АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштар

Мазмұны

 

  Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….2

 I  Әдебиетке шолу……………………………………………………………………………………4

  1.1 Жүгерінің биологиялық ерекшелігі…………………………………………………….5

  1.2 Топырақ – климаттық жағдайлары…………………………………………………….11

II  Экспериментальды бөлім

  2.1  Жүгері  өсетін аудандардың  климаты мен топырағының сипаттамасы………………….19

  2.2. Зерттеу нысаны және әдістемесі……………………………………………………………………………..23

 III  Негізгі бөлім

  1. 3. 1. Агрохимиялық    картограммалар және өсімдіктерге   керекті  

тыңайтқыштарды анықтау жолдары………………………………………………….24

 3.2. Жүгерінің  өсу кезеңдерінде   топырақтағы   жылжымалы  қоректік 

заттарға  тыңайтқыштардың    әсері……………………………………………………27

3.3. Тыңайтқыштардың   жүгері өніміне   әсері………………………………………..34

  3.4. Жүгері   өсірудің   индустриалды   технологиясы      мен

    тыңайтқыштарды       қолданудың   кейбір   ерекшеліктері …………………………42    3.5 Дәңдік жүгері өсіру технологиясының үлгісі…………………………………44

3.6. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды тыңайтқыштарды енгізудің экономикалық тиімділігіне баға беру…………46

3.7. Дәндік жүгеріге  минералды тыңайтқыштарды енгізудің экологиялық негізі……………………………………………………………………………..49

3.8.   Жүгері егісіндегі арамшөптермен күресу жолдары…………………….51

3.9 Еңбекті қорғау және тіршілік – қауіпсіздік бөлімі………………………..52

Қорытынды………………………………………………………………………………………………54

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………..55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.

Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.

Қазіргі уақытта жыл сайын  республиканың барлық аймақтарында ол — сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында — дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.

Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95—100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.

Ол гектарына 150—300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.

Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты — әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады.

Топырақ өзінің құрамындағы қоректік заттарды неше ғасыр мол жинақтап, жаңартып жатса да, бірнеше жылдар бойы бір жерге қайта-қайта егілген дақылдарға оны пайдалануға байланысты бұл қорлар ерте ме, кеш пе азая бастайды. Дәндік жүгерінің әр тоннасы топырақтан 100 килограмға жуық қоректік заттарды алатынын ғылым дәлелдеп отыр. Топырақтан кеткен осы қоректік заттар шығындарының орнын үнемі әртүрлі тыңайтқыштармен толықтырып отыру керек.

Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының әртүрлі климат-топырақ аймақтарында егілетін жүгері егістігіне тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде қолданылады. Соған қарамастан оларды пайдалану жөніндегі нақты зерттеу жұмыстары аз. Қөптеген шаруашылықтардағы әр гектардан алынған өнімдер   әлі   де болса   жоғары   деңгейде   болмай отыр. Осы зерттеу жұмыстарымыздан басқа да, ғылыми мекемелердің қорытындылары, әртүрлі құнарлылықтағы топырақ пен алғы дақылдарға егілген дәндік жүгерінің сорттарына сай қолданылатын тыңайтқыштардың нормасы, мерзімдері және тәсілдері, шаруашылықтардағы оларды қолданудың озат тәжірирелері мен экономикалық тиімділігі, қоршаған ортаны сақтау жолдары баяндалады.

 

Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының кәдімгі сұр топырақты аймағында дәндік жүгеріні егіп өсіру технологиясында оларға әр түрлі мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолданып, оның өнімділікке әсерін анықтауға мақсатталған. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жүгеріні суармалы жерге өсіру бағытында аудандастырылған Қазақстан 43ТВ  және Узбекстанская зубовидная сорттары егілді.

Зерттеу жаңалығы мен міндеті. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде енгізіліп дәндік жүгерінің өнімділік деңгейі анықталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде алдымызға қойған мақсаттарымыз:

  • қоршаған ортаны қорғай отырып дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау;
  • тәжірибе барысында бақылау мен басқа нұсқалардағы жүгерінің өсіп-даму кезеңіндегі ерекшеліктерді анықтай отырып, оның өнімділікке әсеріне көз жеткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Әдебиетке шолу

 

Сурамалы жағдайда өсімдіктерге минералды твыңайтқыштарды енгізіп, топырақтың қоректі қорын арттыру арқылы ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім алуға болады. Топырақ ылғалдылығы мен қоректік қорларын біркелкі жақсарту жақсы өнім кепілі. Шет елдерде дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу тәжірибе жұмыстары көптеген жылдар зерттеулер жүргізіле отырып, мынадай тұжырымға келді. АҚШ ғалымы З.И.Журбицкий (1) жүргізген тә жірибе қорытындыларына сүйенсек, дәндік жүгеріге NPK тыңайтқыштарын 2:1:1 қатынасында қолданған тиімділігі анықталды. Бұндай жағдайда дәндік жүгерінің 1 гектердан алынған өнімі 60 ц/га жеткен.

Р.А.Канидич (2) мәлімдемесі бойынша қара топырақсыз аймақтарда N90P60K60 мөлшерде енгізу жоғары көрсеткішке ие болған. Ал азот- фосфор немесе фосфор-калий тыңайтқыштарын жұбымен енгізу тиімсіздігі анықталды.

Украина ғалымы Н.И.Михайлов (3) тұжырымдамасы бойынша минералды тыңайтқыштарды енгізуде негізінен топырақтағы қоректік элементтер қорына байланысты екендігі айтылған. Қазіргі жағдайда көптеген шаруашылықтарда көп мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолдану қосымша өнімімен ақталады.

Қостанай облысы Қарабалық тәжірибе станциясы (4) мәліметтері бойынша кәдімгі қара топыраққа егілген дәндік жүгерінің өнімділігіне фосфор тыңайқышы елеулі әсер еткен.

А.С.Обрацовтың (5) тұжырымдамасы бойынша жүгеріге үстеме қорек ретінде азот тыңайтқышын енгізу (РК жеткілікті болса) өсімдік өсуі жеделдеп, өнімділік артады.

К. А. Тимирязев (6) жоғары өнім алу үшін ең алдымен өсімдіктің нені қажет ететінін, қорекпен қалай қамтамасыз етіліп отырғанын білу керек дегенді. Демек, табиғи ерекшеліктеріне, қажетінің өтелуіне сәйкес жүгері тұрақты жоғары өнім береді.

Шыққан тегі жағынан алсақ, жүгері жылылықты сүйетін дақылдар қатарына жатады. Осыған байланысты ол өте сезімтал, өзін қоршаған ортаға (жарыққа, жылуға, ылғалға, қорекке) талап қойғыш. Жүгеріні баптау кезінде мәселенің осы жағына баса назар аудару керек.

Жүгерінің өзіне тән ерекшелігі сол, вегетациялық өсу кезеңінің бірінші жартысында (шашақтануға дейін) баяу, екінші кезеңінде (әбден піскенге дейін) қарқынды өседі. Жүгері құрғақ заттың алтыдан бір бөлігін өсуінің алғашқы екі айында, алтыдан бес бөлігін онан кейінгі бір жарым айда жинайды. Жүгеріден мол өнім алу үшін осы аймаққа лайық келетін агротехниканы қолданған жөн. Жүгеріде фосфордың жетіспейтін шағы —үш-төрт жапырақ шыққаннан кейіңгі екі апта. Осы кезде фосфор жетіспесе дән байланбайды, өнім күрт төмендейді. Жүгері азотты сабағы мен жапырақта-рының өсуі кезінде және содан кейін көп керек етеді. Алғашқы айда азот берілмесе, өнім күрт төмендеп, дән байлауы нашарлайды. Сегізінші және тоғызыншы жапырағы шыққан кездерде азот пен фосфор   жеткілікті болса, онда жүгеріден мол өнім күтуге болады. Д. Н. Прянишников, И. В. Якушкиннің (7) мәліметі бойынша басқа жаздық дақылдарға қарағанда жүгері бойлап өскен жылдары топырақтан азот пен фосфорды 1,5—2 есе, калийді 3—5 есе көп қабылдайды. Сорттар мен будандардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтағы минералдық элементтерді қажетсінуі әркелкі болады.

Жүгері топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл. Оның қоректік заттар пайдалануының белгілі кезеңдері бар. Қоректік заттарды көп пайдаланудың бірінші кезеңі — жүгерінің жапырағы көктеп жетіле бастағаннан шашақ салғанына, дейін созылады. Екінші кезеңі — 15—20 күн щамасында өте қысқа болғанымен, бұл — жүгерінің қоректік заттарды сіңіру қабілетінің жоғарылайтын тұсы. Ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда, осы кезеңнің әрбір күнінде жүгері топырақтың бір гектарынан 6—7 кг азот, 2 қг фосфор және 10—12 кг калий заттарын пайдаланады екен П. Г. Найдин (8).

Жүгері өсімдігі өзінің вегетациялық дамуы кезінде минералдық элементтерді  бір қалыпты  қабылдамайды.

Омскінің қара топырақты   аймақтарында жүгерінің кұрғақ зат түзуі мен минералдық элементтерді қабылдауын 4 жылы бойы зерттеген А. П. Белов (9) бұл дақылдың қоректік зат қабылдау процесі құүрғақ зат түзу про-цесімен сәйкес болатынын анықтаған. Жүгерінің құрғақ зат түзуінің ең жоғары шегі (56,3—61,9) процент интенсивті даму кезінде, яғни, дақылдың 8 жапырақты кезінен собықтарының култеленгеніне дейінгі аралығында жүретінін анықтаған. Бұл кезде өсімдік топырақтағы жалпы азоттың 88,9—89,5 процентін, фосфордың 74,6—85,4 процентін, калийдің 90,5—106,5 процентін қабылдайды. Күлтеленуден сүттену процесіне дейін өсімдіктің құрғақ заты мейлінше өсе түседі.

Қорыта айтқанда әрбір аймақтың топырақ — климат жағдайы мен топырақ құрымындағы макро, микро қорларына байланысты минералды тыңайтқыштарды енгізу әртүрлі болып келеді.

 

 

1.1.  Жүгерінің   биологиялық     ерекшеліктері

 

Өсіп-өну және даму. Жүгері дәнді дақылдар тобына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр терендікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 проценті топырақтың айдалатын қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар мен ылғал әкеліп жатады. Нәтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді басқа дәнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр және тіреуіш тамыр. Кейінгі қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Е. Амантаев., Н. Нечипоренко мәліметтері бойынша көгеріп шыққаннан кейін 7—8 күнде жүгері тамыры 25 сантиметр тереңдікке дейін барады.

Әйтсе де алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп, өсуі өте баяу болады. Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда әсіресе, шашақтану кезінде бір тәулікте 10—12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлденгеннен кейін есуі тоқтайды. ІІІашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дәуірінде жүгері өзінің жалпы органикалық массасының 75 процентін жинақтайды.

Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тәуліктік ұлғаюы 7, 12, 13 жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына әсер ететін 2—3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына әсер ететін 6—7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады (Н. М. Третьяков, 1979).

Жүгері 5 жапырақты болғанда оның тамыры жан-жаққа 11—13 -сантиметрге дейін тарамданып өседі. Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол сабағы біреу болады да, сорт өзгешеліктеріне қарай биіктігі 0,6—6 метрге жетеді.

Жүгері — бір ұялы және қос жынысты өсімдік. Аталығы түбірінің жоғары жағында шашағында орналасқан, аналық жынысы собығында, жапырақтар қабығымен қоршалған. Шыққан сабағы жуан, цилиндр тәрізді, қалыңдығы 2—7 см, жақсы жапырақтанады, жапырақтарының саны 13 пен 28 арасында болады. Жүгері жер шарының солтүстік ендігінің 58 градусынан оңтүстік ендіктің 40 градусына дейінгі аралықта — ойпаттарда, қыратта да, тіпті тау бөктерлерінде де өсіріледі. Мұның өзі жүгерінің топырақ — климат жағдайлары әр түрлі жерге өсуге бейімділігін, өміршеңдігін көрсетеді. Әйтсе де, бұл дақылдың бейімділігіне қарамастан, әр түрлі өсіп-өну, даму сатыларында оған қоршаған ортаның әсерін білу жүгерінің биологиясын жетік меңгеруімізге, тиімді агротехникалық шараларды жүзеге асыруымызға мүмкіндік -береді.

Жүгерінің Отаны — Америка.   Оның  Мексика   және Гватемала тропикалық-субтропикалық аймақтары. Жүгері дәнінің алғашқы үлгілері ХV-ғасырдың аяғында Европаға әкелінді. Алғашында сирек кездесетін сәнді өсімдік ретінде, содан соң астық және мал азығы ретінде бағаланды. Жоғары өнімділігі, өсіру технологиясының қарапайымдылығы, оның бағасын арттырады. Лезде жер шарының барлық түпкірлеріне, оның ішінде мал шаруашылығы дамыған елдерге тарады. Жүгері бұл күндері алпыстан астам  мемлекетте өсіріледі.

Америка ғалымы Мак-Милен жүгеріні кез-келген қазба байлықтан алынатын шикізаттардан артық деп бағалаған. Қазба байлықтар үнемі пайдаланғанда қорын сарқады, өсімдіктер, оның ішінде жүгері өзінің қорын кемітпейді. Қазіргі кезде жүгері егістігінің көлемін ұлғайту — оны әртүрлі мақсаттарға пайдалануға мүмкіншілік туғызды.

Дүние жүзі бойынша шетелге шығарылатын жалпы дәнді дақылдардың ішінде дәндік жүгерінің үлес салмағы 26 процентке жетті (бидай 52, күріш — 7, арпа — 7 процент). Жүгері дәнін шетелге шығарушы негізгі ел — Америка, бұл жерде оның үлес салмағы — 52 процент. 1965—1967 жылдары Америкада жүгері дәнінің шығымдылығы гектарына 45 центнерден келсе, басқа дәнді да-қылдардың шығымдылығы гектарына 20,8 центнер болды. Яғни, жүгерінің әр гектардан алынатын өнімділік мөлшеріне ешқандай дәнді дақыл теңдесе алмайды.

Америкада мал азығына берілетің жемнің 73 проценті — жүгері дәні. Қазіргі кезде Америка Құрама Штаттары жер жүзіндегі өндірілетін жүгерінің 44 процентін береді.

Сүрлем үшін өсірілетін жүгерінің аумағы барлық егіс көлемінің 8 процентіне тең, оның әр гектарынан 200—230 центнерден өнім алынады.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында егілетін дәндік, сүрлемдік жүгері егістігінің басым көпшілігі жылдық жауын-шашын жиынтығы 200— 250 мм болатын аймақтарда орналасқан. Әрі мұндай топырақ қоректік органикалық заттарға кедей. Сондықтан, біздің республикамыз жер жүзі мен Одақ көлемінде климат — топырақ аймағы анағұрлым өзгеше және қатаң болуымен ерекшеленеді.

Жер жүзінде дәндік жүгері азық-түлік ретінде (20— 25%), мал азығына (55—60%) және түрлі техникалық мақсаттарда (15—20%) өнеркәсіпте шикізат есебінде  пайдаланылады. Жүгеріден өнеркәсіпте 150-ге жуық әр түрлі азық-түлік, техникалық заттар, майлар, сыра, крахмалдар, т. б. алынады. Бұл заттарға қосымша кондитер, консерві өнеркәсібіне бояулар, әртүрлі ерітінділер, ацетон, фурфурол, желім, спирт, қағаз, жасанды тығын, пластмассалар, дәрі-дәрмектер алынады.

Басқа дақылдарға қарағанда жүгері құрамында белок аз. Қазір оны белогі көп дақылдармен (соя) араластырып егіп, аса құнарлы сүрлем дайындау жүзеге асырылып жүр.

Қоректілігі жағынан алғанда жүгері дәні басқа дәнді дақылдардан артық. Мысалы, 1 кг жүгері дәнінде 1,34 мал азықтық өлшем болса, ал сұлыда — 1, арпада — 2,26, қара бидайда — 1,18-азықтық өлшем бар. Жүгері басқа дақылдарға қарағанда құрамындағы құрғақ заттың бір өлшемін құруға суды аз жұмсайды. Сонымен қатар жаздың екінші жартысындағы жауынды, топырақ-тың төменгі қабатындағы ылғалды, қоректі заттарды жақсы пайдаланады.

Жүгері — өте жақсы алғы  дақыл. Аңыздық егістіктерде желден қорғау және қар тоқтатуда ықтырмалы өсімдіктер ретіндегі жүгерінің маңызы ерекше. Жүгері егістігі басқа дәнді дақылдар секілді оттегі қорын молайтып, қоршаған ортаның ауасын жақсартады.

Жүгері егістігі алғы дақылдарды онша көп  таңдамайды. Басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол, ол отамалы дақыл ретінде топырақтардың бірнеше рет өңделуіне байланысты, әртүрлі тыңайтқыштар, гербицид жеткілікті беріліп, агротехникалық шаралар мен суару дер кезінде жүргізілген жағдайда ауыспалы егісте және бір орынға қатарынан бірнеше жыл егілген жүгері егістігінің өнімдері жоғары және бірдей болады.

Жүгері егістігін молайту басқа дақылдарға қарағанда зкономикалық жағынан тиімді. Жүгерінің әр гектарынаң 30—35 центнер құрғақ дән және 210 центнер қосымша сабан алынады. Мұны мал азықтық өлшемге шаққанда 6750 болады екен.

Жүгері дәнінде 60—70% углевод, 9—12% белок, 4— 7% май, минералды тұздар мен витаминдер бар. Сондықтан жүгері дәні барлық мал түлігі және құстар үшін өте бағалы жем болып табылады.

Жүгерінің көк балаусасы да қоректік заттарға өте бай, одан малға жұғымды, жоғары сапалы сүрлем дайындалады. Бұл үшін ең тиімді кезең — жүгері дәні сүттеніп, қамырланған кез. Осы кезде дайындалған жүгері сүрлемінде құрғақ заттар — қорытылатын протеин көп болады. Ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша 5 кг жүгері сүрлемінен 1 килограмм сүт алынады.

 Гүлдену кезінде де жүгері көк шөп ретінде малға беріледі. Бұл уақытта жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып өседі оның құрамындағы протеин мөлшері артады. Дәнге орып жинағаннан кейін де жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары мен сабақтары, басқа дақылдар сабағына қарағанда қоректік заттарға бай, жемшөптік сапасы жоғары болады.

Жүгері сабағы салмағының бестен бір бөлігі собық өзегіне тиеді, онда қоректік заттар көп. Сондықтан собық өзегін майдалап турап, ұнтақтап, дәнмен араластырып малға жем ретінде береді.

Жүгерінің агротехникалық маңызы да үлкен. Оның қатараралығын культивациялау кезінде арамшөптер жойылып, жүгерінің және одан кейін егілетін басқа дақылдардың өсуіне жағдай жасалады. Жүгері биік өсіп, қалың жапырағымен жер бетін көлеңкелеп, микробиологиялық процестерді жақсартады. Жүгерінің басқа дақылдармен  салыстырғанда   жақсы   алғы дақыл   болып саналуының себебі де осында. Республиканың оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақта, жүгеріні аңыздық дақылдардан кейін себе беруге болады.

Жүгері егістігінен жылына екі рет өнім алуға болады. Республикамызда мал азығын дайындау мен егіншіліктегі маңызды агротехникалық шаралардың негізі ретінде де жүгерінің пайдасы орасан зор. Қайталап егу кезінде жер органикалық заттарға байып, осының нәтижесінде топырақтың физикалық қасиеттері жақсарып, зиянды арамшөптерге қарсы күресуде басты роль атқа-рады.

Бұл міндетті орындауда оңтүстіктегі суармалы егіншілігі бар аудандардың маңызы өте зор. Себебі, бұл аудандарда көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі ерте жиналады. Және дәл сол жерде екінші өнім алуға керекті жағдайлар толығымен пайда болады. Суармалы жерлерде егілген жүгері егістігі суарылмайтын жерлердегі егілген жүгері егістігіне қарағанда қоршал-ған ортаныц микроклиматына игі әсер етеді. Басқаша айтсақ, 30 градустан асқан күндер санын — 2 есе, құрғақшылықты— 10 есе азайтып, ауаның абсолюттік температурасын — 15 градусқа дейін төмендетеді.

