АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе…………………………………………………………………………..3

 

  1. Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі

1.1. Бюджеттің және бюджеттік қаржылардың түсінігі………………………5

1.2. Бюджет жүйесі…………………………………………………………….13

 

  1. Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері

2.1. Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу …………………………….23

2.2.Бюджеттік процесс бюджеттің қаржылық жоспары ретінде. Бюджетті атқару (орындау)……………………………………………………………………………………………….30

 

Қорытынды………………………………………………………………49

 

Пайдаланылған әдебиеттер, нормативтік  құқықтық актілер  тізімі….50

 

Кіріспе

 

Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік бюджетті реттеу  аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде.

Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.

Қаржылар қоғам және жекелген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.

Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады. Атқарушы билік мемлекеттік бюджеттің кіріс —  шығысын  жүзеге асыру қызметін өзі орындап отыр. 

Демек, мемлекеттік бюджетті реттеу атқарушы биліктің құзыретінде қалып отыр. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік реттеу жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:

— Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға ат салысады. Бұл жерде әр алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік реттеуді жоққа шығаруға болмайды;

—  Екіншіден, мемлекеттің экономика, қаржылар және әлеуметтік-мәдени салалардағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелерімен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, бюджетті мемлекеттік реттеудің рөлі күшейе бермек;

— Үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн;

— Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады және ол процестер нарықтық бір қыры ретінде ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді.

—  Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық  өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңдестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен қатынастар оның аясында, мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субьектілерінің халыққа қажетті режимді белгілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік ретеу әкімшілік заңдардаң негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

Бұл жерде айта кететін бір жайт, бюджетті мемлекеттік реттеу ілімі, осы жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен, көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы бюджетті мемлекеттік реттеу жеткілікті деңгейдегі өз шішімін тапқан жоқ.

Қазіргі кезеңде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік реттеу  жолдарын қалыптастыру мәселелері  мына шараларды қажет етіп отыр: бюджет саласындағы  реттеуді,  экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік нысандарының теңдігін ескеріп, сондай-ақ меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді реттеуге мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды реттеудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан бюджеттік қызметтің мемлекеттің қаржылық қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік реттеу және атқарушы билік органдарының қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау, бюджет  саласындағы мемлекеттік реттеу, бюджеттік қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айрықшылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік бюджеттік реттеуді атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету; мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынастар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан -2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік реттеуші атқарушы билік жүйесін орталық жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық фискальдық саясатының жетілдірілуін көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.[1] Президентіміздің Қазақстан халқына атты Жолдауында 2010 жылы  Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызмет­ кер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың  доллардан асып түседі.Қорытынды  өте түсінікті – бізге жағдайды түзету – өнімділікті артырып, инновацияларды ендіру керек.
Басқарудың барлық деңгейінің жұ­мысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады.[2]

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі.

 

1.1. Бюджеттің және бюджеттік қаржылардың түсінігі.

 

Мемлекеттік бюджеттің қаржыларының қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқартын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізгі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Бюджеттік құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функция білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.

Ал бюджеттік қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік бюджеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.

Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де мемлекеттік қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің бюджет жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.

Сонымен, бюджеттік қаржылардың көп қырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.

Біріншіден, бюджеттік қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанындағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есептелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субьектілерінің қарамғында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.

Екіншіден, бюджеттік қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.

Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде бюджеттік қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді.[3] Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Бюджеттік қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шарушылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері  жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынан және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік  айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түрінде айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.

Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі бюджеттік қаржылардың өте маңызды белгілері бюджеттік қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысаннындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Өйткені шаруашылық субьектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Бюджеттік қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылыдрады. Бюджеттік қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтерді нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.

Енді осы бюджеттік қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгіре отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финанс”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемінің жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шарушылықты айтатын болған.[4]

Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Соныдықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары, мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.

Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.

А.И. Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағында ақша қаражаттары деген тұжырым.

Егер арнайы мағынада қаржыларды-мемлекеттік бюджеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И. Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет  меншік ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Бюджеттік қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада бюджеттік қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Бюджеттік қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.

Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономистер айтқандай, “А — Т”, “Т — А” қатынастарында жүзеге асырылады.[5] Алайда бұл қатынастар тауар – ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал бюджеттік – экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субьектісі ретінде әрдайым мемлекеттік біртұтас өзі мемлекет уәкілдік берген мемлекет өклетті органы тұрады және осы қатынастар бюджеттік құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, бюджеттік – экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субьект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар – ақша қатынастары, яғни сату – сатып алу қатынастары азаматтық құқық еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. Өйткені бюджеттік қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға  түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын ұйымдастырады. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан бюджеттік қаржылардың атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.

В.И. Белинский бюджеттік қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор бюджеттік қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылыған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді.[6] Бюджеттік қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құныдылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер бюджеттік қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және қорларын жатқызады.

Бюджеттік қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты обьектісі ақша қорлары болып табылады.

Ал бюджеттік қаржылардың пайдаланылуы негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі обьективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А-Т-А) ұдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизмінің белгілі бір элементтерін құрайды. Бюджеттік қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай – бюджеттік  қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.

Бұл жерден байқайтынымыз, бюджеттік қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.

Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның обьектісі болып табылмайды. Бюджеттік қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде бюджеттік қаржылардың өзіне тән функциясы – бөлу және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылыдру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.

Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.

Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу және пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекше аясын көрсетеді. Алайда бюджеттік қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.

Сондықтан бюджеттік  қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды  Белинский В.И.

Ресейлік ғалым Горбунов О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал  “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылады дейді.[7]

Мемлекеттік бюджеттік қаржыларды өзінің материалдық  мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру, қайта бөлу. Сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.

Горбунов О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге ұрып тұрған кемшілік бюджеттік қаржылар экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда бюджеттік қаржылар тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.

Бюджеттік қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлетін экономикалық құрал болып табылады.

Мемлекетті реттеудің ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен реттеу болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттеу және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды бөліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.

Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.

Ресейлік ғалым О.Н.Горбунов бюджет жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:

а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;

 ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде бюджеттік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.

Ал бюджеттік институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттік бюджет жүйесін құрады. Бюджет жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының ерекшеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:

  1. федералдық, федерация субьектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
  2. бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
  3. бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
  4. шаруашылық субьектілер мен салалардың қаржысы;
  5. мүлікті және жеке басты сақтандыру;
  6. мемлекеттік және банктік кредит;[8]

Бюджет жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша бюджет жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомствалар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.

Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық  банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.

Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Бюджеттік қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататыныдығын және оларды экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Бюджеттік қаржыларды экономикалық категория қатарына бөліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.

Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Сондықтан бюджеттік қатынастар өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде базистік қатынастарға жатады.

Қазақстандық экономист – ғалым  Мельников В.Д. бюджеттік қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну.[6]

Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады, өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын бөлу және айырбастау сатыларынан өту арқылы тек өнімді өндірушілердің ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немсе материалдық емес өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай түрінде көрсетіледі.

Қоғамдық өнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір қоғамдық өндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын өтеу үшін ақша, баға, өзіндік құн, қаржы, жалақы төлеу және тағы басқа құндылық категорияларын пайдалануларына жол береді.

Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер – ақшананың, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен өлшенеді. Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық өнімді бөлу кезінде анық көрінеді.

Бюджеттік қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекелеген кәсіпорынның өндірістік қорларын өзіндік айналымнан шығарылатын өнімдерді өткізу кезіндегі ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның бөліну мезгілінен бастап қарастыру қажет.

