МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе ………………………………………………………………………. |
|
Тарау 1. |
ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ…….. |
|
1.1 |
Дайын өнім туралы ұғым, олардың бағаланылуы………. |
|
1.2 |
Халықаралық есеп стандарттарына сай дайын өнімді есепке алу және тану……………………………………………….
|
|
Тарау 2. |
«ҚАЙСАР-СҮТ» ЖШС ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ……………………………………………………… |
|
2.1 |
ЖШС негізгі экономикалық көрсеткіштері……………….. |
|
2.2 |
Ұйымның есеп саясаты………………………………………………… |
|
2.3 |
Дайын өнімнің қоймадағы есебі…………………………………… |
|
2.4 |
Дайын өнімнің синтетикалық есебі………………………………. |
|
2.5 |
Дайын өнімді тиеудің және сатудың есебі…………………….
|
|
Тарау 3. |
ДАЙЫН ӨНІМНІҢ АУДИТІ…………………………………….. |
|
3.1 |
Аудиттің бағдарламасы және негізгі процедуралары……. |
|
3.2 |
Дайын өнімді сатудың және оны тиеудің аудиті…………… |
|
3.3 |
Есеп пен аудитті жетілдіру шаралары………………………….. |
|
|
Қорытынды ………………………………………………………………. |
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………….. |
|
Кіріспе
Кез келген ұйымның кәсіпорын іс-әрекетінде екі мақсаты бар: максималды табыс алу және кәсіпорынның атына сенімді келтіру. Осы екі мақсат бір-бірін толықтырады, бірақта алғашқы көзқараста әр-түрлі мінезіне ие: бірінші — тек коммерциялық, ал екіншісі — моральды-этикалық. Осы максаттардын негізіне тиімді бухгалтерлік есеп жүйесін кұру және катаң тиімді бакылау жүйесін жүргізу шарттары жатады.
Сонымен қатар кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесі тиімді болып саналады, егер шаруашылық операциялардың есептеу процесі келесі шарттарға жауап берсе;
- есепте шаруашылық операциялардын уақыттық кезеңі дұрыс келтіру; шаруашылық операциялар есепте дұрыс сомаларда тіркелу;
- шаруашылық операциялар дұрыс және нормативті жағдайларға сәйкес және есеп саясатымен бухгалтерлік есеп шотында көрсетілу;
- қаржы және салық есептеме үшін маңыздылығына ие, шаруашылық операциялар құралдары тіркеу;
- қиянат етушіліктің пайда болу мүмкіншілігін шектеу.
Жоғарыда келтірілген бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес, қазіргі жағдайда бухгалтерлік есептін негізгі мақсаттары келесідей:
- басқаруға қажетті және инвесторлардын, жабдықтаушылардың, сатып алушылардың, несие берушілердін, салық, қаржы және банк ұйымдардың қолдануына қажетті кәсіпорынның іс-әрекет нәтижелері мен шаруашылык процестері туралы дұрыс толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
- нормативті сметалар мен бекітілген нормаларға сәйкес каржы, еңбек және материалды ресурстарды бақылауын қамтамасыз ету;
- шаруашылық іс-әрекетінде негативті құбылыстарды өз уақытында алдын алу, ішкі шаруашылық резервтерді мобилизациялау.
Сонымен, бүгінгі таңда кәсіпорында көлемінің көбеуімен жөне іс-әрекет мазмұнының киындаушылығымен, есептеме және есеп жүйесіне қоятын талаптар жоғарлады.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің жаңа түрлері мен әдістері пайда болды, соның ішінде компьютерлік жүйелерді қолданумен, қаржылық есептеме белгілі бір бизнес тіліне айналды және кәсіпорын жағдайының қаржылық және мүліктік жағдайы туралы негізгі ақпарат көзі болып табылады. Ақпарат нарықтық қатынастар жағдайында ең кымбат тауар болып табылады. Ақпарат толық болу үшін, қолданушы қаржылық есептеме мәліметтерінін дәлдігінде сенімділігінің дұрыстығын білуі тиіс. Бірақта, адамның бір сөзі нақты және потенциалды партнерлар арасында жеткіліксіз, сол себептен білікті мамандары бар арнайы институттың объективті қажеттілігі пайда болды.
Кәзіргі уақытта қаржылык есептеме кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы, іс-әрекет нәтижесі туралы және қаржылык жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты жинақтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министірліктін №14-7 каңтардың 2005 ж. бекітілген бұйрығына сәйкес «Қаржылық есептемені ұсыну» №30 БЕС сәйкес қаржылық есептеме ұсынудың дәлдік принципіне және бухгалтерлік есеп стандартының сәйкестік принципіне, ұйымның үзіліссіз іс әрекетіне, есептеу принципіне, бір ізділік принципіне, маңыздылык пен біріктілік принципіне сәйкес болуы тиіс.
Әлем тәжірибесінде аудиторлық бақылау көп жылдар бойы барлык іс-әрекеттер салаларында нарықтық экономика жағдайында кең қолданылады. Қазақстан Республикасында аудит кәзіргі жағдайда қолданылуын тапты.
Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайында кәсіпорын алдында дұрыс есепті жүргізу және өз активтердін сақтандыруын қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, олардын тиімді қолданылуын жоғарлату мақсаты түр. Сол себептен кәсіпорынның басшылары қаржылық талдау мәліметтерін колдана отырып, тез арада және көп шығындалмай табыс алу үшін дұрыс және оптималды басқарушылык және каржылық шешімдерді қабылдауы тиіс.
Аудитордың жұмысы тек қаржылық есептеме көрсеткіштерінің және элементтердің дұрыстығын аныктаумен ғана аяқталмайды, ол сонымен қатар, кемшіліктермен олардын себептерін анықтау мақсатымен, оның қаржылық жағдайын талдауы тиіс. Бұл тақырыптың актуалдығы — дайын өнім бағалауының дұрыс вариантын таңдауы, өнім сапасын жоғарылату яғни, тек қана ішкі нарықта емес, сонымен қатар сыртқы нарықта сұранысқа ие болатындай өнім шығару, оны сатуды жеделдету және сатудан түскен табысты өсіру.
Зерттеу объектісі болып «Қайсар-сүт» ЖШС болып табылады. Қойылған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының есеп пен аудит аумағында нормативті құқылы актілер, методикалық пособиялар және бухгатерлік және салық есебі бойынша отандық және шет ел авторларының арнайы әдебиеттері, сонымен қатар «Қайсар-сүт» ЖШС тәжірибелік материалдары зерттелген.
І ТАРАУ. ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
- Дайын өнім туралы ұғым, олардың бағаланылуы
Дайын өнім — бұл өңдеуден толық өткен, бекітілген техникалық нормаларға немесе стандарттарға сәйкес, қоймаға өткізілген немесе тапсырыс берушімен қабылданған бұйымдар мен жартылай фабрикаттар. Ол сату үшін арналған негізгі және көмекші цехтардың өнімдері. Дайын өнім өндірісте біткен, жинақталған болуы керек, техникалық бақылау қызметімен техникалық шарттарға және стандарттарға сәйкес және жинақталғандығын куәландыратын төлқұжатпен, сертификатпен немесе басқа да құжаттармен қамтамасыз етіліп, қоймаға тапсырылған, ал қоймасынан босатылатын болса, онда алушы міндетті түрде жүкті алу кұқы үшін сенімхатты көрсетуі керек.
Қазіргі уақытта дайын өнімді бағалаудың келесідей түрлері қолданады:
Нақты өндірістік өзіндік құн бойынша — өнімді дайындауға кеткен барлық шығындар сомасының жиынтығы. Дайын өнімді бағалаудың бұл әдісі өте сирек пайдаланады. Негізінен ірі өте сирек жабдықтар мен көлік құралдарын шығаратын жеке өндірістік кәсіпорындарда пайдаланады. Бұл бағалау түрі шектелген өнім номенклатурасын өндіретін кәсіпорындарда пайдалануы мүмкін. Бұл бағалау вариантының кемшілігі — объект бойынша барлық жұмыстар аяқталғанға дейін және есепті айдың біткеніне дейін өзіндік құнды есептеудегі дәлсіздік.
Жоспарлы (нормативті) өзіндік құн бойынша — бұл кезде есепті айдағы нақты өндірістік өзіндік қүнның оның жоспарлы (нормативті) өзіндік құнынан ауытқуларын анықтайды.
Көрсетілген өзіндік құн бойынша тауардың шығарылуын есептеудің жағымды жағы, жоспарлау және есеп беруді құрастыру кезінде ағымды есептегі бағалаудың бірлігі болып табылады. Дегенмен, егер жоспарлы (нормативті) өзіндік күн жыл барысында жиі өзгеретін болса, онда дайын өнім қалдығын бағалау дәлдігін анықтау, көп еңбекті қажет етеді.
Есептік баға бойынша бағалаған кезде, нақты өзіндік құнмен есептік баға арасындағы айырмашылық есептеледі. Соңғы уақытқа дейін дайын өнімді бағалаудың бұл түрі жиі кездесетін. Оның артықшылығы, салыстырмалы түрде бағалар тұрақты болғанда жүзеге асады және ағымдағы есеп пен есеп берудегі өнімді бағалауды салыстыру мүмкіндігі пайда болады, ал бұл тауардың шығарылу көлемінің дұрыс анықталуына бақылау үшін маңызды.
Сату (нарықтық) бағасы және тариф бойынша бағалау. Бұл бағалаудың түрі қазіргі кезде өте көп колданылуда. Бұл тапсырыс берушімен алдын ала құрастырылған және келісілген өнімді калькуляциялау әдісі негізінде яғни, алдын ала айтылған жеке бағаларды немесе өнімді жеткізудің нарықтық бағаларын пайдалану арқылы жасалған өнімдер мен жұмыстардың бағасы.
Бұдан басқа В.Радостовецтің «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» кітабында бағалаудың мынадай әдістері кездеседі. Толық өзіндік құн (жоспарлы, нақты) — өндірістік өзіндік құннан және коммерциялық шығындардан тұрады.
Жеке бөлшек сауда бағасы бойынша — көбінесе жеке қажеттіліктерді өтеу үшін арналған тауарлар, олар бөлшек сауда торабы және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары арқылы сатылады. Олар келісілген бағадан және айналым шығындары мен сауда ұйымдарының табыстарын жабу үшін арналған, сауда үстемесінен тұрады.
Дайын өнім есебінде есептік баға мен жоспарлы (нормативті) өзіндік құнды пайдалану кезінде, есептік бағасы бойынша есептеліп шығарылған тауар, оның өндірістік өзіндік кұннан ауытқуын есептеу қажеттілігі туады. Өз кезегінде, бұл ағымдағы есепте қолданылатын бағалау түріне қарамастан, тиелген, сатылған өнімнің (жұмыс, қызмет), сонымен қатар айдың соңында қоймада қалған дайын бұйымдар қалдығының нақты өзіндік құндарын анықтауға мүмкіндік береді.
Әдетте ауытқу орташа салмақталған пайыз бойынша есептеледі. Ол былай анықталады: айдың басындағы өнім қалдығының және сол айда өндірістен шығарылған өнімдердің нақты өзіндік құнының, сол өнім көлемінің есептік бағасы бойынша есептелген кұнына қатынасымен табылады.
Өнімнің нақты өндірістік өзіндік құнының оның есептік бағасына қатынасының орташа салмақталған коэффициенті Z мына формуламен есептеледі:
мұндағы, ай бойы келіп түскен және ай басындағы өнім көлемі;
— қалдықтың және келіп түскен дайын өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны; — өнім бірлігінің есептік бағасы.
1- кесте
Дайын өнімнің және тиелген тауарлардың нақты өзіндік
құнын есептен шығару
Көрсеткіштер |
Дайын өнім (жұмыс, қызмет) |
||
Есептік баға |
Нақты өндірістік өзіндік құн |
||
Ай басындағы қалдық |
6000 |
5100 |
|
Өндірістен келіп түскен |
22900 |
18200 |
|
Қайтару тәртібінде келіп түскен |
— |
— |
|
Басқа да келіп түскендер |
1100 |
700 |
|
Жиыны |
30000 |
24000
|
|
Қалдықтың және ай бойы келіп түскеннің нақты өндірістік өзіндік кұнның оның есептік бағадағы кұнына қатынасы |
24000 х 100 = 80 30000 |
||
Сату тәртібінде тиелген және сатылған |
25000 |
20000 |
|
Ай соңындағы калдық |
5000 |
4000 |
|
Кәсіпорынның қаржылық есебі бойынша
Есептік баға және жоспарлы өзіндік құн бойынша бағаланған өнім құнының, оның нақты өндірістік өзіндік құнынан ауытқуын оларды салыстыру арқылы анықтайды. Ауытқудың теріс мәні қызыл сторно әдісі арқылы көрсетіледі, ал оның мәні — қарапайым жазумен жазылады.
Көрсетілген есептеулер белгілі бір дәрежеде шартты болып табылады, әсіресе өнім түрлерінің бағасы мен рентабельділіктің едәуір тұрақсыз болған жағдайда. Егер орташа салмақталған коэффициент өнім топтары бойынша есептелсе, онда дәлірек нәтижеге алуда болады. Тиелген тауарлардың және қоймадағы тауар жылжуының есебі әрбір бүйымның атауы (түрі) бойынша жүргізіледі. Осы әрбір бұйым атауы және жұмыс түрлері бойынша нақты өзіндік құнмен есептік бағаны салыстыру коэффициентін анықтау қажеттілігі тауды.
«Қайсар-сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді бағалаудың нормативтік өзіндік құн әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолданған уақытта, жоспарлы (нормативтік) өзіндік құннан нақты өндірістік өзіндік құнының ауытқулары пайда болады. Бұл ауытқулар көп жағдайда шамалы болады. Дегенмен, бұл ауытқулар бухгалтерлік есепте қосымша немесе сторно жазулармен көрсетіледі. Оны өнімнің синтетикалық есебі бөлімінде толық көруге болады. Кәсіпорынның өндірістік спецификациясына байланысты, есеп саясатында көрсетілген, дайын өнім және оны сатудың есебі бөлімінде арнайы 8020 «Өнім шығару» шоты көзделген.
Ауытқулар көбінесе сыртқы факторлардың әсерінен болады. Бұлар: шикізат пен материалдық жабдықтаушы кәсіпорындарды өзгерткен кезде, шикізат пен материалға бағаның өсуі, кедендік баж салығын салуына байланысты және тағы басқа жағдайлар әсер етеді.
- Халықаралық есеп стандарттарына сай дайын өнімді есепке алу және тану
Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық процесі күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Қазіргі таңда біздің еліміздің есеп жүйесін халықаралық стандартқа көшіру, сондай — ақ мұның дәрежесімен мазмұнын халықаралық деңгейге көтері мақсатында карала, прагма, эднет атты халықаралық корпорациялар қызмет атқарып келеді.
Алайда еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттарына сай ары қарай ұлттық тұрғыда жетілдірілуі және дамуы керек. Қазақстан экономикасына қызмет атқару мен пайда табуды мақсат тұтқан бірлескен кәсіпорындардың дамуына, инвестициялық саясатқа, сауда және саяси-әлеуметтік процестерге байланысты біздің ұлттық бухгалтерлік есеп жүйеміз төмендегі негізгі бағыттарға сай жетілдірілуі тиіс:
Біріншіден, заңдастырылған негізінде арнайы сараптаушылардың жұмыс тобы құрылып, мұның құрамына жақсы мамандар білікті ғылыми зерттеушілер тартылып, бұл топтық құзырына әлемдік бухгалтерлік есеп тәжірбиесін тұрақты түрде зерттеу мен зерделең және мұның нәтижесін отандық есеп жүйесіне енгізу шаралары жүктелуі керек.
Сараптаушылардың мұндай жұмыс тобы белгісіз жылдарға дейін тұрақты қызмет атқарғаны тән. Әлемдік бухгалтерлік есеп тәжірибесін отандық және мұның нәтижесін отандық есеп жүйесіне біртіндеп енгізу — бүгін бар, ертең жоқ мәселе түрінде қаралмауы керек.
Екіншіден, Қазақстандық есеп жүйесінде болашақта қолданылатын қазақстандық жекелеген есеп объектілеріне тән бухгалтерлік есеп стандарттарын жасау үрдісіне кәсіби мамандығы жоғары және осы саланың білімді ғалым-зерттеушілері қатыстырылып, бұлардың сараптаушылар тобы өндіріс және ұлттық экономика талабын қанағаттандырмайтын халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі орын алған жағдайда сараптаушылар тобы басқа да альтернативтік шешім қабылдаудың жолдарын қарастырғаны жөн. Қазақстанның есеп тәжірбиесінде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан ұлттық тұжырымдама /концепция/ және есеп принциптері мен стандарттарының мазмұны үйлесімділік тәртіппен қайта қаралып, барлық жағымды тәжірбиелер мен есеп жүргізудің ұйымдастырушылық шаралары белгіленіп отыруы керек.
Үшіншіден, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша оқу орындарыда оқитын студенттерге арналған, халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай келетін, сондай-ақ кредиттік технология жүйесімен оқытуды қамтамасыз ететін сапалы окулықтар шығару мәселесі жылдан жылға тиісті жоғарғы деңгейде мемлекеттік басшы органдарда бекітіліп отыруы керек.
Төртіншіден, отандық бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп мазмұның толық және сенімді даярлау мен тапсыру, сондай — ақ сыртқы пайдаланушылар мүддесін тиісті заңнамалар және нормативтік актілер, нұсқау — ережелер нарықтық экономикалық кезеңдік дамуына қайта қаралып, жаналанып отыруы керек.
Бесіншіден, Қазақстандық бухгалтерлік есеп жұйесін алдағы кезеңдерде халыкаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшіріп, мұның өзі тұрақтану үшін елімізде күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары қайта жасалынып, бұл жоспар өтеушілік /айналымдағы активтер/ дәрежесін төменнен жоғарыға қарай сипаттап көрсетуі керек. Мұндай сабақтастық бағыт халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және өркениеттегі елдер есебінің тәжірбиесінде қаралған. Бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын жаңадан жасап, мұны сапалы қолдану үшін арнайы әдіснамалар, нұсқау — ережелер, салық нормативтік актілер мазмұны қайта қаралып, әр жылдары зерттеліп, тәжірбиеден өткізіліп отыруы керек. Мұндай шаралар бір күндік және бір жылдық мәселе емес.
Алтыншыдан, Қазақстанда қызмет атқарушы бухгалтерлердің білімін жетілдіру, кәсіби бухгалтерлер мектебін қалыптастыру, жекелеген бухгалтердің алдыңғы қатарлы іс-тәжірбиесін үйрену мен жариялаудың маңызы зор.
Жетіншіден, халықаралық ынтымақтық немесе жаһандану мәселесіне байланысты елімізден қоғамдық бухгалтерлік есеп ұйымдарының басқада халықаралық ұйымдарға мүше болып енуі, басқа да ұлттық ұйымдармен өзара ықпалдастық атқару нәтижесінде бухгалтерлік есеп стандарттарын жасауға қатысуының рөлі зор.
Сегізіншіден, бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан ақпараттар жүйесіне тән компьютерлендіру. «Бухгалтерлік еспке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 26.12.1995ж №2732 Қазақстан Республикасының Заңының /өзгертулерімен толықтырулармен бірге/ өзінде «Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары» 2.1.-бабында «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан республикасының заңының 24.06.2002 жылғы №329-11 Қазақстан Республикасының заңының негізінде енгізілген болатын. Осы заңмен ІІІ.06.2005 жылғы №562-11 өзгерістермен және толықтыруімен бірге 2-1 бап:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын жекелеген ұйымдар үшін — 2005 жылғы 1қантардан бастап;
- Акционерлік қоғамдар үшін — 2006 жылғы 1-қантардан бастап.
- Өзге ұйымдар үшін — 2006 жылғы 1 қантардан бастап күніне енгізіледі деп айқындалған.
