Мазмұны
Кіріспе ———————————————————————————-
- Экология ғылымының қалыптасу тарихы.———————-
1.1.Ежелгі қазақ халқының табиғат пен экологияны қорғауы туралы түсінік.
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі таңдағы міндеттері.
- Экология ғылымының қоғамдағы ролі. —————————
2.1 Қазақстан табиғатының экологиялық жағдайының зерттелуі.
2.2 Географ-эколог ғалым, профессор А.С.Бейсенованың зерттеудегі
еңбегінің ролі.
Қорытынды —————————————————————————
Пайдаланған әдебиеттер —————————————————
Кіріспе
Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды. Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен жанасуы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің кең көлемде жүретіні соншалық, мұның өзі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластауына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін-өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адам құдыреті күшке айналды. Ол тауларды бұзып, өзен арнасын өзгертіп, жаңа көл, теңіз жасап, байтақ шөлдерді жасыл желекті мәдени алқапқа айналдыра алады.
Бір сөзбен айтқанда, ол табиғатты түбегейлі қайта құруға қабілетті.
Алайда қазіргі кезде адамзат өзінің табиғатқа үстемдігін ойсыз пайдаланудың табиғатқа шексіз араласа беруден бас тартуы қажеттігі, өзінің шаруашылық әрекетінен тууы мүмкін зиянды зардаптарды есепке алмай, оны қайта түрлендіруге болмайтындығы айқын көрініп отыр.
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат — ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады.
Табиғи ортаның ластануы мен өзгеруінің аса күрделі проблемаларын ғылым мен техниканың әр алуан салаларының білікті мамандары шешеді. Алайда біздің әрқайсысымыз қазірдің өзінде-ақ табиғаттың күрделі құрылысы мен тіршілігі және оның жай-күйіне жауапкершілігіміз туралы міндеттіміз.
Экология — тірі организмдердің айналадағы ортамен қарым-қатынасы. Әрбір адам машинаны өзенде жуу, орман-тоғайда қоқыс, егістікке тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына сіңіруі тиіс.
Айналадағы ортаны сақтауға әрбір адам белсене қатысуға міндетті.
Табиғат әкімшілік, мемлекеттік шекара дегенді мойындамайды. Климаттың, өзен көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік проблемалар тудырады.
Табиғат – оны құрайтын бөліктердің (су, ауа, топырақ, өсімдік, жануарлар және т.б.) жай қосындысы емес, ол барлық бөліктері өзара тығыз байланысқан біртұтас жалпыпланеталық биосфера жүйесі.
Адамның табиғат тіршілігіне стихиялы, ойсыз араласуына жол беруге болмайды. Биологиялық тепе-теңдік бұзылуы жер бетіндегі тіршілік үшін аса қатерлі зардаптарға әкелуі мүмкін.
Көп уақыт бойы адам табиғатты өзі үшін қажетті материалдық игіліктердің таусылмас көзі деп қарады.
Зерттеудегі Ә.С.Бейсенованың «Қазақстан табиғатын зерттеу мен ондағы физикалық-географиялық идеялардың дамуы» республиканың педагогика университеттерінің география мамандығын алушы студенттеріне арнайы курс есебінде енгізілгендіктен автор бұл еңбекті студенттер үшін оқу құралы бола алады деп санайды.
Қазақстан табиғатының зерттелуі мен географиялық идеялардың даму тарихын география пәнінің мұғалімдерінің жете білуі мектепте географияны оқытудың жағдайын жақсартуға көмек болары белгілі.
Қазіргі кезде экология ғылымымен географ, химик, биолог ғалымдар айналысуда.
Көптеген оқулықтардың жарық көруі қазіргі уақытта сұранысқа ие болып отыр. Экология ғылымының ролі қоғамда алатын орны ерекше.
Экология бойынша жазылған оқу-құралдар жоғару оқу орындарында, мектептерде пайдаланылып жүр.
Жас ұрпаққа экологиялық сана қалыптастыруда экологиялық оқулықтардың орны ерекше.
- ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуге болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне ала бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінге тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан, т.б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологиялық элементтері сонымен қатар, көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында кездеседі. Мәселен, үнділердің «Махабхарата» жырында (б.д.д.VI-II ғ.ғ) табиғаттың дүлей күштері су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, елуден астам жан-жануарлардың аттары аталып олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтер де беріледі. Вавилонның қол жазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың біздің дәуірімізге дейінгі VI-II ғ.ғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып, олардың пісіп жетілу мерзімдері де айтылады. Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Героклиттің (б.д.д. 530-470 ж.ж) Геппократтың (б.д.д. 460-370 ж.ж) Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар қозғалып, талданады. Мысалы, Аристотель өзінің «Жануарлардың тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500 астам жануарлардың атын атап, түсін түстейді, мінез құлқына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары нақты материалдар жинаумен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады.
Геофрост Эррезийский (б.д.д. 372-287 ж.ж.) болса, қазіргі жерорта теңізінің жағалауындағы кең ауқымды кеңістік бойынша өзі байқаған өсімдіктерге топырақтың және ауа-райының тигізер әсерлерін баяндайды. Философтың бұл еңбегінде сонымен қатар, әртүрлі ағаштардың, бұталардың және жартылай бұталардың да қандай топырақта жақсы өсіп өнетіндігі туралы бірінші рет деректер келтіріледі.
Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалады. Өйткені бұл кезде құдайға құлшылық етуге едәуір баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермейді. Жалпы қоршаған орта мен организмдердің құрылымдық байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмайды. Барлық нәрсе тек құдайдың жаратушылық құдыретімен жасалған деген ұғым көптеген көкірек көзі ашық, көңіл көкжиегі жүйрік адамдардың өзінің «қол-аяғын» байлап, «ерік-жігерін» тұсап тастаған болатын. Бұл кезең осылай мың жылдай мерзімдік уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында саусақпен санарлықтай ғана ғылымдық мәні бар еңбектер жазылды. Олардың да басым көпшілігі Разестің (850-923 ж.ж.) Авиценаның (980-1037 ж.ж.) дәрілік шөптердің қасиеттері туралы айтылған еңбектеріне, Марко Полоның (13 ғ) Афанасий Никитиннің (15 ғ) өлке елдердің табиғаты, мәдени өсімдіктері, жан-жануарлары туралы қолжазбаларында көрсетілген түсініктемелеріне, танымдық материалдарына сүйеніп жазылды.
Орта ғасырлар дәуірінің соңғы кезеңіне ғана ғылымға жаңа серпін, соны бетбұрыс жасауға Альберт Великийдің (Альберт фон Больштедтің, 1193-1280 ж.ж.) еңбектері қозғау салды. Ол өзінің өсімдіктер туралы кітабында өсімдіктердің өсуіне топырақтан басқа оларға «күн жылуының» да әсері ерекше роль атқаратындығын және олардың «қысқы ұйқыға» кетуі өсімдіктердің өсіп-өнуіне, көбеюіне айрықша ықпал тигізетіндігін, бұл құбылыстардың бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашып көрсетіп берді.
Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жерлердің елдендірілуі әсіресе биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Нақты материалдарды жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналды. Алайда, соған қарамастан, табиғаттанушылардың еңбектерінде табиғат туралы метофизикалық көзқарастар басым болумен қатар, экологиялық факторлар өз орындарын тауып жатты. Бұл еңбектерде өсімдіктер мен кейбір жан-жануарлардың белгілі ортаға бейімделуі баса көрсетіледі. Өсімдіктердің, жануарлардың жерсіну ерекшеліктері, су тасқынының орын алу себептері туарлы ой-пікірлер кеңінен қозғалды. Олар бұл еңбектерін сол аймақтағы «жан-жануарлардың тарихы» деп атады.
Танымал ағылшын химигі Р.Бойль (1627-1691 ж.ж) тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байланысты тәжірибелерді жүзеге асырды. Ол әр алуан жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әртүрлі әсер ететіндігін салыстырмалы көрсеткіштер арқылы дәлелдеп берді.
Жер шарындағы ауа-райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан-жануарлардың, өсетін өсімдіктердің әлеміне әсер тигізетіндігін бір сөзбен қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екендігін 18 ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті.
Мысалы, орыстың атақты ғалымы М.В.Ломоносов «Жер қыртысы туралы» трактатында: «Адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі жаратушының құдыретімен жасалған деп ойлаулары бекер…) деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады.
XVIII ғасырдың соңымен XIX басында қоршаған ортаның құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Өсімдіктер экологиясының бірден-бір негізін қалаудың мәртебесі биолог ғалым А.Гумбольдтың (1769-1895) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдық зерттеуі негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райының жағдайына, әсіресе температуралық факторға байланысты екендігін жан-жақты ашып көрсетіп берді.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары К.Ф.Рульенің (1814-1858), Н.А.Северцевтің (1827-1885), А.Н.Бекетовтың (1825-1902) еңбектерінде одан әрі жетілдіріліп, тереңдетіле түсті. Экология ғылымының одан әрі дамуы ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімінің негізінде жүзеге асырылды. Оған атақты орыс ғалымдары В.В.Докушаевтың (1846-1903), В.И.Вернадскийдің (1863-1945), В.Н.Сукачевтің (1880-1967), Н.Ф.Реймерстің (1931-1993) қосқан үлестері мол. Олардың ішінен В.И.Вернадскийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімінің негізін қалап, қазіргі заманға ғылымның болашағын күні бұрын көре біледі. Биосфераны әлемдік эко жүйе деп танып, оның артықшылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектермен энергия балансына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті.
В.И.Вернадский сонымен қатар ноосфера концепциясының негізгі қағидаларын да тұжырымдады.
Алайда, «экология» деген терминді алғаш рет енгізу неміс ғалымы Э.Геккельдің (1834-1910) еншісіне тиді. Ол экологияға төмендегідей анықтама берді: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысымын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қостастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз».
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдермен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен щектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.
Осылай қазіргі заманғы экология — әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей ұдайы дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
1.1.Ежелгі қазақ халқының табиғат пен экологияны қорғауы туралы түсінік.
