АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Ерекше сот өндірісінде қаралатын істер

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………..

 

3

1              ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ………….

 

5

 

1.1        Ерекше іс жүргізудің түсінігі, мәні мен мазмұны және азаматтық іс жүргізуде алатын орны……………………………………………….

1.2        Ерекше өндірістің азаматтық іс жүргізу өндірісінің басқа түрлерінен айырмашылығы………………………………………….

 

 

5

 

12

 

2              ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР………….

 

18

 

2.1        Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі………………..

2.2        Ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын істердің жеке санаттары бойынша іс жүргізу тәртібі……………………………………………

 

18

 

20

 

3               ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ ІСТЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ…………………………………….. 

 

 

61

3.1        Ерекше өндірісте істі қозғау…………………………………………..

3.2        Ерекше өндірісте істі сот талқылауына дайындау………………….

3.3        Ерекше өндірісте істі сотта талқылау………………………………..

3.4        Ерекше өндіріс бойынша сот шешімін шығару……………………..

 

61

65

67

69

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………...

 

73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………...

 

75

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс «Азаматтық процесстегі ерекше өндіріс» тақырыбына жазылған. Аталған диплом жұмысында ерекше іс жүргізудің түсінігін, мәні мен мазмұнын, азаматтық іс жүргізуде алатын орнын, ерекше өндірістің өндірістің басқа түрлерінен айырмашылығын, ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібін, ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын істердің жеке санаттары бойынша іс жүргізу тәртібін, ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің процессуалдық тәртібін ашуға бағытталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген. Конституциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс [1].

Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің басты мақсаты әлеуметтік міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады.

Бұл қоғамдық маңызы бар қажеттілік және өз алдына құқықтық және демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойған Қазақстан Республикасы үшін маңызды міндеттердің бірі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 5-бабында «Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылықпен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады [2].

Азаматтық іс жүргізудің ең маңызды міндеттері болып азаматтардың ұйымдардың бұзылған құқықтарын немесе дауланған құқықтары мен  заңды мүдделерін және бостандықтарын қорғау, сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл міндеттер әрбір іс бойынша және сот процесінің әрбір сатысында қолданылуымен нақтыланады, бірақ ең маңыздысы жалпы юрисдикциялы сот шешімінде нақты көрініс табады.

Құқықты іске асыру және міндеттерді орындауға қол жеткізуде сот Қазақстан Республикасында заңдылықтың нығаюына қызмет жасайды.

Азаматтық іс жүргізу негізгі үш өндіріске бөліп қарастырылады. Талап өндірісі, ерекше талап өндірісі, ерекше өндіріс. Әрбір өндірістің өзіне тән мақсаты мен міндеттері бар.

Біз бұл жұмысымызда азаматтық іс жүргізудің бір түрі ерекше сот өндірісінің мақсаты мен міндеті туралы тоқталып біршама баяндадық. Ерекше сот өндірісінің мақсаты  ол – арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормаларын байланыстыратын мән-жайларды анықтау. Ерекше сот өндірісінің түсінігі мен мәні менің дипломдық жұмысымның нақты өзекті тақырыбы болып саналады.

Зерттеу обьектісі. Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі азаматтық іс жүргізудің үшінші түрі Ерекше сот өндірісін зерттеу, жұмыстың обьектісі болып отыр.

Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, нарық талаптары мен қоғам мүдделерін, сондай-ақ халықаралық стандарттарды есепке ала отырып азаматтық іс жүргізудің үшінші түрі ерекше сот өндірісінің құқықтық тұрғыдан реттелуін ұйымдастыру барысында принципиалдық жаңа жолдар мен тәсілдерді жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері. Азаматтық сот өндірісінің бір түрі ерекше сот өндірісінің түсінігі мен мәнін жан-жақты талқылап ашу болып саналады.

 Ерекше сот өндірісі азаматтық сот өндірісінің бір түрі ретінде зерттей отырып, отандық ғалымдар өздерінің жазған оқулықтарында жан-жақты талқылап өткен. Бұл жұмысты зерттеу барысында көбіне оқулықтар, нормативтік актілер, жоғарғы сот қаулыларын талқылау нәтижесінде жазылды.  Сонымен қатар Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері кеңінен қолданылды.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жұмыстың жеке тараулары мен бөлімдерінде көрсетілген мәселелерді жан-жақты қарастыру нәтижесінде қол жеткіземіз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста  Г.А. Ильясова, З.Х.Баймолдина,  Ү. Нұрмашев, П.Ф. Елисейкин. З.К. Абдуллина, М.К. Треушникова т.б ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Диплом жұмысының нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары құрайды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 77 бетті құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

  • Ерекше іс жүргізудің түсінігі, мәні мен мазмұны және азаматтық іс жүргізуде алатын орны

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясынының 13 бабына сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген [1].

Конституциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс.

Субъективтік құқықтар мен мүдделерді қорғау қажеттілігі тек қана осы мүдделер мен құқықтар бұзылған немесе дауланған жағдайда ғана туындамайды. Субъективтік (тұлғалық) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатында құқық нормалары құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері [3]. Кейде субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын мән-жайларды жүзеге асыра алмайды, себебі осы құқықтарды нақтылайтын фактілер жоқ болғандықтан, оны тиісті дәлелдемелермен тексеруді, нақтылауды талап етеді. Сондықтан да азаматтық іс жүргізуде мүдделі тұлғаға соттық тәртіпте оның субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға негіз болып табылатын заңды фактілерді анықтауға мүмкіндік беретін сот өндірісінің түрі—ерекше іс жүргізу бар.

Ерекше өндіріс талап өндірісі мен ерекше талап өндіріcімен салыстырғанда өзінің құрамына кіретін істердің материалдық құқықтық табиғатымен ерекшеленеді. Ерекше өндірістің мақсаты- арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормаларын байланыстыратын мән-жайларды анықтау [4]. Азаматтық сот өндірісінің барлық үш түрі де АІЖК-нің ережелері бойынша қарастырылады,өйткені онда белгілі бір азаматтық істі қарастыру  бойынша сот өндірісінің барлық түріне ортақ құқық нормалары бекітілген.

Ерекше өндіріс – азаматтық іс бойынша азаматтық сот өндірісінің үшінші түрі ретінде процессуалдық ерекшелігімен мазмұндалады.

Ерекше іс жүргізумүдделі тұлға үшін жеке немесе мүліктік құқықтарын жүзеге асыруға жағдай туғызу мақсатында даусыз субъективтік құқықтардың бар болуын немесе жоқ болуын анықтау бойынша сот өндірісін жүргізу түрі.

Ерекше сот ісі қалған азаматтық сот істерімен өзара тығыз байланысты, өзге азаматтық істер сияқты істерді қарау тәртібін анықтайтын істің жалпы принциптеріне негізделеді.

Азаматтық сот өндірісінің негізін қалайтын ең негізгі нормативтік акті бұл әрине 1999 жылы 13-шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі», осы Кодексте азаматтық сот өндірісінің үш түрі көрсетілген: талап өндірісі, ерекше талап өндірісі және ерекше өндіріс.

Талап қоюмен жүргізілетін сот ісі – бұл соттың субъективті құқық немесе азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, жер және өзге де құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын дауларды талқылау мен шешу бойынша азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген іс-әрекет. Талап қоюмен жүргізілетін сот ісі субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша жеке тұлғалар арасында дауды шешуге бағытталған.

Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істер – бұл соттың мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлану немесе сайлау, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азаматтардың арыздары бойынша даулы мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған іс жүргізу тәртібі.

Ерекше сот өндірісінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамаларына сай даусыз мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған сот өндірісінің бір түрі болып саналады.

Азаматтық сот өндірісінде талап өндірісі мен ерекше талап өндірісінің өзара ұқсастығы бар, бұл екі сот өндірісі тараптар арасындағы даулы мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған. Бұл екі сот өндірісінің ерекшелігі талап өндірісінде  азаматтар арасындағы субъективті құқық немесе азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, жер және өзге де құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын дауларды талқылау мен шешу болса, ал екінші сот өндірісі  мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен ( немесе әрекетсіздігімен) сайлану немесе сайлау, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азаматтардың арыздары бойынша даулы мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған. Бірінші сот өндірісімен екінші сот өндірісінің айырмашылығы міне сонда, бірақ бұл сот өндірістерінің процессуалдық іс жүргізушілік ережелерінің ешқандай айырмашылығы жоқ. Екі сот өндірісінде де өзара даулы құқықтар мен мүдделер бойынша тараптардың қақтығысы болады.

Ерекше іс жүргізумүдделі тұлға үшін жеке немесе мүліктік құқықтарын жүзеге асыруға жағдай туғызу мақсатында даусыз субъективтік құқықтардың бар болуын немесе жоқ болуын анықтау бойынша сот өндірісін жүргізу түрі.

Ерекше сот өндірісінің негізгі белгілерінің бірі, ол даудың болмауы және даулы мәселелер бойынша бір-біріне қарсы талап қоятын тараптардың болмауында. Ерекше сот өндірісі талапкердің нақты жауапкерге тікелей талап қоюымен емес, мүдделі тұлғаның заңды маңызы бар фактіні анықтау мақсатындағы өтініші негізінде қозғалады. Ерекше сот өндірісі әдебиеттерде даусыз бір жақты сот өндірісі деп сипатталады [5].

Ерекеше сот өндірісі – азаматтық сот өндірісінің бір түрі ретінде, азаматтың құқықтық жағдайын, оның субъективтік құқықтары мен мүдделерінің туындау, өзгеруі немесе тоқтатылуымен байланысты заңды маңызы бар фактілердің даулы құқықтық мүдделердің бар не жоқтығын анықтауға байланысты іс жүргізушіліктің бір түрі болып саналады. Заңды маңызы бар фактілерді анықтаудағы азаматтың субъективтік құқықтары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Анықтап қарасақ азаматта мүліктік жеке құқықтар болмайды, егер ол белгілі бір заңды маңызы бар фактімен анықталмаса, екінші жағынан ешқандай факт заңды маңызы болмайды, егер ол белгілі бір құқықтардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеліп соқпаса. Сондықтан да заңды маңызы бар фактіні анықтау барысында белгілі бір құқықтық заңды мүдделердің жәйі туралы мәселе қозғалуы сөзсіз. Біздің ойымызша заңды маңызы бар факті мен оған тығыз байланысты құқықтық мүддені бөліп қарауға болмайды, кейбір авторлардың ойынша, сотта   заңды маңызы бар фактіні анықтау барысында, заңды маңызы бар факті туралы дау туындаса, онда ерекше өндірістің тоқтатылуына әкеліп соқтырады деп ойлайды.

И.Б. Морейннің ойынша «құқық және фактіні бір-бірінен ешқандай жасанды түрде бөліп қарастырудың мүмкіндігі жоқ. Құқықтық қорытынды тек қана фактіге негізделуі тиіс», сондықтан да, «азаматтық құқықпен қатар, анықталуы тиіс заңды фактінің дұрыстығы ерекше сот өндірісінде нақты өз шешімін таба алмайды» деп жазды.  

Ал, П.Ф. Елисейкиннің ойынша кез-келген фактідегі дауда құқық туралы дау бар, сондықтан да фактіні анықтауда дау туындаса ерекше сот өндірісі тоқтатылады. Ерекше сот өндірісі тәртібінде заңды маңызы бар фактіні анықтаудағы дау фактінің дұрыстығында болуы мүмкін, бұл жағдайда фактіні анықтау  сотта жалпы тәртіп бойынша талап өндірісі негізінде қаралуы керек. Бұл ойды басқа да зерттеуші ғалымдар қолдайды [6].

Біздің ойымызша бұл авторлармен толықтай келісуге болмайды, себебі, факті туралы туындаған дау ол міндетті түрде құқық туралы дауды туындатпайды, құқық туралы дауды туындатпай-ақ фактінің дұрыстығы туралы дау туындауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің нормаларына сай ерекше сот өндірісінде заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер қаралады. Яғни бұл сот өндірісінде құқық туралы дау емес, құқықтық даусыз сипатқа ие  фактілерді анықтау туралы істер қаралады.

Құқық туралы дау туындаса, онда міндетті түрде бір-біріне заңды түрде талап қоюмен жүгінетін тараптар болады. Құқықтық даумен бір-біріне қарама-қарсы талап қоятын немесе, бірі жауапкер, екіншісі талапкер болып іске қатысатын болса бұл іс ерекше сот өндірісінде қаралмайды. Ол талап өндірісінде немесе ерекше талап өндірісінде қаралуға жатады. Ерекше сот өндірісінде тек қана даусыз, дауласушы тараптардың қатыспауынсыз заңды фактілерді анықтау туралы азаматтардың өтініші бойынша іс қаралады. Ерекше сот өндірісінің басқа екі азаматтық сот өндірісінен айырмашылығы, ерекше сот өндірісінде дауласушы тараптардың қатысуымен  құқық туралы даулы істер қаралмайды. Азаматтық сот өндірісінде ерекше сот өндірісінің алатын орны міне осында.

Ерекше сот өндірісінде бір-біріне қарсы талап қоятын тараптар қатыспайды және құқық туралы даулы мәселе қаралмайды.

Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды (ҚР АІЖК 290-бап). Ерекше сот өндірісінің сотта қаралу тәртібі жалпы  талап қою ережелері бойынша соттар қарайды, бұл ерекше сот өндірісінің талап өндірісі және ерекше талап өндірісімен процессуалдық ұқсастығын көрсетеді. Бірақ ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын кейбір істердің өзіндік талаптары бар. Бұл туралы заң нормасында істерді ерекше сот өндірісінде ҚР АІЖК-нің 31-38- тарауларында көрсетілген алыныстармен және толықтырулармен соттар қарайды деп көрсетілген. 

Ерекше іс жүргізу өзінің процессуалдық ерекшелігімен сипатталатын, белгілі бір шеңберде топтасқан азаматтық істерді қарайтын, азаматтық іс жүргізудегі үшінші бір жеке өндіріс болып саналады. Ерекше өндіріс тәртібінде қаралатын істердің түрлері ҚР АІЖК-нің 289-бабында қарастырылған:

  • заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
  • азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп тану туралы;
  • азаматты әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;
  • азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп орналастыру туралы;
  • заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;
  • жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;
  • азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;
  • нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
  • жоғалған ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы;
  • бала асырап алу туралы;
  • Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы;
  • Қазақстан республикасының және басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу.

Жоғарыда тізілген істерден басқа ерекше сот өндірісіне сол бапта қарастырылмаған істер де қаралады. Мысалы, ерекше өндірістің ережелері бойынша денсаулығы қалпына келтірілген азаматты әрекетке қабілетті деп тану туралы немесе әрекет қабілеттілігін шектеуді жою туралы істер қаралуға жатады [2].

Сонымен қатар, ерекше өндіріс тәртібінде баланың әкесі қайтыс болған жағдайда әкелік анықталады. Жалпы, мұндай екі санаты болады – әкелікті тану фактісін анықтау (ерекше іс жүргізу) және әкелікті анықтау (талап қою ісін жүргізу) [4].

Келтірілген істер олар өзара бір-бірінен мазмұны жағынан және сот әрекеттерінің бағыты мен мақсаты жағынан ажыралып тұрады. Бірақ та бұл істер бір-біріне ұқсамағанымен, олардың бір арнаға тоғыстыратын белгі ол ведомствалық сотта құқықтық даулардың жоқтығында. Жоғарыда келтірілген белгі негізінде ерекше сот өндірісі талап өндірісімен және еркеше талап өндірісінен ажыратылады. Ерекше сот өндірісінде құқықтық даудың жоқ болуын дауласатын тараптардың жоқ болуымен сипатталады. Келтірілген негіздер бойынша ғылыми оқу құралдарында ерекше сот өндірісіне мынадай анықтама келтірілген, ерекше сот өндірісібұл мүдделі тұлғалар арасында материалдық-құқықтық дау жоқ азаматтық істерді сотта бірінші инстанцияда қараудың арнайы процессуалдық тәртібін белгілейтін азаматтық сот өндірісінің бір түрі [6].

Бірақ та ерекше сот өндірісінің анықтамасы мен оның мазмұны, істердің категориялары азаматтық іс жүргізу ғылымында әлі күнге дейін даулы мәселе болып отыр. Ғылымда ерекше сот өндірісінің құқықтық табиғаты, сот әрекетінің пәні және ерекше сот өндірісіне жататын істердің түрлері туралы мәселе теориялық мәселе болып отыр.

Ерекше сот өндірісінің құқықтық табиғаты мен оның құрылымы туралы теориялық мәселе қарап, процессуалдық ғылымның ғалымдары әртүрлі  пікірлерге келді:

  • ерекше өндірісте қаралатын істердің негізгі тірегі даусыз істер сипатында болады [5];
  • азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғаудағы соттың процессуалдық  іс-әрекетінің мақсаты мен негізділігіне негізгі мән беріледі [7];
  • ерекше сот өндірісінің пәнін, заңды маңызы бар фактілерді анықтау, нотариат және АХАЖ органдарының іс әрекетінің заңдылығын қадағалау негізгі құраушылар болып табылады [8].

Бірақ та, Ғылыми зерттеу әдебиеттерінде көрсетілгендей ерекше сот өндірісінің материалдық – құқықтық және процессуалдық табиғатын зерттей келе пәнін нақтылай көрсетуге және оның процессуалдық мақстымен әдістерінінің құқықтылығын нақтылауға болады. Жоғарыда келтірілген пікірлер негізінде қортындалай келе ерекше сот өндірісінің процессуалдық тәртібімен істердің қаралау тәртібін нақтылап қарастыруға мүмкіндік бар [9].

Ерекше сот өндірісінің материалдық-құқықтық табиғатын, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың қамтамасыз ететін процессуалдық нормалар қалыптастырады. Талап өндірісі мен Ерекше өндірісте сот азаматтардың дауланған субъективтік құқықтарын қарайды, яғни аталған өндірісте тек дауланған субъективтік құқықтар бойынша талап бойынша іс қаралады.

Ерекше сот өндірісі тәртібінде азаматтардың субъективтік құқықтары емес, олардың  заңды (заңмен қорғалатын) мудделері қаралады [6].

Заңды маңызы бар фактілерді анықтау ерекше іс жүргізуде мүдделі тұлғалардың белгілі бір субъективтік  құқықтарымен міндеттерінің  пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан ерекше сот өндірісінде қаралған заңды маңызы бар фактілерді анықтау азаматтардың субъективтік құқықтарын жанама түрде болса да қорғайды деп айтуға болады.

Ерекше сот өндірісінде сот іс қараған уақытта мүдделі тұлғаның материалдық-құқықтық мүддесін қозғайтын мән жайларды басты назарға алмайды,  керісінше істе заңды маңызы бар фактіні анықтайды. Сот  анықталған факті бойынша  субъективтік құқыққа қатысты ешқандай мән жайды талқыламайды.

Егер ведомствалық сотта ерекше өндіріс тәртібінде қаралып жатқан істе құқықтық дау туындайтын болса, онда сол сотта істі ерекше талап өндірісі бойынша істі қайта қарауға жібереді. Сонымен қатар мүдделі тұлға осы іс бойынша әкімшілік-территориясына байланысты қарайтын сотқа арыз бере алады.

Ерекше сот өндірісі бойынша сот әртүрлі сипаттағы фактілердің бар не жоқтығын нақтылайды:

  • әрекет – мысалы, бала асырап алудың тіркелгендігі туралы фактіні, некені тіркеу және бұзуды, мұраның қабылдануы, нотариалдық әрекет және одан бас тарту туралы фактілерді.
  • оқиға – мысалы, кейбір жағдайларда адамның қайтыс болуы туралы фактіні, туу туралы фактілер т.б.
  • жағдайлар- мысалы, туыстық қарым-қатынасты, фактілі некелік қарым-қатынасты, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы фактілерді анықтайды.

Ерекше іс жүргізуде маңызды мәселелердің бірі болып «факт туралы дау».

Ғалымдардың пікірі бойынша тек қана дау  тек ерекше талап өндірісінде ғана емес, ол сонымен қатар ерекше сот өндірісінде заңды фактілерді анықтау барысында да туындап отырады оларды ерекше өндірісінде қарау мәселесі туындап отырады,  сотта заңды фактілерді қарау барысында туындаған даулы мәселені де  ерекше сот өндірісінде қарау арқылы іс жүргізіледі дейді. С.Н. Абарамов, С.В. Бырдина және Р.Ф. Каллистратованың пікірінше заңды маңызы бар фактілерді анықтау барысында туындаған даулар, олардың бәрі субъективтік құқықтық мүддені қозғай бермейді дейді. Ерекше сот өндірісі ведомствалық сотта тек қана мүдделі тұлғаның арызы бойынша қозғалады.

Азаматтық сот істеріндегі ерекше сот ісі талап қою ісіне қарағанда құқық туралы даудың, дауласатын, қарама-қарсы заңды мүдделері бар тараптардың жоқтығымен ерекшеленеді. Істе арызданушылар мен мүдделі тұлғалар ғана қатысады. Ерекше сот ісі талап қою емес, біржақты сот ісі ретінде сипатталады. Ерекше сот істерін соттар талап қою істерінің жалпы ережелері бойынша қарайды, оған заңда бекітілген және берілген іс бойынша сот ісінің ерекшелігін құрайтын алулар мен толықтырулар жатпайды. Істің негізгі тобын сот төрешілері жеке қарайды. Ерекше сот ісі қалған азаматтық сот істермен тығыз байланысты, өзге азаматтық істер сияқты істерді қарау тәртібін анықтайтын істің жалпы принциптеріне негізделеді. Ерекше сот ісін қарау кезінде сот ісінде әділсоттылықты тек сот, сот төрешілерінің тәуелсіздігі, жариялылық және т.б жүзеге асыратын принцип қолданылады. Сот талқылауы сатысында сот талқылауының ауызшалық, үздіксіздік және тікелейлік принципі қолданылады.Тараптардың және құқық туралы даудың жоқтығынан бұл сот ісінде тартыстық принципі барынша аз қолданылады.

Ерекше сот істері үшін дәлелдемелік құқық институттарының әрекеті тән. Дегенмен де, оның бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Ерекше сот істерін қозғау нақты жауап берушіге қарсы талап қоюмен және талап қою арызын ұсыну жолымен емес, заңды мағынасы бар қандай да бір мән-жайды немесе даусыз құқықты растаудан тұратын арыз беру арқылы жүргізіледі. Арыздың мазмұны Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 150-бабындағы талаптарға сай болуы тиіс. Дегенмен де ерекше сот ісінің нақты бір санаттарының арыздар мазмұнына сақталуға тиісті өзіндік талаптар қойылады. Негізінен бұл қаралатын істердің ерекшелігімен байланысты және сонымен шартталады. Мысалы, заңды маңызы бар деректерді анықтау туралы, азаматты із түссіз жоғалып кетті деп тану және кісіні өлді деп хабарлау туралы арыздарды арызданушының нақты мақсаты көрсетілуі тиіс. Ерекше сот ісінің өзге санаттары бойынша арыздардың мазмұны ҚРАІЖК-нің 294, 297, 303, 315, 317-2-баптарындағы талаптарға сай болуы тиіс.

Ерекше сот істерін дайындаудың ерекшеліктері ерекше сот ісіндегі істердің қарау тәртібін реттейтін ҚР АІЖК баптарында аталған істердің әрбір санатының ерекшеліктерімен шартталған.

Ерекше өндірістегі заңды маңызы бар фактілерді сотпен бекіту, заңды фактілерді соттық тәртіпте анықтау деп аталады. Ол азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың кепілі болып саналады.

Құқықтық реттеу барысында мемлекет тек қана құқықтық даулы мәселелерді реттеп қана қоймай, сонымен қатар, азаматтар мен ұйымдардың құқықтық тіркеу кезінде даусыз құқықтық мүдделерінің де сақталуын қамтамасыз етеді. Белгілі бір заңды фактілердегі азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау өркениетті елдердің бәріне тән құбылыс. Сондықтан заң шығарушы алдында аталған заңды мүдделерді тиімді қаматамасыз ету басты мақсат болып саналады. Заңды мүдделерді әкімшілік және сот органдары өз құзыреті шегінде қарап қамтамасыз етеді.

Бірінші топқа жалпыға мәлім фактілер және жағдайларды анықтаумен тіркеуге байланысты мүдделерді жатқызуға болады. Белгілі мән жайларға байланысты даусыз мүдделер әкімшілік органдар арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл органдармен туу туралы, некені тіркеу туралы, некені бұзу туралы, көшірменің негізділігін, келісім шарттар растығын, атқару парағын береді. т.б. [10].

Екінші топқа зерттеуді қажет ететін сот тәртібімен ерекше өндірісте қаралатын мүдделерді жатқызуға болады. Бұл жағдайда тиісті заңды мүддені қорғауда заңды фактіні анықтау сот тәртібімен ерекше сот өндірісінде қаралады.

