АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері, 2015 — 82

 

 

«Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………3

 

І-тарау. Дене қасиеттерінің жетілуі кезеңдерінің заңдылықтарын және ағзаның дамуын есепке ала отырып тәрбиелеу……………………………………………………………..6

1.1. Дененің қасиеттері туралы түсінік және оларға сипаттама………………………..6

1.2. Дене сапалығындағы сенімділік дұрыстығын зерттеу, объектінің қорытынды сәйкестілігін сынамалау……………………………………………………………..14

1.3. Дене тәрбиесін әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің мақсаты мен міндеттері…18

 

ІІ-тарау. Дене қасиеттерін тәрбиелеуде әртүрлі жүйелерді салыстырмалы түрде талдау…………………………………………………………………………………………………………..22

2.1.  Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша бағдарламалардың айырмашылықтары…………………………….22

2.2. Оқушылардың өсуі мен дамуындағы негізгі заңдылықтар……………………….30

2.3. Дене қасиеттерін дамыту және сенситивті кезеңдер………………………………..36

2.4. Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке және топтық ерекшеліктері……………………………………………………………………………………………….39

 

ІІІ-тарау. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту

3.1. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен ролі………………………………………………………………………………………………………………44

3.2. Дене жаттығуларының тәсілі (техникасы)……………………………………………….46

3.3. Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы………………………………………………………………………………………………………….49

3.4. Спорт тактикасы…………………………………………………………………………………….54

3.5. Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары……………………..56

3.6. Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-синтезі………………………………………………………………………………………………………….59

3.7. Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау………………………………………………………………………………………………………..60

3.8. Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу, алмастыру…………………………………………………………………………………………………….61

3.9. Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен тыныс алуды қалыптастыру……………………………………………………………………………………………….64

3.10. Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша әдістері…………………………………………………………………………………………………………65

3.11. Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат әдістері мен көмекші құралдары……………………………………………………………………68

3.12. Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету…………………………………………72

3.13. Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі……………………………..76

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..78

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………………….79  

 
   


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғам мен мемлекет басшыларының да аландаушылығын туғызуда. Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тараітьшан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасың туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптаскан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықтыы және ізгілік мінез-кұлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сондықтан да, дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз.

Көптеген белгілі ғалымдар теориялық зерттеулер өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен айналысуын теориялық тұрғыдан педагогика теориясы және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиологиясы, мектеп гигиенасы т.б. мамандарының жалпы теориялық негізіне сүйене отырып, жүргізіліп отырғаны белгілі.

Қазіргі кезеңдегі педагогика, ғылым дене тәрбиесі жөне спорт бағыттарын зерделей отырып, Қ.І.Адамбеков (1995), А.ОАяшов (1993), З.И.Кузнецов (1966), М.Б.Сапарбаев (1993), Б.А.Гейнца (1995), А.С.Жұманова (1997), Б.УАлимханов (1994), В.Н.Платонов (1996), ҚА.Құланов (1990) сияқты ғалымдардың еңбектерінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын педагогикалық негізі ретінде бакылауға пайдалануда. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне байланысты таңдауға Н.И.Набатникова (1974), Ж.Б.Қоянбаева (1998), М.С.Бриль (1968) сынды ғалымдар жүргізсе, ал сыныптан тыс уақыттарда окушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде КААтаев (1997), Б.Ж.Биданов (1992), В.В.Ворюшин (1968) болды. Мектеп жасындагы оқушылардың жеке спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б.Қ.Қаражанов (1992), В.П.Филин (1970), В.А.Ашмарин (1976), И.Г.Понамарев (1996), Л.П.Матвеев (1976), ТА.Ботағариев (2001), А.Н.Хан (1984) және басқа да көптеген ғалымдар қарастырған болатын.

Зерттелу деңгейі. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысында бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін зерттеуде М.Т.Танекеев (1998), Ж.М.Төлегенов (1992), Б.Төтенаев (1998), Е.С.Сағындықов (1991), Х.Ф.Анарқұлов (1993), М.Б.Тұрсынов (1964), Б.А.Тойлыбаев (1995) сияқты ғалымдардың ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми зерттеулері ұлттық қимыл-қозғалыс және спорт ойындарының өскелең ұрпақты қалыптастырудағы тәрбиелік қызметін атқару туралы мәселелерге арналған. Себебі, қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс және спорт ойындары жоғарыда аталған авторлардың ойынша, халықтық педагогиканың бірден-бір құралы болумен қатар, жастардың жігерлігі, іскерлігі жоғары, дене күші ақылына, ақылы дене күшіне сай адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Ал Т.Ш.Қуанышев (1997), Л.К.Керимов (1991), В.Т.Баженов (1989), Ж.Б.Садирметова (1996), В.А.Ким (1992) сияқты т.б. ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарының балалар ұжымындағы адамгершілік қарым-қатынастарды қалыптастыруда оқушыларды дене шынықтырумен, спортпен шұғылдандырудың жеке амалы ретінде тәрбиелеу жолдары қарастырылған. Жас ерекшеліктеріне байланысты бала физиологиясы мен мектеп гигиенасын зерттеген М.В.Антропова (1974), Т.К.Мұстафина (1997), Л.А.Гужоловский (1977), А.А.Моркосян (1965), Р.Е.Матылянский (1963), АТ.Сухарев (1972) т.б. ғалымдар ғылыми еңбектерінде дене шынықтырумен дұрыс айналысу, бала денесінің үйлесімді дамуына, оның денсаулығы мен тәуліктік қозғалысының белсенділігіне оң әсері болатындығын дәлелдеген. Ал шетелдің белгілі ғалымдары В.В.Ромсон (45), Г.Росс, Г.Гельберт (1985) мектептегі дене тәрбиесі оқушылардың дене шынықтыру дайындығы мен дамуын жақсартпайды, керісінше, шынайы әлеуметтік жағдайларда оларды нақты күреске дайындау қажеттілігін айтады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осыған орай, оқушы тәрбиесіне қажетті білім және қозғалыс дағдыларын игеру, күнделікті өмірде оларды қолдана білу, сонымен қатар дененің қимыл қабілетінің жоғарғы деңгейін өз бетінше қолдана алу, өзінің қозғалыс қабілетін көрсете білу сияқты т.б. шаралар ең маңызды міндет деп саналады.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген зерттеу нәтижелерінің бағыты айқындалды. Жүргізілген зерттеулер, негізінен, оқушылардың дене тәрбиесінің практикасы мен теориясының жекелеген мәселелерін ашуға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиелеуге, жеке спорт түрлері бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған. Бірақ, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін оқыту барысында жүргізген педагогикалық зерттеулерде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына жете мән берілмей, зерттелмей отырғаны белгілі.

Қазақстандағы мектеп оқушыларының жекелеген денсаулық көрсеткіштері мен дене дайындығының нақты процесінің төмендеуі бұл көрсетілген мәселенің заман талабына сай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің теориялық негізде ғылыми жүйелеуді қажет етеді. Сонымен Қазақстандағы тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогика мен медицинаның өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтанда балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесінің медико-педагогикалық аспектілерін түсінік берумен авторлар өзінің алдына келесі міндеттерді қояды: жеке және қоғамдық денсаулығын нығайту үшін дене тәрбиесі тәсілін пайдалану қағидаларын баяндау, балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің жүйесін әлеуметті — педагогикалық бағытпен талдап беру және оларды жетілдіру жолдарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттелу объектісі. Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен тәжірибесі балалардың денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі биология, әдетті қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп-салдарға байланысты жастардың кәсіби-қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына арналған іргелі зерттеулермен толықты.

Дипломдық жұмыстың ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.

Сонымен бірге әр түрлі шет елдерде пайда болған дене тәрбиесі бағдарламаларының нәтижесі берілген жөне іс-тәжірибелері қорытындыланған. Баланың тәуліктік қозғалыс белсенділігін тәртіпке келтіру міндеттері жаңа қырынан қарастырылған. Балалардың денсаулығы мен қозғалыс белсенділігінің сандық көрсеткіштерінің арасындағы тәуелділік концепциясы игерілген. Балалар мен жасөспірімдердің қимыл қозғалыс қабілеттілігі бойынша әр түрлі ұйымдарда алынған дене тәрбиесі жүйесінің көпжылдық бақылау қорытындылары жинақталған. Ағзаға берілген дене жүктемесіне бейімделу әсерінің саналуандылығы көрсетілген.

Жұмыста балалық және жасөспірімдік кезеңінде әлеуметтік маңызды қызметінің белсенді қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің әдістерін дұрыс пайдалануы бойынша жаңа материалдар ұсынылған. Жасөспірімдірдің мамандықты таңдауы және дәрігерлік кәсіби бағытты іске асыру үшін ЖӨСМ және жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қажетті дене қасиеттерін дамыту жөніндегі мәліметтерге ерекше көңіл бөлінген.

Дипломдық жұмысында жас ұрпақты үйлесімді дамыған, дене қасиеттерін тәрбиелеудің мемлекеттік міндеттерін шешу үшін маңызды, өзекті мәселелер кеңінен қарастырылған.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

 

 

І-тарау. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖЕТІЛУІ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ 

ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ЖӘНЕ АҒЗАНЫҢ ДАМУЫН ЕСЕПКЕ АЛА

ОТЫРЫП ТӘРБИЕЛЕУ

 

  • Дененің қасиеттері туралы түсінік және оларға сипаттама

 

Әрбір адам туғаннан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие болады, себебі қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады. Мысалы, қозғалыс белгілі бір уақыт ішінде бірнеше метрге жүгіре алу, салмақты көтере алу т.б. сандық, сапалық сипаттамасы бар әрқилы қимыл-әрекеттерінен тұрады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа жүгіру адам ағзасына әртүрлі салалық талаптар қояды және олар әртүрлі дене қабілеттерінен көрінеді. Дененің қимыл қабілеттері деп — адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз.

Әдебиеттерді талдау барысында балалық және жасөспірім кезеңдерде қозғалыс мүмкіндігін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар бар екендігіне көз жеткіздік. Қозғалыс мүмкіндіктерінің күшеюі мектеп жасындағы бала ағзасының жас ерекшелігіне сай келуі қозғалыс мөлшерлерінің іс-әрекетін реттеп отыратын иннервациялық механизмдердің жоғары қозғыштығына және зат алмасу процестерінің едәуір жеделдігіне байланысты болады. Бұл жастағы оқушыларға тән жүйке процестерінің өте қозғалмалылығы, қимылдың ең жоғары қарқыны, бұлшық ет босауының және жиырылуының тез ауысып өзгеріп отыруына байланысты. Біз талдаған зерттеулердің бірқатары спортпен жүйелі түрде айналыспайтын оқушылардағы жылдамдықтың жасқа байланысты даму динамикасын көрсетуге мүмкіндік береді, еңбектерінде олардағы жылдамдықтың даму динамикасы көрінеді.

Күшті адамның дене қас еті ретінде мынадай белгілер бойынша нақты анықталуы керек:

  1. Күш, қозғалыстың механикалық сипаттамасы ретінде, денеге көлем салмағы — күш әсер етеді.
  2. Күш адамның қабілеті-қасиеті ретінде, мысалға, «күштің жаспен қатар дамуы; спортшылардың күші спортпен айналыспайтындарға қарағанда көп» және т.б.

Егер бірінші мағынасында күшті қозғалыстың басқа да сипаттамаларымен бірге механизмді зерттеу объектісі ретінде көрсетсе, екінші мағынасында физиология, антропология дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу пәні ретінде сипатталады.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде күш туралы айта келіп, әдетте Ньютонның екінші заңына, яғни күш дене жылдамдығына пропорционал, [F=ma] деген заңына сүйенеді. Куат күші деп, дененің жылдамдығы жағынан жылдамдатушыға әсер ететін күшті айтады. Инерция күшін бөлу, қарсы әрекетпен қозғалыс күшінің бөлінуі тәрізді шартты мәселе. Қарсы қимын күші дененің ауырлығынан туған кезде, олар жеделдетуге байланысты болмайды, тек салмақпен ғана анықталады [қозғалмай тұрып жүкті ұстау]. Резеңкені немесе эспандерді созған кезде күш жылдамдатуға байланысты болмайды, ең бастысы сол зат тартылған ұзындықпен анықталады. Ең соңында, үйкелуден бір-біріне қарсы әрекеттуған кезде, күштің көлемі жолдың ұзақтығына емес, жылдамдығына тәуелді болады. Қозғалыстардың көпшілігінде ауырлық, инерция, деформация, күшею және итерілу күштері (үйкеліс) бір уақытта іске қосылады. Сондықтан да күштің, қозғалыстың басқа сипаттамасына байланыстылығы (жылдамдық, шашлаңдату жолы) әдетте қиын. Түрдік үлгінің тәуелділігін [F=ma], таза түрінде тек әдейі жасалған лабораториялық жағдайда ғана байқауға болады.

Қандайда бір ұғымды анықтаудың ең жақсы тәсілі — адамның күш мүмкіндіктерінің деңгейін және өлшеу жолдарын көрсету. Оны динамометрмен немесе механикалық өлшеулер арқылы анықтауға болады.

Бұл фактор күштің (қозғалыс қабілеті ретінде) бұлшық еттің жұмысы арқылы белгілі бір көлемін көрсете алу мүмкіндігі болып табылады (механикалық әсер өлшемдері). Мағынасы жагынан дұрыс болса да бұл фаза стилистикалық жағынан «күш» деген сөздің әртүрлі мағынада қолданылуына байланысты бір сөздің мәнін қайталай беру тәрізді көрінеді.

Осылайша, адамның күшін сыртқы қимылдарға қарсы тұра алу қабілеті немесе бұлшық ет күші арқылы қарсы тұруы деп анықтауға болады [47,50]. Қарсы қимыл-әрекет жұмысы процесінде, қарсы шығу күші деп — қимылға қарсы бағытталған күшті айтады да, кері шегіну кезінде — қозғалыс үстіндегі қимылды айтады.

Бұлшық еттер мынадай күштерді көрсете алатыны белгілі:

— өз ұзындығын өзгертпей (статистикалық, изометрлік тәртіп);

— ұзартылған жағдайда (плимометрикалық, жиырылу тәртібі).

Бұл кезеңдегі күштің ең жоғарғы мөлшерін әр түрлі, жоғарыда келтірілген бөлімдерді күш қабілетінің негізгі түрлерінің жіктелуі деп қабылдауға болады.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде бұлшық ет күшін — адамның бұлшық ет қысымы арқылы сыртқы қимылға қарсы тұра алу кабілетін тәрбиелеуге көп орын бөліну керек. Бұлшық ет күшінің көрінуі — бұлшық ет аппараттарының іс — әрекетін ретке келтіретін жүйке процесінің дамуы мен жинақталуына байланысты. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қызметін реттеуде, көлденең жолақты бұлшық еттердің физиологиялық жиырылу қабілеттері маңызды қызмет атқарады. Бұлшықеттер өзінің ұзындығын өзгертпей-ақ (статистикалық немесе изометрлік тәртіп), ұзындық қысқарғанда да (жиырылу немесе миометриялық тәртіп), ұзарған кезде де (жазылу немесе плиометрикалық тәртіп) күшті көрсете алады.

Зациорскийдің [47] жіктеулері бойынша күш қабілеттері келесі түрлерге бөлінеді: бойға біткен күштілік (жай қозғалыстағы статистикалық тәртіп), жындамдықтың күштілігі (жылдам қозғалыста көрінетін динамикалық күш). Адамның жылдамдық күш қабілеті, жазылу және жиырылу (амортизациялық күш), сонымен бірге өте аз уақыт ішінде үлкен күш көлемін көрсете алу қабілетінен «жарылу күші» бөлінеді.

Бұлшық ет күштерін тәрбиелеуде маңызды мағынаның болуы — өсіп келе жатқан ағзаңың жан-жақты дамуында, өндірістік еңбекке дайындауда және спорттық шеберлікті көтеруде маңызы зор.

Күш дайындығы мәселелерін зерттеудің өзектілігі спорттық практика сүраныстарынан келіп шығады. Күш дайындығының дұрыс жүйесін жасау арқылы спорттың көп түрінен спорттық нәтижелерді дамыту немесе жетілдіру шешуші факторлар болып саналатынын С.П.Летунов дұрыс атап өткен.

Күш адам ағзасының үйлесімді дамуына көмектесетін фактор екенін көптеген авторлар атап өтеді [50, 20]. Олардың ойынша, күш дайындығы жасуша жүйелері мен тұтас ағзаның еңбекке жарамдылығын, тұлғаның дұрыс құрылуын және басқа да дене қасиеттерін қалыптастырады, сондай-ақ, қозғалыстың дұрыс үйлесімділігін жетілдіреді.

Күшті дамыту деңгейі жеткіліксіз болса, мектеп жасындағы балалардың тірек қимыл аппараттары дұрыс дамымай қалады. Бұл дене тәрбиесі және спорттық жаттығулардың міндеттерін дұрыс шешуге кедергі болады.

Барлық бұлшық еттердің үйлесімді дамуын белгілі бір қозғалыс актісімен бұлшық ет күшін көрсете алу қабілетін дамытуымен сәйкестендіре алудың маңызы зор. Бұл кезде мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күші дамуының ерекшелігін ескеру керек.

Төзімділік деп ағзаңың белгілі бір уақыт ішінде қандайда бір іс-әрекеттің нәтижесін төмендетпей орындай алу қабілетін айтады. Басқаша айтқанда, шаршауға қарсы тұра алу қабілетін айтады. Кейбір жағдайларда ең төзімді адамдардың өзінде де біраз уақыттан соң шаршаудың бірінші және екінші сатылары басталады. Күшею іс-әрекетті бұрынғы нәтижені жалғастыра алмауынан көрінеді. Бірнеше адам бір тапсырманы орындаған кезде шаршау олардың әрқайсысында әр мезгілде көрінеді. Бұның себебі, ең алдымен төзімділіктің әртүрлі деңгейлілігі. Басқаша айтқанда, төзімділік өлшеуіші уақыт болып табылады, белгілі бір уақыт ішінде адам іс-әрекеттің өнімділігін үзбей берілген жылдамдықта атқара алуға тиіс. Төзімділікті өлшеу үшін тікелей және жанама тәсілдерді қолданады. Тікелей тәсілде сыналушыға қандай да бір тапсырма беріп (мысалы, белгілі немесе басқа да жылдамдықпен жүгіру), осы өнімділік жылдамдығымен жұмыс істеудің уақыт шегін анықтайды (жылдамдықты төмендеткенге дейін). Төзімділікті өлшеудің тікелей тәсілі әрқашан қолайлы бола бермейді, сондықтан көбіне жанама тәсілі қолданылады. Мысалы, спорттық тәжірибедегі төзімділікті қандай да бір ұзын қашықтықты басып өтуге бөлінген уақыт арқылы анықтауға болады (мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіру). Кейде төзімділікті барлығына бірдей берілген уақытта орындалған, стандарттық жүктемелерді бергеннен кейін (мысалы, шерулік жүгіруден соң (марш-бросқа)), қимылдардың дәлдігі және жылдамдығы арқылы қандай да бір тапсырманы орындау барысында нәтиженің төмендігі арқылы өлшейді.

Көптеген зерттеулерде төзімділіктің төрт түрі анықталған:

  1. Ақыл-ой (мысалы, математикалық тапсырмаларды шешуде);
  2. Сенсорлық (талдағыштық бұлшық еттердің ширығып жұмыс атқару нәтижесінде);
  3. Эмоциялық (толқуға қарқынды тез әсерленудің салдарынан);
  4. Физикалық (бұлшық еттердің іс-әрекеттерінен).

Бұл жұмыста мектеп оқушыларының шыдамдылығы туралы айтылады.

Адамның төзімділігін шартты түрде екі топқа бөлуге болатынын көптеген факторлармен анықтауға болады:

  1. Ағзаның әртүрлі жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері (аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктер, қозғалыс дағдысының жетілу деңгейі);
  2. Тұрақтылық деңгейі, ішкі ортаның қолайсыз өзгерістеріне және жүйкенің жоғарғы импульсациясына байланысты.

Әйтсе де, бұлай бөлу толық қатаң болмаса да, дұрыс дәлелденген. Себебі, төзімділікті тәрбиелеу барысында осы аталған екі топтың бірінде бағытталған тәсіл қолданылады.

Сабақ кезіндегі төзімділік оқушылар белгілі бір деңгейде шаршай бастағанда ғана дамиды. Бұл кезеңде адам ағзасы осындай жағдайларға бейімделе бастайды, бұл төзімділіктің жоғарылауына байланысты. Бейімделе бастау өзгерістің көлемі мен бағытты жаттығу жүктемелерінің сипаты мен деңгейіне сай болады. Жүктеменің әр түріне байланысты шаршау да әртүрлі болады, мұнда шаршаудың табиғилығы маңызды мәселе болып табылады, сондықтан төзімділікті тәрбиелеуде шаршаудың деңгейін ғана емес, сипатын да ескеру керек.

Осыған орай, төзімділікті тәрбиелейтін жаттығу сабақтарының басты мақсаты, ағзада өзімізге қажетті өзгерістерге қол жеткізу.

Дененің төзімділік қасиетін тәрбиелеуге арналған әртүрлі дене жаттығуларын орындау кезінде берілген жүктемені мынадай бес құрылымдармен сипаттауға болады:

— жаттығудың өнімділігі;

— жаттығудың ұзақтығы;

— демалыс аралығының ұзақтығы;          

— демалыс сипаты, үзілістерді әрекеттің басқа да түрлерімен толықтыру;     

қайталаулар саны.

Осы құрылымдардың сәйкес келуіне байланысты ағзаның жауап беру әсерінің көлемі ғана емес, сипаты да әртүрлі болады.

Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша жоғары секіру, допты ұстап алу, гирді көтеру, т.б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі қиындықтарда болуы мүмкін.

Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі [20] көптеген себептермен анықталды. Көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалған қимылдардың сәйкес келуін талап етеді [қимылдардың үйлесімділігі және талаптылығы], яғни қозғалыс қимылдарының үйлесімдік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып табылады.

Егер қозғалыс өзінің кеңістік, уақыт және күш сипаттамасына орай оған сай келетін болса, яғни ол дәл орындалса, қозғалыс міндеті орындалады. Қозғалыстың дәлдігі [53] ұғымы мынадай қабілеттерді біріктіреді:

  1. Кеңістік дәлдігі.
  2. Уақыт дәлдігі.
  3. Күш қозғалысының дәлдік сипаттамасы.

Қозғалыстың дәлдігі, яғни оның қозғалыс міндетінің талаптарына сай келу деңгейі ептіліктің екінші өлшеуіші болып табылады.

Қозғалыс дәлдігінің нәтижесі, жоғары үнемділікке жету болып табылады, яғни қозғалыстар бұлшық ет күші мен қуатын өте аз мөлшерде шығындау арқылы жасалады. Сондықтан да ептіліктің өлшеуіші ретінде қозғалыс үнемділігінің қандай да бір көрсеткіші қолданылады.

Ептілікті ғылыми зерттеулерде қозғалыстың дәлдігімен, барынша мұқият зерттеп, қозғалыстың барлық сипаттамасы бойынша жіберілген қателіктердің санын анықтауға тырысады. Дене тәрбиесі процесінде мұндай шектен тыс мұқият болу әрқашан қажет бола бермейді: бұл кезде көбіне қозғалыстың орындау фактісімен ғана шектеледі.

Күнделікті тұрмыста және дене тәрбиесі сабағында кездесетін барлық қозғалыстарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

— біршама стеротиптік;

— стеротипті емес.

Алғашқы қозғалысқа мысал болып: жеңіл атлетикалық жолдарда жүгіру, спорттық жүріс, лақтыру, секіру және гимнастикалық жаттығулардағы қозғалыс саналады. Екінші топқа: кросс, жекпе-жек және спорттық ойындардағы қозғалыстар, т.б. енеді.

Ептіліктің өлшеуіштері:

  1. Тапсырманың үйлесімділік күрделілігі.
  2. Оның орындалу дәлдігі.
  3. Жеке орындалу уақыты немесе дәлдіктің қажетті деңгейін игеруге бөлінген уақыт немесе жағдайдың өзгеру сәтінен жауап қимылы басталғанға дейінгі қабылданған ең аз мөлшердегі уақыт [қозғалыстың, жете сипаттамасы алдын-ала белгісіз].

Ептілік — бағалау өлшемі бірдей бола бермейтін күрделі жиынтық қасиеті болып табылады, мысалы, спорттық ойындарда жақсы ептілік танытып, гимнастикада жеткіліксіз болуы мүмкін.

Ептілікті тәрбиелеу, біріншіден, үйлесімділік қозғалыс қимылдарын игере алу қабілетін тәрбиелеуден, екіншіден, қозғалыс әрекетін белгілі бір жағдайдың талаптарына байланысты өзгерте алу қабілетін тәрбмелеуден құралады [24,25,70]. Сондай-ақ өз қозғалыстарын кеңістік пен уақытта қабылдай алудың жоғарғы деңгейі маңызды болып табылады [«кеңістікті сезіну», «уақытты сезіну»]. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі жолы — әртүрлі жаңа қозғалыс дағдыларын және шеберліктерді қосымша игеру. Ептілікті тәрбиелеудің ең бір қолайлы әдісі — қозғалыс үйлесімділіктеріне түрткі болатын қимылдарды көбейту [1-кестені қараңыз].

Иілгіштік — қозғалысты үлкен амплитудада орындай алу қабілеті, иілгіштік өлшеуіші қозғалыстың үлкен амплитудасы болып табылады. Зерттеулерде оны шартты түрде бұрыштық градустармен белгілейді: тәжірибеде көбінесе аса дәл емес сызықтық өлшемдер қолданылады. Иілгіштікті өлшеу үшін ғалымдар көптеген тәсілдер мен құрал-жабдықтарды ұсынады [47, 10].

Иілгіштіктің белсенді және енжарлы түрлерін көрсетуге болады. Белсенді иілгіштік белгілері — буын арқылы өтетін бұлшық ет топтарының белсенділігінің есебінен қозғалыстың үлкен амплитудасына жету қабілеті. Енжарлық иілгіштік қабілеті — сыртқы күштер арқылы ең жоғарғы амплитудаға жету. Белсенді иілгіштіктің көрсеткіштері енжар иілгіштіктің көрсеткіштерінен кем болады.

Иілгіштік бұлшық ет пен сінірдің иілгіштік қасиетіне, сондай-ақ буындағы қозғалмалылықка байланысты, қорғаныштық кызметі бар созылмалы бұлшықеттердің қозуы ерекше роль атқарады. Қозғалыстың үлкен амплитудасында иілгіштіктің өсуінен және бұлшық еттің тартылуынан қозу басталады да, олардың белсенділігі төмендейді. Иілгіштік дененің құрылыс ерекшелігіне, дене сигменттерінің ұзындығына байланысты болмайды.

Иілгіштік ортаның сыртқы температурасына байланысты болатыны белгілі; жоғары температурада ол күшейеді. Басқа дене қасиеттеріне қарағанда иілгіштік тәулік мерзімдерінде көп көрінеді.

Мысалы, таңертеңгі уақытта иілтіштік елеулі түрде төмендейді. Әртүрлі жағдайда [температура, күн мезгілдері] оның тұрақсызданып, ауысып отыратынын дене тәрбие сабағын жүргізу барысында ескеру керек.

 

1 кесте — Дене қасиеттерін жетілдіруде және бағалауда қолданылатын әдістемелік жаттығулар мен тәсілдер

Дене қасиеттері

Әдістемелік тәсілдердің мазмұны

Қолданылатын жаттығулар

Ептілік

Секіртпе жітшен орындалатын жаттығулар

Секіртпе жіппен алға, артқа секіріп жүгіру, бір орнында оң және сол аяқты алмастырып секіру.

 

Қозғалыстың қарқыны мен бағытын өзгертіп орындалатын жаттығулар.

Белгі бойынша тоқтап бағытымен жылдамдығын өзгерте жүгіру.

 

Қосымша қозғалыстармен күрделендірілген жаттығулар

Олаңқай оқушылар сол қолмен допты дәлдікке ату, допты кедергілердің арасымен алып журу т.б.

 

Қашықтыққа түрлі жаттығу- ларды орындап жүгіріп өту.

Кедергінің астымен өту, алға, артқа аударылып түсу, кедергінің үстінен секіріп оту т.б.

 

Оқушылардың топпен немесе жұптасып бір-біріне қарама-қар-сы қолданылатын жаттығулары

Спорттық ойын барысында [футбол, баскетбол] әртүрлі тактикалық тәсілдерді қолдану.

Төзімділік

Бір келкі ұзаққа созылған жаттығулар

Ұзақ қашықтыққа жүгіру, суға жұзу

 

Ауыспалы қарқынмен орында-латын жаттығулар

400, 800, 1500 м жүгіру

 

Жоғарғы қарқынмен орында-латын жаттығулар

Ең үлкен жылдамдықпен 60, 100 м жүгіру т.б.

Күштілік

Жылдамдық күш қабілеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар

Қайталау едісімен жүгіру, 4×1 Ом, 2×30 м, т.б.

 

Төзімділік күшті дамытуға арналған жапығулар

6-7 жаттығу түрлерінен тұратын айналмалы жаттығулар

 

Максимальді күшті дамытуға арналған жатығулар

Ауыр доптарды [2-3 кг] көтеру кермеге тартылу, арқанға өрмелеп шығу [2, 5-3 м], гантель көтеру, жерге жатын қолды бүгіп жазу

Иілгіштік

Аяқты бүкпей, қолдың ұшын еденге жеткенше иілу

Қолдың үшы еденге жетсе жеткілікті

 

Отыру және иілу жаттығулары

Екі аяқты алшақ қойып, оң және сол аяққа отыру, т.б. гимнастикалық төсеніште көпірге тұру және шпагат жасау

 

Еденде отырып, тізе буынын бүкпей, алға «АБ» сызығына дейін иілу

«АБ» белгісінен асырса «+» оған жетпесе «-» 5; 10; 15

 

Гимнастикалық орындықтың үстінде тұрып, тізе буынын бүкпей алға иілу

«0» жоғары [-] 15 см дейін, ал «0» төмен қарай [+] 35 см дейін

 

Иілгіштікті тәрбиелеу үшін қозғалыстың амплитудасы жоғары жаттығуларда қолданынады. Олар — белсенді және енжар қозғалыстар тобы болып екіге бөлінеді.

Дене қабілеті түсінігіне профессор Зациорский В.М. [47] өзінің ғылыми еңбектерінде адам моторикасының мынадай жақтарын біріктіреді:

  1. Қозғалыстар бірдей параметрлерде көрсетіледі, сәйкес тәсілмен өлшенеді және оларға бірдей өлшеуіш қолданады [мысалы, барынша көп жылдамдық];
  2. Біріне-бірі ұқсас физиологиялық және биохимиялық механизмдері бар психиканың да ұқсас қасиеттерін талап етеді.