Кез келген қауымдастықтың адаптация (сөзбе сөз: бейімделу) мәселелерін талдау осы терминге нақты анықтама беруді қажет етеді. Биологиялық мағынасында кеңінен қолданылып жүрген «бейімділушілік» ұғымы особтің немесе популяцияның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің нақты формасы мен ерекшелігін білдіреді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты «адаптация» термині жаңаша мағынаға ие болады.
Жаңа жағдайларда адаптацияның мәні этногенез және этностық экология мәселелеріне байланысты ашылады. Басқаша айтқанда, адаптацияның жаңа мағынасы этностармен олардың мәдениетінің дамуын басқаша саралауға негіз жасайды.
Қазақ халқының табиғатты пайдалану, мәдени-шаруашылық дәстүрлерінің, мәдениетінің өзіндік сипатының қалыптасуы қоршаған мекен ортасындағы мүмкіншіліктерді таңдап алуды «адаптациялық стратегия» немесе «адаптацияның стратегиясы» деуге болады.
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығын саралау барысында оның дәстүрлі қазақ қоғамы үшін адаптацияның барынша жетілген формасы болғандығын айтуға болады, себебі ол неғұрлым тұрақты экономикалық өнімділікке қол жеткізді. Сонымен, Қазақстанның құрғақ далаларын адамның игеруі шаруашылық, мәдени және әлеуметтік адаптацияның өзіндік ерекше формалары пайдалану нәтижесінде ғана мүмкін болды. Осы тұрғыдан айта кететін жағдай, «адаптациялық» дегеніміз — өзін-өзі реттеуші жүйелердің ақпараттық белсенділігін білдіретін қасиеттерінің комплексі. Олай болса этностық мәдениетті, ұрпақтарға берілетін кез келген диахронды ақпаратты адаптацияның өзіндік көріністері ретінде қабылдау қажет.
Геоографиялық фактордың адаптациямен байланысы биологиялық сатысында ғана емес, әлеуметтік-экономикалық даму барысында да айқын ажыратылады. Этногенез процесінде адаптацияны географиялық тұрғыда түсіну этностық қауымдастықтардың қалыптасуына жаңа көзқарас тудырады.
Бұл «қоғам – табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынастардың географиялық аспектілерін жете түсінуге көмектеседі.
Адамдардың мекен ортасына бейімделуі заттық және рухани мәдениетінде, дәстүрлі тұрмысында, психологиялық мінез- құлқында көрініс табады. Әртүрлі географиялық орталарда мекендейтін халықтардың шаруашылық – мәдени дәстүрлері ғана емес, тұрғын-үй типтері де бір-бірімен айтарлықтай айырмашылық жасаған.
Халықтардың тіршілік ортасы жағдайларының географиялық жіктелуі әртүрлі мекен ортасына бейімделудің өзіндік тәсілдерін анықтап, сол ортаның ресурстық мүмкіншілігіне барынша сәйкес келетін өндірістің өркендеуіне алып келді. Мұның өзі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: географиялық жағдайлардың әртүрлілігі «өркениеттің даму дәрежесімен негізгі параметрлерін» анықтауға негіз болады. Көшпенділікті аридтік жағдайларға бейімделудің бір түрі ретінде ғана қабылдау жаңсақтық болар еді. Өйткені экожүйелердегі экстрималды табиғат жағдайларында шаруашылықтың бұл түрін өнімді етіп ұйымдастыру үшін экологиялық тәжірибеде қажет болды. Олай болса, халықтың табиғи ортаға бейімделі үшін қажет ақпарлар жиынтығы ұзақ жылдар бойына жиналып, ұрпақтарына беріліп, кеңістік пен уақыт талқысына түсті. Мысалы, көшпенді мал шаруашылығының дамуына алғы шарт ролін аңшылық кәсіп атқарған. Аң аулау барысында жабайы аңдардың қоныс аударған территорияларын көру арқылы адамдар шөлдердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін танып, болашақтағы көшпелі мал шаруашылығына қажетті экологиялық бейімделудің тәжірибесін жинақтай бастады. Көшпелі шаруашылықты, көшпенді тіршілікті, таңдап алу арқылы адамзат құрғақ белдемдерді игеруді бастады, бұл табиғатты пайдаланудың жаңа ерекше формасын қалыптастырды. Сонымен көшпенді халықтардың ғасырлар бойғы тәжірибесі қазақ халқына оның этногенезі барысында берілді деуге болады. Дегенмен көшпенділердің ареалына енетін территориядағы табиғи-климаттық айырмашылықтар мал шаруашылығының түрлік құрылымын әркелкі етті.
Көшпелі қазақ қоғамының қуаңшылық жағдайға бейімделінің тағы бір дәлелі табиғатты пайдалану механизмінен көрінеді. Зерттеушілердің пайымдауынша, өндірістік процес пен тіршілік келбетінің шашыраңқы (дисперлік) құрылымы ерекше экожүйелердің нәзік құрылымын сақтауға бағытталған қадам болды. Мұның мәне табиғи жайылымдарды пайдаланудың маусымдық сипатынан, көшу маршруттарының нақтылы заңдылықтарға бағындырылуынан, көшпенді шаруашылықтардағы мал санының шектеулілігінен айқын ашылады.
Қазақ халқының мекен ортасына бейімделуі барысында шаруашылықтық – мәдени қатынастарда әртүрлі өзгерістер жүрді, бұл экологиялық тәжірибені байытты. Мұның барлығы мәдениетте өз ізін қалдыруға тиіс еді, өйткені мәдениет «адам қоғамының адаптациялық тетігі» болып табылады.
Көшпелі мал шаруашылығының жетекші орнын анықтауда табиғи факторлардың орны ерекше болғандықтан, кейінгі индустриалық қоғам жағдайында ауылшаруашылығының басқа салаларын енгізудің өзі Қазақстанда ариттік экожүйелерінің дегродациясына әкеп соқты. Экожүйелерге шамадан тыс жүктеме түсіру нәтижесінде ғасырлар бойы табиғи мал жайылымы болған аудандар өзін-өзі реттеу қабілетінен айрылды. Осы тұрғыдан жыртқан жерді 15-20 жылдан кейін ғана пайдаланған немесе мүлде тастап кеткен қазақ халқы табиғи жайылымдарды қалпына келтіру мақсатымен көздегенін айта кеткен жөн. Кейбір мәліметтер бойынша, қазақтар ебелек өсе бастаған жерді ғана өңдеуге болады деп есептеген. Бұл халықтың экологиялық мәдениетінің жоғарғы деңгейінен және мекен ортасының табиғи ерекшеліктерін жете білгендігінен хабар береді.
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің географиялық, экологиялық, философиялық жақтарын зерттеушілер экожүйелердегі тепе-теңдіктің сақталуы адамдардың шаруашылық әрекетінің ұтымды ұйымдастыруына тікелей байланысты екендігін атап көрсетеді. Сондықтан айналадағы ортаны танып білу, игеру барысында экологиялық сипаттағы сананың қалыптасуының маңызы зор. Қазақ халқы барлық түркі халықтары сияқты, туған жерді ерекше қастерлейді, бұл көзқарас қазақтың «атамекен», «кіндік қаны тамған жері» деген бейнелі түсініктерінен байқалады. Көшпенді тіршілік жағдайында адамның өзін табиғатпен біртұтас құбылыс ретінде қабылдауы нәтижесінде дүниетанымның айрықша үлгісі қалыптасты.
Мал бағу әрекеті көшпенді қазақтардың айнала қоршаған ортаны тереңірек тануына жол ашты. Қазақ халқының экологиялық мәдениетінің жоғары дәрежеде болғандығын айғақтайтын тарихи деректер жеткілікті. Д.Кішібеков ағаш жеткілікті аймақтардың өзінде қазақтар отын ретінде тезекті пайдалануын ағаш қорын сақтауға тырысушылықпен түсіндіреді.
Сонымен, қазақ көшпенді қоғамының тіршілік тынысын анықтаған экологиялық бейімделу тәжірибесі мәдениет арқылы атадан балаға мұра етіп қалдырылды. Көшпенді өмірдің заттық мәдениеті – киіз үй, құрал-сайман, үй жасауы, киім-кешек және т.б. жабдықтар көшіп қонуға барынша икемделген.
Қазақ халқының ою-өрнектерінде халықтың тұрмыс ерекшеліктері, қоршаған орта жағдайлары, нанымдары мен түсініктері көрініс тапты. Зерттеушілер қазақ қолөнерінде жануар пішінді өрнектердің басым екендігін айрықша атайды. Қазақ нәрестелерінің бесішінде көшпенді мәдениетттің жетістігі деуге болады. Рухани мәдениет категориясына енетін ауыз-әдебиет, мақал-мәтелдер, музыка мұралары халықтың географиялық білімінің қайнар көзі болған географиялық терминдер мен атаулар, жануар, өсімдік аттарының жүйесі көшпенді қазақ өркениетінің қоршаған орта жағдайларына бейімделу барысында жинақтаған экологиялық тәжірибенің нақты көріністері ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілді.
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттері
Адам еңбегімен шаруашылық қызметінің әсерінен табиғит және ондағы жаратылыс процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоғамның өндіргіш күштерінің шапшаңдықпен дамуы айналаны қоршаған ортаға өз әсерін тигізіп, ауыр зардаптарын қалдыруда. Соның салдарынан табиғатты, айнала қоршаған ортаны қорғау бүкіл адамзат үшін аса қажетті ғаламдық проблемаға айналды.
Соныдықтан да БҰҰ-ның шешімі бойынша жыл сайын маусым айының бесінші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп атап өтуде.
Қазіргі жағдайда экологиялық жағдайы дағдарысқа ұшырамаған экономикалық ауданды Қазақстаннан іздеп табу қиын. Бір Қаратау-Жамбыл мен Қарағанды территориялық өзгерістік комплекстердің өзі неге тұрады ?
