АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Экономика саласындағы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

Реферат

 

Менің бұл бітіру жұмысымның тақырыбы «Экономика саласындағы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» деп аталады.

Менің бұл тақырыпты таңдап алу себебім, қазіргі кезеңде нарықтық экономикаға өту кезеңінде еліміздің экономикалық қауіпсіздігі әлі де толығымен қамтамасыз етілмеген. Оның себебін басқа мемлекеттермен нарықтық қатынастарды орнатуда және дамытуда тиісінше тәжірибенің жеткіліксіздігімен түсіндіруге болады.

Бұл диссертациялық жұмыста экономикалық қызмет саласындағы           қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қарастырылып, жан-жақты талданған. Диссертация кіріспе бөлімінен, үш тараудан, қосымшадан және қорытынды бөлімнен тұрады.

Диссертацияның бірінші бөлімінде қылмыстардың криминалистикалық      сипаттамасының ұғымы, оның криминалистика    ғылымында    алатын    орны, мәні мен мазмұны қарастырылған.

Жұмыстың екінші бөлімінде қылмыстардың криминалистикалық         сипаттамасының құрылымдық элементтері, соның ішінде типтік тергеу ситуациясы, қылмыскер тұлғасының криминалистикалық ерекшеліктері, жәбірленуші тұлғасының криминалистикалық ерекшеліктері, қылмысты жасау және жасыру әдістері, қылмыстың жасалу механизмі, қылмыстық қол сұғушылықтың заты және т.б. элементтерге талдау жасалған.

Жұмыстың үшінші бөлімінде экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы беріліп, осы қылмыстарды тергеу кезінде тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің өзара қарым-қатынас мәселелері қарастырылған.

Қосымшада экономикалық контрабанда қылмыстары бойынша Алматы қалалық Кеден басқармасының статистикалық мәліметтері кесте түрінде көрсетілген.

Пайдаланған әдебиеттер ретінде осы саланы реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың мәселелеріне арналған әр түрлі ғалым-заңгерлердің жұмыстары қарастырылды.

 

Жоспар

Кіріспе

I тарау.    Қылмыстардың криминалистикалық

       сипаттамасының кейбір аспектілері.

1.1. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының теориялық       мәселелері, оның криминалистика ғылымы жүйесінде алатын орны

1.2. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының

түсінігі, түрлері, мәні

II тарау. Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері.

2.1.  Типтік тергеу ситуациялары

2.2.  Қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктері

2.3.  Қылмысты жасау әдістері

2.4.  Қылмысты жасау механизмі

2.5.  Қылмыстық қол сұғушылықтың заты

2.6.  Өзге де құрылымдық элементтер

III тарау. Экономикалық қылмыстарды тергеудің

                 жалпы құрылымы.

3.1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың  криминалистикалық классификациясы

3.2. Экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы

3.1. Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің Экономикалық контрабанда қылмыстарын ашу мен тергеудегі өзара қарым- қатынастарының мәселелері

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Диссертантпен бұл жұмыста қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, соның ішінде экономикалық қылмыстардың бір түрі болып табылатын экономикалық контрабанда қылмысын тергеудің жалпы ережелері криминалистика ғылымы тұрғысынан қарастырылын, талданған.

Жаңа қылмыстық саясаттың құрылуы қылмыстылыққа, соның ішінде экономикалық қылмыстарға бақылау жүргізу қажеттілігін білдіреді.

Экономикалық қылмыстылықтың өсуінің алдын алу үшін Егеменді Қазақстанның ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарына бақылау жүргізу өте қажет. Ол үшін көлеңкелі экономиканы сәйкесінше зерттеу, мелекеттік және өзге де статистикалық есептің нысандарын жетілдіру қажет.

Жаңа қазақстандық экономиканың қалыптасуында шешуші рөлді атқаратын маңызды салалардың бірі болып Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі табылады. Алайда жаңа сыртқы экономикалық қатынастарға өтудің тәжірибесі олардың салдары болып табылатын мемлекетке мәнді әрі кей кездері орны толмас экономикалық зиян және саяси залал тигізетін кеден және қылмыстық заңдардың бұзылуы ретінде көрініс табатын көптеген теріс құбылыстарды анықтап көрсетеді. Бұл бұзушылықтардың таралуына әсер ететін бірқатар шарттар бар. Ең алдымен ол, әрине, басқа мемлекеттермен нарықтық қатынастарды орнатуда және дамытуда тиісінше тәжірибенің жеткіліксіздігін атауға болады. Сонымен қатар Қазақстанның шекарасынан өнімді, тауарларды және шикізатты шығару құқығына лицензия беру тәртібі өрескел бұзылып жатады. Шекаралық өткізу орындары, кедендік қызметтер жақсы дамымағандықтан өткізілетін жүктер әр кезде де сапалы түрде тексерілмейді, ал ол құқық бұзушылықтардың орын алуына әсер етеді.

Трансұлттық қылмыстылық экономика мен экология саласына белсенді түрде енді, өйткені Қазақстан Республикасының табиғи және жер ресурстары ол үшін үлкен қызығушылық туғызады. Кез келген мемлекеттің кеден саясаты оның экономикасына байланысты болады. Сондықтан мемлекет бір тауарлар, заттар және құндылықтар үшін кеден шекарасынан өтудің еркін режимін белгілесе, екіншілерге арнайы ережелер белгілейді.

Капиталистік мемлекеттерде экономикалық қылмыс қылмыстың басқа түрлеріне қарағанда қоғамға көбірек залалын тигізеді және олардың салдары жалпы қоғам үшін де, оның жеке мүшесі үшін де өте қауіпті деп танылады. Осыған байланысты бұл мәселеге мелекеттік органдар да, ғалымдар да үлкен назарын аударуда.

Зерттелу дәрежесі, Қазақстанда мұндай кешенді зерттеу алғаш рет жүргізіліп отыр. Кеңес дәуірінің жұмыстарын талдау көрсеткендей, олардың көпшілігі, негізінен, контрабанданың жалпы түсінігі мәселелеріне арналғандығын және ол криминалистика ғылымында тиісті дәрежеде теориялық түрде жасалмағандығын көреміз. Экономикалық қылмыстардың,

соның ішінде экономикалық контрабанданың теориялық-құқықтық аспектілері М.Б.Поняевтің, Б.Свенсонның, А.М.Яковлевтің,          В.М.Шевчуктің, Б.М.Угаровтың, А.Н.Долгованың, С.В.Дьяковтың, А.Ф.Лубиннің, А.А.Федосеевтің және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Бұл мәселені қарастыруда үлкен үлес қосқан қазақстандық ғалымдар қатарына: Б. М. Нұрғалиевті, Г. Б. Саматованы, М.А.Алиевті, И.И.Роговты, Е.Ғ.Джакишевті және т.б. жатқызуға болады.

Диссертацияның мақсаты мен міндеті. Бұл диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты болып контрабанда қылмыстарымен криминалистикалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып күресудің негізгі теориялық мәселелерін кешенді түрде зерттеу, соның негізінде ұсыныстар құру табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін автор келесі сұрақтарды қарастыруды мақсат етіп қойды:

— экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасын беру;

— контрабанда жөніндегі істер бойынша сот-тергеу тәжірибесін зерттеу және жинақтау;

— контрабандамен күрес жөнінде мемлекетаралық әріптестіктің тәжірибесін зерттеу;

— жүргізілген зерттеу негізінде талданған қылмыспен күрестің тиімділігін арттыратын сәйкесінше ұсыныстар беру.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі ретінде философияның, логиканың, қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың ережелері көрініс тапты. Жұмысты орындау кезінде диалектикалық, статистикалық, салыстырмалы-құқықтық, логикалық-құқықтық зерттеу әдістері қолданды. Нормативтік негізін Конституцияның және Қазақстан Республикасының заңдарының негізгі ережелері, экономикалық контрабандамен күрестің мәселелерін реттейтін заң, сот және атқару биліктерінің нормативтік актілері құрады.

Қорғауға шығарылған ережелер. Жүргізілген диссертациялық зерттеу нәтижесінде қорғауға келесі негізгі ережелер шығарылады:

— қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының түсінігі, түрлері, мәні;

— криминалистикалық сипаттаманың элементтері;

— экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың криминалистикалық классификациясы;

— экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы;

— тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің экономикалық контрабанда қылмыстарын ашу мен тергеулегі өзара қарым-қатынастарының мәселелері.

Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда көрініс тапқан ұсыныстар:

—   экономикалық контрабандамен  күрес жүргізетін сот, құқық қорғау   және өзге де мелекеттік органдардың тәжірибелік қызметінде;

— қылмыстық құқық және криминалистика саласында ғылыми зерттеу жүргізу барысында;

— экономикалық қылмыстылықпен күрес жүргізу барысында жоспарларды, бағдарламаларды және өзге де шараларды құру барысында;

— қылмыстық құқық, криминалистика пәндері бойынша бағдарлама мен дәрістік курстарды құру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертацияның көлемі қойылған талаптарға сәйкес келеді. Диссертацияның құрылымы кіріспе бөлімнен, төрт тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диссертациялық зерттеу нәтижесінің апробациясы. Диссертант 28 желтоқсан 2003 жылы «Актуальные проблемы участия РК в межгосударственном сотрудничестве» атты Қазақстанның жас ғалымдары конференциясына қатысты. Зерттеу нәтижелері «Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының кейбір теориялық аспектілері» деген мақалада жарияланды.

 

 

  1. I. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының теориялық мәселелері, оның криминалистика ғылымы жүйесінде алатын орны.

Криминалистикалық сипаттаманың мәнін анықтауға ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлерінің біраз жекелеген мақалалары мен жұмыстары арналған. Қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі олардың криминалистикалық сипаттамасының сұрақтарының маңыздылығы туралы олардың үш Бүкіл кеңестік ғылыми – теориялық конференцияларда – Москвада 1976 және 1984 жылдары және Свердловскіде 1978 жылы – талқылау пәні болғандығының өзі көрсетеді.

Алайда осыған қарамастан қазіргі кездің өзінде-ақ бірқатар ережелерге байланысты жақын келетін ғылыми позициялар жоқ. Осыған сәйкес А.Г.Филипповтың пікірімен келісуге болады: «Әдістемелік ұсыныстарды құру біршама қиындаған, өйткені әлі күнге дейін криминалистикалық әдістеменің бірқатар маңызды мәселелері, соның ішінде қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы мен тергеулік ситуация ұғымдарымен және осы ұғымдардың арақатынасымен байланысты мәселелер шешімін тапқан жоқ».[1.с.22].

Криминалистикалық сипаттаманың эр түрлі аспектілері бойынша көзқарастардың сәйкес келмеуі зерттелетін объектінің күрделілігі мен көп қырлығымен ғана емес, сондай-ақ зерттеушілердің көпшілігінің жалпы, бастапқы мәселелерді шешпей жатып бірқатар жеке мәселелерді шешуге тырысатындығымен түсіндіріледі [2.с.15].

Криминалистикалық сипаттама-криминалистика ғылымының әзірше жаңа категориясы. Ол бұрын тергеу тәжірибесін зерттеудің сәйкес            әдістемелерінің қолданбағандығымен, ал бар әр түрлі мәліметтердің жүйе ретінде қарастырылмағандығымен түсіндіріледі.

Жоғарыда аталған жалпы сұрақтардың ішіндегі ең негізгісі – ол «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» ұғымын анықтау болып табылады.

Ұғымдардың ғылымның дамуында үлкен рөл атқаратындығы белгілі. «Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» ұғымын анықтау үшін ол қандай ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешуге арналғандығын, қылмыстың қандай белгілерін көрсету керек екендігін ескеру керек.

Криминалистикалық сипаттама, біздің ойымыз бойынша, тергеудің нақты міндеттерін шешу үшін тергеулік жорамалдарды жасап, оны тексеруге қызмет ететін және қылмыстың берілген түрінің Криминалистикалық мәні бар белгілердің арасындағы заңи байланысты көрсететін мәліметтер жүйесі.

Келесі қарастыратын бір мәселе – ол криминалистикалық сипаттамадағы типтік ұғымын анықтау. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына берілген алғашқы анықтамаларда ол қылмыстың типтік белгілерін көрсетуі керек делінген еді.[3.с.28,с.9-10].

Криминалистикалық сипаттамаға қатысты бұл ұғымды нақтылап алған дұрыс болар еді. Мұндағы «типтік» деген сөздің өзі бірнеше мағына беретіндігін айта өткен жөн.

«Типтік» бір жерлерде «объективті дүниенің берілген нақты жүйесі үшін барынша қалыпты, үлгілі және ең ықтимал» деп анықталса, екінші бір әдебиеттерде «белгілі бір топтың, кластың объектісі үшін маңызы бар барлық белгілерден тұратын жиынтық» ретінде қарастырылады.[4.с.13,24;с.595].

Ал криминалистикалық сипаттама тергеу тәжірибесі үшін маңызды бір белгілердің басқа белгілермен қатар болуының ықтималдылығының әр түрлі деңгейі жөнінде мәліметтерден тұрады.

Орыс тілінің сөздігінде «типтік» деген:1. белгілі бір типке тән ерекшеліктер мен қасиеттерге ие; 2.нағыз бір нәрсенің белгілері бар» деген мағына беріледі.[5. С.796]

Келесі қарастырылатын бір мәселе – ол криминалистикалық сипаттама мен тергеулік ситуация ұғымдарының арақатынасына қатысты.

Әдебиеттерде кейде тергеулік ситуация мен криминалистикалық сипаттамасы ұғымдары бір түсінік пе әлде олардың біреуінің мазмұны екіншісінен «кең бе» деген де пікірлер кездесіп қалады [6].

Криминалистикалық сипаттама тергелетін қылмыс жөніндегі ақпараттан тұрмайды, ол қылмыстық істердің және т. б. қайнар көздердің массиві бойынша өндеудің нәтижесінде алынған жүйеленген ақпаратты енгізеді.

Ал, тергеулік ситуация – қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесіне жататын ұғым. Ол тергеудің белгілі бір кезеңіндегі дәлелдемелік, жеделдік (оперативтік) және анықтамалық ақпараттың          көлемімен анықталады.

Криминалистикалық сипаттамаға байланысты ол ақпараттың жаңа құрылымын құрайтын оның элементтерінің бір түрін білдіреді. Сондықтан да мұндай сұрақтың орын аяуының өзі дұрыс емес деп ойлаймыз, өйткені бұл – екі бөлек ұғым болып табылады.

Сондықтан да Криминалистикалық сипаттамаға тергеулік ситуацияларды енгізу-теріс түсінік деп есептейміз. Себебі, ол Криминалистикалық сипаттама ұғымының қажетсіз кеңеюіне, Криминалистикалық сипаттама мен қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі арасындағы айырмашылықтарды негізсіз жоюға алып келеді.

А.Н.Колесниченко «Тергеулік ситуация дегеніміз белгілі бір дәлелдемелер мен ақпараттық материялдың болуымен сипатталатын және осыған сәйкес оны жинап және тексерудегі нақты пайда болатын міндеттердің болуымен сипатталатын қылмысты тергеудегі белгілі бір жағдай».[7.с.214].

Ал И.Ф.Герасимов «тергеулік ситуация-тергеудің бір кезеңінде қалыптасқан іштей өзгеруге бар тергеуді сипаттайтын материалдық ақпараттың және т.б, факторлардың жиынтығы және тергеудің негізгі бағыттарын, шешімді қабылдау мен әрекеттің әдістерін таңдауды шарттандыратын бағасы.[8.с.173].

Қылмыстардың Криминалистикалық сипаттамасы криминалистиканың теориясында да, сондай-ақ ЖОО-»(ВУЗ) бағдарламасында да айтарлықтай орынға, мәнге ие болды. Ал оның өзі криминалистика ғылымының дамуы мен оның оқыту әдістемелерінің жетілгендігін куәландырады. Алайда бұл жағдай қанағаттанарлық емес. Өйткені Криминалистикалық сипаттама ұғымының өзі даулы, яғни дискуссиялық болып отыр.

Криминалистикалық сипаттамаға берілген анықтамалардағы айырмашылықтар оның мәні мен криминалистика ғылымындағы алатын орнына да,тсонымен қатар оның мазмұнын құрайтын элементтерге де қатысты.

Авторлардың бірі қылмыстардың Криминалистикалық сипаттамасын «ғылыми категория» ретінде [9.с.17;с.57] қарастырады, екіншілері оны «қылмыс оқиғасының құрамы» деп есептейді [10.с.100], ал ғалымдардың үшінші бір тобы «Криминалистикалық сипаттаманы қылмыстардың Криминалистикалық классификациясының екінші нысаны» ретінде қарастырады [11.с.26]. Криминалистикалық сипаттаманың ғылым құрылымында алатын орнын анықтай отырып, бір авторлар қылмыстарды тергеудің нақты әдістемелері үшін» оның негізгі мәні» туралы айтса [12], екінші бір авторлар оны жалпы криминалистикалық әдістемесінің ерекше дербес жүйесіне жатқызады [13.с.22].

Қазіргі кезенде «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» ұғымы қылмыстарды тергеу әдістемесімен байланысты қазіргі криминалистикалық теория мен тәжірибеге мықты енді. Бұл қазіргі криминалистика ғылымының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады және теориялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерде кеңінен қолданылып жүр. Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесін құру және жетілдіру кезінде авторлар бұл мәселелерге тоқтамай кетпейді, сөйтіп, өздерінің мақалаларында, монографияларында және диссертациялық жұмыстарындағы бір тарауын не болмағанда бір сұрағын осы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына арнайды. Ол криминалистика ғылымына кіру үшін белгілі бір түрде «визиттік карточка» ретінде көрініс тауып қалды десек те болады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілім аяқ асты өздігінен не біреудің еркімен пайда болған жоқ, ол криминалистика ғылымының даму процесі нәтижесінде пайда болды. Р.С.Белкин көрсетіп өткендей, «криминалистикалық сипаттама» термині алғаш қолданыла бастағанға дейін жекелеген криминалистикалық әдістемелерде оның жекелеген элементтері сөз етіліп, тергеудің ұйымдастырылуы мен бағытын тандау үшін оның рөлі көрсетілетін.

Мұндай элементтердің қатарына қылмысты жасау және жасыру әдістері [14.с.169;с.25], қылмыстың жасалу жағдайы: орны, уақыты, өзге де жағдайлар [15.с.49;14.с.25;с.29-31;с.10], мүмкін қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтер [ Іб.с. 110], бастапқы ақпараттың сипаттамасы (оны кейбір авторлар тергеулік ситуация деп те атайды) [17.с.33;14.Гл.ІІ; раздел II].

