МАЗМҰНЫ
|
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР………………………………………………… |
3 |
|
АНЫҚТАМАЛАР…………………………………………………………………….. |
4 |
|
БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАРЫ………………………………….. |
5 |
|
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………… |
6 |
1 |
Еркін күрес тарихы…………………………………………… |
12 |
1.1 |
Еркін күрес техникасы………………………………………………………………. |
12 |
1.2 |
Еркін күрестің партердағы техникасы…………………………………………. |
22 |
1.3 |
Еркін күрес ережелері мен жаттығулары әсері…………………………….. |
25 |
2 |
ЗЕРТТЕУДІ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ…………………………………………….. |
31 |
2.1 |
Зерттеудің әдістері……………………………………………………………………… |
31 |
2.2 |
Зерттеуді ұйымдастыру………………………………………………………………. |
33 |
3 |
Әдістік дайындау негізі кезеңінің бөлшектерінде жас спортшыларды еркін күрес әдістеріне үйрету……………………………………. |
34 |
3.1 |
Әдістемелік нұсқау бойынша жас споршыларды дайындау…………. |
34 |
3.2 |
Спорт және еркін күрес тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының әдістемесі…………………………………………… |
44 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………. |
59 |
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………… |
62 |
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Осы дипломдық жұмыстағы сілтемелер келесі стандарттарда қолданылған:
- ГОСТ 7.32-2001;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстары жайында есеп;
- Жазу құрлымы және ережесі;
- ГОСТ 7.1-2009;
- Библиографиялық жазу;
- Библиографиялық суреттеу;
- Жалпы талаптар және құрастыру ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Қимыл-іс әрекеттері – адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқада мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимыл қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл дағдысы – құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.
Еркін күресінің тарихи дамуы барысында қалыптасқан ережелеріне сай спортшы қарсыласын жеңу жүзеге асырылатын жекпе жек түрі.
Дене тәрбиесі – адамға тән қимыл әрекеттерімен тәрбиелеуді үйрету үдерісі.
Дене шынықтыру – адамның денелік дамуын жетілдіру ден саулығын нығайту, қимыл әректеттерін жетілдіру мақсатында жасалатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар.
Дене жаттығулары — дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекетінің түрлері.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
ДЖҚ – дене жүктемесі қарқыны;
ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі;
АҚ — артериялық қан қысымы ;
СҚ — систолалық артериялық қысым;
ДҚ- диастолалық артериялық қысым;
ПАД- пульстік артериялық қысым;
МҚК- минуттық қан көлемі;
СК- систолалық қан көлемі;
ГССИ- Гарвард степ-сынақтамасы индексі (ГССИ);
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда еркін күрестің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.
Еркін күрестің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі еркін күрестің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың еркін күреспен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Еркін күреспен шұғылданатын жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген еркін күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тар ихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу нысаны – Қазақстанда еркін күрестің оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.
Зерттеу пәні – еркін күрестің заманауи спорт түріне дейін қалыптасу үдерісі.
Зерттеу мақсаты – еркін күрестің Қазақстанда мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезеңдерін атап көрсету.
Зерттеу болжамы. Еркін күрестің осы спорттан мамандар дайындаудағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін, жаттығу үдерісінің әдіснамасын жетілдіруді, жарыстарды өткізу ережелері мен 20-ғасырда халықаралық спорт түріне дейін дамуын зерттеу, еркін күрестің спорттық күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, жас спортшыларды дайындау әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі айырмашылықтарын анықтап, еркін күресті ұтымды танытып, еркін күрес бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және жас споршыларды еркін күрес әдістеріне үйретуге, дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
1 Әдістік дайындау негізі кезеңінің бөлшектерінде жас спортшыларды еркін күреске үйрету әдістерін зерттеп білу.
2 Еркін күрестің ерекшеліктерін талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу.
3 Еркін күресті дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және Қазақстанның жас спортшыларының салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу.
4 Еркін күресті жас спортшылардың денелерін шынықтыру мен тәрбиелеу және құрама командалар дайындау құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу.
Зерттеу әдістері: анкеталық сауалнама, педагогикалық бақылау, күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық жаттығулары, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық негіздерін А.А.Карпинский, А.В. Ялтырян [1959] Еркін күрес, Л.П. Матущактың [1991, 2005] дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі және еркін күрестен жүз сабақ, В.Н. Платоновтың [1984] спорт жаттығу теориясы, Л.П. Матвеев пен Ф. Меерсонның [1984] ағзаның дене күш жүктемесіне бейімделу теориясы құрайды, одан басқа спорттық күрес әдістемесі [Г.С. Туманян, 2006; Ю.А. Шулика, 2006 және т.б.], және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық және әдістемелік жұмыстары құрайды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
— еркін күрестің жас спортшыларға оқу-жаттығу үдерісін, күрес әдістері мен тәсілдерін үйрету, еркін күрестен жас спортшылар арасында жарыстар өткізу ережелерін жетілдіруде, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда оқу пәні ретінде даму кезеңедрін анықтауда;
— еркін күрес бойынша мамандарды дайындау үдерісін жарыстардың алғашқы ережелерін әзірлеу мен дамытудан бастап, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында спорттың осы түрі бойынша мамандықтар ашуға дейін ұйымдастыру үдерісінде оқу пәні ретіндегі қалыптасуы мен дамуын зерттеу, еркін күрестен әдістемелік құралдарды, қазақтың ұлттық спорт түрлері мен еркін күрестен жас спортшыларды дайындау бағдарламаларын және оқулықтарды әзірлеу кезеңдерін анықтауда;
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
— Еркін күрестің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылауында;
— Еркін күрестің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі, жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара байланыстарын анықтауында;
— еркін күрестің жас спортшыларды дене тәрбиесіне баулу, салауатты өмір салтына тарту мен қимыл тапшылығын қозғалыс белсенділігімен толықтыруға қажеттілікті тәрбиелеу құралы ретінде білім беру және сауықтыру әсерін дәлелдеуінде.
— еркін күрес бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашлықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіруде;
- еркін күрес бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерінің талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын ақтауда.
Зерттеу материалдарын еркін күрестің тарихы, дене шынықтыру және жас споршылар еркін күрестен мамандандыру курсын және спорттық күрес түрлеріндегі оқу-жаттығу үдерістерін жетілдіру үшін, мектептегі дене шынықтырудан оқу және оқудан тыс сабақтарды және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
1 Еркін күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, еркін күрестің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.
2 Еркін күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің негізділігі теориялық, ғылыми және әдістемелік негізде дәлелденді, алған нәтижелері, корытынды мен тұжырымдары зерттеу ғылыми аппаратына сай болуынан, қойылған міндеттер мен мақсаты кешенді зертеу әдістерін пайдаланып шешуден, материал жинаудан, педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеуден, математикалық статистика әдістерімен зерттеу нәтижелердің нақтылығы мен шынайлығын есептеумен қамтылды.
Зерттеу ұйымдастыру кезеңдері. Зерттеудің бірінші, теориялық-іздестіру кезеңінде ғылыми-әдістемелік және тарихи дереккөздерді жалпылап қорыту, оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны, жарыстардың ережелері зерттелді.
Екінші кезеңде палуандардың дене шынықтыруға даярлығын, жарысу қимыл әдіс-айлалылық тәсілдерін зерттеу және сауалнама жүргізілді. Оқушы жастардың дене тәрбиесі мен дене шынықтыруға даярлығында еркін күресті қолдану тиімділігі, даярлау құралдары сабақтастығы, еркін күресті қоса алғанда киіммен спорттық күрес түрлеріндегі дене даярлығы, әдістері мен көрсеткіштерінің теориялық және тәжірибелік негіздемесі жасалды.
Үшінші кезеңде мыналар өткізілген: алынған нәтижелерді математикалық статистика әдістерімен өңдеу және алынған нәтижелердің дұрыстығы мен сенімділігін тексеру, еркін күреске даярлау бағдарламаларын және қорытындылар мен практикалық кепілдемелерді әзірлеу, жастармен оқу-жаттығу жұмыстарында оларды қолдану.
Диплодық жұмысты ресімдеу зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізумен, зерттеу нәтижелері жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сонымен қатар 5 суреттен және 5 кестеден тұрады.
Дипломдық жұмыстың кіріспесінде ғылыми аппараты берілген: зерттеудің өзектілігі, нысаны мен пәні, деңгейі мен болжамы, әдіснамалық негіздері мен теориялық, тәжірибелік мәнділігі, зерттеу мәселесін шешуге бағытталған мақсаттар мен міндет қойылып, зерттеу әдістері көрсетілген, зерттеу ұйымдастыру кезендері мен қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар берілді.
- ЕРКІН КҮРЕС ТАРИХЫ
- Еркін күрес техникасы
Еркін күрес спорт өнерімізді сөз еткенде, алдымен ауызға алатындарымыздың бірі- еркін күрес ертеден-ақ бұл күш сынасу өнері әрдайым көрнекті орын алып отырған.
Иә, сан ғасырлар бойына маңызы артпаса тұғырдан түспеген осынау күресіміз кеңес заманымызда партиямыз бен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының арқасында жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Ол ертеден-ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көтеретін ұлттық өнері, ойыны болса, екінші жағынан, жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқастарға өктем болуға шыңдады. Техникалық жағынан еркін күрестің қалыптасқан әрқилы әдіс-айлалары өте көп. Солардың бәрі еркін күресті әсіресе қазіргі классикалық күреске ұқсастырып жатады. Бастан асыра лақтыру, сондай-ақ шалқая бере кеуде арқылы артқа лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.
Бұрын еркін күрес жарыстары ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Салмағы өзінен әлдеқайда ауыр адаммен күресу, әрине, кімге де болса қолайсыз ғой. 1938 жылы Алматыда өткізілген тұңғыш республикалық спартакиадасының бағдарламасына еркін күрес те енгізілген болатын. Осы спартакиадада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша (жеңіл салмақ- 65 килограмға дейін, орташа салмақ — 82 килограмға дейін, ал ауыр салмақ 82 килограмнан жоғары) күресті. Салмақ дәрежелері бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.
1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар аталған үш салмақ дәрежесі бойынша күреске түсті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта — Құрманбаев (Алматы облысы), орташа салмақ-та-Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта-Мусин (Павлодар облысы) жеңіске жетті. Мұнда республиканың абсолютті чемпионы атағын Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіп алды.
1940 жылдығына орай өткізілген біріншілік бес салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл, орташа, жартылай ауыр және ауыр салмақтар) бойынша өткізілді. Осы республикалық жарыста салмақ дәрежелері бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мақманов, Жұмабаев чемпион атанды. 1952 жылы Ашхабад қаласында өткізілген Орта Азия мен Қазақстан спартакиадасы программасына еркін күрестер де енді. Бұл жарыста, классикалық күреске неғұрлым жақын болғандықтан, біздің еркін күрестің ережелері негізге алынды.
1955 жылы еркін күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Бұл алғашқы ереже-кітапшаның авторы Мұзафар Рақымқұлов болатын.
1959 жылы екінші спартакиадасы кезінде Москвада еркін күрестің түрлері бойынша жаттығушылар мен спортшылардың бүкіл-одақтық семинары болды. Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда жарыс ережелері талқыланды. Қорытындыда біздің «еркін күрес», грузиннің «чида обасы» және молдаванның «триньтасы» жоғары баға алды. Спартакиаданың байқау жарыстарында еркін күрес өкілдері, Қазақ-станның чемпиондары, қарағандылықтар Ж. Тәтиев пен С. Аманжолов өз өнерлерін көрсетті. Қай халық болсын ұлдарының денсаулығы мықты, күшті де денелі, күш сынасқанда қарсыласын алып жығар әдіс-айласы мол болғанын қалайтыны белгілі.
Қай елді алсақ та, онда өзіндік ерекшелігі бар күрес өнері дамыған. Біз де ата-бабамыз мұра етіп қалдырған, бүгінгі күннің талабына сәйкес өсіп, жетіліп, республикамызда кең тараған күресімізді мақтан тұта отырып, оның одан әрі дамуына барынша атсалысуға тиіспіз.
