«Еркіндік құндылық ретінде»
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………..3-6
1тарау.Еркіндік мәңгілік мәселе………………………………………7-15
1.1.Әлемдік философия тарихындағы еркіндік мәселесінің қаралуы……………………………………………………………………………15-18
2тарау. Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі.
2.1.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)- рухани еркіндік жаршысы………………………………………………………………………….17-22
2.2.Әлихан Бөкейханов (1966-1937)-ұлттық демократия көсемі……………………………………………………………………………….22-25
2.3.Міржақып Дулатов (1885-1935)- саяси еркіндікті саралаушы………………………………………………………………………..25-31
2.4.Жүсіпбек Аймауытов (1889-1938)-азаттыққа жетелер ағартушылық жолы…………………………………………………………..31-38
2.5.Мағжан Жұмабаев (1893-1938)-өлеңдеріндегі еріктілік өрнектері………………………………………………………………………….38-46
Қорытынды…………………………………………………………………………47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………48-49
Кіріспе.
Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті — ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен — өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі.
«Кеңісіік пен уақыт еркесі» болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, — бірте қалыптасқан мінез — құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт — санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.
Біздің ата — бабаларымыз осы еркіндікті мәңгі көксеген . Оған айғақ ретінде осыншалық үлкен аймақты ешкімнің еншісше бермей сақтап ілгендігін айтар едік . Мұның себебі, өздерін ешкімге бағындырмау,өз еркіндіктеріне иелене білу , сонымен қоса , көшіп — қонып жүрген, қалыпты тұрмыстарынан ауытқымау мақсатында кеңістіктерін тарылтпау . Осындай көшпелілердің өзіне ғана тән түсініктеріне байланысты тиісті ділі туындайды . Көшпенділік дәстүр — еркіндіктің бірден — бір әрі бірегей түрі болғандықтан, осы мәселені қарастыруда екінші шарт болып табылады . Ал , енді үшінші қозғаушыға келетін болсақ, ол бүгінгі таңда үшін біз еркіндік мәселесінің өзекті болып отырғандығы. Бізге қан төгіссіз,Құдайдың сыйындай болып берілген тәуелсіздіктің мәнін түсіне білу қажет.Оның саяси тұрғыдағы маңызы мен қатар рухани еріктілік барысы да барын осы естен шығармаған жөн болар еді. Еркіндік босып кету еместігін түсіне білу біз үшін аса құнды. Болашаққа баянды ғұмыр кешуге , өркендеп өсуге рухани еріктілікке жету керек. Ерікті адам бәріне байыппен қарайды, науқани нәрсеге асықпайды, өз заманынан сәл алшақ тұрады.Себебі, дәуірдің келбетін жасайтын тек қана саясат емес , ішкі рухани ағымдар. Оларды қалыптастыру үшін уақыт керек, тиянақты еңбек керек. Осы еңбектің бастамасы ретінде зерттеліп отырған жұмысты айтуға болады.Практикалық айналымға түспес бұрын кез — келген дүние теориялық негіздемеден өтетіні белгілі . Батыстық көзқарастардың бірқатарын қарастыру арқылы өзімізге қажеттілерін назарға алып, құндыларын қолдануымыз керек.Олар жүріп өткен жолға түскен біздер үшін таңсық болмауға тиіс түсініктермен өз тәжірибемізді толықтыра түскеніміз абзал . 20 ғасырдың басында «қазақтың көгіне өрмелеп шығып , күн болуға тырысқан » қазақтың «бес арысы» атанған ұлы ұлдары ертеңі үшін ерекше еңбек атқарған зиялылар Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев ой толғаныстарындағы еркіндік мәселесіне қатысты тұжырымдарын таныту өте маңызды болып табылатындығы дау тудырмас .
Жалпы «қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән» болғанымен де қазақ зиялыларының озық ойлары философиялық тұрғыдан қарауға түсуге әбден хұқылы. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, енді ел болып келе жатқан шақта өз ой өрімдеріміздің өрнектеріне өрлей білгеніміз дұрыс — ақ . Бұл жұмыста батыстың көзкарастарды тізбектеп өтумен қатар 20 ғасыр басында ұлт еркіндігі үшін күрескен қайраткерлердің еркіндік мәселесі хақындағы көзқарастарын талдауға талап жасалады .
Бітіру жұмыс тақырыбының өзектілігі:Адам ерте замандардан бері
тілеп келе жатқан бір арманы –еркіндік. Еркіндік адамға ғана өзге де қасиеттердің қатарында елеулі орын алады . Адам өзіндігін сезіну үшін , тұлғалығын таныту үшін еркін әрекеттер жүзеге асырып отыруы қажет. Сол себепті де еркіндік мәселесі мәңгі қаралып келе жатқандардың есебінде .Еркіндіктің мәнін ашу , оның қаншалықты дәрежеде болатындығын анықтау маңызды . Сондықган да адам баласы өмір сүретін қай уақытта, қандай кеңістікте болмасын еркіндік мәселесі қойылып отырады.Сол себепті, осы маңызды мәселенің мәнін дұрыс ашу жолында жүмыстар жүргізілуі тиіс.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:Бітіру жұмысының негізгі мақсаттары 20 ғасыр басында Қазақстандағы ойшыл — ағартушылар » бес арыстың » еркіндік мәселесін қарастыруына көңіл бөлу . Осы ретте зерттеудің басты міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ;
— еркіндік мәселесінің маңыздылығын ашу;
— Әлихан Бөкейханұлы демократиялық көзқарастарына назар аудару; — Ахмет Байтұрсынұлының рухани еркіндігінің ерекшеліктеріне көңіл бөлу
— Міржақып Дулатовтың саяси еркіндігін таныту;
— Жүсіпбек Аймауытовтың халық еркіндігі жолындағы ағартушылық ойларына орын беру;
— Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы адам еркіндігінің жырлану жайын анықтау; — Еркіндік мәселесін философиялық тұрғыдан талдау;
Бітіру жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Әлемдік философия тарихи өкілдерінің еркіндік туралы ойлары тікелей беріліп , сонымен қатар «бес арыс» атанған ойшыл- ағартушылар ілімдерінен еркіндік мәселесі қарастырылған , яғни , осы ойшылдар еңбегі нұсқау болған .Теориялық талдау тұрғысынан талдау және синтез, жалпылау мен жекелік әдістері қолданылады .
Бітіру жұмысының теориялық және практикалық мәні зерттеудің нәтижелерін қазақ әлеуметтік философиясының тарихы мен саяси қоғамдық ой — санасын теориялық зерттеу, оны әрі қарай тереңдете түсу үшін қолдануға болады . Бұл жұмыс еркіндік мәселесінің бірқатар қырларын ашады . Бірқатар әлемдік философияның көрнекті өкілдерінің озық ойлары мен қазақ зиялыларының пікірлері бірдей орын алып, салыстыру жасауға , бірге қарастыруға мүмкіндік береді . Сонымен қоса тәуелсіздіктің таңы арайлап атып келе жатқан біздер үшін еркінсіздік мәнін шынайы түсіне білу үшін қатысы болар деген пікір бар.
Бітіру жұмысының зерттелу дәрежесі:Дүние жүзілік философия өкілдерінің қай — қайсысы да еркіндік мәселесіне көңіл бөлген . Дегенмен де, осы мәселе тұрғысынан жүйеге түсқазіркен , топтастырылған еңбек жоқ . Ал , қазақ философиясы бойынша жазылып жатқан еңбектер, зерттеліп жатқан дүниелер аз емес .
Еркіндік мәселесі бүгінгі таңда да , осыған дейін де маңызды болғандығын таныту . Сонымен қоса, әлемдік философияның көрнекті өкілдеріне пара — пар қазақ философиясында да осы мәселе кеңінен қаралып , терең түсінілгендігін байқату .
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Еркіндік — мәңгілік мәселе. Әлемдік философия тарихында еркіндік мәселесінің таралуы.
Адамзаттың жинақтаған рухани қазынасында философиялық ой
кешудің мәні терең. Философияны толғандыратын мәселелер қатарының ауқымы шексіз . Даналық ой ағымы дүниенің барша қыр — сырына өз тұрғысынан қанық болғысы келеді. Сондай мәселелер қатарына еркіндік идеясын да жатқызуға болады . Адам баласы сонау Адам Ата мен Хауа анадан өмірі басталып , өзінің ұзақ ғұмыр кешуінде әрдайым осы мәселемен, яғни, еркіндік түсінігімен ұшырасып отырған десек, артық айтпаған болар едік . Ықылым замандардан бері қаншама қақтығыстар мен соғыстарда құрбан болған бір ғана игі мақсат — еркіндікке ұмтылғаны аян.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады . Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған .
Алдымен, еркіндіктің өзі туралы тарамдап айтып алған жөн болар. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз . Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады . Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем . Адам қуылым замандардан бері еркіндік армандаумен ғұмыр кешіп келеді. Оның түсінігіндегі еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды . Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді . Әркімнің өзімен — өзі болуы және әркез әрекет етуі бостандықтың саяси жүйесі демократияның нақты қоғамда өмір сүру дегеніміздің өзі — бір орталыққа бағынуды, шоғырландыру , топтасуды , басқа біреумен байланысқа түсу дегенді білдіреді. Яғни, абсолютті еркіндіктің болуы мүмкін емес .
Егер де шексіз еркін боламын десең толық оқшаулану қажет Оқшауланушылықтың мәні бахтиндік сұхбаттастық концепциясында тамаша ашылады .
М . Бахтин өз ойларын екі адамның , яғни екі субъектінің өзара қарым — қатынас аясы арқылы түсіндіреді . Ол өзіңді және сенімен байланысқа түсуші адамды көріп қана қою жеткіліксіз дегеннен шығады . » Мен белгілі адамды қанша көріп тұрсам да, өзімді қаншалықты білсем де , біздің өзара қарым — қатынасымыздың шындығына жетуім керек ‘ , — деп жазды Бахтин. Ғалым кез — келген адамның өмірін өзге индивидпен органикалық байланыста қарастырады . Олсыз қалыпты адам өмірі мүмкін емес. Саяси еркіндіктің нәтижесі демократия болып табылады . Қазіргі кезде жер бетіндегі өркениет көшіне ерген елдердің мақсат етіп отырған күрделі саяси жүйесі демократия осының көрінісі болмақ.
Демократия — индивидтің толық дамуы үшін экономикалы, саяси мәдени жағдай жасайтын жүйе .
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай толық демократиялық қоғам мүмкін емес, бірақ осы жүйенің қағидаларының сақталуына үнемі қадам жасап отыру. Сондықтан да , еркіндік мәселесі сөз болғанда , өркениетті қоғам тұрғысында ол өзінше сипат алатындығын көріп отырмыз . Яғни , еркіндік дегеніміз ешқашан да бетімен кету болуы мүмкін емес , белгілі бір адам қалаған әрекеттерін жүзеге асыра алу мүмкіндігі болса керек.
Осы ретте Ғ . Есімнің мынадай сөздерін келтіре кетуге болады : «Еркіндік саясаттан биік ұғым . Еркіндіктің шын болмысын ізгілік пен парасат арқылы түсіндірген абзал . Еркіндік деген әркімнің бет — бетімен босып кетуі емес, өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек »./1/
Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар .Бұл дегеніміз , өз бетінше өндірісті дамытып , ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру. Еркіндікті тек саяси мәнімен шектесек қателескен болар едік. Еркіндік саясаттан биік ұғым ‘ деп айтып өткендей енді оны адам тұрғыдан қарастырып көрелік . Әлемдік философия тарихы қаншама кезеңді канша дана ой иелерін өз бойынан өткізгенімен де еркіндік мәселесі бағзы заманнан бүгінгі таңға дейін маңызды мәселелер қатарынан ойып өз орнын алған. Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар , ол еркіндік. Адам саналы тіршілік иесі ретінде жануарлар әлемінен лайықтылық сезімі арқылы бірден көрініп шықты . Адам лайықтылықты өз болмысының маңызды бөлшегі ретінде санайды , ал бұл белгілі бір әрекеттер еркіндігінсіз мүмкін емес. Адам өзін еркін сезінгенде , өзін өмірдің қожасы ретінде қабылдайды , мұнсыз ол жеке тұлға ретінде белсенділік таныта алмай қалады . Адам оған қанша ұмтылғанымен де абсолютті еркіндік бұл өмірде жоқ . Міне , нағыз шындық осы! Алайда, адам үшінші еркіндікті іздеуде. Даналық ой ағымы тарихында еркіндік мәселесін байыптағандардың бірнешеуіне тоқталып кетейік.
Негізінен , тарих ашық түрде еркіндік «Әрекет етуге бөгет жасамаңдар » деген ұранман буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ. енген болатын . Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік тумауы тиіс, әрине . Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томос Гоббстың пікірінше , еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы . Еркін адам болу деген не сұраққа мынадай жауап аламыз . «Өзіндік және кең тараған мәніне сай еркін адам» — өзінің табиғи ақыл қабілеттеріне қарай өз қалағанын жүзеге асыруға сырттан кедергі жасайтын ешнәрсе жоқ тұлға Бұны тірі тәнге емес, заттарға қолданылатын болса, ол теріс , себебі қозғалысқа қабілеті жоқ нәрсе кедергіге де кездестіре алмайды , ерік еркіндігі дегенннен, адам еркіндігін түсінеміз./2/ Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы . Еркіндік пен қажеттілік үйлесе алады.Мысалға.,өзеннің суының өз арнасымен тек қажеттілік емес , еркіндік те , сондай үйлес адамдардың ырқымен жасаған істерінен де көреміз.Негізінде, ерікті әрекеттер адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен, адамдардың ырқынан әрбір акт, тілек және талпыныс белгілі бір себептен, себептер тізбегінен болғандықтан оның бәрі қажеттіліктен туындайды.Осы байланыстарды көре алатын адамға адамдардың еркінсіген әрекеттердің қажеттілігі айқын болар еді. Бәрін көріп, бәрін реттеп отырған құдай,адамдар қалаған нәрсесін істеп жатқанда да содан қажеттілікті, құдайдың өз қалағанының болып жатқанын да көреді. Адамдар құдайдың қаламаған да көп нәрселерін істейді, оған , бірақ, құдай жауапты болмаса да, адамдарда еш нәрсеге құштарлық та, құмарлық та құдайдың ырқынсыз болмас еді. Егер де құдайдың ырқы адам ырқының және сол ырықтан шығатынның бәрінің қажеттілігін қамтамасыз етпеген болса , онда адамның еркіндігі құдайдың құдіреттілігіне және еркіндігіне қайшы келіп , кедергі болар еді . Осыдан бірден — бір еркіндік деп түсінілетін табиғи еркіндік жөнінде түсінік алуға болады .
Т.Гоббстың осы мәселені баяндайтын «Еркінділік және қажеттілік туралы » деген еңбегі де бар .
Француз ағартушылығы көсемдерінің бірі әрі философы Вольтердің еркіндік хақында өз ойлары бар .
Волътер пікірін назарға алсақ. Ырықтық еркіндігі туралы мәселеден қарапайым мәселе жоқ сияқты,бірақ, одан жаман шатастырылған да мәселе жоқ.Философтардың кездескен қиындықтары,олардың құдайдың құпиясын біліп алуға және оны ырықтың еркіндігімен ымыраға келтіруге ұмтылған астамшылығы , еркіндік идеясының оны түсіндіруге тырысқан сайын күңгірттене беруінің себебі болды. Адамдар енді осы сөзді оған байланысты қиындықдыктармен бірге еске түсірмесе айта алмайтын халге келгендігі сондай, қазір адамның еркіндігі бар ма деген сұрақ туғанда бірін –бірі түсінбейтіндей болып қалған.
Ырқыңды айқындап әрекет жасау еркіндік деген сөз . Құдайдың өзі де тек осы мағынада ерікті.
Ол осылай етуді қалады және солай етті де.Егер осының ырқы қажетті себептілікпен нықталады, «оған солай еткенді қалау қажетті болды»десек,ол бір: «құдай бар әрі жоқ» деген сияқты мағынасыз сөз болар еді, өйткені егер құдай қажеттілік болса, содан бастап ол болмаған болар еді.Еркіндік іс — әрекетке деген айрықша мүмкіншілік . Егер тас өз еркімен қозғала алатын болса,ол ерікті болған болар еді. Хайуанатармен адамдардың сондай мүмкіндігі бар,олай болса олар ерікті.