Жамбылдағы фосфорит, суперфосфат тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар күкірт пен көмір қышқылы газдарын ауаға жіберіп жатқанын, Қарағанды көмірінің қалдық үйінділері қаншама құнарлы жерді басып қалғанын көзі бар адамның көрмеуі мүмкін емес.
Арал-Қазақстан халқының жан ауруына айналды. Әсіресе, ондағы Барсакелмес табиғи қорығының жойылуы өкінішті. Оның табиғи байлығы, өсімдік, жануарлар дүниесінің басқа жерде қайталанбайтын өзіндік ерекшеліктері халқымыздың көзінен бұл-бұл ұшты.
Каспий жағалауының құрып бара жатқан эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары да орны толмайтын шығын. Балқаш көліне жасалып жатқан қиянат бейбіт кезде адамдар өлімін көбейтіп жатқан Семейдегі ядролық полигон, Байқоңыр маңындағы тұрғындар арасында аурудың көбеюі кімнің де болса жанына батады.
Алматының экологиялық жағдайы да күн сайын ауырлап барады. Мұнда транспорттан шығатын зиянды заттардың көлемінің өзі ғана кісі басына жарты килограмнан келеді екен. Ал, фабрикалар мен зауыттардан шығатын улы заттар мен түтіндер ауаны ластаған үстіне ластай түсуде. Біздің қандай ауамен демалып жүргенімізді осының өзі-ақ анық көрсетеді.
Экология қазір тек биология ғылымының саласы есебінде қаралау шеңберінен шығып кетті. Ол көптеген ғылым салаларының басын біріктіретін синметикалық ғылымға айналды. Экологиялық мәседелерді шешу әртүрлі мамандықтағы адамдардың күш біріктіруінің ақыл-ой қосуын және оған шаруашылық басқарушылардың қатысуын қажет етеді. Барлық ғылым салалары мен экономикалық-шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізі қызметі қоршаған ортаның байлығын ысырап етпеуге бағытталуы керек. Мұны экологияландыру деп атайды. Экологияландыру география мен биология сияқты тіршілік пен табиғатты зерттейтін дәстүрлі ғылымдарға ғана емес барлық салада жүруі тиіс. Өйткені табиғат адам мен оның мүддесін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ. Ол ешбір шекараны білмейді, тіпті мемлекеттік, ұлттық шекараны да мойындамайды. Сондықтан оны қорғауға барлық халықтар, барлық елдер бірдей мүдделі.
Мұның өзі табиғатқа қарсы бар адамдардың бәріне онымен қарым-қатынас жасаудың, қорғаудың, аялаудың жолдарын үйретудің қажеттігін күн тәртібіне қояды. Әркім-ақ өзін қоршаған табиғи ортаның оның құрылымын, оның ерекшеліктерін оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін жас кәрінің бәрі табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, силастықпен өмір сүруі тиіс.
Табиғат заңдарын білмеу экологиялық дайындықтың жетіспеуі – біздегі қиындықтарды туғызып отырған негізгі себептер мұны мысал арқылы айқындауға болады. Құрылысты жобалаушы адам оның технологиялық документтерін дайындау барсыныда объектіге қажет дүниелердің барлығын, оның қуаттылығын, өндіріске қосу мерзіміне дейін қарастыратыны белгілі. Бірақ ол сол құрылыстың айналадағы табиғатқа қатысын ескерді ме? Үй салуды жобалауда табиғатқа қанша зиян келтіретіндігі ескермейтіндігі өтірік емес.
Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Байқоңыр космодромы маңындағы елдерде сынған, бұзылған космос кораблдерінің сынықтарын пайдалау фактілері жиі ұшырайды. Кейбіреулер одан мал суаратын астау жасайды, су ішетін ыдысқа айналдырады, бірақ оның құрамында денсаулыққа зиянды радияциялық заттар барын білмейді.
Сырдарияның суы осы күнге дейін ауыз су есебінде пайдаланылып келеді. Оның суы әлдеқашан уланғанын, онда 35-40-тай өндіріс қалдықтары мен тыңайтқыштар, қала шаруашылықтарынан зиянды заттар төгілетіндігін біле тұра оған ешкім мән бермейді.
Барша халыққа қоғамның үлкен кіші мүшелеріне экологиялық білім беру табиғаты қорғау мен оның ресурстарын тиімді, өнімді пайдаланудың ең басты шарты.
Халыққа экологиялық білім беруді, ең алдымен мектептен бастаған дұрыс. Онда жас адамның алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық саналарының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбие алуы қажет. Бұл тұрғыда қазіргі мектептердегі оқушыларға беретін экологиялық білім жүйесінің ретсіздігін, онда жастарды біліммен қатар жауапкершілікке үйрету жетіспейтінін айту керек. Қазіргі оқу программалары әлемнің тұтасты жүйесін сезінуге, білуге, адамның (қоғамның) сол әлеммен қарым-қатынасын сезуге көмектесе алмайды. Табиғат пен әлеуметтік тіршіліктің байланысын зерттейтін оқу пәндерінде біртұтас мақсатқа жұмылу жетіспейді. Мұндай қиыншылықтар оқудың интегралдық принциптерінің жетіспеуіне, оқу тәрбие жұмысына тұтастық тұрғыдан қараудың аздығынан туып отыр. Сондықтан да мектепте экологиялық білім беру ісін тәрбие жұмысымен бірлікте қарастыру абзал. Түпкі мақсат мұраттың бірлігі жүргізілетін жұмыстарды жүйелілігін, оқу, тәрбиелеу әдісімен құралдарының бір мазмұнға ыңғайлануын туғызады. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарас қалыптастырып, жас адамның бойында жауаркершілік сезімін оятады. Оның табиғат пен қарым-қатынасында белгілі бір жүйе қалыптасады, практикалық ісінде де ойлылық туады. Сөйтіп оқу пәндерін экологияландыру және пәнаралық байланыстық тұтас жүйесін құрау жасұрпақта өзін қоршаған ортаға үнемі зерттеушілік көзбен қарауға, онымен адамгершілк, эстетикалық ұғым түсінік тұрғысынан қатынас жасауға үйретеді. Осы жолмен олардың бойында бүкіл тіршілік атаулыға деген биік сезім мен жауапкершілік қалыптаса бастайды.
Адамды қоршаған ортаның бірлігін мектеп оқушыларына үйретудің тұтас жүйесі бұл саладағы негізгі проблеманың (туған өлкенің жануарлары мен өсімдіктері дүниесі байлығын сезіну мен қорғау, оны адамның айналамыздағы табиғаттың басты өзгешелігі ретінде түсінуі) басту идеяны (табиғат – адам өмірінің негізгі көзі, адам еңбек ететін, дем алатын орны, адамның еңбегі оның тұтастығын сақтауға арналатыны) және экологиялық ұғымдарды (экологиялық жауапкершілікті түсінуге себеп болатын) айырып алуды қажет етеді. Интегралдық курстар жаратылыстың ғылыми негізін ұғынуға көмектеседі. Табиғат аясындағы адамды оны қорғауға үйретеді, сол ортадағы адамның тәртібі мен өзін-өзі ұстауының жүйесін қалыптастырады. Ал, гуманитарлық – эстетикалық пәндер негізінде оқушының табиғат әсемдігін түсінуіне, байлықты, бағалауға, қадірлеуге үйренуге жол ашылады, табиғат байлығын үнемдеп пайдалану қажеттігін үйренеді. Табиғатты күту мен оған қамқорлық жасаудан еңбек тәрбиесінің, дене шынықтырудың да мәні зор. Сапалы еңбек, адамның өзін-өзі шынықтыруы табиғат аясында онымен түсінісу, сыйласу жағдайында өтеді. Жастардың табиғат пен қарым-қатынасын ретке келтіруде өлкетану жұмыстарының мәні үлкен. Алайда жұмыстың бұл саласы көптеген мектептерде ұмытылып барады. Өлкетану тек саяхатпен шектелмей, азайып, құруға бет алып бара жатқан өсімдік түрлерін тауып, оны күтуге бағытталуы керек. Табиғатты ғылыми тұрғыда түсіну жұмысын жүргізетін өлкетану музейлерін ұйымдастыру қажет. Мектепте экологиялық білім беру және тәрбие жұмысын жүргізу программаларына пәнаралық байланыс негізінде өткізілетін жинақтау сабақтары, семинарлық лекциялар, конференциялар ұйымдастыру да кіреді. Олардың тақырыптары да қоғам мен табиғаттың байланысын анықтау тұрғысынан қаралады. Пәнаралық байланыс сабақтарын қоғамтану (қоғам мен табиғат), тарих (қоғам мен табиғаттанудың тарихы), әдебиет (совет жазушыларының халықты табиғатты қорғауға шақыруы), биология (биосфера және адам, адамның денсаулығы және оны қоршаған орта), география (экология проблемалары мен табиғи орта, оны шешудің жолдары), химия (адамның биосферадағы химиялық қызметі), физика (техника және қоршаған орта). Тағы басқа пәндер негізінде жүргізуге де болады. Орта мектептерде география пәні білім ғылым біріне өзінің ой-пікірлерін қоса алады. Ол табиғат компоненттерінің ішкі байланысын, құбылыстардың сабақтастығын, қоғам мен шаруашылық салаларының мүдделестігін ашады, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жолын түсіндіреді. Географияны оқыту ісінде әр өлкенің өз табиғатын (қаланың, селоның) табиғи жағдайларын танудың маңызы бар. Бұл сол өлкенің болашақ қызметкерлерінің өз ауданының табиғи құрылымын жете білуіне, жер жағдайын ескере жұмыс жүргізуіне көмектеседі. Әрі теориялық материалды нақты мысалмен ұғынуына мүмкіндік береді. Табиғат құбылыстарының ішкі байланысын терең түсіну оқушының бойында материалистік көзқарастың қалыптасуы үшін де қажет. Табиғат бөлшектерінің бәрінде болатын өзгеріс қалғанын қозғалысқа келтіреді. Соныдықтан география пәні арқылы жердің геологиялық құрылысын, рельефін, климатын, суын, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, табиғи территориялық комплекс есебінде тұтас қарап үйрету керек. Сонда оны қорғау мен экологиялық жағдайын түсіну жеңілге түседі.