Аңыздық дақылдарға егілген жүгері егістігі ауыл шаруашылығының жалпы өнімін көбейтетіні мәлім. Ол сонымен қатар, суармалы жерді, ылғалды, күн қуатын, жылылықты, жұмыс күшін, техниканы және қаржыны мейлінше тиімді де толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Мұндай ауқымды міндеттерді орындау үшін осы уақытқа дейін пайдаланылмай келе жатқан табиғи резервтерді іске қосудың маңызы зор. Республикамызда, әсіресе, оның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарда, осы уақытқа дейін жөнді пайдаланылмай
келе жатқан табиғи резервтердің бірі — аңыздық егіс. Осы аймақтарда кептеген дақылдар — жаздық және күздік бидай, күздік қара бидай, арпа, сұлы, бір жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері — жаз ортасында-ақ пісіп үлгереді. Оларды жинап алғаннан кейін 70—100 күндей
ауа райы егін үшін қолайлы болып тұрады. Осындай жағдайда, дайын егістік жерлердегі күннің жылуы да, жауын-шашын да пайдаланылмай босқа кетеді. Кезінде К. А. Тимирязев: жылына бір рет өнім алуға негізделген егіншілікке жаздың бірінші жартысы ғана пайдаланылады, ал оның егіс үшін өте қолайлы да, жеткілікті екінші жартысы мүлде пайдаға аспайды, бұл үшін болашақ ұрпақтар алдында ұяттымыз деген пікір айтқан болатын. Ұлы ғалымның осы ойы өз мәнін жойған жоқ.

Жүгерінің вегетациялық өніп-өсуі кезінде жинақтаған органикалық заттары, қоректік заттарды пайдалануы, өсімдіктердің өніп-есуі кезіндегі тіршілік ететін ортасы әр жерде түрліше ерекшеліктерге ие болады. Өсімдіктерді құрап тұрған организмдер жапырақ, сабақ, тамыр да біркелкі болмайды. Сондықтан заттардың өзара алмасуы, өсіп-өнуі және дамуы әр, түрлі өтеді.

Жер бетіндегі басқа да тірі организмдер секілді өсімдіктерде де өте күрделі процесс — қоршаған ортамен зат алмасуы жүріп жатады. Демек, өсімдіктер өзіне қажетті қоректік затты қоршаған ортадан сіңіріп, денесіндегі заттардың құрамын толықтыра түседі. Сонымен бірге денеге сіңген сыртқы ортадан енген күрделі заттар өте қарапайым заттарға ауысады. Зат алмасу өсімдік үшін де, қоршаған орта үшін де тығыз байланыста жүзеге асады. Өсімдіктердің қалыпты тіршілік етуі үшін қоршаған ортада қоректік зат мол болуы қажет, сондай-ақ өсімдіктер тіршілік әрекетінің өнімдерін бөліп шығару арқылы қоршаған ортаға айтарлықтай ықпал жасайды. Айталық, өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігінің құрап, жапырақтарының түсуінен топырақтың құнарлылығы арта түседі, немесе, өсімдіктер өте көп өскенде тамыры арқылы өз бойына топырақ құрамындағы әр түрлі қоректік заттарды мол сіңіріп, оны құнарсыздандырады. Демек, қоршаған орта мен өсімдіктер бір-бірінің әсеріне тәуелді деген сөз. Мысалы, өсімдіктің тамыры топыраққа тереңірек бойлаған сайын оған жік түсіріп бұзумен бірге, тарамдалған тамырларымен шырмап топырақ түйіршіктерін нығыздап, өзара байланыстырады.

Ғылыми зерттеулер жүгері өсімдігіне әр түрлі мерзімде қолданған тыңайтқыштардың әсері әртүрлі болатынын көрсетіп отыр. Жерді жыртар алдында, жүгерінің 3—4 және 7—8 жапырақ шығару сатыларында тыңайтқыштар бергенде дәндік жүгерінің массасы айтарлықтай өскен, ал 11—12 жапырақ фазасында берілген тыңайтқыштардан дәннің массасы 45,9 грамға дейін төмендеген, яғни, екі есе кеміген. Осы зерттеулерден мынадай қорытынды шығады, жүгерінің Стерлинг сорты 11—12 жапырақ шығар кезеңіне қарағанда жас кезіндегі өніп-өсу сатысында тыңайтқыштардың әсеріне жақсы бейімделеді. Сөйтіп, жүгері өсімдігі мен тыңайтқыштар арасында қолайлы белсенділік пайда болады. Демек жүгері егістігін жас кезінде тыңайтуға әбден болады.

 Жүгерінің  биологиялық табиғатының өзі ылғалды көп қажет етеді.   Сондықтан оны өсірудің ғылыми технологиясын жасаған   кезде бағалы дақылдың осы ерекшелігін ескерген абзал. Топырақтағы қоректік заттар жер құнарлығын арттыруға қатысты проблемалардың    барлығын   бірдей    шеше    алмайды. Топырақтағы   су онда   өтетін   барлық   процестерге — өсімдіктердің қоректік заттарды пайдалануына, органикалык   заттардың түзілуі   мен ыдырауына   қатысады. Кез-келген химиялық реакциялар, яғни,   заттардың өзара әрекеттесуі   ерітіндіде  жүреді.    Суда еріген заттар өзара оңай жақындасады, тірі организмдегі заттардың синтезіне, ыдырауына әсерін тигізеді. Мұның өзі суды реакциялар жүретін орта ғана емес, аса қажет құнарлы элементтердің   бірі ретінде   қарастыру   қажет   екенін көрсетеді.   Жүгері   егістігінің бөтен   дақылдардан бір ерекшелігі өзінің құрғақ органикалық   заттар массасының түзілуіне  суды аз жұмсайды.   Дақылдардың суды пайдалану мөлшері транспирациялық коэффициент ар-қылы   беріледі.      Транспирация — өсімдіктердің   суды пайдаланып   өзінің денесінен    буландырып    шығаруы. Траңспирациялық коэффициент — белгілі масса мелшеріндегі құрғақ зат түзуге жұмсалатын ылғал мөлшері. Бұл әртүрлі дақылдарда, олардың сортының ерекшелігіне және табиғи-климат жағдайына байланысты өзгеріп отырады.  Жүгері егістігінің   транспирациялық   коэффициенті 280—350 болса, жаздық бидайдікі —400—450, арпанікі —280—400, сұлынікі —340—500-ге тең болады. Ал, кұрғақшылыққа төзімді тары егістігінің транспирациялық   коэффициенті   жүгеріден    10 процент   артық болады.

Жүгері егістігі өзінің вегетациялық өсіп-өнуі кезінде көктемгі, жазғы және кейде күзгі жауын-шашынды  көп пайдаланады.   Осыған орай   органикалық массасының молаюына байланысты суды жалпы көп жұмсайды. Өсу сатысы жоғарылаған кезде жүгері тәулігіне 2—4 литр суды өз денесінен буландырады. Егістікте жүгері жиілігіне (40 мың 1 гектар) қарай 80—100 т су жұмсайды.

Л. В. Зиневичтің зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша 1 ц дәндік жүгерінің түзілуіне 6— 9,2 мм ылғал яғни, 60—90 тонна су жұмсалады. Біздің республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртүрлі тыңайтқыштармен суландыру, агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізу, дақылдардың құрамындағы сулардың булануын 30—50 процентке азайтады. Сонымен қатар суармалы жерлердегі егістіктер тәлімі жерлердегі егістіктерге қарағанда топырағының әртүрлі, өңдеу жүйелерінің жеңіл болуына байланысты суды аз пайдаланады.

Еліміздегі, сондай-ақ республикамыздағы әртүрлі суармалы жерлердегі жүгеріге жүргізілген тәжірибелерге сүйене келіп Қазақстан ғалымы И. Д. Малаев жүгері егістігінің суару нормасын  белгіледі. Ол 900—1500 метр биіктікте —1500—2500 текше метр, 600—900 метр биіктікте —3500—5000 текше метр су беру керек деген қорытындыға келді.

Жүгері тұқымы бөрте бастаған кезден толық пісіп болғанға дейін ылғалды қажет етеді. Шашақтану дәуірі аяқталысымен оның ылғалға деген қабілеті әлсірейді. Сөйтіп, оның жапырақтары бірте-бірте тола бастайды. Әбден пісіп толғаннан кейін жүгері ылғал қабылдауды мүлдем тоқтатады.

Құрғақ жүгері тұқымының өнуі үшін өз салмағының 37,3—44,0 процентіндей су керек. Ауа райы қолайлы жағдайда жүгері тұқымының өсіп шығуы үшін топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 15 миллиметрлік ылғал болса жеткілікті. Егер ылғал бұдан аз болса, өсімдіктің дамуы баяулайды.

Мәдени өсімдіктердің ылғалды қажетсінуі су тапшылығы байқалған сайын арта түседі. Өсімдіктің белгілі бір түрі мен сортының транспирациялық коэффипиенті қоршаған ортаға, қолданылған агротехникалық шараларға байланысты өзгеріп отырады. Топырақ құнарлығы неғұрлым жоғары болып, өсімдік ылғалмен мол қамтамасыз етілсе, транспирациялық коэффициент соғұрлым аз болады.

 

1.2 Топырақ – климаттық жағдайлары

 

Топырақ құрамында ылғал неғұрлым көп болса, июнь-август айларыңда жаңбыр неғұрлым көп жауса, өсімдік солғұрлым ылғалды тиімді пайдаланады және жедел өседі. Қуаңшылық жылдары, жаңбыр аз жауғанда жүгері өсімдігі бір өлшемдік   құрғақ затын құрау үшін көп су жұмсайды.

Павлодар облыстық тәжірибе станциясында 1972— 1974 жылдары жүргізілген бақылаулар бойынша орта есеппен жүгері 1 центнер құрғақ затын түзеуге 8,2 миллиметр ылғал жүмсады. Ал танапқа 20 тонна көң шашқанда —6,92 миллиметр және әр жүйекке Р20 тыңайтқышын енгізіп, 20 тонна көң шашқанда —6,65 миллиметр ылғал жұмсады. Демек, тыңайтқыштарды пайдалану нәтижесінде ылғал үнемді жұмсалады.

Академик И. В. Якушиннің пікірі бойынша, жүгері егістігі   топырақтын .ылғалдылығы оның толық су сыйымдылығының 65—75 процентіне тең болса, өсімдіктің дамуына қолайлы жағдай туады. Егер осы көрсеткішті 30 процентке  күрт азайтып жіберсе, дақыл ылғал тапшылығын сезініп, өсуін баяулатады.

Өзінің вегетациялық дамуы кезінде жүгері ылғалды бірқалыпты пайдаланбайды. Алғашқы өсу дәуірінде жүгеріге ылғал онша қажет емес. Өйткені, бұл кезде ол өте баяу жетіледі. Осынау биологиялық ерекшеліктеріне қарай кеш және орта мерзімде пісетін жүгері сорттары мен будандары құрғақшылыққа төзімді келеді. Әйтсе де бұл кездегі топырақ ылғалының аздығы дақылдың алғашқы дамуына, күш жинауына, қалыптасуына, сайып келгенде, мол өнім беруіне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін.

Вегетациялық дамуының екінші кезеңінде жүгері ылғалды көп қажет етеді. Әсіресе, күлтеленуіне 10 күн қалғанда су өте көп қажет бола бастайды. Бұл қажеттілік дақыл шашақтанып болғаннан кейінгі 20 күн ішінде өсе түседі. Осы кезеңде дақылдың органикалық заттарының 70—80 проценті кұрылады. Егер дәл осы мерзімде қажетті ылғал жетіспесе өнім азаяды. Кез-келген өсімдік өзінің даму кезеңдері әр басқа, топырақ ылғалдылығы әртүрлі болуына байланысты  қоректік заттарды әртүрлі пайдаланады. Сондықтан, дәндік жүгеріге әртүрлі тыңайтқыштарды қолданғанда олардың мерзімін, тәсілдерін білудің маңызы зор.

Тыңайтқыштардың дәндік жүгерінің өнімі мен сапасына әсері тек қана топырақ құнарлығы, тыңайтқыштардың мөлшері, мерзімі, егу тәсілдері ғана емес, суару жуйесіне де байланысты болады.

Г. М. Титев, Э. Н. Гарме, С. Ерімбетовтың (1966)  зерттеу жұмыстарының қорытындылары минералдық тыңайтқыштар тиімділігі әр түрлі суару режиміне байланысты екенін көрсетті

Агротехникалық шараларға сай қажетті мөлшерінде қолданылған тыңайтқыштар мен суару жүйесі жүгері егістігінің жақсы өсуіне едәуір әсер етті. Ең көп өсу — жүгерінің дән салған кезінде байқалды. Ал, піскен кезде шамалы азайды. Сондықтан, кең көлемде егілген жүгері егістігіне тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде қолданып, суару жүйесін дұрыс жүргізгенде ғана олар-дың өнімін жоғарылатуға болады.

Республикада жүргізілген екі жылдық зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша суарылмаған алқапта жүгерінің әр гектарынан орта есеппен 15,4 центнер өнім алынды. Ал суарылмаған алқапты тыңайту арқылы әр гектардан алынған қосымша өнім тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 4,9 центнерге артты. Өсімдіктердің суару жүйесін жақсарту жалпы тыңай-тылмаған және тыңайтылған алқаптардан мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Жүгері егістігінің суарылмаған әрі тыңайтылмаған алқабының әр гектарынан алынған өнім 15,4 ц, үш рет суарғандағы өнім 56,6 ц және жеті рет суарғандағы алынған өнім 70,7 центнер болды. Жүгері егістігін суаруды жақсартып, минералды тыңайтқыштар қолданғанда, әр гектардан алынған өнім 106,5 центнерге жетті. Яғни тыңайтылмаған және суарылмаған варианттар-дағыдан өнім 15,4 центнер артық алынды. Мұның өзі минералды тыңайтқыштар қосып, суару жүйесінің жүгері өнімін молайтатындығын тағы да айқын көрсетті.

Сонымен, су өсімдік бойындағы барлық процестерге қатысады, ол жапырақтарға және басқа да органдарға қоректік және пластикалық заттар тасымалдайды. Мұның өзі органикалық заттардың синтезделу процесі тез жүруіне жағдайлар жасайды.

Топьірақ ерешелігі. Жүгері егістігінен алынатын жоғары өнімдер топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерімен қатар топырақтың органикалық және қоректі заттарға бай болуына байланысты. Қышқылды ортасы 5,5—7 аралығында болса жақсы өнім алынады. Егер қышқылды ортасы рН—5-тен төмен болса, ондай топырақтарда жүгері өспейді. Жүгері дәні топыраққа түскеннен бастап, оттегін көп керек етеді. Жақсы өнім алу үшін топырақ құрамында 18—20 процент оттегі болуға тиісті, егер ол 10 процентке түсіп кетсе жүгерінің тамыры есуін баяулатады, 5 процентке төмендесе тіпті өспейді. Топырақ тығыздығы 1,1—1,3 г/см аспау керек. Мұның бәрі сөзсіз жүзеге асырылуға тиісті агротехникалық шаралар қатарына жатады.

Жылуды қажет етуі. Ауыл шаруашылығының көптеген басқа дақылдарына қарағанда жүгері жылылықты сүйеді. Өніп, өскеннен кейінгі ауа температурасының күрт төмендеуі жүгеріге өте зиянды.

Жүгері тұқымының өнуі үшін топырақ жылылығы 8—10 градус болса жеткілікті. Кейбір суыққа төзімді сорттар сынап бағанасы 6 градусты, тіпті одан да төмен температураны көрсеткеннің өзінде өне береді.

Ауаның температурасы төмен болған сайын тұқым баяу әрі сирек өнеді. Соның салдарынан өсімдік ауруға шалдығады немесе топырақты жарып шыға алмай, өледі. Демек, жүгерінің өніп шығуы үшін топырақтың температурасы тұқымның өнуіне қажетті жылылықтан 2—3 градус жоғары болуға тиіс.

Жүгері өсірілетін аудандардың пайдалы температурасының жиынтығы 1700°—3120°С аралығында болады.

Жүгерінің өсу органдарының өсіп-жетілуіне қажетті ең төменгі температура 10—12, қолайлы температура — 16—20, ал репродуктивті органдарының пайда болуы мен гүлденуі кезінде тиісінше—12—15 және—20—24 градус болып саналады. Сондай-ақ тәуліктік орта температура 15 градустан төмен немесе 25 градустан жоғары болса, жүгерінің өсіп-жетілуі баяулайды, ал 45—47 градустан асса, дамуын мүлде тоқтатады.

Н. Н. Володарский (1975) зерттеулерінің қорытындылары бойынша ауаның тәуліктік орташа температурасы  неғұрлым жоғары болса, жүгері көктегеннен бастап шашақтанғанға дейінгі даму сатысы да қысқа болады.

Негізгі органдар пайда болған шақта жүгері температураға өте сезімтал келеді. Егер бұл кезде күн ыстық болып, ауаның ылғалдылығы қанағаттандырмаса, ұрықтану процесі ойдағыдай өтпейді. Шашақтардағы аталық, собықтардағы аналық ұрықтардың тозаңдануы арасында алшақтық туады, жүгері бас тартпай қалады.

Жүгеріге ауаның ғана емес, топырақтың да температурасы елеулі әсер  етеді. Температура төмендеген сайын өсімдіктің дамуы баяулап, фосфор мен азот тұздарын қабылдау қабілеті әлсірей береді.

Жүгері күзгі суықты тез сезінеді  —3 градус суықтық кезінде ол барлық даму процесін тоқтатып, жапырақтары солып қалады. Сөйтіп, өзінің сүрлемдік сапасын төмендетеді.

Жарықты қажет етуі. Жүгері жылу мен жарықты сүйетін дақыл болып саналады. Жүгерінің өз дамуы барысында жарық пен, оның қуатын қаншалықты көлемде пайдаланатыны,    жарық   пен қысқа   толқынды сәуле жүгері дамуына игі әсер ететіні анықталды. Ал кешкіліктегі көгілдір түсті жарық жүгерінің оңтүстікке бейімделген сорттарының дамуына кедергі келтіреді. Ал Славгородская 270, Воронежская 76 және басқа да солтүстік аудандарға бейімделген сорттарға жарығы аз, қысқа күн онша әсер етпейді. Жарықтың аз түсуі себепті, жүгерінің өсіп-өнуі мен шашақтануы арасындағы кезең оңтүстіктегі аудандарға қарағанда солтүстікте ұзақтау болады.

Академик Н. Н. Кулешов және басқалары солтүстік аудандармен Омск, Ташкентті салыстырды. Бірақ күннің ұзақтығы жүгерінің өсіп-өнуі мен шашақтануы арасындағы мерзімге елеулі әсер етпейді екен. Жалпы, жүгеріге бұл мерзімде көбінесе температуралық жағдай ғана әсер ететіні анықталды.

Нағыз жарық керек уақыт күндізгі 12—14 сағат аралығы болады. Жарық мерзімін ұзартса — вегетатив өсу мерзімі ұзарады, қысқартса — пісу мерзімі қысқарады. Жүгері күнді жақсы көргендіктен егіс алқаптарын арамшөптерден таза ұстап, әр түп жүгеріге жарықтың мол түсуі үшін егу тәсілінің ең ыңғайлысын қолдану қажет. Бірдей жиілікпен егілгенде, әсіресе пунктирлі тәсілмен егілгенде дақыл жарықпен молырақ қамтамасыз етіледі. Днепровский 56 буданы жиілігі әр тектарға 20 мыңнан 5 жыл егіліп зерттелді. Ол осындай алқапқа жиілігі 80 мыңнан -егілген жүгеріден 5 күн бұрын ша-шақтанады. Дақыл жиі егілген плантациялардың кейінгі даму сатылары баяу жүріп, собықтары нашар дамыған. Жүгері егістігі өзінің өсіп-өну сатыларында жоғарыда біз атап өткен факторлардың ықпалында болған. Бірін-бірі өзара алмастыра да алмады. Сондықтан өсімдік тіршілігіне қажетті осы факторларды реттеу үшін атмосфералық, топырақ ортасын қалыпқа келтіру, қоректік заттармен, ылғалмен қамтамасыз етілуін арттыру, биологиялық процестерді жеделдету сияқты бірқатар агрошараларды жүзеге асыруға тура келеді. Сонда ғана жүгері егістігінен сапалы өнім алуға болады.  

Жердің басты қасиеті — оның кұнарлылығында. Құнарлылық дегеніміз — топырақтың өсімдіктерді қоректік заттармен, тиісті мөлшерде ылғалмен, ауамен бір мезгілде қамтамасыз етуі, өсімдіктің тіршілік етуіне қолайлы физикалық, химиялық, биологиялық жағдайлар туғызу қабілеті.

Топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығы болады. Топырақ кұнарлылығы топырақтың құралу ерекшелігіне және топырақтағы қоректік заттардың жалпы қорына, өсімдік тіршілігінің басқа да жағдайларына байланысты.

Табиғи құнарлылық қазір адам әрекеті араласпаған тың жерлердің топырағынан ғана кездеседі. Бір топырақтың құнарлылығы төмен, екінші бір топырақтың құнарлылығы жоғары болатыны белгілі. Топырақ құнарлылығы өзгермейтін тұрақты процесс емес, ол табиғи топырақ құрылу процестеріне және адамның өндірістік қызметіне қарай өзгеріп отырады.

