроорганизмдер кең тарайды. Мал жайылу саябақтар территориясында қазірге дейін орын алуда .

Орталық Комитеттің 1989 жылғы қаулысы бойынша парктің экологиялық  жағдайларын жақсарту мәселелері қойылды.

Баянауыл ұлттық саябағының инфрақұрылым мен экологияға байланысты  алдына қойған негізгі  міндеттеріне төменгілерді жатқызамыз .

  1. Ландшафтың , су объектілерін , өсімдіктер әлемін , тарихи ескерткіштерін адам рекреациясы және ағарту жұмыстары үшін сақтау.
  2. Саябақ территориясындағы тарихи және мәдени ескерткіштер мен  танысу үшін туризмдік және демалыстық  жұмыстар жүргізілетін жолдарға бақылау жасау .
  3. Ғылыми-зерттеулер жүргізетін арнайы орындар ашып,  онда өсімдіктер мен жануарлардың құнды түрлерін сақтау  оларға  жасалатын зерттеулерді жүргізу .

Өрт болмау, ыңғайлы жолдар салу, бақылау пункттерін салу, техникалық  құралдармен жабдықтау. Санитарлық – гигеналық және эстетикалық  жағдайларын жақсарту. Саябақ  территориясында мынандай әрекеттерге тыйым салынған:

  1. Кезек күттірмейтін шара ретінде көлдердің , жағаларында маңайларын және  су  түбін  қоқыстар мен қатты шығындылардан тазарту .
  2. Мал жайылымды үзілді –кесілді тоқтату .
  3. Өндіріс орындарын , шаруашылық объектілерін салу .
  4. Саябақ территорияларында малға жеке  шөп дайындау , дәрілік  өсімдіктер жинау , өсімдіктердің , тастардың коллекцияларын жинау , жеміс –жидек жинау .
  5. Аңшылық және  балық  аулау .
  6. Механикаланған транспорттар мен суда моторлы қайықтардың  жүзуіне тыйым салу .
  7. Жалпылама спорттық  ойын – сауықтар , от жағуға , кез келген жерге палатка  құруға .
  8. Инженерлік коммуникациялар құру , мелиоративтік жұмыстар. 

 

  • 2 Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары

 

Ұлттық саябақтың экологиялық маңызы туристік іс-әрекеттермен тікелей  қатысы бар. Оған себеп қоршаған орта мен адамдардың  арақатына-сының нәтижесі. Ұлттық саябақтың  мемлекет  тарапынан қорғауға алынуы-на байланысты  табиғатының әсемдігі мен сипатталады Яғни бұл уникумды  аймақ. Территория өсімдік, Табиғи ескерткіштерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Біздің қарастырып отырғанымыз туристік – рекреациялық  ресурстары  жағынан  өте қызықты аудан болып саналады. Себебі Торайғыр, Жасыбай Сабындыкөл көлдері және Баянауыл, Баян тауларының орналасуы, климатының қолайлы болып келуі. Бірнеше туристік маршруттардың өтуіне мүмкіндік жасайды.

Баянауыл туристік база 1962 жылы құрылған. Бұл тек Қазақстан  республикасына ғана белгілі емес, республикадан тыс елдерге де әйгілі. Мұнда жолдамамен, туристік группалармен, өндіріс коллективтерімен бос уақыттарында адамдар демалуға  келеді. Келген туристер ұлттық саябақтың табиғатының унинумдығын көтеруге асығады. Ұлттық саябақ табиғи  және тарихи ескерткіштерге бай .

