АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық және практикалық процесі, 2015 — 50

 

«Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық және практикалық процесі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….. 7

 

1 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Болашақ   дене   мәдениеті   мамандарының   дене   мәдениетін   кәсіби қалыптастырудағы мәні………………………………………………………………………..   12

1.2 Студенттердің  кәсіби  мамандығының  маңызы мен міндеттері…………. 21

1.3 Жоғары оқу орнында дене мәдениеті кәсіби саласында оқитын

студенттер контингентінің ерекшеліктері……………………………………………….. 25

 

2 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Жоғары оқу орындарындағы дене мәдениетінің әдістемесі………………… 32

2.2 Дене  мәдениеті  жоғары  оқу  орны  студенттерінің оку  процесіндегі әдістемесі………………………………………………………………………………………………. 34

2.3 Дене мәдениеті  жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапасына тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері…………………………………..                    42

2.4 Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін қосымша факторлар………………………………………………………………………………..                52

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….. 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………… 57

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда мамандандырылған дене мәдениеті жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене мәдениеті жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене мәдениеті жүйесі жалпы халықтық кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене мәдениетіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады [1].

Барлық материалдық және рухани игіліктер қоғамның дене мәдениеті саласындағы қызметінің нәтижесі туралы бағалауға көмектесетін, ұлттық мәдени дәстүрлер ғана болып қоймайды, сонымен қатар оны пайдалануға және қолдануға итермелеп, нәтижесінде алдағы уақытта оны толықтырып отыруды қажет етеді. Материалдық және рухани игіліктер адамдардың қоғамдық ғылыми, сонымен бірге спорт саласындағы педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында жасалады. Сондықтан игіліктерді біріншіден, арнаулы ұйымдастырылған педагогикалық қызметте, екіншіден тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен шұғылдану түрінде, үшіншіден көпшілік тұрғындарды кең ауқымда қамтитын баспасөз, радио, теледидар т.б. көпшілік ақпарат құралдары арқылы әртүрлі таралымдар түрінде пайдалануға болады [2].

Дене шынықтыру, спорт саласында мұғалім кадрларды даярлау бойынша көптеген ғылыми жұмыстар (Т.Ш.Қуанышев, К.И.Адаімбеков, Т.А.Ақпаев. Н.А.Құрышева, Е.Ю.Шуберт және т.б.) болды. Ал дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М.Сапарбаев, Е.Уаңбаев, Ж.Оңалбек, С.Тайжанов, Б.А.Тойлыбаев, Т.Ж.Бекбатчаев, Б.Төтенаев, Э.Ж.Тлеуов т.б. зерттеген [7].

Дене мәдениеті деген түсінікті ұғыну дене тәрбиелеу деген ұғымды білдіреді. Басқаша айтқанда дене мәдениеті халық мәдениетінің құрамдас негіздегі бір бөлігі болып табылады. Дене мәдениеті, яғни денені тәрбиелеу адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуымыз қажет. Мұндағы материалдық игілік іс жүзінде дене тәрбиесі сабағы, шұғылдану сабақтарын өткізетін әртүрлі спорт ғимараттары, арнаулы спорт ғимараттары мен құрал жабдыктар, спорт ұйымдарын, жеке спортшыларды қаржыландыру, дене тәрбиесі жүйесінін идеологиялық, ұйымдастырушылық және бағытын қамтамасыз ететін әлеуметтік жетістіктерді айтады. Әрбір қоғам мүшесінің денесін шынықтыру жөніндегі игілікті шаралар тұтастай алғанда, мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс. Ал мектеп көлеміндегі бұл саладағы шаралар халыққа білім беру мекемелері мен сауықтырумен шұғылданатын қызметкерлер үлесінде. Дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі спорттық дайындық болып табылады. Спорт ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ ол адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне пайдалануы деп білеміз. Сонымен қатар, спорт түрлерінен өтетін жарыстар арқылы жоғары спорттық шеберлігі мүмкіндігін көрсету үшін, арнайы шапшаң қарқынмеы морфологиялық қызметін және психологиялық даярлығын айқындайды [4].

Спорттың басқа да қызмет аясы жеткілікті. Біріншіден, спорт өз алдына адамның тәрбиелік жағына оңды ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді де шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт

өндірістік қызметке жатпайды және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ.

Спорт спорттық — сайыстық , бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық, ерекше қатынас талап және нәтижеге жету кіреді.

Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорт түрінен жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек дене, әдістік және тәсілдік дайындығын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттын адамды тәрбиелеудегі манызы өте зор [5].

Қазіргі заманғы өскелең өмір жағдайында спорт түрлерінен, оның ішінде жаттықтырушы мамандар даярлауда болашақ мамандар анатомия, физиология, биохимия, дене жаттығуларының биомеханикасы, спорт менеджменті, педагогика және психология сияқты қатарлас пәндер мен спорттық жаттығуды үйлестіруі тиіс. Негізінен спорттық қозғалыстың екі бағыты бар. Жалпы көпшілік спорт және жоғары нәтижелер спорты. Жалпы көпшілік шұғылданатын бұқаралык спорт, спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысу мүмкіндігі қатынасымен сипатталады. Бұқаралык спортта — спорттық нәтижелер арттырумен қатар елеулі орын мен уакыт сауықтыру міндеттерін шешуге, оқудан, еңбектен тыс бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік — сауыктыру спорты), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт ел тұрғындарының (жас өспірімдер мен ересек жас аралығында) дене тәрбиесіне және салауатты өмір бейнесін насихаттап, тарту міндетін шешуде басты рол ойнайды [6].

Ал жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, олимпиада ойындарында, әлем, құрлық чемпионаттарында және Қ.Р. біріншіліктерінде). Дегенмен спорттык нәтиже неғүрлым жоғары болған сайын, бұл нәтижеге жетушілердің саны да азаяды. Жоғары нәтижелер спортының қоғамдық қызметін іске асырудың да белгілі ерекшеліктері бар.

Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық резонанс туғызады және қандай мектепте сол спорттық даму деңгейі, әлемдік, халықаралық жарыстарға жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер жанкүйерлер қауымының әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге әртүрлі халықтар арасында тегіне қарамастан бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың жалпы көпшліктік сипат алуының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі, оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді. Спорт тек денені дамыту және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қоймайды, сонымен бірге спорттың өзіне тарту күші дене және психикалык күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей бағытты тәрбиелеу үшін кең көлемдегі мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен — өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған, тәрбиелік бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады [7].

Спорт әлеуметтік — педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінін ықпалды құралы болып табылады, ал спорттың кәсіби — қолданбалы түрлерімен шұғылдану нәтижесінде еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.

Зерттеудің мақсаты: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу.

Зерттеу нысаны: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапаларының теориялық және практикалық процесі.

Зерттеу пәні: Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби

сапаларын теориялық және практикалық сабақтарының педагогикалық  іс-

шаралары.

Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  Дене  мәдениеті  жоғары  оқу  орны

студенттерінің кәсіби сапаларын теориялық және практикалық қалыптастырудың  тиімділігі артады, егерде:

— дене мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі қолданылса;

— дене мәдениеті курсында әдістемелік сабақтастық сақталатын болса. Зерттеу міндеттері:

  1. Дене мәдениетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін саралау;
  2. Дене мәдениеті жоғары оку орны студенттерінің кәсіби сапаларынын әдістемесін пайдалану;
  3. Жоғары оқу орны студенттерінің болашақ жаттыктырушылық мамандығына кәсіби бейімделудің ұйымдастыру педагогикалық іс-шараларының негіздерін қалыптастыру;
  4. 3ерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, дене мәдениеті мамандарын даярлаудың үйлесімді жүйесін жасаудың ғылыми-практикалық ұсынысын беру.

          Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орындарында, спорт секцияларындағы оқу, жаттығу сабақтары оку-тәрбие процесінің бөлінбейтін бөлігі болып есептеледі, сондықтан дене мәдениетін яғни дене мәдениетіне тәрбиелеуді қалыптастыру, олардың жаттыктырушылық қызметінде меңгерген іскерлік пен дағдыларды іс жүзінде пайдалану, дәрежелі спортшы-мамаы даярлауда біліктілік қабілеттерін арттыру.

Зерттеудің дереккөздері: Дене мәдениеті және спорт теориясы мен практикасы бойынша ғылыми басылымдар, дене мәдениетінің теория және ілімі курстары, материалдары, революцияға дейінгі анатомия, физиология, медицина өкілдері мен педагогтардың ғылыми тұжырымдамалары; жоғары оқу орындары дене тәрбиесі мен спорт факультеттерінің озық оқу-тәрбие, оқу — әдістемелік үрдістеріндегі бағдарламалық материалдарды ұтымды іске асыру тәжірибелері.

Зерттеудің әдістері: зерттеудің туындаған мәселелері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындарының денешынықтыру және спорт кафедрасының студенттеріне талдау жасап, әңгімелесу; байқау, бақылау, қорытынды бағалау, оларды статистикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу базасы: Ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмысы Түркістан олимпиада ізбасарларын даярлайтын кешенді жоғары спорт мектебінде, қалалық спорт мектебінде және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жаратылыстану және медицина институты, денешынықтыру және спорт мамандығының базасында жүргізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы (өзектілігі); 031140 (050108) Денешынықтыру және спорт мамандығы студенттері үшін, спорт мектептері мен жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларында олимпиада ізбасарларын даярлайтын жоғары кешенді спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарында болашақ жаттықтырушы мамандығына кәсіби бейімделудің жолдарын арттыруға ұсынылды.

Жұмыстың саралануы мен талқылануы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен бағыттары бойынша мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері «Денешынықтыру және спорт'» кафедрасында алдын ала талқылаудан өтті.

 

 

 

1 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби

қалыптастырудағы мәні

 

Дене мәдениеті — қоғамдық құбылыс ретінде пайда болу, қалыптасуы және дамуы, құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылықтары бар ғылым. Бұл теорияны біліп, меңгеру өскелең ұрпаққа осы заманғы өмір талабы принциптеріне сай дене тәрбиесін жүргізуге дұрыс бағыт береді. Бұл теорияны оқып, үйрену барысында келесі міндеттерді анықтап алу керек: денені тәрбиелеу жүйесінің пайда болу себептері, оның мәні және қоғам өмірінде алатын орны, дене мәдениетінің тарихи даму сипаты, таптық қоғамдағы дене тәрбиесінің мақсаты, қоғамның материалдық өмірі, еңбек қызметінің сипаты мен мазмұны, әскери іс, ғылымның жетістіктері, саясаттың ықпалы т.б. Бұл әсер етуші күштердің дене мәдениетіне бір-бірінен бөлінбей, керсінше күрделі, өзара қарым-қатынаста ықпал ететінін білу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне жатады. Дене мәдениетінің мәнін түсіну үшін болашақ маман алдымен оның мағыналык мазмүнын анықтап алуы қажет. Дене мәдениетіне тән қасиет коғам өмірінде адамның дене күштерін барлық уақытта өмірге қажетті арнайы қозғалыс дағдыларын, жылдамдық , икемділік, төзімділік сияқты дене сапаларын, әдіс-тәсіл шеберлігін дамыту үшін пайдаланып келген және пайдалана береді.Дене мәдениетінің бұл мағыналық ерекшеліктері дене тәрбиесіне  салыстырмалы  дербес  тәрбие  түрі  ретінде   білуге   мүмкіндік

береді [5].

Адамның денесін жетілдірудің жалпы заңдылықтарын ашу үшін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдары, жекелеген ғылымдар физиология, биохимия, жалпы педагогика және спорттық педагогика, таңдап алған спорт түрлері әдістемелері және т.б. пәндердің мәліметтері кең ауқымда қолданылады. Дене мәдениеті теориясының жоғарыда аталған тектес пәндермен байланысын

терең зерттеп, оқып, үйрену арқылы педагогика ғылымы бола тұрып, оларды оқыту және тәрбиелеудің заңдылықтарын ашу үшін, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтерін қандай мақсатта пайдаланатынын білген маңызды. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамның басқа экономика, мәдениет, саясат сияқты маңызды салаларымен тығыз байланыста. Ол үшін педагогика ғылымдары жүйесіндегі дене мәдениеті теориясының алатын орнының маңызын білу үшін оның ішінде жалпы педагогикамен олардың байланыстарын нақты көз алдына елестету қажет. Дене мәдениеті жүйесінің толық сипаттамасы дене мәдениеті теориясының барлық тақырыптарында арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық пәндер арқылы айқындалады. Қоғамдық құбылыс ретінде дене мәдениетінің пайда болуы мен бастапқы дамуы халықтардың тұрмысы мен санасына байланыста белгілі мақсатты шешу болды. Мыңдаған жылдар бойы адам баласы күш, шыдамдылық, жылдамдық, икемділік және ептілікте аңдармен, жануарлармен күш сынасқан. Бұл сайыстарда табысқа бүкіл аңшылар тобынан жан-жақты дене дайындығы жақсы дамыған, батыл адамдар ғана жеңіске жете алатын болған. Найза, тас, таяқша лақтыру арқылы және тағы басқа еңбек құралдарын пайдалану арқылы адам қозғалыс дағдыларын игерді.Адамның мұндай қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеру нәтижесінде келе-келе оның кәсіби қызметіне айналады. Алайда, өндіріспен күнделікті тіршілік адамдарының шынығуды қажет етуіне, дене мәдениетінің қалыптасып, одан әрі дамуына ықпалын тигізеді [6].

Адам бір нәрсеге үнемі жаттығып, үйренуге саналы түрде баруы қажет болды, сонымен бірге еңбек ету барысында пайдаланылатын еңбек құралдарын тиімді меңгеру үшін алдын-ала қажетті қимылға тән дене дайындығының маңызын түсінді. Осы қажеттіліктердің маңызын түсіне келе адамдар еңбек етуден тыс уақыттарында тіршілікке қажетті қимыл-қозғалыс жаттығуларын қайталап отырған. Осы кезден бастап бұл қимыл-қозғалыстар дене жаттығуларына айналып, арнайы шұғылдануды бастаған. Дене жаттығуларының жәрдемімен   адамдардың   өздеріне   нақты   еңбек   дағдыларын   алатындай мүмкіндіктің бар екеніне көзі жетті, осылайша денені шынықтыру, яғни қажетті дене жаттығуларымен шұғылдану адамның материалдық құндылықтарды игеруіне белгілі дәрежеде әсер етті. Еңбек барысындағы қимыл-қозғалыстардың дене жаттығуларына айналуы, оның адамға әсер ету ауқымын өлшеусіз кеңейтті, сонымен қатар денені жан-жақты жетілдіру мүмкіндігін туғызды. Сөйтіп, еңбек құралын дайындау және оны қолданудағы жинақталған тәжірибе дене жаттығуларының пайда болуының дәлелді себептеріне айналды[7].

Ғылыми тұрғыдан алғанда, адам қызметінің бірде-бір түрі биологиялык жағынан тұқым қуаламайды, дене мәдениетіндегі тәрбие жетістігі тек қана жаттығуларды көп қайталау нәтижесінде игеріледі, адам игілігіне айналады.

Дене мәдениетінің мақсаттары мен міндеттерінің өздері дене тәрбиесінің негізгі құралы дене жаттығуларының өзгеруіне әсерін тигізді. Мысалы, кейбір жаттығулардың орындалу түрлері өзгеріп жатса, енді біреулері жойылып, орнына жаңасы пайда болып жатады. Бұл өзгерістер екі себепке байланысты, яғни біріншіден қоғамның материалдык өмірінің даму кезеңдерінде адамның үйлестіктегі қозғалыс дағдыларының талап етілуі, жаттығулардың жаңа жүйесінің пайда болуы, екіншіден, дене мәдениетін зерттейтін ғылымның дамуы адамның қозғалыс қызметіндегі заңдылықтарды тереңірек ұғынуы, бұрын соңды адам өмірінде кездеспеген жаттығуларды жасауы, адамға жағымды әсер ететін тиімді құралдарды іздестіруі жатады[8].

Дене шынықтыру жэне спорт мамандарының кәсіби дайындықтарын жақсарту бағыттарының бірі ЖОО студенттерінде қарым-қатынас мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Берілген мақсатта ЖОО студенттерінде қарым-қатынас   мәдениетті    қалыптастырудың   арнайы

педагогикалық жүйесін эзірлеу қажет. Бұл жүйе -студенттердің жеке басына тиянақты әсер етуші болып табылатын оқу процесі және педагогикалық құбылыстар жиынтығы болып табылады.

