АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы

                                  Жоспары

 

Кіріспе ____________________________________________________ 4-5

І Тарау. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы

І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері____ 6-22

ІІ.Тарау. Коммерциялық банктердің қызметін құқықтық реттеу

ІІ.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастырушы принциптері_____________________________________23-36

ІІ.2. Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі________________36-46

Қорытынды ________________________________________________47-48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_______________________________49-50

 

 

                                                         Реферат

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы “Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы” деп аталады. Бітіру жұмысы 50 бетті құрайды. Бітіру жұмысы екі тараудан тұрады және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр тарау жеке – жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.

Бірінші тарауда екінші деңгейдегі банктердің құқықтық мәртебесі қарастырылған. Ал, екінші тарау коммерциялық банктердің қызметін құқықтық реттеуге арналған.

Сондай-ақ, бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.

Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де  Заңдарына  сүйене отырып жазылған.

Сонымен қатар, бітіру жұмысын жазуға ғылыми әдебиеттер және Қазақстан Республикасы банктік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер пайдаланылған.

Бітіру жұмысында көп кездесетін негізгі сөздер: банк, нарық, жүйе,     

    қаржы, қаражат,бақылау,басқару,қадағалау, экономика және т.б.

 

                                                         Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн саынап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.

      Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын сыртқы және ішкі инвестицияларды таратуға жәрдемдесуге атсалысады. Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған.

     Нарық жағдайындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-реттеудің негізгі мән-жайына әдетте банктердің қызметін ұйымдачстыруға қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен өзгерістеріне орай банктік ортадаңы жүріп-тұру қағидаларын түзетіп отыру жатады.

Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі  ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәсмілелер банктерді тәуекелге барғызбау шарт.

Үкімет, Ұлттық  банк, Қаржылық  бақылау  агенттігі  мемлекеттік  қаржылық  тұрақсыздық  қателеріне  қарсы  жүйелі  де  жедел іс-қимылдар  жасауының  ықпалды  тетігін  қалыптастырып, халықаралық  рыноктардың  Қазақстан  экономикасына  деген  сенімін  нығайту  керек. Қаржылық  бақылау  агенттігі нің  жұмысын  жүйелі  түрде  нығайту  қажет.

Елдің  қаржы  жүйесінің,  әсіресе,  банк  секторының  бәсекеге  қабілеттілігін  және  тұрақтылығын  арттыру   Агенттіктің  Ұлттық  банкпен  және  Қаржы  министрлігімен  бірлесе  отырып  атқаратын  басты  міндеті  болуға  тиіс.

Мемлекеттік  қолдау  біржақты  бола  алмайды, сондықтан  банктер  тәуелділіктің  өздеріне  тиесілі  бөлігін  өз мойындарына  алуға  тиіс. Егер  банктердің  акционерлері  өздерін  дамыту  үшін  қосымша  ресурстар  тартқысы  келмесе  немесе  оған  қабілетсіз  болса, ондай  кезде  мемлекет  қажетті  шаралар  қабылдауға  дайын  болуы  керек. Мұндай  жағдайда  реттеушілік  араласу  бүкіл  банк  секторы  үшін  барынша  мөлдір  және  ұғынықты  болуы  тиіс. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы.

Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар  1995 жылғы 30 наурыздағы ұлттық Банк туралы заң  және 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер және банкілік қызмет туралы заңы бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық, айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. ұлттық Банкі өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, ұлттық Банк президент алдында есеп береді. ҚР-ның банк жүйесі ТМД мемлекеттерінің ішінде даму қарқыны жағынан бірінші орында тұр.

 

     І ТАРАУ.  Екінші деңгейдегі банктердің қызметін құқықтық жағдайы.

І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері.

       Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметтін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.  Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көп деген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

      Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық өнімдерінің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәскелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бірн қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

     Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтық қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

 Коммерциялық банктер негізінен өз клиентерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетуімен байланысты несіиелік есеп айырысу және қаржылық операцияларын барлық түрлерімен айналысады.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі – базалық қызметті. Бұл банкттің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%- ын құрайды. Басқа кәсіп орындар мен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталын төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалды ретінде басқа кәсіп орындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қәуіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіп орындардың материалдық обьектілерде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.[1]

 Басқа кәсіп орындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасына өз міндеттерінжүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін басқару үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операиялардыдамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрлымында оның ролі өте жоғары.

   Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

  Соңғы уақыттарға дейін Респуликамызда депозиттер басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелер алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшерімен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қйылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінң өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойыншанесиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық- обылыстық кеңселер бойынша, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пасивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептергет байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірбиесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар,  коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдарының үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.

 Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады.

  • банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
  • депозиттік операциялар әрекет ету керек;
  • банк балансының оперативтік өнімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
  • банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік перациялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

        Шетелдік банктік тәжірбиеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.  

    Талап еткенге дейінгі депозиттер  белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарыесептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олар әр-түрлі формаларда — қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азаяды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттардың иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, есеп айырыусылар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағындағы шоттарын қаражатарды үнемі алып және оны бірнеше күнен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сиппатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебіенен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

     Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорентік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасынла айырмашылықтар бар. Дипозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол салымдарын иемдене алады. Ал контокоренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болу мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай ол белгілі бір уақытта несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірбиде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансокациялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.

Бұл шоттардың жоғары өнімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерде көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

    АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тиым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу ұсынады, ол бір жағынан өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айыру үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуға қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануға мүмкін есеп айырысу тратысы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу траталарын беруге болатын депозиттік шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етіледі.

    Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айда жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табу мен қандайда бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ол осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.

     Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері – 1 айдан 3-айға дейін, 3 айдан 6-айға дейін, 6 айдан 12-айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланыста сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көпнесе тәжірбиеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.

    Депозитердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнытты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқада коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.

     Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, силыққа, жастарға мақсатты т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулары мен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.

    Жинақ салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан кемемес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады.Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін           

      Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 25000 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.

      Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражат тартылған немесе жай міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды , банктік облигацияларды эмиссиялау және т. б жатады.

     Банкаралық нарықта депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

     Қайта сатып алумен бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісім банк пен қарыз алушы арасындағы келісім болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып ала отьырып, қарыз алушы банктен бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді несие алады. Операцияның міндетті шарты. Қарыз алушының бағалы қағаздарды қатаң белгіленген түрде және алдын ала анықталған баға бойынша қайта сатып алу міндеттемесі болып табылады. Бұл банктердің өтімділігінреттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдырудың өте икемді және ыңғайлы тәсілі.

         Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің респуликаның банктік тәжірбиесінде бұл жиі болатын құбылыс. 1993-1994 жылдары коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60%-ін Ұлттық орталықтанған несиелерінің есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық банкінің несиелері банктердің ресурстарының тұрақты көздеріне айналды.

     Депозиттік емес поссивтерге банктік облигациялары мен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл облигациялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

       Кепілхаттық қағаз парақтарымен операциялар жер учаскелерін сатып алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер қаражаттарды тарту үшін қамтамасыз етілуі жер, құрлыс, яғни ипотека болып табылатын кепілхаттық қағаз парақтарының элементі болады.

       Сонымен бірге банктермен ақша қаражаттарын тару үшін шығарылатын комуналдық облигациялар әр түрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамсыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім ақылы және әдетте 10-нан 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.

    Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі – жеке және тұлғаладың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа посивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пасивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларда банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.[2]

       Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн санап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосатыны мәлім.

      Қазақстанның көрнекті ғалымы-академик М.Баймаханов мемлекеттің ұғымы  мен функцияларын сипаттау барысында: «Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысанын, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады» деген түйінді пікірін білдірген.

     Өтпелі кезеңдегі банктік қызметтерді ұйымдастыру-реттеу бастауы мемлекеттік реттеудің жетекші субьектісі мемлекеттің тиісті саясатын қоғам  өмірінде тиісінше іске асыру арқылы айқындалады.

      Біздің ойымызша, бұл жерде айтылмыш мемлекеттік реттеумен қатар мемлекеттік басқарудың пәрменді функцияларының бірегейі мемлекеттік бақылау-қадағалаудың да банктік қызмет аяларында жан-жақты жүзеге асырылатынын білуіміз қажет. Мысалы, мемлекеттік қадағалау барысында: банктік қызметке қатысулардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты белгіленіп, үйлестіріледі; олардың заңды мүдделері мен құқықтарын жан-жақты қорғау қолға алынады; банктік қызметтер аясындағы мемлекет саясатының басымдылықтары айқындауы; банктік шарттарды жасау, тіркеу және лицензиялау тәртібі белгілейді.

      Ресей ғалымы А.Прозоров қазіргі банк жүйесіндегі мемлекеттік реттеу моделін зерделей келіп, өз көзқарасын былайша тұжырымдаған: «Банк жүйесі қаржылық-құқықтық реттеу обьектісі болып аыады. Өйткені ол мемлекетке тән міндеттер мен функцияларды үзбей жүзеге асыруды және мемлекеттік билік мүдделеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын мемлекеттің қаржылық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысқан».

     Банктік қызметті мемлекеттік реттеу-қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріндегі әдістер көбінесе тиісті атқарушы билік органның құзыретіне жатады.

Тікелей әкімшілік немесе жанама экономикалық ықпал ететін әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік басқарушы қызметтің әдістері болып табылады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызметтерге байланысты жүргізілетін мемлекеттік реттеу шаралары басқарушылық ықпалдың оралымдығынмен ерекшелінеді.

Қазақстандық ғалым Л.Жиленкованың пайымдауынша: «Ел экономикасының деңгейіне аса қомақты капиталдың нақтылы арзан баға бойынша болуы айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттік басқару осындай капиталдың тиімді салаларға банк жүйесі мен басқа да қаржы рыноктары арқылы салынуына орасан зор ықпалын тигізеді».

Демек, банктік операцияларды тиісті бағытта жүргізу барысында экономика секторлары инвестициялар нысанындағы қаражаттармен қамтамасыз етіледі.

Л.Давыдова мен Д.Райманов «Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесін тұрақтыландыру мақсатында банктердің қызметтерін реттеуді жүзеге асырады» деген ойларын баяндаған. Сонымен қатар, олар банктік қызметті банктік (яғни Ұлттықы Банк тарапынан) реттеу әдістеріне пруденциалдық нормативтер елгілеу және инспекциялау жатады деп түсіндірген.

Қазақстандық экономист — ғалым И.Исаев банктік қызметті бақылау және қадағалау жөніндегі өз көзқарасын: «Банк жүйесінің ел экономикасында атқаратын рөлі мен алатын орны өте зор болады. Сондықтан кредиттік-банктік ая мемлекеттік органдар тарапынан мұқият жүргізілетін қадағалау мен ретеудің обьектісі болып саналады. Республикасындағы банктердің үстінен жүргізілетін бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктер туралы және өзге де заңдарын сатауды, сондай-ақ банктер мен олардың мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыруды және банктердің шаруашылық-қаржылық қызметтеріне мерзімді (кезеңді) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені ретінде көрініс табады» деп түсіндіре отырып қалыптастырылыған.

