АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Филология факультеті

 

 

Жалпы тіл білімі кафедрасы

 

 

 

 

Диплом жұмысы

 

Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

 

 

 

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

 

 КІРІСПЕ…………….………………………………………….………………….3

1 БИЛИНГВИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ……………………………………5

1.1  Билингвизм және нтерференция……………………………………………………………..5

1.2 Қазақ және орыс тілдерінің контрастивтік спецификациясы. Қазақ-орыс билингвизмінің типологиялық анализі………………………………………………………..10

1.3  Инофондар таңдаудағы негіздер…………………………………………………………..20

 

2 БИЛИНГВ ОРЫСТАРДЫҢ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ КӨРІНІСТЕРІ…..……………….23

2.1 Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі қазақ дыбыстарының айтылуы……………………………………………………………………………………………………..23

2.2  Қазақ сөздерін айтуда орыс тілінің фонетикалық заңдарының ықпалы..25

 

3 БИЛИНГВ ОРЫСТАРДЫҢ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫНЫҢ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ҚАТЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ. ………………………………………………………………………………………………..26

3.1 Қазақ тілінің аффиксация тәсіліне байланысты жіберілген қателеріне талдау………………………………………………………………………………………………………..27

3.2  Шақ категориясына байланысты жіберілетін интерференциялық қателер28

3.3  Синтаксистік интерференция……………………………………………………………….30

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………….39

ҚОСЫМША……………………………………………………………………………………………..41

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің даму жайы барша қауымның, елдің барлық топтарының назарында тұрған аса өзекті мәселе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі дәрежесі Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында көрсетіліп, оны меңгеру аталған Заңда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» болып анықталған. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейту мақсатында елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдеріісі жағдайында қыруар жұмыстар атқарылуда. Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін ескерсек, азаматтардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жүйелі меңгеруі үшін тілді тек қана жүйелі оқытулар мен сол оқытулар нәтижелерін, әділ бағалау жүмыстарын жүргізілуде. әрбір зайырлы елде мемлекеттік тіл деген елдегі барлық азаматтар пайдаланылатын коммуникативтік жүйесінің тілі болып табылады. Демек, Қазақстан халқы үшін маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілін жүйелі меңгеру. Әлемде азаматтардың тілдік коммуникативтік құзыреттілігін нығайту мақсатында тілді меңгерудің әртүрлі мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылып, тіл үйрету, оқыту мәселелері шешімдерін тапқан.

Осы орайда Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бірқатар қазақ тілін үйрету құралдары, оқу әдістемелік кешендері, оқыту немесе тіл үйрету курстары өз жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі Қазақстан – полиэтникалық көптілді, мультитәдениетті мемлекет.

Қазіргі Қазақстанда этнотілдік ландшафт 2 жақты болып келеді: біріншіден, мемлекет көптілділікпен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ тілі мен орыс тілі жетекшілік орын алып отыр.

Қазақ және орыс тілдері – дүние жүзінің 4% сойлей алатын тілдерге жатады. Сонымен қатар, елімізде екінші тілі орыс тілі билингвтер саны күннен күнге ұлғаюда.

Қазіргі таңда қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету лингвистика ғылымының мойнына жүктелген. Лингвистика бұл мәселеге байланысты көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінде қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдап жүрген халықтардың көп пайызын орыстар құрайды.

Лингвистика бір индивидтің немесе одан да көп тілдерде сөйлеуін психологиялық құбылыс тұрғысынан зерттейді.

Жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасының халықтары мемлекеттік тілді білуге міндетті болғандықтан қазіргі таңда қазақ тілі өзінің мәртебесіне  бірте-бірте қол жеткізіп келеді. Қазақ тілін тек қана меңгеру емес, сонымен қатар тілде қатесіз сөйлеу де міндет болып табылады. Зерттеудің міндеті – сол қателерді тауып, оларды болдырмау жолдарын табу. Жұмыстың өзектілігі тақырыптың тың болуымен түсіндіріледі. Өйткені, аталған проблема қазірде өте актуалды болып табылады.

Жұмыстың пәні: Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тілі.

Жұмыстың нысаны: Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция.

Жұмыстың мақсаты – билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністеріне талдау жасау.

Жұмыстың  міндеті:

  1. Билингвизм және интерференцияның теориялық мәселелерінің қарастыруы.
  2. Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі фонетикалық интенференция көріністерін анықтау.
  3. Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі қазақ грамматикасының интерференциялық қателеріне талдау.

Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер: Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференцияны анықтау үшін тыңдалым, сөйдеу, жазу дағдыларына байланысты эксперимент жүргізілді. сондай-ақ, сипаттау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Қойылған тапсырма орындалу мақсатында студенттер және оқушылардын сұрау жолымен алынған ауызша және жазбаша түрдегі материал негізінде талдау жүргізілді. Сауалнама әдісімен Алматы қаласының №123 қазақ-орыс гимназия-мектебінің 7 және 10 орыс сынып оқушылары мен ҚазҰУ-ң филология факультеті орыс бөлімінің  1 және 3 курс студенттерінің арасынан екі тілді информанттар таңдап алынды.

Информанттардың басым тілі сауалнама мәліметі бойынша анықталды. Интерференция көріністерін талдау үшін информанттардың ауызша және жазбаша жұмыстары мен психолингвистикалық эксперименттердің нәтижелері пайдаланылды.

Жұмыстың  жаңашылдығы: Орыс тілді үйренуші қазақтардың ғана емес, қазақ тілді үйренуші орыстардың екінші тілді меңгерудегі өз тіліне және екінші тілге әкелетін өзгешіліктер мен құбылыстардың оң және теріс жақтары фонетикалық , морфологиялық, синтаксистік деңгейлерде анықталды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан құралған: негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер   тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

1 БИЛИНГВИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

1.1 Билингвизм және интерференция

 

Билингвизмді меңгеруде бірнеше ғылымдар қатар қолданылады.

Біріншіден, билингвизм психологиялық зерттеу нысаны болып табылады. Бүл орайда ол индивидтің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді қарастылады.

Екіншіден, билингвизм әлеуметтанудың құралы болып табылады. Мұнда қостілділердің қоғамдағы орны немесе мінез-құлығына қатысты мәселелер қарастырылады.

Үшіншіден, билингвизм лингвистикада қарастырылады. Мұнда билингвтің тудырған мәтініне қатысты зерттеледі.

Үш негізгі ғылымның арасында анық байланыс бар.

Психолингвистика билингвизмді сөйлеу механизмі мен мәтін арақатынасы жағынан қарастырады;

Әлеуметтік лингвистика билингвизмді мәтін мен билингвтің мінез-құлығына байланысты қарастырады.

Қостілділіктің бірнеше анықтамасы бар. Әлеуметтік лингвистика терминдер сөздігінде: «Қостілділік ағыл. bilingualism – Билингвизм ұғымымен бірдей; жеке адамның немесе қоғамның екі немесе біргеше тілді меңгеруі // қолдануы. Қостілділіктің бірнеше түрі бар» деген анықтама берілген. [1, 152]

В.А.Аврорин қостілділіктің екі типін көрсетеді: толық және бөлшектік. Толық қостілділік – екі тілде бірдей еркін және актив қолдану. [2, 125]

Психологтар қостілділікті координативті және субординативті деп бөледі. Координативті қостілділік дегеніміз билингвтің екі тілді бірдей дәрежеде игеруі және қатынастыааң жағдаятына қарай бір тілден екіншві тілге ауысуы, ал субординативті қостілділік дегеніміз – билингвтің тек бір тілді, ана тілін еркін  қолдануы және екінші тілдің санада ана тіліне бағынуы.

Тілдік қатынас теориясына қатысты субординативті қостілділік интерференциямен қиындатылған сөйлеу процесіндегі тілдердің өзара құралуы.

Координативті қостілділік аудармашыларға тән – олар бір тілден екінші тілге оңой ауысады. Қостілділіктің бұл типі теориясының нысаны болып табылады.

Қостілділіктің көптеген мәселелерінің ішінде интерференция ерекше орын алады.

Бір тілді екіншісіне қарағанда артық меңгеруі, яғни тілдік байланыс нәтижесінде қостілді адамдар тілінде кездесетін екі тілдің де нормасынан ауытқу интерференция деп аталады.[3, 178]

Физикада (акустикада және оптикада) кеңінен тараған бұл термин (лат. inter – аралық, ferens – таратушы), алғаш рет Прага лингвистикалық үйірмесінде лингвистикалық мәнге ие болған. Алайда, румындық тіл маманы А.Граурдың пайымдауынша интерференция мәселесі лингвистика мәселесі секілді өте ертеден бастау алады [4, 47]. Бәлкім, бұл жерде тіларалық байланыс жағдайларындағы мнтерферегция құбылысы мен оның Г.Шухарт, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Л.В.Щерба, У.Вайнрайх және басқа да ғалымдардың еңбектерінде ғылыми саралануына дейін белгілі бір дәрежеде зерттелуі ескерілген болар.

Қалай болғанмен де, дүниеге келу және даму барысында басқа тілдің (немесе басқа тілдердің) ықпалына ұшырамаған бірде-бір тілдің жоқтығы туралы И.А. Бодуэн де Куртенэ әлдеқашан атап көрсеткен. [5,316]

Интерференция проблемаларын зерттеу, У.Вайнрайхтың «Тілдік байланыстар» атты монографиясы жарық көргеннен кейін қарқынды дами бастады. У.Вайнрайх интерференцияны басқа тіл элементтерінің енуі салдарынан тіл модельдерінің құрылымдық өзгеруі деп түсінеді. Ол интерференцияны сөйлеу интеерференциясы және тіл интерференциясы жем ажыратады. «Сөйлеуде интерференцияы су ағынымен жылжитын құм секілді; тіл де көл түбіне тұнған құм» [6, 179].

У.Вайнрайх айтқандай сөйлеуде интерференция «алғаш қостілді адамның басқа тілмен таныстығының нәтижесі ретінде сөйлеген сөзінен байқалады. Тілде қостілді адамның сөйлеуіндегі жиі қолданыстан кейін дағдылы әрі көпшілік мақұлдаған интерференцияны көреміз». [6, 181]

Қазіргі кезде интерференцияның негізінен екі түсініктемесі бар. Біріншісі, Прага лингвистикалық үйірмесінің көзқарасынан келіп шығады: интерференция байланысқа түсуші тілдердің нормадан ауытқуы ретінде түсіндіріледі (мұнда, байланысқа түсу деп тілдердің өзара әсер етуі мен жақындасуының барлық түрлері мен типтері: өзара ықпал етуі, тұтасуы, араласуы және т.б. түсіндіріледі).

Келесі көзқарасқа сәйкес, интерференция – ана тіл нормаларының сөфлеу кезінде басқа тілге ауыстырылуы ғана. О.М.Ким: «Интерференция деп бинарлы бетпе-бет келген тілдердің принципалды айырмашылықтары нәтижесінде ана тіл дағдыларынан «арылмауы» салдарынан туындайтын «бөтен» тілдегі сөйлеу құбылысы» –  деп жазады. [7, 5]

В.Ю.Розенцвейг: «Байланыс алғашқы сатысында интерференция деп аталатын екі тілдің де нормасынан ауытқуына апарып соқтырады» — деп жазады [8, 64]. Осы ой желісімен автор интерференцияының екі түрін ажыратады. Біріншісі – ана тілдің ережелерін екінші тілге лингвистикалық ауыстыру, екіншісі – ана тіл мен жат тілдіің сәйкеспкйтін ережелерін алып тастау. Автор бірінші түрді тікелей, екіншісін жанама интерференция деп атайды. [8, 59]

Бірқатар басқаша позицияны ұстанатын  Г.П. Ильященко интерференцияға анықтама беру кезінде жоғарыда келтірілген У.Вайнрайхтың: «Интерференцияның алғашқы сатысы… –  әдетте қандай да бір жазушының жеке стиліндегі ауызекі тілінде көрініс тапқан қандай да бір нормадан ауытқушылық. Мұндай ауытқушылық «ауытқушылық» болып қала беруі де мүмкін, кейде оның таралуы, әдеби білде тұрақтануы, тұтыну өрісінің кеңеюі мүмкін, мұндай жағдайда бұл интерференцияның тіл тініне жаңа элементтердің ену құбылысы болып табылады» [деген көзқарасына сүйенеді. [4, 47]