Еркін күрес болашағының өркенді бола түсуіне Қазақтың мемлекеттік физкультура институты көп ықпал жасады және бұдан әрі де белсене атсалыса бермек. 1970 жылы институтта алғаш рет еркін күрес бойынша бөлім ашылды. Осы жылы еркін күрес ережесі қайта өңделіп, бүгінгі талапқа сай жетілдірілді. Спорт өнеріміз — еркін күрес ережесін қайта өңдегендер: Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институтының физкультура кафедрасының меңгерушісі, доцент М. Р. Рақымқұлов, Қазақтың физкультура институтының күрес м кафедрасының меңгерушісі, Қазақ халқының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, доцент міндетін атқарушы П. Ф. Матущак, осы институттың күрес кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері, Қазақ халқының еңбек сіңірген жаттықтырушысы С. Қ. Сатыбалдиев, Қазақ күрес федерациясының мүшелері спорт шеберлері К. Р. Байдосов, А. Қ. Қазымбетов, А. Р. Ғабсаттаров, Ә. Р. Айханов, М. Сұлтанбаев, Л. Өтешов.
Еркін күрестен тұңғыш рет Қазақ спорт шеберлері атанғандар — Есімов, Садықов және Оразбеков болатын. Ал, олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. 1973 жылы Ташкент қаласында күрес түрлері бойынша Орта Азия республикалары мен Қазақстан біріншілігі өткізілді. Бұл жарысқа Қазақстан құрама командасының палуандары да қатысты. Бұл біріншілікте тұңғыш рет аса жеңіл салмақта Қазақ мемлекеттік физкультура институтының I курс студенті, ұлттық күресімізден Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Жеңіл салмақта Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Рашид Сапарғалиевта(Семей облысынан) жеңімпаз атанып, чемпион тәжін киді.
20-ғасырдың басында Қазақстанда қазақ күресінің дамуы (республикалық жарыстардың өткізілуі, Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына енгізілуі және т.с.с.) Қазақстандағы спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлеріне баулудың басталуынан бірнеше онжылдыққа озған.
Еркін күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, еркін күрестің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.
Еркін күресінің қалыптасуы мен дамуына Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында аталмыш мамандықтың енгізілуі мен еркін күрестің оқу пәні ретінде қалыптасуы, осы пән бойынша бағдарламалардың, оқу құралдарының және оқулықтардың әзірленуі үлкен түрткі болды.
Еркін күрестің басқа күрестің түрлерінен айырмашылықтары көне заманнан жарыстардың тарихи қалыптасқан ережелері шектерінде дамып келе жатқан негізгі ережелері ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған еркін күрестің дербестігін, ерекшелігін сипаттайды.
Еркін күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.
Сауалнама нәтижелері бойынша анықталғандай , сұралған, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын бозбалалардың көпшілігі қазақ күресімен шұғылдануға тілек білдіреді.
Еркін күреспен шұғылданатын балуандардың дене, әдіс-тәсілдік дайындығын зерттеу нәтижелері киімдегі спорттық күрестің басқа түрлерімен шұғылданушылардың нәтижелерінен қалыспайды,еркін күресі жарыстарында пайдаланылатын әдістер спорттық күрестің басқа түрлерінде де көбінесе табысты қолданылады, ал еркін күрестен өткізілетін жарыстарда күрестің басқа түрлерінің балуандары табысты өнер көрсетуде, бұл еркін күрес үшін ғана емес, спорттық күрестің басқа түрлері үшін де резерв дайындаудағы сабақтастықтың тамаша алғышарты болып табылады.
Күрестің класификациясы, жүйесі және терминологиясы
Белгілер және жүйесінің түрлері. Жүйеге арналған талаптар. Терминдер және олардың мағынасы. Терминологияға арналған талаптар (әдеби, нақты, кисындылар). Терминдердің құрылуы (әдістерінің аттарының). 1928 жылға дейін еркін күресітің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы еркін күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті. XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн еркін күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008]. Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.
Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда әлемде және еркін күрестің дами бастауы (1 кесте).
Кесте 1 – Әлемде және Қазақстанда еркін күрестің дамуы
|
|||
Күрестің түрі |
Әлемде дамуы |
Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында |
Қазақстанда дамуы |
еркін күресі |
1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж. |
1904 ж. бастап |
1950 ж. басы, Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған |
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында (2б.10т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған. Кеңес дәуірінде еркін күрестен арнайы жарыстар өткізіліп жүрді. 1950 жылдарға дейін үш түрлі: 66 кг-га дейін -жеңіл, 82 кг-га дейін — орта және 82 кг-нан жоғары қарай ауыр салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өткізіліп тұрды. Жарыстың өту ұзақтығы белсенді. Әр белдесуге 10 минуттан уакыт беріледі. Және бір күнде төрттен артық белдесу курес өткізуге рұқсат етілмейтін болды. Әр белдесуден кейін демалуға ең аз дегенде 30 минут уақыт берілді. Жарыс арнайы әзірленген күрес кілемнің үстінде болатын болады.Кілем үстіндегі төреші палуандарды «қоян-колтық ұстастырғаннан» кейін күресті бастауға ысқырық арқылы рұқсат беріледі. Белдесу барысында ұпай саны емес, таза жеңіс қана есепке алынды. Демек, карсыластардың біреуінің жауырыны жерге тигенде гана белдесу токтатылады. Белдесу тең аяқталмайды. Екеуі тең тусіп жатса, сол 10 минут ішінде қолданған әдіс-тәсілдері ескеріліп, жеңіс ұпай санымен есептелді. Мұндай жарыстьщ нәтижесі бойынша атақ және разряд беріледі.
Спортшылардың, салмақ категориясын анықтау үшін өлшеу, жарыс басталатын күні ереже бойынша жарыстың, басталуына кем дегенде екі сағат қалғанда өткізіледі салмақты өлшеу 30 минутқа созылады. Салмақты өлшеуден жарты сағат бұрын (және жарты сағат бойына) жарысқа қатысушыларға салмақтарын ресми турде өлшеу таразыда тексеріліп көруге право беріледі. Өлшегенде кешіккен немесе келмей қалған спортшы жарыстан шығарылады. Жарысқа қатысушы өлшенген кезде өзін куәландыратын суреті бар документ көрсетуге міндетті.Жарысқа қатысушылар шешінініп өлшенеді, өлшену нәтижелері протоколға түсіріледі.Жеке және жекелей командалық жарыстарда спортшы өлшенген кезінде оған белгіленген тек бір ғана салмақ категориясы бойынша қатысуға ерікті. Спортшыларды бас төреші тағайындайды комиссия өлшейді. Ал ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бұзғанда және екінші рет сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік көрсетпегені үшін) спортшы балл бойынша жеңді деп есептеледі.
Еркін күрестің кеңес дәуірінде дейін дәстүрлі белдесу түрі 1950 жылдардан бері қарай мүлде өзгеріп кеткен. Қазір ол еркін күрес деп аталғанымен, күрес түрі, ережесі, айла тәсілдері барлығы да негізінен жапонның «дзю-до» деп аталатын күреске ұқсап шықты. Оны мынадай белгілерден байқауға болады.
Біріншіден, палуандар кілем үстіне шыққанда «қоян-қолтық ұстасып» белдеспейді, жапон күресіндегі сияқты кілем үстінде еркін жүріп күреседі. Ол бір-бірінің қай жерінен ұстаса да өз еркі.
Екіншіден бұрынғы еркін күрестен ережесінде болмаған ұпай санымен жеңісті анықтау ережесі енгізілді.
Үшіншіден, тең аяқталатын белдесу турі де 1971 жылдан бері қарай пайда болды. Бірақ төрешілер жеңісті артықша қайсарлық көрсеткен палуанға береді.
Еркін күрестен үлкен нәтижеге жеткендерге берілетін «Қазақстан спорт шебері» деген спорттық жоғары атақ белгіленді. Жарысқа қатысушы палуандар міндетті түрде дәрігерлік комиссиядан өтеді және жарыс кезінде дәрігерлік бақылауда болады.
Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, корғану, карсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады, Сөйтіп. көбінесе қарсыластарынын, бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.
Күрес техникасын аныктау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.[2]
Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте онын, қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:
- салмақ күші;
- бұлшық еттін, тарту күші;
- дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.
Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түседі, оның, жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.
дарКүрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік жәие уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас рекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқлы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады ол карапайым козғалыс деп аталады. Күресте шартта түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:
қолдардың козғалысы — ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т. с. с.
аяқтардың қозғалысы — қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т. с. с.
дененің қозғалысы — еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құла-ту, т. с. с.
Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде карапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.
Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі).
Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлық центріне түсетін тузу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.
Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді, Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немесе көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.[3].
Осындай қимыл жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.
Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт арғы жақта қалатындай етіп тағыда кейін қою арқылы арттыруға болады.
Тұрған күйінде қозғалтудың алғашкы әдісі, әдетте ауырлық центрі вертикалын тік сызығын тіреу алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың кезінде қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір турған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс.
Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жакын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден тусірмеуі қажет. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепе-теңдігін тез қалпына келтіруіне болады.
Күресуші дұрыс тұрып, қозғалатын болса, қорғанғанда қатты қарсылық көрсетіп, шабуылдауына да ыңғайлы болады.
Шабуылды бастарда, әдетте, спортшы оны тактикалық әрекеттермен дайындап алады. Егер палуан дұрыс тұратын болса, шабуылдаушының әрекет етуі қиындайды, ал шабуылға ұшыраған спортшының тепе-теңдігін сақтап қалуы оңай. Қарсыласы шабуылдаған палуан мынадай жолдармен тік тұрған қалпын сақтайды:
-бұлшық еттеріне күш түсіреді және денесін алғашқы күйінде қатайта ұстайды;
-денесін қарсыласының жұлқыған немесе итерген жағынан қарсы жаққа қозғалтады
-Оның осылайша белсенді қарсылық көрсетуіне салмағы да көмектеседі. Кейбір жағдайларда қарсыласының жұмсаған күшін дененің кей жерін босаңсыту (қолдауын, кеудесін) арқылы да бейтараптауына болады.
Шабуылдаушы күрескен кезде қарсыласының тепе-теңдігінен айырылатын және оны сақтайтын сәттерін ескеруі қажет. Көптеген амалдар шабуылдаушының өзінің тепе-теңдіпнен айрылып қалуына да байланысты. Осылайша тепе-тендіктен айрылу тәсілді орындау бағытында қатты қозғалыс жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бұл кезде карсыластың орнықтылық дәрежесін міндетті түрде ескеріп, оны орнынан тайдырып жығу бағытында әдіс қолдану қажет.
Қорғану мақсатында жасалатын қимылдар да көбінесе қарсыласты тепе-тендіктен шығаруға негізделеді. Мұндай жағдайда шабуылға ұшыраған палуан қорғана тұрып шабуыл бағытында (карсы жакқа тепе-теңдігін жоғалту есебінен; щабуылдаушы тойтара алмайтындай орнықтылық бұрышын жасайды.
1.2 Еркін күрестің партердағы техникасы
Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, корғану, карсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады.[ 4].
Сөйтіп. көбінесе қарсыластарынын, бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уакыт жағынан ұтады.
Күрес техникасын анықтау үшін куресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу кажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.
Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте онын, қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепетеңдігін тез қалпына келтіруіне болады.
Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:
- салмақ күші;
- бұлшық еттін, тарту күші;
- дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.
Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түседі, оның, жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.
Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанныц жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік туратыи дығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлы центріне түсетін тузу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.
Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады.
Орнықтылық бурышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрышы.
Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауынл қарай үлкейе береді, Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немеса көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.
Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды куресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған.
Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.
Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің турған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қою арқылы арттыруға болады.
Тұрған күйінде қозғалтудың алғашқы әдісі,әдетте ауырлық центрі вертикалын тік сызығын тіреу алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың өзін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір турған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс. Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жақын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден тусірмеуі қажет [5].
Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепетеңдігін тез қалпына келтіруіне болады.
1.3 Еркiн күрес ережелерi мен жаттығулары
Хронометраж көрсеткiші барлық жарыстарда тақтада 0 мен 2 минут аралығындағы өседі. Күрескердiң түсiнiң шырағы әрбiр мерзiмнiң жеңiмпазын көрсетуi керек. Айқастардың ұзақтығы төмендегiше бекiтедi:
— 1–30сек байында 3 мерзiмде мектеп оқушылары және кадеттерi
— 2 минут бойында 3 мерзiмде сеньорлар және юниорлары.
