АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы

 

«Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………5

І – тарау. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның дамуы……………………………8

1.1 Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой,

эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері………………………….8   

1.2 Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының тәрбиелік мәні……………………….14

1.3 Дене тәрбиесі маманына қойылатын педагогиакалық талап………………….27

 

ІІ – тарау. Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері……………………………..31

2.1 Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігі…………….31

2.2 Сабақтың жалпы құрылымы………………………………………………………………..35

2.3 Сабақ құрылымының педагогикалық міндеттерге тәуелділігі……………….39

2.4 Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі………………………45

2.5. Шұғылданудың сабақтан тыс түрі………………………………………………………57

Қорытынды……………………………………………………………………………………………..64

Пайдаланылған әдебеттер…………………………………………………………………………67

 

Кіріспе

 

Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.

         Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу  пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды.

         Дене тәрбиесі туралы ғылымда ізденіс дүниесі (объектісі) мынадай педагогикалық қозғаушы күштер болуы мүмкін:

         — Дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, әдісі және т.б. Ал ізденістің субъектісі деп дене жаттығуларын орындау кезінде адамның әсер етуді (реакциясын) немесе іс-қимылын зерттеуді айтады. Сөйтіп, кез келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес және субъектісіз объекті де өмір сүрмейді.

         Әлеуметтік құбылыс есебінде дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын тұрақтандыру дене тәрбиесінің ілімін зерттеу пәні болып табылады. Жалпы заңдылықтар деп халықтың кез келген бөлігіне дене тәрбиесінің тең дәрежеде қатыстылығын айтады (балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығуларымен енді ғана айналасушылар мен жоғары дәрежелі спортшылардың).

         Дене тәрбиесінің әдістемелік зерттеу пәні деп дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру және педагогикалық жұмыс барысында нақты бағыты бар жалпы заңдылықтары диалектикалық материализм ашқан табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарының арнаулы таным әдістері және адам денесінде болатын өзгерістер жеке методологияның бірі – дене тәрбиесінің методологиясын құрайды. Оның жалпы методологиямен байланысы мынадай жағдайларға тәуелді: жалпы әдістемелік жөніндегі ережені пайдалануға, дене тәрбиесі сияқты әлеуметтік құбылыстың заңдылықтарын ғылыми зерттеулердің бар екендігіне, түсінік аппаратының кең көлемде пайдалануына.

         Осыдан барып дене тәрбиесін зерттейтін өзге пәндердің ішінен ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің методологиясы есебінде тұтастай қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесінің көп қырлы ішкі және сыртқы байланыстарын бәрінен бұрын ашып көрсетеді. Сондықтан да дене тәрбиесініңілімі мен әдістемесі оқу пәні есебінде әрбір маманның еркін бағдарлама жасауға және дене тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуде өзін-өзі көрсете білуге мүмкіншілік беретін дене тәрбиесі аясындағы методологиялық дайындықты қамтамасыз етуге арналған.

         Дене тәрбиесі жүйесінің кез келген педагогикалық бағытының тиісті әдістемесі бар: жалпы дене шынықтыру әдістемесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі және спорттық бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі. Осы әрбір әдістеменің ішінде жеке әдістер болады. Олардың әр түрлілігі жаттығушылар крнтингентінің жасына, жынысына, кәсібіне және спорттық мамандықтарына сәйкес келуге тиісті. Әдіс деген сөз ғылыми оқу пәндерінде шартты жекеше түрде қорытынды сөз ұғымы (термин) ретінде қолданылады. Ол жеке спорттық-педагогикалық пәндердің әдістемесін (гимнастиканың оқыту әдістемесі, күресті оқыту әдістемесі т.б.) және жеке ғылыми пәндерді құрайды. Дене тәрбиесінің ілімі, дене тәрбиесінің негізгі атқаратын қызметін бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі ғылыми қағидалардың динамикалық жүйесін қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырылады. Дене тәрбиесінің ілімі дене тәрбиесі саласын тұтастай жетілдіру келешектік алға ілгерілеу мүмкіндіктерін (перспективасын) жасайды, дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын жинақтайды және оларды дене тәрбиесінің барлық әдістерінің игілігіне айналдырады.

         Дене тәрбиесінің әдістері жекелеген заңдылықтарды белгілей отырып, ілімдік білімнің жинағын жасау үшін негіз жасайды, ал педагогикалық ұсыныстар түріндегі жүйені заңдылықтарға айналдыра отырып, жалпы ілімді, қағидаларды мұғалім мен оқушылардың нақты іс-қимылын жазба түріне айналдырады. Дене тәрбиесінің әдістемесі арқылы қоғамдық игілік жеке игілікке (денсаулық жағдайын жақсарту, дағдыларды меңгеру) айналуы жүзеге асырылады. Сондықтан да әрбір әдіс нақты ұсыныс жасау үшін заңдылықтарды пайдаланып қана қоймай, жаттығулардың белгілі ббір тобымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс барысына тән заңдылықтарды да қоса пайдаланады.

         Мұның барлығы «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» деп бір атпен аталатын екі оқу пәнінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Пәндерді зерттеу сипатына байланысты олар педагогика ғылымының жүйесіне кіреді. Алайда кез келген педагогикалық пән есебінде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі өзінің педагогикалық қағидаларын әлеуметтік, психологиялық және биологиялық заңдылықтармен негіздейді.

         Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы мына екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылыми деректердің пайда болуы және жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кәсіптік қызметіне байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағанымыз жөн:

         1) пәннің әлеуметтік мәселелерінің кеңеюі және дене тәрбиесі ілімінің дене шынықтыру іліміне айналуы;

         2) пәннің педагогикалық мәселелерді түсіндіру жайы аспектісінің кеңеюі және дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің дене шынықтыру педагогикасына айналуы. Екі бағыт  та бір – біріне қарама-қарсы емес, қажетті жағдайларды бірін-бірі біріккен түрде толықтырып отыруы мүмкін. Қазіргі кезеңде оқу материалын кеңейту оқу сағаттарының көлеміне байланысты шектелуі мүмкін. Болашақта дене шынықтыру педагогикасының негізінде дене шынықтыру тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және басқа да арнаулы ілімдік пәндер материалын біріктіретін тұтас бірыңғай оқу пәнінің құрылымын күтуге болады. Ал олай болған жағдайда бір немесе өзге педагогикалық қағидаларыды жан-жақты сипаттау мүмкіншілігі пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – ТАРАУ. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның бағытты дамуы.

 

1.1 Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері.

 

         Дене тәрбиесі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелеріментүбірлі байланыста. Бұл тарауда дене тәрбиесінің басқа тәрбие түрлерімен  өзара байланысының нақтылы жақтары көрсетіледі және адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің дене тәрбиесі жүйесіндегі маңызы баяндалады.

         Дене тәрбиесі мен адамгершілік, өнегелілік тәрбиелерінің арасында жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту заңдылықтарымен қамтамасыз етілген екі жақты байланыс бар. Бұл байланыстың табиғи-ғылымилық негізінен ағзаның бірлігі туралы ілім, жеке тұлғаның дене және рухани дамуы құрайды.

         Шұғылданушыларға дене және адамгершілік тәрбиесінің өзара бірлікте әсер етуі бағытына қарай мүлде қарама-қарсы нәтиже келтіруі мүмкін.

         Біздің егеменді еліміздегі дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланысы дені сау, жаны таза, еңбек етуге, отанды қорғауға рухы дайын, өскелең өмір жолының қиындықтарына төзімді жаңа заманының белсенді жастарының бейнесін қалыптастырады.

         Ал капиталистік елдердегі жас ұрпақ бейнесі реакцияшыл идеология рухында, басқыншылық моральды рухта қалыптасады. Бұдан келіп шығатын түйін дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланыстарының пайдалылығы кездейсоқ жағдайда емес, яғни ойластырылған және мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалық тұрғыдан ықпал жасау болып табылады.

         Дене тәрбиесі жүйесінде спортшылардың адамдық бейнесінің келесі ерекшелік белгілері көрінеді:

  1. Халқымыздың мақсатты ісіне берілгендік, қоғамдық және мемлекеттік мүддені өз мүддесінен жоғары қою. Еңбекке және отанды қорғауға дайын болу мақсатында өзінің дене сапалары қабілеттерін жетілдіру және денсаулығын нығайтуға үнемі қамқорлық жасау. Қоғамдық пайдалы істен өзін аулақ ұстайтын спортшыларға бойында кешірімсіз көзқарасты қалыптастыру.
  2. Қоғамдық мүлікті көздің қарашығындай сақтауға дайын болу. Денені шынықтыру мәдениеті базщасының құрылысын салуға және оны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысу. Қоғам мүлкін таран-тараж жасаушылармен аянбай күресу. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының жүргізетін жұмыстарына белсенді ат салысу. Еңбекке, оқуға, қоғамдық міндетке, спорттық шеберлігін жетілдіруге, тұрмыстағы іс-әрекеттерде ұжым алдында жоғары жауапкершілікте болу.
  3. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымы мүддесіне қарама-қарсы пікірлерге кешірімсіздікпен қарау.
  4. Еңбекте, қоғамдық өмірде, спортта және тұрмыста жалпы адамдық адамгершілік талаптарын ерікті түрде ойластырып орындау. Елімізде тұратын барлық ұлттармен, ұлыстармен сол сияқты басқа ТМД елдерімен ынтымақтастыққа, достық қарым-қатынаста болу. Халықаралық спорт сайыстары барысында басқа ел спортшыларымен және еңбекшілерімен туыстық, бейбітшілік қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық бөлінушілікпен, бейбітшілік, демократия және прогресс жауларымен аянбай күресу.

         Егеменді еліміздің спортшыларының жоғары адамгершілік сапалары еңбекте, тұрмыста, спорттық сайыстарда, оқу жүйесінде және отанды қорғауға дайындық барысында қалыптасады. Адам өзін еңбекте, істе, әрекетінде, адамдармен араласуында адамгершілік қасиеттерін көрсетуі  үшін адамгершілік принциптерінің жүйелерін меңгеруі тиіс. Бұл принциптер қоғамдық өмірде, оның ішінде, дене тәрбиесі жүйесінде адамгершілік қатынастың барлық жақтарын қамтиды. Спорттық қызметтің ерекшелігі шұғылданушыларға келесі анықталған қатынастарды қамтамасыз етеді: өз командасының мүшелеріне, жаттықтырушысына, спорттық қарсыласына, спорт төрешісіне, көрермендерге және т.б. байланысты алдына қойылған міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және т.б. Бұл қатынастардың әр түрлілігі спорттық этиканың пайда болуын анықтайтын спортшының мінез-құлқын мөлшерлейтін ережелермен, белгілі шекарамен шектеледі. Этикалық талаптар және дағдылар, мінез-құлықтың саналы негіздерін қалыптастырудың жолдары мен міндеттері мөлшері адам тәрбиесінің жалпы жүйелерінде адамгершілік тәрбиесінің анықтаушы маңызы, жеке тұлғаның әлеуметтік ақталған өмір жлолдарындағы алғашқы дәределік мәндегі адамгершілік бастаулары, қоғамның бастаушы күшінің басты мүдделі қызығушылығына тән, онда қабылданған адамдық өлшемдерінің нығаюы болып табылады. Егеменді еліміздің дене тәрбиесі мамандарына, тәрбие саласының барлық қызметкерлеріне тән жаңа қоғамның қорғаушылары мен құрылысшыларын, яғни қоғамдық дамудың белсенді қайраткерлері – жастарды тәрбиелеуде халқымыздың өмір сүру өлшемдерін терең меңгеріп, олардың жалпы адамдық мазмұнының адамгершілік өнегесінің принциптеріне айналуы үшін, барынша жауапкершілікті міндеттерді жүктейді. Спорттық этика дегеніміз бұл спортшының өзінің ерекшелігі бар қызметінде (жарыста, жаттығуда және басқа дене жаттығулары сабақтары талаптарында

 Міндетті мінез-құлық ережесі мен талаптарының жиынтығы болып саналады.

         Бұл міндеттердің кешенінде мыналар қамтылады:

  • қызмет әуені (мотивтері мен сапалы сенімділікті, адамгершілік саналылығын қалыптастыру;
  • қоғамымыздың және әлемдік бірлестіктердің озық ойлы мүшелеріне тән сипаттағы адамгершілік сезімін тәрбиелеу (өз отанына деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, ұжымшылдық, қоғамдық борыш, бейбітшілікті сүю, адамгершілік, бүкіл дүние жүзі адамдарының ынтымақтастығы және т.б.);
  • спорттық этикаға, дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеудің нақтылы талаптарына сәйкес қоғамдық ақталған мінез-құлық дағдыларын, этикалық талаптарды сақтаудағы қатаң дағдыларды, әдеттерді, адамгершілік, өнегелілік тәжірибелерін қалыптастыру.

 

 

 

Адамгершілік, өнегелілік тәжірибесінің

құралдары мен әдістері.

 

     Оқу жүйесі барысында шұғылданушыларға адамгершілік, өнегелілік тұрғысынан әсер ету осы жүйеге байланысты оның мазмұны, ұйымдастыру әдістемелері, оқытушылары мен жаттықтырушылары, басқа да оқу жүйесіне қатысушылардың адамгершілік тұрғысынан әсер ететіні педагогика ғылымында дәлелденген. Дене тәрбиесі пәнінің өзгешелігі (қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, дене сапаларын жетілдіру), тәрбиелеу құралдары (гимнастика, ойын, спорт, туризм), сабақтың үлгілерінің әр түрлілігі (сабақ, спорттық жаттығу, жарыс, жорық т.б.), дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жағдайда өткізу (гимнастикалық залда, мұз айдынында, орманда, тауда және т.б.) осылардың барлығы шұғылданушылардың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне және мінез-құлқына жан-жақты әсер етеді. әсіресе, дене тәрбиесінің негізгі құралы – қозғалыс әрекеттерінің өнегелілікті дамытуда рөлі орасан зор.

Гимнастикада қолданылатын қозғалыс әрекеттері қатаң тәртіп белгілеуді талап етеді. Бұл шұғылданушыларды өзін ұстай білуге, саналы тәртіптілікке, өз денесін меңгере білуде сезімін басқаруға, өз әрекетіне жауап беруге және тәртіпті саналы орындлауға мәжбүр етеді. Егер қозғалыс әрекеті күнделікті дағдыланбаған жоғары биіктікте орындалса (гимнастикалық бөренеде, әр түрлі биіктіктегі жарыспалы сырықта, белтемірде және т.б. тепе-теңдікке арналған жаттығуларда) шұғылданушыларға жаттығуды орындаумен қатар батылдық, ерлік, шешімшілдік, табандылық, орнықтылық және басқа да жігерлілік сапаларын көрсетулеріне тура келеді. Бұл сапалар гимнастика сабағында көбірек көрініп, шұғылданушылардың құлықтылық белгісіне айналуы мүмкін. Адамгершілік бейнесінің ерік-жігер сипатталуына спортпен шұғылдану үлкен әсер етеді. Таңдап алған спорт түрінен шеберлікке жету үшін спортшы ұзақ уақыт көлемі мен қарқыны үнемі өсіп отыратын денеге күш түсіру жүктемесіне жоспарлы түрде жаттығуы, күрделі әдістерді меңгеруі, әр түрлі әдістік айла, тәсілдердің міндеттерін шешуі және т.б. тиіс. Қазіргі таңғы спорт шұғылданушылардан жоғары еңбек сүйгіштікті, өзін-өзі ұстай білу дәрежесін, өзіндегі жағымсыз сезімдерді баса білу, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды табандылықпен жеңуді талап етеді. Бұл тұрғыда спорт жарыстарының да маңызы өте зор. Жарыстың ережесі спортшыларға қарсыласымен қатаң, анықталған жағдайда күресуін ұсынады.

Олардан тек мінсіз тәртіпті, адалдықты, шыншылдықты талап етіп қана қоймай, сонымен бірге олар қарсыласын, спорт төрешілерін, көрермендерді сыйлауы, өз Отанының биік мақсаты, Қазақстан спортының абыройы мен даңқы үшін мінезінің тұрақтылығын көрсете білуі тиіс. Спортпен шұғылдану ағзада елеулі биологиялық өзгерістер жасап қана қоймайды, сонымен бірге  спортшылар көзқарасында, көңіл сенімділігінде, мінез  шеберінде, әдет дағдысында, әдемілікті айыра білу және жеке тұлғаның басқа жақтарын анықтайды. Үнемі жетілдіріліп және орнықтыру нәтижесінде адамгершілік және ерік-жігер сапалары үшін дағдыға айналуы және тек спортта ғана емес еңбекте де, тұрмыста да көрінуі мүмкін. Туризмде қолданылатын қозғалыс әрекеттері дәл осындай саналы тәртіпті, өнегеліліктің қарапайым өлшемін, еңбек сүйгіштікті, ұйымшылдықты және  басқа да адамгершілік және жігер сапаларын көрсетуді талап етеді. Сонымен бірге туризмде шұғылданушыларға отансүйгіштікті, қоғамдық борыш ұғымын, Отанды сүюді, қоғамдық меншікке жанашырлық жасауда да көптеген жоғары өнегелілік сапаларын дамыту үшін елеулі потенциалды мүмкіндіктері жасалынған. Адамгершілік өнегелілік тәрбиесінің міндеттерін шешуде дене тәрбиесі құралдарының маңызы зор. Дегенмен, дене жаттығуларымен, оның ішінде спортпен шұғылдану жеке тұлғаның қажетті өнегелілік сапаларын бере алмайды. Тек педагогикалық бағытта шұғылданушылардың мінезінің ерік-жігер сипатын, бейнесін қалыптастыратын құралға айналады.

Дене тәрбиесі жүйесінде өнегелілік тәрбиесінің әр түрлі әдістері қолданылады. Бұларға түсіндіру арқылы көзін жеткізіп, сендіру, пікірлесу және  басқа сөз арқылы әсер ету, көрнекі мысал және іс-тәжірибе жүзінде үйрету жатады.

Көзін жеткізіп сендіру әдісі тәрбиешінің сөзбен жан-жақты әсер етуінің жиынтығы, яғни ол шұғылданушыдлардың көзін жеткізіп сендіруді психологиялық сапа ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөзбен әсер ету үлгісінде сендіру әдісін пайдаланып, тәрбиеші адамгершілік қағидаларын түсіндіреді, шұғылданушылардың алдына қойған мақсатқа жетуі үшін ерік-жігер сапаларын көрсету қажеттілігіне көзін жеткізіп сендіреді.  Спорт қызметінде өнегелілік сапалары мәнін сипаттайтын нақтылы дәлелдерді, көрнекі мысалдарды келтіреді; шұғылданушыларды этикалық талапқа сай болуға себепші болады, өзінің іс-әрекетін, бүтіндей мінез-құлқын, ұжымға деген қатынасын, көзқарасын, әділ бағалауға үйретеді. Бірқатар жағдайларда бұл әдіс  шұғылданушыларды тек тәрбиелеуге ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сол сияқты оларды қайта тәрбиелейді, оларға мінездеріндегі жағымсыз жақтарын жоюға жәрдемдеседі.

Түсіндіру және этикалық пікірлесуді қолданумен қатар мақұлдау, мақтау, ойын түрінде ескертпе жасау, кінәләу, сөгіс беру және сөзбен әсер ету әдістері пайдаланылады. Мақұлдау,мақтау және басқа сөзбен дұрыс әсер ету әдістері балалармен жаңадан шұғылдануды бастаған спортшылар үшін ерекше қолайлы әсер етеді. Бұл олардың оқу тапсырмаларын орындау кезінде өз күштеріне сенімсіздігін, сонымен бірге мінез-құлқындағы кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді. Тәжірибелі спортшылармен жұмыс істеуде ерік-жігер сапалары мен мінез-құлқындағы кемшіліктер туралы пәкірлесуді қолдану, бұл кемшіліктерді жоюға кеңес беру дұрыс. әсіресе, аса дарынды спортшыларды шамадан тыс мақтаудан сақтанған жөн. Шамадан тыс мақтау өз күштерін аса жоғары бағалауға, өз-өзінен масайраушылық, көкірек көтерушілікке және т.б. ұрындырады. Тәрбиеленушінің неғұрлысм жасы ұлкен болған сайын олардың сезіміне жете түсінікті етіп көзін жеткізіп сендіру барысында оларға сүйену қажет. Дегенмен, жақсы жақтарымен бірге сөзбен көзін жеткізіп сендіру әдісінің өзіндік әлсіз жақтары да бар. Этикалық талап өлшемдерін сөзбен түсіндіру немесе ерік-жігер сапаларының мәнін көрсетуге сүйенбей дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде оның дұрыс жақтары «рахаттандыру сөздеріне» айналып кетуі мүмкін. Сөзбен әсер ету күнделікті іс-тәжірибедегі мысалдармен бекітіліп отырғанда ғана сенімді болады. Адамгершілік өлшемдерімен талаптарын тәрбиеленушілердің сапалы түрде орындауына іс-тәжірибе барысында үйретуде тәрбиешінің өзінің  жеке басының өнегелілік үлгісінің бұл қатынаста үлкен маңызы бар. Үлгіні мысалға келтіру күшінің педагогикалық маңызына көптеген көрнекті Ресей педагогтары сілтеме жасады (П.Ф.Лесгафт, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б.).

Кеңестік дене тәрбиесі саласының көрнекті мамандары да жеке адам үлгісін мысалға келтірудің ықпалды рөлінің  дұрыстығын атап өтті (В.И.Алексеев, Н.А.Бутович, Н.Г.Озолин және т.б.). Көрнекті үлгінің сендіруші күші балалар мен жеткіншек жасөспірімдерді өнегелілікке тәрбиелеуде ерекше маңызды. Бұл олардың еліктеушілікке бейімділігі туралы айқын ойлау қабілетінің артуымен түсіндіріледі. Білім дәрежелерінің және өмірлік тәжірибелерінің әлі шектеулі, аздығына сәйкес балалар үлкендердің әрекетін, істерін, мінез-құлықтарын байқайды және оларға еліктейді. П.Ф.Лесгафт: «Балаға сөз емес, нақтылы көрсетілген іс басты бейнеде әсер етеді, бұл сөздің іс-жүзіндегі нақтылылығы, оның бойында өзінің көрген істерінің әсерімен үйренгендері жинақталады. Ол айналасында байқағандарын қайталап, өз дағдысы сана және дәстүріне айналады», — дейді.

Дене тәрбиесі пәні оқытушылары мектеп оқушыларын адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелеуде өзінің жеке үлгілі істерімен, сол сияқты басқа жақсы адамдардың жоғары өнегелі бейнесін сипаттайтын мысалдарды келтіру арқылы үлкен жетістіктерге жетеді. Өз жеке басының өнегелілігі арқылы тәрбиелеу мәні дене тәрбиесі саласының әрбір маманына, оның ішінде спорт төрешілеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Оқытушының, жаттықтырушының, спорт төрешісінің абыройы жоғары болған сайын шұғылданушылардың өмір танымы, өнегелілікке сенімділігіне, этикалық өлшемдері мен ерік-жігер сапаларына оның жеке басының үлгісі қатты әсер етеді. Дене тәрбиесі жүйесіндегі өнегелілікке тәрбиелеудің  соңғы мақсаты адамгершілік принциптерін шұғылданушылардың жеке сеніміне терең ендіру, яғни спорттық этика өлшемі және мінезіндегі ерік-жігер сапалары оның дағдысына айналуы тиіс. Адамгершілік, өнегелілік тәжірибесінің жинақталуы және оның нығаюы дене тәрбиесі жүйесінде іс – жүзіндегі үйрету әдісімен іске асады. Іс-тәжірибе жүзіндегі үйрету әдісін жаттығу әдісі ретінде қарауға болады. Бірақ жаттығу өнегелілікке тәрбиелеу әдісі ретінде өзінің сипатына қарай оқытып үйрету жолымен айырмаланады.

