АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Бірінші инстанцияда азаматтық істерді сот мәжілісінде талқылау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

БІРІНШІ ИНСТАНЦИЯДА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ СОТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛҚЫЛАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2009

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ  ………………………………………………………………………………………..

 

  1. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ  СОТ  МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛҚЫЛАУ-

ІС  ЖҮРГІЗУДІҢ  НЕГІЗГІ  САТЫСЫ  РЕТІНДЕ…………………………..

1.1.  Сот  мәжілісінің  түсінігі  және  мәні……………………….………………….5

1.2.  Істі  мәні  бойынша  қараудың  маңызы……………………….……………..7

 

  1. СОТ МӘЖІЛІСІНІҢ  БӨЛІМДЕРІ……………………………………………..

2.1.  Дайындық  бөлімі……………………………………………………….……………..10

2.2.  Істі  мәні  бойынша  қарау.  Дәлелдемелерді  зерттеу тәртібі………..19

2.3.  Соттағы  жарыссөз.  Прокурордың  қорытындысы..……………………..31

2.4.  Шешім  шығару,  оны  жариялау……………………………………….………..34

2.5.  Шешім  шығармай  сот  мәжілісін  аяқтау……………………………………39

2.6.  Сот  отырысының  хаттамасы……………………………………………………..42

 

  1. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ  ИНСТАНЦИЯЛАРЫНДА  АЗАМАТТЫҚ ІСТІ  ҚАРАУДЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ….………………..44

 

ҚОРЫТЫНДЫ.  ………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ  ТІЗІМІ……………………………..

 

КІРІСПЕ

 

Осы  диплом  жұмысында  бірінші  инстанцияда  азаматтық  істерді  сот  мәжілісінде  талқылаудың  мәселелері,  сонымен  қатар  апелляциялық  және  қадағалау  инстанцияларында  іс  қарау  ерекшеліктері  қарастырылған.

Бұл  жұмысты  жазу  барысында  ғылыми  жария  жұмыстар,  ғалымдардың  монографиялық  зерттеулері,  нормативтік  -құқықтық  актілер  мен  оқулықтар  пайдаланылған.

Жұмыс  кіріспеден,  үш  тараудан,  қортындыдан  тұрады.

Бірінші  тарауда  азаматтық  процестің  негізгі  сатысы  ретінде  сот  талқылауының  түсінігі,  мәні,  маңызы  жайлы  айтылған.

Жұмыстың  екінші  тарауы  сот  мәжілісінің  бөлімдеріне  арналған.  Әр  бөлімде  соттың  атқаратын  процессуалдық  әрекеттері  туралы  баяндалған.  Сот  мәжілісін  шешім  шығармай  аяқтау  және  сот  отырысы  хаттамасы  туралы  жазылған.

Үшінші  тарауда  апелляциялық  және  қадағалау  инстанцияларында  іс  қараудың  ерекшеліктері,  яғни  сот  талқылау  пәні,  шегі  және  процессуалдық  тәртібі  қарастырылған.

Бұл  диплом  жұмысында  сот  талқылауына  қатысты  процессуалдық  терминология  («сот  мәжілісі»,  «апелляция»,  «реплика»,  «инстанция»  және  т.б.)  қолданылған.

Сот  талқылау  азаматтық  процестің  негізгі  сатысы  ретінде  соттардың  республика  саясатын  өмірге  келтіруінің  негізгі  құралы  болып  табылады.

Азаматтық  процесс  толығымен  әділеттілік  міндеттерін  атқаруға  бағытталған,  дегенмен  осы  міндеттерді  сот  тікелей  сот  қалқылауы  кезінде  жүзеге  асырады.  Сот  талқылауы  дәрежесіне,  оның  толықылығы  мен  объективтілігіне  азаматтық  істер  бойынша  қазақ  сотының  беделі,  соттың  жұмысының  сапасы  байланысты  болады.  Құқық  нормаларымен  дәл  сәйкестікте  әртүрлі  азаматтық  істерді  қарап  және  шеше  отырып,  сот  мемлекеттің  өзінің  негізгі  функцияларын  жүзеге  асыруына  үлкен  үлес  қосады  осымен,  ақыр  аяғында,  азаматтық  процестегі  сот  талқылауының  маңыздылығы  анықталады.

Сот  талқылауы  сатысында  сот  азаматтық  істі  мәні  бойынша  қарайды,  объективтік  шындықты  анықтайды  және  мемлекет  атынан  іс  бойынша  шешім  шығарады.

Сот  талқылауының  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар.

Сот  азаматтарға  азаматтық  іс  бойынша  дұрыс  және  сенімді  шешім  шығарумен  ғана  емес,  сонымен  қатар  сот  талқылауының  процедурасының  өзімен  де  тәрбиелік  әсер  етеді.  Істі  қараудың  қатаң  және  нақты  процессуалдық  тәртібі,  процесте  соттың  заңдылықты  дәл,  нақты  сақтауы,  соттың  тараптардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  барлық  шаралармен  қорғау  тек  шешімнің  сенімділігін,  заңдылығын  және  негізділігін  ғана  қамтамасыз  етпейді,  сонымен  қатар  азаматтарға  үлкен  тәрбиелік  әсер  етеді.

Сот  талқылауы  сатысында  азаматтық  процестін  барлық  қағидалары  –  бұл  ең  алдымен  сот  талқылауының  қағидалары.

Азаматтық  процестің  сатысы  ретінде  сот  талқылауы  процестің  осы  сатысында  сот  азаматтық  істі  мәні  бойынша  шешетіндігі  –  іс  бойынша  дәлелдемелерді  тікелей  зерттейді  және  іс  үшін  маңызы  бар  фактілерді  анықтайды,  тараптар  арасындағы  құқық  қатынасты  тараптардың  шынайы  құқықтары  мен  міндеттерін  анықтайды,  тараптар  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормаларды  қолдана  отырып  іс  бойынша  мемлекет  атынан  шешім  шығаратындығымен  сипатталады.

Азаматтық  процестегі  сот  талқылауы  азаматтық  іс  жүргізу  құқығымен  реттелген  азаматтық  істі  сот  отырысында  мәні  бойынша  қарау  кезінде  қатысатын  процестің  басқа  да  қатысушыларының  қызметі.

Азаматтық  істердің  сот  талқылауына  көптеген  монографиялық  еңбектер,  жария  жұмыстар  арналған.  Бұл  сот  талқылауының  маңыздылығы  мен  мәнділігіне  байланысты  болып  отыр.

Бұл  жұмыста  азаматтық  істердің  сот  талқылауының  түсінігі,  мәні  мен  маңызы,  сот  талқылауының  бөлімдері,  шешім  шығармай  сот  мәжілісін  аяқтау,  апелляциялық  және  қадағалау  сатыларында  сот  талқылауының  ерекшеліктері  туралы  баяндалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  АЗАМАТТЫҚ  ІСТІ  СОТ  МӘЖІЛІСІНДЕ  ТАЛҚЫЛАУ  –  ІС  ЖҮРГІЗУДІҢ  НЕГІЗГІ  САТЫСЫ  РЕТІНДЕ.

 

1.1.  Сот  талқылауының  түсінігі  және  мәні.

 

Сот  талқылауы  туралы  көптеген  жария  жұмыстар,  соның  ішінде  монографиялық  зерттеулер  бар.  Ғалым  тәжірбиешілердіғ  және  тәжірбиеші-судьялардың  соттың  бірінші  инстанцияда  істі  қарауы  жөніндегі  мәселеге  деген  үлкен  коңіл  болушіліктері  орынды.  Ғалымдар  сот  талқылауының  маңыздылығы  мен  мәнділігін  ескере  отырып,  істерді  сот  отырысында  қарау  кезінде  сот  өндірісінің  міндеті  «алдымен  және  бәрінен  көпң  жүзеге  асырылады,  сонымен  қатар  процесс  мақсатына  кеңірек  қол  жеткізіледі  дейді.

Шынымен  де,  нақ  істі  сотта  қарау  барысында  сот  ондірісінің  негізінен  ҚР  АІЖК-ң  5-бабында  анықталған  міндеттері  жүзеге  асады.

Сот  азаматтық  істерді  қарай  отырып:

  1. азаматтардың бұзылған  (құқықтары)  және  даулы  құқықтарын,  бостандықтарын,  заңды  мүдделерін,  үйымдардың  құқықтары  мен  заңи  мүдделерін  және  мемлекеттің  мүдделерін  қорғауды  жүзеге  асырады;
  2. тараптардық құқықтары  мен  міндеттерін  және  заңи  маңызы  бар  фактілердің  бар-жоғын  анықтау  жолымен  істі  мәні  бойынша  қарайды;
  3. тараптардың құқықтары  мен  міндеттерінде  жақтылықты  анықтау  жолымен  тараптар  арасындағы  құқық  туралы  дауды  жояды;
  4. бұзылған құқықты  немесе  бұзылу  қаупі  бар  құқықты  не  даулы  құқықты  жаю  арқылы  заңдылықты  бекітеді;
  5. азаматтық, еңбектік,  тұрғын  үй,  қаржылық  және  материалдық  құқықтың  басқа  да  салаларының  нормаларының  бұзылуының  алдын  алады.

Сот  талқылауында  эділеттілік  тікелей  жүзеге  асады.[1]

Сот  талқылауын  екі  мағынада  түсінуге  болады.  Біріншіден,  сот  талқылауы  деп  азаматтық  процесстің  бір  бөлімі  аталады.  Оның  мақсаты  соттың  азаматтық  істерді  бірінші  инстанцияда  қарай.  Екіншіден,  сот  талқылауын  азаматтық  сот  өндірісінің  жеке  процессуалдық  функциясы  ретінде  қарастыру  керек.  Мұндай  түсінік  сот  талқылауында  өзінің  мақсатты  бағытына  байланысты.  Сот  талқылауының  функциясын  процессуалдық  құқықтық  қатынастардың  және  қатысушылардың  ерекше  құрамы,  құқық  қолданудың  заңи  көрінісі  және  жүзеге  асатын  заңи  құралдардың  жүйесі  ерекшелендіреді.  Бұл  функция  сот  өндірісін  қозғаумен  басталады  және  шешім  шығарумен  аяқталады.[2]

Сот  талқылауы  азаматтық  процесстің  екі  сатысында  да  жүзеге  асырылуы  мүмкін:  Істі  соттың  бірінші  инстанциясында  қарағанда  және  апелляциялық  өндірісте.  Сондықтан  аталған  сот  өндірісі  сатыларында  олардың  бөлінбейтін  бөлігі  –  сот  талқылауы  процестің  осы  сатыларының  бөлігі  ретінде  бірінші  және  апелляциялық  инстанция  сотының  және  өзара  бір  мақсатпен  біріккен  сот  өндірісінің  басқада  қатысушыларының  процессуалдық  әрекеттерінің  жиынтығы.  Аталған  сатылардың  бұл  бөлігі  соттың  істі  сотта  іс  қарауға  тағаиындау  туралы  ұйғарым  шығаруынан  басталады.

Бірінші  инстанция  сотында  істі  қарау  жөніндегі  процессуалдық  іс  әрекеттер  істі  мәні  бойынша  қарау  мен  шешуге  (құқықты,  міндетті  және  заңи  айғақты  анықтау  туралы  дау)  бағытталған  оның  нәтижесі  болып  шешім  шығару  не  қорытынды  ұйғарым  шығару  танылады.[3]

Азаматтық  істерді  сотта  қарау  –  бұл  соттын  және  процесстің  басқа  да  қатысушыларының  істі  қарауға  және  оны  мәні  бойынша  шешуге  бағытталған  процессуалдық  әрекеттерінің  жиынтығы.

Сот  талқылауын  азаматтық  іс  жүргізу  құқығы  саласының  бір  институты  ретінде  қарастыруға  болады.

Біз  білетініміздей,  азаматтық  іс  жүргізу  құқығы  саласының  нормалары  азаматтық  істерді  қарау  және  шешумен,  сонымен  қатар  сот  қаулыларын  атқарумен  байланысты  туындайтын  қоғамдық  қатынастарды  реттейді.  Азаматтық  іс  жүргізу  құқығының  құрылымдық  бөлігі  болып  табылатын  сот  талқылауы  институтының  нормаларының  реттеу  пәнін  не  құрайды?

Сот  талқылауы  институтының  реттеу  пәнін  бірінші  және  апелляциялық  сот  инстанцияларында  істі  қарау  жен  оларды  мәні  бойынша  шешумен  байланысты  туындайтын  қатынастар  құралды.

Азаматтық  істерді  қарау  кезінде  сот  жүзеге  асыратын  міндеттер  мен  осы  институт  реттейтін  қатынастарының  маңыздылығы  сот  талқылауы  институты  азаматтық  іс  жүргізу  құқығының  орталық  институты  болып  табылады  деуге  мүмкіндік  береді.

Сот  талқылауы  азаматтық  сот  өндірісінің  негізгі  міндетті  сатысы  болып  табылады.  Сот  талқылауы  –  бұл  азаматтық  істерді  мәні  бойынша  қарау  және  шешу.

Онда  дәлелдемелерді  дұрыс  және  жан-жақты  зерттеу  негізінде  істі  дұрыс  шешу  үшін  маңызы  бар  фактілік  мән-жайлар  анықталады,  нақты  құқықтық  қатынас  шегінде  құқықтар  мен  заңды  міндеттер  нақтыланады  және  даудың  мәні  бойынша  мемлекет  атынан  шешім  шығарылады.

Іс  жүзінде  нақ  осы  бөлімде  әділсоттылық  жүзеге  асады.  Басқаларында  оны  жүзеге  асыру  даиындалады  және  істі  қарау  заңдылығы  кадағаланады  не  шешім  орындалады.

Процестің  осы  бөлігінде  соттар  өздеріне  жүктелген  субъективтік  құқықтар  мен  заңды  мүдделерді  қарау  жөніндегі  міндеттерін  атқарады  және  іске  қатысушы  тұлғаларға  және  сот  мәжілісі  залындағы  қатысушыларға  тәрбиелік  әсер  етеді.

Процессуалдық  әдебиетте  сот  талқылауы  және  сот  отырысы  ұғымын  бірдей  деп  қарастырады.  Бұл  терминдерге  бір  мағына  беруге  болмайды.  Сот  отырысы  сот  талқылауының  тек  процессуалдық  нысаны  болып  табылады.

Сот  талқылауы  —  қаралып  отырған  істі  тараптардың  және  күә,  сарапшы,  аудармашы  ретінде  тартылып  отырған  тұлғалардың  және  іске  мүдделі  басқа  да  тұлғалардың  қатысуымен  нақты  мән-жайларды  анықтау  мақсатындағы  бірінші  инстанция  сотының  қызметі.  Олардың  сот  талқылауы  кезінде  қатысуы  тараптардың  құқықтары  не  мүддеттерін  дұрыс  анықтауға  және  соттың  заңды  және  негізді  шешім  шығаруына  септігін  тигізеді.

Сот  талқылауына  дейінгі  барлық  өндіріс  нақ  сол  істі  дайындау  сот  талқылауына  толығымен  бағынышты.

Сот  талқылауы  кезінде  сот  істің  шынайы  мәнжайын  жан-жақты,  толық  және  объективті  анықтау  үшін  заңмен  көзделген  барлық  шараларды  жүзеге  асырады.  Дұрыс  жүргізілген  сот  талқылауы  –  заңды  және  негізді  шығарылған  сот  шешімінің  кепілі.[4]

 

1.2.  Істі  мәні  бойынша  қараудың  маңызы.

 

Азаматтық  істерді  соттың  бірінші  инстанциясында  қарауы  және  шешуі  азаматтық  процестің  ең  маңызды  бір  сатысы  болып  табылады.

Субъективтік  құқықтар  мен  заңмен  қорғалатын  мүдделерді  қорғау  жөніндегі  (сотқа  жүктелген  міндеттер)  сонымен  қатар  тәрбиелік  әсер  ету  бойынша  міндеттер  ең  алдымен  көп  жағдайда  сот  отырысында  істі  талқылау  кезінде  жүзеге  асырылады.

Әрбір  дұрыс  өткізілген  сот  отырысы,  бір  қарағанда  маңызды  емес  іс  қаралсада,  сот  отырысында  қатысқан  азаматтардың  қоғамдағы  адамдарға  деген  қөзқарасын  қалыптастырады.  Сот  қарайтын  әрбір  нақты  істе,  азаматтар  заңның  әділеттігіне,  және  қоғамға  пайдалалығына,  олардың  мүлтіксіз  орындалатындығына,  қол  сұғылмайтындығына  көз  жеткізеді.

Сот  отырысы  тек  процессуалдық  нормаларды  сақтай  отырып,  азаматтық  іс  жүргізу  қағидаларына  қатаң  түрде  сәйкес  жүргізілгендеғана  өз  мақсатына  жетеді.

Сот  отырысында  азаматтық  істерді  қарап  және  шеше  отырып,  әділеттілікті  жүзеге  асырады.  Сот  әділдігі  –  мемлекеттік  қызмет,  себебі  «сот  билік  органы  болып  табыладың,  ал  «сот  қызметі  мемлекетті  басқару  функциясының  бір  түрің,  ал  әрқашанда  мемлекеттік  биліктік  сипатта  болады.  Сондықтан  азаматтық  субъективтік  құқықты  соттың  қорғауы  мемлекеттік  қорғаудың  ең  жоғарғы  нысаны  болып  саналады.[5]

Сот  талқылауы  тек  азаматтық  құқықты  қорғау  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  азаматтық  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  үшінде  де  маңызды.

Мүліктік,  жеке  құқықтарды  және  заңмен  қорғалатын  заңи  мүддені  қорғауды  құқық  қорғау  және  юридикалық  функцияларды  атқарушы  мемлекетті  және  қоғамдық  органдар  жүзеге  асырады.  Құқық  қорғау  органдары  сәйкесінше  құқық  саласын  басқаратын  заң  актілерінде  көрсетіледі.  Азаматтық  құқық  сотпен,  кәсіпорындармен  және  басқа  да  қоғамдық  ұйымдармен  қорғалады.

Құқық  пен  заңи  мүддені  қорғайтын  органның  ішінде  ерекше  орыналатыны  сот.

Юридикалық  тұрғыдан  әділсоттылық  мүліктік  және  жеке  құқықтарды  тану,  бұзылған  жағдайда  қалпына  келтіру  жолымен  қорғау  туралы  азаматтық  және  қылмыстық  істерді  қарау  жөніндегі  және  заң  негізінде  құқық  бұзушыға  мәжбүр  ету  шараларын  қолдану  жөніндегі  заңмен  реттелген  соттың  қызметі  болып  табылады.

Сотта  іс  қарау  шынайы  демократиялық  қағидаларды  құрылады.  Демократизм  сотты  ұйымдастырудың  өзінде,  сонымен  қатар  оның  қызметінің  процессуалдық  тәртібінде  де  көрініс  табады.

Сот  талқылауының  жариялылық  ашық  сипаты  тараптардың  қорғануға  құқығын  соттың  қызметін  қоғамдық  қамтамасыз  етуді  және  сот  отырысына  қатысқысы  келгендерге  қатысу  мүмкіндігін  қамтамасы  етеді.  Ашық  сот  талқылауының  үлкен  тәрбиелік  мәні  бар.  Сот  талқылауын  жабық  түріде  өткізу  сот  өндірісінің  барлық  ережелерін  сақтаумен  жүзеге  асырылады.

Ашық  сот  талқылауы  тәрбиелік  әсер  етеді  және  құқық  бұзушылықты  туғызатын  жағдайымен  себептерді  ашуға,  сонымен  қатар  алардың  болашақта  болдырмау  не  алдын-алуға  септігін  тигізеді.

Сот  талқылауы  сатысында  іс  жүргізудің  принциптері  толығымен  көрініс  табады.

Сот  талқылауы  азаматтық  істер  бойынша  әділеттілікті  жүзеге  асыру  нысаны  болып  табылады,  сондықтан  сот  әділдігін  тек  қана  соттардың  жүзеге  асыру  қағидасы  осы  бөлімде  жүзеге  асады.

Барлық  азаматтық  процесс  әділеттіліктің  міндеттерін  орындауға  бағытталған,  дегенмен  осы  міндеттер  тікелей  сот  талқылауы  кезінде  жүзеге  асады.  Сот  талқылау  дәрежесіне,  оның  толықтылығымен  объективтілігіне  сот  жұмысының  сапасы,  соттың  беделі,  азаматтық  істер  бойынша  әділеттілік  міндеттерін  орындау  байланысты  болады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.  СОТ  МӘЖІЛІСІНІҢ  БӨЛІМДЕРІ.

 

2.1.  Дайындық  бөлімі.

 

Сот  талқылауы  жүзеге  асырылып  жатқан  жағдай  соттың  істі  қарауының  мұқалттылығына,  қатандығына  ешкімнің  кермәні  болмайтындай  болуы  керек.  Нақты  істерді  шешкенде  мәдениеттілікті  сақтау  –  бұл  тек  сот  залын  қажетті  түрде  безендіру,  істі  тындау  кезінде  тәртіпті  сақтау  ғана  емес,  сонымен  қатар  соттың  тараптар  мен  дұрыс  қарым  -қатынасы,  процессуалдық  сұрақтарды  шешкен  кезде  бір  қалыпты  және  дұрыс  болуы,  судьяның  заң  терминологиясын  дұрыс  қолдануы.  Сот  талқылауының  нақты,  шынайы  мәдениеті  туралы  ол  тек  заң  талаптарына  сәйкес  болғанда  ғана  айтуға  болады.  Істі  қараушы  судьялардың  әрбір  әрекеті  соттық  объективтіліктің  және  принциптіліктің  жоғарғы  талаптарына  істің  бар  мән-жайын  жан-жақты  және  объективтілік  толықтық  талаптарына  бағынышты  болуы  керек.

Сот  талқылауы  келесідей  4  бөлімнен  тұрады:

  1. Дайындық бөлімі.
  2. Істі мәні  бойынша  қарау.
  3. Сот жарыссөздері  және  прокурордың  қорытындысы.
  4. Соттын шешім  шығаруы  және  жариялауы.

