РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы: «Экономикалық модельдерді зерттеу» тақырыбы жүйесінде орындалған. Жұмыс көлемі 72 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломның бірінші тарауында экономикалық модельдерді зерттеу, экономикалық өсу теорияларының буржуазиялық және қазіргі жаңа көзқарастарының негізінде қарастырылады. Теориялық мәселеде экономикалық өсу ұғымының мәнін ашу және оған әсер етуші факторлардың ерекшеліктерін көрсетіп, талданды.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясатын қарастырамыз. Мұнда ҚР экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясатын алдын-ала анықтап оның іске асырылуын бағдарламалық негізде жан-жақты қарастырылды.
Әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің нұсқаларын сараптап ұлттық экономикамыздың ерекшеліктеріне тән қасиеттеріне назар салып экономикалық өсуді одан әрі жетілдіре отырып әлеуетімізді толық тиімді пайдалануымызды қажет етеді. Бүгін Қазақстан тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша әлемге паш етті.
Сонымен экономикалық модельдерді зерттеуді арттыруда негізгі бағыттарының өзара байланыстарын ерекшелеп атап көрсеттік.
Жұмысты жазу барысында қолданылған негізгі экономикалық терминдер: рынок, экономикалық өсу, экономикалық модель, экономикалық даму, кәсіпкерлік, бәсеке, қызмет көрсету рыногы, экономикалық реформа, рыноктық инфрақұрылым, өндірістік тиімділік, мемлекет, ұлттық инновациялық жүйе және т.б.
Мазмұны
КІРІСПЕ
І Тарау ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ.
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық модельдерді зерттеу әдістері
1.3 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
1.4 Экономикалық процестерді зерттеудегі сызықтық бағдарламалау модельдері
ІІ Тарау Мемлекеттің экономикалық саясаты: тәсілдері, түрлері
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі
2.2 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы
2.3 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы
2.4 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты
2.5 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті реттеу
ІІІ Тарау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал «социализмнің саяси экономиясы» туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген «социализм» сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл бөлуде болып отыр.
Дипломдық жұмыс мақсаты экономикалық модельдерді зерттеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2-і тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ.
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы түңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарасты-рылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жаңданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудаңдарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сезі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылықка алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-аукатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан есімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесі» қогамдық өндірістін ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өңдіріске кеңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті екілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын керсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларывда да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін калады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше релін атап керсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси эко-номия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысыңда қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннін еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қогамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтьш буржуазия болса, екіншісі, пролетариат — қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капи-талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бүл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған үрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүние-дегі езгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрьш отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан теңкерісі экономикалық жағьшан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының кешпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғүрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқига. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мүқият зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міңцеті түр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бүл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарыска ұшырап отыр. Бүл дағдарыстың себептері кеп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық емір сала-сында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті зандары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық емірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қогамдық қатынастардың негізі — өндірістік қатьшастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, белу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өңдіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.
1.3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ғылым мен оқу пәні арасыңда айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегөніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегөніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, бага қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шымшытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпьодан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы емірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердін, процестердің кейбір жеке алынган ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатьшаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болган зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенін және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
1.3 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міңдет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бүл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған «диагноз» койып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін эконо-микада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегөніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен үштасады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерек-ше атап айтылатын есім — математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі «Жаттығу теориясы» және «Экономикалық мінез-қүлық» деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары «Жаттығу теориясы» тұрғысынан зерттелген.
Саяси экономия ғылымы. Бүл ұғымды түңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономияның ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең еркендеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сайкес қоғам тұрғысынан карағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми кағидалары әлемдік экономикалык теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтын әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845—1904), Шоқан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.
Экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмагандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдің езінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен — I Петр деуірінен басталады. Саяси экономия тарихын зерттеуге адтарлықтай үлес қосқан түңғыш орыс экономисі И. Т. Пфошков болса, біздің топшылауымыз бойынша қазақ елііще ондай адамдар — Шоқан мен Абай.
Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ұмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мүра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға қатысқан қайраткерлердің экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.
Маркстік емес деген саяси экономияда XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір бөлігі соңғы уақытта елеулі дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIX ғасырдың екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржинализм французша (marginal-шекті) теориясы тұжырымдалды. Маржинализм теориясы — шаруашылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні (адамды) психология тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-тептің өкілдері — Менгер (1840—1921), Э. Бем-Баверк (1851—1914), В. Визер (1851—1926). Ал «неоклассикалық» деп аталган экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды. Оның басты еңбегі «Эко-номика ғылымының принциптері» 1890 жылы жарық көрді. Ол өңдіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚПІ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторлары кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғүрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бүл мектебін қайраткерлері рыноктық экономиканы сұраныс пен ұсыныстын, негізінде тепе-теңдікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің (1883—1945)—1936 жылы жарық керген «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде бірқатар практикалық ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канның инвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.
Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынган акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудің кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хансен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев (1906) еңбектерінде жоғары бағаланцы. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың —»Экономйкалық есу сатылары», Р. Аронның —»Біртүтас индустриілды қогам» және Д. Беллпосттың —»Индустриалдық қогам» атты еңбектерінде қарастырылды.
Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі — Дж. Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылған «Жаңа индустриалды қоғам» (М., 1969), «Эконо-микалық теориялар және қоғамның мақсаты» (М., 1976) және «Капитализм, социализм, қатар емір сүру» атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.
XX гасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кеңес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелерінің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияға қоскан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл экономистердің теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудын уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір та-лабы дер едік.
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлүмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жаткызбак тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке үлттардың коғамдық сана-сезімін жандандырып олардың экономикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудың ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалық ой-пікірдің тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындағы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы қажет. Кеңес Одағында Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, онын көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл белсек, 1985 жылы басталған қайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудың, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы қиын-қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы жариялан-ды. Бүл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15—20 жыл мөлшерівде экономикасы дамыған елдер қатарына косылуды, демократиялық қүқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы еркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын кебейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Оңдаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары жөнінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Экономикасы тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ХХІ ғасырдың қарсаңында рынрктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Экономикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда. Рынок экономикасына көшу бір дүркін қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтьш табиғи процесс. Рыноктық қатынастар алғашқы қауымның ыдырау кезінде пайда болды да, оның еркендеген дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның «рыноктық» тәрбиесі бала кезден басталып, бүкіл емір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.
Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз баска мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістімін. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрізді рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз, қавдай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі қандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализм-нен кері қарай капитализмге кешудеміз деушілер де бар. Капитализм дегөніміз тарихи-табиғи қалыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке заңдылықтарын зерттеген аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бүл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің еңбектері ерекше рел атқарды.
Қаза.қстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылығы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге Жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мүңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесінде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына,Д. М. Кейнс, үлесін қосты. Кейін мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бүл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, баскарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және үсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өндірілетін өнім келемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет керсету қажеттілігін рынок езі анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегөніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатьшастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оньі өндіруге жүмсалған еңбек шығьшы еске алынады. Баға дегөніміз құнның ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстегадік ететін капиталистік қоғамда жеке таущг өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалган еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың міндеті.
Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық керінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, қосымша құн, ақша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, қоғамдық өндірістегі релін, экономикалық емірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауға кемектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды.
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бүлардағы тұрақтылық пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен үштасып жатады. Осыған сәйкес бүл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.
1.4 Экономикалық процестерді зерттеудегі сызықтық бағдарламалау модельдері
Сызықтық бағдарламалау оптималды бағдарламалаудың бір бөлімі болып табылады. Ал оптималды бағдарламалау өз кезегінде шартты оптимизация есептерін оқытатын қолданбалы математиканың бір бөлімі. Экономикада мұндай есептер жоспарлау мен басқарудағы оптималдылық қағидасынының практикада қолданылу кезінде туындайды. [1]
Жоспарлау мен басқаруда оптималдылық қағидасын қолданудың маңызды шарты болып жоспарлы басқару шешімін қабылдауға қажетті икемділік пен өндірістік шаруашылық жағдайындағы баламалылық (альтернативтілік) табылады. Тап дәл осындай жағдайлар, негізінен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің күнделікті тәжірибесін (практикасын) құрайды (өндірістік бағдарламаларды таңдау, жабдықтаушылармен қатынас, маршруттарды анықтау, материалдар жинау, қоспалар дайындау және т.с.с.).
Оптималдылық қағидасының мәні – шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік қызметінің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы жағдайларын ең жақсы жолмен айқындайтын X = (x1, x2, …, xn) жоспарлы басқару шешімін таңдауға ұмтылуда, мұнда xj , j = – оның компоненттері.
Мұндағы «ең жақсы жолмен» сөздері оптималдылықтың қандай да бір критерийін таңдауды , яғни әр түрлі жоспарлы басқару шешімдерінің ішінен салыстыру арқылы ең тиімдісін таңдауға мүмкіндік беретін экономикалық көрсеткішті білдіреді.
«Өндірістік қызметтің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы жағдайларын айқындайтын» сөздері жоспарлы басқару шешімдерін таңдауда бірқатар шарттардың қойылуын білдіреді, яғни X таңдау қандай да бір D мүмкін болатын шешімдер облысында жүзеге асырылады; бұл облысты, басқаша, есептердің анықталу облысы деп те атайды.
