«Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік –мәдени
құзырлығын қалыптастыру»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3
1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік -мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері…………………………………………………..7
- Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері…………………………………..7
- Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктері………………………………………………………………..17
1.3 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың сипаты, өлшемдері мен көрсеткіштер…………………………..28
2 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі…………………………………………………………………….45
2.1 Дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары……………………………………………………………………..45
2.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі……………………………………………………………………….51
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері және
оларды талдау……………………………………………………………………………………..57
Қорытынды…………………………………………………………………………………………….72
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………….74
Қосымшалар……………………………………………………………………………………………78
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық — экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді.
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады. Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені байқалды.
Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруның негізгі жолы – тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. [3,4,5] адамдар арасындағы әлеуметтік мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Орта ғасырлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев [6,7,8] мұраларында жалғасын тапты.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізуде. Мәселен, мынадай еңбектер: педагогикалық әлеуметтік этномәдени аспектілері Е.Омар, С.А.Ұзақбаева, К.А.Оразбаева, К.Ж.Қожахметова т.б. [9,10,11,12], болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру және оның оқу-тәрбие үрдісінде жетілдіру Р.С.Омарова, Ш.Таубаева, А.К.Керимов т.б. [13,14,15], жоғары оқу орындарында болашақ маман даярлау мәселелерінің мәдени құзырлығын қалыптастырумен К.М.Беркімбаев, Г.Э.Белицкая, К.Құдайбергенова, Б.А.Тұрғынбаева, Г.Ниязова т.б. [16,17,18,19,20], жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру М.Таникеев, Б.М.Сапарбаев, Б.А.Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, Қ.Т.Жанабаев, Т.А.Ботағариев, Б.Қ.Мұхамеджанов т.б.[21,22,23,24,25,26,27] еңбектерін атап өтуге болады.
Әлеуметтену-бұл өмiр сүру үшiн қажеттi бiлiмдердi, нормаларды, мәдени құндылықтарды менгеру болып табылады. Адам туылғаннан өмiрінiң соңына дейiн әлеуметтену процесiн өтедi.
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығы мәселесінің мән-маңызына айрықша ден қоюда. Сондықтан болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр. Демек, ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік, т.б. әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарында маман даярлау үрдісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби білікті шыңдаудың шарты ретінде, ана тілінде зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру қажеттігі мен педагогика ғылымында аталған проблеманың толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі; оны өмір талабына сай ұйымдастыру мен әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың арнайы әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты “Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру” деп таңдауымызға себепші болды.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеудің практикалық мәнділігі көрсетілді.
“Дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері” атты бірінші тарауда жоғары оқу орындарында дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері сараланып, зерттеліп отырған мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалып, мазмұны мен мәні ашып көрсетілді. Соның негізінде дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру үлгісі мен деңгейлеріне сипаттама берілді.
“Дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың әдістемесі және эксперименттік жұмыстар нәтижелері” атты екінші тарауда дене мәдениеті мамандығы студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың жаңаша жүйесін айқындаудағы оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен әдістемесі, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мазмұны, зерттеу нәтижелері көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, нақтыланып, негізгі тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар берілді, осы саладағы болашақта зерттеулерді қажет ететін мәселелер айқындалды.
Қосымшада болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға байланысты қосымша әдістемелік нұсқаулар, карталар, сауалнамалар мен тренинг үлгілері берілді.
1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері
Әлеуметтiк ортаға ата-анамызды, достарымызды, туысқандарымызды, әрiптетерiмiздi, әртүрлi iс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетiн адамдарды жатқызуға болады. Бiз күнделiктi өмiрде айналамыздағы адамдар тарапынан әлеуметтенемiз. Сөйлеудi, жазуды, өзiмiздi ортада қалай ұстап, қалай жүрiп-тұру керек екендiгiн үйренемiз. Мектептерге, әртүрлi курстарға бару арқылы бiлiм аламыз, көп нәрселердi үйренемiз. Ортаға бейiмделу де әлеуметтенуге жатады. Бала туылған кезiнен бастап жанұясында тәрбиеленедi, яғни жанұяда әлеуметтенедi. Өсе келе балабақшаға, мектепке барады, онда да көп нәрсенi үйренiп бiлiм алады. Одан кейiн жоғары оқу орнына түседi немесе жұмыс iстейдi, Мұнда да бiлiмiн тереңдетедi, қасындағы достарына, жұмыс ұжымына бейiмделедi. Ослай әлеуметтену жалғаса бередi.
Адамға қартайған шағында зейнеткерлiк өмiрге, қартайғандыққа байланысты туындаған жағдайларға бейiмделуге, кейбiр iс-әрекеттерге дағдылануға тура келедi. Яғни әлеуметтену процесi үздiксiз жүре бередi. Әлеуметтену ұғымы мен қатар әлеуметтендiру деген ұғым бар. Әлеуметтену- бұл үйрену, бiлiм алу, тәрбие алу, меңгеру, бейiмделу болса, әлеуметтендiру- бұл үйрету, бiлiм беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейiмдеу болады. Жоғарыда айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мұғалiмдер, достар, жұмыс ұжымы, т.б. әлеуметтендiредi.
Адам әлеуметтену процесiн өту арқылы қоғамдағы тәжiрибенi, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сiңiрiп, меңгерiп өмiрде қолданады. Сөйтiп қоғамды одан әрi жетiлдiрiп, дамыта отырып өзi жаңа сапа, қасиетке, тұлғалыққа ие болады.
Әлеуметтендiрудiң нақтылы жолдары болады. Олар:
а) iс әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.
ә) қарым-қатынас, бұл- адамдардың бiр бiрiмен ұдайы, үздiксiз алуан түрлi қатынастарда болуын талап етедi.
б) өзiндiк сана-сезiмдi дамыту, бұған ми және жүректiң өз бетiнше қызымет етуi жатады.
Мәдениет пен адамның белгілі бір шамада өзара байланысын қарастыратын Ә.Қоңыратбаев, Б.Г.Нұржанова, Э.Фромм еңбектері [28,29,30] қызығушылық тудырады, мәселен, мәдениет адам және адамзаттың барлық сала мен бағыттарда дамуының, жеке тұлғаның рухани жетілдіруіне қызмет ететін жағдайында, жиынтығы ретінде ұсынылған мәдениет мәнінде адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру құралдарын табу барысында еңбектену үдерісінде жасаған туындыларының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл еңбектерде «білім беру» және «мәдениет» түсініктері қатар қойылған: мәдениет – тәжірибе жинақтау, білім беру – бұл қимыл, қозғалыс үстіндегі мәдениетті іс-әрекет.
«Мәдениет» ұғымы (латын тілінен cultura – өңдеу, өсіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, жетілдіру) барлық адамзаттың ақыл-ойы, күш-жігерімен пайда болатын рухани өсуін білдіреді. Ғылым, техника, өнер, әдебиет, қоғамдық даму т.б. да осыған жатады. Мәдениет тасымалдаушылары ішінде белсенді тұлға педагог болып табылады. Бұл жағдай оларға өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылысын көрсететін, тәжірибелік іс-әрекет үрдісінде педагогикалық мәдениет негіздері бойынша белгілі бір талаптар жүйесін меңгеруін айқындайды.
«Тұлға мәдениеті» ұғымы түрлі әдебиеттерде талқыланғанымен, зерттеулер нәтижесі бүгінгі таңда ғылыми негіздемесінің толымсыздығын байқатады. Тұлға мәдениеті феноменін анықтау күрделілігі тұлғалық қасиеттер мен сипаттамалардың өзгермелілігіне байланысты. Авторлардың бір тобы тұлға мәдениеті анықтамасын рухани және адамгершілік тұлғалық сапалары мен қасиеттер жиынтығы ретінде қарастырса [31], екінші біреулері индивидтің даму деңгейіне сай материалдық және рухани құндылықтардың деңгейі ретінде талдау жасайды [32], үшінші топ тұлғаның әлеуметтену нәтижесі ретінде [33], ал төртіншілері қабілеттер жүйесі мен білім жиынтығы ретінде қарастырады [34].
Тұлға мәдениеті ұғымына берілген түрлі анықтамаларға қарамастан, тұлға мәдениетін қалыптастыру – қоғамның әлеуметтік талаптарына сәйкес басқарылатын үдеріс, өйткені базалық мәдениет ұғымына сай әлеуметтік орта мен жағдай ғана адамды өзгертіп қоймайды, сонымен қатар адам өзі ортаны және өмір сүру шарттарын өзгерте отырып, өзі өзгереді, дамиды.
Сонымен, тұлға мәдениеті — материалдық және рухани құндылықтарды жасақтау мақсатында тұлғалық қабілеттерді іс-әрекет негізінде шығармашылық тұрғыда дамыту болып табылады.
А.А.Бодалев пікірінше, тұлғаның мәдени деңгейін көтерудегі негізгі қозғаушы күш — адамның ынтасы мен өзіндік сұранысы болып табылады. Адам қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – тұлға ретінде өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі болып саналады. Аталған қажеттіліктің негізін адамның ойлауға, қарым-қатынасқа, еңбекке деген қабілеті құрайды [35].
Тұлға мәдениетінің мазмұны адамның дамуы дегенді білдіреді. Тұлға мәдениеті сипаттамасы оны шартты түрде жалпы және кәсіби арнаулы бөлінуге әкеледі. Осыған байланысты жалпы мәдениетті гуманитарлық негіз, ал кәсіби мәдениеттің негізін таңдаған мамандыққа сай арнайы дайындық, қабілет пен білім құрайды.
В.С.Библер пікіріне сүйенсек, жалпы мәдениет дүниетанудың жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, адам қызметінің барлық салаларында байқалады, ал кәсіби мәдениет тұлғаның белгілі бір салада іс-әрекетін жаңарту қабілеті мен таным ретінде қарастырылады [36].
Сонымен, жалпы мәдениет білімділіктің жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар адамның рухани күш-жігерінің жан-жақты дамуы, белсенді ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі және қоршаған ортаны жаңғыртуға бейімділігі, яғни іс-әрекет барысында кешенді жүзеге асырылатын қабілеттерден тұрады.
Жоғарыда айтылғандай, тұлғаның мәдени дамуының өлшемі ретінде кәсіби іс-әрекет мәдениеті есепке алынады.
Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беру мен оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты.
Тұлғаның бәсекеге қабілетті моделін құраушылардың маңыздысының бірі кәсіпқой маманға табысты бағдарлануға мүмкіндік беретін, іскерлік және мәдениетаралық байланысты орнатe іскерлігін меңгеру болып табылады.
Білім беру стандарттарында көрсетілген құзырлылықтарды қалыптастыру талаптарында білім берудің жаңа парадигмасына көшу, әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайындықты қалыптастыру талап етіледі.
Кілттік құзырлылық қалыптастыру технологиясын А.В.Хуторский, М.В.Рыжаков, Н.Хомский, Дж.Равен және т.б. жасап шығарған [37, 38, 39, 40].
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс. Сондықтанда кәсіби орта білімді мұғалімдерді даярлайтын ұжымдардың дәріс беруші оқытушылары да педагогтар қауымына ұсынылып отырған заман талабын бұлжытпай атқаруы міндетті деп санаймын.
Бүгінгі оқу орнын бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы мақсаттарына сайма-сай болып шығуы қажет, яғни олар еліміздің әлеуметтік экономикалық жоғарғы қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелейтіндей кадр болып шығуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандықтар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты — мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян.
“Құзыр”, “құзырлылық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, әдебиеттерде “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.
Қазіргі кезде құзырлар/құзырлылықтар негізінде жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары мен оқытушыларды аттестациялау процедураларының мазмұнын өзгерту бойынша жұмыстар кең тұрғыда жалғастырылуда. Осы бағытта жоғары білім берудің дене шынықтыру және спорт мамандығына арналған мемлекеттік стандартының мәтінінде білім беру құзырлары болатын негізгі жағдайлар белгіленген.
Білім беру құзырлары — бұл болашақ мұғалімнің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы.
«Құзырлылық» ұғымы жайлы авторлар былай дейді: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе [19], бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «…өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді» [41, б-98].
Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда, жастардың кәсіптік дайындығының сапасы мен кәсіптік шеберлігінің деңгейі сәттіліктің кепілі бола алады. Кәсіптік оқу орындарының міндеті мамандарды дайындауда кәсіптік оқытуды жақсарту және оны іске асыруда әдістердің тиімділігін арттыруды көздейді. Кәсіптік оқу орнында оқыту процесін іске асыру, педагогтың саналы іс-әрекет жасай алу қабілетіне байланысты.
Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзырлылығымен шешіледі.
Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзырлылық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.
Мұғалім құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен рөл атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, білімгерлердің психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (болашақ мұғалімдерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының мақсаты — ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үдерісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек, сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
Болашақ мұғалімдердің шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында мәліметтерді пайдалана отырып өмірден көрген практикасымен байланыстыру арқылы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.
Ал қазіргі мұғалім, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Оқыту мен жетілдірудің жаңа технологиясын белсенді енгізуге қолдау көрсету міндет.
Кесте 1. Н.В. Кузмина белгілеуі бойынша мұғалім құзырлылығы
Дифференциал-ды- психологиялық |
Коммуникативтік (әлеуметтік- психолоиялық) |
Арнайы және кәсіптік
|
Әдістемелік |
Аутопси- хологиялық |
Білімгердің жеке, жас, психологиялық ерекшеліктері |
Мұғалімнің ата-ана, әріптестері, оқушылармен қарым-қатынасы |
Сабақ беретін пәнін терең меңгеруі |
Әдіс-тәсілдер мен технологиялар-ды қолдануы |
Жетістіктері мен олқылықта-рын білуі, жою үшін жұмыс істеуі |
Әрбір елдің білім беруі, сол елдің даму сатысын сипаттайтын нақты-тарихи шарттарға байланысты болып табылады деп болжалады. Егер қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, соның салдарынан білім беру жүйесі де өзгереді. Біздің елімізде ұзақ уақыттар бойына дәстүрлі деп саналатын білім түрі қалыптасты. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі білім беруден тұлғалық-бағытталған білім беру түріне өту байқалып жатыр. Дәстүрлі білім беру арқылы тек білім бағыты көзге түседі.
Тұлғалық-бағытталған білім беру дәстүрлі білім беруді жоққа шығармайды, сонымен бірге бірқатар келесі артықшылықтарға ие: ғылымның, техника мен өндірістің кең спектріне бағытталған кадрлар даярлау; түрлі мамандар дайындаудың жан-жақты сипаты; іргелі дайындықтың жоғары деңгейі; кәсіби іс-әрекетке бағыты және тәжірибемен тығыз байланыстылығы.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер дәстүрлі жоғары оқу орнының кемшіліктеріне дәлел болғандай. Дәстүрлі білім беру тұлғаның мәдени және рухани дамуына айтарлықтай зиян келтірді.
Білім берудің дәстүрлі парадигмасынан гуманистік типтегі тұлғалық-бағытталған білім беру түріне ауысуы білім беру жүйесін дағдарыстан алып шығуы тиіс.
Т.И.Саломатова [42] көзқарасы айрықша қызығушылық тудырады: “мәдениет — адам мен әлемнің өзара қарым-қатынасында ерекше рольге ие, ол табиғат пен қоғамды, сонымен қоса адамның өзінің ішкі әлемін, оның қалыптасу және дамуында ерекше мәнді болып табылады”. Автор адам мәдениетінің танылуының үш түрін ажыратады: мәдениеттік (мәдениет жасаушы, мәдениет туындаушы) іс-әрекет, мәдени болмысты меңгеру, адамзат жинақтаған мәдени байлықты игеру; мәдениеттің жеке тұлғалық тұрғыда танылуы, яғни адамның барлық күнделікті іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта, өмір сүру қалпында күштерін жүзеге асыруы.
Адамның мәдениеттілігі жоғарыда аталған түрлерде жоғары деңгейде танылған сайын, бұл түрлер үйлесе үндеседі және оларда мәдениет жасаушылық іс-әрекет адамның негізгі әлеуетін танытудың әлдеқайда белсенді әрі шығармашыл түрі ретінде маңызды сипатқа ие болады. Жоғарыда айтылған түрлердің бәрі іс жүзінде педагогикалық қызмет барысында іске асырылуы тиіс.
Болашақ мұғалімнің, оның мәдениетінің, жеке тұлғасының қалыптасуының теориясы мен тәжірибесі үшін, мәдениетті шығармашылық іс-әрекет және жеке тұлғаның осы іс-әрекет үдерісі мен нәтижелері біртұтас өзін-өзі жүзеге асыруы, яғни өзінің маңызды күштерін жүзеге асыру мен дамыту көзқарасы тұрғысынан қарастыру маңызды болып табылады. Бастапқы көзқарасты негіздеу үшін «іс-әрекет», «маңызды күштер», «шығармашылық» ұғымдарының мазмұнын айқындау қажет.
Арнайы зерттеулер пәні болып табылатын «іс-әрекет» ұғымы – адамның қоршаған әлемге белсенді қарым-қатынасының ерекше түрі, оның мазмұнын мақсатқа орай өзгеру мен қайта жаңғыруын құрайтынын атап өтеміз. Адам өз іс-әрекет үдерісінде өзін қоршаған ортаны қайта жаңғыртады және осының негізінде өзін өзгертеді, яғни адамның маңызды күштерінің шоғырлануы мен саралану, олардың, игерілуі,өмірлік үдеріске қосылуы жүргізіледі.
Іс-әрекет пен мәдениет бір-біріне өзара тоғысқан диалектикалық тұтастықты құрайды. Іс-әрекет мәдениетті өндіреді және оған шынайы болмыс береді, ал мәдениет іс-әрекетті ұйымдастырады, реттейді оның тәсілдерін, тиімділігін, оны жетілдіруге қажетті әрі мүмкін бағыттарды айқындайды. Іс-әрекетке өз субстанциясы тұрғысында қатынастағы мәдениет адамның елеулі күші жинақталатын ішкі ұйымдастырылуын құрайды [43, 53-б.].
Сөйтіп, іс-әрекет бір жағынан, жеке тұлғаның елеулі сапаларын дамыту көзі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, іс-әрекетте адамның негізгі күштері танылады, әрі жинақталады.
Адам іс-әрекет үдерісінде өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырып, өзінің адамдық табиғатын «шынайы негізгі сапалар» арқылы танытады.
Адам заттық әлемді жасай отырып, өзінің ерекше адамдық немесе негізгі қасиеттерін дамытады. Негізгі қасиеттер ықпалын тигізе отырып, адамның сапалық көрінісіне айналады, дегенмен негізгі сапалар да мәдениетпен біртұтастықта танылады. Мәдениет «адамдық» сипатқа ие, онда адамның өмір сүретін қоғамдық қарым-қатынастары, қоғам тәжірибесі, білім-біліктері көрінеді. Олар мәдениет болмысының түрі ретінде өзінде адамның маңызды сапалары қаншалықты көрініс табуы мен жүзеге асырылуының сипаттамасын түзеді [44,15-б.].
Әлеуметтік-мәдени іс-әрекет — адамның ерекше іс-әрекеті ретінде өз мәні бойынша шығармашылық іс-әрекет болып табылады. Адам өз іс-әрекетінің тарихи сипатының арқасында ғана бар мәдениетті меңгерумен шектелмейді, мәдениетті де, оны құрушы ретінде өзін-өзі де өзгертетін, дамытатын, жетілдіретін жасаушы тұлға болып табылады.
Сөйтіп, жоғарыда баяндалған мәселені жалпылай келе, мынадай тұжырымдарды жасауға болады: біріншіден, әлеуметтік-мәдени мәнін ашу көп аспектілі тәсіл негізінде мүмкін болады; екіншіден, мәдениет — әлеуметтік тәжірибені сақтау мен жеткізудің әмбебап құралы болып табылады; үшіншіден, мәдениеттің мәнін анықтауға орай, жеке тұлға мәдениетін, кәсіптік және педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін әдіснамалық негіз ретінде қабылдауға болады деп есептейміз.
Зерттеу жұмыстарын талдау нәтижелері кәсіби педагогикалық этиканы педагогтың адамгершілік тәрбие нормасының жүйесі, оның педагогикалық ұжым, оқушылар, олардың ата-аналары мен қоғам алдындағы жауапкершілігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді; педагогикалық этиканың негізі қағидалары -ізгілік, ұжымшылдық, кәсіби борыш, педагогикалық бедел, болашаққа сенімділік және адалдық болып саналады.
Әлеуметтік-психологиялық міндеттер адамдардың арасында байланысты орнатуын, тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілдіруін, қарым-қатынасқа қатысушылардың арасындағы өзара байланыстың дамуын, топтық үрдістердің тиімділігі мен топтардың пайда болуын, топтық бірлікті және бүтіндікті қамтиды. Сонымен қатар, бұл міндеттерге қоғамдағы тұлғаның дамуымен байланысты, оның әлеуметтендіруімен және қоғамда мүше ретінде қалыптасуымен, тұлғаның сана-сезімі, еліктеу, сендіру, топтық қысым көрсету және топтық санкция ықпалдарымен қалыптасуы жатады.
Әлеуметтік міндеттер өзіндік және қоғамдық тәжірибенің алдыңғы ұрпақтан келесі ұрпаққа тапсыру, сабақтастықты қамтамасыз ету және адам өмірінде дамыту; әлеуметтік әрекеттесуді ұйымдастыру; қоғамдық қатынастардың барлық түрлерін қалыптастыруға (ойындық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық) бағытталған.
Қорыта келе, әлеуметтік-мәдени негізінде терең психологиялық-педагогикалық танымдар, әр бағыттағы білімділік, үнемі педагогикалық ойды жетілдіру, жұмыс нәтижесіне іштей қанағаттанушылық, өзіндік сыншылдық, жүйелі кәсіптік әрекетке ұмтылыс (оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға), мәжбүрлеусіз оқу-тәрбие ісіне толық берілу жатады да, ал ішкі қажеттіліктерге назар аударсақ, өзіндік еркіндік; рухани байлық, ұнамды тазалық, педагогикалық этика, шығармашылық, жаңашылдық, ізденімпаздық жатады.
Ұлы ғұлама әл – Фараби [3, 19 б.] тәлім-тәрбие туралы былай деп көрсеткен: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз».
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы – өзіне-өзі адал болуынан, жүріс-тұрысы ізетті болуынан ғана туады.
Адамның әуелден тоқымашы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.
Денсаулық туралы даналық бойынша: «Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек; ал, егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек». Егер тән ауырса, көңілдің күрт түсуі – табиғи құбылыс. Сондайда алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.
әл – Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек, білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп көрсетеді. Дене күші, рухани және ақыл-ой, осы үшеуі толық адамды үйлесімді жеке тұлға деп атады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген теориялық талдаулар зерттеліп отырған мәселенің қазіргі таңда жастарымыздың қазақ елінің ардақты, рухани санасы мен мәдениеті қалыптасқан жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызы зор екенін көрсетіп отыр.
Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.
Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін арттырады. Дене тәрбиесі сабақтар арқылы, спорттық жарыстар арқылы, түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы бойынша дене тәрбиесі мемлекеттік дәрежеде жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді (1-сурет).
Педагогика ғылымы жеке тұлғаның ар-ожданына, денесіне зиянын келтіретін “қисынсыз жарыстар” мен “төбелесқорлық” тәсілдердің дене тәрбиесіне жат екенін уағыздайды.
Дейтұрғанмен, дене тәрбиесіне ұжым, қоғам, ұйымдармен қатар, әрбір жеке тұлға аса зор жауапкершілікпен қарауға міндетті.
Тағы да ұлы Баукеңнің өмірлік көзқарасына жүгінер болсақ:
«Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те — ерлік» [45,12 б.].
Жеке тұлға мен ұжымдық мақсаты бір болғандықтан, олар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірін-бірі қуаттап отырады. “Жалғыз ағаш — орман емес, жалғыз адам – қорған емес”, “Жалғыздық құдайға ғана жарасқан” деп, халық жеке тұлғаның тек ұжымда ғана қалыптасатынын дәлелдеген.
1-сурет – Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары
1.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктері
Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл екі үдерістен: ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асырудан тұрады. Білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтарын анықтау мақсатында, жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім беруінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы жасалды [46]. Онда білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандардың білім сапасын арттыру, оларды даярлаудың жаңа бағыттарын мен инновациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ықпалдастығы, ғылыми зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіруді көрсетеді.
Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне сай жоспарлы интеграциялануы қазіргі заманның талаптарына сай жаңаша тәсілдерді талап етеді. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім берудің кредиттік жүйесін енгізу жағдайларында кәсіби бейімделуін, оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
«Құзырлылық» ұғымы соңғы уақытта жалпы дидактикалық және әдіснамалық деңгейде қолданысқа еніп отыр деп айтуға болады. Ғылыми әдебиеттерде құзырлылық қайсыбір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, бір нәрсені жасау, оқушының қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
«Соmpetent» сөзі французша «компетентті» «заңға сай» , латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. Осы «компетенттілік» шетелдік түсіндірме сөздікте меңгеруші ретінде қарастырылған.
Компетенттілік (құзырлылық) деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады.
«Компетентті» ұғымының мазмұны мынадай екі аспектіде көрініс береді
1) Компетенттілікті меңгерген, заңға сәйкес
2) Белгілі бір саланы білетін тұлға.
«Компетенция» деп – оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттерді айтады.
Компетенцияның түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы компетенттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді компетенттіліктерді бөліп қарастырайық.
Түйінді компетенттіліктердің құрылымы төмендегідей бөлінеді:
- Өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық компетенциялар. Олар: оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу, әртүрлі ақпарат көздерінен білім жинақтап білуді меңгерту жатады (кітаптан, газет-журналдардан, теле-радиохабарлардан, интернеттен т.б.)
- Мәдени іс-әрекетіндегі компетенцияларға бос уақытын өзінің рухани және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (көркем әдебиеттер оқу, түрлі лекциялар мен баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар) жатады.
- Тұрмыстық саладағы компетенциялар: жеке гигиенаға, өз денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.
- Әлеуметтік еңбек іс-әрекеттері саласындағы компетенциялар – бұл оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас этикасы, өз мүмкіндігін бағалау, жауапкершілік жүгін арқалай білу.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада:
- Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым;
- Оқытудағы іс-әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған;
- Оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады.
- Мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады.
- Мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-катынастар оқу ісі әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.
Соңғы кезде елімізде білімге деген көзқарас өзгерді: бұрын ғылым-өндіріс-білім деп қарайтын болсақ, қазір мәдениет- білім –тарих деп қарайтын болдық. Бұдан орта білім берудің мақсаты нақтыланды: алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін қолдана алатын, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Білім мазмұнын игерудің және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктеріне, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейі оқыту сапасы деп аталады.
Ал білім беру сапасы дегеніміз – бұл білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы.
С.И.Архангельскийдің пікірінше, ғылыми даму болашақ мұғалімдер білімінің мазмұны мен деңгейіне, оның шығармашылық дамуына қойылатын талаптарды өзгертеді. Ал, жоғары оқу орындарының дамуы өз кезегінде ғылыми-техникалық даму шарттарының бірі болып табылады немесе онымен дайындалған мамандар ғылым мен техниканың ары қарай дамуын іске асырады [47].
Біз “педагогикалық қызметтің кәсіби стандарты ретінде өзінің бүтіндігі мен мүмкіндігін және педагогикалық қызметтің табыстылығын анықтайтын қызметтік субъекттің (құзырлылық) сапасына қойылатын талаптар жүйесін түсінеміз”, онда негізгі басқарушы құжат келесі төрт сапада іске асырылуы тиіс:
- Жоғары және арнайы орта педагогикалық білім берудің мазмұны мен формаларын қайта құруға (модернизациялау, жаңарту, дамыту) негіз ретінде.
- Мұғалім қызметін оның түрлі конкурстарда, әлеуметтік гранттық жобаларда және т.б. қатысуын эксперименттік бағалау үшін негіз, яғни жақсы мұғалім бағасының мемлекеттік деңгейде мектептегі бағасынан айырмашылығы болмауы (мұғалім құзырлылығын басқарудың стратегиялық деңгейі).
- Мұғалімнің кәсіби қызметінің (сапа, нәтижелік, ықпалдылық) табыстылығын бағалау үшін негіз (мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейі).
- Диплом алды білім беру жүйесін үздіксіз педагогикалық білім беру ресурсы ретінде мақсатқа бағдарлап жобалау үшін негіз (білім жетілдіру курстары, аймақтық, қалалық семинарлар және т.б.) (мұғалім құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейі).
Мұғалімнің құзырлылығын басқарудың тактикалық деңгейін мектеп, әдістемелік орталықтар деңгейінде іске асыру, кәсіби қызмет сапасын бағалау технологиясы тұрғысынан “мөлдірлікті” талап етеді, басқаша айтқанда, әрбір мұғалім, аймақтық әдістемелік орталықтың әдіскері, әдістемелік орталық басқарушысы – мұғалім жұмысының сапасын басқарушы барлық субъектілер кәсіби білім беру стандартындағы әрбір сөзді бірдей деңгейде түсінулері тиіс.
Бұл: мұғалімнің кәсіпқойлылығының мониторингіне, оның жеке әдістемелік жұмысының бағыттары мен формаларын бөлуге; жұмыс сапасы үшін үстемелер ақыларды анықтауға негіз болады.
Демек, бұл құжаттардың әрбір сөздерінің мәнін біртұтас түсінілуіне ұжымдағы психологиялық ахуал, әкімшілік пен мұғалім арасындағы сұхбат мүмкіндігі тәуелді.
Жеке тұлғалық бағыт оқу жүйесі және оқу тәрбие ісінің (үйренуші мен үйретушінің қарым-қатынасына, оқушымен оқу құралдарына т.б.) барлық компоненттеріне әсер етеді, болашақ мұғалім үшін ыңғайлы оқу-тәрбие ортасын құруға көмектеседі.
Болашақ маманның кәсіби тұлға болуының мәні – әрдайым білімін жетілдіріп отыру, тәрбие мен қоғамдағы барлық сұрақтарға жауап іздеу, тыныштық пен қамсыздыққа жол бермеу, қанша қиын болсада, зерделі адам болуға ұмтылу. Қазіргі уақытта «интеллект» түрліше талдау кезеңін бастан кешуде, жаңа мағыналар көбеюде, «ескішілдіктен» құтылу мен оған деген қатынастың болымсыз жақтары көрініс табуда. Қазіргі интеллигентті адамға ақыл мен білім ғана қажет емес, жаңа кезеңнің күрделілігіне сай бола алатындай ақылгөйлік керек. Бұл болашақ маманға қоғамның кез-келген қарбаласынан шығуына көмек береді, рухани және материалдық мәселелер арасынан жол тауып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарап, «өз мамандығының нағыз іскері» болуға мүмкіндік береді.
Қоғамның сапалы жаңа деңгейге өтуі барысында, тұлғаның адами мінез-құлқы мен құнды көзқарастары сияқты басты әлеуметтік кейіптеріде өзгереді. Қазіргі әлеуметтік өмір барысында қарқынды өмірге бейімді тенденциялар өзіне объективті түрде жол ашуда. Қазір, күн сайын өзгеріп жатқан заманда, кез-келген жаңа нәрсеге бетбұрыс жасап, жаңалыққа ене алатын, өмірге бейімді тұлға қалыптасу керек. Жағдайлардың әртүрлілігі, уақыт талаптарына сай әлеуметтің өсіп жатқандығын көрсетеді. Жаңа уақытты ықылас, білім, кәсібилік, өз күшіне сену сияқты қасиеттер ғана сипаттай алады.
Жеке тұлғалық бағыт оқу жүйесі және оқу тәрбие ісінің (үйренуші мен үйретушінің қарым-қатынасына, оқушымен оқу құралдарына т.б.) барлық компоненттеріне әсер етеді, болашақ мұғалім үшін ыңғайлы оқу-тәрбие ортасын құруға көмектеседі.
Болашақ маманның кәсіби тұлға болуының мәні – әрдайым білімін жетілдіріп отыру, тәрбие мен қоғамдағы барлық сұрақтарға жауап іздеу, тыныштық пен қамсыздыққа жол бермеу, қанша қиын болсада, зерделі адам болуға ұмтылу. Қазіргі уақытта «интеллект» түрліше талдау кезеңін бастан кешуде, жаңа мағыналар көбеюде, «ескішілдіктен» құтылу мен оған деген қатынастың болымсыз жақтары көрініс табуда. Қазіргі интеллигентті адамға ақыл мен білім ғана қажет емес, жаңа кезеңнің күрделілігіне сай бола алатындай ақылгөйлік керек. Бұл болашақ маманға қоғамның кез-келген қарбаласынан шығуына көмек береді, рухани және материалдық мәселелер арасынан жол тауып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарап, «өз мамандығының нағыз іскері» болуға мүмкіндік береді.
Қоғамның сапалы жаңа деңгейге өтуі барысында, тұлғаның адами мінез-құлқы мен құнды көзқарастары сияқты басты әлеуметтік кейіптеріде өзгереді. Қазіргі әлеуметтік өмір барысында қарқынды өмірге бейімді тенденциялар өзіне объективті түрде жол ашуда. Қазір, күн сайын өзгеріп жатқан заманда, кез-келген жаңа нәрсеге бетбұрыс жасап, жаңалыққа ене алатын, өмірге бейімді тұлға қалыптасу керек. Жағдайлардың әртүрлілігі, уақыт талаптарына сай әлеуметтің өсіп жатқандығын көрсетеді. Жаңа уақытты ықылас, білім, кәсібилік, өз күшіне сену сияқты қасиеттер ғана сипаттай алады.
О.Абдуллина болашақ мамандарды кәсіби даярлау келесі факторларға байланысты деп ұсынады [48]:
- Білім сапасын «әуелгі материалдан» яғни оқушылардың білімділік, икемділік және машық қабілеттерінен байқауға болады;
- Орта және жоғары оқу орнының синхронды байланысы;
- Кәсіби білім сатыларының сабақтастығы;
- Оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының және оқыту әдістемесінің сапасы;
- Оқу үдерісінің материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі;
- Оқытушының тәжірибелілігі – үздіксіз ізденуді ұстанған және ғылым, инновациялық жаңалық ізденуші яғни, оқытушының кәсіби деңгейі;
- Болашақ мұғалімге жоғары сапалы білімді игертуге мүмкіншілік жасай алатын жоғары оқу орындарының басшылығы және оқу үдерісінің ұйымдастырылуы;
- Болашақ мұғалімдерді еңбек нарығындағы қиындықтарға дайындау;
- Мамандардың икемділігі, талапшылдығы, «өзінің» жұмыс орнын даярлау, өзінің таңдау талғамын өзі басқару және өзінің кәсіби іс-әрекетінің қолдану аясын табу;
- Талап – маманға деген жан-жақты әлеуметтік сұраныс: мемлекеттік, жергілікті, мекемеаралық, әлеуметтік-топтық, жеке, халықаралық;
- Әлемдік стандарттарға сай сапалы маман даярлау.
Сапалы дайындық:
- білімнің пәндік бөліміне терең бойлау оқытылып жатқан танымдық сфераға «терең ену» машықтарын иелену;
- белгісізді тануға деген қызығушылықтың өсуі мен ішкі қажеттілік механизмінің қалыптасуы;
- шығармашылық сипаттағы оқыту мен үйрету мотивацияларын иемдену;
- болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмысының икемділігі мен қабілетін қалыптастыратын стимулдарын анықтауды ұсынады.
И.А.Зимняя өз еңбектерінде, студенттік уақыт – адамның жалпы тұлғаға айналуының, әртүрлі қызығушылықтарның пайда болу кезеңінің орталығы – деп жазған. Студенттік жас – болашақ «іскер» ретінде адамның қарқынды және белсенді әлеуметтенуі мен интеллекттің қалыптасу уақыты [49].
Жоғары оқу орнының терең ойлайтын, білімді мамандарын дайындау туралы айта отырып, болашақ жаңа заманға лайық маманның негізгі қасиеттерінің кейбіріне тоқтала кеткен жөн:
- тоқталған шешімдеріне, олардың әлеуметтік және экономикалық салдарына, кәсіптік-этикалық нормаларды сақтауда өз жауапкершілігін түсіну;
- проблемалық жағдайларды жүйелі талдауды іске асыра білу;
- белгісіз проблемалық жағдайлардан мақсат тауып, оларды дұрыс тұжырымдау;
- болжамдар жасау;
- өз ой инерциясын жеңу;
- бір мәселе бойынша ғылыми-техникалық ақпаратқа қажетті мақсатты ізденіс жүргізу және т.б..
Осылайша, адамның жеке жақтары студент пен мұғалімнің мақсатты қарым-қатынасы барысында қажеттіліктерін ашу, оның қызығушылығы мен мотивінің қалыптасуы сияқты адамның мүмкіншіліктерін болжайды. Осы тұста, болашақ мамандарға мынадай талаптар қойылады:
— өз мамандығының әлеуметтік сапасы мен мазмұнын түсіну;
— адамдар арасындағы заң мен оны тәжірибеде қолдана алу икемділігі;
— шешім қабылдау және ондағы жауапкершілікті сезіну қабілеті.
Тұлғалық – бағдарланған әдіс, әлеуметтік – мәдени құзырлылықпен ерекше әсер етеді. Бұл, оқу үдерісіне, студенттердің ел мәдениетіне тартылуы, өз елінің мәдениетін жақсы тану, оны таныстыру, мәдениет диалогына енуі сияқты мәдени бағытты ашып береді. Қазіргі кезде ЖОО-нын модернизациялау құжаттарында коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыруға қол жеткізу жобаланып жатыр, яғни түлектердің оны игергендігін іспен көрсетуі, өзінің жеке мақсатында және халықаралық ынтымақтастық мақсатында қарым-қатынас жасай алу мүмкіндігі.
Дегенмен, болашақ мұғалімдердің әртүрлі қабілеттері мен мүмкіндіктерін, болашаққа құрған әртүрлі жоспарларын және әрине, әртүрлі кәсіби мақсаттарын ескере отырып, оқытудың әртүрлі деңгейі болады. Осылайша, тұлғалық – бағдарланған әдіс мақсатты анықтауда жұмсақтықты талап етеді, болашақ мұғалімдердің жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескереді және білімнің жоғары нәтижелілігіне алғышарт бола алады.
О.П.Молчанова құзырлылыққа келесі жолмен түсінік береді: «Құзырлылық – адамның, шындықты дұрыс және терең түсінуі, жағдайды дұрыс бағалауы және өз білімін дұрыс қолдануы сияқты қабілеттері». Шындығында, «құзырлылық – бұл адамның қиындықтарды шеше алу қабілеті». Адамның міндеттерді тиімді шеше алу қабілеті, оның құзырлылығына байланысты екені анық. Құзырлылық тек қана біліммен емес, сонымен қатар тұлғаның табиғат, қоғам және адам сияқты жалпы түсініктерімен, оның дүниетанымдық ұстанымдарымен анықталады [50].
Құзырлылық түсінігі, бір жағынан адамның танымы мен тәжірибесімен байланысты жаңа жобаларды және жаңалықтарды ассимиляциялай алатындай, екінші жағынан білім жүйесінің әрбір баспалдағы, саласы, типінің білім талаптарын анықтауға мүмкіндік бере алатындай құрылуы тиіс.
Құзырлылықтың келесі аспектілері қарастырылады:
- мағыналық – жалпы мәдени контекстте жағдайды дұрыс саралау;
— мәселелі – тәжірибелі – жағдайды дұрыс тану, нақты құру және берілген жағдайда нормаларды, міндеттерді, мақсаттарды тиімді орындау;
- коммуникативті – осы сияқты жағдайда дұрыс қатынас жасау және өзара қарым-қатынас жасауда дұрыс мәдениет түрін ұстану;
Адам, өз мамандығынан тыс жағдайларда құзырлы бола алмаса (жоғарыда айтылған үш аспектіде), онда ол жалпымәдени құзырлы болып саналмайды. Сонымен қатар, егер кәсіби құзырлылықта, мәселелі – тәжірибелі аспект маңызды орын алса, жалпымәдени құзырлылықта мағыналық және коммуникативтік құзырлылықтар маңызды рөл атқарады.
Білім берудің соңғы мақсатын, маман тұлғасының нарықтық қатынас талаптарында еңбек ете алу қабілетін, қоғамдық және ғылыми – техникалық прогресс талаптарында нақты жетістіктерге жете алатындығын анықтайтын, бір жағынан кәсіби дайындықты, екінші жағынан әлеуметтік – психологиялық және рухани – шығармашылық қасиеттерді қамтыған маманның жобаланған моделі ретінде елестетуге болады.
Қазіргі заман талаптарында, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлану маңызды. Сондықтан, мамандарға, ЖОО түлектеріне қойылған талаптарда, мәдениетаралық байланыс пен этникалық қарым-қатынастың гумандандырудың дамуына мүмкіндік беретін, коммуникативті элемент қамтылған.
Білімнің мазмұнын, оның таңдауын және құрылымының негізін ашатын ең маңызды түсініктер «маман моделі», «жоғары білімді маманның квалификациялы қасиеттері» сияқты түсініктер болып табылады. Сондықтан, квалификациялы қасиеттерді қалыптастырудың ғылыми негізі ретінде маманның моделін ашу, көптеген жерде оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнын анықтайды.
Модель арқылы «түпнұсқаның кейбір қасиеттерін дамытушы белгілер мен объекттер жүйесін» түсінеміз. Болашақ мұғалімнің моделі ЖОО дайындығын іске асыру арқылы қол жетуге тиісті бір идеал ретінде түсіндіріледі. Оған қоса, ол кәсіби шығармашылық талаптарына және өндіріс пен әлеуметтік қатынастардың қазіргі деңгейіне сай болуы тиіс.
Қай жағынан алсақта барлық моделдерде келесі параметрлер болуға тиіс:
А) маманның жұмыс орны және өндірістік міндеттердің қасиеттеріне сәйкес маманға қойылатын талаптар;
Б) икемділік үшін қажетті білім;
В) іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның ерекше әлеуметтік және психологиялық қасиеттері.
Осылайша, маманның моделі, кең мағынада адамның нарықтық қатынас жағдайында қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарына сай нәтижеге қол жеткізе отырып еңбек ету қабілетін анықтайтын, кәсіби, әлеуметтік-психологиялық, шығармашылық (креативті) және тұлғалық қасиеттерімен түсіндіріледі.
Болашақ маман кәсіби қасиетін дамыту үшін, келесі мәселелерді шешу қажет:
- Маман бойында болуға тиіс кәсіби-тұлғалық қасиеттерді білу;
- Өз даму деңгейін талдау және тану;
- Мамандығы тұрғысынан дәрежесі мен алғырлығының, ептілігінің, білімінің деңгейін анықтау;
- Еліктеу үлгісін құру және табу;
- Өз бойында жүргізуге міндетті өзгешеліктерді танып біліп, өзін-өзі дамыту бағдарламасын құру;
- Мамандықты игерудегі нақты жетістіктерге жетуге көмектесетін еркін моральды қасиеттерге тәрбиелеу;
- Көзделген бағдарламаның орындалуын қадағалау;
- Өз еңбегінің нақты нәтижесін талдау;
Мұғалім тұлғасына қойылатын маңызды талап – педагогикалық іс-әрекеттікке кәсіби дайындық. ЖОО- қабырғасындағы болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие үдерісінде кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті маман ретінде қалай дайындауға болады? Педагогикалық білімнің мақсаттарын білім, қабілет және машықтарын педагогикалық іс-әрекетте тиімді қолдануға қабілеттілікті қалыптастыру ретінде қабылдайтын болсақ мүмкін болар. Бірақ әлеуметтік-мәдени бағыттың құрамдасы ретінде мінез-құлық аспектісі болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінің гуманистік бағдарымен әрқашан сәйкес бола бермейді. Сондықтан болашақ мұғалімдерді дайындауда толыққанды тұлғааралық әрекеттестікке, әлеуметтік қоғамда көп мәдениетті ортада өмір сүру қабілетіне дайындық ретінде әлеуметтік-мәдени құзырлылыққа үлкен көңіл бөлініп жүр.
Әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыру оқу орнының барлық кафедраларының қатынасы арқылы ғана мүмкін болады. Әсіресе, педагогикалық және психологиялық циклдық пәндерді, оқыту әдістемесін, технологиясын жүргізетін оқытушылар және факультеттердің педагогикалық практика жетекшілерінің әрекеттестігі маңызды.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында зерттеуші ғалымдар В.И.Слободчиков, Ю.Г. Юдина «әлеуметтік құзырлық» ұғымын ғылыми педагогикалық айналымға енгізген. Ғалымдардың басым көпшілігінің пайымдауынша, іс-әрекеттегі оқушы өміріндегі басты оқиға — өзіндік «Менін» ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзінің өмірбаянын өзіжасаушы ретінде сезіну деп есептейді. Сондай-ақ олар, оқушының әлеуметтік құзырлы әрекетінің пайда болуын ғылыми тұрғыда негіздей келе, оның жан-жақтылық сипатына назар аударады [51].
Қарастырылған әлеуметтік құзырлыққа байланысты ғылыми еңбектердегі теориялық сараптамалар негізінде және зерттеу мәселесі бойынша жасалған тәжірибелерімізге сүйене отырып мынадай қорытынды жасауға болады. Яғни, болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзырлығын қалыптастыру – оқушыларды сапалы өмір сүруге дайындайды. Біздің ойымызша, нарықтық қатынас заманындағы студентке әлеуметтік құзырлықты қалыптастыру үрдісі педагогикалық феномен ретіндегі мәнді де маңызды мазмұнға ие болады.