Өзінің  мақсаты  мен  өзіне  тән  мазмұны  бар  әрбір  бөлім  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып,  барлығы  бірігіп  сот  талқылауының  бірынғай  процесін  құрайды.[6]

Дайындық  бөлімінде  жүзеге  асырылатын  әрекеттер  АІЖК-нің  180-191  бабтарымен  реттелген  және  іс  әрекеттердің  келесі  тәртібі  қарастырылады:

  • сот отырысын  ашу;
  • процеске қатысушылардың  келуін  тексеру;
  • аудармашыға оның  міндеттерін  түсіндіру;
  • кужарды сот  отырысы  залынан  шығару;
  • сот құрамын  жария  ету  және  қарсылық  білдіру  құқығын  түсіндіру;
  • іске қатысушы  адамдарға  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіру;
  • соттың іске  қатысушы  адамдардың  өтінімдерін  шешуі;
  • іске қатысушы  адамдар  мен  окілдердің  сот  отырысына  келмеу  салдары  туралы  сұрақтарды  шешу;
  • сот отырысына  күәнің,  сарапшының,  маманның,  аудармашының  келмеу  салдарымен  байланысты  сұрақтарды  шешуі;
  • істі кейінге  қалдыру;
  • істі қарау  кейінге  қалдырылған  кезде  күәлардан  жауап  алу;
  • сарапшы мен  маманға  алардың  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіру.

Істі  қарау  үшін  белгіленген  уақытта  төрағалық  етуші  сот  отырысын  ашады  және  қандай  азаматтық  іс  қаралуға  тиіс  екенін  жария  етеді.  Бұл  сот  отырысы  басталатың  ең  алғашқы  процессуалдық  әрекет.

Бұл  іс-әрекет  сотпен  талапкердің,  жауапкердің  және  процесстің  басқа  қатысушыларының  келу-келмеуіне  байланыссыз  жүзеге  асырылады.  И.К.Пискарев:  «процеске  қатысушылардың  біреуінің  келмеуіне  байланысты  заңмен  бекітілген  іс-шараларсыз  кейінге  қалдыру  келген  тұлғалардың  процессуалдық  құқықтарын  шектейді.  Олардың  осы  жағдайға  байланысты  өздерінің  көзқарасын  білдіруін  қарсылық  және  отініш  беру  мүмкіндігінен  айырадың  дейді.

Процеске  қатысушылардың  келуін  тексеру.  Сот  отырысының  хатшысы  осы  іс  бойынша  шақырылған  адамдардан  кімнің  келгенің,  келмеген  адамдарға  хабар  берілген-берілмегендігін  және  олардың  келмеу  себептері  туралы  қандай  мәліметтердің  бар  екендігін  сотқа  баяндайды.

Процеске  қатысушылардың  келгендігін  анықтағаннан  кейін  төрағалық  —  етуші  келгендердің  кім  екенің  анықтайды,  сондай-ақ  лауазымды  адамдар  мен  окілдердің  окілеттіктерін  тексереді.

Аудармашыға  оның  міндеттерін  түсіндіру.  Бұл  процессуалдық  әрекет  сот  өндірісі  тілін  білмейтін  тұлға  істі  қарау  кезінде  жүзеге  асырылатын  барлық  іс-әрекеттер  туралы  білу  мүмкіндігіне  не  болуы  үшін  сот  мәжілісінің  басында  жүдеге  асырылады.

Соттың  бірінші  әрекетінің  өзі  егер  ол  іске  қатысушы  тұлғалардың  біріне  түсініксіз  болса  онда  осы  тулға  түсінетін  тілге  аударылуы  керек.[7]

Аудармашылау  ол  мұндай  мүмкіндіктен  айырылады,  себебі  аудармашы  өзіне  жүктелген  міндеттерді  орындауға  сот  АІЖК-ң  182-бабында  көрсетілген  іс-әрекеттерді  жүзеге  асырғаннан  кейін  ғана  кіріседі.  Төрағалық  етуші  аудармашыға  оның  сот  жүргізіліп  отырған  тілді  білмейтін  адамның  түсіндірмелерінің  айғақтарының,  мәліметтерінің  жария  етілетін  және  істе  бар  құжаттардың  дыбыс  жазбалардың,  сарапшылар  қорытындыларының,  мамандар  консультацияларының,  сондай-ақ  судья  өкімдерінің,  сот  қаулылары  мен  шешімдерінің  мазмұнын  аудару  міндетін  түсіндіреуі.

Төрағалық  етуші  аудармашыға  корінеу  дұрыс  аударма  жасамағаны  үшін  ҚР-ң  қылмыстық  кодексінің  352,353-баптарында  көзделген  жауапкершілік  жөнінде  ескертеді.  Аудармашының  бұл  туралы  қолхаты  сот  отырысының  хаттамасына  қоса  тіркеледі.  Аудармашы  сотқа  келуден  немесе  өз  міндеттерін  орындаудың  жалтарған  жағдайда  оған  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңдарға  сәйкес  әкімшілік  жаза  белгіленуі  мүмкін.

ҚР  АІЖК-ң  182-бабының  ережелері  сурдоаудармашылар,  яғни  саңырау,  сақтау  адамдар  қолданатын  белгілерді  аударатын  тұлғаларғада  қатысты  қолданылады.

Куәларды  сот  отырысы  залынан  шығару.  Келген  кужар  сот  отырысы  залынан  шығарылады.  Куәларды  шығарғанға  дейін  оларға  сот  мәжілісі  залына  көрсетулер  (түсініктемелер),  беру  үшін  бір  бірден  шақырылатындығы  түсіндіріледі.  Кужарды  шығару  куәнің  жауаптарының  “қол  сұғылмайтындығын”  қамтамасыз  ету  үшін,  іске  қатысушы  тұлғалардың  түсініктемелерінің  және  басқа  ақпараттардың  куәлерге  әсер  етуі  нәтижесінде  олардын  жауаптарының  мазмұнының  “деформациялануын”  болғызбау  үшін  жүзеге  асырылады.  Төрағаның  етуші  жауап  алынған  куәлардың  жауап  алынбаған  кужармен  сөйлеспеуіне  шаралар  қолданады.

Сот  құрамын  жария  ету  және  қарсылық  білдіру  құқығын  түсіндіру.  Сот  құрамын  жариялаған  кезде  судья  өз  фамилиясын,  егер  іс  алқалы  түрде  қаралатын  болса,  басқа  да  судьялардың  фамилиясын  айтады.  Сонынан  сот  отырысында  қай  судья  торағалық  етушінің  міндетін  атқаратыны  айтылады.  Одан  әрі  судья  прокурор,  сарапшы,  маман,  сот  отырысының  хатшысы,  сот  приставыретінде  кімдердің  қатысатының  хабарланды  және  бұл  кезде  аталған  әрбір  қатысушының  лауазымы  айтылады.  Одан  кейін  судья  іске  қатысушыларға  қарсылық  білдіру  құқығы,  әділетті  сот  шешімін  шығарудың  бір  процессуалдық  кепілдігі  ретінде  қарастырылады.  Іске  қатысушыларға  қарсылық  білдіру  құқығы  түсіндірілгендігі  туралы  сот  мәжілісінің  хаттамасына  жазу  еегізіледі.

«Қарсылық  білдіру  негіздеріне  қаралып  жатқан  іске  қатысты  қарсылық  білдірілген  тұлғалардың  объективтілігіне  күмән  келтіретін  кез-келген  мән  жай  жатқызылуы  мүмкін.  Қарсылық  білдіру  туралы  сұрақты  шешуі  әрбір  нақты  істе  сотқа  берілген.

Қарсылық  судьяға,  прокурорға,  сарапшыға,  маманға  аудармашыға,  сот  мәжілісінің  хатшысына  және  сот  приставына  білдірілуі  мүмкін.

Судьяға  қарсылық  білдіру  негіздері  АІЖК-ң  40-бабында  көрсетілген.  Егер  судья:

  1. Осы істі  мунын  алдындағы  қарау  кезінде  куә,  сарапшы,  маман,  аудармашы,  өкіл,  сот  отырысының  хатшысы,  сот  орындаушысы,  сот  приставы  ретінде  қатысса.
  2. Іске қатысушы  адамдардың  немесе  олардың  өкілдерінің  біреуінің  туысы  болса.
  3. Істің нәтижесінде  жеке  тікелей  немесе  жанаша  түрде  мүдделі  не  оның  әділдігіне  негізді  күмән  тұғызатын  өзге  де  мән  жайлар  болса,  ол  істі  қарауға  қатыса  алмайды  және  оған  қарсылық  білдіруге  тиіс.

Істі  қарайтын  соттың  құрамына  өзара  туыс  адамдар  кіре  алмайды.

АІЖК-де  судьяның  істі  қарауға  қайта  қатысуына  жол  берілмейтіндігі  туралы  ереже  бар.  Сондықтан  судьяның  осы  істі  бұрын  қарауға  қатысуын  судьяға  қарсылық  білдіруге  тағы  бір  негіз  деп  санауымызға  болады.

АІЖК-ң  40-бабының  1-бөлімінде  көрсетілген  қарсылық  білдіру  үшін  негіздер  прокурорға,  сарапшыға,  маманға,  аудармашыға,  сот  отырысының  хатшысына,  сот  приставына  да  қолданылады.  Сонымен  қатар  олар  келесі  жағдайыларды  іске  қатыса  алмайды:

  1. Егер ол  іске  қатысушы  адамдарға  немесе  олардың  екілдеріне  қызмет  жағынан  немесе  өзгедей  тәуелді  болса  немесе  тәуелділікте  болып  келсе;
  2. Ол тексеру  жүргізіп,  оның  материалдары  сотқа  жүгінуге  негіз  болса,  не  осы  азаматтық  істі  қарағанда  қолдаланылса.

Ресей  заңдары  бойынша  сонымен  қатар  осы  негіздер  бойынша  іске  қатысудан  қоғамдық  ұйымдардың  және  еңбек  ұжымының  өкілдеріде  шеттетілуі  мүмкін.

Прокурордың,  сарапшының,  маманның,  аудармашының,  сот  отырысы  хатшысының,  сот  приставының  осы  істі  мұның  алдында  қараған  кезде  тиісінше  прокурор,  маман,  сарапшы,  аудармаша,  сот  отырысының  хатшысы,  сот  приставы  ретінде  қатысуы  оларға  қарсылық  білдіруге  негіз  болып  табылмайды.

АІЖК-ң  40,41  баптарында  аталған  мән-жайлар  болған  кезде  судья,  прокурор,  сарапшы,  аудармашы,  сот  отырысының  хатшысы,  сот  орындаушысы,  сот  приставы  өздігінен  бас  тартуды  мәлімдеуге  міндетті.  Сол  негіздер  бойынша  іске  қатысатын  адамдар  қарсылық  білдірілетінің  мәлімдеуі  мүмкін.

Өздігінен  бас  тарту  мен  қарсылық  білдіру  істі  мәні  бойынша  қарау  басталғанға  дейін  дәлелденіп,  мәлімденуге  тиіс.  Істі  қарау  барысында  өздігінен  бас  тарту  туралы  мәлімдеме  жасауға  қарсы  болу  негіздері.  Сотқа  немесе  өздігінен  бас  тартуды  мәлімдейші  адамға  істі  қарау  басталғаннан  кейін  белгілі  болған  жағдайда  ғана  беріледі.

Істі  жеке  дара,  қараушы  судьяға  мәлімделген  қарсылық  білдіруді  (өздігінен  бас  тартуды)  сол  соттың  төрағасы  немесе  сол  соттың  басқа  судьясы,  олар  болмаған  жағдайда  –  жоғары  тұрған  сот  судьясы  қарайды.

Істі  соттың  алқалы  құрамда  қарауы  кезінде  судьялардың  біреуі  өздігінен  бас  тартуды  (қарсылық  білдіруді)  мәлімдеген  жағдайда  сот  іске  қатысушы  адамдардың  пікірін  тыңданды  және  егер  ол  түсініктеме  бергісі  келсе,  қарсылық  білдірілген  судьяның  пікірін  тыңданды  және  қарсылық  білдіру  туралы  мәселені  қарсылық  білдірілген  судьяның  қатысуынсыз  шешеді.  Қарсылық  білдіруді  жақтаған  және  оған  қарсы  дауыстар  саны  тең  болған  кезде  судья  қарсылық  білдірілген  болып  есептеледі.  Бірнеше  судьяға  немесе  соттың  бүкіл  құрамына  мәлімделген  қарсылық  білдіруді  нақ  сол  сот  толық  құрамында  жай  көпшілік  дауыспен  шешеді.

Қарсылық  білдіруді  қабылдамай  тастау  немесе  қанағаттандыру  туралы  ұйғарым  шағым  беруге,  наразылық  келтіруге  жатпайды.  Ұйғарымға  келіспеушілік  туралы  дәлелдер  апелляциялық  немесе  қадағалау  шағымдарына,  наразылық  келтіруге  енгізілуі  мүмкін.

Прокурордың,  сарапшының,  маманның,  қоғамдық  үйым  мен  еңбек  ұжымы  өкілдерінің,  аудармашының,  сот  отырысы  хатшысының,  сот  орындаусының,  сот  приставының  өздігінен  бас  тартуы  (қарсылық  білдірілуі)  туралы  мәселені  істі  қаралтын  сот  шешеді.  Бұл  сұрақ  б-ша  сот  қарсылық  білдіруді  қанағаттандыру  немесе  одан  бас  тарту  туралы  ұйғарым  шығарады.[8]

Қарсылық  білдіру  туралы  мәлімдемені  қанағат  андырудың  салдары  АІЖК-ң  43-бабында  айтылған.

Аудандақ  немесе  оған  теңестірілген  сотта  істі  жекедара  қараушы  судья  қарсылық  білдірген  (өздігінен  бас  тартқан)  жағдайда  бұл  істі  сол  сотта  басқа  судья  қарайды.  Егер  іс  қаралатын  сотта  судьяны  ауыстыру  мүмкін  болмаса  жоғарғы  тұрған  сот  арқылы  іс  басқа  аудандық,  немесе  оған  теңестірілген  сотқа  беріледі.

Облыстық  және  оған  теңестірілген  сотта  ҚР-ң  жоғарғы  сотында  істі  қарау  кезінде  судья  өздігінен  бас  тартқан  не  қарсылық  білдірген  не  соттын  барлық  құрамы  қарсылық  білдірген  жағдайда,  істі  сол  соттағы  басқа  судья  немесе  басқа  құрамдағы  судьялар  қарайды.

Егер  облыстық  немесе  оған  теңестірілген  сотта  өздігінен  бас  тарту  немесе  қарсылықтар  білдіру  қанағаттандырылғаннан  кейін  не  АІЖК-ң  39-бабында  аталған  себептермен  осы  істі  қарау  үшін  соттың  жаңа  құрамын  құру  мүмкін  болмаса  облыстық  немесе  оған  теңестірілген  сот  іс  бойынша  тараптар  болса,  ол  қаралатын  сот  ұйғарымы  үшін  іс  ҚР  жоғарғы  сотына  берілуге  тиіс.

Судьяларға  қарсылық  білдіру  институты  азаматтық  істерді  дұрыс  шешудің  бір  талабы  ретінде  судьялардың  объективтілігін  қамтамасыз  етеді.  Процеске  қатысушылардың  және  сот  мәжілісі  залына  қатысушылардың  судьяның  бейтаратылығына  сенімдерін  қалыптастырады,  соттың  беделін  көтереді  Іске  қатысушы  адамдарға  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіру.  Төрағалып  етуші  іске  қатысушы  адамдарға  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін,  соның  ішінде  тараптарға  дауды  шешу  үшін  аралық  сотқа  жеріну  құқығын  және  осындай  әрекеттің  салдарларын  түсіндіреді.

Олардың  құқықтары  мен  міндеттері  ҚР  АІЖК-ң  47  бабында  көзделген.  Олар:  іс  материалдарымен  танысуға  олардан  үзінділер  жазып  алуға  және  көмірмелер  түсіндіруге  қарсылықтарын  мәлімдеуге,  дәлелдеме  табыс  етуге  және  оларды  зерттеуге  қатысуға  іске  қатысушы  басқа  адамдарға,  куәларға,  сарапшілар  мен  мамандарға  сұрақтар  қоюға,  өтініш  жасауға,  соның  ішінде  қосымша  дәлелдеме  талап  ету  туралы  өтініш  жасауға,  сотқа  ауызша  және  жазбаша  түсініктемелер  беруге,  сот  процесі  барысында  тұындайтын  барлық  міселелер  бойынша  өз  дәлелдерін  келтіруге,  іске  қатысушы  басқа  тұлғалардың  өтініштер  мен  дәлелдемелеріне  қарсылық  білдіруге,  сот  жарыссөздеріне  қатысуға,  сот  отырысының  хаттамасымен  танысуға  және  оған  жазбаша  ескертпелер  беруге,  соттың  шешімі  мен  ұйғарышына  шағымдануға  азаматтық  сот  ісін  жүргізу  туралы  заңдарда  берілген  басқа  да  іс  жүргізу  құқықтарын  пайдалануға  құқығы  бар.  Олар  өздеріне  берілген  барлық  іс  жүргізу  құқықтарын  адал  пайдалануға  тиіс.

Құқықтары  мен  міндеттері  түсіндірілгендігі  туралы  хаттамаға  жазба  енгізіледі.  Төрағалық  етуші  процессуалдық  әрекетті  жасау  және  жасамау  салдары  туралы  ескертуі  керек,  іске  қатысушы  тұлғаларға  олардың  құқықтарын  жүзеге  асыруына  кемектесуі  керек.

Іске  қатысушы  адамдар,  орындалмауы  азаматтық  сот  ісін  жүргізу  туралы  заңдарда  көзделген  салдарларды  тұғызатын  жағдайда,  өздерінің  іс  жүргізу  міндеттерін  атқарады.

Төрағалық  етуші  талапкер  талаптың  негіздемесін  немесе  нысанасын  өзгертуге,  талап  қою  талабының  мөлшерін  ұлғалтуға  не  азамтуға  не  талап  қоюдан  бас  тартуға  құқылы  екежін,  жауапкер  талаптар  қоюды  тануға  құқылы,  тараптар  істі  бітімгершілік  келісіммен  аяқтауға,  дауды  шешу  үшін  аралық  сотқа  жерінуге  құқылы  екенін  түсіндіреді.

Төрағалық  етуші  іске  қатысушы  тұлғалардың  окілдеріне  АІЖК-ң  61-бабында  көзделген  окілеттіктерін  түсіндіреді.

Төрағалық  етуші  іске  қатысушыларға  және  олардың  окілдеріне  процессуалдық  құқықтары  мен  міндеттерін  жүсіндірген  кезде  істің  нақты  мән-жайларын  ескеруі  керек.  Ол  мысалы,  егер  сотқа  берілген  оның  қарсылықтарынан  қарсы  талап  қою  мүмкіндігі  қарастырылса  қарсы  талап  қою  құқығын,  егер  бір  тарап  материалдық  шығындардың  ауыртпалығына  байланысты,  окілдің  көмегін  оқы  толеуге  кеткен  шығынды  өндіруге  құқығын  мұқият  түсіндіруі  керек.

Соттың  іске  қатысушы  адамдардың  өнімдерін  шешуі.  Төрағалық  етуші  іске  қатысушы  адамдар  мен  олардың  істі  қарауға  байланысты  сұрақтар  бойынша  қандай  да  бір  өтінімдері  мен  өтініштері  (арыздары)  тар-жоғын  анықталды.  Арыздар  мен  өтінімдер  әр  түрлі  сипатта  болуы  мүмкіні  қосымша  дәлелдемелерді  талап  ету  немесе  қою  тіркеу  туралы,  біреуді  іске  қатыстыруға  тарту  туралы,  талап  арызды  қамтамасыз  ету  туралы  әртүрлі  мән-жайларға  байланысты  дәлелдемелерді  жою  туралы  басқа  тараптың  дәлелдемелерді  жасыруы  туралы,  тараптың  стационарлы  емдеуде  немесе  ұзақ  қызметтік  іссапарда  екендігі  туралы,  істі  қарауды  кейінге  қалдыру  немесе  тоқтата  тұру  туралы.

Іске  қатысушы  тұлғалардың  бірде  бір  өтініші  мен  арызын  сот  қараусыз  қалдырмауға  міндетті  сот  іске  қатысушы  басқа  тұлғалардың,  окілдерің,  сонымен  бірге  егер  іске  прокурор  қатысса  прокурордың  пікірін  тындауы  керек.

Өтінім  негізді  болуы  керек.  Мысалы,  қосымша  дәлердемелерді  қатыстыру  туралы  өтінім  бере  отыра,  тараптар  іске  қатысы  бар  нақты  қандай  мән-жайларды  нақтылау  үшін  жаңа  дәлелдемелерді  қатыстыруды  сұрайтынын  міндетті  түрде  көрсетуі  керек.1

Өтінімдер  мен  арыздар  болған  жағдайда  сот  іске  қатысушы  адамдардың  пікірін  тыңдағаннан  кейін  оларды  қанағаттандыру  не  қанағаттандырудан  бас  тарту  туралы  үйғарым  шығарады.  Сот  үйғарымы,  әдетте,  тікелей  сот  мәжілісі  залында  шығарылады  және  сот  отырысы  хаттамасына  енгізіледі.  Берілген  өтінімдеп  бойынша  шығарылған  сот  үйғарымдары  бірден  жарияланады.