Сонымен, жоспарлау мен басқаруда оптималдылық қағидасының тәжірибеде қолданылуы дегеніміз мынадай экстремалды есеп түрін шешу:
X ∊ D, (1.2)
f (X) → max (min), (1.1)
мұнда f (X) – оптималды критерийдің математималық түрде жазылуы – мақсат функциясы. Әдетте шартты оптимизация есебі былай жазылады:
Мына шектемелерді (шарттарды) қанағаттандыратын:
φ1 (x1, x2, …, xn) {≤ ,=, ≥} b1,
φ1 (x1, x2, …, xn) {≤ ,=, ≥} b2,
………………………………… (1.4)
φm (x1, x2, …, xn) {≤ ,=, ≥} bm,
xj ≥ 0, j = , (1.5)
және
f (X) = f (x1, x2, …, xn) → max (min) (1.3)
функциясының максимум немесе минимум мәнін табу.
(1.5) шарты міндетті емес, бірақ оған қажетті жағдайда жетуге болады. {≤ ,=, ≥} белгілінуі белгілі бір шектемеде ≤ , = немесе ≥ таңбаларының біреуін қолдануға болатындығын білдіреді. Егер қысқаша түрде жазатын болсақ төмендегідей болады:
φi (x1, x2, …, xn) {≤ ,=, ≥} bi, i = , (1.7)
xj ≥ 0, j = , (1.8)
f (x1, x2, …, xn) → max (min) (1.6)
(1.6) – (1.8) есеп – оптималды (математикалық) бағдарламалаудың жалпы есебі, немесе негізінде оптималдылық және жүйелілік қағидасы жатқан оптималды бағдарламалау есебінің математикалық моделі.
X векторы (басқарушы айнымалылар жиынтығы xj , j = ) мүмкін болатын шешім немесе оптималды бағдарламалау есебінің жоспары деп аталады, егер де ол шектемелер жүйесін қанағаттандырса. f (x1, x2, …, xn) мақсат функциясының максимум немесе минимум мәнін беретін сол X жоспары оптималды бағдарламалаудың оптималды жоспары деп аталады.
Сонымен, белгілі бір өндірістік жағдайдағы оптималды жоспар таңдау экономикалық-математикалық модельдің жүйелілік және оптималдылық тұрғысымен және оптималды бағдарламалау есебін шешумен байланысты.
Оптималды бағдарламалау есебін жалпы түрде мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:
- Айнымалылардың өзара байланысу мінездемесі бойынша:
а) сызықтық;
ә) сызықтық емес.
а) жағдайында шектемелер жүйесіндегі барлық функционалдық байланыстар мен мақсат функциясы – сызықтық функциялар; жоғарыда аталғандардың біреуінде сызықтық еместіктің болуы ә) жағдайына алып келеді.
- Айнымалылардың өзгеру мінездемесібойынша:
а) үздіксіз;
ә) дискретті.
а) жағдайында басқарушы айнымалылар мәндері қандай да бір нақты сандар облысын толтыруы мүмкін; ә) жағдайында барлық айнымалылар немесе тек бір ғана айнымалы бүтін мән қабылдауы мүмкін.
- Уақыт факторын ескеру арқылы:
а) статикалық;
ә) динамикалық.
а) есептерінде модельдеу мен шешім қабылдау модель элементтерінің уақыт кезеңінен тәуелсіз болжамы негізінде жоспарлы басқару шешімі қабылданады; ә) жағдайында мұндай болжам жеткілікті анықталып қабылдана алмайды, сондықтан уақыт факторын ескеру қажет.
- Айнымалылар туралы ақпараттар бойынша:
а) толық анықталғандық (детерминделгендік) жағдайындағы есептер;
ә) ақпараттың жеткіліксіз жағдайындағы есептер;
б) анықталмағандық жағдайындағы есептер.
ә) есептерінде жеке элементтері ықтималды мүмкін шамалар болып табылады, бірақ белгілі немесе қосымша статистикалық зерттеулер арқылы олардың үлестірім заңдылықтары бекітілуі мүмкін. Ал б) жағдайында кездейсоқ элементтердің мүмкін нәтижелері туралы болжамжасауға болады, бірақ бұл нәтижелердің ықтималдықтары туралы шешім шығаруға мүмкіндік жоқ.
- Баламаларды бағалау критерийлерінің саны бойынша:
а) жай, бір критерийлі есептер;
ә) күрделі, бірнеше критерийлі есептер.
а) есептерін экономикалық тұрғыдан қарастырсақ, бір критерийлі оптималдылықтарды пайдаланған жөн немесе арнайы процедуралар (мысалы, басымдылықтарды өлшеу (салыстыру)) арқылы көп критерийлі ізденісті бір критерийліге келтірген дұрыс.
1 – 5 белгілерінің жиынтығы оптималды бағдарламалау есептері мен әдістерін жалпы түрде топтастыруға мүмкіндік береді, мысалы: 1а)2а)3а)4а)5а) – сызықтық бағдарламалаудың есептері мен әдістері, 1ә)2а)3а)4а)5а) – сызықтық емес бағдарламалаудың есептері мен әдістері, 1а)2ә)3а)4а)5а) – бүтінмәнді (дискретті) сызықтық бағдарламалаудың есептері мен әдістері және т. б.
1. Сызықтық бағдарламалау есебі және оның шешімдерінің қасиеттері
Берілген ресурстарды (қорларды) тиімді пайдалану арқылы қосымша пайданы арттыру немесе өндірістегі жалпы шығынды төмендету сияқты экономикалық есептердің математикалық модельдері сызықтық бағдарламалау есебі түрінде былайша қойылады:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
a11x1 + a12x2 + … + a1nxn {≤ ,=, ≥} b1,
a21x1 + a22x2 + … + a2nxn {≤ ,=, ≥} b2,
………………………………………… (2.2)
am1x1 + am2x2 + … + amnxn {≤ ,=, ≥} bm,
xj ≥ 0, j = (2.3)
және
f (x) = c1x1 + c1x1 + … + c1x1 → max (min) (2.1)
мақсат функциясына максимум (немесе минимум) мәнін беретін n компонентті x = (x1, x2, …, xn) векторын табу.
Мұндағы aij, bi, cj — берілген тұрақты сандар, ал m < n; bi – оң сандар.
Экономикалық есептердің қойылу ерекшеліктеріне және математикалық зерттеулердің ыңғайына қарай сызықтық бағдарламалау есебі өзара пара-пар бірнеше түрде қойылады:
Мынадай түрде жазылған қойылымдар практикада жиірек кездеседі:
Матрицалық қойылым:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
AX = B,
x ≥ 0
және
f (x) → max (min)
мәнін беретін x = (x1, x2, …, xn) векторын табу.
Мұндағы A = (aij)mxn – m жатық (көлбеу) жолдан және n тік жолдан тұратын матрица.
B = (b1, b2, …, bm) – m – компонентті тік вектор,
C = (c1, c2, …, cn) – n – компонентті жатық вектор.
Векторлық қойылым:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
= b
xj ≥ 0, j = 1, 2, …, n
және
f (x) = → max (min)
мәнін беретін x = (x1, x2, …, xn) векторын табу.
Мұндағы Pj = – A матрицасының j-ші тік жолының элементтерінен құралған вектор.
Енді сызықтық бағдарламалау есебінің қасиеттерін тұжырымдауға қажетті бірнеше анықтамаларды қарастырайық. [2].
Бірінші анықтама. (2.2) және (2.3) шектемелерді қанағаттандыратын n компонентті x = (x1, x2, …, xn) векторы сызықтық бағдарламалау есебінің жоспары деп аталады.
Екінші анықтама. Егер мына жіктемедегі
P1, P2, …, Pk – векторлары сызықты тәуелсіз болып және xi =1, 2, …, k сызықтық коэффициенттері оң болатын болса, онда осы коэффициенттерден құралған x = (x1, x2, …, xn) векторы тіректі жоспар деп аталады.
m компонентті векторлардан құралған сызықты тәуелсіз векторлардың саны әруақытта m-нен аспайтындықтан, кез келген тіректі жоспардың нөлден үлкен компоненттерінің саны да m-нен артық бола алмайды, k ≤ m.
Үшінші анықтама. Оң компоненттерінің саны m-ге тең болатын тіректі жоспар ерекше емес тіректі жоспар деп аталады.
Төртінші анықтама. (2.1) – (2.3) сызықтық бағдарламалау есебінің (2.1) мақсат функциясына максимум (минимум) мәнін беретін жоспар оның оптималдық жоспары немесе шешімі деп аталады.
Енді осы анықтамалар негізінде сызықтық бағдарламалау есебінің шешімдер жиынының қасиеттерімен танысамыз:
- Сызықтық бағдарламалау есебінің жоспарлар жиыны әруақытта да дөңес көпбұрыш болады.
- Сызықтық бағдарламалау есебінің оптималдық жоспары мүмкіндік шешімдер жиынының шеткі нүктелерінің ішінен табылады. Егер шеткі нүктелерінің бірнешеуі бірдей оптималдық жоспар болатын болса, онда осы нүктелердің кез келген дөңес комбинациясы да сызықтық бағдарламалау есебінің оптималдық жоспары болады.