Іс-тәжірибелік үйрету әдісі шұғылданушылардың қызмет аясын педагогикалық тұрғыдан ұйымдасытруда тек нақтылы дағдыларды, әдеттерді ғана өндіріп  қоймайды, сонымен бірге жеке тұлғаның бүтіндей қалыптасуын, яғни түйсік, сезім, ерік және басқа да психологиялық құбылыстарды қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жүйесінде іс жүзіндегі үйретуде этикалық өлшемдердің сақталуы қозғалыс әрекеттері арқылы іске асады. Дене тәрбиесінің ерекшелік құралының бар  жиынтығы – гимнастикак, ойын, туризм, сонымен бірге бұл саладағы педагогикалық ұйымдастыру шұғылданушыларды этикалық өлшемдер мен ерік – жігер сапаларын мақсатты бағытта дамытуға үйретеді. Дұрыс өнегелілік мінез-құлық әрекеттердің, дағдылардың белгілі бір жүйесін жаттықтыру үшін оны дұрыс, жағымды әрекеттер мен істерді қызметтің нақтылы жағдайында көп рет қайталау қажет. Мұндай жағдай, мысалы, әр спорт түрінде белгілі бір жарысқа қатысу тәртібі, спортшыларға талап қою, олардың міндеті мен құқығы, сонымен бірге тәртіп бұзушылыққа  байланысты шара көру болып табылады. Егер жаттықтырушы спортшыдан жаттығуда қалыптасқан ережені табандылықпен талап етсе, онда тәрбие жүйесі педагогикалық бағытта сипат алады.

Ережелер мен талаптарды сапалы түрде ең алдымен жаттығу сабақтарында, ал содан кейін сайыстарда орындау спортшы іс жүзінде өзін ұстай білуге дағдыландырады (жағымсыз, кері көңіл-күйді тежеу, тәртіпті, ұқыпты, мұнтаздай таза жүру).

Спортшының сайыстың ерекшелігінде қарсылық бағыттағы өз мүддесіне тартушылық ұмтылыс және қызығушылық жиі пайда болады. Кейбір спортшылардың  өзін ұстай білу қабілетінің болмауы спорттық этика талаптарына қайшы қылықтарға ұрындырады. Мысалы, ұтылған спортшы жеңімпаз қарсыласының қолын алудан бас тартып, спорттық этика ережесін өрескел бұзады. Мұндай алдын алу және болдырмау үшін жүйелі түрде педагогикалық әсер етуді, оның ішінде тәжірибелік үйрету әдісін қолдану қажет. Мұндай әсер ету жүйесінде іс жүзіндегі үйрету негізгі орынды алады, өйткені, онсыз мінез-құлық тәртіптік дағдыларын, қарапайым адамгершілік өлшемдерін, әрине, мінездің, ерік-жігер сипатын шынықтыруды қалыптастыру мүмкін емес. Дене тәрбиесінің ұйымдастыру барысында іс жүзінде тікелей үйретуде қиыншылықтарды жеңу, қозғалысқа үйрету негізінде және дене сапаларын тәрбиелеуді іске асады. Дене қабілеттерінің дамуымен және әдістік-тәсілдік шеберлігінің өсуімен бірге ерік-жігер нығаяды, өз күшіне сенушілік артады.

Педагогикалық тәжірибе және арнайы ғылыми зерттеулер көрсеткендей (Н.А.Бутович, К.А.Шаров, Н.Г.Озолин, А.Ц.Пуни және т.б.) спортшының жігерін әр түрлі әдістермен жаттықтыруға болады. Масалы:

— жаттығуда жүйелі түрде қиындықтар мен жүктемені арттыру;

— жаттығу сабақтарында шұғылданушыларды жарыстық жағдайда әрекет жасауға үйрету (жарыстық сайыстарды жиі қолдану);

— батылдықты, шешімділікті, тәуекелге барып елеулі ерік-жігер күш салуды талап ететін дене жаттығуларын кең пайдалану;

-күште, жылдамдықта, төзімділікте өте жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылу;

— байқап көру бақылауларын (контрольная прикидка) жиі өткізу;

— эстафета, командалық ойындар және т.б. дене шынықтыру жаттығуларын ойындық әдістемемен өткізу;

— гимнастика сабағында спорт қондырғыларды жарыстағыға қарағанда жаттығу көлемін арттырып өткізуді пайдалану;

— жаттығу сынақтарын максимальді балға орындау;

— жаттығуды таза орындау үшін спортшыларға бір-ақ мүмкіндік беру;

— жаттығу сабақтарына сезімдік сипат беру.

Іс-тәжірибе жүзінде үйрету әдісі спортшының жеке өмірдегі және қызметіндегі күн тәртібінің қатаң сақталуын алдын ала бағдарлайды. Қабылданып, белгіленген күн тәртібі үнемі сақталуы тиіс. Өйткені ол кері жағдайда қажетті гигиеналық әсерлілік бермейді және ерік жігер сапаларының бекітуін қамтамасыз етпейді. Адамгершілік тәрбиесінде табысқа жету үшін шұғылданушыларды этикалық ережені орындауға және таңдап алған қызметіндегі біртіндеп күрделіленетін қиындықтарды жеңуге күнделікті үйрету маңызды. Сонымен қаралған адамгершілік, өнегелілік әдістері органикалық өзара байланыстағы әр түрлі әсер ету құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Соңғы нәтижеде бұл әдістер тек көзін жеткізіп сендіру және үйрету үшін ғана емес, сонымен бірге осы негізде адамгершілік тұрғыдан ақталған әрекеттерге, іс — әрекетіне және мінез-құлқына түрткі болады. Адамгершілікке тәрбиелеу әдістері барлық уақытта шұғылданушылардың түйсігінде жағымды немесе теріс, ұнамсыз сезім қалдырады. Жағымды әсер ету үлгісіне педагогтің мадақтауы, яғни шұғылданушылардың жағымды әрекеттерін бекітіп, арттыру негізінде олардың мінез-құлқында сәйкес әдет, дағдылары мен эстетикалық өлшемдері туралы дұрыс ұғымды қалыптастыру болып табылады. Мадақтау сонымен бірге шұғылданушыларды осындай жақсы әдет, этика талап өлшемдерін қайталауға қызмет етеді.

Керісінше ұялту, бетіне басу түріндегі педагогтің әсер етуі шұғылданушылардың көңіл-күйіне жағымсыз сезім туғызу арқылы жағымсыз қылықтарды қайталамауға жұмылдырады. Егер бұл әсер ету үлгілері шұғылданушылар тарапынан қарсылық туғызса, онда ұялту, бетіне басу, еріксіз көндіру және жазалаумен байланысты болуы мүмкін. Адамгершілікпен түсіндіріп, көзін жеткізу этика талаптарын еркімен сақтап, дәстүр, әдет, дағды, табиғи қажеттілік бойынша жасау қызмет әрекетінде іске асып, адамның өнегелілік саналарына, оның мінезінің сипатына айналады.

 

 

 

1.2 Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының тәрбиелік мәні.

 

Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының тәрбиелік мәні туралы мәселе тәрбиенің барлық түрі  үшін маңызды. Әсіресе, оның рөлі адамгершілік және еңбек тәрбиелерінде орасан зор. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуде дене шынықтыру мәдениеті ұжымы үлкен маңызға ие, яғни Ш.С.Макаренконың тамаша педагогикалық тәжірибесі көрсеткеніндей, қоғамдағы тәрбие жұмыстарының басты қозғаушы күші ұжым болып саналады.

Ұжымды ұйымдастыру және әрбір адамға талап қою, адамның іске асатын ұжыммен бірге ұмтылысын ұйымдастыру, тәрбие жұмысының мазмұнын құрайды. Сондықтан ұжым тәрбиесінің объектісі және субъектісі ретінде де алға шығады. Ұжым мүшелерін рухани байланыс, яғни мақсаттың, әсерленушіліктің бірлігі, денені жетілдіру, спорттағы шеберлікті өсіру және жоғары нәтижеге жету үшін күрес біріктіреді. Бұл, өз кезегінде, сапалы тәртіпті, спорттық еңбек сүйгіштікті, өзара жолдастық көмекті, жеңіске деген ерік-жігер мен басқа да шұғылданушылардың адамгершілік және жігерлілік сапаларын тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасайды. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымы спортшыға өзінің қоғамдағы орнын, қоғамдық борышын, іс-тәжірибе жүзіндегі қызметінің мәнін білуге жәрдемдеседі. Әсіресе, жастардың адамгершілік бейнесіне спорттық команда терең әсер етеді. Бірге жаттығу олардың спорттық шеберлігін жетілдіріп қана қоймайды, сонымен бірге жоғары өнегелілік сапаларын қалыптастырады, өз командасына, әріптесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Командадағы әрбір спортшының жеңісі жалпы іске айналып, ал жолдасыңның сәтсіздігіне риясыз жәрдем беруге ықылас туғызады. Жақсы команда этикалық өлшем талабын бұзу, яғни белгіленген күн тәртібі режімін елемеу, шынайы емес мінез-құлық көрсетуі және бейбастық жасау назардан тыс қалмайды. Дене шынықтыру мәдениетінің тәжірибелік жұмыстарының негізінде ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын спорттық дәстүрлер пайда болады.

Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының барлық қызметі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста және оның тамаша мектебі болып табылады. Бұған қоғамдық пайдалы еңбек, қоғамдық тапсырмаларды ұжыммен бірге орындау, дәстүрлі спорт жарыстарында басқа ұжымдармен кездесу, үгіт-насихат шаралары қызмет етеді. Кеңестік спорттық озық тәжірибесінде көптеген дәстүрлер қалыптасты: ұжымдардың спартакиадасын өткізу, жоғары спорттық көрсеткіштері, спортқа көпшілікті тартқаны үшін жүлде, жеңімпаз командаларға вымпел тағайындау, спорт кештерін, көріністі кездесулер өткізу, «Спорт намысы үшін» атты құрмет кітабын шығару. Іс-тәжірибеде еліміздің спортына халықаралық спорттық қозғалыстар, оның ішінде олимпиада ойындары тәжірибесінен мына дәстүрлер кіріп, бекітілгені, яғни жарыстың ұлттық жалауы көтеріліп, еліміздің әнұраны орындалып, қатысушылардың салтанатты шерумен шығуы және т.б. спорттық дәстүрлердің күштілігі ұжымның қоғамдық пікірін көрсетеді.

Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының қоғамдық жекелеген ұжым мүшелерінің санасындағы, іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы жетіспеушіліктерді жеңуге мүмкіндік береді. Ұжым күшіне сүйенбей ешбір тәрбиеші, дене тәрбие пәні мұғалімі, жаттықтырушы, спорттық төреші және т.б. алдына қойған міндетін толық қанды шеше алмайды.

Дене және ақыл-ой тәрбиесінің өзара байланысы. «Адамның ақыл-ой және дене дамуының арасында тығыз байланыс бар. Ақылдың өсуіне дамуына сәйкес дененің де дамуын талап етеді және керісінше біржақты тек денені дамыту ақыл-оймен жеткіліксіз тексерілмеген және бағытталмаған іске ұрындырады», — деп жазды көрнекті ғалым П.Ф.Лесгафт.

Дене және ақыл-ой тәрбиесінің екі жақты мәнін жалпыға бірдей түрінде келесі ережелерде анықтауға болады. Мықты денсаулықты, қозғалыс мәдениетін, дене жетілуін қамтамасыз ететін дене тәрбиесі жүйесі ақыл-ой, жұмыс қабілеттілігі үшін күш беру күші болып табылады. өз кезегінде шұғылданушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ақыл-ой тәрбиесі олардың қозғалыс әрекетін терең ойланып және шығармашылықпен меңгеруін дұрыс іске асырып, олардың дене қабілетін еңбек және спорт мүддесі үшін ұтымды жетілдіруін қамтамасыз етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнында өзара байланыстағы білім беру жақтары айырмаланады.

Білім беру жағы шұғылданушыларды арнайы біліммен қаруландырады (үйретілетін қозғалыс әрекетінің қозғалыс механизміне, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру заңдылықтары туралы және дене сапаларын тәрбиелеуге, таңдап алған спорт түрлерінің әдістерінің ерекшеліктеріне, дене жаттығуларының адам ағзасына жалпы және шектелген әсеріне, денеге түсетін жүктемелер жайлы, жаттығулардың мөлшеріне, гигиеналық талаптарына және т.б.). психологтар ақылды дамытудың бірінші қажетті жағдайы құбылыс туралы ақиқатты білу деп тұжырымдайды. Білімсіз қарапайым ақыл-ой қызметінің болуы мүмкін емес.

Арнайы білімді күнделікті меңгеру және кеңейту қозғалыс әрекеттерінде оны мақсатқа сәйкес ұтымды пайдалануды тәрбиелеу дене тәрбиесі жүйесінде ақыл-ой қызметінің басты мазмұнын құрайды. Дегенмен, арнайы білімнің маңызы қанша зор болғанмен, шұғылданушылардың ақыл-ой белсенділігін дамытуда бұл білімдердің және сапаларының көмегінің ақыл-ой қызметінің тиімділігін өздігінен қамтамасыз ете алмайтындығын көңілден ұмыт қалдырммау керек. Алған білімді бір жүйеге келтіріп, бұл білімді және қозғалыс тәжірибелерін өмірдегі әр түрлі жағдайларда еңбекте және спортта қолдана білу қажет. Бұған кейде қозғалыс әрекетіне үйрету барысында шұғылданушылардың танымдық қабілеттерінің дамуы жәрдемдеседі. Осы заманға психологияда тиімдәілікпен, шығармашылықпен және қайта есіне түсіруімен, ұдайы өндіріспен ойлау айырмаланады. Дене тәрбиесі тәжірибесінде қозғалыс әрекеттеріне үйрету ереже бойынша шұғылданушылардың танымдық белсенділігін көз алдына келтіру негізінде іске асырылады. Дене тәрбиесі саласы маманының басшылығымен шұғылданушылар  бірізділікпен айтылған арнайы білімді меңгереді, қозғалыс дағдыларын игереді, дене қабілеттерін жетілдіреді. Жаттығуға, қозғалыс әрекеттеріне үйретуде көп орынды ұтымды шығармашылық ойлауға бөлу қажет, өйткені соның арқасында шұғылданушылар әр түрлі қозғалыс міндеттерін өздігінен іздеуге және табуға мақсат етуі және оны шешуі мүмкін. Бұл спортшының жеке ерекшеліктеріне сәйкес спорттық жаттығудың сеніміне және өзгешелігін барынша терең білуге, әдіс – тәсілдік ойлаудың молшылығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Сірә, шұғылданушылардың шығармашылық ойлау қабілеті олардың үйрену сапасын барынша жоғары көтереді. Психологтар ұтымды шығармашылықпен ойлауды оқытып үйрету барысында тәрбиелеуге болады және ол қажет деп санайды. Дене тәрбиесі жүйесінің ойлау қызметінің тәрбиелік жағы танымдық қабілетімен қатар  шұғылданушылардың соған сәйкес келетін ақыл-ой сапасын дамыту болып табылады. Оқытып үйретудің алғашқы сатыларнда ойды үйретілетін қозғалыс әрекетіне, зеректікке, талаптылыққа, ақылдың жүйріктігіне және т.б. бағыттап дамыту көзделеді. Одан кейінгі дәрежелерінде, әсіресе, спорттық күрестерде, оның ішіндегі басты бейнеде әдіс, тәсілдік әрекеттерде қажетті бірізді жүйелілік, жылдамдық, ойлау динамикалылығы және басқа ақыл – ой сапалары керек.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері. Дене тәрбиесі жүйесіндегі ақыл-ой қызметінің мазмұнына сәйкес ақыл-ой тәрбиесінің мына үш негізгі міндеттерін бөліп қарауға болады:

  1. Дене шынықтыру мәдениеті саласында шұғылданушылардың арнайы білімін байыту.
  2. Үйренген қозғалыс тәжірибесін сын көзбен бағалауға, жинақтап қорытуға, талдау қабілеттілігіне ой жүгірте білуге тәрбиелеу.
  3. Іскерлік пен дағдыны ақыл-ой белсенділігін қозғалыс әрекетінде шығармашылықпен көрсету белсенділігін қалыптастырып және өзінің дене қабілеттерін еңбек және спорт мақсаты үшін қолдану.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары. Дене жаттығуларымен шұғылдану жүйесіндегі ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралы дене шынықтыру мәдениеті саласындағы арнайы білім санап, оған сүйенуші оқытушы шұғылданушыларды қозғалыс әрекетіне үйрету кезінде олардың ойлау қабілеттерін арттырады. Бұл арнайы білімнің мазмұны мен көлемі шұғылданушылардың жасына және дене дайындығына сәйкес дене шынықтыру мәдениеті бойынша бағдарлама талаптарымен анықталады. Бұған байланысты неғұрлым арнайы білімде қозғалыс дағдылары кең ауқымды болса, онда солғұрлым шұғылданушылардың ақыл-ой белсенділігінің даму мүмкіндігі мол болады. Меңгерген білім мен қозғалыс тәжірибелерін пайдалана білу оқушыларды қозғалыс міндеттерін өздігінен шешуге, ізденуге және оны іске асыруға, яғни қозғалыс қызметінде шығармашылықпен көрінеуіне итермелейді. Тек дене қабілеттері ғана емес, жан-жақты және терең арнайы білімі бар жоғары дәрежелі спортшылар үшін шығармашылықпен батыл ізденудің барынша кең жолын ашу олардың спорт қызметіндегі ақыл-ойының (интеллект) белсенділігін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру жаттығуларының өзі егер оны меңгеру жеткілікті ойлау белсенділігімен жүрсе ақыл-ой тәрбиесінің құралы болуы мүмкін. Дене жаттығуларының күрделілену шамасына қарай (мазмұнына, түріне, үйренушілердің бір-бірімен келіскен әрекетіне және т.б.) ақыл-ой белсенділігіде арттырады.

Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері. Дене тәрбиесі  жүйесінде ойлау  қызметі сөз жүзінде жүргізіледі және айқындалған  байланыстарды тұжырымдайды. Бәрінен бұран  бұған оқытып үйретудің барлық ерекшеліктері (түсіндіру, көрсету, жаттығу және т.б.) мүмкіндік туғызады. Өйткені ақыл-ой қызметінің белсенділігі оқытып үйрету әдісінің табығатында қаланған. П.Ф.Лесгафттың тұжырымдауы бойынша оқушылардың ойлау қабілеттерінің даму жолдарының барынша әсерлілігі ойлау, ой жүгірту болып табылады, яғни онсыз олардың мәні, аты көрінбейді және дамымайды. Дене тәрбиесі жүйесіндегі пікірлесу, ақылдасу шұғылданушыларды айқын айлауға, ақиқаттың жалпы ережесін айқындауға және осыған сәйкес дене шынықтыру мәдениеті ауқымында танымды қалыптастыру және әрекет  ету болып табылады. Оқушы неғұрлым оқытылып, үйретілетін қозғалыс әрекетін талдап пікірлессе, солғұрлым аз еліктейді. Пікірлесіп, талқылау олардың өздігінен шығармашылық белсенділік және ерік-жігер сапаларын көрсетулеріне мүмкіндік туғызады.

«Пікірлесіп, талқылаусыз дерексіз ұғым  болуы, ал дерексіз ұғымсыз адамның ерік-жігер қызметін атқаруы мүмкін емес», — деп жазды П.Ф.Лесгафт. Білімді кітіп арқылы алуға болады, бірақ бұл білім тұрақсыз, кездейсоқтықты лақтырып тастап, негізгілерін пікірлесу нәтижесінде алуға болатынын атап көрсетті. Дене шынықтыру мәдениеті жүйесінде пікірлесіп, талдай білу біртіндеп дамиды. Қозғалыс әрекетін оқытып үйретудің алғашқы сатыларында оқушыларды айрықша пікірлесу, сұрау жәрдемімен, сонымен бірге олардың өз бетінше бақылауы және салыстыруы арқылы нәтижеге жетеді. Шұғылданушылардың жалпы дамуы шамасына қарай олардың қозғалыс тәжірибесінің, арнайы білімінің артуына қисынды ойлау қабілетінің дамуында мыналар  қолданылады: талдау, жинақтап қорту, сын көзбен бағалау және басқа өнегелілік, ақыл-ой тәрбиесінің әдістері мен тәсілдері.

 

 

Эстетикалық тәрбие.

 

 

Дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің өзара байланысы. Дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің өзара байланысы адамның ұғымынан тәуелсіз, объективті өмір сүреді. Бір жағынан, дене тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, ағзасын, оның ішінде сезім органдарын дамытып, қозғалыс мәдениетін жетілдіріп, эстетикалық тәрбие үшін алғышарты адамға эстетикалық әсер етудегі өрісін кеңейтеді. Басқа жағынан, эстеткалық тәрбие спортшының рухани бейнесін жоғары дәрежеге көтеріп және жақсартып, оларды дене сұлулығына, қозғалыс әрекетіндегі шығармашылық ұмтылысқа, айқындалған эстетикалық мінез-құлыққа ұмтылыс көрсетуіне мүмкіндік жасап, дене тәрбиесінің нәтижелігін арттырады.

Эстетикалық тәрбиенің мазмұны. Адамның денесін табиғи дамытуға бағытталған дене тәрбиесінен айырмасы эстетикалық тәрбие адамның рухани қабілеттерінің қалыптасуын қамтиды.

Ол ұғыну, сезіну, түсіну және ақиқат құбылыстың сұлулығына сәйкес бағалай білу, заман талабына сай шығармашылыққа ұмтылуға байланысты қажеттілігі және қабілеттерін дамытады. Қысқаша айтқанда, эстетикалық тәрбие адамның өмірге деген эстетикалық қатынасын қалыптастыруда өнермен қатар оның эстетикалық маңызында барлық іс-тәжірибелік қызмет ауқымында, оның ішінде дене тәрбиесі мен спортта қызмет етеді. Дене тәрбиесі жүйесіндегі эстетикалық тәрбие пәнінің ерекшелік күшіне адамның дене сұлулығында барынша жан-жақты көрінетін, яғни дені сау, күшті және сымбатты адамды дайындаудағы белгілердің жиынтығы кіреді. Адамның мықты және жақсы денсаулығы барлық дене мүшелері мен жүйелерінің қалыпты өмір қызметін қамтамасыз етді. Денсаулықты жоғалтумен бірге сұлулық та жойылады.

Н.Г.Чернышевский: «егер өмір және оның көркі сұлулық болса, онда ауру мен оның салдары (нәтижесі) кейіпсіздік, ұсқынсыздық болуы өте табиғи», — деген болатын.

Сұлулық спортшының жан-жақты дене дайындығы нәтижесінде, яғни өз денесін еркін және қиындықсыз меңгеру, жүйелі дене құрылыс, қозғалыстың қарапайым, нақыштылығы, әсерлігі және мәнерлілігінде айқын көрінеді. Ақиқатқа эстетикалық қатынас спортшының шығармашылық қызметінде де кездеседі. Ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте адам өзінің дене күшін тек табиғаттың силығы ретінде ғана емес, өзінің меншікті шығармасы ретінде оны дамытуға ұмтылуымен сипатталады. өзін шығармашылықпен көрсете білоу қабілеті таңдап алған спорт түріндегі жеке әдістерін ізденіп және құруда, тәсілдік жоспардағы ойлардың жаңалығында, жаттығу әдістемелерін жетілдіруде және т.б. көрінуі мүмкін. Н.А.Дмитриева өзінің «Эстетикалық тәрбие мәселелері» деген ғылыми мақаласында «жүйелі ойлай білу және асқан сұлулық пен әсемдікті сезіну кез-келген шығармашылық іс барысында барынша тығыз бейнеде қосылады», — деп тұжырымдайды. Дене тәрбиесі жүйесі адамгершілік тәрбиесімен бірлікте дене шынықтыру мәдениеті ұжымы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына сұлулықты, әсемдікті енгізеді, сонымен бірге олардың спорттағы қарсыласына, өзінің спортпен шұғылдануына жақсы әсерін тигізеді. Мұндай тамаша сезімдер спорттық ерлікте жеңіске жету үшін шиеленіскен жағдайдағы кіршіксіз таза мінез-құлықта, сол сияқты батылдықта, табандылықта, қажымас жігерлікте жиі көрінеді. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Еліміздің эстетикалық тәрбиеленген спортшылар үшін сұлу, мүсінді, сымбатты болу шын мәнінде бәрінен бұрын адамгершілік, өнегелілік қатынасты білдіреді. Сонымен сұлулық пен әсемдіктің дене тәрбие жүйесінде әділ, шыншыл жоғарылауы көп қырлы болып көрінеді. Мұнымен қатар дене тәрбиесі жүйесінде жағымсыз эстеикалық қасиеттер де (ұсқынсыз, жексұрын, опасыз, ұждансыз) кездесуі мүмкін.  Тәрбие жүйесі кездейсоқ жағдайда жүргізілгенде бұл қасиеттер спортшылардың эстетикалық тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді. Сондықтан эстетикалық тәрбие тұрғысынан мақсатты бағытталып ұйымдастырылған педагогикалық ықпал жасаудың қажеттілігі туындайды. Ақиқат болмысқа эстетикалық қатынасты қалыптастыру адамның эстетикалық сезіміндегі эстетикалық қасиеттеріне (сұлулық, әсемдік, әдемілік, сәулеттілік) ықпал етуден басталады.

