Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі
1.1. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні ………………………………………………….
1.2. Бухгалтерлік есептің принциптері ……………………………………………………
1.3. Кәсіпорындардың есеп саясаты ………………………………………………………..
ІІ тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы рөлі
2.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі …………………………………………………………
2.2. Аудиттің негізгі принциптері ……………………………………………………………
2.3. Аудитті ұйымдастыру әдістемесі ………………………………………………………
2.4. Аудит түрлері және олардың сипаты …………………………………………………
ІІІ тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
3.1. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары ……………….
3.2. Аудит тұжырымдамасы, постулаттары және стандарттары ………………..
3.3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарына өту мәселелері ……………………………………………
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………………………..
Қосымшалар
Кіріспе
Елімізде нарықтық қатынас жылдан – жылға келеді. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық — әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі бір ғалым Б.Де Солазано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» — деп атаған.
Бүгінгі таңда ел экономикасыныі нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.
Аталған мәселелер таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты бухгалтерлік есеп пен аудиттің мәнін, қазіргі кездегі олардың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орнын, ұйымдастыру мәселелерін, принциптерін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында нормативтік заң актілері, отандық және шетелдік ғылымдардың еңбектері кеңінен қолданылады.
І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі
- Бухгалтерлік есеп саясатының мәні
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп-есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртәпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін (форма), есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президенттің 26 желтоқсан 1995 жылғы 2732-«Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Жарлығында салынған. Бұл Заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан жетілдіріп отырады.
Кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірісітік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесімен талдау жүргізу үрдісіне экономика – математикалық әдістерді, әртүрлі модельдерді, мақсатты – бағдармалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастуры мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек. Кәсіпорындарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қабылданған шешімді көрсетеді. Яғни, бастапқы құжаттар шаоуашылық фактілерінің іске асқандығын мәлімдейтін ақпараттық ағын болып табылады. Шаруашылық фактілерінің орындалуын көрсететін құжаттар дәл және сәтте жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қлдарды қойылуы керек. Бастапқы құжаттар жасап, өз қолдарын қоюушы жауапты адамдар, құжаттардың өз уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты екендігін дұрыс түсіну қажет.
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар кәсіпорынның бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру жетілдірген әдістер мен амалдарды ұғымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру бухгалтерлік есепті, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің бухгалтерлік есеп жұмысының маңызы мен сипаты өзгеріске түсті. Бухгалтерлік есеп объектілерінің көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру, жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы, тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен атқарылатын көптеген жұмыстардың көдемі азайып, компьютерлік жүйемен атқарылатын болды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп приницптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістермен амалдар кеңінен қолданылуда.
Мұның барлығын дп сапалы даярлаған, іс-тәжірибелерден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындағы, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау мен иексеруді, иаңдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығыбелгілі бола бастады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты қандайда шаруашылық субъектілері болмасың, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдалықтарды сақтау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін, еліміз бойынша бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің жолдары белгіленуі керек. Бұларға:
1) Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану.
2) Бухгалиерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірген есеп принциптерін сақтау.
3) Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесін жетіілдірудің әрбір кәсіпорындарға тең ұйымдастыру бағытын жасау.
4) Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап, мұның өзін менеджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының бағытын негіздеу.
5) есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшандату және пайдаланушылар талабын орындау.
6) Кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды даярлау мен қайта даярлау, бұлардың кәсіби білімін жетілдіру.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің құқығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, сондай-ақ есеп үодісін ұйымдастырудың негізін салғандағын білген жөн. Кімде-кім болмасын есеп-хисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бұлардың жіктелуі, меншіктің түрлері акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.
Бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудегі бағыттар жөніндегі (принцип) жинақталған құжат болып табылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мұның маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлерінің (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау, өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде қолданылады.
Кәсіпорындарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, сондай-ақ бұлар тән және ыңғайлы болып таңылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуге болады. Ішкі ереже-нұсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдалағы мен коммерциялық құпияның сақталуына бастады. Осыған орай еліміщдегі есеп жүргізу үрдісі қаржылық есеп және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп пен басқарушы есеп өрісі, бұларды қолдану мен қалыптастыр бағыты жекелей дамитан болды.
Қаржылық есеп қаржы жөніндегі қорытынды есеп (отчет) ақпараттарын пайдаланып, арнайы шешімдер қабылдау мақсатында жасалынады. Есептің бұл түрі тиісті заң актілері мен стандарттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми қабылданған басқа да нормативтік құжаттары негізінде жүргізіледі.
Басқарушы (өндірістік) есеп кәсіпорын қызметі мен өндірісін тиімді басқару және осы және болашақтағы кезендерде арнайы шешім қабылдау сатылған өнімдердің біржылық нәтижесін шығару, жаңа технология енгізу мен мұның тиімділігін есептеу, маркетингтік шешім қабылдап, өндірілген өнімдерді, кімге, қашан, каншаға сататындығы жөнінде шешім қаблдау мақсатында жүргізіледі. Басқарушы есептің әдістемелік жолдары кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне қарай жасалынады.
Қаржылық және басқарушы есеп жүйесінің екі бағыттағы мақсатты іске асыруына байланысты бухгалтерлік есеп счеттары да екі қатарлы: бухгалтерлік баланс жасау үшін қолданылатын қаржылық есептегі счеттар, басқарушы есепте қолданылатын операциялық счеттар болып классификацияланады.
Есеп пен маркетангтік жүйе арасында үйлесімді негіз қалыптастырып, жүйелі түрдегі есеп ақпараттарын өндірілген өнімдерді сатуға байланысты негіз қалыптастырудың атқаратын рөлі зор. Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші кәсіпорындар қатарлы сауданың жеңімпазы болғысы келеиіндігі рас. Сондықтан кәсіпорындар тұрақты сатып алушылар іздеп, бұлардың төлем өтеушілік қабылеті мен беделі және атағын зерттейтіндігі мәлім. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын халықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлдар өндірудің бұларды жеке саудағы салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалық және стратегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, мұның негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің кезеңіне жатады.
Кәсіпорындарда міндетті түрде жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарай жетілдіру үшін осы заманғы есептеу мен автоматтандыру техникаларын кеңінен қолдану қажет.
Бухгалтерлік есепті компьютерлік жүйеге көшіру, есеп жұмысына жұмсалатын шығындарын азайтып, тез арада қажетті ақпараттар ағынын қамтамасыз етеді. Бухгалтердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан кәсіпорындар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарық ақпараттарды тіркеу және т.б. ақпараттарды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір кәсіпорында бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.
Зерттеулерге қарағанда, алдымыздағы жақын кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша шамамен 200 мыңға жуық бухгалтерлер мен аудиторлардың білім дәрежесін жетілдіріп , бұларды қайта даярлау керек. Қазіргі кезеңде бухгалтерлік есеп пен аудит мамандығын тек жоғары жаңадан құрылып келе жатқан кәсіби бухгалиерлердің институтында даярлаған жөн.
Сапалы және кәсіби жағынан білімді даярланған бухгалтерлер осы заманның шешуші тұлғасына айналды. Сондықтан бухгалтерлер мен аудиторлар білімін жетілдіру және даярлау үрдісінің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлер мен аудиторлар, т.б. қаржы мен оқу құралдар қажет. Бұл проблема күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Әсіресе мемлекеттік тілде жазылған іргелі оқу құралдары мен оқулықтар жүйесін жасай алмай келеміз. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне байланысты халықаралық стандарт талабына сай мамандар даярлауға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жоқ. Бухгалтерлік есеп мамандарын даярлауды қалыптастырушы жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен кітаптар шығару, оқыту процесіне қажетті электронды оқулықтар пайдалану, аудио-көру, т.б. ақпараттық ағын қалыптастыру мәселелерін шешіп отырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін алибай еңбек етуі, нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.
Еңбекақы төлеу білімі (есеп айырысу еңбек уақытының есебін, тиісті адамдарға есептелінген еңбек ақының есебін төлеу ведомосы, салық жүйесіндегі операциялар) т.б. еңбек ақыға байланысты есеп-хисап жұмысының басынан бастап соңыңа дейін жүргізеді. Еңбек ақыға байланысты тиісті қорытындылау мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық мәліметтер негізінде басқарушылық үрдісіне байланысты таңдау жұмыстарын ұйымдастырады.
Материалдық ресурстар есебін жүргізуші бөлім тауарлы материалды құндылықтар, негізгі құралдар мен материалды емес активтер, салынған күрделі қаржы қозғалысын, бұларға тән есеп жүргізудің барлық әдістемелік жолдарын пайдаланып, түгендеу мен талдау жұмыстарын тиянақты орындауға міндетті. Сонымен қатар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына және есеп саясатына байланысты материалдық принципті сақтау.
Өндірістік бөлім — өндіріс шығындары есебін, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек және материалды шығындарға тексеру мен талдау жүргізу, аяқталмаған өндірістің есебі мен түрленуге тән есеп жұмысын жүргізеді. Бұл бөлім қорытынды есеп жасап ақшалай өлшем өзіндік құн принципін сақтауы керек.