- Егер P1, P2, …, Pk векторлар жүйесі сызықты тәуелсіз болып және мына векторлық теңдік орындалса:
P1x1 + P2x2 + …+ Pk xk = b
xj ≥ 0, i =1, 2, …, k,
онда x = (x1, x2, …, xk, 0, 0, …, 0 ) — n компонентті векторы S мүмкін шешімдер жиынының шеткі нүктесі болады.
Керісінше, егер x = (x1, x2, …, xn) векторы S мүмкіндіктер жиынының шеткі нүктесі болса, онда оның оң компоненттеріне сәйкес келетін Pi векторлары сызықты тәуелсіз жүйе құрайды.
Осыдан x = (x1, x2, …, xn) нүктесінің S дөңес көпбұрышының шеткі нүктесі болатындығын немесе болмайтындығын Pi, i = 1, 2, …, n векторлары арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
m компонентті P1, P2, …, Pn векторларынан құралған кез келген m + 1 векторлар әруақытта сызықты тәуелді жүйе болатындықтан, S дөңес көпбұрышының кез келген шеткі нүктесіне m вектордан тұратын сызықты тәуелсіз жүйе сәйкес келеді.
Сонымен, кез келген x = (x1, x2, …, xn) ∊ S шеткі нүктесіне P1, P2, …, Pm сызықты тәуелсіз векторлар жүйесі сәйкес келеді де, мына шарттар орындалады:
= b
xj ≥ 0, i =1, 2, …, m.
- Сызықтық бағдарламалау есебін графиктік әдіспен шешу
Егер сызықтық бағдарламалау есебі екі айнымалылы шектемелермен берілетін болса, онда оны графиктік әдіспен шешуге болады:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
(3.2)
(3.3)
және
(3.1)
мақсат функциясына максимум (немесе минимум) мәнін беретін компонентті векторын табу. [1].
Сызықтық бағдарламалау есебін графиктік әдіспен шешу келесі қадамдардан тұрады:
Бірінші қадам. Ең алдымен координаттар жазықтығында шектемелерге сәйкес мүмкін болатын дөңес жиын (мүмкін шешімдер облысы, анықталу облысы) тұрғызылады. Содан кейін мақсат функциясының мүмкін шешімдер облысында жататын қандай да бір нүктесінде жататын вектор-градиент салынады:
.
Екінші қадам. максимумға ұмтылған жағдайда вектор-градиентке перпендикуляр түзуі дөңес жиынның шеткі нүктесіне жеткенге дейін осы вектор бағытында қозғалады. Бұл қозғалыстағы жиынның шеткі нүктесі (немесе шеткі нүктелері) функциясының максимум нүктесі болып табылады.
Үшінші қадам. Максимум нүктесінің координаттарын табу үшін өзара максимум нүктесінде қиылысатын түзулердің теңдеулер жүйесін шешу жеткілікті. Алынған нүктедегі функциясының мәні максимум болып табылады.
функциясын минимумдау жағдайында түзуін вектор-градиентке қарама-қарсы бағытта жылжыту қажет. Түсінікті, егер түзу қозғалыс кезінде мүмкін шешімдер облысынан шыға алмаса, онда сәйкес максимум немесе минимум жоқ.
3. Сызықтық бағдарламалау есебін шешудің симплекс әдісі
Есеп векторлық түрде қойылған болсын:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
(4.2)
(4.3)
және
(4.1)
мақсат функциясына максимум (минимум) мәнін беретін компонентті векторын табу керек.
(4.1) – (4.3) түрінде қойылған сызықтық бағдарламалау есебінің мүмкін шешімдер жиынының бір шеткі нүктесінен екінші шеткі нүктесіне ауысуға болатындығын өткен бөлімде қарастырған болатынбыз.
Осылайша көшу барысында мақсат функциясының мәні біртіндеп өсіп отыратын болса, онда шеткі нүктелер арқылы нысаналы жылжу процесін бірнеше рет қайталанғаннан кейін оптималдық шешім табылады.
Осы есептеу процесін іске асыру барысында кезекті қадамда табылған шеткі нүктені екі көрсеткіші бойынша тексеруге тура келеді:
Бірінші, мақсат функциясының жаңадан табылған шеткі нүктедегі мәні өткен жолы табылған нүктедегі мәнінен артық болатындығын қамтамасыз ету.
Екіншіден, жаңадан табылған шеткі нүктенің оптималдық шешім еместігін аналитикалық сипаттамалар арқылы тексере отырып есептеу процесін тоқтату немесе одан әрі жалғастыру. Енді осы қойылған сұрақтар талаптарына орай қолданылатын математикалық әдістердің теориялық негіздерін келтіреміз.
Қарапайым базисті симплекс әдісі
Есеп векторлық түрде қойылған болсын:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
(4.2.2)
(4.2.3)
және
(4.2.1)
мақсат функциясына максимум (минимум) мәнін беретін компонентті векторын табу. [4].
Мұндағы — компонентті тік жолдық вектор .
— векторларынан құралған кез келген вектор сызықты тәуелсіз тәуелсіз жүйе құрайды және олардың ішінде бірлік векторлардан құралған бірлік базис бар делік. Егер бірлік базис алғашқы орналасқан векторлардан тұрады десек, онда мынадай квадрат матрица шығады:
Бірлік матрицаға сәйкес келетін кері матрицасында бірлік матрица болатындығына сүйене отырып, алғашқы тіректі жоспарды былайша өрнектей аламыз:
(4.2.4)
(4.2.5)
мұрдағы
базисі бірлік матрицасы болғандықтан, (4.2.5) теңдіктер бойынша жіктелу коэффициенттері матрицасының сәйкес элементтеріне тең болады:
.
Сонда
(4.2.6)
(4.2.7)
Енді тіректі шешімінің оптималдығын тексеруге және келесі оптималдық шешімге ауысуға қажетті (4.2.4) – (4.2.7) өрнектерінен алынған барлық деректерді (есеп шығару процесінде көрнектірек болу үшін) жатық жолынан және тік жолынан тұратын симплекс кестесіне орналастырамыз (1-кесте).
Симплекс кестесі
1-кесте. Есептеу процесінің алғашқы қадамы (итерациясы).
i |
базис |
c |
b |
c1 |
c2 |
… |
cl |
… |
cm |
cm+1 |
… |
cj |
… |
ck |
… |
cn |
P1 |
P2 |
… |
Pl |
… |
Pm |
Pm+1 |
… |
Pj |
… |
Pk |
… |
Pn |
||||
1 |
P1 |
c1 |
x1 |
1 |
0 |
… |
0 |
… |
0 |
x1m+1 |
… |
x1j |
… |
x1k |
… |
x1n |
2 |
P2 |
c2 |
x2 |
0 |
1 |
… |
0 |
… |
0 |
x2m+1 |
… |
x2j |
… |
x2k |
… |
x2n |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
l |
Pl |
cl |
xl |
0 |
0 |
… |
1 |
… |
0 |
xlm+1 |
… |
xlj |
… |
xlk |
… |
xln |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
m |
Pm |
cm |
xm |
0 |
0 |
… |
0 |
… |
1 |
xmm+1 |
… |
xmj |
… |
xmk |
… |
xmn |
m+1 |
Δ j |
|
z0 |
0 |
0 |
… |
0 |
… |
0 |
Δ m+1 |
… |
Δ j |
… |
Δ k |
… |
Δ n |
Тіректі шешімнің базистік (оң) компоненттері , мақсат функциясының оларға сәйкес келетін компоненттері және әрбір тік жолының базисіне сәйкес келетін жіктелу коэффициенттері симплекс кестесінің алғашқы жолдарының торларына жазылады.
Ал кестенің соңғы -ші жолының торларына мақсат функциясының тіректі шешіміндегі мәні және тік жолдарының базис бойынша есептелген бағалары жазылады.
Осы бағаларының ішінде ең болмағанда біреуінің мәні теріс болсын делік. Онда оптималдық емес белгісі туралы теорема бойынша табылған векторы оптималдық шешім бола алмайды, яғни теңсіздігі мүмкін шешімдер жиынында «жақсырақ» шешімдер бар екендігін көрсетеді. «Жақсырақ» шешімнің біреуін табу үшін теріс бағалы тік жолдарының біреуін базиске енгіземіз. Ол тік жолдың нөмірі мына формула бойынша анықталады:
,
яғни векторын базиске енгізу арқылы жақсартылған шешімді таба аламыз.
Ескі базистен шығарылатын вектордың нөмірі мына өрнек бойынша анықталады:
яғни базистік векторларының ішінен векторы шығарылады да, оның орнына жаңа векторы енеді. Сонда жаңа табылған шешім векторларынан тұратын базис бойынша сипатталады.
Симплекс кестесінің келесі итерациядағы элементтері есептеу геометриялық тұрғыдан мынадай тік төртбұрыш схемасына сәйкес келеді:
— жіктелу коэффициенттерін
есептеу үшін.
— жаңа базистік компоненттерін
есептеу үшін.
— Мақсат функциясының жаңа тіректі
жоспардағы мәнін есептеу үшін.
— тік жолдарының жаңа базиске
сәйкес келетін бағаларын есептеу
үшін.