Осы материалдың нәтижесі ретінде, дене қабілеттерін тәрбиелеу, қозғалыстың нақты бір түріне тәуелсіз, жалпылама ортақ қасиеттерге ие болады. Мысалы, жүзудегі төзімділік, жүгірудегі қозғалыс қимылдары әртүрлі болғанмен, көбіне ұқсас жолдармен жасалынады.

Дене қабілеттері туралы алғашқы түсінік әдістемелік әдебиеттерде зерттелді, ал кейін бірте-бірте басқа да ғылыми пәндерде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі спорт физиологиясы ретінде қарастырылды [48,49,15,20,50].

Дене қасиеттері туралы айтқанда қандайда бір дененің қасиетін тәрбиелеу және дамыту деген терминдердін айырмашылығын анықтау керек, себебі, біздіңше, мұның елеулі мәні бар. Денедегі қасиеттерді дамыту дегеніміз — адамның өмір барысындағы олардың өзгеру процесі. Мысалы, күшті дамытуда оның 20-25 жасқа қарай бірте-бірте жоғарылайтынын, одан соң тұрақтау кезеңі, біршама уақыт өткеннен кейін төмендеп отыратыны байқалады.

Дене қасиеттерін тәрбиелеу — әдетте педагогикалық басқару процесі болып қалыптасқан. Дамуды өзіміз қалаған бағытта өзгерту үшін оған әсер ету; мысалы, жылдамдықты тәрбиелеу, мұнда дене жаттығуларын таңдау немесе жинақтау, оларды мөлшерлеу қарастырынады. Басқаша айтқанда, даму терминімен ағзада өтетін өзгерістер, ал тәрбиелеу терминімен осы өзгерістер тілімізде сәйкес қажетті іс-әрекеттер деп аталады.

Жылдамдық деп — дене қасиеттерінің аз уақыт арасында қозғалыс әрекетін жасай алу қабілетін айтады. Мұнда тапсырманы орындау аз ғана уақытта іске асып, шаршау болмайды деп түсініледі.

Жылдамдық саласын зерттеген ғалымдар [50, 51, 52, 53] жылдамдықтың үш қарапайым түрін дәлелдейді, бұл:

— қозғалыс әсерінің уақыты;

— жеке қозғалыс жылдамдығы, бұл сыртқы қарсылықтар аз болған жағдайда;

— қозғалыс жылдамдығы.

Бұған қоса [54, 53] жылдамдықтың көрінуінің ең қарапайым түрлері бір-біріне тәуелсіз, бұл, әсіресе, қозғалыс әсерінің уақыт көрсеткіштеріне қатысты, олар көбіне қозғалыс шапшандығының көрсеткіштерімен тура келмейді, қозғалу баяу, жай бола тұрып, өте шапшаң қозғалыс әсеріне ие болуы мүмкін немесе керісінше де болады.

Көрсетілген жылдамдықтың үш түріндегі сәйкестігі осы қасиеттің барлық көріністерін бере алады. Мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіргендегі нәтиже, сәреден шығу, қадам қарқыны мен жеке қозғалыстар шапшандығы қозғалыс әсерінің уақытына байланысты болады.

[55, 50, 56, 57] және тағы басқа ғалымдардың пікірінше, жүйкенің қозғалыс процесі жылдамдықты көрсетуде маңызды роль атқарады. [58] есептеуінше, қозғалыстың ең жоғарғы жиілігі болып табылатын жылдамдықтың даму деңгейі қозғалыс аппаратының физиологиялық тұрақсыздығы, яғни белгілі уақыт бірлігінде саны ете жоғары импульстер тудыра алу қабілетіне ғана емес, қозғалыстың жүйке орталықтарының қозу жағдайынан тежелу жағдайына немесе керісінше өте алу қабілетіне де байланысты. [58] көрсетуінше, басқа қалыпқа көшу процесі қалай жиі өтетіндігі қозу және тежелу процестерінің жиілігінің біртіндеп жоғары ауысу кезінде антогонистік бұлшық еттердің қозғалыс орталықтары қаншалықты бір-бірімен сәйкестенуіне және осы субъектке тән ырғақтық қозғалыстардың жиілік шегіне байланысты болады.

Көптеген зерттеушілер [53, 54, 52, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67] жылдамдықты адамның кешенді қозғалыс қабілеті екенін дәлелдейді.

Адам жылдамдығы айқындалуының негізгі белгілері — қозғалыс әсерінің уақыты, жеке бір қимылды аса жоғары шапшаңдықпен орындау уақыты, тұтас қозғалыс актісін орындау уақыты. [59, 68, 47, 50, 58, 69, 62] жылдамдық көрінуінің және бір түрін көрсетеді. «Жылдамдық сапасы»- қозғалысты жылдам бастау, оны спорт тәжірибесінде «оқыс немесе бірдестен» деп атайды. Практикалық тұрғыдан ең маңыздысы — тұтас қозғалыс актілерінің жылдамдығы (жүзуде, жүгіруде және т.б.). Ал жылдамдық көрінуі ең қарапайым оңай болып табылады [47]. Дегенмен, тұтас қозғалу жылдамдығы адамның жылдамдығын тікелей емес, жанама түрде ғана сипаттайды.

— Филин В.П. [70] жылдамдық көрсеткіштерінің өзара байланысын, сонымен бірге олардың сематометрикалық параметрлермен, қозғалыс амплитудасымен және мөлшерленген жүктемелермен байланыстылығын көрсетеді. Жаттығу деңгейі жоғарылаған сайын ең қарапайым козғалыстардың жылдамдығына арналған сынамалардың аралығындағы корреляциялық байланыстардың төмендеу процестері кезінде анықталды. Автор оқушылардың жергілікті сипаттаған қозғалыстарға жаттығып, шындалуы локомоторлық қозғалыстар жылдамдығының көрсеткіштерінің елеулі түрде дамуына келмейтіні туралы маңызды қорытынды жасайды. Сондықтан да оқу процесінде мақсатты қолданылатын жылдамдықты дамытуға арналған арнаулы жаттығулар жинағын әртүрлі мақсаттағы бағыттарда жіктеу керек екендігін атап көрсетеді.

В.П.Филин: «Дененің ең үлкен өлшемдері және мектеп жасындағы балалар мен ересектердің табиғи қозғалыс жылдамдығы көрсеткіштері бір-біріне байланысты емес», — деп тұжырым жасайды [70].

Сәрелік және қашықтық шапшандықтар өзара бір-бірімен әлсіз байланысады деген пікірлер де бар. Бірақ, [63] бұл көзқарасқа келіспейді, жылдамдықты дамыта алу қабілеті сәрелік жүгіруде, сонымен қатар жүгірушінің қашықтыққа жылдамдығын дамыту арасында байланыс бар екенін айтады, бұл пікірге қарсы болатындар да бар.

М.А.Годик, А.Г.Ширяев [59], В.М.Зациорский, В.П.Филин  лабораториялық тәжірибелерде жылдамдықтың құрылымдық негізін факторлық талдауды іске асыра отырып, жылдамдық тұтастай бір дене қасиеті бола алмайтынын анықтады. Жылдамдықтың көрінуінің барлық түрлері өзінше бөлек және өзара байланысы болмайды. Осыған сүйене отырып, авторлар «қозғалыс жылдамдығы» терминін аса дұрыс емес деп тауып, «жылдамдық сапасы» деген жаңа бір анықтама ұсынды. А.Е.Валик  осы жаңа термин мәселенің мәнін деп айқындайтынын айтады.

Б.И.Бутенко жылдамдықтың әртүрлі қырларының өзара байланысын зерттей келе осы қозғалыс қабілетінің кейбір қырларының арасында байланыс бар екенін анықтады. Ал Ю.Н.Примаков болса, жылдамдыққа берілген тапсырмалар мен 30 метрге жүгірудің нәтижелері арасында әлсіз болса да нақты бір байланыс бар екенін айтады (жүгірудегі қол қимылдарының жиілігі т.б.). Ал М.А.Годик болса, үлкен және кіші амплитудадағы жылдамдықтың қозғалыстары арасында статистикалық елеулі байланыстың жоқтығын көрсетеді. Алайда қарапайым қозғалыстар жиілігі көрсеткіштерінің арасында біршама байланыс бар екені анықталған. Көптеген авторлар локомоцияларда көрінетін жылдамдық және қозғалыстың қарапайым түрлері арасындағы байланыс өте өлсіз немесе жоққа тән екенін айтады.

  1. Smith [66] есептеуінше, қозғалыс тапсырмаларының көпшілігінде ең жоғарғы жылдамдықтағы қозғалыс ортақ бір [негізгі] факторлармен анықталмайды.

 

1.2. Дене сапалығындағы сенімділік дұрыстығын зерттеу,

объектінің қорытынды сәйкестілігін сынамалау

 

Дене тәрбиесі дайындықты бақылау процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Дене тәрбиесіндегі мұндай бақылаудың нәтижелері көптеген бақылаулар мен педагогикалық шешімдерге негіз бола алады.            

Оқушылардың дене тәрбиесін басқару үшін олардың дайыңдығын, педагогикалық процестің әр түрлі сапалары мен бағалауды ескеру кажет.

Жастардың дене тәрбиесі даярлығын педагогикалық бақылаудың ғылыми негізі соңғы уақыттарда қарастыра бастады [22]. Соған қарамастан, бақылаудың еске түсіру әдісі мен ойлары спорт практикасында кеңінен және табысты қолданылуда [24, 22].

Соңғы жылдары спорттың теориясы мен әдістемесі [24, 22] және сынаманың математикалық теориясы [52], кәсіпқой әрекет, сонымен қатар спорт нәтижелерін бақылау теориясы [53, 26, 27] жайындағы біздің біліміміздің өсуімен, ең бастысы дене тәрбиесі процесінің құрылым заңдылықтарын тереңірек түсінуімізге байланысты мәселелердің теориялық және практикалық аспектілерін нақты түрде қарастыру мүмкіндігін, дене тәрбиесі қозғалыс дайындық жүйесінде педагогикалық бақылаудың жалпы негізін қалыптастыру пайда болды.

Практикалық көзқарас тұрғысынан бақылау жүйесін құруда қойылатын сұрақтың қорытындысы негізгі екі мәселеге әкелді:

  1. Сынаманы құру мәселесі — бақылау ретінде потенциалды қолдануға болатын дене жаттығуларының шексіз көп түрлері бар. Олардың ерекшеліктерін қалай таңдап алуға болады? Осы «ерекше» жаттығуларды таңдауды жүргізетін белгі ғылыми тұрғыдан негізделген болуы қажет;
  2. Бағалау мәселелері — бағалау [нашар — жақсы — өте жақсы] нәтижелері ретінде қарастырылатын жетістіктер деңгейін қалай анықтауға болады?

Әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесі құрылымының мәселелері кемінде төмендегідей екі сұраққа жауап алуды қарастырады:

а)  Объективті қаншалықты қозғалыс сапасы бар болады?   

б)  Қандай сынамалар әрбір қозғалыс сапасы мен тұрғыдан, оның құрамдас бөліктерін ерекше түрде сипаттайды?

Фактілерді талдау [ФТ] терминдерінде дене тәрбиесі құрылымын зерттеу — жорамалданған (гипотезалық) қозғалыс сапасын сипаттайтын, кейде жеткілікті кең қозғалысты тапсырмалар тобының орындалуына әсер ететін фактілердің пайда болуына өкелді.

Жылдам қозғалыс сапасы [тездету] — 1938 жылы әртүрлі қозғалыс тапсырмаларының жылдамдығын сипаттайтын бірдей фактілердің болатындығы туралы қорытыңды жасалды. Бұл көзқарас ұзаққа бармады. Мысалы, кейбір авторлар [63] қарсы әсер жылдамдығы мен қозғалыс жылдамдығының арасында төменгі статистика бойынша, өзара байланыстылық бар екендігін атап көрсетті. Ал басқа авторлар, [62, 63, 66] керісінше, тез қозғалу мен қарсы әсер мүмкіндіктері арқасында ешқандай байланыс жоқ деп тұжырымдайды.

Америкалық зерттеулерде верифицириялық екі фактор жиі кездеседі.

а) Локамация жылдамдығы;

б) Соңғы қозғалыс жылдамдығы.

Адамның жылдамдық мүмкіндіктері түрлерінің байқалу ерекшеліктерінің табылуы мен олардың арасында өзара байланыстың болуымен әрбір түрде неғұрлым жекелей және тереңірек оқып үйренуді талап етіп [20], құрылымдарды зерттеуді, мысалы, қозғалыстардың ең жоғары қарқыны қарапайым қозғалыстың, сонымен қатар кешенді қозғалыстың ең жоғарғы қарқынының тәуелсіз көрсеткіштерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бұл факті әртүрлі қозғалыс тапсырмаларында көрінген адамның ерекше жоғары жылдамдық мүмкіндіктерін жетілдіруге жағдай жасайды.

Төзімділік факторының құрылымы — дене тәрбиесінің отандық теориясы мен практикасында төзімділіктің әр түрін, жалпылама жылдамдықты, күштілікті [47] арнайы төзімділікті статистикалық күшейтуде, сондай-ақ секіру төзімділігін белгілейді. Төзімділіктің құрылымын оқып-үйретуде факторлы талдауды пайдалану әрекеті бірнеше рет қолданылады.

Дене тәрбиесіндегі дененің қимыл-қозғалыс қабілеттерінің сұрақтарына сынамалардың бастапқы іс-тәжірибесінде қолданылатын (шалқалап және етпеттеп жату жағдайында аяқты көтеру) қозғалыс тапсырмаларын енгізген америка ғалымдарының еңбектері жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді [63, 46].

Төзімділікті және балаларды бағалау жағдайында ең жоғарғы [максимумнан] 60% жылдамдықпен жүгіру — осы сапаны бағалау үшін пайдалануы мүмкін екендігі сынамасында (кермеде тартылу, шалқалап және етпеттеп жату жағдайында аяқты және кеудені көтеру, 2000 м. жүгіру), бақылау жұмысында көрсетілген [46].

Дағды әрекетінің себептері және жүрек қан тамырлары жүйесі жағдайы [47], төзімділікті қалыптастыру жетістігін анықтайтындығы көрсетілген. Сонымен қатар жүйке жүйесінің кейбір қасиеттері, төзімділікті анықтаушы негізгі факторлардың бірі болатыны туралы болжам жасалған.

Күш мүмкіндіктерінің факторлық құрылымы — негізінен үш фактормен сипатталады: статистикалық, динамикалық күш және жылдам күш мүмкіндігі.

Статистикалық және динамикалық күш факторларының ортоганальдық бөліну факторлары көрініс бермейді, өйткені күш мүмкіндіктері бұл түрлердің осы жаста пайда болуының физиологиялық механизмдері әртүрлі.

Күш мүмкіндіктершің көрсетілген түрлері, негізгі болғандықтан, әрине, адам көрсетуінің әр түрлілігі тамамдалып қалмайды [47].

Кейбір зерттеулерде [61, 63], мысалы, «жарылғыш күшкең теңестірілген фактор пайда болған.

Күш сапаларын анықтайтын факторларды бағалау әдістері олардың антропометриялық белгілермен және басқа да қозғалыс сапаларымен, сонымен қатар жүйелеудің физиологиялық механизмдерімен тәрбиелеудің әдістері өзара тығыз байланысты.

Статистикалық күштерді бағалау үшін ең көп қолданылатын сынамалар (диномометр) күштің ең жоғарғы [максималді] көрсеткішінен, күш салып белгілі бір пайызын ұстап тұру ұзақтығы [ 116] және асықпай сығымдау қимылдары диномометрде ең жоғарғы [максималді] күштен әр түрлі 75% ұстап тұру сынама болып табылады. Бұл сынама аз уақыт ішінде шаршағандықты көрсетеді және зерттеуге кететін шығынды екі еседей қысқартады.

Күштілік спорт мүмкіндіктерін бағалау үшін спортты педагогикалық іс-тәжірибеде көбінесе сынамалардың келесі түрлері қолданылады: ұзаққа секіру, орнында тұрын биіктікке секіру, [қолды сілтеп және сілтемей], үш қадамдап секіру, 30, 60, 100 метрге жүгіру, «қайта жүгіру» жүгіру, тығыздалған допты лақтыру. Қолға және аякқа арналған сынамалардың арасында өзара байланыстылық бары анықталды.

Иілгіштік факторларының құрылымы — «Иілгіштікң сапасы спортпен тиімді айналысуға [10] байланысты, даму деңгейінен адамның моторикалық құрамдас бөлімі ретінде қарастырылды.

Іc-тәжірибеде бұл сапаны бағалау үшін әдістердің кең жиынтығын қолданады [1-кестені қараңыз].

Икемділікті бағалау үшін қолданылатын барлық әдістер екі топқа бөлінеді:

  1. Алынған нәтижені бұрыштық өлшеммен білдіретін, арнайы құралдардың көмегімен [мысалы, гипометрлер] буындардағы қимылдарды бағалауға мүмкіндік ететін әдістер.
  2. Қозғалудың әртүрлілігі және сызықты шамамен берілетін, буындағы қозғалысты бағалауга мүмкіндік беретін жай бейімділіктілер.

Екінші топтың әдістері спортты — педагогикалық зерттеулер іс-тәжірибеде жиі қолданылады және дұрыстығы аз деп есептелінеді.

Ептілік факторларының құрылымы — бірқатар зерттеулерде жиі аталып жүрген, үйлесімділіктің жалпы айқындалған факторлары бойынша мамандар арасында «Ептілік» туралы түсінік жайлы біркелкі ой пікір жоқ. Бұны тез үйренудің қабілеттілігі және ауыспалы жағдайға сай қозғалыс әрекетін тез өзгерту деп те есептейді. Америкалық әдебиеттерде ептілік деп дене қозғалысының бағытын тез өзгерту қабілеттілігін немесе кеңістіктегі оның бағдарын айтады.

Ептілік — адамның бағытталған қимылына, статистикалық және динамикалық теңдікке, көру, қозғалыс және вестибулярлық тітіркендіргіштер өзгерген жағдайға (еңбек, тұрмыс, спорт) байланысты кеңістікте өз денесін игеруі және басқаруы. Ептілік — еңбек процесін арттыруға қажетті бұлшық ет қимылын жүргізу, қажет уақытта дене теңдігін ұстау, өндірістегі және спортта болатын жарақаттарды төмендету болып табылады.

Қорыта айтқанда, ептілік оқушылардың қозғалыс белсенділігінің дәрежесімен және пубертатты кезеңнің әсерімен, ағзаның және физиологиялық мүмкіндіктерінін, өзгеруімен, көбінесе келісіп алынған жинақты, көп факторлы күштер болып бекітілген.

Сондықтан күштерді шынықтыру барысында, ағзаның жас ерекшеліктеріне, мамандығына, таңдап алынған спорттық ойындардың түрінен басталған бұлшық ет топтары күштерінің дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Үлкен адамға тән деңгейге тек 16-20 жаста жететін бұлшық ет күштерінің айрықша өсуі болатын жас кезеңде жүктемені төмендетпеу маңызды. Бүған осы жас кезендегі дене салмағының өсіп жетілуі ғана мүмкіндік туғызады. Бұлшық еттің жылдамдығын арттыру, ұзақ статистикалық ширығуға үдемелі мүмкіндік, бұлшық ет — антоганистердің әрекетін бұлшық-ет — синергистердегі функциональді моторлы бірліктердің ең көп санын тез жұмылдыруды камтамасыз ететін қозғалыс үйлестігін арттыру ерекше мәнге ие болады.

 

1.3. Дене тәрбиесін әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің

мақсаты мен міндеттері

 

Дене тәрбиесінің ерекшелік мәліметтерін ұғыну, дене жаттығуларын орындауға себептерін оятудан, табиғаттың нақты факторларын тиімді пайдаланудан және жеке бастың, сондай-ақ, қоғамның мақсаттарға жеткізетін өмір сүруді қалыптастырудан тұрады. Дене тәрбиесінің соңғы детерминировалды әлеуметтік мақсаты мемлекет пен қоғамның қызығушылығына қарсы анықталған. Сондықтан, дене тәрбиесі қоғамның әлеуметтік жағдайының адамға әсер ету түрі деп қарастыруға болады. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жүйесінің мақсаттары әр уақытта ауысып тұрады. Бірақ та жастардың дене тәрбиесінің мақсаты — әрқашан спорттық нәтижеге жеткізу емес, олардың денсаулығын нығайту. Өйткені, әлеуметтік және экономикалық жағдайда емір сүрудің негізгі қайнар көзі кажетті денсаулықтың жоғарғы деңгейге жетуі болады.

[24, 25] қазіргі дене тәрбиесі теориясының негізін салушылар: дене жаттығуларының тазалық сақтау [гигиеналық] шаралары және табиғаттың нақты күштерінің өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін әсерінің ұйымдастырылған процесі, денсаулықты қорғау және нығайту, жеке бастың үйлесімді дамуы, қоғам талаптарына сай білімнің дұрыс және дағдының дұрыс қалыптасу мақсатында жүзеге асыруды керек деп есептейді.

Дене тәрбиесі педагогикасын дамытуда Қазақстан ғалымдарының [5, 20, 27, 28, 8, 25, 10,12, 13, 34, 33, 15, 29, 30] іргелі жұмыстары үлкен роль атқарады.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің негізгі құрылымы, сабақтағы дене жаттығуларының ең негізгі мақсаты — денені қозғалысқа келтіру, денені қозғауға болатын дене жаттығуларымен айналысу болып табылады. Қозғалыс — бұлшық етті шынықтырудың қайнар көзі, физиологиялық механизмдерді және көптеген морфологиялық қызмет атқаратын мүшелер жүйесін ретке келтіреді. Қозғалыстың белгілі мақсатқа негізделуін шұғыл дәл қазіргі және ұзақ мерзімді мақсатқа сай анықтайды. Бірақ та, жаттығудың нақты бір түрі қажетті бағытта және белгілі табысқа жетуге итермелейді, өйткені дене бөліктерінің қозғалысын реттей отырып, спорттық құрал-жабдықтар мен тренажер жабдықтары арқылы міндеттеген нәтижелерге қол жетеді. Кешенді жаттығулар мен олардың жеке бөлімдерін орындау, қандай да бір дене сапасын игеруге және оны дамытуға әсер етеді, сонымен бірге икемділік пен мүмкіндікті қалыптастырады. Ұзақ мерзім дене тәрбиесімен айналысу денсаулықты жетілдіруге, табандылықка тәрбиелеуге еңбек сүйгіштікке, өзін-езі тәрбиелеуге және де мінез-құлықтың басқа да сапасы мен түрлерінің дамуына әсер етеді.

Дене тәрбиесі адам ағзасының табиғи, биологиялық дамуын әлеуметтік формалардың ықпалы ретінде қарастыра отырын, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайтын мемлекеттегі әлеуметтік шараларды ұйымдастырудағы жеке басты алдын-ала сауықтыру жұмыстары мен қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздейді. Оқушылардың дене тәрбиесіндегі әлеуметтік-экономикалық аспектілердің ерекшелігін атап көрсетеді. Белгілі бір мақсатта қолданылған дене тәрбиесінің орташа нәтижесі және салдары еңбекке күшті әсер етіп, қауіпті жағдайлардан, жарақаттанудан сақтап, тіпті адам өлімін азайтады. Оқушылардың дене тәрбиесін бағалаудағы негізгі мақсат денсаулықты жақсаруының көрсеткіші, аурулардың алдын-алу және өсіп келе жатқан ағзаның функциональдық мүмкіндіктерін жоғарылату деп көрсетеді.

Қазақстаңда қолданылын жүрген мектеп жасына дейінгі балалардың, жалпы білім беретін мектеп және КТУ-оқушыларының дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы ең алдымен сауықтыру мәселелерін шешуді қарастырады. Қазіргі қоғамда дене тәрбиесінің негізгі мақсаты — денсаулықты қорғау және нығайту, адамның әртүрлі әлеуметтік функцияларды орындауға «морфофункционалды дайындығы», үйлесімді және жан-жақты дамуына әсер ету. Бұл мақсат — ғылымның және практикалық денсаулық сақтау саласының балалар мен жасөспірімдердің гигиенасына қойылған мәселемен бірдей. Мәселелер мен мақсаттардың үйлесуі, алдын-ала сақтаңдыру шаралары медицина мен дене тәрбиесі мамандарының күштерін біріктіруге әсер етуі керек.

Көптеген Еуропа елдерінде дене тәрбиесіне мына мәселелерді қояды: бұл жөнінде (Я.Козлик) ЧСФ-де балалардың дене тәрбиесінің негізіне денсаулықтың жоғарғы деңгейіне жету және ағзаны шынықтыру, сондай-ақ дене қимылына ыңғайлы құрылымды қалыптастыру жатады деп көрсетеді.

Қазіргі заманда, ғалымдардың ойынша, балалардың орталық жүйке жүйесіне түсетін күш өсіп отырады және дене әрекеті ақыл-ой әрекетімен ығыстырылады, сондықтан дене тәрбиесінің ролі — ғылыми-техникалық процестердің ұнамсыз әсерлерін залалсыздандыруда және қозғалысты дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауда маңызы зор.

Германиядағы спорт жетістіктері, оның әлеуметтік аспектілері, дене тәрбиесінің бала-бақшадан басталатын әсерліжүйелердің құрылуы бүкіл әлемде үлкен қызығушылық туғызуда. Неміс мамандары халық денсаулығы үшін дене тәрбиесі мен спорт тұтас шешуші роль атқарады деп көрсетеді.

Қытай Халық Республикасындағы жастардың дене тәрбиесінің қазіргі замандағы жүйесі халықтың салтына, арнайы және қымбат жабдықты қажет етпейтін спорттың барлық түрінің дамуына негізделген. Қытай гимнастикасы «УШУ» елде өте көп тараған спорт саласындағы мектеп-интернаттарда жүргізілуде, бұл мектеп түлектері жоғары спорт нәтижелерін көрсетуде. Мамандардың пікіріне қарағанда, жақын арада ҚХР спорт саласында мықты дамыған әлем елдерінің тобына кіреді деп есептейді.

Америка Құрама Штаттарының кейбір ғалымдары [45, 46] мектептегі дене тәрбиесі балалардың дене дайындығы мен дене дамуы қаншалықты жақсарса, соншалықты оларды нақты әлеуметтік жағдаймен күресуге дайындау арта түседі деп есептейді. Сондықтан ең қажетті мәселелер деп мыналарды есептейді: оқушылардың қажетті білімі алуы, белгілі бір қозғалыс дағдысын игеруі, оны күнделікті өмірде пайдалануы, сондай-ақ дененің жұмыс қабілетінің жоғарғы деңгейін өз бетінше қолдана білуді игеру, өзінің қозғалыс қабілетін түсіну.                                                        

Қазақстандағы жастардың дене тәрбиесі негізінде денсаулықты нығайту мақсатының әлеуметтік шараларына көңіл бөле отырып, оны жүзеге асырудағы қайшылықтарды атап өту керек. Соңғы жылдары спорттық нәтижелерге жету едәуір өссе, керісінше тұрғындардың денсаулығының көрсеткіші төмендеді.

Бұл шараларда мақсатқа жетудің көп фактілі шарттандырылуын объективті және кездейсоқ жағдайлармен қатар көрсету керек.

Біріншіден, дене тәрбиесінің сауықтыру барысындағы әсерлілігі, бірқатар биологиялық және әлеуметтік факторларға тәуелді: жекелеген әр жастағы жыныстық морфофункционалды топтардың айырымы, ағзаның өзіндік ерекшеліктері және оның тұқым қуалаушылықта төмендеуі, жетік-білікті кәсіпқой оқытушылардың [жаттықтырушылардың] оқыту әдісі мен сабақтың мазмұнын дұрыс таңдауы, дене тәрбиесі және спорт сабағының қолайлылығы, сонымен бірге сабақ өтетін жердің санитарлық талапқа сай болуы т.б.

Екіншіден, дене тәрбиесінің күшті әсерлілігі мінез-құлықты машықтау себептеріне және олардың күн тәртібі бойынша берілген гигиеналық бағдарламаларға дұрыс қарым-қатынасы мен қозғалу белсенділігіне, сонымен қатар дұрыс тамақтануына тәуелді. Мұндай көп факторлы байланыс кейбір жүйенің күрделілігіне байланысты өсіп отыратын, сондай-ақ белгілі-бір мақсатқа жеткендігі туралы қауырт және нақты мәліметтердің берілуіне байланысты оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіне деген сенімділігі туындап, арта түседі.

Үшіншіден, жастардың дене тәрбиесінің теориялық негізі соңғы жылдары қайта қалыптаса бастады. Педагогикалық аспектілермен айналысу, қозғалу әрекетінде оқыту әдістері бойынша ғылыми зерттеулерді меңгеру, жаттығу барысын ұйымдастыру талаптары, «үлкен» спортқа оқушыларды дайындау және іріктеу т.б. пайда болады. Бірақ та, денсаулықты нығайту, денені үйлесімді дамудың, медициналық-әлеуметтік, сонымен бірге әлеуметтік қабілеттілікті көтеруде дене тәрбиесі құралдары қажетті дәрежеде дами алмай отыр және іс-жүзінде жүзеге асырылмауда.

Төртіншіден, жоғарғы спорттық нәтижелерді құруда дене тәрбиесін ұйымдастырудың үстем болып қалуы өте үлкен уақыт пен күш жұмсауды талап етеді. Бірақ та қоғам оған тәуекел етуге рұқсат етуі мүмкін емес. Жас спортшыларға объективті қолайсыз мәліметтерді беруге болмайды, өйткені олардың болашаққа деген көзқарасына немқұрайлы әсер қалдырады, бұл — қызықты спорт сабағының өсіп дамуында, сонымен қатар денсаулық жағдайында тек кешірілмейтін қате емес, тіпті қылмыс болып саналады.

Қазіргі уақытта жастарды, біздің көзқарасымыз бойынша, біріне-бірі қарсы екі топқа бөлуге болады, бірінші топтағылар дене тәрбиесі құралдарын елеместен, өзінің қозғалыс белсенділігіне тез шек қояды, ал екіншісі, бұған керісінше көп ұстамдылық танытады. 

Мұндай көзқарас денсаулықтың нығайтуын, адамның үйлесімді дамып жетілуін және оның әр түрлі еңбек пен қоғамдық іс-әрекеттерге дайындық қабілеттілігін төмендетеді.