Қазіргі жариялылық заманда табиғатта болып жатқан өзгерістерді экологиялық жағдайдың күрделелігін, оның себептерін балалардан жасырудың керегі жоқ. Олар Арал теңізінің осындай күйге ұшыраған себебін білсін. Ондағы адамдардың ата кәсібінен – балық аулаудан, мал шаруашылығынан қол үзіп, кәсіпсіз қалғанын түсінсін. Аурулардың көбейіп, халықтың келешегіне қауіп төніп отырғанын да көрсін! Мұның бәрі – олар үшін сабақ.
Бұл жастарды ойландырады, бұл жағдайдан құтылудың жолын іздестіруге бағыттайды. Жастарға экологиялық білім берудің екінші басқышы – жоғары мектепте осы жағдайлар кеңінен ескерілуі керек. Жоғары мектептерде экологиялық білім беруді болашақ мамандардың көзқарасын қалыптастыратын, саяси және арнаулы білімін толықтыратын пәндер бірлігіне негіздеу керек. Оларға саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық білім беру мен тәрбиелеуді табиғат құбылыстары арқылы түсіндірген жөн болады. Бұған жоғары мектептің қоғамдық ғылымдар кафедралары, педагогика, психология мамандары батыл араласып, бұл саладағы жұмысты арнаулы кафедралар мен бірлесе жүргізсе, іс нәтижелі болмақ. Экология саласында білім беру мен тәрбие жүргізудің мұндай комплекстік үлгісі СССР Жоғарғы Советінің 1989 жылғы қарашаның 27-жұлдызында қабылданған «Елді экологиялық тұрғыда сауықтырудың шұғыл шаралары туралы» қаулысында атап көрсетілген.
Эколог мамандар экологиялық құбылыстар мен процестерді дұрыс түсініп талдауға қоршаған ортаны қорғаудың инженерлік жұмыстарының үлгілерін, пайдаланатын су көздерін тазарту жолдары газ, шаң, т.б. ауаны ластайтын зиянды заттарды тоқтатудың әдістерін азық-түліктегі химиялық қоспаларды анықтаудың амал-айласын жетік білуге тиіс. Ол үшін бұл мамандықтағы студенттерді оқытуға халық шаруашылығының әр саласындағы білікті маман кадрларды кең тарту керек.
Бүкіл елімізде Халыққа, Халық шаруашылығы қызметкерлеріне (алдыңғы кезекте шаруашылықты ұйымдастырушылар мен арнаулы іс бабындағы адамдарға) сабақ ашу және мамандықты жетілдіретін қысқа мерзімді курстар ашу керек. Арнаулы экологиялық мамандардың жетіспей жатқан кезінде халық көпшілік пен іс жағдайынан хабардар адамдарды жинап оқыту олардың қоғам мен табиғат алдында жауапкершілігін көрсетеді. Уақыт қазір осыны талап етіп отыр.
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізгі бағыттары
Әлемдік экологиялық проблемалар |
Пайда болу себептері |
Шешу жолдары |
Халық санының артуы |
Табиғат ресурстарын барынша пайдалану |
Демографиялық тұрғыда реттелу, қолайлы мекендерге қоныс аудару.
|
Климаттың өзгеруі (озонның тесілуі, қышқыл жауындар, т.б.) |
Атмосферадағы газдардың тепе-теңдігінің бұзылуы |
Қалдықсыз немесе аз қалдықты жаңа технологияны енгізу Экологиялық мониторинг.
|
Су ресурстарының тапшылығы |
Суды барынша пайдалну және ластау |
Суды пайдалану технологиясын жақсарту және жауапкершілікті арттыру. Экологиялық мониторинг.
|
Жарамсыз жерлердің молаюы |
Ландшафтардың жарамсыздануы және климаттың өзгеруі |
Жерді тиімді пайдаланудың жаңа технологиясы. Экологиялық мониторинг.
|
Жер ресурстарының тозуы |
Топырақ эрозиялары, ластану мен құнарсыздану |
Жерді пайдалануды қайта түлету. Экотехнология. Экологиялық сараптама.
|
Биоәртүрліліктің азаюы |
Адамның іс-әрекеттері. Табиғи биоценоздардың жойылуы. Түрлердің азаюы |
Табиғи ландшафтарды қайта түлету. Экожоспарлау. Жерсіндіру. Экологиялық мониторинг.
|
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың қордалануы |
Өндірістік қалдықтармен ластану |
Қайта өңдеу немесе қалдықсыз технологияға көшу. Экотехнология. Экологиялық мониторинг. Экологиялық сараптама. |
Табиғи ландшафтардың ластануы және тозуы |
Улы заттардың шығарылуы, орта сапасының нашарлануы. Түрлі қауіпті аурулардың көбеюі. |
Табиғи ландшафтарды қайта түлету, Экожоспарлар. Экологиялық мониторинг. Экологиялық сараптама. |
- Экология ғылымының қоғамдағы ролі.
Ғылыми техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғат, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені өндірістің даму барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болуда. ХХ ғасырдың аяғына дейін адам баласының айналысын қоршаған ортаға, оның ықпалы әрқалай болып, қазіргі жағдайда бүкіл жер шарын қамтып, тіршілікке мейлінше қауіп төніп отыр.
Дүние жүзінде адам үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасқан, экологиялық дағдарыстың келгені жайлы жиі әңгімелер айтылуда.
Алайда мұндай жағдай бірден, бір жылға, тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте қалыптасады. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп келеді.
Жабайы жидектер мен жемістерді тергенде немесе жабайы аңдарды аулағанда, немесе егіс үшін алаңдар тазартқан кезде табиғатқа зиян келтірілген. Әрине, бұл зиян мөлшері өте аз, түкке тұрмайтын еді. Өйткені табиғи орта өзін-өзі қалпына келтіріп және зиянды істердің ізін жойып үлгеріп отырады. Яғни, табиғи жаратылыс тепе-теңдігі толық сақталынды немесе ол өте аз бұзылды. Мал және егін шаруашылықтарының пайда болуынан бастап жағдай өзгерді. Үй жануарларын ұстау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін дала, өзен алқаптары жыртылды, ормандар қырқылып өртелінді. Каналдар мен жолдар салынды, зиянкес жәндіктер мен жыртқыш аңдарды азайту кең етек алды. ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрес нәтижесінде жасалынған табиғатқа ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қорымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді. Ол жер бетінің өзгерту ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға алып келді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болады.
Біріншіден, екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі өнеркәсібі дамыған мемлекеттер саны тек қана 10-15 болды. Соғыс аяқталған соң және отаршылдық жүйенің жойылуынан кейін көптеген елдер тәуелсіздік алып, индустриялық даму жолына түсті. Осы мақсатта олар өздерінің табиғи ресурстарын игеріп, зауыттар мен фабрикалар, кең таралған жолдар жүйесін сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін әсер ауқымын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды пайдалануды ұлғайтты және қоршаған ортаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп кетті. 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 миллионға жетті, 1986 жылдың орта шенінде жер бетінде 5 млрд адам өмір сүріп жатты. БҰҰ-ның болдамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 млрд болады немесе жаңа еселену үшін тағы да сол уақыт мөлшері қажет.
Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымының» өсуіне алып келеді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстарды (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) олардың өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде пайдалануда. Одан әрі жоспарсыз пайдалануды көбейту бірден табиғаттың тозып бүлінуін (деградация) жылдамдатуы әбден мүмкін.
Үшіншіден, қалалар мен оларда тұратын тұрғындар саны тез өсуде. Егер 1300 жылы қалаларда 300 млн адам тұрса, 1980 жылы қалаларда 1800 млн адам тұрса, халықтың жалпы санының тиесілі бөлігі 20-дан 51,5 %-ке өсті. Осынша аймақтарда жиналуы сол өңірлерге түсірілетін күшті ұлғайтып, қала және оған жақын жерлер орталарының қатты ластануын тудырады. Ешкімді де ресурстарды пайдаланудан бас тарту керек есептелінбейді де, ойламайды да, өйткені адамзатың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында болатын, зат алмасусыз мүмкін емес.
Алайда, бұл қоршаған орта зиянсыз болуы мүмкін. Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болады, оның ресурстарын өз қажеттіліктеріне жұмсады. Ал, өкінішке орай, адамдарда «бәрін де жеңемінге» салатын табиғатқа қолайсыздық ету, оны «бағындыру» үстемдігіне жету қиялы пайда болады.
Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы әсер етпеуі керек. Табиғи ортаға деген тұтынудан туындайтын қатынас қазіргі және болашақ ұрпақтар мүдделері үшін тиімділікті, байыптылықты және саналықты қажет ететін қатынаспен ауысуы қажет.
Адамзат табиғат байлықтарымен күн көріп керегін жаратады, өкінішке орай, соңғы кезде осы тәуелділікті ұмытып, табиғатты бағындырамыз деген пікірлер көбейіп кетті.
Табиғат байлықтарына дүние жинау, баю көзі деп қарау дұрыс емес, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.
Айналаны қалдықтармен толтыруға ешкімнің құқы жоқ. Қоршаған орта жеке кісінің, жеке ұжымның байлығы емес, бүкіл халықтың, елдің байлығы мен болашағы.
Экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық даму кінәлі деген пікірлер де айтылып жүр. Шындығында бұл дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен арақатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің, байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді.
Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі деңгейі қуатты компьютерлер, талдаудың жүйелік әдістерін іске асыруға бағытталған кең көлемді жұмыстар мен жобалар табиғат кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті кінәламай, керісінше оның көмегімен қажетті тексеру, талдау жасап, дұрыстығына көз жеткізіп ірі құрылыстарды жобалауға және тұрғызуға кіріскен пайдалы.
Ғылым мен техникалық жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оны ластануына жол бермеуге, қамқорлық танытуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің бірнешеуін айтайық.