Кез-келген құқықты қабылдау формасында белгілі бір актімен мән-жайларды зерттеу негізі болады. Зейнетақы алу құқығын белгілі бір факіні дәлелдеу арқылы пайдалана алады (жас, еңбек өтілі т.б). Мұраны алу үшін мұрагерлік құқықтық бар екендігін дәлелдеу қажет (туыстық қатынас, асырауында болуы т.б)

Ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің өзіне тән материалдық-құқықтық табиғаты бар. Талап өндірісі және ерекше талап талап өндірісінде дауланған субъективтік құқықтарды қорғау мақсатындағы арыз негізінде іс қаралады. Ерекше сот өндірісінде «заңды мүдделерге» тығыз байланысты заңды маңызы бар фактілерді анықтау бойынша іс жүргізіледі (оқиға, іс-әрекет немесе жағдай). Ерекше сот өндірісі бойынша талапкер  материалдық-құқықтық мүддесін даулап жауапкерге талап қойылмайды.

Әрине талапкердің мүддесі тек қана процессуалдық сипатта болмайды. Заңды маңызы бар фактіні анықтауда талапкердің заңды мүддесінің бар екендігімен сипатталады. Бірақ та ерекше сот өндірісінде қаралатын істерде  талапкердің субъективтік құқығы қорғалмайды. Ерекше сот өндірісінде азаматтық-құқықтық даулы істерді қарау бұл процессуалдық заңнаманың нормасын өрескел бұзушылық болып саналады [9].

Ерекше сот өндірісінің басқа екі іс-жүргізуден айырмашылығы субъективтік даулы мүдделердің қаралмауымен сипатталады деп айтылады. Осыған байланысты ерекше сот өндірісі кейбір әдебиеттерде «даусыз» істерді қарайтын сот өндірісі ретінде сипатталады. Бұндай қорытындымен толықтай келісіуге болмайды. Кейбір жағдайларда ерекше сот өндірісінде сотпен анықталатын заңды маңызы бар фактілер жалпыға мәлім болмауы мүмкін және олардың арасында қарама-қайшылықтар болады, оны анықтау үшін сол факті бойынша  дәлелдемелер қажеттігі туындайды.  

 

 

  • Ерекше өндірістің азаматтық іс жүргізу өндірісінің басқа түрлерінен айырмашылығы

 

 

Ерекше сот өндірісі- бұл АІЖК-ң 2-бөліміне сәйкес азаматтық сот өндірісінің айрықша бір түрі болып табылады. Заңның аталмыш бөлігінде мұндай өндірістің үш түрі:

  • талап қою өндірісі;
  • ерекше талап өндірісі;
  • ерекше өндіріс қарастырылған.

Осыған орай, ерекше өндірістің түсінігін беру үшін, оның өзіне тән белгісін талдау арқылы басқа өндіріс түрлерінен ара жігін ажыратып алайық.

Ерекше өндірістің, оны басқа өндіріс түрлерінен ажыратуға мүмкіндік беретін өзіне тән белгісі — оның мақсатынан айқын көрініс табады. Ерекше өндірістің мақсаты- азаматтық құқық жөніндегі дауларды шешу емес, заңды маңызы бар мән-жайларды, даулануы мүмкін емес құқықтарды біржақты тәртіпке растау және арызданушының өзінің даулануы мүмкін емес құқықтарын жүзеге асыруымен байланысты мүдделерін қорғау болып табылады. Сондықтан да ерекше өндірісті біржақты, дауыссыз юрисдикция деп сипаттауга болады. Енді ойланып қарасақ, дау болмағандықтан, бұл өндірісте, сәйкесінше, тараптар да болмайды деген сөз. Осы айтылғанды негізге ала отырып, ерекше өндірістің басқа өндіріс түрлерінен айырмашылығы жөнінде мынандай тұжырымға келуге болады.

Талап қою өндірісі біздің іс жүргізу бойынша азаматтық құқық жөніндегі, екі тарап қатысатын, олардың арасындағы қатынастар азаматтық құқыққа тән “тепе-теңдік” әдісімен реттелетін даудың болуымен сипатталады. Ерекше талап өндірісі істері бойынша әкімшілік сипаттағы даулар қаралып, оған да екі тарап қатысып, олардың арасындағы қатынастар әкімшілік құқыққа тән “билік және бағынушылық” әдісімен реттеледі.  Бұйрық өндірісі болса, соттың бұйрық шығаруы арқылы жүзеге асады. Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушының олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шығармай-ақ  және сотта іс қарамай-ақ дауыссыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығы соттық қорғаудың жалпы ережелерін сақтауды қажет ететін іс жүргізушілік өндірістен тыс шығарылады. Яғни, сот бұйрығы- бұл, мемлекеттік мәжбүрлерді жүзеге асырудың жеделдетілген тәсілі. Ол- тура мағынадығы құқық қолданушылық акті болып табылмайды.

Ерекше өндіріс — жоғарыда келтірілген өндіріс түрлерінен өзінің құрамына кіретін істердің материалдық-құқықтық табиғатымен ерекшеленеді. Мақсаты- арызданушыда белгілі бір құқықтардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты мән-жайларды анықтау және бекіту болып табылады.

Сонымен, мен азаматтық сот өндірісі түрлеріндегі ерекше өндірістің басқаларынан айырмашылығын ашып көрсеттім. Енді осының негізінде “ерекше өндіріске” түсінік беріп өтейін.

Келтірілген ерекшеліктерге орай, ерекше өндірістің төмендегідей сипаттамасын беруге болады:

  • Ерекше өндірісте соттың міндеті азаматтық құқық жөніндегі дауды шешу үшін емес, арызданушыда басқа тұлғаларға ешбір қарсылық, наразылықтары, сәйкесінше бірде-бір тарап, яғни талапкер де, жауапкер де болмайды;
  • Ерекше өндіріс істері, мазмұны арнайы нормалармен анықталатын арызбен қорғалады;
  • Заңмен көп жағдайларда, ерекше өндіріс істерін қозғауға мүмкіндігі бар тұлғалар шеңбері нақтыланады;
  • Ерекше өндіріс істері сотта арызданушы және мүдделі тұлғалардың қатынасымен қаралады;

Сот талқылауына істің нәтижесіне мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың қатысуы сотқа әр істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеуге, ал көрсетілген тұлғаларға өздерінің немесе өздеріне қорғау тапсырылған басқа тұлғалар  мен  ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті тәртіпте қорғауға мүмкіндік береді [9].

Істі өз өндірісіне ала отырып, сот істің нәтижесіне мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың шеңберін анықтауға және оларды іске қатыстыру (тарту) жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. Бұл  жөнінде азаматтық заңның “Ерекше өндіріске” арналған 30-тарауында айтылған:

“1.  …  Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды. Сот өндірісіне мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды қатыстырмау- шешімнің күшін жою негіздерінің бірі болып табылады;

5) АІЖК-ң 290-бабына сәйкес, ерекше өндірісте қаралатын істер соттарымен азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша, заңмен көзделген алыныстар мен толықтырулар ескеріле отырып қаралады;

6) Егер істі ерекше өндіріс тәртібінде қарау кезінде қайсыбір құқық жөнінде дау туындаса, арыз қараусыз қалдырылып, мүдделі тұлғаларға, олардың жалпы негіздер бойынша талап қою құқықтары түсіндіріледі (АІЖК 290-б., 3-болімше). Бірақ, бұл ереже, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерге қатысты қолданылмауы тиіс. Өйткені, бұл ереже қолданылған жағдайда, дау бойынша бір тарап болып, өз мүдделерін дербес, өздігімен қорғай алмайтын тұлға болар еді.

Сонымен, жоғарыда келтірілген ерекше өндіріс сипаттамаларына негізделе отырып, ерекше өндіріс түсінігін беріп өтейін: «Ерекше өндіріс- бұл, заңмен анықталған, ортақ белгісі- мүдделі тұлғалар арасында материалдық-құқықтық дамудың болмауы болып табылатын азаматтық істер шеңберіне қатысты  қолданылатын, істерді соттың бірінші инстанциясында қараудың арнайы іс жүргізушілік тәртібі».

Дегенмен, ерекше өндірістің түсінігі мен мәні, сонымен қатар оған жататын істердің санаттары азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымында даулы мәселе болып табылады.

Ерекше өндірістің құқықтық табиғаты мен мәні турасындағы мәселені зерттей келе процессуалист-ғалымдар түрлі қорытындыларға келеді:

  • Ерекше өндірістің түсінігі мен мәнін ашу кезінде негізгі екпін, мұндай істердің даусыз сипатына жасалады [5];
  • Ерекше көңіл азаматтар мен ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделері қорғауға бағытталған соттың іс жүргізушілік қызметінің мақсатына бөлінеді [11].
  • басты негіз ретінде-заңи факті немесе күйді анықтауды, сонымен қатар, нотариат және Азаматтық Хал Актілерінін Жағдайы органдары әрекеттерінің заңдылығына бақылауды асыруды білдіретін, ерекше өндірістің пәні алынады [12].

Бірақ, ғылыми әдебиеттерде көрсетілген, ерекше өндірістің мәнін-оған жатқызылған істердің материалды-құқықтық және іс  жүргізушілік табиғатын, өндіріс мақсаты мен сот әділдігін жүзеге асыру тәсілдерінің сипатын талдау нәтижесінде ғана түсінуге және жан-жақты ашуға болады.

Ерекше өндіріс тәртібімен қаралатын істердің материалды-құқықтық ерекшелігі (өндірістерден)- азаматтардың және ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Жоғарыда айтылғандай талап және ерекше  талап өндірісі істері бойынша соттар бұзылған немесе дауланып жатқан субъективті құқықтарды қорғауды жүзеге асырады.

Д.М.Чечот деген ғалымның пікірінше нотариалды әрекеттерге шағымдану, Азаматтардың Хал Актілерін Жазу органдарының кітаптарындағы жазба қателіктерін анықтау, мүлікті иесіз деп тану туралы шағымдар бойынша қаралатын істер үшін ауытқу жасауға болады, яғни бұл істер талап өндірісінде де қаралуы мүмкін [9].

Бұл пікірмен келісе отырып, оны салыстырмалы түрде біздің азаматтық заңдарға қатысты мұндай істер санатына қолдануға болады дейді өз еңбегінде Қазақстандық ғалым Баймолдина З.Х.:

  • нотариалды әрекеттерге және оларды жасауға бас тартуға шағымдану. Мәселен және тұлға нотариат органдарына сыйға тарту шартын куәландыру үшін жүгініп отыр. Нотариус аталған әрекетті куәландырудан бас тартты. Бұл бас тарту- нотариустың бұзған субьъективті құқықты қорғау үшін сотқа шағымдануға негіз болады (мұнда аманаттың мүлікті билеу (басқару) құқығы бұзылып отыр). Келтірілген мысалда іс жүзінде азаматпен нотариат органы арасында азаматтық-құқықтық дау туындайды. Өз құқығы бұзылды деп есептейтін тұлға іске-талапкер, ал оның құқығын бұзған нотариалды орган-жауапкер ретінде қатысуы тиіс. Бұдан, мұндай даудың талап өндірісі тәртібінде қаралуы тиіс екенін байқауымызға болады.
  • Азаматтық Хал Актілеріндегі Жазбалардың қателіктерін (жаңсақтықтарын) анықтау жөнінде шағымдану. Мәселен, Азаматтық Хал Актілері Жағдайы-органы азаматтың атын жазудағы қателікті түзеуден бас тартты делік. Бұл бас тарту- сотқа өзінің дара субъективті құқығын (атына деген құқық) қорғау үшін жүгінетін азаматпен дауланады. Сондықтан да істердің бұл санатын, дәл жоғардағысы сияқты-талап өндірісі істерінің қатарына жатқызуға болады [13].

Ерекше өндіріс тәртібі мен субъективті құқықты емес, заңды (заңмен қорғалатын) мүддені қорғау жүзінде асырады. Ерекше өндіріс тәртібімен істі қарағанда сот, материалды құқықтық қатынаспен кездесетін тұлғаның тәртібін, жүріс-тұрысын айқындамайды. Ол тек заңи фактінің бар, не жоқтығын бекітеді. Ал заңи факт бар болған жағдайда, осыған орай қайсыбір тұлғада субъективті құқықтың пайда болуы мәселесіне келсек, сот мұндай мәселелерді мүлде қарастырмайды.

Егер істі ерекше өндіріс тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот іске талап өндірісі тәртібі мен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібі мен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға АІЖК-ң 150-151 баптарында көзделген талаптарды-сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Аталмыш Кодекстің 150 және 151-баптарын ашып қарасақ, оларда талап арыздың нысаны мен мазмұны және талап арызға қоса тіркелген құжаттар жөнінде айтылады.

Талап арыздың нысаны мен мазмұны:

  1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі.
  2. Арызда:
  • арыз берілетін соттың атауы;
  • талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері,
  • жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері;
  • талап қоюшының құқықтарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
  • талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар;
  • егер талап бағалауға жатса, оның бағасы;
  • арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
  1. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілетті болған жағдайда оның өкілі қол қояды.”

Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар:

Талап арызға:

  • жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
  • мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат;
  • өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат;
  • талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
  • оны дауға ғжағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
  • талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы өтініші және тағы басқалары қоса тіркеледі».

Яғни, ерекше өндіріс істерін қарау барысында азаматтық құқық жөнінде дау туындаса, сот, өзі белгілеген мерзімде орындалушы мен мүдделі тұлғаларға аталған әрекеттерді, демек тиісті нысанда талап арыз жазу және оған тіркелетін қажетті құжаттарды тіркеу керекті екендігін түсіндіреді. Ал арызданушы осы әрекеттерді сот белгілеген мерзімде орындауға міндеттенеді. Егер ол бұл міндетті орындауға қарсы болса, сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін. Соттық істі талап өндірісі тәртібімен қарау туралы ұйғарымы белгілеген мерзімде орындалмаса, яғни талап арыз және оған қоса тіркелетін құжаттар бермесе ерекше өндіріс тәртібімен берілген арыз қараусыз қалдырылады.

Ерекше өндіріс тәртібімен сот, алуан түрлі сипаттағы заңи фактілердің:

  • әрекет- мысалы, асырап алу, некеге тұру және ажырасу тағы басқа фактілердің;
  • оқиға- мысалы, тұлғаның белгілі бір уақытта және жерде қайтыс болуы, туылуы, бақытсыз оқиға және тағы басқа фактілердің;
  • күй- мысалы, тұлғаның асырауда, некеге, әрекетке қабілетсіз болуы фактілерінің болған-болмағандығын, бар-жоқтығын анықтайды.

Ерекше өндірістің даулы мәселелерінің бірі- «факт жөніндегі дау» болып табылады.

«Заңи фактілердің бар болу жөніндегі дау ерекше өндірісте орын алуы мүмкін және мұндай даудың болуы міндетті түрде ерекше өндірістің тоқтатылуына әкеледі деген сөз емес» деген пікірлер қалыптасқан. Мұндай пікірлерді ұстанушылардың қатарына: С.Н.Абрамов, С.В.Бырдина және Р.Ф.Каллистратова сияқты Ресейлік ғалымдарды жатқызуға болады [14]. Олардың ойынша, заңи фактілердің бар не жоқтығы жөніндегі кез-келген дау-азаматтық құқық жөніндегі дау бола алмайды. Ерекше өндіріс тәртібімен қаралатын іс тек азаматтық құқық жөніндегі дау туындағанда ғана тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар, факт жөнінде дау туындағандықтан, ерекше өндірісті тоқтату-арызданушының заңмен қорғалатын мүдделерін қарауды қиындатады.

Екінші бір көзқарас бойынша кез-келген дау, оның ішінде факт жөніндегі дау да, ерекше өндіріс тәртібімен қаралып жатқан істің аяқталуына әкелуі мүмкін. Бұл көзқарас өкілдері: П.Ф.Елисейкин және Е.А.Жеруолис, ерекше өндіріс кезінде туындаған кез-келген дау талап өндірісімен қаралуы тиіс деп есептейді.

Менің ойымша, факт жөнінде дау мәселемізді қарағанымызда, бірінші көзқараспен келісуіміз қажет. Өйткені біздің Азаматтық Іс Жүргізу Кодексіміз бойынша да, сот ерекше өндіріс тәртібімен қаралатын істі тек соттардың қарауына жататын құқық туралы дау туындағанда ғана тоқтатылады. Мүдделі тұлғалар бұл жағдайда құқық жөніндегі дауды талап өндірісінде шеше алады. Бұлай болмағанда, істі тоқтату арызданушыны амалсыз жағдайда қалдырар еді: дау соттың қаралуына жатпайды, тиісінше арызданушы сотқа талаппен жүгіне алмайды. Ал, соттан тыс тәртіпте тиісті фактіні анықтау мүмкін емес.

Енді өз ойымды дәлелдеу үшін төмендегідей дәйек келтірейін.

Тарихқа үңілсек Кеңес Одағының өзінде, қарастырылған пікірдің алғашқысы талап және ерекше өндірістерді бір-бірінен ажырату критерийі ретінде алынган.

Мәселен, Л.И.Поволоцкий деген ғалымның еңбегінде ерекше өндіріс ұғымын түсіну, оны басқа өндіріс түрлерінен ажырату үшін-соттық ерекше өндірістегі істерді шешу кезіндегі қызметінің пәнін анықтап алу қажет делінген. Осы белгі бойынша Поволоцкий ерекше өндіріс істерін келесі екі топқа бөлген:

Бірінші топ-сот құқық, бірақ азаматтық емес құқық жөніндегі дауларды қарайтын істер. Мысалы, сайлаушылар тізіміндегі жаңсақтықтарға шағымдану-сот, нақты бір азаматты сайлаушылар тізіміне қосу керек пе, әлде қоспау керек пе деген мәселені шешеді, яғни сол азаматтың сайлау құқығы жөніндегі дау шешіледі. Ал бұл-Конституциялық құқықтың еншісінде.

Екінші топ- сот құқық жөніндегі дауларды қарамайтын, тек заңи фактілерді анықтайтын істер. Мысалы, хабар-ошарсыз кеткенді өлді деп жариялау және тағы басқа.

Байқап отырсақ, бірінші топтағы істерде ерекше өндірістегі құқық жөніндегі дауға жол беріп отыр. Яғни, ерекше өндірістегі істі тоқтатуға тек қана азаматтық құқық жөніндегі дау ғана негіз бола алады екен.

 

 

 

  • ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР

 

  • Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі

 

 

ҚР АІЖК-нің 290-бабының 1-тарамағында көрсетілгендей ерекше жүргізілетін істерді  ҚР АІЖК-нің 31-38 тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша қарайды.

Талап қою өндірісінің жалпы ережелері ( іс-жүргізу қағидалары, іс-жүргізу сатылары, дәлелдау және дәлелдемелерді бағалау тәртібі, сот отырысының хаттамасын жүргізу,тиісті сот отырысының қаулылары, іс бойынша процесстің тоқтатылуы, арызды қараусыз қалдыру т.б).

Сонымен қатар құқықтық дау жоқ ерекше сот өндірісінде қаралатын істерді сотта қараудың тәртібімен істі қозғаудың айрықша ерекшелігі де бар:

  1. Бұл өндірісте тараптар жоқ ( талапкер және жауапкер), сонымен қатар арыз беруші тұлғаның басқа тұлғаға ешқандай талабы болмайды. ҚР АІЖК-нің 209-бабы, 1-тармағына сай Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.
  2. Ерекше сот өндірісінде қаралатын даусыз істерді қарама-қарсы талап қою институты қолданылмайды ( жауапкер тарапты тану, талапкердің өз талабынан бас тартуы, тараптардың бейбіт келісім жасауына).
  3. Ерекше сот өндірісі істі қозғау ерекшелігі бойынша да айрықша сипатталады:
  • бір типті категориядағы істер бойынша істі қозғауға негіз арыз болып саналады –шағым ( нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар);
  • айрықша санаттағы істер бойынша істі заңда көрсетілген негіздерге сай азаматтардың тобының талабы бойынша іс қозғалады ( мысалы; АІЖК-нің 296, 302, 309-баптарында нақтыланған);
  • кейбір санаттағы істер бойынша мүдделі тұлғалардың арзының мақсаты талап етіледі (мысалы, АІЖК-нің 294-бабы).
  1. Заң талаптарына сай ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің соттылығының айрықша ережесі белгіленген. Бұл жерде территориялық соттылықтың жалпы ережелері қолданылмайды.Ерекше сот өндірісінде қаралатын істерге альтернативті соттылық, келісім бойынша соттылық, іске байланысты соттылық мүлде қолданылмайды. Ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің әрбір санаты бойынша өзіне тән соттылық ережесі қолданылады [6].

Ерекше өндіріс азаматтық істерді қарастыру тәртібін анықтайтын іс жүргізудің жалпы қағидаларына негізделген.Ерекше өндіріс бойынша сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, соттардың тәуелсіздігі, жариялылық және т.б. қағидалар әрекет етеді. Сот талқысы сатысында істің ауызша, үздіксіз және тікелей жүргізілуі қағидасы қолданылады.

Тараптар мен құқық туралы даудың болмауына байланысты сайысушылық қағидасы қолданылмайды.

Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібін қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Істі талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.

Ерекше сот өндірісі заңды маңызы бар мән-жайларды немесе даусыз құқықтарды анықтап  беру туралы өтінішті білдіретін арыз беру арқылы қозғалады. Арыз беруші басқада мүдделі адамдарға ҚР АІЖК-нің 150, 151 – баптарында көзделген талаптарды сот белгілеген  мерзімінде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда  азаматтық іс аумақтық сотта қаралу ережелері бойынша басқа соттың қарауына берілуі мүмкін.

Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қараусыз қалдырылады.

Ерекше өндіріс тәртібінде қаралатын істердің санаттары бойынша арыздың мазмұнына өзіндік талаптар қойылады. Негізінен бұл қаралып отырған істің ерекшелігіне байланысты.

Ерекше өндірістегі істерді әзірлеу ерекшелігі де әрбір санаттағы істердің ерекшелігімен байланысты болады.

АІЖК-нің сот мәжілісінің хаттамасын  жүргізу тәртібін, сот шешшіміне қойылатын талаптарды, сот актілерінің  заңдылығымен негізділігін тексеруді реттейтін нормалары ерекше өндірістегі істерге де таралады.—Тек қана айрықша бір жағдайда, мысалы, хабар –ошарсыз кетті немесе өлді деп танылған азамат тірі оралғанда, сот жаңа шешім шығару арқылы бұрынғы шешімнің күшін жояды.

Сот отырысының хаттамасын жазу тәртібін, сот шешіміне қойылатын талаптарды ( заңдылығы мен негізділігіне), сот қаулыларының заңдылығы мен негіздігін тексерудегі ҚР АІЖК-нің нормалары ерекше сот істеріне де қолданылады. Шешімнің заңды күшіне енуі және мұның құқықтық салдары толық әрекет етеді. Ерекше сот ісінің жек есанаттары бойынша шешімдердің мазмұны ҚР АІЖК 274-295, 307, 312, 317, 317-8, 323, 330-баптарында  көрсетілген.

Ерекше сот істерінде тараптар талап етуші, жауап беруші, үшінші тұлғалар институты, қарама-қарсы талап қою арызын ұсынуға, бейбіт келісім жасауға болмайды. Ерекше сот істерінде талап қоюдан бас тарту, талапты мойындау, талапты қамтамасыз ету сияқты институттар болады, бірақ белгілі бір шамада арыздарды біріктіру және бөлу институттарының әрекеттері туралы айтуға болады, яғни ерекше сот істерінде жартылай диспозитивтілік принцип қолданылады. Ерекше сот істері бойынша сот ісіне қатысушылар арызданушының өтініші, соттың немесе мүдделі тұлғаның бастамасы бойынша тартылады. Ерекше сот істерін дұрыс қарауға маңызды кепіл оған прокурордың және мемлекеттік басқару органдарының қатысу болып табылады.

Ерекше сот өндірісіне қатысушы тараптар болмағандықтан сотқа арызбен жолданушы тұлға  арыз беруші  деп аталады. Ерекше өндіріске мүдделі тұлғалар да қатыстырылады. Мүдделі тұлғалар – нақты іс бойынша қабылданған сот шешімі құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін және оларға белгілі бір шешім қабылдауды міндеттейтін немесе құқықтық мәртебесін өзгертетін іс жүргізуге қатысушылар. Бұл тұлғалар істің дұрыс шешілуіне мүдделі.

Мүдделі тұлға ретінде: жазбаларға түзету енгізуден бас тартқан АХАЖ органдары;  нотариаттық әрекеттерді жүргізген немесе жүргізуден бас тартқан жеке нотариус;  әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері, әскери комиссариат;  Банк бөлімшелері;  ұсынбалы бағалы қағазды ұстаушы;  мемлекеттік билік ету органдары және т.б.

Ерекше өндірістегі істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларды тарту арыз берушінің өтініші бойынша, соттың өз бастамасымен немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады. Ерекше сот өндірісіне істерді дұрыс қараудың маңызды кепіл болып  оған прокурордың және әлеуметтік басқару органдарының қатысуы табылады.Заңнын тікелей көрсетуі бойынша прокурордың қатысуы кейбір істер бойынша міндетті болады, мысалы, бала асырап алу, азаматты әрекет қабілеттігі жоқ немесе шектелген деп тану, психиатриялық стационарларға мәжбүрлеп орналастыру туралы істер және т.б.

Жекеленген азаматтық істердің санаттары бойынша заң ерекше сот өндірісіндегі істерге арнайы соттылықты тағайындайды. Мысалы, заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыз оны берушінің тұрғылықты жері бойынша беріледі. Ал жылжымайтын мүлікті иелену фактісін анықтау туралы арыз оның орналасқан жері бойынша қойылады [2].