Адамдар еркіндік жоқ деп қандай негізде ойлаған? Мұндай адасудың себептері мынадай: о, бастан көзге түсетін нәрсе — екінің бірінде біз өзімізді баурап алатын құмарлықтардың тұтқыны болып жүреміз. Өзіне адалдығы болмаған ашынасын адам сүйгісі келмес еді, бірақ оның зердесінен күштірек оның құмарлығы оны соған қайта соқтырады, бойды кернеген ашу мен ыза зорлық қимылдарға ұрындырады; біз жайбарақат тыныш өмір сүргіміз келеді, бірақ атаққұмарлық бізді не бір бүліктерге жетелейді./3/
Осындай көзге көрініп, аяқ-қолымызды матап тұрған кісендер біз барлық өмірімізде де кісенделеміз деп ойлауға итермелейді. Содан былай қорытады:адамдар өздерін сондай толғантатын қатал сілкіністердің ағымында жүреді, кейде оны белгілі бағытты қозғалыстар бағындырып алып кетеді: ол — құл, көбіне ол өз кісендерінің ауырлығын да, масқаралығын сезе бермейді, бірақ ол бәрібір құл. Осындай пайымдаулар-адам дәрменсіздігінің логикасы, ол адамдар кейде ауырады, ендеше олар ешқашан сау болмайды деген сияқты пікірге саяды. Күшті құмарлық билеп алған кезде сіздің сезімдеріңіз ырқыңызға бағынуды қояды: осындай сәтте сіз параличпен ауырып көтерейін деген қолыңызды көтере алмай қалған кезіңізден еркінірек емессіз. Адам өмір бойы дөрекі құмарлықтар мен бейнелердің тұтқыны болатын болса, оның адамдығының екінші жағы — оның ойлағысы келетін нәрселер туралы ойлай алатындығы болмас еді. Басқалардан гөрі білімдірек, ойлырақ, қуаттырақ адамдар, күмән жоқ бар. Еркіндік—жанның саулығы; оның толық әрі тұрақты дәрежесінде оған ие болатындар аз. Біздің басқа қабілеттеріміз сияқты біздің еркіндігіміз, әлсіз шектелген. Өзімізді ойлануға үйрету, тағы басқа жаттықтырулар арқылы біз оны нығайтамыз, біршама күшейтеміз. Бірақ біз қанша күш салсақта біздің зердеміз барлық тілектеріміз бен құштарымызға ие бола алмайды. Біздің тәніміз сияқты, біздің жанымыздың да бізге тәуелсіз ұмтылылыстары болады. Біз еркінбіз, зерделіміз, өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Біз әрқашан еркін болсақ, онда біз құдай болған болар едік. Табиғатта өзіміздің үлесімізге тиген орынды қанағат етейік. Бірақ тым астамшылыққа салынып, біз ләззат беретін нәрселер жетіспейді деп мазаланып, құдайға ғана тән нәрсе бізде жоқ екен деп, адамда бар қабілеттерден бас тартпайық.
Балдың немесе бір қызық сұхбаттың қызған, немесе науқастың көңілсіз шағында он тоғыздың жиырма бес бүтін де үштен төрт бөлігіне көбейтілген тоқсан бес жартының үштен бірінің жартысының отыз бесінің бір бөлігі қанша болатынын ойлап бас қатыруым мүмкін: мұндай есепке менде қажетті еркіндік жоқ. Бірақ сәл осыған шұғылдану қарбаласта жоғалтқан қабілетімді қайта оралтады. Сонымен еркіндіктің ең табанды қарсыластары да бізде ырықтық бар екенін, оның кейде біздің сезімдерімізді бағындыра алатынын мойындады. Бірақ, бұл ырық дейді олар, ауырырақ нәрседен төмен түсетін таразының безбендеріндей, алдын ала қажетті түрде анықталып қойылған. Адам ең тәуір пікірге ұмтылады; өзіне тәуір көрініп тұрған пікірді.Тәуір емес деуге санада ырық жоқ. Зерде қажеттілікпен әрекет етеді, ал ырық зердемен анықталады; сонымен, ырық абсолютті анықталады, ал адамда еркіндік жоқ. Бұлтартпайтындай болып көрінетін осы дәлел — шын мағынасында барып тұрған софизм — зерттейтін нәрсесін тым күңгірт елестетіп көп адамдарды шатастырады.
Осы пайымдаудың қатесі мынада. Адам өзінде идеясы бар нәрсені ғана қалайды. Оның егер опера туралы түсінігі болмаса, операға баруға онда ешбір тілек те болмайды: ол оған ұмтылыс, егер оның санасы сол спектакльді қызықты деп бағаламаса, онда операға баруға шешім де қабылдамас еді. Еркіндіктің өзі осында: өзіне не нәрсе жақсы жағымды көрінсе, ол өз-өзінен сондай шешім қабылдайды; өзіне жақсы нәрсе болып көрінбейтін нәрсені тілеу нағыз қайшылық болған болар еді, сондықтан ол мүмкін емес. Адам өзін ең жақсы дегенге бағыштайды, ол айдан анық нәрсе, бірақ мәселенің түйіні мынада: адамдар осындай қозғаушы күш болу, өзі мәселені шеше алу немесе шеше алмау қабілеті о бастан, бастапқы қабілеті ретінде тән бе, жоқ па? Зерденің қолдауы қажет, ол ырықты қажетті түрде анықтайды дейтіндер ақыл ырыққа сыртқы дене сияқты ықпал етеді деп ойлайды. Сана мен ырық дербес шын нәрселердей өмір сүретін нәрселер емес сондықтан олар бір-біріне ықпал етеді деу қате болады.
Ағылшын философы әрі психологы Д. Юмның ойлары да өзіндігімен қызықты. Юмның пайымдауынща қиынсыздықтарына қарамастан осы уақытқа дейін еркіндік доктринасының басым келгенінің үш негізін көрсетуге болады. Біріншіден, бір әрекет жасағаннан соң біз соны белгілі бір мақсаттар мен қулықтардың ықпалымен атқарғанымызды мойындасақ та, біз өзімізді қажеттілік басқарғанын, бізге тіпті басқаша әрекет ету мүмкін болмағанын мойындау қиын, себебі қажеттілік идеясында бір күш, зорлық, мойындату идеяларына сілтеушілік бар,ал олардың барлығын біз сезбейміз. Философиялық мектептерде айтылып жүрген өз қалауының еркіндігі мен селқостықтыңтың еркіндігін ажырата алатыңдар өте аз. Зорлық пен күштеуге қарсы еркіндік және қажеттілік пен себептіліктерді теріске шығаратын еркіндік. Екіншіден, материяның немесе рухтың белгілі бір қозғалысының қажеттілігі сол агенттің өзінің сапасы емес, сол қозғалысты барлап тұрған белгілі бір ойлай алатын зерлі мақұлықтың қасиеті,ол — бұрынғы болған объектілерден осы қозғалысқа ауысуға ойды мойынсұндыру.Екінші жағынан еркіндік немесе кездейсоқтық дегеніміз мойынсұнулардың жоқтығы немесе бір объектінің идеясынан екінші объектінің идеясына ауысу не ауыспауға біздің белгілі дәрежедегі селқостығымыз. Адамдардың іс-әрекеттерін барлай отырып біз ондай еркіндікті, селқостықты сирек сеземіз, бірақ іс-әрекеттердің өзінде біз оны жиі сеземіз.Ал өзара байланысты және ұқсас объектілер бір-бірімен оңай шатастыратын болғандықтан олар еркіндіктің бар екендігіне көрмелі құрам немесе интуициялықдәлел ретінде пайдаланылады.Істеріміз көбінесе ырықтық билігінде екенін біз сеземіз, ал санамызда ырықтың өзі ешнәрсенің билігінде емес деген әсер қалады. Үшінші себеп, басқа доктриналарға қарағанда еркіндік доктринасын жақсырақ қабылдау дінге байланысты. Бірақ дінді бұл мәселеге бекер араластырады./4/
Мен қажеттілікті ұқсас объектілердің тұрақты байланысымен, бірігуімен немесе біздің рухымыздың бір объектіден екінші объектіге ауысуы, өтуімен бірдей деп қараймын. Ал, қажеттіліктің адам ырқына тән екендігі ашық айтылмаса да философияда жалпылай мойындалып келді. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И. Канттың еркіндік туралы айтарына көз жүгіртсек.
Барлық адамдар өз ырқында еркінбіз деп ойлайды. Болмаған іс-әрекетті болуға тиіс еді деп пайымдайтынымыз осымен түсіндіріле алады. Сонымен қатар бұл еркіндік эмпирикалық ұғым емес, олай бола да алмайды, өйткені қашан да сақталып отырады. Солай болса да, еркіндік бар деп қабылдағаннан шығатын қажетті талаптарға тәжірибеден шығатын көрсеткіштер қарама-қарсы. Екінші жағынан, болып жатқан нәрселердің сөздің табиғат заңдарымен болуы қажет және бұл табиғи қажеттілік те тәжірбиенің ұғымы емес оның себебінің өзі сол қажеттілік ұғымының болуында, яғни, қажеттілік априорлық танымның ұғымы болғандықтан. Бірақ табиғат туралы осы ұғым тәжірибеде дәлелденеді және егер тәжірибе, яғни, басқаша айтқанда сезім заттарьн танып, жалпы зандарға сәйкес бір-бірімен байланыстыру мүмкін нәрсе деп қаралған жағдайда ол ұғым зердеде міндетті түрде бар деп болжалуға тиіс. Сондықтан да, объективтік шындық екендігі беймәлім еркіндік зерденің идеясы, өзінің шындық екенін, бар екендігін дәлелдейтін және тәжірбиенің мысалдарында дәлелденуі қажет табиғат пайымының ұғымы./5/
Бұдан белгілі бір зерденің диалектикасы туса да, себебі ырыққа қатысты оған тиісті еркіндік табиғи қажеттілікке қайшылықта екендігі және жол айырығында зерде спекулятивтік тұрғыдан табиғи қажеттіліктің жолын еркіндікпен салыстырғанда әлдеқайда топталған да, жүруге де ыңғайлы деп қараса да, практикалық тұрғыдан еркіндіктің сүрмеуі біздің характерімізде зердені қолданудың жалғыз мүмкін жері, сондықтан да дәлелдерін ең нәзік өрнектей өретін философияға да; ең қарапайым еркіндікті ығыстыруы мүмкін емес. Олай болса, философия адамдардың әрбір характерінің еркіндігі мен табиғи қажеттілігі арасында нағыз қайшылық жоқ деп болжам жасауы керек, себебі ол еркіндік ұғымынан қалай бас тарта алмайтын болса, табиғат ұғымынан да тап солай бас тарта алмайды. Егер тіпті еркіндік туралы өзіне-өзі және тап сондай қажет табиғатқа қайшы келіп тұрған болса, онда табиғи қажеттілікпен салыстырғанда адам бас тартуға тура келер еді. Бірақ, егер өзін еркінмін деп есептейтін субъект бір харекет қақында еркінмін деген кезінде де, табиғаттың зандарына тәуелдімін деп мойындаған шақта да өзін бір мәнде және бір қатынаста ойластыратын болса,аталған қайшылықтан құтыла алмайды./5/ Сондықтан философияның кейінге қалдыруға болмайтын міндеті—аталған қайшылық жөніндегі оның адасушылықтарының себебі—біз адамды еркін деп қараған кезде оны бір мағынада және қатынаста ойластырамыз да, ал оны табиғаттың зандарына бағынатын бір бөлігі дегенде екінші мағынамен қатынаста ойластырамыз және осы екі түрлі мағына мен қатынастар бір-бірімен тек болмақ емес, бір субъектіде қажетті байланысқан деп те ойластырылуы керек.
Кәдімгі адамның қарапайым зердесінің ырық еркіндігіне заңды ұмтылуы зерденің субъективті анықталатын себептерінен шешімді талас тудырмайтын тәуелсіздігі туралы белгілі бір сенімге негізделеді. Ол субъективті нәрселер түйсіктерді құрап, жалпы сезімділік деп аталады. Өзін ойластырушы жөндік деп қарайтын адам, өзін ойластырушы, өзіне тән ырқы, себептілігі бар жәндік дегенде ол өзін заттардың басқа бір тәртібіне,анықтаушы негіздерге, басқа бір қатынасқа қояды. Бірақ ол кейін осы екеуінің де әр сәтте бірге бола алатынын, тіпті болу керек екендігін түсінеді.
Шынында заттың құбылыстар дүниесінде белгілі бір заңдарға
бағынатындығы мен оның өзіндік зат немесе өзіндік мән ретінде олардан тәуелсіз екендігінің арасында қайшылық жоқ. Адам өзін осылай екі қалыпта ойластыратыны, біріншіде сезім арқылы түрлі ықпалдарда болатын зат ретінде қабылдау санасына,екіншісінде зердені қолдануда сезімдік әсерден тәуелсіз ойластырушы жәндік ретінде қарайтын санаға негізделеді, екіншісінде, ол өзін ақылмен түсінілетін дүниеге жататындығы жағынан қарайды.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Гегель еркіндік мәселесін айналып өтпеген. Оның ойынша: қажеттіліктің акиқаты еркіндік. Қажеттілікті әдетте қатал деп сипаттайды,егер одан әрі оның мәніне енбесе, оның тікелей формасынан аспаса, ол шынында солай. Тікелей не абстрактылық қажеттіліктің қаталдығы осы—бір-бірімен байланысты екі мазмұн бір-біріне жат еместігі, олардың бір бүтіннің әр түрлі моменттері, ол моменттердің екінші жағынан өзі-өзінде қала беретіндігі, яғни өзі -өзімен байланысқандығы ашылады. Бұл
қажеттілікті еркіндікке айналдыру, енді ол қажеттілікті тек теріске шығаратын абстрактылы еркіндік емес, нақты, мазмұнды еркіндік.Осыдан қажеттілік деп еркіндікті бір-біріне алаңсыз қарсы қоюдың қаншалықты жалаң екендігін түсіне аламыз. Әрине, қажеттілікті өзімен- өзін қарағанда ол еркіндік емес, бірақ еркіндіктің негізі қажеттілік, ол қажеттілікті өзгерте отырып, бойына сіңіреді. Адамгершілікті адам өз қызметінің мазмұнын өзіне дербес қуаты бар қажеттілік деп қарайды, бұдан оның еркіндігіне еш қиянат келмейді, қайта осылай түсінудің арқасында оның еркіндігі шын әрі мазмүнды еркіндік болады, оның мазмұнсыз еркіндікке айналуы тек мүмкіндік дәрежесіндегі; шынында, таза оның өз ісінің көрінісі, ол одан тыс жат күш емес, егер ол осыны мойындаса, ол өзін еркін адам етіп көрсетеді. Өзін толығымен абсолюттік идеямен анықталатынын білгенде ғана адам ең биік дербестікке ие болады./6/
Иррационализм бағытының өкілі А. Шопенгауэр еркіндік туралы өзінше ой түйеді. Оның түйіндеуінше.
Христиан мистиктерінің жан жайбарақаттығы және қайта туып жаңаруы деп жүргендері ырық еркіндігінің бірден-бір тікелей көрінісі. Мұндай жағдайда ырық өз табиғатын өзі танып, соның арқасында квиетивке ие болып, жеке құбылыстарды ғана танудан пайда болатын қылықтардың ықпалынан құтылған кезде қалыптасады. Осылай еркіндікті ашу мүмкіндігі адамның хайуаттармен салыстырғандағы айрықша зор артықшылығы. Хайуанаттарға ол мәңгі жат нәрсе. Ол артықшылықтың болу шарты зерденің ақылмен таразылауы, осы ғана әр сәттің өзіне сай әсерлеріне тәуелсіз өмірді тұтасымен шолуға мүмкіндік береді. Хайуанаттардың еркіндікке ешқандай мүмкіндігі жоқ, өйткені әртүрлі құбылыстар туралы жалпы түсініктері жоқ сәйкес әртүрлі құлықтардың қайшылығын олар ақыл таразысына салып бір шешімді тандауы керек. Яғни, оларда талдау мүмкіндігі жоқ. Жоғарыдан жерге құлаған тас қандай қажеттілікпен болса, аш қасқыр сондай қажеттіліктің күшімен тістерін жемтігінің тәніне қадайды. Сол күштің әрі көрінісі, әрі құрбаны өзі екендігін тануға оның мүмкіндігі жоқ. Қажеттілік — табиғи күштер патшалығы,еркіндік—жан жайбарақаттығының дүниесі./7/ Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Оның ойларына орын берсек.
Адамның шынайылығы—оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының ақиқаты «осында орныққан» адам ерікті, себебі: » осындағы болмыс» орын және адамға Адам болу мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсенің тірлігіне мүмкіндік жоқ болу емес, орын — адам өз-өзін зерделей бастайтын шынайылықтың түрі. Бұл оның тірлік негізі және оның жүзеге асу мүмкіндігі.
Алайда, орынның шартты анықтамасы адам орны жүзеге асатын саяси, экономикалық және әлеуметтік сияқты нақты сұрақтарда ақырына жетеді. Осы аумақтардың әрбірі еріктілік жүзеге асуы үшін қажет.
Метафизикалық еріктілік аздық етеді. Хайдеггердің еріктіліктің нақты өлшемі жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па, әлеуметтік пе немесе саяси аспекттерге енгізуге қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге үлкен кедергі болып тур. Біз адам—саяси мақұлық деп айтқанда біз оның метафизикалық еріктіліктің шынайылығы және мойындауы болатын саяси еріктілікті сақтау мағынасында түсінеміз. Бұған қарамастан, метафизикалық еріктілікті жариялау, тәуелсіз адамды саяси тәуелдендіру арқылы сіңіріп кетуге жол бермейді. Сын есім және зат есім арасындағы байланыс диалектикалық болуға тиіс. Сын есім зат есім орнын толтыра алмағандай, зат есімде өзін сын есімсіз жүзеге асыра алмайды. Біріншісінің мәнісі екіншісінің шекарасымен белгіленеді. Адам тәуелсіздігі сын есімге, ол саяси немесе экономикалық болсын,
адам шынайылығын өз ішінде сіңіріп кетуге мүмкіндік беру нәтижесі арқылы туындайды, сөйтіп ол ібілістікке айналады.Марксизм—ібіліс ісі сондықтан ол күйретуші құбылыс, себебі,экономикалық сын есім өз ішінде зат есімді, адамды, сіңіріп кетеді. Тәуелділік — соның нәтижесі.
