АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Еңбек ақы есебі мен талдауы («Фирма Сталь С.» ЖШС мысалында)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………

 

  1. Еңбек ақы – бухгалтерлік есептің маңызды бөлігі…………………………………………………………………

1.1   Еңбек ақының   мәні  мен  ерекшеліктері………………………………….

1.2. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы……….

1.3.Кәсіпорынның есеп саясаты……………………………………..

 

  1. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі…………………………….

2.1.  Еңбек ақы есептеудің  түрлері мен жүйелері……………………………………..      

2.2  Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі…………………….   

2.3  Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі…………………………………………………………………….    

2.4  Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар  мен аударымдар  есебі…………………………………………………….

 

  1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдауы……………………………………………………………………………….

3.1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің

мақсаттары мен ақпараттық көздері………………………………………………………….

3.2  Еңбек ақының дұрыс есептелуі және олардан ұсталатын ұсталымдар мен аударымдардың аудиті……………………………………..

3.3 Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау……………………………………………………………………………………….

 

Қорытынды………………………………………………………………………..

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….

  

КІРІСПЕ

 

Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі  бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.

 Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2005 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы  күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар еңбек ақы және еңбек ақы қатынастарын реттеудің бұрын қолданылып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сондықтан да бұл саланы түбегейлі реформалау яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылды.

Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2000 жылға дейін 1972 жылы қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» жаңа заңы күшіне енді. Бұл заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық куәлігін іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.

Диплом жұмысының тақырыбы «Еңбек ақы есебі мен талдауы» және зерттеу объектісі ретінде «Фирма СТАЛЬ С.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынды.

Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.

Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбек ақы болып саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде еңбек ақы есептелінеді.

Менің дипломдық жұмысқа « Еңбек ақы есебі мен талдауы » тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбек ақы мәселесі әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар жеке адамдардың да күрделі мәселелердің бірі.

 Жалпы еңбек ақы мөлшері жұмыскерлердің тек физиологиялық қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге оның кәсіптік білім алуына жан-ұясын асырауына адамның басқа да көптеген әлеуметтік мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет. Ал еңбек ақының ең төменгі деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін қамтамасыз етуі, яғни жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей  болуы керек.

Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Фирма СТАЛЬ С.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (келесіде-ЖШС) материалдары негізінде ондағы жұмыскерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.

Еңбек қатынастары келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйеніп: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасы  еңбек туралы” Заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымдар  «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР  1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 Заңына  және “Акционерлік қоғамдар мен еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен ұйымдастыру шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы (өзгерістер мен толықтырулармен) негізіне сәйкес және ұйым өз жарғысын басшылыққа алады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына сәйкес Кәсіпорынның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Еңбекақы төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің санына және сапасына сәйкес дұрыс ұйымдастыру үшін қолданылатын еңбек сипаттарын дұрыс анықтай білген жөн. Өндіріс процессінде атқаруға тиісті жұмыстардың өзі күрделілігі жағынан әр қилы. Сондықтан оларды атқаруға тиісті еңбектерді жай жұмыс және күрделі жұмыс деп бөлінеді. Сондықтан еңбекақы төлеудің жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының ерекшеліктерін толық ескеру негізінде қолданған жөн.

Берілген жұмыстың объектісі болып ұйымдарда   қызмет жасайтын қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақысы, ал субъектісі ретінде жұмыс күшін жалдайтын шаруашылық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан да қазіргі таңда бұл тақырыптың актуальдылығы артып отыр.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен  қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады. 

 

 

 

  1. Еңбек ақы – бухгалтерлік есептің маңызды бөлігі

 

1.1   Еңбек ақының   мәні  мен  ерекшеліктері

 

Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесі нақтылы экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және оны ұтымды пайдалануда экономикалық әдістің тиімді екендігін дәлелдеп отыр. Халық шаруашылығының барлық салаларын алып қарастырсақ та еңбекақы негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Кез келген еңбектің тиімділігі белгілі бір операцияны орындау мерзіміне, жұмыс сапасына тағы басқа факторларға байланысты ауытқып отырады. Қоғам мүшелері арасында материалдық игіліктерді бөлу, оның еңбекке қарай бөлудің объективтік экономикалық заңы негізінде жүргізіледі.

Қызметкерлердің еңбекақысы алынған нақты өніммен тығыз байланысты болуын қамтамасыз ететін еңбек ақы төлеу жүйесі бұл заңға неғұрлым сай келеді. Еңбек адам мен табиғат арасында мақсаткерлікпен жасалатын тоқтаусыз процесс. Сонымен қатар әрбір тіршілік иесінің табиғат берген күш жігері, табиғатты өзгерту арқылы қоғамның және жеке тұлғалардың қажетін өтеуге жұмсалатын процесс. Әрбір тарихи кезеңнің еңбек процесінің қоғамдық дамуы мен өз әдіс-тәсілдері қалыптасуына материалдық негіз қаланған.

Жалпы еңбек ақының мәні мен ерекшеліктерін ашып көрсететін болсақ бұған байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: біріншіден, еңбек ақы еңбектің бағасы яғни еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді, оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады; екіншіден, еңбек ақы жұмыс күші  яғни тауардың құнының ақшалай көрінісі бірақ  еңбектің бағасы емес өйткені еңбек тауар бола алмайды,  еңбек ақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспенде анықталады. Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларында негізделген. Осы терияға байланысты еңбек ақының ерекшеліктерін былай көрсетеміз: еңбек табиғи бағасы бар немесе “табиғи жалақы” деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. Яғни еңбек ақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осыған байланысты А. Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық ерекшелігі болатынын түсіндіреді. Қазіргі батыстық экономика ғылымында еңбек ақыны еңбектің бағасы деген көзқарас кең орын алуда. Өйткені экономикалық теорияда еңбек ақының анықтамасы мен мәніне әртүрлі тұжырымдамалар беріледі. Еңбек ақы дегеніміз – бұл нарықтық бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбектің бағасы.

Жалпы еңбек және оған еңбекақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбекақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры. Мысалға, Интерфакс, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің деректеріне қарасақ ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы мөлшері төмендегідей: (2005-2006ж.ж.).  1-ші сүретте ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсетілген.

 Сүрет 1. ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы. (АҚШ долларымен)

                       ТМД елдерінің салыстырмалы диаграммасы

Қазақстандағы орташа айлық жалақы графиктегі 9 елдің ең жоғарғысы. Әрине, бұл цифрлар еліміздің күн көріс жағдайы біршама жоғары екендігін көрсетеді. Мұнда ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсеткіштері АҚШ долларына шағып алынған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландыратын мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2006 жылы шілдеде 30% өсіруді қабылдады. Тұтыну бағасының өсу темпі еңбекақы темпінің өсуіне байланысты өсіп отыр. Нәтижесінде нақты еңбекақының базалық индексі, сатып алу қабілеттілігі нақты оның деңгейімен сипатталатын деңгейден төмен. Мысалға егер 2006 жылы Республикада өнеркәсіптегі жұмысшылардың нақты орташа жалақысы 120% өссе, онда осы мерзімдегі нақты еңбекақы индексі 102,2%-ке ғана көтерілді. Өнеркәсіптің машина жасау, электроэнергетика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл, орман немесе тамақтандыру өнеркәсіп салаларында ол  бірліктен төмен болып отыр. Осы кезеңде тауарларға және қызмет көрсетілуде тұтыну бағасының индексі 117,4%-ке дейін өскен. Мысалы тұтынушылар үшін ақылы қызмет көрсету өрісінде баға және тарифтер 38,8%-ке ғана өсіп отыр, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі жасқа күтіп қарау мекемелерінің төлемі 42%, байланыс қызметтері 46%, көліктік тұтынушыларды, денсаулық сақтауда және мәдениетте 18%. Нәтижесінде үй коммуналдық реформа жүргізуде электр энергиясын қолдану төлемі 60,5%, суық су 48,9%, ыстық су 42,1%, көгілдір отын 28,4%-ті қамтиды және т.б. Ендігі үш бөлігі пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны 26,5%-ке жетіп отыр. Бұның бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір адамның айлық ақшалай табысы, еңбек табысының құрамында 70%  яғни 2848 теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен есептеп алынған – 3505 теңгені құрайды (46,4$). Еңбекақының ең төменгі нақты мөлшері 2005 жылға 7000 теңге, зейнетақы – 6200 тенгені құрап,  өндірістегі жұмысшылардың орташа айлық нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың бір адамға шаққандағы күнкөрістің төменгі мөлшерінен 39,9% төмен. (Баспасөз материалдарынан алынды). Кез-келген мемлекеттің ішінде әрқилы мамандықтағы қызметкерлердің жалақысы әртүрлі болып, экономика жағдайына байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Өйткені еңбек ақының динамикасы күрделі, ол тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен өзгерісте болады. Еңбек ақы табыстың көзі әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі болып табылады.

Еңбек ақы өндіріс жағдайымен нарықтық конъюнктураға тәуелді. Еңбек ақы дәрежесіндегі ерекшеліктер алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы дамыған елдердегі жоғары еңбек ақы өндіріс пен еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты. Еңбек ақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жатады.

 

1.2. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы

 

Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.

 Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою  аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада  экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Жалпы Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштерді пайдаланамыз. «Фирма СТАЛЬ С.»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) 2006-2004 жылдардағы негізгі көрсеткіштері төмендегі  № 1 кестеде көрсетілген.

1-ші кесте 

«Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-ның

қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

2004-2006ж.ж.

(мың.тг.)

                                                                                                                   №

 

Көрсеткіштер

Өл-шем бірлігі

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауыт-қулар

Өсу темпы

А

Б

В

1

2

3

4

1.

Сатудан түскен табыс

мың.тг

43382000

45405901

2023901

104,6

2.

Өнімнің өзіндік құны

мың.тг

 

41658945

 

43587448

 

1928503

 

104,6

3.

Жалпы табыс

мың.тг

 

1723055

 

1818453

 

95398

 

105,5

4.

Кезең шығындары

мың.тг

2875452

3049160

173708

106

5.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

 

 

2277119

 

2527787

 

250668

 

111

6.

Салық салынғанға дейінгі табыс

мың.тг

 

1124722

 

1297080

 

172358

 

115,3

7.

Табыс салығы

 

мың.тг

337416,6

317245

-201716

94,1

1-ші кестенің жалғасы

А

Б

В

1

2

3

4

8.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың.тг

 

885806

 

824190,5

 

-61615,5

 

 

93,1

9.

Қор қайтарымдылығы

мың.тг

48,9

55

6,1

112,4

10.

Қор сиымдылығы

мың.тг

0,02

0,01

0,01

50

11.

Активтердің айналымдылығы

рет

10,4

11,5

1,1

110,5

12.

Сату рентабельділігі

%

3,9

4

0,1

102,5

13.

Активтер рентабельділігі

%

15

14,9

-0,1

99,4

14.

Таза табыс

мың.тг

787305,4

979835

192529,6

124,4

 

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасай отырып келесі мәліметтерді байқауымызға болады. «Фирма СТАЛЬ С.»  ЖШС-ің есепті жылы сатудан түскен кірісі 45405901мың. тг. болып, өткен жылмен салыстырғанда 2023901 мың. тг. яғни 4,6 % өскен. Ал, өнімнің өзіндік құны өткен жылы 41658945 мың.тг. құрап, есепті жылы 43587448 мың тг. болған. Ауытқу сомасы  1928503 мың. тг. құраған. Бұл есепті жылы өткен жылға қарағанда сатудан түскен кірістің ұлғаюы нәтижесінде болып отыр. Осыған байланысты кезең шығындары да 173708 мың. тг. жоғарылаған.

Кәсіпорынның салық салынғанға дейінгі табысы есепті жылы  1297080 мың.тг. болса, табыс салығы 317245 мың. тг. құрап, осы жылы табыс салық сомасы өткен жылмен салыстырғанда – 317245 мың.тг. Бұл табыс сомасы өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанмен салық салынатын табыс (шегерімдер алынған) аз болып отырғандығын көрсетеді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық сомасы есепті жылы 824190,5 мың. тг. Ол өткен жылмен салыстырғанда — 61615,5 мың.тг. азайған. Тиісінше қор қайтарымдылығы 6,1 мың.тг. өсіп, қор сиымдылығы 0,01 айырмашылықты көрсетеді. Активтер мен сату рентабельділігіне қарап, Кәсіпорынның сату деңгейі мен активтерді пайдалану мөлшерінің пайдалылығының қаншалықты дәрежеде екендігін байқаймыз. Яғни активтер рентабельділігі өткен жылмен салыстырғанда –0,1 болып, сату рентабельділігі 0,1 құрайды. Бұған қарап Кәсіпорынның сату бөлімінің немесе менеджерлердің сатуды дұрыс жоспарламағандығын көреміз. Сонымен Кәсіпорынның таза табысы есепті жылы 979835 мың.тг. болған. Өткен жылға қарағанда 192529,6 мың.тг. өскен. Бұл жақсы көрсеткіш, өйткені осыған қарай өнімнің өзіндік құны өскенімен ол жалпы табысты көп өзгертпей, нәтижесінде таза табыстың артқандығын көрсетеді.

 

 

1.3.Кәсіпорынның есеп саясаты

 

«Фирма СТАЛЬ С.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) есеп саясаты Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған. «Фирма СТАЛЬ С.»  2001 жылы 27-шілдеде Қазақстан Республикасының (ҚР) әділет министрлігінде тіркелген. ЖШС-ң “Тіркеу куәлігі” № 415571910-ЖШС. Ұйының мекен-жайы – 480091, ҚР Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы 458/460. Тиісті заңдылықтардың өзгеруіне байланысты «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-і  өзінің есеп саясатының ережелеріне шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді.  Есеп саясатының жалпы ережелерінде ЖШС-ң бухгалтерлік есебін жүргізудегі және қаржылық есеп беруді құруда Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес талаптарға сүйеніп, Типтік жоспар шоттарын қолданып, сондай-ақ олардың  қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған. Сондай-ақ Серіктестік ҚР-ң 1999 жылдың 1-шілдедегі “Азаматтық Кодексіне” (өзгерістер мен толықтырулармен), ҚР-ң 1998жылғы 22-сәуірдегі “Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы” (өзгерістер мен толықтырулармен), Серіктестіктің Жарғысы (20.07.2001ж. №1 хаттама) және де басқа да нормативтік актілер мен нұсқауларға сүйеніп қаржы-шаруашылық қызметтерін атқарады.

         Есеп саясатының келесі бөлімі Кәсіпорынның заңды статусы мен ұйымдастырылу құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік  заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызметтеріне төмендегілер жатады: геодезиялық приборлармен қызмет көсету және көтерме сауда. Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай:

-қабылданған есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау;

-қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді инвентаризациялау нәтижелерін сондай-ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын;

-есепті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғандығын;

-аналитикалық және синтетикалық есеп нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Серіктестік бухгалтерлік есебін активтер, меншікті капитал, міндеттемелер т.б. шаруашылық операцияларын екі жақты жазу әдісімен, Типтік жоспар шоттарына сәйкес және де Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына, Бухгалтерлік есеп стандарттарына, есеп саясатына және басқа да Серіктестіктің бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға байланысты бұйрықтары мен ережелеріне, нұсқауларына  сәйкес іске асырады.  Барлық бухгалтерлік жазбалар Серіктестіктің бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып, Серіктестіктің қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады. Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:

  1. Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады;
  2. Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен

корреспонденцияланып, журнал-ордерлер, ведомостерге немесе машинограммаларға жазылады;

  1. Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады. /16/

Серіктестікте шаруашылық операцияларының құжатталу тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға немесе архивке түсу уақыты, өңделуі ішкі есеп аппаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі.  Серіктестікте бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:

-аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлары мен қаржылық есеп беру  үшін дербес компьютерлер беріліп – есеп жартылай автоматтандырылған немесе журнал-ордерлік нысанда жүргізіледі яғни екі нысанда да жүргізіліп отыруға болады ; 

-барлық жасалынған құжаттардағы мәліметтер Серіктестіктің  қызметінің коммерциялық құпиясына жатады;

-құжаттардағы мәліметтермен танысуға Серіктестіктің басшысының рұқсатын алу керек;

-серіктестікте келесідей ішкі ұйымдық құжаттар жасалынады: ережелері, қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс- жүргізу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т.б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар;

-қаржылық есеп нәтижелеріне аудиторлық тексеру жүргізіп отыру;

Серіктестікте Типтік жоспар шоттарының негізінде жұмыс шоттары қарастырылған. Онда барлығы да  Типтік жоспар шоттарын қамтиды.

Есеп саясаты 13-бөлімнен тұрады, олар 1-4 бөлімдер жоғарыда айтылып өтті. 5-бөлім. Түгендеу.

2- тарау. Әдістемелік бөлім. 1-бөлім. Негізгі құралдар есебі. 2-бөлім. Материалдық емес активтер есебі. 3-бөлім. Ақша қаражаттар есебі. 4. Еңбек және еңбек ақы есебі. 5-бөлім. Тауарлы-материалдық қорлар есебі. 6-бөлім. Дебиторлармен есеп айырысу есебі. 7-бөлім. Міндеттемелер есебі. 8-бөлім. Кезең шығындары. 9-бөлім. Сату және табыстар есебі. 10-бөлім. Корпоративтік табыс салығы есебі. 11-бөлім. Меншікті капитал. 12-бөлім. Қаржылық есеп беру.

(Есеп саясаты қосымшада тіркелген)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қызметкерлермен еңбек ақы  бойынша  есеп айырысудың  есебі

2.1.  Еңбек ақы есептеудің  түрлері мен жүйелері      

 

Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысаны еңбек ақы  арқылы жүзеге асады. Еңбек ақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады. (№2 кестеде қарастырылады).