 

 

  • Ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын істердің жеке санаттары бойынша іс жүргізу тәртібі

 

 

Заңды мағынасы бар деректерді анықтау.

Азаматтардың және ұйымдардың жеке және мүліктік құқықтарының туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы заңды фактілерге тәуелді болады.ҚР АІЖК-нің 31-тарауында іс үшін маңызы бар деректерді бекітуді сот қызметінің мазмұны ашып айтылған. Мұндай сипаттағы істер азамттардың, мекемелердің, сондай-ақ өзге тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқықтары бар өзге тұлғалардың арыздары бойынша қозғалады және дерек туралы даудың бар болуымен, бірақ құқық туралы даудың сөзсіз жоқтығымен сипатталады.Бұл фактілер тиісті құжаттармен (әртүрлі күәліктермен, анықтамалармен, азаматтық хал туралы жазбалармен) нақтыланады.Бірақ сол фактілер құжаттардың жоғалуы, қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауымен немесе өзге де себептермен күәландырылмайтын болса заңды фактілерді анықтаудың соттық тәртібі қарастырылған.

Заңды маңызы бар фактілерді анықтау бойынша істерді сотпен қарау ҚР АІЖК-нің 31-тарауымен реттеледі. Сонымен қоса ҚР Жоғарғы Сотының №13 28.06. 2002 жылғы « заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысын  басшылыққа алу қажет [15].

Бұл құжатта соттардың осы деректер бойынша арыздарды қабылдай алатындығы туралы айтылған, егер де:

а) заңға сәйкес (ҚР АІЖК 291-баптың 1-тармағы) мұндай деректердің заңды салдары (туындау, өзгеру немесе азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарын тоқтату) болады;

б) арызданушыда деректі растайтын тиісті құжатты алудың не болмаса қалпына келтірудің өзге мүмкіндігі (ҚР АІЖК 292-бап);

в) қолданыстағы заңда оларды анықтаудың өзге тәртібі (соттан тыс) қарастырылмаған (ҚР АІЖК 292-бап);

г) деректі анықтау құқық туралы дауды шешумен байланысты емес (ҚР АІЖК 290-баптың 2-тармағы).

Арызды қабылдар кезде сот арызданушының деректі анықтауға заңды мүддесінің бар жоғын және одан осы деректерді растайтын құжатты алудың не оны қалпына келтірудің мүмкінсіздігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі тиіс. құжатты алу мүмкінсіздігі мыналармен түсіндіріледі: әлдебір деректердің тіркелмегендігін (мысалы, асыраудағыны табу); деректі тіркеу тәртібінің сақталмауы және сол жағдайларда оған жүгінуге болмайтындығы (мысалы, қайтыс болу дерегі, бала туғаннан кейін ата-анасы некеге отырмаған жағдайда әкесі екендігін тану дерегі және т.б.) Сонымен қатар,жоғалған құжатты қалпына келтіруге болмайтындығы тиісті органнның құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда тиісті құжаттың екінші нұсқасын бере алмаумен түсіндіріледі.

Егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тəртібі көзделсе, онда сот АІЖК-нің 153-бабының 1-тармағының 1)тармақшасына сəйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.

ҚР АІЖК 291-бабында маңызы бар деректерді анықтау туралы істердің тізімі аталған.

Сот мынадай деректерді анықтау туралы істерді қарайды:

  • Адамдардың туыстық қатынастарын;
  • Адамның біреудің асырауында болуын;
  • Тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырасуды және қайтыс болуды.
  • Құқықты анықтайтын құжаттардың (әскери құжаттардың, төлқұжаттардың, жеке күәліктердің, азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін күәліктерді қоспағанда) тұлғаға тиістілі, құжатты көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның төлқұжатында немесе жеке күәлігінде, немесе туу туралы күәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтіндігі.
  • Жеке меншік құқығымен шаруашылықты жүргізу және жедел басқару мүліктерін иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету;
  • Қайғылы оқиға;
  • Азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы;
  • Мұрагерлік қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны;
  • Егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тәртібі қарастырылмаса, басқа да заңдық маңызы бар деректерді анықтау туралы істерді қарайды.

Ал соттық тәртіпте мынадай фактілерді анықтау туралы арыздар қабылданбайды:

  • мүгедектің пайда болу себебі, уақыты, тобы – бұл факт дәрігерлік-сараптама комиссиясымен анықталады;
  • азаматтың жасы (АХАЖ органымен анықталады);
  • оқу орнын аяқтау (оқу орнын бітіргені туралы құжат жоғалғанда тиісті білім беру мекемесінен өтініш білдіріп, дубликатын алуға болады) [4].

ҚР АІЖК 291-бабаның 2-бөлімінінің 9-бөлімшесінде егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше жолы қарастырылмаса, басқа маңызы бар деректерді анықтау туралы істерді қарайды деп көрсетілген. Бұл ереже бойынша мынадай заңды маңызы бар фактілерді анықталуы мүмкін:  1968 жылыдың 1 қазанына дейінгі уақытта туылған балаларға қатысты әкелікті тану, әкелікті тіркеу фактісі, некелеік қатынастың жағдайы туралы фактінілер анықталуы мүмкін [6].

Аталған санаттағы істер бойынша сот істі қарау барысында 2002 жылғы 28 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Іс үшін маңызы бар деректерді бекітудегі сот тәжірибесіның әрекеті туралы» №13 нормативті қаулысы басшылыққа алынады [15]. Сонымен қатар осы санаттағы істерді қарау бойынша 1985 жылы 21 маусымында КСРО Жоғарғы Сотының Пленумының  « Заңды маңызы бар фактілерді анықтаудағы соттың практикасы туралы»  №19 қаулысы қабылданған болатын, осы қаулыда құқықты қолданудың көптеген мәселері өз шешімін тапқан болатын. Соттар аталған КСРО Жоғарғы Сотының қаулысында басшылыққа алуына болады, егер ол   ҚР Конституциясына қарама-қайшы келмесе. Ведомcтвaлық соттар бойынша қаралатын заңды маңызы бар фактілерді анықтау бойынша істердің санатын заң нақты тізімін көрсетпеген. Сондықтан осы санатта қаралатын істердің шарттары туралы мәселені нақтылау қажетті туындап отыр [16].

Істерді қарау барысында сот практикасында көбіне істердің ведомствалық бағыныштылығы туралы қателіктер көп кездеседі [6].

Заң істердің соттылығыынң арнайы ережесін белгілейді. Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа берілетін, бұған жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі сотқа берілетін жылжымайтын мүлікті меншік, шаруашылықты жүргізу, оралымд басқару құқықтарымен  иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету фактісі қосылмайды.

Маңызды мәселе заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыздың мазмұны заң талаптарына сай болуы тиіс. ҚР АІЖК 294 бабына сай арызда:

  • арыз берушінің қандай фактіні және қандай мақсатпен анықтау қажет екендігі көрсетілуі тиіс;
  • арыз берушнің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуі тиіс.

Іс бойынша сот шешшімінің заңды және негізділігі істің сот талқылауына дайындалуына тікелей байланысты (іс бойынша қажетті деректердің болуы, іс бойынша іске қатысушы тұлғалардың  процессуалдық мүдделерінің толық сақталуы т.б.).

Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы сот шешімі сот шешіміне қойылатын талаптардың барлығына сай болуы тиіс. Егер сот шешіміне қойылатын талаптар толық қанағаттандырылмаса, онда ол заңды маңызы бар фактінің анықталуына кедергі келтіріледі.

Соттың шешімі фактіні растайтын құжат болып табылады, ал мемлкеттік органдар тіркеу тиісті фактіге қатысты алғанда оны тіркеу немесе ресімдеу үшін негіз болып табылады, бұл орайда сол органдар беретін құжаттарды ауыстырмайды.Сот шешімі тиісті құжатты алуға негіз болып саналады.

Заңды маңызы бар деректердің жекеленген түрлерін анықтауда сот жеке істер бойынша мына фактілерді анықтауға назар аударады.

  1. Туыстық қатынастарды ( ҚР АІЖК 291-бап 2-бөлім 1-тармақ) Сотта туыстық қатынасты анықтау фактісі бойынша көбіне мұрагерлік құқықты анықтауға немесе аранайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға байланысты мұраны алу үшін заңды фактілерді анықтау жүргізіледі.Туыстық қатынастар фактісін анықтау азамат үшін тікелей заңдылық жағдайларды туғызса, мысалы, ондай фактіні анықтау арызданушыға мұраға құқық туралы күәлікті алуға немесе асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алуға құқығын рәсімдеу үшін қажет болған жағдайларда ғана сот тәртібімен анықталады.Туыстық қарым қатынасты анықтау туралы істер бойынша сот арызданушының тиісті адаммен туыстық деңгейін көрсетуі керек.
  2. Адамның біреудің асырауында болуы (ҚР АІЖК 191-бап 2-бөлім 2-тармақ). Бұл істі азаматтың мұрагерлік құқығын бекіту үшін мұраны немесе қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуы үшін және заңда көзделген басқада жағдайларды анықтау үшін керек екендігі назарда болуы керек. Аталған жағдайларда арызданушы жалақы, зейнетақы, стипендия және т.б. кірістері болған болса, қамқоршы тарапынан көмек тұрақты және негізгі күнкөріс көзінің болғанын анықтау қажет.

Тек қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері қамқоршысынан айырылуынан байланысты жәрдемақы алуға құқылы.Еңбекке жарамсыз отбасы мүшесі қайтыс болған адамның асырауында  ол қайтыс болғанға дейін бір жылдан кем емес уақытта асырауында болуы және олар бірге тұрған болуы тиіс. Аталған жағдайларда сот арыздағы жазғадарына сай асыраушысының тарапынан қамқорлыққа алынған адамның өмір үруіне тұрақты көмек болғанын анықтау керек.

  1. Баланың тууын, ұлды, қызды асырап алу, некені қиды, ажырасуды, қайтыс болуды тіркеу. Заң бойынша туу, некені қию, ажырасу, бала асырап алу және қайтыс болу туралы күәліктерді АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) бөлімдері береді. Егер АХАЖ бөлімініде немесе өзге мұрағатта мұндай жазулар сақталмаса (мысалы, өрттің зілзаланың, соғыстың салдарынан немесе т.б жағдайларда жойылып кеткен болса) мұндай деректер туралы істерді сот қарайды. Сондықтан заң баланың тууын, ұлды, қызды асырап алуды, некені қиюды, ажырасуды, қайтыс болуды анықтамайды, ал оның АХАЖ органдарында тіркелгендігі туралы жазбаларды анықтайды. Сот оқиғаның өзін емес, оның АХАЖ бөлімінде немесе басқа органдарда тіркелгендігін анықтайтынын ескерген жөн. Егер азаматтық халактілерін тіркеу органдарында және тиісті мұрағаттарда мұндай істер болса қаралуға жатады [4]. Нақтылы некелік қатынаста болу фактісін анықтау туралы істер осы сот өндірісінде қаралмайды. Азаматтық хал актілерді тіркеу жазбаларының өзгерту, қалпына келтіру және жою ережесін ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы  №620 қаулысымен реттеліп, онда мынадай ережелерді бекітеді:
  • азаматтық жағдайы туралы жазба деректер жоғалған жағдайда, оны қалпына келтіру туралы арыз арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті АХАЖ органдарына беріледі.Арыз заң бойынша бір ай мерзімде қаралуға жатады. Ерекше жағдайларда аталған мерзім тиісті АХАЖ органдарының бастығының шешімімен бір айдан көп мерзімге ұзартылуы мүмкін.
  • азаматтық жағдайы туралы жазба деректер жоғалған жағдайда тиісті әкімшілік аумаққа байланысты облыстық (қалалық) АХАЖ органдарының мұрағатында сақталған жазба деректерімен тиісті АХАЖ органдарымен қайта қалпына келтіріледі.

Егер АХАЖ органдарымен жоғалған азаматтық жағдайлары туралы жазбалар қалпына келтіру мүмкін болмаса, онда ҚР азамттық процессуалдық заңнамасына сай сот тәртібімен қалпына келтіріледі.

АХАЖ органдары жоғалған құжатты қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы анықтама береді, ал сот азаматтық жағдайдың тіркелгендігі туралы фактіні анықтайды [14].

  1. Құқықты анықтайтын құжаттардың (әскери құжпттпрдың, төлқұжатты, жеке басын күәландыратые құжаттарды және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін күәліктерді қоспағанда) осы құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның төлқұжатында немесе жеке күәлігінде, туу туралы күәлігіндегі көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне келмейтін адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау; Мұндай азаматтық істер бойынша арызды қабылдау сәтінде істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар арызданушыдан құқық белгілейтін құжатты оған тиесілі екендігін және оны берген ұйымның оған тиісті өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі жоқтығын көрсететін дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге тиіс.

Әскери құжаттардың, төлқұжаттың, жеке күәліктің және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген күәліктердің нақтылы адамға тиісті фактісін анықтауға соттың құқығы жоқ.

Сонымен қатар, КСР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың күәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамының паспортында немесе жеке куәлігінде немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, осы құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқығының бар екендігін назарда ұстау қажет.

Азаматтар, өздерінің еңбек кітапшасын, жұмыс орнының анықтамасын, білімі туралы құжаттарды, өсиет қағазды және т.б. құқықты анықтайтын құжаттар ретінде қолданады. Кейде осы құжаттарда көрсетілген сол адамның аты, тегі, әкесінің аты төлқұжатындағы, жеке күәліктегі немесе туу туралы күәлігіндегі жазылған аты, тегі әкесінің атына сәйкес болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда құқықты анықтайтын құжаттың сол адамға тиісті екендігін сот арқылы анықтау қажеттігі туындайды. Істі сот талқылауына дайындау кезінде сот арызданушыдан құжатты берген тиісті органнның құжатқа өзгеріс енгізе алмайтындығына дәлелі болуы керектігін талап етуі тиіс. Іске осы мекеменің таратылғаны туралы анықттама немесе құжатқа өзгерістер енгізе алмайтындығы туралы анықтама тіркелуі тиіс.

  1. Мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану жіне билік ету фактілері арызданушының қолында мүліктік тиесілі болуы туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған болса және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықтау мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады. Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиесілі екендігін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды. Жылжымайтын мүлікті жеке меншік деп тану құқығы мемлекеттік әділет органдарында тіркелуі тиіс.Аталған орган жоғалған меншік құқығын анықтайтын құжат бере алмаса, азамат бұл жөнінже сотқа жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда сот арызданушының жеке меншік құқығын емес, мүліктің арызданушыға тиісті екендігін растайтын құжаттардың барын ғана анықтай алады.

Өз бетімен тұрғызылған, пайдалануға қабылданбаған құрылыстарды, сондай-ақ басқа адамның атына тіркелген құрылыстарды иелену фактісін сот анықтамайды.   

Автокөлік немесе басқа мүліктерді мәміле бойынша иемденіп, бірақ заңнамаға сәйкес рәсімделмеген болса, онда оларды иелену, пайдалану және билік  ету факітілерінің анықталуымүмкін емес. Бұл жағдайда арызданушы меншік құқығын тану немесе мәмілені болған деп тану үшін жалпы  тәртіп негізінде талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  1. Жазатайым жағдай фактісін анықтау туралы істерді қарау кезінде сот мұндай фактіні оны соттан тыс тәртіппен анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда анықтауға құқылы екенін назарда ұстау қажет. Қайғылы оқиға туралы арызды сот мынадай жағдайларда қарауға қабылдайды: қайғылы оқиға туралы акт толтырылмаған жағдайда; оған мүмкіндік болмаған жағдайда; толтырылған акт артынан жоғалған болса және оны қайта толтыру мүмкін болмаған жағдайда; акт қайғылы оқиға дерегін тануға кедергі келтіретіндей қате толтырылған және оны түзетуге мүмкіндік болмаған.

Арызданушы жұмыста алған зақымдану салдарынан және т.б. мүгедектігі бойынша зейнетақы алу үшін қайғылы оқиға дерегін соттың анықтауы қажет.

  1. Адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларды қайтыс болу фактісін анықтау туралы арыз АХАЖ органдары қайтыс болған адам жайында оны тіркеуден бас тартқаны туралы арызданушыға жазбаша жауабы болса ғана сот өндірісіне қабылданады.

Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамның белгілі бір уақытта, белгілі бір мән-жайларда қайтыс болғанын нанымды күәландыратын дәлелдемелерге негізделуі тиіс.

  1. Мұрагерлікті қабылдау және мұраның ашылу орнын анықтау, егер нотариаттық іс-әрекет жасайтын орган мұраға алынған мүлікті иелену фактісін нотариаттық тәртіппен растау үшін құжаттардың жоқтығына немесе жеткіліксіздігіне байланысты мұраны иелену құқығы туралы күәлікті арызданушыға беруге құқығы болмаса, ерекше өндірісі тәртібімен қаралады.

Егер қажетті құжаттар ұсынылып, бірақ мұраны иелену құқығы туралы үәлікті беруден бас тартылса, арызданушы АІЖК-нің 38-тарауында мазмұндалған қағидаға сәйкес, нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға байланысты шағымданып, сотқа жүгінуге құқылы.

  1. Басқа да заңдық маңызы бар фактілерді анықтау. Азаматтар мен ұйымдардың АІЖК-нің 291-бабында келтірілген жеке не мүліктік құқықтарының пайда болуына, өзгеруәне немесе тоқтауына байланысты фактілер тізбесі түпкілікті болып табылмайды. соттар заңды маңызы бар басқа да фактілерді, атап айтқанда, белгілі бір уақытта белгілі бір жерде тұруын, адамның құуғын-сүргіннің нәтижесінде арнайы қоныстарда болу фактісін, әкелікті тану, мұраны қабылдаудан бас тарту фактісін анықтауға құқылы.

Заңды маңызы бар деректерді анықтау туралы істер бойынша шығарылған шешім мына талаптарға сай келуі тиіс:

  • заңды мағынасы бар деректер тек арызданушының тұрғылықты жерінде сотқа беріледі;
  • заңды мағынасы бар деректер тек арызданушы осы деректерді райтайтын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен ала алмайтын немесе жоғалған құжатта қайта алу мүмкін болмайтын жағдайларда анықталады;
  • жылжымайтын мүлікті иелену, пайдалану және(немесе) оған билік ету дерегі бойынша арыз жылжымайтын мүлік тұрған жердегі сотқа беріледі;
  • арызда деректі анықтаудың мақсаты, тиісті құжаттарды алуды немесе жоғалған құжаттарды қайта алу мүмкінсіздігін растайтын арызданушының дәлелдемелері атап көрсетілмеуі тиіс.

Сот шешімі деректің заңды мағынасы бар екендігін растайтын құжат екендігіін және ол мемлекеттік органда тіркелуге немесе ресімделуге негіз болатынын есте ұстаған жөн. Дегенмен де, сот шешімі органдар берген құжаттардың орнын баса алмайды. 

Азаматты іс-әрекетке қабілеттігі шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп тану.

Азаматтың әрекет қабілеттігін шекте бұл қоғамға қарсы, қауіпті азаматтарды қоғамдық қатынастардан шеттетудің құқықтық амалы. Сотта азаматтың әрекет қабілеттігін шектеу туралы істердің қатары жылдан жылға көбейіп барады. Салыстырып қарасақ 1999ж мен 2000 жылдары аралығында бұл санаттағы істердің қатары 5,2 есе көбейіп, соның ішінде 1999 жылы 90,9 %, 2000 жылы 96,5% арыз сотта қанағаттандырылған болатын. Азаматты іс-әрекетке қабілеттігі шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз дептану туралы ерекше сот өндірінсінің пройессуалдық табыиғатына тоқтала кетсек. Егер азамат өзінің іс әрекетіне ие бола алмаса және оны басқара алмаған жағдайда сот процессуалдық заңдарда белгіленген тәртіп бойынша азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуі мүмкін. Сот азамaттың әрекет қабілеттілігін шектей отырып, спирттік ішімдіктерді және есірткі заттарын жүйелі немесе шамадан тыс қолдану барысында жасаған құқықбұзушылықтары анықталса ол үшін заңды негіздер бойынша белгілі бір жауаптылыққа тартуы мүмкін [17]. Азамат және оның отбасы мүшелері олар нақты отбасылық қатынастардың субьектілері болып саналады. Cпирттік ішімдіктертер мен психотроптық есірткі заттарын жүйелі немесе шамадан тыс қолдану салдарынан азамат өзінің отбасылық міндеттерін орындауды белгілі бір құқықбұзушылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Жоғарыдағыларды саралай отырып біздің ойымызша бұл санаттағы істер тек азаматтың тек құықтық жағдайын анықтап қоймайды. Бұл санаттағы істер бойынша азаматтың азаматтық құқықтық және отбасылық қатынастардан туындайтын міндеттеріне де тығыз байланысты болады.

Кейбір ғылыми әдебиеттерде азаматты әрекет қабілеттілігін шектеу істерінде талап қоюлуы мүмкін деген пікір ұсынылады [12]. Олардың пікірінше бұл іс бойынша сот өндірісі екі жақты болуы мүмкін дейді. Бұл жағдайда сот тек азаматтың құқықтық жағдайын ғана анықтап қоймай, нақты тараптар арасындағы құқықтық дауларды да шешеді. 

 ҚР АК-нің 17-бабына сәйкес, азаматты іс-әрекетке қабілеттлігі деп азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықты иеленіп, оны жүзеге асыру қабілеттілігін айтады және өзінің азаматтық міндеттерін толшықтай түсініп (азаматтық іс-әрекетке қабілелеттілік), оны орындай алуы кәмелеттік жасқа, яғни 18-жасқа толғанда болады. Заңда неке қию екі жылға төмендетілген кезде, 16-жастан бастап та толық қабілетті деп тану қарастырылған [18].

Қабілеттілікке ие болу деп –өзі, жеке басы (өкіл арқылы) заңды әрекеттерді; келісімшарттарға отыруға, сенімхат беруге және т.б. түрлі заңды әрекеттер жасауға, сонымен қоса келісімді немесе басқа да міндеттемелерді орындамағаны үшін келтірген зиянға ( өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін) жауп беруге қабілетті болу деген сөз.

Іс-әрекетке қабілеттілікті , құқықтық қабілеттілікті адамның табиғи қасиеті ретінде қарастыруға болмайды. Екеуі де азаматтарға заңмен берілген және заңды категория болып табылады [14]. Сондықтан да, іс-әрекетке қабілеттілікке қатысты заңда оны азаматтық еркі бойынша біреуге беруге немесе шектеуге мүмкін еместігі бекітілген.

ҚР АК-нің 26-бабына сәйкес, азаматты іс әрекетке қабілетсіз деп тануға психикалық ауытқулар (жан күйзелісі) немесе ақыл-есінің дұрыс дамымауы (жарыместік), соның салдарынан азамат өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтындығы негіз болады.Алайда, айналасындағыларға белгілі немесе емдеу мекемесінің берген анықтамасы бойынша жан күйзелісі немесе емдеу мекемесінің берген анықтамасы бойынша жан күйзелісі немесе жарыместік дерегі азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тануға негіз бола алмайды. Азаматты 14-жастан бастап іс-әрекетке қабілетсіз деп таниды.Оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тек сот қана шеше алады, ал арызды оның отбасы мүшелері, прокурор, пана болу мен қамқорлық ету органы, психикалық емдеу мекесі ғана бере алады (ҚР АІЖК 302-бап). Мұндай істі қарау үшін сот талабы бойынша сот-психикалық сараптамасының берген азаматтың психикалық жағдайы туралы қорытындысы қажет. Мұны барлығы да азаматтың жеке құқығы мен мүддесін қорғау үшін, оның құқықтық мәртебесіне еріксіз қол сұқпау үшін аса қажет кепіл болып табылады.

Қамқоршы және қорғаншы орган іс-әректке қабілеттілігі шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршы тағайындалғанын сотқа он күн ішінде хабарлауға міндетті.Тек сот шешімімен ғана азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп таниды [19].

Азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін шектеуге заңда мынадай жағдайлар қарастырылған:

  • егер де спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға, психотроптық заттарға немесе сол сияқты зиянды заттарға құнығып кетуінің салдарынан өз отбасын ауыр материялдық жағдайға душар еткен азаматты іс-әрекетке қабілеттігі шектеулі деп тану [18].
  • өзінің тапқан табысын, шәкіртақысын немесе басқа да табыстарын ессіз қолдагатын 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу немесе айыру. Тапқан табыстарын ессіз пайдалану ақшасын спирттік ішімдіктерге, есірткі заттарға, құмар ойындарға жарату деген сөз.

Кәмелеттік жастаға адамның іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу (айыру) негіздері ҚР АК 27-бабының 1-тармағында қарастырылған. Ата-аналарының, қамқоршы органдардың, асырап алушылардың өтініші бойынша сот кәмелетке толғмаған толықтай іс-әрекетке қабілеттілікке ие болғандарынан басқасын қоспағанда, кәмелеттік жасқа жетпегендерді өзінің табысы, шәкіртақысы немесе басқа да табыстарын өз еркімен пайдалану құқығынан айыру немесе шектеуі мүмкін.