- Бухгалтерлік есептің принциптері
Бухгалтерлік есеп – бұл мұліктер туралы, міндеттемелер және шаруашылық операуцияларын мәліметтерін ақшалай алу үшін, өңдеу, тіркеу жұмысын өлшеу үшін жүргізіледі. Бухгалтерлік есепгің негізгі мақсаты болып оның мәніндегі информацияны толық түрінде жинақтау, көрсету және, ішкі және сыртқы қолданушылармен онымен қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепке түмендегі талаптар қойылады:
1Болжамдық және есептік көрсеткіштерді салыстыру;
- Есептік көрсеткіштердің мәнділігін көрсету;
- Оперативтігі;
- Толық көрсетілуі және қарапайымдылығы.
бухгалтерлік есеп объектілері болып: кәсіпорын мүліктері негізгі (құралдар, өндірістік құндылықтар); меншіктік капитал, қосымша капитал, резервтік капитал, т.б.; дебиторлық борыш және міндеттемелер; шаруашылық операциялар — олар мүліктерімен міндеттемелердің өзгерісін құрамында шақырады. Операциялар шаруашылық фактілердің өмірі болып табылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жалпы ережелері:
Негізгі принциптердің тіс бухгалтерлік есеп жүйесінде төмендегі ережелер сақталуы қажет:
Үздіксіз, толық және байланысты тіркелгеен құжаттар.
Бухгалтерлік есептер алғашқы құжаттар негізгі дәлелдейтін күшін атқарады.
Аудитордың міндеттері
Жұмыс мерзімінде аудитор бірнеше ережелерді сақтауға міндеті және мынадай талаптар қойылады:
- Моральдық нормалардың ережелерін сақтау;
- Аудиторлық стандартты талап ету;
- Заңдылықты сақтау және талап ету;
- Фирманың ішіндегі стандарттарды колдану.
Аудиторға сыйлық есебінде жалақы төленбесе де фирманың мәліметтерін тура шын мәнінде көрсету қажет, қаржылық есеп берулерді дұрыс көрсетуге міндетті.
Қазақстан Республикасындағы аудиттің атқаратын рөлі.
Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің атқаратын рөлі, маңызы үлкен. Аудиттің мақсаты есептің заңдылығын нормативтермен, нұсқаулармен сай екенің тексеру, аудитор мен клиент арасында пайдаланатын ережелердің сақталуын тексереді. Негізгі мақсаты клиент пен аудитордың арасында келісім жүргізуі, оның заңға сай екендідігін тексеру.
Аудиторлық тексерім барысында түгендеуге қатысы тәртібі
Түгендеу ол негізгі тексерімнің түрі. Ол әр түрлі шотта, мерзімде өткізіледі. Түгендеу бұл мүліктердің нақты көрсеткішін есепеудегі көрсеткішпен бірдей болатын тексерім.
Ол міндетті түрде басшы ьұйрығымен жіберіледі, бас бухгалтермен бірге өткізіледі. Түгендеу актысында комиссия мүшелері бастау мерзімі мен аяқтау мерзімін көрсетеді.
Мүліктердің түрі, өлшем салмағы, саны, бағасы, самасы – берілген есептеме құжат бойынша мәліметтер және саны, бағасы, сомасы – нақты анықталады деп жазылады, 3-ші кестеде (ауытқу) нәтиже ревизия, түгендеу өткізу актысында жазылады, бұл жерде артықшылық немесе жетіспеушілік анықталады. Әрбір бетінде материалдардың саны, жинағы және комиссия мүшелері қолын қойып шығады. Таксировканы есеп беретін бухгалтер саны мен бағасын көбейтіп, қол сайын толтырып өткізіледі және соңғы есептемеге қосылады. Тауарлар жылдың ішінде 1 рет өткізіледі, негізгі түгендеуден өткізіледі және түгендеу актысы балансқа қосылады.
- Кәсіпорындардың есеп саясаты
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық жағдайға түсіп дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі қайта құрылып, жаңа халықаралық стандартқа сай жетілдіру керектігі жоғарыда айтылған болатын.
Қойылған осы бағытқа байланысты әрбір кәсіпорындар бойынша, бұлардың ішкі ерекшеліктеріне сай жыл сайын есеп саясаты жасалып, бекітілетін болды. Есеп саясатын жасаудың мақсаты – есеп объектілерінде қолданылатын әдістердің тиімді жолдарын таңдау мен меншік иелігіне берілген құқықтық тұрғыдағы мүмкіндік.
Кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына қарай жасалған есеп саясаты осы кәсіпорындағы материалдық және қаржылық ресурстарды бойынша тиімді жұмсап, нарықтық конъюнктура сай экономикалық шешім қабылдау болып табылады. Есеп саясатын іске асырып, мұның негізгі бағытын анықтап, қолданылатын есеп объектілері мен әдістерін белгілеу күрделі мәселелер қатарында келеді. Есеп саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы бойынша кейінгі бес жыл аралығында іске асырылып келе жатқанымен, бұл мәселенің әлі де болса шешілмеген түйіндері көп. Яғни, күмәнді, түсініксіз және де керағарлық кемшіліктер бар. Алайда есеп саясатына деген көзқарас ьіртіндеп өзгеріп келеді. Елімізде қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп стандарттарының бірінші тармағында «Есеп саясаты және мұның маңызын шешу» жөнінде ресми құжат қабылданған. Стандартқа жазылған есеп саясатының маңызы шаруашылық субъектілердің қаржылық нәтижеге жету мақсаты әсер етуші және кәсіпорын басшыларының тандап алған тәсілдері мен ереже-әдістері болып табылады.
Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына және қаржылық қорытынды есеп көрсеткіштерінің маңызы мен қалыптасуына әсер етуші процесс.
Есеп саясатын талабына сай әрбір шаруашылық субъектілері бойынша жыл сайын жасалап қабылданатын есеп саясаты – есеп жүргізудің әдістерін, ағымдағы шаруашылық операцияларын топтастырудың жолдарын, қорытынды есеп құрамына енгізілетін қосымшалар мен көрсеткіштердің тізімін, сондай-ақ негізгі қорлар мен айналым қаражаттарын бағалау мен бұларға тозу құн (амортизация) есептеудің әдістері негізделген түрде көрсетіледі.
Есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістеріне активтер сомасын, есептен шығару, құжат айналысы мен құжаттар қозғалысын ұйымдастыру, мүліктер мен активті қаражаттарды түгендеу, бухгалтерлік есеп счеттарын қолданудың жолдарын, есеп регистрларын жүйеден пайдалану, ақпараттарды, өңдеу т.с.с. тиісті әдістері қолдану жатады.
Кәсіпорындар дербестікке ие болуына қарай халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының негізінде жаңа жолдармен, есеп тәжірибесіне кеңінен енгізу мүмкіндігіне ие бола бастады.
Есеп саясатын қалыптастырудың түпкі мақсаты кәсіпорындардың жыл сайын таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді тікелей байланысты болуы да керек. Кәсіпорынның таза пайдамен жұмыс істеуіне тек қана осы кәсіпорын емес, басқа да үлес қосушылар, акционерлер мен қаржы салымшы инвесторын емес, басқа да үлес қосушылар, акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, сатып алуышлар мен қоюшылар, несиелендірушілер және салық органдарының мақсатты талабы қойылады. Сондықтан, инвестийиялық үрдіс шешілмеген, кәсіпорын таза пайдамен жұмыс істемеген жағдайда есеп саясатын құрудың қажеті жоқ.
Есеп саясатын құрудың техникалық кезеңдері есеп саясатын құру үшін ең әуелі арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен маңызы, атқаратын міндеті, сондай-ақ аналитикалық көрсеткіштер жүйесінің тізімімен қатар бухгалтерлік есеп стандарттары талабына жауап берерлік әдістерді қолдану бағыты жөніндегі бағдарлама жасалынады.
Бұдан соң есеп саясатында қаралатын мәселелердің ізімі мен есеп объектілерінің қысқаша сипаты және қажетті құжаттар мен басқа да шешімдер қабылданады. Осылайша кәсіпорынның өзінде даярланған есеп саясатына байланысты қолданылатын бухгалтерлік есеп әдістері жөніндегі барлық материалдар алдын-ала өкілетті органдармен келісіледі.
Есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер
Қазақстан Республикасының есеп жүргізу тәжірибесіне «есеп саясаты» атты ұғым ең бірінші рет «Есеп саясаты және мұның маңызын ашып көрсету» жөніндегі «1-бухгалтерлік есеп стандартында» 01.01.1997 жылдан бастан енгізілді. Есеп саясатын қалыптастыру, мұны есеп жүргізу тәжірибесінде дұрыс қолдану үшін арнайы принциптер мен талаптарды орындау қажеттігі бухгалтерлік есеп стандартының «Есеп саясатын қалыптастыру» бабында төмендегідей берілген:
- Есептеу принципі. Бухгалтерлік есепке алынып, қаржылық қорытындыға жазылатын табыстар мен шығындар бұлардың түсуі немесе пайда болуы кезеңінде. Яғни, өндірілетін өнімдерді сатудан түскен табыстар, бұл өнімдерді өндіріп дайындалған кезде емес, осы өнімдерді сатып алушыларға жеткізіп берген кезде есептеу принципіне сай табыс көлемі сомасына жазылады.
- Үздіксіздік принципі. Бухгалтерлік есеп концепциясы бойынша кәсіпорындар өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып отыру мүмкіндігінен айырылып қалмауы керек. Мүндай қалыпты жағдайы үздіксіздік принципі деп атайды.