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасына таман қылмыстық процестің қосымшасы ретінде танылып келген криминалистика ғылымы қылмыстық істі тергеу үшін маңызы бар қылмыстың белгілері мен ерекшеліктерін жүйелеу үшін «дәлелдеуге жататын мән-жайлар» деген қылмыстық процессуалдық категорияны пайдаланды. Осы кезеңдегі криминалистика пәні бойынша оқулықтарда қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі қылмыстық іс жүргізу заңдарымен көзделген жиынтығында қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнін құрайтын дәлелдеуге жататын мән-жайлардың сипаттамасынан басталып отырғандығын көреміз.

Криминалист-ғалымдар қылмыстарды тергеу тәжірибесің зерттеп, жиынтықтай отырып, жылдар бойы қылмыстардың белгілі бір түрлерінің жасалуының жекелеген мән-жайларына тән белгілер мен ерекшеліктерді жүйелі түрде анықтап, жинақтады. Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесіндегі ерекшеліктер мен криминалистикалық маңызы бар белгілердің жүйеленіп, жинақталуымен қылмыстың криминалистикалық сипаттамасында оларды қылмыстық-құқықтық аспектілерен оқшалау және дербес криминалистикалық сипаттаманы құру қажеттілігі туындайды. Криминалистика ғылымының ішінде өзіндік ғылыми теориялар мен ілімдердің, соның ішінде қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімнің құрылуы және дамуы оның мәртебесінің өзгеруіне және криминалистиканың қосымша ғылымнан дербес ғылымға айналуына әсер етті.

Одан кейінгі жылдары қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының сұрақтары криминалист-ғалымдардың көңілін өзіне аударта бастайды. 1974 жылы өткізілген криминалитика кафедраларының жетекшілерінің Бүкіл кеңестік семинары қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын заң факультеті бар жоғарғы оқу орындары үшін криминалистика курсының оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды. Осыған сәйкес 1976 жылдан бастап криминалистика оқулықтарында қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде міндетті түрде осындай бөлімдер оқытылады.

 

1.2. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі, түрлері, мәні

 

Тергеуге қатысушылардың қызметін және жалпы жоспарды құру кезіндегі олрдың біріккен қызметі үшін алдымен тергеу кезіндегі олардың өзара біріккен қызметі үшін алдымен тергеу процесі барысында шешілуі тиіс болатын негізгі сұрақтарды нықтап алу керек, сондай-ақ дәлелдеу дігін, оның параметрлерін анықтау керек. Әрине, тергеу-жедел тобының қатысушылары негізінен қылмыстық процессуалдық заңда көрініс тапқан анықталуға жататын сұрақтар тізімін алады (ҚР ҚІЖК. 117 бап). Алайда заңда көрсетілген бұл тізім жалпы әрі толық анықталмағандықтан, тізімнің әр пунктісі нақты қылмыс құрамының ерекшеліктерін ескере отырып құрылуы керек; ол үшін қылмыстық құқықтық анализ жасалуы керек. Алайда мұның өзі жеткіліксіз, өйткені анықталуға жататын мән-жайлардың жеткілікті тізімін анықтау мүмкін емес: қылмыстық заңның нормаларында тергеулік ситуация, қылмысты жасау және жасыру әдістері, қылмыс жасалған жағдайлар көрсетілмей, тек қылмыстың мәнді белгілері мен қасиеттері көрсетілген. Біз И.Ф.Герасимов пен В.К.Гавлоның [12.С.5] және сондай-ақ т.б. авторлардың [18. с.14;19.с.124-125] қылмыстық құқықтық критерийлер дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін маңызы бар және қылмысты ашу үшін қажетті қылмыстық әрекеттің барлық ерекшеліктерінің ескертілуін қамтамасыз ете алмайды деген ой-пікірлерімен келісеміз. Ал ол дегеніміз-криминалистикалық сипаттама дәлелдеуге жататын мән-жайлар ретіндегі тергеу әдістемесінің элементін толығымен жұтпайды (өзіне сіңірмейді), керісінше ол бұл жағдайларды анықтаудың әдісі ретінде пайдаланылады. Қазіргі уақытта қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының теориясына арналған монографиялық еңбектер           болмағанымен, әдебиеттерде криминалистикалық сипаттамаға берілген анықтамалар жеткілікті. Ғалымдардың көпшілігі криминалистикалық сипаттаманы олардың анализі қылмысты ашу мен тергеудің тиімді жолдары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін қылмыстың белгілі бір санатының типтік белгілері туралы мәліметтер жүйесін түсінеді [20.с.339Д05;11].

Криминалистикалық сипаттама туралы ең алғашқы ойды ЛМУ-нің профессоры П. И. Люблинский 1927 жылы айтады. Қылмыстарды жемісті түрде ашып, тергеу үшін қажетті өзге де шарттармен қатар логика мен дәлелдемелерді техникалық зерттеу туралы ілімдерді білу және шебер түрде қолдана білу ерекше айтылып көрсетілген. Мұндағы П. И. Люблинский дәлелдемелерді техникалық зерттеуге криминалистиканы, сот медицинасын, криминалдық психологияны және соттық психопатологиясын енгізген еді, «оның негізінде, деп көрсетті П.И.Люблинский, тергеу керек болатын оқиғаның криминалистикалық сипатгамасы құрылуы керек. Мұндай сипаттаманың схемасын ойлап шығарудың қажеті жоқ, өйткені оны бізге ежелгі римляндықтар жеті бөліктен тұратын формула түрінде берген: кім, нені, қай жерде, кімнің көмегімен, не үшін, қалай, қашан. Тергеу аяқталғаннан кейін дұрыс криминалистикалық сипаттаманы құру үшін барлық әрекеттер дұрыс жасалды ма, аталған формуланы құрайтын сұрақтарға жеткілікті негізді түрде жауаптардың алынған — алынбағандығына әр қашан көз жеткізу керек».

Міне, осыдан  барып   көріп  отырғанымыз,   П.И.Люблинский «криминалистикалық сипаттаманы нақты қылмыстың жасалуының мән-жайларының сипаттамасы «ретінде түсінгендігін көреміз. П.И.Люблинский «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» ұғымын енгізуді ұсынғанымен, оның мазмұны қазіргі кезде қолданылатын криминалистикалық сипаттама ұғымына толығымен сәйкес келмейді.

Формуланың элементтері криминалистикалық сипаттаманың қазіргі кездегі трактовкасына өте жақын, ал кей жерлері нақты соған сәйкес келуі көңіл аудартады. Алайда өкінішке орай алғашқы кеңестік криминалистика оқулықтарына енген рим формуласы алынып тасталды.[21.с.32-33]. Мұның себептерін түсіндіре отырып П.И.Тарасов-Родионов бұрын буржуазиялық криминалистика жас кеңестік криминалистикаға теріс әсер ете бастады, сондықтан оның нәтижесі ретінде рим формуласы автоматты түрде соған ауысты – деп жазады [ 22. с.28 ]. Алайда, мұндай баға қате деп ойлаймыз. Өйткені П.И.Тарасов-Родионовтың өзі осы формуланы тек «негізгі» деп атай отырып және оның мазмұнын екі қосымша сұрақпен: қоғамдық қауіпті әрекет кімге қарсы бағытталған және не үшін, яғни ол қасақана не абайсыздықга жасалды ма – деп кеңейте отырып, өңдейді.

Бұдан кейін «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына» анықтаманы А.А. Сергеев өзінің кандидаттық дисертациясында берді.Оған сәйкес «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз криминалистикалық мәні бар жекелеген қылмыс түрлерінің ерекшеліктері»[23], Мұнда автор бұл ұғым қандай криминалистикалық маңызы бар белгілерден тұратындығын ашып көрсетпейді.

Бір жылдан кейін өзінің докторлық дисертациясында осыған ұқсас анықтаманы АН.Колесниченко береді [7.С.10]. Өкінішке орай ол да бұл ұғымның мәні мен құрылымын және оның ұқсас ұғымдармен, атап айтсақ дәлелдеу пәнімен арақатынасын ашпайды.

Кейін қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы криминалистикалық әдістемемен байланыстыра отырып С. П. Митричев айтқан еді. Ол бұл ұғымның мазмұнына қылмыстың типтік белгілерін, осы қылмыс түрінің ерекшеліктерін, яғни қылмыс жасау әдістерін қылмыс болған жерде қалдырылатын іздерді, қылмыскердің кәсіби және қылмыстық дағдыларын жатқызды. «Түрік криминалистикалық сипаттама –криминалистикалық мәні бар белгілердің барынша көп түрін енгізу керек», – деп жазды ол [24.С.28].

Кейінгі жылдары қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының мәселелері ғалым-криминалисттердің назарын аударта бастайды. Айталық, В.Г.Танасевич пен В.А.Образцовтың пікірі бойынша «криминалистикалық сипаттама-пайда болған ақпараттьщ ерекшеліктері мен қайнар көздері туралы, олармен шарттанған криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар қылмыстық әрекеттің механизмдері туралы объективтік мәліметтердің жүйесі»[25.с.28].

И.Ф.Пантелеев пен А.Ф.Савкиннің пікірлері бойынша қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы-ол» қылмыстың ашылуына септігін тигізетін және криминалистикалық мәні бар мәліметтердің жиынтығы»[26.с.458]. Оның ойынша «крими­налистикалық сипаттама — ол әр түрлі қылмыстық әрекеттердің санаттарымен, күрестің жағдайы мен ерекшеліктерінің сипаттамасы». Ол бұған осы қылмыс түрінің түсінігін, қай тергеуге жататындығын, тергеу мерзімдері мен заңмен бекітілген осы санаттағы істер бойынша өндіріс ерекшеліктерін, қылмыстың жекелеген түрлерімен күрестің жағдайы мен мәнін және қылмысты жасау әдісі мен қылмыскердің тұлғасы бойынша классификациялауды енгізеді [27.С.6-9].

Н.А.Селивановтың концепциясына сәйкес кримина­листикалық сипаттаманың мазмұнын қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне, қылмыстың әдісі мен жағдайына, оның салдарына, объективтік жағы мен қылмыскердің тұлғасына жататын мәліметтер түріндегі элементтердің жүйесі құрайды. Бұл элементтердің барлығы өзара заңдылық байланыста, яғни бір жағдайда динамикалық, екінші жағдайда статистикалық байланыста болады.[28.с.56-57].

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының табиғаты жөнінде сөз қозғай отырып, Р.С.Белкин оны келесідей етіп анықтайды:» қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз абстрактілі түсінік және ол осы түрде криминалистика ғылымында көрсетіледі. Оны криминалистикалық сипаттама туралы еңбектердің авторларының барлығы дерлік таниды деп жазады [29.с.317]. Е.Ғ.Джакишев оны қылмыскердің криминалдық қызметін және жалпы алғанда тергеліп отырған оқиғаны модельдеуге мүмкіндік беретін абстрактілі ғылыми түсінік»,- деп жазды [30.с.17].

И.М.Лузгин қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын    болған   оқиғаның   ақпараттық   моделі   ретінде қарастырады. Ол үнемі түзетулерді қажет етеді деп анықтайды [31.с.26-27].

Г.А.Мозговых «ғылыми категория ретіндегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз белгілі бір қылмыс түрінің сәтті ашылып, тергеліп және ескертілуі үшін білу қажет болатын қылмыстың белгілі бір түрінсипаттайтын криминалистикалық мәні бар өзара байланысты белгілер мен ерекшеліктердің жиынтығы» – деген анықтама берді [32.с.14].

Жоғарыда біздің қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы жөнінде әр кездегі авторлардың, ғалымдардың берген анықтамаларына шолу жасауымыз екі мақсатты көздейді: 1) осы ұғым үшін маңызды болатын фактіні анықтау және 2) жеке криминалистикалық әдістеменің элементтері жүйесінде криминалистикалық сипаттаманың орнын анықтау.

Өзіміз көріп отырғанымыздай, қылмыстардың кримина­листикалық сипаттамасының идеясы жаңа идея қатарына жатпайды. Ең алғаш «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» термині қолданбай тұрып-ақ жекелеген криминалистикалық әдістемелерде оның жекелеген элементтері аталып, тергеуді ұйымдастыру мен оның бағытын тандаудағы олардың рөлі көрсетілетін. Мұндай элементтердің қатарына қылмысты жасау мен жасырудың әдістері [33,с.49], қылмыстың жасалу жағдайы, уақыты, орны және т.б. жағдайлар[15.с.49],болуы мүмкін қылмыскер түлға туралы мәліметтер [ 15 .с. 110], бастапқы ақпараттың сипаты жатады [14.с.33].

Міне, осы анықтамаларды талдау арқылы біз авторлардың көпшілігінің Л А. Сергеев ең басында-ақ «криминалистикалық маңызы бар қылмыстардың ерекшелігі», яғни қылмысты тергеуде тәжірибе үшін маңызы бар деп көрсеткен негізден шығатындығын көретеді. Мәтіндеріндегі бірқатар айырмашылықтарға қарамастан бұл анықтамалар, осы ұғымның негізгі мәнін дұрыс береді. Ал оның өзі осы ұғымға деген көзқарастардың тұрақтанғандығын көрсетеді деуге болады.

Барлық авторлардың келісетін тағы бір жағы оларды тергеу әдістемесінде қылмыстардың криминалистикалық сипаттама­сының маңызды рөлі мен мәнінің бар екендігінде.

Н.П.Яблоков бұл ғылыми категорияның тәжірибелік мәніне көңіл аудара отырып «кез келген қылмыстың сәтті тергелуі көп жағдайда тергеушінің оның тек қылмыстық құқықтың мәніне ғана емес, сонымен қатар оның криминалистикалық мәнін дұрыс ұғынуына байланысты болады. Ал жасалған әрекеттің крими­налистикалық мәнін тергеуші тек белгілі бір жағдайларда ғана түсіне алады. Ол үшін әр түрлі қылмыстық әрекеттердің криминалистикалық маңызы бр белгілерін дұрыс біліп, оларды сәйкес қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасымен салыстыра білуі керек деп көрсетеді [34.С.35].

Қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі олардың криминалистикалық сипаттамасының маңызылығын олардың үш Бүкіл кеңестік ғылыми-теоретикалық конференцияларда қаралуы көрсетіледі: 1976,1984 ж.ж. Москвада және 1978 жылы Свердловскіде және осылардың нәтижесі бойынша ғылыми жұмыстардың жиынтығы жарияланған еді: методика расследо­вания преступлений. Сборник научных трудов. Москва, 1976; Криминалистические характеристики в методике расследования преступлений. Сб.научных трудов. Вып. 69 Свердловск, СЮИ, 1978; Криминалистическая характеристика преступлений. Сб.научных трудов. Москва, 1984.

Криминалистикалық сипаттаманың құрылуының қайнар көзі ретінде қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша қызметтің материалдары (жедел іздестіру, тергеу, сараптамалық және сот тәжірибесі) табылады. Бұл тәжірибені зерттеу және ғылыми жиынтықтау нәтижесінде қылмыстың әр түрінің крими­налистикалық белгілері мен ерекшеліктері анықталады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының табиғаты мен мәні туралы авторлардың көпшілігінщ ой-пікірлері бір жерден шығатын болса, криминалистикалық сипаттаманың түрлеріне келгенде бірыңғай қалыптасқан пікір жоқ. Айталық, Н.П.Яблоков криминалистикалық сипаттаманың үш деңгейін атап көрсетеді: Түрлік, топтық және жекелеген қылмыстың. Түрлік және топтық жекелеген қылмыстар өздерінің ерекшеліктеріне байланысты типтік болуы керек. Ол үшін олар келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс:

— сәйкес қылмыстық істердің статистикалық не өзге де арнайы бағдарлама бойынша жиынтық пен өндеуге негізделуі керек;

— жекелеген белгілері емес, барлық құрылымдық элементтердің арасындағы заңдылық байланысының сипаты туралы сәйкес түсінік беруі керек;

— сәйкес қылмыстық әрекет туралы толық жүйелі түсінік берілуі керек.

Жекелеген қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы әр кезде де жеке (индивидуалды), бірақ көп жағдайда белгілі бір түрге жақын болып келеді», – деп жазды [35.с.324;36.с.45;26.с.445].

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстық құқықтық сипаттамаға қарағанда қылмыстың жалпы ұғымына іштей тән емес. Қылмыстың түрінің немесе тобының, сондай-ақ жекелеген нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы болады. Қылмыстың нақты криминалистикалық сипаттамасы қылмыстың жалпы ұғымынан емес, қылмыс жөніндегі материалдарды зерттеп, жиынтықтаудың негізінде құрылады, сөйтіп, белгілі бір кезінде сол аумақтың немесе елдің шегінде жасалған қылмыстың әр түрінің (тобының) типтік криминалистикалық ерекшеліктерін білдіреді.

Қылмыстың түрінің (тобының) криминалистикалық сипаттамасы-динамикалық категория. Қылмыстық әрекеттің әдістері мен тәсілдерінің өзгеруіне сәйкес нақты қылмыстардың түрлік криминалистикалық сипатамасы криминалистика ғылымының категориясы ретінде жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесімен қатар криминалистикалық техника мен тергеу тактикасы үшін де маңызы бар», – деп көрсеткен [37.с.366-370]. В.А.Образцов үш деңгейді жалпы, ерекше және жеке деңгейді атап көрсетеді. Мұндағы ерекше деңгейге қылмыстың түрі, тобы және бір түрі кіреді [38.С.38]. А,Г.Филиппов қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын екі деңгейде қарауды ұсынады: 1)жалпы ұғым ретінде; 2)қылмыстардың нақты түрлері мен топтарының криминалистикалық сипаттамасы ретінде [39.с.333].

Р.С.Белкин мен И.Ф.Герасимов та екі деңгейлік позицияны ұстанады, мұнда сонымен қатар жеке деңгей ретінде қылмыстардың түрі мен тобының криминалистикалық сипаттамасын ашып көрсетеді. Топтық, мысалы, мүліктік қылмы­стардың сипаттамасы болса, түрлік-ұрлық және алаяқтық», – деп жазды [29.с.315;40.с.330].

Криминалистикалық сипаттамаға қылмыстың нақты түрінің таралуы мен динамикасы туралы, оның қоғамға қауіптілігі туралы мәліметтерді енгізу (И.Ф.Герасимов, В.А.Ледащев) туралы ұсыныстары, біздің ойымызша, негізсіз. Бұл мәліметтердің тұрақты емес екендігімен қоса олар тәжірибедегі ұсыныстар жиынтығы ретіндегі тергеу әдістемесіне ештеңе де бермейді. Бұл мәліметтердің криминалистика ғылымы үшін маңызы бар, өйткені олар қылмыстардың қай түрлерін тергеу әдістемесіне көбірек назар аудару керек екендігін көрсетеді. Олар өзінің мәні бойынша криминалистиканың емес, криминологиялық және қылмыстық құқықтық сипаттаманың элемента ретінде көрініс табады [29.С.315].