Мұны дене тәрбиесіне қолданғанда педагогикалық әсер етуді дене тәрбиесі  жүйесіндегі шынайы асқан сұлулық, көркемдік (дене сымбатының сұлу үлгісі, спорттық шеберлік, қозғалыстың әсерлігі мен мәнерлілігі) шұғылданушыларды аса ерекше қуанышпен риясыз толғандыруы, толқыту бағытында жүргізілуі керек. Эстетикалық сезім елестетумен, армандаумен, шабыттанумен (рухтанумен) және сұлулыққа ұмтылу мен ажырамайтын байланыста. Сондықтан дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың түйсігіне дене сұлулығына ұмтылуды, оның қозғалыс қызметіндегі шығармашылық пен көрінуінде, эстетикалық айқындалған мінез-құлқында ояту керек. Эстеикалық таным талаптану, түйсіну сезімдері арқылы барлық уақытта адамды түгелдей орап алып қамтиды. Жоғарыдағы айтылғандардан ұғатынымыз қуанышты, кіршіксіз тазалықсыз, риясыз әсерленушіліксіз дене тәрбиесінде эстетикалық қатынасты қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес. «дене мен қозғалыс сұлулығына және мәнерлілік сезімінде адамның көрінуі кездейсоқ емес, өйткені олар үнемі тұрақты, заңды және табиғи болып саналуы тиіс. Бұл талаптану, ұмтылыс шешендік сөздің сөз саптау сұлулығына, яғни тұжырымдап айтқанда барлық әдемілікке, әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу сияқты өте ұғынықты», — дейді өзінің «Денеге білім беру» жинағында В.В.Гориновская. біздің елімсіздің адамдары дене сұлулығына өмірдегі еңбекке, іс жүзіндегі атқаратын қызметке қажеттілігі тұрғысынан қарайды.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері. Спортшылардың эстетикалық қатынасы ақиқатында келесі міндеттерді шешуде қалыптасады.:

  1. Дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу жүйесінде эстетикалық сезім, (әдемілікті айыра білу) көзқарас, арман, мұратқа тәрбиелеу.
  2. Дене сұлулығына, тқозғалыстың нақышты, әсем қарапайымдылығына және өнерлілігіне ұмтылуға тәрбиелеу.
  3. Өзін шығармашылықпен көрсете білу қабілетіне тәрбиелеу дене тәрбиесіндегі, оның ішіндегі спорттағы жаңаны іздеу және асқан сұлулықты, көркемдікті, әсемдікті жасау және бұл сапаларды еңбек қызметіне ауыстыру.
  4. Өз әрекетінде, сөзінде, қылықтарында эстетикалық айқындылған мінез-құлыққа, оңбағандыққа, бұзақылыққа қатынаста ымыраға келмеушілікке тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбиенің құралдары. Эстеикалық тәрбиенің міндеттері бәрінен бұрын дене тәрбиесінің ерекшелігі бар құралдарының жәрдемімен, яғни табығаттың сауықтыру және гигиеналық қозғаушы күштер жағдайларының эстетикалық мәнінде шешіледі.

Дене жаттығулары үлкен эстетикалық тарту күшіне ие болды. әсіресе, бұл қозғалыс үлгісін мүлтіксіз меңгеруді талап ететін қызмет түрлеріне жатады (гимнастка, акробатика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру және т.б.). дегенмен, эстетикалық өрісі дамыған адам үшін дене шынықтыру мәдениетіне қатынасымен сұлулық, әсемдік эстетикалылығы аз мына спорт түрінде де бірінші көзқараста көрінуі мүмкін: көмірлі күл төселген жолақпен спортшының шапшаң қарқынмен жүгіруінде; 2 метрден биік кермеден (планкадан) секіріп өтудегі секірушінің әдіс-тәсілді толық меңгергендігінде; шегіне жеткен жинақтылық және боксшының мақсатқа лайықтылық әрекетінде; футбол алаңындағы команданың шебер ойынында және т.б. Дене жаттығуларының эстетикалық қасиеттерінің ашық көрінуіне жалпы бұқаралық (көпшіліктік) дене шынықтырушылар парады және гимнастикалық көрсетілім мүмкіндік береді. Эстетикалық әсер етудің күшімен бұл мерекелер өнермен шектеледі. Шұғылданушылардың эстетикалық сезіміне табиғаттың сұлулығы да әсер етеді, өйткені оның аясында көптеген дене шынықтыру жаттығулары, әсіресе, туризммен альпинизм өтеді. Эстетикалық тәрбиенің қарапайым талабы дене тәрбиесі жүйесінде гигиеналық шарттарды сақта болып табылады. Осы мақсатқа оқу-тәрбие жүйесіндегі үлгілі жағдай қызмет етеді (шұғылданушылар ұжымын, сабақ өтетін орынды, спорт киімдерін және т.б.). шұғылданушылардың эстетикалық сезіміне дене жаттығулары сабақтарында қолданылатын көркемдік тәрбиенің ерекше құралдары (музыка, ән, би, арнайы кинофильмдер және т.б.) өзгеше терең әсер етеді.

Эстетикалық тәрбие әдістері. Мақсатты бағыттағы эстетикалық талғамды, қажеттілікті, талаптануды, дағдылар мен әдістерді дамытуды дене тәрбиесі жүйесінде балалық шақтан іске асыру керек.

Бұл эстеикалық тәрбие әдістерінің көмегімен іске асырылып үш негізгі топқа талдап, қорытылады:

  1. Дене жаттығуларын бейнелі, мәнерлі, айқын, көңілді сезіммен мәнерлеп түсіндіру, қозғалыс әрекеті туралы бейнелеп әңгімелеу, шұғылданушылардың қозғалысын, әрекетін және қылығын эстетикалық бағалау әдістерінің көмегімен шұғылданушылардың эстетикалық қанағаттануын қозғауға болады. Мысалы, балаларға қимыл-қозғалыс ойынын түсіндіріп, дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу мұғалімі алда орындалатын қозғалыс әрекетінің ашық сипатын құруға, ойын жағдайын мәнерлі бейнелеуге ұмтылады. Спортшылардың эстетикалық талғамын дамыту үшін жаттықтырушылар белгілі спортшының, жоғары дәрежелі спорт шеберлерінің әдіс қимылдарын бейнелеп, суреттеп көрсетуге ұмтылады.

«Көптеген бокс жаттықтырушылары Николай Королевтың қозғалысы мен дене қорғанысын, Виктор Михайловтың сол қолмен тура соққысын, Сергей Щербаковтың шабуылға және қозғалысқа қолайлы рингтегі қалпын, Андрей Тимошиннің қапталдан ұру соққысын және т.б. мысалға келтіреді. Неғұрлым сезіммен салыстыру ашық, айқын, көрнекті болған сайын соғұрлым түсіну, қабылдау көңілді, шұғылданушылардың мағлұматы толық болады және олардың қызмет ету бесенділігі артады. Эстетикалық бағалауға шұғылданушылардың әрекетіндегі сұлулықты нақтылайтынның бәрін жатқызуға болады және бұған қарсылық жақтың бәрінің білуіне қарсы әсер етеді. Мысалы, мына анықтамалар: «тамаша», «сәнді», «мәнерлі», «сәулетті», немесе «көріксіз», «ұсқынсыз», «жексұрын» және т.б. болып табылады. әзіл-оспақты түсіне білу сезімін меңгеріп, жаттықтырушы  эстеикалық тәрбие міндетін белгілі шамада көңілді әзілмен, жеңіл кекесінмен, мысқылды ескертпемен шешуі мүмкін.

  1. Дене жаттығуларын техникалық жетілген, сезімдік мәнермен көрсету әрекетте, істе рухтандыратын мысал болады. Қозғалыс әрекетіне үйрету барысында шұғылданушылардың эстетикалық сезімін ояту үшін оқытушыға дене жаттығуларын мінсіз, сонымен бірге қажет болған жағдайдасезімін мәнерлі түрде көрсетуі керек. Маңыздылығы, көрсетуі шұғылданушылардытаңдандыруы олардың жаттығуларды жеңіл, әсем, қарапайымдылықпен және мәнермен орындауға ықыласын арттырады. Оқытушыға шұғылданушылармен бірге белгілі спорт шеберлері қатысатын спорт жарыстарына бару пайдалы. Жарыстан тікелей болатын әсер қуанышқа бөлейді, шұғылданушылардың санасында терең із қалдырады, олар үшін үлгі лайықты еліктеу мысалы қызметін атқарады.
  2. Қозғалыс әрекетінде шығармашылық көрсету үшін іс жүзіндегі тәжірибелік үйрету, балалық жастан бастап шұғылданушыларды өз бетінше шамасы келетін қозғалыс міндеттерін шешуге үйретеді. Қозғалыс тәжірибесінің артуы және дене қабілеттерінің даму шамасына қарай бұл міндеттер күрделіленеді. Қозғалыс әрекетінде шығармашылық белсенділіктің көрінуін күнделікті үйрету жолымен оқытушы тек сезімді, талдануды ғана дамытып қоймайды, сонымен бірге шұғылданушылардың әрекетіндегі қажетті белсенділікті, қойылған міндетті шешуде өз бетінше жаңаны іздеу және таба білу қабілетін дамытады. Егер жаттықтырушылар мен дене тәрбие пәні мұғалімдері өз оқытушыларына жаттығуға, дене жаттығуларымен шұғылдануға шығармашылық қатынасты сіңірмесе, жаңаны іздеуге оларды үйретпесе, қойылған қозғалыс міндетін үлгілі шешпесе, онда олардың жұмысы нашар болып саналады. Спорттық қызметте шығармашылық қабілеті де дамуы мүмкін емес. Жаттықтырушы тарапынан керексіз, артық, кейде майдагершілікпен қамқоршы болу спортшыны тек спортта емес, сонымен бірге күнделікті қызметінде де өздігінен әрекет ету мүмкіндігінен айырады. Дене тәрбиесіне эстетикалық қатынас енжер, сырттай, меңзей қараушылық емес, керісінше, өзіне сұлулық үшін күресуді және ұсқынсыздыққа, жексұрындыққа, ұждансыздыққа, опасыздыққа қарсы ымырасыз қатынасты қалыптастырады.

 

Еңбек тәрбиесі.

 

Дене және еңбек тәрбиесінің өзара байланысы. Осы заманғы қолданыстағы тәрбие жүйесінде, еңбек және дене тәрбиесі арасында екі жақты байланыс бар. Еңбек әрбір адамның абыройлы ісі, адамгершілік борышыжәне өмірлік қажеттілігі болып табылады. Еңбек жеке тұлғаның жан-жақты дамуының қуатты қозғаушы күші. Оның келесі үлкен қалыптастыру күші бар: адамның санасын өзгертеді, дене және рухани қбілеттерін дамытады.

Дене және еңбек тәрбиесінің өзара байланысын келесі жүйемен анықтаймыз. Бірінші жағынан, дене тәрбиесі жүйесі адамның дене дене қабілеттерін дамытып және денсаулығын нығайтып, оның еңбек ету қабілетін арттырады, мықты ағзаға еңбектің қажеттілігін ұғынуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, еңбек тәжірибесі ақылды, сезімді, ерік-жігерді және адамның дене табиғатын жүйелі дамытады, дене тәрбиесіне мақсатты бағыттағы ықпалды, әсерлі сипат және қоғамның қажеттілігіне сәйкес адамның еңбекке деген ынтасын қалыптастырады.

Еңбек тәрбиесінің мазмұны. Еңбек тәрбиесінің жүйесінде тәрбиенің әр алуан түрлері пайдаланылады. Дене тәрбиесімен тікелей байланыста қолданылатындары мыналыр:

  1. Шұғылданушылардың дербес жұмыс жүйесі ретінде оқу еңбегі қозғалыс дағдыларын меңгеруіне және өзінің дене табиғатын жетілдіруіне жәрдемдеседі.
  2. Дене жаттығуларын практикалық сабақтардың барысында өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым еңбек жүйелері.
  3. Дене жаттығуларынан тыс іске асатын, бірақ дене тәрбиесі жүйесіне байланысты қоғамдық пайдалы еңбек.
  4. Өндіргіш еңбек ауыл шаруашылығында, өндірісте, тұрғындарға қызмет көрсету аясында, шұғылданушылардың дене тәрбесі жүйесімен байланыста іске асатын қызметін ұйымдастырудың жоғарғы үлгісі ретінде көрсетілген еңбек түрлерінің әрқайсысы жатады.

 

Оқу еңбегі.

 

Оқытып үйретудің ілімі мен іс-тәжірибесінде оқу дегеніміз еңбек, ал алған білім, біліктілік және дағдылар шұғылданушылардың еңбек күшін салуының нәтижесі.

Барлық еңбек, оның ішінде оқу еңбегі де адамнан өзінің денесін, әсіресе, қол-аяқ қозғалысының үйлестігінде басқаруын талап етеді. Шұғылданушылардың дене тәрбиесі жүйесінде іске асатын оқу – басымырық дене еңбегі. Оқытылып, үйретілетін қозғалыс әрекетінің үлгісін, сол сияқты әр түрлі спорт түрлерінің әдісін меңгеру шұғылданушылардан шаршамайтын оқу еңбегін талап етеді.

Үнемі еңбектік күш салу және саналы түрде табандылықпен дербес өз еңбегімен алдына қойған қозғалыс міндетін шешуге қол жеткізу шұғылданушылардың өмірде қажетті құндылықтарды еңбек барысында жасауы үшін еңбекке қызығушылығын оятады.

Дене тәрбиесі жүйесінде оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру адамға еңбек қызметінде қажетті дене және ақыл-ой сапаларын дамытады және жетілдіреді. Осыған байланысты көрнекті ғалым П.Ф.Лесгафт ерекше назар аударып: «Өз ісінің шебері болып саналатын кез келген адам атқаратын жұмысына қажетті күшті де, уақытты да өте дәл анықтап, бағалай алады; ол өзі өңдейтін материалдың қасиетін және сапасын, сонымен бірге жасап шығаратын затының жекелеген бөліктерінің арақатынасын және көлемін дәл анықтай алады»- деп жазды.

Лесгафт жүйесі бойынша дене тәрбиесі саласында әрекет ету және өзін басқаруды мектепте оқитын кезеңдегі балалық шақтан үйрету қажет. Қозғалыс әрекетіне үйрету барысында әрбір балаға өзінің денесін меңгеруді және басқаруды кез келген жұмыста жалпы әдістерді меңгеру жолымен оын дайындап, үйрету қажет. Бұл үшін шұғылданушылар өз денесінің қозғалыс аппаратының бөлшектерімен жүйелі танысуы, әр түрлі ұзақтықпен және қуат дәрежесімен әрекет ете алуы, саналы түрде өзінің жұмысын уақтықа бөлуді білуі және кеңістіктік арақатынасты анықтауы қажет.

Денеге білім беру барысында баланың әрекетіндегі бөгде қылықпен бассыздықты шектеп және дербестікті дамытып, аз күш жұмсап мүмкіндігінше азғантай уақыт аралығында барынша үлкен дене жұмысын атқара алатындай деңгейде болу үшін, оның өзін-өзі меңгеруін үйрету қажет. Еңбек тәрбиесі құралы ретінде біздің еліміздің дене тәрбиесі жүйесінде оқу еңбегінің мәні, әсіресе, спортпен шұғылдануда өлшеусіз артуда. Бір қиын спорттық мақсаттан басқасына, төменгі спорттық дәрежеден көлемі және қарқындылығы көп емес және жүктемесінсіз спортының жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейімен сипатталатын жоғары дәрежеге жалтармай алға қозғалу қажет.

Денегенмен, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде спортпен шұғылданудың барлық оңды әсері бола тұра шұғылданушылардың еңбек тәрбиесі кездейсоқ жағдайда қалыптаспайды.

Бұл спортшыларға жаттықтырушылар мен ұжымның жаттығу және спорт сайыстары барысында, сол сияқты спортшылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарында, өндірістік еңбекте, сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылдануда іске асырылатын саяси – идеялық тәрбиеде, педагогикалық бағытталған әсер етуінің нәтижесінде іске асырылады.

Еңбек тәрбиесінің бастауыш сатысы балалардың жас ерекшелігіне қарай дене жаттығулары сабағындағы өзіне-өзі қызмет ету түріндегі ең оңайы еңбек жүйесі деп санау ұйғарылған.

Сабақ өтілетін орынды дайындау және жинау, гигиеналық талаптарды сақтау (залды, спорт қондырғыларын ылғал шүберекпен тазалау, сабақ өтетін орынның ауасын тазарту) , спорт қондырғыларын ұжыммен бірлесіп орнату және тазалау, шұғылданушыларға тұрмыс еңбегінің қарапайым әдістерін меңгерулеріне, саналы еңбек тәртібін көрсетуге, бірге жұмыс істеу кезінде ұйымшылдықпен және келісімділікпен күш салуға, басқара және басқаларға бағына білоуге, жалпы көпшілік ісі үшін жауапкершілік сезімін көрсетуге, бірлесіп және барлығы үшін қалыпты пайдалы жұмыстан қуанышқа бөленуге және т.б. мүмкіндік туғызады.

Дене тәрбиесі жүйесіне байланысты орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек дегеніміз бұл спорт алаңдарын жақсы жабдықтау, спорт қондырғыларын жөндеуге, жаңа спорт құрылыстарын салуға, сонымен бірге тұрғылықты жердегі халыққамәдени қызмет көрсету жұмыстары (көрнекілікке спорттық көрсетілімдер, лекция, сұхбат, дене шынықтыру мәдениеті ұжымдарын ұйымдастыру, қоғамдық негіздегі нұсқаушылар мен төрешілер дайындау және т.б.) болып саналады.

Қоғамдық пайдалы еңбектің барысында жастар дағдылар мен біліктілікті алып қана қоймайды, сонымен бірге оларды жалпы көпшілікке пайдалы еңбекті сыйлауды, тапсырылған іске деген жауапкершілік көрсету, бір-біріне көсек беруге дайын болуды және т.б. үйретеді.

Споршылардың саналы түрде және өз еркімен оның қоғамдық маңызын түсініп орындайтын кез келген қоғамдық пайдалы жұмысы еңбекке деген оның саналы қатынасын қалыптастыруға, яғни қазіргі заман адамының өнегелілік сапаларының бірін тәрбиелеуге жәрдемдеседі.

Өнімді еңбек. өнімді еңбек арқылы адам балысы өзіне және қоғамға қажетті материалдық және қоғамдық құндылықтарды жасайды. өнімді еңбек оқытып үйретумен тікелей байланыста осы заманғы бірегей тәрбие жүйесінің шешуші қозғаушы күші болып табылады, чғни бұлар дене, адамгершілік, өнегелілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелері.

Спорттық тынығу лагерлерінде, оқу-жаттығу жиындарында, көп күндік туристік жорықтарға қатысқанда жастардың ауыл шаруашылық, өндірістік және шаруашылық құрылыс жұмыстарына белсенді араласуға мүмкіндіктері болады. Бұдан тыс жоғары дәрежелі спортшылар жаттықтырушылық жұмысты қатар жүргізіп, спортты жаңадан бастағандарға өзінің бай тәжірибесін береді. Еңбек, қоғам үшін материалдық және рухани құндылық жасай (адамның денесін дамыту арқылы оны еңбекке және отанды қорғауға дайындайды) отырып, шығармашылық ашық сипаты болады және соның нәтижесінде спортшыларға терең қанағаттанушылық сезім, жеткен табыстарына риясыз қуаныш әкеледі.

Дене тәрбиесі жүйесінде және онымен байланыста, өзінің жиынтығында іске асырылатын барлық жоғарыда аталған еңбек түрлері еңбек тәрбиесінің мазмұнын құрайды.

Еңбек тәрбиесінің міндеттері. Еңбек тәрбиесінің мазмұнына сәйкес оның негізгі үш міндетін бөлуге болады:

  1. Еңбек дағдылары мен біліктілігін меңгеру.
  2. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
  3. Балалардың еңбекке қатынасын қалыптастыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері олардың үзіліссіз бірлігінде шұғылданушылар контингенті және тәрбиелеу жағдайы есепке алынып, іске асады.

Еңбек тәрбиесінің құралдары. Еңбек ете білу, еңбекке қызығушылық және оған деген сүйіспеншілік еңбек ету барысында қалыптасады. Сондықтан бұрын көрсетілген барлық еңбек түрлері еңбек тәрбиесінің құралдары болып табылады. Олардың әрбірі шама келетіндері және сонымен бірге шұғылданушылардың сапа деңгейіне және дене дайындығына, жасына сәйкес күрделі болуы тиіс.

Еңбек тәрбиесінің әдістері . еңбек спортшылар үшін қажеттілік,

дағдыға айналған шұғылдану дүниесі болу үшін еңбекте жүйелі жаттығу, тұрақты еңбек жаттығуы қажет. Ең бек тәрбиесінің негізгі әдісі еңбекте іс жүзінде үйрету болып табылады. Еңбек психологиялық жүйе ретінде тәрбиесінің үлгісін де психологтар келесі кезеңдерге бөледі:

  1. Еңбек міндетін ізге түсіру.
  2. Алған қойылған міндеттерді іске асыру құралдары мен әдістерін таңдау.
  3. Еңбек міндеттерін шешу.
  4. шешімді тексеру, іс жүзінде бағалау, орындалған жұмыстарға түзетулер мен толықтырулар ендіру.

Мектеп жасындағы балалардың еңбек тәрбиесінің тәжірибесі жақсы ойластырылып ұйымдастырылған еңбектің, күшті дұрыс бөлудің және шұғылданушылардың міндеттерін анық бөлу, олардың жұмыстарының нәтижесін есепке алу қажет екенін растайды. Бәрінен бұрын еңбектің қоғамдық маңыздылығына ерекше назара аудып, оның мақсатын анық түсіндіру қажет. Еңбек міндеттері айқын болуы тиіс (не істеу керек, қалай және қанша істеу керек). Ұжымдық және дербес тапсырмаларды айқын анықтау керек.

Еңбек құрал-сайманы және еңбекті өзі шұғылданушылардың жасына және дене дайындығына лайық, шамыс келетіндей болуы тиіс. Іс жүзінде еңбекке үйретумен қатар төмендегі үлгіде сөзбен әсер етуді қолдану қажет: мәнерлі, ашық және еңбек туралы бейнелеп айту, жеке және ұжымдық пікірлесу, еңбек табыстарын әділ бағалау.

Тәрбиелік ықпал жасаудың үлкен күші үлгілі еңбекті мысалға келтіруде, әсіресе, еңбек адамдарының, оынң ішінде спортшылардың еңбектегі ерліктері болып табылады.

Еңбек тәрбиесі егер еңбекке адамдардың ақылы, сезімі, жігері жұмылдырылған болса ғана, ол еңбектен қанағаттандыратынын дәлелдейді. Бұл оқытушыға дене тәрбиесінің көрсетілген әдістерініен басқа қажеттілігіне қарай дене, адамгершілік, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиелерге тән басқа да әдістерді қолдануларына мүмкіндік береді.

 

Өзін-өзі тәрбиелеу.

 

Дене шынықтыру мәдениеті, әсіресе, спортпен шұғылдану өзін-өзі тәрбиелеусіз ойға келмейтін дүние.

Бұған мысал, аңшылық ату спортынан әлемнің чемпионы және рекордшысы Н.Д.Дурневтің өзінің жеке тәжірибесі спортшыға өзін-өзі тәрбиелеудің қалай жәрдемдесетіндігі жайлықызмететеді.

«Өзімнің спорттық қызметімде өзімді — өзім тәрбиелеуге басты назарды аудардым», — дейді ол.

Мұндағы ең бастысы өзінің қателіктерін жете түсіну, оның себептерін талдау, дұрыс қорытынды шығару және қысқа мерзімде дайындықтағы жетімсіздікті жою болып табылады. Мылтық атуда жылдам ұшып бара жатқан нысанаға назарды ерекше жұмылдыра білу және бір уақытта мұнымен бірге мылтықты қолмен лақтырмау үшін бұлшық еттерді жақсылап босаңсыту қажет. Көрермендерге назар аудармау үшін бұлшық еттерді жақсылап босаңсыту қажет. Көрермендерге назар аурармау үшін, спорттық сайыстың қиын-қыстау кезеңінде орасан зор ерік-жігер күші қажет. Жатитығуда өзімді-өзім сендіру, бұйрық беру жолымен өзімнің назарымды тек алға жұмылдырдым.

Содан кейін жаттығуды күрделілендірдім, өзімнің оқушыларымнан сенің назарымды атудан аударуларын сұрадым: олар секірді, күлді, дауыстап әңгімелесті. Одан әрі жаттығуда радио қабылдағыш пайдаланып, музыка тыңдадым және атуды жалғастырдым. Қазір мен қандай жағдайда да ата аламын.