Соңында әрбiр айқастан кейін жеңiмпаз мiндеттi түрде жарияланады. 2 мерзiм ұтқан күрескер айқастың жеңiмпазы деп жариялаланады. Егер екi мерзiмдерінде қатысушы жеңіске жетсе үшінші мерзім алынып тасталады. ТУШЕ ойын автоматты тоқтататылады. Мерзiм 0:0-шi есебiмен бiткенде соңында регламент белгiленген крестi белгiленедi. Крест 30 секундке созылады.
Қатысушылардың шақырылуы
Күрескерлер қатты және анық дауыспен кiлемдерге шақырылады. Күрескер қалпына келгеннен кейін 15мин өткесін жаңа айқастарға шыға алады:
— бақталастарды 3 рет 30 секундтерден кейiн шақыра алады. Егер кiлемге күрескерлер үшiншi шақырудан кейiн шықпаса, ол жеңілді деп есептейді;
— оның бақталасына жеңiстi бередi.
— қатысушыларды шақыруы француз және ағылшын тiлдерiнде жүреді. Ресейлiк чемпионаттарғда — орысша.
Қатысушылардың ұсынысы
Барлық күрескерлер әрбiр салмақ дөрежесіндегі халыққа төмендегідей көрiнедi:
— 1 және 2 орынның финалисттары өз бапкерлерiмен шақырылады. Төреші-хабаршы ол барлық регалийларын жариялайды. Кiлемнiң жетекшiсi, төреші және судья финалисттармен бiрге шығады.
Айқастың алдында әрбiр бақталасушылар шақырылған кезде өзінің трикосының түсіне қарай кілемде орналасады. Төреші орталық шеңберде тұрып екі күрескерді шақырады,қол берісумен қарсы алып олардың киімдерін тексереді. Күрескерлер қол алысып ойынды төрешінің ысқырығынан кейін бастайды.
Айқастың тоқтауы:
а) Төреші айқасты жарақатқа байланысты үзуi керек, регламенттiң 11-шi бабының ережелерiне сәйкес күрестi үзе алады. Күрескерлер айқастың тоқтаған кезінде әрбiр өз бұрышында тұруы керек. Олар куртка немесе кеудешенi үсіне жауып бапкерімен сөйлесе алады;
б) Күрес егер дәрiгерлiк себептерше байланысты жалғаса алмаса, шешiм дәрiгер, жауапты жарыста қабылдайды. Ол осы жағдайды баяндап ойын тоқтатылады. (егер төреші өрескел қате жаcаса) кiлемнiң жетекшiсi айқасты үзе алады. Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанныц жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік туратыи дығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлы центріне түсетін тузу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.
Сонымен бiрге ол төрешінің немесе судьяның бағасында өрескел қатенi байқаса айқасты үзе алады. Осы жағдайда ол олардың консультациясына шақырады. Егер кiлемнiң жетекшiсi консультацияның жанында көпшiлiк дауысын ала алмаса, ол 18-шi бап ескерiлген процедураны қолдануы керек;
в) бақталас еш уақытта айқасты өзі үзу алмайды, ал қарсыласты стойкада немесе партермен шабуылдау керек екенін өзі біледі;
г) күрескер егер қарсыласы қасақана жарақат жасаса айқасты тоқтата алады.жарақат алған жақ жеңімпаз деп есептелінеді.
Айқастың аяқтауы
Айқастың аяқталуы бақталастардың бiрлерiнің дисквалификация немесе жарақат алса болады.
Тыйымдар тыйым салынған тәсiл
Негiзгi тыйымдар
Күрескерлерге тыйым салынған:
— шаштарын, құлақтарын, гениталияны, жұлуға,тағы басқаларға, кез келген әдістер, қатты сөздер немесе тiстеп ауыртуға;
— бақталасты аяғымен тебуге, баспен ұруға, тұншықтыруға, өмiріне қатер төндiретiн немесе қарсылас жаралана алатын әдістер жасауға тыйым салынған;
— бақталастың iш немесе асқазанын шынтақпен немесе тiземен ұруға,қарсыласының трикосына жармасуына тыйым салынған;
— кiлемге жармасуға;
— айқас уақытында сөйлесу;
— аяқтың табанына бақталастың жармасуы;
— айқас нәтижелерi туралы өзара алдын ала уәделесу.
Кiлемнен кету
Партердегi кiлемнен кетіа қалса бұл турасында ескерту жасалырп дереу жазаланады. Шабуылшы күрескерге келесi баллдарды берiледi:
Кiлемнен кету: – (0 ) бақталасқа ескерту + 1 балл.
Кiлемнен кету қауiптi жағдайда: – (0 ) бақталасқа ескертудi + 2 баллы. Күрес табандыда созылады. Барлық баллдар техникалық баллдар болып есептеледi.
Тыйым салынған тәсiлдер
Келесi әдістер тыйым салынған болып есептеледi:
— тамаққа тұншықтыру;
— қолын айналдыруы 90 градустан көп;
— бiлек өткiзiлетiн кiлтке қолдың басып алуы;
— екi қолдардың бас немесе мойынының басып алуы, сонымен бiрге тұншықтырумен барлық жағдай;
— екi есе Нельсон басыр алу бiр бүйiрден орындалмаса;
— бiлек сүйiр бұрышты құрастырғанда жағдайда онда бiр уақыттағы қысымы бар арқасына жаудың қолының басып алуы;
— бақталастың омыртқасының керiлiсiмен басып алу;
— кез келген бағыттағы бiр немесе екi қолдардың (галстук) басының басып алуы;
— бiр қолмен басты басып алуына рұқсат етiледi;
— құлағанда бақталас арқасымен жоғары қопарылғанда арқалар артынан табандыдағы басып алуларында бас (дененiң сырт басып алуымен ырғу) төмен тек қана бүйiрiне және ешқашан (пике) жоғарыдан төменге орындалуы керек;
— басып алу кезінде екi қолдардымен істеу керек;
— бас түрткiмен көпiр бағытында басу;
Сурет 2 – Рычаг әдісі |
— егер тыйым салынған тәсiлдермен бақталасқа шабуыл жасалса оған ескерту iстелiнедi, оның бақталасы 2 балл алады. 1 cуретте еркін күрестің жаттығулары көрсетілген. (1сурет).
Сурет 1- Брауле тәсілі |
Сурет 3 – Көпірге тұру
Сурет 4 — Еркін күрес жаттығулары
- ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Зерттеу әдістері
— Спортшының төзімділігін анықтау,авторлардың зерттеу жұмысына арқа сүйей отыра жасалды.
— Гарвард степ-сынамасы,С.П.Летунов сынамасы және Мартинэ сынамасы арқылы.
Бұл сынақтама дені сау жас адамдардың төзімділікке жұмысын бағалау үшін кеңінен қолданылады. ЖСЖ-і бойынша ауыр дене жұмысынан кейінгі қалпына келу үдерісінің барысын сандық жағынан бағалау арқылы спортпен шыныққандық деңгейін және оның спортпен шұғылдану барысында өсуінің көрсеткіші бола алады.
Гарвардтық степ-сынаманың (step-баспалдақ, test-сынама) мәні ерлер үшін биіктігі – 50см, әйелдер үшін – 41см баспалдаққа 5мин бойы 1мин ішінде 30 көтерілім (120қадам) жасай отырып көтерілуде.
Зерттелуші баспалдаққа екі есепте көтеріледі және екі есепте арқасымен төмен түседі. Көтерілімнің толық циклі төрт қадамнан тұрады. Екі сатылы баспалдаққа көтерілу кезіндегі толық цикл 6 қадамнан тұрады. Көтерілу ырғағы метрономмен немесе басқа хабар беріледі. Егер зерттелуші берілген ырғақтан кешіксе немесе шаршағандықтан сүрінсе ескерту берілгеннен кейін 15-20с өте сынама тоқталады және жұмыс орындалған нақты уақыт секундпен белгіленеді. Жұмыс аяқталған соң зерттелуші орындыққа отырады да оның қалпына келуінің бастапқы 30с, 2-ші,3-ші және 4-ші минуттардың ЖСЖ-і есептелінеді.
Гарвард степ-сынамасының индексі (ГССИ) төмендегідей формуламен есептелінеді:
t · 100
ГССИ = ————————
(f2 + f3 + f4) · 2
Мұндағы t- секундпен берілген (5 мин-та – 300с) : көтерілу уақыты; f2, f3, f4 – қалпына келудің екінші, үшінші және төртінші секундтарындағы бастапқы 30с ішіндегі ЖСЖ-і.
Сынаманы қысқартылған түрдегі жүргізу кезінде қалпына келудің екінші минуттың бастапқы 30с ішіндегі ЖСЖ-і есепке алынады. Бұл жағдайда ГССИ төмендегідей формуламен есептелінеді.
t · 100
ГССИ = ———
f2 · 5,5
мұндағы t- көтерілу уақыты (с), f2 – екінші минуттың бастапқы 30с ЖСЖ.
Дене дайындығы алынған индексінің мәні бойынша бағаланады, ГССИ 55 төмен болғандығы дене дайындығы – нашар, 55-64 кезінде-орташадан төмен, 65-79 кезінде орташа, 80-89 кезінде жақсы, 90-нан жоғары-өте жақсы.
Сынама өткізілуінің 5-ші минутында ЖСЖ-і – 175 соғу/мин болатындығын ескеру керек.
Спортшы ағзасының шапшаңдықты жұмысқа және төзімділікке бейімделуін бағалау үшін С.П. Летунов сынамасы қолданылды [8]. Сынама үш түрлі жүктемеден құралды: біріншісі – 30 сек ішінде орындалатын 20 рет отырып-тұру, екіншісі – бір орында максималды қарқынмен 15-секундтық жүгіру; үшіншісі – минутына 180 қадам жасай отырып 3-минуттық жүгіру. Әрбір жүктеменің соңында зерттелінушінің ЖСЖ және АҚ тіркелініп отырды.
С.П. Летунов сынамасының нәтижелерін бағалау ЖСЖ және АҚ реакцияларын зерттеу негізінде жүргізілді. Реакцияның нормотониялық, гипертониялық, гипотониялық, дистониялық және баспалдақты түрлері ерекшеленді. Бұл үшін қалпына келу кезеңіндегі 3, 4, 5 минуттардағы ЖСЖ және АҚ сызбалары құрылды.
Зерттелінген көрсеткіштер тіркелініп, статистикалық өңдеуден өткізілді. Қарапайым Монцевючете-Эрингене математикалық-статистика әдісі қолданылды [9]. Төмендегідей көрсеткіштер есептелінді: орта арифметикалық М; орта арифметикалықтың орташа қатесі с ± т; айырмашылықтар сенімділігі — Р. Кестелерде келтірілген мүмкін мәліметтері сенімділігін көрсетеді Р < 0,05
Бұл сынақтаманың мәні – дене жүктемесіне дейін және кейін ЖСЖ, АҚ тіркей 10 және 20 рет отырып-тұрудан құралады [6].
Жүрек-тамыр жүйесінің функционалды көрсеткіштері ЖСЖ есептеу және АҚ өлшеу жолдарымен анықталды. Бұл жерде систолалық, диастолалық қан қысымдары тіркелініп, пульстік қысым систолалық қысым мен диастолалық қысым айрмашылқтары бойынша (ПД = СД — ДД) есептелінді. Барлық көрсеткіштер тыныштық күйде және дене жүктемелерінен кейін тіркелді. ЖОО бағдарламасы бойынша жалпы дене дайындығымен шұғылданушылар үшін біршама физиологиялық сипатты Мартинэ сынақтамасы қабылданды. Ол 10 және 20 рет отырып-тұрудан тұрды. Оның әрқайсысынан кейін ЖСЖ және АҚ тіркелініп отырды.
2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы
Зерттеу жұмыстары 2014 – 2015 — жылдарда Алматы қаласы Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері арасында жүргізілді.
Бірінші кезеңде, зерттеудің бағытын анықтау үшін ғылыми-әдістемелік әдебиеттер қаралып таңдалды. Оның қорытындысында біз зерттеу кезінде әдебиеттер (оның ішінде спорттық медицина оқулығы, мақалалар, оқу құралдары және тағы басқалары) қолданылды.
Екінші кезеңде, жұмысты міндеттерін шешу үшін деректер жиналды. Зерттеуге еркін куресінің суденттері қатысты. Жиналған мәліметтерді және зерттеу кортындылары математикалық әдістер арқылы талқыланып бағаланды, графикалық түрде бейнеленіп жұмыстың жалпы безендірілуі іске асты.