Қазір тың жерлер өте аз, ал пайдаланылатын топырақ құнарлылығы жағынан тың жерден мүлде өзгеше. Алайда, барлық топырақтың,   тіпті жоғары мәдени топырақтың жасанды құнарлылығы табиғи құнарлылықпен ұштастырылады, өйткені, олар өзара тығыз байланысты.

Егер жерді футбол добының үлкендігімен салыстырсақ, ондағы топырақ қалыңдығы ұстара жүзінің қалыңдығынан 10 есе жұқа болар еді. Жердің осындай ғана жұқа қабаты бүкіл құрылықтағы адам баласын ғасырлар бойы тамақтандырып, киіндіріп келеді.

Өсімдіктердің негізгі тіршілік процесі — фотосинтез екені белгілі, ол процесс бір жағынан, күн көзі жарығының қуатымен, екінші жағынан — ауаның жер бетіндегі қабатына көмір қышқылының құйылуымен байланысты өтеді. Фотосинтез нәтижесінде ауаның көмір қышқылы мен судың есебінен өсімдік бойындағы барлық органикалық заттардың 93,5 процентіне дейін кұралады. Топырақтың минералдық заттары мұның 6,5 процентін ғана құрайды.

Өсімдіктер қурап біткеннен кейін, табиғаттағы қоян-қолтық араласуларда жаңадан пайда болған органикалық зат топыраққа барып түседі, онда микроорганизмдердің  ықпалымен іріп-шіриді де, көп бөлігі жоғары қабаттарға бекиді. Өсімдіктердің тек өздеріне ғана тән тамаша қасиеті мынада: олар өздерінің өсіп-өскендеуі үшін қажетті қоректік заттарды талғап алып, топырақтың жоғары қабаттарына жинап, сақтай біледі.

Сөйтіп, жер бетіндегі өсімдіктер тіршілік ету әрекеті нәтижесінде атмосферада және жер қыртысының  тау жыныстарында шашырап жататын қоректік элементтерді жинақтайды. Оларды бойларына сіңіреді. Ал, сан алуан микроорганизмдер дүниесі оларды әр түрлі органикалық заттар етіп түзеді, онан сон, биохимиялық және басқа топырақтық процестердің барысында, күрделі органикалық-минералдық    комплекс — қарашірік    түріне айналдырады.

Биологиялық процестердің жеделділігі топырақ құралу   процесінің   сипатын   айқындайды. Биологиялық  процестер неғұрлым тезірек жүрсе, құнарлылық соғұрлым шапшаң артады. Мұны байқаулар мен дәл жүргізілген тәжірибелер анықтап отыр.    Сондықтан,    ауылшаруашылығы практикасында    пайдалы   биологиялық  процестердің   белсенділігін    күшейтетін    құралдарды қолдану қажет. Қазіргі ғылым қолында ондай құралдар бар. Мәселен, химиялық қазіргі құралдарының көмегімен топырақтың қоректік режимін түбірімен жақсартуға мүмкіндік туды. Және бітік егін өсіру үшін қоректік заттардың ең дұрыс тепе-тендігін  жасауға да  болады. Егінші агротехникалық шаралардың ғылыми   жүйесін  қолданып, топырақтағы пайдалы биологиялық процестердің   белсенділігін    арттыруға   қолайлы   жағдайлар туғыза алады.    Мелиорациялық шаралардың   ғылыми  жүйесігі пайдалану — кез-келген топырақта және кез-келген климат жағдайларында ауыл шаруашылық дақылдарын   өсіруге қажетті ең тиімді су-ауа режимін  жасауды қамтамасыз етеді.

Топырақ құрайтын табиғи процестердің дамуы, геологиялық, биологиялық процестер өрге басып, өркендей беретінін көрсетеді. Әрине, оның жекелеген буындарында төмен  құлдыраулар,   кері процестер болуы   мүмкін, алайда, олардың ішінара ғана сипаты бар және қолайлы процестер ерте болсын, не кеш болсын әйтеуір, олардың орнын толтырып отырады. Демек, тіршілікті өрге   бастырудың объективтік факторы сол тіршіліктің өз бойынан табылады және табиғаттағы   топырақ құралу процесінің дамуы тұтас алғанда топырақтың қүнарлылығын жақсартуға жеткізеді. Рас, бұл процесс әр түрлі табиғи жағдайларда түрліше және тым баяу жүреді.

Топырақ — өсімдіктер үшін жартылай шикізат дайындайтын органикалық заттар түзуші табиғи цех тәрізді. Сонымен қатар ол — органикалық заттарды минералдық заттарға айналдыратын микроорганизмдердің қонысы.

Жоғары өнім алу үшін өсімдікке қажет коректік заттар мен суды дұрыс үйлестіре білу қажет, ол үшін егіншілік ғылымы мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып, топырақты мәденилендіру мен жақсарту үшін қажетті мынадай заңдарды ескеру керек:

  1. Табиғатта топырақ құралу процесіндегі жағымды тиімділік заңы. Топырақ қунарлылығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні, ондағы тірі организмдердің барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортадан қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі мекен ететін аймаққа шоғырландыруы, тірі организмдердің жетекші роль атқаруы— осы заңға байланысты.

Климаты, температурасы мен су режимдері қолайлы аймақтарда өсімдіктердің, жер қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар дүниесінің өркендеуіне жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Ал мұның өзі, түптеп келгенде, топырақ құралу процестерін жеделдетеді, топырақ құнарлылығын арттыруға біршама тезірек жеткізеді. Мұндай аймақтарда топырақ өнімділігі, оның биологиялық қуаты жоғары дәрежеге жетеді. Алайда, климаты суық аудандарда (Тундра аймағында) топырақтың құнарлылығынын артуын шектейтін — төменгі температура, ал шөл және шөлейт аймақтарда (Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігі) ылғалдың жоқтығы болып табылады.

  1. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұдан 125 жыл бұрын неміс ғалымы Ю. Либих заттарды топыраққа қайтару заңын ашқан   болатын.   Қайтару заңының талабы бойынша — ысырап болу, егінмен бірге кету, немесе басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-теңдігі бұзылған жағдайда, тиісті    тыңайтқыштар енгізу   жолымен яки басқа агротехникалық әдістермен ол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның өзінде топырақ — тірі организм іспетті   екенін   және ондағы   микробиологиялық процестер дұрыс реттелсе, өсімдіктердін пайдалануына жарамсыз заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескеру керек. Заттарды қайтару заңының    бұзылуы — топырақтың құнарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.
  2. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егін көлемі көп жерлерде өсімдіктер өсуінің минимумдегі -факторға немесе элементке тәуелді болатыны белгілі. Егіннің түсімі топырақтағы минералдық заттардың мөлшеріне (азот, калийдің, фосфор және басқа қоректік заттарға) байланысты болады. Яғни, түсімнің минимум мөлшерін — белгілейтін элементтер. Сол сияқты топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен, су тапшы болса, онда түсімнің мөлшерін ылғал шектейді. Мұндай жағдайда диқан өзінің барлық шеберлігін осы, минимумның теріс ықпалын жоюға жұмсауы қажет. Әрине, бұл арада ең дұрысы — қолдан суару, ал қолдан суару жүйесі әлі жасалмаған жерде, топырақта ылғалдың біршама көп жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін агротехникалык шаралардың қолданылуы керек.

Сөйтіп, тіршіліктің кез-келген факторының — ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың — шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктің өсуі мен өркендеуіне теріс ықпал етеді. Бұл сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің биологиялық сапасының нашарлауына да әкеп соқтырады.

Өсімдіктің тіршілік етуіне минимальды — қолайсыз және оптимальды — ен қолайлы жағдайлармен қатар максимальды жағдай да болады. Мұндай жағдай, көбінесе, өсімдіктерге зиянды келеді. Тіпті, оны көп ретте өсірмей тастайды. Өйткені, бұл арада максимум заңы деп аталатын заң өз дегенін істейді. 

Шамадан тыс көп, әсіресе, біржақты енгізілген тыңайтқыш өнімді арттырмайды. Тіпті, қайта онын сапасын нашарлатады. Тыңайтқыштың мелшерін беталды көбейтуге жұмсалған шығын өзін ақтамайды, қайта шаруашылыққа тек зиян шектіреді.

Сол сияқты өсімдіктер өзінің өсіп өну  сатысына қажетті факторлар максимум болса да дұрыс дамымайды. Міне, сондықтан сортаң, батпақты топырақтарда тұздар мен ылғалдық көп болуына байланысты оптимальды, яғни қолайлы жағдайлар жасау үшін, тұзды топырақ сумен шайылады да батпақты топырақтар құрғатылады.

Ауыспалы егіс кезінде, тыңайтқыштар жүйесін талдап жасағанда, бітік те тұрақты енім өсіру жөніндегі басқа да агротехникалық шараларды белгілеген кезде, осы заң басшылыққа алынады. Минимумда немесе максимумда бар факторларды неғұрлым оптималды дұрыс мөлшерге жеткізу, өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін ең жақсы жағдай жасау, нақты шаралар қолдану —осы заң негізінде жүзеге асады.

Алайда, практикада минимум, оптимум және максимум заңы жиі-жиі бұзылады. Соның салдарынан мынадай да фактіге кезігеміз: азот минимум болған егістікке фосфор, ал фосфор аз жерге азот енгізіліп жатады. Ылғал аз екеніне қарамастан топырақты дискілі құралдармен қайта-қайта өңдеп, ақыры оны құрғатып тындыратын «егіншілер» де ұшырасады.

Біз оңай болуы үшін, өсімдік тіршілігінде белгілі бір факторлар бар болған кездегі, минимумның, оптимумның және максимумның маңызын жеке-жеке алып қарадық. Бірақ, осы үш ұғым логикалық жағынай біртұтас келеді, сондықтан егіншілік практикасында олар бір заңның шеңберінде, бір мезгілде алынып қаралады да, көбінесе жай ғана минимум заңы деп аталады.

  1. Өсімдіктердің өзі орнына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойынша дұрыс кезектестіру (тұқымды ауыстырып отыру), дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы. Жекелеген организмдер ғана емес, тұтас бүкіл өсімдік қоршаған ортамен өзара байланыста, тығыз қарым-қатынаста болады. Олар қатар өсіп қана қоймайды, қауымдасып, өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршіліктің басқа да факторлары үшін күреседі, өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынаста болуының мәні осы. Екінші жағынан, өсімдіктерді қолдан сұрыптау нәтижесінде фитоценозға кіретін өсімдік түрлерінің, өздері мекендеген орын жағдайының бүкіл комплексіне бейімделу процесі жүзеге асады.

Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажет ететін өсімдік түрлері арасына бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттар мен ылғалды топырақтың әр түрлі қабаттарынан алатын және күн сәулесін әртүрлі қажет ететін, басқа керектерін де әртүрлі мерзімде пайдаланатын  өсімдіктер арасында бәсекелестік мүлде дерлік болмайды, немесе, едәуір аз болады. Өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні тегін емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңге қабатта болса, ал басқаларының тамырлары едәуір тереңге бойлайды да, таязда орналасқан тамырларға бөгет жасамайды. Ең ақырында, өсімдіктер мен топырақтардың макро және микродүниесі — жануарлар, омыртқасыз организмдер, микроорганизмдер арасындағы қатынас  аса күрделі болады. Табиғи даму процесінде өсімдік қалдықтарын өзара пайдаға асырудың тұрақты түрдегі биологиялық тізбегі осындай. Мысалы, топырақ микроорганизмдері құрғақ өсімдіктерді және басқа да қалдық өнімдерді суда еритін минералдық қосындыларға айналдырады. Кейін оны есімдіктер пайдаланады, оның үстіне микроорганиздердің белгілі бір формалары өсімдіктердің белгілі бір түрлеріне бейімделеді.

Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіріп егудің маңызы зор. Белгілі бір дақылды, немесе өздерінің қасиеттері жағынан азды-көпті дәрежеде біркелкі-болып келетін өсімдіктерді, өнебойы бір жерге еге бергеннен  гөрі, мәдени дақылдарды дұрыс кезектестіріп егу анағұрлым мол өнім алуға мүмкіндік береді. Мұндай бағалы пікірді кезінде академик Д. Н. Прянишников (1965) айтқан болатын. Мұның себептерін 4 топқа бөлуге болады:

  • химиялық себептер, яғни, өсімдіктердің химиялық құрамындағы, әсіресе, олардың қоректік заттарды пайдалануындағы айырмашылықтар.
  • физикалық себептер, яғни, әр түрлі дақылдарды жинап алғаннан кейін топырақ жағдайындағы және оның ылғалдылығы дәрежесіндегі айырмашылықтар, жерді дұрыс өндеу жүйесі, жел эрозиясымен күрес.
  • биологиялық себептер, яғни, дақылдардың ауруларға, зиянды жәндіктерге және арамшөптерге түрліше төзімділік керсетуі.

4) экономикалық себептер, яғни, дақылдар қажет ететін еңбек мөлшері және оның уақыт бойынша бөліну айырмашылықтары, сондай-ақ дақылдардың шаруашылық үшін маңызының әр түрлі болуы.

Бұл себептерге ауыл шаруашылық өсімдіктерінің топырақ қорғаудағы роліне қатысты сондай-ақ суармалы егіншіліктегі көп жылдық шөптердің, кейбір дақылдардың мелиорациялық маңызына байланысты себептер де қосылады.

Дақылдарды дұрыс кезектестіріп егу топырақ, су режимін тиімді пайдалануда үлкен маңызға ие. Яғни танаптардағы топырақтың ылғал қорын тиімді пайдалану үшін, суды әр түрлі дәрежеде қажет ететін өсімдіктерді кезектестіріп егу — ауыспалы егістегі озық тәсіл.

Минералдық тыңайтқыштарды қолдану дәрежесі артқан сайын топырақтағы  ылғалды пайдаланудың аса қажеттігі үдей түседі. Бұл түсінікті, өйткені,    тыңайтқышқа байланысты   өнім молаяды,   бітік егіннің   өсіп-жетілуіне жұмсалатын су мөлшері артады.

  1. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы факторларынын бірлескен әрекеттерінің нәтижесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады. Мұның егіншілікті ғылыми ұйымдастыру практикасында ерекше маңызы бар.

Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, бір-бірімен   өзара   тығыз   байланысты әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа ешнәрсемен алмастыруға  болмайтыны тұрғысынан алғанда, бұл форма-лардың бәрі бірдей бағалы. Өсімдік өне-бойы  факторлардың бүкіл комплексінің ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда    және егіс даласында    жүргізілген нақтылы эксперименттер, сондай-ақ,    егіншіліктің көп жылғы практикасы мынаны көрсетті: өсімдіктер тіршілігінің факторлары   тек бірлесіп әрекет еткенде   ғана барынша әсерлі болады. Егіс даласындағы    жағдайда осы факторлардың бірінші өсімдікке ықпалын өзгертпесе, басқа факторлардың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады. Осы өзара әрекеттестік заңдылығын   танып білген диқан өсімдік   тіршілігінің кез-келген    факторларына тікелей ғана емес, онымен тығыз байланысты басқа факторлар арқылы да жанама түрде ықпал етіп, тіпті, ауа райы қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алады. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы   қуаңшылық   жағдайында   шығымдылықты   едәуір арттыруға болады. Кезінде Қ. А. Тимирязев былай деп атап  көрсеткенді: тыңайтқыштар  өсімдіктер  пайдала-натын қоректік заттардың көзі ғана болып   қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен күрес құралы болып табылады. Өйткені, өсімдік азық   мол болғанда қоректік заттар жетімсіз кездегіге қарағанда, құралатын орга-никалық заттың әрбір өлшеміне суды аз буландырады.

 

II Экспериментальды бөлім

2.1.   Жүгері  өсетін аудандардың  климаты мен топырағының сипаттамасы

Қез-келген жерде егіншілік жүйесін дамыту сол аймақтағы климат пен топырақ жағдайларына байланысты.

Топырақтың кұнарлылығын қашнама жақсартқанмен, климат, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Мұның өзі шаруашылықты аймақтар бойынша мүмкіндігінше дұрыс мамандандыруды талап етеді. Ылғал жеткіліксіз болған жағдайда да, артық болған жағдайда да егіннің жақсы өнімін қамтамасыз етерліктей агротехникалық тәсілдерді қолдану осыған сәйкес техниканы дұрыс пайдалану мелиорацияны дамыту, тыңайтқыштарды неғұрлым тиімді, пайдалану сияқты ліаралардың бәрі қосылып, ауыл ша-і руашылығының ауа райына тәуелділігін азайтуға көмектеседі.

Ауа райы әр түрлі аудандарда бір маусым ішінде атмосферада әрқилы метеорологиялық құбылыстар болады. Яғни, ауаның температурасы, атмосфера қысымы, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын және ауа ылғалдылығы сияқты әр маусымдағы ауа райы ерекшеліктерінен белгілі бір аймақтың тұтас климаты құралады.

Климат дегеніміз — бір жердегі ауа райының көп
жылдық режимі, немесе, осы жерде болуға тиісті ауа
райы жағдайларының жиынтығы. Белгілі бір жердің климатын толық біле отырып, оны басқа жердің климатымен салыстырып, ерекшеліктерін айыру, өзгерісін байқау, көп жылдық зерттеулерді жүйелеп, қорыту үлкен маңызға ие. Өйткені, егіншілік жүйесініқ сипаты, қандай агротехникалық әдістерді қолданудың қажеттігі ауа райына қарай айқындалады.

Мұның барлығын қамтып білу егіншілік мәдениетінің стратегиясын жақсартады. Академик Н. И. Вавиловтың пікірі бойынша егіннен мол өнім алудың басты шарты — климат факторларын терең білуде жатыр. Тіпті, ол техникадан да жоғары тұрады.

Климат топырақ құралу процесінің бағытына және қарқынына әсер етеді. Метеорологиялық жағдайлардың ішінде топырақ құралудағы басты рольді жауын-шашын, температура және жел атқарады.

Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және оның құнарлылығының басты элементі — жауын-шашын. Топырақтың ылғалдылығын жауын-шашыннын жылдың әр түрлі маусымдарындағы мөлшері анықтайды. Жауын суларының бір бөлегі жер бетінен буланатын болса, екінші бөлегі ылдиға қарай ағып кетеді. Тек үшінші бөлегі ғана топыраққа сіңіп, ылғал қорын жасайды. Оны есімдіктер пайдаланады. Топырақтан өткен су ондағы заттарды ерітіп, химиялық процестердің жеделдеуіне бағыттайды. Ал, топырақ үстімен аққан су оны жуып-шайып, эрозияға шалдықтырады.

Топыраққа сінген су мөлшері жалпы жауын-шашын мөлшерімен ғана анықталмайды. Топырақтағы ылғал қоры булануға, ауа  температурасына, жер бетіндегі ағысқа да байланысты болады. Сондықтан жылдық жауын-шашын мөлшері   ауа  температурасымен, жер бедерімен және топырақтың қасиеттерімен өзара байланыста болады және өзара тәуелді келеді.

Ауаның температурасы топырақтағы физикалық, химиялық бұзылудың қарқынына және биохимиялық процестердің шапшаңдығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге топырақтың ылғал мөлшері, онын булануы да температураға байланысты.

Температура жоғарылаған сайын топырақтағы барлық химиялық және биологиялық процестер, реакциялар жылдам жүріп, топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігі артады.

Ал, температура төмендесе, топырақтағы барлық процестер бәсеңдеп, микроорганизмдер әрекеті сөніп, қыс түсісімен топырақ құралу процестері тоқтайды.

Топырақтың құралуына жел де қатысады. Ол топырақтың әр түрлі бөлшектерін ұшырып әкетеді немесе ұшырып әкеледі. Жел көбінесе өсімдіктер жамылғысы мен қорғалмаған үстірттердегі борпылдақ жыныстарды ұшырады. Бір жерден жел ұшырған шаң, тозаң, құм, заттар басқа ойлау жерлерге жиналады.

Жел қарды да, сор жерлердің бетіндегі тұздарды да ұшырып әкетеді. Қарды ұшырғанда жел арқылы топырақтағы ылғал қайта бөлінетін болса, тұздарды ұшырғанда жер сортаңданады. Температура жоғары кезде, жел ылғалдың булануын үдетеді. Жел — жалпы жылылық пен ылғалдың реттеуші тетігі болып саналады. Далалық аймақта топырақты кептіріп егістікті қурататын аңызақ желі жиі соғады. Бұл — зиянды жел.