Кәсіпорын осы өнімдерді өткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын немсе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы төлеу қорын, әлеуметтік бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б, атап өтуге болады.

Табылған пайданың немесе табыстың бір бөлігі орталықтандырылған қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші ең көп бөлігі  өндірушіде қалады, өндіруші оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Көбінесе пайда мен табыстың қолдағы бөліктері өндірістік процесті үзбеуді қамтамасыз өту мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ пайданың және бір бөлігі өндірістің басты факторы – негізгі қорларды қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен материалдық өндіріс аясында жасалған құнның бір бөлігі өндірушілерде қалса, едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекет қармағына берілетінін білдік.

Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына қосылады. Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, коопретивтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде жұмылдырған қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формасы пайда болады. Осы бюджеттік  қаржылық қатынастар орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын – республикалық және жергілікті бюджеттердің сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.

Экономика өмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономикалық категорияларға – баға, өзіндік құн, жалақы төлеу, несие және т.б. тән болып табылады.

Бюджеттік қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын өзгешелік, олар экономиканы басқарудың қандай да болмасын деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде құралады.[3]

Сонымен, бюджеттік қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі өздеріне тән ерешеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.

Бюджеттік қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың тауар-ақша қатынастары (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың көмегімен жүргізіледі. Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жөніндегі міндетті түрдегі субьектісі, әрқашанда мемлекет болып табылатынын білдік.

Мемлекеттен басқа қоғамдық өндіріске қатысатын субьектілердің ақшалай қызметтері, бюджеттік қызметке жатпайды, ал олардың ақша қаражаттары немесе ақшалай ресурстары (“А-Т”, “Т-А”) процесіне қатысатындықтан қаржы түсінігімен қамтылмайды деген тұжырымға келеміз.

Сонымен, қорыта келгенде бюджеттік қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай кірістерін жиыстыру, бөлу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ “бюджеттік қаржы” терминінің екі мағынасы бар екенін көреміз: 1) материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада “бюджеттік қаржы” деп мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.

Мемлекеттік қаржылық ресурстары әрдайым белгілі бір ақша қорлары ретінде көрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа сәйкес жұмсау процестерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және жеңілдетеді.

Экономикалық категория ретінде “бюджеттік қаржы” деп, мемлекеттің ақшалй ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Сонымен бюджеттік қаржылар терминінің мағынасын анықтадық.

Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің бюджеттік қызметінің түпкілікті обьектісі болып есептелінеді бюджеттік қызметінің процесінде бюджеттік қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:

  • ақша қорларын жұмылдыру функциясы;
  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
  • бақылау функциясы;

Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, бюджеттік қаржылар туралы сөз қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өз мұқтаждығын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.

Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарда өтеуге байланысты бюджет қорларын пайдаланудан тұрады.

Үшінші функция мемлекеттің бюджет қорларын қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субьектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланулары кезіндегі барлық әрекеттерінің дұрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар туралы айта кететін бір жай бар.

Бюджеттік қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір талас тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп қалыптасқан көзқарасқа келе алмай жатқан жәйттар бар. Қазіргі кезде бюджеттік  қаржылардың функциялары турасында – бөлу және ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.

Бірінші концепцияны жақтаушылар, бюджеттік қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің екінші, яғни бөлу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болғандықтан, оларға тек бөлу функциясы ғана тән болады деп есептейді.

Осы концепцияға сай бюджеттік қаржылар бөлу және бақылау функцияларын ғана атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені бюджеттік қаржылардың басқа да бөлу процесіне қатысатын экономикалық категориялар бар екенін білеміз.

Осы бөлу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең басты бөлу және қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау функциясы, осы бөлу және қайта бөлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш функциясы көрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық ұдайы өндіріс сатыларын бәрінің категориясы болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу дұрыс емес деп тапқан.

Олар келтірілген дәлелдер мына төмендегідей болып келеді:

  • қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
  • бюджеттік қаржылар тек қана ұдайы өндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай, қоғам өмірінің барлық аяларын қамтиды:
  • бюджеттік қаржылар қоғамдық өнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын жан-жақты бақылау құралы болып табылады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың тікелей түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып есептелінеді.

Ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.

 

1.2. Бюджет жүйесі.

 

Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттің бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың мұқтаждықтарына пайдаланылады. Бюджеттік қаржылардың бақылау функциясы бар екенін бәрі мойындайды. Бюджеттік қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.

Бюджет жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі болып табылатын бюджеттік қаржылық – экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.

Ал бюджеттік қаржылық – экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйысдастыру барысында пайда болатынь экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақща қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің институттары орталықтандрылған және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.

Орталықтандырылған институттар мына төмендегідей болып келеді:

  • жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет арқылы көрсетіледі.
  • жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді органдардың бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады: облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері; қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
  • Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік-әлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры; валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл қорлар мемлекеттік орталықтандырылған несиелеу қорларын қалыптастырады.
  • Мемлекеттің мүлікті және басты міндетті сақтандыру қаржылары, мынадай сақтандыру қорлармен көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры; әлеуметтік – мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры; сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі; әлеуметтік бағыттағы; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.

Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда, көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.[9]

Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жайтпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны айтуға болады.Бұл институт қаржы жүйесінің ерекше институт ретінде қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып есептеу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды.

Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары бюджет жүйесінің құрамына кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық – құқықтық нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азматтық – құқықтық әдістермен реттеу арқылы өнім өндірушілердің құқықтары мен мүдделері қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу бюджеттік құқық әдістері арқылы жүзеге асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.

Қаржылық қатынастардың тауар – ақша қатынастарынан туындайтын және оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің бюджеттік қызметінің мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.

Орталықтандырылмаған институттарға мыналар жатады:

  • Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің, ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына берілген ақша қаражаттарынан тұрады.
  • Мемлекеттік шаруашылық субьектілерінің қаржылары. Осы субьектілердің, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын білдіреді: жарғылық қор, өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту қорлары; резервтік қорлар және т.б.
  • Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қаржылары. Осы субьектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.

Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды салыстырмалы талдау жасау мақсатында қарап өтеміз. Е.Б.Стародубцеваның айтуынша бюджет жүйесі жалпы мемлекеттік, салалық және қоғамдық қаржылық қатынастардан тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары аумақтар, жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш эемент жатады және мына келесідей көрініс табады:

  1. мемлекеттік қаржылар:
    • мемлекеттік бюджет;
    • бюджеттен тыс қорлар;
    • мемлекеттік кредит.
  2. сақтандыру:
    • әлеуметтік сақтандыру;
    • жеке басты сақтандыру;
    • мүлікті сақтандыру;
    • жауаптылықты сақтандыру;
    • кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру.
  3. кәсіпорындар мен ұйымдарының қаржылары:
    • коммерциялық ұйымдардың қаржылары.
    • Коммерциялық кәсіпорындардың қаржылары;
    • Қоғамдық ұйымдардың және қорлардың қаржылары.[10]

Осыған қоса Е.Б.Стародубцеваның Батыс өркениетті әрі дамыған елдердің, мысалы Англия, Франция, Италия мемлекеттерінің бюджеттік жүйелерінің құрылымын: мемлекеттік бюджет; жергілікті қаржылар; арнайы қорлар; мемлекеттік корпорациялардың қаржылары сияқты өте ірі және мол ақша қаражаттары қорлары арқылы көрсетіп өткені орынды болған.