Жүйеде кез келген басқа да педагогикалық жүйедегідей келесі түрдегі құрылымдық компоненттері қарастырылады, яғни:

  1. Педагогикалық мақсаты.
  2. Оқу және ғылыми мәліметі.
  3. Педагогикалық қарым-қатынас құралдары. Педагогикалық процесс.
  4. Студенттер.
  5. Оқытушылар.

Берілген жүйенің мақсаты — студенттердің алдағы кәсіби қызметіне қажет психологиялық-педагогикалық білімдеріне, педагогикалық ептіліктеріне әсер ету жеке адамдық қасиеттерін және мәдениеттілігін дамыту болып табылады.

Берілген жүйенің маңызы және ғылыми сапасы болашақ мамандарды дайындау мақсаттарымен ЖОО студенттерінің психологтық-педагогикалық білімдеріне, ептіліктері мен жеке адамдық қасиеттеріне қойылатын талаптарымен анықталады.

ЖОО ең бастысы қазіргі заманға сай мамандарды дайындайтындықтан олардың бітірушілері өзінің жэне басқа да адамдардың іс-әрекеттерімен есептесе алуы тиіс, сонымен қатар оны дене шынықтыру және спорт мамандарының алдында тұрған негізгі мақсаттарды шешуге бағыттап, одан қарым-қатынас мәдениетінің жоғарғы дәрежесін талап етуі тиіс. Бұл үшін ЖОО студенттерінде мұндай талантты оқудың алғашқы жылынан бастап-ақ қалыптастыра бастау қажет.

Бірінші курстан бастап-ақ, «Мамандыкқа кіріспе» сабағында студенттерге талқылау үшін төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады:

1.Спорт      мектептеріндегі,      үйірмелердегі,      жаттығулардағы жұмыстардың ерекшеліктері.

  1. Дене шынықытудың жэне    спорт    мамандарының    тэрбие мәселесіндегі міндеттері.
  2. Қарым-қатынас мэдениеті.
  3. Қарым-қатынас — әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде.

Сондай-ақ төменгі курстарда өтілетін жалпы білім беретін пәндер циклы ЖОО студенттерінде қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде де алғашқы қадамдар жасайды.

Мысалы, орыс, қазақ тілі, ағылшын тілі бойынша сабақтарда жеке адамның әлеуметтік құрылымын жақсартушы белгілі бір мінез-құлық нормалары мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін арнайы тілдік материалдарды іріктеп алуға болады. Бұл тіл ұқсастық реакциясын жеке дара қарым-қатынастың өмірлік мән-жайларын оқытуды, өміршеңдікті болжауға жағдай жасайды.

Одан басқа, жағдайға байланысты тілдік қарым-қатынас диалогтық сөз мүмкіндіктерін кеңейтеді, ал кәсіби сауаттылықты тілден тілге аудару өз кезегіыде, болашақ спорт мамандарында адамдармен қарым-қатынасты жасай білуді қалыптастыруға себеп береді.

Теорияда қиындататын психологиялық кедергілерді болдырмау, мамандыққа деген қызығушылықты жоғарылату студенттердің ағылшын тілі сабақтарындағы рольдік ойын қызметтерін ептілікпен пайдалануға көмек береді. Рольдік ойын элементтерін қолдану іс-әрекетті шын мәнінде қызметте қолдануға мүмкіндік береді. Одан басқа орыс, қазақ ағылшын тілдеріндегі рольдік ойындар төменгі курс студенттерінде келешек жоғарғы курстарда мамандық бойынша өткізілетін кәсіби ойындарына қатысуға дайындықты қамтамасыз етеді.

ЖОО жоғарғы курстарында «Дене шынықтыру жэне спорт мамандарының өзгешелігі мен ерекшеліктері» атты арнайы семинар әзірлеп, өткізу ұсынылады. Берілген арнайы семинардың бағдарламасы төмендегіше болып келеді:

1.Қазіргі заманғы  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттегі  мәдени карым-қатынас мәселесі.

2.Дене шынықтырудың және спорт мамандарының кәсіби қызметінің ерекшеліктері.

3.Дене шынықтырудың және спорт мамандарының алдында тұрған педагогикалық міндеттердің сипаттамасы.

  1. Дене шынықтыру және   спорт   мамандарының       педагогикалық мәдениетінің қалыптасуының маңызы, негізі компоненттері және деңгейі.
  2. Болашақ спортсмендердің кәсіби    қызметіне    қажетті    негізгі психологиялық-педагогикалық сауаттылығы.
  3. Спортсмендерді педагогикалық мәдениеттің   жоғарғы   деңгейімен сипаттаушы психологиялық-педагогикалық ептіліктерінің өзгешелігі.
  4. Жаттығушылармен қарым-қатынастың психологиялық негізері.

8.жаттықтырушы рөлі. Тренер мен жаттықтырушының коммуникативті қызметінің моделі.

  1. Дене шынықтыру және спорт мамандарының кәсіби қызметінде қажет жеке психологиялық ерекшеліктері   мен   қызметтік   және   адамгершілік қасиеттері.

1О.Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты.

Мұндай арнайы семинарды 4 курстың екінші семестріндегі оқу процесіне енгізген тиімді, яғни студенттің өзін-өзі басқаруға етене қатысуы арқылы олардың адамдармен өзара қарым-қатынасының кейбір бастапқы дағдылары калыптасады. Арнайы пәндер бойынша өткізілген сабақтарда және 3 курстан кейігі өндірістік тәжірибе кезінде алынған кейбір кәсіби тәжірибелері бұл курсты дұрыс игеруге себеп болады.

Арнайы семинар лекциялық жэне тәжірибелік сабақтары түрінде өткізілуі тиіс. Лекция бөлімдері студенттердің ізденіс қызметін болжайтын мәселелерін көрсетіп беруді талап етеді, ал тәжірибелік сабақтары студенттер карым-қатынас қызметіне қосылатындай етіп, ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, спорттық іс-әрекетте жаттықтырушы мен оқушы, жаттығушы арасындағы өзара әрекеттерді мысал, рольдік ойындар түрінде активті, интерактивті формада ұйымдастыру қажет

Лекциялық және тәжрибелік сабақтарды бір оқу тобымен жүргізу ұсынылады, себебі біріншіден, әр сабақ теориялық материалды зерттеумен және алған білімдерін тәжірибелі түрде бекітумен өтуі тиіс; екіншіден, топтық-дискуссия мен ойындарды ұйымдастыру кезінде студенттердің оптимальді саны 15-20 адамнан аспауы тиіс ал, студенттердің, жоғарғы курстардың топтарына кіреді.

Студенттердің кейбір құрамды бөлігі үй тапсырмалары арқылы, өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасады. Тапсырмалары төмендегіше.

— Студент тәжірибені өткізген сол спорттық алаңда, залда орын алған, өзара қарым-қатынас әрекетінің іс жүзіндегі мән-жайын суреттеу;

— Жаттықтырушы, немесе тренердің іс жүзіндегі мән-жайды шешуі кезіндегі жасаған әрекеттерін суреттеу және бағалау;

— Студенттің жаттықтырушы орнында болғандағы өзара әрекетінің берілген іс жүзіндегі мән-жайдағы әрекеттерін суреттеу.

Тапсырма өндірістік тәжірибе бойынша жазбаша есеп түрінде дайындалуы мүмкін.

Оқушылар. Студенттердің оқу процесін ұйымдастыру кезінде аса маңыздысы болып олармен жеке жұмыс жүргізу болып табылады:

— студентке оның болашақ кәсіби қызметіне қажет жеке диагностика; мәліметтендіру;

— жеке адамдық қасиеттерін өзін-өзі тәрбиелеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар.

Бұл үшін анкета, жауап алу, байқау және әңгіме өткізулерді пайдалану ұсынылады.

Студенттермен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру тек мәліметтік сипатты ғана алып баруды емес, қалыптастыру қызметінде орындауы тиіс, себебі біздің басқа адамдардан алып отырған біздің мінез-құлқымыз туралы мәлімет мінез-құлықтың стилін сақтауды немесе өзгертуді болжайды. Жеке адам үшін көзделген тура осындай қызметті оның психологиялық ерекшеліктерінің диагностикасы мен бағалауы орындайды.

Студенттің психологиялық ерекшеліктерін бағалау және оның диагностикасы-оған өзінің қасиеттерін бағалауға және қайта бағалауға, оларды сол немесе басқа қасиеттерінің құндылығына сәйкес сақтап, өзгертуіне көмектеседі.

Студенттердің жеке қобалжулы сәттеріндегі зерттеу нәтижесі-олардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында оқушылардың психологиялық жағдайын оптимизациялау үшін оларды аутогендік шынықтыру әдістеріне үйрету қажеттілігін көрсетті.

Қалыптастыру эксперименті нәтижелері сонымен қатар, студенттердің жеке адамдық қасиеттерін коррекциялау кезінде негізгі назарды олардың адамгершілік тәрбиелілігі мен сөз мәдениетін сипаттаушы қасиеттерінің дамуына аудару керектігін көрсетті. Осы мақсатпен арнайы семинар бағдарламасьшда этикалық жоспардың іс жүзіндегі бірқатар мән-жайларын талқылауды алдын ала қарастырып, бір сабақты ораторлық өнерге аудару қажет.

Өзгермелі жағдайда жұмыс істеуге педагог дайын болу үшін педагогикалық міндеттер тиімді түрде шешілуі қажет. Ол үшін бұған психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызу керек. Осы мақсатпен біз вариативті технологиялардың кешенін пайдаланған жағдайда студенттің карым-қатынас қызметінің даму жүйесін тексеріп, тәжірибеден өткіздік.

Осыған орай, сүйенгеніміз — болашақ кәсіпқой педагогті жоғары оқу орны қабырғасында-ақ дайындау қажеттілігі заңды талап. А.П.Сейтешевтің пікірінше, педагогикалық білім беруді жобалаудағы басты идея сол: жоғары оқу орны қазіргі бағдарын өзгертіп, кәсіпқой педагогті даярлап шығаруға бағыт алуға тиіс. Жас маман, педагогикалық жұмыстың (антропотехникалық) өзіндік керемет әдістемелері мен құралдарын құрастыру, қалыптастыру амалдарын кәсіби тұрғыдан меңгере білуге міндетті.  Кәсіби педагог-мүғалімнің  өз мамандығын ең алдымен оқушыларды дамыту құралы ретінде меңгеруі-заман талабы.

Мұндай мұғалім тұлғасыз «транслятор», «талассыз ақиқат» болудан қалады да, шығармашылық міндеттерді шешу жолында, оқушылардың ойлау техникасын, көпөлшемді санасын, тарих пен мәдениет жөніндегі өзіндік пікірге қабілетін қалыптастыру санасын, тарих пен мәдениет жөніндегі өзіндік пікірге қабілетін қалыптастыру жөнінде күрделі де қызу жұмыстың ұйымдастырушысына айналады. «Педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі-адам санасымен практикалық жұмыс жүргізе білетін, бала-ересек қауымдастығы білімденуінің дамушы процестерін жобалауға қабілетті кәсіпқой педагог, антропотехник».

Негізгі кәсіби білім берудің мақсаты болашақ педагогтің тұлғасын қалыптастырып, дамыту болатын. Оның жолы көп: іргелі (білім) даярлығын арттыру, педагогикалық білім берудің мазмұндық, практикалық бағытын үштау, оны гуманистік, жаңалық енгізушілік, мәдениеттанушылық, шығармашылық, аксиологиялық, технологиялық, тұлғаға бағдарлаушы әдістер, білім беру жүйесінде, білім беру мекемелерінде жүріп жатқан шынай педагогикалық процестердің өзара байланысын бекіту, білім берудің жаңа мақсаттарына сай педагогикалық технологияларды даярлау мен пайдалануды күшейту. Осы түста «мүны қалай істеу керек?» деген сауал талабына айрықша назар аударылды.

Аталмыш тұрғыға қатысты А.П.Сейтешевтің тұжырымдарын басшылыққа алдық. Оның бағамынша: «…болашақ маман тұлғасының кәсіптік тұрғыдан қалыптасу үдерісі үш заңды сатыдан өтеді. Бірінші сатыда кәсіби іс-әрекет меңгеруге тиісті әйтеуір бір сыртқы, объективті бір нәрсе болып көрінеді. Екінші сатыда студент болашақ іс-әрекетін ұғынып, оған енеді де, сонда әрекет етеді, кәсіпке өзгеше бір тұрғыдан бойлайды. Тек үшінші сатыда, педагогикалық іс-әрекетті енгізгенде (интериоризденгенде) ғана студент педагогикалық іс-әрекет субъектісіне айналады. Осыған қатысты болашақ педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуының кейбір маңызды заңдылықтары ашылды. Бірішіден, студент тұлғасының субъектілік тұрғыдан қалыптасуы оның белсенділігіне, қандай танымдық іс орындайтынына, өзінің тұлға ретіндегі іскерлігі, қабілеті мен сапасын қалыптастыратынына толықтай тәуелділікте болады. Екіншіден, болашақ педагогтің қалыптасуы өзіндік тәрбиеге қабілетін дамыту баспалдақтарымен толық сәйкеседі» [15].

Студент тұлғасын дамытуға бет алу, білім беру, мазмұнын жаңарту, оқытудың университеттік үлгісін жасау және бірінші кезектегі өзекті мәселелерді шешуге бағдар беру негізінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын көтеру қажет. Проблемаларды санамалап өтейік: дәстүрлі оқу-тәрбие үдерісін қайта құру; ондағы шығармашылық негізді дамыту; университеттің мектеппен және білім беру орындарымен байланысы; университет, кафедра және жеке оқытушылар деңгейіндегі оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың бірлігі; жоғарғы оқу орны және студенттік өзіндік басқаруға сүйеніп өмірдің бар саласын демократтандыру мен гумандандыру. Аталмыш мәселелерге бір-бірімен тығыз байланыс және осыған орай, кешенді шешім талап етіледі.

Сонымен қатар әр проблеманың бір-бірімен байланысты бірқатар аспектілері бар. Оларды университеттегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру кезінде ескерту қажет болды. Сөйтіп дәстүрлі оқу-тәрбие процесін қайта құру болашақ дене тәрбиесі және спот мұғалімдерінің кәсіби дамуына деген бағдарды оқыту кезінде идеологияланған ниеттен бас тартуды, тұлғаға бағдарланған әдісті күшейтуді, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, өзіндік білімденуге сүйенуді, ғылыми зерттеулерге белсене қатысуды көздейді. Жинақтай келсек, бұл – нәтиже алуға бағдар; болашақ маманды даярлау сапасын көтеру; оқудың мотивтенуінің қоғамдық маңызын көрсетіп оңтайландыру; оқу қарқынының үдеуі; белсенді формалар мен әдістерді енгізу; өзіндік жұмыс дағдысын дамыту; өзінің педагогикалық кәсібіне қарай студент тұлғасының белсенділігімен сабақтастыра отыру т.б. Болашақ мұғалімді оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңартуда тарихилық, жүйелілік, ғылым мен практиканың байланысы, пәнаралық байланыстарды белгілеу, дәйім жаңалық іздеуге ден қойылды. Іс-әрекетті ұйымдастыруда басты бағдар — жауапкершілік, оқыту мен тәрбиенің белсенді әдістерін пайдалану, ұжымдық жәнеп топтық формалардың сабақтасуы, ықпалдастық, әріптестік және өзіндік басқару болды.

Оқытудың кері байланыс орнататын екіжақты сипатын ескеру қажет болды. Әр студент — педагогикалық процестің субъектісі, оған белсенді қатысушы, педагогтың көмекшісі, өзінің білімдену іс-әрекетін, кәсіби тәрбиесін өзі ұйымдастырушы болмақ еді. Болашақ педагогтың өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуі тұлғаның кәсіби маңызды сапаларының дамуына бағдар береді, студенттің тырысуьга күшейтеді, демек, бұл — оның (студентің) кәсіби қалыптасудағы табысының кілті болды. Университеттің әр оқытушысының басты назарында үш нысан — тұлға, ұжым, іс-әрекет болуға тиіс.