Криминалистикалық сипаттаманың ұғымы мен рөліне байланысты нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы болады ма деген сұрақ туындайды.

Бірқатар авторлардың еңбектерінде мұндай сипаттама бар деген пікір айтылады. «Сапалы тергеу жеткілікті түрде толық қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын алумен аяқталады», – деп жазады НА.Селиванов [41.с.132].

Біздің пікіріміз бойынша И.Ф.Герасимов пен Р.С.Белкиннің ұстанған позициялары дұрыс. Мұны негіздеу үшін криминалистика ғылымының пәнін анықтап алу керек. Яғни, криминалистика-қылмыстарды тергеу жөніндегі ғылым. Криминалистикалық зерттеулердің негізгі мақсаты-қылмыстылықпен күрес нәтижелілігін қамтамасыз ететін қазіргі әістер мен тәсілдермен тәжірибені қамтамасыз ету. Табиғатта абстрактілі қылмыс болмайды. Олардың әрқайсысы нақты және нақты әрекеттер, нақты адамдар, нақты нәтижелерде көрініс табады. Теориялық аспектіде оқытылатын қылмыстың жалпы қылмыстық құқықтық ғылымның пәні болып табылады. Қылмыстың бұл жалпы ұғымында криминалистикалық мәні бар элементтер жоқ. Сондықтан да қылмыстың жалпы криминалистикалық сипаттамасының болуы мүмкін емес.

Г.А.Густов «сипаттамада көрініс тапқан мәліметтердің деңгейіне байланысты криминалистикалық сипаттаманың үш деңгейін ажыратуға болады: 1) қылмыстардың жалпы криминалистикалық сипаттамасы; қылмыстардың түрінің (тобының) криминалистикалық сипаттамасы; нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы. Сипаттаманың аталған түрлерінің әрқайсысының өзінің қызметтік мәні мен мазмұны бар. Соған сәйкес қылмыстардың жалпы криминалистикалық сипаттамасы-барлық қылмыстарды ашып, тергеу үшін маңызы барбарлық қылмыстық әрекеттерге тән жалпы белгілердің сипаттамасы. Оның негізгі мақсаты-қылмыстың өзінің объективтік қасиеттерімен шарттанған қылмысты ашу және тергеудің жалпы ережелері ме әдістерін жасау үшін; криминалистикалық сипаттаманың басқа түрлерін және қылмыстың типтік моделін құру үшін теориялық база ретінде көрініс табу.

Мұндай сипаттаманы криминалистикалық теория беруі тиіс. Яғни, қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы келесілерден тұрады:

— қылмыстық әрекеттің жалпы құрылымын, сондай-ақ барлық қылмыстарға ортақ байланыс пен арасындағы қатынастың сипаттамасы (тікелей қол сұғушылықтың пәні, субъектісі, субъектінің физикалық және психикалық әрекеттері, факті-салдар, қылмыстың жасалу орны мен уақыты, қоғамдық қауіптілік);

— қылмыстардың ашылуы мен тергелуін анықтайтын жалпы заңдылықтардың сипаттамасы;

— қылмыспен байланысты басқа да жүйелердің тізімі және қысқаша сипаттамасы.

Қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы-белгілі бір қылмыс түріне тән және осы қылмыс түрін ашып, тергеу үшін криминалистикалық маңызы бар белгілерді сипаттау. Оны жалпы сипаттама сияқты криминалистикалық теория береді.

Қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасының маңызы-тергеудің жекелеген әдістемелерін құру үшін; осы қылмыс түрі үшін арнайы тактикалық әдістер мен тергеудің тергеудің техникалық құралдарын жасау үшін; нақты істі тергеуді ұйымдастыру үшін; нақты қылмыстық іс бойынша қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын құру үшін теориялық база ретінде қызмет ету.

Нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы-тергелетін қылмыстың сипаттамасы. Оны типтік сипаттамаларды, қылмыстың типтік модельдерін және тергеудің типтік бағдарламасын пайдалана отырып тергеушінің өзі жасайды.

Мұндай криминалистикалық сипаттама үшін ақпараттың қайнар көзі ретінде тергеушінің криминалистикалық бөлімі, оның өмірлік және кәсіби тәжірибесі, қылмыстық істің материалдары, анықтау органдарының ақпараттары, мамандардың кеңесі табылады. Яғни, бұл мәліметтер-тергеудің жекелеген әдістемелерін жасау үшін бастапқы теориялық және ақпараттық база болып табылады», – деп,өз пікірін айтқан еді [42.с.44-47].

«Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының бөлінуінің негізінде қылмыстардың криминалистикалық классификацисы жатыр», – деп көрсетеді В.В.Радаев [43.С.11].

Г.А. Мозговых «қылмыстардың криминалистикалық сипатта­масы жиынтықтың нәтижесі бола отырып, қылмыстың белгілі бір түріне тән белгілерді көрсететін ғылыми абстракция болып табылады. Ал олай болатын болса, Н.А.Селиванов [41], В-К.Гавло [44], И.Ф.Пантелеев және А.Ф.Савкин [26], Н.П.Яблоков [36], В.А.Образцов [38] және т.б. бірқатар авторлардың айтуынша жеке қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы бар деген пікір негізсіз.

Н.А.Селиванов нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының болуын «әр түрлі қылмыстардың типтік сипаттамаларын оларсыз құру мүмкін емес» деген оймен аргументтейді [45]. Мұндай пікірмен келісуге болмайды. Біз де Р.С.Белкин, И.Е.Быховский және А.В.Дуловтың пікірімен келісеміз. Оған сәйкес: «нақты іс бойынша тергеуші берілген қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын құру міндетін атқармайды, ол дәлелдеу пәніне кіретін нақты осы жағдайға тән барлық ерекшеліктері бар фактілерді анықтайды «[46].

А.А.Эйсманның пікірі бойынша «жекелеген қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының ғылым үшін маңызы аз. Өйткені ғылым-қайталанбалы жағдайды зерттеп, жинақтаумен айналысады. Бұл-қылмыстың тобына, түріне жатқызылатын және тергеу әдістемесінің негізінде қолданылатын ғылыми категория. [47.с.100]. Бұл пікірді А.Н.Колесниченко да ұстанған [48.С.81].

Біздің пікіріміз бойынша нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының бар екендігі жөніндегі түсініктер қате және бұл қателік осындай көзқарасты жақтаушылардың концепциясының өзінде жатыр деп есептейміз.

В.К.Гавло «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамалары әр түрлі деңгейдегі абстракциялық ұғымнан тұрады. Осыған сәйкес олар әр түрлі деңгейдегі ақпарат мазмұнына ие», – деп дұрыс айта келе [44.с.122], абстракцияның ең төменгі деңгейі-нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы», – дейді.

В. И. Шиканов криминалистикалық сипаттаманың тәжірибелік мәні- ол тек мүмкіндік модель ретінде қарастырыла алады және сәйкесінше тергеуші оны тек бағдар алушы ақпарат ретінде пайдалана алады «деген дұрыс ой айтады [49.с.24]. Дей тұрғанымен, В.И.Шиканов нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы концепциясын жақтаушы.

Қылмыстың нақты түрінің криминалистикалық сипаттамасын типтік криминалистикалық сипаттамадан ажырату керек. Типтік криминалистикалық сипаттама дегеніміз-әр түрлі қылмыстарға тән жалпы мәліметтердің жүйесі (Оны В.А.Образцов жалпы деңгей ретінде ашып көрсететін «әр түрлі қылмыстардың бүкіл жиынтығымен «шатастырмау керек. [38.С.39]). Мұндай типтік сипаттама оның құрылымы мен мәні туралы жалпы түсінік бере отырып, белгілі бір қылмыс түрі мен тобына тән негізгі типтік белгілердің үлгілі тізімін гана енгізеді және нақты қылмыстың түріне тән өзінің құрылымында криминалистикалық мәні бар белгілерді ескеретін қылмыстардың түрлік сипаттамаларын құру үшін базалық модель ретінде ғылыми-теориялық аспектіде ғана мәні бар. Қандай да бір қылмыс түрімен байланысты емес мұндай типтік криминалистикалық сипаттамаға мысал ретінде Р.С.Белинмен оның құрылымы «Криминалистическая энциклопедия «атты кітабында көрсетілген сипаттаманы атап өтуге болады [20.с. 105].

Жасалған қылмыстың маңызды мән-жайлары туралы объективті деректердің жүйесі ретіндегі криминалистикалық сипаттама ақпараттық модель ретінде көрініс табады және оның мәні екі аспектіде-ғылыми және тәжірибелік-қарастырылуы керек. Жаңа криминалистикалық теорияның ғылыми түсінігі мен мазмұны тәжірибедегі маңызымен, криминалистиканың міндеттерін шешудегі, яғни қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашудың құрамдарын, әдістері мен тәсілдерін құрып, жасаудағы рөлімен анықталуы керек.

Қылмыстардың криминалистикаяық сипаттамасы жеке теория ретінде аталған міндеттерді шешуге багыттылған криминалистикалық әдістер мен тәсілдерге көңіл аударған тәжірибенің күннен күнге өскен талаптарына жауап ретінде пайда болды. Яғни, қылмыстарды ашу үшін криминалистикалық сипаттаманың мәліметтерінің тергеушінің немесе жедел іздестіру тобының жұмысының бастапқы кезеңінде, осы маңызды мән-жайларды анықтау шешуші мәнге ие болатын кезде өте маңызды.

В.А.Ледащевтің пікірі бойынша криминалистикалық сипаттаманың құрылысына криминогендік жағдайларды енгізу керек [50.с.62]. Оның пікірі бойынша қылмыстың жекелеген түрлері мен санаттарын жасаудың криминогендік жағдайлары туралы мәліметтерді криминалистикалық сипаттамаға енгізу қылмыстарды ашу және алдын алу бойынша тергеу органдарының қызметін жоспарлау және ұйымдастыру үшін өте тиімді болады және мұнда оларды криминалистика саласына жатқызудың критериі болып оларды жоюдың әдісі табылуы керек: егер қандай да бір криминогендік жағдай криминалистикамен жасалатын криминалистикалық әдістердің көмегімен жойылатын болса, ол криминалисттермен зерттелуі тиіс, – деп өзінің ойын тұжырымдайды.

Оқиғаның ақпараттық моделі ретіндегі криминалистикалық сипаттама бірқатар функцияларды жүзеге асырады: эвристикалық және танымдық (қылмыс іздерін табуға және қылмысты ашуға көмекгеседі), ұйымдық-әдістемелік (тергеудің әдістемелерін дұрыс таңцауға және іс бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі), бағалау функциясы. Осыған сәйкес криминалистикалық сипаттаманың қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі үшін ғана емес, оның ережелері, сондай-ақ криминалистикалық техника үшін де (трасология, баллистика, габитология, қылмыскерді тіркеу) және криминалистикалық тактика үшін де (жорамалдар, жоспарлау, жекелеген тергеу әрекеттерінің тактикасы) өте маңызды деп есептейді [31.с.27].

Одан кейін криминалистикалық сипаттаманың мазмұнының толық әрі нақты болуы қылмыстарды классификациялаудың таңдалып алынған негіздеріне байланысты болады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде қабылданған классификация негізінде криминалистикалық сипаттама беріледуі мүмкін: қылмыстың субъектісі бойынша (кәмелетке толмағандар, әйел адамдар, рецидивисттер т.б.); қылмыстың жасалу орнына байланысты (темір жол көлігінде, қоғамдық орында т.б.); қылмыстарды жасау әдістері бойынша және т.б. негіздерде.

Кейбір авторлар қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының мазмұнын кең түрде түсінгендігі сонша, олар оны тергеу әдістемесімен теңестіреді. Оған мысал ретінде А.В.Горбачевтың позициясын келтіруге болады. Оған сәйкес «криминалистикалық сиаттаманың мазмұны болып оның негізінде қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі анықталатын қылмыс процесі және оны ашу мен тергеу үшін тән компоненттерді, байланыстарды, қатынастарды сипаттау табылады» [51.С.6]. Одан кейін А.В.Горбачев қылмыстарды ашу және тергеу бойынша қызметтің криминалистикалық сипаттамасын келесілер құрады дейді: қылмыстық істі қозғауға дейінгі типтік ақпараттың анықтылығының сипаттамасы: жалпы анықталатын жағдайдың конфликтілігінің деңгейі; ұйымдық қызметтің сипаттамасы; жекелеген қылмыс түрлеріне қатысты оларды ашу мен тергеудің ерекшеліктері. Яғни, мұның барлығы қылмыстың жекелеген түрін тергеу әдістемесін құрды. Ал, қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы тергеу әдістемесінің құрылымында ақпараттық негіз ретінде дербес мәнге ие», – деп жазды АТ.Мозговых [32.с.127].

Ал, Н.А.Селиванов криминалистикалық сипаттаманың мазмұнын қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне жататын қылмыстың жасалу әдісі мен жағдайларына, оның саларына, объективтік жағы мен қылмыскердің тұлғасына жататын мәліметтердің жүйесі ретінде анықтайды [52.С.4].

А.А.Эйсман криминалисикалық сипаттамаға унитарлы мән бере отырып, оны қылмыс құрамы мен дәлелдеу пәнінің ұғымының жүйесі ретінде қарастырады. Криминалистикалық сипаттаманың негізгі міндеті-тергеудің аяққы және аралық мақсаттарын толығымен нақты белгілеу.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына көптеген мән-жайлар (қылмысты жасау әдістері, қылмыскердің тұлғасы, сыртқы орта және т. б.) кіргендіктен, криминалистикалық сипаттаманың әр түрлі классификациясын құру мүмкіндігі пайда болады. Мұндай классификацияның негізінде бір немесе бірнеше мән-жай қойылады деп көрсетіледі [47.С.99-101].

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстарды тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстарды жасау кезінде қолданылатын ұғымдардың қатарына жатады. Сондықтан бұл ұғымның көлемі мен мазмұны жөнінде криминалистикалық сипаттаманың тергеу әдістемесінің құрылымындағы орны мен оның әдістемелік жетекшіліктердегі функциясын ескере отырып айтуға болады.

Қандай да бір қылмыс түрін тергеу бойынша әдістемелік құралдар, әдетте, келесі элементтерден тұрады:

— қылмыс құрамының қысқаша қылмыстық құқықтық сипаттамасы мен кейбір криминологиялық мәліметтерден;

— іс бойынша міндетті түрде дәлелденуге жататын мән-жайлардан;

— дәлелдемелік фактілерден, яғни оларды анықтау дәлелдеу пәнінің элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Мысалы, қылмыстың жасалу әдісі, дайындық қызметі, әр түрлі іздер, әрекеттің анықталған мотивтері;

— дәлелдеуге жататын жағдайларды анықтаудың құралдары.

Осы жоғарыда аталған элементтер жүйесінде қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының орны қандай деген сұрақ туындайды.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстық құқықтың дәлелдеу пәнінен қылмыстың белгілі бір түріне тән белгілердің тізімін нақтылаумен және типтік дәлелдеу фактілерінің толық сипатталуымен ажыратылады.

Криминалистикалық сипаттаманың негізгі мақсаты-тергеудің мақсаттарын нақты анықтап көрсету, яғни қылмыстарды тергеу әдістемесін құру кезіндегі негізгі мақсат-тергелетін іс бойынша дәлелдемелерді. жинаудың әдістері мен тәсілдерін, дәлелдеу процесінің негізін ғылыми тұрғыдан құру болып табылады. Осының негізінде жасалатын қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері құрылымдық қатандыққа, әдістемелік ұсыныстар түсінушілікке, ал тергеу әдістемелерінің өздері қалыпты жүйеге ие болады.

Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелерін құру барысында оның мазмұнына қылмыскердің тұлғасы туралы, қол сұғушылықтың пәні туралы, қылмыстың жасалуының әдісі, уақыты, жағдайы мен орны т.б. с.с. мән-жайлар енеді.

Қылмыс белгілерінің көптігіне байланысты оларды жүйелеу қажеттілігі туындайды. Оны қылмыс құрамына байланысты жүзеге асыру керектігі жөнінде де пікір келтірілген еді [53.с.36]. Осы негізге сәйкес субъектіге, субъективтік жаққа, объектіге, объективтік жаққа жататын белгілерді анықтап көрсетеді.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнын анықтау кезінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминологиялық және т.б. ғылымдардың ережелерін ескеру керек.

Алайда, бұл ғылымдардың ережелері криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына кірмейтіндігін ескеру қажет, өйткені олар криминалистиканың пәніне кірмейді.

Сонымен, криминалистикалық сипаттаманың мазмұны көп жағдайда іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың сипатымен анықталады. Ол жөніндегі мәліметтер қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ядросын құрайды.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнын құрайтын мәліметтер-танымның нәтижесі.

Барлық авторлар (соның ішінде біз де) криминалистикалық сипаттаманың ең негізгі белгісі ретінде оның жүйелілігін көрсетеді. Криминалистикалық сипаттама оны құратын элементтер жүйесі деп те айтылады. Алайда мұндай пікір әзірше тек декларативті сипатқа ие екендігін айту керек; яғни жүйе туралы сөз болғанымен де жүзінде олардың элементтерінщ жиынтығын құрайтын сома (сумма) шығады. Алайда, бұл элементтердің барлығын қосып, бұл жиынтықты жүйе деп, ал кейін криминалистикалық сипаттама деп атай отырып, біз нені ұтамыз? Басқаша айтқанда криминалистикалық сипаттама жүйеленген білім ретінде бізге тәжірибе жүзінде не береді?

Криминалистикалық сипаттама бірыңғай кешен ретінде тәжірибелік мәнге тек оның элементтері арасында қажетті бағыныштылық пен корреляциялық байланыс орнатылғанда ғана ие болады [53]», – деп көрсетеді Р.С.Белкин, И.Быховский және АДулов [46:с.56-59].

Бұдан келесідей қорытынды шығаруға болады: құрамдас бөліктерінің сырттай ұқсастығына қарамастан дәлелдеу пәні мен қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы бірін бірі жұтатын, алмастыратын бір ұғым емес. Олардың алғашқысы қылмыстық іс жүргізу ғылымына жатса, екіншісі-қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінің категориясы.

Дәлелдеу пәнінің мән-жайларын білу тергеудің бағыты мен көлемін             анықтауға көмектессе, криминалистикалық сипаттаманың мән-жайларын білу тергеудің дұрыс құралдары мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді [54.с.180-181].

 

II ТАРАУ. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.

2.1 Типтік тергеу ситуациялары.