- Әдістік дайындау негізі кезеңінің бөлшектерінде жас спортшыларды еркін күрес әдістеріне үйрету
- Әдістемелік нұсқау бойынша жас споршыларды дайындау
Техникалық әдіс –тәсілдерді жетілдіру мақсатында, спортшыға белдесуді нақты әрекеттерді қайталай қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау және жарыстық белдесулер жарыс ережелеріне қарастырылған ұзақтықпен кең қолданылады. Спорттық жаттығу жасауда дене және техника – тактикалық дайындықтың түрі маңызды орын алатындығы белгілі. Дене дайындығының құрылымдық бөліктері жалпы және арнайы дайындықтар болып табылады.
Еркін күрестің техникасын оқытудың бастапқы кезеңі техника – тактикалық тәсілдердің қалыптасуының, сабақ уақытына шамамен 30% кеткен тереңдетілген мазмұнын толықтырады. Еркін күрестегі бұл дайындықтың түрлері басқа да спорт түрлеріндегі сияқты, жалпы заңдылықтар мен ерекше өзгешеліктерімен бөлінген.[ 11].
Негізгі әдістерге жарыстық және белдесу әдісі деп аталатын қарсыласының салмағы артық, күші жағынан айтарлықтай басым болатын жас спортшылардың белдесуі жатады. Жарыстық әдіс техникалық тәсілдерді жетілдіру мақсатында, жас спортшыларға белдесудің нақты әрекеттерді қайталай қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау және жарыстық белдесулер жарыс ережелеріне қарастырылған ұзақтықпен кең қолданылады.
Спорттық шеберлік кезеңі жас спортшыларға жоғарғы дәрежелер мен спорттық атақтарды орындауға бағытталған. Осы мақсатта мүмкіндік болғанша арнайы жарыстық сипаттағы бақылаудық белдесулердің саны өседі. Арнайы дене дайындығы еркін күрес тәсілдерінің негізгі және «сүйікті әдіс» деп аталатын өзіндік –күшті дене жаттығуларымен жетілдіріледі, яғни бұл кезеңдегі дене дайындығы қатаң және мақсатты бағытталған мазмұнға ие (оқу уақытының 30%) басты көңіл (20%) кілем үстіндегі жағдайды бағалай білетін және қарсыласқа кездейсоқ әсер ететін және жеңісті қамтамасыз ететін тиімді тәсілді, техника-тактикалық дайындыққа бөлінеді.
Спортшылардың техника – тактикалық дайындығы мен ойлауының негізгі қозғаушы күші бізге берілген үлгідегі жарыстардағы жазбаша өзіндік талдауға шығу болып табылады.
- Жарыстарға шығудағы өзіндік баға.
- Жеңісті қамтамасыз ететін қорғаушы күш.
- Атаулы жарыстардағы жеңіліс немесе белгілі табысқа жетпеу себептері.
- Келешектегі дайындыққа қандай өзгерістер енгізу керек?
Еркін күрес спортымен шұғылдану арқылы ерік-жігер қасиетіне тәрбиелеу әр түрлі кедергілер барысында жүзеге асады. Кедергілер — спорттық дайындық, жаттығу және жарыс барысында кездеседі.
«Жігерлілік — ол үлкен бақыт, үлкен мақтаныш, ол дарындылықтан да анағұрлым артық. Себебі дарындылық — жастардың өзімен бірге туып дамыған бейімдігі, ал жігерлілік — ол адамның өз сана сезімдерін жақсылыққ масаттанбай, қиындыққа езілмей, берілмей, неге болса да төзу, шыдау және осыларды қайткен күнде де жеңу» — деп сипаттаған екен.
Жігерлілік — адамдардағы асыл қасиеттердің шоқтығы, бұған барлық: батылдық, табандылық, мақсатқа талпынушылық, қажығандыққа жол бермеушілік, ойына алған асыл мақсаттарын қайткен күнде де орындаушылық секілді бастапқы қабілеттер жатады. Қыз балалардың мінезіндегі спорттың эсерінен дамып қалыптасқан осы қасиеттердің бірі — мақсатқа талпынушылық. Әрине, адамның сырт бітімі канша эдемі, тартымды болғанымен ол адамның мінез-құлқында шынайы тазалық әдемі адам деп алмаймыз.
Спорт — адамға сұлулық әкеледі делік. Бірақ біз сұлулыкты жан-жақты түсінеміз. Ал сұлулық — бұл бет жүзінің ажары, күллі дененің мінсіз болуы, сонымен бірге рухани дүниетаным тереңдігі. Алайда, адамдардың сырт бейнесі олардың үйлесімді түрде дамығанын көрсете алмайды. Сырт көзге жақсы киінген сымбатты адамды көріп сүйсініп (ол өз жұмысын да жақсы да атқаруы мүмкін), бірақ оның мәдениетсіздігін көріп сезгенде көңілге реніш әкелетін сәттер де болады.[ 12]
Спортпен шұғылдану барысында дене қабілеттері, табандылық, алғырлық қалыптасып, оқу мен еңбек етуге ынтасы оянып қана қоймайды, сонымен бірге ерік-жігер қасиеті де жылдам дамиды.
Жас спортшылардың денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін шыңдау, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде спорт түрлерінің, соның ішінде күрес спортының орны ерекше. «Құс жеткен жеріне қонады» демекші, қазақ жастарының ұлтқа тән мәдени, салт-дәстүрімен ғана шектелмей, өнерді, соның ішінде ,күрес спортын меңгеру арқылы әлі талай белеске көтерілетіндігін дэлелдеу.
Көптеген жас спортшыларымыздың жақсыға еліктеп, ұқсағысы келетін спортшылары болады. Олар еліктейтін спортшылар қиындығы мен қызығы мол жаттығулар арқылы тер төгіп, еңбек ету арқылы биік шывдарға жеткендер.
Осындай спортшы аға-апалардың көтерілген шындарына біз де көтерілсек, осы спорт түрінен жоғарғы нәтижеге қол жеткізсем деп жалындап түрған қара көз қыздарымыз қаншама.
Жас спортшылардың еркін күрес спортына шеберлігінің артуы, жоғарғы нәтиже көрсетуі жаттықтырушының спортшылар арасында тәрбие жұмысын жақсы жолға қоюына да байланысты. Жаттықтырушының міндеті спорттық мүмкіндігі мол жастарды жаттықтыру ғана емес, олардың бойына — биік адамгершілік рухты сіңіру, эстетикалық, ерік-жігер қасиеттерін арттырып, жан дүниесін байытатындай болуы керек.
Жас спортшыларымыздың ерік касиетін — оның тәртібінен, жаттығу мен жарыс тәртібіне жауапкершілікпен қарау ғана емес, оларды қатаң сақтауында, жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындауына байланысты. Сонда ғана спортшы алға қойған мақсатқа, жақсы нәтижеге, биік асуларға қол жеткізе алады.
Күрес спортымен Шұғылдану барысында тек қимыл дағдылары, дене қабілеттері ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой, ізгілік, адамгершілік қасиеттері де дамиды. Эстетикалық талғамы, еңбек дағдылары да жетіледі. Жарысқа дайындық барысында қыз бала моральдық, ерік-жігер қасиеттерін көрсетуге, батыл болуға, қарсыласының шабуылына қарамастан қайсарлық танытып қас-қағым сәтте тез шешім қабылдап, күш. қуатын сарқа жұмсауға бейім тұрады. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді сан рет қайталау жас споршылардың санасында бірте-бірте қимыл-қозғалыс қажеттілігін керек етеді. Жеңіске. жеткен сәттерде жас споршылар өздерін құрметтеп бағалауды, рухани қанағат сезімін, эмоциялық өрлеу, алдағы уақытта да жеңіске деген ынтасын, мақсатын, сенімділігін күшейтеді.
Тағы да бір көңіл аударарлық жағдай, қандай да болмасын, спорт, техникалық тәсіл, жаттығу қызықты, егер шұғылданушы жас спортшылар оның қажеттілігін түсініп, шын ықыласымен орындаса. Соған байланысты қызығушылықтарын ояту арқылы тәрбиелеу тек сол спорттың сыртқы қызықтыруына ғана арналып қана қоймай, сонымен қатар белгілі адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін де дамытуға, бағытталуы тиіс.
Шұғылданушыларға спорттың барлық түрінің жақсы, пайдалы тұстарынан хабардар етіп және жаттығу процесінде қызықтырып үйрету керек.
Жаттығу нәтижесінде дене қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен бірге ізгілік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ерік-жігер т.б. қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі керек.
Ерік-жігер адамның ақыл-ойының тәжірибелік көрінісі.
Жаттығу процесінде ерік-жігерді тәрбиелеу — спортқа берілген еңбексүйгіш жас спортшыларды тәрбиелеу.Өмірдегі ең қажетті нәрсе жастардың өз кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін түсініп ғана қоймай, соны жеңуі.
Қыз балаларды күрес спортына жаттықтыру қиындығы мен қызығы мол жауапты жұмыс. Жаттықтыру процессі ең басынан дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ол нәтижелі, сапалы болады. Қыз балалны жаттықтыру процесінде тәсілді, жаттығуды неғұрлым қызықты үйретсе, нәтижесі де жақсы болады.
Адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін дамыту, жаттығу кезеңінен арнайы өзгерістерді енгізуін талап етпейді. Жаттығудың өзі үлкен жұмыс, оған ықыласпен қарау, оның талаптарын бұлжытпай орындау қыз баланы тәрбиелеуде, олардан ерік-жігер ойдың кейбір қасиеттерін көрсетуді талап етеді.[13]
Күрес спортымен шұғылдану процесінде қыз балалардың бойында адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдайда талап ететін ыкпал ету әдістері: батылдык, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде жастардың көзін жеткізетін тәсілді, жас спортшылардың әр әрекеті арқылы іс-тәжірибе жүзінде үйретуді жэне табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әр түрлі қылықтарды (ол қылыққа өзінің көзқарасын жэне барлық
қыздардың көзқарасын) салыстыруды, қыз балаларға түсінікті етіп сендіре пайдаланады.
Жас спортшылардың жаттығу сабағындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелелуге, өзінің сезімі мен тілегін шұғылданушылардың бәрін бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі қыз баланың бойындағы теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады.
Үйретудің бүкіл кезеңі күреспен шұғылданушы жас спортшылардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: тәсілдер мен жаттығуларды жаттықтырушының тиісті түсіндіруімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, шұғылданушыларға таныс жаттығуларды
Жаттықтырушының сөзбен берген нүсқауы бойынша қайталап жасау-есте сақтау қабілетінің, қимылын елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді. Бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айты суреттеумен көрсетілген тапсырманы қыздардың орындауы олардыың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл жас спортшылардың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелігінің егжей-тегжейін нақтылауға және оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі.
Еркін күрес спорты эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған ортаның сұлулығын сезінуін, оған эстетикалық қатынасын, күнделікті тіршілікке сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты.
Сырт көрінісі — сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі, еркіндік, ізгілік, қимыл мәнерлілігі — спортшылардың барлык мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі мен санасының жоғарғы дамуынан, адамдарға кішіпейілділік пен тілектестік, немқұрайлыққа, принципсіздікке төзбеушілігінен көрінетін жан сұлулығымен ажырағысыз байланысты.
Осы қасиеттердің бәрі ең алдымен жаттықтырушының бойынан табылуы тиіс. Шұғылданушылармен тікелей күнделікті қарым-қатынас, байланыс, оның өз-өзін ұстау қабілетінің, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кішіпейілділігін қабылдау жас спортшыларға игілікті әсер етеді және еліктеуге ынталандырады.
Осы мақсат пен міндеттердің жауабын табу үшін ғылыми әдістемелік негіздеме жасау қажеттілігі бар.
Cпорттық күрес сабағында жас спортшылардың жеке қасиеттерінің қалыптастыруға бағытталған тұжырымдарды ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу. Біз тәжірибемізге тікелей қатысқан оқушылардың бүкіл ұжымының мүшелерінің арасындағы жақсы қарым-қатынастарды орнатуға маңызды орын бөлдік. Жас спортшылардың әрқайсысын алға қойылған мақсатқа қарай табысты қозғалуға, сыныпты біріктіретін ортақ мүдделерді орнатуға, өзара көмек пен қолғабысты тәрбиелеуге, қарым-қатынастардағы шыншылдық ашықтыққа бағыттадық.