Хайдеггер ой шебі-түпкілікті еріктілікті осындай ібілістік ауытқулардан құтқарудың жанкешті амалы. Хайдеггер адам еріктілігінің негізін де нұсқады, бірақ ол осы негіздің тек сәйкестікті адатірлігінің сын есімді құрылымына диалектикалық түрде қарсы қойғанда ғана жүзеге асатынын көрсете алмады. Саяси, әлеуметтік немесе экономикалы еріктіліксіз метафизикалық еріктіліктің болуы мүмкін емес. Басқа жағдайда, өз ішінде және өзі үшін ғана тірлік ететін шынайылық күйреуге ұшырайды. Хайдеггер болмыстың Болмысында негізделген жаңа гуманизмге жол көрсетті, дегенмен, бұл гуманизм саяси, әлеуметтік және экономикалық тәртіп аркылы көрініс беретін адам еріктілігінің құрылымына қатынасты болуға тиіс.
Экзистенциалистік бағыт өкілі Ж.П. Сартрдың да өз ойлары бар. Сартр адам болмысы мен еркіндігінің арасында айырмашьлық жасамайды. «Еркін болу деген сөз, болмыс-бостандық үшін қарғысқа ұшырау». «Бізге еркіндікке үкім шығарылған» деген пікір бар. Сартр бойынша, адам белгілі бір таңдауды жүзеге асыра алатын нақты жағдайлар аумағында болуы тиіс.Сырттан жасалған қандай да болмасын қысым адамның бостандығын жоққа шығара алмайды, себебі, оның әрдайым өз қалауын білдіре алуға мүмкіндігі болады. Сартр үшін бостандық абсолютті құндьлық.
Неофрейдизмнің өкілі Э. Фроммның көзқарастары тіптен қызық әрі маңызы зор. Ол өз ой толғанысын мынадай сұрақтар қоюмен бастайды. Адами тұрғыдан алғанда еркіндік дегеніміз не , еркіндікке ұмтылу адам табиғатына ғана тән бе? Еркіндік сырттан қыспақтың болмауымен ғана анықтала ма, әлде өзге бір нәрсенің болуы керек пе? Еркіндікке деген ұмтылыстың дамуына қоғамда қандай экономикалық және әлеуметтік факторлар негіз болады? Осы сынды сұрақтар легі шексіз.
Еркіндік адамдық аспектілеріне талдау жасау қоғамдық даму процесінің белсенді күштері ретінде болатын психологиялық факторлардың ролін қарастыруға алып келді. Еркіндік адамның тіршілігін анықтайды, еркіндік түсінігі адам өзін тәуелсіз жеке тіршілік иесі ретінде сезінуіне байланысты өзгеріп отырады. Адам табиғаттан ажырап, «индивидуалдануға» түсу арқылы ол еркіндікке бір табан жақындайды.
Осыдан бастап ол өсіп келе жатқан бала іспеттес еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылады. Бұл процестің диалектикалық сипатын назарға алсақ, осы процестің екі аспектісі бар екендігін көреміз. Индивидуалдану процесінің бірінші жағы—тұлғаның дамуы, ал екіншісі—жалғыздықтың өсе түсуі./8/
Сол сияқты адам еркіндігінің дамуыньң диалектикалық сипаты бар.
Бір жағынан бұл адамның даму, табиғатқа иелену, ақыл-парасаттық ролінің артуы процесі болса, екіншіден индивидуалданудың өсуі оқшаулануға әкеліп, адамның әлемдегі орыны және оның өмірінің мәні туралы түсініктер көмескілене береді. Ол өз тағдырын терең түсініп, өлім алдынд қорқыныш пайда болады.
Адам мен еркіндік арасындағы бастапқы байланыс жұмақтан
қуылған туралы мифте-ақ көрініс табады. Адамның өзі күнәнің жолымен еркіндікті таңдап алған болатын.
Бағынбаушылық, еркіндік әрекетін адамның ойлануымен тікелей
байланысты деп айтуға болады.
Фромм бойынша адам табиғи эволюцияның нәтижесі, табиғаттың бір
бір бөлшегі бола тұра ақыл-парасатқа ие болғандықтан одан жоғарыда. Адам биологиялық мағынадағы емес, болмыс күйіне әлемге қатынас байланысты, өлім мен өмірге тандау жүргізуі оның өз еркіндігінің шекарасын кеңейтеді.
Адам өз бостандығын дәлелдеу үшін барша адам қасиеттерін жүзеге асыруы тиіс. Фромм үшін бостандық адами болмыспен байланысты, яғни, өзді-өзі болуы үшін, көпшіл болу үшін еркін болу, бұған қарсы көпке иелік етіп, адамдар мен заттарды пайдалану. Адам бостандыққа өз қиялдарының құрығынан босаған кезде ғана қол жеткізе алады.
Мінекей, сонымен, әлемдік философия тарихында арттарына өшпес, із қалдырған бірқатар озық ойдың өкілдерінің еркіндік атты, бір қарағанда қарапайым ғана, ал екінші жағынан—маңызды, тағы бірде— қызық, сонымен қатар күрделі мәселені қалайша пайымдағандарын қарастырдық. Қорыта келгенде, талдау жасау арқылы мынадай нәтижеге келуге болады:
- Бұл мәселе әрдайым адам мәселесі қаралған жерде сырттан қалып қоймаған, яғни, еркіндік — мәңгілік мәселе.
2.Бұл мәселе өз дәуіріне байланысты біраз өзгешіліктерге ие болып
отырғанымен, ұқсастықтары басым.
3.Еркіндік — адамға ғана тән қасиеттердің қатарында елеулі орын алады.
Еркіндік ұғымы адамды өзін асқақ сезінуге және ең бастысы— өздігін сезінуіне мықты тірек болары сөзсіз./8/
II тарау. Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі.
Ахмет Байтұрсынов—қазақтың ұлы ағартушы демократы, ақын, жазушы көрнекті қоғам қайраткері, ойшыл-ғалым, философ. Ол өзінің саналы ғұмырын қазақ халқының болашағы үшін, өз елін дамыған өркениетті елдер қатарына қосу үшін сарп етті. Осы жолда Ахмет бойындағы табиғи дарынды кеңінен қолданып, өз ойын халыққа өлеңдер, әңгімелер, мақалалар арқылы жеткізе білді. Ұлттың игілігі үшін «Қазақ» газетін ұйымдастырып, осы арқылы сол кездегі қазақ зиялыларының өлеңдерімен, мақалаларымен, қоғам өміріндегі жаңалықтармен ел-жұртты хабардар етті. Ахмет «Қазақ» газетінің 1-ші нөмірінде ұлт және оның рухани байлығының сақталып қалуына қалай қол жеткізуге болатынын былай келтіреді:
«Өзімізді жеке ұлт ретінде сақтап қалуымыз үшін бар күш жігерімізді жұмсап ағартушылыққа және жалпы мәдениетке ұмтылуымыз қажет, ал ол үшін ана әдебиетті дамыту керек екенін бірінші міңдетіміз деп санау қажет. Ана тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халықтың ғана өз бетінше өмір сүру құқы бар екенін естен шығармау керек»./9/ Ахмет өзінің «Қазақ» газеті бетіндегі мақалаларында балаларды мектеп және медреседе оқыту маңыздылығын көрсете отырып, былай дейді: «халықты ағарту балаларды мектепте оқытудан басталады және мұны арнайы білімі бар адамдарға тапсырған жөн, себебі, жеткіншек ұрпақтың өз халқының өткені туралы білуімен ұлттың болашағы тікелей байланысты». Ахметті өз халқының тағдыры толғандырды және ағартушылықты қоғамдық өрлеуге жетудің бірден-бір жолы ретінде қарастырды.
Саяси жайбарақаттық және халықтың кедейлігінің бірден-бір себебі надандық деп санай отырып, Ахмет ағартушылық пен шынайы білім— халықты бақытты ететін қару деп ойлайды. «Ғылым мен білім біздің өмірімізді жетілдіре алады…
Әлемнің өркениетті елдері ғылымның дамуын әрдайым қолдайды және материалдық жағынан көмек береді, біздер де алдыңғы қатарлы Европа елдерін үлгі тұтуымыз керек»,біріншіден жазды «Білім жарысы» мақаласында қалың бұқараны ағарту, Ресей мен Европа елдері халықтарының даму деңгейіне жетуге себепші болатынын түсіне отырып, ойшыл ауқатты адамдарды жаңа мектеп салуға, білім беру саласына және де орыс мектептерінде оқитын кедей балаларға материалдық жағынан көмектесуге шақырды. Қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту туралы өз ойын білдіре отырып, ол балалардың міндетті түрде екі жылдық мерзімде қазак тілінде оқу керектігін былай жеткізді: «бастауыш мектептер саяси уағыздан аулақ болуы керек, себебі, әрбір халық өз тілі, діні, жазуын иемденуге хұқы бар». Ал сонымен қатар ол орыс тілін оқыту қажеттілігін де атап көрсетті: «…тек қазақ тілінде ғана емес, сонымен қатар орыс тілінде де оқи және жаза білу керек,..» Ахметтің
«Маса» (1911) атты кітабы өз дәуірін ашық, айқын сынаған еңбек болды. Халкының тағдыры мазалаған Ахмет кедейлік пен бақытсыздық себептерін іздеді, өз халқын еріншектік, қорқақтық, жәйбарақаттылыққа кінәлады. Ол өз сөзін масаның ызыңына теңеп, халықты тәтті ұйқыдан оятқысы келді. Ол өз замандастарын бұрынғы ата-баба батырлығын, ақылдылығын, бірлігін еске алып, болашақ туралы ойлануға шақырады.Өз халқының тағдырын ойшыл ескегі жоқ қайықтағы адамның тағдырымен салыстырады, «бірақ қайықтағы адам өз жағдайының қауіпті екенінен күмәнданбайды», —дейді Ахмет. Молданы сынау, шенқұмарлықты әшкерелеу Ахмет өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік кемшіліктерді ашуға Ахметтің «Қырық мысал» атты еңбегі арналған. Мұнда Крыловтан аудармалар берілген. Крылов мысалдарының тәрбиелік мәнін түсіне отырып, Ахмет мысал сюжеттерін қазақы шындық пен тікелей байланыстырған. Крылов мысалдары еркін нәтижеде аудару қазақ қоғамындағы өмір шарттарынан туындаған идеялармен, ойлармен толықты.
Өркөкіректік, парақорлық, өзімшілдік т.б. кемшіліктерді сынай отырып, Ахмет өз халқын надандықтан құтылуға, әрдайым еңбектенуге, өркениетгі қоғамға жету мақсатында бірігуге шақырды. Қазақтардың өмірі мен жұмысын жылжымайтын көлшік сумен теңеді және олар қоршаған әлемге жайбарақат қарап жатқанда өзге халықтардың алға дамып кеткенін айтады. Ахмет өзен тәрізді тынбастан еңбек етуге, мәңгілік қозғалыста болуға және алдыңғы қатарлы елдердің даму деңгейіне жетуге окытады. Мысалдар қазақ халқының тағдыры мен болашағына терең түрткі болады, «Ояныңдар, айналаға қараңдар, ойланыңдар. Әйтпесе, жайбарақаттық сендерді құртады»,—деп ескертті ол. Ахмет Крыловты аудару арқылы өзінің ойлаған мақсатына жете алды. «Қара бұлт» деген мысалда ол ойын жүйелеп, дәлелдеп, халқына ақыл-кеңес береді».
«Мысалы қазақ—дала, басқа—теңіз
Даланы шама келсе шегертіңіз:
Мұң десең, мұқтаж десең қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?…»
Қарашекпен мен қой» деген мысалда зорлық пен әділетсіздікті шеней келіп, былай түйіндейді:
«Күнәлі біреуі ойдан, біреу тілден,
Ахмет, осы айтқаның жетер, тоқта».
Ал «Арыстан, киік һәм түлкі атты мысалда ойшыл опасыздықты әшкерелейді.
«Кімге таза жолдас табу қиын,
Көбіне дос етеді мал мен бұйым.
Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан,
Басыңда, сірә, Ахмет, болса миың».
Ойшылдық Крылов аудармаларына өзім тікелей араластырьп, программалық ой-ниетін ашық білдіретін тұстарын сөз қылғанда, «Малшы мен маса» атты мысалға ерекше тоқталуымыз керек.
» Мысалы, қазақ-малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан.
Пәленің түрін көрген мен—Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен баққан. Ойлаймын осы сөзде жетеді деп. Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімд Қорқамын сарымасадай етеді деп./10/
Крылов шығармаларында тайға таңба басқандай қылып адам
табиғатындағы жақсы—жаман мінездерді суреттейді, солардьң мәңгілік
символы ретінде санада орнығып қалған неше түрлі жан—жануарлардың
бейнелері бар. Ахмет оларды өз бетінше шебер қолдана білді.
Крылов мысалдарына жүгінгенде ойшыл оны өзінің ағартушылық,
«күрескерлік қызметіне жарату, яғни, өзіне идеялық қару етіп қолдану
мақсатын көздеді. Осы мақсаттың ыңғайына қарай ол аударма объектісін
елсін—еркін қолданды. Ахметтің адам мәселесін қозғауы оның поэзиясында
жан—жақты орын алады. Оның ақындық қабілеті өзінің мұрат—мақсаттарын
жүзеге асырудың, ағартушылық, азатшылдық, күрескерлік борышын
атқарудың құралы ретінде көрінеді. Ол жайында толғанып, қандай
тақырыпты көтерсе де, ондағы негізгі ой арқауы азаматтық сарынмен беріліп
отырады. Оның әрбір өлеңінде заман ағымы, туған халқының болашағы, ел
тағдыры мәселесі көтеріледі. Ағартушылық қызметті қалың жұртшылық
санасына ықпал ететін әлеуметтік қозғалыс дәрежесіне көтеру үшін Ахмет
бойындағы ақындық дарынын қару етіп пайдаланды. «Маса» деген атпен шыққан алғашқы өлең жинағының негізгі көздеген нысанасы—масадай
ызыңдап, қалың ұйқыда қаперсіз жатқан халықгы ояту болды.
«Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса»,— деп ол халқы үшін тәуекелге бел
буады./11/ Ахметтің ойы қайтсе де келешек ұрпақты түзу жолға салу. Қоғамның
байлығы—адам екені белгілі. Демек, сол адам өсіп—жетілгенге дейін бала
күнінен дұрыс тәрбие берілуі тиіс. «Балалар бұл—жол басы даналыққа»,—
деп басталатын өлеңге өлем деп бастап, содан күрделі өмірдің не бір
ғажайып қырлары мен сырларын түгел игерген көзі ашық, көкірегі ояу,
оқыған азамат болып өскенге дейінгі ұзақ жол түгел сыйып тұрғандай. Сол
жолдан түгел өтіп адам боламын деген әрбір талапкерге парыз екенін, күллі адамзат сол жолмен жылжып бара жатқанын сәби санасына жеткізе
ұғындырып алғаннан кейін, ол ой түйінін тереңдете тұжырымдап, былай
айттады.
Даналық— өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер іздеп тауып алалық та!…
Білімді оқып—үйренген соң, оны қажетті жерінде қолдана білу керек. Ал оқығанның бәрі ізгілік кәдесіне аса бермейтінін Ахмет «Қазақ салты» атты өленінде:
Не пайда, өнерің мен біліміңнен
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған,—деген өкініш түрінде білдіреді, оның себебі мынада:
«Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан»,—деп түсіндіреді. Ахмет
өлендерінде күрескер бейнесі, қайраткерлік әрекеттері— оның
шығармашылық мұрасындағы ең арналы, танымдық та, тәрбиелікте
тағылымы ерекше мол сала. Ол өзінің саналы әлеуметтік қызметінің басынан бастап патша үкіметінің отарлау саясатына, қазақ даласын жайлаған жолсыздықтарға, патша өкілдерінің қатал айуандығы мен солардың аузына қараған жергілікті болыс—билердің опасыз аярлығына, байлардың тоқмойындығы мен тас бауырлығына қарсы күресті.Сондықтан өте күрделі іске басын байлаған Ахмет өз шығармашылығың тырнақ алды туындыларынан бастап түгелдей осы бағытта өрбітті. «Адамдық диқаншысы» атты өлеңде құлдық кешенесі сүйегіне сіңіп, әбден езіліп—жаншылып қалған халыққа адамгершілік қасиеттерді дамыту көлсіз, көгалсыз құрдымға тұқым сепкенмен бірдей екені айтылады. Өйткені, оның түсінігінше қамыт киіп, қамшы жеп, мал орнында үнсіз жүре бергеннен басқа тірлік жоқ. Ал бұл қамалды бұзу үшін, асылды қайрай білу керек. Ел ішіндегі ер жүрек азаматтардың нәтижелі іс тындыруына кедергі болып тұрған бір көлденең тоскауыл бар.