Жоғарғы Соттың берген түсінігі бойынша, әрекет қабілеттілігін шектеу деп азаматтың қамқоршысының келісімінсіз келесідей әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығын түсіну қажет: мүлікті сатуға, сыйлауға, айырбастауға, өсиет бойынша мұраға қалдыруға, сатып алуға, сондай-ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелерден басқа, мүлікке билік ету бойынша басқа да мәмілелерді жасауға; өзі жалақысын, зейнетақысын және басқа да табыс түрлерін алуға (авторлық сыйақы, ойлап тапқаны немесе өнертапқырлығы үшін сыйақылар алуға, жәрдемақылар алуға, мердігерлік жұмысы үшін ақы алуға) және т.б.

Азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуге негіз болып табылатын спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну дегеніміз оларды жүйелі түрде немесе шамадан тыс қолдану отбасының мүддесіне қайшы және оларға жұмсалатын шығындар отбасының материялдық жағдайын ауыр халге душар еткен жағдайда, сонымен қатар отбасының өзге мүшелерінің табысы болса да, егер отбасы осы тұлғадан қажетті қаражат алмайтын болса және оны асырауға мәжбүрлі болатын жағдайлар.

Іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу сот шешімімен жүзеге асырылады және тек 18-жасқа дейінгілерді ғана, себебі осы жасқа жеткенге дейінгі іс-әрекетке қабілеттілік заңда шектелген.

Кәмелетке жасы толмағандардың толық іс-әрекетке қабілеттігін шектеуге өз бастамасы немесе қоғамдық мекемелер не өзге де мүдделі тұлғалардың ата-ана, асыраушы, қорғаушы, жақын туыстарының өтініштері бойынша тек қамқоршы және паналаушы органдардың шешімімен ғана рұқсат етіледі [20].

Бұл аталған органдар мен тұлғалардң мүддесі кәмелетке жасы толмаған бала өзінің табысын дұрыс жұмсамауы әлдекімдердің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіреді, және оның дұрыс әрекет жасамауы өзінің дамуыына, дүниетанымына зиянын тигізеді деп есептеуінде болуы мүмкін. ҚР АК-нің 27-бабының 1-тармағында жеткілікті негіздер бар болса, кәмелеттік жасқа жетпегендердің өзінің табысы, шәкіртақысы немесе басқа да табыстарын өз еркімен пайдалану құқығынан айыруы немесе шектеу қарастырылған.

Мұндай негіздерге табысты заңға және нормаларға қайшы келетін мақсаттарға (есірткі сатып алу, құмар ойындар, т.б) жұмсау деп тану керек.

Қамқоршы орган кәмелетке жасы толмағанды өзінің табысын немесе шәкірақысын пайдалану құқығын шектеуі немесе тіпті бұл құқығынан айыруы мүмкін. Мұндай шешім негізінде кәмелетке жасы толмаған адамынң табысы (шәкірақысы) толығымен немесе бір бөлігі оған емес, қамқоршы органдардыың шешімінде көрсетілген тұлғаларға-оның ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына беріледі.

Егер қамқоршы, паналатушы органның шешімінде кәмелетке жасы толмаған адамның өз табысын қолдану құқығын шектеу немесе айыру мерзімі көрсетілсе, онда мерзім аяқталғаннан кейін іс-әрекетке қабілеттілігі толық қалпына келтіріледі.Егер мерзім көрсетілмеген болса, онда ол 18 жасқа толғанға дейін жарамды немесе қамқоршы орган өз бастамасы не қоғамдық мекемелер мен басқа да мүдделі тұлғалардың өтініштері бойынша күшін жойғанға дейін әрекет етеді.

Шектеу кәмелетке жеткен азаматтың құқықтық мәртебесіне қол сұғу болып табылады, сондықтан да оған тек негізді себептер болғанда ғана заң бойынша рұқсат етіледі.

Мұндай азаматтың әрекетін азаматтық іс жүргізудің бекітілген тәртібімен тек сот ғана шектей алады (ҚР АІЖК 33-тарауы). Оған қамқоршы бекітіледі. Мұндай азамат мүлікке билік ете, жалақысын, зейнетақысын немесе басқа да табыстарын ала алады және ұсақ-түйек тұрмыстық заттарға жұмсаудан басқасын қоспағанда, оларды қамқоршының келісімімен жұмсайды. Азамат спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарын пайдалануды тоқтатқан жағдайда, сот іс-әрекетке қабілеттілігн шектеу мен оған бекітілген қамқоршыны алып тастайды. 

АІЖК-нің 302-бабында арызбен сотқа жолдана алатын тұлғалардың тізімі көрсетілген: отбасы мүшелері, прокурор, қамқоршылық және қоғаншылық органы.

Отбасы мүшелеріне: ортақ шаруашылық жүргізетін жұбайы, кәмелетке толған балалары, ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке қабілетсіз туысқандары кіреді. Бөлек тұратын отбасы мүшелері мұндай істі қозғай алмайды, өйткені оның іс-әрекеті оларды ауыр материялдық жағдайға душар етпейді.

Сонымен қатар егер, азамат бір өзі тұратын болса (отбасын құрмаған болса), онда әрекет қабілеттілігн шектеу туралы істі өзге адамдар қозғай алады.

Азаматты әрекет ақбілеттілігі жоқ деп тану туралы істі бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін жұбайы, кәмілетке толған балалар, ата-анасы, туысқандары, еңбекке қабілеттілігі жоқ асырауындағылар қозғай алады. Сонымен қатар прокурор, қамқоршылық және қорғаншылық органы, психиатриялық емдеу мекемелері де арыз бере алады. Егер арызды мұндай құқығы жоқ тұлға берген болса, онда судья арызды қабылдаудан бас тартып, түсіндіруі қажет.

Аталмыш іс бойынша аумақтық соттылық қарастырлған, яғни арыз азаматтың тұрақты жері бойынша, егер азамат емдеу мекемесіне орналастырылған болса, онда мекеменің орналасқан жері бойынша қойылуы тиіс.

Арыздың мазмұны АІЖК 150-бапта бекітілген жалпы талаптарға және 303-баптағы арнайы талаптарға да сай келуі тиіс. Азаматтың әрекет қабілеттігін шектеу туралы іс бойынша оның материялдық жағдайын сипаттайтын және спирт ішімдіктері мен есірткі заттарды жүйелі түрде қолдануы туралы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер ретінде күәлардың түсініктері, полициядан алынған анықтамалар, тұлғаны жұмысқа мас күйінде келгені үшін жұмыстан шығару туралы актілер, сот шешімі, отбасының табыстары, отбасы мүшелерінің саны туралы құжаттар, сондай-ақ т.б. құжаттар жатады.

Азаматты іс-әрекетке қабілетсіз немесе оның іс-әрекетке қабілеті шектеулі (айыру) деп тану туралы істердің қараудың іс жүргізушілік тәртібі мыналардан тұрады:

  • азаматты тұрғылықты жері бойынша сотқа іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу (айыру) туралы арыз қабылданады, егер ол адам психикалық немесе психоневрологиялық мекемеге жатқызылса, арыз сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі;
  • арыз талап қою арыздарының заңда (ҚР АІЖК 150-151-баптарында) бекітілген барлық талаптарға са болуы тиіс. Заңда сонымен бірге. азамттың іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу туралы: азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану, 14-тен 18-жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағанның өз отбасын еркімен пайдалану құқығын шектеу немесе айыру арыздары бойынша қосымша талаптар бекітілген;
  • азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арызды қабылдағаннан кейін сот төреші қозғалған іс бойынша сотісінде азаматтың мүдделерін қорғау үшін берілген заңды өкіл өкілеттігіне ие ресми өкіл-қорғаушыны тағайындайды. Адвокатураның қызметін реттейтін заңдарға сәйкес мұндай қорғашының заңды көмегі тегін (ҚР АІЖК 304-бап).
  • оның психикалық жағдайын анықтау үшін сараптама тағайындауда және істе ақыл-есінің ауытқуынан тұлғаның өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтындығы және іс-әрекеттерінбасқара алмайтындығы туралы сот-психиатриялық сараптамасының актісі міндетті түрде болуы. Істе сот-психиатриялық сараптама актісінің болмауы сот шешімін жоққа шығаруға сөзсіз негіз болып табылады. Сараптама тағайындалған жағдайда, сот отырысына психатрдың қатысуымен сот азаматты сот-психиариялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберу ттуралы ұйғарым шығара алады (ҚР АІЖК 305-баптың 2-бөліг).

Азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі сот қамқоршының және қамқоршы орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қарайды. Бұл органның қатысуы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың мемлекеттік кепілдігі болып табылады.

Іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, сот отырысына шақырылуы мүмкін. Қамқоршылық және қорғаншылық органы азаматтың құықтарын қорғау мақысатында сот мәжілісінде қорытындысын жариялайды. 

Егер сот мәжілісінде отбасының кәмелетке толған мүшелері азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуге қарсы болса, онда сот бұл тұлғалардың қарсылықтарының негіздерін нақты тексеруі тиіс.

Егер арыз беруші өз арызынан бас тартса, онда іс тоқтатылады. Бірақ бас тарту кейін арыз берушінің сол азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы істі, оның спирт ішімдіктерін немесе есірткі затты жүйелі қолдануына байланысты, қайтадан қозғауына тиым салынбайды. Сонымен қатар басқа да тұлғалардың арыз беруіне тиым салынбайды.

Егер істі қозғаған прокурор арызынан бас тартса, онда отбасы мүшесі істі жалғастыруды соттан сұрай алады.

АІЖК-нің 306-бабының 3-бөлімі бойынша арыз беруші істі қарауға байланысты шыққан шағандардан босатылады да, мемлекеттік баж салығын төлейді. Оның мөлшері айлық есептік көрсеткіштен 50%-ын құрайжы. Ал егер отбасы мүшелері жалған арызбен жолданғаны сотпен анықталса, онда оларға сот шығындарын өтеу міндеттері жүктеледі.

Азаматты әрекет қабілеттігін шектеуге негіз анықталмаған жағдайда сот арызды қанағаттандырмау туралы шешім шығарады.

Азаматты әрекет қабілеттігін шектеу туралы шешім бойынша оған қамқоршы тағайындалады. Ал азамтты әрекет қабілеттігі жоқ деп тану туралы шешіммен қорғаншы тағайындалады.

Қамқоршылық және қорғаншылық органы 10-күн ішінде сотқа қамқоршы немесе қорғаншы тағайындағаны туралы барлауы тиіс.

ҚР АК-нің 27-бабы бойынша сот азаматтың өзінің, отбасы мүшесінің, қамқоршылық және қорғаншылық органның психиатриялық мекеменің арызы бойынша : 1) спирт ішімдіктері мен есірткі заттарды қолдануын тоқтатқаны туралы; 2) егер әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғаның отбасы жойылғанда некенің бұзылуы, қайтыс болуы әрекет қабілеттілігін қалпына келтіру туралы шешім шығара алады.

Азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп тану. Адамның психикалық іс-әрекетіне жауап бере алмауы- дүние жүзінде көп таралған жағдайдың бірі болып саналады. Бұл жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының пайымдауынша жер жүзінде адамдардың 1-2%-ы осы психикалық ауытқулармен ауратын көрінеді.Жер жүзіндегі адамдардың бір, үш пайызы ақыл есі кем, ппсихикалық дамуы жағынан артта қалғандығы анықталып отыр.

1971 жылы 20 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ақыл есі артта қалған адамдардың құқығы туралы Декларация қабылдаған болатын. Бұл құжатта ақыл есінің дамуы жағынан артта қалған адамдарды мемлекет жағынан құқықтарын қорғау, олармен қарым-қатынас жасағандағы белгілі бір ережелердің қатаң сақталуы туралы жан-жақты құықтық мәртебесі анықталып өткен.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс сотта онымен бірге тұратынына қарамастан отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ата-анасының, балаларының, аға-інілерінің, апа қарындастарының), прокурордың, қамқоршы және қорғаншы органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесінің арызы бойынша қозғалуы мүмкін. Сонымен басқада маүдделі тұлғалардың арыздары бойынша іс  сотта қозғалуы мүмкін.

Азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану туралы іс қамқоршы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекет қабілеттілгі шектеулі, әрекетке қабілетсіз адамның да , және жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады.

Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегі, ал егер адам психатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі [19].

Азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану туралы арызда өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбеуі немесе не істегенін білмеуі салдарынан азамттың психикалық ауруы немесе психикасыынң бұзылуы, ақылының кемістігі немесе псикасыынң өзге де сырқатты хал-жайы болуын күәландыратын мән-жайлар жазылуы тиіс. Азаматты әрекет қабілеті жоқ деп тану туралы сотқа берілген іс бойынша мемлекеттік баж салығы алынады.

Азаматты  әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі сот қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қарайды. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ісі қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, сот отырысына шақырылуы мүмкін.Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден арыз беруші босатылады. Арыз берген отбасы мүшелерінің, жақын туыстардың, азаматты әрекетке қабілетсіз деп көрінеу негізсіз таныту мақстымен теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтаған сот олардан барлық сот шығындарын өндіріп алады [21].

Істі сот талқылауында қарауға әзірлеудің мынадай ерекшелігі бар:

  • Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арыз қабылданғаннан кейін судья процесте қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қарғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындалады. Ресми өкіл-адвокаттың заңды өкіл өкілеттігі болады. Адвокатураның қызметін реттейтін заңдарға сәйкес мұндай адвокаттың заң көмегі тегін жасалады.
  • Судья азаматты психикалық ауруы немесе психикасының ауруы немесе психикасыынң бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасыынң өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер жеткілікті болған жағдайда істі соттың қарауына әзірлеу тәртібімен оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психикалық сараптама тағайындалады. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрінеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың қатысуымен өтетін сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп жіберу туралы ұйығарым шығара алады.
  • азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істі сот, егер азаматтың денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзінің, қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қарайды.
  • әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ісі қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, сот оытрысына шақырылуы мүмкін.

Азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану туралы істі қарау барысында судья жүргізілген психиартиялық сараптама қортындысын, азаматтың психикалық аурумен ауратындығын растайтын анықтамалар мен және тағы басқа емдеу мекемлерінде сақталған жазбаларды да дәлелдеме ретінде нақты қарастыру керек.

Егер азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануға негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.Азаматты әрекетке қабілетсіз деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы тағайындауына негіз болып табылады. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет қабілетсіз азаматқа тиісінше қорғаншы немесе қорғаншы тағайындалғаны туралы сотқа он күн ішінде хабарлауы тиіс. Бұл ретте әрекет ететін процессуалдық нормалардың аспектілері әдебиеттерде көрсетіліп келеді.

Біріншіден, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануға негіз болған дәлелдермен негіздерді бағалайтын арнайы нормалаларды қарастырған жөн. Азаматтың әрекетке қабілетті немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселені шешуде соттың ең басты назарда ұстайтын негіздердің бірі сараптама қортындысы болып табылады. Соттың бұл іс-әрекеті кей жағдайларда дұрыс еместігін көрсетіп жатады. Мысалы, өз іс-әрекетін басқара алмауы және тиісті дәрежеде ие бола аламауы, жүйке ауруларының клиникалық санаты ең жоғарғы санаты щизофренияны сот психиатриясында нақты жоғары  дәрежеде зерттеуі жеткіліксіз болып саналады. Азаматты щизофрениямен ауырғандығы туралы сараптаманы зерттеу бұл өте қиын және зерттеуді қажет ететін мәселе. Сондықтан сарапшылар қортындыға нақты түрде келе алмайды, сараптама қортындысы толық жеткілікті зерттелмеуі мүмкін деген пікірлер психиатриялық сараптама ғылымында даулы мәселе. Сондықтан біздің ойымызша азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша шешім шығарған кезде, сот сараптама қортындысымен ғана шектеліп қойымауы керек, оның әрекетке қабілетсіз екендігін растайтын кез-келген дәлелледмелерді басшылыққа алғаны жөн. Сол кезде сот шешімі толықтай, жан-жақты құқықты болып саналар еді.

Екіншіден, біздің ойымызша азаматтың құқығын қорғау мақсатында міндетті түрде АІЖК-нің 306-бабы 2-бөлігінде көрсетілген норманы өзгерту қажет, аталған норма бойынша егер азаматтың денсаулық жағдайына байланысты тиісті іс бойынша сот отырысына шақырылмауы мүмкін.  Әрекет етуші норманың мазмұны мынадай; « Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ісі қаралып жатқан азамат, егер денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, сот отырысына шақырылуы мүмкін». Бұл норма сот отырысы азаматтың қатысуынсыз-ақ жүргізілуіне мүмкіндік береді.

Азаматты іс-әрекетке қабілетті деп тану. Іс-әректке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам ауруынан айықса немесе денсаулығы айтарлықтай жақсарса сот одан қабілеттілігін шектеуді алып тастайты. Сот азаматтың өзінің, оның өкілінің, отбасы мүшесінің, қамқоршысының, қамқоршы және қорғаншы органның, психитриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың іс-әректке қабілеттілігіне шектеуді алып тастау туралы шешім шығарады. Осы шешімнің негізінде оған белгіленген қамқоршы да алынып тасталады.

Осы тәртіппен сот қамқоршының, психиартиялық мекеменің, қамқоршы және қорғаншы органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қортындысы негізінде айыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды іс-әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршы да алынып тасталады. 

 Азаматты психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша сот ісі.

Аталмыш іс жүргізу түрі АІЖК-нің 34-тарауымен реттеледі. Бұл тарау азаматтың құқығын қорғау және еріксіз түрде оларды психиатриялық ауруханаларға мәжбүрлеп орналастыруға жол бермеу үшін енгізілген. 16. 04. 1997 жылы Қазақстан Республикасының «Психиатриялық жәрдем және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» заң қабылданған болатын. Заң тұрғындарға психиатриялық көмек көрсету барысында құқықтық, әлеуметтік, эканомикалық және ұйымдастырушылық негіздерді бекітеді.

Науқаста ауыр халде психикалық ауытқулардың болуына байланысты психиартиялық аурухананың өкілі азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды прокурор арқылы психиатриялық мекеме орналасқан жердегі сотқа береді [22].

Психиатриада «ауыр халдегі» деп «психотикалық» деңгейдегі, яғни психозға (психиканы аса зақымдаған аурулар) психикалық ауытқуларды айтады. Мұндай күйдегі науқас адамдар өз еркімен құқығын, міндеттерін, заңды жауапкершіліктерін жүзеге асыра алмайды және өздерінің іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) нақты сипаты мен қоғамдық қауіпін саналы түрде сезіне алмайды және іс-әрекеттерін басқара алмайды (есі кіресілі-шығасылы).

Психиатриялық мекеменің өкілі жазған арызды психмкалық аурумен ауыратын адамды психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың негізі, сондай-ақ психиатр дәрігерлер комиссиясының азаматты психиатриялық ауруханаға жатқызуға қажеттігі туралы дәлелді қорытындыы болуы тиіс.

Егер ауруханаға жатқызу негізді болатын болса, онда азаматты психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз психиатр – дәрігерлер комиссиясының азаматты психиатриялық стационарға жатқызу қажеттігі туралы қорытындысы шыққан кезден бастап 72 саған іінде беріледі. Істі қозғау туралы мәселені шешу кезінде, сот төрешісі онымен бір мезгілде азаматтың психиартиялық ауруханада болу мерзімін, оны ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарауға кететін мерзімге ұзарту мәселесін шешуі тиіс.

ҚР АІЖК 311-бабына сәйкес, азаматты мәжбүрлеу тәртібімен песихиатриялық ауруханаға жатқызу немесе ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы арызды сот төрешісі іс қозғалған кезден бастап бес күн мерзі ішінде қарайды. Сот отырысы сот мекемесінде немесе психиатриялық мекемеде жүргізілуі мүмкін. Психиатриялық мекеме өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық хал-жайы оған психиартиялық мекеме үйінде жүргізілетін сот отырысына жеке қатысуға мүмкіндік беретін болса, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке қатысуға құқығы бар.

Кейде мекеме өкілінен алынған қорытындыда расталған азаматты қанағаттандырарлықсыз психикалық жағдайы оған сот мекемесіндегі сот отырысына жеке қатысуға мүмкіндік бермейтін жағдай да кездеседі. Мұндай жағдайда азаматты мәжбүрлеп жатқызуға немесе ауруханада жату мерзімін ұзарту ісін сот психиатриялық мекемеде қарауы қажет.

Істің қозғалуына себепші болған психиатриялық мекеме өкілі және ауруханаға жатқызу туралы мәселесі шешіліп жатқан адамның  өкілі істі қарауға қатысуға мндетті. Мұндай іс бойынша прокурордың да қатысуы міндетті.

Прокурор іс бойынша барлық материалдармен танысуға, сұрақ қоюға, өтінім жасауға, азаматты мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жатқызудың қажеттігі немесе бұдан бас тарту туралы сотқа жүгінудің құқықтығы туралы құқықтық қорытынды жасауға құқылы. Сонымен қатар прокурор сот шешімімен келіспеген жағдайда жоғары сатыға наразылық білдіре алады.

Сот төрешісі арызды мәні бойынша қарай отырып, азаматты мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жатқызу және азаматтың ауруханадағы одан арғы жағдайы туралы арызды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады.

Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға және заңда белгіленген мерзімде оны психиатриялық ауруханаға одан әрі ұстауға негіз болып табылады [2].            

Азаматты іс-түссіз жоғалған деп тану немесе қатыс болды деп жариялау.

Ерекше сот ісі тәртібімен қарайтын сот істеріне азаматты хабар-ошарсыз кетті депи тану ісі де жатады. Соттың азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану негіздерін процессуалдық заңнама нормаларында жан-жақты қарастырылған. Егер де бір жыл бойы тұрғылықты жерінде оның қайда кеткендігі туралы мәлімет болмаса (ҚР АК 28-бап), мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот азаматты іс-түссіз жоғалған деп тануы немесе тұрғылықты жерінде бес жыл бойы қайда кеткендігі туралы мәлімет болмаса (ҚР АК 31-бап), ал егер де алты ай ішінде өлім қаупы төнген жағдайда жоғалып кеткен болса немесе оның өліміне белгілі бір қайғылы оқиға себепші болды  деуге негіз болған жағдайда оны қайтыс болды деп сот жариялауы мүмкін.

Әскери қимылдарға байланысты іс-түссіз жоғалып кеткен тұлға немесе әскери қызметкер әскери қимылдар аяқталған күннен бастап екі жыл мерзім ішінде өлді деп танылуы мүмкін.

Адамның қай кезде жоғалғанын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, одан ең соңғы рет мәлімет алынған айдан кейінгі келесі айдың бірінші күні оның жоғалған күні деп саналады. Бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда – келесі жылдың 1 қаңтары болып табылады.

Азаматты іс-түссіз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы істерді сотта қарау тәртібі ҚР АІЖК 32-тарауында нақтыланған (296-301 баптар). Бұл санаттағы істер ерекше сот өндірісінде қаралатын істерден айырмашылығы  мазмұны азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану істері бойынша сот шешімінің заңды мазмұны-азаматты тірі екендігіне негізделеді, ал азаматты қайтыс болды деп тану істірі бойынша-сот шешімінің заңды мазмұны азаматтың өлгендігіне негізделетіндігімен сипатталады. Аталмыш істерді қарастыру барысында тұлғаның өлімі және хабар-ошарсыз болуы туралы дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты, соттың қорытынды шешімінің негізі ретінде азаматтың тірі болуы туралы немесе оның өлімі туралы болжам (презумпция) бола алады [23].

Азаматты іс-түссіз жоғалған деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істі оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қоғамдық бірлестіктердің, қамқошы органдар мен басқа да мүдделі адамдардың арызы бойынша тек сот қозғайды.

АІЖК-нің 296-бабының 2-бөлімінде арыз беруге құқылы тұлғалардың тізімі берілген, олар: отбасы мүшелері, прокурор, қоғамдық бірлестіктер, қамқоршылық және қорғаншылық органдары және басқа да мүдделі тұлғалар.

ҚР АК 8-бабына сәйкес, азаматты із-түссіз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау жеке немесе мүліктік құқықтарын өзгертуге не тоқтатуға әкеліп соқтыратын өзге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы арызды беруге құқылы заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар мүдделі тұлғалар деп танылады. Арызды арызданушының тұрғылықты жеріндегі не болмаса хабар-ошарсыз кеткен адамның соңғы тұрған жеріндегі сотқа беріледі және тлап қою арыздар үшін заңда бекітілген жалпы талаптарға сай болуы тиіс.рызды арызданушының тұрғылықты жеріндегі не болмаса хабар-ошарсыз кеткен адамның соңғы тұрған жеріндегі сотқа беріледі және тлап қою арыздар үшін заңда бекітілген жалпы талаптарға сай болуы тиіс, сондай-ақ ҚР АІЖК 298-бабында қарастырылған мәліметтер болуы тиіс:

  • азаматты із-түссіз жоғалған деп тану немесе қайтыс болған деп жариялау туралы арыз келіп түскен соттың атауы;
  • арыз берушінің атауы және оның тұрғылықты жері (егер арыз заңды тұлғалардан келіп түссе, орналасқан жері);
  • жоғалған адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен соңғы жұмыс орны;
  • азаматтың жүрген жерін білетін адамдарға баспасөз беттерінде жарияланған күннен бастап үш ай мерзімде сотқа ол туралы хабарлауды ұсыну;

Арызда азаматтың хабар-ошарсыз кетуін растайтын немесе өлім қаупін төндірген не ол қайғылы оқиғалардпн қайтыс болды деуге негіз болатын мән-жайлар болуы тиіс. Әскери қимылдарға байланысты хабар-ошарсыз кеткен тұлға немесе әскери қызметкерге қатысты берілген арызда әскери қимылдардың аяқталған күні көрсетіледі (ҚР АІЖК 297-бап). Арызданушы ҚР АІЖК 150-бабындағы арызды беру түрі мен мазмұны бойынша талаптарды орындамаған жағдайда, сот арызды қараусыз қалдырады (ҚР АІЖК 155-бап).