- Қалдықсыз немесе қалдығы аз технологияны іске қосу арқылы табиғи байлықтарын үнемдеуге, ортаның ластануын болдырмауға, не азайтуға болады;
- айналымды немесе оңашаланған су жүйелерін өндіріске кеңінен енгізіп, су қорларын үнемдеуге, оның ластанбауын қамтамасыз етуге болады;
- ағаштар отырғызып, ормандарды қалпына келтіру арқылы ауадағы газдардың қалыптасқан теңдестігін сақтауға, су қорларын молайтуға болады;
- жылу мен энергияның дәстүрлі көздерінің атмосферадағы көмірқышқыл газының жиналуымен климаттық өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін табиғи көздермен алмастырылуы болып табылады.
Аталған және олардан басқа да ғылым мен техника ұсынған әдістер, тәсілдер мен жолдар жеріміздің көркін, байлығын сақтауға көмегін тигізетіні анық. Тек соларды қолдануды меңгеріп, жаңа технологияны, техниканы, құрал-аспаптарды, жабдықтарды дұрыс пайдалана білу керек.
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Қоғам мен табиғатқа, табиғат ресурстарына деген тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Қоғам қажеттігін үнемі бірінші қойып, оның дұрыстығын тек техникалық және экономикалық тұрғыдан қарасақ көптеген қателіктер жіберіп, орны толмас ұтылыста қалуымыз мүмкін.
Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдылықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас – қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Міне, осы қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып, нақты істерге көшуге итермелеуге тиіс. Осыған байланысты алдыңғы кезекте табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың объективтік – экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды.
Мұндай механизмге қойылатын негізгі талап – табиғат ресурстарын өндірістік (қоғамдық) және жеке тұтыну үшін пайдалануды белгілі бір мөлшерде тежеу.
Қазіргі қоғам, мейлі ол капиталистік немесе дамушы, немесе қазіргі нарықтық болсын әлі күнге дейін табиғат байлықтарын үнемді пайдалануды үйрене алған жоқ, арғы жағында күмәнсіз өзін-өзі біртіндеп жою (біртіндей жойылу деградация) басталатын белгілі бір шектен шығуға мүмкіндік бермейтін моральдық және материалдық шараларды да қолдана алмай жүр. Табиғатты пайдаланудың экономикалық проблемалары, сөз жоқ өте күрделі және жеткілікті түрде айқындалмаған. Адамдар барлық уақытта табиғат ресурстарының бағасы белгіленбеген, олар үшін ештеңе төленбейді, кім көбірек алып қалса сол ұтады деген сияқты теріс пікір танытып келеді.
Ендігі қоғам алдында тұрған мақсат – адамдардың бұған дейін қалыптасып қалған қамсыздану мен дүние жинау байлық пен кең көсілу, адамзат құндылықтары туралы түсініктері мен ұғымдарды игерту керек. Басты бағыт осындай күмәнді және жалған қажеттіліктерден бас тартуға арналуы тиіс. Табиғаттың осы құнды байлықтарын соғыс пен жаппай құралдарын жасауға, есірткілер жасау мақсатына пайдалануға болмайды, қуатты ішімдіктер, осып-тосудың қымбат бұйымдарын, әртүрлі ұсақ-түйектер мен жарнамалық өнімдер шығару жауапкершілікке сай келмейді. Табиғатқа деген көзқарас, оның байлығын шашып және айналадағының барлығын қаратып, бағындырған елін тентіреткен жаулап алушыдан бір кем емес.
Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас тұтқынында отырып орнына ештеңе бермей, бәрін алуға тырысамыз. Табиғат бізсіз өмір сұре алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз, осы қарапайым шындықты түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Қоғамда қалыптасқан көзқарастарға сүйенсек, табиғатты қорғау мәселесі әлі күнге дейін тек ойып салу мен бос сөзділік деңгейінен аса алмай келеді. Алайда мұндай іс жүргізудің тиімсіздігі бұрыннан бәріне аян. Бұл шара арқылы біреулерді үрейлендірумен азын-аулақ ақша өндіріп алудан басқа ешқандай табиғатты қорғау әдісіне қол жеткізе алмаймыз.
Түрлі аймақтардағы қоршаған орта жағдайларының салыстырмалы құндылығын ескертін объективтік экономикалық көрсеткіштер, бұған дейінгі ұрпақтардың атқарған жұмыстары мен жұмсаған шығындарының қорытындылары ресурстарды пайдаланудың олардың сапасын, орналасу тереңдігіне және барланған қорына байланысты ыңғайластырылған төлем жүйесін жасау мен өндіру әлі күнге қолданылмай келеді.
Осы күнге дейін материалдық өндіріс сапасы мен нәтижелерінің объективті баға үшін өте жеткіліксіз екі ұдай (әлеуметтік және экономикалық) өлшемі қолданылуда. Бұның орнына көрсеткіштермен факторлардың үш түрлі (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) жүйесіне көшу керек еді. Кез келген өндірістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын табиғат пен оның ресурстары енді бұдан былай өндіріс пен басқару процесінің сапасына баға беру шеңберінен тыс қала алмайды.
Қазіргі қолда бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат байлықтары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, өз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны құрамындағы барлық компоненттерді кешенді түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «қоғам — өндіріс – табиғи орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық етуші ретінде көрініп, жұмсалуы және сақталуы мәселелерімен экология бір түптен тарайтын сөздер, егер экономика принциптері экологияның принциптерімен қайшы келетін болса, демек, қоғамда және адамдар санасында қарам-қайшылықтар бар деген сөз, яғни олардан құтылу қажет. Адамдар барлық уақытта да қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау пікірімен келісіп келеді. Алайда бұл дұрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру және қажетке жарату туралы сөз болғанда ұмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылықтан шығатын дұрыс жол таба алмаған қоғам мен адамдар табиғат мүдделерін аяққа басып, оны құрбандық қылады, өйткені ол қорғана алмайды. Мұндай кезде әр уақытта өзін-өзі ақтайтын «бәрі солай істейді» деген көзқарас қалыптасады.Әрине, басқалардың келеңсіз тәжірибесі мен табиғи ортаны білдірудің жалпылама сипатына сілтеме жасау – сөзсіз әлсіз жұбаныш.
Дүниені жақсартқысы келетін адам басқалардың осыны тілейтінін күтпей, өзінен бастауы керек.
Жаңа жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін экологиялық тұрғыдан сараптау және модельдеу сапасы төмендесе, онда бұл экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Жобалардың жүзеге асуына мүдделі салалардың мамандары өзіне пайдалы зерттеулермен айналысады да, оның зиянды жағын ескермейді. Яғни, қажеттілік кімге керек, сараптаудан сапаны сол жүргізеді, сапаны сол анықтап, болашақ дағдарысқа жол ашып береді. Бұлардың да өздерінің ақталатын жерлері бар: олар құрылыс құнын арзандату, салыну мерзімін қысқарту, т.б. Бұл үшін құрылыс тізімінен ағынды суларды, сол сияқты қалдықтарды тазалайтын және басқа да табиғатты қорғауға байланысты объектілерді бірінші кезектен алып тастайды. Халық шаруашылығын басқарудың салалық принципі бойынша да министрліктер мен жеке салаларда құрылыс жобасына тапсырыс берген жеке кәсіпорындардағы сияқты олқылықтардан арыла алмайды. Мамандар арасында да экономистер мен экологтарды қосып алағанда, экологиялық мәселелерге деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарам-қайшы бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер кездеседі. Көбінесе техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналып, ол бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде оң ниет танылмай жатады.
Біздің ойымызша техниканың өркениетті бағыт алуына көбірек көңіл бөліп, адамзаттың болашағының маңыздылығы бұдан да кем еместігін ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние кендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын жете түсінген жөн. Адамзаттың санасы – табиғат дамуының нарықтар шыңы болуы керек. Оның үстіне адам болған соң сол табиғатпен ажыраспай қарым-қатынас орнатқан жөн.
Осы кезде орын алып отырған экологиялық сауатсыздық табиғаттың осы заңдарын білмеу, олармен санаспау, тегін байлыққа мемлекетті қарау, қоршаған ортаны бүгінгі ауыр жағдайға ұрындырды.
Табиғаттың үлкен табысы, жемісі және жетістігі – адамдардың ақылы мен санасы. Сол ақыл мен сана табиғатпен арақатынасты екі жаққа да тиімді етіп ұйымдастыратынына күмән жоқ.
Қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқып-үйренбеуі болса керек.
2.1 Қазақстан табиғатының экологиялық жағдайының зерттелуі
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн., км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %- ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат корғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Әрбір мемлекеттің ұлттың табиғат қорғау барысында ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олардың негізін қалаушы ата-бабаларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар — өмір тәжірибелері.
Сондықтан да түз тағысы киікті киелі, жер мен суын қасиетті деп, жас ұрпағына түсіндірген ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шұрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін пайдаланып әрі оны қорғауды мақсат еткен.
Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпақка қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Табиғат қорлары сарқылмайтын жәнс сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі — су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте ұқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар — топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекетінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте ұзақ — мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, косымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антропогендік факторларға байланысты. Соның негізгілері — тонырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.
Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы — әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмірі үшін сақтау.
Табиғат қорғау заңын орындау негізгі ұстанымдары мен ережелеріне негізделген.
Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құстың мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі екенін ескеру қажет.
Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзендерін ауыл шаруашылығына барынша пайдаланып, оның Арал теңізі үшін маңызы ескерілмеді. Нәтижесінде Арал теңізінің біржола құрып кету қаупі төніп тұр.
Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы. Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек. Яғни, табиғаттың тарихи-табиғи байланысын, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз. Мысалы, Семей өңіріндегі Шыңғыстау ормандарының құрылыс үшін кесілуі — осы өңірді аң-құсы мен шұрайлы жайылымынан айырды.
Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде, қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс, Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.
Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байлалыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы -экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан »табиғат қорғау» ұғымының мәні зор. «Табиғат қорғау» ұғымына жақын «қоршаған ортаны қорғау» ұғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғаудың жиынтығы. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану — табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.
Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:
- Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс.
- Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқсықтар көбеюде.
- Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.
- Табиғаттағы экожуйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:
а) өндірісті, өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;
ә) өндіріс пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;
б) табиғат, ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;
в) табиғат ресурстарын сол қалпыпда сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет;
г) қоршаған орта мен адам баласының денсаулығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.
Табиғат міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.
Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны қорғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.
Нақты шешім қабылдау шаралары — табиғаттағы адамның іс-әрекетінен бүлінген немесе ластанған, жарамсызданған объектіні қалпына келтіру немесе жою жұмыстары. Мысалы, ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, орманның қырқылуы, т.б.
Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты — экологиялык кауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтеншс апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.
Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.
- Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде қазіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
- Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі қадағалау.
- Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.
- Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, корыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. ұйымдастыру.
- Табиғат қорғау мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік денгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру.
- Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.
- Табиғат қорғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.
- Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.
Қорыта айтқанда, табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты — табиғатты қорғау. Табиғат қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Біздің елімізде табиғат қорғау мемлекеттік заңдармен қорғалады.
2.2 Географ-эколог ғалым, профессор А.С.Бейсенованың зерттеудегі еңбегінің ролі.
Әлия Сәрсенқызы экология ғылымын дамытудағы Э.Геккельдің сол кезеңдегі анықтамасына тоқтала келіп, оның бүгінгі таңдағы өресі кеңіп жаратылыстану ғылымдарының ғылыми деңгейіне көтерілгені туралы баға бергені де есімде. Мәселен Қазақстан табиғатын зерттеуші көрнекті ғалымдар Н.Л.Корженевский, Н.Г.Герасимов, Л.С.Берг, Н.Г.Кассин, Қ.И.Сатпаев, А.А.Григорьев, Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Кудерин өздерінің зерттеу еңбектерінде экология ғылымын дамытуға қыруар үлес қосқан жандар еді. Олардың ізін жалғастырушы Әлия Сәрсенқызының географиялық зерттеулері табиғатпен тікелей байланысты. Қазақстан табиғатының зерттеу тарихын алғаш рет кең көлемде әрі жан-жақты қарастырған ғалым Әлия Бейсенова екені даусыз шындық. Ғалым өз еңбегінде Қазақстан табиғаты туралы деректерді шет елдерден саяхатшылардың еңбектерін терең зерттей келіп, орыс ғалымдарының қосқан үлесіне лайықты баға берді. Осы бағытта ғалымның 1979 жылы жарық көрген «Қазақстан табиғатын зерттеу» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбекті кезінде атақты географтар, МГУ ғалымдары А.Н.Соловьев, А.А.Григорьев, В.А.Есаков өте жоғары бағалады. Осы еңбек негізінде Ә.Сәрсенқызы 1984 жылы «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың даму» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Сол кездегі СССР бойынша география ғылымының атасы атанған академик Н.А.Гвоздецкий – «….бұл зерттеуді Орта Азия мен Қазақстан ғылымы тарихы бұрын соңды болмаған баға жетпес еңбек деп санаймын» деп пікір айтты. Бұл еңбек тек Қазақстан ғалымдары үшін ғана емес, кейіннен Орта Азия республикаларының зерттеу салаларында баға беруші маңызға ие болды. Еңбек жаратылыстану ғалымдары жүргізген қызу пікірталас, жаға идеялардың қозғаушы күшіне айналды. Көпшілік қауымның көңілінен шыққан еңбектің нәтижесінде Ә.Бейсенованың қаламынан 1981 жылы «Табиғатты жаңадан ашушылар» («Первоткрытователи») және «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың дамуы» атты ммонографиялары жарық көрді.
Соңғы он жыл бойы Ә.Бейсенова өзінің бар күш жігерін егемендік алған еліміздің табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіру мен оны қорғаудың актуалды мәселелеріне арнап келеді. Ғалым алдымен Ұлы Жібек жолындағы орыс-қазақ зерттеулерінің өзара байланысын, ықпалын саяси-әлеуметтік және саяси-тарихи деңгейде көтере білді. Ол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастаған тарихи зерттеулерді қорытындылап, жаңа талапқа сай Қазақстан табиғатының қалыптасу жолдарын зерттей бастады. Әлемдік деңгейдегі географтар П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, Н.В.Мушкетовтың, А.С.Бергтің қазақ жеріндегі іргелі зерттеулеріне талдау жасап, орыс географиялық қоғамының толық мүшесі Ш.Уәлихановтың мұрасын зерттеуге, оны орыс ғалымдарының деңгейіне көтеруге өзінің бар ынта-жігерін салды. Оның «Қазақстандағы география мен зерттеушілердің тарихы негізі» атты монографиясын жоғары бағалаған Қазақстан Ренспубликасының Білім және Ғылым министрлігі Әлия Сәрсенқызы Ш.Уәлихановтан кейінгі Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақтың ғалым қызы екенін біз ерекше мақтан етеміз.
Әрине, Ә.Сәрсенқызының ғылымдағы жолы үнемі теп-тегіс, даңғыл бола қойған жоқ. Көпшіліктің экологиялық білімі мен мәдениетін көтеру қажеттігі толғандырып жүрген кездерінде Ә.Сәрсенқызы көп кедергілерге кездесті. Бірақ өжет те өр мінезді қазақтың ғалым қызы барлық қиындықтарға қарсы тұрып, өзінің көздеген мақсаттарына жетті.
Сол кездегі партократтың тосқауылдар мен ғылымдағы демологияны жеңе білді. Ә.Сәрсенқызы СССР және жоғары арнаулы орта білім министрі Ягодинге дейін барлық жастарға экологиялық білім беру туралы идеяларын жүзеге асыруға кірісті. Экологиялық білім беру жүйесіндегі МГУ мен Қазан университетінің тәжірибесіне ден қойды.
Экология дегенде ойына қазақтың кең жазира даласы есіне түседі. Қазіргі кезде оның байлығы тоналған, ауасы мен суы, жері ластанған, табиғаты тозған. Бұл өзекті өртер шындық. Осыны білгендей ана бір жылдары ғұлама ғалым, ұстазы академик А.Машанов бірде ғылыми кеңес отырысында «Әлия, экологиялық жағдай бәрімізді толғандырып жүрген ауыр мәселе. Ендігі жерде қазақтың табиғатын зерттеп жүрген саған бұл мәселені биігірек көтеру керек», — деп үлкен сенім жүктеді. Ұстазы жүктеген осы міндетті онсыз да табиғат үшін күресіп жүрген ғалымды жаңа биіктерге жігерлендірді.
Жасыратыны жоқ, бұл кезеңде Қазақстан эколоиясы апатты жағдайға жеткен еді. Аңыраған Арал, Тойсойған, Нарын полигондары көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақтың түн ұйқысын төрт бөлетін. Осыны сезінген ғалым енді экология кадрларын дайындауға қызу кірісті.
Бұл ойын Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ректоры, профессор Т.Садықовқа айтты. Ректор ғалымның бұл идеясын қуана қарсы алды. Сөйтіп, 1987 жылы Білім министрілігінің бұйрығымен «Ландшафттар экологиясы және табиғат қорғау» лабораториясы ашылып, ол 1991 жылы республикамызда тұңғыш рет «география-экология» факультеті құрылды. Осы аталған жоғарғы оқу орны Одақ бойынша экологтар дайындайтын алғашқы жоғары оқу орны болды. Кейін мұны Елбасы Н.Назарбаев та қолдап облыстардағы жоғары оқу орындарында да экологтар дайындау үшін оның оқу жоспарын, оқу-әдістемелік бағдарламаларын жасау мен үйлестіру бағытында бар күш жігерін жұмсады.
Ал бұл кезең елімізде экология мамандарын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының институттарымен тығыз байланыс жасады. Кафедра мұғалімдерін сабақ берумен қатар ғылыми-зерттеу жүргізуге жұмылдандырды. Мәселен, «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-педагогикалық негіздері», «Республикада эколог мамандар дайындау проблемалары», «Кәсіптік және жалпы білім беретін оқу жүйелерінде экологиялық білім беруді жақсарту жолдары», «Жезқазған облысында ерекше қорғалатын территорияларды қорғау және ұйымдастыру мәселелері», «Қызылорда қаласының экологиялық жағдайы және табиғатты қорғау», «Қазақстанның аймақтық экологиялық ақпараттық картасын жасау» сияқты мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми зертеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттар бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалып (А.Белый, Ф.Темреева, З.Ахметжанова, З.Абишева, Г.Сабденалиева, А.Баймолдаева т.б.) экологтардың саны сапа жағынан жақсартылды. Осы жұмыстардың бәрі профессор Ә.Сәрсенқызының тікелей басшылығымен жүзеге асырылды.
Соңғы жылдары Ә.Сәрсенқызы жоғары оқу орнымен қатар мектеп өміріне де араласып, болашақ жасөспірімдерге экологиялық білім беру сапасын жақсартуға көңіл аударып келеді. Кафедраға қарасты «Экология» оқу-әдістемелік лабораториясының жұмысын мектеппен байланыс жасауға тиімді пайдалану жүзеге асты. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің тапсырысымен «Экологиялық білім тұжырымдамасы», және «Экологиялық білім бағдарламасы» туралы арнайы комиссия құрылған еді. Бұл қажетті құжаттарды жазуға Ә.Бейсенованың 1987 жылғы экологиялық тұжырымдамасы алынды. Онда Әлия Сәрсенқызы экологиялық білім берудің түр негізі отбасынан басталатынын дәлелдеді.
Ол үшін ғалым 1987-1999 жылдар аралығында республикамыздың Алматы, Семей, Орал, Петропавл, Жамбыл қалаларындағы жоғары оқу орындарында «Экологиялық білім беруді жақсату жолдары туралы» бірнеше ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. 1992 жылы Алматыда «Көпшілікке үздіксіз экологиядық білім беру және мамандар дайындау мәселелері» атты ғылыми конференция өткізді. Онда сөйлеген сөзінде «Экология – қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғаты қорғап қастерлеуге негізделген ғылыми»,- деп атап көрсетті. Шын мәнінде көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқы табиғатпен етене араласып, оның қыр-сырын жетік білген.
