АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

 

Педагогика және психология мамандығы бойынша

 

Алматы — 2013

 «Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар»  тақырыбына орындаған диплом жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ

 

 

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт — 2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты — жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.

Диплом жұмысында дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы және дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы, дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі жасалынып, дарынды балаларды оқыту технологиясы, олармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және оларды ғылыми жұмысқа бейімдеу мәселелері қарастырылды.

Диплом жұмысы талапқа сай орындалғандықтан, оған «өте жақсы» деген баға қоюға болады.

 

1    ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ…………………………………………………………………………………………………..8

1.1  Дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы………………………………………..8
1.2  Дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы…………..12

 

2    ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН

ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ…………………………………………………………….20

2.1  Дарынды балаларды оқыту технологиясы………………………………………………20

2.2  Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері

 мен түрлері…………………………………………………………………………………………………30

2.3  Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу…………………………………38

2.4  Алматы қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының

оқушыларымен жұмыстарының іс-тәжірибесі………………………………………………49

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………..55

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

«Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты — Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерің бірі — жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» — деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында [1].

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт — 2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты — жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын [2]. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.

Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз — бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де — тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі — ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейді [3]. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерін көрсетер болсақ: оның сараланып жіктелген көпсатылы үздіксіз білім беру (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары білім беру, магистратура және докторантура) жүйесі адамның білімі мен әдет-дағдыларын үзіліссіз жаңартып және жетілдіріп отыруына мүмкіндік береді, адамның жеке тұлғасына зор әсер етеді. Сондықтан, жаңа бағдарлама бойынша білім берудің балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі барлық саласы толық үйлесімді дамуына баса назар аударылуы — отандық білім беру саласын жаңа сапалы деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ал, бұл өз кезегінде халықтың болашағы — жастардың жан-жақты білім алуына тың серпін береді.

Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәніне ерекше назар аударылады: «Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің үлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысаны болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әдеқайда маңызды да күрделі» — делінген [4]. Осы мақсатқа сай бүгінгі білім беру жолында оқытушы білім алушыға білім алудың жолын көрсетіп бағдар беруші ретінде, ал оқушы өздігінен ізденіп, ақпарат көздерін, ақпараттық технологияны пайдаланып, білімін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастырған тұлға ретінде дамуы тиіс.

Жалпы, біліми сананың дамуына, білім алған оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына тек мұғалім ғана емес, олардың кәсіби шеберлігінде, білімі мен білігінде, парызында, халық алдындағы жауапкершілігінде тұр.

Қазіргі дамыған өркениетті қоғамда қазақ тілін жастарға оқытуда жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді жиі қолданған дұрыс. Сонымен бірге казақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ баласын жеке тұлға ретінде және оның сана-сезімін, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға арнаулы кәсіби білімі бар, жоғары білікті, тілді құрметтеп, маңызын түсіне білетін мұғалім жүргізген дұрыс.

Мектеп — білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жаткан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне, осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.

Бүгінгі жаһандану жайлап бара жатқан қоғамның мектепке әлеуметтік сұранысы бүгіндегі білім беру үрдісінің мақсаты мен міндетін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамдағы адамдар кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі қалыптасқан проблемалық әрекеттен жол таба білетін тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда білім берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік қабілетіне қарай бабын таба оқута білу мен жеке-дара көмек көрсету болып табылады. Жеке қабілеттің дамуы әр оқушының тұлғалық қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі білім беру үрдісі бойынша логикалық ойлау қабілетін дамыту жағын ойластыру қажет. Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға негізінен дайын, өңделген, оқу материалдарын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал, жаңа талаптар бойынша оқушы өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс.

Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі — дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыкқа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.

Келтірілген пайымдаулар мен көрсетілген қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды және тақырыпты «Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар» деп таңдап алуға себеп болды.

Зерттеу пәні — дарынды балалармен жұмыс.

Зерттеу мақсаты: дарынды оқушылармен жұмыс істеудің  теориялық негіздері мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  • дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздерін жасау;
  • дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: дарынды балалар мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық таным теориясы, психологтар мен педагогтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі жайындағы ілімдер, жеке тұлға туралы теория және оны дамытудағы халық педагогикасының мәнін айқындайтын тұжырымдар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері жасалынды;
  • дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі жасалынды.

Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп.

Зерттеу әдістері: зерттелетін мәселе бойынша әдебиетті теоретикалық талдау мен жалпылау, педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау, салыстыру, сауалнама өткізу, бақылау т.б.

Зерттеу нысанын дамыту жөнінде болжамдар: дарындылықты теориялық-әдіснамалық негізде жалғастыра зерттеу, дарынды балалармен жұмыс істеуіне мұғалімдердің психологиялык-педагогикалық білімі, дағдысы, іскерліктерінің әсері, педагогтың кәсіптік-тұлғалық көзқарасы.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар) зерттеу мәселесіне байланысты материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; зерттелуге тиісті негізгі мәселелер қарастырылып, теориялық негіздер анықталды.

Екінші кезеңде (2012-2013 жылдар) дарынды балаларды оқыту технологиясы, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу мәселелері анықталып, диплом жұмысы орындалды.

Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі мен ғылыми аппараты анықталды.

«Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы және дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы жасалынды.

Екінші «Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі» атты бөлімде дарынды балаларды оқыту технологиясы, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу мәселелері қарастырылды.

Қорытындыда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

1    ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1  Дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы

 

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.

Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми — практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды бала­лармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан, дарынды баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр. Дарындылық — баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау — баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. «Дарындылық — белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі»

Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттер жөніндегі идеялар ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. XIX ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К.Д.Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт-мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында», — деп нақтылаған [5].

XIX ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы.Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған [6].

Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбай-ұлының поэтикалық шығармалары мен кара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.

А.Құнанбаев адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демекші. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [7]. Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. XX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, XX ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиыңдығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыстығы екендігін ұғынып, халықты білімге шақырған болатын.

Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М.Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да — ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда — көріп тұрғандай боласың» — деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын [8].

Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет» [9]. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты саралаған [10].

Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдіруде ұлттық дүниетаным,  қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С.Ж Пралиев, Р.К.Төлеубекова, Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, С.Ғаббасов сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [11-16].

Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді [17].

Бірінші категория — ой — өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілетгілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория — дарындылық күш — қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтін-дерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігіп жасаған жұмысының мәні зор. Олар балаларды рухани азыктандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау керек. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады.

«Қабілетті дарын иесі арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарттары — дарын иелерін таңдай білу қоғамның аз ғана бөлігін құрайтын дарын иелерін таңдаумен бірге, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады.

Дарынды балаларды даралау — бұл дарынды баланың бойындағы даралығы. Оны қабілетіне және ерекшеліктерін ескере отырып, нағыз дарындыны үшке белуге болады.

Шығармашылық дарындылық.

Интеллектуалды, табиғи дарындылық.

Лидерлік дарындылық — деп, Отырар ауданының «Шеңгелді» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Ұлсерік Арыстан Жұматқызы өз тәжірибесімен бөліскен. Осы тұрғыда Дарындылық — бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы анықталатын, интеллекту­алды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғары деңгейінен көрінуіне әсер ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші.

Дарынды баламен жұмыс жасауда білім ордасының мақсаты — оқушыларға өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасау, олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып, дамыту. Ол үшін:

  1. оқушылардың ғылыми қоғамының құрылуы оқу­шылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру үшін жағдай жасау;
  2. ғылыми-зерттеу проблемаларын шешу барысында қоғам мүшелерін өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  3. ғылым, техника, өнер саласындағы жетістіктерін танымал ету;
  4. шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту;
  5. ғылыми ізденудің әдістерін үйрету;
  6. шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
  7. ғылыми білімнің әр адам үшін және жалпы қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру.

Дарындылық ұғымының бүгінгі білім беру үрдісіндегі мәні мен маңызы өте зор. Білім мен ғылымның даму сипатында елімізге өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға­ларды даярлауда интеллектуалды дамыған шығармашыл білім алушылардың рөлі айқын. Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озат технологиялар арқылы оқушылардың дарындылығын дамытуды басты назар етіп алды.

 

1.2  Дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт [18].

Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі дарындылықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор. Бүгінгі таңда мұғалім құзіретіне арнайы білім бағдарламаларын оқытып қана қоймай, баланың шығармашылық қабілетіне қарай бала бойындағы дарындылықты дамыту жолдарын да іске асыру жұмыстары да тиесілі. Бұл арнайы бір бағытта жұмыс жасай отырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өмірлік жағдаяттарға пікірін айта білетін, адамгершілік тұлғасы қалыптасқан, интеллектуалды тұлға тәрбиелеу деген сөз. Баланың рухани өсуіне, оның әр түрлі әлеуметтік ортада өзін жайлы және қалыпты  сезінуіне психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай жасау арқылы, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу жұмыстары дарынды баланы анықтауға бағытталуы қажет. Әрине, осы уақытқа дейін дарынды балалармен жұмыстар жасалынып келді. Алдағы уақытта дарынды баламен жұмыс түрін жандандыра отырып, қоғамдық мәселелерге үн қосуға бейімдеу және мектеп қабырғасынан инновациялық ғылыми сипатқа бейімдеу сынды мәселелерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Міне, дарынды баламен жұмыс түрлері осы тұрғыда жүзеге асқаны дұрыс. Ал, ол жұмысты жүзеге асыру ең алдымен дарынды баланы анықтау мәселесімен тығыз байланысты.

Дарындылықты қандай да нақты бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды [19]:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады.
  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. Дарынды оқушынын болмыс-бітімі анықталып, жанына жақын мамандыққа үлкен дайындық жұмысына жағдай жасау.
  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен мұғалімімен және ата-аналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады.
  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы ұстаным негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет:

Мектеп оқушыларының интелектуалды деңгейінің дамуына жағдай жасау;

Дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу;

Мектеп ішілік әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дамыту.

Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделген кезенде дарынды баламен жұмыс іс-әрекетінің жетістігін байқауға болады.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған жұмыс — ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы.

Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады дейді:

  1. Актуальді дарындылық — бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады.
  2. Потенциалдық дарындылық — баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байкалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу — мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат — заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Дарындылық — жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар — психомоторлық, интеллектуалдық, академиялық, шығармашылык және әлеуметтік дарындылық [20].

Дарынды балаларды анықтау — өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі көзқарас бар. Бірі «…кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек» десе, ал қарсы көзқарастағылар «… дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей» дейді. Ал, шындығында адами ойлау — ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.

Дарынды балалар қабілетін анықтауды ғалымдар үш деңгейде қарастырады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық – ұйымдастыру [20].

  1. Теориялық- дарындылықты анықтау.

Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.

  1. Әдістемелік-қабылданған анықтау әдісі мен дарынды оқушының білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.
  2. Педагогикалық-ұйымдастыру-дарынды балалармен диагностикалық жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.

Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.

Міндеттері:

— оқу процесін тиімді ұйымдастыру;

— өзін өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;

— жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;

— жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.

Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:

  1. Шығармашылық:

— ойлау;

— қабілет.

  1. Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік):

— күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;

— пәнге қызықтыру.

  1. Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:

— сөйлесуде;

— тәртібінде.

Тест немесе сауалнама арқылы анықталады.

Оқушының қабілеттілік белгілері:

  1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән (вундеркинд).

Оларды жылдамдатып оқыту керек, өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.

  1. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы: гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.
  2. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы. Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарын­ды оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.

Бала өзінің дарындылық қасиетін іс-әрекет барысында көрсете алады. Сонымен бірге, іс-әрекеттің бір түрінен әр түрлі дарындылықтың аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың әр қилы түрі, формалары оқушының психологиялық мүмкіндігі мен даму кезеңдерінде жақсы болып келеді және ол баланың ортасына да тікелей байланысты болады. Балалар кішкентай кезінен белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Осы қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырған жағдайда ғана ол қасиет баланың бойына дарып, болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар береді.

Қабілеттілік — адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшандықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.

Дарындылық ұғымының мәнін тусінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Елеупаева Ж.К. Олар:

  1. Қабілет — бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
  2. Қабілет — барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
  3. Қабілет — нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Ғалым Елеупаева Ж.К. «Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байла­нысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім» — деп, қабілеттің даму үрдісіндегі    оқытушылардың да өзіндік рөлін ашып көрсеткен өз ғылыми еңбегінде [21].

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күнінен қалыптаса бастайды және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Дарындылық «оқу» және «шығармашылық» болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін «шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.

Бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой — өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқу­шының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл кабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады.

Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың    мұғалімдердің алдында жаңа міндет — балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Н.С.Лейтес дарынды баланың ойы дамуын жай оқушылармен салыстыра келе, жалпы дарындылықты жалпы қабілеттердің жиынтығы деп түсіндіреді (жеке қабілетке қарағанда, мысалы, музыкаға, бейнелеу өнеріне), бірақ, олар іс-әрекеттің әр түрінде кең көрінеді деп, айқындай түскен [17]. Ғалым осы ойын дарындылықтың ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды үш санатқа болу арқылы түйіндейді:

1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар);

2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (матема­тика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар);

3) әлеует және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар).

Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалар­дың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен [20]:

  • арнайы психометриялық тест;
  • баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

— арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

— педагог тарапынан оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын эксперттік бағалау;

— әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;

— оқушы шығармасының туыңдыларын эксперттік бағалау;

— арнайы психодиогностикалық тренинг;

Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностиқалар (әдістемелер тесттер,  сауалнамалар, эксперимент зерттеуі), т.б. қажет.

Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялык сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

— арнайы психологиялык сұрақнама, әдістемелер;

  • баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;

— балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

— түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

— белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілі­гін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтсе де, дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностикалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптер басшылыққа алынады. Ол — ұйымдастыру кезеңінен тұрады. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері. Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.

Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер: «оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет». Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.

Келесі кезең — бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалык әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

Өзін бағалау кезеңінде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ерекше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады. Қорытынды іріктеу кезеңінде жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.

 

 

 

 

 

 

2    ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1  Дарынды балаларды оқыту технологиясы

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде дарынды баланы дамыту мен тұлғалык болмысын қалыптастыру үшін дарынды балаларды оқыту үрдісін жүргізудің өзіндік ерекшелігі болуы шарт. Оның негізінде дарын ерекшеліктеріне қарай өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісін жүргізу қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мәселенің өзектілігіне карай мынадай сұрақтар туындады.

  1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.
  2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.

Дарындылықтың психо-физиологиялық ерекшеліктерін айқындаудағы педагог-психологтардың ұйғарымында дарындылық дегеніміз — оқушының жоғары нәтижеге жетудегі ерекше қабілеттілігі, жасампаздық мүмкіндігі. Осы ұйғарым бойынша Д.Ж.Резнули дарындылыққа былай түсінік береді: дарындылық үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық [22]. Осы үш қасиеттің   біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. С.И.Ожеговтың түсіндірмелік сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндіріледі [23]. Ал, ғалым А.Матюшкин дарындылықтың психологиялық құрылымы — шығармашылықтың негізгі құрылымдық элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді деп түсіндірген [24].

Оқушының шығармашылық (дарындылық) әлеуетіне, психологиялық негізіне түрткілердің басқа түріне қарағанда басым болатын танымдық түрткІні құрайтын танымдық қажеттілік жатады.

Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың, жаңалықты жағдайды туындатудың, жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі баспалдағында пайда болатын ізденушілікке, зерттеушілікке белсенділік формасында көрінеді

Осы аталған белгілерге қарай мынадай негізгі қасиеттерді атап көрсетуге болады:

а) басым танымдық қажетті­лік;

ә) шешім табуда, жаңалықты байқауда көрінетін зерттеушілік белсенділік;

б) ерекше шешім табуға мүмкіндік;

в) болжам жасауға, тапқырлық көрсетуге мүмкіндік;

г) жоғары деңгейдегі «үлгілер» жасауға қабілеттілік.

Шығармашылық — бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты іс-әрекеті, онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады,

Осы анықтамалардан мынадай тұжырым жасалынды: «Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы — дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы — дарынды» — деп есептеледі.

Адам дайын қабілеттермен туылмайды, өмірге қабілеттіліктің анатомиялық-физиологиялық алғы шартымен ғана келеді. Ал, қабілеттілік сол алғы шарттар негізінде қоршаған әлеммен қатынас жасау процесінде оқу мен тәрбие әсерінен дамиды.

Әркандай іс-әрекетке байланысты бала қандай қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижемен қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан, өзіндік психикалық табигатына ие болудан, екіншіден — әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адамның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі — психологиялық қүбылыс емес, екіншісі — баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда,   қабілетті  адам   іс-әрекетті тез меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның   барша   даму   деңгейін   қамтыған, әрі оларға тәуелді  күрделі жүйе.  Адамның психологиялық сипаты білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып,  үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағалағаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет — білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ыктимал, бірақ ол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізде-ніске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс-әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі — логикалық ойлау операциялары — оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стаңдарты бойынша үш деңгейге топтастырылған.

Оқыту технологиясының мақсаты — оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген [25].

  1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашы­лыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу;

— шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалық операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;

  • логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмаларды, сұрақтарды құруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу;
  • оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін жасау,
  1. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:

— сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;

— шығармашылык жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып. шағын шығармашылык жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау.

  1. Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда:

— өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;

       — ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;

— өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалык зандылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығарма­шылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.

Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.

Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген. Болмыста дарынды оқушылардың да болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген. Олар тәрбие берудің ба­рысында міндетті түрде басшылыққа алынып отырылады.

Оқушылардың білімдері мен өзіндік шығармашы­лық жұмыстарының негізі, ғылыми ізденіс бастамасы сабақ барысында қамтамасыз етіледі. Сабақ барысындағы ғылыми-шығармашылыққа бағыттаудың тәжірибелік жалғасы сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды дамыту жұмыстарында орындалатын өзіндік ізденістері арқылы ұйымдастырылуы шарт.

Дарынды баламен дұмыс барысы оқытудың жаңаша технолоғияларының қағидаларын негізге ала отырып жоғары қабілетті оқушылардың білім негіздерін меңгерумен қатар, шығармашылық тұрғыда (өнімді) ойлауға, өз бетінше ізденуге, ғылыми-ізденіс бастамаларын үйренуге бағытталуы қажет.

Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңды-лықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі — танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс [26].

Танымдық — оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

Логикалық — оқу материалдары бойынша логика­лық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау

Шығармашылық — шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу

Деңгейлеу — оқушының игеруге тиісті білім мен білік жүйелерінің сатылай топтастырылған белгілері. Жалпы орта білім берудегі салалық стаңдартқа сай үш деңгей белгіленген.

Міндетті деңгей — жалпы орта білім берудегі жай мектептер (міндетті стаңдарт) деңгейі. Шығарма­шылық тапсырмалардын, күрделілік деңгейі.

Лайықты деңгей — лицей, гимназия (салалық стаңдарт) деңгейі.

Жоғары деңгей — дарынды балаларға арналған арнайы мектептер (салалық стаңдарт) деңгейі.

Оқушының оқу материалдарын меңгерудегі ой іс-әрекетінің екі деңгейі бар: а)өнімсіз (міндетті деңгей-ге сәйкес келеді); э)өнімді (лайықты және жоғары деңгейге сәйкес келеді), яғни эвристикалық және шығармашылық деңгей.

Деңгейлеудің қажеттілігі: оқушы өз іс-әрекетінің деңгейін салыстыра отырып жүйелеуі керек.

Жай сабақтардағы бағалаудың өзі деңгейлік белгілер арқылы атқарылады, бірақ онда оқушының танымдық іс-әрекеті бағаланады.

Орта білім берудің салалық жалпыға міндетті стандартының үш деңгейіне негізделіп, қисынды ойлау операциялары күрделілігіне қарай үш деңгейге топтастырылған [1].

  1. Міндетті деңгей — минимум ҚР ОББ стаңдарт деңгейі. Қарапайым ойландыратын операциялар белгіленген.
  2. Лайықты деңгей — лицей, гимназия оқушыларының деңгейі. Күрделі ойлау операциялары белгіленген.
  3. Жоғары деңгей — дарынды балалар мектебі деңгейі.

Күрделілігі жоғары ойлау операциялары белгілен­ген (шығармашылыққа бағытталған). Балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттері, іскерліктері мен сезім ерекшеліктері оқу-тәрбие үрдісінің өн бойындағы барлық жоспарлауларда басшылыққа алынады.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік — баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің псикологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:

  • «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
  • оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

— шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көз-қарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;

— ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығарма­шылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;

— оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;

— оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің, түрткінің болуы. «Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды [26].

Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу — жасқан-шақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі — жалқаулыққа жеңдіреді. Міне, осындай   кедергілердің   алдын  алып,   баланың  талабын  ұштау ұстазға байланысты болып келеді.

Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Шығарма жаза білген оқушының сұлулық пен әсемдік туралы түсінігі мол болады. Шығармашылық — оқушы үшін сұлулық пен әсемдіктің мектебі. Шығармашылық жеке тұлғаның түрлі әлеуетін қалыптастырады.

Мұғалім оқушыда шығармашылық көңіл күйдің тууына себепкер бола білуі керек. Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру, оқушы назарын шығармашылық арнаға бұру үшін тиімді. Сол себепті үйірме мүшелері арасында түрлі байқаулар өткізіліп тұрады. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары мектепішілік газетте, одан әрі түрлі баспа редакцияларына жіберіледі. Түрлі көлемде мектепішілік оқушылардың өлең, шығарма, әңгімелер жииақтары шығарылады. Бұл әдіс оқушыларды әрдайым ынталандырып, қызықтырып отырады және қалалық байқауларға әрдайым дайын болуға көмөктеседі.

Көбінесе «дарынды оқушы — бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерітеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, үғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған [27].

Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де (оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады), олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды, олардың оқу ісіндегі қабылдауы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі.

Бала қабылдау жұмысын дербес жоспарлау мен бастысын көмекшілерінен ажырата, қабылдаған белгілерінің иерархиясын бекіте, оларды ортақ шамасына қарай саралай отырып және т.б. бұл жұмысты түпкі ойлауға сәйкес алдын-ала ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау танымдық іс-әрекеттің баска түрлерімен (зейінмен, ойлаумен) біріге отырып, мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Жеткілікті дәрежеде дамыған бақылауда жеке адамның ерекше қасиеті ретінде баланың байқағыштығы туралы сөз қозғауға болады. Бастапқы оқытуда барлық бастауыш сынып оқушыларының осы маңызды қасиетін дамытуға болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық — адамда объекті не жан-жақты танып білуге ұмтылуынан туындайды. Ал, бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімдік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салада өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Л.С.Выготский жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді: 1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім; 3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диалогтық бағыт; 6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі сынмен қарау); 11-15 жаста өзін ересек сезіну «достық кодексі» дағдылану, интеллектуалық нормалардың әлеуметтік және жасөспірімділігінен хабардар ету; 15-18 жаста өзіндік сана-сезім, өмірлік жоспарлары, дүниетанымы қалыптасады [28]. Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рөлді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы өзгерістерге ұшырайды. Себебі, ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-катынас жасауына психологиялық көмек қажет. Баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ету арқылы оқытудың қиыншылықтарын жеңуге мүмкіндік жасаймыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: «Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды» — деп айтпайды, «Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың», «сенің қабілетің жетеді» т.б. осындай мақтауларды пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

Екінші тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу, дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Тереңдетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып, баланың кейбір ерекшеліктерІн арттыруға болады: баланың таңдауға қызығушылығы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.

Өз ерекшеліктерімен қатар, бұл тәсілдің кемшіліктері де бар:

  • біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды;
  • екіншіден, математиканы оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін;
  • үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларына «өзін-өзі танып білуіне» мүмкіндік берілмейді.

Сонымен, тереңдете және жеделдете оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.

Жоғарыда айтып кеткенімІздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті, баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін — барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз. Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге бөлуге болады:

— бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, логикалық ойлау, мәселені шеше білу қабілетін   дамытуға   бағытталған   барлық бағдарламалар жатады. Мұндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен «қаруландырады»;

— екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады. Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сондықтан, өзін-өзі тану қабілетінің дамуына ерекше назар аударылу қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тәжірибелерінде дәлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті.

Шығармашылық ойлап — табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, ғалым А.М.Матюшкин айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді [29].

Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлык оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.

Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұнын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан  қандай қосымша мәселелер  пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.

Кіріктірілген бағдарламалар — тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру принципімен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады:

— пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;

— пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.

Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға   болады.

Шығармашыл тұлға тәрбиелеу ісінде мына бағыттар нәтижелі деп саналады:

  • Оқушылардың қызығушылық, әлеуметтік, психо-физиологиялық ерекшеліктерінің, жеке тұлғалық сферасының даму деңгейінің, кәсіптік құпия сақтау, ақпараттарды тәрбиеленушіге немесе ата — анасына жеткізу кажеттілігі бар осы жағдайлардың біреуінің доминанттылығының комплексті диагностикасын өткізу.
  • Өзін — өзі тану және диагностиқалау тәсілдерінің көп екендігімен таныстыру.
  • Оқыту бағдарламаларына «Өз — өзіңді таны», «Адамның құпия мүмкіндіктері», «Адамтану» тәрізді т.б. курстар енгізу.
  • Өзіндік презентациялар, рефлексивті ойлаудың креативті сипаттамалары, эмоционалды — еркін сферасы туралы тренингтер өткізу.
  • Сабақтағы және сабақтан тыс шығармашыл іс-әрекеттерді дамыту, ойындар, жаттығулар өткізу.

—    Отандық және әлемдік тарихта танымал тұлғалардың өмірімен таныстыру.

Ата-аналарымен, қатар құрбыларымен, ұстаздарымен бірге шығармашыл іс әрекетінің жақсы, жарқын жақтарын көрсетуге және ұжымдық, топтық, жеке (фестивальдар, мектеп театрларындағы, студиялардағы жұмыс, ансамбльге, үйірмелерге қатынасу, тақырыптық кештер, көрмелер, олимпиадалар,

Бұл міндетті шешу барысында дарынды баланың өзге балалармен өзара қарым-қатынасы да біршама мәнді болып келеді. Табиғи теңдік заңдылықтарының бірі ортаның дарынды және талантты балаға тең бағытта әсер етуін, керісінше талантты баланың ортаға тең бағытта әсерін сипаттайды. Нақ осы әр алуан ортаның өзара әсерлесуі барлық шығармашылық әлеуетінің ашылуын камтамасыз ете отырып, таланттың бір орында қалып қоймай, әрі дамуына көмектесетін шығармашылық ойдың сыни жүйесін дамытады.

Дарынды оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқытудың дамыту функциясы оқыту технологиясында, әдістерде жүзеге асырылады. Мысалы: бүгінгі таңда білім беру үрдісінде қазақ тілін дарынды балаларға оқытудың американдық үлгілері (дебат, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пікір айту) көрнекілік арқылы ізденіске жетелейтін, шығармашылық тұрғыдан зерттеуге қызықтыратын Роwег Роіnt арқылы, Наnd-оuts білім тірегі етіп беріледі. Ақпараттық технологияны пайдаланып интернет арқылы жобаларға қатысу немесе интернет арқылы өз пікірлестерін табу. Жалпы оқушыға берілетін қосымша материал оны қызықтыратындай болуы керек. Әрине, дарындылық табандылық пен бәсекелестікті, қызығушылық пен ізденісті қажет етеді. Сол себепті де біз баланы қызықтыруда жан-жақтылықты қамтамасыз етуіміз қажет.

Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен оқушының отбасы жағдайы зерттеулінуі тиіс. Ата-анасымен  танысып, отбасы деңгейі анықталған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады. Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиет-тері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жете тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарға баланы дайындау дарындылықты дамыта түседі. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады. Аталмыш жұмыстар мұғалімді инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен дамытуымен қатар білім беру үрдісіне жаңа тұрпат ендіруіне көмегін тигізеді. Осы тұрғыда жаңашыл идеяны ұстанған педагог оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, бағытталған ізгіліктік ерекшелігімен сипатталады. Сонымен, дарынды оқушымен жаңа тұрпатта жұмыс жасауда инновациялық тәжірибені тұлғаны дамытудағы ізгілік пен шығарма-шылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйе негізінде қарағанымыз орынды.

 

2.2   Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері

 

Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.

Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Максатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру — ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан — жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт -бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында мұғалім дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрып алуы тиіс. Онда оқушылар осы жоспар бойынша жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:

  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
  2. Жан-жақты ақпараттандыру;
  3. 3. Коммуникативті бейімдеу;
  4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

  1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
  2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
  3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
  4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

  1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
  2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
  3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байкауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
  4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға.

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады. Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды, психо-педагогикалық диагностика жүргізеді. Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі кұрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностиқалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізіледі.

Дарынды оқушылармен  жасалынатын  жұмыс  түрлері [30]:

  1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
  2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
  3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір — сайыс яғни интеллектуалды ойындарға дайындау;
  4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

XXI-ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі — мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың      ғылыми      зерттеу         жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі максат — оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса — ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт — бағдар бере алады.

Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі — көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір — сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты — Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығ­ын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.

Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген проблемадан негізінен  ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды. Оқушының дарындылығын анықтауда [31]:

  1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
  2. Бақылау
  3. Анкета
  4. Психодиагностика
  5. Социометрия
  6. Әңгімелесу
  7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.

Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап, психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент, зейін, ес, қабылдау, ойлауы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыру арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт-бағдар беріп отыру. Ол салыстыру өмірдегі ғұлама ғалымдардың балалық шағымен байланысқаны ұтымды болады. Атақты адамдардың мектеп қабырғасында кей пәндерде білімі төмен болғанымен танымдық қабілеті жүре дамитындығын дәлел ретінде айтуға болады. Мысалы: Лейбництің, Ньютонның, Лобачевскийдің математикаға қабілеттері 20 жастан соң байқалыпты. Томас Эдисонның бала кезінде есте сақтау қабілетінің өте нашар болғандығын және мектепте үйреткенін ұмыта беріп, мұғалімдерді жиі ренжітетін. Ол  мектепте барлығы үш ай ғана оқыды. Осындай атақты адамдар өміріндегі мысалдар балалардың өздеріне деген сенімін арттыра түседі.

Қашықтықтан ақпарат жіберетін прибор құрастырды, жазу машинкасымен әлемді таң қалдырды.

Осындай өмірдегі жағдаяттармен таныстыра отырып, баланың тек жақсы оқуына ғана емес, бойындағы қабілеттілікті көре, тани білуіміз керектігін естен шығармағанымыз да дұрыс. Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту жұмыстары сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру бағдарымен де тығыз байланысты. Ол бағыт:

— Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдык көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.);

— физиологиялық денсаулығын бақылап отыру;

—  демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;

—  психологиялык қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация, профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру, жинақтау, тарату, т.б.);

  • кітапханамен тығыз байланыс, қажетті материалдар қарастыру.

Көрсетілген жұмыстар сынып жетекшісімен ата-ана байланысы негізінде мектеп әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асады.

Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:

  1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
  2. Шешім қабылдайды;
  3. Сенімділік туындайды;
  4. Өзгелермен салыстырады;
  5. Өзін-өзі бақылайды;
  6. Жауапкершілік туындайды;
  7. Мінез-құлқы өзгеріледі;
  8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
  9. Материалдарын жинақтайды.

Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:

  1. Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;
  2. Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс матери­алдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
  3. Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды, өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
  4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;
  5. 5. Оқушыға ЖОО-на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
  6. Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерге назар аудару керек;

І. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.

  1. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
  2. Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды-пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
  3. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар кұрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;

Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз  өзгелерге  баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:

  1. Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
  2. Байқауларға қатысу;
  3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
  4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
  5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
  6. Психологиялық материалдар жинақтау;
  7. Кітапша құрастыру.
  8. «Реферат»;
  9. «Портфолио»

Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып  отыруы қажет. Бұл дегеніміз — әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектеп — ішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу — баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. Осы жағдай дарын­ды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру — келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады.

Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде   төмендегідей   жетістіктерге  қол  жеткізуге болады:

  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктері өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.
  2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.
  3. Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.
  4. Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.

Бүгінгі таңда білім беру орындарында баланы шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған жұмыс түрлері жеткілікті.

Дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

  1. Сабактар, ОҒҚ-ның жұмысы;
  2. Пәндік үйірмелер;
  3. Тіл мерекесі;
  4. Пән оқулары;
  5. Олимпиадалар;
  6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
  7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
  8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
  9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
  10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын рөлі ерекше. Аталмыш ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты қамтығаны орынды.

  1. Өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілеттілігі: мектепішілік өзін-өзі басқару   лидерлері   оқушылардың ғылыми қоғамының міндетті мүшесі.
  2. Білімнің түрлі жағынан оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын зерттеу.
  3. Түрлі деңгейдегі мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және байқауларға қатысу.
  4. Жоғарғы сынып оқушыларының әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
  5. Халықаралық көрме, жәрменкелерге қатысу
  6. Сынып сағаттарында, сабақтарда, ғылым, техника, технология жаңалықтары туралы оқушыларды хабардар ету, ғылыми білімдерге қызығушлығын арттыру.
  7. Әр тоқсанда бір рет ОҒҚ жаңалықтары туралы газет шығару.

Әрине, кейбір ғылыми қоғам өзіндік ерекшелігін алып қосуына болады.

«Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көп жағдайда мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне, оның тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты» — деп, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернатының психологы А.О.Елубаева мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялык талаптарды төмендегідей іріктеген [32]:

«Мұғалімнің   бағыт-бағдарына  байланысты талаптар:

Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;

Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;

       Мұғалімнің білініне қойылатын талаптар:

  • өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стаңдарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
  • қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
  • оқушы дарындылығының моделін білуі;
  • жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

— дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

— қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

—  дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

— шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.

Мұғалімнін іскерлігіне қойылатын талаптар:

—  дарынды оқушыны анықтауға, дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

— дарынды оқушыны зерттеу барысында психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • оқушылармен қарым-қатынасын сауатты жүзеге асыра алуы;
  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай алуы;

— дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

— дарынды оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда нәтижеге жете алатындай деңгейде жұмыс жасай алуы;

— дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі психологиялық-педагогикалық кеңестер бере алуы;

— дарынды оқушының (жеке және топпен) оқытуға тереңдетілген бағдарлама құрастырып тұрақты жұмыс жасай алуы.

Білім беру мекемелерінде дарынды балалармен жұмыс барысында ОҒҚ-ның алатын рөлі ерекше. Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысын қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болады деген сұрақ туындайды. Бұл әрине, мектепте ғылыми-әдістемелік кеңесінде, ОҒҚ-ның жұмысын оқу ісінің меңгерушісі немесе директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басқаруымен жүргізілетін жұмыс. Ғылыми жетекшілер кеңесі секция жұмысы мен ОҒҚ мүшелері үшін танымдық бағдарламаны қарап бекітеді. Ғылыми-ізденіс жұмыспен шұғылданатын оқушыларды ғылыми жұмыстардың бағыттарымен таныстыра отырып, олардың қай пәнге бейім, қандай бағытқа деген қызығушылығы бар екенін анықтап алынады. Содан кейін барып ізденіс жұмысының тақырыбын аныктау деген мәселе туындайды. Бүгінгі таңда өзекті, әрі оқушының қызығушылығын тудыратын тақырып таңдауың керек. Ол тақырып жаңалыққа негізделген, баланың қызығушылығын дамытатын болуы шарт.

 

2.3   Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу

 

Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу.

Зерттеу — адамгершілік қарекеттері формаларының бірі. Оның негізі өзгерту мақсатымен қоршаған ортаға деген белсенді көзқарас, білімқұмарлық болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшеліктер бар. Ғылыми зерттеу — бағытталған тану. Ғылыми зерттеу нәтижелері — ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.

Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдістемесін жасау; зерттеу жұмыстарын өткізу, алған нәтижелерді сипаттап түсіндіру, алған білімдерді қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуінің нәтижелерін жұрт алдында қорғау.

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезендері проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);

зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);

зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);

шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).

Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Тақырып — мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Егер тақырыпты өндеп және шешімін табуды қажет ететін  мәселе түрінде ұсынса, сол  арқылы оны оқушыға жақындатса, бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтын-дай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Ғылыми жұмыста сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:

Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.

Ғылыми ізденісі, жаңалығы, шығармашылығы.

Талдай білуі, көрнекілік қолдануы.

Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.

Тақырыпты таңдау ережесі.

Ғылыми жарыска келесі жұмыстар ұсынылады:

Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;

Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық енгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептеп эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;

Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық-занды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;

Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;

Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.

Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі:

Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік әлементтері болу керек.

Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақы­рып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:

— алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

— бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

— тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек;

— таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;

— зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.

Зерттеу тақырыбы бойынша оқушылар әдебиеттерді зерделеу жұмысымен айналысады.

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары-соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан-жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

  1. Тізімге енген барлық жұмыстар пайдалану ретіне қарай цифрленіп белгіленеді.
  2. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты-жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса,  онда  осы   мақала  жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

  1. Жексембекова В. Қазақстаңдағы этникалық қарым-қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. — 30-32 б.
  2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп. – М.: Білім,1991.- 116 б.
  3. 3. Қыскаша психологиялық сөздік/ Под ред. А.В.Петровского. – Ростов-на-Дону: Феникс,1998. — 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен-жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет-ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану…».

Әдебиеттерді зерделеу мынандай кезеңдерден тұрады:

Жалпы танысу

Бөлімдер мен тарауларды оқып шығу  

Таңдап алып оқу

Оқыған материалдардан жоспар құру

Оқығандардан көшіріп жазу

Оқыған материалдарды басқалармен салыстыру

Оқығандар мен жазып алғандарға сыни баға беру

Кезендердің мазмұны төмендегідей мазмұнды қамтуы тиіс:

Әдебиеттерге жалпы шолу

Мәтіннен маңызды жерін бөліп алу

Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу

Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.

Нақты және толық (цитата)

Мәселені шешуде   айырмашылықтары белгіленеді

Шынайылық пен нақтылығына назар аударылады

Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

Енді зерттеу жұмысын жүргізудің кезеңдерін сипаттайық.

  1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын кұрайды.
  2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мұмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
  3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

Оқушының ғылыми-зерттеу күнділігі

Зерттеу тақырыбы ___________________

Оқушының Т. А. ____________________

Мектеп, сынып _____________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә. ___________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

 

№       Жұмыс мазмұны       Зерттеу  Ескерту

                                            әдістері

 

Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

  1. Алынган мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

Ғылыми жобаны рәсімдеу

Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

Ғылыми жобада:

  • бет парақ;
  • мазмұны;
  • кіріспе;
  • теориялық бөлімі;
  • зерттеу бөлімі;
  • қорытынды;

— пайдаланған әдебиеттер тізімі;

— қосымша (егер қажет болса) болу керек.

Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

— аннотация — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

  • ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
  • оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
  • зерттеу күнделігі.

Бет парақты рәсімдеу (үлгіден қараңыз).

Мазмұны бар беттерді рәсімдеу:

а)   беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә) мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:   

Кіріспе;

  • тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
  • тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
  • тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);

Қорытынды;

Әдебиеттер тізімі;

Қосымша (егер бар болса).

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в)   бет нөмірі 3-ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет — бет парақ — нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет – мазмұны — нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

Ғылыми жобаның кіріспесін рәсімдеу.

Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

Кіріспе жаңа беттен басталады, 3-ші бет болып нөмірленеді;

Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

Мәтін компьютерде терілу керек.

Сызық көлемдері: сол жақ — 2,5 см, оң жақ — 1 см, жоғары — 2 см, төменгі — 2 см.

Әріп — Times New Roman     KZ Times New Roman    14 кегль;

абзац болу керек;

жол арақашықтығы — бірқатарлы;

кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бірі жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2, 1.1, 2.1) көрсетіледі.

Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек (төртбұрышты жақшада).

Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек.

Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты-жөні,

мақала және журнал атауы (журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы,

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

зерттеу объектісі, заты

гипотизасы

зерттеу кезеңдері, процедурасы;

эксперимент әдісі;

зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

жұмыс нәтижелері және қорытынды;

нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

Жетекшінің пікірі (үлгіні қараңыз).

Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру — оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өттік.

Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар жарысының облыстық кезеңінің сипаттамасы.

Талаптары:

облыстық іріктеу кезеңіне қалалық кезенде 1 және 2 орын алған жұмыстар кіреді;

ғылыми жоба 2 дана болу керек.

Ғылыми жоба барлық талаптарға сай жазылып, безендірілу керек.

Ғылыми жобаның әр данасында міндетті түрде:

А) 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) аннотациясы

Ә) жоғарғы оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен расталады

Б) зерттеу күнделігі

Оқушылардың ғылыми жобалар жарысының республикалық кезеңі

Тестілеуге (1-інші республикалық кезең) облыстық кезеңнен 1, 2, 3 орын алған оқушылар қатысады

Тестілеуден 60 және одан жоғары балл алған оқушылар 2-інші республикалық іріктеу кезеңіне өтеді (экспертиза).

Республикалық кезенде оқушылардың ғылыми жобаларын қорғауға қойылатын талаптар:

Стенді қорғауға:

Стендінің өлшемі 135* 125 см, онда келесі ақпаратттар орын алады:

А) фото (9*13 см), тегі, аты, мектебі, сыныбы, қала/ аудан, облыс;

Б) Бағыты, секциясы, жоба тақырыбы, жетекші, ғылыми жетекші;

В) мақсаты, міндеті, маңызы, жаңалығы;

С) аннотация (оқу тіліне байланысты қазақ немесе орыс тілінде)

Д) қорытындылар

Е) жұмыстың мазмұнын толық қамтитын материалдар, талаптарға сай графиктер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар нөмірленген болуы тиіс.

Қайшы, скотч және т.б. (стендіні безендіруге керек заттар).

Туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің өзі және көшірмесі, эпидемиялық ортаның тазалығы және денсаулығы 086-у туралы анықтама (мөрмен).

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін және қабілетін дамытуға, зерттеу білігі мен дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін және әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеуге бағытталған қазіргі инновациялы-педагогикалық технологиялардың бірі болып табылады. Ғылыми жұмыс жасауда оқу кітапханасымен жұмыс дұрыс бағытта жүргізілуі жұмыстың дұрыс бағдарын айқындайды.

Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпаратты табуға көмектеседі. Экциклопедия анықтамалық қызмет атқарады.

Тапсырма: деректерді, түсініктерді, терминдерді табу.

Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі, мифологиялык сөздіктер,  т.б.

Анықтамалықтар: жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық пәндер бойынша: жануарлар, өсімдіктер әлемі, тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, хронологиялык, биологиялык аныктамалықтар, т.б. Библиграфиялық басылымдармен жұмыс. Ақпараттар түрімен, ақпараттар таңдау негізімен және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен жұмыс, т.б.

Мерзімді басылымдар: (газет, журнал) жұмыс.

Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп жазу

Интернетпен жұмыстың мақсаты қажетті ақпараттарды іздеу электрондык каталогпен жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақтау, хат жазысу, т.б.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

 

Параметр:

Шығармашылық қабілеті

Мүмкін бағалар:

Жеке жобаға — 30 балл

Командалық жобаға — 25 балл

Негізгі бағалар:

Егер автор (лар) жаңа ғылыми жолдарды табуда шығармашылық қабілет танытса, онда жеке жоба үшін 25-30 балл,   ал   топпен   орындалған   жобаға 20-25 балл қойылады.

Егер жаңа тәсілдерге талдау жасауға шығармашылық қабілеті жетіп жатса, онда жеке жоба үшін 20-25 балл,  ал топтык жобаға 15-20 балл қойылады.

10-20 мен 10-15 балл мәліметтерді жеткізу шығармашылық кабілетіне койылады.

10-ға дейінгі бал жоба рефераттық сипатта болған жағдайда беріледі.

 

Параметрі:

Ғылыми ойлау

Мүмкін бағалар

Жеке жобаға — 30 балл

Командалық жобаға — 25 балл

Негізгі бағалар:

жұмыстың нактылығы мен кажеттілігіне қарай: күтілген нәтижесінің құндылығына қарай;

нақты жоспары мен міндеттеріне қарай;

автордың зерттеу кезеңдеріндегі көрегенділігіне карай.

автордың түсінігіне қарай;

келесі зерттеу кезеңдеріндегі автордың идеясына қарай;

ғылыми әдебиеттерге жасалған сілтемелеріне карай;

жұмыстың максатына қарай;

зерттеу нәтижесінің қажеттілігіне қарай;

нәтижесінің жүзеге асырылуына қарай.

 

Параметрі:

Зерттеу дағдыларын қолдану әдістерінің тиімділігі

Мүмкін бағалар:

Жеке жобаға — 15 балл

Топтық жобаға — 12 балл

Негізгі бағалар:

Егер автор жұмыс барысында қазіргі заманғы техникаларды қолдана отырып, жаңа нәтижелер алуда тиімді тәсілдер көрсете білсе, онда жеке жобаға 15 балл, топтык жобаға 12 балл қойылады.

 

Параметрі:

Тақырыптың ашылу деңгейі

Мүмкін бағалар:

Жеке жобаға — 15 балл

топтык жобаға — 12 балл

Негізгі бағалар:

Бұл мынадай негізгі параметр бойынша койылады:

жұмыс жоспарланған сатыларда орындалды ма?

шешілетін мәселе толық қамтылды ма?

жеке эксперимент корытындысы негізделген бе?

материал жобада толық қамтылды ма?

автор мәселенің басқа шешу жолын біле ме?

 

Параметрі:

Сөйлеу шеберлігі, материалдың жеткіліктілігі

Мүмкін бағалар:

Жеке жобаға — 10 балл

топтық жобаға — 10 балл

Негізгі бағалар:

Балдар мынадай критерийлер бойынша қойылады:
автордың баяндау тәсілі материалдың толықтылығы жобаның негізі сәттерін көрсете білуі жобада пайдаланылған эксперимент материалдарының жеткіліктілігі стенд материалының құндылығы.

Параметрі:

Топ мүшелерін үйлестіру деңгейі

Мүмкін бағалар:

Барлығы — 10 балл

Негізгі бағалар:

Баға мынадай критерийдерді басшылыққа алады:

-әрбір қатысушы міндеттерінің айқындылығы

-топ мүшесінің басқа топ жұмыстарымен таныстығы

-топ мүшесінің жоба материалын баяндауы

Ең бастысы оқушылар ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Оқушылар жобаны қорғауда талаптарға сәйкес безендірілген стенд материалдарын ұсынуға құқылы. Ғылыми жобаларын қорғау кезінде берілген уақыттарын үнемдеу арқылы зерттеу жұмыстарының негізгі түйіндісін, жаңалығын әділқазыларға ашықта жақсы, нақтылы жеткізе білулері қажет.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі», — депті Әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Сол себепті де оқушылармен ғылыми жұмыстар жасау танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Балының өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді.

 

2.4   Алматы қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының

оқушыларымен жұмыстарының іс-тәжірибесі

 

Қазіргі күні білім берудегі жаңашылдық түбегейлі жаңа талаптар мен міндеттерді қойып отыр. Сол талаптардың бірі — жас ұрпақты патриоттық рухта  тәрбиелеу. Бұл патриоттық тәрбие беру мәселесі жалпы тәрбиенің негізі екендігін көрсетеді. Тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы қызметін атқара отырып сабақ беру барысында дарынды балалардың бойында патриоттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың жолдарын кешенді түрде жүргізуді өзімнің басты міндетіме қойдым. Себебі, мемлекет үшін  дарындылардың көп болуы және олардың отан үшін қызмет етуге даяр болуы аса маңызды. Сондықтан да Елбасы дарынды балаларға арналған мектептер ашып беріп, барлық мүмкіндіктерді жасап отыр. Сондай дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында жас дарындарға білім беру мен тәрбиелеуде тарихтағы батырлар ерлігі, жауынгерлік дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келгендігін, оларға құрмет көрсете отырып, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру басты міндетім деп есептеймін.

Тарихты оқытуда ұлттық ерлік дәстүрлерін жүйелі түрде сабақтастыра отырып жүргізу сабақ мазмұнын жан-жақты қамтуға мүмкіндік береді.

Патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Бұл ұғымдар бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындаған, себебі, қазақ жерін мекендеп жатқан басқа да ұлттың өкілдері Қазақстанды өз отаным деп танып, оны құрметтеп, дамуына атсалысуы тиіс. Қазіргі кездегі мемлекетіміздің саясаты да осы және солай болып отыр, сондықтан бүгінгі ұрпақтар да соны дұрыс қабылдауы қажет, яғни, патриот және азамат болуды.

Қазақ халқының өткен тарихындағы патриотизмінің керемет үлгілері жоңғар шапқыншылығында және ұлт-азаттық көтерілістегі батырлардың ешқайсысы да жүйелі патриоттық тәрбиеден өтпесе де елін, жерін қорғауда бар күшін аямағандығын нақты деректермен және ақпараттармен түсіндірудің ықпалы бала бойындағы отаншылдық қасиеттің қалыптасуына күшті әсерін береді, яғни өткен қоғамдағы патриотизм мазмұнын жаңа қоғамға лайықтап жаңғырта отырып жеткізудің маңыздылығы да ерекше екендігін айтқым келеді.

Қазіргі қазақ елінде патриотизм жаңа сипатқа ие болып отыр, өйткені, Қазақстанда өмір сүріп отырған 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың мүддесі қазақ ұлтының мақсатымен бір бағытта тоғысқандықтан бұл ұғымның орны биік.

Патриот және азаматты тәрбиелеуде мақсатқа жетуге арналған педагогикалық іс-шараларды шығармашылық тұрғыдан қолдану сол құндылықтарды қалыптастыруда зор үлесін қосады.

Болашақ білім мен ғылымға тікелей байланысты екендігі анық, сондықтан бүгінгі жас дарынды ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де соңдай дәрежеде болмақ. Осыған сай мемлекет пен ел үшін еңбек етіп, еркін ғылыми, мәдени қарым-қатынас жасай алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды патриот азамат дайындау басты мақсат етіп көзделуде. Бұл мақсаттар мынадай топтармен жұмыс арқылы жүргізіледі.

  1. «Менің Отаным» тобы. Топ мүшелері өз халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, өнеріне байланысты мәліметтерді жинақтайды және зерттейді.
  2. «Эрудит» тобы. Топ мүшелері білім сайыстарына және түрлі конкурстарға қатысып, білімін шыңдап, танымдық өрісін таныстырады.
  3. «Интеллект» тобы. Топ мүшелері Оқушылардың ғылыми қоғамына мүше болу арқылы түрлі ғылыми бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарына қатысады, теориялық білімдерін күшейтеді, жоғары білім алуға даярланады. «Бүгінгі дарын — ертеңгі ғалым» ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, өз жобаларын қорғайды.
  4. «XXI ғасыр жүлдегері» тобы. Топ мүшелері қосымша білім алу арқылы ұлттық біріңгай тест және түрлі нұсқадағы тапсырмаларды орындайды, ойын элементтері енгізілген шебер сабақтарды жүргізеді.
  5. «Қазақ батырлары» тобы. Топ мүшелері қазақ халқының батырлары туралы мәліметтер жинайды және ақпараттар дайындайды. Бұл акпараттар слайд-шоу — интерактивті тақтаны қолдану арқылы, кино, кітапшалар презентациясын көрсетеді және қорғайды.
  6. «Олимпиада жеңімпазы» тобы. Топ мүшелері пән олимпиадаларына қатысып, ой-өріс марафондарын өткізеді.
  7. «Қазақ елінің тарихи ескерткіштері» тобы. Топ мүшелері тарихи ескерткіштер туралы мәліметтерді жинайды және презентация жасайды.
  8. «Халықтар достығы» тобы. Топ мүшелері Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің (диаспоралар) ортақ мақсаттары мен мұраттары туралы мәліметтерді жинайды және презентация жасайды.
  9. «Тәуелсіздік тұғыры» тобы. Топ мүшелері барлық қозғалыстар мен көтерілістердің тарихына шолу жасап, 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы — қазақ патриотизмінің үлгісі» тақырыбы бойынша мәліметтер жинақтайды және тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздегі басты оқиғалары суреттейді, презентация жасайды.