Кесімді еңбек ақы  — жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты, оған белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.

Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек ақысын бір жүйеде бригада,  учаске жұмысшысының нәтижелері бойынша анықтайды.

Еңбек ақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбек ақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада (учаске, цех) болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбек ақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбек ақысын есептеп шығарады.

Есептеп шығарған еңбек ақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбек ақыны коэффициенттік анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның кесімді еңбек ақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек ақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбек ақысын еңбек төлемін қосымша еңбек ақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбек ақы жүйесі – мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады.

Еңбек ақының кесімді-сыйлықтық жүйесі өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны үшін және де өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үщін) сыйлық төлейді

Үдемелі кесімді еңбек ақы жүйесі бойнша Еңбек ақының бұл жүйесінде кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін проогрессивті ұдемелі бағалар бойынша есептейді.

Еңбек ақының аккордтық жүйесі бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды, онда нормаланған тапсырма (уақыт, өндірім нормалары) және баға алдын-ала анықталған. Еңбек ақының бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригаданы, бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімін қысқартуда олардың материалдық ынталылығын күшейту мақсатымен қолданылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт өндірім нормалары) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда осындай жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалармен бағаларды шығарып белгілейді.

 Еңбек ақының бұл жүйесі бойынша тапсырма мерзімдерінің қысқартылғаны үшін сыйлық беру тәртібін енгізуге болады.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбек ақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбек ақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік сыйлықтық жүйесі алмастыратын болады.

Қарапайым мерзімді еңбек ақы. Еңбек төлемін сағаттық, күндік, айлық, тарифтік төлем мөлшері немес айлық еңбек ақы бойынша есептейді. Оның көлемін жұмыс істеген уақыт санына белгіленген тарифтік төлем мөлшеріне көбейту арқылы анықтайды. Бұл жүйені негізінен басшы қызметкерлердің, мамандардың, кіші қызмет көрсететін адамдардың еңбек төлемі үшін қолданылады.

Еңбек ақының мерзімдік- сыйлықтық жүйесібұл жүйеде еңбек төлемін еңбек ақының қарапайым мерзімдік жүйесіндегідей жасайды, бірақ жұмыс істеп жүргендер сыйлықты белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін алады. Яғни құрылымы бойынша төмендегі 2-ші кестеде келтіруімізге болады.

 2-ші кесте

Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелерінің үлгісі

Еңбек ақының түрлері

1. Кесімді еңбек ақы

2. Мерзімді еңбек ақы

Еңбек ақының жүйелері

Үдемелі кесімді

Жай кесімді

Кесімді сыйлықты жүйесі

Жай мерзімді

Сыйлықтық мерзімді

Жанама кесімді

Аккордтық жүйесі

               

 

 

Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру еңбек ақы қорынан мынадай және тұтыну қорынан мынадай көрсеткіштер (ережелер) бойынша жүзеге асырылады: өндірістік тапсырмалар және жеке тапсырмалардың, техникалық тұрғыдан негізделген өндірім нормаларының, нормаланған тапсырмалардың орындалуы және асыра орындалуы, еңбек өнімділігінің, өндірімнің өсуі, бұйымдардың нормаланатын көп жұмыстылығының төмендеуі өндірім (уақыттың және қызмет көрсетудің) жаңа нормаларының игерілуі өндіріс бригадасының учаскесінің, цехының шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерінің жақсартылуы және т.б. Сыйлықтардың мөлшері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгілейді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленілетін қаражат мөлшеріне бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.

Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне өнімнің өзіндік құнын төмендеуіне және халықтық өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.

«Фирма СТАЛЬ С.»  ЖШС-де еңбек ақының мерзімді жүйесі қолданылады, себебі оларға бұл жүйеде еңбек ақы есептеуде ыңғайлы болып табылады.

Жалпы жұмысшы қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі төлем – қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін істелген жұмыстардың немесе берілген баға немесе айлық еңбек ақы бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақысы жатады.

Қосымша төлем Еңбек туралы заңға сәйкес қызметкерлерге кәсіпорында жұмыс істелген уақыты үшін есептелетін еңбек ақысы. Оған кезекті демалыстар төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді және т.б. орындалғаны үшін берілетін төлемдер, түнгі немесе мерзімінен тыс уақыттарда істегені үшін төленетін төлемдер, және т.б жатқызылады. Экономиканың барлық салаларындағы және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдар еңбек төлемінің негізінен — тарифтік төлем мөлшері алынады. Олар қызметкерлердің мамандық топтары бойынша сараланған. Экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің бірыңғай тарифтік кестені құруға, тарифтік төлем мөлшерін және қызмет орындарының айлық еңбек ақыларын есептеуге тұтастай республика бойынша заң жүзінде белгіленген жалақының ең аз мөлшері негіз болып табылады. Ол қазіргі кезде 7000 теңгені құрайды. Еңбек ақы төлемі ақшалай немесе заттай есептеліп төленуге мүмкін.

Тариф мөлшерлемесін және бюджет сфераларындағы қызметкерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді. 3 кестеде тариф сеткасы берілген.

 

 

 

 

 

 

3 кесте

Тариф сеткасы

Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент (1 разрядқа қатынасы)

Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент

(1 разрядқа қатынасы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1,0

1,07

1,15

1,24

1,33

1,43

1,54

1,66

1,78

1,91

2,05

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

 

2,20

2,37

2,55

2,74

2,95

3,17

3,41

3,67

3,94

4,24

 

Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал маман-қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік – мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.

Ақшалай еңбек ақы еңбек ақысының қолданыстағы жүйесіне сәйкес есептелген сомалар.

Заттай еңбек ақы төлем ретінде заттай берілген өнімнің құны, тегін немесе төмендетілген бағамен тамақтандыру, қызметкерлерге берілетін немесе қоғамдық жолаушылар тасымалы үшін қосалқы шаруашылықтардан бөлінетін өнімнің жұмыстың және көрсетілген қызметтің баға айырмашылығының орнын толтыру және т.б.

Еңбек ақының құрамына қызметкерлердің дивиденттер мен проценттер түріндегі табыстары енгізілмейді. ҚР-сының 2000 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырулармен) азаматтардың ҚР-дағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын іске асыру процесіндегі туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Сондай-ақ ҚР-сының «Еңбек туралы»  заңдары конституцияға негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер конституцияда, заңда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше  көзделмесе осы Заңның күші ҚР-сының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Және де әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Егер де шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар өздерінің еңбек қатынастарын ҚР-сының аумағында жүзеге асырса және заңда, конституцияда, ҚР бекіткен халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе еңбек қатынасына қатысушыларға мемлекеттің араласуын шектеп көптеген бостандықтар беріледі.

Ондағы тағы бір басты орын алатын мәселе бұл жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында туындайтын еңбек қатынастарын еңбек шартпен реттелетіндігі. Яғни, еңбек қатынастары жеке еңбек шартын жасау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де  қызметкерді жұмысқа алар алдында ең алдымен еңбек шартымен таныстырған соң олар өз қолдарын қою тиіс. Жеке еңбек шарты бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір біліктілік және лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Ал «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де  жұмыс беруші қызметкерлерге жалақысын және заңдар мен тараптармен келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерін уақытында және толық көлемде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сонымен қатар жеке шартты міндетті түрде жазбаша 2 данада болуы тиіс. Бұл жеке шарттың 1-ші данасы бухгалтерияда, ал 2-ші данасын қызметкердің өзіне беріледі. Ауызша жасалған шарттар жарамсыз деп табылады. Ал шарт мерзіміне келетін болсақ ол 3 түрге бөлінеді:

а) Белгісіз мерзімге яғни мерзімі көрсетілмейді

ә) Белгілі бір мерзімге яғни мерзімі көрсетіледі.

б) Белгілі бір жұмысты орындау уақытында немес жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытында жасалады.

Еңбекке қатысатын жас мөлшері, яғни жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ал  жұмысқа қабылдаудың ең төменгі шегі ата-анасының біреуінің  келісімімен 14 жастан басталады. Сондай-ақ табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылда емес айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызмкеткерлер болып танылады. Мұндай қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді. Сондай-ақ жұмыс беруші мен өзінің материалдарымен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды құрал-саймандармен тетіктерін пайдалана отырып жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өзге де санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге осы заңға және қызметкерлердің жекелеген санаттарының айқындайтын өзге де заң актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру үнемі өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен атап айтқанда тарифтік жүйемен еңбекті нормалаумен және еңбек ақы төлеудің түрлерімен анықталады. Тарифтік жүйе еңбекті сапасына қарай бағалауға, нормалау — жұмсалған еңбек төлемін есепке алуға және тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе жұмысшыларға еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгісі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар жұмысшылардың біліктілігіне еңбек ақы төлеу түрлері мен маңызына тәуелді түрде құрылады.

Тарифтік жүйеге мыналар кіреді:

  • Бір күнге немесе бір сағатқа төленетін еңбек ақыны анықтайтын тарифтік ставка;
  • Әртүрлі жұмыстармен біліктілігімен разрядтары арасында еңбек ақының қатынасын көрсететін тарифтік сетка;
  • Тарифтік сеткаға сәйкес жұмыс пен жұмысшының разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықталады.

Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты жұмысшының тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Басқа разрядтағы жұмысшылардың ставкасы бұл көлемнен, олардың еңбек біліктілігінің деңгейіне былайша айтқанда тағайындалған тарифтік разрядқа немесе белгіленген тарифтік разряд әрбір өндірістік операцияға әрбір жұмысқа тағайындалады. Сондықтан тарифтік ставканы орындау уақыт нормасын есепке ала отырып кесімді бағаларды есептеуге пайдаланады.

ҚР-сының “Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет туралы” Заңына сәйкес кәсіпорындар еңбек ақы төлеу түрлерімен жүйелерін тарифтік ставкалары мен окладтары жүйесін құрудың негізі болып ҚР Үкіметі белгілеген «Ең төменгі еңбек ақымен» есептеледі. Анығырақ айтқанда заң негізінде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының  ұзақтығы мен ең төменгі  еңбек ақыдан барып 1 разрядтың сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі мөлшері 7000 теңге және орташа айдағы жалақы уақыты 169,4 сағаттың тарифтік ставканың ең төменгі мөлшері (7000:169)* 21тг. тең келеді.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақының кесімді және мерзімді еңбек ақы деп аталатын еңбек ақының түрлері бойынша есептелетін жұмысшы қызметкерлерге қарастырған тарифтік еңбек ақы мөлшері 1 сағатқа  белгіленеді. Ол уақыт мөлшеріне немесе өндірілетін өнім көлеміне және орындалатын жұмыс көлеміне қарай бағасын анықтауға пайдаланады.

Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне немесе орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады.

 

2.2  Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі   

 

Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға еңбек ақының дұрыс ұйымдастырылуы біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де  қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрымдылық  бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.

Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей  қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмыста жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар, уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.

Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын, кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер, көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.

Кәсіпорындағы қызмет істеп жүргендерді тізімдік және тізімдік емес қызметкерлер деп бөледі. Тізімдік қызметкерлерге кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша 1 күннен артық мерзімге, ал қызметінің қалған түрлері бойынша кем дегенде 5 күн мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты маусымдық және уақытша қызметкерлерді енгізеді. Кәсіпорындағы атқарған функциялары бойынша  жұмыс істеп жүргендерді жұмысшылар және қызметкерлер деп 2 топқа бөледі.

Қызметкерлер тобы мынадай категорияларға бөлінеді: басшылар мамандар және осы топқа жататын басқа да қызметкерлер. Жұмысшыларды өндіріс процесінде қатысуына қарай өнім дайындаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен тікелей шұғылданатын негізгі жұмысшылар деп және негізгі цехтарда қосалқы жұмыстар атқаратын немесе қосалқы өндірісте жұмыс істейтін қосалқы жұмысшылар болып бөлінеді.

«Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де  әрбір қызметке алынған адамға табельдік номер беріліп жеке карточкасын ашады. Бұл жеке карточкада жұмыс істейтін қызметі, оклады, табельдік номері және жұмыстағы қозғалысы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл карточкада еңбек ақы бойынша есеп айырысулар да көрсетіледі. Кәсіпорындағы орташа қызметкерлердің орташа санын анықтау үшін олардың күнделікті сандық есебін жүргізеді. Ол үшін қызметкерлердің тізімдік санын жұмысшылардың жұмысқа алынғаны басқа жұмысқы ауысқандығы, жұмыстан шығарылғаны бұйрықтар негізінде дәлелденіп отырады.

Есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмысшы қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір календарлық күндегі жұмысшы қызметкерлердің тізімдегі санын қосып (1-31 күн аралығындағы)  мейрам немесе жұмыс істемейтін демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды календарлық күн санына бөлу арқылы алынады. Сондай-ақ басқа жұмыс істемейтін күндердегі қызметкерлердің тізімдік саны сол күннің алдындағы жұмыс күнінің мәліметіне сәйкес алынады.

«Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де   қызметкерлер мен жұмысшыларына еңбек ақы әркімнің білім немесе мамандық дәрежесіне қарай куәландыратын алғашқы құжаттардың бірнеше үлгісі бар. Олардың қай үлгісін қандай жағдайда қолдану керектігін қолданылатын еңбек ақы төлеудің үлгісіне қарай белгіленеді.

Мысалы, жұмыс уақыты бойынша төленетін еңбек ақыны 03 үлгідегі «Жұмыс уақытын есептеу» табелі бойынша есептейді. «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де   қызметкерлердің категориялар бойынша табельде алфавит бойынша реттік номерінің санына қарай жүргізіледі. Табельді есептеу  бухгалтериясының бухгалтері толтырады. Онда жұмыс істеушілердің аты-жөні табельдік номері мамандық қызметі көрсетіледі.

 Бұл табельдерде кәсіпорындағы әрбір құрылымның өкілдері бойынша қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғаны және т.б жағдайларға сәйкес тиісті шартты белгілерді қою арқылы толтырады. Жұмысшы қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғандығына берілген құжаттар осы табельге қосымша тіркеледі. Қызметкерлердің демалысқа шығуы, уақытша жұмысқа жарамай қалғандығы жұмысқа себепсіз кешігуі және т.б жағдайлар табельде тиісті белгілермен көрсетіледі. Мысалы: Демалыстағы қызметкерлер үшін – О, ауырған күндері – Б, іс-сапарда болған күндері – К, себепсіз жұмысқа келмеген күндері – П, т.с. сияқты (4-ші кесте)

4-ші кесте

Жұмыс уақытының пайдаланған күндерін толтыру тәртібі

Шартты белгілер

                   Белгілер

әріппен

     санмен

1

Жұмыс уақыты (күні)

я

01

2

Түнгі жұмыс уақыты

н

02

3

Кешкі жұмыс уақыты

вч

03

4

Мерзімінен тыс жұмыс уақыты

Кесімді ақы алушы

Мерзімді ақы алушы

с

05

5

Кесімді ақы алушының толық мерзімді жұмыс уақыты

Сп

06

6

Қызметтік іс-сапар

К

07

7

Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы

О

10

8

Уақытша еңбекке жарамсыздық

б

14

9

Және сол сияқты

Б

17

  Жалпы табельді кәсіпорында еңбек өнімділігін анықтап жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту үшін кәсіпорында кеңінен қолданады. «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-ың   қызметкерлеріне істеген уақытына тұрақты жалақы төленіледі. Мұндай жағдайда әр айдағы жұмыс уақытының санына қарамай  жұмыс күндері толық есептелінсе белгіленген тұрақты жалақы толық есептелінеді. Егер жұмыс күндері толық есептелінбесе, белгіленген тұрақты жалақы мөлшері сол айдағы жұмыс күндерінің жалпы санына бөліп күндік орта табысы анықталады да оны сол айдағы істеген жұмыс күндеріне көбейту арқылы есептейді. Істеген уақытша мерзім бойынша төленетін жағдайда әр қызметкердің істеген жұмыс күнінің (жұмыс сағатына) санына белгіленген күнді сағаттық тарифтік төлеу бағасына көбейту арқылы еңбек ақы мөлшері анықталады. Еңбек ақы төлеуді есептеуде бекітілген тарифтік ставкаларда  (жалақыны) өндіру нормаларын жұмыскерді әтүрлі категорияларына еңбек ақы төлеудің ережелерін басқа да басшылыққа немесе нұсқау материалдарды басшылыққа алынуы қажет.

Жалақы – еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.

Орташа жалақы дегеніміз қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-ның «Еңбек туралы» Заңы бойынша орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уақыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегеннен кейін демалыс алуға құқылы, демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялары бойынша ұжымдық шартқа және эаң күші бар ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлікті ескере отырып төлейді.

Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысандағы төлем), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:

— ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

— үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;

—  пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;

— қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

— басқада әлеуметтік төлемдер жасау үшін.

         Орташа жалақы – бұл белгілі –бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы депте атайды.

         Орташа жалақы белгілі-бір құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшін, әртүрлі жәрдемақылар есептеу үшін және уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін т.б. Барлық жағдайда есептік кезеңнен ҚР-ң заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды. (Заңмен белгіленген мереке күндері: 1-2 қаңтар, 8,22-наурыз, 1,9-мамыр, 30-тамыз, 25-қазан және 16-17 желтоқсан).

         Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс күні болып саналады. Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, немесе орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқада марапаттау төлем түрлерін ескереді. Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін. Демек орташа жалақына есептеудің екі жолы бар, ол біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.

 

Мысал. Еңбек ақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде жалақыны есептеудің жолдарын қарастырайық:

1) Мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі. Ұйымда 200 адам жұмыс істейді делік, оның 150 жұмысшы, 50 маман-қызметкер. Кәсіпорынның 40 еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұмыс істеген, өйткені олардың атқаратын міндеттемесі мен біліктілігі соған сәйкес келген.