- Түсініктілік принципі. Қаржы есебінде көрсетілген ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Есеп ақпараттары өзінен-өзі пайда бола бермейді, ол кәсіпорындардағы бухгалтерия тек қана бухгалтерлер үшін сұралмайды.
Егер осы айтылған принцип тұрғысынан қарағанда, есеп саясатын кәсіпорын бойынша қалыптастырған кезде, мұның қосымшасы ретінде есеп ақпараттарын есепті жыл ішінде пайдаланушылардың тізімі тіркелуі керек.
- Маңыздылық принципі. Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың талабын қанағаттандыру және басқару шешімдерін бақылау мен кәсіпорын қызметіндегі орын алған фактілерді бағалау үшін қаржылық есеп мәліметтері маңызды болуы керек.
- Мәнділік принципі. Есеп саясаты қаржылық есептегі ақпараттар маңызын ашып көрсету үшін, мәнді жасалынуы қажет. Егер мәнділік тұрғыдан қарағанда қаржылық есеп ақпараттары дұрыс жасалынбаған немесе кейбір мәліметтер қаржылық есепке қалған жағдайда, кәсіпорынның қаржылық қорытындысы мен экономикалық көрсеткіштері толыққанды талданбайды.
- Айқындылық принципі. Ақпараттар айқынды болады, егер мұнда қателер жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерді ауытқымауы керек.
- Бейтараптық принципі. Қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз болуы керек.
- Сақтық принципі. Белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай түрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады.
- аяқтау принципі. Айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.
- Салыстырмалы принцип. Қаржы жөніндегі ақпараттар пайдалы жөн маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқа да өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстырылуы керек.
- Сабақстастық принципі. Кәсіпорында қалыптастырып, таңдап алынған есеп саясаты сабақстастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады.
- Шындық және әділдік принципі. Пайдаланушылар үшін қаржы қорытындысының есебі шындық және әділеттік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы шаруашылық және қаржы қызметі, сондай-ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп стандарттары және салық пен қаржы жүйесіндегі заңнама актілердің негізінде құралатындығын есте сақтаған жөн,. сонымен қатар, есеп саясаты барынша ұзақ мерзімге арналып, кәсіпорынның экономикалық жағдайына тән, есеп жүйесін компьютерлендірудің дәрежесіне, т.б. ішкі жағдайларға сай қалыптасуы керек.
Есеп саясатының негізгі бағыты кәсіпорындар тапсыратын қорытынды есеп құрамына түсіндірме анықтама түрінде қосымша берілуі керек. Есепті жыл ішінде есеп саясатына өзгерістер мен қосымшалар енгізілген жағдайда, онда мұндай өзгерістер мүдделі тұлғаларға-құқылы және жеке тұлғаларға, салық органдарына ресми түрде хабарлануы керек.
ІІ Тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика
жағдайындағы рөлі
2.1. Аудиттің мәні мен қажеттілігі
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында — ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл — аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның «аиdіо» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор»- «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» едп атаған. Бір қызығы сол, алые, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Екіншіден «тыңдаушы» мен саған «сенемін» деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: «бұл аудитқызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді» — деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда — ревизор, Францияда — бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда — шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесіне тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол — шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-акпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым — қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.
Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:
- инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
- кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
- кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, «коммерциялық құпияны» сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.
Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған.
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян математигі Лука Пачолли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның «Счеттар мен жазбалар туралы трактат» атты еңбегі шықты. «Қалай, неге және кіммен көп жерлерде көпестік кітаптар куәландырылады» атты 7-тарауында Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Пачолли. өйткені, біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес.
Осы кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы — Эдинбургтің адрестік кітабында жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. «Бухгалтерлер қоғамы» құрылды. Бұл жеке авторларға «батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында» — дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ
компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы
қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық қорытынды есебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды бақылау ісіне баға берілетін.
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар «кіммен жұмыс жасауға болатынын» өздері шеше алады.
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы «Қазахстан аудит» фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен «Қазақстан Республикамыздағы аудиторлық қызмет» туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық «үлкен алтылық» тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау — тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Немесе «ойын тәртібі» сақталмаған елде экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін, екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу үшін, үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.
2.2. Аудиттің негізгі принциптері
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
- Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын кұрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
- Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
- Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны комитетін құру.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. Өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторладың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет. 4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп, іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
5.Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хаюарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
6.Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.
Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару-ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау кеек. Барлық өзіне мәлім мәліметтерге экономикалық талдау, сараптау жасап, бір жүйеге келтірілген материалдарға сүйене отырып басқарушылық шешім қабылдау керек.
Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасап пайдалануға даиындау; аудит-басқарушылық шешім қабылдау. Осы көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орындалады. Сонымен мәлімет жүйесі құрылады, оны төмендегі сызба арқылы жүйелеуге болады.
Шаруашылық субъектісімен басқару жүйесінің
арасындағы байланыс
Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәлімет аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан қейін топтал, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажеттілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау үшін мәліметті санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасындағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесінде қолдануға пайдаланады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.
Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас принциптерін сақтай алмай қалады. Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар дасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын құжат.
Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен тұрады: жоспар кіріспесі, өндіріс мақсаты-өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыз дан дыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтың аналитикалық есебі). Бизнес-жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудиттің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:
— Өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.
— Бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін мәліметтер жиналады.
Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын рөлі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.
2.3. Аудитті ұйымдастыру әдістемесі
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит
фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.
Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.
Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде темендегідей талаптар қойылады:
— қаржы есебін тексерудің мақсаты;
— тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілігі;
— аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданылатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;
— тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;
— жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;
— аудит жұмысының төлем ақысы.
Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.
Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, кұжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттер аталып көрсетіледі.
Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақты беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттемелерді орындауы қажет.
Осы шартта, аудит жұмысыкың қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.
Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктерікелісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысына шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.
Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы койылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өз ара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.
Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. ҚР «Аудит қызметі туралы» заңда анық көрсетілген. Осы Заңның 4-бабында көзделген міндетті аудитті жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мезгілдерден кешіктірмей жасалады, бұл туралы субъект аумақтық салық ұйымын хабар дар етеді.
Заңның бесінші тарауында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі деп аталынған, оның 17-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары жан-жақты қарастырылған, 18-бабында олардың міндеттері анықталған.
Заңның алтыншы тарауында «аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, 21-бабында олардың құқықтары, 22-бабында міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі» жан-жақты қарастырылған.
Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану
жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану құралы ретінде қолданылады. Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс — ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі-табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізге алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын Анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика принциптері мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукация және дедукация, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған.
Анализ-ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми зерттеу әдісі оның негізгі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұн, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.
Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне осы әдістер арқылы талдау жүргізу үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне сәйкес талдау объектісінің жекелей және топтаулы түріне де талдау жасау оның мазмұн мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің каржылық-табыстылық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция-индукция әдісі қолданылады.
Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) — ақыл-ойға салып, жалпы көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап логикалық тұжырымдау, қорытынды жасау. Яғни, осы әдіс қолданған жағдайда кәсіпорын шаруашылығының жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды, содан кейін әрбір бөлімдеріне талдау жасап сол мәліметтер арқылы топтал, қорытынды жасалынады. Индукция — ақыл-ойға салып жеке объектілерге талдау жасап, жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына байланыстылыгын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасайды.
Қорыта келгенде, аудит барысында индукция дедукция экономикалық талдау әдісі ретінде үлкен орын алады.
Аналогия (ұқсастық) — ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.
Жүйелі талдау — талдау объектілерін жүйеге келтіріп, оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін факторларды талдау келтіреді. Яғни, жүйелі талдау әдісі фақторлардың арасындағы жүйелі байланысты анықтайды.
Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау эдісі объектіні жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың даму барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды оптималды мөлшерде еептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірістік шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттық жұмысында қолданылады.
Сонымен, аудитте қолданылатын жалпы ғылыми зерттеу әдістерін қарастырдық. Әр ғылым саласында жалпы ғылыми саласының ерекшелігіне сәйкес сол ғылым саласының мазмұнына сәйкес ғылыми әдістері болады. Мысалы, бухгалтерлік есептің нақты өзіне тән құжаттау, түгелдеу және бағалау, калькуляциялау, есептеу, еқі жақиты жазу, баланс деген ғылыми әдістері бар.
Сол сияқты аудиттің де жеке ғылым саласы ретінде өзінің пәні мен ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ғылым туралы жұмыс жүргізу процесін қамтамасыз ететін ғылыми әдістері бар.
Ол әдістер аудиттің мақсаты мен атқаратын фунқцияларына сәйкес жалпы ғылыми әдістермен үйлестікпен құралған. Олар әсіресе жақын ғалымдар саласының методикалық әдістерімен тығыз байланысты. Аудит жұмысының барысында сол жоғарыда аталған ғылым салаларының әдістері аудитте тікелей қолданылады және де олар аудит әдістерінің құрамына тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, аудит, тексеру бірдей әдістермен жұмыс істейді. Олар: түгелдеу, салыстыру, құжаттарды тексеру, бақылау әдістері, бухгалтерлік есептердегі тіркеуді тексеру, аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерін тексеру.
Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді:
1) аналитикалық анықтау, есептеу;
2) құжаттау;
3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау — есептеу әдісі — ол негізінде экономикалық талдау (топтау, саолыстыру т.б.), аналитикалық тексеру және статистикалық, экономика-математикалық — әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған әдістемелік әдісі-ол, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының кұрамының аналитикалық есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем сомасымен салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен болғанын, факторлардың әсерін есептеу.
Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңінде қолданылады. Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақпаратын жасауда, онда кездескен өзгертулерді анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық тексеру үздіксіз жүргізіліп отырады.
Әдістемелік құжаттау әдісі — өз кезегінде үш топқа бөлінеді:
1) мәліметтік модельдеу;
2) нормативтік қүқылық жолын анықтау;
3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру.
Мәліметтік модельдеу дегеніміз — аудит объектісінің мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріп тіркелген мәліметтерін айтамыз. (Ол алғашқы құжаттар, магнит барабандары, дискалары, перфокарта, магнит таспасы, есеп кестелері, ақпараттар).
Мәліметтік модельдеу мақсаты тексеру объектісінің нормативтік-құқылық, ақпараттық, бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру. Мысалы, аудит жүргізу үшін өндіріс процесінің моделін алатын болсақ, онда шығыны жоспарланған өлшемде, нақты шығын өлшемінде, оның цехтар арасындағы құбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік кұжаттарға тіркелуі, жауапкершіліктегі есебі тағы басқа көптеген мәліметтер біржүйеге келтіріп, мәлімет моделін құрайды.
Нормативтік — құқықтық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже нұскаудың, нормативтік құжаттар талабының ішкі ереже тәртібінің орындалуын анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін түгелдеу жүргізудің ереже — нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылау қажет. Нақты мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс қолданылуы.
Есеп кұжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық әрекеттерінің операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет. Осы әдісті іске асыру үшін әр түрлі құжаттарды тексеру түрлері, нақыт бақылау әдісі, әр түрлі есептеу, инспекция өткізу т.б. қарастырулар қолданылады.
Осы орайда құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін қарастыруға болады: формальдық, арифметикалық заңдылық, логикалық тексеру. Немесе жаппай қарама-қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.
Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершілліктегі жұмысшылардың қол қоюы қарастырылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің мақсат сондағы тіркелген анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.
Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруде өте жиі қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан материал келіп түссе, материалдың құжатының бір данасы қоймашының есебінде болса, екіншісі банк көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқылы қарама-қарсы тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса есебінде болады да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы анықталады. Осы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық немесе әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.
Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде аудит процесінде бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзету. Қате түзету процесінің бірнеше түрі бар.
- Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы, тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
- Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс. Мысалы, дүкенші жабдықтаушыдан-құжат бойынша тауар қабылдап алған. Тауар сомасы 10000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп, тіркелген бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен. Кейін тексеру барысында қате анықталғаннан кейін қосымша екі жақты жазу 9000 теңгеге жасалады.
- Үшінші қате түзету әдісі — қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана екі жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шоттарына екі жақты жазу бойынша тіркелген тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады. Яғни, қате жазу бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан шығарылғаннан бұрын жіберілген қате түзетіледі.
Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты анықтауға болады. Өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.
Түгелдеу. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерінің нақты бір кезеңде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма-сай дұрыс екендігін анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы, бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты тексеру құжаты «инвентарлық тізімде» анықталған сомамен салыстыру арқылы анықталады. Яғни, бухгалтерлік есеп көрсеткіші тізімі қорытындысынан артық болса, оның айырмасы жетпеген соманы көрсетеді. Қандай көрсеткіш анықталған жағдайда да аудит барысында оның себебін анықтау, оған анықтама жасау, түсініктеме беру аудитордың міндеті.
Аудит барысында түгелдеу процесіне тікелей бақылау жасалынады. Себебі, көп жағдайда есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық осы түгелдеу процесінде анықталады, екіншіден барлық бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің дұрыстығы көп жағдайда осы түгелдеу қорытындысымен тікелей байланысты болады. Осы орайда, ерекше орын алатын есеп процесі ол қоймадағы тауардың, материалдың аналитикалық есебі. Оны жүргізу әдісі қазіргі кезде септеу машинасы арқылы немесе компьютер қолдану арқылы, ал көп жағдайда қолмен есеп карточкалары арқылы жүргізіледі. Аудит барысында аналитикалық есеп жұмысын тексеру өте күрделі процесс. Ол жұмыста қате жіберілсе немесе әдейі өзгерістер енгізілсе оның кәсіпорын шаруашылығына тигізетін әсері өте күрделі. Соның салдарынан өндіріс процесінде толқушылық, өндіріс өнімнің сату қуатының өзгеруіне жалпы шаруашылық қаржылық-табыстылық жағдайына әсерін тигізеді. Мысалы, өндіріске қажетті материалдың сапалылығы өзгертілсе оның бағасы да өзгереді. Ал, ол өзгерістер материалдарды кіріс-шығыс жасауда құжатқа бір бағамен, басқа сапамен есепке алынады. Соның көрсеткіштерінің арасында көптеген айырмашылықтар болады да еншісіне немесе пайдасында қалады. Яғни, соның нәтижесінде шаруашылықтағы субъектілер, оның сыбайластары көп зиян шегеді.
Кәсіпорын экономикасында материалдарды, тауарды түгелдеу сияқты негізгі құралдарды бухгалтерлік есебіндегі ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік айырмашылығы болады. Мысалы, түгелдеу тізімі негізгі құралдың аналитикалық есеп карточкалары арқылы толтырылады. Сол сияқты ақша қаржысы мен құнды қағазды түгендеу процесі де өзінің бухгалтерлік есеп, ереже-нұсқау талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінің есеп-айырысу әрекетіне түгелдеу жүргізу өте күрделі, оның тауарлары аудит жұмысы үшін өте қажет. Егер де жабдықтаушыға алған тауары үшін төлем жасалмаса немесе сатып алушылар алған тауарына төлем жасамаса ол кәсіпорынның қаржылық, табыстылық жағдайы туралы жұмысын текеру мүмкін емес.
Қорыта келгенде аудитор түгелдеу жұмысы туралы өзінің корытындысын жасайды. Ал, кездейсоқ, өрескел жағдайлар анықталса тапсырушыға арнайы әр фактілер туралы жеке-жеке анықтама жасап тапсырылады, ол бірақ аудиттің құпиялық принципін сақтау тәртібімен жүргізіледі.
Сараптау анықтау. Нақты тексеру барысында сараптап анықтау әдісі негізінде өндіріс барысын бақылау ретінде қолданылады. Оның ішінде өндіріс технологиясының дұрыстығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың, материалдардың, өндіріс технологиясының талабына лайықты екенін, жаңа өнім сапалылығын сараптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен материалдардың қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге сараптау жүргізіледі.
Бақылау анықтау әдісі — бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның негізгі мақсаты күнделікті шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау. Мысалы, күнделікті өндіріс барысына бақылау жасау, еңбек жұмыс тәртібін бақылау, материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу барысын олардың қоймада сақталу тәртібін бақылау.
Қорыта келгенде аудитор жұмысында әдістемелік тексеру әдістері үлкен орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру барысында компьютер қолдану, тапсырушының компьютер құрылымымен жұмыс істеуі ерекше орын алады. әрине ол үшін аудитор компьютер бағдарламасын жақсы білуі қажет.
2.4. Аудит түрлері және олардың сипаты
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысты түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін; жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.
Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі — ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар — кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері. Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекетке салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.
Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгенде, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілуі жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар-жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай жағдайда іске асырылуда? — деген сұрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы тұрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің және кәсіпорын жұмысын, оның қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділік болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын ешқандай фирма, кәсіпорынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.
Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төмендегі схеманы келтіреміз.
Сыртқы аудиттер өз жұмысын сол елдегі заңды түрде қабылданған аудит стандартына, бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың, кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз қорытындысын бергеннен кейін және балансқа мөрін басқаннан кейін ғана шығады. Әрине, аудитор қорытындысын кәсіпорын ақпаратының дүрыстығын, қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана қорытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға шығуының үлкен мағынасы бар.
Ақпаратты басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі кәсіпкерлігімен айналысуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін себебіміз, аудит қорытындысы сол кәсіпорынның өткен уақытта тапқан табыс сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп анықтама жасайды. Яғни, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып табылады.
Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас кәсіпкерлер күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басылымға шыққан материалдарды сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайластыққа сенімді екен деген қорытынды жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы өзінің негізгі фунқциясының бірі, пайдалануға дайындалған мәліметінің рөлін атқаратын кәсіпорын ақпаратын бекітеді.
Үшіншіден, аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге кепілдік алған кәсіпорындар сол елдің экономикасының бір қалыпты дамуына негіз болады. Тұрақты халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қалыптасқан экономика құрылымына айналады.
Төртіншіден, қалыптасқан экономика құрылым болған елде тиянақты нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді. Соның нәтижесінде сол елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни, аудиторлық тексеру кәсіпорынның тиянақты кәсіпкерлік жасап, даму барысын қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің зкономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған — ол бірден бір нақты механизм аудитор қызметі. Сондықтан да оған шет елдерде өте үлкен мағына беріледі.