Осы түсініктерді негізге ала отырып, зерттеу пәнімізге қарай өз анықтамамызды береміз: болашақ маманның әлеуметтік құзырлығы – қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын, өмірді және өзін, өмірлік мақсаттары мен әлеуметтік құзырлықтың өзіндік, тұлғалық әлеуетін түсінетін, әлеуметтік маңызды құндылықтарды жүзеге асыра алатын, өзін және қоршаған ортасын силайтын, жауапкершілігі бар рефлексивті қасиеттер жиынтығы.
ХІХ ғасыр ағартушылары Ы. Алтынсарин (1841-1889), А. Құнанбаев (1845-1904) еңбектерінде адамның әлеуметтік қабілетіне әсер ететін, ынтасы мен қызығушылығын оятып, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге икемдейтін ақыл-кеңес береді[6,7].
Мұндағы анықтау экспериментінің мақсаты зерттеліп отырған мәселенің бүгінгі шынайы күйін анықтау. Осы негізде алдымызға мынадай мақсаттар қойдық: қарастырылып отырған мәселеге болашақ маманның көзқарасын анықтау; әлеуметтік құзырлықты қалыптастырудағы әр түрлі технология мүмкіндіктерін меңгеру, деңгейлік диагностика жүргізу, болашақ маманның әлеуметтік құзырлы диагностикалық деңгейінің өлшемдік мәліметтеріне сараптама жасау.
Әлеуметтік құзырлы даму деңгейін диагностикадан өткізу үшін бірнеше әдістер тобы пайдаланылды: біріншіден, болашақ маманның мәселеге деген саналы көзқарасын, әлеуметтік құзырлықтың кәсіби, тұлғалық маңыздылығын сезіну, оқу мен тәрбиедегі әлеуметтік құзырлығын анықтау мақсатында өзіміз өңдеген арнайы сауалнамалар жүйесі (анкета, сұрақ-жауап) пайдаланылды, нәтижесі талқыға салынды; екіншіден, әлеуметтік үрдіс жайлы бастапқы білімін анықтау мақсатында тестік тапсырмалар, бақылаулар, әңгімелер, сонымен қатар экспертті бағалау әдісі қолданылды.
Мұнда болашақ мамандар баршаға мәлім әдістемелерде белгіленген әлеуметтік, тұлғалық, жеке дара қасиеттері бойынша эксперименталды топтарға бөлінді. Аталмыш топтарды реттеудің әлеуметтік өлшемдері: туылған жері мен тұратын жері, жанұялық тәрбие жағдайы, әлеуметтік ортасы, топтағы қызмет дәстүрлері, білімгер тіршілік әрекетінің нормативті және орта жағдайлармен байланысы; эксперименталды топтарды реттеудің тұлғалық критерийлері: еңбек сүйгіштігі, сананың дербестігі, іс-әрекеттің дербестігі, өзіне деген талап ету қабілеті, жорамал мақсатты қоя білу, талдау шеберлігі, іскерлік, жобалау шеберлігі, тұрақсыз жағдай; эксперименталды топтарды реттеудің жеке критерийлері бойынша топталған.
Сондықтан, тұлғаны әлеуметтендіру барысында жоғарыда айтылған ойларды негізге ала отырып, білімгерді өмірлік табысқа жеткізу қажет. Ол үшін тұлғалық-іс-әрекеттік теориясын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны әлеуметтік мәні бар іс-әрекетке бейімдеп, жоғары сынып оқушысын субъект ретінде қарастырып, оның іс-әрекетінің белсенділігін төмендегідей қағидалар арқылы жүзеге асырамыз: оқу мақсаттарын әлеуметтік құзырлыққа бағыттап, қайта қарастыру; іс-әрекет әдістері мен тәсілдерін оқу мақсаттарына сәйкестендіру; оқу мен тәрбие үрдісін өмірлік жағдаяттарға сәйкестендіру; өзіндік тәрбиені өзіндік бақылау мен өзіндік реттеу арқылы жүзеге асыру; жобалық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау; қоршаған әлем, басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесін жинақтау.
Педагогикалық-ұйымдастырушылық шарт әрбір оқытушы болашақ мамандардың әлеуметтік құзырлығын қалыптастыру барысында тұтас педагогикалық процесте оқушыға жағымды орта жасауды; әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік білім мен іскерліктердің қалыптасуына көңіл бөлуді; «оқытушы-студент» жүйесінде білімгерлердің тұлға ретінде басымдылық іскерлігін басқа адамдарға деген тұлғааралық әлеуметтік әрекетке ендіруді қарастырады.
Біздің ойымызша, әлеуметтік өзара іс-әрекеттестік арқылы әлеуметтік құзырлықты қалыптастыру мақсатымыз бен тілегіміздің, біз күткендей нәтижеге жетпей жатқанда маңыздылығы арта түседі. Адам болып жатқан жағдайға нақты баға бере білуі керек. Сонда ғана игі істер жасап, болашақта өзін саналы түрде ұстай біледі. Жағдайға объективті баға бере білу үрдісі оқушының бойында әлеуметтік білімді, іскерліктер мен шеберліктерді қалыптастырумен байланысты.
Жаттығуларды орындау барысында рухани дамуды дене мәдениетінің жетілуімен тұтас бір уақытта жүретін процесс ретінде қарастыру керек. Жаттығуды үйрету кезінде аз күш жұмсап, үлкен жұмыс орындауға және кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін саналы көзқарас тәрбиелеуді негізгі міндет деп қарастырамыз.
Дене тәрбиесі – ол адамның жан-жақты жарасымды қалыптасуына, дененің дұрыс дамуына, денсаулығына, өмірге керекті қозғалыс аппараттарының белсенділігін арттыруға және дене күші мен рухани күшінің бірлесуіне бағытталған саналы тәрбие жұмысы. Бұл жан-жақты тәрбие жүйесі адам ағзаларының бірлігінен, оны бөлуге болмайтындығынан туындап отыр. Адам ағзасы бір және бүтін болғандықтан, оның дене мүшесінің қасиеттерінің бәрін бірдей дамыту керек. Өйткені, адамның әрбір жеке қасиетінің төмендеуі оның өзге тәрбие тек денені, не жанды емес, адамды тәрбиелеу бағытында жүру керек (2-сурет).
Осыған байланысты педагог Шарль Фурье: «… жан-жақты тәрбие дегеніміз – ол жалпы және күрделі болуы тиісті. Күрделі болуы ол бір мезгілде жеке тұлға денесін және жан дүниесін тәрбиелейді. Жалпы болуы – ол дененің барлық бөлігін және жан тәрбиесін қамтитын тәрбие жүйесі» — деген пікір айтқан [52].
Ал, Д.В. Хухлова: «Дене тәрбиесі – ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және әзірлігінің жоғарғы деңгейіне жетуіне бағытталған тәрбие жүйесі»,- деп көрсеткен [53].
Жан-жақты тәрбие жөнінде ой қозғаған психолог Т. Тәжібаев: «… тәрбие сөйлейді, яғни тіл арқылы ой салады, белгілі бір іс-әрекетке бағытталған жеке тұлға саналы түрде келген хабарды қимыл-қозғалыс, іс-әрекетіне айналдырады. Дене шынықтыру арқылы адам тек денесі мен тәнін ғана шынықтырып қоймай, ақыл-ой жұмысын да тиімді ұйымдастыра алады», – деген [54, 13 б.].
А.Н. Вишневский дене тәрбиесінде 2 бағыт қолданылатындығын көрсетеді. Біріншісі – дененің дұрыс өсуіне, және сол дененің саулығына бағытталса, екінші бағыт – дене мүшелерінің қалыпты өсуіне, шыдамдылық, беріктілік, икемділік қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2-сурет – Жеке тұлға даму субъектісі ретінде
1.3 Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың сипаты, өлшемдері мен көрсеткіштері
«Білім» дәстүрлі ұғым ретінде берілген тарихи кезеңге сай, адамды рухани дамыту дегенді білдіреді. Ал «мәдениет» қоғам өміріндегі құбылыстар және адамның санасы мен мінез-құлқының өлшемі ретінде түсіндіріледі. Білімді дамыту қоғамның әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық шарттары негізінде анықтала отырып, білім мен мәдениет арасында өзара тығыз байланысты қалыптастырады.
Өндірістік қоғамның дамуы мәдениеттің дамуына, материалдық құндылықтардың мәдениет бөлігіне айналуына ықпалын тигізді. Өнеркәсіптік төңкеріс тәжірибеге бағдарланған білімнің негізін қалыптастырды. Білім екі бағытта дамытылды: тұлға тәрбиесі мен әлеуметтік мәдени технологияларды меңгеруге бағытталған жалпы білім, екіншісі – мамандардың қалыптасуы мен өндірістік технологияларды дамытуға бағытталған функционалдық білім. Білімнің аталған екі түрі XX ғасырдың басынан ажыратылып, кейінірек функционалдық білім кәсіби білім ретінде қарастырыла бастады.
XX ғасырдың аяғында ақпараттық технологиялар дамытылып, мультимедиалық құралдар мен мәдениетті өзгертуге бағытталған психотехнологиялардың дамытылуы жаңа өркениеттің қалыптасуына негіз болды.
Білім әлеуметтік-мәдени феномен ретінде адам үшін жаңа ақпарат пен нәтижелі қарым-қатынас қалыптастыру факторы болып саналады. Бүгінгі таңда жалпы және кәсіби білімді жеке тұлғаға бағдарланған білім ауыстыра бастады, оның дамуына төмендегі бағыттар негіз болады:
- Білім берудің әр деңгейі үздіксіз білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл бағыт мектеп, арнаулы оқу орны және жоғары оқу орны тізбесінде кіріктірілген білімнің дамуына ықпалын тигізді.
- Білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялардың, мультимедиалық және виртуальдық технологиялардың енгізілуі дәстүрлі когнитивті бағдарланған оқыту жүйесінің сипатын өзгертеді, оқушылардың интеллектуалдық қызмет аясын кеңейтеді.
- Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі түрінен таңдауға негізделген белсенді оқытуға көшу оқушылардың өз бетінше білім алуы мен өзін-өзі жүзеге асыру қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
- Педагог пен оқушының өзгермелі қарым-қатынасы ынтымақтастық сипатқа ие болуда, педагог та, оқушы да тең құқылы білім беру үрдісіне қатысушыға айналады.
- Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы білім беру үрдісі мен нәтижесіне деген жауапкершілікке негізделген біртұтас кіріктірілген білім өзгермелі әлеуметтік, мәдени, білім беру және кәсіптік жағдайларда проблеманың шешімін табу құзыреттілігін дамытуға, өзін-өзі анықтауға жағдай туғызады.
Аталған бағыттар дамыған елдердегі білім берудің қазіргі жағдайына сипаттама береді және жүргізілген реформалардың ұстанымдарын анықтап берді. Білім беруді дамытудың негізгі ұстанымдары [2,4]:
- білім берудің негізгі мәндік факторы оқушы тұлғасын дамыту;
- білім берудің мақсаты — өзін-өзі анықтауға өз білімін жетілдіруге, өзін-өзі реттеуге және өзін-өзі өзектендіруге қабілетті тұлға құзыреттілігін қалыптастыру;
- білім беру үрдісін ұйымдастыру және мазмұнын саралау білім алушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен өзін-өзі жүзеге асыру сұранысына сай жүргізіледі;
- біртұтас білімге бағдарланған білім беру деңгейлерінің (жалпы орта, арнаулы және жоғары білім) сабақтастығы қамтамасыз етіледі;
- білім беру деңгейлерінің мазмұны бағдарламаның жылжымалы бөлігі есебінен кеңейтіліп, тұлғаға бағдарланған технологияларды қолдану арқылы толықтырылады.
Білім беруді жаңарту бағытында төмендегі негізгі басымдылықтар анықталады:
- оқушылардың метакәсіби сапалары мен әлеуметтік маңызды түйінді құзыреттіліктерін жетілдіруді көздейтін білім берудің жаңа стандарттарын дамыту;
- әлеуметтік және ментальдық үйлесімсіздіктің алдын алу мақсатында толерантты өмір сүру негізін құрайтын мәденитанымдық құзыреттілікті қалыптастыру;
- танымдық құзыреттілікті қалыптастыру негізінде өмір бойы білім алуға жағдай туғызу;
- әлеуметтік құзыреттілікті тәрбиелеу, әр түрлі топта, ұжымда жұмыс жасау қабілетін дамыту, келеңсіздіктердің алдын алуға үйрету;
- оқу үрдісінде білім алушылардың өзін-өзі өзектендіруі мен өзін-өзі анықтауын белсендіру, болашағын болжай білуге дағдыландыру.
Білім берудің негізгі ұстанымдарына сәйкес, дене тәрбиесі де түрлі факторларға тәуелді (білім беру деңгейі, оқушылардың жас ерекшелігі, мәденитанымдық және әлеуметтік бағыт т.б.) бірнеше бөлімдерден құралатын ашық жүйе болып саналады (3-сурет).
Негізгі мақсаты – дене тәрбиесі үрдісінде адамды тұлға ретінде дамыту. Оқыту мақсатын мазмұны мен технологияларына сай өзгере отырып, адамның саналы өмірін қамтиды.
Нәтиже ретінде білім екі деңгейде анықталады: біріншісі – білім беру стандарты (белгілі бір пән бойынша білім, білік, дағды мазмұны мен көлемі), білім алушының меңгеруге тиісті әлеуметтік мәдени тәжірибесінің ең төменгі көрсеткіші, екіншісі – адамның білімділік деңгейі: оның даярлық деңгейі, қалыптасқан білім, білік, әлеуметтік, интеллектуалдық, мінез-құлық сапалары мен тәжірибесі. Білімділік деңгейі жалпы және әлеуметтік-кәсіби болып бөлінеді.
Оқыту үрдісінде меңгерілген толық жүйелі білім адамның мәдениетті тұлға ретінде қалыптасып, өзгермелі өмір жағдайында икемделуіне, бәсекеге қабілетті болуына ықпалын тигізеді.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруда білім беру ұғымын екі мағынада қарастырамыз:
- әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгерту және игертуге бағытталған білім. Ол оқытудың нәтижелік үлгі өлшемдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру технологиялары негізінде жүзеге асырылады;
- болашақ мұғалімнің үздіксіз даму үрдісін қамтамасыз ететін білім. Өлшемдік мониторинг негізінде бағаланатын әлеуметтік және кәсіби маңызды сапаларды, құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау теория мен тәжірибеде кәсіби білім берудің үш парадигмасы қалыптасқандығын көрсетті: когнитивтік, әрекеттік және тұлғаға бағдарланған білім парадигмасы.
Когнитивтік парадигмаға сай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімін даярлаудағы білім таным тұлғасынан қарастырылады, ол білім беру үрдісі: мақсат қою, мазмұнды іріктеу, әдіс-тәсілдерді таңдау зерттеу қызметі ретінде жүзеге асырылады. Оқытудың тұлғалық аспектілері танымдық түрткілер мен танымдық қабілеттерді дамытуды көздейді, өзіндік мінез-құлық мәдениетінің мәндік, құндылықты, эмоционалды бағалау негізінде тәжірибе жинақтауды қамтиды.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімнің кәсіби оқыту мақсаты білім, білік, дағды сапасына әлеуметтік тапсырыс, оқу пәні, ғылым мен тәжірибенің кіріктірілуі ретінде сипатталады. Білім беру әлеуметтік-мәдени тәжірибенің жаңа ұрпаққа тасымалдануы ретінде түсіндіріледі.
Идеологиялық, басқару және экономикалық тұрғыда ең оңтайлы тәсіл болғанымен, психологиялық-педагогикалық тұрғыда тұлғаға бағдарланған білім болып саналмайды (М.М.Поташник) [55].
Әрекетке бағдарланған парадигма нақты қызметтік бағыттылығымен ерекшеленеді. Аталған парадигманың негізгі бағытын қоғамның әлеуметтік тапсырысын құрайды.
Әлеуметтік тәжірибенің бөлігі ретінде білім беру қоғамның саяси әлеуметтік-мәдени және экономикалық даму деңгейін ескеруі тиіс. Әрекеттік білім беру парадигмасының мақсаты — әлеуметтік, кәсіби және қолданбалы-көркем еңбек нәтижелілігін арттыратын ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет пен білім, білік, дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Ол кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасында қамтылған, өндірістік оқыту мен өндірістік тәжірибе барысында кең қолданысқа ие.
Когнитивтік және әрекеттік парадигмаларға сай, әлеуметтік-кәсіби даярлық ретінде түсіндірілетін білім сапасына қол жеткізу мақсат етіледі.
Тұлғаға бағдарланған білім берудегі негізгі мақсат – болашақ мамандардың тұлғасын үздіксіз дамыту болып табылады. Бұл парадигма ашық білім беру философиясына негізделеді, өз білімін жетілдіру, дамыту ғана емес, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі өзектендіру мақсат етіледі. Ол тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктеріне бағдарлануы арқылы оқушылардың білім беру бағыттарын еркін таңдауына мүмкіндік беруі [13, 56-б].
Аталған парадигма төмендегі ұстанымдарға негізделеді:
- білім беру үрдісінің субъектісі ретінде оқушының жеке ерекшеліктері есепке алынады;
- білім берудің барлық сатысы мен деңгейлерінде қолданылатын технологиялар тұлғаның қалыптасу заңдылықтарына сай үйлесімін табуы шарт;
- кәсіби құндылық бағдарды қалыптастыру және кәсіби білім беру мазмұны қазіргі әлеуметтік, ақпараттық, өндірістік технологиялардың даму деңгейі негізінде болашақ таңдаған мамандығына даярлықты жетілдіру негізінде анықталады;
- жеке тұлғаға бағдарланған білім беру білім алушының жеке тәжірибесі мен өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамыту сұранысына сай жүргізіледі.
Тұлғаға бағдарланған оқытудың өлшемдік негізін тұлғалық жаңарулар (құндылық бағдар, психоэмоционалдық және интеллектуалдық сала бойынша әлеуметтік маңызды сапалар мен қабілеттер) негізіндегі мониторинг құрайды. Тұлғаға бағдарланған оқытудың психологиялық-педагогикалық артықшылығы басым. Тұлғаға бағдарланған оқытудың тәжірибеге енгізілуі мемлекеттік білім беру саясатына: күтілетін нәтиже мен белгіленген білім беру стандарттарына, оқу бағдарламалары мен жоспарларына тікелей байланысты.
Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің тәжірибеге енгізілуіне оның технологиялық деңгейде жасақталмағандығы кедергі келтіреді: білім мазмұны білім алушылардың субъективтік тәжірибесіне негізделетін болғандықтан оқу бағдарламалары негізінде білім мазмұнын жобалау мүмкін емес, сонымен қатар әлеуметтендіру, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бағалау арқылы мүмкін болатын педагогикалық мәдениет мәселелері технологиялық тұрғыда қамтамасыз етілмеуі де ықпалын тигізуде.
Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру нәтижелілігін есепке алу, көрсеткіштерін анықтау өлшемдерінің қажеттілігі анық көрінуде.
Р.С.Омарованың зерттеулеріне сүйене отырып [13] әр білім беру парадигмасының мүмкіндіктерін анықтау мақсатында салыстырмалы талдау жасалынды (2-кесте).
Жоғарыда аталған білім парадигмаларының инновациялық компоненттері ретінде түйінді құзыреттер мен құзыреттіліктер, біліктер қарастырылады.
Негізгі компоненттерді жүзеге асыру бағдарламалық материалға емес, құзыреттілік пен біліктерден тұратын білім беру нәтижесіне бағдарланған жаңа кәсіби білім мазмұны мен жаңа мемлекеттік стандарттарды талап етеді. Көп өлшемді әлеуметтік-психологиялық және кәсіби-педагогикалық білім беру оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың жаңа технологиялары мен тәсілдерін оңтайлы қолдануды талап етеді.
Кәсіби мектеп тәжірибесіне әлеуметтік-мәдени тәжірибесін енгізу білім сапасын жақсартуда, экономикалық тиімділігі мен тұлғаның әлеуметтік-кәсіби қорғалуын қамтамасыз етуге оң ықпал тигізеді.