Жас спортшыларды дайындауда оқу мен жаттығу үрдісін үнемі меңгеруді қажет етеді. Оқу мен жаттығу – педагогтік үрдістің екі бірегейлі түрі. Оқып жатып, жаттығып және жаттығып жатып оқу. Сондықтан оқу мен жаттығу бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Оларды бір-бірінен бөлу мүмкін емес, оқу мен жаттығу екеуі бір уақытта бірлеседі. Сондай-ақ тыңғылықты жаттығудың нәтижесі (Еркін күрестің техникалық және әдістемелік қабылдауы, күшті жігерлеу, жылдамдылық пен төзімділікті, жұмысқа құлшынысты, денені еркіндікке және қатты мінезділіктің сапасын меңгертеді).
Бұл байланыста айналысушының, нұсқаушымен құлшыныс қызметін керекке жіберуіне сәйкес мақсаттарымен жастардың коммуниеттік тәрбиесіне әкеледі.
Егер біз айналысушыларымыздың табиғи қоғамның белсенді жасаушыларымен тәрбиелеуге тырысып, денін сау етіп тәрбиелеуге, өмірге құлшыныстарын арттыруда үлес қоссақ , бұл үрдіс оқу мен тәрбиелеуді белгілі бір заң жүзінде өту, педагогтік тәлім-тәрбиенің ұстанымдары болып табылады.
Біз практикалық жұмысты басқаруды, айналысушының тәлім-тәрбиесінің негізін еркін күрестің секцияларында оқытып үйретуге міндеттіміз.
Оқу ұстанымы – ол ортақ жағдайлар негізінде құрылып, оқу мен жаттығу жұмысы секцияларында жүргізіледі.
Тәлім-тәрбие ұстанымы жан-жақтылықтарын арттырып, оқыту мен жаттығуды дұрыс жүргізуді реттейді. Ең қысқа мерзімде күш-қайраттың жоғалмауы білікті маманның жаттығуды дұрыс жүргізуінде. Осы тұрғыдан алғанда мынаны жаттығушылардың жас мөлшеріндегі ерекшелікті ескеру қажет, сондай-ақ физиологиялық заңды шектеулерді құрап және жетілу, қозғалысқа жаттыққан және физикалық құндылықтар үрдісін ескерген жөн.
Тәрбиелеу – ұрысып, жазалау емес, керісінше, тәрбиелеу жұмысында көзқарастың түсінікті болуы тиіс. Бір жағынан оларға ақыл айтып, қалай жаттығуды жасауды және кез-келген сұраққа өз ойларын айта алуды үйрету. Жас спортшыларға бір жағынан айтқан жаттығуды, орындайтындай көңіл бөлу керек. Кейде, өздеріне ұнаған жаттығуларды орындату керек. Жаттығу жасауда «өте жақсы» жасайтын оқушыларды еркелетпей, одан ары күрделі жаттығуларды орындауын талап ету керек. Ережені бұзғандарға, өз қатаелерін түзеткен жағдайда оларды мадақтап отыру керек.
Тәрбиеші жұмысы-жаттығушы оқушыларға үнемі көңіл бөлуді талап етеді. Жаттықтырушы қатал және шыншыл тәрбиеші болуы керек, сонда ғана оның еңбегінің жемісі, халыққа пайдасының тиетіні сөзсіз.
Әрбір жаттықтырушы жас спортшылардың еркін күреспен жаттыққанда ережелер мен приемдарды жақсы игеруін, қорғану мен қорғану приемдарын меңгеруін бақылайды. Сондықтан да еркін күрестің приемдарын үйренуде, оқушыларға сол приемның қалай орындалатынын көрсету қажет. Приемды көрсеткенде асықпай және тез дұрыс орындалуын көрсеткен дұрыс. Еркін күрестің приемын асықпай көрсету міндетті түрде түсіндіруді қажет етеді.
Оқу көрнекілігі еркін күрестің приемдарын жақсылап көрсету, дайындық үстінде жаттықтырушы мен үйретушінің қимылын айнытпай орындауда.
Әрбір жас спортшының денесінің сымбатты болуына, бұлшық еттің дұрыс өсуіне, күштің және мінездің қалыптасуына қозғалыс пен шапшаңдықтың қалыптасуына еркін күрес көп әсерін тигізеді. Әрбір күрескер еркін күрестің техникасымен, приемдарымен шыңдалуы керек. Жаттығып жүрген күрескердің мүмкіндігі көп, себебі, үнемі жаттығу кезінде қимыл-әрекеттерін көру арқылы кабылдайды. Жаттықтырушы оқу-әдістемесінде, жаттығу арасында спортшылардың, танымал күрескерлердің суреттерін көрсетіп, күрес туралы кино және еркін күрес туралы видеолар көрсету арқылы өз мақсатына жетуіне болады. Бұл оқу әдістемесінің көмегі арқылы, іс-қимылдарын қайталау мен жаттығуларды жасату, жаңа приемдарын үйрену, көрсету қағидаларын ұстану қажет.
Ұстаным мен оқыту әдісі бір-бірімен тығыз байланысты.
Оқыту әдісі — сол жолдағы ерін күрестің техникасын меңгерген әрекет түрі. Негізгі оқыту жолы, өз кезеңінде екі бағытты нұсқайды.
Бүтіндей бағыт әдісі және бөлшектелген бағыт әдісі.
Бүтіндей әдісті оқытуда жаттығушылардың үйренген жаттығу приемдарын түгелдей жасау. Әрбір приемды орындағанда, қайталағанда мұқият көңіл бөлген жөн. Бүтіндей әдісте еркін күрестің өте жеңіл жаттығу түрлері қарастырылады: еркін күрестің партердағы тік тұру мен қорғану тәсілдері. Бүтіндей дұрыс оқытудың әдісі келесідей:
- Айту әдісі және басты құрама бөліктерді нұсқау арқылы, осымен бірінші айналысушылардың тамаша қозғалысын жеткізуді құрайды.
- Көру әдісі орындалуы — солға және оң жаққа, шапшаң және асықпай көрсету.
- Түсіндіру әдісі орындалуы – асықпай көрсету арқылы орындалады. Түсіндіру әдісі келесідей жүргізіледі; түсіндіру және көрсету, қарсыласты жібермеу, бастапқы тұрыста аяқ пен қарсыластың денесіне қарсы әдісін түсіндіру; қолдың бағытын, аяқтың және иықтың, дене салмағын игеруін түсіндіру; дененің барлық кейінгі келісімді әрекетінің тізбектілігіне жол сілтеу.
- Қарсыласты соңғы әдіспен және ұстасу әдісін ойдағыдай түсіндіру.
- Еркін күресте мінез көрсету қате әрекет екенін айтып, кеңес беру, ұрыстан қашуға ерекше көңіл бөлу.
- Еркін күрестің жетістіктерін, оның айқаста тактикалық қолданысын ұстасуын, белгілі күрескерлердің жетістіктерін әңгімелеу әдісі арқылы жеткізу. Фотосурет, кинограмма және басқа көрнекі құралдар арқылы түсіндіру.
- Жаттығушылардан әдістің түсініктілігін сұрау. Сұраққа жауап беру.
Осындай жолмен, бірінші жаттығушыларға керекті әдістер түсіндіріледі. Жаттығуға икемді, әдістерді дұрыс қабылдау, орындау негізінде. Осыдан кейін жаттығушылардың жұбын анықтау үшін, екі қарсыластың бойы мен салмақ дәрежесі бірдей болуын қарастырамыз.
Қарсыластарды жұппен кілемде бір-біріне тұрғызамыз, бағыттары мен тұрыстары лақтырғанда, сондай-ақ кілемнің аймағына шығатындай. Бұл жарақаттың алдын алу үшін керек. Ұзындығы 6×6м кілемде, әдісті үйреткенде бір уақытта 5 жұптан аспауы керек. Бір жұпты кілемнің шетіне, бір жұпты кілемнің ортасына бөліп қою арқылы олардың кілемнің айналасында орналасуларын реттеу керек. Жұптарды орнымен тұрғызғанда, оларға ұстасу әдісі бұйырылады. Ұстасу әдісін, бірінші бір жұпқа, сосын келесі жұпқа егер түзетулер қажет болмаған жағдайда бұйрық бойынша орындала береді. Содан кейін бұл әдістерді кезекпен екі жақта орындауын ұсынамыз, бұл әдісті барлық жаттығуға қатысушылардың орындауын бақылаймыз. Егер барлығы бір әдісті үйреніп, бірдей қателік жіберсе, онда оларға қателіктерін көрсетіп, қайта әдісті түсіндіру қажет.[ 17]
Бақылау әдісі: Қимыл белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін жеткілікті спорттық және сауықтыру секцияларын құру, адамның салауатты өмір салты мен дене тәрбиесі туралы білімін арттыру өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, қазіргі таңдағы техникалық ілгерілеуден, ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен білім беру жүйесі салдарынан адамның бөлетін көңілі мен уақытының тапшылығынан, оның денсаулығы мен дене даму деңгейлерінің әлсіреу өзгерістері басталғанынан бұл өзекті мәселе ондай қауіп-қатерліктің алдын алу қажеттілігіне сай туындайды.
Гиподинамия адамның денесі дамып өсу кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта денсаулығына, дене мен ішкі ағзаларының дамуына кері әсер ететіндігі айқын дәлел. Адам ағзасы мен ішкі ағзаларының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, жүйке жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үрдісінде гиподинамияның әсерінен жинақталған кері құбылыстар мен ауытқушылықтар адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына себеп болады және қазіргі жастардың денсаулығын төмендетуіне қатысты болашақ ұрпақтың әлсіреуіне жол салады. Яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, жеке адам мен қоғамның өміршеңдігін бұзады.
Қазіргі таңда адам денсаулығын қалпына келтіру, жұмысқа қабілеттілігі мен шығармашылық ғұмырын сақтау мәселесінің ушығуы алаңдатады, бұл негізінен, балалар мен жастардың мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыған кезінде денсаулығының нашарлауына байланысты. Дене тәрбиесін дамытуды зерттеу қорытындылары бойынша, өскелең ұрпақтың, мектеп жасындағы балалардың денсаулығы мен дене дамулары, дене тәрбиесіндегі дайындығы, қазіргі заманғы, қоғамдық даму мұқтаждықтарына, қоғамның жоспарлы міндеттері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйке келмейтіндігінен хабар беріледі.
Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім шеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады.
Қазіргі уақытта еркін күрес дене тәрбиесінің заманауи қажеттіліктерін толықтыру мен байытудың көзі болып табылады. Еркін күреспен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлілік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады.
Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: еркін күрестің барлық әдістерін, тактикасын, арнайы жаттығулар дененің қауқарсыздығының алдын алу мен жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. меңгеру қажет.
Жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.
- Спорт және еркін күрес тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының әдістемесі
Жас спортшылардың патриоттық қасиеттерін спорт және еркін күрес тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру әдістемесінің негізінде әрекет теориясы алынған. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде әрекетті талдауға мынадай ыңғайлар қолданылады: психологиялық және методологиялық.
Психологиялық ыңғай А.НЛеонтьев [190] ғылыми мектебінің жұмыстарына және оған жақын психологиялық мектептердің еңбектеріне негізделген , онда әрекет психикалық шағылысумен байланысты тіршілік бірлігі ретінде қарастырылады, оның шынайы қызметі-оның заттар әлемінде субъектіні бағыттайтындығында. Әрекет индивидтің әрекетіне редукцияланады, оның атрибуты ретінде түсіндіріледі (субъект әрекетті жүзеге асырады), ал білім беру психологияда бір-бірін алмастырушы әрекеттердің жүйесі ретінде қарастырылады.
Методологиялық ыңғайда әрекет өзі өздігінен субстанционарлы, ол « жеке индивидтерді қамтиды және осылайша қайта туындайды» [18].
Бұл еңбектердің авторлары өнімді әрекеттің психологиялық- методолгтялық аспектісін былайша қаратырады:
-Индивидуалды білім өнімін жасауға бағытталған оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті ретінде;
-Әрекеттегі және пәндік жалпы азаматтық білімдердің құрылымы мен генезисіндегі оқушылық білім өнімінің орны мен ролі бойынша оқушы мен мұғалімнің әрекеті.
