АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Дәрілік өсімдіктер «Алтын мұрт»

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

1 — тарау

  1. 1. Дәрілік өсімдіктерге   сипаттама
  2. 2. Дәрілік өсімдіктер   –   оларды   қолдану   ерекшеліктері

 

ІІ.   Негізгі   бөлім

2.1.   Таныс   болыңыздар   —   көп   қырлы   дәрілік   өсімдік

 « Алтын   мұрт   »

  1. 2. Алтын мұртқа   және  түрлеріне ботаникалық   сипаттама    
  2. 3. Алтын мұрт   –   биоактивті   заттардың   қоймасы

Жалпы түсінік

  1. 4. Алтын мұртты ашық   егістікте,   бөлмеде   өсіру   тәсілдері 
  2. 5. Алтын мұрттан   алынатын   емдік   препараттар
  3. 7. Халықтық шаруашылықта   қолданылуы 

 

ІІІ. Тәжірибе бөлім

  1. 1. Бастапқы заттарға   сипаттама
    1. Алтын  мұрттың сулы және спиртті ерітінділерінің         рН – ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау
    2. 3. Сандық анализ. Шикізаттың ылғалдылығын анықтау
    3. 4. Күлділік. Оны каллизияның   жапырағы   мен   сабағынан    анықтау
    4. 5. Экстрактивті заттардың мөлшерін анықтау
    5. 6. Органикалық қышқылдар
    6. 7. Аскорбин қышқылын   ( С дәрумені )   анықтау                           
    7. 8. Пектинді заттарды   анықтау 
    8. 9. Еритін қанттардың   мөлшерін   жартылай  микроәдіс

арқылы анықтау

  1. 10. Кверцетинге есептеп   флавоноид   мөлшерін   анықтау
  2. 11. Каротинді ( А дәруменінің негізі ) анықтау
  3. 12. Алтын мұрттың жапырағының және сабағының макро және микроэлементтер мөлшері
  4. 13. Тәжірибеде алынған мәліметтерге жүргізілетін математикалық өңдеу әдісі

 

Қорытынды   

Әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1 — тарау

 

  1. 1. Дәрілік   өсімдіктерге   сипаттама

              

       Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.          

   Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.        

       Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков            «Ботаникалық  сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов    « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.

        Дегенмен патшалық Россияда дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі дәрілік өсімдіктерді жинау туралы декрет қабылдады. Ал 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері – ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда. Бүкілодақтық дәрілік және хош иісті өсімдіктер институты (ВИЛАР), Бүкілодақтық химия-фармацевтика ғылыми-зерттеу институты (ВНИХФИ), РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінің аптека ғылыми-зерттеу институты (ЦАНИИ) сияқты көптеген ғылыми-зерттеу институттары жемісті жұмыстар жүргізуде. Москва, Киев, Харьков, Томск, Шымкент және басқа да көптеген ірі қалаларда арнаулы фармацевтика институттары құрылды.

        Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді. Шипалық қасиеті бар жаңа өсімдіктерді тауып, зерттеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми-техникалық қоғамының дәрілік өсімдіктер секциясы да көп іс тындырып отыр.

        Совет ғалымдары соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина талабына сай көптеген өсімдіктерді жан-жақты зерттей отырып, айтарлықтай табыстарға қолдары жетті. Мәселен, емдік қасиеттері қапысыз анықталған 324 өсімдіктің 107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір ғана академик А. П. Ореховтың өзі әр түрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалоидтардың бұрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай-ақ, витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан зор жұмыстар  тындырылды. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын проф. Б. П. Токин тұңғыш рет қолға алған әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик-фитонцидтердің емдік қасиеттері анықталды. Сонымен қатар еліміз  құрамында алкалоидтары бар улы өсімдіктерді зерттеуде алдыңғы қатарда келеді.

        Медицинаның әр түрлі саласында мамандардың дәрілік өсімдіктерді лабораторияда зерттеуге көптеген жылдар және күштер кетеді. Мысалы, тек қана калонхоены зерттеу үшін 8 жыл және тағы тек оны Ресейдің Денсаулық Министрінің фармкомитеті оның құндылығын қатайту және сол өсімдіктің негізінде шырындарды және майларды медициналық практикада қолдануға рұқсат беру үшін 7 жыл кеткен.

        Иә, ғасырлар бойы көк өсімдік адам баласына қызмет етіп келеді. Ішсе тамағы, кисе киімі, ауырса дәрісі, малына жем – шөбі, тағысын тағылары. Қазіргі қала халқы адам баласының табиғатпен тығыз байланыста екенін ұмытуда. Сонда да табиғат ана өзінің бар екенін, онсыз адам баласының өмір сүруі мүмкін емес екенін еске салып отырады.

     Сондықтан да қала халқы демалыс күндерін қала сыртында таза ауа, көгалды жерлерге барып демалуды әдетке айналдыруда. Терезе алдында емдік қасиеті бар өсімдік өсіруді де қолға ала бастадық.

   Виктор Васильевич Тельятев еңбексүйгіштігінің  және ыстық жүрегінің жігерлігінің арқасында Шығыс Сібірде жабайы өсетін өсімдіктер туралы көптеген мәліметтер белгілі. Ал, басқа кеңдіктен келген кірме өсімдіктер туралы белгілі мағлұматтар аз. Тек, осы уақытта алтын мұртқа, ғылыми атауы хош иісті каллизия (хош иісті ректантера) деген өсімдікке қызығушылық талпына өсуде.

        Сондықтан мен осы дипломдық жұмысымда алтын мұрт жайлы мағлұмат беремін. Бұл өсімдік жайлы көптеген кітаптар мен мақалалар жазылды, дегенмен адам баласына ашылмаған қырлары көп өсімдіктің бірі болып отыр.

        Ресейде алтын мұртты зерттеушілердің бірі Владимир Николаевич Огарков болды. Ол 20 жылдан астам осы өсімдіктің емдік қасиетін зерттеумен айналысып келді. Ғалымның айтуынша Алтын мұрт құрамындағы биологиялық активті зат ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады, терідегі зақымданған тканьдердің тез жазылып сауығуына әсер етеді, иммунді системаның қарсы тұру қасиетін арттырады.

        Қазіргі кезде алтын мұртты тиянақты зерттеуді Санкт – Петербургтегі А. И. Герцен атындағы мемлекеттік университеттің биология кафедрасы қолға алды.

 

  1. 2. Дәрілік   өсімдіктер   –   оларды   қолдану   ерекшеліктері

 

        Дәрілік өсімдіктермен емдеу – өте ертеден келе жатқан тәсіл. Көп өсімдіктер адамдардың досы және жақын көршісі болып табылады. Ғұмырымызда олар бізді сүйсіндіріп келеді: шөлдесек – сусын, қарын ашса – тамақ, ауырсақ – дәрі, ең аяғы қорегіміз ауаны оттегімен байытып отырады. Күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт қойып, айналаңа яғни табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау керек.

        Өсімдік әлеміне жай ғана шөп деп жеңіл – желпі қарауға болмайды. Және дәрілік мақсатқа да арнаулы маман дәрігерлермен ( фитотерапевпен ) ақылдасып барып қолдану лазым. Оларды дұрыс қолданбау ағзаны улау болып табылады.

        Дәрілік өсімдіктерді қолданғанда төмендегі шараларды есте ұстау керек:

  1. Арнаулы маман – дәрігермен ақылдасу.
  2. Дәрілік шөптерді жинағанда жинау тәсілін білу керек ( яғни жинау мерзімі, ауа – райы, тазалау, кептіру және сақтау секілді т. б. ).
  3. Белгіленген мөлшерде ғана қолдану, дайындау тәсілін білу.
  4. Қайнатпалар мен тұнбаларды қолданғанда емдік курс аралығын қатаң сақтау.
  5. Бір дәрілік өсімдікке байланып қалмау. Сондықтан оларды ауыстырып қолдану.
  6. Қолданбас бұрын дәріңіздің қандай ауруға ем, ал қайсысына зиянды екенін оқып танысу.

      Бір ғана фитотерапиялық әдіспен емделу нәтиже бермеген уақытта дәріханалық дәрілерді қоса пайдаланып ауру уытын кетіруге болады.

          Алтын мұртпен емделген кезде сақтық шаралары сақталмаған кезде оның зиянды жағы анықталған.

        Иркутскідегі медицина институтында тәжірибе нәтижесінде көп қолданылған алтын мұрт адамның дауыс ырғағын бұзған және қайтып емдеуге көнбеген.

 

Сақ болыңыз – биоактивті зат!

 

        Алтын мұрттың дәрілік қасиеті әлі толық зерттеліп болған жоқ. Алтын мұрттың ағзадағы әсері өте күшті, сондықтан оны қолданғанда дәрігерлік бақылауда болған дұрыс.

        Әр түрлі методикалық нұсқаулар мен кітап авторлары, ұлы ғалым Парацельстің мына сөзін қайталаудан жалықпайтыны сондықтан: « Дәріні емдеу үшін де, улау үшін де пайдалануға болады, тек оны мөлшері ғана анықтайды » — деген сөзі.

        Алтын мұрттың сабағын дәрілік мақсатқа қолданғанда қауіпсіздік шарасын толық қарастырған жөн. Мысалы 50 – 100 г майдаланған сабағының буындарын 0, 5 л суға араластырған тұнбасын бірінші рет пайдаланғанда адам денсаулығының түзелгені білінеді. Яғни, қан айналамы жақсарып, адамның көңіл – күйі көтеріліп, өн бойыңа жылылық сіңіріп тұрады. Бірақ бір апта өткен соң оның кері әсерін байқайсыз. Яғни нормадан артық пайдаланған дәрі басты ауыртады, тамақ бездері ісініп кетеді, соның әсерінен дауыс ырғағы бұзылады, ағза әлсіреп көңіл – күй төмен құлдырайды. Денеге артық құйылған биоактивті заттарды сыртқа шығаруға терінің шамасы жетпей, тері аурулары қозады. Қарынның кіндік айналасы қышып, әрі қарай сулы экземаға ауысады. 

        Денеге артық жиналған биоактивті заттарды шығару үшін соларды сорып сыртқа алып шығатын препараттар – энтеросгель, сульфодерм және нормагасттарды пайдалану керек.

        Сондықтан сабақтан жасалынған дәрілерді сыртқы ауруларға жараға жағуға ғана қолдану керек. Мысалға, алтын мұрттың 5 – 6 сабағын 0, 5 л – 70 % спиртке тұндырып, оны остеохондроз, буын ауруларына қарсы теріге жағу керек.

        Алтын мұрт жапырақтарын сыртқы жараларға жапсырып қолданғанда аллергиялық реакция бермес үшін оны сұйылтып, қолданған жөн. 1 : 3 немесе 1 : 5 қатынаста ыстық сумен мұртшалардың шырыны араласқан қоспасы.

        Алтын мұртты емдік мақсатқа қолданып жүргенде төмендегі ережені сақтаған жөн:

  1. Спиртті ішімдіктен бас тарту.
  2. Темекі шекпеу.
  3. Бей – берекет басқа медициналық дәрілерді араластырмау.
  4. Көкөніс және жеміс шырындарын көп мөлшерде ішпеу.
  5. Ұзақ уақыт ашығып жүруге болмайды.

        Алтын мұртпен емделіп жүргенде мына тағамдарды пайдаланған дұрыс:

  1. Теңіз өнімдері;
  2. Ірімшік – құрт ( сыр );
  3. Жаңғақтар;
  4. Өсірілген дәндер;
  5. Көкөністі шикілей пайдалану – сәбіз, қызылша шырынын ішу, әр түрлі ботқалар жеу.

        Тағам дайындағанда өсімдік майын пайдаланған жөн.

        Осы айтылған нұсқауларды қатаң сақтағанда алтын мұртпен емдеу нәтижелі болады.

 

       

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        ІІ.   Негізгі   бөлім

 

  1. Таныс   болыңыздар   —   көп   қырлы   дәрілік   өсімдік

                              « Алтын   мұрт   »

                  ( Өсу, шығу, таралу орындары )

 

        Бұл өсімдік соңғы уақытта халық арасында көпшілікке белгілі болып пайдалана бастады. Кейде оны « венерин түгі » немесе үй жүгерісі         және т.б. деп түрліше атайды. Ғылыми жағынан бұл өсімдік хош иісті ректантера немесе хош иісті спиронема деп аталады. Халықтық қауесеттер оған көптеген әр түрлі шипалы қасиеттерін бұрын жазылғанға қосып жазды. Бұл көп жылдық шөптесін өсімдіктің Отаны — Мексика, Гватемала ормандары және Юкатан түбегі , Американың оңтүстік штаттары, Қытай және Индия. Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық, субтропикалық облыстарында,  Антиль аралдарында және Азияның оңтүстік шығыстарында көп таралған көп жылдық, сирек бір жаздық өсімдіктер.

        Каллизия 38 туысқа 500 түр кіретін коммелиндер (Commelinaceae L.) тұқымдасына жатады. Оңтүстік Америкада және Африкада ең үлкен әр түрліліктері зерттелуде. Каллизия туысының коммелиндер тұқымдасынан 12 түрі бар.

        Сонымен хош иісті каллизия (Callisia fraqrans.). Бұл атауды өсімдікке 1942 жылы R.E. Woodson берген. Туыстың атауы грек тілінен аударғанда Kallos – әдемі және Lis – лилия деген сөздерден шыққан. 1840 жылы өсімдік бірінші рет Spironema fragrans деген атпен жазылған. 1932 жылы ол Rectanthera fragraqns деген атқа өзгертілген. Бұл сәндік жапырақты өсімдік әуесқой гүл өсіруші мамандарда жетістікпен қолданылуда. Ол халықтық медицинада да қолданылады. Дұрысын айтқанда, каллизияны әзірше ағылшындық және канадалық ғалымдар көбірек зерттеуде. Бірақ және біздің де мамандар осы өсімдікке ақыр аяғында назар аударды.

        Алтын мұрт тарихында өкінішке орай қателіктерге жол берілді. « Бөлме өсімдіктері және сәндік-гүлді бұталар » кітабында ( Киев: Урожай, 1978ж. ) өсімдік аты тағы да бұрмаланып көрсетілді, онда « Букетгүлді дихоризандр ( Dichorizandra thyrsiflora ) » деп аталды. Ал бұл мүлдем басқа өсімдік. Шындығында, ол алтын мұртпен бір тұқымдасқа – коммелиндер ( Commelinaseae ) тұқымдасына жатады. Осыдан кейін каллизияның емдік қасиеттері туралы мақалаларда каллизия « дихоризандр » деген атпен жазыла бастады. Бұл өте қате пікір, өйткені дихоризандрдың емдік қасиеті жоқ, сондықтан сақ болу керек. Оны емге пайдалану тіпті науқастың ауруын асқындырып жібереді.

        Дихоризандрдың алтын мұрттан негізгі айырмашылықтары төмендегідей:

  • ең бастысы: дихоризандрдың мұрттары жоқ ( яғни көлденең өркендері!!!);
  • жапырағын екі бөлікке бөлгенде олардан байланыстырып тұратын олардың « жіпшелері » түзуленіп тұрмайды;
  • жапырағы қызғылт түске ие ( алтын мұртта олар қара-жасыл );
  • жапырақтары каллизияныкі сияқты кезектесіп орналаспай, сабақта спираль тәріздес орналасқан /2/.

        Каллизияны Ресейде тек жақында өсіре бастады. Бұл жылу сүйгіш өсімдік. Дегенмен, ол сіздің үйіңізде қысты әбден өткізе алады: теплицадан қыш құмыраға көшіріп отырғызасыз да – үйге жылы орынға, қай жерде жарық жеткілікті, сол жерге қоясыз.

 

  1. 2. Алтын   мұртқа   және  түрлеріне ботаникалық   сипаттама    

 

        Жылы теплицалардың мәдениетінде бір түр белгілі — хош иісті каллизия. Отаны – Мексика. Бұл әжептәуір кесек өсімдік. Табиғатта бүйірлік өркендерінің ұзындығы 1 м-ге дейін, 2 м биіктікке жетеді, ал теплицада (оранжереяда – қыста өсімдік өсіру үшін әйнектеліп жылытылған орын) 70-90 см-ге өседі. Екі түрлі өркендері болады. Өркендерінің   біреулері  тік тұратын, етті, биіктігі 70-80 см-ден 2м-ге жетеді. Және қалыпты дамыған жапырақты болып келеді. Қалыпты дамыған жапырақтардың ұзындығы 20-30 см, ал ені 5-6 см, сыртынан жас жүгеріге ұқсас.

        Ал өркендерінің  басқа екінші түрлері — ұзын түтік тәрізді,  өркендерін қынаптармен, шетінде кірпікшелерімен қоршап алған. Мүшеленбеген буындарының орнына жетілмей қалған жапырақтары көлденең (мұрттары) болады. Мұрттарының ұшында сыпырғыш жапырақ қалыптасады.

        Жақсы күтімде кей-кейде « Алтын мұрт » гүл ашады. Өсімдік атауын  гүлдері ұсақ, диаметрі 1 см-ден де аз, хош иісті гүл шоғырына жинақталған тығыз шоқтары болғандықтан алған. Иісі  сүмбіл гүлдікі сияқты жағымды.

        Бөлмеде жапырағының ұзындығы 5-7 см  және ені 2,5-3 см әсем каллизия кездеседі. Жапырағы үстінен  барқыт- қара жасыл, ұзына бойына тар, күмістей ақ жолақтарымен жіп тәрізді талшықты, ал асты көк-жасыл немесе күлгін түсті болып келген. Өсімдіктердің барлығы қысқа барқытты мамықтанған.

        Әсем каллизияға ұқсас каллизияның тағы бір түрі бар, бірақ жапырағында күмістей жолақтары жоқ, гүлдері айқын-қызғылт бояулы келген. Каллизиялар күй талғамайды, өсінділерімен көбейеді. Ұзын көлденең өркендері жақсы тамырланады.

              

  1. 3. Алтын мұрт   –   биоактивті   заттардың   қоймасы

Жалпы түсінік

 

        Дәрілік өсімдіктер оларда әр түрлі химиялық қосылыстардың барына тәуелділіктен емдік қасиеттерге ие. Ол химиялық қосылыстарды атап айтсақ: алкалоидтар, гликозидтер, иілік заттар немесе таниндер, ақуыздар, көмірсулар, майлар, шайырлар, шырыштар, бояғыш заттар, дәрумендер, табиғи қосылыстардың топтары: кумариндер, липидтер, полисахаридтер, күрделі органикалық қосылыстар: сапониндер, флавоноидтар және басқа заттар.        

    Алтын мұрт өз қатарында көптеген өсімдіктердің жақсы қасиеттерін сақтаған. Оған мысал есебінде бүкіл халыққа таныс алоэ мен каланхоэні айтсақ та жеткілікті.                

  Ғалымдар хош иісті каллизияны зерттеумен, (алтын мұрт дұрысында дәл солай аталады) әлдеқашан айналысқан. Гватемала мен Мексикада каллизия жабайы түрде өсіп жетілгендіктен  Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық ормандарының өсімдіктерінің құрамдарын зерттеу жолында Гарвард университетінде бұл зерттеулер өткізілген. Алтын мұрттың шырынында биологиялық активті заттардың үлкен мөлшері табылған еді. Новосибирскіден, Санкт-Петербургтан ғалымдар, Семенов профессордың жетекшілігімен Иркутск медициналық институтының ғалымдар тобы хош иісті каллизияны зерттеумен Ресейде айналысты.

        Химиялық кинетика және өрт (СО РАН) Институтының мәліметтері бойынша хош иісті каллизия мынадай биохимиялық құрам иеленеді. Бұл мәліметтер үлкен маңызға ие. Өйткені, әрбір өсімдіктің биохимиялық компоненттерінің дәл бірегей байланыстырылуы оның шипалы қасиеттерін анықтайды.

 

Көрсеткіш

Жапырақтарында

Сабақтарында

Каратиноидтар, мг %

10,2

57,6

Аскорбин қышқылы, мг %

6,0

12,0

Флавоноидтар, %

0,1-0,4

0,2-0,6

Қанттар, %

6,8

6,4

Қышқылдық, %

0,3

0,2

Пектиндер, %

10,3

17,4

Иілік заттар, %

4,7

2,8

Катехиндер, %

0,5

0,1

 

   Алтын мұрттың тамаша емдік қасиеттері оның бойындағы шырындардың биоактивті заттармен тығыз байланыстылығында.