Олар — елдегі салқын жүрек санасыздар. Ешқашан шын көңілімен жанаса алмайтын, ел қамын ойлап, қинала алмайтын себебі — олар өздерінің ар—абыройын ақшаға сатып жіберген, жаны да, жақыны да мал болғандықтан, өзге жұртқа жаны да ашымайды, халқымыз еді—ау деп қайғырмайды. Ахмет ел ішіндегі бейғамдыққа, самарқаулыққа, іштен жегідей жеген алауыздыққа назаланады. Сөйтеді де, бір сәт шарасыздыққа түсіп, ойын былай түйеді:
«Әлі де саңылаусыз салтын бағып, Түрі жоқ іс ететін пәлен дерлік. Ұлы той көппен көрген», жалғыз мен бе,— Деп отыр не болса жұртпен көрдік».
Ахмет өмірдегі алғашқы қадамын бала оқытудан бастаған болатын. «Адамдық диқаншысы—қырға шықгым, Көлі жоқ, көгалы жоқ, қырға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың»,—деген.
өлең жолдары арқылы өмірлік мұратын паш етіп, өз мақсаты бейқам жатқан
халқын сауаттандырып, өнер білімге, мәдениетке жетелеу екенін білдіреді.
«Біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек»—бұл сөз қай
заманда да күн тәртібінен түспейтін қағида. Ахмет ұғымында білім—
«біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз—білімнің
жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы. Түпкі мақсатта осы екеуінен адамшылық мінез шығару мәселесі тұрады. «Білім—бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста ақылды, не істесе де, келістіріп істейді. «Қазактың білімді адамдары жамандық істесе де халық оған сүйенеді, келістіріп істеген себепті. Өзге жұрт білімді бұзықтыққа жұмсағанға күйінеді, біз оған сүйенеміз. Бұл адасқандық емес пе?»,— дейді Ахмет./10/
Қалғып, мүлгіп күн кешкен қайран қазақты қайтсем оятамын, қалай ел
қатарына қосамын деп, амал іздеп бақты. Төл туындысы болсын, аударма дүниесі болсын, ол осы бағыттан жаңылмайды:
«Бұл неткен жұрт ұйқышыл?!
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам, жым жырт жай».
Қазақтардың ұйқыдан бас көтерген кезінде бітірері өзді—өзі шен—шекпенге таласып, өзгелерге жем болып жататынына күйінеді. Мұндай кезде;
Шығармай, бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік;
…Жат жақты жаратқанға көз еттіріп,
Жақынмен араздастық, иттей үрдік, —деуінде ащы шындық жатыр.Бұл қазіргі біздерді де толғандырып, үлкен міндет жіктеп тұрған жолдар. Ахметтің алысатын жауы қараңғылық пен надандық еді. Ол осы алысатын, күресетін жауы туралы былай деп ашып айтты: «надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз— бәрі надандық кесапаты». Ахмет санаулы жылдар ішінде қазақтың ата жауы надандықпен бел шешіп күресіп, қараңғылыққа қарсы өзі көтерген күрес туы астына жиналған қазақ зиялыларынан жауынгер жасақ құрды. Бұл Ахметтің надандықпен күрестегі тарихи ірі жеңісі болды. Оның ісінен нәтиже шықты Ахметтің ұранын өзгелер оның ізбасарлары қазақты оятуға қару етіп пайдаланды.
Әлихан Бөкейханұлы -XX ғ. басындағы қоғамдық ғылымдар дамуында
терең із қалдырған, пролетариат диктатурасына қарсы тұрған, ұлттық, демократиялық қозғалыстың көсемі, күрескер, ғалым, ойшыл. Әлихан Бөкейханұлының қайраткер ретінде калыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын -жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907 ж. тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы-Көрпеш-Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін,әрине кездейсоқ жағдай деп айту қиын. Болашақ қайраткердің өмір жолының қалыптасуына отарлық езгіге карсы Кенесары бастаған жалпы ұлттық көтеріліс туралы ел арасындағы әңгіме, аңыздардың айтарлықтай ерекше әсері болса керек. Екіншіден, XX ғ. басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Әлихан Бөкейханұлы сияқты ірі қайраткердің қалыптасуы, әрине, мүмкін емес-тін. Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, Ұлы Француз революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды 1917 жылдың жазында Уақытша Өкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақласында ол: «Бостандық, теңдік, туысқандық. 18- ші ғасырдан бері жарыққа шыққан жаңа пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан,
Лев Николаевич Толстой философиясынан табылады, көзі ашык талапты ер
іздесе.Бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт,махаббатына жоқ жоқ.
Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады,» — деп жазды.
Патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ, зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ана бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағытта газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті қоғамдық-саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. Сол жағынан аз, әлеуметтік саяси күресте жинаған тәжірибесі мардымсыз ұлттық интеллигенция үшін бұл жеңіл — желпі емес істерді көтеріп алып кету оңайға түспегендігі анық.
Осы тарихи кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға
болар еді. Олар: белгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялык Конституциялық демократиялық партияның жергілікті
филиалын құру жолында жасалған әрекет. Сол тұста жалпы қазақ қоғамының
саяси өмірінде жаңалык есебінде болған бұл оқиғалардың Ә.Бөкейханұлы
қызметіне тікелей қатысы болғандықтан, олардың тарихи және қоғамдық-
әлеуметтік астарына қысқаша тоқталайық. 1905 жылы маусым айында
Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясында онда қазақ
қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай талаптар қойылды діни сенімдерді атқаруда, оқу — ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті
халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою;ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу халқының мұң — мұқтажын талқылауға қажет құрал — цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар
орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау;
мемлекеттік аппаратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою, т.с.с. Патша
әкімшілігі алдында петиция түрінде қойылған бұл талаптар қазақ қоғамының
сол кезендегі әлеуметтік — саяси деңгейінен туындаған жалпы демократиялық
сипаттағы талаптар болатын. Осы талаптар арқылы Әлихан қазақ
қоғамындағы адамның мәртебесін көтеруге, оның рухани байлығын көтеруге
септігін тигізуге талаптанды. Бұл тарихи кезеңдегі қазақ қоғамындағы
азаттық қозғалысы адамның ең қарапайым құқтары жолындағы, демократия
жолындағы күрес еді.Әлихан қазақ халқын саналы көзі ашық оқыған
азаматтар қатарына қосу үшін үнемі ізденіс күрес үстінде болды. Оның
алғашқы ізденіс нәтижесінде жасаған тұжырымы — қазак қоғамын
ортағасырлық мешеуліктен алып шығатын жол Ресей арқылы жеткен
дамудың батыстық нұсқасы, басқаша айтқанда буржуазиялық қатынастарға
жол ашу еді. Әлихан бұл туралы былай деді: «Таяу болашақта даладақырғыз
арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси партия құрылуы ықтимал
олардың бірі ұлттық діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі батыстық бағытта… Алғашқысы үлгі ретінде мұсылман татар партияларын алса, соңғысы — орыс оппозициялық, мәселен, «Халық еркіндігі» партиясын алуы мүмкін»./12/
1918 жылға дейінгі қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде аса
үлкен роль атқарған «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы
ұлттық деңгейге көтерілуінде Әлиханның атқарған еңбегі аса зор «Қазақ»
газетінің бетінде Әлихан өз ұлтының жоғын жоқтады, қиын-қыстау, тар
заманнан ұлтты қалай аман алып шығу жолдарын қарастырды.Кез-келген
ұлттық-демократиялық интеллигенция үшін өзекті мәселелердің бірі өз
елінің қоғамдық тарихи даму жолына қатыналы,соған бара беру болып
табылады. ХХ ғасырдың бас кезінде ұлттық интеллигенцияның алғашқы
буыны қазақ тарихын өзара талқыға салды.Бұл талдау ұлттық көлемдегі
тұңғыш саналы, мақсатты талдау болатын және жаңа қалыптасып келе
жатқан ұлттық сананың тұтастыққа ұмтылушылығының көрінісі есебінде
жүрді.Халықтың жүріп өткен жолын, жиған тәжірибесін сарапқа салу жар
үшін қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарына көз жеткізуге керек еді.Бұл
ретте олар өткен тарихқа шындық тұрғыдан дәл баға беруге тырысты.
Әлихан ұлттық мешеуліктің түп-тамырын халықты билеушілердің
надандығы мен ел бірлігінің жоқтығынан көріп : «Пәлен хан-ай? Пәлен
би-ай» деп отырып өкінесіңдер.Бұрынғы хандарың да ,бұрынғы билерің де
осы күнгі атқа міндім деп жүрген өздеріндей еді. Қазақтың бұрынғы
басшыларында , әділдік береке болса, бұл күнде қазақ бұл күйде болар ма
еді? Жұрттың берекесі кетуге түктен себеп болатын нәрсе қазақта бірліктің жоқтығы, -деп шындықты айтты. Ағартушының сипаттағы бұл ойын дан әрі жалғастырып : «Әділдік жоқ жұртта береке — бірлік бол майды. Байлықты өнермен, шаруамен , қызметтен іздемей , жұртты тонап,
момынды жылатып іздеген мырзалар , қысты күнгі үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой , қанша қомағайланса да сорғаны өз аяғы , — деп» аяқтайды». Сол кезеңдегі Қазақстанға буржуазиялық қатынастар енуі, ұлттық буржуазия мен интеллигенцияның қалыптаса бастауы , жалпы халықтың ояну жағдайында ұлтгық мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібіне қайтадан қойылды. Осы тарихи кезеңтегі қоғамның прогресті элементтерінің мемлекет туралы ұғым түсінігін , бағыт — бағдарын Әлихан еңбектері арқылы байқауға болар еді. Әлихан ұлттық еркіндік пен дамудың алғы шарты ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді.Оның түсінігі бойынша ол мемлекет автономия түрінде болмақ. «Автономия болу- өз алды мемлекет болу ». Сондай — ақ , бұл көп ұлтты автономия.
Бұл туралы ол былай деп жазды: «Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса , іштегі орысты ала кетеміз бе?- деген үміт .//12 Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болмақ емес ; жерге байлаулы автономия болмақ . Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді»! Көп ұлттылық елдің экономикалық, саяси және мәдени дамуына қажет қолайлы фактор болмақ. Мәдени және саяси мешеулік ұлттық мемлекет құрудағы негізгі кедергілер екенін айтып, осы кемшіліктерден құтыла келіп ,түркі мақсат саяси дербес мемлекет түзу болатындығын ашық білдірді . Әлиханның өмір жолында 1916 жылдың дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Майдандағы жұмысқа қазақ жастары алынған соң, Әлихан бастаған бір топ қазақ интеллигенттері өз еріктерімен майданға аттанып , Батыс Майдан штабы жанындағы Земскі және қалалық одақтың бұратана бөлімін ұйымдастырып, оны басқаруды Әлихан өз мойнына алды . Бөлімнің міндеті майдандағы жігіттерге қажет тұрмыстық жағдай жасау және басқа түрлі көмектер көрсету еді. Бұра бөлімі Қазақстанды дәрігерлер, фельдшерлер шақырды, қазақ мұғалімдерін тартып жігіттердің сауатын ашу үшін кружоктар ұйымдастырды. Олардың арасында осы мезгілде «Еркін дала» ұйымы құрылды «Қазақ» газеті майдандагы жігіттер мен қазақ даласын галғастырушы көпірге айналды, жігіттерге қуат берді, саяси танымын өсірді. Бұл Әлиханның қоғамдары адам мәселесін бірінші орынға қойғанын, адамды басты байлық деп санағанын көрсетеді. Жалпы осы тұстағы қазақ интеллигенттерінің майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық қызметі ұлттық интеллигенция тарихының шарқын беттеріне жатады. Сол атқарылған істердің басы-қасында Әлиханның өзі тұрды. Майдандағы -жұмысшы жігіттерге көрсеткен риясыз қызметі үшін ол құрметке бөленді , «Алаштың Әлиханы» атанды , Әлиханның ел арасында мұндай атаққа ие болуы оның үлкен адамгершілік іс-әрекеттерінің айқын жемісі болатын.
Әлихан «Қазақ» газеті беттерінде жарияланған мақалаларында әрдайым
адам мәселесін қарастырып , адамның қоғамда тең кұқылы болуына, барлық
ұлттар жалпы адам ретінде тең екеніне басты назар аударды: «Сайлау хұқы»
деген мақаласында былай деді, — әр кімде кісіге беретін де , кісіден алатын да
хұқық болмақ. Әр кімде депутат болуға да, депутат сайлауға да болады , —
деп, адамдардың сайлау кезінде тең құқылы болуын міндетті деп санайды. Өз
заманындағы өзге де зиялылар тәрізді Әлихан да надандық құрсауында
қалып, ұйқыда жатқан халқын оятпаққа бар күшін салады. Ол көптеген
мақалаларында осы күрделі мәселені қалай шешпек керек деп , ойға батады.
Әлихан қазақтың төмен деңгейіне орыстың мұжықтарының өмір сүру
деңгейін қарсы қояды . Көрші отырған елден кейінде қалмау керектігін баса
айтады. Бұл туралы «Торғай облысының мұжық қазағының съезі » деген
мақалада былай деді : «Қазақ-ау»! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта
қалып жүрме! Мұжық көрші отырып, бостандық, құрдастық,туысқандық
шарафатын пайдаланғанда ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр
айналып , кейін қайтып , көрші жұртқа балаңды жалшы , малшы құл қылып
безіп , жұрағаттьң обалына Алаштың баласы қалып жүрме. Сондай-ақ бұл
идеяны Әлихан өзге де мақалаларында бекітіп отырады . Ел арасында
бірліктің қажет екенін , бүтіндігі ғана адамды бостандық теңдікке
жеткізетінін ол нығырлап айтты. «Мемлекет халі» деген мақалада Әлихан
осылар туралы айта отырып » Ресейдегі соғыс, төңкеріс кезінде Алаш
баласы тек бірлік көрсетуі тиіс дейді. «Мұндай мемлекет басына күн туғанда біздің алаш баласының қылатын ісі бірлік қылып, бостандық, теңдік, туысқандықты пайдаланған жұрттың бүтіндігін ойлаған жергілікті үкімет
кісісіне соғыс туралы болысқан мал беріп, астық беріп, пішен беріп , земства , Учредителъное собрание келе жатыр . Осыларды адамшылықпен дұрыстап өткізген» Әлихан әрдайым жалпы қазақтың қамын ойлайды . Ол ұлтты қорғап қалу жайын қарастырып , сол үшін не қылмақ керек деген мәселені шешуге күш салды.
«Саяси хал» деген мақаласында да Әлихан Ресейдегі саяси жағдайға талдау жасай келіп , «біздің қазақ жері әзір бұл Россия ылаңынан аман . Алаштың баласы аман қалар ма , жоқ па ? «, — деп өзінің қорқынышын білдіреді. «Аға — іні, Алаштың азаматы бірік , бүгінгі үй ара уақ істі таста , мына караңғы қара бұлт Россия ылаңынан Алаш басын корғайтын жолға шық, — деп халықты татулыққа, бірлікке шақырады . Әлиханның Европа мәдениетімен жете таныс болғандығы анық . «Неміс мәдениеті» атты мақаласында ол қазақ халқын немістерден үлгі алуға шақыратын тәрізді. Ол немістердің шағын аумақты қоныстана отырып , үлкен өсімге қол жеткізгенін шеберлік деп көрсетеді. Әлихан немістердің өнерлілігін Европаның өзге елдерінен бөліп қарастырады. «Жер көп азы мәдениет дәрежесіне қарай болады . Өнерсіз , жаһиды сабан біз сияқты жұртқа һәм жалғыз бидай ғана салғаннан басқа қолынан түк келмейтін орыс мұжығына ер басына жүз 15 десятка да аз . Жұрт ап , арық , егін — шөп бір жыл шықпаса жұт, ашаршылык келеді. Міне, жоғарыда жазылған Европа жұртында, орыстан басқа жұртта ашаршылық та болмайды . Мұнда адам қол жетпес -құдайдың жаңбырына жалынбайды,өз қолындағы жаһид, өнеріне жалынады . Жоғарыда жазылған Европа жұртының ішінде ғұмырын бақыт жолына аударған , әсіресе , неміс» ,2- деп жазды Әлихан . Оның мұндағы ойы біздің қазақ неміс сияқты өнер үйренсе , өмір қиыншылығынан зардап шекпес еді — ау дегенге саяды .