(4.2.12) – (4.2.14) формулаларының есептеу схемалары матрицаның бас элементін таңдап алып Жордан-Гаусстың белгісіз айнымалыларды біртіндеп шығару арқылы матрицаны түрлендіру схемасына негізделген.
Сонымен, белгілі бір итерацияға сәйкес симплекс кестесінің барлық элеметтері анықталған болса, онда симплекс кестесінің келесі итерацияға сәйкес келетін элементтері мына ретпен анықталады:
- Симплекс кестесінің -ші жолында жазылған бағаларының таңбалары бойынша табылған тіректі жоспардың оптималдылығын тексереміз. Егер барлық тік жолдар үшін болса, онда табылған тіректі жоспар оптималды болады.
- Егер -дің белгілі мәндерінде теріс бағалар сәйкес келетін болса, онда табылған тіректі жоспар оптималды болмайды да, одан «жақсырақ» тіректі жоспарды табу үшін өрнегі бойынша анықталған тік жолы базиске енгізіледі.
- өрнегі бойынша анықталған векторы ескі базистен шығарылып қалады. Егер мәндерінің барлығына теріс мәндер сәйкес келетін болса, онда мақсат функциясының максимум мәні шексіздік болады.
- Базиске енгізілетін тік жолы мен базистен шығарылатын жолы анықталғаннан кейін бас элементі бойынша симплекс кестесінің элементтері (4.2.12) – (4.2.14) рекуренттік формулаларының көмегімен түрлендіріледі.
Соның нәтижесінде жаңа тіректі жоспар және оған сәйкес келетін базис бойынша есептелген жіктелу коэффициенттері, тік жолдарының бағалары және мақсат функциясының мәні анықтлады.
1 – 4 кезеңдерде көрсетілген түрлендірулер арқылы тіректі шешімдер біртіндеп «жақсартыла» береді де, бірнеше итерациядан оптималдық белгісін қанағаттандыратын (яғни болатын) оптималды тіректі шешім табылады.
2-кесте. Есептеу процесінің екінші итерациясы.
i |
Базис |
c |
b |
c1 |
c2 |
… |
cn |
… |
cm |
cm+1 |
… |
cj |
… |
ck |
… |
cn |
P1 |
P2 |
… |
Pl |
… |
Pm |
Pm+1 |
… |
Pj |
… |
Pk |
… |
Pn |
||||
1 |
P1 |
c1 |
x11 |
1 |
0 |
… |
x11l |
… |
0 |
x111m+1 |
… |
x11j |
… |
0 |
… |
x11n |
2 |
P2 |
c2 |
x12 |
0 |
1 |
… |
x12l |
… |
0 |
x112m+1 |
… |
x12j |
… |
0 |
… |
x12n |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
Pk |
ck |
x1k |
0 |
0 |
… |
… |
0 |
x11lm+1 |
… |
x1lj |
… |
1 |
… |
x1ln |
||
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
Pm |
cm |
x1m |
0 |
0 |
… |
x1ml |
… |
1 |
x11mm+1 |
… |
x1mj |
… |
0 |
… |
x1mn |
|
m+1 |
Δ j |
|
z10 |
0 |
0 |
… |
0 |
… |
0 |
Δ1m+1 |
… |
Δ1j |
… |
0 |
… |
Δ1n |
Жасанды базисті симплекс әдісі (M-есебі)
Сызықтық бағдарламалау есебінің қойылымында бірлік базис болмаған жағдайда алғашқы жоспарды табу үшін жасанды бірлік базисін енгізуге тура келеді. Сол жағдайда құрастырылған кеңейтілген есепті симплекс әдісімен шешу берілген есептің оптималдық шешімін табуға мүмкіндік береді.
Сызықтық бағдарламалау есебі мына түрде қойылған болсын:
a11x1 + a12x1 + … + a1nx1 = b1
a21x1 + a22x1 + … + a2nx1 = b2
…………………………………… (4.3.2)
am1x1 + am2x1 + … + amnx1 = bm
(4.3.3)
шарттарын қанағаттандыратын және
(4.3.1)
мақсат функциясына максимум (минимум) мәнін беретін векторын табу керек.
Жалпы жағдайда матрицасының тік жолдарының ішінде бірлік векторлар бола бермейді. Сондықтан (4.3.1) – (4.3.3) есепке сәйкес келетін кеңейтілген есеп былайша қойылады:
(4.3.5)
(4.3.6)
шарттарын қанағаттандыратын және
(4.3.4)
мақсат функциясына максимум (минимум) мәнін беретін векторын табу керек.
Мұндағы айнымалысының шамасы өте үлкен оң сан деп есептеледі. (4.3.4) – (4.3.6) қойылым кеңейтілген есеп деп аталады.
Егер тік жолдық векторларын енгізсек, онда (4.3.5) теңдеулер жүйесін мына түрде жазуға болады:
Сонда векторлары жасанды базис деп аталатын бірлік базис құрайды, ал оларға сәйкес келетін қосымша айнымалылар деп аталады.
Егер (4.3.1) – (4.3.3) түрде қойылған есептің ең болмағанда бір шешімі болатын болса, онда ол (4.3.4) – (4.3.6) кеңейтілген есебінің оптималды шешімінде бірде-бір қосымша айнымалысы болмайды.
Кеңейтілген есептің құрамында жасанды бірлік базистың болуы ол есептің оптималды шешімін табу үшін симплекс әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.
Егер алғашқы қойылымдағы (4.3.1) – (4.3.3) есептің бірде-бір шешімі болмаса, онда айнымалыларының ең болмағанда біреуі (4.3.4) – (4.3.6) кеңейтілген есебінің оптималды шешімінің базистік компоненттерінің құрамында қалады.
векторы кеңейтілген есептің алғашқы тіректі шешімі болады.
— (4.3.4) мақсат функциясының коэффициент-терінен құралған вектор, — компонентті вектор, ал — мақсат функциясының алғашқы мәні.
Алғашқы базис бірлік матрица болғандықтан, — тік жолдық векторларының бірлік базис бойынша жіктелу коэффициенттері осы векторлардың коэффициенттеріне тең болады, яғни .
Сондықтан жолының бағасы былайша өрнектеледі:
(4.3.7)
(4.3.7) баға өрнегі өзара тәуелсіз екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі параметріне тәуелді де, ал екінші бөлігі параметріне тәуелсіз.
Сондықтан симплекс кестесінің көршілес және жолдарына баға өрнегінің өзара тәуелсіз екі бөлігін орналастыру арқылы табылған шешімнің оптималдылығын тексере аламыз.
Ол үшін жолының -ші элементі — , ал жолының -ші элементі -ге тең болуы тиіс. Сонда кеңейтілген есепке сәйкес келетін симплекс кестесін Гаусс әдісінің тіктөртбұрыш схемасы бойынша түрлендіру арқылы оптималды шешімін таба аламыз. Тек ескеретін бір ерекшелік мынадай: егер айнымалыларының ең болмағанда біреуі базистік компонент болса, онда базиске енгізілетін тік жолы симплекс кестесінің -ші жолындағы теріс мәндер бойынша анықталады.
Ал айнымалыларының ешқайсысы базистік компонент болмаса (яғни ), онда базиске енгізілетін тік жолы симплекс кестесінің -ші жолындағы теріс элементтері бойынша анықталады.
Бұл жағдайда жатық жол элементтері және тік жолдары симплекс кестесінен сызылып тасталады. Кеңейтілген есепке сәйкес келетін симплекс кестесінің қалпы (жалпы пішіні) 3-кестеде келтірілген.
3-кесте. Жасанды базис әдісін есептеу процесінің нөлінші итерациясы.
базис |
… |
… |
… |
… |
|||||||||||
… |
… |
… |
… |
||||||||||||
1 |
… |
… |
1 |
0 |
… |
0 |
… |
0 |
|||||||
2 |
… |
… |
0 |
1 |
… |
0 |
… |
0 |
|||||||
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
0 |
0 |
… |
1 |
… |
0 |
||||||||
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
… |
0 |
0 |
… |
0 |
… |
1 |
||||||||
|
1 |
0 |
… |
… |
0 |
0 |
… |
0 |
… |
0 |
|||||
… |
|
0 |
0 |
… |
0 |
… |
0 |
Сызықтық бағдарламалаудың екі жақты есептері
Сызықтық бағдарламалаудың әр бастапқы есебіне сәйкес басқа екінші жақты есеп болады. Екі жақтылық теориясы өте маңызды, әсіресе, сызықтық бағдарламалау есебіне сапалы түрде зерттеу жүргізгізе отырып, тек оптималды шешім ғана табу үшін ғана емес, сонымен қатар, есептің бастапқы ақпараттары туралы параметрлердің оптималды шешімге әсерін анықтауда.
Мынадай мысал қарастырайық: қандай да бір ұйым бір кәсіпорынның ресурстарын сатып алу туралы шешім қабылдады делік, және де ресурстарына оптималды баға орнату керек. Мұнда — ресурсы бірлігінің құны (мысалы, құрылғылар бірлігі үшін – бір станоктың құны, еңбек ресурстары үшін – бір адам-күн, ғимараттар үшін — өндірістік алаңның 1 м2 құны және т. с. с.).