Қаржы ақпаратының, бухгалтерлік есеп ақпаратының дұрыстығын тексеру.
Қаржылық шаруа-шылық жағдайына сараптау жасау, ұсыныстар енгізу:
-шаруашылық туралы;
— қаржы стратегиясы;
-салықты жоспарлау;
-бухгалтерлік есеп, ақпарат.
-шаруашылық жағ-дайын сараптау;
-есеп айырысу және несие беру, уақытылы қайтару жағдайына баға беру.
Аудиторлық тексеру жүргізбей шаруашылық субъектісі басылымға шықпайды, яғни өзінен-өзі экономикалық қыспаққа түседі. Біріншіден, мемлекет алдында өзінің шаруашылық субъектісі ретінде құқысын қорғай алмайды. Екіншіден, сыбайлас кәсіпорындар қарым-қатынас жасамайды, үшіншіден банкілер сенімсіздік білдіріп несие беруін тоқтатып, жалпы есеп айырысу процесін тежей бастайды.
Сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы рөлін анықтайды. Ондағы негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына тапсырады.
Сыртқы аудит соңғы жылдары тек қана қаржы ақпаратын тексеріп қана қоймай кәсіпорын шаруашылығына экономикалық талдау жасап, оның кәсіпкерлігінің табыс сомасына баға береді, оның жұмысының табыстылық және экономикалық тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде «Заңды аудит» деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана сыртқы мәлімет пен пайдаланушылар алдында ғана жауапкершілікте.
Жоғарыда келтірілген сыртқы аудит туралы берілген түсінік негізінде шет елдерде толығымен — қолданылады, оның принциптері жұмыс бабында толық іске асырылуда. Қазір Қазақстан Республикасында аудит қызметі жаңадан ғана дамып, қалыптасып келе жатыр. Осы орайдағы ең өкініштісі-аудит қызметі толық міндетті түрде таратылған жағдайда еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаның әлдеқайда сәтті жүргізілуіне, нарықты қатынас заңдылықтарының кәсіпорын шаруашылығында тез қалыптасып кетуіне көптен-көп көмеғі тиетіні сөзсіз. Мысалы, аудит міндетті түрде барлық шаруашылық субъектілеріне жүргізілсе салық төлеу, өндіру проблемасы түгелдей жойылар еді. Әрине, ұйымастыру, мамандар дайындау, моралдық, этикалық аудит принциптерін бірден іске асыру өте ауыр жұмыс. Мысалы, бір ғана фактор. Біздің халқымыздың психолоғиялық түсінігі бойынша, ақша төлеп тексерушіні шақыру деген ол тек қана ауру немесе есі түзу емес адамның есе деп түсінеді.
Сондықтан Қазақстан Респуликасында аудит қызметі жан-жақты таратылуы қажет, бірақ біздің елдің өзіндік экономикалық, әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес аудит принциптерін лайықты түрде қарастыру кажет. Әрине, оның ішінде ұйымдастыру, құрылымы туралы көптеген өзгерістер енгізу өте қажет.
Қазіргі кезеңде ішкі және сыртқы аудит арасындағы өзара байланыстың күшеюіне байланысты олардың қызмет көрсету салаларына шектеу жасалып отыр.
Ішкі аудиттің тиімділігі сыртқы аудитпен салыстырғанда шығындарының төмендігіне (ішкі аудиторлар қызметінің құны 30-50 арзан); ішкі аудиторлардың кәсіпорын жағдайын, жұмыс ырғағын және басқару жүйесін терең білуінде; аудиторлардың тексеруге құрылымдық бөлімдердің жоғары білікті .мамандарын тарту мүмкіндігінде; заң талаптарын сақтау кепілдігінде болап отыр.
Ішкі аудит мәні мен принциптерін анықтау сыртқы аудит түсінігі мен принциптеріне негізделеді. Осыған байланысты сыртқы аудит мәнін қарастырып өтеміз.
Экономикалық әдебиетте ішкі аудиттің мәні мақсаты және бағыты жөнінде бірыңғай көзқарас жоқ. В.В.Нитецкий, Ф.В.Зайнетдинов сияқты авторлар аудит пен «бақылау» бірдей ұғым деп түсінеді. Біздің пікірімізше, аудит бақылау түрлерінің бірі болып табылады, яғни бақылау аудитке қарағанда неғұрлым кең ұғым.
Профессор К.Ш. Дюсембаев аудитті сипаттайтын өте терең анықтама берген: «Аудит-шаруашылық жүргізуші субъекттің қаржылық есебін оның шынайылығын анықтау мақсатында тәуелсіз тексеру және талдау, сондай-ақ клиентті қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беру және басқа да аудиторлық қызметтер көрсету» [5.67бет]
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет жөніндегі» Заңында (18.12.00) келесі анықтама берілген: «Аудит бұл қаржылық есепті оның шынайлылығын, толықтығын, заң талаптары мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру». [2].
Біздің пікіріміз бойынша «аудит бұл экономикалық іс-әрекеттер бойьшша берілген дәлелдердің шынайылығын бағалау, олардың сәйкестік дәрежесін анықтау» деген Ж.Леворштың көзқарасы неғұрлым дұрыстау. Барлық дәлелдер экономикалық ақпаратқа жатқызылмайды, сондықтан сандық тұрғыдан бағалануы тиіс, бірақ сапалық бағалауға әсер етеді.
Осы мәселе бойынша көптеген авторлардың пікірін қарастыра оты-рып, біз К.Ш. Дюсембаевтың берген анықтамасын қабылдаған жөн деп шештік.
Ғылыми әдебиеттерінде «ішкі аудит» түсінігіне өте аз көңіл бөлінеді немесе ол бақылаудың басқа түрлерінің құрамында көрсетіледі. Осы уақытқа дейін ішкі аудитті жіктеу белгілері, оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны анықталмаған. Ішкі аудиттің дамуындағы ең үлкен кемшілік оның теориялық және әдістемелік негіздеріне бірыңғай көзқарастың жоқтығында.
Орталықтандырылған жоспарлық экономика кезеңінде өзінің экономикалық құрылымға сәйкес келмеуі себепті ішкі аудит кең дами алмады. Орталықтан басқарылатын және жалпы мемлекет мүддесіне жүзеге асырылатын шаруашылық ішкі бақылау алға қойылған міндеттерді орындай алмады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты жағдай мүлдем өзгерді. Ішкі — аудит пайда болды және оның көмегімен сапа, бағаны төмендету, тұтынушылар қажеттілігін түсіну арқылы нарықта еркін бәсекелесу үшін ішкі аудит шығындарына кәсіпроындардың өзі қарсы болмады.
Ішкі аудиттің мәнін түсіну үшін оның объектілерін анықтау қажет. Олардың ішіндегі маңыздыларының бірі есептік, жоспарлық және норма-тивтік-анықтамалық мәліметтерден тұратын ақпараттық объект болуы тиіс. Келесісі — қабылданған басқарушылық шешімдердің деңгейін бағалау. Және, ең соңғысы технологиялық объект болуы тиіс, себебі жоғарыда аталған объскттер есеп жүргізуде қажеттілігінен туындайды.
Осылайша, ішкі аудит дегеніміз — кеңсе беру, аудит — көрсеткіштерін талдау жолымен оның белгіленген параметрлерге сәйкестігін сандық-сапа-лық бағалау процесі.
Ішкі және сыртқы аудит тәсілдерінің бір объектілерге байланысты болуына, ұқсастығына қарамастан, олардың арасында айтарлықтай айырмашылықар бар (1 кесте). Ең басты айырмашылығы ішкі аудит органдарының кәсіпорынның, оны басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болуында және әкімшіліктің тікелей нұсқауы және бақылауы бойынша қызмет атқаруында.
Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылығы, ең алдымен, олардың жүзеге асрыудың құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік үлгісінде. Ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын қатаң бақылау, меншік иссінің мүліктік мүддесін қорғау ғана емес, менеджмент сапасы мен саясаты бақылау да жүзеге асырылады.
Қаржылық-шаруашылық қызметті жетілдіру қажеттігі ішкі аудиттің көптеген бағыттарын анықтайды, бұл оның бірнеше түрлерге жіктелуіне әсер етеді.Ішкі және сыртқы аудитті салыстыра отырып, көптеген авторлар олардың арасындағы айырмашылықты табуға тырысады. Мысалы, Ю.М.Иткин [8.142 бет] келесідёй айырмашылықтарды атайды: объекті, біліктілігі, жүргізу шеңбері, әдісі, мақсаты және есеп беру үлгісі. Ал, К.Ш.Дюсембаев [5.89 бет] объетік, мақсатын, міндетін, біліктілігін, өзара қарым-қатынастар түрін, әдісі, есеп беру үлгісін, төлем ақысын, жауапкершілігін бөліп көрсетеді.
В.В. Бурцев [14. 11 бет] та жоғарыдағы авторлар сияқты сол ерекше белгілерді атайды, бірақ оған тәуелсіздік приципін, регламент және өкіметтік мерзімін толықтырады. И.П.Ульянов [15. 243, 244 бет] объектін, міндетін, біліктілігін, мақстаын, тәуелсіздік иринципін, өкілеттік мерзімін және нәтижелердің пайдалануын атап отыр.