Демалу орындарының белгіленген экскурсиялық маршруттары саябақтың ең әдемі, қызғылықты  жерлеріне салынған. Туристік маршруттар ұзақтығы бойынша біркүндік, бірнеше сағаттық  болады. Негізгі түрі жаяу маршрут. Туризмнің басқа түрлері онша көп дамыған. Баянауыл туристік базасы туристерді  бірнеше маршрутта қыдырта алады. Мысылы, бірнеше маршруттарды атауға болады.Туристік базадан С.Торайғыров зиратын баса отырып Торайғыр көліне дейін 25 км жол; Найзатас тауы мен Мыстан кемпір құзы 15 км ; Турбаза –Дроверт үңгірі –Жасыбай зираты, 10 км; Турбаза -Әулие тас үңгірі , 16 км;

Туристік маршруттар әр түрлі жас шамасындағы туристер үшін жеке-жеке алынған. Туристік жорық кезінде дамышулар табиғаттың тек сұлу көркін ғана қызықтап қоймай сонымен қатар Баянауылдың табиғаты  туралы, өткен тарихы мен әр түрлі  аңыздарымен де танысады.

Алдын ала дайындығы бар туристер үшін № I /284/ 510-90-0 «Аңыздар дүниеге келген аймақтар» атты маршрут белгіленген. Ол маршрут шеңбер бойымен жасалынған, жеті күнге есептелінген және таулы – орманды оазистің орталық бөлігін түгел қамтиды. Жол бойында демалатын, түнейтін және ошақтың арнайы орындар белгіленген. Әрбір группаны тәжірибелі инструктор алып жүреді. Маршрут бойынша биіктігі 1027 м. жететін Ақбет жотасына өте қызғылықты жерлерді басып өту тарихи өлкетану мәні бар объектілерді көру жоспарланған. Бұл маршруттың  жалғыз аяқ жолы қатаң түрде облыстық Совет нұсқауы бойынша жасалынады. Табиғи биоценозды бұзбау және қорғау  негізін сақтау.

 Төменде маршрутқа қысқаша сипаттама беріледі. № I /284/  510-90-01.

Маршруттың  басы көлінің батыс жағалауында салынған  туристік  базаның оңтүстік  батысынан  басталады . Бағыт батысқа  қарай  жүріп , Жұмбақ аңғарының сайына келеді. Аңғардан 1 км жүрген соң үлкен  амфитеатрға айналады. Осы амфитеатрда демалып алған соң оңтүстік – батысқа қарай солтүстік  батысқа 90° бұрылады. 1 км. жүрген соң биік асуға кездеседі .Бұлақтың айналасы биік қарағайлармен қоршалған. Орман арасы таңқураймен  қарахатқа өте бай;

Туристер осы жерде түскі тамаққа отырады. Бұдан әрі қарай 10 км жүргеннен соң «Кафарк» қонысы кездеседі . Бұл жер биік асу, егер ауа-райы ашық болса айналаға өте тамаша көз тастауға болады: кең дала, көлдер тізбегі, жеке-жеке дөңдер, бұйраттар, төбешіктерді көруге  болады. Жамбақ  тауынан 5 км жүргеннен соң «Кафарк»  қонысының айналасында қанды ағаш өскен бастау шығады. Бұл  Баянауылдың ең ірі сұлу жері. Туристер осы жерде қонады .Маршруттың үшінші күні  Шығыс бағыттағы Сабындыкөлге қарай  жүріс басталады. Көлге жете бергенде маршрут кенет солтүстік – шығысқа бағытталады. Сол жерде ескі тұманның  айналасында  биуан жасауға болады. Осы жерден Баянауыл  ауылына экскурсия жасап алуды тарихи  және қазіргі жағдаймен танысуға болады. Ескі тұмадан маршрут Торайғыр көліне қарай бағытталады. Маршрут тек асудан және жолдан өтіп бұлаққа тіреледі. Осы жерде сәл демалуға болады. Алда үлкен  көтерілістерден өткен соң  Ақбет тауының  батыс беткейі  көрінеді , одан әрі жол түбінде өзен ағып жатқан шатқалға тіреледі . Осы жерде туристер түнейді.