Талапкер  сотта  істі  қарау  кезінде  талап  арыздың  пәнін  не  негізін  өзгерту,  тиісті  емес  жауапкерді  ауыстыру  жур  немесе  заңды  тұлғаны  немесе  заңды  тлға  құрмай-ақ  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  тұлғаны  ретінде  қатыстыру  туралы  өтініш  берсе  сот  мынадай  өтінімдерді  қабылдаудан  мүліктік  дауды  сотқа  дейін  реттеуді  сартамау  себебімен  бас  тартуға  құқылы  емес.  Бұл  жағдайда  сол  дауды  сотқа  дейінгі  тәртіпте  шешу  мүмкіндігі  болған  жағдайда  АІЖК-ң  249-бабының  1  бөліміне  сәйкес  арызды  қараусыз  қойдыру  туралы  ұйғарым  шығару  керек.[9]

Осы  сот  мәжілісінде  істі  мәні  бойынша  қарау  мүмкінсіздігін  алып  келетін  өтінім  қанағаттандырылған  жағдайда  сот  сәйкесінше  ұйғарым  шығару  арқылы  сотта  іс  қарауды  кейінге  қалдырады  немесе  тоқтата  турады.  Осылай  сот  отырысын  аяқтайды,  бірақ  тоқтата  туруға  негіз  болған  мән-жайлар  жасалғаннан  кейін  сот  талқылауы  жалғасады  және  сотта  іс  қарау  басқа  сот  отырысында  жүзеге  асады.

Егер  өтінімдер  мен  арыздар  берілмесе  немесе  сот  оларды  қанағаттандырмаса  не  берілген  арыздар  мен  өтінімдерді  қанағаттандыру  процестің  ары  қарай  жүруіне  кедергі  келтірмесе  сот  талқылауы  жалғасады.

Іске  қатысушы  адамдар  мен  окілдердің  сот  отырысына  келмеген  жағдайда  сотта  істі  қарау  мүмкіндігі  туралы  шешу.  Бұл  сұрақты  сот  шешеді,  себебі  іске  қатысушы  тұлғаның  сот  отырысына  келмеу  себептеріне  және  басқа  мән-жайларға  байланысты  келмеуі  заңды  сәйкес  әр-түрлі  процессуалдық  салдарға  әкеп  соғады.

Азаматтық  істі  қарау  қатысушы  тұлғалар  міндетті  түрде  сот  отырысының  уақыты  мен  орны  туралы  хабарландырылған  немесе  шақырылған  адамның  сотқа  уақытыны  келуі  және  іске  далерлануы  үшін  жеткілікті  мерзімі  болуы  есептеле  отырып  жолдануға  тиіс.

Іске  қатысушы  адамдар  немесе  окілдер  келмеген  жағдайда  сот  келесі  сұрақтарды  шешеді.

  • Оларға сотқа  шақыру  қағазы  табыс  етілгендігі;
  • Сот отырысына  келмеу  себептері;
  • Іске қатысушы  тұлғалардың  біреуінен  істі  оның  қатысуынсыз  қарау  туралы  өтініш  түскендігін;
  • Сот істе  бар  материалдар  бойынша  істі  тараптардың  қатысуынсыз  олардың  өкілдерінің  және  процестің  басқа  да  қатысушыларынсыз  қарау  мүмкін  деп  тани  ма  жоқ  па.

Істе  бар  материалдар  бойынша  шешу  мүмкіндігінің  бар  жоғы  туралы  сұрақты  сот  іске  қатысушы  тұлғалардың  пікірін  тыңдағаннан  кейін  және  прокурордың  пікірін  тыңдағаннан  кейін  және  прокурордың  қорытындысынан  кейін  шешеді.[10]

Іске  қатысушы  адамдардың  біреуі  сот  отырысына  келмеген  жағдайда,  оларға  хабарланғаны  жөнінде  мәліметтер  жоқ  болса,  істі  қарау  кейінге  қалдырылады.[11]

Іске  қатысушы  адамдар  келмеу  себептері  туралы  сотқа  хабарлауға  және  бұл  себептердің  дәлелді  екендігіне  дәлелдемелерді  ұсынуға  міндетті  сот  отырысының  уақыты  мен  орны  туралы  тиісінше  хабарланған  іске  қатысушы  адамдардың  қасыбірі  келмеген  жағдайда  сот  олардың  келмеу  себептерін  келесі  процессуалдын  шешімдердің  бірін  қабылдау  үшін  шешеді:

а)  олардың  келмеу  себептерін  дәлелді  деп  тапқан  жағдайда  сот  істі  қарауды  басқа  сот  отырысына  қалдыру  туралы  ұйғарым  шығарады;

б)  іске  қатысушы  тұлғалардың  бірінің  келмеу  себептерін  дәлелсіз  деп  тапса  ол  істі  олардың  қатысуынсыз  қарауға  құқылы.

Басқа  сөзбен  айтқанда  тиісті  түрде  хабарландырылған  іске  қатысушылардың  дәлелсіз  себептермен  келмеген  әрбір  жағдайда  сот  істің  нақты  мән-жайларына  байланысты  істі  қарауды  кейінге  қалдыруды  не  істі  мәні  бойынша  қараудың  шешеді.

Жауапкер  сот  отырысына  келмеген  жағдайда  сот  істі  сырттай  жүргізу  тәртібімен  келесі  шарттар  болған  кезде  қарауға  құқылы:

  1. жауапкер отырыстың  орны  мен  уақыты  туралы  тиісті  түрде  хабарланған;
  2. жауапкер келмей  қалудың  дәлелді  себептерін  хабарламады  (мыалы,  келмеу  себептері  туралы  мәлімет  мүлде  жоқ  және  сот  оның  себептерін  дәлелсіз  деп  санайды,  не  жауапкер,  іс  бойынша  өндірісті  қасақана  созып  отыр  деген);
  3. жауапкер істі  өзі  жоқта  қарауды  сұрамаған;
  4. талап қоюшы  бұған  қарсылық  білдірмесе.

Тараптар  соттан  істі  олардың  қатысуынсыз  қарау  және  оларға  шешімнің  көшірмесін  жіберу  туралы  жазбаша  өтінуге  құқылы.  Егер  бұл  істің  мән-жайлары  бойынша  қажет  болса  сот  тараптардың  сот  отырысына  қатысуын  міндетті  деп  тани  алады.

Сот  отырысының  уақыты  мен  орны  туралы  хабарланған  іске  қатысушының  окілінің  келмеуі  істі  қарауға  кедері  бола  алмайды.

Прокурордың  өзінің  арызы  бойынша  қозғалған  іске  және  міндетті  түрде  прокурордың  қатысуы  бойынша  қаралатын  істер  бойынша  оның  дәлелсіз  себептермен  келмеуі  істі  қарауды  кейінге  қалдыруға  негіз  болып  табылады.

Сот  отырысына  куәнің,  сарапшының  маманның  аудармашының  келмеу  салдарлары.  Сот  отырысына  куә,  сарапшы,  маман  келмеген  жағдайда  сот  іске  қатысушы  адамдардың  істі  олар  жоқта  қарау  мүмкіндігі  туралы  пікірін  тыңдап,  сотта  іс  қарауды  жолғастыру  немесе  оны  кейінге  қалдыру  туралы  ұйғарым  шығарады.

Сотта  іс  қарауға  куәнің  келмеуі  салдарынан  істі  қарау  кейінгі  қалдырса,  азаматтық  істің  куә  білетін  мән-жайлар  туралы  мәліметтердің  маңыздылығы  ескеріледі.

Сарапшының  келмеуі  істі  қарауды  кейінге  қалдыруға  мысалы  келесі  жағдайларда  себеп  болады.  Сот  сарапшының  берген  қорытындысына  күмән  келтірсе  оның  жазбаша  қорытындысының  кейбір  жағдайлары  бойынша  сарапшының  түсініктемесі  керек  болса,  сарапшы  қорытындысы  мен  іс  бойынша  жиналған  басқа  да  материалдарының  арасында  қаншылық  тұса.  аудармашы  келмеген  жағдайда  сот  басқа  аудармашымен  ауыстыру  мүмкін  болмаған  жағдайда  істі  кейінге  қалдыру  жұр  ұйғарым  шығарады.

Егер  шығарылған  куә,  сарапшы  маман  немесе  аудармашы  сот  дәлелді  емес  деп  тапқан  себептер  бойынша  келмесе,  олар  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңдарға  сәйкес  әкімшілік  жазаға  тартылуы  мүмкін.  Олар  сондай-ақ  ҚР  АІЖК-ң  120  бабына  сәйкес  мәжбүрлеп  келтірілуі  де  мүмкін.  Сотта  айғақ  беруден  бас  тартқалы  немесе  жайтар  ғана  үшін  куә  ҚР  АІЖК-ң  17  бабында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда  ҚР  ҚК-ң  353  бабына  сәйкес  қылмыстық  жауаптылықта  болады.[12]

Заңға  сәйкес  ешкім  де  өзіне  жұбайына  (заибына)  және  ауқымы  заңмен  айқындалған  жақын  тұыстарына  сонымен  қатар  діни  қызметшілер  тәубаға  келіп  өздеріне  сенім  білдірілген  адамға  қарсы  куәлік  беруге  міндетті  емес.[13]

АІЖК  көзделген  жағдайларда,  сондай-ақ  егер  сот  процеске  қатысушылардың  біреуінің  келмеуі,  қарсы  талап  қою,  қосымша  дәлелдемелер  ұсыну  немесе  талап  ету,  іске  қатыстыруға  басқа  адамдарды  тарту  қажеттігі  өзге  де  әлдеқандай  іс  жүргізу  әрекеттерін  жасау  қажеттігі  салдарынан  істі  осы  сот  отырысында  қарау  мүмкін  емес  деп  тапса,  істі  қарауды  кейінге  қалдыруға  жол  беріледі.

Іс  кейінге  қалдырылған  кезде  істің  жаңа  сот  отырысында  шешілуін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  уақыт  ескеріле  отырып,  жаңа  сот  отырысының  күні  белгіленеді.  Бұл  жөнінде  келген  адамдарға  қол  қалдырылып  хабарланады  келмеген  және  процеске  қатысуға  жанадан  тартылған  адамдарға  жаңа  сот  отырысының  уақыты  мен  орны  туралы  шақыру  қағазы  (хабар)  жіберіледі.

Істі  қарау  кейінге  қалдырылған  кезде  куәлардан  жауап  алу.  Істі  қарау  кейінге  қалдырылған  кезде  куәлардан  жауап  алу  мүмкіндігі  туралы  нормалардың  өзіндік  түрлік  мақсаты  бар.  Олар  куә  ретінде  шақырылатын  азаматтардың  уақытын  үнемдеу  үшін  осы  куәлардың  келмеуі  салдарынан  істі  қамтадан  кейінге  қалдырудың  алдын  алу  үшін  керек.  Ақыр  аяғында  соттың  сәйкесінше  процессуалдық  әрекеттері  істі  дұрыс  және  уақытылы  шешуге  қол  жеткізуге  қызмет  етуі  керек.

Істі  қарау  кейінге  қалдырылған  кезде  куәлардан  жауап  алу  соттың  міндеті  емес  құқығы  болып  табылады.

Егер  сот  отырысына  тараптар  қатысып  отырыса,  онда  істі  қарау  кейінге  қалдырылған  кезде  сот  келген  куәлардан  жауап  алуға  құқылы,  жауап  алу  АІЖК-ң  196-199  баптарындағы  тәртіппен  жүргізіледі  куәларды  жаңа  сот  отырысына  екінші  рет  шақыруға  қажет  болған  жағдайларда  ғана  жол  беріледі.

Сарапшы  мен  маманға  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіру.  Төрағалық  етуші  сарапшы  мен  маманға  АІЖК-ң  92  бабында  және  99  бабының  3  және  3  бөлімдерінде  көрсетілген  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіреді.

Төрағалық  етуші  сарапшыға  көрінеу  жалған  қорытынды  бергені  үшін  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылуы  мүмкін  екендігі  туралы  ескертеді,  ол  туралы  сарапшыдан  қолхат  алынады,  қолхат  сот  отырысының  хаттамасына  қоса  тіркеледі.

Маманға  кортнеу  жалған  кеңестер  (түсіндірме)  бергені  үшін  қылмыстық  жауапкершілік  туралы  ескертілмейді.

 

2.2.  Істі  мәні  бойынша  қарау.

Дәлелдемелерді  зерттеу  тәртібі.

 

Сот  істі  осы  сот  отырысында  қарау  үшін  қажетті  жағдайлардың  бар  екендігін  анықтағаннан  кейін  оның  екінші  бөліміне  көшеді.

Істі  мәні  бойынша  қарау  сот  талқылауының  негізгі  бөлімі  болып  табылады.  Сот  талқылауының  бұл  бөлімінің  мазмұны  болып  дәлелдемелерді  зерттеу  танылады.  Істі  мәні  бойынша  қараған  кезде  сот  іс  бойынша  барлық  дәлелдемелерді  зерттейді,  тараптардың  шынайы  құқықтары  мен  өзара,  қатынасын  анықтайды,  іс  бойынша  объективті  шындықты  анықтайды.[14]

Істің  мән-жайларын  зерттеу  процесінде  әділсоттылықтың  демократизмі  толық  корініс  табады.  Мұндай  азаматтық  процестің  барлық  қағидалары  корініс  табады.

Істі  қарау  жиімдірек  және  жылдамырақ  болуы  үшін  сот  іске  маңызы  бар  фактілердің,  оларды  зерттеусіз  істі  дұрыс  шешу  мүмкін  емес  дәлелдемелердің  шегін  анықтауы  керек.[15]

Сот  талқылауының  бұл  бөлімінде  жүзеге  асырылатын  сот  отырысының  процессуалдық  әрекеттері  АІЖК-ң  192-210  баптарымен  реттелген.

Бұл  бөлімнің  негізгі  мақсаты  бірінші  кезекте  талаптық  фактілердің  бар  не  жоғын  негіздейтін  дәлелдемелерді  зерттеу  жолымен  азаматтық  істің  мән-жайларын  анықтау  болып  табылады.  Істі  мәні  бойынша  қарау  сотқа  жүргізілген  дәлелдемелерді  соттық  зерттеу  және  анықталған  заңи  фактілер  мен  істің  басқа  да  мән-жайларының  негізінде  тараптардың  құқықтары  мен  міндеттерін  анықтауға  мүмкіндік  береді.

Істі  мәні  бойынша  қараудың  тағы  бір  мақсаты  дау  субъектілерінің  құқық  туралы  диспозитивтік  өкілеттіктеріне  сәйкес  байланысты  дауласушы  субъектілердің  ерік  білдіруіне  сәйкес  процесті  аяқтау  мүмкіндігін  анықтау  болып  табылады.

Сот  талқылауының  екінші  бөлімі  әрекеттерді  жүзеге  асыру  туралы  сұрақтарды  анықтаумен  басталады.  Төрағалық  етуші  талап  қоюшының  өз  талаптарын  қолдайтын  қолдамайтының  жауапкер  талап  қоюшының  талаптарын  мойындайтын  мойындамайтының  және  тараптардың  істі  бітімгершілік  келісіммен  аяқтайтын  қаламаштыны  туралы  мәселелерді  анықтауы  керек.

Кәмелеттік  жасқа  толмаған  балаларға  алимент  өндіру  істері  бойынша  бітілегершілік  келісімге  келуге  жол  беріледі,  бірақ  ол  алимент  толеу  міндеті  мен  оны  төлеу  тәртібіне  ғана  қатысты  болуы  мүмкін,  бірақ  алимент  көлеміне  емес,  өйткені  ол  заңмен  анықталып  бекітілген  болып  табылады.[16]

Талап  қоюшының  талап  қоюдан  бас  тартуы  туралы  арызы,  жауапкердің  талап  қоюды  мойындауы  немесе  тараптардың  бітімгершілік  келісімның  шарттары  сот  отырысының  хаттамасына  енгізіледі  және  оларға  тиісінше  талап  қоюшы,  жауапкер  немесе  екі  тарап  қол  қояды.  Мойындауы  немесе  тараптардың  бітімгершілік  келісімі  сотқа  жолданған  жазбаша  арыздара  жазылса,  олар  іске  қоса  тіркеледі,  бұл  туралы  сот  отырысының  хаттамасында  көрсетіледі.

Талап  қоюдан  бас  тарту  қабылданғанға  не  талап  қою  мойындалғанға  немесе  тараптардың  бітілегершілік  келісімі  бекітілгенге  дейін  сот  талап  қоюшыға,  жауапкерге  немесе  тараптарға  тиісті  іс  жүргізу  әрекеттерінің  салдарын  түсіндіреді.

Талап  қоюдан  бас  тартуды  қабылдау  немесе  тараптардың  бітімгершілік  келісімін  бекіту  туралы  сот  ұйғарым  шығарады.  Сол  арқылы  осымен  бір  мезгілде  іс  бойынша  іс  жүргізу  тоқтатылады.

Ұйғарымда  тараптардың  сот  бекітетін  бітілегершілік  келісімінің  шарттары  көрсетілуі  тиіс.  Осымен  сот  талқылауы  аяқталады,  сот  дәлелдемелерді  зерттелейді  және  істің  фактілі  мән-жайлары  анықтамайды.  Іс  бойынша  өндірісті  тоқтату  туралы  ұйғарым  шығару  арқылы  іс  жүргізуді  тоқтату  осыған  тең  талаптар  бойынша  сотқа  жүгінуге  кедергі  болады.  Заң  бұл  жағдайда  сол  тараптар  арасындағы,  сол  мәселе  туралы  дау  бойынша  және  сол  негіздер  бойынша  екінші  рет  сотқа  жүгінуге  жол  берілмейтіндігін  білдіреді.

Жауапкер  талап  қоюды  мойындағанда  және  оны  қабылдаған  кезде  сот  мәлімденген  талаптарды  қанағаттандыру  туралы  шешім  шығарады.  Бұл  жағдайда  сот  шешімінде  жауапкердің  талапты  мойындағандығы  және  оны  соттың  қабылдағандығы  ғана  көрсетілуі  мүмкін,  яғни  сот  істің  мән-жайын  анықтамай-ақ  талапкердің  пайдасына  шешім  шығарады.

Жоғарыда  аталған  негіздер  бойынша  азаматтық  істі  аяқтау,  істің  барысы  туралы  материалдық  құқықтық  мүддай  тұлғалардың  еркін  ерік  білдірулерімен  сәйкес  аяқталады.

Соттар  бітілегершілік  келісімді  бекіткен  кезде  бітілегершілік  келісімнің  шарттарын  олар  заңға  сәйкес  болуы  үшін  және  басқа  адамдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  бұзбауы  үшін  тексеруі  сонымен  қатар  бітімгершілік  келісімді  орындау  процесінде  жаңа  даулардың  туу  мүмкіндігін  жоққа  шығаратындай  нақты  және  анық  нысанда  бітімгершілік  келісімін  рәсімдеуді  қамтамасыз  етуі  керек.

Сот  талап  қоюының  талап  қоюдан  бас  тартуын  талап  қоюды  мойындауын  қабылдамаған  немесе  бітімгершілік  келісімін  бекітпеген  жағдайда  сот  бұл  туралы  ұйғарым  шығарады  және  істі  мәні  бойынша  қарауды  жалғастырады.  Егер  бұл  іс  әрекеттер  заңға  қайлы  келсе  немесе  басқа  біреулердің  құқықтарын  бастандықтарын  және  заңмен  қорғалатын  мүдделерін  бұзатын  болса,  сот  талап  қоюшының  талап  қоюдан  бас  тартуын  жауапкердің  талап  қоюды  тануын  қабылдамайды  және  тараптардың  бітімгершілік  келісімін  бекітленді.  Сот  талқылауы  сонымен  қатар  талап  қоюшы  талаптардың  қолдаған  жауапкер  талап  арызды  мойындамаған,  тараптар  бітімгершілік  келісімге  келмеген  жағдайда  да  жалғасады.

Істі  мәні  бойынша  қарау  жалғасқан  жағдайда  сот  іске  қатысушы  тұлғалардың  түсініктемелерін  тыңдауға  көшеді.  Тараптардың  және  үшінші  тұлғалардың  түсініктемелері  азаматтық  іс  бойынша  дәлелдемелердің  бір  түрі  болып  табылады.  Олардың  түсініктемелері  іс  бойынша  жиналған  басқа  да  дәлелдемелермен  қатар  тексеріледі  және  бағаланады.

Сот  тараптардың  үшінші  тұлғалардың  және  іске  қатысушы  басқа  да  тұлғалардың  түсініктемелерін  тыңдай  отырып,  іске  маңызы  бар  мән-жайлар  шеңберін  сонымен  қатар  осы  мән-жайлардың  бар  не  жоқ  екендігін  анықтауға  қажетті  дәлелдемелердің  шеңберін  анықтайды  және  нақтылайды.

АІЖК-ң  194-бабының  1  бөлімінде  соттың  іске  қатысушы  адамдардың  түсініктемелерін  тыңдау  кезектілігі  көрсетілген.  Бұл  тәртіп  үшін  міндетті  болып  табылады.  Сот  ең  алдымен  талап  қоюшының  одан  кейін  оның  тарапынан  қатысатын  үшінші  тұлғаның  түсініктемелерін  тыңдайды.

Осылардан  кейін  жауапкердің  және  оның  тарапынан  қатысатын  үшінші  тұлғалардың  түсініктемелері  тыңдалады.

Процесстің  аталған  қатысушыларынан  кейін  түсініктеме  үшін  сөз  дау  пәніне  дербес  талап  қоюшы  үшінші  тұлғаларға  беріледі.

Прокурор,  мемлекеттік  органдардың  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдардың,  ұйымдардың  өкілдері,  сотқа  басқа  адамдардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға  жүгінген  адамдар  бірінші  болып  түсініктемелер  береді.

Тараптар,  үшінші  тұлғалар  және  іске  қатысушы  басқа  да  адамдар  түсініктемебере  отырып,  өздерінің  талаптарын  және  қарсылықтарын  нақтылайды  және  толықтырады.  Аталған  адамдардың  түсініктемелері  жазбаша  және  ауызша  болуы  мүмкін.