Э.М. Ахунзянов байланысқа түсуші тілдердің құрылымдық элементтерінің өзара әсерін сараптай келіп, екі ұғымды ажыратуды орынды санайды:1) интерфернция 2) трансференция. Бұл жерде интерфернцияы байланысқа түсуші тілдердің бірін-бірі байытуына ықпалын тигізетін оң құбылыс петінде, ал трансференцияы тежелуге ықпал ететін келеңсіз құбылыс ретінде қарастырылады: «Трансференция, оң құбылс ретіндегі интерференцияға қарағанда шектен тыс сөйлеуді тудыратын, екінші тілді меңгеру жолында едәуір кедергі келтіретін келеңсіз құбылыс ретінде қарастырылуы тиіс» [9, 85]. Ал Ершова болса, «интерференцияның жекелеген жағдайлардағы оң рөлін жоққа шығармауымыз керек» деген тұжырым жасайды». [10, 131]

Интерференцияны барлық (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б.) деңгейлерде зерттеу кезінде, әңгіменің қостілділіктіің қай деңгейі туралы екендігің ескеру қажеттілігін айырықша атап өткен жөн. Әдетте, қостілділік координативті және субординативті болып бөлінеді. Координативті қостілділік кезінде қостілді алам екі тілді де тең жәрежеде еркін меңгерген және қатынас жағдаятына қарай бір тілдік кодтан екіншісіне еркін ауыса алады. Субординативті қостілділік кезінде қостілді адам бөтен тілді санасында бағындыратын бір ана тілін ғана еркін меңгерген болады. [11, 46-54]

Ана тіліміз екінші, яғни тіған емес тілді меңгеру кезінде оң ықпалымен бірге теріс ықпалын да тигізеді, алайда Д.Дешериев интерфернцияны екі тіл құрылымындағы типологиялық ұқсастық және типологиялық алшақтық деңгейінде ажыратуды ұсынады [12, 9]. Дегенмен А.Е. Карлинский бір еңбегінде «интерференция қостілді адамдардың сөйлеуінде көрінеді, оның тамыры тілде жатыр» десе [13, 62], екінші еңбегінде «басқа тіл жүйесіне бөтен элементтер, тек қостілді адамның интерференцияланған тілі арқылы енеді» дейді [14, 78]. Екі тілдің өзара әсерініңң сипатына қарай интерференция десичнативті (ойды жеткізу өресінің бұзылуы) және контенсивті (немесе семантикалық – мазмұн өресінің бұзылуы) деп бөлінеді, интерференцияның аталған типтері тілдің барлық деңгейлерінде көрініс береді [15. 12].

Қостілді адамның сөйлеу қызметінің ерекшелігіне қарай интерференцияны екінші тілдегі сөйлеуді түсіну заңдылығына байланысты импрессивті және қостілді адам тудырған сөйлеуден көрінетін экспрессивті болып бөлінеді. Интерференцияны көрсетілген типтерге бөлуді И.Н. Горелов ұсынған[16, 4].

Кез келген тіл нормасының бір мазмұнды сипаттауды біргеше нұсқасының болатыны белгілі, алайда оның бірі ғана жиі қолданылады. Жүйенің немесе норманың бұзылуына, яғни «айтушы мен тыңдаушының ойды жеткізу, сондай-ақ мазмұн тұрғысынан ана тіл менмеңгерілетін тіл бірліктері арасында шындығында болмайтын өзара бір мағыналы сәйкестілік орнатуына» байланысты айқын интерференциядан жүйенің ең жиі қолданылуы мүмкін нұсқасын білмеумен, сондай-ақ екінші тілде ойды жеткізуді түрлі жеңілдетулермен ерекшеленетін интерференция «жасырын» деп аталады.

Жасырын интерференция кезінде «ана тілінде сөйлеуші түсіндіру мақсатында басқа тілде тікелей баламасы жоқ сөздік бірліктерді және грамматикалық формаларды қолданбай, байланысқа түсуші тілдерге құрылымы жағынан ортақ, синонимдес бірліктермен және формалармен ауыстыратын» кері құбылыс орын алады.

Сондай-ақ лингвистикалық әдебиеттерде ғалымдар түрліше атайтын интерференцияның бір түрі бар. Бұл – осы мәдениетке тән экстролингвистикалық жағдаят пен белгілі бір сөйлеу қалыбы арасындағы тұрақты байланыс деп түсінілетін тілдік практика нормасынан ауытқу. Болгарлық ғалым К.Бабов, сондай-ақ Е.М. Верещагин және В.Г.Костомаров тұндай интерференцияны «лингвоелтанымдық», ад А.Е.Карлинский – «жағдаятты» деп атайды.

Интерференция құбылысы тілшілердің бірқатар маңызды еңбектерінің, оның ішінде қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-ағылшын, орыс-ағылшын интерференцпясының материалдары арқылы жазылған еңбектердің объектісі бола тұра, орыс-қазақ интерференциясы жөніндегі зерттеулер саусақпен санарлық.

Десек дағы, қостілділік пен бірінші тілдің екінші тілдегі сөйлеу қызметіне әсер ету мәселелері ерте кезеңдегі тілшілердің еңбектерінде, мысалы, чуваштардың орысша сөйлеуіндегі қателерге арналған В.А.Богородицкийдің еңбегінде, қостілділік жайлы Л.В. Щербаның еңбегінде сөз болған. Заерттеу белсенділігінің шыңы 70-80-ші жылдарға сәйкес келеді. Бұл кезеңде қостілділік пен интерференция мәселелері айырықша жемісті зерттелген. Бүкілодақтық конференциялар өткізіліп, интерференцияя мәселелеріне түрлі: фонатикалық (М.В.Никитин, К.З.Закирьянов, Р.Х.Субаева, А.Е.Карлинский, С.А. Абдигалиев, Э.М.Ахунзянов, М.Т.Тезекбаев, С.М.Эрвин және т.б.) деңгейлерде зерттеу жасалған кқптеген монографиялар, жинақтар жарық көреді. Қостілділік мен интерференция лингвистикалық (Ю.А.Жлуктенко, В.Ю.Рознцвейг, В.А. Виноградов, А.Е.Карлинский және т.б.) әдістемелік (Е.М.Верещагин, М.К. Назарова, А.Е.Карлинский, Е.Н.Ершова және т.б.), социолингвистикалық (Б.Х. Хасанов, У.Вайнрайх, М.М.Михайлов, Ф.П.Филин) тұрғыдан талданады.

Тілдік қарым-қатынаста орыс және қазақ тіліне бәсекелес ағылшын тілінің белсенділігі күннен-күнге арта түсуде. Ағылшын тілін қаржы, экономика және спяси саладағы қалаулылардың өте жоғары деңгейде меңгергенін Ж.С. Смағұлова атап көрсетеді. [17, 235]

Қостілділіктің орысша-қазақша типін Г.А.Досмухамбетова социолингвистикалық тұрғыдан зерттеді. Ол Астана қаласындағы студенттер тілінің материалдары арқылы студенттік микроәлеуметтік қауымдастықтағы қостілділікті сарапқа салады.

Г.А.Досмұхамбетова студенттік микроәлеуметтік қостілді қауымдастық шеңберінде қостілділіктің бірқатар ерекшеліктерінің ішінен салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі қазақ-орыс және орыс-қазақ қостілділігін, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінің ауызекі тілімен (32%) салыстырғанда кодификацияланған форма (40%) рөлінің артпағанын атап көрсетеді және мұны жуық арада осы тілдердің қызметтерін бөлуге ықпал ете алатын оң фактор деп бағалайды.

Қазір интерференцияны оқыту дербес бағыт ретінде қалыптасты, құбылыстың тілдік байланыстар жүйесіндегі орны белгіленді. Қазір интерференцияны зерттеу негізінен екі бағытта жүргізіледі: бірінші тілдердің өзара ықпалының қырлары сарапталады, екінші интерференция мәселелері оқыту әдістемесіне байланысты зерттеледі. Екінші бағыт арнасында интерференция қостілділердің бөтен (шетелдік) тілдерді нашар білуін анықтаушы факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Екі тілдің иегерлері бір-бірімен басқа тілде өз ана тіллінің ережелері бойынша хабарлама алмасады. Бір тілден екінші тілге кейбір мазмұнның бірліктерін, ережелерін ауыстырады.

 

1.2  Қазақ және орыс тілдерінің контрастивтік спецификациясы.

Қазақ-орыс билингвизмінің типологиялық анализі

 

Туыс және туыс емес тілдер қатынасқа түскенде интерференция әр түрлі көрініс табады. Лингвистердің бақылауы бойынша мұнда мынадай заңдылық байқалады: интерференция туыс емес тілдердің қарым-қатынасында айқынырақ анықталады, бірақ туыс тілдердің қарым-қатынасында интерференция тұрақты және мәңгілік болып табылады.

Осыған орай, қазақ-орыс интерференциясын суреттеу барысында қос тілдің де құрылымды-типологиялық ерекшеліктерін ескеруіміз керек.

Генетикалық жағынан қазақ тілі және орыс тілі туыс емес тілдер. Орыс тілі үндіевропа тілдерін жатса, қазақ тілі түркі тілдеріне жатады. Бұл тілдер құрылымды-типологиялық мінездемесі жағынан да әртүрлі орыс тілі – флективті (сөз және сөз формалары түбірге аффикс жалғану арқылы және сөздің түбіріндегі дыбыстардың өзгеруі арқылы жасалады), қазақ тілі – агглютинативті (өзгермейтін сөздің түбіріне әрқайсысы тек бір грамматикалық мағына беретін аффикстер жалғанады). Агглютинативті аффиксация өзіне тек морфологиялық ерекшеліктерді ғана емес, сонымен қатар сөздің фонетикалық ерекшеліктерін де (сингорманизм заңдылығы, екпін құрамы т.б.) бағындырады. Бұл өзгешеліктер билингв үшін аса маңызды болып табылады, себебі олар билингвтің сөйлеу тіліндегі бір тілдің екінші тілге интерференциялық әсерін тигізушісі.

Біз бір-біріне туыс емес орыс және қазақ тілін зерттеу үшін тіл біліміндегі салғастырмалы әдісті пайдаланамыз. Салғастырмалы әдістің мақсаты – екі не одан да көп туыс емес тілдердегі бір типтес тілдік құбылыстар мен категорияларды бір-бірімен салыстыра отырып, олардың бүкіл тілдік материалдарын сипаттап беру. Сол арқылы әлгі тілдердің фонетикалық (дыбыстық), лексикалық, грамматикалық құрылымындағы айырым-өзгешеліктерін (кейде ұқсастықтарын да) көрсету. Мұның өзі әр түрлі тілдердің өзіндік ерекшеліктерін жете түсінуге мүмкіндік беретіндігі сөзсіз [26, 80].

Салғастырмалы әдіс арқылы зеттеу нәтижесі ана тілі мен шет тілін салыстыра оқыту әдістемесінде кең түрде пайдаланылады. Әсірсе, шет тілін үйретудегі оның маңызы өте зор. Сол себепті жүргізілген сауалнама нәтижесі салғастырмалы әдіс бойынша талданды. Яғни, біздің байқауымызша, зерттеу нысанында болған екі тілде ұқсастықтардан гөрі айырмашылықтар өте көп. Себебі, типологиялық классификациясы бойынша әр түрлі топтарға жататын тілдердің бір-біріне жақындығы, олардың грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамының және фонетикалық жүйесінің тұтастық және жақындық дәрежесі бірдей емес. Осы мәселеге байланысты жұмысты Э.Д.Сулейменованың орыс және қазақ тілдерінің ерекшеліктеріне қарай ұсынған кестеден байқаймыз [27,142-151]:

 

 

Признаки

Казахский язык

Русский язык

1.0  ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ

1.1Распростронение

 

 

1.2 Официальный статус и ранг языка

 

 

 

1.3 Генетическая принадлежность

 

 

 

1.4 Принадлежность к морфологическому типу языков

 

 

 

 

1.5  Степень стандартизации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.6 Учебно-педагогический статус

 

 

 

 

 

 

 

 

2.0ЛИНГВИСТИЧЕСКИЕ СВЕДЕНИЯ

2.1 Письмо (тип письма, графическая основа)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Состав фонемного инвентаря – число гласных фонем (монофтонгов и дифтонгов), согласных фонем (классы смычных, щелевых, аффрикат, сонорных)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Просодика: ударение (природа мсто в слове, качество и функции в речевом потоке); сингармонизм (область гармонического уподобления – группа фонем, слог, слово, признак с. – ряд, подъем, лабиализация, иазализация)

2.4 Структура слога – состав вершины слога, наличие слогового равновесия, число согласных в насале и конце слога

 

2.5 Интонация – характеристика движения тона (нисходящий, восходящий, ровный); характер завершения синтагмы (падающее или осходящее завершение)

2.6 Структура слова – число морфем, составляющих структуру слова; одноморфемность, двуморфемность и т.д.; число слогов: односложность, двусложность