Міржақып Дулатов саяси еркіндікті саралаушы. Міржақып Дулатов XX ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі , халық бостандығы үшін күресуші , ақын , жазушы , ойшыл . Міржақып халықты көпғасырлық ұйқыдан оянуға , артта қалғандығын сезінуге шақырды . Бұл туралы «Оян қазақ» атты еңбекте жазылған Міржақып та өзінің замандастары тәрізді қоғамдағы адам мәселесіне ашық тоқталады. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш қазақ романында ол қарапайым қазақ әйелінің тағдыры туралы мәселе көтереді . Бұл тұңғыш роман туралы М.Абсеметов былай деді: «бұл ірі прозаикалық шығарма ауыр кезеңдегі халықтың қайта өркендеуі , оның өзіндік санасы өсуінің алғашқы жаршысы болды , қазақ ұлттық әдебиетінің дәрменсіздігі туралы айтатын скептиктерді анық теріске шығарды»! Романда ұлт-азаттық -қозғалыс тудырған идеясы беріледі. Қазақ әдебиетінде еркіндік идеясы жалпы халықтың надандық және қараңғылықтан арылу ретінде және тең -құқығы жоқ қазақ қызына еркіндік әперуге , адам тұлғасы үшін күреске бағытталған еді. Бұл романда қалың малға зат ретінде сатылған, жапа шеккен қазақ әйелінің өмірі бейнеленеді . Автор Жамал арқылы қазақ халқының шынайы тұрмысын , қоғамның күрделі мәселелерін суреттейді . Жамал бар күшімен білім алуға ұмтылады , бастауыш білім алып, оны жалғастырғысы келеді. Бірақ, Жамалдың өмірде жолы болмай, қазақ қоғамына сай жүйенің құрбаны болады.Міржақып қазақ қызының қоғамдық
жүйеге қарсылығын , өз тағдырына өзі билік еткісі келгенін көрсетуге
тырысады . Автор қыздың ата-аналарын , қоғамды қатал сынайды. Роман
үлкен беделге ие болды .Міржақып пен Ахметтің ағартушылық қызметтері
«Қазақ»газетінің редакциясындағы жұмыстары барысында айқын көрінді.
Олар ұлттық сананы қалыптастыруда мәдениет пен ағартушылық ошары-
газет пен журналдың ерекше орын алатынын жақсы түсінді . Міржақып пен
Ахмет жазған мақалалар тақырыптары өте кең, олар XX ғ. басындағы қазақ
қоғамының өмірін толық қамтыды. Ағартушыларды қазақ тілі мен
әдебиетінің дамуы мәселесі толқытты , олар дәрігерлік қызмет жағдайына ,
жаңа мектептер және даланың сот органдарының жұмысына тоқталды ,
халықаралық оқиғалар мен мәдени өмір жаңалықтарын хабарлады , патшалық
Ресей саясатынан жапа шегуші қазақтар туралы ашына жазды . Олардың ойлары бойынша,қазақ қоғамын өзгерту үшін, адамдардың санасын өзгерту
қажет, болашақ туралы ойландыру қажет.
Міржақыптың дүниетанымдық позициясы — бұл адам болмысының әлемі мен табиғаттың заттық әлемінің шынайы өмір сүруін мойындау. «Әрбір жазылған сөз жазушының сезінуімен, естуімен, көруімен шыққан нәрсе . Өзін қоршап тұрған табиғат һәм тұрмысты сезуі , көруі , жазушының ойында ретке келіп , мағынаға айналғаннан кейін сөз болып сөйлесіп , жазу болып қағаз бетіне түседі.»1 Осындай пайда болатын жазбаша шығармалар-мысал , өлең , ертегі , т.б. оқырманға жазушының ойын жеткізуге , ол елестетіп табиғат пен өмір бейнесін көрсетуге , өз сезімін оқырманға сол күйінде жеткізуге арналған . Өз ойын құрастыруда, және оны өзгелердің сезімі мен ақылына жеткізуде жазушының ана тілін қолдана білуі негізгі орында тұрады. «Тек туған, ана тілі ғана адамды сол ұлттық өкімі ете алады,»2 Ана тілін жоғалтқан адам өз ұлтына жат көрінеді. Күрескер, мейлінше ұлтжанды, азатшыл, еркін ойлы . Міржақып өз заманындағы адамдардың қиын өміріне күйзеледі, халқын сол бір тығырықтан шығаратын жол іздейді . «Оян қазақ» жинағында автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылған .
Көзіңді аш, оян, қазақ,көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап , хал харап боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты /14/
Жинақтың қара сөзбен жазылған қысқаша кіріспесінде автор туған халқының дүние сарайының «бір қараңғы түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұрғанын » өкінішпен айта келіп , осы бейқамдықпен жата беретін болсақ , таяудағы болашағымыз бұдан да ауыр күйге ұшырауы мүмкін деген ойды аңғартады . Мұндай қиын жағдайға ұрынбау үшін, оның ойынша, екі -нәрсе қажет. Біріншіден, мұсылман оқуын жетілірек меңгеріп, дінді тереңірек тану, сөйтіп, надан көпшіліктің көзі мен көңілін қатар ашу. Бұл- ана дүниелік ахиреттің қамы . Екіншіден , мына дүние тіршілігіне қажет нәрселердің бәріне қол жеткізіп, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан қорлық көрмес үшін,орысша оқып, өнерлі болу. Міне, осы ой, мақсат «Қазақ халқының һәм бүгінгі халі деп аталатын алғашқы өлеңмен бастап ,
жинақтың ақыр аяғына дейін негізгі арқау етіп алынады да, үнемі қайталанып, пысықталып отырады.
Адасып қараңғыда сорлы қазақ ,
Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай.
Міржақып анықтауындағы халықтың жағдайы осындай болғандықтан, бас көтерген әрбір азаматқа қойылар талап та үнемі осы желі де шығып отырды.
Жігіттің иесі жігіт босқа жүрген
Қызметпен пайда беріп, халықка жақпай./13/
Міржақыптың философиясы жөне әлеуметтік концепсиясы нақты әлеуметтік-
саяси мәселелерді шешудің логикалық принциптерін негіздеуге бағытталған.
Ал мұндай мәселелер ол кезеңде өте көп болды . Осылардың ең бастысы
ретінде ол Ресейге тәуелді Қазақстан мен патшалық үкіметтің қарым-
қатынасы мәселесін қарастырды. Дәрменсіз, ойсыз, реакцияшыл патша
үкіметінің қазақ халқына қатынасын сынау оның саяси сапасының басты
нысанасы болды. Патша үкіметінің саясатын сыни талдау нәтижесінде саяси
және әлеуметтік мағынадағы бірнеше жаңа категориялар енгізді . Олар
«сатрапия», «өзіндік сана», «өзін-өзі басқару», «өкілдік»,»объективті»,
«активті»,т.б.Осылайша Міржақып қазақтың әлеуметтік санасының дамуына
үлкен қадам жасады. Ол патша өкіметіндегі бюракратизмді қатал сынға алды.
Патша үкіметінің отаршылдығын сынау оның шығармаларының негізгі
өзегін құрады . Қазақ халқының отарлық күйі- бүкіл қазақ қауымының талай
замандардары тарихи дамуының нәтижесі, саяси-әлеуметтік тіршілік
салтының логикалық салдары, қоғамның ішкі қайшылыктарының заңды
зардабы болды. Халқының өткен тарихынан мол хабардар ақын оның бүгінгі
ауыр халін суреттегенде осындай нақты тарихи көзқарас тұрғысынан келеді.
Емін-еркін көшіп-қонып жүрген қазақтарды іштен жегідей жеген алауыздық
болды. Ішкі бүтіндігі іри бастаған елге сыртқы жаулары да көз алартуын
жиілете бастады.
Сол кезде біздің қазақ ала болған,
Көлденең дұшпандары және болған.
Біз мұндай болар ма едік бұл уақытта,
Істесе халық пайдасын ғақылменен.
отаршылдықтың қамытын киген , өз жерінде отырып бұратана атанған қазақ еліне бәріне өзіміз кінәліміз деп жеткізеді:
Сыя алмай, кең дүниеге таласушы еді,
Таршылық енді көріп сығылысқан…
Екі сұңқар таласса, құзғынға жем,
Берекесін бұл қазақ сөйтіп кұртқан /13/
Бұның бәрі — тарихи шындық . Ақын бұл шындықты жөн — жөнімен саралап, әсерлі өлең тілімен жеткізеді. Міржақып қазақтардың өз қоныстарынан қуылуын шұрайлы жерлерді орыс шаруаларының күшпен алуы осыған орай малшылардың көшіп қону жері тарылық малшаруашылығы өнімдерінің көлемі төмендеуін ашына бейнелейді. Патшаның колониалдық саясаты Қазақстанды жаппай құлдырауға әкеліп соқтырды. Қазақтарды
экономикалық қысымға алып, кедейлендіріп қана қоймай, патшалық бюрократия қазақ халқының мәдениетіне де қол сала бастады.
Міржақыптың «Таза бұлақ» атты өлеңіндегі пікірлер адамгершілік, жақсылық қағидалармен асталып жатыр.
Бұл сөзден ғибрат мол адамзатқа,
Тегін қыл, жақсылықты пұлға сатпа,
Бұлақтай кез — келгенде даяр болып
Міндетсіз біліміңді тарат халыққа,-дейді
Оян, ұйқыңды аш , халқым дегеннен танбаған ол енді қазақты аямай, мүсіркемей, сынап- мінеп сөйлейді:
Ақылын жанашырдың алмаушы едің,
Сөзіне сірә құлақ салмаушы едің,
Қымызға шекең қызып, етке тойсаң,
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің.
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің.
Арзанға қымбатыңды сатушы едің.
Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң,
Борышқа шаш етекпен батушы едің./13/
Бұл ойшылдың ұлы Абаймен пікірлес екенін және халықтың сол кезден бері мінезінің әлі өзгермегенін көрсетеді .1915 жылы Міржақыптың «Терме» атты жинағы шықты . Осы кітапқа жазған кіріспесінде ол : «Бұл өлеңдер мұнан алты — жеті жыл бұрын , қазақта газет , журнал жоқ кезде жазылған еді. Сондықтан көбінісе оқып жүрген жастарға арналып , оларды ояту , білім ғылымға шақыру , халықты надандықтан құтқаруға үндеп , сол рухта жазылған»,-дейді.
Ақылы кәміл жігіттер
Заманның көз сал халқыңа,
Халқыңның ойлап пайдасын,
Өзің үшін налыма , — деп , ойшыл жігіттерді халық қамын ойлап жүруге шақырады. Біздің бойымызға сіңіп , ажарымызды ойшыл-ақын бетімізге таңба басқандай етіп айтады.
Ағайын барды күндеп көре алмайды,
Жоқ болса , жомарттық қып бере алмайды,
Кеткені берекенің сол емес пе,
Білмеген білген тілін неге алмайды? /13/
Мұндай ащы ойлар оның барлық өлеңдерінде кездесіп отырады .
«Оян қазақта» көп айтылып , қайта- қайта пысықталып отыратын өзекті ойлардың басын қосып, оларды жинақгап, тұтас бір ақындык желіге тізіп берген екі шығарма — «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат» және «Насихат умумия» атты өлеңдер . Мазмұны жағынан бірін — бірі толықгыра түсетін бұл шығармаларда оны толғандырған барлық мәселелер аса әсерлі ақындық жинақтау, философиялық ой- қорыту дәрежісіне көтеріледі . Олардың әрбір шумағынан халық тағдырының ақын жанын толғантқан не бір көкейкесті мәселелері естіледі. Ол өзінің толғанысын бірде:
Жас орнына көзімізден қан кетіп,
Қолымыздан ата мирас заң кетіп…
Аяқ асты болып қазақ қалды ғой,
Құр әншейін рухы қалып,жан кетіп…
Кім жазалы өзімізден көрмесек,
Төбемізге шығардық қой дәндетіп, — деп күңіренсе,енді бірде:
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттің ғой отқа күйіп , өрттен қашпай,
Әр халық алға кетіп жатсадағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай,-деп налиды.
Осы тығырықтан шығатын жол таппай,соны өзінің жеке басының қайғысындай қабылдап қиналған ойшыл:
Аһ десе іштен қайнап шығар жалын,
Халықтың кім түзетер мүшкіл халін,-
деген сауал қояды. Қазақ халқының бейжай — болбырлығы , надандығының салдарынан тістегеннің аузында кетіп бара жатқанымызды ,көштен қара жаяу қалғанымызды Міржақып айқын көрсетеді:
Күн көреміз қайда барып анашым,
Білгіштерің хал мүшкілін қарасын.
Сүйегі жоқ , тіске жұмсақ болған соң
Әркім жейді біздің қазақ баласын
Аз емеспіз алты миллион халықпыз
Алхамдилла, надандыққа ғарықпыз.
Жайымыз жоқ одан басқа мақтанар,
Сахарада мәжуен боп қалыппыз, — деп ащы шындықты көрсетеді.
Енді Міржақып надандықтан құтқаратын өнер екенін , бірақ ел ішінде бұған құлақ аса қояр адамның жоқ екеніне көңілі құлазып , былай деді:
Бір айтпадым, көп айттым , керек өнер ,
Бұл айтқанға халық та , көп те көнер.
Бұл заманда көз салсақ бір мінез бар
Дұрыс сөзге табылмас кісі сенер…
Болмаса азын-аулақ саналылар,
Бозбалалар, көбіңнен үздім күдер…
Бірде осындай шарасыздықтан көңілі жүдеп , құлазып қалған ақын , енді бір ауық өз көкірегінде үміт отын қайта тұтатады ,ел ішінен көңілі ояу , сезімі сергек ұлдар , ұландар , ерлер шығатынына сенеді, соларға үміт артады.
Мыңнан біреу шыққанда басшы болып,
Жүзден біреу шықса екен соңына ерер,
Әр тайпадан бір білген болып тұрса,
Сонда жұртқа шүбәсіз үлгі берер,
Халық пайдасын көздесе осылайша,
Ісімізге әлбетте береке енер./14/
«Азамат» атты жинағында ол саналы азаттық қозғалысының белгілі бір кезеңін бастан кешіріп , оның азап бейнетінің дәмін татқан , ұлы шайқастың күрескер ретінде қазанында бір қайнап шыққан тәжірибелі көрінеді . Оның халыққа арнап ендігі айтар сөзінде өз басынан кешкен кептердің шындығы бар. Міржақып халқының жолында өз басын құрбандыққа беруге даяр екенін айтады. Ол әлі де болса керенаулық пен бейқамдықтың шылауынан шыға алмай, ескі сүрлеуді шиырлап жүрген халқына:
Мен не болсам, болайын саған садақа,
Сүйікті жұртым , қақпанға түсіп алданба , — деп ескертеді . Сондай -ақ,
Жұрттығыңды жоғалтпай әлден , басын қос ,
Озу қиын көлебе жерге барғанда , — деп , халықты бірлікке, татулыққа шақырып, бұрынғы айтқандарын шегелей түседі. Осы тұста ол елге көсемдік қылар ақсақалдардың , олардың соңынан еретін жастардың, адасқан елді дұрыс жолға бағдарлайтын оқығандардың , мал –дәулеті мен ортақ іске жәрдемін тигізетін байлардың жұрт санасын ағартып , ақ батасымен елді жебейтін молдалардың басына тағы да сөз арнап, оларды бір арнаға тоғысуга шақырып , бұрын ел бірлігін көксеген азамат енді халқын ұлттық бірлік , тұтастық дәрежесінде көруді аңсаған күрескерге айналғанын көреміз.
«Шағым» атты өлеңінде Міржақып туған елі үшін өмірін өкінішсіз құрбан етуге сәт сайын дайын тұратынын бекіте түседі:
Қалғанша, жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса , Алаш !, десе ,
«Сырым» деген өлеңінде:
Көздеген оқ, сермеген қылыш болса да,
Тәуекел деп қасқайып көзді жұмармын , — деп өзіне-өзі жаңа күш береді Міржақып халқы үшін күресуді кездейсоқ тап болған іс ретінде қарамай, оны құдырет күшінің өз маңдайына жоғарыдан жазып жіберген үлесі деп қабылдайды.
Кім үшін тусам , сол үшін өлу-борышым ,
Міндет қылып қосқаны маған кұданың. Өз тағдырын осындай биіктен түсінген ол «Арманым» деген өлеңінде:
Аяусыз жаным,мен бір құрбан лағың,
Болса алуға қаным себеп мұрадың.
Болайын сүйінші, жұлдызы жанып бақыттың,
Сен көкейді деп естісе құлағым , — деп , көңіл түкпіріндегі аңсауын ақтарады Жүрегі халқым деп соққан , соның бақыты жолында қатерге басын байлаған оның көңілін жасытып , жігерін құм қылатын нәрсе — бұқара тарапынан көрсетілген самарқаулық пен енжарлық./14/
Көп құлағы мақтаменен тығулы
Қасқыр қуып үріккен қойдай ығулы
Құбыжық бар десе қорыққан баладай
Су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы , — деп жаны құлазиды.
Міржақыптың «Я Алла» атты өлеңінің философиялык мағынасы
терең. Мұнда табиғаттың неше түрлі құбылыстары мен дүниеде күн сайын кездесетін не қилы оқиғалардың сыр — сипаты мен себеп-салдарлары түсіндіріледі.