        Алтын мұрт өз бойында биологиялық активті заттар фитостероидтар мен флавоноидтар ( флавонолдар ) топтарын құрайды.

        Әр топпен жеке – жеке танысайық.

        Каратиноидтар –   А дәруменнің негіздері, бауырда каротиназалардың әрекетімен А дәруменіне айналады.       

        Каротиндермен петрушка (25мг % ), бақбақ ( 17 мг % ), шашыратқы (15 мг % ), сәбіз ( 8 мг % ), шпинат ( саумалдық ( 6,5 мг % ), итмұрын (5 мг % ) және көптеген басқалары өте бай. Дәруменнің жетіспеушілігі көз ауруларын, бойдың бұзылуын, шырышты қабықтардың және терінің дегенераттық өзгеруін, бауырдың қызметтерінің бұзылуын, холестериннің алмасуының бұзылуын және басқаларды шақырады.

       Сау үлкен адам үшін А дәруменіндегі күнделікті қажеттілік – 500-100 МЕ мөлшер, шамамен сәбіздің 100 г жуық болады. Сөйтсе де каротин аш ішекте толық сіңірілмейді, сол себепті адамның тағамдарының құрамына А дәрумендеріне бай жануарлардың өнімдері (сүт, сары май) міндетті түрде кіру керек.

         Аскорбин қышқылы –  С дәрумені, қырқұлаққа қарсы фактор, өсімдіктерде өте кең таралған. Ол дегидроаскорбин қышқылына өте отырып жеңіл қышқылданады. Өсімдіктерде аскорбин қышқылы бір жағынан бос, бір жағынан байланысқан жағдайда кездеседі. С дәрумені  шамасы, тек қана жануарлар үшін емес, және өсімдіктер үшін де физиологиялық маңыз иеленеді. Пероксидазаларды ұстайтын өсімдіктер әсіресе С дәруменіне бай. С дәруменін жинақтауда сонымен қатар жыл мезгілдері, өсімдіктің жас шамасы, экологиялық факторлар және басқалар маңызды. С дәруменімен жасыл және қызыл бұршаққынды бұрыш ( 210 мг % ), итмұрын ( 300 мг % ), құлпынай ( 40 мг % ), лимондар және апельсиндер (50 мг % ), алмалар ( 2-20 мг % ) және басқалары өте бай.

        Бұл дәруменнің жеткіліксіздігі ағзаның инфекциялық ауруларға қарсы тұруының төмендеуіне әкеледі, адамды тез шаршатып, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді және төмендегі ауруларға апарып соқтырады: атеросклероз, жүрек қабынуы, қан аздық. Бұл тапшылық ұлпалардағы қанды сүйелдермен, қызыл иектің қанауға бейімділігімен білінеді. Ал С дәруменінің толық жоқ болуы қырқұлақтың ( ағзада С дәруменінің жеткіліксіздігінен болатын тіс ауруы) дамуына әкеледі. Адамның  С дәруменіне күнделікті мұқтаждығы 25-50 мг.

        Алтын мұрттың антисептикалық ( зиянды заттарды жою ) қасиеті, ағзадағы иммунды жүйенің жұмысын жақсартуы мынаған байланысты: жоғарыда айтып өткен биоактивті заттар мен аскорбин қышқылының бірігіп әсер етуінен болады.

        Ауырып қалған жағдайда адам ағзасы С дәруменіне деген қажеттілік артады. Улы заттарды залалсыздандыру үшін С дәруменін қолдану арқылы жояды. Бұдан басқа денедегі қосылғыш ұлпалар жұмысын жақсартып, коллаген жіпшелерінің дұрыс бөлінуін қамтамасыз етіп, біздің терілеріміздің тез сауығып, бітелуіне әсер етеді.

        Аскорбин қышқылы қан тамырындағы артерилық қысымды реттейді, жүйке жүйелерінің шаршаудан, тозуынан қорғайды, стероидты гормондардың биологиялық бөлінуіне қатысады.

   С дәрумені:

  • тотығу – тотықсыздану процестерін реттеуге қатысады, күшті оксидант болып табылады, оның әсері флавонолдардың есебінен күшейеді;
  • қанның бұрылу процестерін тәртіпке салады;
  • ұлпалардың регенерациясын ( жарақат жазатын эффект ) жоғарылатады;
  • стероидты гормондардың түзілуін стимулдейді;
  • коллаген және коллаген негізі ақуыздардың « серпімділігі » синтезіне қатысады;
  • капиллярлардың өткізгіштігін қалыптастырады;
  • қан ағыстары кезінде, геморрагиялық диатездердің алдын алу үшін қолданылады ( соның ішінде сәуле аурулары кезінде ).
  • барлығына жақсы белгілі болғандай, инфекциялық аурулар уақытында пайдаланылады ( оның әрекеті ағзаның қарсылығын жоғарылату қабілеттілігіне негізделген );
  • бауыр, бүйрек аурулары кезінде, сүйек сынғанда, дистрофияда көмектеседі.

   Флавоноидтар — фенолды қосылыстарға жатады. Флавоноидтардың көпшілігі өсімдіктердің әр түрлі бөліктеріне бояу беретін пигменттер топтарын құрайды, өзара әр түрлі мөлшерде қосылыс жасап, өсімдіктер өміріне сиқырлы түрлі – түсті өң береді.  Басқалары иілік заттардың негізін салушылар. Флавоноидтар (лат. Flavo — « сары ») көптеген дәрілік өсімдіктерде және тіпті кәдімгі шайда болады. Флавоноидтар антисептикалық әсерімен және Р — дәрумендік белсенділігімен қабілетті болады.  Олар өзімен бірге көптеген күшті антиоксиданттарды ( ағза ұлпаларының және биологиялық сұйықтықтардың қышқылдануына қарсы тұратын, сонымен қатар бүкіл ағзаны тұтас және жасушалардың ескіруін тоқтататын және зат алмасу процестерін қалыптастыратын заттар ), яғни барлығына жақсы таныс дәрумендер Е және С — ні алып жүреді. Алтын мұрттың жапырағында және сабағында, цитрустарда, доланада, облепихалардың жемістері мен тұқымдарында болады және айлар бойы бұзылмай  сақталады. Флавоноидтар тіпті өсімдікті кептіргенде және экстракттағанда да ( мысалы, спиртті тұнбада ) өздерінің пайдалы қасиеттерін сақтайды. Фармацевтикалық өндірісте бұл заттарды антисептиктерді, бояғыштарды дайындау үшін пайдаланады. Флавоноидтарды емдік мақсатта мына ауру түрлеріне қолданады: өт жолын тазалауға, қақырық түсіруге, жүрек ауруына және де адам ағзасын радиоактивті заттардан тазалауға. Олардың ісік ауруларын басу қасиеті де зерттеу үстінде.

     Алтын мұрттың шырынында флавоноидтардың 2 түрі болады: кверцетин және кемпферол.

 1) Кверцетин — пентаоксифлавоноид болып табылады. Ол ісік ауруларының ұлғаюын тоқтататын белсенділігімен, антиоксиданттық, диуреттік және спазмолитикалық әсерімен қабілетті. Ол аллергиялық ауруларға қарсы препараттардың құрамына кіреді. Бұл зат тамыр қабырғаларын сауықтырады. Капилляр қан тамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін төмендететін және созылғыштығын көтермелейтін дәрі ретінде пайдаланылады. Нефрит (бүйректің ісуі), бүйректің тырысуы, ревматизм (буын-буын мен бұлшық еттердің шаншып, сырқырап ауруы), сақина қанның қысымы (артуы) және кейбір инфекциялық ауруларда қолданылады. Кверцетин адам бауырының ұлпаларын улы заттардан қорғайды, атап айтқанда төртхлорлы көміртегінен, бензолдан, хининнен, хлороформнан және басқа улы заттардан.

    2) Кемпферол дәл осындай аталған барлық қасиеттерге қабілетті, қосымша  ағзадан натрий тұздарын шығарады. Суық тиіп ауырғанда, қуық жолдары ауырғанда пайдаланылады. Қан тамырын сауықтырып, сергектік нәтиже береді. Аллергиялық ауруларға да қарсы қолданылады.

           Кверцетин және кемпферол —  зиянды микробтар мен бактерияға қарсы күшті әсер етеді. Олардың қан тоқтату қабілеті бар. Осы қабілетінің арқасында оны тері ауруларымен зақымданған терінің тез жазылуына дәрі ретінде пайдаланады. Бұдан басқа ұлпалардағы эластин мен коллагендердің бөлінуін реттеп отырады. Соның арқасында тері өзінің сау қалпы мен серпімділігін сақтап отырады.

        Кверцетин мен кемпферол жүрек бұлшық еттерінің жақсы жұмыс істеуіне әсер етіп, қан тамырларын кеңейтеді.

        Кверцетин, кемпферол қуық жолдарының жұмысын жақсартып, ағзаны керексіз заттардан тазартып отырады.

        Сонымен қатар бүйректің улы заттардан арылуына көмектесіп, бүйрек сөлдерінің дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді.

   Флавоноидтарға сонымен қатар  катехиндер жатады. Олар антиаллергиялық әсерімен қабілетті.

        Бұл флавоноид дәрілерін қолданғанда да басқа дәрілер сияқты сақтық шараларын қамтамасыз еткен дұрыс. Мысалға, ағзада йод тапшылығы болатын болса, алқымның ісіп ( зоб ) дамуына әкеліп соғады.

         Гликозидтер қанттардың әр түрлі қант емес компоненттермен байланыстары, өсетін ағзада алмасу өнімдері болып табылады. Гликозидтердің көпшілігі – жақсы кристалданатын және суда еритін заттар. Олардың қантты құрамдас бөлігі әдетте глюкоза немесе басқа гексоза немесе пентоза: фруктоза, галактоза, манноза, арабиноза, рибоза, рамноза және басқалары. Гликозидтер қышқылдардың немесе ферменттердің әсерімен қолайлы жағдайда оларды құрайтын қанттарға және қант емес компоненттерге (агликондер, гениндер) ажырайды. Өсімдіктерде олар кең таралған.

         Пектиндер – полисахаридтер болып есептеледі. Олардан өсу ұлпаларда жасушааралық зат құралады. Олар галактурунды қышқылдан тұрады: суда ісіп-кебінеді және шырышты ерітінділер құрастырады. Соратын және бырыстыратын қасиеттерімен қабілетті, сол себепті ішектің бұзылуында оларды пайдаланады.

        Иілік заттар ( таниндер ) еменнің тамырына ұқсас, терілерді илейді, яғни оларды су өтпейтін жасайтын қабілеттілігі үшін өз атауын алған. Таниндер бырыстыратын ретінде, ішек-қарын бұзылуында бактерицидті дәрі, тамақ шайқау үшін, созылыңқы жазылмайтын жараларда бактерицидтік қолданылады. Иілік заттардың талаурауға қарсы күшті әсері шырышты қабықтардағы қабыну процесінің одан арғы дамуына кедергі жасайтын қорғаныш жұқа қабыққа негізделген.

   Фитостероидтар. Каллизия өсімдігінің шырынында табылған биологиялық активті зат фитостероид тобымен танысайық.

        Фитостероидтар ( немесе фитогормондар ) — бұл күрделі органикалық байланыстар (эфирлер). Олардың қызметтері еркектік және әйелдік гормондардың ( эстрогендердің және андрогендердің ) қызметіне ұқсас.

        Бұл зат бүкіл ағзаның ұлпалары мен жасушаларының дұрыс жұмыс істеуін жақсартады. Фитогормондар бұйрығымен өсімдік ағзасында өмірлік қажетті процестер жүріп тұрады. Алтын мұрттан табылған бета – ситостерол заты осы топқа жатады. Бета – ситостерол ақуыздардың бөлінуіне әсер етеді және зиянды бактерияға қарсы күреседі.

        Бұл қосылысты ағзадағы эндокрин жүйесі бұзылғанда, қуық жолдарының ауруы простатит пен аденоманы емдеуге, қандағы холестериннің көбеюіне қарсы қолдануға болады.

        Фитостероидтар әсерінен терідегі жаралар тез жазылады, себебі жасушалар жылдам бөлініп, терінің өсуін тездетеді және ауру тудырғыш бактерияларды өлтіреді.

        Фитогормондар әсерінен терідегі зат алмасу реттеліп, қан айналымы жақсарады. Осы қасиеті үшін оны косметикалық майларға ( кремдерге ) қосып отырады.

        Бұдан басқа зиянды бактериялар мен грибтарды жоятын қасиеттері бар.

        Бұл биологиялық активті фитостероидтарды қолданғанда қауіпсіздік шараларын есте сақтау керек. Мысалға, бұларды көп мөлшерде қолдану адам ағзасындағы бала табу функциясын жояды.

        Алтын мұрт  шырынындағы биологиялық активті заттар онкологиялық ауруларға қарсы емге қолданыла бастады. Бұл дәрілерді қолданғанда ағзада ауруға қарсы иммунитет пайда болып, бөтен ауру жасушаларының өсіп таралуын тоқтатады.

        Кверцетин, кемпферол және фитостероидтар топтамасы ісік ауруларына қарсы жақсы нәтиже береді.

 

Дәрумендер мен микроэлементтер – өмір сүру катализаторлары

 

     Алтын мұртты зерттеу нәтижесінде оның шырынында көптеген дәрумендер мен микроэлементтердің барлығы анықталды. Атап айтқанда, адам ағзасына өте керекті мыс, хром, никель, темір секілді микроэлементтер бар.

        Дәрумендер ағза қажеттілігіне байланысты әр топқа бөлінеді, олардың химиялық құрамы өте күрделі. Адам ағзасына дәрумендер тамақ арқылы түседі. Олардың энергетикалық құндылығы болмағанмен, ағзалардың дәруменсіз қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Олар ағзадағы биохимиялық реакциялардың катализаторы болып табылады немесе сол биохимиялық реакцияға тікелей өзі түседі.

 

В тобының дәрумендері

 

        В тобының дәрумендеріне 10 суда еритін гетероциклді қосылыстар жатады. Олар әр түрлі тамақ өнімдерінде болады және әр түрлі әрекет спектріне ие. Каллизияның шырынында олардың үшеуі бар: В2, В5, В12.

   Рибофлавин ( В2  дәрумені ) дәруменінің тапшылығы салмақтың жоғалуына, әлсіздікке, көру өткірлігінің төмендеуіне, майлардың синтезінің және ақуыз алмасуының бұзылуына әкеп соқтырады. Әсіресе қант диабеті және бауыр аурулары кезінде рибофлавинге мұқтаждық өседі.

   В2  дәрумені ( рибофлавин ):

  • жасушадағы тотығу – тотықсыздану процестерін, май, ақуыз және көмірсу алмасуын реттейді, майлардың, көмірсулардың « жануына » жауап береді, ақуыздардың энергетикалық алмасуына қатысады;
  • орталық жүйке жүйесінің жағдайын тәртіпке келтіреді;
  • терінің күйіне және көруге әсер етеді;
  • антиоксидант болып саналады;
  • антистрестік ықпал көрсетеді;
  • шырыштылардың және эпителийдің регенерациясына мүмкіндік жасайды, көру мүшелерінің функциясын жақсартады;
  • жыныстық жетілуге себепкер болады;
  • жарақат жазатын әрекетке ие, ішектің жұмысын реттейді;
  • жүрек – қан тамыр жүйесінің ( жүрек бұлшық еттерінің ) функциясын тәртіпке келтіреді;
  • қандағы холестериннің деңгейін төмендетеді;
  • ақшам соқыр, конъюктивит, көздің мөлдір қабығының жараларын, шел басуды, жарақаттарды, бауырдың және ішек функциялары бұзылғанда, стоматит, тері ауруларын ( дерматоза, теміреткі ), бас сақинасы ауруын, депрессияны, ұйқысыздықты, еркек және әйелдердегі бедеулікті, қан аздықты емдеу кезінде қолданылады.

        Рибофлавиннің көп дозасы бүйрек үшін зиянды екеніне назар аударыңыздар. Әлбетте, алтын мұртта оның концентрациясы тек сізге зиянын тигізетіндей соншалық жоғары емес. Бірақ кей – кейде оны пайдаланудағы жанама әсері зиянды болып табылады. Сондықтан каллизия негізіндегі препараттарды қолданған уақытта бүйректің күйін қадағалап байқаңыз.

 

        В5  дәрумені (пантотен қышқылы) қалыпты зат алмасуды ұстау үшін қажет, улы заттарды зиянсыз етуде және саңырауқұлақ індеттерінің дамуын басуға қатысады.

        В5  дәруменінің  жетіспеушілігі сіңір тартылуының пайда болуына, қозғалыс жұмысының басқарылуының және асқорыту жүйесінің қызметінің бұзылуына, шаршағыштықтың басталуына әкелуі мүмкін.

     Ағзада В5  дәрумені:

  • зат алмасуды реттейді ( жасушалы энергетик );
  • жүйке жүйесін қалыптастырады, стрестен қорғайды;
  • антиаллерген;
  • ағзаның қарсыласуын көтере түседі ( иммунитетті көтереді );
  • жасушалы мембраналарды нығайтады;
  • қанның липидті ( майлы ) құрамын қалыптастырады, оның қасиеттерін жақсартады;
  • миокардтың жасушаларындағы заттардың алмасуын тәртіпке келтіреді;
  • жыныстық бездердің және қалқанша безінің функцияларын реттейді;
  • саңырауқұлаққа қарсы және детоксикационды әсер көрсетеді;
  • тері, шаш, тырнақ күйін жақсартады, шаш ерте ағарғанда қолданылады;
  • зат алмасу, дем алу ( бронхит және плеврит ) бұзылғанда, қыжылдауды, асқазанға және он екі елі ішекке жара шығу ауруларын, жаралы колиттерді, бауыр және ұйқы безінің созылмалы ауруларын, полиневрит, невралгия, депрессия, стресс, ес бұзылғанда, теміреткі, аллергия, демікпе, жүрек – қан тамырлары ауруларын ( стенокардия, жүрекке қатысты жеткіліксіздік ), атеросклероз, күйіп қалғанды, кандидозды, тұз байланып ауырғанды, гипогликемияны, безеуді, семіруді, маскүнемдікті емдеу уақытында пайдаға асырылады.

        В12   дәрумені: 

  • анаболитикалық ықпал көрсетеді ( жаңа жасушалардың өсімі );
  • алмасу процестеріне қатысады;
  • гемоглобиннің синтезіне, эритроциттердің пісіп жетілуіне қатысады;
  • қандағы холестериннің мөлшерін төмендетеді;
  • иммунитетті көтереді;
  • аллергияға қарсы әсер көрсетеді;
  • артериалды қысымды қалыптастырады;
  • жүйке ұлпасының құрылымын қалпына келтіреді, ұйқыны қалыптастырады, табиғи антидепрессант болып саналады;
  • тәбетті жоғарылатады;
  • ісікке қарсы әрекет көрсетеді;
  • репродуктивті функцияларды жақсартады;
  • жүйке жүйесін күшейту үшін пайдаланылады ( депрессия, ұйқысыздық, стресс, зейіннің гиперактивтілігінде және бұзылуы кезінде );
  • тері ауруларын ( псориаз, фотодерматоз, нейродермит, бауыр және асқазанның ауруларын ( гепатат, циррозды, Боткин ауруын ), радикулитті, артритті, остеастрозды, остеохондрозды, невралгияны, естің төмендеуін, салды, Даун ауруларын, диабетті, артық қан кетуді, стоматитті, маскүнемдікті емдеу үшін ұсынылады.

        В12   дәруменін көп дозамен қолдану кезінде аллергиялық реакциялар болуы ықтимал.

        Үш аталған дәрумендер біздің тері жамылғымыздың, тырнақтарымыздың және шашымыздың денсаулығын сақтауда ерекше маңызға ие, олар тері ауруларын емдеуде  ауыстыруға болмайтын дәрумендер.

 

Никотин қышқылы

 

         Сонымен қатар каллизияның шырынында және жас өркенінде РР дәрумені – никотин қышқылы табылды. РР дәрумені де суда еритін дәрумендерге жатады және көптеген өсімдіктердің шырынында болады, соның ішінде каллизия да бар.