Әрине, сатып алушы ұйым барлық ресурсқа жинағынан тұратын шығынының минималды болғанын қалайды, яғни:
(5.1)
Екінші жағынан, ресурстарын сатушы кәсіпорын да өз кезегінде осы ресурстарды сатқаннан түскен пайданың осы ресурстарды өзі өңдеп, дайын өнім шығарып сатқанда түскен пайдадан кем болмағанын қалайды.
Бірінші (бастапқы) есеп |
Екінші (жақты) есеп |
a11 x1 + a12 x2 + a13 x3 + … + a1n xn ≤ b1 a21 x1 + a22 x2 + a23 x3 + … + a2n xn ≤ b2 a31 x1 + a32 x2 + a33 x3 + … + a3n xn ≤ b3 ………………………………………………… am1 x1 + am2 x2 + am3 x3 + … + amn xn ≤ bm шектемелерін қанағаттандыратын және теріс еместік шарты орындалатын мақсат функциясының ресурстарды тұтыну олардың әрқайсысы бойынша бар қорлардан асып кетпеу шартын орындалатын өнімін шығарғанда максималды табыс әкелетін жоспар құру керек. |
a11 y1 + a21 y2 + a31 y3 + … + am1 ym ≤ c1 a12 y1 + a22 y2 + a32 y3 + … + am2 ym ≤ c2 a13 y1 + a23 y2 + a33 y3 + … + am3 ym ≤ c3 ……………………………………………… a1n y1 + a2n y2 + a3n y3 + … + amn ym ≤ cn шектемелерін қанағаттандыратын және теріс еместік шарты орындалатын мақсат функциясының әр өнімді өндіруге қажетті ресурстардың шығындары осы өнімнің әр түрін сатқаннан түскен пайдадан кем болмау шарты орындалғанда, ресурстарына жалпы шығынды минималдайтын бағалар жиынтығын (баға) табу керек. |
Өндірісте өнімнің белгілі бір түрін шығаруға кететін шекті шығын белгілі болғандықтан, сатушы талаптарын шектемелер жүйесі түрінде жазуға болады. Мысалы, бірінші өнім түрін өндіруге қойылатын шектеме былай жазылады:
a11 y1 + a21 y2 + a31 y3 + … + am1 ym ≤ c1 (5.2)
Осылайша әр өнім түріне сәйкес шектемелерді жазуға болады. Екінші жақты есептің математикалық моделі мен мазмұндық көрінісі жоғарыдағы кестенің оң жағында көрсетілген.
Енді формалды түрде кестеде көрсетілген сызықтық бағдарламалаудың екі есебін (I және II) олардың мазмұндық көрінісі мен математикалық моделінен алыстай отырып қарастырайық. Екі есептің де төмендегідей қасиеттері бар:
- Бір есепте сызықтық функцияның максимумы ізделсе, келесісінде минимумы ізделеді.
- Бірінші есептегі сызықтық функция айнымалыларының коэффициенттері екінші есепте шектемелер жүйесінің бос мүшесі.
- Максимумдау есептерінде шектеме-теңсіздіктердің таңбалары «» болса, ал минимумдау есептерінде барлық теңсіздіктер «» түрінде болады.
- Екі есептің де шектемелер жүйесіндегі айнымалылар коэффициенттерінің матрицалары бір-біріне қарағанда транспондалған болады, яғни:
I есеп үшін II есеп үшін
- Бірінші есептегі шектмелер жүйесіндегі теңсіздіктер саны екінші есептегі айнымалылар санына тең.
- Екі есепте де теріс еместік шарты орындалады.
1-МЫСАЛ.
А және Б түрлі карамельдер шығару үшін кондитер фабрикасы үш түрлі шикізат пайдаланады.
Технологиялық нормалар бойынша А түрлі карамельдің бір қорабын өндіріп шығару үшін шикізаттар шығыны 3,5 кг, 7 кг және 8 кг жұмсалса, ал Б түрлі карамельдің бір қорабын өндіріп шығаруға кететін сәйкес шикізат шығындары: 8 кг, 3 кг және 7 кг.
Фабрикадағы сәйкес шикізат қорлары (запастары) – 28 кг, 21 кг және 28 кг мөлшерінде.
Фабрика А түрлі карамельдің әрбір қорабын сатқаннан 400 теңге, ал Б түрлі карамельдің әрбір қорабынан 300 теңге түсіреді. Осы шарттарға сәйкес А және Б карамельдерін қанша мөлшерде өндіріп шығарғанда фабриканың көп пайда табатындығын анықтау қажет.
Осы есептің шешімін табуүшін алдымен оның математикалық моделін құрамыз. Егер А түрлі карамель x1 мөлшерінде, ал Б түрлі карамель x2 мөлшерінде шығарылатын болса, онда оларды сатқаннан түсетін таза пайда f(x) = 400x1 + 300x2 теңге болады.
Қойылған шарттарға сәйкес мынадай математикалық есеп шығады:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
3,5x1 + 8x2 ≤ 28
7x1 + 3x2 ≤ 21 (1.2)
8x1 + 7x2 ≤ 28
x1 ≥ 0, x2 ≥ 0 (1.3)
және
f(x1, x2) = 400x1 + 300x2 → max (1.1)
мақсат функциясының максимум мәнін беретін x = (x1, x2) векторын табу.
Осылайша қойылған (1.2) және (1.3) шарттарды қанағаттандыратын шешімдердің ішінен (1.1) функцияға максимум мәнін беретін шешім табу есебі бастапқы қойылған есептің математикалық моделін құрайды.
Енді осы есепті графиктік әдіс арқылы шешейік. Ең алдымен бірінші теңсіздіктер үшін шешімдер жиынын (теңдеулердің шешімі мен түзулер бөлетін қажетті шешімдер жарты жазықтығын) анықтаймыз. Ол үшін теңсіздіктерді 0-ге теңестіреміз. Нәтижесінде алынған теңдеулердің айнымалыларын алма-кезек 0-ге теңестіру арқылы түзулердің координаттарын тауып аламыз:
3,5x1 + 8x2 – 28 = 0 (8; 0) (0; 3,5)
7x1 + 3x2 – 21 = 0 (3; 0) (0; 7)
8x1 + 7x2 – 28 = 0 (3,5; 0) (0; 4)
Енді түзулер бөлетін қажетті шешімдер жарты жазықтығын анықтау үшін әр теңсіздікке (0;0) координатын қоямыз. Осыдан шығатыны, біздің есебімізде теңсіздіктеріміз 0-ден кіші болғандықтан, әр теңсіздіктің шешімдер облысы ретінде төменгі жарты жазықтық алынады (1-сурет).
Барлық теңсіздіктер үшін жалпы облысты штрихтаймыз да, дөңес көпбұрыштың төбелерін латын әріптерімен белгілеп, координаттарын табамыз. Мысалы, B нүктесі (I және III түзулердің қиылысу нүктесі) үшін:
, x1 = 0,71, x2 = 3,19
Мысалы, C нүктесі (II және III түзулердің қиылысу нүктесі) үшін:
, x1 = 2,52, x2 = 1,12
Сонымен, OABCD дөңес көпбұрышының төбелерінің координаттары мынадай: O(0;0), A(0;3,5), B(0,71;3,19), C(2,52;1,12), D(3;0).
1-сурет.
Енді қозғалыс бағытын анықтау үшін вектор-градиент жүргіземіз, ал ол мынаған тең: = (c1, c2) = (400, 300). Бұл векторды салу ыңғайсыз болғандықтан, оған пропорционал 1/100 = (4, 3) векторын жүргіземіз.
Ендігі кезекте OABCD дөңес көпбұрышының төбелерінің координаттарының мәндерін f(x) мақсат функциясына қойып, ең оптималды шешімді табамыз:
f(O) = 400 ∙ 0 + 300 ∙ 0 = 0
f(A) = 400 ∙ 0 + 300 ∙ 3,5 = 1050
f(B) = 400 ∙ 0,71 + 300 ∙ 3,19 = 1241
f(C) = 400 ∙ 2,52 + 300 ∙ 1,12 = 1344
f(D) = 400 ∙ 3 + 300 ∙ 0 = 1200
Осыдан шығатыны f(x) мақсат функциясы өз максимумына C нүктесінде ие болады, яғни f(C) → max.
2-МЫСАЛ.
Кәсіпорын А1 және А2 өнімдерін өндіру үшін екі түрлі шикізат пайдаланады: Б1 және Б2. Шарттар туралы мәліметтер 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте.
Шикізат |
Өнім данасын өндіруге кеткен шығын, кг/дана |
Шикізат саны, кг |
|
А1 |
А2 |
||
Б1 Б2 |
2 3 |
5 4 |
250 240 |
Өнім данасын сатудан түскен пайда, мың тг./дана |
5 |
6 |
– |
«Максимум пайда» критерийі бойынша өндіріс жоспарын құру керек.