Жаңа есеп саясатын қолдануды бастамас бұрын, қазіргі қолданылып жүрген есептік нысандарға енгізілген кейбір көрсеткіштерді түзету талап етеді. ХҚЕС бойынша кіру балансына енетін сальдоны қалыптастыру қажет болады. Компаниялар ХҚЕС — қа өту күшіне баланссын дайындауы тиіс. Бұл халықаралық стандарттар бойынша алдағы уақытта есеп жүргізу үшін пункті болады. Кіру балансын қалыптастыру тәртібі 1-ХҚЕС-нда /IFRS/ айқын белгіленген:
- ХҚЕС бойынша танылу талап етілетін барлық активтер мен міндеттемелерді тану.
- ХҚЕС бойынша таныту талап етілмейтін барлық активтер мен міндеттемелерді танымау, бұл үшін;
-16 ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдарды тану өлшемдеріне келмейтін объектілер;
-38 ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдарды тану өлшеидеріне сай келмейтін объектілер;
- ¥лттық ерекшелерге сәйкес танылған есептелік баптарын активтердің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал элементтерінің бір түрі ретінде жіктеу, алайда қазір ХҚЕС-на сәйкес активтердің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал элементтерінің басқа түрі көрсетіледі.
- Барлық баптары /активтер мен міндеттемелерді/ ХҚЕС-на сай келетін бағалауға енгізу.
Бағалануы өзгеруі мүмкін активтер мен міндеттемелер:
- Қаржы құралдары, оның ішінде дебиторлық берешек және несиелер /39-ХБЕС/;
- Шетелдік компанияға инвестициялар /21-ХБЕС/;
- Кейінгіге қалдырылған салықтар /12-ХБЕС/;
- Резервтер/37-ХБЕС/;
- Негізігі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы /36-ХБЕС/
- Кіріс/18-ХБЕС/;
- Сыйақы бойынша міндеттемелер /19-ХБЕС/;
Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру тек қана жоғарыда айтылған мәселелерге ғана байланысты болмай, еліміздегі нарықтық қатынастардың тұрақты дамуымен тығыз байланыста болғаны жөн. Біздер бір жағынан халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын екінші жақтан Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын терең түсініп, отандық бухгалтерлік есеп мэселелеріне баса назар аударуымыз керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарай жетілдірудің негізгі мәселелерінің бірі -ұйымдарда күні бүгінге дейін екі бағытта жүргізіліп келе жатқан қаржылық және салық есебін біріктіріп үидестіру, сондай — ақ есептің үйдестірілген жаңа моделін кұру болып табылады. Егер қаржылық есептің үйдестірілген жаңа моделі құрылған жағдайда есеп жүргізудің еңбек шығындары біршама азаяды. Сонымен қатар екі түрлі есептің орнына көп мағыналы қаржылық есеп құрылып, мұның өзі салық есебіне тән есептеулер жөніндегі ақпараттар даярлауды камтамасыз етеді.
2 ТАРАУ. «ҚАЙСАР-СҮТ» ЖШС ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. ЖШС негізгі экономикалық көрсеткіштері
«Қайсар-сүт» ЖШС 1996 жылы құрылған.
ЖШС-тің нарыққа енгеніне он жыл болды. Осы уақыт аралығында фирма бүкіл Қазақстан территориясына таралған, республиканың барлық аймақтарын қамтитын дайын өнімін өткізетін диллерлік торабын дамытты. Республиканың оңтүстік астанасынан, Алматы қаласынан шаруашылық өнімі бүкіл Оңтүстік Қазақстанға (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына) таратады.
1998 жылдан бастап Астана қаласында жұмыс істейтін филиалы бүгінгі күнге үлкен жеті облыстарды камтиды.
Олар: Қарағанды, Ақмола, Петропавл, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстары. Қазіргі уақытта Астана каласында орналасқан филиал фирманың барлық тауар айналымының 40% қамтамасыз етеді, ол жұмыс істей бастаған уақытымен салыстырсақ 4 есе көбірек.
Кәсіпорынның негізгі іс-әрекеті баспа өнімін көтерме өткізу болғандықтан, жұмыстын бір бағыты Қазақстан бойынша үлкен дилерлік торабын құру болып табылады.
Сөйтіп, Астана қаласында аумақ бойынша клиенттердін саны 2005 ж. 36 адамнан, 2006 ж. — 21 адамға дейін қысқарылды, ол аумақтағы орта деңгейлі дилерлерді біріктіру себебінен болады.
Осындай ірілендіру процессі Алматы қаласында да байқалады, мұнда 2005ж. 18 клиенттен кәзіргі күні 8 ірі дилерлер ғана қалды. Клиенттердің табиғи қысқарылуы, дилерлік торабты құру барысында, дебиторлық қарыздан бақылауын жақсартуға көмектеседі.
ЖШС-тің 2003-2006 жж. Тауар айналымының
географиялық бағытталуы
Сурет 1
Есепті кезеңде ЖШС іс-әрекеті табысты болды. Ол туралы 2 кестеде келтірілген қаржы-шаруашылық іс-әрекеттерінің негізгі көрсеткіштердін динамикасы куәландырады.
2 кесте
2005-2006жж.» Қайсар-сүт» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2005ж.
|
2006ж. |
Ауытқу (+,-) |
Өсу қаркыны % |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Табыстың бағалануы |
||||||
1 |
Өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден алынатын табыс |
Мың тг. |
329246 |
457308 |
+128062 |
138,9 |
2 |
Өнімнің (кызметтің, жұмыс тың) өзіндік құны |
Мың тг. |
258644 |
371486 |
+112842 |
143,6 |
3 |
Жалпы табыс |
Мың тг. |
70602 |
85822 |
+15220 |
121,6 |
4 |
Кезеңнің шығындары |
Мың тг. |
51859 |
56121 |
+4262 |
108,2 |
5 |
Салық салынғанға дейінгі табыс |
Мың тг. |
18743 |
29701 |
+10958 |
158,5 |
6 |
Рентабельділік |
% |
5,7 |
6,5 |
+0,8 |
1Д4 |
7 |
Жұмыс шылардың орташа сан тізімі |
Адам |
27 |
29 |
+2 |
107,5 |
8 |
Еңбек өнімділігі |
Мың тг. |
12194,3 |
15769,2 |
+3,575 |
129,3
|
|
|
|
|
|
|
|
Баланстың құрастыру уақытына активтердің ликвидтілігі мен төлеу қабілетін бағалау |
||||||
9 |
Ағымдағы активтер |
Мың тг. |
52667 |
98380 |
+45713 |
186,8 |
10 |
Ағымдағы міндеттемелер |
Мың тг. |
37249 |
68194 |
+30945 |
183,1 |
11 |
Ақша қорлары |
Мың тг. |
4057 |
14907 |
+10850 |
367,4 |
12 |
Дебиторлық берешек |
Мың тг. |
38712 |
91178 |
+52466 |
235,5 |
13 |
Басқадай активтер |
Мың тг. |
5864 |
6103 |
+239 |
104,1 |
14 |
Озіндік айналым Басқадай активтер капитал |
Мың тг. |
15418 |
30 186 |
+14768 |
195,8 |
15 |
Кредиторлық берешек |
Мың тг. |
37249 |
68 194 |
+30 945 |
183,1 |
16 |
Жалпы өтілу коэффициент (ағымдағы) |
|
1,41 |
1,44 |
+0,03 |
102,1 |
17 |
Абсолюдты өтілу коэффициент (оперативті) |
|
0,11 |
0,22 |
+0,11 |
200 |
18 |
Аралық өтіле коэффициент (сын) |
|
1,31 |
1,65 |
+0,34 |
126,0 |
19 |
Өзіндік айналым қорларымен камтамасыз етілген коэффициенті |
|
0,29 |
0,31 |
+0,02 |
106,9 |
Іскерлік белсенділікті бағалауы |
||||||
20 |
Өзіндік капиталдың айналым коэффициенті (сатудан түскен табыс/ өзіндік капитал) |
|
21,4 |
10,9 |
-10,5 |
50,9 |
21 |
Ағымдағы активтердің айналым коффициенттері(айналым саны) (сатудан түскен табыс/ ағымдағы активтердің орташа құны) |
|
6,3 |
4,7 |
-1,6 |
74,6 |
22 |
Ағымдағы активтердің айналымы (бір айналымның ұзақтылығы) (360* ағымдағы активтердің орташа құны/ сатудан түскен табыс) |
Күн |
57,6 |
77,5 |
+ 19,8 |
134,6 |
23 |
Дебиторлық берешек айналымының коэффициенті (сатудан түскен 4табыс/ дебиторлық берешектің орташа көлемі)
|
|
8,5 |
4,7 |
-3,8 |
55,3 |
2 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
24 |
Дебиторлык берешек айналымының орташа уақыты (360* дебиторлық берешектің орташа мөлшері/ сатудан түскен табыс) |
Күн |
42,3 |
71,8 |
+29,5 |
169,7 |
25 |
Кредиторлық берешектін айналым коэффициенті (сатудан түскен табыс/кредиторлық берешектің оріаша мөлшері) |
|
8,8 |
6,7 |
-2Д |
76,1 |
26 |
Кредиторлық берешек айналымының орташа уақыты (360* кредиторлық берешектін орташа мөлшері/ сатудан түскен табыс) |
Күн |
40,7 |
53,7 |
+13 |
131,9 |
Кәсіпорынның қаржылық есебі бойынша
Есептелген коффициенттердің талдауы арқылы келесідей қортындылар келтіруге болады:
- жалпы ликвидтік коэффициент көрсеткіші 2006 ж. 1,44 ал 2005ж. 1,41 болды, оның жоғарлауы ликвидті ағымдағы, активтердің барлық сомалардын жоғарлауын және барлық төлем міндеттемелер сомаларының төмендеуін көрсетеді, ол болса, оның маңызының 0,9 коэффициентін оң мінездейді;
- абсолютгы-ликвидті коэффициент көрсеткішінің 2006ж. 0,11 -ден 2005ж. 0,22-ге өсуі балансты құру күніне қарызын өтеуіне қабілетті ағымдағы берешек бөлігінің өсуін көрсетеді. Егер 2005 жыл көрсеткіші оптималды 0.2-0.5 көрсеткішіне сәйкес болса, 2006ж. жағдай жақсарылды;
- аралык ликвидті коэффициент көрсеткіші 2006ж. 1,31-ден 2005ж. 1,65-ке дейін өсуі ағымдағы міндеттемелер бөлігінің өсуін білдіреді, ол тек ақшалай қорлар есебінен ғана төлене алмайды, сонымен қатар, жіберілген өнімнен алынатын түсімдерденде төленеді. Осы коэффициенттін оптималды мәні бірден жоғаруы болуы тиіс; өзіндік айналым коэффициент мәнінің 2005 жылы 0,29-дан, 2006 жылы-0,31-ге дейін өсуі, кәсіпорынның каржылық тұрақтылығына қажетті, оның жеке меншік айналым қорларының өсуін көрсетеді және де бұл көрсеткіш оптималды мәніне сәйкес, яғни ол бірден жоғары болуы тиіс;
- өзіндік капитал айналым коэффициент көрсеткішінің 2005ж. 21,4-тен, 2006 ж. 10,9-ге дейін төмендеуі кәсіпорын акционерлердің қорларын қолдану тиімділігіиің төмендеуін көрсетеді;
- ағымдағы активтер айналым коэффициент көрсеткіштерінің 2005ж. 6,3-тен 2006ж. 4,7-ге дейін төмендеуі, ұйымның қосымша өнім өндіруге қажетті корларды босату қабілетін жоғалтқаның көрсетеді. Бұған ағымдағы активтердін айналым күндерінің жоғарлауында көрсетеді: 2005ж. 57,6 күннен, 2005ж. 77,5 күнге дейін;
- дебиторлық берешек коэффициент көрсеткішінің 2005ж. — 8,5-тен, 2006ж -4,7-ге дейін төмендеуі сатып алушылардың өнімді өткізу табысымен салыстырғанда, дебиторлық берешек өсуінің алда болуын көрсетеді, оны дебиторлық берешектің 2,4 есеге жоғарлауы куәландырылады.
Коэффициент көрсеткішінің төмендеуі сатып алушыларға берілетін несие көлемінің жоғарлауын көрсетеді. Дебиторлық берешектін айналым күндері 2005ж. 42,3 күннен 2006 ж. 71,8 күнге дейін көбейді, яғни клиентке төлемге жазылған шоттарды төлеуге қажетті уақкыты жоғарлады, бұл теріс мінезделінеді;
- кредиторлық берешек айналым коэффициент көрсеткішінің 2005ж. 8,8-ден, 2005ж. 6,7-ге дейін төмендеуі өнімді өткізуден алынатын табыс пен салыстырғанда, ұйымның қредиторлық берешек өсуінің көбірек болуын көрсетеді, бұл ұйымның кредиторлық берешегінің 83,1% мөлшеріне жоғарлауымен байланысты. Сонымен, кәсіпорын несиеге сатуда жоғарлатады, бұл теріс тенденция. Бұны кредиторлық берешектің айналым күндерінің 2005ж. 40,7 күннен, 2006ж. 53,7 күнге дейін жоғарлауы көрсетеді.
Сонымен, «Қайсар-сүт» ЖШС-нің ликвидтік және төлем қабілет көрсеткіштері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда жақсарды, бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізу іс-әрекетінің тиімділігімен байланысты. Бірақта өзіндік капитал, ағымдағы активтердің, дебиторлық және кредиторлық берешектің айналым коэффициенті кәсіпорынның 2006 жылы іскерлік белсенділігінің төмендеуін мінездейді.
2.2. Ұйымның есеп саясаты
Есеп саясаты — оның принциптері мен негізіне сәйкес қаржы есептемені ашу және есепті жүргізу әдістер жиынтығы.
«Қайсар-сүт» ЖШС-нің есеп саясаты негізгі ережелермен, кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп ережелерін және ұйымдастырушылығын ашатын ережелерден тұрады және төменде келтірілген негізінде зерттеліп дайындалған:
- Қазақстан Республикасының 1995 ж. 26 желтоқсанында шыққан №2732 (24.06.02ж. өзгерістермен) «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептеме туралы» заңына сәйкес;
- Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартына сәйкес;
- 18.09.2002ж. №438 Қазақстан Республикасының қаржы министірлігінің бұйрығы мен бекітілген бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарына сәйкес;
- Есепті жүргізу бойынша методикалық үсыныстарға сәйкес «Қайсар-сүт» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп мәселелері келесі ережелерден құрады:
- оперативті басқару үшін, сонымен қатар несие берушілер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, салық және басқа да қаржы ұйымдар мүдделі ұйымдар мен тұлғалар қолдану үшін, қажетті іс-әрекет нәтижелері және шаруашылық процестері туралы толық және дұрыс ақпаратты қалыптастыру;
- бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес қаржы, еңбек, материалды қорларын рационалды қолданылуын, мүліктік козғалысының және бар болуының бақылауын қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық іс-әрекетәнде негативті құбылыстарын алдын-ала анықтау, ішкі резервтерін бақылау.
Ұйымның шарушылық іс-әрекеті туралы өз уақытында және дұрыс ақпаратты алу мақсатында ЖШС бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы есеп процесінің және орындаушылардын жұмысын ұйымдастырылуын құрастыратын элементтер мен шоттар жүйесі.
«Қайсар-сүт» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі 1-С бухгалтерия програмасын қолданумен автоматтандырылған. Аналитикалық есеп 1050, 1051, 1010, 1040, 2150, 2411, 2417 шоттар бойынша ай сайын карточкаларда басып шығарылады, ал калган мәліметтер дискеталарда сақталады.
Бухгалтерлік есеп ақпаратын сақтауы және жоюы, 30.06.1992ж. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің бұйрығына сәйкес сақталады жөне жойылады. Ақпарат пен құжаттарды бухгалтерияға өткізу және толтыру ережесі бойынша бас бухгалтердін талаптары кәсіпорынның барлық жұмысшылары үшін бір.
Алғашқы құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетімен бекітілген (бүйрық № 73, 16.11.1994ж. қабылданған, 01.01.1995ж. күшіне енген) алғашқы есеп құжаттардың ведомстволары аралық түрлер альбомына сәйкес кұрастырылады.
Компанияда мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын келесідей алғашқы кұжаттар тізімі анықталынған:
- төлемдік міндеттемелер;
- банктің көшірмесі;-
- шығын және түсім кассалық ордерлері;
- жабдықтау келісім шарты.
Президент осы ақпаратты көре алатын тұлғалар тізімін анықтайды.
«Қайсар-сүт» ЖШС-нің жалпы есеп саясат тәртібін қарастырайық. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептеме туралы» 26.12.1996ж. №2732 заңына сәйкес жүзеге асырылады. Оның қалыптасу базасы болып, бухгалтерлік есеп стандарттары олардын методикалык, ұсыныстары, сонымен қатар — басқа да Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі реттейтін нормативті — құқылы құжаттар табылады. Осы есеп саясатымен есепті ұйымдастырудын негізгі ережелер, сонымен қатар ішкі бақылаумен және сыртқы аудит талаптар анықтайды. Қалыптастыру негізіне келесідей принциптер салынған: есептеу, үзіліссіз іс-әрекет, түсініктілік, маңыздылық, дұрыстылық, нейтральдік, сақтық, аяқтаушылық, салыстыру, жүйелілік, шындық көрсету.
Салықтық есептемелер мен төлемдер 2001ж. 12 шілдесінде күшіне енген Қазақстан Республикасының Заңы №209-11 салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте есептеме әдісі қолданылады. Есеп саясатын калыптастыру үшін жауапкершілікті ЖШС-нің президенті атқарады.
«Қайсар-сүт» ЖШС-нің есеп саясатының негізгі ережелер келесі бөлімдерден кұрады:
- ЖШС-нің бухгалтерлік балансы «Қаржылық есептемені ұсыну» №30 БЕС-ң барлық талаптарына сәйкес келеді;
- ЖШС үшін есепті кезеңі болып календарлы жыл саналады. Оперативті ақпаратқа ие болу үшін, каржы-шаруашылық іс-әрекеттін нәтижелері ай сайын жасалады. Алғашқы кезеңдерде каржылық есептемені құрастырған кезде жіберілген қателіктердін түзету сомаларын есепті кезеңнің шығынына немесе табысқа еңгізіледі. Алғашқы кезеңдерге жататын үлкен қателік сомасын түзету есептемеде алғашқы бөлінбеген табыс сальдосын өзгерту жолымен көрсетіледі;
- №30 БЕС сәйкес ЖШС Алматы Сауда-Қаржы банкінде есептік шотына ие.
Ақшалай қорлардың ұлттық және шетел валютасында қозғалыстары
келесі шоттарда көрсетіледі: 1040 «Ағымдағы есеп шотындағы ақшалар»,
1050 «Мемлекет ішіндегі валюта шотындағы ақшалар», 1051 «Шетелдегі
валюта шотындағы ақшалар», 1010 «Ұлттық валютада кассадағы ақша».
Оперативті іс-әрекеттен ақшалай қорлар қозғалысы тікелей әдіспен
ашылады. ЖШС шет елде валюта шотында ақшасы жоқ. Касса қалдығын
инвентаризациялауы ай сайын жоспарлы тексеріс, яғни айдын бірінші күні
жүргізіледі, және жоспарланбаған — кәсіпорын басшысыныц бұйрығы
бойынша жүргізіледі. Барлық кассалық тәртіптін тексерістері актілерде
көрсетіледі;
- табыстарды бағалау және тану бөлігіндегі есеп саясаты «Табыс» №5 БЕС
сәйкес жүргізіледі. Есептеу принципіне сәйкес бухгалтерлік есепте
табыстар танылады және қаржылық есептемеде тек табыс кірген кезде
танылады, ал шыгындар — шығынға ұшыраған кезде. Бір келісім бойынша
табыстар мен шығындар бір уақытта танылады. Негізгі және негізгі емес
іс-әрекеттен табылған табыс, жиынтық табысты құрайды. Табыс келесі
шоттарда танылады: - табыс сомасы үлкен дұрыстық деңгейімен бағаланады;
- келісіммен экономикалық пайда табу ықтималы бар;
- сатушыдан сатып алушыға жеке меншік күқығының өтуі орын
табады; - келісім бойынша нақты және күтілген шығындардын бағалануы үлкен дұрыстық деңгеймен жүзеге асырылады.