Сол себепті бұрынғы тәжірибелерді тиімді әрі дұрыс пайдалана отырып, еліміздегі дене тәрбиесі спорттық жаттығулар сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негіздерінде оқушылардың денсаулығын нығайту концепциясын есепке ала отырып, қайта қарадық. Сонымен қатар, оқушылардың үйлесімді дамын жетілуі тілі мен сәйлесуі арқылы жүзеге асатынын ескере отырып, дене тәрбиесі сабағында балалардың түсінігіне жеңіл келетін ана тіліндегі атаулардың, ұғымдардың дұрыс қалыптасуына айрықша көңіл бөлдік.

 

ІІ-тарау.  ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТАЛДАУ

 

2.1.  Әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша бағдарламалардың айырмашылықтары

 

Дене тәрбиесі педагогикасы мен теориясы үшін әртүрлі елдердегі дене тәрбиесі бағдарламаларын талдаудың маңызы өте зор, себебі талдау сабақтарының көлемі мен мазмұнын салыстырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы «дене тәрбиесі» пәні бойынша қазіргі заманға сай бағдарламалар дайындауда практикалық ескертпелер мен қолайлы ұсыныстар енгізуге пайдасы тиеді.

1985 жылы бұрынғы одақтағы Педагогикалық ғылымдар Академиясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясының ғылыми зерттеу институты жасаған дене тәрбиесі бағдарламасында бүкілодақтық [«Еңбекпен Отанды қорғауға дайынмын»] дене тәрбиесі жиынтығына негізделген, тұтас жүйені құрайтын мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрлері түгел қамтылған. Ендігі жерде қоғамдағы үлкен өзгерістер мен бұрынғы Одақ мемлекеттерінің тәуелсіздік алуына байланысты дене тәрбиесінің бағдарламаларына ұлттық ерекшеліктерді, дәстүрді, қоршаған орта мен өмір жағдайын ескеретін жаңа ғылыми қағида қажет.

Дене тәрбиесі бағдарламаларында белгілі ғалымдар ұсынысы бойынша [39, 41, 24, 51, 5] мынадай жас топтары енгізілген: мектепке дейінгі [3-6 жас], кіші мектеп жасы [6-10], орта [11-16], жеткіншек [17-18 жас], кәсіптік техникалық колледждер [К.Т.У.] жоғары жастағы оқушылар [15-17].

Оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасында 6-18 жас аралығына дейінгі мерзім қамтылады. Мектеп жасы шартты түрде кіші, орта және жоғары болып бөлінеді. Бұл бағдарламада әр жас мерзімінің морфофункционалдық ерекшеліктері ескеріледі. Кіші мектеп жасында белгілі қозғалыс дағдылары оңай бекітіледі. Тіпті оны балалар нұсқаушысыз-ақ өз беттерімен жетілдіре алады. (Мысалы, шаңғымен және конькимен жүруді, велосипедті айдау). Көпшілік дағдыларды игеруге бұл жастағы балалар ынталы жаттығады және жаңа қозғалыстың күрделі әрекеттерін игереді, яғни қозғалыстарға құмарлықпен дайын болу дене тәрбиесі үшін қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытту «ең жақсы» кезең деп танылады.

Орта және жоғары мектеп жасындағы балалар да спортқа қызығады. Олар күрделі дағдыларды өз бетінше игеруге ұмтылып, қозғалыс талаптарын орындауға төзімділік, қайсарлық таныта біліп, кейде спорттық жарақат алып та қалады. Бұл жас кезеңінде дененің қимыл-қабілеттігін үйрену мен қызығуда саналынық қалыптасады. Қимыл-әрекетті ұйымдастырып, басқаратын жинақылық мүше ретінде қозғалу талдағаны осы кезде өзінің толық жұмыс қабілетіне жетеді.

Орта мектеп жасында [11-16 жас] жыныстық жетілу күшейеді, осыған байланысты ағзаның кейбір [байланыстыру] бағдарлық қабілеттерінде ауытқу болып, жаңа қозғалыс дағдыларын игеру қиындайды. Бұл жаста көңіл-күй тұрақсызданып, оқушылардың өз тұлғасына, оқудағы, спорттағы табыстарына айрықша мән беру күшейеді. Оқушылардың мұндай мінез-құлқы дене тәрбиесі бағдарламасында ескерілуі керек.

Жоғары мектеп жасын индивидумның барлық дене және қозғалыс дағдыларының жекелей қалыптасуының аяқталу кезеңі деп санауға болады. Бозбалалар мен бойжеткендер өсіп жетіле келе болашақта тұрақты сақталатын негізгі қозғалыс дағдысына жаттығады.

Бұл бағдарламада сыныптан тыс спорттық жұмыс бойынша дене тәрбиесі сабақтары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты арнаулы топтарға арналған бөлімде қамтылған. Жинақылық бағдарлама бес бөлімнен тұрады және дене тәрбиесі құралдарының негізін жасап, оқу күн тәртібі бойынша дене қимыл формаларын дұрыс мөлшермен орналастырудың катаң түрде сақталуын және қозғалыс белсенділігінің жалпы көлемін анықтайды [2-кесте].

Бағдарламаның бірінші бөліміне оқу күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары енгізілген: сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысында дене шынықтыру минуттары және үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық сағаттары, ұзартылған күн топтарындағы спорттық сағаттар. Бағдарламаның бұл бөлімі бүкіл жұмыс күні бойында жоғары жұмыс қабілетін сақтап, шаршауды болдырмау үшін маңызы зор.

Бағдарламаның екінші бөлімінде мектептегі сабақ кестесінде аптасына 2 peт 45-минут бөлінетін дене тәрбиесі сабақтарындағы оқу материалдары қамтылған. Дене тәрбиесі сабағы — жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің негізгі формасы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар: оқушылардың денсаулығын ескере отырып, әртүрлі әдіс-амалдармен қамтамасыз ету; қимыл дайындықтары және дененің дамуы; оқу сабақтарының біліктілік пен нұсқаушы бағыттардың қозғалмалылық, сезіну және моторлы тығыздықтың жоғары деңгейіне жету; дене тәрбиесі сабағындағы дағдылар мен шеберлікті оқушылар өз бетінше қалыптастыру. Өз бетінше орындауға арналған жаттығу тапсырмаларды оқушылар сабақта алады. Олардың мазмұны дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қарапайым қимыл-әрекеттерді сабақта қайталап қалыптастырудан құралады. Сондай-ақ үй тапсырмасын орындауды тексеру де сабақтарда жүйелі түрде іске асады.

Жоғары сынып оқушыларына арналған дене тәрбиесі бағдарламасында еңбек үстіндегі психофизикалық қызметтерді дамыту қарастырылады. Ол дене тәрбиесі сабақтарында және оқу цехтарындағы, сабақтар арасындағы үзілістерде, оқу-өндірістік комбинатта, жазғы еңбек және демалыс лагерлерінде жүргізіледі.

Жоғары сыныптағы оқушылардың әскер қатарындағы қызметке дайындығын күшейту үшін бағдарламаға әскери қолданбалы дайындық мәліметтері кіргізіледі. Бұндай сабақтарды Қарулы күштердің Жарғысына сәйкес кейбір әскери бұйрықтарды дұрыс және жылдам орындауға арнайы уақыт бөлінеді.

Бағдарламаның үшінші бөлімінде дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыс түрлері енгізіледі: спорт үйірмесі, оқушылардың дене тәрбиесі үйірмелері, өскери қолданбалы спорт секциялары, жалпы дене дайындық топтары және т.б. топтардағы жаттығулар кіреді. Спорттың таңдаулы түрлерімен айналысқысы келетін оқушылар үшін жалпы білім беретін мектептерде Б.Ж.С.М. арнаулы спорт мектебінің бастауыш топтары да ашылады.

Спорт үйірмелері үшін жаллы дене дайындықтары бойынша материалдар бірдей болады. Ал арнаулы дене дайындығы бойынша материал бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептерде спорт түрі бойынша ең көп берілген. Талапқа сай жағдайлар бар болса, мұғалімдер спорттың басқа түрі бойынша сабақ ұйымдастыра алады. Әр түрлі сабақтан тыс спорт үйірмелеріне мектеп оқушыларын толық қатыстыру үшін оларды ұйымдастырып, өткізуге жоғарғы сынып оқушыларын, қоғамдық-нұсқаушыларды, педагогтарды, ата-аналарды және басшыларды шақыру керек.

Бағдарламаның төртінші бөлімінде жалпы мектептің тәрбиесіндегі бұқаралық және спорттық шаралардың мазмұны: ай сайын денсаулық және спорт күндерін өткізу, мектеп ішіндегі жарыстар, туристік жорықтар, слеттер /бас қосу/ жоспары беріледі.

Бағдарламаның бесінші бөлімінде дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын орындауға ұсыныстар берілген.

Осылайша, жинақтау бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесінің құрал-жабдықтары мен әдістерінің барлық түрі қатаң белгіленген уақыт тәртібіне қамтылған.

Бұл жақсы ма, өдде жаман ба? Бұл сұраққа жақсы, тіпті өте жақсы деуге болады. Себебі, мұнда сабақтарды қайда, қашан өткізу керектігі нақты анық көрсетіледі. Бірак, өкінішке орай, дене тәрбиесі процесін кейде тым «берілген талаптан асыра» ұйымдастырады.

Ұсынылған бағдарлама көптеген мектептердегі, әсіресе, ауылдық жерлердегі материалдық-техникалық базалардың және әдістемелік жабдықтардың өлсіздігін ескермеген. Ұсыныстар мен нағыз шындық жағдайлардың арасында алшақтықтың көптігі соншалық, бұл бағдарлама, біздің көзқарасымыз бойынша, нақты емес, жалған тәрізді болып көрінеді. Дене тәрбиесінің жалпы әдістемесінің негізіндегі түпкі нәтижелеріне [оқушылардың денсаулығы] мұғалімнің жауапкершілігі мен өз бетінше жасаған шығармашылық жаңалықтарын, бұрынғы бағдарламаны қайта құруда негізге алуы керек. Сондай-ақ жинақылық бағдарламасы оқу күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру тапсырмалары мен сабақтың түрлеріне арналған. Біздің көзқарасымыз бойынша, бағдарламада негізінен сыныптан тыс және мектептен тыс спорттық жаттығуларды дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Орта және жоғары сынып оқушылары үшін өздерінің қызығушылығына қарай, денсаулық жағдайларына қарай, дене дайындығын және ағзаның жеке психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып, спорттың белгілі бір түрін таңдап алуы керек. Кәсіптік бағдарға сай мектептерде қандай да бір спорттық бағыт ұстау керек. Оқушыларды мектептегі бар спорттық үйірмелерге таңдап алмастан, олардың жеке ерекшелігіне сай келетін қандай да бір спорт түрі бойынша ұсыныстар мен көмек берілуі керек. Кәсіптік-техникалық колледждерге арналған дене тәрбиесі бағдарламасында көптеген ерекшеліктер бар. Бұнда жалпы білім беретін мектептегі бағдарламадағыдай тәрбиелік және сауықтыру міндеттері қойылған. Дегенмен, бағдарламаның жауапты бөлімі кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына арналған. Мұнда мынадай қосымша міндеттер қойылады: әсіресе берілген мамандыққа қажетті дене қасиеттерін дамыту, көмекші-қолданбалы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, қалыптастыру ағзаның әртүрлі кәсіптік өндірістік факторлардың әсеріне төзімділігін арт негізгі қойылған мақсат — ең ұздік кәсіптік дайындыққа қол жеткізу үшін сабақтарда арнайы дене жаттығуларына кеңіл көп бөлінеді.

Бағдарламадағы кәсіптік-техникалық колледждегі оқушыларға арналған дене дайындығына қоятын талаптары мен материалдары жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі мазмұнымен бірдей болып келеді, бұл авторлардың айтуынша, осы оқу мекемелеріндегі байланысты сақтайды.

 

2 кесте — Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің жүйесі

Сабақ мазмұны

Жасөспірім топтарындағы сабақтың жалғасуы және қайталануы, мии.

6-7 жас

8-10 жас

11-13 жас

14-16 жас

16-17 жас

Дене шынықтыру

Сабаққа дейінгі гимнастика

5-6

5-7

5-7

6-8

6-8

Сабақ барысындағы дене шынықтыру минуттары:

3-5

3-5

5-7

_

_

үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындары:

20-30

20

20

20

20

дене шынықтыру үзілістері:

3-5

3-5

5-7

5-7

5-7

Денсаулық сағаттары:

60

60

60

60

60

ұзартынған күн топтарындағы спорттық сағат:

60

60

60

 

әр жұмасына екі рет

Дене шынықтыру сабағы:

45

45

45

45

45

Сабақтан тыс

әр жұмасына екі рет

 

Денешынықтыру үйірмелері; жалпы дене дайындықтары, спорттық әскери қолдан-балы топ секциялары (қалауы бойынша)

45

45

45

45

45

Мектеп ішіндегі дене шынықтыру және спорттық мерекелер;

Мектеп ішіндегі жарыстар

1 жылда 8-10 рет

Денсаулық күні

әр айда бір рет

өзі еріктерімен (үйге берілген тапсырманы орындау)

15-20

15-20

20-25

25-30

30-35

 

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің /БЖСМ/ дене тәрбиесі бағдарламасының мақсаты — спорттық олимпиадалық түрлері бойынша маманданған спортшыларды даярлау болып табылады. БЖСМ-дегі жұмыстың негізгі түрі — оқу топтарындағы жаттықтыру сабақтары, жарыстарға қатысу, спорттық сауықтыру лагерлеріне бару, өзін-өзі бақылау, гигиеналық теориялық сабақтар өту болып саналады.

Жасөспірім спортшыларға арналған арнаулы спорт мектептерінің оқу жоспарына баланың жас ерекшелігі мен спорттық мамандығына қарай бір жылда сабақтарға 500 — 1000 оқу сағаты бөлінеді. Жаттығу уақытының басым бөлігі [70% мөлшеріндей] спорттық мамандық түріне — арнаулы дене жаттығуларға арналады. Спорт мектебіндегі сабақтар мектептен тыс уақытта, әдетте аптасына 3-4 рет өткізіледі: әр жаттығу сабағының ұзақтығы жас ерекшелігіне қарай 2-4 сағатқа созылады. Спорт мектебі оқушыларының дайындығының өлшемі жарыстар кезіндегі спорттық нәтижелер болып табылады.

Спорттық бағыттағы жалпы білім беретін мектеп-интернаттардағы оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламалары спорттың белгілі бір түрінен жоғары шеберлікке жетуге бағытталады. Бұл мектеп-интернаттарға денсаулығы мықты, дене жағынан шыңдалған балаларды іріктеп алады, оларды 3-4 сыныптардан бастап қабылдап, 8 немесе 9 жылға созылады. Мектеп-интернаттарының оқу жоспарына бір жылға 700-1500 оқу сағаты бөлінетін спорттық дайындық жоспарланады.

Жаттықтыру сабақтары демалыс күннен басқа барлық күндерде жүргізіледі. Әр жаттығудың ұзақтығы 3-6 сағат, олар әдетте: таңертеңгі және кешкі жаттығулардан тұрады. Оқушының жеке басының ерекшелігіне, спорттың түріне, жаттығу процесінің мерзіміне қарай берілетін жаттығу жүктемелері көбейеді немесе азаяды. Спорттық бағыттағы мектеп-интернаттағы оқу-жаттығу сабақтарынан орта мектептегі жалпы білім беруші пәндердің аздап қысқарған көлемі қосынады.

Спорттық мектеп-интернат оқушылары үшін міндетті түрде денсаулықты қалпына келтіру шараларының жиынтығы жүргізіледі, дұрыс тамақтану және күндізгі демалыс пен ұйқыны қамтитын күн тәртібі ұйымдастырылады. Интернаттағы медицина қызметкерлері мен аймақтық дене тәрбиесі диспансершің дәрігерлері оқушылардың денсаулық жағдайы мен оқу-жаттығу жүктемесінің мөлшерін бақылап отырады. Жаттықтырушылар дәрігерлік бақынаудың нәтижелерін спорттық дайындықтың жеке жоспарын түзетуге пайдаланады. Мұндай мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесінің өлшемі — спорттық нәтижелер, елдің құрама тобында катысулары болып табылады.

Осылайша, Қазақстандағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесіндегі қазіргі бағдарламалары олардың жастарына қарай және оқу тәрбие мекемелерінің үлгілеріне қарай жіктелген. Бұл бағдарламада дене тәрбиесінің ең міндетті және қажетті түрлері қарастырылған, оқу аптасы мен оқу жылының күн тәртібіндегі сабақтардың көлемі мен ұзақтығы, қажетті құралдары көрсетілген. Басқа елдерде қабылданған осындай бағдарламаларды талдаудың мәні зор. Мұндай салыстырулар біздің елдегі жастардың дене тәрбиесін жетілдіру жолдарын көбейтуге імүмкіндік береді.

Батыс Европаның көп елдерінде мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің міндетті мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Осы тұрғыда берілген ұсыныстарда осы жастағы балаларға өте лайықты спорттық ойындар көп берілген, дене жаттығу сабақтардың түрлері баланың табиғи белсенділігін көтеруге бағытталған.

Біздің ойымызша, мектепке дейінгі балалар үшін физиологиялық тұрғыда және әлеуметтік маңызы жағынан да табиғи қозғалыс жағдайларын игерудің мәні жоғары. Осылар арқылы балалар қоршаған орта туралы білімін кеңейтеді. Табиғи қозғалыс дағдыларын жақсы қалыптастырады, балага өз ойын, көңіл-күйін және сезімін білдіруге көмектеседі. Міне сондықтан да, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері мен ата-аналар баланың түрлі табиғи қозғалыстарды игеруін бақылап отыруы керек.

Американдық мамандар баланы табиғи қозғалыстарға үйрету үшін арнайы қозғалыстар мектебін құруды ұсынады. Мұндай мектептердің бағдарламасында дағды мен икемнің үш түрін: локомоторлық, тепе-тендік және монипулятивтік формаларын қалыптастыру кіреді. Мұнда балаларды дұрыс жүруге, жүгіруге, айналып түсуге, секіруге, лақтыруға, допты қағып алуға үйретеді. Мамандардың пікірінше, бала бұлдағдыларды мектепке барғанга дейін-ақ үйрену керек, себебі олар басқа қозғалыс қимылдарының негізі болып табылады.

Шығыс Еуропа еддерінде мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне ерекше кеңіл бөлінеді. Мұнда сонғы жылдардағы маңызды өзгерістер қайта құрумен байланысты енгізідді. Жалпы білім беретін мектептердің  дене тәрбиесінің жаңа бағдарламаларында дене шынықтыру-сауықтыру, сонымен қатар әсіресе сыныптан тыс, мектептен тыс спорттық жұмыстарға көп мән беріледі. Дене тәрбиесі бағдарламасында гимнастика және жеңіл атлетикаға бөлінген дәстүрлі тарау азайтылған.

Шығыс Еуропа елдеріндегі мамандардың пікірінше, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары мектеп жасындағы оқушыларды жан-жақты дамытудың ең бір нәтижелі құралы болып отыр. Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері әр елде әртүрлі, себебі сол елдің ұлттық дәстүріне тікелей байланысты.

 

3 кесте — Еуропа елдеріндегі дене тәрбиесі сабақтарының түрлері (Адамбеков К,І. жұмысы бойынша 1995 жыл)

Елдер

Сабақ түрлері

Ресей

Сабақтан тыс: спорттық үйірмелер, бұқаралық спорттық жарыстар, спорттық үзілістер, ұдайы спорттық мерекелер

Полына

Спорттық сағат, жаппай спорттық ойындар, сауықтыруға арналған жүгірулер                                       

Чехословакия

мектеп ішілік спартакиадалар, саяхаттар (жаяу, су және велосипед)

Венгрия

спорттық олимпиадалар

Румыния

дене тәрбиесі мерекелері спорттық үйірмелер

Портуғалия

бұқаралық дене тәрбиесі және спорттық мерекелер

 

Дегенмен, Шығыс Еуропа елдеріндегі оқушылардың дене тәрбиесінің көптеген бағдарламалары, біздіңше, біржақты бағыт алған,себебі көбіне басгауыш сыныптағы баланы спорттық жаттықтыру үрдісін қолдана отырып, спорттың белгілі бір түріне дайындауды көздейді. Мұнда ең жоғарғы жетістіктерге жетуге бағыттау, мамандыққа үйретуді арттыру немесе жекелеу, жаттығудың ұздіксіздігі, ең ақырғы жүктемелерге біртіндеп көшу басым болады. Бағдарламаларды мұндай талдау мектеп спортының мамандандырылуына әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің сауықтыру міндеттері мен жалпы негіздеріне қайшы келеді.

Алдыңғы қатарлы бірнеше мемлекеттердегі оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасын талдағанда, бұл елдерде дене тәрбиесін басқару орталықтарының және бірдей басшылықтардың жоқтығын көреміз. Дене тәрбиесі жүйесінің жоқтығы елдегі бүкіл жастардың жоспарлы және жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына мүмкіндік бермейді. Дене тәрбиесі саласындағы ғылымның жаңа жетістіктері сабақтағы дене жаттығуларын үйретудің жаңа түрлері мен әдістері тек іріктеу үшін қолданынады, яғни өзін-өзі қаржыландыра алатын мектеп оқушыларына ғана үйретіледі.

АҚШ-та мұғалім мектептің нақты қаржы жағдайы мен материалдық-техникалық мүмкіндігін ескере отырып, өз бетінше бағдарламаны өзгерте алады. Американдық ғалым Дж.Уилмер көрсеткеніндей, америка мектептерінің үштен бірі ғана дене тәрбиесі бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік алған. Педагогикалық бақылау жүйесінде белгіленген көрсеткіш мөлшеріне емес, оқушының қозғалыс қабілеттерінің жоғарылау қарқынына көп мән беріледі. Бұл кезде, өсіресе қимын мен демалыстың ауысуына, сабақтың әсерлігі мен өнімділігіне, балалардың өз бетінше дене тәрбиесі дағдыларын үйренуіне көп мән береді. 

Германия мектептерінде сабақтар көбінесе ашық аспан астында өтеді, бұл балалардың шыңдалуына жағдай жасайды. Бірақ мамандардың пікірінше, мұның басқа да себептері: бастауыш мектептердің — 84%-де спорттық кешендері жоқ, ал әр саладағы орындарының — 58%-де және гимназиялардың — 25%-де гимнастика залдары жоқ деп біледі.

Оқушылардың дене тәрбиесі бойынша бағдарлама мазмұны мен міндеті сабақтардың апталық көлемі әр елдегі мектептерде әр түрлі. Үш дамыған капиталистік елдегі бағдарлама мазмұны келтірілді. Швеция, Голландия, Италия. Бұл бағдарламаларда ерекше көңіл аударатын мәселе — спорттық ойындардың көп қолданылуы, ұсынылған спорт түрлерінің көптігі, яғни оқушыларға қозғалыс түрін таңдауға еркіндік берілуі.

Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін зерттеуде, әсіресе АҚШ-та қалыптасқан тәжірибе көп назар аудартады. Бұл елдегі сыртқы саясат ерекшелігі мен техникалық прогреске орай жастар мен оқушылардың дене тәрбиесі мәселесіндегі кейбір бағытын өзгерту тенденциясы көрінеді. Ең алдымен, әскери қызметкер мен өндірістің әртүрлі саласындағы жұмысшылар дайындауға мән беріледі. Себебі олардың дене дайындығына және күш-қуатына деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан осы тұрғыда спорттың бұқаралық түрлерін дамыту, дене тәрбиесі бойынша қосымша әдебиеттерді жетілдіру, сонцай-ақ дене жаттығуларын сауықтыру шаралары мақсатында қолдану барысында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса спорттық клубтардың санын өсіруге және сауықтыру-шынықтыру бағдарламаларын насихаттауға бірдей күш салады.

Кеңес зерттеушілерінің жұмыстарында қазіргі АҚШ мектептерінде білім жүйесінің жалпы жағдайлары мен себептері, ұйымдастырылған формалардың үйрету бағыттарын бірнеше рет талдауға салды. Бұл жұмыста жастардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың және спортшыларды дайындау әдісінің жаңа саласы ашылды: спорт жұмысындағы жергілікті жасөспірім мен балалардың әлеуметтік мәселелері .

Мысалы, P.M. Киселев «АҚШ — спорт және қоғам» атты монографиясында спортты ұйымдастыру және оны буржуазиялық қоғамның саяси-әлеуметтік дамуымен тығыз байланысына жан-жақты талдау жасайды; американдық спорттың таптық сипаты, сондай-ақ мектеп спортының мәселелері қарастырылған.

Қазақстандағы және басқа елдердегі дене тәрбиесі бағдарламаларын талдай келе, олардың ортақ ерекшелігін де айтып өту керек. Олар мектеп оқушыларының дене дайындықтарының сандық көрсеткіштерінің жетістіктеріне, жеке қимылдарды үйренудегі нәтижелікке немесе спорт жарыстарына қатысуға негізделген. Сондай-ақ, Қазақстандағы және басқа елдердегі мектептердің дене тәрбиесінің мақсатын, жан-жақты дамуы мен денсаулықты нығайту жағын қарастырады. Осыған орай дене тәрбиесі нәтижелерінің негізгі қорытынды көрсеткіштері [оның қайда, кім болғанына байланысты емес] мектеп оқушыларының денсаулық деңгейі және оның өсуі мен дамуының табиғи ырғагына сай келуі, адамның әлеуметтік және дене жұмыс қабілеті болуға тиіс. Дене тәрбиесін бағалаудың осы өлшемі дұрыс болып саналады, себебі бұл соңғы нәтижені бағалауға, елдің басты байлығы — жастардың денсаульнын нығайтуға және ертеңгі күні барлық халықтың денсаулық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесінің бағдарламасында мұндай өлшемнің жоқтығы, біздің ойымызша, дене тәрбиесін педагогикалық және әлеуметтік салалардың жетілмегендігімен көрсетеді. Ғылым өлі де болса халықтың денсаулығы мен оның дене тәрбиесін ұйымдастырудың арасындағы себеп-салдары байланысты жеткілікті зерттеген жоқ, дені сау адамдардың денсаулық өлшемдері көрсетілмеді, дене тәрбиесі құралдары арқылы әлеуметтік мәні зор қызметтерді белсенді түрде қалыптастыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, мынадай ғылыми бағыт: дене тәрбиесі гимнастикасы дамымады, ол бойынша халықтың дене тәрбиесін ұйымдастыру принциптері негізделіп, әсіресе мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесіне арналған жүктемелер мен дене жаттығуларын және табиғи факторларды қолданудың әдістері мен құралдарын белгілі бір тәртіпке келтіру керек.

Сонымен, дене тәрбиесі құралдарын мақсатты түрде жүйелі пайдалану процесі — халықтың өмір сүру дағдысын қалыптастыратын әлеуметтік жағдайлар мен факторларға тәуелді. Дене тәрбиесінің басты мақсаты мен басым міндеті, біздің ойымызша, оқушылардың денсаулығын нығайту және түрлі еңбекпен шығармашылық іс-әрекетті іске асыруда, болашақтағы жоғарғы дене дайындықтарына қол жеткізу болып табылады.

 

 

4 кесте — Кейбір шетел бастауыш мектептеріндегі дене тәрбиесін ұйымдастыру бағдарламасы

Елдер

Оқушылар-дың жасы, жылы

Бағдарлама мазмұны

Бір жұмадағы сабақтың көлемі

Швейцария

7-8 жас

 

 

 

9-10 жас

 

 

11-15 жас

анатомия мен физиологиядан жалпы мәліметтер, би, гимнастика, қозғалыс және спорттық ойындар

 

жеңіл атлетика, спорттық ойыіщар және жүзу

 

спорттың келесі түрлерінен факультативтік сабақтар қосылады: садақ ату, бадминтон, велосипед спорты, сайыс спорт түрі. дзю-до, атпен жүру, ауыр атлетика, коньки спорт түрі, шаңғы спорты, желкен және балық аулау спорты

5

 

 

 

5

 

 

 

Голландия

6-12 жас

 

 

 

12-15 жас

 

 

 

 

15-18 жас

теориялық сабактар, жалпы дамыту жаттығулары, жеңіл атлетика, ойындар, ырғақ, жүзу, шаңғы және коньки

 

жалпы дамыту гимнастикалық жат-тығулар, жеңіл атлетика, әскери спорттық жаттығулар, спорттық ойындар, би және теориялық сабақтар

 

гимиастика, жеңіл атлетика, спорт ойындары, әскери спорттық жаттығулар, би және теориялық сабақтар

3

 

 

 

3

 

 

 

 

3-4

Италия

5-11 жас

дене тәрбиесінің теориясы жалпы дамыту жаттығулары, қозғалыс ойындары, жеңіл атлетика, жүзу, көғглдағы хоккей және регби

2-3 Күн сайын 20-30 мин.

 

Ескерту: қаржылай толықтыру күйінде барлық елдерде сабақтың көлемі жұмысына 7-12 сағатқа ұлғайтылады.

 

2.2. Оқушылардың өсуі мен дамуындағы негізгі заңдылықтар

 

Өсу мен дамудың қарқынының бірдей болмауын жеке мүшелер мен жүйелердің функциональдық мүмкіндіктері мен дене ұзындығының жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыратынынан, сондай-ақ оқушылардың дене қабілеттерінен көруге болады. Өсу мен дамудың қарқыны бірдей уақыт аралығында абсолютті өсудің көлемімен анықталады. Бұл бағыттағы зерттеулер екі әдіспен жүргізіледі: генералдаушы және лонгитудиналды.

Генералдаушы — әдіс алынған нәтижелерді біртіндеп жинақтау арқылы әртүрлі жастағы балаларды бір рет тексеруден тұрады.

Лонгитудиналдық — әдіс белгілі балаларды олардың даму және өсу заңдылықтарын бақылай отырып, көп жылдық жүргізген зерттеулерден тұрады. Лонгитудиналдық әдіс — қиындау болса да объективті дұрыс әдіс, сондықтан көбіне осы тәсілді қолданған авторлардың еңбектері пайдалынады.

Балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынын ең алғаш іргесін қалап, зерттеген В.В.Бунаком болды. Ол өмірдің бірінші жылында дененің ұзындығы 20-25 см-ге, ал 5-жасында 5-6 см-ге өсетінін және жыныстық жетілу жылына 8-10 см-ге өсетінін атап көрсетеді. Қыз балаларда — 17-18, ал ұлдарда — 19 жастан кейін өсу процесі тоқтатылады. Бұдан әрі көптеген отандық және шетелдік ғалымдар осыған ұқсас зерттеулер жүргізіп, осы заңдылықтарды мақұлдады.

Ресей Денсаулық сақтау Министрлігінің Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ғылыми зерттеу институты жүргізген зерттеулер ағзаның өсіп жетілуінің түрлі сатыларда бірдей болмайтынын дәлелдеп, 0 ден 18 дейінгі жастағы қыздар мен ұлдардың дене ұзындығының өсуі [см-мен] бір жылда әртүрлі өзгерісте болатынын көрсетеді.