Жоғарыда, заңтанушы және экономист ғалымдар тұжырымдаған ғылыми экономист ғалымдар тұжырымдаған ғылыми көзқарастар мен пікірлерді салыстыра отырып мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады: Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызмет аясы қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар мемлекеттік реттеу — құқықтық ықпал ету обьектісі болып табылатындықтан мемлекеттік ұйымдастырушы-реттеуші қызметтер банктік реттеу, әкімшілік-құқықтық реттеу, валюталық реттеу қаржылық-құқықтық реттеу түрінде көрініс табады.

Біздің ойымызша, өтпелі кезеңдегі қазақстан банктерінің қызметін мемлекеттік реттеудің қазіргі теориялық үлгісі ретінде әлеуметтік-экономикалық, заңдық-әкімшілік және саяси реттеуді алуға, сондай-ақ осы мән-жай туралы диссертациялық зерттеу барысында нақтылы ұсыныстар жасауға болады.

Өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық, заңдық-әкімшілік және саяси реттеу жөніндегі ұсыныстарды нақтыландыру мемлекетті реттеудің қазіргі даму кезеңіндегі нақты мақсаттарына байланысты болатынын ескеруіміз қажет.

Белгілі  Ресей ғалымы заңтанушы Ю.Козлов «Мемлекеттік реттеу тар мағынасында – мемлекеттік басқару функциясы. Бүгінде осы функция тек экономиканы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік – мәдени аяны реттеуді де басымды болып табылады. Мемлекеттік реттеудің мәні мен механизміне: жалпы қағидаларды белгілеу жолымен нормативтік реттеу, басқаруға байланысты шешілуге тиіс нақтылы міндеттерге (мәселелерге) сәйкес оны жедел түзету; белгілі бір қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың орындалуына бақылау жүргізу; тиісті қағидалармен реттелінген қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау; олардың қызметтерінің жалпы бағытын айқындау және үйлестіру; оның тиісінше жүзеге асырылуына жәрдемдесу; құрылымдық саясаттағы басымдылықтарды айқындау; мемлекеттік келісім-шарт жасау; тіркеу; лицензиялау және т.б. жатады» деген қорытынды жсаған.

Ю.Козловтың осындай қорытындысына орай «банктік қызметтер аясын мемлекеттік реттеу мемлекеттік және коммерциялық банктер үшін қолайлы (ыңғайлы) ұйымдастырушы, құқықтық және экономикалық жағдайлар құруға бағытталады» деген пікірімізді білдіреміз.

Банк жүйесіндегі және банктердің қызметтеріне байланысты мемлекеттік қадағалау, соның ішінде банктік қадағалау жөніндегі Ресей заңгер-ғалымы А.Братконың көзқарасы мемлекеттің ақша-кредит жүйесінде шынайы орын алған нақтылы мән-жайларға байланысты өзгеше көрініс тапқан, А.Братко «Банктік ақдағалау Ресей Банкінің банктік қызметті реттейтін заң актілерін, өзі белгілеген нормативтік актілерді, соның ішінде қаржылық нормативтер мен бухгалтерлік есеп қағидаларын кредиттік ұймыдардың сақтауын және орындауын ара қашықтықты сақтай отырып және көзбе көз бақылауды. Банктік қадағалаудың мәні мен маңызды банктік қызметті реттейтін заңдар мен Ресей Банкінің нормативтік актілеріне кредиттік ұйымдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің сәйкес келуін тексеруден тұрады.

Қазіргі банктік қадағалау банк жүйесін толығымен қамтамайды. Өйттткені оның обьектісі тек банк жүйесінің екінші деңгей болып табылады. Ал банк жүйесінің жоғарғы деңгейі Ресей Банкі қандай болмысын мемлекеттік органның қадағалауы мен тексеруінен тыс қалған» дей отырып, шет елдердегі орталық банктердің мемлекет тарапынан міндетті түрде тексерілетінін шегелеп көрсеткен.

Бұл жерде ескеретін бір маңызды жайт, Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттің ақша-кредит саясатын іске асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржылық агенті ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен және өкілді билік органдарымен тығыз байланысты болатын нарықтық-мемлекеттік айрықша мәртебелі институт сипатындағы іс-қимыладры мен ұйымдастыру-реттеу қызметтерінің ауқымы заң жүзінде нақтылы белгіленгендіктен, олардың мемлекеттік бақылау-қадағалау назарына тыс қалмайтын білу қажет.

Сонымен, құзыретті мемлекеттік органдардың реттеу және қадағалау жөніндегі қызметтері көбінесе коммерциялық банктердің операцияларын регламенттеуге бағытталғанын байқаймыз.

Ресей ғалымы Ю.Крохина Ресей Банкі жүзеге асыратын ақша-кредиттік және т.б. реттеу шараларын сипаттай келіп, оның ішінде валюталық реттеуге ерекше тоқталып өткен. «РФ Орталық банкі бірқатар әкімшілік іс-шараларды қолдану арқылы валюталық реттеуді талаптарға сай жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткзуді. Осындай шараларға:

  • экспортан түскен валюталардың бір бөлігін міндетті түрде сату туралы шешім қабылдау;
  • валюталық рынокта шетелдік валютаны сатып алу – сату жөніндегі коммерциялық банктердің операцияларын лимиттеу;
  • «валюталық коридорды» белгілеу»;
  • отандық банктерге валюталардың қайтарылуын тежеп отырған экспорттаушыларға экономикалық және әкімшілік ықпал ету әдщістері жүйесін әзірлеу жатады.

Ресей Банкі валюталық реттеуді қолма-қол шетел валютасы айналысын реттеу және валюталық қызметті лицензиялау арқылы жүзеге асырады» деген пікірін Ю.Крохина көптеген дәлелдермен сипаттап көрсеткен.

Қазақстан Республикасындағы банктік  қызметті мемлекеттік басқару-реттеудің түпкі-түйіндік нәтижесі кредиттік-қаржылық мекемелер жүзеге асыратын күрделі операциялар мен тиісті мәмілелерді қоғамдық-мемлекеттік мүдделер тұрғысынан экономикалық және әкімшілік мән-жайлы мемлекеттік ұйымдастыру, реттеу, қадағалау, нәтижелендіру, аудиттердің заң шеңберінде жүргізілуіне баса назар аудару және т.б. мемлекеттің (оның уәкілетті мемлекеттік органдарының) ұйымдастырушы-басқарушы қызметтерінің жиынтық көрініс болып табылады.

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

       Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайырымдылық шарттарына белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктермен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет- бұл бакнктің пассивттік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.[3]

        Банктердің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық. Кәсіпорын, фирма, коцерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу жабдық сатып алу үшін және т.б. , ауылшаруашылық кәсіпорындар, фирмалар- өздерінің, тұқым, жанар жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) – автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін; үкімет – ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарыздарды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырылған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.

        Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оны қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: Әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

       Несиенің екі нысаны белгілі: ашалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түр бар: бастапқыда шаруашылық субектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға тронсформацияланатын жанама несиелендіру.

        Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге туар нысанында несие алуын растайтын құжат вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша коммерциялық банкілік несиеге түрлендіріледі.

       Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша -қамтамсыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген және қамтасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты- (несие беруші немесе қарыз алушы) активті және пассивті қарыздық операциялар (активтік бұл клиентті және басқа банктерді несиелеу; пассивтік – Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банк аралық несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты- негізгі капиталдылы артыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.

        Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз  алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жүктеледі: сауда өнеркәсібіне жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және т.б.

        Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма-қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Несиенің мұндай жүктелуінің негізінде формальды белгілер жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық әдебиетінде несиенің және несиелік оперциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.

        Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік келісім шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісім шарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтау, ал банктер несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, Олардың төлеу мен өтеу шартарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер негізінде іріленген обьект құрамын және несиелердің жекелеген обьектілерін, несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіп орынның меншік және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет ететін басқа шаралар және де несиелік келісім шартта сақтандыру жақтары бойынша міндеттері мен құқтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісім шарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы көбіне банктің клиентке әсеріне байланысты.

     Несиелік келісім шартта қарастырылған шарттармен коммерциялық банктер несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді жүргізуге, несиелік келісім шартты бұзушы қарыз алушыларға эхкономикалық әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екені сөзсіз. Бұл принципсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады таяу уақытқа дейін банктердің қарыздары қортындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға берілетін қайтарымсыз және тегін дотациясына айналып келген болатын. Кейбір жағдайларда және күні бүгінге осы жайт қайталануда.Бірақ республикада жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория ретіндегі несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. қарыздардың қамтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда.Сондай-ақ әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады.

      Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтімділігіне, оның өзінң міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.

         Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа қатынасын оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несеинің қағидаларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.

      Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып , әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізілелі Қарыздық шоттардың дебетінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.

      Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылды.

     Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы — қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей – ақ , қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік  өтініші негізінде жүгізіледі. Қарыз жағдайда есеп айырысу құжаттарын шоттарға аудару арқылы жойылды.

       Қарыздар сонымен қатар, контокоррнеттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар  мен төлемдер көрсетілген айырықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.

        Контокоррентік шоттардан берілетін несие контокоррентік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокоррентік несиелерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шоты бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары кейбір жекеленген коммерциялық банктер контокоррентік шотты пайдаланады.

       Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.

       Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргіу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрлыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.

        Несиелік желілер – анықталаған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім-шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.

Нарықтық экономикаға өту барысында маңыздылығы жағынан ақша-несие қатынастарын басқару жүйесінің тиімділігі сияқты айғақтармен теңестірілетін еш нәрсе болмайды.

   Әсіресе, соңғы бес-алты жылдар ішінде еліміздің банк, кредит жүйесі айтарлықтай дамып, өркениетті елдердің банк, кредит жүйелерімен терезесі тең болып отырғанына көзімізді жеткіздік.

   Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері халықаралық және аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдарының бірқатарына мүше болып, ынтымақтастыққа шаралар жүргізуде.

    Кредит-банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Осы арқылы шаруашылық субьектілері мен халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға айналдырады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Республика кызметінің түбегейлі принциптері – қоғамдық татулык пен саяси тұрақтылық; бүкіл халыктың игілігін көздейтін экономикалык даму…»- деп көрсетілген.

     Яғни қазіргі кезде экономика өте күрделі жүйені құрайды, сондай-ақ, бұл жүйенің әрбір бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан өте маңызды роль атқарады.

     Сонымен қатар, нарықтық экономика аясында өз мүдделерін көздеп жүзеге асыратын мемлекеттік емес банктерден басқа, мемлекет мүддесін көздейтін және оның қаржылық органы, агенті болып есептелінетін мемлекеттік банктердің де несие беру, есеп айырысу және тағы басқа операцияларды жүргізетіні белгілі.

     Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпкерліктің дамуы барысында банктер рөлі жылдан-жылға өсуде.