Келісім бойынша контрактілер және олардын есептемелері бас бухгалтермен міндетті түрде визаланады. Тауарларды өткізуден түскен табыс есебін жүргізу үшін 6011 «Негізгі іс-әрекеттен түскен табыс» шоты қолданады. Табыс, тауар жіберілген есепті кезеңде танылады, бірақта тауар өзіндік құнынан төмен жіберілуі мүмкін. Бұл оның тез құртылуымен (актуалдылығын жоғалтуымен) байланысты. Өткізілген тауардын өзіндік құны «Сату үшін сатып алынған өткізілген тауардың өзіндік құны» жыл ішінде алынған табыстын бөлінуі күрылтай құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
6011 шоттын кредиті бойынша, дебет 2110 «Алынуға тиісті шоттар» корреспонденциясында өткізілген тауардын құны көрсетіледі. Төменде сатып алынған тауарларды өткізу бойынша шоттар корреспонденциясы көрсетілген:
Дт 2110 Кт 6011 — тауар үшін табыс есептелінеді;
Дт 7011 Кт 1330 — өткізілген тауарлардың өзіндік құны шығынға жазылды; Дт 1060 Кт 1210 — өткізілген өнім үшін түскен түсім есеп шотына есептелінеді;
Дт 1010 Кт 6011 — өткізілген тауар үшін магазиннен түскен түсім есепке
алынды;
Дт 7011 Кт 1330 — өткізілген тауардын өзіндік құны шығынға жазылды.
Кәсіпорында дабиторлық берешек сомасының бөлігінде күдікті талаптар бойынша резерв құруы қажет. Күдікті талаптар бойынша резерві 1290 шотында, 2110 және 7210 шоттарымен корреспонденцияланады. Екі жыл өткеннен кейін және төлем болмаған себебінен күдікті талаптар алымдарға жатқызылады. Үш жыл өткеннен кейін ол күдікті талаптар бойынша резерві арқылы есептеп шығарылады. Резервті күру Дт 7210 Кт 1290, кайтарылмайтын қарыздарды резерв арқылы есептен шығару Дт 1290 Кт 2110, қолданылмаған резерв Дт7210Кт1290.
Негізгі қуралдардың есебі «Негізгі қорлар есебі» №6 БЕС сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте негізгі қорларға ұзақ уақыт бойы кызмет көрсететін материалды активтер жатады.
Барлық негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеген кезде бухгалтерлік есепте құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылады. Салық мақсатында салық кодексінің «Негізгі қорлар бойынша амортизациялық алымдармен есептемелер» 20 бабына сәйкес негізгі қорлар амортизациясының проценттік ставкалары қолданылады. Негізгі қорларды есептеу үшін келесі шоттар қолданылады; 2413 «Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары», 2414 «Көлік құралдары», 2416 «Басқалары».
Негізгі құралдардың инвентаризациясы жыл сайын 1 карашада жүргізіледі. Комиссия «Алика» ЖАҚ басшысының бұйрығымен белгіленеді. Сатып алынған қүрал-жабдықтын алғашқы құнына сатып алу бағасы, тасымалдау шығындары қосылады. Негізгі құралдар қайта бағалау нәтижесінде есепте және ағымдағы құны бойынша есептемеде көрсетіледі.
Негізгі корлардың келіп-түсуі «Негізгі құралдарды өткізу-қабылдау Актісімен» (форма №НҚ-1) қабылданады, актіге сол объектіге техникалық құжат (паспорт) қосылады. Бұл жағдайда келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт 2415-2416 Кт 3310, 3370 — жабдықтаушының шот-фактурасына немесе накладнойы бойынша негізгі құрал құнының сомасына.
Негізгі қорлар объектісі үшін төленген шоттар бойынша қосымша құн салығының сомасына келесідей проводка жүргізіледі:
Дт 1420 Кт 3310, 3370
ҚҚС сомасы есепке алынбайды, ол негізгі құралдар құнына жатқызылады (газет пен журнал өніміне ҚҚС жоқ болуы).
Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте барлық сатып алу бойынша нақты жүргізілген шығындарды қамтитын алғашқы құны бойынша келіп түскен уақытында көрсетіледі. Сол себептен келесідей корреспонденциялық шоттар жүргізілуі мүмкін:
Дт 2415-2416 Кт 1250 — есепті тұлғамен жүргізілген шығындар.
Негізгі құралдар объектілерінің сатылуы «Алика» ЖАҚ келісімімен келісім бағалар бойынша жүзеге асырылады.
Объектіні сатып алушыға берілуі «Негізгі корларды қабылдау — өткізу актімен» жүргізіледі. Ол үш экземплярда толтырылады: бірінші екеуі -кәсіпорындарды өткізушіге, үшіншісі негізгі құралдарды қабылдап алған түлғада. Актіде объектінің жағдайы, оның алғашқы құны, тозу деңгейі көрсетіледі. Өткізілген объектінің баланстық құнына келесідей өткізбе жүргізіледі:
Дт 7410 «Негізгі қорларды сату бойынша шығындар» Кт 2415-2416 сату уақытына есептеген тозу сомасына келесідей бухгалтерлік жазу жүргізіледі.
Дт 2427 – 2429 «Негізгі қорлардың тозуы» Кт 2415-2416.
Белгілі бір құралдар мен бөлшектерді ликвидациялаудан алынған құнына: Дт 1314 «Қосалқы бөлшектер» Кт 3210 «Негізгі қорларды сатудан алынатын табыс».
Жылдың соңына ликвидацияның көрсеткіштері көрсетіледі: шығындар сомасын шығынға жазу Дт 5430 Кт 7410, табыстар сомасын шығынға жазу Дт-6210 Кт-5430. негізгі қорлардың амортизациясының есептеуі келесі шоттарда көрсетіледі: 2423 «Машиналар мен жабдықтардың, беріліс қондырғыларының (құрылғысының) тозуы», 2425 «Көлік құралдарының тозуы», 2429 «Басқа да құралдардың тозуы». Осы шоттарда әрбір есепті кезеңде тиімді нормативті кызмет көрсету уақытысында амортизациялық есептеме сомалары көрсетіледі және кәсіпорынның шығыны болып табылады. Кәсіпорында «Мерседес-Бенц» көлігіне амортизацияны есептеудін тездетілген әдісі қолданылады, себебі жұмыс процесінде көліктің қуаттылығы максималды қолданылады, жұмыс баспа өнімін тасымалдау мен байланысты.
Негізгі қорларға басқада капиталды салымдар алғашқы құнын жоғарлатады егер тиімді қызметін алғашқы кезеңде бағаланғаннан кейін оны қолданудан болашақта экономикалық пайдасы жоғарласа.
Басқа шығындар, топтын құндылық балансының 10%-тен жоғары емес кезең шығындары деп танылады.
Материалды емес активтердін есебі Қаржы Министрлігімен №490 1999ж. 10 қыркүйекте бекітілген №28 БЕС сәйкес жүргізіледі. Материалды емес активтерге материалды түрі жоқ, физикалық түрі жоқ, бірақта кәсіпорынға ұзақ уақыт кезеңінде немесе күнделікті (бухгалтерлік программалар) пайданы алуын қамтамасыз ететін объектілер жатады. Материалды емес активтердін есебі оған сәйкес шоттар бөлімшелеріне сәйкес қолданылады (2730, 2740 типтік жоспар шоты). Есепте материалды емес активтер, оларды сатып алу алғашқы құнымен көрсетіледі. Материалды активтер бойынша амортизациялык алымдар әр-бір объект бойынша жүргізіледі. Нормалар материалды емес активтерді тиімді колдану уақыты есебімен белгіленеді (тура сызықтық әдіс).
Тауарлы-материалды қорлардын есебі Қаржы Министірлігімен №3 1996ж. 11 қарашада бекітілген №7 БЕС сәйкес жүргізіледі. Тауарлы-материалды қорлардың құны сатып алу бағасының, енгізу бажының, кедендік төлемдердің, орналасқан жеріне жеткізу шығындарының және басқада тікелей қорларды сатып алумен байланысты шығындарының қосындысынан тұрады.
Өнімнің сатып алу өзіндік қүнына еңбеген шығындар кезеңнің шығындары деп саналады. Бұл өндірісті ұйымдастырумен басқарумен байланысты жалпы және әкімшілік шығындар, 7210 шот.
Өнімді өткізу бойынша пайда болған шығындар 7110 шотында есептеледі. Жарнамамен байланысты шығындар өнімді өткізумен байланысты шығындарға жатады, шығындардын актімен көрсетіп шығынға жазып жояды.
Шетел валютада жүргізілетін операциялардын есебі №9 БЕС «Шетел валютадағы операциялардын есебі» сәкес жүргізіледі. Операциялардын көрсетілуі ұлттық эквивалентінде — теңге және келесі шоттарда көрсетіледі: 1050 (валюталық шоттарда ақшалар, соның ішінде ресей сомы мен АҚШ доллары номиналда және валютада); 1051 (ел ішіндегі ақшалар, соның ішінде рессей сомы мен АҚШ доллары номиналда және валютада); 431-1 (ақшалар АҚІЫ долларында); 1052 (ресей сомында). Валютаны сатып алу және сатудын курстық айырмашылығы 1050 шотта көрсетіледі және 6250 (курстық айырмашылықтан алынатын табыс) және 7430 (курстық айырмашылықтан пайда болған шығын) шоттарымен корреспонденцияланады және есептеу күні танылады. Жабдықтаушылар мен есеп жүргізу бойынша курстық айырмашылықтар 3310 шотпен корреспонденцияланып көрсетіледі және қаржы есептеме құру күніне пайда болған кезеңдегі шығыпдар мен табыстар деп танылады.
Заңды тұлғалардың корпоративті табыс салығының есебі №11 БЕС «Табыс салығы бойынша есеп» сәйкес жүргізіледі. Салық заңының талаптары бухгалтерлік есеп талаптарынан басқа болып келеді, сол себептен бухгалтерлік табыс пен салық салынатын табыс аралығында айырмашылық пайда болады. Салык заңды шығындарды шегерімге жатқызуына рұқсат бермеген себебінен әр-қашан айырмашылық пайда болады. Оларға жататындар:
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген, нормадан жоғары
болған әкімшілік және іс-сапар шығындары; - Шетел валютадағы валюттық шоты бойынша курстық айырмашылықтар;
- Бюджетке төленетін айыппұл санкциялар.
Заңды тұлғалардан алынатын салық шығынға жатқызылады және оған бухгалтерлік есеп сәйкес келетін сол есепте кезеңде есептеледі: Дт 7700 Кт 3110. Бухгалтерлік табыс бухгалтерлік есеп стандарттар ережелеріне сәйкес акықталатын табыс пен шығын арасындағы айырмашылығы ретінде есептелінеді.
Салық салынатын табыс — бұл салық заңына сәйкес анықталатын есепті кезеңдегі табыс сомасы.
Зейнеткерлік қамтамасыз (пенсионное обеспечение) етуге байланысты шығындар есебі. ЖШС міндетті зейнет ақы қорына төленетін төлемдер 1997ж. 20 маусымда қабылданған №136-1 «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік камтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. ЖШС міндетті зейнет акы төлемдерін жинақтауыш зейнет қорына әрбір жұмысшы бойынша бөлек жүргізіледі.
2.3. Дайын өнімнің қоймадағы есебі
Дайын өнімнің түрлері және сақталу орындары бойынша сандық есеп бірнеше әдістермен ұйымдастырылуы мүмкін, біріншісі — шикізаттар мен материалдар (ягни, қабылдау — тапсыру накладнойлары, актілер, ведомосттер негізінде толтырылған қоймалык есептің сұрыптық карточкалары) есебіне ұқсас немесе карточкасыз әдіспен.
Бірінші әдіс бойынша бухгалтерияда, өнім түрлерінің шығару бөлімшелері және сақтау орындары бойынша өнімнің келіп түсуінің топтық ведомосттерін құрады немесе өңдейді. Карточкасыз әдіс бойынша, электронды есептеуіш машина көмегімен өндірістен шыққан өнімдерге және қоймадағы және басқа да жерлерде сақталуда тұрған дайын бүйымдардын жылжуына күнделікті айналым ведомосттерін жасайды. Назар аударатын бір жайт, келіп түскен, шығыс етілген және қалған өнімдер туралы мэліметтер балансталынған. Ал дайын өнім қалдықтарына кезеңді түрде түгендеу жасалып отырады.
Дайын өнімнің қоймадағы есебі (ср. № М-17) үлгідегі қоймалық карточкаларда жүргізіледі. Карточкада есептелген ай соңындағы қалдықтарды қойма меңгерушісі, дайын өнімнің қалдық кітабына енгізеді. Дайын өнімнің кірістелгені және шығыс етілгені жөніндегі құжаттар, қабылдау — тапсыру құжаттарының реестрімен бірге бухгалтерияға тапсырады.
Дайын өнімнің кірістелгені және шығыс етілгені жөніндегі қабылдау -тапсыру құжаттарының реестрінің мәліметтерін, дайын өнімнің синтетикалық есебінің жинақтау ведомостіне есеп топтары бойынша жазады. Бұл ведомостте өнімнің ай басындағы қалдығын, келіп түскенін, шығыс етілгенін көрсетеді және есеп топтары бойынша ай соңындағы қалдығын есептеп шығарады, жинақтау ведомостінің мәліметтерін дайын өнім қалдығының кітабымен тексереді. Бұл қоймалық және синтетикалық есептің теңдігін қамтамасыз етеді.
Дайын өнім қозғалысының қоймалық карточкадағы есебі, дайын бұйымдардың орналасқан жеріне орнатылған техникалық құралдар арқылы да жүргізілуі мүмкін. Келіп түскен және тиелген өнімнің бастапқы құжаттауымен бір уақытта, басқару, бақылау және қорытынды есеп беруді құрастыру үшін қажетті болатын, өнімді кез келген бөлікте топтау үшін ақпараттар электронды есептеуіш машинаға енгізіледі.
Толығымен автоматтандырылған қоймаларда, дайын өнімнің қоймадағы есебі көп жағдайда дэстүрлі карточкадағы формада жүргізілмейді, ал басқару үшін қажетті мәліметтерді, сұрау (запрос) арқылы ақпарат ретінде алады. Қоймалық карточкаларды, дайын өнімнің әрбір атауы және түрі бойынша оның қалдықтары мен қоғалысын, оперативті машинограммалар алмастырады.
Өндірістен шыққан өнім қабылдау — тапсыру накладнойларымен, спецификациялармен, қабылдау актілері және тағы сол сияқты құжаттармен рәсімделеді. Әдетте, олар екі дана етіп толтырылады, біреуі — тапсырған адамға, екінші қоймада қалады. Қоймаға кірістелетін бұйымдардың салмағы, көлемі өлшенуі тиіс және қажет жағдайда таразыға тартылып, есептелуі мүмкін. Ал оның бағасы номенклатура — баға көрсеткіші негізінде қойылады.
Дайын өнім есебінің дұрыс ұйымдастырылуының маңызды шартының бірі болып — номенклатуралық — баға көрсеткішінің бар болуы болып табылады. Онда әрбір бұйымның түрі, оның ерекше белгісі (моделі, артикулы, маркасы, фасон тағы сол сияқты), бекітілген коды, жинақталған номенклатуралық нөмірі, яғни өндіріс және өнімді сату барысында берілген нөмірі және есептік бағасы көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте электронды есептеуіш машинаны пайдаланған уақытта, номенклатура — баға көрсеткішімен бірге, өнімнің кешенді анықтамалықтары пайдаланылады: әртүрлі салықтар түрлері салынатын және салынбайтын анықтамалықтар, орташа тоқсандық және орташа жылдық өзіндік құн анықтамалығы, төлеушілер мен жүк алушылар анықтамалығы.
Ішкі нарыққа тиелген және экспортқа жіберілетін өнімдердің шот
сомасын анықтау әдістері де анықтамалық ретінде құрастырылады.
Анықтамалықтарда бұйымның атауы, тауарлық өнім түрінің коды, бағасы,
өзіндік құны, салық ставкалары және тағы сол сияқты көрсетіледі. Барлық осы
мәліметтерді ақпаратты — машиналық тасымалдаушыға жазады. Оны өнім қорын оперативті басқару үшін және сәйкес қорытынды есеп беруді құрастыру үшін пайдаланады.
Ағымдағы есепте өнім (жұмыс, қызмет) ірілендірілген позициялар бойынша топталады: негізгі өндіріс бұйымдары, кеңінен тұтынатын тауарлар, қалдықтардан жасалған тауарлар, қосалқы бөлшектер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер.
Кәсіпорында қоймалық есеп карточкалық әдіспен жүргізіледі. Өнімді цехтан қоймаға кірістеу жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша орындалады. Цех, накладнойлар арқылы қоймаға дайын өнімді өткізеді. Қойма меңгерушісі өнімнің есебін сандық көрсеткішпен жүргізеді және бухгалтерлік есеппен теңдестігін эр айда материалдық есеп беруді жасаумен және накладнойлармен және олардың реестрін тапсыру арқылы жүргізеді.
«Қайсар-сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде номенклатура -баға көрсеткішінің орнына прайс — парақ жүргізіледі. Бұл субъектінің баға саясатына сәйкес жасалады. Онда өнімге деген көтерме сауда бағасы, бөлшек сауда бағасы және тағы басқа көрсетіледі. Ең алдымен прайс — парақта көрсетілген бағалар, кәсіпорынның басшысы шығарған бұйрық негізінде жасалады.
Дайын өнімді түгендеу. Дайын өнімді түгендеудің негізгі міндеті — дайын бұйымдардың қоймадағы және тиелген өнімдердің нақты барлығын тексеру болып табылады. Сонымен бірге тапсыру накладнойларымен қркатталмаған дайын бұйымдарды, қайта сұрыптау фактілерін, бұзылған, жетпеген және артық шыққан дайын өнімдерді анықтайды, ұсынылған шоттардың толық төленгендігін немесе мерзімнен өткен төлемдерді тексереді.
Дайын өнімдерді түгендеу тәртібі, айналымдағы активтер құрамына кіретін басқа материалдық құндылықтар сияқты. Кейбір айырмашылық, дайын бұйымдардың кейбір жағдайларда өз ұйымының қоймасында ғана сақталып қоймай, сонымен бірге кұрылымдық бөлімшелерге (цехтарда, цех кладовойларына) және басқа ұйымдар жауапкершілігінде сақталуда болады. Олар бухгалтерлік есепте және түгендеу тізімінде бөлек, бірақ толық түтас болып көрсетіледі. Дайын бұйымдардың қозғалысы әдетте, шикізат пен материал қозғалысынан интенсивті болғандықтан, өнімді түгендеуді тығыз мерзімде өткізу керек. Бұл кезде дайын бүйымдардың бар болуын тек қана оларды қайта санау, таразыға тарту, өлшеу арқылы ғана емес, сонымен қатар олардың буып-түйілгенін, сұрпын және басқа сапалық сипаттамаларын тексеру арқылы қол жеткізеді. Түгендеу тізімінде кодтан басқа дайын өнімнің атауын және санын, номенклатуралық нөмірін, маркасын, сұрып және дайын өнімге қойылатын стандартта және техникалық шарттарда көрсетілген басқа да ерекше белгілері жазылады.
Тұрып қалған және сапасы кем өнімдерге бөлек тізімдер жасалады. Жарамсыз болған бұйымдар тізімге енгізілмейді. Оларға арнайы акт жасалады, онда дайын өнімнің бұзылу салдарынан шегетін зиян сомасын көрсетеді.
Түгендеу кезінде келіп түскен бұйымдарды түгендеу комиссиясының қатысумен қабылдайды және бөлек тізімге енгізеді. Тиелген болып саналатын немесе тиелген, бірақ сатып алушылармен алып кетілмеген тауарларды бөлек жазады. Буып — түю және сақтау үшін арналған ыдыстарды дайын өніммен бірге түрі, мақсаты және категориясы (жаңа және қолданыста болған) бойынша түгенделеді.