10 адам – 9 разрядпен;

15 адам – 11 разрядпен;

5 адам – 14 разрядпен;

5 адам – 16 разрядпен;

3 адам – 19 разрядпен;

2 адам – 21 разрядпен.

Айлық жалақысын есептеу үшін әртүрлі разрядтар бойынша мына формула пайдаланылады:

 

                           Кәсіпорынның 1-разрядқа                 тарифтік коэффициенттің

  Айлық жалақысы = белгіленген мөлшерлемесі   х   1разрядқа қатынасы (БТС         разрядтарына сәйкес)

 

1-разрядтың мөлшерлемесін ұжымдық келісім-шартта 15000 тг. мөлшерінде бекіткен. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның бес күнін жұмыс күні етіп белгілеген (ағымдағы айда 21 жұмыс күні болған). Кәсіпорынның 14-разряды бар үш маманы ағымдағы айда 18 күн жұмыс істеген.

         Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын есептеп көрейік:

9-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х1,78х10=267000тг.

11-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х2,05х15=461250тг.

14-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х2,55х2=76500тг.

14-разряды бар 3 маман, ағымдағы айда толық жұмыс істемеген, сондықтан оларға нақты істегені күні үшін  еңбек ақы есептелген = (15000х2,55)/21х18х3=98357тг.

16-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х2,95х5=221250тг.

19-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х3,67х3=165150тг.

21-разрядтағы мамандардың еңбек ақысы = 15000х4,24х2=127200тг.

Мерзімді еңбек ақы нысаны кезінде, қызметкерлерге есептелген жалақының жиыны: 1416707тг. болады.

2) Кесімді-прогрессивті төлем ақысының жүйесі. Сату бөлімінің 10 жұмыскеріне келесі еңбек ақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 тг. және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 тг. төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін, үш жұмыскері – 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері – 160 тауар бірлігін сатқан. Енді біз ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан жұмыскерлердің еңбек ақысын есептейміз:

а) 230 тауар бірлігін сатқан жұмыскердің еңбек ақысы =(1000+(230-100)х200)х5=135000тг.

б) 190 тауар бірлігін сатқан жұмыскердің еңбек ақысы =(100+(190-100)х200)х3=57000тг.

в) 160 тауар бірлігін сатқан жұмыскердің еңбек ақысы =(1000+(160-100)х200)х2=26000тг.

Тауар сатумен айналысқан жұмыскерлердің еңбек ақысының жиыны = 218000тг.

3) Тікелей кесімді төлем ақысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін жұмыскерлерге (100адам) тікелей кесімді төлем ақысы бойынша әрбір әзірленген  100 өнім бірлігіне 850 тг. еңбек ақы есептелген. Дайындалған өнім бірлігінің есебі әрбір жұмыскер бойынша жеке жүргізілген және солардың әрқайсысына жеке ақы есептелген. Ағымдағы айда жұмыскер 300000дана өнім бірлігін әзірлеп, олардың жалпы жалақысы: 300000/100х850=2550000тг. құраған. Сонымен, негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек ақысының жиынтығы: 2550000тг. құрайды.

4) Аккордты төлем жүйесі. Жөндеу цехында (көмекші өндіріс цехында) жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбек ақы төленген. Негізгі өндіріс цехының жалпы жалақысы 300000тг. құраған, жөндеуді

орындауға жұмсалған уақыты 140адам/сағат болған, оның ішінде: 40 адам/ сағаты – екі ағаш ұстасына; 30адам/сағаты – бес дәнекерлеушіге, 10адам/сағаты – үш энергетикке; 50 адам/сағаты – жиырма бес сылақшыға; 10 адам/сағаты – бес слесарьға кеткен.

Топтағы жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын жұмсаған деп шартты түрде аламыз.

Атқарған жұмысы үшін жұмыскерлердің еңбек ақысы:

Ағаш ұстасы = 300000/140х40 = 85714тг.(1жұмысшының жалақысы – 42857тг.(85714/2));

Дәнекерлеуші = 300000/140х30 = 64286тг;

Электрик = 300000/140х10 = 21429тг;

Сылақшы = 300000/140х50 = 107142тг;

Слесарь = 300000/140х10 = 21429тг;

Жөндеу цехының жұмыскерлерінің еңбек ақысының жиыны = 300000тг.

Ұйымда жұмысшы-жөндеушіге негізгі өндіріске қызмет көрсеткені үшін негізгі өндіріс жұмыскерлерінің еңбек ақысынан (2550000) 12% мөлшерінде  еңбек ақы есептелінетін болып белгіленген, яғни жанама-кесімді еңбек ақы төлеу нысанын пайдаланған.

Демек, жұмысшы-жөндеушінің еңбек ақысы 306000(2550000х12%) құраған.

5) Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын төлемі. Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуі тиіс.

Егер ұйым әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіндігі болмаса, бұл күн үшін екі есе мөлшерінде  яғни мерзімдік жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтік төлем мөлшерлемесінің (айлық ақысының) екі есе еселенген төлемақысы беріледі.

 Келесі мысалымыз «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де    демалыс төлемін былай есептейді (5-ші кесте).

5- ші кесте

Еңбек ақы мөлшерлемесі

 Айлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

жиыны

1айда есептелген еңбек ақы, теңге

34800

33143

59318

34800

33218

34800

30174

28350

37576

32200

32200

42183

409762

Жұмыс істелген кален. күн

28

29

30

30

30

30

30

31

30

29

30

17

344

 

Орташа еңбек ақы =  409762 / 344 = 1191,17

Наурызда а 13 күн демалыс = 13 * 1191,17 = 15485 тг 21 тиын

Суірде  21 күн демалыс = 21 * 1191,17 = 25014,57

15485,21 + 25014,57 = 40499,18

Қызметкерлердің демалыс үшін төленетін төлемі 40499 теңге 18 тиын.

Сыйлықтық орташа мөлшері 12 календарлық ай үшін берілетін сыйлықтың орташа айлық процентін 12 календарлық ай үшін төленетін сыйлықсыз орташа жалақыға көбейту арқылы анықталады. Осы ереже 5 күндік, 6 күндік апталығында пайдаланылмаған демалыс үшін өтем төлеу үшін де қолданылады.

Демалыс жөніндегі есеп айырысу үшін қабылданған еңбек төлем сомасы 12 –ге (1 жылдағы ай саны) және 25,4 –ке (1 айдағы жұмыс күндерінің орташа санына ) бөлінеді.

Демалыс уақыты дегеніміз қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты. Орташа жалақы есебінен жұмысқа уақытша жарамсыздық брйынша берілетін жәрдем ақылар да енгізіледі. «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де қызметкерлердің уақытша жарамсыздық бойынша берілетін жәрдем ақыларды төлейді. Ол төлемдер былай есептеледі. Еңбекке жарамсыз парағы бойынша ол қанша күн жұмыстан босатылғанын есептеу керек. Мысалы 20 /2 2004 жылдың 23/2 2005 ауырған қызметкер 3 күн ауырған. Оның орташа еңбек ақысын табу керек. 

12 айдың еңбек ақның жиыны 156977,90 тг құрайды. 12 айда істеген сағаттың жиыны 1664 сағат

Орташа еңбек ақысы= 156977,90/1664 = 94,34 тг

Ол қызметкер бір күнде 8 сағат жұмыс істейді 8* 94,34 = 754,72

Орташа еңбек ақы – 754,72

754,72*3 күн = 2264,16 тг.

Қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына төленетін төлем (2264 теңге 16 тиын) «Республикалық бюджет» туралы белгіленген заңға сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспауы қажет 971*10 = 9710 теңгеден. /24/

Басшы қызметкерлерге мамандарға және басқа қызметкерлерге сыйлық бергенде, яғни бұл категорияларға сыйлық- кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Сыйлықтарды жазу үшін – басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есеп деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызмтекерлеріне бухгалтерлік есептердің жедел есептің және лабораториялық  бақылаудың деректері негіз болып табылады.

Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға, қауыпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немес мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сот тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.

Сонымен бірге еңбек төлемі қоры құрылғанда есепке алынбайтын төлемдер мен шығындардың құрамына мынадай төлемдер мен шығындар енеді: әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар ұйым қаражатының есебінен берілетін жәрдем ақы, қызметкерлердің білім алуына байланысты шығындар (жалақыдан өзге) Кәсіпорынның қызметкерлері үшін тұрғын үйге жұмсайтын шығындар әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдемақылар басқа да төлемдер мен шығындар әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдем ақылар еңбек туралы заңдарға сәйкес беріледі. Аурудың салдарынан жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдем ақылар отбасының адамы ауырып соған күтім қажет болған карантин болған, туберкулезбен, яғни кәсіби аурумен ауруға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысқан жағдайларда белгіленеді. Жәрдем ақы белгілеу үшін жұмысқа жарамсыздық құжаттарына тіркейтін кітапқа (№ е-7) тіркеу,  ауырған туралы қағазы (бюлеттень) негіз болып табылады. Жұмыста жарақаттанғандарға немесе кәсіби ауруға жолдыққандарға, сондай-ақ 8 жыл және одан жоғары үзіліссіз стажы бар жұмысшылар мен қызметкерлерге, сонымен қатар асырауында 16 жасқа толмаған 3 және одан да көп балалары бар адамдарға жалақының 100%, 5 жылдан 8 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 80 %, 3 жылдан 5 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға және 18 жасқа толғандарға 60%, 3 жылға дейін үзіліссіз стажы барларға 50% мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Әйелдерге жүктілігі және босануы  бойынша — босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күн тізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жинақтап жүргізіледі және демалыстағы әйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы  бойынша осы кезеңге төленетін жәрдемақы босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі. Жаңа туған нәрестелерге тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге бала асырап алған күннен бастап сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінге кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңде жәрдем ақы төленеді.

Кәсіпорын қаражаты есебінен берілетін жәрдем ақылар, бұған жататындар: жұмыс көлемінің қысқаруына немесе жұмыс сипатының өзгеруіне байланысты (кәсіпорын таратылған кезде қызметкерлер саны, штат қысқарған жағдайда сондай-ақ өндірістегі жазатаным жағдайының кесірінен жұмыстан шығарылған немесе кәсіби ауруға шалдыққан жағдайларда) жұмыстан босатылған қызметкерлерге еңбекке берілетін жәрдем ақы.

Әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа бюджеттен тыс қорлардан берілетін жәрдем ақылар: бала туғанда, жерлеуге берілетін жәрдем ақылар, қызметкерлер жарақаттанып қалған жағдайда немесе денсаулығына басқадай зақым келгенде жалақының және басқа да шығындардың орнын толтыру әлеуметтік сақтандыру қорынан және басқа да бюджеттен тыс қорлардан төленетін басқа да төлемдер. Басқадай төлемдер мен шығындар авторлық қаламақы, ашылған жаңалықтар, өнер табыстар және рационализаторлық ұсыныстар үшін берілген сыйақылар қызмет бабымен іс сапарға шыққан уақытта заңдармен белгіленген мөлшердің шегінде және олардың және олардан тыс жұмсалатын іс сапар шығындары (тәуліктік қоса есептегенде) басқа жерлерге жұмысқа ауысуға, жолдануға және қабылдануға байланысты жұмсалатын шығындардың орнын толтыру, жеке автокөліктерді қызмет бабымен жүруге пайдаланғаны үшін ҚР-ның заңдар белгіленген мөлшердің шегінде ғана және жем-шөп дайындауға немесе монтаждау жөндеу құрылыс жұмыстарына іс сапармен жіберілген қызметкердің тәуліктік және пәтерлік төлемдердің орнына негізгі жұмыс орны бойынша сақталатын орташа жалақының ҚР-ның үкіметі ескерген мөлшердегі сомалары.

Кәсіпорыннның қызметкерлері акциялар бойынша өкімге есептелген сала ретінде алған табыстар және қызметкерлердің ұйым меншігіне қатысуынан түскен басқадай табыстар (дивиденттер, проценттер, үлестік жарналар бойынша төленетін төлемдер) жалақы құрамына енгізілмейді. Еңбек жөніндегі қорытынды есеп бергенде бөлек көрсетіледі.

Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт- жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы 40 сағаттан аз болуы мүмкін. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан 16-18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын, ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан болып белгіленеді.

Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістік цехтардың кәсіптер мен қызметтердің тізімі, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды және ауыр қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі өкілетті орган белгілейді.

Қызметкерлер үшін 2 демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісі мен немесе жұмыстың ерекшелігін еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып жұмыс беруші бекіткен ақысын төлей отырып белгіленеді. Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша 5 күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұжымдарда 5 күндік демалысы бар алты күндік кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауы керек, ал апталық норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы керек. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарымен жұмыс беруші өзі белгілейді.

Кәсіпорында кешкі сағат 22-00 ден таңғы 6 дейінгі жұмыс уақыты – түнгі уақыттағы жұмыс болып саналады.

“Фирма СТАЛЬ С.” ЖШС-де кесімді еңбек ақы түрі белгіленген жұмысшы қызметкерлерге түнгі уақыттағы істеген жұмыстары үшін тарифтік кестеде белгіленген еңбек ақысына қосымша төлем 50% мөлшерінде төленеді.

7950 жалақы болса – түнгі норма коэффициенті – 160 (ол әр айда әр түрлі болады және оны үкімет бекітеді)

7950/160=49.69*56 (сағат)=2782.5 теңге

56 сағат- түнгі істеген уақыты.

Кәсіпорында түнгі жұмысшы үшін төленетін еңбек ақы мынадай тәртіппен белгіленген:

Түнгі жұмыс уақытының мерзімі күндізгі жұмыс уақытымен теңестерінен кәсіпорындарда 7 және 8 сағаттық мерзімі үшін әрбір сағатына төленетін қосымша төлем 1 сағаттық еңбек ақының 1/7 бөліне тең болуы қажет. Ал сағаттық мерзімі үшін 1 сағаттық еңбек ақының 1/5 мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18-ге толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. Сонымен қатар әрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік күн ішінде екі сағаттан аспауы тиіс.

Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауіпті кезде мерзімінен тыс жұмыстарға тиым салынады. Жұмыс беруші кәсіпорын қызметкерлердің сол жұмыс берушіден нақты жұмыс істеген жұмыс уақытының есебін жүзеге асыруға тиіс. Өндіріс жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістік цехтарда, учаскелерде бөлімшелерде және кейбір жұмыс түріндегі есепті кезең ішінде жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына заңда белгіленген қалыпты жұмыс сағаттары мерзімнен аспауға тиісті жағдайларда жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс аптасы сағаттарының нормасынан артық немесе кеш болуы мүмкін.

Есепті кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының жиынтық осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болуы мүмкін.

Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектелі кезең есепті кезең болып танылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және ұжымдық шартпен белгіленеді. Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақытымен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде жеке еңбек жәнеұжымдық шарттарда белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалумен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мұндай жұмыстардың тізбесі демалу және тамақтану тәртібімен, орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық далада жылу бермейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін жүк тиеу, түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерге жылыну және демалу үшін арнайы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде босатылу арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ қызметкерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліс демалыс уақыты беріледі).

Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де әдетте қатарына беріледі.

Белгіленген заңдарға сәйкес кәсіпорында рда ме»рам күндері жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда субъектіден кейінге кешіктіруге болмайтын жұмысының пайда болуына байланысты қызметкерлердің мейрамкүні жұмыс істеуге тура келеді.

 Мейрам күні жұмыс істеген қызметкерлерге еңбек ақы сол күні үшін 2 еселеніп төленеді. Қызметкерлердің келісімімен олардың мейрам күні істеген жұмыстың орнынан жұмыс күні есебінен демалыс берілуі мүмкін. Ал мейрам күні кезекшілік атқарған жұмысшыларға басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.

Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға 2 еселенген кесімді бағалар бойынша; жұмыстары сағаттық немесе күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық немесе күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында есептеледі.   «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-де мейрам күні төлемдер төмендегідей есептеледі:

7595 (жалақы) / 158 (жұмыс істеген сағат) = 48теңге

48 теңге * 11 сағатқа = 529

11сағат- мейрам күні істеген сағаты

Жалақысына қоса 529 теңгені мейрам күні істеген үшін қосымша төлем қосылады.

Немесе меррзімдік еңбек ақы бойынша жұмыс істейтін 9-шы және 11-ші разрядтағы жұмыскерлер 21 сағаттан күндізгі 2 дейін,  8 мамырда жұмыс істеді делік, ал 9-мамырда таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін жұмыс істеген. Ұйым аптасына 5 күнді жұмыс күні етіп белгілеген және 1-разрядқа 15000тг. деңгейінде мөлшерлемесін бекіткен.

Кәсіпорынның ұжымдық келісім-шартында, түнгі уақыттық тарифтік мөлшерлемесін, нормадан артық орындаған әрбір сағат үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесінің жартысын, ал демалыс пен мереке күндері үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесінің екі еселенген мөлшерін алуды қарастырған.

9-разряд үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесі  = 15000х1,78/168=159тг.

11-разряд үшін сағаттық тарифтік мөлшерлемесі  = 15000х2,05/168=183тг.

Түнгі уақытта жұмыс істегені үшін (8-мамырда жұмыс істеген уақытының 50% түнгі уақытқа келетіндіктен) жұмыскерлерге келесі мөлшерде еңбек ақы есептелінген:

9-разрядтағы жұмыскерлер үшін = 1590(159х2х5);

11-разрядтағы жұмыскерлер үшін = 1830(183х2х5).

Мереке күндері үшін:

9-разрядтағы жұмыскерлер үшін:

мейрам күндері жұмыс істеген уақыты үшін:  = 159х2х8 = 1544тг;

нормадан артық істеген күндері үшін: = 159х2х2 = 636 тг.