Біздің тәжірибемізде дәстүрлі оқу-тәрбие процесі түрліше жағдайларды ескере отырып жүргізілді. Сөйтіп педагогикалық білім мазмұнын жаңғырту іргелі ғылымдарының ролін арттыру талап етілді. Олар сан салалы: қоғамдық, мәдениеттану, педагогикалық-психологиялық және арнайы ғылым. Бұлардың кәсіби педагогикалық бағытын, оқыту мен практиканың, мектеп өмірінің байланысын талап етті. Болашақ дене шынықтыру және спорт маманы сабақ беретін жайтты жете меңгеруі керек, оқу мазмұнын жақсы білуі, балалар мен жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелей білуі мәселесін алға тарту қажеттілігі туды. Ол — мазмұны мен формаларды жетілдіре түсу, педагогикалық үдерістегі уақыттың үлесін көбейту, оқу іс-әрекетін ерекше түрде реттеу негізінде студенттерді өзіндік дербес жұмыс істеуге деген біліктілік пен дағдыларға үйріп шығару.

Көп жылғы тәжірибеде дәлелденгендей, студенттің болашақ кәсіби педагог ретіндегі тұлғасының қалыптасуы оқытушыдан, оның студентті біріккен іс-әрекетке тартуға деген, студенттің өзін-өзі кәсіби дамытуға қажеттілігін қалыптастыруға деген, студент мүддесін оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысуға бағыттауға деген тілегі мен іскерлігінен болады.

Негізгі әдістер жүйелілік, технологиялық, ізгілік (гуманистік), мәдениеттанушылық, инновациялық, креативтік, аксикологиялық, тұлғалық әдістер болды. Мәселен, жүйелілік әдісте кафедраның алдында іс-әрекетті тұтастай қайта қарау, жүйенің құрылымдық элементтерін, ұжымның және әр оқытушының бағыты мен әрекеттерін айқын бір педагогикалық жүйеге түсіру міндеті тұрды.

Студенттердің қоғамдық ғылымдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы педагогикалық бағыты-ЖОО барлық оқу көлемінде, сонымен бірге, студенттерді болашақ кәсіби қызметіне дайындау үшін белгілі мүмкіндіктерін жасауға көмектеседі. Ғылыми конференцияларға қатысу студенттерде баяндаудың өзіндік дайындығы мен көпшілік алдындағы баяндамаларын жасау дағдыларын, шығармашылық дискуссияларда қатысу ептіліктерін дамытуда көмектеседі, бұл олар үшін өндірістің, болашақ спорттың ұйымдастырушылары ретінде өте маңызды.

Қоғамдық кәсіп факультетінде дұрыс ұйымдастырылған шаралар-студенттің болашақ кәсіби қызметіне тиімді дайындық жасауына көмектеседі. Мамандарды дайындаудың казіргі заманғы талаптарында окытушының кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігіне және жеке басы ерекшелігіне деген талаптар ерекше күшейтілген. Зерттеу барысында, біз жоғарғы оқу орындары оқытушыларының қарым-қатынас мәдениеті-болашақ денешынықтыру және спорт мамандығы студенттерінде мәдениетті қалыптастыруға әсер етуші маңызды факторлардың бірі болып табылады деген қорытындыға келдік.

Бұдан шығатын ұсыныс, арнайы пәндер бойынша ЖОО педагогикалық жүйесіне оқытушылар үшін қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мақсатында арнайы курсты енгізу қажеттілігі туады. Мұндай курсты әзірлеу кейінгі бар ғылыми зерттеулердің объектісі болуы мүмкін.

Осылайша, ЖОО дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша студенттеріне ұсынылып отырған жүйесі педагогикалық жүйенің барлык құрылымдық компоненттерін игерген жүйе деп айтуға болады.

 

 

1.2 Студенттердің кәсіби мамандығының маңызы мен міндеттері

 

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт туралы Негізгі заңдарында дене мәдениеті жоғары оқу орындарында оқу пәні ретінде және жеке тұлғаны бүтіндей дамытудың маңызды құралы (компоненті) ретінде ұсынылған. Жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде және студенттерді оқу жылдарының барысында кәсіби дайындауда дене мәдениеті гуманитарлык білім берудің компонентінде міндетті бөлім болып, оның маңызы рухани және дене күштері арқылы дансаулық, дене және психикалық аман-саулық, дене жетілуі сияқты жалпы адам құндылықтарын қалыптастыруда көрінеді.

Дене мәдениеті өзінің білім беру және дамыту қызметтерін дене тәрбиесінің мақсатты бағыттағы педагогикалық процесінде барынша толық іске асырады.

Студенттер дене тәрбиесінің мақсаты жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Дене тәрбиесінің міндеттері Студенттердің дене тәрбиесі процесінде келесі негізгі міндеттер шешіледі:

— жеке  тұлға  дамуында  және  оны   кәсіби  қызметке  дайындауда  дене мәдениетінің рөлін түсіну;

— дене мәдениетінің ғылыми-практикалық негіздерін және салауатты өмір бейнесін білу;

— дене мәдениетіне, салауатты өмір стилін қалыптастыру, өзінің денесін өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу, дене жаттығуларымен және спортпен тұрақты   шұғылдануға   қажеттілік   сүраныс    мотивациялық-құндылық

— денсаулықты сақтау және нығайту, психикалық сәттілік, психикалық дене қабілеттерін дамыту және жетілдіру, тұлғаның сапасы мен қасиеті дене мәдениетіндегі өзін-өзі қамтамасыз ететін біліктілік пен дағдылардың практикалық жүйесін меңгеру;

— студенттің болашақ кәсіби мамандығына психикалық дене дайындығын анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене дайындығын қамтамасыз ету;

          — өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру және спорттық қызметті шығармашылықпен пайдаланудың тәжірибесін алу.

Жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жоғары оқу орындары факультеттерінің оқу жоспарларында барлык бағыттағы және жалпы мәдениет дайындығы пәнінің арнайы жоғары кәсіби білім беру циклында «Дене мәдениеті» пәніне барлық оку кезеңдеріне дене тәрбиесі жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес семестр сайын сынақ алынуымен міндетті түрде жылына 408 оқу сағаттарын бөлу қаралған.

Дене тәрбиесі студенттердің оқу жұмыстары режимінде оқу жоспарлары және бағдарламаларымен белгілі ережелерге бағындырылады және олар өңделіп, дайындалып Қ.Р. Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. Дене тәрбиесінен мемлекеттік оқу бағдарламасы барлық жоғары оку орындарының студенттері үшін дене мәдениетінен білім, қозғалыс біліктілігі мен дағдылары, дене сапаларын дамыту деңгейінің міндетті түрдегі орындайтын көлемін анықтайды.

Студенттердің дене тәрбиесінен бағдарламасы үш негізгі тараулардан түрады: ілімдік, практикалық және бақылау.

Ілімдік тарау. Тараудың материалы студенттерге табиғи және әлеуметтік процестерді түсіну үшін қоғам мен жеке түлға дене мәдениеті қызметін жүргізуде ғылыми-практикалық және арнайы білімді, олардың бейімді біліктілігі, жеке  тұлға ретінде және кәсіби дамуы үшін шығармашылықпен қатынасты қалыптастыру; пайдалану, жетілдіру, оқу, кәсіби және әлеуметтік мәдени қызметін орындау барысында салауатты өмір бейнесін қалыптастыруды ұйымдастыру болып табылады.

Ілімдік тарау ғылыми-практикалық білімнің және дене мәдениетіне қатынаста дүние танымдық жүйесін қалыптастырады.

Білім дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының лектер бойынша лекция сабақтарында 26 сағат көлемінде оқытылады.

Лекциялық курс келесі тақырыптар бойынша оқытылады: «Студенттерді жалпы мәдени және кәсіби дайындаудағы дене мәдениеті», «Дене мәдениетінің әлеуметтік-биологиялық негіздері», «Студенттің салауатты өмір бейнесі негіздері», «Оқу еңбегі мен интеллектуалдық қызметтегі психофизиологиялық негіздері». «Жұмыс қабілеттілігін реттеудегі дене мәдениеті құралдары», «Дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы және спорттык, дайындық», «Дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдану әдістемесінің негіздері», «Спорт. Спорт түрін немесе дене жаттығуларының сауықтыру жүйесін жеке таңдау», «Таңдап алған спорт түрлерімен шүғылданудың немесе дене жаттығуларының сауықтыру жүйесінің ерекшеліктері», «Дене жаттығуларымен және спортпен шұғылданушылардың өзін-өзі бақылауы», «Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы».

Бұдан басқа студенттер практикалық сабақтарда және ұсынылған әдебиеттерді өзбетінше оқып зерттеу жолымен білім алады және оны одан әрі тереңдетеді.

Практикалық тарау. Бұл тараудағы оқу материалы дене мәдениеті мен спорт құралдары және әдістерін меңгеруге, онда өздері жеке тәжірибе алуларына, яғни өздігінен, мақсатты бағытта және шығармашылықпен дене мәдениеті және спорт құралдарын пайдалануға қызметтік және қозғалыс қабілеттерінің деңгейін арттыруға, жеке тұлғаның қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның практикалық тарауы оқу топтарындағы (12-15 адам) әдістемелік-практикалық және оқу-жаттығу сабақтарында іске асырылады.

Әдістемелік-практикалық сабақ дене мәдениеті және спорт құралдары арқылы оқу, кәсіби және өмірге қажетті біліктілік . пен дағдыларды қалыптастырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін студенттердің меңгеруін қарастырады.

Бұл сабақтардағы студенттер қызметі іс жүзінде нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістерді шығармашылықпен меңгеруге бағытталады. Әрбір әдістемелік-практикалық сабақ сәйкес келетін ілімдік тақырыпқа сәйкестендірі леді.

Бағдарламаға лекциялық курспен байланысы бар міндетті әдістемелік-практикалық сабақтардың келесі тізімі қарастырылады:

— өмірде маңызды біліктілік пен дағдыларды (жүру, жүгіру, шаңғымен жүру, жүзу) тиімді және үнемді меңгерудің әдістемелері;

— шаршауды, шалдығуды және дене мәдениеті құралдарын олардың бағытты түзетілуі   үшін   жұмыс   қабілеттілігіне   өзі   баға   берудің   қарапайым әдістемелері;

— дене   тәрбиесінің   сауықтыру,   рекреациялық   және   қалпына   келтіру бағытындағы жеке бағдарламасын құру әдістемесі;

—  өзіне-өзі массаж жасау әдістемесінің негіздері;

—  көзге арналған өңдеу (коррегирующий) гимнастикасының әдістемесі;

—   гигиеналық немесе жаттығу бағытындағы дене жаттығуларымен өз бетінше шүғылдануды қөру және өткізу әдістемесі;

—    дене мүсіні мен дене бітімін түзету және бағалау әдістемесі;

—  денсаулық жағдайы мен дене дамуын (стандарты, бағдарламасы, формуласы және т.б.) өзін-өзі бақылау әдістері;

-ағзаның кызметтік жағдайын (функциональдық сынау) өзін-өзі бақылау әдістері;

— оқу-жаттығу сабағын өткізу әдістемесі;

 —  таңдап алған спорт түрінен арнайы, дене және спорттық дайындығын өзін-өзі бақылау әдістері;

— жекелеген дене сапаларын бағытты дамыту үшін дене мәдениеті қүралдарын пайдалану және жеке жолын табу әдістемесі;

— таңдап алған спорт түрінен өтетін жарысқа төрешілікті үйымдастыру әдістемесінің негіздері;

— дене мәдениеті және спортпен шүғылдану сабақтарында қолданылатын психологиялық сезім жағдайын реттеу әдістері;

— спорттағы бұлшық ет ширықтыру (релаксациясы) қүралдары мен әдістері;

—  кәсіби-қолданбалы дене дайындығының жекелеген элементтерін өздігінен меңгеру әдістемесі;

— жасалынған жағдай мен еңбек сипаты ескеріліп өндірістік гимнастика өткізу әдістемесі.

Оқу-жаттығу сабақтары іс жүзіндегі шығармашылық іс тәжірибелік қызметте тәжірибе жинақтауға тандап алған спорт түрінен жоғары нәтижелерге жету үшін денені жетілдіруге жеткізу мақсатында әрекетшілдікті дамыту қызметтік және қозғалыс қабілеттерінің деңгейін арттыру, жеке тұлғаның дене сапасы мен қасиеттерін қалаптастыруға бағытталған.

Жоғары оқу орындарында оқыған кезеңдерінде студенттердің қажетті козғалыс белсенділігін қамтамасыз етуге, дене жаттығулары мен қызмет етуге дайындалғандығының үйлесімді деңгейін ұстаудың практикалык тарауының құралына жеңіл атлетиканың жекелеген түрлері (негізінен жүгіру және секіру), суға жүзу, спорт ойындары, шаңғымен сырғанау, туризм, кәсіби-қолданбалы дене дайындығы және күштік бағыттағы жаттығулары жатады.

Практикалық тарау оқытып үйрету ретінде шүғылданушыларды жаңа козғалыс әрекетіне, сонымен бірге дене сапаларын тәрбиелеуді алдын-ала карастырады.

Бақылау тарауы. Тараудың материалдары студенттердің оқу қызметі процесі мен нәтижелерін дифференцирлі және объективті есепке алуға бағытталған.

Ілімдік, практикалық және әдістемелік білімді меңгеру және дене дамуының динамикасы, әрбір студенттің дене және кәсіби қолданбалы дайындығы жағдайы жайлы бақылау сабақтары жедел, ағымдағы және қортынды ақпараттарды қамтамасыз етеді.

Оқу-жаттығу сабақтарының нәтижелілігінің өлшем белгісі ретінде, сонымен бірге өз оқу орнының мамандарды дайындау ерекшелігі ескеріліп жоғары оқу орнының дене тәрбие кафедрасы өңдеп, дайындаған жоғары оқу орындарьша арналған оқу бағдарламасында  мазмұндалған сынақ талаптары мен практикалық нормативтер саналады.

Студенттердің дене дайындығын анықтайтын міндетті тест мыналар болып табылады: 1/ І00м. жүгіру; 2/ жатып кеудені көтеріп, түсіру, аяқтары бекітілген, қолы басында (әйелдер үшін), белтемірге тартылу (ерлер); 3/ 2000м. (әйелдер) және З000м. (ерлер) жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру т.б.

Тесттер оқу жылының басында оқуға түскен студенттердің дайындық деңгейін бақылау ретінде және оқу жылының соңында оқу жылы барысындағы алға басушылықты анықтау үшін өткізіледі.

 

1.3 Жоғары оқу орнында дене мәдениеті кәсіби саласында оқитын студенттер контингентінің ерекшеліктері

 

Жоғары оқу орнында оқитын студенттер жасөспірімдер және жастар тобына (жастар тобы 19-28 жас) жатады. Бұл жастардағы оқитын контингентпен сабақты ұйымдастырып өткізгенде олардың морфологиялық қызметтік және психологиялық ерекшеліктері назарға алынуы тиіс.

Медициналық-биологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей студенттердің бойларының өсуі тоқтағаннан кейін ағзаның морфо-функционалдық дамуы жалғасады. Дене массасы, көкірек қаңқасының ауқымы,

өкпенің өмірлік сиымдылығының, бұлшық ет күшінің дене жұмыс қабілеттілігінің артқаны байқалады. Бұл кезеңде биологиялық даму, жас адамның ағзасының қалыптасу кезеңі, яғни оның ағзасы жоғары дәрежеде икемді, иілгіш, дене жүктемелеріне бейімді болады.

Студенттердің дене дамуының үйлесімділігі олардың жетілмеген дене сапалары мен морфофункционалдық көрсеткіштері деңгейін арттыруға бағытталған болуы тиіс (мүсінінің сүлулануы, дене массасын игеру, өкпенің өмір сиымдылығын ұлғайту). Шұғылданушылардың морфофункционалдық мәліметтерін бағалау, әдебиеттегі бар дене дамуының бар стандартының жеке көрсеткіштерін салыстыру, дене дамуы үйлестігінің деңгейін бағалау кестесімен, индекстер әдісін пайдалану негізінде өткізіледі. Адамның жасы оның психологиясына, көңіл күйі жағдайына, қызығушылығына белгілі дәрежеде із қалдырады. Социологиялык зерттеулер көрсеткендей бүтіндей алғанда студент жастар дене мәдениеті және спортпен шұғылдануға оң көзқараспен қарайды. Солай бола түрсада бозбалалардың көпшілігі және әсіресе, қыздарда дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық және белсенді қозғалыс әрекетіне деген қажеттілік олардың бойында қалыптаспаған. Бұған қосымша осыған байланысты пәннің оқу бағдарламасын жақсы меңгеру үшін қажетті психолоғиялық алғы шарттары жасалмаған. Бұл студенттердің дене дайындығына және денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтанда сәйкес келетін қызмет мотивациясын педагогикалық міндеттердің ішіндегі маңыздыларының бірі ретінде қарау қажет.