    Қазіргі кездегі экономиканың ауыспалы кезеңінде біздің мемлекетіміздегі банк жүйесін басқарудың маңызы өте зор. Себебі, банктердің атқаратын функциясы мемлекеттқң экономикалық құрлысымен тығыз байланысты.

    Көп уақытқа дейін банктер мемлекеттік органдар болып табылды және экономиканы басқарудың әкімшілік-мамандық жүйесінің элементі болды. Соның нәтижесінде мемлекеттегі банкілік істі ұйымдастыруда алғашқы кездегі тәжірибелер мен дәстүрлер өз маңызын жоғалтып алды. Бүгінгі таңда рыноктық экономиканы құра отырып, біз бұрын жоғалтып алған жетістіктерімізге қайта қол жеткізуіміз керек.

     Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік қызмет саласындағы ақша-кредит саясаты қарқындап дамып келеді. Бұл мемлекетіміздің экономикасының біршама тұрақталуына, сонымен қатар нарықтық қатынастардың ілгері қарай жылжуына өз септігін тигізуде.

     Әсіресе, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері несие мәселесі үлкен проблемаларға айналуда. Алайда несиенің нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқаратыны айқын.

     Біріншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады.

     Екіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар қолма-қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымын жеделдетеді.

     Үшіншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.

     Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырландыруын тездету қызметін атқарады.

     Несие әсіресе, бәсекелестік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.

     Нарықтық экономикамыздың қалыптасуы және дамуы осы несие қатынастарымен байланысты. Қазақстанның нарықтық мемлекет ретінде дамуы жағдайында аса назар аударылатын ая мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық процестерге айтарлықтай ықпалын тигізетін өте қуатты құрал ретінде қарастыратын банктік қызмет аясы болып табылады.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: Экономиканы ілгерілету мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз»-деген болатын.   

Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің ол әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша қаржы секторының даму деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен бірнеше жыл алда келеді.

   Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қол жеткізгендерге тоқталып қалмай, мынадай кезеңнің міндеттерін шешуге көшуді бастауды дұрыс деп есептейді: таяу жылдарда қалыптасатын макроэкономикалық үрдістерді және валюта заңдарында болатын өзгерістерді ескере отырып, орташа мерзімдегі болашақта дамыту бағыттарын айқындау қажет.

   Қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қазіргі кезеңге негізгі міндеттер мен дамыту бағыттарын анықтауды болжайды және ақша – кредит саясатын дамыған елддерде қабылданған стандарттарға (мысалы, Еуропалық одақ стандарттарына) барынша жақындатудың басым бағыттары ретінде айқындайды.

           Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын таратудың жалпы формаларын іздестіруде, себебі, ақша жинақтаудың бҰрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етуі төмен деңгейде жүруде.

  Бүгінде, нарықтық экономика аясында кәсіпқой тұрде іске асырылып жатқан қызметтердің ішінен банкілік қызметті жеке-дара бөліп шығаруға болады. Себебі, қандай да болмасын кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтің метериалдық негіздері қаражаттар, яғни өздерінің немесе қарызға алған ақшалары болып саналады. Осыған байланысты, нарықтық процесстер несиелік капиталдардың көмегінсіз, олардын тыс жұзеге асырылмайтынын білуге тиістіміз.

       Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол негізінен тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзақ мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелер жатады.

        Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған. Мысалы, АҚШ-та 50% үй несиеге сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы несиелердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялар мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі. 50% ден жоғары несиелер сауда өндірістік кәсіпорындарының айналымдағы капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал қалған бөлігін күрделі қаржы енгізі үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырады.

       Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар — құрлыс мерзім екі жылдай көлемге созылатын құрлыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.

        Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар — ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

        Коммерциялық жанама несиелендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялық несиелер бұрынғы Кеңес одағынан басқа барлық елдерде кеңінен таралған. Қазіргі кездегі экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл несие еш қолдау тапқан жоқ.

        Коммерциялық несиелер негізінен вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель – белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамас немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.

     Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жабдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арадақарыз алу уақытында тауарлы түрдегі вексельқарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.

      Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жабдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада қарыз алу уақытында тауарлы түрдегі векселі қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.

       Коммерциялық несиенің банктік несиеге өтуі диконттау, яғни вексельдерді, шот фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен немесе вексельдерді кепілге алып қарыздар беру нтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыздық міндеттемелерді сатып алуды сипаттайды. Вексельді есепке ала отырып, банк клиентті өтімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.

       Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар  — мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.

        Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғарғы мөлшерін, кепіл мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз мөлшерін және банк комиссиясын анықтайды. Несиелік шартта банктің қарыз сомасын өтеу үшін вексель берушінің сол вексельді төлеуге арналған сомасын пайдалану құқы айтылған, ал егер ондайлар болмаса есеп айырысу шотына көрсетілген қызметтермен тауарлар сатудан түскен түсім сомасын пайдалана алады.[4]

         Коммерциялық банктердің несиелік қызметті атқаруы несиелік механизмдерді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін несиелеу әдістері  мен формаларын енгізуді, несиелік операциялардың еңбек сиымдылығын төмендетуді білдіреді.

         Қазақстан Республикасында несиелеу: “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы„,“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы„ заңдарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994ж 11 ақпанда бекітілген “Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу„ ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түрлеріне қатысты.

       Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге асады, ол мәртебе Ұлттық банкінің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік операцияларды жүргізуге лицензиясының бар болуымен анықталады.

       Қарыз несиелік қабілеті бар қарыз алушыларға беріледі. Егер олардың мерзімі ұзақ болса, онда қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздар болған жағдайларда да беріледі.

       Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндетемелерді өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зерттеп білуі қажет.

       Қарыздарды беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша (несие шифр) ашылады.мұндағы өнімді сатудан түскен түсім мен басқада түсімдер есеп айырысу шотына аударылады. Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезінде тауар-материалдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер үшін ақшалай есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолданылмаған қарыз қалдығы мөлшерінде чектік кітапшаны және аккредитивтер ашу үшін беріледі. Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақыны (пайыздық) мөлшері төмендегілерге байланыстықойылады: несиені пайдалану мерзімі, қарыз алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, обьект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқа да факторларға байланысты.

     Коммерциялық банктердің үшінші қызметі қолма- қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттеріне көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

    Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және тағы басқалар.

     Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары.

         Қолма-қолсыз есеп айырысу кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткеншығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді. қолма-қосыз есеп айырысу “Зат алмасуда„ халық шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдарының қорларының айналымына және шаруашылық мәмлелердің аяқталуына көмектеседі.

                  Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шарушылық органдарды несиелеу процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар (шарушылық органдар мен халықтар) өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банк арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Тарау.  Коммерциялық  банктердің қызметін құқықтық реттеу

ІІ.1.Екінші деңейдегі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастырушы принциптері

 

Банктік заңдардың нормаларымен бекітілген қағида-ережелер мен принциптерге негізделген кәсіпкерлік қызметтің бір түрі және мемдекеттің ұйымдастырушы құқықтық ықпалының аясындағы банктік істер ретінде жүзеге асырылатын банктік қызмет өзінің экономикалық, сондай-ақ құқықтық мән-жайларымен ерекшкленеді. Осы банктік қызмет аясына, көбінесе ақша-несие және қаржылық қатынастар жүйесі жатады.Бүгінде, нарықтық даму талаптары мен ықпалына орай банктік қызметтің мақсаттары мен принциптері және құқықтық негіздері айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе банктік қызметтің принциптік негіздерінің заман түрлендіруіне сай келмуі де банк жүйесінен орын алып отырғаны белгілі.

Осыған қарамастан банктік құқық аясында қарқынды жүзеге асырылып жатқан банктік қызметтің қоғамдық мемлекеттік маңызы күн санап өсе түсуде. Оның себебіне аталмыш аяны реттеуге мемлекет мүддесін көздей отырып құқық салаларының басымдылығын жатқызуға юолады.

Мемлекет мүддесіне орай жүзеге асырылатын банктік қызмет: ұлттық валюта-теңгенің бағамына қолдау көрсету; теңгенің сатып алу қабілетіне нығайту; банк жүйесін дамыту және оның тиімділігін жоғарылату; есеп айырысу, оның ішінде ақшасыз есеп айырысу жүйесінің айтарлықтай қалыптастырылып, қызмет атқаруына назар аудару; несиелену қатынастарының экономикалық және құқықтық негіздерін жетілдіру арқылы несилік жүйенің тиісінше жұмыс істеуіне жағдай жасау іске асыру арқылы айқындалады.

Банктік қызметті мемлекеттің уәкілетт айрықша қаржылық-кредиттік өктем өкілеттілік берілген органдары ретінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан даму банкінің мемлекеттік ақша-несиелік және біршама деңгейдегі қаржылық саясатын бірінші кезекке, ал өз қызметтері барысында жасалған шығындарын қалпына келтіруге байланысты банкілік операциялармен мәмілелерді екінші кезекке қою арқылы іске асыру осыны дәлелдейді.  Ал банк жүесіндегі коммерциялық банктер өздерінің операциялары мен басқа да мәмілелерін барынша пайда табуды көздей отырып жүзеге асырғандықтан олардың қызметтері кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып саналады.

Бұл жерде банктік қызмет, оның қаржылық нәтижесі және банктік құқықтық қатынастардың өзара тығыз экономикалық байланыста болатыны анық байқалады. Сонымен бірге банктік қызметтің қоғамдық-мемлекеттік сипаты конституциялық, әкімшілік, қаржылық, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік рұқсат беру жүйесінің айтулы құралы лицензиялау банктік қызметтің аса маңызды атрибуты ретінде банк жүйесінен өзіне тиесілі орнын алып отыр. Банктік қызметтің тағы бір елеулі көрінісі еліміздің ақша жүйесін нығайтуға қосатын үлесі болып ескертелінеді. Банктік қызмет қаржылық, валюталық және кредиттік рнттеудің нысаны болып табылады.

Міне, осы айтылған мән-жайларды түйіндесек мынадай:

  1. Банктік қызметтер ешбір уақыт шектеуіне қарамай, тоқтаусы жүзеге асырылады және мақсатты бағдарлы түрде құқықтық реттеледі.
  2. Банктік құқық нормаларының және халықаралық банктік қызмет қағидалары мен стандарттары негізінде жүргізіледі.
  3. Банктік қызмет барысында туындайтын банктік құқықтық қатынастардың қатысушылары айрықша банктік мән-жайларға байланысты заң жүзіндегі теңсіздік орын алады.
  4. Банк жүйесіндегі қарым-қатынастар көп жағдайда еріктілік әрі сенімділік тұрғысынан көрініс табады.
  5. Қазақстанның әртүрлі құқықтық салаларын тиісті нормалары негізінде банктік қызмет аясында құқықтық режимде (тәртіптер мен талаптар) белгіленеді.
  6. Мына екі аса маңызды: өз қаражаттары мен қарызға алынған ақшалар негізінде, сондай-ақ мемлекет болмысы мен егемендігін қамтамасыз етуге қажетті пайда табу бағытында жүзеге асырылады.
  7. Банктік қызмет аясындағы экономикалық процестердің ұтымдылығы мен тиімділігі және үнемділігін арттыру, сондай-ақ құқықтық негіздері мен принциптерін жетілдіру арқылы мемлекеттік және жекеше мүдделердің біршама теңдестірілуіне қол жеткізуге болады деген тұжырым жасай аламыз.