Бұл ғалымдар өнімдік білім беру әрекетінің мазмұны мен құрылымын әрекеттің теориялық және эмпирикалық түрлерінің талдануының негізінде қарастырады. Авторлар өнімді білім беру әректі үшін келесі белгілер тән болады деген қорытынды жасайды:
- Әрекеттің субъектісімен оның жеке білімдік әлеуетінің, индивидуалды қабілеттерінің, мотивтері мен мақсаттарының негізінде жүзеге асырылады;
- Субъектінің әрекетінде оны жүзеге асыруға қажетті әдістермен, құралдармен және басқа шарттарды жеткілікті шамада игермеумен байланысты субъективті қиындықтар мен проблемаларды тудырады;
- Субъект үшін жаңа жүзеге асырылатын әрекеттің түріне сәйкес болатын білім берудің өнімін құруға әкеледі.
Дене тәрбиесінің барысында оқушылар әрекеттің келесідей негізгі түрлеріне қатысады. (Барышева – Сүлеймен)
- Дене шынықтыру әрекеті;
- Спорт әрекеті;
- Ойын әрекеті;
- Еркін күрес-спорт әрекеті;
- Еркін күрес-ойын әрекеті;
- Спорттық-ойындық әрекет.
Біздің зерттеуіміздің проблемасына сәйкес, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдаудың негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:
А) Әрекеттің түрлері мен нысандардың алуан түрлілігі дене тәрбиесі процесін байыта түседі, оның барлық қызметтерінің жүзеге асырылуына септігін тигізеді,бұл жағдайда оның патриоттық тәрбиемен өзара байланыстылығын жүзеге асыруға септігін тигізеді;
Б) Дене тәрбиесі бойынша оқу – тәрбие процесіне енгізілген алуан түрлі, жан-жақты әрекет оқушыға өзін табуға, оның неге қабілетті екендігін көрсетуге көмектеседі.
В)Жан-жақты әрекет мұғалімінің өзін байыта түседі, оны оқушылардың шығармашылығын пайдалануға ынталандырады, оқытудың жаңа технологияларын іздеуде оны қаруландырады, оның әрекет стереотипін бұзады.
Г) Дене тәрбиесі бойынша оқу-тәрбие процесінде пәндік әрекеттердің түрлі жиындықтарын қолдану қажет: танымдық, еңбек, практикалық, шығармашылық, ойындық және т.б., оларды еркін таңдауда оқушы өз қабілеттері мен икемдіктерін көрсете алады.
Д) Әрекеттің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы келесі талаптардың негізінде жүзеге асырылуы тиіс:
— мұғалім мен оқушылардың әрекетінің бірлігі;
-еңбектің, танымның, қарым-қатынастың бірлігі, оны байытуға пәндік-практикалық, көркем, ойындық, қоғамдық, дене шынықтыру – спорттық және басқа әрекет түрлерінің функциялары себін тигізеді;
— қарым-қатынас әрекет түрлерінің кез келген үйлесімінің өзара байланысы үшін негіздеме болып табылады.
Дене тәрбиесі процесі оқытушы және дамытушы секілді әрекет түрлерінің міндетті түрде болуын көздейді, олардың біріншісі адамзат жинақталған тәжірибені табыстауға қатысады, ал екіншісі қоғамдық тәжірибеге қол жеткізуге , оны оқушылардың жеке жетістігіне трансформациялануына бағытталған. Әрекеттің екі түрі де оқу процесінің жалпы мәнін, және атап айтқандағы – дене тәрбиесінің мәнісін құрайды.
Әрекетті қарастыра келе, оның неғұрлым маңызды сипаттамалары деп келесілерін бөліп қарастыруға болады:
-кез келген әрекет түрінің негізі-қимылдар: бұлшық еттік және сөйлеу аппаратының қимылдары;
— қимылдар әрекеттерден тұрады: дене (сыртқы, моторлық) және ой (ішкі, психикалық), ой әрекеттері психикалық әрекеттердің негізінде қалыптасады;
— кез келген әрекет түрлі әдістермен жүзеге асырыла алады;
— дағдылар мен икемдіктер әрекет әдістері ретінде қашанда әрекеттің нақты түрлеріне жатқызылады;
— қимылдық дағдылар дене еңбегінің, спортпен айналысу процесінде, оқу процесінде қалыптасады;
— әрекет түрлерінің өзара әсерлесуінде эмоционалды-интеллектуалдық процестер көрініс табады, әрекеттің реттеуші механизмдері процестер көрініс табады, әрекеттің реттеуші механизмдері активизацияланады, қимыл саласы, ұсақ бұлшық еттердің жұмысы дамиды;
— шығармашылық, алуан түрлі, жан-жақты әрекетті жүзеге асыруға қажеттілік дамиды;
— тұлғаның патриоттық, еріктік қасиеттері спорттың командалық түрлерінде айрықша тиімді қалыптасады,оқушылардың біріккен әрекеті өзара көмек, ұжымшылдыққа, команда мүдделерін өзінің жеке мүдделерінен жоғары қоя білуге мақсатталған команданың барлық мүшелерінің ынтымағы болған жағдайда ғана нәтижелі болады.
Шаралардың бүкіл кешенінің бірінші құрамдаушысы ретінде біз дене шынықтыру және спортпен айналысу процесіндегі жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың мотивациялық-құндылықтық компонентін қарастырамыз. Әлі күнге дейін спорт және еркін күреспен айналысуға, қимылдық белсенділікке қажеттіліктерді қалыптастырудың механизмі жеткілікті шамада зерттелмеген болып отыр [19]
Еркін күрестің тәжірибесінен көретініміздей, спортпен, дене тәрбиесімен тек оған дайындыққа ие болатын балалар ғана айналыспайды.
Т.А.Шанина атап өткендей, тұлғаның кез келген тұрпаттағы әрекетке дайындығы адамның үш қалыптасқан жүйешелерінің бірлігі болып табылады,олар: мотивациялық (бағдарлар), ақпараттық (білімдер), біздің жағдайда-интеллектуалды-процессуалды компоненті, операциялық (икемдіктер). Осы үш жүйешелердің барлығы дене белсенділігімен қатар дамуды және біз қарастырып отырған жасөспірімдердің тұлғасының патриоттық қасиеттерін қалыптастыруды талап ететін дене тәрбиесінің барысында қалыптасады. Еркін күрес процесін осылайша шартты түрде үш аспектіге бөлу бізге жас спортшылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру процесін тиімдірек құруға, қазіргі кезеңде жалпы білім беру мектебінде еркін күреске қатыстышешілуі тиіс міндеттердің шеңберін анықтау мүмкіндігін береді. Сол себепті мектептегі дене шынықтыру пәнін үшбірлікті процесс ретінде қарастыру қажет.
Жас спортшылардың спорттағы шынайы өмірі мен дене жаттығулары, жаттығу жүктемелері, жарыстар – бұл тек қана өз денесін жетілдірудің күрделі өмірлік міндетін шешетін шығармашылық тұрғыдан сезінілетін күрделі дене еңбегі ғана емес, сондай-ақ бір жағынан – қоғамдағы өз орны үшін тіршілік күресінің әлеуметтік модельдерімен өте тығыз байланысты болатын түрлі интеллектуалды қызмет те.
Біз үшін еркін күрес тәрбиесінің жалпы жүйесінде жасөспірімдер тұлғасының патриоттық қасиеттерінің қалыптасу процесі маңызға ие.
Патриоттық тәрбие беру процесі-сырттан, мақсатты түрде ықпал етуден, сондай-ақ алынған білімдердің, икемдіктер мен дағдылардың негізіндегі өз-өзін тәрбиелеуден тұратын тұлғаның қалыптасу және даму процесі екендігі белгілі.
Қазіргі заманғы концепцияларға сәйкес, тәрбие процесі қазіргі таңда әрқайсысы алдыңғыларының нәтижелерін ескеумен құрылатын дамытушы тәрбиелік жағдайлардың өзара байланысқан тізбегі ретінде анықталады.
Тәрбиелеу процесі – бұл өз бетімен дамитын жүйе, оның өлшем бірлігі –дамытушы тәрбиелік жағдай.
Белгілі бір қасиеттерді, біздің жағдайымызда – патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу басқарылатын, бақыланатын сипатқа ие болуы тиіс. Оқушылар саналы ниеттерді басшылыққа алған,кездейсоқ түрде емес, алға қойылған міндеттерге сәйкес алдын-ала жазылған жоспар бойынша әрекет ететін жерде берілген қасиеттерді тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Тәрбие процесінің ерекшелігі бұл процесті басқаратын жаттықтырушының қызметі тек объективті заңдылықтарға байланысты болмайтындығынан көрінеді. Еркін күрес мұғалімі, еркін күрес үйірмесінің жаттықтырушысы тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның индивидуалдықтары, мінезі, оның жас спортшыларға қатынасынан көрініс табады.
Жас спортшылардың өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқының мазмұндық сипатына жататын төрт категория бар. Олардың ішіндегі алғашқы үшеуі өзара әрекеттесуге қатысушылардың интеллектуалды, еріктік және эмоцианалды саласындағы психикалық әрекеттің ерекшеліктерін сипаттайды. Төртінші категория табысты және табыссыз әрекеттер бойынша әрекеттің нәтижелілігін сипаттайды.
Қарым-қатынастың бағыттаушы, ынталандырушы, бағалау экспрессивтік (жағымды) категорияларын шартты түрде қатынастардың өнімді түріне жатқызуға болады, ол ынтымақтастық пен өзара көмек, біріккен келісілген әрекеттерге бағыттылық, топ ішіндегі дау-дамайлар болмайтын жағдайға тән.
Мұғалім жұмысында алға қойылған мақсатқа қарай қозғала отырып, жас спортшылардың санасы мен мінез-құлқына мақсатқа лайық ықпал ете білу аз маңызға ие емес, ол үшін жас спортшылармен әңгіме жүргізудің психологиялық техникаларын игеру қажет. Біз әңгіме үшін бірнеше нұсқаны ұсындық:
А. Жас спортшыларды түсінуге себін тигізбейтін әңгімелесу техникасы.
- Жағымсыз баға беру – біз жас спортшылардың айтқан сөздерін «Әлі не болса сонымен айналысып жүрсің ғой…», «Саған қанша рет айтуға болады…», «Сен не істеп отырғаныңды түсінбейсің бе?…» және т.б. секілді репликалармен сабақтастырамыз.
2.Көңіл бөлмеу – жас спортшының айтқанына біз көңіл бөлмейміз, оның айтқанына құлақ салмаймыз немесе оған мүлде қарамаймыз. Мәселен, жас оқушы сабақтан кейін мұғалімнің жанынан айналшықтап шықпай жүр, ал ол болса оқушының өзіне көңіл білдіру әрекеттерін байқамастан журналға бірдемелерді жазып отыр.
3.Эгоцентризм – біз оқушылардан біздің өзімізді ойландырып – толғандыратын мәселелерді түсінуді табуға тырысамыз. Бұл педагогтың «Сен сабақты дайындап үлгермедің, ал менің кеше күні бойы басым ауырды, сонда да мен сабаққа дайындалдым ғой…»деген секілді репликаларынан көрініс табуы мүмкін. Жеке тәжірибемнің мысалдары.
Б. Аралық неғұрлым тиімді техникалар.
1.Сұрап қоймай қою – біз оқушыға сұрақтарды бірінен соң бірін қоямыз, оған өз мақсаттарымызды түсіндірместен, бір нәрсені білуге ұмтыламыз: «Жоқ, сен әйтсе де айт», «Не болды?» «Мен бәрібір білемін», «Сен неге істемейсің?» және т.б Педагогтар мен ата-аналар үшін бұл өте тән нәрсе, ал балада оны «тергегендей» сезім қалады.
- Әңгіме барысындағы ескертулер – әңгімелесу барысында біз «Іске кіріскен жөн» және т.б. секілді репликаларды қосамыз. Бұл педагогикалық кеңес пен ата-аналар жиналысындағы талқылаулар үшін өте тән нәрсе. Оқушыға қатысты бұл оның сабақта жауап беруі (сабақта жаттығуларды орындауы) кезінде көрініс табады. Мысалы, «Ал, біз бәріміз сен қашан қисаңды қойып, жаттығу жасауды қашан бастайтыныңды күтіп отырмыз».