2.7 Состав грамматических категорий: данные по всем грамматическим категориям, установленным в данном языке – категории падежа, рода, числа, детерминативности и др.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8 Части речи: знаменательные, служебные, междометия, идеофоны

2.8.1 Знаменательные части речи

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8.2 Служебные части речи

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8.3 Междометия

 

 

 

 

 

 

 

2.8.4 Идеофоны

 

 

 

 

 

 

 

2.9 Словообразование: словосложение – отношения компонентов сложного слова,число и состав кампонентов; словопроизводство – возмажное число морфем: их препозиция или постпозция по отношению к корневой морфеме

 

2.10 Словосочетание: тиы синтаксической связи компонентов (атрибутивные, объектные), препозиция или постпозиия зависимого коипонента, виды синтаксических приемов (согласование, примыкание для атрибутивных)

 

2.11 Предложение – односоставные, двусоставные; тип основного словопорядка: С+Пр+О; С+О+Пр; Пр+С+О; согласование/несогласование подлежащего со сказуемым

, место определения, выраженного прилагательным,местоиением; поряждок слов: фиксированный, нефиксированный;

Синтаксический тип предложения

2.12 Структура словарного состава– лексические категории, наличие- отсуствие основных классов прилагательных (качественных, относительных, притяжательных), связочные глаголы

 

Основная страна – Казахстан, другие ареалы – Кыргызстан, РФ, Туркменистан, Китай, Монголия, Иран, Турция

 

Государственный язык  Казахстана, язык-микропосредник

 

 

Один из языков кыпчакско-нокайской подгруппы западно-хуннской ветви тюркских языков, входящих в состав алтайской семьи

Язык агглютинативного тиа, с примыканием, суффиксальный морфными швами одноморфемный (слова-основа-корневая морфема)

 

 

Казахский литературный язык восходит к литературному чагатайскому (своеобразному «койне» для многих тюркских языков, датируется 15-16 вв., древнейшие тюркские письменные рунические памятники относятся к 7в., казахский литературный сложился на наддиалектной общенародной основе в 19 в.)

Как язык обучения функционирует в начальной, средней общеобразовательной школе, казахских отделениях средних специальных и высших учебных заведений; как язык преподавания используется в части учебных заведений всех ступеней

Присущ полиграфизм – два типа письма, три графические системы: консонантное (квазиалфиыитное) письмо на основе арабской графики (направление письма: горизонтальное, справа налево); алфавитное письмо на основе латинской (1926-36гг., сохранилось в Китае) и русской (с 40-го года) графики (направление письма: горизонтальное, слева направо)

Гласные:

Монофтонги: ряды – 2: передний, задний

передний – Ә, Е, Ө, І, Ү

задний – А, Ы, О, Ұ

Подъемы – 2: верхний, нижний

верхний – І, Е, Ы, Ү, Ұ

нижний – А, Ә, О, Ө

Лабиализация: лабиализованный  / нелабиализованный

лабиализованный – О, Ө, У

нелабиализованный – А, Ә, Е, І, Ы

Дифтонги: (У), (И)

Согласные:

смычные – Б, П, Д, Т, Г, К, Қ

аффрикаты – Ц, Ч

сонорные – Р, Л, Й, М, Н, Ң, (У)

 

 

 

 

 

 

Силовое, неинтенсивное, словесное, (безударные гласные в пределах сова почти не подвержены редукции); связанное (последний слог слова), музыкальное фразовое; делимитативная функция;гармоническое уподобление в пределах слова по признаку ряда, до 2 слога включительно по лабиализации, функция делимитативная

Вершина слога – гласный, отсуствие стечения согласных в начале слога, преобладающие типы слогов: Г. ГС, СГС, СГСС, СГ, ГСС; гармоническая упорядоченность слога (и слова)

Восходяще-нисходящий,  восходящий, ровный тоны;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Типологически существенна одноморфемность (слово-основа-корневая морфема); олна глагольная основа

 

 

 

 

 

Категория падежа (септік) – 7: атау с. (именительный), ілік с. (родительный), барыс с. (направительно-дательный), табыс с. (винительный), жатыс с. (местный), шығыс с. (исходный), көмектес с. (творительный)

Категория рода – на представлена

 

Категория числа (сан мөлшері) – 2: единственное, множественное (имеет стандартный показатель мн. ч. –лар, -дар

 

 

 

 

 

Категория объективной модальности (рай) – 4: ашық р. (изъявительное наклонение), бұйрық р. (повелительное наклонение), шартты р. (условное наклонение), қалау р. (желательное наклонение

Категория вида – не представлена

 

Категория залога (етіс) – 5: негізгі е. (исходный), өздік е. (возвратный), ырықсыз е. (страдательный), ортақ е. (совместно-взаимный), өзгелік е. (понудительный)

Категория времени (шақ) – 3: осы ш. (настоящее конкретное, настоящее переходное), өткен ш. (давно прошедше, прошедшее, обычное прошедшее), келер ш. (удущее предположительное, неопределенное будущее, настоящее будущее)

Категория лица (жақ) -3: бірінші ж., екінші ж., үшіншіж.(1, 2, 3 лицо ед. и мн. числа

Категория посессивности – выражается аффиксами принадлежности 1, 2, 3 лца, относительными прилагательными на –ЛЫ,

-ЛІ, изафетными конструкциями

Зат есім (существительное) –изменение по сислам, падежам, склонение (простые, притяжательные, отрицательные формы); имеет значение одушевленности / неодушевленности (класс одушевленных существительных не включает названия животных)

 

 

Сын есім (прилагательное) – разряды: качеставенные, относительные: качественные прилагательные имеют степенисравнения; имеет особую форму интенсива

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістік (глагол) – финитные и нефинитные (депричастие, причастие),  формы;  изменяется по временам, наклонениям, залогам, лицам

 

 

 

 

 

Есімдік (местоимение) – разряды па значению – 7: указательные, вопросительно-относительные, относительные, определительные, возвратные, обобщительные, отрицательные

Морфологические изменения каждого разряда по падежам, числам, лицам имеет особенности (личные м. – по числам, лцам, падежам; указательные м. – по падежам (исключ. әне, міне, на –у), некоторые –по чслам; возвратные м. – по притяжательной форме и т.д.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сан есім (числительные) – разряды – 6: количественные, порядковые, собирателные, дробные, разделительные, приблизительные; сочетаясьс именами в фукции определения морфологически неизменны; может наблюдаться притяжательное склонение

Имена состояния – не представлен

 

 

 

 

Предлог не представлен

 

 

 

 

 

 

 

 

Септеулік (послелог) – находитсяв постпозиции по отношению к числит., местоим., а также к склоняемой форме глагола; в основном морфологически неизменен; пространств. и временные п. Могут присоединять аффиксы –ғы, -гі –ырақ, -ірек и пр.; некоторые могут изменяться по падежам и др., п. Выражают пространственные, временные отношения, отношения цели, назначения, причины, инструментальные отношения

Жалғаулық (союз) – по составу: простые, сложные и составные; по семантике и функции: соединительные, противительные, разделительные, причинные, следственные, условные; морфологически неизменен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демеулік (частицы) – по семантике: вопросительные, усилительно-ограничительные, модально-экспрессивные

 

 

 

 

 

 

 

 

Одағай – по образованя: простые (первичные, производные); допускают повторы без звуковых деформаций; имеются звукоподражательные м., морфологически неделимы и неизменяемы

Еліктеуіш – две подсистемы: звукообразовательная и звукосимволическая; фонетические признаки (мелодика, интонация), фонетичесие изменения при повороте; активно участвуетв словообразовании

Словосложение; предикативные, атрибутиврые, объектнве отношения; число компонентов – 2 и более; словопроизводства:агглютинативные морфные швы, отсуствие префиксации, наличие не более трех словообразующих аффиксов (число морфемв слове может жостикать восьми), постпозишия дополняющиъ морфем

 

 

Атрибутивные – примыкание, преобладание препозиции завимого компонента, изафет; объектные – управленме: преобладание препозиции; виды синтаксических приемов – 5: қиысу,меңгеру, матасу, қабысу, жанасу

 

 

 

 

 

 

 

Двусоставные; фиксированный порядок: С+О+Пр, сказуемое заниимает последнее место в предложении(в утвердительном, вопросительном); определение, выраженное прилагательным в препозиции; изафет; номинативный строй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отсуствме притяжательных прилагательных, наличие изафета II и III широкое распространение вспомогательных глаголов, отсутсвие предлогов, наличие послелогов; идеофоны как часть речи

Основная страна – РФ, другие ареалы – суверенные республики (в составе бывшего СССР)

Язык межнационального общения в Казахстане; государственный язык РФ; мировой язык

Один из языков восточно-славянской группы славянской ветви индоевропейской семьи

Язык флективно-функциональный, суффиксально-префиксальный с сильным развитием согласования в знаменательных частях речи

Русский литературный : церковно-славянский и древнерусский литературный язык с народной основой (11-14 вв.), которое устраняется к 17 в., древнейшие восточно-славянские письменные в 10в.

 

 

Является языком обучения и языком преподавании в учебных заведениях всех  ступеней и назначений

 

 

 

 

 

Использует алфавитное письмо на основе кириллицы (направление письма: горизонтальное, слева направо)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гласные:

Монофтонги: ряды – 2: передний, задний

передний – И, Е, (Ы), А

задний – У, О

Подъемы – 3: верхний, средний, нижний

верхний – И, (Ы), У

средний – Е, О

нижний – А

Лабиализация: лабиализованный  / нелабиализованный

лабиализованный – О, У

нелабиализованный – А, Е, И, (Ы)

Дифтонги: не представлены

Согласные:

смычные – Б, Б, П, П, Д, Д, Г, (Г), К, (К), Т, Т

щелевые – В, В, Ф, Ф, З, З’, С, С’, Ж, (Ж), Ш, Ш, Х

аффрикаты – Ц, Ч

сонорные – Й, М, М, Н, Н, Л, Л’, Р, Р

Силовое интенсивное с количественным компонентом, в пределах слова гласные подвергаются количественной и качественной редукции; свободное (разноместное); подвижное; словообразоватеьные функции; сингармонизм (в пределах слога?) не проявляется

Вершина слога – гласный не 4 большесогласных в начале и в конце слога, преобладающие типы слогов: ГС, ГСС, ГССС, ГСССС, СГС, Г, ССГ, СССГ

Восходящий, нисходящий и ровный тоны; нисходящее и восходящее завершение синтагмы

 

 

 

 

 

 

Типологически существенна двуморфемность; две глагольные основы (инфинтива, настоящего или будущего простого времени)

 

Категория падежа – 6: именительный п., родительный п., дательный п., винительный п., творительный п., предложный п.

 

 

Категория рода  —  3: мужской, женский, средний

Категория числа  — 2: единственное, множественное (морфологические показатели мн. ч. Нестандартны, в этой же функции используются также супплетивизмы, ударение)

Категория объективной модальности – 3: изъявительное наклонение, повелительное наулонение, сослагательное наклонение

Категория вида – 2: совершенный., несовершенный в.

Категория залога – 2: действительный, возвратный

 

 

 

Категория времени – 3: настоящее, прошедшее, будущее

 

 

 

 

 

 

 

Категория лица – 3: 1, 2, 3 лицо единств. и мн. числа

 

Категория посессивности – не представлена

 

 

 

 

Существительное – изменение по числам, падежам (склонение – субстантивное: 1-е, 2-е, 3-е, адхективное, промежуточные типы); имеет родовую принадлежность, значение одушевленности / неодушевленности (класс одушевленных включает наименования человека, животных)

Прилагательное –разряды: качественные, относительные, притяжательные; качественные п. имеют краткую форму, образуют степени сравнения, могут иметь непроизводную основу; п. изменяются по родам, числам, падежам: 2 склонения (в соответствии с правилами согласования); имеет полные и краткие формы

Глагол – финитные ин нефинитные (инфинитив, причастие, деепричастие) формы; изменяется по видам, залогам, лицам, наулонениям, временам, родам (в прош. вр.  и сослаг. накл.

Местоимение – местоименные существительные, м. прилагательные, местоименные числительные; м. сущ.: личные м., возвратные, вопросительные, неопределенные, отрицательные – сочетаются в роде  и одушевленности /неодушвленностиғ числе, падеже; м. прилаг.: притяжательные, указательные, определительные, вопросительные, неопределенные, отрицательные – изменяются в роде, числе, падеже, м. числ.: вопросительные, неопределенные –категория падежа

Числительное – разряды – 3: количественные, собирательные, порядковые; склонение колич.ч. и собират. ч. нестандартно; порядковые ч. изменяются по родам, числам, падежам

Имена состояния (категория с.) – особая синтаксическая функция (сказуемое), морфологически неизменяемы

Предлог –находится в препозиции; по мофолонической сложности: непроизводные и производные (сложные и составные); морфологически не изменяется

Послелог – на представлен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Союз – по составу: непроизводные и производные (простые и составные); семантика-синтаксическая клоассификация: сочинительные (соединительные, противительные, разделительные, градационные, пояснительные) и подчинительные (семантические и асемантические); морфологически неизменен

Частицы – по фунции: формообразующие (морфологические и ирреальные синтаксические наклонения), субъективно-модальные (вносящиев высказывание значения оценки, удивления, неуверенности, приблизительности и пр.)