Я Алла! Ғаламыңды жаратқаның,
Жүзіне махлұқтарды таратқаның,
Өндіріп бір адамнан мұнша халық,
Әлсізді күштілерге қаратқаның, — дей келіп , адамдарды әртүрлі топтарға бөледі: байлар, кедейлер, оқығандар , надандар, жауыздар , билер т.б.Сондай-ақ,
Бәрінен өнер-білім босқа қалып, Ішінде осы көптің жүр қазақ та,-деп,
Солардың ішінде өз халқының өнер-білімнен бос қалып келе жатқанын қынжыла айтуды Міржақып бұл тұста естен шығармайды. Міржақып ислам дінінде белгілі бір дәрежеде халықты ағартушылық бағытқа жетектейтін негіз бар , — деп есептейді . Бұл мәселеге орай профессор К.Бисембиев былай деп жазады ; М.Дулатов — «жер мен дін мәселесін шешу» — халықтың оянуының алғышарттарының бірі деп есептеді, көшпенділер арасына мешіт салдырып, медресе ашуға шақырды мұсылмандық шарттарын берік ұстап , жастар санасына дін рухын сіңіруді көздеді . Ол байларды мешіт пен медресе ашуға жәрдем беруге , мұсылман дінін берік тұтып, әр ауылда бір-бір молда ұстап неке қию, ажырау , мұрагерлік, балаға ат қою , жаназа шығаруға дейінгі салттардың барлығын соларға өткіздіртуге үндейді. Дулатов Қазақстандағы діни басқарманың бүкіл иерархиялық системасының программасын жасады. Ғалымның дәл айтқанымен , бұл мәселе тереңірек зерттеп , Міржақып әрекетін кеңірек түсіндіруді қажет етеді Бұл орайда мынаны баса айтқан жөн.Міржақып мұсылмандық шарттарын берік ұстап , жастар санасына дін рухын сіңіруді басты мақсаты деп есептеумен қоса, ол көшпенділер арасында оқу — білімінің тарағанын құптады . Ғасырлар бойы дамып келе жатқан христиан дінінің әрекетінен қазақтың қалпын сақтап қалатын ислам діні деп ойлады. Ал жалпы дін мен ғылым мәселесіне келгенде ол ғылым жағын жақтады — ғылымның жақсылығын айтты, діннің кемшілігіне халықтың назарын аударды . «Дін қараңғылық қара түн мысалында болса,- деп жазды , ол — ғылым жарық күн мысалында түн мен күн табиғат заңы бойынша , жанаса бір-біріне жақын жүрсе , дін мен ғылым еш уақыт жанаса алмайды. Ғылым табиғаттың күштерін, жаратылыстану мінездерін жаңа -тал түстің жарығында тәжірибелеп шегіп адам баласының көзін, көңілін аша берген дін ғылыммен қайшылыса — әр уақытта, әр жерде адам баласының айналдырып бағына кедергі болған нәрсе . Дін адам баласына , адам қоғамдарына хатта жеке адамға аяқ — қолына тұсау, басына томаға , көзіне шел болады».! Осылайша ол адам өміріндегі ғылым мен діннің орнын айқын ажыратып береді . Міржақып өзінің «Оян қазақ!» кітабында молданың оқуын қатаң сынға ала отырып , Қазақстанда тұңғыш рет медреседегі жаңа оқудың әдістемесін ұсынды:
Медресеге сайлансын екі молда,
Бірі оқытсын мұсылманша , бірі орысша,
Педагогика тәртібімен оқытса олар
Қазағым кетер еді сонда алға.
Міржақып өзінің ағартушылық қызметінде ана тіліне зор мән береді. Оның пікірінше ана тілін , дінін , әдет — ғұрпын, салт-дәстүрін берік сақтаған халық шын мәнінде білім мен мәдениетке қол жеткізбек.
«Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», һүнермекен хасыл болған нәрселер , «Мөжір-медресе хақында», «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат», т.б. публистикалық өлеңдерінде Міржақып қазақ халқының өзге елдермен дәрежесін теңетер күш-өнер , білім , ғылым , мәдениет және еңбек қайраты екеніне ерекше назар аударған. Жер мәселесі мақаласында М.Дулатов: «Надан халық білімді халықтардың қасында өзінің діні , хақын сақтай алмай , дүниеден ақыры есебін бітіруі ықтимал»,- дейді. Міржақыптың » Оян қазақтағы » халықтың отаршыл үкімет езгісіндегі ауыр халіне ашуынан туған , күреске үндеген ойларының негізгі сарыны оның публистикалық мақалаларында күшейе түскен . Оның мына мақаласында Шәкәрім қуаттаған «ар-білімі» өз жалғасын тапқан . «Біздің қазақтың оңбай тұрғаны да ар-ұят босағада қалып өсек , өтірік төрден орын алып , халыққа қару қылып жұмсаудан » . Елдің надандығын Міржақып халық арасында жеткілікті мектептердің жоқтығынан көреді. Демек, қазақты надандықтан құтқарудың бірінші жолы — мектеп ашу. «Бұл кезде қазақтың надан болып тұрған себебі , оқудан қашқаннан емес , халыққа керегінше школ, мектептердің жоқтығынан » деп өнерсіз жұртты өнегелімен теңестірер күш-білім , ал білім берудің алғашкы сатысы — мектеп , мектепті көптеп ашушы алғашкы ұйым — земство дейді . Бұрынғы қазақтың жақсы күнінен қазіргі күніне мирас болып қалғаны — өткенге өкіну екенін , енді сол өкініштен ғибрат алып , талас- тартыс заманында қолдағы барынан толық мақұрым қалмас үшін оқуға көңіл бөлу керектігін былайша жазды . «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та — бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу.Надан жұрттың күні қараң , келешегі тұман «, — деді./13/
Білдіру білмегенге білгенімді, өзімнің деп білемін зор міндетім деп,- өзі айтқандай, мақсатты да мағыналы, өнегелі өмір сүре отырып, Міржақып келешек ұрпаққа ағартушы, гуманист ретінде мол мұра қалдырды.
Жүсіпбек Аймауытовтың азаттыққа жетелер ағартушылық жолы.
XX ғ. басында өмір сүріп, өзінің саяси-қоғамдық, гуманистік көз қарастарымен ағартушылық философияға негізделген ізденістерін жан-жақты жаныта білген қазақ зиялыларының бірі-Жүсіпбек Аймауытов болды. Оның шығармашылығы мен ғылыми ағартушылық қызметі қазақ халқының өмірінде болған үлкен төңкерістер кезеңіне тура келді. Халық ауыз әдебиетін, халықтың мақал-мәтелдерінің , әдет -ғұрпын , мәдениетін жете білген
Ж. Аймауытов сол туған халқының сана- сезімі мен болмысын жаңа ғасыр, жаңа заман, жаңа қоғам талаптарына сай қалыптастыру үшін жан — жақты ізденістер жүргізе бастады. Ағартушылық философиясының идеяларын терең игеріп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын , әдістерін іздестірді, халыққа әсер етудің, сана-сезімді жетілдірудің ең қолайлы кұралы әдебиет болғандықтан, қазақ даласындағы ғасырлар бойы қалыптасқан даналық пен данышпандық , өнер мен білім әдебиет арқылы, әдеби туындылар арқылы берілгендіктен , Жүсіпбек те өзелінің болашағы үшін күресті әдебиеттен бастады . Жүсіпбектің қоғам өміріндегі қызметінің қай саласын , қай бағытын алмасақ та адамға бұрылған адам қажеттілігі , адамның жан дүниесі, оның семдікті түсінуі, философтардын негізгі ойлау тірегі болған адамның жақсылық пен жамандыққа көзқарасы.Ұлы гумманизмның мектебінен өткен Жүсіпбектің алға қойған мақсаттарының ең бастысы осы адамға арналады. Адамды тәрбиелеу, оны қоршап тұрған дүниенің заңдылықтарын білуге , өмір сүріп отырған қоғамды түсінуге, түске
отырып өркениетті қоғам құруға шақыру тәрізді игі мақсаттарға ұмтылады ,сол үшін күреседі, Жүсіпбектің арнайы жазған философиялық шығармалары жоқ. Бірақ оның жазған романдарын, повестерін, пьесаларын, сын мақалаларын қарасақ , онда көтерген мәселелері, оның кейіпкерлерінің өмірі мен жүріс-тұрысы, ойлау желісі, қоғамдық әрекеттері тұнып тұрған философия деуге болады. Ағартушылықты өз ұраны қылып алған Жүсіпбек жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік , жақсы мінез құлық қалыптастыру тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай ,тұрғыда терең зерттеген Жүсіппек жан-жақты: прозашы, драматург, аудармашы,
публицист. Біздің зерттеп отырғанымыз адам мәселесі болғандықтан ,
ойшылдық әртүрлі жанрларда жазған еңбектерін талқылап , оның дүниеге
көзқарасының ағартушылық ойлау жүйесін айқындай түсеміз.
Жүсіпбек өзінің шығармашылық жолында Абайды ең үлкен, ең негізгі ұстаз- деп санады. Абайдан алған сабақтарын өзінің өмірінде үздіксіз пайдаланып отырған. Адам және адамгершілік мәселесін философиялық дәрежеде жан-жақты шешкен Абай екені бізге белгілі. Ал Жүсіпбек болса Абай көзқарастарын түгелімен қабылдап, оны әрі қарай дамыта түсті. Адам мәселесінің өзгеге Жүсіпбек көзқарасы бойынша мәдениет, оқу-білім, тәрбиеге келіп тіреледі. Ал осылардың мәні мен мағынасы адамгершілік пен руханилықта деп түсінеді. Өз заманындағы руханилықтан жұрдай мәдениетін ойшыл былай көрсетеді: «Бұрын адам хайуан қалпында жүргенде тамаққа таласып, қандай алысып- жұлысса , бұл күнде жетіліп , мәдениетті болған адам да сол халден ұзақ шыға алмай отыр. Мәдениеттің ілгері басқышындағы халықтар ғылымның жемісін зорлық, зомбылык, қиянат, озбырлыққа жұмсап
отыр». /16/ Жүсіпбек ғылым мен білімді үйренбейінше қозғалыстың қиындығын жете түсінеді және мұның қазақ елін ояту үшін ауадай қажет екенін баса айтады. Ғылым, білім, мәдениет аралығында бұларға адамдық мән-маңыз беретін, дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие беруді өзінің кәсіби мамандығы деп санаған Жүсіпбек осы мәселелерге шығармаларында көп көңіл бөліп , ғылыми зерттеулерінде де, публицистикалық және әдеби туындыларында да оларды негізгі арқау етті.
«… Ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ , білімді
орнына жұмсау керек . Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие»./17/ Жүсіпбек өзінің мамандығы-ағарту ісі арқылы халықты өнер білім ісіне салуды мақсат тұтқан. Ол қазақ халқының надандықтан шығуының бірден-бір жолы — елді ағарту, өнер білімге тарту деп түсінді. Осы мақсатта ол педагогика мен психология саласында жемісті еңбек етіп, оқулықтар жазды.
Олар:»Тәрбиеге жетекші»(Орынбор, 1926 ж. «Психология»(Ташкент, 1927) «Жан жүйесі өнер таңдау» (Москва,1929ж,) «Сабақтың
комплекстік жүйесінің әдістері» (Қызылорда, 1929ж.) — Жүсіпбектің педагогикалық көзқарастары адамға , оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімнен басталады. Өзінің «Тәрбие» деген мақалаларында Жүсіпбек адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып , адам еркіндігі ұнамсыз мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп
қорытындылады.
Жүсіпбек аз ғана шығармашылық өмірінде көптеген құнды рухани мұралар қалдырған ойшыл . Оның көзқарастарының негізгі
тақырыбы- адам еркіндігі» халық азаттығы идеясы. Ол феодалдық патриархалдық салты , қалың бұқараның қараңғылығын , мешеулігін сынап , оларды оқу, білім , өнер жолына түсуге үгіттейді. Бас көтерер адамдарды ел қорғаны болуға шақырады. Қоғамда болып жатқан өзгерістердің бәрін де революцияның әсері деп мойындайды. Жүсіпбек өзінің көптеген замандастары сияқты , кедей мүддесін жиі сөзге тиек етіп, кедейлерге бүйрегі бұрғанымен , үнемі тап тартысы, кедей мен бай күресі идеясына ашық бара бермейді. Ол тап көлемінен шығып, жалпы қазақтың тұтастығын елдігін көздейді, сонымен қатар адам баласының бәріне ортақ жалпы адамзаттық идеяларға көңіл бөлуге тырысады. Сондай-ақ, XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қолдаған жалпы шығыстық , түркілік көзқарастар Жүсіпбекке де өз әсерін тигізген еді. Олар ұсақ ұлттардың бірігуін алдарына мақсат етіп, әртүрлі ұйымдар құруға әрекет жасаған болатын . Жүсіпбектің гуманистік тұрғыдағы ағартушылық көзқарастары қоғамдағы әйел мәселесін жан — жақты зерттей қарастыруынан нақты байқалады.Сол кездегі әйел теңдігі тақырыбына жазылған жұмыстардың ең ауқымдысы «Ақбілек» романы. Жүсіпбек бұл еңбекте әйел мәселесін өзінше ашуға тырысты. Мұнда ол бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей , өмірдегі бар болмыс — бітімімен , өзіндік табиғи тіршілігімен қаз — қалпында бейнелейді . Романдағы барлық оқиға Ақбілектің айналасында өтеді . Осы еңбекте авторға тән гуманистік көзқарастарды әр тұстан байқауға болады. Тегінде адам анадан туғанда жаман болып тумайды , оның жақсы , жаман болуы да өмір сүрген ортасына , алған тәрбиесіне байланысты болса керек . Олай болса әрбір адамды өмір-бақи бір ғана нәрсе, ар- ұят қана азаптан өтей алады. Қанша қанды қол қылмыскер болса да ол өзінің әрекетінің дұрыс, бұрыстығын іштей болса да біледі , сезеді . Кейде біле тұра барады , өйткені оның себебі болады «.! Жүсіпбек өзінің бұл еңбегі арқылы қазақ ауылының азаматтарына соғыстың тигізген жері , ешқандай жазықсыз қыз Ақбілектің қоғам қайшылықтарынан
дүниетанымдық сана-сезімдік өзгеріске ұшырауы жайлы үлкен философиялық қорытынды жасайды. Осы «Ақбілек» романы ойшыл
шығармаларының XX ғасыр басындағы Қазақстанда орын алған қоғамдық құбылыстардың философиялық, саяси — әлеуметтік, психологиялык негіздеріне бағытталғанын тағы да дәлелдей түседі. Жүсіпбектің «Күнікейдің жазығы» повесінде де әйел мәселесі жан-жақты талданады. Бұл еңбектің негізгі тақырыбы-қазақ ауылындағы әйел тағдыры . Көшпенді елдің феодалдық-патриархалдық тұрмысы жағдайындағы кедей шаруалардың тіршілігін Жүсіпбек осы ортадан шыққан қыз тағдыры арқылы жан-жақты, терең бейнелейді. Ауылдағы ауқаттылар мен әлсіздердің ара қатынасы, қоғамдық әділетсіздікті автор шебер суреттейді. Осы ортадан шыққан Күнекей қоғамдағы әділетсіздікке бас көтереді , өзінің адамдық , азаматтық құқын қорғауға батыл талпыныстар жасайды. Осы еңбектің қорытындысында Жүсіпбек қазақ қоғамында әйел теңдігін қорғай алатындай сол кездегі қоғамда әлеуметтік жағдай қалыптаспағандығын толық дәлелдеп береді.
Әйел мәселесінің әртүрлі қырларын Жүсіпбек өз
шығармаларында жан- жақты ашып береді. Оның қоғамдық-саяси
көзқарастарында , газет , журналдарда шыққан көптеген мақалаларында да
бұл мәселе жиі-жиі көтеріліп отырды, олар: «Әйелдер күніне әзірлену
керек», «Әйелді мектепке алыңдар», т.б. Бұл мақалаларында автор
қоғамдық сананы көтеру үшін әйел қауымында қандай жұмыстар
жүргізу керек екендігіне тоқталады. «Бұл күнде Кеңес мемлекетінің зор
мәшинесін жүргізуге еркектер бір тетігі болып , қызмет етіп отырса ,
ондай тетік болуға әйелде де мүмкіндік бар. Мәшинені жүргізуге әйелді
жібермей отырған не? Ол — әйелдің қарын танымайтындығы»,!- дей
келіп, коғамның тең құқылы мүшесі болу үшін оқу оқып,
сауат ашудың ауадай қажет екенін ойшыл айқындап берді.
Әйел мәселесінің күрделілігі мен ерекшеліктерін толық түсінген ол ,
білім беру мәселесінің де кемшіліктерін ескере отырып,
былай деді: «Мектепте әйелдер көп оқысын десек , саяси ағарту
бөлімдері әйелдерді оқытуға ең жақсы оқытушыларды жіберсін ,
мектепке қызықтырсын және оқуды өмірмен байланыстырсын ,
әйелдердің тілегенін орындап отырсын». Сонымен , Жүсіпбек
әйелді оқытудың негізгі мақсатын мынадан көреді: «Әйелге
хат танытудың бір мақсаты, көбінесе әйелдер құқын сақтай білетін адамдар болып шығу». Ал «Әйелдер күніне әзірлену керек» деген мақаласында Жүсіпбек қоғамдық өмір , мемлекет құру жанұядан басталатынын терең түсініп, былай деді: Әлеуметтік тұрмыстық тамыры- үй-іші өмірі. Үй-іші өзгермей, әлеуметтік өмір де өзгермек емес қой. Қазақтың үй ішіне өзгеріс кірді. Ақ жаулыққа қызыл сәуле түсті . Ошақ астындағы , от басындағы сәуле емес , қиырдан атқан таңнан келген сәуле!/18/ Осылайша, қоғамды өзгерту ісінде әйелдің алатын орны ерекше екенін Жүсіпбек қалың жұртқа паш етті.