Типтік тергеу ситуацияларына қылмыстардың криминалистикалық сипаттамаларының құрылымында басымдылық берілуі керек деп есептейді бірқатар ғалымдар [26.стр.461].

В.И.Шикановта криминалистикалық сипаттаманың элементі ретінде «типтік тергеу ситуациялары туралы ақпаратты» атап көрсетеді, алайда оны бірінші орынға қоймайды [55.стр.40-43]. Р.С.Белкин мен И.А.Возгрин қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының басты элементі ретінде типтік бастапқы ақпаратты атап көрсетеді. Р.С.Белкин оның өзін кейбір авторлар тергеу ситуациясы деп дұрыс анықтамаған деген қарсылығын білдіреді [56]. Жалпы алғанда Р.С.Белкин тергеу ситуациясын «сол кезде қылмысты тергеу жүргізілетін жағдайлардың жиынтығы» ретінде сипаттайды [20.стр.204].

Тергеу ситуациясының мәселелері қылмыстарды тергеу әдістемесінде маңызды орын алатындығын айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Тергеу ситуациясына ең алғаш анықтаманы өзінің докторлық диссертациясында А.Н.Колесниченко берген еді. Оған сәйкес «тергеу ситуациясы ол қандай да бір дәлелдемелердің және ақпараттық материалдардың болуымен сипатталатын қылмысты тергеудегі белгілі бір жағдай» [7.стр.509].

Н.А.Селивановтың пікірі бойынша «тергеулік ситуация дегеніміз оны алудың көздерімен қатар ескерілетін тергеу үшін маңызы бар ақпараттың сомасы» [28.стр.58].

Л.Я.Драпкиннің пікіріне сүйенсек, тергеулік ситуация дегеніміз тергеуші өзінің әрекеттерін үйлестіретін өзіндік «ақпараттық модель» [57.стр.28].

Тергеу барысы бойынша ақпараттың көлемі мен мазмұнының өзгеруі тергеулік ситуацияның да өзгеруіне алып келеді. Тергеу кезеңдеріне қатысты бастапқы, аралық және кейінгі тергеулік ситуация деп бөліп қарастыруға болады. Сондықтан, біздің ойымызша, қылмыстардың криминалмстикалық сипаттамасының элементтерінің ішіндегі жетекші элемент ретінде «типтік бастапқы тергеу ситуациясы» ұғымына балама ретінде «типтік бастапқы ақпарат» ұғымын қарастырған жөн.

Тергеулік ситуациялар белгілі бір кезеңдегі нақты қылмыстың тергелу жағдайын сипаттайды. Әр қылмыс дара болғандықтан, оны тергеу процесінде қалыптасатын тергеулік ситуациялар да жеке болады. Әр ситуация тергеушіге кейінгі жұмыс барысын жоспарлау үшін бастапқы ереже болып қызмет етеді. Сондай-ақ тәжірибе көрсеткендей, өмірдің барлық кезеңдеріне алдын ала жоспарлар құрып қою мүмкін емес, сондықтан да біз белгілі бір тұрақты мазмұнға ие типтік ситуациялар жөнінде ғана сөз етеміз. Типтік ситуациялар негізінде типтік ситуациялық болжамдар туындайды. Ал олар тергеудің бастапқы кезінде құрылатын жағдайда бағыт алу үшін өте маңызды болып келеді.

Кейбір ғалымдар қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын тергеулік ситуация ұғымымен шатастырады және екеуін бір ұғым ретінде қарастырады [6].

Алайда бұл пікір дұрыс емес. Біз оны ашып көрсетіп көрейік. Криминалистикалық сипаттама мен тергеулік ситуация ұғымдарының ұқсастығы келесіде: бұл ұғымдардың екеуі де криминалистикалық маңызы бар тергелетін қылмыс туралы ақпараттың сомасын білдіреді. Ал, айырмашылықтарына келсек, қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қайнар көздері оның мазмұнына кірмейтін фактілі мәліметтердің жүйесі. Мұндағы қайнар көздер бұл мәліметтердің шынайлылығы туралы сұрақтарды шешуге көмектесумен айналысады және тек куәлік мәнге ие. Ал, тергеулік ситуация ұғымы сол фактілі деректерді алудың көздері ұғымын да қамтиды, яғни нақты тергеулік ситуация туралы қандай тергеу әрекеттері нәтижесінде қандай қорытынды алынғандығын ескермей толық түсінік алу мүмкін емес. Сондай-ақ осы фактілі мәліметтердің көлеміне байланысты да бұл екі ұғымды ажыратуға болады. Криминалистикалық сипаттамаға қарағанда тергеулік ситуация қылмыстың мән-жайларымен қатар тергеудің бағыты мен көлемін анықтауға көмектесетін өзге де фактілерді зерттеуді қамтиды.

Міне, осы белгілі бір қылмыс түріне тән типтік ситуацияларды білу тергеушіге ол соқтығысатын ситуацияны классификациялап, тергеу әдістемесіне сәйкес дұрыс бағытты таңдауына мүмкіндік береді.

Джакишев Е.Ғ. тергеулік ситуацияны криминалистикалық сипаттаманың элементі ретінде есептемейді. Оның пікірі бойынша «тергеулік ситуация ол криминалистикалық сипаттаманың емес, тергеудің дербес элементі. Ол тергеудің әр жеке кезеңінде қылмысты тергеу бойынша тиімді әдістемелік ұсыныстарды құру үшін қажет және ол нақгы қылмысты тергеуге ситуациялық тұрғыдан қарастырғанды қамтамасыз етеді», – деп есептейді [30.стр.77-78].

 

2.2 Қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктері.

 

Өзіміз білетіндей, қылмыстарды тергеу барысында пайда болатын күрделі міндеттердің бірі ол оқиға болған жерден қашып кеткен қылмыскерлердің, жәбірленушілердің, сондай-ақ қылмыс оқиғасына қандай да бір қатысы бар өзге де тұлғалардың тұлғасын анықтау болып табылады. Бұл міндетті шешуде адамның сыртқы бейнесі туралы мәліметтердің мәні жоғары. Тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15-ші қыркүйектегі «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған. Сондай-ақ аталған заңнын 11-ші бабында жедел іздестіру шаралары ретінде «белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру» көзделген. Дербес жедел іздестіру шарасы ретінде тұлғаны ұқсастыру бірінші рет көрсетіліп отыр. Заң шығарушы мұнымен жедел іздестіру қызметі барысында адамды анықтау кезінде орын алған тәжірибені заңдастырды десек те болады.

Тұлғаны криминалистикалық анықтаудың мәнін қарастыра отырып, ол екі аспектіден тұратындығын ескеру қажет: 1) нақты адамды анықтау процесі; 2) анықтау, тергеу, сот органдарын қызықтыратын фактілерге оның қатыстылығын анықтау. Нақты аты-жөні бар индивидуумды анықтауға мүмкіндік беретін ұқсастықты ғана анықтау ұғымын толық ашпайды, яғни оның жасалған қылмыс оқиғасымен байланысын көрсететін нақты адамның белгілерін анықтау маңызды болады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді құрғанға дейін қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтер криминалистикада тергеудің тактикалық міндеттерін шешу үшін және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің барысына тиімді әдістерін анықтау үшін қолданған еді.

Қылмыскер тұлғасын криминалистикалық зерттеу оның әр қырын зерттейтін жекелеген мәліметтерден тұрмауы керек, керісінше, ол жөнінде нақты түсінік беруі керек. Қылмыс жасаған субъектінің тұлғасын жан-жақты және толық зерттеу-осы тұлға құрылған органы тікелей зерттеуді білдіреді.

Кез келген ғылыми түсінік, әрине, өздігінен пайда болмайды. Ол жаңа ұғым көмегімен бекітіледі деп есептелетін құбылыстарды зерттеу нәтижесін ескерген кезде ғана құрылуы мүмкін.

Мұндағы әдістемелік негізді «тұлға» ұғымының мазмұнын ашатын философияның жалпы және әлеуметтік психологияның жалпы теориялық ережелері құрады. Сөйтіп, «қылмыскер тұлғасының криминалистикалық сипаттамасы ұғымы «тұлға» және «қылмыскер тұлғасы» ұғымдарын қарастыру негізінде құрылады.

Қылмыскер тұлғасына жүргізілетін зерттеулер криминалистика әдебиеттерінде тергеудің негізгі кезеңдерінің көрінісі ретіндегі екі негізгі бағытты ұстануға ұсыныс енгізеді.

Бірінші бағытқа сәйкес ол қылмысты кім жасады деген сұрақты шешуге бағытталғандығымен сипатталады. «Бұл бағыттың міндеті қылмысты жасаушы кім деген сұраққа жауап алынған кезде ғана шешіледі», – деп жазды Н.Т.Ведерников [58.стр.67].

Екінші бағыт анықталған қылмыскердің тұлғасын зерттеумен сипатталады.

Зерттеудің негізгі міндеті ол қылмыскердің тұлғасының криминалистикалық сипаттамасының табиғатын ашу және қылмыстық істі тергеп, ашудағы оның рөлі мен маңызын анықтау табылады.

«Мазмұны» туралы бастапқы түсініктерді философиялық зерттеулер береді. Мұндағы «мазмұн» ұғымы-ол объектілердің негізін құратын және олардың қалыптасуы мен дамуын шарттандыратын элементтер мен процесттердің жиынтығы. Философиялық санат ретіндегі мазмұн заттың немесе құбылыстың болуының ішкі материалдық негізін көрсетеді [59].

Заң әдебиеттерінде қылмыскер тұлғасын зерттеу пәні қылмыстық іс жүргізу заңдарында дәлелдеу пәнінің дербес элементі ретінде көрініс табуы керектігі жөнінде ұсыныстар айтылған еді [60.стр.79-83]. Бұл ұсыныстар белгілі бір дәрежеде 1.01.1998 жылы күшіне енген жаңа ҚР ҚІЖК-де көрініс тапқандығын айта кеткен жөн. Оған сәйкес іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар бұрынғы Кодекспен салыстырғанда қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметтерді нақтылайтын екі тармақшамен толықтырылған: «5) айыпталушының тұлғасын сипаттайтын мән-жайлар;» және «9) қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар». Ал, қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын бұл мән-жайлар нақты қылмысты тергеу барысында дұрыс анықталуы үшін олар жөніндегі типтік мәліметтер сәйкесінше қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасында көрініс табуы керек.

Заң әдебиеттерінде әр қылмыстық істе қолданатын қылмыс субъектісінің тұлғасын зерттеудің жалпы формуласын беруге бірқатар талпыныстар болған еді. Айталық, Н.П.Яблоковтың пікірі бойынша қылмыскер тұлғасын криминалистикалық зерттеудің екі бағыты бар. Оның біріншісіне сәйкес қылмыстың түсінігі, оның жасалу орны мен уақытын, қол сұғушылықтың затының оқиға болған жерде қалдырылған іздерге байланысты мәліметтерді ескере отырып белгісіз қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алу. Екіншісі-субъект тұлғасына криминалистикалық баға беру мақсатында ұстанған сезіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттеу [34].

Тұлғаны криминалистикалық анықтау ұғымынан шығатындай, оның мәнін түсінудегі негізгі момент болып криминалистикадағы тұлға ұғымынан шыға отырып қарастыру тиімді болатын адамның ақпараттық қасиеттері мен белгілері.

«Тұлға» туралы қазіргі кездегі түсінікке сәйкес тұлға-тұрақты түрде қалыптасқан әлеуметтік, психикалық, психологиялық, биологиялық қасиеттерінің жиынтығы [61].

Міне, осы тұлға мінездемесінің бірлігі туралы түсініктің негізінде адамның әр түрлі қасиеттері зерттеледі. Алайда мұнда зерттелуге барлық қасиеттер емес, оны зерттеу нақты қылмысты тергеу үшін маңызы бар бар болатын ситуациялардағы осы адамның рөлін анықтау міндетімен шектелген қасиеттердің, белгілердің, байланыстар мен қатынастардың кешені ғана жатуы керек. Сонымен қатар зерттелуге ақпараттық сипаты бар қасиеттер де, яғни қылмыскер тұлғасының құрылымы туралы түсініктер құрылатын белгілер жатады. Қылмыскер тұлғасының құрылымы мен ақпараттық қасиеттері туралы сұрақты қарастыра отырып Г.А. Самойлов тұлғаның келесі құрылымдық компоненттерін көрсетеді: әлеуметтік бағытталуы, техниклық және соматикалық қасиеттердің ерекшеліктері [62.стр,31].

В А. Снетков тұлғаны криминалистикалық анықтаудың объектісі ретінде қарастыра отырып, тумысынан бар және жүре келе пайда болған адам ағзасының ішкі және сыртқы құрылымының қасиеттері мен          белгілерін, адамның физиологиялық және психикалық қасиеттерін, тұлғаның әлеуметтік мінездемесін атап көрсетеді [63.стр.53-57].

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы құрылымындағы қылмыскер тұлғасы туралы мәліметтер оның басқа құрылымдық элементтерімен, атап айтсақ қылмыстың жасалу жағдайымен, қылмысты жасау әдісімен, қалдырылған материалдық іздермен, қылмыстық           қолсұғушылықтың затымен, қылмыстың жәбірленушісімен, қылмыстың ниеті мен мақсатымен тығыз байланыста болады.

Тергеу процесінде белгісіз қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттеу кезінде оқиға болған жерде табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлердің көмегімен анықталған қылмысты жасаған тұлғаның биологиялық, физиологиялық және кәсіби белгілері ең алдымен көрінеді.

Г.И.Поврезнюктің пікірі бойынша тұлғаны анықтау кезінде соматикалық (биологиялық) ерекшеліктерді зерттеу-адам ағзасының ішкі және сыртқы құрылымын көрсететін белгілерді анықтаудан басталады. Олардың арасындағы ең маңыздысы-адамның сыртқы келбетін сипаттайтын белгілер. Ал, бұл белгілер тұлғаны анықтауға бағытталған көптеген жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылып, пайдаланылады және жасалған қылмысты бастапқы ақпарат алу үшін негізгі болып табылады [64.стр.68]. Мысалы, қол мен аяқ іздерінің мөлшері бойынша және олардың құрылу механизмдерінің ерекшеліктері бойынша мүмкін қылмыскердің жынысы, жасы туралы, онда белгілі бір дене кемшіліктерінің болып, болмауы — туралы, биологиялық бөліністердің іздері бойынша (түкірік, қан, сперма және т.б.), қан тобы мен резус-факторы туралы, куәлердің және жәбірленушілердің есінде сақталып қалған идеалдық бейне бойынша оның сыртқы келбеті және т.б. туралы болжамдар жасауға болады.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы үшін, сондай-ақ қылмыскер тұлғасының әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің де маңызы зор. Оларға келесілер жатады:

— биографиялық сипаттағы мәліметтер (жынысы, жасы, ұлты, білімі, отбасылық жағдайы және т.б.);

— қоғамның негізгі саласында тұлғаны сипаттайтын мәліметтер (еңбек, қоғамдық-саяси қызметке қатысу, тұрмыстағы жүріс-тұрысы және т.б.);

— тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (темперамент, ерік, эмоция).

Криминалистикалық тұрғыдан алғанда қылмыскер тұлғасының маңызды сипаттамасы ретінде бұл субъектінің заңға қатынасын анықтау көрінеді (яғни оның бұрын сотталған, сотталмағандығы, құқық қорғау органдарының онымен қызығуы, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, жасамағандығы).

Міне, осы әр түрлі қылмыстарды жасайтын субъектілердің тұлғасы туралы осы мәліметтерді жиынтықтау қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементтерінің бірі ретіндегі қылмыскер тұлғасын нақтылауға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі оның рөлін көтеруге септігін тигізеді.

 

2.3 Қылмысты жасау әдістері

 

Қылмысты жасау әдісі қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистика ғылымдарының зерттеуінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық құқықтық ғылымда қылмысты жасау әдісі қылмыс құрамының объективтік жағын сипаттау үшін (әрекет немесе әрекетсіздік) зерттеу және дұрыс саралау үшін, оны жасаған тұлғаның кінәсінің нысаны мен деңгейін анықтау үшін маңызы бар.

Қылмыстық іс жүргізу ғылымында қылмысты жасау әдісі қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнінің бір заты және айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің міндетті элементі ретінде қарастырылады. Мұнда қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу тұрғысынан алғанда қылмысты жасау әдісіне қылмыстық әрекетті ұсақ құқық бұзушылықтан немесе құқықтық әрекеттен шеттету үшін және оның қоғамға қауіптілігін ескере отырып, оған сәйкесінше жаза тағайындауға мүмкіндік беретін жалпы сипаттама беру жеткілікті болады. Мысалы, бөтен біреудің мүлкін заңсыз алу қылмыстарын дұрыс саралау үшін ол ашық түрде (тонау арқылы) немесе жасырын түрде (ұрлық) жасалғандығын анықтаудың өзі жеткілікті. Мұнда бөлмеге енудің нақты әдістерінің маңызы соншалықгы рөлді атқармайды десек, криминалистика үшін қылмыс жасау әдісін зерттеудің маңызы зор. Р.С.Белкиннің пікірі бойынша криминалистика оны қылмыстарды ашып, оның алдын алу үшін, кінәлі адамдарды іздестіру мақсатында криминалистиканың барлық құрылымдық бөліктерін (техника, тактика және тергеу әдістемесі) құру үшін қажетті ақпарат қайнар көзі және дәлелдемелердің пайда болу заңдылықтарын шарттандыратын факторлар ретінде қарастырады [65].

Әр жеке жағдайда қылмысты жасау әдісі әрқашан да нақты. Қылмысқа криминалистикалық талдау жасау кезінде белгілі бір әдістің таралуының да маңызы бар. Қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасымен қарастырылмайтын бұл ерекшеліктер криминалистикалық тұрғыдан өте маңызды, өйткені оларды білу жасалған қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтау үшін көмектеседі, ал оның өзі қылмысты тез, жан-жақты және толық тергеуге әсер етеді.

Әр түрлі қылмыстардың жасалу әдісттерін зерттеу қылмыстарды ашу мен оның алдын алу үшін қолданылатын криминалистиканың техникалық құралдарын құру және жетілдірудің негізінде жатыр. Қылмыстарды жасаудың қайталанатын әдістерінің белгілері «modus operandi sistem» (mos) деген атпен танымал қылмыстарды жасау әдісі бойынша криминалистикалық есепке алудың бір түрінің негізіне салынған. Тіркеудің бұл түрі екі өзара байланысты картотека бойынша жүргізіледі: оның біреуінде белгісіз адамдармен жасалған қылмыстың белгілі бір әдістері сипатталса, екіншісінде белгілі қылмыскерлермен пайдаланылған қылмысты жасау әдістері көрсетіледі. Екі картотека да тергеу тәжірибесінің материалдары бойынша жүйелі түрде толықгырылып отырады. Қылмыстарды тергеу процесінде осы есепті пайдалану қылмыскер-рецидивисттердің тұлғасын анықтауға, оларды іздестіру мен ұстауға «көмектеседі.