Аудит түрлерін қарастыру барысында олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтап қана қоймай, олардың кейбір жетістіктерін пайдалану мүмкіндігіне көңіл аудару қажет. Мысалы, ішкі аудиттің де, сыртқы аудиттің де зерттеу объектісі есеп жүргізудің жағдайын, активтерді пайдалану тиімділігін, қабылданған шешімдердің негізділігін тексеру, технологиялық объекттердің жағдайы мен қозғалысын бағалау болып табылады.
Объектілердегі жалғыз ғана айырмашылық – ішкі аудит мәліметтерінің шынайылық деңгейін, оны сыртқы аудит кезінде пайдалану мүмкіндігін бағалау болып табылады. Ішкі және сыртқы аудиттің мақсаты – қабылданған параметрлерге сәйкестікті анықтау, ал ауытқулар табылған жағдайда оның себептерін және кінәлілерді анықтау, жағымсыз фактілердің салдарын жою болып табылады.
Ішкі аудит пен сыртқы аудиттің айырмашылығы
Кесте 1
ІІІ тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
3.1. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағына білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай — қайсысының болмасын өз мақсаты, қолдану аясы, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолдану аясы. Стандарттың пайдаланатын жерлері мен қандай жағдайда қолданылмайтыны осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсініктеме беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирандия, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтелсрінің келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде .оның құрамына жоғарыда аталған елдердің жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабе және тағы да басқа елдердлің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдары қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартның негізгі мақсаты — мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу.
Бухгалтерлік ақпаратарының алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның баланысына көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалы шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын жалпы және жеке — деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
— Жалпы тұжырымдамада бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
— Жеке тұжырыдамада тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтелік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сонда-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын контитенттік және америкалық тұжырымдпма қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің континеттік тұжырымдамасы кәсіпорының жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық кәсіпорыының бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл контитенттік тұжырымдамасы бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және бақа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.
Америкалық тұжырымдаманың контитенттік тұжырымдамадан өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістін, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континентальдік немесе америкалық тұжырымдама бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсына контитенттік тұжырымдама бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің -өзінде осы қалыптасқан калған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары барынша жақындатылып жасалғандығын тап етуге болады.
3.2 Аудит тұжырымдамасы, постулаттары және стандарттары
Аудит теоряисы оның мазмұны, мақсаты және ғылыми әдістемелері құрайды десек, оған қоса оның ғылыми теориялық мәселесін, мазмұнын және пәнін зерттейтін, анықтайтын тағы да ерекше түсініктемелер бар. Профессор Дж.Робертсонның айтуынша оған аудит тұжырымдамасы, қағидасы және стандарты жатады. Аудит ғылымының даму тұрғысынан қарайтын болсақ аталған үш элемент ерекше орын алады.
«Концепция» деген сөз латын тілінен аударғанда – табиғат құрылысын түсіну, адамның өмірге көзқарасының жүйелілігі деп түсінуге болады. Яғни, ғылыми тұрғыдан өмірге, табиғатқа, экономикаға, саясатқа көзқарасын, өз ойын бір жүйеге келтіру. Аудит тұжырымдамасы оның ғылыми даму бағытын анықтайды.
Аудит теориясында бес тұжырымдама қарастырылады. Біріншісі – мінез-құлық этикасы. Барлық саналы, зерделі, білімді мамандарға тән мінез-құлық этикасынан басқа аудиторлық арнайы этика анықталған. Бұл мінез-құлық этикасының ерекшелігі тек аудитор емес барлық бухгалтер мамандарына тән ерекшелік. Бұл ерекшеліктің мазмұны аудит принципін қарастырғанымызда дербес, тәуелсіздік және біліктілік, жоғары сатыдағы мамандық түсініктемесін қарастырғанымызда анықталған. Яғни, тәуелсіздік, дербестік – екінші тұжырымдама, ал үшіншісі біліктілік, үздік мамандық.
Төртінші – дәлелдік. Тексеру барысында жиналған мәліметтер санымен және сапасымен есептелінетін көрсеткіштер аудит тексеруіне негіз болмайды, тек қосалқы дәлел болатын мәліметтер. Ал, аудитордың мақсаты тексеру барысында нақты шешім қабылдау үшін жан-жақты мәліметтер жинап күздіксіз, сенімді дәлелділікті қамтамасыз ету.
Бесінші — дұпыс түсінушілік. Аудиторлық шешім қабылдау үшін жиналған материалдарды тұжырымдап дұрыс түсіну үшін аудит стандарта негіз болады. Ал аудит теориясында бухгелтерлік есеп принциптепіне сүйене отырып дұрыс түсінушілік тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің дәлелдігіне, тұжырымдылығына, қысқаша тиянақты көрсеткіштеріне сүйенеді. Мысалы, бухгалтерлік қаржылық есептер қолданушылардың барлығына түсінікті мазмұны өте қысқаша, ал барлық талапқа сай жасалынған.
Екінші аудит теориясын толықтыратын ғылыми түсінік — ол аудит постулаты. Бұл сөздің латын тілінен түсінігін қарастыратын болсақ, ол дәлелсп бекітілген «түсінік», дәлелді қажет етпейтін шындық. Ол түсініктің басқаша мағынада болуы арнай жасалған теориялық дәлелдеумен ғана өзгереді. Аудиттің функционалдық постулаттарын негізге ала отырып аудиттің күрделі сұрақтарына, түсініктеріне жауап табуға болады. Нақты, қарастыратын болсақ аудит постулаттары арқылы аудит стандарттарының мазмұны анықталады. Аудит қағдаларына ғалымдар ертеден-ақ тиянақты көңіл бөлген. Мысалы, Еуропа ғалымдары Р.К. Маут және Х.А. Шараф 1961 жылы аудиттік сегіз постулатын анықтаған, олар кейін аудит ғылымының дамуына көп әсерін тигізген. Ал 1982 жылы ГА. Ли және 1985 жылы Роберстон тағы аудиттің екі постулатын қосқан. Россия ғалымы профессор Я.В. Соколов аудит постулаты туралы ойын тұжырымдап басылымға шығарады. Ұлыбритания ғалымы Роджер Адаме аудит постулаты туралы өзі зерттеу жүргізіп өзінің қорытыпдмсып басылымға шығарған. Осы жоғарыда айтылған ғалымдардың аудит постулаттары тұжырымдарын қорыта келіп келесі түрлерін қарастыруға болады:
- Қаржы есебі және қаржылық көрсеткіштерін тексеру еліміздегі аудит заңының талабына сәйкес аудитор шаруашылық субъектілернің қаржы есебінің дәлелдігін, объективтік шығындығын анықтайды. Бұл постулаттың дұрыстығы кәсіпорын әкімшілігіне бір жағынан тексеру барысында тиянақты талап қойып шындықты анықтау болса, екінші жағынан кәсіпорын басшылары өз тарапынан сол шындықты анықтауға құштар. Себебі олар өз тарапынан тексеру жасай алмайды. Ал, аудитор тексеруді шындықпен анықтамаса өзінің қорытындысының бере алмайды. Бұл постулаттың қажеттілігі орынды ойлау жолымен қос шаруашылық жағдайында қажеттілігімен құнды. Мысалы, салықтар және банк мекемелері өзара жұмыс бабында келісім- шарт жасасып немесе сөз байлаеып, жұмыстың тиянақты орындлуын қамтамасыз етеді: Осы орайда кәсіпкерлер өз шаруасының сенімділігін қамтамасыз ету үшін соған кепілдік беретін аудит қорытындысы негізге алады:
- Кәсіпксрлердің өзара кездейсоқ келіспеушілігінде постулат әлеуметтік қайшылық жағдайында орын алады: әрқашан тапсырушы мен аудитор арасында кәсіпкершілік тұрғысынан жұмыс бабында өзара ізгі мақсаттары қарама-қарсылық кездесіп отырады. Алғашқы аудит жұмысының даму кезеңінде аудиторлар бұл постулат болмауы керек деп санайды. Оған негіз болғын Ж.Ж. Руссо ойлағандай адам, адамгершілік қасиетін жоғары ұсытаған кезде өтірік айту, жалған жолмен кәсіпкершілік жүргізуге болмайды деп санаған. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілернің басшылары, тапсырушылар мемлекет заңын бұзушылық, нормативтік құжат талаптарын орындамау, аудиторларға өтірік мәлімет беріп алдау жолына, өзінің акционерлердің алдау, өзінің табыстылығы көрсеткіштерін дұрыс көрсетпеу сияқты қылмыскерлікке баруда. Соның салдарынан аудитор мен тапсырушының арасында келіспеушілік, нормативтік құжаттарды әр түрлі мағынада қолдану немесе оны орындамау процесі кездеседі.
Негізінде аудитор мен тапсырушылардың ізгі мақсаттарының арасында өзара келіспеушілік әрқашан кездесетін болғандықтан аудиторлардың тексеру барысында алдына қоятын ең негізгі мақсаты ол бухгалтерлік есепте жіберілген қатені, нормативтік құжаттардың талабының орындалмауын тексеру және оның әсерінен қаржылық ақпарат жіберілген қатені анықтау. Осы мақсат аудит жұмысының құндылығын және қажеттілік деңгейін көтеруде. Тексеру барысында ешқандай қате анықталмаса аудитор өз тарапынан қосымша жұмыс атқарып немесе басқа қарастырулар ұйымдастыруға міндетті емес. Сонда да аудитор тексеруін мұқият жүргізіп қате жоқ екеніне кепілдік жасауға сенімді болуы қажет.