Қазақ ауылының тұрмыс ерекшелігін толық білген Жүсіпбек мемлекетті нығайтуға , әлеуметтік әділеттілікті тұрақты етуге ең бірінші кімдердің ұмтылатынын былай көрсетеді. «Рас, қазақ тұрмысында әйел бостандығы жоғарыдан емес, төменнен , байдан емес, кедейден басталады. Бұл- табиғи нәрсе. Кім өмірден соққы жесе, кімнің арқасына аяз қатты батса , сол адам ауыр тұрмыстан шығуға арпалыспақ… сондықтан жаман тұрмыстан жақсы тұрмысқа алдымен кедей таптың әйелі ұмтылады».! Осы көзқарастары арқылы ойшыл өзінің философиялық терең ойларын білдіріп отыр. Қоғамда дүниеге келген жаңа ерекшеліктер мен жалпы жаңалықтардың қозғаушы күштері мен себептерін дәл көрсетіп, олардың түпкі негізі қоғамда орын алып отырған қайшылықтар екенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, қол жеткен табыстарды одан әрі дамыту үшін ең негізгі қажеттіліктерді ол былай көрсетеді.
«Еңбек дәуірі күшейсе , әйелдің көзі ашылып , сана кірсе , әлеумет ісіне араласса, уақытша» келеңшіліктің бәрі жойылады. «Байлық мұрат емес, жарлық ұят емес екенін, тұрмыс еңбекпен ғанакөгеретінін әйел табы түсінеді»./19/ Бұл жерден біз Жүсіпбектің қоғамдық сананың қалыптасуы тек қана әлеуметтік белсенді еңбекпен қоғам өмірінің барлық салаларына араласқандығына жедел де жемісті жүретінін қолдағанын көре аламыз. Адам мәселесінің өзегі, Жүсіпбектің көзқарасы бойынша, мәдениет, оқу-білім, тәрбиеге келіп тіреледі. Қазақ елінің ерекшілігі мен болмысын жете түсінген Жүсіпбек: «Еуропаға еліктей бермей, өзбетімізді, жұрттығымыздың белгісін көрсеткеннен не кемдік табылады? Қаза, теңселе берсең Еуропаның өнеге қылуға жарамайтын жерлері де бар»,/20/ дейді.
Әрине, батыс мәдениетін қазақ халқына мүлдем керексіз демейді , оны да игеру керек , бірақ соған беріліп , соның жетегінде кетіп , өз ұлттық нақыштарын жоғалтып алмауға меңзейді. «Қазақ – мәдениет жөнінде ерте туып, кеш қалған халық. Кенже қалғанымызда, әрине, көп себеп бар: жер,тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық партия өтірік мақтап, міне, бізді ілгері бастырмаған осы сияқты себептер»,4- деп жазды ол. Ғылым- білімге дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие беруді кәсіби мамандығы санаған қаламгер өз шығармаларында әрдайым үлкен көңіл бөледі . Оның мына сөздерінде көп мән жатыр: «Өнер, ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады. Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі боп жетілуіне байлық керек,- дейді ол.
Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу, — өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек ғылымсыз байлық баянсыз болмақ; бұлай болған соң, ғылым мен байлық екеуі де керек;ғылым білімге қанады. «Ғылымсыз білім сыңаржақ». Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты. Тәрбиесіз білімді адам білімін адамзаттық игілігіне де, сорына да оңды солды жұмсай беруі мүмкін.Тәрбиелі адам ондайға бармақ емес,ол білімін өз орнына игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды. Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру процесін сол халықтың мінез-құлқы мен тұрмыс-салтын, әдет — ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі болған Жүсіпбек өзінің туған халқын қатты сүйсе, дәл солай оның кемшіліктерін де көрсетіп, қатаң сынға алып отырды . Мысалы, Қазақтың өзгеше мінездері деген мақаласында өз халқының бұрынғы уақыттарда ұйымшыл ,елі
жауынгер, биі әділ; намысқой, адамы әрі бітіледі,қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға табанды болғанын айта отырып, отаршылдық езгінің әсерінен осы мінездер өзгеріп, ұрлық, зорлық, өтірік, өсек, алдау, қулық, айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік мақтану, ынсапсыздық, тұрақсыздық, настық, жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар көбейгеніне қынжылады, сөйтіп, ұсақтап келіп, жаужүрек батырларымыздың батырлығы ауыл үйдің малын ұрлауда қалды. Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер болып қалды.Ал енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы, Жүсіпбектің түсінігі бойынша, тәрбие, оқу, білім. Барлық шығармашылығын жұмыр басты пенделердің жан дүниесін зерттеуге арнаған Жүсіпбек өз кезеңіндегі қоғамдық кажеттіліктерді шешуге келгенде, әр дәуірде өмір сүрген адамдар дүниетанымының әртүрлі екеніне тоқтала келіп, оған мынадай түсініктеме береді: Бұрынғы оқығандардың алған тәрбиесі, көрген-баққаны , көксеген мақсаты ,
еткен қызметі қандай , қай заманда еді ? Олардың тәрбиесі надан ,соқыр қазақтың ортасы еді . Көргені Николайдың төрелеріеді .Көксегені шен еді Еткені тақтан қорыққаннан , не пайда табуүшін жасаған қызмет еді . Олардың басынан кешіргені қараңғы тар замандар еді . Бұлай болса бәріне ақжүрек болмадың деп , әділ қызмет қылмадың деп , кінә қоюға болмайды . Бұл тұжырымнан әркім өз уақытының перзенті» деген көне қағида көлденең дейді.Адам баласы қоғамның шылауында өсетінін көрсетеді .Адамның рухына еркіндік беру керек. Егер рухы еркін болса , жан дүниесі бай болса , адам құлдық психологиядан тез арылып кетуге мүмкіндік алады деп сенеді Жүсіпбек . Сондықтан ол халқының өте бай әдеби , мәдени мұраларын зерттеу барысында жан аямай еңбек етті . Адамгершілікті қалыптастырып , дүниетанымды кеңейтуде әдебиет пен өнердің алатын орны туралы былай дейді : «Баяғыда қазақ кең далада құр жатқан жоқ екен, оқымаса да надан болса да , қиял , сезім байлығы бар екен. Жүрегінің терең сырын , жанының алуан-алуан нәзік толғауын ән-күй деген айнасына түсіре білген екен . Енді ол айнаны өнерлі жұрттар көрді. Адамшылықты , өнерді сүйген таза жүректе біреуді олай , біреуді былай ұстайтындар мінез болмайды».Жүсіпбек қазақ қоғамының даму , өзгеру диалектикасын өте жақсы түсінген. Идеология қалыбы қанша қатты қысса да ,оған бой бермей , ғылымда әсіресе қоғамдық ғылымда объективтілік керек екенін мойындаған.
Жүсіпбек сияқты еліміздің әрі білімді , әрі өнерлі, әрі мәдениетті
азаматтары қазақ халқына Ресей патшасының көрсеткен
зорлық зомбылығын , одан кейін кеңес өкіметі жасаған асыра сілтеулері,
қазақ қоғамындағы адам құқығының аяққа тапталуын, сол
кездің өзінде ашық айтқан еді . Бұған дәлел ретінде оның мына
сөзіне ден қояйық : Патшаның отаршылдық , озбырлық саясаты
кімнің болса да арқасына аяздай батты . Қазақтың жерін тілгілеп ,
келімсек мұжықтарға аудара бастады , тілін бұзуға » дінін бұзуға ауылнай,
школ, миссионерлер тартты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп орысқа
бас июге жаңа закон, мировой судья , крестьянский
начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау
деген жырды тастап өзді-өзін жұлыстырды, қырқыстырды.
XX ғасырдың басында пайда болған ұлттық еркіндік идеясы , тәуелсіздік
идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес идеясы , міне , осылай ,
Жүсіпбек көрсеткендей дүниеге келді және одан әрі қарай өте
қиын да күрделі жағдайларда дамып, жетіле бастады. 1905 жылдан
кейін қоғамдық ой-сана ояна бастауын қазақ қауымында ұлт-азаттық
идеясы пайда болуының алғашқы тұсы десек , Жүсіпбек мұның
екінші кезеңін былай келтіреді: «1916 жыл-қазақтың басына қара күн туған
тарих ауыртпалық жылы еді . Патша өкіметінің 25 июньде
шығарған жарлығы бойынша қазақ сықылды бұратана
халықтар соғыс майданындағы қара жұмысқа айдалды
Қазақ шаңырағы теңселді , қазақ даласы қан жылап күңіренді.
‘Ал үшінші кезеңі турасында: «1917 жылғы февраль төңкерісі
қазақ азаматтарына ұлт сезімінің көтерілуіне зор себеп болды,-дейді.
Ауылда сөйлесіп жүрген ұлт қамы іс жүзінде жарыққа шығатындай көрінеді.
Қазақ азаматы мәре — сәре болды . Төңкерістің болғанына,
бостандық туғанына қарық болып . «Бұдан қайраткердің
қазақтың ұлттық бостандығы идеясына бірқалыпты , тоқтап
қалған нәрсе ретінде емес , өзгеріп , жетіліп , дамып отыратын
құбылыс түрінде қарайтынын аңғарамыз.Жүсіпбек жалпы
адамзаттық құндылықтарды таптық мүддеден жоғары койды ,
және өз көзқарастары үшін өмірінің соңғы күндеріне дейін
батыл күресті.
Мағжан Жұмабаев өлендеріндегі еріктілік өрнектері.
Қазақ халқының ұлы лирик ақыны, поэзия әлемінде айрықша із
қалдырған , өзіндік үлкен өнер , өрнек тудырған терең
сырға, ұшқыр қиялға жолы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп
қалдырған Мағжан Жұмабаев. Өзі де , өлеңі де қиын — қыстау тауқымет
жолын көп кешкен. XX ғасырдын бас кезіндегі шытырман
оқиғалардын бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ақын ой
елегінен өткізіп отырған. Мағжанның ақын болу, қалыптасу
кезеңі қазақ тарихындағы бір жағынан , ояну , екінші жағынан ,
жаңа жол іздеп , дағдару дәуірімен тура келеді. Ол кез қазақтың
демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеу сәті , қазақ
интилегенциясының қалыптасу кезеңі еді. Әлеуметтік құрамы
жағынан да, саяси көзқарасы жағынан да мәдениет және оқу — ағарту
қайраткері сан түрлі күйді басынан кешті. Олардың түсінігінде айқын
бір- ақ мәселе болды, ол бостандыққа, теңдікке ұмтылу , халқының
мәдениеті мен бақыты үшін күресу. Ұлттық отарлау және
әлеуметтік қанаушылықтағы азапты жолдан халқын қалай
алып шығу , қараңғылық , сауатсыздық басқан халден
жарыққа қалай бастау керек деген мәселеге келгенде анық
емес, күңгірт, буалдыр уағыздарды ұстағандарда болды. Сондықтанда ,
осындай ортадан кейін мығым қайраткерлердің бірте-бірте ұлттық
сананы орнықтырып, идеялық жағынан жетілуі- оңай шаруа
болған жоқ. Мағжан өз өлендерінде суретшілдік көрегендігінің
арқасында осындай қым-қиғаш, қарама- қайшылығы мол дәуір жайын
көрсете алды. «Пайғамбар», «Күншығыс» , ‘Жер жүзі», «Бостандық»,
«Орал», «Оралтауы» т.б. өлеңдерінде заман көтерген әлеуметтік,
рухани жайларды анық байқауға болады. Шығыс пен батыс
мәселесі ақын жырларынан мол орын алады. Себебі, ол
өзі шығыс өкілі ретінде шығысты пір тұтады, оған сенеді
және үміт артады . Соғыс, тажал, жан мен дене азғындауы сияқты
ажалдың қара бұлты боп, қара түтін жүргізген батыс
кесапатынан сақтандырады. Ақын бостандық шығыстан
келеді деп, Азия өзінің қараңғылығын жойып , түрменің тор көзін,
қолды байлаған шынжырды күл талқан етіп үзеді деп сендіреді. Ол
«Пайғамбар» деген өлеңінде былай дейді:
«Күнбатысты қараңғылық қаптаған,
Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Түнеріп жүр түннен туған перілер,
Тәңірісін табанына таптаған…
Қайғыланба соқыр сорлы шекке зар,
Мен- Күн ұлы , көзімде Күн нұры бар,
Мен келемін, Мен келемін, Мен келемін,
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар»/21/Осы тұста
«Күн», «Күн ұлы», «Күннен туған» деген сөздерге
көңіл аударайық. Мағжан түн мен күнді диалектикалық бірлікте қарастырады
Бірінсіз бірі жоқ дейді. Сондай-ақ, сол түнді күнге жеңдір , уайым , қайғы , түнек символы түннен күнге , жарыққа, жылуға, отқа жету деген ойы байқалады.Жалпы Мағжанның өскен ортасы, соған сәйкес ұстанған бағыт-бағдары туралы Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» деген Ташкенттегі қазақ студенттеріне оқыған баяндамасында әділ бағасын береді. Онда былай делінген: «Бір жағынан үй іші- әкеге,әлеумет- ру басыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген қазақ ішінде туып өскен болса , екінші-татар медресесін оқып, түрікшілік исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші- патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші- орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесінші — Батыстың , қалаберсе орыс ақыңдарының санашылдық, дарашылдық школынан сабақ алса , енді Мағжан қай пікірдегі ақын болып шығуы керек? Сөз жоқ, Мағжан ұлтшыл, түрікшіл, санашыл, дарашыл ақын болып шығу керек. Олай болып шықпауы мүмкін емес. Әлеумет ортасының, заманының жағдайы солай». Мағжан өткенге, өткен тарих жолына баса көңіл бөле отырып, өз халқының тағдырын жырлайды. Біраз туындыларын тарихи жағдайлар хақында тоқтаса, енді бірде ежелгі, ескі мекенге үйлеспей жатқан жаңалықтарды айтады. Автордың көз алдында Шыңғысхан, Темір сынды қаһарлы тұлғалар атамекен иесі әрі қорғаушылары болған Абылай, Баян, Бөгенбай, Ағыбай, Кенесары, т.б. тізбектеліп өтеді. Халықтың аңызға айналған бағалы дүниелерінің бәрі де ұмыт болып, тоғышарлық басып , надандық тамырын тереңге жайып кете ме деп қорқады. Өмірдің көптеген келеңсіз жақтарын уайымдап , жанымен ауыра білетін , жан-тәнімен беріле , сезіне білетін ақын , әрдайым тарихқа айрықша ден қояды. Мағжан қазақ халқының бақытқа жетер жолы тек ұлттық тәуелсіздікке , өз тағдырын өзі шешетін жағдайға жету деп біледі . Оның ертедегі ерлер істеріне қайта оралып келе беретін себебі осыдан.
«Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,
Жанымды орай берді улы уайым
Кеудеме күннің нұры толғандай боп,
Жырлаймын алты алаштың Абылайын»
Сол кезде қазақ ішінде халықтың көзін ашып ,
көңілін оятатын ағартушылар , ақындар қызметі айрықша күшті болатын. Мағжан ел басындағы ауыртпалықты солар жеңілдете алады. Олардың сөздері мен шақырулары түптің түбінде қалың көпшіліктің санасына жетеді деп есептейді де,былай дейді:
«Ардақты ер, ұмытылмас еткен ісің,
Күні ертең айбынды алаш жинап есін.
Көксеген көп заманнан тілегіңді
Жарыққа шығаруға жұмсар күшін»
Оқу-өнерден кешігіп қалған қазақ елінің жай-күйі Мағжанды қапаландырады, толғандырады, кейде тіпті ашындырады. «Шолпан» жинағына басылған өлеңінде ол:
Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса ал май шетте жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсақ
Қазекең қарап тұрсақ текке жатыр, — дейді.
Оның ақын болып қалыптасуына өмірдегі өзгешіліктер, бетбұрыстар,
жолайрықтар мықтап әсер еткені анық. «Мен кім» деген өлеңінен біраз нәрсені аңғаруға болады:
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер,уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін,меніңкі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді,
Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би,
Қандай ессіз не қылдық деп тергейді ?/21/
Бұл шумақтардан Мағжанның өз күшіне , өз талантына , өмір тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз . Ақын сөзі ащы шындықтың айнасы болып отырған . Асыл сөздерінің қадірменді иесі бар екенін ол кәміл ұққан. Ол-парасат қайнары , мейірбан жүректі туған елі еді . Мағжан бар өмірін , өнерін , білгенін сол туған халқына , еліне арнаған «Жан сөзі» деген өлеңінде:
Қазақ елі бір ауыз сөзім саған,
Болғайсың сыншы болсаң , әділ сыншы ,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған, —
деуінің де төркіні сонда . Мағжан — өз тегін де, жерін де ардақтаумен
өткен , өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған . «Мен өлмеймін ,
менікі де өлмейді» деген жолды философиялык мағынада алсақ,
ақын өлеңі мен дана сөзі өлмек емес . Мағжан «Сағындым » деген өлеңінде:
«Не көрсем де — алаш үшін көргенім,
Маған атақ — ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін,» — деп , ұлты, халқы үшін өзін
кұрбан етуге даяр екенін , ал негізгі мақсат — алаштың аяққа тұрып,
өз бетінше өмір сүруі екенін айқындайды. Мағжан халық туралы ,
тұрмыс туралы , жалпы елдің өмірі туралы тақырыпта ойын
дамытып өрбітеді . Әлеуметтік мәселелерге Абайдай терең бармағымен ,
өмір құбылыстарын бөліп , аулақ қалдырмаған . Қоғамдағы адам
орны, оның жайы, күйі туралы ой-пікірлері көптеген өлеңдерінен молынан көрінеді. Мағжан шығармашылығында адам тіршілігі мен оның рухы , ой-сезімі қатар жүреді. Адам — қоғам субъектісі болумен қатар табиғат объектісі.