        Тап осы дәруменнің жетіспеушілігі қиын ауру – пеллаграның дамуына әкеледі, есте сақтаудың нашарлауына, жан дүниесі тарапынан бұзылудың басталуына, дәрменсіздікке, ал сонымен қатар арықтауға дейін  әкелуі мүмкін.

        РР дәрумені аллергиялық аурулармен күресу кезінде, әсіресе флавонол топтарынан биоактивті заттармен бірге пайдалану кезінде  жақсы нәтиже береді.

        Никотин қышқылы:

—    ақуыз және көмірсу алмасуға қатысады;

—    ішек – қарын жолдарының жұмысын қалыптастырады;

  • бауырдың жұмысын, сондай – ақ ұйқы безі сөлінің құрамын және секрециясын жақсартады;
  • тотығу – тотықсыздану процестеріне қатысады;
  • қан тамыр кеңейтетін әсер береді;
  • қандағы қанттың, холестериннің және майлардың ( липидтердің ) мөлшерін төмендетеді;
  • антипелларгиялық ықпал көрсетеді;
  • пеллаграны, ішек – қарын ауруларын ( гастритті, гепатитті, бауырдың циррозын), қан тамырлардың тарылуын, невриттерді, атеросклерозды, қант диабетінің жеңіл формаларын, нашар жазылатын жарақаттар және жараларды емдеу кезінде пайдаға асырылады.

 

   Таңқаларлық элементтер

 

        А. И. Герцен атындағы Санкт – Петербургтың мемлекеттік педагогикалық университетінің биология кафедрасының базасында А. А. Кочегинаның тексеру барысында каллизия шырынының химиялық құрамы жөнінде дәлелді артығырақ айтуға мүмкіндік беретін нәтижелер алынған болатын. Сонымен, каллизияның мұрттарында хром иондарының , нитрат ионының, хлор ионының, ал жапырақтарында хром және мыс иондарының жоғары мөлшері байқалуы анықталған болатын. Алтын мұрттың жапырағын зерттеу нәтижесі төмендегіні көрсетті: хром иондары 100 мг / л шырынында, мыс 30 мг / л дейін. Ал, мұртшасында хром 700 мг / л және хлор 200 мг / л.

        Каллизия өсімдігі адам ағзасына өте қажетті микроэлементтерге бай, оларда никель, темір, мыс, хром да бар.

        Бұл элементтер денеге аз мөлшерде қажет болғанмен, бұлардың жетіспеушілігі ағзаның маңызды мүшелерінің жұмысын бұзады.

        Темір мен мыс көптеген ферменттердің құрамына кіріп, тікелей биохимиялық реакцияға түседі. Сөйтіп, электрондарын бере жүріп жасушалардың демалуына жағдай жасайды.

        Микроэлементтер қандағы холестериннің азаюына ат салысады.

        Микроэлементтердің жетіспеуі асқорыту органының жұмысын бұзады, жиі бас айналады, қан аздығы байқалады, тез шаршағыш болады, ал ауыр жағдайда бұдан да жаман ауруларға апарып соғады.

       Хром және мыс ультрамикроэлементтерге жатады, яғни тірі ағзаларда олар өте аз, дегенмен бұл олардың ағзаға әсер етуі үлкен емес дегенді білдірмейді. Бұл элементтердің жетіспеушілігі зат алмасудың қатты бұзылуына алып келеді, ол аз болғандай, қанда олардың мөлшерін арттыра отырып, көптеген сырқаттардан құтылуға болады немесе олардың бұрынырақ алдын алуға болады. Олар көптеген биологиялық үстемелердің құрамына кіруі кездейсоқ емес. 

 

Хром

 

        ХХ ғасырдың ортасында екі зерттеуші – Шварц және Мерц жануарлардың тіршілік әрекетін және денсаулыққа әр түрлі элементтердің ықпал жасауын оқып білу бойынша тәжірибелер өткізген. Нәтижесінде хромға жетімсіздеу рациондағы ( белгілі бір мерзімге бөлінген азық ) егеуқұйрықтарда диабет белгілеріне ұқсас күй келіп шыққан және қантқа төзе алмауы дамыған. Азыққа хром қосқан кезде барлық симптомдар ( ауру белгілері ) жоғалып кеткен. Бұл жануарлардың және соңынан анықталғандай, адамдардың қалыпты өмірі үшін хромның қажеттілігін құптайтын алғашқы дәлел еді. Хром сыра ашытқысында, бауырда, етте, бұршақта, бидай өнімдерінде болады, дегенмен оның концентрациясы каллизияның сабақтарында және жапырақтарында айрықша жоғары – 1000 мг / л.

         Хром  адам ағзасына өте аз мөлшерде керек болғанмен, оның жетіспеушілігі тез арада білінеді. Бұл микроэлемент қосылыстардың бөлінбес компоненті болып, глюкозаның сіңуіне әсер етеді, инсулиннің белсенді қызметін жақсартады. Хром глюкозаның жасуша мембранасы арқылы өтуін реттеп, оның қан құрамында бірқалыпты жайылуын қамтамасыз етеді. Көптеген ферменттердің жұмысына қатысады, холестерин ісіктерін болдырмауға көмегі бар, артық майлардың байлануын болдырмайды, эндокринді жүйе жұмысын жақсартады. Хром қалқанша бездерінің жұмысын және тиреоидты гормондардың бөлінуін жетілдіреді.

 

        Ағзадағы хромның функциялары:

 

  1. Хром инсулиннің әрекетін күшейтетін гормон тәрізді нәрсе – глюкозаны сіңіретін фактордың құрамына кіреді. Жасушалы мембраналар арқылы глюкозаның тасымалдануын қамтамасыз етіп, ағзадағы жасушалардың глюкозаны сіңіруін реттейді. Хром қандағы глюкозаның қалыпты деңгейде болуына қабілетті ( оның жетіспеушілігі диабетке ұқсас күйді шақырады ), ағзаның гликогенді жинап алу қабілеттілігін арттырады. Бұл бұлшық ет массасының ұлғаюын істей алады, бұлшық ет тонусын ( оның ішінде жүрек бұлшық еттері ), жұмысқа қабілеттілік және шыдамдылықты арттырады, миокардтың ақуыздарын күйзелуден сақтайды.
  2. Қандағы жоғары тығыздықты холестериннің деңгейін көтере түсіп, жағымсыз төмен тығыздықты холестерин және триглицеридтердің деңгейін төмен түсіреді. Бұл холестериннің бір түрі атеросклероздың дамуының жүзеге асырылуын төмендететін, қан тамырларда түзілетін, төмен тығыздықты холестериннен артерияның тазаруына көмектесуге қабілетті.
  3. Салмақтың төмендеуіне және майдың жануына көмектесе отырып, ағзадағы холестериннің, липидтің және көмірсудың алмасуын тәртіпке келтіреді. Хром май қышқылдарын, холестеринді, лецитинді синтездеу процестеріне және бауырдағы зат алмасудағы заттардың зиянсыз болуына қатысады.
  4. Ішкі секреция бездерінің, әсіресе, тиреоидты гормондағы иодты қорғап, қалқанша безінің қызметін жақсартады.
  5. Көптеген ферменттердің құрамына кіріп, тамақты сіңіруге және жақсы қорытуға қабілетті, тәбетті әсіресе тәттіге ұмтылуды нашарлатады.

 

Мыс

 

        Каллизияның жапырақтарында мыстың концентрациясы ( 30 мг / л ) айтарлықтай жоғары. Мыстың ағза үшін маңызы көпке белгілі. Олар қысымды түсіреді, заттардың алмасуын қалыптастырады және дұрысын айтқанда барлық бәлеге панацея ( барлық аурулардан емдейді – міс дейтін әмбебап дауа ) болып саналады. Шындығында, мыстың әрекетінің механизмі ақырына дейін түсінікті болмаса да, оның ем болатын қасиеттері жоғары.

 

       Ағзадағы мыстың функциялары:

 

  1. Жақсы белгілі клиникалық факт – аурулардың үлкен мөлшері кезінде ( гепатит, бауырдың циррозы, қан аздық, ақ қан, диатез, туберкулез, менингит және т. б. ) қандағы мыстың концентрациясы анағұрлым көбейеді. Ол ол ма, қан сарсуындағы мыстың мөлшерінің және қабынудың нәтижесінде дене температурасының жоғарылауының арасында тікелей тәуелділік бар. Мыс жасушалы деңгейде тотығу — тотықсыздану процестерінде маңызды роль атқарады, және оның жетіспеушілігі қабынудың профилактикасын және емдеуді едәуір қиындатады.
  2. Гемоглобиннің синтезделуін активтендіреді, жасушаның тыныс алу және мидың жасушаларында оттегін сақтау процестеріне қатысады. Ол ол ма, гемоглобинге ұқсас, оттегінің тасымалына қатысатын ақуызбен комплексті қосылыстардың құрамына ( мыс – протеидтер ) кіреді.
  3. Ақуызды алмасуды мақұлдайды, сүйек ұлпасының құрылымына қатысады.
  4. Мыстың иондары көптеген ферменттердің құрамына кіреді.
  5. Жүйке импульсінің өткізгіштігіне қатысады, жүйке жүйесінің жұмысын қалыптастырады.
  6. Біздің теріміз бен шашымыздың түсін қамтамасыз ететін пигменттердің құрамына кіреді.
  7. Шаштың жақсы өсуін қамтамасыз етеді және олардың күйіне игілікті әсерін тигізеді. Мыстың жетіспеушілігі кезінде шаш сынғыш, құрғақ

және тіл алмайтын болып қалады.

           Суық тиіп ауырғанда қан құрамындағы мыс тез көбейеді. Ағзаға мыс микроэлементінің көбеюі бұл ауру түрін жедел емдеуге көмектеседі.

 

Хлор

 

        Адам ағзасындағы негізгі анион ( теріс иондар ) — хлормен танысайық. Натрийдің катионымен қосыла отырып, ұлпаларда су жинақтайды, сол арқылы дене серпімділігін қамтамасыз етеді. Хлор әсерінен қан плазмалары пайда болады, ішек – қарын сөлінің құрамына кіреді, жүйке импульстерінің байланысына қатысады.

        Мыс және хромнан ерекшелігі, адам ағзасындағы хлордың мөлшері бірсыпыра жоғарырақ, ол микроэлементтерге жатады. Каллизияның мұрттарында 700, ал жапырақтарында 200 мг / л хлор бар.

 

        Ағзадағы хлордың функциялары:

 

  1. Хлор ағзадағы негізгі теріс ион болып табылады, осының есебінен сулы – тұзды алмасуға қатысады. Ұлпалардың серпімділігін ұстай отырып, судың жиналуын ( ағзадағы негізгі оң зарядталған ион – натриймен бірге ) қамтамасыз етеді;
  2. Жүйке импульстерінің өткізгіштігін қамсыздандырады;
  3. қарын сөлінің құрамына тұз қышқылы түрінде кіреді, ас қорыту ферменттерін активтендіреді;
  4. қан плазмаларының түзілуіне қатысады;
  5. саңырауқұлаққа қарсы белсенділікке ие.

        Назар аударыңыздар! Каллизияның мұрттарында азот қышқылының қышқыл қалдығы бар тұздардың нитраттарының жоғары мөлшері табылған. Сіздер білетіндей, нитраттардың молшылығы тамақтан ауыр улануға және басқа бұзылуларға әкелуі мүмкін.

        Алтын мұрттың шырынының құрамына кіретін активті биологиялық заттар туралы мәліметтер өсімдік шынында диабетті, зат алмасу ауруларын, тері ауруларын емдеуге және ағзаның жалпы тонусын көтеруге қабілетті екеніне сіздер сендіңіздер деп ойлаймын.

        Көптеген заттар біртоға немесе аз ғана дозасы дәрілер, көп мөлшерде – улар болып саналады. Бұл пікір сондай – ақ таңғажайып элементтер жиынтығына бай каллизияға да қатысты. Барлығында мөлшер болу қажет, алтын мұртты және соның негізіндегі дәрілік препараттарды қабылдағанда көп жігерленбеңіз, сонда сіз уланудан немесе жағымсыз жанама әсерлерден аулақ боласыз.

       Адам ағзасының ұлпаларының, ферменттердің,  гормондардың құрамына минералды заттар кіреді. Адам ағзасынан химиялық элементтердің әр қайнарынан 70-тен 90-ға дейін табуға болады. Химиялық кинетика және өрт (СО РАН) Институтының мәліметтері бойынша хош иісті каллизияда мынадай элементтік құрам бар.

 

Химиялық элемент

Жапырақтарында

Сабақтарында

Калий

16000

6000

Кальций

77000

92000

Ванадий

7

Марганец

57

17

Темір

270

104

Кобальт

3,5

1,4

Никель

1,7

1,8

Мыс

10

5,5

Цинк

34,2

54,3

Галлий

0,3

0,2

Бром

37,5

7,5

Рубидий

11,1

7,1

Стронций

334,9

372,4

Цирконий

4,2

1,2

Свинец

1,9

3,5

Торий

0,3

0,14

Уран

0,92

1,12

       

        Калий –  жасуша ішіндегі  оң иондардың басымы, жүйке импульстерін өткізуге қатысады.        

        Кальций – сүйек ұлпасының ең басты компоненті, ферменттердің жұмыс қатарын және бұлшық ет талшықтарының азаюын активтендіреді. Сүйектер мен тістерге мықтылық, қаттылық қасиет береді, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Қаңқа, бақалшақ түзуге қатысады. Жасушалардың бір – бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді.     

        Ванадий – ДНҚ синтезін, инсулиннің тиімділігін күшейтеді, ферменттер қатарына әсерін тигізеді.     

        Марганец – ағзаға бір ізді мөлшерде қажет.     

        Темір – көптеген органикалық заттардың, соның ішінде гемоглобиннің құрамына кіреді.      

        Кобальт – алмасу процестеріне қатысады, дәрумендердің құрамына кіреді, темірді сіңіруге қабілетті және, солай болғандықтан қан айналу барысында пайдалы әсерін тигізеді, иммунологиялық белсенділікке жағдай жасайды.       

        Никель – никельдің әрекеті кобальттың әрекеті сықылды; бірақ оның молшылығы жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуына, бүйректің және бауырдың өзгеруіне, бала табу функциясының төмендеуіне әкеледі. Ұйқы безінде жинақталады.    

        Мыс – ағзаға бір ізді мөлшерде қажет, кейбір ферменттердің құрамынан табылған.     

        Цинк – ағзаға бір ізді мөлшерде қажет, кейбір ферменттердің құрамынан және инсулиннен табылған.     

        Бром – бас мидың нейрондарының қабының тежеуіш процестерін күшейтеді, нерв системасының қызметін бірыңғайлайды.        

      Хош иісті каллизияның шипалы қасиеттері барлық осы химиялық заттардың бар болуымен келіскен.

      Бұл өсімдіктің препараттары демікпеде, панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы), колитте (тоқ ішектің талаурауы, қабынып ауруы), іш жүрмегенде, көрмей қалғанда және көптеген басқа сырқаттарда жетістікпен қолданылуда.

 

Аздап химиялық құрамы туралы

 

        Биологиялық активті заттар мен дәрумендер және микроэлементтер байланысы « Алтын мұрт » өсімдігінің емдік қасиетін арттырып отыр.

        Бірақ қай дәріні қолдансақ та, сақтық шарасын еш уақытта да естен шығармау керек. Арнайы мамандардың ұсыныс – пікірін қатаң орындап отыру парыз.

        Каллизия шырынында адам ағзасына өте улы нитраттардың  да бар екенін білген дұрыс. Сондықтан Парацельстің « Барлық  дәрі емдей де алады, улай да алады, тек оны анықтайтын мөлшері ғана » — деген дана сөзін қаперде ұстайық.

        Сондай  — ақ, алтын мұртта келесі заттар бар.

 

        Алкалоидтар – күрделі азотты органикалық қосылыстар. Өсімдіктің шырынында алма, лимон немесе қымыздық қышқылдарының  тұздары түрінде болады. Олар өсімдіктің барлық бөліктерінде ( тамырында, жапырағында, гүлінде және т. б. ) бола алады: мөлшері және жиналу орны өсімдіктің жасына және оны өсіру жағдайына тәуелді. Дәл осы қасиеттері әр түрлі тұнбаларды және экстракттарды дайындау үшін пайдаланылады.

        Кумариндер табиғатта кең таралған табиғи қосылыстар.

   Липидтер органикалық еріткіштерде жақсы еритін, бірақ суда ерімейтін табиғи қосылыстарға жатады. Бұл майлар әсіресе, өсімдіктің жемістеріне және тұқымдарына жиналады. Олар гормондық және іш жүргізетін препараттарды немесе сыртқа қолданатын майларды дайындау үшін пайдаланады.

     Полисахаридтер – барлық өсімдіктерде көмірсулар, глюкозалар, фруктозалар, ксилозалар, галактозалар түрінде кездесетін гликозидті табиғи қосылыстар.

        Емдік мақсатта әсіресе жоғарымолекулалы полисахаридтер бағалы: пектинді заттар, шырыштар, крахмал, инулин. Олар майларға, қайнатындыларға, дәрілерге қосу үшін қолданылады. Олар жоғары тыныс алу жолдарын және асқорыту мүшелерінің ауруларын емдеуде кең қолданыс тапқан.

        Сапониндер де табиғи күрделі гликозидті қосылыстарға жатады. Олар өсімдіктің құрамында, әсіресе олардың жерасты бөліктерінде ( тамырларында ) кең таралған. Сапониндер бар өсімдіктер және олардың бөліктерінен ( олардың қатарына алтын мұрт та кіреді ) жасалған тұнбалар, қайнатындылар, экстракттар қабынуды, бронхитті емдеу үшін және ағзада су – тұздың алмасуына жағдай жасайтын дәрі ретінде пайдаланылады.

       Эфирлі майлар барлық өсімдіктерде болатын ұшпа қоспалар ( органикалық қосылыстар ). Эфирлі майлар қан тамырларын кеңейтеді, сонымен адамның жүрек – тамыр жүйесінің жұмысына жақсы әсер көрсетеді. Эфирлі майлар тыныштандыратын, дезинфекциялайтын және қабынуға қарсы әрекеттерге ие.

        Шайырлар эфирлі майларға ұқсас және барлық өсімдіктерде кездеседі. Әсіресе, тропикалық өсімдіктерде шайырлар көп болады, әрине, алтын мұрт өсімдігін де бұл өсімдіктердің қатарынан шығаруға болмайды. Олар бактерияларды өлтіріп, оолардың өсіп – өнуін тоқтататын жабдық ретінде жиірек пайдаға асырылады.

        Минералды тұздардың мөлшері алтын мұртта аз ғана. Олар көкөністерде  және жемістерде көп. Минералды тұздар адам ағзасының өмірлік қажетті мүшелерінің жұмысын қалыптастырады. Олар қорғайтын антиденелер өндіреді.

      Фитонцидтер – күрделі химиялық құрамның органикалық заттары, күшті антибиотиктер. Өсімдіктерде зат алмасу процестерінде түзіледі. Күшті антимикробты қасиеттерге ие. Фитонцидтер ұшпа химиялық заттардың қатарына кіреді.  Алтын мұрттан бөлек олар мынандай бөлме өсімдіктерінің құрамында бар: агапантус, амариллис, гиппеаструм, традесканция және қазтамақ. Олардың өте көп мөлшері сарымсақта және пиязда.

     Дәрілік өсімдіктерде биологиялық активті заттардың болуы олардың фармакологиялық маңызын және рөлін анықтайды. Мұнда алтын мұрт өндіретін, адам ағзасына ерекше амалмен әрекет ететін табиғи қоспалар кіреді.

 

  1. 4. Алтын мұртты   ашық   егістікте,   бөлмеде   өсіру   тәсілдері 

 

        Халық медицинасында емдеу әдісін теория және практика жүзінде зерттей келе мынадай қорытынды айтуға болады. Оларды диетамен қосып пайдалану өте нәтижелі болады. Емдік шөптерді пайдалану денеге бөтендей зиянын тигізбейді, қайта адам тез артық салмақтан арылып, ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Мұндай жағдайда жан – жақты көптеген пайдалы қасиеті бар « алтын мұрт » өсімдігі тиімді.