Сатып алушылармен уақытысында төленбеген тиелген тауарларға және жеткізіп берулерге түгендеу тізімдері әрбір тиелген жүк бойынша бөлек жүргізіледі. Онда тауардың және сатып алушының атауы, тиеу датасы, есеп айьдрысу құжаттарының жазылу датасы, олардың нөмірі мен сомалары көрсетіледі.
Басқа ұйымдар қоймаларында сақталуда жатқан дайын өнімдер, тізімге, материалдық құндылықтарды жауапкершілік сақталуға тапсырғандығын дәлелдейтін қүжаттар негізінде тізімдерге енгізіледі. Бұл тізімдерде өнімнің атауы, саны, сұрып, өнімнің есептік кұны, сақтауға алынған датасы, орналасқан жері, дэлелдейтін қркаттардың нөмірі мен датасы көрсетіледі. Жауапкершіліктегі сақтауға қалдырған өнімнің сақтау қолхаттары, түгендеу басталу датасына жақын қайта құжатталуы керек.
Түгендеу нәтижелері бойынша салыстыру ведомосттерін есептік мәліметтер бойынша ауытқу анықталған өнім түрлері бойынша ғана жасалады. Түгендеу кезінде анықталған дайын өнімнің қалдықтарын, ағымдағы есепте қабылданған баға бойынша бағалайды. Түгендеу нәтижесінде анықталған дайын бұйымдардың нақты қалдықтары мен есептік мәліметтері арасындағы өзгешеліктер, жалпы қабылданған материалдық кұндылықтарды реттеу тэртэбэне сәйкес жүргізіледі.
Көп жағдайда түгендеу кезінде дайын өнімнің жетіспеушілігі анықталады. Ол әртүрлі себептерге байланысты болады. Мысалы, ұрлануы, бұлінуі, қирауы немесе табиғи кему нормасы шегінде ысырап болуы мүмкін, табиғи апат нәтижесінде немесе ақау өнім табылу нэтижесінде шығыс етіледі.
¥рлану, қирауы, бүлінуі нәтижесінде дайын өнімнің ысырап болуы, анықталған жетіспеушілік сомасына:
Дебет 2940 «Басқадай» дебиторлық берешек, «Құндылықтардың бұлінуінен болған жетіспеушілік, ысырап» субшоты.
Кредит 1310 «Дайын өнім».
Қазіргі кезде осы тауарлардың қүны салық салынатын айналым ретінде қарастырылады деп ойлау қате, өйткені Салық Кодексінде қосылған құн салығы салынатын айналымда жоқ. Бұрын яғни, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан республикасының Заңының 56- бабының 5-тармағына сәйкес негізгі құралдарды қоса алғанда, тауарлардың бұлінуі, жоғалуы кезінде осы тауардың құны салық салынатын айналым болатын.
Өнім табиғи кему нормасының шегінде есептен шығарылуы мүмкін.
Дебет 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар».
Кредит 1410 «Басқадай» дебиторлық берешек, «Құндылықтардың бұлінуінен болған жетіспеушілік, ысырап» субшоты.
Егер жетіспеушілікке кінэлі адам табылса, онда ол одан өндіріп алынады.
Дебет 1410 «Құндылықтардың бұлінуінен болғанжетіспеушілік, ысырап» субшоты.
Баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы сома (айырма) кінэлі адамның мойнына жазылады:
Дебет 1251 «Материалдық залалды өтеу бойынша есеп айырысу».
Кредит 3520 «Алдағы кезең табыстары».
Жетіспеушілікті өтеу мөлшеріне қарай:
Дебет 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары».
3350 «Еңбекақы бойынша есеп айырысу».
Кредит 1251 «Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушілік, ысырап» субшоты.
Сонымен бірге аталған есепте кезеңнің табысын көрсетеміз:
Дебет 3520 «Алдағы кезең табыстары»
Кредит 6260 «Басқадай» табыстар.
Есепті кезеңнің соңында:
а) шығыстар жиынтық табыстың кемуіне есептен шығарылғанда:
Дебет 1316 «Жиынтық табыс (зиян)».
Кредит 7440 «Жалпы және эқімшілік шығындар».
б) табыстар жиынтық табыстың өсуіне есептен шығарылғанда:
Дебет 6260 «Басқадай» табыстар.
Кредит 5430 «Жиынтық табыс (зиян)».
Егер кінәлі адам табылмаса: Анықталған жетіспеушілік сомасына:
Дебет 2940 «Құндылықтардың бұлінуінен болған жетіспеушілік, ысырап» субшоты.
Кредит 1320 «Дайын өнім».
Мұнда да тауарлардың құны қосылған құн салынатын айналым ретінде қарастырылмайды. Өйткені ол Салық Кодексінде көзделмеген.
Табиғи кему нормасынан тыс өнім есептен шығарылды.
Дебет 7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар».
Кредит 2940 «Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушілік, ысырап» субшоты.
Табиғи апат (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны) нәтижесінде өнімді есептен шығару. Сақтандырылмаған өнім:
Дебет 7470 «Табиғи апаттан болатын өтелмейтін залалдар».
Кредит 1320 «Дайын өнім». Ақауы бар өнім табылса, ысырап шығынға жатқызылады.
Дебет 8048 «Өндірістегі ақау».
Кредит 1320 «Дайын өнім».
Ай соңында түзетілмейтін ақаудың өзіндік құны негізгі өндірістің шығындарына қосылады:
Дебет 8010 «Негізгі өндіріс».
Кредит 8048 «Өндірістегі ақау».
2.4. Дайын өнімнің синтетикалық есебі
Қолмен немесе есептеу техникасының көмегімен өндірістен шыққан дайын бұйымдардың есебін жүргізу үшін бухгалтерия натуралды және құндық көрсеткішпен есептелген, кәсіпорын қоймасына тапсырылған дайын өнімнің шығарылу ведомостерін құрады. Бұл ведомостердің мәліметтерін өндіріс көлемі бойынша тапсырманың орындалуына бақылау жасау үшін және синтетикалық есеп шоттарында бухгалтерлік жазулары көрсету үшін пайдаланады.
Дайын өнімнің есебін 1320 «Дайын өнім» активті шотында жүргізіледі. 1320 шотта дайын өнімнің бар болуы және қозғалысы есептеледі. Шетке көрсетілген кызметтер мен жасалған жұмыстар 1320 «Дайын өнім» шотында көрсетілмейді, ал оның нақты шығындары IX «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің 8010 «Негізгі өндіріс», 8020 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар», 920 «Көмекші өндіріс» шоттарының кредитінен, тура 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыс, қызмет) өзіндік кұны» бөлімшесінің сәйкес шоттарының дебетіне апарылып шығыс етіледі. Орналасқан жерінде тапсырыс берушілерге тапсырылатын, бірақ қабылдау актісімен рәсімделген өнім 1320 «Дайын өнім» шотында емес, аяқталмаған өндіріс кұрамында есептеледі. 1320 «Дайын өнім» шотының дебеті бойынша, IX «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің 8-«Негізгі өндіріс», 8010 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар», 8030 «Көмекші өндіріс» шоттарының сәйкесінің кредитімен корреспонденцияланады. Онда дайын өнім нақты өндірістік өзіндік құн бойынша көрсетіледі.
Егер дайын өнім 1320 «Дайын өнім» шотында есептік баға (нормативтік өзіндік құн) бойынша есептелетін болса, онда оның нақты өндірістік өзіндік құннан ауытқуы осы шотта анықталады.
Дайын өнімді 1320 «Дайын өнім» шотынан шығыс еткенде, осы өнімге жататын нақты өндірістік құнының есептік бағадан ауытқу сомасы, ай басындағы дайын өнім қалдығының және есепті мерзім бойы келіп түскен дайын өнімнің нақты өндірістік құнының, олардың есептік бағасынан ауытқуының пайызы есептеледі.
Тиелген және сатылған өнімге жататын нақты өндірістік өзіндік құнның есептік бағадан ауытку сомасы, 1320 «Дайын өнім» шотының кредиті және 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» бөлімшенің 7011 «Сатылған дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шотының дебетіне, артық жұмсалғандығына және үнемдегеніне байланысты, қосымша немесе сторнолық жазумен көрсетіледі.
Сату тәртібінде тиелген немесе дайын өнім тұрған жерінде сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тапсырылған және осы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) дайын өнім үшін ұсынылған есеп айырысу құжаттары 1320 «Дайын өнім» шотының кредитінен 7011 шоттың дебетіне шығыс етіледі.
Егер жеткізіп беру келісім шарты бойынша жоғарыда көрсетілгеннен басқа (мысалы, консигнация шарты бойынша өнімді бергенде, өнімді экспортқа шығарғанда) тиелген өнімнің иелену, пайдалану және билік ету құқығының өту моменті және оның субъектіден сатып алушыға (тапсырыс берушіге) өту барысында кездейсоқ жойылу қаупі шарттасылған болса, онда иелену құқы өту моментіне дейін, бұл өнім 1320 «Дайын өнім» шотынан шығыс етілмейді және субъектінің дайын өнім құрамында оқшау есептеледі.
Егер дайын өнім субъектінің өзінде пайдаланатын болса, онда ол 1320 «Дайын өнім» шотына кірістелмейді. Ондай өнімдер 7 — бөлімшенің сәйкес шоттарында немесе 82 «Жалпы және әкімшілік шығындар» бөлімшенің 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында есептеледі.
Егер тұтынушы ақау дайын өнімді қайтарған жағдайда (егер ақау жөнделмейтін кезде және егер тұтынушы төленілген соманы қайтаруды талап еткенде) 7010 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны» шоты дебет және 1320 «Дайын өнім шотының кредиті — нақты өзіндік құны бойынша сторно жазылады. Бір уақытта тұтынушыға қарыз 1070 «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар», 1050 «Валюталық шоттағы ақша қаражаттар», 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар», 1020 «Кассадағы ақша қаражаттар» бөлімшенің сәйкес шоттарының кредиті және 1200 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы» бөлімшенің 1210 «Алынуға тиісті шоттар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Мұнымен қоса, сатылған өнімнің құны, қайтару сомасына кемиді. Ол 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарымы» шотының дебеті және қосылған құн салығының корректировкасымен 1210 «Алынуға тиісті шоттар» шотының кредиті бойынша жазылады. Ақау өнімнің құны 1320 «Дайын өнім» шотының кредиті және 8048 «Өндірістегі ақау» шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
Сатып алушының талабы бойынша ақау өнімді жарамды өнімге ауыстырылған жағдайда, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша келесідей жазулар жүргізіледі. Ақау өнімнің орнына апарылған өнімнің өзіндік құны, тауардың шығару көлемінен 1320 шоттың дебеті және 8- «Өндірістегі есеп шоттары» бөлімінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша есептен шығарылады. Содан соң қарапайым жазулар арқылы осы өнімнің өзіндік құны 8-«Өндірістегі есеп шоттары» бөлімінің сәйкес шоттарының кредитінен 8048 «Өндірістегі ақау» шотының дебетіне апарылады.
1320 шот бойынша корреспонденциялар келесі кестеде көрсетілген.
3–кесте
Дайын өнім есебінің шоттар корреспонденциясы
қ/с |
Операциялар мазмуны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Дайын өнімді кірістеу. |
1320 |
8010,8020,8030 |
2 |
Сату тәртібінде тиелген дайын өнімнің нақты өзіндік құны бойынша есептен шығару. |
7010 |
1320 |
3 |
Тұтынушының ақау дайын өнімді қайтаруы, нақты өзіндік құнмен. |
7010 |
1320 |
4 |
Ақау өнімнің өзіндік құны |
8048 |
1320 |
«Қайсар-сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 8020 «Өнім (жұмыс, қызмет) шығару» шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша, шығарылған өнімнің, тапсырылған жұмыстың және көрсеткен қызметтің нақты өндірістік өзіндік құны көрсетіледі немесе оны шығару үшін кеткен барлық шығындар жинақталады. Осы кезде негізгі өндіріс (көмекші өндіріс) шотын кредиттейді. Ал өнім шығару шотының кредиті бойынша, өндірістік өнімнің нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны дайын өнім шотымен корреспонденцияланады, ал тапсырылған жұмыс пен көрсетілген қызметтің құны өнімді сату шотымен корреспонденцияланады. Істелген жұмыс тар мен орындалған қызметтердің құны өндірістік шоттардан дайын өнім шотына емес, тікелей өнімді сату шотына шығыс етіледі.
Әр айдың бірінші жұлдызына, өнім шығару шотының дебеттік және кредиттік айналымының өзгерісін анықтауға болады. Бұл айырмашылық өнімді дайындауға кеткен нақты шығындар мен оның тапсырма (жоспар) бойынша берілгеннен ауытқуды көрсетеді.
Егер нормативтік (жоспарлы) өзіндік құн, нақты өзіндік құннан немесе норматив бойынша тура шығындар, нақты мэннен жоғары болса, онда ол үнемділікті көрсетеді және өнім сату шотының дебеті және өнім шығару шотының кредиті бойынша сторно етіледі. Ал артық жұмсалса, онда өнім шығару шотынан қосымша жазумен шығыс етіледі. Ай, тоқсан, жылдық қорытынды бойынша өнім шығару шотының сальдосы болмайды, сондықтан баланста көрсетілмейді.
Сату үшін немесе өзінің өнімін іріктеп жинақтау үшін алынған дайын бұйымдар дайын өнім шотында емес, тауарлар шотында есептеледі. Сонымен бірге, толығымен кәсіпорында тұтынатын дайын өнімді материалдар, тез тозатын және құндылығы аз заттар, өз өндірісінен шыққан жартылай фабрикаттар және пайдалану мақсатына сәйкес басқа аналитикалық шоттарда есептейді.
Кәсіпорында 8020 «өнім шығару» шотын пайдалану ережесі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетілген. 8020 «Өнім шығару» шотының дебетіне, 8010 «Негізгі өндіріс», 7110 «Сату шығындары», 7210 «Жалпы және экімшілік шығындар шоттары кредиті бойынша жинақталады да, толық өзіндік құнды құрайды (қосымша). Кезең шығындарының есебі және аудиті 2.3 бөлімде кеңінен қарастырылған.
2.5. Дайын өнімді тиеудің және сатудың есебі
Сату үшін арналған өнім — тауар болып табылады. Тауардың меншік қүқығын сатып алушыға берген жағдайда, мәміле бойынша нақты немесе күтілетін шығындарды бағалау жоғары дэрежедегі анықтықпен жүзеге асқан кезде, тауарды сатудан түскен табыс танылады.
Сатушыдан сатып алушыға тауарға меншік құқығы тауарды берген туралы фактіні дэлелдейтін кұжатты толтырған кезде өтеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 239-бабына сәйкес, тауарды тапсыру, оны тұтынушыға берген кезде, көліктік ұйым немесе байланыс органдарына тапсыруды айтамыз. Тауарды тапсырумен бірге кономасент немесе жіберу (тиеу) фактісін дәлелдейтін басқа да құжат та берілуі тиіс.
Егер сатушы өзінің меншік иесі ретінде тауарға деген құқы мен міндеттемелерін сақтайтын болса, онда мәміле сату болып табылмайды және табыс есептелмейді.
Сатып алушыға меншік құқығы мынадай жағдайларда берілмейді:
- кепілмен (гарантия) қамтамасыз етілмеген мәміле шарттарын қанағатсыз орындалуына байланысты, субъект міндеттемелерді сақтайды (тауарды қалыпты жұмысы барысында кепіл мерзімі ішінде жарамсыз болып қалды және ауыстырылуы керек, мысалы, тоңазытқыш, кір жуу машина бір жыл кепіл мерзімі бола түрса да, бір ай көлемінде жарамсыз болып қалды);
- келісім-шартта көзделген себептерге байланысты сатып алушы тауарды сатып алудан бас тартуға құқы бар және сатушы тауардың қайтарылып беретініне күмән білдіреді (эксперименталды құрал-жабдықтарды сатқанда).
Мәмілеге байланысты нақты және күтілетін шығындарды бағалау жоғары дәрежедегі анықтықпен жүзеге асад, себебі келісім — шартта тауардың құны көрсетіледі және жабдықтаушының станциясына дейінгі тасымалдау шығындары бекітілген тарифтер бойынша көліктік ұйымдардың құжатымен расталады.
Тауарларды сату барысында мынадай мәмілелер түрі жүргізілуі мүмкін: тауарды жіберу кідіріспен болатын мәміле. Мұндай мәміле түріне сәйкес, сатып алушыға тауар, меншік құқығымен беріледі, бірақ оның жабдықтаушы қоймасынан босатылуы белгілі бір уақытқа тоқталады. Мұндай мәміле бойынша табыс, сатып алушыға тауардың меншік құқығын беру моментінде келесідей шарттарды сақтаған кезде танылады: жабдықтаушының тауарды жеткізіп беруі (босатылуы) келісім — шартта көрсетілген мерзімде болу; жабдықтаушыда сатып алушыға жіберуге (босатуға) тауарлар бар, сатылған тауарларды жеткізіп беру қүны төленген.
Кейінге қалдырылған сату. Кейінге қалдырылған сату — тауарды босату (тиеу), тек сатып алушының жартылай төлем түрінде есеп айырысқан жағдайда ғана жүргізіледі. Мұндай жағдайда сатып алушыға тауар жеткізілгеннен (берілгеннен) кейін ғана табыс танылады. Бірақ, егер тауардың көп бөлігі сатылған жағдайда және оған төлем алдын ала алынған кезде, қоймадағы тауар сатып алушыға жіберілуге (босатылуға) дайын болса, онда табыс танылады.
Жұмыстар мен қызметтерді сату. Егер есепті датаға мәміленің аяқталу стадиясы жоғары дэрежеден анықтықпен анықталса, мәміле барысында және мәмілені аяқтау үшін қажетті шығындар жоғары дәрежедегі анықтықпен бағаланса, онда жұмыс тар мен қызметтерді сатудан түскен табыс танылады.
Мәмілеге қатысатын жақтармен, талап беру күші туралы және жақтардың қызметтерді алу және көрсету әрбір жақтың қүқтарын, компенсация сомасын, төлеудің әдісі мен шарттары бойынша келісімге қол жеткізілгеннен кейін, кэсіпорын жоғары дәрежедегі анықтықпен табысқа бағалау жүргізеді. Басқаша айтқанда, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету туралы шартта — орындалған жұмыстар мен қызметтерді қабылдау тәртібі және оның құны, төлеу тәртібі нақты көрсетілуі керек.
Тауардың құнына кіретін қызметтерге төлем.
Егер тауар бір жылға немесе одан аз мерзімге немесе одан үзағырақ кезеңге кепілмен берілетін болса, онда табыстың белгілі бір сомасы кейінге қалдырылады. Оны жөндеу бойынша немесе оны күту үшін қызмет көрсету мерзімі ішінде, сол кезеңнің табысы ретінде танылады. Кейінге қалдырылған сома — бұл осы қызметті көрсетуден алынатын таза табыспен бірге, келісім — шарттың шарттары бойынша күтілетен шығындарды жабатын сома.
Заңдық тұрғысынан сатып алушыларға тиелген өнім, оның төлем талап — тапсырмасын төлегенге дейін, жабдықтаушының меншігінде қала береді. Тиелген (босатылған) тауарлардың есебін 1210 «Алынуға тиісті шоттар» шотта, «Сатылған өнімнің есебі» ведомостінде немесе машинограммада жүргізеді.
Бұл ведомосттерді шот — фактуралар, бұйрық — накладнойлар және осылар негізінде жазылған төлем талап — тапсырмалары негізінде толтырады. Шот бойынша төлем туралы белгі кәсіпорынның банктегі есеп айырысу және валюталық шоттардың банк выпискалары негізінде қойылады.
