АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУ

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………

 

1 ТАРАУ.  ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  • Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі………………………
  • Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы………..
  • Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі…………………….
  • Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы………
  • Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау

мәселелері…………………………………………………………………………………………………

 

2 ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы…………………………………………………………………………………………………….

2.2   Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері……….

2.3   Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын алу……………………………………

  • Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату……………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК — ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ………………………………………………………………….

КІРІСПЕ

 

      Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген. Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы.

      Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленуші өлімі келеді.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай)  құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі), ерекше сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне жатқызады.

       Ал, енді денсаулық деген сөздің ұғымына түсінік бере кетсек,

денсаулық  дегеніміз- адам организімінің әрбір органының, әрбір мүшесінің сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқарып қызмет істеуі. Адамның денсаулығы дұрыс және қалыпты жұмыс істеген жағдайда, адамның қоғамдағы алатын орны да ерекше болады. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әректтерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заң актілеріне сәйкес мемлекет әр адамның денсаулығын қорғауға кепілдік береді. Солардың бірі ретінде қылмыстық заң денсаулыққа қарсы қол сұғушыларға жауапкершілік белгілейді.

       Сонымен, дипломдық жұмыстың тақырыбы ҚР 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.

       Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.

      Бітіру жұмысы 2 тарау  және 9 тармақшадан тұрады. Бірінші тарауда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы, ал екінші тарауында криминологиялық  сипаттамасы баяндалады.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТАРАУ. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

  • Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі

 

      Жасалатын кез-келген қылмыс тікелей немесе жанама қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Сондықтан, ол бүкіл қоғам үшін қауіпті боп келеді. Қылмыстық құқық саласындағы көпшілік ғалымдар мен криминалистер таныған жалпы ережеге сәйкес қылмыстың жалпы объектісі болып, соның ішінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің де, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылады.[1] Қоғамдық қатынастар- бұл кез-келген қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастар, ал адам осы қатынастардың иегері болып табылады. Сондықтан, қылмыскер адамның жеке басына, оның өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір қасиетіне және т.б. игіліктеріне қол сұға отырып, сонымен бір уақытта қоғамдық қатынастарға  да қол сұғады.

       Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғаға қарсы, оның ішінде денсаулыққа қарсы қылмыс болып табылады. Ал, денсаулыққа қарсы қылмыстар дегеніміз адам денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын және қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттер. Бұдан денсаулыққа қарсы қылмыстардың, соның ішінде ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тектік (топтық) объектісі болып адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар табылады.

      Қылмыстың жалпы объектісінен оның тікелей объектісін ажырата білген жөн. Көп жағдайда қылмыстық заңда кез-келген қылмыс құрамының белгілерін сипаттау кезінде объект ретінде қоғамдық қатынастар көрсетілмей, олардың материалдық көрінісі немесе кез-келген қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарға қатысушыларының нақты игіліктері көрсетіледі. Қылмыстың тікелей объектісі нақты қылмыс құрамын ұғыну, түсіну, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін ашу қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін ұғыну үшін маңызды және осы қылмыс құрамын оған ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде қылмыс тікелей басқа адамның денсаулығына зиян келтіруге бағытталады. Сондықтан, адамның денсаулығы ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі болып табылады. Бұл көзқарас қылмыстық құқық ғылымында көпшілікпен танылған болып келеді. Қылмыстың тікелей және жалпы объектісі арасында ажырамас өзара байланыс бар. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде адам денсаулығына қол сұға отырып, қылмыскер белгілі бір қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Өйткені осының нәтижесінде адам дұрыс өмір сүре алмайды, дені сау бола алмайды, тиісінше еңбек қабілеттігінен толық немесе ішінара айырылады. Медициналық тұрғыдан денсаулық деп — адам организімі органдарының немесе тіндерінің дұрыс қызмет етуін түсінген жөн. Қанау, дене жарақатын келтіретін соққылар, тырнақ іздері және т.б. кез-келген түйіршіктің немесе органдардың дұрыс қызмет етуін бұзады және адам денсаулығына белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Сондықтан, адам тіндері мен органдарының дұрыс қызмет етуін бұзуға бағытталған барлық іс-әрекеттердің тікелей объектісі болып адам  табылады.

      А.С. Никифировтың көзқарасы бойынша адам денсаулығы деп-адам организімінің тұтас алғандағы қалыпты жәй-күйін түсінген жөн дейді.[2] Бірақ адам денсаулығы деген бұл түсінік тар мағыналы болып келеді. Адам организімінің кез-келген түйіршігі белгілі қызметтерді атқарады, сондықтан түйіршіктердің дұрыс қызмет етуін бұзу адам денсаулығына зиян келтіреді және адам организмінің тұтас алғандағы қалыпты жай күйінің бұзылуына соқтырады.

      А.А. Жижиленко мен В.В. Ореховтың көзқарастары бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтірудің объектісі болып адам денсаулығы емес, оның дене қол сұғылмаушылығы табылады екен.[3] Бұл көзқарасты П.А. Дубовец былай терістейді: «Іс жүзінде адамның дене қол сұғылмаушылығы денсаулыққа ешқандай зиян келтірмей-ақ та бұзылуы мүмкін. Мысалы, қорлау іс-әрекеттері кезінде. Кейбір жағдайларда дене қол сұғылмаушылығының бұзылу фактісінде, тіпті, қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, жеке тұлғаның өзге игіліктеріне қол сұғу белгілерінсіз бір адамның басқа адамның денесіне оның еркіне қарсы қол тигізуі. Сонымен бірге, дене жарақаты дене қол сұғылмаушылығын бұзбай-ақ келтірілуі мүмкін. Мысалы, қорқудың нәтижесіндегі психикалық ауру».[4]

      Сонымен, қылмыстық заң қылмыстық қол сұғушылықтан дене қол сұғушылығын қорғамайды, керісінше тұлғаның өмір, денсаулық, ар-намыс, қадір-қасиет және т.б. сияқты белгілі бір игіліктерін ғана қорғайды.

      Қылмыстық заң адамның денсаулығын оның туған сәтінен бастап өлген сәтіне дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы денсаулығын қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көп минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни, адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.

      Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірілгенге дейін де науқасты болуы мүмкін, бірақ денсаулыққа ауыр зиян келтіру нәтижесінде оның денсаулығына қосымша зиян келтіріледі, яғни оның түйіршіктерінің дұрыс қызмет етуі нашарлайды немесе бұзылады. Бұл жағдайда қылмыскер жәбірленушінің қол сұғушылыққа дейінгі болған денсаулығына қол сұғады.

      Заң қол сұғушылықтан адамның соматикалық және психикалық денсаулығын да қорғайды.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі болып тек қана бөтен адамның денсаулығы бола алады. Қылмыстық заңмен өз денсаулығына ауыр зиян келтіру қылмыс болып табылмайды, егер оның салдарынан қоғамдық қатынастарға зиян келтірілмесе бұл жағдайда қоғамдық қауіпті іс-әрекет ҚР ҚК 103-бабымен емес, қылмыстық заңның өзге баптарымен сараланады. Мысалы, әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару мақсатында өз денсаулығына зиян келтіруде ҚР ҚК 326-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс құрамы бар. Бұл жағдайда қылмыстық қол сұғушылық денсаулыққа емес, өзге объекті – Қазақстан Республикасының қорғаныс мүдделеріне, Қарулы күштерді тиісті қалыптастыруға бағытталған. Бұнда, өз денсаулығына зиян келтіру өзге объектіге қол сұғудың тәсілі болып отыр.  

      ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық заңмен қорғалатын екі тікелей объектіге қол сұғып отыр. Біріншісі, негізгі объектісі — адам денсаулығы болса, ал екіншісі, қосымша объект — адам өмірі болып отыр. Яғни, ҚР ҚК 103-бабының 1 және 2 бөліктеріне көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі — адам денсаулығы болып отыр. Ал, ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектілері – адам денсаулығы мен өмірі болып отыр.

      Енді осыны тәжірбиеден көрсетейік.

      Федоришин И.А. 2000 жылы 13 шілдеде түскі асқа дейін «Караван» газетінде көрсетілген телефон номері бойынша телефон соғып, қызды 1500 теңге көлеміндегі ақыға келісіп жыныстық қатынасқа түсінуге шақырады.

      Айнар немесе Ажар атты қыз оған шамамен сағат 14-те келеді. Ол онымен спирт ішімдігін ішеді және екі рет жыныстық қатынасқа түседі. Кейін қыздың 1500 теңге орнына 3000 теңге сұрауына және полиция қызметкерлерін шақырамын деп қорқытуына байланысты ол оның ішінен бір рет ұрады. Қыз соққыдан кейін жерге отыра салады.

      Сот – медициналық сараптама қорытындысына сәйкес Бургебаева деген азаматшаның өлімі қатты заттың әсерінен өліммен тікелей себепті байланыстағы денсаулыққа ауыр зиян келтірілген бүйректің сол бөлігінің жарылуымен ішінің жабық зақымдануы, ішінің қансырауынан құрсақ қуысына қанның жиналуының нәтижесінде басталған.

      Федоришин И.А. Алматы қалалық сотының 2001 жылғы 29 қаңтардағы үкімімен ҚК 103-бабының 3-бөлігімен сотталған.

      ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі кез-келген адамның емес, арнайы белгілерге ие тұлғалардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруді аталған қылмыстың сараланған құрамдарына жатқызады. Яғни, бұл жерде саралау мәселесі жәбірленушінің ерекшеліктеріне байланысты болып отыр.

      ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «а» тармағында көзделген екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі – екі немесе одан да көп адамның адамдардың денсаулығы.

      Бұған тәжірбиеден мынадай мысал келтіруге болады:

      Бораш Т. мен  Моисеенко Ю.А. спирт ішімдіктерін ішіп отырып, өтіп бара жатқан оларға бейтаныс Ахметов, Сулейменов, Жайнабаевты көріп, оларға мәнсіз себептерді пайдаланып, оларға қатысты боқ сөздерді айтады. Ұрыс төбелеске айналып кетеді. Төбелес кезінде Моисеенко пышақпен қаруланып Ахметов пен Сулейменовке жарақаттар келтіреді. Аталған әрекеттердің нәтижесінде сот – медициналық сараптама актісіне сәйкес Сулейменовке денсаулыққа ауыр зиян, Ахметовке енген кесік жарақаттар, бас сүйегінің зақымдануы түріндегі денсаулыққа ауыр зиян келтірілген.

      Алматы қ. Әуезов аудандық сотының 2002 жылдың 27 ақпанындағы үкімімен Моисеенко А.Ю. ҚК 103-бабының 2-бөлігінің «а,ж» тармақтарымен 5 жылға бас бостандығын айыру жазасы белгіленген.

      ҚР ҚК 103-бап 2-бөлігінің «б» тармағындағы адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оның немесе оның жақындарының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі – қызметтік жұмысты немесе кәсіптік борышты немесе қоғамдық борышты жүзеге асырушы адамның және оның жақындарының денсаулығы. Бұл жердегі қызметтік борышты жүзеге асыру дегеніміз – адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы. Ал, қоғамдық борышты атқару дегеніміз – кез-келген азаматтың өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез-келген басқа әрекеттерді орындау (қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау, т.б.). Кәсіби борышқа адамның кәсіби мәртебесі жүктейтін міндеттер жатады. Қылмыстық заң қол сұғушылықтан тек қана осындай қызметтік міндет пен борыштарды жүзеге асырушы тұлғалардың денсаулығын қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың жақындарының денсаулығын да қорғайды. Жақындар деген түсінікке арғы – бергі туыстарымен бірге онымен сүйіспеншілік қатынастағы адамдар да жатады. Мысалы, достар, күйеу баласы, қалыңдығы, қызы т.б.

      ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «в» тармағында көзделген кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей объектісі болып кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығы табылады. Бұндағы адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз – оның физиологиялық немесе басқадай себептермен (жастығына, кәрілігіне, науқастығына, соқырлығына, кереңдігіне, ақсақтығына, есінен тануына, қатты мастығына, терең ұйқыда ұйықтап жатуына т.с. байланысты) қылмыскерге қарсылық көрсете алиауы. Дәрменсіздікке ұрланған және кепілге алынған жағдай да кіреді. Өйткені бұл жағдайларда да жәбірленушінің қылмыскерге өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге қарсылық көрсету мүмкіндігігі шектеулі.

      Жәбірленушінің дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім болуы керек. Әйтпесе, дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім емес адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен емес, ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігімен сараланады.