Криминалистикалық тактикада қылмыстарды жасау әдістерін білу жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық әдістерін құру үшін және жалпы тергеуді жүргізу үшін пайдаланылады.

Қылмыстардың жекелеген әдістемелерін құру кезінде оларды жасаудың типтік әдістері туралы мәліметтер әр қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасында жиынтықталады және тергеуді тиімді түрде жүзеге асыру үшін ғылыми ұсыныстар береді.

Криминалистикада қылмыстарды жасау әдісі дегенде қылмыстарды дайындау, жасау және жасыру бойынша әрекеттердің жүйесі түсініледі [20.стр.217].

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын зерттеу кезінде ғалымдардың көпшілігі қылмысты жасау әдісіне үлкен мән беретіндігімен біз келісеміз, себебі оны білу-қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының басқа да элементтері туралы ақпарат алуда маңызды рөл атқарады.

Қылмыстың жасалу әдісінің құрылуына объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді. Яғни қылмыстың әдісі, ең алдымен, қылмыстық әрекет жасалатын объективтік жағдайдың жағдайымен шарттанады. Қылмыстар белгілі бір уақыт пен кеңістікте жасалатыны белгілі. Сондықтан қылмыскер қылмысты жасауды қолайлы жағдайлардың туыңдауымен байланыстырады.

Қылмысты жасау әдісі қылмыстық қолсұғушылық затының сипаты мен ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Әр қылмысты жасау әдісінің өзіне ғана тән іздері болады. Мысалы, атыс қаруын қолдана отырып адам өлтіру қылмыстары үшін оқ жарақат түріндегі ату іздерінің, атылған оқ пен гильзаның болуы тән болса, лауазымдық талан-тараж үшін қызметтік жалғандық жасау тән. Қылмысты жасау әдісінің мазмұнын анықтайтын субъективтік факторлар қатарына қылмыстың ниеті мен мақсаты, қылмыскер тұлғасының типтік ерекшеліктері жатады.

Қылмысты жасау әдісінің түрін таңдауда бірқатар жағдайларда жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері әсер етуі мүмкін. Ол, әсіресе, күш қолдану орын алатын қылмыстарға (зорлау, адам өлтіру, тонау) тән.

Сондай-ақ қылмысты жасау әдісі мен оның жасалуына әсер еткен жағдайлардың да арасында байланыс бар. Осының нәтижесіңде ол қылмыстардың криминалисикалық сипаттамасының құрылымында динамикалық элемент ретінде көрінеді. И.Ф.Крылов көрсеткендей, «қылмысты жасау әдісі қылмыс жасалатын мүмкін жағдайды ескере отырып таңдалып алынады және орын алатын тергеулік ситуациямен нақтыланады» [21.стр.32]. Мысалы, қылмыскермен бұрын ескерілмеген қылмыс жасау жағдайы онымен кейін әдіс түрін өзгертуіне немесе мүлдем қылмысты жасаудан бас тартуына алып келуі мүмкін.

Біз қылмысты жасау әдісін қылмысты дайындау, жасау және жасыру оның элементтері болып табылатын жинақтаушы ұғым ретінде қарастыратын авторлардың пікірлерімен келісеміз (Р.С.Белкин, И.А.Возгрин, Г.Зуйков т.б.). Аталған үш элемент нақты қылмысты жасау кезінде толық құрамда көрініс табуы мүмкін немесе келте құрамда да болуы мүмкін, яғни Р.С.Белкиннің айтуынша «толық құрамды немесе толық емес құрамды» [65.стр.180].

Қылмысты жасауға дайындық әдістері қылмыстық ойдың сипатына сәйкес әр түрлі әрекеттерден тұруы мүмкін: қылмыстық қол сұғушылық объектісін таңдау және ол жөнінде ақпарат жинау, қылмысты жасау құралдарын жасау, іздестіру, қылмысқа қатысушыларды таңдау және солардың арасында рөлдерді бөлу, жалған алиби дайындау, ұрланған мүлікті өткізу жолдарын ойластыру және т.б. Дайындалудың бұл әдістерінің кейбіреулері жеке қылмыс құрамын құруы мүмкін (мысалы, атыс және суық қаруды жасау және алу).

Қылмыстың өзін жасау әдістері әр түрлі әрекеттермен (әрекетсіздікпен) сипатталады. Қылмыс іздерін жасыру оны жасау барысында (мысалы, сырт келбетін өзгерту грим, парик, маска және т.б.көмегімен) және қылмыстық әрекеттерді жасағаннан кейін де жүзеге асуы мүмкін, қылмыстардың әр түрлерінің қылмыстық сипаттамасы құрылымындағы қылмысты жасау әдісінің рөлі мен мәні бірдей емес. Оның, негізінен, қасақана қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасында маңызы үлкен, өйткені ол оның басқа да элементтерімен тығыз байланыста болады. Абайсыз қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының құрылымында оларды жасау әдісінің рөлі өте аз, тіпті кейде жоқ десек те болады. Оған мысалға жол көлік оқиғаларын келтіруге болады, яғни олар белгілі бір әрекеттердің нәтижесінде ғана құқыққа қайшы салдарға алып келмейді, ең алдымен ол белгілі бір себептердің нәтижесі ретінде көрініс табады.

 

2.4. Қылмысты жасау механизмі.

 

Қылмыстық әрекетті криминалистикалық — талдау кезінде қылмысты жасау әдісімен қатар «қылмысты жасау механизмі» деген де ұғым қолданылады. Мұндағы қылмысты жасау әдісі қылмыскердің әрекеттері туралы ақпаратты білдірсе, қылмысты жасау механизмі оның барлық компоненттерінің өзара байланыстағы қылмыстық әрекеттің динамикасын білдіреді.

Р.С.Белкин қылмыстың механизмін қылмыстық әрекеттің мазмұнын анықтайтын күрделі динамикалық жүйе ретінде сипаттайды. Кез келген жүйе сияқты қылмыстың механизмі белгілі бір заңдылықтардың әсерінен туындайды.

Р.С.Белкиннің пікірі бойынша, криминалистикалық мәні бар заңдылықтардың қатарына: қылмыс механизмдерінің ішкі қатынастары мен байланыстарының пайда болуы мен дамуы, қылмысты жасау әдісінің құрылуы мен жүзеге асуы, іс бойынша шындықты анықтау үшін мәні бар қылмыспен байланысты криминалға дейінгі және одан кейінгі тәртіптегі құбылыстардың пайда болуы мен ағымының заңдылықтары [20.стр.119] жатады.

Қылмыс механизмін анықтайтын анықтамалардың алғашқыларының бірін А.Н.Васильев берген. Оған сәйкес «қылмысты ашып, оны тергеу үшін қолданылуы мүмкін, материалдық және материалдық емес іздердің пайда болуымен сипатталатын қылмыс жасау процесі, соның ішінде оның әдісі және қылмыскердің әрекеті» [66.стр.8].

Ғалым-криминалисттер «қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы» мен «қылмыстың механизмі» ұғымдарын әр түрлі түсінеді. Айталық, В.Г.Танасевич пен В.А.Образцов қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын «қылмыстық әрекеттің механизмі туралы объективті мәліметтердің жүйесі» ретінде қарастырады [25.стр.28].

Қылмыстардың типтік немесе түрлік криминалистикалық сипаттамасын ұсынған көптеген ғалымдар оның дербес элементі ретінде қылмыс механизмін атамайды. Н.П.Яблоковтың пікірі бойынша қылмыстың механизмі дегеніміз қылмысты дайындаудың, жасаудың, оның іздерін жасырудың, оның жекелеген кезеңдерінің уақытына және динамикалық байланысының тәртібін сипаттайтын мәліметтер жүйесі. Әр түрлі қылмыстар үшін криминалистикалық сипаттаманың элементі ретіндегі механизм туралы мәліметтердің маңызы бірдей емес [35.стр.328-329].

Яғни, қылмысты жасау барысында жақсы көрінетін құбылыстар мен басқа да объектілердің сипаттамасы бар болғанда қылмыс механизмінің криминалистикалық сипаттамасының элементі ретінде маңызды болады.

Бұдан шығатын қорытынды-қылмыстың механизмі дегеніміз қылмыстық әрекеттің мазмұнын құрайтын күрделі динамикалық жүйе. Оған келесілер кіреді: қылмыс субъектісі, қылмыстың субъективтік жағы, қол сұғушылықтың заты, қылмыстың әдісі, оқиғаның кездейсоқ қатысушыларының жүріс-тұрысы, әрекет пен себепті байланыс, қылмыстың жасалуына немесе кедергі келтірілген мән-жайлар.

 

2.5  Қылмыстық қол сұғушылықтың заты.

 

Көптеген қылмыс түрлерін жасау әр түрлі заттарға әсер етумен байланысты. Мысалы ұрлық, тонау, қорқытып алу қылмыстарын жасау кезінде белгілі бір мүлікті заңсыз алып қою жүзеге асырылады немесе бөтеннің мүлкі бүлінуі немесе жойылуы мүмкін.

Қылмысты жасау барысында қылмыскер әсер еткен материалдық заттарды қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық қол сұғушылықтың заты деп қарастырылады. Алайда, қылмыстық қол сұғушылықтың заты мен қылмыстың объектісі ұғымдарын шатастырмау керек, яғни бұл екеуі екі бөлек ұғымдар. Мұндағы қылмыстың объектісі дегеніміз ол заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың заты ол сол заттардың материалдық көрінісі. Қылмыс жасалған кезде зиян әр кезде де қылмыстың объектісін құрайтын қоғамдық қатынастарға келтіріледі. Ал қылмыстың заты дегеніміз сыртқы дүниедегі материалдық нәрселер. Қылмыскер соған әсер ету арқылы тиісті объектіге қол сұғады. Мысалы, автокөлікті ұрлауда қылмыстың заты автокөлік болса, объектісі ретінде соған меншік құқығы саналады.

Қылмыстың затына материалдық көрінісі бар, яғни көруге, алуға, қабылдауға болатын заттарды жатқызамыз.

Кейбір қылмыс құрамдарында қылмыс заты мүлдем болмауы да мүмкін. Мысалы, дәрігерлік құпияны жариялау (ҚР ҚК 114 бал), жала жабу (ҚК 129 бап).

Криминалистикалық сипаттама құрылымындағы қылмыстық қол сұғушылық заты да барлық қылмыс түріне тән емес, өйткені олардың барлығы қандай да бір материалдық заттарға тікелей әсер етумен байланысты емес (мыс, бұзақылық).

Кейбір ғалымдар қылмыстың затын басқа элементтердің құрамына енгізуді жөн көреді. Айталық, Р.С. Белкин «осы санаттағы етер бойынша анықтау мен зерттеуге жататын мән-жайлардың ерекшелктерінен сипаттамасына» енгізсе [20 стр. 105], И.Ф. Герасимов оны қылмыстың жасалу жағдайының мазмұнына енгізеді [40 стр. 333],

Қылмыстық қол сұғушылықтың затының криминалистикалық мәні келесіде жатыр: қылмыскер қылмыстық әрекетті жүзеге асыру барысында нақты заттарға әсер етеді, соның нәтижесінде әр түрлі материалдық өзгерістер пайда болады, яғни іздер қалып қояды (қылмыстық қол сұғушылық затында, қылмыскердің киімі мен үстінде, қылмыс қаруында, т.б.)

Сөйтіп, қылмыстық қол сұғушылық затының ерекшеліктерін біле отырып, тергеуші қылмысты тергеудің кейінгі бағыттарын дұрыс анықтай алады.

Қылмыстық қол сұғушылықтың заты ретінде әр қылмысты жасау кезінде әр түрлі заттар көрініс табуы мүмкін. Айталық:

— мүлік (мемлекеттік, жеке, қоғамдық);

— мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, халық денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтық айналымға түсуге тыйым салынған және заңмен шек қойылған заттар (қару-жарақ, есірткі заттар, т.б.)

— мемлекеттік құпияны құрайтын құжаттар;

—  ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы бар заттар мен құжаттар;

— табиғи байлықтар (жер, оның қойнауы, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі);

— мемлекеттік билік рәміздері болатын заттар (ту, елтаңба) т.б.

В.А. Образцов қылмыстық затты кең мағынада түсіне отырып, оған қылмыстың құрбаны болған адамдарды да жатқызады [38 стр. 41-42].

Алайда біз бұл пікірмен келіспейміз, өйткені жәбірленуші өзінше арнайы криминалистикалық мәнге ие және сондықтан да олар қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын дербес элементі жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері ретінде қарастырылады.

Қылмыстық қол сұғушылық затынан қылмысты жасау құралдарын ажырату керек. Мұндағы қылмысты жасау құралдары дегеніміз қылмыскер соның көмегімен қылмыстық затқа әсер ететін құралдар. Ол құралдар материалдық көрінісі бар заттар болуы мүмкін ( атыс және суық қару, көлік құралы), бөгеттерді жеңуге арналған арнайы заттар (кілттер тізбегі, лом, т.б.), сондай-ақ қылмыскерлердің әрекеттері (қорқытып алу кезінде қорқытып, үркіту) де жатуы мүмкін.

 

2.6 Өзге де құрылымдық элементтер.

 

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының өзге де элементтері қатарына қылмыстың жасалу жағдайын, қылмыстың материалдық іздерін, жәбірленуші тұлғасының криминалистикалық ерекшеліктерін, қылмысты жасырудың криминалистикалық мәнін айтуға болады. Енді біз осы элементтерге қысқаша тоқталып өтейік.

Сонымен, қылмыстың жасалу жағдайы дегеніміз, жалпы алғанда, қылмысты жасау жүргізілген жағдайлардың жиынтығы.

Қылмыстардың типтік ерекшеліктерін зерттейтін криминалистердің көпшілігі қылмыстың жасалу жағдайын криминалистикалық сипаттаманың құрылымдық элементтерінің маңыздыларының бірі болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы «қылмыстың жағдайы» термині «оқиға болған орынның жағдайы» деген тар мағынада қолданылып келген еді. Тек XX ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап қана бұл терминнің мәнін ашуға байланысты жұмыстар жүргізіле бастайды.

Н.П. Яблоков криминалистикалық аспектідегі қылмыстың жасалу жағдайын, қылмыстың жасалу мүмкіндігін, жағдайларын және өзге де мән жайларын анықтайтын қылмысқа дейін және қылмыс жасалу барысында өз ара әрекет ететін орнын, уақытын, қоршаған ортаның заттық, табиға — климаттық, өндірісті-тұрмыстық және де өзге де жағдайларын сипаттайтын объектілердің, құбылыстардың және процесстердің жүйесі [35 стр. 329].

Біз бұл пікірді дұрыс деп санаймыз және онымен келісеміз. Осыған ұқсас анықтаманы Р.С. Белкин де берген еді [67 стр. 212].

Осы аталған жағдай көпшілігінде қылмыстың жасалу әдісін анықтайды және оның механизімінің құрылымы мен ерекшеліктерінде көрінеді.

Берілген анықтамалардан көріп отырғанымыздай, оның құрылымын тек қоршаған ортаның элементтері ғана емес, сондай-ақ қылмысқа қатысушылардың еркінен тыс қылмысқа дейін не тікелей қылмысты жасау барысында қалыптасқан объективті шындықтың өзгеде жағдайлары құрайды.

Қылмыс оқиғасының сыртқы жағдайын сипаттайтын элементтерді келесідей етіп жүйелеуге болады:

— заттық (материалдық дүниенің барлық объектілері және қалдырылған іздер);

табиғи-климаттық;

— физика-химиялық  (атмосфералық  құбылыстар, температура, т.б.);

— уақытша мерзімдер (жыл, ай, апта, тәулік, т.б.);

— өндірістік-тұрмыстық (зерттелетін оқиға жасалатын адам қызметі саласының түрі мен ерекшеліктері);

— психологиялық (қылмысқа  қатысы  бар  тұлғалардың жүріс-тұрысы, т.б.)

Міне, осы мәліметтерді талдап, жинақтау тергеушіге нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің тұратын ауданын сондай-ақ жасалуы мүмкін қылмыстың орны мен уақытын анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.

Қылмыстың материалдық іздері. Криминалистикалық тұрғыдан алғанда қылмыстар олар дайындалатын және жасалатын материалдық жағдайдың белгілі бір түрдегі өзгеруі мен де сипатталады. Қылмыс орнында әр түрлі іздер, қылмыс қаруы және т.б. заттар қалдырылуы мүмкін. Бұл-іс бойынша болашақ заттай дәлелдемелер.

Авторлардың барлығы материалдық іздерді криминалистикалық сипаттаманың элементіне кіргізбейді. Бұл позицияны, айталық Р.С. Белкин, Н.П. Яблоков, И.А. Возгрин ұстанады.

Алайда біз бұл пкірді қате деп есептейміз және Л А. Сергеевтің, АН. Колесниченконың, Е.Г. Джакишевтің, И.Ф. Пантелеевтің, Г.А. Мозговыхтың қөзқарастарымен келісеміз. Оған сәйкес бұл мәліметтер белгілі бір қылмыстың криминалистикалық сипаттамсы үшін мәнді және маңызды болып табылады.

Қылмыстың әр түрі материалдық зардабымен ерекшеленеді. Қылмыстың жасалуымен байланысты пайда болатын материалдық іздер келесідей көріністе болуы мүмкін:

— оқиға болған жерде жаңа заттардың пайда болуымен;

— белгілі бір сыртқы   факторлардың   әсерінен   объектілердің бастапқы жағдайларында өзгерістердің пайда болуы;

— оқиға болған жерден белгілі-бір заттардың жоғалуы.

Бұл іздердің криминалистикалық мәні – олар бойынша тергелетін оқиғаның жағдайларын анықтау мүмкіндігі мен анықталады. Сондықтан қылмыстың материалдық іздері туралы, олардың ерекшеліктері мен локализациялануы туралы мәліметтердің жиынтығы-қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементінің бірі болып табылады.

Қылмысты жасырудың әдістері туралы мәліметтер қылмыстарды сәтті түрде ашу үшін қылмысты жасырудың әдістері туралы, жасыру орындарының түрлері мен құрылысы туралы, жалған құжаттарды жасау және алудың әдістері туралы жинақталған мәліметері де болуы керек. Айталық, қылмыскердің заңсыз байланысы мен қылмысты жасырудың әдістері туралы мәліметтердің топтық қылмыстық қызметтері туралы қылмыстық істер бойынша маңызы ерекше болады.