Аудиторлар кездейсоқ келіспеушілікті немесе тапсырушыға сенбеу немесе ізгі мақсаттарының қайшы келуін осы постулат негізінде бір заңдылық деп қарастыруға болмайды. Себебі, аудит жұмысының ең бір ерекшелігі аудитор мен тапсырушының тексеру барысындағы келіспеушілікті жедел сол ағымдағы тексеру барысында анықтап түзетін немесе заңдандырын шешім қабылдайды. Сондықтан ол келіспеушілік ретінде осы қағидаға негіз болмайды. Ол жөнінде аудитор өз тарапынан езінің ойын қорытындылауға міндетті.
Аудитор өз тарапынан тапсырушыны шексіз адал деп немесе қылмыскер деп қарастыруы дұрыс болмайды. Ол объективті түрде өзіне мәлім мәліметтер арқылы толық талдау жасап- қарастыру арқылы өзінің шешімін, он қорытьтндысын жасауы қажет.
- Верификация мұмкіншілігі. Верификация деген сөз латын тілінен нақты аударатын болсақ, ол-орындау, анықтау, шындыққа көз жеткізу, дәлдігін тексеру, яғни, верификация жасамаған жағдайда аудиттің қажетті де жоқ.
Аудитерлық верификацияны ішкі аудит жүргізуде дербес аудиторлар жиі қолданады. Мысалы, шаруашылық субъектілерінің өз қаржысын тиімді қолдануын қарастырған жағдайда көп мәлімет жинап отырмайды, тікелей бір материалмен жұмыс істеп, өзінің қорытындысын жасайды. Жалпы алғанда барлық аудиторлық тексеру барыснда белгілі бір жағдайын аудит верифнкациясын қолданады.
- Ақпарат дұрыс жасалынбағанда аудит жұмысында осы посулат оның ақпарат рөлін, алатын орнын анықтайды. Шаруашылық субъектілерінің ақпаратында қате болмаса онда аудиторлық тексеру дұрыс жасалған ақпаратқа талдау жасап түсініктеме беру, анықтама жасау деңгейінде қалған болар еді. Ал ақпарат қате болған жағдайда оны тексеріп қателерді анықтау аудитордың міндеті болады. Кәсіпорын ақпаратында қате болу себебі оны жасаған маман-қызмткер өз тарапынан немесе басшылар талабына сәйкес әдейі өзіне бұзық ойын тиімді түрде жасайды. Орыстың ұлы жазушысы Н. Г. Чернышевский айтқандай адамды- есептен пайда табу белгіленді» — дегені шындық екеніне күдіктенуге болмайтын сияқты.
Сондықтан да аудитор осы ойды әрқашанда есінде сақтап, кәсіпорын ақпаратында анықталған қателер қандай себептермен жіберілгенін, кімнің мақсатына сәйкес, жоқ табыстылықты жасыру ма немесе жұмыс бабында жіберілген техникалық қате ме жоқ басқа себептерден болды ма соның бәрін түгел тексеруге міндетті. Қорыта келгенде ақпараттың дұрыс жасалмауы оның өзіне тән қасиет.
- Аудитор жұмысы және оның құқысы кәсіпорын қаржылық ақпаратын тексергенде оның дербес, тәуелсіздігін дәлелдейді. Бұл постулат аудиторлық текееру барысында дербес қорытынды жасауда ол тек қана аудиторлық принципін сақтауды талап етеді. Тек сол жағдайда ғана тексерілген қаржылық ақпаратты қолданушыларға тиімді, пайдалы болады: Осы мен қатар аудитор қызмет көрсету жұмысын да қоса жүргізеді. Мысалы, маркетинг мәселесінен, салық есебін жүргізу жұмысынан, күнделікті бухгалтерлік есеп жүргізуден тағы басқа қызмет көрсетулермен айналысады. Тек, олар барлық жағдайда өзінің дербес, тәуелсіз екенін жоғары ұстайды.
- Қатерсіз қорытынды жасауға ешкім кепілдік бермейді. Кәсіпорын басшысы немесе аудиторлар аудиторлық тексеру барысында және шаруашылық көрсеткіштеріне талдау жасап ез ойларын қорытындылаған кезде қате жібсрмеуге кепілдік бере алмайды. Себебі, тексеру барысында аудиторлық қорытынды жасауда күмәндану элементі әрқашанда қатысып отырады.
- Аудитордың пікірі оның мақсатына тәуелді. Бұл постулат аудитордың кәсіпшілік принциптерін негіздеу мақсатына сәйкес оның аудиторлық пікір-ойының құралуын қарастырады. Яғни, аудитордың кәсіпшілік, моралдық мақсаты оның объективті, дербес қорытынды жасауын талап етеді. Ол өзін күдіксіз таза ұстауға міндетті. Материалдық қызығушылыққа жол бермеуі қажет.
3.3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарына өту мәселелері
Біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандартарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден — осы тұрғыдан, ал екіншіден — елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қарыжылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.
Халықаралық және Қазақстандық есеп стандарттарының айырмашылығы
Ұйымдардың қаржылық есебін жасау үшін халықаралық қаржылык ессп стандарттарын қолданудың мәселелері біздің елімізде бүкіл бухгалтерлер қауымын толғандырып отыр. Мына жәйт ешкімге де құпия емес: біздің бухгалтерлеріміз бухгалтерлік есеп жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан халықаралық қаржылық есеп стандарттарын әдістемелік түсіндіру мен оларды алғаш қолдану тәртібін күтуде. Сонымен қатар, мынаны да атап өту керек: халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану стандарттар ұсынатын активтердің, міндеттемелердің, табыстардың, шығыстар мен капиталдың есеп пен қорытынды есепте көрсету нұқаларын таңдауға негізделеді. Сондықтан Қаржы Министрлігінің көмегіне ғана үміт артуға болмайды, керісінше, өзіміздің бухгалтерлік пайымдарымызды қалыптастырып, біліктілікті жоғарлатумен айналысып, стандарттарды зерттеп, жалпы айтқанда, кәсіпорынның міндеттері мен мүдделерін негізге ала отырып, халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдануға дайындалу керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары қаржылық есепті баршамызға ортақ және бірден ұғынуымызға қажетті осы заманғы стиль ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң дамыту үшін негіздеме қызметін атқарады.
Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің, инвестициятартуының, соның нәтижесінде, бүкіл Қазақстан экономпкасыпың өзекті мәселесі болып табылады. Ал халықаралық қаржылық есеп стандарттарын білу мен онымен жұмыс істеу осы заманғы бухгалтерлер мен аудиторлардың ғана емес, сонымен бірге басшы беделінің қажетті сигналық белгісіне айналып отыр.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді қалыптастыру мен біртіндеп халыкаралық қаржылық есеп стандарттарына өту тәуелсіздікке не болғанымыздың және ҚР Президентінің 1995 жылғы желтоқсан айында «Бухгалтерлік есеп туралы» Жарлығына қол қоюдан басталды. Кейіннен халықаралық каржылық есеп стандарттарына жақын немесе негізделген қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының қабылдануы бухгалтер кәсібінің жаңа философияға бейімделуінің негізгі қызметін атқарды. Атап өту керек, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартары нарықтық экономикаға өту кезеңінде белгілі бір рөль атқарды. Алайда елдің экономикасын көтеру мен құнды қағаздар парығының шарттары, сондай-ақ қалыптасқан әлемдік үрдістер халықаралық қаржылық есеп стандарттарын толық және сөзсіз қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Халықаралық стандарттарға көшу ұйымдарға басқару мен ішкі бакыдау сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, капиталға қол жеткізуді жецілдетеді, сондай-ақ ішкі, сонымен бірге сыртқы пайдаланушылардың сапалы, сенімді және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Жаңа стандарттарға көшу сонымен бірге қаржылық және қор нарығының дамуына қосымша серпіліс береді, өйткені әлеуметті инвесторлар, сондай-ақ кредиторлар да ұйымдардың экономикалық қызметінің нақты жағдайын сипаттайды жәпе оның тиімділігін осы заманғы әдістемелерге сәйкес бағалау мүмкіндігін беретін хабарламалар беруге мүдделі болып отыр. 2004 жылы 11 шілдеде қол қойылған «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен халықаралық қаржылық есеп
стандарттарына көшудің нақты мерзімдері акционерлік қоғамдар үшін 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қалған ұйымдар үшін 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген.
Қазакстанның ұйымдары көшуді 1 — «Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын алғаш қабылдау стандартына» сәйкес жүзеге асырады. Аталған стандарт қаржылық есептің халықаралық стандарттарына өту кезінде халықаралық каржылық есеп стандарттары бойынша бастапқы балансын жасауды талап етеді. Яғни, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшкен ұйым бухгалтерлік есепті жүргізеді және қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес 2004 жыл ұшін қаржы есептілігінің толық топтамасын жасайды. Содан соң тек баланс есебін ғана алады және халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша қайта есептенді. Ол халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес ұйымдардың есеп жүргізу үшін бастапқы баланс қызметін атқарады.