Студенттердің дене мәдениеті мен спортка қызығушылығын дамыту мыналардың негізінде іске асады:

— қызығушылықтың әлеуметтік маңызды мотивациясының артуы;

-оқу процесі сапасының артуы;

— дене тәрбиесімен шұғылдану жағдайының одан әрі жақсаруы;

— студенттерге арнайы білімнің үлкен көлемін хабардар ету және осының негізінде дене мәдениетімен және спортпен шұғылдануға сапалы түрдегі қажеттілігін қалыптастыру;

-студенттердің   дене   мәдениті   мен   спортқа   қызығушылығын   басқа қызығушылықтарымен байланыстыру (кәсіби мамандығына, өнерге және т.б.);

—  оқу бөлімдері мен спорт түрлеріне оларды бөлгенде студенттердің талабы мен бейімі барынша үқыпты ескерілуі тиіс.

Негізгі оқу бөліміне медициналық тексеруден өткен студенттер негізгі және дайындық медициналық топтарына қабылданады, яғни оған денсаулық жағдайында ауытқушылығы жоқ, бірақ дене күші жағынан әлсіз дайындалғандар кіреді.

Негізгі бөлімде оқу процесі мыналарға бағытталған:

—  студенттердің жан-жақты дене дайындығы, олардың жалпы дене, кәсіби-қолданбалы   және   медициналық-практикалық   дайындығының   деңгейін арттыру;

— дене мәдениеті және  спортпен шұғылдануға белсенді қатынасы  мен қызығушылығын қалыптастыру;

Сабақтың ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) тәріздес елеулі байқалатын аэробты төзімділікті тәрбиелеу басымырақ кешенді бағыты болады, өйткені тек сол ғана жалпы жұмыс кабілеттілігі мен жүрек кан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін арттыруды қамтамасыз етеді. Күштік және үйлесімділік қабілеттерін тәрбиелеуге, жалпы және кәсіби-колданбалы бағыттағы қозғалыс тәсілдерін үйретуге лайықты дәрежеде назар аударылады. Сабақтың өткізілу әдістемесі басымырақ оқу-жаттығу сипатында болады. Сабақтың моторлы тығыздығы 50% төмендемейді, ЖСЖ бойынша жүктеме қарқыны минутына 130-160 рет соғу аралығында болады.

Арнайы медициналық оқу бөліміне медициналық тексерудің нәтижесі бойынша арнайы топқа жіберілген студенттер, яғни денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы барлар кіреді. Арнайы оқу бөлімі үшін практикалық материалды әрбір студентке мазмұндары ескеріліп, дене тәрбиесінің құралдарын пайдаланудың түзету және сауықтыру-сақтандыру бағытында дәрігермен кеңесе отырып дене пәні мұғалімі дайындайды.

Арнайы медициналық бөлімде оқу процесінің өзіндік белгілі ерекшеліктері болады және олар басымырақ мыналарға бағытталған:

— студенттердің денсаулығын нығайту, функционалдық ауытқуын, дене дамуы мен дене дайындығының жетімсіздігін   барлық оқыту кезеңі барысында жою;

—  студенттерге өз ауруының сипаты және ағымы, туралы білімін пайдалану, ауруынан   сақтандыруға   бағытталған   жалпы   дамыту   және   арнайы жаттығулар кешендерін өз беттерінше құрастыру және орындау;

—  студенттерге   қажетті   дене   тәрбиесінің       ілімі,    әдістемесі   және ұйымдастырылуы негіздерінен қажетті білімді беру;

Оқу сабақтарының бағыты айқын көрсетілген сауықтыру-қалпына келтіру сипатында болады.

Ғылыми негізделген сипаттамаға сәйкес арнайы медицина бөлімінің студенттері ауру сипатына байланысты төрт топқа бөлінеді: А,Б,В және емдеу.

А тобы жүрек кан-тамыры, тыныс алу және орталық жүйке жүйесі аурулары бар студенттерден жасақталады. Сондықтан бұл топтағы сабақтың негізгі мазмұнына тыныс алу жаттығулары, қатаң жеке мөлшерленетін (дозируемые), шұғылданушылардың аэробтық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын жаттығулар кіреді.

Б тобы ас қорыту, бауыр, бүйрек, жыныс мүшелері, эндокринді жүйелер, сонымен бірге нашар көретін студенттерден құралады. Бұл топта нақтылы аурудың емдеу бағдарламасына кіргізілген негізгі гимнастика жаттығулары басымырақ пайдаланылады.

В тобы тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар студенттерден жасақталады. Бүл топта дене мүсінін, тірек-қозғалыс аппаратын жетілдіретін,

сонымен бірге жалпы дамыту және бағытты түзету (коррегирующие) дене жаттығулары көбірек қолданылады.

Емдеу тобы анық көрінетін, денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы бар студенттерден жасақталады. Бұл топта сабақ түгелдей жеке емдеу бағдарламасы мен әдістемесі бойынша өткізеледі.

Денеге берілетін жүктеме барлық төрт топта да қатаң және жеке уақытпен белгіленеді, жирылу және қатаң демалыс аралығымен орындалатын жаттығулар алып тасталынады. Сабақтың моторлы (қозғалыс) тығыздығы жоғары емес, жекелеген жүктемелер арасындағы демалыс қалпына келу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Циклдық жаттығулар орташа қарқынмен орындалады.

Спорттық оқу бөліміне (спорт түрлері бойынша оқу топтары) жақсы жалпы және арнайы спорттық дене дайындығы деңгейін көрсеткен және спортпен тереңдетіп шүғылдануға және таңдаған спорт түрінен өзінің шеберлігін жетілдіруге ықыласы, қызығушылығы бар студенттерден жасақталады.

Сабақ спорттық жаттығу негіздерін сақтау негізінде қүрылады (циклдік, толқын тектес, жалпы және арнайы дайындық бірлігі және т.б.).

Спорт бөлімінің студенттері негізгі бөлім студенттеріне арналған міндетті сынақ талаптары мен нормаларын сол мерзімде тапсырады.

Осындай бейнеде студенттердің дене тәрбиесінен оку процесі өзіне екі өзара байланыстағы мағыналы мына компоненттерін кіргізеді:

1/ дене тәрбиесінің негізгі шұғылдану сабағы жеке тұлғаның дене мәдениеті негіздерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2/ негізгі сабақты толықтыратын спорттық компонент және таңдаған спорт түріндегі сабақты қоса, әрбір студенттің дербестігі, оның мотиві, қызығушылығы, қажеттілігі ескеріледі.

Денсаулығы нашар, мемлекеттік бағдарлама бойынша дене мәдениетімен шұғылдануға   мүмкіндігі   жоқ   студенттер   саны   жоғары   оқу   орнының

ерекшелігіне  қарай  жалпы   студенттер  контингентінің   15-30%   пайызын құрайды.

Денсаулық жағдайына байланысты ауытқуы бар студенттер санының арту себебіне (тенденциясына) байланысты дене мәдениетінің осы заманғы бағыттағы маңызы артады, яғни таным, әсер ету және денсаулығын жақсарту нысаны (объёктісі) ауру адам, яғни бейімділік (адаптивті) дене мәдениеті (АДМ).

АДМ (адаптивті дене мәдениеті) мамандары дене мәдениеті мен спорт қызметіне мүгедектерді де тартады, яғни олардың өмірге қабілеттілігін максимальды мүмкіндігіше дамыту және қоғамның әлеуметтік маңызды мүшесі ретінде үйлесімді іске асыру қажет.

АДМ-да денсаулық жағдайында ауытқуы бар адамдардың оқу және еңбек кызметінде сауығуын және бейімделуіне мүмкіндік туғызатын қүралдары мен әдістері жетілдіріледі.

Дене мәдениеті пәнінен практикалық сабақтан ұзақ мерзімге босатылған студенттермен жүргізілетін білім беру процесі өзіне үш модулді кіргізетін оку бағдарламасы бойынша іске асырылады: білім беру, валеометриялық және практикалық (Хомутов Г.А., 1999 ж.).

Бағдарламаның білім беру модулінде студенттер «Адам және оның денсаулығы» мәселесі бойынша осы заманғы ғылым жетістіктері деңгейінде білім ала алады.

Бағдарламаның валеометриялық модулінде студенттер көрнекілікпен, осы заманғы технологияны пайдаланып олардың денсаулык жағдайының деңгейі туралы өзінің жеке сауықтыру бағдарламасын іске асырудың әсерімен денсаулық жағдайының динамикасымен, ауруға шалдығу қауіп-қатерінің негізгі паталогиялық жинақты белгілері (синдром) туралы студенттер көрнекі мағлұмат алады.

Жүйелендірілген, біріктіретін және жағдай жасайтын білім беру процесінің бастамасы студенттердің тұлғалық, дербес, кешенді, базалық және

мазмұны жағынан қосымша, ағымдағы және уақыты бойынша келешектік (перспективалы) сауықтыру бағдарламасын жасауы болып табылады. Базалық бағдарламаны міндетті түрде қүрайтын қозғалыс белсенділігі, температураға шынығу тыныс алу гимнастикасы, үйлесімді тамақтану, психотехнология болып табылады. Қосымша бағдарламаға студенттерде бар ауруларға байланысты жеке сауықтыру әдістері кіреді. Уақытпен жеке сауықтырудың базалық және қосымша бағдарламасы ағымдағы сияқты жоғары оқу орнында оқыған жылдар кезіне және келешектік сияқты көз жетер кезеңге, шамамен 5 жылға жоспарланады.

Бағдарламаның практикалық модулінде мақсатты шамалау, мақсатқа жетумен5< яғни өз бетінше бейімделу (адаптивной) дене мәдениетімен шұғылдануда жеке сауықтыру бағдарламасын іске асыру түрінде нығайтады.

Дене мәдениетінің қүнды құрал-күштерін (потенциалын) игеруге студенттерді қатыстырып тартудың үйлесімді формасы (ағза жағдайының тепе-теңдігі) мыналар болып табылады:

1/ оқытушының басшылығымен жеке-бағытталған, сауықтырудың жеке бағдарламасын іс жүзінде іске асыру;

2/ аэробты сипаттағы циклдік дене жаттығулары түріндегі рекреативтік (үзілістік) сабақтар (мысалы, жаяу және шаңғымен серуендеу).

Г.А.Хамутовтың зерттеулерінде көрсетілгендей дене мәдениетінің бейімді құралдарымен сауықтыру формаларының жеке-бағытталған бағдарламасын іс жүзінде орындау денсаулығында ауытқушылығы бар студенттердің үйлесімді сауығуына мүмкіндік туғызады. Бұл морфофункциональдық көрсеткіштердің дұрыс динамикасымен, яғни ол бәрінен бұрын өкпенің өмірлік сиымдылығымен (Ө.Ө.С.), өмірлік көрсеткіштерімен (индекс) , күштік көрсеткіштерімен, ЖСЖ (жүрек соғуы жиілігі) төмендеуімен, дене жүктемелерінен кейінгі тамыр соғуының қалпына келуімен мақұлданады. Бейімді дене мәдениетімен шұғылдану өзін-өзі сезіну, белсенділік  және  көңіл-күйдің  тұрақты  өсу  көрсеткіштері   шкаласымен

студенттердің психофизиологиялық мәртебесін (статусын) жүйелендіруге (оптимизациялауға) мүмкіндік туғызады.

Дене тәрбиесі ЖОО студенттерінің оқу қызметінде және оқудан тыс уақытта барлық оқу кезеңдері бойында өткізіледі.

Студенттердің дене тәрбиесі оқу жұмыстарының режимінде келесі түрде іске асыраладіі:

  1. Оқу жоспарымен және ЖОО сабақ кестесінде алдын-ала қарастырылған оқу сабағы (аптасына 4 сағат). Бұл ЖОО дене тәрбиесінен негізгі шұғылдану түрі болып табылады.
  2. Оқу сабақтарының жалғасы   және   қосымшасы   болып   табылатын факультативтік сабақтар. Студенттердің сабаққа қатысуына мүмкіндік жасау үшін   дене   тәрбие   кафедрасының   келісімімен   ЖОО   оқу   бөлімі басқармасымен   оқу   кестесіне   ендіріледі.   Факультативтік   сабақтарда (аптасына 2-4 сағат) бағдарламалық мөлшер көлемінде студенттердің дене дайындығы жетілдіріледі, кәсіби дене дайындығы тереңдетіледі, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінен білімі кеңейеді, студенттердің қоғамдық дене мәдениеті және спорт қызметіндегі дайындығы жалғасады.

Студенттердің оқудан тыс уақыттағы дене тәрбиесі (міндетті шұғылдану) келесі түрде өткізіледі:

  1. Оқу күні режиміндегі дене жаттығулары: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, кіріспе гимнастика, денешынықтыру үзілісі, қосымша сабак және т.б.

Денешынықтыру үзілісі бірінші 4 сағаттьщ аудиториялық немесе практикалық сабақтан кейін өткізіледі. Олардың созылу үзақтығы 8-10 минут.

Қосымша сабақтар (жеке және топпен) дене тәрбиесінен сынақ және оку бағдарламасы талаптарын тапсыруға нашар дайындықтағы студенттерді дайындау мақсатында оқытушы басшылығымен өткізіледі.

  1. Спорт секцияларындағы, ЖДД топтарындағы, аэробика, шейпинг және басқа да дене мәдениеті мен спорттан педагогтың басшылығымен оқудан тыс уақытта студенттердің ұйымдастыру сабақтары.
  2. Студенттердің оқудан бос уақытында дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдану сабақтары:

а/ толық еркіндік және бастамашылдық негізде (студенттердің тілегі бойынша); б/ оқытушының тапсырмасы бойынша (үй тапсырмасы).

  1. Оқу жылы барысындағы демалыс күндері және каникул уақытында өткізілетін жаппай көпшілік денешынықтыру-спорттық шаралары. Олардың мазмұнына спорттық кештер, факультет құрама командаларының қатысуымен спартакиадалар, жаппай көпшілік кростары мен эстафеталар, дене мәдениеті мерекелері, әртүрлі деңгейдегі жарыстар, туристік жорықтар және т.б. кіреді.
  2. Қысқы және жазғы студенттер каникулдарындағы қалпына келтіру, сауықтыру, шынықтыру және дамыту әсерін беретін сауықтыру-спорттык лагерлеріндегі шұғылдану сабақтары. Сауықтыру-спорттық лагері жағдайында студенттердің дене белсенділігінің көптеген формалары іске асырылады: Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, суға жүзуге үйрену, әртүрлі спорт түрлерінен жаттығу сабақтары (студенттердің таңдауы бойынша), денсаулығы нашар студенттермен шұғылдану сабағы (емдеу бағдарламасы бойынша), туристік жорықтар, денешынықтыру-спорттык көңіл көтерулер мен ойындар, лагерішілік және лагерлер аралық спорттык жарыстар және т.б.

Осындай бейнеде, тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуден тыс дене тәрбиесі оқудан тыс уақытта студенттердің қозғалыс белсенділігін арттыруға мүмкіндік туғызады; кәсіби қолданбалы дене дайындығы мен оқуға жұмыс қабілеттілігін жүйке-сезім жүктенуін түсіру жолымен жақсартады; өзбетінше денешынықтыру-спорттық сабақтарды өткізумен байланысты білімді, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыруды жалғастырады.

 

 

2  ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ САПАЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1 Жоғары оқу орындарындағы дене мәдениетінің әдістемесі

 

Жоғары оқу орнында оқытып үйрету оқу жүмыстарының үлкен көлемімен және аса жоғары ақыл-ой жұмсалуымен байланысты болады. Жоғары оқу орнындағы қарқындылық, әсіресе техникалық, ғылыми ақпарат ағынының артуымен байланысты және студентке оны тығыз уакыт ішінде меңгеру қажеттілігін арттыруға үзіліссіз мақсатты бағыт керек. Студенттердің жоғары оку орнында оқу кезеңінің барлығында ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің динамикасы, жоғары ақыл-ой белсенділігін сақтауы күн режиміндегі және оку аптасындағы дене жүктемелерінің көлеміне байланысты. Сонымен бірге дене және жұмыс қабілеттілігінің арасында тығыз байланыс бар екені байқалады.

Дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану кезінде дене жұмыс қабілеттілігінің артуы студенттердің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызмеггік жағдайының жақсарумен қатар жүреді. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын сүйемелдеу және арттыру үшін студенттерге жоғары оқу орнында оқыған барлык жылдарында аптасына 6-8 сағат көлеміндегі қозғалыс режимімен шұғылдану асатиімді (Замаренов Б.К., 1972ж).

Егер келесі принципті ережелер ескерілсе қозғалыс жүктемесімен ақыл-ой қызметі үйлесімділікпен тиімді іске асырылады:

  1. Тәртіп бойынша дене жаттығуларымен шұғылдану (міндетті және өз бетінше) әрбір семестрдің бірінші жартысында жылдамдық қабілеттерін, жылдамдық-күш сапалары мен жылдамдық төзімділігін дамытуға бағытталған 70-75% жаттығулардан түруы қажет. Студенттердің жүрек қан- тамырларының соғуы жиілігі бойынша жүктеме қарқыны минутына 160-170 ретке дейін соғуы мүмкін.

Әрбір семестрдің екінші жартысында шамамен қолданылатын дене тәрбиесі құралдарын күшті, жалпы және күш төзімділігін дамытуға жұмсау қажет. Сонымен бірге қарқындылық бұл кезеңде біршама төмендейді (ЖСЖ минутына 150 ретке дейін соғады).

Оқу және өзбетінше шұғылдануды бұлай құру студенттердің ақыл-ой жүмыс қабілеттілігіне ынталандыру әсерін тигізеді.

  1. Күнделікті сабақ кестесінің тәртіп бойынша бірінші жұбында өткізілетін дене тәрбиесі сабағында аз қарқынмен орындалатын жүктемелер беру мақсатқа сәйкес келеді   (ЖСЖ   110-130   рет   .мин.)   немесе   орташа қарқындылық (130-150 рет. мин.). Мұнда сабақтың ең жақсы моторлы тығыздығы 50-60% аралығында болады. Мұндай сабақтардың негізгі міндеті соңғы нәтижеде жоғары жұмыс қабілеттілігі кезеңіне дем беріп және ұзартатын және оқу материалын жақсы меңгеруді қамтамасыз ететін ақыл-ой   қызметінің   жақсы   қызметі   (врабатывание)   кезеңінің   қыскаруы қамтамасыз етіледі. Мұндай жүктемемен шұғылдану өз дайындығын қоса оқу күнінің соңына дейін жақсы ақыл-ой белсенділігінің  сақталуына мүмкіндік береді.

Егер дене тәрбиесі сабағы оқу күнінің 3-4-ші жұбында өткізілген жағдайда ЖСЖ мин 150-160 реттен аспауы тиіс. Жоғары дене дайындығы жоқ топтар студенттері үшін үлкен жүктеме беру қолайсыз болады.

  1. Аз жаттыққан студенттерге аптасына 2 рет дене тәрбиесінен шұғылдану сабақтарында үлкен қарқынмен жүктеме беру оқу аптасы барысында ақыл-ой қызметін төмендетеді. Сондықтан ақыл-ой белсенділігін төмен түсірмеу үшін дене жүктемелерін жоспарлауда студенттердің дене дайындығы деңгейін есепке алу маңызды.
  2. Әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне әртүрлі әсер етеді. Бір жағыыан ойындар мен жеке сайыс түрлері психикаға жоғары талап қояды.

Бұл сезім күйінің психикалық механизімдері қызметінің артуымен байланысты болады. Мұндай сабақтардың әсерінен ақыл-ой белсенділігі төмендейдг. Басқа жағынан, ұзаққа созылмайтын ойынмен берілетін сезімдік жүктемелер оқу қызметіне демеу беріп, студенттерді ынталдырады. Дене тәрбиесі сабағының мазмұны сылбыр емес, жеткілікті дәрежеде әртүрлі болса жоғары әсері болады.

  1. Емтихан-сынақ сессиялары кезеңдерінде мүмкіндігінше әдеттегі сабақтарға қарағанда 60-70% төмендетілген қарқынмен таза ауада аптасына 2 реттен артық емес етіп өткізу керек. Циклдік сипаттағы жаттығулар пайдаланған мақсатқа сәйкес болады (суға жүзу, шаңғы, жүгіру).

Осындай бейнеде, сессия кезінде дене жаттығуларымен шұғылдану сабағының бағыты бойынша сауықтыру-сақтандыру (негізінен спортшы еместер үшін), екінші жағынан сүйемелдеу басымырақ (спортшылар үшін) сипатында болады.

Оқу аптасының шегінде қалыпты ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында дене тәрбиесінен шұғылдану сабағын жоспарлаудың келесі бастапқы-бағдарлау үлгісі ұсынылады:

— дүйсенбі-студент ағзасының психологиялық дене жағдайын жандандыру мақсатында дене жаттығуларымен шүғылдану;

—  сәрсенбі-жұмыс  қабілеттілігін  сүйемелдеу үшін  дене  жаттығуларымен шұғылдану;

—  жұма (немесе сенбі) — апталық жинақталған (кумулятивтік) шаршауды түсіру мақсатында дене жаттығуларымен шұғылдану;

Ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің үйлесімді көрінуі үшін тек әртүрлі дене тәрбиесі құралдарын жүйелі пайдалану ғана дұрыс (объективті) жағдай жасайтынын атап өткен жөн.

Студенттердің дене тәрбиесі өзіне келесі негізгі бағыттарды кірістіреді: жалпы спорттық, кәсіби-қолданбалы дене дайындықтары мен гигиеналық, сауықтыру-рекреативтік, емдеу.

Жалпы дайындық бағыты студенттердің жан-жақты дене дайындығын және оны дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы талаптары деңгейінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Құралдары: затпен және затсыз жалпы дене дайындығы, жеңіл атлетика, суға жүзу, шаңғы спорты, кросстық дайындық, туризм және басқалары.

Спорттық бағыты спорттық жетілдіру бөлімдерінде (секцияларда) спорттың бір түрімен мамандандырылған жүйелі сабақты, сонымен бірге спорттық шеберлігі деңгейін көтеру мақсатында спорт жарыстарына қатысуды камтамасыз етеді.

Кәсіби-қолданбалы бағыты дене тәрбиесі құралдарын еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінде және таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа дайындық кезінде оның ерекшеліктері ескеріліп пайдаланылуына мүмкіндік туғызады.

Гигиеналық бағыты жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру және денсаулығын нығайту үшін дене тәрбиесі құралдарын пайдалануды алдын-ала қарастырады. Құралдары: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, шынығу, үйлесімді оқу және еңбек режимі, гигиена талаптарына сәйкес тамақтану, сауықтыру сейілдеуі және т.б.

Сауықықтыру — рекреативтік бағыты денсаулығын нығайту үшін демалыс күндері мен каникул кезеңдерінде демалысты және бос уақытын мәдени ұйымдастыру алдын-ала қарастырылады. Құралдары: туристік жорықтар, саяхат, қимыл-қозғалыс ойындары және т.б.

Емдеу бағыты денаулықты бүтіндей немесе ауру нәтижесінде, жарақаттан жоғалтқан ағзаның жекелеген қызметтерінің қалпына келтірілуін камтамасыз етеді.

 

2.2  Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің оқу процесіндегі

әдістемесі

 

Дене мәдениеті барысында сабақ өткізу үшін әрбір жоғары оқу орындарында студенттер мына оқу бөлімдеріне бөлінеді: негізгі, арнайы медициналық және спорттық. Бөліну оқу жылының басында студенттердің жынысы, денсаулық жағдайы, (медициналық қортынды анықтамасымен), дене дамуы, дене және спорттық-әдістік дайындалғандығы, қызығушылығы есепке алынып жүргізіледі. Бұл көрсеткіштердің негізінде әрбір студент дене тәрбиесінен міндетті курсты өту үшін үш бөлімнің біріне түседі. Әрбір бөлімнің белгілі бір шұғылдану сабағының мазмұны және мақсатты бағыты болады. Кесте № 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене жаттығуларын орындау кезіндегі қуат шығынының шамасы (салмағы 70 кг. адам үшін).

Жаттығу

түрлері

Жылдамдығы

км/сағат

Қуат шығыны

 

мин/ккал

Сағ/ккал

 

Жүру

3,0-4,0

4,0-5,0

5,0-6,0

3,5-4,0

4,0-5,0

5,0-6,5

200-240

240-300

300-390

 

Жүгіру

6,0-6,5

9,0-10,0

11,0-13,0

8,0-8,5

10,0-11,0

13,0-17,0

480-500

600-650

800-1000

 

Суға жүзу

0,5-0,6

1,0-1,5

1,8-3,0

3,5-4,0

5,0-6,0

6,5-11,5

200-250

300-350

400-700

 

Шаңғыда жүру

7,0-8,0

8,0-9,0

7,5-8,5

8,5-10,0

450-500

500-600

 

 

9,0-10,0

10,0-15,0

10,0-11,5

11,5-18,0

600-700

700-1100

Велосипедпен жүру

 

4,0-5,0

8,0-9,0

10,0-12,0

14,0-15,0

18,0-20,0

3,0-3,5

4,0-4,1

5,0-6,0

6,0-7,0

8,0-10,0

180-200

240-250

300-350 350-430

500-600

Қайықта есу

3,0-3,5

4,0-4,5

5,0-5,5

4,0-5,5

6,0-8,5

9,0-11,0

250-320

370-500

550-650

Конькиде: сырғанау

5,0-8,5

300-500

Сауықтыру сипатындағы ойындар: Волейбрл

бадминтон стол теннисі теннис футбол баскетбол

4,0-5,0

5,0-6,0

4,0-5,0

6,5-7,5

7,5-8,5

9,0-10,0

250-300

300-350

250-300

400-450

450-500

550-600

           

 

Дене жаттығуларын қайталау санына қарай мөлшерлеу (дозирование).

Барлық жаттығулардың қайталау саны 6-20 аралығы көлемінде ауытқып тұрады. Жаттығуларды мөлшерлеу әдісі белгілі уақыт аралығында максимальды қайталаудың санын (МҚ) алдын-ала қарастырады (15-30 сек). Сауықтыру жаттығуында жүктеме мөлшері мына шамада болады:

МҚ  МҚ немесе 20-50 МҚ

  • 2

Жастық шақтағы дене жұыс қабілеттілігін арттыру үшін сауықтыру жаттығуында әртүрлі төзімділік түрлерін (жалпы, жылдамдық, жылдамдық-күш) жетілдіретін жаттығуларға артығырақ мән берген дұыс. Орта және егде жастарда шектелген жылдамдық жаттығулары жағдайында барлық қозғалыс сапаларына әсер ету маңызды.

Орта және ортадан жоғары дене қабілеті жағдайы деңгейіндегі адамдар үшін аптасына үш реттік шұылдану дұс болып табылады. Жоғары дене дайындығы жағдайындағы жас адамдарға да дене жұыс қабілеттілігі мен дайындығын одан әрі жетілдіру мақсатында аптасына 3 рет шұылдану мақсатқа сәйкес болады. Кемеліне келген және егде жаста дене дайындығы жағдайының жоғары деңгейінде, оны одан әрі сүйемелдеу үшін аптпсына екі реттік шұылдану қажет.

Көптеген елдерде қарым-қатынасқа үйрететін мамандарда, коммуникативтік қабілетті дамыту мәелелерімен айналысатын ғылыми мекемелерде бар. Ондай мекемелерді немесе құрылымды «Әлеуметтік -психологиялық тренинг» — деп атау қалыптасқан.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг — деп эр түрлі саладағы қызмет барысындағы пара-пар өзара әер үшін қажетті қарым-қатынас дағдыларына, біліктіліктеріне, білімдеріне мақсатты үйрену прогресін іске асыратын қызмет түрін айтады.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг мазмұнын коммуникация процесі және өзара әер ретінде қарым-қатынастың кейбір жақтарын қамтиды. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзіндік (ерекше) әістерінің бөлініп көрінуі, үйретудің топтық жән активті әдістеріне ерекше назар аударылуынан білінеді. Активті әлеуметтік -психологиялық дайындаудың бір түрлі әдістері шетелдердегі әлеуметтік психологияда жан-жақты жасалғандығы аталады. Бұрыңғы Кеңестер Одағы ғылымында ӘПТ әдістерін тәжірбиеде қолдану кейінгі жылдарда ғана алына бастаған болатын. Айта кететін жэйт, бұрынғы Одақ Ғыльшында 30-шы жылдары кейбір өндірістер мен жоғары оқу орындарында «іскер ойын» әдістері жасалынып ойдағыдай қолданғанда болатын. Дегенмен бұрынғы Кеңестер Одағы ғылымында адамдар арасындағы коммуникативті қабілеттерді қалыптастыру мәселесінде қол жеткен жетістіктердің болғандығы аян. Отандық және шет елдік тәжірбиелер негізінде қарым-қатынасқа үйренудің белсенді нақты әдістерін ұсынатын еңбектер 80-90-шы жылдары көптеп жарық көрген болатын. Енді ӘПТ әдістеріне қысқаша шолу жасап көрелік. ӘПТ әдістері сан-сала мамандық иелерін кәсіби карым-қатынаска үйретуде көп қолданылады. ӘПТ-ің басты бір саласы күнделікті өмірде қарым-қатынас кезінде әр турлі қиындықтарды сезіп қиналатын, жақын адамдарымен тіл-табыса алмайтын, жалғыздықта қамыққан адамдарға коммуникативті қабілеттерді дамытуға көмек беру табылады. Сондай-ақ бұл әдіс жан күйзелістегі әрі жаны жаралы болған, жан салауаттылығын жоғалтқан адамдарды қарым-қатынас әлеміне таратуда қолданылады.

Алдымен қарым-қатынасқа үйретудің мамандар арасында көбірек қолданып жүрген. Қандай әдістері бар соған тоқталайық. Негізінде мамандар арасында қолданып жүрген бұл кезде белсенді топтық оқыту әдістері бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде белгілі. Солай бола тұрғанымен олар өз бетінше де мәнге ие. Сонымен қарым-қатынасқа үйретудің кең тараған әдісі — лекция.

Лекциялар (лекция оқу) қарым-қатынас формалары, және адамдар арасындағы өзара әсердің өту заңдылыктары туралы білім береді. Лекцияда сондай-ақ байланысты жүзеге асырудың субъективті алғы шарттары туралы мәліметтер беріледі.

Оқымыстылар мен мамандардың айтуынша мәліметтер таратуда кең тараған форма — осы лекциялық болып табылады. Лекция оқудын тиімділігі егерде, лектор материалды жақсы меңгеріп қарым-қатынас мәдениеті және психология туралы ғылымның жалпы шарттарын тыңдармандардың мүқтаждарына (сәйкестендірген) ынғайлағанда арта түседі. Лекциялық маслихаттың келесі маңызы әсерлік шарты-материалдың қонымдылығы, оны ой елегінен өткізу  мүмкіндігімен өмір ситуациясына сай игілікке асыру. Сонымен қатар лектор және оның сөзі тыңдармандар тарапынан сенімге ие болып оның жасаған ұсыныстарын басшылыққа алуға дайын (көңілін білдіруді) көңіл-күй туғыза білуі аса маңызға ие. Айтар аттың жақсы меңгерілуіне ашық — қанықты көрнекі мысалдарда ықпал жасайды.

Кинофильңдер мен бейне таспалар, мінез-құлықтың әр түрлі үлгілерін демонстрациялауға мүмкіндік береді. Кез-келген эпизодтардың бірін бірнеше рет қайта көру арқылы, өмірде байқала бермейтін адамдар арасындағы карым-қатынастьн бір сәтіне назар аударуға, техника толық мүмкіндік қалай алады.

ӘПТ процесінде жасалған бейне таспа (бейнежазу) жазуы адамға өзін көру арқылы онын өз ортадағы әрекеттері туралы пікірін қалыптастырады.

Арнайы әдебиеттерді оқуда — қарым-қатынасқа үйретудің дәстүрлі бір әдісі болып табылады. Арнайы әдебиеттерде мінез-құлық ережелері, оның ішінде белгілі бір қоғам кезендеріндегі әлеуметтік топтардың мінез-құлық формаларына талдау жасалған, ұлттық ерекшелікке байланысты әр түрлі халықтардын ұстаған әдептілік   ережелері   көрсетілген,   белгілі   бір   кәсіп   саласы   қызметкерлері арасындағы   қарым-қатынас   ережелері,   іскер    адамдар арасындағы байланыс ережелері, ұсыныстар берілген топтамалар, кітаптар жатады.