Қылмыс іздерін жасыруға бағытталған әрекеттер тергеуге кедергі келтіруге бағытталған және жасыру, жою, бүркелу, сондай-ақ фальсификация түрінде көрініс табуы мүмкін [20.стр.15]. Мұндай әрекеттер қылмыс субъектілеріменде, өзге де тұлғалармен де жасалуы мүмкін. Алайда кейбір ғалымдар қылмысты жасау әдісі мен оны жасыру әдісі бойынша әрекеттердің арасына тендік белғісін қояды [68 стр. 10].

Бірақ біз бұл көзқараспен келіспейміз, өйткені қылмыстың ізін жасырудың әдістері өзінше дербес жүргізілуі мүмкін және ол жөнінде қылмыскердің өзі де білмеуі мүмкін. Айталық баласының жасаған қылмыс туралы анасы біліп, оның қан іздері бар киімін жойып жіберуі.

Мұндағы жасыру қылмыстың жасалуының мән жайлары туралы ақпарат тергеушіге белгісіз болып қалады. Ол белсенді және енжар нысанда болуы мүмкін.

Жою – толығымен немесе бір бөлік қылмыстың іздерін жою бойынша белсенді әрекеттерден тұрады.

Бүркелу – қылмыскер туралы, қылмыстың қаруы және жасалған қылмыстың нәтижесі туралы түсініктерді өзгерту мақсатында жүргізіледі. Ол әр түрлі әрекеттермен жүзеге асырылуы мүмкін: объектілердің орнын ауыстыру, қылмыс субъектісінің сырт келбетін өзгерту (грим, жалған мұрт, сақал, шаш қою т.б.), жасалатын әрекеттермен қатар қылмысты жасау (мыс: көлік құралының қатты дыбысын пайдалана отырып бұзу құралдарын пайдалану).

Фальсификация – яғни жалған түсініктеме беру, жалған іздермен өзге заттай дәлелдемелер жасау, толық немесе бір бөлікте қызметтік жалғандық жасау т.б. Фальсификация ретінде жалған алибиді келтіруте болады.

Жәбірленуші тұлғасының криминалистикалық ерешеліктері. Қылмыстың жекеленген түрлерінің криминалистикалық сипаттамасының құрылымында жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері туралы мәліметтердің алатын «орны ерекше.

Ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлері қылмыскердің әрекеттері оның агрессивті ниетімен ғана емес сондай-ақ ол әрекет ететін өмір жағдайымен, жәбірленушінің жеке қасиеттері мен жүріс-тұрысымен анықталатындығына негізделе отырып, жәбірленуші тұлғасын және оның қылмыстық ойдың пайда болуы мен жүзеге асыруындағы рөлі туралы барынша толық зерттеудің қажеттілігін түсінді.

Қылмыстың жәбірленушісіне деген қызығушылық мамандарда бұрыннан бері пайда болғанына қарамастан жәбірленушімен байланысты мәселелерді ғылыми түрде құру тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана дами бастайды. XX ғасырдың 40 жылдардың соңында криминалистикалық сөздікке жаңа термин – виктимология енеді. Ол латын тілінен аударғанда «victima» – жәбірленуші және гректің «logos» -— білім, ғылым деген сөзінен шыққан.

Виктимология Л.В. Франктың айтуы бойынша «жәбірленуші туралы» ілім [69 стр.4]. Оның жәбірленушінің тұлғасын зерттеумен айналысатын тарауын біз криминалдық виктимология деп атаймыз [70 стр.20].

Қылмыстың құрбаны – «қылмыстан жәбір көрген» деген ұғымға қарағанда кең мағынаны біддіреді. Қылмыстың жәбірленушісі – ол заңмен жәбірленуші ретінде танылған, танылмағандығына қарамастан құқыққа қайшы әрекеттен дене, моральдық немесе мүліктік зиян шеккен адам. Мұндағы құрбан – виктимологиялық, жәбірленуші-қылмыстық құқықтық ұғым деп те айтуға болады.

Қылмыстың жасалуына дейінгі, сол кездегі және содан кейінгі жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктерімен оның жүріс-тұрысы туралы ақпарат маңызды криминалистикалық мәнге ие. Қылмыскер мен оның жәбірленушісі қылмыстық қол сұғушылықтың жекелеген кезендерінде өзара әрекет етеді, мұнда жәбірленуші кейде өзінің жүріс-тұрысымен өзіне қарсы бағытталған қылмыстың жасалуына әсер етеді. Мысалы, әйелді зорлау істері бойынша жәбірленушінің аморальдық жүріс-тұрысы ер адамдарда жыныстық құмарлықты туғызады, сөйтіп сексуалдық қауіптілігін туындатады.

Міне бұл байланысты анықтау мен зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде өте маңызды. Қылмыскер мен жәбірленуші арасындары өзара қарым-қатынастың үш түрін көрсетуге болады: кездейсоқ, алдын-ала белгіленбеген және алдын-ала белгіленген.

Кездейсоқ байланыс туындайды осы оқиғаның қатысушыларының еркінен тыс. Мұндай байланыс көп жағдайда абайсыз қылмыстар кезінде туындайды және мұнда олар өзара таныс болмауы да мүмкін.

Алдын-ала белгіленбеген қатынаста қылмыскер жәбірленушіні кездейсоқ емес, белгілі бір факторлар, алғышарттар бойынша тандайды. Егер алдын-ала белгіленбеген қарым-қатынаста қылмыскер сәйкес деген жәбірленушіні алдын-ала белгілеген болса, алдын-ала белгіленген қарым-қатынаста қол сұғушылық нақты анықталған тұлғаға қарсы бағытталуы мүмкін. Мұндай жәбірленушілер қылмыстың жасалуына дейін алдын-ала белгіленеді, мысалы, қылмыстың себебі ретінде махаббат, жек көрушілік, қызғаныш немесе т.б. көрініс тапқан болса.

Қылмыстардың генезисіндегі жәбірленушінің рөлі тұрғысынан алғанда жәбірленушілерді шартты түрде үш типке белуге болады: бейтарап, қылмысқа қатысушылық және итермелік (провоцирующий).

Жекелеген адамдар белгілі бір жағдайларға байланысты басқаларға қарағанда жиі қол сұғушылықтың құрбаны болуға қабілетті болады. Мұндай құбылысты мамандар виктимділік деп атайды.

Виктимділіктің өзінің жеке, түрлік және топтық деген түрлері болады. жәбірленушісі – ол заңмен жәбірленуші ретінде танылған, танылмағандығына қарамастан құқыққа қайшы әрекеттен дене, моральдық немесе мүліктік зиян шеккен адам. Мұндағы құрбан – виктимологиялық, жәбірленуші-қылмыстық құқықтық ұғым деп те айтуға болады.

Қылмыстың жасалуына дейінгі, сол кездегі және содан кейінгі жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктерімен оның жүріс-тұрысы туралы ақпарат маңызды криминалистикалық мәнге ие. Қылмыскер мен оның жәбірленушісі қылмыстық қол сұғушылықтың жекелеген кезеңдерінде өзара әрекет етеді, мұнда жәбірленуші кейде өзінің жүріс-тұрысымен өзіне қарсы бағытталған қылмыстың жасалуына әсер етеді. Мысалы, әйелді зорлау істері бойынша жәбірленушінің аморальдық жүріс-тұрысы ер адамдарда жыныстық құмарлықты туғызады, сөйтіп сексуалдық қауіптілігін туындатады.

Міне бұл байланысты анықтау мен зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде өте маңызды. Қылмыскер мен жәбірленуші арасындағы өзара қарым-қатынастың үш түрін көрсетуге болады: кездейсоқ, алдын-ала белгіленбеген және алдын-ала белгіленген.

Кездейсоқ байланыс туындайды осы оқиғаның қатысушыларының еркінен тыс. Мұндай байланыс көп жағдайда абайсыз қылмыстар кезінде туындайды және мұнда олар өзара таныс болмауы да мүмкін.

Алдын-ала белгіленбеген қатынаста қылмыскер жәбірленушіні кездейсоқ емес, белгілі бір факторлар, алғышарттар бойынша тандайды. Егер алдын-ала белгіленбеген қарым-қатынаста қылмыскер сәйкес деген жәбірленушіні алдын-ала белгілеген болса, алдын-ала белгіленген қарым-қатынаста қол сұғушылық нақты анықталған тұлғаға қарсы бағытталуы мүмкін. Мұндай жәбірленушілер қылмыстың жасалуына дейін алдын-ала белгіленеді, мысалы, қылмыстың себебі ретінде махаббат, жек көрушілік, қызғаныш немесе т.б. көрініс тапқан болса.

Қылмыстардың генезисіндегі жәбірленушінің рөлі тұрғысынан алғанда жәбірленушілерді шартты түрде үш типке белуге болады: бейтарап, қылмысқа қатысушылық және итермелік (провоцирующий).

Жекелеген адамдар белгілі бір жағдайларға байланысты басқаларға қарағанда жиі қол сұғушылықтың құрбаны болуға қабілетті болады. Мұндай құбылысты мамандар виктимділік деп атайды.

Виктимділіктің өзінің жеке, түрлік және топтық деген түрлері болады.

Жеке виктимділік-нақты индивидтің биофизикалық, психологиялық және әлеуметтік қасиеттерімен анықталатын белгілі бір өмір жағдайында кылмыстың құрбаны болуға қабілеті. Түрлік виктимділік – жекелеген адамдардың қылмыстың құрбаны болуға қабілетінің болуы. Топтық виктимділік дегеніміз-ұқсас әлеумттік, бофизикалық, психологиялық қабілеттерге ие жекелеген адамдар санаттары үшін жалпы бейімділік. Алайда тәжірибе көрсеткендей жәбірленуші болу мүмкіндігі адамның белгілі бір жеке қасиеттерінің болып, болмауына байланысты артып, төмендемейді, сондай-ақ ол виктимогендік жағдайды құрайтын бірқатар шарттарға да байланысты болады. Бұл жәбірленуші тобының қатарына, мысалы, кәсіпкерлерді, жезөкшелерді, таксистерді, инкассаторларды жатқызуға болады.

Тұлға туралы және жәбірленушінің жүріс-тұрысының ерекшеліктері туралы мәліметтердің криминалистикалық аспектілері, әдетте, демографиялық сипаттағы кейбір мәліметтерде көрінеді (жынысы, жасы, білімі, отбасылық және әлеуметтік жағдайы). Бұл мәліметтердің мәні
әр қылмыс түрі үшін бірдей емес. Бір жағдайларда жасы жеке және басқа тұлғалармен қарым-қатынасының мәліметтерінің криминалистикалық мәні жоғары болса, екінші жағдайда психикалық және физикалық ерекшеліктерінің, өмір сүру түрінің мәні жоғары болады.

Жәбірленушінің тұлғасы туралы типологиялық мәліметтердің оның қатысуымен тергеу әректтерін жүргізу кезінде, мысалы жауап алу кезінде, психологиялық контакт орнату үшін маңызы зор.

Жасалған қылмыстың нәтижесінде жәбірленуші көптеген теріс эмоцияларды – қорқыныш, реніш, ұятты және т.б. бастан кешеді.

Ол жәбірленушінің психикасына теріс әсер етеді және соның нәтижесінде оларда тергеу барысының объективтілігі туралы сенімсіздіктер туғызады. Сондықтан тергеуші мұндай тұлғаларға қатысты шыдамдылық пен әдептілік танытып, психологиялық қарым қатынас орнату үшін белгілі тактикалық әдіс — тәсілдерді қолдануы керек.

Міне осы мәліметтерді талдау кезінде біз жәбірленуші тұлғасының типологиялық ерекшеліктерін қылмыстық қол сұғушылықтың жәбірленушісі болатын қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасының құрылымында маңызды орынға ие екендігін көрсеттік.

 

III ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ.

 

3.1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың криминалистикалық классификациясы.

 

Кез келген қылмыспен күрестің криминалистикалық әдіс-тәсілдерін құру кезінде зерттеу пәнін нақты анықтап алу керек. Ол үшін ең алдымеы зерттелетін қылмыстарды «криминалистикалық маңызы бар негіздер бойынша» жүйелеу керек, яғни басқаша айтқанда олардың криминалистикалық классификациясын жүргізу қажет [71.стр.35].

Заң әдебиеттерінде классификациялық криминалистикалық белгілерге қатысты және криминалистикалық классификацияның қылмыстық құқықтық классификациямен арақатынасы туралы әр түрлі көзқарастар бар.

Ең алғаш А.Н.Васильев пен Н.П.Яблоков қылмыстарды криминалистикалық мәні бар белгілері бойынша топтастыруды ұсынған еді [66.стр.425], яғни бұл топтастыру келесі белгілер бойынша жүргізілуі керек еді: «қылмысты жасау әдісі, қолданған қарулар мен құралдар, дәлелдемелердің құрылу мехнизмі бойынша».

Бұдан кешірек А.Н.Васильев өзінің позициясын өзгерте отырып қылмыстарды екі негіз бойынша қалыптасқан тергеулік ситуация бойынша және криминалистикалық сипаттама бойынша топтастыру керек дейді [11.стр.25].

Н.Ф.Герасимов бірнеше негіздер бойынша топтастыру қажеттілігін көрсетеді: қылмыстың түрлік және топтық белгілері бойынша, қылмысты жасау әдісі, жасыру деңгейі, қылмыскердің қылмыстық тәжірибелі, қылмысты жасау орны [8.стр.151].

И.А.Возгрин үш негіз жеткілікті деп есептейді: қылмысты жасау әдісі, қылмыскердің және жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері [72.стр.43].

Алайда бұл авторлар классификациялау кезінде қылмыстық -құқықтық негіздерді ескермейді. Ал бұл негіздер ұқсас криминалистикалық мәні бар белгілері бар қылмыстар тобын тергеу үшін жалпы әдістемелік ұсыныстарды құру үшін зерттеу пәнін құрайды. Сондықтан көптеген ғалымдар Р.С.Белкин, И.Ф.Герасимов және т.б. қылмыстардың криминалистикалық классификациясын жүргізу кезінде міндетті түрде қылмыстық-құқықтық классификацияны ескеру қажеттілігін атап көрсетеді. Біздің пікіріміз            бойынша криминалистикалық классификацияның негізіне қол     сұғушылықтың объектісі бойынша қылмыстық құқықтық классификация енуі керек.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың классификациялық тобына қол сұғушылықтың жалпы объектісі бар қылмыстар енгізіледі. Бізбен зерттеліп отырған санаттағы қылмыстар үшін объект ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі табылады.

И.И.Рогов экономикалық қылмыстарды келесідей етіп анықтайды: «экономика саласында мемлекеттік және қоғамдық кәсіпорында, ұйымдарға экономикалық, шаруашылық функцияларды атқаратын тұлғалармен жасалатын экономикалық жүйеге қол сұғатын қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекет» [73].

Экономикалық қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 7-ші тарауы арналған. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық қызметтің әр түрлі саласында көрініс табады.

Экономика саласындағы қылмыстар, әдетте, жалған құжаттарды жасау арқылы, ақша — қаржылық, коммерциялық операцияларды атқару арқылы жасалады және қылмыскердің бұл әрекеттері экономикалық көрсеткіштерде қаржылық шаруашылық есепке алу жүйесінде, ал ең соңында бухгалтерлік және тауар – ақша құжаттарында тікелей немесе жанама түрде көрініс табады. Сондықтан да мұндай қылмыстарды ашу дәлелдеудің жалпы әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы ұқсас дәлелдемелерді талдау мен зерттеуден басталады.

Зерттелетін қылмыстарда осындай «жалпы белгілердің» болуы олардың жалпы криминалистикалық сипаттамасын беруге және оларды тергеу үшін тиімді және сәйкес болатын жалпы әдістемелік ұсыныстарды құруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қорытындылай келе криминалистикалық классификация дегеніміз – қылмыстарды анықтау, тергеу және алдын алу бойынша жалпы әдістемелік ұсыныстарды құру үшін ұқсас қылмыс құрамдарын криминалистикалық мәні бар белгілері бойынша бір топқа біріктіру.

 

3.2 Экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы.

 

Қылмыс ол әлеуметтік құбылыс, қылмыстық құбылыстардың белгілі бір жиынтығы.

Қылмыстылықпен күрес жүргізетін мемлекет пен құқық қорғау органдарына белгілі болған барлық қылмыстарды есепке алудың өзі белгілі бір уақыт арасында белгілі бір аумақта жасалған қылмыстық құбылыстардың жиынтығынан тұратын фактілердің мықты шегін құру міндетін шешуге мүмкіндік бермейді. Оның себебі белгілі болған қылмыстардан тыс бұл органдарға белгісіз болып қалған, бірақ негізінде орын алған басқа да қылмыстар бар. Бұл қылмыстар латенттік қылмыстар деп аталады.

Жасырын қылмыстарды анықтаудың арнайы әдістерін құру-бұл қылмыс кімнен жасырынды деген сұраққа жауап іздеумен анықталады. Әр қылмыс кез келген әрекет сияқты қандай да бір заттармен, адамдармен немесе құбылыстармен өзара қарым-қатынас негізінде ғана жасалуы мүмкін. Ал мұның өзі қылмыс жөнінде ақпараттың толық жасырылуын мүмкін емес етеді. Біздің пікіріміз бойынша латенттік қылмыстар деп жасалған қылмыстарды тергеу және қарау заңмен құқық берілген органдардың бірінен жасырылған қылмыстарды атау керек. Мұндай органдарға сот, прокуратура, ІІМ органдары, ҰҚК жатады.

Қылмыстың алдын алу үшін жасырын қылмыстарды анықтаудың мәні өте зор. Ол ең алдымен: а) осы әкімшілік-аумақтық бірлікте немесе осы экономикалық ауданда белгілі бір уақыт аралығындағы қылмыстылықтың нақты жағдайын анықтау үшін; б) сол кездегі және сол жердегі қылмыстылықтың нақты құрылымын анықтау үшін; в) қылмыспен келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін; г) қылмыстың жасалуына әсер еткен жағдайларды анықтап, оларды жоюдың жолдарын іздестіру үшін;                 д) қылмыстылықтың барысын болжамдау үшін қажет. Кейбір криминалисттер дұрыс көрсететіндей, латенттік қылмыстарды анықтау және оның қысқартылуы бойынша шаралар қолдану азаматтардың құқықтық сана- сезіміне оң әсерін тигізеді және қылмыстық жазалаудың алдын алу әрекетін күшейтеді.

Міне, осы латенттік қылмыстардың бірі ол экономикалық контрабанда.

Контрабанда (италияның contra қаржы және bапdо үкімет жарлығы сөзінен) – мемлекеттік шекарадан тауарларды, құндылықтарды және өзге де заттарды заңсыз өткізу [74].