11-разрядтағы жұмыскерлер үшін:

мейрам күндері жұмыс істеген уақыты үшін  = 183х2х8 = 2928тг;

нормадан артық істеген күндері үшін: = 183х2х2 = 732 тг.

 

2.3  Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі    

 

Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).

Жеке еңбек шартықызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір мамандық-біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісіміне көзделген өзге де ақшалай төлемдері уақытында және толық көлемінде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жеке еңбек шарты —  жазбаша нысанда жасалады. Кемінде екі дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке басының куәлігін (төл құжатын) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін, білім немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ е-1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерлерге толтырады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған  бұйрықтың жобасын қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды, бұйрық жобасының сыртқы жағында жолданушы қандай разряд бойынша немесе қандай айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі.Қызметкердің жұмыс жағдайларымен келісімі келіссөз дәрігерлік тексеріс нәтижелері техника қауіпсіздігі туралы белгілер үлгінің сыртқы жағына қойылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін кәсіпорынның тиісті қызметкері бұрыштама қояды. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.

Барлық категориядағы қызметкерлерге оның ішінде жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандарға және училищелерді кәсіптік-техникалық білім беретін мектептерді т.б. бітірген жас жұмысшыларға да жеке карточка (№ Е-2 үлгі) толтырылады. Жеке карточканы кадрлар бөлімінің қызметкері қызметкердің өзінен сұрап отырып, паспорт (жеке куәлігі), әскери билет, еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (куәліктер) және т.б. тиісті құжаттар негізінде 1 дана етіп жазады. Кәсіп және мамандық кодтары жұмысшылардың кәсіпкерінің қызметкерлердің қызмет орындарының және тиісті тарифтік разрядтардың (ОКП-РТР) білімі бойынша алған мамандықтардың (ОКСО) классификаторлары арқылы анықталады. Қызметкер туралы деректердің (білімі, тұрғылықты жердің ауысуы т.б.) бұдан былайғы өзгерістерді жеке карточкада жүйелі түрде көрініс тауып отырады. Жалпы мәліметтер деген бөлімін толтырғаннан кейін жұмысқа қабылдаушы адам карточкаға қол қойып күнін жазады.

Жұмысқа қабылдануы басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылу туралы бұйрықтың негізінде  кітапшасына енгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті. Ғылыми қызметкерлерге ғылыми қызметкердің есеп карточкасы (№ Е-4 үлгі) жазылады. Қызметкерді бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы» бұйрық (№ Е-5 үлгі) жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс орындағы құрылымдық бөлімше бастығы бұрыштама соғады да кәсіпорынның басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілер соғады. Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершілігінде тұрған тапсырылмаған мүліктік-сатериалдық және бағалы заттар туралы белгілер қойылады.

Заң актілері мен ережелеріне, ұжымдық шарттар мен демалыс кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалысты құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» (№ Е-6 үлгі) қолданылады. Ол екі дана етіп толтырылады. Бірінші данасы кадрлар бөлімінде қалса, екіншісі бухгалтерияға жіберіледі. Құрылымдық бөлімше бастығы мен кәсіпорын басшысы осы бұйрықтарға қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі қызметкердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақы бойынша есеп айырысады.

Қызметкерді жұмыстан шығарғанда «Еңбек шартының тоқтату туралы бұйрық» қолданылады(№ Е-8 үлгі). Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерлерге 2 дана етіп толтырады. Бірінші данасы кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімінде бастығы мен кәсіпорынның басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде бухгалтерия қызметкерлермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүрудің бақылау жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу еңбек төлем бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру үшін «жұмыс уақыт есебінің табелінде (№ Е-14 үлгі) жұмыс істеп жүргендердің барлық категориясының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Мұны өкілетті алған адам 1 дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күшінің толық істелмегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар) негізінде ғана табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген-келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен немесе тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді және т.б.) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.

Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексереді де , тек содан соң есетік өңдеуге жібереді.

Әрбір жұмысшыға 1 ай ішінде бірнеше құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі аты, әкесінің аты, табельдік номері, цех, учаске құжаттың толтырылған күні мен номері сағаттық норма әрбір құжат бойынша есептелген жалақы сомасы  төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу төлеу тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есеп жүргізу ісі компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостары) сондай-ақ есеп айырысу – төлем тізімдемелері де әдетте 1 ғана жұмыс күнінде жасалады.

Жұмыс уақыты есебінің табельдері (№ Е-13, № Е-13а үлгі) деректері автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компьютермен техника құрамдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері цех, қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты, кәсібі, табельдік номері, т.б. Мұндай табель үлгісі деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс беретіндей мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Деректерді қолмен өңдегенде жұмыс уақытының есебі және жалақы бойынша есеп айырысу табель (№ Е-12 үлгі) қолданылады, ол (№ Е-13 үлгі) және (№ Е-13а үлгі) табельдермен ұқсас.

Тұрғындарды жұмысқа орналастыру қайта оқыту және кәсіптік бағдар беру жөніндегі орталыққа немесе жұмысқа орналастыру жөніндегі бюроға ұйымдардың үш күндік мерзімде  мәлімет беруі үшін жұмысқа қабылданған ( оқу орындарын бітіргендердің ішінен жолдама бойынша, басқа ұйымдардан ауыстыру тәртібімен, ұйымдық қабылдаулар және басқа ұйымдық жолдамалар бойынша қабылданғандардан өзге ) әрбір қызметкерге ақпараттық карточка (№Е-62 үлгі) жазылады. Дербес есеп карточкасын жабуға азаматтық жұмысқа орналасқандығы өндірістен қол үзіп оқуға түскендігін, басқа жерге қоныс аударғанын растайтын ақпараттың , азаматты жұмысқа орналастыру қажеттілігінің жоқтығын растайтын басқадай да ақпараттың алынуы негіз болып табылады.

Жұмысқа алу үшін кәсіпорынға  жолданған жолдама «Жұмысқа жолдама туралы хабарлама» қағазбен (№ Е-63 үлгі) құжатталады.

Жұмысқа орналасу үшін өздері таңдап алған кәсіпорындардағы орталыққа (бюроға) өтініш айтқан азаматтарға (олардың келісімдерімен)  беріледі. Өтініш айтқан кезде жұмыс істеп жүрген азаматтарға (қосымша жұмысқа жіберілгендерден, сондай-ақ кәсіпорынның таратылуына қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыстан босатылған қызметкерлерден) өзгелеріне хабарлама қағаз берілмейді.

Өндірім мен еңбек төлемі есептері өндірілген өнім саны аяқталмаған өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректерді алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбек төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілгенөнімнің материалдар мен өңдеуге жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін бақылауға; өндірістегі детальдардың, бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыруға қажет.

Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне өнім сапасын бақылауға есеп және басқа да жайларды компьютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы  құжаттар есебі мен үлгісінің әртүрлі әдістерін қолданады. Әртүрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырсақ, мысалы жаппай – толассыз өндірісте және еңбекті бригадалық әдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемі есебін әдетте соңғы операциядан  өткен өнімді қабылдап алудан бастап жүргізеді. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе бригадир толтыратын туралы жарты айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемін оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес есептейді. Бұл мақсаттар үшін төмендегі өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.

Бригаданың өндірім туралы рапорттағы (№ Е-7 үлгі) өндірілетін өнімнің белгілі бір түрінде жазады, оның 1 данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде  бригада өндірімі соңғы операциялардан қабылданған, өңделген детальдар рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнімнен алынған еңбек төлемін жұмыс істелген уақыт пен жұмысшылардың разрядтарына сәйкес бригада мүшелеріне бөледі.

Бригаданың өндірімі туралы рапортта (№ Е-17а үлгі) аяқталмаған өндірісітің операциялары бойынша артылған өнімдері тұрақты болмаған жағдайда қолданады. Рапортты бригаданың жеке өндірімін күн сайын есепке алып отыру үшін пайдаланады. Өндірім айдың басындағы және соңындағы операциялары бойынша артылған өнім қалдықтарын алып тастау арқылы бақыланады.

Бригада өндірімі туралы рапортты (№ Е-21 үлгі) жекелеген операцияларды орындаушылар жиі ауысатын және қатар келген өзгеріп жататын жағдайларда толассыз желісі қолданылады және өндірім мен жалақы есебінің карточкаларымен (№ Е-55 үлгі) сәйкестендіріп жүргізеді.

Өндіріс туралы рапортта (жинақтау рапортты)  (№ Е-28 және № Е 28а үлгілері) жаппай өндірісте әртүрлі мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын жұмыстарды істеуге келгенде бір немесе бірнеше жұмысшының өндірімі мен еңбек төлемінің есебі үшін қолданады. Өндірім есебінің тізімдемесін (№ Е-29 үлгі) ай бойы біртекті жұмыс істеген бір топ жұмысшыға (бригадаға) жазады. Өндірім есебінің ведомосын (№ Е-30 үлгі) ай бойы бірнеше әртүрлі жұмыс істеген бір топ жұмысшыға жазады.

Металлургиялық және химиялық өнеркәсіпте бір немесе бірнеше ақпараттың немесе агрегаттың жұмысын жүргізетін бригада өндірімі есебінің тізімдемесін (№ Е-24 үлгі) қолданады; тау-кен өнеркәсібінде істелген жұмыстар есебінің тізімдемесін (№ Е-26 және № Е-27 үлгілер) жүргізеді.

Серияның өндірісте өнім және еңбек төлем есебін бір сменадағы өндірім рапортымен сәйкестендіріп, маршруттық парақта жүргізген жөн. Егер өндірімді өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса, бір рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты детальдардың топтарына (партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бірінен-біріне өтетін топ-топ детальдарға ілесіп отырады. Бұл жұмысшылардың өндірімі мен еңбек төлеміне дұрыс есеп жүргізіп бақылау жасап отыруды қамтамасыз етеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректері бойынша рапорт жазылады.

Маршруттық парақты (№ Е-23 үлгі) өндірістегі детальдар қозғалысын жедел есептеп отырудың өндірім мен еңбек төлемі есебінің бірыңғай құжаты ретінде пайдаланады. Ол өндіріс процесінде детальдар тобына ілесіп отырады. Маршруттық парақты (№ Е-23а үлгі) жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін бір сменадағы өндірім рапортымен (№ Е-22 үлгі) сәйкестендіріп жұмысшылардың өнім өндірімін және жалақыларын есепке алудың бірыңғай құжаттары ретінде қолданады. Жеке және ұсақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек төлемі есебін кесімді жұмысқа жасалған нарядта (№ Е-41 үлгіде – жеке № е-41 үлгіде бригадалық есеп) жүргізеді. Орындалатын тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтарды сменаға немесе одан да ұзағырақ (1 айға дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің (цехтың) технологиялық карталары мен өндірістік бағдарламалары негіз болады.

Өндірісте байқалған жарамсыз   өнімді «жарамсыз өнім» туралы актімен (№ Е-46 үлгі) немесе бір аптаға ашылатын жарамсыз өнімнің есебінің тізімдемесін жасайды. Егер жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе онда мұндай жұмысқа әдеттегідей наряд жазылады да, оған «Жарамсыз өнімнің жөнделуі» деген таңба басылады. Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын (№ Е-48 үлгі) немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақты өндірім туралы негізгі нарядтық немесе рапорттық номеріне сілтеме жасай отырып қосымша төлемінің әрбір түріне жеке жұмысшыға немесе бригадаға жазады. Кәсіпорындағы төлену себептері бойынша қосымша төлемдердің номенклатурасы белгіленуге тиіс.

Қосымша төлемдер туралы мәліметтерді  бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып қажетті шаралар қабылдау үшін цех басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті. Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істеген адамдардың тізімі негізінде жүргізеді. Мастер мен цех бастығының белгісі бар тізімді мерзімнен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.

Кідірістер уақытының есебін кідірістер есебінің парақтары (№ Е-16 үлгі) негізінде жүзеге асырады, оларда кідіріс уақытын, себептерге және кінәлі адамдарды төлем проценті мен жұмысшы туралы мәліметтерді (тегін атын, әкесінің атын, разрядын, табельдік номерін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды.

Қабылданып тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері еңбек төлемін есетеу жөніндегі есеп айырысу – төлеу тізімдемесін жасауға негіз болады.

Еңбек төлемі бойынша  есеп айырысуды әртүрлі кәсіпорындарда мынадай құжаттар жүргізеді. Есеп айырысу төлеу тізімдемесінде оны саны мен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады: есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлеу тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларына (бөлек парақтарда) жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімдемелерінде.

Есеп айырысу төлеу тізімдемесі – жиынтық құжат онда есептеген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілген басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Онда еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасалады. Тізімдемеде қызметкерлердің тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номері мен қызмет органдары, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне құжаттардан кесімді мерзімнен тыс және т.б. төлемдер бойынша есептелген сомалар енгізіледі. «Ұсталынады және есепке алынады»  деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалар; кескеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар еңбек төлемінің есебіне кіретін аванстар және басқа да ұсталымдар есепке алынғандар мен берілімдер жазылады. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеде әрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы есептеп тізімдемені баланстайды.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген (Әділет министрлігінде 2004ж. 2 сәуірде №2790 тіркелген) бастапқы құжаттардың үлгі нысандары енгізілді. Олар: Е-1-Есеп айырысу ведомосы, Е-2-Төлем ведомосы.

Қызметкерлер мен еңбек төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 /ҚЕХС 3350/ «Еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есептесу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивті шот.

Еңбек ақыны есептегенде 681 /ҚЕХС 3350/ «Еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есептесу» шоты кредиттелініп мына шоттар:

— 126 /ҚЕХС 2414/шот «Аяқталмаған құрылыс» күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына;

— 821 /ҚЕХС 7210/шот «Жалпы және әкімшілік шығыстар» жалпы жаруашылық және әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне (басшылықтағы адамдардан өзгелеріне) есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 811 /ҚЕХС 7110/шот «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығысдар)» өнім өткізумен жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 902 /ҚЕХС 8010/шот «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 922 /ҚЕХС 8030/шот «Жұмысшылардың еңбек ақысы» қосалқы өндірістің жұмыскерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 932 /ҚЕХС 8040/шот «Жұмысшылардың еңбек ақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі) жұмыскерлерге  есептелген еңбек төлемінің сомаларына дебеттеледі.

Бухгалтерлік есеп стандарттарына және бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына сәйкес басшылықтағы адамдармен есеп айырысуды есепке алу үшін 682 «Лауазымды тұлғаларға берешек» шоты енгізілген, бұл аталған шотта мына төмендегі қызметтегі адамдармен (төрағалар мен басқарма мүшелері, басқарушы кеңестерінің және тексеру комиссияларының мүшелері, кәсіпорыннның директоры және т.б. ) есеп айырысу есебі есептеледі.

Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821 /ҚЕХС 8010/ “Жалпы және әкімшілік шығыстар” шоты дебеттеледі де 682 /ҚЕХС 4170/ «Лауазымды тұлғаларға берешек»  шоты кредиттеледі.

681 /ҚЕХС 3350/ «Еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есептесу» шотының кредитінен шоттардың дебетіне көшірілген талдау есебін талап ететін сомалар тиісті баптарға, тапсырыстарға және басқа да есеп объектілеріне жазылуға тиіс. Бұл мақсаттар үшін «жалақыны бөлу» деп аталатын әзірлік кестені пайдаланады да, оған жазбаларды бастапқы құжаттардан түсіреді.

Қызметкерлер мен демалыстардың төлемі бойынша есеп айырысуды есепке алу үшін шоттардың бас жоспарына 685 “Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген берешек” шоты енгізілген (демалыс күндері үшін резервтелген төлемдер). Демалыстардың төлемдеріне және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл сайын берілетін сый ақыға (әлеуметтік және медициналық сақтандыруға) резерв жасау демалыстардың төлеміне және өндіріс шығындары ретінде өндірістегі жұмысшылар мен инженерлік – техникалық қыхзметкерлердің көп жылғы сіңірген еңбектеріне сый ақыларға және басқа шығындардың шоттарына дұрыс та біркелкі бөлік беріп отыруды қамтамасыз етеді. Демалыстардың төлеміне деп бөлінетін процент қызметкерлердің демалыстарының орташа ұзақтығына байланысты.

Демалыстардың төлеміне және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін берілетін сыйақыларға резерв жасағанда   685/ҚЕХС 4160/ “Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген берешек” шоты кредиттелініп мына шоттар:

— 126 /ҚЕХС 2414/шот «Аяқталмаған құрылыс» шаруашылық әдіспен жүзеге асырлатын құрылыста еңбек ететін қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген резерв сомаларына;

— 811 /ҚЕХС 7110/ «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығысдар)»  шоты сомаларына;

— 821 /ҚЕХС 7210/шот «Жалпы және әкімшілік шығыстар» өнім өткізумен шұғылданатын қызметкерлердің және жалпы шаруашылық қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген сомаға;

— 902 /ҚЕХС 8010/шот «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 922 /ҚЕХС 8030/шот шот «Жұмысшылардың еңбек ақысы» қосалқы өндірістің жұмыскерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

— 932 /ҚЕХС 8040/шот «Жұмысшылардың еңбек ақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі) жұмыскерлерге  есептелген еңбек төлемінің сомаларына сондай-ақ жарамсыз өнімдерді жөндеумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген резерв сомаларына дебеттеледі.

Демалыс уақыттары үшін және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін еңбек төлемін есептегенде 685 /ҚЕХС 4160/ “Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген берешек”  шот дебеттеліп мына шоттар:

681 /ҚЕХС 3350/шот «Еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есептесу» және 682/ҚЕХС 3350/ шот «Лауазымды тұлғаларға берешек» (басшылықтағы жекелеген адамдар бойынша) демалыс уақыты үшін есептелген еңбек төлемі сомаларына кредиттеледі.