- Қостау – біз оқушылардың айтқандарына «иә-иә», «дұрыс», «солай» деген секілді репликаларды айтып, костаймыз. Бұл вербалды емес деңгейде көрініс табуы мүмкін, мысалы, мұғалім немесе оқушыны тыңдау барысында басын изейді.
В.Оқушыны түсінуге көмектесетін әңгімелесу техникалары.
1.Вербализациялау, А сатысы – қайталап айту. Біз оқушының айтқандарын сөзбе-сөз қайталаймыз, сонымен қатар, бұл жағдайға «Сенің санауыңша…», «Сенің ойыңша…» және т.б.секілді кіріспе сөздер тән болады.
2.Вербализация, Б сатысы – басқаша айту. Біз оқушының айтқандарын жалпылама түрде қалпына келтіреміз, оның сөздеріндегі ең маңыздыны ғана құрастырып айтамыз. Келесі кіріспе сөздер тән: «Басқаша айтатын болсақ, сен былай деп есептейсің..», «яғни сіз былай істегіңіз келеді…» және т.б.
3.Вербализация, В сатысы – интерпретациялау және идеяны дамыту. Біз айтылғаннан логикалық нәтиже шығаруға немесе осы айтылғанға қатысты тұжырым айтуға тырысамыз. Келесідей кіріспе сөздер тән: «Сіздің айтқаныңыздан шығатыны…», «Сенің олай есептеуіңнің себебі…»
Осы жоспарға сүйене отырып, жоспар бойынша оқу жылының барысында жұмыс істедім. Кейбір шараларды тәрбие жұмысы бойынша оқу меңгерушісімен, сынып жетекшілерімен бірге отырып өткіздік. Оқу жылы аяқталғаннан кейін нәтижелер келтіріліп, тиісті қорытындылар жасалды.
Осылайша, мен жас спортшылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру төмендегілерден тұрады деген қорытындыға келдік: жас спортшылар жалпы талаптарға тәуелсіз өзінің жеке пайымдауларынан шыға әрекет етеді, басқаларды бақылаушы парызды таңдайды және оны өз мінез-құлқында басшылыққа алады. Парыздың негізінде әрекет етуші жас спортшылардың көбіне бұл бағыттағы белсенділікке деген қажеттілік өндіріледі, жоғары социогендік қажеттіліктер қалыптасады. Қимылға қажеттіліктен туындаған мінез-құлық болса тұлға үшін жеңіл жүзеге асырылады.
Біз патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үшін қажетті негізгі қасиеттер деп қарастыратын негізгі ерік қасиеттер деп қарастыратын негізгі еріктік қасиеттер-мақсаттылық пен табандылық, қайсарлық, қажырлық пен ұстамдылық, бастамшылдық, тәртіптілік. Бұл қасиеттерді спорт және дене тәрбиесі арқылы қалыптастыру процесін біз бірінші бөлімде мұқият қарастырдық. Сол себепті біз құрастырған мінездемелерді өңдеу кезінде алынға сандық материалды оқушылардағы негізгі еріктік қасиеттердің дамуының нақты сандық көрсеткіштері ретінде қарастыруға болмайды,тәжірибелік топты құраған жас спортшылар ғана бағаланды. (6 кесте)
Кесте 2 — Жас спортшылардың дамыған еріктік қасиеттерінің кешені (тәжірибенің бастапқы кезеңінде).
Еріктік қасиеттер |
Дамыған |
Жеткілікті дамымаған |
Қайсарлық Батылдық Табандылық Ұстамдылық (қажырлық) Бастамашылдық Тәртіптілік |
51 40 25 36 24 74 |
30 41 56 45 57 8 |
Жас спортшылардың бойында қайсарлық, табандылық пен ұстамдылық спортпен айналыспайтын оқушыларға қарағанда неғұрлым жоғары дамыған. Бұл спортшы оқушылардың арасында қайсарлық, табандылық пен ұстамдылық жоқтарының саны өте аз болумен расталады.Техникасы жеткіліксіз, бірақ жақсы дене дайындығына ие жас спортшылардың арасында қайсарлық көрсеткіші жақсы дене техникалық дайындыққа ие ойыншылардың осы еріктік қасиетінің көрсеткіштеріне қарағанда анық төмендейді.
Ұстамдылық басқа еріктік қасиеттер секілді көбіне дене және техника жағынан дайындалған оқушыларда байқалады.
Осылайша, еріктік қасиеттердің дамуының ерекшеліктерін талдаудан көретініміз: оқушылардың еріктік даярлығында бастамшылдық, табандылық пен ұстамдылық неғұрлым әлсіз дамыған. Барлық еріктік қасиеттерді дамыту үшін дене және техникалық дайындық өте үлкен маңызға ие болады. Сонымен бірге, қайсарлық пен қажырлықты дамыту үшін дене дайындығы үлкен маңызға ие. Мысалында күрескенде жақсы дене дайындығынсыз, күресуші неғұрлым күштірек қарсыласпен шықса,ғни шешімсіздік көрсетуі мүмкін. Оның шаршауы тез келеді, ол төзімсіздеу, оған күрестің соңына дейін жоғары белсенділік пен жеңіске ұмтылысын сақтау қиын.
Сонымен бірге, табандылық пен қайсарлықты дамыту үшін ойыншылардың техникалық дайындығының маңызын азайтуға болмайды. Жас спортшыларды үнемі бақылап отыру керек. Сонда ғана барлық еріктік қасиеттерінің толыққанды дамуы жеткілікті қимылдық тәжірибенің болуымен және күресушілердің жан-жақты дайындығымен байланысты болады. Жинақталған ақпаратты есепке ала отырып біз дайындаған спорттық-патриоттық әрекеттің жоспарына түзетілер енгізілді және бұл әрекеттің бағыттары анықталды: жас спортшылардың дене дамуын,осы дамудың барысындағы патриоттық қасиеттердің қасиеттердің қалыптасуын кешенді түрде жүзеге асыру; Біз тәжірибемізге тікелей қатысқан оқушылардың бүкіл ұжымының мүшелерінің арасындағы жақсы қарым-қатынастарды орнатуға маңызды орын бөлдік. Жас спортшылардың әрқайсысын алға қойылған мақсатқа қарай табысты қозғалуға, сыныпты біріктіретін ортақ мүдделерді орнатуға маңызды орын бөлдік. Жас спортшылардың әрқайсысын алға қойылған мақсатқа қарай табысты қозғалуға, сыныпты біріктіретін ортақ мүдделерді орнатуға, өзара көмек пе қолғабысты тәрбиелеуге, қарым-қатынастардағы шыншылдық пен ашықтыққа бағыттадық.
Спорттық жетістіктеріндегі жарыс әдіс-әрекеттерін талдау сайыскердің техникалық-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды факторы болып табылады. Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу сенімділігін, жіберілген әдіс-айлалық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ күрескердің психологиялық қасиеттерін,еркін күрестің қолданбалы тәсілдері мен айла түрлерін талдап, еркін күресте жеңіске жету әдіс-тәсілдеріндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының өнімділігін тексеріп, осының негізінде оны болашақта түзету қажет. (3- кесте)
Кесте 3 — Еркін күрестің айрықша ерекшеліктері
№ |
Көрсеткіші
|
Еркін күрес |
1 |
Киімі |
Арнаулы эластикалық шолақ трико |
2 |
Аяқ-киімі |
Күрес аяқ-киімі |
3 |
Киімінен ұстау |
Тыйым салынған |
4 |
Аяғынан ұстау |
Рұқсат етілген |
5 |
Аяқпен жасайтын әдіс |
Рұқсат етілген |
6 |
Тізе тигізе тастау |
Бағаланады |
7 |
Төрттағанда күресу |
Бар |
8 |
Ауыртпалы әдістер |
Тыйым салынған |
9 |
Тұншықтыру әдісі |
Тыйым салынған |
10 |
Әдіс әркеттерін бағалау |
Балл (1,2 және3) |
11 |
Жеңіс |
Қарсыласты лақтырып немесе аударып екі жауырынын кілемге тигізу. |
12 |
Жартылай жеңіс |
Жоқ |
13 |
Ширек жеңіс |
Жоқ |
14 |
Орташа баға |
Жоқ |
15 |
Төменгі баға |
1 балл |
16 |
Қарсыласты арқасында басып жату әдісін бағалау |
Қауіпті күйінде арқасында 10с ұстау 1балл |
17 |
Таза немесе толық жеңіске жетудің нұсқалары |
Қарсыластың екі жауырынын кілемге тигізу немесе әр кезенде 6 баллмен жеңу |
18 |
Қарсыластың жарақаттанып немесе Ескертулермен жеңілуі |
Таза жеңіс |
19 |
Анық артықшылықпен жеңу |
Әр кезеңде балл бойынша озып шығу |
20 |
Ұпай жеңісі |
Әр кезеңде балл бойынша озып шығу |
21 |
Шамалы артықшылықпен жеңу |
Үшінші кезеңде жеңу |
22 |
Ұстасу регламенті (уақыты),мин |
2X2 |
23 |
Қосымша кезең,мин |
2 |
Кесте 4 — Еркін күрес бойынша жарыстарда техникалық әрекеттердің қолданылуы (орта есеппен бір ұстасу).
Тәсілдер тобы |
Көрсеткіш |
|||
Б |
Н |
|||
Ә/с |
%
|
Ұ/с
|
%
|
|
Аяқтан ұстап, қағып құлату Аунап аудару Аяқты ұстауға қарсы қшә Санды іліп асып аудару Арқалап алып тастау Аунап аударуға қарсы қшә Мойын мен иықты үстінен ұстап жұлқып төрттағанға түсіру Жамбастан асыра тастау Кеудеден асыра тастау Санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру Теріс ұстап басынан асыра аудару Айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару Айналып лақтыру Бас пен қолды бұрап түсіру Қол ұстап айналдырып аудару Еңкейіп лақтыру Арқадан асыра тастауға қарсы қшә Қолынан жұлқып төрттағанға түсіру Иықтан асыра тастау Жамбастан асыра тастауға қарсы қшә Иық астына сүңги төрттағанға түсіру Кеудеден асыра тастауға қарсы қшә Атап өтілген әрекеттердің жалпы саны Қалған әрекеттер жинағы |
3,70 1,7 1,27 0,78 0,27 0,27
0,24 0,22 0,19
0,17 0,16
0,15 0,15 0,123 0,10 0,07 0,10 0,09 0,08 0,08 0,08 0,07 10,1 1,03 11,1 |
33,4 15,3 11,5 7,0 2,4 2,4
2,2 2,0 1,7
1,5 1,4
1,4 1,4 1,1 0,9 0,6 0,9 0,8 0,7 0,7 0,7 0,6 90,7 9,3 100 |
0,89 1,05 0,44 0,20 0,06 0,19
0,10 0,08 0,16
0,09 0,06
0,09 0,05 0,07 0,03 0,09 0,04 0,03 0,05 0,04 0,02 0,06 3,89 0,52 4,41 |
20,2 23,8 10,0 4,1 1,2 3,2
2,1 1,6 3,3
1,9 1,2
1,9 1,0 1,4 0,6 1,9 0,8 0,6 1,0 0,4 0,4 1,2 88,2 11,8 100 |
Ескерту: Б – қолдану белсенділігі, Н – қолдану нәтижелігі, ә/с – әрекеттер саны, ұ/с – ұпай саны, қшә – қарсы шабуыл әрекеттері. |
Түргеп тұрып орындалған барлық лақтыруларға күрескерлердің белсенді әрекеттерінің 1,52 саны (жалпы белсенділіктің 13,7% пайызы) және нәтижеліліктің 0,79 ұпайы (жалпы нәтижеліліктің 17,9% пайызы) сәйкес келеді (7 кесте, 8 кесте).
Кесте 5 — Еркін күрес бойынша жарыстарда тұрып және төрттағанда жасайтын әдістер ерекшелігі.