Тарап  түсініктеме  бере  отырып  екінші  тараптың  талабын  және  қарсылығын  негіздейтін  фактілерді  мойындауы  мүмкін.  Тараптың  фактілерді  мойындауы  екінші  тараптың  осы  фактілерді  одан  әрі  дәлелдеу  қажеттілігінен  босатылады.  Талап  мойындаған  факті  сот  отырысының  хаттамасына  енгізіледі  және  оған  фактіні  мойындаған  тарап  қол  қояды.  Егер  фактіні  тану  жазбаша  өтініші  баяндалған  болса,  ол  іске  қосып  тіркеледі.

Фактіні  тануды  талапты  танудан  ажырату  керек.  Біріншіден,  тараптың  фактілерді  тануы  азаматтық  іс  бойынша  дәлелдеме  ретінде  қаралады,  талапты  тану  –  бұл  АІЖК-ң  49  б.  2  бөлімінің  талаптарының  сақтай  отырып  шешімді.  Талапкер  пайдасына  шығара  отырып,  істі  сотта  қарауды  аяқтауға  әкелетін  жауапкердің  басқарушылық  әрекеті.

Екіншіден  фактіні  тану  тараптың  талап  арыз  талаптарын  мойындағандығын  білдірмейді,  тарап  талап  арызға  қарсылық  білдіруі  мүмкін.  Мысалы  деген  азамат  жалдау  шартының  жасалғандығын  мойындай  отырып,  бір  мезгілде  қарыз  самасы  қайтарылды  деп  айтуы  мүмкін  (қайтару  мезгілін  және  мән-жайын  көрсете  отырып)  және  сәйкесінше  дәлелдемелер  ұсынуы  мүмкін.

Егер  фактілерді  тану  шындығында  болған  мән-жайды  жасыру  мақсатымен  не  алдаудың,  күш  қолданудың,  қорқытудың  немесе  таңылудың  әсерінен  жасалғандығына  соттың  күдігі  болса,  ол  тануды  қабылдамай,  ол  туралы  ұйғарым  шығарады.  Мұндай  жағдайда  осы  фактілер  жалпы  негізде  дәлелденуге  тиіс.

Іске  қатысушы  адамдар  бір-біріне  сұрақтар  қоюға  құқылы.  Сұрақтар  іске  қатысушы  әрбір  адамның  түсініктемелерін  тыңдағаннан  кейін  қойылады.  Сұрақтарды  қою  тәртібін  және  олардың  мазмұнын  төрағалық  етуші  қадағалап  отырады.  Сот  қаралып  отырған  талап  шегінен  шығатын  сұрақтарды  не  жетекші  сипаттағы  сұрақтарды  қабылдамай  тастауға  міндетті.  Төрағалық  етушінің  алып  тастаған  мұндай  сұрақтары  егер  оны  қойған  тұлғадан  өтініш  түссе  сот  отырысының  хаттамасына  енгізіледі.

Іске  қатысушы  адамдардың  жазбаша  түсініктемелерін,  сондай  ақ  АІЖК  -ң  73  бабы  және  76  бабында  көзделген  тәртіппен  алған  түсіндірмелерін  төрағалық  етуші  жария  етеді.

Егер  іске  қатысатын  адамдар  немесе  тапсырманы  орындаушы  сотқа  түсініктеме  немесе  айғақ  беруші  куәлар  істі  қарайтын  сотқа  келсе,  олар  жалпы  тәртіпте  түсініктеме  береді.  Түсініктемелері  дәлелдемелерді  қамтамасыз  ету  тәртібінде  анықталған  іске  қатысты  адамдар  келген  жағдайда  да  бұл  сұрақ  осылай  шешімді.

Іске  қатысушылардың  түсініктемелерін  тыңдағаннан  кейін  сот  істің  мән-жайын,  дәлелдемелерді  зерттеуге  көшеді.  Істе  бар  басқа  да  дәлелдемелерді  зерттеу  тәртібі  (куәлардың  жауабы,  жазбаша  және  заттай  дәлелдемелер,  сарапшының  қорытындысы)  сонымен  қатар  істің  басқа  да  мән-жайлары  іске  қатысушы  адамдардың  осы  сұрақ  бойынша  пікірлерін  ескере  отырып  сот  анықтайды.

Дәлелдемелерді  зерттеу  кезектілігі  қаралып  отырған  азаматтық  істің  нақты  мән-жайларына  байланысты  анықталады.  Қандай  кезектілік  бекітілсе  де,  сот  іс  бойынша  жиналған  дәлелдемелерді  және  басқа  мән-жайлардың  барлығын  зерттеуге  міндетті.

Тәжірбиеде  дәлелдемелерді  зерттеу  кобінесе  куәлерден  жауап  алумен  басталады.  Куәлардан  жауап  алу  ережелері  мен  тәртібі  сонымен  қатар  куәлардың  айғақтарын  жариялау  АІЖК-ң  196-200  баптары  мен  реттелген.  Төрағалық  етуші  куәдан  жауап  алғанға  дейін  куәнің  кім  екенін  анықтайды,  оның  міндеттері  мен  құқықтарын  түсіндіреді.  Және  оған  жауап  беруден  бас  тартқаны  үшін  және  көрінеу  жалған  жауап  бергені  үшін  қылмыстық  жауапкершілік  жөнінде  ескертіледі.  Сондай-ақ  куәға  өзіне  өзі,  жұбайына  (заиыбына),  және  жақын  тұыстарына  қарсы  айғақ  беруден,  ал  діни  қызметшілерге  өздеріне  тәубаға  келу  кезінде  сенім  білдірілгендерге  қарсы  айғақ  беруден  бас  тартуға  құқығы  барын  түсіндіреді.  Куәдан  оның  міндеттері  жауапкершілігі  түсіндірілгендігі  туралы  қолхат  алынады.  Қолхат  хаттамаға  тіркеледі.

Заң  куәларға  бірнеше  құқықтар  берген  және  нақты  бір  міндеттер  жүктеген.  Сот  өндірісі  жүргізілгені  нақтан  тілді  білмейтін  куәлар  өзінің  ана  тілінде  айғақ  беруге  құқылы.  Мұндай  жағдайда  сот  аудармашы  шақыруға  міндетті.  Куәнің  екінші  рет  жауап  беруге  құқығы  сонымен  қатар  сотқа  келумен  байланысты  шығындарды  өтеттіруіне  құқығы  бар.  Куәлар  соттың  шақыруы  бойынша  сот  отырысына  келуге  және  шынайы  жауап  беруге  міндетті,  жауап  бергеннен  кейін  сот  мәжілісі  залында  істі  қарау  аяқталғанға  дейін  қалуға  міндетті.[17]

Он  алты  жасқа  толмаған  куәға  судья  оған  іс  бойынша  мәлім  нәрсенің  бәрін  шынайы  алтын  беру  міндетін  түсіндіреді,  бірақ  оған  жауап  беруден  бас  тартқаны  үшін  және  көрінеу  жалған  жауап  бергені  үшін  қылмыстық  жауапкершілік  жөнінде  ескертілмейді.

Тек  беттестіру  болған  кезді  қоспағанда,  әрбір  куәдан  жауап  жеке-жеке  алынады.  Әлі  айғақ  бермеген  куәлар  істі  қарау  кезінде  сот  отырысы  залында  бола  алмайды.

Егер  сот  оған  ертерек  кетуге  руксат  бермесе,  жауап  алынған  куә  істі  қарау  аяқталғанға  дейін  сот  отырысы  залында  қалады.

Он  алты  жасқа  толмаған  куә  сот  бұл  куәні  сот  отырысы  залында  болуы  қажет  деп  таныған  жағдайларды  қоспағанда,  куә  одан  жауап  алу  аяқталған  соң  сот  отырысы  залынан  шығарылады.

Жауап  алғанға  дейін  торағалық  етуші  куәнің  іске  қатысушы  адамдарға  қатысын  анықтайды  жәні  іс  бойынша  оған  өзіне  мәлім  нәрсенің  бәрін  сотқа  хабарлауды  ұсынады.  Куә  істің  мән-жайы  туралы  мәліметтерді  еркін  айтып  береді.  Бұдан  кейін  куәға  сұрақтар  койылуы  мүмкін.  Бірінші  болып  арызы  бойынша  куә  мен  оның  өкіл  шақырылған  адам,  содан  соң  іске  қатысушы  басқа  адамдар  мен  өкілдер  сұрақ  қояды.  Судья  куәдан  жауап  алудың  кез-келген  сәтінде  оған  сұрақ  қоюға  құқылы.

Гуреев  айтып  кеткендей,  әдетте,  сот  талапкердің  арызы  бойынша  шақырылған  куәлардан,  одан  кейін  жауапкердің  арызы  бойынша  шақырылған  куәдан  жауап  алады.

Кейде  істің  мән-жайы  бойынша  жауап  алуды  жауапкердің  арызы  бойынша  шақырылған  куәлардан  жауап  алудан  бастаған  дұрыс.

Істе  бірнеше  талап  арыздық  талаптар  болса  куәдан  жауап  алу  кезектілігі  соттың  талаптарды  қарау  кезектілігіне  сәйкес  бекітілуі  мүмкін.

Қажет  болған  жағдайда  сот  осы  немесе  келесі  отырыста  куәдан  екінші  рет  жауап  алу  алады,  сондай-ақ  олардың  айғақтарындағы  қайшылықтарды  айқындау  үшін  куәлар  арасында  беттестірулер  жүргізеді.

Жауап  әлдеқандай  цифрлармен  немесе  есте  сактау  қиын  басқа  да  деректермен  байланысты  болған  жағдайда  куәдан  жауап  беру  кезінде  жазбаша  материалдарды  пайдалана  алады.  Бұл  материалдар  сотқа  және  іске  қатысушы  адамдарға  көрсетіледі  және  соттың  ұйғарымы  бойынша  іске  қоса  тіркелеуі  мүмкін.

Заң  кәмелетке  толмаған  куәдан  жауап  алудың  ерекше  тәртібін  көздейді.  Он  төрт  жасқа  толмаған  куәдан  жауап  алу,  ал  соттың  қалауы  бойынша  он  төрт  жас  пен  он  алты  жас  аралығындағы  куәлардан  жауап  алу  сотқа  шақырылатын  педагогтың  қатысуымен  жасалады.  Қажет  болған  жағдайда  кәмелетке  толмаған  куәдасың  заңды  өкілдері  де  шақырылады.  аТалған  адамдар  төрағалық  етушінің  руксатымен  куәға  сұрақтар  қоя  алады,  сондай-ақ  куәдан  жеке  басына  және  оның  берген  айғақтарының  мазмұнына  қатысты  өз  пікірін  айта  алады.

Істің  мән-жайын  анықтау  үшін  қажет  болатын  ерекше  жағдайларда  кәмелетке  толмаған  куәдан  жауап  алынған  уақытта  сот  ұйғарымы  бойынша  сот  отырысы  залынан  іске  қатысты  қандай  да  бір  адам  шығарылуы  мүмкін.  Бұл  адам  сот  отырысы  залына  қайта  келгенде  оған  кәмелетке  толмаған  куәнің  айғақтарының  мазмұны  хабарланып,  куәға  сұрақтар  қою  мүмкіндігі  берілуге  тиіс.

Куәлардан  істі  қарау  басталғанға  дейін  сот  тапсырмасын  орындау  не  дәлелдемелерді  камтамасыз  ету,  сонымен  қатар  істі  қарауды  кейінге  қалдырған  жағдайда  жауап  алынуы  мүмкін.  Осы  аталған  жағдайлардың  бәрінде  куәнің  айғақтары  сот  отырысында  жарияланатын  хаттамаға  енгізіледі,  осыдан  соң  іске  қатысушы  адамдар  осы  айғақтарға  өз  көз-қарастарын  білдеруге  және  олар  бойынша  түсініктемелер  беруге  құқылы.

Куәнің  айғақтарын  бағалай  отырып,  сот  куәнің  өзі  айтып  жатқан  фактілерге  субъективтік  қатынасы  жағынан  олардың  шынайы  не  жалған  екенін  анықтауы  керек.  Куәнің  жалған  жауабы  оның  іске  мүдделігімен,  тараптардың  бір-бірімен  жағымсыз  не  достық  қатынасты  болуының,  куәнің  тарапқа  тәуелділігінің  т.б.  нәтижесі  болуы  мүмкін.

Сот  куәнің  айғақтары  шынайы  екендігін  анықтағаннан  кейін  олардың  шындығында  орын  алған  фактілерге  сәйкес  екендігін  тексереді.  Мұндай  тексеру  міндетті  болып  табылады,  өйткені  куә  шынайы  қателесуі  мүмкін  және  оның  субъективтік  шынайы  айғақтары  дұрыс  емес  болып,  фактілерді  дұрыс  емес  айқындауы  мүмкін.

Құжаттарды  зерттеу  оларды  жариялау  жолымен  жүзеге  асырады.  АІЖК-ң  бір  кемшілігі  онда  әртүрлі  терминдер  мен  формулировкаларға  жол  берілуі:  «жазбаша  дәлелдемелерң  (81-85  баптар,  334  баптың  2  бөлімі,  338  баптың  1  бөлімінің  1  тармақшасы),  «іс  жүргізу  әрекеттерінің  хаттамалары  және  өзге  де  құжаттарң  (64  баптың  2  бөлімі),  «құжаттарң  (177  баптың  1  бөлімі,  182  баптың  1  бөлімі,  201  бап,  204  бап).  Қалыптасқан  азаматтың  іс  жүргізу  заңында  және  сот  практикасында  біз  жазбаша  дәлелдемелер  деген  терминді  қолдану,  ол  сонымен  қатар  азаматтық  іс  бойынша  дәлелдемелердің  осы  түрінінің  мәніне  сәйкес  келеді.

Жазбаша  дәлелдемелер  дегеніміз  әртүрлі  белгілердің  көмемен  істі  шешу  үшін  маңызы  бар  фактілер  туралы  мәліметтер  бекітілген  әртүрлі  заттар.  Жазбаша  дәлелдемелер  фактілерді  өзінің  мағыналық  мазмұнымен  осы  жағынан  олар  іс  үшін  маңызы  бар  фактілерді  өздерінің  қасиетінен  анықтайтын  заттай  дәлелдемелерден  ерекшеленеді.

Іс  бойынша  жазбаша  дәлелдеме  болып  табылатын  құжаттар  сот  отырысында  толығымен  не  іске  қатысты  болігінде  жарияланады.

Жазбаша  дәлелдемелер  және  АІЖК-ң  73-76  баптарында  және  170  баптың  9  бөлімінде  көрсетілген  тәртіппен  толтырылған  оларды  қараудың  хаттамалары  сот  отырысында  жарияланады.  Іске  қатысушы  тұлғалардың  жазбаша  дәлелдемелердің  мазмұнымен  танысуы  жазбаша  дәлелдемелерді  зерттеуге  кірісу  ретінде  қарастырылады.  Жазбаша  дәлелдемелерді  олардың  мазмұнын  бұрмаламау  үшін  төрағалық  етуші  оқуы  керек.

Жазбаша  құжаттарды  сот  тараптар  және  процестің  басқа  да  қатысушылары  зерттейді.  Сот  әрбір  жазбаша  дәлелдемелер  бойынша  тараптардың  түсініктемелерін  тыңдайды.  Соттың  отырысының  хаттамашасында  сәйкесінше  жазба  болуы  керек.

Төрағалық  етуші  жария  еткеннен  кейін  жазбаша  дәлелдемелерді  іске  қатысушы  адамдарға,  өкілдерге,  қажет  болған  жағдайларда  сарапшыларға,  мамандарға  және  куәларға  көрсетеді.  Ұсынылған  жазбаша  дәлелдемелерді  зерттегеннен  кейін  іске  қатысушы  адамдар  және  олардың  өкілдері  сот  дәлелдемелердің  мазмұны  және  нысаны  туралы  түсініктеме  берулері  мүмкін.

Бір  тарап  екінші  тарап  ұсынған  құжаттың  жалғандығы  туралы  оған  жеткілікті  негіздер  болған  жағдайда  хабарлауы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  құжатты  ұсынған  тұлға  оны  қолданудан  бас  тартып,  істі  басқа  дәлелдемелердің  негізінде  қарауды  өтінуі  мүмкін.  Егер  күдікті  құжат  істе  дәлелдеме  ретінде  қалатын  болса,  оның  жалғандығы  туралы  хабарлаған  тарап  сот  белгілеген  мерзімде  құжаттың  жалғандығы  туралы  дәлелдемелер  ұсынуға  міндетті.

Сот  тараптардың  іске  ұсынылған  құжаттарының  жалғандығы  туралы  арызды  тексереді.[18]

Азаматардың  жеке  хат  алысулары  және  жеке  телеграфтық  хабар  беру  құпиясын  қорғау  мақсатында  хат  алысу  мен  телеграфтық  хабарлар  ашық  сот  отырысында  тек  хат  алысқан  немесе  телеграф  хабарларын  алысқан  адамдардың  келісімімен  ғана  жария  етілді  және  зерттелуі  мүмкін.  Бұл  адамдар  келісім  бермесе,  олардың  жеке  хат  алысулары  мен  жеке  телеграфтық  хабарлары  жабық  сот  отырысында  жария  етіледі  және  зерттелуі.  Осыдан  соң  іске  қатысушы  адамдар  түсініктемелер  бере  алады.

Жеке  сипаттағы  дыбыс  жазбаларын  жария  ету,  бейне  жазбаларды,  киноматериалдарды  көрсету  кезінде,  сондай-ақ  оларды  зерттеу  кезінде  жеке  құжаттардың  құпиясын  сақтау  туралы  ережелер  қолданылады.  Дыбыс  жазбаны  жария  ету,  бейнежазбаны,  киноматериалдарды  көрсету  сот  отырысы  далында  не  осы  мақсат  үшін  арнайы  жабдықталған  үй  жайда  жүргізіледі.  Сот  хаттамасында  материалдардың  ерекше  белгілері  және  жария  ету  уақыты  көрсетіледі.  Осыдан  кейін  сот  іс  қатысушы  адамдардың  түсініктемелерін  тыңдайды.

Сотқа  ұсынуы  қиын  немесе  жеткізуге  болмайтын  құжаттар  олар  орналасқан  жерде  қаралады  және  зерттеледі.  Орналасқан  жерде  қарау  туралы  сот  ұйғарым  шығарады.

Қарау  уақыты  мен  орны  туралы  іске  қатысушы  адамдарға,  олардың  өкілдеріне  хабарланады,  аланда  айсердың  келмеуі  қарауды  жүргізуге  кедергі  келтірмейді  қажет  болған  жағдайда  сарапшылар,  мамандар  және  куәлар  шақырылады.  Қарау  нәтижесі  сот  отырысының  хаттамасына  енгізіледі.  Хаттамаға  қарау  кезінде  жасалған  немесе  тексерілген  жоспарлар,  тәсімдер,  сызбалар  есептеулер,  құжаттардың  көшірмелері,  сондай-ақ  қарау  кезінде  жасаған  құжаттардың  фотосуреттері  бейнежазбалары  мен  киноматериалдары  қоса  тіркеледі.

Заттай  дәлелдемелерді  зерттеудің  оларды  жазбаша  дәлелдемелерден  ажырататын  ерекшеліктері  бар.  Заттай  дәлелдемелерді  сот  қарайды  және  олар  іске  қатысушы  адамдарға,  өкілдерге,  ал  қажет  болған  жағдайда  сарапшыға,  маманға  және  куәларға  көрсетіледі.  Заттай  дәлелдемелер  көрсетілген  адамдар  қарап  шығуға  байланысты  қандай  да  бір  мән-жайларға  сот  назарын  аудара  алады,.  Бұл  арыздар  сот  отырысының  хаттамасына  енгізіледі.

Заттай  дәлелдемелер  іс  үшін  маңызы  бар  фактілерді  өздерінің  қасиеттерімен,  белгілерімен,  орналасқан  жерімен  куәландырады.

Дәлелдемелердің  бұл  түрі  келтірілген  зиянның  орнын  толтыру  туралы  талап  арыз  бойынша  істер,  мүлікті  тізімнен  шығару  туралы  талап  арыз  бойынша  істерді  дұрыс  шешу  үшін  үлкен  маңызға.

Іс  үшін  айтарлықтай  маңызы  бар  заттай  дәлелдемелер  сот  отырысына  әкелінуі  керек  және  сот  пен  іске  қатысушы  адамдар  зерттеуі  керек.  Бұл  ережені  сақтамау  іс  бойынша  шешімінің  күшін  жоюға  негіз  болуы  мүмкін.

Сотқа  ұсынышуы  қиын  немесе  әр  түрлі  мән-жайларға  (аса  ірі  көлемі  немесе  салмағы,  оны  тасымалдау  кезінде  кұнды  заттардың  сақталуын  қамтамасыз  ету  қиын  болған  кезде)  байланысты  сотқа  жеткізілуі  мүмкін  емес  заттай  дәлелдемелер  жазбаша  дәлелдемелер  қаралатын  тәртіппен  олар  орналасқан  жерде  қаралады  және  зерттеледі.  Қарау  нәтижесі  сот  отырысының  хаттамасына  енгізіледі.

Тәжірбиеде  орында  қарауды  судьяның  өзі  ғана  емес  соттың  толық  құрамымен  тараптың  қатысушымен,  олардың  өкілдерінің,  ал  қажетті  жағдайда  сарапшылар,  куәларды  шақырумен  жүргізіледі.

Заттай  дәлелдемелерді  қарау  сот  тапсырмасын  орындау  тәртібінде  не  дәлелдемелерді  қамтамасыз  ету  істі  сот  талқылауына  далындау  сонымен  қатар  АІЖК-ң  88  бабында  көрсетілген  тәртіпте  (тез  бүлінетін  заттай  дәлелдемелерді  қарау)  жүзеге  асады.  Оның  нәтижесі  туралы  хаттама  толтырылады.  Бұл  хаттама  сот  отырысында  жарияланады.  Бұдан  кейін  іске  қатысушы  адамдар  түсініктеме  беруі  мүмкін.