Қазіргі айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін және жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерге «Дербес шот» (№ Е-54 және № Е-54а үлгілер) толтырады. Дербес шот өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтерді көрсету үшін қолданылады. (№ Е-54 үлгі) өндірімдер мен орындалған жұмыстардың жұмыс істелген уақыттың  есебі жөніндегі бастапқы құжаттардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған. Құжаттардың негізінде  есептелімдер мен ұсталымдар туралы жазбалар (№ Е-54 үлгіге) 2 жолға жазылады. Қажет болған жағдайларда әрбір бағанда қорытынды жол істеуге болады. Дербес шотының деректері негізінде есеп айырысу – төлеу тізімдемесі (№ Е-49 үлгі) жасалады.

(№ Е-54 а үлгі) есеп деректерін компьютерлік техника құралдарының көмегімен өңделген кезде қолданылады, онда қызметкерлер туралы тек шартты түрдегі тұрақты реквизиттер ғана болады. Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректер дербес шотқа ай санын дербес шоттың машина жазбасы түріндегі түсіріледі. Екінші және төртінші беттер төлемдер мен ұсталымдар түрлерінің клдтарын басу үшін пайдаланады, бұл қызметкерлерге машина жазбаны жеңіл оқуға мүмкіндік береді. Қызметкерлермен еңбек төлем бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығында әрбір кәсіпорын ай сайын бірнеше есеп айырысу төлеу тізімдемелері (цехтар, бөлімдер) және кәсіпорын көрсететін қызметтер бойынша жасалады оларды жинақтау қажет. Бұл үшін қызметкерлермен еңбек төлемі бойынша есеп айырсу жөніндегі деректер мәліметі деп аталатын әзірлік кестені пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай басындағы қалдықтарды есептелген, есепке алынған, енгіщзілген және ұсталынған сомаларды, сондай-ақ айдың аяғындағы берешек (кәсіпорынның, қызметкерлердің)  қалдықтарын көрсетеді.

681/ҚЕХС 3350/ шот «Еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есептесу» және 682 /ҚЕХС 4170/шот «Лауазымды тұлғаларға берешек» шоттарының мәліметтері бойынша Бас кітапқа жазатын қалдық айырмасын алу әлеуметтік сақтандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын жинақтау  еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректер алу еңбек еңбек төлемінің толықтылығын және дер кезінде  депоненттелуін бақылау; жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу жөніндегі деректерді жинақтау, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына және зейнетақы қоры на тоқсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік сақтандыруға  бөлінетін қаражат бойынша есеп айырысу және т.б. үшін пайдаланылады.

Есептелген жалақының өзіндек құрамы және қызметкерлердің категориялары  бойынша жиынтығында  әрбір кәсіпорында жұмыс істеп жүргендердің  категорияларына қарай сәйкестендірілген өз құрамы  бойынша есептелінген жалақы туралы деректер болуға тиісті, бұл жалақы қорының пайдаланылуын және талдауын бақылау үшін қажет. Бұл мақсаттар үшін «Өз құрамы және қызметкерлердің категориялары бойынша есептелінген жалақының мәліметі» деп аталатын әзірлік кестені қолданады. Бұл кестедегі жазбаларды есеп айырысу – төлеу тізімдемелерінен және оған қосымша ретінде берілген құжаттардан түсіреді. Кестеде есептелінген жалақы құрамы жұмыс істеп жүргендердің категориялары бойынша көрсетілген, бұл еңбек төлемі қорының пайдаланылуын талдауға және статистика органдарына еңбек пен жалақы бойынша есеп беруге мүмкіндік тудырады. 2сүретте жалақы жөніндегі есеп айырысуды  ұйымдастыру үлгісі көрсетілген.

Жұмыс уақытын есепке алу табелі

 

Кесімді жұмысқа арналған наряд

 

Төлем жөніндегі басшының қолы қойылған шарт еңбек шарттары бұйрықтар т.б.

 

Бригада-ның өндірімін есепке алу ведомосы

 

Ақаулық туралы акт

Есеп айырысу ведомосы

Төлем ведомосы

Қызметкерлердің құрамы мен санаттары бойынша еңбек ақы төлеуді есептеудің жиынтық ведомосы

Негізгі және қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу бөлігіндегі №1 ведомосы

 

Әлеуметтік саладағы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу бөліміндегі №3 ведомосы

 

Ақауларды түзетумен шұғылданатын қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бөлігіндегі №4 ведомосы

 

Әкімшілік және сауда қызметкерлер еңбек ақы төлеу бөлігіндегі ведомосы

№10 журнал-ордер

(машинограммалар)

 

Бас кітап

Қаржылық есеп беру құжаттары

(Ф№1-Ф№5)

2 сүрет. Жалақы жөніндегі есеп айырысуды  ұйымдастыру үлгісі

 

3 сүретте қызметкерлердің және басқа тұлғалардың берешектерін есепке алуды ұйымдастыру үлгісі берілген.

 

 

Бұйрықтар

 

Іс сапар куәлігі

 

Кассалық шығыс ету ордері

 

Кассалық кіріс ету ордері

 

Аванстық есеп беру

 

333 шоттың кредиті және дебеті бойынша № 7 журнал ордері

(машинограммалар)

 

 

Бас кітап

 

 

Қаржылық есеп беру

 

                         

3 сүрет. Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың берешектерін есепке алуды ұйымдастыру үлгісі

 

2.4  Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар  мен аударымдар  есебі

 

Заңды тұлғалар (ҚР Ұлттық Банктен басқа) және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ табыс салығын төлеушілерге резидент және резидент емес – заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуы және бала тууы жөніндегі, демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығындары есепті кезең үшін есептелген еңбек ақы төлеу қорының  мөлшерінің  шегінде игеріледі. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау “Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) 2004ж. 12-маусымдағы №209-11 (2005ж. 1-қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүргізіледі.(6 кесте)

6 кесте

Жеке тұлғалардың табыстарынан төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығын есептеу бойынша 2005 жылға арналған кесте

Салық төлеушінің салық салынатын табысы

ставка

15 еселенген ЖЕК*  дейін (174780тг. дейін)

Салық салынатын табыс сомасынан 5% (8739тг. дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен 40 еселенген ЖЕК*  дейін (174780тг.-ден 466080 тг.  дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 8% (8739тг.+174780тг.-ден асатын сомадан 8%)

40 еселенген 200 еселенген ЖЕК*  дейін (466080тг.-нен 2330400тг.  дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 13% (32043тг.+ 466080тг.-ден асатын сомадан 13%)

200 еселенгеннен 600 еселенген  ЖЕК*  дейін (2330400тг.-ден 6991200тг.  дейін)

200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (274405тг. + 2330400тг.-ден асатын сомадан 15%)

600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (6991200тг. және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 20% (973525тг. + 6991200тг.-ден асатын сомадан 20%)

Ескерту: “2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2004ж.№3-111 Заңымен 2005 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 971 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 11652 тг.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары:

қызметкердің табысы;

біржолғы төлемдерден алынған табыс;

жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;

дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

стипендиялар;

жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Жалпы алғанда, жұмыс беруші жұмыскерлердің еңбек ақысынан Салық Кодексіне сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды, атап айтқанда міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарынт (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ жұмыскерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

         Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады (7 кесте).

7 кесте

Қызметкерлер үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2005 жылға арналған кестесі

Қызметкердің салық салынатын табысы

ставкасы

15 еселенген ЖЕК*  дейін (174780тг. дейін)

Салық салынатын табыс сомасынан 20% (34956тг)

15 еселенген ЖЕК-тен 40 еселенген ЖЕК*  дейін (174780тг.-ден 466080 тг.  дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (34956тг.+174780тг.-ден асатын сомадан 15%)

 

7 кестенің жалғасы

40 еселенген ЖЕК-тен  200 еселенген ЖЕК*  дейін (466080тг.-нен 2330400тг.  дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 12% (78651тг.+466080тг.-ден асатын сомадан 12%)

200 еселенгеннен 600 еселенген  ЖЕК*  дейін (2330400тг.-ден 6991200тг.  дейін)

200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9% (302369тг. + 2330400тг.-ден асатын сомадан 9%)

600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (6991200тг. және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7% (721841тг. + 6991200тг.-ден асатын сомадан 7%)

Ескерту: “2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2004ж.№3-111 Заңымен 2005 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 971 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 11652 тг.

8 кестеде әкімшілік басқару, инженер-техник персоналының шетелдік мамандары үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2005 жылға арналған кестесі берілген.

8 кесте

Әкімшілік басқару, инженер-техник персоналының шетелдік мамандары үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2005 жылға арналған кестесі

Қызметкердің салық салынатын табысы

ставкасы

40 еселенген ЖЕК*  дейін (466080тг. дейін)

Салық салынатын табыс сомасынан 11% (51269тг)

40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген ЖЕК*  дейін (466080тг.-ден 2330400 тг.  дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9% (51269тг.+466080тг.-ден асатын сомадан 9%)

8 кестенің жалғасы

200 еселенген ЖЕК-тен  600 еселенген ЖЕК*  дейін (2330400тг.ден  6991200тг.  дейін)

200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7% (219058тг.+2330400тг.-ден асатын сомадан 7%)

600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (6991200тг. және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 5% (545314тг. + 6991200тг.-ден асатын сомадан 5%)

Ескерту: “2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2004ж.№3-111 Заңымен 2005 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 971 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 11652 тг. /1/

Мысалы (9 кесте):

9 кесте

Жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және  әлеуметтік салықты есептеу жөніндегі есеп

салық кезеңінің ай-лары

 

Есептелген табыс

СК-ң 144бабы

салық салуға жатпайтын табыстар

 

міндетті зейнетақы жарнасының сомасы

 

Салық шегерімдері

СК-ң 152б.1т. 1,2 ж/е 4-6 тармақшасы

есепті ай үшін

жыл басынан

есепті ай үшін

жыл басынан

есепті ай үшін

жыл басынан

есепті ай үшін

жыл  басынан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

қаңтар

100000

100000

0

10000

10000

971

971

ақпан

100000

200000

0

10000

20000

971

1942

наурыз

100000

300000

0

10000

30000

971

2913

Сәуір

100000

400000

0

10000

40000

971

3884

Мамыр

100000

500000

0

10000

50000

971

4855

Маусым

100000

600000

0

10000

60000

971

5826

Шілде

100000

700000

0

10000

70000

971

6797

Тамыз

100000

800000

0

10000

80000

971

7768

Қыркүйек

100000

900000

0

10000

90000

971

8739

Қазан

100000

1000000

0

10000

100000

971

9710

Қараша

100000

1100000

0

10000

110000

971

10681

Желтоқсан

100000

1200000

0

10000

120000

971

11652

 

9 кестенің жалғасы

Жыл басынан табыстарға салынатын ЖТС* сомасы

 (3б-5б-7б-9б)

Қайта есептеу коэффициенті

ЖТС салына-тын табыс-тардың есептік сомасы (10б-11б)

ЖТС салына-тын табыс-тардың есептік сомасы-нан ЖТС сомасы

 

 

Жеке табыс салығының сомасы

 

МЗЖ қоспағанда, әлеуметтік салық салу объектісі болып табылмайтын табыстар

316-б. 1т

есепті ай үшін

(13б-11б)       

алдыңғы айлар үшін

ұсталуға тиістісі

(14б-15б)

есепті ай үшін

жыл басынан

10

11

12

13

14

 

15

16

 

 

17

 

18

89029

12

1068348

110338

9195

0

9195

0

178058

6

1068348

110338

18390

9195

9195

0

267087

4

1068348

110338

27584

18390

9195

0

356116

3

1068348

110338

36779

27584

9195

0

445145

2,4

1068348

110338

45974

36779

9195

0

534174

2

1068348

110338

55169

45974

9195

0

623203

1,71

1068348

110338

64364

55169

9195

0

712232

1,5

1068348

110338

73559

64364

9195

0

801261

1,33

1068348

110338

82753

73559

9195

0

890290

1,2

1068348

110338

91948

82753

9195

0

979319

1,09

1068348

110338

101143

91948

9195

0

1068348

1

1068348

110338

110338

101143

9195

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 кестенің жалғасы

әлеуметтік салық салынатын табыстар

әлеумет-тік салық салына-тын табыстың есептік сомасы

әлеуметтік салық салына-тын табыстың есептік сомасынан әлеуметтік салық сомасы

 

әлеуметтік салық сомасы

Жеке тұлғалар-дың  әлеумет-тік салық есептеле-тін табыс-тары

әлеу-меттік ауда-рым-дар сома-сы

(26.б-х1,5/

100%

Төленуге және деклара-цияда көрсеті*-луге тиіс әлеумет-тік салық сомасы

 

есепті ай үшін

 (22б-11б)

алдыңғы айлар үшін

төленуге тиісті (23б-24б-27б)

есепті ай үшін

 (2б-6б-17б)

жыл басынан

(3б-7б-18б)

 

20б*11б

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

 

90000

630000

1080000

152321

88854

76161

11643

70000

1050

11643

 

90000

720000

1080000

152321

101547

88854

11643

70000

1050

11643

 

90000

810000

1080000

152321

114241

101547

11643

70000

1050

11643

 

90000

900000

1080000

152321

126934

114241

11643

70000

1050

11643

 

90000

990000

1080000

152321

139628

126934

11643

70000

1050

11643

 

90000

1080000

1080000

152321

152321

139628

11643

70000

1050

11643

 

 

4-бағана- Салық Кодексінің 144- бабына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстар көрсетіледі.

6-бағана- Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) көрсетіледі- 10000тг.

8-бағана- Салық Кодексінің 152-бабының 1-тармағындағы 1), 2), және 4)-6)-тармақшаларына сәйкес анықталатын салық шегерімдерінің сомасы көрсетіледі. Қаңтар айы үшін мысал бойынша бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі шегерім 971тг. алынады.

11-бағана- қаңтар айы үшін коэффициент –12 (12/1) болады.

12-бағана- 89029х12 (коэф.) = 1068348тг.

13-бағана- Салық Кодексінің 145-бабындағы ставкалар бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) = 110338тг.

14-бағана — (110338/12)  = 9195тг.

19-бағана — әлеуметтік салық салынатын табыстар  =(100000- МЗЖ 10000) = 90000тг.

21-бағана – 90000 х 12  = 1080000тг.

22-бағана- (1080000 — 466080) х 12 % + 78651= 152321тг. Салық Кодексінің 317-бабы бойынша.

25-бағана = 23–бағ. – 24-бағ.  = 12693-0  = 12693тг.

26-бағана = 70000тг. (ай үшін табыс ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен асып түсетіндіктен, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін тек 70000тг. ғана алынады). 

27-бағана — 1050 тг. (70000 х 1,5 %) – осы қызметкер бойынша міндетті әлеуметтік аударымның сомасы.

Бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасын есептеп шығару үшін 28-бағанды енгіземіз . 28бағ. = 25бағ. — 27бағ. = 12693 – 1050  = 11643тг.

         Қызметкердің жылдық жиынтық табысының құрамына: еңбек ақы табысы және кәсіпкерлік қызметтен тапқан жеке тұлғаның мүліктік табысы кіреді. Бірақ та жиынтық табысқа белгіленген тәуліктік нормамен шектелетін жұмыскердің іс сапарына төленетін төлем сомасы қосылмайды.

Жыл бойы жеке тұлға табысына салынатын табыс салығы бір қалыпты есептелу үшін арнайы коэффициент белгіленген. Бұл коэффициент 12 санының (жылдағы жалпы ай саны) ағымдағы айдың реттік номеріне қатынасынан анықталады: қаңтар айына – 12 (12/1); ақпанға – 6(12/2); наурызға -4 (12/3) т.с.с.

Егер де қызметкер календарлық жылдың аяғына дейін қызметтен босатылса, нақты тапқан табысына (еңбек ақысына) салынатын табыс салығы қайта есептеледі, артық (немесе кем) алынған салық сомасы қайтарылады (немесе қосымша ұсталады).

Салық төлеуші есепті жылға жиынтық жылдық табыс және шегеріс жасау декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етілген күннен бастап 10 күн өткен соң түпкілікті есеп айырысып табыс салығын төлейді.

Әлеуметтік салық — салық салу объектісі еңбек ақы төлеу қоры болып табылады. Салықты төлеушілер: заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқан заңды тұлғаларды шетелдің заңды тұлғалардың өкілет өкілдіктері мен филиалдарын қоса) Заңды тұлғалар ҚР-ның салық заңдарымен белгіленген тәртіп пен Астана, Алматы қалаларының тиісті бюджеттеріне немесе облыстардың бюджеттеріне өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелер  әлеуметтік салық төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар ҚР-сы азаматтарының сондай –ақ ҚР-сында тұраұты тұратын шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек ақы төлеу қорынан белгіленген кестедегі ставкалар бойынша төлейді. Әлеуметтік салық төлеу жалақының төлеуіне қарамастан, бірақ келесі айдың 15-нен кешіктірілмей айдың 2-ші жартысы үшін жалақы төлеуге белгіленген мерзімде ай сайын жүргізіледі. Әлеуметтік салық бойынша декларация тоқсаннан кейінгі айдың 15 күннен кешіктірмей тапсырылады. Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың ережесі “Зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ның Заңына  және Салық Кодексіне сәйкес әзірленген және төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың тәртібін белгілейді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарында жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнет ақы жарналарын төлеуші ретінде тіркеуге жатады.

Заңды тұлғалар қызметкерлердің оларға еңбек ақы түрінде төлеуге жататын кірістерін “Зейнет ақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ң заңында белгіленген мөлшерде ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға және оларды табыстарды төлеумен бір мезгілде жинақтаушы зейнет ақы қорына аударуға міндетті.