Төлем талап -тапсырмасы банкке инкассаға беріледі. Инкассо (итальян сөзі) — есеп айырысу тәртібін көрсетеді. Бұл кезде банк төлеушіден қажетті төлемді алу туралы, жабдықтаушының берген тапсырмасын, орындауды өз мойнына алады.
Өнімді сату тәртібінде тиеу, босату, тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарт немесе тауар ретінде бөлшек саудада еркін жолмен сату негізінде жүзеге асырылады.
Өнімдерді сату келісім — шарттар негізінде орындалады. Олар жеткізіп беру келісім — шарты, консигнация келісім — шарты, комиссия келісім — шарты және тағы басқа шарттар.
Дайын бұйымдарды жеткізу келісім — шарттарында бұйымның атауын, санын, ассортиментін және жеткізілетін бұйымның сапасын (маркасы, түрі, профилі және т.б. бойынша), бағаларын, жеңілдіктерін, үстемелерін, есеп айырысу тәртібін, сатып алушы мен жабдықтаушының пошталық және төлем реквизиттерін және қажет жағдайда басқа да шарттарды көрсетуге мүмкін. Келісім — шарттар тұтынушы – кәсіпорындармен, делдалдық ұйымдармен (жабдықтаушы -өткізуші, көтерме және бөлшек сауда және тағы басқа), әдетте ұзақ уақытқа жасалады.
Жалпы қолданылып жүрген тәжірибе бойынша жеткізіп беру шарты әдетте мынадай реквизиттерді қамтиды: келісім — шарт атауы, келісетін жақтардың белгілері, келісім — шарт пәнінің сипаттамасы, төлем шарты мен бағалар, міндеттемелердің орындалу мерзімі және келісім — шарттан біржақты бас тарту мүмкіндігі, оралу, тасымалдау, сақтандыру шарттары, меншік құқығына өту принциптері жеңе алмайтын жағдайлар (форс — мажор), кепілдік, өнім үшін жауапкершілік, келісім — шарт міндеттемелерін орындау кепілі, зияндарды өтеу тәртібі, мәмілені жасаудың жалпы жағдайлары, келісім -шартқа қосымшалар болған жағдайдағы ресми талаптар, арбитраж және ісі сотқа жататындық туралы ескертпе, келісім — шарт шарттарынан шығатын келісім.
Кейбір жағдайларда, мысалы өнімді экспортқа шығарғанда, жоғарыда аталған шарттардан басқа, келісім — шарттарда өнімге иелену, пайдалану және билік ету кұқығына өтетін моменті және жабдықтаушыдан сатып алушыға (тапсырыс берушіге) жеткізілу кезендегі кездейсоқ жойылу қаупі айтылуы мүмкін.
Келісілетін жақтар ретінде жеке және заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Осы уақытта заңды тұлғалардың атынан жарғы негізінде қызмет жасайтын немесе қоғамдық регистрге енгізілген (мысалы, сауда реестріне) жеке тұлғалар бола алады.
Жеткізіп беру туралы келісімнің заңдылығының алғы шарты жақтардың эрекет істей алатыны болып табылады. Бағаны нақты көрсету немесе сандармен жазып қою керек немесе келісім — шарттан мүлдем алып тастау тиіс. Елден шет жерде жасалатын мәмілелер бойынша, есеп айырысатын валюта түрі ескертіледі, бұл жағдайда валюта курсының өзгеру тэуелдігін көбіне өзіне бір жақ алады. Әдетте, жеткізіп беру мерзімі келісім — шартта көрсетіледі. Егер ол жақ болса немесе келісім-шарттың мақсаты мен мәнінен шығатын болмаса, онда тауарды сатып алушы жеткізіп беруді кез-келген уақытта талап етуге құқы бар.
Өнімді жеткізіп беру келісім-шарттары бойынша міндеттемелерді орындамау, кәсіпкерлік этиканың және келісім тәртібінің бұзылуы болып табылады және оынң салдары ретінде жабдықтаушы кәсіпорын мүліктік жауапкершілікті тартады. Оның қаржылық жағдайы нашарлайды, имиджі және бэсекелестікке төтеп беру қабілеті кенеттен төмендейді.
Бухгалтерлік маркетинг (өткізу) бөлімімен бірге, ұйымның өнімді сату, жеткізіп беру келісім-шарттарының жағдайларының барлығын орындау мақсатында, сатып алушының шоттарды толық және уақытылы төлегеніне бақылау жасап отыруға арналған.
Қала ішінде жеткізіп беру шарты бойынша, міндеттемелердің орындалу уакыты болып қабылдау-тапсыру актісінің немесе өнімді алу туралы қолхаттың жазылу датасы болып табылады, ал бұйымдарды басқа қалаларға тиеген уақытта — олардың көліктік ұйымдарға немесе байланыс органдарына (пошта бөліміне) тапсырған күні болып табылады.
Тиелген өнімдердің оперативті есебін өткізу бөлімі арнайы карточкаларда, журналдарда немесе кітаптарда жүргізіледі. ЭЕМ пайдаланылса, күнделікті тиелген өнім туралы машинограмма жасалады.
Тиелген өнімнің қүжатталуы. Босатылған өнімге накладной немесе басқа құжат (жіберу туралы хабарлама, қағаз, босатуға бұйрық және тағы сол сияқты) жазылады. Онда өнімнің атауы, номенклатуралық номері, сұрып, мөлшер, орамалардың, бүйымдардың саны, алушының аты-жөні мен мекен-жайы көрсетіледі. Нақты жібері (босату) туралы құжаттар негізінде бірнеше дана етіп, төлем тапсырмасын (төлем тапсырма-шот) толтырылады. Оның бірі, сатып алушы төлеу үшін көліктік құжаттармен жіберіледі (беріледі), ал басқасы банкке инкассаға тапсырған уақытта құжаттармен бірге өткізіледі. Егер жеткізіп беру келісім-шарты бойынша, өнім үшін алдын-ала төлем көзделген болса, онда сатып алушы төлем тапсырмасы арқылы жабдықтаушыға тиісті соманы аударады.
Есеп айырысу құжаттарында жабдықтаушының және сатып алушының атауын, мекен-жайын, оларға қызмет көрсететін банктердегі шоттардың нөмірін, жеткізіп беру келісім-шартының нөмірін, жөнелту түрін, көліктік
ұйымның түбіртегінің нөмірін, төлем сомасын көрсетеді. Төлем сомасына
келісілген баға бойынша өнім құнынан басқа, қосымша төленетін ыдыс және
орама кұны, сонымен қатар егер сатып алушы төленетін жағдайда, көліктік
шығындар жатады. Қала ішіндегі сатып алушыларға өнім, әдетте автомобиль
көліктерімен жеткізіледі.
Басқа қалалар тұтынушыларына өнім, жабдықтаушыға және сатып алушыға ең үнемді көлік түрімен жеткізеді (теміржол, су жолы, автомобиль немесе әуе жолы).
Жеткізіп беру шартында қалай көрсетілгендігіне қарай, көліктік шығындарды жабдықтаушы немесе сатып алушы төлейді.
Егер дайын бұйымдарды автокөлікпен шығарған кезде, онда оны тиеу жабдықтаушының күшімен және қаражатымен немесе оның қаржысы есебіне жүргізіледі, ал сатып алушының қоймасында жүкті түсіру — сатып алушының күшімен және қаражатымен немесе оның қаржысы есебінен жүргізіледі. Егер жеткізіп беру келісім-шартымен ыдыстың құны өнім құнының үстінен төленетін болса, онда ыдыстың құны төлеу сомасына енеді.
Бұйымдарды орап, түю шығындары, әдетте өндірістен тыс шығындар (коммерциялық шығындар) қатарына жатады. Егер дайын өнім сақталған жерінен яғни, жабдықтаушыныңқоймасынан босатылатын болса, онда алушы міндетті түрде жүкті алу кұқы үшін сенімхатты көрсетуі керек. Әдетте, кәсіпорын территориясынан дайын өнімді шығару үшін рұқсат қағаздар жазылады. Әр күннің аяғында жіберілген өнімге рұқсат қағаздар мен сенімхаттар сәйкес құжаттармен бірге бухгалтерияға өткізіледі.
Тиелген (босатылған) өнімдер үшін төлемнің есеп айырысу құжаттары максималды толық және оперативті болу керек, өйткені сатып алушыдан түсетін төлімнің уақытында болуы және тиелген тауарларға ссуданың төленуі байланысты. Көп жағдайда, өнімді кэсіпорын территориясынан шығарған кезден бастап, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер оны төлегенге дейін, өкім тиелген болып саналады.
«Қайсар-сүт» ЖШС-те сату кезінде әр түрлі типтегі келісім-шарттар жасалады. Жеткізіп беру келісім-шарты көп пайдаланылмайды, өйткені көбінесе тапсырыс берушілердің өзі қоймадан алып кетеді. Сонымен бірге кәсіпорында өзінің сауда торабы бар — фирмалық дүкені. Өндірілетін өнімдердің біразы дүкен арқылы, біраз бөлігі еншілес кәсіпорындары. делдалдар көмегімен Қазақстанның аймақтарына (Қостанай, Астана, Шымкент) өткізіледі. Бұл аймақтарға жеткізіп беру келісім-шарты негізінде, автомобиль көмегімен өнімдер жеткізіледі.
Әрине, өнімдердің барлығын жеткізіп беру арқылы, өз сауда торабы арқылы сату мүмкін емес. Сондықтан сату көлемін үлғайту үшін, дайын өнімді консигнацияға береді.
4 — кесте
Тиелген және сатылған өнімнің шоттар корреспонденциясы
рр/с |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонден. |
|
|
|
Дебет |
Кредит |
|
Нақты өзіндік құн бойынша бұйрық-накладнойлар негізінде қоймадан тиелген (босатылған) дайын өнім. |
7010 |
1320 |
|
Келісім бағалар бойынша сатып алушыға салықтық шот-фактуралар мен төлем талап-тапсырмалары ұсынылған. Қосылған құн салығы |
1210
1210 |
6010
3130 |
|
Тиелген (босатылған) өнім үшін сатып алушыдан төлем келіп түсті. |
1060 |
1210 |
|
Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығын төленді (жабдықтаушылардан алған зачетқа апарылған қосылған құн салығынсыз, шартты түрде). |
3130 |
1060 |
|
Жылдың соңында (шартты түрде) дайын өнімді сатқаннан түскен табыс және өнімді сату шығындары (6110, 7010 шоттар) жиынтық табыс шотына шығыс етіледі. |
6010
4110 |
4110
7010 |
Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, сауда және басқа кәсіпорындар тауарлар мен қызметтер нарығындағы қатаң бірлестік жағдайында өздерінің дайын өнімдері мен тауарларынсату процесін жеделдету мақсатында дайын өнімдер мен тауарларды консигнацияға беруді жиі пайдаланылады.
Консигнация (ағыл. consignment; нем. konsignationf) — тауарды комиссиялық сатудың формасы, өнім иесі (консигнант), комиссинердің (консигнатордың) қоймасынан сату үшін өз өнімін коммиссионерге (консигнаторға) береді.
Консигнант (ағ. Consignor; нем. Konsignant) — комисионер (консигнатор) арқылы сататын тауар иесі.
Консигнатор — консигнация шартында консигнанттан тауарды сату үшін алған заңды немесе жеке тұлға.
Консигнация шартында сатылатын өнімдер мен тауарларға, консигнант
щарт жасалады.
Келісім-шарттың реквизиттерінің барлығының толтырылу қажеттілігіне жақтар назар аударуы тиіс. Қосымша жағдайлар пайда болған кезде, типтік келісім-шартқа олар енгізілуі керек. Әрбір жақ үшін келісім-шарт екі дана етіліп толтырылады. Консигнацияға жасалған келісім-шарт негізінде, консигант бухгалтериясы 3 дана етіп «Консигнаторға дайын өнімді босату накладнойын» жазып береді. Бұл накладной қоймаға консигнаторға дайын өнім босату үшін беріледі.
Дайын өнім босатылғаннан (тиелгеннен) кейін накладнойдың бір данасы консигнаторға жіберіледі, екіншісі — консигнаторға дайын өнімнің тиелу фактісін дэлелдейтін тауарлы-көліктік накладноймен және басқа құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Тікелей консигнант қоймасынан консигнатор өкілінің шындығын дәлелдеу үшін, накладноймен бірге, консигнатордың сенімхаты талап етіледі. Накладнойдың үшінші данасы есептік мақсаттар үшін қоймада қалады.
Егер консигнатор негізделген себептерге байланысты көрсетілген уақытта дайын өнімді сата алмаса және келісім-шарт бойынша ол консигнант қоймасына қайтарылу қажет болса, онда мұндай шаруашылық операция «Сата алмаған өнімді (тауарды) қайтару» накладнойымен рәсімделеді.
Өнімді сату уақытысын ұзарту қажет болғанда немесе дайын өнімге келесі бағасын төмендету (жоғарылату) қажеттілігі туған кезде «консигнант» пен «консигнатор» арасында, келісім-шарттың мүлтіксіз бөлігі болып табылатын, қосымша келісім жасалады.
Ескеретін бір жайт, консигнацияға берілетін өнімдер немесе сатып алынған тауарлар, консигнатордың оларды сатқан уақытысына дейін консигнанттың меншігі болып саналады.
Өкінішке орай, біздің заңда бұл жөнінде мынаны ескермегенде, нақты анықтама жоқ:
- меншік иесінің меншікке деген құқығы басқа тұлғалармен сатып алу-сату, сыйлау немесе басқа да мүлікті беру шарты негізінде алынуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 235-бабының 2-тармағы);
- егер заң актілермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, шарт бойынша мүлікті сатып алушыда меншік құқығы, затты беру моментінде пайда болады (238 — бап);
- егер сатушы меншік иесінің құқығы мен міндеттемелерін сақтайтын болса, онда мәміле сату болып табылмайды және табыс танылмайды (Бухгалтерлік есеп стандарты №5, «Табыс»).
3 ТАРАУ. ДАЙЫН ӨНІМНІҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУЫ
3.1. Аудиттің бағдарламасы және негізгі процедуралары
Өндірістік қорларды кіріске алу және шығысқа шығарудың бастапқы құжаттары материалдар есебін ұйымдастыруға, өндірістік қорларға аудит жүргізуге негіз болатын есептік көрсеткішті жинақтауда маңызды рөл атқарады. Тікелей бастапқы құжаттары арқылы материалдар ресурстарының қозғалысына, сақталуына, тиімді пайдалануына алдын ала, ағымдағы және күнделікті бақылауды жүзеге асырады. Материалдардың қозғалысының бастапқы құжаттары мұқият толтырылуы, міндетті түрде операцияны жасаған тұлғаның қолы және тиісті есеп объектілерінің кодтары болута тиіс. Материалдық ресурстар қозғалысының құжаттарының толтырылу тэртібінің сақталуын бақылау шаруашылықтың бас бухгалтеріне және тиісті бөлімшелердің жетекшілеріне жүктелген.
Соңғы жасалған қорытынды есеп жүлдызындағы материалдар
қорларының құрамына аудиторлық тексеру жүргізген кезінде,
шаруашылықтың кідіріссіз жұмыс істеуіне ықпал еткен өндірістік қорлардың
түрлерімен қамтамасыз етілгендігін анықтап, 1-20 «Материалдар» бөлім-шесінің шоттары бойынша материалды құндылықтарының қалдықтары туралы мэліметтерінің дұрыс тығын анықтау қажет. Әрбір шот бойынша және жалпы 1-20 «Материалдар» бөлімшесі бойынша материалдардың және басқа да құндылықтардың қалдықтары туралы осы мәліметтерінің дұрыс тығын, аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкестігін әрбір материалды жауапкершілікті түлға (қоймалар) бойынша жасалатын айналым немесе қалдық ведомостары бойынша, Бас кітап және баланс бойынша тексеріп, қажет болган жағдайда тексерудегі шаруашылық қызметкерлерінің катысуымен материалдар ресурстарының жеке түрлеріне түгендеу жүргізеді. Шаруашылық өзінің материалдық қорларын, жабдықтаушылардан келісім-шарт бойынша несиеге немесе есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы нақты ақшасына сатып алу, айырбастау, өз өндірісінде дайындау тозығы жеткен немесе басқа да себептермен шығысқа шығарылған негізгі құралдардан алынған төлем ақысыз тегін сыйға алу көздері арқылы толықтырылып, жаңартылып отырады.
Бизнес жоспарындағы өндірістік бағдарламаны орындау шаруашылық қажетті материалдық ресурстарды анықтап, оларды сатып алады немесе өндіреді. Материалдарды сатып алу үшін кәсіпорын жабдықтаушылармен шарт жасасып, онда тараптардың құқықтары, міндеттері орындалу мерзімдері бойынша жауапкершіліктерді анықтайды.
Шартта көрсетілген материалды-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуына бақылау жасауды, материалдардың дер кезінде келіп түсуін және кіріске алынуын материалды техникалық жабдықтау бөлімі жүзеге асырады. Бұл мақсат үшін бөлімде шарттағы қойылымның орындалуының жедел есебінің ведомосын (машинажазбасын) жүргізеді. Ведомоста материалдардың ассортименттері бойынша қойылуы, олардың саны, бағасы, артылып, жөнелтілу мерзімі ж.б. туралы шарттың орындалу жағдайын көрсетеді. Бухгалтерияда жедел есептің ұйымдастырылуына бақылау жасайды.
Шаруашылыққа келіп түскен материалдарға мына төмендегі тәртіп бойынша бухгалтерлік қркаттары толтырылады Жабдықтаушы артып-жөнелткен материалымен бірге сатып алушыға есеп айырысу және басқа да жолдама құжаттарын тасымалдаушы ұйымдар тасымалдау құжаттарын жіберіп, қызмет көрсететін банктері арқылы инкасса қойып төлемді талаптау құжаттары төленуін талап етеді. Келіп түскен материалдардың есеп айырысу және басқа да құжаттары бухгалтерияға келіп түсіп, олардың дұрыс толтырылғамдығын тексеріп, содан кеійн жабдықтау бөлімінің жауапты қызметкеріне беріледі.
Жабдықтау бөліміне келіп түскен құжаттар бойынша көлемінің, ассортиментінің, түсу мерзімінің, бағасының сапасының шарттағы келісімге сәйкестігін тексереді. Бүндай тексерудің нәтижесінде есеп айырысу немесе басқа да кұжаттарына толық немесе бөліп акцептеу (төлеу) туралы белгі соғады. Бұдан басқа, жабдықтау бөлімі жүктің келіп тусуін, қажет болған жағдайда, оларды іздестіруді, бақылауды жузеге асырады.
Бұл мақсат үшін жабдықтау бөліміне келіп түскен жүктердің есебінің журналын жүргізіп отырады. Журналда тіркеу нөмірі, жазылған күні, жабдықтаушының аталуы тасымалдау құжатының күні және нөмірі, шоттың күні, нөмірі және сомасы, жүкті іздестіру туралы қатынас ақпараттары жинақталады. Журналдың ескертуінде шотты төлеу немесе акцептерден (төлеуден) бас тартқаны туралы белгілер жасалады.
Тексерілген төлемді талаптауды жабдықтау бөлімінен бухгалтерияға береді, ал тасымалдау ұйымының квитанциясы материалдарды алу және жеткізу үшін экспедиторға беріледі.
Экспедитор (жабдықтау бөлімінің маманы) станцияға (айлаққа) келген материалдарды күтіп алып, оларды саны және салмағы бойынша қабылдайды. Қабылданған кезде толықтығына, сапасына күдік келтіретіндей жағдай кездессе, экспедитор тасымалдау ұйымынан жүкті тексеруін талап етуіне болады. Санынан және салмағынан кем шыққан, сыйымдылықтарының, материалдардың бұлінген фактілері кездескен жағдайда тасымалдау ұйымдарына және жабдықтаушыға шағым, талап ету үшін негіз болатын коммерциялық акт жасалады.
Жабдықтаушының қоймасынан материалдарды алып шығу үшін экспедиторға алынуға тиісті материалдардың тізімі келтірілген наряд және сенімхат беріледі.
Экспедитор материалдардың тек қана санын емес, сонымен бірге олардың сапасын тексеріп қабылдауды жүзеге асырады.