Тәсілдер тобы |
Көрсеткіш |
|
|||
Б |
Н |
|
|||
ә/с |
% |
ұ/с |
% |
|
|
Тұрып: |
6,90 |
62,2 |
2,27 |
51,5 |
|
Аяқтан ұстап қағып құлату Аяқты ұстауға қарсы қшә Арқадан асыра тастау Мойын мен иықты үстінен ұстап жұлқып төрттағанға түсіру Жамбастан асыра тастау Кеудеден асыра тастау Санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру Айналып лақтыру Бас пен қолды ұстап бұрап түсіру Еңкейіп лақтыру Арқадан асыра тастауға қарсы қшә Қолынан жұлқып төрттағанға түсіру Иықтан асыра тастау Төрттағанда (партер): Аунап аудару Санды іліп асып аудару Аунап аударуға қарсы қшә Теріс ұстап басынан асыра аудару Айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару Қол ұстап айналдырып аудару Атап өтілген әркеттердің жалпы саны Қалған әрекеттер жинағы |
3,70 1,27 0,27
0,24 0,22 0,19
0,17 0,15 0,12 0,07 0,1 0,09 0,071,7 1,52 3,16 1,7 0,78 0,27 0,16 0,15 0,1 10,1 1,03 11,1 |
33,4 11,5 2,4
2,2 2,0 1,7
1,5 1,4 1,1 0,6 0,9 0,8 0,6 13,7 28,5 15,3 7,0 2,4 1,4 1,4 0,9 90,7 9,3 100 |
2,27 0,89 0,44
0,06 0,1 0,08
0,16 0,09 0,05 0,07 0,09 0,04 0,03 0,79 1,62 1,05 0,2 0,19 0,06 0,09 0,03 3,89 0,52 4,41
|
20,2 10,0 1,2
2,1 1,6 3,3
1,9 1,0 1,4 1,9 0,8 0,6 17,9 36,7 23,8 4,1 3,2 1,2 1,9 0,6 88,2 11,8 100 |
|
Ескерту: Б – қолдану белсенділігі, Н – қолдану нәтижелігі, ә/с – әрекеттер саны, ұ/с – ұпай саны, қшә – қарсы шабуыл әрекеттері. |
Сурет 5 — Түргеп тұрып және төрттағанда күресудің сипаты, еркін күрес. (орта есеппен бір ұстасу).
Жалпы алғанда, түргеп тұрып орындалған белсенді техникалық-тактикалық тәсілдерге ( күрес әдістеріне қоса оларды орындаудың нақты талпыныстарына) орта есеппен 6,9 әрекеттер саны (барлық әрекеттерден 62,2% пайызы) жатады және оларды орындау арқылы алынған орта есеппен 2,27 ұпай саны (барлық ұпайдан 51,5% пайызы) тура келеді. Партерде кілем алаңында белгілі бір кеңдігін талап ететін бірқатар амплитуалық техникалық әрекеттер бар (теріс ұстап көтере лақтыру: кеудеден асыра, жамбасқа алып не басынан асыра), бірақ мұндай әрекеттер қарсыласты кілемнен жұлып алуда ғана орындалады, сондықтан еркін күресте өте сирек кездеседі. Партерде жоғары жиілікпен қолданылатын әрекеттерге «аунап аудару» (жалпы әрекеттер санының 15,3% пайызы), «санды іліп асып аудару» (7,0%), «аунап аударуға» қарсы шабуыл әрекеттері (2,4%) «теріс ұстап басынан асыра аудару» (1,4%), «айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару» (1,4%) әдіс топтары жатады. Партерде барлық есептелген ұпайдың 36,9% пайызы ұтып алынады.
Егер, осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып отырсақ, онда жас спортшыларымыздың бойында батылдық,қайсарлық,табандылық, ұстамдылық, тәртіптіліқ өз-өзіне сенімділігі арта түсері анық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еркін күрестің осы ұлттық спорттан мамандар дайындаудағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін, жаттығу үдерісінің әдіснамасын жетілдіруді, жарыстарды өткізу ережелері мен 20-ғасырда халықаралық спорт түріне дейін дамуын зерттеу, еркін күрестің спорттық күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, жас спортшыларды дайындау әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі айырмашылықтарын, еркін күресті ұтымды танытып, еркін күрес бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және жас споршыларды еркін күрес әдістеріне уйретуде, дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік берді.
Оқу жоспары дәрістік, әдістемелік, семинарлык, оқу-тәжірибелік, тәжірибелік түрінде болып онда спорт түрлерінің тарихы, спорт түрлерінің әдіс-айлалары, тәсілдерін үйрету, шеберлікті шындау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, спорттық жарыстарды ұйымдастыру өткізу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу жолдары оқытылады. Әдістемелік сабақтарда спорттық күрес түрлерінің әдіс-айлаларын, тәсілдерін үйрету, сабак түрлерін өткізу карастырылады.
Оқу-тәжірибелік, тәжірибелік сабақтарда әдіс-тәсілдерді үйрену, шеберлікті арттыру жаттығу негізінде өтеді.Тәрбиеші жұмысы-жаттығушы оқушыларға үнемі көңіл бөлуді талап етеді. Жаттықтырушы қатал және шыншыл тәрбиеші болуы керек, сонда ғана оның еңбегінің жемісі, халыққа пайдасының тиетіні сөзсіз.
Әрбір жаттықтырушы жас спортшылардың еркін күреспен жаттыққанда ережелер мен приемдарды жақсы игеруін, қорғану мен қорғану приемдарын меңгеруін бақылайды. Сондықтан да еркін күрестің приемдарын үйренуде, оқушыларға сол приемның қалай орындалатынын көрсету қажет. Приемды көрсеткенде асықпай және тез дұрыс орындалуын көрсеткен дұрыс. Еркін күрестің приемын асықпай көрсету міндетті түрде түсіндіруді қажет етеді.
Оқу көрнекілігі еркін күрестің приемдарын жақсылап көрсету, дайындық үстінде жаттықтырушы мен үйретушінің қимылын айнытпай орындауда.
Әрбір жас спортшының денесінің сымбатты болуына, бұлшық еттің дұрыс өсуіне, күштің және мінездің қалыптасуына қозғалыс пен шапшаңдықтың қалыптасуына еркін күрес көп әсерін тигізеді. Әрбір күрескер еркін күрестің техникасымен, приемдарымен шыңдалуы керек. Жаттығып жүрген күрескердің мүмкіндігі көп, себебі, үнемі жаттығу кезінде қимыл-әрекеттерін көру арқылы кабылдайды.
Жаттықтырушы оқу-әдістемесінде, жаттығу арасында спортшылардың, танымал күрескерлердің суреттерін көрсетіп, күрес туралы кино және еркін күрес туралы видеолар көрсету арқылы өз мақсатына жетуіне болады. Бұл оқу әдістемесінің көмегі арқылы, іс-қимылдарын қайталау мен жаттығуларды жасату, жаңа приемдарын үйрену, көрсету қағидаларын ұстану қажет.
Оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізуді үйренумен қатар мектептегі дене шыныктыру сабақтарын еткізу үйретіледі. Студенттердің мамандық шеберліктері мектептегі педагогикалық және спорттық мекемелердегі жаттықтырушылық тәжірибеден өту кезінде үйретіледі.
Күрес спортымен шұғылдану процесінде жас спортшылардың бойында адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдайда талап ететін ыкпал ету әдістері: батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде жас спортшылардың көзін жеткізетін тәсілді,жас спортшылардың әр әрекеті арқылы іс-тәжірибе жүзінде үйретуді және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әр түрлі қылықтарды (ол қылыққа өзінің көзқарасын және барлық жас спортшылардың көзқарасын) салыстыруды, жас спортшыларға түсінікті етіп сендіре пайдаланады.
Жас спортшылардың жаттығу сабағындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелелуге, өзінің сезімі мен тілегін шұғылданушылардың бәрін бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі жас спортшылардың бойындағы теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады.
Үйретудің бүкіл кезеңі күреспен шұғылданушы жас спортшылардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: тәсілдер мен жаттығуларды жаттықтырушының тиісті түсіндіруімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, шұғылданушыларға таныс жаттығуларды жаттықтырушының сөзбен берген нұсқауы бойынша қайталап жасау-есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді.
Бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айтып суреттеумен көрсетілген тапсырманы жас спортшылардың орындауы олардың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл жас спортшылардың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелігінің егжей-тегжейін нақтылауға және оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Худияров Ғалымжан Батырханұлы «Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау» — Алматы, 2010ж
- Тшанов Амалбек Қозыбақұлы «Бапкер оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби – педагогикалық дайындау» — Алматы 2010ж
- Стамқұлов Марат Темірқалиұлы «Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі» — Алматы, 2010ж
- Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлы «Дене тәрбиесі мен спорттық жеке адамдар арасындағы ұлттық қарым – қатынастарды дамытудағы орны» Алматы,1996ж
- Амренова Ажар « Жоғары дәрежедегі спорттық педагогикалық және ұйымдастыру негіздері» — Алматы,2010ж
- Қасымбеков Ж.А. «Спорт және дене тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастыру» — Алматы,2006ж
- Қанағатов И.Б. «Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір сүруі» — Алматы,2008ж
- Оразов Шамұрат « Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі арқылы оқыту»- Алматы,2008ж
- Қарақов Амантай « Студенттердің дене тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін пайдалану» — Алматы,1999ж
- Алимханов Е. Самбо күресін үйретудің негіздері. – Алматы, 2012.
- Алимханов Е. Балуанның дене-күш қабілетін арттыру. – Алматы, 2014.
- Койшыбек К. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы : оқу кұралы. – Алматы, 2011ж.
- Кенесбаев Т. Н. Спортивно-педагогическое совершенствование по вольной борьбе : уч.пособие. – Алматы, 2012г
- Тлешев С. А. Методика обучения и тренировки борца : уч. пособие. – Алматы, 2013г
- Шепетюк М. Н. Контроль в спортивной борьбе. – Алматы, 2012г
- Шепетюк М. Н. Обучение в спортивной борьбе. – Алматы, 2013г
- Шепетюк М. Н. Совершенствование в спортивной борьбе. -Алматы, 2014г.
- Озолин Н. Г. Настольная книга тренера : наука побеждать. ООО «Издательство ACT». – 2013г
- Программа для ДЮСШ, СДЮСШОР, вольная борьба. – М. : Советский спорт, 201
- А.А.Карпинский, А.В.Ялтырян «Вольная Борьба» — Москва,1959г
- Матвеев Л.П.«Теория и методика физической культуры» учебник.Москва 1991
- Доскараев Б.М «Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане» Алматы-2009
- Тәнікеев М.Т..,Асарбаев А.К. «Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тарихы» оқу құралы.-Алматы ҚазСТА, 2002
- Сейсенбеков Е.К. «Дене шынықтыру және спорт тарихы» оқу құралы.-Шымкент -2009
- Төтенаев Б.Ә. «Қазақтың ұлттық ойындары» — Алматы: Ғылым 1978
- Матущақ П.Ф. «Сто уроков вольной борьбы» — Алма –ата: Казахстан 1968
- Қарақов А. «Студенттердің дене тәрбиесінде спорттық күрестің ұлттық түрлерін пайдалану» — Алматы 1996
- Ақпаев Т.А., Адамбеков М.І., Тастанов Ә.Ж., «Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері» — Алматы 2004
- Иванов Г.Д.,ҚұлназаровА.Қ. «Студенттердің дене тәрбиесі» -Астана, 2008
- Әлімханов Е. «Дене тәрбиесі және спорт этнопедагогикасы» -Алматы,2010
- Әлімханов Е «Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы» -Алматы,2010
- Болгамбаев М.Х. «Техника и тактика борьбы казахша-курес» учебные пособие.-Алма-ата,1983
- Шепетюк М.Н. «Контроль в спортивной борьбе» -Алматы,2002
- Бектұрғанов Ө.Е., Донбаев Ә,Е., Ағаділов Ә.Е. «Жастардың дене тәрбиесіндегі күрес тәсілінің қалыптасуы» Дене тәрбиесінің жаршысы.- 2010.№3.
- Оналбеков Ж.К. «Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасындағы ұлттық қарым-қатынастарды дамытудағы орны» дис…пед.ғыл.канд.-Алматы,2008
- Қанағатов И.Б. «Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі» дис…пед.ғыл.канд.-Алматы,2009
- Купцов А.П. «Спортивная борьба» Москва,1978
- Шепетюк М.Н. «Совершенствование в спортивной борьбе» Алматы,2005
- Шепетюк М.Н. «Обучение в спортивной борьбе» Алматы,2003
- Туманян Г.С «Спортивная борьба» Москва, 1985
- Галковский Н.М., Катулин А.З. «Спортивная борьба» Москва, 1968