Жауын-шашын, температура және желдің бірлескен әсерлерінің нәтижесінде кейбір топырақтар жеткілікті, басқалары жеткіліксіз ылғалданып, кей жер жылынып, кей жер жылынбай өсімдіктердің дамуына әртүрлі әсер етеді.

Егіншілікте ауаның салыстырмалы ылғалдығының да маңызы үлкен. Ылғалдың азаюы құрғақшылыққа соқтырады. Ауа құрамындағы су буының ең көп кезі ерте көктемге, қысқа және қара күзге дәл келеді, бұл кезде бір жылдық дақылдардың вегетациялық кезеңі бастала қоймайды. Қерісінше, жаз айларында, әсіресе, июнь, июль айларында ауаның салыстырмалы ылғалдығы, көп жылдық орташа мәліметтер көрсеткендей 30—40% артпайды, дәл осы кезде өсімдіктер бойындағы су көп мөлшерде буланады.

Бұл аймақтардағы көп жылғы мәліметтерге қарағанда, июнь, июль айларында жауын-шашын өте  аз жауады. Жаздағы болмашы мөлшерде ғана жауған жауын-шашын топырақтың қоректендіретін қабатындағы ылғалды сақтауға жете қоймайды. Осыған байланысты бұл жерлер жаздың ортасында топырақ қуаңшылығына ұшырай бастайды, мұның өзі жоғары температурада ауа ылғалдығының азаюына ұласады. Нәтижеде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне көп зиян тиеді.

Осы топырақтар ішінде сұр топырақтар алып жатқан жерлердің ені кейбір аудандарда, 70—90 км  шамасында болса, батыстан шығысқа қарай оның ұзындығы 1200—1400 километрге дейін созылып жатыр. Бұл республика жеріндегі ең құрғақшылық аймақ, мұнда жылына небәрі 140—160 мм жауын-шашын түседі, оның да негізгі мөлшері күздің соңғы айларында қыста және ер-те көктемде түседі. Жаз айлары өте ыстық, түс мезгіліндегі күннің ыстықтығы кейбір жерлерде 35—40 градусқа дейін жетеді. Ауа райы ыстық болғандықтан, топыраққа түсетін жауын-шашын мөлшерінен гөрі булану 10—15 еседей көп болады. Ыза сулары терең жатқан жерлерде және құрғақшылық жылдары топырақ тек күзде, қыста және ерте көктемде ғана ылғалды болады, онда да топырақтың тек жоғары 30—50 см-тереңдігі ғана ылғалданады, ал төменгі қабаттары көбіне құрғақ келеді. Аймақтың оңтүстік бөліктерінде кейбір жылдары көктем февраль, март айларында шығады да апрель айында нағыз айқын шөл өмірі басталады. Көктемнің ерте көктеген өсімдіктері май, июнь айларында-ақ ыстықтың әсерінен қурай бастайды,  тек жаздың  құрғақшылығына   әбден беиімделген, тамырлары өте тереңге кететін өсімдіктер ғана әлі біраз уақыт көгеріп тұра алады. Бұларға жантақ, ақмия, сортаң шөптер, құм сексеуілі, жыңғыл және тасбеде жатады. Бұл өсімдіктердің көбінің тамыры 2 метрден аса тереңге кетеді, сөйтіп олар ылғалды өте тереңнен пайдаланады. Сұр топырақтардың кәдуілгі, ашық қара сұр секілді түрлері кездеседі. Қоңыр сұр топырақ қоректік заттарының қоры жағынан қалған екеуінен басымырақ келеді, ал ең құнарсыздауы ашық сұр топырақ. Бұл топырақтардың әр түрлеріне қарай қарашірік қабатының қалыңдығы 10—20 сантиметрге жетіп, оның мөлшері 0,8—2,0 процентке дейін болады. Сұр топырақтардың барлық түрлері калийге өте бай, ал азот пен фосфорға кедей келеді. Айта кету керек, бұл топырақтарда фосфордың қоры біршама мол, бірақ сіңімді түрі өте аз, ал оның негізгі себебі — карбонат тұздардың фосформен суға ерімейтін және өсімдіктер оңай сіңіре алмайтын түрлерін түзуі болып табылады.

Оңтүстіктің сұр топырағы карбонаттар мөлшері 7—8% болса, солтүстік аудандарда 5—6% болады. Ал органикалық заттар мен азот, фосфор қоры жағынан қара сұр топырақ бай. Ал, ашық сұр топырақта ол мүлдем аз. Кез келген топырақ тек қана өлі минералды заттардан құралмайды, оның құрамында әр уақытта азды-көпті тірі организмдер болады. Бұлар, негізінен топырақтың тірі бөліктерін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Олар топырақтың бір белігі саналады, сондай-ақ өсімдіктердің тамырлары да топырақтың тірі бөлігіне жатады.

Микроорганизмдердің атқаратын негізгі қызметі — өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға, суға, көмір қышқыл газға, аммиакқа және басқа да заттарға айналдыру.

Демек, топырақты «жасаушылар»— тірі организмдер: өсімдіктер, жердегі әр түрлі жануарлар мен микроорганизмдер, ал «құрылыс материалы»— аналық тау жыныстары мен айналаны қоршаған ауаның газдары. Ал, бұл процестің энергетикалық негізі күн көзінің қуаты болып табылады. Осындай үздіксіз. әрекеттің нәтижесінде өзара алмасу және материяның бір формасының екінші формаға ауысуы жүріп жатады. Әлі минералдық табиғат органикалық және тірі табиғатқа ауысады. Өлі және тірі табиғаттың арасында болатын өзара үздіксіз әрекеттесудің, сондай-ақ олардың үстінгі қабаттарында бір-біріне ауысуының  мәнісі -топырақ  құралу процесінің,   яғни есімдіктердің өсіп, өркендеуіне қажетті заттармен оларды қамтамасыз ету қабілеттілігін дамытудың нағыз өзі болып табылады.

Егер жер бетінде тек өсімдіктер мен жануарлар ғана болса, көптеген органикалық заттар ыдырамай, жинала берер еді де, табиғаттағы зат айналымына едәуір кедергі келтірер еді.

Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлылығы және жалпы энергиясы  жағынан 3 класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қаратопырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады (И. С. Рабочев, И. Е. Королева, 1983).

Түрлі жерлердегі климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де әр түрлі болады.

Академик И. В. Тюриннің зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша бір гектар қара топырақтың 0— 20 см қабатында қарашірік қоры 90-140 тонна, 0—100 см қабатында 250—550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашіріктер қоры 30 -80 тоннадай болады.

Сұр топырақ құрамындағы қарашірік қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мысалы, 1 грамм сұр топырақтарда —218,5 млн. микроорганизм болса, қара топырақтарда тек қана —57,4 млн. микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр то-пырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық процестердің белсенділігінің артуына және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін молайтуға жағдайлар жасайды. Сұр топырақтар әр қалай түрде кездесуіне қарамастан, Тянь-Шань таулы аймағынын 70 процентіне жуық егістік жерлерін қамтиды.

Жүгері өсірілетін Тянь-Шань таулы аймағына кіретін облыстардың топырағының морфологиялық және химиялық сипаттамасы 1-таблицада берілген. Топырақтардың климаты, жер бедері биіктігі әр түрлі болуына қарай жеке облыстар арасында бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар. Мысалы, Алматы облысында ашық қара қоңыр топырақтың қарашірік қабаты 25—35 см болса, қалыпты сұр топырақ пен шалғынды сұр топырақтың қарашірік қабаттары тиісінше 22—27 және 50—70 см болады.  Бұл  облыстардың топырақтарының   қышқылды ортасы бейтарап, аздап сілтілі болып келеді (1-таблица).

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардағы ашық-қара қоңыр топырақтар өзінің құрылымындағы қарашірік, азот және басқа құрамы жағынан жазықтықта орналасқан ашық қара топырақтардан онша айырмашылығы болмайды, тек қана бул топырақта жалпы фосфор қоры аздап жоғары, карбонатты болады. Бұл облыстардағы сұр топырақтардың құрамында органикалық заттар мен азотты қосылыстардың азаюы өсімдік қалдықтарының біртіндеп ыдырамай, құрғақшылық пен ыстықтың әсерінен өте тез күйіп кетуі, басқаша айтсақ өсімдік қалдықтарындағы ыдырауға тиісті азотты органикалық заттардың жанып кетуінен болады. Бұл топырақтардың жеңіл механикалық құрамдылары эрозияға ұшырағыш келеді, сондықтан мұнда егіншілік үшін арнайы желден қорғаушы шаралар жүзеге асырылады. Сапалы суарып әр түрлі тыңайтқыштарды жүйелі қолдану арқылы ғана ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алуға болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың табиғи климаттық жағдайы ауыл шаруашылығы дақылдарының қай түрін өсіруге де қолайлы. Суармалы жерлердің болуы, жылы мерзімнің ұзақтығы, әрі пайдалы температураның молдығы—жылылықты сүйетін бір жылдық немесе көп жылдық дақылдар өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да, егіншілік мәдениеті дегеніміздің өзі агрономиялық мәселелердің үлкен ауқымын қамтиды. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастысы — топырақтың құнарлылығын ұдайы арттыру және жерді тиімді пайдалану. Ғылыми негізделген ұйымдастырушылық, экономикалық биологиялық және агрономиялық шаралар комплексі де осыған кіреді. Ал егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіштері — шығымдылықтың қол жеткен дәрежесі, өнімнің сапасы, оның өндірілу мөлшері мен өзіндік құны.

Топырақтың табиғи құнарлылығы көп жағдайларда
ең жоғары өнім алу үшін өсімдікке қажет болатын қо-
ректік заттар мен суды дұрыс ұштастыруды қамтамасыз
етуге қабілетсіз келеді. Сондықтан егінші ғылым мен
озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып, топы-
рақтың қасиетін мәдениеттендіру және жақсарту үшін
қажетті шаралар комплексін қолдануға тиіс.

 

2.2. Зерттеу нысаны және әдістемесі

Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысында алты танапты дәнді шөпті ауыспалы егіс қолданылды. Алғы дақыл – үш жылдық жоңышқа. Тәжірибе жүргізуге жүгерінің аудандастырылған сорттары Қазақстан 43ТВ және Узбекстанская зубовидная сорттары алынды.

1 кесте

Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтаудың далалық тәжірибе кестесі

Сорттары

Узбекстанский зубовидный

Қазақстан – 43ТВ

1

Тыңайтылмаған алқап

Тыңайтылмаған алқап

2

P60K60

N90P60

3

N60P60K60

N90K60

4

N60P60K60

P60K60

5

N90P60K60

N90P60K60

6

N120P60K60

N120P60K60

7

N90P60

N150P60K60

8

N90P60K60

N90P90K60

9

N90P90K60

N90P120K60

10

N90P120K60

N150P150K60

Тәжірибе 4 реттік қайталамада мөлдектерге тармақтау әдістемесі бойынша нұсқаларға бөлініп қойылды. Мөлдектер көлемі бірінше реттік 1000 м2, екінші реттік 250 м2. тәжірибе алқабының жалпы көлемі 2 га.

 

III   НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1.   Агрохимиялық    картограммалар және өсімдіктерге   керекті   тыңайтқыштарды анықтау жолдары

 

Совет және шетел ғалымдарының бақылауларынын нәтижесінде, топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар—азот, фосфор, калий т. б. шашылған тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталды. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тынайтқыштарын шашудан егіннің түсімі онша артпайды. Демек, топырақтағы өсімдіктерге сіңімді заттар мөлшерін біле отырып, ауыл шаруашылық дақылдары үшін қажетті тынайтқыштар мөлшерін анықтау қажет. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, сонын салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Жеке шаруашылықтың әрбір егін алқабында тыңайтқыштар әр түрлі мөлшерде қолданылады. Түрлі дәрежеде өңделуіне байланысты ондағы қоректік заттар — азот, фосфор және калий мөлшері әр түрлі болады. Ауыл шаруашылық дақылдарына тыңайтқыштардың әсері жөніндегі тәжірибелер мен агрохимиялық картограммалар тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізі саналады. Күнделікті жұмыста сол шаруашылықта бар агрохимиялық картограммалар, егістіктің агрошаруа-шылық тарихы, дақылдардың алмасуы, соңғы жылдарда шашылған тыңайтқыш мөлшері, дақылдардың өнімділігі, танаптың нөмірі, олардың гектар — аумағы қатаң есепке алынуға тиіс.

Шаруашылықтың барлық егістіктерінен топырақ үлгілері алынып, оның құнарлылық құрамы анықталғаннан кейін ол агрохимиялық картограммаларға түсіріледі. Географиялық карталарда тауды, суды және мұхитты белгілегендей, түрлі қоректі элементтердің қорына карай ол түрлі түске боялып, бұл жерлерге егілген дақылдарға байланысты косымша қандай тыңайтқыштар пайдалануға болатындығы белгіленеді. Сөйтіп, агрохимиялық картограммалар — егістікте тыңайтқыштардың тиімді пайдаланудың айнасы.

Орталық агрохимиялық қызмет көрсету институтының (ЦИНАО) Алматы филиалының зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша, топырақтағы қоректік заттардың (фосфор, калий) құнарлылық деңгейі 4 кластан тұрады. Олар — төмен, орташа, көтеріңкі, жоғары — деп аталады. Бүкіл ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттарды пайдалану жағынан екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералды тыңайтқыштарды көп қажет ететін техникалық дақылдар — мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жоғары  өнімді дәнді дақылдар — күріш, жүгері; 2) минералды тыңайтқыштарды аз мөлшерде қажет ететін масақты дәнді дақылдар — жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы тағы басқалар. Топырақтың фосфор мен калийге құнарлылық дәрежесі әр дақылда әртүрлі болады. Республикамызда егілетін барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштардың әсері туралы тәжірибелер жүгері егістігіне тән топырақтың  фосфор мен калийге құнарлылық дәрежелерін анықтауға мүмкіншілік жасады.

Егер жүгері егістігі егілетін алқаптардың 1 килограмм топырағында 30 миллиграмға дейін жылжымалы фосфор болатын болса, топырақтың фосфорға құнарлылық дәрежесі — төмен, 31—45 мг болса — орташа, ал 45 миллиграммнан әрі қарай — жоғары саналады. Жүгері егістігінің 1 кг топырағындағы жылжымалы калийдің мөлшері. 300 миллиграмм болса — төмен, 300—400 миллиграмм — орташа, 400 миллиграмнан артық болса — жоғары деп есептеледі. Сондықтан, жергілікті және минерал тыңайтқыштарды қандай мөлшерде қолдану керектігі — топырақтағы қоректік заттардың агрохимиялық картограммаларында көрсетілген мөлшерге қарап жүзеге асырылады.

Азотты тыңайтқыштар ерігіштігі салдарынан өте тез жылжып отырады. Сондықтан, топырақ бірнеше жылдық азотты қорек қорын жасай алмайды. Оның бір бөлігі — дақылдардың қоректенуіне кетсе, екінші бөлігі — сумен еріп, топырақтың астыңғы қабатына сіңеді.

Кейбір бөліктері микробиологиялық процестер әсерінен ыдырайды. Қысқасы, оның топырақтағы мөлшері жиі өзгеріп отырады. Сондықтан, көбіне азотқа қатысты картограмма жасалмайды. Бірақ, кейінгі жылдары азотты тыңайтқыштар суармалы егіншілікте көп қолданылуда. Азотты тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау күн тәртібіне қойылды. Олар үшін жеңіл ыдырайтын азотты қосылыстарға, ал жел эрозиясына ұшыраған жерлерде қарашірікке картограмма қурастырылуда. Азотты тыңайтқыштар дақылдардың биологиялық  өзгешеліктеріне қарай қолданылады.

Қазақстан топырағының бәрінде дерлік фосфордың жалпы қоры біршама мол. Алайда, қара топырақты жерде де, сұр топырақты жерде де өсімдік фосфор тыңайтқыштарына өте сезімтал келеді. Бұл жағдай топырақтағы фосфорды өсімдік  түгелдей ала бермейтіндігімен байланысты. Өсімдіктердің фосфор тыңайтқыштарына деген қажетін анықтау үшін, топырақта қаншама сіңімді, қозғалғыш фосфор бар екендігін білу қажет. Өйткені, топырақтағы сіңімді фосфор мен өсімдіктің қосымша тыңайтқыш берілуін қажет етуінің арасында белгілі бір байланыс бар. Топырақтағы сінімді фосфордың жалпы мөлшері азоттан 4—5 есе, калийден 12—20 есе кем болады. Көптеген зерттеулер қоректік заттар, ең алдымен топырақ типіне, механикалық және химиялық құрамына, сондай-ақ мәдени дәрежесіне байланысты екенін көрсетті.

Фосфордың болуы — топырақ түзетін жыныстарға және адамның мәдени іс-әрекетіне, ал калийдің болуы — топырақтың механикалық құрамына байланысты.

Қазақстанның топырағында, әсіресе, республикамыздың оңтүстігінің топырағында калийдің жалпы қоры көп. Шаруашылықтарда калий тыңайтқыштарын қолданудың жоспарын жасағанда, топырақтағы калий қорының жалпы қоры емес, оның өсімдік бойына сіңіре алатын шамалы ғана бөлігі — өсімдік қорегінің көзі болып табылатын топырақтағы жылжымалы калийдің болуы еске алынады. Механикалық құрамы жағынан ауыр топырақтарда, жеңіл топырақтарға қарағанда калий көп болады.

Топырақтың механикалық құрамы тыңайтқыштардың ауысып кетуіне, олардың топырақта сіңіп орнығуына әсер етеді. Механикалық құрамы жағынан ауыр, сазды және орташа саздауыт топырақтар тыңайтқыштарды жақсы сіңіреді, тыңайтқыштар мықтырақ орнығады, жеңіл топырақтағыға қарағанда сумен баяуырақ жуылады. Осыған байланысты жеңіл топырақтарға берілетін тыңайтқыш мөлшері ауыр топырақты жерге енгізетін мөлшермен салыстырғанда көбірек болуға тиіс.

Қоректік заттардың жалпы қоры топырақтың кұнарлылығын көрсете бермейді. Өйткені, бұлардың көп бөлігі өсімдік қорегіне жарамды емес. Тиімді құнарлылығын  арттыру үшін топырақта өсімдік бойына сіңіре алатын қоректік заттар қаншама екенін білу керек.

Топырақтағы қоректік заттар мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, өсімдіктер үшін азотты коректік заттардың негізгі қоры — органикалық заттар. Азот қара топырақта көп, сұр топырақтарда аз кездеседі. Адамның өндірістік әрекеті — дақылдардың өзара алмасуы, тыңайту системалары және басқалар — азоттың топырақтағы мөлшерін болмашы ғана өзгертеді. Азот тыңайтқыштарыньщ мөлшері тек топырақтың типтері мен олардағы қарашірік пен азоттың бар-жоғынан ғана емес сондай-ақ шаруашылықтың агротехника дәрежесіне органикалық тыңайтқыштардың, пардың бар-жоғына байланысты болады. Мысалы, бұршақ дақылдары өздерінің тамырларындағы түйнек бактериялары көмегімен ауадан азотты ассимиляциялай отырып, топырақты азотпен байытады. Пар жыртқан кезде топырақтың азот қоры жинақталып іске қосылады. Соидықтан да бұршақ  дақылдары мен пардан кейін азот тыңайтқыштарын енгізу мөлшері жалпы нормадан 10—15% азайтылуы керек. Топырақтардағы қоректік элементтердің құнарлығын қадағалау кез-келген дақылдарға керекті тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға жоспарлауға, сайып келгенде, дақылдардан жоғары өнім алуға тыңайтқыштарды үнемдеуге, дақылдардың өзіндік құнын төмендетуге, қауырт науқандарда тыңайқыштарды жедел колдануға негіз жасайды.

 

3.2.   Жүгерінің  өсу кезеңдерінде   топырақтағы

жылжымалы қоректік  заттарға   тыңайтқыштардың    әсері

Біз жоғарыда айтып кеткендей, кез-келген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жоғарылату мен сапасын жақсартудың басты шарттарының бірі — топырақтың құнарлылығын арттыру болып табылады.  Бұл — топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін молайту деген сөз. Егістікке қолданылған әртүрлі тыңайтқыштар топырақтың минералды және органикалық құрамымен әрекеттеседі. Олармен өсімдіктердің тамырлары және әртүрлі микрофлоралар қоректенеді. Ал кейбір бөлшектері суарылған сумен ағып кетеді немесе нитрификация процесіне қатысып, газ күйінде азотпен, оның кейбір қосылыстарымен — ауаға ұшып кетеді. Тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерде қолданылуы топырақтағы қоректік элементтердің (азот, фосфор және калий т.б.) көбеюіне әкеп соқтырады. Екінші жағынан, өсімдіктердің қоректенуіне байланысты топырақтағы қоры кеміп те отырады.