2-кесте – Білім беру парадигмаларындағы әлеуметтік- мәдениетінің оқыту мазмұнындағы сипаты
Өлшемдері |
Когнитивтік |
Әрекеттік |
Тұлғаға бағдарланған |
1 |
2 |
3 |
4 |
1.Мақсатты бағдар |
Білім, білік, дағдыны, ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, оқушыларды жан-жақты дамыту, әлеуметтік — адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, мәдени бағдар беру |
Адамның тәжірибелік, әлеуметтік, еңбек, мәдени, қолданбалы қызметін нәтижелі жүргізуге қажетті білім, білік, дағдыны, ақыл-ой қабілеті және тәжірибелік әрекеттерді дамыту. |
Білім алушы тұлғасын қалыптастыру және дамыту, білім алушының субъективтік тәжірибесіне сүйіне отырып, танымдық қабілеттер мен оқу біліктерін дамыту. Тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен рухани дамуына психологиялық қолдау көрсету.
|
2.Оқытудың психология-лық теориясы |
Парадигма негізін когнитивтік психологиялық, оқытудың бейнелі-рефлекторлық тұжырымдамасы құрайды. Тұлғаның психикалық дамуы оқытуда тақырыптық негіз ретінде қарастырылады. Оқу мазмұны оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеу негізінде жүзеге асырылады. Оқушы – педагогикалық ықпал объектісі болып табылады. |
Біртұтас іс-әрекет құрылымына (түрткі-мақсат-шарт-әрекет), ақыл-ой және тәжірибелік әрекеттерді жоспарлы қалыптастыру теориясына негізделеді. Білім, білік, дағдының қалыптасу деңгейіне ерекше мән беріледі. Жеке қатынас әр білім алушыға танымдық және кәсіби қабілетіне сай дамуына мүмкіндік береді. Оқушы – дидактикалық тәсілдер көмегімен (технологиялық карталар, бағдарламаланған оқулықтар) басқару субъектісі болып саналады.
|
Оқыту мен дамытудың диалектикалық байланысына негізделген дамыта оқыту теориясына сүйенеді. Жеке ерекшеліктерді дамыту негізінде оқыту тиімділігі анықталады. Оқу әрекеттері мен оқу үрдісінде өзін-өзі реттеу дамыту аталған парадигманың тұжырымдамалық негізі болып табылады. Оқыту мазмұнын анықтауда оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылығын есепке алу. |
3. Оқыту принцип-тері |
Ғылымилық, жүйелілік, түсініктілік, саналылық, белсенділік, көрнекілік, теорияның тәжірибемен байланыс принципі, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптері |
Әрекеттік құрылымдарды дамытуға, дидактика мен әдістеменің басымдылығына бағдарлану, жеке және топтық жұмыстарды үйлесімді қолдану, дидактикалық тәсілдерді оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне бейімдеу, кері байланысты қамтамасыз ету
|
Дидактикалық принциптерді оқыту барысында жеке тұлға дамуына бағдарлау |
4.Білім мазмұны |
Білім мазмұны білім стандартына негізделген оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде анықталады. Білім алушылардың білім қорының қалыптасуын көздейтін бір тұтас, тұрақты жүйе. |
Білім алушылардың түрлі топтарының ерекшелігіне сай, оқыту мазмұнын блоктық-модульдық негізде жүйелеу, бейімдеу. Білім беру бағдарламалары нақты қызмет пен іс-әрекет түріне бағытталады. |
Оқыту мазмұны білім алушылардың субъективтік тәжірибесіне сай тұлғалық маңызды сапаларды дамытуға бағытталады. Білім беру бағдарламаларын білімділік компонент немесе белгілі бір қызмет саласының психологиялық мазмұнын ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін қамтиды. |
2-кестенің жалғасы
|
|||
1 1 |
2 |
3 |
4 |
5. Білім беру педагогикасының тақырыптық негізі |
Түйінді құзыреттіліктер – пән бойынша білім жиынтығы ғана емес дидактикалық тапсырмалар орындау негізінде оқушылар білігі мен дағдысын дамытуға бағытталады, ақыл-ой үрдісін дамытады. |
Кәсіби құзыреттіліктер тұлғаның іс-әрекет барысында өз білім, білігін жүзеге асыра білу қабілеті. Құзыреттіліктер өзара байланысты іс-әрекет түрлерін нәтижелей орындау үшін қажетті білім, білік, дағдыны дамытуға бағытталады |
Кәсіби құзыреттіліктер іс-әрекеттің жаңа түрлерін нәтижелі игеруді қамтамасыз ететін білім, білік, дағды қабілеттер мен сапалар. Метакәсіби сапалар – субъективтік тәжірибеден тұратын білім, білік, дағдыдан тұрады. |
6. Оқыту технологиялары |
Оқытудың түсіндірмелі иллюстративтік әдістері, танымдық іс-әрекетті белсендіру тәсілдері кеңінен қолданылады. Педагог пен білім алушылардың өзара қарым-қатынасы авторлық стиль түрінде жүзеге асырылады. |
Ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет жүйесін қалыптастыруға негізделген ақпараттық технологияларға маңызды рөл жүктеледі. Педагогтар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы өзара бейімделу стилі негізінде жүзеге асырылады. |
Проблемалық және дамыта оқытуға негізделген технологияларға сай өзін өзі реттей және ұйымдастыра алатын оқушы тұлғасын қалыптастыру – аталған парадигманың маңызды шарты болып табылады. Педагогтар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы ізгілікті-тұлғалық стиль негізінде жүзеге асырылады. |
7. Оқыту нәтижесін бағалау өлшемдері |
Оқу пәндері бойынша сандық бағалау жүргізіледі. Бағалау талаптары: жеке сипат, саралап оқыту, бақылау жүйелілігі, объективтілік, жариялылық. Көп жағдайда баға арқылы оқушыға психологиялық қысым жасалады. |
Білім, білік, дағдының қалыптасу деңгейін бақылау емтихандар мен сынақ жұмыстары (әңгімелесу, тест, өздік жұмыс т.б.) негізінде анықталады. Білім сапасын компьютерлік тест негізінде анықтау білім алушылардың психологиялық дамуын диагностикалау негізінде толықтырылады. |
Тұлғалық негізгі құрылымдарды даму мониторингін жасақтау: даму бағыты, құзыреттіліктер мен танымдық қабілеттердің қалыптасу деңгейі. Тұлғаның даму негізі ретінде өзін өзі бағалау мен өзін өзі бақылаудың қалыптасуы, оқыту нәтижесін бағалау тұлғалық дамуды түзету барысында психологиялық қолдау көрсету есебінде қарастырылады. |
Аталған білім беру парадигмаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу әрекеті арасындағы өзара байланыс пен тұлғаның кәсіби дамуы бағытындағы зерттеулер нәтижесі негізінде білім беру модельдерін студенттердің кәсіби даярлығындағы әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруды ұтымды қолдану жолдары қарастырылады.
Бастапқы кезең. Бастапқы кезеңде студенттер бойында іс-әрекеттің біртұтас құрылымын қалыптастыру маңызды.
Студенттердің оқу қабілеті білім, білік, дағдыны меңгеру үрдісінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті тәсілдерін меңгеру деңгейі ретінде анықталады. Оқу мекемесіндегі оқыту сапасының нәтижелілігі, бірінші кезеңнің оңтайлы ұйымдастырылуына тәуелді.
Бастапқы кезең 1 жылдық оқыту мерзімін қамтиды. Мақсат – студенттерді оқытудың жаңа жағдайына бейімдеу. Ол үшін өз уақытын ұйымдастыру, жоспарлау, оқу материалына талдау жасау; өз іс-әрекетін талдау және түзетулер енгізу, мақсат қою және мақсатқа жету жолдарын белгілеу, топтық мәселенің шешімін таба білу, құзіреттілік біліктері қалыптасуы тиіс.
Негізгі кезеңнің мазмұнын оқу және кәсіби қызмет құрайтын болғандықтан басты ерекшелігі – дене тәрбиесі бойынша кәсіптік сипаттағы оқу міндеттерін шешу болып табылады. Негізгі кезеңнің басты мақсаты – студенттерді кәсіби міндеттерді шешуге баулу. Әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру кәсіби қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, кәсіби міндеттерді шешу, мәселені анықтау, түрлі кәсіптік топтарда өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, өндірістік-техникалық жағдаяттарға талдау жасауда жүзеге асыру қажет.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби міндеттерін талапқа сай орындауы мен білім, білік және жеке тұлғалық сапаларын дамыта отырып, педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруін кәсіби құзыреттілігі ретінде қарастырамыз.
Құзыреттілік латын тілінен аударғанда таным мен тәжірибе саласындағы мәселелерді меңгерген, лайықты, жан-жақты дегенді білдіреді. Белгілі бір саладағы құзыреттілік сол салаға сәйкес білім мен қабілетті меңгерген деген мағынаны білдіреді.
Құзыреттілік ұғымы адамның жаңа технологияларға икемделуі мен жұмыс орындарының талаптарына сай адам ресурстарына жаңа қатынастың қалыптасуына байланысты пайда болды. Мұндай қатынас негізінде құзыреттілік білім, құндылық, қабілетке негізделген іс-әрекет барысында қалыптасатындығы және адамға білім мен жағдай арасындағы байланысты сезінуге, проблеманың шешімін табуға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша орындалатын білім, білік, дағдыға қарағанда құзыреттілік игерілген білім негізінде тұлғаның өзіндік тәжірибесін қалыптастыруды көздейді. Өзгермелі әлеуметтік-кәсіби жағдайда мамандарға қойылатын басты талап – білімділік емес, алған білімді тәжірибеде қолдана білу қабілеті. Білімділік және құзыреттілік ұғымдарына түсінік берген ғалымдар құзыретті — білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жұмылдыруға дайындық, ал құзыреттілікті — оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі ретінде түсіндіреді [56,62].
Психологиялық тұрғыда болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби іс-әрекетті талдау үшін төмендегідей бағалау өлшемдері ұсынылады: меңгеру (білім, білік, дағды) және қолдану (іс-әрекет барысында орындау білігі).
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің педагогикалық іскерлігін қалыптастыруда құзыреттілік ұғымы маңызды рөлге ие.
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — қоршаған ортаның тұтастығын тану кабілеті, жоғары әдептілік, кұндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмір мәдениеті негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оқу-танымдық құзыреттілік — оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық үрдісін қамтамасыз ететін кешенді құзыреттілік. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
Коммуникативтік құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік — бағдарлай білу, ақпаратты өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен білікті акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі — отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі — отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін, өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби дайындау жүйесі кешенді психологиялық-педагогикалық бақылау негізінде ұсынылады. Модель компоненттер құрылымынан тұрып, білім алу жүйесі факторлары жағдайларын есепке алады. Ұсынылған модель кешенді психологиялық-педагогикалық жүйе негізінде дене тәрбиесі факультеті студенттерінің кәсіби дайындығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, нақты педагогикалық және психологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық мәселелер анықталған жағдайда табысты болады. Сонымен, ұйымдастырушылық жағдайлар мына кезеңдерде:
— берілген модельді жүзеге асыруда пән оқытушыларының бұл мәселеге жан-жақты теориялық-практикалық аспектілер тұрғысынан қарауы;
— кәсіби білімдік жоспары бойынша, яғни дене тәрбиесі пәндердің т.б. базалық курстарының білім сапасын арттыру;
— дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған элективті курстарды ұйымдастыру, арнайы білімді қалыптастыруға бағыттау, дене шынықтыру мәдениеті саласындағы болашақ мамандардың практикалық білігі мен дағдысын өзіндік және психологикалық бақылау тәсілдері арқылы сыннан өткізу;
— дене тәрбиесі мұғалімдердің даярлау үрдісінде практикалық білік пен дағдыны арттыру барысында кешенді бақылау тәсілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
— зерттеу мәселесі бойынша психологикалық бақылау тәсілдері және жаңа әдістермен танысу мақсатында жетекшілерге арнайы семинарлар ұйымдастыру;
— өзіндік бақылау, әлеуметтік-мәдени құзырлығын, инновациялық технологияларды меңгеру бойынша жетекшілерге арнайы сабақ ұйымдастыру.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру үрдісі мынадай сипат алады:
— өзіндік және психобақылау мәселелеріне қатысты білім, білік, дағдыларының болуы;
— өз көңіл-күйін басқарудағы психологиялық бақылау;
— өзгелердің психологиялық хал-ахуалын талдау және бақылау білігі;
— психодиагностика жүргізе білу білігі (сұхбат, тест, анкета, бақылау т.б. әдістерін ойдағыдай жүргізу және зерттеу нәтижелерінен алынған қорытындыларға табысты қол жеткізу);
— сабақтың жақсы өтуіне жайлы атмосфера құра білу біліктілігі;
— жаттығушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олардың көтеріңкі көңіл-күйін қалыптастыруды жоспарлау және ауызша тұжырымдау;
— студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын түсінігін қалыптастыру;
— болашақ маманның тіршілік әрекеті, кәсіби іс-әрекеті, жаттығудағы, оқудағы ынтасы, әлеуметтік-мәдени құзырлығы біліктілігі мен дағдысына психологиялық бақылау жасай білу, оны қолдануды қалыптастыру;
— студенттерді жүйелі психологиялық тренингтерге даярлау, психологиялық бақылау негізіне жататын психика қызметін арттыру және дамыту;
— объективті және субъективті сипаттағы күрделі факторларға қарсы тұра білушілік.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру үшін ұжымда мынадай мәселелерді қамтитын жайлы атмосфера орнату қажет:
- мотивациялық — табыс кеңістігін құру;
- ізгілікті қатынас атмосферасы;
- бірлескен шығармашылық орта құру.
Дене тәрбиесінде мұғалімнің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар ретінде мыналарды көрсетуге болады:
— жоғарғы оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің адамгершілік бағыты;
— рухани құндылықтарды меңгеру; студенттердің рефлексивті үрдісін жеделдету, оларда эмпатияға деген қабілеттілікті дамыту;
— сенімділік және сыйластық негізінде студент пен жаттықтырушы арасындағы еркін қарым-қатынас;
— кәсіби дағдыларды қалыптастыру технологияларының педагогикалық әлеуметтік-мәдени құзырлығын заңдылықтарына сәйкес келуі;
— жеке тұлғаның шығармашылық дамуына жағдай жасау, өзін-өзі дамыту, өз бетінше білім алуы;
— студенттермен бірлесе іс жүргізу, «субъект — субъект» әлеуметтік-мәдени құзырлығын орнату;
— педагогикалық ситуацияларды талдау, пікірталас, сұхбат секілді формаларды қолдана отырып, сабаққа қызығушылығын арттыру, біліктілігін жетілдіру.
Оқу материалдарын белсенді меңгере отырып, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған әдістемелік шарттарға оқудың әдістемесі мен формасын таңдау жатады. Дене мәдениеті ретінде оқу үрдісі мынадай формалар басымдық танытады: лекция – диалог; семинар – практикумдар; тақырыптық пікірталастар; ғылыми ойталас; іскерлік ойын; теориялық және практикалық сабақтардағы проблемалық ситуациялардың стандартты емес шешімі; жеке іс-тәжірибе талқылау т.б.
Педгогикалық-психологиялық зерттеулер көрсеткендей, маңызды сапалар, әсіресе, психологиялық бақылау мен өзіндік бақылауды қалыптастыруда тіл – диалог тиімді әсер етеді. Тіл – адамдардың ішкі ой-толғанысын, көңіл-күйін т.б. өзгелерге паш ететін қатынас құралы.
Әдістемелік шарттар жиынтығы мынадай мәселелерді қамтуы қажет:
-болашақ мамандардың қабілеттілігі, өзіндік бақылауды қалыптастыруды қамтамасыздандыру оқу мен әдіс-тәсілдерін таңдау;
— оқытуда жеке іс-әрекеттік тәсіл орнату.
Дене тәрбиесінде психологиялық реттеу кешенін қолдану негізінде болашақ мамандардың арнайы даярлық үрдісі: 1) дайындық; 2) оқу-тәжірибелік; 3) бағалау кезеңдерін қамтиды.
Педагогикалық мамандықтың өзі басқа адамдармен тіл табысу, оларды өзгерту мақсатында ықпал ету, әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін орнату әрекетіне негізделгендіктен мұғалімге объективті түрде қажет сапа болып табылады.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігі — «адам-адам» жүйесіндегі («мұғалім-оқушы», «мұғалім-ата-ана», «оқытушы-студент», «оқытушы-оқытушы», «болашақ мұғалім-болашақ мұғалім») жүйесіндегі өзара ізгіліктілік сипатына ие болуына ықпалын тигізеді, сондықтан “әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің” ұғымының қазіргі жағдайдағы өзектілігі басым. Сол себепті, зерттелінетін сапаны жүйелеу мақсатында негізгі өлшемдер мен көрсеткіштер кешенінен тұратын модельді жасақтау қажет. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің өлшемдері оның қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ерекше сипаттамалардан тұруы шарт.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің жалпы және белгілі бір бағыттағы деңгейін аталған өлшемдер негізінде анықтауға болады. Мамандығын меңгерген студент оның үш аспектісімен бетпе-бет келеді: мазмұндық, тұлғалық, технологиялық, яғни кәсіби даярлық үрдісінде болашақ маманның міндеттеріне сай жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін меңгерілуі тиіс тұлғалық қасиет, білім, білік, дағды.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің құрылымын анықтау барысында әлеуметтік-мәдени құзыреттілігі ұғымының мазмұнына, педагогикалық компоненттеріне, біртұтас педагогикалық үрдіс тұжырымдамасының теориялық ережелеріне, дене тәрбиесі теориясына сүйендік. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін ұсынылған моделі төмендегі компоненттердің жиынтығынан тұрады: мотивациялық-қажеттілік (педагогтың іс-әрекетін бағыттайтын, басқалармен қарым-қатынаста негіз болатын, жұмысқа қызығушылық пен қанағаттана білуге бағыттайтын кешенді мотивтер, қажеттіліктер жиынтығы); мазмұндық-іс-әрекеттік (іс-әрекет объектісі мәнін түсінуге қажетті дене мәдениеті т.б. білім жүйесінің болуы); рефлексиялық-шығармашылық («субъект-субъект» жүйесінде студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің тиімділігін арттыруға қажетті әдістер мен тәсілдер кешені, шығармашылық іс-әрекеттер т.б.).
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің компоненттері құрамы оның өлшемдерін анықтауға және оларға сипаттама жасауға мүмкіндік берді (3- кесте).
Мотивациялық-қажеттілік сипаты кез келген іс-әрекет барысында, оның ішінде педагогикалық қызметте адам психикасында қалыптасатын нақты әрекет пен қажеттіліктің қанағаттандырылуына бағытталған мотивтің, ынталандырудың орны ерекше. Белгілі бір мотив арқылы іс-әрекетке бағыттау – мотивация деп аталады, ал қажеттілік адам қызметін реттеуші, арнайы мақсатқа бағыттаушы үрдісті жандандырушы. Біздің зерттеуіміз барысында қажеттілік өз білімі мен мүмкіндігін ұдайы жетілдіру негізінде болашақ мұғалімді белсенді педагогикалық қызметке әлеуметтік-мәдени бағыттаушы қызмет ретінде түсіндіріледі (4-сурет).
Тұлғалық мотивация — ішкі рухани қажеттілік, нақты берілген әрекетке деген қызығушылық ретінде қарастырылады, ал қызығушылық жұмысқа шығармашылық қатынастың ең басты шарты болып табылады. Педагогикалық қызмет мұғалімнің ішкі даярлығы мен өмірлік жоспары ретінде байқалатын мінез-құлықтың тұрақтылығы, тұлға қызығушылығымен қатар, оның құндылық бағдарын білдіреді.
3-кесте – Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру моделі
Компоненттер
|
Өлшемдер |
Көрсеткіштер |
Мотивациялық- қажеттілік |
Дене тәрбиесінде әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамытуға құндылық қатынас. |
— болашақ кәсіпке және оң нәтижелі әлеуметтік-мәдени құзыреттілігіне ынталануы; — педагогикалық үрдісте әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін ің жоғары үлгісін көрсетуге талаптануы; — өзін-өзі үнемі жетілдіру, рухани сапаларын дамытуға қызығушылығы. |
Мазмұндық- Іс-әрекеттік |
Дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыруда әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға бағдарлау. |
— дене тәрбиесінде әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырудың мәні мен мазмұнын меңгеруі; — дене тәрбиесі жұмыстарын әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің ұстанымдары бойынша ұйымдастыру; -әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру әдіс-тәсілдерін дене тәрбиесімен сабақтастыру және оны іс-әрекет барысында жетілдіру. |
Рефлексиялық-шығармашылық |
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін жетілдіруде шығармашылық бағыт ұстау. |
— дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени құзыреттілігі талаптарын жүзеге асыруына үнемі талдау жүргізуі; -әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін жетілдіру технологияларын меңгеруге шығармашылық бағытта болуы; — рефлексияға бейімділік, әлеуметтік-мәдени құзыреттілігіне креативтік көзқарасын жетілдіруі. |
Жоғарыда айтылғандарды негіз ете отырып, мотивациялық-қажеттілік өлшемі ретінде: дене тәрбиесіне құндылық қатынас; ал көрсеткіш ретінде мұғалім қызметіне қызығушылық; кәсіби ұстанымдардың тұрақтылығы; құндылық-бағдарламалар жүйесі; өзін-өзі жетілдіру деген қажеттілік т.б. алынады.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі мұғалімнің өз қызметін жақсартуға, өз бойында қажетті қабілеттерді дамытуға деген ынтасына тікелей байланысты, ал оған дамыған мәдени сана қалыптасқанда ғана қол жеткізуге болады.
Егер болашақ дене тәрбиесі мұғалімдері өз бойында қандай сапалар бар екендігін және қандай қасиеттерді меңгеруге міндетті екендігін айыра білгенде ғана аталған қасиеттердің өз бойында қалыптастыруға, өзіндік дамуға ұмтылады.
Олай болса, әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің өлшемдік көрсеткіші — кәсіби өзіндік сананың қалыптасуы деп қарауға мүмкіндік береді, яғни, кәсіби «Мен» ерекшеліктері мен сипаттамасын білуі, өзін-өзі және өз іс-әрекетін кәсіби тұрғыда талдай білуі, өзіндік талдауға қажеттіліктің болуы, бағалау мен өзіндік бағалау үрдісін игеру, өзіндік дамуға бағытталуы.
Мазмұндық-іс-әрекеттік компонент мазмұны болашақ дене тәрбиесі мұғалімнің кәсіби даярлығының нәтижелі жүргізілуі теориялық негіздемеге байланыстылығын көрсетеді. Мұғалім қызметі дене тәрбиесі ерекшелігіне сай педагогикалық теорияны меңгергенде ғана қазіргі талаптарға сай педагогтар даярлау міндетін шешуге және әлеуметтік-мәдени құзыреттілігі болады. Осыған байланысты әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру мұғалім іс-әрекет нысанын дұрыс түсіндірумен байланысты.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімнің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін меңгеруі мазмұны мен заңдылықтарын, қорғаушы күштер мен тәрбиелік механизмін білуі педагогикалық қызметке біртұтас және құндылықты бағдардың қалыптасуына мүмкіндік береді. Оның көрсеткіштеріне мұғалімнің іс-әрекет нысанының біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде түсінуі; оның бөліктерін жүйелі көре білуі; педагогикалық үрдістегі әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің негізгі заңдылықтарын білуі; әлеуметтік-мәдени құзыреттілігінің механизмдерін білуі; дене тәрбиесін басқару ерекшеліктерін білуі жатқызылады.
Болашақ маманның әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің, оқытушы мен оқушының үздіксіз әлеуметтік-мәдени құзыреттілігімен дұрыс басқару білігіне байланысты, сондықтан өзара тілдесімді модельдеудің, оның нәтижесін алдын ала болжай білудің маңызы зор. Дене тәрбиесі жұмыстары барысында пайда болатын түрлі жағдай барысында мұғалім тез, әрі дәл қажетті сөзді таба білуі және ол сөзді әсерлендіру, жұмсарту мен қатты айту ерекшеліктерін біліп, қажетті ишара немесе ымды дұрыс қолдана білуі шарт. Педагогикалық техниканы меңгергенде ғана мұғалімнің оқушыларға жағымды ықпалы нәтижелі жүргізеді.
Рефлексиялық-шығармашылық компонент. Мұғалім еңбегінің жоғары нәтижелігінің шарты және кепілі ретінде педагогикалық іс-әрекетке тән шығармашылық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет дене тәрбиесі мұғалімінен қызметтің барлық саласында әрекетті шығармашылық қатынас негізінде жүзеге асыруды талап етеді: жаңа әдістер мен тәсілдерді іздеу, жаттығу барысында белсенділік таныту, спорттық нәтижені болжай білу, жетістіктерге ұмтылу, басқалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыра білу, оқу міндеттерін шешуде шығармашылық тәсілді ұтымды пайдалану т.б. Аталған тәсілдер, әдістер, педагогикалық қызметтегі шығармашылық бастамалар әлеуметтік-мәдени құзырлығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның көрсеткіштері ретінде: шығармашылық іс-әрекетке деген қатынасты, шығармашылық қабілетті дамыту деңгейі, өз бетімен әрекет ету және шешім қабылдау деңгейі, сахналауға бейімділік, ғылыми-әдістемелік қабілетпен шығармашылық тұрғыда жұмыс жасау қабілеті қарастырылады.