        Көптеген тропикалық өсімдіктер секілді хош иісті каллизия да ауа райы өте ыстық құрғақшылық жылы ғана гүлдейді. Ал, ылғалды жылы мүлде гүлдемейді.

        Алтын мұртты өсіру аса қиын жұмыс емес. Оған керегі кең ыдыс, күндізгідей жарық беретін лампа ( әсіресе, күз және қыс айларында ), жоғары температура шамамен 20 – 25º С  аралығы. Алтын мұрт көп ылғалды әсіресе, қыс айларында қажет етеді. Себебі, үй жылыту құралдары ауаны көп құрғататындықтан, жазда аса ыстық құрғақ күндері өсімдікті жиі суғарып тұрған тиімді.

        Бұл мәселені алтын мұрт жанына аквариум немесе кішігірім фонтан орнатып қойып та шешуге болады. Және де жылдың төрт мезгілінде үйде тұрған жылы сумен өсімдік үстін жиі – жиі бүркіп тұрған пайдалы.

        Алтын мұртты үйде өсіргенде оған аса мұқият көңіл бөлген жөн. Ол сонда ғана өзінің емдік қасиетін толық сақтайды. Оның емдік қасиетке жеткенін мына жағдайда анықтайды: көлденең бағытта өскен тоғыз өскіншелер болу және түсі қоңыр көк болуы керек.

        Егер көлденең өскіншелер көк қалпында қалса, оның емдік қасиеті болмағаны. Оған күн сәулесінің нұры дұрыс түспегеннің әсері.

        Алтын мұртты көлденең өскіншелердің жоғары жағын қиып алып, сулы ыдыста ұстап тамырлатып, көбейтіп алуға болады. Бұл көшеттерді тек қана көлденең өскіншелері 12 – ге жеткен өсімдіктен ғана алады. Көшеттер сулы ыдыста тұрған кезде оған тыңғылықты күтім керек, себебі осы уақыттын бастап өн бойына емдік қасиет сақтайды. Каллизияның жоғарғы қарқынды өсуі және күшті болуы тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты. Үй жағдайында көшет өсіргенде тамыр жүйесі жақсы дамымай, оны басқа ыдысқа көшіруге асықпау керек. Тамыр жүйесі көбейіп, жуандап, топыраққа беки алатындай болғанда, оны сулы ыдыстан алып құнарлы топырақ салынған ыдысқа көшіреді.

        Каллизияны қалемшелер арқылы да өсіруге болады, ол үшін қалемшелерді кесіп алып, оны жапыраққа отырғызады. Қоректі сумен бүркіп, үстін шыны қалпақпен жауып, жарық жақсы түсетін жерге қояды. Үш күннен кейін қалпақты ашып, ыдысты жарық тіке түспейтін жерге ауыстырады. Содан кейін өсімдікті қандыра суғарып, әлсін – әлсін су бүркіп, жарық түсетін жерге қояды. Қандыра суғарудың арқасында өсімдік тамыр жүйесі топыраққа жақсы сіңеді. Жаз айында ыдысты далаға балконға қоюға да болады. Бұл оның емдік қасиетін арттырады.

        Алтын мұртты өсірудің бірнеше әдісі бар. Соның бірі оларды ашық егістікке отырғызу. Емдік бұтақтары көп болу үшін өсімдіктің төменгі өскіншелерін түптеп отыру қажет. Жоғарғы жағы да жығылмай тік өсуі үшін әр өсімдікке тіреу қағу керек. Олардан көшет алу үшін бірнеше бұтағын жерге жығып көміп, олар жақсы жерге тамырланғанда, әр бұтағының тамырына залал келтірмей топырағымен қазып алып қалаған жерге көшіру керек.

        Екінші бір әдісі: оны көктем айының ортасында сулы ыдысқа салып, тамырлары өсіп шыққанда, ол ыдыстан алып, жақсы тыңайтылған жерге отырғызу керек.

        Көшеттердің жақсы өсіп жетілу кезеңі наурыз және көкек айларына сәйкес келеді. Үй жағдайында көшет дайындағанда жылдың кез келген уақытын пайдалануға болады.

        Алтын мұрт өсірілетін топырақ нығыз болу керек. Құрамы шымды топырақ пен қарашірінді және 30 % өзеннің ірі құмы болу керек. Бұған жұмыртқаның сыртқы қабығын майдалап қосқан пайдалы, оның бұтақтарының мықты болып, тіке өсуіне септігі бар.

        Өсімдікті топыраққа отырғызар алдында оны қандыра суғару керек және қолға жуан таяқ алып өсімдікті отырғызатын тереңдікті 12 см – ге дейін шұңқырлау керек және қажетті қоректік сұйықты осы шұңқырға құйып, көшетті 5 см тереңдікке отырғызып, жан – жағын тығыздап таптау тиімді.

        Ауа райы жылы ауданда жаз бойы көшетті ашық далаға отырғызуға болады.

        Бірақ есте ұстайтын нәрсе көшет жарты күн бойы ағаш көлеңкесінде болуы тиіс. Алтын мұрт жылу сүйетін өсімдік болғанмен, күн сәулесінің тікелей түсуі оған кері әсер етеді. Соның әсерінен жапырақ ұштары қоңыр тартып, соңынан солып қалады. Бұл жағымсыз әсерге қоректік заттың жетіспеуі, уақытылы суғарылмауы да әсер етеді.

        Алтын мұртты жиі – жиі бір қалыпта суғару керек, әсіресе қысты күні кешке суғарған тиімді. Топырақтың құрғап кетпеуін қатаң бақылау керек.

        Өсімдіктің қарқынды өсетін кезінде яғни наурыз айынан қазан айына дейін тыңайтқыш жиынтығымен қоректендіру керек. Тыңайтқышты аптасына бір рет берген тиімді. Топырақ жаз айында ылғалды, ал қыс кезінде шала құрғақ күйінде ұсталған жақсы.

        Алтын мұртты үй жағдайында өсіргенде оның кең де жарық, ауасы таза бөлмеде болуын қадағалау керек. Ас бөлмедегі тағам иісі оған кері әсер береді, сондықтан ас бөлмеге орналастырмаған жөн және жиі темекі шегетін бөлме де өсімдікке зиян. Негізінен алтын мұртты бөлмеде оңтүстік шығысқа қойған тиімді. Себебі, ол үй иелеріне байлық әкеледі, творчестволық белсенділікті арттырады деп түсіндіреді фэн – шуй әдіскерлері. Балалар бөлмесіне де өсімдікті өсірген тиімді, себебі өз құрамындағы фитонцидтерді бөлу арқылы ауру тудыратын бактерияларды жойып отырады.

        Фэн – шуй әдіскерлерінің пайымдауынша алтын мұрт аурудан емдеп қана қоймай, үй иелеріне қуаныш, өмірлік мақсаттарына жетуіне, гүлденуіне септігін тигізеді және де үй иелерінің бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста болуына көмектеседі.

        Алтын мұрттан дәрілерді, тұнбаларды, қайнатпаларды дайындауды осы өсімдікті күтіп баптайтын адамның атқарғаны тиімді. Себебі, сонда ғана дәрінің емдік қасиеті бірнеше есе арта түседі.

        Алтын мұрттан дәрі дайындау арқылы оның көптеген мүшелеріне зиян тигізбес үшін, әуелі бұл өсімдікті көбейтіп алған жақсы. Сонда әр өсімдіктен кішкенеден қиып алып оның әрі қарай өсуіне зиян тигізбеуге болады.

        Оның бұтағы мен жапырағын қиып алар алдында өсімдіктен кешірім сұрап, ауруыма ем үшін кішкене қиып аламын, сенің өміріңе қауіп төндірмеймін деген сөздерді іштей қайталап айтып қана керекті бөлшегін қиып алу керек. Содан кейін оның мырзалығына өтем ретінде сүт қосылған сумен суғару керек.

        Қиып алынған өсімдіктерден дәрі жасар алдында да алтын мұрттан: « Ауруыма ем бола гөр » — деп іштей жалбарыну керек.

        Алтын мұрттың гүлдеуі өте сирек болады. Бұл тек жақсы күтімге ғана байланысты емес, жанұядағы адамдардың бір – біріне қатынасына да байланысты. Егер жанұяда оңды көзқарас болмай, ұрыс, жанжал көп болса, өсімдік мүлдем гүлдемейді. Қазіргі заманда адамдардың жұмыс басты болып, телевизор, газет, компьютермен болып, табиғатпен арадағы байланысты үзуі адамзатқа өте зиянды болып отыр.

        Ауру – сырқаудың көбеюі жүйке жүйесінің тез шаршауы, осының бәрі бұған дәлел.

        Рас, қазіргі заманғы цивилизацияның қарқынды дамуы, адам баласына бос уақытты аз қалдыруда.

        Сондықтан денсаулығын ойлайтын әр азамат табиғатқа бір уақыт шығуға уақыты болмағанмен, үй ішінде жұмсақ бөлмесін жасауға болады. Соның бір мысалы әр адам өз үйінде гүл өсіруге, әсіресе каллизия өсімдігін өсіру эстетикалық қажеттілікті ғана өтемейді. Сонымен қатар өз – өзіңе денсаулық сыйлаймын деп түсіну керек.

 

  1. 5. Алтын   мұрттан   алынатын   емдік   препараттар

 

             Алтын мұрт емдік қасиеттерге тек қай уақытта оның шырмауық сияқты қосымша бұтағында шамамен 10 буынша өскенде ғана ие болады. Дегенмен мұрттары өсіп жетілмесе немесе жоқ болған уақытта өсімдік өзінің ем болатын қасиеттерін жоғалтпайды. Өсімдіктің мұрттарын, сабақтарын, жапырақтарын бөлек алып, олардан сулы және осылай спиртті тұндырмалар және тұнбалар, сірінділер дайындағандай, барлық бүтін өсімдіктен де болады.

              Осы заманғы медицинада алтын мұрт демікпені және кеңірдек тарамдарының басқа аурулары, асқазан және ішек-қарын жолдарының,ұйқы безінің, бауырдың, үлкейген көкбауырдың, бүйректің, қант диабетінің әр түрлі ракқа дейінгі ісіктердің, әр түрлі тері ауруларының ( экзема, уытты ойық жара, теміртекті, әр түрлі жарақаттар және т.б.) қатарын емдеу кезінде кең қолданыс тапқан. Сонымен қатар алтын мұрт өте күшті дезинфекциялайтын қасиеттерге ие.

                Алтын мұрттан тұндырмалар, тұнбалар дайындайды, майлар және бальзамдар жасайды. Өсімдіктің пайдаланбай қалған жапырақтарын жай шайнауға болады, ол тістің және қызыл иектің нығаюына мүмкіндік жасайды. Алтын мұрттың сулы тұнбаларын жалпы ағзаны күшейтуде және әр түрлі ауруларда профилактикалық дәрілер ретінде кедергісіз пайдалануға болады. Оларды аз ғана үзіліс жасап, уақыттың қай мезгілі болса да қабылдауға болады.

                 Емделу курсын (1-3ай) басқа дәрілік өсімдіктермен емдеу курсымен кезектестірсе, алтын мұрт ең жақсы нәтиже береді. Әр түрлі курстардың арасында 1-2 аптаға демалыс болу қажет. Осы демалыстардың уақытында ағза бір емдік препараттың химиялық элементтерін бәрін бірдей сіңіреді және басқаны қабылдауға толығымен дайын болады және үзіліс осы дәрілік препараттарға әдеттену сезімін тудырмас үшін қажет. Дәрілік препараттарға дағдыланудың қорытындысында сауығу барысы өте ақырындайды немесе тоқтайды.

             Адамзаттың көп ғасырлық тәжірибелерін үй жағдайында қабылдау үшін жарамды әр түрлі дәрілік препараттарды жасап шығарды. Бұл халықтық медицинаның тәжірибесі осы уақытта назар салынып қолданылуда және аурулар қатарын дәстүрлі медикантозбен емдеудей пайдалануда.

              Алтын мұрттан жасалған тұндырмалар және қайнатындылар — айрықша жиі қолданылатын дәрінің формалары. Олар адамның ағзасына тез және оған күшті емдік әрекет көрсетеді. Сулы тұндырмалар және қайнатындылар өзара ауыстырмалы, яғни олар дерлік біркелкі әсер береді. Солай болғандықтан алтын мұрттан жасалған тұндырманы одан жасалған қайнатындымен кезектестіріп немесе алмастырып қолдануға болады.

              Тұндырма-дәрілік форма дайындау үшін айрықша қолайлы. Алтын мұрттан жасалған тұндырма ағзаға тезірек сіңеді және жылдам әсер етеді. Тұндырманы салқын тәсілмен даярлағандай, ыстық әдіспен де дайындауға болады.

              Бірінші тәсіл кезінде алтын мұрттың және басқа дәрілік өсімдіктердің майдаланған бөліктерінің үстіне суық қайнатылған су құяды және 5 сағаттан 10 сағатқа дейін жабық ыдыста сақтайды. Содан соң сүзеді және айтарлықтай көп дозамен қабылдайды.

               Ыстық тәсілмен тұндырма даярлаған кезде алтын мұрттың және басқа дәрілік өсімдіктертің ұсақталған бөліктерінің үстіне қайнап тұрған су құяды, ыдысты тығындайды және 20 минуттан бірсыпыра сағатқа дейін сақтайды, сүзеді және ішке қабылдайды.

                 Ыстық тұндырманы дайындаудың басқа тәсілі-қайнатылған су және дәрілік өсімдіктерден жасалған қоспаны пеште немесе духовкада қайнатусыз ұстау. Өсімдік қоспаларының үстіне суық қайнағанды құйғандай,осылай ыстық суды да құяды. Содан соң қоспа сүзіледі және дәрілік орта ретінде іске асырылады.

                   Және тұндырма даярлаудың араласқан түрі де бар. Ол үшін дәрілік өсімдіктердің және суық қайнаған судың қоспасын 5-10 сағат жабылған ыдыста сақтайды,сүзеді. Ал өсімдіктің қалдықтарына қайнақ су құяды және плитада немесе пеште 10-12 сағат буландырады.     

        Алтын мұртты емдік мақсатқа қияр алдында 5 күн бұрын суғаруды тоқтату керек. Себебі, өсімдік бойына емдік шырындардың жиналуы үшін.

 

Алтын мұрт қайнатындысы

 

         Қайнатындыларды келесі үлгімен әзірлейді. Шыны немесе эмаль ыдысқа майдаланған өсімдікті салады, су құяды, шағын отқа қояды және қақпақпен жауып 30 минут қайнатады. Қайнату процесінде қоспаны үздіксіз араластырады. Содан соң қайнатындыны 3-4 қабатталып салынған дәке арқылы сүзеді. Қайнатындылардың суық түрі сияқты, ыстықты да солай пайдаланады.

            Тұндырмалармен салыстыру бойынша қайнатындылар ақырын сіңеді және қайнату процесінде біртіндеп өзінің емдік қасиеттерін жоғалтады, солай болғандықтан бұған қоса заттар қатарын ұшуы немесе жоғары температураның ықпалынан бұзылуы мүмкін.

         Адам ағзасына қайнатындылардың әсері артығырақ ұзаққа созылады. Олар мүшелерге және жүйелерге қажетті емес әсер көрсетуге қабілетті. Сондай-ақ олар негізгі заттардың емдік әсерін әлсіре алады. Бұдан басқа барлық өсімдіктер сулы қайнатындылар түрінде қолданыла алмайды.

        Тұндырмалар мен қайнатындылар сақтау мерзімі бар. Қабылдаудан бір күн бұрын кешіктірілмей дайындалған тұндырмалар мен қайнатындылар көп емдік әсер береді. Бұған қарсы жағдайда қоспа бұзыла бастайды, оған адамның ағзасына кері әсер ететін улы заттар жиналады.

        Тұндырмалар мен қайнатындыларды қараңғы салқын жерде сақтау қажет. Сақтау мерзімі – максимум 2 күн. Жазғы уақытта бұл сақтау мерзімі 12 сағатқа дейін қысқарады.     

      Қажетті: 20 см болатын 1 жапырақ, 1 л қайнаған су.

      Дайындау: майдаланып туралған жапыраққа қайнаған суды құйып, 20 минут бойы жай жанған отқа қойып қайнатады. Содан кейін суытып, 12 сағат бойы тұндырады. Қажеттісін сүзіп алады. Үй температурасында сақтап қоюға болады.

    Қолданылуы: Бұны тері ауруларына соның ішінде теміреткіге, псориазға, нейродермитке, экземаға пайдаланады. Жараның үстіне жағу, компресс жасау керек. Асқорыту мүшелерінің жұмысы нашарлаған кезде күніне 3 – 4 рет 2 ас қасық қайнатындыны тамақ ішерден 30 минут бұрын пайдаланады.

 

Спиртті  тұнбалар  ( сығындылар )

 

        Спиртті сығындылар күшті әсер етеді және солай болғандықтан аз ғана мөлшерде қабылданады ( 1 стақан суға бірнеше тамшыдан ).

        Оларды дайындау үшін алтын мұрттың немесе басқа дәрілік өсімдіктердің майдаланған бір салмақтық бөлігін және спирттің немесе арақтың 10 көлемдік бөлігін ( немесе одан да көп ) алады. Сығынды дайындайтын ыдыс шыны және жақсы тығындалатын болу керек. Спиртті сығындылар қараңғы жерде қоспа мөлдір және қойылған өсімдіктердің дәмі мен иісін алғанша аз дегенде бір апта тұру керек. Сонан соң қоспаны сүзеді және келісілген рецептімен қабылдайды.

 

Майлар және бальзамдар

 

        Сыртқа қолдану үшін алтын мұрттан майлар және бальзамдар дайындауға болады. Таза жуылған жас өсімдіктің жапырақтарын мұқият ұсақтайды, маймен араластырады және біртекті масса түзілгенге дейін ұнтақтайды. Әр түрлі өсімдік майларын ( күнбағыс, соя және т. б. ), тұздалмаған шошқа майын, вазелин және басқа майлы негіздерді қолдануға болады. Бұған қоса мынаны есте сақтау қажет: құрамына мал майлары кіретін майлар тез бұзылып және жағымсыз иіс пен түсті иеленетіндіктен олар ұзақ сақтау үшін жарамсыз.

        Алтын мұрттан кез келген емдік препаратты дайындаудың ережесін сақтай отырып, сіз оның шипалы қасиеттеріне кепілдік бере аласыз, шипалы қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етесіз. Дұрыс дайындалмаған препарат тері ауруларын немесе басқа кез келген сырқаттарды емдеу кезінде сіз күткен нәтижені бермейді.

 

 Алтын мұрт жапырақтарының шырыны

 

       Қажетті: 20 – 25 см аралығында 2 – 3 жапырақ.

      Дайындау: Дайын жапырақты майдалап, дәке арқылы шырынын сығып алу. Тоңазытқышта 5 күннен асырмай сақтау.

      Қолданылуы: шырынды тері аурулары үстіне компресс етіп басу немесе мақтамен жағу, асқазан ісігіне және ащы ішек түйнеп ауырғанда 1 ас қасық шырынды 1 : 2 немесе 1 : 3 қатынаста суға араластырып ішу керек. Тамақ ауырғанда және жоғарғы тыныс жолдары ауырғанда ингаляция жасау не 1 стақан суға 2 ас қасық шырын қосып ішу керек.

 

 

Алтын мұрттың тұнбасы

 

        1 – нұсқа:

   Қажетті: Өсімдіктің 15 дана майдаланған буыншалары, 1 л 70 % — дық медициналық спирт.

    Дайындау: Майдаланған буыншаларға спиртті құйып, 14 күн қараңғы орында ұстау керек және күн сайын ыдысты шайқап тұру керек.

     Қолданылуы: Артрит, демікпе, ішек – қарынға суық тиіп ауырғанда. Ағзаны натрий тұзынан тазалауға 15 тамшы тұнбаны 0, 5 стақан суға құйып, 10 күн бойы ішеді.

 

        2 – нұсқа:

  Қажетті: Алтын мұрттың 10 – 12 майдаланған буыншалары, 1 л күштілігі 40 % арақ.