Н.Д.Дурнев өзін-өзі тәрбиелеудің оған бірнеше рет жауапты жарыстарда күресуге және жеңіп шығуға жәрдемдескенін сендіреді.

1962 жылы Каирде өтетін әлем біріншілігіне дайындалып, адамгершілік, ерік-жігер дайындығына ерекше көңіл бөлдім. Каирде ыстықтың күшті болатынын алдын ала біліп мен су ішу режиміне байланысты қиындықтарды жеңуге өзімді дайындай бастадым. Мен аңға шықтым, шаңғымен 30-40 шақырым жүрдім және бұл кездерде күні бойы су ішпедім. Осылай мен өзімнің өзімнің ағзамды өте қарапайым, сыпайы су ішу режиміне үйреттім. Ал Каирде +50 градустық температурада атуға тура келді. Қатты ыстық және суды шексіз пайдалану көптеген атқыштарды жарыс сапынан шығарды. Ал мен өзімді жақсы сезіндім. Нәтижесінде мен мүмкін болған 200 нысананың 200-іне де тигізіп, әлемнің, Европаның абсолюттік рекордын жаңартып, әлем чемпионы болдым.

Өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылысты спортшының сенімінің, ерік-жігерінің, мінезіінң куәлігі ретіндде қарайды. Спортшының өзін-өзі тәрбиелеуі бірқатар талаптарды орындаудан тұрады.

Бәрінен бұрын өзін-өзі білуі, өзінің оңды және теріс жақтарын көре білуі, өз мінез-құлқын сын көзбен бағалай білуі қажет. Басқалардың пікірімен санаса білу (оқытушының, жаттықтырушының, достарының, жолдастарының), өзінің әрекетіне, қылығына, мінез-құлқына, өз-өзіне талдау жасау маңызды рөл атқарады. Бұған күнделік жүргізу жәрдемдеседі. Онда спортшы өмірге, спортқа, өзіне-өзінің қатынасын көрсетеді. Күнделікті өзін-өзі тәрбиелеудің арнайы дайындалған әрекет ету бағдарламасы мен ережесі алдын ала жоспарлануы мүмкін. өзін-өзі тәрбиелеуге мыналар жәрдемдеседі: күн тәртібі мен жеке шұғылдану режимін, еркін назарды және ерік-жігер сапаларын дамытатын арнайы жаттығулар жасауды қатаң сақтау. Тәрбиенің жалпы әдістерін өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі көз жеткізу, өзін-өзі үйрету дағдыларынан алады. Мысалы сөзбен байланысты әр түрлі әдістер пайдалануы мүмкін: өзін-өзі сөзбен сендіру арқылы жігерлендіру (қорықпа, бойыңды жина, күрестіжалғастыржәнет.б.),  команда жиынында немесе жолдастық пікірлесуде өзін-өзі міндеттеу.

өзін-өзі тәрбиелеуде негізгі қағида міндеттеме алғаннан кейін оны орындау керек. өзін-өзі басқара білу өзіне, өз мүмкіндігіне сенімін арттырады, онсыз өзінің жігерін тәрбиелеу құр сөз болар еді. өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін білу және спорт түрінің ерекшелігіне сәйкес оны немесе жеке ерекшелігі, өмірлік тәжірибесі, мәдениеті және басқа шұғылдану пәнімен пайдалана білу алға қойған мақсатқа табыспен жетуге мүмкіндік береді. өзін-өзі тәрбиелеу адамға терең өнегелілік, қанағаттану сезімін әкеледі, яғни өзінің күш салуының жемісін батыл да қиын істе, өзін-өзі жеңуде сезінеді.

 

 

 

  • Дене тәрбиесі маманына қойылатын педагогиакалық талап.

 

Дене тәрбиесі жүйесінің күрделілігі және көп қырлылығы дене тәрбиесі маманынан көп міндетті талап етеді.

Егер оқушыдан жоғары дәрежелі спортшы шығарамын десең, онда өзің де өз ісіңнің шебері болуы тиіс. Оны еңбек сүйгіштікке, жеңіске деген ерік-жігерге тәрбиелеуге ұмтылсаң, онда іс жүзінде еңбекті қалай сүю керек, алға қойған мақсатқа жету үшін қиындықтарды қалай жеңу керек екенін көрсет; одан адалдықты, шыншылдықты, принципшілдікті, қарапайымдылықты талап етсең, онда өзің де сондай мүлтіксіз берілген бол; оқушылардың эстетикалық талғамын дамытқың келсе, бәрінен бұрын өзің көркемдік жағынан білімді адам бол.

«Тәрбиеші өзі тәрбиеленген болуы тиіс», — дейді К.Маркстің ережесі тәрбие жүзінде іске асырылып, дене тәрбиесі мамандарын дайындауда міндетті түрде қолданылады.

Дене тәрбиесі маманының педагогикалық шеберлігін сипаттайтын ерекшеліктері. Осы заманғы дене тәрбиесі саласы мамандарының педагогикалық шеберлігі дене тәрбиесінің ілімін терең білуіне, мемлекеттік саясатын дұрыс түсінуіне және оған ісжүзіндегі қызметте сол бағытта жұмыс істеуге негізделеді. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру барысында шұғылданушылардың дене қабілеттерін дамытып, дене тәрбиесі маманы бір уақытта олардың арман, мұратқа ұмтылысын тәрбиелеп, олардың еңбекке белсен араласуының келешегін ашады, оларға өмірлік жолын таңдауына және азаматтық парызын орындауына жәрдемдеседі.

Педагогикалық шеберлік тәрбие жүйесінің өзі сияқты көп қырлы қабілет. Ол дене тәрбиесі маманында шұғылданушыларды жоғары дәрежеде оқытып, үйрете білуінде және олардың дене қабілеттерін жетілдіруінде көрінеді; қозғалыс қызметінде талапты, ақылды және өздігінше ойлауды дамытады; ұйымшыл ұжымды ұйымдастырып, қалыптастырып нығайту; олардың жеке ерекшеліктерін, мінез-құлық әуендерін сезімталдықпен байқау, қызығушылығын, сұранысын, құажеттілігін және ұмтылысын біліктілікпен бағыттау. ХІХ ғасырдың соңында П.Ф.Лесгафт: «Қазіргі уақытта тәрбиеші төтенше жоғары дамыған және білімді, өзінің оқушысы үшін соған сәйкес жағдай жасауы, яғни ол үшін барлық адамға тән ақыл-ой қабілеттерін қалыпты дамытып және бекітуі тиіс, бұл тәрбиешінің идеалы, ал ол неғұрлым осы идеалға жақындаған сайын, соғұрлым оның қызметі де пайдалы болады»,-деген болатын. Дене тәрбиесі маманы өз ісін жақсы білуі және сүюі, жақсы дене дайындығы, мықты денсаулық, спорттық әдістік шеберлікті меңгеру қажет. Неғұрлым мамандық дәрежесі жоғары және дене тәрбиесі саласын арнайы білімнің шеңбері кең болған сайын, соғұрлым оқытушыда тәрбие шешу үшін мүмкіндіктер көп болады, яғни әрбір педагог өз пәнімен тәрбиелей білуге міндетті (К.Д.Ушинский).

Дене шынықтыру мәдениеті пәнінің спецификалық күшіне тәрбие жүйесінде оқытушының сыртқы бейнесі ерекше маңызды.

Өз тәрбиеленушілерінің денелерінің жетілуіне ұмтылу барысында оқытушыларының өзінің дене пішіні жүйелі дамыған, сыпайы қарапайымдылық және қозғалыстағы көркемдік, тұлға сұлулығы, жеңіл және еркін жүріс болуы тиіс. Маманға дене дамуынан бөлек жалпы мәдениеттілік қажет.

Тәрбие барысында шұғылданушылардың эстетикалық талғамын, талапты ақылын, шығармашылық белсенділігін тек өзі эстетикалық дамыған және көркемдік жағынан білімді маман ғана дамыта алады. Педагогке жаны бай, сонымен бірге көңілді және мейірімді болуы, орынды әзілді және педагогикалық тәсілді меңгеруі маңызды. әсіресе, сөз мәдениетіне ерекше мән беру қажет. Педагогтің сөзінің әсері, оның қисындық (логикалық) байланысына, литературалық сауаттылығына, дәлдәгәне, анықтығына және бейнелік көркемдігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан сөзді пайдалана білу, дауыстың жақсы шығуы, бай дыбыс ырғағы дұрыс қойылған сұрақтар А.С.Макаренконың айтуы бойынша, «тәрбиелік тәсілсіз» педагогикалық шеберліктің мәні жоқ. Сезіммен, көркемдік үлгіде жаныңды жазылтатын оқытушының сөзі жеке көз жеткізіп түсіндіруінің зор танымдық және тәрбиелік күші болады.

Шұғылданушылардың рухани бейнесін қалыптастыруда тәрбиешінің мына жеке сапалары терең әсер етеді: еңбек сүйгіштігі, сезім жомарттығы, риясыздығы, шыншылдығы, принципшілдігі және т.б. педагогтің сәл ғана мүлт кетуі кінәсіз болып көрінетін дағдылар, мысалы, оның темекі шегуі шұғылданушылардың санасында түзілмейтін із қалдыруы мүмкін, өйткені олар көп жағдайда тәрбиешінің айтқаны емес, оның әрекетіндегі, мінез-құлқындағы көргенін қабылдайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін табысты шешу үшін дене тәрбиесі пәні оқытушысы бәрінен бұрын өнегелілік және эстетикалық жағынан тәрбиеленген болуы тиіс. Көп жағдайда төрешінің нашар төрешілік етуінің нәтижесінде дау туындап, жарысқа қатысушылардың наразылығына әкеледі төрешінің жарыстағы спортшылар тарапынан жіберілген дөрекілікті, этикаға жатпайтын мінез-құлық элементтерін назардан тыс қалдыруға құқы жоқ.

Төреші де жаттықтырушы сияқты тәрбиеші: жарыста жоғары спорттық педагогикалық шеберлігі және мінез-құлық тазалығы бар төрешінің қолынан келеді, өйткені бұл қасиеттер тек спортшылар үшін емес көрермендер үшін де үлгі қызметін атқарады. Мұндай төреші жарыс барысында төрешілікте босаңдыққа жібермейді, спортшылар тарапынан спорттық этика талаптарын бұзудың кез-келген әрекетін болдырмайды. Төрешінің сыртқы көрініс бейнесі спортшыларды алда тұрған күреске жұмылдырады немес керісінше ыньасын түсіреді. Мұны, әсіресе, жасөспірімдер сайыстарында ерекше ескерту қажет.

 

Тәрбие жүйесін басқара білу.

 

Тәрбие – күрделі, көп жақты шығармашылық қызмет жүйесі. Оны меңгеру үшін дене тәрбиесі маманына өзінің әрекетінде бәрінен бұрын отандық озық тәрбие тәжірибесінің негізіндегі көрнекті принциптерін басшылыққа алу қажет.

Бұл принциптер мыналарды міндеттейді:

  • Әрбір шұғылданушыға оның жас ерекшеліктерін жан-жақты білу негізінде әрбірінің жеке бабын табу (физиологиялық және психологиялық);
  • Шұғылданушыларға жоғары талапшылдық және сыйластық көрсету;
  • Педагогиаклық талаптар бірлігі және тәрбиелік әсер етуді қамтамасыз ету.

Қозғалыс әрекетіне үйрету барысын, шұғылданушылардың рухани жағын қалыптастыру сияқты өмірмен, қоғамның қажеттілігімен, алдағы еңбек қызметімен тұрақты байланыстыру қажет. Оқушыны өнегелілік рухында тәрбиелеу үшін, оның қалай тұратынын, не туралы ойланатынын, кіммен достасатынын, өндіріс немес оқу орнында қалай еңбектенетінін, тұрмыста, қоғамдық орындардда өзін қалай ұстайтынын, бос уақытында не істейтінін және т.б. білу қажет. Дене тәрбиесі саласының маманына шұғылданушылардың денсаулығы жағдайын, дене сапаларының даму дәрежесін, сонымен бірге мінезінің ерекшеліктерін, жеке адамнершілік, көңіл-күй, жігер, өнегелілік сапалары айырмаларын, шұғылданушылардың эстетикалық қажеттіліктерін зерттеу қажет.

өз оқушыларын зерттеу барысында тәрбиеші педагогикалық бақылау күнделігін жүргізуге тиіс, яғни онда шұғылданушылардың мінезі мен құлықтарының ерекшелік белгілерін куәлендіретін жекелеген дәлелдеме мәліметтерді жазып отыруы тиіс. Тек шұғылданушыларды жан-жақты білу негізінде олардың әрқайсысына лайықты сиқырлы кілт беруге болады. Педагогикалық тәжірибе куәлендіргендей үлгілі, жақсы қарым-қатынас жоғары талапшылдықтың, шұғылданушылардың жеке тұлғасын терең сыйлаумен үйлестіктің негізінде құрылады. Талап ету және сыйласу – тәрбие саласының екі бөлінбейтін жағы. Солай бола тұрса да дене тәрбиесінің оқытушылары (жаттықтырушылар) спортшыларға жоғары талап қояды, бірақ оларға деген қажетті сыйлаушылық қатынас көрсетпейтін жағдайлар болады. Тәрбиеге мұндай қатынас тәртіп бойынша жаттықтырушы тарапынан дөрекілікке апарады. Қорытындысында шұғылданушылар ызаланады, дөрекілік көрсетеді және оларда спортпен шұғылдануға деген қызығушылық жоғалады. Талап ету міндетті түрде шұғылданушы оқушыларға ықыласпен, сезіммен, жанашырлықпен, жүрекпен қатынас жасауға үйлесуі тиіс. Мейірбандық достық үн оқушылармен дұрыс қатынас орната білуді, педагогиаклық тәсілді анықтайды. Сөз жоқ спортшы жарыста өз бетінше әрекет жасауға дайын болуы тиіс. Бірқатар жағдайларда ол адамдық сүйемелдеуді қажет етеді. Жаттықтырушы спортшының шамадан артық толқуын басады, жарыстың алдында пайдалы кеңестер береді, жеңілістен кейін көңілін көтереді және т.б.

оқушыларының нашар нәтиже көрсеткенінен кейін өзін ұстай алмай ұрысып, мінейтін нашар жаттықтырушыларға қарағанда жақсы ұстаз спортшыға ішкі сезімін қалпына келтіруіне жәрдемдеседі. Істі осындай тәртіппен жүргізу жаттықтырушының абыройын арттырады. Педагогикалық қабілет оқушыдағы жақсы қаситтерді көруге, соған сүйеніп одан да жақсысын жасауға мүмкіндік береді. Жаттықтырушының ағайынгершілік емес, достық қатынасы спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне қозғаушы күш болады. Бір уақытта талапшыл және мейірімді, талғампаз және қайырымды, кішіпейіл, қатал және адамгершілікті болатын алтын ортаны табу маңызды.

Споршының тәжірибесі көрсеткеніндей (әсіресе, спорт ойындары), кейбір жаттығушылар бұл тәрбиелеу жүйесін бұзады, белді спортшылар наразылығы тууынан қорқып, солардың шылауында кетеді. Бұл талантты спортшыларды тәрбиелеуге елеулі зиян келтіреді, ал жаттықтырушының абыройы спортшылардың алдында жоғалады.

Жаттықтырушының ақиқат абыройы спортшыларға жоғары талап қоюда және спорттық ұжымдағы барлық тәрбиелеушілердің орнына және рөліне қарамастан олардың әрекеттеріндегі, мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күресуде өседі. Тәрбиенің табысы көп жағдайда шұғылданушылардың қызметі жүретін тәрбие  мәнеріне байланысты (оқу сабағы, жаттығу, жарыс және т.б.) болады.

Дене шынықтыру мәдениетінің ерекшелігі, ұжымда өмірге сеніммен қарайтын атмосфера, қуаныш, сергектік, таусылмайтын қуаттың орнығуына қолайлы жағдай жасайды. Жақсы ұйымдастырылған дене шынықтыру мәдениеті ұжымы шұғылданушылардың рухани жақтарын, адамгершілік жоғары талаптары рухында тәрбиелеуге елеулі әсер етеді, жеке мүддесін қоғамдық мүддемен үйлестіру үшін жағдай жасайды. Шұғылданушыларға тәрбиелік әсер етудегі ала құлалық дұрыс нәтиже бермейді.

Дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың жекелеген жақтары мен сапалары ғана емес, оның бүтіндей дене және рухани ұйымдарымен бірдлікте қалыптасады. Сондықтан тәрбие жүйесін табысты басқару үшін оқытушыға дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың бейнесін қалыптастыруды алдын ала қарастыратын мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалықәресетулердіңбарлықжиынтығынмеңгеруіқажетболады.

Адам бөліктермен тәрбиеленбейді, ол жинақтау арқылы өзі ұшырайтын барлық әсерлердің жиынтығымен құрылады.  

 

 

 

ІІ ТАРАУ. Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері

2.1 Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігі.

 

Дене жаттығулары сабағы дене тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып саналады, яғни оларда іс жүзінде құралдары мен әдістері пайдаланылады, сонымен бірге соңғы нәтижеде оның міндеттерінің негізін құрайтын дене тәрбиесінің принциптері жүзеге асады. Дене жаттығуларымен шұғылдану барынша әр түрлі – серуендеу, таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік жорықтар, дене тәрбиесі сабақтары және т.б. дегенмен, олардың барлығында кейбір сәйкес жалпы заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтарды білу әрбір жекелеген жағдайда жете түсініп, барынша тиімділікпен дене жаттығуарының шұғылданушылардың ағзасына әсер етуін іске асыруға жағдай жасайды.

Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілерімен мазмұнының өзара байланысының диалектикалық сипаты педагогикалық қатынаста өте маңызды болып табылады.

Шұғылданушылардың негізгі мазмұнын адамның денесін жетілдіруге бағытталған белсенді қозғалыс қызметі құрайды. Кез-келген сабақтағы шұғылданушылардың қызметі қатынастық дербесэлементтер қатарынан тұрады: дене жаттығуларының өзі, оны орындауға дайындық, белсенді демалыс және т.б. Өзара байланыс тәсілі немесе мазмұн элементерінің құрылымы, дене жаттығуларымен шұғылдану үлгісін құрайды. Оған мыналар жатады: жаттығуды орындау тәртібі, шұғылданушылардың өзара байланыс сипаты, олардың ұйымдасуы және т.б.

Әрбір жекелеген жағдайда сабақтың шұғылдану үлгісі оны сапалы өткізудің негізгі педагогикалық ережесінің бірі болып табылып, мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Егер сабақтың мазмұны дене сапаларын дамытуға бағытталған болса, онда жүктеме мен демалыстың қатаң жүйелілігін сипаттайтын жаттығуды орындаудың белгілі бір тәртібі қажет. Сабақтың нәтижесі оқушылардың ұйымшылдығына, сабақты өткізу уақытына, жаттығуды өткізу уақытына, жаттығуды өткізу орнына және сабақ бөліктерінің басқа үлгілерін ұтымды пайдалануға байланысты. Атап айтқанда, сабақтың түрінің мазмұнына белсенді әсер етеді. Онымен бірге болып, шұғылданушылардың қызметіне тиісті табысты қамтамасыз етеді, ал кері жағдайда шұғылдану нәтижесі төмен болады. Үнемі сабақтың бір үлгісін пайдалану шұғылданушылардың дене дайындығының жетілуін тежейді. Сабақтың ескі үлгісін жойып және оны жаңасымен ауыстыру немесе керісінше, дене тәрбиесінің міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік жасайды.

Дене жаттығуларымен шұғылданудың әр түрлілігі мазмұндық және үлгілік қатынас тұлғаларында көрінеді.

Бұл нақты іс-тәжірибеде сабақты өткізу жолдарын кең ауқымда педагогикалық жұмыста шыдауға болмайтын әдістемелік дайын үлгіге еліктеуден қашып, әр түрлі әдістермен өткізуге мүмкіндік береді. Сабақ үлгілерінің оның нәтижесіне белсенді әсер етуі, оған барынша байыпты қатынастың қажеттілігін көрсетеді. Мұнымен дене тәрбиесінің ілімінде дене жаттығуларымен сабақтарды құрастыру мәселелеріне барлық уақытта үлкен маңыз берілгендігі түсіндіріледі. Жаңа уақыттағы (XVIII-XIXғ.) әр түрлі дене тәрбие жүйесінің негіздерінің ең басынан бастап осылай болды. Мысалы, неміс мектептік гимнастикасының авторы А.Шписс келесі сабақ құрылымын ұсынды: 1. Реттік жаттығулар. 2. Еркін жаттығулар. 3. қондырғылардағы (снаряд) жаттығулар: а) қозғалмалы, б) қозғалмайтын. 4) халықтық жаттығулар. 5) Ойындар. Мұнда әрбір жаттығу бөлімдерінің негізіне қозғалыс үлгілері алынған. Сонымен сабақты ұйымдастырудың формальді амалдары өмірге келді. Кешірек ол сокольдік гимнастикада және басқа да дене тәрбиесі жүйелерінде (Н.Буканың УМСА сабағында) дамытылды. Швед гимнастикасының негізін қалаушы П.Линг дененің негізгі бұлшық ет топтарын жүйелілікпен жұмысқа қосудың алдын ала қарастырылған жаттығу құрылымын өңдеп жасады. Мұнда әрбір жаттығуды мөлшер өлшемі (дозировка) және  жаттығулардың біразы жүйелілігі тамыр соғуының классикалық динамикасын қамтамасыз етуге тиіс (мысал ретінде төмендегі 6-суретте берілгендей).

 
   

 

Осылай сабақ әдістемесіндегі екінші бағыт гигиеналық пайда болды. Екі бағытта да сабақты дұрыс, ұтымды ұйымдастырудың тек жекелеген жақтары ескерілді.

Кейінірек сабақты құрудың әр түрлі принциптерін қатар қолдану әрекеттерін байқап көрулер болды (Ж.Домени және т.б.), мысалы, Францияда келесі үлгі ұсынылады:

  1. Дайындық бөлімі: а) жүру, ә) қолға арналған жаттығулар, б) аяққа арналған жаттығулар, в) кеудеге арналған жаттығулар, г) күрделі құрастырылған жаттығулар, д) симметриялық емес жаттығулар, е) тыныс алу жаттығулары.
  2. Негізгі бөлім: а) жүру, ә) өрмелеу, тепе-теңдік, тіреу, б) секірулер, в) ауырлықты көтеру және алып жүру, г) жүгіру, д) затты тастау және онымен жонгерлік жасау, қорғану және шабуылдау
  3. Қорытынды бөлім: а) жай жүру, ә) тыныс алу жаттығулары, ән айтып жүру, б) төбесінен су құю және ысқылау.

Мүнда дайындық және қорытынды бөлімдерінде гигиеналық бағыт бар да, ал негізгі бөлімінде бірінші жоспарға жаттығу түрлері алға шығады.

Бұлай кеуде дене жаттығуларының ағзаға әсер етуінің бірлігі көп мөлшерде ескеріледі. Келесі қадам кеңестік дене тәрбиесі ілімімен жасалды. 1933 жылы гимнастикалық конференцияда сабақтың келесі үлгісі бекітіледі:

1-бөлім. Шұғылданушыларды жұмысқа кірістіру (топты ұйымдастыру, ағзаны біртіндеп қыздыру, жалпы зат алмасуды арттыру, назарын және көңіл-күй жағдайын реттеу).

2-бөлім. Бұлшық еттермен буындарға күш беруге, шырқтыру және босаңсыту, сонымен бірге тұлға сымбатын қалыптастыруға арналған арнайы жаттығулар.

3-бөлім. Қозғалыстың жалпы үйлесімділігімен әдіс негіздерін үйрету. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

4-бөлім. Меңгерген дағдыларды іс жүзінде қолдану және жүрек қан тамыры жүйесімен тыныс алу органдарын физиологиялық тұрғыдан жаттықтыру.

5-бөлім. Жұмысты аяқтау: 1. Жалпы жаттығулар. 2. ҚР қорғаныс күштерінң жаяу әскерлерге арналған жарысы бойынша саптық жаттығулар.

Жоғарыда тәртіппен, сабақтың 1,2 және 5-ші бөлімдері гигиеналық қызметттің басымдығымен, 3-ші бөлім білім беру, ал 4-ші бөлім шұғылданушылардың әр түрлі жағдайда әрекет ете білуін тәрбиелеуге бағытталған.