Жылдың төрт маусымын шебер пайдаланған дана халқымыз көшкен жұртына бір түйір зат көлденең тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кетпейтін бе еді?
Әлия Сәрсенқызы үнемі «Экологиялық білім тәрбиемен келеді, ол тәрбие ана сүтімен беріледі» деп отырады. Оның жетекшілігімен шәкірті А.Манкеш «Бала бақшада экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері туралы», ал Д.Жанкелдина мен Г.Сабденалиева оқушыларға экологиялық білм мен тәрбие беру тақырыбында диссертация қорғады.
1991 жылдан бастап Ә.Сәрсенқызы экологиялық білім беруде Қазақстанның экология саласында еңбек етіп жүрген білікті ғалымдарды профессорлар А.Биғалиев, Ж.Жатқанбаев, А.Чигаркин, Қ.Сағынбаев, В.Фурсов, А.Сармурзиналармен пікір алыса отырып, көптеген мемлекеттік деңгейдегі еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге атсалысты.
Қазақстан табиғатының тарихын зерттеу, оның бұрынғысы мен болашағына көз жіберу, бүгігі таңдағы геоэкологиядық жағдайларға баға беру Ә.Сәрсенқызының күнделікті жұмысы. Әсіресе, ғалым Қазақстанда жастарға экологиялық білім мен тәрбие беруді жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Бүгінгі таңда Ә.Сәрсенқызының өмір жолы, жұмыс істеу стилі, ғаламдық зерттеушілік ұстанымдары шәкірттері үшін үлгі-өнеге болса, ал әріптестері үшін көрнекті және қоғам қайраткері ретінде танылып отыр.
Өзінің ғылыми еңбегімен көзге түскен қазақтың талантты да ғалым қызының еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып келеді.
Қазақстан географиясының талантты да көрнекті өкілдерінің арасынан ерекше дараланып көзге түсетін ғалымдардыі біреуі – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының мүше корреспонденті Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Ә.С.Бейсенованың Қазақстанның физикалық географиясы мен экологиясын зерттеу саласындағы ғылыми еңбектері еліміз шеңберінен асып, алыс және жақын шет елдерде де өз сұранысын тауып, қолданбалы мәнге ие болуда. Ғылымның асқар шыңына талмай ұмтылған, география ғылымының дәрежесін көтеру мен қолданбалы мәнін арттыру мақсатында үлкен үлес қосқан озық ойлы ғалымның қаламынан 350-ге жуық ғылыми еңбек жарық көрген. Оның 15-і өте толымды монографиялар мен оқулықтардан тұрады.
Ғалымның ғылыми зерттеулері мен қызмет аясы өте ауқымды.
Қазақстандағы география ғылымының қалыптасуы мен дамуы және оның басты бағыттары:
- үздіксіз экологиялық біліммен тәрбие беру;
- мектеп пен жоғары мектептегі географияның оқытылуы;
- географиялық әдебиеттер мен оқу құралдарын, әсіресе Қазақстанның физикалық, тарихи-географиялық және экологиялық карталарын шығару;
- мектеп пен жоғары мектепке білімді де білікті мамандарды әзірлеу сияқты бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін мәселелермен тікелей айналысып, іскер басшылық жасап, өзінің шәкірттеріне аянбай жол көрсетуде.
Әлия Бейсенова – Қазақстан физикалық географиясы мен экология саласында аса көрнекті ғалымдардың арасында бірегейі.
Профессор Әлия Бейсенова Қазақстан табиғатын зерттеуді тарихи кезеңдер арқылы жіктеп, көне заманнан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі табиғаттанудың ұзақ шежіресін жасады. Ол табиғат зерттеу тарихының бүгінгі заман үшін, әсіресе, егемендік алған еліміздің табиғи ресурстарын пайдаланудың жолдарын іздестірудегі маңызын ерекше атап көрсетті.
Қырық жылдан астам уақыттан бері Ә.Бейсенова Қазақстан табиғатын зерттеу тарихымен шұғылданып, 1967 жылы Мәскеуде кандидаттық, 1981 жылы Баку қаласында докторлық диссертация қорғайды. «Қазақстан табиғатын зерттеу» (1979), «Қазақстанды физика-географиялық тұрғыда зерттеу» (1992), «Алғашқы зерттеушілер» (1987), «Қазақстан табиғатын зерттеу және физика-географиялық идеялардың дамуы» (1989), «Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихы негізі» (2001) атты монографиялар жариялады.
Еліміздің қазіргі экологиялық жағдайы ғалымдарды көптен ойландырып жүргендігі белгілі. Ә.Бейсенова да 80-жылдардың орта кезінен экология тақырыбында мақалалар мен еңбектер жазып, Қазақстан экологиясының мәселелерімен терең шұғылдана бастады.
Экология мәселелеріне қатысты Ә.Бейсенованың қаламынан «Экология негіздері» (1998), «Экология» (1999), «Экологиялық білім және табиғатты қорғау», «Адам экологиясы» (2001), «Экология» (2002) оқулықтары мен зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектерде экология негіздері және Қазақстан табиғатының ерекшеліктері жайлы мәлімет берілді.
Белгілі ғалым Ә.Бейсенованың ғылыми-шығармашылық қызметі Қазақстандағы географиялық профильдегі ғылыми мекемелермен тығыз байланыста өтіп келеді. Ол геология және кен қойнауын қорғау, экология және табиғатты қорғау министрліктерімен үнемі бірлесе жұмыс атқарды. Ғалымның басқаруымен жүргізіліп жатқан экологиялық тұрақсыз аудандардың «Каспийдің оңтүстік шығыс жағы ландшафты мен олардың ресурстық мүмкіндігін бағалау» деп аталатын зерттеуді Ғылым академиясы география институтының жоспарына енген.
Жалпы білім беретін орта мектептің VII сыныбына арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» 1992 жылдан 1999 жылға дейін үзбей басылып келеді. Оны қазақ, орыс, ұйғыр мектептері пайдаланды. 2000 жылы ол мектепке арналған жаңа оқулықтар жасауға белсене қатысты.
Ә.Бейсенова географиялық жас кадрларын дайындау мәселесіне де үлкен көңіл бөліп келеді. Ол аспиранттар мен жас ғалымдардың жұмыстарына әр уақытта басшылық етеді.
Ғалымның жетекшілігімен оннан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ол — ұлттық ғылым академиясының география институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетіндегі диссертациялар және жоғары Аттестациялық комитеттің сараптау кеңестерінің мүшесі.
Профессордың ғылыми-шығармашылық, қоғамдық істері Қазақстан Республикасынан тыс елдерге де белгілі. Ә.Бейсенова Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Бакуде, Ташкентте, Бішкекте, Киевте, Қазанда өткен ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Египет, Англия, Сирия, Ливан, Греция, Туркия, АҚШ, Италия, т.б. елдерде мәдени, ғылыми-шығармашылық сапарда болған.
Оның 1999 жылғы Вашингтонда әйелдер қозғалысының жиынында жасаған баяндамасы арнайы мақтау қағазбен марапатталды.
Ә.Бейсенова – қоғамдық жұмыстарды да ғылыммен қатар алып келе жатқан ғалым. Ол Бүкілодақтық географиялық қоғамның тексеру комиссияның мүшесі. Қазақстан географиялық қоғамының төралқа мүшесі болып сайланған.
Қазақ энциклопедиясының географиялық жөніндегі кеңесінің мүшесі болды.
Қазақстан Республикасының Білім академиясының география жөніндегі оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы. 1998 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.
Еліміздің алғысына бөленген Ә.Бейсенованың ғылыми-педагогтік, қоғамдық еңбегі үкімет тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше рет марапатталды. Ол «Құрмет» орденімен (1996), «Еңбек ардагері» (1987), медалінің «КСРО Жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін» (1983), Ыбырай Алтынсарин медальдарының иегері, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1990), «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» (1997).
Профессор Ә.Бейсенованың география және экология бойынша еңбектері:
- Изучение климата Казахстана // Тезисы докладов ХХ научной конференций КазПИ им. Абая. Алам-ата 1986.
- Исследования внутренных вод Казахстана // Тезисы докладов XVIII науч.конф. КазПИ им. Абая 1966 г. Объем 0,2 п.л.
- Физико-географическое изучение территорий Казахстана за Советский период (1917-1941 г.г.). Автореферат дисс.на соискание ученной степени канд. геогр. наук. (Институт историй естествосознания и техники АН СССР) М.1967.
- Қазақстанның физикалық географиясын зерттеу жайында // Қазақстан мектебі 1967 ж. №4.
- Есік көлі // Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
- Жайық өзені // Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
- Жезқазған аймағы // Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
- Жеңіс шыңы // Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
- Жоңғар қақпалы // Жоңғар орографиясы Қазақ Совет энциклопедиясы 4т.
- Имантау.// Қазақ Совет энциклопедиясы 5т.
- Киікбай тоғаны. // Қазақ Совет энциклопедиясы 5т.
- Қайнар селосы // Қазақ Совет энциклопедиясы 6т.
- Мойынқұм // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
- Мұғалжар // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
- Мұзбасу // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
- Мұзбек жаны тауы // Қазақ Совет энциклопедиясы 8т.
- Академик Л.С.Берг. Қазақстан табиғатын зерттеуші // Қазақстан мектебі 1976. №3.
- Сарыарқа // Қазақ Совет энциклопедиясы 10т.
- Табиғатты қорғау // Қазақ Совет энциклопедиясы 10т.
- Текелі // Қазақ Совет энциклопедиясы 10т.
- Қазақстан жерінің географиялық зерттеу тарихы // Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама. (Ә.Бірмағамбетовпен бірге).
- Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау ісі // Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама (А.Полтушевпен бірге).
- Қазақстан территориясында Орта географиялық қоғамы жүргізген жұмыстар // Социалистік Қазақстан 1982.
- Ш.Уәлиханов – саяхатшы және географ // Қазақстан мұғалімі 1985.