  Дайындау: Буыншалардың үстіне арақты құйып, қараңғы салқын жерде 10 күн ұстау керек. Содан кейін басқа ыдысқа сүзіп алу керек.

  Қолданылуы: Сақина қанның қысымы, атеросклероз, қант диабеті ауруларына қарсы қолданылады. Нормасы 15 тамшы тұнбаны 0, 3 стақан суға араластырып, күніне 3 рет тамақ ішер алдында ұрттайды.

 

        3 – нұсқа:

       Қажетті: Алтын мұрттың 7 – 8 буыншасы 0, 5 л кагор шарабы күштілігі 16 % болу керек.

     Дайындау: Буыншаларды ет турағыштан өткізіп, үстіне кагор шарабын құяды, оларды жақсы араластырып 1 ай бойы қараңғы салқын жерде ұстайды. Содан кейін сүзіп алып емге пайдаланады.

    Қолданылуы: Бронхит, демікпе, асқазан жарасы мен ішек – қарын ауруларына қарсы. Мөлшері: 10 тамшы тұнбаға 0, 3 стақан суды араластырып 1 ай бойы тамақ ішер алдында күніне 3 мезгіл пайдалану керек. Аурудың уыты кетпесе, 10 күн демалып, жоғарыдағы мөлшерді тағы да қайталауға болады.

 

Алтын мұрт тұндырмасы

 

         Қажетті: Алтын мұрттың 10 см 1 жапырағы, 0, 5 л қайнаған су.

        Дайындау: Майдаланған жапыраққа қайнаған суды құйып, 30 минуттан 24 сағатқа дейін тұндыру керек.

      Қолданылуы: Асқазан, ішек – қарын ауруларына, өт тасы мен бауыр тасын түсіру үшін, суық тигенде, атеросклероз, диатез ауруларын емдеуге. Мөлшері: 1 ас қасық тұндырманы күніне 3 – 4 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын ішу керек.

 

Алтын мұрттан  сироп жасау

 

     Қажетті: 50 г майдаланған жапырақ, 100 г су, 50 мл арақ.

         Сироп үшін: 100 г қант, 50 мл су.

   Дайындау: Жапырақтарды суға салып, жай жанған отқа қойып қайнатады, сонда оның көлемі 3 есе азайғанда отты сөндіреді. Дайындалған қайнатындыға арақты құйып, содан соң сүзіп алады. Қантты суда қайнатып толық ерігенше араластырып тұрады. Еріген соң оттан алып суытады. Сүзіп алынған қайнатындыға қанттан дайындалған сиропты қосып, 100 мл дәрі болғанша араластырады. 1 ай бойы қараңғы салқын жерде сақтау қажет.

    Қолданылуы: Суық тигенде, дәрумен жетпегенде, сақина қанның қысымында пайдаланылады.

 

Алтын мұрттың майлы тұнбасы

 

       Қажетті: 0, 5 стақан рафинадталмаған шемішке майы, 0, 25 стақан алтын мұрттың спиртті тұнбасы.

        Дайындау: Май мен тұнбаны жақсылап араластыру.

      Қолданылуы: Адам терісі суықтан үсігенде, отқа күйгенде және басқа тері ауруларына компресс есебінде қолданылады. Ал, ішкі ауруларға яғни, асқазан жарасына, ішек ауруларына 0, 5 шай қасықпен күніне 3 рет тамақ ішерден 30 минут бұрын пайдаланады.

 

Алтын мұрттың майлы қайнатындысы

 

     Қажетті: 0, 3 стақан алтын мұрттың шырыны, 1 стақан шемішке майы.

   Дайындау: Жоғарыдағы заттарды араластырып, 6 сағат бойы духовкада жай отқа бұқтырады.

    Қолданылуы: Асқазан, ішек ауруларына 2 шай қасық қайнатындыны күніне 3 -4 рет тамақтан соң 20 минут өткен соң ішеді. Ал, тері ауруларына жара үстіне жағады.

 

Алтын мұрттың шырыны қосылған май

 

    Қажетті: 1 ас қасық шырын, 3 ас қасық тұздалмаған сары май немесе басқа майлар.

    Дайындау: Алтын мұрттың шырынын сары маймен жақсылап араластыру.

   Қолданылуы: Дайындалған маймен терінің үсік шалған жерін, псориаз, экзема сияқты тері ауруларына да қолдануға болады.

 

  1. 6. Медицинада    қолданылуы

 

        Әлбетте, әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтеді. Атап айтқанда, химиялық құрамы тексеріледі, организмге әсер етуші факторы, адамға әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне ететін ықпалы анықталады. Өсімдіктердің түгелдей өзіндегі немесе оның бір бөлігіндегі кейбір химиялық заттардың қаншалықты зиянды екені айқындалады, сонымен бірге өсімдіктің шипалы қасиеті жан-жақты тексеріледі. Содан соң әр түрлі жолмен тәжірибе жасау арқылы өсімдіктің және одан жасалған препараттардың дәрілік қасиеттеріне баға беріледі. Осыдан кейін барып қана арнаулы нұсқау бойынша дәрілік өсімдік көптеген клиникаларда сынақтан өтеді. Сынақтан  сәтті  өткен  өсімдікті Денсаулық  сақтау министрлігінің  фармакологиялық  комитеті  халық  арасына  кеңінен  таратуға  және  емдеу  мақсатында  қолдануға, ал  оның  препараттарын  өндірістік  жолмен  жасауға  рұқсат  етеді. Сөйтіп  көптеген  өсімдіктер халық  медицинасынан  ғылыми  медицинаға  көшеді. Мәселен, осындай  байқаудан  өткен, жүрек- қан  тамыры  ауруларына  қарсы  қолданылып  жүрген  препараттардың  80  проценттен  астамы  дәрілік  өсімдіктерден  алынған.

             Әрине,  мұның  барлығы  дәрілік  өсімдіктерден  бүгінгі  медицинада  кең  таралған  дәрілерді  алу  жолдарын аңғартатын  жайлар. Ал, жалпы  халық  медицинасы  пайдаланып  келген  шипалы  шөптермен  емдеу  мәселесі де  бүгінгі  таңда  өзіндік  назар  аударуды  талап  етер  мәселелердің  санатына  жатады. Мысалы, осы  мақсатта  жыл  сайын  дәрілік  өсімдіктердің 200 – дей  түрінен  30 мың  тоннадан  астам  шикізат  жиналады. Сөйтіп  дәрілік  өсімдіктерді жинау  ісі  барған  сайын  кең  қанат  жайып  келеді. Сонымен  бірге  олады  өсіретін  плантациялардың да  көлемі  артып  отыр. 

          Дәрілік  өсімдіктерді  жинаған дұрыс. Бірақ  оларды  басқа  өсімдіктерден  ажырата  білу де  маңызды. Міне, осы  тұрғыдан  келгенде  дәрілік  өсімдіктер  жөнінде  жазылған ғылыми – көпшілік  әдебиеттердің  қажеттілігі  айрықша назар  аударады. 

        Өсімдіктерден жасалған дәрілер жұмсағырақ әсер ететіндігіне қарамастан өте-мөте сирек жанама көріністерді шақырады, атап айтқанда аллергия, ал қатаң диета кезінде шөптерді қабылдауда авитаминоз пайда болмайды. Аман болу үшін өздігінен шөптермен емделу арнайы білімсіз жарамайды. Мысалы, хош иісті каллизия В. В. Телятьевтің хабары бойынша, 20 жыл бұрын профессор Семеновтың жетекшілігімен Иркутск медициналық институтының фармацевтикалық факультетінде зерттелген. Соның нәтижесінде, хош иісті каллизияны ішке қолданғанда, дауыс шымылдығы өте қатты бүлінеді, дауыс «басылады», оны қайта қалпына келтіру қиынға соғатыны белгілі болды. Ал сыртқа қолданғанда аяқ-қолдың басын үсіп қалғанды емдейді, трофикалық жаралар жазыла бастағанда   терең күйгенде ауырғанды тыныштандыратын, оларды жазылта бастататын нәтиже береді. Сөйтсе де, сыртқа қолданғанда дәрігерлермен кеңесу қажет.

        Хош иісті каллизия жоғары шипалы қасиеттерге ие. Созылмалы панкреатитті емдеуде бұл өсімдік өте жақсы. Ол патогендік микрофлораны жақсы басады, ауырғанды алады. Бүйрек үсті безінің, көк бауырдың, асқазан асты безінің қызметін қалпына келтіреді. Аш ішектің, асқазанның, өт жолдарының және өт іркілетін қалтаның қабынуын алады. Ағзадан шлактарды шығарады. Қақырықты сұйылтады, гиперсекрецияны төмендетеді және астматиктердің (демікпесі бар адамдардың ) кеңірдек тарамдарының шырышты  қабығының ісінуін төмендетеді, сондай-ақ науқастардың жалпы хал-жайын шұғыл жақсартады және жиі демікпеден толық сауығуға алып келеді.

        Өсімдіктің шырыны — « Тірі су » жоғары жараларды жазатын қасиеттерге ие. Ол тері ауруларын жақсы емдейді: теміреткіні, жаңадан пайда болған жараның түрлерін (аппликациялар өсімдіктің мұрттарының шырынына дымқылданған мақталы тампондармен күн сайын). Өсімдіктің жоғары дезинфекция жасайтын қасиеттері туралы мынадай факт айтылады: жапырақтардың нәрі (суы) бөлме жағдайында айлар бойы бұзылмайды.

        АҚШ-та жүргізілген бірсыпыра зерттеулер бар: бұл зерттеулер мынаны көрсетеді. Каллизиядан жасалған препараттарды қауіпсіз қолдану жете тексеруге мүмкіндік туды.

        Хош иісті каллизияда дәл қандай дәрілік нәрселер болатыны туралы әзірге нақты айтуға мүмкін емес. Бұл сұрақ – зерттеу стадиясында.

        Химия-фармацевтикалық академияның ғалымдарының мәліметтері бойынша әрекет ететін заттар, мүмкін бүйірлік өркендерінде көп дәрежеде болатынын айтты.

        Бірнеше жылдар бұрын жарияланғандарды американдық ғалымдардың зерттеулері қатерлі ісіктерді емдеуде каллизияның препараттарын қолдануға болатынын дәлелдеді. Бірақ өсімдіктің қасиеттерін зерттеуде, әрине, әлі түсініксіздер, зерттелмегендер, тексерілмегендер өте көп. Осының бәрі, сөзсіз, бізді осы өсімдіктің биологиясын толығырақ зерттеуге мәжбүрледі. Фармакалогия үшін оның құндылығын ғылыми түрде анықтау және өнеркәсіп көлемінде  каллизияны өсіру қажеттілігін дәлелдеу керек.

        Алтын мұртты немесе алтын түкті немесе хош иісті каллизияны шипалы өсімдіктер қатарына кіргізуді петербургтік ғалымдар да қолдады.

        Медицина ғылымдарының докторы Леонид Васильевич Пастушенконың каллизия туралы жұмыстары бар. Ол жұмыстары осы тақырыпқа қызығатын оқырмандар үшін толығымен жарияланды.

        Емдеуде қолданылатын шөптермен ғалым көп жылдар бойы айналысты. Ол онкологиялық ауруларды ескертетін адам организмінде қатерлі ісік жасушаларына қарсы тұратын қабілетті өсімдіктерді табандылықпен іздеді, — және тапты. Бұл каллизия. Фармацевтикалық академияда Леонид Васильевич каллизияны сынақтан өткізді және керемет — өсімдіктің медициналық қолдану мүмкіндігін дәлелдеді. Оның тәжірибелері айтқандай, әлемдік тәжірибелерден әр түрлі мысалдарымен нақтыланды.

 

  1. 7. Халықтық   шаруашылықта   қолданылуы 

                           

        Хош иісті каллизияның дәрілік құндылығы туралы мәліметтер әзірше үлкен емес, дегенмен бұл бағытта жұмыстар шет елде де, және Ресейде де күшейе жүргізіліп жатыр. Халықтық медицинада каллизиядан жасалған препараттар кең аурулардың спектрінен емделуде пайдаланылады. Демікпені және панкреатитті (ұйқы безінің қабынуы) емдеуде ішке, ал трофикалық жараларды, күйген жерлерді, үсіп қалғанда емделуде шапшаңырақ жазыла бастау және ауырғанды алу үшін сыртқа осы өсімдіктің өркендерінен спиртті немесе спиртті — майлы сығындысын қолданады. Бұдан басқа өркендерінен жасалған сығындысын ( негізінен Шевченко бальзамы деп аталады ) ішек-қарын жолының қатерлі ісігін және басқа ішкі органдарды емдеуде ішке қолданылады.

        Өсімдіктің көлденең өсінділері азырақ дегенде 9 толық қоңыр — күлгін түсті иемденгенде ғана дәрілік болады.

        Каллизияның дәрілік қолданылуы жайында егжей-тегжейлі түсініктерді оқырмандар мына сайттардан тауып ала алады: cobina, junglesife flora  rb.  ru.

        Алайда осы « интернет – панацеяға » сіз « ұстаса кетіп » өздігінен емделумен айналысуға табандылықпен кеңес бермейміз, алдымен, дәрігермен міндетті түрде консультация алу керек. Каллизияның медициналық активтігі бар өсімдік сияқты өзінің қарсы көрсеткіштері бар. Бұл туралы төмендегі бірнеше жолдармен естеріңізге саламыз.

        Каллизия антибактериалды қасиеттерге ие, бұл факт.

        Шет елде каллизиядан жасалған препараттарды онкологиялық ауруларды емдеу мүмкіншілігі нақтыланған. В.Телятьевтің жетекшілігімен Иркутск медицина институтында фармацевтикалық факультетте өткен ғасырдың 80 жылдарында — ақ аналогиялық зерттеулер жүргізілген. Дұрысын айтқанда, сол уақытта Иркутскіде, каллизияның негізінде препараттарды қауіпсіз қолдану нобайын жасаудың жолы болмады.

        Халықтық шипагерлер каллизияны өз тәжірибелеріне қолданғандар, сығындыны өсімдіктің барлық мүшесінен емес, бүйірлік өркендерінен жасауды жиі ұсынады.

        Интернет-сайттардағы таралған ақпараттарда, каллизиядан жасалған препараттарды қолдануға арналғандарда мынау айтылады: онкологиялық ауруларды емдеу жолында ісік туп-тура қатаң сапалы түрде қайтады.    

        Бұған өте ұқыптылықпен қарау керек: себебі, каллизияның өркендерінің құрамындағы заттар кез келген жас жасушаның дамуын және өсуін басатын препараттар тобына жатады.

        Кейбір дәрежелерде олар организмнің барлық дені сау және белсенді бөлінетін жасушаларын өлтіреді.

        Медициналық бақылаусыз және нақты дозасыз препараттарды қолданғанда шапшаң кері әсеріне әкеп соқтырады.

        Табиғатта қатерлі ісіктерді емдеуде жағымды эффект көрсете алатын екі топ байланыстары бар ( ғылымда олар бұрыннан белгілі ). Біріншісіне, көптеген ауруларды емдеуде қолданылатын, интерференогендер мен интерферондардың иммундық жүйелердің стимуляторлары кіреді. Екіншісіне ісіктің өзіне әсер етпейтін, бірақ ауыртатын заттардың жедел шығуының есебінен ағзаның жалпы жағдайын жақсартатын ( мысалы гриба чаги препараты осындай қасиеттерге ие ) заттар жатады.

        Ғалымдар каллизиядағы әрекет ететін заттар осы топтардың біреуіне жатады және қатысты болуға міндетті және қатерлі ісіктерді емдеуде жағымды эффект көрсететін өзіндік спецификалық қасиеттерінде деген хабарды мақұлдайды.

 

          ІІІ. Тәжірибе бөлім

 

  1. 1. Бастапқы   заттарға   сипаттама

 

        Бастапқы   зат   ретінде   2006   жылдың   наурыз   айының   басында   гүл   сататын   дүкеннен   сатып   алынып,   институттың   лабораториясында   өсіп   жатқан   хош   иісті   каллизияның   жапырағы   мен   сабағы   алынды.   2006   жылдың   қараша   айының   22   жұлдызында   осы   алтын   мұрттың   өскіншелерінің   жоғары   жағын   қиып   алып,   су   құйылған   ыдысқа   қойып   тамырлаттым.   Бұл   өскіншелерді   тек   қана   көлденең   өскіншелері   12 – ге   жеткенде   ғана   алады.   Өскіншелер   су   құйылған   ыдыста   тұрған   кезде   оған   тыңғылықты   күтім   керек,   себебі   осы   уақыттан   бастап   өн   бойына   емдік   қасиет   сақтайды.   Алтын   мұрттың   жоғары   қарқынды   өсуі   және   күшті   болуы   тамыр   жүйесінің   жақсы   дамуына   байланысты.   Сондықтан   тамыр   жүйесі   жақсы   дамымай,   оны   басқа   ыдысқа   көшіруге   асықпау   керек.   Осыған   байланысты,   тамыр   жүйесі   көбейіп,   жуандап,   топыраққа   беки   алатындай   болғанда,   оны   су   құйылған   ыдыстан   алып,   алты   гүл   өсіретін   қыш   құмыраға   көшірдім.   Ол   алты   гүл   өсіретін   қыш   құмыраның   төртеуіне   гүл   сататын   дүкеннен   арнайы   гүл   өсіруге   арналған   құрамында   өсімдікке   қажетті   элементтер,   дәрумендер   бар   гумус   ( қарашірінді )   салдым.   Ал,   екі   гүл   өсіретін   қыш   құмыраға   осы   институтымыздың   айналасынан   қазып   алынған   кәдімгі   қара   топырақ   салдым.

        Алтын   мұртты   өсіру   аса   қиын   жұмыс   емес.   Оған   керегі   ең   бастысы   кең   гүл   өсіретін   қыш   құмыра,   күндізгідей   жарық   беретін   лампа   ( әсіресе,   күз   және   қыс   айларында   ),   жоғары   температура   шамамен   20 – 25ºС   аралығы.  

        Алтын   мұртты   жиі – жиі   бір   қалыпта   суғарып   тұрдым.   Алтын   мұрт,   әсіресе,   қыс   айларында   ылғалды   көп   қажет   етеді.   Себебі,   бөлме   жылыту   құралдары   ауаны   көп   құрғатып   жібереді.   Сондықтан,   топырақтың   құрғап   кетпеуін   қатаң   бақылап,   кешке   суғарып   тұрдым.   Өйткені,   қысты   күні   кешке   суғарған   тиімді.

        Өсімдікті   қарқынды   өсетін   кезде   яғни,   наурыз   айынан   қазан   айына   дейін   тыңайтқыш   жиынтығымен   қоректендіру   керек.   Сол   себепті,   наурыз   айынан   бастап   гүл   сататын   дүкеннен   сатып   алынған   « Агрикола »   деген   тыңайтқыштан   бір   шай   қасық   алып,   2 л   суға   ерітіп   аптасына   бір   рет   бердім.   Ал,   осы   уақытқа   дейін   бұл   тыңайтқыштың   түрін   екі   аптада   бір   рет   беретінмін.   Топырақтың   жаз   айларында   ылғалды,   ал   қыс   уақытында   шала   құрғақ   күйінде   болуын   қадағалап   тұрдым.   Және   де   жылдың   төрт   мезгілінде   бөлмеде   тұрған   жылы   сумен   өсімдік   үстін   жиі – жиі   бүркіп   тұрдым,   өйткені   бұл   пайдалы.

 

  1. Алтын  мұрттың сулы және спиртті ерітінділерінің         рН – ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау

 

         Алтын   мұрттың   жапырағы   мен   сабағының   сулы   және   спиртті   ерітінділерінің   рН – ы   ЭВ – 74   универсалды   иономермен,   тығыздығы   —   пикнометрлік   әдіспен,   ал   сыну   көрсеткіші   ИРФ – 454 Б   маркалы   рефроктомермен   анықталды.  

        Зерттеу   нәтижесінде   алынған   мәліметтер   1 – кестеде   көрсетілген.