Бұл мәліметтерден ағзаның жетілу кезеңдерінде өсу мен дамудың біркелкі болмайтын заңдылықтар көрсеткіштері үш маңызды кезеңдерде көрінеді. Атап айтқанда, жыныстық жетілудің пупертатты кезеңінде өсу, даму процесінің баяулайтыны, одан соң қайтадан баяулап, даму процесінің тоқтауы. Дене ұзындығының ұлғайып өсуі қыздарда 17-жаста, ұл балаларда 18 жаста тоқтаңды; дене салмағының және кеуде клеткаларының өзгерістері де әркелкі даму заңдылықтарына бағынады.

Дененің көлемі мен даму жылдамдығы өсудің осы көрсетілген өзгерістерін онтогенездің пупертаттық кезеңінде өтетін эндокринді жүйенің қайта құрылуының нәтижесі деп қарастыру керек. Әлемнің белгілі антроиолоттарының еңбектерінде өсуді жыныстық белгілердің қайталанып көрінуімен байланыстырады.

Дене шынықтыру теориясы мен практикасы үшін жеке мүшелер мен фукнциональды жүйелердің өсуінің және дамуының әркелкілігін талдаудың маңызы ерекше. Әсіресе, ағзаның дене қабілеттерін анықтайтын жүйелерге көп көңіл бөлу керек.

Балалар мен жасөспірімдердің дене қабілетінің дамуын қарастыратын еңбектер тізімі өте көп. Бірақ бұл бағыттағы зерттеулерді көптеген ғалымдар жинақтап бере алмады, себебі оларды жүргізу жағдайы мен сынамаларды таңдауда үйлестіру, бір ізге келтіру жоқ болды. Тек 70-ші жылдарда ғана халықаралық деңгейде оқушылардың дене қабілеттері мен қасиеттерін бағалауға арналған сынамалардың жиынтығын қарастыруға қадам жасалды. 1978 жылы Парижде сынамаларды бір ізге келтіріп, үйлестіру бойынша Батыс Еуропа және АҚШ мамандарының бірінші семинары өтті, бірақ тек 1982 жылы ғана ол қабылданды.

Осы семинарда арнайы бағдарлама көлемінде Батыс Еуропаның 18 елінде алғаш рет оқушыларды жағдай сынамалардан өткізу туралы шешім қабылданды. Әр оқушының сынама бойынша көрсеткен нәтижесі арнайы анкеталарда жазылды. Анкета мәліметтері компьютерге енгізілді. Бұл зерттеулер оқушылардың дене қабілеттерінің ортақ даму заңдылықтары бар екенін көрсетеді.

Осындай зерттеу жұмыстары Франциядағы 7-12 жастағы оқушыларға жүргізіліп, оның нәтижесі баланың дене қабілеті мен қасиетінің даму қарқынында оның жасына қарай өзгерістер болатынын көрсетті. Осындай жаппай зерттеулеріндегі 1984 жылы Австралияның дене тәрбиесі денсаулық кенесі де ұйымдастырды. Бұған Австралияның 109 мектебінің 7-15 жастағы оқушылары қатысып, жалпы саны — 8484 адамға жетті. Бұл көпшілік сынамалардың нәтижелерін оқушылардың денсаулығын және спорттық нәтижелерін жақсарту бойынша шаралар жүйесін жасауға пайдалануды ұсынады.

Мектеп оқушыларының дене қабілеттерін бағалауға арналған сынамалар зерттеулер кезінде жасалды. Жүргізілген бұқаралық тексерулер ГТО жинақтарының ережелерін негіздеуге, сондай-ақ мектептегі және мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың 1970-1980 жылдардағы дене тәрбиесі бағдарламасын қайта қарауға мүмкіндік берді.

8-17 жастағы оқушылардың дене қабілеттерінің сынамалар нәтижелеріне жан-жақты тоқталған жөн. Мұнда ғалымдар Москюның жалпы білім беретін мектептерінің бағдарламасы бойынша дене тәрбиесімен айналысатын, спорт мектебіне бармайтын 1820 оқушыға генералдаушы әдіспен зерттеу жүргізген. Денсаулық жағдайы бойынша бұл оқушылар негізгі медициналық топта, яғни дендері сау және қалыпты морфофункционалдық даму үстінде болған.

Зерттеу барысында бакщгау сынақтарының әдісі қолданылған, яғни оқушы бірнеше бақынау сынамаларын орындаған. Оның нәтижесі бойынша дене қабілеттерінің даму деңгейі анықталған. Бақылау сынамаларының бағдарламасына мынадай дене қабілеттерін анықтау міндеттері де кіреді: бұлшық ет күші — арқаның иіліп жазылуы, бұлшық ет күшінің ең жоғарғы көрсеткіштері бойынша [тұлғалық динамометрия] оң және сол саусақтардың ең жоғары созылудағы күші сондай-ақ кермеде тартылу [ұл балаларға], гимнастикалық орындықта қолды таянып бүкіл жазу [қыз балаларына]; жылдамдық — 30 м. қашықтыққа жүгіру нәтижесі 8-11 жастағыларға және 60 м. 12-17 жастағыларға; төзімділік — 300 м. қашықтыққа жүгіру нәтижесі 12-13 жастағыларға және 500 м. 14-17 жастағыларға; жылдамдық — күштілік қасиеттері бойынша отырған қалыпта салмағы 1 кт допты бастан асыра лақтыру және допты бір орнында тұрып, ұзындыққа секіру нәтижелері бойынша сынамалар қабылданды.

Бақылау сынақтарының барлығы жоғары нәтижелер алу үшін жарыс түрінде жүргізілді. Жүгіру, кермеге тартылу, қолды таянып бүгіп жазу сынамалары бір реттен, ал басқа әрбір сынақ түрлері 3-реттен орындалды. Ең жақсы нәтижелер хаттамаға жазылып, алынған мәліметтер математикалық статистикалық әдістермен өңделді.

Жүргізілген зерттеулерде оқушылардың дене қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері жасына қарай арта түсетіндігі анықталды. Алайда тек ұл балаларда жылдамдық пен төзімділіктің үздіксіз өсу күші 17-жасқа дейін екені байқалды. Қыз балаларда дене қасиеттерінің дамуы көпшілік жағдайда 13-16 жас аралығында баяулайды немесе тоқтатылады. Мысалы, 14 жасқа дейінгі қыз балаларда оң саусақ күші мен арқа күшінің көрсеткіштері арта түседі. Гимнастикалық орындықка қолды таяп бүгіп жазу, иық және қол бұлшықет күштерінің көрсеткіштерін сипаттайды, қыз балаларға берілген дене қасиеттерінің дамуы 16 жасқа дейін болады, сонан-соң оның кейбіреулерінің төмендегені байқалады [5-кестеге қараңыз].

Осындай біркелкі жолмен төзімділік сияқты дене қасиеттері өзгереді. 17 жаста, 16 жасқа қарағанда төмен болады. 16 жастағы қыздар орта есеппен 500 м. 1 мин. 58 С. жүгірсе, 17 жасында 2 мин. 6 С. /Р<0,01/. Осыған орай дене қасиеттерінің даму қар қарқыны жетілу кезеңінде өзгеріп отырады: оның төмендеу және жоғарынау кезеңдері байқалады.

Оқушылардың осы тобында авторлардың байқауынша, бір жыл көлемінде осы көрсеткіштер бойынша дене қасиеттерінің даму қарқынында өзгерістер болған. Сондай-ақ алынған мәліметтер бақыланған дене қасиеттерінің даму қарқыны әркелкі екенін көрсетеді.

Жетілу кезеңінде ағзаның өсу және даму қарқынының әртүрлі болуының себебі не? Біздің көзқарасымыз бойынша, мұндай әртүрлі өсу жылдамдығының тұқым қуалаушылыққа негізделген өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Ең үлкен жылдамдық бала өмірінің алғашқы 3 жылында көрінеді, сонан сон ол баяулай бастайды. Өсу жылдамдығы одан соң пубертатты кезеңде күшейіп, бұл кезең аяқталғанда тоқтайды. Ғылыми зерттеу нәтижелері ағза функциялары мен морфологиясының дамуында қарама-қайшылықтар және күрделі байланыс бір уақытта болатынын көрсетеді. Сондықтан мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің қалыптасуының барлық күрделілігін дұрыс түсінудің маңызы жоғары жетілу кезеңінде моторлық функциялардың дамуы және өсу процессі үздіксіз жүреді, бірақ біркелкі емес.  

Ағза өсуі мен дамуының жетілу кезеңіндегі әртүрлі қарқынының ортақ заңдылығына сүйене отырып, жас ерекшелігіне қарай кезеңдерге бөлу қабылданған. Барлық жетілу кезеңі шартты түрде бірнеше жас кезеңдеріне бөлінеді, яғни уақыттың өмірлік кезеңдері, бұл кездерде өсу және даму процестері жүреді, сондай-ақ ағзаның морфофункционалдық ерекшеліктері де осы көзге сай келеді.    

Әлеуметтік тұрғыдан жас кезеңдерін қандай да бір әлеуметтік іс-әрекетке дайын болуға қажетті уақыт аралығы деп қарау керек.

Жас ерекшелігше қарай кезеңдерге бөлінудің түрлі үлгілері бар. Бірақ балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінде халықаралық симпозиумда қабылданған кезеңдер схемасын пайдаланған дұрыс. Бұл үлгі балалық және жасөспірім кезеңдеріндегі өсу және даму процесі қарқынының өзгерістерін нақты және дұрыс көрсетеді. Бұл үлгіге сәйкес жетілу кезеңінде 7 кезең жасалған:

  1. — жаңа туған кезең — 1-10 күн;
  2. — нәрестелік кезең — 10-1 жыл;
  3. — сәбилік кезең — 1-3 жыл;
  4. — бірінші балалық кезең — 4-7 жыл;
  5. — екінші балалық кезең

                    ұлдар — 8-12 жыл;

қыздар — 8-11 жыл;

  1. — жеткіншектік кезең

ұлдар — 13-16 жыл;

қыздар — 12-14 жыл;

  1. — жасөспірімдік кезең

ұлдар — 17-21 жыл;

қыздар — 16-20 жыл;

Өмірдің бірінші жылында жас кезеңдері жиі ауысатынына мән беріп қарау керек. Жаңа туу кезеңі 10 күн ғана, себебі оған тән физиологиялық ерекшеліктерінің әсерлері өте тез жүреді. Баланың жасы өскен сайын, жас кезеңіне кіретін өмір уақыты да есе түседі. Жасөспірім кезеңінде /17-21 жыл;/ уақыт шекаралары ер жеткен кездегідей жынысына байланысты жіктеледі.    

Қыз балаларда бұл кезең ерте жетіліл, ерте аяқталады. Бұл өсу мен дамудың жылдамдығына әсер ететін жыныс ерекшелігіне байланысты.

Ер жету кезеңі ұл балаларда 12-15 жасқа дейін созылады. Бұлай бөліну де таза биологиялық негізде сақталған, бұл кезең жыныстық жетілудің басталу уақытынан жас ағза нәтижелі репродуктивті қызметке қабілетті болғанға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Жас ерекшелік кезеңдеріне орай дене тәрбиесі бағдарламасы төмендегідей: бір жастағы балаларға арналған, мектеп жасына дейінгі балалар үшін [кіші топтар] 1-3 жасқа дейін, 3-6 жастағы балабақша тобы үшін, жалпы білім беретін мектептердегі және КТУ, ЖБСМ, арнаулы спорт мектеп-интернаттардағы балалар мен жасөспірім бозбалалар мен бойжеткендерге бағытталып жіктеледі.

Еңбек және кәсіби іс түріне орай балалар мен жасөспірімдердің басқа да жастағы топтары құралуы мүмкін. Мысалы, еңбекке баулу кезеңімен алғашқы кәсіптік бағдар беру кезеңі [11-14], мамандықты оқып үйрену және белгілі жеңілдіктер мен еңбекті қорғау кұқықтары бар жұмысқа алу кезеңдері болады [15 — 18 жас].

Қандай да бір жасқа бөлінген кезең шартты, себебі ағзаның өсуі мен дамуы — үздіксіз процесс және оның қарқыны генетикалық тұрғыда анықталған. Бірақ кейбір жеке адамның өсу қарқынының өзіне тән ерекшелігі болады. Яғни қандай да бір фаза /із/ популяцияға арналған орташа көрсеткіштермен салыстырғанда ерте немесе кештеу басталады. Бұндай жағдайларды даму өзгерісінің жеке өзіндік ерекшелігі деп түсіну керек. Даму қарқыны өте жеделдеген балалар болады, биологиялық жетілу деңгейі бойынша олар хронологиялық /күнтізбек/ жастан алдыға озып кетеді, сондай-ақ керісінше жағдайда да болады. Осыған байланысты дене тәрбиесі барысында «баланың жасы» деген түсінікті нақтылау қажет, яғни хронологиялық немесе биологиялық жастың болуын ескеру керек. Хронологиялық жас нақты уақыт шекаралары бар, туылғаннан бақылауға алынғанға дейінгі кезең /күн, ай, жиі/. Биологиялық жас та уақыт қызметі болып табылады. Морфофункциональдық ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде өсу мен дамудың жеке өзіңдік қарқынына байланысты болады. Хронологиялықжәне биологиялық жас аралығындағы айырмашылық 5 жылға дейін жетуі мүмкін [25].

 

5 кесте — Оқушылардың, жылдамдық, күштілік, иілгіштік және төзімділік сияқты дене қасиеттерін дамыту нәтижесі

Зерттеушілердің жасы

Зерттеушілердің саны

Еденге отырып алңа иілу

Арқа күші Н,

Арқа куші Н.

Оң қолдың саусақ күші Н.

Кермеге тартылу және гимнастикалық, орындыққа қолды таянып бүгіп жазу

30 м жүгіру

 (8-11 жас) және 60 м (12-17 жас)

300 м жүгіру (12-13 жас) және 500 (14-17 жас)

8ж,

96

84,52+0,32

465,83+9,81

172,60+2,93

1,1+0,02

6,3±0,06

9ж.

104

99,24+0,21

521,16+6,78

193,23+3,04

1,210,02

6,0+0,05

10 ж.

121

87,9710,44

594,33+8,84

316,76+2,86

1,6+0,02

6,9+0,04

11 ж.

95

94,58+0,06

661,01+9,82

239,31+3.93

1,810,03

5,8+0,04

12 ж.

87

92,19+0,25

737,49+12,75

261,06+578

2,0+0,03

10,5+0,07

63,510,80

13 ж.

80

73,96+0,26-

779,66+11,87

279,50+676

2,5+0,02

10,0+0,07

59,0+0,50

14 ж.

90

72,83+0,39    ‘

985,60+ 20,60

354,21+8,33

3,7+0,03

96, +0,09

105,0+0,80

15 ж.

90

87,16+0,17

1136,60+20,60

410,9117,94

5,6+0,04

9,510,05

104,0+0,90

16 ж.

81

92,83+1,50

1263,10+22,36

472,7018,84

7,7+0,04

9,2+0,02

101,511,10

17 ж.

94

91,3710,16

1374,00+21,50

499,1916,97

9,110.03

8,810,05

99,0+0,90

 

Даму қарқыны баяу балаларды «артта қалған» деп айтады. Бақылаулардың көрсетуінше, мұндай балалар көбіне мектепке дейін және бастауыш сыныптарда оқығанда кездеседі, бірақ олардың саны кеп болмайды /10-15%/. Биологиялық дамудың қарқыны баяу оқушылардың дене тәрбиесі сабақтарындағы белсенділігі төмен болады. Оларда дене қабілеттерінің даму деңгейі төмен, денеге түскен жүктемелерді орындау кезінде қозғалыс жағдайлары мен жүрек-тамыр жүйесіне көп күш түседі. Биологиялық жастан артта қалу жастарда антрометриялық көрсеткіштердің төмендеуіне және тірек — қимыл аппараттарына, жүйке және жүрек-тамыр жүйесіндегі ауытқуларға сәйкес болатыны анықталған. Денсаулық жағдайының жұмыс қабілетіндегі ең бір көп өзгерістері биологиялық жастан өте артта қалған балаларда көбіне кездеседі /айырмашылығы 3 жыл немесе одан да көп/. Бұндай артта қалу себептері: баланың мерзіміне жетпей ерте туылуы, туылған кезде жарақат алуы, сәбилік және балалық кезіндегі аурулар /мешел, созылмалы өкпе аурулары, ішекке тән аурулар, тыныс жүйесі аурулары және т.б./.

Сондай-ақ микроортаның әлеуметтік қолайсыз жағдайлары қараусыз толық емес жанұялары және ата-аналардың аракқа берілуі баланың биологиялық дамуы мен өсу қарқынына әсер ететіні де белгілі. Өсу және даму қарқыны баяу балаларға диспансерлік медициналық бақылау және дене тәрбиесі құралдарын қолдануда өсу процесін реттеу үшін жеке жаттықтыру жұмыстарын жүргізү керек.

Жеке даму мен өсудің жеделдетілген қарқыны биологиялық жастың хронологиялық жастан озып кетуіне әкеп соғады. Мұндай «озып кетушілер» оқушылар арасында «артта қалушылардан» гөрі сирек кездеседі. Қыз балаларда жедел жетілу ұлдарға қарағанда жиі кездеседі. Биологиялық жастан ауытку көбінесе ер жетіп келе жатқан кезде көп байқалады /15%/.

Баланың хронологиялық жастан ерте өсіп, алға озып кетуін педагогтар қолайлы, дұрыс жағдай деп санайды. Бірақ шындығында олай емес. Әр жас кезеңіне тән өз артықшылық-ерекшелігі болады, жедел даму аздап артық болса да оны тежейді. Ғыными зерттеулердің көрсетуінше, жеке даму қарқыны жоғары оқушылардың жұмыс қабілеті биологиялық жасы күнтізбектік уақытқа сәйкес келетін оқушыларға қарағанда төмен болады. Ж.Ө.С.М. жаттықтырушылары биологиялық, жастан озып кеткен балаларды іріктеп алуға тырысады, себебі олар ең көп антропометрлік көрсеткіштерге ие болады. Дегенмен бұл спортшылар әдеттегі балаларға қарағанда төзімділікке арналған түрлі дене жүктемелерді орындау кезіндегі физиологиялық функциялардың ең дұрыс тәртіп-ретімен ерекшеленеді. Байқаулардың көрсетуінше, биологиялық жастан озып кеткен жас спортшылардың уақытша спорттық жетістіктерден сон одан ары болашағы белгісіз болып қалады.

Биологиялық жасты анықтау үшін қандай өлшемдерді қолдану керек? Биологиялық жастың ең бір анық деңгейін сүйектің классификациясы көрсетеді. Сүйек ұлпасының дамуы көптеген мүшелер мен жүйелердің дамуымен тығыз байланысты. Сүйектің ұлттасы қанның түзілуінде маңызды қызмет атқарады, ретикулоэндотелиальді, сондай-ақ жүйке және ішкі бездер /эндокрин/ жүйенің дамуы мен ас қорыту және қуат бөлу жүйесімен тығыз байланысты т.б. Сондықтан да сүйекке айналу нүктелерінің пайда болуы бойынша нақты биологиялық жасты анықтауға болады.

Сондай-ақ биологиялық жасты анықтаудағы оның бір өлшемі тістердің ауысуы, сүндетке отырғызылған уақыт, екінші жыныстық белгілердің көріну уақыты, қыз балаларда етеккірдің басталуы және дене дамуындағы морфологиялық көрсеткіштердің өзгерістері /бір жылда бойдың өсуі/ болып табылады. Дененің ұзындығы ағза дамуының дәстүрлі көрсеткішіне айналған. Бірақ бұл көрсеткіштің құндылығы оның генетикалық себептеріне байланысты төмендейді. Бойы аласа балалар ағзасының баяу жетілу нәтижесінде емес, бойдың генетикалық бағдарламасына сәйкес дамуы мүмкін.

Сонымен қатар, жас өскен сайын жоғарыдағы көрсеткіштердің нақты деректілігін анықтап отырады. Мысалы, 6 жастан 12 жасқа дейін ең негізгі көрсеткіш болып, тұрақты тістер саны /«тіс» жасы/ және дене ұзындығы саналады. 11-15 жаста бір жыл ішіндегі дене ұзындығының өсу көрсеткіші көбірек дерек береді

 

 

 

 

2.3. Дене қасиеттерін дамыту және сенситивті кезеңдер

 

Қандай да бір денешынықтыру жаттығуларының әсеріне сезгіштіктің /қабілеттіліктің, қабылдағыштықтың/ жоғарылау кезеңдері оқушылардың дене тәрбиесі үшін маңызды болып табылады. Негізгі дене шынықтыру қабілеттерінің әртүрлі қарқындары мен гетерохронды дамуын биологиялық заңдылықтарға сүйене отырып, көптеген ғалымдар балалардағы жылдамдықты, төзімділікті, ептіліктің жедел өсуі көрсетін жас кезеңдерін бөледі.

В.И.Филипповичтің еңбектерінде дене шынықтыру қабілеттердің жедел қарқын мен даму кезеңіне дене тәрбиесі үшін аса қолайлы екенін өзінің жетекшілігімен атқарылған жұмыстарда атап көрсетті. Автор көлемі мен жылдамдығы бірдей жүктеме арқылы бірдей әдістемелермен арнаулы жаттығуларды қандай да бір қабілеттің табиғи түрінде «жоғары өрлеу» кезеңінде жүргізу көбірек педагогикалық нәтиже беретінін дәлелдеді. Бұған қоса қарқынды күшпен дамудың жас ерекшелігі бар кезеңін «қауіпті» кезең деп қарастыруды ұсынды. 

Дене шынықтырудағы қабілеттерді дамытудағы сенситивті кезеңдерін анықтау үшін [41] жазғы кезеңдегі «орташа жылдық қозғалыспен» салыстырғанда бір жылғы өзгерістердің пайыздық талдау әдістемесін ұсынды. Егер «жылдық қозғалудың» өлшемі шартты бірліктен /2 жыл ішіндегі «жылдық орташа қозғалу»/ асып кетсе, сенситивті кезең бар деген гипотеза жасалады. Бір жылда көрінген өзгерістердің деңгейіне байланысты автор сезгіштіктің үш деңгейін /төменгі, ортаңғы және жоғарғы/ көрсетеді. Төменгі сезгіштіктің сенситивті кезеңі бір жыл бойында байқалған өзгерістерге тең және 1,0-1,5 шартты белгі шегінде болады, орташа сезінгіштік 1,5-2,0, ал жоғары сезінгіштік 2,0 шартты бірліктен асатын өзгерістерге тең болады.

Денешынықтыру жаттьнуларының дамуының сенситивті кезеңдеріне уақыт жағынан жақын және алыс түрде тікелей әсер етуін зерттеген [41] педагогикалық тәжірибесі аса қызықты.

Ғалым эксперименттік және бақылау сыныптарында мыңнан аса оқушыларды бақылаған. Денешынықтыру қабілеттерді арнайы тәрбиелеу оқу жылының бір немесе үш тоқсанда дене тәрбиесі сабақтарында жүргізіледі. Одан сон оқушылар денешынықтыру дайындықтарының міндеттерін өз бетінше шешуге ауысып, 2 жыл бойы берілген сынамалар бағдарламасын зерттеуге қатысты. Эксперименттік сыныптарда да, бақынау сынылтарында да дене-шынықтыру дайындықтары мемлекеттік бавдарлама талаптарына сай іске асты және оқушылардың денешынықтыру қабілеттерін жан-жақты байытуға бағытталды. Дегенмен эксперименттік сыныптарында дамудың сенситивті кезеңдеріне сай келетін қабілеттерді тәрбиелеуге баса назар аударылды.

Жоғары сезгіштік деңгейі денешынықтыру қабілетке көбірек әсер етіп, жүргізілген денешынықтырудағы дайындығы осы қабілеттердің өзгеруіне көп көмегі тиетінін зерттеулер көрсетті. Басқа денешынықтыру қабілеттерінің даму қарқыны бақылау тобындағы оқушылар жеткен нәтижелердің деңгейінде болды.

[41] пікірінше, мұндай педагогикалық тәрбиенің жеке дене жағынан қалыптасудың қабілет, қасиеттерінің кейінгі даму динамикасына да жақсы әсері болады /Қыз балалардағы қимылдың жылдамдығы, ер балалардағы бұлшық ет күші/. Осының бәрі жұмыстың қарқынды, жедел өсуінің табиғи кезеңі үшін сәтті екенін бекіте түседі, баланы дене жағынан дамытуды жетілдіруде аса қолайлы кезең екенін дәлелдей түседі.

[41] әдістемесі бойынша мектеп оқушыларындағы кейбір дене шынықтыру және психомоторлық қызметтің даму жайына талдау жүргізілді. Бақылауларда жүгіруден ең жоғарғы көрсеткіштерді 8-9 жас, 11-12 жастағы балалар көрсетсе, көру-моторлық реакция 9-12 жастағы балаларда жоғары көрінді, динамикалық күштің көрсеткіші 13-14 жаста, төзімділік 15-17 жаста жоғары болды.

Балалардағы иілгіштік пен тепе-теңдіктің дамуы мектепке дейінгі жаста қарқынды түрде басталады, дене жағынан қалыптастыру қасиеттері мен қабілеттердің және психомоторлық жұмыстың көп бөлігі 10-12 жастағы балаларда жедел дамиды. Осы жас аралығын мектептегі дене тәрбиесіндегі қолайлы кезең деп есептеу керек. Төзімділік, бұлшық ет қимылдарын ұзақ уақыт орындау қабілеті 15-17 жаста жылдам дамиды. Дегенмен де, баланың төзімділігін дамытуды балалардан бастап жүргізудің аса қажет екенін көрсеткен В.Г.Фролованың мәліметтері бар. Демек дене жағынан қалыптастырудың қасиеттері және психомоторлық қызмет қабілеттері дамудың сенситивті кезеңдерінде нағыз кажетті денешынықтыру жаттығуларына көп орын беру керектігі педагогикалық тұрғыда да, әдістемелік-әлеуметтік тұрғыда да дұрыс болады.

Гетерохронды қызметке негізделген мұндай таңдамалылық баланың жақсы дамуына жағдай жасайды. Сыртқы [табиғи] және ішкі [әлеуметтік] жағдайлар дене тәрбиесінің жоғары нәтижесіне жеткізеді. Егер белгісіз бір себеппен сенситивті кезеңді өткізіп алса, оның әдетте нәтижесі жоқ болады, жоғалтқан уақыт пен мүмкіндікті кейін іске асыру мүмкін емес. Жүзе алмайтын, ептілікке үйренбеген бала кейін есейгенде бұндай қимылдағдығы жақсы меңгере алмайды.

Дене тәрбиесі жаттығулары жыныстық жетілу процесін реттеуші қызметін де атқарады. Жыныстық жетілу қарқыны қыз балалар мен ер балаларда әртүрлі генетикалық бағдарламаға денсаулық жағдайына, дене тәрбиесіне байланысты болады. Жас Балалар Спорт Мектебі [ЖБСМ] спорт сабақтарында әйел ағзасының маңызды репродуктивті қызметін дамытуға мән беріледі, мұнда қыз балалардың ағзасына қолайлы дене тәрбиесі жаттығуларының тиімді жүктемесі қарастырылған бағдарлама бар. Мұндай спорттық дайындық алдағы жүктілік және бала босану кезінде пайдалы болады.

Біздің бақылауларымыз ЖБСМ-дегі сабақтардың қыз балалардың жыныстық жетілуі үшін пайдалы болғанын көрсетеді. Қыз балалардың жыныстық аурулары сирек кездеседі және жалпы аурулардың 0,3 процентін ғана құрайды. Спортшы қыз балаларға дисмонория және етеккір алдындағы синдром жиі кездеспейді. Бұлардың барлығы спорт сабақтарының қыз балаларға зиянды екені туралы қалыптасқан пікірді жоққа шығарды. Әрине, бұл жерде арнайы спорттық мамандық алушы қыз балаларға арналған жаттығулар емес, тиімді спорттық жүктеме туралы сөз болып отыр.

Балаларға және жасөспірім жеткіншекке тән психологиялық, соматикалық және мінезқұлық белгілерінің жиынтығына ерекше тоқталу керек.

Дене тәрбиесі жаттығулары мен спорт түрлерін таңдай отырып, балалар, ең алдымен, олардың орындалу техникасы мен заттың мазмұнына мән береді, күш-қуатты талап ететін және жарыс түрін ұсынады. Барлық балалар қуатты, тек хоккей ойнайды, барлық қыз балалар нәзік, көркем гимнастикамен ғана айналысады деп санау дұрыс емес. Көптеген жеке айырмашылықтарды былай қойғанда, жыныс арқылы негізделген ерекшеліктерді ескеру мүмкін емес, қарым-қатынастағы ер адам стилі балалық шақтан бастап, ұлдардың жалпы қозғалыс белсенділігін дамытады.

Дене тәрбиесінде жетілу процесіндегі тәртібін ескеру керек, біздің ойымызша, жарысатын сәттерді оқушыларға міндетті түрде беру керек.

Осылайша, мектеп оқушыларының өсу даму процесі дене тәрбиесіне тығыз байланысты. Бұл күрделі және көп қырлы байланыстың үш саласы бар:

  1. Даму мен өсуді аса қажетті денешынықтыру жаттығулар арқылы табиғи түрде реттеу;
  2. Дене жағынан қалыптасудың қасиеттері және психомоторлық қабілеттер үшін ең қолайлы уақытта, яғни сенситивті кезеңде белсенді түрде күшейту;
  3. ЖБСМ бағдарламасы бойынша спорттық сабақтарды ұтымды пайдалана отырып, жыныстық жетілу процесін реттеу.

 

2.4. Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің жеке және

топтық ерекшеліктері

 

Дене тәрбиесі ең алдымен, педагогикалық басқару процесі, яғни өзімізге қажетті бағытта өзгерту мақсатында жеке ерекшелікті дамытуға әсер ету болып табылады. Бұған қоса тәрбиені дене жаттығулары арқылы жүргізеді, оны педагогика тәрбие құралы дей алмайды. Дене жаттығулары ролін өсу мен даму барысының табиғи жеделдетушісі ретінде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Дене жаттығулары арқылы даму мен өсудің табиғи жеделдетушісі болу мүмкіндігі дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды болып табылады. Бұл мәселе негізінен, тұқым қуалаушылық және әлеуметтік факторларының тепе-теңдік мәселесін құрайды.