      Міне, осы банктік қызметті жүзеге асыру негізінде жататын принциптер жөніндегі және обьективті-субьективті талаптарға орай мүмкіндігінше жаңадан қалыптастыруға қатысты  мән-жайлар мен мәселер жоғарыда баяндағанымыздай өзекті сипат: алып отыр.Біздің ойымызша, бұл жердег басты міндетке банктік қызметтің принциптерін қалыптастырып, белгілеу сондай-ақ олардың теориялық және практикалық мән-маңызын зерделеу жатады.

Банктік қызметтің құқықтық негізі болып табылатын құқықтық нормаларды нормативтік маңызы бар принциптердің ерекшеліктерін есепке алмай пайдаланудың оң нәтиже бермейтіні белгілі. Демек, құқықтық нормалар қатысты құқық принциптеріне сай болуға тиіс. Осыған байланысты банктік қызметке қатысты принциптердің қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті баптарына назар аударып, қарастырып өту қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағында:»Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; » деп көрсетілген. Банктік қызметтің маңызды қыры қоғам мен мемлекеттің мүддесін көздейтін экономикалық мән-жайы бар құқықтық қатынастарда көрініс табады.

Республика Үкіметті мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргіздеді. Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Даму банкі өз өкілеттіліктері шегінде жалпы мемлекеттікмүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге атсалысады.

Банктік қызмет аясында «Қазақстан республикасында қолданылатын құқық  конституциясының соған сәкес заңдардың өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республикалқ халқралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ РеспубликаКонституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтікқаулыларының нормаларыболып табылады»

Қазақстанның жүйесінде халықаралық банктік қызметтер стандарттары міндеттітүрде қолданылады, «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық принциптері мен нормалардан құрметтейді…»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі мен Даму банкісі қазақстан Республикасы Үкіметі мен қаржы министрлігі қызметтерінің басымды бағыттары ақша-несие қаржы саясатын іске асыру  барысындағы тиісті іс-қимылдары арқылы мемлекет атынан билік жүргізу болып табылады.

Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР Конституциясы,3-бап, 4-тармағы) Осы баптың қағидалары атқарушы және сот билігі органдарының тиісті заңды негізінде банктік қызмет аясында белгілейтін құқықтық режимдерінде көрініс тапқан.

Банктік қызметті ерікті еркін түрде арқылы экономикалық белсенділік көрсету құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес туындайды. «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. » Осы кәсіпкерлік қызметті яғни банкілік қызметті жүзеге асру еркіндігі принципі жөнінде ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағында «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүмкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тиым салынады. «

Осы айтылған жағдаяттардан банктік қызметке байланысты заңи принцип-нормалардың көрініс тапқанын байқап отырамыз. Алексеев В.В, Ливщиц Р.З, Манов Г.Н, Лазарев В.В, Комаров С.А, Гаджиев Г.А, Тихомиров Ю.А, Нерсесянец В.С, Тосунен Г.А, Олейник О.М, сиқты құқық саласы бойынша ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен көзқарастарына сүйене отырып банктік қызмет аясының субьектілерінің көптеген армандаған шыңдарына көтерілу сәтін жақындату мүмкіндігіне қол жеткізуге себін тигізетін мынадай:

  1. Банктік қызметтің қоғамдық мемлекеттік маңызын адамдардың жалпы мүддесін жоғары болуына жол бермеу.
  2. Банктік қызмет пен банк жүйесін ұйымдастыру, реттеу, бақылау-қадағалау және басқару кезінде тек мемлекет мүддесі ғана көзделінбей, сонымен қатар жалпы қоғамның мүддесін тиісінше қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;
  3. Банк жүйеснің ауқымындағы барлық банктер мен басқа да ұйымдардың сондай ақ олардың клиенттерінің қандай да болмасын іс-қимылдарының тиісті нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылуына қажетті жағдай жасау;
  4. Жоғарыда баяндаған жағдайларға байланысты банктік қызмет аясындағы қоғамдық-мемлекеттік және жекеше мүдделердің мүмкіндігінше теңдестірілуіне атсалысу.
  5. Қазақстанның банк жүйесінің құрылу және даму принциптеріне қоса банктік қызмет негізінде жатқан принциптерді айқындау және оларды банк жүйесінің тиісті талартарына сай нақтыландырып заң жүзінде не болмаса оның ережелерінде белгілеу сияқты тұжырымға келуге болады.

Сонымен, «Ұлттық Банк туралы», «Банктер және банктік қызмет туралы» және «Лицензиялау туралы » ҚР Заңдарының желісіне орай қарастырып, талдау барысында мына:

  1. қазақстан Республикасының банк жүйесін екі деңгейлі етіп құру принцип;
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің тәуелсіздігін принципі. «ҚР Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңның 3-бабында Ұлттық банкінің тек ҚР Президентінің құзырында болатыны яғни басқа мемлекеттік билік органдарына бағынышты емес екендігі жөнінде айтылған. Осы жайларды бекіту мақсатында ҚР Ұлттық Банкісінің тәуелсіздігі принципінің қандай элементтерден құралатынын білуіміз қажет. Оларға: мүліктік тәуелсіздік; бюджеттік тәуелсіздік; қаржылық тәуелсіздік; инструменталдық тәуелсіздік; кадрлер жөніндегі тәуелсіздік жатады.

        Аталмыш екі принцип «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңның 1-бабының 1,2,4-тармақтарында, 9-бабының 1,2-тармқтарында, 11-бабының 1,2-тармақтарында, 30-бабының 1-тармағының жетрі тармақшасында, 12-бабының 1,3-тармақтарында, 13-бабының 1-3 тармақтарында, 15-бабының а) –т) тармақшасында, 16-бабының 1-3- тармақтарында, 18-бабының 1-4- тармақтарында, 19-бабының 1-5-тармақтарында, яғни солардың қағида-режелерінде көрініс тапқан.

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің заң жүзінде белгіленген өзіне тән функцияларын жүзеге асыруына байланысты жауапкершілігі принципі. «ҚР Ұлттық банкі туралы туралы » ҚР Заңның 7-бабының 1-тармағында және 2-тармағының 1-тармақшасындағы, 13-бабының 4-тармағындағы және тағы басқа баптардағы ережелерді салыстыру арқылы осы принцип банктік қызмет аясындағы өз орынын табады деп санаймыз. Әрине, экономикалықтәртіп ағымы мен мемлекеттік билік жүйелеріндегі әр алуан обьективті және субьективті құбылыстарға байланысты осы принциптердің іске асырылуы ойдағыдай болмай тұрғанын мойындайға тиіспіз.

4) Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды еліміздің банк жүйесін мемлекеттік реттеуге қатысты іс-қимылдармен байланыстыру принципі. Осы принципке негізделген банктік қызметтің экономикалық тиімділігінің орта түсетіні және қатысушылардың материалдық мүдделерінің айтарлықтай теңдестірілуіне қолжеткізілетін жөнінде Батыстағы нарықтық дамыған елдердің, сондай-ақ ТМД елдерінің, соның ішінде Ресей ғалымдарының тарапынан талданып, тұжырымдалған, салыстырмалы-құқықтық сипаттамасы беріліп, ғылыми негіздемелер жасалынған болатын.

Міне, осылайша банктік қызметті жүзеге асыру негізіндегі принциптердің кейбір мәселелеріне тоқталып өттік. Банктік қызмет принциптері көбінесе банктік құқық нормаларында бекітілген, сондай-ақ банктік қызметке қатысушылардың теориялық және практикалық іс-қимылдарында қолданылатын белгілі бір ғылыми ережелер түрінде көрініс табады. Банктік қызмет принциптерін негіздеу процестері;

  1. тек банктік қызметке қатысты аса маңызды обьективті-қажетті заңдылықтар мен қатынастарды көрсетуге тиіс;
  2. банктік қызметтің тұрақты өзара байланыстар мен қатынастарды және жағдаяттарды сипаттауға тиіс;
  3. банктік қызметтің тек өзіне тән айрықша ерекшелігін білдіруге тиіс деген талаптарға сай келгені абзал болады.

      Нарықтық экономика жағдайында өмір сүргенімізге он бес жылға аяқ бастық. Ал осы уақыт ішінде экономиканың құлдырағанында, ақшаның құнсызданғанында куәгер болғанымыз рас. Бұл сондай ақ жаңа мемлекетті құру, экономиканы тұрақтандыру және нарықтық экономикаға деген бейімді қалыптастыру кезең де болып табылады. Соңғы төрт жыл бойы экономиканың жылына орта есеппен 10,3 % тұрақты дамуы жалпыішкі өнімді 49% өсіріп отыр, бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең жоғарғы корсеткіш болып табылады (Ресейде- 28%, Украинада-29%, Молдавада-24%, Қырғызстанда-16%). Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 2006 жылғы 2660 доллардан 2007 жылы 2970 долларға дейін өсті. Қазақстанның алтын валюта қоры 69,3%  немесе 14,5 млрд. долларға дейін көбейген, оның ішінде Ұлттық банктің халықаралық резервтері 7,9 млрд долларды, ал Ұлттық қордың ақшасы 6,6 млрд долларды құрайды. Осындай орнықты дамуды мемлекеттік саяси тұрақтылықты, экономикалық, әлуметтік бағдарламалардың дұрыс талдап- жасалуы қамтамасыз етуде.

Банк жүйесі экономиканың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.Банк — мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында, валюта нарығында, депозит нарығында күшті позициялар иеленеді Банк жекешелендіру саласында белсенді жұмыстар істеуде. Қазіргі таңда елімізде 32 екінші денгейделі банк бар. Банктің құрылтайшылары болып оның акционерлері табылады. Ол ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылғаннан кейін қосымша жеңілдіктер иелене алмайды және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер жіктемейді.

       Қазақстан Республикасында екінші деігейлі банктердің барлығы 36 банк оның ішіндегі 3-мемлекеттік, 16-шетел капиталының қатысуымен Банк — өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ұлттық банк — бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта резервтерден , басқада материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырады. [5]

Екінші деңгейлі банктердің үш жыл ішіндегі капиталын салыстырып қарайтын болсақ 2005 жылы банк жүйесінде 790.541 мың АҚШ долларын құрайтын болса,2006 жылы 1.036.060 мың АҚШ долларын құрайды,ал 2007 жылы 1.115.661 мың АҚШ долларын құрап тұр, ал осы үш жылдың позициясы 100 пайызды құрап тұр. Өткен жылы банктердің жиынтық меншікті капиталы 38,6 пайызға ұлғайып 2,5 млрд долларға, ал жиынтық активтері 39,3 пайызға көбейіп 51,2 млрд долларға дейін өсті. Банктік активтердің 60 пайызы экономикаға кредит түрінде берілген, оның көлемі 6,7 млрд долларды құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы 14,5 млрд долларға жетті.