Сараптама  қорытындысын  зерттеу.  Дәлелдемелердің  бір  құрамы  болып  сарапшы  қорытындысы  табылады.  Істі  қарау  кезінде  арнайы  білімді  қажет  ететін  сұрақтарды  түсіндіру  үшін  сот  сараптама  тағайындайда.  Сараптама  тағайындау  тәртібі  және  сараптаманың  қорытындысын  сот  отырысында  зерттеу  АІЖК-ң  91-98  баптарында  көрсетілген.

Тараптардың  құқықтары  және  заңды  мүдделерін  қорғау  мақсатында  соттар,  әдетте,  ғылымда,  техникада,  әдебиетте  және  өнерде  арнайы  білімді  талап  ететін  сұрақтарды  шешу  үшін  сараптама  тағайындайды.

Азаматтық  істер  бойынша  сот  талқылауында  сараптаманың  медициналық,  техникалық,  тауатанулық,  бухгалтерлік  деген  түрлері  көп  кездеседі.

Егер  іс  бойынша  сараптама  тағайындалған  болса  сараптама  қорытындысы  сот  отырысында  жария  етіледі.  Сарапшы  сот  отырысына  қатысады  және  қорытындыны  түсіндіру  немесе  оны  толықтыру  мақсатында  оған  сұрақтар  қойылуы  мүмкін.

Арызы  бойынша  сараптама  тағайындалған  адам  және  оның  өкілі  болып,  ал  слдан  соң  іске  қатысушы  басқа  адамдар  мен  өкілдер  сұрақтар  қояды.  Сот  тағайындаған  сараптама  жүргізу  тапсырылған  сарапшыға  бірінші  болып  талап  қоюшы  мен  оның  өкілі  сұрақ  қояды.  Судья  сарапшыға  одан  жауап  алудың  кез-келген  сәтінде  сұрақтар  қоюға  құқылы.

АІЖК-ң  98  бабында  көрсетілген  жағдайда  сот  қосымша  немесе  қайталаша  сараптама  тағайындауы  мүмкін.  Қосымша  сараптама  қорытынды  жеткілікті  түрде  айқын  немесе  толық  болмаған  жағдайда,  сонымен  қатар  бұрын  зерттелген  мән-жайларға  қатысты  жаңа  мәселелер  тұындаған  кезде  тағайындалады.  Қосымша  сараптама  жүргізу  сол  сарапшының  өзіне  немесе  басқа  сарапшыға  тапсырылуы  мүмкін.

Қайталама  сараптама  сарапшының  алдынғы  қорытындысы  жеткілікті  түрде  негізделмеген  не  оның  дұрыстығы  күмән  тудырған,  не  сараптама  жүргізудің  іс  жүргізу  нормалары  елеуі  бұзылған  кезде  дәл  сол  объектілерді  зерттеу  және  дәл  сол  мәселелерді  шешу  үшін  тағайындалады.

Қайталама  сараптама  тағайындау  туралы  ұйғарымда  алдынғы  сараптаманың  нәтижелеріне  келіспеудің  дәлелдері  келтірілуі  тиіс.  Қайталама  сараптама  жүргізу  сарапшылар  комиссиясына  тапсырылады.  Алдыңғы  сараптама  жүргізетін  сарапшылар  қосымша  сараптама  жүргізген  кезде  қатысып,  комиссияға  түсініктемелер  бере  алады,  алайда  олар  сараптамалық  зерттеуге  және  қорытынды  жасауға  қатыспайды.

Қосымша  және  қайталама  сараптама  жүргізілу  тапсырылған  жағдайда  сарапшыға  (сарапшыларға)  алдыңғы  сараптамалардың  қорытындылары  табыс  етілуге  тиіс.

Қосымша  және  хайталама  сараптама  тағайындалған  кезде  сот  іс  жүргізуді  тоқтата  туруға  құқылы.  Бұл  жағдайда  іс  бойынша  өндіріс  сотқа  сараптаманың  қорытындысы  ұсынылғаннан  кейін  қамта  жанғыртылады  және  істі  қарау  басқа  сот  отырысында  жалғасады.

Сарапшы  қорытындысы  іс  бойынша  дәлелдеме  болып  табылады,  тек  егер  де  ол  сот  отырысында  қаралып  бірінші  инстанция  сотында  бағаланса.

Сарапшы  қорытындысы  сот  үшін  міндетті  емес,  бірақ  соттың  сарапшының  қорытындысымен  келіспеуі  шешімде  немесе  ерекше  ұйғарымда  негізделуі  керек.  Сот  қорытындының  негізсіздігі,  сарапшының  біліктілігінің  жеткіліксіздігі  және  сарапшыда  бар  материалдардың  толық  еместігі  себебінен  сарапшының  қорытындысын  қабылдамауы  мүмкін.

Істің  мән-жайын  анықтауға  комек  көрсету  мақсатында  сот  АІЖК-ң  207  бабында  көрсетілген  тәртіпте  косультация  (түсіндірме)  беру  үшін  маманды  қатыстыруға  құқылы.  Сот  арнайы  білімді  қолдануды  қажет  ететін  процессуалдық  әрекеттерге  қатысу  үшін  (мысалы,  жазбаша  және  заттай  дәлелдемелерді  қарау  кезінде)  сонымен  қатар  ғылымы  техникалық  құрамдарды  қолдану  кезінде  кәсіби  көмек  көрсету  үшін  маманды  шақырады.  Әрекет  етіп  отырған  іс  жүргізу  заңы  консультацияны  (түсіндірме)  азаматтық  іс  бойынша  дәлелдеме  ретінде  қарастырмайды.  Бұл  АІЖК-ң  64  бабынан  шығады.

Маман  консультациясын  немесе  түсіндірмені  жазбаша  түрде  беруі  мүмкін.  Ол  сот  отырысында  жария  етіледі.  Маманның  ауызша  қорытындысы  сот  отырысының  хайтамасына  енгізіледі.

Консультацияны  түсіндіру  және  толықтыру  мақсатында  маманға  сұрақтар  қойылуы  мүмкін.  Арызы  бойынша  маманды  тартқан  адам  және  оның  өкілі  бірінші  болып,  ал  содан  соң  іске  қатысушы  басқа  адамдар  және  өкілдер  сұрақтар  қояды.  Сот  шақырған  маманға  бірінші  болып  талап  қоюшы  және  оның  өкілдері  сұрақтар  қояды.  Сот  маманға  кез-келген  сәтте  сұрақ  қоюға  құқылы.

Істі  қараған  кезде  және  дәлелдемелерді  (жазбаша,  заттай,  куәнің  айғақтары,  сарапшының  қорытындысы)  зерттеген  кезде  процеске  қатысушылар  дәлелдеменің  жалғандағын  мәлімдеуі  мүмкін.  Істегі  дәлелдемелердің  жалған  екені  мәлімделген  жағдайда  осы  дәлелдемелер  қатарынан  алып  тастар,  істі  өзге  дәлелдемелер  дің  негізінде  шешуді  өтіне  алады.  Мұндай  өтініш  талқылауға  жатады,  іске  қатысушы  адамнің  әрбіреуінің  пікірі  тыңдалады.  Талқылау  және  дәлелдемені  басқа  дәлелдемелермен  салыстыру  нәтижесінде  сот  сәйкесінше  ұйғарым  шығарады.  (тұлғаның  өтінішін  қанағаттандыру  не  қанағаттандырудан  бас  тарту  туралы).

Дәлелдемелердің  жалғандығы  туралы  мәлімдеуді  тексеру  үшін  сот  сараптама  тағайындайалады,  сондай-ақ  тараптарға  өзге  дәлелдемелер  беруді  ұсына  алады.

Егер  ұсынылған  дәлелдемесі  жалған  деп  танылған  адамның  іс  әрекетінде  қылмыс  белгілері  болса  судья  материалдарды  бұл  жөнінде  прокурорға  хабарлай  отырып,  қылмыстық  іс  қозғау  туралы  мәселені  шешу  үшін  тиісті  анықтау  алдын  ала  тергеу  органына  жібереді.

Егер  дәлелдемелердің  жалғандығы  анықталса,  онда  ел  дәлелдемелер  қатарымен  алынып  тасталуы  керек.

Егер  АІЖК-ң  57  бабында  көзделген  тәртіпте  іске  қатысуға  жіберген  мемлекеттік  органдардың  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қорытындысы  сот  отырыстың  жария  етіледі,  мемлекеттік  органдардың  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  орғандардың  қорытындылары  әрекет  етіп  отырған  азаматтық  іс  жүргізу  заңы  бойынша  дәлелдеме  болып  табылмайды.  Бірақ  Пискарев  И.К.  дұрыс  атап  кеткендей  аталған  органдардың  қорытындыларында  фактілік  мазмұнның  болуы  осы  құжаттың  дәлелдемелік  маңызын  көрсетеді.

Істің  фактілік  мән-жайы  көзделген  және  істі  мәні  бойынша  шешу  туралы  пікірлер  бар  мемлекеттік  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қорытындысы  сот  отырысын  да  жария  етіледі.  Бұдан  кейін  сот  іске  қатысушы  адамдар,  олардың  өкілдері  қорытындыларды  түсіндіру  және  толықтыру  мақсатында  осы  органдардың  уәкілетті  өкілдеріне  сұрақтар  қол  алады.

Қандай  да  бір  дәлелдемелерді  зерттеу  қажеттілігі  олардың  қатыстылығы  мен  жол  берілеушілігін  ескере  отырып  сотпен  шешімді.  Мысалы,  алимент  өндіру  істері  бойынша  сот  жазбаша  дәлелдемелерді  зерттеледі  (неке  қию  туралы  керлік  туу  туралы  куәлік,  оның  талапкердің  тәрбиеленуінде  екендігі  туралы  анықтама).  Егер  жауапкер  талап  арызға  қарсы  болып,  әкелік  фактісін  мойындамаса,  онда  бұл  фактіні  анықтау  үшін  тек  жазбаша  дәлелдемелерді  зерттеп  қоймай  сонымен  қатар  куәдан  жауап  алады,  ал  егер  сараптама  тағайындалған  болса,  сараптаманың  қорытындысын  жариялайды.

Соттың  сот  отырысында  фактілік  және  дәлелдемелік  материалдарды  мұқият  зерттеуі  объективтік  шындық,  бәсекелестік  және  тараптардың  тендігі  қатидасының  айқын  көрінісі  болып  табылады.

Дәлелдемелерді  зерттеу  нәтижесінде  сотқа  істің  барлық  мән-жайлары  анық  болғаннан  кейін  сот  істі  мәні  бойынша  қарауды  тоқтатады.

Істі  мәні  бойынша  қарауды  аяқтау  тәртібін  анықтағанда  тараптар  және  іске  қатысушы  адамдар  соттың  шешетін  процессуалдық  сұрақтардың  мәні  бойынша  өзінің  пікірін  айтуға  құқылы  екенінен  шығу  керек.

Істі  мәні  бойынша  қарауды  тоқтату  мүмкіндігі  туралы  сұрақты  шешудің  алдында  соттың  тараптардың  және  прокурордың  осы  сұрақтар  бойынша  пікірін  анықтауы  керек.осы  мән-жайға  байланысты  сот  тәжірбиеде  қылмыстық  істер  бойынша  сот  тергеуін  аяқтау  кезінде  қолданылатын  тәртіп  азаматтық  істерді  мәні  бойынша  қарау  кезінде  де  қолданылады.

Барлық  дәлелдемелер  қаралғаннан  кейін  судья  іске  қатысушы  адамдар  мен  олардың  өкілдерінің  олардың  іс  материалдарын  әлденелермен  толықтыруға  ниеттерінің  бар  жоғын  анықтайды.  Мұндай  мәліметтер  болмаған  жағдайда  төрағалық  етуші  істі  зерттеу  (істі  мәні  бойынша  қарау)  аяқталды  деп  жариялап,  сот  соттағы  жарыссөзге  көшеді.

 

  1. 3 Соттағы  жарыссөз.  Прокурордың  қорытындысы

 

Сот  жарыссөзі  соттан  іс  қараудың  жеке  тәуелсіз  бөлімі  ретік  де  қарастырылады.  Бұл  бөлімде  істің  дәлелдемелері  мен  мән  жайларды  жүргізілген  зерттеуінің  қорытындысы  жүзеге  асырылады.  Іске  қатынасушы  адамдар  істің  қандай  мән  –  жайлары  және  қандай  дәлелдемелер  рас  болып  табылады,  қандай  мән  жайлар  дәлелдемелеррас  болып  табылады,  қандай 

мән-жайлар  дәлелдемелермен  дәлелденбегені,  қандай  заң  қолданылуы  керек  екендігі,  даулы  материалдық  құқықтық  қатынастардың  мазмұны  қандай  және  істі  қалай  шешу  керектігі  туралы  өз  ойларын,  пікірлерін  айтады.

Соттағы  жарыссөзге  қатысу  тараптардың  дәлелдемелік  қызметінің  қортындылаушы  кезеңін  білдіреді.  Тараптардың  иелігінде  іс  бойынша  зерттелген  барлық  дәлелдеушілік  ақпарат  болады.  Олар  тараптардың  мүддесіне  бағаланады,  реттеледі,  қайта  өңделеді  және  тараптардың  сөз  сөйлеуінде  және  репликаларында  қолданылады.

Сөз  сөйлеуде  бірнеше  функциялар  ерекшеленеді.  Ақпараттандыру  функциясының  мәні  сөз  сөйлеуде  тараптардың  талаптық  фактілерінің  моделі  өз  көрінісін  табатын  дығында  жатыр.  Кейде  бұл  моделб  талап  арыздың  немесе  оған  қарсылықтардың  сәйкесінше  бөлігін  қайталайды:  кейде  оларға  өзгертулер  енгізеді.  Аналитикалық  функцияға  сәйкес  дәлелдемелерге  олардың  қатыстылығы,  жол  берушілігі,  растығы  және  күшіне  қатысты  қорытынды  беріледі.

Сендіру  функциясына  сәйкес  қорытындыларды  негіздеу  жүзеге  асырылады;  сөз  сөйлеу  материалдары  логика  және  психология  талаптарын  ескеріп  қабылдау  мүмкіндігі  және  түсіну  мүмкіндігі  үшін  қайта  өңделеді.

Ой  тудырушы  функцияға  сәйкес  сөз  сөйлеуде  іс  бойынша  тараптың  позитцясын  көрсететін  шешім  шығару  туралы  өтініш  айтылады.

Сөз  сөйлеулер  тараптардың  позициясын  білдіре  отырып,  даулы  және  даусыз  болуы  мүмкін.[19]

Тараптардың  сөз  сөйлеуіне  біржақтылық,  толық  еместік,  субъективтілік  тән  жағымды  шешімді  анықтауға  деген  қызығушылық  іс  бойынша  дәлелдемелер  бағаланатын  призма  болып  шығады.  Тарап  жасайтын  фактілер  орын  алып  және  жеткілікті  дәлелдемелермен  бекітілсе,  онда  тараптың  іске  мүдделілігі  көрінбейді.  Ал  егер  іс  бщйынша  қарсы  дәлелдемелік  материал  жиналған  болса,  онда  тараптың  сөз  сөйлеуінде  олқылықтар  пайда  болады:  тараптың  позициясын  қолдайтын.

Азаматтық  іс  бойынша  іс  қарауда  сот  жарыссөздерінің  мәні  оның  сотқа  іс  бойынша  дәлелдемелерді  дұрыс  және  жан-жақты  бағалауға  және  тараптардың  шынайы  құқықтары  мен  өзара  қатынасын  анықтауға  көмектесетіндігімен,  сот  жарыссөзі  талапкер  мен  жауапкер  үшін  өздерінің  құқықтарын  қорғаудың  маңызды  құралы  болып  табылатындығымен  түсіндіріледі.

Соттағы  жарыссөзде  сөз  сөйлей  отырып,  тараптар  істі  мәні  бойынша  қараудың  қортындысын  береді,  сот  дәлелдеген  дәлелдемелерге  әр  түрлі  көзқарас  бойынша  баға  береді,  сот  анықтаған  фактілер  бойынша  қорытынды  береді,  заңның  қолданылуы  туралы  өз  ойларын  білдіреді.  Сот  жарыссөзі  +  азаматтық  процестегі  тараптар  теңдігінің  жарқын  бір  көрінісі  болып  табылады.  Сот  жарыссөзі  дәлелдемелерді  бағалаған  кезде  соттың  бір  жақтылығын  болғызбайды  сотқа  талапкердің  пайымдауын  және  жауапкердің 

ойын  ескертуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  іс  бойынша  заңды  және  негізделген  шешімді  анықтау  үшін  маңызды  болып  табылады.[20]1

Соттағы  жарыссөз  іске  қатысушы  адамдар  мен  өкілдердің  сөздерінен  тұрады.  Соттағы  жарыссөзде  адамдардың  сөз  сөйлеуі  заңмен  қатаң  реттелген.  Яғни  алдымен  талап  қоюшы  және  оның  өкілі,  ал  содан  соң  жауапкер  меноның  өкілі  сөз  сөйлейді.  Негізінен  аталған  іске  қатысушының  нақты  өзара  әрекет  етуі  олардың  өздерінің  келісімі  бойынша  анықталады.[21]2  Бұл  жердегі  маңызды  нәрсе  сот  жарыссөзінде  олардың  бұл  құқықтарынан  айырылмауы,  ал  олардың  бұл  құқықты  пайдалануы-олардың  өзіндік  ісі  болып  табылады.

Басталып  кеткен  процесте  даудың  нысанасы  бойынша  дербес  талаптар  қалған  үшінші  тұлға  мен  оның  өкілі  тараптар  мен  олардың  өкілдерінен  кейін  сөз  сөйлейді.

1 

Даудың  нысанасы  бойынша  өз  бетінше  талаптар  қоймаған  үшінші  тұлға  мен  оның  өкілі  талап  қоюшыдан  немесе  үшінші  тұлға  іске  өзі  қатысаты  жақтағы  жауапкерден  кейін  сөз  сөйлейді.

Прокурор,  мемлекеттік  органдардың  және  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдардың,  ұйымдардың  өкілдері  және  басқа  органдардың  құқықтарын,  бостандықтарын,  және  заңмен  қорғалатын  мүлделерін  қорғау  үшін  сотқа  жүгінген  азаматтар  сот  жарыссөзінде  соңынан  сөз  сөйлейді.  Соттағы  жарыссөз  мазмұны  бойынша  сотта  іс  қараудың  басында  іске  қатысушы  тұлғалардың  берген  түсініктемелерін  бұл  сатыда  зерттелген  дәлелдемелерге  анализ  жасаумен  ерекшеленеді.

Жарыссөзге  қатысушылардың  барлығы  сөз  сөйлеп  болған  соң  олар  сөздерінде  айтылғандарға  байланысты  екінші  рет  сөз  сөйлей  алады.  Яғни  заң  оларға  басқа  қатысушылардың  айтқандарымен  байланысты  екінші  рет  сөз  сөйлеуге  құқық  беріп  отыр.  Бұл  жағдайда  тұлға  сот  қарап  жатқан  істің  мәні  бойынша  жаңа  (қосымша)  пайымдау  (пікір)  айтуға  құқылы.

Реплика  латын  тілінен  аударғанда  «replіcoң  —  қарсымын  дегенді  білдіреді,  яғни  сот  процесіндегі  тараптардың  қарсылықтары.[22]

Реплика  құқығын  пайдалану  кезектілігі,  әдетте,  адамның  соттағы  жарыссөзде  сөз  сөйлеу  кезектілігіне  сәикес  келеді.  Соңғы  реплика  құқығын  үнемі  жауапкер  мен  оның  өкілі  иеленеді.

Сот  практикасында  көп  жағдайларда  сот  отырысына  тарап  және  оның  өкілі  –адвокат  қатысатын  болса,  соттағы  жарыссөзде  сөз  сөйлеуге  тек  өкіл  қатысып,  тарап  сөз  сөйлеуден  бас  тартады.  Тарап  осылай  істеуге  құқылы.  Сот  соттағы  жарыссөзде  сөз  сөйлеу  құқығынан  айыра  алмайды  және  сот  тарапты  сот  жарссөзіне  қатысуға  міндеттей  де  алмайды.  Дегенмен  осы  жағдайда  да  төрағалық  етуші  тарап  сот  жарыссөзіне  қатысқысы  келетін-келмейтінін  анықтауы  керек.  Егер  сот  отырысында  тек  бір  тарап  қатысатынболса,  соттар  жалпы  ереже  бойынша  сот  жарыссөзін  жарияламайды,  себебі  бұл  жағдайда  сот  жарыссөзінің  қажеттілігі  болмайды,  өйткені  тарап  өзінің  барлық  пікірі  мен  пайымдауын  сот  істі  мәні  бойынша  қараған  кезде  айтып  тастауға. 

Тараптардың  сот  жарыссөздерінде  сөз  сөйлеулерінен  кейін  сот  процесске  қатысушы  прокурордың  қортындысын  тыңдайды.  АЖК-нің  213  бабына  сәикес  іс  бойынша  тарап  болып  табылмайтын  және  АЖК-ның  55  бабының  екінші  бөлігінде  көзделген  тәртіппен  жалпы  істің  мәні  бойынша  қорытынды  береді.

Прокурор  заңдылықтың  сақталуын  қадағалаушы  органның  өкілі  ретінде  өз  қорытындысында  іс  бойынша  сот  отырысында  зерттелген  материалдардың  негізінде  шынайы  құқықтарын  және  өзара  байланысы  қандай  екендігіжәне  іс  қалай  шешілуі  керек  екендігі  туралы  сұрақтар  бойынша  өз  пікірін  білдіреді.  Заңды  сауатты  және  негізделген  іс  бойынша  прокурор  қорытындысының  үлкен  маңызы  бар:  ол  сотқа  заң  және  негізделген  шешім  шығаруына  көмектеседі,  заңдарды  үгіттейді,  сот  отырысына  қатысушы  адамдарды  заңдылық  пен  құқықтық  тәртіпті  сақтау  рухында  тәрбиелейді.  Өз  қорытындысында  прокурор  осы  бойынша  соттың  шешімін  шығарғанда  негізделетін  заңдарын  көрсетеді.  Прокурор  қорытындысының  сенімділігі  көп  жағдайда  баяндау  нысанын,  қорытындысының  сауаттылығына,  оның  іске  қатысушы  тұлғаларға  түсініктілігіне  байланысты  болады.