      Денсаулыққа ауыр зиян өзге де қылмыстарды жасау кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұнда қол сұғушылық бір жағдайда денсаулыққа емес, өзге объектіге бағытталса, ал басқа жағдайларда – адам денсаулығына және кез – келген өзге объектіге бір уақытта бағытталады. Бұлай денсаулыққа ауыр зиян ҚР ҚК 179-бабымен көзделген қарақшылық кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда қол сұғушылық бір уақытта адам денсаулығына және меншігіне жасалады. Бұндай әрекет тиісінше ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігінің «д» тармағымен сараланады. ҚР ҚК 233-бабымен көзделген терроризм актісін жасау кезінде де зиян келтірілуі мүмкін, бірақ бұнда қол сұғушылық тікелей қоғамның қауіпсіздігіне бағытталған. Бұл қоғамға қауіпті әрекет 233-баптың 3-бөлігінің «б» тармағымен сараланады.      

 

1.2.  Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы

 

      Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың объективтік жағы — қылмыс құрамының негізін қалаушы анықталады, ал содан соң осының негізінде қылмыстың   субъективтік   жағы   және   оның   белгілері   -себеп,   мақсат,   ниет,   т.б. анықталады.

      Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда
орында   және  уақытта өтіп  жатқан,   қылмыстық   заңмен   қорғалатыкн
объектіге зиян   келтіретін   нақты   қоғамдық  қауіпті  мінез-құлықтың,     қол сұғушылықтың сыртқы  көрінісін  сипаттайтын  қылмыс құрамының құрамдас бөлігі. Бұл   әдетте,   Қазақстан   Республикасының Қылмыстық

Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.

      Сонымен,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-бөлігінің дизпозициясына сәйкес аталған бапта көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағын мыналар құрайды:

а)    денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті әрекет;

б)    денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардап;

в)    әрекет   пен   аталған       зардап   арасындағы    себепті  байланыс.
Денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян   қоғамдық   қауіпті   әрекеттің құқыққа қайшы іс әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де келтірілуі мүмкін. Әрекетсіздік  жолымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, егер тұлға өзі жасауға міндетті және жасай алатын белгілі іс-әрекеттерді жасамаса,  сол сияқты соның нәтижесінде басқа түлғаныің денсаулығына зиян келтірілсе ғана орын алады. Белгілі  іс-әрекеттерді жасау міндеті заңнан (мысалы, ата-аналарының балаларының денсаулығына қамқорлық етуі) немесе басқа тұлғаның денсаулығына қауіп тудырған тұлғаның оған дейінгі мінез-құлқынан, не өзге де негіздерден туындауы мүмкін.  Сот-тергеу тәжіребесіне сүйенсек әрекетсіздік шен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көп кездеспейді.

      Қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекет деп адамның саналы және ерікті мінез құлқы түсініледі.   Сондықтан егер, денсаулыққа ауыр зиян есі дұрыс емес адаммен келтірілсе, онда қылмыс орын алмайды, өйткені бұндай тұлға өзінің мінез-қүлқының қоғамдық   қауіптілігін   үғынбауына   және   оларды   басқара   алмауына   байланысты қылмыстык-құқықтық мағынада әрекет етпейді.  Қылмыстық-құқықтық мағынада есі дұрыс  тұлға да әрекет етпейді, егер ол белгілі  іс-әрекеттерді өз еркіне қарсы бой бермейтін физиологиялық күштің әсерінен жасаса. Мысалы, біреудің екінші адамды итеріп қалуынан, екінші адамның үшінші адамға соғылуынан, үшінші адамның жерге  құлап, қолын шығарып алуы немесе сындыруы.

      Сонымен бірге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген жағдайларда құқыққа қайшы болуы керек.  Басқа тұлғаның денсаулығына әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын жағдайларда қасақана ауыр зиян келтіруде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құрамы түгіл қылмыстың жалпы құрамы да болмайды.  Құқыққа қайшылық пен қылмыс құрамы денсаулыққа қасақана ауыр зиян қажетті  арнайы      нұсқаулардың жоқтығына карамастан, сонда да тек қана заң болып табылады.

      Заң дәрігерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді. Өйткені ол адам денсаулығын сақтап калуға, қалпына келтіруге немесе жақсартуға, адам өмірін құтқаруға бағытталған,  бірақ денсаулыққа зиян келтіруге емес. Дәрігердің жоғарыда аталған жағдайдағы қызметі қоғамдық  пайдалы  болып  табылады,  өйткені  хирургиялық  араласу  жолымен  адам денсаулығына ірі зиян келтірілуінің немесе тіпті өлімнің алды алынады. Бұл жағдайдағы денсаулыққа ауыр зиян келтіру денсаулыққа одан да ауқымды зиянның келтірілуінің немесе өлімге әкелудің алдын алу үшін қажетті болып табылады. Сондықтан, бұндай сипаттағы денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, дәрігер оған қызметтік борышымен жүктелген қызметтік міндеттерін тікелей атқарып отырады.

      Бірақ кейбір жағдайларда науқастың денсаулығына келтірген ауыр зияны үшін дәрігердің қылмыстық жауаптылығы орын алады.  Бұл жерде қылмыстық жауаптылық егер, дәрігер  өзінің  кәсіби  міндеттерін  бұзса  және  соның  нәтижесінде  науқастың  денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, оны келтіру қажеттіліктен туындамаса ғана орын алады.  Бірақ бұл жағдайларда дәрігер қылмыстық жауаптылыққа егер, ол лауазымды тұлға болса, қызметтік қылмыс үшін тартылады, ал дәрігер жеке тәжірбиемен айналысып жүрген тұлға болса, қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК 103-бабымен тартылады. 

      Денсаулыққа   ауыр   зиян   бокс,   футбол,   т.б.  сияқты   спорт   жарыстарында   да  келтіріледі. Егер денсаулыққа ауыр зиян заңмен тыйым салынған спорт түрі бойынша жарыстарда  келтірілсе,  онда  әрекет  құқыққа  қайшы  сипатқа  ие  болады  және  бұл_ жағдайда  қылмыстық  жауаптылық  жоққа  шығарылмайды. Қылмыстық  жауаптылық, рұқсат етілген спорт жарыстарында спортсмен қасақана спорт ережелерін бұзса және соның нәтижесінде басқа түлғаның денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда орын алады.

      Жәбірленушінің   өз   денсаулығына   ауыр   зиян   келтіруге   келісім   беруі   кейбір жағдайларда әрекеттің құқыққа қайшылығын жоюы мүмкін.

      А.А. Жижиленконың көзқарасы бойынша жәбірленушінің өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге келісім беруінде құқыққа қайшылық жоқ дейді.[5]

      Ал, А.А. Пионтковскийдің көзқарасы бойынша жәбірленушінің келісімімен оның денсаулығына ауыр зиян келтіру қүқыққа қайшылықты егер, зиян келтіру мақсаттары әлеуметтік пайдалы болса жоққа шығара алады дейді.[6] Егер жәбірленушінің келісімімен оның денсаулығына ауыр зиян келтірудің әлеуметтік зиянды мақсаты (мысалы, діни араздықтың негізінде) болса, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің құқыққа қайшылығы жойылмайды. Бұнда, денсаулыққа ауыр зиян келтіруге келісім тек қана кәмелеттік жасқа толған және есі дұрыс түлғадан шығуы тиіс. Егер келісім кәмелетке толмаған және есі дұрыс емес   тұлғамен   берілсе,   онда   денсаулыққа   ауыр   зиян   келтірудің   құқыққа қайшылығы барлық жағдайларда жоққа шығарылмайды.

      Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы – басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр-түрлі жолдармен, атап айтқанда, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді.[7] 

      Аталған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тәсілімен және әсіресе, механикалық әсер етуде көпшілік жағдайларда адам денесі мүшелерінің анатомиялық тұтастығы бұзылады. Көпшілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян осындай жолмен келтіріледі.

      Сот-тергеу тәжірбиесіне қарасақ химиялық жолмен денсаулыққа ауыр зиян көп келтірілмейді. Бұндай зиян келтіру тәсілінде кінәлілермен қатты әсер ететін қышқылдар улы заттар мен газдар сияқты заттар қолданылады. Бұнда кейде адам денесінің анатомиялық тұтастығы бұзылады, бірақ кейбір жағдайларда оның бұзылуы орын алмауы да мүмкін. (мысалы, улы газдарды қолданғанда).

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян психикалық әсер ету жолымен де келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің психикасы бұзылады немесе өзге ауруларға да шалдығады.

      Өзінің объективтік белгілері бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыс құрамы материалдық құрамға жатады, өйткені ол қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің бар екендігін талап етіп қана қоймай, белгілі зиянды зардаптардың басталуын да талап етеді және сол зардап келтірілген сәттен бастап аяқталған деп саналады. Кез-келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде зардап болып субъектінің кінәлі іс-әрекеттерімен жәбірленушінің денсаулығына келтірілген ауыр зияны саналады.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде қол сұғушылықтың объектісі болып адам денсаулығы табылады., сондықтан зардабы болып тек қана жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиян ғана табылады, өйткені құрамның бұл екі элементі объект және қылмыстық зардап — өзара органикалық байланысты. А.Н. Трайниннің зардаптың объектісі мен байланысын айта отырып, «құрамының элементі ретіндегі зардап болып қол сұғушылықтың объектісіне келтірілген зиян ғана танылуы мүмкін» деп жазған.[8] .

      Осыған байланысты В.В. Ореховтың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі болып дене қол сұғылмаушылығы танылады, ал зардап ретінде адам денсаулығына келтірілген зиян деген көзқарасы дұрыс деп тану мүмкін емес.[9] 

      Бұл тұжырымдама ретсіз, өйткені денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі ретінде дене қол сұғылмаушылығын тани отырып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің зардабы ретінде дене қол сұғылмаушылығының бұзылуын, яғни қол сұғылмаушылық объектісіне келтірілген зиянды таныған жөн еді. Әйтпесе, қол сұғушылық дене қол сұғылмаушылығына жасалады да, ал зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі екен. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қол сұғушылық сөзсіз адам денсаулығына бағытталған, ал қол сұғылмаушылық нәтижесіндегі зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі.

      Денсаулыққа келген ауыр зиян сот-медициналық сараптамамен анықталады.

      Қазіргі кезде денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесімен» анықталады. Бұрын денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалаудың Ережесімен анықталатын болатын, бірақ бұл нормативтік актінің    ескіруіне байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттіктің жоғарыда аталған ережесі қабылданған болатын. Қазіргі кезде бұл ереженің орнына «Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандг №845/1 Бұйрығымен бекітілді. Бірақ бүл ереже әлі күнге дейін қолданысқа, яғни тәжірбиеге енгізілмеген.  Сондықтан жоғарыда аталған акт қолданыстағы ереже деп саналады.      .

      Денсаулыққа келген зиянның анықтамасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің келтірілмеген, бірақ оның анықтамасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесінің» 4-тармағында былай деп берілген: «Денсаулыққа келген зиян деп не дене  зақымданулары, яғни органдар мен тіндердің анатомиялық тұтастығын немесе олардың физиологиялық қызметтерін бұзу, не сыртқы ортаның механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық әртүрлі факторлары әсер ету нәтижесінде патологиялық науқастар немесе патологиялық күй түсініледі».

         Денсаулыққа келген ауыр зиянның түсінігі ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігің диспозициясында берілген әр түрлі белгілермен сипатгалады. Олар:

  • адам өмірі үшін қауіпті зиян;
    -соқыр болып қалу түріндегі зиян
  • мақау болып қалу түріндегі зиян;
  • керең болып қалу түріндегі зиян;
  • органнан айырылу немесе органның қызметін жоғалту түріндегі зиян;

—  денсаулыққа өмір үшін қауіпті өзге де зиян,

— еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін түрақты жоғалтумен үштасқан  денсаулықтың бұзылуы  түріндегі зиян;

— кінәліге мэлім кэсіби еңбек қабілетін толық жоғалтумен ұштасқан денсаулықтың бұзылуы түріндегі зиян;

—  түсік тастауға әкелу;
—  психиканың бұзылуы;
—  есірткімен немесе уытты умен ауру

      Жоғарыда аталған белгілердің кез-келгенінің болуы денсаулыққа келген зиянды ауыр деп тануға негіз бола алады.

      Адам өмірі үшін қауіпті зиян деп келтірілген кезде жәбіленушінің өміріне қауіп төндіретін   немесе  өздерінің  қалыпты   өршу  барысында  өлімге   алып   келетін  дене жарақаттарын да, паталогиялық жағдайды да санау қажет. Дәрігерлік көмек көрсету нәтижесінде өлімнен алып қалу зиянның өмір үшін қауіптілігі бағаланғанда есепке алынбауы тиіс.[10]

      Адам өмірі үшін қауіпті зақымданулар болып:

1) сипаты   жағынан   жәбіленушінің   өміріне   қауіп   төндіретін   және оның өлуіне әкелуі мумкін зақымданулар;

2)  адам      өміріне      пайда……     болуы      кездейсоқ      емес      қауіпті

дамуға соқтырған зақымданулар табылады.[11]

      Адам өміріне қауіпті зақымданулардың бірінші тобына мынадай жарақаттар жатады:

— бас миының ортаңғы бөлігі камтығын ауру белгілері бар бас миының жоғарғы дәрежелі жарақатты, бас миының орта дәрежелі жарақаты,

— омыртқаның іштей жаралануы, оның ішінде жұлынның жарақаттанбауы;

— мойын омыртқаның буыннан шығуы;

сынықтар — буынның шығуы және бүкіл дененің және  мойын омыртқаның 1-ші және 2-ші доғаларының шығуы; сонымен қатар мойын омыртқаның 1-ші және 2-ші доғаларының бір жақты сынықтары, оның ішінде жұлын омыртқа қызметінің бүзылмауы;

—  мойынның жұлын омыртқа бөлігінің жабық зақымдануы;

— жұлынның қызметі болмауына келіп әкеліп соғатын бір немесе бірнеше кеуде немесе бел омыртқаның  сынықтары немесе сынық -буыннан шығулары.