Тұлғаны дамытудың ғылыми теориясы тұқым қуалаушылық және географиялық факторлар әсерін адамға қарсы қоймайды, оларды адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы түсінікке біріктіреді. Академик Д.К.Беляевтың әлеуметтік және биологиялық мінез-құлықтың біртұтастығын мойындау адамды тек биологиялық жаратылыс ретінде қарастыру мүмкіндігін жоққа шығарды: табиғи-ғылыми контексте биологиялық бағдарламаның қызметін тым өсіру адамға әлеуметтік жинақтығынан айырылған жануар ретінде ғана қарауды білдіреді. Д.К.Беляевтың стресс туралы ойлары назар аудартады. Стрестің өзіндік бір себебі, оның ойынша, ағзаның бұрын қалыптасқан даму нормасының тұрақсыздануы және тұқым қуалаушылық өзгерістердің аяқ астынан күшеюі болып табылады. Стрестерді толық жоқ қылу мүмкін емес және олай істеу зиянды. Ағзаның стреске қарсы тұру тұрақтылығы мен икемділігі жоғары, бірақ шексіз емес. Сондықтан да қазірдің өзінде психоэмоционалдық жүктеме мен стрестің қауіпсіз деңгейі туралы мәселе маңызды болып отыр, бұның тек физиологиялық қана емес, генетикалық процестер үшін де мәні зор. Ғылыми зерттеулер мынадай сұрақтарға жауап беру керек: қазіргі әлемде күшейіп отырған психоэмоционалдық стресс адамзатқа орны толмас шығын әкелмей ме?

Көптеген зерттеулердің мәліметтері кейбір функционалдық көріністерді тұқым қуалаушылық себепке жатқызады, оның ішінде дене қабілеттерін дамытуға тікелей қатысы барын дәлелдейді. Мысалы, зерттеулерінде копзиготты егіздерде жылдамдық, иілгіштік және басқа дене қасиеттерінің жоғары сәйкестігі көрсетіледі. «Егіздік» әдісімен жүргізілген зерттеу нәтижелерінде дәлелденген жылдамдық-күші қабілеттердің генетикалық негізделгендігінің жоғарғы деңгейі мына авторлардың жұмысында да айтылған.

«Егіздік» әдісімен зерттеулерде [44] даму барысының биоәлеуметтік факторларға тәуелділігі онша тұрақты емес екенін көреміз. 4-6 және 10-15 жасында бойдың ұзындығының өсуі негізінен генетикалық факторларға тәуелді. Балалар мен жасөспірімдердің дене салмағы, қоршаған ортадағы факторларының жоғарғы дәрежесіне бейімделген. Бұл көрсеткіш дене тәрбиесі мен тамақ құрамының сандық, сапалық және тамақтану тәртібінің ерекшеліктері бойынша анықталады. Яғни, күш және жүйке процесінің қозғалғыштығы мен сипаты генетикалық факторларға тәуелді. Моторикалық қасиеттердің дамуы [күш, жылдамдық, төзімділік], вегетативтік жүйке жүйесінің іс-әрекеті] тұзім, қан айналуының минуттық көлемі тамырдың соғу жиілігі, терең тыныс алу жиілігі, өкпенің тіршілік сыйымдылығы берілген, жүктемеге дененің әсері, жылу әсері т.б.], қоршаған орта факторының әсеріне тәуелді, сондықтан да бала ағзасына мақсатты түрде әсер ету барысында көп жағдайда белгілі бір тәртіпке көнеді.

Даму мен өсудің жеке ерекшеліктері генетикалық негізге байланысты екендігі туралы басқа да дәлелдерді әдебиеттерден кездестіреміз жүгіруге дайындықтың биомеханикалық аспектісі физиодогиялық және антропологиялық көрсеткіштердің деңгейіндегідей генетикалық негіздерге тәуелді деген қорытындыға келеді. Бұл тұрғыдан монозиготты егіздердің жұптарында ең көп сәйкестік денеде салмақ орталығын ауыстыру өлшемдерінде жамбас, тізе және тобық, табан буындарындағы қозғалыстың тік бұрышты сипаттамасы, аяқты жерге қойып итерілу сондай-ақ бақылау қашықтығына 40-50% жүгіру мерзімінде көп көрінеді.

Генетикалық және қоршаған ортаға тәуелділікті, спорттық іс-әрекетті табысты ету аспектісінен қарастырған мамандардың пайымдауларынша көбінесе жеке биомеханикалық және морфологиялық функционалдық сипаттамалардың немесе олардың жиынтығының тұқым қуалаушылық негіздемесінің дәлелдеріне жоққа шығаруына баса назар аударады. Бұл кезде зерттеушілердің көпшілігі мәселенің мынадай маңызды жағын: адамның жеке даму процесінде және оның дене күші байланыстылығының деңгейін естен шығарып алады. Тұқым қуалаушылықты біздің көзқарасымыз бойынша, белгісіз бір бағыт бағдарламаларынан қарау қажет және ары қарай жүзеге асуы көптеген жағдайда қоршаған ортаға, сонымен қатар дене тәрбиесіне байланысты.

Бала ағзасын дамуының шектелген бағыттағы теориясы бар, ол бүкіл онтогенез бойында генетикалық бақылауда болады. Бірақ мұндай төмендеу жалғыз емес, себебі әсердің көптеген факторлары бар және олар aғзa дамуына өзгерістер енгізуі мүмкін. Генетикалық бағдарламаны жүзеге асыруға қоршаған ортаның факторлары қандай деңгейде және қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Эндокринді аурудан тіпті гормондық терапиядан сон да бала ағзасы бұрынғы даму жолына қайта оралады. Бұл генетикалық дамудың төмендеуі, даму жолына қайта оралу процесіндегі дұрыс тамақтанбайтын балалардан байқауға болады.

Ағзаның генетикалық дамуын бақылаудың қазіргі заманға сай теориясын поляктың танымал биологы еңбектерінде айтады. Бұл теория бойынша, адам ағзасының генетикалық дамуы негізделген бағдарлама бойынша жүреді. Әр балаға генетикалық бағдарламадағы жеке даму жолы тән. Қолайсыз факторлардъщ әсерінен (экологияның бұзылуы, аурудың қозғыштығы) бала дамуының генетикалық бағдарламасында немесе тіпті оның ең ақырында қажетсіз ауытқулары болуы мүмкін. Ауытқулар деңгейі, пікірі бойынша, факторлардың күшіне, оның әсер ету ұзақтығына сонымен бірге бұл өзгерістер адам өмірінің қайсы кезеңінде байқалғанына байланысты. Егер «соққы» тым күшті болса, өлімге әкеп соқтыратын құрылымдық өзгерістер болады. Әсіресе, олар жедел даму кезеңіне сай келсе. Егер соққының ұзақтығы үлкен болса онда ағзаның биохимиялық және морфофункционалдық елеулі өзгерістеріне әсер етуі және генетикалық бағдарламадан төменгі деңгейде өтуі мүмкін. Қолайсыз факторлардың әсері ағзаның жедел даму кезеңіне тап келсе, орны толмас ауытқулар болады.

Генетикалық канал туралы теорияны дамыта келе, қоршаған ортаның қолайлы жағадайларына (дене тәрбиесінің тиімділігі және күн тәртібіндегі дұрыс тамақтану) баланың жеке дара дамуы өзінің генетикалық саладағы бағдарламасының жоғарғы деңгейіне көтеріледі, басқаша айтқанда, даму мен есу процесінде табиғи ынтыландыру жүреді, — дейді.

Жетілу кезеңінде ағза дамуы мен өсуінің табиғи жағдайлардың бағдарын біздің арнаулы жас балалар спорт мектебіндегі әр түрлі спорт үйірмелері бойынша жасөспірім спортшыларға жүргізген бақылауларымыз дәлелдей түседі. Мұнда бала ағзасының үйлесімді дамуы мен өсу жағдайлары ретінде спорттық сабақтардың әсері көрсетілген. Жас балалар спорт мектебіндегі бағдарлама бойынша жүзу спортымен шұғылданатын жас спортшылардағы өзіндік қасиеттердің дамуын таңдауы, олардың денсаулығындағы оң өзгерісін көрсетеді. Әсіресе, ағзаның қуатты қамтамасыз ету жүйесінің дамуы, қозғалыс қызметін реттеп жетілдіру және олардың дене жұмыс деңгейінің жоғарылағандығын көрсетеді. Бұған мысал ретінде Ю.М.Шацков атты жаттықтырушының басшылығымен жеңіл атлетикамен айналысқан Я.Васишяның спорттық тарихын алуға болады. Арнайы жасалынған дене жаттығулар жиынтығы /секіру, тартыну, т.б./ және тәуліктік қозғалыс тәртібін орынды қолдана отырып, бұл спортшы төрт жылдың ішінде бойының ұзындығын едәуір өсіре алды.

Жас балалар спорт мектебінің оқушыларын бақылау барысында жаттығу сабақтарындағы жүктеменің өсімталдығы тиімді болған кезде спортшының сүйек диафизі жуандайтынын, сүйек ұлпасының қоюланып, синостоз процесі баяулайтыны байқалатынын көрсетті. Ұзын түтікше сүйектің дистальді бөлігі сүйек ұзындығының елеулі өскенін көрсетеді.

Мұндай өсу процестері дене жұмысына ең көп қатысатын сүйектерден жиі көрінеді. Мысалы, жасөспірім диск лақтырушыларда жеңіл атлетикамен 3 жыл айналысқаннан сон, оң қол сүйектерінің алыптан тыс үлкеюі байқалды [иық сүйектері шамадан 1,5 см ұзындау]. Волейболшы қыздарда 13 жастан бастап алақан сүйектерінің ұзарып жуандайтынын байқаймыз, әсіресе III алақан сүйек қалыптан тыс ұлғаяды, 16 жасқа жеткен волейболшы қыздардың бұл сүйегі сол жастағы спортпен шұғылданбайтын қыздарға қарағанда 3 мм ұзын. Біздің зерттеушілер дене жаттығуларының себепші болуымен сүйектің ені және ұзындығының өсуі әсіресе берілген спорт түрінің қимылына көп қатысатын сүйектердің өсетіні туралы қорытындыға келді. Мұндай өсудің механизмі түсініксіз.

Поляк ғалымдары Гданьск қаласының 8-14 жастағы 1850 ұл бала және 1309 қыз балалардың өсу өлшемдерін зерттеді. Олардың 856-сы спорт мектебінде оқитындар. Жас спортшылар сол жастағы спортпен шұғылданбайтын балаларға қарағанда бойы биік және дене салмағы үлкен болған. Бірақ бұл айырмашылық тура болмайды және 8-14 жаста ғана сақталды, бұл жаттығудың бой өсуіне әсері болмайтынын, спорт үйірмесіне ірі балаларды таңдап алатынын көрсетеді. Спортшылардың ішіндегі ең аласа бойлысы сайысшылар, ал ең ұзындары жүзушілер мен гандболшылар болды. Спортшылардың физиологиялық жасы олардың күнтізбелік жасынан асып кететіні байқалады.

Француз ғалымдары мектеп жасындағы жоғары мамандандырылған спортшыларға арналған сыныпта оқитын көптеген балалар тобын зерттеді. Бұл балалар аптасына орта есеппен 8-12 сағат жасайтын жаттығулар мен толық оқу процесін бірге алып жүре алады. Тексеруді дене тәрбиесі мұғалімі мен колледж, лицейлердің жаттықтырушылары жүргізді. Авторлар осы оқу мекемелеріне 2 рет анкета жүргізген, мұнда мұғалімдер өз оқушыларының антрометриялық және функционалдық мәліметтерін көрсеткен. Анкеталық сұрақтарға басында 312 жас спортшы қатысты. Бірақ кейін көбі әр түрлі себептер бойынша спортпен белсене айналысуды тоқтатып, әдеттегі мектептерге ауысты, ал мұғалімдер қолы бос еместігін сылтау етіп, ғалымдармен бірге жұмыс істеуден бас тартты. Сөйтіп 5 жыл ішінде тексерілген балалар саны 50 адам ғана болды, тағы да 3 тексеруден 30-ы өтті. Зерттеудің сонында барлығы 12-19 жастағы 763 ер бала және 12-17 жастағы 398 қыз баланың мәліметі бар 1185 анкета жиналған.

Анкеталардың статистикалық анализі жас спортшылар мен Францияның осы жастағы өзге тұрғындарының арасындағы морфологиялық өлшемдердің айырмашылығын дұрыс көрсете алмады. Дегенмен де спортшылар спортпен айналыспайтын балалардан биік [көбіне аяқтың ұзыңдығы байқалады], дене салмағы ауыр және қолдары  ұзын болып келеді. Иық белдеуі мен жамбас белдеуінің кеңдігінің тепе-теңдігі сондай-ақ жамбас белдеуі мен дене ұзындығының тепе-теңдігі оларда бірдей болмады. 

Ғалымдардың айтуынша, тіпті жедел түрдегі үздіксіз жаттығулардың өзі баладағы табиғи даму мен сүйек өсуіне елеулі әсер ете алмайды, бұл процестер тұқым қуалаушылыққа бағылады. Дегенмен де жас спортшылардың басым көпшілігінің ренттенограммасында сүйектің аздап жуандауы, әсіресе, денеге күш берген кезінде бұлшық етке көп салмақ түскен жерлердің жуандағаны көрінеді. Ғалымдар бұл феноменді сүйек пен сінір ұлпасының үлкен механикалық жүйке бейімдеп үйретудің әсері деп түсіндіреді. Бұндай әсер өсіп келе жатқан бұлшық ет массасының тірегі болып табылатын сүйек элементтерінің тығыздығынан білінеді.   

15 кәсіпқой балериналарда жамбастың көлденең бағытта анамальды жарылуы байқалған, бұлар бала кездегі сүйек, сінір, жамбас бұлшық еттеріне түскен тым артық салмақтығы нәтижесі екені дәлелденді.

Жас футболшылар мен гимнастарда төменгі жақтағы сүйектерден бұлшық еттің ажырап алыстауының 105 жағдайы байқалған. Мәліметтері бойынша, дзюдошылар мен қайық өсушілерде, спортпен айналыспайтын балаларға қарағанда, омыртқаның остеодистрофиясы көп кездеседі. Зерттеулердің дәлелдеуішпе, жаттығуды әрекеттен ерте және қарқынды басталған жағдайда балаларда елеулі, емдеуге қиын буындардың созылмалы ауруы кездеседі. Сондықтан ғалымдар арнайы маманданушы жас спортшыларды жүйелі түрде ренттенографиялық және функционалдық тексеруден өткізу керектігін айтады, өсу мен сүйек жетілуінің ауытқу процесін ерте тауып, оны ескеріп, жаттығу жүктемесін тиімді мөлшерлеу керектігін талап етеді.

Қорыта келгенде, біздің ойымызша, өсудің табиғи жағдайлары мен дене тәрбиесі бағдарламасының сабақтастығын тағы да айта кету керек. Дене жаттығуларымен тым көп айналысу ағза дамуына кері әсер етіп, спортшының денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін.

 

ІІІ-тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ

 

3.1. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен ролі

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттері (оның ішінде спорт жаттықтыруы) оқыту, дамыту және тәрбиелеу тәрізді іс-қимылдың үш түрі нәтижесінде және соның барысында (оқытушы орындайтын қызметтер) шешіледі.

Оқыту — дене жаттығулары тәсілдерін, тазалық пен гигиена дағдыларын, спорт тактикасы мен ілімдік білімдерді меңгеруге бағытталған, жүйе.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын дамытуды денсаулықты нығайту, қимыл қабілеті мен тұлға пішінін жетілдіру деп, ал тәрбиені идеологияны, мінез-құлқының мөлшерін, ақыл-ой, ерік және көңіл күй аясының тәртіп талаптарының, эстетикалық талғам мен этикалық тәлімнің қалыптасуы деп түсінген дұрыс.

Дене тәрбиесі ілімінде көп жағдайда дене тәрбиесінің міндеттері іс-әрекеттің екі түрі-оқыту мен тәрбиенің барысында және оның нәтижесінде шешіледі. Бұл жағдайда (оқытушы орындайтын қызмет) дамыту ескерілмейді. Адамның дене табиғатына қатысына қарай, ол биологиялық заңдылықтар бойынша жүретін белгілі бір жағдай мен процесті сипаттайды делінеді, бірақ басқару әрекетінің нәтижесі қатысты емес. Бұл көзқарастарды жақтайтындар педагогикалық процес ретінде саналатын «дамыту» түсінігін (дамытуды басқару ретінде) «тәрбие»түсінігінің синонимі деп есептейді. Адамның қозғалыс қабілетіне қатысы бойынша «дамудың» орнына қолданылатын «тәрбие» сөзін қолдануға басты дәйек ретінде олар «дене тәрбиесі» деген түсінікті келтіреді. Бұны былай талқылайды. Егер дене тәрбиесінің маңызы адамның дене дамуын басқарудан құралса, онда, әрине, адамның пішіні мен қызметі тәрбие пәні болып табылады. Егер «дене тәрбиесі» түсінігі дұрыс болса, онда «тәрбие» сөзін де ішінара қимыл сапаларына қатысына қарай «тәрбие» сөзін пайдалану да дұрыс.

Келтірілген мәлімдемелердің логикалық тұрғыдан дұрыстығы мынадан танылуы мүмкін, яғни «дене тәрбиесі» түсінігін анықтаудағы бастапқы көзқарас өте орынды. Алайда, бұл жерде де үлкен қате жіберіледі.

Дене тәрбиесінің негізгі мақсаты тек тұлғаның пішінін, ағзаның вегетативтік және анимальдық қызметін дамытуды басқару ғана емес. Дене тәрбиесінің негіз болып саналатын қозғалыс әрекеті – адамның ақыл-ой, ерік және көңіл-күйінің белгілі жақтарын, атап айтқанда бүкіл тұлғаны қалыптастырудағы күшті ықпал. Демек, «дене тәрбиесі» түсінігін кең көлемде қарастырады.

«Тәрбие» түсінігін ағзаның жеке бөліктерін органдары мен қызметін жетілдіруге бағытталған процестің мәнін ашу үшін пайдалану ғылыми түрғыдан толықпаған және қате ұғымға әкеледі. Осындай ұғымдарды басшылыққа ала отырып, біз саусақты, дененің белгілі бір жалғасқан ұлпаларын т.б. тәрбиелеу деп түсінуге тиіс боламыз. Шындығында, адамның қимыл сапасына ағзаның вегетативті қызметі мен дене пішініне қатыстылардың барлығы тәрбиеге емес, керісінше дамытуға қатысты.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқытушылардың орындайтын маңызды қызметі оқыту болып табылады. Ол басқа да міндеттерді шешуге көмек береді. Қимыл сапаларын, тұлға қалпын жақсарту, денсаулықты нығайту және т.б. дамыту мақсатында дене жаттығуларын орындау алдында осы қимылдарды үйрену қажет. Тек, жай жүру, жүгіру тәрізді (дене жаттығулары) табиғи қозғалыс түрлері ғана ерекшеленуі мүмкін. Оқыту әсіресе спорт жаттықтыруында үлкен мағынаға ие болады.

Спорттың күрделі дәлдіктегі түрлерінің спорт нәтижелерінің алға ілгерілеуі спорт жаттығуларының тәсілдерін меңгеру. Қозғалыс құрылымын жетілдіру, олардың жеке бөлшектерін орындаудың барынша тиімді нұсқаларын табу жолымен жүргізіледі. Бұған мысал ретінде диск лақтыруда тұлғаның снарядтан озып кетуі немесе штанганы кеудеге және «жұлқа» көтерудегі ұмтылысты пайдалануды айтуға болады. Спорттың әрбір түрінде қолданылуы спорт нәтижелерін жақсартатын тәсілдік жаңалықтар болуы мүмкін.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге арналған оқытудың мәнін анықтау сондай-ақ ағзаның қызметі мен дене пішінін, атап айтқанда күш, шапшаңдық және де басқа қимыл сапаларының күрт шектелуімен дәлелденеді, олар шексіз дәлел бермейді, ал тарихи жоспардағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі шектеусіз және өмір сүру барысында бұл процес адамның жаттығуына қарай ұзарып, жалғаса береді.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың ілімдік негіздері мен іс-тәжірибесі былай дамыды. 1917-1930 ж.ж. дене жаттығуларын оқыту жүйесі гимнастикалық жаттығулар қимылын есте ұстау сабақтарын еске түсірді. Оқытудағы ең бастысы оқушы қалай және нені орындауды түсінуі болды. Қимылды жетілдіру үшін қолданылатын қайталау «жаттанды» деп саналып, жүйеден алынып тасталды. Бір ғана спорт жаттығуларының көптеген түрлерін оқытты. Оқыту әдістеріне түсіндіру, бұйрық, сақтандыру (Г.А.Дюпперон) және имитация (А.А.Жемчужникова) жатқызылды. Көптеген ғалымдар (Л.В.Геркан мен Г.К.Бирзиннен басқалары) дене жаттығуларын оқытудың жалғыз ғана дұрыс жүйесі ретінде үйренген қимылды  түгелдей қайталауды таныды. Олар оқыту барысындағы күрделі дене жаттығуларын жеке бөліктерге бөліп оқытуды дұрыс деп санады. Тактика мәселелері бұл кезеңде оқытылмады. Спорт тактикасын қарсыласын жаңылдыру амалдары деп есептеді.

1931-1945 ж.ж. дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқытуға қатысты ғылыми-әдістемелік ережелерде көбіне танымдық жақтары қарастырылды. Үйренген қимылдардың құрылымы туралы түсінік қалыптастыру оқытушының негізгі міндеті болды. Дене жаттығуларын оқыту барысында оқытушы жұмысының бірізділігін қатаң сақтау қажет болды. Мысалы, алдымен үйренетін қимылды көрсету, сосын оны бейнелеп көрсетіп, соңынан қайталап жасап көрсетуге кеңес берілді. Тек осылай оқытқаннан кейін оны орындауға рұқсат етілді. Қате жіберілген жағдайда пайдаланылатын әдістер бірізділігі қайталанды. Оқытуда негізгісі үйренетін жаттығуды түгелдей орындау болды.

«Жеделдетіп» оқыту (И.И. Гребенщиков) ең тиімді саналды. Оларды жеделдету үшін қимылды көп рет қайталау «жаттанды» деп саналды, яғни саналылық ұстанымын бұзды. 1931-1946 ж.ж.жекелеген спорт түрлерінен тактикалық дайындық мәселелеріне арналған мақалалар шыға бастады.

1946ж соң дене жаттығуларын оқыту мәселелері жөнінде көптеген монографиялық жұмыстар жарық көрді (В.В. Белинович, Н.Г. Озолин, С.В.Янанис, М.А. Черевков, В.Д. Мазниченко және басқалар). И.П.Павловтың рефлекстер ілімімен теңесетін спорт жаттықтыруы нәтижесінде қозғалыс қимылдарын жетілдіру механизмін түсіндіру үшін ілімдік негіздер ретінде Н.А.Бернштейннің қимылды құру туралы ілімі қабылданды. 40-шы жылдардың соңында кеңес және шетелдік спортшылардың жинақтаған тәжірибесін талдау және жинақтау негізінде спорттағы дайындық тактикасының ілімі мен әдістемесін қалыптастырудың алғы шарттары құрылды.

 

3.2. Дене жаттығуларының тәсілі (техникасы)

 

Дене мәдениеті мен спорт сабақтарындағы оқыту мазмұнын дене (спорттық) жаттығулары спорт тактикасы мен білімі құрайды, олар спорт сабақтары мен жарыстарының міндеттерін орындауға қатысты.

Дене жаттығуларының тәсілі-бұл оларды орындау амалы ол кеңістікті бағындырудың амал айлаларын снарядпен, әріптесімен және қарсыласымен өзара қарым-қатынасты қарастырады. Алайда, ең жоғары маманданған спортшылардың тәсілдеріне талдау жасағанда қателер кездестіруге болады. Дене жаттығулары дұрыс немесе қате, жақсы немесе нашар болуы мүмкін, бірақ тәсілсіз ешқандай қимылды, тіпті оның ең қарапайым бөліктерін де орындау мүмкін емес.

Спорт жаттығулары тәсілдері түрлі топтардан құралған қимылдың күрделі жүйесін қарастырады. Спорт жаттығулары тәсілдерін бүтіндей және оның топтарының тәсілдеріне қарай бөледі. Спорт жаттығуларының топтары – бұл оның бөлімдері, кезеңдері мен элементтері болып табылады.

Спорт жаттығуларының бөліктері – бұл аталған жаттығуды құрайтын негізгі машықтар мен әдістер. Мысалы, жүзу бөліктеріне сөре, қашықтық бойынша жүзу, кері бұрылу, мәреге жету, ал ұзындыққа секірудің бөліктері-жүгіріп келу, тебілу, ұшу, қону жатады. Бірсайыс тәрізді спорт түрлері мен спорт ойындарындағы спорт жаттығуларының бөліктері жекелеген амалдар болып табылады (мысалы, баскетболда допты ұстап алу, алып жүру, допты беру, допты кәрзеңкеге салу).

Кезеңдері – бұл қандай да бір спорт жаттығуларының бөлімінің жекелеген әдістердің топтамаларының арнайы деталдары. Мысалы, жүзу бөлігі – бұрылуда кезең ретінде бассейн қабырғасынан аяқпен (немесе қолмен) тебілу, аяқ немесе тұлғаның қимылын және т.б. айтуға болады.

Қимылдың әр кезеңі оны құрайтын элементтерден тұрады. Кезең элементтері – бұл өзі бөлінген спорт жаттығуларының спецификасын жоғалтатын жағдайда дененің бір бөлігінің қимылы. Мысалы, аяқты бүгу, жүгіру кезіндегі тірек элементі. Шаңғымен жүруде тебілу алдындағы жартылай отыру, ұзындыққа секіру, т.б. элементі болуы мүмкін (1-сурет). Спорт, еңбек, әскери және басқа күрделі қимылдарды талдау жолымен құралған қарапайым гимнастикалық жаттығулар қимыл элементтерінің көптеген әдістерін қарастырады.

1-сурет. Спорт жаттығуының топшалары.

а-бөлімі; ә-фазалары; б-элементтері

 

Жаттығулардың барлық топтары өзара тығыз байланыста болады. Олар өзара әрекеттеседі. Жаттығудың жеке топтарының бір-біріне әсері өте үлкен, ол жаттығудың орта және соңғы бөліктерін тек бастапқы фазалары немесе элементтерін ауыстырғанда ғана өзгертуі мүмкін немесе керісінше (2-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Спорт жаттығуларының жеке топтарының қатынасы

 

Бүтіндей спорт жаттығуларын, олардың бөліктері мен фазаларын оларды құрайтын қимылдардың үш түріне бөледі: дайындық, негізгі, қорытынды. Дайындық қимылдарының қызметі қажетті инерцияны құру, дұрыс бастапқы қалыпты алу, жиырылу алдында бұлшықетті босаңсыту болып табылады. Негізгі қимылдардың қызметі – аталған спорт жаттығуларының қимыл міндеттерін орындау. Қорытынды қимылдардың қызметі – спорт жаттығуын орындағаннан соң дене қалпының тұрақтылығын сақтау немесе қимылды жалғастыруға жағдай жасайтын қалыпты алу.

Қимылды орындау барысында нәтижелері бойынша жақын екі жұптасып көрінетін құбылыстар пайда болады, бірақ қимыл қалыптастылығы мен тұрақтылығының механизмі бойынша ұқсамайтын, сол сияқты қимыл тербелісі мен жеке тұлғалылығы жағынан қарама-қарсы құбылыстар туындайды.

Тұрақтылық – оқушы көп қадамнан кейін мақсатына жететін қимылды меңгеру деңгейімен сипатталады (Мысалы, он лақтырудың тоғызында баскетбол кәрзеңкесіне доп салу).

Қалыптылық – аталған қимылдың негізгі сипаттарын барлық орындаушылар үшін, орындау міндеттілігімен түсіндіріледі (Мысалы, ұзындыққа секірушілердің барлығы сәйкес жылдамдықта және белгіленген бөлікке сәйкес ырғақта тебіліп, дене бөліктерінің бір-біріне қатысы бойынша белгіленген қалпын сақтап, ауада ұшып, жүгіруі тиіс).

Тербеліс – тіпті мақсатқа дұрыс жеткенде де орындалған қимылдың негізгі сипаттарының өзгеріске ұшырауымен сипатталады. 3-суретте көрсетілгендей балғаның әр соққысы шегеге тиеді. Алайда бұнда сипаттайтын қимыл жоқ. Бұл құбылыс адамның барлық қимылдарына қатысты болады (Мысалы, баскетболдағы он айып добының биомеханикалық талдауы тоғыз үздік орындаудың құрылымының өзінде ерекшелік болатынын көрсетеді).

3-сурет. Қимыл тұрақтылығы мен тербелісі

 

Қимылдың жеке тұлғалылығы орындаушының дене ерекшелігіне орай сипаттардың өзгеруімен сипатталады.

Сонымен, тұрақтылық адамның қимыл міндеттерін шешу қабілетімен, қимыл мақсатына жетуімен, ал қалыптасу-қимылдың барлық құрылым жақтарының ортақтығымен сипатталады.

Тербелісітілігі қимылды орындау заңдылығын көрсету болып табылады, ал олардың жеке тұлғалылығы орындаушының ерекшелігіне байланысты болады. 4-суретте тұрақтылықтың, тербелістің, қалыптылық пен жеке тұлғалылық ұғымдарының мәні көрсетілген. Онда екі адам «Елизавета» сөзін (А және Б) жазған, ол бір-біріне өте ұқсас, бұл-қимылдың тұрақтылығын көрсетеді. Ал олардың әрқайсысы әр жазылғанда жеке әріптерде өзгешеліктер бар, бұл-тербеліс болып табылады. А мен Б әрбір әріптің жазылу ережесін сақтай отырып жазғаны қимыл тұрақтылығы болып саналады. Ал бір сөзді жазуда А мен Б-ның жазуында тек олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар, бұл-жеке тұлғалық болып есептеледі.

 

А

Б

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета

4-сурет. Қимылдың тұрақтылығы, тербелісі,

қалыптылығы және жеке ерекшелігі

 

Спорт жаттығулары тәсілі мен спорт тактикасының тұрақты ерешеліктерін спортшының (команданың) стилі деп атайды.

Спорт жаттығуларының тәсілін спортшының өзіндік тәжірибе көмегімен, қимыл зерттеуінің нысандық (аспаптық) әдістерін пайдаланып оқытушылар жүргізген педагогикалық тәжірибелер жетілдіреді.

 

3.3. Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы

 

Қимыл әрекеттеріне оқыту адамның кинематкалық, динамикалық және ырғақтық сипатын меңгеруінен құралады.