Жақсылық пен жамандық , әділдік пен әділетсіздік , оқу-ағарту , ғылым-білім , еңбек , енжарлық сияқты ежелгі ұғым -байламдардан Мағжан тыс қалмайды . Арнайы тақырып етіп алмаса да қай өлеңіне үңілсек те , өнер білімге , ізгілікке , жарыққа шақыру лебізі мол табылады:
«Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей біл.
Ілгергі күнді сағалап
Үйрен білім жастықта
Білмей өс жанға қастықта»
Мағжан адамның туа біткен ерекшелігі өнер-білімге, ғылымға деген құштарлығы. Еңбек қылып, талаптанған адам ғана таза білімге жете алатынын айтады:
«Алаш деп көктен жұлдыз қолын серме,
Қарманған қарап қалмас деген рас.
Тоқталмай істей білсең батып терге,
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге». Ал енді «Осы күнгі күй» атты өлеңінде қараңғылықта қалып , бара жатқанын , сөз ұғар ашына бейнелейді:
«Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас, мылқау, меңіреу, жүрген жанбыз.
Көрінбес көзге түртпес қараңғыда,
Япырмай, қалдық па рас, тіпті тақсыз?»
Мағжан өлеңдерін талдағанда, ақынның өмірге көзқарасы, оны түсінуі, қабылдауы калай екенін анықтап алу қажет. Мағжан поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс , көрініс ретінде алып адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы бөлшегі ретінде қабылдайтын ақын екенін көреміз. Табиғатсыз , жаратылыссыз адам жоқ , оларсыз оның күні — қараң. Ал адам осы табиғатты өзіне бағындырғысы келеді , үстем болғысы келеді . Мағжан «От» деген өлеңінде осыны меңзейді.
«Күннен туған баламын,
Жарқыраймын жанамын.
Күнге ғана бағынам
Өзім күнмін, өзім от,
Сөзім, қысық көзім де — от
Өзіме-өзім табынам,
Жерде жалғыз тәңірі от
Оттан басқа тәңірі жоқ».
Құбылыстың мәнін кең көлемде ,жалпыға бірдей қалыпта тани білуде , ақын ең алдымен ненің болса да мазмұнына үңіледі , әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады.
Қандай да бір ойшыл, ұлы дарындарға ортақ қасиет — тек өзі өмір сүрген дәуір шындығын дөп басып тани біліп қана қоймай , болашақты да тура болжай білетін уақытпен , тарихпен сабақтастығы. Тұтастай алғанда Мағжан ақынның өзіне де , өзгеге де айтар мәлімдемесі сияқты мына бір жолдар асқақтай естіледі:
Күншығыстан таң келеді — мен келем,
Көк күңіренеді — мен де көктей күңіренемін.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жержүзіне нұр беремін , күн беремін./21/
Бұл жолдардан XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласын
желпіндіргеназат ой, еркін қиял , тәуелсіздікке , шақырған Алаш рухы желдей есіп тұр . Мағжан шабыты шалқып жігері тасығанда айбат шегіп , былай дейді:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім түрар Көкте-бұлт, жерде — желмін гулеген,? Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?
Ал отарлық тас құрсау, құлдық бұғау өкпесін қысып алшысын қуырған ащы өмір алдында ақын тағы да өрлікпен, ерлікпен:
Жүрегім мен зарлымын , жаралыға -Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да,-
деп айта алады. Осы екі-ақ шумақ өлең жолдарынан сол дәуірде
қазақ бастан кешкен трагедиялы хал айқын білінеді.Алайда ,
алаштың өршіл, азаткер ақыны өзінің алған бетінен , халқын заманға
берген салтанатты атынан ауытқымайды. Мағжанды уайымшыл,зар заман жаршысы, күні өткен ескіліктің жоқшысы деп қаралаушылар ақынның сан қырлы, сан толқымалы , сыршыл да асқақ жан құбылысын , рух сілкінісін түсіне алмағаннан айтқан еді. Оның бүкіл өмір — тіршілігінің, арман — мүддесінің, ақындық талғам -талабының бір ғана нәрсеге — адамның — алаш пен түріктің азаттығы мен тәуелсіздігіне ғана бағындырылғанын көпшілік түсінбеді.
Қалың елім, қалың қара ағашым ,
Қайраты мол, айбынды ер Алашым
Өзі-ақ құлар , сырың берме ,сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын.
Бұл ұлы ойшылдың қалың қара ағаштай қалың Алашқа , оның айбынды ерлеріне, қайратты азаматтарына тарих өкімінің бұлжымастығын меңзегені еді.
Мағжан рухы — көк түрік рухы еді. Ақын шарық ұрып нені
іздеді, неге өз заманына сыймай, сыйғызбай кетті? Мағжан трагедиясы ұлттық, көк түріктің -Алаштың трагедиясы еді.Азаткер ақын сондықтан:
Өткен күн тан -тамаша ертегі ғой, Ерлері ертегінің өрт еді ғой. Айрылып от екпінді ерлерінен
Алаштык жанында ауыр дерт еді ғой,-деп жырлайды. Орыс империясының жас құрсауынан құтылу үшін азаттық туын көтеріп, «Оян қазақ» деп ұрандап жүріп Алаш Орда мемлекеттік құрумен аяқталған, бірақ қызыл империяның қанды қырғыны мен белсенділердің сатқындығы салдарынан шаңырағы ортасына түскен Қазастанның өрлеу, құлдырау дәуірі халқымыздың шын адамгершілік қасиеті мен күш қуатын сезінген жасампаз кезең еді:
Кешегі арыстандай айбыны зор,
Жүректі жолбарыстай қайраты мол,
Айырып,ар-намыстан, күштен, естен,
Кім қылды, шала — жансар, бір қорқақ құл ?
Мағжан ақын осылай терлене толғаса — ол да тағдырдың басқа салғанын әрі мойындау, әрі тағы да шығар жол іздеп, шарқ ұруы. Азаттықты аңсау, бостандыққа ұмтылу көк бөрі көк түріктің Алаштың, оның ойшыл, жалынды ақыны Мағжанның қасиетті борышы болды. Мағжанның ойға алған арманы іске аспай, өкпесі өше қысылғандай:
Талапсыз бақсыз мен сорлы,
Бір ісім оңға бармаған.
Мен не жаздым о ғұрлы,
Тәңірі мұнша қарғағай, — деп налиды.
Ұлттық мемлекеттік мүдде түрғысынан алғанда қазақ халқы үшін XX ғасырдың шындығы, біреу-ақ болатын. Ол шындықты Мағжан ақын «Ана тілі» өлеңінде жетерлік ашып берген еді.
Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр, бүгін қорқақ,бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын солады. Осыған шақырған ақын жаны медеу шығар жол іздейді.Ендігі жалғыз үміт –бар үміт мынау еді:
Еркін, елдік, бірлік, қайрат, бақардық,
Жауыз тағдыр , жайды бәрін не бардық.
Алтын күннен барасыз бір белгі бол
Нұрлы жұлдыз — бабам тілі сен қалдың.
Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ кен тілім,
Таза, терең, өткір , күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім.
Қазақ елінің орыс патшаларына бағынып зардабын көрген жағдайын Мағжан өзінің деген толғауында былай баяндайды. Араладым біраз күн, Еділдің саға өлкесін, Қазақты көрдім қуарған Жүк тасып тескен желкесін. Ал «Мен жастарға сенемін» деген толғауында жалынды ақын келешекке үлкен үмітпен қарайды. Ол жастардың арына жанын садаға ететініне сенеді.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты.,
Мен жастарғасенемін.
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Жақсы өмірге жету үшін бас біріктіріп, кең даланы игеру қажет деп есептейді ол. Соған жететінімізге әр адамның бойында сенім болғаны жөн. Одан күдер үзбеуге тиіспіз деп санайды Мағжан:
«…Өмір сөнсе,үміт сөнсе не қалды,
Мөлт-мөлтетіп көзіме жас келеді»./21/ Осылайша халықты жігерлендіреді , мақсатты өмір сүруге шақырады. Тұтас халықтың бақытты болуы, арман — мұратына жетуі, — деп санайды. Мағжан, қазақтардың сан ғасырдың салт –дәстүрінен өнеге тәрбие алған халықтың адал ұлдарының әрқайсысының нақты мақсаткерлік іс — қимылына тікелей байланысты. Ол былай деп атап көрсетті: «Тәрбиеден мақсұт адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу ұлт мүшесі, әрбір адам бақытты болса , ұлт бақытты, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт — адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару «
Мінеки, М.Жұмабаев қоғамдық прогресс мәселелерін
шешу үшін таптық тұрғыда емес, жалпы адамзаттық тұрғыда келу қажеттігін
алға тартады. Ол адамдардың психологиясынан бастап, өмірдің материалдық және рухани жақтарына дейін ескеріп, ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, бүкіл әлемдік өркениеттен қалыс қалып қоймауды ұсынады. Адам, адамдық қасиет, оның қоғамға , ұлтына, халқына тигізер пайдасы, оның тұлғалық бет бейнесі, мақсат-мұраты
жөнінде Мағжан тереңірек ой толғаған. Ол жалпы адамзаттық ізгілік
мұраттарына , әсіресе қастандықты қайырымдылықтың және алатынына
шүбәсіз сене білуге үндейді: «Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін
өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Өзінің һэм жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы момын халықтың пайдасын іздеу шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан да ілгері қоюы шарт Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін. Әрбір халық бір-біріне жау болсын деп ұғу қате.Адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне, басқа халықтың адамдарын сүюге міндетті. Міндетті емес, еріксіз сүюмен жер жүзінде адам адамды сүймек.Бұл адам жаратылысындағы негізгі мінез» .
Қорытынды
Бұл жұмыста негізінен қазақтың «бес арысы» аталған алаштың ұлы ұлдарының көзқарастарындағы еркіндік мәселесі талқыланды. Қазақ философиясы, оның ішінде әлеуметтік философиясында бұл мәселенің маңызы зор, берер ғибраты шексіз, мәңгілік мәселе екендігі белгілі.
Әрбір адам өзінің өздігін «мендігін» таныту үшін айтулы істер атқарып,
мардымды нәтижелерге жетуі тиіс. Мұндай мүмкіндікті беретін аты баға
жетпес қасиет екендігі ешкімге құпия емес шығар.
Кез—келген этностық жер үстінде орын теуіп, халықаралық қатынастар жүйесінде өзінің тиесілі орнын табу—оның мемлекеттік дербестік қажеттілігін жалпыұлттық көлемде ұғынып, сол үшін мақсатты әрекетке көше алу деңгейіне көтерілуіне байланысты. Басқаша айтқанда, ұлтымыздың рухани мұрасының негізгі діңгегі болған мемлекеттік дербестік сол ұрпақтан—ұрпаққа ұласқан үзіліссіз рухани ізденістің, жасампаз игілікті еңбегінің, төккен терінің логикалық нәтиже есебінде келмек. Қазақ топырағында қаншама ғасырлардан бері мемлекеттік туралы айтьлып, ол үшін қаншама қанды арпалыстар болып өткенімен, бұл әрекетке мақсаттылық, теориялық негіз беру Алаш зиялыларының қызметіне тұспа— тұс келді. Тарихи қажеттілік қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өміріне тың серпіліс туғызған қайталанбас тұлғаларын—Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сахнаға шықты. Кең дала көгінде нұрын шашқан Күндей болып, арайына малып, нұрға бөлеген арыстар— қазақтың көкірек көзін ащы ақыл—парасаттың туын көтерді. Олар адамның азаттығы мен бостандығын-бірінші орынға қойып, елдің қасиетті байрағын асқақ желбірету үшін ұлы Абайдай мыңмен жалғыз алысқан» және осы мақсатта елі мен жұртының ой—санасын тәрбиелеген дархан жүректің, биік парасаттың иелері еді.
Біз арқа сүйеп үйренген батыстық көзқарастардан еш кем емес, керісінше өз ділімізге сай, жанымызға жақын, санамызға сіңісті, пайымдауларымызға пара—пар келетін зиялы қауым өкілдерінің озық ойларын жоғары деңгейде зерттеп, кейінгі ұрпаққа өсиет етіп, үлгі ретінде қалдыру қай—қайсымыздың да ұлттық міндетіміз болмақ.
Қолданылған әдебиеттер:
- Есімов Ғ. Сана болмысы. Алматы 1994
- Гоббс. Т. Избранные произведения в 2-х томах. Москва. 1964.
- Вольтер. Философские сочинения. Москва. 1988
- Юм. Д. Сочинения в 2-х томах. Москва. 1965.
- Кант. И. Сочинения. Т.4Москва. 1965.
- Гегель. В. Г. Энциклопедия философских наук. Т 1 .Москва. 1975.
- Шопенгауэр .А. Антология мировой философии. Т. 3. Москва. 1971.
- Фромм.Э. Бегство от свободы. Москва. 1987.
- Байтұрсынов А. Жан сөзімді кім түсінер. Алматы: Қазақстан 1994-112 б.
- Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989.
- пеп
- Бөкейханов Ә. ІПығармалары Алматы. Қазакстан 1994-384 б.
- Дулатов М. Шығармалары. Алматы: Жазушы 1991.
- Дулатов М. Оян қазақ. Алматы. Алтын Орда 1991.
- Бейсенбиев К.Б. Очерки истории общественно-потлитической и
философской мысли Казахстана. Алма-Ата: Казахстан. 1976-428 с. - Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1989.
- Аймауытов Ж. Шернияз. Алматы: Өнер, 1989-210 б.
- Аймауытов Ж. Пенкология. Алматы: Рауан, 1995-312 б.
- Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. Алматы. Ана тілі. — 1993-180 б.
- Сағымбекұлы Р. Жүсіпбек.А. Алматы. Санат. 1997.
- Жұмабаев М. Шығармалары. Алматы: Жазушы 1989.
Қосымша әдебиеттер тізімі
- Абай Энциклопедиясы. — Алматы: Атамұра, 1995- 720
- Абдильдин Ж.М., Орынбеков М.С. К научному познанию реалий.
Мысль, 1992 г.
- Алдажұманов Қ. Қазақстандағы саяси репрессиялар. 1929-1937 Алматы:
Қазақстан. 1993-210 б.
- Ақатаев С. Күн мен көлеңке — Алматы: Жалын, 1990-240 б.
- Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы — Алматы: Қазақ университеті,
1993-104 б.
- Арон Атабек. Алаш и казахская нация. ТОО ХАК М.1991 15-С.
- Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана во второй половине XIX
и начала XX века. Алма-Ата, Наука 1979,160 с. - Әбішев Қ. Әбжанов Г. Философия тарихындағы таным теориясы және
метод проблемасы. Алматы: Ғылым, 1990-120 б. - Әуезов М.О. Философия жайынан. Абай, 1918. 3.8-11 беттер.
Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг.
Алма-Ата Ғыл ым. 1991.
- Ғабитов Т.Ғ. Қазақ мәдениетінің типологиясы. Алматы: Қазақ университеті. 1998ж.
32.20-30- жылдардағы Қазақ әдебиеті. Алматы: Ғылым 1997
33 Қасабек А. Қасабек С. Искание истины. Алматы. Ғылым 1998.
34 Қасабеков А. Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе.
Алматы: Қазақ университеті, 1994.
35 Қасымжанов А.Х. Алтаев Ж.А. Ежелгі рухани таным және қазақ
философиясы. Мұрагер. 1992. 446 б.
36 Қасымжанов А.Х Қасымжанова С.А. Духовное наследие казахского народа.
Душанбе. 1992.
37 Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. Алматы. Социнвест-
Москва: Горизонт. 1995.
38 Нысанбаев А. Н. Есімов Ғ. Е. Қазақ философиясы және оның
проблемалары. ҚРҒА хабаршысы. 1992. 4. 16 б.
39 Орынбеков М.С. Қазақ философиясына кіріспе.Алматы,1994.27-29 б.
40 Орынбеков М.С. Алтаев Ж.А. Қазақ ойшылдары. Алматы. 1995.
41 Орынбеков М.С. К проблеме генезиса Казахской философии. В сб.
Докладов XIX Всемироного философского конгресса. Москва 1993.
42 Өзбекұлы С. Арыстары алаштың тарихи очерктер. Алматы: Жеті
жарғы. 1998.
43 Сегизбаев О.А. Казахская философия. XV — начала XX века. Алматы.
Ғылым 1996.
44 Шүмбаев К.ІП. Рухани ынтымақтастық- өмірлік қажеттілік. Ақиқат.
1994. 10.
45 Хамзеева Б. Қазақ халқының қоғамдық ой дамуындағы адам
проблемасы. Алматы. 1996-26 б.
46 Философия және мәдениеттану: Оқу құраст. Ж.Алтаев,
Т.Ғабитов,А.Қасабеков және т.б. Алматы. Жеті жарғы, 1998.
47 Д. Кочевое общество: Генесиз, развитие упадок. А народа. Душанбе. 1992.
48 Қасымжанов А.Х. Портреты. Штрихи и истории степи. Алматы1995.