—  жамбас ағзаларының қызметін бұзатын кеуде, бел және жұлынның құйымшақ бөлігінің  жабық зақымдануы;

— жұтқыншақтың, көмекейдің, кеңірдектің, өңештің, сонымен қатар қалқанша без және  айрықша бездің ішіне енген жаралары;

— шеміршекті көмекей мен кеңірдектің тілегейден ажыраған ауыр естен тандыратын немесе демалысы бұзылған және басқа да қатер төндіретін  құбылыстары  бар  жабық сынықтар;

— плевральды қуысқа, перикарда қуысына немесе аралық перде торшасына енген, оның ішінде ішкі ағзаларға зиян жоқ кеуде клеткаларының жарақаты;

— құрсақ қуысына кірген, оның ішінде ішкі органдарға зияны жоқ іш жарақаты;

—    қуық қуысына кірген, ішек жарақаты (тік ішектің төменгі бөлігінен басқа);

—    құрсақ кеңістігіндегі ағзалардың ашық жаралары (бүйрек, ұйқы безі);

— кеуде немесе құрсақ қуысы ішкі органдарының ажырауы немесе жамбас қуысы, немесе құрсақ кеңістігі немесе диафрагмалар, несеп жолдары, несеп шығаратын каналдардыңжарғақшалары;

—   жамбастың артқы жарты шарының жамбастың бір тұтастығын бұзған екі жақты сынықтары;

—  ұзын жілік сүйектің ашық сынықтары (иық, сан) немесе тізе буындары;

— ірі қан тамырларының зақымдануы, аорталар, үйқы (жалпы, ішкі, сыртқы)  иық, сан, тізе асты артериялары немесе оларды ілестіретін веналар;

— дененің 15%-тен асатын бөлігін қамтитын 4-дәрежелі, 3-дәрежелі 20% -тен асатын күйік, 30%-тен жоғары 2-дәрежелі күйіктер;

— химиялық қосылыстардан туындаған күйіктер (концентрациялық қышқылдар,күйдіргіш сілтілер, басқа да улызаттар), олар күйдіргенен    өзге,  адам   өміріне   қауіп туғызатын   уландыратын   әсер ету.

      Адам   өміріне   қауіпті   зақымданулардың   екінші  тобына  адам   өміріне   қауіпті  жағдайды туғызған зақымданулар жатады. Әр-түрлі сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған және адам өміріне қауіпті жағдаймен асқындыратын немесе өздері адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен патологиялық жағдайларда адам өміріне қауіпті болып табылады.

      Адам өміріне қауіпті кұбылыстарға мьналар жатады:

—  ауыр дәрежедегі естен тану;

— адам өміріне қатер төндіретін эпидуральды, субдуральды немесе субарохногинальды заттар.

— мойынның басылып калуы және басқа да механикалық тұншығулар олардың адам өміріне қауіп төндіретін белгілері бар (ми,қан айналымының бұзылуы, естен тану, амнезия және т.б.).[12]

 Аталған өмірге қауіпті емес денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардапқа тәжірибеден мысал келтірейік.

      Кривенко Т.Д. азаматша 2000 жылдың  18 сәуірінде шамамен сағат 14-те Шымкент қаласыньң Байтұрсьнов көшесінің №90 үйдің №84 пәтеріне келіп есікті түрткен. Үй иесі  Джемадинова Л.Д. есікті ашқанда өзінің күйеуінің бұрынғы әйелі Кривенконы көреді. Кривенко осы кезде оның бетіне химиялық қышқылды шашады.

2000 жылдың 21 тамызындағы №88 сот-медициналық сараптама  актісіне сәйкес жасалған әрекеттің нәтижесінде Джемадинова Л.Д коньюктивасы 4 дәрежедегі химиялық күйігі, екі көзінің роговинасының 3дәрежедегі химиялық күйігі орын алған. Нәтижесінде жәбірленушінің екі көзінен соқыр болып қалған және ол денсаулыққа қауіпті емес келтірілген ауыр зиян болып бағаланады.     

      Шымкент қаласының №2 соты 2002 жылдың 11 сәуіріндегі үкімімен Кривенко Т.Д азаматшаны ҚК 103 бабының 1-бөлігімен Джемадинова Л.Д. азаматшаның соқыр болып қалуына әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 4-жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

      Берілген зақымданулар оның нәтижесіне қарамастан адам өміріне қауіптілік белгісі бойынша ауыр болып сараланады және олардың оң нәтижесіне және ауыр зардаптарының расталмауына қарамастан денсаулыққа ауыр зиян келтіру болып қарастырылуы және ҚР ҚК 103- бабының 1-бөлігімен саралануы тиіс.

     Адам өмірі үшін қауіпті өзге де зиян адамға оның организмінің анатомиялық тұтастығын бұзбай-ақ келтірілуі мүмкін. Бұндай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру үшін пәтерде тығылған радиоактивті зат, биологиялық немесе токсиндік қарудың кез-келген түрі  қолданылады не болмаса адамды ұзақ уақыт бойы гипноздық немесе есі алжасу қалпына енгізеді және т.б.[13] Ал енді салдары бойынша ауыр болып табылатын денсаулыққа келтірілген қауіпті емес зиянның белгілерін қарастырайық.

      Көру қабілетінен айырылу деп адамның екі көзінің де тұрақгы соқыр болып қалуы немесе көру қабілетінің саусақтары екі метрден аспайтьн кашықтыктан ғана санай алатын немесе одан да төмен (көру қабілеті 0,04 және одан төмен) қабілетке дейін төмендеуін; жалғыз көзінен айырылуын түсінген жөн. Бір көзінің жанарын жоғалту еңбек қабілетінің үштен бірін (33%-тен) аса тұрақты жоғалтуға әкеп соғады, сондықтан ол денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға жатады. Алып тастауға әкеп соқтырған соқыр көздің зақымдануы денсаулықтың-бұзылуының ұзақтығына байланысты бағаланады.

      Сөйлеу қабілетінен айырылу дегеніміз өз ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін жоғалту болып табылады.    Егер адам сөйлеу  қабілетінен уақытша айрылса ол денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып есептелінбейді.

      Естімей қалу деп жәбірленуші айтылған сөзді құлағынан 3-4 см. қашықтықта естімейтіндей кереңдікті немесе айықпайтындай қалыпты тусінген жөн. Бір құлағының естімей қалуы еңбек кабілетінің тұрақты жоғалтудың пайызымен бағаланады.[14]

Ауыр  зиян  болып  органнан  айырылу  немесе  органның  қызметін  жоғалтуға соқтырған зақымданулар да есептелінеді. Орган дегеніміз адам организмі жүйесінде бес қызметті атқаратын адам денесінің белгілі    бөлігі.    Органнан    айырылу    не болмаса органның  қызметін жоғалту- деп  қолының,  аяғының денеден  бөлінуі  немесе олардың қызметің    жоғалтуы   (сал  болуы      немесе    олардың    қызметін    жоққа шығаратын өзге де жағдайлар)       болып табылатын қолынан, аягынан айырылуды жыныстық   қатынасқа   түсу   қабілетінен   не   болмаса тұқымдылық    және    бала    табу қабілеттерінен      айырылу     болып табылатын     өндірістік     қабілетінен   айырылуды органынан   айрылу болып    табылатын    бір    енінен    айырылуды,    т.б.    органдарынан айырылуды    түсінген жөн. Қолынан немесе аяғынан анатомиялық айырылу деп- бүкіл қолының   немесе   аяғының   денеден    бөлінуін, шынтағы мен    тізесінен    төмен емес жерден бөлінуін түсінген жөн. Органның     қызметін  уақытша  жоғалтуы  ауыр зақымдану болып есептелінбейді және бұл қалыптың үзаққа созылуына байланысты денсаулыққа орташа  ауырлықтағы және жеңіл зиян  келтіру деп қарастырылуы тиіс.

 

      Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылуы да денсаулыққа ауыр зиян болып танылады.  Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бүзылуы механикалық зақымданулар, отқа, қышқылға күйюі  және т.б. зардабынан болуы мүмкін. (Мысалы, көз қарашығының, мұрынның жоқ болуы не болмаса мұрын сүйегінің нысанын өзгертетін кемсітіктерінің болуы, бір құлағының немесе оның ірі бөлігінің жоқ болуы). Сот-медициналық сарапшы бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылу фактісін анықтамайды, себебі бұл түсінік медициналық емес, сарапшы қалыпты белгілерге сүйене отырып денсаулыққа зиянның ауырлық дәрежесін анықтайды сонымен қатар жарақаттың кейін ешқандай хиругиялық көмексіз біртіндеп тартынып немесе тегістеліп кетуі мүмкіндігін анықтайды.  Егер жарақаттың ізін жою үшін жедел ем (к осметикалық операция) керек болса, онда беттегі жарақат қалыпқа келгісіз деп саналады. Жәбірленушінің бет әлпетін қалыпқа келгісіз бұзған жарақатты тану мәселесі сот-медициналық сарапшының емес, соттың құзіретіне жатады.

     Ауыр зиян болып табылатын келесі зақымдану бұл адамның жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін жоғалтумен ұштасқан денсаулықтың бұзылуы. Жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту дегеніміз оның кемінде үштен бірін (33%) жоғалту, жарақат алғанда жалпы еңбек қабілетін қаншалықты тұрақты жоғалтқаны жарақат-зардабы анықталғаннан кейін, объективтік мәліметтерге сүйеніп және Қазақстан  Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған еңбек  қабілеттілігін жоғалтудың пайыздардар кестесіне сәйкес белгіленеді.

      Балаларда еңбек қабілетін жоғалту осы Ережемен белгіленген жалпы ережелерден шыға отырып анықталады.

      Мүгедектерде алынған зақымдануға байланысты жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту оның мүгедектігіне және оның тобына қарамастан дені сау адамдардағыдай  анықталады.[15]

      Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту егер, кінәлі жәбірленушінің кәсіби қызметін білген болса және физикалық күш қолдану арқылы оны өзіне тән кәсіби қызметін жүзеге асыру   мүмкіндігінен   айырған   болса,   денсаулыққа   келтірілген   ауыр   зиян   болып есептелінеді  (мысалы, пианисттің  саусақтарының    зақымдандыру). Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда жәбірленуші өзінің жалпы еңбек қабілеттілігін сақтауы да| мүмкін. Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау кезінде сарапшы  арнайы  Нұсқаулықты   басшылыққа  алады.  Бұндай жағдайларда денсаулыққа зиян жалпы негіздер бойынша орташа ауырлықтағы да болуы мүмкін, бірақ қуқықтық тұрғыдан әрекеттің  адамды  кәсіби  еңбек  қабілетілігінен  толық  айыруға  алдын  ала  қасақана бағытталғандықтан оны денсаулыққа ауыр зиян деп тану дәлелді.

      Түсік тастауға әкелу түріндегі денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның белгісі ретінде, көбінесе дене зақымдануларының салдарынан болады. Кінәлінің әрекеттерін ҚР ҚК 103-бабының  1-бөлігімен саралау ушін жәбірленушінің жүкті екені кінәліге мәлім болуы керек. Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың тағы бір міндетті белгісі болып кінәлінің жасаған іс-әрекеті мен түсік тастау арасындағы тікелей себепті байланыстың болуы. Қанша айлығында болса да түсік тастау денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып  саналады.   Бұл  жағдай   да   сот-медициналық   сараптама   акушер-гинекологтьң   қатысуымен-комиссиялы түрде жүргізіледі.[16]

   Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның белгісі болып психиканың бұзылуы да табылады, психиканың бұзылуы физикалық жарақаттың не болмаса психикалық таң қаларлықтың салдарынан (мысалы, жарақаттан алынған кемақылдылық) болуы мүмкін. Психикалық  аурудың бар жоғын сот-психиатриялық сараптама анықтайды, ал ол аурудың алынған зақымданумен байланысын және денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын психиатриялқ сараптамадан кейін психиатрдың қатысуымен сот-медициналық сараптама бағалайды.