Дене тәрбиесі жүйесінің жан-жақты сипатын толық көрсететін сабақтың құрылымында оның барлық негізгі, яғни шұғылданушыларды сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу әрекеті іске асырылады. Келтірілген мысалдар сабақтағы оқу-тәрбиелік әсер етуді іске асырудағы кейбір орынды, ұтымды үлгіні жасауға жалпы ұмтылыспен сипатталады. Бір мезгілде кез-келген еліктеушілік, шығармашылықпен жүргізілетін педагогикалық қызметі бөгейтіні белгілі. Дайын үлгіге  еліктеуді (шаблон) жеңу дене тәрбиесі жүйесінде бәрінен бұрын сабақ міндетінің өзгеруімен және сыртқы жағдайдың әр түрлілігімен адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес сабақтың барынша тиімділігіне жетудегі маңызды жағдай болып табылады. Олай болса сабақты өткізу ілімі еліктеушілікке, төзбейтін тәжірибемен қарама-қайшылыққа келді.

Бұл қарама-қайшылықты жеңу соңғы жылдардағы сабақ үлгілері туралы пікірсайыстардың негізін құрайды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының соңында бес бөлімнен тұратын сабақ үлгісі төрт бөлімдікке өзгертілді (модификацияланды):

  1. Кіріспе бөлім: а) жалпы ұймдастыру және сапқа тұрғызу; ә) шұғылданушылардың ықылас назарын ретке келтіру; б) ағзаның жалпы дайындығы.
  2. Дайындық бөлім: қозғалыс аппаратын арнайы сапалы дайындау; ә) жалпы үйлесімділік негізін үйрету.

3) Негізгі бөлім: а) дағдыларды меңгеру; ә) дағдыларды өздігінен қолдануға үйрету; физиологиялық және өнегелілік ерік-жігер дайындығы;

4) Қорытынды бөлім: а) жүктемені біртіндеп түсіру; ә) Сезімге берілу, жігерлілік жағдайын реттеу.

Осындай бейнеде білім беру міндеті қорытынды бөлімде таратылды, ал тәрбиелік негізгі бөлімге кіргізілген. Осыған сәйкес оқытушының оқытушының қызметінде үлкен еркіндік қамтамасыз етілді. 50-ші жылдардың ортасында В.И.Короновский және басқалар үш бөлімдік үлгіні ұсынды: сабақтың басталуы (кіріспе бөлім), меншіктік сабақ (негізгі бөлім), сабақтың соңы (қорытынды бөлім). Әрбір сабақ бөлімінің нақтылы құрылымы сабақтың мақсатты бағытына және жинақталған жағдайға тәуелді екені көрсетілген. Осыдан келіп педагогке сабақтың міндетін іске асыру үшін тағы да үлкен еркіндік ұсынылады. Дене шынықтыру жаттығуларымен сабақ өткізудің барынша жақсы әдістемелік тәсілдерін табудың қарқынды іздеу жолдары бір уақытта жүргізіледі.

Оқушыларды сабақта ұйымдастырудың  негізгі әдістері, дене сапаларын тәрбиелеу кезіндегі жаттығулар тәртібі, назар аударуды ұйымдастыру әдістері, жәрдемдер, қауіпсіздік алдын алу, сабақ өтілетін орынды ұйымдастыру талаптары және т.б. табылды. әр түрлі жастағы, әр түрлі жыныстағы оқушылармен сабақ өткізу ерекшеліктер айқындалыд. Соңғы кездерге дейін шұғылданушылардың әдістемесін өңдеп жасау басты негізде сабақпен байланысты болды. А.Д.Новиков (1947ж.) пен Н.Н.Ефремовтердің (1959 ж.) еңбектерінде дене жаттығуларымен шұғылдану мен жалпы заңдылылқтарын ашу және әр түрлі шұғылдану үлгілерін өңдеп, жасау мәселелері қойылған, яғни спорттық сайыстар, саяхат жасау, ойындар, сауықтыру шаралары және т.б. сабақты құрудың жалпы педагогикалық заңдылықтарын ашу дене жаттығуларын орындау кезіндегі адамның жұмыс қабілеті туралы мәселелері бойынша көптеген психологиялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеулерді жүргізуге жағдай туғызады. Келтірілген талдау дене тәрбиесі міндеттерін тиімді шешеу үшін сабақты ұйымдастыру мәселесіне байыптылық қатыынастың қажеттілігін атап көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге ең маңыздысы осы күнгі дене жаттығулары сабақтарының әр түрлі үлгілерінің мүмкіншіліктері мен артықшылықтарын жақсы ажыратуға мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі тәжірибесі үшін дене жаттығулары сабағының жалпы типтік құрылымы туралы мағлұмат болуының үлкен маңызы бар.

 

 

2.2 Сабақтың жалпы құрылымы

 

Сабақтағы шұғылданушылардың динамикалық жұмыс қабілеті, олардың жалпы құрылымының негізі ретінде. Дене жаттығулары сабағының құрылымы еелеулі дәрежеде шұғылданушылардың жұмыс қабілетінің типтік өзгерісімен анықталады. Сабақтың барысында адамның жұмыс қабілетін зерттеу дене тәрбиесінің  жұмыс тәрбиесіндегі бірінші кезектегі мәселені құрайды. Бұл, әрине, табиғи, өйткені шұғылданушылардың жағдайы туралы мәліметті есептемей олардың дамуын басқару мүмкін емес. Күнделікті қызметте маман педагогтар шұғылданушылардың жұмыс қабілеті төмендегенін және одан әрі тапсырылған жұмысты орындай алмайтыныны көрсетті. өз беттерінше шұғылдану сабақтарында жұмыс қабілетінің шұғылданушы басшылыққа алатын негізгі өлшем белгісі бұл – көңіл күй. әрине, сыртқы белгілеріне және көңіл-күйіне қарап есептеу жұмыс қабілетін бағалаудың барынша сенімді жолы емес.

Барынша дәл пікір айту үшін тамырдың соғуын пайдалану дұрыс. Тамыр соғу ағзаның маңызды жүйесі қан айналымының жұмысын көрсетеді, сондықтан көп жағдайларда жұмыс қабілеті жағдайының жеткілікті дәрежедегі көрсеткіші болып табылады. Барынша қарапайым және таралған тамыр соғуын саусақпен тексеру (пальпаторлы) әдісі. Тамырдың соғуын санау сабаққа дейін және сабақтан (жұмыстан) кейін 5-10 минут өткен соң 10 секунд аралығында жүргізіледі. Нәтижесі төмендегіше, тамырдың соғуы жұмысқа дейін 1 минутта 60 рет ұрады, сабақтың барысында 70, 90, 95, 120, 140, 130, 135, 120, 140, 90 жұмыстан соң 70 рет ұрады. Көрнекілік үшін тамырдың  соғуы жиілігінің өзгеруін «физиологиялық қисық сызық» немесе тамыр соғу қимылы деп аталатын қисықпен бейнелейді (7-сурет).

Бұл қисық сызық көрсеткіші шұғылданушының шамаман 5-10 минут уақыт аралығында олар елеулі мөлшерде өзгеруі мүмкін. Үзіліссіз бақылау жүргізу үшін инструментальді аспаптың әдісі (мысалы, суммоторлық – берілген шамалардың қосындысын анықтайтын математикалық прибор) пайдаланылады. Нәтижесінде тамыр соғуы жиілігінің барынша дәл қисық сызығын алады.

 
   

Оған қарап гимнастардың жұмыс қабілеттілігі «тамыр соғуымен», кезеңдермен төмендеп бастапқы шамасына дейінгіні көрсетеді және сабақ іс-жүзінде шаршатып, шалдықтырмайды. Алайда шындығында бұлай емес, яғни гимнастика сабағындағы жаттығулардың арасындағы үзілістер жалпы жұмыс қабілеттілігіне сәйкес келетін алға басушылыққа қозғау салатын қарқынды ақыл-ой жұмысымен толықтырылады.

Оқу сабақтарында жұмыс қабілеттілігінің динамикасы туралы тереңдетілген зерттеу кезінде тыныс алуына, қуат жұмсалу шығынына, қанның құрамына, сезім, көңіл-күйі жағдайына және т.б. қарай жорамалдайды. Бұл қатынастағы маңыздысы да және іс жүзіндегі қолайлысы да берілген жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Жұмыс қабілеттілігінің абсолюттік және қатынастық көрсеткіштерін айыру қажет. Абсолюттік көрсеткіштер жекелеген зерттеулердің  нәтижелері болып табылады. Мысалы тамырдың соғуы 1 минутта 20рет, реакция уақыты 0,231 секунд. Адамның орташа жұмыс қабілеттілігі мен абсолюттік көрсеткіштерін жасағанда жүктеменің тиімділігі туралы айтады. Яғни тамыр соғуының жиілігі спортшылар үшін минутына 240-250 рет қалыпты жағдай болып санадалы: балалар үшін бұл көрсеткіш шамадан тыс күш салу болып табылады. Жұмыс қабілетінің қатынастық көрсеткіштері бұл оның шұғылдану негізіндегі алға басушылықтың өлшемі. Олар бойынша сабақтың қабылданған тәртібін қабылдауға болатындығы туралы пікір айтады. Мысалы, жұмыс қабілеттілігінің өсуіндегі біртін-біртелік принципінің бұзылуы сабақтың дұрыс басталмауына әкеледі. Жұмыс қабілеттілігін бақылау сабақ өткізудің қажетті элементтерінің бірі.

6 және 77 – суреттерде ұсынылған қисық сызықтар (кривые) сурет арқылы шұғылданушылардың жұмыс қабілеттілігі жағдайын әр түрлі қызмет түрімен көрсетеді. Мұнда жұмыс қабілеттілігінің жағдайы әрбір уақиғада өзгеше болатыны табиғи дүние. Сонымен бірге қисық сызбаның кескін үйлесімділігі және жалпы ерекшелігі, яғни сабақтың басында жұмыс қабілеттілігінің деңгейі өседі, содан кейін кейбір көтеріңкі деңгейге дейін тұрақсызданады және сабақтың соңында төмендейді.

Жұмыс қабілеттілігінің негізгі аймақтары (8-сурет, үлгі) арнайы әдебиетте әдетте былай: сөреге шығар алдындағы жай-күйімен (І-ші аймақ), өнімділікпен (ІІ-аймақ), тұрақты жай-күйімен (ІІІ-аймақ), жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен (ІV-аймақ) деп аталады.

 
   

 

 

Әрбір аймақ адам психикасы мен ағзаның арнайы қызметінде күрделі қайта құрулармен сипатталады. Бұл қайта құрулар жұмыс  барысында қуат шығынының ең үйлесімді жағдайын қамтамасыз етеді. Сөреге шығар алдындағы жай-күй құбылысы «жұмысқа дейінгі» жүрек дүрсілінің жиелеуімен, яғни қанның қан депосынан шығуы, өкпеде ауа алмасуын арттыру, тыныс  алудың тереңдігі және жиілігі, бауырдағы гликогенді іске жұмылдыру, бұлшық еттегі гликолизді күшейту және осы тәріздес ағзаны жұмысқа дайындайтын алға басушылықпен қорытындылады. Жұмысқа дейінгі күшті жалпы жұмылдыру, яғни оны орындауға саналы түрде ниет қылған ойдың шартты рефлекторлық табығаты бар. Ол орнату құбылыстарының, яғни ашуланғандығымен, әсіреленушіліктің артуымен және т.б. сипатталады. әсірелеушіліктің жай-күйінің үлгісі мұнда әр түрлі болуы, яғни «жауынгерлік» («боевой») дайындық жағдайынан «сөрелік безгек» (стартовая лихородка) жағдайына дейін немесе керісінше енжарлыққа әкелуі мүмкін. (А.Ц.Пуни).  жұмыс басталысымен тікелей физиологиялық қызметтердің одан әрі қайта құрылуы жалғасады, яғни ағза өңделеді, өйткені жұмыс қабілеттілігің жоғары деңгейі ретінде ол еш уақытта шегіне бірден жетпейді. Қайта құрудың сөреге шығар алдындағы жай-күйінен айырмасы өңдеп шығару кезінде барынша ерекшелік сипат алады, яғни өзгеше қызметті жұмылдыру дәл осы жұмысқа сәйкес іске асады. Бұлшық еттің серпінділігі төмендейді, дененің температурасының көтерілуінің арқасында оның тұтқырлығы түседі, яғни бұлшық етті шиыру химиялық реакциясына қатысатын ферменттердің белсенділігі күшейеді. Капилляр жүйесін толық пайдалану есебінен жұмыс істейтін дене мүшелерін қанмен қамтамасыз ету он есеге дейін артады. Газ, жылу, зат алмасу біртіндеп максимальді қуатына жетеді.

Бұл қайта құрулардың барлығы орталық жүйке жүйесімен бағытталады және үйлестіріледі.

Бір мезгілде оның жұмыс қабілеттілігі артады, яғни жүйке жүйесінің қозғалмалылығы артады.

Барлық жұмыс істейтін жүйелер мен органдардың қызметінде келісімділік жөнге салынады.

Жұмыс қабілеттілігі қажетті деңгейге жеткеннен кейін, осы деңнгейге қатыста біоқатар уақыт тұрақсыз болады.

Мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіргенде қозғалыстағы жүгірушінің жылдамдығы сөреден екпін алып шығуда ең жоғары жылдамдық шегіне жетіп, содан кейін кезеңмен (5 ретке дейін) бірде артады, бірде төмендейді (И.М.Фрейдберг).

Жұмыс қабілеттілігінің тұрақсыздануының терең физиологиялық және психологиялық мәні бар. Жұмысты орындау жағдайының өзгерілуін үзіліссіз есепке алу және осы өзгерістер жөнінде үйлестікті қайта құруы, жұмыстың нәтижесі туралы мәліметтерді жинақтау және қайта өңдеуді талап етеді.

Қорытындысында барлық назар және оған жалғаспалы құбылыс жұмыс объектісінен жұмыс істейтін орынға ауыстырылып сақиналық (кольцевого) басқару механизмдерінің шегінде қосылады.

Бұл ауыстырылып қосылу жұмыс қабілеттілігінің сәйкес тұрақтылығы дамып келе жатқан шаршаумен, яғни оның барлық көрсеткіштерінің төмендеуімен көрсетіледі. Шаршау қозғалыс үйлесімділігінің бұзылғанында барынша көп білінеді. Бұлшық еттерде сүт бездерінің жиналуы олардың жарылу қабілеттерін төмендетуге әкеледі. Ішкі секреция бездерінің қызметі, соңғы қабілеттерін төмендетуге әкеледі. Ішкі секреция бездерінің қызметі, соңғы есепте жүйке-бұлшық ет аппаратының қызметі бүтіндей төмендейді. Уақыты ұзаққа созылған сабақтарда (1-1,5 сағаттан артық) қажу ағзадағы артық көмірсулардың таусылуымен қабаттаса жүреді.

Субъективті жағынан қажу, шаршау сезімінің пайда болуымен, жұмысты жалғастыруға құлықсыздықтың көрінуімен сипатталады. Қажудың дәрежесі сабақтың сипатына тәуелді. Гигиеналық дене шынықтырудан кейін немесе жарыстың алдындағы қыздырынулар кезінде жұмыс қабілеттідігі принцип бойынша қалыпты деңгейден төмендемеуі тиіс, ол тек сабақтың негізгі бөліміне сәйкес төмендеуі мүмкін (7-суреттегі А нүктесі). Бұл дене шынықтыру жаттығулары тәріздес сабақтар адамды еңбек күніне дайындау қызметін атқарады. Басқа барлық жағдайларда сабақ, жаттығу мен шұғылдану, жорықтардың нәтижесінде жұмыс қабілеттілігі принцип бойынша қалыпты жағдайдан төмен болып (8-сурет. В-нүктесі), сонысымен шұғылданушылардың қозғалыстарды меңгеруі, дене сапаларын дамыту және дене тәрбиесінің басқа міндеттерін іске асыру үшін қажетті күш пен қуатын жұмсауын көрсетеді. Кейбір қажу өлшемі демалыстан кейінгі қалпына келуден тыс негізгі жағдайдың қызметін атқаратыны белгілі.

Сабақтан кейін қаду қан тамырлары соғуының және тыныс алудың жиілеуімен, бұлшық ет сезімталдығының және реакция уақытының төмендеуімен, сонымен бірге басқа да бірқатар қызметтік өзгерістердің болуынан көрінеді. Дене жаттығуларының бір сабағы барысындағы жұмыс қабілеттілігінің алға басушылық ерекше белгісі осындай. Бұл алға басушылықтар қозғалыс қызметі жүйесінде ағзаның дамып жинақталған сипат жағдайын көрсетеді. Сондықтан биологиялық заңдылықтар күші оның міндетіне, дене жаттығуларының мазмұнына және оның орындалу әдісіне тәуелді емес кез келген сабақта көрінеді.

Басқа сөзбен айтқанда, марафон қашықтығына жүгіруде және таңертеңгілік дене шынықтырудың жеңіл жаттығуларының серияларында, мысалы, мектеп гимнастика сабағында барлық жағдайларда шұғылданушылардың жұмыс қабілеттілігі сипатталған тәртіпке сәйкес өзгеретін болады. Сондықтан педагог бұл заңдылықтарды ескеруі және одан жинақтаған білімін педагогикалық міндеттерді дұрыс шешу үшін пайдалануы тиіс.

 

2.3 Сабақ құрылымының педагогикалық міндеттерге тәуелділігі.

 

Жұмыс қабілеттілігінің негізгі аумақтарға сәйкестігі, сонымен бірге педагогпен шұғылданушылардың қызмет мазмұнының ерекшеліктеріне  қарай педагогикалық әдебиетте сабақтың кіріспе, дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерін белгілейді. Соңғы кездері кіріспе және дайындық бөлімдерін біріктіріп, сабақты дайындық (кейде кіріспе – дайындық деп те атайды), негізгі және қорытынды бөлімдеріне біріктіру қолданыста.

Сабақты бөлімдерге бөлудің маңызды педагогикалық мәні бар. Біріншіден, бұл әрбір нақтылы жағдайда негізгі жұмысқа дайындайтын және оны аяқтауға, сонымен бірге шұғылданушыларды жарыс сөресі алдындағы жақсы жағдайына алдын ала келтіру үшін ұтымды мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Бұл талапқа немқұрайды қарау өнімсіз бос еңбекке, ал кейде денсаулығын жоғалтуға әкеледі.

Сол сияқты, сайыстарда талаптарға сай қыздырыбай күш сынасу көп жағдайда жарақаттануға әкеледі.

Екіншіден, жұмыс қабілеттілігін басқаруға, яғни шұғылданушылар оны неғұрлым ұзақ ұтымды деңгейде тез дағдылану және жұмысты үйлесімді, ұтымды аяқтауға мүмкіндік береді.

Мұндай қалыптастыруды білудің қажеттілігі оларды іс жүзіндегі қызметке дайындау үшін айқын көрінеді. Алайда жалпы талаптарды іске асыру нақтылы сабақ құрылымының тек бір жағын өңдеуді ғана құрайды, өйткені жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі туралы сипатталған заңдардан тыс шұғылданушылардың қызмет тәртібі, сонымен бірге кез келген сабақтағы оқытып үйрету және тәрбиелеу жүйелерінің арнайы заңдылықтарына тікелей тәуелді.

Оқу-тәрбие жүйесінің қисынын (логикасын)  анықтайтын бұл заңдылықтар сабақтың құрылымын  өңделгенде ескерілгені жөн, өйткені ол мәселенің басқа жағын құрайды. Дене жаттығулары сабағында оқытушы тарапынан қазіргі кезде көп талаптиар қойылатыны белгілі: қозғалысқа үйрету, әр түрлі дене сапаларын дамыту, жеке тұлға келбетін тәрбиеле, әр түрлі сауықтыру міндетерін және т.б. шешу. Педагогикалық міндеттерді іске асыру барысында сабақты үш бөлімге бөлудің (үш бөлімді құрылым) салыстырмалы қатынасы бар. Сондықтан сабақтың жалпы құрылымы туралы ұғым үйлесімсіз. Егер жұмыс қабілеттілігінің динамикасы есепке алынса, онда сабақта дайындық негізгі және қорытынды бөлімдері және оларға сәйкес жалпы педагогикалық міндеттер анық бөлініп шығады. Егер оқу-тәрбие жүйесінің қисынына (логикасына) қарай барынша талдасақ, онда сабақтың бөлімдері нақтылы міндеттердің санына қарай бұданда көп немесе аз болуы мүмкін. Бір міндеттерді шешу үлкен күш жұмсауды талап етеді.

Сондықтан шұғылданушыларға елеулі қиындық тудырмайтын әрбір нақтылы кезеңде міндеттер дайындық және қорытынды бөлімдеріне, ал бастылары, яғни тәртіп бойынша ең күрделілері негізгі бөлімге ендіріледі.

Сонымен, әрбірп кезде шұғылданушылардың жұмысқа жақсы қабілеттілігін қамтамасыз ететін жалпы әдістемелік міндеттер іске асырылады. Одан әрі сабақтың құрылымын дайындағанда педагогикалық ой тұжырымдарын басшылыққа алып, сабақтарды бөлімдерге бөлуді оқу-тәрбие қызметі жүргізіледі. Мысалы, сабақтың дайындық бөлімінің дене қыздыру қызметі белгілі бір оқу немесе тәрбие міндеттерін шешумен үйлестікте болуы тиіс. Бұл сабақты шығармашылықпен өткізуге кең жол ашады, оған бөлінген уақытты мақсатқа лайықты пайдалануға, әдістемелік еліктеушілікті жеңуге мүмкіндік жасайды. Сипатталған ережелерден тыс сабақты сапалы өткізу үшін шұғылданушылардың қызметіне басшылық жасау ерекшеліктерінен туындайтын жалпы әдістемелік талаптарға сүйену қажет. Бұл қатынаста дене жаттығулары сабағының сабақтық және сабақтан тыс үлгілері айырмаланады.

 

 

Сабақтың белгіленген уақытпен өткізілу үрдісі

Жалпы сипаттама. Шұғылданушылардың сабақтық үлгісінің барынша ерекше белгісі оқытушылардың (жаттықтырушы, мұғалім, нұсқаушы, әдіскер) басқаруымен жүргізілетін оқу-тәрбие қызметі болып табылады. Оқытушы мен оқушылардың өзара келісімділігі дене тәрбие жүйесі үшін ең жақсы дидактикалық жағдай жасайды. Оқушылардың оқу тәрбие жүйесін қоғам алдында оқу-тәрбие жүйесінің нәтижесі үшін жауап жауап беретін білім жүйесімен, педагогикалық дағдылармен және біліктілікпен қаруланған маман ғана басқарады. Оқушылар қажетті білім, біліктілік және дағдылардың үйренуге ұмтылады, яғни белсенді оқиды. Сабақтың мазмұны мен әдістемесін түрлендіру қажеттілігі үнемі адам ағзасында және шұғылданушылардың психикасында сыртқы жағдайдың өзгермелілігімен өтетін күрделіленілген міндеттерге, алға басушылық динамикасына себепші болады.

Үшіншіден, шұғылданушыларды оқу қызметіне олардың жеке ерекшеліктерін есепке алып бірқлыпты тарту қажет. Тек осылай ғана ұзақ уақыт ішінде барлық оқушылар үшін біртектес оқу-тәрбие жүйесін жүргізуге және сөйтіп үлгермей қалып қоюшылықты болдырмауға болады.

Төртіншіден, әрбір сабақтың алдында ақиқат, нақтылы осы сабақта іске асырылатын міндеттерді қою керек. Оқу-тәрбие жүйесінің барлық міндеттерін  шешу (күшті, шапшаңдықты, әбжілдікті, төзімділікті, дене тұлғасын үйлестікпен дамытуды және т.б.) жекелеген нақтылы міндеттер жүйесін орындаумен іске асырылады. әрбір сабақты табыспен аяқтау жағдайында, сонымен бірге әрбір оқу сабағының айқын анықталған нәтижелерінің үйлестікте жіктелуімен ғана мақсатқа жетуге болады.

Сабақ міндетін анықтау. Оқу-тәрбие жүйесінің негізгі бөлімі болып әрбір сабақ шұғылданушыларға тәрбиелік те, білім беру де және сауықтыру бағытында да әсер етуі тиіс. әрине, оқытушы әрбір жекелеген мүмкіншілік жағдайында осы жиналып, қорытылған әсер етуді жақсы бейнеде ұйымдастыру үшін алдына мақсат қоюы тиіс. Оқу сабақтарының алдына бәрінен бұрын білім беру міндеттері қойылады, өйткені шұғылданушылардың өздері бұл сабақ үлгісін сабақтың сауықтыру және тәрбиелеу түрлерінен кең сөз ұғымында айырады. Білім беру міндетін шешу бірқатар дене жаттығуларын орындаумен іске асады, яғни оның орындалу күрделілігі мен қарқындылығына  сабақтың сауықтыру және тәрбиелеу әсері тәуелді. Оқу сабағының білім беру бағытының басты маңызы, оның сауықтыру және тәрбиелеу тиімділігі төмендейді деген ұғым туғызбайды. Білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру міндетін алға қойып, әр түрлі жаттығулар кешенінің жәрдемімен, дене жүктемелерін қатаң мөлшермен бір уақытта сауықтыру және тәрбиелеу тиімділігіне қол жеткізуге болады.