Сот  жарыссөзінде  келесідей  тәртіп  қалыптасып  қалған.  Оған  сәйкес  басталып  кеткен  іс  бойынша  қорытынды  беретін  прокурор  тараптар  сот  жарысөзінде  сөз  сөйлеп  болғаннан  кейін  сөз  сөйлейді,  ал  талап  арыз  беру  жолымен  істі  қозғаған  прокурор  іс  бойынша  қорытынды  бермейді,  тек  сот  жарыссөзінде  бірінші  болып  сөз  сөйлейді.

Талап  арыз  берген  прокурор  тарап  болып  табылмайды,  сондықтан  іс  бойынша  сот  жарыссөзіне  қатыса  алмайды,  іс  бойынша  қорытынды  беру  керек  деп  саналады  және  осыған  сәйкес  талап  арыз  беру  жолымен  іс  қозғаған  прокурор  іс  бойынша  қорытындыны  сот  жарыссөзінен  кейін  емес,  оның  алдында  бергені  дұрыс  болып  табылады.

Мұндай  тәртіп  заңдылықты  қадағалайтын  мемлекеттік  органның  өкілі  ретінде  құқықтарын  шектемей,  жауапкерге  өз  мүддесін  қорғау  құқығын  қамтамасыз  етеді  және  оған  прокурор  берген  және  қолдаған  талаптарға  қарсылығын  білдіруге  мүмкіндік  береді.

 

  1. 4 Шешім  шығару  және  оны  жариялау.

 

Сот  отырысында  азаматтық  істі  қараудың  аяқтаушы  бөлігі  шешім  шығару  мен  оны  жариялау  болып  табылады.  Сот  талқылауының  бұл  бөлігінде  соттың  бірінші  инстанциясының  барлық  қызыметіне  қорытынды  жасалады. 

Соттың  шешім  шығаруы-бұл  істі  қараушы  сот  қызыметіндегі  ең  жауапты  сәт.  Сот  талқылауының  бұл  бөлімінде  барлық  сот  талқылау  қорытындысы  жасалады.  Бұл  жұмыстың  күрделілігі  және  жауаптылығына  байланысты  соттың  көңілінің  басқа  істерге  аударылмайтындай  жағдай  жасаудың  қажеттілігі  туындайды.  Осындай  шарттардың  бірі  болып  соттың  құрамынан  басқа  кез-келген  адамға  шешім  шығару  кезінде  кеңесу  бөлмесінде  болуына  қатаң  тиым  салу  табылады.

Сот  шешімін  шығару  барлығы  үшін,  соның  ішінде  тараптар,  олардың  өкілдері  және  процесстің  басқа  да  қатысушылары  үшін  жабық  отырыста  жүргізіледі.

Кеңесу  бөлмесіне  бөтен  адамның  кіруіне  жол  берілмеуі  тағы  бір  басқа  мақсатты  көздейді:  судияға  біреудің  қандай  да  бір  әсер  етуін  болдырмау  ол  судияның  тәуелсіздігі  және  тек  қана  заңға  бағынушылық  қағидасынан  шығады.  Процесске  қатысушылар  және  сот  отырысы  залындағы  барлық  адамдар  шешімді  тек  істі  қараушы  судия  тараптардың  қандай-да  бір  ықпа  — 

лынсыз  шығарғанын  көреді. 

Сот  жарыссөзінен  кейін,  ал  АІЖК-нің  213-бабында  көзделген  жағдайда  прокурор  іс  бойынша  қорытынды  бергеннен  кейін  сот  шешім  шығару  үшін  кеңесу  бөлмесіне  кетеді,  төрағалық  етуші  бұл  туралы  сот  отырысы  залында  отырғандарға  хабарлайды. 

  Кеңесу  бөлмесінде  сот  іс  бойынша  қорытынды  шешім  бойынша  сұрақтарды  шешеді:

  • Іс үшін  маңызы  бар  қандай  мән  —  жайдың  анықталғанын  және  қандай  мән  жайлардың  анықталмағандығын;  тараптар  және  үшінші  тұлғалардың  сілтеме  жасаған  мән  –  жайлар  орын  алғандығын;  бұл  мән  –  жайлар  қандай  дәлелдемелермен  дәлелденетіндігін  немесе  жоққа  шығаратындығын  анықтайды.
  • Дәлелдемелерге баға  береді  (дәлелдемелердің  қатыстылығын,  жол  берілгендігін,  растығын,  жеткіліктілігін  анықтаиды).  Оның  нәтижесінде  қандай  да  бір  дәлелдемелер  жоққа  шығарылуы  мүмкін.

  Егер  дәлелдеме  іс  үшін  маңызды  мән  –  жайлардың  бар  екендігі  туралы  тұжырымдамалары  растайын,  теріске  шығаратын  не  оларға  күмән  келтіретін  нақты  деректер  болса,  сот  дәлелдемені  іске  қатысты  деп  таниды.

АІЖК-де  көзделген  тәртіппен  алынса,  дәлелдемеге  жол  беруге  болады.

Тексеру  нәтижесінде  дәлелдеменің  шындыққа  сәйкес  келетіні  анықталса,  дәлелдеме  рас  деп  есептеледі.

Дәлелдемелердің  жиынтығы,  егер  олар  іске  қатысты  дәлелдеуге  жататын  не  тарап  жоққа  шығармаған  барлық  және  әр-бір  мән  –  жайлар  туралы  ақиқатты  даусыз  айқындауға  жол  беретін  және  сенімді  дәлелдемелер  жиналса,  азамматтық  істі  шешу  үшін  жеткілікті  болып  табылады.

  • тараптардың құқықтық  катынастарының  және  осы  іс  бойынша  колданылуға  тиіс  материалдық  және  процессуалдық  нормаларды  анықтайды.
  • Іс қалай  шешілу  керек  екендігін  анықтайды:  қойылған  талап  қанағаттандырылуға  жататынын  —  жатпайтынын  және  қандай  бөлігінде  қанағаттандырылуға  жататынын  анықтайды.
  • Іс бойынша  сот  шығындарын  бөлу  туралы  сұрақты  шешеді.
  • Шешімді дереу  орындау  үшін  сондай-ақ  шешімді  орындауды  кейінге  қалдыру  туралы  және  мерзімін  ұзарту  үшін  негіздер  бар  жоғын  анықтайды.

Егер  кеңесу  бөлмесінде  сот  ісі  үшін  маңызы  бар  мән  –  жайларды  анықтауды  немесе  дәлелдемелерді  қосымша  зерттеуді  қажет  деп  тапса,  істі  мәні  бойынша  қарауды  қайта  жалғастыру  туралы  ұйғары  шығарады.  Сот  сот  талқылауының  екінші  бөліміне  қайта  оралады. 

Сот  істі  мәні  бойынша  қарау  аяқталғаннан  кейін  сот  жарыссөздерін,  ал  АІЖК-нің  213-  бабында  көзделген  жағдайда  прокурордың  қорытындысында  қайта  тыңдайды.

Тек  содан  кейін  ғана  сот  кеңесу  бөлмесіне  шешім  шығару  үшін  кетеді.

Сот  тәжиірбиесінде  қалыптасқан  сот  шешімдерін  және  соттың  өзге  актілерін  дайындау  туралы  сұрақтармен  байланысты  ҚазССР-нің  Жоғарғы  Сотының  Пленумы  өз  уақытында  ақ  1986  жылы  28  Наурызда  «Сот  құжаттарын  зірлеу  туралың  №13  Қаулысын  қабылдаған.  Бұл  қаулыда  келесі  түсіндірме  көзделген.  Кеңесу  бөлмесінде  іс  бойынша  қабылданатын  үкімді,  шешімді  және  соттың  басқа  да  қаулыларын  машинкада  басу  тәсілімен  әзірлеуге  қылмыстық  және  азаматтық  істер  жүргізу  заңдарында  тыиым  салынбағандықтан  оларды  судияның  бірі  қол  жазба  түріндеде  машинкада  басу  тәсіліменде  әзірлене  алады  деп  соттарға  түсіндірілсін.

Бірінші  инстанция  сотында  іс  қарау  барысында  әр  түрлі  қаулылар  шығарылады.  Бұл  қаулылар  олардың  мазмұнын  және  мәні  бойынша  әр  түрлі  болып  келеді.

Соттың  шешім  шығару  –  сотта  іс  қараудың  ақырға  аяқтаушы  сатысы  болып  табылады.  Сотта  іс  қараудың  бұл  сатысының  маңызы  онда  азаматтық  іс  аяқталатындығымен  анықталады.

Шешім  деп  сот  отырысында  қаралған  азаматтық  істің  мәні  бойынша  шығарылатын  шешімді  айтамыз.

Ұйғарым  дегеніміз  азаматтық  істі  қарау  барысында  пайда  болатын  дербес  жеке,  көп  жағдайда  процессуалдық  сұрақтар  бойынша  шығарыған  шешім.  Мысалы,  сот  істі  сот  отырысында  қарауды  кейінге  қалдыру  туралы,  іс  бойынша  өндірісті  тоқтата  тұру,  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқарту  туралы  ұйғарым. 

Сот  шешімі-демократиалық  әділеттіліктің  маңызды  актісі.  Онда  сот  мемлекет  атынан,  сот  отырысында  анықталған  мән  —  жайларға  сүйене  отырып,  және  заңды  басшылыққа  ала  отырып  азаматтық  істі  мәні  бойынша  шешеді,  талапкердің  талаптарына  және  жауапкердің  қарсылықтарына  жауап  береді,  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  және  қолдау  туралы  сұрақты  шешеді.

Сот  шешімі  сотта  іс  қараудың  қорытындысы  болып  табылады.  Іс  бойынша  шығарылған  шешімге  мемлекеттің  сот  қараған  тараптар  арасындағы  даудың  мәніне  деген  қатынасы  көрініс  табады.

Сот  шешімі  –  тараптар  арасындағы  қатынастарды  мәжбүрлі  түрде  реттеу  үшін  соттың  құқық  нормаларын  қолдану  актісі.

Құқық  нормасы  және  оған  негізделген  іс  бойынша  шешім  өзара  тығыз  байланысты,  бірақ  бұл  байланыс  жалпы  жекенің  арасындағы  байланыс  болып  табылмайды.  Құқық  нормасы  шешімге  дейін  көптеген  жағдайда  болады  және  әрекет  етеді  және  құқықтың  көптеген  нормаларын  мәжбүрлі  түрде  орындату  шешіммен  емес,  үкіммен,  прокурордың,  әкімшілік  және  басқада  органдардың  актілерімен  жүзеге  асырылады.  «Құқық  нормасың  және  «Сот  шешімің  —  бұл  әр  түрлі  тектегі  құбылыстар.

Нақты  қатынастарға  қатысты  заңды  қолдану  актісі  бола  отырып,  сот  шешімі  заң  сияқты  әлеуметтік  қатынастарды  қорғау  мен  бекітуге  бағытталған.  Сот  шешімінің  заңды  күшінің  мақсаты  қоғамдық  қатынастарды  қорғау,  заңдылықты  қатайту  болып  табылады.[23]

Дәлелдемелерді  бағалау.  Қандай  заңи  фактілер  және  қандай  дәлелдемелердің  көмегімен  анықталғандығы  туралы  сұрақты  кеңесу  бөлмесінде  щеще  отырып  судья  іс  бойынша  дәлелдемелерді  ақырғы  рет  бағалайды. 

Дәлелдемелерді  бағалауды  судья  өзінің  ішкі  сенімі  бойынша  жүргізеді.  Дәлелдемені  судьяның  ішкі  сенімі  бойынша  бағалауы  іс  бойынша  дұрыс  шешім  шығаруға  көмектеседі  және  азаматтық  процестегі  заңдылықты  қамтамасыз  етудің  бір  құралы  болып  табылады.

Судьяның  ішкі  сенімі  олардың  құқық  түсінушілігімен,  судьяның  құқықтық  қөзқарасымен,  олардың  әділсоттылық  мақсатын  түсінушілігімен  тығыз  байланысты.

Соттың  ішкі  сенімі  іс  бойынша  дәледемелерді  зерттеу  мен  бағалаудың  нәтижесі,  істің  мән  жайын  зерттеу  бойынша  жұмысының  нәтижесі  болып  табылады:  судьяның  ішкі  сеімінің  қалыптасуында  шешуші  роль  іс  бойынша  дәлелдемелерге  беріледі.  Олар  судияның  ішкі  сенімі  үшін  негіз,  фундамент  болып  табылады.

Соттың  дәлелдемелерді  дұрыс  бағаламауы  іс  бойынша  заңсыз  және  негізсіз  шешім  шығаруына  әкеп  соғады.

Дәлелдемелік  құқық  дәлелдемелерді  бағалау  ішкі  сенім  арқылы  жүргізіледі  және  дәлелдемелерді  формальды  бағалауды  толығымен  жоққа  шығарады.  Азаматтық  процесте  қандай  мән  –жайлар  қандай  дәлелдемелерді  көмегімен  анықталды  деген  сұрақ  іс  бойынша  маңызды  қандай  фактілер  шынайы,  қандайы  жалған  болып  табылатындығы  туралы  сұрақты  судия  еркін  түрде,  өзінің  біліміне  сүйене  отырып,  өзінің  құқықтық  танымына,  істің  барлық  мән  –  жайларын  олардың  жиынтығы  бойынша  қарауға  негізделген  өзінің  ішкі  сенімі  бойынша  шешеді.

Дәл  осы  себептен  дәлелдемелерді  судьяның  ішкі  сенімі  бойынша  бағалауы  нақты  істі  шешудің  әдісі  болып  саналады.

Соттың  процессуалдық  нормаларды  қатаң  сақтауы  іс  бойынша  объективтік  шындықты  жинақтауды  және  заңды,  объективті  шешімді  шығаруды  қамтамасыз  етеді.

 

Шешімнің  мазмұны.  Іс  бойынша  шешімнің  негізгі  элементтері  ҚР  АІЖК-нің  221  бабында  көрсетілген. 

Кез-келген  сот  шешімінің  төрт  бөлімі  болуы  керек:  кіріспе,  сипаттау,  дәлелдеу,  қарар  бөлімі.

Кіріспе  бөлімінде  шешім  шығарылған  уақыт  пен  орны;  шешім  шығарған  соттың  атауы;  соттың  құрамы;  сот  отырысының  хатшысы;  сот  приставы;  тараптар;  іске  қатысушы  басқа  да  адамдар  және  өкілдер;  даудың  нысанасы  мен  мәлімделген  талап  көрсетіледі.

Шешімнің  кіріспе  бөлімін  жазу  кезінде  қате  жіберу  шешімнің  күшін  жоюға  әкеп  соғуы  мүмкін.

Шешімнің  сипаттау  бөлімі  талап  қоюшының  талаптарын  жауапкердің  наразылығын  және  іске  қатысушы  басқа  адамдардың  түсініктемелерін  қамтуға  тиіс.  Істің  мән-  жайын  тараптар  қалай  айтса,  солай  сипатталуы  керек.

Шешімнің  дәлелдеу  бөлігінде  істің  сот  анықтаған  мән-жайлары,  құқықтар  мен  міндеттер  туралы  соттың  қортындылары  негізделген  дәлелдемелерді  сот  қабылдамай  тастаған  белгілі  бір  дәлелдеменің  негіздері  және  сот  басшылыққа  алған  заңдар  көрсетіледі.

Шешімнің  қарар  бөлігі  талап  қоюды  қанағаттандыру  туралы  немесе  талап  қоюдан  толық  немесе  оның  бір  бөлігінен  бас  тарту  туралы  сот  қортындысын,  сот  шығындарының  бөлінуін,  шешімге  шағым  беру  негіздері  мен  тәртібін  көрсетуді,  сондай-ақ  өзгеде  қортындыларды  қамтуға  тиіс.

 

 

2.5.   Шешім  шығармай  сот  мәжілісін  аяқтау.

 

Бірінші  инстанция  сотында  азаматтық  іс  бойынша  өндіріс  әрқашанда  шешім  шығарумен  аяқталмайды.  Процессуалдық  заң  азамматтық  істерді  аяқтаудың  кәдімгі  тәртібінен  ауытқушылықты  қарастырады.  Белгілі  бір  жағдайларда  азаматтық  іс  сот  шешімін  шығарусыз  аяқталуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайлар  жалпы  ережеден  ерекше  болып  табылады  және  тізімі  заңмен  қатал  түрде  белгіленген  шарттар  болған  жағдайда  ғана  жол  беріледі.[24]1

АІЖК  істі  сот  шешімін  шығармай  аяқтаудың  екі  нысанын  көрсетеді:

  • Іс бойынша  іс  жүргізуді  қысқарту.
  • Арызды  (талап  арызды)  қараусыз  қалдыру.

Аталған  институтар  тек  бірінші  инстанция  сотындағы  іс  өндірісінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  апелляциялық  және  қадағалау  инстанциясында  қолданылады  сонымен  бірге  заң  атқару  өндірісін  қысқартуды  қарастырады.

Іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқарту  және  арызды  қараусыз  қалдыру  институтының  нормалары  тек  талап  істеріне  ғана  емес  сонымен  қатар  ерекше  талап  және  ерекше  өндірісте  де  қолданылады.

Іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқарту.  Іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқарту-  бұл  сотта  іс  қысқартуды  тұлғаның  сотқа  жүгіну  құқының  болмауына  немесе  азаматтық  істі  қозғағаннан  кейін  дауды  ерікті  түрде  реттеу  не  сот  пен  процесске  қатысушыларға  байланыссыз  мән  жайларға  байланысты  шешім  шығармай  аяқтау  оның  нәтижесінде  сотқа  осы  іс  бойынша  қайта  жүгіну  мүмкіндігі  болмайды.

Іс  бойынша  өндірісті  қысқартудың  негіздерінің  процессуалдық  регламентациясы  өндіріске  дұрыс  қабылданған  арыз  мәні  бойынша  қаралатындығының  кепілі.

АІЖК-нің  247  бабы  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқартудың  негіздемелерінің  қатаң  тізімін  көрсетеді.  Оларды  үш  топқа  бөлуге  болады:

І.  Азаматтық  процесстің  пайда  болуының  құқыққа  сай  емес  екендігін,  тұлғаның  сотқа  қорғану  үшін  жүгіну  құқығының  болмауын  көрсететін  мән  жайлар.  Бұл  мән-  жайлар  азаматтық  істі  қозғағанға  дейін  де  болады.  Бірақ  судья  істі  қозғау  туралы  сұрақты  шешкен  кезде  қателік  жіберіп  арызды  (талап  арызды)  қабылдады  және  бұл  қателік  заңсыз  түрде  қозғалған  процессті  қысқарту  жолымен  түзетуге  жатады.

  1. Құқық туралы  дауды  тараптардың  өз  еріп  бүлдіруінің  негізінде  ерікті  түрде  реттеуді  білдіретін  мән  жайлар.

АІЖК-нің  49  бабында  талап  қоюдың  негіздемесі  мен  нысаны  өзгерту,  талап  қоюдан  бас  тарту,  талап  қоюды  тану,  бітім  гершілік  келісім  осы  негіздерде  жатады 

  • Соттың да,  тарптардың  да  еркіне  байланыссыз  бірақ  процесс  барысында  пайда  болатын  және  оның  қысқартылуын  тудыратын  мән  жайлар.

Азаматтық  істі  АІЖК-нің  247  бабының  1-5  пунктерінде  көзделген  негіздер  бойынша  тоқтатуға  тек  сотта  іс  қарау  кезінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  оны  сотта  іс  қарауға  дайындау  кезінде  де  жол  беріледі.

Іс  бойынша  іс  жүргізу  қысқартылған  жағдайда  сол  тараптар  арасындағы  сол  мәселе  туралы  дау  бойынша  және  сол  негіздер  бойынша  екінші  рет  сотқа  жүгінуге  жол  берілмейді.  Бұл  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқарту  туралы  заңды  күшіне  енген  судьяның  немесе  соттың  ұйғарымы  жалпыға  міндеттілік,  ерекшелік  және  дауланбаушылық  қасиетке  ие  болатынын,  ал  бітімкершілік  келісімді  бекітумен  байланысты  қысқарту  туралы  ұйғарымы  сонымен  қатар  орынданушылық  қасиетке  де  ие  болатындығын  білдіреді.

Іс  бойынша  іс  жүргізу  соттың  ұйғарым  шығаруымен  қысқартылады.  Ұйғарымда  сот  басшылыққа  алған  заң  көрсетіле  отырып  қысқарту  негізі  көрсетіледі.

АІЖК-нің  254  бабына  сәйкес  іске  қатысушы  сот  отырысына  келмеген  тараптар  мен  басқа  адамдарға  іс  бойынша  іс  жүргізуді  тоқтата  тұруы  немесе  тоқтатылуы  туралы,  не  арыздың  қараусыз  қалдырылуы  туралы  сот  ұйғарымының  көшірмесі  ұйғарым  шығарылғаннан  бастап  бес  күннен  кешіктірілмей  жіберіледі.

Соттың  іс  жүргізуді  қысқарту  туралы  ұйғарымына  жеке  шағым,  наразылық  берілуі  мүмкін,  өйткені  бұл  ұйғарым  істің  әрі  қарай  ілгерілеу  мүмкіндігіне  бөгет  болады.

Арызды  қараусыз  қалдыру.  Арызды  қараусыз  қалдыру  бұл  осы  іс  бойынша  сотқа  екінші  рет  жолдану  мүмкіндігіне  тыиым  салмайтын  сот  өндірісін  шешім  шығармай  аяқтау.