 Жүгері жапырағының сыртқы түсіне қарап қоректік заттардың жетіспеушілігін анықтау жолдары

1 – жапырақ қалыпты дамып тұрған өсімдік;

2 — өсімдікте фосфор тыңайтқышының  кемшілігі байқалуда;

3 – калий элементінің жетіспеушілігі бақалуда;

4 – азот тыңайтқышы жетіспеуде;

5 – магний элементінің жетіспеушілігі;

6 – судың жетіспеушілігі.

 

Сондықтан топырақ құнарлығын анықтайтын қоректік элементтердің мөлшерін қадағалау — өсімдіктердің қоректену ерекшеліктерін анықтауымызға мүмкіндік береді. Өсімдіктер дамуында қоректік заттарды үнемі, үздіксіз пайдаланады. Сол себепті, топырақтағы қоректік заттардың өзгеру заңдылығын қадағалаудың маңызы зор. Өйткені, жүгері егістігі өзінің даму кезеңдерінде топырақтағы қоректік заттарды әртүрлі дәрежеде пайдаланады. Мұның өзі — олардың даму сатыларын да тыңайтқыштарды қандай мөлшерде, мерзімде қолдануға болатындығын кадағалауға мүмкіншілік жасайды.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда кездесетін ашық сұр топырақтар қоректі заттарға (қарашірік, азот) кедей. Бұл топыраққа азотты тыңайтқыштардың әсері басқа тыңайтқыштарға қарағанда жоғары болады. Шымкент облысы, Мақтаарал совхоз-техникумының ашық сұр топырағына егілген дәндік жүгерінің алғашқы өсу сатысында (5—7 жапырақ шығару) нитраттардың ең көп мөлшері қолданылған азотты тыңайтқыштардан байқалды. М. Әлиевтің үш жылдық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, жүгерінің 5—7 жапырақ шығару кезеңіндегі нитраттардың мөлшері 1 кг топырақтың 0—30 см қабатында 18,5 миллиграмм болғанда ,әр гектарға қолданылатын азотты тыңайтқыштардың пәрменді зат түріндегі мөлшерін 90 килограмнан 240 килограмға молайтып қолданғанда нитраттардың мөлшері 22,8—45,3 миллиграмға жоғарылады.

Топырақтағы нитраттардың ең көп мөлшері минералды тыңайтқыштарды  әр гектарға қолданғанда байқалды. Ал жүгерінің кейінгі өсу сатыларында, шашақтануы кезінде топырақтағы нитраттардың мөлшері қолданылған азотты тыңайтқыштардан жоғарылағаны онша көп байқалмады.

Бұл зерттеу жұмыстарының қорытындысы, жүгері егістігіне 5—7 жапырақ шығару сатысына жеткенде ғана азотты тыңайтқыштарды қолдануға болатындығын көрсетті. Бұл заңдылықтар барлық жылдарда байқалды.

Топырақтағы жылжымалы фосфор жайында: аталмыш совхоз алқабының топырағы егіншілікке өте ертеден пайдаланылып, өне бойы мақта егіліп келеді. Мұнда жоғары дәрежеде тыңайтқыштар қолданылуда. Осыған байланысты топырақтың фосфорға құнарлылығынық дәрежелері орташа болып отыр.

Жалпы жылжымалы фосфордың мөлшері үш жылда орта есеппен топырақтың 0—30 см кабатында, жүгерінің 5—7 жапырақ шығар кезеңінде, 1 килограмм топырақта 35,1 мг болса, фосформен тыңайтылған алқаптарда ол 40,0—53,8 миллиграмға көтерілді. Топырақтағы жылжымалы фосфордың жоғарылауы жүгерінің кейінгі даму сатыларында да байқалды. Ашық сұр топырақтарда фосфорлы тыңайтқыштарды 60—120 килограмм қоректік зат түрінде әр гектарға қолдану — сол егістіктің фосфорға құнарлылық дәрежелерін орташа деңгейден жоғары құнарлылыққа жеткізетінін көрсетті.

Ал, топырақтың жылжымалы калийге құнарлылығы егіс алқаптарында орташа дәрежеде болды. Үш жылда, орта  есеппен, топырақтың 0—30 см. қабатында, әр гектарға тыңайтқыштардың қоректік зат түріндегі мөлшерін қолданғанда, жылжымалы калийдің 1 килограмм топырақтағы мөлшері жүгерінің 5—7 жапырақ сатысында 340—32З миллиграмға көбейді. Ал тыңайтылмаған алқап топырағындағы калийдің мөлшері 304 мг ғана болды.

Қолданылған калийлі тыңайтқыштардан топырақтағы жылжымалы калийдің өсуі 34—46 миллиграмм болғанымен құнарлылық дәрежелері орташа күйінде қалды. Сонымен минералды тыңайтқыштарды қолдану — топырақтағы жылжымалы коректік заттардың өсуіне, жүгерінің дұрыс қоректенуіне жағдай жасайды.

Жерді жаңарту, ондағы заттар айналымын жақсарту, топырақтың кұнарлылығын арттыруда әртүрлі химиялық элементтер басты роль атқарады.

Қандай болмасын тірі организмнің, соның ішінде өсімдіктің де, өмір тіршілігінің негізі — қоректену процесі болып саналады. Өсімдік неғұрлым жақсы қоректенетін болса, ол соғұрлым тез өсіп, жетілетін болады. Жақсы әрі дұрыс қоректендіретін болсақ, ауыл шаруашылығы дақылдарынан аса жоғары өнім алып қана қоймай, оның сапасын да жақсартатын боламыз.

Минералдық қоректену дегеніміз — өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру процесі. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни, олардың өсу, дамуы тіпті де мүмкін емес.

Жоғары сапалы өнім алу үшін, өсімдіктер өсіп дамуының әрбір кезеңіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, оларды қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз ету қажет.

Өсімдіктерді бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-дамуының кезеңінде оның қандай қоректерді қажет ететінін жақсы білу керек; екіншіден, өсімдіктің сыртқы пішініне қарап, берілген қоректік заттардың өсімдік қажетін өтей алмайтынын тез анықтай білу керек: үшіншіден, өсімдіктің өнім құруына қолайлы жағдай жасау үшін, оған қажетті қоректік заттарды тиісті кезінде беріп тұру жөн. Аталған элементтерден өсімдікте күрделі органикалық қосылыстар — углеводтар, органикалық қышқылдар — белоктар, май, нуклеин қышқылдары, ферменттер, витаминдер түзіледі.

Азот барлық өсімдіктер мен жануарлар организмдегі негізгі белоктың құрамына кіреді. Белоктың құрамында азот мөлшері өте үлкен, ол белок салмағының 16—18 процентіне тең. Азот фотосинтез жүргізуші хлорофил құ-рамына, протоплазма мен клеткалар ядросының аса маңызды бөлегі нуклеин қышқылының құрамына енеді.

Өсімдіктің вегетативтік органдарындағы белоксыз органикалық азот мөлшері өсімдіктегі жалпы азот мөлшерінің 20—25 процентінен аспайды. Өсімдік нашар қоректенсе, атап айтқанда, онда фосфор жетімсіз болса, белок емес азот қосындыларының мөлшері едәуір көбейеді, мұның  өзі өсімдік өнімінің сапасына әсер етеді.

Топырақта азотты қоректің көп жиналуына бұршақ тұқымдас өсімдіктер (беде, бұршақ, соя, т. б.) үлкен әсер етеді, өйткені, бұл өсімдіктер түйнек бактериялары арқылы ауадағы бос азотты пайдаланып, басқа өсімдіктер үшін сіңімді қосылысқа айналдырады.

Топырақта азот жетімсіз болса, өсімдіктің өсуі бөгеледі, жапырағының жасыл бояуы өзгереді, биохимиялық процестер бұзылады, түсім кемиді. Өсімдікте азот  жетпейтінін оңай аңғаруға болады, бұл кезде хлорофил кемиді, өсімдік жапырағының түсі сарғаяды.

      Өсімдікте азот қорегі шамадан тыс көп болып, фосфор жетімсіз болса, ол өсімдікке кері әсер етеді, өсімдіктің пісуі кешеуілдейді және бәрі біртегіс піспейді, өсімдік сабағы әлсіз өсіп, жығылуға бейім болады, ауа райының қолайсыз жағдайына төзімділігі кемиді. Мәселен, күздік бидайдың суыққа төзімділігі кемиді. Қант қызылшасының  қанттылығы азаяды.

     Фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының құрамына кіреді. Оның азоттан ерекшелігі — ол белоктың  құрамына тікелей кірмейді, фосфор нуклеин қышқылының құрамды бөлігі болып табылады және жай белокпен қосылып, күрделі нуклеопротеид белогына айналады. Фосфор биологиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, өсімдіктерде углевод пайда болуына қатысады.

Өсімдік организмінің тіршілік етуіне бірде-бір қоректік элемент фосфордай жан-жақты қатыса алмайды. Өсімдіктің фосфор қорегін реттей отырып, оның өсу, даму қарқынын қолдан реттеуге және өнімнің сапасын өзгертуге болады. Фосфордың кейбір органикалық қосындылары өсімдік организмінде энергияны бір жерге жинақтайтын аккумулятор ролін атқарады.

Сол сияқты фосфор тыңайтқыш дәндік дақылдардың  қуаңшылыққа төзімділігін арттыратыны, өсімдікке нәр болатын ылғал мелшерін сақтауға әсер етеді.

Күлді элементтер ішінде фосфор ерекше орын алады. Әдетте күл элементтері астық дақылдарының сабанына жиналады, ал фосфор астық дәнінің құрамында болады.

Өсімдік тіршілігінің бастапқы кезеңінде және өсімдік өсіп, дами бастаған мерзімде фосфор тыңайтқышын қолдану маңызды болады. Фосфор тыңайтқышы өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, тамырының дамуы арқасында өсімдік қоректік заттарды жақсырақ пайдаланады, ылғалды көбірек сіңіреді, сөйтіп, өсімдіктің жер бетіне өсіп шыққан бөлшектерінің қаулап өсуіне қолайлы әсер етеді. Өсімдікке фосфор жетіспей, ол фосфор тапшылығына ұшыраса, өсімдік сабағы мен жапырағының өсуі тоқтайды тұқым салмайды. Фосфор жетіспеген кезде өсімдіктегі өзгеру белгісін бірден байқауға болады. Фосфорға зәру өсімдіктер жапырақтарының шеткі жиектері ширатылады, жапырақтарда күрең теңбілдер пайда болады, зақымдалған жерлерінің тканьдері түсе бастайды.

Калий де өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды физиологиялық роль атқарады. Біз тоқталған қоректік элементтер — азот, фосфор өсімдіктерде, оның ішінде жүгеріде әртүрлі органикалық қосылыстар құрамына кірсе, калий олардың тканьдерінде суда еритін тұздар күйінде болады. Калий өсімдіктердің протоплазмаға бай клеткаларында көбірек болады. Өсімдіктердің ұрығында, же-міс түзетін органдарында көп кездеседі. Өсімдіктердің бұл бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де қарқынды болады. Бірақ калийдің өсімдіктер тіршілігінде атқаратын физиологиялық қызметі әлі жан-жақты анықталып біткен жоқ. Жоғары дәрежелі өсімдіктер қорегінде калий болмаса, өсімдік қурай бастайды немесе вегетативтік өнімі өте нашар болады. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді. Ылғалдың буға айналуы күшейген кезде, калий жетіспейтін өсімдіктер сола бастайды. Жазда қуаңшылық болып, ылғал тапшы жылдары өсімдіктер калийдің жетіспеуінен көбірек зардап шетеді.

Калий бүршік тамырларының дамуына, клеткалардың толысуына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді.

  Калий тыңайтқышы өсімдіктерде белок синтезіне үлкен ықпал жасайды. Калий жетіспесе, бұл процесс бөгеліп қалады да, белоксыз  (зиянды)  азот жиналады. 

Жүгері егістігінің қоректік эаттарды әртүрлі даму кезеңдерінде пайдалануын қадағалау — топырақтағы қоректік заттардың өзгеру заңдылығын қадағалау деген сөз. Бұл әрі жоспарланған өнімге қарай қажетті тыңайтқыштардың керекті тәсілдерін анықтауға да мүмкіндік береді. Бұған  қосымша өсімдіктердің пайдаланған және топырақта қалған қоректік заттары арасындағы тепе-теңдікті анықтауға көмектеседі.

Жүгері егістігі мол өнім бергенде топырақтағы қоректік элементтерді, оның ішінде азотты, фосфорды және калийді көп мөлшерде пайдаланады.

Қазақстанның ғылыми мекемелерінің мәліметтері бойынша, жүгері бір тонна дән беру үшін өзіне сай сабанымен топырақтан 30—34 кг азотты, 10—13 кг фосфорды және 40—42, килограм калийді, ал 100 центнер дәнді құрау үшін 300—400 кг азотты, 100—130 кг фосфорды және 400—420 кг калийді пайдаланады.

Осы өніммен бірге кеткен қоректік заттардың орнын топырақта қалған қоректік заттар қорымен толтыру әсте мүмкін емес. Бұған тек тыңайтқыштарды көбірек қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Жүгері егістігі шашақтану кезеңдеріне келгенде 70—72 процент азотты, 48—50 процент фосфорды және 80—82 процент калийді жұмсайды. Шашақтану мен сүттеніп пісу аралығында ол 12—13 процент азотты, 25—27 процент фосфорды және 15—20 процент калийді пайдаланады. Жүгерінің азот пен фосфорды пайдалануы піскен кезеңдеріне созылса, калийді пайдалануы сүттеніп-қамырланған сатысына дейін ғана жүреді.

Жүгерінің қоректік заттарды пайдалану қабілеті — олардың биологиялық ерекшеліктеріне, сортына, буданына, топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне, сондай-ақ қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшеріне байланысты. Сондықтан өсімдіктердің өсіп-өну сатыларында қоректік заттарды қажетсіну дәрежелерің анықтау — өсімдіктердің минералды тыңайтқыштарды қажетсіну мөлшерімен тығыз қатынаста болады. Минералды және органикалық тыңайтқыштар әртүрлі нормада қолданылып, жүгерінің даму кезеңдерінде оның құрамындағы қоректік заттарға өте жоғары әсер етеді.

Топырағы фосфорға құнарлылығы төмен алқаптарда фосфорлы тыңайтқыштарды қолдану — олардың дамуы кезінде топырақтағы жылжымалы фосфорды және өсімдік құрамындағы фосфорды молайтуға көмегін тигізеді. Әр гектарға қолданылатын фосфор нормасын 90 килограмға — жоғарылатқанда,    өсімдіктер   құрамындағы фосфор мөлшері әрі көбеймеді.

Өсімдіктер құрамындағы тек қана фосфорды тыңайтқыштарға тәуелді емес, азотты тыңайтқыштарды да қажет етеді.

Ал топырақ қүнарлылығы калийге жоғары дәрежелі жерлерде егілген жүгеріге қолданылған калийлі тыңайтқыштардың ешқандай әсері байқалмады. Мұның езі — жүгері өсу кезеңдерінде калийді тек қана топырақтан алатындығын керсетеді. Мүндайда калийлі тыңайтқыштарды қолдану тиімді болмайды. Демек жүгері егістігі өзінің даму кезеңдерінде қоректік заттарды әртүрлі мөлшерде пайдаланатыны осыдан көрінеді.

Жүгері егістігінің қүрамындағы қоректік заттарға әртүрлі тыңайтқыштардың әсері әрқалай болады дедік. Ашық сұр топыраққа егілген жүгері егістігіне қолданылған тыңайтқыштардан қоректік заттардың өзгеруі мына төмендегідей болды.

Зерттеу мынаны көрсетті: жүгері дәнінің құрамындағы қоректік заттар мөлшерлері тыңайтылмаған алқаптарда азот 1,38%, фосфор 0,68%, калий 0,42% болса, тыңайтылған алқаптарда азот 1,41—1,61%, фосфор 0,70— 0,83%    процентке   өсті   де,    калий    өзгеріссіз   қалды (0,37—0,44). Қолданған тыңайтқыштар жүгері сабанының құрамындағы қоректі заттардың өсуіне де әсер етті. Егер жүгерінің сабанындағы азот пен фосфордың мөлшері тыңайтылмаған  алқаптарда   0,75—0,25%   болса, тыңайтылған    алқаптарда    азоттың    мөлшері    0,88— 0,97%-ке дейін, фосфордың мөлшері 0,30—0,36 процентке өсті.

Ал, жүгері құрамындағы калийдің өсуіне тыңайтқыштардың түрлері мен әртүрлі мөлшерлері әсер етпеді.

Жүгерідегі қоректік заттардың (азот пен фосфор) ең көп мөлшері —  дәнінде болса,  калийдің  ең  көбі -сабанында сабағы мен жапырағында болады. 1 гектар жүгері егістігі тыңайтылмаған алқапта—177,8 кг азотты, 72,2 фосфорды, 348,1 килограмм калийді пайдаланса, тыңайтылған алқаптарда — азотты 225,6—270,1 килограммға, фосфорды 93,2—118,9 килограмға, ал калийді 374,4—442,5 килограмға дейін пайдаланады.

Яғни, өсімдіктер құрамындағы қоректік заттарды барлық өнімді қолданылған минералды тыңайтқыштар азот—126,8—151,9, фосфор — 129,08—164,7,  калий — 107,5—127,1 процентке өсірді. Ашық сұр тастақ топырақтағы дәндік жүгерінің 1 тоннасы өзінің қосымша өніміне сәйкес 34 кг азотты, 11 кг фосфорды және 51,2 килограмм калийді пайдаланды. Республика бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен мынадай: азот — 34 кг, фосфор — 11 кг, калий — 33 килограмм.

Өсімдіктің өз құрамындағы қоректік заттарды әрбір климат-аймақтарға тән пайдалануын қадағалау — бізге тыңайтқыштардың нормасын анықтауға мүмкіншілік жасайды.

Сондай-ақ, барлық тәжірибе жүгері дәнінде-азот пен фосфор, ал сабанында — калий мен азот болатынын керсетті.

Жүгеріні минералдық заттармен қоректендіру — өсуін реттеп қана қоймай, сонымен бірге оның дамуын да тездетеді. Өсімдік өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келетіні мәлім. Организміндегі зат алмасу ерекшелігіне, пайда болатын заттардың түрлеріне қарай әр өсімдіктің минералдық заттарды қабылдауда өзіндік талғампаздық қасиеті болады. Соған байланысты ол өзінде жүретін биохимиялық процестерге керек минералдық заттарды ғана қабылдайды.

Сондықтан басқа дақылдар сияқты, жүгері егістігіне тыңайтқыштарды қолдану мерзімін және тәсілдерін білудің маңызы зор.

Тыңайтқыш топыраққа сеялка көмегімен күзде, жазғытұрым, егудің алдында, сүдігер, не парды өңдеуден бұрын біртегіс шашылады,  кейін соқамен жер жыртқанда топыраққа тереңдете көміледі. Берілетін органикалық тыңайтқыштың барлығы, минералдық тыңайтқыштардың 70 проценті, азотты тыңайтқыштардың жартысына жуығы осы тәсілмен шашылады.

Дақылдарды егу кезіндегі тыңайту— көктемде тұқыммен, түйнекпен бір қатарға, немесе ұядан 2—3 см бір қатарға, немесе ұядан 2—3 см тереңірек шашылады.

Егіске дейінгі тыңайту —тамыры әлі дұрыс жетілмеген өсімдіктерді қосымша қоректендіру үшін қажет.

Үстеп қоректендіру — өсімдіктерден мол өнім алу мақсатында, өсу мен дамудың  әртүрлі кезеңінде, тыңайтқышты құрғақ, не ерітінді күйінде, егістіктің қатар-аралығын культивациялау кезінде қолдану.

Тыңайтқыш нормасы деп өсімдіктің қажеттілігіне, нақты мүмкіндігіне байланысты әртүрлі дақылдар мен аудандарға байланысты 1 гектар жерге бір жылда берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін айтады.

Тыңайтқыш мөлшері дегеніміз — топыраққа шашылатын тыңайтқыштың нақты мөлшері.  Тыңайтқыш мөлшері өсімдіктің физиологиялық ерекшелігі мен топырақтың агрохимиялық аиализі анықталғаннан кейін белгіленеді. Түрлі тәсілдермен шашылады. Еліміздің топырақ, климат ерекшеліктерінің алуан түр-лілігіне қарамастан, ауыл шаруашылық өсімдіктеріне тынайтқыш қолданудың белгілі жүйесі бар:

а) жерді өңдеудің тәсілдері мен өсімдіктерді күтіп баптау;

б) топырақта ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті ылғалдылықты қамтамасыз ету;

в)  топырақта өсімдікке қажетті қоректік заттардың мөлшерін және топырақ ерітіндісінің реакциясын реттеу.