Шешуі. А1 өнімінің өндіріс көлемін x1 деп, ал А2 өнімінің өндіріс көлемін x2 деп белгілеу арқылы есептің математикалық моделін құрамыз:
2x1 + 5x2 ≤ 250,
3x1 + 4x2 ≤ 240, (2.2)
x1 ≥ 0, x2 ≥ 0 (2.3)
шектемелерін қанағаттандыратын
f(x) = 5x1 + 6x2 → max (2.1)
Қосымша x3 және x4 айнымалыларын енгізу арқылы есепті канондық түрге келтіреміз:
немесе
2x1 + 5x2 + x3 = 250,
3x1 + 4x2 + x4 = 240, (2.5)
xj ≥ 0, j = 1, 2, 3, 4 (2.6)
f(x) = 5x1 + 6x2 + 0x3 + 0x4 → max (2.4)
Есептің тіректі шешімі – (0,0,250,240) және оны симплекс әдісімен шешуге болады (5-кесте).
5-кесте.
i |
базис |
c |
b |
5 |
6 |
0 |
0 |
Q |
итерация нөмірі |
P1 |
P2 |
P3 |
P4 |
||||||
1 |
←P3 |
0 |
250 |
2 |
5 |
1 |
0 |
50 |
0 |
2 |
P4 |
0 |
240 |
3 |
4 |
0 |
1 |
60 |
|
3 |
Δ j = zj — cj |
0 |
-5 |
-6 |
0 |
0 |
|
||
1 |
→P2 |
6 |
50 |
2/5 |
1 |
1/5 |
0 |
125 |
1 |
2 |
←P4 |
0 |
40 |
7/5 |
0 |
-4/5 |
1 |
200/7 |
|
3 |
Δ j |
– |
300 |
-13/5 |
0 |
6/5 |
0 |
|
|
1 |
P2 |
6 |
270/7 |
0 |
1 |
3/7 |
-2/7 |
|
2 |
2 |
→P1 |
5 |
200/7 |
1 |
0 |
-4/7 |
5/7 |
|
|
3 |
Δ j |
– |
1580/7 |
0 |
0 |
-2/7 |
13/7 |
|
Келесі тіректі жоспарға P2 базисін енгізу арқылы көшеміз, бірақ (0,50,0,40) екінші тіректі жоспары оптималды емес. Сондықтан келесі тіректі көшу үшін P2 базисын енгіземіз. Нәтижесінде (200/7,270/7,0,0) оптималды жоспарын аламыз, яғни кәсіпорын 1580/7 мың тг. көлемінде максимум пайда табады, егер А1 тауарын 200/7 дана, А2 тауарын 270/7 дана шығаратын болса.
3-МЫСАЛ.
Фирма төрт (I, II, III және IV) сортты тыңайтқыш шығару үшін азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын пайдаланады. Шарттар туралы мәліметтер 6-кестеде көрсетілген.
6-кесте.
Тыңайтқыштар |
Тыңайтқыш данасын өндіруге кеткен шығын, фунт/дана |
Шикізат саны, фунт |
|||
I сорт |
II сорт |
III сорт |
IV сорт |
||
Азот Фосфор Калий |
3 2 1 |
2 1 3 |
1 4 3 |
4 3 2 |
20 16 15 |
Тыңайтқыш данасын сатудан түскен пайда, мың тг./дана |
10 |
14 |
15 |
8 |
– |
«Максимум пайда» критерийі бойынша өндіріс жоспарын құру керек.
Осы есептің математикалық моделін құрайық.
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
3x1 + 2x2 + x3 + 4x4 = 20
2x1 + x2 + 4x3 + 3x4 = 16 (3.2)
x1 + 3x2 + 3x3 + 2x4 = 15
xj ≥ 0, j = 1, 2, 3, 4 (3.3)
және
f(x) = 10x1 + 14x2 + 15x3 + 8x4 → max (3.1)
Берілген есептің (3.2) теңдеулер жүйесінде бірлік базис болмағандықтан, (3.1) – (3.3) есепке сәйкес келетін кеңейтілген есепті қарастырамыз. Ол үшін әрбір шектемеге сәйкес x5, x6, x7 қосымша айнымалыларын енгіземіз. Сонда мынадай есеп қойылады:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
3x1 + 2x2 + x3 + 4x4 + x5 = 20
2x1 + x2 + 4x3 + 3x4 + x6 = 16 (3.5)
x1 + 3x2 + 3x3 + 2x4 + x7 = 15
xj ≥ 0, j = 1, 2, …, 7 (3.6)
және
F(x) = f(x) – M(x5 + x6 + x7) =
= 10x1 + 14x2 + 15x3 + 8x4 – M(x5 + x6 + x7) (3.4)
Енді осы есепті жасанды базисті симплекс әдісімен шешейік (7-кесте).
7-кесте.
i |
базис |
c |
b |
10 |
14 |
15 |
8 |
-M |
-M |
-M |
итерация нөмірі |
P1 |
P2 |
P3 |
P4 |
P5 |
P6 |
P7 |
|||||
1 |
←P5 |
-M |
20 |
3 |
2 |
1 |
4 |
1 |
0 |
0 |
0 |
2 |
P6 |
-M |
16 |
2 |
1 |
4 |
3 |
0 |
1 |
0 |
|
3 |
P7 |
-M |
15 |
1 |
3 |
3 |
2 |
0 |
0 |
1 |
|
4 |
Δ j |
1 |
0 |
-10 |
-14 |
-15 |
-8 |
0 |
0 |
0 |
|
5 |
M |
-51 |
-6 |
-6 |
-8 |
-9 |
0 |
0 |
0 |
||
1 |
→P4 |
8 |
5 |
3/4 |
1/2 |
1/4 |
1 |
1/4 |
0 |
0 |
1 |
2 |
←P6 |
-M |
1 |
-1/4 |
-1/2 |
13/4 |
0 |
-3/4 |
1 |
0 |
|
3 |
P7 |
-M |
5 |
-1/2 |
2 |
5/2 |
0 |
-1/2 |
0 |
1 |
|
4 |
Δ j |
1 |
40 |
-4 |
10 |
-13 |
0 |
2 |
0 |
0 |
|
5 |
M |
-6 |
3/4 |
-3/2 |
-23/4 |
0 |
9/4 |
0 |
0 |
||
1 |
P4 |
8 |
4/13 |
10/13 |
7/13 |
0 |
1 |
4/13 |
-1/13 |
0 |
2 |
2 |
→P3 |
15 |
4/13 |
-1/13 |
-2/13 |
1 |
0 |
-3/13 |
4/13 |
0 |
|
3 |
←P7 |
-M |
5/13 |
-4/13 |
31/13 |
0 |
0 |
1/13 |
-10/13 |
1 |
|
4 |
Δ j |
1 |
44 |
-5 |
-12 |
0 |
0 |
-1 |
4 |
0 |
|
5 |
55/13 |
4/13 |
31/13 |
0 |
0 |
0 |
23/13 |
0 |
0 |
||
1 |
←P4 |
8 |
123/31 |
26/31 |
0 |
0 |
1 |
9/31 |
-9/31 |
-7/31 |
3 |
2 |
P3 |
15 |
234/403 |
-3/31 |
0 |
1 |
0 |
-7/31 |
8/31 |
2/31 |
|
3 |
P2 |
14 |
55/31 |
-4/31 |
1 |
0 |
0 |
1/31 |
-10/13 |
13/31 |
|
4 |
Δ j |
1 |
234/403 |
-203/31 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
|
5 |
M |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
||
1 |
←P4 |
8 |
123/31 |
26/31 |
0 |
0 |
1 |
|
|
|
31 |
2 |
P3 |
15 |
234/403 |
-3/31 |
0 |
1 |
0 |
|
|
|
|
3 |
P2 |
14 |
55/31 |
-4/31 |
1 |
0 |
0 |
|
|
|
|
4 |
Δ j |
1 |
234/403 |
-203/31 |
0 |
0 |
0 |
|
|
|
|
1 |
→P1 |
10 |
123/36 |
1 |
0 |
0 |
31/26 |
|
|
|
4 |
2 |
P3 |
15 |
27/26 |
0 |
0 |
1 |
3/26 |
|
|
|
|
3 |
P2 |
14 |
31/13 |
0 |
1 |
0 |
2/13 |
|
|
|
|
4 |
1 |
2503/26 |
0 |
0 |
0 |
203/26 |
|
|
|
Жоғарыдағы кесте бойынша төрт жолдан тұратын симплекс кестесі бойынша оптималдық шешім ізделінеді. Сонда төртінші итерацияда алынған оптималдық шешім мынадай: . — мақсат функциясының оптималды шешімге сәйкес келетін оптималды (максимум) мәні.
Сонымен, қорыта келгенде, мынадай тұжырым жасауға болады: «Оптимизациялау теориясында мүмкін болатын шешімдердің ішінен мақсат функциясы деп аталатын функцияға ең үлкен немесе ең кіші мән беретін ең жақсы шешімді табу әдістерін зерттеу мәселелері қарастырылады, және кез келген өндіріс фирмасының негізгі мақсаты – көбірек пайда табу.»
Практикалық бөлімде қарастырылған есептерден мынадай нәтижелер алынды:
1-мысал бойынша:
мақсат функциясы өз максимумына нүктесінде ие болады, яғни .
2-мысал бойынша:
Кәсіпорын үшін ең оптималды жоспар – (200/7,270/7,0,0), яғни кәсіпорын 1580/7 мың тг. көлемінде максимум пайда табады, егер А1 тауарын 200/7 дана, А2 тауарын 270/7 дана шығаратын болса.