Қимыл өзінің топтарын қосқанда түгелдей кеңістікте, уақытпен, белгілі бір ішкі және сыртқы күштердің өзара байланысында және белгілі бір ырғақпен орындалады. Кеңістікті уақытты және уақытты-кеңістікті сипаттар қимылдың кинематикалық құрылымын, ал кішкі және сыртқы күштердің өзара әсерлері-қимылдың динамикалық құрылымын, ал уақытты-кеңістікті және динамикалық сипаттар біріге отырып, қимылдың ырғақтық құрылымын құрайды (5-сурет). Қимылдың кинематикалық құрылымының үш түрлі сипаты бар: кеңістікті, уақыттық және уақытты-кеңістікті. Кеңістікті сипат дене қалпын, дене қимылының жолын және оның бөліктерін бейнелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет. Адам қимылының кинеатикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары

 

Дене қалпын былай бөледі:

а) бастапқы қалып;

ә) қимыл барысындағы қалып;

б) дене жаттығуын аяқтайтын қалып (дұрыс немесе шартты белгіленген) (6-сурет). Спорт әдебиеттерінде бастапқы қалыпты сөрелік қалып деп атайды.

6-сурет. Дене тұрғысы

а) бастапқы; ә) қимыл кезінде; б) қимылды аяқтаған соң

 

Мақсаты қимыл өнерін меңгеру болып табылатын спорт түрлерінде дене қалпы қимыл тәсілімен тең бағаланады.

Қимыл жолдарын былай бөледі: қимыл құлашы мен бағыты. Жолдың пішіні бойынша қисық сызықты және түзусызықты қимыл болып бөлінеді. Адам қозғалысында қисықсызықты жол болады. Тіксызықты қимылдар кейбір қысқа үзіктерде дене бөлігінің  жоғары жылдамдығын дамыту міндетті болып саналатын жағдайда кездеседі (мысалы, бокстағы тіке соққыдағы қол қимылы, семсерлесудегі семсерді тығу қимылы).

Қимыл бағыты бойынша негізгі аралық және айналу болып бөлінеді. Негізгі қимылдар, бұл-жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға, аралық қапталына және жоғары-солға, қапталына оңға және басқалар; айналу-артқа және алға, яғни сагитальдық жазықтықта (мысалы, артқа және алға аунау, кері аунау), бет жазығымен солға және оңға (мысалы, қапталға ауысу), көлденең жазықтықта (мысалы, суға секіруде «бұралу») оңға және солға.

Қимыл жолының құлашы бұл дененің қимылдаған бөлігінің басып өтетін қашықтығы. Құлаш бұрыш градусында немесе сызық шамасымен анықталады (7-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сурет. Қимылдың кеңістіктік сипаттары

 

Қимылдың уақыттық сипатына оның ұзақтығы мен темпі жатады. Қимыл ұзақтығы – бұл жүргізілген жолға қарамай созылған уақыт. Қимыл-темпі – бұл уақыт бірлігіндегі біркелкі қайталанатын қимылдар саны. Ол сондай-ақ қандай-да бір қашықтықта немесе тапсырылған қимылды орындау уақытында біркелкі қайталанған қимыл санымен анықталады.

Қимылдың «жылдамдығы» мен «темпі» ұғымы мағынасы жағынан жақын болғанымен, бөлек. Мысалы, белгілі бір темпте бір орында жүгіру мүмкін (яғни, уақыт бірлігінде белгілі қимыл санымен), бірақ бұл қимылды жылдамдығы бойынша сипаттауға болмайды. Себебі, бұнда жүргізілген жол жоқ. Алайда, спорт тәжірибесінде «Жылдамдық» пен «темп» ұғымы көбіне тең мағыналы болып қолданылады. Қашықтықты тез жүгіріп өткен спортшы туралы осы қашықтықты сонша қадаммен баяу өткен спортшыға қарағанда «Жүгіру темпі жоғары» екен дейді.

 Дененің жеке бөліктерінің қимыл темпі оның салмағына байланысты. Дене салмағы неғұрлым төмен болса, соғұрлым қимыл жиілігін дамытуға болады. Ең көп жиілік қол саусақтары қимылында болады, ал иық пен шынтақ буынында баяулау, ал дене қимылы өте баяу болады.

Дене қимыл құлашына тәуелді болады. Жүгіру, ескек есу, коньки тебудегі темпті ұлғайту белгілі бір көлемде қимылды басып өту уақытын нашарлатады, себебі қимыл құлашы азаяды. Айналымдық спорт түрлерінде қимыл темпі көбіне спортшының аяғының ұзындығына, сол сияқты спортшының тәсілі мен шапшаңдығының даму деңгейіне байланысты болады.

Қимылдың кеңістікті-уақытты сипаттамасына қимыл жылдамдығы жатады. Қимыл жылдамдығы дененің жеке бөліктерінің немесе дененің өзінің кеңістікте орналасу уақытына байланысты, себебі осы жолды жүріп өтуге жұмсалған уақытқа, дененің өткен жол ұзындығына қатысты болады. Қимыл жылдамдығы бойынша біркелкі немесе әртүрлі болады. Егер жылдамдық жол бойына өзгермесе, онда қимыл біркелкі, егер өзгерсе, онда әркелкі уақыт бірлігіндегі жылдамдық өзгерімі жылдамдық алу деп есептеледі. Ол оң және теріс болуы мүмкін. Күрт жылдамдық өзгерісі жоқ қимылдар толқынды деп аталады. Әркелкі жылдамдық алған немесе әркелкі баяулаған қимыл күрт қимыл деп аталады. 8-суретте қимылдың уақыттық және уақытты  — кеңістікті сипаттама жүйесі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сурет. Уақыттық және кеңістік уақыттық қимыл сипаттамасы

 

Еркін және мәжбүрлік жылдамдық түрлері бар. Егер адам өз қимылының басқарушысы ретінде болса, онда жылдамдықты еркін деп атайды. Егер негізгі фактор, яғни қимыл шарты өзгермелі жылдамдық болса, оны мәжбүрлік  деп аталады (мысалы, тауға шаңғымен көтерілгенде жылдамдық еркін, ал таудан түскенде – мәжбүрлік).

Қимылдың динамикалық сипаттамасы үшін «қимыл күші» ұғымы пайдаланылады. Адам қимылына әсер ететін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге жататын мыналар: а) қимыл аппаратының белсенді күштері – бұлшықеттің тартылу күші (адамның кез-келген қимылы-басқа да ішкі және сыртқы күштерімен өзара байланыста болатын бұлшықет тартылу күшін жұмсау нәтижесі); ә) тірек-қимыл аппаратының әлсіз күштері (бұлшықеттің серпімділігі және басқа); б) реактивті күштер – дененің жылдамдық алу қимылы нәтижесінің топтарының өзара қатынасынан туындайтын бейнелеуші күштер. Сыртқы күштерге мыналар жатады: а) өз денесінің ауырлық күші (жердің тартылыс заңы); ә) тірек реакциясының күші; б) сыртқы ортаның қарсылысының, тебілудің қарсылық күші; в) дененің ауыспалы бөліктерінің инерция күштері (9-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сурет. Қимылдың қарқындық сипаты

 

Қимылдың ырғақтық құрылымы уақытты – кеңістікті және динамикалық сипаттардың бірліктерімен бейнеленеді. Ырғақ, бұл – қимылдың уақыт пен кеңістікте белгілі сәттердің ерекшеліктерімен кезектесуі болып табылады. Кейбір спорт жаттығуларында ол (гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, ауыр атлетикада, кедергімен жүгіруде, секіруде және лақтыруда, т.б.) өте дәл көрінеді. Екі немесе одан да көп спортшылар қатысатын спорт түрлерінде (жалпы қимыл мақсаты бар) ырғақ белгілі қимылдарды орындауға сәйкестеніп  көрінеді. Ырғақ снаряд қимылынан туындайтын күштер қозғалған снарядпен спортшының күшіне сәйкес түрде пайда болады, ол белгілі бір мақсатты орындау үшін пайдаланады. Бұндай ырғақ сырықпен секіру орындарында, батуттағы жаттығуларда және т.б. орындалады. Күш әсерін бір жаттығуды екіншісіне сәйкестендіріп орындағанда ырғақ болады. Мысалы, ол белтемірдегі тірекке артқа құлап, асылып, сосын пайда болған күштерді қолданып артқа көтерілу арқылы белтемірге тіркеліп орындайтын гимнасттың қимылында туындайды. Спорт тәжірибесінде ырғақ қимылды қарқынмен орындау ретінде көрінеді. Негізінде қимылды жеке сәттерді түрлендіруге белгілі бір күш салу әсері бірнеше адамдар арасында жүргізіледі және ырғақтың бірден – бір пайда болу жолы болып табылады.

Спорт жаттығуларының ырғағы өзінің топтары – бөлімдері, фазалары мен элементтерінің қимыл ырғақтарын біріктіреді. Ырғақ жоғары нәтижеге жетуге көмектесетіндігі дұрыс, әрі тиімді, сол сияқты нәтижені төмендететін дұрыс емес және тиімсіз болып келеді. Қимылдың тиімді ырғағы сыртқы ортаның қарсылас күштерімен өзара байланыста қалыптасқандықтан, олардың өзгерісі қимыл ырғағына әсер етеді. Демек, жұмсақ топырақты жолдағы жүгіру ырғағы битумды жолмен жүгіру ырғағынан өзгеше болады.

 

3.4. Спорт тактикасы

 

Спорттағы тактика – бұл спорт жарыстарында жақсы табысқа жету мақсатында туындаған ситуациялар мен жағдайларға байланысты спортшының немесе спорт командасының мінез – құлқының, қимыл-әрекетінің жоспарлы өзгеруі.

Спорттың командалық түрлерінде жеке тұлғалық, топтық және командалық тактика түрлері бар. Өз саны жағынан тактикалық нұсқалар спорт тәсілінің бар түрлерінен көп.

Жарысқа қатысуға дайындықты көзмейтін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында спорт тактикасы болмайды.

Спорт тактикасының өзгеруіне көптеген жағдайлар әсер етеді. оның біріншісі ретінде спорт түрінің ерекшелігін атауға болды. Тактикалық ерекшелігіне қарай спорттың барлық түрлері негізгі алты топқа бөлінеді.

Бірінші топқа алыс қашықтыққа, ұзақ және орта қашықтыққа жарыстыратын айналымдық спорт түрлері жатады. Тактикалық тұрғыдан спорттың бұл түрлері өзінде қарсыластар арасында (жүзуден басқа) қатынас болатынымен ерекшеленеді, ал командалық есептегі жарыстарда әріптестер арасында өзара әрекет болуы мүмкін. Бұл спорт түрлерінің топтарында тактикалық бейнелеулер жарыс міндеттері мен метеорологиялық жағдайлар, қарсыластар құрамы және өз жағдайы есебімен қашықтық бөлігін басып өту кестесін (жылдамдық) алдын-ала құруға көмектеседі. Қажет орында қарсыластың оңтайлы қимылын пайдаланып, қарсыластан басып озу немесе соның артынан жүру т.б. жағдайда жылдамдықты өзгерту нұсқалары анықталады. Бұнда спортшының өзіне қолайлы күш жұмсау жолдарын ғана емес, сол сияқты қарсыласқа қолайсыз жағдай тудыру керек.

Екінші топқа қысқа қашықтыққа жүгіруді қарастыратын айналымдық спорт түрлері кіреді. Тактикалық тұрғыдан оларда әріптестер арасындағы қарым-қатынас тек эстафеталық жарыстарда ғана мүмкін болады. Қарсыластар арасында қатынас болмайды, өйткені олардың жолдары бөлек. Тактика сөредегі мінез-құлықты анықтауға, алдын-ала және мәрелік жарыстарда күшті тиімді жұмсауға арналған.

Спорттың үшінші тобына жеңіл-атлетикалық лақтыру, секіру және ауыр атлетика жатады. Оларда спортшылар бір-бірінен бөлек, бірізбен, жеребе тастап анықтап өнер көрсетеді. Спортшылардың тактикалық ойлауы жаттығуды жетілген тәсілмен орындауға тырысу, қимыл фазасын немесе белгілі бір бөлігін қарқынды орындық немесе жай жоғары нәтижеге жетумен жасалады. Қарсыластар бір-біріне тек жанама әсер береді. Өзара ықпал құралы ретінде спорт жекпе-жегі барысында көрсеткен нәтижелер ең бастысы бола алады (мысалы, лақтырушының немесе ұзындыққа секірушінің бірінші әрекеттен жақсы нәтиже көрсетуі немесе жарысты үлкен салмақтан бастап, ендігі өз қарсыласынан тактикасын біршама асырған штангашы).

Спорттың төртінші тобына спорт гимнастикасы, көркем гимнастика, акробатика, коньки тебу, батутке секіру, суға секіру жатады. Онда қарсыласпен байланыс жоқ. Спорт қимылдары өтетін талап тұрақты. Бұндай спорттағы тактика тәсілдік әдістердің, спорт жаттығулары элементтерінің, оларды біріктіру, қимылды барынша мәнерлеу құралдарын табудың өзгеруін қарастырады.

Бесінші топқа бірсайыс және спорт ойындары кіреді. Ондағы қарсылас үшін күтпеген және жақсы ойластырылған тактика көп жағдайда жоғары маманданған, тәсілдік және дене жағынан жақсы дайындалған спортшыны немесе иықты команданы да жеңіп шығуға көмектеседі. Спортшының мінез-құлқы, оның қолданған тәсілдік амалдары әсіресе қарсыласына көп байланысты. Спорттың бұл түрінде тактикада шабуыл және қорғаныс тактикасы болып бөлінеді. Шабуылдың басы, дамуы және аяқталуы болады. Шабуыл қимылдарына барлау, маневр жасау, түрлі арбау қимылдары (финттер) жатады.

Спорттың алтыншы түрі көпсайыс болып табылады. Ондағы тактикалық, белдесу аталған көпсайысқа ендірілген спорт түрлеріне тән тактика есебінен құрылады. Сонымен бірге спортшы тактикасы да жарыс барысында оның және оның қарсыласының көпсайыстың жеке түрлерінен жеткен нәтижелеріне байланысты өзгеріп отырады.

Тактикаға әсері ететін тағы да басқа жағдайларға жарыс ережесі жатады. Оның өзгеруі спорт жаттығуын орындау әдістеріне, спорт жекпе-жегінің мерзімін шектеп жүргізу талаптарына әсер етуі мүмкін. Тактиканың бұлай өзгеруіне мысал ретінде волейболдағы шабуыл соққысында қорғаныс уақытында торға қолмен салуға рұқсат берілуімен байланыстылығын немесе еркін және классикалық күресте белдесуді 20-дан 10-минутқа дейін ұзақтығын қысқартуын келтіруге болады.

Спорт тактикасын өзгертетін үшінші жағдайларға жарыс туралы ережелерден шыққан міндеттер мен спортшының немесе спорт командасының алдына қойылған міндеттерді айтуға болады. Жарыс туралы ережелер команда ішіндегі күшті дұрыс жұмсау мен жарыстың әр бағдарлама түріне қатысатын ойыншылар санын анықтайды. Спортшының алдына қойылған міндеттерге тәуелді тактикаға мысал ретінде өзі үшін ең жоғары нәтижеге жету немесе көрсеткен нәтижесімен де жеңіске жету талабын келтіруге болады. Бірсайыс түріндегі спорт түрлерінің командалық немесе жеке-командалық жарыстарында тактика кейде өзі алға шықпай-ақ, сол арқылы (өз командасының мүшесімен күрес) өз командасын жеңіске жеткізуге тиімді болатынына құрылуы мүмкін.

Спорт тактикасына әсер ететін төртінші жағдай спорт жарыстарына ықпал ететін сыртқы жағдайлар болып саналады. Жарыс өтетін орындардың, жарықтың, метеорологиялық және басқа да жайттардың өзгеруі спортшы алдына қойылған қимыл міндеттерін орындау амалдарын өзгертуді түсінуін білдіреді, яғни оларға спорт тактикасын таңдауға ықпал етеді. Тактиканың сыртқы шарттарға тәуелділігі шаңғы тебуде көрінеді, онда қашықтық бедері мен ауа-райы жағдайларының өзгеруі қозғалыс әдістері мен қимыл темпін өзгерту қажеттігін көрсетеді. Сыртқы жағдайлар спорт ойындарының тактикасын өзгертеді (мысалы, ашық күнде ойнап жатқан баскетболшыларға тактикасына көзді шағылыстыратын жарық алыстан доп салдырмайды және үлкен мөлшерде бөлініп шығуға мұршасын келтірмейді).

Тактикаға әсер ететін бесінші жағдай – бұл әріптестер мен қарсыластар, олардың бой және салмақ өлшемдері, олардың қимыл сапасының даму деңгейі, мінез-құлық, тәсіл және тактика ерекшеліктері болып саналады. Бұның барлығы бірсайыс және спорт ойындарында тактикада көрінеді. Мысалы, боксшы қимылы қарсыласының қандай тұрыста ұрыс жүргізуіне, (оң қапталды және сол қапталды) оның бой, қол ұзындығына байланысты жүргізіледі.

Спорт тактикасына ықпал ететін алтыншы жағдай спортшының өзінің жағдайы мен дайындығы, оның дене бітімі, тәсілдік дене және тактикалық дайындық деңгейі болып табылады. Бапкер спортшы алдына ол тәсілдік дағдыларды меңгеріп қажетті қимыл сапаларын дамытпайынша күрделі тактикалық міндет қоя алмайды. Нашар маманданған спортшыларда олардың тәсілдік және дене дайындығы қолданған тактикасын анықтайды, ал жақсы маманданған спортшыда керісінше тактиканы ойлауы көбіне тәсілді және орындалатын қимыл сипатын анықтайды. Шаршау да тактикалық міндеттерді орындауға едуәір ықпал етеді.

 

3.5. Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары

 

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың басты мақсаты қимыл дағдыларына машықтану болып табылады. Қимыл дағдылары-бұл адамның оқыту нәтижесінде меңгерген қимыл әрекеттері. Барлық жасалған қимылдар (адамның барлық қимылының 99%-ы) түрлі күрделіліктегі қимыл дағдылары болып табылады. Қимыл дағдылары ауыспалы қасиетке ие.

Қимыл дағдыларының ауыспалылығы оларға оң немесе теріс ішінара әсерімен бейнеленеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы қимыл, дағдыларының ауыспалылығы түрлі дене жаттығуларының жеңіл ерекшеленетін қрылым ұқсастығы бар жағдайда пайда болады, мысалы,қол добы мен баскетбол ойындарындағы немесе бруське асылып жазылып көтерілуі, сондай-ақ белтемірге жазылып көтерілу әдістерін (баскетбол ойнаған адам қол добы ойындарының тәсілін меңгереді, белтемірде жазылып көтерілуді меңгергеннен кейін бруське жазылып көтерілу оңайырақ). Сондықтан бұндай дене жаттығуларын бірізді және біруақытта үйренген жөн. Оң ауыспалы түрлеріне қиылысып ауысу жатады. Ол адам орындауға жақсы жаттыққанымен, кейін сол жағымен де жақсы орындауымен сипатталады.

Қимыл дағдыларының теріс алмасуы түрлі дене жаттығуларын орындағанда қимылдың жеке элементтерін жасау қиын болған кезде туындайды. Мысалы, биіктікке секіру мен кедергімен жүгіруде тебілу фазасы орындалады, алайда оның бұл түрдегі сипаты кей бөлшектерде ерекшеленетін соншалық жаңадан бастаған спортшы оны дұрыс жасай алмайды. Сондықтан бұл екі жаттығуды бір мезгілде үйрену дұрыс емес (10-сурет).

 

 

10-сурет. Кері тебілуге оқытудағы қимыл дағдыларын кері ауыстыру үлгісі:

 а-кедергімен жүгіру; ә-биіктікке секіру

 

Қимыл дағдыларын құрып, дамытатын төрт әрекетті атап көрсетеміз:                1) білім аясын меңгеріп, қимылдың мақсатын, құрылымы мен нәтижесін танытатын танымдық әрекет; 2) сәйкес шартты рефлекторлы байланыстарды белгілеп, қорытатын әрекет; 3) ағзаның вегетативті қызметі мен тірек-қимыл аппаратын морфологиялық және қызметтік қайта құру әрекеті; 4) үйренетін қимыл талаптарына сәйкес қимыл сапасы мен психика жағынан дамыту әрекеті.

Қимыл дағдыларын машықтануды дамытумен қатар меңгеру түзу емес, үзбегі қисық сызықпен жүргізіледі. Бастапқыда машықтану тез болады, сосын ұзақ уақыт баяу жылжиды, онда мезгіл-мезгіл үзіліс және төмендету жағдайы кездеседі, содан кейін машықтанумен күрт шұғылданып және қайтадан үзіліс немесе баяулау кезеңі басталады.

Күрделі дене жаттығуларын оқытуға бөлінетін кезең үш кезеңге бөлінеді таныстыру, қимыл құрылымын меңгеру және дене жаттығуларын орындауды жетілдіру.

Бір немесе бірнеше сабаққа созылатын таныстыру кезеңінде дене жаттығуларын үйрету туралы, ең бастысы оның кинематикалық құрылымы, сол сияқты аталған спорт түрінен спорт жекпе-жегінің негізгі шарттары мен ережелері туралы алдын ала ұғымдар мен түсініктер құру міндеті тұрады. Бұл міндеттердің біріншісін шешу үшін қимыл құрылымын жеңілдетіп, жаттығуды оңайлатып орындайтын жағдай туғызу қажет болады (мысалы, кедергі биіктігін төмендету, снаряд салмағын азайту, алаң көлемі мен қимыл қарқынын азайту, қашықтықты қысқарту, жарыстарда сақтауға қажет ережелерді ескеру).

Бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылатын қимыл құрылымын меңгеру кезеңінде мынадай міндеттер қойылады: 1) үйренетін қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы нақты мәлімет құру; 2) жеңілдетілген жағдайда тербеліс шартында оларды дұрыс орындау үшін спорт күресінде қолданылатын негізгі амалдар мен жаттығуларын меңгеру; 3) аталған спорт түрінің негізгі тактикасымен таныстыру.

Шұғылданушы өз нәтижесін көтеруге тырысатын уақыттың барлық жетілдіру кезеңінде мынадай міндеттер қойылады: 1) спорт күресінің өзгермелі жағдайында көп күш жұмсап қимылды орындауда дұрыс тәсілді сақтауға мүмкіндік беретін спорт жаттығуын меңгерудің жетілдіру деңгейіне жету; 2) үйренетін спорт түрінің талаптарына сәйкес қимыл сапасы мен психикалық қасиеттерін дамыту; 3) тактикалық әдістерді игеру және оны туындаған жағдайға қарай шығармашылықпен қолдану қабілетін дамыту.

Арнайыландырылған спорт сабақтарында (спорт машықтануы) спорт жаттығуларының тәсілдеріне оқытуға арналған кезең болады. Бұл кезең 3 аптадан бірнеше жылға созылады. Оның жалғасуы шұғылданушы мен спорт түріне байланысты болады. Оқытуға дайындық кезеңінде шұғылданушылардың қызығушылықтары мен қабілеттері анықталып, аталған спорт түрі сабақтарына белсенді оң көзқарас қалыптасады, аталған қимыл дағдыларына меңгеруге арналған негіз болып табылатын дене дайындығы қамтамасыз етіледі. Кейде бір спорт түрінің тәсілін меңгеру үшін басқа спорт түрімен айналысу қажет (мысалы, суға секіруге оқытуда акробатикамен айналысу қажет). Көп жағдайда оқуға дайындық міндеттері оқытушы қатыспай-ақ шешіледі (мысалы, балалық жастағы ойындар барысында немесе түрлі спорт түрлеріндегі өзіндік сабақтар). Бұл аталған спорт түрінен алдын ала дайындықсыз тәсілдерді үйренуге кірісуге мүмкіндік береді.

Дене жаттығуларына оқытудың барлық кезеңдерінде (спорт жаттығуларының тәсіліне) басқарушы ережелер дене тәрбиесі мен спорттық педагогикалық ұстанымдары болып табылады.

 

3.6. Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-синтезі

 

Дене жаттығуларын оқытудың ең басында шұғылданушы үлгілі сипатына (құрылымы бойынша) барынша жақын қимылды орындауы үшін тырысуы қажет. Бұл үшін екі әдісті қолдану керек: бірінші-жағдайда жеңілдету, қимыл қарқынын төмендету; екіншісі-спорт жаттығуларын жеке қимылдар мен амалдарға қимыл құрылымдары бойынша барынша қарапайым жаттығуларға бөлу. Оқытудың бірінші әдісі бүтін деп, екіншісі-бөлшектеу деп аталады. Олардың бірігіуін кешенді әдіс деп атайды.

Ең бір дұрыс әдіс ретінде кешенді әдісті тануға болады. Бөлшектеу немесе бүтін әдістің күрделі қимылдарды оқытуда өзіндік мәні жоқ. Алайда, «кешенді әдіс» деген түсініктің өзі оның мазмұнын аша алмайды. Бұнда қимылдың анализ-синтезі түсінігін қолдану дұрыс.

Қимылдың талдау-жинақтауы дене тәрбиесі мен спорттың педагогогикалық ұстанымдарының бірі ретінде көрінеді. Бұл ұстаным, бұның алдында айтылғандай күрделі идеяларды, құбылыстар мен әрекеттерді барынша қарапайым ұғымдарға түсінуі, меңгеруі және дамытуы жақтарынан жеңіл ұғымдарға бөлшектеу қажет заңдылығына негізделеді.

Дене жаттығуларын оқытуда талдау-жинақтауды іске асырудың міндетті талаптары бөлшектенген жүйе бүтін жаттығуларда өзінің органикалық бірлігін жоғарылатпаудан тұрады. Бөлінген бөліктер фазалар мен элементтер күрделі үйлесімге біріктірілгенге дейін барынша жақсы бекуі тиіс. алайда жекелеген бөлшектерде ұзақ жаттығулар күрделі дене жаттығуларын бүтіндей орындауда қимыл үйлесімі бұзылады. Сондықтан спорт жаттығуының бірнеше бөліктері, фазалары мен элементтерін бір-біріне кезеңдеп ауысып, бір мезгілде шұғылдану қажет.

Талдау деңгейі шұғылданушының бөлшектенген жүйе қимылын дұрыс орындау қабілетіне байланысты болады. Әр шұғылданушы үшін әрбір спорт жаттығуын да ол дұрыс, әрі спорт жекпе-жегінің шынайы жағдайында түгелдей орындай алатын аталған спорт жаттығуларының топтарына тән күш жұмсап жасай алатын бөліктер мен фазаларды табу қажет.

Дене жаттығуларын меңгерудегі табыс оның топтарын үйрену бірізділігіне тәуелді. Әрбір күрделі дене жаттығуларында бөліктер, фазалар мен элементтер болады, олардың дұрыс орындалуынан көп деңгейде қимыл тиімділігі байланысты болады. Спорт жаттығуларының негізін бүтіндей-негізгі бөлім, спорт жаттығулары бөлімінің негізін-негізгі фаза; спорт жаттығуының негізгі фазаларын-негізгі элемент деп бөледі. Мысалы, биіктікке, секірудің төрт бөлімінің (жүгіріп келу тебілу, кедергіден өту, қону) негізгі бөлімі тебілу; тебілудегі негізгі фаза тебілу аяғын және соған лайық, дене қалпын қою; фазада тебілу үшін негізгі элементтер бел мен иықтың қимылы болып табылады.

Спорт жаттығуларының негізін белгілеуді ішінара жасаған жақсы, өйткені оқытуды соның өзінен бастау керек. Түрлі спорт жаттығуларында, сол сияқты олардың жеке бөліктері мен фазаларында қимыл негізгі басында, ортасында және соңында болады.

Егер біз үйренетін күрделі құрылысты дене жаттығуларын Н әрпімен, ортасын С әрпімен, соңын К әрпімен белгілесек, онда сызбада күрделі дене жаттығуын үйренуінің бірізді дұрыс үш нұсқасын келтіруге болады.

Бірінші нұсқада күрделі дене жаттығуының негізгі бөлімі басында тұр. Ол бірінші меңгеріледі. Одан кейін қимылдың ортаңғы бөлімінің тәсілі үйретіледі. Оған енді меңгерілген бастапқы бөлімі қосылады. Бұның соңынан жаттығудың қорытынды бөлімінің тәсілі үйретіледі. Оған меңгерілген ортаңғы бөлім қосылады. Соңында спорт жаттығуының тәсілі бүтіндей меңгеріліп, бекітіледі. Екінші нұсқада спорт жаттығуының негізгі бөлімі ортасында, ал үшінші нұсқада соңында болады.

Сонымен, күрделі дене жаттығуларының тәсілі үнемі қарапайымнан күрделіге немесе басынан соңына қарай, яғни әрекеттің жүру ретімен орындалмайды. Бірінші кезеңдерінде негізгі бөлім, фаза немесе элементтерді үйреніп, сосын оған басқаларын қосу керек.

 

3.7. Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау

 

Саналылық және сезімдікті бақылау дене тәрбиесімен спорттың педагогикалық ұстанымдарының бірі болып табылады. Бұл ұстаным адамның қимылы мен психикасы арасындағы заңды байланысқа негізделген.

Орындалатын қимылдар ең алдымен сезім мүшелерімен қабылданады. Оларды көруге болады, кейде одан шығатын дыбыстарды естуге болады, ең бастысы оларды кинестезикалық сезіммен қабылдау болып табылады.

Қимыл әрекетін оқыту процесінде сезім мүшелерінің қосынды әрекеті орталық жүйке жүйесінде жинақталады. Одан кейінгі әрекеттерде туындаған бейнелерді тексеріп, нақтылауға мүмкіндік беретін жаңа сезім пайда болады. Қимылды орындауға жаңа әрекеттер жасағанда жаңадан үйренетін қимыл туралы барынша дәл ұғымдар құрылып, санада жинақталып, түйінделетін жаңа сезімдер пайда болады. Олар тәжірибе жүзінде қайтадан тексеріледі. Қимыл дағдыларын меңгерудің бір кезеңінің екіншісінен айырмашылығы қимылды орындауды ашуда жаңа сезімдер, тіпті жаңа сезімдерді қабылдаулардан тұрады. Кез-келген  дағдыны, меңгеру, кез-келген құбылысты танудың бірізділігі мен мәні осыған құрылған.

Орындалатын қимылдың бірнеше жақтарын тану деңгейі дене жаттығуларын оықтудағы табыстың шарты болып есептеледі. Жоғары маманданған спортшы орындалатын спорт жаттығуларын жақсы бақылайды. Осыған байланысты ол оны өте жетілдіріп орындауға қабілетті болады.

Дарындылық пен қимыл тәжірибесінің теңдігінде оқыту нәтижесі туындаған сезімге зейінді шоғырландыру қабілеті мен үйретілген ұғымдардың деңгей байланысты болып табылады. Оқушының зейінін аудару қаншалықты жақсы болса, оқу нәтижесі де соншалықты жақсы болады. Бұл сыртқы қоздырғыштарға да, сол сияқты оқушының өзіндік ойына да қатысты.