- Арал теңізі // Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2 т.
- Каспий теңізі // Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2 т.
- Қаратау // Қазақ ССР қысқаша энциклопедия 2 т.
- Жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттері // Қазақстан мектебі 1990 №6.
- Экологическая обстановка в Казахстана // Экологические проблемы Казахстана: тезисы докладов 3 съезда географического общества КазССР. Ч 1-Алма-ата, 1990.
- Задачи экологического образования и воспитания в свете решений о перстройке высшей школы // Экологичсекое образование и воспитание в Казахстане: Межвуз сб. Научных трудов преподавателей КазПИ им Абая. Алматы, 1991.
- Қазақстанның физикалық географиясы Орта мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігі бекіткен. Алматы, Рауан. 1992 146 б. (К.Кәрпеков, М.Қалиев, Н.Молдағұловпен бірге).
- Концепция экологического образования и направоения совершенствования учебных программ для школ. Алматы 1994.
- Оқушыларға экологиялық тәрбие беру методикалық нұсқау. Алматы АлМУ, 1994. (Д.Жанкелдинамен бірге).
- Эколог мамандар даярлаймыз (Жоғары оқу орындарында) // Биология және химия 1996 №1.
- Қазақстанда экологиялық мәселені шешу үшін мамандар даярлау концепциясы // Атамекен 1996.
- Экология негіздері // сб. Геоэкология №38 АГУ им.Абая. Алматы, 1997.
- Әлемдік экология проблемалары // ст. Геоэкология №38. АГУ им.Абая. Алматы 1997.
- Этноэкология. Программа // Пойск 1997.
- География –экология мамандарына арналған «Биосфера» курсының далалық практикалық бағдарламасы // сб. Геоэкология №38 АГУ им.Абая. Алматы 1997.
- Экология негіздері. Оқу құралы // Абай атындағы АМУ 1998. (Ж.Шілдебаевпен бірге).
- Экологиялық білім бағдарламасы. Программа экологического образования. Алматы РИК, 1999.
- Экология және табиғат қорғау 8-сынып. Алматы 2001. (Г.Б.Бейсеева, Ж.Шілдебаев, Ф.Е.Қозыбаева, Б.Қ.Қазыхановамен бірге).
- Экология оқулық. Алматы. Ғылым, 2001 (ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева).
- Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Еспаев, Ж.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
Қорытынды
Еліміздегі ғылыми-техникалық прогрестің тез қарқынмен дамуы ХХ – ғасырдың соңында жер шарының әр түкпіріне түрліше әсер етуде. Қазір, ол бүкіл планетаны қамтып, адамзат өміріне мейлінше қауіп төндіріп отыр. Яғни табиғи қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған кезек күттірмейтін әлемдік деңгейдегі күрделі мәселеге айналып отыр.
Жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың жер тағдыры мен ел тағдырын, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, айнала қоршаған ортаның, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын адамзатты тәрбиелеу міндеттері мен мақсаттары өз маңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, қайта одан әрі көкейкестілігімен сипатталуында.
Оқушыларға экологиялық тәрбиені жопарлы, белгілі бір мақсатқа негіздеп ұйымдастырсақ және оларды біріккен сабақтар деңгейлерінде өткізсек соғұрлым балалардың табиғатқа жауаркершіліктері артып, нәтижелігі жоғары болмақ.
Біздің ойымызша экологиялық тәрбиенің мәнін «Экологиялық білім және тәрбие беру» деген ұғым арқылы берсек, оның мазмұнының тұтастығы түрде неғұрлым толығырақ ашып көрсетеді.
«Білім беру» жеткіншек ұрпақты өндіргіш күштер жүйесіне қатысушы білікті маман ретінде (табиғатты қорғаушы) дайындаса, ал «тәрбие» адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынастарын қалыптастыратын процес ретінде бір-бірінен бөлінбей өзара өте тығыз байланысты қарастырамыз. Оқушыларға ғылыми білім танымдық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы, олардың қарым-қатынастары, мінез-құлықтары, саналары, көзқарастары, өздерін ұстау әдістері іске асырылды. Бұл тұтастық жеткіншек ұрпақты табиғатқа ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудің ажырамас шарты.
Қазіргі уақытта орта мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің қажетттігі өмірдің өз талаптарына, қарама-қайшылықтарының болуынан туындаған проблемалардың біріне айналды. Бұл жағдайда жеке пәндердің ролі аса түседі. Әсіресе, оқушыларға экологиялық курстық атқаратын міндеті зор.
Қазіргі педагогикалық теория экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, толық әрі тұтас анықтауға ұмтылады. Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттары жөнінде үзілді-кесілді айтылған алшақтық жоқ. Сонымен экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға жауапты және іскерлік қатынастарын қамтамасыз ететін ғылыми білім, көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру демекпіз.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері – аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп опаттарының белең алып қауіпті әрі улы қалдықтарының қолданылуы, айнала қоршаған ортаға ерен зиянын тигізуде.
Қазіргі кезде экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру қажет деп отырмыз.
Қазіргі кезде эколог ғалымдар өздерінің жазып жүрген оқу құралдарында экологиялық проблемаларды алға тартып жүр. Осы көтеріп жүрген проблемалар тек бүгінгі күннің ғана емес келешек ұрпақтар үшінде көптеген зиянды екенін ескертеді.
Қазақстан қазір табиғаты және экологиялық жағынан өте үлкен опатта тұр. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында, мектептерде экологиялық білім алып жатыр. Қазіргі кездегі ғалымдардың алдында тұрған бір мәселе: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың экологиялық білім мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары саналы, экологиялық пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта мектепте қалыптасып келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстанның физикалық географиясын зерттеу жайында // Қазақстан мектебі 1967. №4.
- Жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие міндеттері // Қазақстан мектебі 1990. №6.
- Қазақстан табиғатты зерттеу және физикалық гоеграфия идеяларының дамуы. Ежелгі дәуірлерден бастап ХХ – ғасыр басына дейін. А.Рауин.
- Мұғалімдердің экологиялық білімін жетілдіру жолдары. Ізденіс жаратылыстану ғылымының сериясы. 1995 №4.
- Эколог мамандар даярлаймыз. Биология және химия 1996.
- Табиғатты қорғау негіздері. СБ. Геоэкология №38. АГУ им.Абая А, 1997.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993, №1.
- Бейсенова Ә.С. Экологиялық тәрбие берудің теориялық мәселесі. Биолог, географ және химия 2002, №3.
- Нуғманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің педагогикалық негізі. Қазақстан мектебі 1996, №6.
- Иманберлиева С. Экологиялық білім беру. Қазақстан мектебі 1993, №6.
- Бейсенова А.С. От экологического ликбеза до подготовки специалистов — экологов. Вестник высший школы Казахстана 1995.
- Бейсенова А.С. Исследования природы Казахстана А-ата. Казахстан 1979.
- Бейсенова А.С. Физико-географические исследования Казахстана (1917-1941 годы).
- Сағынбаев Ғ. «Экология негіздері» Алматы 1995.
- Бейғалиев А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р., «Қазақстан топырағы және оның экологиясы» А, 1995.
- Бейсенова Ә. Қазақстан географияссын зерттеу және физикалық география. Лениншіл жас 1990 30 мамыр.
- Сарыбаев Н. Ғылым кездейсоқты көтермейді. Қазақстан мектебі, 1996 №5.
- Бейсенова Ә. Қазақстан әйелдері. 1990.
- Шілдебаев Ж. Ғалым эколог ұстаз. Атамекен 1995, 7 желтоқсан.
- Оразымбетова Г. Қазақстанның тұңғыш географ ғалымы. Түркістан 2002, 21 наурыз.
- Шілдебаев Ж. Ғылымның қияр шыңында. Атамекен 2002, 26 наурыз, №6.
- Бақытов Ж. Тектілік пен тереңдік. Эколог. Ә.Бейсенова. Атамекен 2002.
- Мирзаев К. Ұстаз ұлағаты география ғылымының докторы, профессор Бейсенова. Алматы ақшамы 2002, 26 наурыз.
- Шілдебаев Ж., Мақпырұлы С. Табиғатты аялаған ғалым. Ұлт тағылымы 2002.
- Баяшов Ә. Букетовтың шәкірті. Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымы. Заман Қазақстан 1998.
- Айтуғанова З.Ш. Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері.
- Сейітқазиев Әдеубай Садақбайұлы. Оңтүстік Шығыс Қазақстанның геоэкожүйелеріндегі тұздалған топырақтың су-тұз алмасу негіздеу.
- Қаймолдинова К.Д. Қазақтардың табиғатты пайдалану және қорғау дәстүрлерінің топонимикалық аспектілері. А, 1998.
- Исследования природы и развития физико-географических идей в Казахстане.
- Табиғатты қорғау. Қазақ Совет энциклопедиясы 10 т.
- Қазақстан жерінің географиялық зерттеу тарихы. Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама.
- А.С.Бейсенова. Биобиблиография ученых Казахстана.
- Мәселенің мәні неде? Бейсенова Ә. Парасат 2002, №6.
- Сарыбеков Н. Табиғат тағдыры – адам тағдыры. Қазақстан мектебі 1995, №6.
- Экологиялық білім және табиғат. Ұлағат 1995, №2.
- Ұлттық қауіпсіздік және экологиялық астар. Өтепбергенов С. Жалын 1995.
- Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл» А, 2003.
- Ә.Бейсенова., А.Самақова., Т.Есболов., Ж.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. А, 2004.
- «Экология» оқу құралы. Ә.Бейсенова., Ж.Шілдебаев. 1999.
- Экология негіздері: оқу құралы. Ә.Бейсенова., Ж.Шілдебаев.
- Экология және табиғат қорғау 8-сынып. Алматы 2001. Г.Б.Бейсеева., Ж.Шілдебаев., Т.Е.Қозыбаева., Б.Қ.Қозыханова., Ә.Бейсенова.
- А.Ж.Ақбасова., Г.Ә.Саинова «Экология» оқу құралы. А, 2003.