Төлеушілер жинақтаушы зейнет ақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай ставкалар бойынша ұстап қалады. Заңды тұлғалар әр қызметкерлердің зейнет ақы жарналарын есептеу үлгісін қабылданатын кіріспен 10% мөлшерінде. Сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өздері үшін зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен 10% мөлшерінде, бірақ заң актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшердің 10% кем емес мөлшерінде төлейді. Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару зейнет ақы төлеу жөніндегі мемлекетік орталықтың  ҚР-сы Ұлттық банкінің бас Алматы филиалында ашылған № 413609816, МФО 190501109, тағайындау қоры 010 банктік шоты арқылы жүргізіледі. Жеке тұлғалардың міндетті зейнет ақы жарналарының сомасы орталықтың шотына түскен күннен бастап, 3 банктік күннің ішінде солардың міндетті зейнетақы жарналарын пайдасына аударылатын жеке тұлғалардың тізімімен қоса форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. Төлеушілер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып форматты МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай сайын жеке жүргізіледі.

Төлемдердің мына түрлерінен:

—     пайдаланылмаған демалыс үшін өтем ақы:

—  демалысқа шығарда берілетін жәрдем ақыға және қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына, Кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты босатылған қызметкерлерге жұмыстан шығу жәрдем ақысы мен жұмысқа орналасу кезеңіне төлейтін сомаларға;

—  Материалдық көмек ретінде берілетін ақшалай жәрдем ақыға;

— Қызметтік іс-сапарлар кезіндегі заңымен белгіленген нормалардың шегінде іс -сапарлық шығындарға;

—  Заңдарға сәйкес белгіленген өтем ақылық сомаларға;

—  Бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтерге;

Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу құралдарының бірі. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан жеке тұлғалардан ғана табыс салығы ұсталады. Салық жұмыс орны бойынша бекітілген прогрессивтік төлем мөлшері бойынша ұсталады.

Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар сот шешімдеріне, нотариалдық органдардың жазбаларына сондай-ақ дауыс түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдары қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де оның ішінде сыйлықтардан, зейнет ақылардан жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқарушы құжаттары арнайы тізімге тіркелуі тиіс.

Тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдерге – сауда ұйымдарынан несиеге тауар алуларына байланысты қызметкерлерге берілетін тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдер айдың 2 жартысы үшін еңбек төлемі төленгеннен кейін 3 күннен әрі асырмай айына 1 рет жасалады. Жеке өзін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарының шегерімдері өзін және мүліктерін ерікті түрде сақтандыру туралы шарттар бойынша банк мекемелеріндегі сақтандыру жарналарын аудару жөніндегі жазбаша тапсырмасы бойынша жасалады.

Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түрдегі арыздары бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің еңбек төлемін ұсталынған мүшелік жарналарды кәсіпорын тиісті кәсіподақ ұйымдарының банктегі шоттарына кәсіпорындағы берешегін өтеу ретінде жасалатын шегерімдер (қызметкерлердің кәсіпорыннан авансы, қате төленген сомалардың, сондай-вқ демалыстың жұмыс істемеген күндері үшін алынатын сомалардың қайтарылуы, қызметкерлердің кінәсінен ұйымға келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру) белгіленген тәртіппен әкімшіліктің шешімі бойынша жасалады. Еңбек төлемінің әрбір белгіленген сомасынан алынатын барлық ұсталымдардың мөлшері 20 %, ал заңдарда ескерілген ерекше жағдайларда қызметкерлерге төлеуге есептелген еңбек сомасының 50% шамасынан аспауға тиіс. Еңбек төлемі мен бірнеше атқару құжаттары бойынша ұстағанда қызметкерлердің жалақысының 50% сақталып қалуға тиіс.

Қызметкерлердің айдың аяғына дейін жұмыстан шығарғанда немесе ол демалысқа шыққанда еңбек төлемі бойынша есеп айырысу құжаты жасалады. Оның деректері 1 ай өткеннен кейін есеп айырысу төлеу тізімдемесіне көшіріледі. Айдың бірінші жартысы үшін есептелген аванс және екінші жартысы үшін есептелген еңбек төлемін төлеу тізімдемесі бойынша беріледі. Төлеу тізімдемесінің бастапқы бетінде қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес кассадан ақша беруге рұқсат ететін басшы мен бас бухгалтердің қолы болуы керек. Төлеу тізімдемесі мен берілмеген жалақы  тізімінің деректерін тексергеннен  кейін шығыс ету кассалық ордеріне жазылады. Ол сонда көрсетілген соманы шығынға жатқызып есептеп шығару үшін кассаға беріледі.

Жеке тұғалардан табыс салығының және әлеуметтік салықтың ұсталынуы 681”Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есептесу” және 682 “Лауазымды тұлғаларға берешек” шоттарының дебеті  639 “Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер”, 635 “Әлеуметтік салық” шотының кредиті бойынша көрініс табады. Еңбек ақы түріндегі табыстарға жалақының, сыйақының қосымша ақының, үлес ақының және жолдану (мердігерлік, өзара шарт келісімі) шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына (қызметті атқаруына оқуына) байланысты басқа да төлемдердің кез-келген түрлері жатады.

 

 

  1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдауы

 

3.1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің

мақсаттары мен ақпараттық көздері

 

Аудиторлық тексерудің мақсаты — кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтау ғана емес дәлірек айтқанда сол істер аудиторлық тексерудің басты міндеті болмайды, лның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын күрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.

Сонымен аудиторлар негізінен адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді  дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу уақытында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор. Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу юойынша шығындары болып орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектден екіншісіне қарайқозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар арасындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес фирмаларға ие болған акционерлік компаниялар өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу сол кәсіпорындардың жұмысында орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасап, олардың қызметтеріне жүгінеді. Сондай-ақ акционерлік компаниялардың ұызметіне зерттеу  және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқатығын растау, олардың қызметттеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кейбір жағдайларда компания жетекшілері бұрынды соңды білмеген сол аубъектінің жеке қызметкерлерінің бір-бібімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті әдейі кемшіліктерге жол берулерін анықтау мақсатымен компанияның басты Кәсіпорынның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді. «Акцоинерлік қоғамдар туралы» жаңа заңда акционерлік қоғамның қаржылық жылының нәтижелеріне міндетті түрде аудиторлық тексеру жүргізу және акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есебіндегі мәліметтердің дұрыстығын аудиторлық тұрғыдан растау ісі қарастырылған. Аудиторлық тексеріс материалдарды кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу нәтижелері және оның болашағы туралы аудиторлар тарапынан берілетін ұсыныстар кәсіпорынның бизнес жоспарын немесе жалпы коммерциялық жобаларды жасау кезінде нәтижелі түрде пайдаланылуы мүмкін. Бизнес жоспарлар коммерциялық жобаларды дайындау кезінде де, сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы процесі кезінде де үлкен маңызға ие болады.

Аудитор өз жұмысын жүргізер кезде аудиторлық қортындыдағы ережелер қалыптасуына қажетті, аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санына ие болуы керек.

Аудиторлық қортындылар қаржылық есептерге деген сенімді арттырады да сенімділік дәрежесін жоғары деңгейге көтереді (10 кесте).

10 кесте

Еңбек ақы бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу аудиторлық тексеру бағдарламасы

Аудит процедурасы

Аудит көздері

1.                 Қолданыстағы

заңдылықтардың  сақталуын және еңбекпен еңбек ақы төлеудің есебін жүргізу тәртібін тексеру

Қазақстан Республикасының «Еңбек ақы» заңы және басқа да күші бар нормативті құқылық актілер

 

2.     Алғашқы құжаттардың

шындығын олардың еңбек ақы төлеу және есептеу бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру

 

 

 

Жұмыс уақыты есебінің табелі, бүкіл күндік және ішкі тоқтап қалулардың есепті парақтары, еңбек пен атқарылған қызметтер есебінің парағы, кесімді жұмыстарға нарядтар, жүк автокөліктерінің жолдық парағы және басқа да төлемдердің және ұсталымдар ведомосты және т.б.

3.     Кесімді үстемелер, тарифтік

ставкалар және төлемдер бойынша еңбек ақы есептеу дұрыстығы

 

 

Жұмыс уақыты есебінің табелі, жеке шоттарды есептеу төлем ведомості, жүк автокөліктерін пайдалану есебінің жинақтау ведомості, кесімді жұмыстардың нарядтары

4.     Ұйымдардағы қолданылатын

жүйелер бойынша кесімді және мерзімді жұмысшыларға сыйақы есептеу негізділігін және дұрыстығын тексеру

Басшының бұйрығы, келісім шарттар, құрылтайшылардың құжаттары, меншік иелері мен директорлар кеңесінің сый ақы жүйесі туралы

және т.б. ережелері мен бұйрықтары

10 кестенің жалғасы

5.     Уақытша жұмысқа

жарамсыздығы бойынша жәрдем ақылар мен түрлі қосымша төлемдерді есептеудің дұрыстығын тексеру

Жұмыс уақытының табелі, жұмыстың тоқтап қалуы туралы парақ, өндірістегі ақаулар туралы акті, ұжымдық келісім шарттар, еңбек ақы туралы ережелер

6.     Еңбек ақыдан ұсталатын

ұсталымдардың дұрыстығын тексеру

 Атқарушы парақтар мен нормативтік құжаттар

7.     Депоненттелген еңбек ақыны

тексеру

Депоненттелген еңбек ақы ведомосы

8.     Еңбек ақы бойынша шоттар

корреспонденциясының жасалу дұрыстығын тексеру

 Журнал ордер №10, Бас кітап және т.б. машинограммалар

9.     Еңбек ақы бойынша

аналитикалық және синтетикалық есептің сәйкестігін тексеру

 Алғашқы құжаттар, есептеу-төлеу ведомосі, журнал-ордер №10 Бас кітап, баланс

10.Ұйымдардағы жұмысшы

қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің көрсетілген байқалған ауытқуларды жою бойынша ұсынымдарды өңдеу

Аудиторлық сараптама құжаттары, ұсыныстар, аудиторлық есеп

 

Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды және басқа да операцияларды тексерген кезде аудитор аудит стандарттарын қолдануды білумен қатар, аудитор өзінің жұмыс барысында бухгалтерлік есеп стандартында тиісті дәрежеде қолдана алуы керек, себебі ол стандарттарды білмейінше аудитор кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептерінің құқықтық актілеріне қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтай алмайды. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор әр түрлі жағдайларға, құбылыстарға және әр алуан фактілерге ұшырасады, оларды оқып зерттейді себептерін анықтайды жүзеге асырылған операциялардың себептері мен салдарын табады.

Еңбек төлемі бойынша қызметкерлермен есеп айырысудың негізгі есебі болып еңбек төлемі бойынша бухгалтерлік есеп айырысуды жүргізу дұрыстығын және одан шегерімдер, еңбек төлемін есептеудегі нормативтік құқықтық актілерді қадағалауды тексеру болып табылады.

Бақылау процесінде қолданылатын ақпарат көздері болып мына шоттар бойынша аналитикалық және синтетикалық деректер болып табылдады:

681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есептесу»  еңбек төлемін есептеуде және өндірудегі есеп бойынша бастапқы құжаттар (өткен уақыт есеп табелі, нарядтар және т.б.) уақытша жарамсыз туралы қағаздар, демалыс ақшаларға есеп айырсу және бұл операцияларды бағыттайтын басқа да нормативтік құжаттар. Еңбекті төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысуды тексеруді бастау үшін бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстағы және Бас кітаптағы 681«Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есептесу»   шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерімен қатыстылығын көрсетумен басталады. Бұл үшін есептік төлеу ведомостағы қорытынды мәліметтермен кәсіпорын балансындағы және Бас кітаптағы 681 шот бойынша сальдоны салыстыру қажет. Басқа да кері жағдайлар шыққанда олардың себептерін анықтау қажет. Қолданылған бағаларды белгілеу нормасының дұрыстығы келісім-шарттағы жұмыс көрсеткіштердің салалары мен санының орындалуы келісім шарттардың немесе тарифтік ставкаларды  қолданудың дұрыстығы тексеріліп еңбек ақының мерзімді түрі есептеледі.

Барлық реквизиттердің толтыру дұрыстығын, жұмысты орындаудың жауапкершілік есебі, қызметкерлердің жалақысының қолма-қол қоюын және еңбек есебінің алғашқы құжаттарын тексерген кезде түзетумен құжаттарда тағы басқа түзетулер қолданыла ма  анықтау керек. Керекті реквизиттер:

Тексерілетін кәсіпорын

Аудит кезеңі

Адам (сағат сандары)

Аудит тобының басшысы

Атқарушы

Аудиторлық тәуекелділікті жоспарлау

Тексерілген сұрақтар мен процедуралар тізімі:

  1. Істелген жұмыс табелі және жұмысшылардың еңбек ақы бойынша штаттық кестесі. Кешіктірілетін еңбек ақының дұрыс есептелуі.

           Процедура: құжаттарды тексеру;

           Сұрыптау;

           Жаппай тәртіп бойынша.

  1. Еңбек шарттарының нормативті ауытқуына байланысты қосымша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру (демалыс және мейрам күндері, түнгі уақыттағы істегені үшін, мерзімінен тыс уақыттағы істегені үшін)

           Процедура: құжаттарды тексеру;

           Сұрыптау;

           Жаппай тәртіп бойынша.

3.Кесімді еңбек ақы алушылардың еңбек ақысына нарядтардың нақты және дұрыс толтырылуы. Кесімді баға және тарифтік ставканың дұрыс қолдануды тексеру.

4.Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдардың толықтығы мен                                дұрыстығын тексеру (табыс сомасы, зейнет ақы қорына, атқарушы қағаз бойынша тауарлар несиеге сатылғанда және т.б.)

  1. Өнімнің (жұмыс қызмет) өзіндік құнына бөлек төлемдерді апарудың дұрыстығын тексеру

6.Жұмысшының қосымша төлемдерін жиынтық табысқа қосудың дұрыстығын тексеру (іс сапар шығындарының нормадан тыс артығы, материалдық көмек және т.б.)

  1. 681/ҚЕХС 3350/ «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есептесу» шоты бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін және 681 шот бойынша жазулардың Бас кітаптағы және бухгалтерлік есептеме формаларындағы жазулардың сәйкестігін, дұрыстығын тексеру.
  2. Депоненттелген есеп айырысулар бойынша есебінің және депоненттелген сомалардың құжатталуының дұрыстығын тексеру.

Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудитінің құжаттары мен аудит жүргізу көздері. Аудит қызметкерлерді қабылдау кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтаудағы Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заң талаптарына сәйкестігін тексеруге ғана тоқталып қалмауы керек. Жұмыскерлерді тұрақты, уақытша және тізімдік жұмысқа қабылдау кезінде жетекшінің бұйрықтарын рәсімдеу дұрыстығын тексеру қажет. Жұмыс шарттарына көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар кәсіпорын жетекішісінің қосымша және әрекет етуші заңдылығымен бекітілген, жұмыскерлерге ұсынылған әлеуметтік кепілдеріне:

  • Жұмыскерлердің бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырған кезде;
  • Әртүрлі жағдайларда жұмыстан босату кезінде;
  • Демалыстар берген кезде;
  • Еңбек ақысын сақтамай жұмыскерлерді мәжбүрлі демалысқа шығару кезінде (мұндай жағдайларда еңбек туралы заңдылық қалай сақталады);
  • Келісім шарт бойынша жұмыскерлерді жұмысқа рәсімдеген кезде.

Мұндай жағдайда келісім-шарттың барлық ережелерін детальді тексеру керек, олар еңбектік және азаматтық заңдылықтың әрекет етуші ережелеріне қарама-қайшы келмей ме?

  • Жұмыскерлерді жұмысқа келісіммен толық емес жұмыс күні (толық емес жұмыс аптасы) бойынша қабылдау кезінде;
  • Кәсіпорын жетекшілері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін бұйрықтардың типтік формалары.

Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар қатарлы келісім шарттар анықталған жұмыстармен анықталған шарттарды орындауға еңбек келісімдері сияқты жұмыскерлермен еңбек қатынастарын рәсімдеу формасын қолданады. Мұндай жұмыскерлер кәсіпорынның штатты жұмыскерлері болып саналмайды.   Бұл туралы әрбір аудитор жақсы білуі керек. Осы сұрақтарды тексере отырып аудитор тексеру кезінде осындай еңбек келісімдерінің қортындыларының заңдылығы мен мәнділігін талдау керек, нақты орындалған жұмыс көлеміне және еңбек ақы қоры мен саны бойынша есеп көрсеткіштерінде көрсетілуін тексеру қажет.

Ақпарат көздері: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар мен тәртіптер, азаматтық құқықтық штаттағы келісім шарттар (қайтарымды және қайтарымсыз келісім шарттар, қатарлы келісім шарт басқа да еңбек келісім шарттарының формалары) еңбек ақыны төлеуді есептеумен еңбек уақытын пайдалану есебінің табельдері (№ Т-49 немесе Т-51 , №Т-53 ) жұмыскерлердің жеке карточкалары (№ Т-2 форма) және басқа да құжаттар. Мінекей осы заңдылықтарды аудитор қатаң тәртіпке алып тексеру жүргізу керек,  өйткені еңбек ақы шығындары өнімнің өзіндік құнына тікелей жататын болғандықтан бұл заңдылықтарды қатаң тәртіпке алу қажет.

Жасалып жатқан шаруашылық операциялар және есептің “Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС есеп саясатының қағидаларына сәйкес болуына, жасалатын бастапқы ішкі бақылау  бас бухгалтерге жүктеледі.