Қазақстандағы банк жүйесінің қалыпты дамуы бірқатар жәйттермен байланысты. Біріншіден, ол халықарлық стандарттарды дұрыс меңгере алмағандығымыздан, есеп және есеп беру, несиелеу және депозит дұрыс іске аспауында. Екіншіден, Ұлттық банк тарапынан қатаң пруденциялдық- нормативтік реттеудің нәтижесінде активпен міндеттеменің, меншікті капиталмен активтің, акционерлермен банктердің арасындағы шектеулердің дұрыс орындалуына және де банктер беретін ақпарат көздерінің ашықта дұрыс болуында. Үшіншіден, Депозиттерді сақтандыру кепілдік қорының құрылғандығы. Төртіншіден, екінші деңгейдегі банктердің соңғы екі-үш жыл көлемінде халықаралық қаржы институттарынан алып лтырған үлкен көлемдегі арзан бағалы және несие көздерінің болуы сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің арасындағы бәсекелестіктің артуында, соның нәтижесіеде соңғы жылдары сыйақы мөлшнрлемесі теңгемен берілетін несиеде 28 пайыздан 20 пайызға, доллармен берілетін несиеде 20-21 пайыздан 15-16 пайызға дейін төмендеді.

Қазақстанның банк жүйесінің ТМД-ның басқа елдерінің банк жүйесімен салыстырғанда көп ілгері тұр. Оған халықаралық рейтингтік агенттіктердің беріп отырған жоғары бағалары дәлел. Еуропа Одағына қабылданған Венгрия, Болгария, Польша және Балтық мемлекеттерімен бір деңгейдеміз. Біздегі банк жүйесінің негізгі және басты айырмашылығы ол жеке меншік капиталымен бақылануда, ал Ресейде мемлекеттік қатысуы басым. Стратегиялық салалардан басқа салаларда жеке меншік капиталының басым болғаны жөн, ол оңтайлы басқаруға, бақылауға және үлкен жетістіктерге жетуге бейімді. Бұл нарық заңы. Оған дәлел, орта есеппен алғандағы инфляцияның жылдық көрсеткіші Ресейде біздегімен салыстырғанда екі есе жоғары, экономикаға берілген кредит көлемі ЖІӨ-нің Ресейде 10 пайызына жетпейді-25,0 млрд. доллар, Қазақстанда 23,5 пайыз немесе 6,3 млрд. долларды құрайды         ( Ресейде ЖІӨ-268,0 млрд. доллар, Қазақстанда -26,7 млрд. доллар).

Жоғарыда атап өтілген оң істермен бірге, банктік жүйенің кемшіліктері да бар екендігін айта кеткен жөн.Бұл бәрімізге  белгілі несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өте қымбаттығы, ұзақ мерзімді кредиттің аздығы. Рас, екінші деңгейдегі банктер тарапынан сыйақы мөлшерлемесін төмендетудің толық қолдау таппай отырғандығын мойындауымыз қажет, бірақ кейбір банктер несие  көздерінің өзіндік құнының жоғары болуына байланысты бірден төмендету шараларын қолдана алмайды. Себебі, 1999-2002 жылдар аралығында шығарылған 5-7 жылдық облигациялық құнды қағаздардың 11-12 пайыздық сыйақы шығындарын толық төлеп бітірмей, арзан сыйақы белгілеу саясатын әкімшілік жолмен тану нарықтық экономиканың негізгі заңдарына қарама-қайшы келетіндігі айдан анық. Бұл орайда мәселе әділ бәсекелестік жолымен шешілуі керек.

Ал бәсекелестік өз кезегінде кейбір банктердің әкімшілік-шаруашылық шығындарын азайтуына, қызметкерлер санын қысқартуына, таза пайда таппаған банктердің жабылуына немесе бірігуіне алып келеді. Міне, осындай ережелерді сақтаған жағдайда ғана әділ сыйақы мөлшерлемесін, жылдам алынатын несие көздерін және сервистік қызметтік жақсаруын күтуге болады

    Банк жүйесі Парламент, Үкімет тарапынан да ұдайы қолдау тауып отыруы қажет. Бұл дегеніміз, заң ережелерінің өзгермеуі, құнды қағаздар рыногын дамыту, мемлекеттік құнды қағаздардың сыйақы мөлшерлемесінің жалпы жылдық инфляция деңгейінен төмен болмауы және зейнетақы қорларының портфельдік мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.Әрине, банк жүйесі жұмысын насихаттауды жарнама қызметі деп түсінбеу керек, жұрттың банкке сенімін арзан жарнамамен жоғалтып алу оңай.

Халықтың банкке деген сенімін арттыру шараларын жалпымемлекеттік саясат деп таныған жөн. Банк тек қана ақша аудару қызметін көрсетпейді, ол сонымен бірге қор жинау, сақтау, төлемақы қабылдау және пайда көзін табу функциясын атқарады. Болашаққа деген сенімді күнделікті пайдаланып жүрген ұлттық валютамыз –теңгеден сезінсек, жүргізілген реформалардың жемісті болғандығы емес пе.

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы  1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Банктер және  банк қызыметі туралың Заңынан бастау алады. Елімізде қабылданған заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикадағы  банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк –Қаз КСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк- коммерциялық банктер жүиесі. Банк — өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру негізінде қызымет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражаттарын тарту орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Ұлттық банк — бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта резервтерден , басқада материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банкттерден несие ала алады.Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері — 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндармен шығындардың орнын жабуға арналады. Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстармен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнотпен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады. Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резекрвтік қорды абсолюттік соммада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк  және оның мекемелері барлық салықтармен алымдар төлеудне босатылады. Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасының Президентінің алдында есеп береді. Ұлттық банктің функционалдық құрылымына департаменттермен басқада бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттерімен ұйымдары кіреді. Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің басқармасының құрамына:

— ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;

— ҚР Президентінен бір өкіл;

— ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бқл жерде екінші денгейдегі банктер туралы айтылып отыр. Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі

1.Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

   — мемлекеттік;

   — акционерлік;

   — жеке;

   — пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

   — аралас (шетел капиталының қатысуымен);

2.Операцияларының түрлеріне қарай:

   — әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызымет корсететін банктер;

   — маманданған, яғни бір ғана салаға қызымет корсететңн банктер.

  1. Аумақтық белгісіне қарай:

     — халықаралық;

     — мемлекетаралық;

     — ұлттық;

     — аймақтық;

4.Салалық белгісіне қарай:

     — өнеркәсіптік банктер;

     — сауда банктер;

     — ауыл шаруашылық банктер;

     — құрылыс банктер.

5.Филиалдар санына қарай:

      — филиалсыз;

      — көп филиалды.

  «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихының тамыры сонау 1925 жылдың 15-ші қазанынан бастау алады. Қазақстан халықтары шаруашылығының Орталық Кеңес Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банктің (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылады.

      Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелері әртүрлі қайтақұрылымдарды басынан өткерді. Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстанның аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электрошаруашылық және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылады. 1949 жылғы 11 шілдедегі Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылады. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертіледі. СОКП ОК және КСРО Министрлер кеңесінің 1987 жылғы 17 шілдедегі «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 Қаулысына сәйкес үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк қалыптасты:

КСРО Мемлекеттік банкі;

КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;

КСРО Сыртқы экономика банкі;

КСРО Агроөнеркәсіп банкі;

КСРО Тұрғын құрылыс банкі;

КСРО Жинақ банкі.

       КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің 1991 жылғы 4 наурыздағы № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі — Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі «Тұранбанк» болып өзгертілді.

ҚазКСР Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысы бойынша «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банк болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ-нің филиалдар желісі 66 филиалдан құралды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісімнің негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің 1990 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

      1992 жылғы 14 ақпандағы №3 жиналыс құрылтайшыларының шешімімен 1992 жылы 28 тамыз айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы қабылданады. № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының «Сыртқы экономикалық қызмет» банкі «ALEM BANK          KAZAKHSTAN» «Қазақстанның Сыртқы экономикалық қызмет банкі» деп қайта аталады. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. «Alem Bank Kazakhstan» Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды.  «Alem Bank Kazakhstan»АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалдық орталықтан тұрды.

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы» №73 қаулысының негізінде «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалады.

     «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы («ТұранӘлем Банк» ЖАҚ) 1998 жылы қазан айының 1 жұлдызында «ТұранӘлем Банк» Ашық акционерлік қоғамы – «ТұранӘлем Банкі» ААҚ болып өзгертіледі .

2003 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызында қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік қоғам болып өзгертіледі.

ЕҚДБ-мен ынтымақтастық құру Банк қызметіндегі стратегиялық маңызды элемент болып табылады. Атап айтатын мәселенің бірі – ЕҚДБ-нің 2001 жылы 4 шетелдік инвесторлармен банк акционерлерінің құрамына кіруі. Банктің өкілі Банк Директорлары Кеңесінің қатысушысы болып табылады. ЕҚДБ бөлген қаражаттың жалпы сомасы арнайы жасалған белгілі бағдарламалар аясында 152 миллион АҚШ долларын құрайды. ЕҚДБ 2003 жылдың бірінші жартысында төрт жылдық синдикатталған қарыз берді. Бұл несие шетелдік коммерциялық банктердің орташа мерзімді қаржыландыру рыногын ашуымен ерекшеленеді. ЕҚДБ үлесі 10 миллион АҚШ долларын құрады, 20 миллион АҚШ доллары Еуропаның аса ірі коммерциялық банктерінің синдикаты жолымен тартылды.

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Банктің еншілес компанияларына бағдарламалық қарыздар беруде. Мысалы, БТА Ипотекаға 15 млн. АҚШ доллары, БТА Лизингке 5 млн. АҚШ доллары қарызға берілді.ТӘБ мен ЕҚДБ бірлесе отырып ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 25 млн. АҚШ долларына астық қолхаты бағдарламасын табысты іске асырды. 2001 жылдан бастап “ТұранӘлем Банкі” АҚ Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдерімен бірге ЕҚДБ-нің “Астық қолхаттары” бағдарламаларын іске асыру барысында жұмыстар жүргізуде. Бұл бағдарлама негізгі екі (бірінші және екінші) фаза аясында қаржы тартуды көздейді.“Несие желісі” деп аталатын бірінші Фаза жыл сайын 25 миллион АҚШ доллары сомасына игеріледі. Ағымдағы қаржыландыру 2003 жылғы 18 шілдедегі Несиелік келісім аясында жүзеге асырылады.IFC, банктің акционері бола отырып, жалпы сомасы 15 млн. АҚШ долларына ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға қарыз бөлу арқылы ТӘБ-мен кешенді түрде ынтымақтастық құрады. IFC Банктің өзіне, сондай-ақ еншілес компанияларға стратегиялық әріптестер табу және тарту бойынша Банктің серіктесі болып табылады. 2005 жылғы сәуір айында IFC Жапонияның ORIX компаниясы (Япония) және ORIX Лизинг Пәкістан компаниясымен бірлесе отырып БТА Лизинг компаниясының капиталына бірлесе қатысу мәселесіне қатысты келісім жасады, бұдан кейін компанияның атауы БТА ORIX Лизинг болып өзгерді. FMO, банктің акционері бола отырып, жобалық қаржыландыру және айналмалы капиталды қаржыландыру бойынша қосалқы қарызгерлерді несиелендіруге қаржы беру аясында Банкпен ынтымақтастық құрады. East Capital Шығыс Еуропа елдерінің қаржы рыногына маманданған активтерді басқару бойынша көшбасшы тәуелсіз компания. East Capital 2,7 миллиардтан астам еуроны басқарады. Өзінің инвестициялық стратегиясын нарықтың терең білімдеріне, жан-жақты талдауға және менеджерлер мен қор талдаушылары тарапынан жиі инспекциялауға негіздейді. Компанияның бас офисі Стокгольм қаласында, өкілдіктері Париж, Гонконг, Таллин, Мәскеу мен Осло қалаларында орналасқан.

       ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 17 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. ТӘБ-те бүгінде:Шамамен 750000 клиенттері;

Қазақстан бойынша 22 филиалдар мен 200-ге жуық есеп-айырысу бөлімдері;

Украинада, Беларуссияда, Ресейде, Қырғызстанда, Арменияда, Грузияда, Тәжікстанда, Біріккен Араб Эмираттарында және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар; Украинада, Беларуссияда, Ресейде, Арменияда, Грузияда 10 коммерциялық банктер – стратегиялық әріптестері бар. Ержан Тәтішев қоры

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры ТұранӘлем Банкі топ-менеджерлерінің бастамасы бойынша 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді.

       Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қорды Қазақстандағы, сондай-ақ басқа да елдердегі оның қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін Қамқоршылар Кеңесі басқарады.

ТұранӘлем Бзі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Евромани» журналы «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деп таныды, ал ТӘБ-тің мұнай құятын танкерлер импортын Ресейден Қазақстанға ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша мәмілесі «2005 жылдың үздік мәмілесі» деп танылды. 2006 жылы «Euromoney» комиссиясы ТұранӘлем банкі қолданатын технологиялар мен өнімдердің рынок үшін инновациялылығын ескере келе , «Еуропаның дамушы рыногының үздік несие алушысы» атағын берді, ал Ұлттық Тұтынушылар Лигасы Қазақстандағы «үлкен үштік» банктердің арасындағы банктік бөлшек сауда сапасын зерттей келе, «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісімен  марапаталды

ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2004 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші денгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соны ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға Қазақстан даму банкі мен Эксим банк, ал шетел капиталының қалыптасуымен (100%- 10банк, 50%-аса- 4 банк) құрылған банктерде саны -14, оның ішінде, еншілес банктер-10. Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құрылған.

Акциялар екі түрге  бөлінеді жай және артықшылығы бар акция. Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатысушыларының  меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құрыуға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы  құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50 пайызы төленуі тиіс. Ал тіркеуге алынған кезеңнен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған соммасы толық төленуге тиісті.жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді басшылық.

 Банктік жүйе — нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрамдарының бірі. Банктердің және тауарлы ақшалай  қарым- қатынастардың даму тарихы тұрғыдан  қатарлас жүрді және оларды бір бірімен өзара тығыз байланысты нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарды. Банктік жүйенің мақсаттары мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттарымен міндеттері  бірдей, әйтседе банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма- қолсыз есеп айрысу арқылы экономиканың үздіксіз қажет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер өз қызметін орындау кезінде функционалдық экономикалық салалық (министерствовалық. Компания фирмалар) және аумақтарды(жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Банктік жүйеде қоғамның барлық  ақшалай қорларды шоғырландырған  мемлекеттік шаруашылық  буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізуді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік  үрдіске әсер етті. Нарықтық  қатынастардың  дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. [6]

Банктік жүйенің негізгі мақсаты — несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдітерін жетілдіру, есеп айрысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз — төл тенгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 пайызға жетті. Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарлату және сауықтыру бантерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолбағыс етеді. Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырды.

Екінші деңгейдегі банктер жүйесін одан әрі дамуы мен үзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі- ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтікфирмалар, клиринктік палаталар т.б түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші денгейдегі банктерден тұратын болады.

Екінші денгейдегі банкті капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі тиісті және корпоративті бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша диллерлік операциялардан басқ банк қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады. Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, үздерінің белгіленген өзіндік қызыметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда болады және олардың қызыметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.

Банктік жүйенің аумақты дамуының бір қалыпты еместігін ескергенде, Қазақстанның үлкен аумағында банктік инфрақұрылымның дамуындағы мәселелерді шешудің мүмкін болатын бірден-бір әдісі- пошта, мемлекет немесе басқада банктер тарапынан бақыланып отыратын банктік қызыметтің жеке түрін көрсететін пошталық бүлімшелердің жерлерін қолдану болып табылады. 1998 жылы ҚР Ұлттық банкі « Екінші денгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу туралың ережесін қабылдады. Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отыз бірінші топқа кірді, әрі олар 1998 жылдың соңына дейін халықаралық стандартқа өтуі тиіс, ал қалған отыз банк екінші топқа кіреді, оларға 2000 жылға дейін халықаралық стандарттарға өту жіктеледі. Қалған 17 банктер несиелік серіктестерге, не олар ірі банктермен қосылуына болады шешім қабылдап оны бүгінгі таңда іс жүзіне асырды.  

Банктік заңдардың нормаларымен бекітілген қағида ережелер мен принцптерге негізделген кәсіпкерлік қызыметтің бір түрі және мемлекттің ұйымдастырушы құқықтық ықпалының аясындағы банктік қызымет өзінің экономикалық, сондай-ақ құқықтық мән жайлармен ерекшелененді. Осы банктік қызымет аясында, көбнесе ақша несие және қаржылық қатынастар жүйесі жатады. Бүгінде, нарықтың даму талаптарымен ықпалына орай банктік қызыметтің мақсаттары мен принцптері жіне құқықтық негіздері айтарлықтай үзгерістерге ұшырауда. Әсіресе банктік қызыметтің принцптік негіздерінің заман түрленуіне сай келмеуі де банк жүйесінен орын алып отыр. Осыған қарамастан банктік құқық аясында қарқынды жүзеге асырылып жатқан банктік қызыметтің қоғамдық мемлекеттік мкғызы күн санап өсе түсуде, оның себебіне аталмыш аяны реттеуге мемлекет мүддесін көздей отырып құқық салаларының басымдылығын жатқызуға болады. Мемлекет мүддесіне орай жүзеге асырылатын банктік қызымет  ұлттық валюта- теңгенің бағамына қолдау көрсету, банк жүйесін дамыту және оның тиімділігін жоғарылату, есеп айырысу оның ішінде ақшасыз есеп айырысу жүйесінің айтарлықтай қалыптастырылып, қызмет атқарылуына назар аударылу, несиелену қатынастарының экономикалық және құқықтық негіздерін жетілдіру арқылық несиелік жүйенің тиісінше жұмыс істеуіне жағдай жасау іске асыру арқылы айқындалады.

Банктік қызметті мемлекеттің уәкілет айрықша қаржылық кредиттік өктем өкілеттік берілген органдары ретінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан даму банкінің мемлекеттік ақша- несиелік және біршама деңгейдегі қаржылық саясатын бірінші кезекке, ал өз қызметтер барысында жасалған шығындарын қалпына келтіруге байланысты банктік операциялармен мәмлелерді екінші кезекке  қою арқылы іске асыру осыны дәлелдейді. Ал банк жүйесіедегі коммерциялық банктер өздерінің операциялары мне басқада мәмлелерін барынша пайда табуды көздей отырып жүзеге асырғандықтан олардың қызметтері кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Бұл жерде банктік қызмет, оның қаржылық нәтижесі және банктік құқықтық қатынастардың өзара тығыз экономикалық байланыста анық байқалады. Сонымен бірге банктік қызметтің қоғамдық- мемлекеттік сипаты конституциялық, әкімшілік, қаржылық салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Банктік қызмет қаржылық, валюталық және несиелік реттеудің нысаны болып табылады. Осы айтылған мән жайларды түйінедесек мынадай:

 

ІІ.2 Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі.

 

    ТӘБ – бұл әмбебап, қарқынды дамушы банк, оның штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан. ТӘБ қаржы қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі дамушы нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында ТӘБ жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда.

       Банктің негізгі бәсекелік артықшылықтарының бірі – өзінің жаңа нарықтарға қатысуын дамыту, өз өнімдерінің қатарын ұдайы кеңейту немесе бейімдеу, нарық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жоғары технологиялық қызметтерді ұсыну дайындығын көрсететін инновация мәдениеті.

     ТӘБ-тің қарқынды дамуының негізгі көзі – өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру. Банк мыналарға сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі ойыншы болуды көздейді:

      Жергілікті нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін тереңірек білу, бұл нарықтағы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге мүмкіндік береді;

      Қазақстанның алдыңғы қатардағы нарығында бизнесті жүргізудің едәуір жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені тарту, бұл жергілікті банктермен тиімді түрде бәсекелесуге мүмкіндік береді;

Стратегиялық серіктестердің, соның ішінде арнаулы халықаралық компанияларды өздерінің еншілес ұйымдарына тарту арқылы олардың кең желісін құру.

       ТӘБ ТМД-дағы ірі жеке меншік банк болуға ұмтылады. Сондай-ақ Банк ТМД-ның ірі сауда серіктестері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, Қытай және басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды пайдалануды көздеп отыр.

2015 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, ТұранӘлем Банкі келесі мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды:

Нарықтағы үлесі бойынша:

Қазақстан — 25%-дан кем емес

Ресей — 2%-дан кем емес

ТМД-ның басқа елдері — 5%-дан кем емес

АҚШ долларындағы активтердің көлемі бойынша:

2010 — 25 млрд. $-дан кем емес

2015 — 50 млрд. $-дан кем емес

    Банк дегеніміз — бұл, ең әуелі, оның клиенттері. Біз тұтынушыларымыз өз ақшаларын тиімді орналастырып, банк қызметінен жеткілікті дәрежеде пайда алуларына бар жағдайды жасаймыз.

Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда ТӘБ клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.

ТӘБ-тің несиелендірілмейтін өнімдер бөлігінде депозиттердің бірнеше түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына қарай, жеке қызмет көрсетеді

      Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне,   толық  бағалы  емес   активтердің  үлес   салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады. Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Коммерциялық банк дегеніміз- ақша қаражаттарымен болатын операцияларды, сондай-ақ оған заңмен жүктелген басқада банк операцияларын жүргізу арқылы табыс табуды көздейтін мекеме. Банк операциялары пассивті және активті болып бөлінеді, банк пассивті операциялар арқылы кредит беру үшін ресурстар құрайды, ал активті операциялар арқылы  осы ресурстарды пайда табу мақсатында пайдаланады. Коммерциялық банктердің активтерінің  құрылымын коммерциялық банктердің активтерінің бірнеше түрі бар. Оған мыналар кіреді: Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар, несиелер, бағалы қағаздарға жұмсалатын инвестициялар, банктің ғимаратымен жабдықтары. Ал өтімділігіне қарай активтер үш түрге бөлінеді. [7]

Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар. Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.

Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген  несиелердің  бәрі,   сондай-ақ   50   (кепілхат   және  кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.

Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді және ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.

 Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

1-топ. Алғашқы резервтер — бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

Касса;

Орталық банктегі  корршоттагы  және  өзгеде  шоттардағы ақшалай қаражаттар;

Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;

Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.

2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:

Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;

Талап етілетін несиелер (онкольдық);

Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты — алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.

3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі — банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.

4-топқа инвестиииялык портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралың ережесіне сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді.

Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

Аталған ережеге сәйкес активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.

Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.

Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады.

       Провизиялар — активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы провизиялар — бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.

Арнайы провизиялар — бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.Несие-есептеу операциялары — ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.      

Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100%-ға дейін құрылады.

Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге байланысты топтастыруға болады:

борышқордың типіне байланысты — кәсіпорынға, үкіметке  және  жергілікті  үкімет  органдарына,   халыққа,басқа банктерге берілетін қарыз;

пайдаланатын мерзіміне байланысты — қысқа мерзімді (1 жылға дейін),  орта мерзімді  (1 жылдан  5  жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);

қызмет  ету   ортасына   байланысты   —   өндіріс   аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;

борышқордың     қай     салаға     тиістілігіне   қарай — өнеркәсіпке,   саудаға,   ауыл   шаруашылығына,   транспортқа берілетін қарыз;

қамтамасыз    етілуі    бойынша — кепілді,    қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етілмеген (бланктік).

 Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері (қағидалары) сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарылымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.

Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит) несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда, Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған.  Контокоррентік шот деген несиелік шотпен ағымдағы (есептесу) шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық) клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі.

Актив операцияларының жалпы бірнеше түрі бар. Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада) банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт — клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы — контокорентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол — клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.

Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент арасында келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті.Несие линиясы бір жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ және қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады. Әйтседе, егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің аяқталуы мерзіміне дейін оны жою кұқы банкте болады. Несие линиясы  банк  жоғары  сенім   көрсеткен   бірінші   класты   борышқорға қолданылады. Келісім бекітілгенде клиенттің несие линиясы лимитінің 20-30% көлемінде орнын толтыратын (компенсационный) аз қалдық сақтау жағдайы көрсетілген құжат қоса тіркеледі.

Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі -несиелік шотты пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие сомасы несиелік шоттың дебетінен клиенттің ағымдағы (есептесу) шотының кредитіне аударылады. Есеп-төлем құжаттары борышқордың несиелік шоты-нан тікелей төленуі мүмкін.

Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының. (синдикат) көлемді сома беретін синдикаттык несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда қатысушы-банктің біреуі басқарушы  және төлеушінің өкілі қызметін атқарады. Германия мен Жапонияда консорциум-дық несие де кең дамуда. Ол синдикаттық несиеден екі және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі сомаға (30 млн. АҚШ долл. жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің, басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері көрсетіледі.

Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы капиталын несиелеп, оның, несиелік тәуекелін өзіне алады.

Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қаблеттілігін талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау қауіпін банк (фактор) өзіне алатындықтан, ол жеткізушіге шоттың жалпы сомасының 80-90%-ін бірден өзі төлеп, ал қалғанын (резервін) дебитор қарыздың  барлық сомасын өтегеннен кейін ғана қайтарады. Коммерциялық банктер несиенің осы түрін дамытып, өз операцияларын кеңітуге қосымша мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және клиенттерімен байланысын нығайтуға қол жеткізеді.

Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен қатар банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы-кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг объектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол  сома жабдық алуға жұмсалуы мүмкін.

Коммерциялық  банктердің  келесі  маңызды   операциясы  бағалы  қағаздармен  жүргізіледі:  банк   өз   портфелі   үшін бағалы     қағаздарды     сатып     алу     (инвестиция),     жаңадан шығарылған   бағалы   қағаздарды   (үлесті   қағаздарды-негізінен  акцияларды)  ұстаушылар  арасында  алғашқы  орналастыру, клиенттің тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату (бағалы қағаздардың екінші  айналымына қызмет ету),  бағалы қағаздар шығаруға қарыз  беру.  Ондай бағалы қағаздар жай және артықшылықты акциялар, облигациялар,  мемлекеттік  қарыз міндеттемелері,  вексельдер  және т.с.с.  қағаздар  болуы  мүмкін.  Мысалы, банктің вексельдермен   жүргізетін   актив   операциялары:   есептеу   (дисконттық) және    қайта    есептеу операциялары,    несие    беру,    акцепт бойынша   операциялар,   инкассациялау,   вексельдік   кепілдік беру және т.с.с. операциялар.

Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты  мақсаты — дивиденд және процент түрінде қосымша пайда  табу. Бағалы қағаздардың табыстылығы оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі ұзақ болған сайын, бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді (ауытқиды). Сондықтан коммерциялық банктер үшін қысқа  мерзімді   бағалы   қағаздарға   ақша   жұмсау  ұзақ   мерзімді қағаздарға ақша салудан гөрі тиімділеу.

Сонымен коммерциялық банктердің активінін бұрыннан қалыптасып және қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты — несие беру (несие-есептеу) операциясы және бағалы қағаздармен операция (қор биржасындағы). Бұл операциялар банк балансының 80%-ін құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцепттік, шетел валютасымен, қозғалмайтын  мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен (тартылған) қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.

Нарықтық экономикаға өту барысында маңыздылығы жағынан ақша-несие қатынастарын басқару жүйесінің тиімділігі сияқты айғақтармен теңестірілетін еш нәрсе болмайды.

   Әсіресе, соңғы бес-алты жылдар ішінде еліміздің банк, кредит жүйесі айтарлықтай дамып, өркениетті елдердің банк, кредит жүйелерімен терезесі тең болып отырғанына көзімізді жеткіздік.

   Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері халықаралық және аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдарының бірқатарына мүше болып, ынтымақтастыққа шаралар жүргізуде.

    Кредит-банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Осы арқылы шаруашылық субьектілері мен халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға айналдырады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Республика кызметінің түбегейлі принциптері – қоғамдық татулык пен саяси тұрақтылық; бүкіл халыктың игілігін көздейтін экономикалык даму…»- деп көрсетілген.

     Яғни қазіргі кезде экономика өте күрделі жүйені құрайды, сондай-ақ, бұл жүйенің әрбір бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан өте маңызды роль атқарады.

     Сонымен қатар, нарықтық экономика аясында өз мүдделерін көздеп жүзеге асыратын мемлекеттік емес банктерден басқа, мемлекет мүддесін көздейтін және оның қаржылық органы, агенті болып есептелінетін мемлекеттік банктердің де несие беру, есеп айырысу және тағы басқа операцияларды жүргізетіні белгілі.

     Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпкерліктің дамуы барысында банктер рөлі жылдан-жылға өсуде.

    Қазіргі кездегі экономиканың ауыспалы кезеңінде біздің мемлекетіміздегі банк жүйесін басқарудың маңызы өте зор. Себебі, банктердің атқаратын функциясы мемлекеттқң экономикалық құрлысымен тығыз байланысты.

    Көп уақытқа дейін банктер мемлекеттік органдар болып табылды және экономиканы басқарудың әкімшілік-мамандық жүйесінің элементі болды. Соның нәтижесінде мемлекеттегі банкілік істі ұйымдастыруда алғашқы кездегі тәжірибелер мен дәстүрлер өз маңызын жоғалтып алды. Бүгінгі таңда рыноктық экономиканы құра отырып, біз бұрын жоғалтып алған жетістіктерімізге қайта қол жеткізуіміз керек.

     Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік қызмет саласындағы ақша-кредит саясаты қарқындап дамып келеді. Бұл мемлекетіміздің экономикасының біршама тұрақталуына, сонымен қатар нарықтық қатынастардың ілгері қарай жылжуына өз септігін тигізуде.

     Әсіресе, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері несие мәселесі үлкен проблемаларға айналуда. Алайда несиенің нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқаратыны айқын.

     Біріншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады.

     Екіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар қолма-қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымын жеделдетеді.

     Үшіншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.

     Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырландыруын тездету қызметін атқарады.

     Несие әсіресе, бәсекелестік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.

     Нарықтық экономикамыздың қалыптасуы және дамуы осы несие қатынастарымен байланысты. Қазақстанның нарықтық мемлекет ретінде дамуы жағдайында аса назар аударылатын ая мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық процестерге айтарлықтай ықпалын тигізетін өте қуатты құрал ретінде қарастыратын банктік қызмет аясы болып табылады.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: Экономиканы ілгерілету мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз»-деген болатын.   

Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің ол әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша қаржы секторының даму деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен бірнеше жыл алда келеді.

   Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қол жеткізгендерге тоқталып қалмай, мынадай кезеңнің міндеттерін шешуге көшуді бастауды дұрыс деп есептейді: таяу жылдарда қалыптасатын макроэкономикалық үрдістерді және валюта заңдарында болатын өзгерістерді ескере отырып, орташа мерзімдегі болашақта дамыту бағыттарын айқындау қажет.

   Қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қазіргі кезеңге негізгі міндеттер мен дамыту бағыттарын анықтауды болжайды және ақша – кредит саясатын дамыған елддерде қабылданған стандарттарға (мысалы, Еуропалық одақ стандарттарына) барынша жақындатудың басым бағыттары ретінде айқындайды.

            Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын таратудың жалпы формаларын іздестіруде, себебі, ақша жинақтаудың бҰрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етуі төмен деңгейде жүруде.

  Бүгінде, нарықтық экономика аясында кәсіпқой тұрде іске асырылып жатқан қызметтердің ішінен банкілік қызметті жеке-дара бөліп шығаруға болады. Себебі, қандай да болмасын кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтің метериалдық негіздері қаражаттар, яғни өздерінің немесе қарызға алған ақшалары болып саналады. Осыған байланысты, нарықтық процесстер несиелік капиталдардың көмегінсіз, олардын тыс жұзеге асырылмайтынын білуге тиістіміз.

  Тауарларды артық өндіру кезінде ақша айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.

   Жинақталған ақша ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал – несие болып табылады.

  Халықтың қаржылық қалыптасу, қолдау, даму бағыттарының алғашқы көздері несиелік (ипотекалық, лизингтік, ауыл шаруашылық, тұтыну т.б) бюджеттік қатынастардағы әлеуметтілікті қорғауды жетілдіру мәселелері.

       Несие дегеніміз – ссудалық капиталдық мерзімділік,  қайтарымдылық және ақылылық негізде іске  асырылатын  қозғалысы.