Алайда қимылды орындау барысында шешетін қимыл міндеттерін олардың құрылымына сәйкес бақылау сезім аппараттарымен жүргізіледі. Ол қимылды орындау барысында терде, бұлшықетте, буындарда, сіңірдегі пайда болатын сезімдермен, яғни кинестезиялық сезімдермен жүзеге асырылады.

Қимылдың негізгі сипаттарына сәйкес кинестезиялық сезімталдықтың жекелеген пайда болуын бөліп қарастырады: «Кеңістік сезімі», «Қашықтық сезімі», яғни қимылды кеңістікке лайық мөлшерлеу қабілеті; «Снарядты сезіну», яғни снарядтың пішінін, салмағын, серпімділігін нәзік сезінуді дамыту; «уақытты сезіну», яғни өз қимылдарын уақытпен үйлестіру қабілеті; «қоршаған орта сезімі» («суды сезіну», «ауаны сезіну», «қарды сезіну», «мұзды сезіну»), яғни қоршаған ортаның қарсылығын бағалау қабілеті.

Туындаған кинестезиялық сезім жүйелілік жаттығуларында сақталады. Жақсы меңгерілген қимыл құрылымы қаншалықты ұзақ үзіліс болғанымен ұмытылмайтыны белгілі. Велосипедпен жүруді жақсы меңгерген адам егер осы арада оншақты жыл өтсе де осы жаттығуды орындауға қабілетті болады. Бұл орындалуы бұлшықет күшін көп талап етпейтін ағзаның арнайы дамуын немесе қорқыныш сезімімен күресуді талап етпейтін жүзуге, коньки тебуге, т.б. спорт жаттығуларына қатысты болады. Кинестезиялық сезімге келсек, ол сабақтағы аз ғана үзілісте де ұмытылып кетеді.

Қимыл дәлдігі күрделі болған сайын жаттығу арасындағы үзіліс те соншалықты қатты әсер етеді. Егде тартқан цирк әртісі былай деген: «Егер мен бір күн жаттықпасам, онда оны жалғыз мен сезем, егер екі күн жаттықпасам, оны менің жолдастарым сезеді, егер үш күн жаттықпасам, оны енді көрермендер де сезеді».

Санадан тыс сезімдік бақылаудың мәні қимылдың автоматтануы көлемімен сипатталады, онда адам қимыл міндетін жеке топтарға зейін аудармай-ақ орындайды.

Сонымен, бір адамның сезімдік бақылауға қабілеттілігі аталған қимыл әрекетіне оның машықтану деңгейіне байланысты болып табылады.

 

3.8. Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу, алмастыру

 

Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.

Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.

Дене жаттығуы күрделі болған сайын, оны көп дүркін орындау да сонша күрделі болады. Қимыл күрделілігі жаттығу барысындағы үзілістің қажетті ұзақтығын да анықтайды. Дәлдігі бойынша күрделі үйренетін қимылдардың демалысқа арналған үзілісі қарапайым қимылды үйренуге қарағанда жиі әрі ұзақтау болуы тиіс. Сондықтан күрделі дене жаттығуларын оқыту кезінде бүтін қимылдарды қайталауды олардың жеке топтарын қайталаумен үйлестіру керек.

Дене жаттығуларын оқытудағы жаттығу жүйелілігінің тағы бір маңызды мәселесі оны қалай бөлу болып табылады. Күрделі дәлдіктегі дене жаттығуларын үйренгенде зейінмен қайталаған дұрыс екені анықталады (Н.Г.Озолин, И.А.Меркурис және т.б.). Егер шұғылданушы күн барысында жаттығуға мысалы, 60 минут бөлді десек, онда бұл уақыттың 20 минуттан үш сеанс қайталауға  жібереді, бұл 60 минут бойы жаттыққаннан жақсы. Қайталауды апта бойына бөлуде де осыны айтуға болады. Жаттығуды ұйымдастырудың бұндай шоғырландыру әдісі сызықты әдіске қарағанда тиімдірек болады.

Сондай-ақ орындалатын қимылдардың тығыздық деңгейін де анықтау маңызды. Дене жаттығуларын оқытудағы бірінші кезеңде қимыл қарқыны шұғылданушының мүмкіндігінен төмендеу болуы тиіс. Шұғылданушының өзінің жоғары мүмкіндіктерінен көп есе баяу қимыл жасай алуға тиіс екеніне иландыру қажет. Оқытудың басындағы үйренетін қимылдың төмен қарқыны дұрыс құрылымды сақтау үшін қажет. Алайда күшті төмендету көбіне орындалатын қимылдардың құрылымын бұзады, ол қимыл міндетінің өзін орындауды қиындатады. Одан бөлек шартты рефлекторлы байланысты көп дүркін қайталауда қимыл құрылымының қатынасы ғана емес, сол сияқты жұмсалған күш қатысы, қимылды үлкен күшпен орындау әрекеті тағайындалады, ал олардың қатты үйренген қимылдары белгіленген шартты рефлекторлы байланысты бұзылуға ұшыратады. Бұны болдырмау үшін дене жаттығуларын қолданатын үлкен күшпен және оны алмастырумен орындайды (11-сурет).

3 кезең

 

2 кезең

 

1 кезең

 

 

11-сурет. Қимыл дағдыларын меңгергеруге арналған

жаттығуларының қарқынды өсуі

 

Қимылды аз күшпен дұрыс қайталауға мүмкін болғанда жылдамдықпен орындалатын жаттығуларға көшу қажет, яғни қимылды баяу бастап (аз күшпен) сосын оны бірте-бірте жылдамдату (қарқынды үдету) қажет. Егер шұғылданушыларда қимылды бақылауда қиындықтар туындайтын болса, онда қимылды орындаудың жылдамдығын төмендету қажет.

Қимылды меңгерудегі бұдан ары үдету олардың дұрыс құрылымын сақтауға үйрену мен оны ауыспалы және қарқынды күшпен орындауды бақылаудан тұрады. Қарқынды күшті қолдану қажетті тартымдылық сезімдерін танып, бекітуге жақсы мүмкіндік береді. Қарқындылығы жөнінен ұзақ және біркелкі жаттығулар бұл сезімдерді болдырмайды.

Дене жаттығуларын оқытуды ұйымдастырудың маңызды ғылыми әдістемелік ұстанымы қолайлы жағдайларды есептеп, реттеп және алмастыру болып табылады. Бұл талаптың негізінде оның әрекеті жүретін адамның қоршаған ортаға қалыптасуы, дамуы және жағдайының заңды тәуелділігі жатыр.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жаңа және күтпеген қоздырғыштардың пайда болуы оқу нәтижесіне, әсіресе оның бастапқы кезеңінде кері әсер етеді. Алайда, егер белгілі жағдай қимылды орындауға үнемі жәрдемдесіп отырса, онда олардың өзгерісі қалыптасқан үлгіні бұзылуға ұшыратады. Сондықтан оқушы үйренген қимыл құрылымын меңгеріп, аталған дене жаттығуына тән ырғақты меңгеріп және ірі қателерді жойып, сонымен қатар жеңілдетілген жағдайда едәуір күшпен оны орындауға қабілетті болған жағдайда қолайлы жағдайды бірте-бірте спорт жарыстарына, еңбек әрекетіне тұрмысқа жақындатып күрделендіру қажет.

Белгілі бір кезеңде спортшыны спорт жекпе-жегінде кездесетін жағдайлар тәрізді барынша күрделірек жағдайларда қимыл жасауға үйрету керек. Спортшының әрекеті белгіленген алаңмен шектелетін спорт түрлерінде көбінде басқа мөлшердегі алаңдарда кезеңімен  машықтануды өткізіп тұрған пайдалы (мысалы футболды көлемі кіші алаңда ойнау, кілемнің жартысында ғана күресу, т.б.).

 

3.9. Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен

тыныс алуды қалыптастыру

 

Тыныс алу саналы түрде (белгілі бір шамада) реттеуге болатын ағза қызметіне жатады. Ағза бүтін зат. Ондағы барлық қызмет өзара байланыста болады. Сондықтан тынысалуды реттеп, тынысалуды қимылмен және дененің белгілі қалпымен үйлестіріп, ағзаның басқа да қызметтеріне әсер етуге болады. Психикалық және дене әрекеттері өзара байланыста болғандықтан, тыныс алуды реттеу, психикаға да әсер ететін болады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары оқытушысының міндеттерінің бірі тыныс алуды қимылмен дұрыс үйлестіруге оқыту болып табылады.

Тыныс алу жаттығуларын жүйелі қолдану арқылы тыны салу бұл – шықеттерді дамытып, кеуде жасушысының қозғалмалылығын және тегістігін ұлғайтады, өкпенің өмірлік көлемін арттырып, денсаулықты нығайтады, өзін-өзі жақсы сезінуге көмектеседі, жұмыс қабілетін арттырады.

Дене жаттығуларын және тыныс алу әдісіне оқытудағы бірізділік үйренетін қимылдың күрделілігіне байланысты болады. Қарапайым дене жаттығуларындағы қимыл мен тыныс алуға оқыту бір мезгілде жүргізіледі. Күрделі дене жаттығуларын оқытуда тыныс алу әдісін меңгеру қимыл тәсілін меңгеруден қалып қояды. Бірінші кезеңде оқушылардың зейіні қимыл құрылымында ғана тіркелді. Оқытушы оқушының тынысты ұстап қалмай бірсыдырғы тыныс шығарғанына жеткізуге тырысады. Қимылды меңгеру шамасы бойынша ғана оқушылар үйренетін жаттығуды дұрыс орындауда тиімді тыныс алу түріне оқытылады.

Дене жаттығулары өз дәлдігі бойынша неғұрлым күрделі болған сайын, соғұрлым оның қимылмен тыныс алу дәлдігін оқыту мен оның тәсіл негіздерін меңгеру арасында көп уақыт жүреді.

Қарапайым дене жаттығуларын орындау уақытындағы тыныс алу бойынша әдістемелік нұсқауларда мынадай ережелер келтірілген: 1) тек мұрын арқылы дем алу (тыныштықта, оның ішінде ұйықтағанда ауызымен дем алған адамдар мұрын қуысы ауруларымен жиі ауырады); 2) кеуде қуысын қысатын киімді немесе беkбеу тағудан бас тарту керек; 3) дұрыс сымбатты сақтау; 4) «төменгі» және «толық» тыныс алуды пайдалану; 5) денені қатыстырып, баяу қимылдағанда тыны алуды тіктелген кезде, ал дем шығарғанды бүгілгенде жасау керек; 6) егер бұлшықет жиырылуы босаңсуға ұласса, онда босаңсу кезінде дем алып, жиырылған кезде дем шығару қажет; 7) егер қимыл шапшаң ырғақта жүргізілсе, онда бір тыныс алумен бірнеше қимыл, ал дем шығарғанда бір-екі қимылға көп жасалады.

Спорт жаттығуларында қимыл қоршаған ортаның құрылымы мен аясына байланысты тыныс алумен жалғасады. Тыныс алу әдісімен спорт жаттығуларын төрт топқа бөлеміз.

Бірінші топқа төзімділікте көрінетін айналымдық спорт түрлері жатады. Бұл түрлерде тыныс алу ырғақпен жүргізіледі. Орта және алыс қашықтыққа, коньки тебуде, ескес есуде және де басқа түрлерінде тыныс алу кезіндегі ерін пішіні «и» әрпіндей, ал дем шығарғанда «у» әрпіндегідей болады. Дем шығару адам шырақты үрлеп өшіргендей болады. Ол демді ішке тартудан гөрі ұзақ әрі қарқынды болады. Ескек есу, жүзу және басқа да айналымдық спорт түрлерінде тыныс алу мен шығарудың қатынасы олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қимыл жылдамдығына тәуелді болмақ.

Тыныс алудың жиілігі қимыл жылдамдығына, ал қимыл жиілігі-тыныс алу жиілігіне байланысты жүреді. Сондықтан төзімділікті қажет ететін айналымдық спорт түрлерінде қашықтық мәресінде тыныс алуды жиілеткен жөн. Бұл қимыл жиілігін ұлғайтуға көмектеседі (ең болмағанда оны сақтауға).

Екінші топқа жеке тұлғалық түрде орындалатын жылдамдық, күш спорт түрлері жатады. Ондағы көбірек жұмсалған күш сәттері күшенуге жалғасады. Тыныс алуды ұстап тұру кеуде қуысын тіркеуге көмектеседі, сол арқылы белсенді қимылға жеткізетін бұлшықеттердің жиырылуы үшін жақсы жағдай туғызады. Лақтытруда, шаңғымен трамплиннен секіруде, суға секіруде снарядпен бірнеше гимнастикалық жаттығуларды орындағанда және ауыр атлетикада тыныс алу осылай жүргізіледі.

Үшінші топқа қимыл орындау жағдайы күрт өзгеретін айналымдық емес спорт түрлері жекпе-жек бірсайыспен спорт ойындары жатады. Спорттың бұл түрлерінде күш жұмсау уақытында тыныс алуды тежеуден сақтану спорт жекпе-жегін өнімді жүргізу қабілетін сақтауға көмек береді. Егер қимыл соңында көп күш жұмсалса, онда тыныс шығару шапшаң жүреді.

Төртінші топқа спорттың нысанаға ату түрлері жатады. Бұл түрлерде дәлдеу мен шүріппені басу кезінде көптеген мергендер демін жартылай ішіне тартып немесе жартылай шығарады. Бұл кеуде қуысының тербелуден және иық белдеуін қимылдаудан сақтайды. Тыныс алуды тежеу орындалатын қимылға зейінді жақсы аударға жәрдемдеседі, ол 12-15 секундқа жалғасады. Егер бұл уақытта мерген атып үлгере алмаса, ол көздеуді тоқтатып, бірнеше рет терең тыныс алып, тыныс шығарады.

 

3.10. Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша әдістері

 

Қосымша жаттығу әдістеріне мыналар жататыны белгілі: а) «қосымша көмек арқылы жасалатын жаттығулар»; ә) «екі жақты» жаттығулар;                         б) «қимылды бейнелеп жасау» жаттығулары; в) «қимылды жасап көрсету» жаттығулары. Аталған әдістердің қысқаша сипаттамалары дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу құралдары мен әдістерін мазмұндаумен байланысты берілген. Жаттығудың қосымша әдістері дене жаттығуларын оқыту кезінде кең қолданылады.

«Қосымша әдіс» арқылы жаттығу әдістері ең алдымен снарядта күрделі гимнастикалық жаттығуларды оқытуда көрінеді. Жинақтаған тәжірибе бұл әдісті қолдану мүмкіндігі мен басқа да көптеген спорт жаттығуларының тәсілдеріне оқытуда жәрдемдесетінін көрсетті. Қосымша көмек арқылы жаттығу әдістеріне мысал ретінде оқытушының жүзуден құрғақта қол немесе аяқты қимылдатып көрсетуі, семсерлесуде қол қалпы және бокстағы соққыға үйреткендегі жұдырық қалпына жасаған түзетулерін көрсетуге болады.

Қосымша көмек бастапқыда жасалуы қиын көрінетін күрделі жаттығуларды орындауға, дененің жеке бөліктерінің қимылы мен қалпы, көп күш жұмсайтын жерлер туралы ұғым қалыптастыруға, қажетті кинестезиялық сезімдерді талғап, сол сияқты өзіне сенімділігін арттырып, қауіпті жаттығуларды орындауда қорқыныш сезімін басуға көмектеседі.

Қосымша көмек арқылы жаттығу әдістерін жүзеге асырудағы оқытушының өнері оқушыға қарап дұрыс қалыпта тұруына, оны дер кезінде игеріп, қимылды дұрыс орындауға жәрдемдесетін күшпен снарядты немесе адамның сәйкес дене бөлігін ұстап қалуының тәсілін меңгеру шамасына қарай оқытушы көрсететін көмек (немесе әріптесі) бірте-бірте азая береді.

«Қосымша көмек арқылы» жаттығу әдісі оқушы қимылды өзінше дұрыс жасай алмаған жағдайда қолдануға кеңес беріледі. Қосымша көмек арқылы жаттығуды ұзақ уақыт пайдалану зиян келтіреді, өйткені оқушының өз күшіне деген сенімін жоғалтады. өзіндік әрекетті дамытуға кедергі келтіреді.

Дене жаттығуларын оқытуда екі жақтан жаттығу әдісінің дұрыстығы орындалатын жаттығулардың симметриялығына байланысты болады. Күрделі жаттығулар осы сипатына қарай төрт топқа бөлінеді: 1) Дененің екі жағына да симметриялы орындалатын айналымдық спорт жаттығулары (жүгіру, академиялық ескек; жүзу және т.б.); 2) асиметриялық қимылдарды қарастыратын айналымдық спорт түрлері (кедергімен секіру, шаңғымен жүру, т.б.); 3) спорт тәсілін екі жақтан да тең меңгерген спортшыға тән асиметриялы айналымдық емес спорт жаттығулары (бокс, күрес, спорт ойындары, конькимен мәнерлеп сырғанау); 4) шешуші қимылдар бір жағымен ғана орындалатын айналымдық емес спорт түрлері (лақтыру, жеңіл атлетикадағы секіру, нысана көздеу, семсерлесу, теннис, т.б.).

Спорттың екінші және үшінші топтарында екі жақты жаттығу мынадай мүмкіндіктер береді: 1) спорт жаттығуын «өз жағына» қарай орындау тәсілін жақсарту, бұл орталық жүйке жүйесіндегі қоздыру тежеу құбылыстарының қатысу әсерімен; 2) жекпе-жек, спорт ойындары және жекелеген гимнастика түрлерінде қимыл мүмкіндіктерінің диапазонын арттыру, сол арқылы спортшыларды қимылды тек бір жағымен орындайтындарға қарағанда барынша дайын ету; 3) кинестезиялық сезімталдықты ұстап, нақтылау, өйткені жаттығуды «өзіне қарай емес» орындағанда, өз жағына қарай ауыстырып, сол арқылы спорт жаттығуының тәсілін меңгеруді жақсартатын үлкен сезімталдық пайда болады; 4) өз күшіне деген сенімділікті арттыру (спортшы қолайсыз жағдайда әрекет етіп, өзіне сенімділігі арқылы өзіне қолайлы қалыпты пайдаланатын жекпе-жек тәрізді спорт ойындарында ерешеленеді); 5) бір жақты қимылды спорт түрлерімен ұзақ уақыт айналысқанда пайда болатын дене кемшіліктерін түзету (каноэ қайығымен жүзу, тапашадан ату, семсерлесу, т.б.). Жүргізілген зерттеулер (В.Ф. Масюта, А.В.Постков, В.А.Бондаренко, т.б.) баскетбол, лақтыру, семсерлесу, гимнастикалық жаттығулар тәсіліне оқыту кезінде «екі жақты» жаттығулар әдісінің дұрыстығын дәлелдейді.

Спорттың бірінші топ түрлерін де (симметриялық сипаты бойынша) «екі жақты» жаттығу әдістерін қолдануға болмайды. Төртінші топта ол кезеңденіп қолданылады. Бір секіруде екі аяғымен қатар тең жаттыққан жоғары маманданған секіруші жеңіл атлетті кездестіру мүмкін емес. Бұл жоғары спорт нәтижелеріне жету үшін спорт жаттығуларының жеке топтарының автоматтануына және сәйкес бұлшықет топтарын арнайы дамыту қажеттілігімен түсіндіріледі. Осының барлығы екі жақты жаттығуды бірдей орындағанда қиындық келтіреді.

«Қимылды бейнелеу» жаттығуының физиологиялық негізі психикалық және физиологиялық процестер арасындағы заңды байланыс болып табылады. Адамның кез-келген қимылы-бұл сәйкес психикалық процестердің нәтижесі және керісінше, кез-келген психикалық процесс қандай мөлшерде болмасын адам қимылына әсер етеді. Бұл заңдылықты қарапайым тәжірибеде көрсетуге болады. Ұзындығы метрге жуық жіпті алып, оның бір ұшына шағын жүк байлап, екінші ұшын сұқ саусақтың соңғы буынына (белсенді қолдың) орау қажет. Сосын түзу қолды алдына қойып, зейінді жүкке толық шоғырландырып, жүкті оңнан солға, солдан оңға тербеліп тұр деп ойша елестету керек. айтқандай бірнеше минуттан соң жүк қимылдай бастайды. Аталған қимыл жөніндегі ойша елестету сәйкес бұлшықеттердің жиылуы мен босаңсуында автоматты түрде туындайды. Әрине, қимылды елестету ақиқат орындалатын жаттығуларға тән физиологиялық құбылыстарды аз мөлшерде болса да туындатады.

«Қимылды елестету» жаттығуы дене жаттығулары тәсілдерін тез меңгеруге, үйренетін қимылдарда туындайтын қимыл сапасын дамытуға әсер етуге, қимылдың нақты бейнесін санада орнатуға (әрине, қимыл жасау алдында) және сол арқылы қимыл міндеттерін орындауда үлкен нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Қимылды дәл елестету қиын әрі шаршатады. Алдымен үйренетін спорт жаттығуының орындалуы мен оның құрылымынан тәжірибеден өтуі тиіс. Қимылды елестету жаттығуларының ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы керек. Күн барысында осылай бірнеше рет машықтануға болады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында «қимылды бейнелеу» жаттығулары барлық спорт түрлерінде жаңа спортшыдан бастап, маман спортшыға дейін кең қолданылады. Ол спорт жаттығуының тәсілдерін түгелдей және жеке топтап бейнелеуді құруға, аталған спорт жаттығуында үлкен жүктеме алатын бұлшықет топтарын дамытуға; жекелеген қимыл топтарын автоматтандыруға, жарыс алдында (күрделі спорт түрлерінде) орындалатын жаттығулар бірізділігін есте жаңғыртуға түгелдей елестетуге мүмкіндік береді.

Бұл әдісті жүзеге асыру спорт жаттығуларының құрылымын түгелдей және олардың топтарын қайталап жасауға жәрдемдесетін түрлі қолданыстарды жүргізуге көмектеседі (мысалы, шаңғымен жүруді бейнелеу үшін роликті шаңғылар, ескек есуді құрғақта үйренуге арналған машықтану құралдары).

 

3.11. Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат әдістері мен көмекші құралдары

 

Сөйлеу мен көрсету дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы ақпараттың негізгі әдістері мен құралдары болып табылады.

Дене жаттығуларын оқытудың оң нәтижелеріне жету егер оқытушының сөзі белгілі талаптарға жауап брегенде ғана болады. Ол мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Оқытушы үйренетін қимыл туралы білетінінің барлығын емес, тек шұғылданушы сол кезде білуі тиіс білімді ғана жеткізуі тиіс. Сөйлеудің қысқалығы спорт терминологиясын дүниеге әкелді. «Жазылып», «көтерілу», «жұлқыну», «ырғу», «сөре», «мәре» және басқа терминдер қимылды көп сөзбен түсіндіруді алмастырады.

Оқытушы сөзі анық әрі дәл болуы тиіс. Күрделігі қарапайым етіп, ал жеңілді күрделендірмеу керек. Оқушының мәліметті қалай түсінгенін білу үшін оны қайталауын талап ету керек. Оқушы ескертуді неғұрлым дұрыс әрі дәл қайталаса, ол қимылды соғұрлым жақсы әрі шапшаң меңгеріп, кемшілікті түзейді. Оқытушы сөзі түсінікті болуы үшін ол қимылды бейнелеп көрсету қажет. Бұл орындалатын қимылдарды көлік, жануардың, тұрмыс және еңбек әрекетімен салыстыру жолымен, үйреніп жатқан спорт түрлерінде, ойындарда, кәсіпқой спортшылар мен әртістердің қимылдарымен салыстыра отырып, түсіндіріледі. Оқытушының тәжірибелігі мен тапқырлығы көбіне оның орындалатын қимыл мәнін бере алатын дұрыс бейне табуы қабілетімен анықталады.

Оқытушы сөзі мазмұны мен айтылуы жағынан түрліше болуы тиіс. Егер сөз саптауы ұзақ уақыт бір сарынды болып келсе, ол өз тиімділігін жоғалтады. Оқытушы сөзінің айтылуы көбіне шешуші мәнге ие болады. А.С. Макаренко айтқандай, педагогикалық шеберліктің көрсеткіштерінің бірі «бері кел» сөзін бірнеше мәнермен айту қабілеті болып табылады. Көп сарынды сөз қаншалықты мазмұнды болғанмен мақсатқа жете алмайды. Тек айтуды ғана емес, сол сияқты қалай айтуды білу де қажет.

Дене жаттығуларын орындауда пайдаланылатын бейнелеудің екі түрі бар: көмексіз көрсету және көрнекі құралдар арқылы көрсету.

Көмексіз көрсету өз кезегінде мына түрлерге бөлінеді: 1) шынайы көрсету, бұл оқытушының өзі немесе шұғылданушының біреуі көрсететін қимыл; 2) оқытушының шартты немесе белгілі қимылды көрсетуі; 3) орындалуы тиіс жағына қарама-қарсы жағына үйренетін қимылдың көрсету мазмұны бар бейнелеп көрсету; 4) бастауыш көрсету – бұл оқушылардың орындауымен бірігіп қимылды көрсету; 5) қосыла көрсету – бұл бір қимылдың қайсысын жасау, қайсысын жасамауды (дұрыс, дұрыс емес) түсіну мақсатында бір қимылдың екі нұсқасын бірінен кейін бірін көрсету; 6) сергітуге, тәртіпті бұзбауға, оқушы әрекетіне қатынасын ашуға; белгілі бір қимылды орындау қажеттігі туралы белгі беруде қолданылатын сілтемелер.

Дене жаттығуларын оқытудағы көрсетуді қолдандағы әдістемелік құралдар мына ережелерге бағынады:

  1. Барлық жағдайда көрсетуге болмайды. Оқытушы көрсетпеген қимыл сипаттамалары да бар (ырғақ, кинестикалық сезімталдық). Тек оқушы түсіндіргеннен кейін қимылды елестете алмай және оны дұрыс орындай алмаған жағдайда көрсету керек. Кей жағдайларда күрделі спорт жаттығуларына оқытудың бастапқы кезеңінде оқушыға оның жақсы қабылдауы үшін негіз болатын дұрыс қимыл түрлерін белсенді іздеу үшін (тек түсіндірумен) алдын ала көрсетілмеген қимылды орындауды ұсыну пайдалы. Оқушы оқытушының сөзі бойынша қимылды орындауға кіріскеннен кейін көрсету құндылығы арта түседі.
  2. Оқытушы сөзі көрсетудің басы болып, онымен үйлесіп және соған жалғасуы мүмкін. Күрделі дене жаттығуларын оқытуда бірінші нұсқа дұрыс: оқушы үйренетін қимыл туралы айқын білімді уақытында алады және зейінін жаттығудың барынша маңызды бөліктері мен элементтеріне аударады. Сабақтағы сөз бен көрсетудің қатынасы оқыту кезеңі мен оқушының мамандануына байланысты жаңадан бастауыш мен балалар сабақтарында оқытудың бірінші кезеңінде көрсету жоғары маманданған спортшылар сабағындағыға қарағанда үлкен орын алады.
  3. Алғашқы көрсетуде қимылды бейнелеуден бас тарту қажет. Оқушы үйренетін спорт жаттығуын түгелдей және жарыс жағдайындағыдай орындалуын көруін үлгі етуге болады. Басынан бастап-ақ оқушы қимыл бірізділігі туралы ғана емес, сол сияқты үйренетін күрделі жаттығудың қарқындылығы, ырғағы және құлашы туралы да ұғым алуы керек.
  4. Қимылды көрсету кезінде және оқушы қимылын бақылау кезінде қадағалау бұрышы мен қашықтықты дәл анықтау маңызды. Егер қимыл оқытушыға әрдайым оқушыға қарағанда бір ғана нүктеден болса, онда ол тек қимылдың бір ғана жағын көруі мүмкін. Сол сияқты оқытушының оқушыны қадағалауы да осы жайға келеді. Қимылды орындап жатқан оқушыны түрлі бұрыштардан қадағалау қажет (12-сурет). Оқытушының оқушыны бақылағандағы ара қашықтығы қимыл құлашына байланысты, яғни құлаш үлкен болған сайын қашықтық та ұлғая түседі. Бақылаушы мен оқушы арасындағы қимыл құлашы мен қашықтық 18-суреттегідей болуы қажет, яғни егер қимыл құлашы 1м болса, онда бапкер оқушыдан 3м-ден кем емес қашықтықта болуы керек.

 

 

12-сурет. Споршы әрекетін бақылауға қажетті нүктелер

 

  1. Шынайы көрсету спорт жаттығуларының өзара байланысқан бір-екі бөліктеріне оқушының зейінін шоғырландыруымен, сол сияқты оқытушының қимылды көрсетуі мен оны оқушылардың орындауы арасындағы үзілісті қысқартуымен тиімді болмайды.
  2. Үйренетін қимылды дұрыс көрсету үшін мұғалімнің өзі осыған дайын болуы қажет. Біреуді оқыту үшін ол өзі оқуы керек. Әрине егде жастағы оқытушылар күрделі дене жаттығуларын үнемі түгелдей дәл көрсете бермейді. Бірақ лайық дайындықта олар жаттығудың жеке бөліктерін дәл көрсетеді, ол маманданған спортшылардың сабақтарында өте жеткілікті болады. Жаңадан бастаған оқушыларға жақсы дайындалған оқушылар жаттығу көрсете алады.

Дене жаттығуларын оқыту барысында қолданылатын көрнекі құралдарға кинофильмдер, киношеңберлер, кинограммалар, фотосуреттер, суреттер, қимылдың шектік сызбалары жатады. Оған қойылатын талаптар суреттегі бейнелер орындау тәсіліне лайық болуы тиістігімен көрінеді. Белгілі бір спорт түрінен танымал шеберлердің тәсілі түсірілген кинофильмдер мен киношеңберлерді үздік көрнекі құралдар деп есептеуге болады. Олар жаттығу туралы үзіктер мен түсірілімдерді түрлі жылдамдықпен көп дүркін көруге мүмкіндік береді. Рапидпен түсірілген кинофильмдер мен кинокадрлер қимылды баяу орындауды көріп, әдетте байқалмайтын детальдарды байқауға көмектеседі. Алайда қимылды баяу көруді көп қолдануға болмайды, себебі бұнда оның уақыттық қатынасы сөз болады. Кәдімгі және баяу көрсетілімді кәдімгі – баяу қайтадан кәдімгі түріндегі сызбамен көрсетуге болады.

Ақпараттың көмекші құралдары мен әдістерін белгілеу жаттығуларды бүтіндей және спорт жаттығуларының жеке сипаттарын орындау сапасын жаттығу барысында немесе қимылды орындап бола салысымен сипаттауға, сол сияқты қойылған қимыл міндеттерін дұрыс шешуге көмектесетін жағдайларға мүмкіндік береді.