      Кінәлінің құқыққа қайшы іс-әрекеттің нәтижесінде есірткімен және уытты умен ауру  денсаулыкқа келгірілген ауыр зиян болып саналады. Есірткімен ауру дегеніміз есірткі заттардың тұтынуға деген аурулық құштарлығы, ал уытты умен ауру дегеніміз заң актілерімен есіркі заттары болып танылмаған заттарды ес алжастыру мақсатында дұрыс қолданбау. Оның дәрілік және тұрмыстық уытты умен ауру сияқты екі түрі бар. Есірткімен не болмаса уытты умен ауру ауруының бар жоғын сот-наркологтік немесе    токсикологиялық сараптама аныктайды. Кейін есірткімен не болмаса уытты умен аурудың салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық сараптама     наркологтың   не   болмаса  токсикологтың қатысуымен бағалайды.  

    Жоғарыда айтылғандай есірткімен немесе уытты умен ауру

іс-әрекетінің нәтижесінде туындауы керек, яғни ауруды туғызған кінәлінің құқыққа қайшы іс-әрекеті мен әрекеттің зардабы болып табылатын есірткімен немесе уытты умен аурудың арасында себепті байланыс болуы керек (мысалы, адам организміне наркотикалык заттарды инъекция арқылы мәжбүрлеп енгізу немесе жәбірленушіні аталған құралдарды наркотикалық болып табылатын жасырып, алдау арқылы қолданғызу).

       Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағының тағы бір қажетті элементі болып себепті байланыс та табылады.  Өйткені, субъектінің қоғамдық қауіпті іс-әрекеттері  немесе  әрекетсіздігі  мен  келтірілген  зиян  зардаптар  арасындағы  себепті байланысты анықтау қылмыстық жауаптылық үшін ерекше үлкен маңызды.  Сондықтан, тек қана қоғамдық қауіпті іс-әрекет (эрекетсіздік) пен зардаптың ғана бар екендігін анықтау  қажет,   сонымен   бірге   іс-әрекет   (әрекетсіздік)   пен   келтірілген   зардап жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиян арасындағы себепті байланысты анықтау да қажет.   Қылмыстық  құқықта  себепті   байланыс  деп   тұлғаның   іс-әрекеті   немесе әректсіздігі мен басталған зиянды нәтиже арасындағы объективті, заңды және қажетті байланыс танылады, және де іс-әрекет (әрекетсіздік) бұл жерде себеп ретінде,  ал нәтиже-зардап ретінде болады.

      Егер, кінәлінің іс-әрекеті мен басталған зиянды нәтиже -денсаулыққа ауыр зиян арасындағы себепті байланыс жоқ болған жағдайда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құрамы да жоқ болады.  Бірақ себепті байланыстың жоқтығы барлық уақытта белгілі болмайды.  Сот-тергеу тәжіребесінде кінәлінің іс-әрекеті мен басталған зиянды зардаптар арасындағы себепті  айланысты  анықтау үлкен  киыншылықты  туғызатын жағдайлар болады. Іс-әрекет (әрекетсіздік)  пен  денсаулыққа келтірілген  ауыр  зиян  арасындағы  себепті  байланысты  анықтаудың  қиындығы,  егер  ауыр  зиян тек  қана кінәлілердің іс-әрекеттерінен басталмаса,  бірақ өзге де  кіретін (жәбірленушінің іс-әректтері, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері, табиғат күші және т.б.) факторлардың әсерінен ғана болса пайда болады. Бұл, әсіресе, егер, кінәлімен денсаулыққа ауыр зиян келтірілсе, ал жәбірленушінің өлімі өзге кіретін факторлармен байланысты басталғанда жиі көрінеді. Зардаптың басталуына кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін егер оның  іс-әрекеттері заңдылықты қажеттілікпен осы нәтижені тудырса ғана.

      Субъектіге   оның   денсаулыққа   қасақана   ауыр   зиян   келтіруінің   нәтижесінде келтірілген денсаулыққа ауыр зиян үшін кінә тануға жеткілікті денсаулыққа қасақана ауыр зиян   келтіру   мен   денсаулыққа   келтірілген   ауыр   зиян   арасындағы   себепті байланысты анықтай отырып, келесі үш негізгі мән-жайды анықтау қажет:

1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру денсаулыққа келтірілген ауыр зияннан бұрын жасалуы тиіс;

2) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру денсаулыққа ауыр зиян келтірілудің міндетті шарты болуы тиіс, ол жоқ болса денсаулыққа ауыр зиян да келмес еді;

3) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру денсауылыққа ауыр зиян келтірлудің мүмкіндігін туғызуы немесе осы зардаптардың шынайы мүмкіндігін шындыққа айналуын   жағдайлауы тиіс. Қазақстан       Республикасының       қылмыстық       құкығы бойынша:

денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қолданылатын құрал-саймандардың субъектінің субъективтік іс-әрекеттерін саралауға маңызы жоқ.

Сонымен бірге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қолданылатын қолданылса, онда екі жағдайдағы қоғамдық қауіптілік дәрежесі екі түрлі болады: пышақты қолданып жасалған қылмыстың және субъектінің қауіптілігінің жоғарылығын айтады, сондықтан жазада жоғары болуы тиіс. Соттар жаза тағайындау кезінде әр уақытта осыны ескереді.

      Егер, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қолданылып жатқан құрал-саймандар оның саралануына әсер етпесе, онда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тәсілі соңғыны саралауға кейбір жағдайларда әсер етеді.

   Қылмысты жасау тәсілі дегеніміз қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер көрініс тапқан нысан, қылмыскер қылмысты жасау үшін пайдаланған әдіс-тәсілдер.

  Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің барлық тәсілдерінің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау үшін маңызы жоқ, бірақ кейбір тәсілдері оларды денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің сараланған құрамдарына жатқызуға негіз болады.

 Аса қатыгездік тәсілімен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103 ы 2-бөлігінің «г» тармағымен сараланады. Бүл жердегі аса қатыгездік денсаулыққа қасақана ауыр  зиян  келтірудің  тәсілі  болып табылады.  Бүл  түсінік  бұнда бағалау сипатына ие.

 Тұлғаға кез-келген мәжбүрлі қол сүғушылық аса қатыгездіктің көрінісі болып табылады және әдеттегідей, жәбірленушіге тән зардабын, физиологиялық жэне моральдық зардап шегу келтіреді.

 Заң аса қатыгездік туралы айтқанда хайуандық қылмыс туралы, жалпы танылған адамгершілік нормаларын өрескел бұзу туралы айтады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру Г. Чечель жазғандай «аса қатыгездікпен жасалған деп есептеген жөн, егер жәбірленуші денсаулығына ауыр зиян келтіру алдында немесе келтіру кезінде тікелей азаптау жолымен қасақана ерекше қинау мен азап шегулер келтірілген жағдайда, және де, егер қылмыс жасалған жерде болған кінәлі үшін мәлім жәібірленушінің туысқандарына ерекше азап шегулер келтірілген жағдайда да орын алады.

   Бұдан келесідей тұжырымдама жасауға болады:

  Аса қатыгездік мынадай мән-жайлармен сипатталады:

— денсаулыққа ауыр зиян келтіру тәсілі (жэбірленушінің денесініне көптеген жарақат салу, көму, ас су бермеу, денесін қышқылмен күйдіру т.б.),

—   денсаулығына ауыр зиян келтірер алдында немесе келтіру кезінде садистік қылық көрсету (қинау, зорлау, жанын күйзелту)

—  жәбірленушінің денсаулығына оның жақындарының көзінше ауыр зиян келтіру, оларды күйзелту.

      Бірақ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тәсілі әр кезде қоғамда қалыптасқан моральдық, тұрмыстық көзқарастарға сүйене отырып сотпен анықталады.  Өйткені, ол өзге де мән-жайлармен бірге сотқа жасалған қылмыс пен субъектінің қоғамдық
қауіптілігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, осы негізде әрбір нақты жағдайда жазалау шарасын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.                                                  °

ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген абайсызда жэбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруден (алғашқы зардап) көрініс табады, ал ол өз кезегінде одан да ауыр зардап – жәбірленушінің өлімін (келесі зардап) тудырады.

 

 

 

1.3.   Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі

 

      Қылмыстың субъектісі болып қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті кінәлі жасаған белгілі бір жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға боп табылады.[17] Қылмыстың субъектісінің бұл анықтамасынан оның келесідей белгілері туындайды:

  • жеке тұлға болуы;
  • есі дұрыстық;
  • белгілі жасқа толуы;

     Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тек қана жеке тұлғалар ғана тартылады. Біздің қылмыстық заңмен заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы көзделмеген. Өйткені қылмыстың субъектісі ретінде заңды тұлға жеке тұлға сияқты оған өз мінез – құлқын және оның әлеуметтік маңызын ұғына және бағалай алуға мүмкіндік беретін белгілер мен қасиеттерге ие емес. Әсіресе заңды тұлғаға есі дұрыстық белгісі табиғатынан тән емес, ал жеке тұлғаға бұл белгі тән. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана жеке тұлға тартылады. Әрине, бұл мәселе қылмыстық құқық саласындағы ғалымдар арасында пікір талас туғызуда.

      Денсаулыққа қасақана ауыр қиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа басқа қылмыстар үшін сияқты тек қана есі дұрыс тұлғалар ғана тартылады.

      Есі дұрыстық дегеніміз – тұлғаның қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық қауіпті әрекет жасау кезінде өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну немесе оларды басқара алу мүмкіндігі. Ал, есі дұрыс еместік дегеніміз – тұлғаның қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық қауіпті әрекет жасау кезінде өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмауы немесе психикасының науқасты күйінің салдарынан оларды басқара алмауы. Қылмыстық заң есі дұрыс еместіктің анықтамасын анықтай отырып, есі дұрыс еместіктің 2 критериін қолданады.

  • медициналық (биологиялық)
  • құқықтық (психологиялық).

     Есі дұрыс еместіктің медициналық критериі ҚР ҚК 16-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтің науқасты бұзылу түрлерінің біреуінің болуын талап етеді:

         А) созылмалы психикалық ауруы

         Б)  психикасының уақытша бұзылуы

         В) кемақылдылығы

         Г) псхикасының өзге де дертке ұшырауы

Интеллектуалдық белгі тұлғаның өзінің іс- әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмауынан тұрады.

      Еріктілік белгісі тұлғаның өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмауынан тұрады.

      Психикалық есі дұрыс тұлғалар әр кезде өз іс-әрекеттеріне есеп береді, олар жасаған қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті емес.

      Бірақ есі дұрыс емес тұлға мен есі дұрыстығы шектелген тұлғаны, яғни есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамды айыра білген жөн. Өйткені ҚР ҚК 17-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

      Қылмыстың субъектісі кез-келген есі дұрыс жеке тұлға бола бермейді, тек қана белгілі бір жасқа жеткен, яғни қылмыстық заңда белгіленген қылмыстық жауаптылық жасына жеткен тұлға бола алады. Балалардың психикалық дамуы кәмелеттік жасқа толған сәтке толып аяқталады. Сондықтан жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар әр уақытта өз мінез-құлқын дұрыс бағалай бермейді және олардың қоғамдық қауіптілігін ұғына бермейді. Сондықтан ҚР ҚК 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапқа қылшмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам ғана тартылады. Бірақ ҚР ҚК 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық басталатын жас он төрт жастан басталады.

      Адам денсаулығына қасақана зиян келтірудің қоғам үшін ерекше қоғамдық қауіптілік болып келеді және осындай қылмыстарды жасайтын кәмелетке толмаған тұлғалар олардың қауіптілігін ұғынбауы мүмкін емес, сондықтан заң шығарушы осы жасты төмендетіп, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа он төрт жастан жол беріп отыр ( ҚР ҚК 15-бабының 2-бөлігі). Бұл белгі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісінің арнайы субъекті болып отырғандығын көрсетеді. Өйткені қылмыстың арнайы субъектісі деп субъектінің жалпы белгілерімен қатар солардың бар болғаны кезінде ғана ҚР ҚК-ң белгілі бабы немесе бабының бөлігі бойынша жауаптылық басталатын заңда көрсетілген қосымша белгілерге ие тұлғалар аталады.[18] 

      Кәмелетке толмау фактісінің өзі ҚР ҚК 53-бабының  1-бөлігінің «б» тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болып табылады және ҚР ҚК 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағанды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу кезінде де, жазалау шарасын таңдау кезінде де ескерілуі тиіс. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кәмелетке толмағандар кейбір жағдайларда нақты қылмыстық істің мән-жайларын ескере отырып, қылмыстық жазадан босатылуы мүмкін және оларға тәрбиелеу шараларындағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

      Сонымен, ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі болып денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген он төрт жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға табылады.

     ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «д» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі аталған қылмыстың субъектісінің жалпы белгілерімен бірге ұйымдасқан топтың құрамында болу белгісіне ие. ҚР ҚК 31-бабына сәйкес ұйымдасқан топ дегеніміз – бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы. Бұл саралаушы белгіні заң шығарушының аталған қылмыстың сараланған түріне жатқызуы оның субъектісінің қоғамдық қауіптілігінде. Өйткені соңғы жылдары ұйымдасқан топпен зорлық қылмыстарын, соның ішінде адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын жасауы шарықтауда. ҚР ҚК 96-бабымен көзделген адам өлтірген тұлға жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруру ауырлататын мән-жайларда жасалған болып саналады және бұл әрекет сараланған құрам ретінде ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «к» тармағымен сараланады. Заң шығарушының бұндай белгілерге ие денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасаған кінәлінің қылмыстық әрекетін аталған қылмыстың сараланған түріне жатқызу себебі олардың тұлғасының қоғам үшін қауіптілігінде жатыр. Сондықтан, ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «к» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі болып бірнеше рет денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген немесе ҚР ҚК 96-бабында көзделген адам өлтірген он төрт жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға болып табылады.

      Кейбір жағдайларда жазалау шарасын таңдау үшін де қылмыскер тұлғасының үлкен маңызы бар. ҚР ҚК 52-бабының 3-бөлігі сотталғандарды жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескеруді міндеттейді.

      Сондықтан, сот әр уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын барлық мән-жайларды да анықтау тиіс (бұрын сотталған-сотталмағандығы, отбасындағы, тұрмыстағы және ұжымдағы мінез-құлқы, жұмысқа қатынасы және т.б.)     

 

  1.4.  Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы

 

      Егер қылмыстың объективтік жағы қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы   көрінісі болса, онда қылмыстың субъективтік жағы оның ішкі психологиялық жағын сипаттайды. [19]                                                                                                                                                                                           Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағын сұрыптау үлкен қиындықты туғызады. Бұл күрделілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің табиғатында жатыр. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді дұрыс саралау жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның мөлшеріне қарағанда субъективтік жағына  көбірек байланысты. Сот-тергеу тәжіребесі денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде көп қателіктер субъективтік жағын дұрыс анықтамау   себебінен   жіберілетіндігін көрсетіп отыр.

      Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес басқа тулғалардың денсаулығына ауыр зиян келтірген тұлғаның тарапынан  кінә болмаса, зиян қандай ауыр болса да қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін емес.  Қазақстан қылмыстық қүқығына өзге де дамыған мемлекеттердің қылмыстық қүқығына сияқты объективті айыптау тән емес, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді (ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігі).  Бұл ереже толықтай ҚР ҚК 19-бабының 3-бөлігінде қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам  ғана қылмысқа кінәлі деп танылады деп белгіленген.

      ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян  келтірудің кінә нысаны қасақаналық болып табылады.

      Осы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей немесе  жанама ниетпен жасалады.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі тұлғаның тікелей ниеті адам өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білуімен осы зардаптардың болуын тілеуімен сипатталады (ҚР ҚК 20-бабының 2-бөлігі).

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді жанама ниетпен келтіру кезінде түлға өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала біледі, осы зардаптардың болуын тілемесе  де, бұған саналы түрде жол береді не бұған немқұрайлы қарайды (ҚР ҚК 20-бабының 3-бөлігі).

     Денсаулыққа қасақана ауыр зиянды тікелей ниетпен келтірудің кейбір жағдайларънда кінәлінің ниеті көбінесе анықталған болып келеді. Бұл жағдайларда субъект денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіре отырып, үшінші түлғалардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп отырғанын үғынып қана қоймай, сонымен бірге келтірілген зиянның мөлшерінде үғынады, яғни өз іс-әрекеттерінің нәтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келтірілетінін ұғынады және соның келтірілуін тілейді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің көптеген жағдайларында кінәлі субъект келтірудің  табиғатында  жатқан  объективті  мәнін түсінбейді.  Мысалы, егер субъект жәбірленушінің бетіне қышқылды саналы түрде шашса, онда оның ниетінің мазмұны болып денсаулыққа ауыр зиянның келетінін алдын-ала білуі мен тілеуі   болып   табылады,   өйткені   ол   жәбірленушінің   бет-әлпетін   қалыпқа   келгісіз бұзылатынын  не көру қабілетінен айырылатынын алдын ала білді және соны тіледі. Субъекті ниетінің мазмұны басына жұдырықпен ұрған, қолын ағашпен немесе пышақпен ұрған жайдайларда өзгеше болады.  Бұндай іс-әрекеттерде тұлға оның іс-әрекеттерінен денсаулыққа жеңіл немесе ауыр зиян келтіруі мүмкін екендігін ұғынады және солардың кез-келгенін тілейді.  Сондықтан, тікелей ниет шегінде анықталған ниет пен анықталмаған  ниетті ажырата білген жөн, өйткені бұл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде тәжіребелік жағынан өте маңызды.

      Ниет денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталғанда, яғни тікелей анықталған ниетте,   қылмыстық  жауаптылық,   егер   бұндай   денсаулыққа   ауыр   зиян   іс   жүзінде келтірілген болса, онда келтіруге бағытталған денсаулыққа ауыр зиян үшін ғана басталады немесе егер, іс жүзінде денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтірілсе немесе ешқандай  денсаулыққа зиян келтірілмесе, онда осындай денсаулыққа ауыр зиян келтіруге оқталғаны үшін ғана басталады. Ал, ниет анықталмаған нақты емес, жалпы денсаулыққа зиян  келтіруге  бағытталған жағдайларда қылмыстық жауаптылық  іс  жүзінде  келтірілген денсаулыққа зиян үшін басталады.  Егер денсаулыққа ешқандай зиян келтірілмесе, онда кінәлі денсаулыққа  зиян   келтірудің   ең   жеңіл   түріне   оқталғаны   үшін   қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

         Өзіміз көріп отырғандай ниетті мазмұны бойынша анықталған және анықталмағанға бөлу денсаулыққа қол сұғушылықты саралау кезінде маңызды. Егер анықталмаған ниетпен денсаулыққа қол сұғушылықта қылмыстық жауаптылық іс жүзінде келтірілген зардаптармен анықталса, ал анықталмаған ниетпен денсаулыққа қол сұғушылықта ниеттің  бағытталуымен анықталады екен.

      Бірақ  кінәлі   қандай   жағдайларда  анықталған   ниетпен   іс-әрекет  етеді дегенде криминалисттер арасында ортақ көзқарас жоқ. Н.Ф. Кузнецованың көзқарасы  бойынша тек қана бет-әлпетті   қалыпқа келгісіз бұзуда ғана субъектінің ниеті анықталған болады деп есептейді.[20]  А.С. Никифированың көзқарасы бойынша субъект белгілі ауырлықтағы нәтижеге қатысты анықталған ниетпен іс-әрекет етеді және бұл бет-әлпетті қалыпқа келгісіз бұзу және белгілі органды (сөйлеу, есту, жыныс органдары және т.б.) қасақана  зақымдау[21] жағдайларында орын алады. П.А.    Дубовецтің ойынша   тікелей   ниет денсаулыққа зиянның белгілі ауырлығы бойынша келтіруге қатысты кеп орын алады. Кінәлі денсаулыққа ауыр зиян келтіруге тікелей анықталған ниетпен бет-әлпетін қалыпқа келгісіз бұзу мен мүшесінен айырудан басқа, мысалы ол пышақпен ішіне немесе арқасыа ұрғанда немесе жүкті екенін біле тұра аяғымен жүкті әйелдің ішінен тепкенде және айтып шығу мүмкін емес басқа да көп жағдайларда іс-әрекет етеді.[22] Бұндай тікелей анықталған ниет субъектіде кейбір жағдайларда және денсаулыққа жеңіл немесе өте жеңіл зиян келтіруге қатысты болуы мүмкін. Кінәлінің денсаулыққа зиян келтіру кезіндегі ниетінің шынайы бағытын анықтау және дұрыс саралау үшін істің барлық мән-жайларын, соның ішінде   колданылған құрал-саймандардың, келтіру тәсілінің сипатын анықтау әр кезде өте қажет.

      Сот-тергеу тәжіребесі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты істерді тергеу мен қарау кезінде сұрыптау кейде терең емес және толық емес жасалатындығын көрсетеді, ал бұл жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дұрыс кінәлінің қандай денсаулыққа ауыр зиян келтіргісі келгеніне қарамастан іс жүзінде келтірілген   денсаулыққа   зиян   үшін   жауаптылыққа   тартылады.   Бұнда,   сот-тергеу органдары кінәлілердің денсаулыққа қол  сұғу кезінде денсаулыққа зиянға катысты анықталмаған ниетпен іс-әрекет етеді деп есептейді.

      Тіпті,  кей  жайдайларда  субъектінің  белгілі  бір  дәрежедегі  денсаулыққа  зиян келтіруге ниетінің бағытталуы даусыз болса да, сот-тергеу органдары кінәлілердің іс-әрекеттерін іс жүзінде басталған зардаптар бойынша саралайды.

      Жанама ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргенде ниеттің мазмұны әр уақытта анықталмаған болады, өйткені субъектінің еркі денсаулыққа зиян келтіруге бағытталмайды, керісінше өзге мақсаттарға жетуге бағытталады.  Іс жүзінде келтірілген денсаулыққа зиян субъектімен мүмкін нәтижелердің бірі ретінде      ұғынылады.

      Жанама ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық әр кезде іс жүзінде келтірілген денсаулыққа зиян үшін басталады, тіпті ниеттің анықталғанына қарамастан, өйткені жанама ниетпен оқталағаны және дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық болмайды. Бұл позицияда сот-тергеу тәжірбиесі де тұр.

      Тұлғаның жәбірленуші денсаулығына белгілі дәрежедегі зиян келтіруге ниеті болса сол уақытта оның денсаулығына одан да ауыр зиян келтірілуіне саналы түрде жол берген  жағдайларда сирек. Бұл жерде іс-әрекетке қатысты тікелей ниет пен іс жүзіндегі келтірілген денсаулыққа зиянға қатысты жанама ниеттің үйлесімділігі орын алып отыр.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағына денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің себебі мен мақсаты да жатады.  Қылмыстың себебі деп-тұлға қылмыс жасау кезінде басшылыққа алған саналы ниетін түсінген жөн. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде кінәлі әртүрлі себептерді басшылыққа алуы мүмкін (кек алу, қызғанушылық және т.б.).       

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді оны келтіру кезінде кез-келген себептердің бар болуына байланысты жеке құрамдарға бөлмейді, сондықтан себеп денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралауға әсер етпейді.  Кез-келген себептің бар-жоғы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралауға әсер етпесе де, бүл мән-жай жасалған қылмыс құрамы шегінде қылмыстық   жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай болып табылады және сотпен  жазалау шарасын анықтау кезінде ескеріледі.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің кейбір себептерін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің сараланған құрамдарына жатқызады.

      Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік,    діни    өшпенділік   немесе    араздық   тұрғысы себебінен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабы   2-бөлігінің «з» тармағымен сараланады.   Мүндай себептермен   адам денсаулығына қасақана конфессияға жатқандықтан  толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді.

Екінші  жағынан  өз  ұлтының,  нәсілінің  немесе    діни  конфессиясының ерекшелігін  көрсетеді.   Қылмыскер  жәбірленушінің денсаулығына оның басқа ұлтқа,  нәсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін ауыр зиян келтіреді.

      ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің себебі бұзақылық ниет болып табылады.   Бұл жердегібұзақылық  ҚР ҚК 103-бабымен емес, ҚР ҚК-нің өзге баптарымен сараланады.  Мысалы, ҚР ҚК 341- бабының 1-бөлігіне сәйкес судьяға, прокурорға, тергеушіге,  алдын-  ала   анықтауды жүргізетін адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына,

сол сияқты олардың туыстарына істеген қызметі үшін кек алу мақсатында олардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ҚР ҚК 341-бабында көзделген қылмыс  құрамы орын алады.

          Қылмыстың мақсаты — бұл кінәлі қылмыстық қүқыққа қайшы әрекетті жасай отьірып жетуге тырысып отырған тілеген нәтиже туралы болжамы.

      Тікелей ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде кінәлінің әр уақытта ортақ мақсаты – жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру. Бірақ бұнымен бірге кінәлінің өзге де арнайы мақсаттары (мысалы, ұстаудан қашу, басқа қылмыстың жасалуын жеңілдету және т.б.) болуы мүмкін.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «и» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты болып жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану табылады. Бұндай мақсатпен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде негізгі  себеп бас пайда, бірақ кейде «ізгілік» ниет те болуы мүмкін. Мысалы, жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «е» тармағында көзделген жалдау бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты болып пайда табу табылады. Яғни жалданып адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген тұлғаның мақсаты – пайда табу.  Ал, тапсырушының мақсаты әртүрлі болуы мүмкін.  Мысалы, қазіргі кездегі кең таралған коммерциялық бәсекелесті бәсекелестіктен шығару немесе оны қорқытуды  келтіруге болады.