Алғашқы құжаттар мен ведомостер тексерілгеннен кейін аудитор тексеру жүргізу қызметінің келесі кезеңдерін іске асыруға болады:

— Еңбек ақы есептелу дұрыстығын іріктеме тексеру;

— Жұмыс шартының өзгеруіне байланысты қосымша еңбек ақы төлеу тәртібін тексеру;

— Жұмыстың тоқтап тұруына байланысты еңбек ақы есептеу  дұрыстығы мен құжаттау тәртібінің сақталуын қадағалау;

-Жұмыстағы ақауды анықтау және құжаттау тәртібінің сақталуын сәйкесінше есептелген еңбек ақымен дұрыстығын бақылау;

— Түнгі жұмыс үшін төленетін еңбек ақы тәртібінің сақталуын тексеру;

— Уақыттан тыс қосымша істелінген жұмыс үшін еңбек ақы көлемінің дұрыс есептелуін қадағалау;

— Мейрам және демалыс күндері істелінген жұмысқа еңбек ақының тура есептелуін бақылау;

— Заңмен белгіленген жұмыс істемеген (кезекті еңбек демалысы және оған есептелген төлем) уақыттың дұрыс есептелуін және сол уақытқа төленетін төлемінің туралығын тексеру;

— Уакытша жұмысқа жарамсыздығы үшін төленетін қосымша ақы немесе жәрдем ақы есептеу және төлеу тәртібінің сақталуын, керекті құжаттардың тура толтырылуын тексеру;

-Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталым мен аударылатын аударым сомаларының заңмен негізделіп, дұрыс есептеліп, ұсталынатынына тексеру жүргізу;

— тексерудің соңғы кезін де :

— еңбек ақы қорына апарылған шығындардың дұрыс негізделуін;

— өнімнің (немесе жұмыс қызметінің ) өзіндік құнының еңбек ақы төлемдеріне дұрыс қосылуы;

— Еңбек ақы бойынша бухгалтерлік жазудың немесе корреспонденцияның дәл құрылуын тексеру.

         Синтетикалық және аналитикалық есепке алу тәртібінің, жинақтаушы есеп немесе еңбек ақы қоры бойынша бухгалтериялық есеп беру нысандарының толтыру дұрыстығын, дәлдігін 681 шот бойынша аналитикалық есепке алу жазулары мен 68 бас шоттың атқарушы құжаттардың негізіндегі есептеулер және депоненттелген еңбек ақы сомаларының сәйкестігін №8 және №10 журнал ордердегі, бас кітап және бухгалтерлік баланстағы нәтижелік көрсеткіштердің жазуын тексеру болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Еңбек ақының дұрыс есептелуі және олардан ұсталатын ұсталымдар мен аударымдардың аудиті

 

Салықтарды толығымен және уақытында төлеудің мәселелерін тексеріс жүргізе отырып, осы саладағы ережелерді бұзу фактілерін анықтай отырып аудиторлар салық төлеушілерден салық заңдарының талаптарын және салық салу мәселесі жөніндегі өз күшіндегі нұсқалардың талаптарын бұзу салдарларын уақытында түзетуге көмектеседі, сол арқылы кәсіпорындар салық органдары тарапынан болатын қатаң қаражатты жазадан құтқарылып қалады.

Көп жпғдайда салық салу саласына қатысты ереже бұзушылықтар ұйымдардың бухгалтерлерінің және басқа да қызметкерлерінің салық заңдарының өз күшіндегі ережелерін білмеуінен немесе сол ережелерді дұрыс түсінбеуінен болады. Алайда, заңды білмеу сол заңды бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктен босатпайды. Сол себепті жиі-жиі аудиторларға сұраныс жасау және оның тарапынан салық салу мәселелері дәрістерін алу кәсіпорынға тек қана пайда әкеледі.

Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың алғашқы құжаттарын тексергенде дайындалған жұмыс есебі  үшін тиісті жерлерде жауапты адамның қолдарының бар болуы, толтыру барысында құжаттарда түзетулер мен өшіріп қайта жазулардың бар жоқтығын анықтау керек. Сонымен қатар алғашқы құжаттарды төлеу ведомостарын тексеру барысында анықтайды.

Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудитінің тағы бір міндетті жалақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады. Атқарушы парақтар бойынша тек қана қолдағы бар  немесе жұмыскерлердің өзінің арызы бойынша ұсталады. Жұмыскерлердің келтірген зияны үшін кәсіпорынның төрағасының шешімі бойынша да ұстайды. Аудитор тексеру қорытындысында анықтауға тиісті:

  1. Белгіленген мерзімде алынбаған жалақы сомалары дер кезінде депонентте жатқызылатындығын;
  2. Депоненттегі сома төленгеннен және талап етілмеген депоненттік борыш табыс құрамына аударылғандығын;
  3. Жұмысты қосып атқару бойынша дұрыс төленгендігі;
  4. Заң актілерінде қаралған жұмыс істемеген уақыттарына төлем, жұмысқа уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдем ақылардың дұрыс есептелгендігі;
  5. Шығындардың еңбек ақы төлеу бойынша қорына дұрыс жатқызылмағандығы;
  6. Кейбір төлемдердің өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнға жатқызылғандығы;
  7. Аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізудің жиынтық мәліметтерінің және қаржылық қорытынды есеп формаларын толтырудың дұрыстығы;
  8. Еңбек ақы қоры бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының жұрыс жазылғандығы.

Аудитор еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексере отырып әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету бойынша есеп айырысуды тексеруге міндетті. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету бойынша есеп айырысудың негізгі міндеті төлем сомаларының дұрыс есептелгеніне тиісті сомадағы жарналарды дер кезінде аударылғандығын және бұл операциялардың есепте дұрыс көрсетіліп қорытынды есептеу дұрыс жасалғанын анықтау.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты аудитор төмендегілерді тексеру керек.

  1. Сақтандыру жарналарының тарифінің дұрыс қолданғанын;
  2. Жарналардың дер кезінде және толық аударылуын;
  3. Әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін жәрдем ақылардың зейнетақылардың және тағы басқалардың негізділігін және дұрыстығын;
  4. Жарналарды есептеу және оларды аудару операцияларының бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі
  5. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша аналитикалық және синтетикалық жазулардың № 10 журнал-ордер және Бас кітаптағы сәйкестігін.

Сонымен қатар аудитор жұмыскерлердің кезекті демалыстары бойынша есептелген борыштар 685 және 686 шоттар бойынша қалдықтарын және шығындар қозғалысын тексеру қажет. Бұл шоттар өндіріс немесе айналым шығындарды және төлемдерді теңдей біркелкі етіп өндіру мақсатында бекітілген тәртіптерді резерв жасалған сомалар қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтаушы анықталған.

Бұл шоттарда мынадай сомалар көрсетілуі мүмкін:

  1. Жұмыскерлердің алдағы демалыс ақысын төлеу (әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету) ибілімді қоса;
  2. Жыл сайынғы сіңірген еңбек жылдарына еңбек ақы төлеу ;
  3. Өнеркәсіп саласындағы маусымдық дайындық жұмыстары бойынша өндірістік шығындар;

Айқын ақпарат берілген мәліметтердегі үйлессіздікті тексеру, анықтау үшін аудит өте қажет. Сол арқылы ол қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады, нарықтық операциялардың тиімділігін күшейтеді және активтер мен таза пайданы дұрыс бөлуге көмегін тигізеді. Нәтижесінде аудиторлық тексеру сенімді кепілдік функциясын атқарушы құрал ретінде қаралады. /17/

Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексергенде аудит іскерлік қызметтің бір түрі ретінде Кәсіпорынның жұмыс істеу ережесіне қатысты фактілер немесе, сондай-ақ ережелер мен жұмыстар туралы ақпараттар және тексерумен шұғылданады, оны өкілетті тұлға жүзеге асырады, әрі белгіленген нормативтерге сәйкес жұмыстың ереженің немесе ақпараттың сапалық жағы туралы тұжырым береді. Осы ереженің төңірегінде аудиторлық қызметтің мынадай мәселелерін айтуға болады.

  1. Ззаң актілеріне сәйкес еңбектің және еңбек ақы төлеудің есебін жүргізудің тәртіптерінің сақталуын тексереді;
  2. Бастапқы құжаттардың (түп нұсқасын) олардың жалақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеру;
  3. Істегеніне қарай кесімді және мерзімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру;
  4. Кәсіпорынның қолданыстағы сый ақы есептеу жүйесі бойынша кесімді және мерзіміне қарай сый ақы есептеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру;
  5. Уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша көмек ақы және әртүрлі қосымша ақы төлеудің дұрыстығын тексеру;
  6. Жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру;
  7. Депоненттелген жалақыларды тексеру;
  8. Еңбек ақы төлеу бойынша аналитикалық және синтетикалық есептердің сәйкестігін тексеру;
  9. Еңбек ақы төлеу бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясының дұрыстығын тексеру;
  10. Шаруашылық субъектісінің жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебін жүргізгенде анықталған ауытқушыларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау керек.

681 шот бойынша аналитикалық есеп Кәсіпорынның  әрбір жұмыскерлері бойынша жүргізіледі.

Практикада  осы шот бойынша  аналитикалық есеп мәліметтерімен сәйкес келмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Мұны осы шот бойынша қалдықтарды есептеу төлеу ведомосындағы қалдық сомаларының салыстыру жолымен анықтауға болады. 681 шот бойынша мәліметтердің аналитикалық есепке сәйкессіздік болған жағдайлары кездессе аудитор оның себептерін анықтап, анықталған ауытқылықтарды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беругек міндетті. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиттеу кезінде ішкі бақылаудың  жағдайларын және бухгалтерлік есеп жүйелерінде және ішкі бақылаудың нәтижесінде қортынды жасауға болады. Ішкі бақылаудың және бухгалтерлік есеп деңгейлерінің төмендегі барлық еңбек ақы операциялары бойынша құажттары және есеп көрсеткіштері мен Бас кітаптағы жұмысшылармен еңбек ақы айырысу бойынша есеп айырысу шоты бойынша мәліметтердің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда аудитор бастапқы құжаттардың нақтылығын, олардың дұрыс толтырылғандығын жалақы есептеу және төлеу немесе басқа да төлеудің түрлері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін зерттеуі қажет. Аудитор бұл іс-әрекеттерді жүргізгенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапкершіліктегі лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылғандығын барлық реквизиттердің дұрыс толтырылғандығын құжаттарды келтірілген түзетулердің және тазартулардың жоқтығын анықтайды.

Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексергенде аудитор төмендегілерді анықтауға міндетті:

  1. Осы кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің қандай түрлері мен жүйелері қолданылады;
  2. Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу және ұжымдық еңбек шарттары туралы ішкі ережелердің бар екендігін тексеру;
  3. Жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмыскерлердің тізімдегі және орташа тізімдегі құрамы;
  4. Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу есептерін кім жүргізгені туралы;

Сонымен қатар жұмыстың сапасын кім тексергенін анықтау керек.

Бастапқы құжаттарды зерттеп тексерген кезде аудитор жұмыс уақытының есебінің табелін және нарядтарын оларға «жалған» тұлғалардың есепке еніп кетпегендігін тексеруге міндетті. Бұрын төленген бастапқы құжаттары бірнеше есептеу төлеу ведомостарында қайталанбаған жағдайлардың жоқтығын тексеру қажет. Әсіресе, кәсіпорынның құрамының бір тізімінде жоқ және шамалы уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған нарядтарға сондай-ақ ақауды қалпына келтіру және төменгі сапада орындалған жұмыстарды қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға назар аудару керек. Онда жұмыскерлердің анықтама мәліметтер есептелген және ұсталған ұсталымдары туралы барлық мәліметтері жианқталып көрсетіледі.

Аудитордың  маңызды іс-әрекеттерінің бірі еңбек ақының дұрыс есептелуі ішінара тексеру болып табылады. Атап айтсақ,  кесімді тарифтік қойылымы  және жалақы мөлшері бойынша төлеудің дұрыстығын мерзіміне қарай еңбек ақы төлеу кезінде кәсіпорындағы жұмыскерлерінің штаттық кестелерде қаралған.

Жалақы мөлшерінің штаттық тәртіптердің сақталуы еңбек келісімі бойынша еңбек ақы төлеудің негізділігін тарифтік қойылымдардың дұрыс қолданғанын тексеру қажет. Кесімді еңбек ақы төлеу нәтижесінде қолданылған нормалардың және жұмыс санының және сапасының орындалу көрсеткіштердің, еңбек ақы есептеу мен жұмыс көлемінің қаншалықты нақтылығын өндірілген өнімнің санына еңбек ақының кәсіпорынның қоймаларына өткізілген оның санына сәйкестігін, кәсіпорында қолданылып жүрген сый ақы жүйесі бойынша кесімді және мерзімді жұмыскерлерге есептелген сый ақылардың дұрыстығын және негізділігін тексеру.

Аудитор сый ақы және ынталандыру ақыларына ресми түрде қабылданған рұқсаттың бар екендігіне көз жеткізу керек.

Жұмыскерлердің қалыпты жағдайларда ауытқуына байланысты түнгі уақыттағы жұмысшылар үшін мерзімінен тыс жұмыс істегені үшін, жұмысшылардың кінәсінен емесе, сондай-ақ тұрып қалуын төлеу үшін ауыр және зиянды жұмыс істеген үшін демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін және басқа да есептелген қосымша ақылардың дұрыстығына аудитор назар аударуы керек. Егер еңбек ақы бойынша бастапқы құжаттарды тексерген кезде дұрыс есептелмеген едәуір кемшіліктерге жол берсе, аудитор құжаттарды тереңдетіп тексеру туралы шешім қабылдауға міндетті. Өйткені, еңбек ақының дұрыс есептелуі өнімнің өзіндік және қаржылық нәтижелердің дұрыстығына әсер етеді. Аудитор қалыпты жұмыс жағдайының ауытқуына байланысты қосымша ақы есептеудің дұрыстығын тексерген кезде бұрын құжаттарда қаралмаған қосымша технологиялық операциялар жағдайларында осы мақсат үшін жұмысқа наряд жазылуға міндетті екендігіне көңіл аудару қажет.

Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан тыс істеген уақыттарға қосымша есептелген еңбек ақының дұрыстығын тексеру керек. Жұмыс кестесінен тыс уақыттағы жұмысқа алдыңғы екі сағатына 1,5 есе төленуі керек. Аудитор жұмысшыға қатысы жоқ тоқтап тұруды шығарылған өнімдердің ақауын олардың төлеушілердің құжаттарын дұрыс толтырылуына ерекше назар аударуға міндетті.

Тексерудің ақпараттық көзі болып 681 /ҚЕХС 3350/ «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есептесу» 561, 562 /ҚЕХС 3510/ «Бөлінбеген табыс» шоттарының аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштері, еңбек ақы есептеу және төлеу кезіндегі алғашқы құжаттар, еңбекке жарамсыздық, кезекті демалыс ақысы, осы операцияларды жүйелеуші құжаттар болып табылады.

Аудитор тексеру кезінде міндетті түрде:

  1. Жеке іс қағазын, ондағы жазылған еңбек жалақысын, қосымша төлемге рұқсат, жұмысқа алу туралы тіркеудің растығын, басшының бұйрығымен, отырыс хаттамасымен расталған еңбек ақы төлемінің дұрыстығын; жеке іс қағазында көрсетілген еңбек ақыжан ұсталатын және есептелген жалақыны турасындағы ақпараттармен бухгалтер пайдалануына;
  2. Бухгалтерлік баланс пен Бас кітаптағы жазулар 681/ҚЕХС 3350/ шоттың аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштердің сәйкестігін анықтау;
  3. Алғашқы құжаттардың анықтылығын зерттеу. Олардың дұрыс толтырылғандығын, жауапты адамдардың қолдарының қойылуын барлық құжаттардың реквизиттерінің дұрыс толтырылуын және құжаттарда өшірулер мен түзетулердің жоқтығын анықтау
  4. Еңбек ақы есептеу ведомосының кейбір мысалдарын іріктеу:
    • Есептеулер мен ұсталынулардың құжатталуын анықтау;
    • Барлық есептеулерді сынап, шығарылымдарды анықтап таза төлемдерді табу.
  5. Әлеуметтік зейнет ақы қорына ұсталатын салықтың дұрыстығын тексеру.
  6. Еңбек ақыны уақытылы төлеуді және мерзімді берілуін тексеру.
  7. Еңбек ақы төлеу ведомосіндегі жазбалардың дұрыстығын тексеру.
  8. Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдарды тексеру.
  • Кәсіпоырн жұмысшыларының еңбек ақысынан ұсталған ұсталымдардың бюджетпен салық бойынша есеп айырысулардың, жалақы төлеу ведомосінің аналитикалық шот көрсеткіштерімен салыстыру;
  • Жұмысшылардың салық заңдылықтарының орындалуы;
  • Жекелеген жалданушы жұмысшылардан ұсталымдарды зерттеу;
  • Бюджетке салықтар аударылуының реттілігін зерттеу. /17/

 

 

3.3 Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау

 

Талдаудың мәні мен мағынасы келесілерді қарастырады -еңбек ақы қоры бойынша абсолютті және қатысты ауытқуларды анықтау. Өзгермелі және тұрақты еңбек ақының өзгеру себептері. Инфляцияны ескере отырып, қызметкерлерінің еңбек ақы деңгейін талдау. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен оның төлену деңгейінің арасындағы сәйкестікті талдау.

Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын, еңбек өнімділігінің деңгейін пайдалануды талдау еңбек ақыны төлеумен тығыз байланыста екенін қарастыру керек. Осы кезде еңбек ақы қаражаттарының еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлеуінің өсу қарқынынан озып отыруы керек, сол кезде ғана пайдалануға болады. Бірақ мұндай жағдайларда қайта өндірудің қарқынын өсіру үшін мүмкіндіктер туады.