Оқу міндеттерін нақтылау қозғалыс әрекетіне үйрету жүйесінің заңдылықтарын білу негізінде іске асады. Олай болса, сабақтың оқу міндеттерін төмендегіше тұжырымдауға болады: «артқа топтастырып сальто жасауды таныстыру», «аттау әдісімен биіктікке секіруде жерден теуіп серпілуді үйрету», «тапсырылған жылдамдықпен құлаш ұру әдісімен жүзуде қолмен есу қозғалысын жетілдіру» және т.б.

Спорттық жаттығу сабақтарында білім беру міндеттері бойынша нақтыланып, сонымен қатар оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілу ретіне қарай арнайы сауықтыру тәрбиелік міндеттері қойылады. Оларға мүмкіндігіне қарай тапсырма нақты болуы тиіс: «белтемірден секіріп түсу кезінде батылдықты тәрбиелеу», «берілген жаттығу арқылы омыртқаның қисаюының алдын алу» және т.б. Дегенмен, тәрбелік және сауықтыру міндеттері, әсіресе, дене сапаларын дамытуға, ерік-жігер мен денсаулықты нығайтуға жеке тұлға бейнесін тәрбиелеуге байланысты және т.б. ағзаның түрімен сәйкес келетін қызметтерінің өзгеруі жолымен тек уақыт тар аралығында шешімін табуы мүмкін. Мұндай міндеттер сериялы сабақтардың алдында қойылады және мүмкіндігіне қарай жекелеген сабақтар үшін нақтыладынады. Сабақта міндеттердің саны оқу-тәрбие жүйесінің соңғы күрделілігімен, оқушылардың оқу материалын, бағдарламаны біртіндеп меңгерудегі психофизиологиялық мүмкіндіктеріне себепші болады.

Дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде жеке сабақтардың алдында оларды іске асыру үшін әр түрлі уақыт және бірдей емес күш салуды қажет ететін міндетер кешені қойылады.

Сабақтың педагогикалық құрылуы. Сабақ басқа дене жаттығуларымен шұғылданушылар сияқты үш бөлімге бөлінеді: дайындық, негізгі және қорытынды. Одан әрі бөлінген бөлімдердің жүктелген міндетін ескеріп, сабақтың құрылымының нақтылы міндеттеріне сәйкес бөлшектеп талдауға кіріседі.

Дайындық бөліміне бәрінен бұрын оқушыларды бастапқы ұйымдастыру кіреді. Ол шешіну орынын тәртіпке келтіру, киімді және пайдаланылатын спорт алаңына шығар алдында сапқа тұрғызу және т.б. кіреді. Ұйымдастырудың бұл жақтары көбіне сабақтың барлық бөлімдеріндегі табысты айқындап, қарқынды жұмыс үшін қажетті тез әсерленгіш орта (фон) жасайды. Сабақты құру қызметі тікелей сабақтың басында әртүрлі әрекеттер атқаруы мүмкін, яғни сабақ басталар алдында бір қатарға тұрғызу, рапорт беру, назарға арнайы жаттығулар, сабақтың міндетін түсіндіру және тағы басқалар. Олар жеке-жеке және кешенді пайдаланылуы мүмкін. Педагогикалық қатынаста бастапқы ұйымдастыру сәтінде әр түрлі мүсінін қалыптастыру, бұйрықтарды анық орныдауға үйрету және т.б. жөнге келтіру сәттері сабақтың барысында бар. Олар сабақтағы әрбір ірі міндетттерді шешуге және толық аяқтауға алдын ала жол салады. Сабақтың ұйымдастыру жақтарын дұрыс жүзеге асыру оқытушының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осының арқасында оқушылар жаттыққан әрекетке, өзінің назарын алдағы қызметке және т.б. шоғырландыруға үйретеді. Сабақтың бірінші бөліміндегі негізгі орынды алда тұрған негізгі жұмысқа қызметтік дайындық алады. Дайындыққа және оның орындалуына ұзақ уақыт талап етілмейтін және жеңіл мөлшерленетін жаттығулармен табысқа жетеді. Оларға мыналар жатады: жүру, жүгіру, секірулер, жалпы дамыту жаттығулары, қарапайым би адымдары, ойындар және алдыңғы сабақтардан оқушыларға таныс басқа қозғалыстар. Оларды орындау кезінде оқытып үйрету және тәрбиелеу міндеттері шешілуі мүмкін (таныстыру, үйрету және жетілдіру, шапшаңдықты дамыту және т.б.) сабақтың дайындық бөлімінде шешілетін міндеттердің арасында жаттығудың мағыналық үйлесімділікпен және физиологиялық қозғаушы күштермен қамтамасыз етілген айқындалған қисындық өзара байланыс алдын ала қарастырылған болуы тиіс. Мысалы, біртін-біртелік принципін басшылыққа алып жалпы дамыту жаттығуларының кешенін орындау кезінде, әдетте келесі реттік сақталады: созылу; қолға және иық белдеулеріне арналған жаттығулар; аяқ, қолға арналған жаттығу, тізені бүгу; кеудеге арналған жаттығулар; секірулер; босаңсуға арналған жаттығулар.

Сабақтың дайындық бөлімі келесі сабақ бөлімдерімен байланыста болуы тиіс. Сабақтың басталар алдындағы жаттығуларды үйлестік механизмімен және дене жүктемесі сипатымен іріктеу алда тұрған негізгі қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Сабақтың басталар алдындағы жаттығуларды үйлестік механизмімен және дене жүктемесі сипатымен іріктеу алда тұрған негізгі қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бұл үшін арнайы ұштастырушы деп аталатын жаттығулар қосылады (9-суретте сабақтың дайындық бөлімінің әр түрлі үлгілері берілген). Негізінен оған сабақтың негізгі уақытының 10-20 пайызы бөлінеді: мектептегі сабаққа 5-12 минут, спорттық жаттығу сабағына 30-40 минутқа дейін.

Сабақтағы барынша күрделі міндеттерді шешу оның негізгі бөлімінде шешіледі.

Негізгі бөлім нақтылы мазмұнына қарай бір немесе бірнеше тараулардан құралуы мүмкін. әдетте барынша күрделі принципінде жаңа материалдарды меңгерумен байланысты және үлкен үйлестік күрделілігіндегі міндеттерді сабақтың негізгі бөлімінің ең басында іске асырады. Мұнда оқытып үйрету кезеңдерін есепке алып және міндеттерге жолға қоюда келесі бірізділікті қолданады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.

 
   

Дене сапаларын тәрбиелеу әдетте келесі тәртіппен жоспарланады: шапшаңдыққа, күшке, төзімділікке арналған жаттығулар. әр түрлі спорт түрлерінен өтілетін сабақта жоғары жұмыс қабілеттілік сәтінің ерекшелік сапаларын дамыту үшін пайдаланады.

Мысалы, штангтағы бұл сәтті күшті дамыту үшін пайдаланады. өмірдегі іс жүзіндегі қызметте барлық қозғалыс міндеттерін әр түрлі жағдайда шешуге тура келеді. Сондықтан білім беру міндетін шешудегі жүйелілік және дене сапаларын тәрбиелеуде ағзаның әр түрлі жағдайында оқушылар жоғары жұмыс қабілеттілігін көрсетуге үйренетіндей түрлендіру қажет. Сабақтың негізгі бөлімінде дайындық, негізгі және жаттығудың басқа түрлері орын алады және оларды өткізуде, сонымен бірге әр кезде белгілі бір реттілікті алдын ала ескеру қажет.

Шұғылданушылардың сезімге бой алдыру жағдайын арттыру және сабақта дене сапаларының көрінуін күшейту үшін жарыстық және ойындық әдістер кең ауқымды пайдаланылады.

Сабақтың негізгі бөлімінің нақтылы созылу ұзақтығы жаттығудың қарқынына, шұғылданушылардың жасына және жынысына, сабақтың басталуымен аяқталуына қажет уақыт мөлшеріне тікелей байланысты. Мектептегі сабақта, мысалы, негізгі бөлімге 35 минут, спорттық жаттығу сабағына 90 минут және одан да көп уақыт бөлінеді.

 
   

Осы бейнеде негізгі бөлімнің құрылымы дайындық бөліміндегідей барынша күрделі болуы мүмкін (10-сурет).

Сабақтың аяқталуы жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты. Спорт қондырғыларын жинау, сабақтың аяқталуына қарай сапта қайта тұрғызулар қандай да бір кездейсоқ болғанымен, шұғылданушыларды біршама тыныштандырады, жүктемені түсіруге жағдай жасайды. Алайда оқу-тәрбие міндеттерінің ерекшелігі және сабақтың қорытынды бөлімінің мазмұны шұғылданушылардың қарқынды қозғалыс қызметін жете түсініп
аяқтай білуін талап етеді.

 

 

Сабақтың қорытынды  бөліміне тән сәйкестік келесі педагогикалық міндеттер болады: әр түрлі күш қуатыдәрежесімен қозғалысты еркін орындай білуге біртіндеп күшін, қарқынын, жаттығудың жылдамдығын төмендетіп түсіру; назарын оқуға, еңбекке, демалысқа аудара білуге үйрету. Бұл міндеттерді шешу үшін жеңіл мөлшерленетін мына жаттығулар таңдап алынады: жүру, жеңіл жүгіру, қарапайым қозғалыстар, би элементтері және т.б. бұл міндетерді шешудің тәртібі жүктемені бір мезгілде түсіруі тиіс.

Сабақтың қорытынды бөлімі қисындық өзара байланыстағы бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін (11-сурет). Бірқатар сабақтарда қорытынды бөлімнің дидактикалық ақталған жүйеліліктегі міндеттері алдын ала қарастырылған болуы тиіс. Үйге берілген тапсырмаға ерекше назар аудару керек. Сабақтар тек дене тәрбиесі жүйесінің бөқлшегі ғана, яғни өз бетінше жаттығумен, жарысқа қатысумен, ойынмен және т.б. толықтырылады. Үй тапсырмасын бағаламау шұғылданудың сабақтық және сабақтан тыс түрлерінің арасындағы байланысты бұзады.

 

2.4 Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі.

Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) – бұл оның қолемін және қарқынын бағытты реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жүктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.

Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің көлемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.

Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық ақталған уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатысын айтады.

Педагогикалық ақталған уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын қабылдау және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер – қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.

Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырылудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.

Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық ақталған қызмет түрлері  маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалысы және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол бір уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекетін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтке). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.

Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқытушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізеді.

Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.

Моторлы тығыздық – дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету әдістерін үйретуді талап етеді. Осылай гинастика сабағының негізгі бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 пайызды құрайды.

Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуа жақсы бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сабақты жүргізудегі ең басты жағдайдың бірі. Ысылған , іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді.

Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың және шұғылданудың  ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы педагогикалық ақталған қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде жүктеменің қарқындалағын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.

Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның физиологиялық және психологиялық әсеренің мүмкін болған шегін анықтау болып табылады. әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы тиіс.

Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектелуі туралы мәселе әр түрлі авторлармен әр қилы шешіліп келді. әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынады. Кейбір авторлар тамыр соғуы көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта анықтауға тырысады. Мысалы, тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналады. Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес екенін дәлелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин/55-60 рет соғуы) тамыр соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуының жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет соғады.

Жүктеме қарқынын сауатты мөлшерлеп бөлу үшін оқытушы сабақта оқу-тәрбиелік қызметтің барлық түрлерін ұйымдастыру кезінде оны арттыру және төмендету (түсіру) әдісін жақсы меңгеруі тиіс.

Мысалы, қызметтің көмекші түрлерін күшейту үшін оларға оқу-тәрбиелік сипат береді: спорт қондырғыларын орнату және жинауды, ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін пайдаланады; сапқа тұрғызу мен саптағы қозғалысты жүгіріп немесе керісінше белсенді демалыс үшін орындайды (денені босатуға, тыныс алуға және т.б. жаттығу беріледі). Жаттығуды орындар алдында кезек-кезек күтіп тұрған шұғылданушылардың белсенділігін сүйемелдеп, қолдау үшін оларға арнайы тапсырма ұсынылады: «Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар және оны барлық топтағы шұғылданушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға тырысыңдар», шұғылданушыларға өз бетінше орындау үшін  ұштастыру және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады; зерттеу, үйрену үшін кинограмма, сызба үлгі, суреттер және т.б. береді.

Оқытушының шұғылданушыларды оқу-тәрбие міндеттерін өздігінен іске асыра білуге үйретуі ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұнда әр түрлі қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда жөнін таба білу талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою.

Түсіндіру және көрсету кезінде шұғылданушылардың назарын өзіне аударуы, олардың белсенділігін тәрбиелеу оқытушының басты міндеттерінің бірін құрайды. Оқушылардың жұмысы неғұрлым қарқынды болған сайын, жаттығу нәтижесінен соғұрлым табыс күтуге болады.

Дене жаттығуларының қарқындылығын мөлшерлеп белгілеу шұғылданушыларға тікелей және жанама әсер ету арқылы әдістемелік тәсілдердің қатарымен іске асады.

Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне жаттығудың қайталану саны, жылдамдығы, күші, қолданылатын сыртқы ауырлық жүктеме шамысы туралы сөзбен нұсқау беру және т.б. жатады. Тікелей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер оқушылар мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда барынша ең ауқымда жаттығудың қарқындылығын дәл мөлшерлеп бөлімдермен орындатуға болады.

Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістеріне қатаң уақытпен белгіленген жаттығулармен орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің кезектесуімен жүргізілуі жатады.

Мысалы, әдеттегі тапсырмамен орындауға қарағанда спорттық сайыс кезіндегі жаттығуды орындау жағдайындағы үлкен қарқындылығымен айырмаланады. Селқос, бейқамдықты жеңу үшін осыны пайдалануға болады.бүтіндей алғанда жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама әдіспен мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіспен қарағанда дәлдігі азырақ болса да оны қолдану қажет. Осы бейнеде сабақтағы жүктемені ең қолайлы мөлшерлеп, бөлу жоғары қарқындылығын,  шұғылданушылардың ақыл-ой, сонымен бірге дене жұмыстары ретінде сабақтың 100 пайыздық жалпы тығыздығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жүктемені мөлшерлеп білудің жоғарыда сипатталған әдістері оқушыларды дұрыс ұйымдастыра білуге және оларға жаттығудың ететін әсерінің дәрежесін бақылауға тәуелді.

Сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар контингентімен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырулы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (маңдай алдынан), топтық және жеке.

Фронтальді әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.

Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немес кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.

Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір оқушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды.

Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты қарсы алдынан фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық қимыл оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өтілетін орынның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттыығу өткізілетін орынның кеңдігіне және т.б. байланысты.

Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді әдіспенжиі өткізеді, өйткені жас ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-гимнасикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б. шебер – жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберлерліктерінің артуына байланысты жаттығуды шекешелендіру талабы артады.

Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен, негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа бөледі немесе олармен жеке жұмыс жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяқтайды.

Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардың берілген тапсырмаларды орындау тәртібін анықтайды. Сабақтың әдісітемесін анықтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.

Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлеріне барлық оқушылармен орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.

Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен

 Немесе арақашықтықпен жұмыс істеуі мүмкін.

Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.

Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының лайықтыларын таңдағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады және т.б.

Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады. Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер бойына орналастырылған спорт қондырғылары «бекетттерінде» («станция») біреуіне кейін екіншісіне («тұтқалы аттан», белтемірге тартылу «бекітіне») өтіп орындайды.

Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында әсерлілігі төмендеу, өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе бөлек-бөлек орындауды талдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы жаңа оқу материалын таныстыру және үйрету кезінде жаттығуды бөлек-бөлек орындау орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері  қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.

Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы оқытушының, оқушылардыың және спорт қондырғыларыының дұрыс орындалуына тікелей байланыысты. Егер оқушылар бір қатарда шеренга тұрса, онда оның түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ шетіндегілері нашар қабылдайды. Егер мұғалім спорт қондырғыларының ортасында тұрса, онда шұғылданушы топтардың бірі оның назарынан тыс қалады. Егер оқушылар сапқа күнге қарсы қарап тұрса, онда олар мұғалімнің көрсеткенінің барлығын нашар көреді. Осы мысалдырдың бәрі мұғалімнің, оқушылардың және сабақ өтілетін жердегі орынның орналасуынан оқу-тәрбие жүйесінің маңызды бөліктері, яғни көру және есту түйсіктері, жаттығуларды орындауды бақылауы және т.б. тікелей осыларға байланысты.

Барынша әр түрлі сапқа тұрғызулар үйлесімді болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда олар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

а) мұғалім мен оқушыға сабақта болған нәрсенің барлығын естуге және көруге мүмкіндікті қамтамасыз ету;

ә) жеке және қоғамдық гигиена ережесіне сай болу;

б) бөгетжәне жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау.

Сабақта шұғылданушылардың жақсы ойластырылып орналастырылуы тәртіптілікке және ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Сақтандыру және жәрдем беру үлкен дене жүктемесі жағдайындағы қозғалыс әрекетінің белсенділігі барысында шұғылданушылардың дене, психикалық және қызметтік жарақат алуы мүмкіндігінің кездесуі мүмкін.

Шұғылдану сабақтарында сайыстармен және басқа сабақ түрлерімен салыстырғанда статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр түрлі сипаттағы жарақат алудың көпшілік пайызы, яғни 50% түседі екен. Ал спорт шеберлерімен өткізілетін сабақта бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жетеді. Бұл шұғылдану сабақтарында қозғалыс әрекетінің жаңа үлгілерін меңгеру өзгешелігімен және жоғары нәтижелерге жету дайындығымен түсіндіріледі. Сабақты өткізу барысында ерекше назарды жарақат алмау жолдарына аудару қажет. Осы жағына байланысты оқытушының қызметтік шарасын, әдетте сақтандыру деп атайды.

Сақтандырудың әсерлілігі сөздің кең ұғымда бәрінен бұрын оқытып үйрету және тәрбиелеу принциптерін қатаң сақтаумен түсінідіріледі.

Оқытушылардың жоғары саналылығы және белсенділігі, сабақты құрудағы жүйелілік және бірізділік, оқу материалының игерілу мүмкіндігі және оны меңгеру беріктігі – жарақаттың алдын алып, сақтандырудың бірінші дәрежелі жағдайы.

Жарақаттанудың алдын алуға дене жаттығуларының жүктемелерін ақылмен мөлшерлеп бөлудің, шұғылданушылардың жақсы тәртіптілігінің, жаттығуды орындаудың жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Көптеген жаттығуларды орындау кезінде (суға секіру, акробатика, спорттық қондырғылардағы гимнастика, семсерлесу және т.б.

 Барынша тар ұғымға сақтануға деген қажеттілік, яғни олқылықты, құлауды, қарсыластың қатты соққысын, аурыды сезінуді және т.б. тікелей алдын ала ескертетені шара ретінде пайда болады. Бұл шараларға оқытушының арнайы әрекеті (көтермелеу әдістері, ұстап қалу, шұғылданушыларды ажырату), оқушыларды қорғаныс құралдармен қамтамасыз етуі (белбеу, маска-шлем, қалың киім және т.б.), өзін-өзі сақтандыру, оқытып үйрету кіреді. Мұндай сақтандыру орындалуы қауіпті емес жаттығуларды орындаумен қатар іске асады. Топтық әдісімен жұмыс жүргізі кезінде оқытушы барынша қауіпті жаттығуларды орындау кезінде топты алдын ала сақтандыруы тиіс.

Басқа топтардағы шұғылданушыларды жарақат алудан сақтандыру үшін жоғары дайындығы бар оқушыны сақтандыру әдістерін меңгеруге байланысты олармен сабақ өткізіп, нұсқаушылыққа тағайындау керек.

Сақтандырудың сақтық шаралары былай жүргізілуі тиіс: сабақ өтілетін орын мен спорт қондырғыларының дайындығын алдын ала тексеру, жаттығуларды орындау кезінде шұғылданушыларды  қауіпсіз орынға орналастыру (мысалы, лақтыру кезінде). Сүйемелдегенде, итермелегенде және басқа әдістерде сақтандыру оқытып үйретудің  әдістемелік тәсілдері сияқты жиі көмек берумен үзіліссіз байланысты. Мұндай көмек беру сияқты сақтандыруды жарақат алу қауіптілігі айқын болған жағдайда ғана пайдалану керек (мысалы, спортты жаңа бастағандармен күрделі жаттығуларды үйрену кезінде және т.б.). мұндай сақтандыруды теріс пайдалануға болмайды, өйткені оны шұғылданушылар дағдыға айналдырып батылдық, ұстамдылық, өзін-өзі игере білу және жаттығуды өздігінен орындауға қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеуді тежейді. Сондықтан әдістемелік ақталған, бірінші жағынан, жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ басқа жағынан кейбір тәуекелге барып, қауіптіліктің болатынын алдын ала ескеруді қарастырады.

Оқытушының жеткілікті дәрежедегі байсалды жарақат алудың алдын алуға назар аударуы дене тәрбиесі сабағында жарақат алудың болдырмауын қамтамасыз етеді. Жарақатты емдеудегі табыс көп жағдайда оқушыға дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге анықталады. Оқытушы мамандық саласына қарамастан әр түрлі деңгейдегі алған жарақаттарға бірінші көмек көрсете білуі тиіс. Дәрігерге дейінгі көмек дене жаттығулары сабағындағы оқытушы жұмысының маңызды жақтарының бірі.

Сабақтық шұғылданудың әр түрлілігі. Дене жаттығуларымен шұғылданудың сабақтық түрлерінің барлығын олардың бағытына қарай жалпы дене дайындығы, спорт түрлерінен жаттығу сабақтары және кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабақтары деп бөлуге болады. Жалпы дене дайындығы сабағы балалар бақшысында, мектепте, жоғары және орта оқу орындарында, жалпы дене дайындығы (Ж.Д.Д.) топтарында, ересек тұрғындар үшін, яғни барлық жастағылар контингентімен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін оқу материалының әр түрлілігі, оны меңгеру кешенділігі, біркелкі денеге берілетін жүктеме және басқа да бірқатар ерекшеліктері тән.

Спорттық жаттығу сабақтары таңдап алған спорт түрімен шұғылданатындармен жұмыста пайдаланады; жеңіл атлетика, акробатика, гимнастика, суға секіру және т.б. сабақтары. әрбір жекелеген жағдайда олар жеке спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесін талап етеді. Мұндай сабақтар жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлестіктегі шығармашылығын, жүктемені мөлшерлеу шамасына ерекше назар аударуын, жарақаттанудан сақтану жолдарын табуды міндеттейді.

Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабағы жеткіншіктермен, жасөспірімдермен, үлкендермен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін қозғалыс әрекеттеріне мазмұны ұқсас кәсіби еңбекке үйрену тән.

Оқу жұмысының сипатына қарай сабақтар жаңа оқу материалын меңгеру сабағы, оны жетілдіру және бекіту сабақтары, аралас типтес сабақтар болып бөлінеді.

Жаңа материалды игеру сабағы үшін салыстырмалы кіші моторлы тығыздық тән, сол себепті түсіндіруге, көрсетуге, қозғалыстағы бірінші өрескел қателерді жөндеуге көп уақыт жоғалтады. Мұндай сабақтардың табысты болуы сабақ өтетін орынды дайындаудың ерекше мұқияттылығына байланысты.

Оқу материалын жетілдіру және бекіту сабағында, мысалы, жоғары дәрежелі спортшылармен жаттығу сабағында моторлы тығыздығы ең жоғарғы мөлшерге дейін өседі.

Бақылау сабақтары әдетте спорттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл сабақтарда қатаң тәртіп, жарыс ережесіне сәйкестік, нәтижелерін дәл белгілеу қамтамасыз етілуі тиіс.

Дене тәрбиесі үшін бүтіндей алғанда аралас типтес сабақтар басымырақ тән (яғни бір сабақта жаңа материалды зерттеу, бұрын меңгергендерді жетілдіру және тексеру).