Арызда азаматты із-түссіз жоғалған деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау қандай мақсат үшін қажет екендігі көрсетілі тиіс. Арызданушының сотқа жүгінуі әртүрлі мақсатта болады: хабар-ошарсыз кетті деп тануда- ажырасуды рәсімдеу; қайтыс болды дегенде- некені тоқтатуды көздейді.Арызданушыларға сот шешімдері мұрагерлікті алу, зейнетақыны, тағайындау және басқа да мақсаттар үшін қажет болып табылады.

Арызда азаматты хабар-ошарсыз кеткендігін дәлелдейтін мән-жайлар көрсетілуі тиіс. Мысалы, азаматтың соңғы тұрған мекен жайда, жұмыс орнында, туған жерінде, болуы мүмкін жерлерде жоқ болуы туралы адерстік бюродан алынған жауаптар және т.б.

Сот арызды сот ісіне қабылдай отырып, сот талқылауына түпкілікті дайындалады. Бұл ретте судья аталмыш істі қарау барысында ҚР Жоғарғы Сотының 13.12.2001 жылы «Азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алуы тиіс [24].

Мұндай істер бойынша істі соттың қарауына әзірлеу мерзімі жергілікті газетте осындай істің қозғалуы туралы судья ұйғарымы жарияланған күннен бастап 3 ай құрайды.

Судья арызды қабылдай отырып ол мынадай міндеттерді атқаруы тиіс:

  • жоғалған адам туралы мәлімет беруі мүмкін адамдарды анықтау. Бұл бағытта сот жоғалған адамның соңғы жұмыс орнынан, туылған жерінен, тұрған жерінен, әке-шешешісінің тұрған жерінен және жақын туытарынан жауап алынуы мүмкін;
  • соңғы белгілі болған тұрғвлвқтв жері және жұмыс орны бойынша тиісті ұйымдардан ол туралы білетін мәліметтерді сұрау;
  • арыз қабылданғаннан кейін, жергілікті газетке (арыз берушінің есебінен) азаматты іс-түссіз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп ха барлау жөнінде іс қозғалғанын жариялау туралы ұйғарым шығару. Баспасөз бетін де талап қою сипатындағы істерге қажетті барлық мәліметтер болуы тиіс- қамқорға алу органына жоғалып кеткен азаматтың мүлкін күзету мен басқару үшін қамқоршы тағайындауды ұсыну (ҚР АІЖК 298-бап).

Осы санаттағы істерді қарау кезінде ҚР АІЖК 297-бабының талаптарын орындамау, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1968 жылғы 25-қыркүйектегі №9 «Азаматты іс-түссіз жоғалған деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы» нормативтік қаулысында аталған заңсыз және негізсіз шешімдерге әкеп соқтырады. Істі дайындау барысында сот іске барлық мүдделі тұлғаларды, көп жағдайда ҚР АІЖК 299-бапқа сәйкес міндетті болғандықтан прокурорды қарастыру керек.

Сот талқылауы АІЖК 17-тарауының барлық нормаларымен принциптерін басшылыққа алуымен сипатталады.

Ерекше сот өндірісінде  белгілі бір заңды міндеттерді орындаудан жалтару (мысалы, алимент төлеу, салықтан жалтару, несие төлеу т.б.) мақсатындағы және белгілі бір қылмысты жауаптылықтан құтылу мақстатында жасырынып жүрген азаматтарды хабар-ошарсыз кетті немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы істер көптеп кездеседі [25]. Сондықтанда менің ойымша АІЖК-нің 32-тарауындағы бекітілген нормалардың қатарын мыналармен толықтырған жөн деп санаймын: сот мүдделі тұлғалардың азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы арыздарын егер азаматтың тұрғылықты жерін жасыру мақсатында болса онда сот арызды қанағаттандырудан бас тартуы қажет.

Егер іс бойынша сот талқылауы барысында сот азаматтың тұрғылықты жерін анықтаса, онда іс бойынша сот өндірісі тоқтатылады.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы іс бойынша Сот шешімінің белгілі бір құқықтық салдары бар. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану істері бойынша сот шешімінде азаматтың хабар-ошарсыз кеткен күні нақты анықталып көрсетіледі. Бұл күн азаматтың ең соңғы рет ол туралы дерек алынған күн болып есептеледі. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған  күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні,ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы бірінші қаңтар хабар-ошарсыз кетудің басталған күн деп есептеледі (ҚР АК 28-бап 2-бөлігі).

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкі орналасқан жерде осы мүлікке қамқоршы тағайындауға негіз болып табылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да міндеттемелері бойынша берешегі өтеледі (ҚР АК 29-бап 1-бөлігі).

Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешімінде азаматттың қайтыс болған күні анықталалады. Азаматтың қайтыс болғаны күні деп іс бойынша сот шешішімі заңды күшіне енген күн саналады. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерді сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін.   Өлім қаупі төніп хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамды қайтыс болды деп тануды сот оның қайтыс болуы ықтимал күнді қабылдайды (ҚР АК 31-баптың 1-бөлігі).

Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешімі азаматық хал актілерін жазу органының азаматтың қайтыс болғаны туралы азаматтық хал актілерін жазу кітабына жазуға негіз болып табылады (ҚР АІЖК 300-бап 2-бөлігі).

Хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған азамат табылған немесе оның қоныстанған жері анықталған жағдайда сот үшін жаңа ашылған мән-жайлар болып табылады. дегенмен де, сот шешімін қадағалау тәртібімен емес, істі қараған сот жоққа шығарады. Сот жаңа шешім ығара отырып, өзінің бұрынғы шығарған шешімін жоққа шығарады, ол мүліктен қамқорлықты лауға және азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы оның қайтыс болғандығы туралы жазуды жоққа шығаруға негіз болады.

Азаматтың табылуы өзге тұлғаға тегін өткен мүлкін қайтарып алуға құқық береді. Егер де, мүлікті иелену сәтінде олар қайтыс болды деп хабарланған меншік иесінің тірі екендігін  білгендігі дәлелденсе, келісімшартпен тегін өткен мүлік иесіне қайтарылады. Өзгенің иелігіне кеткен мүлікті қайтару мүмкін болмаған жағдайда, мүліктің құны қайтарылады. Егер де, мүлік мұрагерлік құқық бойынша мемлекет меншігіне өтіп кеткен болса, оған мүліктің өткен бағасы қайтарылады [26].

Азаматтық хал актілерін жазудағы қателіктерді анықтау.   

Азаматтық хал актілерін жазудағы қателіктерді анықтау туралы ерекше ісжүргізу тәртібі АІЖК-нің 37-тарауында белгіленген. Көрсетілген нормалар отбасы құқығы нормаларымен тығыз байланысты, азаматтық хал жағдайын тіркеу актілері материялдық нормалармен реттеледі. Бұл нормаларға:

  • ҚР Неке және отбасы туралы заңы (163-199 бап);
  • азаматтық хал жағдайын жазу, өзгерту, жою тәртібі ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 мамырда қабылданған № 620 қаулысымен бекітілген;
  • азаматтық хал жағдайының актілерін тіркеу нысаны ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 мамырда қабылданған №620 қаулысымен бекітілген;
  • жазба кітаптары негізінде берілетін күәліктің нысаны ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 мамырда қабылданған №620 қаулысымен реттеледі;
  • Қазақстан Республикасында азаматтардың хал жағдайын тіркеу актылкркні тәртібі ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 мамырда қабылданған № 620 қаулысымен реттеледі.

Азаматтық хал актісі – бұл мемлекеттік органдарда азаматтың хал жағдайын міндетті түрде тіркеуге жататын, адамның өмірінде болатын негізгі оқиғалар [14].

Азаматтық хал актілері заңына сәйкес азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты заңды деректер болып табылады. АХАЖ бөлімдерінде мемлекеттік тіркеуге жататын заңды деректерге мына оқиғалар мен әрекеттер жатады: туу, қайтыс болуы, неке қиюуы, оны тіркеуі, бала (ұл, қыз) асырап алуы, әкесін анықтауы, атын, тегін  және әкесінің атын өзгерту.

Азамттық хал актісін жүргізу – АХАЖ бөлімінің лауазымды тұлғасының азаматтық хал актілері туралы ақпараттан және осы азаматтық хал актілері туралы ақпараттан және осы азаматтық хал актісінің тіркегендігінен тұратын бекітілген тәртіппен жазған құқықты қолданудың жеке актісінің нәтижесі болып табылатын жазбаша, ресми құжат [27].

Актілі жазбалар азаматтың хал-жағдайын белгілейтін ресми құжат болып табылады, сондықтан бұл актілердің жазылуы нақты азаматтың хал-жағдайын сипаттайтын дәрежеде дұрыс жазылуы тиіс [13].

Азаматтың хал актілерін жазу – құқыққолданудың жеке актісі болып табылатын, АХАЖ –дың лауазымды тұлғасымен жазылатын екі түрлі ақпараттан тұратын: азаматтық хал актісі туралы және осы азаматтық хал актісін тіркеу туралы жазбаша ресми құжат [4]. 

ҚР АК 15-бабына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары азаматтық хал актілерін тіркеу кітабында тиісті жазу енгізу арқылы жүргізеді, осы тіркеу негізінде азаматқа күәлік беріледі. Бұл актілерді тіркеу аудан орталықтарында, қалаларда аудандық және қалалық АХАЖ органдарында жүргізіледі.

Кейде, азаматтық хал актілердін тіркеу кезінде қателіктер кетуі мүмкін, мысалы, тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні, немесе қайтыс болған күні, мұрагерлікке ие болуда, әкелікті бекіткенде, т.б. дұрыс жазылмай, қателіктер кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда, мүдделі тұлғалар оларға өзгертулер мен түзетулер енгізуін сұрап, АХАЖ бөлімдеріне жүгінулеріне тура келеді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кітабына және АХАЖ бөлімінің жазбаларына (тууы, неке қиюы, ажырасуы, бала асырап алуы т.б.) өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін жеткілікті негіздер болған және мүдделі тұлғалар арасында ешқандай дау жоқ болған жағдайда, әкімшілік тәртіппен енгізіледі. Мұндай жағдайларда дауды сот ерекше сот ісі тәртібімен шешеді. Мүдделі тұлғалардың арасында даудың бары анықталған жағдайда, түзетулер мен өзгертулер енгізуді сот талап қою ісі тәртібімен шешеді.

Мүдделі тұлағалар мысалы, қайтыс болуына байланысты құжаттарды акті жаузуында кеткен қателіктерден, мұрагерлікті алуға мүмкіндіктері болмайтын мұрагерлер жатады.

Азаматтық зал актілерін жазудағы қателіктер сот талқылау кезінде тиісті түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы сот шешімін шығаруға дәлел болып табылады.

Акт жазбаларына түзетулер енігзу бұрынғы азаматтық хал жағдайына өзгерістер енгізеді: тұлғаның аты-жөнін, тегін өзгертуі, баланы асырап алушының тегін бере отырып асырап алу, баланың шешесінің оның әкесімен некеге отыруы және т.б. Сонымен қатар акт жазбаларына түзетулер енгізу  қажеттілігі азаматтық хал актілерін жазу кезінде, соның негізінде берілген күәліктерде жіберілген қателіктерге, кемшіліктерге байланысты туындайды.

Азаматтық хал актілерінің кітабындағы жазбалардағы қателіктерді анқтау дәлелдемелік маңызға ие болады, бұл оны азаматтардың жеке және мүліктік құқықтарының пайда болу, өзгеру және тоқтатылуына негіз болатын заңды фактілерді анықтаудан ажыратылады.

Арыз оны берушінің тұрғылықты жері бойынша немесе АХАЖ органының орналасқан жері бойынша сотқа берілуі мүмкін. Арызда мыналар көрсетілуі тиіс:

  • арыз азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазудың қателігі неде екендігі;
  • АХАЖ органының осы құжатты тіркеу кезінде қандай дәлсіздіктер мен қателіктер жібергендігі бар еңендігін;
  • қашан болғаны және азаматтық хал актілерін жазудың қандай органның жазуды түзетуден немесе өзгертуден бас тартқандығы көрсетілуі тиіс (ҚР АІЖК 319-бап). Арызданушы ахаж органымен берілген қателігі бар құжатқа өзгеріс немесе түзеті енгізуін талап ететін құжатты, ахаж бөлімінің өзгерту немесе түзетуден бас тартуы туралы қорытынды көшірмесін көрсетуі тиіс. Азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазбаның дәлсіздігіні анықтаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу орындарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуыіне негіз болып табылады (ҚР АІЖК 320-бап). Арызға ауыстырылуға жататын азаматтық хал актісін тіркеу куәлігі қосымша ретінде тіркелуге жатады.

АХАЖ бөлімінде және мұрағатта бастапқы тіркеу орны бойынша жазба болмаған жағдайда жоғалған жазба қалпына келтірген соң ғана жазба өзгертіледі.Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізілген соң немесе түзетулер енгізілген жағдайда арыз берушіге жаңа азаматтық хал актілерін тіркеу туралы күәлік беріледі.

АХАЖ органы жазбаны өзгертуден немесе түзету енгізуден бас тартқан жағдайда арыз берушіге қорытындының көшірмесін береді. Бас тарту себебі жазбаны толтыру сәті мен өзгеріс енгізу сәтінің аралығындағы ұзақ мерзім өтуі себепті даусыз дәлелдемелердің болмауына байланысты болады.

Бас тартудың негіздерін екіге бөлуге болады: түзетулер енгізу құқығын екі жағдайда береді: құқық туралы дау болмағанда және АХАЖ органы арыз берушіге жазбаны түзетуден бас тартқанда. Арызды қандай АХАЖ органымен және атап айтқанда қашан арыз берушіге бас тартылғандығы туралы көрсетілуі тиіс. Туу, асырап алу, некелесі, некені бұзу, қайтыс болу туралы фактілерді анықтау туралы ітерден бұл санаттағы істердің айырмашылығы – бұл жерде фактіні нақтылайтын құжат бар, бірақ онда қателіктер бар. Арыз беру арқылы сотқа мүдделі тұлғалар, покурор жолдана алады.

Мүдделі тұлға ретінде тек қана АХАЖ органымен берілген қате жазылған құжаттың иесі болып табылатын азамат қана болмайды, сонымен қатар оның мұрагерлері, сол тұлға қайтыс болған жағдайда, акт жазбаларындағы қателіктер бойынша бола алады.

Кәмелетке толмаған баланың тууы туралы жазбадағы қателікті түзету туралы істі оның ата-анасы қозғай алады.

Азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазбаның жаңсақтығын анықтаған исот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуіне негіз болып табылады. Жаңа күәлік алғашқы жазба жасалған АХАЖ органымен беріледі дәне арыз берушінің тұрған деріндегі АХАЖ органына жіберіледі.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 313-бабына сәйкес, сот заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді банкроттық туралы заңдарда белгіленген ерекшеліктермен қоса, осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша қарайды.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І «Банкроттық туралы» Заңының 15-бабында банкроттық туралы іс сотта борышкердің, кредитордың (кредиторлардың) өтініші және осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың өтініші негізінде қозғалады.

Борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтінішін сотқа беру құқығына салық пен юджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар – азаматтық-құқықтық міндеттемелер жөніндегі кредиторлар ие болады [28].

Банкроттық туралы іс бойынша сот борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішті іске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап іс қозғалды деп есептеледі.

Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы берген өтінішін соттың тиісті шешімінсіз қайтарылып алынбайды.

Кредитор (кредиторлар), прокурор өз өтінішін борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін қайтарып алуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-І «Банкроттық туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, «банкроттық туралы іске қатысушы адамдар мыналар бола алады:

  • борышкер;
  • кредиторлар;
  • кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
  • прокурор;
  • борышкер мүлкінің иесі немесе ол уәкілдік берген орган.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І «Банкроттық туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, борышкер өзін бакрот деп тану туралы:

  • заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген органның;
  • борышкер мүлкі иесінің немесе ол уәкілдік берген органның шешімдері негізінде сотқа жүгінуге құқылы.

Борышкер мүлкінің иесі, ол уәкілдік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыретті органы, оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлік кредиторлардың талаптарын толық көлемінде қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, борышкер өзін банкрот деп тану туралы сотқа немесе уәкілетті органға жүгінуге міндетті.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардың №67-І «Банкроттық туралы» Заңының 18-бабы былай белгілейді:

Борышкердің өтініші сотқа жазбаша түрде беріледі. Оған борышкердің – заңды тұлғаның басшысының немес құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.

Борышкердің өтінішінде мыналар болуы тиіс:

  • өтініш берілетін соттың атауы;
  • азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері мен борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;
  • моральды нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін борышкердің өзі жауап беретін азаматтардың талап етуі бойынша берешегінің сомасы;
  • борышкердің қызметкерлеріне төленуге тиісті еңбекақы мен өтемақыар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелетін сыйлықақы сомасы;
  • салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасы;
  • кредитордың талабын қанағаттандыру мүмкін еместігіне негіздеме;
  • борышкерге талап-арыздарды іске қабылдап алғаны туралы, ондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептеп шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер;
  • борышкерде бар мүлік, оның ішінде жалдаудағы және лизингтегі кепілге берілген мүлік туралы, бантегі шоттарда жатқан ақша туралы мәліметтер; шоттардың нөмірлрі және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы туралы мәлімттер;
  • борышкердің өтінішті берген күннен бастап бір жыл ішінде орындалуы керек болатын міндеттемелері туралы мәліметтер;
  • банкроттық туралы іске қатысу үшін еңбек ұжымының өкілі (қызметкерлердің өкілі) туралы мліметтер;

10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия аласына қатысы туралы немесе осы борышкердің тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болғн нарық субьектісі болып табылатыны туралы ақпарат;

  • қоса тіркелген құжаттар тізбесі.

Егер банкротттық туралы істі қарауға қажет болса борышкердің өтінішінде өзге де мәліметтер, сондай-ақ арыз берушінің өтініштері көрсетілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І «Банкроттық туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, «борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішіне:

  • борышкер мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы өтініш берген жағдайларда басқа, белгіленген мөлшер мен тәртіп бойынша мемлекеттік бажды төлегендігін;
  • берешек болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердің қанағаттандыра алмайтындығын;
  • борышкердің өтініші негізделетін өзге жағдайларды растайтын құжттар қоса тіркеледі.

Борышкердің өтініші сондай-ақ:

  • борышкердің оны банкрот деп тану туралы сотқа өтініш жасауына негіз болып табылатын меншік иесінің немесе құрылтайшыларының, заңды тұлға органдарының шешімі;
  • дебиторлық және кредиторлық берешектердің, топтар бойынша негізгі және айналым құралдары құрамының толық ашып көрсетілетін соңғы есепті кезең ішіндегі қаржы есептемесі;
  • банкроттық туралы іске қатысу үшін жасырын дауыспен олардың өкілі сайланған, борышкердің еңбек ұжымы (қызметкерлері) жиналысының хаттамасы;
  • борышкердің құрылтай құжаттары;
  • борышкер табиғи монополия субьектісі немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субьектісі болп табылатын жағдайда борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша хабарламасы алынған кезден бастап монополияға қарсы органның он күн ішінде беретін қорытындысы қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-І «Банкроттық туралы» Заңының 20-бабына сай банкрот деп тану туралы өтініші бойынша , оның мүліктік жағдайын негізге ала отырып, сот мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыруы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекеттік баж кредиторлармен есеп айырысқанға дейін борышкердің мүлкінен ұсталады.

Борышкердің мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру туралы өтінімі болғн ретте, оны банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа келу осы Заңға сәйкес борышкер үшін міндетті болып табылған жағдайда, сот мемлекеттік бажды 6 айдан аспайтын мерзімге борышкердің кейін төлеуіне қалдырады.

Сот тәртібімен дебиторлық берешекті өдіріп алу кезінде алынатын мемлекеттік бажды төлеуге қажетті ақша қаражаты болмаған жағдайда конкурстық немесе оңалтушы басқарманың өтініші бойынша сот дебиторлық берешекті өтеу шотына ақша қаражаты келіп түскенге дейін мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыруға рұқсат береді».

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-І «Банкроттық туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, «борышкердің өзін банкрот деп тану туралы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтінішпен сотқа жүгінуі өтінішті қарамай қайтаруға негіз болып табылады.

Осы заңға сәйкес борышкер үшін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгәну міндетті болып табылған, бірақ қажетті құжаттар өтінішке қоса тіркелмеген жағдайларда мұндай өтінішті сот іс жүргізуге қабылдайды, ал сот жеткіліксіз құжаттарды сот қарауына істі дайындау тәртібімен сұратып алады [29].

Өз кезегінде ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №3 «Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңдарды қолданудың кейбір иәселелері туралы» нормативтік қаулысының 5-тармағында: «Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы арызын қарауға қабылдаған кезде өтінішке арызданушының құрылтай құжаттарына сәйкес тиісті адамы (органы) қол қойғанын соттың тексергені жөн [30].

Егер борышкерден өзін банкрот деп тану туралы арызды қабылдау кезінде сот арызға оған қол қойған өкілеттігі жоқ адам қол қойған не осы адамның өкілеттігін растайтын құжаттар мен Заңның 18,19-баптарында көрсетілген құжаттар қоса тігілмеген деп тапса, онда сот мұндай арызды аталған Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес кері қайтарады. Борышкердің сотқа жолдаған өтініші Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша міндетті болған жағдайларда сот арызды өз өндірісіне қабылдауға, ал жетіспей тұрған құжаттарды істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арызданушыдан сұратуға міндетті»,- делінген [31].

ҚР 1997 жылғы 21 аңтардағы №67-І «Банкроттық туралы»Заңының 22-бабында былайша белгіленген: «Азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтініштерінің негізінде банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін.

Кредитордың өтінішінде мыналар көрсетілуге тиіс:

  • өтініш беріліп отырған соттың атауы;
  • борышкердің атауы және оның тұрғылықты жері;
  • өтініш берген кредитордың атауы және оның тұрғылықты жері;
  • борышкердің кредитор алдындағы оның талабынан туындаған міндеттемесі, бұл міндеттеменің орындалу мерзімі;
  • осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәні мен сомасы;
  • міндеттеме бойынша берешек сомасы және осы сомаға есептелген борышкерден өндіріп алуға жататын айыпақы (айыппұл, өсім мен сыйақы (мүдде)
  • кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде – кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
  • борышкерде бар мүлік туралы кредиторға белгілі мәліметтер;
  • қоса тіркелетін құжаттар тізбесі;
  • борышкерге талаптар қою айғағы;
  • егер банкроттық туралы істі қарау үшін қажет болса, өзге де мәлеметтер.

Кредитор борышкерге өтініштің және оған қоса тіркелетін құжаттардың көшірмесін жіберуге міндетті.

Кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ қажетті құжаттар қоса тіркелмей берілген өтінішін сот қарамай қайтарады».

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-І «Банкроттық туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, «кредитордың борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішіне:

  • мемлекеттік баждың белгіленген тәртіп пен мөлшерде төленгенін;
  • кредитор өтініші көшірмесі мен қоса оған қоса тіркелген құжаттардың тізімі;
  • борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ осы міндеттемелер бойынша берешектің бар-жоғы мен сомасын;
  • кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттарын, сот шешімін немесе кредитордың талаптарын борышкердің жазбаша түрде мойындауын);
  • кредитордың өтініші негізделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тіркеледі».

Кредитор әртүрлі міндеттемелер бойынша борышкерге қойған бірнеше талаптарын бір өтінішке біріктіруге құқығы бар.

Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын біріктіруге және сотқа бір өтінішпен жүгінуге құқығы бар. Мұндай өтінішке өз талаптарын біріктірген кредиторлар қол қояды [29].

Ұл (Қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша сот ісі.

Ерекше сотт өндірісінде ұл (қыз) асырап алу туралы іс басқа іс категорияларына қарағанда  АІЖК толықтай регламенттелмеген. Ұл (қыз) асырап алу туралы іс ерекше сот өндірісінде қаралу барысында көбіне отбасылық құқық нормалары қолданылады. 1998 жылы Қазақстан Республикасыынң неке және отбасы Заңы ерекше сот ісі тәртібімен азаматтық іс жүргізу заңында қарастырылған ережелер бойынша асырап алудың тәртібін бекітті [20].

8.08.2002 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңы бойынша, бала – 18 жасқа (кәмелетке) толмаған адам [32].

Отбасында өсіріп-жетілдіру мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасаму мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасыынң «Неке және отбасы туралы» заңы (17.12.1998 жылғы) бала асырап алу тәртібін реттейтін (Заңның 12-тарауы) ҚР Парлемнтінің Жаршысы, 1998ж, N23. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана ұл немесе қыз асырап алуға жол беріледі.