Келесі күні Баянауыл тауының ең биік нүктесі теңіз  деңгейінен 127 м. жоғары орналасқан  Ақбет тауына шығу  басталады . Тау  төбесінен оазисті түгел қамтитын әдемі панорама көрінеді . Таудан  түскен туристер жолы  екі  жағынан  қара қанды  ағашпен көмкерілген  соқпақ  арқылы   Торайғыр көліне жетеді . Осы жерде  палата құрып Торайғыровтың зираты мен музейіне экскурсия жасауға болады . Маршрут бұдан әрі , қарай Ақбет тауын беткейлей отырып  Жасыбай көліне жетеді . Туристік маршрут осы жерден  Баянауыл турбазасында аяқталады . Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай 3 функцияға бөлінеді — танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік. Сонымен қатар танымдық функциясына барлығы зор мән береді.

Танымдық функциясына Баянауыл табиғи ұлттық паркінің көз тартарлық жерлері («Кемпіртас», «Сәкен тас» т.б.) мәдени-тарихи ресурстар (археологиялық ескерткіштер, тас жазбалар, Драверт қуысы, Әулиетас) жатады. Халық шығармашылығы ақындар және жазушылар осы таулардың атын Баян Сұлу деген әсем қыздың есімімен байланыстырады. Бұл халықтың этимология негізінде туындаған. Кез келген турист осы мұраларды көріп және естіп, жергілікті жердің тарихымен, қоршаған ортасымен танысып, өз танымын ұлғайтады.    Спорттық-сауықтыру функциясына Баянауылда жыл сайын өтетін «Ертіс Меридиан» слеті өткізіліп отырады. Осы жөнінде қысқаша айтып кетер болсақ.

«Ертіс Меридианы» жаңа импульс пен жаңа демді 1999ж алды. Оның негізінде қатысушылардың географиясы ұлғайды. Сонымен бірге сайыстар өтуінің сапа деңгейі өсті деуге болады. Яғни ол әр жылдың шілде айында өткізіліп отырады. «Ертіс Меридианы» атты Қазақстан және Ресей туристерінің 17 слеті биыл Ата Заңымыздың 10 жылдығына арналды. Осы сайысқа еліміздің бірқатар облыстарынан, Ресейдің Омбы қаласынан келген барлығы 19 команда келіп қатысты. Біздің облыстың абыройын Екібастұз қаласының «БАК-1» командасы мен Павлодарлық «Вертикаль» командалары қорғады. Үш күнге жалғасқан сайыс аяқталып, қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар да анықталды. Екібастұздың «БАК-1» командасы жеңімпаз атанды. Көкшетау қаласындағы «Синегорье» командасы жүлделі екінші орын иеленсе, ал Ресейдің Омбы қаласынан келген «Мир приключений» командасы үшінші орынға табан тіреді. Ал павлодарлық «Вертикаль» командасы төртінші орында. Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

Тағы да мысалға «Туристіктік соқпақтар шәкірттерді шақырады» атты сайыс туралы айта кетсек.

Облыс мектептерінің оқушыларының арасында спорттық туризм, уақыт өткен сайын кең таралуда. Биыл 38-туристік слет Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында өтті. Бұл шеберлік бәсекенің негізгі міндеттеріне тоқталсақ, ең алдымен балаларға спорттық туризмді кең тарату, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Міне осыған қол жеткізсе, балалар арасында темекі тарту, арақ ішу, нашақорлық сияқты жат әдеттерден аулақ болатыны анық.[40]

Бұған спорттық бағдарламаға көп орын берді.

2-сын. Туристік дағдыларды меңгеру.

3-сын. Әндер, тағамдар дайындау.

Екібастұз, Ақсу, Лебяжі аудандары жеңімпаздар болды.

Жазғы 14-спартакиада жеңістің 60-жылдығына арналған. 10 түрлі спорт жарысы қортынланды. Жалпы Павлодар қаласы-I орын, Екібастұз қаласы-II орын, Ақсу қаласы-III oрындарға ие болды. Ақтоғай, Ертіс, Павлодар аудандары жеңімпаздар болды.