Сонымен, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру моделі кәсіби дайындық үрдісіндегі студенттер тобын шартты түрде үш деңгейге жіктеуге мүмкіндік берді (жоғары, орташа, төмен):
Жоғары деңгей — өзінің тұлғалық сапаларын дамытуға деген жоғары қажеттілікті: өзінің әрекетін кәсіби тұрғыда талдай білуде, мақсатты түрде өзін-өзі жетілдіруде кәсіби бағдардың тұрақтылығы; әлеуметтік-мәдени құзырлығын саналы түрде түсіндіру, педагог қызметіне бағдарлану мен ынтаның жоғары деңгейімен ерекшеленеді; педагогикалық үрдістің барлық бөліктерін тани білу, «субъект-субъект» жүйесіндегі әлеуметтік-мәдени бағыттылығы; әлеуметтік-мәдени құзырлығының шарттарына сай, алдын ала талдау нәтижесінде болжай білу, жеңіл, әрі жылдам байланыс орнату; жоғары кәсіби деңгейде педагогикалық техниканы меңгеру; өзара әрекет жағдайында өзін-өзі бақылай білу, өз бетінше шешім қабылдау және әрекет ету; белсенді түрде өзін-өзі дамыту, шығармашылық ізденіске ие болу, өзін-өзі дамытумен белсенді шұғылдану, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеуге деген қызығушылық қалыптасады.
Орташа деңгей – кәсіби жағымды әлеуметтік-мәдени құзырлығымен сипатталады, әлеуметтік-мәдени құзырлығына қызығушылық танытады, дегенмен педагогикалық құндылықтар туралы білім, дағдысы қажетті деңгейде қалыптаспаған; кәсіби-коммуникативтік тұрғыда өз бетімен талдау жасай алмайды; өз кәсіби «Меннің» кейбір сипаты мен ерекшеліктерін тани алады; кәсіби ұстанымы тұрақсыз, әлеуметтік-мәдени құзырлығы туралы пікірі жағымды болғанымен, оның жекеленген компоненттерін ғана меңгерген; әлеуметтік-мәдени құзырлығында кейбір мәліметтерге ие, әлеуметтік-мәдени құзырлығын дұрыс ұйымдастырудың кейбір заңдылықтарын меңгерген; нақты жағдайға ғана бағдарлана алады, әлеуметтік-мәдени құзырлығын талаптарын жүзеге асыруда сезімге бағынады; шығармашылық ойлау қабілеті орташа, өзін-өзі дамытумен толық айналыспайды, туындаған сұрақтар бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиетке сүйенеді, бірақ өз іс-әрекетін жобалай білмейді; тәрбие механизмдерінің ролін бағалай алады; ауызша және жазбаша қатынас кезінде өз ойын еркін білдіреді, «субъект-субъект» жүйесіндегі әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға тырысады, педагогикалық техника білігін саналы, сенімді түрде қолдануға тырысады, өз бетінше шешім қабылдай алады.
Төменгі деңгей — әлеуметтік-мәдени құзырлығының маңыздылығын жеткіліксіз сезінуімен, педагог ретінде өзіне, өз мамандығына, немқұрайлылық танытуымен, өзін-өзі жетілдіруге ынтасының төмендігімен сипатталады; кәсіби «Мен» ерекшеліктерін білмейді, өзін-өзі бағалау және әлеуметтік-мәдени құзырлығын талдау әдістерін меңгермеген, өз әрекет нысанын және оның басқару ерекшеліктерін білмейді; әлеуметтік-мәдени құзырлығымен әдістерін игермегендіктен басқару қабілеті төмен, жағдайға сай бейімделе алмайды, әлеуметтік-мәдени құзырлығы талаптарын формальды түрде жүзеге асырады, шығармашылық қабілеті төмен, өзін-өзі дамытумен айналыспайды, педагогикалық әдебиеттерді сирек оқиды.
Сонымен, әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасу деңгейлеріне сипаттама беру арқылы мұғалім тәжірибесінде төменгі деңгей таныту кәсіби жарамсыздықты білдіреді, ал әлеуметтік-мәдени құзырлығының жоғары деңгейіне бағдарлану әр мұғалімнің негізгі мақсатына айналуы тиіс.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын жоғары деңгейде меңгерген мұғалім шешуге тиісті міндеттер:
- Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін білу.
- Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету.
- Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын жоғары деңгейдегі мұғалімнің меңгеруге тиісті білімдер жиынтығы:
- Ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу;
- Мамандықты және пәнін жақсы білу;
- Мұғалімнің өзінің сенетіндігін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығының жоғары деңгейдегі мұғалім меңгеруге тиісті қасиеттер:
- Балаларды сүйе білу – ізгіліктілік қағидасының маңызды бөлігі және мұғалімнің маңызды сапасы.
- Баланы, адамды құрметтеу — әр адамның бойынан тұлғаны көре білу – мұғалімге қажетті қасиет.
- Балаға, адамға сену — оқу үрдісіндегі жетістік кепілі, ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім бағытын көрсетеді.
- Баланы, адамды білу (тұлғаның жан-дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз жүргізіледі); ізетті болу – адамды тани білу деген сөз.
- Баланы, адамды түсіну – оның орнына өзіңді қоя отырып, қоршаған дүниені соның көзімен көре білу.
- Жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау — әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, оның тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастарын түсіну.
- Жеке абырой сезімін сақтау және дамыту.
- Оқу үрдісінде қатысушы ретінде баланың досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу.
- Педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу – мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағыттау.
- Тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу.
- Тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу.
- Екіұдай жағдайға тап болған оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу.
- Білім берудің жаңа әдістемелері, технологияларымен жұмыс істеу (А.А.Молдажанова) [57].
Дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-мәдени құзырлығының табысты болуы мұғалімнің өзінің даралығын, өзінің ерекшеліктерін танып білу, оларды терең түсіну үшін де рефлексиялық қабілет қажет. Әлеуметтік-мәдени құзырлығын дамуына мақсаткерлік, оның әдістері, өзін-өзі бағалау, түзету, нәтиже, оған өзгерістер енгізу, әрі қарай өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік сияқты сапаларды жатқызамыз. Осындай өзіндік бағалау нәтижесінде мұғалімнің кәсіби дамуы мен шығармашылық тұрғыда өрлеуі орын алады.
2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
2.1 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім берудің және тәрбиелеудің сапасын уақыт талабы деңгейінде жоғарылату әр пәнді ғылыми деңгейде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту талаптарын қойып отыр. Білім беруді ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтырып отыру елімізде білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі [58].
Біздің елімізде болып жатқан өзгерістер ЖОО болашақ мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруына басқа тәсілдерді талап етеді. Біз коммуникативтік құзырлылықты қалыптастырудың жаңа шыңына шығу шарттарының бірі жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде негізгі екпінді оқытудың дәстүрлі әдістерінен инновациялық технологияларға түсіру жөн болар деп ойлаймыз.
Өзгермелі әлем жағдайында, қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары, сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды, әлеуметтік-мәдени құзырлылықты үздіксіз жүктеп отырары сөзсіз.
Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымына өз анықтамамызды береміз: құзырлық – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.
Сараптау барысында, ғылыми әдебиеттерде жеке адам әлеуметтік тұлға ретінде қарастырылады, яғни ол өз елінің өркендеп дамуына іскерлікпен, саналылықпен қарайтын, білімді, мәдениетті, әлеуметтік құзырлы азамат. Әлеуметтік тұлғаның қалыптасу үрдісі оның қоғамдағы тұлғалық сана-сезімінің болмысына байланысты. Бұл үрдіс білім мен өзін-өзі тәрбиелеу, алдына мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру, өз қадірін сезіну, қоғамда өз орнының бар екендігіне сенімді болғанда жүзеге асады.
Жалпы мәдени құзыреттілік қасиет адамның белсенді өмірін, оның кәсіби өмірі мен әр алуан әлеуметтік салаларды бағдарлайтын қабілетін анықтайды, сонымен бірге оның әлеуметтік санасы мен ішкі әлемін үйлесімділікке жетелейді. Алдына белгілі бір мақсат қоя білетін әрі сол мақсаттарға қол жеткізу жолдарын қарастыруға, ерікті шешім қабылдауға, әрі олардың орындалуын өз жауапкершілігіне алуға қабілетті, жігерлі, беделді мамандарға қоғамда қажеттілік туындап отырған сәтте осындай көп қырлы сапаның маңыздылығы арта түсуде.
Сонымен қатар, студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігінің негізін салушы санатындағы жоғарғы оқу орнының заманауи оқу үдерістері осы күнде дәстүрлі жағдайынан өзгермеген, әрі аталған мәселені шешуге арналған толыққанды мүмкідіктер жасалынған.
Бүгінгі таңда «жалпы мәдени құзіретті» тұлғаға бірыңғай көзғарастардың жоқтығын ғылыми жұмыстарға талдау жасау барысы көрсетті. Жалпы мәдени құзіреттіліктің жұртшылыққа белгілі құрылымы жоқ, әрі оны бірегей айқындайтын анықтамалар да белгіленбеген. Жалпы мәдени құзіреттіліктің қалыптаспағандығы студенттердің тұлғалық өсуіне және барлық оқу үдерістерінің тиімді болуына кері әсер етуде. Сондықтан, студенттердің тұлғалық өсуін айқындайтын әрі жоғарғы оқу орнындағы оқу үдерістерін өркендетуге ықпал жасай алатын жалпы мәдени құзыреттілігін көп қырлы тұлғалық сапасында қалыптастырудың мәні ерекше.
Өркениетті елдер қатарына жету деңгейінде жастарды қазіргі қоғамда ізгілікке, парасаттылыққа баулитын жалпы мәдениеттілігі, болашақ мамандығына деген кәсіби құзіреттілігі мен білімділігін арттыру өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Жоғары оқу орындарындағы студент тұлғасын қалыптастыру, олардың кәсіби маман ретінде көрінісін білдіретін құзыреттілігін мәдени тұрғыда қалыптастыру білім беру саласындағы маңызды мәселе. Бұл мәселені теориялық талдауды алдымен арнайы ұғымдарды, түсініктерді анықтаудан бастаған дұрыс деп есептедік. Сондықтан бұл ұғымдардың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік және т.б. әдебиеттердегі талқылануын зерделеу маңызды.
Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастырудың мәдени — әлеуметтік шарттары мәдениет мүмкіндігімен байланысты, өйткені мәдениетте адамның шығармашылық қуаты мен қабілеті бар, қоғам дамуының жан – жақты қамтылған сипаты мен қызмет түрлерін меңгереді; мәдениетте адамның өмір мен әлемді игеру тәжірибесін қабылдау, ойлау, күйзелу және әрекет жасау түрінде қуаттандырылады; сонымен бірге білім, құндылық, қағида, мақсат және мазмұн түрінде оның тәжірибедегі іс — әрекеттері мен рухани тәжірибесін қайта жасайды, ал білім – оның тірі «жол басшысы» әрі байланыс жасайтын құралы.
Мәдениет құбылыс ретінде оқу-тәрбие үдерісінде екі жағдайда байқалады: қоғамдық және жеке болып.
Педагогика ілімі дәстүрлі педагогикалық әдебиетте оқыту мен үйрету, тәрбиелеу жолы арқылы тұлғаның мәдениеттілігін қалыптастыру үдерісі ретінде қарастырылады. Бұл әлеуметтендіру үдерісінің мәні адамзаттың жағымды әрі маңызды тәжірибесін болашақ ұрпақтарға беру және педагогикалық қызмет пен мәдениеттің өзара әрекеттерінің қоғамдық деңгейі ретінде қарастырылады.
Зерттеулеріміздегі адамды тұлға, субъект, жеке тұлға деген анықтамалар негізінде анықтағанымыздай студент – ол тұлға ретінде өзін тануды қажет ететін, өмірдегі өз орнын анықтауға, өзіне өзінің, қоршаған ортаға, өз болашағына қарым – қатынасын, тұлғалық тұрғыда өзін белгілеуге, өзінің белгілі бір ішкі мүмкіндіктері мен қабілеттері бар тұлға. Сонымен бірге, біз студентті іс — әрекеттің субъектісі деп қарастырамыз, себебі оның өзін — өзі дамыту, өзін — өзі жасау туралы педагогикалық тұрғыда әрекеттері байқалып отырады.
Мәдениетті тануда бөгде мәдениеттегі деректерге сезімталдық қарым – қатынастардың мәнін ескеру маңызды. Адам оған байыппен, төзімділікпен, бейтарап қарауы тиіс, ол жайында хабардар болуы, өз қызығушылығын көрсетуі, сүйінішін, таңданысын көрсетіп, әсермен күйзеліп, көбірек тануға тілегін білдіруі қажет және т.б. Бөгде мәдениеттің деректеріне байланысты жеке өмір дерегі ретінде немесе сырттағы, бөгдедегі көңіл – күйдің құндылық деңгейіне байланысты адамның күйзелуі байқалады. Бұл бөгде мәдениетті және менталитетті түсінуге ықпал жасайды, сонымен бірге, бөгде мәдениет бөгде болмағанда өзара түсіну айқындалады.
Мәдениеттануды зерттеуге жасаған талдаулар қоғамды жаңа бағытта жасауда әлеуметтік қайта жасаудың маңызды шарттары немесе себептері ретінде менталитетті ескеру міндетті екенін көрсетті. Менталитетте оның ұйытқысын құрайтын дәстүрліліктің бар екені белгілі және уақыт өте оның құрамын жаңалар толықтырады, олар да уақыт өте дәстүрге айналады. Бұл ұйытқының мазмұнын анықтау – көптеген әлеуметтік үдерістерді түсіну, жалпы мәдени құзіреттілікті жетістіктермен қалыптастырудың болжамы мен оны күтудің негізі. Менталитет тіл мен мәдениет қорымен қалыптасады, бірақ ол адамның жеке ерекшелігі мен оның әрекеттерінің тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады. Туындаған төрт бастаулардан (тіл, мәдениет, жеке тұлғалық, іс — әрекет) менталитет адам өміріне өзі ықпал жасайды. Бұл ретте менталитет дүниетанымға жақын, алайда нақты ұқсастық жоқ. Дүниетаным – адам өмірінің философиясын айқындайтын әдіснамалық феномен. Менталитет адам өмірінің қандайда бір бағыттарын белгілейді, мысалы, кәсіби, ұлттық және т.б. бағыттар.
Жалпы мәдени құзіреттіліктің құрамы төмендегідей:
- құзіреттіліктің көп қырлылығы: барлық көріністерінің біртұтастығын сақтай отырып түрлі мекемелерде байқалуы;
- әлеуметтігі: жоғары дәрежедегі жалпы мәдени құзіреттілігінің тұлғалық сипаты(әріптестері мен жолдастары ортасындағы беделі), сонымен бірге қоғамдық ортадағы мәні;
- реттеушілігі: тұлғаның өзін — өзі реттеуі мен өзін — өзі тануына жалпы мәдени құзіреттіліктің ықпалы;
- дарашылдық: шығармашылық даралыққа қалыптастыруды жүзеге асыру;
- үздіксіздік: субъектінің өзін дамытуға үнемі қажетсінуін және үздіксіз білім алуға тұлғалық ұмтылысы. Біз жалпы мәдени құзіреттілікті үнемі қозғалыстағы әрі ашық жүйе деп қарастырып отырғандықтан, үздіксіздік бұл жүйенің ең маңызды құрамы.
Студенттердің жоғары оқу орнына қабылданған алғашқы күндерінен бастап-ақ оқуға ынталылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білудің озық формалары мен әдістерін тиімді меңгеру барысында жалпы мәдени құзіреттілігінің, кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табылады. Себебі, студент қауымының ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан «нашар» көрінгісі келетін студент жоқ.
Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілік дағдыларының даму динамикасы мына көріністерде ескеріліп отырды:
Байсалды байыппен тілдесу; қамқорлық таныту; тапсырмаларды, өтініштерді ықыласпен орындау; мінез құлық, жүріс-тұрыс ережесін сақтау; басқа балаларға достық ниетпен әсер ету; ұстамдылық көрсету; өзіне көпшілік назарын қарата алу; дауыс ырғағын ұстау.
Зерттеу жұмысында колданылған формалар мен әдістер мына жағдайларда ескеріп жүргізілді: Студенттердің өзара және ұстаздар арасындағы жалпы мәдени құзіреттілігі, яғни әңгімеге тарта алу, қызықтыру, байсалдылықты сақтай отырып, өзінің тілегін, өтінішін білдіруі, ересектердің қойған талаптарын орындаудан бас тартқан кезіндегі реакциясы, сыпайы сөздерді қолдану ситуациялары оның өзінің көзқарасына иландыра алу икемділігі; сол сияқты өзінің іс-қимылын ұйымдастыра алуы, өзін-өзі, өзара бағалай алуы. Әңгімені бастамас бұрын ойды жинақтап, сөйлеу барысына мақсат қою дағдысы, сөйлесіп отырған тұлғаның сөзін бөлмей, жауапты тура беру; және сөйлесушіге ықыласын білдіре алуы, жәрдем бере алуы, өтінішті ескеруі, қамқор бола алуы.
Ал дос, жолдастары, курстастары арасындағы жалпы мәдени құзіреттілігі, ол құрбыларымен сыпайылылық сақтап, сәлемдесу, қоштасу әдетінің қалыптасуы; есімімен шақыра алуы, сыпайылылық, байсалдылық сақталуы.
Достарына, курстастарына ықыласы: құрбысының көңіл-күйін аңғаруы, жәрдем беруге ұмтылуы, іс-әрекет барысында кедергі жасамау, пікірін ескеруі; құрбыларымен қақтығыстарының кездесуі мен себептері, оның шешілуі. қақтығыстағы мінез-құлқы; сабыр сақтауы сөз арқылы қалжыңдауы; құрбыларымен, курстас, достарымен қарым – қатынаста кішіпейілділік танытуы, бір қалыпта болуы, енжарлық көрсетуі, тұйық және ашық қарсылықтың болуы.
Педагогикалық тиімділіктің салыстырмалы сәйкестікпен талдануы әр түрлі формаға, әртүрлі әдісте сәйкес келді.
Жалпы мәдени құзіреттіліктің технологиясы төмендегідей болып табылады: жалпы мәдени құзіреттілік жағдайына бейімделу, сырттағы адамдарды өзіне қарату, объектінің жан дүниесін жаулап алу; сөздік мәдени құзіреттілікті іске асыру; эмоционалды және мазмұнды байланысты ұйымдастыру.
Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру келесі компоненттерді қамтиды:
— Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыпқа келтіру;
— Жалпы мәдени құзіреттіліктің үзбей ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
— Жалпы мәдени құзіреттілікті меңгерту;
— Жалпы мәдени құзіреттіліктің жаңа технологияларын іске асырудың жолдарын табу болып табылады.
Іс-әрекеттің сан алуан түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көтереді. Бұл дене тәрбиесіне байланысты іс-әрекетті жылдам орындауға дұрыс әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті-психологияда батылдық деп аталады. Сырттай қарағанда батылдық ешбір толғаныссыз өтетіндей, батыл адамның мақсат таңдауы жеңіл де оңай болатын сияқты. Әдетте олай емес Білім мен спорт ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысын қатыса отырып, алғашында күрделі көрінген дене жаттығуларын орындауды жалғастыруда, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат беріледі. Спортпен айналыспаған адамның спортқа деген қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны дене тәрбиесі сабағына қатыстыру барысында ғана қалыптастыру мүмкін болады.
Сонымен, студенттің қабілеті білім, спорт, ептілік жән дағдылардың өздерінде көрінбей, танып, бейімделіп үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Б.М. Теплов былай деп түсініктеме береді [59]:
- Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
- Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес. Кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
- Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекетті арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер студент дене тәрбиесіне байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім мен тәжірибе қорын жинақтап, икемділік, ептілік пен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ жаттығуы тиіс, ал бұл студентті үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім. Тәжірибе көрсеткендей, жас маман қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да бір қызығушылыққа орай қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Болашақ дәрігерлердің дене тәрбиесі сабағындағы психо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әңгіме қозғалғанда, алдымен маңыздысы, жас маманның төңірегіне барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан нақты әрекеттің қажеттілігін, дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жас маманның дене мәдениетіне байланыстыра сипаттау керек.
Батыл адамдар өз іс-әрекеттерінің мақсаты, мәнін, нәтижесін терең де жан-жақты, үлкен толғанысқа түсіп, ойластырады, жоспарлайды. Ал іске кірісу кезеңі келгенде барлық толғаныстың бәрін ысырып тастап, жедел шешім қабылдауға қабілетті.
Студенттің кәсіптік білімді игеруге, кеңейтуге іштей дайындығына: алынған ақпаратқа студенттің көзқарасы және танымдық әрекет процесі туралы пікірі: жеке тұлғаның белгілі бір қасиет деңгейіне; дәлірек айтсақ, жауапкершілік сезімі, орындаушылық және ұйымдастырушылығы, мақсаткерлігі және талап қойғыштығы, еңбекқорлығы мен тәртіптілігін жатқызамыз.
Кәсіптік білімі мен дағдысы қалыптасты деп мына жағдайда айтамыз: студент кәсіптік білім мен дағдыны қажетсінуі; оны игеруге ұмтылуы; оқу процесіне, халықтық педагогика мұраларына қызығушылығы; кез-келген оқу-танымдық іс-әрекеттерді орындауға белсенді болу.
Қазіргі практика көрсетіп отырғандай, оқу орнын бітірген жас маманның өз ісін заман талабына сай ұйымдастыра алатындай дәрежеде болуы, оның тек теориялық және практикалық даярлығына ғана емес, сол сияқты оның жеке басының белсенділік, бейімделгіштік, ізденімпаздық қасиеттеріне де байланысты.
Белгілі психолог Л.С. Рубенштейн, “… қандай болмасын бейімділікті қалыптастыру үшін, іс-әрекеттің белгілі бір түріне байланысты өмірлік қажеттілік туғызу керек…”, — деп жазды өз зерттеулерінде [60].
Осы зерттеулерді негізге ала отырып, студенттің спортқа бейімділігін қалыптастыру үшін, дене тәрбиесінің өз денсаулығына қажеттігін, маңыздығын айқындап, осы пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Кез-келген дене мәдениетіне байланысты студент қандай да бір жаттығуды орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.
Нақты көрінетін білім, икемділік, ептілік және дағдылар қатарында қабілет студенттің жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни жерге еккен дән секілді: қолайлы жағдай жасаса өнеді, күтпесе, жағдай жасалмаса, көрінбей-ақ жойылады. Осыдан қабілет – білім, спорт, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көптеген жағдайларға тәуелді. “Нені ексең, соны аларсың” деген халқымыз.
Американ ғалымы У. Ушби: “Қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана әрекеттер бағдарламасына байланысты “, – деп дәлелдеп көрсетеді [61].
Тәжірибе және арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті, дене тәрбиесі жаттығуларын табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Адамның қабілетінің дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен анатомиялық – физиологиялық, нәсілдік ерекшеліктері – психологияда нышан деп аталады. Нышан қабілет дамуының бастауы болғандықтан студенттің барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Зерттеулер нәтижесінде көрсеткендей: нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтижелі жемісі.
Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір іс-әрекетке қажеттік туып, қандай да адамның сол іс-әрекетке сай нышандық белгісі болса, онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез, әрі жоғары деңгейде қалыптасып дамиды. Мысалы, Президентіміздің “Салауатты өмір салты” жолдауына байланысты, барлық оқу орындарына дене тәрбиесі сабағына енгізілуі, “Президенттік тест” тапсыруда студенттердің нақты дене тәрбиесіне деген қабілеті тез дамып, көрсеткіші жоғары деңгейде қалыптасуына жағдай жасайды.