Жаңа қазақстандық экономиканың қалыптасуында шешуші рөлді атқаратын маңызды салалардың бірі – ол Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі. Алайда жаңа сыртқы экономикалық қатынастарға көшудің тәжірибесі көрсеткендей, оның нәтижесінде көптеген теріс құбылыстар анықталып жатыр, соның ішінде кеден және қылмыстық заңдардың бұзылуы, ал кей кездері мемлекетке орны толмас экономикалық зардап пен саяси зиян келтіріліп жатады.

Сыртқы экономикалық қызмет саласында бұзушылықтардың таралуына әсер ететін бірқатар шарттар бар. Атап айтсақ, басқа мемлекеттермен нарықтық қатынас орнатып, дамытуда тәжірибенің жеткіліксіздігі, министрліктермен, ведомстволармен, облыс әкімшілік басқармалармен Қазақстаннан өнім, тауар, шикізат өнімдерін шығаруға құқық беретін лицензияларды беру тәртібін реттейтін заңдар өрескел бұзылады.

Соңғы жылдардың ішінде контрабанда қылмыстарының күрт өсуі байқалуда. Егер 1988 жылы Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздік органдарының тергеулік бөлімшелерімен Қазақ КСР ҚК-нің 64-ші бабы бойынша тек бір қылмыстық іс қозғалған болса, 1993 жылы – 40,1995 жылы-157, 2003 жылы — 666 іс қозғалды.

Контрабанданың, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет саласындағы бұзушылықтардың санының өсуінің себебі кеден, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңдарының қазіргі кезеңдік талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады деп есептейміз.

ҚР ҚК-нің 209-шы бабына сәйкес экономикалық контрабанда дегеніміз Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, не декларацияланбаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шекгелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу.

Контрабанданың криминалистикалық сипаттамасына келесі элементтер кіреді:

— типтік ситуациялар;

— Контрабанданың заты;

— контрабанданы жасау және жасыру әдістері;

—    Қылмыскер тұлғасының типтік қасиеттері (ерекшеліктері).

Контрабанда   қылмыстары   барысында пайда болатын типтік ситуациялар.

Сот – тергеу тәжірибесі көрсеткендей, контрабанданы тергеудің бастапқы кезеңінде үш типтік ситуацияны атап көрсетуге болады:                             а) Контрабанданың барлық белгілері анық болған кезде, яғни контрабандалық қызмет анықталды және оны жасаған тұлға да белгілі;                  б) Контрабанданың белгілері бар, бірақ оны жасаған тұлға белгісіз; в) жедел   іздестіру қызметінің материалдарын жүзеге асырудың әдісі ретіндегі қылмыстық істі қозғау.

Бірінші типтік ситуацияға сәйкес қиындықтар тууы мүмкін, егер қарау кезінде анықталған контрабанда жеке эпизод емес, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің бөлігі екендігі анықталса. Мұндай жағдайларда қылмыстарды тергеу белсенді жеделдік тексеру ұштаса отырып жүргізіледі. Тергеу контрабанданың ұйымдастырушыларын анықтауға, оның басқа да атқарушылары мен көмектесушілерін анықтауға, қылмыстық әрекеттің барлық фактілерін анықтауға бағытталады.

Екінші типтік ситуация ең күрделі болып табылады, өйткені контрабанданың толық көлемі де, оған қатысы бар тұлғалар да белгісіз болады. Мұнда тергеу ең алдымен ІІМ есептері бойынша контрабандисттің тұлғасын, оның байланыстарын және қылмыстық қызметінің толық көлемін анықтауға болатындай іздерді табуға бағытталады.

Үшінші ситуациада, әдетте, жедел тексеру материалдарында контрабандисттердің тұлғасы туралы, олардың байланыстары туралы, контрабанданы дайындау, жасау және жасыру бойынша әрекеттер туралы материалдар бар. Бұл, әдетте, орнында ұстау кезінде орын алатын ситуация. Мұндай жағдайларда тергеу барысында белгілі қылмыстық әрекеттердің фактілері дәлелденеді, белгісіз эпизодтар анықталады, контрабанданың көлемі мен қатысушылары нақтыланады.

Міне, істің нақты жағдайларымен және тергеудің бастапқы кезеңінде қалыптасқан ситуацияға сәйкес тергеуді ұйымдастырудың нысандары мен әдістері анықталады.

Контрабанданың заты.

Контрабанда қылмыстарының заты ретінде тауарлар және өзге де заттар көрініс табады.

18-ші шілде 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының №10-шы қаулысына сәйкес контрабанда заты ретінде кез келген дүниенің қозғалмалы заттары, оның ішінде валюталық құндылықтар, электр, жылу немесе энергияның басқа да түрлері мен көлік құралдары деп түсіну керек. Оларға сондай-ақ халықтың көркем, ғылыми, тарихи және археологиялық байлығы ретінде мәні бар нәрселер, интеллектуалды меншік нысаны, құрып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің түрлері, олардың бөлігі мен ауытқулары (содан туындайтын), аталған, сондай-ақ басқа да айналыстан алынбаған заттарды немесе айналысы шектелмеген заттарды (мысалы, азық-түлік, киім, аяқ киім, парфюмерлік заттар және т.б.) жатқызамыз [75].

Мұнымен қатар «Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне» сәйкес тауар дегеніміз – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай- ақ көлік құралдары, бұған осы баптың 43-ші тармақшасында аталған көлік құралдары кірмейді. Ал 43-ші тармақшаға сәйкес көлік құралы-халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолданатын және осы көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін техникалық паспортпен немесе техникалық формулярной көзделген қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтары мен жабдықтарды, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда теңіз, ішкі су, әуе кемесі, механикалық көлік құралы [76]. Мұнымен қатар осы қылмыстың заты ретінде кеден шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлар көрініс табуы мүмкін. Оларды реттейтін арнайы ережелер бар. Кеден шекарасы арқылы өткізілуге тыйым салынған заттардың тізімі 19 акдан 1993 жылғы «Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысының 5-ші қосымшасында көрсетілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық құрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір көркемдік, тарихи, ғылыми және мәдени құндылығы бар заттар, есіртке затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек          минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто, мото көлік құралдары және басқалар кірген [77].

Контрабанданы жасау және жасыру әдістері.

Контрабанданы жасау әдістеріне контрабанда заттарын алу, сақтау, кеден шекаралары арқылы өткізу, сондай-ақ сол заттарды өткізу әдістері   жатады. Сондай-ақ   мұнда   контрабандалық қызметгі жасыру мен бүркеу әдістері де жатады.

Мұндағы кеден шекарасы дегеніміз – Қазақстан Республикасы аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері. Кедендік шекара – Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.

Ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін, алайда кеден шекарасы мәртебсіне ие еркін складтар мемлекеттік шекарадан бірқатар алыс орналасуы мүмкін.

Контрабандалық тауарларды алу заңды әдістермен де – сатып алу, айырбастау, жасап шығару т.б., сондай-ақ заңсыз әдістермен де, негізінен талан-тараж арқылы жүзеге асуы мүмкін. Тауарлардың қасиеттері мен олардың көлеміне байланысты, сондай-ақ алудың заңдылығына байланысты олар ашық түрде, складтарда немесе жасырын түрде жасыру орындарында сақталуы мүмкін.

Заңсыз алып өту, өткізу бекеттерінде және шекарадан өтуге заңмен белгіленген (ашық алып өту сыңаймен) басқа жерлерде де, сондай-ақ бұл жерлерден тыс та (жасырын жолмен) жүргізіледі.

Контрабанда қылмыстарын жасаудың келесідей әдістері бар:

— кедендік бақылаудан тауарларды, басқа құнды заттар мен нәрселерді жасыру;

— оларды куедендік бақылаудан тыс алып өту;

— оларды мәлімдемеу немесе бұрыс мәлімдеу;

— кедендік және басқа құжаттарды немесе кедендік теңестірілген құралдарды алдап пайдалану ретінде сипатталады.

Мұндағы кедендік бақылаудан жасыру тауарларды, басқа құнды заттарды және нәрселерді кедендік бақылаудан тығу, оларды тасымалдағанда оларды тауып алуды қиындататын құпия орындарды немесе басқа тәсілдерді пайдалану немесе бір затқа басқа заттың түрін беру болып табылады. Көп жағдайларда бұл заттар киімде, ішкі киімде, шашқа тағатын заколкаларда, сөмкелерде, басқа заттардың арасында (мысалы, кітаптың парақтарының арасында), адам денесінің табиғи тесіктерінце т.б. жасырылуы мүмкін.

Кедендік бақылаудан тыс контрабандалық заттардың орнын ауыстыру-Қазақстан Республикасы заңдары мен кеден органдары белгілеген кедендік құжат толтырылатын кеден бекеттерінен және басқа орындардан тыс, сондай-ақ белгіленген уақыттан тыс өткізіп жіберу және алып өту болып табылады.

Кедендік және басқа құжаттарды немесе кедендікке теңестірілген құжаттарды жалған пайдалану кедендік органдарға, сондай-ақ шекара бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, қолдан жасалған, сондай-ақ жалған мәліметтермен толтырылған құжаттарды көрсету, қолдан жасалған мөрлер, пломбылар, штампылар және осы сияқты кедендікке теңестірілген құралдарды немесе басқа объектілерге жататын теңестірілген түп нұсқалық құралдарды пайдалану болып табылады.

Мәлімдемеу немесе бұрыс мәлімдеу азаматтық айналымнан алынған тауарларды немесе құнды заттар мен нәрселерді орын ауыстыруға тыйым салынған немесе шек қойылған заңмен белгіленген ережеге сәйкес кедендік мәлімдеуді жасыру міндетін орындамау немесе тиісті түрде орындамау.

Контрабандалық қызмет тек сол заттарды жинау, сату, өткізу бойынша заңды фирмаларды ашумен ғана сипатталмайды, сонымен қатар бұл конспирацияланған құрылымдарға ұрлықпен айналысатын жекелеген азаматтарды да тартумен сипатталады.

Сонымен қатар контрабанданы ұйымдасқан контрабандалық топ арқылы жасау да кеңінен етек жаюда. Қылмыстық құрылымдардың ұйымдастырушылары контрабанданы жасырудың әдістері мен құқық қорғау органдарына күшті қарсылық келтірудің тәсілдерін қолданады.

Шет елге тауарды шығарумен қатар кері процесс азық-түлік өнімдерін, киімді, ЭЕМ, автокөлік құралдарын, аудио, видео кассеталарды контрабандалық жолмен кіргізу де даму үстінде. Қылмыстық құрылымдардың ұйымдастырушылары ұқсас шет ел құрылымдарымен бірлесе отырып қылмыстық байланысты түзейді, қылмыстық ұйымдар кеден, салық құрылымдарының, ІІМ-нің және әкімшіліктердің қызметкерлерімен           коррупциялық байланыстарды белгілейді, сөйтіп, контрабандалық қызмет «гүлдене» береді.

Ұйымдасқан қылмыстық әрекет жергілікті билік органдарының, кедендік және салық (қаржылық) қызметтердің, полицияның «қарауымен» әрекет етеді. Алайда барлық жағдайда да сол ұйымдардың барлық байланыстары, «шатырларының» анықталуы күмән туғызады. Оған себеп- ұйымдасқан қылмыстылық экономикаға, ұлттық қатынастарға, саясатқа еніп, билік, басқарушылық және шаруашылық құрылымдарға бақылау жүргізеді, халықты қорқытады, мемлекеттік және кедендік шекарадан тыста шығады; криминалдық бизнестің барлық дерлік салалары: есіртке бизнесі, контрабанда, жезөкшелік осының толық бақылауында болады.

Тауарларды, құндылықтарды және өзге де заттарды мемлекеттік шекарадан бірнеше рет алып өтуге бағытталған мақсат тек контрабандалық топқа тән белгі болып табылады, ал бұдан басқа да қылмыстық топты құру – ол заңға сәйкес бір қылысты жасау үшін де құрылуы мүмкін.

Қылмыстардың саны әр кезде де ұйымдасқан қылмыстық топтың, нақты айтсақ контрабандамен айналысатын топтың ұйымдасу деңгейін анықтамайды. Ұйымдасқандықтың деңгейі, негізінен, қылмысты жасау үшін қандай кедергілерді жою керектігінің сипатымен анықталады. Ал оның өзі өз кезегінде қылмыстық топтың мүшелерінің қажетті санын, олардың бір біріне бағыныштылық деңгейін т.б. анықтайды.

Мамандар жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істердің материалдары негізінде «… ТМД мемлекеттеріне тән контрабандалық қызметтің белгілерін» атап көрсетті. Оған сәйкес:

— қызмет ету механизмі әбден жөнделген контрабанданың ұйымдасқан,        құпияландырылған сипатының болуы (айталық, сол топтың қауіпсіздігін      қатамасыз ететін буындардың болуы);

— кедендік құжаттарда декларацияланатын жүктің атауларын өзгерту;

— кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтермен салыстырғанда   нақты   түрде   әкелінетін   не   алып   кетілетін жүктің саны мен көлемінен асып кету тән [78.стр,64].

Контрабанда қылмыскерінің тұлғасы.

Контрабанданың субъектілері болып 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Көп жағдайда бұл 20-60 жас аралығындағы ер адамдар болуы мүкін.

Контрабанданың көп бөлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерімен жасалады.

Контрабанда қылмысының тұлғасының психологиялық бейнесін де атап өткенді жөн көріп отырмыз. Мұндай тұлғалар, әдетте, кедендік бақылаудың ерекшеліктерін жақсы білетін, контрабанданы жүзеге асырудың әдістері туралы түсініктері бар, адамдармен тез тіл табысатын, тәуекелге дайын тұратын, өзіне өзі сенімі мол, байсалды адамдар.

Контрабандист әйел адамдар ер адамдарға қарағанда азырақ кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 40 жасқа дейінгі контрабандист ер адамдар 85,9 % құраса, әйел адамдар 74,8 % құрайды. Олардың арасында тұрмыс құрмағандары 84 % құрайды. Қылмыскер тұлғасының жынысы көп жағдайда контрабанда затына байланысты болады. Айталық, автокөліктерді, газ, мұнай т.б. тауарларды контрабандалық жолмен өткізуге көбіне ер адамдар барса, азық-түлік, шет ел валютасын, есіртке заттарды, зергерлік бұйымдарды контрабандалық жолмен өткізудің қылмыскері ретінде, негізінен, әйел адамдар көрінеді.

Лауазымды тұлғамен өзінің лауазыдық қызметін пайдаланып жасаған контрабанданың қоғамға қауіптілігі жоғары болады, өйткені мұндай тұлға мемлекеттік шекара арқылы тауарларды өткізу үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

Лауазымдық қызметін пайдалана отырып лауазымды тұлғамен контрабанда жасау бір уақытты екі шарттың болуын талап етеді: тұлғада лауазымдық жағдайының болуы және тауарларды және өзге де құндылықтарды шекарадан заңсыз алмастыру кезінде өзінің лауазымдық қызметін пайдалану.

Ғылымда да, тәжірибеде де лауазымды тұлғалар қатарына жататын контрабанда істері бойынша субъектілердің шеңбері нақты анықталмаған. Ал бұл жаздай тәжірибеде бұл қылмысты саралау кезінде үлкен қателіктердің орын алуына алып келеді.

Кейбір ғалымдар (С.В.Дьяков, В А. Владимиров) лауазымдық қызметін пайдалана отырып контрабанданы жасайтын лауазымдық тұлғаларға олардың лауазымдық жағдайы кедендік бақылауды жүзеге асыруға немесе кедендік тексерусіз шекарадан тауарларды өткізуге құқық беретіндерді жатқызу керек деп есептейді [79].

Басқа ғалымдардың (А.А.Федосеев, Б.М.Угаров) пікірі бойынша мұндайларға өзінің лауазымдық жағдайын шекара арқылы тауарлар мен құндылықтарды заңсыз өткізу үшін пайдаланатын кез келген лауазымды тұлғаларды жатқызады [80].

Ал, 18 шілде 1997 жылғы «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының N10 Қаулысына сәйкес «Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды тұлға деп, қызмет парызы бойынша кедендік және шекаралық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа құнды заттар және нәрселерді қарау бойынша тиісті ықпал жасайтын және шекарадан өтуге рұқсат беретін адамды айтады « [75].

3.3   Тергеушілер мен жедел — іздестіру қызметкерлерінің

экономикалық контрабанда қылмыстарын ашумен тергеудегі өзара қарым — қатынастарының мәселелері.

Соңғы кездері контрабандалық қызмет бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы жалғыз контрабандисттердің орнына ұйымдасқан топтар жиірек кездесе бастады. Көбісі контрабандалық операциялардан түсетін түсімдер есебінде күн көре бастады.

Ұйымдасқан контрабандалық топтар шет ел және мемлекеттік дипломаттардың, кедендік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің көмектерін пайдалана бастады, сөйтіп, оларды өздерінің қылмыстық қауымдастығына тарта бастады.

Контрабандамен күрес әлі де ҰҚК, Кеден органдарының жедел іздестіру және тергеу бөлімшелерінің қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Кез келген қылмыстың, соның ішінде экономикалық контрабанданың сәтті түрде ашылуы көп жағдайда материалдық іздер қаншалықты толық және нақты түрде бекітілгендігіне байланысты болады.

Анықгалған қылмыстың мән жайлары мен оның іздерінің тез, толық және уақтылы түрде бекітілуінде үлкен рөлді анықтау органдары атқаруы керек. Өкінішке орай қазіргі кезде контрабанда істері бойынша анықтау жүргізілмейді.

ҚР КІЖК-нің 65-ші бабының 2-ші бөлігінің 5-ші тармақшасына сәйкес кеден органдары – контрабанда және кедендік төлемдерді төлеуден жалтару қылмыстары туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылатындығын айта өткен жөн. ҚР ҚІЖК-нің 285-ші бабының 2-ші бөлігі 9-шы тармақшасына сәйкес ҚР ҚК-нің 209-шы бабының 1-ші және 250-ші баптың 1-ші бөліктерімен көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтаманы кеден органдары жүзеге асыра алады.

Мұнымен қатар кеден органдарының жүйесіндегі анықтау бөлімшелерімен қатар кедендік құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алу бойынша жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға жауапты бөлімшелер бар. Олар есірткі заттарының контрабандасы бойынша, кедендік құқық бұзушылықтар бойынша күрес топтары. Осы бөлімшелерден кеденнің анықтау органдарына қылмыстық материалдар келіп түседі. Өз кезегінде анықтау органдары анықтау аяқталғаннан кейін (10 күн, ерекше жағдайларда анықтау органының бастығымен 30 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін) ол прокурорға сотқа жіберуі үшін жіберіледі.