АІЖК-нің  249  бабында  арызды  қараусыз  қалдырудың  негіздемелерінің  қатаң  тізімі  көрсетілген.  Оны  үш  топқа  бөлуге  болады:

  1. талап арыз  (арыз)  беру  құқығын  жүзеге  асырудың  заңмен  бекітілген  тәртібін  бұзуын  білдіретін  мән  жайлар.  Бұл  мән-жайлар  азаматтық  іс  бойынша  іс  қозғалғанға  дейін  орын  алған  бірақ  судья  осы  сұрақты  шешу  барысында  арызды  қайтарудың  орнына  оны  сот  өндірісіне  қабылдайды.  Азаматтық  істі  қозғау  кезінде  судьяның  жіберген  қатесіарызды  қараусыз  қалдыру  нысанында  заңсыз  пайда  болған  процессті  аяқтау  жолымен  жөнделеді.
  2. істің әрі  қарай  жылжуын  және  дауды  мәні  бойынша  шешуді  тараптарды  кінәсінен  не  талапкердің  (тараптың)  ерік  білдіруіне  мүмкін  болғызбайтын  мән  жайлар.  Бұл  мән  жайлар  істі  қозғағаннан  кейін  пайда  болады.
  3. заңның тура  көрсетуіне  байланысты  арызды  осы  процессте  қарау  мүмкіндігінің  жоқтығын  куаләндіратын  мән-жайлар.

Арызды  қараусыз  қалдырудың  негіздерінің  бірінші  тобының  мән-жайларын  АІЖК-нің  249  бабының  1-4  пунктерінде  қарастырылған: 

  • талап қоюшы  осы  санаттағы  істер  үшін  заңдар  белгіленген  дауды  алдын-ала  сотқа  дейін  шешудің  міндетті  тәртібін  сақтамаса  және  осы  тәртіпке  қолданудың  мүмкіндігі  жоғалмаса;
  • арызды әрекет  қабілетсіз  адам  берсе;
  • арызға қол  қойған  және  оны  берген  адамның  арызға  қол  қоюға  және  оны  беруге  өкілеттігі  жоқ  болса;
  • осы немесе  басқа  соттың  іс  жүргізуінде  осы  тараптар  арасындағы  сол  мәселе  туралы  дау  бойынша  және  сол  негіздер  бойынша  бұрын  қозғалған  іс  болса;

Арызды  қараусыз  қалдырудың  негіздерінің  екінші  тобының  мән-жайларын  АІЖК-нің  249  бабының  5-9  пунктерінде  қарастырылған: 

  • тараптар арасында  бұл  дауды  заңға  сәйкес  аралық  соттың  шешіміне  беру  туралы  келісім  жасалса  және  жауапкердің  істі  мәні  бойынша  қарау  басталғанға  дейін  сотта  шешуге  қарсылық  білдірсе;
  • өздерінің қатысуынсыз  істі  қарауды  өтінбеген  тараптарекінші  шақыру  бойынша  сотқа  келмесе;
  • АІЖК-нің 55  бабының  3бөліміне  және  56  бабына  сәйкес  өзінің  мүддесіне  сай  іс  қозғалған  адам  мәлімдеген  талапты  қолдамаса;
  • Талап арызды  қайтарып  алуды  өтініш  берілсе,  ал  жауапкр  істі  мәні  бойынша  қарауды  талап  етпесе.

Арызды  қараусыз  қалдырудың  негіздерінің  үшінші  тобының  мән-жайларын  АІЖК-нің  249  бабының  10  пунктерінде  қарастырылған: 

  • көрсетушіге арналған  күші  жойылған  бағалы  қағаздар  және  ордерлі  бағалы  қағаздар  бойынша  құқықты  қалпына  келтіру  туралы  істер  жөнінде  өтініш  жарияламынан  бастап  үш  ай  мерзім  аяқталғанға  дейін  берілсе  арызды  қараусыз  қалдырады.

АІЖК-нің  249  бабының  1-5,8  және  9  пунктерінде  көзделген  негіздерде  арызды  қараусыз  қалдыру  тек  сотта  іс  қарау  кезінде  ғана  емес  сонымен  қатар  істі  сот  талқылауына  дайындау  кезінде  де  жол  беріледі.

Арызды  қараусыз  қалдыруға  негіз  болған  мән-жайлар  жиналғаннан  кейін  мүдделі  адам  жалпы  тәртіп  бойынша  таға  да  арыз  беруге  құқылы.

Осылай,  арызды  қараусыз  қалдыру  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқартуда  екі  негізгі  белгі  бойынша  ерекшеленеді:  негізгі  және  құқықтық  салдары  бойынша.

Арызды  қараусыз  қалдыру  туралы  сот  ұйғарым  шығарады.  Ұйғарымда  арызды  қараусыз  қалдырудың  негіздері  істі  қарауға  келтіретін  мән  жайларды  қалай  жоюды  көрсетуге  міндетті.

Талап  қоюшы  осы  санаттағы  істер  үшін  заңда  белгіленген  дауды  алдын  ала  сотқа  дейін  шешудің  міндетті  тәртібін  сақтамауына  немесе  арызды  әрекетке  қабілетсіз  адам  беруіне  байланысты  арызды  қараусыз  қалдыра  отырып  сот  ұйғарымда  мемлекеттік  бажды  қайтаруды  және  талапты  қамтамасыз  ету  жөнінде  қолданылған  шаралардың  тоқтатылатындығын  көрсетеді.

Іске  қатысушы,  сот  отырысына  келмеген  тараптармен  басқа  адамдарға  іс  бойынша  іс  жүгізудің  тоқтатыла  тұруы  немесе  тоқтатылуы  туралы  сот  ұйғарымының  көшірмесі  ұйғарым  шығарылғаннан  бастап  бес  күннен  кешіктірілмей  жіберіледі.

Арызды  қараусыз  қалдыру  жөнінде  ұйғарымына  жеке  шағым  немесе  наразылық  келтірілуі  мүмкін.

 

  1. 6. Сот  отырысының  хаттамасы

 

Бірінші  сатыдағы  соттың  әрбір  отырысы  туралы,  сондай-ақ  отырыстан  тыс  жасалған  әрбір  жеке  іс  жүргізу  әрекеті  туралы  хаттама  жасалады.

Сот  отырысының  немесе  отырыстан  тыс  жасалған  іс  жүргізу  әрекетін  хаттамасы  іс  қараудың  немесе  іс  жүргізу  әрекетін  жасаудың  барлық  елеулі  сәттерін  көрсетуі  тиіс.

Әрбір  сот  отырысы  бойынша  немесе  жеке  іс  жүргізу  әрекеті  бойынша  жеке  хаттама  жасалады.

Сот  отырысының  хаттамасы  істі  сотта  талқылау  барысында  жүзеге  асырылатын  процессуалдық  әректтер  көрініс  табатын  негізгі  процессуалық  құжаттардың  бірі  болып  табылады.Сот  отырысы  хаттамамсының  болмауы  бірінші  инстанция  шешімінің  күшін  жоюға  негіз  болып  табылады.

Заң  сот  отырысы  хаттамасының  мазмұнын  реттейді.  АІЖК-нің  256  бабының  2  бөліміне  сәйкес  онда:

  • сот отырысының  жылы,  айы,  күні  және  орны;
  • сот отырысы  басталған  және  аяқталған  уақыт;
  • істі қарайтын  соттың  атауы,  сот  отырысының  судьясының,  хатшысының  және  сот  приставының  тегі  мен  аты-жөні;
  • істің атауы;
  • іске қатысушы  адамдардың,  өкілдердің,  куәлердің,  сарапшылардың,  мамандардың,  аудармашылардың  келгені  туралы  мәліметтер;
  • іске қатысушы  адамдарға,  өкілдерге,  сондай-ақ  аудармашыға,  сарапшылар  мен  мамандарға  олардың  іс  жүргізу  құқытары  мен  міндеттерінің  түсіндірілгені  туралы  мәліметтер.
  • Төрағалық етушінің  өкілдері  және  сот  отырысы  залында  соттың  шығарған  ұйғарымы;
  • Іске қатысушы  адамдардың  және  өкілдердің  арыздары  өтінімдері  және  түсініктемелері;
  • Куәлардың айғақтары,  сарапшылардың  өз  қорытындыларын  ауызша  түсіндірулері,  мамандардың  түсіндірмелері;
  • Құжаттардың жария  етілуі  туралы  мәліметтер  заттай  дәлелдемелері  қараудаң,  дыбыс  жазбаларды  тыңдаудың,  бейне  жазбаларды,  киноматериалдарды  көрудің  деректері;
  • АІЖК-нің 57  бабы  негізінде  іске  қатысушы  мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қорытындылары  туралы  мәліметтер;
  • Сот отырысы  залында  болған  сұрақтар  мен  жауаптардың  мазмұны;
  • Сот жарыссөздерінің  мазмұны;
  • Шешім мен  ұйғарымдардың  мазмұны  жария  етілгені  және  түсіндірілгені;
  • Іске қатысушы  адамдарға  хаттамамен  танысу  және  оған  ескертулер  беру  құқықтырының  түсіндірілгені  туралы  мәліметтер;
  • Хаттаманың жасалған  күні  көрсетіледі.

Хаттаманы  сот  отырысының  хатшысы  жасайды.  Хаттама  қолмен  жазылуы  немесе  машинкаға  (компьютерде)  бау  жолмен  дайындалуы  мүмкін.

Іске  қатысушы  адамдармен  өкілдер  хаттаманың  қандайда  бір  бөлігін  жария  ету  туралы,  өздері  іс  үшін  елеулі  деп  есептейтін  мән  жайлар  жөніндегі  мәліметтерді  хаттамаға  енгізу  туралы  өтінім  жасауға  құқылы.

Хаттама  сот  отырысы  аяқталғаннан  кейін  үш  күннен  кешіктірілмей,  ал  жеке  іс  жүргізу  әрекеті  туралы  хаттама  ол  жасағаннан  кейін  келесі  күннен  кешіктірілмей  дайындалып  оған  қол  қойылу  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  ТАРАУ.  АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ  ҚАДАҒАЛАУ  ИНСТАНЦИЯЛАРЫНДА  АЗАМАТТЫҚ  ІСТІ  ҚАРАУДЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

Тараптар  арасындағы  заңи  қатынастарды  анықтайтын  сот  шешімдері  материалдық  шындыққа  сай  болмауы  мүмкін,  міне  сондықтан  заң  мүдделі  тұлғаларға  шешімге  жоғарғы  нистанцияға  шағымдануға  құқық  береді.

Шағымдануға  құқықты  тиісті  жүзеге  асыру  бірінші  инстанциы  сотының  заңды  күшіне  енбеген  шешімдері  мен  ұйғарымдарын  олардың  заңдылығын  мен  негізділігін  тексеру  мақсатында  қайта  қарауға  әкеп  соғады.  Бұл  заң  актілерімен  бекітілген  әдістерімен  азаматтық  істерді  шешу  және  қарау  негізінде  бірінші  инстанция  соты  жіберген  қателердлі  түзетуге  мүмкіндік  береді.  Осындай  әдістердің  бірі  болып  апеллясиялық  өндіріс  табылады.

Апелляциялық  шағым  бойынша  істі  қараған  апелляциялық  сот  екі  мақсатты  көздеуі  керек:

а)  Төменгі  сот  жүргізген  сот  талқысының  дұрыстығына  көз  жеткізуі  керек.

б)  Осы  іс  бойынша  әділетті.  Заңға  негізделген  шешімге  көз  жеткізу  керек[25].

  Апелляциялық  шағым  не  наразылық  бойынша  өндіріс  ол  түскен  уақыттан  басталады.  Апелляциялық  шағым  не  наразылықты  қабылдағаннан  кейін  бірінші  инстанциясының  судьясы  АІЖК-нің  338  бабында  көзделген  әрекеттерді  жүзеге  асыру  керек.  Тікелей  апелляциялық  сатыларға  келіп  түскен  шағымдар,  наразылықтарды  апелляциялық  сот  АІЖК-нің  338  бабында  көзделген  әрекеттерді  жүзеге  асыру  үшін  бірінші  инстанция  сотына  жібереді.

Апелляциялық  шағымдану  және  наразылық  келтіруге  берілген  уақыт  біткеннен  кейін  апелляциялық  шағым  және  наразылық  бойынша  істер  оған  теңестірілген  соттың  азаматтық  істер  жөніндегі  алқасына  келіп  түседі.  Обылыстық  және  оған  теңестірілген  соттың  апелляциялық  шағым  мен  наразылықтың  қабылдануының  дұрыстығын  тексереді,  шағым  мен  наразылықтың  нысаны  мен  мазмұнына  қойылатын  талаптар  сақталғандығын  анықтағаннан  кейін  судья  азаматтық  істің  және  іске  қатысушы  тұлғалардың  тапсырған  қосымша  материалдарын  зерттейді  сонымен  қатар  апелляциялық  сотта  істі  талқылауға  дайындық  бойынша  қажетті  әрекеттерді  жүзеге  асырады. 

Сот  талқылауына  әзірлеу  тәртібі  АІЖК-нің  348  бабында  көрсетілген.  Апелляциялық  сатыдағы  істі  судья  апелляйиялық  шағым  немесе  наразылық  келтірілген  істі  алғаннан  кейін  бірінші  инстанция  сотының  істі  сотта  іс  қарауға  дайындау  әрекеттеріне  сәйкес  дайындық  жұмыстарын  жүргізеді.  Апелляциялық  инсанция  соты  іске  қатысушы  адамдарға  сот  отырысының  уақыты  мен  орны  туралы  хабарлайды  және  оларға  апелляциялық  шағым  мен  наразылықтың  көшірмесін  жібереді. 

Істі  сотта  іс  қарауға  тағайындағаннан  кейін  ол  бір  айлық  мерзімнен  кешіктірілмей  қаралады.

Апелляциялық  сотта  азаматтық  істі  қарау  бірінші  сот  инстанциясы  істі  қарау  кезінде  әрекет  ететін  азаматтық  сот  өндірісін  қағидаларын  сақтаумен  жүзеге  асырылады.

Апелляциялық  өндіріс  сатысының,  сонымен  бірге  өзіндік  түрлік  бағыты,  өзіндік  мақсаты,  міндеттері,  сот  талқылау  пәні  және  т.б.  бар.  Олар  оны  бірінші  инстанция  сотының  сот  өндірісінен  ерекшеленеді.  Апелляциялық  өндіріс  бірінші  инстанция  сотының  шешімдерінің  заңдылығы  мен  негізділігін  тексеру  үшін  арналған,  ал  біріні  сот  инстанциясының  мақсаты-құқық  туралы  дауды  мәні  бойынша  шешу.

Апелляциялық  сот  әрбір  нақты  іс  бойынша  әділеттілікті  орындау  кезінде  өзінің  процессуалдық  құқықтыры  мен  міндетерін  алқалы  құрамында  жүзеге  асырады.

Апелляциялық  инстанцияда  іс  қарау  шегі  АІЖК-нің  345  бабымен  реттеледі.  Осы  бапқа  сәйкес  апелляциялық  инстанция  соты  бірінші  инстанция  сотының  шешімінің  заңдылығы  мен  негізділігін  апелляциялық  шағым  немесе  наразылық  шегінде  тексереді.

Апелляциялық  қарау  пәні  347  баппен  реттеледі.

Апелляциялық  қайта  қарау  кезінде  сот  істің  жаңа  фактілік  мән-жайларын  анықтауға  және  жаңа  дәлелдемелерді  зеттеуге  құқылы.  Осылай  апелляциялық  тәртіпте  бірінші  инстанциялық  сотының  заңды  күшіне  енбеген  шешімдерінің  заңдылығы  мен  негіздерін  тексереді  бұл  кезде  апеляциялық  сот  істе  бар  материалдар  мен  тараптар  және  іске  қатысушы  басқа  тұлғалар  ұсынған  қосымша  материалдар  бойынша  шешімді  тексереді.  Тұлғаның  бірінші  сатыдағы  сотқа  табыс  етілмеген  жаңа  айғақтарға  сілтеме  жасауға  тек  шағымда  олардың  бірінші  сатыдағы  сотқа  оларды  табыс  етуге  мүмкіндігі  болмауы  негізделген  жағдайда  ғана  жол  беріледі. 

Апелляциялық  инстанцияда  істі  талқылау  тәртібі.  Апелляциялық  сотта  сот  талқылауы  бірінші  инстанциясы  сотында  отырыс  жүргізу  үшін  азаматтық  процессуалдық  заңмен  белгіленген  ережелермен  жүзеге  асырылады.[26]

Апелляциялық  инстанция  сотында  істі  соттың  талқылауы  АІЖК-нің  350  -357  бабының  нормаларына  сәйкес  төрт  бөлімнен  тұрады:

  1. Дайындық.
  2. Апелляциялық шағымды  немесе  наразылықты  мәні  бойынша  қарау.
  3. Сот жарыссөздері  және  егер  басталып  кеткен  процесске  қатысса,  прокурордың  қорытындысы
  4. Апелляциялық сот  қаулысын  шығару  және  жариялау.

Сот  талқылауының  дайындық  бөлімінде  сот  осы  сот  отырысында  апелляциялық  шағым  немесе  наразылықты  қарау  мүмкіндігін  анықтайды.

Дайындық  бөлімінде  соттың  шешетін  негізгі  сұрақтарға  келесі  сұрақтарды  анықтау  жатады:

  • істі осы  сот  құрамында  қарау  мүмкіндігі;
  • -іске қатысушы  тұлғалардың  және  олардың  өкілдерінің  біреуі  келмген  жағдайда  істі  қарау  мүмкіндігі;

Дайындық  бөлімінде  жүзеге  асырылатын  әрекеттер,  сонымен  қатар  олардың  жүзеге  асырылу  кезектілігі  АІЖК-нің  351-353-баптарымен  реттеледі.

Істі  талқылау  төрағалық  етуші  апелляциялық  сатыдағы  соттың  сот  отырысын  ашып,  қандай  іс  кімнің  шағымы  немесе  наразылығы  бойынша  және  қай  соттың  шешімі  қаралып  отырғанын  хабарлауымен  басталады.

Одан  кейін  судья  іске  қатысушы  адамдардың  қайсысы  келгенін  анықтайды,  келген  адамдардың  кідер  екенін  айқындайды,  өкілдердің  өкілеттілігін  тексереді.

Істің  қаралатын  уақыты  мен  орны  туралы  тиісті  түрде  хабарланған  адамдардың  келмеуі  істі  талқылауға  кедергі  болмайды.  Алайда  сот  бұл  жағдайда  да  келмеу  себебін  дәлелді  деп  тани  отырып,  істі  кейінге  қалдыруға  құқылы.

Жоғарыда  аталған  әрекетерді  жүзеге  асырғаннан  кейін  судья  іске  қатысушы  тұлғаларға  олардың  қарсылық  білдіру  құқығын  түсіндіреді.  Осыдан  кейін  судья  іске  қатысушы  адамдарға  олардың  процессуалдық  құқықтары  мен  міндеттерін  және  оларға  құқықтыры  мен  міндеттерінің  мазмұнының  түсініктілігін  анықтайды.

Іске  қатысушы  тұлғалар  апелляциялық  сатыдағы  істі  қарауға  байланысты  барлық  мәселелер  бойынша  арыздар  мен  өтініштер  беруге  құқылы.  Сондықтан  апеляциалық  соттың  келесі  әрекеттері  іске  қатысушы  тұлғалардың  арыздары  мен  өтінімдерін  шешумен  байланысты.  Аиталған  арыздар  мен  өтінімдерін  сот  іске  қатысушы  басқа  тұлғалардың  пікірін  тыңдағаннан  кейін  шешеді.

Тараптар  зерттеген  кезде  өздеріне  бірінші  сатыдағы  сот  бастартқан  дәлелдемелерді  талап  ету  туралы  өтінім  жасауға  құқылы.

Апелляциялық  сатыдағы  соттың  өтінімді  бірінші  сатыдағы  сот  қанағаттандырмағандығын  негізге  алып,  оны  қанағаттандырудан  бас  тартуға  құқығы  жоқ.  Отінімдерді  АІЖК-нің  186  бабының  ережелері  бойынша  жүзеге  асырылады.

Апелляциялық  шағым  немесе  наразылықты  қараудың  алдында  сот  келесі  сұрақтарды  шешеді:  Тұлға  берген  шағымнан  бастартады  ма  жоқ  па  немесе  прокурор  наразылықты  қайтып  алатындығы;  талапкер  талап  арыздан  бас  тарта  ма,  жоқ  па;  тараптар  бітім  гершілік  келісімге  келетіндігі-келмейтіндігі.  Тараптардың  басқарушылық  іс-әрекетті  жасау  немесе  жасамау  туралы  сұрақтарды  шешу  міндетті  болып  табылады  өйткені  апелляциялық  өндіріс  сатысында  дизпозитивтілік  қағидасы  толық  көлемде  әрекет  етеді.

Апелляциялық  шағымнан  бас  тарту  және  наразылықты  кері  қайтарып  алу.  Апеляциялық  инстанция  сотында  істі  қарау  кезінде  тараптар  бірінші  инстанция  сотындағы  сот  талқылауы  кезіндегі  сияқты  өзінің  дизпозитивтік  құқықтарын  қолдануға  құқылы.  Яғни  апелляциялық  шағым  берген  тұлға  одан  бас  тартуға  яғни  шағымда  көзделген  талаптардан  бас  тартуға  және  осының  салдарынан  бірінші  инстанция  соты  шығарған  шешіммен  келісуге  құқылы.

Апелляциялық  наразылық  келтірген  прокурор  немесе  жоғары  тұрған  прокурор  апелляциялық  сатыдағы  сот  қаулы  шығарғанға  дейін  наразылықты  кері  қайтарып  алуға  құқылы.  Наразылықтың  кері  қайтарылып  алынғаны  туралы  сот  іске  қатысушы  адамдарға  хабарлайды.  Наразылықты  кері  қайтарып  алуды  қабылдамаунан  соттың  құқығы  жоқ. 