Болашақ мамандардың дене тәрбиесіне деген көзқарастары және олардың қабілеттеріндегі айырмашылық, дене тәрбиесіндегі жасауға қажетті жаттығулар, яғни іс-әрекеттің талаптардың орындалу нәтижесінен оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Дене тәрбиесіне деген қызығушылық студентке объекті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Студенттің қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруын қамтамасыз ету күрделі. Оған көптеген жағдайлар себепші: студент спорт ойындарын, жаттығуларды қызыға тамашалауы ықтимал, бірақ ол өзі спортпен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар студенттің қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.
Дене тәрбиесі сабағы, болашақ мамандардың спортқа деген қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі – қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы.
2.2 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Сонымен, болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасауды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар болып:
- мамандық саласына бағытталған оқыту материалдарын сұрыптап таңдау;
- әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруда сабақ түрлерін дұрыс жүйелеу;
- болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлылықтарын қалыптастыруды жетілдіру барысында тиімді әдістерді қолдану;
- болашақ мұғалімердің әлеуметтік-мәдени құзырлылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін техникалық және технологиялық құралдарды орынды пайдалану;
- мамандыққа бағдарланып, әлеуметтік-мәдени құзырлықтарын қалыптастыруға негізделген таңдау курстарын өтуде арнайы бағдарламалар кешенін пайдалану;
- болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлылықтарын қалыптастыруды жетілдіруге байланысты арнаулы дайындалған бағдарламаларды және әдістемелік нұсқауларды қолдану саналады.
Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын болашақ мұғалімдерге жеке тұлғаға бағытталған тәсілмен коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыру тәжірибесіне сүйене отырып, бірінші курстан бастап болашақ мұғалімдердің жеке қызығушылықтарын алдын-ала дайындығын анықтау керек. Анықталатын осы мәліметтер негізінде топты қалыптастырып, оқу бағдарламасын айқындауға болады.
Кәсіби оқытуда әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруда бірнеше әдістер қолданылады. Бұл үшін оқытушы:
- Сабақ мақсатын дәл қою;
- Білімді тірек схемалар, кестелер арқылы дамыту;
- Мәселелерді шешуде топтық, сыңарлы жұмыстарды ұйымдастыру (интерактивті жұмыс);
- Бағалау, психологиялық дағдыны қоса отырып қалыптасқан құзырлылықты бағалауы керек.
- Сабақта тесттерді қолдану мақсаты — тілдік құбылыстарды талдау болуы керек.
Ал болашақ мұғалім тарапынан:
- Оқыту процесінде болашақ мұғалімнің белсенді қатысуы;
- Нақты жағдайларда білімнің қолданбалы мүмкіндіктерін пайдалануы;
- Концепциялар мен білімді әр түрлі формаларда қолдана білуі;
- Оқуға жеке дара емес, топтық жағдайда ыңғайлануы;
- Оқыту процесіне тек мәліметті есте ұстап қалмай барынша көңіл бөлуі қамтамасыз етілуі керек.
Мысалы, өз топтарында практикалық сабақтарда алған білімі бойынша ептілігі мен дағдыны болашақ мұғалімдер жыл сайынғы болашақ мұғалімдердің ғылыми-практикалық конференцияларына қатысуы арқылы көрсете алады. Болашақ мұғалім мұнда көпшілік алдында қысылмай сөйлеуге, өз ойын еркін айтуға үйренеді. Сонымен дене тәрбиесі пәні арқылы болашақ мұғалім оқу материалын игеруде және аудиториядан тыс жұмыстарда кәсіби ептіліктер қалыптастыруға мүмкіндік алады. Конференциялар болашақ мұғалімге өздік жұмыс жасауға, оқу мен сөз тудырушы құбылыстарды жете қарастыруға, өз бетінше оқуды жетілдіруге, материал не мәтінді сараптай алуға үйретеді.
Тәжірибе барысында көрсеткендей, студент пен оқытушының арасындағы жалпы мәдени құзіреттілік ерекшелігін анықтап, деңгейін талдау және оған баға беру жалпы мәдени құзіреттіліктің деңгейін өлшей алу мүмкіншілік беретіндігін айта кетуге болады.
Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін толығымен қалыптастыруға іскерлік ойындардың үлкен маңызы зор. Іскерлік ойын мәдени құзіреттілік мазмұныны игеруге және өзінің қажеттілігін қанағаттандырып, кәсіби дағдысы мен икемділігін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастырудағы басты принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдерді сараптадық. Көрсетілген принциптерге сүйене отырып, студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады, мұнда мынадай жағдайлар ескерілуі керек: жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру мақсаттары мен міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері; қоршаған әлеуметтік жағдайлар; жалпы мәдени құзіреттілік жасау деңгейлері; күтілетін нәтижелер; оқытушының өз басының мүмкіндіктері.
Студенттердің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда сананы қалыптастыру әдістері, іс-әрекетті ұйымдастыру және жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру әдістері; ынталандыру әдістері қолданылды.
Студенттің жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастырудағы оқытушы тарапынан болатын педагогикалық қолдаудың мәні мынада: ұнамды психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; ұлтының дәстүрлеріне т.б. мақтан тұтуын қаматамасыз ету; көмек көрсету, үлгі-өнеге болу; оқытушының кәсіби деңгейі мен мәдениеттілігінің жоғары болуы.
Әлеуметтік-мәдени құзырлылықтың қалыптасуы мен дамуы – маманның стратегиялық, тактикалық және оперативтік іскерліктер кешенін меңгерудің, қайраткер ретінде өзіне, кәсіби іс-әрекет нысаны мен пәніне маңызды кәсіби
бағыт берудің күрделі үдерісі.
Әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруда жоғары оқу орны кезеңінің өзіндік ерекшелігі болашақ маманның кәсіпті меңгерудегі іс-әрекеті алмасып отыратын екі кезеңде өрістейді:
— әлеуметтік-мәдени құзырлылықты меңгеру кезеңінде болашақ мұғалім кәсіби оқыту үдерісінің басқа субъектілерімен (оқытушы, курстастарымен, өзіндік даму субъектісі ретінде өзімен т.б.) ықпалдасады.
— әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қолдану кезеңінде болашақ мұғалім болашақ маман ретінде кәсіби көмек пен қызметті тұтынушылармен ықпалдасады.
Болашақ мұғалімнің әлеуметтік-мәдени құзырлылығының қалыптасуы құзырлылықты меңгеру мен қолдану кезеңдеріндегі іскерлік үдерісін қамтуы қажет. Сол іскерліктер байланысы оқытушылар мен тәрбиеленушілер арасында өзара ықпалдасу жүйесі арқылы жүріп отырады.
Мұндай ықпалдасу жүйесінде меңгеру мен қолдану іскерліктерінің стратегиялық, тактикалық және оперативтік (жедел) компоненттерінің шарттары арқылы болашақ маманның кәсіби құзырлылығының қалыптасу үдерісі айқындалады. Соған орай осы компоненттер болашақ мұғалімдердің іс-әрекетінде болашақ маман құзырлылығының субъектілік, нысандық және пәндік негіздерін түсіндіруге мүмкіндік туады.
Сондай-ақ, кәсіби көмек пен қызметті қабылдаушы субъектімен кәсіби ықпалдасу үдерісі мен нәтижесінде болашақ мұғалімнің өз білімін қолдану тәжірибесі де қажет. Бұл – кәсіби әрекеттерді орындауға және осының негізінде тиісті кәсіби іскерліктердің қалыптасуына көмектеседі. Осы ерекше үдерістерде болашақ мұғалімнің кәсіби оқыту үдерісінің субъектісімен және кәсіби көмек пен қызметті қабылдаушы субъектімен бірлесе-бөлісе еткен еңбегінің бірегей пәндері жасалады. Сондықтан кәсіби құзырлылықтың қалыптасуы мен дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету кәсіпті меңгерудің әр кезеңінің ерекшеліктерін есепке алғанда ғана мүмкін болады.
Жоғары оқу орнының білім алу жүйесіндегі маманның әлеуметтік-мәдени құзырлылығының қалыптасуын біз кәсіби іскерліктің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік міндеттерінен кәсіби міндеттерді шешуге теориялық және практикалық мүмкіндігі мен дайындығының бірлігінен көрінетін нәтижеге бағытталған қозғалыс циклдері ретінде түсінеміз.
Алайда, отандық жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер бірінші курстан-ақ олардың оқу-танымдық іс-әрекетін толықтай қолдануын қамтамасыз етуге арналған міндеттерді шеше бастайды. Ал кәсіби міндеттер жоғары курстарда, педагогикалық практика кезеңінде және білім алуды аяқтаған соң дербес еңбек ету үдерісінде болашақ мұғалімдердің алдынан шығады.
И.Б.Гриншпунның пікірінше, болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетті меңгеру үдерісінде оқыту үдерісінің мынандай амалдарын қолдануға болады [62]:
— оқушылардың арнайы ұйымдастырылған белсенділігінің барысында шынайы, кәсіби құрылымы жағынан жақын іс-әрекеттің қажетті амал тәсілдерін меңгеру;
— іс-әрекет амал-тәсілдерін қажет болған жағдайда түсіндіре отырып, сол қызмет иелерінің (кәсіпкерлердің) көрнекті түрде көрсетуі (демонстрация);
— болашақ мұғалім жадында сақталуын, одан соң оны өзі дербес туындатып, жүзеге асыра алуын ескере отырып, кәсіби іс-әрекеттің ұғымдық моделін мазмұндау;
— шындық өмірдің жекелеген салаларын сипаттаудың ғылымда қабылданған амалдары туралы жеңілдетілген түсініктерді хабарлау және оны болашақ мұғалім кәсіби іс-әрекетте өзіндік тәсілдерін жасау үшін пайдаланады деп болжау.
Амалдардың алғашқы нұсқалары болашақ мұғалімдерді заманауи білім беру технологиялары негізінде кәсіпке даярлау талаптарын едәуір қанағаттандыра тұра, дәл осы нұсқалар кәсіби оқыту бағдарламасында бәрінен аз қарастырылған.
Зерттеуіміз көрсеткендей, болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлылығының пайда болуы мен іштей қалыптасуының басты резерві әуелі өзіндік бағасы бар оқу-танымдық мақсаттарды кәсіп меңгеру стратегиясымен толықтыру және оқытудың әр кезеңінде, оны жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау болып табылады.
Оған осы зерттеу аясында жасалған әлеуметтік-мәдени құзырлылықтың қалыптасуы мен дамуына білімдендіруші ішкі білім жүйесі мүмкіндік береді. Ішкі білім жүйесі деп отырғанымыз – кәсіпті меңгеру мақсаты, мазмұны мен технологиясының педагогикалық жағдайлар мен психологиялық механизмдерді ескере отырып жасалған тұтас жиыны. Бұл жағдайда, біріншіден, жоғары оқу орнында оқушы жай ғана студент болып қана қоймайды, қалыптасушы және дамушы маман болады, екіншіден, оның жинақталған әлеуеті (потенциалы) модельденген, имитацияланған немесе шынайы кәсіби іс-әрекет жағдайда әлеуметтік-мәдени құзырлылығының өзі қарышты дамуын қамтамасыз етеді.
Зерттеу жұмысының практикалық бөлімінде болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру барысындағы жеке қызығушылықтарын анықтау негізгі міндет ретінде қойылған. ЖОО-на түскен студенттер әлеуметтік шығу тегіне, білім деңгейі мен білімділігі және аксиологиялық бағытталуына қарай ерекшеленеді. Әрбір жеке тұлғаның өзіндік қалыптасуы өмір мен оқудың жаңа шарттарына, жаңа өзара қарым-қатынас түзуге, жаңа ортаға әсер етпеуі мүмкін емес.
Осылайша ЖОО оқу үдерісі істері жөніндегі ұжым болашақ мұғалімдердің әлеуметтік жеке мінез-құлықтарының негізгі параметрлерін ЖОО-дағы өмір мен білім тепе-теңдігімен сәйкес келтіру олардың шетел тілін бөтен/бөгде мәдениеттің құралы ретінде меңгеру үдерісі қиындай түсетіндігін, демек, оқытудың бастапқы кезеңінде болашақ мұғалім жаңа екі ортаға – білім алу мен әлеуметтік- мәдени ортаға бейімделе бастайтындығын ескеруі керек.
Болашақ мұғалімнің қызметтік ортасы оқу үдерісі болып табылады, сондықтан оқу үдерісіне бейімделу сапалы білім алу мен мамандық алудың қажетті шарттары болып табылады. Міне сондықтан да, келешек мамандық туралы ақпараттың болмауына жол бермеу керек, оқытудың тапсырмасы келешек мамандығына байланысты мәселелермен болашақ мұғалімдердің ақпарлану деңгейі туралы мәлімет алу болып табылады
Оқытуды жүзеге асыру оқыту үдерісін ұйымдастырудың әр алуан формаларын білу мен тиімді пайдалануды, оны үнемі жетілдіруді және жаңалауды талап етеді. Кейбір ғылыми-әдістемелік еңбектерде оқыту әдісі ұғымы оқу жұмысының формасының синонимі ретінде өте жиі қолданылады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, құзырлылық тәсілінің негізгі идеясы формальді білім беру (мектеп) жүйесінде игерілген білімдер мен біліктіліктер қосындысымен шектелуге болмайтындығында. Ұзақ мерзімдік нәтижеге жету үшін бұл білімдер адамның формальды білім беру жүйесінен тыс жиылған кең спектрлі білімімен байланысты болуы тиіс. Құзырлылықтың даму аймақтарына оқу, жұмыс, денсаулыққа қамқорлық, саясат, қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілік пен өзара түсіністік қозғалыстары және т. б., ал құзырлылықтарды қамтамасыздандыру ортасы сапасында білім беру, кәсіптік даярлық, кешкі және сырттай оқыту, отбасы тәрбиесі, мәдени-ағарту қызметтері айтылады.
Құзырлылық тәсілге бағдарланған мәселелер қазіргі заманғы білім беру
жүйесінің ертеңгі күнінің сұранысына сәйкес келуі мәселесімен байланысты.
Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын жалпылай келе, біз егер
құзырлылықтың келесі белгілері бар болса, оны кілттік ретінде қарастыруға болады деп санаймыз:
— интегративті табиғатқа ие, өзіне мәдениет пен қызметтердің (ақпараттық, құқықтық және т.б.) кең аумағына қатысты өзара жақын немесе біртекті біліктіліктер мен білімдерді таңдайды;
— көпфункциялы, оған ие болу күнделікті өмірдің түрлі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді;
— түрлі жағдайларда қолдануға болады;
— айтарлықтай интеллектуалдық дамуды қажет етеді;
— көп өлшемді, түрлі ақыл-ой үдерістері мен интеллектуалдық біліктіліктерді біріктіреді;
Құзырлылық тәсілге өтуді зерттеуді келесі түрде жалпылауға болады:
- Отандық педагогикадағы білімгерлердің біліктіліктері мен дағдылары мәселесі саласын зерттеу аталған термин қолданылмаса да құзырлар деңгейіне жиі көтерілді. “Пәндік”, “пәнаралық” және “транспәндік” құзырлар бөлінді.
- Кілттік құзырлар жасау идеясы жан-жақты қалыптасқан тұлғаны қамтамасыз ету қажеттілігі мен уақыт, білімгерлердің жас мөлшері және мүмкіндіктері бойынша нақты шектеулер арасындағы белгілі қайшылықтарға байланысты қазіргі қоғам талабына жауап болып табылады. Сондықтан кілттік құзырлар білім берудің нақтыланған мақсаты ретінде ендіріледі.
- Құзырларды бақылауға болады, бірақ бағалау қиын. Құзырларды білім немесе білік деп атауға болмайды, соңғысы түрлі қалыптасу сатыларында пайда болу формасына қызмет етеді. Бірақ білім мен біліктілікке қарсы қойылған құзырлар қате – бұл тұлғаның бір қалыптасу үдерісінің екі жағы. Құзырлылық өзіне білім берудің интеллектуальдық және дағдылық құраушыларын біріктіреді.
- Құзырлылық түсінігі когнитивтік және операциялық-технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құраушыларды, оқыту нәтижелерін (білім және білік), құнды бағалау жүйелерін, әдеттерді және т.б. біріктіреді.
- Құзырлылықтар жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде ғана емес, формальды, формальды емес және формальдыдан тыс шеңберде, қоршаған орта ықпалымен де қалыптасады.
Құзырлардың әрбір тобы арнайы курстарды оқытуда өз орнын иеленуі үшін оқу үдерісін қалай құруға болатындығын қарастырайық.
Бұл үшін А.В.Хуторский ұсынған кілттік құзырлардың типологиясын пайдаланамыз [37, 28-б]:
— құндылық-мағыналық құзырлылықтар;
— жалпы мәдениеттік құзырлылықтар;
— оқу-танымдық құзырлылықтар;
— ақпараттық құзырлылықтар;
— қарым-қатынастық құзырлылықтар;
— әлеуметтік-еңбектік құзырлылықтар;
— тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзырлары.
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру үдерісінің құрылуы болашақ мұғалімнің жеке ортасына деген оқыту кеңістігі бағыт-бағдарын жорамалдайды.
Жоғары оқу орны оқытушысының ең жоғарғы міндеті – болашақ мұғалімдердің өз әлеуметтік-мәдени құзырлылығын тұрақтандыру, толықтыру, трансформациялау механизмдерінің жұмысын басқару мүмкіндігінің кезең-кезеңімен қалыптасуына психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызу. Жағдайларды жақсарту кезеңдері – болашақ мұғалім іс-әрекетін оқытушының басқаруы, әлеуметтік-мәдени құзырлылық механизмдерін оқытушы мен болашақ мұғалімнің біріге басқаруы, өзіндік кәсіби даму үдерісін болашақ маманның өзі басқаруы деп атап көрсеткен жөн.
Жоғары кәсіби оқыту жағдайында болашақ мұғалімнің өзіндік оқу-танымдық, кәсіби-практикалық іс-әрекеті кәсіпті меңгерудің негізгі көзі болады. Теориялық және практикалық даярлық тұтас әлеуметтік-мәдени құзырлылыққа жинақтау үшін кәсіби оқытудың жалпы стратегиясындағы жедел орындалатын оқу тапсырмалары мен олардың функциялары арасында мағыналы байланыс орнатуға психологиялық-педагогикалық негіз салу қажет.
Дене шынықтыру мамандығы болашақ мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлылықтарын қалыптастыру деңгейін практикалық зерттеу келесі бағыттарда жүргізілді:
— мотивтік, мазмұндық және ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, заманауи білім беру технологияларларының бағдарламалық құрылымын анықтау;
— оқыту әдістерін сұрыптау;
— бақылау және эксперименттік топтарда тәжірибелік және бақылау сабақтарының силлабустарын дайындау;
— болашақ мұғалімдерді оқыту үдерісіне заманауи білім беру технологияларларын ендіру әдістемесін жасау;
— алынған нәтижелерді статистикалық және педагогикалық талдау.
Оқытудың түрлі параметрлерін болжау үшін келесі әдістер қолданылды: әңгімелесу, сауалнамалар, бақылау, тесттер, дербес және топтық бағалаулар, оқу және бақылау жұмыстарының орындалуын талдау.
- Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының анықтаушы кезеңінде мынадай міндеттер қойылды:
— жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптасу мүмкіндіктерін, жағдайларын айқындау;
— студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын деңгейлері мен кәсіби қызметтің арасындағы сабақтастықты анықтау.
Анықтаушы эксперимент кезеңінде сауалнама әдістері, тестілеу, интервью, жағдаятты талдау, бақылау, педагогикалық міндеттерді шешу, әлеуметтік-мәдени құзырлығын анықтау әдістемелерін қамтитын ғылыми негізделген әдістемелік кешен пайдаланылды.
Зерттеу базалары ретінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент университетінің студенттері алынды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері мұғалімдер мен студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығының мәні туралы түсініктері толымсыз, ұғымның мәнін түсінбей, оны шеберлік, кәсіптілік іс-әрекет ұғымдары ретінде білетіндігін көрсетті. Әлеуметтік-мәдени құзырлығын компоненттерінің ішінде шығармашылық белсенділік, тәртіп мәдениеті, педагогикалық қабілеттілік, сабаққа қызығушылығы ретінде қабылдайтыны анықталды. Анықтаушы экспериментті қорыту нәтижесінде мынадай тұжырым жасалды: студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығы туралы түсініктері толымсыз болғанымен, олардың көпшілігі өздерін жоғары деңгейде қалыптасқан тұлға ретінде бағалайтыны анықталды. Объективті жағдайларды, ситуацияларды, өмірдегі өзгерістерді талдай білмейтіндігі көрініс берді.
Мотивациялық-қажеттілік компоненттің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сауалнама, интервью, аяқталмаған ұсыныс әдістемесі, шығармашыл жұмыстар әдістері қолданылды.
Дене тәрбиесі факультетінде кәсіпті таңдаудадағы басымды мотив кәсіби еңбекке талпыну (20%), спорттық мүмкіндіктерін білдіруге ықыластану (35%) болып табылады, қоғамдағы жоғары деңгейдегі жағдайға жету (5%), басқару саласында жұмыс істеуге талаптану (25%) сияқты мотивтер де кездеседі, шамамен 11,8% тек жоғары білім алғымыз келді деп жауап берді, 3,2% дене тәрбиесі мамандығын кездейсоқ таңдағандар. Сұралғандардың ішінде шамамен 44,9% таңдаудың басты мотиві мамандықтың адамның икемділігіне, қабілеттілігіне сәйкестігі, педагог болуға бейім болуы деп есептейді; 55,0% жоғары оқу орнына дене тәрбиесін тереңдетіп оқу үшін таңдаған.
Кәсіпке қызығушылық пен бейімділікті анықтау нәтижелерді бойынша 21,0% мұғалімнің кәсібіне тұрақты қызығушылықтың ықпалымен, 19,9% мұғалімдердің ықпалымен, яғни сол мұғалімдердің оқыту әдістері басқаларды одан да жақсы оқытуға ықыластандыруы немесе сол мұғалімнің өзі, оқыту шеберлігі еліктіріп әкететіндігі, бұл топқа педагог-ата-аналардың ықпалымен түскен студенттерді жатқызуға болады; 15,4% туыстарының кеңесі бойынша; 2,1% “бір жерде оқу” қағидасы бойынша; 3,6% басқа себептерге байланысты.
Болашақ кәсіби қызметінің жалпы мәнін, құрылымын ұғыну мотивтері, болашақ мұғалімдер үшін ол өзіндік мақсат немесе кәсіби мақсаттарға жету нәтижелерін болашақ қызметіне деген құнды қатынасында анықтаймыз. Оқу қызметі болашақ кәсіби мақсаттарға жетудің белгіленген әдісі екені белгілі; сондықтан да дене тәрбиесі мұғалімі қызметіне қызығушылық мотиві мазмұнын ескеру қажет.