Өркениетті, экономикалық дамыған елдерде мінез-құлықтың қағидалары мен негізгі ережелері мазмұндалып, кездесетін жағдайға сай өзіңді қалай ұстау керек екендігі туралы нақтылы кеңестер берілген әдебиеттер көптеп шығарылады. Қазіргі кезде біздің әдептану окулықтары мектеп оқушыларына, орта жэне жоғары оқу орындары студенттері үшін жасалып оқу бағдарламасына қосылуда.

ӘПТ жүйесіне пікір толы әдісі де кіреді. Шындығында пікір талас іс-әрекеттің болатыны белгілі, әрі осы әрекет әдістің міндетті шарты болып табылады. Пікір таластың объектісіне адамдардың өзара бір-біріне деген көзқарасын, коммуникативті ситуациялы идеяларды жатқызуға болады.

Айталық топтық пікір талас барысында идеяны талқылау, қатысушьшардың ннтеллектуалдық қызметін ынталандырып, әркімнің өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдейтін аргументтерді табуға итермелейді. Пікірталас жаңа дәлелдер мен қарсы аргументтердІң әсерінен жеке бас позициясынын қатар қаралуына дейін жеткізеді. Пікірталастың жемісті нәтижесі — оның әр түрлі идеяларды жан-жақты және терең талданудан, ой елегінен өткізіп және талқылауға түскен мәселе бойынша баршаға ортақ ішкі позицияның қалыптасуында.

Сондай-ақ күрделі бір сәтті талқылаудың жекелеген түріне — өндіріс тәжірбиесінде кездесетін жағдайларды қорғау жатады. Мұндай әдіс мамандардың кәсіби коммуникативті хабарлығын (жете білушілігін) дамытуға жәрдемдеседі.

Сонымен қатар топтық пікір талас барысында өзара қарым-катынас (көзқарас) мәселесі де талқылануы мүмкін. Мұндай жағдайдағы нәтижеге жеке бас көзқарас жүйесіндегі өзгерістің болуын жатқызуға болады. Сонымен қатар бұл әдіс өзіңді — өзің тереңірек түсінуге, өзге адамдардың қамтуға көңіліне сезіну қабілетін дамытуға игі әсер жасайды.

Келесі әдіс — қызметті өтеу барысындағы коммуникативті қабілетті дамыту әдісі.

Қызмет атқару барысында, яғни адамдармен жанды байланысқа түсіп, қателіктер жіберіп, оны түзеп, өзі беделді санаған үйренуден өтпей-ақ қарым-қатынас жасау жолдарына үйрене алады. Дегенмен бұл процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік қалайтын жолдарда табылғанын атап айтқанда: марапаттау және айыптауларды қолдана отырып өзара әсерін қалай өткендігін білдіретін қайтымды байланысты ұйымдастыру; қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгергендердің адам мінез-құлықтарына бақылау орнатуы; тәрбиеленушінің іс-әрекетін бақылап, қайтымды байланыс сеансын тиянақты жасап тұратын жетекшінің бар болуы — арнайы үйренуден тыс қарым-қатынас дағдыларына үйретудің танымал жолдары болып табылады.

Кәсіби коммуникативті біліктіліктер мен дағдылар әріптестер әрекетіне бақылау жүргізу және- іскерлік қарым-қатынас ситуацияларында меңгеріледі. Қарым-қатынастың күнделікті дағдылары тұрмыстық өмір сәттері арқылы да қаланады.

Қарым-қатынасқа үйренудің келесі әдісін рөлдік ойын (іскерлік ойын) әдісі дейміз. Бұл эдіс коммуникативті біліктілік пен дағдыларына жаттығу жүргізу, мінез-құлық стратегиялары мен әдептілік жолдарын меңгеру әдісі саналады. Рөлдік ойында тәрбиеленуші эксперимеит жағдайында мінез-құлықтың жаңа амалдарына үйреніп, олардың қолданыста қалайша орныққаны жайлы қайтымды байланыстан біліп отырады.

Рөлдік ойындарды (іскер ойын) үшін, осы ойын арқылы шешілетін проблемалар тізімі жасалынады. Рөлдік ойындағы ситуациялар мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) жаттықтырушы өзі үйрететін элеуметтік біліктіліктер туралы лекция оқиды немесе пікір талас  өткізеді; кейбір жағдайда бұл кезеңде  мінез-құлықтың жағымды модельдерін демонстрациялауға да болады;

2) өз   кезегінде   оқушылар   (үйренушілер)   бір   қатар   ситуациялық проблемалық рөлде ойнайды, ал олардың алдына проблеманы беруі керек;

3)әрбір қойылымнан (жаттығу ойынынан) соң қайтымды байланыс да орындауға        және        топтың        пікір        таласына        байланысты жаттықтырушының    түсініктемесін    қамтиды.    Бұданда    басқа    дыбысты және   бейне   таспа   жазу   құралдарында   қолданудын   өте-мөте   пайдасы бар.      Мұнда      да      жаттықтырушының      неімесе      жаттығушылардың түсініктемелері беріліп тұруы шарт.

Ойындар ең алдымеиен жаттығудағы іс-әрекеттерлі орындау дағдысына үйренуге арналғаны мен тәрбиеленушілер басқа бағыттар бойынша да пайда табады. Мысалыға қарама-қарсы рөлдерді орындай отырып олар басқа адамның көзқарасын тануды үйренеді Дыбыс                                                                                                                                             және бейне    көрілім    жазуларын    тиянақты    талдаудың    нәтижесінде    өзара  ықпалдайық процесімен бір-біріне қатысты мінез-құлықта сезімталдылық арта түседі. Сөз арқылы берілетін түсініктеме мен қайтымды байланыстың басқада түрлері комбинациясы әрбір адамның өз мінез-құлқын жақсы түсінуіне ықпал етеді. Рөлдік ойындардың көп жағдайдағы жоғары тиімділігі, жаттықтырушының біліктілігіне оның қателерді көре білу және әдепті түрде түзете алатын шеберлігіне  байланысты. Жаттықтырушының назары сондай-ақ оқушылардың нақтылы өмірдегі ситуацияларға сай жаңа коммуникативті біліктіліктерді қолдана білу бейіміне де түсіп түрғаны абзал.

 

2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері

 

Тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру барысында алдымен жүргізілетін жұмыстар жоспарланып алынды.

1 .Эксперимент жұмысының жалпы мақсаты мен міндеттері;

2.Эксперимент зерттеуін ұйымдастыру принциптері мен шарттары;

З.Анықтау, қалыптастыру, бақылау экспериментінің мақсаттары, ғылыми-педагогикалық әдістері мен ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер.

Эксперименттің мақсаты: белгіленіп алынған педагогикалық шарттардың болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы даярлығын қалыптастыру процесінің тиімділігіне ықпалын эксперимент жүзінде тексеру болды. Мақсатты айқындап алу бізге, эксперимент барысында шешімін іздестіретін міндеттердің сипатын анықтауға көмектесті:

— кәсіби іс-әрекеттерде студенттердің даярлық деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындауға;

— дәстүрлі оқу аясында кәсіби іс-әрекеттерде студенттердің нақты даярлық жағдайын жэне осы іс-әрекетті жұмыс істеп жұрген мамандардың жүзеге асыру деңгейін анықтау;

— саралап көрсетілген педагогикалық шарттардың студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру процесінің тиімділігіне ықпалын эксперимент жүзінде тексеру;

— эксперимент жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлығын қалыптастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде эксперименталды әдістерді пайдалану тиімділігіне принциптердің жалпы ғылыми және нақты-ғылыми жүйесі маңызды ықпал етті. Бұл эксперимент жұмысын ұйымдастырып өткізудегі жалпы талаптарды сипаттайды.

         Зерттеу жұмысымызда біз мына принциптерді тірек еттік:

  1. Педагогикалық құбылыстарды біртұтас зерттеу принципі (бұл принцип: жүйелі көзқарасты пайдалануды;    педагогикалық    процесте    зерттеу кұбылысының орнын нақты айқындауды; зерттеу құбылысының қозғалысын ашып көрсетуді болжайды);
  2. Әділеттілік принципі (бұл  принцип:   әрбір  дәлелдемені   бірнеше әдістермен тексеруді; зерттеліп отырған обьектідегі өзгерістің бәрін белгілеп отыруды;    өз   зерттеуінің   мәліметтерін   басқа   зерттеу   мәліметтерімен салыстыруды болжайды);
  3. Тиімділік принципі (бұны принцип деуге де, зерттеудің негізгі мақсаты леуге де болады).

Бірінші принципті біз студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлау жүйесін модельдеуде тірек еттік.

Екінші принципті студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлық деңгейі иагностикасының бағдарламасын жасауда, анықтау және қалыптастыру экспериментінің нәтижесін талдауда негізге алдық.

Үшінші принципті болжауды анықтауда және талдауда, сондай-ақ  эксперимент жұмысын өткізудегі жағдайларды жоспарлауда, алынған зксперимент мәліметтерін бақылауда, талдау мен бағалауда тірек еттік.

Студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлығын қалыптастыру әдістемесін құруда біз жалпы дидактикалық принциптерге (саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, ғылымилық, беріктілік, түсініктілік, теорияның практикамен байланысы), сондай-ақ тұлғалық-бағдарлық, әрекеттілік, модульдік сияқты әдіснамалық принциптерге (көзқарастарға) сүйендік.      к

Эксперимент барысында алынған нәтижелердің дәлелділігі көбінесе эксперимент өтілген ортадағы жағдайларға байланысты болды. Эксперимент жұмысы педагогикалық процестің табиғи жағдайында, студенттердің арнайы курсты меңгеру барысында және кәсіби практиканы өту барысында жүзеге асырылды.

Эксперимент жұмысы Халыхаралық қазақ түрік университетінде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке 40 студент қатысты, оның 20-сі эксперимент тобында, 20-і бақылау тобында.

Анықтау эксперимент барысында студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлық деңгейі модельде көрсетілген төрт компонент (мотивациялық, когнитивтік, эмоциональдық-еріктілік, рефлексивтік) бойынша анықталды.

Студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлаудағы                                                                                                                                                                                                     мотивациялық кбмпоненттің даму деңгейі төмендегідей анкеттік сұрақтар мен педагогикалық байқаулар арқылы анықталды:

  1. Дене шынықтыру және спорт мамандарына теориялық және практикалық сапалар керек деп ойлайсыз ба?
  2. Дене шынықтыру және спорт мамандарына спорттық жаттығу керек деп санайсыз ба?
  3. Дене шынықтыру және спорт мамандарына спорт технологиясын меңгеру қажет деп ойлайсыз ба?
  4. Спорттық шұғылданушылық кезінде спорт түрлері көрінісін атаңыз.

Студенттердің сұраққа берген жауаптары әртүрлі болды. Егер оларға қысқаша тоқталатын болсақ, мынадай көріністі байқауға болады. 12-ші сұраққа эксперимент тобының 20 студенттің 67,2%, адам адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп ой өрісін жетілдіреді деп жауап берсе, 32,8% жоқ, білмеймін деумен шектеледі. 1-ші сұраққа-57,9% студент жоқ десе, 24,2%-иэ, 17,9%-білмеймін деп жауап берді. 16-шы сұраққа-73,8%-студент жатаханада тұрамын, онда төмен деп жауап берсе-19,0%-иә, 7,2%-үйде әке-шешемен жанұяда орта деңгейде деп жауап берді.

Жалпы айтқанда, анкета сұрақтарын өндеу нәтижелері студенттердің бірінші компонент бойынша білім деңгейлерінің төмендігін көрсетті (Кесте 8).

 

Кесте 2 — Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде мотивацияльщ компоненттің даму   деңгейінің көрсеткіштері

 

Компоненттер

Эксперимент тобы-70, бақылау тобы-70

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық

14,53

14

30,64

32,39

54,83

53,53

 

 

Сурет 2 — Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде мотивациялық компоненттің даму деңгейінің динамикасы

Студенттердің көпшілігінің жауабы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануы төмен деңгейдегі білімді көрсетті. Әсіресе кәсіби іс-әрекеттегі мүмкіндіктерін 25,3%-студенттің түсінбеуі, оның мәні мен құрылымын және принциптерін 21,0% студенттің нашар меңгеруі, 9,7% студенттер кәсіби іс-әрекетте пайдалану әдістемесін білмеуі қалыптастыру экспериментіндегі талаптарды күрделендіруге түрткі болды.

Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде орнатуға даярлаудағы когнитивтік компоненттің даму деңгейін анықтау бойынша жүргізілген анкеттік сұрақ нәтижелерін (Кесте-9) көруге болады.

 

Кесте 3 — Студенттерді кэсіби іс-әрекеттерде когнитивтік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіштері

 

Компоненттер

 

 

 

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Когнитивтік

9,08

11,26

33,87

36,61

56,45

52,13

 

 

 

 

Сурет 9 — Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде компьютерлік графиканы пайдаланудағы когнитивтік компоненттің даму деңгейінің динамикасы

Кестедегі көрініс, эксперименттің басында эксперимент тобы мен бақылау тобының даму деңгейі бірдей болғандығын көрсетеді. Студенттердің көпшілігінің жауабы төмен деңгейді (эксперимент тобында-56,45% студент, бақылау тобында-52,13% студент), эксперимент тобының-33,87%, бақылау тобының-36,61% орта деңгейді көрсетсе, жеткілікті деңгейді эксперимент тобынан-9,68% студент, бақылау тобынан-11,26% студент көрсетті.

Студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде іске асыруға даярлаудағы эмоционалдық-еріктік компоненттің даму деңгейі де мынадай анкеттік сұрақтардың көмегімен жүргізілді:

1.Өзіндік тәрбиелеу арқылы дербес жетілдіре аласыз ба? (иә, жоқ, қажетсінбеймін). Егер жетілдірсеңіз, қандай бағытта?

  1. Кәсіби шеберлігіңізді қандай жұмыс формалары арқылы жетілдіресіз?
  2. Біліміңізді меңгеруге ынта-ықыласыңыз тұрақты ма?

5.Кәсіби сапа орнату кезінде қандай әсерде боласыз?

  1. Жаттығушылармен іс-әрекетіңіз өз көңіліңізден шыға ма?
  2. Орындалған тапсырмаларды эмоционалдық сезіммен қабылдайсыз ба?

Эмоционалдық-еріктік компоненттер бойынша жүргізілген анкеттік сұрақтардың нәтижелерін (Кесте 10) көруге болады.

Кесте    4    —    Студенттердің    кәсіби    іс-әрекеттерде    даярлаудағы эмоционалдық-еріктік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіштері

 

Компоненттер

 

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Эмоционалдық-еріктік

6,46

7,06

40,32

38,02

53,22

54,92

 

 

Сурет 4 — Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерді даярлаудағы эмоционалдық-еріктік компоненттің даму деңгейінің динамикасы

Кестедегі көрініс, студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлаудағы эмоционалдық-еріктік компоненттің даму деңгейі көрсеткіштерінің эксперимент тобы мен бақылау тобында төмендігін бірдей екендігін көрсетті. Мысалы, төмен: эксперимент тобы-53,22%, бақылау тобы-54,92%; орта: эксперимент тобы-40,32%, бақылау тобы-38,02%; жеткілікті эксперимент тобы-6,46%, бақылау тобы-7,06% көрсетті.

Студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде даярлаудағы рефлексивтік компоненттің даму деңгейі де алдыңғы компоненттер сияқты анкеттік сұрақтар бойынша анықталады. Анкета сұрақтары төмендегідей:

1.Жаттығушылармен қарым қатынас кезінде ұлттық мәденитті элементтерін қолданасыз ба?

  1. Өзіңіздің ісіңізге баға бере аласыз ба?
  2. Сөйлеу мәдениеті спроттық жаттығуда басты рол атқарады деп ойлайсыз ба?
  3. этика ережелерін сақтайсыз ба?

5.әдет ғұрып салт-дәстүрлерді сақтай білесіз бе?

  1. жаттығушының жас ерекшелігін ескере білесіз бе?
  2. өзіңіздің іс-әрекетіңізге пайдалануда дұрыс баға бере білесіз бе?
  3. Кәсіби іс-әрекеттерде оңтайлы жүзеге асырудың жолдарын білесіз бе?