3-мысал бойынша:
Фирма үшін ең оптималды жоспар – , яғни фирма 2503/26 мың тг. көлемінде максимум пайда табады, егер І сортты тыңайтқышты 123/26 дана, ІІ сортты тыңайтқышты 31/13 дана, ІІІ сортты тыңайтқышты 27/26 дана шығарып, ал ІV сортты тыңайтқышты шығармай-ақ қойса.
ІІ Тарау Мемлекеттің экономикалық саясаты: тәсілдері, түрлері
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі
Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоға мадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді.
Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жасауды мемлекеттің басты қызметі деп есептеді.
А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:
- Әскери қауіпсіздікті сақтау;
- Құқықтық қызметтер;
- Қоғамдық қатынастарды реттеу;
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді: экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.
Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету екендігін атап өтті.
Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
- Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
- Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
- Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
- Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
- Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
- Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
- Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.
- Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.
Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:
- Ұлттық қорғаныс;
- Фундаменталды ғылым;
- Космостық зерттеулер;
- Денсаулық сақтау;
- Қала құрылысы, заводтар салу;
- Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
- Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
- Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
- Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
- Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:
- Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
- Бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
- Экономикалық өсім;
- Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
- Бағаның тұрақтылығы;
- Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей жіктеуге болады:
Сурет-2 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері
2-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңызды болып табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және нақты қолдану процесі.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура және жанама салықтар қолданылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме негізгі қолданыста болады. Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық бөлу және қайта бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш қызметтерi бар:
- Фискалдық;
- Рететушiлiк;
- Бақылаушылық.
Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:
- мемлекет шығыстарының көбеюі;
- салықтардың төмендеуі;
- мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
- мемлекет шығыстарының азаюы;
- салықтардың көбеюі;
- бұл бағыттардың өзара үйлесуі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден көре аламыз.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Кесте 3
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық түсiмдердiң үлес салмағы
|
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
Мемлекеттiк бюджет кiрiсi (млрд. теңге) Оның iшiнде салықтық түсiмдер |
242,7
178,1 |
279,4
204,1 |
304,1
215,6 |
393,0
330,3 |
587,0
524,1 |
746,9
670,0 |
Салық түсiмердiң мемлекеттiң бюджетiндегi үлесi |
73,4 |
73,0 |
70,9 |
84,0 |
89,3 |
90,2 |
Осыған орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға сәйкес салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі функцияларды атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның мақсаты жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қаржы құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы аталған функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі мемлекеттің салық механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық (ынталандыру, шектеу, ұдайы өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бақылау функциясы табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы ресурстарына деген қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау мақсатында кәсіпорындар мен халықтың қаржы – шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы халықтың түрлі әлеуметтік топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында табыстың бір бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға қарай беру арқылы қоғадық табысты қайта бөлуге бағытталған.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінің тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Салық Кодексіндегі 9 салық түрінің екеуі, яғни қосылған құнға салық пен акциздер жанама салық түрлеріне жатады.
Жаңа Салық Кодексi 2008 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
- әлеуметтiк салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдары салығы;
- мүлiк салығы.
Мұндағы қосылған құнға салық пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал қалған салықтың жетi түрi тiкелей салық салу болып табылады.
Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып белгiленген. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозитер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi мемлекетке оны төлеу нәтижесiнде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеудi сатып алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм (амортизациясы бар таза өнiм) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығындар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар қамтылуы мүмкiн.
Демек, бұл салықтың ерекшелiгi – оның салық салынатын объектiсi сатудан түскен бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде, соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының 17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: бiрiншiден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен тобынан алынады; екiншiден, төлеушiлер үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық ахуалына, инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет бюджетiнiң кiрiстерiн қалыптастырудың сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз етедi. ҚҚС қазiргi кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң бiрi болып саналады. 2004 жылы мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 23-24%-ды құрады.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн тауарларға салынатын салық. Акциздердi өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндiрушiлер төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге де салынуы мүмкiн.
Акциз ставкаларын Үкiмет бекiтедi және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi. ҚР-ның Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң үлесi 2004 жылы 3,5%-ды құрады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
- Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
- мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
- бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
- бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
- республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
- бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
- мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
- ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
- Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап отыр.
Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары анықталады. Олар:
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
- Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
- Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;
- Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.
Келесі 4-ші кестеден мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамын ЖІӨ-гі пайызбен көре аламыз. /12/
Кесте 4
Мемлекетік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы
Атауы |
2006 |
2007 |
2008 |
Кірістер |
22,3 |
22,7 |
23,2 |
Салықтық түсімдер |
21,3 |
21,5 |
22 |
Салықтық емес түсімдер |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0,4 |
0,7 |
0,7 |
2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
- Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
- Білім беруді дамытуға;
- Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге;
- Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
- Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
- Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр. /12/
Орта мерзімді кеезңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі нарттыру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;
- Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;
- Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
- Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;
- Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
- ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағытары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. /12/
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз керек.
2.3 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясаты болуында.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
- рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — коммерциялық банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл мақсатты орындауда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
- Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
- Мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде айналыстағы ақша жиынын реттеу;
- Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер беруді тиімді жүргізу;
- Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық банктің шетел валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық бағам мен төлем балансын реттеп отыру;
- Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
- Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей Орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс. Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етіп отырады.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.
Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.
Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.
Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:
- мiндеттi резервтеу;
- резервтеудiң баламалы тәртiбi.
Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.
Қазақстан экономикасындағы ақшаның құнсыздану қарқынының өсуі негізінен ұлттық экономиканың әлі де болса шикізаттық бағытта болуы, яғни шикізаттық ресурстар экспортынан ғана биылғы жылы төлем балансы оң болып отыруы және соңғы 5-6 жылда экономиканың қарқынды өсуі, халықтың табысының көбеюі және олардың тұтыну қабілетінің артуы болып отыр. Ал осы сұранысты қанағаттандыру қабілетін негізінен отандық өнімдердің үлесінің шамалы болуы, шетелдік өнімдер импортының жоғары болуы, отандық өңдеу өнеркәсібі салаларының дамымауы есебінен инфляция деңгейін таргеттеу саясаты тұрақтандырудың өзі қиынға түсіп отыр. Бұған жауап ретінде соңғы 2-3 жылдағы инфляция қарқынының ақырындап өсіп келе жатқандығын айтсақ болады. Егер экономика осы қарқында дами беретін болса, экономиканы реттеу қаржы саласының ғана қолында болып, оның басты негізі өндіріс саласын тиімді дамытпасақ алдағы жылдары инфляциялық толқулардың орын алуы мүмкін.
Осыған байланысты еліміздегі ақша-несие саясатының 2009-2006 жылдарға арналған негізгі міндеті Ұлттық банктің тікелей араласуын, яғни Ұлттық банкті тәуелсіз орган ретінде қаржы рыногындағы монополияға айналдыру арқылы қатаң ақша-несие саясатын жүргізуді қолға алып отыр. Инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін сақтау үшін ақша-несие саясатын жүзеге асырып, ал еліміздің Үкіметі ұлттық экономиканы шикізаттық экономикадан алып шығатын 2009-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда.
2.4 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi
- Алынған ойларды жүйелеу:
- Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
- Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн анықтау;
- Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
- Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
- Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
- Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
- Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
- Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және маркетингтiк бағдарлама құру:
- Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
- Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және тұтынушылық қасиетiне баға беру;
- Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
- Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын өтеу мерзiмiн белгiлеу;
- Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу. Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар, кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
- Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
- Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
- Жаңа өнiмдi дайындау:
- Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
- Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
- Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын жасау;
- Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
- Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
- Сатылудың оптималды шараларын талдау;
- Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
- Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
- Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
- Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;
- Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
- Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
- Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. / 5 /
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста болып отырады. (Сурет2 )
2-сурет. Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы
* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан
1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
2008 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол — жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары — ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай . /2/
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2006 ж. –20796. /3/
Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады.Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған. /14/
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу.Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды.Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2006-2008 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2008 ж шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет» туралы Заң күшіне енді.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай. /14 /
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;
- Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау
- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 2-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 3) / (4), 56 б. /
3-сурет. Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету
* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан
2-шi сурет бойынша инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды. /13/
Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады
Мемлекет
Құқықтық- нормативтік жағынан Бюджеттен немесе басқа
қамтамасыз етеді көздерден қаржыландырады
Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:
- Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
- Қаржылық кепіл беру мен. қаржылық көмек көрсету;
Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешнін қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47% -н, ал жергілікті коммерциялық банктер100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады. /13/
Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшелiктерiне тоқталайық.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1990 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.
Ал 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен экономикалық дағдарыс керi бұрылып экономикалық жандану кезенiне өттiк. Осы жылдардағы ЖIӨ көлемiне назар аударсақ тек қана 2009 жылы 1990 жылғы деңгейге жеткен екенбiз. Оны келесi экономикалық дағдарыс пен экономикалық жанданудың параболалық диаграммаасынан көрсек болады. ( Сурет 4 ) / (7), 38 б. /
4-сурет. 1996 – 2009 жылдардағы Қазақстандағы экномикалық дағдарыс пен қайта жанданудың параболалық диаграммасы
Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр.
Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.
Елiмiзде стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ), ( Сурет 5 ). / (8), 95-100 б. /
5-сурет. Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%)
* Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2009-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2009 ж.
Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
- Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
- Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
- Инновациялық инфрақұрылымды құру.
- Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
- Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
- Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
- Отандық инновацияларды шетелге шығару. /10/
Сурет-6 — Ұлттық инновациялық жүйе
* Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан
Елiмiзде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институтары бар. Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi. / ( 4), 205 бет /
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Елiмiздiң ұлттық инновациялық жүйесiн 3-шi суреттен көруге болады: (Сурет 6 ) / (4), 84 б. /
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң шикiзатымыз болып отыр. (Сурет 7) /12/
|
7-сурет. 2006 жылы өнеркәсiп саласында негiзгi капиталға тартылған инвестицияның үлесi
* Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.
Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.
Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы инвестициялардың негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және кәсiпкерлiк қолдау арқылы ынталандыруымыз керек. Ол үшiн ондай салаға салынатын инвестицияларға белгiлi дәрежеде қолайлылықтар туғызуымыз қажет. Мысалы, оларға салық жеңiлдiктерi, пайыз мөлшерлемесiнiң жоғары болуы және қолайлы инновациялық орта жағдайын айтып өтсем болады.
Алатау АТП-не тоқталатын болсақ, ол еліміздегі инвестициялық жобалардың ең маңыздысы болып табылады. Оған ақпараттық технология және коммуниация саласындағы әлемдегі озық компаниялар тартылып, Microsoft, Hewlett Packard, Siemens т.б әлемдік лидерлермен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Ерекше экономикалық зона ретінде АТП-ның мынандай басты артықшылықтары бар:корпорация салығы екі есеге төмендетіліп, жер және мүліктік салықтан мүлде босатылады.
Елiмiзде үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан инновацияны қолдау саясаты мен нақты іс-шараларға тоқталатын болсақ:
1 -ден, бұл үрдістердің жүруін тездететін құқықтық қамтамасыз ету және экономикалық шараларды жүзеге асыруда бірқатар заң жобалары қабылданды. “Инвестициялық қор” туралы, “Техикалық реттеу”,”Қазақстанның инвестициялық қоры”, ”Сауда қызметі”, ”Сауда өндірістік палаталар”, ”Арнайы экономикалық зоналар” туралы Заңдар қабылданып, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар пакеті қабылдануға дайын.
2- ден, индустриалды стратегияның дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі-регионады және халықаралық масштабта елдің бәсекелестікке жарамды салаларын анықтау. Елбасының тапсырмасымен Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы және дүние жүзіне танымал “Джей Ай Остин” компаниясымен осы бағытта зерттеулер басталды. Оның қорытынды нәтижесі жылдың аяғында белгілі болады. /14/
Шетел инвесторлары және даму институтарының қатысуымен жоғары технологиялық өндірістерді құру жұмыстары да жүргізілуде. Үкімет трансұлттық компаниялар, ірі шетел және Қазақстан компаниялары арасында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға күш салып келеді. Дүние жүзіндегі ірі компаниялар “Майкрософт”, “Хьюлетт Паккард”, “Сименс”, “Циско” ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылып және машина жасау, металлургия саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Дәл осылай “Қазақстан-Камаз” автомобиль концорциумы құрылды. Оның мақсаты автомобиль және трактор жасауды дамыту.
Қостанайда “Агромашхолдинг” ААҚ комбайн және мотор жасаумен айналысады.”Сингапур Технолоджис”және “Қазақстан Инжиниринг” біріккен кәсіпорны құрылды. Онда биыл барлық қаржыландыру көздерінен 250 индустриалды- инновафиялық жобалар іске асады.
Мемлекеттік Даму Институттары да нақты істі орындауға көшіп келеді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі 562,6 млн $-ға бағаланған 22 инвестициялық жобаларды қаржыландырды. Осы жылы Қазақстан Даму Банкі қаржыландыратын тағы 10 өнеркәсіп іске қосылады деп күтілуде, оның ішінде Астанада шыны пластикалық труба жасайтын және Шымкентте мақта-мата өндіретін өнеркәсіп орындары.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы да белсенді әрекет етуде.Биыл 20,5 млн $-ға бағаланған 23 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады.
Қазақстанның инвестициялық қоры осы жылдың 1-шілдесіне дейін 100 млн теңге тұратын 2 жобаны қаржыландырдыру көзделiп отыр.
Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландыруды бастады. Осы орайда Үкімет “ҚР космос саласының 2005-2007 жылдарға дамуы” деген мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде,оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2009-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеге қабiлеттi экономика” және “Бәсекеге қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. /8/
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. / (7), 23 б. /
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда: / (7), 17 б.
- экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
- ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;
Сурет-8 — 2006 жыл бойынша әлемдегi бiрнеше елдiң электр энергиясының шығындары
* құрастырған автор
Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, 2007 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22 – 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды. /8/
Ендi өндiрiске жұмсалатын электр энергиясының шығындарын ( ЖIӨ-нiң 1 долларына шаққанда кВт/сағ) әлемдегi бiрнеше елдер бойынша және оларды Қазақстанмен салыстырып көрсек. Оны келесi 7-шi суреттен көре аламыз.
Осы мәселелердi шешу қызметi барысында стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады:
Стратегияның мiндеттерi:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2006 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдiк стандартына көшу;
- дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту./8 /
Осы стратегияны iске асыру мерзiмi 2009-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:
1-шi кезең – 2009-2005 жылдар
2-шi кезең – 2005-2010 жылдар
3-шi кезең – 2010-2015 жылдар
Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2006 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2006 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беру.
2.5 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті реттеу
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс — әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс — әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
- Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
- Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
- Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
- Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
- Мемлекеттік зейнетақы қорына;
- Аймақтық бюджетке;
- Республикалық бюджетке;
- Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.
- Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
- «Замазкалау» принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, «дезинвестирование» деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында «байланып қалу» бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
- Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
- Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл — жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.
Уақытша жоғалту деген — табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны «алтынмен» тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
- Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы — генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.
6.Q — принципі
«Q» — принципі — бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш — қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]
Қорытынды
Қорыта келгенде, экономикалық модельдерді зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегөніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, бага қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шымшытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпьодан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы емірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердін, процестердің кейбір жеке алынган ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатьшаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болган зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенін және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Федосеев В. В. и др. Экономико-математические методы и прикладные модели. – М., 2005.
- Оспанов С.С. Экономикадағы сызықтық оптимизациялық модельдер. – Алматы: Қазақ университеті, 2005.
- Кантарович Л.В., Горстко А.Б. Оптимальные решения в экономике. – М., 1972.
- Гасс С.Н. Линейное программирование. – М., 1961.
- Государственное регулирование рыночной экономики: Учеб. пособие/Столяров И.И. – М.: Дело, 2007. – 280 с.
- Экономика: Учебник/Под ред. доц. А.С.Булатова. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство БЕК, 2005 – 816 с.
- Экономическая теория: Учебное пособие для вузов/Шишкин А.Ф. 2-е изд.: В 2 кн. Кн. 1. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1996, — 656 с.: илл.
- Экономическая теория: Учебник/Под общ. ред. акад. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 714 с.
- Экономическая теория: Учебник/Под ред. И.П. Николаевой – М.: «Проспект», — 2006. – 448 с.
- Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник для вузов/Под общ. ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А.; редкол.: Владимирова А.А. и др. – М.: ОАО «НПО «Экономика»», 2006. – 735 с.
- Экономическая теория/ Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: Учебник для вузов. – СПб: Изд. ССПбГУЭФ, Изд. «Питер Паблишинг», 1997. – 480 с.: ил.
- Курс экономической теории: учебник/Под ред.проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е.А. – 5-е дополненное и переработанное издание – Киров: «АСА», 2008 г. – 832 с.
- Курс экономической теории: Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики: Учебное пособие/Под ред. д.э.н., проф. А.В. Сидоровича; ММГУ им. М.В. Ломоносова. – 2 изд., перераб. и доп. – М.: Изд. «Дело и Сервис», 2007.
- Экономика: Учебник. 3-е изд., перераб. и доп./Под ред. д-ра экон. наук и проф. А.С. Булатова. – М.: Юристъ, 2007. – 896 с.
- Экономическая теория: Учебник для вузов/Ховард К., Эриашвили Н.Д., Никитин А.М. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – 398 с.
- Экономическая теория: Учебник/Н.И. Базылев, М.Н. Базылева, С.П. Гурко и др.; Под ред. Н.И. Базылева, С.П. Гурко. 3-е изд., перераб. и доп. – Мн.: БГЭУ, 2007. – 725 с.
- Экономическая теория: Учебник./под ред. А.Г. Грязновой, Т.В. Чечелевой. – М.: Издательство «Экзамен», 2009. – 592 с.
- Экономическая энциклопедия. Политическая экономия (в четырех томах). Гл. ред. А.М. Румянцев – М.: «Советская энциклопедия», – т.4. 1980. – 672 с.
- Экономическая энциклопедия. Политическая экономия (в четырех томах). Гл. ред. А.М. Румянцев. – М.: «Советская энциклопедия», 1975. – т.2. – 560 с.
- Статья из периодической печати: Илларионов А. Экономическая политика в условиях открытой экономики со значительным сырьевым сектором// Вопросы Экономики. 2007г. №4. С.4-31.