Сонымен бірге ерекше әдістемелік тәсілдер сабақты әр түрлі орында және әр түрлі уақыт жағдайында өткізуді талап етеді: спортзалда, спорт алаңында (стадионда), табиғи орындар жағдайында, қыста, жазда және маусым аралығында.

Сабақты спортзалда өткізуді ұйымдастыру өте қолайлы болады. Салыстырмалы кіші жұмыс алаңы, көру аясының шектеулілігі, температурасының тұрақтылылығы сабақ міндетін шешуде оқушылардың назарын жақсы бейнеде шоғырландыруға мүмкіндік жасайды. Алайжа ғимарат ішінде сабақ өткізудің елеулі кемшіліктері бар. Атап айтқанда, гигиеналық сипаттағы, яғни мұнда ғимарат ішіндегі жарықтың талапқа сәйкес еместігі, шаң, буланудан ауаның ластануы шұғылданушылардың жұмысқа қабілеттілігі төмендетеді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сабақты сыртта таза ауада өткізу дұрыс. әрине шұғылданушыларды ашық алаңда басқару қиынырақ. Бір жағынан сабақты өткізуге күн, желдің бағыты  мен күші, бөгде заттар, оқушылардың назарын аудартатын көрермендер кедергі жасайды.

Дегенмен, бұл әдістемелік қиындықтар таза ауа жағдайындағы оқушылардың жұмыс қабілеттілігінің артуымен түгелдей есесі қайтады. Ашық аспан астында, таза ауада өткізілген сабақ, әсіресе, егер ол жыл бойы әр түрлі ауа райында өткізілсе шынығуға, денсаулығын нығайтуға жәрдемдеседі. Спорт ғимаратындағыға қарағанда таза ауада, ашық аспан астында өткізілген сабақта шұғылданушылар әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгереді және барынша жоғары нәтижеге жетеді.

Табиғи орындар жағдайында сабақ өткізу үлкен дәрежеде жаттығуды түрлендіруге және ең бастысы оқушыларды өмірдегі қызмет ету жағдайына өте жақын жағдайға көшіреді. Табиғат аясында сабақ өткізуге көптен шұғылданушыларды өмірге дайындаудың басты құралы ретінде маңыз берілген.

Сабақ өткізу үшін жергілікті жердің табиғи жағдайын пайдалану әдісі осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде кең қолданылып келеді. Мектепте, орта, жоғары оқу орындарында, әскерде табиғат аясындағы сабақтар міндетті түрде өткізіледі. Бұлай сабақ өткізу, әсіресе, спортта кең таралған.

Жергілікті жердегі қолайсыз ауа райы жағдайына сәйкес күні бұрын сабақ өткізілетін орынды дайындау және сабақ өткізілетін орынды сынап көру, оқушыларға мүндай сабақтың пайдалылығын ұғындыру, олардың киімі жайлы және т.б. қамын ойлау өз жемісін береді. Дегенмен, көпшілік дене жаттығуларының әдістерін меңгеріп, сауатты орындау үшін арнайы жабдықталған сабақ өткізу орны талап етіледі. Сондықтан табиғи орындарда сабақ өткізуді спорт ғимаратарындағы жене спорт алаңдарындағы сабақтармен ауыстырып өткізген дұрыс.

Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау. Сабақ өткізу көп жақты, күрделі қызмет түрі болып саналады. Сондықтан сабақтың жоғары сапалылығына жету үшін оқытушы оған күні бұрын және тыңғылықты дайындалып, келесі мәліметтерді ойластыруға тиіс:

а) сабақтың міндетін анықтау;

ә) оның нақтылы жоспарын жасау;

б) материалдық жабдығын дайындау.

Бұл жоғарыда көрсетілген сәттер өзара байланысты және оның әрқайсысы арнайы жұмысты талап етеді. Сабақтың міндетін анықтау дегеніміз ишұғылдану жүйесіндегі орнын айқындау және мүмкін болған толығымен оның нәтижесін өзінше шамалау болып саналады. Мұны іске асыруға жоспарланған жұмыс мүмкіндік туғызады.

Алайда оқу-тәрбие жүйесінің нақтылы ағымы барлық уақытта жоспарға түзетулер ендіреді. Сондықтан жоспарда қойылған міндеттерді барлық уақытта өткен бірқатар сабақ нәтижелерін тыңғылықты талдау негізінде және сабақтың барлық сериялары бойынша қалған уақыт санын есепке алып нақтылау қажет. Тек осылай жопарланған сабақтың лайықты сабақтастығын қамтамасыз етуге болады. Бұдан басқа, жұмыстық жоспарлаумен сабақтың барынша елеулі міндеттерді кешенін дайындау алдын ала ойластырылады, ал іс-тәжірибеде нақтылығының қажеттілігі туындайды. Сонымен, оқу сабағының алдыңғы жоспарларына қатыссыз нақтылы міндеттерін белгілеу барлық уақытта байсалды, ойластырылған еңбекті талап етеді. Сабақ міндетін дұрыс белгілеу және оны іске асыру жоспары оқытушының педагогикалық тәжірибесімен және оның шығармашылық қабілетімен анықталады. Бірақ ешқашан жеке тәжірибесін артық бағалауға болмайды, өйткені оқу-тәрбие жүйесін терең және жан-жақты түсінуге тек ұжымдық күш салу нәтижесінде ғана қол жетеді. Сондықтан сабақ міндетін белгілеу кезінде оны іске асырудың әдістемелік жолы туралы жаңа мәліметтерді зерттеу қажеттілігі туындайды. Алдын ала белгіленген тапсырма мен жалпы жоспарға сәйкес әдебиеттік деректерді күні бұрын оқып, зерттеудің нәтижесінде оларды шешуге де түзетулер ендіріледі. Сабаққа дайындалудың келесі кезеңі – бұл оны өткізудің егжей-тегжейлі жоспары, яғни әр сабақтың жазбаша жоспары (план-конспект). Сабақты жазбаша жоспарлау қызметінің барлық жақтарын барынша толық ескеруге және оның ұйымдастырылуын терең зерттеп, дайындауға мүмкіндік береді.

Сабақты жоспарлау оның міндетін барынша тиімді жүйелілікпен анықтаудан басталады. Атап көрсетілгендей, аса үлкен назарды және жоғары жұмыс қабілеттілігін талап ететін жаңа материалды оқытып үйрету сабақтың негізгі бөлімінде өтуге, ал барынша жеңіл міндеттерді іске асыру сабақтың басында және соңында жоспарланады. Одан әрі сабақтың негізгі бөлімі егжей-тегжейлі терең зерттеліп дайындалады. Оқушылардың жаттығуларды
орындау кезіндегі ұйымдастыру үлгісі белгіленеді (12-сурет).

 

Жоғарыда көрсетілген үлгі жазбаша сабақ жоспарына түседі. Мұнда ерекше назарды жаттығуды іріктеп алуға аударып, міндетті шешу үшін оқушылар әрекеттеріне қажеттілердің барлығы тыңғылықты жоспарланады. Нәтижесінде қатаң ғылыми негізделген жүйеліліктегі тәрбие және жеткілікті дәрежедегі толық оқытып үйрету әдістемесін көрсететін жаттығулар кешені өңделіп, дайындалуы тиіс.

Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнын дайындап, оқытушы оның биологиялық және педагогикалық маңыздылығын есепке алып, дайындық және қорытынды бөлімдерін жоспарлайды. Мұнымен бірге ол негізгі бөлімінің жоспарын дайындағандай айқын сабақтың міндетін белгілеу түрін, әрбір жаттығудың мәнін және белгіленген бағытын, мөлшерленіп бөлінуін, оқушыларды ұйымдастыру әдістерін,                                                                                                                                                                                                                                                                      орын ауыстыруы мен сапта қайта тұрғызылуын, сабақ кезіндегі өзінің жұмыс алаңындағы орнын білуі тиіс. Олардың барлығы әр сабақтың жазбаша жоспарында (план-конспект).

Сабақтың алдында мұғалім өзі тікелей сабақ өтілетін орынды дайындауы және жаттығуды орындап, байқап көруі тиіс. Сабақ өтілетін орынды дайындау оқушылардың өздерін қимы                                                      л-әрекеттерін бақылай отырып қарастыру керек. Іс-тәжірибелері нәтижесі көрсеткендей, сабақ өтілетін орынның талап дәрежесінде дайын болмағандығынан көбіне босқа тұрып қалушылық және жарақат алу жағдайлары жиі кездеседі.

Сабақты педагогикалық бағалау. Оқытушы әрбір өткізген сабағын бағалауы тиіс. Бұл оның қанағаттану сезімін анықтайтын немесе өз еңбегіне қанағаттанбауын анықтайтын, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге талаптандыратын оның қызметінің бөлінбейтін жағы. Сабақтардың өтілу дәрежесін кезеңдермен оқытушылардың жұмыстарына басшылық жасайтын халыққа білім беру саласының инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептері директорларының оқу ісін меңгерушілері де бағалайды. Екі жағдайда да сабақты әділ бағалай білу өте маңызды.

Барлық жағдайдағы сабақ сапасының басты көрсеткіші оның нақты міндеттерін шешу дәрежесі болып табылады. Мұндағы ең жақсы жолы, егер оқу материалдарын оқушылардың барлығы түгелдей меңгерсе, алайда, әдетте олардың құрамының қабілеті және дайындығы жағынан бір тектес болмайтынын есте ұстаған дұрыс.

Сондықтан барлық оқушылар үшін бірдей оқу материалын үйрету кезінде кейбір оқушылардың оны толық меңгере алмауы сабақтың нашар өткізілгендік белгісіне саналмауы тиіс. Мұнда ең маңыздысы тапсырманы шұғылданушылардың негізгі бөлігі меңгергендігі болып табылады.

Егер оқу материалдары тапсырмаларын шұғылданушылардың аз бөлігі немесе барлығы игере алмаса онда сабақ нашар өтілген болып саналады. Мұның себебі, сабақ міндеттері шамадан тыс қиын белгіленген немес мұғалім әдістемелік негізде кәсіби қабілетсіз немес оқушылардың шұғылданғысы келмейді. Мұнда соңғысы оқытушының шеберлігіне қатысы жоқ, тәуелсіз кездейсоқ болуы мүмкін (оқушылар сабаққа толқып, көңіл-күйлері болмай келді).

Сабақ міндеттерін іске асыру туралы негізделген ұғыну мағыналарды талап етеді: а) оқушылардың оқу материалын меңгеру көрсеткішінің айқын, дәл есебі; бұл есеп орындалатын жаттығулардың сандық нәтижесін өлшеу және әдістерін бағалаудың жәрдемімен немесе дене сапаларының даму деңгейін анықтау үшін тест алу жүйесімен жүргізіледі; ә) бұл мәліметтерді хаттамаға түсіру; б( оқушылардың оқу тапсырмасын орындағандығы және орындамағандығы жайлы арақатынасының есебі. Сабақта оқу міндеттерін шешу дәрежесі туралы соңғы қорытынды жасағанда оның сауықтыру және тәрбиелік маңызын ескеру қажет.

Егер сабақта нақтылы сауықтыру және тәрбиелік міндеттері қойылса, оны шешу туралы пікір міндет талаптарын орындаған оқушылар санының есепке алынуына негізделген болуы тиіс. Нақтылы міндеттер қойылмаған кей жағдайларда сабақтың сауықтыру және тәрбиелік мәні туралы дене тәрбиесі жүйесінің осыған сәйкес принциптерінен туындайтын ережелер мен талаптардың іске асырылуымен пікір айтылады. Жаттығу орнының тазалығын қамтамасыз ету, оқушылардың ағзаларының қызмет  мүмкіндіктері мен тұлға сымбатын жүйелі бақылау, адалдыққа, шыншылдыққа, тәртіптілікке және т.б. тәрбиелеу – сабақты жақсы өткізудің белгілері. Кейде сабақтың білім беру міндеттері шешіліп, ал сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешілмей қалуы мүмкін. Мұндай сабақты дұрыс өтті деп бағалауға болмайды.

Оқу материалын меңгеру дәрежесі және сабақ сапасы әр түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда оқушылар тапсырманы майда бөлшектеріне дейін дұрыс орындайды, ал басқа жағдайда олар қателермен, кемшіліктермен анық емес, оқушыларды бағалар кезде есепке алу қажет.

Оқытушының әдістемелік дайындығы сабақты жүйелі жоспармен талдап құруға, оның тығыздығына, жүктемені мөлшерлеп, белігілеу әдістеріне, оқушыларды ұйымдастыруына, жәрдем, сақтандыру және сабақтың басқа жақтарын дұрыс қабылдауына мүмкіндік туғызады. Бақылау жоғары деңгейдегі мөлшерлеп, өлшеумен тоықтырылуы тиіс. Сабақтың құрылымы туралы жаттығулардың жұмыс қабілеттілік заңдылықтарына сәйкестігіне, жекелеген міндеттердің қиындықтары арасындағы арақатынасына қарай, оны іске асыруға бөлінген уақытымен сабақ бөлімдерінің өзара байланысының қисыны бойынша пікір айтылады. Оқушылардың оқу қызметімен және жаттығулар мен шұғылданушыларын бақылап, сабақтың тығыздылығын анықтайды.

Сабақтың тығыздылығын барынша қатаң анықтау үшін сабақ бөліктерінің (түсіндіру, көрсету, кезекте тұру және т.б.) уақыттарын өлшеуден тұратын сабақтың жалпы және моторлы тығыздығын шығаратын хронометраж (хронометр — өте дәл жүретін қалта сағаты) пайдаланылады. Жалпы көпшіліктік тексеруде келесі хронометраж әдісі пайдаланылады.

Сабақтың типтік бөліктері (компоненттері) бөлініп, шығарылады (түсіндіру жаттығуларды көрсету, кезекті күту, спорт қондырғыларын орнату және жинау, босқа тұрып қалу және т.б.). Бақылау жүргізу үшін оқушылардың біреуін сайлайды. Ол оқушының бөліктеріндегі қозғалыс-қимылдарын жылжыған секундомер тілімен белгілеп, мәліметтерін хаттамаға түсіреді. Сабақтан соң олардың бәрін қосып, тығыздықтың шамасын анықтайды. Хаттаманың көлденең графасында көрсетілген мәліметтерден басқа сабақтың жекелеген бөлімдеріндегі тығыздығын есептеуге мүмкіндік береді. Хронометраждың жоғары деңгейдегі дәлдігі үшін уақытты автоматты түрде белгілеуге мүмкіндік беретін арнайы аспап пайдаланылады.

Оқытушының жүктемесін мөлшерлеп бөле білуі олардың тапсырманы орындау реакциясымен бағаланады (назар аудару, тыныс алу, беттің бояуы және т.б.). оқытушының жәрдемс беру мсен санқтандыруды ұйымдастырудағы әдістемелік ережелері мен талаптарына сәйкестігі анықтайды. Оқытушы қызметінің сипаттамасы үшін оның сабаққа дайындығы, (жазбаша сабақ жоспары), залдағы тәртіп, сөз, оқушылармен қарым-қатынас мәнері, сыртқы түрі және оны сипаттайтын педагогикалық әдептілігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілік, белсенді оқушылар мен ұжым мүшелеріне сүйеніп шығармашылықпен жұмыс істей білуі зерттеледі. әрбір оқушылар ұжымының оқытушының әрекетінде және бүтіндей алғанда сабақ нәтижесінде көрінетін өз ерекшеліктері бар. Оқушыларды зерттемей сабақты дұрыс бағаламау мүмкін емес. Тапсырманы үлгі бойынша орындаудағы барлығының қызығушылығы, әлсіз дайындалған жолдастарына жүйелі көмек беру, сабақ өтілетін орынды дайындау үшін оқытушыға көиектесу, сақтандыру, төрешілік ету, тәртіптілік және басқа да осы тектес белгілер оқушылардың дене жаттығуларымен байсалды, саналы түрде шұғылдандыруын куәлендіреді. Сонымен бірге кейбір оқушылардың тәртіпсіздігінен, дене дайындықтарының арасындағы үлкен айырмашылықтан, байыпты шұғылдануға талап жоқтығынан жұмыс істеу күрделілене түсетін қиын ұжымдар да болады. Мұны оқытушының әдістемелік дайындығын бағалау кезінде, әсіресе, ол осындай топпен сабақты ауық-ауық өткізеді немесе сабақты жүйелі түрде өткізуді енді бастаған кезінде ескеру қажет.

Сабақты педагогикалық толық таңдау және оны жан-жақты бағалау міндеттері, ұйымдастыру және әдістемелік тексеру анық айқындалған, алдын ала өңделіп дайындалған жоспар бойынша іске асуы тиіс (анкета, сабақты талдау қарасты). Талдаудың мәліметтері жұмыс сапасын арттыру жолын табу үшін хаттамаға түсіріледі және мұғаліммен тиянақты талданады. Бағалаудың әсерлілігі және өзін-өзі бағалау, талапшылдығы дәрежесіне тәуелді. Екі жағдайда да жоғары талап қоюшылық – педагогикалық шеберлікті арттырудыі негізі.

 

Хронометраж хаттамасы

 

Сабақтың қарапайым бөліктері (компоненттері)

Бейімделгіштігі

Негізгі жұмыс

Шаршаудың дамып, ұлғаюы

Жалпы уақыт

1

2

3

4

5

Сабақтың педаг-лық құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіндіру Көрсету Қозғалы Спорт қондырғыларын орнату және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Шұғылданудың сабақтан тыс түрі

 

Жалпы сипаттама. Дене жаттығуларымен сабақ өткізудің сабақтан тыс түрлері денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілігін сақтау және арттыру, шынықтыру және емдеу, дене және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу, сонымен бірге белгілі бір анықталған әрекеттерді оқытып үйрету мақсатында өз бетінше ұйымдастыру қызметі тән. Сабақтан тыс шұғылдану сабақтық түріне қарағанда барынша арнайыландырылған мазмұнымен айырмаланады және олардың құрылымы күрделі енмес. әдетте бұл ойын немесе сайыс немесе жеке гимнастка немесе жаттығулардың қандайда бір түрлері түрінде болады. Сабақтан тыс шұғылдану көбінесе асабақтық түріне қарағанда өзін тәртіптілікке, бастамашылдықты алдын ала ойластыруға, мәдениетті демалысқа үйретеді. Сабақтан тыс шұғылданушылардың бейімділігі мен көңіл-күйіне тәуелді.

Сабақтан тыс шұғылдануды өткізу әдістемесінде сабақ өткізу әдістемесіне тән көп ұқсастықтар бар. Олардың құрылымы негізгі жұмысты орындау және оны аяқтау үшін жақсы жағдай жасайтын ағзаның жұмысқа бейімделгіштік қабілетін біртіндеп қамтамасыз етуі тиіс. Жүктемені мөлшерлеп бөлуде көмек көрсету және сақтандыру, шұғылданушыларды ұйымдастыру және сабақ өтілетін орынды дайындау үшін оқытушы басшылыққа алатын көптеген әдістер мен ережелер пайдаланылады.

Сонымен бірге бәрінен бұрын сабақтан тыс шұғылданудың мазмұнының ерекшелігіне байланысты әдістемелік айырмашылық та бар.

Басқару сипатына қарай сабақтан тыс шұғылданудың кедесі түрлерін айыру қажет: жеке,, өз күштерімен топталып, топталып және ресми түрде ұйымдастырылу бастамасы ен өткізілетін жалпы-көпшіліктік сабақтар. Бұлардың әрбірі шұғылданудың белгілі бір түрін қамтиды. Мысалы, туристік саяхат көп жағдайда белгілі бір әуесқой адамдар тобының өз күштерімен шығуымен өткізіледі. Алайда осындый тәртіппен ұйымдастырылған туристік саяхаттарға осы салады ресми қызмет атқаратын нұсқаушы – маман басшылық жасауы мүмкін. Сабақтан тыс өткізілетін шұғылдану негізгі түрлерінің әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Дербес, жеке сабақтар. Дене жаттығулары жеке сабақтар әдетте дене шынықтыру, гигиеналық гимнастика, сумен, ауамен, күнмен шынығу түрлері (процедуралары), өз беттерінше дене және басқа да бірқатар шұғылданулар түрінде өткізіледі.

Гигиеналық гимнастика, шынықтыру процедуралары, серуендеулер сияқты жеке шұғылданудың барлық түрлерін аз күш пен уақыт жұмсалы нәтижесінде оны кез келген жеке тұлғаның орындауға мүмкіндігі бар.

Гигиеналық гимнастика – жеке шұғылдануды ұйымдастыру үшін барынша қарапайым және орындалуы оңай түрі. Негізінен ол жүру, жүгіру және 8-10 минут бойы орындалатын 8-12 жалпы дамыту жаттығуларынан тұрады.

Гигиеналық гимнастикамен жеке адамдар күнделікті қызметке тез бейімделіп, кірісіп кету, жұмыс қабілеттілігін көтеру, белсенді демалысты қалыптастыру үшін шұғылданады. Жаттығулар кең ғимаратта немесе ашық аспан астында, таза ауада ауырлық құралдарымен (гантельдер, кір тастары, резина эспандерлер және т.б.) орындалады. Шұғылдану су процедурасымен ағза қызметінің жұмысқа біртіндеп тартылуын және оған барлық бұлшық ет топтарының қатысуын қалыптастыру қажет. Уақыт өте келе жаттығулар кешенін жаңарту және күрделілендіру керек. Таңертеңгілік дене шынықтырумен және гигиеналық гимнастикамен адамдар өмірге келген күннен бастап, еңкейген қария болған шаққа дейін шұғылдануы мүмкін және шұғылдануға тиіс. Жеке шұғылданудың бұл түрлері радиода, теледидарда, баспасөзде, лекция түрінде кең ауқымда насихатталып, таратылуда және осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде көрнекті орын алады. өз бетінше, өз күшімен дене дайындығы барынша күрделі (жалпы, спорттық және кәсіби-қолданбалы). Шұғылдану міндеттерінің және жаттығуларының әр түрлілігімен айырмаланады., көп уақытты, арнайы өмір күн тәртібін (режим), дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесінен белгілі дәрежеде білімі болуын талап етеді. Негізінде өз бетінше дене дайындығы шұғылданушылардың сабақтық түрі үлгісінде өткізілуі тиіс. Қазіргі таңда біздің елімізде өз бетінше дене дайындығы кең ауқымдағы қолданысқа ие. Бұл дене тәрбиесі мен спортты халықтың тұрмысына ендірудің көрнекті мысалдарының бірі болып табылады. әрбір ұғымы бар дене шынықтырушы мен спортшы қаншалықты дәрежеде болса да өз бетінше шұғылданады.

Жеке сабақ өткізу адамның ықыласына, ынтасына, бастамшылдығына негізделген. Бұл шұғылданушыларды өз бетінше, өзінің дене дайындығы деңгейін арттыруда елеулі табыстарға жетулеріне мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге дене жаттығуларын өткізуде пайдалы әсері бар кейбір әдістемелік білім, біліктілік және дағдылар қажет. Бұл білім, біліктілік және дағдылар бірінші кезекте дене жаттығуларымен шұғылдану сабақтарында алынады. Білімді, біліктілікті және дағдыларды қалыптастырудағы өз бетінше сабақ өткізуде көпшілікке таралған әдістемелік әдебиеттер, радио, теледидар, лекциялар, баяндамалар, сонымен бірге еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарындағы және оқу орындарындағы кеңес берулер үлкен рөл атқарады. Дене жаттығуларымен жеке шұғылдануда табысқа жету үшін өзін-өзі бақылау ерекше маңызды. Ол көңіл-күйді талдауға және ағзаның морфологиялық және қызметтік жағдайының кейбір айқын көрсеткіштерін есепке алуға негізделеді.

Дербес өздігінен топпен өтілетін сабақтар. Бұларға тән арасынан сайланған немесе тағайындалған адамның басшылығымен өткізілетін ойындар, туристік жорықтар, сайыстар және дене жаттығуларымен шұғылданудың басқа түрлері болып табылады. Мұндай шұғылдану сабақтарының барынша таралған түрі ойындар болып саналады.

Ойындарды таңдау, шұғылданушылардың жасына, жынысына, кәсіби мамандығына байланысты болады. өз бетінше ойындар бағыты бойынша оқу-жаттығу, сауықтыру, көңіл көтеру және сайыс ойындары болып бөлінеді. Мысалы, жас жеткіншектердің аула командаларының арасындағы жарыстар республикамыздың елді мекендерінде кең таралған. Балалар бұл жарыстарға өз беттерінше дайындалу барысында  қатарынан бірнеше рет оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді. Ересектер өз денсаулықтарын нығайту және жұмыс қабілеттілігін сақтау немесе көңіл көтеру, демалысты мәдениетті өткізу үшін стол теннисі, волейбол, боскетбол, минифутбол және т.б. ойнайды.