Мұнда танымдық және спорттық-сауықтыру функциясынан басқа емдік ресурстар да дамыған. Таулы ландшафтар, қарағайлы ормандар, таза ауа, гидроминералдық бай ресурстар, бұлақтар, Әулие бұлақтың жеңіл минералданған суы (Телеу-бұлақ), емдік саздар, парк аумағына тиіп тұрған тұзды көл «Жарсар-Тұз» негізгі емдеу факторлары болып табылады. Емдік -сауықтыру минералдарына Жасыбай көлінің 6-7м тереңдігінде орналасқан емдік сазды жатқызуға болады. Бұл қара қызғылт түсті күкіртті сутек сапропельді Жасыбай көлінің түбінде орналасқан органикалық саздарға жатады. Туризм арқылы сауықтыру адамның өндірісте физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамның еңбек қабілетін көтереді. Біздің ауданда биылғы қазан айының мәліметі бойынша 80931 қой, оның 46321 аналық, 41336 сиыр, оның 16326 аналық, 12851 жылқы, оның 5065 аналық бас мал [Ауыл шаруашылық санағы бойынша]. Жаз айларында демалушылар мен туристердің көбеюіне байланысты ауыл адамдары ет, сүт, май, қаймақ, қымызбен демалушыларды қамтамасыз етеді. Әр сауын сиырдан, биеден 4-5л сүт алатын болсақ, күніне 16326*5=81630л. Тамыз-шілде айларында 5000т-дай сүт алынып, оның 20%-ін ғана сатса, 1000т сүт қанша адамға жетері белгілі. Әр адам күніне 1л-ден 60л сүт 2 айда керектенсе, 1000/60=1,6600 16-17т сүт 17000 адам. Әр биеден 5л сүт сауылса, күніне 2,5т қымыз. Бұл 1л-ден 2500 адамға жетер еді. Әр демалушылардың ¼-і қымыз ішетінін ескерсек, күніне 100000 адамды қанымдауға болады. Тең жартысы ауыл адамдары болса, 50000 адамды қымызбен қанымдауға болатын мүмкіндік бар. Мал саны жыл сайын өсіп отырғанын ескерсек: Жасыбай басында қазір 1л қымыз 190-200т, Бір балабай (қозы) 8000-10000т тұрады. 2007 жыл бағасы. Бұл жасалған есептерден біздің ауыл адамдарының жағдайы жақсаратын мүмкіндік көрініп тұр. Туристер мен демалушылар неғұрлым көп болса, ет, сүт, қымызға сол құрлым сұраныс көп болады. Әрбір адам өз көлігімен Жасыбай басына ет, сүт, қымыз тасудың табиғатқа келтірер зияны да бар. Оны аудан орталығынан ұйымдастырған түрде бір жерден алуға болар еді. Бірақ ондағы демалыс нысандары жеке.                  

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қортындылай келгенде қазіргі кезде жалпы алғанда табиғат тепе теңдігі өз дәрежесінен  ауытқуда. Сондықтан табиғатты сақтау үшін тіршілік иесі адам белгілі бір шара түрлерін қолдану қажет. Ол үшін ерекше қорғалатын территориялар туристік экологиялық мақсатта ұйымдастырылуы тиіс.

Адам баласы табиғатқа зиян тигізуінен керісінше нәтижелерге ие болып отыр . Атап айтқанда қауыпті ауруларға  ұшырауы, радиациядан маймыл тәрізді кемтар балалардың дүниеге келуі т.б.

Бұл табиғат тепе–теңдігінің бұзылуы. Міне осындай  қауыпті жағдайларды жою үшін қорықтар, заказниктер, ұлттық саябақтар ұйымдастырылуда . Осы қорғалатын территориялардың ішінде ұлттық саябақ  тікелей адам баласының демалысын  ұйымдастыратын орта.  Оның негізгі мақсаты : урбанизациаға ұшырамаған биогеценозды адам рекреациясы үшін демалыс аймағына айналдыру  және пайдалану .