Себебі, қаржылық құқық теориясы тұрғысынан мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың, банктердің және т.б. ақшалай қаражаттары қаржы терминімен қамтылмайды. Ресейлік ғалым-заңгер Карасева М.В. қазіргі кезде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мына келесідей біршама дербес бөліктерден тұрады деп тұжырымдайды:

  1. бюджеттік қорлар;
  2. мемлекеттік тыс қорлар;
  3. мемлекеттік және муниципалдық кредит;
  4. сақтандыру қорлары;
  5. кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары[11]

Ал Қазақстанның бюджет жүйесі жөнінде, оның даму ерекшеліктерін ескере отырып біздің ойымызша, мынадай тұжырым жасауға болады:

Республикалық  бюджет; жергілікті өзін-өзі басқару құзырындағы бюджеттер; мемлекеттік несиелеу қорлары; мемлекеттік сақтандыру қаржылары – орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар ретінде бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ал орталықтандырылмаған мемлекеттік қаржылар ретінде – министрліктермен  ведомствалардың, өзге де басқарушы, атқарушы құрылымдардың өздеріне тән функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, корпорациялардың, мемлекеттік қазыналы кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарын атап көрсеткен абзал.

Республикада болып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты қаржылық – экономикалық институттар түрлеріне және меншік формаларына байланысты мына келесідей түрде топтастырылады:

  • республика меншігінде ақша қорларын көрсететін институттар (республикалық бюджет, республикалық бюджеттен тыс қорлар: ведомстволардың орталықтандырылған ақша қорлары; мемлекеттік банктердің ақша қорлары).
  • Әкімшілік – аумақтық бірліктердің меншіктеріне жататын ақша қорларын көрсететін институттар (жергілікті өкілді органдар қалыптастыратын бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар).
  • Шаруашылықты толығымен жүргіуге немесе тікелей басқаруға құқықтары бар субьектілердің қарамағынга жататын ақша қорларын көрсететін инстиутттар (мемлекеттік-коммерциялық акционерлік банкілердің; мемлекеттік сақтандыру компанияларының; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің ақшалай қорлары)

 Осы аталған субьектілерге берілген ақша қаражаттары жөніндегі автономдық құқықтары. Олардың өз қаржылық қызметтерін тәуелсіз және дербес түрде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Қазақстандық мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық табиғаты мен маңызын ашып көрсеткен алғашқы оқымыстылардың бірі болып табылады.

Қаржылар ақшалардың қозғалысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастар, яғни ақша қорлары мен басқа да қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану кезінде қоғамда туындайтын қатынастар делінген авторлардың еңбегінде. Бюджеттік қаржылар обьективтік категория болып табылатындықтан өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы негізінде туындайды. Сондықтан олар жиынтық қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың сондай-ақ ішкі жалпы өнімнің құнын қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесінде туындайтын құндылық экономикалық қатынастар жүйесінде қызмет атқарады.

Бюджеттік қаржылар арқылы мемлекет өз қарамағына ақша қаражаттарын жиыстырады, сондай-ақ оларды ұлғаймалы ұдайы өндіріске және қоғамның мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағдарлап пайдаланады.

Бюджеттік қаржылардың көмегімен мемлекеттің, шаруашылық субьектілерінің ақша қорлары құралады, сондай-ақ халықтың ақша қаражаттары жинақталады. Бюджеттік қаржылар қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бастапқы бөлуші ретінде көрініс табады. Бюджеттік қаржылық  шаруашылық қатынастар мемлекеттік бюджет пен кәсіпорындардың және халық шаруашылығы салаларының өзара қатынастарының  негізі болып табылады.

Сонымен бюджеттік  қатынастардың барлық нысандарыныцң жиынтығы мемлекеттік бюджет жүйесінің базистік негізін құрайды.

Зейнелғабдин А.Б. бюджет жүйесіне түсініктеме бере отырып оның маңызын былайша көрсеткен: бюджет жүйесі – осы жүйені құру, бөлу және пайдалану кезіндегі бюджеттік қатынастардың жиынтығы, сондай-ақ осы қатынастарды басқаратын қаржылық және салықтық мекемелер мен өзге де тиісті органдардың жиынтығы. Бюджет жүйесін құрылымдық тұрғысынан қарастырсақ жоғарыда айтылғандай ол басқарушы қаржылық, салықтық және басқа да органдардың жиынтығынан тұрады.

Бюджеттік қызмет атқару механизмдерін зерттеу үшін оның әрбір элементтерін және олардың әрекет ету механизмдерінің біртұтастығын мұқият зерделеу қажет. Демек, біріншіден, бюджеттік қатынастардың барлық нысандарын және олардың өзара байланыстарын айқындау қажет; екіншіден, бюджеттік қатынастардың әрбір нысанын өндірістің тиімділігін арттыру және экономикалық қатынастарды жетілдіру жөніндегі рөлдерері тұрғысынан зерделеу; үшіншіден, бюджеттік қатынастарды басқару тәсілдерін жетілдіру, яғни нарық жағдайында бюджеттік қатынастарды пайдалану механизмдерін жоспарлау, болжамдау, қаржыландыру, бақылау және талдау. Осы талдау негізінде бюджет жүйесінің құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысы анықталады. Бюджет жүйесінің құрамындағы бюджеттік қатынастар өте күрделі құрылымнан тұрады және олар мына келесідей негізгі топтарға бөлінеді:

  • Мемлекет пен шаруашылық субьектісінің арасындағы оларға өндірістік қорларды беру, тауар шығару, қызмет көрсету және жаңадан құн жасау кезіндегі қатынастар;
  • Мемлекет пен шаруашылық субьектілерінің пайаны, таза табысты және амортизациялық қорды құру, бөлу, пайдалну, жөніндегі қатынастары;
  • Мемлекет пен халықтың, азаматтардың табыстарын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі қатынастар;
  • Мемлекет пен шаруашылық субьектілерінің мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын, бюджеттен тыс қорларды құру, бөлу және пайдалану, сондай-ақ зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жөніндегі қатынастар;
  • Мемлекет бюджеттен қаржыландыратын ұйымдармен және мекемелермен қатынастары;
  • Қаржылық-банктік жүйе институттарының арасындағы қатынастар.
  • Шаруашылық субьектілерінің арасындағы тауарлар мен қызметтерді өткізу процесіндегі қатынастар, сондай-ақ олардың қаржылық ресурстары бөлу және қайта бөлу, күрделі қаржыландыру, айналым қаражаттарын қаржыландыру, салалық резервтерді қалыптастыру жөніндегі министрліктермен қатынастары;
  • Мемлекеттің сыртқы экономикалық, ғылыми техникалық қызмет процесінде жақын және шалғай елдермен қатынастары. Осы қатынастар мен байланыстардың ішінен бір-бірінен белгілі бір жалпы белгілері бойынша айрықшаланатын аяларды бөліп шығаруға тиістіміз. Сонымен, құндылық құрылымның айрықша саласын мемлекет пен шаруашылық субьектілерінің және халықтың арасында туындайтын жиынтық қоғамды өнімді, ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді бюджеттік қатынастар құрайды. Бұл қатынастар шаруашылық субьектілері  мен халықтың пайдаларын, итабыстарын құру және бөлуге, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға байланысты өндіру және бөлу процесінде туындайды.

Осы қаржылық қатынастардың жиынтығы қазіргі кезде “салықтар” атты экономикалық мәні бар ұғыммен көрсетіледі. Демек, олар қаржылардың құрамдас бөлігі, ал салық жүйесі қаржы жүйесінің элементі болып табылады.