Анкета сұрақтарының нәтижелері мына кестеде (Кесте 11) берілген:

Кесте 5 — Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде даярлаудағы рефлексивтік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіштері

Компоненттер

 

 

 

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Рефлексивтік

41,94

43,66

58,06

56,34

 

Сурет 5- Студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде мәдени қарым-қатынасты орнатуға даярлаудағы рефлексивтік компоненттің даму деңгейінің динамикасы Студенттердің білім деңгейлерінің төмен болуы, біздің пайымдауымызша, мектептегі оқу-тәрбие процесінде жүйелі пайдаланылмауына, кейбір мектептерде оның тіпті болмауына және мұғалімдердің бұл саладан педагогикалық-әдістемелік даярлығының төмендігіне байланысты. Осының бәрін ескере отырып, біз осы анықтау экспериментінің бірінші кезеңінде мектеп мұғалімдерінің мәдени қарым-қатынасты орнатуға, соның ішінде болашақ дене шынықтыру мен спорт мамандығы студенттерінің білім, іскерлік, дағды деңгейлерін сауалнамалар арқылы анықтадық. Алынған деректер толығырақ

болу үшін мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оқу процесінде пайдалану іскерлігін, тапсырмаларды орындаудағы кәсіби даярлығын бақыладық.

Мұғалімдердің анкеттік сұрақтарға берген жауаптары мен жүргізген сабақтарынан былайша ой түйіндеуге болады: мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануда білімі төмен, кәсіби және зерттеу әрекетінде пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы туралы көзқарасы үстірт, ақпараттық идеяларды практикада пайдалануда қиналады. Көптеген мұғалімдер оқу әрекетінің, оқушының білімі мен іскерлігінің мотивациялық диагностикасын, технологиясын нашар меңгерген. Мысалы, мектеп мұғалімдерінің 56,8%-ы мәдени қарым-қатынасты кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануда ең аз даярлық деңғейін көрсетті. Бұл мұғалімдердің көпшілігінің жоғары оқу орнында арнайы курстарды мүлдем оқымағандығымен түсіндіріледі. Мектепте бес жылға дейін қызмет істегендердің, соның ішінде дене шынықтыру мен спорттан нақты білім алғандар кәсіби іс-әрекетте пайдалану тәжірибесінен ең аз деңгейді, яки 46,9% көрсетсе, жеткілікті деңгей тек 18,3% боды. Сонымен бірге, жалпы айтсақ бұл нәтижелер, оқу орнын бітіргелі отырған студенттердің нәтижесінен соншама айырмашылығы жоқ. Бұның бәрі студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудағы дәстүрлі жүйенің тиімсіздігін және оны жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Біз студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлық деңгейін анықтаумен бірге, олардың бүгінгі жоғары оқу орындарында даярлық жүйесінің ұйымдастырылу сапасына қанағаттанушылық деңгейін де зерделедік.

Студенттердің берген жауабына жасалған талдау, олардың даярлық деңгейінің жеткіліксіздігін мойындайтынын және осы іс-әрекеттің тәжірибесін кәсіби тұрғыда меңгеруді қажетсінетінін, алайда олардың сұранысының жоғары оқу орнындағы студенттерді кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың бүгінгі жүйесіне байланысты шамалы қанағаттандырылатынын айғақтады.

Анкетаның нэтижелері бүгінгі даярлықты қалыптастыру жүйесінің студенттердің  кәсіби іс-әрекеттерінде жеткіліксіз бағытталғанын, зерттеліп

отырған даярлықты қалыптастыру барысында әдістер мен формаларды шамалы пайдаланылатынын, іскерлігін қалыптастыруға байланысты жұмыстардың тиімді жүргізілмейтінін көрсетеді. Бұл бірқатар субъективтік және объективтік жағдайларға байланысты. Біріншіден, мұндай даярлықты қалыптастыру жүйесі жасалмаған, екіншіден, оқу педагогикалық процесте студенттердің іс-әрекетін басқару мен өзін-өзі басқару бағыты жеткіліксіз қамтамасыздандырылған, болашақ маманның субъектілік көзқарасы шамалы көкейкестілендіріледі, бүгінгі таңдағы білім беру технологиясының және т.б. мүмкіндіктері пайдаланылмайды.

Анықтау эксперименті деректерінің негізінде мынадай тұжырым жасауға болады:

— жоғары оқу орны студенттерін дэстүрлі оқытуда мәдени қарым-қатынасты       кәсіби   іс-әрекеттерде   пайдалану   тәжірибесі   жеткіліксіз қалыптасқан, ал бұл болса осы іс-әрекеттің кәсіби жұмыста сапалы жүзеге асырылуында кедергісін келтіреді;

— студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы даярлық деңгейін педагогикалық шарттардың нақты кешенін жүзеге асыру барысында арнайы жүйе жасап, оны ендіруді қамтамасыздандырған жағдайда көтеруге болады.

    Қалыптастыру зксперименті үш кезеңнен тұрды. Мақсаты-болашақ дене шынықтыру және спорт маманын қалыптастыру жүйесін ендіру және педагогикалық шарттардың зерттеліп отырған даярлықты қалыптастыру процесінің тиімділігіне ықпалын тексеру болды.

         Қалыптастыру экспериментінІң 1-ші кезеңінде біз 1-3 курс студенттеріне өзіміз жасаған «Дене шынықтыру және спорттағы» курсының оқу бағдарламасы негізінде білім берілді. Бұл кезең студенттердің теориялық және даярлығының негізгі кезеңі болып саналады. Мұнда әдістемелік құралы пайдаланылады. Бұл кезеңце студенттер әртүрлі мақсатты көздейтін, оқу процесінің даярлығы мен студенттердің сабақтағы оқу-танымдық әрекетінің жобасын (ақпараттық-сөзді бағдарламалары, банктері: озық тәжірибе бағдарламалары, педагогикалық

құралдар, аспаптық құралдар т.б.) оқу процесін ұйымдастыруды (әртүрлі тақырыптар мен бөлімдер бойынша білім беретін, жаттықтыратын, үлгілейтін бағдарламалар) зерттеуді, соңғы нәтижелердің бағасына талдау беруді және педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін қалыптастыруды айқындауды (бақылау түрлерінің бағдарламалары, тестер т.б.) қамтамасыздандырылатын бағдарламалық мәдени қарым-қатынас құралдармен таныстыруды көздейді.

     Студенттердің даярлығын қалыптастыру, көбінесе, оқу процесінде сабақ беру барысында жүзеге асты. Бұл кезеңге тән қасиет-студент тұлғасының субъективтік көзқарасын дамыту, яки студенттерді жаңа ортаға бейімдеу, ал оның негізгі іс-әрекетінің түрі-танымдық болып саналады. Субъективтік көзқарасты көкейкестілендіру болашақ маманның тұлғалық жетістіктерін белсендендіру арқылы және оларды диагностикалық-жобалық тапсырмалардың шешіміне қатыстыру арқылы жүзеге асты. Студент тұлғасының субъективті көзқарасын көкейкестілендіру, сонымен бірге оңтайлы жағдайлар жасау арқылы студештерді дәстүрлі кәсіби және зерттеу міндеттерін шешу барысында технологиялық әрекеттерге алдын-ала оқыту арқылы, сондай-ақ сабақтарда проблемалық жағдайлар туындату арқылы (мәселен, студент тапсырманың шешімін білмейді, проблемалық сұраққа жауап бере алмайды, өйткені білім деңгейі және студенттерге тапсырманы шешуде жаңа шарттарды қоюятын проблемалық жағдайлары жетіспейді) жүзеге асты.

         Когнитивтік мақсаттар-лекциялық сабақтарда, мотивациялық-практикалық, эмоционалдық-еріктік-өздігімен дербес жұмыс процесінде басымырақ болады. Бұл кезеңде даярлықты қалыптастыру процесінде оқытудың дэстүрлі формалары мен әдістері пайдаланылды: лекциялар, тәжірибелік-практикалық сабақтар, әдістемелік құралы ретінде пайдаланылды. Бұл кезеңде білімдегі мақсатқа жетуде (білім жүйесін қалыптастыру, кәсіби тапсырмаларды шешуде функционалдық мүмкіндіктерін көрсету) жетекші ролді оқытушы атқарды. Даярлықты қалыптастыруды осылайша ұйымдастыру студент даярлығының мотивациялық компонентін дамытуға ықпал етті. 1-ші және 2-ші курстың соңында жүргізіліп отырған кесінділердің нәтижелері студенттердің жылдан-жылға қызығушылығының артқанын, білімдерінің дамып, толығып отырғанын көрсетумен бірге, іскерлік пен дағдыларын әлі де болса шыңдай түсу қажеттігін байқатты. Мысалы, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша студенттер психологиялық айла-амалдарды қолдануда студенттердің 54% қиналса «тренерлер», «оқытушылар» 48,1%-ы психологиялық айла-амалдарды қолдануға практикалық дағдыларының шамалы екендігін, логикалық айла-амалдармен жұмыс жасай алмайтынын көрсетті.

 Біз осының бәрін ескере отырып қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде, 3-ші курс студенттеріне арнайы курс арқылы қосымша білім берілді. Басты назар педагогқа тән қасиеттерді және қазіргі заман педагогы білім беру ортада ұйымдастыру ерекшеліктерін оқып меңгеруге аударылды. Даярлықты қалыптастырудың осы кезеңінде типтік оқу жоспарына енген негізгі пән ретінде студенттерге әрі қарай меңгертілді және ақпаратты өңдеудегі әдістер мен құралдардың жиынтығы ретінде қарастырылды.

Арнайы курс мынадай міндеттердің шешімін іздестірді: болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану бойынша меңгерген білімдерін жүйелеу, оларды дамыту және толықтыру; кәсіби іс-әрекеттерде іскерлігін дамыту және жетілдіру; студенттерді кәсіби тапсырмаларды шешу мәдениетіне баулу; кәсіби іс-әрекеттерде өзінің даярлық деңгейін болжап білуге үйрету.

Арнайы курсты оқыту барысында студенттерге кәсіби-бағдарлық тапсырмаларды шешу мақсатында мәтіндік, редакторларды, электрондық кестелердің, тірек деректерді, өзара байланыстағы пакеттерді және т.б. функционалдық мүмкіндіктерін зерделеп, пайдалануда жағдайлар жасалды. Аспаптық құралдар зерттелді және білім беретін бағдарламалар жасауға байланысты талаптар айқындалды. Тыңдармандардан кәсіби тапсырмаларды шешу әдістемесін жобалау мен жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты талап еттік, практикалық сабақтар, іскерлік ойындар жүргізілді.

Осы кезеңде студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде себеп-салдары мен құндылық бағдарындағы өзгерістері бақыланды. Әсіресе, студенттердің жаттығу жұмыстарына аса назар аударылды. Студенттердің арнайы курстан алған білімі мен іскерлігін қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңі кәсіби практикада шыңдалып бекітілді. Бұл кезеңде студенттер кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға байланысты теориялық білімін жүзеге асырды және болашақ маман ретінде кәсіби іс-әрекетті ұйымдастырудың мүмкіндіктерін түсінді, айлалы-әрекеттер механимзімін автоматты тұрғыда өңдеу технологиясын, білімді толықтыру мен жүйелеу технологиясын; ақпараттық жүйені пайдалану технологиясын және т.б. өздерінің іс-әрекетінде белсенді пайдаланды. Яғни, кәсіби практика студенттердің кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру процесінде маңызды функцияны атқарды.

Осы кезеңде белгіленген міндеттерді біз студенттермен бірге кешенді тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асырдық. Кешенді тапсырмалардың құрамында әртүрлі типтегі тапсырмалар мен шығармашылық сипаттағы іс-әрекет жобасы болды. Сол тапсырмалардың кейбіріне тоқтала кетейік:

—  білім саласының қандай тапсырмасын шешуде пайдалануға болады (талдау беріңіз);

—  өзіңізге берілген тапсырманы орындау процесінде қандай амалдарды пайдалана алар едіңіз (анықта). Мүмкіндігінше оларды пайдаланып көріңіз;

— компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудың жағымды жағына талдау беріңіз;

—  қандай   жағдайларда   психологиялық   айла-амалдарды   пайдалануға болатынын   практика   барысында   байқадыңыз   ба?,   байқасаңыз,   олады пайдаланған тапсырмаңыз бойынша жоспар жасаңыз.

Кешенді тапсырмалардың шешімі студенттердің меңгерген теориялық білімінің мазмұндылығын, оны кәсіби іс-әрекеттерде ұтымды пайдалана білетінін дәлелдеді.

 

2.4  Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін

шешуге әсер ететін қосымша факторлар

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге, әсер ететін қосымша факторларға күн тәртібі, іс-әрекет аясы, әлеуметтік және ғылыми-техникалық жағдайлар жатады.

Күн тәртібі – бұл негізгі өмірлік бағыттарды орындаудың белгілі бір тәртібі және іс-әрекет пен демалыстың тиімді кезектесуі. Оның қажеттілігі адамның тәулік бойындағы физиологиялық процестерінің ырғағымен өтеледі. Ол тұрмыс пен еңбектің және денсаулық жағдайының нақты талаптары есебімен анықталады. Күн тәртібі тек өмірлік іс-әрекеттің белгілі бір ырғағын сақтау ғана емес, сонымен ақыл-ой мен дене еңбегі арасындағы, еңбек пен демалыс арасындағы, белсенді және  қарапайым демалыс түрлері арасындағы дұрыс қарым-қатынасты, оның тиімділігін сақтауды да қарастырады.

Жарыс қарсаңындағы күндердің күн тәртібіне, егер орындауға тәулік уақыты мен жағдайы үйренген уақыттан өзгеше болған жағдайда ғана болмаса, басқа уақытта түбегейлі өзгеріс ендіру дұрыс емес.

Жарыс кестесін өзгертуді алдын ала белгілеп (ең кем дегенде бір ай алдында) сабақ уақытын соған сәйкес жөндеу керек.

Спорт түрлері қатарында негізгі жарыстардан бөлек мамандандырылған жарыстар да өтеді. Олар әдетте таңертең ерте өтеді. Бұл жағдайды ескермеген және таңғы уақытта жаттықпаған спортшылар көбінесе мамандырылған нормативтерді тіпті өздерінің айқын мүмкіндіктерінен төмен болса да орындай алмайды. Бұл өте маманданған спортшыларда да кездеседі.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін орындауға ықпал ететін басқа факторларға іс-әрекет ортасы, яғни метеорологиялық жағдайлар, климат жағдайлары және сабақ өтетін орындар жатады.

Ескерілетін және мүмкіндігінше реттеліп отыратын метеорологиялық жағдайларға табиғаттың табиғи күштерінің ықпалы жатады (күн, ауа, су).

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы метеорологиялық жағдайлар қимыл тиімділігіне гигиеналық, білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешуге және ағзаны шыңдауға әсер ететін фактор ретінде қарастырылады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ескерілетін және пайдаланылатын климаттық жағдайлардан ең маңыздысы сабақ өтетін жердің теңіз деңгейінен биік болуы болып табылады.

Тау жағдайлары жазықтық бедеріне қарағанда ағза жүйесінің барлық жұмысының жоғары талаптарын орындай алады. Тауда спотпен шұғылдану (теңіз деңгейінен 1700-220м биіктікте) жаттығуды арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Олар жазықтық жағдайына қарағанда күшті, тездік пен төзімділікті дамытуға үлкен ықпал етеді. Мысалы, саусақ күшінің көрсеткіші тауда орта есеппен 2,5-3 кг-ға, ал кейбір жағдайларда-12 кг-ға дейін көтеріледі.

Таудан қайтқаннан кейін ағзаның қызмет жағдайы көптеген өзгерістерді бастан өткереді, алғашқы күндері спортшы өзін жақсы сезінеді 3-5 күннен бастап оның жағдайы төмендеп, сосын 8-10 күннен бастап қайтадан жақсара бастайды. Жазыққа қайтқанда таудың жақсы әсері екі айға жуық сақталады. Тау ауа райы спортшылардың демалысы үшін де қолданылуы мүмкін.