Сонымеп қатар 1- «Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын алғаш қабылдау стандарты келесіні талап етеді: ұйымның халықаралық каржылық есеп стандарттарты бойынша алғашқы қаржы есептерінде халыкаралық қаржылық есеп стандарттарына сэйкес ең болмағанда бір жыл үшін хабарламаньщ енуі қажет. Сөйтіп ұйымдар 2005 жылдан бастап халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес қаржы есептілігін жасайды, сондықтан 2005 жыл көшу, түзету немесе салыстырмалы деректер жылы болып табылады. Бұл орайда есеп саясаты халықаралық қаржылық есеп стандарттпры бойынша алғашқы қаржы есептілігінің есепті күнініде колданылатын әрбір халықаралық стандарттың талаптарына жауап беруі тиіс.
2005 жылдың қацтарынан бастап халықаралық қаржылық есеп стандарттарына кошетін ұйымдар үшін алғашқы қаржы есептілігіне мыналар жатады:
— 2006 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі баланс (2005 жыл үшін салыстырмалы деректерді қоса алғанда);
-пайда мен зиян туралы есеп;
-капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
-ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшу түрғысында білім беру саласында Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын түсіндіретін және қолданатып білікті кадрлардың тапшылығы, оқу материалдарымен нашар жабдықта.іуы, ресми орыс тілінде қолданылатын терминологияның сәйкестілілігі олардың мазмұнында бір-бірінен тұжырымды өзгешелігі болмаса да, Қазақстан чаңнамасында пайдаланылатын қазақ терминологиясымен байланысты проблемалар туындап отыр.
Қорытынды
Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің елімізде күні бүгінге дейін бухгалтерлік есепті дамытудың концептуалды негізі мен бағыты жасала қойған жоқ. Сондықтан да қаржылық есептің халықаралық стандарттарына өтуге ынталы кәсіпорындар мен мекемелер алға келесідей міндет қойса деп ұсынамыз:
- Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп қызметкерлерін қаржылық
есептің халықаралық стандарттарының талаптарын оқыту арқылы дайындау. Яғни, нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтердің құндылығы тек шоттарды жүргізу (счетоводство) ғана емес, болжам жасай, ақпаратты дұрыс пайдалана білетін, нарықтық стратегия кәсіпорын тактиқаларын таба білетін кәсіби маман болу керек.
Өкінішке орай, қазіргі бухгалтерлер өздерінің кәсіпорындарында тек шоттар жүргізіп, кәсіпорынның алға өрлеуіне өз үлесінің шамалы екенін көрсетіп отыр. Сондықтан да халықаралық стандарттарға сай жұмыс атқаратын бухгалтерді дайындау барысында негізгі бағыт келесідей болуы керек:
-қаржылық есептің халықаралық стандарттарының талаптарына сай қаржылық қорытынды жасай білуді үйрену;
-бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды жасау кезінде болатын көптеген операциялар ішінен ең лайықтысын, альтернативті вариантпен әдістемелік таңдаудың ең тиімдісін таңдай білуді үйрену.
- Кәсіпорының есеп саясатын қаржылық есептің халықаралық стандарт тарыпың талаптарына сәйкес құру. Бұл саясатты құруда сол кәсіпорын жұмысшылары, яғни сол жүйеде тәжірибе алған, оқыған адамдарды немесе арнайы маманданған аудиторлық мекемелерді Тарту қажет.
3.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізуді, қаржылық қорытындысын жасауды сол есеп саясатының талаптарына сәйкес жүзеге асыру ксрек.
Байқап отырғанымыздай, қаржылық есептің халықаралық стандарттарына өту үшін басы құрал ретінде есеп саясаты методологиялық бағыт рөлін атқарады. Сондықтан бұрын кәсіпорын баспылары мен бас бухгалтерлері есеп саясатына аса көңіл аудармаған болса, енді қаржылық есептің халықаралық стандарттарына өте отырып, олар өз міндеттерінің жауапкершілікпен қарайтын іс екенін түсінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- №2732 1995 жылдың 26-желтоқсанында Заң күшін иемденетін, ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп жөнінде» жарлығы.
- 1998-2000 жылдарға ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы жөнінде №3838 1998 жылдың 28 қаңтарындағы ҚР Президентінің жарлығы.
- 1996ж.12.10. бухгалтерлік есеп жөнінде ҚР-ның Ұлттық комиссиясының дайындығы мен ұсынысы үшін акцептуалдық негіз №2 «ҚР бухгалтерлік есеп стандарты» — Алматы,-1996ж.
- Бухгалтерлік есеп стандарты. ҚР Ұлттық комиссиясы. -Алматы,1996ж.
- Методикалық кеңес берулер мен стандарттау және ҚР-ның бухгалтерлік есебі. -1997ж.
- 14.01.97.ж. өзгерісі және толықтығымен Қаржы министірлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқамасы.
- 1993ж. 24.08. министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған ҚР-ның ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс-сапарлық қызметі жөнінде нүсқамасы.
- Фирма іскерлігін қаржылық талдау., М. Ист-Сервис.1994ж.
- Абрютина А. «Кәсіпорынның іскерлігін қаржы-экономикалық талдау» Оқу құ-ралы -М:Изд-во «ЧС и сервис», 1998ж.
- Алборов Р.А. «Өнеркэсіптік сауда АПК ұйымдарындагы аудит»: Оқу құралы., 2000ж.
- Кэсіпорын мен ұйымның төлеу қабілеттілігін талдау.
- Арене Э.А. «Аудит»: Оқу құралы
- Артеменко В.Г. «Қаржылық анализ»: Оқу құралы — «ДИС»басылымы 1997ж.
- Байдибеков Ж.М. «Кредиторлық жэне дебиторлық борыш балансындагы айналым құралдарының тиімді жұмыс істеуі мен пайдалануы жэне есеп айырысу саясатын ақылмен реттеу есебімен кәсіпорынның өндірістік іскерлігінің дамуы», «Қаржы -қаражат»-2000\5-6.
- Барышников Н.П. «Бухгалтер мен аудиторлық көмегіне хаттама» методикалық құралдар, нормативтік құжаттар, коментариялар, проводкалар, мысалдар/ Н.П.Барышников- М:басылым «Филинъ»1998ж.
- Глазунов 13.11. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» -1999ж-2.
- Данилевский В. «Аудит практикасы» Оқу қүралы.
- Дүйсембаев К.Ш. «Қаржылық есеп беру аудит! мен талдау» -Алматы-1998ж.
- Дүйсембаева З.К., Ержанова С.М. «ҚР-ның кәсіпорында есеп саясаты»-Алматы -1999ж.
- Дүйсембаева 3. К. «Аудит жүйесіндегі қаржылық талдау» (1999ж-4).
- Ефимова О.В. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалай талдау», -1993ж.
- Кеннинг Дж. «Бухгалтерліқ есеп теориясы: Оқу қүралы.
23.Ковалев В.В. «Қаржы анализі: капиталды басқару, инвестицияны талдау: есеп беруді талдау» -М:Қаржылар мен сттистиқа -1997ж.
- Ковалева О.С. «Бухгалтерліқ есеп жэне шаруашылық іскеліқті талдау және аудит» -Болашақ -1994ж.
- Коровин А.В. Аудиттегі қаржылық талдаудың ереқшелігі» Қаржылар-2000ж-8.
- Косой А.М. «Дебиторлы-кредиторлылық борыш»/Ақша және несие-1998ж.
- Кутерин Ж. «Кәсіпорында қредиторлық борышты реструқтризациялау» Жалпы жолдар/қәсіпкер және құқық -1999ж.(10-11).
- Ковалев В.В., Привалов В.П. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы» /экономика және маркетинг орталығы; 1995ж.
- Лебедев К. «Дебиторлық борышты өткізудің түсінігі, құқықтық режимі мен механихмі» /шаруашылық және құқық-1999ж.-4.
- Лебедев К. «Кредиторлық борышты өткізудің түсінігі мен механизм!» 1998ж-11.
- Лоханина И.М., Золкина З.К. «Кәсіорынның қаржы-эқономиқалық іқерлгін талдау»
- Любушкин Н.П. «Кэсіпорынның қаржылық-экономикалық іскерлігін талдау»
- Маркорьян Э.А., Геросименко Г.П. «Қаржылық талдау» -1996ж.
- Медведев А. «Дебиторлық борыш шығындарына бөлуде ҚҚС есептеу» /Шаруашылык жэне құқық. -1999ж.-4.
- Бухгаптерлік есептің халықаралық стандарты.
- Негашаев Е.В «Нарық жағдайында кэсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» -1997ж.
- Нурсеитов Э.О дебиторлық борыш және кредиторлық борыш;2000-5
- Нурсеитов Э.О. «Дебиторлық борыштың аудит нэтижесі бойынша» 1995ж.-2.
- Подольский В.И. «Аудит» -1997ж.
- Радостовец В.К. «Кэсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы -1997ж.
41.Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансовый анализ.- М.: Аудит и финансовый анализ, 1995.
- Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. — М.: Финансы и статистика. 1997.
43.Баканов М. И. Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.- 2-ое изд., М.;Ф и С, 1987. 44.Шеремет А.Д. Методика финансового анализа предприятия. 1992.