Сонымен қаржылар тұтастық тұрғысынан сипатталады. Алайда осы тұтастық ішінде белгілі бір айырмашылықтардың бар екенін ұмытпаған жөн. Қаржылық қатынастардың әр сипатта болуы олардың құрамында қоғамды өнімді құндылық бөлудің жекелеген ерекшеленген аясының олардың бірі мемлекеттік бюджет болып табылады, көрініс табуына әкеліп соғады.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет бөлу процесінде туындайтын тұрақты қатысушы мемлекет болып табылатын қаржылық қатынастарды көрсетеді. Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және бөлумен байланысты болады. Бұл жерде бюджеттік қатынастар қаржылық қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қаржылар күрделі құрылымды болғандықтан бюджеттік құбылыстармен ерекшеленеді. Сондықтан, яғни қаржылар категориясы мен қаржылар жүйесінің экономикалық мәні кең мағынада болғандықтан бюджет жүйесі қаржы жүйесінің негізгі құрылымдық элементі болып табылады.[5]

Тауар ақша қатынастары жағдайында өндірістік қорлар мен еңбек ресурстары натуралыдық және құндылық нысанда болады. Сондықтан өндіріс нәтижесі осы екі форма арқылы өлшенеді. Қаржылық қатынастар алғашқы рет мемлекеттік кәсіпорындарға өндірістік қорларды беру кезінде туындайды. Бұл жерде өнімді шығару оның тұтыну құнынан бөлінбеуін жүзеге асыру қаржылық механизмдер арқылы жүргізіледі.

Қаржылық механизмнің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • қаржылық бюджеттік жоспарлау және болжамдау;
  • қаржылық ресурстарды тікелей басқару және жан-жақты бағдарлау;
  • қаржылық ресурстардың құрылуына, бөлінуіне және пайдаланылуына бақылау жүргізу;
  • қаржылар мен салықтардың, бюджеттің өндіріске және халықтың әлауқаты деңгейіне тигізетін ықпалын анықтау.

Қазақстандық ғалым А.Б.Зейнелғабдиннің айтуынша қаржылық қатынастарды басқару жүйесін құру арқылы мына төмендегідей мәселелерді шешуге әбден болады:

  • барлық қаржылық ресурстарды тікелей басқару (шаруашылық субьектілерінің өз қаржылық ресурстары; бюджеттік ресурстар бюджеттен тыс қорлар; валюталық ресурстар және т.б.)
  • қаржылық ресурстарды болжамдауда экономикалық – математикалық әдістерді пайдалану негізінде мемлекеттің жиынтық қаржылық балансын жасау практикасын жетілдіру;
  • мемлекеттік жиынтық қаржылық балансының пропорцияларына және индикативтік жоспарлардың көрсеткішіне сүйене отырып болжамдау негізінде көп варианттік режимдегі бюджет жобасын қалыптастыру;
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін болжамдау салықтар мен басқа міндетті төлемдердің бюджетке түсуіне бақылауды ұйымдастыру;
  • бюджеттік мекемелерді шаруашылық етудің жаңа түріне өткізу арқылы, яғни бюджеттік қаржыландыру мен басқа түсім көздерінен түсетін қаражаттарды ұштастыру негізінде әлеуметтік аяға бағытталған шығындарды жоспарлау және болжамдау жүйесін дайындау;
  • жиынтық валюталық жоспарды, министрліктер мен ведомствалардың валюталық жоспарларын, олардың сыртқы сауда қызметтерін талдау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық және автоматтандырылған  жобаларын дайындау негізінде валюталық – қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру;
  • қазіргі кезеңдегі экономикалық саясаттың мұқтаждықтарын көрсететін қаржылық – бюджеттік жоспарлаудың нормативтік базасын дайындау;
  • салықтар, бюджет жүйесі (шаруашылық субьектілері, аудан және облыс деңгейіндегі) жөніндегі заңдардың атқарылу механизмдері туралы ақпараттарды жедел жинау өңдеу;

сонымен қаржы жүйесін экономикалық тұрғыдан қарастырсақ оның мына келесідей элементтерден тұратынын көреміз: негізгі салық жүйесі, бюджет жүйесі; шаруашылық субьектілерінің қаржылары; қаржылық механизм және қаржы, салық органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.

Жоғарыда қаржы жүйесін сипаттағанымызда оның нақты көрініс бюджет және салық жүйесі деп көрсеткен болатынбыз. Сол себепті осы аталған жүйелерге  сипаттама беруіміз қажет. Қазіргі кезеңде бірден бір материалдық базамыз бюджет болып табылатыны белгілі. Сондықтан оны мемлекет қазынасы деп те атайды. Шын мәнісінде мемлекеттік бюджет мемлекет қазынасының құрамдас бөлігі болып табылады. Бюджет терминінің мағынасына назар аударсақ, оны экономикалық және құқықтық тұрғыдан  ашып көрсетуге болатынан көреміз.

Экономикалық категория ретінде бюджет деп мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу кезіндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Осы экономикалық тұрғыдан мемлекеттік бюджеттің өзінен тән ерекшеліктерін көрсетуге болады. Олар мына келесідей белгілермен сипатталады:

  • Ол мемлекет қарамағына қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің құнының бөлігін және оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыруға пайдалануға байланысты бөлу қатынастарының экономикалық нысаны болып табылады;
  • Қоғамдық өнімнің құнын бюджеттік бөлудің пропорциясы мен нысаны тұтас алғанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс мұқтаждығымен және қоғамның әрбір тарихи кезеңде дамуының қоғам алдында тұрған міндеттерімен айқындалады;
  • Ол тауар нысанындағы қоғамдық өнімнің тікелей қозғалысына байланысты емес құн бөлу сатысын, яғни тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпаған ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын көрсетеді;
  • Ол құнды халық шаруашылығы салалары, еліміздің аумағы және экономика секторлары арасында бөлуге арналған.

Сонымен мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде ақша нысанындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді және оның өзіне тиісті материалдық – заттай институты, яғни ақша қаражаттары қорлары болады. Мысалы, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры – республикалық бюджет болып табылады.

Заң әдебиеттерінде, әдетте “бюджет” терминінің дәстүрлі төрт мағынасы қарастырылады: материалдық мағынада; экономикалық категория ретінде; құқықтық категория ретінде; заңи-техникалық мағынада.

Материалдық мағынада, бюджет деп, мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорын, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың орталықтандырылған ақшалай қорларын айтамыз.

Экономикалық категория ретінде бюджет дегеніміз мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын немсе жергілікті орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыратын және жұмсайтын экономикалық қатынастардың жүйесі.

Құқықтық категория ретінде бюджет деп, мемлекеттің негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың  қаржылық-құқықтық актілері.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығынан тұрады.

Танымал экономист – ғалым А.Б.Зейнелғабдин айтқандай бюджеттердің бөліктеніп қабылдануы қаржылық ресурстардың жұмсалу бағыттарын толық қамтып қарастыруға мүмкіндік бермейді.

Жоғарыда баяндалған, бюджет жүйесі жөнінде қалыптасқан көзқарастар мен ұғымдарға жаңаша түйінделген талдау жасап көрейік. Ресейлік ғалым Л.А.Давыдова бюджет жүйесі деп, экономикалық қатынастарға және заңи нормаларға негізделген Ресей Федерациясының Республикалық (Федералдық) бюджетінің, РФ құрамындағы республикалардың республикалық бюджеттерінің сондай-ақ РФ ұлттық – мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымдары (бөліктері) бюджеттерінің жиынтығын айтамыз деген анықтама берген. Осы айтылғанды нақтылап айқындасақ, онда ол мынадай көрініс табады:

  1. Федералдық бюджет, яғни РФ республикалық бюджеті;
  2. Ресей Федерациясы субьектілерінің бюджеттері, олардың ішінде: РФ құрамындағы республикалардың республикалық бюджеттері; аймақтардың аймақтық бюджеттері; облыстардың облыстық бюджеттері; Федералдық бағынысты қалалардың қалалық бюджеттері; автономдық облысчтың облыстық бюджеті; автономдық округтардың округтық бюджеттері;
  3. Жергілікті бюджеттер, олардың ішінде; селолық аудандардың аудандық бюджеттері; Москва мен Санкт-Петербургтан басқа қалалардың қалалық бюджеттері; қаладағы аудандардың аудандық бюджеттері; поселкелік бюджеттері; селолардың селолық бюджеттері.