Ақпараттың қосымша құралдар мен әдістерге мыналар жататыны белгілі: қимыл барысындағы дыбыстар (мысалы, жүгірудегі қадам дыбысы; шаңғымен жүрудегі қардың сықыры) және қимылдан қалған іздер (мысалы, мәнерлеп сырғанау); жедел ақпарат құралдарының бағдары, тәсілдік құралдары. Белгілі бір орында қойылған жекелеген заттар (доп, жалауша, арқан), сол сияқты еденге, снарядқа мысалы, биіктікке секіруде бұрыштың дұрыстығын бақылау үшін жүгіріп келу бұрышында секіру секторын сызықпен, ал серпілетін аяқтың қимыл бағытының дұрыстығын бақылау үшін аспалы шар ілінеді сызылған сызықтар бағдар бола алады. Дененің бір бөлігіне екінші бөлігінің қалпы бағдар болуы мүмкін (мысалы, ядроны лақтыруда қол қимылының дұрыстығын оның мұрынға қатысты бағытын бақылауға, ал найза лақтыруда қол қимылының дұрыстығын құлақ қатысына қарай бағытынан білеміз. Сабақ орындарындағы заттар, мекеменің бөліктері, сол сияқты оқушылардың біреуі немесе оқытушының өзі бағдар бола алады.

Жедел ақпараттың тәсілдік құралдары дыбыстық, жарықтық, тактильдік болуы мүмкін. Жедел дыбыстық тәсілдік құралдарына спорт жүрісі-кезіндегі топырақтың тербеліс қимылынан шыққан дыбысты тіркеуге арналған қондырғы мысал бола алады.

Жүруде бір тіректі фаза екі тіректімен кезектесуінде әрбір қадам дыбыстық белгі береді. Дыбыстың жоғалуы спортшының жүгіруге өткенін, яғни оның жүру тәсілінің дұрыс емес екенін көрсетеді. Осы құрылғыны найза лақтырудағы, ұзындыққа секірудегі және басқа жүгіріп келудегі ырғақ дұрыстығы туралы ақпарат үшін пайдалануға болады.

Жедел жарықтық ақпараттың жасанды техникалық құралдарын қолдану жай күрделі аппаратураны өте талап етеді. Оның құрастырылуы орындалатын міндеттер мен орындалатын жаттығулардың құрылым ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.

Жарықтық ақпарат қимылдың құлашының дұрыстығы, жұмсалатын күштің, қимыл жылдамдығы және т.б. көлеміне қарай белгі беру үшін пайдаланылады. Мысалы, параллель брусояда жаттығуды орындауда қатаң белгіленген қимыл құлашына жету қажет.

Электр шамының жарығы егер гимнаст денесі сәйкес битіктікте орнатылған фотоэлементтер алаңын кесіп өтсе, жанады.

Жедел жарық ақпараттарының техникалық құралдарының бірі-видеомагнитофон болып табылады. Ол жаттығуды орындаған соң, оны көруге және сол арқылы өз қимылын көріп сақталған кинестезиялық сезімталдықты жүргізуге мүмкіндік береді.

Ақпараттың тактильді құралдарына дәл жіберілмеген қимыл туралы белгі беретін жеңіл сипауды тіркейтін құралдар жатады. Егер тиіп кеткен кезде әлсіз болса да ауырса, онда қорғаныш рефлексі пайда болады. Бұндай бейімделу, мысалы – жүзуші есу қимылынан қате жіберген кезде оны әлсіз ток ұратын болып құрастырылған қондырғы (құрғақтағы жаттығу) (Д.Саунсинмен). Кей жағдайларда бұндай құралдарды бір рет пайдалану ұзақ уақыт бойына қайталанған қателерді түзетуге көмектеседі.

Жедел ақпарат құралдары автотренажер қызметін де атқарады (мысалы, семсерлесуде семсер шаншуға арналған қорғалмаған орынды көрсететін, жанатын шам). Автотренажермен орта және алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар үшін жүгіру жолының жан-жағынанда белгілі жылдамдықпен жылжитын электр шамының жарығы қызмет етеді (светолидер).

 

3.12. Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету

 

 Спорт жаттығуларының тәсілін меңгеру – күрделі міндет. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлығында бастаушы және маманданған, спортшыда үлгі тәсілден үлкен немесе аз ауытқу білінуі мүмкін. Бұл ауытқулар қате деп қарастырылады.

Дене жаттығуларын орындаудағы қателер төрт топқа бөлінеді:                          1) биомеханикалық; 2) физиологиялық; 3) психо-педагогикалық; 4) әрекет ортасының шарты.

Биомеханикалық негіздемесі бар қимылдағы қателер себебінің тобына мыналар жатады:

1) Адам денесінің көптізбектілігі әсерінен пайда болатын және оқытудың бірінші кезеңдерінде қимылды бұзатын реактивті күштер. Олар қимыл мақсатына жетуге кедергі келтіреді. Дене жаттығулары тәсілдерін меңгеру шамасы бойынша келесі пайда болатын реактивті күштер қойылатын қимыл міндеттерін шешуге арналған адамның қимыл аппаратымен қолданылады. Көптеген спорт түрлерінде (гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б.). Спорт жаттығуын меңгерудің жоғары деңгейі бұлшықеттің тартылу күшін аз қолданып, бірақ реактивті күштерді толық және тиімді пайдалануға жол ашады.

  1. Қимылдың алдыңғы топтарын қате орындау әрекетінің соңы спорт жаттығуының бөлімі мен келесі фазаларының бұрын жіберілген аз кемшілігі өте үлкен қатеге әкеледі.
  2. Қимыл нәтижелерінің нысандық қателерінің аздығы дене жаттығуларын орындаған соң көп жағдайда еңбек әрекетін қарағанда бұл қимыл сапалары туралы талқылауға болатын ешқандай із қалмайды. Жазуға оқытқанда оқушы өзі жазған әріпті кітапта немесе оқытушының жазған әрпімен салыстырады; еңбек әрекеттеріне оқытуда өз әрекетінің дұрыстығын анықтауға болады, мысалы жасалған заттар сапасы бойынша. Жүгірудің, гимнатикалық жаттығуларының және басқа дене жаттығуларының нәтижесі дене дамуын, дене дайындығын және денсаулықты нығайту, т.б. жақсартқанда пайда болады. Кей жағдайларда оларды орындай салысымен мұғалім немесе оқушы біле алмайтындай із қалмайды.
  3. Оптимальды қимыл ырғағын қадағаламау.

Физиологиялық негіздемесі бар қимыл қателерінің себептері тобына мыналар жатады:

  1. Орталық жүйке жүйесінде пайда болатын қоздырғыш және тежегіш процестердің иррадациясы, ол қатысуы қойылған қимыл міндеттерін шешуге кедергі келтіретін бұлшықет топтарының жиырылуы мен босаңсуына әкеледі (реактивті күштердің пайда болуындағыдай).
  2. Туындаған кинестезиялық сезімталдықтың бұлыңғырлығы және шапшаң өтетіндігі.
  3. Қимыл дағдыларын кері ауыстыру әсерінен жаңа қимылды меңгеруге алдағы қимыл тәжірибесі кері әсер етуі мүмкін.
  4. Спортшының шаршауы, нашар жағдайы, ауруы.

Психо-педагогикалық негізделмелердегі қателер себебінің тобына мыналар жатады:

  1. Қажетті қимыл сапаларын дамытудың жеткіліксіздігі.
  2. Үйренетін қимыл мәндерін түсінбеу, олардың құрылымы туралы жалған ұғым.
  3. Психикалық факторалар: қорқыныш, сенімсіздік, шешімсіздік, қызығушылықтың болмауы, т.б.
  4. Бұлшықеттің артық жиырылуы.

Қимыл қателерін туындататын қоршаған ортаның қолайсыз топтарына сабақ орындары, құрал жабдықтардың сәйкес келмеуі, сол сияқты метеорологиялық және климатттық жағдайлар жатады.

Дене жаттығуларын орындағанда жіберілетін қателерді былай бөлуге болады: 1) қимыл тиімділігі мен спорт нәтижелеріне көп мөлшерде әсер ететін негізгілері; 2) оқушылардың аталған спорт жаттығуларында жіберетін типтік қателер; 3) негізгі қателердің нәтижесі болып табылатын жеке қателер (В.В. Белинович).

Орындалатын дене жаттығуларының нәтижесінде көрінетін дәл емес қимылды белгілеу үшін қимылды бақылау жаттығуларымен және аспаптарымен бақылау және тіркеу пайдаланады. Қадағалау барысында оқытушы өзінің көзбен қабылдағанын өзінің санасындағы бейнеленген дене жаттығулары тәсілдерінің үлгі бейнесімен салыстырады және осының негізінде оқушының қимыл сапасын саралай алады. Қадағалау кемшілігі оның сенімділігіне кепілдік болмауы есептеледі. Осының барлығында тәжірибелі оқытушы спортшының спорт тәсілі мен тактикасын, дене дайындығын, оның мінез-құлқын кейде дәл бағалап, тіпті кейде басқа әдіс оның көру қабілетін алмастыра алмайды. Қадағалау үйренетін қимыл тәсілін және қадағалау білігін (оқытушының) терең, білу шартына оң нәтиже береді. Оқытушы оқушыларға өзінің ойын үнемі айта бермеу керек. оқушыға күтпеген және барынша ұзақ уақыт қадағалау оның алдын ала біліп, бір рет тексеруінен гөрі жақсы нәтиже береді. Оқушыны қадағалау барысында қадағалау бұрышы мен сәйкес қашықтығын табу маңыздылығы көрсетілген.

Қимылды тіркеуге арналған қолданған құрылғылар үш топқа бөлінеді: 1) дене қалпы мен қимылын түгелдей тіркейтін құрылғылар (киносъемка, суретке түсіру және т.б.); 2) қимылдың жеке сипаттарын тіркейтін құрылғылар (спирография, динамография, вектородинамография және т.б.); 3) қимылдың түрлі элементтерін орындау сапасы туралы жедел ақпарат беретін құрылғылар (жедел беретін құрылғылар).

Қимыл тиімділігін анықтау үшін қолданатын бақылау жаттығулары бүтіндей және спорт жаттығуларының жеке топтарын орындау сапасы туралы ұғымдар қалыптастыру нақты спорт түрінің тәсілдік-тактикалық ерекшеліктері есебінен құралады. Төменде осындай бақылау жаттығуларының мысалдары келтіріледі.

Футболистердегі аяқпен соққы беру тәсілін меңгерудің деңгейін тексеру үшін бақылау жаттығулары. Радиусы 3м шеңберде допты аяқпен айналдыру. Бағалары: «өте жақсы»-4 дәл тию; «жақсы»-3 дәл тию; «қанағат»-2 дәл тию.

Найза лақтыру тәсілін меңгеру деңгейін тексеруге арналған бақылау жаттығулары (В.И.Алексеев бойынша) жүгіріп келіп лақтыру нәтижелерін орнынан лақтырумен салыстырып ұлғайту. Бағалары: шеберлік-30м, «өте жақсы»-20м, «жақсы»-15м, «қанағат»-10м, «нашар»-2-4м.

Қимылда жіберілген кемшіліктерді анықтап, оны тудырған себептерді және олардың негізгісін табу қажет.

Сонымен дене жаттығуларын орындаудағы кеткен қателерді түзету жолы ең алдымен қимыл қатесін анықтап сосын оның себебін тауып, соңында оқушының ерекшелігі мен оқу пәнін ескере отырып, оларды жою әдістері мен құралдарын табуға құрылады.

Қимылдағы қате себептерін анықтау қиындығы бір қатенің бірнеше себептен туындайтынынан шығады. Қимылдағы табылған әрбір қатенің себептері оны жоюға арналған құралды таңдауға себеп болады. Егер қатенің себебі үйренетін қимылдың мәнін түсінбеу, ол туралы теріс ұғым болса, онда түзету құралдары түсіндіру, әдебиеттерді оқыту, кинограммаларды талдау, қимылды көрсету, жақсы орындаушыларды қадағалау және т.б. болып табылады. Егер қатенің себебі оқушының шаршауы болса, онда жою құралы демалыс уақытын ұлғайту, сабақ пәніне қызығушылығын арттыру, жаңа тапсырмалар беру, орындалатын жаттығулардың сипатын өзгерту, т.б. болып саналады.

Аталғандардан бөлек дене жаттығуларын орындаудағы қатені түзетуге арналған әдістемелік құралдарда төмендегі ережелер келтірілген.

  1. Ең алдымен жарақат келтіретін қателерді, сол сияқты қимыл әсерлілігіне ықпал ететін басты қателерді түзету керек.
  2. Педагогикалық тұрғыдан барлығы мақұлдаған құралдар арқылы өтетін сабаққа оқу пәніне деген қызығушылықты арттыру.
  3. Жарыс рухын көтеру, өйткені бұл қойылған міндеттерді шешуге көмектеседі.
  4. Жекелеген ескертулер жасау, мұғалімнің барлық оқушылардың қателеріне жалпы ескерту жасауы жақсы нәтиже бермейді.
  5. Шұғылданушының өз күшіне деген сенімділігін арттыру. Оқытушы тек кемшіліктерден тұратын сонысымен оқушының өз мүмкіндігіне деген сенімділігін жоғалтатын үздіксіз ескертулерден бас тартуы қажет. Тіпті үлкен қате жіберген жағдайда да алдымен жаттығу орындаудың дұрыс жақтарын айтып, содан кейін барып қатенің неден шыққанын және оны қалай түзетуге болатынын түсіндіруі керек.
  6. Қажетті кинестезиялық сезімталдықты қабылдаудан пайда болған қиындық, ықпалынан болған қателер жүйелі қайталанған жағдайда үстін-үстін тапсырма беру әдісін қолдануға болады. Ол оқушыға қарама-қарсы қателері бар қимылды орындауға тапсырма беруге құрылған. Мысалы, жаңа шаңғышы көптеген ескертулерді ұғынбай тік аяқтарымен жылжи береді. Бұл жағдайда оқытушы аяқтарды талап етілгеннен де қаттырақ бүгуге кеңес береді.
  7. Күрделі дәлдіктегі қимылдарды оқуда жәберілген қателерді барлық жаттығуларды орындап болған соң көрсетеді. Айналымдық спорт түрлерінде оқушы жасаған қатені қимыл барысында түзетеді. Қарапайым қателерді айналымдық емес жаттығуларда да осылай дұрыстайды. Маманданған спортшылар сабағында жіберген қателерді талдау спортшылар қатені туындатқан себеп өзінде екенін түсінетіндей болуы тиіс.
  8. Қимылды шаршау мен зейіннің жоғалуының алғашқы белгілеріне дейін қайталау. Бұрыннан жақсы үйренген немесе дәлдігі қарапайым қимылдар жасайтын 5-6 минуттық үзілістен соң, оқудың негізгі пәніне оралу қажет. Сабақ барысында бұны бірнеше рет қайталайды. Үйренген қимылдарды түзету, спорт жаттығуларының меңгерген тәсілін қайта жасау ұзақ және табанды еңбек нәтижесінде болады, кейде (әсіресе айналымдық спорт түрлерінде) ол кері нәтижелерге әкеледі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер барлық жаңадан келгендерді спорт жаттығулардың барынша тиімді тәсілдеріне оқыту керек.

 

 

3.13. Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі

 

Тактикалық дайындық туындаған жағдайларды тез әрі дұрыс бағалау қабілетін дамытудан, сапалы және өзіндік шешім қабылдауға және оны спорт күресі жағдайында іске асыруға құрылады.

Тактикалық дайындықтың екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы тактикалық дайындық-бұл таңдаған спорт түрінен спот жарыстарында  табысқа жету үшін қажетті тактикалық дағдылар мен білімді меңгеруге бағытталған процесс. Арнайы тактикалық дайындық нақты жарыстарда нақты бір қарсыласымен жекпе-жекте табысқа жетуге арналған тактикалық дағдылар мен білімді меңгеруге бағытталған процесс.

Тактикалық дайындықтың нәтижесі-тактикалық дайын болу. Тактикалық дайын болу жеке тұлғалық, топтық және командалық болып келеді.

Тұлғалық спорт түрлерінде (гимнастика, лақтыру, жеңіл атлетикадағы секіру, ауыр атлетика, т.б.). Спорт жаттығуларының тактика тәсіліне оқытудың бастапқы кезіндегі үзіліс бірнеше айдан жылға немесе одан көпке созылады. Спорттың бұл түріндегі тактика мәселелері жарысқа қатысуға дайындық жүргізуде туындайды. Спорт ойныдары мен жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде тактикамен тәсілге оқыту бір мезгілде және үзіліссіз  жүргізіледі.

Жалпы тактикалық дайын болуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесі мен спорттың бұрын қарастырылған педагогикалық ұстанымдарына сүйене отырып мыналар қажет:

  1. Спорт жаттығуларын орындауға жәрдемдесетін жағдайларды жүйелі өзгерту үйренетін әдістің немесе әдіс амалдарының жалпы құрылымын меңгергеннен кейін меңгерген білігін шартты қарсыласымен, сосын қарсыласпайтын немесе шартты қарсыласатын қарсыласымен, ең соңында жарыстағы қарсыласымен бекітеді: спорт ойындарында алдымен бірге-бір, кейін екіге-екі, сосын үшке-үш нұсқасымен жұмыс жасау керек.
  2. Жекпе-жек немесе спорт ойындары тәрізді спорт түрлерінде оқу ұрыстарын оқу белдесулерін кең қолданады, яғни қарсыласымен жекпе-жек алдын-ала келісілген бір немесе бірнеше амалдарды қолдану жолымен жүргізілетін жарыс жағдайларының машықтану түрлеріне құру қажет.
  3. Спорт оқулықтарын, оқытушының әңгімелері мен түсіндіруін, хронометрмен өлшеу көмегімен аталған жарыста тіркелген бақылауларды, қимылдық графикалық жазбасын, жарысқа қатысқандағы өзінің жеке тәжірибесінің талдауын пайдаланып ілімдік дайын болуын көтеру.
  4. Аңғарымпаздық, шапшаңдық, тапқырлық және айқын ойды сақтау қабілетін дамыту.
  5. Периферикалық көруді дамыту, ол жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде және спорт ойындарында алаңды көруге туындаған жағдайды тез бағалауға мүмкіндік береді.
  6. Тәсілдік дайын болу деңгейін арттыру және таңдаған спорт түрінің талаптарына сәйкес қимыл сапаларын дамыту.
  7. Жекпе-жек спорт түрі мен спорт ойындарында өз ойын жасыруға, қимылды алдын ала дайындықсыз орындау қабілетін дамытуға, қарсыласын алмастыратын және оның қарсы шаралар қолдану мүмкіндігін нашарлататын жалған қимылдарды пайдалануға оқыту.
  8. Спорт күресі кезінде өз күшін дұрыс жұмсау қабілетін дамыту осы мақсатта айналымдық спортпен шұғылданатын спортшылар уақытты дәл жоспарланған тапсырыспен бітіру, аралық мәрені қолдануға, мәрені белгілі бір қашықтыққа алшақтату, спорт ойындарында ойын уақытын ұзартуға ойынға бірте-бірте демалған әріптестерін кіргізуге т.б. жетуі керек.
  9. Талабы, қатысатын спортшылар құрамы, ауқымы жағына әртүрлі спорт жарыстарына көптеп қатысу. Дәл осы спорт ойындарында спорт жекпе-жегінде қимыл мен мінез-құлықтың ең саналы түрін табуға көмектесетін тәжірибе жинақталады.

Арнайы тактикалық дайын болу спорт жекпе-жегінің жоспарын құру жолымен қамтылады, ол жеңіске немесе жақсы нәтижеге қалай жетуге болатынына жауап береді. Бұл тұрғыда аталған жарыстың негізгі тактикалық тапсырмалары анықталады. оның бірнеше нұқсасын қарастырған жөн. Спорт жекпе-жегінің жоспарын құру үшін жарыс өтетін орынның ерекшелігі, климаттық және метеорологиялық жағдайлары, құрал-жабдықтар, т.б. ерекшеліктері алдын-ала талқыланады. Кей жағдайларда қарсыластарының дене және тактикалық даярлығы ұйымдастырылған түрде оқылады. Олардың спорт белдесуін жүргізу мәнері, олардың әлсіз және күшті жақтары талқыланады.

Спорт ойныдары мен жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде жарыстарды бақылау жолымен қарсылас қандай амалдар қолданады, ал оған қандай әдістер қолдану жақсы нәтижелер беретіні талқыланады.

Егер қарсыласта осындай «барлаумен» айналысса, онда өзінің мүмкіндігін барынша ашпау керек. Кейде керісінше жауапты жарыс болар алдында бұл жекпе-жекке зиян келтірмесе, онда қарсыласты бағдарынан жаңылыстыру үшін тіпті төмен нәтиже көрсетуі мүмкін.

Спорт күресу жоспарында спортшының жарысқа дейінгі, түгелдей жарыс кезіндегі және жекелеген әрекеттер, жүзулер, жүрулер арасындағы әрекеті мен мінез-құлқының негізгі бағыттары қарастырылады. Кейде спорт жекпе-жегі жоспары бой жазуға дейін анықталады. Бұл минуттарда оқытушы спортшының психикалық жағдайын, өзін сезінуін, оның қимылының жеңіл әрі тәсілдік жетілуін ескереді. Жекпе-жек кезінде жасалған жоспардың жарамсыздығы жиі кездеседі. Онда спортшы оны дереу қайта құрып, әріптестері мен қарсыластарының шарттары мен әрекеттеріне сәйкес қимылдауы қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жеке тұлғаның дене мәдениеті — нақты тарихи құбылыс. Оның ілімдік ағыны халықтық және классикалық педагогика болып табылады. Парасаттылық ойлары мен жалпы адамзаттық құндылықта құрылған, салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтуды бағдарлау, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттің бір бөлігі сияқты нақты феноменалдық қалпын түсінуден шығып жастарды дене мәдениетіне қалыптастыруды іске асыруды талап етеді.

Дене тәрбиесі жекеден тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, қозғалыс қызметтеріне жақсы тиімді әсер етіп және денсаулықты нығайтуға педагогикалық үрдісті бағыттаған көмегімен қалыптасқан, өзіне ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін көтеру бірлігін жинайды, ақыл-ой және дене еңбегінің қабілеттілігін, ақылдылық қасиеті, ошіау, ынталы, тапқыр, байымды, адамгершілік қасиеті, өзін-өзі ұстау, тәртіптілік, шыншыл, батыл, шешімді, дене шынықтыру бірлігінде тану және тәртіпке келу, жеке тұлғаның әр түрлі қасиетін көрсетеді.

Жастардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып, адамның өмірдегі негізгі кызметтері: жанұяда, мектепте, жұмыста, қоғамда, мемлекеттің міндеттерін табысты орындау үшін тұтас субъекті, адамгершілік және дене қасиеттері жан-жақты жетілген дені сау қоғамға еркін кіру шарты табылады.

Қалыптастырудың негізгі әдістеріне педагогикалық жүйенің негізгі бөлшектерін іс жүзінде асыру есебі кірген (мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілі, түрлері, әдістері мен амалдары, тапсырма) олардың бірлігі және өзара байланысы.

Жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық-ойындар қызметіне және дене шынықтыру жүйесіне жастарды қатыстыру педагогикалық жүйеде көрсетілген. Осы қызметтердің бір түрінің дамуы немесе әлсіз деңгейі педагогикалық үрдісінде жастарды дене тәрбиесін қалыптастыру жүйелерін деформациялауға әкеледі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығыңда бұқаралық спорты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. №
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауың. Алматы, 1998, 240 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2000, №1, 4-11 қантар.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спорпы дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
  5. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
  6. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1993, 55 б.
  7. Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту // ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.
  8. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
  9. Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім берегін мектептердегі 1-9 сынын оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к.. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
  10. Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы, -1997.
  11. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
  12. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев,
  13. Куланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22б.
  14. Набатникова Н.И. Субмаксимольді және жоғарғы қуат арқылы жасалтын циклдік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1974, ж.
  15. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев P.M. Педагогака, Астана, 1998, 378-бет.
  16. Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан) п.ғ.к.дисс.М., 1968, 188 б.
  17. Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми практикалық конференцияның тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б.
  18. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1992, 1-20 беттер.
  19. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1968, 22 бет.
  20. Қоражанов Б.К. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М., 1992, 1-85 беттер.
  21. Филин В.П. Мектеп жасындағы оқушылардың спорттық жаттығу жасау барысында қозғалыс қасиеттерін жетілдіру проблемалары. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1970.
  22. Ашмарин В.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі. Дене тәрбиесі және спорт, М., 1976, 223 б.
  23. Пономарев Н.И. Дене тәрбиесі қоғам жене адам мәдениетінің бір саласы. Алматы, 1996, 308 бет.
  24. Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 1976, 236 б.
  25. Ботагариев Т.А. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының материалдары негізінде). п.ғ.д. дисс. авторефераты, Алматы, 2001.
  26. Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1984. 33 бет.
  27. Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998, 288 б.
  28. Төлегенов Ж.М. Қазіргі педагогикалық үрдісте қазақтың ұлттық дене тәрбиесінің құралы мен формасы. п.ғ.к. диссертациясы. Алматы, 1992, 1-165 б.
  29. Тотенаев Б. Дене тәрбиесі (бірінші классқа арналған оқу құралы). Алматы, 1988, 112 б.
  30. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991, 175 б.
  31. Анарқұлов Х.Ф. Қырғыз халқының қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру жаттығулары және осы заманға лайықтылығы. п.ғ.д. дисс.авторефераты. М., 1993, 25 б.
  32. Тұрсынов М.Б. Тәжіктің ұлттық ойыны мен спорт түрлері және олардың тәрбиелік мәні. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Душанбе: 1964, 26 б.
  33. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1995, 23 б.
  34. Қуанышов Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. Алматы, 1997, 260 б.
  35. Керимов Л.К. Тәрбие жұмысының мазмұны және тәрбие жұмысының міндеттері. (Әдістемелік көмеші құрал).//Алматы, 1991, 27 б.
  36. Баженов В.Т., Баженова В.П. Қараусыз қалған оқушыға педагогикалық ескерту. Алматы, 1989, 205 б.
  37. Садирметова Ж.Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1996.
  38. Ким В.А. Көп ұлтты мектептердегі оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу процесінің теориялық негіздерінің әдістемелері. п.ғ.д. дис. Алматы, 1992, 340 б.
  39. Антропов М.В. Оқушылардың күн тәртібіндегі жұмыс қабілеттері мен денсаулық жағдайлары. Педагогика. М., 1974. 135 б.
  40. Мұстафина Т.К. Спорт, медицина. Алматы, 1997, 314 б.
  41. Гужаловский А.А. Оқушылардың өтпелі кезеңінде берілетін дене тәрбиесін дамыту. Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы. 1977, №7, 37-39 б.
  42. Моркосян А.А. Жас ерекшелік физиологиясы және педагогикалық мәселелер. «Кенес педагогикасы». 1965, №
  43. Мотынская Р.Е. Адамның жасы және дене тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер. Док.дисс. Л., 1963.
  44. Сухарев А.Г. Оқушылардың қозғалыс белсеңділігінің гигиеналық үрдістерін ұйымдастыру. м.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1972, 40 бет.
  45. Rolloft В.В. Objectivea forrhysical education. // Jouranal of Ph., Recr., Dance, 1985, V.56.
  46. Гильберт Г.Г., Pocc Г. National children and Ycuth bitness study. // Journal of Fh, Recr., Dance, 1985, 56, №7, P.36-37.
  47. Зациорский В.М. Спортшының дене сапасы. //Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966 ж., 200 б.
  48. Ухов В. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Дене тәрбиесі институтына арналған оқулық. М., 1985 ж.
  49. Шмидт, Полеев А.С. Кенес Одағындағы спорт құрал жабдықтары. М., «Білім», 1970.
  50. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттамасы. Дене мәдениеті және спорт. М., 1966.
  51. Фарфель В.С. Спорттағы қимыл — қозғалыс классификациясы. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасы. 1970, №
  52. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты, М., 1946.
  53. Зациорский М.И. Спортшының қимыл сапасы. (Тәрбиенің теориялық және әдістемелік зерттеулері). п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1968 ж.
  54. Тодик М.А., Зациорский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. // Дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы, 1965, №
  55. Креаповников А.Н. Адам физиологиясы. //Дене тәрбиесі және спорт. 1954 ж.
  56. Жуков Е.Н. Педагогика. М, 1984, 64 бет.
  57. Фарфелъ C. Мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту. // М., 1969.
  58. Қазіргі таңдағы спорттық жаттығулардың физиологиялық проблемалары – спорттық жаттығу жүйесінің мәселелері бойынша өткен бүкіл одақтық ғылыми-әдістемелік конференциядағы баяндама. М., 1961.
  59. Годик М.А., Ширяев А.Г. Жаттығу жүктемелерін мөлшерлеу және бақылауды жетілдірудің педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1982, 48 б.
  60. Harriet I.E. The difberential measuremente offeree and velocity for junoir high school giris. «Hie Res. Quartentu». Vol.8, №4, 1937.
  61. Henry EM. Reseerch on sprine running. «The Athletic Journel». Vol.32, №6, 1952.
  62. Henry R.M. Whitley I.B. Relatlonenhip betuseen individual Differences in strength. //Speed and Mass in Arm Movement — Research Quarterly. 1960, 3, N1, P.24-31.
  63. Henry F.M. Whitley I.B. Relationanip between individual Differences in Strangth. // Speed and Maoc in Arm Nowement — Research Quarterly. 1960, 331, №1, P.74-31.
  64. Hettinger T.H. Iecmeyriches Musreltneininy. Georg Tһiome — Stuttgart, 1964.
  65. Smith L. Reaction Time and Movement Time in Large Movemente. The Research Qyarterly, vol.32, №1, 1961.
  66. Smith L. Reaction time and Movement time in four large muacle movemente. Reacarch Quarterly. 1961, 39, №1, P.88-92.
  67. Громбах , Сапожникова Р.Г. Глушкова С.К. Усищева М.Л. Сегізжылдық мектеп оқушыларының оқу жүктемесінің гигиеналық сипаты. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы». М., 1970, 111 бет.
  68. Зациорский В.М. Спортшының қимыл-қозғалыс қабілеттері. // Дене тәрбиесі және спорт, 1966, 200 бет.
  69. Henry F.M. Time — vecolity Equations and Orygen Requiremente of “All – оut” and «Steady-Pace» Running — Research // Quarter, 1954, 25, №2, P.396.
  70. Филин В.П. Жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі және спорт. М., 1974. 290 б.