Ұлттық саябақтарда туризм ұйымдастырылады . Туристік жорықтар арқылы адам баласы табиғат ерекшеліктерімен  танысады . Әрі өзіне рухани ләззат алады . Сондықтан ұлттық саябақтарды   ұйымдастыруды дұрыс әрі керек деп санаймын .

Қазір 30 нысанда: 3 автотұрақ, 8 сақшы,7 жедел жәрдем, 6 өрт сақшы орны, 11 би алаңы, 2 тенис, 5 биллиард орны, 3 баскетбол, 13 волейбол, 9 футбол алаңы, 46 асхана, 18 дүңгіршек даяшылық істесе, 8 қайық, 7 катамаран жалға беріледі.

Ұлттық парктің Жасыбай көлінің жағалауы батыстан сағат тілімен шығысқа қарай созылған демалыс үйлері мен кафелері тығыз орналасқан. Мұнда болашақта реконструкциялары өзгеруі мүмкін. Яғни қазіргі уақытта нақты жобалар жоқ.

Сабындыкөлдің басында біршама демалыс орындары бар. Олар көлдің оңтүстік жағалауында орналасқан болатын. Болашақта осы көлдің басында туризм дамыса, тек қана осы жағалауда ғана дамуы мүмкін.

Торайғыр көлінің басында бірнеше демалыс үйлері бар. Торайғыр көлінде туризм жаңа ғана дамып келе жатыр. Осы жерде демалыс үйлері салынса, өте көркемді болар еді. Себебі бұл жерде «Сәкен шыңы» т.б. табиғи көркем, әдемі жерлер айқын байқалады.Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық парк болашақта ең көркемді және экономикалық жағынан да мол пайдасын береді деген үміттеміз.

Үшінші бөлімдегі үсынылып отырған  туристік және экскурсиялық  маршруттарды одан ары жетілдіру қажет

Ұлттық саябақтың туризмді және демалыс орындарын дамыту мүмкіншіліктері анықталып сарапталынды, туристік фирмалар үшін материалдар жиналды.

  • Табиғаттың ғажайып орындары. (Әулие үңгір, Кемпіртас, Найзатас, Әулие бұлақ т.б.)
  • Тарихи атаулы орындар, ұлы адамдардың туған жері, аттас елді мекен.
  • Экономикалық жағдайы. Мал шаруашылық өнімдерін ауыл адамдары делдалсыз өткізу.
  • Емдік-сауықтыру орындарын ашу.
  • Әрбір туристер тұрақтайтын орынға арнаулы мамандандырылған адамдар тағайындау.

Сол жердің тарихынан, географиялық жағдайынан, онда кімдер болғаны жайлы толық мағлұмат беретін  материалдарды қорыту.

Биылғы жылы туризм мен демалушылардан салық 23 млн теңге бюджетке түссе, бұны ары қарай бірнеше есе өсіруге болар еді. Оған қазіргі 32 демалыс нысанның қуаттылығы жетіспейді. Олардың бәрі жеке меншік ұсақ нысандар. Бізде туризм дамытудың негізгі екі жолы бар деп ойлаймыз:

  • Инвестрлерді тарту.
  • Үкімет үлкен қаражат бөліп, арнаулы (проект) жоспар жасап дамыту жолдарын қарастыру

Қазіргі жер, су, ауаның тазалығы мақтанарлықтай емес, көлдердің түбі лас шөгінді басқан, бұлақтардың көзі ашылмаған. Осының барлығын тазарту керек. 11 су шоғырын салуға болар еді және әр маршрутқа барар жолдар жасалуды қажет етеді. Орманға да белгіленген жолмен ғана барып, арнаулы орындарға ғана демалып қайтуға жолдар жасалып, жағдай жасалуы қажет.     Мысалы: Жасыбай батырдың басына 1км жаяу жүріп барады. Бұған кейбір адамдардың жағдайы келмейді т.б. жолдар. Әулие үңгірге бару үшін арнаулы баспалдақ салуға болар еді.