г)  егілетін дақылдың ерекшеліктеріне, топырақ-климат жағдайларына және ауыспалы егіс танаптарының әртүрлі учаскесіне сай қолданатын тыңайтқыштардың түрлерін,  мөлшерін, тәсілін іріктеу;

д) шаруашылықтағы қолда бар топырақ құнарлылығы мен сапасын анықтайтын агрохимиялық және топырақ картограммаларын басшылыққа алу;

ж) минералды және органикалық тыңайтқыштардың колдану мүмкіншілігі және сәйкестігі.

 

 

3.3.   Тыңайтқыштардың   жүгері өніміне   әсері

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын бағалаудың негізгі көрсеткіші— әр гектардан алынған өнім болып келеді. Бірақ қазіргі кезде ғылымның дамуына техникалық құрал-жабдықтардың молаюына байланысты дақылдарды бағалау өнім салмағымен шектелмейтін болды. Енді оның сапа көрсеткіштеріне тыңайтқыштардың әсерін анықтау да кіреді.

Әртүрлі дақылдардан алынған белгілі өнім көлемі жан-жақты пайдаланылады. Олардың бір-бірінен артықшылығы халық шаруашылығы саласының қоятын талаптары тұрғысынан бағаланады. Мұның өзі астық сапасын бағалайтын көптеген әдістерді шығаруға түрткі болды. Ондай әдістердің көмегімен кез-келген дәнді дақылдардың тамақтық, мал азығындық және техникалық сапасы жөнінде мағлұмат алынады. Өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштер мемлекеттік стандарттарда қаралған.

Тыңайтқыштарды қолдану топырақтың құнарлылығын жақсартуға, жүгері егістігінен мол өнім алуға, оның көлемінің қауырт өсуіне себеп болады. Жүгері егістігінің сапасы көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Олар шартты түрде мынадай үш топқа бөлінеді:

а) физикалық көрсеткіштер: дәннің көлемдік салмағы —1000 дәннің массасы, олардың өсу кезеңдеріндегі құрғақ заттардың массасы. 1 өсімдіктегі собықтың саны, ылғалдылығы.

б) химиялық көрсеткіштер: белок, крахмал, майлар, күлдер, мал азығындық өлшемдер.

в)  дәннің ұндық және нандық қасиеттері.

Аталған көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты. Жүгері егістігінің сапасы жөніндегі көрсеткіштер шаруашылықтар экономикасында маңызды роль атқарады. Астық қабылдау пункттері астық сапасының бір ғана көрсеткіші — кондиция шарттарына сәйкес келмесе, қосымша баға төлемейді.

Жүгері егістігі, басқа да тірі организмдер сияқты, өзінің вегетациялық дәуірі кезінде әртүрлі даму кезеңдерінен өтеді. Мәдени өсімдіктер өнімінің басты көрсеткіштерінің бірі — өсімдіктер вегетациясы кезінде түзілетін құрғақ заттар болып табылады. Мұның өзі өсімдіктерде болатын әртүрлі физиологиялық процестерге (фотосинтез, өсімдіктердің тыныстауы, углеводтар мен белоктар-дың алмасуы) байланысты болады. Өсімдіктердің жеке өніп өсу сатылары кезінде құрғақ заттардың түзілуіне тыңайтқыштардың елеулі әсер ететіндігі көп ғалымдардың зерттеулерінен белгілі.

  Тыңайтқыштарды қолдану кезінде өсімдіктердегі құрғақ заттар салмағының артуы жүгерінің шашақтануынан толық пісу кезеңіне дейін байқалады. Ашық қара қоңыр топырақта егілген жүгері өзінің шашашақтануы сатысына келгенде, тыңайтылмаған алқаптағы бір өсімдіктегі құрғақ зат массасы 93,9 грамм болғанда, әр гектарға 60 кг фосфорлы тықайтқыш  қолданғанда 114 граммға өскен. Нормалары әрқилы азотты тыңайтқыштарды осы фосфорлы тыңайтқыштармен  араластырып қолданғанда құрғақ заттардың массасы 151,9 грамнан артты. Құрғақ заттардың ең көп өсуі — әр гектарға 30 тонна көң беріп, оған азот пен фосфорды араластырып қолданғанда — 171,1 грамм болды. Топырағында фосфор аз алқаптарда қолданылған фосфорлы тыңайтқыштардан құрғақ заттардың массасы өспеді.

Сонымен, тыңайтқыштарды қолдану арқылы топырақ құнарлылығын едәуір жақсартып, жүгеріні қауырт өсіруге болады. Бұл жалпы өнімге де әсер етеді.

Өсімдік түсімінің сыртқы  белгісіне және оның негізгі элементтеріне мыналар жатады: I есімдіктегі собықтың, дәннің саны және бір собықтағы дәннің, 1000 дәннің массасы, I собықтағы дәннің процент есебіндегі үлес салмағы. Осы аталғандардың бәрі жүгерінің биологиялық өнімін құрайды. Жалпы өнім үшін бұл элементтердің әрқайсысының үлкен маңызы бар. Суармалы жерлердегі ашық қара қоңыр топырақта егілген дәндік жүгері өнімінің өсуі — собықтағы дәннің көп болуы мен 1000 дәннің массасының өсуіне байланысты болады. 30 тонна көң мен минералды тыңайтқыштарды араластырып қолданғанда әрбір 100 өсімдік 102—107 собық, ал тыңайтылмаған алқаптарда 98 собық шығарды. 60 кг супер-фосфат қолданғанда жүгері собығындағы дән санының өсуіне әсер етті. Тыңайтылмаған алқаптағы жүгері собығынан 120 дана дән, бір собықтағы дәннің массасы 38,1 грамм артық алынды. Ал азотты тыңайтқыштардың әртүрлі нормаларын 60 және 90 кг фосформен араластырып  қолданғанда, бір собықтағы дәннің санын 815—865 данаға, массасын 213,3—229 грамға, I өсімдіктегі дәннің массасын 51,1—78,8 грамға арттыруға болады екен. 1000 дәннің массасының ең көп өсуі — N120 Р90 N150 Р60 — 30 тонна көңді қолданғанда алынды. Бұл екі варианттағы алынған 1000 дәннің массасы 288,9 және 293,2 грамм болса, бақылау вариантындағы 1000 дәннің массасы 233,3 грамм яғни, жоғарыдағы тыңайтылмаған   алқаптармен   салыстырғандағы   1000  дәннің өсуі 24—26% болды.

Калийге құнарлылығы — орташа және жоғары топырақтарда азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды қолдану басты роль атқаратынын көрсетті. Ал қолданған калийлі тыңайтқыштар жүгері егістігінің сыртқы белгілерін көбейтпеді. Қоректік заттардың жүгерінің өсу кездеріндегі құрғақ заттар мен сыртқы белгілеріне әсерлерін қадағалау — бізге керекті тыңайтқыштарды өсіп, даму сатылары кезінде жүгеріге қалай, қанша қблдануға  болатынына негіз жасайды. Әртүрлі топырақтардағы жүгері етістігінің өнімі мен сапасына тыңайтқыштардың әсері — шаруашылықтағы егіншілік мәдениетіне топырақтың құнарлылығына, дақылдардың сорттарына байланысты болады. Сондықтан да кез-келген ауыл шаруашылығы дақылдарына қажетті тыңайтқыштардың нормасын, тәсілдерін анықтау үшін, белгілі топырақ-климат аймақтарындағы олардың әсерлерін зерттеген тәжірибе жұмыстары басшылыққа алынады. Тыңайтқыштардың топырақтың құнарлылығына, ылғалдылығын сақтауға, көп өсімдіктердің ыстыққа, суыққа төзімділігін арттыруға, олардың тамырлары мен жапырақтарының ұлғайып өсуіне және тез пісуіне әсер ететіндігі анықталды.

Біздің республикамызда минералдық тыңайтқыштардың дәндік жүгерінің өніміне әсерлерін  зерттеу тәжірибелері 1960 жылдан бастап жүргізіліп келеді.

Көп уақытқа дейін республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарына әртүрлі тыңайтқыштарды қолдану олардың жетіспеуіне байланысты біржақты жүргізілді. Азот, фосфор тыңайтқыштары көп қолданылса, бұған керісінше органикалық, микро, калийлі тыңайтқыштар мүлдем колданылмады. Мұның өзі оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда егіліп жүрген жүгері егістігінен одақтағы көрсеткіштерден төмен өнім алуға әкеп соқтырды.

Қазіргі кезде елімізде дербес агрохимиялық қызмет көрсету мекемелері құрылды. Ауыл щаруашылығы дақылдарына қолданылатын әртүрлі тыңайтқыштардың көлемі артты. Жүгерінің әртүрлі сорттары мен будандары шығарылды. Суармалы егістік жерлер молайды.  Бұл мәселелер әртүрлі топырақ-климат аймақтарында, қоректік элементтерге топырақ құнарлылығы әртүрлі болатын жерлерде егілетін жүгеріге қолданылатын тыңайтқыштардың   нормасын   нақты   анықтауды   қажет етті.

Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жүгері егістігі ашық қара-қоңыр, шалғынды сұр, ашық сұр топырақтарда егіледі. Олардың 75 процент көлемі осы сұр топырақтарда орналасқан.

Бұл сұр топырақтардың малта тасы жер бетіне жақын жатқан қабатында қарашірік аз. Бұл жерлердің топырағы суды бойына тез өткізеді. Қоректік заттар сумен шайылып тереңге кетіп қалады. Нәтижеде қоректік заттардың барлық түрлері топырақ құрамында   аз   болады.

Ашық сұр толырақты жерлердің ауа райы — ыстық. Сондықтан, жер бетінен судың булануы топыраққа түсетін ылғалдың мөлшерінен 10—15 есе көп. Топырақ тек қыста және көктемде ғана ылғалды болады. Онда да топырақтың тек жоғары (30—50 сантиметр) қабаты ғана ылғалданады, ал төменгі қабаттары, көбіне, құрғақ келеді. Жауын-шашын есебінен түсетін ылғал одан әрі өтпейді. Жауын-шашынның жетіспеушілігі, жаздың ыстық болуы және аңызақ желдің жиі соғатындығы өнімді азайтады. Дәндік жүгеріден жоғары өнімдер тек бірнеше рет суарылғанда ғана алынады. Топырақ құрамындағы қоректік заттар (азот, фосфор, калий) аз. Осыған орай тыңайтқыштардың барлық түрін қолданып жоғары өнім алуға болады. Минералдық тыңайтқыштардың сұр топырақтарда егілген дәндік жүгеріге әсері Талдықорған облысының Панфилов ауданы, Қалинин атындағы колхозында жүргізілген тәжірибелер бойынша зерттелді. Краснодарская-1,49 буданы — тәжірибелік сорт ретінде алынды. Сондай-ақ Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,   Еңбек   Қызыл   ту орденді   Свердлов   атындағы колхозда жүгерінің Югославская сортына (Алматы об-лыстық ауыл шаруашылығын химияландыруды жобалап іздестіру станциясы қызметкерлерінің көмегімен) жүргізілді.

Үш жылдай жүргізілген бұл зерттеу жұмыстардың қорытындылары мынаны көрсетті.

Кәдімгі сұр топырақтарда егілген дәндік жүгері сортарының өніміне тыңайтқыштардың әсері

                                                                                                             2- кесте

Узбекстанский зубовидный

Өнімдер негізгі

ц/га, қосымша

Қазақстан – 43ТВ

Өнімдер негізгі

ц/га, қосымша

1

Тыңайтылмаған алқап

 

34,6

Тыңайтылмаған алқап

 

62,9

2

P60K60

42,5

7,9

N90P60

69,6

6,7

3

N60P60K60

46,5

11,9

N90K60

73,2

10,3

4

N60P60K60

49,1

14,5

P60K60

69,6

6,7

5

N90P60K60

52,2

17,6

N90P60K60

74,1

11,2

6

N120P60K60

52,0

17,4

N120P60K60

77,7

14,8

7

N90P60

44,0

9,4

N150P60K60

77,6

14,8

8

N90P60K60

49,2

14,6

N90P90K60

76,6

13,7

9

N90P90K60

53,7

19,1

N90P120K60

77,0

14,1

10

N90P120K60

53,1

18,5

N150P150K60

79,9

17,0

 

 Жүгері егісіндегі бақылау мен тыңайтқыш берілген өсімдіктерді салыстыру

 

Узбекстанский зубовидный. Әр гектарға 90 кг азот, фосфор мен калий (Р60 К60) қоректік зат түрінде қосылып берілді. Алынған қосымша өнім — тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 17,6 центнер. Ал фосфорлы тыңайтқыштарға (90 килограмм) азот пен калийді (N90 К60) қосып бергенде 19,1 центнер өнім алынды.

Ал азотты және фосфорлы тықайтқыштардан алынған өнімдер фонды (Р60 К60 және N90  К60) варианттармен салыстырғанда 9,7 және 9,7 ц болса, калийлі тыңайтқыштардан 6,6—9,7 центнердей, тыңайтылмаған алқаптың әр гектарынан 34,6 ц қосымша өнім алынды.

Қазақстан – 43ТВ. Кәдімгі сұр тастақ топырақты жерге егілген дәндік жүгеріге минералдық тыңайтқыштар қолданылды. Оның әсері өте жоғары болды. Әр гектарға әсерлі зат түрінде азотпен фосфорлы тынайтқыштар (N90 К60) қолданылды. Алынған қосымша өнім бақылау вариантымен салыстырғанда — 6—7 ц болса, осы вариантқа 60 кг калийді қосып қолданғанда, алынған қосымша өнім — 11,2 ц болды   (1-таблица).

Кейінгі жылдары республикамызда жүгеріге қолданылатын минералдық  тыңайтқыштар  көбейді.  Осыған байланысты орталық агрохимиялық қызмет көрсету институты (ЦИНАО) арнаулы аралас комбинациялы нұсқауларын    ұсынды.     Бұл — әртүрлі    тыңайтқыштарды (азотты, не фосфорды) ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданудың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғы зерттеулерде ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның  ішінде жүгері егістігіне колданылатын тыңайтқыштардың әсерін бақылау, негізінде,  екі қоректік элементтердің  (азоттың, фосфордың)   көмегімен жүргізілетін. Ал калийлі тыңайтқыштардың нормасы бір, екі нормамен ғана шектелді.   Жүгері   әртүрлі   алқаптарда егілгендіктен,   жер   бедерінің   әрқилы,   топырағындағы қоректік заттар әртүрлі дәрежеде болуы қажетті тыңайтқыштардың әсерін анықтауда көп   қиыншылықтар   туғызды. Оның үстіне коректік элементтердің ішінде жүгері егістігі өзінің өсу кезеңдерінде калийді көп мөлшерде пайдаланады. Зерттелген жүгері  алқаптары топырағының калийге кұнарлылығы төмен жерлері көп болды. Нәтижеде калийлі тыңайтқыштарды аз қолдануға тура кел-ді. Сондықтан, біз ашықсұр топырақты жерлерде егілген дәндік жүгері егістігіне минералдық тыңайтқыштардың жеке түрлерінің әсерін анықтау үшін бір жерде егілген дәндік жүгерінің өнімі мен сапасына әсерлерін ғана тексердік.

Кәдімгі сұр тастақты топырақта егілген дәндік жүгерінің ЗПСК-1 сортына мйнералды тыңайтқыштардың әсері туралы тәжірибелер Шымкент облысы, Түркістан ауданындағы Н. Крупская атындағы колхозда 1979—1981 жылдары жүргізілді. Әр гектарға 120 кг азот, 90 кг фосфор, 60 кг калий араластырып қолданылды. Одан 16,8 центнердей қосымша өнім алынды. Азотты тыңайт-қыштардың нормасын 150—180 кг дейін өсіргенде, алдағы қолданылған 120 кг азотқа қарағанда, дәндік жүгерінің өнімі онша өспеді. Әрі экономикалық жағынан тиімсіздеу болды.

Ал әр гектарға қолданылған 90 кг фосфорлы тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігі 120—150 кг фосфорға қарағанда жоғары  болды. Ал әр гектарға қолданылған 60 кг калийлі тыңайтқыштардан қосымша өнім онша көп алынбады. Ал тыңайтылмаған алқаптың әр гектарынан 22,9 центнер өнім алынды.

Міне, топырақтың әртүрлі климат аймақтарында орналасуынан, жүгерінің сорттары мен қолданылған агротехниканың әртүрлі болуынан  олардың дәндік жүгерінің өніміне әсері де әрқилы болды.

Ал ашық сұр топырақта егілген дәндік жүгерінің жоғарыда аталған сортына жүргізілген үш жылдық тәжірибе қорытындылары мынаны көрсетті: ең жоғары өнім минералды тыңайтқыштардың әсерлі зат түріндегі нормасын әр гектарға қолданғанда алынған өнім 127,2 центнерге жетті, ал бақылау вариантындағы өнім 38,7 центнерден айналды.

Минералды тыңайтқыштардың әсері туралы тәжірибелер ашық сұр топырақтарда егілген дәндік жүгеріңің кеш пісетін Вир 338 буданына жүргізілді. Шымкент облысының  көптеген шаруашылықтарында техникалық дақылдардың көптеп егілуіне байланысты тыңайтқыштар кеңінен қолданылады. Мұның өзі топырақтағы кейбір қоректік заттар мөлшерін өзгертіп отырады. Ал қатарынан бірнеше жыл қолданылған азотты тыңайтқыштар топырақтағы азоттың мөлшерін көп өсірмейді. Осындай дәндік жүгеріге жүргізілген үш жылдық зерттеу жұмыстары әр гектарға қолданылған тыңайтқыштардың (N210 Р60 К60) тиімділігі жоғары болатынын көрсетті. Әр гектардан тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 47,6 ц қосымша өнім алынды. Бақылау вариантындағы әр гектардан алынған өнім 63,2 ц болды   (3-таблица).

Жоғарыдағы нормамен қолданылған тыңайтқыштар дәндік жүгері құрамындағы протеинді бақылау вариантымен салыстырғанда 1,6 процентке өсірді. Көбірек нормада қолданылған фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар дәндік жүгерінің өнімін өсіргенмен, жұмсалған қаржыны ақтамады.

Жүгері сорттарының басым көпшілігі Қазақстаннан тыс климат-топырақ аймақтарында шығарылған. Қолданылатын тыңайтқыштар да әрбір климат-аймақтарға тән қасиеттерді білдіреді. Сондықтан, тыңайтқыштардың жүгері егістігінің өнімі мен сапасына әсерлерін зерттегенде Қазақстанның ғалым-селекционерлері шығарған жүгері сорттары басқа аймақтардағы сорттармен салыстырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының, Тассай тірек пунктінің егілген жүгері егістігіне (кәдімгі сұр топырақты) жүргізілген тәжірибе төмендегідей болды. Жүгерінің Казақстан – 43ТВ сортына, азоттың 210 килограмы, фосфордың 120, калийдің 90 килограмы немесе 40 тонна көң берілді. Әр гектардан 100 центнердей өнім алынды. Ал, 125 центнерлік өнім 20 тонна көң мен қоректік заттардың әсерлі заттар түріндегі N150 Р60 К90 нормасы әр гектарға араластырып қолданғанда алынды. Бақылау вариантында қосымша өнім — 69,3 центнердей, ал тыңайтылмаған алқаптардағы әр гектардан алынған өнім 54 центнер болды.

Кәдімгі сұр топырақта егілген дәндік жүгерінің өнім мен сапасына минералдық тыңантқыштардың әсері (үш жылдық орташа көрсеткіштер)

                                                                                                                               3 -кесте

Варианттар

Өнім, га

Протеин, %

негізгі

қосымша

1

Тыңайтылмаған алқап

63,2

8,1

2

P60

68,9

5,7

8,3

3

N90P60

78,0

14,8

8,7

4

N150K60

88,0

24,8

9,4

5

N150P60K60

95,5

32,3

9,4

6

N210P60K60

110,8

47,6

9,7

7

N210P120K60

117,3

54,1

9,4

8

N210P120K120

118,9

55,7

9,8

9

N240P120K120

119,5

56,3

10,4

 

 

Жоғары мөлшерде қолданылған тыңайтқыштар жүгері дәнінің өнімін ғана жоғарылатқан жоқ, сапасын да жақсартты. Және дәндегі белоктың мөлшерін 8,3 проценттен 9,6 процентке өсірді.

Казахстанская 3,67 буданы өзінің вегетациялық өсіп-өну жағынан қысқа болғандықтан, қолданылған тыңайтқыштар арқылы әр гектарынан 80 центнерге жуық өнім алуға болады. Тәжірибе бүл сорттың өнімділігі ты-ңайтқыштарды дұрыс қолданса жоғары өнім алуға болатындығын көрсетті.