Егер  шешімге  басқа  адамдар  шағым  жасамаса  немесе  жоғары  тұрған  прокурор  наразылық  келтірмесе,  сот  шағымнан  бас  тартуды  және  наразылақты  кері  қайтарып  алуды  қабылдау  туралы  апелляциялық  іс  жүгізуді  қысқартатын  қаулы  шығарады.

Талап  қоюшының  талап  қоюдан  бас  тартуы  және  тарптардың  апелляциялық  шағым  бергеннен  кейін  жасалған  бітімгершілік  келісімі  апелляциялық  сатыдағы  сотқа  жолданған  жазбаша  арыздарда  көрсетілуге  тиіс.  Тиісінше  талап  қоюшының  немесе  тараптардың  арыздарын  қарау  тәртібі  және  талаптан  бас  тартуды  қабылдау  немесе  қабылдамау,  бітімгершілік  келісімін  бекіту  немесе  бекітпеу  салдары  АІЖК-нің  193  бабының  ережелері  бойынша  белгіленеді.

  Талап  қоюдан  бас  тартуын  немесе  тарптардың  бітімгершілік  келісімге  келгеннен  дейін  сот  талапкерге  немесе  тараптарға  бұл  процессуалдық  әректтердің  салдарын  түсіндіреді.

Талап  қоюшының  талап  қоюдан  бас  тартуын  қабылдау  немесе  тараптардың  бітімгершілік  келісімін  бекіту  кезінде  апелляциялық  саты  бірінші  сатыдағы  шешімнің  күшін  жояды  және  АІЖК-нің  247  бабының  3),  4)  тармақшаларына  сәйкес  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қысқартады.

Талап  арыздан  бастартуды  немесе  бітімгершілік  келісімге  келуін  бұл  әрекеттердің  заңға  қайшы  болуы  немесе  басқа  біреулердің  құқықтарымен  заңды  мүдделерін  бұзуына  байланысты  қабылдамағанда  сот  апелляциялық  тәртіпте  сот  талқылауын  жалғастырады.

Апелляция  шағым  немесе  наразылықты  мәні  бойынша  қарау  –  апелляциялық  инстанция  сотында  іс  талқылауының  екінші  бөлімі.  Бұл  бөлімде  әрекеттердің  жүзеге  асырылу  тәртібі  АІЖК-нің  354-355  бабтарымен  қарастырылған.  Шағым  немесе  наразылықты  қарау  сот  отырысына  келген  іске  қатысушы  тұлғалардың  және  өкілдердің  түсініктемелерін  тыңдаумен  басталады.  Аталған  тұлғалар  қосымша  материалдар  беруге  де  құқылы.

Апелляциялық  шағым  берген  немесе  наразылық  келтірген  тұлға  және  оның  өкілі  бірінші  болып  сөз  сөйлейді.  Екі  тарапта  шешімге  шағым  жасаған  жағдайда  бірінші  болып  талап  қоюшы  сөйлейді.

Дәлелдемелерді  зеттеу  бірінші  инстанция  сотында  дәлелдемелерді  зерттеу  үшін  белгіленген  ережелер  бойынша,  сонымен  қатар  АІЖК-нің  355  бабының  нормаларымен  жүзеге  асырылады.  Дәлелдемелерді  зерттеудің  тәртібі  мен  шектерін  іске  қатысушы  тұлғалардың  пікірлерін  ескере  отырып  апелляциялық  сатыдағы  сот  белгілейді.

Апелляциялық  сот  істе  бар  және  тараптар  ұсынған  жаңа  дәлелдемелерді  тексереді.  Апелляциялық  сот  іске  қатысушы  сот  отырысына  келмеген  адамдардың  түсініктемелерін,  сондай-ақ  апелляциялық  сатыдағы  сот  отырысына  шақырылмаған  куәларды  айғақтарын  жария  етуге  құқылы.

Істі  мәні  бойынша  қарау  аяқталғаннан  кейін  судья  тараптар  мен  олардың  өкілдерінен  оларда  бар  өтінімдер  мен  қосымшалар  туралы  сұрайды.  Егер  ондай  түскен  жағдайда  сот  оларды  шешеді,  одан  кейін  сот  жарыссөзіне  көшеді.

Сот  жарыссөзі—  сот  талқылауының  үшінші  бөлігі.  Сот  жарыссөзі  АІЖК-нің  211  бабында  көзделген  ережелер  бойынша  өткізіледі.  Бұл  сот  жарыссөздерін  жүргізу  тәртібі  бірінші  инстанция  сотындағыдай  дегенді  білдіреді. 

Сот  актісін  шығару  және  оны  жариялау—  апелляциялық  инстанция  сотында  істі  қараудың  ақырғы  аяқтаушы  бөлімі.  Сот  сот  актісін  шығару  үшін  кеңесу  бөлмесіне  кетеді,  ол  туралы  сот  отырысындағы  тұлғаларға  айтады  кеңесу  бөлмесінде  сот  келесі  сұрақтарды  шешеді:

  1. бірінші инстанция  соты  іс  үшін  маңызы  бар  мән  жайлардың  шеңберін  дұрыс  анықтағандығы;
  2. бірінші инстанция  соты  анықталған  деп  есептеген  іс  үшін  маңызы  бар  мән-жайлар  дәлелденген  бе,  жоқ  па;
  3. шешімде көрсетілген  соттың  қорытындысы  істің  мән-жайына  сәйкес  пе,  жоқ  па;
  4. материалдың және  процессуалдық  құқық  нормалары  бұзылған  жоқ  па;
  5. материалдық және  прцессуалдық  құқық  нормалары  дұрыс  қолданылған  ба;
  6. қандай заңи  фактілерді  апелляциялық  инстанция  соты  өзі  анықтаған  және  олар  қандай  дәлелдемелермен  дәлелденеді;
  7. істі жаңадан  шешу  кезінде  апелляциялық  инстанция  соты  материалдық  және  процессуалдық  құқықтың  қандай  нормаларын  басшылыққа  алу  керек  және  тараптардың  құқықтыры  мен  міндеттері  қандай;

Апелляциялық  саты  істі  қарау  нәтижелері  бойынша  сот  актісін  қаулы  түрінде  шығарады. 

Актіге  қол  қойғаннан  кейін  сот  сот  отырысы  залына  қайтып  келіп  шығарылған  актіні  жариялайды.  Судья  сонымен  қатар  апелляциялық  сотының  актісінің  мазмұны  жөнінде  түскен  сұрақтар  бойынша  түсініктеме  беру  керек.

Іс  апелляциялық  тәртіппен  қарлғаннан  кейін  түскен  апелляциялық  шағымды  немесе  наразылықты  қарау  тәртібі.  Белгіленген  мерзімде  немесе  өтіпкеткен  мерзімді  қалпына  келтіргеннен  кейін  берілген  апеляциялық  шағым  немесе  наразылық  басқа  шағымдар  бойынша  іс  қаралғаннан  кейін  апелляциялық  сатыдағы  сотқа  түскен  жағдайда  сот  мұндай  шағымды  немесе  наразылықты  өзінің  іс  жүргізуіне  қабылдауға  міндетті.апелляциялық  сатыдағы  сот  өзінің  бұрын  шығарған  актісінің  күшін  жояды  және  аталған  шағымда  немесе  наразылықта  оның  күшін  жоюдың  негізі  көзделсе,  істі  толық  көлемде  қарайды.

Қадағалау  тәртібінде  істі  қараудың  процессуалдық  тәртібі.  Азаматтық  істерді  қадағалау  инстанциясы  сотында  қарау  азаматтық  сот  өндірісінің  қағидаларын  және  жалпы  тәртібін  сақтау  арқылы  жүргізіледі.  Процесстің  бұл  сатысында  мысалы,  сот  әділдігін  тек  қана  соттың  жүзеге  асыруы,  жариялылық,  сот  ісін  жүргізу  тілі  қағидаларының  әрекет  етуі  көрініс  табады.  Дегенмен  қадағалау  өндірісі  сатысының  оны  апелляциялық  инстанция  сотында  іс  жүргізуден  ерекшелендіретін  түрлік  бағыты,  өзінің  мақсаттары,  міндеттері,  сот  талқылауының  пәні  бар.  Қадағалау  өндірісі  соттардың  заңды  күшіне  енгіен  актілерінің  заңдылығын  тексеру  үшін  арналса  апелляциялық  инстанция  –  заңды  күшіне  енбеген  сот  шешідерін  тексереді.

Істің  қаралатын  уақыты  мен  орны  туралы  тисінше  хабардар  етілген  шағым  (наразылық)  берген  адамның  болмауы  сот  отырысын  жалғастыру  мүмкіндігін  жоққа  шығармайды.

Істерді  қадағалау  сатысындағы  соттарда  қарауды  соттың  алқалы  құрамы  жүзеге  асырады.  Іс  алқалы  түрде  қаралған  кезде  соттың  құрамына  саны  тақ  (кем  дегенде  үш)  судья  кіруге  тиіс,  олардың  біреуі  төрағалық  етуші  болып  табылады.

Істі  қарау  мерзімі.  АІЖК-де  қарастырылады.  АІЖК-нің  395  бабының  2  бөлімінде:  заңды  күшіне  енген  сот  актісі  қайта  қарау  туралы  ұсыным  құзіретіне  осы  істі  қарау  кіретін  қадағалау  сатысының  соты  үшін  міндетті.

АІЖК  қадағалау  шағымды  және  наразылықты  кері  қайтарып  алу  сияқты  басқарушылық  әрекеттерді  қарастырған.  Шағымда,  наразылықты  іс  қадағалау  сатысында  қаралғанға  дейін  оны  қадағалау  тәртібімен  істі  қараушы  сотқа  тиісінше  арыз  беру  жолымен  жүгінген  тұлға  кері  қайтарып  алуы  мүмкін.  Іске  қатысушы  тұлғаға  наразылықтың  кері  қайтарылып  алынғаны  туралы  хабарлайды.  Қадағалау  шағын  мен  наразылығын  кері  қайтарып  алу  қадағалау  сатысында  іс  жүргізудің  қысқартылуына  әкеп  соғады.

Істі  қарау  пәні  мен  шегі.  АІЖК-нің  397  бабымен  реттеледі.  Қадағалау  тәртібімен  заңды  күшіне  енген  сот  актілерінің  заңдылығы  мен  негізділігі  тексеріледі.  Бұл  жағдайда  қадағалау  инстанция  соты  сот  актісін  істе  бар  материалдар  бойынша  тексереді.

АІЖК-нің  397  бабының1  бөліміне  сәйкес  қадағалау  инстанция  соты  сот  актілерінің  заңдылығы  мен  негізділігін  қадағалау  шағыиы  мен  наразылығының  шегінде  тексереді.

Қадағалау  инстанциясында  істі  қарау  тәртібі  АІЖК-нің  398  бабына  1-3  бөлімдерімен  реттеледі.  Қадағалау  инстанция  соттары  істерді  сот  отырысында  қарайды.  Ол  келесі  процессуалдық  әректтерді  жүзеге  асырудан  тұрады:

  • төрағалық етуші  қандай  сот  шешімі  және  кімнің  шағымы  (наразылығы)  бойынша  қайта  қаралып  отырғанын,  сот  құрамына  кімдердің  енетінін  және  сот  отырысы  залында  іске  қатысушы  адамдардан  кім  келіп  отырғанын  жариялайды.
  • сот  бідірілген  қарсылықтар  мен  өтінімдерді  (егер  олар  түскен  болса)  шешеді,  одан  кейін  сот  істі  қарауды  жалғастырады  немесе  кейінге  қалдырады.
  • Сот істі  талқылауды  жалғастыру  туралы  шешім  қабылдаған  жағдайда  төрағалық  етуші  қадағалау  шағымын  (наразылығын)  берген  адамға  сөз  береді.  Егер  мұндай  адамдар  бірнешеу  болса,  олар  өздері  ұсынатын  сөз  сөйлеу  кезегін  сот  назарына  жеткізеді.  Егер  олар  келісімге  келе  алмаса,  сөз  сөйлеу  кезегін  сот  белгілейді.  Шағым  (наразылық)  беруші  адам  өз  пікірі  бойынша  шағым  жасалып  отырған  шешімнің  заңсыз,  негізсіз  болып  табылатынына  себептер  мен  дәлелдерді  айтып  береді.  Содан  кейін  төрағалық  етуші  сот  белгілеген  тәртіппен  іске  қатысыушы  басқа  адамдарға  сөз  береді. 
  • Істі қарау  аяқталғаннан  кейін  сот  қаулы  шығару  үшін  кеңесу  бөлмесіне  кетеді.
  • Қадағалау инстанция  соты  шығарған  қаулы,  егер  сот  отырысына  қадағалау  шағымын  (наразылық)  беріп  отырған  тұлға,  іске  қатысушы  басқа  тұлғалар  және  өкілдер  жабық  іс  талқылауы  кезін  қоспағанда,  қатысқанда  жариалану  керек.

Істі  қарау  кезінде  туындайтын  барлық  сұрақтар  көпшілік  дауыс  бойынша  шешіледі.  Әрбір  сұрақты  шешу  барысында  судьялардың  бірде-біреуі  дауыс  беруден  бас  тарта  алмайды.  Төрағалық  етуші  ақырға  болып  дауыс  береді.

Аз  дауыс  берген  судья  жазбаша  түрде  өзінің  ерекше  пікірін  білдіруге  құқылы.  Ерекше  пікір  іске  қоса  тіркелінеді,  бірақ  сот  отырысы  залында  жарияланбайды.  Ерекше  пікір  мақсатталған  болуы  керек.  Онда  қабылданған  қаулы  мен  келіспеушіліктің  себептері  керек  және  соттың  қандай  шешім  қабылдағаны  дұрыс  болады  деген  ойы  болуы  керек.[27]1 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сот  талқылауы-  азаматтық  процестің  негізгі,  басты  сатысы,  азаматтық  істер  бойынша  әділеттілікті  жүзеге  асыру  нысаны.  Сот  талқылауы  сатысында  сот  іс  үшін  айтарлықтай  маңызы  бар  фактілерді  дәлелдемелерді  тікелей  зерттеу  негізінде  анықтайды,  тараптардың  шынайы  құқықтары  мен  өзара  қатынастарын  анықтайды  және  мемлекет  атынан  тараптар  арасындағы  құқықтық  қатынастардың  бар-жоғын  анықтайтын  шешім  шығаратын.  Сонымен  қатар  міндетті  тұлғаларға  қатысты  заңда  көрсетілген  жағдайларды  мәжбүр  ету  шараларын  анықтайды.

Сот  талқылауы  сотпен  ҚР  Конститутциясының  әділеттілік  қағидаларының  негізінде  және  азаматтық  іс  жүргізу  құқығы  нормаларына  дәл  сәйкестікте  жүзеге  асырылады.  Ол  соттардың  азаматтық  істарді  қарау  және  шешу  кеінде  объективтік  шындыққа  қол  жеткізуін  қамтамасыз  етеді.

Соттар  азаматтық  істерді  қарау  және  шешу  барысында  заңдылықты  қатаң  сақтай  отырып  сот  жұмысының  жоғарғы  сапасына  қол  жеткізеді,  көптеген  сот  шешімдерінің  заңдылығы  мен  негізділігін  қамтамасыз  етеді  және  ҚР-  да  әділеттіліктің  міндеттерінің  сәтті  жүзеге  асырылуына  септігін  тигізеді.

Азаматтық  істерді  қарау  және  шешу  барысында  жекелеген  соттардың  қателіктері  белгілі  бір  шекте  сот  талқылауы  сатысының  кейбір  сұрақтары  азаматтық-процессуалдық  заңдары  мен  толық  көлемде  реттелмегендігімен  және  сот  талқылауы  сатысы  теориалық  жағынан  әлі  де  толығымен  зерттелмегендігімен  түсіндіріледі.  Қазақстан  Республикасында  азаматтық  істер  бойынша  әділеттілікті  жүзеге  асыру  барысында  заңдылықты  күшейту  мүддесі  сот  талқылауы  сатысына  қатысты  азаматтық  процессуалдық  заңдарды  одан  әрі  жетілдіруді  және  процестің  осы  сатысының  негізгі  теориялық  мәселелерін  одан  әрі  дамытуды  талап  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК  —  ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТІЛЕР  ТІЗІМІ

 

  1. ҚР Конституциясы.  30  тамыз  1995  жыл.
  2. ҚР Азаматтық  іс  жүргізу  Кодексі.  13  шілде  1999  жыл.
  3. ҚР Қылмыстық  Кодексі  16  шілде  1997  жыл.
  4. ҚазССР Жоғарғы  Соты  Пленумының  «Сот  құжаттарын  әзірлеу  туралың  №13  Қаулысы.  28  наурыз  1986  жыл.
  5. ҚР Жоғарғы  Соты  Пленумының  №9  «Соттардың  азаматтық  іс  жүргізу  заңдарының  кейбір  нормаларын  қолдану  туралың  Қаулысы  30  маусым  2000  жыл.

Әдебиеттер  тізімі.

  1. Абдулина З.К.  Производство  гражданских  дел  в  суде  первой  инстанции  Алматы,  1998г 
  2. Агашин В.М.,  Газутдинов,  Емикев  П.В.  Процессуальные  особености  расмотрения  отдельных  категории  гражданских  дел  в  суде.  Казань,  1989г. 
  3. Баймолдина З.Х.  Понятие  судебного  разбирателства  гражданских  дел  //  Гражданское  законодательство.  Выпуск  10
  4. Баймолдина З.Х.  Гражданское  процессуальное  право  Республики  Казахстан.  Том  ІІ.  Алматы,  2001  г.
  5. Баймолдина З.Х.  Судебное  разбирательство  гражданских  дел  нуждается  в  реформировании  //  Заң.  Алматы,  2/2001  г.

 

  1. Борисова Е.А.  Апелляция  в  гражданском  и  арбитражном  процессе.  Москва,  1997г.
  2. Большой Юридический  Словарь.  Москва,  1997г.
  3. Викут М.А.  Зайцев  И.М.  Гражданский  процесс:  Учебник.  Москва, 

  1999  г. 

  1. Гуреев П.П.  Судебного  разбирательства  гражданских  дел  Москва,  1958  г.
  2. Елисейкин П. Ф.  Особенности  судебного  рассмотрения  отдельных  категории  гражданских  дел.  Ярославль,  1974г.
  3. Зайцев И.М.  Судебное  разбирательство-процессуальная  функция  гражданского  судопроизводства  //  Вопросы.
  4. Осипов Ю.К. Гражданский  процесс:  Учебник  Москва,  1995  г. 
  5. Резниченко И.М. Психологические  вопросы  подготовки  и  судебного  разбирательства  гражданских  дел.  Влодивосток,  1983  г.
  6. Трубников П.Я. Надзорное  производство  по  гражданским  делам.  Москва,  1967г.
  7. Трубников П.Я Судебное  разбирательство  гражданских  дел.  Москва,  1962г.
  8. Тихиня В.Г., Тихонович  В.В.  Рассмотрение  в  суде  гражданских  дел.  Минск,  1982г.
  9. Пушкарь Е.Г. Исковое  производство  в  советском  гражданском  процессе.  Львов,  1978г.
  10. Шакарян М.С.  Гражданский  процесс.  Москва,  1996г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Викут М.А. Зайцев И.М. Гражданский процесс: учебник. Москва, 1999 г. 233 бет.

[2] Зайцев И.М. Судебное разбирательство-процессуальное функция гражданского судопройзводства // Вопросы

[3] Баймолдина З.Х. Понятие судебного разбирателства гражданских дел  // Гражданское законодательство. Выпуск 10

[4] Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстансии Алматы, 1998г 37-38 беттер

[5] Агашин В.М. Процессуальные особености расмотрения отдельных категории гражданских дел в суде. Казань, 1989г. 4 бет.

[6] Трубников П.Я Судебное разбирательство гражданских дел  Москва,  1962г. 42-бет.

[7] Трубников П.Я Судебное разбирательство гражданских дел  Москва,  1962г. 44-бет

[8] Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстансии Алматы, 1998г 46- бет

 

[9] Трубников П.Я Судебное разбирательство гражданских дел  Москва,  1962г. 48-бет

[10] ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30 маусым 2000 жыл  №9 қаулысы 9-пункт.

[11] Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстансии Алматы, 1998г 41-42 беттер

[12] ҚР Қылмыстық Кодексі 353 бап.

[13] ҚР Конститутциясы. 77 бап , 3 бөлім, 7 тармақ

[14] Гуреев П.П. судебного разбирательства гражданских дел Москва, 1958 г. 109 бет.

[15] Трубников П.Я Судебное разбирательство гражданских дел  Москва,  1962г. 49-бет

[16] Агашин В.М. Процессуальные особености расмотрения отдельных категории гражданских дел в суде. Казань, 1989г. 150 бет.

[17] Гуреев П.П. судебного разбирательства гражданских дел Москва, 1958 г. 129 бет..

[18] Гуреев П.П. судебного разбирательства гражданских дел Москва, 1958 г. 134 бет.

[19] Резниченко И.М. Психологические вопросы подготовки и судебного разбирательства гражданских дел В: 1983 г. 32.33. бет

[20] Гуреев П.П. судебного разбирательства гражданских дел Москва, 1958 г. 143 бет.

[21] Осипов Ю.К. гражданский процесс учебник издательство Бек М, 1995 г. 26 бет.

[22] Үлкен юридикалық сөздік Москва, 1997, 593 бет

[23] Гуреев П.П. Судебное разбирательство гражданских дел Москва, 1958, 146 бет.

[24] Пушкар Е.Г. Исковое производство в советском гражданском процессе. Львов, 1978,  42 бет.

[25] Борисова Е.А. Апелляция в гражданском и арбитражном процессе. Москва, 1997г. 70-бет.

[26] Борисова Е.А. Апелляция в гражданском и арбитражном процессе. Москва, 1997г. 99-бет.

[27] Трубников П.Я. Надзорное производство по гражданским делам. Москва, 1967г. 73 бет.