Дене тәрбиесі мұғалімі қызметінің мотивациясын зерттеу нәтижесі бойынша, олардың көпшілігі балалармен жұмыс істеуге қызығушылық білдіреді (35%), сабаққа деген қызығушылық (14,5%); педагогикалық қызметте еңбектің шығармашылық сипаты ұнайды (10,5%), спорттық шаралар ұйымдастыру (30%).
Сонымен, анықтаушы эксперимент нәтижелері мен оны талдау мынадай мәліметтерді көрсетті: студенттер мотивациялық-қажеттілік компоненттердің дамуын орташа деңгейдің көрсетілуі; дене тәрбиесі мұғалімінің еңбегінің әлеуметтік маңыздылығын терең ұғынбайтыны, мамандықтың құндылығына мән бермеуі, әлеуметтік-мәдени құзырлығының төмен деңгейі құндылық бағдардың тұлғалық бағытталуы тән: студенттер көрсетілген компоненттің қалыптасуында орташа деңгейін көрсетті; жоғары деңгей қалыптаспаған.
Мазмұндық-іс-әрекеттік компонент бойынша өлшемдердің қалыптасуын анықтауда сауалнама әдістері, өзін бағалау, тестілеу, педагогикалық жағдаятты талдау, әлеуметтік-мәдени құзырлығын анықтау әдістемелері және т.б. пайдаланылды. Кәсіби “Мен” сипаттайтын өзін бейнелеу әдісін пайдалануы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік берді: студенттер өзін сипаттауда мынадай қасиеттерді айтады: балаларға деген сүйіспеншілік, эрудиция, әлеуметтік-мәдени құзырлығы, талап етушілік, адамгершілік, ойлау мәдениеті. Кәсіби қызметінде табысқа жетуде мұғалімнің әлеуметтік-мәдени құзырлығынің қажеттілігін ұғыну біздің зерттеуіміздің маңыздығы болып табылады. Кәсіби “менді” бейнелеуде болашақ мұғалімдерде курстан курсқа көшуде айтылған қасиеттердің саны көбейеді, бірінші курста маңызды екі-үш қасиет деп есептесе, 3-4 курста одан көбейеді.
Диссертацияның 2.2 тармағында көрсетілген әдістемелер бойынша талдау мәліметтері студенттің өзіне мұғалім ретінде қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.
Студенттердің өзін сипаттауда “мен — дене тәрбиесі мұғалімімін, мен- спорттық істердің ұйымдастырушысымын, мен-педагогпын және т.б. ойлардың болуы олардың өзіне мұғалім ретіндегі өлшемін растайды, мұндай ойлардың болмауы студенттердің болашақ рөлімен сәйкес еместігін көрсетеді, яғни оларда әлі де өзіне кәсіби бағытпен әлеуметтік-мәдени құзырлығы қалыптаспаған.
Зерттеу барысында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби мақсаттары туралы мәліметтер алдық. Алынған мәліметтерді талдау бойынша дене тәрбиесі және спорт факультеттерінің студенттері өздерін басқа салада да өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықылас білдіреді (26,5%), ал гуманитарлық факультеттердің студенттерінің көпшілігі өздерін мұғалім ретінде көреді, сондықтан дене тәрбиесі факультетіне қарағанда олардың мамандығымен қанағаттану индексі жоғарылау.
Сонымен, берілген мәліметтерді талдау барысында екінші компонент бойынша сұралғандардың негізгі бөлігі төмен және орташа деңгей көрсеткендері анықталды: әлеуметтік-мәдени құзырлығының өзіндік бақылау жүргізе алмайды, кәсіби көзқарастан әрекеттеріне талдау жасамайды, мұғалім болып жұмыс жасауға ынтасы төмен, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің біршама бөлігінде әлеуметтік-мәдени құзырлығының көрсеткіштері жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы айқындалды. Үшінші компоненттің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сұрақ-жауап, әңгімелесу, байқау, іс-әрекет нәтижелерін талдау және арнайы әдістемелер бойынша жұмыстар жүргізілді.
Педагогикалық үрдістегі әлеуметтік-мәдени құзырлығының компоненттері туралы білімін анықтауда, студенттер компоненттердің мәнін толық түсінбейді, көбісінде негізгі компоненттердің арасындағы байланысты көрмейді, олардың бір-бірімен сабақтастығын ұғынбайды. Әлеуметтік-мәдени құзырлығын жағдайларды талдауында эмпирикалық деңгейде шешім жасалуы осыған дәлел болып табылады, себебі студенттер компоненттерді білмегендіктен тиісті тұжырымдар жинақтап, байланыстың бұзылғанын анықтай алмады.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемелердің пайдалана отырып, біз студенттердің педагогикалық үрдістегі әлеуметтік-мәдени құзырлығын тәрбиелеу механизмдері туралы білімдерін анықтауға тырыстық, берілген нұсқаулар бойынша 50,0% ке жуық студенттер екі ең маңызды әлеуметтік-мәдени құзырлығы механизмін таңдады. Эксперименттік жұмыстар нәтижелері студенттердің сабақтағы әлеуметтік-мәдени құзырлығы мақсатын, міндетін, нәтижелілігін анықтауда қиналатындарын көрсетеді; оқушылардың іс-әрекетін көре алмайды, яғни “мұғалім-оқушы” жүйесін ұйымдастыру және іске асыруда үлкен қиыншылықтармен кездеседі; бұл жайды педагогикалық практика кезеңінде студенттердің іс-әрекетіне бақылау көрсетті.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығының мәні туралы теориялық білімдердің жеткіліксіздігі студенттің оқушылармен жұмысындағы қызметінде білінеді, яғни болашақ мұғалімдер сабақ үстінде құзырлығы үрдісін дұрыс ұйымдастыра алмайды, сабақтың мақсаты мен оқушылардың мүмкіндіктері арасындағы байланысын байқамайды, сәтсіздіктердін себебін оқушылардан көреді, әлеуметтік-мәдени құзырлығының ұстанымын немесе оның бұзылуына мән бермейді.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын мәні мен ерекшеліктері, заңнамалық білімдері, қозғаушы күштері, әлеуметтік-мәдени құзырлығының механизмі туралы терең білімдерінің болмауының тұжырымы сабаққа қатысу барысында, іс-әрекеттерді талдауында, мұғалімнің қызметін бағалауда байқалады. Мұғалім мен оқушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыруы әр уақытта қалыптасқан жағдайға байланысты болып келетіні айқындалды; өз қызметінде студенттер әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратты жинауда зерттеу әдістерін қолданбайды.
Демек, зерттеу нәтижесі үшінші компонент бойынша студенттердің басым бөлігі төмен деңгейде, яғни іс-әрекет объектісі бойынша жүйелі ұғым болмағаны белгілі. Мұғалімнің қызметінің объектісін –жалпы педагогикалық әлеуметтік мәнін білу педагог құзырлығын қалыптастыру деңгейінде маңызды орын алады.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін жоғары оқу орындарында кәсіби дайындау үрдісінде әлеуметтену мәнін түсінуге және оны ойша талдауға бағыттау қажет, сондықтан педагогтың құзырлығын қалыптастыратын арнаулы жүйе қажет.
Зерттеу мәселесінің өлшемдерін анықтау үшін сауалнама, тестілеу, аяқталмаған ұсыныстар, суретті бейнелеу т.б. әдістемелері пайдаланылды.
Сауалнама, тестілеу, сұрақ-жауап нәтижелері бойынша студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптасудағы өздерінің ролінің мәні айқындалды: 36,5% коммуникативтік жағдайда әлеуметтенуге белсене қатысады, 30,5%- әр уақытта мәдени-қатынас жасауды талдап, болжалап отырады, 34,5%- мәдени-қатынас жасаудағы сәтсіздіктер себептеріне талдау жасайды.
Студенттердің педагогикалық қарым-қатынас техникасын меңгеру дәрежесін айқындауда біз бұл саладағы олардың білімдерінің шектеулі екенін байқадық, студенттердің 51% педагогикалық техниканың әдістерін білу міндетті деп есептемейді. Нәтижелердің көрсетуі бойынша болашақ мұғалімдердің 15,5% педагогикалық техника дағдылары дамыған. Зерттеу жұмыстары болашақ мұғалімдердің ішінде әлеуметтік-мәдени құзырлығын, анық емес дикциясының болуын, әлеуметтік-мәдени құзырлығында т.б. қиындықтардың бар екенін көрсетті.
Сондай-ақ тестілеу, педагогикалық міндеттерді шешу, іс-әрекет нәтижелерін талдау, шығармашылдық жұмыстар, сауалнама және т.б. әдістер пайдаланылды.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын бағалау әдістемелерін пайдалана отырып, біз педагогикалық әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптастыру компоненттерінің деңгейлерін анықтадық. Алынған мәліметтер тұлғаның әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін аз немесе мүлдем пайдаланбайтындығын дәлелдеді.
Студенттер әлеуметтік-мәдени құзырлығын дамыту жөніндегі ғылыми-педагогикалық әдебиетпен шығармашыл жұмыс істеп, пайдалана білудің қажеттілігін білгенімен, тек болашақ мұғалімдердің 17,8%-ы оларды пайдалана алатындығын мойындайды.
Қарастырылған мәліметтерді талдау бойынша, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің басым бөлігі төменгі және орташа деңгейде екенін тұжырымдауға болады: шығармашылдық элементтерін үлгі бойынша пайдаланады, импровизация, бастамашылдық көрсетуге бейім емес, әлеуметтік-мәдени құзырлығы әдістерін қолдана алмайды.
Жоғарыда берілген мәліметтерге сүйене отырып, біз болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын бастапқы жағдайын қалыптасуының анықтадық, нәтижелері 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте – Анықтаушы эксперимент нәтижелері
№ |
Деңгейлер |
Мотивациялық-қажеттілік компонент |
Мазмұндық- іс-әрекеттік компонент |
Рефлексиялық-шығармашылық компонент |
1. 2. 3. |
Жоғары Орташа Төмен |
31% 26,5% 42,5% |
10,7% 26,0% 62,3% |
5,1% 21,9% 73,0% |
4-кестеде көрсетілгендей, болашақ мұғалімдердің көпшілігі әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптасуында төменгі және ортаңғы деңгейлі болып табылады. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру үшін кешенді кәсіби дайындық жүйесі қажет.
Дене тәрбиесі мұғалімдерімен өткізілген зерттеулер келесі нәтижелерді көрсетті. Зерттелген мұғалімдерде зерттеу объектісінің мәні туралы анық түсінігі, оның құрамдас бөліктерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының маңызын баяндауда жауаптары толымсыз. Мұғалімдердің көпшілігі барлық өлшемдер бойынша төменгі және орташа әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасу деңгейлерін көрсетті.
Белгіленген эксперимент мәліметтері мұғалімнің мамандығы мен жұмыс өтілі оның әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасу деңгейіне тәуелді еместігін көрсетті. Зерттеуде сонымен бірге, мұғалімнің әлеуметтік-мәдени құзырлығының жоғары деңгейі оның кәсіби қызметінің жетістігімен тікелей байланысын көрсетіп отыр.
Сонымен, зерттеу нәтижесінде біз әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптасу деңгейінен педагогикалық қызметтің жетістігі көрінеді, яғни педагогтің әлеуметтік деңгейі жоғары болса, мұғалімнің кәсіби деңгейі де жоғарылайды деп тұжырым жасадық.
Оқу жоспарлары, пәндік жоспарлар, жылдық жоспарлары, мұғалімнің жеке жоспарлары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің отырыстарының мәліметтері, педагогика кафедраларының отырыстарының хаттамалары, арнайы пәндердің, соңғы бес жылдық педагогикалық практикалардың құжаттары талданды, нәтижелері төмендегідей:
- мектептер мен жоғары оқу орындары оқу үрдісінде әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасуына толық көңіл бөлінбейді;
- әлеуметтік-мәдени құзырлығы мен оның компоненттері тар мағынада және педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техникаға ретінде түсініледі;
- әлеуметтік-мәдени құзырлығы, оның қалыптастыру проблемалары кафедралар мен әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында, педагогикалық семинарларда талданбайды;
- болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілмейді;
- “Жоғары оқу орны — мектеп” жүйесінде әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және оны сабақтастыру мәселесі қарастырылмаған.
Сонымен, мектептер мен жоғары оқу орны оқу-тәрбие үрдісінің қазіргі жағдайының талдауы әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудағы жеткіліксіз бағытталғанын көрсетті. Тәжірибелік- эксперимент нәтижелері мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
- Арнайы ұйымдастырған жұмыстар арқылы әлеуметтік-мәдени құзырлығының қажетті деңгейін қалыптастыру қажет.
- Жоғары оқу орны кәсіби дайындықтың дәстүрлі жүйесінде болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының кезеңді қалыптастыру әдістемесінің қажеттілігі өзекті болып табылады.
- Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасуы болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жетілдірумен байланысты болу қажет.
Сонымен, эксперимент барысында жасалған тұжырымдар болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасуында арнайы жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін көрсетті.
- «әлеуметтік-мәдени құзырлығын» т.б. базалық ұғымының мәнін зерттеу, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындау проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: мұғалімнің тұлғасын, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда әлеуметтік-мәдени құзырлығы ұғымы адамның айналадағы ортаны және өзінің ішкі дүниесін игеру мен жаңғыртуы; әлеуметтік-мәдени құзырлығының адамның рухани күшінің дамуы мен мәдениетті қатынасты жүзеге асуының өлшемі болып сипатталады.
- Әлеуметтік-мәдени құзырлығын адамның кәсіби қызметіндегі дене тәрбиесі саласындағы белгіленген даму деңгейі мен күшінің жүзеге асырылуына оң әсерін тигізеді.
- Әлеуметтік-мәдени құзырлығын мұғалімнің интегративтік қасиеті, әлеуметтік тәжірибесі арқылы меңгергенін практикада жүзеге асыруы, өзін, айналадағы ортаны, басқа адамдармен мәдени қарым-қатынаста адамгершілік негізінде жаңғыруы.
- Әлеуметтік-мәдени құзырлығын моделі мотивациялық-қажеттілік, мазмұндамалық-операцялық, іс-әрекеттік рефлексиялық-шығармашылық компоненттердің жиынтығында көрінеді және оның қалыптасуы мүмкіндігін сипаттайтын жоғарғы, орташа, төмен деңгейлер арқылы сипатталады.
- Болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының деңгейі оның кәсіби қызметіндегі жетістігімен тығыз байланыста екендігі анықталды.
Анықтаушы эксперимент көрсеткендей, студенттерде мектептегі және жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үрдістердің нәтижелілігі мен сапасына әсер ететін әлеуметтік-мәдени құзырлығының орташа және төмен деңгейі қалыптасқандығы көрсетілді. Сондықтан, осы сапаның жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ететін болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған әдістеме бойынша қалыптастырушы эксперимент ұйымдастырылды.
Қалыптастырушы эксперименті барысында мына міндеттер қойылды:
- болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру тұрғысынан тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен әдістемесін енгізу;
- әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың әдістемесін және оның кәсіби дайындық үрдісінде тиімділігін тексеру;
- болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру тиімділігіне әсер ететін мейлінше нақты шарттарды анықтау;
- жұмыстың барлық кезеңдеріндегі осы үрдістің динамикасын анықтай отырып, зерттеліп отырған сапаның студенттерде қалыптасу үрдісін саралау.
Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбиелік үрдістің мүмкіндіктері қарастырылған теориялық бөлім мазмұнына орай, біз болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру жөнінде қалыптастырушы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргіздік.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру моделіне сәйкес, қалыптастырушы эксперименттің нақты жоспары жасалды. Эксперимент нәтижелері әлеуметтік-мәдени құзырлығының теориялық моделімен салыстыру алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағытын анықтай отырып, қорытынды жасауға және меңгеруге мүмкіндік берді. Қалыптастырушы эксперимент мазмұны осы міндеттермен тікелей байланысты және әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың маңызды шарты болып табылатын –мәдени бағдар құндылығына негізделген тәжірибелік жұмыс кезеңдерін анықтайды; әрі қарай алынған нәтижелер сарапталады және жүргізілген жұмыстар негізінде қорытындылар мен нұсқаулар жасалады.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс өзара тығыз байланысты төрт кезеңнен тұрады және әр кезең қалыптасу деңгейлеріндегі өзгерістердің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік береді; кезеңдердегі деңгейлердің қалыптасуын анықтау өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сипатталды.
Тәжірибелік жұмыстар жүргізілу барысында кезеңнен кезеңге өту әрекеттерін күрделендіру және болашақ мұғалімдердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу маңызды әдістемелік ұстаным болып табылады.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде мына жағдайларға ерекше көңіл бөлінді. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының мазмұны белгілі бір жүйеде мыналарды анықтайтын рухани құнды бағыттарға негізделуі тиіс:
- Тұлғаның құндылық бағдарын түсіне білу, оның жеке ерекшелігін, шығармашылық мүмкіндіктерін, рухани қажеттіліктерін, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгерте білу қабілеттілігін қалыптастыру;
- Болашақ мұғалімнің өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту үрдісін жүзеге асыратын психологиялық атмосфераны қалыптастыру;
- «Субъект-субъект» жүйесінде мәдени құзырлығын орнату: өзара сенімділік, өзара қатынасу, диалог, бірлестік атмосферасы;
- Әлеуметтік- мәдени құндылық бағыты;
- Педагогикалық мәдениет жөніндегі теориялық алғышарттарды ескере отырып, болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби даярлық үрдісінде рефлексиялық мәдениетін қалыптастыру;
- Жоғары оқу орындарында оқылатын және дене тәрбиесі пәндері жиынтығының өзара байланысында зерттеліп отырған мәселені жан-жақты саралап, тәжірибеге енгізу.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының мәселесін бұл кезеңде оқытылатын курстардың өзара тығыз байланыстылығы мен жоғары оқу орындарында оқу үрдісінің толық құрылымындағы әр пәннің өзара сабақтастығында қарастыру қажет. Осы кезеңде оқылатын пәндер болашақ мұғалімдерге әлеуметтік-мәдени құзырлығы жөнінде алғашқы түсініктер бере отырып, педагогтың әлеуметтену ерекшеліктерімен танысуы және шығармашылық бастамасын, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруда басты бағдар етіп алуы тиіс.
Бұл кезеңдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшелігі-оның оқу үрдісімен тығыз байланыстылығы, мұнда студенттер эксперимент жұмыстарын орындаудың алғашқы дағдыларын игеріп, міндеттерді шешу жолындағы тәсілдерді талдай алады, әдістемелерді анықтайды.
Алғашқы кезең оқыту үрдісінде «әлеуметтік-мәдени құзырлығы» ұғымы толықтай педагогикалық іс-әрекеттерге қатынасты анықталуы қажет. Бірлесіп әрекет ету және тіл табысу барысында болашақ мұғаліммен әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған бірлестік маңызды роль атқарады.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген мәселелер тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың келесі кезеңдерінде студенттің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың алғышарттарын жасайды (4,5,6 — суреттер).
4-сурет – Эксперимент барысында мотивациялық-қажеттілік компонентінің өзгеру динамикасы
5- сурет – Мазмұнды — іс-әрекеттік компоненет бойынша студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасу динамикасы
6- сурет – Рефлексиялық-шығармашылық компоненттің өзгеру динамикасы
Психологиялық-педагогикалық, мәдениеттанушылық, қоғамдық, жалпы білім беру, арнайы пәндерді зерттеу үрдісіндегі 2 кезеңде студенттер толықтай әлеуметтік-мәдени құзырлығы туралы білім жүйесін, ғылыми таным әдістемелерін, әлеуметтену тәсілдерін, өзінің болашақ кәсіби әрекетін талдау әдістерін меңгереді және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылық ізденістері дамытылды.
Осы кезеңдегі эксперименттік жұмысты ұйымдастыруда тек оқу үрдісі арқылы ғана емес, студенттер ғылыми, спорттық, жаттығулар, сауықтыру т.б. жұмыстарын жүргізетін үйірмелер, арнайы курстар арқылы да жүзеге асты.
Педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттер өз жетістіктерін, қателіктерін, сәтсіздіктерін өзі сараптауға, өз жұмысының ерекшеліктерін анықтауға, әлеуметтік-мәдени құзырлығын жақсарту жолындағы мүмкін нұсқаларды іздестіруге бағытталған тапсырмалар орындады.
Сонымен қатар, қалыптастырушы эксперимент кезеңінде студенттердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен жұмыстары маңызды болды. Студенттерде құбылысты жан-жақты түсіндіре білуге, жағдайды дұрыс жеткізе білуге қажетті білімге деген қажеттілік туындады.
Эксперимент барысында студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығының мақсаты мен мазмұнын сезіне білетін тұтастай ұжым ретінде бірлесіп қызмет етуіне талдау жүргіздік. Ұжымның әрбір мүшесінің жұмыс нәтижесі сыни және нысанды түрде жеке-жеке бағаланды.
Педагогикалық практика барысында эксперименттік топ студенттері оқушылармен тығыз байланыса отырып, сыныптың әлеуметтік-мәдени құзырлығының жағдайы туралы қажетті ақпараттар жинақтады. Алынған нәтижелер сынып мұғалімдері арасында талданды. Тәжірибе соңында студенттер өз сыныбы бойынша әлеуметтік-мәдени құзырлығын диагностикасы жөнінде есептер берді. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің хабарлама және баяндама түріндегі зерттеушілік жұмыстарының нәтижесі әр түрлі деңгейлерде талданды: мектептегі, факультеттегі қорытынды конференция, студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы, тәжірибе қорытындысы жөніндегі кафедра отырысы.
Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығы жетістіктерін сараптай келе, педагогикалық іс-тәжірибе қарастырылып отырған сапаның құрамдас бөліктерінің қалыптасуына әсерін тигізгендігін айта аламыз. Студенттердің көпшілігі өз алдына сенімді түрде келесі тәжірибе барысында жүзеге асыруға тиіс мақсатты қоя біледі.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңінің 3-сатысы мыналарды қамтиды: дене тәрбиесі курсының әр түрлі пәндері бойынша студенттердің зерттеушілік дағдылары нақты қалыптасатын өзіндік жұмыстарын (курстық және дипломдық жұмыстар, кафедра филиалдарындағы жұмыстар) ұйымдастыру; педагогикалық тәжірибе жүргізу.
Негізгі формалар мен әдістер: педагогикалық әдебиеттермен жұмыс, спорттық шаралар нәтижелерін сараптау, педагогикалық міндеттерді шешу, тренингтік әдістемелер, шығармашылық жұмыстар, дене тәрбиесі сабақтарына қатынасу және сараптама жасау, реферат даярлау әлеуметтік-мәдени құзырлығы т.б.