 

        1 – кесте.   Алтын   мұрттың   жапырағы   мен   сабағының   физика – химиялық   қасиеттері

 

Шикізат түрі

рН

η

ρ ( г/см³ )

суда

спиртте

суда

спиртте

суда

спиртте

Каллизия жапырағы

4,0

6,0

1,3340

1,3620

1,0019

0,936

Каллизия сабағы

7,6

5,6

1,3310

1,3360

1,029

0,83

 

 

  1. 3. Сандық анализ

                 Шикізаттың ылғалдылығын анықтау

 

         Шикізаттың ылғалдылығы дегеніміз шикізатты тұрақты салмаққа дейін кептірген кезде шикізаттың ылғал және ұшқыш заттар есебінен салмағын жоғалтуы.

         Дәрілік өсімдік шикізатының ылғалы оның сапалығын сипаттайтын сандық көрсеткіштердің бірі. Дәрілік өсімдік шикізатында мөлшерден тыс ылғал болмауы  тиіс, себебі ол оны сақтаған кезде сапасын төмендетеді. Көпшілік дәрілік өсімдік шикізатының құрамында ылғал 12-15 % — тен аспау керек.

        Дәрілік өсімдік шикізатындағы ылғалдылығын анықтау әдістемесі: 10 мм ұсақтыққа дейін ұнтақталған 3 – 5 г шикізат алдын ала кептіріліп, өлшенген бюксқа салынады. Бюксты шикізатымен қоса 100 — 105ºС температураға дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа қояды, сол кезде шкаф температурасы төмендейді. Шикізатты кептіру уақыты шкаф температурасы 100-105º С температурасына көтерілгеннен бастап есептелінеді. Бірінші өлшеу 2 сағат өткеннен кейін жүргізіледі (жапырағы, гүлдерін өлшеу үшін); ал тамырларын, ұрықтарын, жемістерін өлшеу 3 сағаттан кейін жүргізіледі. Шикізатты тұрақты салмағына дейін кептіреді, 30 минут кептіріп, 30 минут суытқаннан кейін айырымы 0, 1 г — нан аспауы шикізаттың тұрақты салмаққа жеткен нәтижесін көрсетеді.

      Шикізаттың ылғалдылық пайыздық мөлшері X мына формуламен есептелінеді:

 

                       X = ( m1 – m2 ) · 100 / m1 ; % ылғалдылық

 

      Мұндағы: m1 – шикізаттың кептіргенге дейінгі салмағы, г; және           m2 – шикізаттың кептіргеннен кейінгі салмағы, г.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағының ылғалдылығы – 91,6 % болса, ал сабағыныкі – 93,2 % болды.

 

  1. 4. Күлділік.   Оны каллизияның   жапырағы   мен   сабағынан    анықтау

 

        Дәрілік шикізаттың күлі деп шикізатты жағып, оны тұрақты салмаққа дейін кептіргеннен қалған бейорганикалық заттардың қалдығын айтады.

        Өсімдіктердің күлі өсімдіктің өзінде болатын және оларды жинау, кептіру кезінде пайда болатын әр түрлі бейорганикалық заттардың қоспасынан тұрады.

         Өсімдік шикізатындағы күлдің мөлшері шикізаттың өзіне және оны жинау мен кептіруге байланысты.

         Күлдің құрамына көбіне мынадай элементтер кіреді, яғни K, Na, Mg, Ca, Ce, C, Si, P және аз мөлшерде Cu, Mn, Al және тағы басқа элементтер болады. Бұл элементтер күлдің құрамында оксидтер немесе көмір, фосфор, күкірт тағы сол сияқты қышқылдардың  тұздары түрінде болады.

         Күлдің мөлшерін анықтағанда, оның мөлшері  күлге айналдыру процесінің ұзақтығы мен температуралық режиміне байланысты. Мұнда біріншіден көңіл бөлетін нәрсе, шикізаттың толық жану процесі. Шикізатты тез жаққан кезде және жоғары температурада күл бөлшектерінің балқуы мүмкін; балқыған бөлшектер әлі жанып болмаған шикізат бөлшектерін жауып шикізаттың толығымен күлге айналуына кедергі келтіреді. Анализдеу процесіне  қалдықты қақтау температурасы және оның ұзақтығы әсер етеді. Күлмен бірге тигельді муфель пешіне салады.

        Күлдің мөлшерін анықтау әдістемесі:                                       

        2 мм диаметрлі електен өткізіп, ұнтақталған шикізат фарфор тигельге салынып, электр плиткасында ақырындап күлге айналдырылуы. Шикізат толығымен күлге айналғаннан кейін оны муфель пешіне салып қақтайды, қақтау 550-650º С температурада тұрақты салмаққа дейін жүргізіледі. Қақтау аяқталғаннан кейін кішкене суыған тигельді эксикаторға салып толық суытады. Осы процестен кейін егер екі өлшеу айырымы 0,0005 г-нан аспаса, нәтижесінде тұрақты салмаққа жетті деп есептелінеді.

      Күлдің жалпы мөлшері X мына формуламен есептеледі:

X = m  · 100 % / m1; %.

      Мұндағы: m – шикізаттың өртенгенге дейінгі салмағы, г; және m1  — шикізаттың өртенгеннен кейінгі салмағы, г.       

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағының күлділігі – 2,9 %, ал сабағының күлділігі – 1,35 % болды.

 

  1. 5. Экстрактивті заттардың мөлшерін анықтау

 

        0,2   г-ға   жуық   майдаланған   өсімдік   шикізатын    ( дәл   навеска )   сыйымдылығы   50 мл   колбаға   салады,   80 %   сулы — этил   спиртінен   30 мл   қосады,   колбаны   жабады, өлшейді   және   1   сағатқа   қояды.   Сонан   соң   колбаны   кері   салқындатқышпен біріктіреді және екі сағат ағымда әлсіз қайнатып қыздырады. Салқындатқаннан кейін колбаны ішіндегісімен қайтадан жабады, өлшейді және массаның шығынын   сол   еріткішпен   толықтырады.   Ішіндегіні   мұқият   араластырады   және 50 мл-лік   колбаға   құрғақ   фильтр   қағазы   арқылы   сүзеді.   Алдын   ала   кептірілген   фарфорлы   тостағаншаға   пипеткамен   фильтраттан   15 мл   құяды,   су   моншасында   құрғағанша   буландырады.    Тостағаншаны   қалдығымен   100 — 105º С   температурада   тұрақты   салмаққа дейін   кептіреді.   Өте   құрғақ   шикізатқа   есептегенде   ішіндегі   экстрактивті   заттарды   %-бен   мына   формула   бойынша   есептеп   шығарады:

 

Х = М · 200 · 100 / М1  · ( 100 – W )

 

мұндағы   М   –   құрғақ   қалдықтың   массасы;

                  М1   –   шикізаттың   навескасы;

                  W   –   кептірген   кездегі   массадағы шығын.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағының экстрактивтілігі – 21,89 % болса, ал сабағының экстрактивтілігі – 20,24 % болды.

 

  1. 6. Органикалық қышқылдар

 

        Органикалық қышқылдар – зат алмасудың аралық өнімдері. Олар барлық өсімдіктерде болады және көптеген биохимиялық реакциялардың нәтижесінде түзіледі. Олардың арасында ди —  және үшкарбонды қышқылдардың циклдары және глиоксилат циклінің реакциялары негізгілері деп санау керек. Көптеген органикалық қышқылдар аминқышқылдардың, қанттардың, майлардың, дәрумендердің және кейбір басқа биологиялық активті қоспалар биосинтезі үшін бастапқы қоспалар болып табылады. Қышқылдар өсімдіктердің тыныс алуында энергетикалық материал ретінде қолданыла алады.

        Органикалық қышқылдар өсімдіктерде бос күйінде ( жидектерде, жемістерде ) немесе қышқыл және бейтарап тұздар ретінде ( жапырақтарда, әсіресе бұршақ дақылдарының құрғақ затында – 15 – 20 % — ке дейін ) болады. Дегенмен кейбір өсімдіктердің ( қымыздық, рауғаш, бегония, кактустар және басқа суккуленттер ) жапырақтарында да бос қышқылдар көп, сондықтан бұл өсімдіктердің жасушалық шырынының қышқылдығы жоғары.

        Өсімдіктерде қышқылдың мөлшері тұрақты емес және жемістер мен көкөністердің сорттарынан, олардың жетілу дәрежесіне, сонымен қатар өсімдіктерді өсіру жағдайына байланысты болады. Өсімдіктердің қышқылдығына минералды тыңайтқыштардың формалары көп әсерін тигізеді. Мысалы, азотты тыңайтқыштардың аммиакты формаларына қарағанда, нитратты формаларын енгізген уақытта өсімдіктерде қышқылдың мөлшері көптен көп жоғары болады.

        Әр түрлі өсімдіктер оларға жинақталған қышқылдардың құрамы бойынша да ажыратылады. Мысалы, алмаларда, шетенде, зеректе алма қышқылы артығырақ, лимондарда және басқа цитрустарда — лимон қышқылы, жүзімде — шарап қышқылы басым болады. Осыған байланысты, өсімдіктердегі органикалық қышқылдардың құрамдарын және мөлшерін анықтаудың үлкен практикалық маңызы бар.

        Органикалық қышқылдардың мөлшерін немесе олардың тұздарын анықтағанда:

  • жалпы қышқылдығын, немесе жалпы қышқылдың мөлшерін, яғни бұған қоса қышқылдың диссоциацияланбаған молекулалары мен аниондарының мөлшерін;

      2) жиі « нағыз қышқылдық » деп көрсетілетін сутегі иондарының концентрациясын;

    3) титрленетін қышқылдық – бос қышқылдың концентрациясын ажыратады.

 Дегенмен бұл бірнегізді қышқылдар үшін ғана жарамды. Екінегізді қышқылдардың сілтімен титрлеуге болатын жалпы қышқылдық бөлігі екі фракциядан: диссоциацияланбаған қышқылдан және бірвалентті қышқылдың иондарынан тұрады.

        Анализде органикалық қышқылдарды жаңа, тоңазытылған немесе кептірілген өсімдік ұлпаларынан бөліп алуға болады.

      Дегенмен мынаны ескеру қажет: бөлме температурасында кептірген – органикалық қышқылдардың жоғалуына әкеледі, ал жоғары температура жағдайында кептірген – органикалық қышқылдардың мөлшерінің өзгеруіне ( ұшатын қышқылдар мен олардың эфирлерінің жоғалуына, қышқылдардың өзара айналуына, олардың көмірсулармен әрекеттестігіне және т. б. ) әкеледі. Сол себепті органикалық қышқылдарды анықтау үшін материалды термостатта 120 – 125º С – та 15 – 20 минут уақытта жылдам фиксирлеп, ал сонан соң 50 – 60º С – та кептіру керек.

        Қышқылды экстракциялау үшін суды немесе органикалық еріткіштерді ( көбінесе эфирлерді ) қолданады. Алайда таза эфир органикалық қышқылдардың тұздарын ерітпейді. Сол себепті тұздарды экстракциялау үшін материалды алдын ала минералды қышқылмен қышқылдайды. Осының арқасында органикалық қышқылдардың тұздары бос күйге ауысады.

        Өсімдік материалынан сумен экстракциялағанда, қышқылдан басқа, көп бірге болатын заттар – қанттар, пектинді заттар, аминқышқылдар, ақуыздар бөлінеді. Оларды мөлшерлік анықтаудың алдында ерітіндіден ұқыптылықпен шығару керек. Бұл заттарды экстракциямен және тұндырумен немесе катионды және аниондыалмасу шайырлардың көмегімен бөліп шығармайды, бірақ майлар мен липидтерді ерітеді.

 

Жалпы қышқылдықты анықтау

 

        Жалпы қышқылдықтың мөлшерін жалғаспалы индикаторларды қолданумен алкалиметриялық немесе ацидиметриялық титрлеумен немесе потенциометриялық анықтауға болады.

        Әдістің негізі. Қышқылдар ұсақталған өсімдіктің материалын сумен 80 – 90º С температурада 30 минут уақытта қыздыру нәтижесінде бөлінеді. Бөлінген қышқылдарды сілті ерітіндісімен титрлейді.

        Қышқылдың жалпы мөлшерін әдетте алма қышқылына есептеп шығарады, өйткені ол көптеген жемістерде және көкөністерде басым.

        Анықтау барысы. Келсапта немесе ет турағышта, үккіште өсімдіктің жаңа жапырақтарын немесе көкөністерін, жемістерін мұқият ұсақтайды. Өсімдік массасын араластырады, 20 г навеска алып 200 мл – лік кең ауызды колбаға шығынсыз ауыстырады. Колбаға шамамен 150 мл дистильденген су құяды және 80 – 90º С температурада су моншасында 30 минут ұстайды.

        Сонан соң колбаны су жүргізетін құбырдағы сумен салқындатады, таңбаға дейін келтіреді және құрғақ стақан немесе колбаға сүзеді. Алынған фильтрат жалпы қышқылдықты анықтау үшін пайдаланылады. Қышқылы бар 50 мл фильтратты 100 мл – лік конус тәрізді колбаға ауыстырады,. Колбаға фенолфталеиннің спиртті ерітіндісінен бірнеше тамшы қосады және микробюреткадан 0,1 н. NaOH ерітіндісімен күлгін түске дейін титрлейді. Индикатор ретінде фенолфталеиннің орнына тимолфталеиннің спиртті ерітіндісін қолдануға болады. Бұл жағдайда көк түс пайда болғанша титрлейді.

        Егер ерітіндінің қасына өсімдіктің дәл осындай мөлшердегі сығындысына тимолфталеиннің немесе фенолфталеиннің сондай – ақ тамшысының мөлшері қосылған колбаны қойып түсін салыстырса, әлсіз ерітінділердің түстерінің ауысуын байқау жеңіл. Ерітінді қатты боялғанда және сілті қосқанда ерітіндінің  түсінің ауысуын анықтау қиын, мұндай жағдайда титрлеген кезде лакмус қағазын қолданады. Титрлеген уақытта колбадағы сұйықтықтың тамшыларын лакмус қағазының тіліміне ( үзігіне ) ауыстырады және түсінің өзгеруін байқайды.

        Қорытындысын есептеп шығару. Есептеген кезде титрлеуге және оның титрін түзетуге кеткен сілтінің мөлшерін есепке алу қажет. Есептеуді мына формула бойынша жүргізуге болады:

Х = а · Т · 200 · 10 / н · 50,

мұндағы Х – өсімдік үлгісіндегі қышқылдың мөлшері, мэкв;

                а – титрлеуге кеткен 0,1 н. NaOH мөлшері, мл;

                Т – сілтінің титріне түзету;

                200 – сығындының жалпы көлемі, мл;

                50 – титрлеу үшін алынған сығындының көлемі, мл;

                н – материалдың навескасы, г;

           10 – қышқылдың миллиэквивалентіне тәржіме ( 1 мл 0,1 н. NaOH – қа    қышқылдың 0,1 мэкв. — і жарамды ).

        Көбінесе қышқылдың мөлшерін 1 г – ға миллиэквивалентпен емес, дұрысында процентпен көрсетеді.

        Бұл үшін миллиэквиваленттің санын қышқылдың 1 мэкв – ке көбейтеді, қышқылдар ( грамм ): алма қышқылының 1 мэкв 67 мг тең ( 0,067 г ), лимон қышқылыныкі – 64 мг, шарап қышқылыныкі – 75 мг, қымыздық қышқылыныкі – 45мг.

        Әдетте зерттелетін объектте сол немесе басқа органикалық қышқылдардың артығырағына байланысты есептеу үшін тиісті коэффициент қолданылады.

         Құрал – жабдықтар және реактивтер:

  1. Су моншалары, 200 мл – ге өлшеуіш колбалар, филогенетикалық колбалар, 100 – 200 мл – ге конус тәрізді колбалар, воронкалар, пипеткалар, микробюреткалар, фильтрлар.
  2. 0,1 н. NaOH, фенолфталеин немесе тимолфталеин, лакмус қағазы.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағының қышқылдылығы – 5,5 мэкв – ке тең, ал сабағының қышқылдылығы – 10 мэкв – ке тең болды.

 

  1. 7. Аскорбин   қышқылын   ( С дәрумені )   анықтау                           

 

        Аскорбин қышқылы – қырқұлаққа қарсы дәрумен. Өсімдіктердегі аскорбин қышқылының мөлшері өсімдіктің түріне және өсірудің топырақты – климаттық жағдайына байланысты. Әдетте солтүстікте өсірілген көкөністер, жемістер және жидектерде аскорбин қышқылы оңтүстік аудандарда өсірілгендерге қарағанда көп мөлшерде болады.

        Аскорбин қышқылы ағзада тотығу – тотықсыздану процестеріне белсенді қатысады.

        Бұл мынамен байланысты, оның екі формасы бар: шын мәнінде аскорбин қышқылы және одан жеңіл түзілетін дегидроаскорбин қышқылы.

        Аскорбин қышқылы суда жақсы ериді. Ерітінділерде ол жеңіл бұзылады, әсіресе ауа қатысында қыздырғанда. Аскорбин қышқылының бұзылуының интенсивтілігін мыс және темірдің каталитикалық іздері күшейтеді. Төменде И. К. Мурри бойынша аскорбин қышқылын анықтау әдісі жазылған.

        Әдістің негізі. Аскорбин қышқылын анықтау әдісі оның қысқарылған құрылымына негізделген. Аскорбин қышқылының әсерінен 2,6 – дихлорфенолиндофенол ерітінді өзінің көк түсінен түссіз қоспаға келеді. Өсімдіктен аскорбин қышқылын 1 %  HCl – мен бөліп шығарады және 2, 6 – дихлорфенолиндофенол ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен бояудың мөлшері бойынша аскорбин қышқылының мөлшерін есептейді.

        Анықтау барысы. Ұқыптылықпен ортаңғы сынаманы алады; зерттелетін материалдың 5 – 20 г навескасын ( аскорбин қышқылының тәуелді мөлшеріне шамаланған ) келіге ауыстырады, 20 мл 1 %  HCl құяды және гомогенді массасы түзілгенге дейін ұнтақтайды. Дөрекі ұлпаларды анализдегенде келіге ұнтақтау кезінде аздаған жуылған кварц құмын немесе ұнтақталған әйнекті қосады. Алынған ұнтақталған массаны келіден ( әйнек таяқша және сүзгіш  арқылы ) 100 мл өлшеуіш колбаға ауыстырады. Келіні бірнеше рет 2 % — ті метафосфор қышқылымен шайқап, сол өлшеуіш колбаға құяды. Метафосфор қышқылының орнына 1 % — ті қымыздық қышқылының ерітіндісін қолдануға болады. Колбаның ішіндегісін  2 % — ті метафосфор қышқылымен таңбаға дейін келтіреді және колбаны тығынмен жабады. Колбаның ішіндегіні қатты араластырады және 5 минутқа қойып қояды. Сонан соң колбаның ішіндегіні құрғақ фильтр арқылы құрғақ стақан немесе колбаға сүзеді.

        Экстракция үшін пайдаланылған тұз қышқылы өсімдік материалынан бос аскорбин қышқылын бөліп шығарған сияқты, еркін емес аскорбин қышқылын да бөліп шығарады. Метафосфор немесе қымыздық қышқылы экстакттардағы аскорбин қышқылының тұрақтылығын жоғарылатады.

         Алынған фильтраттан пипеткамен 10 — 20 мл – ден 2 параллельді сынама алады, 50 – 100 мл стақан немесе конус тәрізді колбаға ауыстырады және микробюреткадан 0,001 н. 2, 6 – дихлорфенолиндофенол ( бояулар ) ерітіндісімен 0, 5 – 1 минут аралығында жоғалмайтын қанық – күлгін түс пайда болғанша титрлейді.

        Өсімдік ұлпаларының кейбір мөлшерлерінде және басқа редуцияланған заттар, 2, 6 – дихлорфенолиндофенолды түзетін заттар болады. Сол себепті ерекше дәл анализ жасау қажет болғанда осы заттарды да есепке алу керек. Бұл үшін зерттелетін сығындының 10 – 20 мл – ден басқа 2 мөлшеріне 10 % мыс сульфаты ерітіндісін 0, 1 немесе 0, 2 мл – ден қосады және 110 º С – та термостатта 10 минут қыздырады. Салқындатады және бояумен титрлейді. Мыстың  тұзы болған жағдайда және қыздырғанда аскорбин қышқылы түгелдей бұзылады. Алынған түзетуді ерітінділердің титрінен алынған мәліметтерден шығарады.