Жүгерінің Қазахстанская 3/67 буданына орташа нормадағы тыңайтқыштарды (N90 К60 К90)  әсерлі зат түрінде қолданғанда қосымша өнім тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 15,5 центнерге артты. Ал (N270 Р120 К150) әр гектардан алынған өнім — 74,2 центнерге, 40 тонна көң мен минералдық тыңайтқыштарды (N150 Р60 К90) қосып қолданғанда алынған өнім — 81,2 центнерге дейін өсті. Бақылау вариантының әр гектарынан алынған өнім 36,9 центнер болды.

Сонымен бұл зерттеулер нәтижелері республиканың суармалы жерлеріндегі барлық топырақ түрлерінде толық минералдық, органикалық тыңайтқыштарды үйлестіріп  қолдану — топырақтың қоректік заттарға  құнарлылығын жақсартып, қосымша мол өнім алуға болатынын көрсетті.

Профессор А. Т. Пономарева республикамыздың агрохимиялық қызмет көрсету мекемелерінің зерттеулеріне сүйене келіп, тьщайтқыштардың әртүрлі сұр топырақтарда егілген жүгері дәніне әсерлері туралы мынадай қорытындыға келді:

Азотты тыңайтқыштардың әсері. Механикалық құрамы жағынан жеңіл сұр топырақтарда егілген дәндік жүгеріге 120—180 кг азотты тыңайтқыштар -(Р60—120 К60) қолданылғанда 3,1—19,3 ц қосымша өнім алынды. Механикалық құрамы жағынан орташа саздақ сұр топырақтар үшін азотты тыңайтқыштардың қоректік нормасы — 120 килограмм, жер бетіне малта тасы жақын орналасқан сұр топырақтарда— 150 килограмм болды.

Егер 1 кг топырақта 25 мг жылжымалы фосфор болса, қолданылатын фосфорлы тыңайтқыштардыц нормасы әсерлі зат түрінде 60—150 кг, 26—35 мг фосфор — 30—120 кг фосфор, ал 36 мг фосфор болса, әр гектарға қолданатын фосфорлы   тыңайтқыш   әсері   зат   түрінде нормасы 20—60 килограмнан аспау керек. Фосфорлы тыңайтқыштарды осындай топырақ құнарлылығына қарай қолдану — біздің фосфорлы тықайтқыштарды үнемдеуімізге көмектеседі. Бұл экономикалық жағынан да тиімді әдіс. Жүгері егісіне жалпы керекті минералды тыңайтқыштардың мөлшері топырақтардың түрлері мен қоректік заттар құнарлылығына,   әрі   жоспарланған   өнімге байланысты. Әртүрлі тыңайтқыштардың жүгері дәніне әсері олардың әр гектардағы өсімдіктердің жиілігіне де байланысты екенін Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу ннститутының үш жылдық зерттеу жұмыстарының қорытындылары дәлелдеді. 1 гектарда 60 мыңнан 70 мыңға дейінгі жиілікте — тыңайтылмаған  алқаптарда  егілетін жүгерінің ерте пісетін Казахстанская 3/67 буданы өнімін өсірмеді. Әр гектардан тиісінше 74,5 және 74,7 центнерден өнім алынды. Ал тыңайтылған алқаптарда жүгері дәнінен алынған қосымша өнім айтарлықтай көп болды. Ең көп өнім 94,6 центнер бір гектар егістікке 50 тонна көң қолданып, өсімдіктер саны 70 мың болғанда алынды. Ал кеш пісетін жүгерінің  Южный  ЗТВ  буданының жиілігін 1 гектарда 60 мыңнан 70 мың данаға жеткізгенде тыңайтылмаған алқаптардың әр гектарынан 90,4— 97,5 центнерден өнім алынды. Яғни, бір гектарда 70 мың дана жүгері өсімдігі болған жерде (60 мың данаға қарағанда) гектар өнімділігі 7,1 центнерге артты.

Өсімдік жиілігі 70 мың дана, сұр топырақты гектарына  50 тонна көң енгізілген алқапта Южный ЗТВ буданы орта есеппен үш жылда гектарына 140,8 центнер кұрғақ дән берді. Гектарына 15 тонна құс саңғырығын енгізғенде гектар өнімділігі 139,5 центнерге жетті, N300 Р140К240— гектарынан 121,5 центнер өнім берді.

Ал, өсімдіктердің әр гектардағы санын 80 мыңға апарғанда қолданылған минералдық және органикалық тыңайтқыштар жүгері өнімін одан әрі өсірмеді. Есесіне, тек жүгері дәнінің сабаны ғана өсті. Мұның өзі — жүгері өнімін тек қана қолданылатын тыңайтқыштар мен суару жүйесін дұрыс жүргізу ғана емес, әр гектардағы жиілігін де қадағалау керектігін көрсетті.

Тыңайтқыштардың дәндік жүгеріге әсерлері туралы тәжірибелер басқа да климат-топырақ аймақтарында жалғастырылды.

Шымкент облысының қара сұр топырағының кұнарлылығы — фосформен калийге орташа жерде егілген. Мұндағы дәндік жүгеріге қолданылған фосфорлы және калийлі тыңайтқыштардан ешқандай қосымша өнім алынбады. Бірақ, бұл екі тыңайтқыштың тиімділігі азотты тыңайтқыштарды араластырып қолданғанда ғана байқалды.

Барлық жағдайда дәндік жүгеріден алынған ең жоғары қосымша өнім 52,3 центнер азот тыңайтқыштарының 40 килограмм әсерлі зат түрінде, жүгерінің 3—4 жапырақ шығару, 160 килограмы — 8-9 жапырақ шығару сатысында үстеп қоректендірілгенде алынды. Тыңайтқыштарды жоғары нормада қолданғанда дәндік жүгерінің құрамындағы  белок тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 1,3 процентке өсті. Қарасұр топырақта егілген жүгерінің өнімі мен сапасына 40 тонна көң мен минералдық тыңайтқыштарды жыл сайын араластырып қолданғанда жақсы әсер етуге қол жетті, 10,2 ц қосымша өнім алынды.

Мұның өзі әр гектардан алынған дәндік жүгері өнімін 116,3 центнерге, протеин мөлшерін 10,9 процентке өсіруге мүмкіншілік жасады.

 

 

3.4.   Жүгері   өсірудің   индустриалды   технологиясы      мен тыңайтқыштарды       қолданудың   кейбір   ерекшеліктері

Қазірде ғылымның белсенді ықпал етуі, жоғары өнімді жүгерінің сорттары мен будандарының шығарылуы, әртүрлі тынайтқыштар  мен тиімді гербицидтердің жылдан-жылға көп қолданылуы, топырақ өңдеудің озық тәсілдері, комплексті және өнімділігі жоғары машиналардың пайдаланылуы, еңбекті ұйымдастырудың тиімді әдістерін кеңінен қолдану — егіншілік мәдениетін жаңа сатыға көтеріп отыр.

Бірақ, бұл дақылды өсірудің жайына талдау жасау—дәнге, сондай-ақ сүрлемге арналып егілетін жүгерінің орташа түсімі бізде әлі де ойдағыдай болмай отырғанын оның биологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне
сай келмейтіндігін көрсетуде. Оның үстіне бұл дақылды өсіруге қол еңбегін көп жұмсауға әлі де жол беріліп келеді. Республиканың жекелеген шаруашылықтарының қол жеткізген шығымдылықтары дәрежесінде өзара үлкен алшақтық бар, мұның өзі резервтерді толық пайдаланылмай келе жатқандығын дәлелдейді. Көп уақытқа дейін, жүгері егістігінің топырағы жай технологияны қолданғанда 10—12 рет әртүрлі механикалық өңдеуден
өтетін.                                   

Бұл өңдеудің бірқатары мыналар: жүгері егістігі күзде жиналып болған соң топырақ қандырылып суарылады. Одан соң суару үшін қазылған арықтар бульдозермен жабылады. Фосфорлы, калийлі және органикалық тыңайтқыштар және азотты тыңайтқыштардың қолданылатын нормасының жарымы егістікке шашылады. Егістік жер себер алдында өңделіп, айдалады. Тырмаланады, содан соң, егу жұмыстарымен қатар тырмаланады. Өзінің 4—6 және 8—9 жапырақ даму кезеңдеріне жеткенде азотты тыңайтқыштармен үстеп коректендіріледі. Арамшөптердің өсу дәрежесіне қарай гербицидтер қолдану үшін 2—3 рет культиваторлар жүргізіледі немесе арамшөптерді құрту үшін жұмысшылардың қол күші жұмсалады. Оның үстінде, егістіктерді суару жұмыстарын жүргізуге байланысты арықтар тартылады. Осы жұмыстардың барлығы тракторлар мен түрлі құралдардың көмегімен жүргізіледі. Осындай механикалық агрегаттардың талай реттік тынымсыз қозғалысы топырақты тығыздайды, құрылысын  бұзады. Оның үстіне ауыл шаруашылығында қазіргі кезде қолданылатын К-700, Т-150 маркалы тракторлар, жерді айдайтын құралдардың көлемі аса үлкен. Бұлардың егістіктерге енгізілуі жерге көп мөлшерде қысым туғызады. Мұның өзі топырақ бөлшектерінің тым майдалануына әкеп соғып, жел және су эрозиясына оңай ұшыратады, әрі топырақ құнарлылығын кемітеді. Оның үстіне, жүгері егістігіне жоғарыда қолданылған агротехникалық шаралар жалпы жұмыстың көлемі мен оларға жұмсалған шығындар (жұмысшы күші, жанармай, дақылдардың өзіндік құнын) шектен  тыс асырып жібереді. Міне, мұның өзі егіншілікті дұрыс жүргізудің экономикалық сапалы, тиімді әдісін іздестіруді қажет етті. Партиямыз халық шаруашылығында оның ішінде ауыл шаруашылығында кездесетін кемшіліктер мен олқылықтардың сыры мен себебін ескере келіп, коммунистік құрылыстың сара бағытымен ілгері басудың сала-сала міндеттерін — халықтың инициативасын дер кезінде көре біліп, қолдау, еңбек өнімділігін арттыру, ұйымшылдық пен реттілікті қамтамасыз ету, жаңа дүние адамын қалыптастыру, орындалатын жұмыстарды өнеркәсіптік негізге көшіру міндеттерін қойды. Жүгері егістігінде индустриялық технологияны қолданудың мәні — топырақ тиімділігін арттыру, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді, жоғары өнімді тұқымды, техниканы комплексті түрде, үйлесімді пайдалану болып табылады. Жерді көктемде жыртудан кейін топырағы неғұрлым тығыз егістіктің беті маламен тегістеледі, борпылдақ топырақтарда жерге бұл операцияның қажеті жоқ. Фосфорлы, калийлі және органикалық тыңайтқыштар мен азотты тыңайтқыштардың кейбір бөлімдері осы өндеу жұмыстарымен бірге жүргізіледі. Күтіп-баптаудың дәстүрлі тәсілдерінің бірі— жүгері жер бетіне өніп шыққанша және шыққаннан кейінгі тырмалау, ол топырақтың бетін қопсыту және арамшөп өскіндерін жою үшін қолданылады.

Өсіп-жетілу кезінде дұрыс суарудың да зор маңызы бар. Суарудың қандай тәсілі пайдаланылса да, топырақта оның ылғал сіңіру мөлшерінің 70 процентіне дейін, ал, шашақ шашу кезінде 80 процентіне дейін мөлшерде ылғал болуын қамтамасыз ету қажет.

Көп жылдық тәжірибеде қалыптасқан технология бойынша күзде, қыста және көктем айларында жерді айдар алдында әр гектарға 1300 текше метр су ызалата беріліп, суарылады. Соған байланысты топырақты өңдеу көбінесе көктемдегі жер жыртумен шектеледі.

Көктемде жер жақсы суарылып, ол ылғалды жақсы сіңіретін болса, өсімдік 6—7 жапырақ жайған кезде алғаш рет суарылады, екінші су — шашақ шашардың алдында, үшінші су — шашақ шашу және сүттенген собық пайда болу кезінде, төртінші су — дән қамырланған кезде беріледі.

Өсіп-жетілу кезіндегі суарудың жиілігі мен ңормасын топырақтын механикалық құрамына, жер бедеріне және басқа факторларға қарап белгілеу қажет. Егер топырақтың механикалық құрамы ауыр болып, көктемде жақсы суарылса, 4—5 рет суару жеткілікті, ал ұсақ тас жер бетіне жақын, боз топырақты жерлерде кемінде 9—12 рет, бірақ, аз нормамен суару керек.

Индустриалды технология енгізілген алғашқы жылы едәуір қиындық кездесті. Өйткені, бұл технология суарылмайтын жердің жағдайында қолайлы болса да оның кейбір элементтері суармалы жердің жағдайына онша оңтайлы болмайды. Сол себепті, мамандар бірлесіп, осы технологияның негізгі элементтерінен басқасына кейбір өзгерістер енгізді.

Агрегаттар құрамын өзгертіп, олардың жұмыс органдарын қайтадан  жабдықтады.  Индустриалды  технологияны енгізгенге дейін, егістік ауыр тырмалар тіркелген агретатпен өнделіп, топырақты тегістеуге мала екінші агрегатта қолданылатын еді. Ал қазір индустриалды  технология бойынша жерді жырту, тыңайтқыштарды қолдану, тырмалау, малалау жұмыстарын бір ғана агрегат бір мезгілде атқарады. Тек танаптардың аяқ жағы қосымша тегістеледі.

Жүгеріні индустриалды технология бойынша суармалы жерлерде өсіргенде қатараралық өндеудің қажеті жоқ. Алайда, біздің республика жағдайында, суару кезінде ол жасау үшін және суарғаннан кейін топырақты қопсыту үшін қажет. Мұнда культивация тереңдігі 8—10 см, атыз тереңдігі 14—16 см болады.   

Өнім жинау — технологиялық өндірістік циклдағы еңбекті ең көп тілейтін және жауапты операциялардың бірі. Собықты тым ерте жинау — дән мөлшерінің азайтып, оның сапасының кемуіне соқтырады. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша, Казахстанская 43ТВ буданын сүттенген кезде жинаса, гектарынан — 70 ц, толық піскен кезде жинаса —90,8 ц дән алуға болады. Оңтүстік ЗТВ буданы — тиісінше 68,6 және 83,6, Қазақстан 3/67 буданы —62,8 және 74,2 ц дән береді. Кеш жиналса, собық дымқылданып, пая жапырылып қалады, өнімсіз еңбек шығындары көбейіп, өнімнің өзіндік құны қымбаттайды.

Тұқым дер кезінде себілсе, собық августың аяғында — сентябрьдің басында піседі де, мұның өзі жиын-терінді қолайлы кезде жүргізуге мүмкіндік береді. Өнім жинау кезінде еңбекті ұқыпты ұйымдастырып, механикаландыру құралдарын толық пайдалану қажет.

Шаруашылықтар СК-5 «Нива» немесе СК-6 «Колос» астық комбайндарына орнатылып собық бастыратын, паяны ұсақтап, жинайтын ППК-4 Пиккер қондырғыларын алады. Мұндай қондырғылы комбайндар қатараралығы 70 см етіп себілген жүгеріні жинайды, ол гектарынан 20 центнерден 150 центнерге дейін дән беретін танаптарда жұмыс істей алады. Оның өнімділігі — сағатына 1—1,5 га. Херсонец-200 бен қондырғылы астық  комбайндарын өндірістік және  тұқымдық жүгері учаскелерінде егінді жинау кезінде жол ашатын құрал ретінде пайдалануға болады. Бұл комбайндарды топтап пайдаланып, басқа учаскелерге көп қозғай бермей ия, онша алысқа ауыстырмай, алдын-ала жақсы әзірленген танаптарда жұмыс істесе күніне әрқайсымен 6—8 га жердің жүгерісін жинауға болады. 

3.5.  Дәңдік жүгері өсіру технологиясының үлгісі

                                                                                                                                            4 -кесте

Орындалатын жұмыстар

 

 

Технологиялық шаралардың параметрлері

 

 

Жүргізі-летін

мерзімдері

 

 

Агрегаттың  кұрамы

трактор

тіркем. агрегат

1

2

3

4

5

1. Жерді жырту

Жерді жырту тереңдігі жоңышқадан соң 27-30см, дәнді дакылдан соң 25-27 см

тамыз-

қыркүйек

Т-150

ДТ-75

ПАН-5-35 П-4-35

2. Егістік жерді ылғал сақтау үшін тырмалау, өңдеу

Бүл шара ерте көктемде жүргізіледі

наурыз

ДТ-75

МТЗ-80

ЗБТУ-1,0 БЗСС-1,0

3. Танапты тегістеу

Жер жырту бағытына 40°-50° бүрышпен тегістеу

наурыз-сәуір

ДТ-75

МТЗ-80

МВ-6

4. Бірінші егу алдындағы топырақты өңдеу

Жерді 10-12 см тереңдікте қопсытқышпен қопсытады

наурыз-сәуір

ДТ-75 МТЗ-80

ЧКУ-4,0

КПС-4,0

5. Екінші егу алдындағы топырақты өңдеу

Бірінші   өңдеуден  соң   12-15 күн  өткесін,  арам  шөбі  көп егісте    және    тұқым    себер алдында   топырақты    8-10см тереңдікте копсытады

сәуір

ДТ-75

МТЗ-80

ЧКУ-4,0 КПС-4,0

6. Егу

Түқымды біркелкі топырақта 6-8см    тереңдікте    сіңіруді қамтамасыз етеді (20-25 кг/га)

5-20

сәуір

МТЗ-80

СПУ-6 СПУА-8

7. Топырақты тығыздау /қажет болса/.

Көктемде кұрғақшылық болса және топырақтың беткі қабаты құрғаған кезде қолданылады

сәуір

МТЗ-80

ЗККШ-6

8. Егін өніп шыққан соң және оның алдында егісті тырмалап, өңдеу.

Топырақ    беті    қатқанда   не болмаса гербицидті топыраққа сіңіріп жабу кезінде  — колданылады   (Эрадикан   6Е,   72% э.к. -6,0-7,0л/га

сәуір-мамыр

МТЗ-80

БЗСС-1,0

9. Гербицидті енгізу.

Арамшөп қалың өскен егінді-кті 50%»-тік 2,4Д гербицидімен 1,5-2,0 л/га мөлшерінде өңдеген жөн, не болмаса 48%-тік диаленсуперді    1,25-1,5    л/га мөлшерінде қолданады

3-5 жапырақ

даму

кезеңінде

МТЗ-80

ОВТ-Іа

ПОУ

 ОПШ-5

 

 

 

 

 

 

10. Егістің қатарара-лықтарын бірінші рет өңдеу

Топырақты 4-6 см тереңдікке ұстарапышақ          жүздерімен сыдыра қопсытып өңдейді

3-5 жапырақ

даму

кезеңінде

МТЗ-80

КРН-4,2 КРН-5,6

11. Өсімдікті азот тыңайткышымен үстеп қоректендіріп, егістің қатараралығын екінші рет өңдеу.

Топыракты   10-12   см   терең-дікте копсытып, азоттық ты-ңайтқыштың жылдық норма-сының    2/5    бөлігін    енгізе отырып,        суару        арығы тартылады

6-7 жапырақ

даму

кезеңінде

МТЗ-80

КРН-4,2 КРН-5,6

12. Өсімдікті азот тыңайткышымен үстеп қоректендіріп, егістің қатараралығын үшінш рет өңдеу және суару арығын тарту.

Азот тыңайтқышының жылдық нормасының 3/5 бөлігі енгізіледі және суару арықтары жаңадан жасалады.

10-12 жапырақ даму кезеңінде

МТЗ-80

КРН-4,2

КРН-5,6

13. Өсімдікті бірінші рет суару

Топырақ ылғалдылығы судың сиымдылық мөлшерінің ең жоғарғы есебімен 70% дейін түскенде

құрғақшылық жылдары 6-7 жапырақ даму кезеңінде, орташа ылғал жылдары 10-11 жапырақ, ылғалды жылдары- 13-14 жапырақ даму кезеңінде

қолменен, жүйектеп суару

14.Екінші суару

Топырақ ылғалдылығы 13-14 жапырақ даму кезеңіне дейін су сиымдылығы мөлшерінің ең жоғарғы есебімен 70% дейін түскенде, ал ол мерзімнен соң 80%-ке түскенде жүргізілген жөн.