Біздің елімізде ойындар сияқты кең таралған, дене жаттығуларымен ұйымдасқан топтармен өткізілетін жоспарлы туристік саяхат-туризм және өз бетінше саяхаттау (жихан кезу), бір күндік жорықтар, туристік эстафеталар, ғылыми, білім беру мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға сапар шегу (экскурсия) және серуендер және т.б. бар. Туризммен шұғылдану қолданбалы білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгерту, ағзаны шынықтыру және ауа, күн райының (климат), орынның өзгермелілігіне байланысты дене сапаларын тәрбиелеу бағыттылығымен сипатталады. Туристер жол үстінде кедергілерден өтуді, демалу үзілістерін және түнеуді ұйымдастыруды, жергілікті жерлерді бағдарлауды, бірінші медициналық жәрдем беруді, ауа райын болжауды үйренеді. Туризммен шұғылданудың үлкен танымдық (танып білерлік) маңызы бар.

Туристер таныстық, танымдық қызметінде геометриялық (жер бетінің көрінісін, оның жаратылыс тегін, өзгерісін тексеретін), географиялық, ботаникалық, зоологиялық, этномологиялық, (насекомдарды зерттейтін) гидрологиялық, гляциологиялық (мұздықтарды зерттеу), спелиологиялық (үңгірлерді зерттейтін ғылым), археологиялық немесе тарихи бақылау сияқты өлкетану жұмыстарынан қарапайым білім мен дағдылары болуы тиіс.

өнегелі туристердің азаматтық борышы – саяхат барысында табиғатты, тарихи ескерткіштерді қорғауға қоғамдық пайдалы жұмыстар атқару, жергілікті тұрғындармен мәдени байланыс орнату, оларға қажет болған жағдайда еңбегімен және білімімен жәрдемдесу.

Туризммен шұғылданудың дене дайындығына әсер етуі жол сапардың (саяхаттық) ұзақтығы мен күрделілігіне байланысты. Қысқа уақыттық серуендер, бір күндік және көп күндік жорықтар болып бөлінеді, яғни саяхаттың күрделілігі жер бедерінің ойлы-қырлылығымен, сол жердегі халықтың қоныстану сипатымен, жиілігімен жолдағы аудандардағы кедергілер анықталады.

Туризммен шұғылданудың тәрбиелік маңызы оның құрылымына да байланысты. Кейбір қарапайым түрлерін санамағанда туризммен шұғылдану күрделілігімен айырмаланады. Жорық танымдық қызметпен, өзіне-өзі қызмет етумен, түнеуді ұйымдастырумен кезектесіп отыратын асулардан, кедергілерден өтуден, таңертеңгілік дене шынықтырудан, су процедураларынан, ереже бойынша ойындардан және т.б. тұрады.

Алайда үлкен күрделілігіне қарамастан жорық бөлінбейтін, тұтас шұғылдану болып табылады және жалпы әдістемелік ережелер мен талаптардың сақталуына құрылуы, дене тәрбиесі жүйесінің осы заманғы жалпы принциптеріне сәйкес өткізілуі тиіс.

Мысалы. Шұғылданудың жалпы үлгісінен шығатын талап жорықтағы қозғалыс кестесімен іске асырылады.

V дәрежелі (категориясы) жаяу саяхатқа шыққандар үшін қиындықтың келесі кестесі тән: 1-ші күн – 10 км, 2-ші күн – 15 км, 3-ші күн 20-км, күндік аялдау (демалыс), сосын 20, 20, 20, 20, 20, 20 километрден, күндік аялдау, 25, 25, 25, 25, 25 , 15 км. Осындай бейнеде кестемен бейімдеушілік (врабатываемость) кезеңдері (жорықтың 1-4 ші күндері),  негізгі жұмыс (5-15-ші күндері) және оның төмендетілген жүктемемен аяқталуы (соңғы күні) алдын ала ескерілген.

Туристерді ұйымдастырудың көп әдістері жүктемені мөлшерлеп бөлу, көмек көрсету және сақтандырудың өзіне тән сипаты болады. Саяхат түрлеріне байланысты туристер белгілі бір орныққан қозғалыс тәртібін сақтауы тиіс. Мысалы, жаяулар сағатына орташа 4-4,5 км жылдамдықпен әр 40 минуттан кейін 10 минут аялдап қозғалады. Мұндай ерекше әдістер мен ереже туристік саяхатты өткізудің жағдайы мен ерекшеліктеріне сәйкес шұғылдануды өткізудің жалпы әдістемесін айқындау болып табылады. Оларды білу және шұғылдану сабағын құрудың жалпы ережелерін сақтау жорық кезінде оқу-тәрбие міндеттерін жақсы деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Сабақтың әсерлілігі, басқарушыны алдын ала дұрыс тағайындау, саяхаттың талап дәрежесіне аяқталуының басты кепілі болып есептеледі. Басқарушы тек өз жеке абыройлылығымен, ынталылығымен ғана шектелмей, дене жаттығуларын өткізу әдістемелерінің негіздерін және жарыс ережелерін білуі, жорыққа шығуда мол тәжірибесі болуы тиіс. Ойындар мен туристік жорықтарды өткізу кезінде басқарушыны тағайындаумен қатар, қатысушылардың арасынан қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын әр түрлі қоғамдық негіздегі міндеттерді орындауды белгілейді. Мысалы, туристер тобынан арнайы шаруашылық жабдықтау, тамақтандыру және т.б. жауаптылар, ал ойнайтындарға төрешінің жәрдемшілері, ойын орнын дайындайтын жауаптылар, спорт құрал-жабдықтары бөлінеді. Ойын барысында, әсіресе, жорықта шұғылдану сабағының мазмұнын түбірлі қандайда болмасын сақтану керек. Дегенмен, өз әрекеттерімен істеу жағдайына, сонымен бірге күтпеген жағдайларға байланысты осы жағдайларға бару мүмкіндігі туындауы мүмкін. Мұндай кезде шешім көпшілік дауыспен қолдануы тиіс. Жеке тұлғалардың ұжым пікіріне тәуелділігі, жолдастық өз күштерімен өткізілетін топтық шұғылдану сабақтарына негізделіп, оларды маңызды тәрбие құралына айналдырады.

Ұйымдастырылған топтық шұғылдану сабақтары. Оларға тән болып мыналар саналады:спорттық жарыста, кәсіпорындар мен мекемелердегі сауықтыру шаралары, дене шынықтыру мерекелері, спорттық көріністер және дене жаттығуларымен оқудан тыс уақытта мамандардың басқаруымен іске асырылатын шұғылданудың басқа да түрлері.

Спорттық жарыстардың қызметтік аясы әр алуан. Олар жекелеген спортшылар мен ұжымдары спорттық жетістіктерге жеткізу әдісі, дене тәрбиесі мен спортты тарату құралдары, жарысқа қатысушылар арасында әдіс, тәсілдер мен әдістемелік тәжірибе алмасу, сонымен бірге халықаралық байланыстар орнату және халықтар арасындағы өзара түсіністік қызметін атқарады.

Сол сияқты барлық спорттық жарыстар жарысқа қатысушыларға қарқынды дене қуатының және көтеріңкі көңіл күйінің арқасында өте жоғары тәрбиелік әсер ететін дене жаттығуларымен шұғылдану болыып табылады. Көп рет ресми жарыстарға қатысу спортшылардың дене дайындығының өсуіне жағдай туғызатын іс-тәжірибе көрсетті.

Жарыстың бағдарламасы және созылу ұзақтығы әр түрлі.

Барлық жағдайда жарысқа қатысу үшін оған тікелей даййындық, жарысқа қатысу және аяқталуы кіреді.

Тікелей дайындықты психологиялық және  дене дайындығы күйіне келтіру, ұйымдастырылған шараларға қатыстыру, жарыысқа шығар алдындағы қыздырыну құрайды.

Жарыстық жаттығуларды орындау сайыстың барлық қызметтік көрсеткіштерінің (егер бұл қызмет қысқа болса да) басты бөлімі (нәтижелердің жоғарылығын әдіс-тәсілдік шеберлікке, жігерлілік және мінез сипатын көрсетуге).

Жарыс әдеттегі қызметіттік күн тәртібіне біртіндеп қалыптасуға жағдай жасайтындай жеңіл жаттығуларды орындау, қорытындылау, қорытынды дәстүрлерге қатысуымен аяқталады.

Барлық ерекшеліктеріне қарамастан, дене жаттығуларымен шұғылдану жалпы үлгісімен өткізіліп, онда қызмет ерекшеліктеріне сәйкес мына күтпеген жалпы әдістемелік талаптар сақталуы тиіс: міндеттердің нақтылығы, осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінің принциптеріне сәйкестігі, барлық қатысушыларға жағдайдың теңдігі, сақтандыруды қамтамасыз ету және т.б. Спортшылардың денсаулығына деген қамқорлық, мысалы, жарыс алаңындағы дәрігерлік тексеру міндеттемесі жарыс өтілетін орынның гигиеналық жағдайының қатаң бақылануынан көрінеді. Спорттық сайыстар түріне дене шынықтыру мерекелері, шерулер, жарыстық көрсетілімдер өткізіледі. Оларды ұйымдастыру комитеттеріне біріктірілген адамдардан тұратын мандат комиссиялары, сарапшылар, төрешілер алқасы басқарады.

Сабақтан тыс шұғылданудың маңызы. Дене тәрбиесі елеулі мөлшерде сабақтан тыс шұғылдану түрлері есебінен іске асырылады. Бұл табиғи да, өйткені оқытып, үйрету педагогикалық ұйымдастыру саласы ретінде адам өмірінде салыстырмалы түрде өте көп уақыт алмайды.

Мектепте 10-11 жыл оқығанда барлығы 100-770 сабақ өткізіледі, ал оқушылардың барлық сабақтан тыс шұғылдану түрлеріне 8000 сағат қамтылған.

Ересек және жасы келген адамдар негізінен дене жаттығуларымен өздігінен шұғылданады. Сабақтан тыс жаттығуларымен шұғылдануды халықтың тұрмыс тіршілігіне терең ендіру, оның өткізу сапасының түбегейлі жақсаруымен қабаттаса жүруі тиіс. Мысалы, дене жаттығуларымен сабақтан тыс уақытта барлық адам өмірінің күн тәртібімен табиғи байланысқа шұғылдануды ғылыми негізделген жүйеге әкелу, осы бейнеде оның еңбегіне, күнделікті тұрмысына, демалысына ықпалды мүмкіндік туғызбайтыны өте маңызды. Осыған байланысты сабақтан тыс шұғылдану түрлерін өткізудің әдістемесін ғылыми тұрғыдан жете зерттеу жүргізіліп, олардың әрқайсысының ерекшеліктері және тәрбиелік мүмкіндіктері нақтылануда. Жалпы көпшіліктік дене шынықтыру қозғалысын одан әрі дамытудың маңызды жағдайы дене жаттығуларының сабақтан тыс түрлерін сапалы насихаттауды жақсарту және оны жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындау болып табылады.

Дене шынықтыру мәдениеті мен спортты тұрмыста дамытудың бірінші дәрежедегі маңызды елді мекендерде, ауылды жерлерде, қалышықтарда, көше комитеттерінде және демалыс орындарында спорт ғимараттарын, стадиондар, спорт алаңдарының құрылыстарын кеңейтуге байланысты.

Сабақ кезіндегі және сабақтан тыс шұғылдануды өткізудің жорығындағы әдістемелік негіздерінің жалпы сипаты бар. Оларды сақтау оқытушыны немес дене жаттығулармен өздігінен шұғылданушыларды ірі қателерді жібермеуге кепілдік береді, өйткені оқушылардыңқозғалыс әрекеті бұл ережелері мен тек әдеттегі жағдайлары, жаттығу өткізетін орынды ұйымдастыру жатады. Жұмыс тәжірибесінде шұғылдану нәтижелігі тек жалпы қозғаушы күштерге ғана емес, бүтіндей нақтылы жағдайларға байланысты болады. Олардың ешқандай ережемен алдын алуға болмайды, сондықтан сабақты жоғары сапамен, жүйелі әдістемесінен құрастырып өткізуге шығармашылық ізденіс талап етіледі. Шығармашылықтың мәні дене жаттығуларымен шұғылданудың міндетін және мақсатын іске асырудың ең жақсы жолдарын өз бетінше табумен қорытындыланады. Оның негізгі көздері қызметіне мыналар жатады: сабақтың нақтылы жағдайын дұрыс бағалай білу, адамдардың дене тәрбиесінің заңдылықтарын және олардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерін білуі, сонымен бірге, ең бастысы, сабақ өткізудің жинақталған әдістемелік еліктеуге сын тұрғысындағы қатынаста көрінетін әдістемелік ойынының батылдығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 Адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануының тиімділігі педагогикалық жүйенің ұйымдастырылуына, ғылыми және материалдық қамту деңгейіне, басқару және бақылау органдарының жетілуіне байланысты. Дене тәрбиесі жүйесінің бөлімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті қызметімен, өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен сипатталады. Барлық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі мақсаты – адам денесінің жан-жақты жетілуін жүзеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу нәтижесі оның бағытының мақсаттылығына және жүйеге енетін бөлімдерді жетілдіруіне байланысты.

Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның өзге де жүйелерімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экономиканың және өнердің әсерімен дами отырып, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өмірдің барлық салаларына өзінің әсерін тигізеді. Жүйесінің өз қызметін толық мағынасында атқаруы әр түрлі жағдайларға, әсіресе, қоғамдық-саяси құрылымының сипатына тәуелді. Оның себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылымының ішінде бірге дамиды. Бұл ретте мынандай жағдай ескеріледі:  тек қана мемлекеттік құрылыс дене тәрбиесі жүйесінің идеялық бағытымен бірге мүліктік қорын (спорт құрылыстарын салу, арнаулы құрал-жабдықтар, маманданған кадрлар дайындау, ғылыми жағынан қамту, әдістемелік әдебиеттермен жабдықтау т.б.) белгіленіп оттырады.

Қазақстан Республикасының бағыты даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене тәрбиесінің жүйесі жалпыхалықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Қазіргі кезеңде еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне, барлық қызметін бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылуға тиіс. Дене тәрбиесінің жүйесі әр түрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін, өзара байланыстағы жекелеген дене тәрбиесі жүйесін құруға тиісті. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалардың, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметке баратын, жоғары оқу орындарындағы жастардың әлеуметтік ұйымы болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өткенбіз. Дегенмен, «дене тәрбиесі», «спорт», «дене шынықтыру» және т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең әуелі оның ғылыми ілімдік анықтамасын білу талап етіледі.

Дене тәрбиесі негізгі 2 бөлімнен тұрады: біріншісі – спорт, бұл жеке тұлғаның белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы. Екіншісі – дене шынықтыру, бұл жеке адамның тек өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тәрбиесі», «Денені шынықтыру» деген түсініктен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып саналады. «Дене тәрбиесі» педагогикалық жүйеде үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

Соңғы кездерде арнайы спорттық әдебиеттерде жиі кездесетін түсініктердің бірі «дене рекреациясы» дегеніміз – белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін басқа бір іспен айналыса отырып, үзіліспен дене тәрбиесінің тағы бір міндетін шешуді көрсетеді.

«Дене реабилитациясы» дегенімізді денені қайта қалпына келтіру деп түсінуге болады. Атап айтқанда, дене шынықтырумен немес спортпен шұғылдану барысында жарақат алып немесе басқа  аурулармен ауырып, уақытша денсаулығын жоғалтқан адам ағзасының мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалануына айтады.

«денені шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты «мәдениет» деген түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынамыз.

Материалдық игілік деп іс жүзіндегі сабақ, жаттығу өткізуге қажетті әр түрлі спорт құрылыстары, арнаулы жабдықтар ен құралдар, қаржыландыру мәселелері, дене тәрбиесі жүйесінің идеологиялық, ұйымдастырушылық және ғылыми  бағытын қамтамасыз ететін әлеуметтік жетістікерді айтады. Барлық материалдық және рухани игіліктер қоғамның дене шынықтыру саласындағы қызметінің нәтижесі туралы бағалауға көмектесін мәдени дәстүрлер ғана болып қоймайды, сонымен қатар оны пайдалануға және қолдануға итермелеп, нәтижесінде алдағы уақытта оны толықтырып отыруды қажет етеді. Материалдық және рухани игіліктер адамдардың қоғамдық, ғылыми, сонымен бірге педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында жасалады. Сондықтан игіліктерді біріншіден арнаулы ұйымдастырылған педагогикалық жұмыста, екіншіден, тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен айналысу түрінде, үшіншіден, көпшілік қауымды қамтитын баспасөз, радио, теледидар т.б. арқылы әр түрлі таралымдар түрінде пайдалануға тиістіміз.

Орта мектептердегі өткізілетін дене шынықтыру шаралары қоғамымызда қалыпттасқан және жасөспірім баллаларды өмір сүруге даярлайтын материалдық, сонымен бірге рухани игілікердің жиынтығынан құралады. әрбір қоғам мүшесінің денесін шынықтыру жөніндегі игілік тұтастай алғанда ол мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілуі тиісті. Ал мектеп көлеміндегі бұл саладағы жұмыстар халыққа білім беру мекемелері мен сауықтыру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің үлесінде.

Дене шынықтырудың құрамдас бөлігі спорт блып табылады. «Спорт» ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне пайдалану деп білеміз. Сонымен қатар жарыс арқылы жоғары мүмкіндігін көрсету үшін, арнайы, шапшаң қарқынмен морфологиялық қызметін және психологиялық даярлықты айқындау.

Спорттық басқа да қызмет аясы жеткілікті. Біріншіден, спорт өз алдына адамның тәрбиелік жағына дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өмміріне дайындаушылық міндеттерді де шеше отырып қызмет етеді. Екіншіден, спорт өндірістік қызметке жатпайды және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ.

Спортқа тән барлық белгілер тұтастай балалар спортында да сақталады. Оны баланың сабақтан тыс кездегі қызметінің әр түрлілігі арқылы анықтауға болады. «Балалар спорты» дегенімсіз арнайы дайындық негізінде, алдын ала үйренген қозғалыс-қимыл мүмкіндіктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жұмыстарда өнер көрсету деп білеміз.

«Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау жасайтын болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдермен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың да қатысуына байланысты.

«Мектептегі спорт» деген түсінік  қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарағанда «балалар спортына» сәйкес келеді. Бұл екі түсініктің айырмашылығы «балалар спортын» мектептерде және мектептен тыс мекемелерде ұйымдастырса, «мектеп спортын» тек мектепте ғана ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылған спорт салалары белгілі бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикады, жеке сайыс түрлерінде болуы мүмкін. Мысалы, маманданушылық кейбір ойындарға, спорттық гимнастикаға еніп, оларды спорттық жеке түріне айналдырады. Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойн әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті спортты ойын қызметі деп қарауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республликасы Президентінің жарлығы. «қазақстан Республикасында 1996-200 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы» // 1996ж. 19-желтоқсан. №3276.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел президентінің қазақстан халқына жолдауынан. Алматы, 1998, 240-бет.
  3. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы заңы 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР // спорт, 2000, №1,4-11 қаңтар
  4. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. Авторефераты Алматы, — 1995, 38-б.
  5. Аяшев А.О. Болашақ мұғалімінің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. Авторефераты М., 1993,55-б.
  6. Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізі дене қасиеттерін дамыту // ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.
  7. саапрбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теорисы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. Авторефераты Алматы, 1993, 318б.
  8. Гейнца К.А. қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. Авторефераты М., 1995, 22б.
  9. Алимханов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. Авторефераты Санк-Петербург. 1994,22б.
  10. Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. П.ғ.к., дисс. Авторефераты Алматы, -1997.
  11. Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. //Киев, 1999.
  12. Куланов К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985). П.ғ.к., дисс. Авторефераты Алматы, 1990, 22 б.
  13. Наботникова Н.И. Субмаксимольді және жоғарғы қуат арқылы жасалатын циклдік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері. п.ғ.д. дисс. Авторефераты М., 1974ж.
  14. Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан) п.ғ.к.,дисс.., М.,1968,188б.
  15. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998, 378-бет.
  16. Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми практикалық конференциянфң тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б.
  17. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. Авторефераты Алматы, 1992, 1-20 беттер.
  18. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. П.ғ.к., дисс. Авторефераты М., 1968, 22-бет.
  19. Қоражанов Б.К. адамның моторлық адапттациясы п.ғ.д., дисс. Авторефераты М., 1992, 1-85 беттер.
  20. Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д., дисс. Авторефераты М., 1984, 33- беттер.
  21. Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998, 288-б.
  22. Төлегенов Ж.М. Қазіргі педагогикалық үрдісте қазақтың ұлттық дене тәрбиесінің құралы мен формасы. П.ғ.к. дисс. Алматы, 1-165,7
  23. Тотенаев Б. Дене тәрбиесі (бірінші классқа арналған оқу құралы). Алматы, 1988, 112-б.
  24. Сағындықов Е.С.Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991, 175б.
  25. Тұрсынов М.Б. Тәжіктің ұлттық ойыны мен спорт түрлері және олардың тәрбиелік мәні. п.ғ.к. дисс. Авторефераты Душанбе: 1964, 26 б.
  26. Қуанышов Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. Алматы, 1997, 260 б.
  27. Керимов Л.К. Тәрбие жұмысының мазмұны және тәрбие жұмысының міндеттері. (Әдістемелік көмекші құрал). //Алматы, 1991, 27б.
  28. Баженов В.Т., Баженова В.П. Қараусыз қалған оқушыға педагогикалық ескерту. Алматы, 1989, 205б.
  29. Мұстафина Т.К. Спорт, медицина. Алматы, 1997, 314б.
  30. Моркосян А.А. Жас ерекшелік физиологиясы және педагогикалық мәселелер. «Кеңес педагогикасы». 1965, №5
  31. Мотынская Р.Е. Адамның жасы және дене тәрбиесіндегі дәрігерлік зерттеулер. Док. Дисс. Л., 1963.
  32. Сухарев А.Г. Оқушылардың қозғалыс белсенділігінің гигиеналық үрдістерін ұйымдастыру. м.ғ.д. дисс. Авторефераты М., 1972, 40бет.
  33. Зациорский В.М. Спортшылардың дене сапасы. //Дене тәрбиесі және спорт. М., 1966ж. 200б.
  34. Ужов В. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Дене тәрбиесі институтына арналған оқулық. М., 1985ж.
  35. Шмидт, Полеев А.С. Кеңес Одағындағы спорт құрал жабдықтары. М., «Білім», 1970.
  36. Зимкин Н.В. Жылдамдық, төзімділік және күштің физиологиялық сипаттмасы. Дене мәдениеті және спорт, М., 1966.
  37. Фарфель В.С. Спорттағы қимыл – қозғалыс классификациясы. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасы. 1970, №11.
  38. Годик М.А. Адамның қозғалыс жылдамдығының қабілеттілік құрылымдық факторларын зерттеу. п.ғ.к. дисс. Авторефераты М., 1946.
  39. Зациорский В.М. Спортшының қимыл сапасы. (Тәрбиенің теориялық және әдістемелік зерттеулері).п .ғ.д. дисс. Авторефераты М., 1968
  40. Тодик М.А., Зоциарский В.М. Спортшының «жарылу» күшін зерттеудің алғашқы нәтижесі мен әдісі. //дене тәрбиесінің теориясы мен практикасы, 1965.№7
  41. Креаповников А.Н. Адам физиологиясы. //Дене тәрбиесі және спорт. 1954 ж.
  42. Жуков Е.Н. Педагогика. М., 1984, 64-бет.
  43. Фарфель В.С. Мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту. //М., 1969.
  44. Қазіргі таңдағы спорттық жаттығулардың физиологиялық проблемалары-спорттық жаттығу жүйесінің мәселелері бойынша өткен бүкіл одақтық ғылыми-әдістемелік конференциядағы баяндама. М., 1961.
  45. Годик М.А. , Шияров А.Г. жаттығу жүктемелерін мөлшерлеу және бақылауды жетілдірудің педагогикалық негіздері. П.ғ.д. дисс. Авторефераты М.,1982, 48б.
  46. Громбах С.М., Сапожников Р.Г., Глушкова С.К., Усищева М.Л. сегізжылдық мектеп оқушыларының оқу жүктемесінің гигиеналық сипаты. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы», М., 1970, 111 б.
  47. Зациорский В.М. Спортшының қмиыл-қозғалыс қабілеттері. //Дене тәрбиесі және спорт, 1966, 200бет.