Егер қатты шаршаған жағдайда 7-10 күнге тауға бару керек, сонда ағза жағдайы тез жақсарады. Сол сияқты теңіз жағасында жүргізілген жаттықтыру сабақтары да ағзаға жақсы әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу үшін ең алдымен ол сабақтың ашық жерде немесе жабық мекемеде өтетіні де зор маңызға ие болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын ашық орындарда өткізу гигиеналық және педагогикалық тұрғыдан өте дұрыс. Бұл жаттығу қарқындылығы мен көлемін арттыруға, оның көңіл-күйге әсерін көтеруге, денсаулыққа дұрыс ықпал етуіне, спорт жетістіктерін көтеруге мүмкіндік береді. Жазғы спорт түрлерімен тіпті қыста да ашық орындарда шұғылдану денсаулыққа жақсы әсер етіп, спорт жетістіктерін арттыруға көмектеседі.

Сабақ өтетін мекеменің көлемі мен ойын алаңы іс-қимылға қатты әсер етеді. Жүзгіштің, гимнасттың, штангашының, баскетболшымен жеңіл атлетшінің көрсеткіштерінен белгілі болған нәтижелері жарыс өтетін орынға, яғни ашық аспан астында немесе жабық орында өтетініне байланысты көп айырмашылыққа ие болады. Спортшының көз алдындағы барынша еркін кеңістік ағашпен, қоршаумен, мекемемен алаңдары шектелген орындарға қарағанда жоғары жетістікке жету үшін өте қолайлы. Сондай-ақ алаңның шетінен диск, жебе, балға лақтыруда нәтижелер әдетте алаңның ортасынан шетіне қарай лақтыруға қарағанда төмен көрсеткіш береді.

Сабақ өтетін орындардың ағза мен спорт нәтижелеріне әсерін бағалау мен есепке алуда жарықтың күші мен бағытының маңызын да ескеру керек. Сабақ өтетін орындардың жақсы жарықтануы – бұл оқытудың табысты өтуінің ең маңызды шарттарының бірі. Қараңғы қимыл дәлдігіне қиындық келтіреді. Спортшыларға бағытталған тіке жарық та кері әсер етеді, ол көруді нашарлатып, қимыл орындауға әріптесін, қарсыласын, снарядты бақылауға қиындық тудырады.

Көптеген спорт түрлері алаңмен, жүгіру жолымен, қармен немесе мұзбен жүріп өтумен байланысты болып келеді. Жабысу күші, іс-қимыл өтетін жамылғы бетінің сапасы мен жағдайы, сол сияқты жергілікті жердің бедері де жүктеменің өзгеруі мен спорт нәтижелеріне әсер етеді.

Сол сияқты сабақ өтетін орынның тазалығы мен тартымдылығы да маңызды. Мекеме бояуларының күңгірттігі, құрал-жабдық сапасының төмендігі, алаңдағы жасыл желектің болмауы да бір сабақ барысында спортшы жағдайына едәуір әсер етеді, ал бұл ұзақ уақытқа созылса, сабаққа зейіннің төмендеп көрсеткіштердің нашарлауына және көңіл-күйдің болмауына себеп болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижелеріне әсер ететін әлеуметтік жағдайларға ауқымды құбылыстар жатады, оның ішінде еңбек, оқу, тұрмыс пен тұрғын орын жағдайы, жанұядағы, оқудағы, еңбек пен спорт ұжымдарындағы және т.б. бар.

Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.

Дене тәрбиесі мен  спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады.

Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралы ғылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.

Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті.

Жаттықтырудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы бұлшықет жұмысы мен тез қалпына келетін жұмыс қабілетін (қалпына келтіру құралдары) артыру үшін және сабақтың жиілігін көбейту, олардағы жүктемені ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды ықпал болып табылады. Бұндай құралдарға мыналар жатады: арнайы тамақтану, емдік шаралары, дәрумендеу, массаж, физитотерапевттік процедуалар, бірнеше фармакологиялық құралдар пайдалану, ине егу, машина, т.б. Спорт нәтижелеріне спорт жаттықтырулары мен спорт жарыстарының нәтижесі мен барысы туралы ақпараттық техникалық құралдарын жетілдіру үлкен ықпал көрсетеді.

Тарау қорытындысында мынадай тұжырымдар жасауға болады.

Спорт жаттықтыруының дидактикалық және басқа да дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдарымен дене тәрбиесінің ғылыми негіздерін дамытуды қазіргі деңгейге сәйкес тану қажет:

а) оқыту мен дамытудың бірлігі;

б) сабақтың құрылымдылығы;

в) оқушылардың ерекшелігі мен жағдайының есебі;

г) қозғалыстың талдауы мен синтезі;

д) жаттығу барысын саналы және сезімді бақылау,

е) жүктемені бірте-бірте көтеру;

д) сәйкес жағдайларды реттеу мен тербеліс есебі;

з) қозғалыстағы тыныс алу дұрыстығы.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдістері мен құралдарына сабақ тапсырмаларын орындауға бағытталған оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекет түрлері мен қимылдары жатады. Олар дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері болып табылады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын тиімді құру ағзаның барлық органдары мен жүйесіне жақсы әсер етеді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының адам ағзасына әсерін анықтайтын негізгі фактор жүктеме деп аталады.

Сонымен дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге ықпал ететін қосымша факторға мыналар жатады:

а) оқушының күн тәртібі;

б) іс-әрекет ортасы (сабақ өтетін орынның метеорологиялық және климаттық жағдайы);

в) әлеуметтік жағдай және ғылыми-техникалық ілгерілеушілік.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі жаңа қоғамды ізгілендіру мен жаһандандыру жағдайында болашақ мамандардың теориялық және практикалық білімін қалыптастыру әлеуметтік-педагогикалық проблема. Әсіресе, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша даярланатын мамандардың тәрбие процесін жетілдіру өте өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген ғылыми еңбектерге жасалған талдау бұл тақырыптың бұрын-соңды педагогика ғылымында дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша зерделенбегенін дене мәдениеті проблемалары саласындағы ғылыми еңбектер зерттеудің ұғымдық аппаратын негіздеуге, ұғымдардың өзара байланысын, мәні мен мағынасын ашып көрсетуге, атқаратын функцияларына, принциптеріне жан-жақты сипаттама беруге, осы ұғымдарға берілген аңықтамаларды жүйелеуге мүмкіндік береді және зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін қалайды.

Дене мәдениеті жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби сапалары процесін теория мен практикада зерттеуде оған берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, педагогикалық мазмұнын ашып көрсетуге, құрылымдық компоненттері мен функцияларын анықтауға көмектеседі.

Оқу-тэрбие процесінде студенттерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар дене шынықтыру және спорт мамандарының қажетті деңгейін айқындайды.

Дене шынықтыру және спорт мамандарының білімін теориялық және практикалық қалыптастыруды жүзеге асырудағы даярлығы жеке тұлғаның кәсіби сапасының бірі ретінде мынадай компоненттердің бірлігін құрайды: мотивациялық, когнитивтік, эмоционалдық-еріктік, рефлексивтік.

Осы аталған компоненттердің жеткілікті дамуы мен заңдылығы, олардың тұтастық бірлігі дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттерінің кәсіби

психологиялық-педагогикалық даярлығының нақты қалыптасқан дағдысын орната білу деңгейінің көрсеткіші болып саналады.

Олардың жеткілікті дамымауы студенттердің даярлығының жоқтығын және адамгершілік-этикалық тұрғыда даму деңгейінің төмендігін айғақтайды.

«Дене шынықтыру жэне спорт мамандығы» деңгейін, дағдыландыруға даярлығын зерттеуге алдын-ала кірісуге, студенттердің тиімділігін қамтамасыздандыратын кешенді, педагогикалық шарттарды анықтауға мүмкіндік берді.

Педагогикалық шарттар — оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, студенттердің сабақтар процесін жүзеге асыратын формалар мен әдістерді көрсетеді. Нақтырақ айтқанда: оқу процесінің мазмұны жалпы кәсіби мамандықтардың бағдарламаларына ендірумен анықталады.

Ұйымдастырушылық — осы процесті мақсатты бағыттылықта басқарумен, аудиториялық, аудиториядан тыс әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін пайдаланумен айқындалады.

Әдістемелік-ғылыми     негізделген     әдістемелік     нұсқаулармен қамтамасыздандырылады.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы нәтижесіндегі әрбір кезеңдердегі кесінділердің салыстырмалы сипаттамасы дене шынықтыру және спорт мамандықтары студенттерінің жоғарыда аталған педагогикалық шарттарды қолданумен қамтамасыздандырылатынын көрсетті.

Зерттеудің нәтижесі бойынша бірқатар ұсыныстар жасауға болады.

  1. Зерттеу барысында анықталған педагогикалық шарттарды жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде студенттердің теориялық және практикалық сабақтары процесі мақсатында пайдалану қажет.
  2. Дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттеріне біз ұсынған арнайы курс пен семинар бағдарламасын пайдаланған орынды, өйткені бұлар оқу — тәрбие процесінің сабақтастығын, тұтастығын қамтамасыздандырады.
  3. Студенттердің дене мәдениеті мақсатында өзін-өзі  тәрбиелеу өздігінен іздену ынтасын жетілдіру қажет.
  4. Мұғалімдер мен    кәсіби    мамандар    білімін    жетілдіретін институттарында арнайы семинарлар, педагогикалық оқулар ұйымдастырған жөн.

Қарастырылып отырған зерттеу толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде студенттердің ұлттық мәдениет ерекшеліктерін ескере отырып, оның жаңа формаларын, әдіс-тәсілдерін іздестіру және т.б. проблемалар шешімін табуы қажет. Бұл оның алдағы даму процесін жаңалықтарымен толықтыра түседі. Әрі теориялық және практикалық маңыздылығын толықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Теория и методика физического воспитания / Под общ.ред. Л.И.Матвеева и А Д.Новикора. -М.: ФИС, 1976, т, 1-11.
  2. Гандельеман А.Б., Смирнов Д.М. Физическое воспитание детей школьного возраста. — М.: Просвешсние, 1986.
  3. Теория и методика физической культури / Под ред. В.М.Шияна, — М.: Просвещение, 1988.
  4. Шитикова Г.Ф. Методы контроля эффективностм педагогического процесса на уроках физического воспитания: Учебное пособие. — СПб., 1997.
  5. Теория к методики физического воспитания /Под ред. Б.А.Ашмарина, -М.: Просвещение, 199
  6. Президентские тесты Республики Казахстан. — Алматы, 1997.
  7. Иванков Ч.Т. Теоретические основы методики физического воспитания. -М.: «Инсан», 2000.
  8. Холодов Ж.К., Кузнеуов B.C. Теория и методика физического воспитания и спорта: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. -М.: Издательский центр «Академия», 2000.
  9. Теория и методика физической культуры: Учебник / Под ред. проф. Ю.Ф.Курамшина. — 2-е изд., испр. — М.: Советский спорт. 2004. — 464 с.
  10. Матвеев Л.И. Теория и методика физической культуры. -М: ФиС. 1991. -543 с.    
  11. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі (Оқу құралы). -Алматы: «Әлем». 2000. 80 бет.
  12. Педагогика. Дәріс курс. — Алматы: «Нұрлы Әлем», 2 — 368 бет.
  13. Педагогика: Учебник для институттов физической культуры (Под ред. В.В.Белорусовой и Н.Н.Решетень) – 2-ое изд., доп. и перераб.-М.: ФиС, 01986. -288с.
  14. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. /Аударған Успанов K.C./. Алматы: «Ғылым», 2002. — 170 бет.
  15. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. — Алматы, «Мектеп», 1987. — 207 бет.
  16. Белорусова В.В. и др. Основы профессионально-педагогического мастерства преподавателя (тренера). — Л .:ГДОИФК, 1988.
  17. Вайндорф-Сысоева М.Е., Крившенко Л.П. Педагогика: Пособие для сдачи экзамена. — М.: Юрайт-Издат., 2005. — 239 с.- (Хочу все сдать!).
  18. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. (Оқу құралы).          — Алматы: «Санат», 1995. -302 бет.
  19. Жумашева С. С. Основы педагогических знаний: Учебное пособие для студентов специальности «Физическая культура и спорт». — Алматы: Казахская академия спорта и туризма. 2001. — 58 с.
  20. Деркач А.А.,   Исасв  А.А.   Педагогика  и   психология  деятельности организатора детского спорта. — М.: «Просвещение», 1985.
  21. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. — Астана, 1999. — 378 б.
  22. Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. — Алматы, 1998. — 168 б.
  23. Методика воспитательной   работы:   Учебное   пособие   (под   ред. Л.Рувинского). — М.: «Просвещение», 1989.
  24. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. — Алматы: «Мектеп», 1986.
  25. Синица И.В. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. — Алматы: «Мектеп», 1987.
  26. Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для высших учебных заведеиий (И.А. Зязюн и др.). — М: «Просвсшечие», 1989. 302 с.
  27. Тер-Ованесян А.А. Педагогические основы физического воспитания. -М: Физкультура и спорт, 1978. — 206 с.
  28. Ақпаев Т.А., Адамбекова М.І., Тастанов Ә.ж. Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдің және әдістемелік негіздері. –Алматы: «Өнер», 2003.
  29. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбек. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –Түркістан, 2004.
  30. К.Адамбеков, А.Кульназаров, С.Касымбекова. Формирование основ физической культуры учащейся молодежи. –Алматы, 2004.
  31. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  32. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1998, 240 бет.
  33. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР// Sport, 2000, №1, 4-11 қаңтар.
  34. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001- 2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  35. Адамбеков К.І. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  36. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. Авторефераты. М., 1993, 55 б.
  37. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  38. Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  39. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  40. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
  41. Құланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
  42. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері, п.ғ.к.дисс.авторефераты. -Алматы, 1992. 1-20 беттер.
  43. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағыи және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері п.ғ.к. дисс. авторефарты. М., 1968. 22 бет.
  44. Қаражанов Б.Қ. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1992. 1-85 беттер.
  45. Филин В.П. Мектеп жасындағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1970.
  46. Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1990. 25 б.
  47. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану, п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1995. 23 б.
  48. Садирметова Ж.Б. жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиеле, п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1996.
  49. Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика: М., 1974. 135 б.
  50. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасын / Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966ж. 200 б.
  51. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт. М., 1966.
  52. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу, п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1946
  53. Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы (Тәрбиенің теориялық және әдістемелік зерттеулері), п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1968.
  54. Годик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // «Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы», 1965. №7.
  55. Зациорский М.И. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері // Дене тәрбиесі және спорт, 1966. 200 бет.
  56. Ионов Л.П., Черняков Г.И. Жүгіру жылдамдығы, қадамның ұзындығы мен басу жиілігіне байланысты // «Жеңіл атлетика», 1968. №5.
  57. Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы, «Санат», 2000, 72 б.
  58. Бальсевич В.К., Запорожнов В.А. Адамның дене белсенділігі. Денсаулық. Киев, 1987. 23 б.
  59. В.В.Белорусов, И.Н.Решетников. Педагогика. М., Дене тәрбиесі және спорт, 288 б.
  60. Адамбеков Қ.І., Хлыстов М.С. Дене дайындығының негіздері. Алматы, 2002. 1-112 б.
  61. Сухарев А.Г. Оқушылардың денсаулық жағдайы және оны қалыптастыру факторлары. Гигиена және санитария. 1982. №5, 70-72б.
  62. Бережков Л.Ф., Рубинская И.Д. Халықтың денсаулық жағдайын жаппай зерттеудің көрсеткіштері. Балалардың денсаулығын қорғау. 1974, №7. 121-144.
  63. Филиппович В.И. Дене тәрбиесі процесі кезіндегі қозғалыс қызметінің дамуы // Советтік педагогика. 1967, №5. 23-30 б.
  64. Беляев Д.К. Генетика, қоғам жеке адам. // Коммунист. 1987, №7. 90-97б.
  65. Тәнекеев М.Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. // Алматы, 1982. 44 б.
  66. төлегенов Ж.М. Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытудың кейбір проблемалары. Дене мәдениеті мен спортты бақылау проблемалары. Ал маты, 1979.
  67. Баясевич В.К., Гришко В.В., Захаров Л.С., Попов В.В. // Қазіргі кезеңдегі спорттық және ұйымдастырушылық шарттары. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1981, №43-45 б.
  68. Тастанов Ә.Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі, п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 2003.
  69. Антропова М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттілігі және денсаулық жағдайлары. М., 1967 ж. 251 б.
  70. В.Л.Марищук, Ю.М.Блудов, В.А.Плахтиенко, Л.К.Серова. Спорттағы психологиялық болжамдық әдістемесі. Просвещение. М., 1984. 106 б.