По составу: непроизводные (в ихчисле заимствования) и производные; имеются звукоподражательные м.,морфологически неизменяемы

Вопрос о частеречном статусе имеющихся идеофонов решается отрицательно

 

 

 

 

Словосложение: отношения сочинения и подчинения, могут использоваться интерфиксы; словопроизводства: наличие фузии в морфных словах, преимущественно двухкомпонентность, препозиция и постпозиция дополняющих морфем, наличие не более двух словопроизводящих морфем

Атрибутивные: согласование в роде , числе, падеже; объектные – управление; виды синтаксических приемов – 3: согласование, примыкание, управление

 

 

 

 

 

 

Словопорядок свободный преобладанием прямого: С+Пр+О; преобладание двусоставных предложений; сказуемое занимает второе место в утвердительных и первое – в вопросительные; номинативный строй

 

 

 

 

 

 

 

 

Наличие качественных, относительных, притяжательных прилагательных, наличие видовых пар глаголов, слабое развитие глаголов – связок, наличие предлогов

 

1.3  Инофондар таңдаудағы негіздер

 

Интерференцияның көпаспектісі көріністерін суреттеу үшін бізге әртүрлі жастағы инофондар тобы қажет болды. Жұмыстың бірінші кезеңі ретінде лексико-сементикалық интерференцияны психолингвистикалық эксперимент жолымен суреттеу маңызды болды.

Инофондар ретінде Алматы қаласындағы №123 қазақ-орыс мектеп гимназиясының 7 және 10 орыс сыныптарының оқушылары қатысты.

Олардың жазба жұмыстарын талдай келе, салыстырмалы түрде біргеше интерференциялы қателер байқалды. Жұмысты жалғастыра отырып, орыс студерттердің сөйлеу тіліндегі интерференцияы баяндалды. Мұндай жастағы топтардың таңдалуы кейдейсоқ болған жоқ:

Біріншіден, барлық инофондар орыс тілінде оқиды;

Екіншіден, қазақ тілін пайдалану өрісі әркімде әртүрлі.

Студенттердің сөйлеу тілін бақылау нәтижесі тіларалық интерференцияны жеңу қиындықтарын көрсетті (әсіресе фонетикалық деңгейде).

Тіл таным объектісі ретінде біздің еркімізден тыс өз заңдылықтарымен өмір сүріп жатады. Тіпті ең алғаш өз ана тілінде сөйлеу үшін ешқандай ереженің де, грамматиканың да қажеті жоқ сияқты. Ал жазқылым тілінің күрделілігі ережені, грамматиканы сауаттымеңгермесе, жақылған хабарды оқып, оған жазбаша түрде жауап беру мүмкін болмас еді. Бұл жазылым әрекетінің қиын екендігін дәлелдейді. Ойыңды жүйелі де күрделі жеткізу үшін тілдің ішкі заңдылықтарынғ сөз бен ұғымның, мағынаның аражігін, әр сөздің стильдік реңін білу қажет. Сондықтан да қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытып үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Ол – тіл үйренушіге барлық тілдік тұлғалардың жазылуда қолданылу жағдайын меңгертуде жаттығудан басталады.

Тілді оқытуда әдіскер ғалымдар сөйлесім әрекетінің ең күрделі атқаратын қызметінің ерекшелігін жоғары бағалаған. Белгілі әдіскер-ғалымдар Н.И.Гез, Е.И.Пассовтың пікірі бойынша тілді үйретіп меңгертудің ең тиімді тәсілі- жаттығу. Шынынды, тілдік тұлғалардың барлығын меңгерту үшін және тіл дамытужұмыстарын үйренушілердің қазақ тіліндегі тілдік тұлғаларды саутты меңгергені, ойын анық жеткізу қабілеті жаттығу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне тікелей байланысты. Сондықтан тілоқулықтағы берілген жаттығу жұмыстарын әртүрлі бағытта түрлендіре отырып орындату өте тиімді.

Тіл дамытудың басты мақсаты – тілдің практикалық меңгерілуін қамтамасыз етеді. Ал осы тілдің практикалық меңгерілууі жаттығулар арқылы іске асырылады. Жаттығу жұмыстары арқылы жазылымды меңгертуде сөйлесім әрекетінің түрлері өзара байланысты бірлікте қаралуы тиіс. Өйткені сөйлесім әрекетін байланыста қарастыру жаттығудың ұғымдылығын күшейтеді. Тіл үйретуде практикалық қарым-қатынастың басым болуы жаттығулардың маңыздылығын атқаратын қызметін арттырады.

 

Ғалым М.А.Данилов жаттығулардың тілді үйретуде дағды мен білікті қалыптастырудағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала келіп: «Упражнение-сознательное многократное выполнение сходных действий, опирающихся на знание, на различном материале, приеняемое с целью овладения умением и навыком» [18,206]. Ал И.Л.Бим тілді оқытуда жаттығу жұмыстарының қызметі туралы «…соответственно упражнения разграничиваются по конечным целевым умениям, точнее «целевым деятельностям» на упражнения в говорении, чтение, аудирование, письме. Это, единственное положение, которое не вызывает возражений приустановлении типологии упражнений» деп жаттығу сөйлеу әрекетінің түрлерінің қалыптасу теориясы негізіне сәйкестенуә қажеттігін айтады [19,55].

Әдіскер-ғалым И.Д.Салистра тіл үйретуде жаттығу жұмысының үш түрін анықтайды. Олар:

  1. Сөйлеуге дейінгі дайындық жаттығулары.
  2. Сөйлеу кезіндегі жаттығулары.
  3. Сөйлеу жаттығулары [20,55].

Ғалымның пікірі бойынша аталған жаттығулар арқылы тіл фактілері меңгеріліп, екінші бастапқы сөйлеу дағдыларығ содан келіп негізгі сөйлеу дағдылары қамтылады.

Ана тілінде адам ойын жеткізу үшін сөздерді қалай байланыстыруды, қай қосымшаны қай сөзбен қолдануды, білдіретін ойына сөйлемнің қандай түрін, қалай ұрастыруды ойланып жатпайды. Өзге тілді үйренуде тіл үйренуші алғаш ойды қалай жеткізуді ойлайды, сондықтан сөйлеуге дейінгі дайындық жаттығулары тілдік тұлғаларды қолдануды үйретіп қоймай, оны ойланбай қолданатын дәрежеге жеткізуді жүзеге асырады. Сөйлеуге дейінгі дайындық жаттығулар тобы дайындық кезеңіндегі оқу, жазу әрекеттеріне жататын құрылымдарға кіреді. Мазмұны жағынан қосымшалардың сөзге жалғануын, сөз бен сөз арасындағы өзгерістер, орфографияға қатысты ерекшеліктерді білгізу – ұл жаттығулардың генізгі мақсаты.

Сөйлеу кезіндегі жаттығуларды орындау кезінде тіл үйренуші толыққанды қатысымдық әрекет жасамайды, мәліметті қабылдай отырып, жазу қозғалысын іске асыруға, сөйлеу әрекетін жасауға дайындық жасайды. Сөйлеу кезіндегі жаттығуларға, еліктеу немесе оқылған мәліметтегі негізші сөздерді жазып алу сияқты шығармашылық әрекетке дейінгі жұмыстар жатады.

Сөйлеу жаттығулары сөйлеуге дейінгі дайындық және сөйлеу кезіндегі жаттығуларда мееңгерген тілдік жаттығуларды қажет кезінде тіл үйренушінің орынды қолдана алатын жағдайда болуын көздейді. Яғни, сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа жазбаша жауап жазу, меңгерген сөйлем үлгілерін жазылымда еркін қодану, тақырып бойынша немесе жоспарланбаған тапсырмалармен жазбаша жаттғу жұмыстарын орындай дбілу қабілеті жатады.

Жазылымға байланысты жаттығуларда сыртқы сөйлеу әрекеті жүзеге аспағанмен, іштей сөйлеу, ойын түсінікті жеткізу үшін жүйелеу сияқты күрделі процестер іске асады.

Сонымен тіл үйрену жолында ең бастысы және ең қиыны – меңгерген білімді тәжірибеде қолдана білу жағыдысының қалыптасуы. Бұл мақсатты жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады екен.

Тіл үйрету процесін тиімді, ұтымды ұйымдастыру үшін жаттыулардың мақсатын ескеру пайдалы. Өйткені жаттығулар тілдің практикалық меңгерілуіне жағдай тудырады. Ал тілдің қарым-қтаынас құралы ретінде әлеуметтік қызметін қамтамасыз ету – тіл дамыту процесінде ең маңызды роль атқарады.

Сол себепті, жоғарыда аталған ұсыныстар мен міндеттерің қаншалықты дәрежеде жүзеге асып жатқанын байқау үшін халқымыздың жас буынын зерттеу нысаны етіп алдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БИЛИНГВ ОРЫСТАРДЫҢ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ФОНЕТИКАЛЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ КӨРІНІСТЕРІ

 

Адам бала кезінен бастап арнайы дыбыстарды айту үшін сөйлеу аппаратын пайдалануды игереді. Ал адам басқа тілді меңгергенде , сол тілдің дыбыстары мен дыбыс тіркестерін өз ана тілінің артикуляциялы база көмегімен айтады. Бұл жайлы профессор А.С.Чикобаева: «Жаңа тілді меңгергенде, алғашында оның дыбыстары «акцентпен» айтылады. Кейінірек, тілді игере отырып, жаңа артикуляциялық базаны бірте-бірте меңгереді. Тілдің жаңа артикуляциялы базасын игеру, ана тілі емес тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысын игеруден қиынырақ болады».

Сондықтан билингв орыстардың қазақ тілінң артикуляциялық базасын игеру, яғни қазақ сөздерінде фонетикалық интерференцияның болмауы – тілдік аппараттың ұзақ және жүйелі жаттығуларды қажет ететін қиын жұмыс болып табылады.

 

2.1 Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі қазақ дыбыстарының айтылуы

 

Қазігі қазақ тілінің әліпбиі 42 әріптен тұрады. Оның 11  дауысты дыбыс, 25 дауыссыз дыбыс. Қазақ тілі орыс тілінен ә, ұ, ү, ы, і, ө, ң, ғ, қ сияқты дыбыстарымен ерекшеленеді. Бұл дыбыстарды айтқанда билингв орыстар әрдайым қиындыққа ұшырап отырады. Себеі, айтылып кеткендей, қазақ тілі генеолонияылық классификациыясы жағынан түркі тілдеріне жатса, орыс тілі славян тілдеріне жатады.

Фонетика саласы инофондар үшін өте қиын игерілетін сала болып табылады. Бұл саланы толық игеру мақсатында әрдайым үздіксіз жүргізілген жаттығулар тобы ғана көмегін тигізе алады. Себебі инофон дыбыстарды дұрыс айту үшін қазақ тілінің дыбыс жүйесін, фонетикалық заңдылықтарын жақсы білгенде ғана әлгіндей сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге, қазақ тілін жетік білуге мүмкіндік туады.

Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша информанттармен жіберілген фонетика саласындағы интерференциялық қателерге талдау жасалды. Олар әр түрлі жағдайда түрліше көрініс тапты.

Қазақ тілінде жуан және жіңішке вариант ретінде [ы] және [і] дыбыстары қысаң және езулік дауыстыларға жатады. Алайда, билингв орыстар қазақ сөздерінде жіңішке [і] дыбысының орнына жуан [ы] дыбысын айтады:

сез[ы]м     дұрысы    сез[і]м

етед[ы]     дұрысы    етед[і]

 

Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді, жазу орфографиялық норма, бірізді жазу үшін қажет.

ы, і, е дыбыстары сөздің барлық буындарында жазылады, бірақ олар ылғи да ы, і болып дыбыстала бермейді [20,771].