Баланы асырап алуға тілек білдірген адамдардың арызы сотпен қаралады. Бұл асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

Аталмыш істі қараған кезде соттар ҚР Жоғарғы Сот Пленумы қабылдаған 22.12.2000 жылғы №17 «Балаларды асырап алу туралы істерді қарау кезінде соттардың неке және отбасы туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа алуы тиіс [33].

Асырап алуды асыраушы (оның ұрпағы) мен асырап алушының (оның туысқандары) арасында, шыққан тегі бойынша туысқандар сияқты тең құқықтар мен міндеттер туындайтын заңды акт деп атайды Осымен бір мезгілде осы актімен асырап алынғандар жеке және меншіктік құқығын жоғалтып, ата-аналары мен туыстарына қатысты міндеттерден босатылады.

«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 80-бабында бала асырап ала алмайтын адамдардың тізімі берілген:

  • сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектейлі деп таныған тұлғалар;
  • сот жұбайының біреуі іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптылар;
  • сот арқылы ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектеулі тұлғалар;
  • өзіне заңмен жүктеген міндеттерді тиісінше орындамағына үшін ұамқоршы міндетінен айырылған тұлғалар;
  • кінәларының арқасында асыраушы болуыларын сот жоққа шығарған, бұрынға қыз немесе ұл асырап алушылар;
  • денсаулығының нашарлығына байланысты ата-ана құқығын жүзеге асыра алмайтын тұлғалар. Ұл (қыз) асырап ала алмайтын, оны қамқорына (асырауына) қабылдай алмайтын аурулар тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мысалы, мұндай ауруларға белсенді және созылмалы туберкулездің, 1,2,3-топтағы диспансерде есепте тұрған барлық түрі, ішкі құрылыс аурулары, нерв жүйелерінің ауруы, декомпенсация сатысындағы тіректі-қозғалыс аппараты, қатерлі ісікті онкологиялық аурулардың барлық түрі, 1 және 2-топтағы мүгедектікке әкеп соқтырған аурулар мен жарақаттар жатады. Сонымен қатар бұл ауруларға есірткі, токсикологиялық, алкоголь заттарын қолданушылар, жұқпалы аурумен ауыратын, диспансерлік есепте тұрғандар, психикалық аурулар және сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеттігі шектеулі деп танылғандан адамдар жатпайды.

Некеде тұрмайтын азаматтар бірге бір баланы асырап ала алмайды. Негізінде асырап алу тек «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңында бекітілген шарттарды сақтағанда ғана асырап алу мүмкін болады. Олар:

  • азаматтардың бала асырап алу тілегі («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 77-бабы»);
  • асырап алушы мен асыранушылардың жеке басына қатысты заң аталптарын сақтау («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 80, 85-баптары);
  • ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың асырап алуға келісімі («Неке және отбасы туралы» Заңының 82-бабы);
  • асырануына баланың өз келісімі («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 84-бабы);
  • асырап алушының жұбайының келісімі («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 85-бабы).

Ең алдымен асырап алу ерікті акт. Ол бала асырап алу ниеті бар азаматтардың өз бастамасы бойынша бекітіледі.Сондықтан да заң тек асырап алушылардың тілегі бойынша ғана асырап алуға рұқсат етеді. Асырап алушылардар басқа ешкім де асырап алу туралы істі қозғай алмайды. Асырап алушыдан балаларының болуы (туған немесе асыранды) асырап алуына кедергі бола алмайды; асырап алушылар мен асыранушылар арасындағы туыстық қатынас та асырап алуға кедергі бола алмайды.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балалар шетел азаматтарының асырауына Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алуына бере алмайтын жағдайда ғана беріледі («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 76-бабы) [20].

Бұл ереже 1986 жылы 3-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары бекіткен халықаралық деңгейде бала асырап алуға қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы Декларацияға [34], 1989 жылы 20 қарашада Нью-Йоркте қабылданған «Бала құқықтары туралы конвенцияның» 21-бабына сәйкес [35].

Іс бойынша сот ісі бала асырап алуға ниеті бар азаматтардың асырап алынатын бала тұратын жердегі аудандық сотқа арыз беруінен басталады. Бұл істі тез шешуге және оған қамқоршы органдары сотқа қатысуға тартуға мүмкіндік береді. Арызға асырап алушы жеке қол қоюы керек. Асырап алушының мүддесі үшін арызды біреудің беруі мүмкін емес. Баланы асырап алу туралы істі сот жабық сот отырысында қарайды. Асырап алу туралы арызында жай деректемелерден басқа мыналар көрсетілуі тиіс (ҚР АІЖК 150-бап):

  • асырап алушылардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың мекенжайы;
  • асырап алынатын баланың тегі, аты, әкесінің аты және туған жылы, мекенжайы (орналасқан жері), оның аға, апаларының болуы;
  • асырап алушылардың бала асырап алу өтінішін негіздеп растайтын мән-жайлар;
  • асырап алынатын баланың атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы өтініш;
  • оның туылған күні (бір жасқа дейін асырау кезінде);
  • асырап алынатын баланың туған жері;
  • баланың туылғаны туралы актіде асырап алушылардың (асырап алушы) ата-ана (әке немесе ана) ретінде жазылуы – асырап алушылардың тілегі бойынша баланың туылғаны туралы актіге сай өзгерістер енгізу (ҚР АІЖ 317-2-бабы).

Сот асырап алушылардан арыз қабылдау кезінде асырап алушылар, олар асырап алғысы келетін балалар,олардың ата-аналары туралы, асырап алынатын баланың туылғаны туралы туралы азаматтық хал актілерін жазудан өзгеріс енгізу мүмкіндіктері туралы мәліметтерді, сонымен қоса, арызға тіркелетін мынадай қосымша құжаттардың барын тексеруі қажет:

  • баланың тұратын жеріндегі қамқоршы органның асырап алудың негізділігі мен асырап алынатын баланың мүддесіне сай келетіндігі туралы қорынтындысы ( ҚР АІЖК 317-3-бап);
  • асырап алушылардың тұрмвс жағдайын тексеру актісі;
  • баланың туу туралы күәлігінің және акт жазбасының көшірмесі;
  • асырап алынатын баланың денсаулығы, ақыл-ойы мен физикалық дамуы туралы құзыретті органның медициналыққорытындысы;
  • заңмен талап етілск, ата-аналарының асырап алуға міндетті түрдегі келісімі;
  • келісім (қамқоршысының, асырап алынатын ата-аналарының баланы асырап алуға оның қамқоршысының және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар үйінің) («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы 84-бап);
  • он жасқа дейінгі асырап алынатын баланың келісімі («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы 84-бап).
  • он алты жасқа, кәмелетке жасы толмаған ата-ана ұл (қыз) асырап алған жағдайда, ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсаты керек, олар болмаған жағдайда – қамқоршы органдардыңкелісімі («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 82-бабы).
  • арызданушының осы баланы асырап ала латынын растайтын дәлелдер.

Баланы шетел азаматы асырап алатын жағдайда, сот арызданушыдан мыналарды талап етуі тиіс:

  • оның тұрмыс жағдайы мен асыраушы бала алатынына мүмкіндігі жөнінде қорытынды;
  • аталған органдардан шетел азаматының Қазақстан Республикасының азаматын –баласын асырап алуға ниет білдірген тұлға ретінде тіркелгенін растайтын дипломатиялық өкілдіктің немесе Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің берген құжаты;
  • бала асырап алғысы келетін шетел азаматы шетелде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және үш айдан бері орталық есепте тұратынына көз жеткізуі керек [20].

Бала асырап алу туралы іс бойынша сот талқысы заңмен қорғалатын бала асырап алу құпиясын сақтау мақсатында, сот істі жабық сот мәжілісінде қарайды. Асырап алынуға тиісті балалар Неке және отбасы туралы заңның 101-бабы бойынша есепке алынады.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу жергілікті атқарушы орандар белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу ҚР Сыртқы істер министрлігі белгілеге тіртіппен жүргізіледі.

Сот бала асырап алу туралы істі қарау кезінде қамқоршы органның өкілін және асырап алатын баланың ата-анасын, ата-анасы болмаған жағдайда оның жақын туыстарын, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар үйінің өкілдерін, өзге мүдделі тұлғаларды және баланың өзін, егер ол 10 жасқа толған болса міндетті түрде шақыруы тиіс. Сонымен қоса. асырап алушы арызына бала асырап алуды сұрауын негіздейтін мән-жайларды көрсетуі тиіс.

Сот бала асырап алу туралы арызды қарай отырып арызды қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан толығымен немесе асырап алушылардың өтінішінің бір бөлігінен бас тарту туралы шешім шығарады.

Асырап алу туралы өтінішті қанағаттандырған кезде сот нақты бір адам баланы асырап алды деп таниды. Асырап алғандығы туралы шешімде сот мыгналарды шешіп және оны шешімнің қарар бөлімінде нақты көрсетуі тиіс:

  • асырап алынған баланың аты, тегі және әкесінің аты, баланың туған жері, туылған күннің өзгертілгені тіралы деректер;
  • асырап алушылардың асырап алынған баланың ата-ана ретінде жызылуы;
  • қайтыс болған ата-анасының қатысты жек мүліктік және мүліктік емес құықтар мен міндеттерді сақтау туралы, асырап алынатын балаға зейнетақы және өтемақы алу құқығының сақталуы туралы («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 90-бабы).

Заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі баланы асырап алуды мемлекеттік тіркеу үшін сот орналасқан жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына, сондай-ақ қамқоршы органға үш күн мерзім ішінде жіберіледі (ҚР АІЖК 317-5-бап).

Сот «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 95-бабының 2-тармағына сәйкес, мынадай жағдайлар болғанда бала асырап алу құқығынан айырады:

  • баланың мүддесіне қарай және оның пікірін есепке ала отырып, асырап алушының кінәсі жоқ болса. Мұндай мән-жайларға мыналарды жатқызуға болады: асырап алушы мен асырап алынатын баланың өзара түсіністік қарым-қатынас қаыптаспаса; қатты бауыр басып қалған және ұмыта алмайтын баланың ата-анасының іс-әрекетке қабілеттіліктері қалпына келсе;
  • «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 95-бабының 1-бөліміне сәйкес асырап алушының кінәсі болса. Оларға: ұл (қыз) асырап алушы өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан жалтаруы, ата-ана құқықтарын тым қатал пайдалану,асырап алған баласына қатыгездікпен қарау, олардың жыныстық қол сұқпаушылығына қастандық жасау, маскүнемдікпен, есірткімен немесе токсикоманиемен ауырады деп танығандар жатады.
  • жалған құжаттың негізінде бала асырап алу туралы шешімді қабылдау; заң бойынша міндетті болған ата-анасының келісімінсіз бала асырап алу («Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы 82-бап); некеде тұрған тұлғаның жұбайының келісімінсіз баланы асырап алуы; «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 80-бап 1-бөлімінде қарастырылған бала асырап алу мақсаттары мен щшарттарды бұзу.

Асырап алу туралы сот шешімі шыққан сәттен бастап ұл (қыз) асырап алу жарамсыз деп танылады.

Жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану.

Жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану немесе жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншікті тану туралы істерді қараудың тәртібі АІЖК-нің 36-тарауымен реттеледі.

Жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады (ҚР АК 117-бап 1-бөлігі).

АК-тің 242-бабы бойынша, меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесі болып табылады. Иесіз заттарға заң бойынша: меншік иесі бас тарқан жылжымайтын мүліктер, олжа, қараусыз жануарлар, көмбе, иесіз жылжымайтын мүліктер жатады.

Иесіз жылжымайтын мүліктерге меншік құқығын алу Азаматтың кодексте белгіленген талаптар бойынша немесе иелену көнелігіне сәйкес жүргізілуі тиіс.

АК-тің 240-бабы бойынша мүліктік меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке жылжымайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға мүлікке меншік құқығын алады [18].

Иесіз жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орган иесіз жылжымайтын заттарды есепке алған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншік деп тану туралы талап қойып сотқа жолдана алады. Коммуаналдық меншікке түскендігі сот шешімі бойынша танылмаған иесіз жылжымайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуне қайта қабылдауы, не иелену көнелілігіне сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

Ерекше сот ісіндегі исеі жоқ мүлікке меншіктің құқықты тану жек меншік құқығын алудың бір тәсілі болып танылады.

Азаматтық айналымда мүлік құқық нысаны бола отырып, оның тиесілі субьектісі (иесі) болуы тиіс. Алайда, мүлік қандай да бір заңды деректерге байланысты иесіз (субьектісіз) болатын жағдайлар да кездесуі мүмін [36].

ҚР АК-нің 242-бабына сай, иесі жоқ немесе иесі белгісіз немесе меншік құқығынан бас тартқан адамның мүлкі иесіз болып табылады. Сонымен қатар, меншігінен бас тарту өздігінен меншік иесінің тиесілі затқа ол басқа адамның меншігіне өтпейінше, меншік құқығын және міндеттерін тооқтатпайды.

Иесіз зат ұғымының өзі шындығында жинақталған,жылжымалы және жылжымайтын иесіз зат деген мағынаны қамтиды, олар:

  • иесіз жылжымалы мүліктер (ҚР АК 242-баптың 3-бөлігі);
  • меншік иесі бас тартқан жылжымалы мүліктер (ҚР АК 243-бап);
  • тауып алу (ҚР АК 245-бап);
  • қараусыз жануарлар (ҚР АК 246-бап);
  • қазына (ҚР АК 247-бап);

Иесі жоқ (иесіз) жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікке меншік құқығын алу заңда тікелей анықталған жағдайлар болғанда, немесе бұрыннан иелік ету тәртібімен жүзеге асырылады.Иесіз жылжымалы мүлікті жылжымайтын мүлікті басқаруға өкілетті органның арызы бойынша жылжымайтын мүлік құығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікке коммуналдық құқықты беру туралы арызды сотқа осы мүлікті табылған жері бойынша есепке алған коммуналдық мүлікті басқаруға өкілеттігі бар орган береді.

Жылмыайтын мүлікті иесіз деп тану туралы істі сот талқылауына дайындау кезінде сот мыналарды анықтауы керек:

  • қандай мүлік иесіз деп танылуы тиіс екендігін;
  • заттың негізгі еркеше белгілері;
  • меншік иесінің затты жеке меншік құқығын сақтауды ниет етпей қалдыруын растайтын дәлелдемелерді анықтауы;
  • арызданушыынң затты иеленуін растайтын дәлелдер.

Сот төрешісі коммуналдық мүлікті басқаруға өкілеттігі бар органның коммуналдық меншік құқығын беру туралы арызын қарау кезінде мыналарды анықтауы тиіс:

  • қандай мүлікті иесіз деп тану қажеттігін;
  • ол мүліті кім, қалай иесіз деп анықтағанын, иесіз зат ретінде қашан тіркелгенін;
  • меншік иесінің затты жеке меншік құқығын сақтауды ниет етпей қалдырын растайтын дәлелдемелерді.

Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану ткралы арызды сот кері қайтаруға құқығы бар, егер:

  • арыз беру кезінде ҚР АІЖК 150-151-баптарындағы талаптар сақталмаған жағдайда;
  • жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы мүлікті есепке алғанына бір жыл өткенге дейінгі мерзім сақталмаған жағдайда;
  • мүліктің меншік иесін анықтау мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ арызданушының мүлікті иеленуге кіріскенін растайтын дәлелдер болмаса.

Сот істі ашық сот отырысында, азаматтық сот ісінің жалпы ережелері бойынша арызданушыны және мүдделі тұлғаларды шақыртып жүргзеді, арызданушыны тыдайды, іске қатысты барлық дәлелдемелер мен басқа да материялдарды тексеріп, жылжымалы мүлік иесінің болмауын не оның меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін және меншік құқығынсақтау ниетін көздемей тастап кеткенін және белгіленен тәртіппен есепке алынғандығын таныған жағдайда, сот жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және оған меншік құқығын алуға кіріскен тұлғаның меншігіне беру туралы шешәм шығарады.

Егер сот жылжымайтын мүлік иесіз немесе оның меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін және бекітілген тәртіппен есепке алынғандығын таныған сот жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.

Жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иесіз деп танудың мәнін мүліктің бұзылуы мен ұрлануынан сақтайды, бұл мүлікті қажетіне қарай қолдануға мүмкіндіік береді, жылжымайтын мүлікті жалға беру ретінде төлемдер; коммуналдық меншікке түскен нысандарды қолдануды жүзеге асыру арқасында кәсіпкерлік қызметтен түсетін салықтар мен салымдар және жылжымайтын мүлікті сатудан немесе қолданыстағы заңдалақтарға сәйкес осы мүлікпен жасалған келісімдермен түскен қаржыдан жергілікті бюджеттің толығыуына қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе лаңкестік қызметті жүзеге асырушы щетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе лаңкестік ұйым деп тану туралы арыз бойынша сот ісі.

Халықаралық лаңкестік (террорлық) ұйым – бұл қандай да бір мақсатқа, әдетте саяси сипаттағы, күш көрсету арқылы, негізінен лаңкестік актілерді қолданумен жетуге бағытталған жеке тұлғалардың немесе ұйымның әрекеті. Лаңкестік – бұл қорқыныш туғызу, азаматтарды, мемлекеттік өкімет органдарының өкілдерін және саяси қайраткерлерді өлтіру, адамдарды ұрлау, қаскүнемдік (диверция) және т.б. арқылы үркіту Қылмыстық құқықта қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс болып табылады.

Бүгінде әлемде лаңкестер мен экстримистердің қайта құрылу әсерін білмейтін мемлекеттер аз емес. соңғы жылдары жер шарының түрлі аймақтарында лаңкестік әрекеттердің өсіп отырғандығы байқалады. 2008 жылдың сәуір айында Астана Бас прокуратура өкілінің қатысуымен брифинг болып өтті, онда соңғы төрт жылда отыз лаңкестік және бір эктримистік ұйымның Қазақстандағы қызметіне Бас Прокурордың мәлімдеуі бойынша соттар тыйым салғандығы айтылды. Бұл «Аль-Каида», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Күрд халықтық конгресі», «Өзбекістан ислам қозғалысы», «Асбат-аль Ансар», «Мұсылман ағайындар – талибан қозғалысы», «Боз Гурд», «Орталық Азияның махмедтер жамағаты». Аталған ұйымдар лаңкестік ұйымдар және өзге мемлекеттердің ШОС деп танылған, ал олардың ішіндегі кейбіреулері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің, Еуроодақтың шешіміне сәйкес, АҚШ Президентінің жарлығымен халықаралық лаңкестік ұйымдарға енгізілген.

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының соты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының мәлімдемесін қарау нәтижесінде «Түркістанның ислам партиясы» атты халықаралық ұйымды лаңкестік ұйым деп танып, оның Қазақстандағы қызметіне тыйым салынды.

Қылмыстық құқықтағы лаңкестік. Лаңкестікті насихаттау немесе лаңкестік әрекеттерді жасауға бұқараны шақыру. Экстримизмді немесе лаңкестік қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық әрекет болып табылады.

Экстремистік ұйым қандай да бір идеяға шын брілген адамдардың тым төмен көзқарастарымен және шаралармен бірігуі, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырда шыққан «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы саясатта экстремистік мақстаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар, әскери құрылымдардан тұратын қоғамдық ұйымдар құруға тыйым салады. Өзге мемлекеттердің саяси партиялараның, кәсіподақ одақтарыны, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ бұл органдары шетел азаматтарының, заңды тұлғаларының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.

Шетелдік және халықаралық коммерциялық және үкіметтік емес құрылған ұйымдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуі тиіс. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 22-бабында заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық бірлестіктер туралы заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі жарғыларында бекітілген мақсаттары мен міндеттерінің шегінен шығатын іс-әрекеттерді жасаған жағдайда, прокуратура органдарының ұсынған негіздері бойынша шешіммен үш айдан алты айға дейін ұйымның қызметі тоқтатылуы мүмкін [37].

Істердің осы санаттары бойынша сот ісінің тәртібі 2005 жылдың 23 ақпанында қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Заңының 63-2 тарауымен реттеледі. ҚР АІЖК 317-6-бабында мынадай істерді қараудың соттылығы бекітілген;

а) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа ммемлекеттің аумағында экстемизмді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы арызды прокурор Астана қаласының сотына береді.

б) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің аумағында лаңкестік қызметті жүзеге асыратын халықаралық ұйымды лаңкестік ұйым деп тану туралы арызды Бас Прокурор Астана қаласының сотына береді. Мұндай хабарлама беруге қоғамдық ұйымдар туралы халықаралық ұйым заңнамасыынң бұзылуы болып табылады.

Прокурор берген арызда, шетелдік немесе халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасының және өзге мемлекет аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен экстремистік немесе лаңкестік деп танылуы мүмкін іс-әрекеттерді жүзеге асыру дерегін растайтын мән-жайлар болуы тиіс.

Арызда мына материялдар қосылуы тиіс: актілер, прокупатура, ішкі істер органдарының хаттамалары, азамат арыздары және аталған органдардың Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық ұйым әрекеттерін тексеру кезінде алған шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе лаңкестік ұйым деп тану туралы негізі бар өзге дәлелдемелер, сондай-ақ шет мемлекеттер соттарының сот шешімдері де болуы тиіс (ҚР АІЖК 317-7-бап). Сот төрешісі істі тыңдауға дайындау кезінде, сот отырысына қатысатын тұлғаларды анықтап, іс материялдарын игереді, ҚР АІЖК 150-151 баптарындағы өзге әрекеттерді жүзеге асырады. Сот отырысына прокурордың қатысуы міндетті.

Сот отырысы ҚР АІЖК нормаларына сәйкес, осы санаттағы істерді қарау үшін заңда бекітілген тиісті алып қоюлар мен қосымшалармен жүргізіледі. Арызды қанағаттандырған жағдайда шешімнің қарарлы ьөлімінде, осы ұйымның қызметі тоқтатылғандығы және әкімшілік жаза қолданылатындығы көрсетіледі. Егер сотта шетмемлекеттің немесе халықаралық ұйымның экстремистік және лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруы анықталса, сот Қазақстан Республикасы аумағында бұл ұйымның қызметін одан әрі жүзеге асыруына тыйым салу туралы шешім қабылдайды.

Сонымен бірге, сот шешімі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе лаңкестің әрекеттерді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйым туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесіне қосу үшін негіз болып табылады.

Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе лаңкестікті жүзеге асырушы ұйым деп тану туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады (ҚР АІЖК 317-8-бап). Сот шешіміне аппеляциялық тәртіп бойынша Жоғарғы Сотқа шағымдануға болады. 

Нотариалдық іс-әрекеттерге немесе олардан бас тартқаны туралы арыздарды (шағымдарды) қарау.

Нотариат – құқықтар мен актілерді күәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлағалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі

Нотариаттың басты міндеті – азаматтар мен заңды тұлағлардың заттық құықтарын қорғау.

Заң нотариаттық әрекетке және одан бас тартуға шағым келтіру бойынша істерді қарастыруды бекітеді (АІЖК-нің 38-тарауы). Себебі нотариат құқыққорғау қызметін атқарады. Нотариустың қызметінде әкімшілік мәжбүрлеу, бағындыру тәсілдері қолданылмайды. Сондықтан да сот нотариаттың құқыққорғау қызметін дұрыс жүзеге асыруын бақылайды.

Жасалған нотариаттық іс-әрекетті немесе нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп есептейтін мүдделі адам бұл жөнінде нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасайтын орган орналасқан жердегі аудандық сотқа шағым беруге құқылы (АІЖК-нің 321-бабы).

Нотариаттық іс-әрекеттер немесе олардан бас тартқаны туралы арызды (шағымдар) соттың қарауы азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

Нотариаттық іс-әрекеттер немесе олардан бас тартқаны туралы берілетін шағымдар ерекше сот ісі тәртібімен қаралады.

Мүдделі тұлға дегеніміз соған қатысты нотариаттық әрекет жасалатын тұлғалар, сонымен бірге нотариаттық әрекет жасалғанда тікелей қатысқан заңды тұлғалар мен азаматтар. Іс прокурормен де қозғалуы мүмкін. Мысаоы, нотариаттық әрекетті жою туралы талап қойылса, ол ерекше сот өндірісі бойынша қаралуы тиіс. Нотариустың нотариаттық әрекет жүргізуден бас тарту себепті әртүрлі: тұлғаның қажетті құжаттары болмаған; тапсырылған құжаттар негізінде осындай құқықтың болуына нотариустың көзі жетпеген жағдайда.

ҚР Әділет министрінің бұйрығымен 28.07. 1998 жылы себептері №538 «Қазақстан Республикасының аумағында нотариаттық әрекеттер жүргізу тәртібі туралы» Нұсқаулықтың 56-тармағы бойынша, нотариаттық әрекетті жүзеге асырудан бас тартылады, егер:

  • заңға қайшы келетін болса;
  • әрекет басқа нотариуспен жүзеге асырылуы тиіс болғанда;
  • нотариаттың әрекет жүргізу туралы өтінішпен әрекетке қабілеттілігі жоқ азамат немесе қажетті өкілеттігі жоқ өкіл жолданған болса;
  • заңды тұлғаның атынан жасалған мәміле жарғысында немесе ережеде қарастырылған мақсатына қайшы келетін болғанда;
  • мәміле заңның талабына сай келетін болғанда;
  • нотариаттық әрекет жүргізу үшін тапсырылған құжат заң талаптарына сай келсе.