        Көптеген жемістер және жидектер және кейбір көкөністердің анализінде боялған экстракттар алады, бұл жоғарыда жазылған әдіспен аскорбин қышқылын анықтауды қиындатады. Боялған сығындылардағы аскорбин қышқылын дихлорэтан, хлороформ немесе толуолдың қатысымен 2, 6 – дихлорфенолиндофенол ерітіндісімен титрлейді. Бұл үшін боялған сығындыны кең пробиркаға ауыстырады, соған 2 – 5 мл дихлорэтан немесе хлороформ құяды. Және араластыру кезінде дихлорэтан несесе хлороформ қабатында күлгін түс пайда болғанша бояу ерітіндісімен титрлейді.

        Аскорбин қышқылының мөлшерін анықтағанда экстракция үшін алынған қышқылдың редуциялайтын қабілеттігін ескеру қажет ( 20 мл 1 % — ті тұз қышқылы және 80 мл 2 % — ті метафосфор қышқылының қоспасын немесе 20 мл 1 % — ті тұз қышқылы және 80 мл 2 % — ті қымыздық қышқылының қоспасы ). Бұл үшін қышқылдардың 2 мөлшер қоспасынан 10 мл – ден сол бағанағы бояумен қанық – күлгін түс пайда болғанша титрлейді. Алынған түзетуді ( әдетте бояудың 0, 08 – 0, 10 мл ерітіндісінен аспайтын ) ерітінділердің мәліметтерінен шығарады.

        Аскорбин қышқылы бойынша бояудың титрін құру. Бояудың ( 2, 6 – дихлорфенолиндофенол ) титрін құру әдісі аскорбин қышқылының ерітіндісін бояумен және 0, 001 н. калий иодатының ерітіндісімен параллель титрлеуге негізделген. Аскорбин қышқылының 0, 088 мг – ына 0, 001 н. 1 мл калий иодатының ерітіндісі эквивалентті деп қалыптасқан. Және осы ара қатынастың негізінде бояудың титрін есептеу жеңіл.

        Таза аскорбин қышқылының бірнеше кристалын ( шамамен 1 – 2 мг ) 50 мл 2 % — ті күкірт қышқылында ерітеді. Сонан соң осы ерітіндінің 5 мл – ін микробюреткадан бояумен титрлейді. Осыдан соң дереу басқа колбаға аскорбин қышқылының ерітіндісінен 5 мл алып, басқа микробюреткадан дәл 0, 001 н. калий иодаты ерітіндісімен титрлейді. Колбаға титрлеу алдында калий иодидінің ( шамамен 5 – 10 мг ) бірнеше кристалдарын және 1 % еріген крахмал ерітіндісінен 5 тамшы қосады.

        Бояудың титрінің есебі мына формула бойынша жүреді:

Т = 0, 088 · а / в

мұндағы Т – бояудың титрі, аскорбин қышқылының мг – ы;

                а – 0, 001 н. калий иодаты ерітіндісінің миллилитрінің саны;

                в – бояу ерітіндісінің миллилитрінің саны; аскорбин қышқылының 0, 088 мг 1 мл 0, 001 н. калий иодатының ерітіндісіне жарамды.

        Қорытындысын есептеп шығару. Әдетте өсімдіктердегі аскорбин қышқылының мөлшерін зерттелген материалдың 100 г – ына ( мг % ) есептеп көрсетеді және мына формула бойынша шығарады:

Х = а · Т · 100 · 100 / в · н

мұндағы  Х – аскорбин қышқылының мөлшері, мг %;

                а – титрлеуге кеткен бояудың миллилитрінің саны;

                Т – бояудың титрі ( аскорбин қышқылының мг – ы 1 мл – ға );

                100 – экстракттың жалпы көлемі, мл;

                в – титрлеу үшін алған экстракттың мөлшері, мл;

                н – зерттелетін материалдың навескасы, г.

        Құрал – жабдықтар және реактивтер:

  • 0, 01 мл градуспен микробюретка, фарфор келілер, 100 мл – ге өлшеуіш колбалар, 50 мл- ге конус тәрізді колбалар, воронкалар, фильтр қағаздары.
  • 1 % HCl, 2 % метафосфор қышқылы, 1 % қымыздық қышқылы, 10 % — ті мыс сульфаты ерітіндісі, кристалды аскорбин қышқылы, кристалды иодты калий, 1 % — ті крахмал ерітіндісі, 0, 001 н. калий иодатының ерітіндісі, 0, 001н. 2, 6 – дихлорфенолиндофенол ерітіндісі, дихлорэтан, хлороформ, толуол.

        Р е а к т и в т е р д і  д а й ы н д а у. Калий иодатының 0, 001 н. ерітіндісі. Шамамен 105º С – та 3 сағат уақытта кептірілген калий иодатының дәл 0, 3568 г – ын аналитикалық таразыда өлшейді. 1 л – лік өлшеуіш колбада ерітеді және сумен таңбаға дейін келтіреді. Осындай үлгімен алынған 0, 01 н. ерітіндіні 10 есе еселейді: 100 мл ерітінді алады және 1 л – лік өлшеуіш колбада таңбаға дейін келтіреді.

        0, 001 н. 2, 6 – дихлорфенолиндофенол ерітіндісі. Өлшеуіш әйнекте құрғақ бояудың 60 мг – ын өлшейді, 200 мл  — лік өлшеуіш колбаға ауыстырады, жылы дистильденген судан 100 – 150 мл және 0, 01 н. сілтіден 4 – 5 тамшы қосады. 10 минут аралығында колбаны қатты араластыру жолымен бояуды ерітеді, сонан соң сумен таңбаға дейін келтіреді, араластырады және құрғақ колбаға тығыз фильтр арқылы сүзеді. Бояу ерітіндісін анализ алдында дайындайды және 7 – 10 күннен асырмай тоңазытқышта сақтайды.Титрдің түзетуін бояуды қолданған күні жүргізеді.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағындағы аскорбин қышқылы – 5,105 %, ал сабағында – 3,22 % болды.

 

  1. 8. Пектинді   заттарды   анықтау 

 

        Пектинді заттар – көмірсулар жаратылысының жоғары молекулалы қоспалары. Өсімдіктердің сабақтарында, жемістерде, жидектерде айтарлықтай мөлшерде болады. Пектинді заттардың құрылымының негізінде полигалактуронды қышқыл жатыр. Өсімдіктерде пектинді заттар пектинді қышқылдың еріген түрінде болады. Осы қышқылдың кальцийлі және магнийлі тұздары – пектаттар және ерімейтін протопектиндер, метоксилді полигалактуронды қышқылдың галактандарымен және жасуша қабырғасының арабандарымен қоспасы болып есептеледі. Жемістердің пісіп жетілу процесінде протопектин ерігіш пектинге айналып кетеді.

        Пектиннің өзіне тән көңіл аударарлық қасиеті оның қышқылдардың және қанттардың қатысымен тоңба немесе сілікпе ( сүйектің, еттің ұзақ қайнауынан қойытылған суық тоңба тамақ ) жасайтын қабілеттігі болып табылады. Оның бұл қасиеті жеміс ішіне салынған нәрселер, пастилалар ( жеміс қағынан жасалған кәмпит ), мармеладтар ( жеміс шырынынан, картоп ұнынан, қанттан жасалған кондитерлік дәм ) өндіріс саласында, тәтті тағамдар өнеркәсібінде пайдаланылады. Төменде С. Я. Раик ұсынысымен пектинді заттарды анықтаудың көлемдік әдісі жазылған.

        Әдістің негізі. Суда еритін пектинді заттарды сумен,  ал ерімейтіндерін – тұз қышқылымен және лимон қышқылының аммоний тұзымен бөліп алады. Шайырланғаннан кейін пектинді заттар мысты комплекс түрінде түзіледі. Соған байланысты мыстың мөлшерін анықтайды. Мыстың мөлшерін көлемдік әдіспен анықтайды.

        Анықтау барысы. 10 – 15 г жаңа өсімдік материалын келіде ұнтақтайды, кері салқындатқышпен конус колбаға көшіреді және 50 мл ыстық этил спиртін құяды ( колбадағы спирттің түпкі ақырғы концентрациясы 80 – 83 % болу керек ). Колбаны кері салқындатқышпен су моншасында 20 – 30 минут қантты шығару үшін қыздырады. Колбадан спиртті ерітіндіні абайлап сүзгіге құяды және сүзеді, ал колбадағы қалдыққа қайтадан 80 % — ті спирт құяды және моншада 20 – 30 минут қыздырады. Мұндай экстракцияны қантты толық шыққанға дейін 3 – 4 рет қайталайды.

        Сонан соң фильтрді қалдықпен бірге термостатта 50º С – пен спирт толық шыққанға дейін кептіреді және қалдықты фильтрмен бірге қайтадан конус тәрізді колбаға орналастырады. Еритін пектинді заттарды экстракциялау үшін колбаға 50 мл су қосады, 45º С – қа дейін қыздырылған, және осы температурада суда еритін пектинді 1 сағат ішінде бөліп алады. Бөліп алғаннан кейін колбаның ішіндегісін 200 мл өлшеуіш колбаға сүзеді, қалдықты жылы сумен бірнеше рет жуады және колбадағы ерітіндіні сумен таңбаға дейін келтіреді.

        Судағы ерімейтін пектинді заттардың фракциясын шығару үшін қалдықты фильтрмен бірге экстракционды колбаға ауыстырады, оған 50 мл 0, 3 н. HCl ерітіндісін құяды және қоспаны су моншасында кері салқындатқышпен 30 минут қыздырады. Бұдан кейін экстрактты 200 мл өлшеуіш колбаға сүзеді және колбаны, фильтрдағы қалдықты ыстық судың аз мөлшерімен жуады. Экстракциялау үшін фильтрді қалдықпен бірге колбаға қайтадан ауыстырады, колбаға 50 мл 1 % — ті лимон қышқылының аммоний тұзы ерітіндісін құяды және су моншасында 30 минут қыздырады. Тұз қышқылын экстракциялағаннан кейінгі фильтрат тұрған өлшеуіш колбаға экстракционды колбаның ішіндегіні сүзеді. Қалдықты ыстық сумен жуады және суығаннан кейін колбаның ішіндегіні таңбаға дейін келтіреді.

        Сонан соң пектинді заттардың шайырлануын өткізеді. Суда еритін пектинді заттарды шайырлау үшін өлшеуіш колбадан 50 мл ерітінді алады, оны 200 – 250 мл конус тәрізді колбаға ауыстырады және 50 мл 0, 1 н. NaOH ерітіндісін құяды.

        Суда ерімейтін пектинді заттарды жуу үшін өлшеуіш колбадан тұз қышқылының және лимон қышқылының сығындысы бар 50 мл ерітіндіні 200 – 250 мл конус тәрізді колбаға ауыстырады және лакмус арқылы 0, 1 н. NaOH ерітіндісімен абайлап нейтралдайды. Нейтралдағаннан соң колбаға 50 мл 0, 1 н.  NaOH ерітіндісін қосады. Пектинді заттарды шайырландыру 3 – 4 сағатқа жалғасады. Толық шайырлану үшін колбаны түнге қалдырған жақсы.

        Шайырланғаннан кейін колбаға 50 мл 0, 1 н. сірке қышқылының ерітіндісін қосады және бірнеше минуттан кейін 50 мл 5 % — ті мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Колбалардағы қоспаны мұқият араластырады. Пектинді заттар тұнбаға түседі. 30 – 40 минуттан соң ерітінділерді тығыз фильтр арқылы сүзеді және қалдықты мыс сульфаты толық шығу үшін ыстық сумен ұқыптап жуады.

        Кейін титрлеу үшін колбаға қалдықты фильтрмен ауыстырады, колбаға 30 – 40 мл ыстық су және қалдық еру үшін аммиактың бірнеше тамшысын қосады. Колбаның ішіндегіні толық ерігенше араластырады. Колбадағы ерітінді мыс аммиагының комплексті байланыс түзілгені үшін көк түске ие болады. Сонан соң колбаға 10 мл 2 н. күкірт қышқылы ерітіндісін құяды, калий иодидінің 5 г – ын және жаңа дайындалған 1 % — ті крахмал ерітіндісінен бірнеше тамшы қосады және микробюреткадан 0, 01 н. натрий гипосульфиті ерітіндісімен титрлейді. Калий иодидін қосқаннан кейін келесі реакция жүреді:

2 Cu + 4 J = 2 CuJ + J

        Бөлінген иод титрлеу кезінде гипосульфитпен әрекеттеседі:

2 Na S O  + J  = 2 NaJ + Na S O

        Қорытындысын есептеп шығару. Суда еритін және суда ерімейтін   пектинді заттардың мөлшерін кальций пектатының мөлшері арқылы шығарады. Ерітіндіде 6, 5 коэффициентке көбейтіліп анықталған мыстың % — тік мөлшері кальций пектатының % — тік мөлшеріне тең деп эмпирикалық қалыптасқан.

        Мыстың мөлшерін мына формуламен шығарады:

% Cu = V · K · T · 100 / н,

мұндағы V – титрлеуге кеткен 0, 01 н. натрий гипосульфиттің мөлшері, мл;

                К – 0, 01 н. натрий гипосульфиті  титрге түзету;

             Т – мыс бойынша  0, 01 н. натрий гипосульфитінің титрі ( 0, 0006357 );

          н – титрлеу үшін алған ерітінді көлеміндегі өсімдік материалының навескасы, г.

         Кальций пектатының проценті мынаған тең:   % Cu · 6, 5.

        Құрал – жабдықтар және реактивтер: 1. Су моншасы, фарфор келсап, кері салқындатқыш пен конус тәрізді колба, микробюретка, 200 мл – ге өлшеуіш колбалар, 200 – 250 мл  — ге конус тәрізді колбалар, пипеткалар, воронкалар, фильтр қағаздары.

  1. 96 % — тік және 80 % — тік этил спирті, 0, 3 н. тұз қышқылы ерітіндісі, 1 % — тік лимон қышқылының аммоний тұзы, 0, 1 н. NaOH ерітіндісі, 1 н. сірке қышқылы ерітіндісі, 5 % — тік мыс сульфаты ерітіндісі, 2 н. күкірт қышқылы ерітіндісі, калий иодиді, 1 % — тік еріген крахмал, 0, 01 н. натрий гипосульфиті ерітіндісі.                                      

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағында суда еритін пектин мөлшері – 34,56 %, суда ерімейтіні – 22,6 %. Ал, сабағында еритін пектин мөлшері – 36,4 %, суда ерімейтіні – 56 % болды.

 

  1. 9. Еритін   қанттардың   мөлшерін   жартылай  микроәдіс

                    арқылы анықтау

 

        Барлық еритін қанттардың мөлшерін анықтауға Дюбойс өзінің шәкірттерімен бірге қолдануға ұсынған жартылай микроәдіс өте қолайлы деп саналады.

        Әдістің негізі. Жемістің құрамындағы қантты спиртте ерітіп бөліп аламыз. Спиртті ұшырып жібереді де қанттың өзін суда ерітіп алады. Қант ерітіндісіне фенол мен күкірт қышқылын құйған кезде ерітінді қызғылт сары түске боялады. Боялу қоюлығы ерітіндідегі қанттың мөлшеріне пропорционал. Боялу қоюлығы отикалық тығыздығын фотометрде немесе спектрофотометрде анықтайды. Бұл әдіс өте дәлдікті қажет етеді және 10 мкг қантты анықтауға мүмкіндік береді.

        Жұмыс барысы. Құрамында 5 — 50 мг қант бар, 1 — 2 г өсімдік жемісін алып, үгітіп, езіп 50 — 100 мл стакан немесе колбаға салу керек. Егер де кепкен жеміс алынған болса салмағын азайтамыз. Үстіне 10 мл 96 % — тік спирт құямыз. Стаканды немесе колбаны су ваннасында ұстаймыз, шыны таяқшамен араластыра отырып 2-3 рет қайнату керек. Одан кейін суытып тұнғаннан кейін 50 мл фарфор табақшасына сүземіз. Сүзілген кезде тек үстіңгі мөлдір қабатын құйып, тұнбаны фильтрге жібермеу керек. Стакандағы тұнбаға 10 — 12 мл 80 % — тік спирт құйып жақсылап араластыру керек, 2 рет су моншасында қайнағанға дейін қыздыру керек. Суытып фильтр арқылы бастапқы фарфор табақшасына үстіңгі спирт ерітіндісін құямыз ( 2 рет қайталау керек ). Стакан ішінде қалған тұнбаны фильтрге өткізіп, 2 — 3 рет аз ғана мөлшердегі 80 % — тік жылы спиртпен шаямыз.     

        Фарфор табақшасындағы спиртті бөлме температурасында фен арқылы немесе әлсіз қыздырылған ( 35º – 40º С ) су моншасының көмегімен ұшырып жібереді. Спиртін бөліп алғаннан кейін қантты ұзақ уақыт эксикаторда сақтауға болады.

        Бөліп алынған қантты осы фарфор табақшасына араластыра отырып ерітеді. Содан кейін 50 мл өлшеуіш колбаға төкпей-шашпай  құю керек. Табақшадағы қанттың қалдығын 2-3 рет сумен шайып өлшеуіш колбаға қосады да, жалпы көлемін дистилденген сумен 50 мл дейін жеткізеді. Егер ағзадан тұнба білінсе колбаны қойып қою керек. Одан кейін ерітіндіні 10 есе сұйылту керек ( 5 мл ерітіндіні 100 мл колбаға ерітеді ). Құрамында 10-70 мкг қанты бар 1 мл ерітінді алып, диаметрі 16 — 20 мм пробиркаға құю керек. Үстіне 1 мл 1 % — тік фенолдың судағы ерітіндісін құямыз ( 100 мл суда 1 г фенолды ерітеді)  және 5 мл концентрлі күкірт қышқылын ( тығыздығы – 1,84 ) пробирка қабырғасына тигізбей құю керек. 10 минуттан кейін сілкіп, 10 — 20 минут бояу жылдамдау үшін 26-5-30º С су моншасында ұстау керек. Бояудың қоюлығын ( оптикалық тығыздығын фотометрде немесе спектрофотометрде 490-510 ) анықтайды. Қанттың концентрациясын стандартты кестені ( график ) пайдалана отырып шығарады.

        Стандартты кестені тұрғызу. Стандарттық кестені тұрғызу үшін сахароза ерітіндісі қолданылады. 500 мг 60º С кептірілген сахарозаны 500 мл өлшеуіш колбада ерітеміз, белгісіне дейін жеткізіп су құйып араластырамыз. Сыйымдылығы 1000 мл өлшеуіш  колба алып 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 мл сахароза ерітіндісін құямыз. Колбаларды белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізіп әрбір колбадан 1 мл-ден алып, пробиркаға құйып , жоғарыда көрсетілгендей фенол және күкірт қышкылымен бояймыз. Әр пробиркада 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70 мкг сахароза  болады. Пробиркаларды фотометрлеп стандартты кесте тұрғызу керек. Сахарозаның мөлшерін бастапқы алынған өсімдік салмағына шағады.

        Қажетті құрал-жабдықтар.  1. Өлшеуіш колбалар – 500, 100, 50 мл, 50-100 мл стакандар немесе колбалар, фарфор табақшасы, воронка, фильтр, диаметрі 16 — 20 мм пробиркалар, пипетка, фотометр, спектрофотометр.

  • 1 % — тік фенол, концентрлі күкірт қышқылы ( өте таза, чда ), 96 % — тік және 80 % — тік этил спирті, сахароза.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағындағы суға өткен қант – 7,2 %, спиртке өткен қант – 6,3 % болды. Ал, сабағындағы суға өткен қант мөлшері – 3,3 % болса, спиртке өткен қанттың мөлшері – 2,4 % болды.