Алайда тәжірибе жүзінде кеден органдары мен тергеу органдары белсенді түрде өзара әрекеттесудің орнына тергеушілер қылмыстық істі тергей отырып кеден органдарымен ақпарат алмаспайды, ал кеден органдары жасалған жұмыстың нәтижелерінің көшірмесін сұратпайды. Соның нәтижесінде қылмыстық істер бойынша тергеудің толықтығы қамтамасыз етілмейді және бұл екі органдар бір іс бойынша әр түрлі қарама-қарсы шешім шығарады. Ал оның нәтижесі ретінде әрекеттерді қылмыстық немесе Кеден кодекстерінің нормалары бойынша қате саралау жүргізіледі, қылмыстық іс негізсіз қысқартылады, құқық бұзушылар жауапкершіліктен босатылады, оларға тәркіленуге жататын тауарлар қайтарылып берілуі мүмкін.

Ал, егер тергеу органдары мен кеден органдарының өзара әрекет етуі дұрыс ұйымдастырылса, мұндай теріс салдардың орын алу қауіптілігі төмендер еді.

Тергеуші өзінің қызметі барысында кеден органдарының дәлелдемелерді жинаудағы кең мүкіндіктерін пайдалануы керек.

Тергеуші мен кеден органдарының өзара әрекет етуінің ең тиімді нысаны анықтау, кедендік тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін тергеу- жедел тобының құрамына енгізу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен,   біз   осы   тақырыпты   зерттеу   барысында   келесідей қорытындылар шығардық:

  1. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ғылыми категория ретінде теориялық және тәжірибелік маңызға ие. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, біздің ойымызша, міндеті болып тергеу әдістемесіне қызмет  ету табылатын    ғылыми категория. Бұл категорияның    мәні-әдістеме мен тергеу органдарының нақты тәжірибелік қызметі үшін пайдалы болатын білімдер мен мәліметтердің сомасы, яғни   криминалистикалық сипаттама дегеніміз қылмыстың ашылуына әсер ететін   криминалистикалық маңызы бар мәліметтердің жиынтығы.
  2. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлері, соның ішінде тергеушілер үшін тәжірибелік   мәні   бар.    Біздің   пікіріміз бойынша қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының мән-жайларын білу- тергеудің дұрыс құралдары мен әдістерін, оның бағытын анықтауға,  қылмыстарды ашып, тергеу үшін ұсыныстар сипатындағы бағдар береді.
  3. Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына байланысты біздің пікіріміз-оның құрылымына келесі элементтер енуі керек деп есептейміз: типтік тергеу ситуациясы, қылмыстың жасалу жағдайы, қылмыстық қол сұғушылықтың заты, қылмысты жасау және жасыру әдістері,  қылмыстың жасалу механизмі, қылмыстың материалдық іздері, қылмыскер тұлғасының  криминалистикалық ерекшеліктері, жәбірленуші тұлғасының криминалистикалық ерекшеліктері.
  4. Криминалист ғалымдардың кейбіреулері, мысалы, атап айтсақ Мозговых Г.А. криминалистикалық сипаттаманың бір элементі ретінде бастапқы тергеу ситуациясын атап көрсетеді. Ал біздің пікіріміз бойынша бастапқы тергеу ситуациясы-жеке әдістемені құру   үшін қажетті   санат,   ал   біз   қылмыстың криминалистикалық   сипаттамасының   мазмұнын   ашу   үшін бастапқы емес, типтік тергеу ситуациясы ұғымын қолданғанды жөн көріп отырмыз.
  5. Қылмыскер тұлғасын зерттеу кезінде әлеуметтік, демографиялық, психологиялық қасиеттерінен   қатар   оның биологиялық  ерекшеліктері  де   зерттелуі  тиіс. Өйткені бұл белгілер тұлғаны анықтауға бағытталған   көптеген жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында пайдаланылады  және  жасалған  қылмыс   бойынша  бастапқы ақпарат алу үшін негізгі бағыт болып табылады.
  6. Экономикалық контрабанда жөніндегі    қылмыстық    істер тәжірибе   жүзінде   көп   жағдайларда   қысқартылып   жатады. Оның  себебі-осы   санаттағы   істерді  тергеуге   құқылы  тергеу бөлімшелерінің, анықтау    органдарының қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендігімен,  қылмыстық істерге сапасыз ведомстволық бақылаудың жүргізілуі, материалды жинау мен бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізудің сапасыздығы, оларды жүргізу кезінде қылмыстық іс жүргізу зандарының нормаларын бұза отырып   жүргізу,    экономикалық   контрабанда   туралы қылмыстық істер бойынша өндірістерді заңсыз тоқтата тұру мен қысқартудың орын алуы. Сондықтан да бұлардың үстінен жүргізілетін   қадағалаудың   сапасын   жоғарылату   керек   деп есептейміз.
  7. Контрабандамен күресті тек қылмыстық-құқықтық әдістермен ғана жүргізу мүмкін емес. Өркениет тарихы, мемлекет пен құқықтың дамуы көрсеткендей, қылмыстық құқықтық тыйым салулар мен санкцияларды ғана қолдану арқылы бір де бір мемлекет әлі күнге дейін қылмыстылықпен күрестің жалпы және экономикалық контрабандамен  жеке   күрес   бойынша қандай да  бір  әлеуметтік мәселені  шешкен жоқ. Сонымен қатар қылмыстық құқықтық шаралар арнайы реттеуде қажетті шаралар жүйесінде өзіндік дифференциациялдық және мәнді позициясы бар. Ол бұл мәселенің қылмыстық іс жүргізушілдік, халықаралық,   кедендік,   мемлекеттік-құқықтық нормалармен реттелетіндігімен байланысты. Осы нормалардың өзара әрекет етуі   үшін   бірыңғай   құқықтық  негіз   құрылған   кезде   ғана контрабандамен күрес тиімді болады деп айта аламыз.
  8. Мемлекеттік және құқық қорғаушы органдардың жұмысының тәжірибесінде жаңа әдіс-тәсілдерді құру мен қолдану мемлекетіміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық саласында заңдылықтың бұзылуымен күресте, латенттік кеден кылмыстарының алдын алуда үлкен маңызы бар.

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

1-ші кесте. Алматы қалалық Кеден басқармасымен қозғалған қылмыстық істің материалдары бойынша контрабанданы жасау кезінде алынып өтілген заттар

Валюта

Жануарлар

Азық-түлік

Аудио, видео

Есіртке заттар

 

 

өнімдері

техникасы

 

 

 

 

 

 

6

11

10

13

15

11%

20%

18%

24%

27%

 

2-ші кесте. Алматы қалалық Кеден басқармсымен қозғалған қылмыстық істер бойынша контрабанданы жасаған тұлғалардың азаматтығы

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шет ел азаматтары

13

7

65%

35%

 

3-ші кесте. Алматы қалалық сотымен сотталған тұлғалардың азаматтығы

 

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шет ел азаматтары

8

4

4-ші кесте. Алматы қалалық Кеден басқармасымен қозғалған қылмыстық істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының Кедендік немесе Мемлекеттік шекарадан өтудің әдістері

Кедендік бақылаудан тыс алып өту

Кедендік бақылаудан жасыра отырып алып өту

Кедендік және т.б. құжаттарды алдап пайдалану арқылы алып өту

9

6

5

45%

30%

25%

 

 

ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. К вопросу об особенностях расследования отдельных видов и групп преступлений. В статье: Особенности расследования отдельных видов и групп преступлений. Свердловск, 1980.
  2. Коновалова В.Е.,Колесниченко А.Н.Теоретические проблемы характеристики. Сб. науч. тр. Москва, 1984.
  3. Криминалистика и судебная экспертиза. Вып. 10. Киев, 1973.
  4. Советский энциклопедический словарь. Москва, 1982; Кондаков Н.И. Логический словарь-справочник. Москва, 1975
  5. Ожегов С.И. Словарь русского языка. Москва,»Русский язык», 1989.
  6. См. ст.Герасимова И.Ф.,Турчина Д.А.,Филиппова А.Г. В кн. Следственная ситуация. Москва, 1985.
  7. Колесниченко А.Н. Научные и правовые основы методики расследования отдельных видов   преступлений. Автореферат докт. дисс. Харьков, 1967.
  8. Герасимов И.Ф. Некоторые проблемы раскрытия преступлений. Свердловск, 1975.
  9. Драгасин Л.Я. Предмет доказывания и криминалистические характеристики преступлений. Свердловск, 1978; Белкин Р.С., Быховский И.Дулов А. «Модное увлечение или  новое слово в науке? Соц.законность 1987-9.
  10. Басалаев А.Н., Руняев В.А. Криминалистическая характеристика преступлений. В кн. Методика расследования преступлений (Общ.положения), М. 1986.
  11. ВасильевА.Н. О криминалистической классификации преступлений. В кн. Методика расследования преступлений (Общ.положения), М. 1976.
  12. Герасимов И.Ф. Криминалистическая характеристика преступлений в структуре частных методик. В кн. Криминалистические характеристики в методике расследования преступлений. Свердловск, 1978.
  13. Ларин А. М. Проблема   общей   методики   расследования преступлений (Общ.положения), М., 1976.
  14. Якимов И.Н. Практическое руководство к расследованию преступлений. М.Д 924; Криминалистика. М.1936. кн.П.; Голунский С.А., Шавер Б.М. Криминалистика. Методика расследования отдельных видов преступлений. М.1939.
  15. Громов В. Методика расследования преступлений. М. 1929.; Голунский С.А. Шавер Б.М.Указ.соч.; Евгеньев М.Е. Методика и техника расследования преступлений. Киев, 1940;

Громов В. Материальная истина и научно-уголовная техника. М,. 1930.

  1. Громов В. Методика расследования преступлений. М., 1930.
  2. Криминалистика. М., 1936. Кн.П.; Якимов И.Н.Криминалистика. Уголовная тактика. М., 1929.
  3. Джакишев Е.Г. Криминалистическая характеристика   и   ее роль в поиске доказательственной информации /Проблемы и программирование       организации и информационного обеспечения предварительного следствия. Уфа.,1989.
  4. Мозговых Г.А. Криминалистическая характеристика дорожно-транспортных происшествии и обстоятельства, подлежащие доказыванию при их расследований /Теоретические и практические вопросы судебной экспертизы. А.1994.Вып.3
  5. Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. М.,1997.
  6. Крылов И.Ф. Криминалистическая характеристика и ее место в системе науки криминалистики и в вузовской программе. /Криминалистическая характеристика преступлений. Сб.научн.тр. М.1984.
  7. Тарасов-Родионов П.И. Пределы и содержание предварительного следствия. Вып. 1. М. 1951.
  8. Сергеев Л.А. Расследование и предупреждение хищений, совершаемых при производстве строительных работ Автореферат канд.дисс. М.,1966.
  9. Митричев С.П. Методика расследования отдельных видов преступлений. В кн. Криминалистика и судебная экспертиза. Вып. 10. Кив., 1973.
  10. Танасевич В.Г., Образцов В.А. О криминалистической характеристике преступлений. Вопросы борьбы с престулностью. Вып. 25. М., 1976.
  11. Пантелеев И.Ф., Савкин А.Ф. Криминалистическая характеристика преступлении /Криминалистика. М., 1988.
  12. Возгрин И.А. Общие положения методики  расследования преступлений. М., 1976.
  13. Селиванов Н.А. Криминалистические характеристики преступлений и следственные ситуации в методике расследования /Соц.законность. 1977-2.
  14. Белкин Р.С. Курс криминалистики. В 3-х томах, том 3. Криминалистические средства, приемы и рекомендации. М., 1997.
  15. Джакишев Е.Г. Проблемы совершенствования криминалистических приемов и средств борьбы с хищениями и иными корыстными преступлениями в сфере экономики. Автореферат докт. дисс. А., 1994.
  16. Лузгин И.М. Некоторые аспекты криминалистической характеристики и место в ней данных о сокрытии преступлений. /Криминалистическая характеристика преступлений. Сб. науч. тр. М. 1984.
  17. Мозговых Г.А. Криминалистическая характеристика преступлений А., 2002.
  18. Якимов И.Н. Криминалистика. Кн. П. М., 1936.
  19. Яблоков Н.П. Криминалистическая характеристика пеступлений /Криминалистика. Уч. М., 2000.
  20. Криминалистика. Под ред. Н.П. Яблокова. М. 1990.
  21. Криминалистика. Уч. для вузов. Отв. ред. Н.П. Яблоков. М. 1996.
  22. Криминалистика. Уч. Под ред. И.Ф. Пантелеева, Н.А. Селиванова. М. 1984.
  23. Криминалистика. Под ред. В.А. Образцова. М., 1995.
  24. Криминалистика. Уч. для вузов. Под ред. А.Г. Филиппова, А.Ф. Волынского. М. 1998.
  25. Криминалистика. Уч. для вузов. Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М. 1994.
  26. Селиванов Н.А. Советская криминалистика: система понятии.
  27. Густов Г.А. Криминалистическая характеристика преступлений, Сб. науч. тр. М., 1984.
  28. Радаев В.В. Криминалистические характеристики преступлений и ее   использование в следственной   практике. Волгоград. 1987.
  29. Гавло В.К. К вопросу о криминалистической характеристике преступлений /Вопросы повышения эффективности   борьбы  с преступностью. Томск. 1980.
  30. Селиванов Н.А. Комментарии к статье Белкина Р. Быховского И.,ДуловаА. Модное увлечение или  новое  слово  в  науке? /Соц. законность. 1987-9.
  31. Белкин Р., Дулов А., Быховский И. «Модное увлечение или новое слово в науке?» /Соц.законность. 1987-9.
  32. Эйсман А.А. О содержании понятия криминалистической характеристики преступлений. Криминалистическая характеристика преступлений. Сб. науч. тр. М., 1984
  33. Колесниченко А.Н.        Содержание        и        значение криминалистической    характеристики    преступлений. В сб. Актуальные проблемы советской криминалистики. М. 1980.
  34. Шиканов В.И. Теоретические основы тактических операции в расследований преступлений. Иркутск, 1983.
  35. Ледащев В.А. Значение криминалистической характеристики преступлений для профилактической деятельности правоохранительных органов. Криминалистическая характеристика преступлений. Сб.науч. тр. М., 1984.
  36. Горбачев А.В. Криминалистическая характеристика хищений. Лекция. Горький, 1981.
  37. Селиванов Н.А. Поиск аналогов по делам об убийствах. М. 1987.
  38. Селиванов Н.А. Криминалистическая характеристика преступлений и следственные ситуации в методике расследования /Соц. Законность. 1977-2.
  39. Андреев И.С., Громович Г.И., Порубов Н.И. Курс криминалистики. Выш. шк. 2002.
  40. Шиканов В. И. О междисциплинарной характеристике отдельных видов преступлений //Криминалистичуская характеристика преступлений. Сб. науч. тр. Москва. 1984.
  41. Белкин Р.С. Криминалистика: проблемы, тенденций, перспективы. От теории к практике. Москва., Юр. Лит., 1988., Возгрин И.А. Общие положения в методике расследования отдельных видов преступлении. Москва., 1976.
  42. Драпкин Л.Я. Понятие и квалификация    следственных ситуаций //Следственные ситуации и раскрытиу преступлений. Науч. тр.    Свердловского    юридического    института.    Вып.41. Свердловск., 1975.
  43. Ведерников Н.Т. Личность обвиняемого и подсудимого. Томск., 1978.
  44. Кириллов В.И. Логика познания сущности. Москва.,1980., Кондаков Г.И. Логический словарь- справочник. Москва.,1975., Философский словарь. Москва., 1975.
  45. Ведерников Н.Т. Личность обвиняемого и подсудимого (понятие, предмет и методика изучения). Томск., 1978.
  46. Васильев В.Г. Юридическая психология. СПб. 1997., Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. Москва.,1968.
  47. Самойлов Г.А. Основы криминологического учения   о навыках. Москва., 1968.
  48. Снетков В.А. Проблема криминалистического установления личности //50 лет НИИ криминалистики. Москва., 1995.
  49. Поврезнюк Г.И. Проблема криминалистического установления личности по признакам внешности человека //Вестник КазГУ. Серия юридическая. П2 (19) 2001.
  50. Белкин Р.С. Криминалистические характеристики преступлений// криминалистика социалистичуских стран. Под ред. В.Я.Колдина. Москва., юрлит.1986.
  51. Криминалистика. Уч. Под ред. Н.П.Яблокова, А.Н. Васильева. М., МГУ.,1971.
  52. Белкин Р.С. Криминалистика. Учебный словарь справочник. М.Д999.
  53. Зуйков Г.Г. Криминалистическое учение о способе совершения преступления. Автореферат докторской диссертации. М., 1970
  54. Франк Л.В. Потерпевшие от преступленияи  и   проблемы советской виктимологии. Душанбе., 1977.
  55. Полубинский В.И. Криминальная викгимология: Что это такое? М., 1997.
  56. Белкин Р.С. Криминалистика. Краткая энциклопедия. М., 1993.
  57. Возгрин И.А. Криминалистическая методика. Минск, 1983.
  58. Рогов И.И. Проблемы борьбы с экономической преступностью (уголовно-правовое и криминологическое исследование). Дисс. д.ю.н. А., 1991.
  59. Юридический энциклопедический словарь. М., 1984.
  60. 1997 жылғы 18-ші шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» №10 қаулысы. 30 сәуір 1999 жылғы өзгерістерімен бірге. //Тура би 1997 жыл № 3., Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені. 1999 жыл № 5.
  61. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі. 05.04.2003. //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003 7-8
  62. «Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасы шекарасынан өткізу тәртібі туралы» 19.02.1993 жылғы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің № 129 қаулысы.
  63. Организованная преступность-3. М.,1996.
  64. Государственные преступления. Пол. ред. Якубовича М.И., Владимирова В.А. М., 1961; Дьяков С.В., Игнатьев АА., Карпушин М.Н. Ответственность за государственные преступления. М., юр. Лит. 1988.
  65. Федосеев А.А. Понятие контрабанды по советскому таможенному и уголовному праву //Правоведение. 1962. 1; Угаров Б.М. У таможенного барьера. М.,1976.
  66. Нургалиев Б.М. Организованная преступная деятельность (уголовно-правовые, процессуальные и криминалистические аспекты). Караганда, КВШ РК. 1997.
  67. Беккаре Ч. О преступлениях и наказаниях. М., 1939.
  68. Панев Б. Актуальные проблемы предупреждения преступности в сфере экономики //Вопросы борьбы с преступностью. Вып. 47. М., юр. лит. 1988.
  69. Свенсон Бу. Экономическая преступность (перевод со шведского). М., Прогресс, 1987.
  70. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. А., 1996.