      Несие  экономикалық  категория  ретінде – ақша  қаражаттарының  жиынтығы  емес,  қоғамдық  қатынастардың  белгілі  бір  түрі. Сонымен, несие деп кең мағынада – экономикалық серіктестіктер арасындағы келісім-шарттар, ссуда нысанындағы, яғни мүлікті немесе ақшаны басқа тұлғаға процент төлеу және қайтарылудың мерзімін ұзарту шартында беру.

     Ал, тар мағынада несие деп-ссудалық капиталдың қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады. Несиенің тар мағынасы тек ақша қарыздарын ұйғарады. Айналым процесінде босатылған фирманың ішкі құралдары несиенің қайнар көздері болып табылады.

    Несие барлық  уақытта  белгілі  бір  шарттармен  беріледі.  Несиелеу  шарттары  дегеніміз – несиелік  мәмленің  пайда  болуы  және  оны  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  қатынастардың  жиынтығы. Сол  шарттардың  ішінде  маңызды  екеуі  бар.

      Біріншіден,  несиелік  мәмлеге  қатысушылар  ерікті  болуы керек, яғни, атаулы  субьектілер  экономикалық  байланыстардан  туындайтын  міндеттемелерді  орындай  алатындығына  материалдық  кепілдік  беру  қажет.

     Екіншіден,  несиелік  қатынасқа  қатысушылар  рынок  заңдарынан  басқа  мемлекет  заңдарын  да  сақтауға  міндетті.  Несиелеу  туралы  заңдарды орындамау тараптарды  әр  түрлі  мәселелерге  әкеліп  соғады.

     Көріп отырғанымыздай, несиелік қатынастардың дамуы  экономикалық  мүдделерге  ғана  емес  рынок  заңдарына  да  тәуелді.  Құқық  несиелік  қатынастарды  реттеудің  маңызды  құралы  болып  табылады. Бірақ, ол  субьектілердің  экономикалық  мүдделерін  қорғау  құралы  ретінде  көрінетіндігін  де  ұмытпаған  дұрыс.

  Несие  несие  беруші  мен  қарыз  алушының  мүдделері  сәйкес  келгенде  ғана  қажеттқ  болады.  Тараптардың  біреуі  ақша  қаражатын  несиеге  беруге,  ал  екіншісі  сол  несиені  алуға  мүдделі  болуы  керек.  Алайда  мәмлеге  қатысушылардың  мүддлері  уақыт  және  кеңістік  бойынша  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сапасы  жағынан  да  сәйкес келгенде, яғни, несие  жөнінде  қандай – да  бір  экономикалық  операция  емес, өзара  келісім  болғанда  несиелік  қатынас  шындыққа  айналады.

Әрине Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты саласын былай қойғанда, оның жекелеген банктерге әсер ету аясында тепе-теңдік пен тежеу жұйесін ұйымдастыру қажет деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Қорытынды

 

Банктік қызметтің құқықтық негізі болып табылатын құқықтық нормаларды нормативтік маңызы бар принциптердің ерекшеліктерін есепке алмай пайдаланудың оң нәтиже бермейтіні белгілі. Демек, құқықтық нормалар қатысты құқық принциптеріне сай болуға тиіс. Осыған байланысты банктік қызметке қатысты принциптердің қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті баптарына назар аударып, қарастырып өту қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;

 Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi тағайындайды; Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілінің болуына құқылы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2-тармағында:»Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; » деп көрсетілген. Банктік қызметтің маңызды қыры қоғам мен мемлекеттің мүддесін көздейтін экономикалық мән-жайы бар құқықтық қатынастарда көрініс табады.

Республика Үкіметті мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргіздеді. Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Даму банкі өз өкілеттіліктері шегінде жалпы мемлекеттікмүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге атсалысады.

Банктік қызмет аясында «Қазақстан республикасында қолданылатын құқық  конституциясының соған сәкес заңдардың өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республикалқ халқралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ РеспубликаКонституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтікқаулыларының нормаларыболып табылады»

Қазақстанның жүйесінде халықаралық банктік қызметтер стандарттары міндеттітүрде қолданылады, «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық принциптері мен нормалардан құрметтейді…»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі мен Даму банкісі қазақстан Республикасы Үкіметі мен қаржы министрлігі қызметтерінің басымды бағыттары ақша-несие қаржы саясатын іске асыру  барысындағы тиісті іс-қимылдары арқылы мемлекет атынан билік жүргізу болып табылады.

Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР Конституциясы,3-бап, 4-тармағы) Осы баптың қағидалары атқарушы және сот билігі органдарының тиісті заңды негізінде банктік қызмет аясында белгілейтін құқықтық режимдерінде көрініс тапқан.

Банктік қызметті ерікті еркін түрде арқылы экономикалық белсенділік көрсету құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес туындайды. «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. » Осы кәсіпкерлік қызметті яғни банкілік қызметті жүзеге асру еркіндігі принципі жөнінде ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағында «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүмкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тиым салынады. «

Шетелдік  капиталдың  банк  секторына  келуіне  біз  Қазақстанға  көрсетілген  сенім,  қажетті  қаржылық  қолдаудың  көзі  және  банк  қызметінің  халықаралық  озық  тәжірибесі  ретінде  қараймыз.

Біздің  қаржы  жүйемізді  құрылымдық  реформалауды  одан  әрі  жалғастыру  қажет. Мұның  құнды  қағаздар  рыногын,  қазіргі  заманғы  қаржылық  құралдарын  дамытуға,  банкроттық  туралы  заңдарын  жетілдіруге, сот  жүйесін  терңдете  реформалауға қатысы  бар.

Бізге  жеке  сектордағы  да,  сонымен  бірге, мемлекеттік  сектордағы  да  жүйелік  тәуекелдерді  басқаруды  дамытуда  икемді  де  сенімді  жүйесін  құруы  керек.

Сондай-ақ,  күптеген  ахуалдарға  қарсы  шапшаң  іс-қимылдар жасау  шараларының  жүйесін  әзірлеу  міндеті  тұр.

Халық  пен  бизнестің,  оның  ішінде  шетелдіктердің  де  сенім  деңгейі елдің  қаржы  жүйесі  тиімділігінің негізгі  критерийіне айналуы  тиіс.

      Қорытынды ретінде айтсақ, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейіндегі коммерциялық банктерге қатысты ұйымдастыру-құқықтық шаралары осындай көрініс тапқан. Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің тікелей және жанама басқарушы– реттеуші қызметтері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауды, ақша-кредит жүйесінің және қаржы жүйесінің тұрақтығына қол жеткізуді, банктердің, банк кредиторларының, банк салымшылары мен өзге де клиенттерінің мүдделерін қорғауды, Қазақстан Республикасының валюталық жүйесін дамытуды, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда банктік, сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді, қаржылық-ұйымдардың қаржы рыногындағы адал бәсекені қолдауға бағытталған қызметтері үшін тең құқылы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

 

 

 

                                  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 176 б.
  2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2008 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауы. 7ақпан, 2008ж., Егемен Қазақстан газеті.
  3. Монтескье Ш. Заңдар рухы туралы /Ауд. А. Құлсариева. — Алматы: Үш Қиян, 2005. — 784 б.
  4. Поппер Карл Раймунд. Ашық қоғам және оның жаулары. Платонның сиқырлы тартымдылығы. — Алматы: Үш Қиян, 2006. — 504 б.
  5. Аубакиров Я.А., Бахаров В.А., Хамитов Н.Н., Ютши В.М. Словарь банковских и финансово — экономических терминов. – Алматы: Жеті жарғы, — 712 с.
  6. Благодатин А.А., Лозовский Л.Ш., Райзберг Б.А. Финансовый словарь. — М., 2002. — 378 с.
  7. Эриашвили Н.Д. Банковское право. — М., 2000. — 471 с.
  8. Основы международных валютно — финансовых и кредитных отношений: Учебник / Под ред. В.В. Крунова. — М.: ИНФРА, 1998. — 432 с.
  9. Олейник О.М. Основы банковского права. — М., 1997. — 424 с.
  10. Найманбаева С.С. Финансовое право. – Алматы: Дәнекер, — 526 с.
  11. 1 Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. — М., 2003. — 480 с.
  12. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. — 240 б.
  13. Мухитдинов Н.Б. Состояние и тенденции развития теории финансового законодательства и финансового права // Вестник КазНУ.Серия юридическая. — 2004. — №5 (33). — С. 5 — 19.
  14. Банковское дело. Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. — М.: Финансы и статистика, 1998. — 576 с.
  15. Финансовое и банковское право / Под ред. О.М. Горбунова. — М., 1997. — 277 с.
  16. Банковское дело / Под ред. О.И. Лаврушина. — М., 1992. — 428 с.
  17. Братко А.Г. Банковское право. Теория и практика. — М., 2000. – 320 с.
  18. Найманбаев С. М. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері. // Ақиқат. — 2000. — №5. — 44 — 47 бб.
  19. Пессель М.А. Проблема разделения власти и банковская система // Деньги и кредит. — 2000. — №1. — С. 64 —
  20. Саниев М.С. Банковская система в условиях рыночной экономики. – Алматы, 1998. — 322 с.
  21. Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М. Банковское право РФ. (Общая часть). — М., 1999. — 448 с.
  22. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 2000. — 352 с.
  23. Ефимова Л.Г. Банковское право. — М.: Наука, — 360 с.
  24. Банковское дело /Под ред. Г.С. Сейткасимова. — Алматы, 1998. — 576 с.
  25. Тасыбаева А.С. Банкілік құқық. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. — 195 б.
  26. Искакова З.Д. Задачи финансово-кредитной системы Казахстана в обеспечении роста внутренних финансовых ресурсов // Банки Казахстана — 2004. — №8. – С. 10 — 15.

                       

                                Нормативтік актілер тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы, 1995ж, өзгерістер мен толықтырулар 21. 05. 2007ж.,Алматы, 2008ж.
  2. Қазақстанның Даму Банкі туралы. 2001ж. 25 сәуірдегі №178-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2004.20.12 №13-ІІІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістермен) // СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 2001. — 2007.
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы (2004.20.12. ҚР заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) // СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания Юр Инфо. -2007
  4. Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы (2004 ж. 13 желтоқсанға берілген өзгерістермен) //СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 2001-2007.
  5. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы 2003жылғы 4 шілдедегі №474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (11.06.04ж. №562-ІІ;07.07.04ж. №577-ІІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереже. //СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 2001-2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. — М., 2003. — 480 с.

[2] Основы международных валютно — финансовых и кредитных отношений: Учебник / Под ред. В.В. Крунова. — М.: ИНФРА, 1998. — 432 с.

 

[3] Олейник О.М. Основы банковского права. — М., 1997. — 424 с.

 

[4] Саниев М.С. Банковская система в условиях рыночной экономики. – Алматы, 1998. — 322 с.

 

[5] Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңы. (өзгетулер мен толықтырулар № 577-ІІ 20.12.04ж)

 

[6] Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы (2004 ж. 13 желтоқсанға берілген өзгерістермен) //СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 1996-2007.

 

[7] Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы (2004 ж. 13 желтоқсанға берілген өзгерістермен) //СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 1996-2007.