                  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

1 Агроклиматический справочник по Павлодарской области. – Ленинград: Гидрометеоиздат, 1958. – С.26-27

2 Азор В.И. Экономика и организация туризма. — М., 1972. – С. 5-9

3 Ақыбаев Р.М.,.Әбенов К.М, Көлбаев Қ.Ж. Баянауыл. – Астана, 2001. – 187 б.

4 Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 74 б.

5 Алпысбекұлы М. Көне Көктау байырғы,  Баянауыл байтағының тарихы. – Астана, 2005.-Б. 23-29

6 Балибасов В.П. Описание прародно учебной тропы. — М., 1977. – С. 35-39

7 Борисов В.А. Вопросы классификации заповедных  территории. — М., 1973. – С. 23-29

8 Буренков В. Баянауыл, Баянаул, Baianaul. – Алм-Ата: Кайнар, 1979. — 75 с.

9 Васильева В.Д. Реликтового  соснавые бары Казахстана и Сибири близ Южной границы распространения. — М., 1982. – С. 13-17

10 Веденин Ю.А. Динамика территориальных рекреоционных систем. -М., 1982. – С. 23-29

11 Гвоздев Б.В. Новые заповедники  Казахстана. — Алматы, 1988. – С. 42-44

12 Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А. Қазақстан: Очерк природы. – М.: Мысль, 1971. – 64 с.

13 Геоэкология Павлодарской области. – Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2003. — 72 с.

14 Государственный главный проектный институт Казгипрограт. — Алма-Ата, 1971. – 68 с.

15 Гузев О. Национальный  парк. – М., 1984. – С. 25-29

16 Данилова Н.А. Климат и отдых в нашей стране. — М., 1980. – С. 56-58

17 Забелина Н.М. Националный парк. — М., 1987. – С. 23-29

18 Зыков К.Д. Место охраняемых  территории в системе рационального прородопользования. — М., 1981. – С. 15-19

19 Кереку-Баян өңірінің тас-жазба суреттері. – Павлодар, 2003. — 49 б.

20 Кузнецова В. География павлодарской области. — Алма-Ата, 1958- 35 с

21 Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары туралы Заңы. – Астана, 2005

22 Левичев И.Г. О критериях редкости сообществ.-  М., 1982. – С. 29-35

23 Мамбетқазиев Е., Сыбанбекова Қ. Табиғат қорғау .Алматы 1990

24 Мильников Ф. Н. Человек и ландшафты. М.,1973. – С. 43-48

25 Молдағұлов А.М. Ландшафтану негіздері. – Алматы: Мектеп, 1994. — 67 с

26 Носов. Д.С. Жемчужины Казахстана. — Алма-Ата: Кайнар, 1985. – 85 с

27 Оралбек Қожанов. Жасыбай тастары. — Алматы: ТОО НПФ ЭКО, 2007. – Б. 12-19

28 Павлодарский областной историко-краевический музей им. Г.Н. Попов Г- О. Сведения с Сары-Аркой. — Алма-Ата: Казахстан, 1980 — 35 с.

29 Потанина М. Ю. Животный мир Баянауыла, фауна млекопитающих. – Павлодар, 1994. — 68 с.

30 Примак Д. Баянауыл заповедный. – Алматы, 1982. – С. 26-28

31 Прозова А. Черных И.Б. Биоразнобразия растительности БНП. – Павлодар: ТОО НПФ ЭКО, 2001. — 57 с

32 Ргодзинского А.М. Справочник по заповедному делу. — Киев, 1988. С. 16-19

33 Сапаров К.Т. Павлодар облысы топонимдерінің қалыптасуының геоэкологиялық астарлары. – Алматы, 2004. — 26 б.