Нотариаттық әрекетті жүзеге асырудан бас тартқанда нотариус мүдделі тұлағаға себебін көрсете отырып, 10 күннен бастап 10 күннің ішінде сотқа берілуі тиіс.

«Нотариат туралы» ҚР Заңының 34-бабына сәйкес, нотариат мынадай нотариаттық әрекеттерді жүзеге асырады:

  • келісімдерді, шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылық құжаттарын күәландырады;
  • мұрагерлік мүлікті қорғау шараларын қолданады;
  • мұрагерлік құқық күәлігін береді; бірге тұру кезінде мүліктің бір бөлшегіне жеке меншіктің құқығын береді;
  • құжаттар мен олардың көшірмелерінің дұрыс екендігін анықтайтын немесе дұрыс емес екенін алып тастайды;
  • құжаттар мен олардың көшірмесінің дұрыс екендігін; құжаттардағы қолды; құжатты бір тілден екінші тілген дұрыс аударылғанын күәландырады;
  • азаматтың белгілі бір жерде тұратын дерегін; құжаттарын көрсет уақытын; азаматтың тірі екендігі туралы деректерді күәландырады;
  • жек және заңды тұлғалардың арыздарын өзге жек және заңды тұлғаларға береді;
  • депозитке ақша сомасын және құнды қағаздарды қабылдайды:
  • орындаушылық жазбаларды; векселдерге наразылықты; теңіз наразылықтарын жасайды;
  • құжаттарды сақтауға алады;
  • дәлелдемелермен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Заңды актілерінде нотариустың жасаған басқа да нотариаттық әрекеттері қарастырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Заңы нотариустарға жер, пәтер тұрғын үй, қымбат мүліктер, автокөліктерді беруге беру келісімдерін, жерге, жерді қолдануға, жерді өз иелігіне меншіктік құқық алуға байланысты келісімдерді күәландыруды міндеттейді. Заң шығарушы мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру арқылы кәсіпорын қаражаттарына меншіктік қатынастарды қайта өзгерту процесінде нотариаттарға өте маңызды рөлді бермейді [10].

ҚР АІЖК 321-бап 2-бөліміне сәйкес мүдделі тұлға, нотариаттық іс-әрекеттер немесе бас тарту дұрыс емес деп шешсе, ол жөнінде сол нотариат немесе орган орналасқан жер бойынша аудандық сотқа жүгінуге құылы.

Мұрагерлікті немесе сенімхаттарды дұрыс күәландырмау немесе оларды күәландырудан бас тартқан аурухана, санаторий, емдеу-профилактикалық мекемелері, мекеме немесе әлеуметтік қорғау органы, экспедиция, әскери-оқу мекемесі, әскери бөлім, мекеме, ұйым, бас бостандығынан айыру орындарының лауазымды тұлағаларына шағым (арыз) олардың орналасқан жері бойынша аудандық немесе қалалық сотқа беріледі.

Қазақстан Республикасы туы астында жүзетін теңіз кемесінің немесе ішкі жүзу мекемесінің капитаны мұрагерліктің дұрыс күәландырылмағандығы немесе оны күәландырудан бас тартқаны туралы шағымды (арыз) кеме тіркелген порттың сотына береді.

ҚР Нотариалды кеңсесінің немесе нотариалдық әрекеттерді жасайтын органның орналасқан жері бойынша мұндай істерді қарау тәртібі іске нотариат өкілінің қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚР АІЖК-нің нормаларына сәйкес, сот қарауының тақырыбына мемлекеттік нотариат туралы заңда қарастырылған әрекеттерді дұрыс орындамауы немесе оны нотариустың оны жасаудан бас тартуы жатады. Нотариалды әрекеттерді орындаудың кешіктірілуі сот қарауына жатрпайды, олар әкімшілік тәртіппен қаралады.

Нотариалдық әрекеттерді дұрыс жасамау деген оның қызметті реттейтін актілердің талаптарына сай келмеуі немесе негізсіздігі екендігімен түсіндіріледі. Егер де қолданыстағы ережелерді бұзу арқылы жасалса, нотариаттың дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы әрекетіне шағымдануға болады. Алайда, сот нотариалды актіге қайшы келетін келісімшартты күәландыруды нотариалды кеңсеге міндеттей алмайды.

Кез келген нотариалды әрекеттерге және тек азаматтардың құқықтары туралы дау болмаған жағдайдағы одан бас тартқаны үшін жалпы ережеге сәйкес ерекше сот ісі тәртібімен сотқа шағымдануға болады (ҚР АІЖК 321-бап). Құқық туралы дау талап қою тәртібімен шешіледі.

ҚР АІЖК 321-бап 4-бөлімінде нотариустық іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымданушы лауазымды тұлғаның нотариалды іс-әрекетті жасаудан бас тартқаны немесе оны жасауы белгілі болған күннің ертеңінен бастап он жыл мерзім ішінде сотқа шағымдануға болатындығы бекітілген.

Бас тарту деп ресми, дәлелді жазбаша түрде бас тартуды айтады. «Мемлекеттік нотариат туралы» ҚР Заңына сәйкес, нотариалды әрекеттерді жасаудан бас тартылған тұлғаға оны талабы бойынша бас тартудың себебі жазбаша түрде беріліп, бас тартуға шағымдану тәртібі түсіндірілуі тиіс.

Нотариатты орган әрекеттеріне немесе оның бас тартуына шағымдану мерзімі себепті жағдайлармен өткізіліп алған жағдайда, шағымданушы оны қалпына келтіруге өтінуге құқылы.

Арыздың түрі мен мазмұны ҚР АІЖК 150-баптарында қарастырылған, талап қою арыздарына қолданылатын түрмен анықталады. Нотариат органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану арызына, арызданушының қоятын талаптарын растайтын материалдар; егер мүмкін болса, нотариалды әрекеттер жасалынған немесе жасалатын құжаттарды қоса тіркелуіне болады.

Нотариалды әрекетті жасаудан бас тарқаны туралы шағымда белгілі бір іс-әрекеттің дәлелі болатын нотариалды органның жазбаша түрде бас тартуы қоса тіркелуі тиіс; оны болмауы шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз бола алмайды. ҚР АІЖК 153-бабының негізі бойынша, егер де арызды нотариаттық әрекет кезінде қатыспаған немесе оған нотариат органы бас тартқан іс-әрекетті орындау жөнінде өтініш жасамаған тұлға берсе, шағым қабылданбайды немесе азаматтық-құқықтық даудың болуына байланысты, ведомоствалық бағынышты сот органы істі талап қою тәртібімен қарауы тиіс.

Істі қарауға қатысуға шақырылған басқа тұлғалар (куәгерлер, өкілдер, т.б) іске қатысушы тұлғалар құқғына ие бола алмайды. Оларға ҚР АІЖК 47-бабындағы іске қатысушы тұлғалардың құқығына қатысты іс материалымен танысу, олардың көшірмесін алу, қарсылықтар білдіру, дәлелдемелер ұсыну сияқты іс-әрекетерді және басқа да іс жүргізу әрекеттерін жасай алмайды.

Аралық соттардың шешімдеріне шағымдану туралы істер бойынша сот ісі.

Қазақстан Республикасының 28.12.2004 жылғы қабылданған « Аралық соттар туралы» заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, аралық сот- тұрақты жұмыс істейтін аралық сот немесе тараптар нақты дауды шешу үшін құрған аралық сот болып табылады.

Жоғарыда аталған заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалар арасында болатын азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын даулы мәселелерге қолданылады. оған төмендегілердің мүдделіріне қатысты даулар ведомстволық бағынышты емес:

  • мемлекет, мемлекеттік мекемелер;
  • кәмелетке жасы толмаған тұлғалар;
  • заң тәртібі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалар;
  • жұмыстар мен қызмет көрсету туралы келісімшарттардан болатын даулар;
  • табығы монополиялар субьектілерінің тауарлар өндірісінде, тауарлар мен қызметтер нарығында басыңқы жағдайларға ие субьектілер, сондай-ақ банкроттық істер бойынша.

Аралық сотмемлекеттік сот емес, іс жөніндегі дауды шешуге тараптардың өздері сайлаған сот. Аралық соттың төрешісі болып, жасы жиырмадан асатын, тиісті білімі, жоғары лқу орнын мәмамдаған жеке тұлға болуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот төрешілерінің мәртебесі туралы» заңда бекітілген тәртіппен тағайындалған сот төрешісі аралық сот төрешісі бола алмайды. Аралық соттар үнемі әрекет етуші немесе істі шешу үшін тараптардың келісім бойынша құрамында бір немесе үштен кем емес соттан құрылуы мүмкін.

Аралық соттар істі қарай отырып, Констиуцияны Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де құқықтық нормативтік актілері, сондай-ақ келісімдердің шарттары мен іскерлік айналымның дәстүрлерін басшылыққа алады [38].

Істі аралық сотта қарап, шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңдылықтарында бекітілген жалпы принциптер, ережелер мен тәртіп сақталуы тиіс, бұған тараптардың келісімімен соттардың құрылуы және осы соттарға тән өзге ерекшеліктер жатпайды.

Істі талқылағаннан кейін аралық сот аралық шешім шығарады, ол аралық сот (сот төрешілері) қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Шешімнің қарарлы бөлімінде әрбір талап қою арызындағы талаптарды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы аралық соттардың пікірлері, дауды аралық сотта шешуге кеткен шығындар сомасы, аталған шығындарды тараптарға бөлу және қажет болған жағдайда аралық соттың шешімін орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

Аралық соттардың шешіміне ҚР АІЖК 40-тарауында бекітілген тәртіппен аудандық, сотқа шағымдануға болады. Аралық сотта іс қарау тараптарды, іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты заңда көзделген негіздер бойынша шешім қабылдаған үшінші тұлғалар аралық соттың шешіміне шағым жасау туралы арызды тарап сотқа шағым жасау үшін негіздемелер бар екендігі туралы білген кезден бастап отыз күн ішінде аралық сот дауды қараған жердегі сотқа беруі мүмкін (АІЖК-нің 331-1-бап).

Аралық соттың шешіміне шағымдану арызды сот іс қозғалған сәттен бастап, он күн ішінде қарауы тиіс. Аралық соттардың шешіміне тараптардың шағымын қарау кезінде аудандық сот іс материялдарында тараптар ұсынған мынадай дәлелдемелердің бар-жоғын анықтауы тиіс:

  • аралық келісім Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған негіздер бойынша жарамсыз болып табылады;
  • аралық соттың шешімі аралық соттың келісімінде қарастырылмаған дау бойынша шығарылған немесе оның шарттарына қарай не болмаса аралық соттардың келісімі шегінен шығатын мәселелер бойынша қаулы бар, сондай-ақ дау аралық соттың ведомстволығынан бағынышты болмаудың салдарынан шығарылған;
  • аралық соттың құрамы немесе аралық талқылау аралық сот туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сай келмейді;
  • аралық сот төрешілерін сайлау туралы аралық сот отырысының болатын уақыты мен орны тараптарға тиісінше хабарланбаған не болмаса себептермен аралық сотқа өз түсініктемелерін ұсына алмаған;
  • аралық соттың шешімі заңдылық принципіне және істерді қараудың бұқаралық тәртібіне қайшы келеді, дау аралық сот талқылауының тақырыбы болуы мүмкін емес [39].

Содан соң, сотаралық соттың шешіміне аралық соттың шешімін арыздарды қарау нәтижелері бойынша аралық соттың шешімін жоққа шығару туралы ұйғарым шығара алады. Соттың ұйғарымына тараптар мен мүдделі тұлғалар шағымдана алады.

                         

 

 

 

 

 

 

 

  • ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ ІСТЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ

 

  • Ерекше өндірісте істі қозғау

 

 

Әрбір азамат пен заңды тұлға бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бас бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР АІЖК 8-бабында елгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі істі жүргізудің бірден бір сатысы ол соттың істі жүргізуге қабыдануы.

Сот мүдделі тұлғаның арызы бойынша сотта іс қозғап оны қарайды (ҚР АІЖК 152-бап).

Судья ерекше сот өндірісінде істі сотта қарау туралы мәселені шешу барысында белгілі бір талаптардың орындалғандығын тексеріп алуы тиіс. Заңды маңызы бойынша және процессуалдық тәртібінің ерекшелігіне сай бұл талаптарды екіге бөліп қараастыруға болады [5].

Бірінші топқа ерекше сот өндірісі тәртібінде арызбен сотқа жүгіну құқығының обьективтік шарттары. Бұл топқа: а) сот орандарында істің соттылығы б) арызданушының заңды мүддесі, в) арызданушының процессуалдық құқыққабілеттілігі, е) заңды маңызы бар фактілерді анықтау ісі бойынша – арыз берушінің осы фактілерді күәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдай, не жоғалған құжатты қалпына келтіру мүмкін еместігі (АІЖК 292-бап).

Бұл шарттарды бұзу ерекше өндіріс тәртібінде арызбен сотқа жүгінуді болдырмайды.

Екінші топқа азаматтың сотқа арызбен жүгіну құқығыны айқындайтын шарттар жатады. Бұған: а) сол сот бойынша істің соттылығы; б) арыз беруші тұлғаның әрекет қабілеттлігі (АІЖК 46-бап); в) мүдделі тұлғаның атынан арызданушы тұлғаның өкілеттігі (АІЖК 61-бап).

Бұл шарттарды бұзу азаматтың сотқа жүгіну құқығының жоқтығын білдіреді. Сондықтан да егер осы шарттардың болмауы салдарынан арыз қайтарылған жағдайда, азаматтың екінші рет сотқа арызбен жүгінуіне мүмкіндік бермейді.

Азаматтың сотқа арызбен жүгіну құқығын айқындайтын шарттарға мына талаптар да жатады: 1) мемлекеттік баж салығын төлеу (АІЖК 101-бап); 2) арзыдың заң нормаларына сай болуы (ҚР АІЖК 150-151-баптар). Бұл шарттарды орындамау арыздың сотқа қабылданбауына себеп болады, бірақ сот белгілеген мерзімде тиісті талаптарды орындаған жағдайда істі сотқа қабылдауға мүмкіндіктің барлығын жоймайды (ҚР АІЖК 290-бап 2-бөлігі). Егер арызданушы сот белгілешген жетіспеушіліктерді орындаған жағдайда, арыз сотқа қабылданады.

Жоғарыда келтілірілген шарттарды тексерудің практикалық маңызы жоғары. Тиісті шартттардың жетіспеушілігі істің тоқтатылуымен және басқада жағымсыз жағдайларға әкеліп соқтарады.

Істің сот органдарында соттылығын анықтау кезінде – судья біріншіден ерекше сот өндірісінде қарау үшін істі қабылдауы тиіс. Сот органдарының ерекше сот өндірісі бойынша өкілеттігі ҚР АІЖК –нің 24-бабы 5-бөлігінде көрсетілген. Заңды маңызы бар фактілерді анықтау ісі бойынша сот органдарының өкілеттігі бар егер, Сот арыз берушінің осы фактілерді күәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес кезінде ғана заңды маңызы бар фактілерді анықтайды (ҚР АІЖК 292-бап).

Азаматтан істі ерекше сот өндірісінде қарау үшін арызды қабылдап алар кезінде әрбір нақты іс бойынша оның соттылығын  мұқият тексеру міндетті. Қарсы жағдайда азаматтың заңды мүддесін қорғайтын заң нормалары өрескел бұзылуына әкеліп соқытарады.

Сот заңды фактіні анықтау ісін ерекше сот өндірісінде қарау үшін арызды қабылдап алу кезінде, арызданушының заңды мүддесін, заңды факт немесе анықталуы тиісті жағдай азаматтың жек және мүліктік мүддесіне тығыз байланыстылығын тексереуі тиіс.

Заңды маңызы бар фактіні анықтау ісі бойынша сотпен анықталған факт арызданушының құқықтық мирасқорлығын білдіруі тиіс.

Еекше сот өндірісі бойынша арызданушының құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігін тексерудің еркешелігі жоқ, ол жалпы тәртіп бойынша талап өндірісінде қарау барысындағы талаптармен бірдей.

Сот арызды қабылдау барысында арызданушының заңды фактіні күәландыратын тиісті құжаттарды басқа жолмен алу мүмкіндігін қарастырғандығы туралы әрекетін тексеріп алуы тиіс. Заңды маңызы бар фактіні анықтау істері бойынша облыстық аудандық АХАЖ органдарында тіркелген архивтегі құжаттардың бар не жоқтығы туралы анықтама сұралады.

Сот арызды ерекше өндіріс тәртібінде өз өндірісіне қабылдау кезіндегі еркеше шарттардың бірі істің соттылығы. Бұл ереже жалпы талап өндіріс істеріне қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.

Ерекше сот өндірісіндегі қаралатын іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін (ҚР АІЖК 290-бап 2-бөлігі). Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралыістер мүдделі тұлғаның тұрғылықты жері бойынша сотта қарайды.

Қазақстан Республикасының АІЖК-не сай ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің соттылығы әр іс бойынша арнайы норма белгілеген. Ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің жек санаттары бойынша соттылықтығы қарастырып өтейік. 

Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі, бұған жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі сотқа берілетін жылмымайтын мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және оларға билік ету фактісі қосылмайды (ҚР АІЖК 293-бап).

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы арыз оны берушінің тұрғылықты жеріндегі не хабар-ошарсыз кеткен азаматтың соңғы мәлім болған тұрғылықты жеріндегі сотқа беріледі (АІЖК 296-бап).

Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегі, ал егер адам психатриялық емдеу мекемесіне жатқызылса, сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі (АІЖК 302-бап, 4-бөлігі).

Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша арызды прокурор психиатриялық мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі. Іс осы сотта қаралады (АІЖК 309-бап, 1-бөлігі).

Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы істер бойынша арызды қаржы ұйымы мамандандырылған қаржылық сотқа береді (АІЖК 312-2-бап, 2-бөлігі).

Қазақстан Рсеупубликасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы өтінішті прокурор Астана қаласының сотына береді (АІЖК 317-6-бап).

Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазбаның жаңсақтығын анықтау туралы арыз оны берушінің тұратын жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу органы орналасқан жердегі сотқа беріледі (АІЖК 318-бап).

Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы арыз құжатты берген мекеме (адам) ораналасқан жердегі сотқа береді (АІЖК 324-бап, 2-бөлігі).

Аралық соттың шешіміне аралық сот дауды қараған жердегі сотқа беруі мүмкін (АІЖК 331-1-бап). 

Жеке арызбен тек қана азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілікке ие тұлға ғана жүгіне алады.

Іс жүргізу әрекет қабілеттілгінің түсінігі сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттлігі деп түсіндіріледі. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп анылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық отбасылық, еңбек, кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелтке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. Кәмелетке толмағандарға көмек көрсету үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты (ҚР АІЖК 46-бап).   

Азаматтық іс жүргізу заңнамасына сай сотта істі өкілдік арқылы жүргізудің де мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкіл болу құқығынан айырмайды. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімдеген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады (АІЖК 58-бап).

Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, арызға қол қоюға, істі аралық сотқа беруді, соттың қаулысына шағым беруді т.б. өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді. Өкілдің өкілеттігі өкілдік берушінің берген сенімхатында арнайы көзделуі тиіс. мүдделі азаматтың атынан арыз беруші тұлғаның өкілеттігін сот тексеруі тиіс. Егер өкілеттігі жоқ өкіл сот өкілдік бершінің атынан арыз берсе онда сот арызды қабылдаудан бас тартады.

Арызды сотқа қабылдаудың тағы да бір шарты бұл мемлекеттік баждың төленгендігі. Егер мемлекеттік баж төленбеген болс, онда сот белгілі бір уақыт белгілейді сол уақытты арызданушы жетіспеушіліктердің орнын толтырады, белгіленген мерзімде орындалмаса арыз сотқа берілмеген болып саналады [7]. 

Судья арызды сот өндірісіне қабылдау кезінде арыздың тиісті талаптарға сәйкестігігін тексеруі тиіс. Азаматтық іс жүргізу заң нормаларына сай ерекше өндірісте қаралатын істерді сотта қозғау үшін арызға тиісті талап нормалары белгіленген. Ерекше өндірісте қаралатын іс туралы арызға қойылатын талаптар заң нормаларына сай талап арыз нысанына қойылатын талаптар мен бірдей. Ерекше сот өндірісіндегі іс бойынша арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда мыналар көрсетілуі тиіс: а) соттың атауы; б) арызданушының атауы, тұрғылықты жері, егер арызданушы заңды тұлға болса оның орналасқан жері; егер арыз өкіл арқылы берілсе онда оның атауы, тұрғылықты жері; в) арызданушының сұранымы; г) арызданушының сұранымына негіз болған жағдай, жағдайды дәлелдейтін мән-жай; д) арызбен бірге тіркелген құжаттар. Соынмен қатар еркеше сот өндірісі бойынша арыздың мазмұнымен нысаны ҚР АІЖК 150-151-бап талаптарына сай болуы тиіс. Ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің жеке санаттары бойынша арыздың мазмұны мен нысаны ҚР АІЖК 294, 297, 303, 315, 317-7, 319, 325-баптарда көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

Арызға арызданушының қолы немесе оның өкілінің қолы қойылуы тиіс [2].

 

 

  • Ерекше өндірісте істі сот талқылауына дайындау

 

 

Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау бірінші сатыдағы соттардың барлық азаматтық істері бойынша міндетті сатысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 13 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» №21 нормативтік қаулысы соттар назарын сот тәжірибесінде азаматтық істерді сот талқылауына дайындау мәселелерін реттейтін іс жүргізу заңдылықтарының нормаларын біркелкі қолданудың қажеттігіне аударды [24].

Істі сот талқылауына дайындау арызды қабылдағаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін басталады.Егер қабылданған арыз заңда көрсетілген талаптарға сай болмаса, сот төрешісі істі сот талқылауына дайындауды бастай алмайды. Сот төрешісі мұндай жағдайларда арызды қозғалыссыз қалдырады. Істі сот талықалуына дайындау сатысында сот төрешісі істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауы керек (ҚР АІЖК 166-бап).

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурызында «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір нормативті актілерін қолдану туралы»  №2  нормативті қаулысының 9-бөлімінде «сот істі сот талқылауына дайындау сатысында да, істі мәні бойынша қарау процесінде де істің немен дәлелденетінін  анықтауы тиіс» делінген [16].

ҚР АІЖК 168-бабына сәйкес, сот төрешісі әрбір іс бойынша істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығаруға тиіс. Ұйғарымды шығару кезінде барлық қажетті әрекеттерді қарастырып шығу мүмкін емес. Істі дайындау кезінде қосымша әрекеттер қажет болса, сот төрешісі оларды жасайды.

Азаматтық істі сот талқылауына дайындау арызды сот ісіне және іс қозғауға қаблдағаннан күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. ҚР АІЖК-де басқа да мерзімдер көрсетілген:

  • азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп хабарлау туралы істер бойынша – осындай істі қозғағаны туралы сот ұйғарымы жергілікті газеттерге жарияланғанна кейін үш ай.

Істі ерекше сот өндірісінде қарау үшін сот талқысына дайындауға: а) сот отырысының пәні болатын факті немесе жағдайды нақты анықтау; б) іске мүдделі тұлағаларды белгілеу; в) істі сот талқылауына дайындауға негіз болатын тиісті дәлелдемелердің болуы; г) істі алдын ала тыңдау және бір сот отырысында талқылауға мүмкіндік беретін шарттар белгілеу.

Сот істі сот талқылауына тиісті дәрежеде дайындауды ұйымдастыру  және ол бойынша обьективті негізді шешім шығару үшін арызданушының нақты қандай фактіні анықтау туралы өтінішін және ол фактіні анықта қандай мақсатта керектігін анықтап алуы тиіс. Тікелей осыған байланысты істі сот талқылауына қажетті дәлелдемелердің шеңбері айқындалады: мүдделі тұлғаларды анықтау; сот талқылауының белгілі бір шеңбері [5].

Ерекше сот өндірісінде қаралатын іс бойынша сот процесіне қатысатын мүдделі тұлғаларды анықтаудың практикалық маңызы бар. Даусыз ерекше сот өндірісі бойынша сот процесіне мүдделі тұлғалардың қатысуы істі жан-жақты толық қарауға өз септігін тигізеді. Ерекше сот өндірісіндегі мүдделі тұлғаның құқықтық жағдайы талап өндірісіндегі өз алдына талап тілегі жоқ үшінші тұлағынң құқықтық жағдайына ұқсастығымен жақындығы бар. Ерекше сот өндірісінде мүдделі тұлға өзінің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында қатысады. Ерекше сот өндірісі мен талап өндірісінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттігі шегінде мүдделерін қорғау мақсатында іске қатыса алады.

Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды (ҚР АІЖК 290-бап 1-бөлігі).

Азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы істерді сот міндетті түрде прокурордың қатысуымен қарайды. (ҚР АІЖК 299-бап)

Азаматты әрекет қабілеттігі шектеулі деп тану туралы немесе әрекетке қабілетсіз деп тан туралы іс бойынша арыз қабылданғаннан кейін судья процессте қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды. Ресми өкіл-адвокат осы іс бойынша сот талқылауына міндетті түрде қатысады (ҚР АІЖК 304-бап).