Жұмыстың барлық кезеңдерінде студенттердің өзіндік әрекеті маңызды роль атқарды. Дидактикалық мақсаттарға қарай, тапсырмалар теориялық және тәжірибелік болып бөлінді. Өзіндік жұмыс болашақ мұғалімдерді зерттеушілік білік қалыптастыруға, алынған білімдерін ықшамдауға, өзіндік шығармашылыққа, кәсіби «Менді» сезінуге үйретеді.
Әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру бойынша ұсынылған әдістемелер студенттермен және мұғалімдермен жұмыс жасау үрдісінде сынақтан өтті. Алынған нәтижелер сарапталды және төменде көрсетіліп отырған қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді. Бірінші кезең аяқталған соң, студенттерде әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасу жағдайының динамикасын анықтайтын «бақылау» жүргізілді. Бірінші «бақылау» нәтижелері 5-кестеде келтірілген.
5-кесте – Қалыптастырушы эксперименттің 1-кезеңінен кейінгі
әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасу деңгейі (%)
№ |
Деңгейлер |
Эксперимент нәтижелері |
|
Бақылау тобы |
Эксперимент тобы |
||
1 2 3 |
Жоғары Орташа Төмен |
3,2% 39,8% 57% |
8,7% 36,9% 54,1% |
5-кестедегі мәліметтерді сараптау нәтижесі тәжірибелік жұмыстың бірінші кезеңінен кейін зерттеліп отырған сапа бойынша біршама өзгерістер байқалады.
Екінші кезеңде студенттермен ұсынылған әдістемелер бойынша белсенді жұмыс дене тәрбиесіндегі оқу пәндерінде ерекше көңіл бөлінді. Әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру жөніндегі кешенді әдістемелік жұмыстан соң нәтижелер анықталды, 6-кестеде көрсетілді.
6-кесте – Қалыптастырушы эксперименттің 2-кезеңінен кейін студенттерде әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптасу жағдайы (%)
№ |
Деңгейлер |
Эксперимент нәтижелері |
||
Бақылау тобы |
Эксперимент тобы 1 «қиынды» 2 «қиынды» |
|||
1 2 3 |
Жоғары Орташа Төмен |
3,2% 39,8% 57% |
11,2% 42,8% 46% |
17,8% 57,0% 39,2% |
Кестеде беріліп отырған мәліметтер болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасуында ілгерілегендік байқалады: төмен деңгейдегі студенттер саны азайып (37,2%), орташа деңгейдегі студенттер саны артып (57,0%) және жоғары деңгейдегілер (19,8%) саны өзгергенін байқаймыз.
Қалыптастырушы эксперименттің 3-кезеңінен кейінгі нәтижелері 5-кестеде берілді.
7-кесте — Қалыптастырушы эксперименттің 3-кезеңінен кейін студенттерде әлеуметтік-мәдени құзырлығының қалыптасуының нәтижесі (0%)
№ |
Деңгейлер |
Эксперимент нәтижелері |
|||
Бақылау тобы |
Эксперимент тобы |
||||
І кезең
|
ІІ кезең
|
ІІІ кезең
|
|||
1 2 3 |
Жоғары Орташа Төмен |
3,2% 39,8% 57% |
8,7% 36,9% 54,4% |
17,8% 57% 39,2% |
20,5% 55,5% 24% |
Тәжірибелік-эксперимент нәтижелері төмен деңгейлі студенттер саны азайғандығын (22,1%) және жоғары деңгейлі болашақ мұғалімдер саны да артқандығын (27,5%) көрсетіп отыр. Өткен кезеңдерден теориялық-тәжірибелік дайындықпен ерекшеленетін 3-кезеңде болашақ кәсіби мақсаттар анықталды, студенттер әлеуметтік-мәдени құзырлығының құрамдас бөліктерін ажырата алады, педагогикалық үрдістегі келеңсіздіктерді көре біледі. Бұл кезеңнен кейін тәжірибелік жұмыстың соңғы «қорытынды бақылау» алынды. Оның нәтижелері 7-суретте беріліп отыр.
|
7-суретте келтірілген мәліметтер тәжірибелік жұмыстың жүйелі және кезеңнен кезеңге өту арқылы әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың енгізілуі қалыптасу деңгейінің қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.
Сонымен, жоғарыда келтірілген мәліметтердің барлығы ұсынылған әдістеменің тиімділігін көрсете отырып, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу-тәрбиелік үрдісіне енгізуге ұсынылады. Эксперименттік жұмыстың мазмұнына: әлеуметтік-мәдени құзырлығының маңыздылығы мен оның педагогикалық үрдістегі ролін ашып көрсеткен, арнайы әдістемелерді ендіру, сабақтарға өзіндік сараптама жасау, тәжірибе барысында студенттермен бірлестік құру, психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс, әдістемелік семинарлар ұйымдастыру, мектептегі педагогикалық үрдіс динамикасы енгізілді.
Тәжірибелік жұмыстағы бақылау тобы мен эксперимент топтарының көрсеткіштерінің салыстырмалы нәтижелері 8-суретте көрсетілді.
8- сурет. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың алғашқы және
соңғы көрсеткіштері динамикасы
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында алынған нәтижелер мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- жоғарыда ұсынылған жүйелі жұмыстар болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
- арнайы ұсынылған әдістемені қолдана отырып, кәсіби дайындық үрдісінде студенттердің әлеуметтік-мәдени құзырлығы деңгейлерін арттыруға болады;
- дене тәрбиесі мұғалімдеріне ұсынылған әдістемені іс-тәжірибеге енгізу зерттеліп отырған сапаны қалыптастырумен қатар, жаңа формация мұғалімінің жеке тұлғасын дамытуға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері біздің ұстанған бағытымыздың нақтылығы мен нәтижелеріміздің дәйектілігін дәлелдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғам алдына биік мақсаттар мен талаптарға сай шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлау мәселелерінің қажеттілігі артуда. Осыған орай, еліміздің ертеңінің тізгінін ұстар, өзіне сенімді, Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, әлеуметтік-мәдени құзырлығы білімді тұлғаны, тәрбиелеу – аса жауапты қоғамдық міндет. Сондықтан қазіргі кезеңде студенттерге болашақ мамандығына сай кәсіби шеберлікті меңгертуге басты назар аудару қажеттігі жағдайында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесіне зор мән берілуі қажет.
Жоғары оқу орындарындағы студент тұлғасын қалыптастыру, олардың кәсіби маман ретінде көрінісін білдіретін құзыреттілігін мәдени тұрғыда қалыптастыру білім беру саласындағы маңызды мәселе. Бұл мәселені теориялық талдауды алдымен арнайы ұғымдарды, түсініктерді анықтаудан бастаған дұрыс деп есептедік. Сондықтан бұл ұғымдардың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік және т.б. әдебиеттердегі талқылануын зерделеу маңызды.
Жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастырудың мәдени — әлеуметтік шарттары мәдениет мүмкіндігімен байланысты, өйткені мәдениетте адамның шығармашылық қуаты мен қабілеті бар, қоғам дамуының жан – жақты қамтылған сипаты мен қызмет түрлерін меңгереді; мәдениетте адамның өмір мен әлемді игеру тәжірибесін қабылдау, ойлау, күйзелу және әрекет жасау түрінде қуаттандырылады; сонымен бірге білім, құндылық, қағида, мақсат және мазмұн түрінде оның тәжірибедегі іс — әрекеттері мен рухани тәжірибесін қайта жасайды, ал білім – оның тірі «жол басшысы» әрі байланыс жасайтын құралы.
Мұғалім өзінің әлеуметтік -мәдени құзырлығын, эстетикалық талғам мен адамгершілік қасиеттерін шыңдап отырса, өзі тәрбиелейтін шәкірттеріне ықпал етері сөзсіз. Осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
— Отандық, әлемдік, мәдени — философиялық көзқарастар мен педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік еңбектерді талдау негізінде болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыруға мазмұндық тұрғыда сипаттама беруге ықпал етті.
— Теориялық-әдіснамалық тарауларға сүйене отырып, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығы анықталды.
— Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастырудың моделі құрылып, негізгі компоненттері және деңгейлері анықталды.
— Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері, жаңа бағытта жүргізілген жұмыстар болашақ мұғалімдерді даярлауда маңыздылығын дәлелдеді.
— Зерттеу жұмысының міндеттерінің орындалуы, ғылыми болжамның дұрыстығын айғақтап, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін көрсетті.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныстар беруге мүмкіндік берді:
- жоғары оқу орындарында, мектеп тәжірибесінде, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіретін институттарда педагогикалық әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру проблемасы бойынша әдістемелік семинарлар мен педагогикалық кеңестер т.б. өткізу;
- болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты монография, оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдарын шығару;
- дене тәрбиесі жүйесіндегі коммуникациялық мәдениет, дене мәдениеті бағыттары бойынша арнайы ғылыми–зерттеулер жүргізу;
Зерттеу мәселесінің күрделілігіне байланысты болашақта дене тәрбиесі мұғалімдерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және мұғалімдердің толеранттылығын дамыту т.б. бойынша арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізілуі маңызды деп есептейміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Алматы: Литера, 2000. – 96 б.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257б.
- Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973, — 215 б.
- Баласағұни Ж.. Құтты білік. – Алматы, 1992. – 428 б.
- Яссауи Қ.А. Ақыл кітабы. – Алматы: Мұраттас, 1995. – 262 б.
- Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы:Жазушы,1994.–285 б.
- Құнанбаев А. Қалың елім, қазағым: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы, 1995. – 384 б.
- К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
- Омар Е. Қарым-қатынас мәдениеті. – Шымкент, 2004. – 80 б.
- Узакбаева С.А. Эстетическое воспитание в казахской народной
педагогике. Дисс. … д.п.н.:02.12.93. – Алматы, 1993. – 324 с.
- Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-практикалық негіздері. Алматы, 1996.-178б.
- Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. – 317 с.
13.Омарова Р.С. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру: теориясы мен практикасы. Ақтөбе, 2008. –397б.
- Таубаева Ш. Научные основы формирования исследовательской
культуры учителя общеобразовательный школы. Дисс…д.п.н. – Алматы, 2001. – 370с.
- Керимов А.К. Қиын жасөспірімді жеке-дара қайта тәрбиелеу теориясы
мен практикасы. Пед.ғыл. докт…дисс. – Алматы, 1994. – 310б.
- Қазіргі кезеңдегі педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: проблемалары және даму болашағы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.16 қазан 2009ж. Б.403-420.
- Белицкая, Г. Э. Социальная компетенция личности//Сознание личности в кризисном обществе / Г. Э. Белицкая, М.: Научный мир, 1995. 170 с.
- Ғабитов Ғ. Мәдениеттану. – Алматы: Ратитет, 2006. – 416б
- Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
- Ниязова Г. Студенттердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру құралдары. Профессионал Казахстана, №12(79). Алматы, 2009.—Б.34-37.
21 Таникеев М. Теория и практика взаимовлияния национальных и
интернациональных факторов в развитии физического воспитания и спорта в Казахстане. Дисс…д.п.н. – Алматы, 1998. – 254с.
22 Сапарбаев М.Б. Теория и практика подготовки учителей физической культуры в системе непрерывного педагогического образование. Дис. .. д.п.н.: 13.00.01. – Алматы, 1993. – 249 б.
23 Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану. Дисс… п.ғ.к.: 21.02.99. – Алматы, 1999-146б.
24 Оңалбек Ж.К. Ұлттар арасындағы дене тәрбиесі мен спорт. – Алматы: РБК, 1997. – 126 б.
25 Жанабаев Қ. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар. – Алматы, 2005. — 37б.
26 Қазіргі кезеңдегі педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: проблемалары және даму болашағы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.16 қазан 2009ж. Б.403-420.
27 Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –
Түркістан, 2004. -227 б.
- Мамбетов М.Қ. Дене тәрбиесіндегі қарым-қатынас мәдениеті. –
Түркістан, 2008. -45 б.
29 Кан-Калик В.А. Педагогическое творчество. – М., 1990. – 375 с.—
30 Ашмарин Б.А. Тоерия и методика педагогических исследований в
физическом воспитании. – М.: Физкультура и спорт. – М., 1999. – 211 с.
31 Омарова Р.С., Есенғұлова М.Н. Халықтық педагогикадағы қарым-қатынас мәдениеті. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2009. –154 б.
32 Кон И.С. В поисках себя: Личность и ее самосознание. –М., 1984. –211 с.
33 Петровская, Л. А. Компетентность в общении / Л. А. Петровская. – М.: Научный мир, 1989. – 140 с.
34 Берестова, Л. И. Социально-психологическая компетентность как профессиональная характеристика руководителя : автореф. дисс…канд. психол. наук : 13.00.08 / Л. И. Берестова, — Москва, 1994. -22 с.
35 Культурная деятельность: Опыт социологического исследования /Отв.ред. Л.Н.Коган. –М.: Наука, 1981. –240 с.
- Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. –М.: Политиздат, 1991. –525 с.
37 Хуторский, А. В. Общепредметное содержание образовательных стандартов. Проект «Стандарт общего образования» / А. В. Хуторский // М., 2002. – 126 с.
38 Роль культуры в формировании личности /Науч.ред.Е.М.Бабасов. –Минск: Наука и техника, 1980. –192 с.
- Семенов В.С. Культура и развитие человека // Вопр. Философии, 1982. –С.18-19.
40 Равен, Дж. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация / Дж. Равен. – М.: Знание, 2002. — 155 с.
41 Кузьмина, Н. В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения / Н. В. Кузьмина. – М. : Высшая школа, 1990. – 190 с.
42 Анисимов О.С. Методологическая культура педагогической деятельности и мышления. –М.: Экономика, 1991. –415с.
43 Құдайкұлов, М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. / М. Ә. Құдайкұлов. — Алматы. : Кітап, 1986. — 117 б.
44 Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
45 Молдажанова А.А. Педагогическая культура в целостном педагогическом процессе. – Алматы, 2004. – 41 б.
46 Закон Республики Казахстан об образовании. — Астана, 7 июня 1999 г., № 389-1. Сборник законадательных актов Республики Казахстан по вопросам образования. — Алматы, 2003. – С.3-33.
47 Архангельский, С. И. Лекции по теории обучения в высшей школе / С. И. Архангельский. — М. : Высшая школа, 1974. — 384 с.
- 48. Коменский Я.А. Великая дидактика.Изб. пед. соч. –М. Учпедиз, 1955. –662с.
49.Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыттары. ҚР-ның Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2012ж, 28 қаңтар.
- Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании. – М.: Физкультура и спорт, 1978. – 300 с.
- Ниязова, Г. Ж. Студенттердің ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру жолдары / Г. Ж. Ниязова, К. М. Беркімбаев // “Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция баянд. Семей, 2007. – Б. 517-519.
52.Белицкая, Г. Э. Социальная компетенция личности//Сознание личности в кризисном обществе / Г. Э. Белицкая, М.: Научный мир, 1995. 170 с.
53.Берестова, Л. И. Социально-психологическая компетентность как профессиональная характеристика руководителя : автореф. дисс…канд. психол. наук : 13.00.08 / Л. И. Берестова, — Москва, 1994. -22 с.
- Байденко, В. И. Болонские реформы: некоторые уроки Европы / В. И. Байденко // Высшее образование сегодня. Москва, 2004. — № 2. – С. 42-45.
55.Хуторский, А. В. Общепредметное содержание образовательных стандартов. Проект «Стандарт общего образования» / А. В. Хуторский // М., 2002. – 126 с.
56.Гришанова, Н. А. Развитие компетентности специалий как важнейшее направление реформирования профессионального образования. Десятый симпозиум. Квалиметрия в образовании: методология и практика / Под науч. ред. Н. А. Селезневой и А. И. Субетто. Кн. 6. — М., 2002. – 170 с.
57.Петровская, Л. А. Компетентность в общении / Л. А. Петровская. – М.: Научный мир, 1989. – 140 с.
58.Құдайкұлов, М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. / М. Ә. Құдайкұлов. — Алматы. : Кітап, 1986. — 117 б.
59.Решетова, З. А. Психологические основы профессионального обучения / З. А. Решетова, — М.: МГУ, 1985. — 150 с.
60.Назарбаев, Н. Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Н. Ә. Назарбаев. – Астана: Елорда, 2006. – 48 б.
61.Лернер, И. Я. Дидактические основы методов обучения / И. Я. Лернер – М.: Педагогика, 1981. – 186 с.
62.Петровская, Л. А. Компетентность в общении / Л. А. Петровская. – М.: Научный мир, 1989. – С. 116-215.
63.Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. – Алматы: 2005. 208 бет.
- Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
- Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. — Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
- Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2002. – 208 с.
- Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2004. – 277 с.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ІЛІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Дене тәрбиесі және спорттың әлеуметтік орнын анықтау алдында біз одан да кең ұғымдарды зерттеп білуіміз қажет. Ол «дене тәрбиесі» деген ұғым.
Дене тәрбиесі – жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет архитектуралары бар қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты, техниканы, экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз қолымен жасаса, сол адамды мәдениеттендіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған – дене тәрбиесі. Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін, кеңістікте дұрыс, үйлесімді қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін — дене тәрбиесі. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, оның денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене тәрбиесі болып табылады.
Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассейндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. Дене тәрбиесінің бағыттары – негізгі дене тәрбиесі, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене тәрбиесі, жеке басылық дене тәрбиесі.
Негізгі дене тәрбиесінің міндеттері — біріншіден, адамдардың өмірге керек қимылының ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерінің деңгейін дамыту; екіншіден, осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) қолдану. Негізгі дене тәрбиесі жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу-тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында, әр түрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Ол еліміздегі ересек адамдардың дене дайындығы деңгейін арттыруға, денсаулықтарын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін дамытуға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің бір саласы — спорт, бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.
Қолданбалы дене тәрбиесі кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл-әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене тәрбиесі емдеу және денсаулықты нығайту дене тәрбиесі деп бөлінеді. Емдік дене тәрбиесінің мақсаты — адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Емдік дене тәрбиесі кабинеттері еліміздің емханаларында, ауруханаларында, спорттық, дәрігерлік мекемелерде жұмыс істейді. Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергектік сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары), күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттығу сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Жеке басылық дене тәрбиесі – адамның өз басының, дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын, оның керектігін, мәнін, мағынасын түсініп, өзіне, маңайындағы адамдарға үйрете бастауы, оның осы салада білім, хабар көздерін іздеп, ол білімді өзінің, айналасындағы адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, спорт түрлерінің қозғалыстарын үйретуге, өмірге қажет қимыл шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға қолдануы.
Дене тәрбиесінің қызметтері
Дене тәрбиесі қызметтерін арнайы және жалпы дене тәрбиесі қызметтері деп екіге бөледі.
Арнайы дене тәрбиесі қызметтері:
— білімділік қызметі – қимыл-әрекетке үйрету арқылы, қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене тәрбиесі саласында теориялық білім беру;
— қолданбалы қызмет – келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі;
— сауықтыру қызметі – дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалысты ұйымдастыру, адам ағзасының ауырып уақытша жоғалтқан қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына келтіру, денсаулықтарын нығайту.
Жалпы дене тәрбиесі қызметтері:
— нормативтік қызмет – адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерлеуге үйрету бағдарламасы, Президенттік сынамалар және спорт классификациясы нормаларынан тұрады.
Жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, институттардың, университеттердің дене тәрбиесі бағдарламаларында әрбір сынып оқушыларына, әрбір курс студенттеріне арналған дене дайындығы деңгейін анықтайтын, бағалайтын сынақ нормалары бар.
Президенттік сынамаларға бүкіл Қазақстан мемлекетінің 12 жастан бастап егде жастағы адамдарға дейін арналған сынақ нормалары кіргізілген. Президенттік сынама нормаларын тапсыру арқылы Қазақстан Үкіметі халықтың жер-жерлердегі дене дайындығы деңгейін біліп отырады. Оның Отан қорғау және еңбек етуге адамдарды дайындауға үлкен әсері бар.
Спорттық классификация нормалары арқылы мемлекетімізде спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беріледі.
- Эстетикалық қызметі — адамның әсемдікке деген құштарлығын дене сымбаттылығы, әсем қимыл-қозғалыс арқылы қанағаттандыруы. Адамдар осы эстетикалық құштарлықтарын қанағаттандыру үшін спортпен шұғылданады, жарыстарды көруге барады. Дене сымбаттылығы, сұлулығын, әсем, әдемі қимыл-қозғалысты көру үшін атлетикалық, көркем, спорттық гимнастика, культуристер, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б. жарыстарды көреді.
- Хабарлау қызметі — адамның денсаулығын сақтау, нығайту жолдарын, спорттық шеберлікті жетілдіру жолдарын, әр түрлі жарыстар өтілуін ақпараттық құралдар (газет-жорнал, теледидар, радио) арқылы халыққа хабарлау, тарату.
- Қарым-қатынас қызметі – адамдардың бір-бірімен араласуы, өзара түсінісу жолдары. Спорт жаттығулары, дене тәрбиесі сабақтары, жарыстар адамдарды таныстырады, араластырады. Спортшының спорттық дәрежесі артқан сайын оның адамдармен араласу кеңістігі кеңи береді (аудан, облыс, республика, шетел).
- Тәрбиелік қызметі – адамның адамгершілік, зейінділік, еңбек сүйгіштік, шыдамдылық, батылдылық, патриоттық қасиеттерін қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің бағыттары, түрлері мен қызметтерінің тұжырымдалған жүйесінің тек танымдық қана емес, тәжірибелік маңызы зор. Ол көптеген әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың талабын қанағаттандыруға бағытталған. Дене тәрбиесінің мүмкіншіліктерін, оны қолдану жолдарын, амалдарын, әдістемелерін көрсетеді, оларды дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде қалай қолдану керек екендігін түсіндіреді.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатын қалыпқа келтіру», «Денені тынықтыру», «Дене дайындығы», «Дененің жетілуі», «Дене туралы білім», «Дене дамуы».
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене тәрбиесі сабағында біз жаттығушыларды, біріншіден, өмірге қажетті қимыл-әрекетке қозғалысқа үйретеміз. Ол — әрбір спорт түрлері жаттығуларының техникалары, жүгіру, секіру, лақтыру т.б. кеңістіктегі қозғалыс жаттығулары. Екіншіден, жаттығушылардың дене қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділіктерін дамытамыз. Үшіншіден, дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты әр түрлі теориялық білім береміз.
Дене дайындығы дегеніміз – әр түрлі әрекеттердің (әскери, спорт, өнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Ол жалпы және арнайы дене дайындығы деп бөлінеді.
Жалпы дене дайындығы – жалпы әр түрлі және бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Жалпы дене дайындығы – жалпы әр түрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Арнайы дене дайындығы дегеніміз — арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Спорт дегеніміз – әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорты және жоғарғы жетістіктер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғары жетістіктер спорты – жоғарғы көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордшылар спорты. Көпшілік спорты — барлық адамдар қатыса алатын, қатысулар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Жоғары жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысу арқылы бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады.
Денені тынықтыру – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Денені қалыпқа келтіру – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Денені жетілдіру – адамның дене қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу.
Дене туралы білім – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.