34 Светанов Н.М. Тенденции развития туризма. — М., 1980. – С. 23-26

35 Управление Гидрометеослужбы КазССР Баянаул. ТСХ-1 1961-1977гг..

36 Феймерс Н.Ф., Штильмарк Ф.Р. Особоохреняемые природные территории. —  М., 1978. – С. 31-39

37 Юдина Н.А. 100 Великих заповедников и парков. – М., 2004. – С. 36-39

38 Справка о деятельности Баянауыльского государственного национального парка. — Шонай, 2003. – С. 29-35

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

А.1 кесте

 

Баянауыл ұлттық саябақтың 2008 жылғы рекреациялық зонада жерді қолдану  тізімі.

 

 

 

Тұрғылықты орын және емделу – шынығу мекемелері.

Ауданы , га

жұмыс істейтін адам саны

Жалпы, барлығы

 

2

3

4

Д / о – «Кристалл»  ААҚ« Алюмийний Қазақстан»

9,3

16

Д / о – « Чайка »  ЖШС БАК қ.Екібастұз

8,96

10

Турбаза «Баянауыл»  ЖШС «Баянауыл» қ.Павлодар

6,9

5

Д / о- «Березка»  Балалар шынықтыратың лагерь

«Қарлығаш»  ЖШС «БАК» қ.Екібастұз

12,58

2

Д / о – «Жасыбай» Евроазиаттық энергетикалық корпорация қ.Ақсу

4,3

3

Д / о – «Алға» ЖАҚ « Майқайыналтын» к.Майқайын

4,63

7

ЖШС « Қасым және К» д / о «Самал» қ.Екібастұз

2,65

6

Д / о- « Алтын – Баян»  қ. Павлодар

 

3

ААҚ  «Имстальком» ЗМК д/о «Сары – Арқа» қ.Қарағанды

3,05

4

ЖШС « Мұрагер» д / о «Жалын» қ. Қарағанды

2,71

5

Облыс әкімін істерін жүргізетін мекеме д/о «Жанбаки – Арнасы» қ.Павлодар

5,119

9

Д / о – «Баянтау» с.Баянауыл

2,2

11

ЖП «Абдыкаримов Б. с.Баянауыл. Д/о «Ата – баян»

0,32

3

Д /о « Ақбет»» ЖП Мухамедьянов К  қ.Екібастұз

0,112

2

ЖП Ахметов Т. д /о «Сан»

0,63

2

Д/о «Тоғжан»  ЖП Дюсекеев А. қ. Астана

0,1

2

ЖП Рахметова М.Д  с.Баянауыл

0,2574

4

Д /о Нұржол ЖШС с.Баянауыл

0,32

2

Баянауыл ауыданың прокуратурасының д/о

0,12

Ақсу ферросплав «Қазхром» заводы д/о қ.Ақсу «Факел»

10,41

13

Д/о «Орлёнок» ЖШС «Қасым және К»  қ.Екібастұз

12,0

4

Д/о Айнұр ЖШС Баян – Су с.Баянауыл

0,3

2

Д/о «Строитель» ЖШС  «Досуг» қ. Теміртау

1,44

3

Баянауыл аудандық  қоғамдық даму фондының д/о

1,0

Х

КШ «Талғат» Сатпаев ауыл округі «Ерболат +Д»

0,06

1

Д/о «Зёрнышко» АҚ Баянауыл ХПП

9,30

Х

Д/о «Огонёк» ЖШС Алем – Баянауыл

2,45

3

Д/о «Луна» Жанкулова Б.Б

1,16

Х

ААҚ «Кегок» филиал Северное Мэс

0,1726

1

Д /о Хакназар ЖП Омаров А. қ.Екібастұз Қөш. Энергетиктер 75 / 1

0,52

3

 

ҚОСЫМША Б

 

  • кесте

 

 

Демалыс үйлерінің сыйымдылығы мен демалушылардың келулері бойынша салыстырмалы сандары.