 

  1. 10. Кверцетинге   есептеп   флавоноид   мөлшерін   анықтау

 

        Шикізаттың   талдауға   жұмсалатын   сынамасын   елеуіштің   d = 1 мм   тесігінен   өте   алатын   бөлшектердің   мөлшеріне   дейін   майдалайды.   1 г-ға   жуық   ( дәл   навеска )   шикізатты   сыйымдылығы   150   мл   шлифтенген   колбаға   салады,   1   мл   концентрлі   тұз   қышқылы   бар   90%   спирттен   30   мл   қосады,   колбаны   кері   салқындатқышпен   біріктіреді   және   қайнаған    су   моншасында   30   минут   ағымда   қыздырады.   Сонан   соң   колбаны   бөлме   температурасына   дейін   салқындатады   және   сыйымдылығы   100   мл   өлшеуіш   колбаға   фильтр   қағазы   арқылы   сүзеді.   Экстракцияны   жоғарыда   көрсетілген   тәсілмен   тағы   да   бір,   сонан   соң   тағы   да   бір   30   минут   ағымда   90   %   спиртпен қайталап   істейді .   Алынғанды   сол   өлшеуіш   колбаға   сол   фильтр   қағазы   арқылы   сүзеді,   фильтрды   90   %   спиртпен   жуып – шаяды   және   фильтраттың  көлемін   90   %    спиртпен   таңбасына   дейін   жеткізеді ( А   ерітінді ).

        Сыйымдылығы   25   мл   өлшеуіш   колбаға   А   ерітіндісінен   2   мл   және   95   %   спирттегі   1 %    алюминий   хлориді   ерітіндісінен   1   мл   қосады   және   таңбаға   дейін   ерітіндінің   көлемін   95  %   спиртпен   жеткізеді,   20   минуттан   кейін   ерітіндінің   оптикалық   тығыздығын   спектрофотометрде   λ = 430 нм   толқын   ұзындығында,   қабатының   қалыңдығы   10   мм   кюветада   өлшейді.   Салыстырмалы   ерітінді    ретінде      сыйымдылығы   25   мл   өлшеуіш   колбаның   таңбасына   дейін   95   %   спиртпен   жеткізілген   А   ерітіндісін   алады.  

        Кверцитинге   есептеп   флавоноидтардың   жалпы   мөлшерінің   санын   және   дәл   %-бен   ( Х )   құрғақ   шикізатты   формула   бойынша   есептеп   шығарады:

 

Х = Д · 25 · 100 · 100 / 764,6 · m · 2 · ( 100 – W )

 

мұндағы   Д —   ерітіндінің   оптикалық   тығыздығы;

            764,6   —   430   нм – де   алюминий   хлориді   мен   кверцитиннің   комплекс                 түзуінің   меншікті   көрсеткіші;

                  m   —   шикізаттың   массасы;

                 W   —   шикізаттың   кептірген   кездегі   массасындағы   шығын,   %.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағындағы флавоноидтың мөлшері – 2,3 % болса, ал сабағындағы флавоноидтың мөлшері – 0,3 % болды.

 

  1. 11. Каротинді ( А дәруменінің негізі ) анықтау

 

        Каротин – жалпы формуласы С40Н56   болатын және изопреннің 8 қалдығынан тұратын, қызғылт сары және сары пигменттердің – каротиноидтардың тобына жатады.

     Каротиноидтар – өсімдіктердің ұлпаларында, көптеген саңырауқұлақтарда, бактерияларда және балдырларда кездесетін, сары түстен қызыл түске дейінгі пигменттер; терпен қатарының өте қанықпаған көмірсулар тобына жатады. Каротиноидтардың өзіндік белгісі болып қос байланыстарының көп мөлшерде кездесуі болып саналады. Ол каротиноидтарды  полиендер тобына біріктіреді. Каротиноидтар майларда және липоидтарда ерігіш, солай болғандықтан оларды липохромдар деп атайды. Каротиноидтарды хроматографиялық адсорбциямен бөлген жақсы. 

        Жануарлар ағзасында каротиндер синтезделінбейді, өсімдіктен жасалған тамақпен бірге түседі. 

        Каротиннің грек альфавитінің әріптерімен белгілейтін 5 изомері белгілі. Оның бәрі биологиялық белсенді. Кейбір каротиноидтар ( α -, β – және γ – каротиндер, криптоксантин және т. б. ) А дәруменінің негіздері болып табылады. Олар ыдырағанда судың қатысымен адам және жануарлар ағзасында А дәрумені түзіледі. Каротин суда ерімейді, дегенмен кейбір органикалық заттарда ( эфирде, ацетонда, спиртте) ериді.

         Каротиноидтар концентрлі күкірт қышқылымен, CCl3COOH – пен, AsCl3 ,  SbCl3  — пен тұрақсыз карбонды тұздардың құрылуымен интенсивті бояу береді.

        70 – тен аса каротиноидтар белгілі, олардың көпшілігінде көмірсулардың 40 атомдары бар. Каротиноидтың молекулалары біркелкі құрылымдық негіз бойынша құрылған және шамасы, өздерінің арасында белгілі генетикалық байланыс бар. Каротиноидтардың ең маңызды өкілдері: α -, β – және γ – каротиндер С40Н56. α – Каротин – қоңыр – қызыл қылқандар, балқу температурасы 187 – 188º, оптикалық белсенді. Сіңірілу максимумы 478 және 447, 5 ммк ( бензин ). β – Каротин – металға тән жылтырауықпен қызыл – күрең түсті кристалдар, балқу температурасы 181 – 182º, ультракүлгін жарығында сіңу максимумдары 274, 453 және 481 ммк. Экстинкция коэффициенті 383, 2592 және 2268 – ге ( гексан ) сәйкес. Ең көп биологиялық белсенділікпен β – каротин қабілетті. β  — каротиннің молекулалары ыдырағанда сумен қосылып, А дәруменінің екі молекуласы түзіледі. γ- Каротин – кристалдар, балқу температурасы 178º, α -, β – және γ – каротиндер хлороформда, бензолда жеңіл, күкірт және петролейн эфирлерінде, майларда аз ериді; спиртте тәжірибелік ерімейді. Каротиндер әсіресе қыздыру және жарық кезінде ауа оттегін оңай қосып алады; тотығу нәтижесінде түссіз өнімдер түзіледі. Каротиндерді сапалық және сандық колориметриялық немесе абсорбцияның максимумы бойынша анықтайды.

        Айрықша кең таралған β – каротин барлық қос байланысымен транс – конфигурациясы бар изомер түрінде белгілі ( ерекше тұрақты форма ); бұл форма ерітінділерде жарықтың әрекетінен, қыздырған уақытта, сонымен қатар йодты және қышқылды қосқан кезде, изомерлердің құрамы күрделі тепе – теңдік қосындыларын бере отырып, транс – цис – изомеризацияларға ұшырауы мүмкін. β- Каротин хлор қосылған сурьманың хлороформ ерітіндісімен сіңіру  максимумы 590 ммк  өзіндік көк бояу береді. β- Каротинді кептірілген сәбізден ( мөлшері 1 кг – да 1 г – ға дейін ), жоңышқадан, қарақұмықтан және басқа өсімдік материалдарынан органикалық еріткіштермен және кальций фосфатында немесе магний оксидінде, активтелген борда адсорбциямен экстракциялап алады. β- Каротинді алудың көңіл аударарлық өнеркәсіптік қайнары болып пальма майы саналады. Каротинді микробиологиялық жолмен алу әбден мүмкін. Синтетикалық β- каротин мысалы, β – иононнан, винил эфирлерінен және ацетиленнен алынуы мүмкін.

        Ағзаның А дәруменіне мұқтаждығы табиғи каротиндердің есебінен айтарлықтай дәрежеде қамтамасыз етіледі. Каротиндерді тағамдарды және мал азықтарын дәрумендеу кезінде, терінің зақымдануын емдеуде және тағамның бояғыш заты ретінде пайдаланады.

        Каротиноидтарды өндірушілер болып оттегі – бар әр түрлі өсімдік пигменттері саналады; оларға жататындар: К р и п т о к с а н т и н ( монототық β – каротин ) С40Н56О, балқу температурасы 169º.                          З е а к с а н т и н  С40Н56О2  — жүгері дәндерін бояйтын нәрсе, кристалды өнім, балқу температурасы 215, 5º, петролейн эфирінде дерлік ерімейді, спиртте ериді. Зеаксантин – β – каротиннің өнімі. Зеаксантиннің дипальмитин эфирі – ф и з а л и н – жемістер мен жидектерде таралған пигмент. К с а н т о ф и л л С40Н56О2  — кристалдар, балқу температурасы 193º, гүлдерде және жапырақтарда бос және этерифициронды күйде болады. Тотықтырғыштардың әрекетінен табиғатта кең таралған эпоксидті түзеді.

        Каротиндер және олардың өнімдерінен басқа, каротиноидтарға ликопин, биксин, кроцетин жатады. Л и к о п и  н – С40Н56   — қызанақтардың пигменті, балқу температурасы 174 – 175º, хлороформда, ыстық бензолда жақсы ериді, спирттерде дерлік ерімейді. Синтетикалық жолмен алынған. Б и к с и н – норбиксин – дикарбон қышқылының монометилді эфирі; өсімдіктің вегетативті мүшелерінде тұрақсыз ( балқу температурасы 196º ) және тұрақты ( балқу температурасы 202º ) изомерлер түрінде кездеседі. Биксиннің препараттарын тағам өнеркәсіптерінде ( май, маргарин ) өнімдерді бояу үшін қолданады.       К р о ц е т и н  С40Н56О2  — шафран пигменті, дикарбон қышқылы.   

        Әдістің негізі. Каротинді өсімдік материалынан ацетонмен экстракциялайды, сонан соң петролейнді эфирге ауыстырады және басқа пигменттерден бөліп тұратын хроматография тәсілімен алюминий оксидімен бағаналарда бөледі. Каротиннің мөлшерін сары түстің интенсивтілігі арқылы каротин бойынша стандартталған азобензол ( немесе калий бихроматы ) ерітіндісімен салыстыру жолымен колориметриялық анықтайды.

        Анықтау барысы.  5 – 10 г жаңа майдаланған өсімдік материалын фарфорлы келіде кварцты құммен ұнтақтайды. Каротин қышқыл ортада ыдырап кетеді, сол себепті ұнтақтау кезінде аздаған Na2CO3  қосады ( экстракция бойынша барлық операцияларды және каротинді тазалауды азоттың немесе көмір қышқыл газының тогында, шашыраңқы жарықта өткізген дұрыс ).

        Каротинді ацетонмен навесканы ұнтақтауды қайталай отырып бірнеше рет экстракциялайды ( экстракт түссіз болғанша дейін ). Әдетте ацетонның бес есе ( навескаға қатынасы бойынша ) мөлшерін қолданады. Барлық ацетонды сығындыны стақанға құяды, ал сонан соң сора отырып сүзеді. Фильтрды ацетонның азғантай мөлшерімен жуады және бөлгіш воронкаға ауыстырады.

        Алюминий оксидінде экстракцияланған пигменттердің хроматографиялық бөлінуін петролейнді эфирін еріткіш ретінде пайдаланып өткізеді. Сондықтан осы ерітіндіде тек пигменттер жиналу қажет. Оны, яғни пигменттерді петролейнді эфиріне ауыстыру үшін бөлгіш воронкаға осы еріткіштен 10 – 20 мл құяды, жақсырақ бөліну үшін судан бірнеше миллилитр және натрий хлоридінің кристалын қосады. Воронканы араластырады және қабаттар толық бөлінгенге дейін қалдырады. Төменгі қабатын ( сулы – ацетонды қабатын ) ағызып алады. Ацетонның қалдығын толық бөліп шығару үшін бірнеше рет сумен шайқайды.

        Петролейнді эфирдегі пигменттердің ерітіндісін құрғату үшін сусыз натрий сульфатымен толтырылған колонка арқылы өткізеді. Мұнан былайғы каротинді бірге болатын пигменттерден бөліп шығару үшін алюминий оксидінде адсорбционды хроматография тәсілімен өткізеді. Бұл үшін хроматографиялық колонканың түбіне қалыңдығы 1 см – ге жуық мақталы тампон салады. Сонан соң колонканы шыны таяқшамен ақырын ғана тарсылдатып және адсорбентті нығыздай отырып, колонкаға ылғалдылығы 4 % алюминий оксидінен азғантайдан мөлшерін салады. Адсорбент қабатының биіктігін 7 – 10 см – ге дейін жеткізеді. Бұдан кейін колонкаға мақта қабатын және 0,5 см қалыңдықпен сусыз натрий сульфатын салады. Петролейнді эфирдегі каротин ерітіндісін әлсіз сиретумен ( минутына 60 тамшы жылдамдықпен ) хроматографиялық колонка арқылы жібереді. Бұған қоса, ауада каротин тотығатындықтан, адсорбенттің үстінде барлық уақытта еріткіш қабаты болуын қадағалау керек. Сонан соң колонка арқылы барлық каротин 2 пигменттен айырылып, сары жолақ түрінде қабылдағышқа өткенге дейін таза петролейнді эфирін жібереді. Колонканы жуып – шаюды тамшылаған еріткіш мөлдір болғанда аяқтайды. Каротин ерітіндісін 50 – мл – лік өлшеуіш колбаға ауыстырады және таңбаға дейін петролейнді эфирмен жеткізеді.

        Каротин мөлшерін калий бихроматының немесе азобензолдың стандартты ерітіндісімен салыстыра отырып фотоэлектроколориметрде немесе спектрофотометрде 440 нм толқын ұзындығында анықтайды.

        Қорытындысын есептеп шығару. Каротиннің мөлшерін келесі формула бойынша есептейді:

Х = а · Д  · ν · 100 / Д  · н ;

мұндағы Х – каротин мөлшері, мг 100 г – ға;

               а – стандартты ерітіндінің 1 мл – іне сәйкес келетін каротиннің мг мөлшері ( әдетте, 0 00235 мг, егер азобензол алынса және 0,00416 мг, егер калий бихроматы алынған болса );

               Д  — зерттелініп отырған ерітіндінің оптикалық тығыздығы;

               Д  — стандарттың оптикалық тығыздығы;

               ν – каротин ерітіндісінің көлемі, мл;

               н – өсімдік материалының навескасы, г.

        Құрал – жабдықтар және реактивтер: 1) фотоэлектроколориметр немесе спектрофотометр, фарфорлы келсаптар, бөлгіш воронкалар, Бунзен колбалары, Бюхнер воронкалары, хроматографиялық колонкалар, сыйымдылығы 50 мл өлшеуіш колбалар;

  1. Натрий карбонаты, сусыз натрий сульфаты, 4 % ылғалды алюминий оксиді ( алюминий оксидін 105 Сº – та кептіреді және есеп бойынша дымқылдайды, қақпақты банкіде сақтайды ), петролейнді эфир, азобензолдың немесе калий бихроматының стандартты ерітінділері.

 К а л и й  б и х р о м а т ы н ы ң  с т а н д а р т т ы  е р і т і н д і с і. 720 мг калий бихроматын  суда ерітеді және 100 мл – ге дейін жеткізеді. 1 мл – дегі 0,00416 мг каротин мөлшеріне ерітіндінің оптикалық тығыздығы сәйкес келеді.

А з о б е н з о л д ы ң  с та н д а р т т ы  е р і т і н д і с і. 100 мл 96 % этил спиртінде артық кристалданған азобензол спиртінен 0,145 г ерітеді. Қолданар алдында 10 мл ерітіндіні 96 % спиртпен 100 мл – ге дейін еселейді. Осы ерітіндінің оптикалық тығыздығы 1 мл – дегі 0,00235 мг каротиннің тығыздығына сәйкес келеді.

        Нәтижесінде, алтын мұрттың жапырағындағы каротиноид – 11,84 % болса, ал сабағындағы каротиноид мөлшері – 25,6 % — ға тең болды.

 

  1. 12. Алтын мұрттың жапырағының және сабағының макро және микроэлементтер мөлшері

 

        Алтын мұрт жапырағы мен сабағының макро және микроэлементтерінің мөлшері Сәтбаев И. Қ. атындағы  Геология ғылыми – зерттеу институтында дифракционды спектрографта атом – эмиссионды жартылай сандық және спектрлік анализ арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері 2,3 – кестелерде көрсетілген.

2 – кесте. Алтын мұрт жапырағындағы макро, микро және ауыр металдар мөлшері

 

Элементтер атауы

Мөлшері, %

Элементтер атауы

Мөлшері, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Кремний

Алюминий

Темір

Кальций

Магний

Натрий

Калий

Марганец

Фосфор

Титан

Мыс

Қорғасын

3,01

1,34

0,69

14,08

7,11

0,69

18

0,046

0,12

0,017

0,005

0,001

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Кадьмий

Никель

Хром

Висмут

Молибден

Кобальт

Мырыш

Ванадий

Сурьма

Теллур

Бериллий

Сынап

0,001

0,001

0,001

0,0002

0,0001

0,001

0,001

0,001

0,002

0,0005

0,0001

0,001

 

        2 – кестеде көрсетілгендей алтын мұрт жапырағында ең көп калийдің мөлшері – 18 % болса, кальцийдің мөлшері – 14,08 %, ал магнийдің мөлшері – 7,11 % — ке тең. Сонымен қатар ауыр металдар да кездеседі. Олар шартты шектеулі концентрациядан аспайды. Адам ағзасына зиянын тигізбейді.

 

        3 – кесте. Алтын мұрт сабағындағы макро және микро элементтер мөлшері              

 

Оксидтер атауы

Мөлшері, %

Элементтер атауы

Мөлшері, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кремний оксиді

Алюминий оксиді

Темір оксиді

Кальций оксиді

Магний оксиді

Марганец оксиді

Фосфор оксиді

Натрий оксиді

Калий оксиді

Титан оксиді

3,76

0,57

0,70

20,16

3,22

0,005

1,83

0,62

26,50

0,10

 

Кремний

Алюминий

Темір

Кальций

Магний

Марганец

Фосфор

Натрий

Калий

Титан

1,75

0,30

0,49

14,41

1,94

0,003

0,80

0,46

22,00

0,09

 

        Берілген нәтижелер бойынша алтын мұрттың сабағында әр түрлі макро және микроэлементтердің мөлшері бар екенін көреміз. Олардың ішінен мысалға мына элементтерді бөліп көрсетуге болады:

Калий – 22,00 %;

Кальций – 14,41 %;

Кремний – 1,75 %;

Магний – 1,94 %.

 

  1. 13. Тәжірибеде алынған мәліметтерге жүргізілетін математикалық  өңдеу әдісі 

 

 

        Өлшем қателіктері олардың пайда болу себептеріне байланысты жүйелі қате және кездейсоқ қате болып екіге бөлінеді. Және өлшеу кезінде өте үлкен дөрекі қателіктер де болуы мүмкін. 

  1. Жүйелі қате деп берілген физикалық шаманы бірнеше рет қайталап өлшеген кезде мәні тұрақты болып қалатын немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеріп отыратын қатені айтады. Жүйелі қате өлшем құралдарының қатесін ( дәлдігін )білу арқылы есепке  алынады  немесе оны жоюға мүмкіндік беретін өлшем тәсілдерін қолдану арқылы болдырмауға болады.
  2. Кездейсоқ қате. Жүйелі қателер анықталып, тиісті түзетулер енгізіліп, өлшем құралдарының дәлдік кластары белгілі болғанның өзінде өлшемді өте  дәл жүргіздік деуге болмайды, себебі өлшем нәтижелерінің кездейсоқ қателері болады. 

   Кездейсоқ қате деп мәні өзгермелі, кездейсоқ себептерден пайда болатын қатені айтады. Берілген шаманы қайталап өлшеген сайын қатенің сандық мәні біресе азайып, біресе көбейіп ешқандай заңдылықсыз өзгеріп отырады.

        Өлшем нәтижелерін жүйелі қатеден арылтқанмен кездейсоқ қатеден арылта алмаймыз, әйтсе де кездейсоқ қатені азайтуға болады. Ол үшін берілген физикалық шаманы бір емес бірнеше рет қайталап өлшеп, алынған нәтижелердің кездейсоқ қателерін ықтималдық теориясы мен статистикалық математика заңдарын қолданып анықтайды.

        Кездейсоқ қателердің қандай себептердің әсерінен болатынын алдын ала білу қиын. Мұндай себептер күтпеген жерден болатын факторлар, мысалы, өлшеуіш аспаптар элементтерінің өисайып тұруы, олардың тректерінде үйкеліс моменттерінің өзгеруі, сыртқы факторлардың ( мысалы, температура, қысым ) тұрақсыз болуы, тәжірибе жүргізушінің сезім ( есту, көру, т.б. ) мүшелерінің кемістігі т. с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер