АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д. Исабеков «Қарғын» романы негізінде)

Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)

 

Мазмұны

 

Кіріспе. ………………………………………………………………………………………….. 

 

І тарау. Демеулік шылаулардың зерттелуі.

1.1. Демеулік шылаулардың зерттелуі. ………………………………….

1.2. Демеулік  шылаулардың зерттеу принциптері. ……………….

1.3. Демеуліктердің морфологиялық сипаты. ………………………..

1.4. Демеулік шылаулардың қызметтері. ………………………………

 

ІІ тарау. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы демеуліктердің семантикалық сипаты. …………………………………………………………………  

2.1. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы сұраулық

       мәнді демеуліктер. ………………………………………………………..

2.2. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы күшейткіш

       демеуліктер. …………………………………………………………………

2.3. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы нақтылық

       демеуліктер. …………………………………………………………………

2.4. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы шектік

       демеуліктер. …………………………………………………………………

2.5. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болжалдық

       демеуліктер. ………………………………………………………………..

2.6. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болымсыздық

       демеулігі. ………………………………………………………………………

 

Қорытынды. …………………………………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. …………………………………………………..

 

 

 

Кіріспе

 

       Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та, сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі – көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші есімдер, шылаулар.

       Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар.

       Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне, морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз.

       Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.

       Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.

       Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет.

       Зерттеу жұмысының нысаны. Демеуліктер – көмекші сөздердің бірі болып табылатын шылаулардың түрі. Зерттеу жұмысымызға шылаулардың осы түрі негізгі тірек етіп алынды.

       Зерттеу жұмысына нысаны етіп Д.Исабековтың «Қарғын» романы алынды.

       Зерттеудің мақсаты – қазіргі тіл білімінің даму дәрежесіне лайықты демеуліктерді арнайы зерттеу арқылы оның теориялық сипаттамасын беру, оның басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктерін, қолданыстағы ерекшеліктерін анықтау.

       Зерттеу материалдары – жұмысқа Д.Исабековтің «Қарғын» романынан жиналған 300-ден аса мысал, ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды.

       Зерттеу әдістері.  Зерттеу жұмыстары негізінен синхрондық әдіс қолданылды. Демеулік шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, морфемдік, талдау әдісі, салыстыру әдісі, салыстыру әдісі, кейде диахрондық әдіс те қолданылды.

       Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері. Жұмыста демеулік шылауларға қатысты бұрын айтылған ғылыми пікірлер негізге алынып, тіл біліміндегі ғылыми-теориялық жаңалықтар, тілдік нұсқалардың өзара байланысы, туралы ғылымдардың ой-тұжырымдары еңбектің әдіс танымдық негізі болды.

       Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды.

       Зерттелудің теориялық маңызы.  Зерттеу жұмысы көмекші сөздер, шылаулар теориясын ғана толықтырып қоймайды, морфологияның теориясына да өзіндік үлесін қосады.

       Сондай-ақ қазақ тіл білімінің, түркі тіл білімінің көмекші сөздерге қатысты мәселелеріне қозғау салады. Осы мәселелер жұмыстың теориялық маңызын арттыра түседі.

       Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу материалдарын грамматиканың морфология саласындағы ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын, оқу құралдарын жазуда, лекцияларға пайдалануға болады. Арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткізуге көмекші құрал бола алады.

       Мектеп мұғалімдері мен университеттердің филология факультеті студенттеріне пайдалануға тиімді.

       Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау бірнеше тақырыпшалардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

 

 

І ТАРАУ. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

1.1  Демеулік шылаулардың зерттелуі

 

       Түркологтардың тілде бұрыннан қалыптасып, демеулік қызметіне ежелден еніп кеткен демеуліктерді табиғи деп көрсету жағынан және сол демеуліктерді аффикстік элемент деп қараумен байланысты пікірлері тоғысады. Мәселен, А.Кононов, А.Щербак және Ф.Зейналов демеуліктер мәселесінде бір көзқараста бола отырып, демеуліктердің көп мәнділік қызметін баса көрсетеді және оларды лексика-грамматикалық топтарға бөлу қиындау деп түсінік жасайды. Түркі тілдері ішінде толық талдауға түсіп, жан-жақты зерттелген якут тілі демеуліктері екені анықталды.

       Осы орайда зерттеуші Н.Петров бұл тілдің демеуліктеріне арнайы монографиялық еңбек жазып, олардың жинақталған сипатын берді. Қырғыз тілін зерттеуші А.Қарымшақованың ғылыми зерттеуінде ДШ-лардың сипаты, тарихы сөз етіліп, семантика-грамматикалық қызметі баяндалды. Ғалым түркологтардың демеуліктерді аффикстік элмент деп көрсетуін қостап: «Түркі тілдеріндегі сөздердің көмекші сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды» — дейді. Бұл ғалымда да демеуліктерге табиғи деп қарау бар, ғалым осы қатарға үнемі демеулік қызметінде болатын сөздерді қосады. Бұған қоса функциональді демеуліктер деп контекске орай демеуліктің де, толық мағыналы сөздің де ролін атқаратындарды атайды.

       Қазақ тіл білімінде демеуліктер «Шылаулар» деп аталатын сөз табының құрамында қарастырылады. Алдымен қазақ тіліндегі демеуліктерге орыс миссионерлерінің еңбектерінен азды-көпті мәлісеттер берілді. Ал алғаш қазақ тілінде демеуліктер А.Байтұрсынов еңбегінен бастау алып, «демеу» деген терминмен аталды. Бұған дейін бұл термин қолданылған емес. Кейін Қ.Жұбанов үстеуіштер десе, С.Аманжолов еңбегінен бастап «демеуліктер» деген атау өз атын иемденді. С.Аманжолов: «Демеулік дегеніміз жеке сөзді ғана демейтін шылаулар,…. өздерінің алдындағы сөздің мағынасын демейді» — деп, оның басты белгісін айту арқылы «демеулік» деген атаудың мәнін ашады. Ғалым қазіргі танылып  жүрген демеуліктерді «мәнсіз шылаулар» деп те атайды. Бұлай атау олардың түпкі мәнінен айырылуына байланысты айтылса керек. М.Балақаев жалпы шылаулардың тарихын сөз етумен бірге ДШ-ларды түрлі мағыналық топқа бөледі.

       ДШ-ларды септеуліктермен қатар зерттеген Ф.Кенжебаева олардың қалыптасуын көрсетіп, мағыналық жағынан өз жүйелеуін береді. Онда демеуліктердің негізгі мағыналары мен контекске байланысты қолданыстағы мәндері араласып берілген. Сонымен қатар ғалым өзі көрсеткен сегіз мағыналық жүйелеудің шартты екендігін ескеретді. Қ.Әмірәлиев зерттеуінде қарақалпақ, өзбек, қазақ тіліндегі ДШ-лардың қызметі, грамматикалық белгісі, ұқсастық-ерекшеліктері салыстырылады. Ғалым өзбек, қарақалпақ, тілдерінде демеуліктер жеке сөз табы ретінде берілетіндігін айта келе: «Демеуліктер түркі тілдерінде сөзді, сөйлемді мағынасы жағынан толықтыру үшін, мағыналық реңктер үстеу үшін, грамматикалық көрсеткіштердің функциясын атқару үшін қолданылады», — деп анықтайды. ДШ-ларды белгілі бір тәртіппен жүйелеудің жоқтығы осы еңбекте де баян етіледі. Аталған екі ғалым еңбектерінен басқа тақырыбымызға қатысты кейбір мәселелерді Ғ.Иманлиева зерттейінен кездестірдік. Ғалым демеуліктердің сөйлемді тиянақтаудағы қызметіне көңіл бөліп: «Демеуліктер тек сөйлемді тиянақтауға қатысты» — дейді. Ал сұраулық демеуліктердің ерекшеліктері туралы Ш.Джусакинова да арнайы тоқталады. Аталған ғалымдардың зерттеулеріне М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Әміров сияқты ірі зерттеушілердің еңбектері, әсіресе, ДШ-лар жайындағы көзқарастары ғылыми негіз болғанын байқаймыз.

 

1.2 Демеулік шылауларды зерттеу принциптері

 

Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктер жазылып жатқан оқулықтар көлемінде де, жеке монографиялық зерттеу объектісі ретінде де зерттеліп жүр. Дегенмен демеулік шылаулардың табиғатын аша түсу әлі де көптеген зерттеу жұмыстарын қажет ететіндігі даусыз. Біздіңше қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылауларды қарастыруда үш принципке сүйенуді жөн:

1)  Семантикалық;

2)  Морфологиялық;

3)  Синтаксистік-функционалдық

Бұл принциптерге сүйенуіміздің негізгі себебі демеулік шылауларды бір ғана мағынасы жағынан немесе бір ғана формасы жағынан қарастыру жеткіліксіз болары анық. Ең алдымен, демеулік шылауларды түсіндіруде оның семантикалық сипатын негізге алғанымыз дұрыс. Өйткені бүгінге дейін түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі демеуліктердің топтастырылуы көбінесе олардың осы семантикалық сипатына сүйенеді. Бірақ түркі тілдеріндегі демеуліктердің семантикасы көп қырлы екендігі және осы көп қырлылық демеуліктердің өзінің санының молаюы сияқты өсіп келе жатқаны белгілі [4, 504]. Бір ғана якут тілінің өзінде басқа түркі тілдерінде қайталанбайтын 160 демеулік тіркелген. Әлі де демеуліктердің барлығы түгел айқындала қоймаған [4, 504]. Біз тек қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктерге ғана тоқталамыз.

 

1.3 Демеуліктердің морфологиялық сипаты

 

«Морфология» дегенде сөздердің сыртқы формалары, құрылысы, құрамы еске алынатыны белгілі. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулар — сыртқы формасы жағынан да ерекшеленетін тілдік категория. Түркологиялық еңбектерде «демеуліктердің бір қатары аффикстер сияқты толық мағыналы сөздерге тірксскенде дауысты дыбыстардың үндесу заңының, ассимиляцияның әсеріне ұшырап, фонетикалық дербестігінен айырылатыны» айтылып жүр [4, 504].

Демеуліктер түрленбейтін, өзгермейтін көмекші сөздер болып табылады. Мұның өзі — олардың морфологиялық белгісі. Мысалы: — Түу, Ғұмар, кісінің әңкі-тәңкісін шығардың-ау /*Жұлдыз*/. Мұнда — ау демеулігі жіктелген етістікке қарамай-ақ, өзінің тұлғасын сақтаған. Дегенмен бірлі-жарым демеуліктер жіктелу жүйесіне түсе алады. Мәселен ма/ ме демеулігі, негізінен, баяндауыш болатын сөздермен жиі келеді, яғни жіктік жалғаулы сөздерге тіркеседі: Сен дс тиімсіз істі жоспарлайсың ба? (Ш. Мұртазаев). Ма/ме жіктік жалғауынан бұрын келгенде, мы/мі болып өзгереді, сонан соң жіктік жалғауын қабылдайды. Бұл құбылыс барлық жағдайда бола бермейді. Егер ма/ме жалпы осы шақта айтылған сөздермен, осы шақ, келер шақ етістіктерімен, «бар», «жоқ» сөздерімен келгенде және бұлар II жаққа қаратылып айтылғанда, аффикстік элементке айналады: Ой, Әділмісің? (Ш.Мұртазаев). Туған, өскен ұяңнан безіп кетпекпісің? (Н. Ғабдуллин). Басқа демеуліктердің де өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар екендігі даусыз.

«Демеуліктердің қолданылуының тым жиілігі олардың грамматикалық формаларға айналуына жағдай жасайды» (Бұл да сонда, 5046.). Соған орай кейбір демеуліктердің бірнеше фонетикалық варианты болады. Мысалы: Шопандықты менсінбеу еңбекті менсінбеу емес пе? (С. Алдабергенов).

Соны ұғындырып бере алатындарың бар ма?

Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе? (М.Дулатов) деген сөйлемдердегі демеуліктерді салыстырайық. Алғашқы сөйлемдегі демеуліктің қатаң дауыссыздан басталуы оның жалғанған сөзінің қатаң дауыссызға аяқталуымен байланысты (емес пе). Бұдан ассимиляцияның қатаң дауыссыздан кейін қатаң дауыссыз келуі керек деген заңдылығын байқаймыз. Екінші мысалымызда (бар ма) үнді дауыссыздан кейін үнді дауыссыз, үшінші мысалымызда (береміз бе) ұяң дауыссыздан кейін ұяң дауыссыздан басталатын демеулік тіркесіп тұр. Бұл демеуліктердің құрамындағы дауыссыздарға байланысты заңдылық. Ал олардың құрамындағы дауыстылар да қазақ тіліндегі сингормонизм заңдылығынан алшақ кете алмайды. Салыстырыңыз:… бір күніме керегі болар деді ме?..

халқыңа арнаған басқа ойың, мұратың, жәрдемің бар ма?.. (М.Әуезов). Мұнда сұрау демеулігінің бірде жіңішке вариантта, бірде жуан вариантта қолданылуы үндестік заңдылығына бағынудың көрсеткіші. Бұл айтылғандарды талдап қарағанда, демеулік шылаулардың құрылымына қарай: демеулік — сөздер, демеулік аффикстер деп топтастыру әбден орынды екенін көреміз. Қазіргі қазақ тіліндс тек постпозициялық демеуліктер ғана қолданылады. Препозициялық демеуліктер жоқ. «Тек» сөзін демеулік деп қараймыз ба, әлде басқа модаль сөздердің қатарына жатқызамыз ба деген сұрақтың басы ашылмаған. Ы.Шақаманова оны демеулік шылау деп санайды.

Қолымыздағы материалдар қазақ тіліндегі демеуліктердің құрылымы жағынан, формасы жағынан тым аз зерттелгендігін көрсетеді. 1954 жылы шыққан академиялық жинақта да демеулік шылаулардың морфологиялық сипаты толық айқындалмаған. Бұл еңбекте демеуліктерді сыртқы формасына байланысты бір ғана сөйлем берілген: «… демеуліктер жұрнақтарға жақын, бірақ жұрнақтар сияқты белгілі бір сөз табының грамматикалық тұлғасы ретінде, сөзден сөз тудырушы, сөз мағынасын түрлендіруші морфема емес — олар сөз таптарын талғамай, олардың бәріне болмағанмен, көпшілігіне бірдей қатысты бола береді». [5, 355] А.Ысқақовтың оқулығында да демеуліктердің морфологиялық сипаты сөз болмаған. Әрине бұл еңбектердің авторлары демеуліктерді жеке бөліп алып, арнайы зерттеу объектісі етіп қарастыруды мақсат етпеген. Ал казіргі қазақ тілінің бүгінгі жағдайы, түркология мен жалпы тіл білімінің материалдарына сүйене отырып, белгілі бір дәрежеде бұл мәселені де шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда, қазақ тіл білімінде еңбек етіп жүрген ғалымдардың көпшілігі демеуліктердің қосымша аффикстерге ең жақын категория екендігін мойындайтынын айта кеткен жөн. Осыған орай қазақ тіліндегі демеуліктерді құрылымына қарай, ең алдымен, демеулік -аффикстер және демеулік — сөздер деген екі топқа бөлуге болады. Бұлай топтастырудың негізгі себебі, біздіңше, кейбір демеуліктер өздерінің жеке ерекшеліктеріне қарай аффикстерге жақын болса, екінші бір тобының сөздерге тән белгілері басым болады. Мысалы, ма, ме сұрау демеулігі, қай жағынан алғанда да, қосымшаларға ұқсас болып келеді. Біріншіден, оның бойында сұраулы сөйлем категориясына негіз болатын «сұрау» грамматикалық мағынасы бар: \ … Ителгінің сабан тыққан пгулыбы аз ба?\ (Ж. Арыстанов). Бұл сөйлемді синтаксистік тұрғыдан талдағанда,  айтылу  мақсаты мен интонациясына қарай сұраулы сөйлем дейміз. Ал бұл сөйлемдегі сұрау мағынасы қай формада берілген дегенде, әрине, ма формасы арқылы деп жауап береріміз даусыз. Олай болса, ма демеулігі сөзден гөрі аффикске жақын грамматикалық форма деген қорытынды шығарамыз. Екіншіден, «… жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады» [36,8] деген пікірді кейбір демеуліктерге байланысты да айтуға да болады.

Салыстырыңыз: балалар, қыздар, есіктер;

…болды ма, …келді ме, … білдің бе, емес пе, т.б;

Үшіншіден, демеуліктер де қосымша морфемалар сияқты жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағынасы болмайтындықтан, олар түбірдің (атауыш сөздің) қатысынсыз жеке дара қолданылмайды. Төртіншіден, аффикстер «түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетіні» [5, 283] сияқты демеуліктер де өзі жалғанған сөзді немесе сөйлемді мағынасы жағынан нақтылап толықтырып отырады. Мысалы: «көлшік» сөзінің құрамындағы —шік аффиксі «көл» сөзіне кішірейту мәнін үстеп тұр. Ал «Сен соны ойладың ба?» дегенде «ба» демеулігі сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұр. Осындай ерекшеліктерді жинақтай келе, қазіргі қазақ тіліндегі ма\ме және соған ұқсас бірнеше демеулікті демеулік-аффикстер деген бір топқа біріктіруге болады. Қазақ тіліндегі демеуліктерді осы демеулік-аффикстердің қатарына жатқызамыз. Дегенмен қолымыздағы материалдар қазақ тіліндегі «түгіл», «тұрсын», «тұрмақ», «екеш», «тек» сөздерінің де демеуліктердің қатарына жатқызылып жүргендігін көрсетіп отыр. (Бұл тізімге «ең» сөзін де қосуға болады — А.Н.). Бұл сөздерді демеулік деп мойындағанмен, олардың дербес ерекшеліктері жағынан аффикстерге жақын дегенмен келіскіміз келмейді. Өйткені бұлар жоғарыда аталған сипаттарға ие емес. Сондықтан демеуліктердің бұл тобын демеулік — сөздер деп атауды жақтаймыз. Мұндай демеулік сөздердің саны бірте — бірте көбейе түсуі мүмкін. Өйткені сездердің ішкі табиғи даму заңдылығы соны талап етеді. Ал демеулік аффикстер біраз уақыт өтісімен, толығымен аффикстер қатарына көшіп кетуі әбден ықтимал. Кейбір демеуліктердің алдынан қойылатын дефис бізге соны аңғартады. Бұл мәселе бойынша М.Оразов: «Кейбір шылау сөздердің, әсіресе демеуліктердің жетекші сөздермен бірге айтылып, жазылуда сызықша арқылы жазылатындығын да мойындағанымыз жөн. Демеулік шылаулардың бұл қасиетін оның сөз белгісінен ажырай бастағандығынан, қосымшаларға жақындай бастағандығынан деп түсінген дұрыс». [7, 26] Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылағанда, қазақ тіліндегі демеуліктерді сыртқы формалары жағынан қосымша аффикстерге жақын болып келетінін еске алуымыз керек. Тек аффикстерден негізгі айырмашылығы демеуліктер өзі жалғанған сөздерден бөлек (кейде дефис арқылы) жазылады, ал қосымшалар бірге жазылады.

 

1.4  Демеулік шылаулардың қызметтері

 

Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулар, соның ішінде демеулік шылаулардың синтаксистік қызметі туралы бірнеше ғалымдар өз пікірлерін білдірген. Айталық, Т.Жөкеев, Ж.Жақыповтар бұл туралы төмендегідей пікірлерін білдіреді: «Шылаулар морфологияның да, синтаксистің де объектісі ретінде қаралып жүр. Шылаулардың үш түрі бар екендігі белгілі. Солардың септеулігінен бастайтын болсақ, бұлардың морфологияда нысан мен нысанның, не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылатыны айтылады да, шын мәнінде, қандай синтаксистік байланыстар жасайтыны көп сөз болмайды. Тек олардың қандай септіктерді меңгеретіні ғана айтылады. 1967 жылы шыққан Академиялық грамматикада (526 етінде) «шылаулар» сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өзара байланыстырушы аралық дәнекер болады. Етістіктің сөз тіркестерін құрауға қатысатын шылаулар — демеулер мен көмекші есімдер. Бұл жерде демеулер деп отырғаны — септеуліктер. Мен бұл жерде морфология зерттеушілері мен синтаксис зерттеушілеріне бір кінә тағайын деп отырған жоқпын. Шылаулар морфосинтаксистік санатқа жататынын айтатын болсақ, бұдан былайғы еңбектерде шылаулар морфологияда қаралғанда, синтаксистік сипаты ескеріліп, бірлікте, біртұтас ретінде қаралса, зерттеуге тиімді болар еді.

Жалғаулыққа келетін болсақ, бұл морфологиялық және синтаксистік категория екендігінде дау жоқ. Атынан-ақ көріп отырғанымыздай, жалғаулық — сөз бен сөзді байланыстырушы ретінде пайда болған единица.  Морфологиядағы қарсылықты жалғаулық қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді жасайды, талғаулықты жалғаулық талғаулықты салалас құрмалас сөйлемеді жасайды, себеп — салдарлық жалғаулық себеп — салдар құрмалас сөйлемді жасайды, т.б. Морфология мен синтаксистің арасында жалғаулықтың бірдей қаралатынын, бірдей қатысы бар екенін осыдан көреміз». [Қазақ тілі мен әдебиеті. 3. 2003ж. [14 бет]

Сондай—ақ Жантас Жақыпов «Морфосинтаксис мәселесіне» қазақ тіліндегі демеулік шылаулар туралы мыңадай пікір білдіреді: «Шындығында да, әдебиеттерде демеуліктердің синтаксиске қатысы туралы айтылмайды. Демеуліктер туралы бір айтылатыны — өзінің алдында тұрған негізгі сөзге бір мағыналық рең жамайтыны ғана. Ал, шын мәнінде, демеулік өзі тұрған сөйлемге белгілі бір тиянақсыздық, интенсивтілік жамайды, нәтижесінде сөйлемдегі ой тиянақсызданады. Яғни, сөйлемнің синсемантикасын жасайды. Синсемантика дегеніміз — сөйлем мағынасы басқа бір сөйлем мағынасымен байланысты, соған тәуелді дегенді білдіреді. Автосемантика деген де бар. Ол — сөйлемнің мағынасы толық, тиянақты дегенді білдіреді. Міне, демеуліктің синтаксистік қызметі — сойлемді ырықсыздандыруда, сөйлемді тиянақсыз етуде. Бұл мақала, әрине автордың жеке көзқарасын білдіретіні анық. Бірақ біз мұны жұмысымызда демеулік шылауларды зерттеудің бір принципі ретінде ғана қарастырамыз. Мұнда, негізінен, қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызмет ету аясы қарастырылуы қажет. Демеуліктердің бұл ерекшелігі де қазақ тіл білімінде өте аз қарастырылған. Түркологияда бұл мәселе бойынша азды-көпті еңбек еткен ғалымдардың қатарында Х.Г.Нигматовты атауға болады. Х.Г.Нигматов өз еңбегінде демеуліктер туралы: «Частицы служат для выражения отношения высказывания или его части (элемента) к действительности и являются одним из средств субъективной оценки — модальности, поэтому они имеют сильно выраженную модальную окраску» [8, 25] деген пікір айтады. Осыған ұқсас пікір демеуліктерге анықтама баргенде де айтылып жүр: «Толық мағыналы сөздердің, сөйлемдердің мағыналарын дәлдеу, оларға қосымша мағыналық өң беру үшін жұмсалатын шылауларды демеуліктер дейміз». [6, 354] Шынында да демеулік шылаулар адам ойын толығырақ, нақтырақ жеткізуде демеу болу үшін жұмсалатынын баса айтқанымыз жөн. Дегенмен бұлай айтумен мәселе бітпейді. Мәселе демеу «операциясының» қалай іске асатынында болса керек. Өйткені демеуліктсрдің қызметін басқа ешқандай тілдік единица атқара алмайды. Мысалы: «Биыл да көшу солай» (М.Әуезов) деген сөйлемді талдап көрейік. Бұл мысалымызда «да» демеулігі «көшу» амалының тек биыл емес, басқа жылдарда да (былтыр, арғы жылы, т.б.) солай болғандығын аңғартып тұр. Дәл осы мәнді дәл осы конструкцияда «да» демеулігін қолданбай немесе басқа бір тәсілмен беру қиын. Сондай-ақ «Арыстан еді-ау Исатай» деген сөйлемді алып көрейік. Бұл сөйлемде «-ау» демеулігін қолданбасақ, өкіну, ренжу, қайғыру деген сияқты мәндерді білдіру қиын болар еді. Демек бұл сөйлемнен — ау демеулігінің де маңызын айқын байқауға болады. Бұл айтылғандардан сөйлеу барысында демеулік демеулік шылауларды қолдану белгілі қажеттіліктерден туады деген қорытынды шығаруға болады.

Демеуліктерді синтаксистік-функционалды принцип тұрғысынан алғанда, синтаксисте қаралатын сөйлем мүшелерімен салыстыра сипаттауды жөн көрдік. Тіл білімінің синтаксис саласында грамматикалық мағыналар морфология саласында айтылатын грамматикалық мағыналарға қарағанда басқашалау түсіндіріледі: «Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай,      лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға қараймыз. Ол мағыналар: бастауыштық баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық» [9,83]. Мысалы, мен, оқу, кел деген толық мағыналы үш сөзді біріктіріп, сөйлем құрап көрейік: Мен оқуға келдім. Бұл үш сөзді белгілі тәсілдер арқылы бір-бірімен тіркестіргенде, олардың арасында әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағыналардан басқа грамматикалық мағыналар пайда болды. Бұл сөйлемдегі «келдім» сөзі жалпы сөйлемді аяқтап, баяндап тұрғаны, «мен» сөзі сөйлемді бастап тұрғаны, яғни негізгі ойдың иесі екендігі, ал «оқуға» сөзі сөйлемді мекені жағынан пысықтап тұрғандығын, байқауға болады. Осы сөйлемдегі бастауыштық-баяндауыштық, пысықтауыштық деген мағыналарды жоғарыдағы үш сөздің сөйлем ішіндегі қызметінің негізінде пайда болған деп түсінеміз. «Сөйлемде осылардай грамматикалық  мағыналарға ие болып,  синтаксистік   қызмет    атқарып    тұтын    сөздерді    сөйлем мүшелері» дейміз [9]. Енді сөйлем ішінде мұндай қомақты қызмет атқармаса да, сондай синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөйлем мүшелеріне көмекші, демеуші қызмет ететін демеулік шылаулар туралы сөз қозғайық. Ойымыздың жүйелі, бірізді болып шығуы үшін қажетті мысалдарды жоғарыдағы үш сөздің айналасында алғанды жөн көрдік.

«Мен оқуға келдім» деген сөйлем, әрине белгілі бір аяқталған, тиянақталған ойды білдіреді. Бірақ сөйлеуші әрдайым фактілерді осылай жалаң констатациялаумен шектеле бермейді. Мысалы: бұл жағдайда «оқуға» тек сөйлеушінің өзіне ғана «келмегендігін» басқалардың да келгендігін білдіргісі келсе, сөйлемді сәл басқашалау құрар еді: «Мен де оқуға келдім» деген сияқты. Сөйлеуші жағдайдың мүлдем керісінше екендігін білдіру үшін, яғни «оқуға» өзінен басқа ешкімнің келмегендігін білдіргісі келсе, сөйлемді тағы да сәл басқашалау құрар еді: «Мен ғана оқуға келдім». Ал енді сөйлеуші оқуға баруды ұнатпайтындай жағдай болса, оған барғандығына өкінетіндей, ренжитіндей болса, онда ол сөйлемді тағы да өзгертер еді: «Мен оқуға келдім-ау». Осылайша жоғарыдағы бір фактіге байланысты сөйлеушінің көз қарасы әр алуан болуы мүмкін. Мен оқуға келдім ғой, мен оқуға ғана келдім, мен оқуға келетін-ақ едім т.б. бәрі де жоғарыдағы бір ғана фактінің айналасындағы ойлар. Осы мысалдарды талдағаннан кейін барып, «қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызметіне, сөйлеу кезінде алатын орны қандай» деген тәрізді сұрақтарды қоюға болады. Бұл мысалдардан шығатын негізгі қорытынды сөйлем ішінде демеуліктер жетекші сөздерден кем қызмет атқармайды. Егер демеуліктер болмаса, қазақ тілі дүниежүзіндегі ең жұпыны тілдердің қатарынан орын алған болар еді. Сондықтан қазақ тілінде сөйлем ішінде қолданылатын демеуліктердің қызметі айрықша екендігін дау туғызбайды.

Функционалды қызметтері жағынан да қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың басқа шылаулардан өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, жалғаулық шылаулар сөздерді салаластыра байланыстырады және өзі жалғанған сөзге болмашы ғана семантикалық мән жамайды. Мысалы: «Асан мен Үсен көше бойлап келе жатты» деген сөйлемдегі мен жалғаулығы, біріншіден, грамматикалық сипаты жағынан өзара тең дәрежелі сөздерді салаластыра байланыстырып тұр. Яғни ол екі сөзге (Асан, Үсен) де бірдей қатысты. Екіншіден,бұл жалғаулық арқылы байланысқан сөздер бір ғана синтаксистік мүше ретінде қызмет етеді. Үшіншіден, мұнда «мен» демеулігі арқылы бірге, бір мезгілде деген семантикалық мән беріліп тұр.

Ал септеулік шылаулар бір-бірімен сабақтаса байланысқан сөздерге қатысты қызмет атқарады. Мысалы: Кешеден бері біраз уақыт өтті; Ол үйге қарай жүрді. т.б.

Бұл тұрғыда демеулік шылаулардың өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне баса назар аудару керек. Өйткені жоғарыда шылаудың басқа түрлері туралы пікірді демеулікке қатысты айтуға болмайды. Демеулік шылаулар сөздерді салаластыра да, сабақтастыра да байланыстыруға негіз болмайды. Демеулік шылаулардан, біздіңше, септеулік шылаулар сияқты өзі жалғанған сөздің синтаксистік функциясын толықтыру қызметін де байқауға болмайды.

Салыстырыңыз: Ол кешкі астан кейін серуенге шықты;

…Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар (Абай)

Демеулік   шылаулардың   сөйлемдегі   өзіндік   қызмет   атқаруы, біздің пікірімше, үш түрлі жағдайға байланысты болады:

  1. Демеуліктердің өзі тіркескен жетекші сөздерге;
  2. Демеуліктердің басқа сөздердің басқа сөздерге тіркескенде пайда болатын грамматикалық мағыналарына;
  3. Интонацияға.

Біз жоғарыда тоқталып өткеніміздей, сөйлем мүшелерінің қызметі толық мағыналы сөздердің бір – бірімен тіркесуінің нәтижесінде пайда болады. Ал демеуліктердің қызметі өзі тіркескен жетекші сөздің мағынасына, соның нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағынаға және интонацияға байланысты болады. Өйткені кез келген демеулік шылаудың мағынасы жеке тұрғанда (статикалық күйде) емес, басқа жетекші сөздермен тіркескенде ғана айқындалады. Мысалы, ғана демеулігі жеке тұрғанда ешқандай да мағына білдіре алмайды. Ал басқа сөздермен тіркескенде, оның шектеу мағынасы   аңғарлады:   «Астыңдағы   атыңа   ғана,   қасыңдағы итіне ғана тілдесер жауапсыз үнсіздік» (Ғ.Мүсрепов). Екіншіден, сөйлем мүшелерінің қызметі олардың грамматикалық мағыналарына байланысты болатыны сияқты демеуліктердің де қызметі олардың грамматикалық қызметіне байланысты болады. Мысалымыздағы атыңа ғана, итіңе ғана дегендердегі ғана шектеу мағынасына ие. Бұл мағынаны біз грамматикалық мағына деп түсінеміз. Өйткені ол жоғарыдағы екі қолданыста да шектеу мәнін беріп турған жалпы мағына. Үшіншіден, демеуліктердің қызметін анықтауда интонацияның да алатын орны бар. Себебі интонацияны өзгерту арқылы грамматикалық мағынаны өзгертуге болатыны тілшілерге әбден таныс тәсіл. Бұдан шығатын қорытынды қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызметінде басқа шылаулардың қызметіне қарағанда өзіндік ерекшелік бар. Бұл шылаудың ерекшелігі оның сөйлеушінің ойын толықтыру қызметімен байланысты. Мысалы, …Оның ғазиз тағдыры сенің ғана қолыңда деген мысалдағы «ғана» демеулігінің қызметін талдап көрейік. Мұнда бұл шылаудың негізгі қызметін, біздіңше, «синтаксистік қызмет» деп атауға болмайды. Өйткені мұндағы демеуліктің қызметі «біріктірумен, қосумен» байланысты емес. Сондықтан демеулік шылаулардың функциясын сөздердің мағынасын «толықтыру, дәлдеу» қызметімен байланысты.

Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың атқаратын қызметі ерекше. Олар өздері жалғанған сөздердің синтаксистіктік қызметін толықтырмаса да, сөйлеушінің ойын толықтыруы қазақ тілінде үлкен маңызға ие деп білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ.  Д.ИСАБЕКОВТІҢ «ҚАРҒЫН» РОМАНЫНДАҒЫ ДЕМЕУЛІКТЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

 

«Сөз семантикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен, оның лексикалық мағынасы ойымызда болатыны анық. Бірақ бұл лексикалық мағына сөздің бірден — бір мағынасы, басқа мағына болмайды деген сөз емес. Сөздің құрамында лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мағынаның да болатындығы анық» [10, 46]. М.Оразовтың жалпы сөзге байланысты айтқан пікірін көмекші сөздерге, соның ішінде демеулік шылауларға да қатысты деп түсінуіміз қажет. Әрине атауыш сөздердің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағынасы мен көмекші сөздердің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағынаның арақатынасы тең емес. Көмекші сөздердің «лексикалық мағынасы я түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып кеткендігі» туралы ғылыми морфология авторының пікірі белгілі [6, 358]. Дегенмен түркологияда, қазақ тіл білімінде көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы пікірлер бір ізді емес. М. Оразов «Көмекші сөздер» деген еңбегінде осы сұрақты арнайы көтеріп, оны бір ортақ шешімге келтіруге тырысқан. Автордың келтірген мәліметтеріне қарағанда, тіл білімі тарихында Н.И.Мещанинов, А.М.Пешковский, А.А.Шахматов, Н.А.Баскаков, Н.Оралбаева т.б. ғалымдар көмекші сөзде лексикалық мағына болмайды деген пікірді қолдайды. Ал Н.Е.Петров, Н.Ю.Шведова, А.В.Щерба, К.Аханов, М.Оразов т.б. ғалымдар қалай болғанда да көмекші сөздерде белгілі бір дәрежеде лексикалық мағынаның болатындығын мойындайды               [7, 24-34]. Бұл ғалымдардың пікірлерін түгел талдап шығуды жұмыс көлемі көтермейді. Сондықтан бұл мәселе бойынша өз пікірімізді білдірумен ғана шектелеміз. Бұл тұрғыда, Н.Ю.Шведованың «В слова как  единице языка слиты три структуры звуковая, морфологичсская и структурная значения» [10, 7] деген пікірінің берері мол. Бұл принцип бойынша сөз деп танылу үшін оның бойында осы аталған үш белгінің (дыбыстық жағы, формасы және мағынасы) болуы шарт. Көмекшілерді сөз деп қабылдайтын болсақ, оның бойында басқа да белгілерге қоса, белгілі бір мағынаның да болатынын мойындаймыз. Кез келген сөздің (Көмекші болса да -А.Н.) бойында лексикалық мағына болмаса, ол қолданудан да әлдеқашан шығып қалған болар еді. Әрине, әрбір сөздің мағынасының көріну дәрежесі әртүрлі болады. Кейде бір сөздің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағына бір — біріне сіңісіп кететін жағдайлардың да кездесуі мүмкін. Бұл туралы К.Аханов: «Көмекші сөздегі лексикалық мағынаның грамматикалық мағынаға сіңісіп кететіні соншалық көмекші сөздердің лексикалық мағынасы (мейлі ол жарым-жарты көмекші мағына болсын, әйтеуір лексикалық мағына — К.А.) мен грамматикалық мағынасы ұласып, бір-біріне өзара сай келеді». [11, 312 ] деген пікір айтады. Көмекші сөздердің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағыналарының аражігін ажыратуда кездесетін қиыншылықтардың бір себебі осыған байланысты. Енді осы бір-бірімен тығыз байланысып, астасып жататын екі түрлі мағынаны бір-бірінен ажыратуға тырысайық. Біздіңше, бұл екі мағынаны бір-бірінен ажырату үшін, ең алдымен нақты және жалпы деген ұғымдарды ажырату керек. Ол үшін шартты түрде бірнеше атаушы сөздерді салыстырып көруге болады. Қазақ тіліндегі тау, тас, өзен, көл деген сөздерді біз жеке- жеке өз алдына нақты мағынаға ие бөлек сөздер деп қабылдаймыз. Мысалы, тау — белгілі бір тастардың жиынтығы; тас — белгілі бір қатты зат; өзен — белгілі бір ағып жатқан су; көл-белгілі бір орында тұратын, ақпайтын су. Бұл мағыналар оларды бір-бірінен ажыратуда маңызды рөл ойнайды. Осындай нақтылықпен ұштасып жататын мағынаны лексикалық мағына деп түсіну керек. Лексикалық мағына одан әрі тағы да ұсақ семаларға бөліне береді. Тау —                      1) тастардың жинытығы; 2) жердің бетіндегі тастар; 3) шыңында қар жатады; 4) құдайдың бір жаратылысы т.б.) Ал осы сөздер бір-біріне қанша басқа сөздер болған мен олардың бойында барлығына да бірдей ортақ жалпы мағынаның да болатыны анық және оның да бір емес, бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздердің (тау, тас, өзен, көл) барлығы да заттың атауы, барлығы да жекеше түрде барлығы да атау септігінде т.б. Міне осындай жалпы мағыналарды грамматикалық мағына деп түсінеміз. Бұл туралы орыстың XIX ғасырда өмір сүрген ірі тілшісі Александр Афанасьевич Потебня: «Слова заключает в себе указание на известное содержание, свойственное только ему одному, и вместе с тем указание на один или несколько общих разрядов, называемых грамматическими категориями, под каторое содержание этого слова подводится на равное с содержанием многих других» [12, 35]- дейді.

Көмекші сөздерге келгенде бұл екі мағынаны ажырату жоғарыда келтірілген қиындықтарды туғызады. Көмекші сөздердің мағыналарына талдау жасағанда мына бір жағдай есте болғаны жөн: Қазіргі қазақ тілінде көмекші сөздердің өзі бірде көмекші сөз ретінде бірде толық мағыналы сөз ретінде қолданылатыны немесе үнемі көмекші сөз қызметінде ғана қолданылатынына қарай 1) функционалды көмекшілер және 2) нағыз көмекшілер деп бөлінетіні анық. «Алғашқысына көмекші есімдер мен көмекші етістіктер, кейінгісіне шылаулар жатқызылып жүр» [1, 39 ]. Дәл осы ерекшелікке байланысты көмекші сөздердің мағына дербестігінің деңгейі анықталады. Сондықтан шылау сөздерден лексикалық мағынадан гөрі грамматикалық мағына айқынырақ көрінеді. Бірақ оларда лексикалық мағына мүлдем болмайды деген пікірді қолдамаймыз. Көмекші сөздердің жоғарыда аталған қасиеттерін талдап қарағанда, біз қарастырып отырған демеулік шылаулардың өзіне тән ерекшелігі  басым екендігін байқаймыз.

А.Ысқақовтың пікірінше, қазақ тіліндегі демеуліктер лексика-грамматикалық мағыналары жағынан сұраулық, шектік, нақтылық, күшейткіш, болжамдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері болып табылады. Автор демеуліктерді осы топтарға бөлгендс сүйенген принципі анық көрсетілген. Бұған қарап, проф. А.Ысқақов демеулік шылаулардың бойында лексикалық мағынаның да грамматикалық мағынаның да бар екендігін мойындайтынын аңғаруға болады. Бірақ демеулік шылаулардың бойында бұл мағыналардың дербестік деңгейі бірдей емес. Тіпті тілшілердің демеулік шылауларда дексикалық мағына болмайды деген пікірді қолдайтыны да айқын. Осы жағдайларды ескергенде, қазақ тіліндегі демеулік шылауларды лексика-грамматикалық сипатына қарай топтастыру әрдайым жемісті болып шыға бермейтін сияқты. Мысалы, Ол үшін Зират көпірі болмады ма (М. Әуезов), Ол өзі бір бөлек ұран болып шықты ғой (М.Әуезов), Мен «Қос шалқарды» өмірімде үш-ақ рет көрдім (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдерде қолданылған демеуліктердің (ма, ғой, -ақ) мағыналарын салыстырып көрейік.

Алғашқы мысалымызда қолданылған ма демеулігі өзі жалғанған сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұр. Бұл әрине грамматикалық категориялардың қатарынан орын алады. Ал грамматикалық категория болу үшін, оның белгілі бір дәрежеде грамматикалық мағынамен байланысты болуы шарт.      Лексикалық мағына грамматикалық категорияның жасалуына негіз бола алмайды. Оның үстіне лексикалық мағына сәл де болса формалық тұтастықты, яғни дербестікті қажет етеді. Кейінгі мысалдардағы ғой, -ақ шылаулары туралы да осыны айтуға болады. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың көп вариантты боп келуінің өзі олардың лексикалық мағынасының тым солғындап, грамматикалық мағынасының күшеюіне байланысты. Сондықтан демеуліктерді қосымша аффикстерге ең жақын категория деп қараймыз. Бұл жағынан алғанда, демеуліктер білдіретін кейбір грамматикалық мағыналардың бірнеше формада (әр түрлі демеуліктер арқылы) берілетінін ескере отырып, қазақ тілінде кейбір жаңа грамматикалық категориялардың белең ала бастағанын аңғаруға болады. Мысалы, «нақтылау категориясы», «күшейту категориясы болжау категориясы» т.б. (Бұл басқа мақсаттағы зерттеуді талап етеді). Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылауларда лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағынаның басым болатынын байқадық. Сондықтан олар лексика-грамматикалық мағыналарына қарай топтасырылады.

Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылауларды, ең алдымен, мағынасына- қарай топтастыру дәстүрі бар. Бірақ демеулік шылаулардың бойындағы мағыналарды тілшілер әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, А.Ысқақов оны лексика-грамматикалық мағына деп түсінеді де, дәл сол лексика грамматикалық мағынаның негізінде қазақ тіліндегі демеулік шылауларды үлкен 7 топқа бөледі: Сұраулық, шектік, нақтылық, күшейткіш, болжалдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері [6, 374].

1954 ж. академиялық жинақта («Қазіргі қазақ тілі») бұл туралы: «демеуліктер өздері қатысты сөздерге әр түрлі модальдық мағына қосу қызметіне қарай былай бөлінеді:… »  [5, 355].

Бұл еңбектегі демеуліктердің топтастырылуында сол өзгешелік бар. Демек мұнда, біріншіден, демеуліктерге модальдылық мәні тән деген тұжырым шығарылады. Екіншіден, мұнда демеуліктердің 7 тобы көрсетілгенімен, жоғарыдағы топтастырудан айырмашылығы бар:

  1. Сұрау мағынасындағы демеуліктер;
  2. Жалынышты тілек-қалау мағыналы демеуліктер;
  3. Бірдеңенің, істің растығын күшейте көрсету үшін қолданылатын демеулік (ғой);
  4. Тежеу мағыналы демеулік;
  5. Күшейту, талғау мағыналы демеуліктер;
  6. Кісінің көңіл-күйін білдіретін демеуліктер;
  7. Сенімсіздік, кекесін мағынасында жұмсалатын демеулік [5, 355-356 б.б.]. Ал Ы.Шақаманованың бұл туралы түсінігінің де өзіндік ерекшелігі бар: «ДШ-лардың негізгі мағыналарын саралап топтастырғанда, олардың мынадай тілдік жүйеде болатыны байқалды: Сұраулық, күшейткіш, шектеу, тежеу, нақтылау, болжалдық, қомсыну, салыстыру демеуліктері» [13, 18-19 ]. Мұнда автордың «негізгі мағына» деп нені атап отырғаны айқын, бірақ «тілдік жүйе» деп нені түсінетіні айқын емес. Бірақ автордың бұл еңбегінде өзіндік жаңалықтың да бар екендігі даусыз. Демеуліктердің жоғарыда көрсетілген негізгі мағыналары белгілі бір қолданыста өзара ауысып отыратыны нақты мысалдармен көрсетелген. Мысалы, да/де күшейткіш демеулігінің сөйлем соңында қолданылғанда, нақтылау мағынасын білдеретіні: Етке өкпелеп, сорпаны ішпей кету — обал да, өкініш те. /З.Ақышев/ Сондай-ақ «демеуліктер өздерінің негізгі мағыналарынан басқа тіркескен сөздердің тұлғасына, лексикалық мәніне, ойдың қатысына, дауыс әсеріне байланысты екінші қолданыстық болжау, таңданыс, кею, сұрау мәндерін атқарған» [13, 23б] дей келе, «ДШ-ң көрсетілген төрт себебке орай қолданыста туған мәндері деп мыналарды атайды:   даралау,   таңданыс,   кекесін,   тездік,   кею, шошыну,  ренжу,  кіжіну,  ызалану,  қапы  қалу,  аңғармау, өкіну, аңсау, қалау, сүйсіну, саралау мәнді демеуліктер» (Бұл да соңда). Демеулік шылаулардың осындай мағыналарының әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Енді демеуліктердің мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталайық.

 

2.1. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы сұраулық мәңді демеуліктер

 

Сұраулық мәнде қолданылатын демеуліктердің қатарына ма (ма, ба, бе, па, пе), ше шылау сөздері жатататыны дау туғызбайды. Оқулықтар мен ғылыми еңбектерде сұрау демеулігі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен осы шылаулар назарға алынады.  Мысалы;Д.Исабековтің «Қарғын» романында төмендегідей сұраулық мәнді демеуліктерді кездестіруге болады:

  1. Әзірге қонақтарға барайын, келістік пе? Д.Исабеков. Таңдамалы 2 том. 28 бет.
  2. Оның да тәттіден тұңғыш, сонан соң ащыға көшетін кезі болмай ма? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 т. 97 б.
  3. Ендігі қалған өмір тек осылай өтпек пе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 т. 92 б.
  4. Ал, егер, оқымаған болса ше? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 82 бет.
  5. Ойсыз көзді, санасыз басты кездестірем бе деп қорқам. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 75 бет.
  6. Сіздің сұлулығыңызға тек тарих пәні мен тарих ғылымы аса қажет пе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 72 бет.
  7. Абайға сене ме, мұғалімдерге сене ме, әлде өзіне сене ме? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 4 б.
  8. Әкесі аудан көлеміндегі басшының бір болып тұрған соң ба, ол өмірдің қабақ шытар өзге мінезінен мүлде аулақ өсті. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.
  9. Сіз әдемі сөйлегенді жақсы көресіз бе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 105 бет.
  10. Жұрттың бәрі билейді, жұрттың бәрі арақ ішеді деп ойлай ма екен! Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 46 б.
  11. Менен қорықпаңыз, ағаңыз бола ма, әкеңіз бола ма, мына кісінің шошынғанындай мен көше бұзығы емеспін. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 46 бет.
  12. Жалған намыс жұрттың бәрінде де жасырынып жатқаны ма? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 14 б.
  13. Әлде өз жұмыстарымен келе ме, әлде әкесіне еріп келе ме, ол жағын Бағила түсінген жоқ. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 7 б.
  14. Тұрған жеріңде жаныңнан таспа тіліп, керегеге бау жасайын ба? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 45 бет.
  15. Сен сабағыңды оқып біттің бе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 47 бет.
  16. Суретші ме, мүсінші ме, сол ауылдың адамы болуы керек. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 38 бет.
  17. Ал, көсе болса ше? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 38 бет.
  18. Студент болған адам қуанбай ма екен? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 35 бет.

Дегенмен бұл айтылғандармен сұрау мәнін тудыратын демеуліктердің қыр-сыры толық ашылмайды. Қазақ тілінде жоғарыда аталған демеуліктер ғана сұрау мәнін білдіруге болады ма деген сұраулар мәселенің толық ашыла қоймағандығын көрсетеді. Екіншіден, жоғарыда аталған демеуліктер тек сұрау мәнін ғана тудырады ма, әлде басқа да мәндерді білдіру үшін жұмсалуы мүмкін бе деген сұрақтар да өз шешімін тапқан деуге келмейді. Қолымыздағы материалдар көркем әдебиетте және ауызекі сөйлеу тілінде сұрау мәнінде ма\ме, ше демеуліктерінен басқа шылаулар да жұмсалатынын көрсетіп отыр. Мысалы: Ендеше келістік, ертең жұмысқа барасың ғой? (Ауызекі тілден). Бұл сөйлемде ең басты рөлді интонация ойнайды. Бірақ «ғой» демеулігінің де қосатын үлесі бар деп түсінеміз. Ы.Шақаманова «ДШ- лардың тілдік жүйедегі негізгі мағыналары белгілі бір қолданыста өзара ауысып келетінін»- айта келіп, «да\де, қой\ғой демеуліктері ма\ме сияқты сұраулық мәнде жұмсалады» [13, 19] деген қорытынды шығарады. Бірақ автордың бұл теориясы мен келтірген мысалы бір-біріне сәйкес келмейді: Жер бедерін алжастыруым есімнен адасуым болмағай да? Біздіңше, бұл мысалда сұрау мәнінен гөрі қалау мәні басым деген дұрыс сияқты. Өйткені жалпы сұрақтар (арнаулы және талғаулықты сұрақтар басқа) «ия» немесе «жоқ» деген жауапты талап етуі керек. Ал бұл мысалдан ондай талап байқалмайды. Бірақ да\де, қой\ғой демеуліктері белгілі бір жағдайларда сұрау мәнінде жұмсала беретіні анық. Негізінен сұрау мәнін тудыру үшін жұмсалатын ма\ме демеулігінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Қолымыздағы материалдар бұл демеуліктердің болымдылық, болымсыздық, сенімділік, нақтылық, күшейткіш, ренжу, т.б. мәндерді білдіру үшін де жұмсалатынын көрсетіп отыр. Бірақ бұл мәндерді сұраулық мәнінен мүлдем айырылмайды. Тек сол сұрау мағынасына қосымша мән ретінде ғана беріледі. Мысалы, Тілін біліп сөйлесе, жылан да іннен шықпай ма? — деп тілмаш жігіт жымың-жымың етеді (А. Тоқмағамбетов). Бұл сөйлемде «ма» демеулігінің сұрау мәнінен гөрі болымдылық, сенімділік, нақтылық мәні басым (Салыстырыңыз: Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.). Бұрынғы бұрынғы ма, Сәдірбекті балалар одан сайын ажуалады (С.Бегалин.). Бұл сөйлемде «ма» демеулігінің күшейту мәні айқын байқалады. Ма \ ме демеулігі кейде толымсыз көмекші етістіктерге (емес) тіркесіп келіп, нақтылау, тянақтау, еске салу сияқты мәндерді білдіреді. Мысалы: Көрпені бойларыңа шақтап ‘жамылу керек емес пе? — деді Мысқал (Ә.Әбішев. Замана).

Кейбір мәтіндердің құрамында ма\ме демеулігі жақтырмау, қарсы келу, келіспеу сияқты мәндерді білдіреді. Мысалы: Базаралыдан алмаған өшің бар ма еді?! (М. Әуезов).

Сұрау демеуліктері жалғанған кейбір сөйлемдерден ренжу, өкпелеу   сияқты мәндерді де байқауға болады. Мысалы: Қызылшаны кетпендегеннен өзге ештеңені түсінбейді деп ойлай ма? (Қ. Баялиев. Нөсер.).

Кейбір мәтіндердің құрамында пе демеулігі келісу мәнін береді. Мысалы. Әзірге қонақтарға барайын, келістік пе? [15, 28]

Болымсыздық мән білдірудің де бір жолы ма\ме демеуліктері арқылы жүзеге асады. Мысалы: Баланың өзін тапқанмен, адам мінезін тапқан ба? деген сөйлемнен болымсыздық мән байқауға болады (Салыстырыңыз: Адам баланың өзін тапқанмен, мінезін таппайды.).

Күдіктену мәні кейде ма\ме демеулігі арқылы көрінеді. Мысалы: Мына қыз да ит ертіп жүретін болғаны ма? (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан).

Кейбір қолданыста сұрау демеуліктерінен үміттену, сағыну мәндерін де байқауға болады:

Бір хабар ол сұлудан келе ме деп,

Ынтызар бола-бола ұйқым қашқан. [14, 61]

Ма\ме демеуліктерінің мағыналық құрамынан болжау, шамалау мәндерін де байқауға болады. Суретші ме, мүсінші ме, сол ауылдың адамы болуы керек (Д.Исабеков).

Мұңаю, қынжылу мәндерін де ма\ме демеулігі қолданылған мәтіндерден байқаймыз. Мысалы: Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе ? (М.Дулатов).

Кейбір тіркестердің құрамында ма\ме демеулігі менсінбеу, қомсыну, сенбеу, ыланбау, көңілі толмау мәндерін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Әлде Ұлпанның істеп жүргені шын-ақ босату ма екен? (Ғ.Мүсірепов).

Кейбір сөйлемдердің ішінде ма\ме демеулігі ой қорыту, тұжырымдау мәндерін білдіретінін байқауға болады. Мысалы: Рас, мең-зең бас нені білуші еді. Әйтпесе өзіне-өзі көр қазар ма еді?

Сонымен ма\ме демеулігі тек сұрау мағынасында ғана емес, басқа да қосымша мәндерді білдіру үшін жұмсалады. Бұл қосымша мәндерді төмендегідей топтастырып көрсетуге болады:

  1. 1. Болымдылық, сенімділік, нақтылық мәндері;
  2. Күшейту, нақтылау мәндері;
  3. Нақтылау, тиянақтау, еске салу мәндері;
  4. Жақтырмау, қарсы келу, келіспеу мәндері;
  5. Ренжу, өкпелеу, қапалану мәндері;
  6. Болымсыздық мәні;
  7. Күдіктену, шүбалану мәндері;
  8. Таңырқау, таң қалу мәндері;
  9. Үміттену, сағыну мәндері;
  10. Болжау, шамалау мәндері;
  11. Мұңаю, қынжылу мәндері;
  12. Менсінбеу, қомсыну, сенбеу, көңілі толмау мәндері;
  13. Ой қорыту, тұжырымдау мәндері;
  14. Келісу, уәделесу мәндері.

Бұл топтастыру сұрау демеуліктерінің құрамында кездесетін қосымша мәндерді толық қамтиды деп айта алмаймыз. Өйткені олар жалғанған сөзердің лексика-семантикалық мағыналарына қарай, айтылу интонациясына қарай олардың қосымша мәндері де түрлене береді деген тұжырымға келдік.

 

2.2. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы күшейткіш демеуліктер

 

Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктердің арасында күшейткіш демеуліктер ерекше орын алады. Демеуліктердің бұл түрі өзі жалғанған жеке сөздер мен сөз тіркестерінің негізгі мағыналарын күшейту мәнін үстеу үшін қолданылады. Проф. А.Ысқақов күшейткіш демеуліктердің қатарына -ау, -ай, — ақ, шылауларын да жатқызады: Мысалы: Д.Исабековтің шығармаларында төмендегідей сұраулық мәнді демеуліктерді кездестіруге болады:

  • «Ой, тәңір-ай, енді мынадай халге душар болдым ба! – деді қыз өзіне-өзі, ұят-ай…!» Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 65 бет.
  • Бұрын суретін көрмеген екенмін-ау Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 58 бет.
  • Құдай-ай, үш жыл!… – деді қыз жылап тұрып. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 34 бет.
  • Құдай-ай, осы Алматыда жөндеп демалатын да орын жоқ, — деді ол бұрқырап. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 46 бет.
  • Ой, суретім-ай менің, сен ұмыта алмай жатқан жігіт неткен бақытты еді десеңші! Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 57 бет.
  • Сіз сияқты тәжірибелі педагогтардың қақпайы артық та болмас еді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 31 бет.
  • Соңғы сөзді күліп айтса да, Бағила оның астарынан ащы мысқыл байқап қалғандай болды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 58 бет.
  • Кезек бір күн өзіне де жетерін ол күні бұрын сезетін. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 35 бет.
  • Өз анасы қанша ашуланса да қатты сөзі жоқ, балалары мен күйеуінің қас-қабағына қарап, солардың денсаулығы мен жақсы тұрмысына өмірін бағыштаған, дүниеде жамандық бар деп ойламайтын дарқан адам. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 41 бет.
  • Жарылмақ түгіл жаңқа боп кетсең де жігіттің мұнымен түк шаруасы жоқ. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 4 бет.
  • Қызының ойын сезіп қойғандай осы сәтте әкесі купеге кіріп келді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 5 бет.
  • О, жоқ сіз секілді қызды таңға шейін кірпік ілмей күту де бақыт емес пе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 25 бет.
  • Жалған намыс – адам өз әлсіздігін, өз дәрменсіздігін сезінгенде ғана бас көтерерін, оның білімсіздікпен егіз екенін Бағила білген жоқ, ойламады да. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 14 бет.
  • Қызық-ау өзі, жек көру мен ынтығудың арасы бір-ақ адым екенін Бағила болмысымен ұғынбаса да, осы сәттен бастап өзінің бар ынтызары жартылай жазылған әлгі қағазға ауғанын сезді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 6 бет.
  • Жүзінде жеңістің, үстемдіктің салтанатының нышаны да жоқ. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 6 бет.    
  1. — ақ демеулігі зат есіммен, сын есіммен, сан есіммен, есімдік және кейбір үстеу сөздермен тіркесіп, оларға әртүрлі күшейткіш мән үстейді. Мысалы, Россия олар үшін осы-ақ! (М. Әуезов).
  2. – ау демеулігі есім сөздермен, етістіктің ашық рай формаларымен, көсемше түрлерімен, одағай сөздермен және бар, жоқ сөздерімен тіркесіп, оларға риза болу, шаттану, ренжу, күйіну, мақұлдау, қолдау сияқты мәндер жамайды. Мысалы, Япыр-ау, бар екен-ау!
  3. – ай демеулігі зат есім, сын есімдермен ғана тіркеседі. Ондайда зат есім сөздер көбінесе қаратпа сөздерге айналады я таңдану, таңырқау мәнін үстейді. Мысалы, Алатай-ай жаман сөз айтпашы! (С.Мұқанов); Қалқам-ай, мынау атыңның мінезі қалай еді?

(М.Әусзов); Салмағынай жер майысады, ауырын-ай! (Ғ.Мұстафин).

  1. да (де, та, те) шылауы демеулік ретінде қолданылғанда, тек бір ғана сөзге қатынасты болады да, сол сөзді өзге сөздерден беліп, күшейту мәнін үстейді. Бұл шылаудың тіркесетін сөздері және оларға жамайтын мағыналары төмедегідей:

Есім сөздермен, мезгіл үстеулерімен,  етістіктің  көсемше,  есімше және рай формаларымен тіркесіп айтылғанда, оларға тәптіштеп айқындай түсу, анықтап көрсету, күшейте түсу мәндерін үстейді және ондай есім сөздер жекеше, көпше түрлері де, тәуелдеулі, септеулі формаларында да, шырай формасында да жұмсала береді. Мысалы, Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді. (Б. Майлин); Ел көзінен оңашада екеуі әзілдесіп те алады, ұрысып та алады (Б. Майлин).

Да (де, та, те) демеулігі күрделі етістіктің құрамындағы негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінің аралығында жұмсалып, олар арқылы айтылатын іс-әрекеттің тіпті тез, дереу болғанын білдіреді. Ондайда негізгі етістік пен көмекші етістіктер әрдайым біркелкі формада қолданылады. Мысалы: Менің ендігі баратын жерім дайын деп, теңізге секірдім де кеттім. (Мың бір түн) [6, 375-376 ]. А.Ысқақовтың бұл сипаттамасы қазақ тіліндегі күшейткіш демеуліктер туралы біршама түсінік береді, бірақ бұл сипаттамада әлі де зерттей түсуді талап ететін жағдайлар да жоқ емес.

Материалдарымыздың көрсетуінше —ақ демеулігі тек есім сөздер және кейбір үстеу сөздермен ғана тіркеседі, сонымен қатар әр түрлі тұлғадағы етістіктермен де тіркесіп өзі жалғанған сөзге күшейткіш мән үстейді. Бұл демеулік, көбінесе, етістіктің көсемше және шартты рай формасына тіркеседі. Мысалы, Осыған бағанадан бері тырыспай-ақ көне салсаң да болатын еді ғой (Ә. Шәріпов, Қапаста). Кесіріне ұшырармын, деп базарға талай мал салып көрген қу мүйіз Сарымсақтың қақпаның баспай-ақ, тұр (З.Ақышев);

Неге екенін кім білсін сиыр деген мал үйілген шөпке өш келеді де, көпене шошақ. мая көрсе-ақ сүзгілей бастайды (С.Мұқанов). Бұл мысалдардың алғашқысында -ақ демеулігі етістіктің болымсыздық мәнін күшейтіп тұр. Екінші мысалдағы -ақ демеулігі өзі жалғанған сөздің қимыл-сындық мәнін күшейтіп тұр. Ал үшінші мысалдағы — ақ демеулігі етістіктің шартты рай формасы арқылы өзі жалғанған сөйлемге шақ, мезгіл мәнін үстеп күшейтіп тұр.

Сондай-ақ, -ақ демеулігі өзі жалғанған сөзге күшейту мағынасын үстеп қана қоймайды, кекету, келемеждеу, тез арада, іле-шала деген мәндерді де үстейді. Мысалы, Мен қойдым, сен айта бер деп едіңіз, салмақты, сабыры бар адамдай-ақ. [14, 64].

Сол  қаржы   Ораздың  қолына  ілінуі сол-ақ  екен,   көрсеқызар әйелдің қапшығына түскен ақшадай берекесі қашып  жүре берді. [16,  205].

Проф. А. Ысқақовтың жоғарыдағы сипаттамасында —ау демеулігі риза    болу, шаттану,   ренжу,  күйіну,  мақұлдау, қолдау  сияқты мәндермен байланысты қаралатынын қолдаймыз. Өйткені -ау демеулігі көбінесе өзі жалғанған сөзге көңіл-күй, яғни эмоциялық мән жамайтынын біздің қолымыздағы материалдар да көрсетіп отыр. Мысалы: Арыстан еді- ау Исатай… (Махамбет) деген сөйлемнен өкіну, жақсы көру, еске алу, шарасыздық  мәндерін байқай аламыз.

1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінде» де -ау демеулігін «кісінің   көңіл-күйін білдіретін демеуліктердің» қатарынан орын алғанын көреміз [5, 356 бет]Бірақ -ау демеулігі тек көңіл-күй мәнін ғана күшейту үшін жұмсалады дей алмаймыз. Бұл демеулік кейде шамалау, болжау, долбарлау мәнін де күшейтеді.  Мысалы: Ай, бұл жүзқараның ниетіне ақыр түбі бірдеңе көрінер-ау!

…- Күйеу бала өлгенін күні бұрын білген екен —ау! — деп, көптік ернін сылп еткізді (Сатыпалдиев М. Қоңыр қозы).

Проф. А.Ысқақовтың -ай демеулігіне берген сипаттамасымен толық келісуіне болмайтын сияқты. Себебі, біріншіден, — ай демеулігі, автор көрсеткендей, «зат есім, сын есімдермен» ғана тіркеспейді: — ай демеулігі етістіктермен де тіркесе береді. Мысалы, Тұржан енді оны қолындағы қамшымен тулақты сабағандай көміп-көміп алды да, тағы тепті-ай кеп (Мұратбеков С. Көкорай). (созылыңқылық, үздіксіздік мәні)

… Періштеден садақа кеткір-ай! (Абай) (жек көру, жақтырмау мәні). Екіншіден, «Ондайда зат есім сөздер, көбінесе, қаратпа сөздерге айналады я таңдану, таңырқау мәнін үстейді» [6, 375] деген пікір де талдауды қажет етеді. Біздіңше, зат есімдердің қаратпа сөздерге айналуы -ай демеулігіне қатысты емес сияқты. Мысалы, Шырағым-ай, өркенің өссін! деген сөйлемдегі «шырағым» сөзі —ай демеулігін қолдану, қолданбауымызға қарамай-ақ қаратпа сөз ретінде қызмет ете береді. (Салыстырыңыз: Шырағым, өркенің өссін!). Мұндағы -ай демеулігі жақсы көру, жылы шырай таныту, өзімсіну сияқты қосымша мән жамауға байланысты қолданылып тұр. Үшіншіден, автор —ай демеулігі өзі жалғанған сөзге я таңдану, таңырқау мәнін үстейді деген пікір айтады да, мысал ретінде, Апатай-ай, жаман сөзді айтпашы! (С.Муқшов); Қалқам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі! (М.Әуезов); Салмағынан жер майысады, ауырын-ай! (Ғ.Мұстафин) деген сөйлемдерді береді. Біздіңше, бұл мысалдардың бірінші және екіншісінен таңдану және таңырқау мәнін байқауға болмайды. Өйткені таң қалған сөйлеушінің «жаман сөзді айтпашы» немесе «мынау атыңның мінезі қалай өзі» деген сөздерді айтуының өзі бір-біріне сәйкеспейтін жағдайлар.

— ай демеулігі кейбір сөздердің тіркесіндс қолданылғанда, наразы болу, өкіну, мұңаю, қайғылану, шошыну, жақтырмау сияқты жағымсыз эмоциялы мәндерді білдіреді. Мысалы, Уһ, Сұмдық-ай, құдды көрден шыққан кісі сияқты [16, 189]. Әй, Құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді… (Б.Майлин). Кейбір қолданыстарда -ай демеулігі көңілі толмау, қомсыну, жаны ашу мәндерін де береді. Мысалы: Ай, Бегеш-ай, бұл айтқан сөзіңнің бәрі дұрыс болғанда, қалып жатқан қасірет тағы бар ғой (М.Әуезов). Келесі бір қолданыстарда бұл демеулік таң қалу, өзімсіну, жалпаңдау мәндерін береді Мысалы, Апырай, тақсырым-ай… көріпкелі бар нағыз әулиенің өзі екенсіз ғой... -деді ол (Әбішев Ә. Найзағай). Күшейту мәнін беру үшін қолданылатын демеуліктердің бірі — да/ де демеулігі. Демеуліктің бұл түрі басқа демеуліктерге қарағанда ерекше тоқталуды қажет етеді. Өйткені оның білдіретін қосымша мәндері жағынан да, формасы мен қызметі жағынан да өзіне тән ерекшелігі мол. Сондықтан бұл демеулікке толығырақ тоқталғанды жөн көрдік. Бұл демеулік туралы бірнеше ғалымдардың пікірлері бар, бірақ ол туралы әлі де екіұшті пікірлердің кездесіп қалатыны даусыз. Бұл екіұштылық, ең алдымен, да шылауын демеулік деп есептейміз бе, әлде оны жалғаулық шылаулардың қатарында қарастырамыз ба деген сұрақпен байланысты. Ы.Шақаманованың мәліметтеріне сүйенсек, «1939 жылғы зерттеулерде «да/де» демеулік түрінде емес, жалғаулық түрінде танылады. Ал 1945 және 1964 жылдардағы еңбектерде де тек жалғаудықтарға енгізілсе, кейінгі ғылыми топшылауларда әрі жалғаулық, әрі демеулік болып түсіндіріледі» [13, 50]. Біздіңше, оның осылайша екі функцияда қолдануының өзіндік себебі бар. Ол дербес сөздердің тілдің тарихи кезеңдеріндегі даму сатыларымен байланысты. Өйткені тіл тарихында толық мағыналы жеке сөздердің жалғаулық шылаулардың қатарына өтуі, сондай-ақ жалғаулықтардан демеулік шылаулардың қатарына өтуі сияқты фактілер жиі кездесіп тұрады. Бұл тұрғыда Н.З.Гаджиеваның да жалғаулығы туралы пікірін айта кетуге болады: «… Рассматриваемый союз представляет собой яркий пример развития союзной функции на базе усилительной частицы да; в процессе образования постпозитивных союзов из усилительных частиц можно условно выделить три этапа:

Постпозитивная частица, присоединяясь к глоголу или к имени сохряняет усилительное значение, не имея еще союзного значения:

Развивается союзне значение при сохранении еще усилительного значения;

Союзное значение, приобретая разнообразные оттенки, становится ведущим» [4, 512 ].

Қолымыздағы материалдар да/де шылауының бірде жалғаулық, бірде демеулік ретінде қолданылуын көрсетіп отыр. Мысалы, Мүсіреп атына мінді де Артықбай шалдың сілтеген жағына қарай жүріп кетті (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемнің құрамындағы де шылауы жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметінде қолданылып тұр. Сондықтан мұнда де шылауын жалғаулық деп есептейміз де, оны құрмалас сөйлем синтаксисінің құрамында қарастырамыз [17, 23 ]. Сонда да/де шылауы туралы толық түсінік алу үшін, оның бойындағы көп функционалды қасиетті ескеру қажет. Кейбір жағдайларда оның екі функцияны (жалғастыру, демеу) қатар атқаратынын көрсететін де фактілер кездеседі. Мысалы, Есілге қарай көштік те кеттік (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемді талдап көрейік. Мұнда қарастырып отырған шылаудың, ең алдымен, екі етістікті бір-бірімен байланыстыру, жалғастыру үшін қолданылып тұрғанын байқауға болады. (Салыстырыңыз: көштік те кеттік// көшіп кеттік). Бұл мысалда те шылауы тұлғасы жағынан ұқсас сөздерді жалғастырып тұр. Ал аналитикалық форманттың, әдетте, түбір сөзге немесе негізге жалғанатыны белгілі. Екінші жағынан алып қарағанда, бұл мысалымызда те шылауы сөздерді тек байланыстыру үшін қолданылып тұрған жоқ, өзі жалғанған сөйлемге қосымша мағына үстеу үшін де қолданылып тұр. Қосылған мағынаны анық байқау үшін жоғарыдағы     мысалды тағы да аналитикалық етістікпен салыстыруға болады. Сөйлемді «Есілге қарай көшіп кеттік» деп өзгертсек, «көшу» фактісін көрсету ғана болар еді. Ал «…көштік те кеттік» деп қолдансақ, амал-әрекеттің

  1. Тез арада іске асқандығын;
  2. Аяқ астынан (күтпеген жерден) болғандығын;
  3. Оған сөйлеушінің өкінетінін;
  4. Оның шындығында, нақты іске асқандығы т.б.

қосымша мәндерді үстеп тұр. Сонда келтірілген сөйлемде те шылауы демеулік қызметінде де қолданылып тұр деп батыл айтуға болады. Бұл фактіні талдаудан шығатын қорытынды — да/де шылауының жалғаулық және демеулік қызметі әлі де толық дифференциацияланып болмаған.

Жалғаулықтарды қарастыру біздің міндетімізге кірмейді, сондықтан бұдан әрі тек демеулік ретінде қолданылатын да/де шылауларына ғана тоқталамыз.

Қазақ тіліндегі демеуліктерді белгілі бір топтарға бөлгенде, көбінесе олардың мағыналары негізге алынып келгендігін жоғарыда айттық. Да/де демеулігін мағынасына қарай күшейткіш демеуліктердің қатарына қосу дәстүрге айналған. 1954 жылғы академиялық жинақта да/де демеулігі күшейту, талғау мағыналы демеуліктердің қатарына жатқызылған [5, 356]. А.Ысқақов, Ы.Шақаманова т.б зерттеушілер де оның күшейткіш мәнін баса көрсетеді: «да/де демеулігі қай еңбекте болсын демеуліктер қатарында қарастырылған жағдайда, олардың ішкі жіктелуінде күшейткіш демеуліктер тобына жатады. Себебі «да/де»-нің негізгі мағынасы — күшейткіш мағына». [18, 51]. Бірақ да/де демеулігі тек күшейткіш мағынада ғана қолданылады деген қорытынды шықпауға тиіс. Қолымыздағы материалдар бұл демеуліктің күшейту мәнінен басқа даралау, кекету, тездік, қарсы болу, шешімге келу, өкіну т.б. мәндерді де беретінін көрсетіп отыр. Енді бұлардың әрқайсысына жеке-жеке дәлел келтіруге тырысайық.

Да/де демеулігі дараралау мәнінде қолданылғанда, белгілі бір затты немесе құбылысты өзі тектес заттар мен құбылыстардан бөлектеп, жекелеп көрсетеді. Мысалы, Бүгін Бөжейдің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы Майбасар (М.Әуезов). Бұл сөйлемде да демеулігі даралау және күшейту мәнімен шектеледі десек, қателескен болар едік. Өйткені мұнда нақтылау мәнін беріп тұрған «да» демеулігі екендігін аңғаруға болады.

Да/де демеулігі кейде таңдану мәнін де береді. Бірақ бұл жағдайда оның тіркесетін сөздері семантикалық жағынан таңдануға лайық болуы керек. Мысалы, Өнеріңді көрсе, әншінің бұлбұл көмейлі небір әулиелері мен нағыз дүлдүлдері шыққан алты алашты да аузыңа қаратасың (Б.Нұржекеев). Жарықтық терісін тессең де, мыңқ етпейтін көнбіс жануар. (Сералиев Н. Қаңтар.)

Да/де демеулігі кекету мәнін беру үшін жұмсалғанда да, мәтіндегі басқа сөздердің мағынасына тәуелді болады. Мысалы, Абай ағамның мысқылына ажалды кісі тап болсын да! деп Әйгерімді қоса еліктірдің. (Ы. Әуезов). Бұл сөйлемде да демеулігі эмоциялық мән үстеуде де ерекше рөл ойнап тұрғанын анық байқауға болады.

Да/де демеулігінің тездік мағына үстеу үшін қолданылуы да жиі кездеседі. Оның бұл мағынада жұмсалуы көбінесе етістіктермен тіркескенде көрінетіні байқалады. Өйткені етістіктерге шақ категориясы тән екендігі, яғни уақытпен, мезгілмен байланысты мән болатыны белгілі. Мысалы: Атының басын қамшымен қағып жібердім де кете бардым (Нұржекеев Б., Күй). Мұнда «де» демеулігі «қағып жібердім» және «кете бардым» етістіктерінің арасынан орын алған.

Бұл қағып жіберу амалы аяқталысымен, іле-шала кету амалы басталатынын көрсетуге жағдай жасайды.

Да/де демеулігі кейбір жағдайларда қарсылық мән үстеу үшін де жұмсалады. Мысалы, Көкжал арлан бес метрдей кейін шықса да болдырмапты (Ғ. Мүсірепов).

Да/де демеулігі шешімге келу мәнін үстеу үшін қолданылғанда, көбінесе, негізгі етістік пен көмекші етістіктің арасынан орын алады. Мысалы, Есілге қарай көштік те кеттік.

Бұл материалдарды жинақтап қорытындылай келгенде, да/де демеулігі үнемі бір мағынаны үстеу үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар әр алуан лексика-семантикалық және грамматика-семантикалық мәндер үстеу үшін де қолданыла береді деген тұжырымға келеміз. Да/де шылауының сөздерге немесе сөйлемдерге үстейтін қосымша мәндерін біз түгел санап шықтық деп айта алмаймыз. Тек оның өздері жалғанған жетекші сөздердің лексика-семантикалық мағыналарына қарай өзгеріп отыратындығын түсіндіргіміз келді. 

 

2.3. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы нақтылық демеуліктер

 

Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың арасында нақтылық мәнін білдіретін демеуліктердің өзіндік маңызы бар. Бұл демеуліктер туралы айтылған пікірлер, көбінесе, бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ бұл мағынаны білдіретін демеуліктердің санына байланысты пікір қайшылықтары кездеседі. Мысалы 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілінде» демеуліктердің нақтылау мағынасы туралы пікір мүлдем айтылмаған. Проф. А.Ысқақовтың еңбегінде нақтылық демеуліктердің қатарына қой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) демеуліктерін жатқызады  [6, 376].

Ал Ы. Шақаманованың еңбегінде нақтылау демеуліктерінің қатарына —ды/-ді; -тын/-тін; қой/ғой демеуліктері жатқызылады. [18] Аталған демеуліктер туралы сөз қозғағанда. проф. А.Ысқақовтың еңбегімен санаспауға болмайды. Д.Исабековтің «Қарғын» романынан 41 нақтылық демеуліктерді кездестірдік. Мысалы:

Өзін қашан да сылап-сипап жұрт алдында ізетті, алғыр, сыпайы, ақылды боп көрінуге тырысып, бір күй, бір қалыптан таймайтын бидай өңді сұлуша келген осы жігітті Бағила әкесінің жанынан ауық-ауық көріп қалатын-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 8 бет.

Ол өлгенде менің хал үстінде жүргенім өзіңе аян ғой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 33 бет.

Оны поездан түсіріп тастаған жоқ қой, бар болғаны басқа купеге ауыстырды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 30 бет.

Мен әлден-ақ шаршаған сияқтымын. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 49 бет.

Алыс адамдар емеспіз ғой, неге өз қызымдай көрмейін. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.  31 бет.

«Қайным-ау, сені де көретін күн болады екен ғой», — деп жеңгесі қолын алжапқышына суретті де, құшақтасып амандасты. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 16 бет.

Ұмытпасам, атың Бағила ғой, ә? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.                 17 бет.

 Бірақ, табиғат сені қалай жаратты, солай өмір сүресің ғой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 49 бет.

Мен келмесем оның студент болуы да ғажап емес қой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 34 бет.

«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деген бір өлең бар ғой, сол тауып айтылған. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 9 бет.

Жас кезінде адам бір жануарды еміп өспесе кейін тарихшы болмайды ғой деймін. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 25 бет.

Ол мұғалімнің не айтып, не қойып жатқанымен ісі болған жоқ, басындағы бір-ақ сұраққа жауап іздеумен болды. Д.Исабеков. Таңдамалы.                     2 том. 68 бет.

Сізге қызмет етуге әрқашан дайын екенімді білесіз ғой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 11 бет.

Сұлулық жеке адамның ғана меншігі емес дедім ғой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 88 бет.

Бағила, артық болса кешіріңіз, бірақ менің өмірдегі орным ақын-жазушыларды қаншалықты білуіме байланысты емес қой деймін. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 10 бет.

Ұсақ мінез адамның жүйкесін тоздырып, тез қартайтатынын білесің ғой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 85 бет.

Оқуға алып бара жатыр ғой шамасы. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.                   4 бет.

Сәргелдің де алыстағы ағайынды таңдап шақыруы тегін емес-ті. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.  27 бет.

Бірақ, Қаратай жолдасының алдына мұндай келеңсіз мәселемен барудың ретін таппай, іштей қиналып келе жатқан-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.  33 бет.

Ол «махаббат», «сезім» деген сияқты сөздерден бойын аулақ салатын-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.  98 бет.

Оның есіне өздері қуып шыққан баяғы жігіт орала кеткен-ді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 29 бет.

Барлық бала атаулына тән қасиетпен ол да әкесін жақсы көретін, сыйлайтын, бірақ, оны дәл қазіргідей жүрегі лүпілдей, оны іштей мақтан тұтып көрген емес-ті. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 5 бет.

Соңғы сөз Сәргелді ашу мен ызаның шегіне бір-ақ жеткізді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 41 бет.

Бар жоғы бір-ақ сан! Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том.  93 бет.

Ол жанар өзінше жаңалық ашудың аз-ақ алдында сияқты. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 84 бет.

Күткеніндей-ақ – Сәргелдің қызамыр жіңішке даусы құлағына жетті. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 85 бет.

Үстіндегі көгілдір жұқа кофта мен американ джинсиі жұп-жұмыр дененсіне жарасып-ақ тұр!  Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 80 бет.

Сонан соң, маған деген ықыласыңыз оянбай-ақ қойсын. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 78 бет.

Аузыма алмаспын деп еді, ешкім қинамай-ақ ұрттай салғанына өзі таң қалды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 72 бет.

Сен бұл жаққа жетпей жатып-ақ, жолда ғашық боп біткенсің ғой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 57 бет.

Жап-жас-қыз, обал-ақ! Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 56 бет.

Әйтсе де, осы жолдар тылсым бір құдіреттей оны өзіне қол бұлғамай-ақ үнсіз жетелей берді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 14 бет.

Көз алдындағы елес-протреттен назар аудармай тұрып-ақ, ол үй иесінің мына кітаптарды түгел оқыған-оқымағаны жайлы өз көңілінде бір сұрақтың жылт ете қалғанына таңырқаған жоқ. Д.Исабеков. Таңдамалы.      2 том. 18 б.

  • Кәрілік жайлы сөздің бір ұшы өзіне қаттырақ тигенін сезген күйеуі қонақтар жайғаспай жатып-ақ әйеліне екінші рет ескерту жасады. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 17 бет.
  • Үйдегі осындай шудан соң ертесіне Бағила класты тік тұрғызған-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 43 бет.
  • Қаласаң, терезенің бір жағын түгел ашып қой. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 28 бет.
  • Ойлап қарашы, жиырма тоғыз-ақ сом! Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 49 бет.
  • Әкесі «жоқ, уайымдамай-ақ қой», — дегендей қызына күле қарады. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 6 бет.
  • Бұлар терезенің жанына жайғасқан-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы.  2 том. 35 бет.
  • Әуелгінде Сәргел өзінен-өзі мүжіліп, бүк түсіп жатып алатын-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 21 бет.
  • Мәлике бұған дейін есік көрген әйел-ді. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 21 бет.
  • Екеуінің арасындағы қайшылық тек бір жақты қызғаныштан – Сәргелдің қызғанышынан ғана туындайтын-ды. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 20 бет.

«Бұл демеуліктер жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын, сөйлемде айтылатын ойды нақтыландыра тұжырымдай түсу үшін қолданылады. Оларға қой (ғой), -ды, (-ді, -ты, -ті) демеуліктері жатады.

  1. қой (ғой) демеулігі есімдерге, етістіктің ашық рай формасына, көсемшеге, есімшеге тіркесіп, олардың мағыналарына нақтылау, тұжырымдау, мақұлдау реңдерін жамайды. Мысалы, Елдің келемеж етіп, шошып жүрген лақабы ғой (Қазақ ертегілері); Көптің талқысы қиын ғой (Б. Майлин).

қой (ғой) демеулігі бар, жоқ, көп, мол, емес сияқты сөздермен де тіркесіп, оларға тұжырымдау мәнін үстейді. Мысалы: Қазір колхоз бар ғой, уақытша үйінің бір жағын берер (Ғ.Мұстафин); Тоқаштан ол үшін ақы алған жоқ қой (З. Шашкин).  

  1. -ды (-ді, -ты, -ті) шылауы сөйлемдегі ойды, жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын нақтылай айту үшін қолданылады.

Мысалы: Олар елге пана-ды, Олар елге аға-ды (Н.Байғанин). Мінген атым құла-ды, Қылшык, жүнді қара-ды (Қобыланды)».

Бұл сипаттама нақтылық мән беретін демеуліктерге тән екендігінде дау жоқ. Бірақ бұл сипаттамамен нақтылық мәнді демеуліктердің барлық ерекшеліктері шектелмейді. Өйткені қой/ғой, -ды/-ті демеуліктері «үнемі тек нақтылау мәнін білдіреді», одан басқа мәні жоқ деуге немесе керісінше нақтылық мағынасын «тек ғой/қой, -ды/-ді демеуліктері ғана білдіреді», одан басқа демеуліктерден бұл мән байқалмайды деген қорытынды шығаруға болмайды. Мысалы: Әжем осындайда: Аяғың талды ғой, отырсайшы, ағарған ішемісің? — деп шыдай алмай сары тостағанға айран құйып беретін (М.Сүндетов). Бұл сөйлемде нақтылау мәнінен гөрі болжау, шамалау, тұжырымдау, жаны ашу, жақсы көру мәндері басым.

Қазақ тілінің материалдары нақтылау мәнінің басқа демеуліктер арқылы білдіріле беретінін көрсетіп отыр. Айталық, да/де демеулігі, әдетте, күшейту мағынасымен байланысты сөз болады. Бірақ кейбір қолданыстарда бұл демеуліктің нақтылау мағынасын беретінін де байқауға болады. Мысалы, Бүгін Бөжейлердің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы Майбасар (М.Әуезов). Бұл сөйлемде «да» демеулігінің күшейту, шектеу мағынасына қарағанда, нақтылау, даралау мәні басымдау. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады: Арықтардың үлкенін де, кішісін де кетпеншілер қолдан қазады (С.Мұқанов); Бұл да бір кіші шежіре,-

   Азапты заман айғағы (М. Әлімбаев) т.б.

Сондай-ақ -ақ демеулігі кейбір қолданыста нақтылық мәнін білдіреді. Мысалы: … Тойдым, болдым, көшемін!- деп бір-ақ кесті (М. Әуезов). Осы сөйлемдегі — ақ демеулігінің шектеу мағынасынан гөрі нақтылау мәні айқынырақ байқалады.

Кейде па/пе сұрау демеуліктері де нақтылық мән беру мақсатында жұмсала береді. Мысалы: Қажының баласының құйрығына дейін кестірген жоқ па еді депті (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемде де «па» демеулігінің нақытылау, сендіру мәні айқын байқалады. Сондай-ақ кейде ғана/қана демеулігі қолданылған сөйлемдерден де нақтылық мәнін байқап қалуға болады. Мысалы: Аяқтардың қимылы дұрыс жасалған кезде  судың   бетінде   өкше ғана көрініп, су біркелкі көпіршіктенеді [16, 188]. Бұл қолданыста «ғана» демеулігі арқылы шектеу, даралау мәндері бар екендігі рас. Бірақ бұл сөйлемде оларға қоса нақтылау мәнінің де бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан нақтылау мәнін тек қой/ғой, -ды, -ді, -тын, -тін демеуліктері ғана емес, сонымен қатар да/де, ма/ме, қана/ғана, -ақ демеуліктері де білдіре алады. Сондай-ақ қой/ғой демеулігі тек нақтылау мәнін ғана білдірмейді, Енді осы демеуліктің белгілі бір қолданыстағы басқа да мәндеріне тоқталайық.

қой/ғой демеулігі кейбір сөздермен тіркесіп келіп, қарсылық мәнін білдіру үшін де қолданыла береді. Мысалы: Мен әлі оқуды тауысқам жоқ қой, -деп Әбіш әуелде өз ойларын жия алмай қалды ( М. Әуезов).

қой/ғой демеулігі белгілі бір қолданыстарда жақтырмау, ұнатпау сияқты эмоциялық мәндерді білдіреді. Мысалы: — Сенің арам көңілің енді мәлім болды ғой, — деді ол ызаға булығып (С. Сейфуллин).

Ауызекі сөйлеу тілінің кейбір қолданыстарында қой/ғой демеулігі қалау, тілеу мәнін де береді. Мысалы, Бүгін жаңбыр жауғанда ғой; Менің бұл қылығымды достарым көрмесе ғой. т.б.

Кейбір жағдайларда сәйлем құрамындағы «ғой» демеулігінен сенімділік (нақтылау мәніне қоса) мәнін де байқауға болады. Сөйтіп қой/ғой демеуліктерінің білдіретін мәндерін былайша топтастыруға болады:

  1. Нақтылау мәні;
  2. Тұжырымдау, мақұлдау мәндері;
  3. Қарсылық мәні;
  4. Жақтырмау, ұнатпау мәндері;
  5. Қалау, тілеу мәндері;
  6. Сенімділік мәні.

Нақтылау мәнін білдіру үшін жұмсалатын демеулік шылаулардың бірі — ды/ -ді. Бұл демеулік те қазіргі қазақ тілінде, негізінен, нақтылау мәнін білдіру үшін жұмсалғанымен, оның басқа қолданыстарда да қолданылу ерекшеліктеріне қарай сенімділік, болжау, шамалау, шақ мәнін тиянақтау сияқты қосымша мәндерге де ие болады. Мысалы, Ол өзінің атасы үшін шошынып жан дәрменмен жүгірген-ді (нақтылау мәні); Осы кезде жаңағы жігіттер ағайлай, шапқылай шығып, Әзімбайларға тап бергенді (шақ мәнін тиянақтау); Әрине, сіз кесірткенің өз құйрығын жұлып тастап кеткенін талай көрсеңіз керек- ті [6,5]. (Болжау, шамалау мәні);

Ал төренің өзі аса парақор кісі болатын-ды (М.Әуезов). (Сенімділік мәні).

Сондықтан — ды/-ді демеулігіыің білдіретін қосымша мәңдерін былайша топтастырамыз:

  1. Нақтылау мәні;
  2. Шақ мәнін тиянақтау;
  3. Болжау, шамалау мәні;
  4. Сенімділік мәні.

 

2.4. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы шектік демеуліктер

 

Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктердің арасында шектеу мағынасын білдіретіндері де бар. Бұл мағынаны білдіру үшін, негізінен, қана/ғана демеулігі қолданылады. Бірақ оның басқа демеуліктер арқылы да білдірілуі мүмкін. Проф. А.Ысқақов оған -ақ демеулігін де қосады: «Шектік демеуліктер белгілі бір нәрсеге, іс-әрекетке, амалға сын сипатқа, мезгілге т.б . шек қоя тұжырымдап айту үшін қолданылады. Ондай демеуліктердің қатарына қана (ғана), -ақ шылаулары жатады.» Д.Исабековтің «Қарғын» романынан келесі он төрт шектік мағынадағы демеуліктерді ұшыраттық: Бағила сонда ғана аңғарды, шығарып салуға келген адамдар тым көп екен. Оларға өнер де, ұлт та, ертеңгі күн де қажет емес, оларға қарын ғана қажет.

Бұл – найзағайдай тіліп түсетін өткір ойлы жазушыға ғана тән! Әйтсе де, Тұрғаттың әлгі қимылында тек ізеттілік қана емес, ар жағында басқа да жасырын сыр жатқанын жүрегі  сезе қойды. Көшеге жаңа ғана су себілген болса керек, машина доңғалақтарының дымқыл асфальтты тыз-тыз тілгені ғана естіледі. Ол Жасынмен екінші рет қана кездесіп отыр. Бәрі де осы төрт бұрышты түсініктің ішінде ғана ғұмыр кешетін сияқты. Бағила оның түрін де анық елсетете алмады, тек салқын жанарын, салқын жүзін ғана ұмытпапты. Жасын Бағиланың бойынан тек әйелге тән сирек кездесер әдемілікті ғана емес, бұлақ бастауындай тазалықты, әсемдікті, қрақаттай мөлдірлікті көрді. Сонда ғана барып, ол өзінің әлгі сұраққа жауап әзірлемегенін сезді. Жасы он жетіден енді-енді ғана асқан қызға мұндағы сөздер мүлде жат, мүлде алыс көрінді. Мәликенің айтуынша. Ол бұларға онша да жақын емес, аталас қана ағайын. Жаймен ғана естіліп тұрған баяу ырғақ қиялды әр саққа бір жетелеп, әлдилеп барады. Әйелі Ғайникамал ғана тоқтау салып, кездескен қиыншылықты ер-азаматтай көтере білу керектігін айтты.  

А) Қана (ғана) демеулігі атау формадағы, тәуелдеуі септеулі есім сөздерге, сын есімдерге, мезгіл, мекен мәнді сөздерге етістік, формаларына   тіркесіп қолданылады да, оларға шек қою мәнін үстейді. Мысалы: Бірен-саран үйшіктердің маңдарында әлсіреген оттар ғана жылтырап көрініп, ақырын күңкілдеген дыбыстар ғана естіледі. (С.Сейфуллин).                                      

ә) -ақ демеулігінің негізгі мағынасы күшейту болғанымен, қолданылу ерекшелігіне қарай шек қою, тежеу мағыналарын да білдіреді. Мысалы: Мен бүгін ас жемесем де, қуанышпен-ақ тоқпын (Қазақ ертегілері); Мыңнан аса жылқыны үш-ақ адам бағып жүр (Ғ.Мүсірепов).

Бұл сипаттамада шектік демеуліктері туралы біршама толық мағлұмат берілген. Бірақ мұнда берілген теорияны әлі де дәлелдей түсуге болады. Бұл демеуліктің де өзі тіркескен сөздердің лексика-симантикалық сипатына қарай оларға қосатын мәні де түрленіп отырады. Мысалы: Тәнілі ғана аунақшып ұйықтай алмады. (Ғ.Мүсірепов); Айгүл осы тұста ғана бір айқайлап қалды. (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдерді салыстырып көрейік. Екі сөйлемдегі ғана демеулігі де сөйлемге шектеу мәнін үстеп тұр. Бірақ екі сөйлемдегі шектеу мәнінің сипаты бірдей деуге болмайды. Себебі алғашқы сөйлемде ғана демеулігі сөйлемнің бастауышына, екінші сөйлемде пысықтауыш мүшеге жалғанып тұр. Соған орай, алғашқысы субъектілік мәнді шектеп тұрса, екіншісі мезгілдік мәнді шектеп тұр. Дегенмен қана\ғана демеуліктері әр уақытта тек шектеу мәнін білдіреді дегсн қорытынды жасауға болмайды. Бұл демеулік кейде қомсыну, менсінбеу, місе тұтпау сияқты мәндерді білдіру үшін де жұмсалуы мүмкін. Мысалы: Бұл бір шөкім ғана, зәредей ғана, тіпті болымсыз жақсылық қой,.. (М.Әуезов). Тоғжан қонақтың мына пішініне енді жай ғана емес, тамашалап, қызығып қарады. (М. Әуезов).

Қана\ғана демеулігі қолданылған кейбір сөйлемдерден тұжырымдау, ой қорыту мәні дс байқауға болады. Мысалы; Ал ендеше, істің артына, аяқталуына ғана қараса, сол Базаралының әрекеті ел көпшілгің өкіндірер іс болған жоқ па (М.Әуезов).

Кейбір мәтіндердің құрамында қана\ғана демеулігінің шектеу мағынасынан нақтылау мағынасы басым болып келетінін байқадық. Мысалы: Міне, ол болашақ туралы менің барлық айтарым осы ғана! (М.Әуезов).

Қана\ғана демеулігі кейде өзі жалғанған сөйлемге әсірелеу, мадақтау мәнін де жамайды. Мысалы: Ақша көзі ғана шалар биік аспанда екі қыран сайыс салып жүр екен. (Ғ.Мүсірепов).

Кейбір жағдайларда қана\ғана демеулігі модальдық мәнге де ие болады. (яғни сөйлеушінің айтылған ойға көзқарасы). Мысалы: Тоғжан ақырын, сыпайы ғана кеп, Абайдың төсегіне торғын көрпені жазыңқырап қойды. (М.Әуезов). Бұл сөйлемнен «шектеу» мәніне қарағанда «көңілі толу» мәні айқынырақ байқалады. Сонымен қана\ғана демеулігі білдіретін қосымша мағыналарды былайша топтастыруға болады:

  1. Шектеу мәні;
  2. Қомсыну, менсінбеу, місе тұтпау;
  3. Тұжырымдау, ой қорыту;
  4. Көңілі толу мәні;

5  Нақтылау мәні;

6  Әсірелеу, мадақтау мәні.

Қазіргі қазақ тілінде өзі жалғанған сөзге немесе сөйлемге шектеу мәнін үстейтін демеуліктердің қатарына -ақ демеулігі жатқызылады. Бірақ бұл демеуліктің негізгі мағынасы күшейту екендігі де айтылып жүр. Біздің қолымыздағы материалдар да бұл пікірді жоққа шығармайды, қайта дәлелдей түседі. -ақ демеулігі септеулі формадағы зат ссімдермен, сын есім, саы есімдермен, есімдіктсрмен модаль сөздермен, етістіктермен тіркесе келіп оларға шектеу мәнін үстейді. Мысалы: Қали осы бір кесірлі қылығымен-ақ Сағираның жанын жаралап тұрғандай еді. (С.Алабергенов, Алға).

Мен «Қос шалқарды» өмірімде үш-ақ  рет көрдім. (Ғ.Мүсірепов).

Талаптансаң, ешбір көмексіз өзің-ақ оқуға түсіп кетерсің.(С Жүнісов,…)

Суда қалған лақ аз-ақ бас салмаған қасқырдан ыршып біздің аралға қарай қашып келеді. (Ғ.Мүсірепов).

Біздің аузымызға ас әкеп салам деп-ақ титықтап болдың-ау, мынау-не кәрім? (Ә.Нүрпейісов, Қан мен тер).

Бұл мысалдардың барлығынан да шектеу мәнін байқауға болады. Бірақ -ақ демеулігі үнемі шектеу мәнін ғана білдірмейді, өзі жалғанған сөздердің ыңғайына қарай басқа да қосымша мәндерді де білдіре береді. Ол мәндердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталудың принциптік маңызы бар.

-ақ демеулігі мезгіл үстеулеріне тіркесіп келіп, тез арада, іле-шала деген мәндер үстейді. Мысалы: Ол келген алғашқы сәтте-ақ Балжанның беті отқа түскен көңдей тырысып сала берді. (Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұлан)

-ақ демеулігі кейбір қолданыстарда әрі шектік, әрі нақтылық мәндерін білдіреді. Мысалы: Рас, о баста ел аузында жұмыс сағаты азайтылсын, азық молайтылсын деген екі-ақ әңгіме болатын. (Ә. Серсенбаев).

-ақ демеулігі кейбір сөйлемдерде қолданылғанда қанағаттанбау, қомсыну мәндерін білдіреді. Мысалы: Россия олар үшін осы-ақ/  (М.Әуезов).

-ақ демеулігі жалғанған кей сөйлемдерден жақтырмау, ұнатпау, нақтылау, тұжырымдау мәндерін де байқауға болады. Мысалы: Мінезі жеңіл-ақ, біздермен әзілдесе береді, әрі көп сөзді жігіт . (С. Еркебаев)

-ақ демеулігі өзі жалғанған сөзге немесе сөйлемге «өте оңай», «қиындықсыз» сөздерінің мәніне жақын мән үстейді. Мысалы: Ағат кеткен орайың болса, үндемей отырып-ақ ұлтады [9, 54].

Кейбір қолданыстарда -ақ демеулігі назар аудармау, қанағат ету, місе тұту мәндерін жамайды. Мысалы: Нұрқан туралы азды-көпті хабарыңыз болса, үйінің тарлығын сынамай-мінемей-ақ, көпіртіп тұрып төсеген шөптің үстіне отра кетіңіз. (Ғ. Мүсірепов).

-ақ демеулігі кейде есімше тұлғалы болымсыз етістіктерге тіркесіп келіп амалсыздық, шарасыздық мәнін үстейді. Мысалы: Мен одан қашпас-ақ едім, бірақ көріну көзге бос жұмыс қой. (Т.Жармағамбетов, нәзік бұлт).

-ақ демеулігі арқылы кейде «тырысу бірақ қолынан келмеу» мәнін де білдіріледі. Мысалы: Бірақ сонау көшусіз қалған Садық есімнен бір шықпай-ақ қойды. (I. Есенберлин, Алтын құс).

-ақ демеулігі белгілі бір қолданыстарда ұмытпау, жақтырмау, сияқты эмоциялық мәндерді де білдіреді. Мысалы: Етімді жегенінен жерімді жегені батты-ау мыналардың (М.Әуезов);

Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі -ақ демеулігінің әртүрлі позициялық    қолданыстағы ерекшеліктеріне сәйкес білдіретін қосымша мәндерін былайша топтастыруға болады:

  1. Күшейту мәні;
  2. Шақ, мезгіл мәнін үстеу;

3.Кекету, келемеждеу мәні;

  1. Амалсыздық, шарасыздық мәні;
  2. Тырысу бірақ қолынан келмеу мәні;
  3. Тез арада, іле-шала мәндері;
  4. Шектеу мәні;
  5. Ұнатпау, жақтырмау мәндері;
  6. Шектеу әрі нақтылау мәні;
  7. Мардымсыздық мәні

 

2.5. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болжалдық демеуліктер

 

Қазіргі қазақ тіліне байланысты еңбектерде болжалдық мағынасын (мәнін) білдіретін демеуліктер де басқа мәндерді білдіретін демеуліктер сияқты жеке қарастырылады. Бұл демеуліктер туралы проф. А. Ысқақовтың оқулығында біршама мағлұмат берідген: «Болжалдық  демеуліктерге -мыс              (-міс)  және  -ау демеуліктері жатады. Д.Исабековтің таңдамалы шығармаларының ІІ-томында төрт болжалдық демеулікті кездестірдік. Мысалы, Адам өзегереді деген рас-ау шамасы. Бұл телефонмен сөйлесіп болды-ау дегенде жұмыс кабинетінен Сәргел де шықты. Адам деген қызық жаратылған нәрсе-ау! «Жүрегі тағы қысылатын болды-ау», — деді Мәлике іштей.

А) -Мыс (-міс) демеуліктері жеке сөздер арқылы, сөз тіркестері арқылы сөйлем арқылы берілген ойға күмандану, болжалдау, көмескілендіру, сенімсіздік білдіру, мысқылдау, кекету мәндерін жамау үшін жұмсалады. Мысалы: «Үйлесер едік» деп айтады-мыс (Б.Майлин); Зәрі қатты әкені Абай қатты кіналапты —мыс (М.Әуезов).

ә) -ау демеулігінің негізгі мағынасы күшейту реңін үстеу болғанымен, кейде қолданыду ерекшелігімен байланысты өзі тіркесетін сөзге болжалдық мән жамау үшін де жұмсалады. Мысалы: Мылтығы сорайған солдат осы қашып кетер-ау дегендей өкшесін басып келеді (Б.Майдин); Біреу келе жатыр-ау көшемен деп ойлады Асқар (С.Мұқанов). «Осы сипаттамамен біз де толық келісеміз. Жалғыз-ақ болжалдық мәні кейде —мыс//-міс, -ау демеуліктерінен басқа да демеуліктер арқылы білдіріле беретінін қосуға болар еді. Мысалы, «ғой» демеулігі кейде өзі жалғанған сөйлемге болжалдау, шамалау мәндерін үстейді: Әжем осындайда. Аяғың талды ғой, отырсайшы… (Бұл туралы алдыңғы тарауда айтылған).

 

2.6. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болымсыздық демеулігі

 

1) Д.Исабековтің таңдамалы шығармаларының ІІ-томында үш болымсыздық демеулікті кездестірдік. Мысалы: Ол қарсы алдындағы сигаретін будақтатып, адам түгіл құдайды сынап, келеке етіп отырған жігіттен шошынайын деді. Кешегі дос деп жүрген адамдарының ара түспек былай тұрсын бұған қарамай, тіпті үйіне кетуі оның қабырғасын сөгіп кеткендей болды. Сол кезде бар ғой, нансаңыз, өңім түгіл түсімде де көрмеген сіздердің мына маң далаларыңызды сағындым.

2) Демеуліктің бұл түріне -байланысты да проф. А.Ысқақовтың сипаттамасына сүйенеміз: «а) Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, қимыл атауларына тіркесіп, болымсыздық мағына жамайды. Мысалы: Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық (Ғ.Мүсірепов).

ә) Тұрсын, тұрмақ сөздері де түгіл демеулігімен әрі мағыналас, әрі қызметі жағынан да пара-пар түсетін демеулік шылулар деуге әбден болады. Мысалы: Өзгертті соғыс ауа-райын, Қарт тұрсын шекті жылап бала уайым (С. Мұқанов)».

Бұл сипаттаманы дұрыс деп қабылдаймыз. Бірақ бірнеше мәселенің де есте болғаны жөн. Біріншіден, біздің ойымызша, түгіл демеулігінің фонетикалық варианты (degil, diil) басқа түркі тілдерінде (Мысалы, Анкара түрікшесінде) қазақ тіліндегі «емес» толымсыз көмекші етістігімен мағыналас сөз ретінде де қолданылады (Салыстырыңыз: Мен ақымақ емеспін — Ben deli degilim; Ол қонақ емес -О misafir degil т.б.). Ал қазақ тіліндегі түгіл сөзінің білдіретін мәні басқаша екендігі анық. «Түркі тілдерінің тарихи салыстырмалы грамматикасында» түркімен тіліндегі dal, гагауыз тіліндегі diil, қырым татарлары тіліндегі degil, қарашай-балқар тіліндегі tujuldu, қарақалпақ тіліндегі mjuwul, қазақ тіліндегі tugil сөздерін орыс тіліндегі «не» сөзімен аударылған [4, 508]. Ал қолымыздағы материалдар бойынша қорытынды жасайтын болсақ, қазақ тіліндегі «түгіл» демеулігінің мағынасын орыс тіліндегі «не» сөзінің жеке өзі бере алмайды. Оған «только» сөзін тіркестіре қолданылғанда ғана қазақ тіліндегі «түгіл» шылауының мағынасына жақындайды.

Екінші бір мәселе «тұрсын» сөзінің мағынасы оның алдына «былай» сөзін қосып айтқанда, айқындала түсетін сияқты. Мысалы:

Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ, Ұйықтап жатқан баланы тербетуге… (Ы.Мақатаев).

Біздің пікірімізше, «былай тұрсын» конструкциясы аса жиі қолданылатын болғандықтан, кейінгі кезде «былай» сөзі айтылмай-ақ қажетті мағына білдіріле беретіндей жағдайға жеткен сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

       Д.Исабековтың таңдамалы шығармаларының 2 – томынан.

  1. 41 нақтылық демеуліктері қолданылған.
  2. 18 сұрау мәнді демеуліктер қолданылған.
  3. 14 күшейткіш демекліктері қолданылған.
  4. 14 шектік демеуліктері қолданылған.
  5. 4 болжамдық демеулігі қолданылған.
  6. 3 болымсыздық демеулігі қолданылған.

Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылауларды лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік-функционалдық сипаттары жағынан қарастырғанда, төмендегідей қорытындыға келуге болады:

  1. Демеулік шылаулардың өзі жалғанған сөздерге үстейтін мәндерін негізгі мән, қосымша мән деп бөліп қарастырамыз.
  2. Демеулік шылаулардың қосымша мәндері үнемі бір ғана демеулік шылау арқылы ғана емес, басқа демеулік шылаулар арқылы да беріле береді.
  3. Демеулік шылаулардың өздері жалғанған сөздердің мағынасына қарай оған үстейтін   қосымша   мәндердің   де   сипаты   өзгеріп отырады.
  4. Бір ғана демеулік шылаудың бірнеше қосымша мән үстеу үшін жұмсалуға мүмкіндігі бар.
  5. Демеулік шылаулар морфологиялық сипаттары жағынан аффикстерге ең жақын шылау сөздер деп танылады.
  6. Демеулік шылаулардың басым  көпшілігі  көп вариантты болып келеді.
  7. Демеулік шылауларды шартты түрде демеулік — аффикстер, демеулік — сөздер деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
  8. Демеулік шылаулардың синтаксистік қызметіне қарағанда лексика — семантикалық қызметі басым болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қарымшақова А. Семантика – грамматические функции частиц в киргизском языке. Диссер на сойскание уч. ст. к.ф.н. Бишкек, 1992., 4-стр.
  2. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А, «Санат», 1994, 43-бет.
  3. Амиралиев К. Семантико-грамматические функции частиц тюркских языков. (на материале каракалпакского, узбекского, казахского языков) АДК., А., 1980, 32-35 стр.
  4. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. М., 1988, 504 стр.
  5. Қазіргі қазақ тілі. А., 1954 ж.
  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
  7. Оразов М. Көмекші сөздер. 1-кітап. Т.
  8. Нигматов Х.Г. Функционная морфология тюркоязыычных помятников ХІ-ХІІ вв. Т. 1988.
  9. Әміров Р. Жалғаулықтардың шығу тарихы. Қазақ тілі мен әдебиеті. №7., 1959.
  10. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991.
  11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері, А., 1993.
  12. Потебня А.А. Из записоп по русской грамматике, Т. І, 2. Изд. «Знание», М., 1958. ст.35.
  13. Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық құрамы. АДК., А., 1997.
  14. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І. Т., «Ғылым», А., 1975.
  15. Исабеков Д. Таңдамалы, ІІ., 28-бет., Алматы, 1991.
  16. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 6 т., «Ғылым», А., 1880.
  17. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А., 1972.
  18. Шақаманова Ы.Д. Да/де шылауы жайында // ҚРҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. А., 1996 ж.
  19. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 т., «Ғылым», А., 1980.
  20. Қазақ грамматикасы. А., 2002 .