құрғақшылық жылдары 16-17 жапырақ, орташа ылғал жылдары – шашақ гүлдеген,  ылғалды жылдары- сабақтың шаш байлау мерзімінде

қолменен, жүйектеп суару

15. Үшінші суару

Топырақ ылғалдылығы судың сиымдылық мөлшерінің ең жоғарғы есебімен 80%-ін құрағанда

құрғақшылық жылдары 16-17 жапырақ, орташа ылғал жылдары – шашақ гүлдеген,  ылғалды жылдары- сабақтың шаш байлау мерзімінде

қолменен, жүйектеп суару

16. Төртінші суару

Топырақ      ылғалдылыгы        судын сыйымдылық мөлшерінің   ең   жоғарғы есебімен 80%-ке түскенде

құрғакшылық

жылдары — шашақ

шашқанда,орташа

ылғал жылдары —

сабақ дән байлағанда, ылғалды жылдары – дән сүттей піскен кезде

крлменен, жүйектеп суару

17. Бесінші суару

Дән    сүттей    пісу кезеңіне         дейін топырақ  ылғалдылығы  судың  сыйымдылық   мөлше-рінің   ең  жоғаргы есебімен 80% түс-кенде, ал ол мер-зімнен соң 70%-ке түскенде

қүрғақшылық |

жылдары — дән

байлағанда, орташа

ылғал жылдары —

сүтті балауызданып

пісу кезеңінде, ал

ылғалды жылдары —

балауызданып пісу

алдында

колменен жүйектеп суару

18. Алтыншы суару

Топырақ      ылғалдылығы        судың сыйымдылығы мөлшерінің         ең жоғарғы    есебімен  70%          түскенде жүргізіледі

қүрғақшылық жылдары – дән сүтті, балауызданып

піскен кезеңінде

колменен жүйектеп суару

19.Жиын-терім

 

Дәннің таза піскен кезеңінде

 

Ескертпе: 100 ц/га жүгері дәнін жинау үшін N170-190Р80-90К40-60,

   120 ц/га — К210-230Р105-115К80-90 кг/га нәр зат есебінде минералды тыңайтқыштарды колдану қажет.

 

3.6. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды тыңайтқыштарды енгізудің

экономикалық тиімділігіне баға беру

Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде оның агротехнологиясына баға беріліп бұл тәсілдің тиімділігі анықталады. Нарықтық  заман талабына сәйкес аз шығын шығарып, жоғары сапалы өнім алудың маңыздылығы артуда. Осы мақсатпен дәндік жүгеріні 1 гектарға өсіруге кеткен қаражат есептеліп, минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері мен бағасы және басқа да шығыс қаржылары анықталды.

Дәндік жүгері егілетін егіс алқап күзде жыртылғаннан бастап жинап алғанға дейінгі шығын есептелінді. Бір гектардан алынған таза пайда, бір центнер өзіндік құны және өндіріс рентабельдігі анықталды. Дәндік жүгеріні минералды тыңайтқышсыз өсірілген нұсқада 1 гектарға кеткен шығын 36540 тенге болса, ал минералды тыңайтқыштарды азот 240 кг, фосфор 120, калий 120 кг мөлшерде енгізген тоғызыншы нұсқада шығын 58900 тенге, яғни 2 есе көп жұмсалды. Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізудің экономикалық тиімділігіне талдау жасар болсақ, № 5 кестеде келтірілгендей барлық нұсқаларда бір гектарға кеткен шығын бақылаумен салыстырғанда артық, бірақ та 1 гектардан алынған таза пайда бақылаудан 2 есе артық алынған. Тыңайтылмаған алқаптың таза пайдасы 153060 тенгені құраса, 1 гектарға азот 210, фософр 120 калий 120кг мөлшерінде минералды

 

5- кесте

 

Дәндік жүгеріні  суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшеріне қарай экономикалық тиімділігі

 

Варианттар

Өнім, га

 

1 га кеткен шығын, тенге

1 ц өнімнің сатылу бағасы, тенге

1 га алынған өнім бағасы, тенге

1 га алынған таза пайда, тенге

1 ц өнімнің өзіндік құны, тенге

рентабельдігі, %

1

Тыңайтылмаған алқап

63,2

36540

3000

189600

553060

1009,4

418,0

2

P60

68,9

42400

3000

206700

163300

615,3

385,0

3

N90P60

78,0

46400

3000

234000

187600

594,8

404,3

4

N150K60

88,0

48400

3000

264000

215600

550,0

445,4

5

N150P60K60

95,5

50900

3000

286500

235600

532,9

462,8

6

N210P60K60

110,8

51900

3000

332400

280500

468,4

540,4

7

N210P120K60

117,3

54900

3000

351900

297000

468,0

540,9

8

N210P120K120

118,9

56900

3000

356700

299800

478,5

526,8

9

N240P120K120

119,5

58900

3000

358500

299600

492,8

508,6

 

тыңайтқыштарды енгізілген нұсқада 299800 тенге болды. Сонымен таза пайдасы екі есеге жуық болып 1 центнер өнімнің ең төменгі өзіндік құны 468 тенге, бұл тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда екі есе төмен.

 

 

3.7. Дәндік жүгеріге  минералды тыңайтқыштарды енгізудің экологиялық негізі.

      Жүгеріден  мол өнім алу үшін топырақта өсімдікке қажетті минералды және органикалық заттар жеткілікті болуы шарт. Әдетте,  топырақтың қай жерде орналасуына және басқа да табиғи жағдайларға қарай оның құрамында өсімдік тіршілігіне қажетті қорктік заттар мөлшері азды-көпті болса да кездеседі. Дегенмен, бұлт қоректік заттардың қоры шексіз емес, олар жыл сайын егілетін өсімдіктердің өсіп-жетілуіне, түскен өніміне жұмсалып, белгілі мөлшерде кеміп отырады. Минералды тыңайтқыштарды топырақтың құрамына және егілген дақылдың физиологиялық ерекшелітеріне қарап енгізу қажет. Минералды тыңайтқыштарды шектен тыс көп қолданудан қоршаған орта мен топырақтың физика-химиялық қасиеттерінің бұзылуына, өсімдік пен жануарларға және адам организміне кері әсерін тигізетіні белгілі болды. Бұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуда топырақтағы минералды тыңайтқыштар шектен тыс көп немесе жетіспей қалуынан сақтану үшін агрохимиялық және экологиялық бақылау жүргізуді қадағалап отыру қажет. Аналитикалық бақылау жүргізуде жоғары концентрациялық макро, микро элементтер өсімдікке өте қажетті болғанымен қоршаған орта мен адам организміне өте зиянды екендігін тексеру толық қамтылуы тиіс. Сонымен қатар уыттандыратын элементтердің қоршаған ортаға әсерінің алдын алуда профилактикалық іс-шараларды жүргізу агрохимиялық бақылау жүйесін дұрыс қолға алуды талап етеді. Жылда минералды тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданудан топырақтың химиялық, физикалық, физика-химиялық, микробиологиялық және биохимиялық қасиеттері өзгереді. Топырақтың жыртылатын қабатына минералды тыңайтқыштардың негізгі бөлігі жиналып оның тез өзгеруіне әкеледі. Жоғарыда айтылғандай минералды тыңайтқыштарды көп мөлшерде енгізу және ұзақ мерзімде қолдану топырақ қасиеттерінің жоғары дәрежеде өзгеруіне әкелетіндігі белгілі болды.Минералды тыңайтқыштардың топыраққа әсері оның  механикалық және минарологиялық құрамына және ондағы корбонаттарға, қара шіріктің құрамы мен санына, топырақ-климаттық метеорологиялық жағдайға байланысты. Әртүрлі топырақ-климатты аудандарда минералды тыңайтқыштарды көп жылдар бойында енгізуден топырақтағы тез еритін, өсімдіктер жақсы сіңіре алатын қосылыстар көбейіп немесе азайып кететіндігі байқалды.

          Минералды тыңайтқыштарды қарқынды енгізуден топырақтағы жылжымалы (Р, К, Мо) өзгеріп қана қоймай уыттандыратын қосылыстардың көбеюіне алып келеді. Жыл сайын жүйелі түрде аммиак селитрасын, суперфосфатты немесе калий сулфатын енгізуден топырақтағы алюменийдің көбеюіне әкелсе, екінші жағынан калий, магний, марганецтің азаюына әкеледі. Сонымен NPK тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізуден топырақтың жоғарғы қабаты қышқылданып магний жетіспеушілігі байқалады. Топырақ құрамындағы қоректік заттардың өзгеруінен физиологиялық процесстер бұзылады. Азот тыңайтқышы ортаның уыттын жоғарылатады. Кәдімгі суперфосфат тек фосфор тыңайтқышы емес онда басқа 5 элементтер кездеседі. Минералды тыңайтқыштарды енгізуден орта қышқылданып қана қоймай өсімдікке қажетті элементтердің қатынасы бұзылып, топырақ құрылысы нашарлайды. Топырақта минералды тыңайтқыштардың аз немесе шектен тыс болуы адам және малдың ауруға шалдығуына әкеледі. Топырақ жүйесіндегі қолайсыз жағдайлардан кальций және магний айналымы бұзылады. Магний өсімдікке ғана өте қажетті ауыстырылмайтын қоректік элемент емес, сонымен қатар адамға және жануарларға қажет. Ол қан мен сүйек құрамында және жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және ферменттердің жақсы жүруіне әсер етеді. Фосфор және калий тыңайтқыштарын жүйелі түрде енгізуден кальций және магний тапшылығы артады. Азот тыңайтқышын жоғары мөлшерде қолданудан өсімдік өнімдерінде күкірт жетіспеушілігіне әкеледі, бұл адам және жануарлар организмдерінің өсі процесінің бұзылуына әкеледі.

 

 

 Жүгерінің Қазақстан – 43ТВ сортының  егіс алқаптағы көрінісі

 

 

 3.8.   Жүгері егісіндегі арамшөптермен күресу жолдары

 

Жүгері өнімділігіне егіс алқабының арамшөптермен ластануы кері әсерін тигізетіні белгілі. Жүгерінің өсу барысында жүргізілетін жүйек аралық қопсыту мен арамшөптерді түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес, сондықтан жүгері егілетін егіс алқаптағы арамшөптерге қарсы төмендегідей гербицидтерді қолдандық.

  1. Ацетохлор (трофи 90 к.э.- 2,5 л/га)
  2. Харнес к.э. (900 г/л) – 2,5 л/га

Бұл гербицидтерді қолдану мерзіміне байланысты мынадай уақытта қолданады: біріншіден егіс егуден алдын, егер топырақта ылғал аз болса артынша тырмалау қажет, немесе жүгері көктері шыққанға дейін енгізіледі.

Қазақстан – 43ТВ жүгері сорты егілген егіс алқапқа Ацетохлор гербицидін қолданғанымызда арамшөптер 91% дейін жойылды.

Узбекстанский зубовидный сорты егілген егіске Харнес гербицидін қолданғанымызда арамшөптер 78% жойылды.

 

 

Егіс алқаптағы арамшөптерге қарсы ОПШ – 15 агрегатымен өңдеу

 

 

 

 

 3.9 Еңбекті қорғау және тіршілік-қауіпсіздік бөлімі

 

 Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс карыштап дамып отырған кезеңде адамдардың планетамыздың биосферасына  оның құрылымы мен энергетикасына әсер етуі де артып отыр. Жыл сайын миллиард тонналап жағылатын көмір, мұнай және газдар атмосферадағы көмір қышқыл газын көбейтіп жіберді. Жер койнауынан жылма-жыл көптеген химиялық элементтер қазылып алынып, ортаға таралады, мұның өзі олардың биосферадағы табиғи тепе-теңдігін бұзады. Атмосфера мен суды тек өндірістік және тұрмыстық қалдықтар, автомобиль газдары ғана ластап қоймайды, сонымен қатар ауыл шаруашылығының улы химикаттары мен ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары да бүлдіреді.

Табиғат қорғауда ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың атқаратын ролі ерекше. Оның үстіне қоршаған ортаны қорғауда ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын әр түрлі тыңайтқыштарды дұрыс қолданудың маңызы артып отыр.

Елімізде шығарылатын бүкіл минералды тыңайтқыштар тек қана шаруашылықтардың егіс даласына тасымалдау кезінде 10—15% ысырапқа ұшырайтыны анықталды. Егер де осы ысырап болған тыңайтқыштардың көлемін 1%-ке кемітсек, миллиондаған тенге ақшаны үнемдеп, қоршаған ортаға тыңайтқыштардың зиянын едәуір кемітер едік. Ол үшін, ең алдымен, тыңайтқыштарды арнаулы машина комплексімен тасымалдауға, оларды сақтайтын арнаулы қоймаларды салуға және дұрыс қолдану жұмыстарын қолға алуға тура келеді.

Ауыл шаруашылығын химияландырудың мұндай жоғары қарқынмен дамуы — табиғаттағы заттардың биологиялық айналымына байланысты. Мұндай процестерді «биофильді құбылыстар» деп атайды.

Минералды тыңайтқыштарды қолданғанда, топырақта көбіне өсімдіктер көп қажет ететін азот, фосфор және калий элементтерінің қоры көбейеді. Өне бойы минералды тыңайтқыштарды көп жыл бір жерге қолдана беру — топырақ құрамындағы қоректік заттарды нормадан тыс көбейтіп, олардың тепе-теңдігін және айналымын бұзады. Мұндай жағдайлар көбіне, тыңайтқыштарды көп нормада қолданатын суармалы жерлерде егілетін жоғары өнімді дақылдары-(мақта, күріш, жүгері, көкөніс) бар және қала маңындағы жайылым аз, малы көп шаруашылықтарда кездеседі.

Химия кұралдарының қоршаған ортаға әсерін білу үшін маңайдағы су көздеріне бақылау жасауға болады. Су көздері де суда еритін қоректік заттардың қоймасы болып табылады.

Су көздеріне өте көп мөлшерде көміртек, азот, фосфор пайда болып оны «кірлетіп» жібереді. Суда өсетін шөптерді уландырып, өсуіне кедергі жасайды, оларды шірітеді. Суда оттегінің қоры кеміп зиянды газдар пайда болады.  Тіпті, су жануарлары өмір сүре алмайтын мұн-дай нәрсені, әрине, үй-тұрмысында пайдалануға әсте болмайды. Егер 1 литр суда 40 миллиграмм нитрат болса, ондай су ішуге жарамсыз. Азотты тыңайтқыштарды аз қолданатын шаруашылықтарда өсімдіктердің азотты пайдалануымен қатар, тынайтқыштардың шайылып жоғалуы онша көп болмайды.

Мұндай зиянды жағдайлардан құтылу үшін азотты тыңайтқыштарды өсімдіктердің әр түрлі даму сатыларында бөліп-бөліп қолдану керек. Казіргі кезде тыңайтқыштардың мұндай жоғалуын сақтау үшін, болашақта баяу әрекет ететін тыңайтқыштарды шығару жоспарланып жатыр. Топыраққа енгізілген көптеген керекті заттардың кейбір бөлігі жуылып кетсе, кейбір бөліктері топырақта аз еритін заттарға айналады немесе химиялық реакциялардың әсерімен газ күйінде ауаға ұшып кетеді. Барлық дақылдар, орта есеппен, азотты тыңайтқыштардан азотты 40—50 %, калийді — 30—40 %, фосфорды 10— 20% қана бойына сіңіреді. Тыңайтқыштардың қалған бөлігін өсімдік пайдаланбайды.

Тыңайтқыштарды көп мөлшерде, нормадан тыс қолдану — олардың пайдалану коэффициентін жоғалтады. 1 гектар орманды жердің топырағынан бір жылда 18 кг азот, 0,2 килограмм фосфор және 5 кг калий жуылып кетсе, ауыл шаруашылығына пайдаланып жүрген егістік жерлерде азоттың 67 кг, калий 36 килограмға жуығы шашылады. Минералдық тыңайтқыштарды жоғары нормамен пайдаланғанда, топырақта балласты элементтер (фтор, хлор, иатрий және т. б.) жинақталады, олар топырақтың қасиетін нашарлатады, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін төмендетеді, өнім сапасын кемітеді.

Егер оларды дұрыс пайдалана білсе, керісінше дақыл өнімділігін арттырып, қоршаған ортаны жақсартады. Егістікке фосфорлы тыңайтқыштарды көп қолданғанда оның құрамында фтор элементі көп болғандықтан, адам мен жануарларға көп зиянын тигізеді (қос суперфосфат құрамында 1,5% фтор болса, аммофоста 3,5-4% фтор болады). Әр гектарға 60—80 килограмм фосфорлы тыңайтқыштарды енгізгенде, 6—8 килограмм фтор топыраққа кіреді. Сол сияқты нормадан тыс калийлі тыңайтқыштарды егістікке қолдану — топырақтағы магний, натрий сияқты элементтердің арақатынасы мен тепе-теңдігін бұзады.

Көп жылғы тәжірибе жұмыстары мынаны көрсетті: ауыл шаруашылығын химияландыру — заттардың алмасуы  мен онда өтетін биохимиялық процестерді тездетеді, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікке әрекет етеді. Ауыл шаруашылығыңда қолданылатын тыңайтқыштардың мерзімін, нормасын, қолдану тәсілдерін білу — егіншіліктегі қоректік заттардың шаруашылық-биологиялық айналымын және тепе-тендігін реттейді.

Суармалы гектардың берерін молайту ушін— тыңайту тиімділігін жақсы білу керек. Мақта, қант қызылшасы, жүгері дәні, күріш, сурмалы жерлерге егілген басқа да дақылдар тыңайтқыштармен керегінше қамтамасыз етіледі. Дегенмен, олардың суармалы егістіктеп тиімділігі төмен дәрежеде қалып отыр.

Өкінішке орай тыңайтқыштарды пайдалануда өрескел бұрмалаушылықтар бар. Көптеген шаруашылықта қоректік элементтердің арақатынасы сақталмайды. Дақылдарға белгілі нормадағы ұсынылған тыңайтқыштардың мөлшері не көбейтіледі, не азайтылады, тыңайтқыштарды енгізу мерзімі бұзылады. Республиканы тұтас алғанда, тыңайтқыштардың жалпы мөлшерінің 20 проценттен астамы көктемде культивация жасағанда, тырмалағанда, яғни, уақыты да, әдісі де ең тиімсіз кезеңде енгізіледі.

 

Қорытынды

 

     Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде енгізуде негізінен топырақтағы қоректік элементтердің қорына байланысты екендігі анықталды. Минералды тыңайтқыштарды көп мөлшерде қолдану қоршаған ортамен топырақтағы микроорганизмдерге кері әсерін тигізу ықтимал. Сондықтан әрбір топырақ – климат жағдайында минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері анықталып, ұсыныс енгізілуі тиіс.

     Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды енгізу уақытын, агротехникалық іс-шараларды дер кезінде жүргізу қажет. Топырақ ылғалдылығы жүгерінің өсіп-дамуымен өнімділігіне өте тығыз байланысты.

     Сондықтан минералды тыңайтқыштарды енгізуде топырақ ылғалдылығы өз деңгейінде болуы маңызды.

     Кәдімгі сұр топырақта егілген дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштардан әсері туралы тәжірибе қорытындысында тоқталар болсақ, әр гектарға азот 210 кг, фосфор 120 кг, калий 60 кг қолданылған нұсқада 1 ц өнімнің өзіндік құны ең төменгі 468,0 тенгені құрады. Ал калий тыңайтқышын 120 кг –ға өсіргенде алдындағы қолданылған нұсқаға қарағанда дәндік жүгерінің өнімі онша өспеді, әрі экономикалық жағынан тиімсіздеу болды. Әр гектарға азот 240, фосфор 120, калий 120кг мөлшерінде енгізген нұсқада дәндік жүгерінің өнімділігі бар жоғы 2,2 ц/га артып, 1 га кеткен артық шығын көлемі 4000 тенге құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. З.И.Журбицкий Кукуруза на зерно и силос. М., Колос 1964г
  2. Р.А.Канидич Минеральное питание и удобрение кукурузы. М., Колос 1973г.
  3. Н.И.Михайлов Удобрение под планируемый урожай. Киев, «Урожай», 1966г.
  4. Қостанай облысы Қарабалық тәжірибе станциясы. Жаршы 1992ж 15 б.
  5. А.С.Обрацов Рекомендации по применению минерального удобрения на орошаемых землях. М., Колос, 1964г.
  6. К. А. Тимирязевтың ғылыми еңбектерінен. Вестник, 1994ж. №12, 16-18б.
  7. Д. Н. Прянишников, И. В. Якушкин Прогрессивная технология внесения минеральных удобрений. М., «Колос», 1975г.
  8. П. Г. Найдин Кукуруза в нечерноземной зоне. М., «Колос»., 1974г.
  9. А. П. Белов Азот, урожай, качество. Краснодарское кн. изд-во 1971г.
  10. Б.Бәсібеков А Бекмағанбетов Жүгері егістігін тыңайту. Алматы, «Қайнар», 1985ж.
  11. А.Л.Запарожченко Кукуруза на орошаемых землях. М., «Колос», 1978г
  12. Н.Н.Иванов Кукуруза на зерно и силос. Россельхозиздат 1974г