Ал,   ҚР   ҚК   103-бабы   2-бөлігінің   «з»   тармағындағы   көзделген   әлеуметтік ұлтаралық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында денсаулыққа қасақана ауыр   зиян   келтірудің   мақсаты —  ұлтаралық   өшпенділікті   өршітуден   бастап   дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін болуы мүмкін.

 Кейде кінәлінің кейбір арнайы мақсаты бар болғанда да жасалған әрекеттің өзінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қарағанда одан да қауіпті қылмыстың құрамы болады.  Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам  қайраткерінің өміріне қастандық жасау ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігімен сараланады.

  ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан  денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтіруде  екі  кінә  нысаны  орын  алады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру әрекетінде кінә нысаны қасақаналық болса жәбірленушінің өліміне әкеліп соғу әрекетінде кінә нысаны абайсыздық болып отыр.

 ҚР ҚК   21-бабының   1-бөлігіне   сәйкес   абайсызда   жасалған   қылмыс  деп- менмендікпен     немесе     немқұрайлықпен     жасалаған     әрекет танылады.  Егер өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды  жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен   болғызбау   мүмкіндігіне сенсе,  қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады (ҚР ҚК 21 б. 2 б.).  Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге  тиіс және денсаулыққа ауыр зиян (алғашқы зардап) келтіруге ниетпен (тікелей немесе жанама өлімге қатысты (келесі зардап) абайсыздықпен   (менмендік

немесе немқұрайлық сипатталады.  Әдеттегідей, бұл   орын алады    мынадай жағдайда:  егер, өлім өмір сүру үшін маңызды не   болмаса  маңызды    емес органдарға дене жарақатын келтіру нәтижесінде басталса, бірақ кінәлінің оның   келтірілуін алдын ала   білу   мүмкіндігін   дәлелдемейтін құралмен немесе  тәсілмен жасалған болса.

 

1.5.  Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау  мәселелері

 

Келесі қарастырылатын мәселеріміз ретінде, ауыр дене жарақатының түрлеріне қолданылатын Қылмыстық Кодексте көрсетілген жазаға тоқталып, әркайсысына жеке-жеке түсінік бере кетейік. Қылмыстық кодекстің 103-ші бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сотталушыларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; 2-ші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаған сотталушыларға, бұл жауаптылықты ауырлататын мән-жәй болып табылғандықтан төрт жылдан сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.[23]  Сот осы 103-ші баптың қай бөлігіндегі санкцияны қолданбасын барлық уақытта ол жоғарыда атап айтқандай сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген кезқарасы, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді анықтап, ҚІЖК-ң талаптарын және Конституцияны басшылыққа ала отырып, адамгершілік сот пен заң алдында жұрттың бәрі тең принциптерінен туындайтын әділ әрі заңды жаза тағайындалуы тиіс. Сонымен бірге сот жаза тағайындау кезінде сотталушының мүддесі мен құқықтарына қайшы келетін заңсыз әрекеттерді жасаса, сотталушының өкілді адамдары жоғары тұрған сотқа шағым беруге кұкығы бар. Келесі қарастырылатын ауыр дене жарақатының түрі денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында ауыр зиян келтіргендер үшін қолданылатын жазаға тоқтала кетейік.  Қылмыстық кодекстің 108-ші бабының 2-ші бөлігіндгі әрекеттерді жасаған сотталушыларға мынандай жаза қолданылады: екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру үшін төмендегідей жаза қолданылады: бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға.  ҚҚ-ң 53-ші бабының 1-ші бөлінің «з» тармағына сәйкес, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмыс қылмыстық жауаптылықпен жазаны жөңілдететін мән-жай болып табылады, яғни денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығып, жасалған қасақана ауыр зиян келтіру жауаптылық жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.

Қылмыстық кодекстің 110-шы бабындағы қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілген сотталушы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚК-ң 3-ші бабының 1-ші бөлігінде денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіру көрсетілген.  Мұның санкциясы: жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңіндегі жалақысының немесе екі табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру — осы баптың бөлігі былай деп жалғастырылады: абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру — төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады.

      Келесі мөселе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты  жасалатын қылмыстарды қарастыра отырып, олардың жаза тағайындау мәселесіне назар аударайық. Мысалы, 120-шы бапта көрсетілген зорлау қылмысын алайық, «зорлау, яғни жәбірленушіге немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушіың дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау».  Егер зорлау кезінде өмірге қауіпті ауыр дене жарақаты қылмыстық кодекстің 103-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілгендей зардаптарға
ұшыратса, онда айыптының әрекеті қылмыстық кодексіңң 120-шы бабының тиісті бөлігімен сараланады және 103 баптың 1-ші бөлігімен саралануға жатады.

Сонымен қатар тонау және шабуыл жасап тонау туралы  істер жөніндегі сот тәжірбиесі туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N11 қаулысына сәйкес дене жарақатын салумен байланысты жасалған шабуыл жасап тонау денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы баптар бойынша қосымша саралаусыз шабуыл жасап тонау үшін жауапкершілікті белггілейтін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша, яғни 179-шы баптың 3-ші бөлігі «б» тармағымен саралануы керек. Өйткені аталған әрекет, яғни денсаулыққа ауыр зиян келтіру осы құраммен тольіқ қамтылады.  ҚР ҚК-нің 181-ші бабаындағы қорқытып алушылық, «яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқық беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқыльі мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтер таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мудделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау».  Егерде қорқытып алушылық осы баптың 3-ші бөлігінің «б» тармағында көрсетілген әрекетпен, яғни жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру жолымен жасалса, айыптының әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы баптар бойынша қосымша саралаусыз, қорқытып алушылық үшін жауапкершілікті белгілейтін Қылмыстық Кодекстің 181-ші бабы 3-ші бөлігі «б» тармағы бойынша саралануы тиіс, өйткені
жоғарыда аталған әрекет осы құрамның ішіне кіреді. Сондай-ақ денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты болатын көліктегі қылмыстарды алсақ. Егерде ауыр дене жарақаты көлік қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан жасалса, онда айыптының әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс жөніндегі баптар бойынша саралаусыз, келтірілген салдарға орай қылмыстық кодекстің көліктегі қылмыстар тарауының тиісті баптарымен сараланады. Осыған орай қылмыстық кодекстің 295-бабын алайық.

«Автомобильді, траллейбусты, трамвайы не басқа механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе» деп атап көрсетілген.  Егер көлік құралы ауыр дене жарақатын салу мақсатымен пайдаланылса, мұндай қылмысты әрекет қылмыстық кодекстің көліктегі қылмыстар тарауының баптарымен қосымша саралаусыз, қылмыстық кодекстің денсаулыққа қарсы қылмыстар тарауының 3-ші бабымен сараланады.  Егерде қозғалыс қауіпсіздігімен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан жәбірленушіге ауыр дене жарақаты салынса, оны қауіпті жағдайға қалдыру құрамы жоқ деп есептелінеді. Сонымен қатар  жүргізуші жәбірленушіні басқа адамдар көмектесуге мумкіндігі бар жерге қалдырып кетсе, онда оның қылмыстық кодекстің 119-шы бабының 2-ші бөлігі бойынша жауаптылығы тек ғана жәбірленушінің өлімі немесе басқа ауыр жағдайы көлік оқиғасы болған сәтте
басталмай, оны өмірге қауіп төнген жағдайда тастап кету салдарынан туындайды.

        Қорыта келгенде айтарымыз, жоғарыда айтылып кеткен дене жарақатын салумен байланысты қылмысты жасаған кінәлі адамдарға жаза тағайындағанда сот қылмыстық кодекстің 52-ші бабының жаза тағайындаудың жалпы негіздерін ескере отырып әділ әрі заңды жаза тағайындауы тиіс.  Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстың түрін, істің мән-жайын, сотталғандығын, кінәлінің жеке басын және жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, оған жеке тұрғыдан, жетік көзбен қарау арқылы заңның талаптарын орындауға тиіс. Жаза заңды,  әділ және негізді болуға тиіс,  жасалған кез-келген қылмыс үшін жауаптылықтан құтылмайтындығын білдіруге тиіс.

 

2-ТАРАУ.   ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА АУЫР ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ           КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


2.1.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің

                                           тұлғасы

 

       Кез-келген қылмыстық  мінез-құлық механизмінде анықтаушы элементтер болып қылмыскердің тұлғасы және оның объективтік шындықпен байланысы мен өзара іс-әрекет етуі табылады.[24]

      Денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіру өзге күш қолданып жасалатын қылмыстар сияқты көбінесе еркек жынысты адамдармен жасалады.  Мысалы, 2003 жылғы денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру жасаған адамдардың 87,1 %-ын еркек жыныстылар кұраған.  Бұл ер адам мен әйел адамның психофизиологиялық ерекшеліктермен және олардың қоғамдағы әлеуметтік рөлдерімен түсіндіріледі.  Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда агрессивті және күш қолданғыш болып келеді.  Олар көп жағдайда теріс әсерлі кұмарлықтарға көп беріледі, кейде тіпті, соның нәтижесінде кылмысты оқиғаларды басынан өткізеді.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген жастағы адамдармен жасалады. Бірақ денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіру жасаған адамдардың жастық кұрылымына келсек ерекшеліктер бар. Мысалы, 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасаған субъектілердің 59%-ын 25-59 жас аралығындағы тұлғалар кұраған.  Яғни, олар физиологиялық жағынан даму шегіне жеткен, сүйек-бұлшық еттері қатайған тұлғалар.  2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалардың 8,2 %-ын кәмелетке толмағандар құраған.  1996 жылы бұл көрсеткіш  6,5%-ын құраған. Бұл кәмелетке толмағандар арасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілерінің көбею тенденциясының дәлелі. Әсіресе,  кәмелетке толмағандар арасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бұзақылық ниетпен жасалуы көп кездеседі. Бұны кәмелетке толмағандардың өзінің физиологияльік және психологиялык даму кезінде болуымен, жастығына байланысты еліктештігімен түсіндіріледі.  Қазақстан Республикасының әлеуметтік камтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатының нарықгық экономикалы елдерге тән еңбек қатынастарының еркіндігі кағидасын негізге ала отырып, өзгеруі ел ішінде жұмыссыздардың саны көбеюіне әкелді. Жұмыссыздық,  материалдық жеткіліксіздік және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етудің нашарлауы адамдардың пайда күнемдік максатпен денсаулыкқа касақана ауыр зиян келтірушілердің санын көбейтті. Мысалы, Қазақстанда 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалардың  70,5 % — ын жұмыссыздар құраған.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген жұмыс істейтін тұлғаларға келсек, олардың көпшілігі жоғарғы білімді кажет етпейтін жүмыстарды жасайтындар екен.  Олар үшін еңбек тәртіптерін жиі бұзу, жұмыс орнын жиі өзгерту,  кездейсоқ жұмысты жасау тән.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасаған түлғаларға өзге күш

қолданып жасайтын қылмыскерлерге сияқты мінез-құлықтың теріс әсерлі стеореотиптері мен әдеттері тән. Олардың әрбір төртіншісінде теріс әсерлі әдеттер мен құмарлылықтарға құлшыныс анықталған. Денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық мінез-құлық механизмінде зиян келтірушінің алкогольдік ішімдіктерге немесе уытпен мас күйлерінде болу ерекше ролге ие.  Осындай күйде әрбір бесінші денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жасалады.  Мастық тұлғаның сыртқы қоздырғыштарға әдетке айналған тиісті жауап беруін жоғалтуга әкеледі, қоршаған адамдардың әсер етуін нашар кабылдайды, оның қоздырылуын,  агрессивтігін, тез ренжіп қалушылығына әсер етеді. Ал,  бұның өзі тұлғаның жәбірленуші тарапынан түрткі болатын мінез-құлыққа тез жауап беруіне әсер етеді.

      Көп қылмыскерлер үшін алкогольді ішімдіктер мен уытты қолдану күнделікті емделмейтін ауру әдетке айналған.

Бұрын қылмыс жасаған және аса кауіпті рецидивисттердің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі де азшылықты кұрамайды. 2003 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалардың 14,2%-ын бұрын кылмыс жасаған тұлғалар жасаса, 0,1% — ын аса қауіпті рецидивисттер жасаған. Бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың көбі бұрын күш қолданып жасалған кылмыстарды жасаған тұлғалар кұрайды.

Ал, азшылығын бұрын бір текті қылмыстарды жасаған денсаулықка қасақана ауыр зиян келтірген тұлғалар кұрайды. Ал, аса кауіпті рецидивисттер ішінде көпшілікті бұрын зорлау, адам өлтіру, бұзақылық үшін сотталған тұлғалар кұрайды.

 

2.2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері

 

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының нақ бір кеңістік-уақыт шектерінде сипаттамасын анықтайтын детерминация және себептілік процестері.