 

Демалыс үйлерінің атауы

Сыйымдылығы

2006ж демалушылардың саны

2007ж демалушылардың саны

2008ж дамалушылардың саны

Салық комитеті

8

480

550

610

«Нұржол»

10

600

650

720

«Кристалл»

180

10800

11700

12500

«Строитель»

230

13800

14950

16300

«Жамбақы-Арнасы»

40

2400

2600

2700

«Жалын»

126

7560

8190

8700

«Березка»

«Чайка»

«Қарлығаш»

180

100

450

10800

6000

27000

12200

6500

29250

14300

«Орленок»

«Самал»

180

18

10800

1080

11800

1170

6800

«Сарыарқа»

65

3900

4225

31300

«Баянтау»

47

2820

3055

12200

«Айнұр»

16

960

1040

1320

«Факел»

180

10800

11700

4350

«Аққу»

25

1500

1625

3400

«Хақназар»

18

1080

1170

1130

«Ақбет»

28

1680

1820

12500

«Жасыбай»

 

 

 

 

«Баянтауэ

95

5700

6175

6500

«Березовая роща»

80

4800

5200

5440

«Сан»

30

1800

1950

2130

«Кегок»

20

1200

1300

1410

«Алтын-Баян»

15

900

975

1025

«Баянауыл»

250

15000

16250

17300

«Ата-Баян»

 

 

 

 

«Самал»

50

3000

3250

3400

«Тоғжан»

30

1800

1950

2150

Тех.дом связи

30

1800

1950

2100

«Құлагер»

30

1800

1950

2090

Прокуратура д/ү

 

 

 

 

«Зернышко»

 

 

 

 

«Огонек»

290

17400

18850

19750

Автостоянка

 

 

 

 

Павлодар  Ұлттық Қауіпсіздік комитет департаменті

 

 

 

 

Жалпы

 

169260

183995

197155

                                                                                                                                                

ҚОСЫМША В

 

4 кесте

 

Ұлттық табиғи саябақ территориясында экскурсия ұйымдастыру көрсеткіші

                                                                                                                                                                                                      

 

Экскурсияға баратын орын

Ара қатынас

Ұзақтық

Қозғалу түрі

Экскурсанттар саны

Мүмкін болатын жүктеме

Мезгілдік сиымдылық

Экскурсия түрі

Д / о-Жасыбай к. жағасы

3

4

жаяу

10-15

0.3-0.5

400

Табиғаттану

Д / о-Жамбақ үңгірі

4

5

Жаяу

5-10

0.0-0.1

500

Оқу

Д / о – Шорман бұлақ

5

6

жаяу

5-10

0-0.1

600

Оқу

Д / о – Найзатас  тауы

4

5

Жаяу

25-30

0.4-0.9

500

Табиғаттану

Д / о – Жасыбай бейті

3

4

Жаяу

10-15

0.0-0.1

400

Тарихи-этнография-лық

Д / о – Әулиетас үңгірі

10

4

Жаяу

20-25

0.10-0.3

1200

Тарихтану

Д / о – батыс бөлігі

Ғажайып тас қалашық

10-15-20

4-5

Көлік, жаяу

25-30

0.2-0.5

15500

Тарихтану

Д / о – шығыс бөлігі Ғажайып тас қалашық

10-15-20

4-5

Көлік, жаяу

25-30

0.2-0.5

15500

Тарихтану

Д / о – қуыс Киргичи

2

2

Жаяу

10-15

0.2-0.5

300

Табиғаттану

Д / о – Торайғыр к.ж

  Мыстан кемпір

3

4

Жаяу

10-15

0.1

100

Табиғаттану

К.И.Сатпаев  мұражайы

1-2

Көлік, жаяу

10-15

0.1

100

Мәдени-тарихи

С.М.Торайғыров мұражайы

2-3

Көлік

10-15

0.1

100

Мәдени-тарихи және танымдық