Бұлардың еріндіктермен қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Осыған байланысты инофондармен жіберілген интерференциялық қателер жиі кездеседі:

туйс[ы]г[ы]    дұрысы      түйс[ү]г[ү]

сөйт[ы]п         дұрысы      сөйт[ү]п

жүй[е]с[и]       дұрысы       жүй[ө]с[ү]

ұм[ы]т             дұрысы       ұм[ұ]т

дост[ы]н          дұрысы       дост[ұ]ң

үш[і]н              дұрысы       үш[ү]н

жел[е]у            дұрысы       жел[ө]у

туз[е]п            дұрысы       түз[ө]п

өзг[е]р[і]п       дұрысы       өзг[ө]р[ү]п

көзд[ө]н          дұрысы        көзд[ө]н

 

Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, өзара үйлесетін, үндесетін тұстарының бірі – қатаң дыбыстардың ұяңдайтын жерлері.

Ырғақтық топ құрайтын сөздердің алғашқысы дауысты а, е, ы, і, у, (ұу, үу), и, (ый, ій) дыбыстарының біріне аяқталса, екінші сөз қ, к дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, ғ, г болып айтылады:

болғаннан кейін  дұрысы        болғаннангейін

жай-күйін             дұрысы         жайгүйін

көңіл құсы            дұрысы        көңілғұсұ

адамның көңілі   дұрысы         адамныңгөңүлү

жалғыз қалады   дұрысы         жалғызғалады

аса қымбатты      дұрысы        асағымбатты

қарым-қатынас   дұрысы        қарым-ғатынас

қайта-қайта         дұрысы         қайта-ғайта

 

Инофондармен жіберілген интерференциялық қателердің қатарына қазақ тілінің ерін үндестігіне қатысты тағы бір ережеге қатысты болып келеді. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө дыбысы келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырай естіртеді, бұл әсердің де күші үшінші, тіөртінші буындарда әлсірей түседі. Бұл ережені ескермеген информанттар сөйленісінде келесідей қателер көрініс тапты:

өкп[е]лесе           дұрысы         өкп[ө]лесе

дүни[е]де             дұрысы         дүн[ү]й[ө]де

жүрг[е]нде          дұрысы         жүрг[ө]нде

көкейінде            дұрысы         көк[ө]й[ү]нде

көрс[е]ткенде     дұрысы         көрс[ө]ткенде

 

 

2.2 Билингв орыстардың қазақ  сөзін айтуда орыс тілінің фонетикалық  заңдарының ықпалы

 

Қорытынды: 1. Фонетикалық интерференция көбіне үстем тіл орыс тілі болып табылатын билингвтерде кездеседі.

  1. 2. А.А.Дарбеева «О билингвизме монголоязычных народов» атты мақаласында: «Степень устойчивости интерференций, динамика их преодаления находится в прямой зависимости от условий возникновения двуязычия, возраста билингвов»,-деп жазады [21,15].

Жүргізілген байқау мен эксперимент нәтижесі (фонетика саласында) осындай қорытындыға сай келеді. Алайда, информанттар жас ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлуге болады: мектеп оқушылары және студенттер.

  1. 3. Фонетикалық интерференция тек кездейсоқтық емес, заңды құбылыс. Себебі, олар сөйлеушінің ана тілінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 БИЛИНГВ ОРЫСТАРДЫҢ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫНЫҢ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ҚАТЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ

 

Тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы үшін, оның лексикасындағы алуан түрлң сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өзара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика тілдегі сөздердің түрлегу, өзгеру ережелері мен мөздередн сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.

Грамматика сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ған, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығанда ғана емес, сонымен бірге сөз тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді. Грамматика үшін тілдік единицалардың арасындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге, тілдік бірліктердің құрылымы да маңызды мәселе болып саналады. Мәселенің осы жағын аңғарта келіп, Р. А. Будагов былай дейді: «…Грамматикада 1) сөздің құрылымы, 2) сөз тіркесінің құрылымы және 3) сөйлемнің құрылымы зерттеледі. [18, 226]

Тілдің лексика-семантикалық және фонетикалық ярустарымен салыстырғанда отырғанда грамматикалық деңгейі жеңілірек деп есептелінеді. Алайда, ғалымдардың зерттеулері интерференция бұл салада да орын алатынын көрсетіп отыр.

Грамматикалық деңгейде интерференцияның тууы ана тілінің (орыс тілі) және қазақ тілінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған екі тілдің грмматикалық мағынасы мен грамматикалық формасының сәйкес келмеуімен түсіндіріледі.

Қазақ және орыс тілдерінің морфологиялық және синтаксистік құрылымдары ұқсас болғанымен, айырмашылықтары да бар.

Қазақ және орыс тілдері сөз тудыру және сөз түрлендіру тәсілі жағынан, яғни аффиксация тәсілімен тілдің әртүрлі топтарына жатады. Орыс тілі – флективті тілдер тобына, ал қазақ тілі агглютинативті тілдер тобына жатады.

Аффиксация тәсіліндегі айырмашылықтар қазақ тілі мен орыс тілінің грмматикалық құрылымындағы морфологиялық өзгешеліктің негізгісі болып табылады.

Морфологиялық және синтаксистік деңгейдегі интерференция көріністерін қарастыру үшін оқушылар, ҚазҰУ-ң филология факультетінің 1 және 3 курс студерттерінің қатысуымен жазбаша және ауызша түрдегі жұмыстарға талдау жасалды:

1-тапсырма: Мәтінді оқып, түсінігін, мазмұнын қысқартып айту.

2-тапсырма: Мәтінді жақшадағы сөздерді өзгерте отырып оқу.

 

3.1 қазақ және орыс тілдерінің аффиксация тәсіліне байланысты қателерге талдау

 

Орыс тілі мен қазақ тілінің грамматикаларын салыстыратын болсақ, ерекшелік өте көп. Морфологиядағы септіктерге тоқталсақ, орыс тілінде 6 септік болса, қазақ тілінде олардың саны – 7. Орыс тілінің творительный және предложный септіктерінің сұрақтарына жауап беретін сөздер әрдайым с және о сияқты союздармен келеді. Союз деген түркі тілдеріне тән емес. Қазақ тілінде атау септіктен басқа барлық септік сұрақтарына жауап беретін сөздерге қосымша жалғанады. Мысалы:

 

Именительный падеж Кто? Что?          Друг, книга                Атау септік       Кім? Не?            Ұстаз, кітап

Родительный падеж     Кого? Чего?        Друга, книгу                       Ілік септік           Кімнің? Ненің?   Ұстаздың, кітаптың

   Дательный падеж        Кому? Чему?     Другу, книге                       Барыс септік     Кімге? Неге?      Ұстазға, кітапқа

   Винительный падеж    Кого? Что?       Друга, книгу                      Табыс септік      Кімді? Нені?      Ұстазды, кітапты

   Творительный падеж    С кем? С чем?    С другом, с книгой            Жатыс септік      Кімде? Неде?       Ұстазда, кітапта

Предложный падеж      О ком? О чем?    О друге, о книге                Шығыс септік     Кімнен? Неден?   Ұстаздан, кітаптан                                                  Көмектес септік Кіммен? Немен?  Ұстазбен, кітаппен

 

Инофондарда септік жалғауларына байланысты жіберілетін интерференция көріністері өте жиі байқалады. Сауалнама әдісімен жүргізілген сұрауларда оқушылар мен студенттер септіктерді шатастырған. Тапсырма ретінде орыс тілінде жазылған сөйлемдер берілді, олардың міндеті сөйлемдерді қазақ тіліне аудару болды. Сауалнама нәтижелеріне келер болсақ:

Я иду в школу – Мен мектепте барамын

Осы сөйлемде нақ осы шақта көрсетіліп тұр. Әдетте, инофондар қазақ тіліндегі күрделі баяндауышты (бара жатырмын) қолданбай, сөйлемді ауыспалы осы шақ мезгілінде жазған.

В школу – мектепте

«Мектепке» деген сөздің орнына «мектепте» деп көрсеткен. Орыс тіліндегі «в» союзының орнына қазақ тілінде семантикасына қарай түрлі септікте тұратынын ескеру керек. «В школу – мектепке» деген морфеме бағытты көрсетіп тұр, ал «мектепте»- орнын көрсетіп тұр. Бұл жердегі интерференция – барыс септігінің орнына жатыс септігін қолдануы.

 

 

Я завтра схожу в спортзал – Мен ертең спортзалда барамын

Бұл сөйлемдегі «в спортзал» сөзінің дұрыс аудармасы «спортзалға». Инофон жіберген интерференция көрінісі – барыс септігінің орнына жатыс септігінің қолданған. Бағытты білдіретін барыс септік, ал жатыс септік орынды білдіреді. Бұл жағдайда сөйлем бағытты білдіріп тұр.

 

Оқу менен жазу (ол) ендігі тірлік тынысы еді

Мұндағы «ол» сөзінің сөйлемдегі дұрыс формасы  — «оның». Тәуелдік категориясының III жағының жекеше түріндегі «ол» сөзі тәуелденгенде  -ның  қосымшасы жалғанып, «л» дыбысы элизияға ұшырайды.

 

 

Моя сестра сейчас на работе – Менің әпке қазір жұмыста

Информантпен ескерілмеген жағдай – тәуелдік категориясының әр жағында өзіндік қосымшалары бар.

I   жақ     Менің             -м, -ым, -ім

                                   II  жақ     Сенің              -ң, -ың, -ің

                                  III жақ     Оның              -ы, -і

«Әпке» сөзі түбір сөз, ешқандай қосымша жалғанбаған. Сөз тәуелдік категориясының I жағының жекеше түрінде тұруы керек еді. «Менің» деген сөз меншікті білдіріп тұр, яғни «моя сестра» деген тіркес «менің әпкем» деп аударылуға тиіс еді.

 

3.2 Шақ категориясына байланысты жіберілетін интерференциялық қателер

 

Қазақ тілі мен орыс тілінің қайшы келетін жері – қазақ тілінде етістіктің барлық жүйесіне ықпалын тигізуші анықтаушы категория  шақ категориясы болса, орыс тілінде – түр (вид) категориясы болып табылады.

Мәтіндегі шақ қозғалысы түзу сызықты да емес, бір бағытта да емес: яғни жұмыс істедім, жұмыс істеймін, жұмыс істемекпін сияқты түзу сызықты емес. Мәтіндегі шақ кеңістігінің көлемі үш сызықта, үш темпоральдық осьте өзара әрекет ете алады. Ғалым Г.А.Золотова өз зерттеулерінде темпоральдық кеңітікті шартты түрде Т1, Т2 және Т3 арқылы белгілеп көрсетеді [22,105].

Т1 күнтізбелік, табиғи, объективтік тоқталмайтын уақытты, бір бағыттағы, кері оралмайтын уақытты білдіреді. Бұл –гносеолониялық-когнитивтік ұғынумен, адамның объективтік уақытты түйсінуімен баланысты физикалық категория.

Т2 мәтіндік, оқиғалық шақты, уақытты білдіреді.

Т3 сөйлеушінің, жазушының позициясын білдіретін перцептивтік уақыт, шынайы немесе ойдағы мәтін оқиғасына шақыттық және кеңістіктік қатысы. Сөйлеушінің ролін баяндалатын нәрсені әр түрлі қырынан түсіргісі келген кинооператордың рөлімен және кадрды таңдап-талғайтын режиссердің ролімен де салыстыруға болады. Килнооператордан айырмашылығы: сөйлеуші өзінің «кинокамерасын» персонаждардың біреуіне сирек те болса береді. Бірақ одан да нақты айырмашылығы кинокамера тек қана «көреді, «естиді», ал сөйлеуші көргенін ғана хабарламайды, білетінін де, ойлайтынын да, түсініп-ұғынатынын жеткізеді.

Г.А.Золотоваға сүйене отырып, З.С.Күзекова объективтік уақыт Т1 тоқтамайтын процесс; мәтіндік уақыт Т2 әңгілелеушінің еркі бойынша, процессуалдық және процессуалдық емес фрагменттердің тіркесі; перцептивтік  Т3 уақыты қабылдаудың, сөйлеу-ойлаудың үздіксіз процесі, -деп қорытынды жасайды [24,242].  

Орыстардың тілінде ана тілінің әсерін етістіктің өткен шақта үздіксіз, тұрақты қимылды білдіретін ауыспалы өткен шақ формасының орнына жедел өткен шақ немесе бұрынғы өткен шақ формасының қолданылуынан байқалады.

Бұрын мен бұл кітапханаға жиі бардым

Бұрын мен кітапханаға көп бардым

Кейін бұл кітапханаға жиі болдым

Бұрын мен кітапхана көп барғанмын

 

 

Ауыспалы осы шақ формасының бір бағытты білдіретін күрделі осы шақ формасының орнына қолдануы интерференциялық қате болып табылады.