 

Кесте 1 — Қазақ елінің патриот азаматтары (оқушылардың ізденіс-шығармашылық тапсырмалары)

 

1. Қазақ халқының патриот ұл-қыздары

 

Гауһар          Мәлік

Әлия             Төлеген

Мәншүк       Жәнібек

Хиуаз

2. Қазақ халқының ғұламаларының патриоттық ойлары

Әл-Фараби

М.Х.Дулати

3. Қазақ халқының би-шешен, жырауларының патриоттық ойлары

Төле би

Қазыбек би

Әйтеке би

Бұқар жырау

4. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың патриоттық қайраткерлігі мен кемеңгерлігі

Абылай — қазақтың ұлы ханы

 

5. Кенесары ханның батырлығы және батылдығы

Кенесары хан — ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшысы

6. Бауыржан Момышұлының әскери-патриоттық ойлары

Бауыржан Момышұлы — аты аңызға айналған батыр

 

Осы бағыттағы жүргізілген іс-әрекеттер азаматтық және патриоттық құндылықтарды дарынды бала бойына сіңіруге қызмет етері айдан анық. Бұған қоса тәрбие жұмысының барлық үрдісі ғылыми тұрғыда тұжырымдалып педагогика, психология, философия, тарихи таным негізінде жүргізілсе жас дарындарды отансүйгіштікке баулудың тиімді ұстанымдары орындалады деуге болады.

Патриоттық сезімді бала бойында дарытпайынша, келер ұрпақты отансүйгіштік тәрбиеге лайықты үйретпейінше бар білімі мен күшін, ақыл-ойын өз еліне жұмсайтын азаматтарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес. Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісін жаңа мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарауының сыры осында жатыр. Сондықтан да жас ұрпақты жоғарғы патриоттық рухта тәрбиелеу тек ұстаздардың ғана емес, бүкіл қоғамның және ата-аналардың басты парызы.

Қазіргі уақыт жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар негізінде жаңа көзқарастағы азаматтарды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Әрбір азаматтың өз бойындағы мүмкіндіктерді тани білуі, өзінің осал тұстарын дамытуға ерекше мән беріп, өмірдегі және әлемдегі өз орнын табуға көмектесу әрбір ұстаздың қасиеті дер едім. Жан-жақты азамат тәрбиелеу тек бүгінгі күннің ғана тәрбие мақсаты емес, қазақ елі бұрыннан да «Сегіз қырлы — бір сырлы» немесе «Күшіне ақылы, ақылына күші сай» азаматарды тәрбиелеген, яғни рухани жағынан да дайындаған. Міне, сол бүрыннан қалыптасқан тәрбие жүйесін негізгі ала отырып, дарынды балаларды өз елінінің патриот азаматтары болып қалыптасуына пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатын педагогикалық тәжірибелерді мүмкіндігінше тиімді қолдану басты нәтижеге бастайды деп толық айта аламын.

Ғалым Қ.Жарықбаев «борыш», «ар-намыс», «қайсар», «табанды», «өжет» секілді жауапкершіліктерді жоғары сезімдер қатарына қосады. Сол жоғары сезімдер орта және ықпалымен қалыптасады. Бұл тұлғаның    қалыптасуына әртүрлі факторлар ықпалының маңызды екендігін ескеруді қажет етеді.

Бүгінгі күні жалған құндылықтар мен олардан туындайтын қиындықтардың жойылып жатқаны баршамызды қуантады. Шын құндылықтар өмірге келуде. Тәрбиенің рецепті болмайтыны белгілі, оны әрбір ұстаз өзі жаңаша жасап, шығармашылық тұрғыдан қажеттісін таңдап дарынды балаға дұрыс ұсынуы олардың белсенді азамат болуына игі ықпал етеді деп есептеймін. Сабақ барысындағы дарынды балалардың патриоттық және азаматтық құндылықтарын қалыптастыратын іс-әрекеттер мына төмендегідей:

Тапсырма -1

Қазақтың ұлы ханы — Абылай

Бұл тапсырманы орындау барысында ұлы тұлғаның бүкіл болмысын, саяси және мемлекеттік қайраткерлігін, өмірі мен өнегесін, ерлігін, батырлығын, батылдығын қосымша мәліметтер арқылы жинақтау және зерттеу көзделген.

 

Кесте 2.

Абылайдың тегі

Болашақ ұлы ханның балалық өмірі

Абылайдың ерлік жолдары

Арғы бабасы – Шыңғыс хан, Жошы хан. Бергі бабасы – Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы ер Есім хан, содан соң салқам Жәңгір хан. Барлық уақытта елге тірек болған әулет, қазақтың төре деген текті руы. Өз әкесі Уәлі сұлтан, шын есімі – Әбілмансұр.

Құл Ораздың көмегімен аман қалуы. Ата тегін жасырып Сабалақ атануы, үйсін Төле бидің түйесін бағуы. Дәулеткелді байдың жылқысын бағуы. Ақтабан шұбырындыда қарапайым бақташы болғандығы. Жүректі, батыл, мол тәжірибелі, әскери өнерге, жекпе-жекке машықтығы.

20 жасында жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіруі. Қазақтың бас батыры атануы. Қазақ даласындағы ең беделді әмірші атануы. Әбілмансұр есімі ұмытылып Абылай атануы, 48 жыл билік құруы. Қазақ Ордасын қалпына келтіруі. 30 ұлы, 40 қызы — ұрпақтары.

 

Осыларды бүгінгі өмірімен байланыстыр, талдап, таратып айтып бер

Тектілігі, жүректілігі, батырлығы бабаларына тартқан

Бұл жағдай оның ел тұрмысын жақсы білуіне, халқының қасіретін нақты тануына септігін тигізді

Оның артында өркен жайған қазақ деген халық тұр. Абылай салған жол бүгінге ұласып отыр

 

Осы іс-әрекеттерінің барлығы дарынды баланың даралық мүмкіндіктерін ашуға, белсенділігін анықтауға, жетістіктерін көре білуге, талқылауда, қорытынды шығаруда, өз ойын толығымен жеткізе білуіне жағдай жасайды. Ұстаздық мақсатым кез келген жоба аясында жұмыс істеу барысында әрбір дарынды балаға өзінің сезімі мен эмоцияларын шығаруға мүмкіндік беру қажет екендігін ұмытпаған жөн деп есептеймін. Себебі, сол ерлік жолындағы Абылайдың барлық әрекеттерін айта отырып, олар белгелі бір дәуірге, сол кездегі құбылысқа, жеке адамның өміріне, батырлығы мен қайраткерлігіне, елі үшін жасаған қызметіне талдау жасайды, сол арқылы өткен мен бүгіннің және ертеңнің болашағын болжай алады, сол арқылы оның бойында азаматтық, отансүйгіштік қасиеттер қалыптасады.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінде Қазақстан әлемдік өркениет көшіне ілесу жолында батыл қадамдар жасап отыр. Елімізге бойында ата-бабамыздың елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, кісі көңіліне үміт отын жағып жүретін, өз отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы, тапқыр да табанды, сауатты да, салауатты азамат керек.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы бойынша талантты жастарды қол­дау және дамыту мақсатында ашылған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасаған болатын [33]. Қойылған мақсатқа жету жолын­да республиканың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін өсіру, дарынды балалардың одан әрі дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау қажет.

Диплом жұмысында дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы және дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы, дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі жасалынып, дарынды балаларды оқыту технологиясы, олармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және оларды ғылыми жұмысқа бейімдеу мәселелері қарастырылды.

Диплом жұмысында қойылған мақсат және шешуге қажетті міндеттер, сондай-ақ зерттеу проблемасын теориялық негіздері айқындалып, зерттеу объектісі бойынша төмендегідей әдістемелік ұсыныстар жасауға болады:

— дарынды балаларды анықтау әдістемесін жасау;

— дарынды балаларды оқытудың технологиясын анықтау;

— дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін анықтау және оларды жүзеге асыру.