Экспедитор қабылдаған жүктерін шаруашылықтың қоймасына жеткізіп, қойма меңгерушісіне өткізеді. Қоймашы жабдықтаушының шот-фактурасындағы мәліметтерге материалдардың санының сәйкестігін тексеріп, қабылдаған материалдарға бір жолды немесе көп жолды кіріс ордерлерін толтырады.
Бір жолғы кіріс ордерлері материалдардың бір ғана түріне толтырылса, ал көп жолды кіріс ордері барлық қабылданған материалдарды түгелдей қамтиды. Кіріс ордеріне қойма меңгерушісі және экспедитор қолдарын қояды.
Материалды құндылықтар натуралды өлшем бірліктерінде кіріске алынып, қоймада және бухгалтерияда ақшалай өлшем бірлігінде жүргізіледі. Материалдарды, жабдықтаушылардың мәліметтері мен нақты мәліметтерінің арасында айырмашылық болмаса, кіріс ордерінің көшірмесінсіз кіріске алуға рұксат етіледі. Бұндай жағдайда жабдықтаушының кіріс ордерінің негізгі реквизиттерін қамтитын белгі (штамп) қойылады. Бұндай кезде бастапқы құжаттардың саны кемиді.
Егер қоймаға келіп түскен материалдардың саны және сапасы жабдықтаушының шот-фактурасындағы мәліметке сәйкес келмеген жағдайда, жабдықтаушыға шағым-талап жасауға негіз болу үшін, материалдарды қабылдауды комиссия жүргізіп материалдардың қабылданғандығы туралы акт толтырылады. Комиссияның құрамына тасымалдау ұйымының өкілін және бейтарап ұйымның өкілін қатыстырады.
Шаруашылыққа жабдықтаушының шот-фактурасынсыз келіп түскен материалдарды қабылдаған кезде де акт жасалып, сақтау жауапкершілігіне алады.
Егер материалдарды автокөлікпен тасымалдау жүзеге асырылса, онда бастапқы құжат ретінде жүкті жөнелтуші төрт дана етіп толтыратын тауарлы-тасымалдау накладнойын қолданады. Олардын біріншісі — жүкті жөнелтушіден материалдарды шығысқа шығару үшін негіздік қызмет атқарса, екіншісі — жүкті қабылдаушыға материалдарды кіріске алу үшін, үшінші — автокөлік ұйымдарымен есеп айрысу үшін және тасымалданған құндылықтарды төлеу үшін шотта қосымша тіркеледі, төртіншісі — тасымалдау жұмыс ын есепке алу үшін негіз болып табылып, жолдама бетке тіркейді. Тауарлы-тасымалдау наклоднойын, егер келіп түскен жүктің саны мен накладнойдағы мэліметтің арасындағы айырмашылық болмаған жағдайда, бастапқы құжат ретінде қолдануға болады. Айырмашылық кездескен жағдайда нақты қабылданған материалдарға қабылданғандығы туралы акт толтырылады.
Қоймаға шаруашылықтың өзі дайындаған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, негізгі құралдарды шығыска шығарып, жоюдан алынған материалдарды ж.т.б. тапсырған цехтар екі дана етіп жазылатын материалдардың ішкі козғалысының бір жолды немёсе көп жолды накладнойын толтырады. Бір данасы тапсырушы цехтың материалдарды шығысқа шығаруына негіз болса, екіншісі қоймаға кіріске алу құжаты ретінде қолданылады.
Есеп беруге тиісті жабдықтау бөлімінің қызметкерлері материалдарды сауда нүктелерінен басқа да субьектілерден, кооперативтерден, базардан немесе тұрғындардан нақты ақшасына сатып алады. Сатып алынған материалдардың құнын растаушы құжат есеп беруге тиісті тұлға жасайтын шаруашылық операциясының мазмұны, күні, сатып алған орны, материалдардың аталуы және саны, бағасы көрсетіліп баяндалатын тауардың шоты (чек) немесе акт (анықтама) болып табылады. Есеп беруге тиісті тұлға мүмкіндігінше актіге (анықтамаға) тауарды сатушының төл құжатының мәліметімен көрсетеді. Актіні (анықтаманы) есеп беруге тиісті тұлғаның берген авансты есебіне тіркейді.
Аудитор шаруашылыққа келіп түскен өндірістік қорлардың қабылданған бухгалтерлік қүжаттарының толтырылу тэртібін жақсы біле тұра, оларды кіріске алудың және бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын, толықтығын тексеруді назарынан тыс қалдырмауы тиіс.
Әдетте, кұндылықтарды кіріске алуды бақылау жабдықтаушылардан келіп түсетін есептік қүжаттарды талдау жолымен жузеге асырылады. Ондай құжаттарға төлем талаптар, шот-фактуралар, әр түрлі қосымшалары мен (сертификаттары мен сапалық куәліктері ж.т.б.) тауарлы тасымалдау накладнойлары жатады. Шаруашылыққа келіп түскен құндылықтар дер кезінде тиісті қоймаларға немесе егер оларды тікелей цехтарға жіберсе, ол туралы құжаттарына арнайы белгі соғылып, қоймаға кіріске алынған ретінде, содан кейін цехқа босатылғандай етіп толтырады. Осылай етіп қоймаға кіріске алынып, содан кейін цехқа босатылған материалды құндылықтарды растайды. Осы құжаттар арқылы аудитор материалдарды кіріске алу бойынша шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есен шоттарында дұрыс жазылғандығына көз жеткізуі керек.
Кіріске алынған материалды құндылықтар операцияларының құжаттары бойынша тексерудің барысында санды және сапалы қабылдау тәртібінің сақталғандығын, қабылдау актілерінің немесе кіріс ордерлері мен коммерциялық актілердің дұрыс жасалғандығын, материалдар есебінің немесе растаушы құжаттарының, регистрларының бухгалтерияларға дер кезінде тапсырылғандығын, тасымалдау құралдарын ашқан кезде кем шыққан материалдарға дер кезінде коммерциялық актілердің дұрыс жасалғандығын, материалдар есебінің немесе растаушы құжаттарының, регистрларының бухгалтерияға дер кезінде тапсырылғандығын, тасымалдау құралдарын ашқан кезде кем шыкқан материалдарға дер кезінде дұрыс коммерциялық актінің жасалмауының нәтижесінде шығысқа шығарылуын және қоймаға кіріске алған кездегі жабдықтаушылардың жолдама құжаттары мен қабылдау актісінің арасындағы анықталған айырмашылықтарды анықтайды.
Келіп түскен жүктердің есебінің журналының дұрыс жүргізілуін тексерген кезде, журналдың келіп түскен және кіріске алынған материалды құндылықтарды бақылау үшін қолданылғандығын, шартта көрсетілген материалдардың келіп түсуіне қарай, оларды анықтау үшін есептеу төлем құжаттарының берілгендігін, сырттан келетін жүктердің келуін бақылау үшін, лауазымды түлғалардың тасымалдау және жолдама қүжаттарын алуға қолхаттарының саны және күні көрсетіліп белгі соғылғандығын, журналда көрсетілген мерзімде келіп түспеген жүктерді іздестіру туралы салынған сұраудың нөмірі және күні көрсетілгендігін анықтайды.
Аудитор келіп түскен материалды құндылықтарды кіріске алудьң толықтығын өте мұқият тексеруі қажет. Ол үшін қабылдау актілеріндегі немесе қоймалардағы кіріс ордерлеріндегі, қоймалық есеп карточкаларындағы көрсетілген қркаттарын, күндерін және нөмірлерін, аталуын, өлшем бірлігін, санын, бағасын және материалдардың құнын, шот-фактурадағы, тауарлы-тасымалдау накладнойларындағы және жабдықтаушының басқа да жолдама құжаттарының көшірмесін сұрайды. Аудитор кіріске алынған материалды құндылықтардың тиісті өлшем бірлігінде және көлемде нақты қабылданғандығына ерекше назар аудару қажет. Мысалы, жабдықтаушы 100 тонна шақпақ қантты төлеуге құжат талап еткен, ал нақты келіп түскені 85 тонна, нэтижесінде 100 тонна емес, 85 тонна кіріске алынған.
Материалды жергілікті жабдықтаушылардан жеткізген кезде, аудитор оларды тауарлы-тасымалдау накладнойы бойынша қабылдаудың дұрыс толтырылғандыгын тексереді, ал материалды құндылықтарды жабдықтау-шының қоймасынан сенімхат арқылы алған жагдайда, олардың дер кезінде кіріске алынғанын бағалап, сонымен қатар материалдарды алуға берілген сенімхат тіркелген журналдың дұрыс жүргізілгендігіне назар аударады.
Нарықтық бағасымен жеке тұлғалардан сатып алуға кассадан төленген нақты ақшасына немесе есеп беруге тиісті сомадан телеген материалды қүлдылықтарға жасалған актілерді және басқа да қүжаттарды тексерген кезде, аудитор бұл операциялардың нақтылығын және толтырылған актілердің дү-рыстығын анықтап, оларда төл құжатының реквизиттерінің мекен-жайының және азаматтардың ақша алуға сенімхаттарының бар екендігін, нарықтық бағасы бойынша сатып алынған материалдарды растайтын шаруашылықтың қызметкерлерінің қолдарының нағыздығын, сатып алуға жасалған актісін бекіткен шаруашылықтың жетекшісінің қолының бар екендіпн, материалды жауапкершілікті түлғалар арқылы есеп беруге тиісті сатып алынған құндылықтарды кіріске алудың толыктығын тексеру қажет. Бұл операциялар бойынша сатып алынган материалдарды кіріске алмай, тиісті құжаттарын толтырмай және бекітілген босату нормасын сақтамай, өндіріс шығьшдарына немесе айналымға шығысқа шығаруға жол берілмегендігін анықтау қажет.
Аудитор фактурасыз келіп түскен материалдарды қабылдау актісінің тәртібінің сақталғандығын, құндылықтар толық кіріске алынғандығын, бағасын және олардың құнының дұрыс белгіленіп, №6 журнал-ордерге 3310 «Төленуге тиісті» шотының кредиті бойынша жазылғандығын, сонымен қатар жабдықтаушылардан шот-фактураларын және басқа да құжаттарын алғаннан кейін жазуларына дұрыс түзетулер енгізілгендігін тексеруі қажет.
Есепті айда фактурасыз келіп түскен жабдықтаушылар шоттарын төлеуді талап етпеген материалды құндылықтарды №6 журнал-ордерде шоттарының нөмірінің орнына «Фактурасыз» деген белгі қойылып, әрбір келіп түскен лек жеке шартты бағада көрсетіледі. Келесі айда шоттарының келіп түсуіне қарай бұл жазулар стороно жасалып, сол сэтте жабдықтаушылардың есеп айрысу құжаттарының негізінде нақты өзіндік құны бойынша материалдарды кіріске алады.
Есепті кезеңнің соңына дейін қүлы төленіп, элі келіп түспеген жолдағы материалдардың құнының бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуіне зер салуды талап етеді. Бұл сұраққа жеткілікті дәрежеде назар аудару қажет, өйткені материалдарды қабылдаған кезде кем шыққаны анықталған, жабдықтау-шылармен есеп айырысу бойынша әр түрлі шағым талап етілген сомалар төлеген дебиторлық борыштар және ұзақ уақыттан бері кіріске алынбаған (үрланған) құндылықтарды кейде кейбір субъектілер заңсыз жолдағы материалды құндылықтардың құнын көрсетуге жол берген жағдайлары кездеседі. Сондықтан аудиторлық бақылаудың нысаны құны төленіп, элі келіп түспеген жолдағы материалды кұндылықтар үшін есеп айырысу бөлігін №6 журнал-ордердегі немесе оны алмастыратын машинажазбалардағы есептік жазулар болып табылады.
Өндіріс қорларын аудиторлық тексеруде субъектінің қоймасынан дайын өнімдерді дайындауға, шаруашылық қажетіне, қайта өңдеу үшін және артық өтімсіз қорларды сатуға босатылған материалды құндылықтардың операцияларының негізділігін бақылау және оларды шығысқа шығарудъң дұрыстын тексеру едэуір орын алады.
Шаруашылықтың материалдарының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз
ету және олардың кұжаттарының дұрыс толтырылуы үшін тиісті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады. Материалдардың тиімді пайдалануын бақылаудың манызды шарты — оларды нормамен шектеп босату болып табылады. Шектеулерді шығарылған өнімнің көлемі және өнім бірлігіне материалдардың жұмсалу нормасы туралы жоспарлау бөлімінің мәліметтерінің негізінде жабдықталу бөлімі есептеп шығарады.
Субъектінің барлық қызмет бөлімдерінде қоймаға кіріске алынған және босатылған материалдардың құжаттарына қол қоюға құқық берілген, сонымен қатар материалдар субъектіден экетуге рұқсат беретін лауазымды түлғалардың тізімдері болуға тиісті. Босатылған материалдар таразыға тартылуға өлшенуге тиісті.
Босатылған материалдардың құжаттарын толтыру тэртібі өндірісті үйымдастыруға, жүмсалу бағытына және материалдардың босатылу кезеңдеріне байланысты.
Күнделікті өндіріске және басқа кажеттерге босатылған материалдарға шектеп жұмсау картасын толтырады. Оны бір немесе бірнеше материалдардың түріне екі дана етіп жоспарлау бөлімі немесе жабдықтау бөлімі тэртіп бойынша 10, 20 күнгі немесе бір айлық мерзімге жазады. Нақты босатылған материалдарына жыртылып алынган бір айлық талондарымен шектеп жұмсау карталары тоқсандық және жарты жылдық болып қолданылуы да мүмкін. Онда операциялар түрлері, қоймадан босатылған материалдарының нөмірі, аталуы, өлшем бірлігі, айлық өндіріс бағдарламасына және күшіндегі жүмсалу нормасына сәйкес есептеп шығаратын айлық жүмсалу шегі көрсетіледі.
Шектеп жұмсау картасының бір данасын дайындау цехына табыс етсе, екіншісі қоймада қалады. Қоймашы картаның екі данасында босатылған материалдардың санын және қалдығын жазып, алушы цехтың қартасына қолын қояды. Цехтьң өкілі материалдарды алғандығы жөнінде қоймада сақталатын картаға қолын қояды. Қоймада материалдарды босату белгіленген шектеу арқылы жүргізіледі. Шектен артық босату немесе материалдардың бір түрін екіншісімен ауыстыру (қоймада талап етілген материал болмаған жағдайда) шаруашылықтың немесе оған өкілетті тұлғалардың рұқсатымен ғана, жеке талап актысын толтыру арқылы жүзеге асырады. Ауыстырған кезде шектеп жүмсау картасына ауыстырылған материалдарға «Ауыстыру № _ талап накладнойын. қара» деген жазу жасалып және шектің қалдығын көрсетеді. Өндіріске пайдаланылған, қоймаға қайтарылған материалдарды шектеп-жү-мсау картасына ешқандай да бір қосымша құжаттары толтырылмай-ақ жазады.
Егер материалдар қоймадан сирек босатылса, онда бір жолды немесе көп жолды талап-накладнойлары толтырылады. Талап-накладнойын екі дана етіп алушы цех жазады. Бір данасы қоймашының қолы қойылып, цехта қалады, екіншісі — алушының қолы қойылып, қоймашыға беріледі.
Материалдардың шаруашылықтың ішіндегі қозғалысының есебі үшін және ішкі орын алмастыруына бір жолды немесе көп жолды накладнойлары қолданылады. Накладнойларды құндылықтарды босатылған учаскенің материалды-жауапкершілікті түлғалары екі дана етіп толтырады, бір данасы алушының қолы қойылып, орнында қалса, екіншісі босатушы түлғаның қолы қойылып, құндылықты алушыға табыс етіледі.
Шаруашылықтың аумағынан тыс жерде орналасқаи еншілес шаруашылықтарына немесе басқа да тиісті мекемелерге материалдарды босатқан кезде, материалдарды сыртқа босату накладнойларын толтырады. Накладнойлардың бірінші данасы материалдар есебінің аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізу үшін қоймада қалады, ал екінші данасы материалдарды алушыға табыс етіледі. Егер босатылған материалдардың құны кейін төленетін болса, бірінші данасы бухгалтерияда есеп айырысу төлем ведомостын жасап, толтыруға негіз болады.
Материалдарды автокөлікпен тасымалдаған кезде, әдетте накладной-лардың орнына тауарды тасымалдау накладнойы қолданылады. Жұмсалған материалдардың бастапқы құжаттары ретінде қоймалық есеп карточкаларын қолдануға болады. Бұл мақсат үшін алушы цехтың өкілдері алған материалдарына қоймалық есеп карточкаларына қолдарын қойған кезде растаушы құжат болып танылады. Бұндай кезде келешекте жазуларын калькуляциялау объектілері және шығындары баптары бойынша топтау мақсатында карточкаларға өндіріс шығындарының шифрлары қойылады. Босату қүжаттары мен коймалық есеп карточкаларын бұндай етіп біріктіру есеп жұмыстарының көлемін кемітіп, қорлардың қоймалық нормаларының сақталуын бақылауды күшейтеді.
Шағын шаруашылықтардың өнім өндіруге және қызмет көрсетуге босатылған материалдарға ешқандай да арнайы қүжат толтырылмай-ақ, есебін жүзеге асыруға болады. Нақты жұмсалған материалдар олардың түрлері бойынша актілерде немесе дайын өнімді шығару және сату туралы қорытынды есепте көрсетіледі. Актіні тәртіп бойынша, субъектінің өнімді қабылдауға, сақтауға және сатуға жауапты қызметкері онкүндік сайын жасайды.
Шығысқа шығарылған материалды құндылықтардың дұрыстығын тексерген кезде негізгі ақпарат көздерінің қызметін шектеп-жүмсау карталары, накладнойлар, талап-накладнойлары және басқа да босатылған материалдарды растайтын құжаттары, материалдардың қозғалысының есебінің ведомосты қоймалық есеп карточкалары, айналым және қабылдау ведомосты және басқа да есеп регистрлары атқарады.
Аудитор, дайын өнім шығаруға босатылган материалдардың операциялары бойьшша құжаттарын және ссеп жазуларын зерттеудің нэтижесінде дайын бұйым шығару үшін шикізат, материалдар, отындар және басқа да материалды құндылықтар шығындарын шектеп жұмсау нормаларының сақталғандығын, күшіндегі норма бойынша тұтынуға қажетті материалдардың дұрыс анықталғандығын, жаңа жабдықтарды орнатуға және қалдықсыз технологияны қолдануға байланысты материалдарды жұмсау нормаларына дер кезінде түзетулер енгізілгендігін, субъектінің төрағасының материалдарды ауыстыруға рұқсатының бар екендігін және шектеп жүмсау карталарына тиісті өзгерістер енгізілгендігін, шектеп босатылған материалдар ақауды түзету үшін колданылғандығын анықтайды.
Аудитор, сонымен қатар шикізаттар мен материалдарды жүмсау нормаларының сақталуын және бұл нормалардың қазіргі технологияның деңгейіне және өндірісті үйымдастыруға сәйкестігін тексеруге ерекше назар аударуга міндеіті. Бұл зерттеу есепте жоқ өнім шығару үшін артық шикізат жүмсауға жол берілмегендігіне кепілдік береді.
Есепте жоқ өнім — сол субъектінің бухгалтерлік есеп құжаттары бойынша шығарылған және сауда нүктелеріне сатылған өнімдердің қатарында жоқ, нақты шығарылған және сатылғанөнім. Оны дайындау үшін артық шикізат көзі жасалады. Бүны эр түрлі әдістерді қолдану арқылы жасайды:
- ет және сүт комбинаттарында, элеваторларда қабылдаушы мен
өткізушінің келісімімен немесе өнім өткізушінің көрсеткішін (малдардың қоңдылығын, сүттің майлылығын, бидайдың ылғалдылығын ж.т.б.) қабылдаушы мен өнім өткізушінің келісімінің немесе өнім өткізушінің ұқыпсыздығының нәтижесінде орын алған төмендету; - шарап жасайтын зауыттарда — спирттің пайыздық құрамының
ауытқуының нэтижесінде (мысалы, шарапта 8,5 — 12%;) онша бағалы емес тағам түрлеріне артық шикізаттарды шығысқа шығару жолымен.