 

Я иду в библиотеку – Мен кітапханаға барамын

Қазақ тілінің етістіктер жүйесі қимылдық нақты функционалдық қызметін көрсетеді. Бұл жағдайда инофон осы шақтағы етістікті қолданылуы ана тілінің ықпалы, себебі орыс тілінде осы шақтың тек бір формасы бар .

Инофонның ескермеген ережесі : қазақ тілінде осы шақтың екі түрі бар: наоқ осы шақ және ауыспалы осы шақ. Сөйлеу кезіндегі бір бағытты білдіретін нақ осы шақтың арнайы тоделі бар V + -а/е жатыр + ж.ж.

Информанттар жіберетін қатеге бару (идти) және жүру (ходить) етістіктерін орыс тілінің ережесіне сай қолданылуы жатады. Алайда, олар орыс тілінің эквиваленттерінен өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Мысалы:

 

Болат ходит в спорткомплекс два раза в неделю –

Болат спорт кешеніне аптасына екі рет жүреді

Бұл жерде объектіге бағытталған қимылды білдіретін бару етістігінің орнына әр бағытты білдіретін ауыспалы осы шақтағы жүру лексемасы қолданылған.

 

Друг идет в театр – Досым театрға жүр

Ана тілінің ықпалы сөйлеу кезіндегі қимылды білдіру үшін жай нақ осы шақтағы жүр етістігін күрделі нақ осы шақтағы бара жатыр етістігінің орнына пайдаланған.

 

Я учусь в школе – Мен мектепте оқиды

Дұрысы – «Мен мектепте оқимын». Инофонның берген жауабындағы ескермеген жайы қазақ тілінде жақ категориясында әр жақ етістіктеріне жалғанатын қосымшалары болады. Қосымшаларының шақ категориясына байланысты әртүрлі болуы тағы бір ерекшелігі. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы етістік I   жақтағы ауыспалы осы шақта көрсетілуі керек еді.

 

3.3 Синтаксистік интерференция

 

Көп таралған интерференциялық қателерді қатарына сөздерді орын тәртібінің бұзылуын жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі дегеніміз – сөйлемде сөйлем мүшелерінің орналасуы. Сөздердің орын тәртібі тілдің грамматикалық құрылысына қатысты болады.

Орыс тілінің сөйлемдеріндегі сөз тәртібін қазақ тілінде қолдану, біріншіден, сөйлемнің бұрыс сөз тәртібіне әкелсе, екіншіден, инофон өз ойын дұрыс дәрежеде жеткізе алмайды.

 

На улице стояла прекрасная погода, которая радовала всех –

 Көшеде тамаша ауа райы болды, бәрін көңілдендірді

Бұл сөйлемнің аудармасы – «Далада бәрін қуантқан тамаша ауа райы болды». Инофонның жіберген интерференциялық қателер өте көп. Орыс тіліндегі екі бөлімнен тұратын сөйлемді қазақ тіліне де екі бөлім қылып аударды. Алайда қазақ тілінде бұл сөйлем тек толымды жай сөйлем. Информант қазақ тілінің сөз тәртібін ескермей, сөйлемді орыс тілінде қалай орналасса, қазақ тіліне семантикасына мән бермей тура аударған.

Аскар через год пойдет в школу – Аскар арқылы бір жыл мектепке барады

Сөйлемдегі сөздер емес, жалпы сөйлемнің құрылысы  дұрыс аударылмаған. Семантикасы мүлде айқын емес. Қазақ тілінде ойын жеткізу үшін инофон сөйлемнің семантикасына мән бермей, сөйлемдегі сөздерді тура баламасымен қолданды. Дұрыс аударылуға тиісті нұсқасы – «Асқар бір жылдан кейін мектепке барады».

Орыс тілінде жай сөйлемді айтқан кезде арнайы сөз тәртібін қолдану жоқ, яғни әр сөйлем мүшенің анықталған орны болмайды.

Ал қазақ тілінде сөздердің орын тәртібінің бұзылуы қатеге саналады. Мысалы, бастауыш баяндауыштың алдында тұрады; баяндауыш сөйлем соңында келеді; толықтауыш пен анықтауыш өздеріне қатысты сөздің алдында тұрады; ал пысықтауыш көп жағдайда баяндауыштың алдында келеді.

Информанттар қазақ тілінде сөйлем құрастырғанда, орыс тілі сөздерінің орын тәртібін қолданды:

 

Көп жұрт ойлайды, достың үйіне тамақ жеу үшін ғана бару керек

Информанттан өз ойын орыс тілінде сұрағанда, берген жауабы «Многие люди думают, что  к другу надо ходить ради еды».  Инофон бұл ойын жеткізу мақсатында өз ана тілінің сөйлем құрылысын пайдаланған.

Келтірілген мысалдар негізінде информанттардың қазақ тілінің синтаксистік ережесін теориялық тұрғыдан білсе де, синтаксисте де өз ана тілінің ережелерін қолданатынын байқадық.

Жоғарыда талданып көрсетілген интерференциялық қателердің алдын алу үшін тілді сауатты меңгеру өте маңызды. Ол мақсатта түрлі жаттығулар орындалу қажет.

Жаттығу мәселесі – басты мәселелердің бірі: тиімді жаттығулар жүйесін таңдай білу – оқыту барысындағы табыстарыңызды айқындайды.

Жаттығулардың негізгі түрлері – сұрақ-жауап жаттығулары және көп нүктенің орныны толтыру. Жаттығулар – нағыз оқу құралы. Дидактика мен әдістемеде оқытудың оқу құралы – деп айтылып жүр. Жаттығуларға қойылатын талаптар:

Біріншіден, жаттығуда мақсат болады.

Екіншіден, жаттығу – бей-берекет жұмыс істеу емес, оны арнайы ұйымдастыру керек.

Үшіншіден, жаттығу дамытуға, жетілдіруге бағытталады. Бір ғана жаттығу оқыту барысында ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан жаттығулар жүйеге біріктіріледі, кешенді беріледі.

Материалдарды меңгероһтуге арналған жаттығулар және сөйлеуде пайдалануға арналған  жаттығулар болады. Алғашқысын негізінен тілдік, дайындық жаттығуларына жатқызуға болады, кейінгісін жаттығулардың сөйлеу, коммуникативтік, шығармашылық түріне жатқызуға болады.

Қатысым құралы ретінегі әрбір сөйлеу әрекетінің түріне жаттығулардың екі категориясы:

а) сөйлеу дағдысын қалыптастыратын жаттығу түрлері;

ә) сөйлеу шеберлігін дамытатын жаттығу түрлері қажет.

Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері. Тілдік және дайындық жаттығуларының басты сипаты тілдік тұлғаны табуға немесе мазмұнға бағытталады. Оқулықтардағы сөйлеу жаттығуларына қойылатын талаптарды былайша бөлге болады: а) кез-келген сөйлеу жаттығулар жауап беруге тиісті тұрақты талаптар; ә) түрлендірілген талаптар. Бұл талаптар кез-келген жаттығуға қойылмайды.

Тұрақты талаптарды талдап көрейік:

  1. Сөйлеуге шартты себептердің болуы. Яғни тіл үйренушінің алдына лингвистикалық міндетті шешуді емес, сөйлеу міндетін ееуді қою. Жаттығу алдында «пікіріңізді білдіріңіз», «пікірді қолдаңыз», «пікірге күдіктініңіз» сияқты тапсырмалардың болуы.
  2. Жаттығу ситуациялылығы, яғни жаттығудың әрбір элементінің қатысым ситуециясымен қатысымдылығы.
  3. Жаттығудың әрбір элементі сөйлеуді, қатысымды елестетеді.
  4. Сөйлеу әрекеінің үш жағының бірігуі. Бұл дегеніңіз тіл үйренуші үшін грамматикалық та, лексикалық та тапсырма болмауы керек, лексиканы, грамматиканы, фонетиканы жеке-жеке емес, сөйлеудің граматикалық , лексикалық, айтылу жақтарын кешенді түрде меңгереді.
  5. Фразаның коммуникативтік құндылығы
  6. Қатесіз сөйлеуді қамтамасыз ету
  7. Жаттығудың біртілділігі
  8. Жаттығуды қысқы уақытта орындауға мүмкіндігі

Түрлендірілген талаптар:

  1. Жаттығу элементтерінің тақырыптық, лоникалық, мазмұндық байланыстылығы
  2. Қарапайым, қысқалалық
  3. Берілген сөйлеу құралдарының молдығы.

Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған жаттығуларға қойылатын талаптар:

Сөйлеу әрекеті табиғилылықпен, шынайы әрекетпен, ситуативтілікпен байланысыт. Сөйлеу жаттығулары сөйлеу шеберлігін барлқ жағынан дамыту болып табылады. Сондықтан ол көптеген талаптарға жауап беруге тиісті:

Тұрақты талаптар

  1. Сөйлеу жаттығулары әрқашан оқытудың табиғи ситуациялылығын қамтамасыз етуге тиісті
  2. Әрбір сөйлеу жаттығулары жаңа сөйлеу ситуациялары болып табылады.
  3. Сөйлеу жаттығулары сөйлеуге ынталылықты қамтамасыз етеді. Сөйлуші сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларда болатын арнайы берілген нұсқаулармен емес, сөйлеуге өзідігінен талаптанады.
  4. Сөйлеу жаттығулары – тіл үйренушінің сөйлеу әрекетінің бір бөлігі
  5. Сөйлеу жаттығулары біртілді.

Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналлған жаттығулардың сипаты: тілдік жаттығулар. Тілдік жаттығуларға а) грамматикалық («жақ-жағынан етістіктің тиісті тұлғасын тап», «жатыс септігіндегі зат есімді тап», «сын есімнің тиісті жалғауын тап» және т.б.); ә) лексикалық («асты сызылған сөздердің синонимімен тап», «сөздерді мақырып байынша топтастыр», және т.б.); б) фонетикалық («жіңішке буынды сөздерді топтастыр», «жуан буынды сөздерді тап», «сингармонизм сақталмаған сөздерді тап») жаттығулар жатады.

  1. Тілдік жаттығулар ережелерге сәйкес, тілдік тұлғалард табуға құрылады. Барлық назар осы тапсырмаға аударылады, әрекеттің мақсаты, мазмұны тыс қалады. Мұндай жаттығулар сөйлеу дағдысын қалыптастырады деп айтуға келмейді.
  2. Тілдік жаттығуларды орындау барысында тіл үйренуші қателіктерге көп ұрынуы мүмкінү себебі жауап варианттары да көп.
  3. Тілдік жаттығулар көпшілік оқушы үшін қызық емес. Лингвистикалық манипуляция көпшілікті қызықтырмайды. Орыс әдіскері А.Г.Костомаров осы тұрғыда: «Тіл үйренушілердің көпшілігі табиғатынан лингвист емес, және олар парадикманы оқудан әсер ала алмайдығ жалғаулардың варианттылығын жаратпайды, сөздік оқуды ұнатпайды», — дейді.
  4. Тілдік жаттығулар ситуациялылықтан мүлдем ада: сөйлеушінің алдында сөйлеу міндеті емес, тілдік формальді міндет тұр. Осылардан келіп мынадай қорытынды айтуға болады: сөйленім дағдысын қалыптасытыруға тілдік аттығулар жарамсыыз, бірақ тілдік тұлғаларды түсінуге көмектеседі, жазылымды меңгерту барысында тілдік жаттығуларды пайдалануға болады.

Аударуға арналған жаттығулар. Аударма арқылы тілдік тұлғалар мен лексикалық бірліктер туралы білімін тексеруге болады. Тіпті өте жақсы жасыланған аударма мағына сөздің ассоциациясының беріктігін тексереді.

Жазуды оқыту барысында аударма өз орынын табуы  мүмкін.

Сұрақ-жауап жаттығулары. Жаттығулардың бұл түрі ең көп таралған, жиі қолданыстағы тапсырма түрі. Сұраз-жауап жаттығуларының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

Біріншіден, олар қатысымды көз алдыңа есестетеді, өмірде де біз де жиі сұраймыз немесе жауап береміз. Бұл дегеніңіз осы жаттығу түрін орындау барысында басқа жаттығу түрлерінде жоқ сөйлеу міндеті қатысыды деген сөз.

Екіншіден, мұндай жаттығулар түрлері сипаты жағынан тек қана сөйлеу емес, грамматикалық та, лексикалық та, фонетикалық та сипаты бар, яғни белгілі бір сөйлеу жағдайында нақты бір материалды меңгеруге кеөмектеседі.

Үшіншіден, психологиялық жағынан да орындалу әдісі қарапайым: сұрау, жауап беру үйреншікті нәрсе. Оқытудың бастапқы кезеңі үшін бұл фактор аса маңызды емес.

Төртіншіден, сұрақ-жауап жаттығулары жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл автоматизм сапасын қалыптастыру үшін маңызды.

Сұрақ-жауап жаттығулары тек қана сөйлеу дағдысын қалыптастырмайды, сондай-ақ сөйлеу шеьерлігін қалыптастырудың да шарты болып табылады. Яғни сұрақ-жауап жаттығулары жан-жақты.

Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған жаттығулардың әдістемелік сипаты. Оқулықтады, әдістемелік әдебиеттерді сөйлу жаттығулары үш топқа бөлінеді: 1) естігеніңізді, оқығаныңызды әңгімелеу жаттығулары; 2) оқиғаны, фактыны сиааттау үшін жүзеге асырылатын жаттығулар; 3) оқиғаға, фактіге қатысатын, бағасын білдіретін жаттығулар. Бұл жаттығу түрлеріне оқу кезіндегі ақпарат іздеуге арналған жұмысты да жатқызуға болады.

Бұл бөліну де шартты десе болады. Әңгімелеуге арналған жаттығу түрлерінде репродукциялық процесс орындалады, яғни өзгенің ойын қайта айтып беру; суреттеу, сипаттауға арналған жаттығу түрінде елестетуді, ақпаратты логикалық тұрғыда ұйымдастыру қабілеті дамытылса оқуға, бағалаушылыққа арналған жаттығу түрлерінде өз бетінше ойлауға, өз бетінше сөйлеудің дамуы көрінеді.

Әңгімелеу – жаттығу. Жаттығудың бұл түрін оқытушылардың барлығы дерлік ықыласпен пайдаланады. Шындығында әңгімелеудің артықшылықтары көп.

  1. Әңгімелеу коммуникативтілікке негізделген. Коммуникация процесінде кейде оқығаныңды, естігеніңді көргеніңді әңгімелейсің. Алайда, шын әңгімелеу ешқашан мақсат болмаған. Әңгімелеуде әңгімелесушінің реакциясын туғызу тілегі жатады. Сондықтан онда әрқашан сөйлеушінің айтылатын фактіге көзқарасының қатысы болады. Оқытуда пайдаланылатын әңгімелеулерде бұл жоқ, сондықтан оқытудағы әңгімелеулерде формальдылық басым.
  2. Әңгімелеуде басты фактлерді таңдай, мәтінді қысқарту, кеңейту т. б. Ойлау әрекеттері болады. Бұл өз бетінше сөйлеу болып табылмайды. Турасына кеогенде олардың сипаты бірдей емес. Мәтінге сүйеніп сөйлеу мен өз бетінше сөйлеудің айырмашылықтары бар. Бұл сөйлеу материалдарын қолдану сипатын айқындайды, немесе сөзден ой туады.
  3. Әңгімелеу белгілі бір мөлшерде сөйлеу шеберлігінің кейбір механизмдерін репродукцияны, комбинирлеуді, құрастыруды дамытады. Ал ойлау аспектісі толықтай трып қалады. Дискурсивтіік механизм де толықтай жансызданады. Сөйлеушіге баяндаудың стратегиясы мен тактикасын ойлаудың керегі болмайды.

Сипаттау, суреттеу жаттығулары. Суреттеу, сипаттау туралы түсінік кең. Бұған:

  1. Объектіні сипаттау
  2. Аннотация
  3. Фильм, диафильм, картина түсніктемесі
  4. Әр түрлі әрекеттің орныдалу инструкциялыр
  5. Демалысты, жұмыс күнін жоспарлау
  6. Оиғаны сипаттау
  7. Бір ұғымның дефинициясы туралы
  8. Репортаж т.б. жатады.

Таңдау механизмі жоспарлауда, оқиға орнын суреттуде, инструкцияда жақсы дамиды, ал объектіні суреттеуде аннотацияда әлсізірек, ал түсіндіруде, репортажда тіпті әлсіз дамиды. Бірақ сөйлеу жылдамдығы түсіндіру, репортаж жаттығуларында жақсы жамиды.

Ойлау механизміне жоспарлау жаттығуларында оңтайлы жағдай болады.

Өнімділік, нәтижелілік сапасы түсіндіру жаттығуларында, репортажда, объектіні сипаттауда дамиды.

Әрбір жаттығулар жүйесінің өзіндік мөлшері бар: жаттығулар кешені үшін мына өлшемдер:

  1. Сөйлеу дағдысын қалыптастырып, шеберлігін дамыту үшін сәйкес жаттығулар мен біріздіілікті ескеру
  2. Жаттығулар таңдауды айқындау барысында сөйлеу материалымен мақсатын ескеру
  3. Әртүрлі жаттығулар арақатынасын айқындау барысында оқытудың нақты шартын ескеру
  4. Қиындықтың біртіндеп көтерілуін ескеру
  5. Тілдік тұлғаның көбінесе еріксіз меңгерілуін қамтамасыз ету
  6. Тіл үйренуінің қатесіз сөйлеу әрекетімен қамтамасыз ету
  7. Сөйлеу әрекетінің түрінің ерекшелігіне жаттығу сипатының сай келуі
  8. Тіл үйренуші сөйлеу әрекеттерін басқаруды қамтамасыз ету (еркін сөйлеуге).

Көрсетілген жаттығулар кешені – материалды меңгеруге арналған жеке бір міндеттерді немесе автоматизацияға бағытталған жаттығулар жинағы. Егер оқытушы осы мәселердің бәрін тиянақты ескеретін болса, онда инофон қазақ тілін өте жақсы меңгеріп шығады. Әрине, нәтиже бірлен болмайды. Сол себепті мұның өзі көп уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, екінші тіл үйренудегі тілдің әр түрлі аспектілерін игеру қиындығы әр алуан деңгейде; үйренушілердің жасы әр түрлі тілдік қабілеттерді игеру жетістігіне әрқалай әсер етеді.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейту мақсатында елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдерісі жағдайында қыруар жұмыстар атқарылуда. Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін ескерсек, азаматтардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жүйелі меңгеруі үшін тілді тек қана жүйелі оқытулар мен сол оқытулар нәтижелерін, әділ бағалау жұмыстарын жүргізуде. Әрбір зайырлы елде мемлекеттік тіл деген елдегі барлық азаматтар пайдаланылатын коммуникативтік жүйесінің тілі болып табылады. Демек, Қазақстан халқы үшін маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілін жүйелі меңгеру. Әлемде азаматтардың тілдік коммуникативтік құзыреттілігін нығайту мақсатында тілді меңгерудің әртүрлі мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылып, тіл үйрету, оқыту мәселелері шешімдерін тапқан.

Осы орайда Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бірқатар қазақ тілін үйрету құралдары, оқу әдістемелік кешендері, оқыту немесе тіл үйрету курстары өз жұмыстарын жалғастырып жатқаны белгілі.

Қазіргі таңда қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету лингвистика ғылымының мойнына жүктелген ауыр да, қиын міндеттердің бірі екені сөзсіз. Лингвистика бұл мәселеге байланысты көптеген игі іс-шаралар жүзеге асыруда. Бүгінде қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдап жүрген халықтардың көп пайызын орыстар және де басқа ұлт өкілдері құрайтыны белгілі.

Екінші тілді меңгеру барысында болатын тұлғаның әр түрлі жағдайларды басынан өткеріп, тек тілді мегеріп қана қоймайды, сонымен қатар оның дамуына немесе тоқырауға ұшырауына өзінің септігін тигізетіндігі болып табылады. Яғни, екінші тілді меңгеруші басқа тілдің элементтерін өзінің туған тіліне әкелу арқылы өзгеріске ұшырататынын айтуға болады.

Негізінен, билингвтердің тілдік әрекеті түрлі факторлардың әсерімен болатын тілдік құбылыс екені айдан анық.

Олардың кейбіреуі шет тілді өз ана тіліндей жақсы игереді және интерференция аса көрініс таппайды. Бірақ, өкінішке орай мұндай құбылыс тек өте аз екенін қарапайым халықтың сөйленістерін салыстырмалы түрде қарастырғанда байқаймыз.

Басқаларында екінші тілді игеру дәрежесі ана тілінен гөрі төменірек болады, олардың сөйлеу тілінде әрдайым интерфереция көп болады. Біреулері бір тілден екінші тілге жағдаятқа байланысты оңай ауысып отырады, екіншілері үшін бұл аса ауыр тиеді. Бір индивид қостілділіктің түрлі жағаяттарында өзін әр түрлі ұстауы мүмкін, оның тәртібі уақыт өте өзгеруі мүмкін немесе туғанынан тілдік тәртіптің белгілі бір формасына жаттығуы мүмкін. Жұмыстың басында атап өткендей, интерференция бірнеше ғылымдардың: лингвистиканың, психолингвистиканың және әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылады. Жұмысты зерттеу барысында бұл құбылыстың лингвистикалық сипаттауымен ауызша және жазбаша жүргізілген сауалнама негізінде келесі қорытындылар жасауға болады: тілдің барлық деңгейіндегі интерференциялар әр тілдің типологиялық құрылыстарының айырмашылықтарынан туады. Фонетикалық деңгейде қазақ тілі мен орыс тілінің артикуляциялық базасының сәйкеспегендіктен; морфологиялық және синтаксистік деңгейде – грамматикалық формалар грамматикалық мағыналардың сай келмеуі. Лексика – семантикалық интерференцияның себебі екі тілдегі сөздер мағынасының көлемінің сәйкес келмеуі болып табылады.

Сондықтан көп жағдайда осы құбылыстарды шатастыру барысында инафондардың жіберетін қателігі, түсініспеушілікке әкеледі.

Психологиялық көзқараспен интерференция билингвтердің үстем тілге ассоциативті реакциясын көрсетеді.

Бұл жұмыста әлеуметтік әдіс – сауалнама жүргізу қолданылды. Зерттеудің масштабы (салыстырмалы түрде информанттардың санының аздығы) әлеуметтік жоспарда өзіндік қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан, аса қиын емес сауалнаманың қорытындысын ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне қосымша ретінде ұсынылады. Бірақ бұл сауалнаманың қорытындылары мен нәтижелері халықтың қаншалықты деңгейде тілді білетіндігі, қандай көзөқараста екендігі, өз ана тіліне қалай қарайтындығы, тілде болып жатқан құбылыстар жайлы қандай ақпараттарды білетіндігін аңғара аламыз. 

Интерференциялық көріністер мен оның деңгейі инофонның жасына, біліміне, екінші тілге бөлінген уақытына да байланысты.

Интерференция – көп таралған, қиын жеңетін құбылыс. Алайда бұл – интерференция жеңуге болмайтын құбылыс деген сөз емес. Сол себепті, интерференция құбылысының тек қана жағымды құбылыстары мен пайдалы жақтарын ғана қолданып, оның тілдің дамуына әсер ететін теріс жақтарын пайдаланбау,  болдырмау болашақ еншісіндегі, сіз бенен біздің ат салыса отырып атқаратын жұмысымыз екені айдан анық.

Тіл жанашырлары тек қана өз тілінің дамуына барлық күшін, біліктілігін, білімін ортаға салып күресуге тиісті. Ал, біздер, яғни қазақ халқы, өзіміздің тіл жанашыры екенімізді сезініп, соны мойындай отырып, тіліміздің дамуына кедергі болатын құбылыстармен күресетін болсақ, ана тіліміздің болашағы жарқын да, баянды, ұзақ болары сөзсіз. Болашақты жасау біздің қолымызда, ағайын!

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі Астана, 2008
  2. Аврорин В.А. Проблемы двуязычия и многоязычия»Москва, 1972
  3. Вайнрайх У. Одноязычие и многоязычие // Новое в лингвистике. Вып.VI. – Москва, 1972
  4. Ильященко Т.П. Языковые контакты. На материале славяно-молдавских отношений. – Москва, 1970
  5. Щерба Л.В. Бодуэн де Куртенэ // Известия по русскому языку и словесности // АН СССР. Т.3 – Ленинград, 1930
  6. Языковые контакты / Пер. С англ. Ю.А. Жлуктенко. – Киев, 1979
  7. Ким О.М. Особенности русской речи корейцев – Ташкент, 1964
  8. Розейнцвейг Ю.Д. О языковых контактах // Вопросы языкознания. – 1963
  9. Ахунзянов Э.М. Двуязычие и лексико-семантическая интерференция. – Казань, 1978
  10. Ершова Е.Н. Проблемы двуязычия и многоязычия. – Москва, 1972
  11. Верещагин Е.М. Психологическая и методическая характеристика двуязычия (билингвизма). – Москва, 1969
  12. Дешериев Ю.Д. Предисловие // Проблемы двуязычия и многоязычия. – Москва, 1972
  13. Карлинский А.Е: Принципы исследования лексической интерфенции в методических целях // Зарубежное языкознание и литература. – Вып.1. – Алма-Ата, 1971
  14. Карлинский А.Е. О некоторых основных понятиях теории взаимодействия языков // Зарубежное языкознание и литература. Вып.3. – Алма-Ата, 1975
  15. Карлинский А.Е. Типология речевой интерференции // Зарубежное языкознание и литература. – Вып.2. – Алма-Ата, 1972
  16. Горелов И.Н. О значении и методике исследования интерференции. – Оренбург, 1969
  17. Смагулова Ж.С. Русский язык в Казахстане в условиях меняющейся языковой идеологии Х Конгресс МАПРЯЛ. – Спб.: Политехника, 2003
  18. М.А.Данилов Основы теории упражнений по иностранному языку. – Москва, 1975
  19. И.А.Бим Теория и практика общения немецкому языку в средней школе. – Москва, 1959,
  20. Орфоэпиялық сөздік. – Алматы, 2007
  21. И.Д.Салистра О некоторых методических терминах. Иностранный язык в школе. – Москва,1959
  22. Дарбеева А.А. О билингвизме монголоязычных народов Вопросы языкознания 1982, №6
  23. Будагов Р. А. Введение в науку о языке. – Москва , 1965
  24. Золотова Г.А., Онипенко Н.К., Силорова М.Ю. Коммуникативная грамматика русского языка. – Москва, 2004
  25. Күзекова З.С. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының    лингвистикалық негіздері.– Алматы, 2005
  26. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 2005
  27. Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. – Алма-Ата, 1992
  28. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993
  29. Екшембеева Л.В. Второй язык: теоретические основы усвоения. – Алматы, 2003
  30. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993
  31. Залевская А.А.  Психолингвистические проблемы исследование. – Воронеж, 1990
  32. Жүнісбеков Ә. Орыс тілді ортада қазақ тілін модельдеу арқылы оқыту. – Астана, 2004

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 тапсырма: мәтінді оқып шығып, мазмұнын қысқартып айту

 

Достық деген не?

 

Ой-ұғымы, сезім-түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен тату дос бола алады. Себебі ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады. Бара-бара ондай адамдардың ой-арманы бір жүйеге түсіп бірінің ішіндегі пікірді екіншісі айтпай-ақ түсінетін болады. Олардың қандай жағдайда не істеу керектігі жайындағы пікірлері де бір жерден шығады. Бірлесе қимылдайды. Мұндай дос адамдар әрқашанда бірін-бірі ренжітуге, бір-бірінің көңілін қалдырмауға тырысады. Бірақ кейде олар өзара қатты қақтығыстарға да барады. Ондай сәттерде, қалаштасқан дұшпандай болып, ауыр-ауыр сөздермен аянбай жаға жыртысады… Достың қатесін дос көрсеткенде осылай болады. Осылай, шындықпен шиедей етіп шапалақтап алып, олар бір-бірін жаман істен сақтандырады, қауіптен құтқарады. Міне, «Дос жылата айтады» деген сөз осыдан қалса керек.

…Абайдың бір өлеңі: «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» деп басталады. Бұған мән беріп байқасақ, көңіл дегеніміз тас немесе темір сияқты қатып жатқан затқа емес, қозғалатын, қимылдайтын жанды нәрсеге ұқсайтынын байқаймыз. Жанды нәрсе болғанда самғап ұшатын құс іспетті екенін аңғарамыз. Ал құстың тек бір бағытқа қарап емес, шартарапқа бет алып ұшатыны белгілі… Адамның көңілі де үнемі бір қалыпта тұрмайды: өмірдің әр алуан құбылысына орай өзгеріп, құбылып, құлпырып отырары хақ. Сондай сәттерде бұрын дос санаған адамыңа ойда жоқта ренжіп, өкпелеп қалатының болады. Кейбір қатігез адамдар бір өкпелесе морт сынып, «маған енді ондай достың керегі жақ» деп, қолын бір-ақ сілтейді. Доссыз жалғыз қалады. Сөйтіп, өмірдегі ең жанашыр жақынынан айырылады. Жүрек сырын ақтарып, түсінісіп сырласатын серігінен ажырайды. Жүрегіне жиналған мұңын шағып, назын ақтара алмай, көп адамның ішінде жаны құлазып жалғыз қалады… Міне, мұндай күйге ұшырамау үшін досқа кінәмшіл болмау керек. Егер досыңның адамгершілікке нұқсан келтіретін аса бір шектен шыққан қылығы болмаса, оның мінез-құлқындағы ұсақ-түйек кемшіліктерді термелеп, оны ретті-ретсіз кінәлап, өкпелей беруге болмайды. Әрине, достың ондай кемшіліктерін айтып, ескертіп қоюға болады. Бірақ адам бір-бірімен пікірлес, сырлас, бір-біріне өмірлік сүйеніш, серік болу үшін дос болады. Адам бір-бірінің бойындағы кемшілікті көргенше ғана пікірлес болып, оны көргеннен кейін тайқып кету үшін дос болмайды. Бірінің кемістігін бірі түзеп, бірінің олқысын екіншісі толтырып отыру үшін дос болады. Адам бір-бірінен ажырап кету үшін емес, айырылмау үшін дос болады. Бір-біріне жан-жүйесі, ақыл-парасаты, мақсат-мүддесі сәйкес келіп табысқан адамдардың достығы дүниеде сирек кездесетін аса қымбатты металға ұқсайды. Қолындағы асылдың бағасын білмей рәсуа етсе, адамның енді ондай металды жердің өзге тұсынан, өзге қабатынан іздеп табуы оңайға түспейді, оны табар да, бірақ іздеуге уақыт керек… Сен қара тер боп іздеп, тексеріп, таңдап жаңа дос тапқанша өмір тоқтап тұрмайды. Орыс халқының: «Жол-жөнекей табылған екі достан, ескі достың өзі артық» деген мақалы, бәлкім, осындай шындыққа негізделген болар.

…Қазақта: «Көзден таса – көңілден болады ұмыт» деген нақыл сөз бар. Әрине, бұл досқа арналмаған, айналадағы алыс-жақын таныстарға арналған мәтел. Күнделікті қарым-қатынас жасап жүрген адамдарың басқа қызметке ауысып, не басқа жаққа кетіп қалса, біраздан кейін сен оны ұмытып кетесің. Алғашқы кезде оны ауызға алып жүрсең де бара-бара біржола естен шығарасың, тек қана ата мен ана алыстағы баласын естен шығармайды, адал дос досын ғана ойында сақтайды. Досты дос қарама-қарсы отырғанда, жақында жүргенде ғана емес, қиыр шет, қиын алыста жүргенде де көкейінде ұстайды. Кейбір адамдар, тіпті, өлген достарын да ұмытпайды…

Көп жұрт дос болғаннан кейін достың үйіне қайта-қайта барып, ішіп-жеу керек, достың дастарқаны әрқашан да қайысып тұруы тиіс деп ойлайды. Дос келгенде дос, қарызданып-қауғаланып болса да, ағыл-тегіл етуі парыз, құстың сүтін, құланның етін табуға міндетті деп есептейді. Осыдан кейін «Досыңның асын дұшпаныңдай же» деген бар емес пе дегенді және желеу етеді… Бұл дұрыс емес, өйткені жан қияр дос досынан ешқашанда ас аямайды. Сондықтан сен оның табағына емес, қабағына қара, дастарқанында барын місе тұт, жоғына өзің көмектес, досыңның көңілінде кірбің болса, соны кетіруге асық. Ол бақытсыздыққа ұшыраса – барыңмен бөліс. Ауруға шалдықса – көңіліңмен демеу бол. Ауырып жатқан достың маңдайын алақаныңмен бір сипағанның өзінде қанша қуат бар екенін ескер. Ол ашулы отырса, ақылыңды айтып, алдын теже. Адал достың бір-бірімен қарым-қатынасы тек қана осылай болуы абзал. Ал қарын тойдыру қиын емес. Ол үшін асхана бар, мейрамхана бар… Досты қинағаның – өзіңді қинағаның, оны сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның!…

 

Әзілхан Нұршайықов «Автопортрет»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма: төмендегі сөйлемдерді оқып шығып, бос сызықтарға қазақша аудармасын жазу

  1. Я иду в школу

 

________________________________________________________________

 

  1. Я завтра схожу в спортзал

 

__________________________________________________________________

 

  1. Моя сестра сейчас на работе

 

________________________________________________________________

 

  1. Раньше я часто ходил в эту библиотеку

 

________________________________________________________________

 

  1. Я иду в библиотеку

 

_________________________________________________________________

 

 

  1. Болат ходит в спорткомплекс два раза в неделю

________________________________________________________________

 

  1. Друг идет в театр

 

________________________________________________________________

 

  1. Я учусь в школе

 

_________________________________________________________________

 

  1. На улице стояла прекрасная погода, которая радовала всех

 

________________________________________________________________

 

  1. Аскар через год пойдет в школу

__________________________________________________________________

№3 тапсырма: мәтінді оқып шығып, жақшаны ашып, сөздің дұрыс формасын жазу

 

Бірнеше жылдар өтті. Абай үшін бұл – еңбек (мезгіл)____________,                 өнер іздеу (дәурен) ____________ болған. Оқу менен жазу (ол) ____________ендігі тірлік тынысы тәрізді.

Бұл күндегі Абай, ақын атын анық алған. Сол ақындық еңбегін, енді халыққа етер азамат қарызы деп біледі.

Өмірден, көп (кітап) ______ тапқан сан-салалы күйлер, ойлар ендігі шақта өз өлшеуін тауып, ақынның уәзіңді, соны жарларына араласқан-да. Қыс пен жазды кітап соңында не жазу үстінде өткізген шақтарын Абай ең бір бақытты кезіндей санайды. Бұл (жылдар) ____________ ол ел бүлігі атқамінерді, жеміт болыс, ұлықсымақты сан рет әділ ашумен жазалаған-ды. «Ел мінездері» деген өлеңдері сахара ішіндегі сотқар мен (бұзар) ____________ талайын таңбалаған. Жазықсыз, момын көптің жоқшысы болған арлы ақын бейнет елінің ауыр шерін де шіміркене шерткен-ді. Талай саналы жасқа ой саларлық шыншыл сезімді көркем сөздер сан рет осы (Ақшоқы) ____________ туып, тарап кететін.

Соның орайына, қазіргі заманда Абай айналасына жиылған жас өнерпаздар да көп. Абай ендігі шығарған жырларын әрдайым жазып айтады. Сол жазғандарын жаттаушы, әнге салып айтушы, жұртқа таратушы іні, достары жаңағы жас (серіктер) ____________  арасынан шыға бастаған.

Осымен қатар, Абай (өз) тілемесе де, ауыр көріп бойын алып қашамын десе де, еркіне қоймай, бұған масыл болып, асыла жүретін тағы бір міндет, бейнет бар. Ол – ел ішінің дау-шары. Бірақ бүгін Абай өзінің сүйіп, сүйсініп берілетін еңбегінің соңында.

Таңертеңгі (шай) ___________  соң үй іші де, қонақ атаулы да тысқа шығып кеткен. Қыстың бір ашық (күн) екен. Абай үлкен (бөлме) ___________ оңаша отырып қапты. (Алды) ___________ кең дөңгелек, аласа үстел тұр. Абай біресе сол (үстел) ___________ шынтақтап, біресе алақанымен мықынын таянып, үнсіз отыр.

Ішінде ой шырағы жанғандай боп, салмақпен қараған көздері анда-санда қарсыдағы (терезе) ______________ қадалады. Күн түсіп тұрған қарлы адырға ұзақ-ұзақ қарай түседі. Өзінше бір мығым күшпен, ұғымсыз бір мұңмен жұмырлан бүгілген төбе-төбелер.

(Биыл) ___________ қыс – ел сөзінен, тынышсыз жүрістерден Абай өзін босатып алып, үйде көбірек орнығып отырған қысы.

Көп өлең жазылған (жыл) ___________ алдына көптен-көп оралатын – осы адырлар. Бұлар күн (райы) ___________ қарай әр түрлі ажар көрсетеді. Ақындық шабыт кейде осы (адыр) ___________ көп сырласқандай болады. Бұлты сұрғылт күні ол адыр күн (шуақ) ___________ сағына көрсетеді. Жеткізбес арман жеңсігі жеңген адыр.

Қазір Абай сол адырдың жадыраңқы бір (қабақ) ___________ көргендей болды. Қоралы қойдың алды солай қарай өріп барады екен. Сарылып, сазарған үнсіз адыр, енді тас (басы) ___________ жүріп шырқаған қойшы әнінен сергіген сияқты.                             

 

Мұхтар Әуезов «Абай жолы»