Диплом жұмысының практикалық маңызы дарынды оқушылармен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығының тиімділігін жоғарылатуына бағытталған әдістемелерді құрастыруын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру стаңдарты.
  • Назарбаев Н.Ә. «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жоба.
  • Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш // Бес томдық шығармалар жинағы. — Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. — 188-226 б.
  • Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
  • Ушинский К.Д. Собр. соч. Т. — М., 1949. — 319 с.
  • Алтынсарин Ы. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1986. – 560 б.
  • Құнанбаев А. шығармаларының екі томдық толық жинағы. — Алматы: Жазушы, 1995. — 355 б.
  • Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, – 381 б.
  • Аймауытов Ж. Комплексті оқыту жолдары. — Қызылорда, 1929. — 110 б.
  • Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992.
  • Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан 2009.
  • Төлеубекова Р.К. «Ұлттық тәрбие және оның философиясы» // «Педагогика және   Психология»   журналы, №1, 2009.
  • Бөлеев Қ., Мұратова А.Б. Қазақ ағартушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идея. Оқу құралы. — Алматы: Нұрлы Әлем, 2009. — 136 б.
  • Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. – Алматы: Атамұра, 2004.
  • Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995.
  • Ғаббасов С. Халық педагогикасы негіздері. – Алматы: әль-Фараби, 1995. – 462 б.
  • Лейтес Л.С. Возрастная одаренность и индивидуальные различия. — М.: МПСИ, Воронеж: МОДЭК,
  • Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 2007 г.
  • Психологическая диагностика одаренности (сборник методик). – Астана: Дарын, 2006. – 220 с.
  • Жексенбаева У.Б. Теория и практика работы с одаренными детьми. – Алматы: Таугуль-принт, 2005. – 380 с.
  • Елеупаева Ж.К. Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары.
  • Резнули Д.Ж. Одаренность детей. – М.: Просвещение, 2010.
  • Ожегов С.И. Толковый словарь. – М., 1964.
  • Матюшкин А.М. Загадки одарённости. — М., 1993. – 105 с.
  • Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. – Алматы, 2003.
  • Ерматов Ш.Р. Дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының шығармашылық белсеңділігін дамыту туралы // Білім. — Образование, 2009. №5, 3-5 б.
  • Туник Е.Е. Тест Торранса П.: Диагностика креативности. – Спб.: Иматон, 1998.
  • Выготский Л.С. Собр. Соч.: в 6 т. Т.5. — М., 1983.
  • Матюшкин А.М. Концепция творческой одаренности // Вопросы психологии, Москва, 1989, № 1.
  • Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру // Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4 б.
  • Исабекова А.К. Дарынды балаларды айқындаудың тиімді жолдары // Қазақ тілі Қазақстан мектебінде, 2010. №11, 17-21 б.
  • Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі. — Дарын, 2009. №5, 112-116 б.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы.
  • Концепция выявления, поддержки и развития одаренных детей в Республике Казахстан. – Астана, 1998.
  • Абиш А. Дарынды балалармен жұмыс // Мектеп (Шымкент), 2006. №8, 29-31 б.
  • Акменбетов Қ.Ж. Дарындылықтың теориялық негіздері // Педагогика мәселелері, 2009. №2, 130-1346.
  • Әбдірахманова Ж. Дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу // Қазақ және әлем әдебиеті, 2010. №1-2, 26-28 б.
  • Бабаева Ю.Д. Психологический тренинг для выявления одаренности. Методическое пособие / Под ред. В.И.Панова. — М.: Молодая гвардия, 1997.
  • Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс — заман талабы // Қазақстан орта мектебі, 2009. №5/6, 18-25 б.
  • Бектібаева 3. Дарындылық дамытудың теориялық негіздері // Қазақстан мектебі, 2009. №6,71-73 б.
  • Белова Е.С. Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать. — М.: Флинта, 1998.
  • Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989.
  • Богоявленская Д.Б. Интеллектуальная активность как проблема творчества. — Ростов-на-Дону, 1983.
  • Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей. — М., 2002.
  • Бухвалов В.А. Развитие учащихся в процессе творчества // Педагогический поиск, 2000.
  • Вайнцвайг П. Десять заповедей творческой личности / Пер.с англ. — М., 1990.
  • Гилфорд Дж. Три стороны интеллекта // Психология мышления. Под ред. А.М.Матюшкина. — М.. 1965. — С. 433-456.
  • Гилъбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. — М., 1991.
  • Голубева Э.А. Способности и индивидуальность. — М., 1993.
  • Границкая А.С. Научить думать и действовать. — М., 1991.
  • Дусимбаева М.Ч. Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның «Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстарының жоспары» // Мектептегі ғылыми жұмыс, 2009. №3, 13-16 б.
  • Еліміздегі жас дарындардың алғашқы қадамдары. – Первые шаги молодых дарований страны. – Алматы: Атамұра, 2003. – 256 б.
  • Ерпенова А.Б. Дарынды балаларды анықтау әдістемесі // Мектеп директорының орынбасары, 2009. №3, 9-10 б.
  • Жантурина М. Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі // Бастауыш мектеп, 2009. №5, 48-50 б.
  • Краткое руководство по работе с одаренными детьми: Кто они такие, как их опознать, как им помогать расти и развиваться / Под ред. Л.В.Поповой и В.И.Панова. — М.: Молодая гвардия, 1997.
  • Краткое руководство с одаренными учащимися / Под ред. Л.В.Попова, В.И.Панова. – Астана: Дарын, 2006. – 72 с.
  • Қадірова Б.Н. Оқушылардың шығармашылық әрекеттеріне бағытталған өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттары.
  • Қанапьянова Ә. Республика ұстаздары, 2010, Қаңтар №1/2
  • Қирабаев С.   Әдебиетіміздің   ақтаңдақ   беттері. — Алматы: Білім, 1995. — 288 б.
  • Ларионова Л.И., Алаева Н.А., Щвецова Е.В. Теоретические подходы и методики по изучению одаренных детей. Учебное пособие. — Иркутск: Иркутский гос. пед. университет, 2001.
  • Лейтес Л.С. Об умственной одаренности. — М., 1960.
  • Лейтес Л.С. Судьба вундеркиндов // Семья и школа, 1990, №12. — С.27-30
  • Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные и талантли­вые дети / Вопросы психологии, Москва, №4, 1988.
  • Мелхорн Г., Мелхорн Х.-Г. Гениями не рождаются: общество и способности человека: Кн. для учителя / Пер. с нем. — М., 1989.
  • Мұқанбетова Ш.Т. Тұлғалық-бағдарлы білім беру негізіңде оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. – Алматы, 2007.
  • Нургендирова А. Дарынды оқушылармен жұмыстың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары // Мектеп директоры, 2009. №3,14-166.
  • Нурдильдина К.Х. Дарынды балаларға көптілдік білім берудің өзекті мәселелері / Дарынды балаларға көптілде білім беру жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық семинарлардың материалдары. – Астана: Дарын, 2009. – 131-138 б.
  • Одаренные дети / Под ред. Г.В.Бурменской, В.М.Слуцкого. – М.: Прогресс, 1991.
  • Основные современные концепции творчества и одаренности / Под    ред. Д.Б.Богоявленской. — М.: Молодая гвардия, 1997.
  • Особенности работы с одарёнными детьми в инновационных учебных заведениях. — Ставрополь, 1993.
  • Панов В.И. Некоторые теоретические и практические проблемы одаренности // Прикладная психология, 1998, №3. — С.33-48.
  • Панов В.И. Одаренность и образовательная среда: Монография. — Астана: Дарын, 2006.
  • Панов В.И. Одаренность и одаренные дети: Экопсихологический
    подход к развитию. — М.: Изд-во РУДН, 2005.
  • Панов В.И., Шумакова Н.Б., Юркевич В.С. Психолого-дидактическая система «Одаренные дети: выявление — обучение — развитие» // Московская психологическая школа: История и современность: В 3 т. / Под ред. В.В.Рубцова. – М..: ПИ РАО, МГППУ, 2004. — С.273-282.
  • Педагогикалық энциклопедия. – М., 1964. Т. 1. — с.
  • Перминова Л. М. О выявлении одарённости у детей в процессе рольного обучения / Химия и школа, 1991, № — С.73-77.
  • Пономарев Я.А. Психология творчества. — М., 1976.
  • Психология одаренности детей и подростков / Под ред. С.Лейтеса. — М.: Академия, 1996.
  • Психология одаренности: от теории к практике / Под ред. Д.В.Ушакова. — М.: ИП РАН, 2000.
  • Психология творчества: общая, дифференциальная, прикладная / Под ред. Я.А.Пономарева. — М., 1990.
  • Рабочая концепция одаренности / Под ред. В.Д.Шадрикова. — М.:
    Магистр,
  • Развитие и диагностика способностей / Отв. ред. В.Н.Дружинин, Д.Шадриков. — М., 1991.
  • Савенков А.И. Одаренный ребенок в массовой школе. — М.: Сентябрь, 2001.
  • Творческая одарённость детей. — Киев, 1991.
  • Темірбаева С. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмысының маңызы // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, 2009. №7-8, 11-12 б.
  • Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие туралы, 2010. №6, 7-96.
  • Тэкэкс К.А. Одаренные дети. – М.: Прогресс, 1991.
  • Фримен Дэкоан. Ваш умный ребенок / Пер. с англ. — М.: Семья и школа. 1996.
  • Чудновский В.Э., Юркевич В.С. Одарённость: дар или испытание. — М., 1990.
  • Шадриков В.Д. О содержании понятий «способности» и «одаренность» // Психологический журнал. Т.4. №5, 1983
  • Шадриков В.Д. Способности, одаренность, талант // Развитие и диагностика способностей — М., 1991. — С.7-21.
  • Штерн В. Умственная одаренность: психологические методы испытания умственной одаренности в их применении к детям школьного возвраста // Пер. с нем. А.П.Болтунова: под.ред. В.А.Лукова. — Спб.: Союз, — 128 с.
  • Шумакова Н.Б. Обучение и развитие одаренных детей. — М.: МПСИ, Воронеж: МОДЭК, 2004.
  • Шырынбаева Г.К. Оқушы дарындылығын анықтау теориясына негізделген мұғалім қызметі // Қазақ тілі: Әдістеме, 2010. №3, 2-4 б.
  • Щебланова Е.И. Психологическая диагностика одаренности школьников: проблемы, методы, результаты исследований и практики. — М.: МПСИ, Воронеж: МОДЭК, 2004.
  • Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М., 1989.
  • Юркевич В.С. Одаренный ребенок: иллюзии и реальность. Кн. Для учителей и родителей. – М.: Просвещение, 1996.
  • Яковлева Е.Л. Методические рекомендации учителям по развитию
    творческого потенциала учащихся / Под ред. В.И.Панова. — М.: Молодая гвардия,