Бұдан да басқа да көптеген әдістері кездеседі. Бұндай жүгенсіздіктерді тек қана ірі көлемде ақша қаражаттары мен материалды құндылықтарды ұрлауға әкеліп соқтырумен қатар, шығарылатын өнімнің сапасын да төмендетеді.
Кейбір шаруашылықтарда бұндай жүгенсіздіктер жиі кездеседі. Кейбір теоретиктер мен практиктер нарықтық қатынаска өтуге байланысты эр түрлі меншік нысандарының қалыптасуына байланысты есепте жоқ және сапасыз өнім шығару жойылады деп түсіндіреді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі кезде есепте жоқ және сапасыз өнім шығару жалғасуда, өйткені оларды сатудан түскен табысты мүдделі топтардың арасында бөліске түсіп мемлекетке салық, акционерлерге дивидендтер толеуден жалтарады. Аудитордың тергеу, сот және прокуратура органдарының талап етуі бойынша өндірістегі заңды бұзушылық туралы істер мен материалды немесе акционерлік қоғамының жылдық жиналысының шешіміне сәйкес олардың өтініштері бойынша тексеру жүргізген кезде, бұндай заңсыздықтарды тексеру кездесуі мүмкін. Бұндай тексеру аудиторлық пракгикада өте күрделі жұмыс болғандықтан, аудитордан ұқыптылықты, эділділікті талап етеді.
Сондай-ақ, аудитор басқа шаруашылықтарға қайта өңдеуге берілген және сатылған материалды құндылықтарға байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік есеп құжаттарының дұрыс толтырылғандығын тексеру қажет.
1316 «Басқа шаруашылыққа өндеуге берілген материалдар шотында көрсетілген операцияларды тексерген кезде, аудитор келісім-шартының бар екендігіне, Бас кітапта және баланста соңғы есепті күнге көрсетілген материалды құндылықтадың қалдықтарының нақтылығына, басқа субъектіге материалдарды өңдеуге берудің орындылығына келісім-шартты және калькуляциялардың, тауарлы-тасымалдау накладнойларының, сенімхаттардың және басқа да материалдарды босату құжаттарының дұрыс толтырылған-дығына, оларды жұмсау нормаларының сақталғандығына, қайта өңдеуден алынған дайын өнімдерді кіріске алудың толықтығына, өңдеуден алынған материалды құндылықтардың өзіндік қүнының дұрыс анықталып, есеп айырысылғандығына, келіп түскен құндылықтарды 1-«Материалдар» болімшесінін 1310-1315 және 1317 шоттарының дебетінде кіріске алуға негіз болған бұл операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізуі қажет.
Егер тексеру барысында материалдарды жұмсау нормаларын жоғарылату және дайын өнімнің көлемін кемітіп көрсету фактілері анықталса, онда аудитор себебін анықтап, қажет болған жағдайда өнімдерге өңдеу жүргізген шаруашылыққа қарама-қарсы тексеру жүргізуді талап ету керек;
Аудитор материалды құндылықтарды сату бойынша операцияларын тексерген кезінде, келісім бағасының және қаржылық нәтиженің негізділігін қарауы қажет, яғни төменгі бағамен кымбат материалдардың сатылмағандығын, бұндай операциялардан шаруашылықтың зиян шеккендігін анықтайды.
Сондай-ақ, шаруашылықтан тыс мекемелерге босатылған материалды құндылықтарды шығысқа шығару қүжаттарын, оларды субъектінің аумағынан шығарып әкетуге берілген рұқсат қағазбен, төлем қүжаттарымен, сатуға жасалған шартпен, материалдардың атауларының және сандарының сәйкестігіне назар аударып салыстыру қажет. Қандай да бір ауытқулар кездескен жағдайда сатып алушының бухгалтериясында сақталатын бастапқы құжаттарымен қарама-қарсы тексеру жүргізуді талагі ету қажет.
Аудитордың белгіленген табиғи кему нормасынан жоғары, бұлінудің бағасын төмендетіп, азайтудың салдарынан жетіспейтін материалды құндылықтарды шығысқа шығару актілерін және басқа да құжаттарын өте мұқият зерттеуі қажет. Сонымен қатар жыл ішінде бағасы төмендеген моральдық тозған немесе бастапқы сапасын ішінәра жоғалтқан материалды құндылықтарды анықтауы қажет. Оларды есепті жылдың аяғында бухгалтерлік баланста мүмкін болған сату бағасы бойынша көрсетеді, ал егер ол бастапқы дайындау (сатып алу) құнынан төмен болса, баға айырмашылығын шаруашылық қызметінің нэтижесіне жатқызу арқылы көрсетеді. Көрсетілген айырмашылық түгендсу актілері нарықтық бағасы және сатып алу бағасы туралы мэліметтері мен, басқа да тиісті құжаттармен расталуы керек.
Қорыта келгенде, өндіріс қорларын аудиттеу кезінде аудитор материалдарды кіріске алудың дер кезінде және толық жүзеге асырылгандығына, оларды өндіріске, шаруашылықтың да бөлімшелеріне және сыртқы мекемелерге босатудың заңдылығына көз жеткізуге міндетті.
Аяқталмаған өндірісті тексерген кезде, аудитор 1340-шоттардың Бас кітаптағы накты қалдықтарының баланста көрсетілген мәліметтерімен сәйкестігін салыстырып тексеруге міндетті. Ол үшін, есеп мәліметтеріндегі аяқталмаған өндірісті түгелдеу мен олардың қалдықтарын бағалаудың нәтижесінде расталғандығына көз жеткізуі керек. Өнімнің өзіндік құны және қаржылық нэтиже туралы есеп және қорытынды есеп мәліметтерінің дұрыс тығы дайын өнімдер мен аяқталмаған өндірістің арасында шығындарын таратудың негізділігіне байланысты болғандықтан, әрбір айдың соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтарын тексерудің маңызы өте зор. Аяқталмаған өндірістің құрамын және бағалауды тексеру үшін бастапқы ақпарат ретінде, өнім өндіру шығындарының (жұмыс, қызмет), кезеңдік шығындардың, әлеуметтік сала бойынша шығындардың және өндірістік ақау бойынша шығындардың есебіне арналған №10 журнал-ордерге ашылған №2 ведомостың мәэліметтері қызмет етеді. Бұл ведомоста айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы ведомостың өткен айдағы мэліметі бойынша көрсетілсе, ал айдың соңғы қалдығы аяқталмаған өндірісті түгендеу актісі немесе есептік бағасы бойынша анықталады. Дара, жеке өнімдер шығаратын өндіріс сипатындағы субъектілерде аяқталмаған өндіріс қалдықтары баланста накты өндірістік шығындары бойынша бағаланып көрсетіледі. Жаппай және сериялы өндірісте баланста нормаланған (жоспарланған) өндіріс өзіндік құны бойынша бағаланып көрсетіліп, бұндай жағдай өндірістік шығындардың нормасынан ауытқулары дайын өнімдердің өзіндік құнына шығысқа шығарылады.
Технологиялық үрдіс кезеңі қысқа, жеңіл, тамақ және басқа да өнеркөсіп салаларының субъектілеріндегі аяқталмаған өндірісті бағалауды, жоспарлау, есептеу және өнімді калькуляциялау бойынша тексерген кезде кейбір салалық әдістемелік үсыныстарда (ережелерде) аяқталмаған өндіріс шығындарының қүрамында тек қана негізгі тікелей шығындарын қалдыру қаралғандығын естен шығармаған жөн. Мысалы, тоқыма өнеркэсібінде (иіру және тоқыма өндірісінде) аяқталмаған өндірісті тек қана негізгі шикізаттың және материалдың құны бойынша бағалайды. Өңдеуге байланысты барлық шығындарын, оның ішінде өндіріс жұмыс шыларына есептелген еңбек ақы шығындарын бүтіндей дайын өнімге жатқызады. Тек қана жеке өңдеу өндірісінде өңдеу бойынша 50 пайыз көлемінде нормаланған (жоспарланған) өнімнің бірлігіне жұмсалған шығынның нормаланған немесе жоспарланған калькуляциясы есептелетін «Директ костинг» жүйесі бойынша өндірістік есеп ендірілсе, онда 7440 «Жалпы және әкімшілік шығындары», 7310 «Пайыздар бойынша шығындар», 7410 «Тауарды (жұмыс ты, қызметті) сату бойынша шығындарының қалдықтарын, нақты немесе нормаланған (жоспарланған) өндірістік шығындары бойынша бағаланады.
Егер шаруашылыққа шығарылған өнімді жартылай фабрикат жолымен кіріске алу көзделсе, онда өнім өндіруге жұмсалған шығынды дайын өнімге, жартылай фабрикатқа және аяқталмаған өндіріске бөледі. Жартылай фабрикат күйінде кіріске алынған өнімдерді дайын өнім түрін және материал түрінде де пайдалануға болады. Оны сатқан кезде ол дайын өнімге айналса, өндіріске ары қарай жетілдіре түсу, өңдеу үшін босатылса, онда ол материалдың қатарына жатады. Тоқыма өнеркәсібінде шикізат есебінде пайдаланылған жүн, мақта қашан дайын мата күінде шыққанша бірнеше цехтан өңдеуден өтеді. Жүнді, мақтаны жуу, кептіру, түту цехы, жіп иіру цехына жібереді, жіп иіру цехынан бояу цехына жіберіледі; боялып кептірілген жіпті тоқыма цехына жөнелтеді, токыма цехынан ол дайын өнім болып шығады. Қалған цехтардың бәрінде де сол цехтардың шығарған дайын өнім түрінде өзіндік құны анықталғанымен, оларды кіріске алғанда жартылай фабрикат түрінде кіріске алады. Бұндай жағдайда дайын өнімнің өзіндік қүнын жартылай фабрикаттардың өзіндік құндарының жиынтығына оларды оңдеуге жұмсалған шығындарын қосу арқылы табады. Бұндай технологиялық үрдіс тамақ енеркәсібіне тән қасиет.
Аяқталмаған өндіріс негізгі өндіріспен қатар, қосалқы өндірісте де анықталады. Шаруашылықтың ішінде тігін цехы, ұстахана, наубайхана сияқты шағын өнім шығаратын орындарда дайындалатын өнімдерді кіріске алғанда, негізгі өндірістегі өнімдер сияқты дайын өнімдерді бір бөлек, жартылай фабрикаттарды бір бөлек, аяқталмаған өндірісті жеке-жеке көрсетіп кіріске алады.
Аудитор жоғарыда аталған ерекшеліктерді есксре отырып дайын өнімнің, жартылай фабрикаттың, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енетін шығындар баптарының олардың элементтерінің дұрыс анықталып таратылғандығына көз жеткізуі керек.
3.2. Дайын өнімді сатудың және оны тиеудің аудиті
Дайын өнім деп сол шаруашылықта толық өңдеуден өткен қолданыстагы стандарттарға сәйкес (бекітілген техникалық жағдайына) келетін техникалық бақылау бөлімі қабылдап қоймаға кіріске алынған өнімді айтамыз.
Баланстың «Дайын өнімдер» баптарында 1320 «Дайын өнімдер» мүліктік активті шотында көрсетілетін дайын бұйымдардың қоймалардағы қалдықтары көрсетіледі. Дайын өнімдерге өзінің күрделі құрылысы және элеуметтік саласы үшін сыртқа орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар сатуға арналғаң өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттардың құны да жатады. Шаруашылықтың қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіші, өндірілген дайын өнім (жұмыс, қызмет) сатылған өнімнің көлемі болып табылады.
Аудитор дайын өнімдердің дұрыс бағаланып, қоймаға кіріске алыну операцияларының бухгалтерік есепте көрсетілуі тексеруге кірісердің алдында қаралатын мәселелерді түгел қамтитындай етіп бағдарлама жасап, тексеру барысында кездескен фактылардың нәтижесінде толықтьфулар мен түзетулер енгізіп басшылыққа апа отырып, мынандай мэселелерді анықтауы керек:
- өндірістен қоймаға тапсырылған өнімдердің дұрыс және уақтылы құжатталғандығын;
- дайын өнімдерді шығаруға байланысты орын алған операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін;
- дайын өнімдер бұйымдарының түрлері және тапсырыстар бойынша өндірістік өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын;
- өнімнің жоспардағы құнымен нақты өзіндік кұнының ауытқу сомасының дұрыс есептеліп және олардың шығысқа шығарылғандығын;
- 1320 «Дайын өнім» шотының аналитикалык және синтетикалық есептегі жазуларының Бас кітаптың және баланстың көрсеткіш-терімен сәйкестігін;
- шығарылған дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;
- бухгалтерлік есеп регистрларының және машина жазбаларының дұрыс жүргізілгендігін;
- дайын өнімдердің дұрыс бағаланғандығын.
Аудитор үшін ең алдымен қажеттісі баланста келтірілген мәліметтің 1320 «Дайын өнімдер» шоты бойынша Бас кітаптағы мәліметтерімен салыстыру және басқа да есеп регистрларының дұрыс жүргізілуін өндірістен қоймаға өткізілген өнімдердің өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын, қүжаттарының уақтылы және дұрыс толтырылғандығын тексеру болып табылады.
Аудитор 1320 «Дайын өнімдер» шотында көрсетілген өнімдердің толығымен жинақталғандығына, сынақтан және қабылдаудан өткеніне және накладной бойынша коймаға өткізілгендігіне көз жеткізу қажет.
Дайын өнімдердің аудитін сапалы өткізу үшін шаруашылықтың шарт бойынша міндеттемесінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін, шығарылған өнімді жедел бақылауды жүзеге асыру тәртібімен танысудың маңызы зор.
Аудитор бұл мақсатқа жету үшін субъектіде технологиялық үрдістің орындалуына, шығарылған өнімнің көлемі, ассортименті, сапасы бойынша жоспардың орындалуына және, сондай-ақ өндірістің ырғақтылығын бақылаудың сапасына жүйелі тексеру жүргізуге тиісті. Жедел бақылау накладнойларында және күнделікті беріліп отыратын ақпараттарда көрсетілген нақты мэліметтерді жоспардағы салыстыру арқылы анықтайды. Өнім өндіру жоспарының орындалуымен қатар, одан ауытку әсер еткен себептерін анықтап, кеткен кемшіліктерді жою үшін ауытқуға жол берген нақты себептері анықталады.
Барлық өндірілген өнімнің бухгалтерлік есепте түгел көрсетілгендігіне назар аудару қажет. Егер шығарылған өнімге цехтарының немесе қойманың қабылдау — өткізу құжаттары толтырылмаса және бухгалтерлік есепте көрсетілмеу фактілері орын алса, онда есепте жоқ өнімнің пайда болуына бірден-бір себепші болуы ықтимал. Есепте жоқ өнім бухгалтерлік есеп құжаттарында көрсетілмегендіктен, аудитор оны анықтау үшін қолданыстағы әдістемені қолдануы қажет. Есепте жок өнімдер, көптеген жағдайда, осы өншді өндірудің технологиялық үрдісш көрсететін құжаттарының жұмсалған шикізат және дайын өнім шығару туралы жедел есеп мэліметтерінің ж.т.б., сондай-ақ сатып алушыға артып жөнелтілген өнімдерді растайтын құжаттарының рұқсат қағаз шот-фактуралар, накладнойлар ж.б. негізінде анықталады.
Кейбір жағдайларда есепте жоқ өнім алынган өнімді көрсететін құжаттарымен, қоймалардың және цехтардың өнім өндірушінің құжаттарының мәліметтерімен, шаруашылықтың цехтарындағы және қоймаларындағы дайын өнімдерді түгендеу мэліметтерімен, түгендеу жүргізілген жұлдызындағы есептік мәліметтермен ж.т.б. салыстыру жолымен анықталуы да ықтимал.
Есепте жоқ шығарылған өнім қоймаға дайын өнім түрінде толығымен төменгі бағамен, натуралды және ақшаға шаққан күйінде анықталып кіріске алынуы мүмкін, яғни ең төменгі дара бағасымен. Өнімді төмендетіп бағалау шаруашылықтың лауазымды және материалды жауалкершілікті тұлға-ларының сауда үйымдарымен өзара келісімі бойынша, есепте төмендетілген өнімнің құнымен сатылу құнының арасындағы айырмасын құрайтын түсімнің бөлігін жасырып қалуға мүмкіндік береді Мұндай жағдайға жол берушілікті аудитор өндірілген өнімнің алуын және сортын растайтын цехтың құжаттарының мэліметтерін осы өнімді қоймаға кіріске алған немесе оны сауда ұйымдарына босатқан қүжаттарымен салыстыру жолымен анықтауға міндетті.
Жоғарыда аталғандай, есепте жок өнім шығару есепте жоқ қолда бар шикізаттар мен материалдарға байланысты болуы мүмкін. Сондықтан есепте жоқ өнім шығаруды бақылау, әдетте есепте жоқ артық шикізаттар мен материалдардың құрылу көздеріне бір мезгілде тексеру жүргізуді талап етеді.
Аудитор дайын өнімнің бағалану тэртіптерінің сақталғандығына және бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін тексеруге кірісерде алдын ала қаралатын мәселелер бойынша бағдарлама жасап, тексеру барысында түзетулер мен өзгерістер енгізіп басшыиыққа алып отырады. Яғни, аудитордан дайын өнімді бағалау тәртіптеріне және олардың қолданылған түрлеріне баса назар аударуды талап етеді.
Дайын өнімдерді синтетикалық есепте нақты өзіндік қүны бойынша бағаласа, аналитикалық есепте — жоспарлы өзіндік құны немесе келісім бағасы болып табылатын тұрақты есептік бағасы бойынша бағалайды.
Бухгалтерлік есепте дайын өнімдерді бағалаудың мынандай түрлері қолданылады:
- өндірістік өзіндік құн;
- өзіндік қүны (жоспарлы, нақты);
- субъектінің келісім бағасы бойынша;
- бөлшек бағасы бойынша.
Аталған бағалау түрлерінің әрқайсысына қысқаша тоқталып кетейік. Өндірістік (жоспарлы, нақты) өзіндік құны бойынша бағалау, оған дайын өнімді өндіруге жұмсалатын барлық өндірістік шығыңдар енгізіледі.
Нақты өндірістік өзіндік қүн №10 журнал-ордерге жүргізілетін №2 ведомостың мэліметтері бойынша анықталады. Оның шамасын есептеп шығару үшін есепті айда шығарылған өнімнің көрсетілген шығындарынан ішкі айналымды ескере отырып, шығысқа шығарылған дайын өншнщ құныі шегеріп, айдың басындағы аякталмаған өндіріс қалдығының сомасын қосыі және айдың аяғындағы өндіріс қалдықтарының сомасын шығарып тастайды.
Бұл, әдетте, негізінен ірі күрделі жабдықтарды және тасымалдау құралдарын шығаратын жеке өнеркәсіпте қолданылады. Оны жаппай өніл түрлері шектеулі шаруашылықтарда колданылуы мүмкін.
Жоспарланған өзіндік құн келісім бағасы сияқты, тұрақты есептік бағась ретінде алынады. Бұл әдісті қолданған кезде, өнімнің нақты өндірістік құныныі жоспардағыдан немесе нормадағыдан жеке ауытқу есебі жүргізіледі. Бұд әдістің ерекшелігі сонда, дайын өнімді бағалауда жоспарлау мен есептч бірыңғай бағалауды қамтамасыз етеді. Бірақ, егер жоспардағы немеа нормадағы өнімнің өзіндік құны жиі өзгерсе, онда дайын өнімнің қалдықтарыі қайта бағалау қиындай түседі.
Толық өзіндік құн (жоспарлы, нақты) бойынша бағалау, ол коммерциялық шығындар (сатып алушылар есебінен орындары толтырылмайтын, өнімд өткізуге, жоспарлауға, т.б. байланысты шығындар) қосылған өндірістік өзіндік құннан тұрады.
Шаруашылықтың келісімді бағалары бойынша бағалау әдісіе қолданған кезде өнімді бағалау, нақты өзіндік құнынан ауытқу жеке аналитикалық есепте көрсетіледі. Тұрақты келісім бағасын белгілегенде бұл әдістің маңыздылығы шығарылған тауарлы өнімнің дұрыс анықталғандығын бақылауға және олардың ағымдағы есебі мен қорытынды есебінде бағалануын салыстыруға мүмкіндік береді. Бөлшек сауда бағалары, бұл бағалау әдісі, әсіресе, үлкен базарларға түсетін және бөлшек сауда жүйелері және қоғамдыв тамақтандыру орындары арқылы өндірілетін жеке тұтыну тауарларына қолданылады. Олар келісімді бағадан және айналым шығындарын жабатын әрі сауда ұйымдарының табысын қүрайтын сауда үстемесінен тұрады.
Аудитор дайын өнімдерді тексеруді оларды сатуға байланысты материалдарын тексерумен жалғастырады.
Артып жөнелтілген немесе босатылган өнім (жұмыс, қызмет) сатып алушының элі төлемеген сатушының толеуіне талап етіп банкке өткізген құжаттарын айтамыз.
Аудитор жасаған бағдарламасын кенейте түсу үшін дайын өнімді сатуға байланысты мынандай мәселелерді анықтауғатиісті:
- дайын өнім сатуға шарт жасалғалдығын және олардың дұрыс рәсімделгендігін;
- артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
- артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс белгіленгендігін;
- өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тэртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, (оларды мынандай түрлерге бөледі: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко-айлақ және сатып алушының франко-қойма);
- артып жөнелтілген өнімдер үшін банкке төлемді талап ету табыстау
құжаттарының уақтылы табыс етілгендігін; - сатушының қоймасынан тікелей босатылған өнімдерге жасалған
құжаттардың дұрыстығын; - дайын өнімдердің қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылғандығы;
- артып-жөнелтілген және сатылған өнімдердің (жұмыс, қызмет)
аналитикалық есептерінің дұрыс жүргізілгендігін; - артып-жөнелтілген және сатылған өнімдердің бухгалтелік есеп
шоттарында таратылып корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін; - аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазуларымен сәйкестігін.
Шаруашылық өнім сатуды жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады. Оның негізінде субъектінің сату бөлімінде қоймадан өнімді босатқаннан (жөнелткеннен) кейін есептеу-төлем құжаттарын жазу үшін бухгалтерияға беретін, сатып алушыға босататын немесе жөнелтетін өнімдерге жазылатын накладнойларға бұйрық жазылады. Бухгалтерияға сондай-ақ темір жол тарифін немесе сужолы фракатының сомасы көрсетілген тасымалдау накладнойлары келіп түседі. Бұл құжаттардың негізінде сатып алушы келісімін бергеннен кейін инкасса арқылы банкке немесе сатып алушыға төлеу үшін бухгалтерияда төлемді талап ету құжаты жазылады. Сатып алушыларға жөнелтілген заңды өнім қашан сатып алушы төлемді талап етуді төлегенше сатушының меншігінде кала береді.
Жөнелтілген (босатылған) өнімдердің есебін 1330 «Тауарлар», 1210 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борыштары», 1270 «Дебиторлық борыштар» еншілес (тәуелді) серіктестіктердің» және 6010 «Негізгі қызмет табыстары» бөлімшелерінің шоттарының кредитіндегі операцияларының есебіне арналған №11 журнал-ордерге ашылатын 1210 «Алынуға тиісті шоттар» шотында сатып алушылармен және тапсырыс берушілер мен есеп айырысудың есебінің ведомостарында жүргізіледі.
Ведомостқа шот-фактураның, бұйрық-накладнойлардың, төлемді талап етуі қүжаттарының негізінде жазулар жүзеге асырылады. Ведомостқа төленгендігі туралы белгіні банк көшірмесінің кассалық ордерлердің немесе басқа да ақша құжаттарының негізінде жасайды. Төлемді талап ету қүжаты инкассаға қою арқылы банкке беріледі. Инкасса дегеніміз — сатып алушыдан тиісті төлемді алу туралы сатушының тапсырмасын орындауды банк өзіне қабылдаған кезіндегі есеп айырысу тәртібі.
Сатып алушыларға артып-жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыс тың және көрсетілген қызметтің есебін мына төмендегідей топтарға бөледі.
а) төлеу мерзімі әлі жетпеген сатып алушыларға есеп айрысу құжаттары
бойынша берілген артып -жөнелтілген тауарлар және өткізілген жұмыстар;
ә) есеп айырысу құжаттары бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің мерзімінде төлемеген артып-жөнелткен тауарлы және өткізген жұмыстар;
б) сатып алушылардың төлеуден бас тартқан сатып алушылардың сақталуына жауапты өнімдер.
Айдьң бойында артып-жөнелтілген дайын өнімді қоймадан тұрақты есептік бағасы бойынша шығысқа шығарады. Айдың аяғында ведомостардағы есептік бағасы бойынша артып-жөнелтілген өнімдердің жалпы сомасын санайды. Артып жөнелтілген өнімнің нақты өзіндік қүны есептеу жолымен табылады. Бұның себебі әр түрлі есепті кезеңде өндірілген өнімнің нақты өзіндік құны әр түрлі болғандықтан.
Аудитор, сондай-ақ нақты өндірістік өзіндік қүлының, оның есептік бағасы бойынша кұнынан ауытқуын дұрыс есептеп шығарылуын, артып жөнелтілген өнімдерге және қоймадан олардың қалдықтарына таратылуын және артып жөнелтілген өндірістік өзіндік қүнын бүйымдардың түрлері немесе табыстар бойынша дү-рыс анықталуын тексеруге міндетті.
Төменде ауытқуды есептеп шығару және тарату әдістері келтірілген.
5-кесте
Өнімнің накты өндірістік өзіндік кұнының оның есептік бағасы бойынша құнының ауытқуын таратуды есептеу
мың теңге
№ |
Көрсеткіштері |
Есептік құны бойынша |
Нақты құны бойынша |
Ауытқуы (+,-) |
1 |
Дайын өнімнің айдың басындағы қалдығы |
50 |
48 |
-2 |
2 |
Өндірістен түскені |
267 |
262 |
-5 |
3 |
Жиынтығы |
317 |
310 |
-7 |
4 |
Өнімнің нақты қүнының оның есептік бағасы бойынша құнының ауытқуына қатынасы. (3 қатар 5 бағана бойынша: 3 қатар бойынша 3 бағана 100) |
|
|
2,72 |
5 |
Артып-жөнелтілген дайын өнім |
256 |
250 |
-6 |
Кәсіпорынның қаржылық есебі бойынша
Біздің мысалымызда» ауытқу пайызы алу белгісімен көрсетілген. Бұл, өнім шығарған кезде есептік бағасы бойынша салыстырғанда, нақты өзіндік құнының төмендегенін көрсетеді. Субъектінің есепті кезеңде есепті бағасы бойынша жалпы дайын өнімнің көлеміндегі нақты шығындарының үлес салмағы (ондық басындакы қалдығына, өндірістен түскенін қосып 97,28%; 310:317×100; -2,72). Егер бұл көрсеткіш 100% құраса, онда нақты шығындары, есептік (жоспарлы бағасына сәйкес келеді; егер 100% жоғары болса, субъектіде калькуляция баптары бойынша жоспардағы, нормадағы шығындарынан жоғары артық жүмсауға жол берілгендігін көрсетеді. Біздің мысалымызда алынған экономикаға шығарылған өнімді сатудан кейін күтілген түсімді және табысты анықтауға мүмкіндік береді.
Айдың басындағы артып-жөнелтілген (босатылған) дайын өнімнің табылған пайыздық катынасын оның нақты өзіндік күнына жеткізіп, 1320
«Дайын өнімдер» шотының кредитінен 7010 «Сатылған өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шотының дебетіне шығыс жасайды.
3.3. Есеп пен аудитті жетілдіруді талдаудың шаралары
Нарықтық экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттауға біртіндеп көшіріліп келеді. Еліміздегі бухгалтерлік есеп процесін халықаралық таным бағытына қарай ауыстыру мәселелері XX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталды. Мұның ішінде біздің еліміздегі қызмет атқарушы бухгалтерриялар мен студенттер қауымына дәріс беруші жоғарғы оқу орындарының оқытушылары 1994 жылдан бастап халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттар жүйесін шетелдік маман эксперттердің дэріс беруі негізінде оқи бастады. Бухалтерлік есеп өрісінде міндет атқарушы Қазақстандық мамандар мен оқытушылар Британ кеңесі /Шотландияның ант беруші бухгалтерлері институты/ тарапынан қайта даярланды.
Британ кеңесі еліміздегі бухгалтерлік есеп мамандарын халықаралық стандарттарға сәйкес даярлау шараларына арнайы қаражат бөліп, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларында «Есеп және аудит өрісіндегі оқытушылар мен кәсіпкерлерді қайта даярлау» жобасын ашты. Бұл жоба үш жылдай қызмет атқарып жүздеген Қазақстандық бухгалтерлік есеп мамандары қайта даярлау.
Отандық бухгалтерлік есепті женілдіру мен ары қарай дамыту және ХҚЕС негізіне қарай қолайлы үйлесімді бағытқа салу үшін төмендегі шараларды іске асырған жөн:
-ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижесін барынша карапайым және сенімді түрде көрсету;
-мүмкіндікке қарай Қазақстандық ұйымдардың қаржылық жағдайын шетелдік компаниялардың қаржылық жағдайы мен салыстыру кезінде ұзақ мерзімді нарықтық қатынастарды шетелдік эріптестермен бірге кұру.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру мәселелерін тандау арқылы басқарушылық есептің қолайлы моделін кұру бизнес пен кәсіпкерллікті дамытудың негізінен кұрайды емес пе?
Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашақка мамандар даярлау мен бұларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Кәсіби мамандық дэрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Бухгалтерлік есеп мамандығы өміршен мамандық екендігін және ұйымдарда бухгалтерлік қызмет атқарушылар шешуші тұлғаға айналғандығын түсініп келеміз. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» /счетоводттар/ қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы калыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды.
Халықаралық стандарт негізінде сапалы даярланған кэсіби бухгалтерлер экономикалық өмірде іске асырылатын қатынастар мен есеп принциптерін, қаржы, банк істері, талдау мен басқару салаларындағы синтездік байланысты білуі керек. Біздің пайымдауымызша, бухгалтерлік есеп тек қана бухгалтерлер даярлау үшін ғана емес сонымен қатар қаржы мен салық жүйесіндегі, талдау мен басқару тағы басқа экономикалық мамандардың өз ерекшеліктері бар, экономикалық тұрғыдан бірден-бір байланыстырушы болып табылады.
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін баскару мен ұйымдастыру жөніндегі шешім қабылдау мүмкін емес. Соныдқтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалетрлік есеп счеттарын жүргізу мен бұларды өз орьщдарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Қорытынды
«Қайсар-сүт» ЖШС-нің каржылық-шаруашылық іс-әрекеттеріне жүргізілген талдау жұмысы 2005 жылға қарағанда кәсіпорынның ликвидтілігі және төлем қабілеттілік көрсеткіштерінің жақсаруына, кәсіпорынның өндірістік-өткізу әрекеттерінің тиімді жолға қойылуына байланысты екені анықталады.
ЖШС іс-әрекеттері есеп беруге тиісті уақытта өте үлкен жетістіктерге ие болды. Бұның айқын дәлелі ретінде 2006 жылғы өнімді сатудан түскен табыс 2005 жылға қарағанда 38,9%-ке дейін үлғайса, ал өнімнің өзіндік қүны 43,6% дейін өскен болатын.
Есептелген коффициенттердін талдауы арқылы келесідей қортындылар келтіруге болады:
- жалпы ликвидтік коэффициент көрсеткіші 20056 ж. 1,44 ал 2005ж. 1,41 болды, оның жоғарлауы ликвидті ағымдағы активтердін барлык сомалардын жоғарлауын және барлық төлем міндеттемелер сомаларының төмендеуін көрсетеді, ол болса, оның маңызының 0,9 коэффициентін оң мінездейді;
- абсолютгы-ликвидті коэффициент көрсеткішінің 2006ж. 0,11 -ден 2005ж.
0,22-ге өсуі балансты құру күніне қарызын өтеуіне қабілетті ағымдағы
берешек бөлігінің өсуін көрсетеді. Егер 2005 жыл көрсеткіші оптималды
2 — .05 көрсеткішіне сәйкес болса, 2006ж. жағдай жақсарылды; - аралық ликвидті коэффициент көрсеткіші 2005ж. 1,31-ден 2006ж. 1,65-ке
дейін өсуі ағымдағы міндеттемелер бөлігінің өсуін білдіреді, ол тек
ақшалай қорлар есебінен ғана төлене алмайды, сонымен қатар, жіберілген өнімнен алынатын түсімдерденде төленеді. Осы коэффициенттін оптималды мәні бірден жоғаруы болуы тиіс; - өзіндік айналым коэффициент мәнінің 2005 жылы 0,29-дан, 2006жылы-0,31-ге дейін өсуі, кәсіпорынның каржылық тұрақтылығына қажетті, оның жеке меншік айналым қорларының өсуін көрсетеді және де бұл көрсеткіш оптималды мәніне сәйкес, яғни ол бірден жоғары болуы тиіс;
- өзіндік капитал айналым коэффициент көрсеткішінің 2005ж. 21,4-тен, 2006ж. 10,9-ге дейін төмендеуі кәсіпорын акционерлердін қорларын колдану тиімділігіиің төмендеуін көрсетеді;
- ағымдағы активтер айналым коэффициент көрсеткіштерінің 2005ж. 6,3-тен
2006ж. 4,7-ге дейін төмендеуі, ұйымның қосымша өнім өндіруге қажетті
корларды босату қабілетін жоғалтканың көрсетеді. Бұған ағымдағы
активтердің айналым күндерінің жоғарлауында көрсетеді: 2005ж. 57,6
күннен, 2006ж. 77,5 күнге дейін; - дебиторлақ берешек коэффициент көрсеткішінің 2005 ж. — 8,5-тен, 2006 ж. —
4,7-ге дейін төмендеуі сатып алушылардың өнімді өткізу табысымен
салыстырғанда, дебиторлық берешек өсуінің алда болуын көрсетеді, оны
дебиторлық берешектің 2,4 есеге жоғарлауы куәландырылады. Коэффициент көрсеткішінің төмендеуі сатып алушыларға берілетін несие
көлемінің жоғарлауын көрсетеді. Дебиторлық берешектін айналым
күндері 2005 ж. 42,3 күннен 2006ж. 71,8 күнге дейін көбейді, яғни
клиентке төлемге жазылған шоттарды төлеуге қажетті уакыты жоғарлады,
бұл теріс мінезделінеді; - кредиторлық берешек айналым коэффициент көрсеткішінің 2005ж. 8,8-ден, 2006ж. 6,7-ге дейін төмендеуі өнімді өткізуден алынатын табыс пен салыстырғанда, ұйымның кредиторлық берешек өсуінің көбірек болуын көрсетеді, бұл ұйымның кредиторлык берешегінің 83,1% мөлшеріне жоғарлауымен байланысты. Сонымен, кәсіпорын несиеге сатуда жоғарлатады, бұл теріс тенденция. Бұны кредиторлық берешектін айналым күндерінің 2005ж. 40,7 күннен, 2006ж. 53,7 күнге дейін жоғарлауы көрсетеді.
Сонымен, «Қайсар-сүт» ЖШС-нің ликвидтік және төлем қабілет көрсеткіштері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда жақсарды, бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізу іс-әрекетінің тиімділігімен байланысты. Бірақта өзіндік капитал, ағымдағы активтердің, дебиторлық және кредиторлық берешектің айналым коэффициенті кәсіпорынның, 2006 жылы іскерлік белсенділігінің төмендеуін мінездейді.
Жалпы, «Қайсар-сүт» ЖШС тәжірибеде зерттеулері көрсеткеніндей, қаржы және салық есептемесін қүрастыруы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда, ҚР Салық кодексіне, ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы» заңына, ҚР БЕС және ұйымның Есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Налоговый кодекс Республики Казахстан от 12 июня 2001г. № 209-П.
- Закон Республики Казахстан от 26 декабря 1995г. № 2732 «О
бухгалтерском учете и финансовой отчетности» (с изменениями от
06.02 г.) - Закон Республики Казахстан от 20 ноября 1998 года N 304-1 «Об
аудиторской деятелъности» (с учетом изменений и дополнений от
01.01 г. - Закон Республики Казахстан «О труде в Республике Казахстан» от
10.12.99 г.№ 493-1.
- Закон от 20 июня 1997 года N 136-1 «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан (внесены изменения от 16.11.99 г. N 482-1).
- Приказ МФ РК «Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета» №438 от 18.09.2002 г.
- Стандарты бухгалтерского учета №5; №11; №30. Национальная комиссия Республики Казахстан. -1996-2005гг.
- Абдыманапов А. Концептуальные основы и принципы бухгалтерского учета: учебное пособие. – Алматы, 2003.
- Абдыманапов А. Терминология и признание элементов финансовой отчетности // Бухгалтерский учет и аудит. – 2003.
- Абдыманапов А., Даимов С. Принципы бухгалтерского учета и финансовой отчетности: (учебник) – Алматы, 2005.
- Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт). Алматы, 2006.
- Андросов А.М., Викулова Е.В. Бухгалтерский учет. — М.: Финансы и
статистика 2000г. - Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит / пер с англ. под ред. Я.В.Соколов. —
М: Финансы и статистика, 1995г. - Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. — М: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 1997.
- Аудит/Подред. В.И.Подолъского.-М.: ЮНИТИ, 2001.
- Барышников Н.П. В помощь бухгалтеру и аудитору.- М: Филин,
- Грушков И.В. Практический аудит на современном предприятии. Москва-Новосибирск: КНОРУС-ЭКОР, 1997.
- Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и
анализ финансовой отчетности. — Алматы: Каржы-Каражат, 1998. - Дюсембаев К.Ш. Теория аудита. — Алматы: Экономика, 1995.
- Ержанов М.С. Теория и практика аудита. — Алматы: Гылым, 1994.
- Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском
предприятйи (практический аспект). — Алматы: Издательсісий дом
«Бико», 1997. - Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», «Интел-Синтез», 1999.
- Кеулимжаев К.К. Финансовый учет на предприятии. — Алматы: Экономика, 2005.
- Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния
предприятия. — М.: центр экономики и маркетинга, 1995. - Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки. — М.: ПРИОР, 2000.
- Козлова Е.П., Парашутин Н.В., Бабченко Т.Н., Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет. -М: Финансы и статистика, 1998.
- Камышанов Л.И., Камышанов А.П., Камышанова И- Бухгалтерский учет и аудит. -М:Приор, 1998.
- Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ. -М: ПРИОР,
1996.
- Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов .-Алматы: Экономика, 2005
- Нидлз Б., Андерсон X., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. Пер. с англ. под ред. Я.В.Соколова. — М: Финансы и статистика, 1993.
- Нурсеитов Э.О. Руководителю о контроле за бухгалтерским учетом. —
Алматы: ИД «Бет», 2000. - Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.ВГ, Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. — Алматы: Центраудит Казахстан, 2002.
- Русак Н.А., Русак В.А. Финансовый анализ субъекта хозяйствования: Справочное пособие. -М: Высшая школа, 1997.
- Справочник бухгалтера. 2001-2005 г.
- Тасмагамбетов Т.А., Тлеужанова М.А., Омаров А.Ш., Мурзагалиев Ж.Н., Юсупова М.П. Анализ и аудит в системе управления предпринимательской деятельностью. -Алматы: Юнти, 1999.
- Тасмағамбетов Т.А., Әбленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау.Алматы,2002.
- Тулешова Г.К. Система бухгалтерского учета в Республике Казахстан. — Алматы: Гылым, 2001.