Азаматты мәжбүрлеу тәртібімен психиатриялық стационарға жатқызу туралы арызды судья іс қозғалғаннан бес күн ішінде қарайды.Егер психиатриялық мекеме өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалықы хал-жайы оған психиатриялық мекеме үйінде жүргізілген сот отырысына жек қатысуға мүмкіндік беретін болса, азаматтың өзін ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке қатысуға құқығы бар. Істің қозғалуына бастамашы болған психиартиялық мекеме өкілінің және ауруханаға жатқызу туралы мәселесі шешіліп жатқан адамның өкілінің арызды қарауға қатысуы міндетті (ҚР АІЖК 311-бап).

Баланы асырапалу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (баланы асырап алушының) өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Сот қажет болған жағдайларда, іске қатысуға асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін тарта алады. Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды (ҚР АІЖК 317-4-бап).

Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдарды қарау, сот арыз берушінің, нотариустың немесе шағым беріліп отырған нотариаттық іс-әрекетті жасаған немесе нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқан  басқа бір лауазымды адамның қатысуымен қарайды, алайда олардың келмеуі істі шешуге кедергі болмайды (ҚР АІЖК 322-бап).

АІЖК-нің 55-бабына сəйкес прокурордың сот қарауына қатысуы тек заңмен көзделген немесе судья қажет деп тапқан жағдайларда ғана міндетті болып табылады. Заң талабына сəйкес прокурор мына азаматтық істерді қарауға сот талқылауына:

а) азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы (АІЖК-нің 299-бабы);

б) баланы асырап алу туралы (АІЖК-нің 317-4-бабы);

в) нормативтік құқықтық актінің заңға сəйкес келмеу туралы прокурордың наразылығынан бас тарту туралы (АІЖК-нің 287-бабы);

г) адамды ата-аналық құқығынан айыру туралы (Неке жəне отбасы туралы заңның 68-бабының 2-тармағы) істерді қараған кезде міндетті түрде қатысуға тиіс.

Судья прокурордың сот отырысына қатысуын басқа адамдардың мүддесін қорғау жөніндегі прокурордың арызы бойынша қозғалған іс барысында, оның ішінде азаматты психиатриялық стационарға мəжбүрлеп жатқызу туралы прокурордың талап арызы бойынша іс қозғалған жағдайда істерді қараған кезде міндетті деп тануы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген заң нормаларына сай аталған тұлғалар ерекше өндіріс бойынша істі сот талқылаунда қарауға қатысады.   

Сотта іс бойынша белгілі бір шеңбердегі дәлелдемелердің пәнін нақты белгілеп анықтау істі сот талқылауына дайындаудың дұрыстығына кепілдік беретін бір критери деп айтсақта болады. Арызданушының қандай фактіні анықтау туралы өтініші және оның мүддесі анықтау, іске мүдделі тұлғаның заңды маңызы бар фактіні не мақсатта анқытау туралы өтініш бергендігін анықтау істі сот талқысына дайындауда ерекше маңызға ие. Осының негізінде фактіні анықтауда судья істі сот талқысында қарауға қажетте дәлелдемелердің шегін анықтайды.

Істі сот талқылаында қарауға негіздер жеткілікті болған кезде сот іс бойынша сот талқылауы тағайындау туралы ұйғарым шығарады [7].

 

 

  • Ерекше өндірісте істі сотта талқылау

 

 

Сот талқылауы (сот отырысы) – азаматтық істің негізгі сатысы. Бұл сатыда сот отырысында азаматтық істер бойынша істі талқылау және шешу арқылы әділ сот жүзеге асады. Сот отырысында іс бойынша мүдделі тұлғалардың құқықтарымен міндеттері заңмен қорғалатын мүдделері анықталады. Сот талқылауының нәтижесінде азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері жүзеге асырылады, іске қатысушы мүдделі тұлғалар мен өзге де тұлғалардың бұзылған не жоққа шығарылған құқықтары, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері бойынша мәселелер шешіледі.

Ерекеше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды (ҚР АІЖК 290-бап 1-бөлігі).

Сотта істі талқылау барлық іс жүргізу әрекеттерін заңға сәйкес қатаң жүйелі түрде жүргізіледі.

Азаматтық істерді сотта талқылау әрқайсысы толық баяндалатын төрт жүйелі сатыдан тұрады:

  • сот талқылауына дайындау бөлімі;
  • істерді мәні бойынша қарау;
  • сот жарыссөздері;
  • іс бойынша шешім шығару және жариялау.

Сот талқылауына дайындау бөлімі сотта бір тәртіпке ұйымдастырылған тәртіппен жүргізіледі. Бұл жерде істі алдын ала тыңдау жүргізілуі мүмкін. Бірақ ерекше сот өндірісіндегі сот отырысында бұл бөлім болмайды. Себебі ерекеше сот өндірісіндегі істерді қарау барысында бір-біріне қарама-қарсы талап қоятын тараптар болмауында.

Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің арыздағы өтініштің мәнін қысқаша баяндаудан басталады. Осыдан кейін сот істі шешу үшін арызданушы ұсынған дәлелдемелерді талқылайды. Сот отырысының осы бөлімінде істі қарау талап өндірісіне қарағанда өзгеше сипатқа енеді, себебі ерекше сот өндірісінде дауласушы тараптар болмайды және даусыз істер қарағалғандықтан. Егер талап өндірісінде сот отырысының осы бөлімі екі дауласушы тараптың қатысумен өтсе, ал ерекше сот өндірісінде арызданушы мүдделі бір тараптың қатысуымен өтеді. Сот арызданушының өтінішін тыңдайды және ол ұсынған дәлелдемелерді зерттейді. Сот отырысында күәларды тыңдау, жазбаша немесе басқада дәлелдемелерді зерттеу тәртібі талпа өндірісіне қойылатын жалпы тәртіппен жүргізіледі, бұл жерде айырмашылық жоқ.

Ерекше сот өндірісінде дауласушы заңды мүдделермен бір-біріне қарама-қарсы талап қоюшы тараптардың болмауы сот отырысының сот жарыссөздер деген бөлімінің жоқтығына әкеліп саяды. Яғни дауласушы тараптар болмағандықтан ерекше өндіріс бойынша сот отырысында сот жарыссөздер деген бөлім болмайды.

Сот дәлелдемелерді зерттеп болғаннан кеін арызданушы немесе мүдделі тұлағы, оның қорғаушысын (егер іске қатысқан болса) тыңдайды. Содан кейін іске қатысушы прокурорды тыңдап сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне белгілі бір уақытқа кетеді.

Сот оытрысының төртінші бөлімі шешім шығару және оны жариялау. Бұл ерекше сот өндірісінде талап өндірісіндегі жалпы ережелер  бойынша жүргізіледі.

Шешім шығару және хабарлау сот отырысының қорытындысы болып табылады. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы, сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, ол жөнінде төрағалақы етуші сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды (ҚР АІЖК 215-бап). Кеңесу немесе шешім шығару кезінде кеңесубөмесінде тек істі қараушы сот төрешілері ғана болуы керек. Кеңесу бөлмесінде бөгде ададардың болуына жол берілмейді. Сот төрешілері шешімнің қаулысын шығару кезіндегі пайымдауларын жұртқа жария ете алмайды. Сондай-ақ олар кеңестің ортасында шешімге қол қойылғанға дейін кеңесу бөлмесіне кете алмайды. Сот жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін және жұмыс уақыты кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жариялауға құқығы бар. Сот төрешілерінің кеңесу құпиясын қатаң сақтауы шешімнің қаулысын шығарар кездегі сот төрешілерінің кепілі болып табылады (ҚР АІЖК 12-бап). Бұл принципті сақтамау заңды өрескел бұзу деп бағаланып, шешімді қабылдамауға әкеп соқтырады (ҚР АІЖК 23-бап).

Шешім шығарған кезде сот іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, іске қатысушы мүдделі тұлғалардың құқықтарымен мүдделерін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуы тиісті екенін және қойылған өтініш бірінші сатыдағы сотта қанағаттандыруға жататынын-жатпайтынын анықайды (ҚР АІЖК 219-бап 1-бөлігі).

Сот шешімі жазбаша түрде жазылып, Қазақстан Республикасының атынан шығарылады және әрдайым, тіпті іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда да жұртқа жария етіледі. Залда отырғандар сот шешімін тұрып тыңдайды [4].

Шешімді жариялағаннан кейін, төрағалық етуші шешімнің мазмұнын, сондай-ақ шағымдану уақыты мен тәртібін түсіндіруі тиіс. Жоғарыда аталған әрекеттер аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды (ҚР АІЖК 216-бап). 

 

 

  • Ерекше өндіріс бойынша сот шешімін шығару

 

 

Бірінші сатыдағы соттардағы азаматтық істер бойынша сот істерін соттарыдың қолданатын сот қаулыларының бір түрі шешім болып табылады. Сот шешімі – Қазақстан Республикасының атынан шығарылатын әділсоттың құқықтық актісі (ҚР АІЖК 216-бап). Шешімдегі соттың тұжырымы оған өкімді, даусыз және міндетті сипат береді. Шешімдегі жарлықты бұзғаны үшін заңда әкімшілік тәртіппен айыппұл салу, мәжбүрлі түрде орындату, тіпті болмаса қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Шешім жалпыға бірдей міндетті болғандықтан, ол тек іске қатысушылар үшін ғана емес, барлық мемлекеттік органдар, заңды және лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Соттың шешім шығарғаннан кейін іс бойынша сот ісі де аяқталады.

ҚР АІЖК 217-бабына сәйкес іс мәні бойынша шешілетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім түрінде шығарылады. Сот шешімі – бұл талап қою ісі, бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған сот ісі және ерекше сот ісі бойынша істерді мәні бойынша қарауды аяқтайтын әділсот актісі. Оны сот төрешілері кеңесу бөлмесінде жазбаша түрде мазмұндайды және ол бір дана етіліп қолмен жазылуы, машинамен жазу әдісімен немесе компьютерде терілуі мүмкін, оған төрағалық етуші немесе сот төрешісі қол қояды.

Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою, ерекше талап қою жəне ерекше iс жүргiзу бойынша iс жүргiзу,) үшiн мiндеттi.Ерекше сот өндірісі бойынша шешім шығарылады. Шешімнің мазмұны, оның негізділігімен заңдылығыны қойылатын талаптар азаматтық іс жүргізу заңында нақтыланған. Ерекше сот өндірісі бойынша шығарылған шешім азаматтық іс жүргізуде талап өндірісі, ерекше талап өндірісі бойынша шығарылатын шешімдерге қойылатын талаптармен бірдей, айырмашылық жоқ.

Шешімнің мазмұны (ҚР АІЖК 221-бап). Шешімнің кіріспе бөлімі оның Қазақстан Республикасы атынан шығарылатынан басталады. Шешімнің кіріспе бөлімінде:

  • оған қол қойған күнмен анықталатын шешімнің шығарылған уақыты;
  • шешім шығарылған орын;
  • шешім шығарған оттың нақты және толық атауы;
  • шешім қабылдаған сот құрамы, тегі, аты, әкесінің аты;
  • сот отырсы хатшысының, сот жасауылының тегі, аты, әкесінің аты;
  • тараптардың (талап қоюшының, жауап берушінің, арызданушының), іске қатысушы өзге тұлғалардың, өкілдердің (кімнің жағында),тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың іс жүргізушілік жағдайлары.
  • талап қою арызындағы дау немесе арыздағы талаптар.

Шешімнің сипаттамалық бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс:

  • ҚР АІЖК 64-баптың 2-бөлігіне сәйкес сот анықтаған істің мән-жайлары;
  • сот тұжырымының негізіндегі дәлелдемелер;
  • тараптардың құқықтары мен мндеттері туралы; дәлелдемелер ұсыну;
  • тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәгерлердің жауаптары, заттай дәлелдемелер, сараптама қорытындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары мен өзге де құжаттар.
  • сол не өзге дәлелдемелерді жоққа шығаратын сот тұжырымдары, сот басшылыққа алған заңдар.
  • берілген құқықтық қарым-қатынастарға сот қолданған материялды заңдар және сот басшылыққа алған іс жүргізу нормалары.

Шешімнің қарар бөлігі  дәлелді бөлімде анықталған нақты мән-жайлардан туындайтын соттың қысқаша және соңғы тұжырымынан тұруы тиіс. Сот шешімді орындар кезде түсініспеушілік пен дау болмас арыздағы талаптарды толықтай немесе жартылай қамтамасыз ету туралы немесе талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы арыздағы қойылған талаптарға нақты және түсінікті түрде жауап беру қажет. Сот өз шешімінің қарар бөлігінде шешімді тез арада орындау немесе оны орындауға шаралар қолдану керек болған жағдайларда тиісті тәртіп пен шешімнің орындалу мерзімін көрсетуі тиіс.

Сот шешiмi АIЖК-нiң 14-бабына сəйкес белгiленген сот iсi жүргiзiлетiн тiлде жазылуға тиiс. Сот iсi жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысқан адамдарға сот iс бойынша шығарылған сот актiлерiн олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн басқа тiлге аударылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.  АIЖК-нiң 218-бабына сəйкес сот шешiмi заңды жəне негiздi болуы тиiс.

Сот шешіміне қойылатын негізгі талаптарға оның заңдылығы және негізділігі жатады. (ҚР АІЖК 218-бап). Бұл талаптар сот шешімдерінің барлық түрлеріне қойылады.

Сот шешімінің заңдылығы ерекше сот өндірісінде- бұл материялдық және іс жүргізу нормаларын сақтаумен және қаралып отырған іске қолданылатын немесе қажетті жағдайларда даудың осындай тақырыптарын реттейтін заңды қолдануға негізделген материялды құқық нормаларына толық сай келгенде заңды болып табылады. Бұл ретте шешім азаматтық заң нормаларының жалпы бастамасы мен мағынасысынан және адалдықтың, шындықтың және саналылықтың талаптарынан шығуы тиіс. (ҚР АІЖК 5 және 6-баптар).Сот істі шешу кезінде Қазақстан республикасының, адам талаптарын, азаматтық іс жүргізу кодексін және өзге де нормативті құқықтық актілерді дәл сақтауы тиіс. Сот төмендегі шарттарды орындаған жағдайда, оның шешімі заңды деп есептеледі:

  • әділсот орнату кезінде сот төрешісі тәуелсіз және ол тек Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңға ғана бағынады (ҚР АІЖК 12-бап),
  • әділсотты тек сот қана жүзеге асырады (ҚР АІЖК 7-бап);
  • азаматтық істі шешу кезінде мемлекеттік органның немесе өзге органның нормативтік құқықтық актісінің заңға сай келмейтінін немесе ол өкілеттікті асыра сілтеумен шығарылғанын анықтаған сот үлкен заңды мәні бар құқықтық актілерді қолданады (ҚР АІЖК 6-баптың 4-бөлігі);
  • құқықтық қарым-қатынасты реттейтін құқық нормасы болмаған жағдайда сот соған ұқсас құқықтық қарым-қатынасты (заңның баламасы) реттейтін құқық нормасын қолданады, ал мұндай норма жоқ болған жағдайда істің заңның жалпы мағынасын, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып шешеді. (Құқық баламасы, ҚР АІЖК 6-баптың 5-бөлігі);
  • заңдылық халықаралық келісімшрттарға қарама-қайшы болған жағдайда, сот аталған келісімшарттарда бекітілген, Қазақстан республикасының ратификацияланған ережелер қолданылады. (ҚР АІЖК 3-баптың 3-бөлігі).

Сондықтан да, аталған ережелер негізінен заңдылық талаптарының мазмұнынан тұрады. Материалды және іс жүргізу құқығы нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау шешімді жоққа шығарудың негізі болып табылады. (ҚР АІЖК 364-баптың 4-бөлігі).

Сот шешімінің негізділігі. Сот шешіміне қойылатынкелесі талап оның негізділігі болып табылады. ҚР АІЖК 218-бабының 2-бөлігінде шешім тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделуі тиіс деген негізділік ұғымының мазмұны ашып айтылған. Сот шешімінің негізділігі қаралып отырған істің мән-жайлары  туралы сот тұжырымдарының сай келуін ілдіреді. Сот шешімі мынадай жағдайларда негізді деп саналады. Егер де сот:

  • шешімін сот отырысында зертелген дәлелдемелермен расталған берілген істегі деректерге негіздесе;
  • шешімді дәлелдемелердің күмәнсіздігі мен қатыстылығы туралы заң талаптары негізінде қабылдаса (ҚР АІЖК 67 және 68-баптар);
  • өз шешімін дәлелдеуді қажет етпейтін жалпыға белгілі мән-жайларға негіздесе;
  • шешімді сот тапсырмаларын орындау тәртібімен жинлған дәлелдемелерді есепке ала отырып, қабылдаса (ҚР АІЖК 72 және 73-баптар).

 Ұл (қыз) асырап алу туралы iстер бойынша өтiнiш негiздi болған жағдайда сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде АIЖК-нiң 317-5-бабы бойынша өтiнiштiң қанағаттандырылғаны туралы көрсетедi. Асырап алушылардың (асырап алушының) өздерiн баланың ата-аналары (ата-анасы) ретiнде жазу туралы өтiнiшi болған жағдайда, сот баланың тууы туралы акт жазбасына ата-аналарына қатысты, баланың туған күнi мен жерi туралы өзгерiстердi енгiзу туралы мəселенi шешедi [2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі ерекше сот өндірісін құқықтық реттеу тетіктері қарастырылды.

Азаматтық сот өндірісіндегі жалпы юрисдикция тәртібімен қаралатын ерекше сот өндірісі институтының қоғам өмірінде алатын орны ерекше.

Ерекше сот өндірісінің мақсаты – арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормалары байланыстыратын мән-жайларды анықтау.

Ерекше сот өндірісі – азаматтық сот өндірісінің бір түрі ретінде құқық туралы даудың жоқтығымен және бір-біріне қарама қарсы талап қойып дауласушы тараптардың жоқтығымен сипатталады. Ерекше сот өндірісі талапсыз, біржақты сот өндірісі ретінде сипаттама беріледі.

Ерекше сот өндірісі құқық туралы даудың болуымен сайыспайды. Істің ведомствалық  соттылығы туралы дау туындаған жағдайда, сотқа берілген арыз қараусыз қалдырылып арызданушыға талап қою құқығымен жалпы тәртіп бойынша сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

Құқық туралы даудың жоқтығы, мүделері қарама-қарсы талап қойып қақтығысатын тараптардың жоқтығын негіздейді.

Ерекше сот өндірісі тәртібімен іс қозғау үшін жүгінген, арызданушы деп танылады. Арызданушыға іске қатысушы мүдделі тұлғаларды жатқызамыз.

Ерекше сот өндірісі бойынша арыз, талап арызға қарағанда нақты бір тұлғаға қатысты қандайда бір қарсы талаппен жүгінбеуі, дауланған немесе бұзылған құқықты қорғау мақстының жоқтығымен сипатталады. Іс бойынша сот шешімі дауды немесе жеке тұлғаның заңмен қорғалатын мүдделеріне, құқықтарына байланысты болса, онда олар іс бойынша мүдделі тұлғалар деп танылып іске қатысады.

Құқықтық дау мен даулаушы тараптардың жоқтығы ерекше сот өндірісінде қарсы талаптың қойылмауына тараптарды ауыстыруға, бейбіт келісім бекітуге, аралық сотқа жүгінуге мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда жалпы өзара тығыз мүдделі бірнеше тұлғалардың сотқа біріге отырып жүгінуін болдырмайды.

Ерекше сот өндірісінде азаматтардың жеке немесе мүліктік құқығының туындауына, өзгеруіне, немесе тоқтатылуына тікелей әсер еткен заңды маңызы бар факті немесе жағдайдың бар не жоқтығын сот тәртібі негізінде анықталатын азаматтық істер қаралады.

Сонымен қатар ерекше сот өндірісі негізінде азаматтардың жылжымайтын мүлікке даусыз иелену немесе пайдалану құқығын, жоғалған бағалы қағаздарға деген құқығының бар не жоқтығын анықтайтын азаматтық істер де қаралады. Бұл санаттағы азаматтық істерді сот қарау барысында тек заңды фактіні ғана емес сонымен қатар құқық туралы мәселені де шешеді. Құқық туралы мәселені шешу барысында, құқықты қорғау мақсатында белгілі бір тұлғаға қарсы сотқа талап арызбен жүгінуге болмайды. Ерекше сот тәртібімен тек құқық туралы дау жоқ істер ғана қаралады, мүдделі тұлғалар талап арызбен сотқа жүгіне алмайды.

Ерекше сот өндірісінде азаматтың құқықтық мәртебесін анықтайтын азаматтық істер де қаралады: бір жағдайларды азамат сотпен хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп жариялануы мүмкін, кейбір жағдайларда әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектелген деп танылуы мүмкін.     

Ерекше сот өндірісінде сотпен анықталуы тиіс факті туралы дау туындауы мүмкін.Бұл жағдайда сот заңды маңызы бар фактінің бар не жоқтығын анықтау үшін оны дәлелдейтін дәлелдемелерге сүйене отырып іс жүргізеді.

Қорыта келе, азаматтық іс жүргізудің бір институты ерекше сот өндірісін дұрыс түсіну ерекше маңызға ие. Ерекше сот өндірісінің сыртқы көрінісі қарапайым болғанымен, сотқа арыз берген уақытта бірқатар қиыншылықтар туындайды. Бұл қиыншылықтар тәжірибеде ерекше сот өндірісіне қатысушы мүдделі тұлғалардың шеңберін анықтауда көрініс табады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (соңғы өзгерістер мен толықтырулармен).
  2. Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 13 шілде 1999 ж.(өзгертулер мен толықтырулармен).
  3. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибараева. Мемлекет және құқық теориясы (Оқу құралы). Алматы: «Жеті Жарғы» 1998 ж.- 192 бет.
  4. Ильясова Г.А. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Ерекше бөлім. Оқу құралы. – Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2007 -289 бет.
  5. А.А. Мельников. Особое Производство в Советском гаржданском процессе. Издательство «Наука». Москва 1964 г.
  6. Баймолдина З.Х. Грaжданское процессуальное право Республика Казахстан: В двух томах. Т 2. Осебенная часть (темы 16-30) Учебник Алматы: КазГЮА, 2001.-486 стр.
  7. М.К. Треушникова Гражданский процесс: Учебник для Бридических вузов. –М.: Юриспруденция, 2000. -384 стр.
  8. М.К. Теушникова Гражданский Процесс: Учебник 3-е изд.испр и доп/-М. :ООО «Городец-издат», 2000 – 672 стр.
  9. Чечот Д.М. Неисковые производства. М., 1973.
  10. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңы.14.07.1997ж.,N13-14. Заң базасы 2010 ж.
  11. Абдуллина З.К. Порядок рассматрения некоторых дел осбого производства. Учебник Труды. Сер Юрид. Алма-ата 1970 г 10, вып 10 41-с 274-287.
  12. П.Ф. Елисейкин. Особенности судебного рассмотрения отдельных категорий гаржданский дел. Москва 1973 г.
  13. Баймолдина З.Х. «Разбирательство гражданских дел в суде 1 инстанции» Научно-практическое пособие Алматы: Жеті жарғы, 2001 стр 91.
  14. «Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеудің тәртібі туралы Ережелер». ҚР Үкіметінің №620 22.05.1999 жылғы қаулысымен бекітілген.
  15. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының №13 28.06.2002 жылғы «Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот праутикас турлы» нормативтік қаулысы.
  16. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір нормативті актілерін қолдану туралы» №2  нормативті қаулысы.
  17. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 400 бет.
  18. Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994ж.
  19. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 Заңы.
  20. Қазақстан Республикасының 17.12.1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» Заңы. Заң бaзасы 2010 ж
  21. 1971 жылғы 20 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Декларациясы.
  22. 04. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Психиатриялық жәрдем және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» Заңы.
  23. Абдулина З.К. Гражданский процессуальный право Республика Казахстан. Учебник. Инт-междунар бизнеса. «Данекер» Алматы: дәнекер; 2001. 184 стр.
  24. «Азаматтық істерді соттың қарауына əзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысы.
  25. П.Ф. Елисекин. Юридическая литература. Москва. -1973 г. 127 стр.
  26. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тəжірибесі туралы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 нормативтік қаулысы (Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы №15 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге)
  27. А.А.Власов., М.Г.Власова., В.А.Черкашин. Гражданский процесс в вопросах и ответах.- М.: 2004.
  28. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңы 2.07.2003 ж. N461. Заң базасы 2010 ж.
  29. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І «Банкроттық туралы» Заңы.
  30. ҚР Парламентінің Жаршысы 1998. №23
  31. ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №3 «Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңдарды қолданудың кейбір иәселелері туралы» нормативтік қаулысы.
  32. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» 08.2002 жылғы заңы.
  33. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қабылдаған 22.12.2000 жылғы №17 «Балаларды асырап алу туралы істерді қарау кезінде соттардың неке және отбасы туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысы.
  34. БҰҰ Бас Ассамблеясының «Бала асырап алуға қатысты әлеуметтік құқықтық принциптер туралы» Декларациясы 1986 ж 3 желтоқсан.
  35. «Бала құқықтары туралы» Конвенция 1989 ж. 20 қараша Нью-Йорк.
  36. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы №3 «Меншік тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» 20.04.2006ж.
  37. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы.
  38. Қазақстан Республикасының 28.12.2004 жылғы «Аралық соттар туралы» Заңы.
  39. «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерісімен бірге).