Сонымен Л.А.Давыдованың  қорытынды ретінде айтқаны: Ресей Федерациясының бюджет жүйесі Федералдық бюджет, РФ субьектілерінің бюджеттері және әкімшілік – аумақтық құрылымдарының жергілікті бюджеттері сияқты үш топтен тұрады.[12]

Стародубцева Е.Б. бюджет жүйесі мемлекет аумағындағы бюджеттердің жиынтығы болып есептелінеді және ол мемлекеттік құрылыстың ерешелігін, ескере отырып құрылады деп түсіндіреді.

Бюджет жүйесі көптеген элементтерден тұрады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болады және бюджет жүйесінің сол кезеңдегі даму ерекшеліктерімен негізделіп, сипатталады. Сонымен, бюджет жүйесі деп, әр деңгейдегі және әр түрлі бюджеттердің, бюджет процесін ұйымдастырудың, бюджеттік қатынастардың, бюджеттік қызмет аясындағы құзыретті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.

Бюджеттерді қалыптастыратын түсім көздеріне салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ салық емес басқа да кірістер жатады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2. Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері.

 

2.1. Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу

 Енді бюджетті реттеу мәселелеріне тоқталамыз. Бюджетті реттеу дегеніміз — мемлекеттің бюджет жүйесінің құрамына кіретін бюджеттерді теңдестіру процесі. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі өкімет органдары пен атқарушы — әкімші органдардың бюджеттік – қаржылық саясаты жөніндегі басты мақсаты болып табылады.[13] Яғни, бюджетті реттеудің мақсаты бюджетер жүйесінің барлық құрама бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда әрбір бюджет пен барлық жүйені теңдестіру.

Мемлекеттік бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының Үкіметі; Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган; Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган; Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган; Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасыны Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:

Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді;

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;[14]

Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;

Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. Салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. [15] Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өту және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақсатн Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тізбесін айқындайды. # Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудиттің өткізілуін қамтамасыз етеді. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді  затта нормаларды бекітеді.

Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; Бюджеттік бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды. Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін бекітеді.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімі фискалдық саясатының жобасын әзірлейді;[16] тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толытырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді; бюджеттік өтінім жасаудың және табыс тәртібін айқындайды; мемлекеттік мекемелердің өз иелегінде қалатын тауарларды өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді; бюджет түсімдерін болжау әдістемесін айқындайды; бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзірлейді; жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді. Республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізеді; бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік қарыз алуды және борышты жоспарлау мен талдау жүзеге асырады.

Бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:[17]

Республиакның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді.

Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

Гранттарды тартуға басымдылығы бар өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді.

Бюджеттік инвестициялар мен гранттардың тиімділігне бағалауды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган:

Республикалық бюджетті атқарады және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады.

Бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады.

Республикалық бюджеттің түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады.

Уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастырады; [18]

Банктік шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды.

Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

Есептік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады тіркейді, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді,

Бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке алу есептілік жөніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізеді, Қазақстан Респуьбликасы Үкіметінің қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды жне оларға уәкілеттік береді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін, оларға қызмет көрсетілуін және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуы қамтамасыз етеді.

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган:[19]

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ол бойынша есеп және есептілік жүргізу гранттардың мемлекет кепілдік қарыздардың мемлекет активтердің мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатуынан түскен өз иеліктерінде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептеріне баға береді.

Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан әкімдігі: жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және оны мәслихатқа табыс етеді.

Жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді.

Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті өкілді органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды.

Жергілікті атқарушы органның орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді.

Экономикалық бюджеттік жоспаарлау бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды құрады.

Облыстың республикалық маңызы бар қаланың астананың ауданның бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

Бюджеттік комиссия — бюджет жобасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын комиссия.

Республикалық бюджетті комиссия және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың астананың ауданның бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне: алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау; тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.

Алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру тетігін айқындай жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.

Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау.

Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.

Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және сролар бойынша ұсыныстар талдап-жасау.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.

Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртіптеріне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.

Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бюджетті жоспарлау принциптері.

Мыналар:

Сабақтастық принципі – бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдар бюджеттің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау;

Басымдық принципі – бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;

Негізділік принципі – бюджетті нормативтік құқықтық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігін бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.[20]

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты айқындау

Орта мерзімді фискалдық саясаталдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның ішінде:

Мемлекеттік республикалық және жергілікті бюджеттердің  болжамдық көрсеткіштерін; бюджеттік бағдарламалардың өткен кезеңнің ішінде іске асырылу тиімділігін бғалау нәтижелерін; бюджет қаржатын жұмсаудың басым бағыттарын; республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың тәсілдерін;

Бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.

Орта мерзімді фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары негізінде, өткен қаржы жылы бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат, мемлекеттік, сапалық, аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы ішінде бюджеттің атқарылуын талдау мен бағалау ескеріле отырып, оның негізгі бағыттары жыл сайын түзетіліп үш жылдық кезеңге әзірленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 — маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімде фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткішетері. Заттай нормаларды қолдану бюджетті жоспарлау мен атқарылу кезінде міндетті болып табылады.

Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттің және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсетікшетерін есекере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізу құқылы.[21]

Бюджет түсімдерін болжауды республиканың немесе аймақтық орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Тауарлардың құны түріндегі бюджетке түсімдерді көрсетуге гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бектікен халықарадық шартта көзделген жағдайлар жол беріледі.

2.2.Бюджеттік процесс бюджеттің қаржылық жоспары ретінде. Бюджетті атқару (орындау).

 

       Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар кенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган заңда сәйкес жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрстеуді жүзеге асырады.

Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі – бюджеттік бағдарламалардың паспортымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс – шараларға бюджет қаражатын пайдалану.

Уақытылық принципі – бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет қаражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу принципі – қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу. Кассаның бірыңғайлық принципі – түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық  валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық  деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.

Бірыңғай қазынашылық шот – аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебн жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма – қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған.[18]

Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.

Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді. Ішкі істер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол бермейді.

Бір мемлекеттік мекемені басқа мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол бермейді.

Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады. Кодекстің мемлекеттік мекемлерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Баніне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

Бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушыларға қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот. Шетел валютасымен операциялар жүргізуге арналған шетел валютасындағы шот. Нысаналы қаржыландыру шоты – ерекше шығыстар жсауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.

Мемлекеттік мекемелердің шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен шоттар екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.

Бюджет қаражатының қалдықтары – есептілік кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша падаланылмай қалған бюджет қаражаттары. Уақытша бос бюджет ақшасы – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдаланылмаған, біыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджет қаражаттары. Республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастыра алады. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға орналамтыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бюджет қаражатының бос қалдықтары — өткен қаржы жылына кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттік қаражаттар. Кодексте жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттердің бюджет қаржатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алуға болмайды.

Бюджет қаражатының бос қалдықтары ағымдағы жылдың шығыстары бойынша жоспарлы жұмсалысдарды ұлғайтуға мынадай ретпен: өткен жылғы бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны оның бекітілген жылдық көлемінің он процентінен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкін. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немсе мәслихатта нақтыламай-ақ, қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы қаулысы негізінде қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтылай отырып, мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін өтеуге. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе нақтылай отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге. Ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтылай отырып, басқа да шығыстарға жұмсалуы мүмкін.

Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы – бюджет қаражатының бос қалдықтары мен есептілік кезеңінің аяғындағы жағдай бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының арасындағы айырма.

Мыналар:

  • кодекс
  • тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдері;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немсе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық немесе жергілікті бюджеттерді атқару барысында ағымдағы жылы қабылдайтын шешімдері;
  • Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
  • Жылдық қаржыландыру жоспары;
  • Түсімдер мен қарджыландырудың жиынтық жоспары;
  • Кодекске сәйкес бюджетті атқару тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл  алдындағы  жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады.

Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы  мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бектікеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі және жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі уәкілетті органға республикалық немесе жергілікті бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейді.

Қаулыға мыналар қоса тіркеледі:

Кодексте белгіленген құрылым бекітілген республикалық немесе жергілікті бюджет. Бұл ретте түсімдер ерекшеліктер деңгейіне ұсынылады, ал бюджеттік бағдарламалар ішкі бағдарламаларға бөлініп ұсынылады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі толық беріледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер оларды анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды жне тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру жөніндегі қаулысын әзірлеуді, Қазақстан Респубилкасының  заңдарында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдармен отырып, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті  уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттік бағдарламаларды паспорттарын тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде бекітеді. Республикалық және жергілікті бағдарламалардың паспорттары бюджеттік өтінімнің құрамында ұсынылған және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы негізінде, бюджетті бекіткен кезед қабыладанған шешімдерді ескере отырып жасалады.

Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар: бюджет нақтыланған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөніндегі қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығын қауіп төндіретін жағдайды жою қажет болған жағдайларда енгізіледі. Бюджеттік бағддарламалар әкімшілерінің паспорттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, электрондық және қөзге де бұқралаық ақапарат құраладарында міндетті түрде жарияланыға жатады.

Жылдық қаржыландыру жоспары – бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың жылдық түсімдер көлемімен теңджестірілген жылдық қаржыландыру көлемдерін айқындайтын құжат.[22]

Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

Жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті  бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы: түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді және есепке алуды, Кодекске сәйкес түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді, қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алуды қамтиды.

Бюджетке түсетін түсімдер  ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады. Бюджетке шетел валютасымен түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып, бюджетті атқару жө.ніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есепке алынады.

Түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді Кодекске сәйкес әрбір жұмыс күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Тиісті бюджеттен түсімдер сомасын қайтару не оларды салық берешігін есебіне есепке алу Қазақстан Республикасының заң  актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне не түзілетін бюджетте бекітілген сомалар шегінде толық және уақытылы орындауға бағытталған іс-шарларды жүзеге асыруы болып табылады.

Мыналар:

  • міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламларды қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту.
  • Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту.
  • Мемлекеттік мекемлердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру,
  • Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелерін тіркеу
  • Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру
  • Бюджеттік қаражаттарды игеру бюджет шығыстарын атқарудың негізгі кезеңдерді болып табылады.

Бюджеттік қаражат есебінен туаарлар сатып мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшін төлемдер төлекді жүзеге асыруының а сайынғы кестесіе айқындайтын құжаттар.

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әзірлейді.

Бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыру жоспарлары қазақстан республикасы Үкіметінң немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына жылдық қаржыландыру жоспарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтініміне бюджеттік бағдарлама паспортына, бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді.

Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарлары түсімдер мен қаржыландырудың тиісті жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшін пайдаланылады.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламар бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынға кестесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша түсімдердің болжамдық көлемдердің ескере отырып, өзгерістер енгізуге құқылы.

Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджетке бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік мекемелерді қаржландырудң жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарлары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылынаарналған республикалық бюджет туралы заңды немесе қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулыларымен бекітілген жылдық сома шегінде өзгерістер енгізуге құқығы бар.

Бұл ретте мынадай талаптар сақтауға тіс:

  • бюджеттік бағдарлама паспортына сйкес келу,
  • мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешігінің пайда жол бермеу
  • бюджетке түсетін түсімдердің күиілетін көлемін ескере отырып, бюджеттің айлар бойынша теңдестірілуін сақтау.

Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары – бюджет түсімдерінің бюджет сыныпатамасы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің жне бюджеттік бағдарламаларды төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестірілген жоспарын айқындайтын құжат.[12]

Түсімдер және бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық сомалар түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекітілуі кезінде жылдық қаржыландыру жоспарын сәйкес келуге тиіс.

Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджетке төлемдер төлеудің белгіленген мерзімі, бюджетке өткенжылдары түскен түсімдер қарқыны, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынының талдау және бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейі, жасасылған кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының гранттар туралы келісімдердің талаптары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлеген бюджеттік бағдарламалардағы қаржыландыру жоспарларын негізге алына отырып жасалады.

Міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының негізінде міндеттемелер бойынша қаржыландырдың жиынтық жоспарлары жасалады.

Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық  жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жасап, бекітеді.

Жылдық сомалар қоса алғанда, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бюджетті атқару жөініндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті ораган түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемлер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Рұқсат – бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құдат, мемлекеттік мекемелер солардың шегінде міндеиттемелер қабылдайды.

Рұқсаттарды:

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі береді.

Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желштоқсанына дейін күшінде болады.

Рұқсаттар беру нысаны мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

Мемлекеттік мекемелер тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегінде ғана міндеттемелер қабылдайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді. Бюджеттік қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе, жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінетін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кеін мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мәмілелер жасасуына жол берілмейді.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Алдын  ала төлеу нсанындағы төлемдерді қоспағанда, төлемдер растайтын құжаттардың негізінде мемлекеттрік мекемелердің міндеттемелері бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетін төлем сомасы мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің сомасын аспауға тиіс.

Растайтын құжаттар – тіркелген азаматтық – құқықтық мәміленің шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заң актісіне сйкес кеелітн тауарлардың жеткізілу, жұмыстарды орындалу немесе қызметтердің көрсетілу фактісін дәлелдейтін құжаттар.[23] Төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру төлеуге берілетін шоттар мен төлем құжаттарын қалыптастыруды қамтиды. Төлеуге берілетін шот – мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді орындағаннын растайтын құжат, соның негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәклетті орган төлемдерді жүзеге асырады. Бюджеттен төленетін төлемдер тиісті бюджетті қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджеттік қаржаттарын қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

Төлем құжаттарын ресімдеу ұсыну жне пайдалану тіртібі Қазақстан Респубилкасының төлемдер жне ақша аударымдары тралы заңдарымен белгіленеді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлемдер жүргізілетін кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілген шоттар мен төлем құжаттарының: бюджеттік бағдарламалар паспорттарына; бюджеттік бағдарламалар жоспаларына, жеке қаржыландыру жоспарларына; бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, сондай-ақ азаматтық – құқықтық мәмілелер жөніндегі шарттардың талаптарына; Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген өзге де ержелерге сәйкестігін тексеруден тұрады.

Төлемдерді және аударымдары жүзеге асырған кезде қаражаттың тиісті сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның нұсқауы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына шығарылып, қабылданған міндеттемелермен аықындалатын бюджеттік қаражатты алушының шотына есептеледі.

Мемлекеттік мекеменің келісімінсіз оның шотына ақшаны алу Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Кодекстің талаптары және қабылдануы Кодексте көзделген, бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған жағдайда бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган өзі жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің төлемдерін тоқтата тұруға құқылы.

Төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру әдістері Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарымен айқындалады. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның төлемдерді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Бюджеттік ақшаны басқаруды бюджетті атқару жөніндегі орталық жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады. Бюджеттік ақшаны басқару – төлемдердің бюджетке түсетін түсімдер мерзімдеріне сәйкес уақытылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралары кешені. Төлемдердің уақытылығы мен толықтылығын қамтамасыз  ету үшін бюджетті атқару жөніндегі  уәкілетті орган кезеңде бюджетке түсетін ақша түсімдерінің болжамды көлемін айқындайды. Бюджетке түсетін ақша түсімдерінің болжамды көлемі тиісті кезеңде жеткіліксіз болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық немсе жергілікті уәкілетті орган төлемдер жүргізу үшін қарыз алу ақша тарту процесін ұйымдастырады. Бюджеттіңк ақшаны басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге аырылады.

Бюджет қаражаттарын игеру – бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық – құқықтық мәмілелерде және бюджеттік бағдарламларды іске асыру соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілерде көзделген мақсаттарға пайдалануы.

Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға тиіс.

Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті Кодексте көзделген есептердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға бюджетті нақтылау туралы ұсыныстар беруге құқылы.

Бюджет қаражаттарын игеру  мониторингін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасының ай сайын бөлінуін, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар  әкімшілеріенгізген өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингі барысында бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әкімдіктерге – толық игерілмеу себептерін көрсете отырып және республикалық бюджеттің атқарылуы туарлы есептің негізінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұстанымдары туралы ұсыныстармен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражаттарының толық игерілмеуі туралы;
  • Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын иегру қаржыландыру жоспарларынан кешеуілдеп жүріп жатқан бюджеттік бағдарламалар бойынша;
  • Тиісті бюджет комиссияларына ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылындағы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі туралы ақпарат жібереді.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыруы үшін мемлекеттік  мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тауарларды өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының түрлері бойынша жыл сайын жоспар жасайды.

Мемлекеттік мекеменің тауарларды өткізуден түсетін иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негізінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын есебінен тауарлар сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекемелердің тауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатынг ақша есебінен азаматтық – құқықтық мәмілелерді тіркеу Кодекстің 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Қаржы жылы ішінде мемлекеттік мекемелердің тауарларды  өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан тыс кірістер тауарларды өткізуден түсетіңн ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.

Мемлекеттік мекемелердің ьауарларды өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақша есебінен жүргізілетін төлемдер мемлекеттік мекеменің тауарларды өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотындағы нақты көлемі шегінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдері,н есепке алуға және бюджеттен төленетін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты огперациялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.

Бюджетке 31 желтоқсаннан кейін есепке алынған түсімдер жаңа қаржы жылының түсімдері болып есептеледі.

Кодексте еөзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтарының күші жойылады.

Бюджетті нақтылау – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толқытырулар енгізу арқылы бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту.

Бюджетті нақтылау:

  • бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заң актілері қабылданған немесе өзгертілген;
  • бюджетті атқару барысында бюджет түсімдері олардың бекітілген жылдық көлемінен он проценттен астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі.

Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекітрілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджетті нақтылау кезінде ғана жол беріледі.

Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің кірістері жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша алпыс процентке және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен проценттен орындалған жағдайда жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын игеру монитоингінің нәтижелері негізінде бюджеттік комиссияның жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсмыныстарын ескере отырып, жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бастамашы болуыға құқылы.

Республикалық немесе жергілікті бюджетті Кодексте көздщелген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Бюджеттерді нақтылау кезінде мынадай принциптер сақталады: уақытылық принципі – бюджетті нақтылауды бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін мерзімдерде жүргізу; негізділік принципі – енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтарулардың қажеттігін нормативтік құқықтық актілермен, тиісті есептермен және басқа да құжаттармен растау; теңдестірілімдікті сақтау принципі – депуттаттардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толқытырулар енгізу туралы заңның жобасын немсе мәслихаттың шешімін ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен аспайтын бюджет тапшылығының көлемін сақтау үшін түсімдердің қосымша көздерін не қысқартылатын шығыстарды негіздей және айқындай отырып, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізуі.

Секвестр – бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тыйым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілегн бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.

Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілегн жылдық көлемінің он процентінен кем сомаға секвестрлеу – Қазақстан Республикасы Үкіметінің немсе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгеріс және толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешімі Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.

Бюджетті секвестрлеу кезінде бюджеттік қаражат есебінен жасалған азаматтық – құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азамаиттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясы қарайды. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезінде қойылатын, Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін оның атқарылу барысында нақтылау Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және мәслихат депуттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

Облыстық бюджетті республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақты жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау кезінде облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін әзірлеу мен бекіту кезінде қойылатын, Кодексвте белгіленген талаптар сақталады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңға қол қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.

Ауңдан бюджетін оны атқару барысында нақтылау Кодекске сәйкес тиісті  жергілікті атқарушы органның және мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудан бюджетін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

Аудан бюджетін нақтылау кезінде ауданның бюджетін әзірлеу мен бекіту кезінде қойылатын, Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Аудан бюджетін Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес облыстық бюджет пен аудандардың бюджеті арасында бөлінетін түсімдер бойынша нақтылау облыстық бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.

Аудан бюджетін нақытлау тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі тиісті қаржы жылына арналған облыстық  бюджет туралы – мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін кеі апта кешіктірілмей қабылданады.

Бюджеттерді түзету – тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына Қазақстан Республикасының Парлаиментінде немесе мәслихатта нақтыламай өзгерістер мен тролықтырулар енгізу.

Орталық мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялар өзгерген жағдайларда жол беріледі. Түзету көрсетілген жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген осы бюджеттік бағдарламлардың жалпы сомасы шегінде қосу, бөлу, беру болып табылады. Жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған, Кодексте көзделген жағдайларда жол беріледі, жергілікті бюджеттерді түзетуге. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немексе облыстың жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жоғары тұрған бюджеттен қаражат бөлінген. Жоспардан тыс түсімдер есебінен жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу көлемі ұлғайған, кодексте көзделген жағдайларда жол беріледі.[10]

Бюджеттік есепке алу – бюджеттік операциялар туралы ақшалай түрдегі  ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың олардың үздіксіз құжаттық есебін жүргізу арқылы реттелген жүйесі.

Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бюджеттік есепке алу деректер бюджеттің атқарылуы жөнінде есептілік жасаудың негізі болып табылады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілік:

  • жасалған операциялардың түп нұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердің болмауын білдіретін анықтық.
  • Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген барлық талап етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық,
  • Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің есептілікті жасау жөніндегі ережелердің сақталуын білдіретін сәйкестік сияқты салалық сипаттамаларға сәйкес келуге тиіс.
  • Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікте алынған тауарлардың бюджетке түсетін түсімдері ақшалай көрсетіледі.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілік есептердің мынадай түрлерін: 1) мемлекеттік мекемелердің есептерін: мемлекеттік мекеменің балансын; жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есепті; тауарларды өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есепті; бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін басқа да есептерді; 2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті; бюджеттік бағдарламларды орындалуы туралы есепті; тауарларды өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары  жоспарларының орындалуы туралы есепті; бюджетті атқару жөніндегі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар белгіленген басқа да есептерді; 3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның есептерін: мемлекеттік бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті; республикалық немсе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есепті; түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немсе жергілікті атқарушы органның талаптары мен міндеттемелерінің жай-күйі туралы есепті; түсім сомаларының бюджеттен қайтарылуы не олардың салық берешегін өтеу есебіне есептелуі туралы есепті;  бюджетті атқару жөніндегі және бюджеттік жоспалау жөніндегі орталық уәкілетті органдар белгілеген басқа да есептерді;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін: республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті;

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану турналы жылдық есепті қамтиды.

Есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, оны жасаудың және табыс етудің мерзімдері мен тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасаудың және табыс етудің тәртібін Қазақстан Республикасының президенті айқындайды.

Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде есептіліктің қосымша нысандарын және оларды жасау мен табыс ету тәртібін белгілеуге құқылы.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық акитілерді басшылыққа алуға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп Кодекстің 129 және 130 баптарына сәйкес жасалып, табыс етіледі.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті,  сондай-ақ Кодекстің 121 бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық  уәкілетті органдарға табыс етеді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеиттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті және республикалық   бюджеттің кассалық  атқарылуын көрсетеді.

өткенг қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке:

  • түсіндірме жазба;
  • түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы  жылдық есепті қосымшалармен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті өткен қаржы жылы ішінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін кезегімен, алдымен – Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қараған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті атқару туралы уәкілеттік берген адамның баяндамасын;

Республикалық бюджетртің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы итуралы баяндамасын;

Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылармен қоса баяндамаларын тыңдайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қараған кезде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері тыңдаолуы мүмкін.

Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Парламенті есепті қаржы жылындағы республикалық бюджетротің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджеттіңатқарылу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күнге жағдай бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Кодекстің 212 бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептерді әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық  есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың  бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген жергілікті бюджетті және жергілікті бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді.[24]

өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепке:

  • түсіндірме жазба,
  • түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есепе қоса тіркеледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық мааңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы  жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етеді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің жылдық есебі облыстық бюджеттің, респуңбликалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

Есепті қараған кезде мәслихат:

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы әкімдік уәкілеттік берген адамның баяндамасын;

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкілеттік берген адамның баяндамаларын тыңдайды.

Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттінің атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін, мәслихаттың сессисында бекітіледі.

Есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде мәслихат жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің атқарылу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет екендігі туралы шешім шығаруға құқылы.

Ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті сондай-ақ Кодекстің 121 бабының 1) тармақшасында көзделген басқа да есептерді әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей өткен қаржы жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшалармен қоса әкімдікке, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттік органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті огрган табыс етеді.

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетін және аудан бюджетінің касаалық атқарылуын көрсетеді.

өткен қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепке:

  • түсіндірме жазба;
  • түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.
  • Ауданның әкімдігі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей өткен қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшалармен қоса ауданның мәслихатына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына табыс етеді.

Мәслихат аудан әкімдігінің өткен қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін мәслтхаттың тексеру комиссиясының аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

Есепті қараған кезде мәслихат:

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы әкімдік уәкілеттік берген адамның баяндамасын;

Аудан бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын; аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкілеттік берген адамның баяндамасын тыңдайды.

Мәслихатта есепті қараған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджеттік бағдарламалардыі іске асырылуы туралы есептерді тыңдалуы мүмкін.

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

Есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіткен кезде мәслихат ауданның бюджетінің атқарылуы нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолдану қажеттігі туралы шешім шығаруға құқылы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есебі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып бекітеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылауы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.[25]

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеудің маңызы өте зор екені белгілі. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп-дамуының, өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асырудың материалдық базасы, негізі болғандықтан базистің құрамына жататын да білдік.

Еліміздің экономикасының нарықтық сипат алуы, сондай-ақ 1991 жылдың 17 желтоқсанындағы “Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы заңының және 1995 жылдың 30 тамызында Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы бюджет жүйесін қайта құрып, жаңаша қалыптастыруға орасан зор ықпалын тигізеді. Егер бұрынғы бюджеттік жүйе тұтастық принципіне негізделіп, жергілікті бюджеттердің жоғары тұрған бюджет құрамына кіруі  арқылы біртұтас мемлекеттік бюджет құралатын болса, қазіргі бюджет жүйесі әрбір бюджеттің дербестігі негізінде құрылады.

Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылады, ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.

Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді.

Белгілі бір қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде бюджеттердің қаржыларға тән ерекшеліктері де бар. Олар: бюджеттік қатынастар бөлу сипатында болады; ақша түрінде жүзеге асырылады; әрқашанда ақша қорларын қалыптастыру және пайдаланылуын ұйымдастыру күйінде кездеседі.

Бюджетті жалпы мемлекеттік немесе жергілікті ақша қаражаттары қорларын құрайтын және пайдаланатын қаржылық жоспар ретінде де қарастыруға болады. Өйткені, оның көлемі, түсу мерзімі және пайдаланылуы белгіленген мемлекеттің сметасы, яғни кіріс пен шығыс тізімі деп айтуға әбден болады.

Енді бюджетті реттеу мәселелеріне тоқталамыз. Бюджетті реттеу дегеніміз, мемлекеттің бюджет жүйесінің құрамына кіретін бюджеттерді теңдестіру процесі. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі өкімет органдары пен атқарушы — әкімші органдардың бюджеттік – қаржылық саясаты жөніндегі басты мақсаты болып табылады. Яғни, бюджетті реттеудің мақсаты бюджетр жүйесінің барлық құрама бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда әрбір бюджет пен барлық жүйені теңдестіру.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер және нормативтік  құқықтық актілер  тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы,
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы 2005 жыл.
  3. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Сермиов У.С, Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. – Алматы, 1999.
  4. Худяков А.И. Финансовое право РК (общая часть). Алматы: ТОО “Баспа” – 2001.
  5. Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржылық құқық (оқулық) – Алматы, 1994.
  6. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник. – Алматы, 2001.
  7. Финансы. Учебное пособие. Под ред. А.М.Ковалевой — М ., 1999, Финансы и статистика .- 387с.
  8. Коков В., Любимцев Ю. Бюджетный федерализм: проблемы и перспективы // Экономист, №11, 1996-96с.
  9. Финансы. Денежное обращение. Кредит: учебник для вузов.

под ред. проф. Л. А. Дробозиной — М, Финансы, ЮНИТИ, 2000- 527с.

  1. Основы теории финансового права. Худяков А.И.- А., 1995 -288 с
  2. Подпорина И.   Современные  проблемы  бюджетного  регулирования  //Экономист, № 7, 1996 — 96с.
  • Павлова Л. Бюджетное финансирование и проблема государственного долга // Экономист, № 4, 1996 -96с.
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 1999, -108 б.
  2. Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау Комитеті туралы Ереже 19.06.02.қаулысымен бекітілген
  3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12-маусымдағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі” Алматы, Юрист, 2004, 228 б.
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің қызметінің кейбір мәселелері туралы 19.06.2002 жылғы Қаулысы
  5. Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі туралы Ереже 28.10.04. №1116 қаулысымен бекітілген.
  6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңы. (өзгетулер мен толықтырулар № 577-ІІ 20.12.04ж)
  7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы Ереже. 29.10.04.ж. №1127 Үкіметтің қаулысымен бекітілген.
  8. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Алматы, Юрист, 2004. –128 б.
  9. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы Ереже.31.12.03. №1270 Президентінің Жарлығымен бекітілген.
  10. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 29 қаңтардағы “Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы” Заңы.
  11. Қазақстан Республикасының Азматтық кодексі (1994 жылғы 27-желтоқсанда қабылданған Жалпы бөлімі, 1999 жылғы 1-шілдеде қабылданған Ерекше бөлімі) 102-104, 111-112, 117-118, 127-136, 139, 192-193, 196-198, 200-201, 206 және т.б. баптары.
  12. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы.
  13. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29-қаңтардағы “Қазақстан Респуликасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану қағидалары туралы” Жарлығы.