      Қайта кұру және саяси, экономикалық,  әлеуметтік реформалар жүргізілуі кезінде Қазақстанда, өзге ТМД елдеріндегідей қылмыстылыққа, соның ішінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге де әлеуметтік-экономикалық факторлардың ықпал етуі ұлғайды, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жәй-күйдің нашарлауы да ықпал етуі көрініс тапты.

      Криминологиялыкқ зерттеу мәліметтеріне сүйенсек денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көбеюінде, оның қоғамдық қауіптілігінің жоғарлауына келесідей факторлар әсер еткен:

—  бұрынғы адамгершілік құндылықтары мен қағидаларының қайта бағалануы, адамдар санасында жалпы құндылық ретіндегі материалдық фактор ақша билігінің жаппай танылуы, материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілмеген адам өмірінін құнсыздануы;

—  адамгершіліктің, моральға тән және жат әрекеттер арасындагы шекараның жойылуы;

—  халықтың, азаматтардың материалдық деңгейіне әлеуметтік-экономикалық жіктелуінің шексіз өсуімен байланысты қоғамдағы әлеуметтік кақтығыстылықтың көлемінің ұлғаюы мен дәрежесінің күшеюі;

—   халықтың  көп  бөлігінің  өмір  сүру  дәстүрі  мен әлеуметтік мәртебесінін мәнді өзгеруі, байланысты өз мақсаттарына жету үшін кез-келген әдіс-тәсілдерде қолдануға көшу және қатыгездену.  Қайта кұру мен  нарықтық реформалар, мемлекеттік  меншік объектілерін  жаппай  жекешелендіру  ел   ішінде  жаппай жүмыссыздықтын кең таралуына әсер етті.  Қызметкерлер штатын кысқартулар, жұмыстан шығарулар нәтижесінде тұрақты табыс көздерінен айырылғандар санын көбейтті.  Бұлар күн көру үшін табыс табу мақсатында базарлар мен сауда орындарына арзан тұратын заттарды (Қытай, Қырғызстан тауарларын) тасымалдауға, сату-сатып алуға шықты.  Әрине, оларға 90-ыншы жылдары кең таралған рэкет сияқты қылмыстық топтардың қарақшылық, қорқытып алушылық, ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту әрекеттерін жасауы да орын алды.

Мемлекет ішінде бүкіл мемлекеттік органдарды сыбайлас жемқорлықтың жаулап алуы құкық қорғау органдарының қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауына сенімсіздіктің, әділеттіктің бар екендігіне сенімсіздіктің пайда болуына, заңның әлсіздігі идеясының калыптасуына әкелді. Бұның өзі денсаулықка қасақана ауыр зиян
келтіруді ұйымдасқан топтар мен қылмыстық сыбайластықтардың емін-еркін кұкық қорғау органдарының тосқалуынсыз жасауына әкелді.

Бұлардың барлығы белгілі әлеуметтік-психологиялық климатты, тұрмыстың тұрақсыздығын және болжамсыздығын, қатыгездіктің және барлығына рұқсат етілгендікті қалыптастырады. Сонымен бірге, олардың мәртебесі мен материалдык мәртебесіне қарамастан кез-келген әлеуметтік топтар мен коғам топтарда орын алады.

Криминологтар себептердің іс-әрекет етуі саласы — бұл адам мінез-құлкының мотивациясын калыптастыру деп есептейді.[25]

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғага қарсы өзге қылмыстар сияқты күрделі мотивациялармен жасалған. Олардың көбі аса қатыгездікпен және пайда күнемдікпен сипатталады.  Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері көп жағдайда жеке жек көрушілік, төбелестер нәтижесінде орын алады. Бұның барлығы өзара қарым-қатынастарды жеке шешу максатында жеңіл қақтығысқа түсу кездерінде болады.

 

 

 

2.3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын-алу

 

      Соңғы жылдары Қазақстанда ел ішінде әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жағдайдың орын алуына байланысты қылмыстылық, әсіресе күштеу кылмыстылығы құлаш жайды.  Кеңес дәуірінде кылмыстылықпен күресу мәселесі қолданыстан шығып, оның орнына қылмыстылықты белгілі шекте ұстап тұру тұжырымдамасы бекітілді.

      Қазақстанда әлі күнге дейін қылмыстылықпен күресуге арналған бірде-бір заң қабылданбаған. Онымен 2002 жылы 20 қыркүйекте №-949 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасы күресуді жанама реттейді.

      Қылмыстылықпен күресу қылмысты кесуден, алдын-алудан тұрады. Қылмысты кесу бұл қылмыстық — процессуалдық іс әрекет, ал алдын-алу -криминологиялық түсінік.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің алдын-алу мемлекеттік деңгейде жалпы алдын-алу және арнайы кримонологиялық алдын-алу шараларынан тұрады.

      Мемлекеттік деңгейде әрине, денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстарының алдын-алу үшін халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру керек, жұмыссыздар санын азайтуға бағытталған жаңа жұмыс орындарын ашу керек, жәрдемақы мен жалақыны көтеру керек, өйткені көптеген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірулерді жұмыссыздар мен тұрақты табыс көздері жоқтар, кедейшіліктегі адамдар жасайды.

      Денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтірудің латентілігін жою мақсатында құкықтық көмек көрсету орталықтарын ашу, жарақат пункттеріндегі дәрігерлерді денсаулығына ауыр зиян келген адамдарды құқық қорғау органдарына хабарлауды міндеттеу керек. Бүның себебі, көптеген жәбірленушілер өздерінің күқықтарын білмеуі және ондай фактілердің хабарланбауы қылмыстардың кұқық корғау органдарында тіркелмеуге әкеліп отыр. Бұның өзі кылмыстық құқықтың қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпайтындығы қағидасының жүзеге асырылмай қалуына әкеледі.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді психикалық жағынан зардап алған немесе психикалык жүйелі түрде әсер ету алған тұлғалардың жасауы да азшылықты құрамайды.  Сондықтан, коғамдағы бүндай тұлғалардың науқасын ерте анықтау үшін мемлекеттік деңгейде психологиялық-психиатриялық көмек көрсету орталықтарын ашқан жөн. Бұл  болжамды кылмыскерлердің психикалық дамуындағы ауытқыларды ерте анықтауға және оның алдын-алуға мүмкіндік береді.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірулер кәмелетке толмағандардың жасауы жылдан жылға көбеюде.  Олардың көбі жылпы орта білім беретін оқу орындарында оқымайтындар. Мектеп оқушыларына бос уакыт қалдырмау үшін метепте оларға арнайы қоғамдық еңбек
жұмыстарын жасау,  демалу шараларын ұйымдастыру керек.  Мектептен тыс бос уақытта спорт-сауықтыру шараларына тартуға әсер ететін әдіснамалар ойлап шығарған жөн.

       Бұнда жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі де соңғы орында емес. Соңғы жылдары Қазақстан БАҚ-нда аса катыгездікті, кек алушылықты, заң бұзушылықты, жыныстық еркіндікті үгіт-насихат жасайтын кино, видеоматериалдар көп көрсетіледі. Олар қоғамдағы еліктегіштігімен сипатталатын жастардын теріс тәрбие алуына әсер етуде.  Біріншіден, бұның өзі мемлекеттік деңгейде ақпараттық саясаттың  жоқтығының нәтижесі болса,  екіншіден, мемлекетте Кеңес заманындағыдай қазіргі заман талаптарына сай мемлекеттік деңгейде құпталған адамгершілік құндылықтарының  әлі күнге дейін калыптастырылмауында.

       Бұл үшін Қазақстан Республикасында қазіргі демократияның қағидаларына сай, қазіргі заман талаптарына лайықты қоғамдағы адамгершілік кұндылықтарын қалыптастыру керек. Қоғамдағы адамгершілік құндылықтарын калыптастыру әртүрлі мемлекеттің тарабыыан БАҚ арқылы насихаттау, жалпы орта білім беру, жоғарғы білім беру, арнаулы кәсіби білім беру орындарында тәрбиелеу шараларьі, белгілі адамгершілікке жат іс-әрекеттерді қылмысты қудалаумен тыйым салу шаралары арқылы жүзеге асырылады. Тек қана осы қалыптастырылған кұндылықтар шегінде мемлекеттік акпараттық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру керек. Бүның өзі халықтың, қоғамның теріс тәрбиеленуінің алдын-алып қана қоймай, сондай-ақ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кылмыстарының да алдын-алуға өз үлесін косады.

      Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің алдын-алу үшін ең бір әсерлі шара ретінде бұл заң шығарушылык деңгейде Қазақстан Республикасындағы кылмыстылықпен күресудің тұжырымдамасының қабылдануы болар еді. Заңда тек кана қылмыстарды кесуге бағытталған кылмыстық-процесуалдық шаралармен бірге криминологиялық шаралардың да көзделуі тиіс.

 

2.4. Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді  кісі өлтіруден ажырату

 

Енді біз денеге ауыр жарақат салумен кісі өлтірудің арасындағы айырмашылыққа тоқтала кетсек.  Сот тәжірбиесінде денеге ауыр жарақат келтіру салдарынан абайсызда адам өліміне әкелетін қылмыстарға кінәлі адамдардың әрекеттерін сотта қасақана кісі өлтіру баптарымен саралап жаза тағайындайтын жағдайлары жиі кездеседі.  Өйткені бұл қылмыстардың объективтік және субьективтік жағының белгілері үқсас келеді. Мысалы: қылмыстың мотиві және мақсаты. Тергеу және сот органдарының тарапынан кей жағдайларда қылмыстың мән-жайына толық талдау жасамау салдарынан абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру салдарына жәбірленушінің қаза болуына әкелетін кінәлінің әрекеттері қасақана кісі өлтіру деп бағаланады. Бұл жерде тергеу және сот органдарының кемшілігі мынада: қылмыскердің ниетін ескермей, тек келген зардапты яғни жәбірленушінің өлімін ғана ескереді. Осы жөнінде бір мысал келтіре кетсек: С деген азамат ҚК-нің 96-шы бабының 2-ші тармағында «д» тармақшасында көрсетілген аса қатігездікпен жасалған кісі өлтіру және ҚК-нің 175-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілген ұрлық ушін сотталған болатын. Қылмыстық іс — материалдарынан анықталғандай С және К, арақ ішу салдарынан ұрланған ақшаны бөле алмай, олардың арасында келіспеушілік басталған, С, Қ-нің басына, ішіне және т б жерлеріне аяқпен, қолмен ұрған. С оқиға болған жерден кетіп бара жатып пиджакты қойып кетеді, яғни Қ-і құсқан кезде
тұншықпау үшін. Сол күні Қ-нің өлігі табылады. Сот медициналық сараптама Қ-нің өлімі ішкі мүшелердің зақымдануы салдарынан болғандығын анықтайды. ҚР-нің Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы С-нің әрекеттерін  қасақана кісі өлтіру жаза тағайындаған қалалық соттың қылмыстық істер женіндегі сот алқасының үкімін дұрыс емес деп тапты. Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жасаған әрекеттің және С-нің ниетінің қайда бағытталғандығын ескермей, тек келген зардапқа қана көңіл аударған. Сондықтан да ҚР-нің Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы С-нің әрекетінде өлтіруге оқталғандық жоқ екіндігі анықтап оның әрекеттерін ҚК-нің 103 бабының, 3-тармағымен қайта жаза тағайындайды.  Ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғуды қасақана кісі өлтіруден ажыратқан кезде ең бастысы кінәлінің жасалған әрекетке және келген зардапқа субьективтік қатынасын анықтап алуымыз керек: 1) кінәлінің әрекеті тікелей түрде жәбірленушінің өмірге маңызды органын немесе анатомиялық түтастығын бұзуға бағытталуы керек. Анатомиялық тұтастыққа: бас, мойын, бауыр және т.б жатады. 2) пайдаланған қару немесе зат тек адамды өлтіруге ғана бағыталған болуы керек.  Мысалы: балта т.с  3) Адамның өмірі үшін маңызды органын немесе анатомиялық тұтастығын бұзу үшін жеткілікті түрде кінәліні әрекетерінің интенсивтілігі қажет. Осы жоғарыда көрсетілген белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қасақана кісі өлтіру үшін айыптауға жеткілікті негізсіз деп танылады. Енді ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғу қылмысын абайсызда кісі өлтіруде ажыратайық. Осы қылмыстарда кінәлінің келген зардапқа — яғни жәбірленушінің,       өлімініе      абайсыздық  қатынасының бірдей болуы. Егер ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соққан кінәлінің  әрекеті ауыр дене жарақатын салуға қасақана ниеті болып, келген өлімге абайсыздық қатынаста болса, онда жауаптылық ҚК-нің 103 бабының 3-ші бөлігімен қарастырылады. Ал егер ауыр дене жарақатын салуға кінәлінің қасақана ниеті болмай, абайсызда ауыр дене жарақатын жәбірленушіге келтіріп, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда бұл абайсызда кісі өлтіру қылмысы болып табылады.

Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғуды абайсызда кісі өлтіруден ажыратқан кезде ең бастысы, осы қылмыстардың субьективтік жағын, яғни кінәлінің ниетін мақсатын анықтап алу керек. Ауыр дене жарақатын өлтіруге оқталудан ажыратқан кезде міндетті түрде бұл құбылыстардың объективтік жағының бірдейлігін ескеруіміз керек. Бұл екі қылмысты кінәлінің ниетінің қүрамы бойынша ажырату қажет. Егер де кінәлінің жәбірленушіге қатысты тікелей қаза келтіруге ниеті болғандығы анықталса, келтірілген ауыр дене жарақаты өлтіруге оқталғандық деп қарастыруға болмайды. Мысалы: Тараз қалалық соты А деген азаматты төбелесу барысында Е деген азаматтың иығынан темір таяқпен ұрып, келтірілген ауыр жарақаты үшін ҚК-ң 103-ші бабы бөлігімен соттады. Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіруді, абайсызда кісі өлтіру қылмысынан айырмашылығын анықтайық. Егер де абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру салдарынан абайсызда жәбірленуші өліп кетсе, онда кінәлінің әрекеті ҚК-ң 101-ші бабымен сараланады, ал егер жәбірленуші өлмей қалса,  онда кінәлінің әрекеті ҚК-ң 103-ші бабының тиісті бөлігімен сараланады. Осы қылмыстардың айырмашылығын анықтаған
кезде, бұл жерде кінәлінің әрекетінің субьективтік жағын басты назарға, алуымыз керек.  Жан күйзелісі салдарынан ауыр дене жарақатын келтіруді жан күйзелісі кезінде кісі өлтіру айырмашылығын қарастырайық.  Егер аффектілі жағдайда кінәлінің жәбірленушіге өлім келтіруге тікелей қасақаналық ниет болмағандығы анықталса, келтірілген зардап, яғни ауыр дене жарақат ҚК-ң 108-ші бабы 2-ші бөлігімен сараланады. Ал егер керісінше болған жағдайда, яғни аффект жағдайында кінәлі ауыр дене жарақатын жәбірленушіге қаза келтіру үшін тікелей қасақаналық ниетпен жасаса, кінәлінің әрекеті ҚК-ң 98-ші бабының тиісті бөлігімен сараланады.

Сондай-ақ, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіруді қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде, кінәлінің әрекетінің субьективтік жағын, яғни оның ниетін мақсатын анықтап алуымыз керек. Егер кінәлі жәбірленушіні қажетті қорғану шегінен асып кетіп өлтірсе, бірақ өлтіруге қасақана ниеті болмай абайсызда өлтіріп қойса, онда оның әрекеті абайсызда кісі өлтіру үшін сараланады.  Осы жоғарыда келтірілген ауыр дене жарақаты қылмысын жасаған ауыр дене жарақатын салумен байланысты қылмыстарды жасаған кінәлі адамдарға жаза тағайындау мәселесіне көшейік. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының  1993 жылғы 24-ші маусымындағы №2 қаулысы, Пленумының 1994 23-ші желтоқсанындағы Пленумының №4 қаулысымен енгізілген өзгерістерінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Конститутциясында барлық адам заң мен сот алдында тең, адамды соттан басқа ешкім де қылмыстық жазаға тарта алмайды деген кағидаларды басшылыққа ала отырып, қылмыстың түрі мен ауырлығына айыптының қызметі және қоғамдағы орына қарамастан, соттар әрбірқылмыстық істі қарағанда қылмыстық, және қылмыстьіқ іс жургізу талаптарының бұлжытпай орындалуына жеке назар аударуы тиіс деп айқын көрсетілген.  Осыған сәйкес қылмыстық кодекстің 52-ші бабының 1 бөлігінде айтылғандай қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамды осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің жалпы  бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады деп атап көрсетілген.  Сонымен қатар жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы жауаптылықпен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның тузелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.  Осы жоғарыда айтылып өткен мән-жайлар негізінен жаза тағайындау туралы және оның сотталған адамға қолданылуы кезінде заңға сәйкес, әділ болуы керектілігі, сотталған адамның барлық жағдайларын

ескере отырып жаза тағайындау керектігі жөнінде болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Бұл жұмыста денсаулыққа қарсы жасалған қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы, криминологиялық сипаты түрлері жөнінде, осы қылмыстарды жасаған үшін жаза тағайындау мәселелері жөніне баса назар аударылған. Қылмыстық құқық сот медицина саласындағы ғалымдардың еңбектерін қарай отырып, денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқылық, сот-медициналық көзқарас бойынша сипаттамасы зерттелген.

     ҚР Қк 103-бабымен қарастырылған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының құрамын қылмыстық-құқықтық тұрғыдан сипаттай келе жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасайық.

     Бітіру жұмыстың осы тақырыбын жазу кезінде біз ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысы ұғымының өзге денсаулыққа қарсы қылмыстардың ұғымдарынан оның қылмыстық зардабымен, кінәнің қасақаналығымен ерекшеленетінін байқадық. Сонымен бірге қылмыстың зардабы болып табылатын денсаулыққа келген ауыр зиянның ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі мен Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлы,ғын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесінде» сипатталған белгілерінің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде өзге денсаулыққа зиян келтірулерден ажыратудың маңызды екен. Әсіресе, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіруден, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруден. Кінә нысанының қасақаналылығы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде оны абайсызда денсаулыққа ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтірулерден ажыратуға мүмкіндік береді.

      Еліміз нарықтық экономикаға көшуге байланысты, денсаулыққа қарсы қылмыстардың құрамына жаңадан қылмыс құрамдары қосылған. Бұл құрамдар заман талабын сай, қоғамның қажеттілігіне байланысты енгізілген. Сондай-ақ бұл жұмыста денсаулыққа қарсы қылмыстарға қандай қылмыс құрамдары жататындығын, денеге келген жарақаттың ауырлығын қалай анықтап білу жөнінде жазылған.

     Осымен, біз осы біздің бітіру жұмысымызда  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша оның 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысына толықтай оның бүкіл ерекшеліктерін көрсете отырып, нақ сол әрекеттердің ауырлататын және ерекше ауырлататын мән-жайларда жасалуын, оны басқа оған ұқсас қылмыстардан ажырататын нышандарын сот тәжірбиесінен мысалдар келтіре отырып, қылмыстық-құқықтық сипаттамасын сиппатап бердім.      

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН

ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

 

 

Нормативтік актілер:

 

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы., 30.08.1995ж
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Алматы., 16.07.1997
  3. Қазақ КСР-інің 1959 жылғы 22 шілдедегі қабылданған Қылмыстық Кодексі
  4. 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтар өмірі мен денсаулығына қастандық жасағаны үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» № 7 қаулысы

 

  1. ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1995 ж 15 наурыздағы № 2-3747 «Медициналық — әлеуметтік сарапшы комиссияларының еңбек міндеттерін атқарумен байланысты жарақат немесе өзге де денсаулыққа зақымданулар барысында кәсіби еңбек қабілеттігінен айырылу дәрежесін анықтау тәртібі туралы» нұсқауы.

 

  1. Қазақстан Республикасының Білім, Мәдениет және Денсаулық сақтау Министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің 1998 жылғы 4 мамырдағы №240 Бұйрығымен тәжірбиеге енгізілген «Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау ережесі».
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесі»
  3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы «Халық денсаулығын сақтау» туралы заңы
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы «Халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы» жарлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Арнайы әдебиеттер:

 

  1.        А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық (ерекше бөлім)  Алматы; 2000ж
  2.   А.Н. Трайнин  Общее учение о составе преступления. Москва; 1959г
  3. Ответ. Редакторы: А.Н. Игнатов,  Ю.А. Красиков, Т.А. Костарева

    Уголовное право  Москва; 1999г 

  1. А.С. Никифиров Ответственность за телесные повреждения по 

         советскому уголовному праву    Москва; 1959г

  1. А.А. Жижиленко  Преступления против личности    Москва-

         Ленинград 1927г

  1. Н.И. Ветров Уголовное право  Общая часть. Москва; 1968г

 

  1. В.В. Орехов  Борьба с телесными повреждениями по советскому          

       уголовному праву, автореферат кандидатской диссертации  Москва;  

       1960 

  1. П.А. Дубовец Ответственность за телесные повреждения по   

      советскому уголовному праву  Москва; 1964г

  1. А. А. Пионтковский Преступления против личности Москва; 1938г
  2. А.Н. Красиков Уголовно-правовая защита прав и свобод человека в

      России  Саратов; 1996г

  1. Г. Чечель Жестокий способ совершения преступления против

     личности   Ставрополь. 1992г

  1. Н.Ф. Кузнецова Ответственность за приготовление к преступлению и

      покушению на преступление по советскому  уголовному праву.  

      Москва; 1958г

  1. Р.А. Адельханян Причинение тяжкого вреда здоровью при особо

     отягчающих обстоятельствах .      Москва; 2003г

23.Я. М.  Калашник Судебная психиатрия  Москва; 1961г

  1. Б.С. Никифиров Объект преступления Москва, 1960г юридическая

     литература    

  1. Криминология Под. редакцией:  В.Н. Бурлакова, В.П. Сальникова, 

С.В. Степашина     Санкт- Петербург  1999г.

  1. Загородников Н.И. Преступления против здоровья Москва., 1969.
  2. Бородин СВ. Квалификация преступления против жизни Москва.,  

             1977г.

  1. Ковалева М.И. Советское уголовное право. Особенная часть

             Москва., 1983г.

  1. Саркисов, Красиков. Ответственность за преступления против жизни

             и здоровья достоинств и личности граждан Москва., 1990г.

  1. Ф.Ю.Бердичевский. Уголовная ответственность медицинского

             персонала за нарушение профессиональных обязанностей. Москва.,   

             1970.

  1. М.Д.Шаргорродский. Преступления против жизни и здоровья М.1998.
  2. П.С.Дагель, Д.П.Котов. Субъективная сторона преступления и ее

             установление. Изд. Ворошиловградского университета.1974.

 

  1. В.Н.Кудрявцев. Объективная сторона преступления

             Москва., Юрид.лит.1960.

  1. Е.В.Воршилин, Г.А.Кригер. Субъективная сторона преступления. Изд.

      МГУ, 1987.

  1. Козоченко И.Я. Незнамова З.А. Новоселов Г.П. Уголовное право.

      Особенная часть     Москва., 1998.

  1. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Часть 1. Под

      ред. И.Ч.Борчашвили и С.М.Рахметова. Алматы, 1999.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1]  ҚР Қылмыстық Кодексі  103-бап.

[2]  Никифиров А.С. Ответственность за телесные повреждения по советскому уголовному праву.

   Москва 1959г  С. 112

[3] Жижиленко А.А. Преступления против личности. Москва-Ленинград 1927 г. С.26

[4] Дубовец П.А. Ответственность за телесные повреждения по уголовному праву. Москва 1964г С. 238

 

[5]  Жижиленко А.А. Преступления против личности.  Москва-Ленинград 1927г С. 173

[6] Пионтковский А.А.  Преступления  против личности Москва, 1938 г С. 88

[7] Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (ерекше бөлім)     Алматы, 2000ж    37-бет

[8]  Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. Москва, 1959г   С.226

[9]  Орехов В.В. Борьба  с телесными повреждениями по советскому уголовному праву, автореферат кандидатской диссертации. Москва, 1960г.

[10]  ҚР Қылмыстық кодексі 103-бап

[11] Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесі»

[12] Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесі» 7-т

[13] Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2002жылғы 14 мамырдағы №2а 198-2002 қаулысы

[14]  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесі» 8.5т

[15] Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесі» 8.8 тт.

[16]  ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1995ж 15 наурыздағы №2-3747 «Медициналық-әлеуметтік сарапшы комиссиясының еңбек міндеттерін атқарумен байланысты жарақат немесе өзге де денсаулыққа зақымданулар барысында кәсіби еңбек қабілеттігінен айырылу дәрежесін анықтау тәртібі» туралы Нұсқауы

[17] Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық  (ерекше бөлім)  Алматы; 2000 ж   38-бет

[18]  ҚР Қылмыстық Кодексі 15-бап 

[19]   Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (ерекше бөлім)    Алматы, 2000ж  41-бет

[20] Кузнецова Н.Ф. Ответственность за приготовление к преступлению и покушению на преступление по советскому уголовному праву   Москва, 1958 г. С. 119

[21] Никифиров А.С. Ответственность за телесные повреждения по советскому уголовному праву  М, 1959 г.

[22] Дубовец П.А. Ответственность за телесные повреждения по советскому уголовному праву  Москва, 1964 г С. 320

[23] ҚР Қылмыстық Кодексі 103-бап

[24]  Криминология     Под редакцией: В.Н. Вурлакова, В.П. Сальникова, С.В. Степашина      

Санкт-Петербург, 1999г  С.208

[25]  Криминология     Под редакцией: В.Н. Вурлакова, В.П. Сальникова, С.В. Степашина      

Санкт-Петербург, 1999г  С. 126