Осыған орай әрбір кәсіпорында еңбек ақыға қаражаттарды пайдаланудың талдауы кең мағына береді. Процесс кезінде оны еңбек ақы қорын пайдалануды жүйелік бақылау арқылы жүзеге асыруға болады, Еңбек өнімділігінің өсуі және өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі есебінен қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерді шығару керек.

Статистика органдарының нұсқаулықтары бойынша еңбек ақы қоры өзіне кәсіпорынның ағымдағы шығындарына жататын, еңбекке төлеу қорын ғана енгізбейді, сонымен қатар әлеуметтік қорға қаражаттарының және таза пайда есебінен, кәсіпорын қарамағында қалатын төлемдерді де енгізеді. Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалану туралы мәліметтер кестеде көрсетілген (11 кесте):

11 Кесте

Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалануды талдау

Төлем түрлері

Сомасы млн.тг

Жоспар

Нақты

Ауытқу

 

1.Еңбекті төлеу қоры

1.1. Келісімді бағалау бойынша

1.2. Тарифтік ставкалар және окладтар

1.3. Өндірістік нәтижелер бойынша сыйақылар

1.4. Кәсіпкерлік шеберлік үшін қосымша төлемдер

1.5.Түнгі уақыттағы жұмыс, артық сағаттар, мейрам күндері үшін қосымша төлемдер

1.6. Жыл сайынғы және қосымша демалыстарды төлеу

1.7. Жас өспірімдердің жеңілдік сағатарын, емізетін аналардың жұмыстағы демалыстарын төлеу

1.8. Орта деңгейге дейін қосымша төлемдер

1.9. Тұрып қалуларды төлеу

 

 

20500

10630

6580

 

1400

 

500

 

 

 

1390

 

 

 

 

21465

11180

6349

 

1545

 

520

 

 

80

 

1491

 

 

 

 

+965

+550

-230

 

+145

 

+20

 

 

+80

 

+1401

 

 

 

2. Таза пайда есебінен төлемдер

2.1. Жылдың қорытындылары бойынша жұмыс нәтижелері үшін сыйақылар

2.2. Материалдық көмек

2.3. Зейнеткерлерге  уақытылы төлемдер

2.4. Шамадан артық белгіленген мерзімдегі демалыстарды төлеу

2.5. Тұрғын үй салуға жұмысшыларға ссуданы өтеу

2.6. Демалысқа және емделуге жолдама төлеу

2.7.Құнды қағаздар бойынша дивидендтер төлеу

 

 

5860

1800

 

700

 

30

 

150

 

220

 

2360

300

 

6145

1850

 

720

 

45

 

150

 

250

 

2530

 

+285

+50

 

+20

 

+15

 

 

+30

 

+170

3.Әлеуметтік сипаттағы төлемдер

3.1. Балаларды тәрбиелейтін отбасыларына жәрдемақылар

3.2 Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланыста жәрдемақылар

3.3 Кәсіподақ жолдамалар құны

340

 

150

 

540

250

1100

 

160

 

740

200

+160

 

+10

 

+200

-50

Тұтынуға бағытталған қаражаттардың барлығы

27300

28710

+1410

Жалпы саладағы үлесі, %

Еңбекті төлеу қоры

75,0

74,8

-0,2

Таза пайдадан төлем

21,5

21,4

-0,1

Әлеуметтік қорғау қорының есебінен төлеу

3,5

3,8

+0,3

 

Тұтынуға пайдаланылған қаражаттар құрамындағы ең көп үлес салмақты өнімнің құнына кіретін еңбекті төлеу қоры алады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбек ақы қорын пайдалануды талдауға көшерде, бірінші кезекте, оның көлемінің абсолютті және қатысты ауытқуын жоспарлыдан есептеп алу қажет. Абсолютті ауытқу(ФЗП абс) еңбекті төлеуге нақты қолданылған қаражаттарды (ФЗП ф) кәсіпорын, өндірістік бөлімше және жұмысшылар категориясы бойынша жалпы алғандағы еңбек ақының жоспарлы қорымен( ФЗП пл) салыстыру арқылы анықталады:

ФЗП абс= ФЗПф-ФЗП пл=21465-20500=+965 млн.тг.

Бірақ мынаны есте сақтаған жөн, өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу деңгейінің есебінсіз бұл көрсеткіш анықталатындықтан, еңбек ақы қорын пайдалануды абсолютті ауытқу өзінен өзі сипаттамайды. Қатысты аутқу өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу коэффициентінде тұрақталған , жоспарлы қорымен еңбек ақының нақты есептелген сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу проценті 102,6% (16440 туб/16023) құрайды бірақ мынаны ескерген жөн, өнімді өндіру көлемін пропорционалды өзгеретін еңбек ақы қорының өзгермелі бөлігі ғана өзгертіледі. Бұл шартты бағалау, жұмысшыларға сый ақы және өндірістік нәтижелері үшін қызметкерлерге және демалыс сомалары, өзгермелі еңбек ақы үлесіне сәйкесі бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы.

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау кезінде, кәсіпорынның жұмысшыларының орташа жалақысы туралы, сонымен қатар оның деңгейін анықтайтын факторлар туралы деректерді зерттеу кең мағына береді. Сондықтан келесі талдау категориясы мен мамандығы бойынша, сонымен қатар кәсіпоырн бойынша жалақы алғанда бір жұмысшының орташа еңбек ақысына өзгерту себептерін зерттеуге бағытталған болуы керек. Бұл кезде орташа жылдық еңбек ақы бір жылда бір жұмысшының істеген күндер санына, жұмыс сменасының ұзақтығына және орташа сағаттық еңбек ақысына байланысты екенін ескерген жөн:

ГЗП=Д*П*ЧЗП.

Осы факторлардың жұмысшылар категориясы бойынша орташа жылдық еңбек ақы деңгейінің өзгеруіне әсерін есептеу абсолютті айырмашылықтар тәсілімен жүзеге асырылған (12 кесте).

 

12 кесте

Еңбек ақы төлеу деңгейін талдау

Жұмысшылар категориясы

1жұмысшының істеген күндері саны

Жұмыс сменасының орташа ұзақтығы, сағ.

Орташа сағаттық еңбек ақы, мың тг.

Жоспар

нақты

Жоспар

нақты

Жоспар

нақты

Жұмысшы-мәмілешілер

Мезгілдік-жұмысшылар (уақытша)

220

 

 

 

220

210

 

 

 

210

7,95

 

 

 

7,95

7,8

 

 

 

7,8

58,6

 

 

 

49,53

64,10

 

 

 

51,97

Ж/е т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмысшылар категориясы

Орташа жылдық еңбек ақы, мың тг.

Жұмысшының жоспарлы орташа жылдық еңбек ақысынан ауытқу, мың тг

Жоспар

Нақты

Барлығы

Соның ішінде өзгеру есебінен

Істеген күндер саны

Смена ұзақтығы

Орташа сағаттық еңбек ақы

     Жұмысшы-мәмілешілер

Мезгілдік-жұмысшылар (уақытша)

 

 

102500

 

 

86625

 

 

105000

 

 

85121

 

 

72500

 

 

-1504

 

 

-4659

 

 

-3938

 

 

-1846

 

 

-1560

 

 

+90015

 

 

+3994

Ж/е т.с.с.

 

 

 

 

 

 

Кестеден көріп отырғанымыздай орташа жылдық еңбек ақының өсуі негізінен орташа сағаттық еңбек  ақының өсуіне байланысты, ол өз негізінде жұмыскерлер біліктілігі деңгейңне және олардың деңгейінің (интенсивтілігіне) қарқындылығына, өндіру нормаларын қарастыру және бағалауға, жұмыс разрядтарының және тарифтік ставкаларының өзгеруіне әртүрлі қосымша төлемдер мен сый ақыларға байланысты. Талдау процесінде өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі бойынша шаралар жоспарын орындауды, өндіріс нормаларын өз уақытылы қарастыру және бағалауды, тарифтер бойынша төлемнің дұрыстығын, жұмыс стажы үшін қоысмша төлемдерді аудару дұрыстығын, артық сағаттарды, кәсіпорын кінәсі бойынша тұрып қалулар уақытын және тағы басқаларды зерттеу қажет, орташа еңбек ақының өсу қарқыны мен еңбек өнімділігінің арасындағы сәйкестілігі де анықтау керек. Алдында айтқанымыздай кеңейтілген қайта өндіріс үшін, пайдалану және табыстық үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлемінің өсу қарқынынан асып түсуі қажет, егер мұндай принцип орындалмаса, онда еңбек ақы қорының шығындалуы, өнімнің өзіндік құнының өсуі және сәйкесінше пайда сомасының төмендеуі болады.

Жұмысшылардың орташа еңбек ақысының нақты немесе басқа уавқыт кесіндісінде өзгеруі (жыл, ай,күн, сағат) базистік кезең (СЗо) орташа еңбек ақысына, есеп беру кезеңінің (СЗ1) орташа еңбек ақысына қатынасы арқылы анықталатын, оның индексі (I сз) арқылы сипаталады. Аналогты түрде еңбек өнімділігінің индексі( Iгв) есептелінеді:

Iзс= СЗф/СЗпл= 106,4 млн тг/102,5 млн тг= 1,038

     I гв= ГВ ф/ ГВ пл= 499 млн тг/480 млн тг= 1,04

Келтірілген мәліметтер талданып отырған кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекті төлеудің өсуінің қарқынынан асып тұрғанын көрсетеді. Озу коэффициенті (Коп) тең :

Коп=Iгв /I сз=1,04/1,038=1,00192678227

Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен оның төлемі арасындағы қатынастардың өзгеруімен байланысты еңбек ақы қорының шығындары (+7) немесе үнемдеу (-7) сомасын анықтау үшін келесі формуланы пайдалануға болады:

Э= ФЗП фI сз-Iсв/ Iсз= 214651,038-1,04/1,038=-41,4 млн тг

Біздің мысалымызда, еңбек ақы төлеудің өсу қарқынымен салыстыру бойынша  еңбек өнімділігінің өсу қарқынына барынша жоғары болуы 41,4  тг сомаға еңбек ақы қорын үнемдеуге әкелді. Орташа еңбек ақының өсу индексін талдау кезінде инфляция шарттарды тұтыну тауарларына және талданатын кезеңдегі қызмет (I ц) бағасының қсу индексін ескерген жөн.

I зп= СЗ 1/ СЗ о *Iц

Мысалы есеп беру жылында жұмысшылардың орташа жылдық еңбек ақысы-106,6 млн тг., өткен жылғы – 76 млн тг . құрайды. Осы кезеңде ақпарат индексі 1,5 құрайды:

Iзп= 106,4/76*1,5 = 0,9333

Осылайша кәсіпорын жұмысшыларының нақты еңбек ақысы өскен жоқ, керісінше талданатын кезеңде 0,7 процентке төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл — әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану болып табылады. Міне, осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.

Нарықтық экономика жағдайында Кәсіпорынның жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек, бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені, қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер мен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі ұйымдар арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

Кейбір ұйымдар өндірген өнімге норма бойынша қажетті еңбек шығындарын көп жұмсап, еңбек өнімділігін қолдан кемітіп жүр. Содан шаруашылықтың табысын азайтып мемлекеттік төленімге тиіс салықтардың мөлшерін азайтып көрсетеді. Мұндай жағдайда еңбектің есебін жетілдіруге кері әсерін тигізуде. Сондықтан еңбек есебін жетілдіру және оған ақы төлеуді жақсартудың біздің ойымызша шаруашылықтың барлық түрлеріне тиімді еңбек күнге көшірудің маңызы үлкен. Себебі, оның есебін жүргізу аса күрделі емес және шаруашылық үшін тиімді.

Жалпы еңбек және оған еңбек ақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбек ақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры. Мысалға, ТМД мемлекет аралық статистикалық комитетінің деректеріне қарасақ ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы мөлшері біздің елден көп төмен.

Көріп отырғанымыздай бұған қарамастан еңбек ақының төменгі мөлшері, жұмысшылардың ұдайы өсуін дамыту үшін жұмысшыларды барлық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету. Өндірісітк өрістерде мынандай жағдайлар болуда, еңбек төлемі жұмысшылардың кәсіби мамандықтарына қарамастан, еңбек сыйымдылығы, қиыншылығы, еңбектің сапалық және нәтижелік дәрежесінде қамтамасыз етілмеген. Өз кезеңінде, бұл еңбектің сапасына және санына байланысты тұрақты еңбек ақы беріп тұратын көптеген мамандардың қысқаруына әкеліп соғады. Материалдық шығындар құнының көлемді өсуіне еңбек күшінің бағасы ауыспай (өзгермей) қалады, нәтижесінде өндірістегі шығындар құрамында жалақының үлес салмағы жүйелі түрде төмендейді. /19/

Осыдан  еңбек төлемін басқаруда болған жетіспеушіліктерді жоюда және жұмысшылардың жағдайын жақсартуда, экономиканы нығайтуда төмендегі мүмкіндіктері ұсынылады:

  1. Халықаралық негізде талқылауды және еңбек ақы бойынша экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибесі есебі мен, осы сұрақтағы барлық деңгейдегі басқарушы органның ролі мен бірқалыпты орнын белгілеуді анықтау.

2.Еңбек ақы бойынша белгіленген тәртіптегі заңды құжаттарды қабылдау, онда есеп айырысудың қолдану тәртібі және тұтыну қорының анықталуы, күн көрістің төменгі мөлшері, тарифтік ставка көрсетілуі қажет.

  1. Өнеркәсіпте және экономиканың басқадай саласында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша Үкімет деңгейінде арнайы бағдарламаларды өңдеу және орындау.

Қорыта келе «Фирма СТАЛЬ С.» ЖШС-нің еңбек ақы есебін дұрыс жүргізу кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырып, сол кәсіпорынның қызметін алға жүргізу үшін мынандай ұсыныстарды ұсыну керек.

  • шығарылатын өнімдер мен істелінетін жұмысқа көрсететілетін қызметке кеткен еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау;
  • еңбек өнімділігігің өсімін бақылау;

— жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбек ақы қорынан қоғамдық тұтыну қорына және т.б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.

Сонымен қатар еңбек  пен еңбек ақы есебін ұйымдастыру және одан әрі жетілдіру үшін мынандай жағдайлар болуы керек:

-Еңбектің өнімділігі мен орындалатын жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбек ақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану;

-Еңбек пен өндірісті бақылаудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдау;

-Еңбек ақы төлеудің сыйлық беру жүйесінен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктерімен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қадағалау;

— Еңбек пен еңбек ақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Дипломдық жұмысты қортындылай келіп біздің міндетіміз:

Еңбек есебін үздіксіз жетілдіріп отыру және осы арқылы, Кәсіпорынның экономикасын күшейту, осы арқылы халықтың әл ауқатын арттыру. Сөйтіп, осы күнгі экономикалық тығырықтан шығу. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, есеп жұмыстарының ең алдындағы озық тәжірибелерін пайдалану болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2005-жылдың 24-ші маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы.,
  2. “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» 1998-жылғы 20-қараша Заң күші бар №20 жарлығы (2001 ж. 15 қарашадағы өзгертулер мен толықтырулармен).,
  3. Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 1998 жылғы 10 шілде №2811.,
  4. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдары Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бекіткен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен).,

Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі 12.06. 2001 жыл №209-11., (1-қаңтар 2005жылғы өзгерістер мен толықтырулармен).,

 «Аудит»,     под редакцией доктора экономических наук, профессора В.И.Подольского, М., Юнити. 2000г-560с.,

Андреев В.Д.  Практический аудит,  М., Экономика. 1994г-500с.,

  1. Әбдіқалықов Т.Ә.,   Сәтмурзаев  А.А.   Шағын  кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру,  А., ҚазМБА. 1996ж.,

Байдаулетов М., Байдаулетов С.М.   Аудит,  А.,  Қазақ университеті.    2004ж-226б.,

 Дюсембаев К.Ш.  Аудит и анализ в системе управления   финансами,  А., Экономика.  2000ж-320б.,

 Дюсембаев К. Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К.  Аудит и анализ финансовой отчетности,  А.,  Каржы-каражат. 1998ж.,

Дюсембаев К.Ш.,Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г.   Кәсіпорынның

қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 2001ж-378б.,

  1. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б.,
  2. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М., Сервис. 2000г-450с.,

15.Козлова Г.Н. Бухгалтерский учет в организациях,  М., Дело. 1999г-520с.,

  1. Кондраков Н.П., Краснова Л.П. Принципы бухгалтерского учета, М., ФБК-Пресс. 1997г- 192с.,

17.Кутер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета, М., Финансы и статистика. 2000г-543с.,

18.Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан — орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы. А., 2006ж-410б.,

Радостовец В.К., Шмидт О.Н.  Особенности бухгалтерского учета,
А.,  Центр аудит Казахстан. 2000г-310с.,

Сатмурзаев  А.А.,  Укашев  Б.Е.   Аудиттің  теориясы,  А., Ұлағат университеті. 1998 ж.,

Төлегенов   Э.Т.   Бухгалтерлік  ақпарат  жүйелері, А., Экономика. 2001ж-200б.,

 Тасмағанбетов Т.А., Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А., Рабатов О.Ж.,   Байболтаева   Н.Ә.,   Радостовец   В.К.   Қаржы   есебі, А., Дәуір. 1998ж-390б.,

Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н.  Бухгалтерлік есеп теориясы, А., Ұлағат университеті. 1999ж-220б.,

Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж.  Бухгалтерский учет: управленческий аспект:
Пер. с англ. Под ред. Я. В. Соколова, М., Финансы и статистика. 1995г-
-416с.,

 Бюллетень бухгалтера № 18 (196),  2005г.

 Библиотека бухгалтера и предпринимателя  № 14 (139), январь 2005г.

27.Бухгалтер бюллетені, №10,12,15 қаңтар, 2005ж. БИКО.